Байланыс телефондары:
+7(701) 770-50-31
+7(7172) 53-05-41
» » Жалғасым Авторлық серияның 15-ші ғылыми-болашақтық романы

Жалғасым Авторлық серияның 15-ші ғылыми-болашақтық романы

11 май 2023, Четверг
187
0

ЖҮНІС САҚҰРПАҒЫ
КЕҢІСТІК КӨШПЕНДІЛЕРІ
15
ЖАЛҒАСЫМ
Айторлық серияның он бесінші
ғылыми-болашақтық романы
ИДЕАЛ
Астана – 2022
2
УДК 821. 512. 122
ББК 84 (5 Қаз)
С 17
ISBN 978- 601-06-8268-9
С7 Сақұрпағы Жүніс. Жалғасым. Авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық ромнадардың он бесіншісі. Астана - 2022. – 254 бет.
Жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдарының он бесіншісі – Жалғасым ғылыми-болашақтық романында бір топ қазақ ғарышкерлерінің әлі адам баласы ие болмаған ғаламшарға тап болып, оған қону кезінде жұлдызаралық кемелерінің барлаушы бөлігіінің қатты зақымданып, онымен қайта ұшуға жарамай қалғаны, ол сәтсіздіктен тапқыр ғарышкерлердің тау аймағындағы бір үлкен үңгірді пана ететін Ұшатын қанатты айдаөардың ұрпағын бағып-қағып өсіріп, онымен ғаламшар төңірегінде қалған жұлдызаралық кемелеріне ұшып жетіп, Жерімізге, Қазақ елімізге аман оралғандары ғылыми негізді көркем тілмен тартымды суреттеледі.
Кітап қалың оқырманға арналған.
ISBN 978- 601-06-8268-9 УДК 821. 512. 122
ББК 84 (5 Қаз)
Сақұрпағы Жүніс, 2022
Идеал, 2022

БІРІНШІ БӨЛІМ
ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ ЖҮЙЕСІ
Таңдау
Алыстан қанағанда кіп-кішкентай ғана ақ дақ болып көрінетін жұлдыз жүйелерінің ғарышкерлеге танысық емес екен әуел бастан белгілі. Байқоңырдан аттанбай тұрғанда шоғырланып, орамаланып, одан жеке-жеке ғаламшарлар мен олардың серіктері түзілетін жүйеге жұлдызаралық кемемен ұшып жеткенше талай өзгерістердің болатыны белгілі. Ал ол уақыт аралығында онда қандай өзгерістердің болатынын жұлдызаралық кемедегі автоматты-компьютерлі жүйелер тіркеп, жазып отырады болса да. Оның өзі де бір ғажайып іс. Ғарыш сапарлары тарихында осы кезге дейін тұтастай бір жұлдыз жүйесі түгілі, жеке ғаламшарлардың тарихтары да бейнефильмге түсірілмеген. Ал көзделген жұлдыз жүйесінде он бір ғаламшар түзілген. Табиғи серіктері де көп. Әрбір ғаламшар бір-бірікті иемденген. Ғарышкерлердің алдағы уақытта жұлдызаралық кемемен соған қарай ұшуларына, онда тұрып, ғылыми-зерттеулер жүргізулеріне деген үміттерін оята түұскен де сол ерекшеліктері еді.
Ғалам кеңістігінде пайда болып жатқан жұлдыз жүйесі бір бұл емес. Бірі қартайып, ыдырап, ғаламшарлары тозып жатса, енді бірі осы жұлдыз жүйесі сияқты жаңадан пайда болып жатады. Байқоңырдағы ғарышкерлер жұлдызаралық кемемен ұшып баруға таңдағаны осы соңғы кезде пайда болған жұлдыз жүйесі еді. Ол өзінің жаңалығмен, ерекшелігімен тартқан еді ғарышкерлерді. Асы-Түрген расытханасындағы оны ашқан қазақ жұлдызтанушылары түн ұйқыларын төрт бөліп, көз майларын тауыса қанша бақылап-зерттесе де, оған жұлдызаралық кемемен ұшып барып көргендей болмайды. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деп дана қазақ бекер айта ма? Осы жұлдызаралық сапарға аттанатын қазақтың қаһарман ғарышкерлері де сол мақалды берік ұстанғандай. Сол ой-армандары жүзеге асып, сәті түскен күні қазақтың қасиетті жеріндегі адамзатқа тұңғыш жұлдызжол ашқан Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышкерлер осы жұлдызаралық сапарға аттанып та кеткен.
4
Белгіленген уақыт мерзімінде көздеген жаңа жұлдыз жүйесіне де жақындаған. Жұлдызаралық кеменің ұшуы қажетті жылодамдыққа дейін баяулаған. Сол мезетте іштегі ғарышкерлер мен биотұлғалардың қимыл-қозғалыстары да ширей түскен. Жүйені Күндей жарықтандырып тұрған жұлдызының өткір жарық сәулелерінен кеменің сол жарық сәулесінен қуат алатын жүйелері де «тіріле» түскен. Жұлдыздің көлемі Күннен үлкен. Одан барлық он бір ғаламшар мол жарық пен жылу алуда.
Адам баласы санасы өсіп, мәдени дамудың қанша жоғары сатысына көтерілсе де, өткен заманына жалтақтайды. Сол өткен самаынын есіне ала отырып, ол кездерде болып өткен небір оқиғаларды көз алдына елестете келе, соның негізінде болашағын болжайды. Бір заманда саналы адам баласы өзінің дүниеге келген, өсіп-өнген жерін ғана зерттеді. Сол арқылы болашағын бағдарлады. Одан кейін Жер ғаламшарының өзге аймақтарына сапар шекті. Сөйтп, келе-келе адам баласына Жер екеш, Жердің өзі де тарлық ете бастады. Оған басты себеп, Жер бетіндегі саналы адам баласының сананың күрт өсуі мен өмір жастарының мейлінше ұзаруы еді. Жер ғаламшарында адам аяғы бастпаған жер қалмады. Бірақ адам баласы қанша дамыса да, білімі мен ғылымы қанат жайып, саны көбейсе де дүниеге келген Жер ғаламшарын тастап ешқайда кетпек емес. Алыс жұлдыз жүйелеріндегі тірішілікті ғаламшарларға ғарышкерлер ғана аттанады, зерттейді. Ондай бақытқа қолы жететіндер де сирек. Бұл жағынан келгенде осы жұлдызаралық сапарға аттанатын ғарышкерлрдің бақыттарында шек жоқ десе де болғандай еді. Бірақ Ж?ерден, елден соншама қашықта, жырақта жүрген ғарышкерлер бастарынан талай қиындықтар мен қауіпті жағдайларды бастарынан кешеді. Сондықтан ғарышкерлерді қанша атақты болса да, оларды аса бақытты адамдар қатарына қосуға болмайды. Оған ғарышкерлердің сапарларындағы тағдырлары куә.
Алапат жұлдызаралық кеменің барлық бөлімдерін аралай-аралай, қарсы алдарындағы жұлдыз жүйені жіті бақылау-зерттеугге алған ғарышкерлердің ендігі ғылыми-зерттеу жұмыстары да күрделене берген. Осы сәтке дейінгі уақыттары, енді ойлап қараса, бейнебір тыныштық әлемінде өткендей екен. Мезгілінде жұмыс жасап, мезгілінде демалды. «Қазақтың ұлы даласы» мен «Орманды алқапта» талай рет серуен де құрды. Солай ерекін жүрді. Соның өзінде де Ғалам кеңістігіндегі
5
құбылыстар жайлы көптеген ғылыми-мәліметтер жинады. Енді ол ғылыми мәліметтерді қайта қарап шығудың өзіне де көп уақыт қажет болмақ. Ол ғылыми мәліметтер енді Жердегі, елдегі кейінгі ұрпақтарға қалмақ. Жерде, елде жүргенде осы жаңа пайда болған жұлдыз жүйесіне жұлдызаралық кемемен ұшып жету, мұндағы ғаламшарға дін-аман қонып, ғылыми тұрғыдан зерттеу болса, ендігі ой-рмандары сол тапсырмаларын сәтті аяқтап, Жерге, елге аман-есен қайта ұшып жету осы жұлдызаралық кемемен. Сөйтіп, жинаған бүкіл ғылыми мәліметтерін кейінгі ұрпақтарға табыс ету. Ең басты мақсаттары да осы. Оған мына жұлдызаралық кеме ішіндегі баяу өтетін өздік жылдамдық ғұмырларын болса да ұзартады. Тек кездейсоқ қауіп-қатерден тыс қалса. Осының өзінде де ғарышкерлер кейде сапар ұзақтығынан жалығады, шаршайды, «Осындай ұзақ сапарға шығып неміз бар еді» деп те іштей өкініштерін білдіреді.
Енді бәрі де кеш. Уақыт кейін қайтпайды. Бәрі де артта қалды. Алдарында жаңа жұлдыз жүйесі менмұндалайды. Өзі бір ерекше жаратылыс. Жұлдызаралық кемедегі үлкен ғарышкерлер құрамының басшысы Дастан Лұқпанұрпағы көңілін енді осы жұлдыз жүйесінің қалай пайда болғанына аударған. Құрамның қалған мүгелерінің көңілдері де солай ауған еді. Алдарына қойған мақсаттары да, болашақ ғүмырлары да осы жұлдыз жүйесіндегі ғаламшармен байланысты болғандықтан ешқайсысына да бейқам қалудың жөні жоқ еді. Жерден, елден осы жұлдызаралық кемемен аттанбай тұрған кездің өзінде Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Жұлдыз үйде» бұл жаңа жұлдыз жүйесі жөнінде құжатты бейнефильмдерді көрген бәрі де. Онда көптеген ғылыми мәліметтер бар еді бұл жұлдыз жүйесі жөнінде. Рас, бір жұлдыз жүйесін пайда болған сәтінен бастап қартайып, ыдырап, жоғалып кеткеніне дейін бейнефильмге түсіріп алу еш мүмкін емес. Бұл түгілі, орташа есеппен алғанда, жүз жас жасаған адамның бүкіл ғұмырын бейнефильмге түсіріп алуға болар ма еді? Олай түсірілген бейнефильмді тап сондай жүз жыл тапзылмай отырып көру керек болмай ма? Сондықтан да қандай атақты, данышпан адам болса да, ол жөнінде түсірлген бейнфильм оның ғқмыры мен қызметінің кейбір кезңдерін ғана қамтиды.
Осы кезге дейін, тіпті, ғарышкерлік дәуірі алғаш басталып, белең алған кезеңде жұлдызтанушы ғалымдар де Күн жүйесінің қашан, қалай пайда болғанын тек болжалдап келеді. Дастан өзінің
6
жақтауы биік әрі жұмсақ орындығында отырған сәттерінде осы жағын дай ойлап қоятын. Басшы болған соң бәрін де ойлайды, бәрін де алдын ала болжайды. Бір жұлдызтанушы ғалым: «Күн жүйесі қатты қызған алапат жұлдыз жүйесінен пайда болған. Ол суыған сайын және гез бөлшектеріні бір біріне тартылуы нәтижесінде бірте-бірте сығыла берген. Сөйтіп, пішіні де өзгеріп, шамалы сопақшаланады. Ал мұндай құбылыстың нәтижесінде орталықтан тебу күші пайда болады. Материяның қою орталығынан газ шеңбері бөлініп шықты. Ол шеңбер үзіліп, бөлектеніп, домалақтанып, бір-бір ғаламшарларға айналды. Тұмандықтың сығылуы мұнымен тоқтаған жоқ. Ол сығылған сайын жаңа шеңберлер бөлініп шығып, жаңа ғаламшарлар қосыла берді. Ғаламшарлардың серіктері де осындай жолмен түзілген. Ал тұмандықтардың аралық бөлігі сығыла-сығыла жұлдызға айналған. Оны адамзат Күн деп атап кетті. Күн өзнің төңірегінде пайда болған ғаламшарлар мен олардың серіктеріне жарық сәулесі мен жылуын шашып, тірішілік әлемінің пайда болуы мен дамуына ықпал етті» деген. Келесі бір ғалымның болжамынша: «Күн жүйесі әуел баста қызған газ шарынан емес, суық газдың бөлшектерінен түзіілген». Ал енді бір ғалым: «Күн әуелде жалғыз жұлдыз болған. Ғалам кеңістігін кезіп жүріп, жолында бір жұлдызды кезіктірген. Оның күшті тарытылыс өрісінен Күннен көптеген заттар бөлініп шықты. Ол денелер әлгі тартылыс өрісі күшті жұлдызға қарай тартылды. Бірақ жұлдыз өз жолымен жүріп өтті. Ал қызған заттардың алапат жолағы бөлініп-бөлініп кетті. Суыған газ ғаламшарларға айналды. Сол қызған заттардан түзілген Жер ғаламшары алғашында кіп-кішкентай ғана дене болды, тек келе-келе бетіне ғарыштан келіп түскен аспан тастарының жиындысынан ұлғайып, осы көлеміне жетті» деп болжалдайды.
Бұлардан кейін айтылған болжамдар да халықтың көкейіне қонғандай болған. Ол болжам бойынша: «Күн жұлдызаралық бұлттан жылжып өткен кезде сол тозаңдардан өзімен бірге сол тозаңдар мен газдан тұратын бұлттың бір бөлігі мен бөлшектері Күн төңірегіне айнала қозғала бастады. Олар бір бірімен соқтығысып та қалып жатты, шоғырлар түзді. Майда бөлшектері бір бірімен тоғысып, ұлғая берді. Сөйтіп келе-келе бір-бір ғаламшарға айналған. Ал келесі бір айтылған болжам алдағылардың ешқайсысына да ұқсамайды. Ол божамда
7
айтылғандай: «Күн әуелде өз осінде жылдам айналып тұрған. Соның нәтижесінде оның экваторлық бөлігінде дөңес пайда болған. Сол дөңесінен ғаламшарлар бөлініп шыққан. Күннің бір бүұйірінде пайда болған ол дөңестің температурасы онша жоғары емес еді. Сондықтан жаңа пайда болған ғаламшарлардың газдары Ғалам кеңістігіне тарап кетпеді. Ғаламшарлар тез суыды, Күннен жылдам қашықтай берді. Жүйеден әрқайсысы өз орнын тапты...»
Күн жүйесі ғана емес, Ғаламдағы барлық жұлдыз жүйелерінің пайда болуы тарихы осындай. Оларды болжай берсе,. Болжам көп. Қай жұлдыз жүйесінің де әуелі тұмандықтан түзідетіні хақ. Осы кезге дейін көріп келген бейнефильмдердегі көріністер соны дәлелдейді. Ғалам кеңістігі тып-тыныш тұрған кеңістік емес. Ол тек адам баласының ғұмырында еш өзгермейтндей болып көрінеді. Ал шын мәнінде дүние әлемі үнемі өзгерісте. Егер Ғаламдағы сол өзгерістерді жылдамдатып көрсететін ғажайып бір экранды құрал болса, онда ондағы бар құпия-сыр әп-сәтте ашылар еді. Адамзат ондай ғажайып экранды құрал жасап шығару дәрежесіне жетпегендіктен Ғалам кеңістігіне ғарышкерлер осындай жұлдызаралық сапарлар жасайды. Соның бірі осы өздерінің жұлдызаралық сапары. Жердегі өзге елдердің ғарыш айлақтарынан өздері көздеген жұлдыз жүйелеріне қарай жұлдызаралық кемелермен енді ғана аттанғалы жатқан, көздеген ғаламшарларын аяқ басып, зерттеп жүрген, Жерге қайта оралып келе жатқан ғарышкерлер қаншама. Ал өздері мінген жұлдызаралық кеме де көздеген жұлдыз жүйесіне тааяп та қалды.
Енді іште бір сәтке тыныштық орнаған. Әрқайсысы өз орындықтарында ойға шомып отыр. Жұлдызаралық сапарда мұндай терең ойға берілетін сәттер болып тұрады. Адам баласы бұл өмірде ойға шомбай жүре алмайды. Ондапй сәтте адам өзімен өзі сырласқандай күй кешеді. Іштей алдағы жоспарларын жасайды. Ол жоспарларынң дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгеннен кейін барып қана сыртқа шығарады. Дастан ойға шомып, Ғаламның пайда болуы, ондағы жұлдызды жүйелердің түзілуі мен ғаламшарлардың аспан денесі болып қалыпатсуын бұрын-соңды дәл осылай көз алдына елестетеіп көрмеген. Тек өзі емес, жұлдызаралық кеменің осы басқы бөліміндегеі орын орындарында отырған сапарластары да өздерінше ой қозғаған мына Ғалам жайлы. Ойдың құдіреті сол, кейде өткен бір қызықты оқиғалары есіне түскенде күліп те алады. Қайғылы оқиғалары есіне түскенде,
8
көз шарасына ыстық жас та үйіреді. Дастан мамандығы психолог болғандықтан айнала төңірегіндегі сапарлас достарының психологиялық ахуалын ара-тұра бақылап алып, алдындағы тақтада тнымсыз жыпылық қаққан мың-сан түрлі түсті шамдарды мұқият қарап шықты. Жұлдызаралық кеменің ішкі-сыртқы жүйелерінің жұмысы ойдағыдай болған соң, көңілі сәл сергіп, оң қолының сұқ саусағымен қажетті деген түймені нұқып, сапарлас достарына қарай бұрылып:.
- Ал, сапарлас достар, жұлдызаралық кемеміз көздеген жұдыз жүйесіне мейлінше таяды, енді мұны қондыратын ғаламшарды таңдауымыз керек, - деді жай ғана сөйледі.
Сол-ақ екен, жыпырлаған түрлі түсті көп шамдардың дәлортасындағы дөңгелек экран беті жарқ етіп жанып, алдағы, жан-жақтағы терезелерден күңгірттеу көрінетін жаңа жұлдызды жүйе біреу қолымен бері әкеліп қоя салғандай анықталды. Енді әрбір ғаламшарды даралап көрудің де мүмкіндігі бар. Жаңа ғана бір шоғыр жұлдыздардай болып жарқыраған ғаламшарлардың әрқайсысы өзіне тән түске көшті. Біреуінің түсі қызғылт, екіншісінікі қызыл, үшіншісінікі сарғыш, енді бірінікі Ай сияқты ақ пен қара түс. Ғаламшарлардың бет-бейнелері анықтала түскен сайын экранға үңіле қараған ғарышкерлер өздерін жаңа жұлдыз жүйесіне қарай емес, Күн жүйесіне қарай жақындап келе жатқандай сезінді өздерін жұлдызаралық кемемен. Бұл Ғаламдаы жұлдыз жүйелері де осылай бір біріне үұқсас болып келе береді екен. Тек оған ерекше мән бере қараған адам ғана көп айырмашылықтарды байқамақ. Күн жүйесінде тоғыз ғаламшар болса, мұнда он бір. Күн жүйесінде он ғаламшар болған деген болжам ғана бар. Сондықтан «Күн жүйесі тоғыз ғаламшардан тұрады» деген ұғым қалыптасқан. Ал егер сол ғаламшарлардың табиғи серіктерін есепке алынса, онда оннан да көп ғаламшар болып шыға келер еді.
Бірақ ғарышкерлердің дәл қазіргі мақсаттары Күн жүйесінде қанша ғаламшардың барын санау емес, жұлдызаралық кемені алдарындағы жаңа жұлдыз жүйесіндегі трішілікті ғаламшарлардың қайсысына қондыру керектігі еді. Дастанның жаңағы сөзінен кейін әрбір ғаарышкер қай ғаламшарды таңдауды ойлап та кеткен. Өйткені, ертеңгі тағдырлары жұлдызаралық кемемен қонған ғаламшардың атмосферасы, биосферасы мен гидросферасының тірішілікке қаншалықты қолайлы екендігіне
9
байланысты еді. Жұлдызаралық ғаламшарлардың қайсысының тірішілікке аса қолайлы екенін осы қашықтықтан-ақ толық анықтап беретін күрделі құралдар жетеді. Ғаламшар табиғатының түр-түсін де дәл ажыратып көрсететін экранды құралдар да бар. Сонда да ғаламшар топырағын аяқпен басып жүріп, бар ғажайып табиғатын көзбен көргенге жете ме? Осы қашықтықтан сол күрдеіл құралдардың экрандарынан ғаламшардың бар құпия-сырын аша қою да еш мүмкін емес. Ғарышкерлердің қай қайсысы да осыны ойлаған. Сөйтіп, ендігі шешімді де құрам басшысы Дастанның өзінен күткен.
- Менімше, ана алтыншы ғаламшарға қондырғанымыз дұрыс сияқты, мына жұлдызаралық кемемізді, - деді ол сәл кідірістен соң.
- Мен де сол ғаламшар дұрыс деп ойлаймын! – деді соынң артынша Сәндіай.
- Ол ғаламшардың не артықшылығы бар? – деп қалды Гүлболсын оған жалт бұрыла қарап.
- Дұрыстап қарашы, ғаламшардың бүкіл табиғаты Жер ғаламшарымыздың алғшқы бір кезеңіндегі табиғаты сияқты! Онда әлі саналы тұрғындар жоқ!– деді Сәлима Гүлболсынға, содан соң басқаларға көз тастап қойып.
- Е, бізге керегі ғаламшардың тамылжыған табиғаты емес пе? Жеріміздің тозған табиғатынан жалығып біткен жоқпыз ба? Дастанның таңдауы дұрыс!! – деп манадан бері үнсіз отырған Рауан сөзге араласты.
Рауанның сөзінің далаға кетпейтінін екі қыз жақсы біледі. Ол құрам басшысы Дастанның орынбасары. Екеуі де жастайларынан жұлдызды әлемге құмартып өскен. Қазақ орта метебін бітіргеннен кейін Байқоңырдағы «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындау орталығында» бірге оқыды. Ғарышқа ұшудан тәжірибелері мол. Техника тілін жақсы біледі. «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындау орталығында» екеуі осы Сәндіай, Гүлболсын, танысып, дос-сырлас болды. Одан кейін қатарларына Сұлтанғазы мен Құралай келіп қосылды. Осы сапарға ғарашкерлер іріктелгенде алтауы топ жарды. Осы жұлдыз жүйесі өздерін тартты да тұрды. Бас қосқан кездегі негізгі әгңімелері де осы жөнінде болатын. Бұл Ғалам кеңістігінде жүлдыз жүйелері жетеді. Олардың бір бірінен айырмашылықтары да айқын байқалып тұрады. Солардың ішінен өздеріне ыстық көрінгені де
10
осы жұлдыз жүйесі еді. Бұған Байқоңырда өздеріне дәріс берген оқытушылар да ерекше көңіл бөлетін. Бүгінде мұндай жұлдызаралық сапар жасаудағы басты мақсат қандай да бір ғаламшарға барып қайту емес, ол ғаламшардан қандай да бір жаңалық ашу. Онда саналы тұрғындар бола қалса, олармен жүздесіп, тіл табысып, елге көптеген ғылыми мәліметтер алып келу.
Енді міне, астарындағы жұлдызаралық кеме көздеген жұлдыз жүйедегі жаңа ғана өздері таңдаған ғаламшарға жақындап та қалды. Бойларын толқу сезімі биледі. Саналы иесіз ғаламшарда нелердің кездесері, ондағы тірішіліктері қалай жалғаспақ, одан қалай қайта ұшып шықпақ жұлдызаралық кемелерімен. Осының бәрі де ғарышкерлерді аз ойлантқан жоқ. Адам баласы қанша саналы, білімді болса да маңдайына қандай тағдырдың жазылғанын алдын ала біле бермейді. Әрбір саналы адамның өмірге деген өзіндік көзқарасы мен түсінікі бар. Ұлы Жаратушы адам баласына ақыл мен қабілет берсе де, оған өзінің тағдырын алдын ала анық болжай алатын қібілет бермеген. Адам өмірінің мәнді жері де осы болса керек. Сол кемшілігіне қарамастан адам пенде қай кезде де жақсылықты болашағынан күтеді. Осы жұлдызаралық кемедегі алты ғарышкердің де ғаламшардан күтер жақсы үміттері мол. «Жаман жағдайға тап боламыз» деп тіпті де ойлағылары келмейді. Алтауы да жас, жігерлі, ақылды, білімді. Тек астарындағы жұлдызаралық кеме аман болсын. Ол өздерін көздеген жұлдз жүйесіне жеткізіп те қалды.
Шамалы үнсіздік, шамалы ой кешкеннен кейін ғарышкерлер қайта сергіді. Дастан манадан бері сапарлас достарының пікірлерін мұқия тыңдаған еді, енді сол пікірлерден түйгенін былай деп айтты:
- Жаңа мені қолдап айтқан пікірлеріңе алғстымын. Сол ғаламшарға қондырамыз мына алапат жұлдызаралық кемемізді. Оның табиғаты әлі саналы адам аяғы тимеген таза! Ана жұлдызының жарық сәулесі мен жылуы да жеткілікті сияқты! Ғажыайып табиғатындағы тірішілік иелерін зерттеп қайталық!
- Жаңа мен айттым ғой, бұл ғаламшардың тамылжыған табиғаты керек деп, - Рауан Дастанның сөзінің соңын ала шаттана сөйледі.
- Ол пікіріңе алғыстымыз! – деді Рауанға қиыла көз тастаған Сәндіай.
11
Қалғандар үнсіз. Бәрінің де мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері бір бірнікіне ұқсас. Көп сөйлегеннен гөрі көп тыңдағанды қалайды. Білімқұмар. Сұлтанғазы мен Құралайдың да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Қандай да бір күрделі жағдай туындағанда Дастанның өзі де Сұлтанғазыға жүгінеді. Ол ұзын бойлы, жүзі қызылшырайлы жігіт. Құралай орта бойлы, толықтау, дөңгелек жүзді, мұрыны кішкентай келген, көздері ботадай қыз. Қарапайым, кшіпейіл. Қызға тән қылығы да тартымды. «Қыз – қылығымен» деп дана қазақ бекер айтпаса керек-ті. Бұл екеуімен салыстырғанда, Дастан, Рауан, Гүлболсын, Сәлиманың жаратылыстары басқа. Дастанды қаншама құрам басшысы деп аталса да, бойы аласа, денесі арық келген,. Бет-әлпеті ат жақты, шанын үнемі бір жағына қарай жатқыза тарап қойып жүретін, жылқы мінезді жігіт. Оған қарағанда Рауан денелі. Бойы да биік. Бетінде шамалы сепкіл бар. Шашын бір жағына жатқыза тарап қояды. Сол шашын анда-санда кейін қарай сілкіп қоятын әдеті бар. Білімді. Пікірталастырғанда өзінің көп білетінін білдіруге құмар. Гүлболсын да арық келген, бойы ұзын қыз. Жүрісі ширақ. Іске пысық екені әрбір ісінен айқын көрінеді. Менмеңдігі де бар. Ат жақтылау келген жүзі мен қысыңқылау келген көздері қараға адамның көңілін ерекше аударады. Қызға тәін қылығы да бар. Сонысымен де елітеді жігіттерді. Сәндіай одан да пысық көрінеді өзінің жүріс-тұрысымен. Ол дөңгелек жүзді, мұрыны тәмпіштеу келген. Сәл сақауланып сөйлейді. Сонысына қарамастан пікірталасқа құмар. Білімі жағынан ешкімнен кенде емес. Алдына жан салғысы келмейді. Құрбысы Гүлболсынмен жиі сырласады. Бір кемедегі айналдырған үш қыз болса да, әрқайсысының жан дүниесі әр бөлек. Құралай құрамға кейін қосылғандықтан ба, көбіне Гүлболсын мен Сәндіайдан шеттеп жүреді. Сонда да жігіттерді өзіне баурап әкетеді. Гүлболсын мен Сәндіай оны жігіттерден қызғанып, оған көп жақындамайды. Ал оған ес аударып жүрген Құралай жоқ. Сапарластарының қай қайсысымен де тез тіл табысуға тырысады.
Осындай құрам, үш жұп Жердегі, елдегі Байқоңыр ғарыш айлағынан осы жұлдызаралық кемемен осылай қарай аттанған. Енді міне жұлдызаралық кеме соншама жұлдызаралық жолды кейінге тастады. Осы уақыт аралығында бұл алапат жұлдызаралық кеменің өзі де Жердегі елдей болып қалған. Үйренбей қайтсін. Осының ішінде таңдары атып, кештері батса.Оның үстіне, күн
12
демей, түн демей, жұлдызды әлемді бақылап-зерттегендері де уақыттың қалай өткенін білдірмеген. Ал бұл уақыт ішінде Жердегі, Қазақ еліндегі тұрғындар қаншама жылды артқа тастады. Оны ойлағанда, Жерден соңғы жаңалықтарды алғанда, еріксіз күрсінеді қай қайсысы да. Бірақ амалдары қанша, қалай ойланса да, қалай толғанса да, бұл жарық та жылы дүниедегі тірішілік әрекеттерін өзгерте алмайды ешқайсысы да. Ендігі бар мақсаттары, көз алдарындағы ғажайып ғаламшарға мына алапат жұлдызаралық кемені аман-есен қондырып, оның табиғатын толық зерттеп, Жерге, Қазақ еліне қайта оралу.
Қонар алдында
Адам баласы қай кезде де алдына қойған мақсатына жетуге асығады. Жас кезінде тезірек есеюді, есейген соң елге белгілі маман болуды, ал одан кейін ғұмырының ұзақ болуын қалайды. Ғарышкерлердің алдарына қойған мақсаттары одан өзгешелеу. Жастайларынан жұлдызарадық кемемен осылай бір ұзақ жұлдызаралық сапар жасауды армандаған. Ал ғұмырларының жұлдызаралық кеме ішіндегі «өздік уақыт» есебінен ұзаратыны белгілі. Тек жұлдызаралық кемемен жұлдызаралық жолда жарық сәулесінің таралу жылдамдығымен барабар ұшу қатерсіз емес. Кез келген сәтте кездейсоқ қатердің туындауы мүмкін. Ондай сәтте ойлануға да мұршалары келмей қалады ғарышкерлердің. Ондай қарбалас сәттердің мәнін жұлдызаралық сапарға ұшқан ғарышкер ғана біледі. Басқару тақтасндағы тынымсыз жыпылық қаққан түрлі түсті шамдар да сондай сәттерді білдіру үшін жасалған ғарышкерлерге. Соның өзінде де қателік кетпей жатпайды. Сондықтан да ғарышкерлер жұлдызаралық кемені қондыратын ғаламшарды таңдап алғаннан кейін-ақ қарбаласқа түскен.
Жұлызаралық жолда кеме ішінде бір біріне кейде әзіл сөздер айтып, көңіл көтеріп жүрсе, енді ерекше ширап, бір отбасының балаларындай бауырмал болып кеткен бір біріне. Жерден, Қазақтың қасиетті жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан осы жұлдызаралық кемемен ұшып шығып, талай уақытты өткізгелі бері өздерінің алғашқыдан көп есейіп қалғандарын да байқамапты. Енді баяғы жастар емес ешқайсысы да. Есейіп ер жеткен, ақыл тоқтата бастаған азаматтар. Жерде, Қазақ елінде жүрсе, бәлкім, дәл осылай толқып, уәйім кешіп жүрмес пе еді. Алаңсыз
13
күнделікті жұмыстарын жасап, отбасын құрып, бала-шағалы болып та кетер ме еді, ендігі. Ал мына жұлдызаралық кемедегі өмірлері мүлдем басқаша. Бұл қанша жылдам ұшып келе жатса да, мына Ғалам кеңістігінде бір орнында қалықтап тұрғандай көрінеді де тұрады өздеріне. Дегенмен, жылжу бар. Қаншама жұлдызжолды ұшып өтті. Енді өздері дүниеге шыр етіп келген, өскен Жер ғаламшары мен ондағы Қазақ елі түгілі Күн жүйесінің өзі де бір шоғыр жұлдызды жүйедей болып қалған.
Оған жұлдызаралық кеменің арқа жонына орнатылған расытханадағы қуатты сыңардүрбіден неше рет бақылау-зерттеулер жүргізді. Суретке, бейнефильмге түсірді. Байқоңырдағылармен, отбасыларындағы әке-шешлерімен, туыстары, дос-жарандарымен бейнебайланыс жүйесі арқылы талай рет жүздесіп тілдесті. Оның бәрі де арнайы бейнетаспаларда жазулы, сақтаулы. Соның өзінде де Жерден, Қазақ елінен алыстаған сайын көңіл-күйлері қобалжиды. Оның басты себебі, Ғаламдағы жалғыздық. Жұлдызаралық кеме ішінде саналы адам баласынан алтауы ғана болғандықтан, қанша дегенмен де мына шетсіз-шексіз тып-тыныш жатқан Ғалам кеңістігінде елегізбей қалмайды. Сондықтан да ғарышкерлер көздеген ғаламшарға жетіп, жұлдызаралық кемені аман-есен қондырып, ондағы тірішілік әлеміне араласып кеткенді ойлаған. Ендігі бар үміттері де, бар қызықтары да сол болмақ. Өз аяқтарымен ғаламшардың қара жерін басып, саф ауасын еркін жұтып, таза суынан ішіп, жасыл өсімдіктері мен хош иісті гүлдерінде аунап-қунағанға не жетсін.
- Кеменің ұшу жылдамдығын тежейтін жүйелерді іске қосайық! – деді ғаламшардың бет-бейнесі әп-әдемі болып көрінген кезде Дастан.
- Сонда ғаламшардың қай аймағына қондырамыз жұлдызаралық кемемізді? Соны нақты белгілемедік қой? – деп қалды сол сәтте Сәндіай.
- Расында да оны белгілемеппіз ғой, - деп Дастан қарсы алдындағы ғаламшар бейнесін мейлінше жақындатып-ұлғайтып көрсететін дөңегелек экранға үңілді. – ғаламшардың кез келген жеріне қондыра салуға болмайды ғой жұлдызаралық кемемізді.
- Менімше, өзіміздің Қазақ еліміздегідей табиғат аясын таңдағанымыз жөн болар еді, - деді Сәндіай тағы да тыныш қала алмай.
14
- Бұл ойың да дұрыс, Сәндіай, - деді оған бұрыла қараған Дастан, - мына кемемізді аман-есен қондырып алсақ, ол аймақты Қазақ жері деп те атап кетерміз.
- Қарасақ, Қазақ жерімізден еш аумайды екен ол аймақтың өзі!, - деп Рауан Дастанның дәл алдындағы дөңгелек экраннан ап-анық көрініп тұрған аймаққа қадала қарап.
- Егер бұл ғаламшарда шын мәнінде де саналы адам баласы болмаса, тек кемемізді қондырған аймақты емес, күллі ғаламшарды қазақ ғаламшарына айналдырып аламыз, - деп жымиып қойды Дастан.
- Ең бастсы, ғаламшардағы көздеген аймаққа жұлдызаралық кемеміздің қонатын бөлігін аман-есен қондырып алсақ, қалғаны бола береді ғой, - деп сөзге араласты көптен үнсіз отырған Сұлтанғазы.
Осы сөзден кейін Дастан қарсы алдындағы тақтадан екі қолының саусақтарымен бірнеше түймені шырт-шрыт басып жіебрді. Артынша алапат жұлдызаралық кеменің қозғалтқыштарын кері қарай айналып, тежеу жүйелері іске қосылды. Іштегі құралдардың осы сәтке дейінгі ызыңдары мен түрлі түсті шамдарының жыпылықтары жай нәрсе екен. Енді кеменің бүкіл алапат денесі діріл қаққан. Әркім өз орнында қалып, мамандықтарына сай жұмыстарын мұқият атқаруға кірісті. Дастанның дәл алдындағы тақтадағы түрлі түсті шамдардың жыпылықтары жиілей түсті. Осы сәтте әрбір ғарышкер өзін алапат жұлдызаралық кемеде емес, тап бір ойын экранының алдында отырғандай сезініп те кетті. Өйткені, экрандағы көріністер біресе табиғи түрге, біресе штрих түрге айналумен болды. Тіпті, ғаламшардағы көзделген аймақтың түсі де біресе қызғыл, біресе жасыл, енді бірде сарғыш түске өзгерген. Тек сәлден соң ғана барып жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігінің табан тірейтін аймағы анықталды. Ғаламшарда саналы адам баласының бар-жоғы дәл анықталмады. Жұлдыз жүйесі жаңа пайда болып, ғаламшарларындағы түрлі тірішілік иелерінің тірішіліктері енді ғана жандана бастағанда саналы адам баласы қайдан бой көрсете қойсын. Ғарышкерлер осындай ойға келген. Сонда да ғарышкерлер қонатын бөліктің қонатын аймағында қандай тірішілік иелерінің бар екенін көріп білуге асықты.
Тартылыс өрісі Жер ғаламшарының тартылыс өрісінен көп есеге артық ғаламшардың көзделген аймағына жұлдызаралық
15
кеменің негізгі бөлігінің бауырынан ашылған қақпадан ғаламшар бетіне қарай төмендеген қонатын бөлікпен қону барысында ең жаңа деген техникалық-компьютерлік жүйелер падаланылды. Жер ғаламшары мен осы ғалмшардың арасындағы жұлдызжолды ұшып өткен уақыттың ішінде ешбір күрделі жүйенің өзгермегенін білді ғарышкерлер. Ал жұлдызаралық кеме ішіндегі осы баяу өтетін «өздік уақытпен» салыстырғанда Жер ғаламшарында қаншама ғасырлар өтіп кетті. Сондықтан да енді іштеггі әрбір жүйеге мұқият қарауға тура келген. Жұлдызаралық кеме Жер атмосферасындағы әуе кемесіндей белгілі бір әуе жолымен ұшып келген жоқ. Жол-жөнекей жолына дөп келіп қалған түрлі ірілі-ұсақты тастарды да кезіктірген. Соның бәрі де енді өтіп кеткеннен кейін ештеме болмағандай болып қалған. Адам өмірінде кездесетін қиындықтардың бәрі де солай көінеді өтіп кеткеннен кейін. Кеме ішінде қаншама жақсы жағдай болса да, не қажеттің бәрі бар болса да, басқа жағынан кемшіліктер кездеспей қаалмайды. Осыншама жылдамдықпен ұшып келе жатқан соң кеме ішінде түрлі жағдайлардың болуы да заңды. Ондай сәттерде ғарышкерлер бір біріне қолдарынан келген көмектерін береді. Сол қиындықтардың бәрі де енді кейінде қалған. Ендігі басты мақсаттары, ғаламшардың өздері таңдаған аймағына мына жұлдызаралық кеменің қонатын бөліігімен жайлап, аман-есен қону, табиғатын зерттеп, ғылыми мәліметтер жинап, қайта ұшып шығып, Жерге, Қазақ еліне дін-аман оралу.
Дастан қарсы алдындағы тақтадағы дөңгелек экранда көрінген ғаламшар табиғатына көз сала отырып, қажетті деген түймелерді екі қолының саусақтарымен жылдам-жылдам басып,тежеу жүйелерінің қалай жұмыс жасап тұрғанын тағы бір мұқият терксеріп шықты. Бәрі де ойдағыдай көрінді. Сонда да автоматты-компьютерлі жүйелердің жұмысына толық сене беруге болмайтын еді. Ондай жүйелер де кейде шатасады. Ал мынандай дәлдікте, уақыттың секундтық бөлшектерімен санасатын сәтте қате жіберуге еш болмайды. Ол – қатер. Мұны ғарышкерлердің қай қайсысы да жақсы біледі. Уақыт өткен сайын алапат жұлдызаралық кеменің ұшу жылдамдығын тежейтін жүйелерінің жұмысы күшейе берді. Төмендеген сайын ғаламшардың таңғажайып табиғаты менмұндалайды. Жер ғаламшарынан басты айырмасы да әлі адам аяғы тимеген, бүлдірмеген таза табиғат аясы. Қызғылт-сары түсті құмды далаға айналған аймақтары
16
байқалмайды. Тірішілік иелерінің емін-еркін тірішілік етулріне мол жағдай бар. Соларды тезірек көруге құштарланған ғарышкерлер кеме терезесінен төменге тапжылмай қарап отырып. Осыншама ұзақ уақыт бойы кеме ішінен шықпағандықтан ғарышкерлер ғаламшарда қандай алып тірішілік иелері болса да қара жерді басып, жасыл өсімдікке аунап-қунағанға асығуда. Қазақтың кең-жазира жерінен аумайтын аймақты таңдаған географ Сәндіайдың дегбірсіздігінде шек жоқ.
- Ғаламшар бетіне дейін қанша шақырым қалды? деп сұрады жанындағы Рауаннан Дастан.
- Он бір шақырым...
- Онда болды. Қонатын бөлікке ауысайық. Ал жұлдызаралық кемеміздің негігі бөлігін мұны бас биотұлға мұны үш жүз шақырым биіктікке қайта көтеріп, ғаламшарды қашан біз қонатын бөлікпен ғаламшар бетінен қайта ұшып шығып, бауырындағы қақпа арқылы енгенше ғаламшарды айналып ұшып жүрсін.
Рауан жұлдызаралық кеменің автоматты-компьютерлі жүйелерінің жұмысын тез тексеріп,бас биотұлғаны шақырып, Дастан айтқан бағдарлманы енгізді электронды ми жүйесіне. Содан соң бәрі ширақ қозғалып, қонатын бөлікке ауысты. Оның басқару тақтасы алдына Дастанның өзі отырып, жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінің бауырындағы үлкен қақпасы ашылған бойда ғаламшар бетіне қарай төмендете берді
- Қазақтың нағыз ежелгі жері! Бір аусайшы! Көріп отырсыңдар ма, достар! – деп шаттана сөйледі Рауан.
- Көргенде қандай! Мен қазір Жерімізге, Қазақ елімізге, Байқоңырдағыларға бұл жөнінде бейнехабар жіберейін! – деді бейнебайланысшы Сұлтанғазы қонатын бөліктің терезесінен ғаламшардағы қонуға көзделген аймаққа қадала қарап отырған бойы, - ертелеу болса да біле берсін,біздің жаңа ғаламшар, жаңа Қазақ жерін ашқанымызды!
- Хабарлай бер! Онсыз да олармен бейнебайланыс ұстамағанымызға біраз болды, - деп Құралай толқи сөйледі
- Жұлдызаралық кеменің қону бөлігінің төмендеу жылдамдығын азайту керек! – деп осы кезде бәрінің ойын бөлді Дастан.
Толқу күшейе түсті. Қонатын бөлік құлдилап қонып келе жатқан ғаламшардың атмосферасының құрамын күрделі құралдар тағы бір анықтап берген. Күн жүйесіндегі үйреншікті Жер
17
ғаламшары болмаған соң мұндай сәтте өте сақтық керек. Ғаламшардың табиғи жағдайын қайталап зерттеу еш артық болмайды. Мұндай сәттерде байқамай жіберіп алған қателер де түзеледі. Дастан осы жағын ойлаған. Әр ғарышкер өзінің мамандығына сай әрекет жасауда. Құралай дәрігер болғандықтан алдындағы шағын үстелдегі күрделі құралының экраны арқылы сапарлас достарының осы сәттегі көңіл-күйлерін, жүрек соғысын, қан қысымын, психологиялық жағдайын қадағалауда. Қайсысының денсаулығында қандай да бір өзгеріс болса, экраннан көрінеді, қызыл түсті шам жанып, дабыл беріледі.
Дегенмен, бұл сәттегі жағдай басқа еді. Жұлдызаралық кеме Ғалам кеңістігінде белгілі жылдамдықпен бірқалыпты ұшып келе жатқанда, ғарышкерлердің организмдерінде пәлендей өзгерістер болмаған. Енді қонатын бөліктің ғаламшар бетіне қарай құлдилауы кезінде сапарастарының көңіл-күйлерінде өзгерістер болмай қалмайтыны хақ. Қонатын бөліктің осы басқы бөліміндегі түрлі күрделі, автоматты-компьютерлі жүйеелер де тынымсызданып кеткен. Соынң өзінде де ол жүйелер адам баласының өз көзімен көріп, іштей сезінгеніндей толық мәліметтер бере алмайды ғаламшар жайлы. Сондықтан ғарышкерлердің қай қайсысы да дәл қазір өздерін аса сергек ұстауға тырысқан. Құралайдың экраннан бақылауынша, сапарластарының кейбірінің жүрек соғысының минуттық саны жүз жиырмадан да асып кетті. Тыныс алулары да жиілеген. Экраннан оны көрген Құралайдың өзі де аз толқып отырған жоқ. Мына жұлдызаралық кемемен осыншама жұлдызаралық жолды кейінге тастап, оның қонатын бөлігімен көздеген ғаламшарға қону барысында әлдеқандай жағдайға ұшыраса, не болғандары. Ондай жағдайда іздеушілер өздерін іздеп тапқанша, қанша уақыт өтпек.
Ғарышкерлердің қай қайсысы да осыны ойлаған. Бәрінің ендігі басты ниеттері де «Қонып келе жатқан аймағымызда не бар екен?» деген сұрақтан гөрі қонаын бөлікті ғаламшар бетіне жайлы қондыруға ауған. Құралай сапарлас достарының қонатын бөліктің ғаламшар бетіне осы қону сәтіндегі көңіл-күйлері мен дансаулықтарын экраннан бақылап-барлап алғаннан кейін терезеден сыртқа қадалды. Ғаламшар беті тып-тыныш. Қонатын бөлікті ғаламшар бетінен бақылап-барлап жүрген жан баласы көрінбейді. Қонатын бөлік бірқалыпты құлдилап келеді. Дастан мен Рауан біресе алдарындағы экрандарына, біресе терезеден
18
сыртқа қарайды. Сұлтанғазы, Гүлболсын, Сәндіай, Құралай да қарап отырған жоқ. Алдарындағы экраннан ғаламшар бетін бақылауда.. Жерден, қасиетті Қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыққанан кейінгі елі де, үйі де, өмір сүрер ортасы да жұлдызаралық кеме мен осы қонатын бөлік. Сондықтан екеуін де дін-аман сақтау әрқайсысының міндеті.
Ал қонатын бөлік ғаламшар бетімен жанасқаннан кейін ғарышкерлердің тірішілік әрекеттері болса да, табиғат аясына қарай ойысады. Қонатын бөлік ғаламшар бетіне таяған сайын ғарышкерлердің әрекеттері де күшейді. Басқы бөлімдегі барлық күрделі, автоматты-компьютерлі жүйелердің жұмыстары жандана түсті.
Тыныш аймақ
Ғаламның қиыр кеңістігінде жаңа пайда болған жұлдыз жүйесіндегі өздері қалаған ғаламшар шынында да ғажап еді. Жұлдызаралық кеме ішінде жиі-жиі алмастырып жұтқан ауаның өзі де кең тыныс алуға аздық еткен екен. Ғаламшардың көзделген аймағына қонатын бөліктің табандары жанасқаннан кейін-ақ ғарышкерлердің жүрек лүпілдері бассылып, тыныстары кеңейді. Биосферасы Жер биосферасындай болғандықтан арада шамалы уақыт өткенде қонатын бөліктің терезесін ашуға да батылдары жеткен. Сол-ақ екен, сыртың таза ауасы сезілді. Ғарышкерлер ол ауаны кеуде кере жұтып, комбинезондарының жоғарғы түймелерін ағытты. Тыныс алулары онан сайын жеңілдегендей болды. Әуелі Дастан, Рауан, содан кейін Сұлтанғазы, Гүлболсын, Сіндіай мен Құралай бастарында дулығаларын шешті. Бір біріне қарап мәз.
Осы бір сәтте терезеден сырттағы ғажайып табиғат аясына қызыға қарап тұрып, әрқайсысы өзінің ішкі ой-арманын ойлап та үлгерген. Бұл жұлдызаралық сапардағы негізгі мақсаттары ортақ болғанымен,әрқайсысының ойлаған өз мақсаты бар. Әрбір адам – жеке әлем. Оның арманы да шексіз. Адам баласы аз ғана уақыттың ішінде өзінің ұшқыр қиялымен талай жерді шарлап үлгереді. Ондай жылдамдық ешбір жұлдызаралық кемеде де болған емес. Егер жұлдызаралық кеменің ұшу жылдамдығы адамның ой-арманының жылдамдығындай болса, онда Ғалам кеңістігінің құпия-сырлары әлдеқашан ашылған болар еді. Ондай
19
жылдамдықты игеру өте ұзақ уақытты қажет етеді. Ғарышкерлер ой-армандарын іштей ойлап, таза ауаны емірене жұтып, оған әбден қанығып, өздерінің орын-орындарына қайта отырды. Аквариумның суын жаңартқанда ондағы Балықтар еріген оттегімен жиі-жиі демалып алып барып, біршама уақыт қозғалмай қалады емес пе? Дәл солар сиқтф, қазір өздері де кеме ішіндегі тарылған ауадан саф таза ауаға іліккенде Балықтардай жиі тыныс алып, содан кейін тынышталған. Ұзақ жұлдызаралық сапарда кеме ішіндегі сол тар ауада кәдімгідей әлсіреп қалғандарын да енді сезе бастаған. Егер мына тылсым табиғат аясында әлдеқандай ірі жыртқыштар пайда болып, өздеріне шауыл жасаса, бұл түрлерімен олармен айқасуға да дәрменсіз болып қалмақ екен.
Сәлден кейін дәрігер Құралай отырған орнынан тұрып, киімінің кеудесіне жапырақ түйме сияқты етіп қадаған кішкентай құралын сапарлас достарының бет-әлпеттеріне қарата айналдырып шықты. Қонатын бөлік ғаламшардың осы аймағына қонып келе жатқанда сапарлас достарының қатты лүпілдеген жүректері қалыпты соғысына көшіпті. Тап бір түнгі ұзақ ұйқысынан жаңа ғана тұрған адамның жүрегінің соғысындай. Тыныс алулары да біркелкі. Бұған бәрі де қуанды. Жұлдызаралық кеменің ішінде жүргенде жиі естілетін күрсіну де, шарт кететін ашу да жайына қалған. Бәрінің көңілдері көтеріңкі. Енді кеме терезесінен сыртты бақылап отыра берудің де жөні жоқ-ты. Айнала төңірек тамылжыған табиғат. Оның алғашқы иелері де өздері сияқты. Әдетте, жұлдызтанушы ғалымдар мен жұлдызаралық кеме құрастырушылар ғарышкерлерді қандай да бір жұлдызды жүйедегі тірішілікті ғламшарды көздеп аттандырғанда, онда мәдени дамуы жоғары адамдар бар деп санайды. Ал мына ғаламшарда жоғары мәднеи даму түгілі, саналы адам баласының өзі де жоқ. Мұндағы саналы адамдар өздері. Енді бұл ғажайып ғаламшардың бар табиғаты өздерінің иеліктерінде болмақ.
- Міне, сапарлас достар, - деді сәлден соң құрам басшысы, палеонтолог Дастан, - қонатын бөлікті ғаламшар бетіне қаттылау болса да қондырдық. Айнала төңірегімізді біршама бақыладық. Табиғат аясы тамыжып тұр! Жасыл әлем! Мына тау аңғары да өзінше бір ғажап жаратылыс екен! Сонда бұл ғаламшардың қай кезеңі? Соны анықтайықшы, енді.
20
- Бұл маңызды мәселе, - деп, Сұлтанғазы қолдай кетті, - мұны мен Жеріміздегі Қазақ елімізге, Байқоңырдағыларға хабарлауым керек қой.
Бұл сөзіне бәрі де бас изеді. Дастан қонатын бөліктің басқару тақтасындағы көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қойды. Артынша алты қырлы шағын экран жарқ етіп жанып, «Қызу тірішілік кезеңі», оның төменгі жағынан «Ежелгі өмір», «Орта кезеңдегі өмір», «Жаңа өмір» деген қызыл түсті жазулар жазылды экранда. Олардың әрбірінің үлкен-үлкен кезеңдер екені ғарышкерлерге жақсы белгілі. Мұны бәрі өздері келген Жер ғаламшарының тарихынан жақсы біледі. Енді осы ғаламшардың геотарихын анықтауға асыққан. Арнайы дайындықпен келгеннен кейін күрделі жүйедегі ғаламшардың қай кезеңде екенін лезде анықтап беретін осындай жүйе бар еді.
