Библиография
«Кеңістік көшпенділері» сериясымен «Тіршілік ұясы» (1983), «Борыш» (1987), «Шеңбердің түйісуі» (1991), «Көктен келген көшпенділер» (1999), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын әлем» (2003), «Шолпанға көшкен ауыл» (2004), «Космотарих куәсі» (2006), «Су әлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында» (2009) атты ғылыми-фантастикалық романдары жарық көрді. С.М.Дагаев пен В.М.Чаругиннің 9–11 сыныптарға арналған «Астрофизика» (1994; 2-бас. 1996; 3-бас. 1999), Е.П.Левитанның «Астрономия» (1998) кітаптарын қазақ тіліне аударды. «Шеңбердің түйісуі» кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының О.Жандос атындағы әдеби сыйлығының лауреаты болды (1994).