Жер ғаламшарының геотарихымен салыстыра келгенде, мұндай кезеңде қандай тірішііктің болатыны ғарышкерлерге түснікті. «Ежелгі өмір» кезеңі «Кембрий», «Ордовик», «Силлур», «Девон», «Карбон» және «Пермь», «Орта кезеңдегі» тірішілік «Триас», «Юра», «Мель» кезеңдерін қамтиды. Бұл қай ғарышкерге де жаттанды мәлімет. Шамылыдан соң экранда «Жаңа өмір» деген жазу қайта жанып, оның төменгі жағынан «Палеогенді», «Астрологенді» деген кішігірім жасыл түсті жазулар көрінді. Сол кезде бұл ұзақтау жазулар көріністеріне шыдамы таусылған Сәндіай:
- Сонда бұл ғаламшарда саналы адамдар да өмір сүре ме?! – деп қалды.
- Онда тіпті жақсы болар еді! Олармен тіл табысып, сұлу қыздарымен, танысып дегендей... – деп әзіл араластыра сөйледі оған бұрыла қараған Рауан.
- Иә, жігіттердің басты армандары сұлу қыздармен танысу ғой! Одан да бұрын осы ортада жағдайымыздың қалай болатынын ойлайықшы! – деп Құралай өзінің дәрігерлік құралдарына көз салып қойды.
- Е, достар, бұл ғаламшарда өзіміз сияқты саналы адамдар болып жатса, елегізбейміз.– деді Дастан ойлана отырып.
- Осы, мына күрделі құралымыз экранда бұл ғаламшардың геокезеңдерін дұрыс жазды ма өзі? Мен соған күмәнданып отырмын әлі де, - деп қойды Дастаннан кейін сөйлеген Рауан.
21
- Не күмәнданатыны бар? – деді оған жалт қараған Сұлтанғазы. – Бәрі дұрсс қой.
- Менімше, мына күрделі құралымыз саналы адам деп өзімізді жазған сияқты экранға.
- Экрандағы мәліметтерге мұқият қарағаның дұрыс, Рауан, - деді Дастан сәл ойланыңқырап, - бірақ мұнда саналы адамның өмір сүруіне толық мүмкіндік бар . Сол тұрғыдан келгенде, күрделі құралдарымыздың мәліметтеріне толық сенуімізге де болады. . Оны енді алдағы уақыт көрсетер.
- Адамдар болса бола берсін. Тек оларөзіміз дәрежелі болса екен, - деп Гүлболсын ойындағы арманын жасыра аламады.
- Достар, - деді осы кезде Сұлтанғазы жан-жағына қарап алып, - байқайсыңдар ма, мына ғаламшардың өз осінде тәуіліктік айналуы да біздің құралдарымыздың алдын ала есептегенінен әлдеқайда жылдам! Демде ымырт үйірілп келеді. Демалуға дайындалуымыз керек шығар. Нағыз ғажайыпты ертең көрерміз!
Оның бұл ұсынысына ешкім қарсы болмады. Алапат жұлдызаралық кемеден бөлініп ұшып, осында қонған бұл кеме-бөлікің іші де үлкен еді. Мұнда бәрі бар. Әрбір ғарышкер мұхит кемелеріндегі сияқты жеке-жеке бөлмелерде демалады. Қажет жағдайда бір бірімен бейнебайланыс жүйесі арқылы байланысады. Жағдайларын біліседі. Сыртта қас қарайған бойда бәрі ширақ қозғалып, кеме-бөліктің өздері отырған басқы бөліміндегі барлық жүйелерді автоматты-компьютерлі күйге көшірді. Ол жүйелер кеме-бөлік сыртында болған кез келген артық дыбыс пен қозғалысты, ауа райының өзгерістерін сол мезетінде әрбіріне хабарлайды. Солай бола тұрса да, Дастан түнгі кезекшілікті бейнебайланысшы Сұлтанғазыға тапсырды. Сұлтанғазының одан басқа да жұмыстары жеткілікті еді. Осы кезекшілігінде ол Жерге, Қазақ еліне, Байқоңырдағыларға бейнехабарлар жіберуі керек. Сапарлас достары демалуға кеткеннен кейін Сұлтанғазы сол істеріне кірісіп кетті.
Төңірекке қалыптасу
Таң қылаң берген мезетте кеме-бөліктің барлық бөлмелеріндегі дабыл бергіш жүйелер безек қақты. Бір адамның кезекшілікте ояу отырғанына қарамастан автоматты-компьютерлі жүйелер өздерінің міндеттерін бұлжытпай атқарды. Кеше қонатын
22
бөлік ғаламшар бетімен түс ауа жанасқан еді. Өздері ашқан терезеден кірген саф таза ауаны еркін жұтып, айнала төңіректерін жіті бақылап, ғаламшардағы тірішіліктің қай кезеңге жататынын анықтағандарынша Жұлдыз батып, қас қарайып, төбе тұстарынан мың-сан жұлдыздар жыпылық қаққан еді. Мұндағы тәуіліктік алмасым Жер ғаламшарыныкіне ұқсас. Тек одан жылдамдау өтеді. Қонатын бөліктегі құралдардың көрсеткеніндей, ғаламшардың бір тәуілігі сағаттық уақыт бойынша он тоғыз сағат.
Кезекшілікте болған Сұлтанғазыдан басқа ғарышкерлер өзді өзді бөлмелерінде түнгі тыныш ұйқыларынан оянып, таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынғаннан соң бөлмелердің орта тұсындағы фойеге келіп, бір біріне «Қайырлы таң!» деп амандасып жатты. Қатты ұйқыдан көздері домбығып та қалыпты. Тек түнгі кезекшілікте болып, көз ілмеген Сұлтанғазының жүзі қалпында. Бірақ оған ес аударып жүрген ешқайсысы жоқ. Ең бастысы, осындай ғажайып табиғаты бар ғаламшарға аман-есен қонғандары еді қонатын бөлікпен. Оның қону кезінде бүлінген жерлеріне онша мән берген жоқ. Ғаламшар табиғаты әлі де тып-тыныш. Аспаны шайдай ашық. Бір шөкім де бұлт жоқ. Самал желі де тына қалған. Ғарышкерлер фойеде шамалы әңгімелескеннен кейін асханаға бет алған. Бұл кезде аспазшы биотұлғалар таңғы астары мен шайларын дайындап қойған.
Таңғы астан кейін ғарышкерлер фойеге қайта келді. Көңіл-күйлері өте көтеріңкі. Әңгімелеріне ара-тұра әзіл сөз де араластырып қояды. Тіпті, кейбіреуінің мінез-құлқы да сергектік жағына өзгерген. Бұрынғыдай үндемей, томсырайып, шеттеп қалмайды. Әңгімеге белсене араласады. Тек өздері ғана емес, осы қонатын бөліктің ішіндегі арнайы «Жануарлар бөлімінде» қалған денелері ергежейлі Қойлар, Ешкілер, Қояндар, құстар мен Маймылдар да сергіп кеткен. Олар да ертерек сыртқа шығуды қалағандай тынымсыз тыпырлауда.
Сондықтан енді қол қусырып, қарап отыруға негіз жоқ еді. Дастан бастап автоматты түрде ашылып, тепкешегі ғаламшар бетіне қарай төмендеген тепкешекпен ғаламшар тапырағын оң аяғымен басты. Соңынан қалғандар шықты. Сұлтанғазы сол қолына ұстаған шағын құралының тақтасындағы қажетті деген түймені оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыд. Сол замат қонатын бөліктің соңғы жақ бөлігінен ашылған екі дөңгелек
23
тесіктен жайымен сыртқа қарай екі епті темір қолдар шығып, жануарларды қоршайтын темір қоршауларды ғаламшар бетіне түсірді. Ол өзі жұлдызаралық сапарға арналғандықтан тез әрі жеңіл құрылды. Арада санаулы минуттар өткенде, сыртта ішінде жануарлар емін-еркін жайылып жүретін темір қоршау дайын болды. Қонатын бөлікке алынған Қойлар да, Ешкілер де, Қояндар мен Тауықтар да енді еркін еді. Мұндағы саф таза ауа да жануарлардың жемге деген тәбеттерін ашып жіберген. Бәрі де қоршау ішіндегі жасы өсімдіктерге қарай ұмтылып, жайлуға көшкен.
Қонатын кемеде тез тігіліп тез жиналатын киіз үй іспетті екі үй де бар еді. Дастан соны қонатын бөліктен алыс емес тегістеу, желден ықтау жерге тігуді ұсынды. Ғарышкерлердің аралық құралдарымен басқарылатын екі қолды шағын жүк көліктері киіз үйлердің керегелерін, уықтары мен шаңырағын қонатын бөліктен сыртқа шығарып, Дастан көрсеткен жерге лезде тікті. Көліктерде қарымды темір қолдар да көп еді. Сондықтан да ғарышкерлер ол жұмысқа қол тигізген жоқ. Тек көп қолды жүк көліктерінің тегіс жерлермен жүрулерін қадағалаған.
Ғаламшар тәуілігінің он тоғыз сағат екенін естерінен шығарған жоқ ғарышкерлер. Сондықтан айналасы үш сағат уақыттың ішінде барлық іс толығымен аяқталды. Қонатын бөліктің ішінде де тұра берулеріне болар еді. Бірақ Жер ғаламшары мен осы ғалаамшар арасындағы ұзақ жұлдызаралық сапар қанша дегенмен де қажытып-ақ тастаған бәрін де. Ғаламшардың өсімдіктер мен хош иісті гүлдер көмекрген жеріне аяқтары тигеннен кейін-ақ қонатын бөлікке қарай беттемеген ешқайсысы да. Бір жағынан өздеріне әлі толық таныс емес осы аңғарда құрылмалы-жиналмалы киіз үйде тұрудың өзі де қауіпсіз емес. Ғарышкерлер бұл жағын да ойламай қалмаған. Ғаламшар тірішілікті болған соң мұнда адамға қатерлі ірі тірішілік иелерінің болатыны да хақ. Оларды үй жануарларындай бағындыру да оңай емес.
Киіз үйден аумайтын құрамалы-жиналмалы үйлердің ауасы қонатын бөліктің ішіндегі ауамен салытырғанда әлдеқайда таза. Қажет жағдайда оны желден ықтасын жерге ауыстыруға да мүмкіндік бар. Мұндай үйде тұру бір жағынан қонатын бөліктің біраз уақытқа тыныш болуына да мүмкіндік тудырады. Ғарышкерлер бұл жағын да ойлаған. Қонатын бөліктегі барлық
24
автоматты-компьютерлі жүйелер енді аралық байланыс құралдарымен басқарылмақ. Құрастырылған заттары басқашалау болып келсе де, ғарышкерлер бұл үйді киіз үй деп атайды. Басқаша атағылары келмейді ешқайсысының да. Туыстың да, достың да, таныстың да қадыр-қасиеті осындай алыс сапарға бірге шыққанда білінеді. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңырдан жұлдызаралық кемемен осылай қарай ұшып шығып, Ай, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғаламшар, Қоңырқай ғаламшар, Уран, Нептунның жанынан ұшып өтіп, шеткі ғаламшар Плутоннан ұзамай тұрған кезде ғарышкерлер өздерін тап бір әлі ауыл маңында жүргендей сезініп, кейде бір бірімен әлдеқандай нәрсеге келіспей де қалушы еді. Енді Плутон ғаламшары түгілі тұтастай Күн жүйесінің өзі де алыста қалып, мына ғаламшарға қонатын бөлікпен қонып, оңашаланған соң бір ата-ананың балаларындай бауырмал болып кеткен. Дастанның әрбір айтқан сөзі мен ұсынысы қай қайсысына да заң. Тек ол әлденеден қателесіп бара жатқан жағдайында ғана ақыл қосады. Бір адамға бағынбаған жерде ешқандай берекенің де, тәртіптің де болмайтыны белгілі. Дастан да ақылды, жігерлі жігіт. Айналасындағылардың өзін құрам басшысы сайлап, құрмет көрсеткендеріне дән риза болып, олардың пікірлерімен санасып отырады.
Осындай ауызбірліктің арқасында аз уақыттың ішінде көп іс тындырды бәрі. Олай болмаса, осындай жетісткке де жете алмақ емес. Ал мына ғаламшардың осы аймағында әлі нелердің кездесері әзірге болса да белгісіз. Табиғат аяы тып-тыныш сияқтанады. Олар бейнебір аспаннан қалықтай түсіп келе жатқан өздерінің осы ақшаңқай түсті қонатын бөлігін көріп, қорқып, ін-індеріне жасырынып қалғандай. Ірілері жасырына қоймас, бірақ анау-мынау кішігірім аң мен құстың тірішілігінде көрмеген бұл құбылыстан шошитыны сөзсіз. Аңғардың арқа тұсындағы арқырай ағып жатқан үлкен өзен суының күрілі де өздерінің анау-мынау дыбыстары мен дауыстарын оларға есіттірмей жібергендей. Ғарышкерлер әзірге ол өзенге барған жоқ. Ең бастысы, қауіпсіз деген жерге орналасып алғандары. Қоанатын бөлің тұрған жер болса да тегіс, ашық. Ол жерде самал жел де еседі ара-тұра. Киіз үй осы жерге тігілген. Мына аңғармен қандай жыртқыш алып жүріп өтсе де, киіз үй іспетті үйге ешқандай залал келтіре алмайды.
25
Киіз үйді тігу мен оның ішіне қажетті деген заттарды орналастыру жұмыстары біткен соң ғарышкерлер шамалы тыныстады. Жерде, Қазақ елінде болса, мұндай қарбалас қозғалыстан кейін кемінде жарты сағат тыныстар еді. Ал мұнда ауа өте таза болғандықтан он минут демалудың өзі жеткілікті. Тек бір кемшілігі, асқа деген тәбеттері тез ашылады. Темір қоршаудың ішіндегі жануарлар мен құстар да жемге тояр емес. Ғарышкерлер енді жануарларға су жеткізудің жолын қарастыра бастады. Оған арналған қуатты сорғыштары да бар. Оның жұмысы мен темір қоршаудағы жануарлар мен құстардың жайын бірнеше биотұлға қадағалайды. Ғарышкерлрдің араласуларын қажет етпейді. Ғарышкерлердің алдарына қойған ендігі мақсаттары да, шамалы тынығып алып, айнала төңіректі зерттеуге кірісі. Сол зерттеулері арқылы мына жаңа табиғат ортасына қалыптаспақ. Қай қайсысы да Жер ғаламшарындағы қазақтың кең даласында дүниеге келген. Тек Байқоңырдағы «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындау орталығына» оқуға түскеннен кейін дала аймағына шығулары кеміген. Оқу, жұлдызаралық сапарға дайндалу, жаттығулардан қолдары босамаған. Жұлдызаралық кемемен ұшып жетіп, оның қонатын бөлігін осылай ғаламшар бетіне қондырып, осындай әрекеттер жасайтындары сол кезде белгілі болған. Жаңа пайда болған бұл жұлдыз жүйесіндегі осы ғаламшардың түзілуі, тірішілік кезеңдерінің дамуы да алдын ала анықталған. Ғарышкерлер сол есептердің дәл шықанына риза. Бұл Қазақ елі ғалымдарының өздеріне сыйлаған тамаша сыйы еді. Тек өкініштісі, өмірде ол ғалымдардың бірі де жоқ. Сол себепті де ғарышкерлер оларды жиі-жі естеріне алады.
Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін Дастан өзі бастап қонатын бөлікке мінді. Оның ішіндегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелерді тексерді. Бұл қонатын бөліксіз де ғаламшар төңірегінде өдерін күтіп жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіммен бейнебайланыс ұстайтын жүйелер сырттағы киіз үйлерге көшірілсе де, мұндағыны іске қосып, онымен бейнебайланыс жасады. Ондағы биотұлғалардың істері де тап-тұйнақтай.
- Ал жағдайларың қалай? – деген Дастанның сұрағына ондағы биотұлғалардың жетекшісі:
- Бізде бәрі жақсы. Жұлдызаралық кеменің бұл негізгі бөліміндегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелер қалыпты жұмыс жасауда. Өздеріңізді күтеміз, - деп жауап берді.
26
Ғарышкерлер осыдан кейін-ақ кәдімгідей көңіл тоқтатты. Енді қорқатын ештеме де жоқ еді. Бұл қонатын бөлік болмаса да, дәл осындай бейнбайланысты киіз үйлердегі бейнебайланыс жүйелерімен де жүргізуге болады. Жер ғаламшарындағы Қазақ елімен, Байқоңырдағылармен де бейнебайланыс ұстаудың мүмкіндігі бар. Мұндағы ғылыми зерттеу жұмыстары аяқталған осң ғарышкерлер осы қонатын өліңпен қайта ұшып шығып, жұлдызаралық кеменің ғаламшар төңірегіндегі негізгі бөлігімен түйіседі. Сөйтіп, сапарлары Жер ғаламшарына қарай жалғаспақ.
Дастан жұлдызаралық кеменің ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүрген негзгі бөліктегі биотұлғалармен бейнебайланыс ұстап, ондағы жай-күйді білген соң Сұлтанғазыға орын берді. Ол бейнебайланыс жүйесін іске қосып, Жерге қарай бейнехабар жіберді. Бірақ олардан жауап күтіп уақытын жоғалтқан жоқ. Олардан жауап келгенше, өздері мұндағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын толық аяқтап, жұлдызаралық жолға шығып та кетпек. Мұнда көп болмайтындарын қайқайсысы да біледі. Уақытт бір аптаға есептелген. Ғаламшардың тәуілігі Жер ғаламшары тәуілігімен салыстырғанда бес тәуілікке қысқа болғандықтан үш тәуілік қосқан. Енді мұнда толық он тәуілік болуларына толық мүмкіндік бар. Осы уақыт ішінде әуелі айнала төңіректі, онан кейін аймақтарды, ғаламшардың басқа да алыс аймақтарын зерттеп болулары тиісті.Мына қонатын бөлік табан тіреген жердің өсімдіктері мен жануарларының сырын ашу алғашқы міндеттері. Ғарышкерлер қонатын бөліктің ішіндегі барлыөқ бөлімдерін аралап шықты. Мұның сырт пошымы Жердегі, Қазақ еліндегі әуе кемесіне ұқсайды. Ұзындығы алпыс екі, ені төрт метр. Сырттан қарар адам болса, мұны ақшаңқай түсті бір ғажайып дене деп ойлапқалар еді. Қонатын бөліктің төбесіне қуатты үш пәре орнатылған. Ол аса қажетті жағдайда ғаламшар бетінен тік көтеріле ұшып кетуге мүмкіндік береді. Соңғы жағында қуатты реактивті қозғалтқыш. Ғаламшар бетінен біршама көтеріген соң қонатын бөлікті сол қозғалтқыштар алға қарай ұшырады.
Ғарышкерлер қонатын бөліктің кірер-шығар дөңгелек есігін аса нығыздап жапқан жоқ. Қандай да бір оқыс қауіпті жағдай туындағанда есік ашық болуы керек. Іштегі ғаламшар бетінен жылдам ұшып кетуге мүмкіндік беретін жүйелердің жұмыстары да мұқият тексерілді. Қосымша қозғалтқыштар да бар. Олар да
27
қонатын бөліктің тез қозғалуына мүмкіндік тудырады. Осының бәрін қалағалап, бақылап, тексеріп болған соң ғарышкерлер үстеріне арнайы комбинезондарын киді. Ол аса ыстықты да, аса суықты да білдірмейді денелеріне. Мына даладағы ауа райының қалай құбылып кетері де белгісіз еді әзірге. Қонатын бөліктің көлеңкесіне енсе, суық, Жұлдыз сәулесі түсіп тұрған жерге шықса, ыстық. Комбинезондарының астарларында сондай құбылмаллықты бідірмей, тек он сегіз градус жылылық ұстап тұратын микрожүйелер орнатылған. Сонымен бірге комбинезон «ұйқтайтын қап» та. Қатты шаршағанда шамалы жатып демалу үшін төсеніш салудың қажеті жоқ астарына. Тегіс жер болса жетіп жатыр. Комбинезонда бірнеше қалта бар. Ол қалталарға үш лазерлі тапанша, бейнебайланыс құралы, дәрі-дәрмектер және басқа да аса қажетті деген құралдар мен заттар салынады. Бөтен ғаламшарда осындай қорғаныста болуға тура келеді. Кездейсоқ қатер айтып келмейді.
Осындай мұқият дайындықтардан кейін бірі қонатын бһөліктен ғаламшар бетіне түскен. АЙнала төңіректегі табиғат аясына қалыптаса түсіге тырысты. Көгілдір түсті аспанда жылдамдау қозғалатын Жұлдыз шарықтау шегінен асып, батыс көкжиекке қарай ойысқанға дейін ғарышкерлер айнала төкіректі бейнефильге, суретке түсіріп үлгерді. Содан кейін биотұлғалар мен биотехникалар құрған киіз үйлеріне қарай бет алды. Ондағы аспазшы биотұлғалар кешкі дәмді астарын пісіріп, дастархан жайып та қойған еді. Мынандай тамаша табиғат аясы мен толыққанды оттегі бар ортада асқа деген тәбеттері де жиілеген. Ұзақ жұлдызаралық жолды жұлдызаралық кемемен ұшып өткендіктен бойларын әлі де толық жаза алмаған ғарышкерлер қас қарайып, аспанда жыпылық қаққан жұлдызадрдың саны көбейген мезгілде үш жігіт бірінші киіз үйге, үш қыз екінші киіз үйге еніп, бір біріне «Тныш түн» тілеп, түнгі ұйқыға жатты.
«Жүрдек етікпен» серуен
Үш жігіт те, үш қыз да өзді өзді киіз үйлерінде таң қылаң бере оянды. Сыртқа шығып, бір біріне «Қайырлы таң» тілегін айтып, саф ауада таңғы дене жаттығуларын жасады. Биотұлғалар дайындап қойған салқын сумен жуынып-шайынды, содан соң үш қыз түнеп шыққан киіз үйдегі асхана бөліміне келіп, таңғы
28
астарын ішті алтауы. Бұл кезде айнала төңіректегі тірішілік жандана бастады. Шығыс көкжиектен баяу ғана көтерілген Жұлдыз аспан төріне қарай өрлей берді. Бұл ғаламшардың екінші таңы. Айнала төңіректің біршама жерлері ғарышкерлерге таныс болып та қалған. Осы уақыттың ішінде әрқайсысы өзінің мамандығына сай іс-әрекеттерін жасаған. Үш қыз олістерінің арасында даланың түрлі түсті, хош иісті гүлдерін де терген. Оларды енді қонатын бөліктің ішіндегі зертханада зерттемек. Көгілдір түсті үлкен Жұлдыз көкке өрлеген сайын айналадағы тірішілік қыға түскен. Ғарыкерлер әр түрлі мамандықтың иелері болғандықтан ғаламшардағы әрбір нәрсеге өз мамандықтары тұрғысынан зер сала қарайды. Бүгінгі негізгі зерттеу жұмыстары: «Осы төңіректе әлдененің немесе әлдекімнің жүрген іздері жоқ па?» деген сұрақтарына жауап іздеу еді. Осыған байланысты киіз үйдің ішіндегі автоматты-компьютерлі жүйелерді іске қосып, үй төңірегін қарауылдайтын биотұлғаларға тапсырма беріп, өздері қыр асып қайтуға бет алды. Ғаламшар бетін екі кісілік үш барлаушы кемемен ұшып жүріп бақылап-зерттеудің жөні жоқ-ты. Олармен ұшып жүргенде көп нәрсенің байқалмай қалатыны хақ. Ол барлаушы кемелер қонатын бөліктің сырт қабырғасына бекітілген. Дастан барлаушы кемеден гөрі «Жүрдек етік» кигенді жөн деп санады. Дастанның бұл ойын бәрі де қолдады.
Жерден, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан жұлдызаралық кемемен осылай қарай аттанарда «Жүрдек етікпен» жүруге жаттығып, оның ең жетілген түрін таңдап алған болатын өздері. Оны киген адам ешбір дыбыссыз жылдам жүретіндіктен ғаламшар бетіне аяқ ізі түсіп те үлгермейді. Сырттан қарағанға адам онымен ғаламшар бетінен сәл жоғарыда қалықтап ұшып кетіп бара жатқандай болып көрінеді. Ал мына саналы иесіз табиғатта қандай да бір жыртқыш кездейсоқ кездесіп, қуа жөнелсе де жете алмайды. Дастан осы жағын ойлаған еді. Қанша дегенмен бөтен әлем болғандықтан бәрі бастарына арнайы дулыға да киген. Дулығаның маңдайы тұсында кшікентай ғана экран бар. Ол экранның үстіндегі батарея Жұлдыз сәулесінен қуат алады. Бейнебайланыс құралы қандай да бір жағдай туындағанда бір бірімен шұғыл хабарласуға қажет. Ол арқылы ғарышкерлер бір бірімен жүз шақырым қашықтаққа дейін бейнебаланыс ұстай алады. Сонымен бірге дулығада телергондық байланыс жүйесі де бар.Ол қалың етіліп жасалған. Сырты металл. Басты анау-мынау
29
нәрсеге қатты соғып алғанда қорғайды. «Ер қаруы – бес қару» осылай дайын болғаннан кейін ғарышкерлер серуен-зерттеуге шықты. «Жүрдек етікпен» жүрудің өзі де бір құбылыс еді. Онымен қадам басқан сайын адамның қадам басқысы келе береді. Қонатын бөлік пен екі киіз үй орналасқан, мал қорасы салынған аймақтан осы «Жүрдек етікпен» шыққан ғарышкерлер әп-сәтте үлкен бір шоқының үстінде тұрды. Батыс жақтан шамалы салқын самал еседі. Айналадағы таулар анық көрінеді. ОЛ тауларды өздері қонатын бөліпен құлдилап қонып келе жатқанда суретке, бейнефильмге түсіріп үлгерген. Енді оларға жақыннан қарағанда, әжімбей көрінетін қыртысты сай-салалары өзгеше әсер береді. Ең биігінің бергі бетінен қарайып үлкен үңгір көрінеді. Жер ғаламшарындағы таулардан көп айырмасы да жоқ. Таудың оң жақ етегінде Жұлдыз сәулесіне дөңгелек айнадай шағылысып көл суы жатыр. Көлдің айнала төңірегі жасыл өсімдіктер мен ну өскен Қамыс. Онан беріде қалың орман мен тоғай. Осындай көз тойғысыз тамаша табиғат аясы.
Ғарыкерлер оның бәріне ерекше бір қуанышты сезіммен көз жіберіп біраз үнсіз тұрды. Енді мұның ішкі құпия-сырларын аша түсуге деген ынта-ықылас әрбір ғарышкердің бойын биледі. Шоқы басынан жеңіл түсіп, үлкен көл суына қарай жөнегеннен гөрі « әуемен қалықтай ұшқан қандай қызық. Комбинезондарының екі бүйірінде екі қанат та бар. Сол қанаттарын екі жаққа қарай жая шығарып, арқа тұстарындағы қажетті жүйелерді түзеп, аяқтарындағы «Жүрдек етіктерімен» алға қарай жылдам жүріп барып, аспанға қарай алып құстардай ұша-ұша жөнелді. Дұрыс ұша алмай бара жатқан жағдайда комбинезонның арқа жағына бекітілген қосымша қозғалтқыш пәре іске қосылады. Әрбір ғарышкер өзінше бөлек бір шағын әуе кемесі іспетті. Тек ғаламшардың атмосферасынан жоғары, ауасыз кеңістікке ұшып шыға алмайды онымен. Дастан, одан кейін Гүлболсын, оның соңын ала Рауан мен Сәндіай, Сұлтанғазы мен Құралай ұшып кетіп барады. Бұл ғаламшарда саналы адам аласы бола қалса, осы көріністі жүріп келе жатқан жерінентұра қалып қызықтар еді. Ал алты ғарышкерге бұл иесіз көрінген ғаламшардың таза аспанында қанша уақыт осылай қалықтап ұшамыз десе де өз еріктері. Төменде қалған табиғат аймағындағы барлық нәрсе алақандарындағыдай анық. Жердегі, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында осы жұлдызаралық сапарға дайындалып бұл
30
қанатты комбинезонмен де талай рет аспанда қалықтап ұшып, түрлі мәнерлі жаттығғулар жасаған. Сонда жер бетіндегі барлық нәрселер мына ғаламшардағыдай емес, күңгірт көрінетін. Ал мына ұшу барысында ешқайсысы да өзін осындай биіктемін деп ойламайды. Ғаламшар бетіндегі барлық заттар қол ұшында тұрғандай көрінеді. Дүрбі атаулыны қолданудың да еш қажеті жоқ. Қарсы алдарынан соққан салқын самал жел де тыныстарын кеңейте түскен. Ғарышкерлер бір біріне жымия қарап, кейде оң қолдарының сұқ саусақтарымен алғы жақты нұсқап көрсетіп қояды. Биіктеген сайын ғаламшар бетінің көрініс аясы да кеңейе берген. Мана көрінбеген үлкен аңғар да енді көз алдарында. Тіпті, енді автоматты-компьютерлі жүйелер мен биотұлғалардың басқаруында қалған қонатын бөлік те арқа жоны Жұлдыз сәулесіне шағылысып, тап бір қанатты тұлпардай болып көзге шалынады. Егер ол қозғала қалса, оны көрген қандай да бір тірішілік иесі не екенін ажырата алмай сескеніп те қалмақ. Ал оның төңірегіндегі ақшаңқай түсті екі киіз үйдің жайы мүлдем бөлек. Киіз үйолердің жанындағы жаунарлар мен құстар бар торлы қоршау да ап-анық. Қонатын бөлікпен қонып келе жатқанда қатты толқыныстан бұл аймақтағы көп нәрсені байқап үлгермеген екен бәрі де. Енді барлап қараса, төбе шыңдары үшкірленіп келген таулар көп. Олардың көпшілігінің қатпарлы жартастарында қарайып үңірлер де көңіл аудартады.
Ғарышкерлер кішкентайларынан қанатты көліктермен осылайша ұшып, жер бетіндегілерді тамашалап үйренгендіктен соны аңсап тұрады қай кезде де. Ал адам баласының аспанда құстай қалықтап ұшуды армандағаны қай заман. Ал қанатты көлікпен аспанда осылай қалықтап ұшып жүріп, төмендегі кішкентай ғана болып көрінген тірішілік иелерін көргенде өзін оларды жаратып, аспаннан бақылап ұшып жүрген Құдайдай санайтыны бар адам пенденің. Қазір ғарышкерлер де өздерін сонау Жер ғаламшарынан жұлдызаралық кемемен ұшып келген осы ғаламшардың иелеріндей көреді өздерін. Енді тіпті, ғаламшар бетіне қонуға деген ықыластары да азайған. Бірақ оған бола ма, сонша қашық Жер ғаламшарынан сонша уақыт өткізіп келгенде бұл ғаламшарды мұқият зерттеуге бөлінген уақыттарынан ұтылмаулары керек. Сондықтан қызығушылықтарын жауапкершілккке қарай бұрған енді. Дастан дулығасының маңдай тұсындағы шағын экранға көздерін қадап:
31
- Ғаламшардың мына тамаша табиғатын жоғарыдан біршама уақыт бойы барлап-бақыладық! Енді бетіне қонуға бет алайық! Үлкен көл суының жиегіне жақындап та қалдық! Қонған соң ғаламшар бетінде «Жүдек етігімібен» жалғастырамыз зерттеулермізді! Аспаннан бақылағандарымыз бен түсіріп алған суреттерміз бен бейнелеріміз жетер! Ғаламшардың әлі өзіміз білмейтін қандай да бір иелерінің көздеріне түсіп қалмайық! Небір тірішілік иелерінің көл суы мен оны жағалай өскен өсімдіктер әлемін мекендейтіні белгілі ғой! Үстеріміздегі қанатты комбинезондарымыз бен дулығамызды ғаламшар бетіне қонғаннан кейін де шешпейміз! – деп мән-жайды түсіндірді сапарлас достарына.
Мұны қанатты комбинезондарымен қатарласа ұшып келе жатқан сапарлас достарының бәр іде дулығаларының маңдай тұстарындағы бейнебайланыс жүйелері арқылы естіп-көрді. Содан кейін бәрі көл суының бетінде еркін жүзуге асыққан Аққулардай қалықтап, ғаламшар бетіне қарай төмендей берді бәрі. Ешқайсысы сөйлеген жоқ. Бәрі түсінікті, ұшу-қону бағыттары айқын. Бәрнің дулығаларында болса да қажет жағдайда тез байланысатын бейнебайланыс жүйелерімен қатар кез келген оқыс көріністерді тез түсіріп алатын бейнекамералар бар. Сұлтанғазы кей кейде ғаламшар төңірегіндегі айналымжола айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің жазып алатын жүйелеріне түсіріп алған мәліметтерін жібереді. Оның бәрі өздері қандай да бір жағдайға ұшырағанда Жерден, Қазақ елінен өздерін іздеп келетін ғарышкерлрге қажет. Ол мәліметтер жұлдызаралық кеменің негзгі бөлігіндегі қуатты бейнебайланыс жүйелері арқылы Жерге, Қазақ еліне, Байқоңырдағыларға кетеді
Аспанда қалықтай ұшып келіп, діттеген жерлеріне жайлы қонған соң бәрі де қанаттарын құстарша арқа бүйірлеріне жинады. Ғажайып ұшудан кейін аяқтарын басып тұрған ғаламшардың беті де қозғалып кетердей сезілген. Бұл бір жағынан өздерінің шамалы шаршағандарының белгісі де еді. Адам баласы кейде жұмыс істегеннен гөрі сол жұмыс істейтін ортаның жағдайына қарап шаршайды. Қазір ғарышкерлерді тұрған жерлері де, көл де, жалпы ғаламшардың өздеріне әлі белгісіз жұбақтары толқытады. Мұндағы үп еткен самал жел де, тырс еткен дыбыс та, аспанда жөңкіген бұлттар да ғарышкерлерді жиі алаңдатады. Сондықтан қай қайсысына да өте сергек болу қажет. Әсіресе, мұндайда басшы
32
болған соң негізгі жауапкершілікті Дастан сезінеді. Қай бағытқа да өзі бастап жүреді. Кез келген әрекетті де өзі бірінші жасайды. Бұл оның сапарлас достарына сенбегендігінен емес, оларды кез келген қатерден қорғап қалудантуындаған әрекеті.
Ғарышкерлер енді көп тұрған жоқ. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қосып, көздеген бағыттарына қарай жылдам жүріп кетті. Сырттан қараған адамға бұл қозғалыстары қызық болып та көрінер еді. Ал оны алғаш киген адам ұшып-қонғандай болып, өзін әзер түзу ұстай алмақ. Ғарышкерлер ондай жағдайды Жерде, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында алғаш кигенде бастарынан кешкен. Сол жаттығудың нәтижесінде енді бұл «Жүрдек етікпен» өкшесі биік туфлимен жүргендей еркін жүреді. Мұның артықшылығын айтып жататын уақыт жоқ мұнда. Ой-ниеттерінің бәрі де айнала төңірекке ауған. Әрьбір маман айналадағы көріністерге өзінің мамандығы, білімі мен дүниетанымдық дәресжесі тұрғысынан қарайды. Ғаламшардың табиғат көріністері бірдей қабылданғанымен, әрқайсысының ол жөніндегі пікірі әртүрлі. Мына ғажайып табиғат аясында ғарышкерлер биолог Гүлболсынға көп иек артады. Табиғаттың бар құпия-сырын да Гүлболсын ашатын сиятанады қалғандарға. Гүлболсын болса да сапарлас достарының ол сенімдерін ақтауға тырысады. Анау-мынау қауіпті деген ірі жыртқыш кезіге қалс а, сескентуге дайын. Мына ортада кешкілік мезгілде қауіп-қатердің көбейе түсетіні хақ. Күндіз болған соң, төбе тұста Жұлдыз жарқырап тұрған соң бәрі де Жердегідей болып көрінеді. Ал шындығында өздерінің әрбір қаадамдарында қатердің кезіге кетуі ғажап емес. Мнандай тамаша биосфера бар жерде түрлі тірішілік иелерінің тірішілік ететіні түсінікті. Сондықтан «Ештеме де жоқ» деп ойлап, алаңсыз жүре беру негзсіз.Осыны білетін қай қайсысы да жан-жақтарын жіті бақылайды.Аяқтарындағы «Жүрдек етіктен» кеіннгі сенм артатындары арқа тұстарындағы қозғалтқыш пәресі мен комбинезонның екі бүйірінен екі жаққа қарай жайыла шығатын қос қанаттары. Кенеттен өмірлеріне қауіп төне қалған жағдайда айналдырғыш пәремен де, қос қанаттарымен де ғаламшар бетінен аспанға қарай тез көтеріліе ұшып кете алады.
Осы беттерімен үлкен көлге жақындағанда, оның суының да, жиектерінің де тыныш емес екенін байқады ғарышкерлер. Мойындарына ілген дұрбілерін қос қолдап ұстап, ілгері қарай көз жіберген. Сол кезде көл суының бергі шетінде әлденелердің жүзіп
33
жүргендері көздеріне шалынды. Былайша қарағанда, Қолтыраундарға ұқсайды. Тек қимыл-қозғалыстары ұқсамайды оларға. Көл суының басқа жағын қарағанда дүрбілерінің шыныларына басқа тірішілік иелері де шалынды. Кейбірулері әлденеге таласып, бір бірімен айқасып та қалады. Көл суындағы бұл көріністерді дүрбілері арқылы біраз бақылап-барлап алған соң ғарышкерлер ілгері қарай жүрді. Біраз жерді кейінге тастағанда тұмсығы ұзын, екі қанаты екі жаққа ұзара жайылған бірдеме қатты шаңқ-шаңқ етіп, төбе тұстарынан ұшып өтті. Оның соңын ала аспаннан тағы екеуі көрінді. Қырсыққанда, кейінгі екеуі өздерінің төбе тұстарына келгенде бір бірімен шайқасып қалды. Ерекше жарытылған ұзын тісті тұмысықтарымен бір бірін қаумайды. Қыздар жағы қатты шошып кетті. Өйткені аспанда шайқасқандардың бірінің тап үстеріне келіп түсері әбден мүмкін еді. Дастанның белгісімен бәрі аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қосып, тез орын өзгертті. Аспандағы екі неме сонда да шайқастарын тоқтатпады. Екеуіне не жетпейтіні белгісіз еді. Сәлден соң тұла бойлары қанға боялған екеуі де ғаламшар бетіне құлап-құлап түсті. Ғарышкерлерді көріп үлгермеген тәрізді. Артынша ұшып келген тағы бірнешеуі құлаған екеуді қоршай қонды. Бір бірінен қатты жарақат алған екеуі тыпырлап-тыпырлап жатып, жан тәсілім етті. Сонда да оларға жақындау қауіпті еді. Кейін келіп қонғандары кетер емес. Дастан осы кезде көл суына аса жақын барудың қажеті жоқ екенін түсінді. Жанындағы сапарлас достарына белгі беріп,арқасындағ қуатты қозғалтықш пәрені іске қосып, екі қанатты жайып жіберіп, ғаламшар бетінен алып қсұстарша желпіне көтеріліп, қонатын бөлік, екі киіз үй мен жануарлар, құстар бар тор қоршауға қарай тартты. Қалғандар соңынан ұшты. Бұл кезде аспандағы Жұлдыз да батыс көкжиекке таяп қалған. Ғарышкерлер ұшу барысында аспанда әлгілердей тісті тұмсықтары ұзын, қанаттары үлкен жыртқыштарды кезіктірді. Тек олардың ешқайсысы да өздеріне киліккен жоқ. Ғарышкерлер көл жағалауларында сондай тірішілік иелерінің көп екенін білді. Бұл алғашқы күндегі зерттеулерінің нәтижесі ғана еді.
34
Туылған Жұлдызарал
Саналы адам баласы өзі дүниеге шыр етіп келген жерінен алыстаған мезгілдерінде сғына түседі. Ал мынандай алыс жұлдызды жүйенің тірішілікті ғаламшарындағы сағыныштың жөні бөлек. Туылған ауылдан алыс бір елде жүргенде ауылын сағынса. Жер төңірегіндегі ғарыш кеңісігіне ғарыш кемесімен ұшып шығып, ұзақ уақыт болғанда елді, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарда жүргенде Жер ғаламшарын сағынады. Ал басқа жұлдызараладағы жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшарда жүргенде, құрамына Жер ғаламшары түгілі күллі ғаламшарларымен енетін Күн жүйесін сағынады. Оның үстіне, бұл жұлдыз жүйесінлегі өздері жүрген ғаламшардан Күн жүйесінің пошымы сәл де болса өзгеріп көрінеді көздеріне.Күн жүйесіндегі Жер ғаламшарында, туылған Қазақ елінде жүргенде, осы жұлдызаралдың сырт бейнесін ғана көретін ғарышкерлер. Көп есеге жақындатып-ұлғайтатын, қуатты деген сыңардүрбінің шынысы арқылы қарағанның өзінде бұл жұлдызаралық шағын ғана дақ болып көзге шалынатын. Енді міне, сол жұлдызаралдың құрамындағы жұлдыза жүйедегі тірішілікті ғаламшарда өздері. Биосферасындағы тірішілік әлемі жаңа ғана қалыптасыпкеле жатқан ғажайып ғаламшардың ауасы соншалықты таза болғандықтан аспанынан күндіздің өзінде де кейбір жарық жұлдыздар көрініп тұл. Оның өзі де ғарышкерлердің көкейлеріне қуаныш сезімін ұялатқан-ды. Бұл аймаққа қонатын бөлікпен қонғандарына біршама уақыт өтсе де, табиғат аясының сұлулығына көздері тояр емес. Түске қарай табиғаттағы өздерінің қимыл-қозғалыстары шиарай береді. Қанша жұмыс жасап, қанша жерді шарласа да, он бес минут тыныққан соң-ақ ерекше ширап шыға келеді. Содан соң қалай тыныш қалсын. Осы келгелі өткен он тәуіліктің ішінде он жылға тән ғылыми-зерттеу жұмыстарын бітіріп үлгерді. Жер ғаламшарынан өздерінен кейін де ғарышкерлердің келетіні хақ. Біразы жұлдызаралық жолда келе жатқан да шығар. Ал олар келгенше, мына ғаламшардың атмосферасында да, биосферасы менгидросферасында да біршама өқзгерістер орын алмақ.
Көл маңынан оралғаннан кейін ғарышкерлер тіпті де ширап кеткен. Оған дейін ғаламшардың мына биосферасы иесіздей көрінген. Тым-тырыс жатқандай еді. Ол тыныштық осы аймақта
35
ғана екен. Алғашында өздерінің осындай тыныш аймаққа дөп түскендеріне қуанысқан. Көл маңында асанда шоқысқан тісті тұмсықты ірі құстардың жайын көргеннен бері ғарышкерлерге қауіп тек аспаннан келетіндей көрінді де тұрды. Өздері орналасқан аңғарға келгеннен кейін ғарышкерлер мұнда біршама өзгерістер жасады. Екі киіз үйді беткей етегіндегі қалың ағаш арасына көшірді. Аса қажетті деген құралдары мен заттарын киіз үйдің ішкі жағынан шағын ор қазып, соның ішіне жасырды. Манағыдай тісті тұмсықтылардың көздеріне түссе, не болатыны белгілі. Осыларды жасап болғаннан кейін кеш түсісімен келген жұлдызаралы зерттеуге кірісті. Ғаламшардың таза аспаны мың-сан жарық жұлдызраға толы. Оларды білмеген адам ештемені ажырата алмақ емес. Ал өздері үшін әрбір жарық сәулесін шашқан жұлдыз белгілі. Киіз үйлерден берірек, тегіс алаңға жиналмалы қуатты сыңардүрбіні орнатты. Жананы бақылауға қажетті деген басқа да түрлі құралдарды қойды. Әрбір құраолдың жанында бір бір ғарышкер. Аса алыста қалғандықтан туылған ауыл, туылған ел, Жер ғаламшары түгілі, тұастай Күн жүйесінің өзі де көзге әрең шалынады. Ол да бір шоғыр майда жұлдыздардай болып қалың жұлдыздардың арасына еніп кеткен. Жаңа жұлдыз жүйесі деп аталғанымен, ойша белгінегенімен, қолға ұстаған қаламмен ақ қғаз бетіне сызып қойғандай шекарасы жоқ. Барлық көмескі, жарық жұлдыздар бір бірімен тығыз көрші болып жатыр. Адам баласының жас айырмашылықтары сияқты, жұлдыздардың да жасы, орта жастысы, кәрісі болады. Адам баласы өзінің ұзақ деген ғұмырында жұлдыздың секундтық өмірін ғана көре алады. Сондықтан да жұлдыздар Ғалам өзгерістрінің куәгер шырақтары. Егер ол жұлдыздардың бойларында көргендерін естерінде сақтап қалып, қажет кезде қайта көрсететін қабіллет болса, онда мына Ғалам құписы азайған болар еді.
Ғарышкерлер көз алдарындағы жарық жұлдыздарды бірнеше рет суретке, бейнеге түсіріп алды. Содан кейін оларға сыңардүрбі шынысы арқылы тікелей бақылау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көшкен. Мұндай кезде бәрі Дастанға жүгінеді. Жұлдызды әлемді жақсы біледі. Өзінің мамандығы да жұлдызтанушы. Дастан кішкентай кезінен жұлдызды әлемді бақылауға құштар. Ол құштарлығы енді арта түспесе, азаймақ емес. Сонау алыста қалған Жер ғаламшарындағы Қазақ елінің Байқоңыр ғарыш алағындағы алаңнан жұлдызаралық кемемен ұшып шыққаннан осы
36
ғаламшарға ұшып жеткенге дейін қаншама рет жұлдызды әлемді бақылап-зерттеді Дастан. Енді мына ғаламшар бетінен келген жаққа қарай көз салу тек Дастан емес, барлық ғарышкерлердің міндеті, мақсаты, арманы. Мұндай бақытқа ғарышкерлерден өзге кез келген адамның қолы жете берметіні хақ. Ғарышкерлер мынандай таза ауа мен салқын самалды түн мезгілінде жұлдызды әлемді қанша уақыт бақыласа да жалықапақ та, шаршамақ та емес. Аспандағы мың-сан жұлдыздар да осы әрекеттерін қолдағандай жарыса жыпылық қағады.
Егер де бұл ғаламшардың қоршаған атмосферасы болмаса, түнгі аспандағы жұлдыздар жыпылық қақпас еді. Енді жұлдздардың бәріде атмосферадағы ауа бөлшектерінің қозғалыстарынан жыпылықтағандай болады. Түнгі тыныштық пен таза ауа ғарышкерелрдің ұйқыларын да қашырған. Келгендеріне көп уақыт өтпесе де, айнала төңіректі түгелдей біліп-зерттеп үлгермесе де, құрамында Күн жүйесі мен ондағы Жер ғаламшары бар Жұлдызаралға осылай бір көіңл аударып қою да қжет еді. Жұлдыз батыс көкжиек асып, қараңғылық басталысымен аспанды осы мың-сан жұлдыздар жайлаған. Ауанң соншалықты тазалығынан күндіздің өзінде көрінетін жарық жұлдыздар енді мына қараңғы үнде лапылдап, көз қарықтырады. Мұндай ғажайып сұлулықты қандай саналы адам бақыламай қалсын. «Егер әдеім жұлдыздар Жер ғаламшарының тек бір аймағынан ғана көрінетін болса, барлық тұрғындар сол аймаққа қарай ағылар еді» деген екен, бір жұлдызтанушы. Саналы адамды былай қойғанда, санасыз саналатын Түлкі типтес бір жыртқыш та түн мезгілінде жортуылға шыққанда, бағытын аспандағы жұлдызадрға қарап анықтайды екен.
Дастан шамалы ой-толғамынан кейін алдында құрулы тұрған ең үлкен сыңардүрбіге жақындаған. Мұнда одан да басқа бінгеше сыңардүрбі бар. Қажет болса, ғаламшар төңірегіндегі белгіленген айналымжолда өздерін күтіп, айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігі арқылы алыстағы жұлдыз жүйелеріндегі тірішілікті ғаламшарлардағы саналы тұрғындарымен бейнебайланыс та жасай алады. Қазір тікелей бақылағалы тұрған жұдызды жүйелерден дабыл мен белгі де қабылдай алады. Бірақ Дастан сонда да осы күнге дейін мұндай техникалық жетістіктерді қанағат тұтқанемес. Қай нәрсені де тек көзімен көріп қоймай, оны қолымен ұстағанды қалайды.
37
Жұлдызаралық кемемен осыншама жұлдызжолды кейінге тастап, осы ғаламшарға келуінің өзі де сондай мақсат-мүддесінен туындаған-ды.
Орнатылған шағын расытхандағы басты сыңардүбінің жақындату-ұлғайту қуаты да аз емес-ті. Тұла бойы онша үлкен болмағанымен көптеген артықшылықтары мен ерекшеліктері бар. Оның үстіне, мына саф таза ауа да сыңардүрбі шыныларының жақындату-ұлғайту қабілетін арттыра түседі. Жұлдыздар мен ғаламшарардың бейнелері сәл ғана бұлдырайды. Дастан Жұлдызаралдан бір дегеннен Күн жүйесіне қадалған. Ол кішкентай жұлдыз шоғырындай ғана болып көз тартты. Оның осылай көрінетіні әуелден-ақ белгілі де еді. Сәлден соң жүйенің дәл ортасындағы Күнді қоршаған ғаламшарлар анық көріне бастады. Осы кезде қалғандар да сыңардүрбілерін солай қарай бұрған. Сол мезеттен бастап бәрі де айнала төңіректегіні ұмытқандай күйге көшкен. Күн жүйесінде өзгерістер орын алмаған. Олпан, Шолпан, Жер, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғаламшар, Қоңырқай ғаламшар, Уран, Нептун мен Плутон сол аяғцысынша Күн төңірегінде. Олардың бәрі өте алыста болса да, өздеріне әуелен белгілі болғандықан ғарышкерлерге жақын маңда тұрғандай сезілді. Адам баласының өзі жақсы білетін алыстағы затқа көзі жақсы жетпей тұрса да, оны тани алатыны бар. Ғарышкерлерде сондай бір күйде еді. Ғаламшарларды Күн жүйесінен бейхабар адам ғана бұл көріністен ештемені ажырата алмайды.
Күн жүйесін ғарышкерлер осы ғаламшардың төңірегінде айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінен де бақылаған. Онң суреті мен бейнесін де түсіріп алған арнайы бейнекамералары мен фотоаппараттарына. Ал мына шағын расытханадағы сыңардүрбіден қарағанда оның бейнесі бір шөкім ғана. Бұл ғарышкерлердің Күн жүйесі түгілі, Жұлдызаралдың өзінің де соншама алыста қалғанын көрсетеді. Егер мына ғаламшар тірішілікті болып шықпағанда, ғарышкерлер өздерінің Ғалам кеңістігінде оқшау қалғандарын сезінген болар еді. Ғарышкерлер сыңардүрбілері ақралы Күн жүейесіне сыңардүрбілері арқылы «сапар шгегіп» алғаннан кейін Жұлдызаралдың өзіне көңіл аударды. ӨЗдері келген Күн жүйесі Жұлдызаралың шеткі жағына орналасқандықтан оның жалпы
38
пошымы анық байқалған. Жұлдызаралдың өзімен салытырғанда, Күн жүйесі кіп-кішкентай ғана шоғыр екен.
- Өзіміздің Жұлдызаралымыздың құрамындағы Күн жүйеміз осындай кіп-кішкентай ғана шоғырболса, ондағы Жер ғаламшарымыздың өзі қандай болмақ? - деп күрсінді Дастан көзін сыңардүрбінің шынысынан кейін тартып алып, сапарлас достарына бұрыла қарап, - ал сол Жер ғаламшарындағы өзіміз ше? Ғалам көлемімен салыстырғанда, көзге әлең ілігеітін Шіркейлердей ғана шығармыз? Сонымызға қарамастан Ғаламдағы жұлдызаралдар көкірегімізге сыйып тұрғандай болады. Ал Жер ғаламшарцымыздан, ондағы Қазақ еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан осы жұлдыз жүйесіне ұшып жетуімідің өзі қанша уақытқа созылды. Сонда да Ғалам кеңістігіндегі жұлдызаралдар мен жұлдыз жүйелері бізге бір шөкім бұлттай болып қана көрінеді. Саналы адам баласының басқа тірішілік иелерінен басты ерекшелігі де осындай қабілетінен туындаса керек. Бар дүние әлемін көріп тұрмыз! Бар дүние әлемін көкірегімізге сыйғызып тұрмыз! Қараңдаршы!..
Дастанның бұл сөздерінен кейін і қалғандар жұлдызды әлемге іштей тебірене қарады. Ара-тұра өзді өзді сыңардүрбілерінің шынысына үңілген. Жиналмалы, кіп-ішкентай деген сыңардүрбінің шыныларының өзінен де талай жұлдыздар мен жұлдыз жүйелер жақын болып көрінеді. Әдетте, жұлдызды әлемді бақылаушы жұлдызтанушы ғалымдар сыңардүрбі айнасының неғұрлым үлкен болғанын қалайды. Ал негізінде, сыңардүрбінің айнасының үлкен болғанынан оның жақындату-ұлғйту дәрежесінің күшті болғаны маңыздырақ. Әдетте, Құйрықты жұлдыз іздейтіндер де, жаңа кіші ғаламшар іздейтіндер де сыңардүрбінің жақындату-ұлғйту дәрежесінің төменгісін қолданады. Ғарышкерлердің осындағы алғашқы түнді жұлдыздарды бақылаумен өткізуді қалағандарының бір себебі де осы еді. Сыңардүрбінің жақындату-ұлғайту дәрежесі неғұрлым төмен болған сайын оның айнасынан көрінетін жұлдыздардың саны да көп келеді. Жұлдызаралдағы сан-мың жұлдыздар мен жұлдыз шоғарлары, тұмандықтар көздің жауын алады. Егер осы ғалашарға Қазақ елі қоныстанған болса, онда ғарышкерлердің Жерге қайтуға деген ынта-ықыластары да болмас еді. Мұндағы саф ауа, таза топырақ пен таза су, тамаша табиғат әлемі адамның көңіл күйін ерекше жадыратады. Осы тұрғыдан келгенде,
39
бұлғаламшарда емін-еркін тірішілік етіп жүрген тірішілік иелерінің «армандары» да жоқ сияқты ғарышкерлердің оайларынша. Тек сол тірішілік иелерінің бір біріне жаулығы ғана келңвіз көрініс. Тірішілік талабы солай. Әлі келгені басып түседі. Саналы деген адам баласының қоғамындағы іс-әрекеттер де соған ұқсас. Қанша білімді, парасатты болса да бір бірімен түрлі салада бәсекелесіп жатады. Мына ғаламшардағы санасыз тірішілік иелерінің тірішілік әрекеттері де күрделі. Оның шет-жағасын ғарышкерлер үлкен көл суының маңынан көрді де. Әзірге иесіздей көрініп тұрған осы аңғар іші ғана. Оның басты себебі, Оған басты себеп, бұл аңғардың ішінде ауық-ауық қатты желдің соғып тұратыны болса керек. Ғарышкепрлердің жел күішмен ток бөлетін құралдарына мұндай жел де керек.
Түн ортасы болып, жұлдыздар батыс көкжиекке қарай ойысқанда салқын самал желдің соғуы да күшейе берген. Комбинезондарының сырт тысы болса да тоза бастаған. Мұндай ашық аспанды түрде тып-тыныш ұйқтауға да болар еді. Бірақ ғаламшар да, мына аңғар да бөтен болғандықтан ұйқы қайдан келсін. Мұнда ешқайсысы да қыдырып келген жоқ. Әрбір секунд, минут, сағат пен тәуілік уақыты қымбат. Табиғаттың түнгі көріністері де неше түрлі нәсрені көз алдарына елестеткендей болады кейде. Ара-тұра алыстан қандай да бір жыртқыш аңдардың гүрілі де естіліп қалады құлақтарына. Аспанда ағып түскен Ақпа жұлдыдардың іздері де аз жарық бермейді мына қараңғылықта. Соның бәрі де ғаламшар мен аспанының мүлдем тыныш емес екенін аңғартады. Ондай кезде ғарышкерлер Жұлдызаралды бақылауларын күр тқтатып, тың дтыңдап, жан-жақтарына жалтақтайды. Мұндай ортада бәрін де күтуге болады. Бұл ғаламшар түгілі, адам баласы миллиондаған жылдар бойы тірішілік етіп, дамып, көбейіп келе жатқан Жер ғаламшарының бар құпиясы ашылып болған емес. Жердің де осы сияқты әлі адам аяғы бастпаған аймақтарында небір тірішілік әрекеттерінің болып жатуы әбден мүмкін. Ал оынмен салыстырғанда, өздері қонатын бөлікпен табан тіреген бұл ғаламшардың жұмблағы болса да мол. Ғарышкерлердің түнгі тыныш ұйқыдан құс ұйқыға көшулерінің басты себебі де осы. «Мұндай ұзақ жұлдызаралық сапарға аттанып неміз бар еді? Мұндай саналы адамы жоқ ғаламшарға қонатын бөлігімізді қондырып неміз бар еді?» деген өкініштері де болмай қалған жоқ ғарышкерлердің. Сондай ойға келсе де,
40
ғарышкер болған соң, ішкі сезіктері мен қорқыныштарын бір біріне білдіре бермейді. Жерде, Қазақ елінде, Байқоңыр ғарыш айлағында жүргенде, бәрі де осы жұлдызаралық сапарды аңсаған. Тек «Осындай жағдайға тап боламыз» деп еш ойламаған. Ой-саналарында: «Бараған ғаламшарымызда саналы адамдар, жоғары мәдени даму болады» деген үміт қана болған.енді бәрі де басқаша болып кетті. Не әрекет жасаймыз десе де, тек өздері шешеді.
Жұлдызаралды бақылап болған соң ғарышкерлер осы ғаламшар бар жұлдыз жүйесіндегі ең жарық жұлдызға қадалды. Енді мұндағы бір біріне ең жақын орналасқан жұлдыздарды анықтап көріп алудың да мол мүмкіндігі бар еді сыңардүрбі шынысы арқылы. Оларды суретке, бейнетаспаға түсіріп алды. Одан кейін осы жұлдыз жүйесіндегі ғаламшарларға көңіл аударды. Жалпы, Жұлдызаралдағы, жаңа жұлдыз жүйесіндегі, алыста қалған Күн жүйесіндегі жағдайлардан гөрі осы ғаламшардың өздері тұрған аңғарындағы жағдайлары әлдеқайда маңызды еді. Сондықтан да, ендігі көңілдері «Мұнда бұдан әрі қарай қалай күн кешеміз?» деген мәселеге ауған. Соынмен бірге айнала төңіректегі жағдайды білмей отыруға болмайды. Егер өздері ос ғаламшарда, осы аймақта дүниеге келіп, осында өскен болса, онда жағдай басқаша болар еді. Ғаршкер өмірі жұлдызды әлемге сапар шегумен байланысты қашан да. Жер ғаламшарындағы саналы адам баласы тірішілік әрекеттерін айнала төңірегін танып-білуден бастаса, ғарышкерлер осылайша өзге жұлдыз жүйесіндегі осындай ғаламшарды зерттеп-білуден бастайды іс-әрекеттерін. Мұндағы бірінші түнгі жұлдызды әлемді бақылау мен айнала төңіректі тани түсу әрекеттері де сондай мақсаттан туындаған. Енді бұл жұлдыз жүйесінің жайы ғарышкерлерге біршама белгілі болды. Тек бұл емес, осы жұлдыз жүйесіндегі қалған он ғаламшардың жалпы жағдайы түсінікті еді.
Ғарышкерлер бақылау-зерттеулерінң нәтижелері жазылған құжаттарын, суреттері мен мейнетүсірілімдері жазылған бейнетаспаларды қонатын бөліктегі арнайы орынға қойды. Көшірмелерін өздері уақытша тұрып жатқан екі киіз үйдің жігііттер тұрып жатқанындағы арнайы темір жәшікке жасырды. Содан кейін түнгі салқын ауаны сезініп, сыңардүрбілерін жинастырды. Жігіттер өз киіз үйіне, қыздар өз киіз үйіне кіріп, іштегі сыртта бір жағдай болғанда дабыл беретін түрлі күрделі жүйелерді іске қосты. Содан соң орын орындарына жатып, түнгі
41
ұйқығакетті. Бұл кезде өз осінде Жер ғаламшарына қарағанда жылдамдау айналатын ғаламшардың таңының тауына да аз уақыт қалған еді. Ғарышкерлер осылай қысқа уақытқа ғана демалмақ. Әрбір түн тыныштығында тек осылай аз ғана уақытқа ұйқтамақ. Күтіп тұрған істері көп. Бейтаныс ғаламшарда болған соң осылай күн кешуге тура келеді. Таңғы ұйқы қашан да тәтті. Ал ғарышкерлерге ең бір қауіпсіз, тыныш, қорқынышсыз уақыт осы таң алдындағы мезгіл болатын. Аз ғана уақытқа болса да, бәрі түні бойы тыныш ұйқтаған адамдардай сергек түрды.
Жаңа күннің жаңалықтары
Әрбір таңның, әрбір күннің өз жаңалығы болады. Ал мынандай бөтен ғаламшарда жаңалық болса да көп. Ғарышкерлер қанша аз ұйқтап, қанша жұмыс жасаса да, уақыт шіркін, ұстатар емес. Асыққан сайын, тынымсыз тыпырлап еңбек еткен сайын істейтін жұмыстары да көбейе берген. Қоаныт бөлікпен ғаламшардың оы аймағына табан тірегелі аз жұмыс тындырған жоқ. Ал алда тындырар іс әлі де толып жатыр. Мұны әрбір ғарышкер біледі. Таңалагеуімнен оянған Дастан киіз үйдің алдына шығып, жан-жағына қарап, тың тыңдады. Өздері таңғы беске қойған электронды сағаттың оятқыш қоңырауы да соғылып үлгермеген бұл кезде. Түнгі сағат үштен таңғы беске дейін небәрі екі сағат уақыт қана ұқтап үйреніп те қалған. Қалған уақытта көз ілмейді, сергек жүреді. Соның бәрі де саф таза ауаның күші екен. Жер ғаламшарында ешқайсысы да өзін дәл осылай сергек сезінген емес. Көп жағдайда ұйқы баса беретін өздерін. Енді қай қайсысы да таза ауа құдіретініе көздерін жеткізді. Қонатын бөліктен ғаламшар бетіне алғаш аяқ басқанда бәрі қандай әлсіз еді. Енді ертедегі қазақ батырлары сияқты айбарлы қай қайсысы да. Адамның күш-қуатының негізінің оттегіге қанық ауа екенін де енді түсінді ғарышкерлер. Мұндай ортада қандай тірішілік иесі де сергек. Айнала тып-тыныш болған соң Дастан киіз үйден біршама жерге дейін ұзап барды. Шығыс көкжиек ағара бастаған. Сары түс азайған. Бұл ауаның аздап жыли бастағанының белгісі. Сонда да Дастанның аузынан аздап жылы бу шығады. Айнала төңірек әлі тым-тырыс. Мұндай таңғы сәтте саналы адам түгілі жанауарлардың өздері де жылы жатқанды қалайды. Індері мен үңгірлерінен шықпайды. Ал Жұлдыз шғыс көкжиектен біршама
42
жоғары көтеріліп, айнала-төңірек жыли бастағанда тірішілік әрекеттері қайнай бастайды. Жемдерін түн мезгілінде аулайтын жыртқыштар мен майда тірішілік иелері ғана күндіз орлары мен індерінде ұйқтайды. Ғарышкерлер де соған ұқсас әрекеттерге көшкен. Жерде, Қазақ елінде болса, түн мізгілінде тып-тыныш қана сегіз сағат ұйқтар еді. Жұмыстарын да жайбарақат жасамақ. Енді бастарына түскенде бәріне де көнеді. Дастан сыртта айналаны біршама бақылап болғанда электронды сағаттардың қоңыраулары безек қаққан. Бұл кезде бәрі де ояу еді. Төсектрінен ширақ тұрып, сыртқа шықты.
Сәлден соң қонатын бөлік, екі киіз үй, жануарлар мен құстар бар аңғар ішінде тірішілік әрекеттері басталып та кетті. Дастан жануарлар мен құстардың темір тор қорасының жайын көрді. Қыздар жағы ыдыс-аяқтарды шуып-шаюмен айналысты. Рауан мен Сұлтанғазы қонатын бөліктің ішіне кіріп, ондағы барлық автоматты-компьютерлі жүйелердің жұмысын қарап шықты. Айнала төңіректі бақыдажы. Тып-тыныш, көзге бөтен ештеме ілікпейді. Бұл ғарышкерлердің күнделікті әдеттеріне айналмақ. Қонатын бөлік ішінде сырттан келе қалған әлденені немесе әлдекімді тез суртке, бейнеге түсіріп алатын жүйелер жеткілікті. Сонда да осылай көзбен көрмей ешқайсысының да көңілдері орнықпайды. Ас пісіру мен дастархан жаю аспазшы биотұлғалардың мойындарында. Жерден, Қазақ елінен алып шыққан қалбырлы тағамдар да бар. Оның бәрі қонатын бөліктегі арнайы тоңазытқышта сақталады. Қажеттілерін жылытқыш жүйелерде жылытады. Ғаламшардың бұл аймағында жеміс ағаштары да аз емес.
Ғарышкерлер өздерінен шамалы жердегі өзен суына келіп, жағалауында таңғы дене жаттығуларын жасады. Салқын сумен жуынып-шайынды. Содан соң қыздар тұратын киіз үйдегі асханада аспазшы биотұлғалар дайын еткен таңғы астарын ішуге отырды. Көңілдері көтеріңкі. Бір біріне айтқан әзілдері де жарасымды. Қанша қиыншылықты, қауіп пен қорқынышты сәттерді бастарынан кешсе де, жастық жігерлері басылмайды. Ал әзіл мен күлкі адамның күш-қуаты мен қабілетіне дем береді. Ғарыкерлер сондай күйге бөленген.
- Басқасын білмейтін, мына таңғы астан кейін айналадан гүл теруге шығамын! – деді Гүлболсын кеседегі шайынан еппен ғана алып.
43
- Терейік! – деп Рауан оған қарай қалды.
- Мен шынымды айтып отырмын! – деді Гүлолсын оған көз қиығын тастап.
- Мен де шынымды айтып отырмын!
- Саған ол гүлдердің не қажеті бар? Сен қыз бала емесвіің, биолог емессің ғой?
- Ол рас қой! – деп Гүлболсынды қолдай сөйлеген Сәндіай Рауанға бота көздерін жалт еткізді.
- Бүгін өзі де гүл теретін күн екен! Гүлолсынға керек қой! Тек сақ жүру керек! – деді Дастан Гүлболсынға қарап.
- Ей,достар, «Қыз бар жерде, гүл бар, гүл бар жерде қыз бар» деген осы екен ғой! – деп Рауан дастархан басына отырғандарды көздерімен шола күлді.
- Мынандай бөтен ғаламшарда, бөтен табиғат аясында бұлай еркінсуге болмайтын шығар, - деп жеңіл күрсінді Құралай, - не жасасақ та сақтықпен жасауымыз керек. Ал мына түрімізбен Жеріміз түгілі Күн жүйемізден осыншама жарық жылындай алыста екенімізді ұмытып та кетерміз. Алдымызда не күтіп тұрғанын да білмейміз әлі.
- Өстіп ақырзаманды орнататындарың бар! – деді жас балаша бұртия қалған Гүлболсын, - мынандай тамылжып тұрған табиғат аясында бізге не қатер төнуі мүмкін? Мұнда қандай қатерлі жыртқыштар кездессе де саналы емес! Бізде қарудың неше түрі бар! Кез келгенінен қорғана аламыз! Көлеңкемізден қорқа бермейікші, осы!
Бұл сөз бәріне де байлау болды. Қыз бала бастап гүл терейін деп тұрғанда ұлдарға не нешік. Өткен жолы бәрі сонау алыстағы үлкен көл маңына да барып қайтты емес пе. Ендеше, мына төңіректегі хош иісті гүлдерді теруге неге болмасын? Расында да өздері келгелі аяқтарымен басып жүрген жасыл өсімдіктер арасындағы хош иісті гүлдерге аса көңіл аудамрмапты. Мұндағы ең қауіпті депйтіні ірі жырқыштар, жасыл өмімдіктер әлемі емес. Әрине, сақтық қашан да қажет. Бұл аймақта не ірі жыртқыштың кезіге кететіні әзірге белгісіз. Келгелі тынымсыз әрекет жасап жүрсе де, өздеріне әлі де көп іс тындырмағандай көрінеді. Сондықтан да бүгін ешқайсысы да Гүлболсынның мына талабын қайтарғысы келмеді. Мына тау аңғарында жайқала өсіп тұрған нешетүрлі хош иісті гүлдерден құшақ-құшақ етіп теріп алып, қонатын бөліктің ішіндегі зертханада зерттегенге не жетсін.
44
Ғаламшар Жұлдызынан санағанда төртінші болғандықтан одан ішкі жағындағы үш ғаламшарға қарағанда жарық пен жылуды аз алады. Көктем айының өзінде де түнінің салқын келетіні де содан. Шығыс көкжиектен Жұлдыз көтерілген бойда жасыл әлем мен жануарлар әлемі де тірішілікке көшгеді. Дала әлемі жанданады. Ендеше, мұндай сәтті бос өткізудің еш жөні жоқ.
Ғарышкерлер сыртқа тез жиналды. Жиналатындай да ештеме жоқ. Қанатты комбинезондары үнемі үстерінде. «Жүрдек етіктері» аяқтарында. Қарулары қындарында. Бейнабайланыс жүйелері дулығаларынаң ішінде. Бәрі киіз үйлердің ішін, қонатын бөліктегі автоматты-компьютерлі жүйелердің жұмыстарын, сырттағы мал қораны тексеріп, қажеттілерін биотұлғаларға нықтап тапсырғаннан кейін ғарышкерлер жақын маңдағы тау басына көтерілді. Аяқтарындағы «Жүрдек етікке» анау-мынау қашықтық ештемеп де емес. «Жүрдек етік» киген адамның жүгірісі Африканың Түйеқұсынан да, бетбақдаланың Ақбөкенінің де жүгірістерінен еш кем емес. Егер ғарышкерлердің осы жүгірістерін алыстан әлдекім бақыласа, кімге ұқсатарын білмей аң-таң болар еді. Бірақ әзірге бұл ғаламшарда адам баласы қараң берген жоқ. Тау басына көтерілген соң бәрі айнала төңірекке мейірлене көз салды. Ғаламшардың ғажайып табиғат аясы қанша кең, айналасы алыс болса да, ауаның тазалығынан ғарышкерлердің көз алдарында тұрғандай анық көрінеді. Тегісіндегі қалың өскен жасыл өсімдіктер мен араларындағы хош иісті гүлдер көздің жауын алады. Оны көрген Гүлболсын бұдан әрі шыдап тұра алмады:
- Достар, мен кеттім, гүл теруіге! – деп дауыстап та қалды.
- Тере бер! Тек байқа, сүрініп кетіп жүрме! Бұл ғаламшардың тартылыс өрсісінің Жеріміздің тартылыс өрісінен көбірек екенін ұмытпа! Жарақат алып жүрме! – деді оған жаны аши сөйлеген Рауан.
Гүлболсын ол сөзін тыңдар-тыңдкамас тау етегіне қарай жүгіре жөнелген. Оның соңынан қалғандар да төмендей берді. Ешқайсысы да комбинезонының екі бүйірінен екі қанатын шығармады. Әуеге қалықтап көтерілмеді. Арқа тұстарындағы айналдырғыштарын да іске қоспады. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерінің» жүру жылдамдығын да баяулатқан. Соның өзінде де төмен қарай түсу оңайға соққан жоқ. Тау басына қарай өрлегеннен одан төмен қарай түсудің кұрделірек екенін ғарышкерлер әуелден
45
жақсы біледі. Кейде төмен қарай еріксіз жүгіріп те кетеді. Сол екіпіндерімен тау баурайындағы жазық жерге әп-сәтте жетті. Айнала төңіректегі жасыл өсімдіктермен араласа өскен неше түсті гүлдердің хош иістері мұрын жарады. Енді жаңа ғана өздері басында тұрған тау басы аса биіктеп кеткендей. Өздерінің анау-мынау емес, кәдімгідей биік таудың етегіндегі аңғар ішінде екендерін де енді сезінгендей. Гүлболсын бірінші болып жеткен бойда гүл теруге кірісіп кеткен. Қалғандар ол гүлдерді бір бірінен ажырата алар емес. Оларды Гүлболсын ғана танымақ. Ол уақыт өткізбей өзімен бірге ала шыққан арнайы биологиялық ыдысына гүлдердің әр түрінен екі талдан ғана үзіп ала берді. Сәлден соң қалғандар да Гүлболсын теріп үлгермеген гүлдерден теріп, оған көмек көрсетті.
- Гүлболсын, мына бір гүлге не деп ат қойсақ болады? – деді бір кезде Сәндіай қолындағы өзі үзіп алған екі тал гүлді көрсетіп.
- Бұл ойың дұрыс. Қазақ еліміздің кең жазира даласында жйқала өсетін гүлдердің қазақша аттары бар? – деді Гүлболсын, - мына қолымдағы гүлдер кәдімгі Қызғалдаққа, Сарығалдаққа, ал ана өсіп тұрғандары Дала атқонағы, Түймебас делінетін гүлдерге ұқсайды.
Жігіттер жағы теріп алған уыс-уыс нешгетүсті, неше иісті әдемі гүлдерін Сәндіай мен Құралайға сыйлап жүр. Қыздар үшін гүл сыйлық алғаннан асқан қуіаныш бар ма. Осы сәтте бәрі де өздерін бөтен ғаламшардың бір аңғарында емес, қазақ даласының жайлауында жүргендей сезініп те кеткен. Дастан қыздарға гүл сыйлай жүрып, айнала төңіректі мұқият бақалауды да ұмытпаған. Мұндай бөтен табиғат ортасында әлдененің қызығына беріліп, айналаны ұмытып кетуге болмайды. Дала табиғаны саналы адам баласын қашан да осылай өзіне баурап алады. Қыздар жағы болса да қуаныш құшағында. Ара-тұра сықылықтай жөнелген күлкілері ғажйып табиғат көріністерін әсерлеп жібергендей де болады. Осындай қызу тірішілік әрекетіне бой алдыра бастағанда кенеттен болған бір құбылыс бәрін де елең еткізді. Жаңа ғана өздері басына шығып, қайта түскен үлкен тау сәл қозғалғандай болды. Содан соң «Жүрдек етік» киген аяқтарының асты тербеле берді. Алыстан гүрілдеген дыбыс естілді. Қыздар жағы шышып, гүл тергендерін тез тоқатып, жігіттерге тығылған. Ғаламшар бетінің тербелісі де, гүріл де күшейе берген. Ғарышкерлер енді Дастанның белгісімен бір бірімен қол ұстасып, ғаламшар бетіне тізерлей отыра-отыра
46
кетті. Сілкініс одан сайын күшейді. Айнала төңіректеріндегі жаңа ғана тып-тыныш жатқан анау-мынау бауырымен жорғалаушылар індеріне ата+ата шығып, жан-жаққа қаша бастады. Тау жартастарынан төмен қарай ірілі-ұсақты тастар да домалады. Ғарышкерлер енді бұлай отыра берулерінің мән-мағынасы жоқ еді. Дастан орнынан ширақ тұрып, достарына:
- Ғаламшар бетінен тез аспанға көтерілуіміз керек! – деген шешімін айтты.
Сол замат бәрі комбинезондарының екі бүйырлеріндегі қо қанаттарын жая шығарып, арқаларындағы айналдырғышты іске қосып, аспанға қарай тез көтеріле ұшып жөнелді. Бірақ өздеріне төнген қауіп мұынмен білпеді. Аспанда бұл сілкіністен шошынып ұшқан көптеген түрлі құстар бар еді. Олардың шаңқ-шаңқ еткен қатты ащы дауыстары ғарышкерлердің құлақтарын тұндырды. Ғарышкерлер енді қалай қарай ұшарларын білмей дағдара бастағанда жағдай күрт өзгерді. Құстар да ұлы табимғаттың мына құбылысынан сасқалақтағандай төмен қөарай құлдилай ұшып, таудағы кейбір үлкен тастардың үсті мен биік өскен орман ағаштарының бұтақ-бұтақтарына қона берді, қона берді. Байыз таппай айналып ұшып жүргендері де жеткілікті. Ғаламшар аңғарының іші-сырты беті ауған жақтарына ж анұшыра қашқан ірілі-ұсақты тірішілік иелеріне толып кетті. Ғарышкерлер аспанда жасанды қанаттары, арқаланыдағы айналдырғыштарымен қаншалықты қауіптеніп, қоғарнып ұшып жүрсе де, мына қызықты көріністірдің бір сәтін де жіберместен суретке, бейнеге түсіруге көшкен. Бірақ қауіп арта түсті. Аспанда қалықтап, айналып ұшып, қатты шаңқ-шаңқ еткен ұшатын кесірткелердіен кез келген сәтте өздеріне шабуыл жасаулары да мүмкін еді. Тек мына табиғи апатты құбылыстан олардың да естері танғандай. Қайда барып байыз табарларын білмейтіндей шаңқылдайды. Ғарышкерлер ондай сәттерде қорғаныстарын күшейте түседі.
Жалып, бұл ғалмшардың бойында мұндай қатты сілкіністің болуы заңды да еді. Өйткені, бұл осы жаңа пайда болған жұлдыз жүйесіндегң жас ғаламшарлардың бірі. Ал жас ғаламшардың бойында жанартау атқылаулары мен сілкіністердің жиі болатынын ғарышкерлер әуел бастан біледі. Соны естеріне алып, тау аңғарындағы өздері орналасқан аймаққа қарай асыға ұшты. Қырсыққанда, көп күш түскенде, арқаларындағы айналдырғыштар да әлсізденіп қалған. Қос қанаттарының қағулары да сиреген. Ұшу
47
жылдмадықтан қанша жылдамдатайын десе де, ештеме шығар емес. Аспанның бір кеңістігінде қозғалмай қалықтап тұрғандай сезінеді өздерін. Мұны сезінген қыздар көз шараларына ыстық жас үйіріп үлгерген. Жаңа ғана сыңғырлай күліп, мәз болған қыздардың көңіл-күйлері осылай күрт төмендеген.
- Жас ғаламшар табиғатында мұндай құбылыстардың болуы заңды, сапарлас достар! – деді қаздырдың көздеріне ыстық жас үйіріп, кей достарының қатты толқығанын байқаған Дастан дулығасындағы бейнебайланыс жүйесі арқылы, - біз қаһарман ғарышкерлерміз! Жерден, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан аттанбай тұрғанда «Қандай қиындық пен қауіп-қатер кездессе де мойымаймыз!» деп ант бергенбіз аттандырушылардың алдында! Соны ұмытпайық! Өзімізді өзіміз батыл ұстайық! Сонда ғана қауіп-қатерден сақтана аламыз!
Басышының бұл сөзі бәріне жігер берді. Баяу ұшса да дулығаларындағы бейнебайланыс жүйелері арқылы бір біріне сөзбен дем беріп, аңғар тегістігінде қалған екі киіз үйлары мен қонатын бөліктің, жануарлар мен құстар бар тор қоршауларының жайын білуге асықты. Ендігі басты уйімдері қонатын бөліктің ішіндегі күрделі жүйелердің мына күтпеген қатты сілкіністен бұлынып қалмауы еді. Ол бүлінсе, ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменіің негізгі бөлігімен қайта түйісіп, Жерге, Қазақ іеліне қайта оралу мүмкін болмайды.
Осындай ойлармен аңғар үстіне ұшып жеткенде, төменнен жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігі, екі киіз үй мен жануіарлар, құстар бар қоршау-қора көрінді. Бәрі дін-аман сияқты. Ғарышкерлеге бұл да бір жұбаныш еді. Сондықтан ғарышкерлер аңғар тегістігіне қонуға асықпады. Арқаларындағы айналдырғыштарын сөндіріп, екі жаққа қарай жайылған қос қанаттарымен қалықтап, көздерін Бүркіт құстың көздеріндей төменге қадап, аспанда айналып ұшты да жүрді. Гүлболсын өздеріне қанша қауіп төнып, ғаламшар бетінде қаншама келеңсіз көріністер орын алып жатса да, қос қоымен құшағына қысып алған бума гүлдер і мен өсімдіктерді тастар емес. Бұл оның өзы таңдаған биология ғылымына соншалықты берілгендігі еді. Әркімнің өз ұнатымы бар. Гүлболсын гүл десе, ішер асын жерге қоятын қыз. Табиғат аясына осылайша бір серуен жасау, гүл теру көптен бергі арманы еді оның. Ол да болды. Тек ғаламшар қыртысының кенеттен болған сілкінісі біршама жоспарларына
48
кідіріс берді. Бірақ оның есесіне, сілкініс кезінде өздері әлі көре қоймаған небір тірішілік иелері індері мен апандарынан сыртқа шықөты. Мұның өзі де жаңа күннің жағалығы еді. Енді ғарышкерлер неден сақ болу керек екенін де түсінді. Бәрі аңғар үстінде қос қанаттарымен қалықтай айнала ұшып жүріп, өздерінше ойға батты, армандарын көз алдарына елестетті. Тек ара-тұра дулығаларының маңдайшаларындағы кіп-кішкентай бейнебайланыс жүйелері арқылы бір бірімен жүздесіп, тілдесіп қояды. Бөтен ғаламшардың қауіп-қатерінің аяқ астынан бола қалатыны да енді белгілі еді. Бірақ амалдары қанша, енді аспанда бұлай ұзақ уақыт бойы қалықтап ұша алмайды.Сондықтан қонуларына тура келген. Дастан сапарлас достарына бейнбайланыс арқылы қону керектігін айтып, өзі аңғарға қарай құлдилай жөнелді. Қалғандар да соны қайталаған. Жаңа ғана аспаннан кіп-кішкентай болып көрінген жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігі де, екі киіз үй мен жаунарлар мен құстар бар қоршау-қора да ұлғая қалғандай көрінді. Жануарлар мен құстар да жаңа ғана болып өткен сілкіністен қатты шошынғандай дыбыстап жатыр.
Әуелі Дастан, Рауан мен Сұлтанғазы, одан кейін Сәндіай, Құралай мен Гүлболсын қонды ғаламшар бетіне. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктері» ғаламшар бетіне тиген бойда оның әлі де дірілдеп тұрғаны сезілді. Сонда да енді аспанға қарай қайта көтеріліп ұшып кетудің жөні жоқ-ты. Оның үстіне, бәрінің де ас ішуге деген тәбеттері де ашылған. Қыздар дереу киіз үйлеріне кіріп, ондағы автоматты-компьютерлі жүйелерді іске қосып, аспазшы биотұлғаларға тапсырыс берді.
Ас дайын болғанша бәрі жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігінің іші-сыртын, автоматты-компьютерлі жүйелерін мұқият тексеріп шықты. Гүлболсын арнайы бөлімдегі құнарлы топырағы мен суы бар ыдыстарға даладан жинаған гүлдері мен өсімдіктерін қондырды. Осыдан соң айнала төңіректі қарауға көшкен. Сілкіністен ғаламшар бетінің кейбір жерлері жарықшаланып қалыпты. Бұл сілкіністің соншалықты қатты болғанының белгісі еді. Қайта өздері дер кезінде қанатты, айналдырғышты комбинезондарымен аспанға ұшып кетіп, сілкіністің қаттылығын сезбепті. Бар қатерді қора-қоршаудағы жануарлар мен құстар бастарынан кешкен. Ең бастысы, бәрі аман, бәрі орнында. Ғарышкерлер енді қыздар тұратын киіз үйге кіріп, оның
49
асханасындағы дастархан басына отырды. Ас ішу кезінде ешқайсысы сөйлеген жоқ. Болып өткен жағдай болса д түснікті еді бәріне. Әуелі асқазанға ел қондыру керек. Одан кейінгі істері өз кезегімен жасала бермек.
Уақыт күттірмейді. Мұндайда күндердің өзі бір сағаттың уақытындай болып өте шығады. Бүгін де солай. Жұлдыздың шығыс көкжиектен көтеріліп, аспан төріне шарықтай көкжиектен шығып, батыс көкжиекке таяп қалғанын да аңғармай қалған өздері. Кешкі астарын ішкеннен кейін түнгі зерттеу жұмыстарына дайындалған. Тұн мезгілінде алаңсыз ұйқатауға құлықты емес ешқайсысы да. Күндіз тып-тыныш, еш қауіпсіз көрінетін табиғат аясы түн қараңғылығында бойларына қорқыныш сезімін ұялатады. Әрбір қараң ете қалған нәрсе, тырс еткен дыбыс түн ұйқыларын бұзады. Қандай қауіпті жыртқыштың қайдан келе қалатыны да белгісіз. Сондықтан түннің бір мезгіліне дейін ұйқтамай, өздері жұлдызаралық кемемен ұшып келіп енген осы Жұлдызаралдағы жұлдыздарды, осы жұлдыз жүйесіндегі басқа ғаламшарларды зерттеуді, көп нәрсені біле түсуге талпынады. Өздерін мейлінше сергек ұстайды. «Мына тыныш түнде ұйқымды қандырып алайыншы» деген емес бір де бірі. Түнгі сағат үш пен бестің арасындағы екі сағаттық ұйқы да жеткілікті көрінеді өздеріне. Бұл түнде де сол жоспарларымен жұлдызды әлемге бақылау-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Электронды сағат түнгі үшті көрсеткенде бәрі екі сағаттық ұйқыға жатты.
Орман арасында
Бүгінгі кұнін ғарышкерлер аймақтағы орман арасында өткізуге арнады. Әрбір күннің өз үлесі бар. Тек сол күннің уақытын тиімді пайдалана білсе. Келгелі біраз нәрсені зерттеп үлгерді. Көл жағалауындағы, осы аңғардағы тірішілік иелерінің біразын көрді. Өткендегі қатты сілкіністен кейін қатты қорыққандай кейбір тірішілік иелері бас көрсетпеді. Ара-тұра тау аясын жаңғырықтыра естілетін жуан дауыстар да сиреген. Тек ғаламшар қыртысының дірілі мен алыстан естілетін гүріл толастаған жоқ. Ғаламшар жас болған соң жанартаулардың атқылауларының да толастамайтыны хақ. Ғарышкерлердің бақыттарына қарай ол жанартаулар мейлінше алыста. Соның өзінде де олардың дыбыстары көңіл бұзады. Күні кеше ғана болып
50
өткен қатты сілкініс сол жанартиаулардың атқылауынан туындағаны айқын. Ғарышкерлер ондай қатерлердің шет-жағасын бастарынан өткеріп үлгерсе де, оны әңгіме етіп отыруларына да, сілкіністің келесі толқынын күтулеріне де еш мүмкіндіктері жоқ еді. Ғаламшар өздерінің тұрақты мекені емес. Санаулы күндерге ғана қонған жұлдызаралық кемелерінің қонатын бөлігімен. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтаған бойда қонатын бөлікпен қайта ұшып шығып, ғаламшардың төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігімен түйісіп, Жер ғаламшары, Қазжақ елі бар Күн жүйесіне қарай тартпақ. Сол бақытты сәттеріне қашан жеткенше асығады. Күн демей, түн демей ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяғына жеткізуге тырысады.
Ол әрекеттері зая кеткен жоқ. Жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігіндегі компьютерлі сақтау жүйелеріне біршама ғылыми мәліметтер жазылды. Жұлдызаралық сапардағы бір маңызды нәрсе, әргі-бергі сапарға алдына ала белгіленген уақыттан озуға да, кешігуге де болмайды. Уақыттан озса да, кешіксе де, жұлдызаралық кеме Жердегі, Қазақ еліндегі Байқоңырдағы қонатын аумағынан ауытқып кетеді. Оны кез келген ғарышкер жақсы біледі. Уақыттың әрбір минут, секундымен санасатындары да содан. Ал тәуілікті секунд, минут, сағаттың құрайтыны хақ. Мұны ғарышкерлердің ешқайсысы да естерінен шығармайды.
Ерте оянып, таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынып, таңғы астарын ішкеннен кейін ғарышкерлер аңғардың күнгей жағындағы қалың орман ішін зерттеуге бет алды. Орманның негізгі ағаштары Шырыш қарағайға ұқсас. Топ-тобымен қалың өсіп тұр. Сырттай қарағанда ішкі жағында пәлендей қайнап жатқан тірішілік әрекеттері байқалмайды. Сонда да оның ішін барлап, зерттеп қайтпауға ғарышкерлердің дәті шыдамады. Бұл аңғардағының бәрін анықтап зерттеу басты мақсаттары. Жерге, Қазақ еліне оралған соң қонатын бөлікпен қонған осы аймақта не нәрсе болғаны жөнінде баяндаулары, құжат, сурет, бейнетүсірілімдермен есеп берулері керек. Өйтпеген күнде, бұл ұзақ жұлдызаралық сапарларының мәні кетпек. Мұны ғарышкерлердің қай қайсысы да ойлайды. Белгіленген уақыт ішінде көп нәрсені зерттеп білуге тырысады.(
Сонша жерден келген соң мұнда іс тындырмай қайтудың жөні жоқ. Келгелі бір шама аймақты зерттеді. Көргендерінің бәрін де суретке, бейнефильмге түсірді, қонатын бөліктегі сақтау
51
жүйелеріне енгізді. Ендігі мақсаттары қалың орманның ішін зерттеу. Болып өткен сілкініске қарамастан ғарышкерлер орман ішіне енген бойда бар қатерді ұмытып та кетті. Орман іші тірішілік әрекеттеріне толған шулы еді. Оны естігенде ғарышкерлер өздерін Жер ғаламшарындағы өздерінің Қазақ еліндегі қалың орманның ішіне келгендей сезінді өздерін. Орманда құстардың түрлері де көп екен. Тек олардың аттары жоқ. Жерде, Қазақ елінде болса, олардың бәрінің әлдқашан аттары болар еді. Осы ғаламшарға жұлдызаралық кемемен ұшып келмей тұрғанда, Жердегі өздерінің Қазақ елінде жүргенде ғарышкерлер жұлдызды әлемдегі ғаламшарлардан қандай да бір құбылысты, адам баласы білмейтін, танып біліп болмайтын табиғат әлемін көз алдарына елестететін. Енді мына ғаламшардағы ормандағы тірішілік Жер ғаламшарындағы өздерінің Қазжақ еліндегі орман ішіндегідей болғанына қай қайсысы да қайран. Айырмасы, бұл орманда ірі жыртқыш жануарлар мен ірі құстардың бар екені. Соған қарап, ғарышкерлер орман ішіндегі тірішілікті адам баласының жаңа-жаңа пайда бола бастаған кезңіне жатқызды.
Орманның біршама жеріне енгенде ғарышкерлердің көңілін биік өскен нешетүрлі ағаштардың бұтақ-бұтақтарына секіріп, діңдеріне өрмелеп, өздеріне тән ащы дыбыс шығарып жүрген Маймылдараға ұқсас санасыз жануарларды кездестірді. Олар осы кезге дейін саналы адам баласын кезіктірмегендіктен шошынып, дыбыс шығарып, ағаштардың жоғарыдағы жіңішке бұтақтарына дейін өрмелеп, секіріп шығып кетті. Кейде қатты шыңғырып та жібереді. Ғарышкерлер сонда да өздерін батыл ұстап, олардың ішінен адам баласына ұқсайтындарын іздеді. Ондайлары да бар екен. Ғарышкерлер оларды көргенде тап бір туыстарын тапқандай көңілденді. Дастан сапарлас достарына қарап:
- Сапарлас достарым, осы біз уақыттың бір құдіретімен Жер ғаламшарымыздағы өзіміздің Қазақ еліміздегі қалың өскен ормандардың біріне еніп кеткен жоқпыз ба? – деп әзілге басты.
- Өзі де солай сияқты! – деп сол замат демей сөйледі Дастанды Рауан, - осы біз жұлшдызаралық кемемізбен қалай қарай ұшып едік?! Бәлкім, сол ұшу бағытымыз ойыса-ойыса келіп, Жер ғаламшарымызға, ондағы өзіміздің Қазақ еліміздегі қалың ормандардың біріне дөп келген шығар?
- Қойыңдаршы! – деді сол кезде екеуінің дабырлай сөйлеген сөздерінен бөтен дыбыстарды ести алмай қалғанына ренжіген
52
Гүлболсын, - басқа жерде әзілдесуге уақыт таппай қалып па едіңдер?
- Мұндай жағдайда бір мегзіл әзіл сөз де керек! – деді оған бұрыла қараған Дастан, - әйтпесе, бойымызды қорқыныш сезімі билеп кетеді! Өзіміздің рухымызды осылай әзіл сөздермен көтермесек, кім көтереді?
- Әй, абай болыңдар, бізге қарай бірдеме жақындап келеді! – деп айғайлап жіберді осы кезде Құралай.
Бәрі елең ете түскен. Расында да, Жердегі тірішілік иелерінің біріне де ұқсамайтын бірдеме ай-шай жоқ, өздеріне қарай жортып келеді. Ешқайсысынан да қоқатын түрі жоқ. Сол замат қорқыныш сезіміне төзе алмаған Сұлтанғазы қынындағы отты тапаншасын оң қолына алақандарымен қыса ұстап, әлгіні туралап, тапаншасының түймесін басып жіберді. От жарқ етті. Бірақ әлгі қасқаң одан да сескенер емес. Онан сайын өршіп, жүрус жылдамдығын арттыр берді. Болмаған соң ғарышкерлер аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» тез іске қосып, кейін қарай бұрылып, жылдам-жылдам адымдап жөнелді. Содан бір кезде кейін бұрылып, әлгіге қараған. Ол қанша мықты болса да, Сұлтағазының тапаншасынан шыққан отты оқтан әлсіреп қалыпты. Енді сәлден соң ғаламшардың бетіне құлып, төрт аяғын аспаға қарата тырбаңдатып жатып-жаитып біржолата тынышталды. Енді ғарышкерлерге одан келетін қауіп жоқ еді. Бірақ орман іші әлі де тыныш емес. Ғарышкерлер енді әзіл сөздерін тыйып, қайтадан орман ішіне қарай ене берді. Енген сайын ағаштардың көлеңкелері де қоюлана түскендей болды. Оның үстіне көлеңкенің салқындығы да сезілді. Жаңағы ағаш бұтақтарында дәурен кешкен Маймыл тектестер де, құстар мен басқа тірішілі иелері де осы салқынға әбден үйреніп алған сияқты. Ғарышкерлер олардың сырларын біле ламаса да, қолдарындағы бейнетүсіргіш құралдарын бір сәтке де өшірмей бар көріністі бейнеге, суретке түсіріп келеді. Бейне мен сурет, қанша дегенмен де осындай толқыныста адам байқай алмаған нәрсенің бәрін де қаз-қалпында түсіріп алады.
Ғарышкерлерге әзірше бұл көргендерінің бәрі аса қорқынышты болған жоқ. Ең қорқыныштысы, ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне жеткізетін қонатын бөліктің жаңағыдай бір жануардан бүлінбеуі. Онымен мұнда өздерінің өмірлеріне төнген қатерден кез келген уақытта құтылып кете алады. Сондықтан байланысшы Сұлтанғазы
53
басындағы дулығасының маңдайшасындағы шағын экран арқылы аңғарда қалған қонатын бөліктің іші-сыртын, ауласындағы екі кміз үй мен жануарлар мен құстар бар тор-қоршаудың жағдайын әрбір үш сағат сайын бақылап-барлап келеді. Әзірге қонатын бөлік пен киіз үйлердегі автоматты-компьютерлі жүйелер мен биотұлғалардан ешқандай мәлімет келген жоқ. Бір жағдай бола қалғанда, биотұлғалардың да қарап қалмайтыны хақ. Ғарышкерлер соларға да сенеді. Сөйтіп, алға қарай жүрген. Орман ішінде Маймылға ұқсағандардың дыбыстарынан басқа дыбыстар да ара-тұра естіліп жатты ғарышкерлердің құлақтарына. Олардың бірі әлгі біріндей өздеріне қарай ұмтылса, енді бірі өздерін көрген бойда өсімдіктерді сытырлата қаша жөнеледі. Дәл осы орман ішінде алғашқы қауымдық құрылыстың адамы кезіге қалса, қатерге тап болар еді. Бірінен қашып құтылса да, екінші бірінің азулы ауызына түсер еді. Ал ғарышкерлер қарулы, «Жүрдек етікті». Өмырлеріне аса қауіп төнгенде, комбинзондарындағы қос қанаттарын жайып жіберіп, арқаларындағы айналдырғыштарын іске қосып, әуеге көтеріле ұшып кете алады. Сондықтан мұндай қарулы, қанатты, айналдырғышты, «Жүрдек етікті» саналы тірішілік иелерін бұрын-соңды көрмеген кез келген ірі жыртқыштардың өздері де сескеніп қалмақ.
Осы аралықта құстардың да неше түрі кезікті ғарышкерлерге. Алып Жапалақ тәріздес құс пен алып Жарақантқа ұқсаған мқұлық та отырды ағаш бұтақтарында. Ғарышкерлерді көріп, сасқалақтай ұшқанда кейбір бұтақтарды қанаттарымен сыдырып, кейбірін сындырып та жіберді. Ғарышкерлер олардан көп кіші болса да, еш қорықпай, оларды бір біріне оң қолдарының сұқ саусақтарымен көрсетіп, мәз болды.
- Еегер Жер ғаламшарымыздың Жаңа дәуірінде өзіміз сияқты мәдени дамыған адамдар болғанда, осындай құстар мен жыртқыштардың өздерін де оп-оңай қоқытып, бағындырып алады екен ңой, - деп мәз бола сөйледі Рауан айналасына көз жіблере тұрып.
Соны айтып болуы мұң екен, жаңағы өздерінен қорқып, ағаш бұтақтарын сыдыра,сындыра сасқалақтай ұша қашқан ірі Жарқанат тәрізділердің бірі қайта ұшып келіп, өздеріне қарай шүйілмесі бар ма. Сол замат ғарышкерлер де қындарындағы отты тапаншаларын тез-тез оң қолдарына алып, оған қарай бірнеше рет от оғын жіберді. Жақанат тәрізді мақұлық онан сайын өршігендей
54
болып, төмендей түсіп, төбе тұстарынан ұшып өтті де, отты оқтардан алған жарақатына шыдамай, шайқалақтап-шайқалақтап кетті. Ол жанталасы ғарышкерлеге пайда болмады. Өздері жанында тұрған ағаштың төменгі бір бұтағын сындырып та жібеген. Ғаршкерлер қорқайын деді. Ашық жерде тұрса, аяқтарындағы «Жүрдек етіктерімен» жылдам басып барып, комбинезондарының қанаттарын шығарып, арқаларындағы айналдырғыштарын тез іске қосып, аспанға қарай көтеріле ұшып, құтылып кеткен болар еді. Қазір мына «Ит тұмсығы өтпейтін» қалың орман ішінде оның бірін де қолдана алмайды ешқайсысы. Жарқанат тәріздінің Бүркіт тұмысығындай иілген тырнақтары да мейлінше қарымды екен. Сол тырнақтарымен қармаған анау-мынау бұтақтар порт сынып кетіп жатты. Ғарышкерлер қапелімде алып Жарқанат тәріздінің ол өткір тырнақтарынан қалай тез аман қаларларын білмеді. Тез қашып жөнелетін ашық жер болса да жоқ. Жаңағы өздері тапаншаларынан атқан отты оқтары да оны әлсірете қоймаған тәрізді. Оның қатты дыбысынан орман ішіндегі күллі тірішілік иелері аяқтарына тұрған.
Ол да ештеме емес екен. Мұның қиналған дыбысын естіген тағы екі алып Жақанат тәрізділер ұшып жетті. Тек бір кемшіліктері, олардың көздерінің күндіз жақсы көрмейтіні екен. Енді ғарышкерлерге сол көздері күндіз көруден мақұрым алып мақұлықтармен арпалысуларына тура келді ғарышкерлерге. Атуды қойып, қолдарына ұстаған таяқтарымен қорғануға көшкен. Алып Жарқанат тәрізділердің қайсысының сояудай-сояудай қарымды тырнағына ілінсе де сол замат мерт болмақ. Осылайша кұтпеген жерден орман ішінде осындай арпалыс басталып кетті. «Әдетте, Жердегі, өзіміздің Қазақ еліміздегі Жарқанаттар үңгірлер мен жарқабақтардағы мекен етуші еді. Мына алып Жарқанат тәрізділер орманды да мекен ете береді екен ғой өзі» деп ойлап үлгерді Дастан іштей. Сөйткенше болмай, алып Жарқанат тәрізділердің бірінің аяқтары Сұлтанғазыны қағып өтті. Ол өз тепе-теңдігін ұстай алмай, анадай жердегі биік өскен ағаштың жуан діңіне барып соғылды. Үш қыз айғайлап жылап жіберген. Бірақ құр жылағаннан не пайда? Мұнда өздеріне қолұшын бере қоятын ешкім де жоқ. Ендігі басты әрекеттері - қорғану. Үш алып Жарқанат тәрізділер ара-тұра өзара да соқтығысып қалып, қатты дыбыс шығарады. Бір бірімен тістеседі. Мұндай шайқасты ғарышкерлер көл жағасына барғанда Ұшатын кесірткелерден
55
көрген. Тек бұл екеуінікі жартылай соқыр шайқас. Осы кезде Жердегі, Қазақ еліндегі тау үңгірлерінде тірішілік ететін Жарқанаттардың сырын жақсы білетін Гүлболсын:
- Сапарлас достар, тез ана ағаштың түбіне барайықІ Бұлар ағаштың бұтақтары мен қалың жапырақтарын күндіз көрмейді! Ағаш діңін құшақтап тұра-тұра қалайық! – деп дауыстап жіберді.
Гүлболсынның биолог ретәінде айтқан бұл ұсынысы дұрыс еді. Ешкім қарсы келместен солай жүгірген. Биік өскен ағаштың жуан діңін құшқтай қол ұстасып, тұра-тұра қалды ғарышкерлер. Ағаштың діңінің жуандығы да алтауының қол ұстаса құшқтауларына дөп келген. Енді қауыіп сейілгендей еді. Жоқ, бір кезде, әлгі алып Жарқанат тәрізділердің бірі биолог Гүлболсын ескерткендей, осы ағаштың көп бұтақтарын сыдырып-сындырып, қарымды тырнақтарының уысына алды. Егер ғарышкерлер осы ағаштың бұтақтарына шығып кеткенде, алып Жарқанат тәріздінің өткір тырнақтарының уысында езіліп қалатын еді. Гүлболсын айтқан ақылдың пайдасы тиді. Бірақ өздеріне төнген қатер мұнымен біткен жоқ. Оқиға әрбір минут өткен сайын тап бір ертегілердегідей өрби берген. Алып Жарқанат тәрізді адам шашындай көрген ағаш бұтақтарын қарымды тырнақтарының уысына қыса алған бойда аспанға қарай көтерілді. Күштілігі сондай, ағаштың діңін тамырымен қопара суырып, оны айнала қол ұстаса қоршай ұстаған ғарышкерлерді бірге әкетті. Бірақ ешқайсысы саспады. Оған себеп, үстеріндегі қанатты, айналдырғышты комбинезон еді. Егер ол болмаса, өмірлеріне шын мәнінде де қатер төнбек.
Бәрі қолдарымен мықтылап ұстасып, ағаш діңінен ажырамауға тырысады. Алып Жарқанат тәріздінің көздері күндіз жақсы көрмегенімен алдындағысын кәдімгі Жарқанат сияқты ауызынан ультра дабыс шығарып, оны құлақтарына қайта қабылдау арқылы бағыт-бағдарын біле алады екен. Сонымен қатар ол ағаш діңіне жабыса қол ұстасқан ғарышкерлерді де сезген. Оның соңынан қалған екеуі ұшып келеді. Ағашты ғарышкерлермен бірге қарымды тырнақтарымен қыса ұстап, үлкен қанаттарын жиі-жиі қаққан алып Жарқанат тәрізді орманнан ұзап, биік таудың басына қанай тартты. Тек оның ұшу жылдамдығы қыран құстың ұшуындай жылдам емес еді. Бірде бірқалыпты қалықтап, бірде төмендеп, енді бірде қайтадан жоғарылай ұшады. Ғарышкерледің ұстасқан қолдары тала да бастаған. Алып
56
Жарқанат тәрізді биік таудың құзар басына жақындап қалғанда Дастан:
- Ал ұштық! – деді дулығасының маңдайшасындағы бейнебайланыс жүйесі арқылы.
- Түсіндік! Ұштық! – деп жауап берді сол замат Рауан.
Бұл сөздерді қалғандар да естіді дулығаларының маңдайшаларындағы бейнебайланыс жүйелері арқылы. Артынша ағаш діңін құшақтай ұстасқан қолдары бір бірінен ажырап, әуе кемесінен жерге қарай секірушілер сияқты жан-жаққа тарай ұшып, төмен қарай құлдилай берді. Алып Жарқанат тәрізді қарымды тырнақтарына ілген ағашты таудың биік жартасындағы үлкен ұясындағы өзінен жем күтіп жатқан ірі балапандарына ұшып жеткізгенше, ғарышкерлер комбинезондарының қанаттарын жайып, арқаларындағы айналдырғыштарды іске қосып, Дастанның бейнебайланыс жүйесі арқылы айтқан ұсынысы бойынша қатарласа ұшты. Алып Жарқанат тәрізді көздері кұндіз нашар көретіндіктен бұлардың ағаш діңінен ажырап кеткендерін байқамады. Байқаса, ағашты тастап жіберіп, қарымды өткір саусақтарымен әлдеқашан қармап алған болар еді.
Алып Жарқанат тәрізді көзі күндіз қанша нашар көрсе де, ауызынан ультра дыбыс таратып, алды-артындағыны сезіден кенде емес-ті. Шамалыдан соң ол ағаш діңінің кенет жеңілдегенін сезіп, оны ғаламшар бетіне қарй тастап жіберді. Дастан ағаш діңінен ажырауды дәл уақытында айтқан екен. Бәрі төмен қарай құлдилай берген. Осы кезде алып Жарқанат тәрізді аспанда айнала ұшты. Ауызынан ультра дыбыс таратып, құлақтанрына жауап дыбыс алуға тырысты. Ғарышкерлер ол ульра дыбысына дөп келмеу үшін араларын ашып, ұшу мәнерлерін құбылтумен болды. Әйтпесе, алып Жарқанат тәріздінің қарымды өткір тырнағына ілігіп, әп-сәтте оның ірі балапандарына жем болмақ. Қалған екі алып Жарқанат тәрізділерден де солай қорғануларына туіра келген. Сол ұшқан бойларында қалың орманның ашықтау жеріндегі алаңға қонып, зерттеулерін одан әрі қарай жалғастыру үшін қалың ағаш арасына енді.
Алыстан оралғанда
Ғарышкерлер келесі күні де түнгі ұйқыларынан таңғы сағат бесте оянған. Жігіттер өздерінің киіз үйінен, қыздар өздерінің киіз
57
үйінен сыртқа шығып, бір бірмен амандасып, бірге таңғы жаттығуларын жасап, салқын сумен шайынды. Бүгінгі аспан бұлыңғырлау көрінді. Оның соңының жауын шашынға айналмасына кім кепіл. Киіз үйлердегі метеостансалар соны байқатқан. Бірақ ғарышкерлер кеш кешкісін барлық жоспарларын пысықтап қойған еді. Ауа райы кедергі етпесе, бүгінгу сапарлары ұзақ болмақ. Айнала төңіректің табиғаты, жалпы табиғаты, жануарлары мен құстары ғарышкерлерге біршама белгілі болып та қалған. Енді кешегідей алып Жарқанат тәрізділерден қауіп қатер де болматын сияқты бүгін. Олардан басқа не алып жыртқыш, не алып құс атаулы бұл күндері кезікпеген. Мұның өзі де арышкерлердің осы ортаға бой үйрете түсулеріне негіз болғандай. Бәрі көңілді. Сұлтанғазының кеше алып Жарқанат тәріздіден алған жарақаты да ауырғанын қойған. Сондықтан оның да көңілі көтеріңкі көрінген. Дәрігер Құралай оның жалпы денсаулығын түрлі дәрігерлік автоматты компьютерлі құралдармен тексеріп шыққан. Сөйтіп, ол дәрігерлік автоматты компьютерлі жүйелер Сұлтанғазының денсаулығының алыс сапарға шығуға жарамды екенін тұжырымдап берген.
Содан кейін ғарышкерлердің Сұлтанғазыға деген аянышты сезімдері де басылған. Сонда да оған деген алаңдаушылақтары толығымен басылмаған. Сұлтанғазы түнгі қысқа ұйқысынан сапарлас достарындай сергек оянған. Таңғы жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып шайынған. Таңғы астарын ішкеннен кейін бәрі жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігіне еніп, ондағы бейнебайланыс жүйелерін іске қосып, ғаламшар төңірегінде өздерін күтіп, айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіндегі жұлдызаралық бейнебайланыс жүйесі арқылы Жерден, Қазақ елінен хабар алды. Бұл осы ғаламшарға аяқтары тигелі бері алған тұңғыш хабарлары еді. Оны Сұлтанғазы сапарлас достарына былай деп дауыстап оқып берді:
«Құрметті Дастан, Гүлболсын, Рауан, Сәндіай, Сұлтанғазы, Құралай! Жерге, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағына жолдаған хабарларыңды алдық! Қатты қуандық! Енді сіздердің сол таңдаған ғаламшарларыңыздың қоңыржай аймағындағы кең аңғарға жұлдызаралық кемелеріңнің қонатын бөлігімен аман есен қонғандарыңды біліп көңілімізді орнықтырдық Күткеніміз де сол еді! Бұл тек біздердің ғана емес, бұдан талай ғасырлар бұрын өмір сүрген ата бабаларымыздың да армандары еді. Қашан да аман есен
58
болыңыздар! Бізбен байланыстарыңыды үзбеңіздер!Не қажет болған нәрселеріңізді дер кезінде сұраңыздар! Аса қажет жағдайда көмекке келесі жұлдызаралық кемені жібере аламыз! Жерге, Қазақ елімізге аман сау оралыңыздар!»
Бұл хабарды бәрі үлкен ынта ықыласпен тыңдады. Жігерленіп кетті. Жарақат алған Сұлтанғазы да жарақатын ұмытып кеткендей күйге бөленген. Қыздар жағы, тіпті, әндетіп те жібрді. Енді қай қайсысы да мына ұзақ сапарға аттанбақ түгілі, қос қанат, айналдырғыштарымен ғаламшардың бар аймағын шарлай ұшуға да дайын. Бірақ ондай жалпылама барлау бақылаудан гөрі осы аймақтың жай жапсарын тереңірек зерттегіндері әлдеқайда артық. Ғарышкерлер сонша алыс жерден бекерден бекер келген жоқ. Ең басты мақсаттары да, осы афмақтар қандаф тірішілік иелерінң барын анықтау. Тек Қазақ халқына емес, Жер ғаламшарын мекен ететін барлық халықтардың келешегіне жол ашу. Оған қай қайсысы да әзір. Жаңағы Қазақ елінен жеткен тұңғыш хабар да енді жігерлеріне жігер қосқандай еді. Енді аялдаудың да жөні жоқ. Қонатын бөліктің қабырғаларына бекітілген бір кісілік алты барлаушы кемені арнайы жүйелері арқылы еппен ғана ғаламшар бетіне түсірді. Ол анау-мынау күтпеген қиындық туындаған жағдайда те ұшып кетуге, қатерден тез құтылуға арналған. Ғарышкерлер бүгін барлаушылармен алыс сапарға аттанбақ. Барлаушының тұла бойы негізінен қалың мөлдір шыныдан құралған. Кейінгі жағыннда оны жылдам ұшыратын айналдырғышы бар. Айналдырғышы кіп-кішкентай, сіріңкенің қорабындай ғана планкеондық қуат көзімен жұмыс жасайды. Оның күші аз дегенде, он екі сағат уақытқа жетеді. Қажет жағдайда барлаушымен ғаламшарды бірнеше рет айналып ұшуға болады.
Ғарышкерлер енді осында қалатын қонатын бөліктің іші-сыртын барлап қарап шықты, ішкі жүйелерін автоматты-компьютерлі жүйелерге көшіріп, олардың жұмыстарын тағы бір тексеріп шықты. Одан кейін сырттағы екі киіз үйдің, жануарлар мен құстар бар тор-қоршауыдың жайын қарады. Бәрі де ойдағыдай болып шықты. Қалған істерді биотұлғаларға тапсырды. Олар анау-мынау күтпеген бір жағдай туындай қалғанда арнайы бейнебайланыс жүйесі арқылы өздеріне хабарламақ. Мұндай әрекеттердің бәріне ғарышкерлер Жерден, Қазақ еліндегі
59
Байқоңыр ғарыш айлағынан осылай қарай аттанбай тұрған кездерінде әбден жаттыққан. Енді соның көп пайдасы тиген.
Барлаушы кеменің шынысы айнала төңіректі, аспанға көтерілгенде, төмендегіні анық көріп отыруға мүмкіндік береді. Отыратын жақтауы биік, жұмсақ орындықтарның қарсы алдында шағын төрт қырлы экран бар. Жай көзбен көре алмағандарын сол экран арқылы зерделей алады. Бір бірімен келесі экран арқылы жүздесіп, тілдесіп отыратын бепйнебайланыс жүіесі тағы бар. Барлаушы кеме нешетүрлі мәнер жасай ұшуға да ыңғайлы. Кейінгі жағындағы айналдырғышы кенеттен істен шыққан жағдайда құсша қалықтап ұзақ уақытт бойы ұша береді, құсша қалықтап жеңіл қона алады. Барлаушы кемелердің осындай-осындай ерекшеліктері бар еді.
Бүгінгі сапарлары мың шақырым қашықтыққа есептелгендіктен ғарышкерлер уақыт жоғалпастан барлаушы кемелеріне тез-тез отырды. Шыны арқылы бір біріне қарап, оң қолдарын көтеріп те қойған. Содан кейін бәрінің көңілі Дастанға ауған. Ол барлаушы кемесінің айналдырғышын іске қосып, тік бағытта біршама биіктікке көтерді. Содан соң алға қарай ұшыра жөнелді. Қалғандар да соны қайталаған. Алты барлаушы кеменің шыны қабырғалары Жұлдыз сәулесіне шағылысып, жылт-жылт етіп, көзделген бағытқа қарай тартты. Дастан мен Рауан мінген барлаушы екі кеме алда, қалған төртеуі артта. Тап бір тізіле ұшып кетіп бара жатқан Тырналар сияқты көрінеді төменнен қараған адамға. Осындай сенімді барлаушы кемеге мінсе де, ғарышкерлердің ешқайсысы да үстінен қанатты, айналдырғышты комбинезонын тастамаған. Барлаушы шыны кеменің ішіндегі арнайы ыдыста үш тәуілікке жететін азық-түліктері де бар. Кеме шағын болса да, онда ғарышкерлер үшін барлық жағдайлар жасалған. Баратын, бақылап-зерттейтін аймақтары шөл дала болғандықтан кеме ішіне мол су да алынған. Өйткені, аспанда ұшу барысында да, ғаламшар бетіне қонғаннан кейін де, күтпеген жерден қандай жағдайлардың туындайтыны белгісіз. Сондықтан бәрі осылай ойластырылған.
Дастан мен Рауанның барлаушы шыны кемелері қатар ұшып келеді. Ара-тұра шыны арқылы бір біріне қарап, бейнебайланыс жүйесі арқылы сөйлесіп қояды. Төменде табиғат аясы ап-анық. Таулы аймақтан алыстаған сайын теіс аймақ та кеңи түскен. Ал жанында жүргенде онша байқалмайтын аулар енді бейнебір
60
маңғазданып, аспанмен тілдескендей болып, бейнебір биіктей түскендей ерекше көз тартады. Ғарышкерлер одан гөрі алдарындағы көріністерді байқап-барлап, сурет пен бейнеге түсіріп алуға тырысады. Тегіс аймаққа ұшып жеткенде, кеменің ашық терезедерінен жылы ауа есе бастады. Ол ғарышкерлердің қай қайсысының да бойын жылыта түскен. Сұлтанғазы өзінің байлынысшылық міндетін ұмытпай, ара-тұра аңғарда қалған жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігі мен екі киіз үйдегі биотұлғалармен жүздесіп, сөйлесіп қояды. Биотұлғалар жұмыстарын қалыпты жлғастыруда, автоматты-компьютерлі жүйелер қалыпты жұмыс жасауда. Тек бір мезгілде аңғардың тұсындағы аспаннан найзағай оты сияқты от байқалды. Артынша жаңбыр нөсерінің басталғанын да көрді алдарындағы экрандардан ғарышкерлер. Бірақ сол нөсер үшін жолдан қайтудың еш рет жоқ еді. Нөсерден ондағы жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігіне де, екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор-қоршауға да ешқандай нұқсан келмейті. Өзен суы алыста. Сондықтан аңғарда су басу қаупі жоқ. Ғарышкерлер өздерін салмақты ұстады. Сұлтанғазы мінген барлаушы шыны кемедегі бейнебайланыс жүйесінің дыбыс күшейткіштері аздап қырылдап тұрып, қайта басылды. Сөйте-сөйте ол дыбыс естілмеуге айналған. Барлаушы шыны кеме қанша биікте ұшып келе жатса да, енді таулы аймақтың өзі де көрінбей қалған. Алдары нағыз батбпақ дала. Жер ғаламшарындағы шөл даладан да аумайды. Тек әр жер, әр жерлерінде қылтиып өскен шөлге төзімді бұталар бар.
Көздеген аймаққа жақындаған бетте Дастан барлаушы шыны кемені аспаннан біреу ғаламшар бетіне қарй тастай салғандай күрт төмендетті. Мұндай кемемен ұшу мен қонуға әбден машықтанып алғандықтан мұндай мәнер ғарышкерлердің ешқайсысына да жаңалық емес. Осылайша «кеме құлағында ойнайды». Кей кеіде балалықтары ұстап, бұл кемелерімен аспанда қуаласпақ ойнап кететіндері де бар. Сөйтіп, бәрі барлаушы шыны кемелерін кең жазыққа қарай жылдам құлдилатып келе жатқанда Гүлболсын:
- Сапарлас достар! Барлаушы шыны кемелерімізді аспанға қарай жедел көтерейік! Ғаламшар бетінде бізге қауіп бар! Анықтап қараңдаршы, майда құмдарды жан-жағына шашырата шұбалаңдаған алып бірдеме жылдам жылжып кетіп барады! Құйрығы ұзын! Оның арандай ашылатын ауызына түссек,
61
біткеніміз! Енді аса сақ болуымыз керек! – деп хабарлады бейнебайнаыс арқылы.
Ғарышкерледің бәрі өзді өзді барлаушы шыны кемелерінің шынсы арқылы да, қарсы алдарындағы ұлғайтып көрсететін төрт қырлы экрандары рақылы да бақалуға көшкен. Расында да алып Кесіртке сияқты бірдеме. Ғарышкерлердің бойларын қорқышын сезімі билей бастады. Құмды жазық дала барлаушы шыны кемені қондыра салуға негіз жоқ енді. Дастан Гүлболсынның зеректігіне, байқағыштығына ішей ризаболды. Барлаушы шыны кемесінің бағытын кілт өзгертіп, қайта жоғары көтерді. Қалған кемедегілер де сөйтті. Тек ешкім ештеме дей алмады Гүлжанның ескертуінен кейін. Құм бетіндегі әлгі алып неме алаңсыз ғана өз жөнімен кетіп барады. Ауызы арандай ашылып кеткен. Не өлдегені, не құрғақ ауадан тынысының тарылғаны белгісіз.Әуеде бір топ құстардай болып ұшып жүрген бұлардың барлаушы шыны кемелеріне бас көтеріп те қарамайды. Енді барлаушы шыны кемелерін төмендетудің реті жоқ екені бәрбір ғарышкерге түсінікті еді. Құмды даланың иелері болса да өте сезімтал, көргіш, атылғыш келеді. Оны биолог Гүлболсын ғана емес, ғарышкерлердің бір де бала кездерінен жақсы біледі. Сондықтан артық-ауыз сөзсіз-ақ бәрі де бөтен табиғатты бар ынта-ықыластарымен бақылап-барлауға көшкен. Жер ғаламшарында да осындай кезеңде өздеріндей дәрежедегі адамдар өмір сүргенде, небір алыптардың өздері де айлаларын асыра алмай адам қолына түскен болар еді. Ал ол кезеңдегі адамдардың санасы төмен, қарау-саймандары қарапайым болды. Сондықтан ол кезеңдегі кез келген жартқыш адам өміріне қауіпті еді. Адамдар олардан қашып, тау жартастарындағы үңгірлрде өмір кешті. Ал ғарышкерлердің жайы мүлдем бөлек. Алып жыртқыштардан кез келген уақытта қашын құтыла алады. Қажет жағдайда оларға қарсы отты оқ та атады. Ғарышкерледің негізгі қорғаныстары қару жмұсау емес, дер кезінде қашып құтылу. Егер оларға қарай отты оқтарын бората берсе, соншама көп жыртқыштардың қайсысына жетпек. Мұнда Жердегі Қазақ еліндегідей қару-жарақ жасап шығаратын, олардың оқтарын жасайтын зауыттар жоқ. Сондықтан тапаншаларынан шығатын отты оқтарын тек аса қажет жағдайда ғана қолданады ғарышкерлер.
Бәрі аспанда комбинезондарының қанаттары, арқаларындағы айналдырғыштарымен ұшып келе жатқандықтан, төмендегі бар
62
табиғат көріністері көз алдарында болғандықтан дулығалрының маңдайшаларындағы экранды бейнебайланыс жүйелері арқылы сирек сөйлеседі бір бірімен. Әркім төменнен көргендеріне өзінше тұжырым жасайды. Қалай дегенде де, бұл ғаламшардың табиғатының Жер ғаламшарының ежелгі табиғатына ұқсайтын жерлері көп. Жануарлары өсімдіктері дүниесінде де ұқсастық жерлері толып жатыр. Бұл ғарышкерлер ойлаған ғажайып табиғи көріністерді жоққа шығармағандай еді. Биолог Гүлболсын: «Ғаламның қай жағында болмасын, тірішілікті ғаламшар кезіксе, олардағы тірішілік Жер ғаламшарынан көп өзгеше бола қоймас» деп жиі айтатын. Сол сөзі шындыққа айналды енді.
Мұндағы еркін алшаң басқан небір алып жыртқыштар мен алып құстар да Жер ғаламшарының ежелгі кезеңінде тірішілік еткен алыптарды көзге елестетеді. Сонда да сақтық керек. Егер ойланбай-толғнбай, сақтанбай, ғаламшар бетіне топ етіп қана кетер болса, қай қайсысы да қандай да бір алып жыртқыштың аузыгна дайын ас бола қалар еді. Бойларын билеген қорқыныш сезімдері де содан келіп туындаған. Сонда да ғарышкерлер өздерінің алға қойған мақсаттарынан, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бас тартар емес. Оған бар жан-тәндерімен берілген. Мұндай еңбектері ешқашан да өшпек емес. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын толық аяқтап, Жерге, Қазқ еліне оралғаннан кейін оның маңыздылығы арта түспек. Қазақ еліне ғана емес, күллі Жер ғаламшарының тұрғындарына үлкен жаңалық болмақ.
Бетпақ даланың аспанында біраз уақыт осылай айналып ұшып, біраз нәрселерді бақылап-барлап алғаннан кейін ғарышкерлер шамалы төмендеуді жөн санаған. Бірақ аса сақтық қажет. Дала қаншама кең болса да, ол иесіз емес. Жердегі бетпақ даладан басты айырмашылығы да осынысында болса керек. Бұған басты себеп, ғаламшардың жалпы ауа райының қоңыржайлылығы. Ал жануарлар мен құстардың, өсімдіктер әлеміне керегі жылылық. Жылы жерді көбі мекен етеді. Сондықтан мұндағы тірішілік те қым-қуыт. Ғарышкерлер аспандағы ұшу биіктіктерін азайтқан бойда бетпақ даладағы ірілі-ұсақты тірішілік иелерінің қимыл-қозғалыстары да жиілп кетті. Бастарын жоғар қаратып, ауыздарын арандай ашып, айбат еткен алып Кесіртке тәрізділер қаншама. Кейбір тірішілі иелері өздерінен сескеніп, жан сауғалай қашады келіп. Ғарышкерлерге олар қаншалықты тұрпайы, қорқынышты көрінсе, оларға да өздері аспаннда пайда болған
63
түсініксіз әлденелер болып байқалады. Бөтендік екі жаққа бірдей. Бұл ғарышкерлердің: «Егер осы ғаламшарда қандай да бір тірішілік иесі кезіге қалса, ол өзімізге тіке шабуыл жасайды» деген ойларын жоққа шығарғандай. Бәрі де осы сапарға аттанбай тұрғанда, Жер ғаламшарының адам аяғы сирек тиетін небір айматарда болып, осыған ұқсас көріністердің куәгерлері болған. Мына көріністер сонда көргендерінің біршмасын қайталап жатқандай.
- Болды, мұнан әрі төмендемейміз! – деді сәлден соң дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнбалйныс арқылы Дастан сапарлас достарына, - өте сақ ұшыңдар! Қателік жіберіп алмаңдар! Ғаламшар бетіндегі үлкенді-кішілі тірішілік иелерін бізден шошынды десек те, сақтықты ұмытпауымыз керек! Оның үстіне, бұларды Жер ғаламшарымыздағы өзімізге жақсы белгілі бауырымен жоғалаушылармен теңестіргенімізбен, қаншалықты қауіпті, зиянды екендерін білмейміз! Кім біледі, араларында қанаттылары да бар шығар?!
- Өте дұрыс айттың, Дастан! – деді оның бұл сөждерін қолдаған биолог Гүлболсын.
- Иә, мұндағылардан да бізге төнер қауіп-қатер аз емес ияқты, менің байқауымша, - деді Сәндіай да дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйесі арқылы, - төменге мұқият қараңдаршы, осы аймақта бір заманда үлкен көл суы шалқыған да сияқты! Ана жатқан үлкен-үлкен тақта тастардағы беттеріне мәңгілікке түсіп қалған өсімдіктер мен тірішілік иелерінің қаңқа сүйектерінің таңбалары да соның дәлелі емес пе?
- Дәл уақытында есімізге салдың, Сәндіай, - деді соның артынша Дастан, - олардың бәрін де анық етіп суретке, бейнеге түсіріп алайық.
Бәрі дулығаларының маңдайындағы көрінер-көрінбес көзге түсетін бейнетүсіргіштерін іске қосты. Бұл әрекеттерін сезгендей, төмендегі бетпақ далдағы ірілі-ұсақты тірішілік иелерінің қымыл-қозғалыстары ширай түсті. Бауырымен жорғалаушылар өздеріне тән дыбыстарын шығарып, бастарын жоғары көтере айбат шекті. Оны көрген ғарышкерлер өзді өзді барлаушы шыны кемелерінің ішінде отырса да сескене бастады. Жаңа ғана «Мұнда қа.аттылары да болып жүрмесін» дген ойлары да жүзеге аса қалғандай болды. Бірнеше алып Ұшатын кесіртке қос қанаттарын жайып жіберіп,
64
әуеге қарай қалықтап ұша жөнелді. Енді оларды бауырымен жорғалаушылар деп айтудың өзі де қиын еді. Арандай ашылған тісті ұзын тұмсықты ауыздары нені болса да қылғытып жұтып жіберуге дайын. Бұл әрекеттері ғарышкерлерді шошындыра түскен. Дастанның ұсынысымен бір кісілік барлаушы шыны кемелерін бір жерге шоғырландырып, кейін қарай бұрды бәрі. Бұл ұшуларын байқап қалғн әлгі Қанатты кесірткелер іздерінен ұшты. Аспандағы Жұлдыздың сәулесіне шағылысқан алып денелерінің жылтыр терілері мен тостағандай-тостағандай қарақат көздері анық байқалады.
- Сақтықтарыңды күшейтіңдер! Барлаушы шыны кемелеріңнің ұшу жыллдамдығын арттырыңдар! – деді Дастан дулығасының маңдайшасындағы экран бейнебайланыс арқылы.
- Түсіндік! Барлаушы шыны кемемізге жылдамдық қосудамыз! – деп жауап берді қалғандар.
Соның артынша күтпеген құбылыс болды. Соңдарынан зымырай ұшып келе жатқан әлгі алып Қанатты кесірткелер кеуделерінен біреу кері қаққандай кейіндеп қала берді. Енді біраздан соң аспанда ноқаттай қарайып-қарайп, көзден ғайып болды. Ғарышкерлер барлаушы шыны кемелерімен қаз-қатар ұшып келе жатқандықтан бір біріне кеменің шыны терезелері арқылы да көз салып қояды. Алып Қанатты кесірткелердің кенеттен кейін қалып кеткені қай қайсысының да жүрегіне қуаныш сезімін ұялатқандай. Қатты толқынстан бір біріне бейнебайланыс жүйесі арқылы тілдесуден де қалған. Өздерін бір қатерден құтқарған астырындағы барлаушы шыны кемелеріне де іштей риза бәрі. Бұл табиғатта қара күш емес, осындай техниканың айласының басым болатынына көздерін тағы бір жеткізген. Адам баласы осындай техниканы жасап, осындай айла көрсетпесе, алып Қанатты кесірткелер түгілі, кіп-ішкентай тірішілік иесінің өзінен де зардап шегер еді. Ақыл-айласының арқасында саналы адам баласы Жер ғаламшарындағы ең алып су жануары Киттің өзін де бағындырған. Ғарышкерлер мұны да естерінен шығарған емес.
«Жаңағы алып Қанатты кесірткелердің қуғынынан құтылдақ па?» деп, барлаушы шыны кемелерінң ұшу жылдамдықтарын азайтқан кезде, жұлдызаралық кемелерінің қонатын бөлігі, екі киіз үйлері мен жануарлар мен құстар тұрған тор-қоршау бар аңғар жақтан найзағай отының ойнаған көздеріне шалынды. Күннің
65
қатты күркірегені де барлаушы шыны кемелерінң ішіндегі сырт дыбыстарды қабылдағыш құралдары арқылы естіліп жатты. Енді сол орналасқан аңғарға оралудың жөні бар еді. Бұл қанша дегенмен де Жер ғаламшары емес. Дастан өздері қонатын бөлікпен қонған аңғарда қандай да бір дүлейлі құбылыстың болып жатқанын да іштей сезгендей болды. Барлаушы кемелер енді топтана ұшқан. Арақашықтық мың шақырым болса да, жылдам ұшатын барлаушы кемелеріне небәрі жарты сағаттық қана жол. Ғарышкерлер бұл уақыттың ішінде бір бірімен сөйлесіп те үлгермеген. Бар әңгіме кейінге қалдырылған. Қаізргі басты мақсаттары айнала дүниені көріп қалу, біліп алу, түйсіну, сіретке, бейнефильмге түсіріу. Ал бұл ғылыми мәліметтерін ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігімен қонатын кемені түйістіріп, ішіне еніп, орныққан соң асықпай отырып көрмек. Осындай үнсіздікте Дастан бейнебаланыс жүйесі арқылы Сұлтанғазыға:
- Аңғардағы қонатын бөліктегі биотұлғалармен байланысшы. Бәрі дұрыс па екен? Соны білші, - деді.
- Қазір. Байланысамын, - деді Сұлтанғазы.
Барлық барлаушы кемелердің ішінде тыныштық орнаған. Сұлтанғазыдаен жауап күтіп отыр өзді өзді барлаушы кемелерінде. Сұлтанғазы биотұлғалармен осының алдында да бейнебайланыс ұстамақ болған. Бірақ олардан жауап ала алмаған. Сапарлас достарын алдын ала алаңдатпауы үшін ештеме демеген. Қайтар жолда үндемей отырғанының бір себебі де сол болатын. Дастан айтқан соң биотұлғалармен бейнебайланыс ұстауға шындап кірісті. Әлі де жауап келер емес. Жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігіндегі бейнебайланыс жүйелері қандай ауа райында да кідіріссіз жұмыс жасауы тиісті еді. Ол жүйелер талай сынақтардан өткізілген. Сондықтан аспанда қанша найзағай ойнап, күн күркіресе де ол қалыпты жұмыс жасауы тиісті еді. Енді осылай болып тұр. Сұлтанғазы сонда да сапарлас достарын алаңдатпаудың жолын іздеді. Аңғардағы қонатын бөліктегі биотұлғаларға қайта-қайта бейнедабыл жіберді. Тағы да жауап жоқ. Барлаушы кеменің алдыңғы терезесінен қарағанда, аспанның аңғар тұсындағы бұлттар сейілгендей болды. Өздері барлаушы кемелерімен ұшып жеткенше, аңғар тұсының аспаны шайдай ашылып та кетпек.
66
Осыны түсінген ғарышкерлер барлаушы кемелерінің ұшуын жылдамдатып, аңғарға да жеткен. Бір келеңсіз жағдайдың болғаны рас екен. Аңғарда бейнебайланыс ұстайтын биотұлғалардың өздері түгілі, жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігі де жоқ. Тек екі киіз үй мен жаунарлар мен құстар бар тор қоршау өз орындарында. Қонатын кеменің өзі ғана үшті-күйлі жоғалған. «Қалай?», «Неге?» деген сұрақтарына қапелімде ешқайсысы да жауап таба алмады. Бұл көрініс «Бұл ғаламшарда саналы тірішілік иелері жоқ» деген ой-тұжырымдарын жоққа шығарғандай да еді. Өйткені, мұндай күрделі жүйелі қонатын бөлікті саналы адам баласы ғана алып кете алады. Ғарышкерлер не істерлерін білмей дағдарды. Барлаушы кемелерімен аңғар аспанында айналып ұша берді, ұша берді. Ғаламшар бетіне қондыруға сескенді. Үш барлаушы кемепдегі қыздардың көз шараларына ыстық жас үйірілген. Оны жігеттер барлаушы кемелерінің шынысы арқалы анық көріп отырды. Бұл қыздардың жыламасына қоймайтын көңілсіз жағдай еді. Жер ғаламшары түгілі Күн жүйесінің өзінен осыншама қашықтағы бір бөтен ғаламшарда қонатын кемеден айырылып, онда мәңгілікке қалу деген, көкейге сыймайтын қасірет еді. Бір кездері Ай бетіне қонатын кемемен қонған ғарышкерлердің сол қонатын кемемен алты сағат бойы қайта ұша алмай, қатты әбіржігендері бар еді. Енді өздері одан да өткен қасіретке ұшырады.
Бұл қасіреттерін естіп-біліп, көмекке келесі жұлдызаралық кемемен ғарышкерлер келгенше қай уақыт! Оған дейін алтауының сүйектері де қурап кетпек. Оны да ойламай қалған жоқ барлаушы кемелердегі алтауы. Не әрекет жасарларын білмей аңғар тұсындағы аспанда айналып ұшумен болды ғарышкерлер барлаушы кемелерімен. Басшы деген Дастанның өзі де енді бір батыл шешімге келе алар емес. Қалғандар болса да Дастаннан бір шешім күтуде. Енді ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кемемен негізгі бейнебайланыс та үзілген. Тек дулығаларының ішіндегі экранды бейнебаланыс жүйесімен қысқа-қысқа уақытқа ғана байланысып, жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінің ұшу биіктігін өзгерте алады. Оны ғаламшар бетіне қондырып, қайта ұшыра алмайды. Осының бәрін ой елегінен өткізген Дастан адам танымастай қатайып кетті. Мұндай жағдайда басшы әлсіздік танытса, қалғандары не болмақ. Сәлден соң үш қыздың көз жастарын көл етпеулерін өтінді де:
67
- Барлаушы кемелерімізбен екі киіз үйдің жанындағы алңға қонамыз! Мән-жайды сонан соң анықтаймыз! Ғарышкер екенімізді ұмытпайық! Жердегі, Қазақ еліміздегі үлкен-кішілер: «Аман барып, сау қайтыңдар!» деп ақ баталарын берген жоқ па? Мұндай жағдайда босағаннан пайда жоқ! Қатайу керек! Бұл жұлдызаралық сапар өз ниетімізбен, өз келлісімібен болған сапар! Сабыр сақтап, әрекетке көшейік! – деді дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйесі арқылы.
Басшының бұл сөзждері қалғандарға әрі басу әрі жігер болды. Қыздар көз жастарын тез тыйды. Барлаушы кемелерін Дастанның барлаушы кемесінің соңына тізе ұшты. Аспанда тағы бірнешерет айналып ұшқан соң алты барлаушы кемелерін аңғардағы екі киіз үйдің жанындағы алаңға қалықтата әкеліп қондырды.
68
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҒАЛАМШАР ҚОЖАЙЫНДАРЫ
Қауымдық әрекет
Ғарышкерлердің қонатын кеме із-түзсіз жоғалғаннан кейінгі күндері көңілсіз өтіп жатты. Қанша әрекеттер жаса да, қанша сергектенуге тырысса да, қонатын кеменің жайы белгісіз болған осң көңіл-күйлері көтерілмеді. Мұндағы таза ауа да, табиғаттың тамаша көріністері де енді көңілдерін жадырата алар емес. Осы кезге дейінгі емен-жарқын көңіл-күйлері қонатын кеменің амандығы мен Жерге, Қазақ еліне қайтуға деген үміттерінің барлығынан екен. Сол көңіл-күйлерімен алдын ала жоспарлаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тезірек бітіруге асығатын. Енді ондай асығыстықтың мәні де, мағынасы да жоқ сияқты қай қайсысына да. Асығып қайда бармақ? Көпке дейін бойларын жаза алмады.
Тек күнделікті тірішілік кестелерін бұзбаған. Түнгі сағат үште түн ұйқысына жатып, небәрі екі сағаттансоң, электронды сағаттары таңғы сағат бесті көрсетіп, қоңырауы безек қаққанда селт оянады. Сртқа шығады, таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынып, аспазшы биотұлғалар пісірген таңы астарын ішеді. Күндізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарына кіріседі. Әуелдегідей қарбалас-қарқынды жұмыс жасамайды. Қажет жағдайда бір мезгіл демалады. Сөйтіп күндер өте берген. Өткенде де әуелгідей емес, баяу ғана өтетін сияқты. Уақыт адам баласының әрекеттеріне сай иә жылдам, иә баяу өткендей болады. Адам қандай да бір іске қарбаласа кіріскенде, уақыт тез өте шыққандай болады. Ал ештеме жасамай, қол қусырып отырған, иә шәниіп жатқан адамға уақыт өтпейтіндей көрінеді. Сондықтан да дана Қазақ халқы: «Бақытты адам уақытқа қарамайды» дейді.
Ғарышкерлердің уақыттары да енді баяулағандай. Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген ынта-ықыластары азайған сайын, уақыттары да молая берген. Әуелдегідей айнала төңірекке жиі-жиі көз салып, қит еткен нәрсені таз суретке, бейнеге түсіріп, қарбаласып жүрген ешқайсысы жоқ. Бейнебір өздері енді бұл ғаламшардың уақытша меймандары емес, тұрақты тұрғындарына айналғандай. Іштей бір шүкіршілік ететіндері, ғаламшардың
69
тірішілікті екені, әйтпесе, енді шамалы уақыттардан соң қосымша алған оттегілері де, ішетін сулары мен азық-түліктері де таусылып, о дүниенің жұмағына аттанар еді. Ал мұнда адам организміне қажетітнің бәрі де бар. Өздерімен бірге ала келген жануарлар мен құстары да тоқ. Сондықтан ендігі басты әрекеттері – бұл ғаламшар бетінен қалай ұшып шығып, ғаламшар төңірегіндегі жұлдызарлық кеменің негізгі бөлігіне жетудің жолын іздеу.
Ғарышкерлер қанша батыл, батыр, мықты, қиындыққа төзімді болса да, қонатын кемеден айырлып қалғалы біршама түсіп те кетті. Күтпеген жерден осындай жағдайға душар болу, өмірлік жазаға тартылумен бірдей еді. Тағдырдың осындай тәлкегіне түсті бәрі де енді. Егер қонатын кеме бар болып, тек бір жер, мір жері ақуланған болса, оны жөндеудің реті табылар еді. Ал қонатын кемеден мүлдем айырылып қалу екі қол мен екі аяқтың жоқтығымен бірдей қасірет. Ғарышкерлер таңғы астарынан кейін сыртқа шығып, жасыл өсімдіктер мен хош иісті гүлдер жайқала өскен жерге дөңгелене отырып, қонатын кемелерін кімнің алып кеткені жөніндегі болжамды ойларын ортаға салған.
- Сонда ішіне алтауымыз еркін сиятын қонатын бөлікті көтеріп алып кететін саналы адамның соншалықты алып адам болғаны ма? – деп сұрау сала қарады сапарлас достарына Дастан.
- Менімше, ондай алып адамның бұл ғаламшарда болуы мүмкін емес, - деді Дастанға көз тастай қараған Гүлболсын, - егер мұнда ондай алып адамдар тірішілік еткен болса, олар бізге келген бетімізде-ақ шабуыл жасаған болар еді.
- Бәлкім, қандай да бір жұлдыз жүйесінен ұшатын беймәлім табақтар келген шығар? Ондайларға қонатын бөлігімізді көтеріп әкету түк те емес? – деп Рауан сапарлас достарының әбіржулі бет-әлпеттерін шолды көздерімен.
- Иә, көз жетпеген, құлақ естімеген нәрсе жөнінде түрлі болжам айтуға болады, - деп Дастан жеңіл күрсінді.
- Мен ештемені түсіне алар емеспін, - деді көз шарасына жас алған Құарлай сәл кемесеңдей сөйлеп, - біздің қонатын кемеміз кімге қажет болды екен? Әкеткен саналы адам баласы болса, бізбен неге тілдеспеген? Әлі күнге дейін хабарсыз. Әлде, бізді менсінбейтін біреулер ме?
- Бұл өзі ғаламшардың нағыз жұмбағы болды! – деп Сәндіай киіз үйдің сықырлауығынан сыртқа көз тастап қойды.
70
- Е, сапарлас достар, уйімге салына бермейк. Қонатын кемемізді іздейк. Бір қауым болып жұмылайық, - деді Дастан да сыртқа көз тігіп отырып.
Басшының осы сөзінен кейін бәрі әлдеқайда асыққан адамдардай отырған орындарынан ширақ тұрып-тұрып кетті. Аспазшы биотұлғалар дастархан үстіндегі астан босаған ыдыс-аяқтарды жинап, жуып-шайуға кірісті. Ғарышкерлер сыртқа шығып, жан-жақтарын барлады. Енді өздерінің бұл ғаламшардағы бөлек бір қауым екендерін де іштей сезіне басаған қай қайсысы да. Кетер кеме кетті. Енді барды сырт күштен қорғау, сақтау керек. Ғарышкерлер бір кісілік алты барлаушы кемелерінің өздерімен дін аман қалғанына да іштей шүкіршілік еткен енді. Тек бұл барлаушы кемелерімен ғаламшар төңірегіндегі өздерін күтіп айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне дейін ұшып шығып, оынмен түйісе алмайды. Барлаушы кемелердің бір де ондайға есептеліп жасалмаған. Айналдырғыштарының қуат күштері де таусылуға жақын. Қайта олармен ғарышкерлер ғаламшардың біршама аймағын шарлап ұшып келді. Мына жағдайдың боларын алдын ала білгенде, ешқайсысы да барлаушы кемесін соншама алыс сапарға ұшырмас еді. Енді сол өкініш қай-қайсысының да көкейінен шығар емес. Ойламасқа шаралары да жоқ. Адам баласы болған соң неге ойламасын.
Сыртта шыамалы уақыт тұрғаннан кейін ғарышкерлер жануарлар мен құстар бар тор-қоршаудың жайын тағы бір білуге көшті. Онда еш өзгеріс жоқ. Бәрі өз орнында. Егер жануарлар мен құстарда тіл болса, болған жайды келген беттерінде-ақ айтып берген болар еді. Кейбір тірішілік иелері адамнан да ұзақ тірішілік етеді. Бірақ одан тарихқа келер еш пайда жоқ. Олар көрген-білгендерін саналы адам баласы сияқты есінде сақтап, қағазға, бейнетаспаға жазып, соңына қалдыра алмайды. Көргендері тап мына оқиға сияқты құпия күйінде қалып жатады. Санасыз тірішілік иелерінің тілсіздігі адам баласының көп құпия-сырларды ашуларына мүмкіндік бермейді. Соның бір мысалы, осы оқиға болып отыр.
Ғарышкерлер тор қоршаудағы жаунарлар мен құстардың жайын білген соң оларды қадағалауға қалдырған биотұлғаларға көңіл аударған. Техинканың аты техника. Олардың кейбір ішкі микрожүйелері келген неменің ықпалынан істен шыққан. Сөйтіп,
71
ешқандай көріністі тіркемеген. Екі киіз үйдің ішіндегі автоматты-компьютерлі жүйелерде сондай күйге ұшыраан. Бұл биотұлғалар мен автоматты-компьютерлі жүйелердің өздеріне де толық сенім артға болмайтынын көрсетті. Олар белгілі мөлшердегі ток көзімен ғана дұрыс жұмыс жасайды. Ток көп болып кетсе де, азайып кетсе де іс-әрекеттері өзгереді. Ал мына биотұлғалар мүлдем істен шыққан. «Жығылғанға жұдырық» дегеннің кері келгендей ғарышкерлерге.
- Биотұлғалардан да, автоматты-компьютерлі жүйелерден де мақұрым болыппыз. Енді бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарына айналамыз, - деп күрсініп салды жануарлар мен құстар бар тор қоршауды мұқият қарап шыққан соң Құралай, - мына тамылжып тұрған табимғаттан да техникалық көмек жоқ бізге!
- Ал сонда, қонатын кемемізді әкеткендер қай дәрежедегі немелер болды екен? – деп сұрау сала қарады сапарлас достарына Сұлтанғазы.
- Олардың қандай немелер екенін біз қонатын кемемізді іздеп тапқан кезде ғана біле аламыз! –
- Бұл ойың дұрыс, Гүлболсын, - деді Рауан оған бұырала қарап, - ендігі басты мақсатымыз да қонатын кемемізді іздеп табу ғой. Салы суға кетпейік. Әрекет жасайық.
- Бері қараңдаршы, - деді сол кезде Дастан әлдене ойына түскендей кідіріп, - қонатын кемеміз жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың арғы жағындағы жазықта тұрды. Екі киіз үйіміз мұнда. Келген немелер неге бұларға тимеген? Менімше, келген неме саналы адам баласы емес. Ол аңар ішімен ұшып өткенде, түр-тұрпаты тұлпарға ұқсайтын қонатын кемемізді іле алып, анау биік тауға қарай тартқан!
- Бұл сөздеріңнің жаны бар, - деід оған Сұлтанғазы, - өйткені, қонатын кемеміз тұрған жерде не адамның, не басқа бір алып тірішілік иелерінің іздері жоқ. Сол да түсініксіз. Ең қиыны, енді Жер ғаламшарындағы Қазақ еліміздегі Байқоыңыр ғарыш айлағындағылармен бейнебайланысыз үзілді. Жақында ғана олардан бейнехабар алып , мәз болған едік. Олар енді бізді мүдем жоғалтып алатын болды...
Сұлтанғазының соңғы айтқан сөзі қыздар жағына батыңұқырап кетсе керек, үшеуінің де көздерінен мөлт-мөлт ыстық жас тамды. Бірақ «Жігіттерімізді босаңсытып алмайық»
72
деген оймен көз жастарын тез тыйуға тырысты. Жыласа да, жыламаса да, болар іс болды. Ендігі қалғаны осы ғаламшарда тірішілік әрекеттерін жалғастыру. Басқасы бірте-бірте бола бермек. Техникаларға да сенім жоқ. Олардың жұмыстары да белгілі мерзімге есептелген. Олар істен шыққан соң өздері бұл ғаламшардың алғашқы тұрғындарына айналмақ. Бұл ой ғарышкерлердің қай қайсысының да жүрегін сыздатқан. Күн өткен сайын өздерінің иесіз ғаламшарда оқшау қалғандарын сезіне де берген.
Ендігі алдарына қойған басты бір мақсаттары бір күнде тып-тыныш тұрған орнынан ізім-ғайым болған қонатын бөлікті іздеп табу. Оны бір сәтте ғаламшар бетінен көтере ұшырып әкеткендердің иә кімдер, иә нелер екені де белгісіз. Оларды іздеп тапқан күнде, қандай жағдай туындамақ. Ондай сәтте де тағы бір қатерге душар болулары да мүмкін. Сондықтан да енді әрбір қадамдарын кеңесе отырып басулары керек. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағылардан кеңес алатын бейнебайланыс жүйесі де жоқ енді. Тек ғаламшар төңірегіндегі айнала ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіндегі күрделі жүйелер ғана өздері алдын ала беріп кеткен тапсырыстары бойынша мүлтіксіз жұмыс жасай береді. Ол кемеге де енді қай қайсысы да ертегідегі ағаш бұтағындағы піскен Жүзімге жете алмай басын жоғары қаратып, көздерін жыпылықтатып, тілін жалақтатқан Түлкі тәрізденіп қарайды мына ғаламшар бетінен. Осылайша, ғарышкерлердің бәрі де бір күннің ішінде уақыт құдіретімен жоғары мәдени дамудан алғашқы қауымдық құрылысқа шегінгендей болды.
Дастан енді комбинезонының кеудесіне бекітілген кіп-ішкентай бейнетүрсгішіне тұлпар іспетті қонатын кеменің тұрған орнын анық етіп суретке, бейнеге түсіріп алды. Қалғандар да қарап қалған жоқ. Әркім өзінің мамандығы тұрғысынан зерттеу жүргізген. Байқап қараған адамға, қонатын бөлік тұрған ғаламшар бетінің аздап сарғайғаны да байқалады екен. Алғашқы сәтте қатты толқып, уәйімге батқандықтан көп нәрсені аңғармапты. Енді уақыт өткен сайын, естерін жиып, ақыл тоқтатқан сайын көп нәрсенің мәнін түсіне берген. Ғарышкерлер енді қонатын бөліктің орнында биік өскен өсімдіктерге де көңіл аудара бастады. Әдетте, өсімдіктердің жапырақты сабақтары соққан желдің бағытына қарсы бағытқа қарай құламайтын Ал келген алып қонатын бөлікті
73
іле көтере ұшқанда өсімдіктердің жапырақты сабақтары да сол бағытқа қарай жапырыла құлаған. Тек біршамасы ғана қайта бой түзеп үлгерген. Соған қарап ғарышкерлер: «Әлдеқандай бір алып адам тұлпар іспетті қонатын бөлікті қос қолымен жоғары көтере ұстап, өсімдіктерді жалпақ табандарымен жапыра жүріп өтті ме екен» деген ойға да келген.
Енді қалай ойласа да, нені ойласа да өз еріктері. Зерттеуге уақыттары мол. Бірақ уақыт мол екен деп, Құмырсқа қыбырға түсуге болмайды. Барлау-зерттеу әрекеттеріне шындап кріспесе, қонатын бөлікті іздеп таппаса, бұл ғаламшардағы өмірлері бос өтпек. Оны қай қайсысы да іштей сезінеді. Бірақ қанша данышпан болса да, не керектің бәрін ойлап тапса да, мынандай күйде тұрып енді ғаарышқа ұшып шығу еш мүмкін емес еді. Басқасының бәрі де болар-ау. Болмайтыны осы. Бұл әрбір ғарышкердің жан-дүниесін қозғаған. Әзірге бәрі де тұлпар іспетті қонатын бөлік ізім-ғайым болған орынды айналшақтай берген. Ештемеге сенбейтіндіктен бұл аңғардан ұзап шыға да алмақ емес ғарышкерлер. Бұл аңғардан енді ұзап кетсе, екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың да зым-зия болуы әбден мүмкін.
Осы оқиғадан кейін ғарышкерлердің бәрінде де бұл ортаға деген сенімсіздік сезімі пайда болған. Еш болмаса, қонатын бөліктен бірнеше бөлшектер қалсайшы. Ол да жоқ. Қандай құдіреті күшті неменің осылай еткені түсініксіз ешқайсысына да. Оны ойлай-ойлай бәрі де шаршай да бастаған. Қонатын бөлік тұрған жерді енді қанша қарап, қанша зерттесе де еш нәтиже шықпақ емес. Ғарышкерлердің мінез-құлықтары да өзгере берген. Өзгермей қайтсін. Мына бөтен ғаламшарда ғұмыр бойларына қалатын болса. Қыздар жағы жиі-жиі көз шараларына ыстық жас үйіреді. Жігіттер жағы қонатын бөлікті аңғарға қалдырып, ұзақ сапарға кеткендеріне қатты өкінеді. Тек енді қанша жыласа да, қанша өкінсе де, өздеріне қолұшын беретін жан баласы жоқ мұнда. Ендігі жасар әрекеттері өз еркітерінде.
Осындай өкінішті күндер жылжып өте берді. Күн өткен сайын алтауы да өздерінің енді осы ғаламшардың Жер ғаламшарындағы Қазқ елінен жұлдызарлық кемемен ұшып келіп, өмірлікке қалған иесіндей сезіне түсті. Енді не мәселені де тек өздері ақылдасып шешеді. Ақыл-кеңес сұрайтын Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағылармен болса да бейнебайланыс жоқ. Олармен
74
бейнебайланыс ұсталынбай қалған кездерде ғарышкерлер жұлдызаралық кемедегі мәлімет жүйелерінен, ғылыми, ғылыми-көпшілік кітаптар мен түрлі саланың энциклопедиялық кітаптарынан қосымша мәліметтер ала беретін. Ол кітаптардың бәрі де ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің ішінде қалды. Түрлі көріністер жазылған бейнетаспалар да сонда.
Ғарышкерлер осылардың бәрін ойлағандарымен, тыным тапқан жоқ. Қонатын бөлік, екі киіз үй мен жануарлар мен құстар тұрған тор қоршаудың айналасын мұқият қараумен, суретке, бейнеге түсіріп алумен болды бейнетүсіргіштеріне. Соның нәтижесінде, қонатын бөлікті алып адам емес, қандай да бір ұшатын алыптың ұшып өтіп бара жатып, іліп алып кеткені белгілі болды. Адам баласы осындай бір қиын жағдайға ұшырағанда ерекше сергектеніп кетеді. Ғарышкерлер де солай шираған. Өзін көрмесе де, қонатын бөлікті іле алып кеткен ұшатын алып немені көз алдарына елестетіп те қояды. Сол әрекет көз алдарында қайталанып жатқандай да болады. Енді қалай ойласа да, көз алдарына қалай елестетсе де, оны табуға тура келеді. Қонатын бөлікпен ғаламшардың осы аңғарына алғаш қонған кезде бейнебір тып-тыныш дүниедей көрінген еді. Әрбір тірішілік иесі өзінше тірішілігін кешіп жатқан. Өздеріне де, қонатын бөлік, екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор қоршауға тиәспейтіндей көрінген. Оларға ұстаған азығы мен жемін жеп, тыныш ұйқтағаннан басқа ештеменің де керегі жоқтай сезілетін.
Бұл жарық та жылы дүниеде саналы адам баласы ғана тынышсыз. Адам өзіне ұлы Жаратушы сыйлаған қабілетімен қалмайды. Қосымша күш жасайды. Қозғалысын жылдамдататын техникалар ойлап табады. Ғарышкерлердің сонау Күн жүйесіундегі Жер ғаламшарындағы Қазақ елінен жұлдызаралық кемемен осында ұшып келуі сол әрекеттерінің нәтижесі. Ал мына ғаламшарды жайлап, мәңгілік қожайындарындай маң-маң басып жүрген небір алып жануарлар мен аспанда ұша алатын алып кесірткелер және тағы басқалар техника жасау, онымен өзге жұлдызды жүйедегі бір ғаламшарға сапар шегу дегенді біле ме, тәйірі? Әрине, жоқ. Тек ендігі өкініштісі, ғарышкерлер өздерін ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне жете алмақ емес. Бар техникалары ізім-ғайым болды. Қолдары кесіді, үміттері үзілді. Енді ондай қонатын бөлікті жасай алмайды
75
мынандай саналы адам баласынсыз ғаламшар табиғатында. Ғарышкерлердің мысын басатын басты нәрсе де осы.
Бірақ саналы адам баласы болған соң ешқайсысы да «Болдық», «Біттік» деп, қол қусырып отыра бермек емес. Ғарышкерледің қай қайсысы да осы оқиғадан кейін ерекше қатайып, ширап кеткен. Көп есеге есейген. Бір біріне деген достық сезімдері де еселеніп, қай нәрсені де бірге ақылдасып шешетін дәржеге жеткен. Өйткені, ендігі бар әрекеттер өздеріне жүктелген. Әсіресе, құрам басшысы Дастанның сапарлас достары алдындағы азаматтық жауапкершілігі арта түскен. Ол енді жұлдызаралық кемедегі құрамның емес, бір қауымның басшысына айналды да. Бәрі қонатын бөліктің, екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың айналасын әьден бақылап-зерттеп болған соң жігіттер тұратын киіз үйге кіріп, ондағы дөңгелек үстел жанындағы орындықтарға отырып, алдағы жоспарларын жасады. Қонатын бөлікті іздеуге шығатын болып шешті. Ал бұл кезде Жұлдыз төбе тұстан ауып, батыс көкжиекке таяды. Ғарышкерлер кешкі астарын ішкеннен кейін түн тыныштығында жұлдызды әлемге бақылау-зерттеу жұмыстарын жалғастыруға дайындалды.
Қиын қияларда
Келер таңды да аз ұйқымен өткізген ғарышкерлер ширақ қозғалды. Жігіттер өз киіз үйлеріне, қыздар өз киіз үйлерінен сыртқа шығып, шамалы серуен жасады. Одан соң қаз-қатар тұра қалып, белгілі таңғы дене жаттығуларымен айналысты. Салқын сумен жуынып-шайынып, қыздар тұратын киіз үйдегі асханаға келген. «Ас – адамның арқауы» дейді дана қазақ халқы. Адам баласы қай сініде де ас ішуін ұмытпайды. Ғарышкерлер де кей дөңгелек дастархан төңірегіндегі орындықтарына отырып, аспазшы биотұлғалар пісірген таңғы астарынан алды. Соның барысында ара-тұра әңгімелесіп, қонатын бөлікті іле алып кеткен алыпты іздеп табудың жолын ойластырды. Әуелі аңғар маңындағы биік таудың шатқал-шатқалдарын шарлап шықпақ. Астарын ішіп болған бойда сол жоспарларын орындауға кіріскен. Өздері ұзақ сапарға ұшып барып келген бір кісілік алты барлаушы кемені екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың төңірегіне айналдыра орналастырды. Ол кемелердегі арнайы жүйелер оларға қандай да бір қауіп-қатер төнгенде бастарындағы
76
дулығаларының маңдайшаларындағы бейнебайланыс жүйелеріне дабыл бермек.
Алыстан көз тартқан тау биік әрі көп шатқалды екен. Алғашында ғарышкерлер оны алыстан бақылаумен ғ шектелген. «Дәм-тұз тартты» деген осы екен. Егер қонатын бөлік ізім-ғайым болмағанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтаған бойда онымен ұшып шығып, ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігімен түйістіріп, Күн жүйесіне қарай тартып кеткен болар еді. Онда өздерінен асқан бақытты жандар болмақ та емес-ті. Бұл дүниеге адам пендеге бақытсыздық күтпеген жерден келеді. Ғалмшар бетінде тып-тыныш тұған қонатын бөлік бір күнде ізім-ғайым болды да, өздері осындай бақытсыздыққа ұшырады. Енді ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кемемен түйісетін ғарыш кемесін жасау еш мүмкін емес, мынандай саналы адамсыз табиғат аясында. Ондай ғарыш кемесін құрастыру үшін қаншама заттар мен құрал-жабыдқтар қажет. Өздерін ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне дейін алып ұшып жеткізбек түгілі, мына көк аспада жеңіл ұшатын бір кісілік қалықтаманы жасау мүмкін емес. Сондықтан ғарышкерлердің ендігі басты мақсаттары ізім-ғайым болған қонатын бөлікті қалй дегенде де іздеп табу болды. Бұл мақсат қай қайсысының да жігеріне жігер қосты.
Ғарышкерлер тау жартастарының біріндегі алыстан қарайып, үңірейіп көрінген үлкен үңірге қарай ширақ жүрді. Өздері орналасқан аңғар ішіндегі екі киіз үй, жануарлар мен құстар бар тор қоршгау, оларды қоршай тұрған бір кісілік барлаушы кемелер бірте-бірте кішіріейгендей болып, төменде қала берді. Ғарышкерлер негізінен жан-жақтарын жиі-жиі барлай қарап, бір бірімен сирек сөйлесіп келеді. Аяқтарында «Жүрдек етік. Енді не бардың бәрін де үнемдей пайдаланулары керек. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» де беталды іске қоса бермейді. Өмірлеріне кұтпеген бір алып немеден қауіп төнгенде, қуа жөнелгенде осы «Жүрдек етікпен» ұстатпай кетпек. Ал тыныш кезде тау басына қарай аптығып, ентігіп, жас жүректеріне артық күш түсірудің қажеті жоқ. Өйткені, ізім-ғайым жоғалған қонатын бөліктің осы тау басы мен шатқалдарының бірінен табыла қойуы неғайбыл. Осындай ойлармен ғарышкерлер тау басына қарай бяау бысып, өрлеп келеді. Биіктеген сайын айнала төңіректің көріну аясы да кеңейе берген. Олардың ішінде аз ғана уақыттың ішінде өздеріне
77
тауылған жерлеріндей ыстық бола бастаған аңғар мен ондағы екі киіз үй, жануарлар мен құстар бар тор қоршау мен оларды қоршай тұрған бір кісілік барлаушы кемелері ерекше көз тартады. Енді қайда жүрсе де, қайта айналып баратын жерлері де, демалып, астарын ішіп, түн ұйқыларын өткізетін жердері де сол. Басқа барар жерлері де, басар таулары да жоқ енді.
- Мен мына ғаламшарда біржолата қалатынымызға еш сенгім келмейді, - деді Гүлбосын сәл кідіре, демін баса, айналаға көз салып тұрып.
- Ой, кімнің қалғысы келеді дейсің бұл бөтен ғаламшарда өмірлікке? – деп Құралай да демін баса сөйлеген.
- Шіркін-ай, алтауымыз сыятын шағын ғарыш кемесі болса ғой, ғаламшар төңірегіндеі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігімен түйістіріп, Күн жүйемізге қарай жөнеп кетер едік! – деп Сәндіай да күрсінді.
Жігіттер жағы бұл қысқа кідірісте үнсіз тұрып қалған. Үш қыздың бұл арман-тілектерін естіп тұрса да, ештеме айта алмады. Қыздар жағы тау басына қарай мүлдем үнсіз көтеріле бергеннен гөрі ара-тұра кідіргенде осындай ойларын айтып қойғанды жөн санаған. Дегенмен, Дастан үнсіз қала алмады. Айнала төңірекке ойлана қарап тұрып:
- Ізім-ғайым жоғалған қонатын бөлігімізді бар күш-жігерімізді сарқысақ та тбауымыз керек! Енді бізге оны сарыла іздеуден маңызды ісімз де жоқ! Оны таппай, оның бүлінген жерлерін оңдамай, ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне ешқашан да ұшып жете алмаймыз! Сондықтан күш-қуаттарыңды жинақтаңдар! –деді қатая сөйлеп.
- Табамыз! Қалай дегенде де табамыз оны! – деп жігерлене сөйледі Рауан, - оның аспанға ұшып кетпегені анық! !
- Әрине, аспанға ұшып кеткен жоқ ол! Ана көз ұшындағы үлкен үңгір ішінен табылмаса, ғаламшардың басқа жерлерінен табылар! Бәлкім, осы биік таудың біздің көзімізге әзірі шалынбаған көп шатқалдарының бірінде жатқан шығар? - деп үміт оята түсті байланысшы Сұлтанғазы.
Бұл айтылған сөздер қай қайсысына да жігер қосты. Жоғары қараған қай қайсысының көз алдына да ізім-ғайым жоғалған қонатын бөлік Жұлдыз сәулесіне шағылысып, көз тартып жатқандай елестеп те кетті. Көңіл-күй көтерілсе, адамның бойындағы күш-қуаты да селене түседі. Ғарышкерлер сондай
78
көңіл-күйде тау басына қарай өрлей берді. Бәрінің де көздегендері биік шың. Оның биіктігі, өздерінің шамалауларынша, теңіз деңгейінен төрт шақырым келеді. Ол Жұлдыз сәулесіне шағылысып айшықтана көрінеді. Енді ешқайсысының да төмен қарай түсуге ықыласы жоқ. Төмен түссе, бастарына қауып-қатер төне кететіндей көрінеді енді. Ешқайсысы да сөйлемейді. Тек анда-санда айнала төңірекке көз жіберіп, кейбір қызықты көріністерге жымиып алады бәрі. Дастан да үнсіз. Ол ешқайсысына «Сен сөйлеме», «Сен күлме» деп шектеу жасаған жоқ ешқайсысына да. Ең бастысы, көздеген биіктеріне жету. Жетіп алған соң айнала төңіректі жақсылап бақыламақ.
Төмендегі аңғар ішінде жүргенде аса биік емес, шығуға оп-оңай көрінген таудың беткейі көтерілген сайын күрделене түскен. Алғашында ғарышкерлердің бәрі де тау басына ешбір тас пен бұтаны айналмай-ақ басына тіке шығып кетеміз деп ойлаған. Енді аяқ басар жер іздеп, ана тасты да, мына бұтаны да айналып өтеді. Ентіккендері де жиілей берген. Ол адамның денсаулығының төмендігінен емес, жоғарылаған сайын адам организміне қажетті оттегінің жеткіліксіздігінен еді. Бұл ғарышкерлердің қай қайсысына да әуелден жақсы белгілі нәрсе. Сондықтан қазіргі жағдайдағы ентігулері мен көңіл-күйлерінің ерекше көтеріліп кеткендеріне ешқайсысы да көңіл аударған жоқ. Реті келген, өтуға, өрлеуге болатын жерлерімен келеді. Егер Жер ғаламшарындағы тауға өрлегендегідей үстеріне жеңіл киім киген болса, бәлкім, өрлеу әлдеқайда жеңіл болар ма еді. Үстерінде бір сәтке де шешуге болмайтын қанатты, айналдырғышты комбинезондары, қосымша арқалаған оттегі ыдыстары бар. Жалпы, ғаламшарда оттегі жеткілікті болса да, ғарышкерлер мына жұмбақ оқиғадан кейін ештемеге де сенбей қалған. Оттегі осы таудағы жартастардың біріндегі үңгірлерге кіре қалған жағдайда да қажет. Үңгір іші қараңғы келетіндіктен жарық жанатын қолшам да алған. Осының бәрі де биікке көтерілген сайын салмақ бола түскен. Сонда да ешқайсысы оған реніш білдірген жоқ. «Керекті тастың ауырлығы жоқ» демей ме, дана қазақ. Бұл нақыл сөз ғарышкерлердің қай қайсысының да есінде. Алған заттарының бірі де артық зат емес, бәрі де өз кезегінде қажет болатын заттар.
- Міне, сапарлас достар, көздеп келе жатқан үлкен үңгірге де жақындап қалдық, - деді сәл кідіріп, алқынысын басқан соң Дастан.
79
- Әл қайда?! - деді ол үңгірге екі көзжінің үстін сол қолы алақанының қырымен көлегейлеп солай қараған Гүлболсын, - көзге жақын сияқөтанып көріне береді. Жердегі Қазақ еліміздегі биік таулардың басындағы осыған ұқсас үңгірге шыққанда көргенбіз ғой осындайын. Шынымды айтсам, мен шаршадым, сапарлас достар. Кішкене аяқ бассақ қайтеді? Көздеп бара жатқан қара үңгірдің ішінде не барын да білмейміз. Одан да сонау жазық жерлерден іздегеніміз жөн болар еді.
- Биолог екенің көрініп тұр, сенің, Гүлблолсын! – деді оған Сұтанғазы қадала қарап тұрып, - түсінемін. Саған мынандай тау мен жартас қызық емес. Одан да жазық жерден неше түрлі өмімдіктер мен хош иісті гүлдерді тергенді қалайсың.
- Қойшы, Сұлтағазы, мен шынымен шаршап қалдым! - деді биолог.
- Мен де шаршадым! – деп Сәндіай да кідіріп тұрып қалды.
- Онда кішкене дамылдайық! – деп Рауан үлкендеу бір қой тастың үстіне отыра кетті.
- Рауан, мұндай ет қызуы кезінде отыруға болмайды! – деді сол замат Дастан оған оң қолын созып, - кел, тұр. Шамалы уақытқа ғана кідіреміз де алға қарай тартамыз.
Бәрі солай жасады. Шамылдан соң бәрі ілгері қарай көтеріле берді. Бір иектен асқанда таудың биік жартасының төменгі жағынан көздеп келе жатқан үңгірдің кірер аузының өте үлкен екеніне көздерін жеткізді ғарышкерлер. Тек оған дейін әлі де біраз жер бар. Ғарышкерлердің басты мақсаттары үңгірдің іші-сыртын спелелогтар сияқты зерттеу емес, ізім-ғайым жоғалған қонатын бөліктің оның ішінде бар-жоғын анықтау ғана. Оған қарай тағы біраз жүрген соң Дастан жалпақтау бір тастың үстіне шығып, мойнына ілген дүрбісін қос қоылмен қыса ұстап, үңгірге қадалды. Алғашында Дастан: «Үңгірдің ішінде әлдеқандай қарйған бірдеме жатыр ма?» деп ойлап қалған еді. Жоқ, керісінше, үсті алабажақ алып бірдеме шалынды көздеріне. Иә үлкен тас, иә беті қара дақты үлкен жұмыртқа сияқты. Не болғанд да оған тіке бара салу қауіпті. Сондықтан Дастан дүрбісін көз алдына былай алып, сапарлас достарына:
- Ана үңгірдің ішінде әлдене жатыр. Бірақ ол біздің қонатын бөлігімізге ұқсамйды. Оны ол үңгірге кім апара қойсын. Одан да жаңа Гүлболсын айтқан ана жазыққа қарай түсейік! – деп, өзі бастап солай қарай жүре берді.
80
Осы кезде айналаға мұқият кө жіберген Сәндіай әлденені байқап, оған көздерінің алдын оң қолы алақанының қырымен көлегейлей қарады да:
- сапарлас достар, қараңдаршы, ана бір сай ішінде алып бірдеме жатыр! – деп дауыстап қалды.
- Қйыңдаршы, не болса соны қонатын бөлігімізге ұқсата бермей! – деді ол жаққа қарағысы келмеген Гүлболсын.
- Жоқ,қараңдаршы! – деді Сәндіай тағы да.
- Расында да алып бірдеме жатыр! – деп Сәндіайдың сөзін Құарлай қолдады.
- Бұл біз жоғалтқан қонатын бөлік емес, менімше, Айдаһар балық деп аталатын балыққа ұқұсаған біреме! – деп Гүлболсын да оған көңіл аудара бастады, - тек оның Айдаһар балықтан көп айрмасы бар. Өте үлкен. Екі бүйірінде екі қанаты бар. Сонда мұның не болғаны, Ұшатын айдаһар болғаны ма?
- Қорқытпашы, қайдағыны айтып, - деді енді одан іштей сезіктене бастаған Сәндіай Гүлболсынға жалт қарап.
- Е-е, өзі алып болса, екі қанаты болса, оны әуе кемесі етіп ұшамыз да! – деп Рауан мәз бола күлді.
Дастан үндеместен дүрбісін соған бұрды. Үлкен сай ішінде қандай да бір алып қанатты құбыжықтың сүйек қаңқасы жатыр. Жақсы сақталған. Тек сырт терісі жоқ. Ауызы қатты ашылған. Жақтарындағы тізген майда ақ тастардай анық көрінеді. Белі бір бұралған. Екі қанатының қаңқасы екі жағына қарай жайылып жатыр. Оны Дастанның дүрбісімен қалғандарп да бір-бір қарап шықты. Содан соң Гүлболсын биолог ретінде ол жөніндегі тұжырымын балй деп айтты.
- Бұл Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасы. Қазақ ертегілері мен аңыздарында айтылатын Қанатты айдаһардың нағыз өзі!
Онда не күтіп тұрмыз, жақын барып, анықтап көріп, суретке, бейнеге түсіріп алайық та? – деп сапарлас достарына сұра сала қарады Сұлтанғазы.
- Сол үшін сонша тереңге түсеміз бе? Оның суреті мен бейнесін осы жерден-ақ бейнетүсіргіштерімізбен жақындап түсіріп ала салмаймыз ба? – деді Құралай шаршап тұрғанын сездіре. – біздің басты мақсатымыз да көрінгенді бақылап-зерттеу емес, қонатын бөлікті табу емес пе?
81
- Қанша дегенмен жанына барып анықтап көргенге не жетсін! - деді одан көз алмай тұрған Гүлболсын, анықтап көруге деген ынтасын жасыра алмай.
Бұл көздерді тыңдап алған Дастан жеңіл күрсінді де, айналаға тағы бір байыппен қарап алып, Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасын жақыннан көруге келісімін берді. Ғарышкерлер енді сайға қарай жылдам төмендеді. Жоғарыдан қарағанда жап-жақын сияқтанып көрінген сай талай жерде екен.алдарынан қиын қиялар да кезікті. Тау әлемінің осындай алдашыл көріністерінің болатынын ғарышкерледің қай қайсысы да әуелден жақсы біледі. Сондықтан алдарынан кездескен қиын жерлерге реніштерін білдірген жоқ ешқайсысы да. Осы ғаламшарда өмірлікке қалатындай сезінсе де, ешқайсысы да оған іштей сенер емес. «Қалай болғанда да қонатын бөлікті тауып, оны жөндеп, онымен ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігміне ұшып жетіп, түйістіріп, Күн жүйесіне қарай қайтуымыз керек» деген ұран қай қайсысының да көкейінде бар. Тек амандық пен уақыт керек. Адам баласы аспанда құс сияқты ұшуды қаншама ғасырлар бойы армандады. Ол арманын жүзеге асыру үшін қаншама уақыт жұмсады. Ғарышкерлер осының бәрін де ой елегінен өткізген. Дегенмен де, Гүлболсынның айтқан сөздерінің де жаны бар еді.Дегенмен де, Гүлболсынның айтқан сөздерінің де жаны бар еді. Талмай іздену керек, білім алу керек. Әлі бұл ғаламшардың ашылмай жатқан сырлары жетерлік. Оның бәрін зерттеп білуге тіпті, өздерінің ғұмырлары да жетпес еді. Енді тағдыр басқа салған осң бәріне де төзуіге, әреекет жасауларына тіра келген.
Тау басынан біраз жерге дейін төмендеген соң қиын қия артта қалды. Алдарынан әлденелер жүрген соқпақ та шықты. Ғарышкерлер соған түсті. Ол соқпаққа енді өздерінің «Жүрдек етіктерінің» іздері де түсіп қалып жатыр. Тау етегіне жеткенде қалың әрі биік өскен өсімдіктер әлемі басталды. Әлгі биіктен көрген Ұшатын айдаһардың сүйек қаңқасы сол қалың өсімдіктерді жапыра басып жатыр. Кейбір өсімдіктер оның сүйек қаңқасының ара-арасынан тік өскен. Бейнебір оның құрап, жоқ болып кеткен терісін қайта тұтастырғысы келгендей. Ғарышкерлер жағындаған сайын оның денесінің алыптығы да айқындала түсті. Арандай ашылып қалған аузынан көрінген өңшеі тап бір үлкен құбыр сияқты. Ақ түсті тістерінің өздері де жерге қаз-қатар қағылып-
82
қағылып қойған қазықтардай ұзын-ұзын. Ғарышкерлер жеткен бойда кілт тоқтап, айнала төңіректерін көздерімен шолып шықты. Өздері «Қанатты айдаһар» деп ат қойып алған қанатты құбыжықтың түр-тұрпаты расында да адам баласы шошырлықтай. Өңешінің кеңдігі сондай, оған еңбектей кіріп, құйрығынан бір-ақ шығуға боладыекен. Егер тірі болса, осылай жақындаған бойда өздерін оп-оңай қылғытып-қылғытып жібермек. Екі үлкен көздерінің сүйек тесіктері Атжалмандардың індеріндей үлкен-үлкен. Екі бүйірінен екі жаққа қарай жайыла жатқан екі қанаты да кеуіп қалған.
- Мынаның алып денесімен салыстырғанда біздің ізі-ғайым жоғалған қонатын бөлігіміз ештеме де емес екен ғой өзі! – деп Дастан оның бар денесін айнала жүріп қарап шықты.
- Расында да солай екен! – деп Рауан оның арқа тұсына көз салды.
- Арқа жоны да жалпақ екен! – деп Сұлтанғазы оң қолын жоғары көтеріп қойды.
Соның өзінде де оң қолының саусақтарының ұштары алыптың арқа жонына әрең жетті. Егер осы қонатын бөлік болса, ішінде алтауы да емін-еркін жүре алар еді. Ал өздері мұхит суы әлеміндегі бір жеке аралда қалып, осы алып Қанатты айдаһар кезіккен болса, онда мына қаңқасының ашық жерлерін әлденемен бекітіп, үп-үлкен теңіз кемесіне айналдырып ала алады екен. Ал мына жағдайда бұл Қанатты айдаһардың қаңқасының еш пайдасы жоқ. Оны қай қайсысы да іштей түсініп тұр. Биолог болған соң тыныш қала алсын ба, Гүлболсын екі қолына арнайы қолғаптарын киіп алып, Қанатты айдаһардың дене қаңқасын оң қолымен сипап-сипап қойып, сәл кейін шегініп, дулығасының маңдайына бекітілген бейнетүсргісшіне түсіріп-түсіріп алды. Қалғандар да қарап қалған жоқ. Қанатты айдаһардың денесінің барлық жерлерін көруде. Алыптың дене-тұрқы ұзын. Ішіне салса, көп нәрсе сыяды. Тек енді мұның бұл сүйек қаңқасынан еш пайда жоқ. Қанатты айдаһар қандай да бір себеппен әлдеқашан мерт болған. Одан бері өткен уақыт ішінде Жұлдыздың ыстық сәулесі мен әркез соққан жылы желден терісі кеуіп, құрғап, сылынып-сылынып түсіп қалған. Терісінің қатырланып, сынып-сынып, бөлініп-бөлініп кеткен қалдықтары айнала төңірегінде шашылып жатыр. Ол тері қалдықтанрына қарап Қанатты айдаһардың түсінің қандай болғанын да аңғарды ғарышкерлер.
83
Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасын асықпай әбден көріп, суретке, бейнеге түсіріп алған соң ғарышкерлер аңғардағы киіз үйлеріне қайтуды ұйғарды. Жұлдыз тас төбеде қаншама шақырайып, ыстық сәулесін төгіп тұрса да, тау басына көтеріліп, көп күштерін жоғалтқандықтан жүректері де сазды. Өздерімен бірге ала шыққан азық-түліктері де таусылуға жақын қалған. Енді асқазанның жайын да ойлаулыра керек. Ғарышкерлер Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасына тағы бір қарап алып, оның бқл тауда жалғыз болмағанын, ұрпақтарының болуы керектігін ойлап, аңғарға қарай жүрді. Алыстап бара жатса да, Гүлболсын мен Сәндіай Қанатты айдаһардың сүйек қағқасына жиі-жиі бұрылып қарайды. Ол мәңгілік тыныштығында. Бір сайдың ішін бойлап жатыр. «Шамасы, салқын жерді ұнататын болуы керек. Әйтпесе, тау басынан ұшып келіп, сай ішін бойлай құлай ма?» деп бір ойлап қойды іштей Дастан. Қызықтауын қызықтап, зерттеуін зерттеп алса да, қыздарға оның терісінің өзі де қауіптідей көрініп кетті. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қосып, жүрістерін жылдамдата түскен. Аңғар іші тыныш, киіз үйлері, жануарлар мен құстар бар тор қоршау аман екен. Оның өзі де ғарышкерлерге үлкен демеу еді. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағылардан алған тапсырмалары бойынша, бұл ғаламшарда небәрі он тәуілік қана болулары керек еді. Енді ол мерзімдері белгісіз уақытқа ұзармақ. Сондықтан да ғарышкерлер енді жануарлар мен құстарының жайын да ойлай бастаған. Оолардың дін-аман тұрғандары да жасқы өздеріне. Оларды жақсылап қарап, көбейтулеріне тура келеді енді. Оны да ойлаған ғарышкерлер.
Жаңа қоныс
Тау баурайындағы сай ішінде жатқан алып Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасын көріп келгеннен кейін неше-қилы ойға бастақан ғарышкерлер бұл аңғардан қоныс аударыды ұйғарған. Енді мынандай ортада өздеріне де, жануарлар мен құстарға да қауіптің қай жақтан келе қалары белгісіз еді. Сүйек қаңқасын көріп келген алып Қанатты айдаһардың тірісі ұшып келе қалса, өздерін де, жануарлар мен құстарды да оп-оңай жұта салады. Ендігі баспаналары да, асханалары да болып қалған екі киіз үйден айырылмау тағы қажет. Осыны ойлағанымен,
84
ғарышкерлер жұлдызаралық кемелерінің қонатын бөлігінің ізім-ғайым болуын алып Қанатты айдаһармен байлайстырғылары келмеген. Егер ондай құбыжық жұтып ала ұшып кеткен болса, ол ұзақ тірішілік ете алмас еді. Қонатын бөлікте шағын болсада ядролық айналдырғыштар бар. Олардан Қанатты айдаһардың организмінің ішкі дүниесі бүлінеді. Сөйтіп мәңгілікке көз жұмбақ. Оның үстіне, тауыдң баурайындағы сайдан табылған алып Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасы ішенен қонатын бөлік түгілі, оның бөлшектері де табылған жоқ. Құпия барымта құпия барымта күйінде қалды. Бұл аңғардан басқа жаққа қоныс аударуға деген екінші себеп содан туындаған.
Бүгін де бозарған ақ таңды қысқа ұйқыларынан кейін қарсы алған ғарышкерлер әдеттегілерінше сыртта таңғы жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынып, таңғы астарын ішкен соң биотұлғаларға екі кміз үйді де жығуды тапсырған. Киіз үйлерді екеуі деп те, көп деп те айта береді өздері. Әрбір киіз үйдің ішкі жағы жұмыс бөлмесі, жатын бөломе, демалыс бөлмесі, ғылыми-зенрттеу зертханасы делінетін бірнеше бөлімдерден тұрады. Ол бөлімдерді қалай өзгертеміз десе де өз еріктері. Осының бәрі жиынтықталып келіп, үлкен-үлкен екі киіз үйді құрайды. Ішкі бөлімдері тек үстінен қараған адамға ғана байқалады. Осыған байланысты ғарышкерлер киіз үйлерін көп жағдайда екі киіз үйі емес, көп киіз үй деп атайды. Тапсырыс алған бойда биотұлғалар киіз үйлерді белсене жинап жатыр. Киіз үйлердің керегелері, уықтары мен шаңырақтары өт жеңіл әрі ыстық пен суыққа төзімді етіліп жасалынған. Қажет жағдайда киіз үйлердің ол керегелерін, уықтары мепн шаңырағын ғарышкерлердің кез келгені оп-оңай көтеріп, басқа жаққа көшіре де алады. Оған бұл ғаламшардың тартылыс өрісінің Жер ғаламшарының тартылыс өрісінен аздау келетіні де көмек.
Таңдаған жаңа қоныстары өздері екі рет і болған қалың орман еді. Оның ішінде «Ит тұмсығы өтпейді» деуге келетін ағаштары тығыз өскен тұстары бар. Орман ағаштарының ішінде Жердегі, Қазақ еліндегі орман ағаштарына ұқсайтындары да аз емес. Ең бастысы, жаз бойы қосымша азық ететін Жабайы алма, Жабайы алмұрт,Нан ағаштарына, Сүт ағаштарына, Кокос ағаштанрына ұқсайтын жеміс ағаштары мен Бұлақтанрын жағалай өскен Бүлодіргендер да жеткілікті. Орман ішінде өсімдіктер қалың өскен. Ол жануарлар мен құстарға да мол азық болмақ. Олардың
85
бәрін ғарышкерлер өткен жолы екі рет болғанда көрген. Орманның тығыз өскен ағаштарының ара-арсында тікенекті, жанап кеткенге сұйығын шашатын, қатты дыбыс шығаратын өсімдіктер де бар. Олар ғарышкерлерге қорғаныс болмақ.
Сонымен бірге онда қауіп те жоқ емес. Ол өткенде көрген, орай қол ұстасқан үлкен , жуан ағашты өздерімен бірге түп-тамырымен бірге қарымды тырнақтарымен қыса аспанға қарай көтере ұшақан алып Жарқанат тәрізді неме. Бірақ оның қатері жұдызаралық кеменің қонатын бөлігін құпия жағдайда алып кеткен алып немеден қатерлі емес. Ал өздері орманның ағаштары тығыс өскен жеріне орнығып алса, ол алып Жарқанаттар тікенді бұтақтарға қона да, қауіп төндіре де алмайды. Оның орман іші олардың тұрақты мекендері емес. Тек азықтарын аулау үшін ғана ұшып келеді. Ғарышкерлер жаңа қоныстарын осындай жағдайлардың негізінде орманнан таңдаған. Шығыс көкжиектен Жұлдыз біршама жоғары көтерлген бойда ғарышкерлер анау-мынау жеңіл заттарын әрқайсысы өз барлаушы кемелеріне саллды. Өздері берген тапсырмалары бойынша биотұлғалар киіз үйлерді, жануарлар мен құстар бар тор қоршауды бір бір ұшатын кемеге айналдырып, ғарышкерлердің барлаушы кемелерімен қатарласа орманға қарай ұшты.
Ғарышкерлер күтпеген жерден бастарына осындай қиындық түссе де еш мойыған жоқ. Қайта қиындық көрген сайын жігерлене түскен. Мұндағы таза ауа, таза су мен жалпы табиғат аясының тамаша көріністері қай қайсысының да көңілін көтерген. Бет-әлпеттеріне шырай кірген. Жұлдыз сәулесінен денелері де сәл қарайған. Жер ғаламшарында жүргендегілерінен әлдеқайда шымырланған. Адам баласының күш-жігерінің таза ауа, таза су мен таза асқа байланысты болатанын ғарышкерлер Жерде, Қазақ елінде жүрген кездерінен жақсы білсе де, енді оған толық көздеріне жеткізген. Қанша шаршаса да шамалы тыныққан бойда өз қалыптарына келеді.
Шағын көш көп уақыт өтпей қалың орманның ашық бір алаңына жетті. Ғарышкерлер орманның сырт алып жыртқыштардан қауіпсіз деген, ағаштары тығыз өскен жерді таңдады. Биотұлғалар екі киіз үйді, жануарлар мен құстар бар тор қоршауды қайтадан өз қалыптарына келтірді. Адам баласына қауіп-қатер қай ортада да бар. Орман ішін көлеңкелеп, сусып, азығын аңдыған ірі Жыландар да жеткілікті. Одан да басқа
86
өздеріне белгісіз қатерлі тірішілік иелерінің жеткілікті екені сөзсіз. Сонда да ғарышкерлерге бұл ғаламшардың бұл аймағында бұдан қауіпсіз жер жоқ. Биотұлғалар киіз үйлер, жануарлар мен құстар бар тор қошаудың айналасындағы кейбір тікенді ағаштарды өз денелерінде бірге жүретін өткір араларымен аралап кесіп, тазалады. Анау-мынау «Ит тұмсығы өтпейтін» тұстарындағы біршама ағаштарды кесіп, қажет жағдайда орман ішінен сыртқа тез шығып кететін жалғыз аяқ жол жасады биотүлғалар ғарышкерлердің тапсырмалары бойынша. Ең биік деген ағаштың жоғарғы жағындағы бұтақтарына Жұлдыз сәулесінен күні бойы ток жинап, оны тұні бойы киіз үйлердің ішіндегі шамдар мен түрлі компьютер жүйелеріне ток беретін панельдер орнатты өздері. Алты барлаушы кеме киіз үйлер, жануарлар мен құстар бар тор қоршауларды айналдыра қойылды. Енді көңілдері кәдімгідей орнығып, марқайып қалған бәрі де. Қалың өскен ағашты орман іші әрі көлеңке әрі салқын. Сонда да үстеріндегі қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарын бір сәтке де шешпеді. Кейде қатты шаршағанда да кеегімен ғана көз іліндіріп алады.
Ертеңіне таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шаынып, аспазшы би отұлғалар әзірлеген таңғы астарын ішкеннен кейін орманның іші мен сырт төңірегін зерттеуге кірісті. Қалың өскен түрлі ағаштардың араларында не бар, не жоқты анықтау оңай емес еді. Күн сайын бір жаңалықтың көзі ашылып келеді. Алғаш рет келгенде өздеріне бұл қалың ағашты орманның ішінде пәлендей ештеме жоқ сияқтанып көрінген. Енді бірте-бірте мұның тірішілік иелері қараң көрсетіп келеді. Олардың қай қайсысын да көрген бойларында сіуретке, бейнеге түсіріп алады бейнесірет түсіргіш құралдарымен. Киіз үйлеріне келген соң ол түсіріп алғандарын асықпай талдап көреді бәрі. Ендігі саналы тірішілік әрекеттерінің бағыт-бағдары да осылай жалғаспақ.
Уақыт өте келе киіз үйлердегі азық-түліктері де таусылған. Енді ғарышкерлер тор қоршаудағы ұсақ малдар мен құстарды азық етуге көшкен. Оларға шөп пен жем беру, су бері, астарын тазалау, жігіттер тұратын екінші киіз үйдегі қасаптау бөлімінде сойып, еттерін реттеу де сол биотұлғалардың мойындарында. Бір жақсысы, бұл табиғат аясында, мына орман ішінде өсімдік пен су жағынан еш мәселе жоқ. Ұсақ малдар да, құстар да аш емес. Ғарышкерлер әуелі осылардың бәрін де мұқият қарап шыққан.
87
Содан соң өткендегі өздерін биік әрі жуан діңді ағашпен бірге аспанға алып ұшқан алып Жарқанат тәріздінің қай жақтан ұшып келетінін анықтады. Жарқанат тәрізділердің алыптығы, түрлерінің қорқыныштылығы болмаса, адамға аса қауіпті емес екен. Ең қауіптісі, өздерінің қонатын бөлігін бір мезетте ізім-ғайып еткен алып неме. Ғарышкерлеге соны анықтау маңызды. Егер қонатын бөлік табылса, онда өздерінің ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіе қарай онымен ұшып шығып, қайта түйістіріп Күн жүйесіндегі Жер ғаламшарына қарай аттануға деген үміттері оянбақ. Осы жаңа қонысқа көшіп келіп, орныққалы көңілдері біршама орныққанымен, ең бастысы сол болғандықтан кейде ұнжырғылары төмен түсіп те қалады.
Орман ішінің бір кемшілігі, тығыз өскен ағаштарының көлегейлеулерінен көп нәрсе көзге түсе бермейді. Енді көз алдыранда тұрғандай көрінетін биік тау да алыста қалған. Оның үстіне, түске қарай орман ішінің көлеңкесі қойуілана түскендей болады. Ғарышкерлер отты тапаншаларын оң қолдарының алақндарына қыса ұстап, орманның ішін де, с ыртын да қарапшықты. Қонатын бөліктің бөлшегі де табылмады. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қосып, біршама шақырым жерлерді де шарлап келді. Кешке қарай қай қайсысы да өзінің шаршағанын сезіне бастаған. Сонда да тынығуға мүмкіндіктері жоқ. Түн тыныштығында өздерін аспандағы мың-сан жұлдыздар күтеді. Олардан көз алмай отырып, араларынан Жер ғаламшарын көз алдарына елестетеді. Қыздар жағы болса да, ондай сәттерде көз шараларына еркісіз ыстық жас үйіреді. Жігітер жағы бастарын төмен салады. Ештеме дей алмайды. Бәрі де сол жұлдыздарға қадала қарап, тап бір Жер ғаламшарының алғашқы кездегі тұрғындарындай қолдарына қос қанат балап, аспанға ұшуды армандайды. Комбинезондарынң екі бүйірінен екі жаққа жайыла шығатын қанаттары да сиқырлы қанаттар емес, қажет кезде ғана аспанның шамалы биігінде ұшуға болатын қарапайым қос қанат. Онымен жұдызаралық кеменің негізгі бөлігіне де ұшып жете алмайды. Қос қанат негізінен, өздеріне кенеттен қандай да бір қауіп-қатер төнгенде, ғаламшардың белгілі бар аймағын аспанда Бүркітше қалықтап ұшып, барлауға арналған. Ғарышкерлер енді өздерін тап бір ғаламшар атмосферасының терең құдығына түсіп кеткендей де сезінген. Ғалам кеңістігін енді қайтып көре алмайтындай күйге де келеді ғарышкерлер іштей.
88
Осы қалың ағашты орман ішіне көшіп келгелі түн тыныштығы да жиі бұзылған. Әрбір сыртыл, әрбір оқыс шыққан дыбыс ғарышкерлерге қорқыныш сезімін тудырады. Мұндағы алғашқы түнді алаңдаумен өткізген. Киәз үйлерінің ішінде түні бойы жарық шамдар жанып тұрса да, қауіпсіз көрінсе де ұйқылары келмейді. Сыртқа құлақ түрумен болады жігіттер жағы да, қыздар жағы да. Өйтпеске шаралары да жоқ енді. Орман ағаштарының биотұлғалар ашып берген осы жерінен түнгі аспанда жамырай көрінетін мыі-сан жұдыздар ғана енді өздерінің сырластарындай болады. Бірақ аспандағы сол жұлдыздар да тыныш емес. Олар да уақыт мезгніліне қарай орындарын өзгертеді. Біраз уақыттар бойы көк жүзінде көрінбей қалатындары да бар. Кей кейде көздері түн қараңғылығында жақсы көретін құстардың дауыстары шығып қалады. Оның өзі де ғарышкерлерді еріксіз елең еткізеді. Осы ғаламшарға қонатын бөліпен қонғалы ғарышкерлер түн мезгілдерінде бір тыныш ұйқтаған емес. Әсіресе, жігіттер жағы. Олар бірінші киіз үйдегі қыздардың қауіпсіздігін де ойлайды. Оларға кез келген сәтте көмекке келуге, оларды кез келген сәтте қандай болмасын қауіп-қатерден қорғауға дайын тұрады. Оны қыздар жағы жақсы түсінеді. Өздері де Саусқан құстай сақ жүреді. Түн мезгілінде қыздар сағат үшке дейін өздеріне тән жұмыстарын жасайды. Тігін тігеді, киім жамайды, кітап оқиды. Аспазшы биотұлғаларға таңғы ас әзірлеуге алдын ала тапсырыс береді.
Жігіттер қыздарды сырттай бақылау-қорғаумен қатар отты тапаншаларын жандарында ұстап, өздеріне беймәлім алып жыртқыштардың тұтқиылды шауылдарына дайын тұрады. Екеуі аз уақытқа көз ілгенде, біреуі кезекшілікте отырады. Бір біріне деген осындай сыйластық пен жанашырлық жігіттер мен қыздардың бір бірін терең түсінулеріне жол ашқан. Жер ғаламшарындағы Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Жұлдызаралық сапарларға ғаршкерлер дайындау орталығында» осы сапарға дайындалып жүрген кездерінің өзінде үш жұп болып жүретін. Енді сол ішкі таза махаббат сезімдері мынандай қиын-қыстау кезде онан сайын арта берген. Тек әзірге пәк сезім ғана. Ал Жерге, Қазақ еліне аман-есен жетер болса, Дастан Гүлболсынға, Рауан Сәндіайға, Сұлтанғазы Құралайға үйленбек. Бұл ниет қыздар жағынан да бар ниет.
89
Әзірге жігіттер мен қыздар екі киіз үйде түнегендерімен күндіз бірге. Асхана мен кейбір бейнебайланыс жүіелері қыздар тұратын киіз үйде, негізгі компьютерлі бейнебайланыс жүйелері жігіттер тұратын киіз үйде. Күндіз бір бірімен араласып-құраласып жатқаны. Демалсы бөлмелерінде кітап оқиды, әңгіме-дүкен құрады, мына тығырықтан қалай шығудың түрлі жоспарларын оайластырады. Арасында Жерде, Қазақ елінде жүрген кездерінде түсірілген бейнефильмдерін көреді. Оның өзі де бір жұмбаныш жан-дүниелеріне. Тек қатты толқып кетулеріне болмайды. Бұл қанша дегенмен де, Жер ғаламшары, Қазақ елі емес. Мұның әрбір жері жұмбаққа толы. Ол жұмбақ жерлерден өздеріне кез келген мезетте қауіп төнбек. Ғарыкерлердің үстерінен қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарын, қолдарынан отты тапаншараын тастамайтындары содан. Киіз үйлердің керегелері де сырттан естілген дыбыс пен әрекеттерді тез сезіп, дабыл беретін, сол мезетте сырттағы сәуле бағыттағыш шамдарды іске қосып, бейнетүсіргішке түсіріп алатын жүйелермен жабдықталған. Ғарышкерлер сонда да сақтықтарын әлсіреткен емес.
Ал таң атқан соң еш қорқынышсыз күй орнайды. Ғарышкерлер таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынып, таңғы астарын ішкен бойда айнала-төңіректі, жануарлар мен құстар бар тор қоршауды, айнала тұрған бір кісілік барлаушы кемелерінің жай-күйін біледі. Бәрінің қалыпты жағдайда екеніне көздерін жеткізген соң көңілдері орнығады. Шығыс көкжиектен баяу көтерілген Жұлдыз жоғарылай бере биік ағаштардың жоғарғы бұтақтарына орнатылған ток жинағыш панельдер жұмыстарына кіріседі. Орман ішіндегі тірішілік те жанданады. Қорқыныштары азаяды. Мұндағы кейбір дыбыс шамалы соққан салқын самалдан да естіліп жатады. Ғарышкерлер ондай дыбыстарға да үйрене бастаған. Үйренбеске не шара. Барар жерлері, басар таулары осы болса. Жандары нәзік қыздар кей кейде көңіл-күйлері қатты түскенде жылап та алады. Тағдыр тәлкегі деген осы болса керек. Қыздарды кейде дауыстап жылағандарын естігенде, жігіттердің де көңіл-күйлері қатты түсіп, үнсіз қалады. Осындай қасірет бастарына түскенде, бұл ғаламшарда қол ұшын беретін бір жан жоқ. Осыны естеріне алып, мән-жайды түсінгенде, қыздар да ерекше қатайып, жігерленіп, жігіттерге көмек береді, ақыл қосады. Ендігі тағдырларын шешетін өздері ғана.
90
Қоныс аударғаннан кейінгі үш күн мен үш түн осындай толқыныспен өтті. Содан кейін ғана бой үйрете бастаған. Айнала төңіректерін біршама байқаған. Енді алыс сапарға шығуларына болмақ. Осы орманның ішінде тек жан сақтап, қол қусырып отыра берудің де жөні жоқ. Уақыт болса, өтіп жатыр. Қай қайсысының санасында да ізім-ғайым болған қонатын бөлікті табамыз деген үміт бар. Сол үміт пен талпыныс қай қайсысын да ілгері жетелейді. Саналы адам баласының басына осындай жғдай туғанда ерекше жігерленіп кететіні хақ. Ғарышкерлерге қатты бататын тағы бір нәрсе, енді Жер ғаламшарындағы Қазақ елінің Байқоңыр ғарыш айлағындағылармен бейнебайланыстың үзілгені. Бір жағынан ол бейнебайланыстан да пайда шамалы болмақ. Байқоңыр ғарыш айлағындағылар бұл жағдайларын естіп, өздерін құтқаруға жіберілген жұлдызаралық кеме ұшып жеткенше қай уақыт.
Ғарышкерлер ара-тұра осы жағын да естеріне алып қояды. Қыздар жағы ондай сәтте болса да қамығады. Бірақ одан не пайда. Одан да осылай әрекет жасағандары артық. Бір заманда теңіз кемесі апатынан аман қалып, аралда жападан жалғыз өмір сүрген адам қандай жігерлі еді. Ол жалғыз. Ал өздері алтау. Сондықтан осы барларына да шүкіршілік етулері тиіст. Мұын ғарышкерлердің қай қайсысы да жақсы түсінеді. Енді осылай топтана, жұптана түсіп, ауызбірлікті болып, ақылдасып, кеңесіп әрекет жасағанда ғана қандай да бір жетістікке жетпек ғарышкерлер.
Алыс жазықта
Жігерлері қайтпаған жас ғарышкерлердің ғаламшар табиғатын тани түсуге деген талпыныстары күн санап арта берген. Қалың ағашты орман ішіне толық қалыптасқан соң алдарына қойған алыс жазыққа бару жоспарларын орындауға кірісті. Оған тағы бір негіз, осы күндерде орманның ішінде де, сыртында да пәлендей бір елең етерлік, сезіктенелрлік оқыс оқиға болған жоқ. Тіпті, алып Жарқанат тәрізділер де өздерінен шошынғандай жайларын тауып кеткендей болған. Түн мезгілдерінде өздерінің киіз үйлеріндегі шамдардың жарық сәулелерінен шошып, ара-тұра шыңғырып, орман иелерін селт оятатын Маймыл тектес тірішілік иелері де тыныш қалған. Құстар да бейберекет сайраймыды. Мұның бәрі
91
ғарышкерлердің бөтенге деген қорқыныш сезімдерін басқандай еді. Орман ішін өз ауылдарындай сезініп, тынышталып, марқайып та қалған енді ғарышкерлер. Анда-санда орман ағаштарының діңдеріне орала жоғары қарай өрлейтін, кейде өсімдіктердің арасында сусып жылжитын жуан жыландардың да улы емес екендерін биолог Гүлболсын мен дәрігер Құарлай арнайы алыстан сезгіш құралдарымен әлдеқашан анықтап қойған. Оның үстіне, ғарышкерлер бұл орманға өткенде келгендеде, бұл жолы да ішінде қыбырлаған, секірген, ұшқан тірішілік иелерінің бәрін де бейнетүсіргіштеріне түсіріп алып, бейнетаспада сақтаған. Дегенмен де, орман ішін мекен ететін тірішілік иелерінің өмірлеріне қауіп төндіретіндері де аз емес. Ғарышкерлер ондайлардан қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарындағы сезгіш құрлдары арқылы сақтанады. Ондай сақтық қашан да қажет.
Ғарышкерлер алыс жазыққа сапарға шығар алдында әдеттегілеріндей екі киіз үйдің ішіндегі күллі автоматты-компьютерлі жүйелерді, сырттағы жануарлар мен құстар бар тор қоршауды мұқият тексеріп, қараулдауды, бір жағдай болғанда өздеріне хабарлауды биотұлғаларға тапсырды. Киіз үйлердің керегелеріндегі бейнетүсіргіштерді де іске қосты. Ол бейнетүсіргіштер киіз үйлердің төңірегінде қыбырлаған құрт-құмырсқалар мен әуеде ұшқан шыбын-шіркейлерге дейін анық етіп түсіріп алып, «естеріне» сақтап қояды. Ғарышкерлер сапарларынан қайтып оралғаннан кейін ол бейнетүсірілімдердің бәрін мұқият көріп шығады. Болайын деген оқиға кез келген сәтте бола қалады. Ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінен бөлініп шығып,осы ғаламшарға өздерін жеткізген қонған қонатын бөліктің ішінде де осы сияқты бенетүсіргіштер болған. Енді сол бейнетүсіргіштер түгілі, қонатын бөліктің өзі де жоқ. Тау аңғарында қатты жел тұрды, аспанды қара бұлттар торлап, найзағай жарқылдап, күн күркіреп, соңынан жаңбыр нөсерлетті. Ол кезде өздері аңғардан алыста еді. Келгенде қонатын бөліктің ізім-ғайым болғанын көрді.
- Біз алыс жазыққа кеткенде, мына қалың орманның ішінде де бір жағымсыз оқиға орын алып жүрмесін, - деп айналаға көз салып қойды сапарға аттанар алдында Рауан.
- Біздің қонатын бөлігіміз ашық аңғардың ішінде ізім-ғайым жоғалды. Ал бұл «Ит тұмсығы өтпейтін» дейтіңн қалың ағашты
92
орман іші. Біз қайтып оралғанша пәлендей ештеме бола қоймас деп ойлаймын, - деді Дастан сапарлас достарын алаңдатпауға тырысып.
- Сонда да сену қиын екен, - деді Гүлболсын, - біз қайтып келгенде, мына екі киіз үйіміз ізім-ғайым болып кетсе, не болғанымыз?
- Олай бола қоймас. Киіз үйлер – ғарыш кемелері емес. Неғылсын, алыптар бұларды? - деді Құралай киіз үйлер жаққа қарап қойып.
- Ал онда қонатын бөдікті неге әкеткен? Ол неге қажет болды оларға? – деп Сәндіай еңіл күрсінді.
- Кім біледі, оның оларға неге керек болғанын? Алыс жаықтан қайта оралғанымызша аман болса екен екі киіз үйіміз де, жануарлар мен құстар бар тор қоршауымыз да. Жұлдызаралық кемеміздің қонатын бөлігін алып кеткен алып немелер тыныш қалар дейсің бе, олар тағы бір оралады. Әрине, енді оны уақыт көрсетеді, - деп ағаштардың бастарындағы бұтақтарына қарап алды Сұлтанғазы.
- Енді не шешімге келеміз, Дастан? – деді Гүлболсын оған бұрыла қарап, - алыс жазыққа аттанамыз ба, әлде...
- Бұл ғаламшарда тыныш қалуымызға еш негіз жоқ. Аттанамыз. Мүмкіндігінше, тез ораламыз, - деді Дастан сапарлас достарын көздерімен жай ғана шолып өтіп, - енді уақыт оздырмайық! Мына қалың ағашты орман ішінде ойға батып жата бергеннен не шығады. Өзді өзді барлаушы кемемізге мініп, аспанға көтеріліп, алыстағы жазық дала аймақтарын аспанда Бүркіттерше қалықтай ұшып, көздерімізбен шолайық! Бәлкім, қонатын бөлігіміз сол жазықтан табылып қалар. «Үмітсіз – Сайтан» деген емес пе, қашан соңғы деміміз қалғанша үмітімізді үзбейміз ғой, оны табудан!
Дастанның бұл сөздерінен кейін қалғандар ширақ қозғалған. Екі киіз үйдің сықырлауықтарын да аралық әсер құралдарымен жапты. Жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың есіктерін де тексерді. Содан соң өзді өзді барлаушы кемелеріне отырып, орман арасына биотұлғалар салған соқпақпен жай ғана ашық алаңға қарай жүргізді. Ашық алаңанан аңғардың көп бөлігі мен биік таудың бас жағы көрінеді. Екеуі де ғарышкерлерге үйреншікті болып қалған. Ғарышкерлер дулығаларының маңдайшаларындағы бейнебайланыс жүйелерін іске қосып, сөйлесіп, барлаушы
93
кемелеріне от қосты. Орман ішінен ұша-ұша жөнелген үлкен-үлкен құстардай болып аспанға қарай қалықтай берді. Шамалы ұшқаннан кейін-ақ төмендегі жазық дала көз тартты. Ондағы тірішілік өзінше қайнап жатыр. Дастан өзінің барлаушы кемесінің ішінде қаншама ой толғап келе жатса да, енді ашық терезеден соққан салқын самал жел кеуде қолқасын аша түскендей болды. Сапарлас достары да өзді өзді барлаушы кемелерінің терезелерін ашып тастап, таза ауамен рахаттана демалып, дулығаларының маңдайшаларындағы экранды бейнебайланыс жүйелері арқылы бір бірімен емен-жарықн сөйлесіп қояды. Үстеріндегі комбинезондарының екі бүйірлеріндегі екі қанаттары да, арқаларындағы айналдырғыштары да әзірге қажетсіз. Тағы біраз уақыт ұшқаннан кейін әрқайсысы төмендегі жазық дала мен ондағы тірішілік иелерін суретке, бейнеге түсіруді бастап кеткен.
Ғаламшар бетіндегі бар қатерлерден біржолата құтылғандай барлаушы кемелерімен еркін ұшып келеді. Енді бар қатер төменде. Адам баласы тек осындай кемелермен ғана самғай алады көк аспан кеңістігінде. Жер ғаламшарындағы Қазақ елінің Байқоңыр ғарыш айлағында осылай ғарыш кемелерімен ұлып-қонып жаттықпаған болса, мынандай бөтен ғаламшарда өмір сүрулері қиын болар еді. Мұның үстіне, комбинезондарында екі қанат, арқаларында айналдырғыштары бар. Барлаушы кемесіз де ұшамын десе, ұшады, қонамын десе қонады қай қайсысы да. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктері» ғалмшар бетінде кездейсоқ кезігіп қалған қандай да бір алып жыртқыштан тез қашып құтылып кетуге мүмкіндік береді. Ғарышкерлер барлаушы кемелерімен аспанда ұшып келе жатып осындай-осындай ойларды да бастарынан кешкен. Ғаламшар бетінде жүргенде осылай бір ойға шоматын уақыттары да болмайды. Барлаушы кемелерінің ашық терезелерінен соққан самал жел де өздерін жақсы бір ой-толғамға қарай жетелей түскендей болады.
Төмендегі көріністердің бәрі де енді көздеріне үйреншікті бола бастаған. Өздерін байқап қалған кейбір аңдар жан-жаққа қашып-пысып та жатыр. Тіпті, кейбір алып тірішілік иелері де сескенгендей болады. Денелерінің алыптығы болмаса, олардың өздері де аса батыл емес. Сол сескенгендері ғарышкерлерге батылдық берген. Кейде бір бірімен бейнебайланыс жүесі арқылы тілдесіп, жазық даланың осы аймағын айнала ұшып барлайды. Олай да, былай да бұрылып қояды барлаушы кемелеімен.
94
Осылайша біраз ұшқан соң Дастанның бейнебайланыс арқылы айтқан ұсынысы бойынша, өздері алғаш орналасқан аңғардың бітер жеріне қарай бұрылды. Ондағы ойлары аңғардың қалай қарай созылып жатқанын, шетінің қай жерден бітетінін көру еді. Соған қарай ұшты барлаушы кемелерімен. Ешкім асыққан жоқ. Қонатын бөліктен айырылып, ғаламшар төңірегінде өздерін күтіп, айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне жете алмайтын болған соң қайда асықсын. Қайтатын мерзімдері болса да әлдеқашан өтіп кеткен. Ендігі басты армандары қонатын бөлікті қалай дегенде де іздеп табу.
- Ананы қараңдаршы! – деп қалды бір кезде Сұлтанғазы дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйелері арқылы.
Бәрі барлаушы кемелерінің терезелерінен төменге қараған. Артынша ғарышкерлер жазық даладан өткенде тауы баурайындағы сайдан көргендей алып бірдеменің өлексесін көрді. Алыптың денесі біршама бұзылған. Өзіне қауіп төндірген әлденеден жан сауғалай қашып, ұсталып, мерт болған. Сырт терісінен сүйек қаңқасына дейін батқан азулы тістерінің орындары анық байқалады.
- Барлаушы кемелерімізді соның жанына қондыып, анықтап көріп, суретке, бейнеге түсіріп алайық! – деді Гүлболсын бейнебайлныс жүйесі арқылы тез-тез сөйлеп.
- Одан бізге не пайда? – деп қалды Рауан басындағы дулығасының маңдайшасындағы бейнебайланыс жүйесінің экранына қарап отырып, - өткенде мұндай құбыжықты көріп, суретке де, бейнеге де әбден түсіріп алған жоқ па едік? Мына жатқан да тап сондай неменің өлі денесі ғой! Одан да бұл жазықтың басқа аймақтарын барлайық! Қонатын бөлігімізді табуымыз керек қой, мұндай алыптардың емес!
Дастан оның бұл сөздерін естіп отырса да үндемеді. Барлаушы кемесін олай бір, былай бір бұра ұшырып, әлгінің жанына дейін төмендетіп барып, аспанға қарай қайта көтерді. Мұны басқалар да қайталаған. Сол кезде анадайдан тап сол алыптың өлексесіне қарай балпаң-балпаң басып келе жатқан тағы бір алып неме көздеріне шалынды Ол неме иіс атаулыны алыстан сезе алатын болса керек. Егер бәрі ғаламшар бетінде «Жүрдек етіктерімен» жүргенде, өздеріне қауіп төнеді екен. Барлаушы
95
кемемен әуеде қалықтай ұшып жүргендіктен ол көз алдарында, әрі еш қауіпсіз.
- Жақындамағанымыз қандай жақсы болған! – деді Сәндіай бейнебайланыс жүйесі арқылы, - әйтпесе, ана алып құбыжықтың ауызына оп-оңай түсетін екенбіз!
- Ой, қойшы, аяқтарымызда «Жүрдек етік», комбинезондарымыздың екі бүірінде екі қанат, арқаларымызда айналдырғыш бар емес пеед?! Ол алып құбыжық бізге қарай ұмтыламын дегенше, топ Торғайлардай пыр-пыр ұшып кетпейміз бе! – деп Гүлболсын өзінің батылдығын білдірді.
Гүлболсын осыны айтып болғанша әлгі алдыңғы екі аяғы қысқа, басы үлкен, ұзын тұмсығы арасындағы тістері сояудай-сояудай неме келген бойда алып Қанатты айдаһардың өлексесіне ауыз салды. Қраш ете қалған өткір үлкен-үлкен тістері әлі құрғап-кеуіп үлгермеген ет терісіне кіріп кетті. Ет теріені ауызына сыйғанынша алған алып неме қарш-қарш шайнады. Барлаушы кемелерінің терезелерінен оны көрген ғарышкерлердің қай қайсысының да денелері тітіркеніп, жүректері айныды. Тіпті, мынандай қорқынышты көріністен бірлаушы кемелердегі қыздардың буын-буындары босап кеткендей болды. Тек Гүлболсын биолог, Құралай дәргер болған осң өздерін ұстауға тырысқан. Мұны бенебайланыс экрандарынан байқаған Рауан оларға демеу сөздер айтты. Сұлтанғазы екеуі Сәндіайдың барлаушы кемесін екі жағынан ала ұшты. Қаншама аспанда, барлаушы кемелердің ішінде болса да, төмендегі көрініс осындай қорқыныш сезімін тудырған ғарышкерлерге. Дастан енді барлаушы кемелерімен ол көріністен алыс ұшып кетуді ойлады. Бұл ойын айтқанда, қалғандар бірден қолдады. Барлаушы кемелерін ұшып келген жақтарына қарай бұрды. Сөйтіп, тітіркеністері мен қорқыныш сезімдерін шамалы басқандай еді. Сол кезде кейінде ұшып келе жатқан барлаушыдағы Сұлтанғазы:
- Сапарлас достар, кейін қайтайқшы! Ана жатқан Қанатты айдаһардың өлексесінен бірдеме аспандағы Жұлдыз сәулесіне шғылысып жжыл етті– деп дауыстап қалды бейнебайланыс жүйесі арқылы.
- Жылт еткен бірдеме дедің бе? Қане?! – деп елең етті Дастан.
- Ол алып Қанатты айдаһардың ішінде не бар еді жылт ететін! – деді оның артынша Рауан.
96
- Ол не болды екен?! - деп, Сәндіай барлаушы кемесінің терезесінен төменге үңілді.
- Оны тез анықтауымыз керек! – деп Дастан барлаушы кемесін шыр айналдыра ұшыра кейін қарай бұрды.
Ешқайсысы сөзге келместен барлаушы кемелерін Дастанның барлаушы кемесінің соңынан ұшырды. Егер ол Жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігі болып шықса, одан артқан қуаныш пен бақыт болмас еді ғарышкерлерге. Бәрі де барлаушы кемелерінің ұшу жылдамдықтарын баяулата берген. Сол кезде әлгі алып неме де өлексенің ет терісіне тойып, жемегенін жан-жан жаққа шашып, жан-жағына бір-бір қарап алып, екі үлкен аяқтарын балпаң-балпаң басып, келген жағына қарай кете берді. Қанатты айдаһардың ет терісі мен сүйек қаңқалары шашылып қалған. Ол жұтқан қонатын бөліктің бір шеті сиқыршының сиқырынан пайда болғандай аспандағы Жлдыздың сәулесіне шағылысып жатыр.
Ғарышкерлер барлаушы кемелерімен ұшып жеткен бойда, төмендеп, Қанатты айдаһардың үстін айналып ұша берді. Сол кезде өлекседен жағымсыз иіс те жетті ғарышкерлердің мұрындарына. Бәрі дереу жағымсыз иістерден қорғайтын бет перделерін тақты. Артынша бәрінің барлаушы кемелерінің ішіндегі келеңсіз жағдайды хабрлайтын жүйелердің дабылдар беріле бастады. Қызыл түсті шамдар жыпылықтап ала жөнелді. Мән-жай түсінікті болды.
- Сапарлас достар, барлаушы кемелерімізді әзірге Қанатты айдаһардың өлігінің жанына қондыруға болмайды!– деп хабарлады сол замат Дастан бейнебайланыс жүйесі арқылы.
Бәрі барлаушы кемелерін қайтадан аспанға қарай көтерді. Олардың айналдырғыштарының дыбыстары да кең даланы жаңғырықтырып жібергендей болды. Қай қасысы да төменнен көз алмайды. Дастан Қанатты адаһардың рнеден мерт болғанын енді түсінді. Ол өздері орналасқан аңғардың ішімен төмендей ұшып өтіп бара жатып, іле жұтып алған қонатын бөліктің ядролық айналдырғышынан бөлінген радиациядан қиналып, осы кең жазыққа жете құлаған. Ішіндегі қонатын бөлік қатты соғылудан бүлінген. Дастан осындай тұжырымға келді. Басқалардың да ойлары осы еді. Жаңағы алып неме келіп өлексенің ет терісін қарымды азуымен жұлып алмағанда, қонатын бөлік көрінбейді екен. Ғарышкерлердің қуаныштары мен өкініштері қатар тұрды. Барлаушы кемелеріндегі сезімтал жүйелер Қанатты айдаһардың
97
өлі денесінің ішіндегі қонатын бөліктен тараған радиацияны сезіп дабыл берген екен. Енді бәрі барлаушы кемелерін төмендтпей, бір жағынан табылған қонатын бөлікті қимай аспанда айналып ұшты да жүрді. Ешқайсысы да бір шешім айта алмады. Қонатын бөліктерінен екінші рет айрылғандай сезінген үш қыз өзді өзді барлаушы кемелерінде көздеріне тағы да ыстық жас үйірді. Жігіттердің де қабақтары түсіп кеткен. Жігіт болған соң өздерін өздері батыл ұстайды. Енді біраздан соң барлаушы кемелерінің жанармайлары да азаймақ. Сол кезде Гүлболсын:
- Жазықтың ана бір жағына қараңдаршы, Қанатты айдаһардың ет терісін жұлмалап жеген жаңағы алып неме де құлады! – деп дауыстап қалды бейнебайланыс жүйесі арқылы.
Бәрі барлаушы кемелеріңнің терезелерінен солай қарағанда өлекседен біршама жерге жүріп барып, құлап, жантәсілім еткелі жатқан алып немені көрді. Ол анда-санда үлкен екі аяғын сермеп-сермеп барып тып-тыныш қалды. Ғарышкерлер қайтадан Қанатты айдаһардың жарылған қарнынан көрінген қонатын бөлікке қадалды. Оның төңірегіне радиация тарағандықтан барлаушы кемелерін жанына қондра алмады. Бұл ғаламшарда жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне жеткізетін қонатын бөліксіз қалғандарына қатты өкінді. Бұл көрініс қай қайсысының жан дүниесіне алғашқыдан да ауыр соқты. Үміттері сөнді. Қыздар жағы тағы да еңіреп жылады. Жігіттер жағы томсырайып-томсырайып ұнсіз қалған. Қыздарға қой деп айтуға да шамалары келмеді. Ешқайсысы да қонатын бөлікті дәл осылай ұшуға жарамсыз күйінде табамыз деп ойламаған. «Қонатын бөлікті саналы бір алып адам алып кеткен болар?» деп топшылаған. Ондай алып адамдар дәл осылай жасамас еді. Енді бұл өкініштің ауыры болды. Енді мына кең жатқан далада да, осы ғаламшарда да өздері ғана екендеріне көздері жете бастаған. Ендігі саналы иелері де өздері. Тек оны мұнда қай тірішілік иесі сезбек. Жаңағыдай алып неме Қанатты айдаһарға азығы кездессе болғаны. Басқа ештеменің де қажеті жоқ оларға. Ұлы табиғатты зерттейтін де, оны қорғап, аялайтын да саналы адам баласы. Ол азығын аңдумен, таудың жолын іздеумен шектелмейді. Соынмен бірге үй салады, қала салады, мәдениеті мен ғылымын дамытады, әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрлерін жандандырады. Егер осы ғаламшарда саналы адам баласы өмір сүрген болса, онда мына табиғат аясында көптеген
98
өзгерістер орын алған болар еді. Мына кең дала дәл осылай иесіз жатпас еді. Не ауыл, не қала орнамақ.
Басқа адамдарды былай қойғанда, айналдырған алтауының өзі де орман ішінде екі киіз үй мен жануарлар мен құстар бар тор қоршауы бар шағын мекен жасады. Ол мекеннің орны мен айналасындағы біршама ағаштар кесілді. Орманның кейбір жыртқыштары мен бауырымен жорғалаушылары шеттей бастады. Жазықтағы өздерінің қонатын бөлігін әлдене деп жұтып жіберген Қанатты айдаһар радиациядан мәңгілікке көз жұмды. Оның ет терісін жұлмалап жеген екінші алып неме де құлады. Ойлап келгенде, саналы адам баласының ұлы табиғатқа осындай зиян келтіретіні де білінеді. Ғарышкерлер аспанда барлаушы кемелерімен айналып ұшып жүргенде осының бәрін де ой-елегінен өткізген. Айнала-айнала жалыға да бастаған. Қатты түсіп кеткен көңіл-күйлері де қажытып жібергендей.
Көңілсіз көрініс пен күй ғарышкерлерді шегіне жеткізді. Сонда да өздері орналасқан қалың ағашты орманға қайтқылары келер емес. Алға қояр жоспарлары да бұлыңғыр. «Енді мына ғаламшар бетінен төңірегіндегі жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне неге мініп ұшып жетеміз?» деген ой қай қайсысын да мазалауда. Ал оның шешімі табылар емес. Мұндайда қай қайсысы да басшы болған соң Дастанға үімт арта қарайды. «Әйел ерге, ер жерге қарайдының» кері келгендей. «Басшы болған соң ол бәрін білуге тиісті, бәрін ойлап табуға, ол ойындағыларын жүзеге асыруға тиісті» деген ұғым қалыптасқан бәрінде де. Бірақ Дастан да өздері сияқты адам баласы. Дегенмен, басшы болған адам өзін қарамағындағыларының алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді қашан да. Ол барлаушы кемесімен осылай аспанда айналып ұшып жүрсе де, ой-толғамының бәрі де «Ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне дейін жеткізетін шағын болса да ғарыш кемесін жасап шығаруды» ойлаумен болды.
Бірақ оған құрал-сайман, құрал-жабдықтар қайда? Оны құрастыру үшін мол техникалық білім де керек. Өздері осы ғаламшарға ұшып келген жұлдызаралық кеме мен алып Қанатты айдаһар жұтып, жарамсыз еткен қонатын бөлікті Байқоңыр ғарыш айлағында қаншама адамдар бірлесіп жасады? Оған қаншама құрал-саймандар мен құрал-жабдықтар қажет болды. Дастан осының бәрін ойлап, ішкі жан-дүниесі астаң-кестең болса да,
99
онысын басқа барлаушы кемелердегі сапарлас достарына білдірмеуге тырысып:
- Сапарлас достар, аспанда бұлай құр айналып ұш бергеннен ештеме шықпас, мына барлаушы кемелерімізбен. Орман ағаштарының арасындағы киіз үйлерімізге оралайық. Сонда кеңе құрайық. Бәлкім, арнайы қорғаныс киімдерін киіп келіп, қонатын кемемізді арнайы құралдарымызбен радиациядан залалсыздандырармыз? – деп сұрау тастады бейнебайланыс жүйесі арқалы.ү
Барлаушы кемелерімен аспанда осылай айналып ұшу мен толқудан қалғандар да шаршаған еді. Дастанның ұсынысын қолдай кетті бәрі де. Барлаушы кемелерін Дастанның барлаушы кемесінің ізіне салды. Бағыттары – өздері шағын мекен жасаған аңғар маңындағы қалың ағашты орман іші.
Адасқан алыптар
Ғаламшар төңірегіндегі өздерін күтіп, айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің қонатын бөлігінің ұшуға жарамсыз болып қалғанына көздерін жеткізгеннен кейін де ғарышкерлер Жерге оралудан үміттерін үзген жоқ. Тек оның айласын да, әдісін де, жолын та еш таба алар емес. Не оайлап тапсын. Өздерінің ғана емес, ғарышкер атаулылардың ешқайсыларының бастарына түсіп көрген жағдай емес бұл. Күн өткен сайын ғаламшар табиғатындағы тірішілік әрекеттері де күрделене берген. Осы ғаламшарға қонатын бөлікпен қонған сәттерінен бергі уақыт ішінде біраз күрделі құралдары да жарамсыздана бастаған. Олардың бәрінің жұмыс жасаулары қысқа мерзімге есептелген. Рас, кұрделі компьютерлі жүйелер мен құралдардың бәрі де сенімді. Солардың арқасында жоқ дегеннің өзінде талай істерін тындырды. Көп қатерлерден қорғанды.
Енді ғарышкерлер өздерінің тірішіліктері үшін күресті бастаған. Дамыған өкениетті елден келген өздері түгілі, білім, ғылым атаулыдан мақұрым алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары да өмір сүре білді емес пе, Жер ғаламшарында. Оларда өздеріндегідей компьютерленген жүйелер мен құрал атаулы болған жоқ. Сонда да олар әлгіндей кезіккен алып Қанатты айдаһар мен алып немелерден, Ұшатын кесірткелер мен алып Жарқанат сияқтылардан және тағы басқа да ірі жыртқыштардан
100
қорғана алды. Ендеше, өздеріне не жоқ. Үстерінде қос қанатты, айналдырғышты комбинезон, қындарында отты тапанша, астарында бір бір барлаушы кеме, екі киіз үйлері мен жанауарлар мен құстары бар. Аспазшы биотұлғалар астарын дер кезінде әзірлеп береді. Басқа биотұлғалар киіз үйлерін, жануарлар мен құстарын, барлаушы кемелерін сырт ірі жыртықыштардан қорғайды. Кез келген істеріне көмек береді. Тек ендігі өкініштері, сол жүйелер мен құралдардың кейбірінің жұмыс жасау мерзімдерінің бітіп, істен шыға бастауы. Көп нәрсені қолмен жасауға тура келетіні.
Енді бірте-бірте тор қоршаудағы жаунарлар мен құстарға шөп, жем мен су беруді, астарын тазалауды өз қолдарына алмақ. Ғарышкерлер ол жағынан да хабарсыз емес, Бәрі де ауылды жерде дүниеге келді. Жер өңдеп, мал бағып өскен. Тек Байқоңырдағы «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайндау» орталығына оқуға түскеннен кейін ол жағынан шамалы суыңқырап қалған. Енді сол ауылдарына қайта келгендей. Бәрі де тек өздеріне қарап тұр. Қиын сәттер де күн өткен сайын жиілеп келеді. Айнала төңіректе азығы мен жемін іздеп, анталап жүрген небір тірішілік иелері мен аспанда қос қанаттарын жаяф қалтай ұшып, ғаламшар бетінен аузына ілігетінін бақылаған алып Жарқанат тәрізділер мен Қанатты кесірткелер де жетерлік. Олардан өздерін де, тор қоршаудағы жануарлар мен құстарды да қорғаулары керек. Өздері ғана емес, екі киіз үйлері, жанауарлары мен құстары сыйып келген қонатын бөлікті оп-оңай жұтып жіберген алып Қанатты айдаһар сияқтыларға басқаны жұту қиын болып па? Осындай ой-толғамдармен, күрделі де қауіпті тірішіктерімен кешті батырған еді ғарышкерлер.
Түн қараңғысы бастылысымен әдеттегілеріндей сыңардүрбімен жұлдызды әлемді бақылып, сағат үште екі сағаттық ұйқыға жатқан. Көздері енді ғана түн ұйқысына кете бере сырттан қатты шыққан шаңқыл дыбыс естілді құлақтарына. Бәрі селт-селт оянған. Үш қыз өз киіз үйлеріндегі жатқан төсектерінен ұшып-ұшып түрегеліп, жігіттер бар киіз үйге кірген. Жігіттер де аяқтарында еді. Бәрі топтасып, байқап басып, киіз үйдің сықырлауығы арқылы сыртқа шыққан. Естілген шаңқыл ыбыстар жақыннан естілгендей болады. Алып Жарқанат тәрізділердің шаңқыл дыбыы.. Бұл шаңқыл дыбыс өздеріне таныс Ғарышкерлер енді киіз үйге қайта кіріп, аса қажет жағдайда
101
қолданатын бір-бір жарылғыш заттарын қолдарына алды. Алып Жарқанат тәрізділердің бұл орманға ұшып келіп, неліктен бір бірімен соқтығысып, жатқанндары ғарышкерлер қапелімде біле алмады. Жерде, Қазақ елінде жүргенде, қай қайсысы да кішкентай Жарқанаттардың талайын көрген. Олардың ауыздарынан ултра дыбыс шығаратындарын, сол дыбыстары жақсы шағылысып, кері қайтпағанда, алдарындағы затқа соқтығысып қалатынын да жақсы біледі. Жарақанаттар таудағы үңгірлерді, электр бағаналарының жарылған жерлеріндегі қуыстарды мекендейді. Ауылда жүргенде өздері оларды талай қызықтаған да. Жарқанаттар кейде ауыздарынан шыққан ултра дыбыстары адамның шашынан шағылспай қалғанда ұшып келген бойда адам шашына жабысып қалатын. Сонда мәз болатын. Дастанның ойына сол балалық балдәурен шағындағы Жарқанаттардың қылықтары түскен.
- Сапарлас достар, бұл шаңқыл дыбыс беріп ұшып жүргендер алып Жарқанат тәрізділер! Мұны өздерің де біліп тұрсыңдар! Бұлардан қорқудың қажеті жоқ! Өткенде өзімізге тікелей тиіскен жоқ еді ғой! – деді.
- Қайдам, сонда да сену қиын! – деді қорқынышын әлі де баса алмаған Сәндіай.
- Соларға бұл орманда не бар екен?! – деді Гүлболсын да ағаш басына қарап тұрып.
- Беталды қорқа бермей, жастық шағымызды еске түсріейкші? – деді сол кезде Құаралай бәріне сәл жымия қарап, - ауылда, қараңғы түскен мезгілде Жарқанаттар ұшып жүрмеуші ме еді? Сонда олардан еш қорықпай-ақ оларға қызыға қараушы едік қой! Мына Жарқанат тәрізділер де солар сияқты. Тек алып демесеңдер. Ендеше, бұлар бізге еш зиянсыз!
- Зиянсыз деу әлі ерте шығар, - деді оған бұрыла қараған Сұлтанғазы, - қайдан білеміз, олар, мүмкін, ана тор қоршаудағы жануарлар мен құстарды көздеп ұшып келген шығар? Қойларымыздың бірін аяқтарының қарымды саусақтарымен бүріп көтере ұшып кетуден тайынбас!
- Ал менміше, былай, сапарлас достар, - деді сол кезде Дастан айналасына көз салып, - мына ормандағы қалың ағаштар, ағаштардың қалың өскен бұтақтары мен жапырақтары алып Жарқанат тәрізділердің ауыздарынан шығарған ултра дыбыстарын құлақтаныа қайта шағылыстырмаған. Ондай сәтте Жарқанат тәрізділдердің ұшып келген бойда осы орман ағаштарының қалың
102
жапырақты бұтақтарына келіп соқтығысулары заңды. Қатты шаңқыл дыбыстары содан шықты!
- Расында да солай! – деп Рауан да айналаға, одан соң ағаштардың басына көз салды, - бір бірлерімен соқтығысып қалып жатқандары да содан ендеше!
Рауан осыны айтқанда, орман ағаштарының қалың жапырақты бұтақтарыена соқтығысқан алып Жарқанат тәрізділердің шаңқыл дыбыстары әуелдегіден де қатты шықты. Кейбіреулері бір бірімен тістелесіп те қалған сияқты. Оның үстіне, оларға тағы бір құстар соқтығысқандай болады. Енді бұл құбылыстың анық-қанығына жету керек. Дастанның шешімі осы болды. Отты тапаншасын оң қолының алақанына қыса ұстап, алға қарай жүріп, діңі үлкен бір биік ағаштың түбіне жетті. Сол кезде алып Жарқанаттардың шаңқыл дыбыстары күшейе түсті.
- Дастан, байқашы! – деп дауыстап қалды сол кезде ізбе-із келе жатқан Гүлболсын.
- Қазір, қазыр... – деді Дастан.
Оң қолын жайымен ғана жоғары қарай көтеріп, алақанына қысқан отты тапаншасының түймесін басып қалды сұқ саусағымен. Артынша биік ағаштың бұтақтарынан төмін қарай су жылжып аққандай бір көрініс шалынды бәрінің көздеріне. Ғарышкерлер сол қолдарының алақандарына ұстаған қолшамдарын жаққанда, оның су мемес, суылдап төмен қарай түскен жуан ұзын Жылан екені айқындалды. Алып Жарқанат тәрізділердің сонша қатты шаңқыл дыбыс шығарғандарының себебі белгілі болды. Жыланның үлкендігі мен ұзындығы сондай, ол киіз үйді орап алып, қысса, оның бүкіл керегелерін оп-оңай күйретіп жібермек. Қыздардың дегбірлері кетіп, денелері сәл-пәл дірілдеп, жігіттерге қарай ығысты. Жылан сусыған бойы төмендеп, төмендеп келіп, ағаштың соңғы бұтағына ілінп баырп, ғаламшар бетіне солқ түсіп, қозғалыссыз қалды. Ғарышкерлер сол замат сәл кейін шегініп, жоғары қараған. Ағаштың жоғарғы бұтақтарының бірінде алып Жарқанат тәрізді алаңсыз отыр. Жағдай түсінікті болды. Ағаш бұтақтарында алып Жарқанат тәрізді жуан ұзын жыланмен арпалсқан. Дастан енді үнемі мойнына іліп жүретін дүрбсісінің алыстағыны түн мезгілінде жақындатып, ұлғайтып көрсететін жүйесін іске қосып, ағаш бұтақтарының бәрін мұқият қарап шықты. Дастаннан кейін осы дүрбімен басқалар да ағаш бұтақтарын шолып шықты.
103
- Енді мына ағаш жанынан тезірек кетейік, киіз үйге кірейік! - деді бәрі бақылап болған соң Дастан, - ендігі жағдайды көмейақ қойғанымыз дұрыс болар.
Дастанның нені мегзеп айтып тұрғанын бәрі түсінді. Өлі Жыланға бір-бір қарап алып, кейін бұрылып кетті. Жігіттер тұратын киіз үйге кіре бергендерінде әлгі алып Жарақанат тәріздінің шаңқылы мен ағаш бұтақтарының сытыр-сытыр еткен дыбысы естілді ғарышкерлердің құлақтарына. Бәрі киіз үйден қайта шығып, әлгі жуан ағаш діңінің түбіне жақындаған. Алып Жарқанат тәрізді өздерінің кетулерін күткен екен. Үлкен ұзын Жыланды аяқтарының қарымды тырнақтарымен бүріп алып, келген жағына қайта ұшып кетіпті. Ғарышкерлер демдерін басып, қыздар тұратын киіз үйге келіп, аспазшы биотұлғаларға көфе қайнатқызып ішті. Түн ұйқылары шайдай ашылып кеткен. Үлкен аңғар ішінен осы қалың ағашты орман ішіне қоныс аударғанда: «Сырттан келетін қауіп-қатерден тыныш боламыз ба» деп ойлаған еді. Мына күтпеген оқиға тағы да осылай сергітіп жіберді. Таң атуға жақын қалғанда ғана бойларын ұйқы қыса бастады. Сонда да берілер емес оған ешқайсысы да.
Дастан енді бұл қалың ағашты орманның ішінде де тұра беруге болмайтынын түсінді. Қалғандардың ішкі шешімдері осы еді. Дастархан басында аспазшы биотұлғалар дембіл-дембіл ысытып алып келген кофеденішіп, дәмдерден алып отырып, ертеңгі жоспарларын жасады.
- Бізге бұл орманның іші де тыныш болмай шықты, - деді демін терең ала, - тағы да жаңа қоныс іздеуімізге тура келеді.
- Сонда қайда барып жан сақтаймыз!? – деді жыламсырай сөйлеген Гүлболсын.
- Әйтеуірі бізге бір таныш жер табылмайтын болды ғой, мына ғаламшардан! – деп Сәндіай да жыламсырай күрсінді.
- Енді бізге тау басынан пана іздегеннен басқа жол да қалмады, - деді Дастан киіз үйәдің сықырлауығына қарап қойып, - әйтпесе, аңағыдай алып Жарқанат тәрізділер мына орманның қалың ағаштарының бұтақтарына соқтығсумен болады осылай.
- Ол алып Жарқанат тәрізділердің көздерінің нашар көретіндері де бізге бір сор болды-ау! Алыптықтары өздеріне! Біз бар жерге жақындамай өз жөндерімен болса ғой! – деп Сұлтанғазы иегін көтере шаңыраққа қарап қойды.
104
Расында да жаңағы оқиға қорқынышты оқиға еді. Екі құлағы адам бұлақтарындай қалқиған алып Жарқанат тәрізділерді былай қойғанда, үлкен ұзын Жыланның жылжып келіп, киіз үйдің бірін орап, қысып, керегелерін күйлеріп жібермесіне кім кепіл. Бұлардан басқа таңның атуын, Жұлдыздың шығыс көкжиектен көтерілуін күтіп жатқан түрлі адамға зиянды ірілі-ұсақты тірішілік иелері қаншама.Оның бәрін ойлай берсе, ұйқылары қашады. Жер ғаламшарындағы алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың іші қараңғы үңгірлер мен қарапайым үйшіктерде қалай өмір сүргендерін де енді сезіне бастағандай әрқайсысы. Олар жайлы талай кітаптардан оқып, талай рет бейнефильмдер көрсе де, дәл мынандай қорқыныш пен үрей сезімдерін бастарынан кешіп көрген емес ғарышкерлер. «Алыс жұлдыз жүйесіндегі бір тірішілікті ғаламшарша жұлдызаралық кемемен ұшып жетіп, ғажайып табиғат аясында өмір сүрсек» деп армандайтындары Жердегі, Қазақ еліндегі жайбарақат тамаша өмірде жүргендерінен екен. Ал тағдыр жазса, бәрі де басқаша болып кетеді. Осы ғаламшарда болған жарты айдан асық уақыт ішінде өздері көп есег есейіәп те кеткендей. Енді бет-жүздерін ширақ жүріс-тұрыстары мен жасаған күрделі әрекеттерін көрген ешкім де өздерін «Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындау орталығцында оқыған жас ғарышкерлер» деп ойламас еді. Мұндағы әрбір минут, сағат пен тәуілік қауіп-қатермен өтуде. Егер үстерінде қос қанатты, айналдырғышты комбинезон, астарында бір-бір барлаушы кеме, тұратын екі киіз үйлері мен тор қоршаудағы жануарлары мен құстары болмаса, жағдайлары тіпті де қиын болмақ.
Көпке дейін ешкім ешқандай шешім айта алмады. Сол кезде тағы бір алып Жарқанат тәрізді орман ағаштарының бұтақтарын сытырлатты. Бірақ бұл жорлы ұзақ болмады. Үлкен қанаттарымен бұтақтарды желпіп-желпіп жіберіп, аспанға қарай көтеріліп кетті. Ағаш бұтақтары біразға дейін шайқалақтап тұрды. Ең қуаныштысы, ол орманнан кетті. Алыптығы болмаса Жердегі, Қазақ еліндегі таулардағы үңгірлерде тірішілік ететін кәдімгі Жарқанаттардан аумайды. Тек мұның ауызындағы ірі тістері мен аяқтарындағы қарымды тырнақтары қауіпті. Бет-әлпеті алып бір адамның бет-әлпетіне келеді. Кемшілігі, сөйлемейді. Ара-тұра шаңқыл дыбыс қана шығарады. Алдарындағыны сол шаңқыл дыбысымен шыққан ултра дыбысының қанедай да бір затқа
105
шағылысып қайтқаны арқылы біледі. Бұл ғарышкерлерге жаңалық емес. Жарқанаттардың ормандағы, даладағы кейбір тірішілік иелерімен қоректенетіні де белгілі. Осы жағын ойлаған да ғарышкерлер кейде одан сескенбейді. Түнде ұшып келген алып Жарқанат тәріздінің үлкен Жыланмен рпалысып, оны мерт етіп, тістеп алып, ұшып кеткені да ғарышкерлердің жүректерін жылытқан. Егер ол солай жасамағанда, үлкен ұзын Жыланның өздеріне қандай қатер төндіретіні белгсіз еді. Ол ұшып кеткеннен кейін орман ішінде тыныштық орнаған. Өздері жайбарақаттанып қалған. Жігіттер киіз үйіне қайтпады. Қызқдарды қорқыныш сезімінде қалдырғылары келмеген. Бәрі дастархан төңірегіндегі жұмсақ орындықтарының биің жақтауларын сәл шалқайтып, көздерін жұмысп санаулы уақытқа болса да көз ілді.
Жер таңдау
Осы ғаламшарға қонатын бөлікпен қонып келе жатқанда мұндағы тамаша табиғатқа қатты қызыққан болатын. Бір бірімен емен-жарқын сөйлесіп, әзілдесіп, мәз болған. Өздері таңдаған үлкен аңғар да, кең жазық та көз алдарына Қазақтың қасиетті кең-жазира даласын елестеткендей еді. Жаңа жер ашқан адамның оны қалай атаймын десе хақысының бар екені қай қайсысына да әуелден белгілі. Сондықтан да ғарышкерлер бұл аймақты «Қазақ жері» деп атауды ұйғарған. Тек қонғалы бері бастарынан кешкен түрлі оқиғалар олай атауға мүмкіндік бермей жібергендей болған. Енді Қазақ жерінің сызбасын жасамақ түгілі, ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне ұшып жетудің өзі күш. Оны сөз еткенде, жандары нәзік қыз байғұстар ыстық көз жастарын сығып алады. Сөйтеді де, тағдыр басқа жазған іске көніп, жігіттермен бірдей батыл әрекеттер жасайды. Ғаламшардың бұл аймақтарындағы өздері көрген оқиғалар да қол қусырып, мұңданып отыруға мүмкіндік бермейді. Қиындықпен күреспесе, өз өмірлеріне қауіп төнеді.
Тағы бір түнді ұйқылы-ояу өтізген жігіттер мен қыздар өзді өзді киіз үйлерінің алдына шығып, әдеттегілерінше таңғы дене жаттығуларын жасады, жуынып-шайынып, қыздар тұратын киіз үйдегі асханаға жиналып, биотұлғалар дайндаған таңғы астарын ішті. Одан кейінгі жоспарлары қоныс ауыстыратын жер таңдау еді. Бұл бөтен ғаламшардың бетінде қауіпті емес аймақ жоқ.
106
Сондықтан қоныстанатын жер таңдаудың өзі де жеңіл соқпады ғарышкерлерге. Өткен күндер мен түндердегі оқиғалар көз алдарында. «Қай жақтан қандай қатер төне кетеді?» деген алаңдаушылық қай қайсысында да бар. Бірақ амалдары не, барар таулары да, басар жерлері де осы ғаламшар. Сондықтан тек күресу керек өз өмірлері үшін. Сонымен бірге бұл ғаламшардан немен ұшып шығудың жолын да іздеулері керек. Өздері Жер ғаламшарында ерте заманда өмір сүрген алғашқы қауыдық құрылыстың адамдары емес, қолдарына қарапайым тас, темір құралдарын ұстаған. Жердегі мәдени дамуы жоғары Қазақ елінің ұрпақтары. Алып жыртқыш атаулыдан қорғана алатын да, аса қажет жағдайда ауыздарына түспей қашып құтыла алатын да жағдайлары бар. Бәріне жігер беретін де осы.
Таңғы ас үстіндегі сөзді бұл жолы Рауан бастаған. Оның осындай бір қиын сәттерде осылай батылдық көрсететіні бар. Өзі Дастанның орынбасары болғандықтан көп жауапкершілікті сезінеді іштей. Мамандығы инженер. Жердегі, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындау орталығында» оқып жүрген кездің өзінде ол небір нәрселерді құрастыратын. Енді сол техникалық қабілеттерінің қажеттілігі туындай бастаған.
- Сапарлас достар, бізге енді бір ғана жол қалды, - деді ол таңғы асынан алып, кофесінен ішкен соң, - ана аңғарда тұра алмадық. Мына орман ішінің жайы осындай. Сондықтан бізге тау жартастарындағы үңірлердің бірін паналауымыз керек!
- Үңгір іші қараңғы ғой! Жазда салқын болғанымен күзде суық! Оған келетін алыптар да аз болмас! – деді Сәндіай Рауанға бұрыла қарап отырып.,
- Е-е, оны кім білмейді, - деді Рауан, - бізге енді одан басқа пана жоқ! Үңгірді үйдей етіп жылытып та, жарықтандырып та алуға болады емес пе?
- Ой заман-ай, тағдыр-ай! – деп күрсінді Құралай, - мәдени дамудан төмін қарай құлдырап-құлдырап, ақыр соңында қайта үңгірге жеттік пе?
- Тағдырымыз соылай болса, кімге өкпе айтамыз? – деді оған жалт бұрылған Сұлтанғазы, - бірақ солай екен деп, қол қусырып отыра алмаймыз ғой. Рауанның сөзінің жаны бар. Біздің ендігі паналайтын жеріміз сол үңгір! Онда анау-мынау алып жыртқышитардың өздерінен де қорғануға болады.
107
- Үңгір ішіне орналасуымызға болады, - деді манадан бері пікірталастарды тыңдап, үнсіз отырған Дастан, - тек мына екі киіз үйімізді, тор қоршаудағы жануарларымызды, алты бірдей бір кісілік барлаушы кемелерімізді қайда сыйдырамыз? Мәселе, осында болып тұр.
- Егер ауызы да, іші де үлкен үңгір тапсақ, оның ішіне екі киіз үйімізді қатар тігеміз, - деді Гүлболсын сықырлауық жаққа көз салып қойып, - Бір кісілік барлаушы кемелерімізді сол үңгірдің алдына қорған етеміз. Ал жануарлар мен құстар бар тор қоршауды үңгір жанындағы тассыз алаңқайға орнатамыз. Шөп пен суды биотұлғаларға тасытамыз төменнен.
- Е, енді бірер айдан соң күн де суыта бастайды. Бұл аймақтың күзгі, қысқы ауа райының қалай құбылатынын болса да білмейміз. Егін жайын да ұмытпуымыз керек, - деді Рауан.
- Иә, тізе берсек, іс көп. Сондықтан уақытпен санасуымыз керек. Мына биік таудың жартастарынан аузы да, іші де үлкен үңгір табылар. Үңгір болса, онеың ішін жарықтандыру да, жылыту да қолымыздан келеді ғой. Құр ойланып, қапаланып, жылап-сықтағаннан не өнеді. Солай етейік, сапарлас достар! – деп сөзід аяқтады Дастан.
Мұндайда сөздің аз, істің, әрекеттің көп болғаны мақұл. Бір шешімге келгеннен кейін бәрі де жолға жинала бастаған. Жаңа жер, жаңа қоныс табу да оңай іс емес. Ана аспанға шаншылып-шаншылып тұрған биік тауларда болса да тіл жоқ. Бейнебір бар құпия-сырларын ішіне жасырып, тымырайып тұрып қалғандай. Ғарышкерлер кең даланы да, көл жағалауын да көрді бұл кезге дейін. Көп нәрсені білді. Қайда барса да тек өздері. Ақыл-кеңес беріп, жол көрсететін саналы жан баласы жоқ мұнда. Енді қандай әрекеттер жасаймын десе де өз шешімдерімен жасайды осылай. Жердегі, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағылармен бейнебалйныс әлдеқашан үзілген. Бұл ғаламшардағы түр-тұрпаты жағынан болса да ең ұқсайтындары қалың ағашты ормандағы Маймылдар ғана. Тіл жоқ оларда. Ағаш бұтақтарында отырып алып, жақындағанға бадырақ көздерін сығырайта қысып қарайды. Одан артық ештемеге саналары жетпейді. Олардан еш көмек те жоқ ғарышкерлерге. Оларға орман ағаштарының жемістері болса, өздеріне ешбір жыртқыш тимесе болғаны. Қандай да бір жыртық ұмтылғанда ағаш бұтақтарынан бұтақтарына секіріп, шыңғыра қаша жөнеледі тобымен. Орманда олардан басқа да көптеген
108
тірішілік иелір бар. Әрібр тірішілік иесінің ұлы Жаратушы сыйлаған дыбысы мен қорғанысы бар.
Орман ішінде тұрғанда ғарышкерлер соның бәрін де көрді. Солардың ішінде өздерін көп мазалағаны алып Жарқанат тәрізділер болды. Олардың басты бір қорегі ормандағы жуан ұзын Жыландар болса керек. Сол Жыландардың өздері де қауіпті. Түн ұйқыларында жай дыбыспен сусып, жылжып келіп, киіз үйді орап, қысып, күйретіп жіберсе, тор қоршаудағы ұсақ жануарлар мен құстарды жұтып жіберсе не болмақ? Ғарышкерлер осының бәрін де ой елегінен өткізген. Енді өздеріне әрі жылы, әрі сырттан қатерсіз баспана табуілары керек. Қай жерден тұрақ таңдаймыз десе де, енді бұл ғаламшардың саналы қожайындары өздері. Мұнда саналы адам баласынан ақылы да, айласы да асатын тірішілік иесі болса да жоқ. Кейде осыған да шүкіршілік етеді ғарышкерлер. Тағдырдың осындай тәлкегіне тап болса да, кей кейде өздерін осылай көтермелеп қояды. Осындай көңіл-күйде бәрі жаңа қоынс іздеу сапарына дайын болды.
Бәрі қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарын киген. Ол денелерін қатты суықтан да, қатты ыстық пен тау-тасқа қатты соғылудан да сақтайды. Аса қажет жағдайда «Ұйқы қабына» де айналады. Мұның бәрін ғарышкерлер Жердегі, Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында осы жұлдызаралық сапарға дайындалып жұргенде түгендеген. Тек бір өкініштісі, біраз нәрселері қонатын бөлікпен бірге Қанатты айдаһардың ішіне кетті. Ғарышкерлер ол өкінішетерін естеріне жиі алмауға тырысады. Жаңа күннен жақсы жаңалық күтеді.
Бәрі сайланып, орманның ашық алыңына шыққан соң арқаларындағы айналдырғыштарын қосып тіке аспанға қарай біршама көтерілді де, комбинезондарының екі бүйірінен екі жаққы қарақй жайыла шыққан қанаттарын қағып-қағып жіберіп, тауға қарай ұшты. Енді қалың ағашты орман да, ондағы екі киіз үй, алты барлаушы кемелері, тор қоршаудағы ұсақ жануарлар мен құстар төменде қалды. Орман арасында сусып жылжып жүрген жуан ұзын Жылан да, оны жем ететін алып Жарқанат тәрізді де қауіпсіз бұл аспанда. Адам баласы осындай жасанды қос қанатпен болсын, әуе кемсінің ішінде болсын, аспанға ұшып шығып алған соң өзін ғаламшар бетіндегі күллі тірішілік иелерінің иесіндей сезінеді. Бәрі де солай. Ғаламшар бетінде қозғалғанның бәрі де
109
енді өздеріне жете алмайды. Алып дегендерінің өздері де ғалмшар бетінен айбат шегеді жоғары қарап.
Ғарышкерлер өздерін жеңіл әрі еркін сезініп, бір бірімен дулығаларының маңдайшаларындағы экранды бейнебайланыс жүйелері арқылы байланысып, емен-жарық сөйлесіп, тау басына қарай көтеріле ұша берді. Тау табикаты қашан да тамаша. Мүлгіп тұр. Сол мүлгуді енді тек өздері ғана бұзы ұшып келе жатқандай. Дастан өткенде өздері көтерілген жерден төменнен көрінген алып Қанатты айдаһардың сүйек қаңқасына көз салды. Содан соң оның үстіне төніп барып, қайта аспанға көтерілді. Қалғандар басшысының неге бұлай жасағанын, іштей не ойлағанын түсіне алмады. Сонда да сол мәнерді қайталады бәрі. Содан соң ұшуларын одан әрі қарай жалғастырған. Тау сәлемдері таусылар емес. Алтауы сол сілемдердің үстінде жер бетіндегі жемін қараған Бүркіт құс сияқтанып, қалықтай ұшып, төменге көз тігуде. Тау шатқалдарынан ешқандай тірішілік иесі көрінбеді. Үңгірлер де аз екен. Біреу ойлағандарындай екен. Тек ол аяқтарындағы «Жүрдек етіктерімен» де шыға алмайтын тік келген биік жартаста екен. Солай болса да енді ғарышкерлерге одан басқа таңдау жоқ. Үңгір сырт алып жыртқыштардан қорғануға ыңайлы болмақ. Бір кезде ол үңігрге тесіле қараған Рауан:
- Сапарлас достар, ана бір үңгірдің ауызы да үлкен, іші де кең екен! - деп дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебалйныс арқылы дауыстап қалды.
- Көріп келемін! – деді сол кезде Дастан.
- Расында да өзіміз іздеген үңгірдің өзі! – деп сөзге Сұтанғазы араласты.
- Киіз үйлеріміз ішіне сыяды екен! Ал жануарлар мен құстарымызды қайда орналастырамыз?! Деді Сәндіай жігіттерге жақындай ұшып келе жатып бейнебайланыс жүйесі арқылы.
- Ұсақ жануарлар мен құстарға да бір жайлы орын табармыз, - деді Дастан дулығасының мағңдайшасындағы экранға қарап, - әуелі үлкен үңгірдің іші-сыртын зерттеп, орналасып алайық. Өзі мына менің дулығамның маңдайшасындағы экранның көрсетуіне қарағанда, бұл үңгір теңіз деңгейінен үш мың метр биіктікте екен. Төңірегі де жаман емес. Осы үңгірді қоныс етейік!
Басшының осы сөзінен кейін бәрі тұп-тура үңірге қарай ұшып жетіп, оның ауызының креберісіне алып құстарша жалп-жалп қонды. Сәл дамылдап алып, іші-сыртын зерттеуге кірісті. Іші шын
110
мәнінде екі киіз үй еркін сыятын кең екен. Тек үңгірдің жан-жағы жалаңаш жартастар. Өсіп тұрған бір бұта жоқ. Батсытан суық жел соқса, ішінің азынап кетері хақ. Ал өздеріне керегі жылы жер. Бірақ енді барар жерлері жоқ бұдан өзге. Дастан енді қолшамын сол қолының, отты тапаншасын оң қолының алақандарымен қыса ұстап, қолшамын жағып, үңгірдің қараңғы түбіне қарай бастап жүрді.
- Дастан, сақ болшы! – деді сол кезде Гүлболсын қатты толқып.
- Ештеме бола қоймас мұнда! Бәріммізге ұнаса, енді бұл үңгір тұрағымызға айналады ғой!
Дастан осыны айтып, ілгерілей берген. Оның ізін ала Сұлтанғазы мен Рауан еніп барады. Рауан сол қолының алақанына қыса ұстаған қолшамының жарығын анда-санда үңгірдің үлкен құбырдай дөңгелене келген тас қабырғаларына бұрып, алдағы уақытта қай жерлеріне шам орнататынын да ойлап қояды. Ішінде ылғал жоқ. Бұл ауа алмасуының жақсы екенінің көрінісі еді. Еденіне бұталар төселіпті. Соған қарағанда, мұны әлдеқандай алып бірдеме мекен еткен. Ғарышкерлер алғашында үңгірдің кеңдігіне қызықса да, кейіннен мұның тереңдігі, түкпірінде не бары ойландырды. Тереңі қараңғы болғандықтан қ айта шығып, қос қанаттарын қағып-қағып жіберіп, әуеге көтеріліп, тау аңғарлары мен шатқалдарын шолды. Өздеріне лайықты басқа үңгір кезікпеді. Содан соң біраз уақыт тыныстау үшін қайтадан ормандағы киіз үйлеріне оралды.
Өткенді еске алғанда
Саналы адам баласының өткенін есіне аламай жүре алмайтыны белгілі. Ол кейде адамды әсерлі ой-сезімге бөлейді. Мына бөтен ғаламшарда қаншама қиындық көріп, оңашалықты бастарынан кешіп жүрсе де ғарышкерлер өткендерін ұмытқан емес. Өткен жақсы оқиғаларын есіне алу арқылы адам бойына күш жинаайды. Жігерленеді. Кеше күні бойы қос қанаттарымен тау үстінде қалықтап ұшып, өздеріне қолайлы үңгір іздеген ғарышкерлер бүгін киіз үйлерінде тыныққанды жөн санаған. Күн сайын қос қанаттарын қағып, аспанға ұша беру де оңай емес. Сонда да осы киіз үйлерінде қол қусырып отырған жоқ ешқайсысы да. Аспанда ұшіп жүрген кездерінде де ғаламшардың
111
бетінен не көздеріне түскендердің бәрін де суретке, бейнеге түсірумен болған. Бүгін өздеріне өздері осылай демалыс жариялап, сол түсіргендерін жігіттер тұратын киіз үй ішіндегі экранды құрал арқылы мұқият көріп шығуды мақсат еткен. Бұл бөтен ғаламшардағы әрбір күн мен түн осылай баяу ғана жылжып өтіп жатыр. Уақыттың тез өткендей болатыны қандай да бір жұмысты қарбалас жасағанда екен. Қазірде де істері аз емес. Сонда да күн өткен сайын бәрі мына тыныш өмірге қлыптасып, анау-мынау әуен тыңдауды да жақтырмауға көше бастаған. Бұл өмірге қарағанда, қайта жұлдызаралық кеме ішіндегі өмірлері белсенді әрі қызық екен. Сол сапарда ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қолдары босағанда не істемеуші еді. Ондай сәттерде бәрі «Қазақтың ұлы даласы», «Орманды алқап», «Көл жағалауы» делінетін бөлімдерге барып, емін-еркін демалатын, неше әуен тыңдап, небір бейнефильмдерді көретін. Өздерін үнемі еркін сезінетін. Жұлдызаралық кеменің ішіндегі жылылық та тұрақты. Онда жел деген, жаңбыр жауу, қар жауу деген жоқ. Бар нәрсе автоматта-компьютерлі жүйелерге бағындырылған. Оларға қоса зыр жүгірген биотұлғалар бар. Олардың өздері де саналы болмаса да кәдімгідей ес еді өздеріне. «Не жеймін, не ішемін» демейтін ешқайсысы да. Енді сол дәурендері өтіп, жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігі комбинезондарының қос қанаттарымен ұшып жете алмайтын биікте, ғаламшар төңірегіндегі айналымжолда қалған. Оның өздері мініп, осы ғаламшарға қонған қонатын бөлігі айдаладағы бір алып Қанатты айдаһарға «жем» болды. Сөйтіп, өмірлері бір сәтте осылай өзгеріп шыға келген.
Ғарышкерлер бүгінгі демалыстарында сол жұлдызаралық кеме ішіндегі дәурендерін естірен алған. Таң атқан бойда таңғы дене жаттығулрын жасап, салқын сумен жуынып-шайынып, қыздар тұратын киіз үйдегі аспазшы биотұлғалар дайындаған таңғы астарын ішкеннен кейін жігіттер тұратын киіз үйге осылай жиналған. Қай қайсысы да бүгін әдеттегілерінен көңілді. Жұлдыз шығыс көкжиектен жарқырай көтерілгеннен кейін-ақ киәз үйдің іші жап-жарық болып кеткен. Қанша қалың ағашты орман ішінеміз десе де, Жұлдыздың жарығы көлеңе атаулыны жұтып алғандай жоқ етеді. Орман ішіндегі анау-мынау жыртқыштар да мұндай кездке иә, ұйқыға кетеді, иә азығын іздеп жөнеледі. Бұл уақыт ішінде ғарышкерлер оны да жақсы біліп алған.
112
Ғарышкерлер адамның көзі де, дауысы мен өзі де жұлдызаралық кемесіз ұшып жете алмайтын, тіпті, жылдам деген радиотоқыннң өзі ұзақ уақыт бойы жүріп өтетін қашықтағы ғаламшарда жүрсе де, әлі де Жерге, Қазақ еліне оралудан күдерлерін бір үзбей, өздерін тап бір ауыл арасында өмір сүріп жатқандай сезінеді кейде өздерін. Өздерін көңілді ұстайтындары да сол сезімдерінен болса керек. Осындай бөтен ғаламшарда біржолата қалып қойулары мүмкін екенін сезінсе де сене бермейді. Жерге, Қазақ еліне қайта оралудан үміттерін үзбейді. Қай нәрсені де бір бірімен ақылдаса, кеңесе отырып шешеді. Ынтымақтарын күшейте түседі.
Демалыс сағаттарында түрлі әңгіме қозғап, Жерде, Қазақ елінде түсірілген суреттер мен бейнефильмдерді көруге отырды. Рауан бейнефильм көрсететін құралды шгағын дөңгелек үстел үстіне қойып, іске қосты. Одан шыққан жарық сәулесі киіз үйдің керегесіне түсіп, экранға айналды. Қыздар ерекше көңілденіп, отырған орындықтарын солай қарай жылжытты. Дастан мен Гүлбиді, Рауан мен Сәндіай, Сұлтанғазы мен Құралай жұп-жұп болып орналаса қалған. Бейнекөрсеткіш құралды аралық байланыс құраылмен Рауан басқарды. Сәлден соң экранда ауылдың тамаша табиғаты, төбе, қырат, жоталары, биік таулары, одан соң ауылдың өзі, әдемі-әдемі үйлері, ара-араларындағы көшелері, ол көшелердің бойларына орналасқан әрқайсысының дүниеге келген үйлері көз тартты.
Бейнекөрініс ауылдың орталығындағы үлкен Мәдениет үйінде өткен үлкен жиынға ойысты. Онда әке-шешелерінен бастап, туыстары, дос-жарандары мен ұстаздары рет ретімен сөз сөйлеп, өздерінің осы жұлдызаралық сапарларына ақ тілектерін ақтаруда. Оны көріп, үлкендердің сол тебіренсіті сөздерін естігенде, қыздар босап, көз шараларына ыстық жас үйірді. Жігіттердің ішкі толқыныстары да терең. Бір сөз айтса, көз шараларына ыстық жас үйірілетіндей томсырайып-томсырайып отырып қалған. Енді, дәл қазір сырттан қандай қауіп төне қалса да селт етпейтіндей ешқайсысы да
Одан кейін көрініс өздерінің балалық балдәурен шақтарына ауды. Сол кездердегі бірге ойнағандары, кейініректе тауға саяхатқа шыққандары көрсетілді. Сол кездің өзінде-ақ осылай жұп-жұп болуға бейім болған екен. Жас кездеріндегі денелір, бойлары, шаштарым ен көздері басқашалау болған сияқтанады
113
енді өздеріне. Қимыл-қзғалыстары да, жүрістері де бүгіндегілерінен жылдам. Енді өздері сол балалық қылықтарын көріп, оған мәз болып күледі келіп. Басқалардан да бұрын Дастан мен Гүлбидінің бір бірін ерекше ұнататындары анық байқалады. Екеуінің бір біріне деген түсіністіктері де басқаларға үлгі болардай. Бұл көрініске ешқайсысы да күлген жоқ. Ықыласпен қарады. Ол екеуінің сол балалық шақтан басталған кіршіксіз махббат сезіндері енді мынандай жағдайда онан сайын күшейе түскен. Жерден, Қазақ елінен, Байқоңыр ғарыш айлағынан аттандырғандар да өздерін іштей танып, жұп-жұп етіп қойғандай. Енді ондағылардың ол көрегендіктері нағыз шындыққа айналып отыр.
Ғарышкерлер осы аз ғана уақыттың ішінде бейнефильмдерден көп нәрсені көріп, көп нәрсен естеріне түсірді. Содан осы бөтен ғаламшардан кете алмай жүргендерін де ұмыта бастағандай еді. Дастан соын біліп, сапарлас достарының көңілін бөлді.
- Мына бейнефильмдегі үңгірге қараңдаршы, өткенде тау жартасынан көрген үңгірімізге қатты ұқсайды екен! – деп қалды.
- Расында да, қараңдаршы, сондай екен! – деп Рауан Дастанды қолдай сөйледі, - тек ол үңгір мұндағы ү ңгірден әлдеқайда терең сияқты еді!
- Ол кезде біз бала емес пе едік? Ал бала кезде табиғаттағы барлық нәрсе үлкен болып көрінеді. Егер сол үңірге енді барып ішіне кірсек қой, ол әрі тар, әрі таяз болар еді бізге!
- Шынында да! – деп Сұлтанғазы Дастанға бір қарап алды, - біз есейген сайын мына табиғат әлеміндегі барлық нәрсе кішірейе бергендей, өз құпия-сырын аша бергендей болады. Ол адам санаы мен білімінің өсу дәрежесіне де байланысты. Біз жастау болсақ та көп нәрсені көріп, біліп үлгердік. Дана қазақ халқымыздың: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтіні де осыдан болса керек. Енді біз Жердегі Қазақ еліндегі өзімізден көп үлкен кісілерден де көп нәрсені білеміз. Тіпті, мына бар дүние де енді өзімізге қарап тұрған сияқты.
Сұлтанғазының «Мына бар дүние» деген сөзі қалғандарды елең еткізген. Мына бейнефильдерді көрудің қызығына түсіп, шын мәнінде де бар дүниені ұмыта бастағандай екен бәрі. Өмір сүріп жүрген жерлері бөтен ғаламшар, орналақан орман іші қауіп пен қатерге толы. Дастан бүгінгі күнді дамалыс күн деп жарияласа да Жердегі Қазақ еліндегідей бейқамдық жоқ енді. Ол
114
жақтағының жөні бөлек. Жер ғаламшарының беті қым-қуыт саналы-санасыз тірішілік әрекеттеріне толы. Ғарышкерлер енді өздерінің Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағы осы сапарға жасаған дайындықтары мен бос уақыттарындағы бірге қыдырған сәттерін көруге көшті. Оның әзі де бір дәурен екен. Тек аттанар алдындағы әке-шешелерінің, туыстары мен дос-жарандарының толқыныстары мен көз жастарын көргенде қай қайсысы да қатты толқыды. «Әттең-ай, сол кезде әке-шешелеріміз бізді неге жібермей қоймады екен?» деп бір ойлап қойды іштей Гүлболсын. Бірақ бәрі де кеш енді. Ол сәт тек бейнфильмде қалды. Уақыт шіркін, ұстата ма? Ұзақ деген жұлдызаралық сапарлары өте шықты, мына ғаламшарда болған уақыттары да белгісін берер емес.
Енді міне, ұзақ деген бейнефильмдерінің соңғы көріністері де өте бастады экраннан. Осы кезде мұны сезгендей орман ішінен бір дыбыс естіліп те қалды. Ғарышкерлерге бұл орман ішіндегі тірішілік иелерінің көбісінің дыбыстары белгілі де болып қалған. Бір ағаштың бұтағынан екінші ағаштың бұтағына секіріп, бір бірін қуалап ойнаған Маймыл тектестердің дыбыстары болса да белгілі. Ал жуан ұзын Жыландардың сусылы болса да жан шошытады. Дастан өзі жариялаған демалыстың біткенін іштей сезді. Бейнефильм бітіп, экран сөнісімен орнынан ширқ тұрып, киіз үйдің ашық тұрған сықырлауығы арқылы сыртқа көз салды. Сыртта тірішілік иелерінің тірішілік әрекеттері жандана бастапты. Енді киіз үйдің ішінде өткенді аңсап, ойға батып отырудың еш реті жоқ. Өткен бір түнде алпы Жарқанат тәрізділердің бірі ағаш діңімен жоғары қарай өрлеген жуан ұзын Жыланды қарымды, өткір тұмсығымен қыршып тістеп өлітіп, орман ішіне сылқ құлап тұскан оны аяқтарының қарымды саусақтарымен бүре аспанға қарай алып ұшып кеткеннен кейін бұл аумақ тынышталып та қалған еді. Жаңағы «Ысс» деп шыққан дыбыс басқаныкі болып шықты. Сәлден соң Дастан сықырлауықтың дәл алдынан сусып өтіп кетіп бара жатқан жуан ұзын Жыланның арқа жонын көріп қалды. Тұла бойы дір етіп, жүрегі дүрс-дүрс ұқатты соқса да, сапарлас достарына онысын білдірмеуге тырысты. Бірақ бет-әлпетінің сұрланғанын жасыра алмады.
- Рауан, бейнефильм көрсеитетін құралды тез жинастыр! Сыртқа шығып, айнала төңірегімізді барлайтын уақыт келді! – деді сәл аптыға сөйлеп.
115
- На болып қалды? Сбір қауіп бар ма? – деді сол замат жанына жүгіріп келген Гүлболсын сырттан жуан ұзын Жыланның киіз үйді айнала орауға ыңайланып келе жатқанын көріп:
- Ой, апа! – деп айғайлап жіберді.
- Не болды?! - деп, Сәндіай да келді.
Рауан, Сұлтанғазы мен Құралай да сықырлауыққа қарай ұмтылған. Дастан ғана өзін ештеме болмағандай салқын ұстап тұр. Онысына қалғандар қайран. Енді жаңағы ескуе алу, сағыныш, қуаныш сезімдері жайына кетті. Енді өмір үшін арпалыс басталмақ. Сонша жуан ұзын Жыланды оң қолдарының алақандарына қыса ұстаған отты тапаншаррымның ыстық отты оқтарымен жайрау мүмкін емес. Биотұлғаларды жұсауға тағы болмайды. Оларды да сақтау керек. Оны өткендегі алып Жарқанат тәрізді ғана өлтіре алмақ. Егер қараңғы түн мезгілі болса, олардың бірі әлдеқашан өткір тұмсықтарымен шоқып өлтіріп, аяқтарының қарымды саусақтарымен бүре аспанға қарай ұүшып алып кетер еді. Енді ол алып Жарқанат тәрізделер де жоқ. Жуан ұзын Жыланның усыз екені түсінікті. Тек мына жеңіл заттардан құрастырылған киіз үйдің керегелерін бүкіл жылтыр денесімен орап, қысып, күйретіп жіберуі әбден мүмкін. Жылан атаулының дөңгеленген нәрсені құысуға құмар екені де белгілі. Оның үстіне, Жыландар ондай кезде ешбір сырт дыбысқа селт етпейді. Жуан ұзын Жылан өткенде алып Жарқанат тәрізді шоқып өлтіріп, денесін алып кеткен серігін іздеп келіп, ақысын өздерінен алмақ па? Ғарышкерлерге мұндай ой да келген. Енді ғарышкерлерге қашып шығатын жер де жоқ. Жуан ұзын Жылан киіз үйді толығымен орап жатыр. Үш қыз қатты қорқып, жылап, жігіттерге тығылған. Дастан еш асақан жоқ. Мұндайда басшы әлсіздік танытса, жағдай не болмақ.
Енді ғарышкерлерге бір ғана жол қалған. Автоматты-компьютерлі екі киіз үйді де шарға айналдырулары керек. Жердеге Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан өздерін аттандырушылардың бар ақлмен жасағандары осы еді. Киіз үйлер бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда, осындай қиын сәт туғанда шарға айналып, аспанға қарай көқтеріле жөнеледі. Жуан ұзын Жылан баяу жиырыла берді. Бірақ онысына қарап уақыт күтуге болмайды. Жылан сөйіп жатып бірден қыса салады. Олар орман арасында алаңсыз келе жатқан адамды да, жануарларды да аңдып жатып, тез қозғалып, орап алып, қатты қысып,
116
тұншықтырып өлтіреді. Содан соң асықпай-саспай жұтады. Сол сияқты мына киіз үйді қатты қысып жіберсе, іштегі заттар мен биотұлғалар түгілі, өздері де мерт болмақ. Ғарышкерлер оны да ойлаған.
Енді күтетін уақыттары жоқ. Әрбір секунд, минут қымбат. Дастар сапарлас достарына дыбыс шығармауды ескертіп, өзі сықырлауықтың маңдайшасындағы төрт қырлы шағын тақтадағы көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды. Артынша киіз үйдің пішіні жайымен өзгере берді. Оны жуан ұзын Жылан әзірге сезбеді. Өзінің қозғалысына сай дыбысты естіген сияқты. Олай сезінгені ғарышкерлерге керек еді. Екі киіз үйдің де керегелері, уықтары мен шаңырақтары кішірейе берді. Мұндай сығылу мен кішіреюде іштегі ешбір затқа да, кеңістікке де зақым келмейді. Ғарышкерлер киіз үйдің дәл ортасына топтасып, оң қолдарының алақандарына отты тапаншаларын қыса ұстап, тыныш тұра қалды.
Киіз үйлер жиырыла-жиырыла шарға айналған кезде жуан ұзын Жылан да әлденені сезгендей тітіркеніп барып, сырт ете қалды. Сырт еткені, кілт жиырылғаны еді. Бірақ ол әрекеті далаға кетті. Өзін өзі орады. Соның артынша ол дыбысын естіген ормандағы нешетүрлі тірішілік иелері шулап қоя берді. Маймыл тектестер қатты шыңғырды. Олар өздеріне әлденелерден көмек сұрағандай шыңғыра ағаштардың абір бұүтағынан екінші бұтағына секірумен болды. Маймыл тектестер жуан ұзын Жыланды көрген екен. Олардың шыңғырулары мен ағаш бұтақтарында бейберекет секіргендері ормандағы өзге тірішілік иелерін де елеңдеткен. Сәлден соң бірнеше бауырымен жорғалаушылар келіп жетті. Сол бойда жуан ұзын Жыланды бас салған. Әбжыланның құйрығы шарға айналған киіз үйге қатты тиіп, киіз үйй домалап жөнелді. Ішіндегі ғарышкерлепр де тап бір ғарыш кемесінің ішінде тұрғандай аунап жөнелді. Бір бірімен қатты ұстасқандарының арқасында киіз ұйдің жиырылған керегелеріне қатты соқтықпады. Биотұлғалар да керегелерден мықтылап ұстап қалған. Тек анау-мынау бос тұрған заттар аударылп-төңкеріліп кетті.
Дастан өзінің сондай күйге түскеніне қарамастан дулығасының маңдайындағы шағын бейнетүсіргішке болған құбылыстың бәрін де түсірумен болды. Қалғандар да қарап қалмаған. Ерекше батылданып кеткен. Жуан ұзын Жыланның
117
құйрығы әрбір тиген сайын шар киіз үй орман ағаштарының шетіне қарай домалай берген. Бауырымен жорғалаушылар жуан ұзын Жыланның нағыз жауы екен. Оны әп-сәтте азулы тістерімен бірнеше бөліктерге бөліп жіберіп, ашыққан Қасқырлардай асығып-үсігіп жеп, тояттап, өз жөндерімен кетті. Олардың бір қызығы, шарға айналған киіз үйлерге де, бір кісілік барлаушы кемелер мен тор қоршүауда тұрған ұсақ жануарлар мен құстарға көз салмады да, оларға қарай ұтылмады да. Өздерінің сүйіп жейтін азығы болса болды екен.
Шар киіз үйлер домалай-домалай келіп, тыным тапқан кезде Дастан оны тақтадан оларды қайта қалпына келтіретін түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Бәрі өзді өзді орындықтарына отыра кеткен. Қапелімде бір бірніе ештеме демеді. Жағдай айтпаса да түсінікті. Қорқыныштан анық көре алмай қалған нәрселерінің бәрі де енді бейнетаспада сақтаулы. Ендігі шешімдері де белгілі. Сәндіай шыдамады:
- Бұл орманнан тезірек кетейікші! Мұнда бізге тыныш күн жоқ! – деді көз жанарына іркіліп қалған ыстық көз жасын сол қолының сүйріктей сұқ саусағымен сыла сүртіп алып.
- Қайда кетеміз?! - деді оған Гүлболсын бұрыла қарап.
- Е-е, достар, - деді сол кезде Рауан әдетінше сөзін соза сөйлеп, - менімше, тау жартасынан көрген үңгіріміз қонатын бөлігімізді жұтып, өзі мерт болған Қанатты айдаһардың жатын үңгірі. Соны мекен етіп алсақ қайтеді?
- Қайдағыны неменеге есіңе түсіріп отырсың? – деп оған Сұлтанғазы жақтырмай қарап, - өзімізді тағы бір қатерге қарай итермекшісің бе?
- Жоқ-ей, - деді Рауан оған қадала қарап отырып, - ол үлкен әрі іші жылы үңгір. Ал Қанатты айдаһардың өзі болса, әлдеқашан өліп қалды. Ол енді бос қой!
Рауанның бұл сөздері қалғандарға ой салды. Бірақ ешқайсысы да пікір қоспады. Оның айтқан сөздерінің жаны бар еді. Мына орман ішінде қауіп-қатерсіз тұра алмайтындары хақ. Сәл үнсіздіктен соң бойларындағы қорқыныш демдерін басып, әлдену үшін бәріқыздар тұратын киіз үйге келіп, ондағы аспазшы биотұлғаларға дастархан жайуға тапсырыс берді. Аспазшы биотұлғалар алдырана келіп, иіле кетіп, қамыр ет асу ға тапсырыстар мен тапсырмалар алды. Аз ғана уақыттың ішінде дайын етті. Ғарышкерлер осы ғаламшарға қонатын бөлікпен
118
қонғалы бері алғаш рет қамыр ет жеп, соңынан майлы ыстық сорпа ішті. Одан кейін әдеттегідей кофе әкелінген. Ғарышкерлер кофелерінен ала отырып, жаңа ғана көрген бейнефильмдері мен суреттерден алған әсерлерін ортаға салды. Оның өзі де өздеріне үлкен жұбаныш еді.
- Уақыт деген осылай өте береді, - деп қойды Дастан сапарлас достарына қарап алып, - тіпті, менің мына айтқан сөзім де уақыт санап шығады ауаға. Егер уақыт өтпесе, тоқтап қалса, онда бұл жарық дүниеде ешқандай құбылыс та, өзгерістер де болмас еді. Күллі әлем де қатып тұрып қалмақ!
- Дұрыс айтасың, Дастан, - деп Сұлтанғазы оған бұрыла қараған, - уақыт тоқтиаса, бар дүние әлемі жоғалады. Бірақ саналы да білімді адам баласы сол уақытты тоқтата да алады?
- Қалайша? – деп Құралай оған жалт қарады.
- Оны біз жаңа ғана көрдік емес пе?
- Қайдан? – деді Құралай әлі де ештемені түсінбей.
- Суреттер мен бейнефильмдерден!
- Шынымен де солай! – деп Құралай Сұлтанғазының ойын енді түсінді.
- Адам да, басқа кез келген жануарлар мен құстар да, күллі тірішілік иелері де суретте қимыл-қозғалысын мәңгілікке тоқтадады!
- Ал бейнефилмьмдердегі ше?- деді Сәндіай Сұлтанғазыға қадала қарап.
- Бейнефильмдерде адамның да, күллі тірішілік иелерінің де қозғалыстары да, айтқан сөздері мен дыбыстары да бар. Тек ол түсірілген мезгілдегі қозғалыстары мен сөз, дыбыстары. Одан ілгері қарай да, кейін қарай да жылжымайды. Бұл тоқтау емес пе? Егер ол бейнелер қайталанып, тоқтап тұрмаса, біз Жердегі, Қазақ еліндегі өз бейнелерімізді де, әке-шеше, туыстар мен дос-жарандарымызды да қайталап көре алмас едік! Рас қой!
- Дау жоқ! – деді Рауан Сұлтанғазыға қарап басын шұлғып, - сурет те, бенефильм де тоқтаған уақыт!
- Ал қозғалыстағы уақыттан ұтылуға болмайды! – деді бұл сөздерді тыңдап болған Дастан.
- Уақыттан ұтылу – өмір жасыңды қысқартқанмен бірдей, - деп Сұлтанғазы көздерімен сапарлас достарын жай ғана шолып өтті, - сондықтан уақыттан ұтылуға болмайды. Уақытын тиімді пайдалана бішлген адам өмірде қыруар іс тындырады. Осыны
119
түсінген ұлы жащулылар мен ғалымдар уақытқа үлкен мән берген. Шамалы уақыты бос өтсе, қатты ренжіген. Өйткені, өмір – уақыт. Сол өмір де, уақыт та адам пендеге де, күллі тірішілік иелеріне де бір ғана рет беріледі. Ал уақытпен санаса білмеген адам өзінің бір мәртелік өмірінде көп нәрседен ұтылады. «Әлі уақыт бар ғой», «Өмір алда» деп, алданып жүріп, өзінің қартайғанын білмей де қалады.
- Дәл айтасың, - деп Дастан сол қолының білегіндегі электронды қол сағатына көз тастап алды, - ендеше, жігіттер, қыздар, осыны ұмытпайық. Рас, адам баласына бір мезгіл демалыс та керек! Сондықтан бүгінегі күнді өзіміз демалыс күн деп жарияладық. Қонатын бөлікпен осы ғаламшарға қонғалы бір тынған жоқпыз. Соның арқасында талай іс тындырдық. Енді оны әрі қарай жалғастырайық. Уақыт жылжып өтіп жатыр. Жаңа Рауан айтқан үлкен үңгірді іздеп табайық.
Басшының бұл сөздері қалғандардың қай қайсысына да қозғау салған. Астан кейін бәрі ауыз шайып, екі киіз үйдің де іштерін ретке келтіріп, барлық автоматты-компьютерлі жүйелерді тексеріп, қалған анау-мынау істерді биотұлғаларға тапсырды.
Жылы үңгір
Киіз үйлердің жиырылып, екі шарға айнала қалатыны бұл ғаламшардағы санасыз тірішілік иелеріне болса да түсініксіз құбылыс еді. Сондықтан осы ормандағы адам баласына да, өзге тірішілік иелеріне де аса қауіпті деген жуан ұзын Жыланның өзі де киіз үйлерге ештеме жасай алмады. Екі ортада бауырымен жорғалаушының азулы тістерінен мерт болды. Шарға айналған киіз үйдің тағы бір ерекшелігі ол керегесіне жақындаған кез келген нәрсені сезгіш жүйелері ақралы олай да, былай да домалап ұстатпайды. Домалағанда, ішкі жағы қатты айналмайды. Тап бір білікпен айналатын дөңгелек тәрізді. Ғарышкерлер ас ішіп, әлденіп, қорқыныш сезімдерін басқан осң киіз үйлерді қайтадан шарға айналдырып, орманның ашық жеріне шығарып, өз қалыптарына келтірген. Ұсақ жануарлар мен құстар бар тор қоршау да, бір кісілік барлаушы кемелері де тұрған орындарынан тік аспанға қарай көтеріліп барып, киіз үйлер орныққан ашық алаңға келген.
120
Бұл ашық алаңда да ғарышкерлер бір күн, бір түнді құс ұйқымен өткізді. Жігттер күндіз де, түнде де қыздар тұратын киіз үйді сырттан кезекпен қарауылдады. Олай етпеске шаралары да жоқ еді. Кешегідей бір жуан ұзын Жыланның осында сусып жылжып келіп қалмасына кім кепіл. Орман ішінде одан басқа да адамға зиянды жыртықштар жепткілікті. Өздері олардың кейбіреулерін әлі күнге дейін көрген де емес. Қанша суретке, бейнеге түсіріп жүрсе де, бөтен ғаламшардың табиғатының құпия жатқан сырлары бар әлі. Дастан басшы ретінде енді тіпті де ширап кеткен. Осы кезге дейін дәл осылай қатты толқыған жоқ еді. Жуан ұзын Жыланның киіз үйді орауы қауіптің қауіпі екен. Егер ол киіз үйдің керегелерін күйретіп жібергенде бұл жабайы табиғат аясында баспанадан айырылмақ түгілі өздері де мерт болар еді. Бір Құдай сақтады өздерін. Бұған қай қайсысы да іштей тәубешілік еткен. Енді тірішіліткері үшін күрестерін күшейтулары керек.
- Рауан айтқандай, әлгі біздің қонатын бөлігімізді жұтып, мерт болған, Қанатты айдаһардың үңгірін паналасақ қайтеді? – деді Сұлтанғазы таңғы астан кейін бәрі жұмсақ орындықтарында тыныстап отырған бір мезетте.
- Мен соны айттым ғой, - деді Рауан ұсынысына демеу тапқандай сергіп.
- Сен екеуің бәрімізді сол Қанатты айдаһар жатын орын еткен үлкен үңігрде тұрғызып, басымызды тағы бір қатерге қоймақсыңдар ма? – деп Сәндіай Сұлтанғазы мен Рауанға сұрау сала қарады.
- Ол үңгірдің іші, Рауан айтқандай, енді бос қой. Қайдағы қатер? Ол биік жартаста емес пе?. Ол жартасқа анау-мынау жыртқыштар шыға алмайды. Сондықтан ол өмірімізге қауіпсіз баспана болады, - деді Сұлтанғазы достарын көзждерімен жай ғана шолып өтырып.
Рауан мен Сұлтанғазының бұл сөздерін мұқият тыңдап болған Дастан Қанатты айдаһар өздері тұрған аңғардың шығыс жағындағы биік таудан төміндей келіп, аңғардағы қонатын бөлікті жұта ұшып өткенін есіне түсірді. Ендеше, ол Қанатты айдаһардың жатын үңгірі өздері көрген сол биік тау жартасындағы үңгір. Рауан мен Сұлтанғазының ұсыныстары дұрыс. Қауіпсіз өмір сүруге енді одан басқа орын да жоқ. Сәндіайдың өзі де енді сергіп:
121
- Ол үңгірге орналасуға мен қарсы емеспін. Бәрін түсіндім. Тек сол үңгір ішіне мына екі киіз үйіміз сыйса ғой, - деді.
- Ой, сен де айтады екенсің! – деді оған жалт қараған Рауан, - сондай алып Қанатты айдаһар сыйып жатқан үңгір ішіне екеу емес, бірнеше киіз үй сыяды! Өткенде кһөрдік қой, ішін!
- Расында да солай еді ғой! – деп Рауанды Гүлболсын қолдай сөйледі, - іші кең әрі терең!
- Оның ішінің тұрақтауымызға ыңайлы болатынына еш дауым жоқ, - деді тау жаққа көз салып қойған Құралай, - тек әрі қараай тыныш болса ғой!
- Неге тыныш болмайды? – деді Рауан жұлып алғандай сөйлеп, - өлер алып өліп қалды! Одан өзге ешбір жыртқыш оған тұрақтай алмайды!
- Ойларың дұрыс, - деді Дастан осы кезде демін терең алып, - сол үңгірді пана етеміз. Тек одан бұрын оның іші-сыртын тағы бір мұқият көріп алайық.
- Ой, мен әлі де қорқамын ол үңгірдің ішінен, - деді Құралай оң қолының алақанымен кеудесін басып.
- Қорықсақ та, қорықпасақ та, ендігі тұрағымыз сол үңгір болады, - деді Дастан, - біз Жер ғаламшарымызда жүрген жоқпыз. Өз тағдырымызды өзіміз шешетін мына бөтен ғаламшардамыз. Сондықтан батылданайық. Ғарышкер деген атымызға лайық болайық!
- Енді ол үңгірде бізге төнер ешқандай да қауіп жоқ қой, - деді Рауан тау басына тағы бір көз салып қойып, - қашаннан бері іші бос!
- Сонда сен сол мерт болған Қанатты айдаһарды соңғысы деп ойлайсың ба? – деп сығылыңқы, жарасымды көздерін қадай сөйледі Гүлболсын Рауанға.
- Ол үңгір ішінде болмаса да, басқа бір жерде ол Қанатты айдаөардың ұрпағы бар болып жүрмесін? – деп Гүлболсынды қолдай сөйледі Құралай.
- Олар бізге қауіп төндіре қоймайды, - деді Дастан сапарлас достарына сақ бола түссін дегендей.
Осы сөзден кейін бәрі де батылданып қалған. Мұндай жабайы ортада қашан да сергектік пен батылдық керек. Қатердің кішкентай нәрседен келетіні де хақ. Сондықтан да ендігі таңдаулары биік таудың жартасындағы үлкен үңгірге келіп тірелген. Дастан енді уақыттың қымбаттыңын ескеріп, мойнына
122
үнемі асып жүретін дүрбісін екі қолының алақандарымен қыса ұстап, орманның осы ашық алаңынан аспанға шаншылғандай болып көрініп тұрған биік тауға қарады. Дүрбіні жайымен қозғап, өздері болған үлкен үңгірге әкеліп тоқтатты. Оның қарайған ауызы өздеріе ашылған үлкен есіктей көрінеді. Дастаннан кейін құалғандар да дүрбі арқылы оны бақылады. Содан соң бәрі соған қарай аттануды ұйғарған. Одан бұрын дұрыстап ас ішіп алуды жөн санады. Мынандай таза ауада жүректері де саза бастаған. Қыздар аспазшы биотұлғаларға тапсырыс берді. Олар сол тапсырыс бойынша іс-әрекеттеріне кірісіп, түскі астарын дайын етті.
Жаңа ғана әмбебап дүрбі арқылы көрген таудың пышақ қырындай тік әрі биік жартасындағы үлкен үңігірге жаяу адамның шығуы еш мүмкін емес. Сондықтан ғарышкерлер бастарына үстеріне қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарын, аяқтарына «Жүрдек етіктерін», бастарына дулығаларын киген. Егер олары болмаса, ғарышкерлер бұл кезге дейін нешетүрлі қатерлеге тап болған болар еді. Енді солардың көмегімен тағы да таудың сол тік әрі биік жартасындағы үлкен үңгірге жетпек. Екі киіз үйдің іштеріндегі барлық бейнебайланыс жүйлеренің жұмыстарын мұқият тексеріп, сықырлауықтарын мықтылап жауып, тор қоршаудағы ұсақ жануарлар мен құстардың жайын білгеннен кейін тауға қарай бете алды. Әуелі аяқтарындағы «Жүрдек естіктерін» іске қосып, жылдам-жылдам секектеп, таудың біршама жеріне дейін көтерілді. «Жүрдек етіктері» болмаса, жүрістері де өнбек емес. Таудың биік бір жотасының басына шыққанан кейін, комбинезондарының екі «Жүрдек етіктерінің» жұмысын тоқтатып,бүйірлерінен қос қанаттарын жая шығарып, төменге қарай сәл жүгіріп-жүгіріп барып, әуеге қалықтай ұша жөнелді бәрі. Арқаларындағы айналдырғыштарын да іске қосқан. Бағыттары – таудың тік әрі биік жартасы. Өткен жолы болғандықтан ғарышкерлер бұл жолы үңгірге тез ұшып жетті. Енді өздері оның ауызының алдында кіп-кішкентай Көгершін құстардай ғана болып қалды. Үңгірдің ішкі жағын барлап алу үшін сақтық жасап, ауызының алдында олай да, былай да ұшты. Ешбір қозғалыс байқалмады, ешқандай дыбыс естілмеді.
Сәл уақыт өткенде Дастанның бейнебайланыс жүйесі арқылы айтқан ұсынысы бойынша үлкен үңгірдің кең ернеуіне ірі құстардай жалп-жалп қонды. Сол бойда бәрі қос қанаттарын
123
жиып,арқаларындағы айналдырғыштарын сөндірді. Үңгірдің іш жағын барлауға кірісті. Сол өткенде көргендеріндей екен. Үңгірдің түп жағында ағаш бұтақтарынан төселген төсем жатыр. Ғарышкерлер ол төсемдерді қозғап-қозғап көрді. Ештеме көздеріне түспеді. Осыдан соң бәрі де бұл үлкен үңгірді тұрақ етіп алуға болатынына көздерін жеткізді. Дастан сонда да үңгірдің ішін, ернеуін мұқият қараумен болды. Байқаса, бұл үңгірді қандай да бір алып неме мекен еткен сияқты. Үңгірдің іші де, ернеуі де кірленген. Жартастары алып Қанатты айдаһар көп мәрте сусып, жылжып өткендей жып-жылтыр. Еденінде әлдеқандай ірілі-ұсақты жабайы жануарлардың сүйек-сақтарының қалдықтары жатыр. Ғарышкерлер осы көргендерінің бәрін ой елегінен өткізе келе: «Бұл үңгір қонатын бөліктерін жұтқан Қанатты айдаһардың мекені» деген қортынды жасады.
- Мен қорқамын, бұл үңгірдің ішінде тұруға! Бірде болмаса да, бірде дәл сондай Қанатты айдаһар сырттан ұшып келсе, не боламыз? Бәрімізді бір-ақ жұтпай ма? – деп кемсеңдеді жас балаша Құралай.
Дастан қатайып, оның сөзіне ес бөлмеді. Үңгір ішін барлауын одан әрі қарай жалғастыра берді. Жарық жанатын қолшамын сол қолының, отты тапаншасын оң қолының алақандарына қыса ұстап, үңгірдің қараңғылау келген тереңіне қарай жүрді. Қалғандар да осыны қайталап, соңынен ерді. Күтпеген қауіптің қай жақтан келері белгісіз. Ішке қарай біршама жер жүргенде тереңінен бір жылы леп сезілді. Ауызбен демалғанда адамның аузынан шығатын жылы леп сияқты. Әдетте, мұндай іші кең әрі терең үңгірлердің тереңі сыз болып келеді. Оны ғарышкерлер жас кездерінен жақсы біледі. Ал мына үңгірдің жөні бөлек екен.
- Бұдан әрі қарай бармай-ақ қойсақ қайтеді? – деді бір кезде іштейгі қорқыныш сезімін баса алмаған Құралай кілт тоқтап, - мына жылы леп маған ұнамайды.
- Неге олай дейсің? - деп қалды оған Гүлболсын.
- Қарамайсыңдар ма, жылы леп ауаныкі емес, қандай да бір тірінікі.
- Е-е, бұл жарық дүниеде не болмайды дейсің? – деп Рауан сол қолының алақанына қыса ұстаған қолшамын олай бір, былай бір бұрды.
Ештеме көзге түскен жоқ. Үңгір іші өте терең екен. Алғаш рет келгенде түбіне дейін бармаған еді. Енді жаяу жүрген адамға ұзақ
124
көрінген. Ғарышкерлер енді кідірмеді де, кейін қайтпады да. Мақсаттары үңгір ішін толық тексеріп шығу. Анықтап көріп алмай мұнда көшіп келе алмайды.
- Достар, байқаңдаршы, Құралайдың қорқатынындай бар. Мына үңгірдің қараңғы түкпірінде тірі бірдеме жатқан сияқты көрінеді маған да, - деді ідіріп, тың тыңдаған Гүлболсын.
- Айттым ғой, жаңа, бұл үңгірдің ішінде бірдеме бар! – деп Құралай көтеріліп қалды.
- Өткенде келгенде неге осылай кірмегенбіз? Тыныштық сақтайық. Үңгір ішінде қатты дауыстауға болмайтынын бәріміз де жастаймыздан жақсы білеміз ғой, - деді Дастан да ара-тұра жүрісін кідіртіп, тың тыңдап қойып, -
Басышының бұл сөзінен кейін бәрі де сөйлемуге тырысты. Алға қарай шамалы жүргенде әлгі жылы леп тағы да сезілді. Ол леп үзіліп-үзіліп жетеді. Енді кейін қайтуларына еш негіз жоқ еді. Жұмбақ неменің сыры ашылуға жақын қалған. Сол кезде Рауан:
- Дастан, қыздарды осы жерде қалдырып, әрі қарай Сұлтанғазы үшеуіміз барып қайтсақ қайтеді? – деді.
- Жоқ, - деді Датсан, - бәріміз бірге боламыз. Үш қызды орта жолда үрпитіп-үрпитіп қалдырмайық. Кейінгі жағымыз да қауіпсіз емес. Сырттан бір Қанатты айдаһар ұшып келіп кірсе не боламыз?
- Оның рас! – деп Рауан кейнгі жаққа бір қарап қойды.
Осы кезде өздерінің үңгір ішінің талай жеріне бойлап еніп кеткендерін білді. Кейінгі жақтары да қараңғыланып қалыпты. Үңгірдің ернеуі ғана дөңгеленіп, ағарып көрініп тұр. Одан түскен жарық ішке қарай азая береді. Ғарышкерлер енді өздерінің осындай қараңғылық қойнауына еніп кеткендерін де байқамай қалғандар кідіріп тұрып қалған. Сол қолдарының алақандарына қыса ұстаған қолшамдарының жарық сәулелері де енді мардымсыздай көрінген өздеріне. Оң қолдарының алақандарына қыса ұстаған отты тапаншаларын олай да, былай да кезеп қояды ара-тұра. Бірақ ол отты тапаншаларынан шыққан отты оқ алып Қанатты айдаһарға сіріңкенің шырпысанан ұшқындаған мардымсыз оттай ғана әсер етпек. Сәлден соң Дастан жүрісін кідіртіп, сапарлас достарына мына шешімін айтты.
- Анау-мынау нәрсеге көңіл бөле бермейк! Үңгірдің түбіне дейін аз жер қалды! Батыл болайық! Ілгерілейк!
Бұл сөздері толқи бастаған сапарлас достарын жігерлендіріп жіберді. Ширақ қозғала түскен. Үңгірдің іші біркелкі түзу емес
125
екен. Бұрылыс-бұырылстары да көп. Ол бұрылыстардың әрбірінен өткен сайын ғарышкерлер сақтана түседі. Жас жүректері де соғысын жиілеткен.
- Өз өзімізден бұл азапқа неге түстік? Бізді мұнда кім зорлап әкелді! – деп сөйлеп қалды бір кезде шыдамаған Сәндіай.
- Е-е, «Шешінген судан тайынбас» демей ме, дана қазақ! Енді бізге шегінуге негіз бар ма? Неге кезіксек те енді түбіне дейін барамыз бұл үңгірдің! – деп жауап қайырды ол сөзіне Рауан.
Қалғандар үндемеді. Жүрістерін жалғасытырып, келесі бір бұрылыстан өткенде Құралай қараңғы ортадан екі қызыл көзді көріп, жанындағы Сұлтанғазыны құшақтай ұстап:
- Ай, апа! Ана екі қызыл көзді қараңдар! – деп дауыстап қалды.
Қалғандар да кілт тоқтағын. Расында да үңгірдің қап-қараңғы түкпірінде екі көзі қызарған бірдеме жатыр. Бәрі дереу сол қолдарындағы қолшамдарының жарығын соған бұрды. Сол замат оны таныған биолог Гүлболсын:
- Достар, бұл біздің қонатын бөлігімізді жұтып мерт болған Қанатты айдаһардың ұрпағы! - деп қолшамының жарығын соған бағыттады.
- Е-е, бағанағы жылы леп осыныкі екен ғой! - деп Рауан қолшамының жарығын оның дәл ауызына түсірді.
Ешкім ештеме айта алмай үнісіз кідіріп тұрып қалған. Не айтсын. Дастанның өзі де енді не шешім айтарын білмей дал. Тек сәлден соң Қанатты айдаһардың кіп-кішкентай, әп-әдемі ұрпағына қызыға бастады бәрі де. Қай тірішілік иесінің де кішкентай ұрпағының сүйкімді келетіні белгілі. Ауылда жүргенде қай қайсысы да Қойдың Қозысын, Сиырдың бұзауын, Жылқынын Құлынын, тпітп, Ит пен Мысықтың күшігін де әуес көретін. Сол есіне түскенде Гүлболсын көз алдындағы кішкентай ойы кетті. Оны оң қолдары алақандарына қыса ұстаған отты тапаншаларының отты оқтарымен өлт іре салу оп-оңай еді. Оған бармады ешқайсысы да. Бірақ алыптың аты алып, азулының аты азулы. Қанша кішкентай болса да, алып Қанатты айдаһардың дәл көшірмесі. Дастан енді одан қалай сақтанудың жайын да ойлаған. Енді бәрі де ширақ қозғала бастаған. Қанша кішкентай болса да, алып Қанатты айдаһардың ұрпағы жылдам қозғалады. Дастан оны да ойлаған.
126
- Сапарлас достар, сәл кейін шегініп, жарықтау жерге тоқтайық! – деді сәлден соң ол.
Бұл ұсынысына қалғандар бірден келісті. Дастанның ойлағанындай бар екен. Әлгі қызарған екі көз әп-сәтте өздеріне жақын келіп, қайта кейін қайтты. Аузын қатты ашқанеда лақ етіп шыққан лебі үңгір ішін жылытып жібергендей болды. Дастан батылдана түскен. Қанатты айдаһардың өздерін жем етуге де, қанат қағып, әуеде ұшуға да әлсіз. Жақын келгенде оның дене-тұрқы да анық көрінді. Ұрпақтың жанында ағарып үлкен жұмыртқаның сынық қабықтары шалылып жатыр. Бәрі оған үнсіз қарап тұр. Тек шамалыдан соң бір біріне иек қағып, тағы кейін шегінді. Дастан ашгық дауысынан үңгір іші жаңғырығып кетпеуі үшін басындағы дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйесі арқылы сапарлас достарына ендігі ойын былай деп жеткізді.
- Сапарлас достар, жағдай түсінікті болды. Енді мына үлкен үңгір ішін мекен ете аламыз. Ана жатқан Қанатты айдаһардың ұрпағы әлі әлсіз. Одан қорықпай жақындап барып әбден анықтап көріп алайық!
- Бұл өзі шынымен қонатын бөлігімізді жұтып, мерт болған Қанатты айдаһардың жұмыртқасын жарып шаққан ұрпағы ма? - деп Сәндіай әлі де болса өз көзіне өзі сенбегендей оған қадала қарады.
- Соның ұрпағы, - деді Сәндіайға бұрыла қарап, бейнебайланыс арқылы, - менімше, бұл ондай алып Қанатты айдаһарлардың соңғысы.
- Енді не күтіп тұрмыз? Қолдарымыздағы отты тапаншаларымызбен мұнай көзін жояйық та, өсіп кетпей тұрғанда! – деді Құралай Сұлтағазының қолтығынан ұстап.
- Қазіргі әлсіз кезінде мұның көзі жою қиын емес, - деді Дастан Қралайға қарап, - тек обал ғой.
- Анасы біздің қонатын бөлігімізді жұтып, ұшуға жарамсыз еткен алып Қанатты айдаһардың ұрапғын өлтіру неге обал болады? – деп жыламсырай сөйледі Құралай.
- Одан да біз мұны жануарлар мен құстардың еттерімен асырап өсірейік! Адам баласының ең сенімді қорғанышы И ттердің өздері де жабаы Қасқырлардың кшіктерінен тәрбиеленіп өсірілген емес пе? Бұл да солай болады. Бізге бауыр басады! – деді Рауан қарап тұрмай.
127
- Ей, сен не деп тұрсңы өзі! – деп оң қолының алақанымен арқа жауырынына салып қалды Сәндіай, - бұл саған Ит емес, Түйе мен Жылқы емес, болашақ алып Қанатты айдаһар! Қазақта: «Бөлтірікті қанша мәпелеп асырап өсірсең де, далаға қарап ұлиды» деген мақал бар емес пе? Оны ұмыттың ба?
- Бұл да тірі жан. Анасынан біржолата айырылды. Осылай жата берсе, біздің отты тапаншаларымыздан шалылған отты оқтарсыз-ақ мерт болады. Қазірдің өзінде әлсіреп жатқан жоқ па? Осы Жердегі, Қазақ еліміздегі циркетерде өнер көрсетушілер жуан ұзын Жыланды мойнына орамаушы ма еді? Сол Жыланды олар қалай үйреткен?
- Ей, Рауан-ай, - деп күрсініп салды Сәндіай, - бала сияқтысың! Сол цикртегі сәл ғана жуан ұзын Жыланмен күні ертең қонатын бөлігімізді оп-оңай жұтқан алып Қанатты айдаһарға айналатын мына жатқан немені салыстыруға бола ма?
- Жарайды, сапарлас достар, - деді осы кезде Дастан бейнебайланыс жүйесі арқылы жай ғана сөйлеп, - қай нәрсені де әлсіз кезінде өлтіре салу оңай. Біз бұл бәтшағарды біраз асырап көрейік. Ал егер дегенімізге көнбей, өзімізге қатер төндіріп бара жатса, көзін жоятын отты тапаншаларымыз қынымызда! Жалпы, қандай тірішілік иесі болса да адам баласына қараптан қарап тиісепейді. Жер бетінде тып-тыныш жатқан Жыланның бір жерін аяғыңмен байқамай басып кетсең шағады. Қарақұрт та, басқа улы жәндіктердің бәрі де солай. Аузыл жыртқыштар да адамға қорғану үшін шабады! Осыны оймен сараласақ, көзін ашқаннан бізге бауыр басқан мына алып Қанатты айдаһардың ұрпағы да өзімізге тиіспес деп ойлаймын!
- Онда мұны осы бастан айтқанымызды бұлжытпай орындауға үйретуіміз керек! – деді Рауан Дастанрды қолдай сөйлеп.
- Өзі де солай болуы тиіс, - деді Дастан, - ал енді ормандағы киіз үйлерімізге оралайық!
- Саған не болған, Дастан? Бұл сенің шының ба, әлде ойының ба? – деді сол кезде Құралай қорқынышын жасыра алмай.
- Ешқандай ойыным емес, Құралай! Бұл өмір, тағдыр. Онымен қашан да осылай күресуіміз керек! Ормандағы киіз үйлерімізге барып, тынығып, түскі асымызды ішкеннен кейін қайта ораламыз мұнда. Ана кіп-кішкентаай Қанатты айдаһар жатқан қараңғы түкпіріне электр шамдарын жағамыз! Бергі жағына мықты
128
сымдардан бізге қарай өте алмайтын темір тор кереміз. Оған етті сол тордың кішкене есігі арқылы береміз.
- Қойшы, Дастан, кішкене ойланшы. Мұның анасының біздің қонатын бөлігімізді жұтып, мына ғаламшардың меңіреу табиғатында алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарындай етіп біржолата қалдырғанын ұмытайын дедің бе? – деп Құаралй бейнеэкранда бұртиды.
- Менің айтқан сөздерімді дұрыс түсінбедің, Құарлай, - деді Дастан күсінісін бейнбейланыс арқылы сездіріп, - қазір түсінбесең, кейін түсінесің бәрін. Егер мені басшы деп санайтын, сыйлайтын болсаң, осы шешіміме қарсылық ьідірме.
Бәрі бір сәтке кідіріп тұрып қалған. Сол кезде қараңғы түкіпірдегі екі көзі қып-қызыл түспен жанған кішкентай Қанатты айдаһар өздеріне қарай ұмтыла жылжып, алдынан кездескенді жұта салуға талпынды. Азулы ақ түсті тістері бар ауызы арандай ашылып кеткен. Әр тыныс алған сайын ол ауызынан жылы леп шығады. Тек алға қарай суып жылжып барып, үңгір ауызына жетіп, әрі қарай қос қанатымен аспанда қалайқтай ұшуға дәрсмені жетпей жатыр. Оның бұл әрекеттері қатты ашыға бастағанының белгісі еді. Ғарышкерлер онысын іштей түсінді. Енді оған қандай да бір азық жеткізбесе, осылай қозғалақтап жатып-жатып мерт болатыны да сөзсіз. Ал оған азық тасу енді ғарышкерлеге жұмыстың жұмысы болмақ. Қанатты айдаһардың ұрпағы күн санап өседі. Соған сай ол азықты да көп жұтады.
Осы жағын да ойлаған бәрі. Бірақ басшы Дастан айтып тұрған соң алдарынан бір жақсылықты да күтеді. Жалпы, тау табиғаты адам баласының көңіл-күйіп ерекше көтереді. Ал таудың биік шыңдарында көтерілген адам масаңданып кеткендей күйге де түседі кейде. Өйткен, жоғары өрлеген сайын оттегі азаяды, ауаның қысымы төмендейді. Сапарлас достары Дастанның бұл өте көңілді, жанашыр күйін тау биігінің осындай ерекшеліктерімен де іштей байланыстырған. Сондықтан да басшыларының бұл шешіміне түсіністікпен қараған. Шамалы тұрғаннан кейін бәрі сыртқа қарай жүрді. Әуелі қыздар бастады, соңдарынан үш жігіт ерді. Үңгірдің кең ауызына жеткенде де әлгі кішкентай Қанатты айдаһардың ауызынан ара-тұра шыққан леп сезіліп тұрды. Сол кезде Рауан ренішті үнмен:
129
- Бос деп келген үңгірдің кішкентай болса да иесі бар болып шықты. Ене істедік? Басқа үңгір іздейміз бе? – деп қодйы бәрін көздерімен шолып өтіп.
- Жоқ, басқа үңгір іздемейміз, - деді Дастан үңгір ішіне бір қарап алып, - бұдан қашық емес жерге киіз үйлерімізді тігеміз. Сөйтіп, ана кішкентай Қанатты айдаһарға азық тасимыз. Өзімізге үйретеміз. Солай өсіреміз.
- Сонда біз оның болашақ азығы боламыз ба? – деп Сәндіай Дастанға қадала қарады.
- Мұндай Қанатты айдаһарды қолға үйретуге болады, - деді Дастан салмақты сөйлеп, - саналы адам баласының қолына үйретпегені бар ма? Жердегі, Қазақ еліндегі кезінде жабайы болған Түйелер, Жылқылар, шет елдердегі Пілдер қалай қызмет етеді адамға?
- Олардың жөні басқа ғой! – деді Құралай өзінің пікірінен таймай, - оларды үйретуге қаншама жылдар мен ғасырлар өткен. Ал мына Қанатты айдаһар тез өседі. Бізге үйреніп те үлгермейді!
- Бұл әлі бала! Өзіміздің дегенімізге үйретуімізге болады! – деп нықтады сөзін Дастан, - енді мұнда көп тұрмайық. Орман ішіндегі киіз үйлерімізге барып демалайық. Қалған пікірлерімізді сондай айтайық! Ал, ұштық! Тек байқаңдар! Біз өте биіктеміз!
Бәрі комбинзондарының екі бүйірінен қос қанаттарын екі жаққа қарай жая шығарып, екі қолдарымен қағып-қағып жіберіп, төмен қарай қалықтай ұшла-ұша жөнелді. Төменде не бардың бәрі де көз алдарында. Алыста қалған орман ішіндегі екі киіз үйлері, барлаушы кемелері мен ұсақ жануарлар мен құстар тұрған тор қоршау да көрінеді. Енді мұндай биікте артық сөз қозғаудың жөні жоқ еді. Қай қайсысының да жүрегі саза бастаған. Тезірек киіз үйлеріне жетуге асығады. Осы кезде барып қай қайсысы да ана үлкен үңгірдің қараңғы түкпірінде аш жатқан кішкентай Қанатты айдаһарды естеріне алды. Оны қалай асыраудың жолын да ойлаған. Орман үстіне ұшып жепткенде бірден қона салмайы, екі киіз үйлерін, барлаушы кемелерін, тор қоршаудағы ұсақ жануарлар мен құстарды барлап бірнеше рет айналып ұшты. Содан соң Дастанның бейнебайланыс арқылы берген рұқсамымен киіз үйлердің арасындағы ашық алаңғға жалп-жалп қонды.
130
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ЖАНДАНҒАН ӨМІР
Алғашқы қайшылық
Дастанның жаңа орынға көшу жөніндегі ұсынысы сапарлас достары арасында бірден қолдау таппады. Тау басындағы биік жартастағы үлкен үңгір ішінде Қанатты айдаһардың ұрпағы жатқандықтан қыздарға ұнамады. Ол жөніндегі пікірталас киіз үйлеріне келгеннен кейін де жалғасқан. Даудың басы да үлкен үңгірдің қараңғы түкпірінен табылған кішкентай Қанатты айдаһардан туындаған. Қыздар жағы соның болашағынан қорыққан. Енді тіпті ол жайлы айтуды да доғарған қыздар жағы. Жігіттер жағы Дастанның ұсынысын қолдауда. Дастанның қай нәрсені де алыстан ойлайтыны белгілі жігіттерге. Тек осы ұсынысы шамалы күмән тудыратындай. Оны сезген Дастан бүгін өздері тұратын киіз үйде Рауан, Сұлтанғазымен бөлек кеңес өткізген. Бір шешімге келгенне кейін үшеуі ұсақ жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың ішіне еніп, бәрін қарап, түгеолдеді. Тор қоршауға түн мезгілінде жарық беретін шамдар да жеткілікті. Олардың бәрі де күндіз Жұлдыз сәулесінен қуатталатын аккумуляторлармен жабдықталған. Оларға уақытында жем мен су беретін биотұлғалардың қозғалыстары да ширақ.
Үшеудің бұл тор қоршауға келгендегі басты мақсаттары үлкен үңгірдің қараңғы түкпіріндегі аш жатқан кішкентай Қанатты айдаһарды қалай азықтандыру еді. Әзірге осы тор қоршаудың ішінде өсіп-өніп жатқан Қой, Ешкі, Қоян, Тауықтармен тойдыруға болмақ оны. Ал үлкейген соң бұл азықтар оған жұқ та болмайды. Сонда не істемек өздері? Одан да бұрін Қанатты айдаһардың ұрапағы тоятын мал етін таудың биік жартасындағы үңгірге жеткізу де оңай емес. Дастан оны да ойлаған. Өзінің ішіне сыймай бара жатқан басты мәселе мына ғаламшарда қалай дегенде де мәңгілікке қалмау. Ал кішкентай Қанатты айдаһардың ол әрекеттеріне қандай қатысы бар? Ол һскен соң өздерінің бұйырғандарын орындай ма, әлде өздерін жүтып, азық ете ме? Қыздар жағының ойлағандары да осы еді. Дастан осының бәрін ой елегінен өткізген. Бірақ өзінің айтқан сөзінен қайтқысы келмеді. «Қалай дегенде де, ол кішкентай Қанатты айдаһарды асырап,
131
қолға үйретуіміз керек!» деген тұжырымға тоқтады Дастан. Уақыт болса да күттірмейді. Енді ол тор қоршаудың ішіндегі Қойлар мен ешкілердің қозы-лақтарына көңіл аударды.
- Кішкентай Қанатты айдаһарға әзірге Қозылар мен Лақтардың еттерін береміз. Өскен соң Қойлардың, Ешкілердің өздерін. Бұл тор қоршауда оларды көбейтуге толық жағдай бар, - деді Дастан екі сапарлас досына қарап тұрып.
Ол екеуі бұл сөзін бас изеп қолдады. Содан соң үшеуі тор қоршаудың ішінен сыртқа қайта шыққан. Күндіз болса да үш қыздың елегізетіні түсінікті. Бұл бөтен ғаламшардың табиғатында не болмайды. Кез келген сәтте жабайы бірдеменің келе қалуы мүмкін. Ондайдан қыздардың жүректері шайлығып қалған. Сондықтан оларды көп уақытқа бөлек қалдыруға болмайды. Үш жігіт осыны ойлап, олар тұратын киіз үйге қарап қойған. Қыздар әзірге алаңсыз екен. Осы кезде орман ішінен түрлі тірішілік иелерінің қимыл-қозғалыстары мен дыбыстары естіле бастаған. Үшеуі солай қарай бұрылды. Рауан ағаш басын қарап алып:
- Бұл орманның ішіндегі тірішілік иелеріне де үйренейін дедік, - деп ағаш бұтақтарының бастарына қарап қойды.
- Қайдам, қанша үйрендік десек те, алаңсыз бола алмаймыз, - деп Сұлтанғазы тау жаққа көз тастады.
- Осы қыздар менің жоспарларымды дұрыс түсіне бермейді, - деді сол кезде Дастан да тау жаққа қарап алып, - біз қалай дегенде де бұл ғаламшардан немен болса да ұшып шығып, жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне жетуіміз керек қой. Жердегі Қазақ еліміздегілер де ендігі бізді жоғалтып алған шығар. Бейнебайланыс болса да үзілді.
- Ойламаған жерден осындай күйге түсеміз деп кім ойлапты, - деп күрсініп салды Рауан, - адам қанша саналы, білімді, айлалы болса да алдындағысын дәл болжай алмайды екен ғой. Әлі алдымызда не күтіп тұрғанын бір Құдай білсін. Қыздарымыздың ана үлкен үңгір ішіндегі әзірге кішкентай Қанатты айдаһардан қорқатындары сол ғой. Оларды да түсіну керек. Ғаламшар төңірегіндегі жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне жеткізетін кемені неден жасаймыз? Қалай жасаймыз? Бір кісілік барлаушы кемелеріміз оған жарамайды.
- Ол бәрімізге де түсінікті ғой, - деді Дастан тау жаққа қарап қойып, - құр қорқа бергеннен не шығады. Әрекет жасауымыз керек. Жолын іздеуіміз керек, қарап жатпай. Сонда ғана бірдеме
132
шығады. Әйтпесе, мына саналы иесіз ғаламшарда мәңгілікке қаламыз. ғой
- Қыздарымыздың қорқатыны ана үңгірдеоі әзірге кішкентай Қанатты айдаһардың болашағы, - деді Сұлтанғазы сөзге араласып, - расында да оған сенім жоқ.
- Оны уақыт көрсетеді, - деді Дастан оның сөзіе құлақ асқысы келмей, - ол Қанатты айдаһарды асырап, өзімізге баулыуымыз керек.
Дастанның бұл сөздері Рауан мен Сұлтанғазының кішкентай Қанатты айдаһарға деген ниеттерін күрт өзгертті. Енді кішкентай Қанатты айдаһардың болашақтағы жағдайын емес, оның бүгінгі жағдайын ойлау керек. Үшеуі кейін бұрылып, қыздар тұратын киіз үйдің жанымен өтіп, уақ жануарлар мен құстар бар тор қоршауға келген. Онда керексіз жатқан жуан сым темірлер жеткілікті. Дастанның ой сол сым темірлерге ауған. Рауан мен Сұлтанғазы да мән-жайды іштей түсініп тұр. Сол кезде өздерін күте-күте шыдамаған қыздар бейнебайланысқа көшті.
- Ұзақ жүрдіңдеғр ғой, жай ма? – деді Гүлболсын дулығасының маңдайшасындағы бейнебайланыс жүйесі экранынан Дастанға қадала қарап.
- Жай жүрген жоқпыз, ойымыздағыны жүзеге асырғалы жүрміз, - деді Дастан оған қарап қойып, - мына тор қоршаудың сыртында жатқан жуан сым темірлерден тор жасамақпыз.
- Аспазшы биотұлғалар түскі асымызды пісіріп, дастархан жайып қодйы. Келіңдер. Содан кейін жасарсыңдар, - деді Гүлболсын.
- Түсіндік. Қазір барамыз, - деді Дастан.
Сөз қысқа болды. Үшеуі тор қоршаудан кейін қарай бұрыла бере бейнебайланыс кілт үзілді. Үшеуі жылдам басып қыздар тұратын киіз үйге жетті. Үш қыз алдыранан шыққан. Осы аз ғана уақыттың ішінде қатты сағынып қалғандай қарасады бір біріне. Жігіттерсіз аз уақытқа да қорқынышсыз жүре алмайтындарын сезінген қыздар. Алтауы қатар жүріп, киіз үйдің ішіндегі дөңгелек үстел үстіне жайылған дастарханның айналасындағы орындықтарына отырды. Үш биотұлға зыр жүгіріп жүр. Бұл ғаламшарда өздерінен басқа саналы адам баласы жоқ болса да, осы биотұлғалар оны білдірмейді. Бойларындағы ток жеткілікті болса, олардан көңілді ешкім жоқ. Кейде әндетіп, кейде билеп те кетеді. Ондай сәттерде бәрі мәз болып қалады. Өздерінің ішкі
133
қасіреттерін бір сәтке болса да ұмытқандай болады. Бірақ қазіргі әңгісмелерінің бағыт-бағдары таудағы үлкен үңгір ішіндегі әзріге кішкентай Қанатты айдаһарға ауған. Қыздардың оған деген сенімсіздіктері басвылар емес. Үш жігіттің ол үңгір ішіне жуан сымнан тор орнатып, шам жағатындары жөніндегі жоспарлары қыздардың қорқыныш сезімдерін онан сайын күшейткендей болды. Бірақ амалдары не, басшының айтқаны айтқан. Оның үстіне, Дастанның бар жоспарын Рауан мен Сұлтанғазы толықтай қолдап отыр. Биолог Гүлболсын да оған іштей қарсы емес. Оған болса да ол биологиялық тұрғыдан зжерттеуіне керек. Мұнда көп қарсылық білдіретін Сәндіай мен Құралай. Бірақ көпшілік қолдаған жоспарға екеуі не істей алсын.
- Сонымен, ана үлкен үңгірдің ішіндегі Қанатты айдаһарға баратын болдық па? – деп Құралай Дастанға бота көздерін жалт еткізе қарады.
- Барамызж! – деді Дастан сол замат оған, - қорқынышың басылды ма?
- Не көрсек те, бірге көреміз! «Кемедегінің жаны бір» деген емес пе?
- Міне, енді жөнге келіпсіңдер! - деп Дастан жымиып қойды.
- Тек өсіріп алып, өзіміз оның жеміне айналмасақ болды да! – деп мұңая қалды Құралай.
- Ей, қойшы, тағы бастадың ба? – деп оған Гүлболсын кейіді.
- Әрине, сен биологсың, ол саған зерттеуге керек, ал бізге...
- Құралай, қайдағыны айта бермесші, Дастан бірдемені білетін шығар, - деді Гүлболсын Құралайға көздерін қадап.
- Қорқа берме, Құралай, Қанатты айдаһар өсіп, бізді жұтар халге жетсе, оның ауызына бірінші өзім түсемін! – деді Дастан жігерленіп.
- Ал қалғандарымыз ше? - деді сол замат Дастанның әзілін түсіне қойған Сәндіай, - басшысыз қаламыз ба?
- Басшы болып не тындырып жүр едім? Басшы табылады! - деп Дастан киіз үйдің ашық тұрған сықырлауығынан көрініп тұрған тау басына қарап алды – мықты басшы болсам, қонатын бөлігісмізді Қанатты айдаһарға жұтқызбас едім.
- Неге олай дейсің, Дастан. Ол сенің ғана қателігің емес қой! Мына отырған бәріміздің жіберген қатеміз. Аңғардан алыс кетпеуіміз керек еді, - деп Гүлболсын шындығына көшті, - ол қателігімізді есіміге түсіріп, көңіл-күйімізді бұзбайық.
134
Алдағымызды ойлайқы. Бар жақсылықты алдағы күндерімізден күтейік.
- Алдымыздан күтетінің ана үлкен үңгір ішінде жатқан Қанатты айдаһар ма? – деп қалды осы кезде Құралай.
- Жарайды, қыздар, айтыспаңдаршы, - деді Дастан демін терең алып, - енді ол Қанатты айдаһардың болашғынан қорықсақ та, қорықпасақ та, оны асыраудан басқа жол жоқ бізге. Сөз қысқа болсын. Еніді дастархан басында бұлай отыра бермейік. Біз ата қонысымызға келген жоқпыз. Іс көп!
Осы сөзден кейін бәрі үнсіз қалған. Дастан отырған орнынан тұрды. Қыздар енді бір бірімен бұлай айтысқаннан ештеме өнбейтінін түсінді. Рауан мен Сұлтанғазы екі киіз үйдің іштеріндегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелердің жұмысын тексерді, сырттағы барлаушы кемелер мен тор қоршаудағы уақ жануарлар мен құстардың жайын білді. Содан соң бұл жолы сапарға барлаушы кемелерімен ұшатындықтан үңгірдегі кішкентай Қанатты айдаһарға беретін Қозы етін, қорған жасайтын жуан сым орамдарын артты. Барлық жұмыс біткен соң бәрі бір кісілік барлаушы кемелеріне отырып, бір бірлеп тау басына қарай ұшты.
«Адам ата» мен «Хауа ана»
Ғарышкерлер таудың биік жартасындағы үлкен үңгір ішінде жатқан кішкентай Қанатты айдаһарға жігіттер орнатқан жуан сым тор арқылы азық беруге үйрене бастаған. Ол да алғашқы кездегісінен емес, жуасып қалған. Азық берсе, құбыжық та адамға жылиды і екен. Дастан өзінің бұл ішкі ойының жүзеге аса бастағанына қуанышты. Орман ішінен көшіп, осы таудың төменгі жағындағы жайлы жерге орналасқалы бері ешқайсысында да тыным жоқ. Кейде өздері уақытша мекен еткен аңғар іші де, оған жақын жердегі орманға да барып қайтады. Дегенмен, мына теңіз деңгейінен көп биік жер одан әлдеқайда қауіпсіз. Жұлдыз сәулесі жақсы түседі, анда-санда самал жел еседі.
Бүгін де таңды ерте қарсы алған ғарышкерлер. Киіз үйлерінің сықырлауықтарын айқара ашып, сыртқа шығып, таңғы дене жаттығуларын жасаған. Салқын сумен жуынып-шайнып, қыздар тұратын киіз үйде аспазшы биотұлғалар жайған дастарханнан таңғы астарын ішкен. Содан соң әдеттегідей екі киіз үйдің іші-
135
сыртын, барлаушы кемелерін, тор қоршаудағы уақ жануарлар мен құстардыың жайын тексерді. Сөйтіп, кеуде қоржындарына түйір-түйір Қозы етін салып, комбинезондарындағының бүйірлеріндегі қос қанаттарын қағып-қағып жіберіп, аспанға қарай көтеріле ұша жөнелді. Енді алғашқыдай емес, бәріде қос қанатпен ғаламшар бетінен тез ұшуға да, тез қонуға да машықтанып қалған. Топ алпы құстардай ұшқан ғарышкерлер әп-сәтте кішкентай Қанатты айдаһар жатқан үңгірге ұшып жетті. Оның ернеуіндегі тегіс алаңға жалп-жалп қонды.
Үңгірдің түкпір жағы бұрынғыдай емес, өздері орнатқан шамдардан жап-жарық. Онда жатқан кішкентай Қанатты айдаһардың денесі сол шамның жарық сәулесіне сәл шағылысып, жылтырап көренеді. Ғарышкерлер қос қанаттарын жиырып алған бойда тіке соған қарай жүрді. Кішкентай Қанатты айдаһар алғашқыдай емес көп әлденіп қалыпты. Өздері жақындаған бойда басын көтеріп, оттай жанған қызыл түсті көздерін қадап, тістері азулы үлкен ауызын барынша ашып, жылы леп шығарды. Бірақ ол әрекеті ғарышкерлерге үйреншікті болып та қалған еді. Сондықтан ешқайсысы да оған мән бермей жуан сым торына жақындады. Дастан тордың шағын есігін ашып, кеуде қоржынынан Қозының түйір етін оң қолымен алып, тор есігі арқылы Қанатты айдаһарға ұсынды. Сол кезде ол тез қозғалып, кеудесі мен басын көтірп, торға қарай ұмтылды. Сол кезде одан қатты қорыққан Құралай:
- Ай,апа! Құрыдық! – деп айғайлап жіберді.
Ол ашық жіңішке дауысынан жаңғырыққан үңгір іші күңгірлеп кетті.
- Дастан, байқашы! – деп Гүлболсын оның жеңінен ұстай, кейін қарай тартты.
Дастан алғашында сәл сасыңқырап қалды да, есін тез жиып, сол қолының алақанына қыса ұстаған «Нейро» құралының тақтасындағы көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен нұқыды. Сол кезде барып Қанатты айдаһар ол құралдың құдіретті күшіне бағынғандай басыла қалды. Содан кейін Дастан тастаған Қозы етінің түйірін асап жеп, кейін бұрыла берді. Ғарышкерлер сонда да сақтық жасады. Қанша кіші болса да оның азулы тістерінен қорқпауға болмайтын еді. Қалғандар да кеуде қоржындарындағы Қозы етінің түйірлерін ашық қалған шағын есік арқылы ішке қарай лақтырып-лақтырып жіберді. Дастан тор
136
есігін тарс жауып, кейін шегінді. Қалғандар да кейін қарай жүрген. Қыздар жағы болса да алға түсіп, үңгір ауызына жетіп үлгерген. Сол кезде Сәнді айдың:
- Ай,апа! – деп айғайлаған жіңішке дауысы тау жартастарын жаңғырықтырды.
Жігіттер жылдам басып, үңгір ернеуіне жетті. «Бір қатерден құтылдық па» дегенде, «Екінші қатер төнді ме?» деп ойлап үлгерген еді олар. Жоқ, мұнда Сәндіайды шошытқан тағы бір Қанатты айдаөар емес, үсті-басын түгел түк басқан денелі, бойы биік, сақал-мұрты бар, қара маржандай шашы желкесіне қарай төгілген ер адам екен. Беліне аң терісін орай байлап алғыпты. Жанында денесі мен бойы өзінен кішілеу, шашы ұзын серігі тұр. Екеуі де өздерін көптен барлап-бақылап жүрген адамдар сияқты. Бірақ жақындауға бата аламаған. Ғарышкерлер инститкті түрде қындарындағы отты тапаншаларына тез оң қолдарының алақандарына қыса ұстап, ол екеуіне бағыттап тұрып та қалған еді. Сол кезде үлкені оң қолын сәл жоғары көтеріп, қайта түсіріп, жаныдағы әйелге бір қарап алып, жақындай берді. Тіл жоқ. Қайдан болсын. Ғарышкерлер осы сәтке дейін өздерін: «Осы ғаламшардың ендігі иесі тек өзіміз» деп ойлап келген еді. Мына екеуі ол ойларын жоққа шығарды.
- Бұлар осы ғаламшардың «адам атасы» мен «Хауа анасы» блолар – деп жанындағы достарына қарады Дастан жай ғана сөйлеп.
- Солай шығар, - деді Рауан ол екеуіне қадала қарап тұрған бойы.
- Осы кезге дейін бұлар біздің көзімізге неге түспеген? Қайда жүріп, қайда тұрған? – деп Сұлтанғазы достарына сұрау сала қарады.
Үш қыз үнсіз. Сөз айтуға дәрмендері де қалмағандай. Келген екеуіде бол са да тіл жоқ. Ғарышкерлер олардың мынандай биік тік жартасқа қалай өрмелеп шіығып, үңгір ернеуіне жеткендерін түсіне алмады. Екеуінің де аяқ-қолдарында шамалы жарақаттар бар. Бірақ денсаулықтарының күшті екендері қарақат көздерінен көрініп тұр. Дене мүсіндері болса да сұлу. Егер екеуін өздері сияқты киіндірсе, тіпті де сұлу болып кетер еді. Еш саспайды. Бұлардың оң қолдарындағы өздеріне қарай қаратылған отты тапаншаларын да елер емес. Сәлден соң ер адам үңгір ішіне қарап иіс иіскеді де, оның ішіне еніп кетті. Екіншісі сол тұрған орнында
137
қалды. Артынша үңгір ішінен салдыр ете қалған дыбсы естілді. Ол кішкентай Қанатты айдаһар қамалған темір сым тордың дыбысы еді. Оны ғарышкерлер бірден білді.
- Бұл адам ана кішкентай Қанатты айдаһарды өлтіріп қойып жүрмесін! – деп алаңдай сөйледі Дастан сол мезетте.
Жоқ, тиіспепті. Ер адам кішкентай Қанатты айдаһарды көруге кірген екен. Онысын ғарышкерлер әштей түсінді. Ер адам әйелінің жанына келген соң бәрін өткір қарақат көздерімен жай ғана шолып өтті. Ештеме демеді. Не десін, тіл білмесе. Тек екеуі кейде бір біріне қарап дыбыстап қояды. Ол дыбыстары бұларға, бұлардың сөздері оларға түсініксіз. Сәлден соң Дастан ер мен әйелдің өздеріне еш зиянсыз екенін түсініп, оң қолындағы отты тапаншасын қайтадан қынына салды. Қалғандар да соны қайталаған. Қыздар жағы сонда да сезіктеніп, бір бір жігітті қолтығынан ұстап алған. Бәрі ендігі шешімді басшыдан күтеді. Ер адам да Дастанның топ басшысы екенін сезеді. Оған қайта-қайта қарай береді. Осылайша күтпеген жағдайда кездескен екі жақ біршама уақыт бойы бір бірін бақылап тұрып қалған. Ер адам мен әйел адам ғарышкерлердің қайдан келгендерін, неге келгендерін болса да түсіне алған жоқ. Дастан енді не шешім айтарын білмей жанындағы сапарлас достарына қараған. Сол кезде ер адам оң қолын көтере созып, төмендегі аңғарды көрсетті. Онысы өздерін сол аңғарда тұрған кездерінен бері білетіндерін түсіндіргені. Дастан де енді онымен мақауларша түсінісуге тырысты. Қалтасындағы жанындағы адамның ойын оқып беретін құралын іске қосқан жоқ. Оны қажет деп те таппады. Дауыстап сөйлеспесе де, ер адамның өткір қарақат көздерінен оның өте ақылды адам екенін білді Дастан.
Дастан қолдарының саусақтары мен өзінің бет мимикасын қозғау арқылы бұл ғаламшардан келген жақтарына қайта алмай жүргендерін сездірді ер мен әйелге. Ол екеуі бастарын изеп, түсінгендерін білдірді. Бұл екі жақтың алғашқы түсіністік әрекеті болды. Келген екеуідің осы ғаламшардың ең алғашқы жұбы екені, бұл ғаламшардың бар табиғатын жақсы білетіні көрініп тұр. Сәлден соң ер адам үңгір ернеуі біткен жердегі жарқабаққа қарай жүрді. Дастан да соған жақындаған. Сол кезде ер адам тағы да оң қолын көтере алға қарай созды. Содан соң оң қолын көкірегі тұсына апарып, әлденелерді күбірледі. Онысын түсінген әйел кісі оған оң қолын созды. Екеуі қол ұстасқан бойы жартастың шетіне
138
жақндай берді. Осы кезде қыздар жағы шошып, қос алақандарымен беттерін басты. Оны сезген ер мен әйел кілт тоқтап, кейін қарай бұрылып, сәл жымия қарап қойды ғарышкерлерге. Мұнысы ғарышкерлердің өздеріне жандарының ашығандарын іштей түсінгендері еді. Дастан ол екеуіне жақындап барып, бұл биік жартастан бұлай төмен түсудің өмірлеріне қауіпті екенін түсіндірді ыммен. Олар онысын түсінді. Ер адам үңгір ішіне қарап тың тыңдады. Кішкентай Қанатты айдаһар тыныш жатыр екен. Анда-санда ауызын қатты ашқанда шығатын жылы лебі де азайғандай. Ғарышкерлер берген еттен жеп, ыдыстағы судан шамалы жалап ішкен соң тойынып, балдырап ұйқыға кеткен. Ер мен әйел ооның сірін болса да өздерінен де жақсы біледі.
- Бұл кісілер мына биік жартастан төмен қарай секірмек пе? Тастарға соғылып мерт болмай ма? – деп уәйім кеше сөйледі Құралай осы кезде.
- Мерт болмайды, - деді оған жалт қараған Сұлтанғазы, - бұл екеуі мұнда осы жартаспен өрмелеп шыққан жоқ па?
- Мына жарық дүиеге осы табиғат аясында пайда болса, бұларға не? – деп қойды Рауан.
Ғаламшардың тұңғыш екі иесімен кездесу осылай басталды. Ер мен әйел өздеріне бастарын бір-бір изеп, жылы қоштасып, еш саспастан, қорықпастан биік, тік жартастың бұдыр-бұдыр тастарынан қолдарының қарымды саусақтарымен мықтылап ұстап-ұстап, жайымен төмен қарай түсіп кетті. Құлаған жоқ. Жартас оларға расында да үйреншікті жартас екен. Ғарышкерлер ол екеуі қашан тегіс жерге түсіп жеткенше қарап тұрды. Олар көздеген жерлеріне дін-аман жеткен соң бері қарап оң қолдарын көтерді. Бұлар да оң қолдарын бұлғап қойды. Әлі де түс көргендей болып тұр бәрі де. Бір жағынан енді өздерінің бұл ғаламшарда оқшау емес екендерін іштей сезініп қуанып та қалған. Олармен ара-тұра осылай кезігіп тұратындарына да сенімді енді.
- Бұл екеуі осы ғаламшардағы Адам ата мен Хауа ана ғой! – деп Гүлболсын жанындағы жгіттіер мен қыздарға қарады.
- Солай сияқты, - деп Дастан Гүлболсынға көз тастап қойды, - олар осы ғаламшардың тұңғыш саналы иелері! Осылай кедесе, жүздесе берсек, қазақ тілін үйреніп, қазақтың Адам атасы мен Хауа анасына айналады. Мына ғаламшар тұтастай қазақ ғаламшарына айналады!
139
- Айтқаның келсін, Дастан! – деп көңілденіп қалды Сәндіай.
- Ләйім, солай болса екен! – деді Қаралай да үнсіз қалмай.
- Қалай дегенде де, енді бұл ғаламшар қазақтыкі! - деп ойын нықтады Рауан.
- Осыдан ана аспандағы жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне бір ғарыш кемесін жасап, онымен ұшып жетіп, түйісіп, Жерімізге оралар болсақ, бұған «Қазақ ғаламшары» деген ат берер едік! – деп Сұлтанғазы да аспанға бір қарап алды.
- Иә, сол арманымыз шындыққа айналса ғой! – деп күрсінді Дастан, - ал жаңағы екеуі бізге енді қашан келер екен. Айтпақшы, ер кісі бізге оң қолының сұқ саусағымен өздерінің тұрақтарын мегзеп те кетті-ау. Оған барамыз ба?
- Барсақ та болады ғой, - деді Рауан солай қарай көз тігіп тұрып, - олар үңгірде тұратын шығар?
- Әрине, жаңа пайда болып, мынандай жабайы табиғат аясында өскен адамдар үй салуды қайдан біле қойсын, - деп үңігрге бір қарап алды Сұтанғазы.
- Иә, - деп тағы күрсініп қойды Дастан, - бұл тірішілікте саналы адамның ісі таусылған ба. Әлі алдымызда күтіп тұрған істеріміз көп. Сонда да бір ретін тауып ол жаққа да барармыз. Енді қайтайық, төмендегі жазықтағы киіз үйлерімізге. Егер қажет деп тапса, олар тағы келер үңгірге. Біз де қарап қалмаспыз. Ол екеуін киіз үйлерімізге шақырып, мейман етеміз. Күрделі компбютерлік жүйелеріміз бен барлаушы кемелерімізді көрсетеміз. Бірақ қайдам, олар бірдемені түсіне қояр ма екен. Жер ғаламшарымыздағы саналы адам баласының осындай жоғары мәдени даму дәрежесіне жеткенге дейін қаншама миллиондаған жылдарды бастарынан өткізді.
- Менімше, бұлар ерекше қабілетті адамдар, - деп, Сұлтанғазы оң қолы алақынының қырымен көз алдын көлегейлеп, ол екеуі кеткен төменге көз жіберді, - милары тың. Біздің миымыз сияқты техэниканың шуынан шаршау емес. Бәрін тез естиді, тез көреді, тез түсінеді.
- Ал, енді неге тұрмыз? Қайталық, - деді Дастан комбинезонының қос қанатын екі жаққа қарай жая шығарып, - олар әлі талай келеді бұл үңгірге. Олармен кездесетін жеріміз де осы үңгір болады енді.
Басшының бұл сөзіне қалғандар бас изесті. Содан соң комбинезондарының екі бүйірлерінен екі жаққа шығарған
140
қанаттарын қағып-қағып жіберіп үңгір ернеуінен көтеріле қалықтап ала жөнелді. Сол қалықтап ұшқан бойларында өздері орналасқұһан жазықтың үстінде бірнеше рет айналып ұшып, ондағы екі киіз үйлеріің, барлаушы кемелерінің, тор қоршаудағы уақ жануарлар мен құстарын байқалап-барлап алды. Тек содан соң барып бәрі қонуға төмендей берді.
Үлкендер қауымы\\
Ғарышкерлерге тағы бір іс табылды. Іс болғанда да үлкен іс. Таудың сонау биік жартасындағы үлкен үңгір ішіндегі кішкентай Қанатты айдаһарға Қозының еті мен су апарып бермегенде ғаламшардың алғашқы саналы адамдарымен ондай кездесу болмайтын ба еді. Енді көз көрген соң қалай тыныш қалсын. Оның үстіне, ол ер кісі мен әйел кісінің соншалықты қарапайымдылықтары мен батылдықтары, танымай тұрып өздеріне білдірген жанашырлықтары бәріне ұнаған. Мына шетсіз, шексіздекй көрінетін жасыл табиғат әлемінде тек өздерінің жүргендері көңіл-күйлерін түсірген еді осы кезге дейін. «Саналы адам атаулыдан бұл ғаламшарда алтаумыз ғанамыз» деген ойды қай қайсысы да басынан жиі кешетін. Енді көңілдері кәдімгідей орнығып та қалған. Сөйлей алмаса да, енді олар өздеріне тірек. Адам баласы қайда жүрсе де адамсыз жеңіл өмір сүре алмайды. Ал жануарлар адамға қанша жақын болса да, адамның орнын басапайды. Өйткені, оларда сана жоқ. Адами қарым-қатынастың негізгі тірегі де сол сана. Ол жоқ жерде тірінің бәрі де бейберекет тірішілік кешеді.
Осы күндердің бірінде Дастан сапарлас достарына өткенде үлкен үңгірдің алдында кездескен, бір бірін іштей біршама түсініскендей болған ер кісі мен әйел кісіні іздеуді ұсынды. Өйткені, түсінісіп алса, олар өздеріне ес болмақ мына санасыз алып тірішілік иелері қаптап жүрген ғаламшарда. Таудың биік жартасындағы үлкен үңгір ішінде жатқан кішкентай Қанатты айдаһар да күн санап өсіп келеді. Оның әрбір барып Қозы етін тор есігі арқылы тастағанда өздеріне жайсайтын айбаты да күшейе түскен. Сондықтан ол үңгірге соңғы кездері тек жігіттер кіріп, ет тастайтын болған ол кішкентай Қанатты айдаһарға. Қыздар жағы үңгірдің шыға беріс ернеуінде жігіттерді уәйім кеше күтіп тұрады.
141
Дастан сонда да одан күдер үзер емес. Онысына демеулік көрсеткілері келгендей үңгірге әрбір барғандарында өздерін әлгі ер кісі мен әйел кісі алыстан бақылап-барлып жүрді. Оның өзі де ес еді. Дастан әзірге қоян-қолтық араласып кетпесе де, сырттай соларға арқа сүйей де бастаған. Тек қыздар жағы оларға аса сенбейді.
Бірақ басшы болған соң Дастанға қарсы келе бермейді. Ал Дастанның ол адамдарға деген сенімі күн санап артып та барады. Сондықтан да олардың мекенін іздеп табуды ұсынған сапарлас достарына. Уақыт болса да өтіп жатыр. Сол уақыттың әрбір минуты мен сағатын бос өткізбеуге тырысады Дастан. Онысын сапарлас достары түсінеді. Сөйтіп, бәрі жолға тез жиналған. Үстеріндегі қос қанатты комбинезондарын, арқаларындағы айналдырғыштарын, бастарындағы дулығалары мен аяқтарындағы «Жүрдек етіктеріні» жұмысын әбден тексеріп алды. Онсыз тірішіліктері жоқ. Өмірлерінің қорғаныстары да осы киімдері. Сапарға толық дайын болған соң әдеттегідей қос қанаттарын қағып-қағып жіберіп, аспанға қарай ұша-ұша жөнелді. Жаңа ғана өздері аяқ басып жүрген тау жазығы төменде қалды. Бір жақсысы, бұл ғалакмшардың аспаны тыныш. Алып Қанатты кесірткелер көл суын, алып Жарқанат тәрізділер орман ағаштарын жағалайды. Сондықтан қауіп аз. «Мына аспанда құстар сияқты ұшып жүргендер шекарамызды неге бұзған?» деп қолдарындағы қаруларын аспанға қарата оқ ататын шекарашылар да жоқ бұл ғаламшарда. Толық еркіндік. Ана ер кісі мен әйел кісі болса да әзірге ештемені түсінбейді.
Осындай еркіндікке кенелген ғарышкерлер сол ұшқан бойларында тау басынан да жоғары көтеріліп, төменді Бүркіт құстарша шолды қырағы көздерімен. Ендігі іздегендері болса да ірі, қатерлі жыртқыштар емес, өздері сияқты саналы адам баласы. Солардың көздеріне түсуге тырысады бәрі. Тек олар өздірінің өткенде кездескен ғарышкерлер екендерін таныса. Бірақ танысын-танымасын, ендігі мақсаттары олардың мекенін көріп, қажет десе оларға қолдарынан келген көмектерін көрсету, көп нәрсеге үйрету, білім беру. Осындай ойлармен аспанда қалықтай ұшқан ғарышкерлер енді өткенде үлкен үңгірдің ернеуінде тұрып, оң қолын алға қарай созып, сұқ саусағымен нүсқаған тау жартасына қарай төмендей берді.
142
- Сапарлас достар, іздегеніміз қанша саналы адамдар болса да сақ болайық, - деді дуллығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс арқылы жай ғана сөйлеп, - төмендеген сайын айнала-төңрігімізді жіті бақылайық!
- Түсіндік! – деп оған Гүлболсын бірден жауап қатты бейнебайланыс жүйесі арқылы.
Қалғандар да солай жауап берген. Соның артынша тау етегіндегі сай ішінен өткенде өздеріне келіп кеткен ірі денелі ер кісі мен әйел кісі көрінді. Оң қолдары алақандарының қырымен көз алдарын көлегейлеп, аспанда қалықтап ұшқан өздеріне қадала қарап тұр. Ол екеуінен әріректе бір қауым ірі денелі адамдар. Ғарышкерлер өздерінің туыстарын тапқандай қуанып, Дастанның ұсынысымен қалықтай төмендеп келіп, сай ішіндегі шағын жазыққа алып құстардай жалп-жалп қона кетті. Сол мезетте өздерін бақылап тұрған өткендегі ер кісі мен әйел кісіден басқалары сәл шошынғандай кейін қарай ысырылды. Дастан қос қанатын жинақтап, басындағы дулығасын шешіп, ер адам мен әйел адамға жақындады. Олармен ыммен ғана амандасты. Содан соң ер кісі оң қолымен тау жартасын нұсқап, өзі солай қарай бастады. Әйелі жанында. Одан кейін Дастан, соңынан қалған ғарышкерлер жүрді. Енді ғарышкерлердің бойларын бір сезіктік пен қорқыныш сезімі билей бастаған. Бірақ ешқайсысы да сыр бермеді. Қарсы алғандар қарусыз. Егер қарсылық көрсете қалмһғандай болса, қындарындағы отты тапаншалары атуға дайын. Жаңа-жаңа сана-сезімдері оянып, қауып болып тірішілік ете бастаған адамдарда қару қайдан болсын. Сондықтан да ғарышкерлерге қорқуға негіз жоқ та еді. Тек әлі жартылай жабайы, жұпыны киінген адамдар мен бөтен табиғат аясы, таулар мен жыралар, үңгірлер шамалы болса да қорқыныш сезімін ұялатады ғарышкерлерге.
Тау басына қарай біраз жер жүрген соң алдарынан үлкен тас қамал көрінді. Кірер есігі байқалмайды. Бірақ ғарышкерлер бағана аспанда қалықтап ұшып жүргенде, осы үлкен тастың үстіңгі жағының ойық екенін аңғарған. Сонда бұл ірілі-қсаөты мал қамайтын тас қора сияқтанып та кеткен. Енді жақын келгенде бәрі түсінікті бола бастады ғарышкерлерге. Әзірге бастап келе жатқан жергілікті адамдар да, өздері де дыбыстаған жоқ. Оларға ілесіп жүріп келеді. Аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қоспаған. Іске қосса, олардан әлдеқашан озып кетер еді. Әлгіндей тастар да
143
таусылар емес. Бірінен өтсе, екіншісі, екіншісінн өтсе, үшіншісі кездесі алдарынаан. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының алып жыртқыштардан қорғана білетіндерін көрсетті. Ғарышкерлер оның бәрін көріп, іштей түсініп келеді. Дастан басшы ретінде әрбір нәрсеге ерекше зер сала қарайды. Ерекше сақтық жасап, қайтар кезде жолды қалай табатындарын ойлайды. Ал қыздар жағы болса, үлкен адамдардың Жұлдыз сәулесінен қарайған бет-әлпеттеріне, қолдарының алақандары мен саусақтарына зер салады. Оларды қаншга жзабайы, білімсіз деп ойласа да, жүріс-тұрыстары, ыммен білдірген сыйластықтары ғарышкерлерге алғашқы кездесуде-ақ ұнаған. Өздерін мейлінше таза ұстиайтындары да айқын білінеді. Тау ішінде, үңгірлерде тұрып жатса да, мәдениеттері қалада тұратын адамдардан еш кем емес. Көп нәрседен хабарлары бар адамдар екендері де білінеді.
Осылайша бірнеше тас қорғандардан өткеннен кейін алдарында кең алаң кездесті. Ол алаңда қазақтың қасиетті киіз үйлері сияқты етіп жасалған бірнеше тас үйлер тұр. Ғарышкерлер бұл істің мәнісін түсінбей аң-таң болып кідіріп тұрып та қалды. «Бұлардың тас үйлері біздің киіз үйлеріміз сияқты екен ғой?» деп ойлап үлгерді сол кезде Дастан іштей. Бастап келе жатқан денелі ер кісі мен әйел кісі сәл кідіріп, ғарышкерлерге қарай бұрылып, оң қолдарымен киіз үй іспетті тас үйлердің ең үлкенінің ішіне кірулерін мегзеді. Дастан оң қолының алақанын кеудесінің жүрек тұсына баса сәл басын иіп, ризашылығын білдіре үйге бастады. Кірген бойда оның ішкі жағына қайран қалды. Жаңа ғана Дастан: «Сырты киіз үй сияқты жасалғанымен, бұл тас үйдің іші тек қыус әрі тастай қараңғы болар?» деп те ойлаған бдолатын іштей. Енді ешқандай қолшамның қажеті болмай қалған. Іші жап-жарық. Шаңырақ сияқты етіліп жасалған ашық төбесінен Жұлдыз сәулесі түсіп тұр. Тек төбесі емес, айнала қабырғасы да тап киіз үйдің керегелеріндей етіліп жасалыпты. Олардан да жарық түседі екен. Дәл ортасында тастан қашалып жасалған дөңгелек үстел бар. Оның айналасына дөңгелек-дөңгелек тас орындықтар қойылған. Ішіндегі барлық заттар тастан қашалып, нақышталып жасалған. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарын: « Мұндай дәрежеде өмір сүреді» деп ғарышкерлердің ешқайсысы ойлмаған. Енді бәрі де бұған қайран.
Ғарышкерлер үйдің ішін айнала шолып шыққаннан кейін ер кісі мен йәел кісі бәріне дөңгелек тас үстелдің айналасындағы тас
144
орындықтарға отыруларын ыммен білдірді. Ғарышкерлер бір біріне қарасып алып, «Бұл тас орындықтар отырғанға мұздай болар» деп те ойлап қойған. Ол ойлары да қате болып шықты.. Тас орындықтар ашық шаңырақтан түскен ЖЗұлдыз сәулесінен жылынады екен. Әрі тас орындықтардың соншалықты шебер қашалғаны сондай, отырғанға өте ыңғайлы. Ғарышкерлер ол тас орындықтарға отыраннан кейін үй иелеріне бастарын изеп, алғыштарын білдірді. Содан соң Дастан енді ыммен түсінісудің күрделі болатынын іштей түсініп, комбинезонының сол жақ қалтасынан адамның ойын оқитын кішкене құралын алып, іске қосты. Өздерінің адам тілін тез меңгеріп алуға қабілеттері жеткілікті болғанмен, мына алғашқы қауым адамдарының тіл меңгеруілері қиын еді. Дастан құралын сол үшін қолданған. Соның артынша өздерін үлкен үңгірден білетін ірі денелі ер кісінің:
- Қош келдіңіздер, кішкентай бауырлар! – депген ішкі сөзі құралдың дыбыс күшейткішінен анық естілді.
- Сендердің бізді іздеп келгендеріңізге өте қуаныштымыз! – деді соның артынша ірі денелі таныс әйел кісі.
- Иә, біз сіздерді іздеп келдік! – деп Дастан дауыстап сөйледі.
Екі арадағы сөз одан әрі қарай жалғасты. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдар өте ұйымшыл екен. Бір бірін қатты сыйлайтындықтары, тез түсінетіндіктері, өз тілдерінде айтқан сөздерінен айқын көрініп тұр. Ғарышкерлер осы көріністен кейін өздерін бөтен адамдардың емес, өз туыстарының арасына келгендей сезіне бастаған. Көңіл-күйлері де алғашқыдай емес, көтеріліп қалған. Үйдің қабарғаларына қашалып салынған қазақтың ұлттық ою-өрнектерін көргенде, қыздар жағы көз шараларына ыстық жас та үйірген. Бұл олардың алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының қазақ халқына деген ынта-ықыластарына деген қуаныштан шыққан ыстық көз жастары еді. Сәлден соң қыздар көз шараларындағы төбе тұстан түскен Жұлдыз сәулесіне жылт-жылт еткен жас тамшыларын қолдарының сұқ саусақтарымен жай ғана сүртып алып, іштен сыртқа шығып, сырттан ішке кіріп жүрген адамдарға зер сала қарады. Алғашықы қауымдық құрылыстың адамдары ғарышкерлерге алғашында суық әрі қатерлі көрінген. Енді уақыт өткен сайын өздерін баурап барады. Олар да мына ғаламшардан өздеріндей саналы адам баласын кезіктіруді, осылай түсінісуді
145
аңсап жүрген екен. Енді тек екі топтың мәдени даму дәрежелері екі басқа. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары ғарышкерлердің үстеріндегі қос қанатты, айналдырғышты комбинезондарына,бастарындағы дулығалары мепн аяқтарыдағы «Жүрдек етіктеріне» жиі-жиі көз салады. Көп нәрсені түсіне алмайды. Бірақ соларына қарамастан өздерін соншалықты биязы, мәдениетті ұстайды. Адамның қолы мен саусақтарының, бет мимкасымен, ыммен білдірген сөздерін тез түсінеді. Іс-әрекеттері Қар адамдарына да, Адам тәрізді маймылдарға да ұқсамайды. Жүріс-тұрыстары да, бір бірімен сөйлескендері мен көмектескендері де саналы, салауатты, білімді адамдардан артық болмаса, еш кем емес.
- Адамның саналылығы мен мәдениеті оның білімділігіне байланысты емес, - деді дастархан басында ғы дәм үстінде Дастан үй иелеріне қарап, - біз сіздердің осындай парасатты, мәдениетті, жанашыр адамдар екендеріңізді таудың сонау биік жартасындағы үлкен үңгірдің ернеуінде алғаш рет кездескенде-ақ түсінгенбіз. Сондықтан сіздерді іздедік. Осылай таптық. Біздің сіздерге деген алғысымыз шексіз!
- Біз де бірге отырғанымызға қуаныштымыз, - деген ер кісінің жауабы Дастанның қолындағы құрал арқылы күшейтіліп, қазақ тіліне аударылып естілді, - сіздерді осы ғаламшарға қоныстанған сәттәеріңізден бастап білеміз. Мына үлкен домалақ тасты киіз үйге ұқсаттық.
- Бұл тас үйдің іші қыста суық болмай ма сіздерге? – деді сол кезде Гүлболсын қыздардан алғаш рет сөйлеп.
- Қыс айларында біз осы таудағы жылы деген үңгірлерді паналаймыз. Көктем шыға төменге түсеміз., - деді ірі денелі әйел кісі Дастанның қолындағы құрал арқылы қазақтілінде.
Ол сөзден соң ер кісі орнынан тұрып, сыртқа шықты. Әйел кісі шағын матамен дөңгелек үстел үстін сүртуге кірісті. Жігіттер үндеген жоқ. Қыздар жағы орындарынан тұрып, әйел кісіге көмектеспек болып еді, ол басын шайқады. Соның артынша жаңағы сыртқа шығып кеткен ер кісі ішке қайта кіріп, қос қолындағы піскен ет салынған үлкен табақты үстел үстіне қойды. Ол еттің тау Арқарының еті екенін жігіттер жағы бірден білді. Бәрі сыртқа шығып, үй жанындағы ыдыстағы жылы суғмен қолдарын шайды. Ішке қайта кіріп, дастахан басына отырды. Ер
146
кісі тұрған бойы темір табақтағы етті үлкен өткір темір пышағымен турауға кірісті.
Ғарышкерлер не дерлерін білмей отырып қалған. Мұнда келер алдында мұндай құрметке ие болмақ түгілі, «Қалай тіл табысамыз?» деген күдікті оймен келген бәрі. Енді дәмнен бас тартып, орындарынан тұрып кетудің де реті жоқ. Ер кісі арқардың басы салынған кішкене темір табақты Даастанның алдына қойды. Содан соң бәріне үлкен табақтағы піскен еттен алып жеуді білдірді. Бұл кез тас үйдің сыртын айнала бірнеше ірі денелі қарауыл жігіттері тұрды. Ол ғарышкерлердің қорқыныш сезімдерін басты. Шамалы кідірстен соң Дастан Арқардың үйітілген басынан ер кісі берген темір пышақпен кішкене кесіп алып жеп, табақты Рауан мен Сұлтанғазыға қарай жылжытты. Ол екеуі де Дастан сияқты дәм татып, Гүлболсын, Сәндіай мен Құралайға қарай жылжытқан. Одан кейін бәрі үлкен ортақ табақтағы піскен еттерден алып отырды. Арқар еті өте дәмді еді. Ондай дәмді етті ғарышкерлер көптен бері жемеген. Дәмге деген тәбеттері де ашыла берген. Ірі денелі әйел кісі бұлар еттен жеп бола бергенде, сыртқа шығып, үлкен темір ыдысқа құйылған майлы сорпасын алып кіріп, дастархан үстіне қойып, бір-бір кішкене темір ыдыстарға қөұйып, ғарышкерлерге таратты. Ғарышкерлер мәдениет сақтай отырып, ол сорпадан да ішті. Сөйтіп, асқазандарына ел қонып, кәдімігдей әлденіп те қалған. Сол кезде ірі денелі ер кісі:
- Сіздер еттен алмадыңыздар ғой? – деп таза қазақ тілінде сөйлеп бергенде бәрі аң-таң болып, оған қадала қарап үнсіз отырып қалды. Жаңа ғана тілсіз мақаудай болып, тек ыммен, қолдарының саусақтарымен, бет мимикасымен түсінісіп отырған адамның бұлайша қазақ тілінде таза сөйлеп жөнелгені ғарышкерлерге бір жағынан қуанышты да, екінші жағынан сезіктілік сезімін тудырды. «Сонда, бұлардың біздің ана тілімізді бұрыннан білетін болғандары ма?» деп ойлап үлгерді сол сәттте Дастан іштей. Бірақ қапелімде не жауап айтарын да білмей тағдарған. Қалғандар да үнсіз. Тек әшлден соң барып Дастан:
- Бізге арнап пісірген дәмдеріңізден тоя алдық! Мол алғыстымыз! – деді ашық сөйлеп.
- Тағы да алыңыздар. Бұл өздеріңізге арналып сойылған Арқардың еті, - деп ірі денелі әйелі де қазақша сөйлеп берді.
147
Ғарышкерлер онан сайын таңырқап, ер кісі мен әйел кісіге кезек-кезек қарай берген. Олар болса, өздеріне жымия қарайды. Содан бір кезде ер адам бір қозғалып алып:
- Сіздер кім боласыздар? – деп сұрақ қойды .
- Біз Күн жүйесіндегі Жер деп аталынатын ғаламшарданбыз, - деді Гүлболсын сәл еркінсіп.
- Біз ондайды білмейміз, - деді ол сұрағына әйелі.
- Күн жүйесі осы жұлдыз жүйесі сияқты жүйе. Жер ғаламшарымыз оның құрамында. Ол осы сияқты ғаламшар. Онда өзіміз сияқты адамдар тұрады. Көптеген тірішілік иелері тірішілік етеді. Осындағыдай таулар, жазықтар мен көл, теңіз, мұхит сулары онда да бар, - деді Гүлболсын әйел кісіге қадала қарап отырып.
Әйел кісі басын шұлғыды. Ер кісі оған қарап қойып, «Жер ғаламшары» деген сөзді бірнеше рет қайталады. Ғарышкерлер олардың есте сқатау қабілеттерінің соншалықты күшті екендеріне таңырқап отырды. Енді адам ойын оқып, қажетті тілге тез аударатын құралдың да, адамның сөзін қалаған тілге аударатын тілмаштың да қажеті болмай қалған. Дастан құралын комбинезонының қалтасына салды. Жап-жас бола тұрып, өздерінің әлденені ара-тұра ұмытып қалатындарын естеріне түсіріп, іштей ыңғайсызданып та отырды бәрі. «Ертеректе өмір сүрген ата-бабаларымыз қандай еді, - деп ойға батты сол мезетте Дастан, - тңдап алған бір-екі ауыз сөзді ғана емес, бір түн бойы айтылған небір жыр-дастандарды жаттап алып, басқа жиындарда айтып берген жоқ па? Олардың сондай есте сақтау қабілеттері болмаса, осы заманға дейін қаншама жыр-дастандар жазу-сызусыз жетер ме еді»
Үлкен дәмнен кейін ғарышкерлер ірі денелі ер кісімен бірге сыртқа шығып, ондағы ыдыстағы жылы сумен қол-ауыздарын шайды. Сол кезде барып тас үйді айнала қоршап, өздерін кездейсоқ келіп қалатын қатерлі ірі жыртқыштардан қорғап тұрған ірі денелі қарауыл жігеттер оң қолдары алақандарын жүрек тұстарына баса, бастарын сәл ие тарай берді. Ер кісі мен әйел кісі екі жақтарында қатар жүріп біраз жерге дейін шығарып салды. Қауым адамдары сәл алыстан қызыға, таңдана қарап, бақылап тұрды.
- Біздің ата қонысымыз осы болады, - деді ірі денелі ер кісі сәл кідіріп, айналаға, тау басына көз жібере тұрып, - тек қыс
148
айларында сонау жартастардағы үңгірлерді уақытша паналаймыз. Ана биік-биік тастардың үстінде тұрған ірі денелі жегіттеріміз қауымымызды кезекпен сырт ірі жыртқыштандан қорғайды.
- Қалай қорғайды олар? – деп сұрақ қойды оған Дастан сол мезетте.
- Тас-тастың ығына жасырынып тұрып, тас атамыз, шоқпар қолданамыз, садақ оғын атамыз! Сөйтіп, кейін қуамыз. Терілері мен еттері қажеттілерін бетін шөп-шаламмен жапқан орпларымызға құлатып, қолға түсіреміз.
- Сіздерге негізінен қандай алып жыртқыштар қатер төндіреді? – деп қалды сол кезде Құралай.
- Негізінен, алып Қанатты кесірткелер, алып Қанатты айдаһарлар мен алып Жарқанат тәрізділер, - деп ірі денелі әйел кісі аспанға қарап қойды.
- Бұл ғаламшарда Қанатты айдаһарлар көп пе?
- Олар жойылып біткен. Ана үлкен үңгір ішіндегі өздеріңіз азық апарып беріп жүрген кшікентай Қанатты айдаһар олардың соңғы ұрапағы.
Ірі денелі ер адамның бұл сөзы ғарышкерлерді ойға қалдырды. Сәл үнсіздіктен кейін Дастан өзінің іштейгі жоспарын ірі денелі ер адамға айта салғысы келді де, артынан оның қалай қарайтынын білмей кідіріп қалды. Ер адам ештемені елемегендей ілгері қарай жүре түсті. Биіктеген сайын төмендегі сай-саланы аясы кеңейе берген. Сай бойын бір ауылдай қауым жайлаған екен. Дана қазақтың: «Көрген жерде ауыл бар» дегені осы екен ғой» деп іштей бір ойлап қойды Дастан. Ғарышкерлер екі жақтарында қатар көтерішліп келе жатқан ірі денелі ер кісі мен әйел ксінің сол алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың басшылары екенін түсінді. Ал ең қуаныштысы, осы екеуінің де, қауымдағылардың да қазақ тілінде таза сөйлей бастағандары еді.
Ол ғарышкерлердің сенімдерін арттырып, көңіл-күйлерін көтере түскен. Тау басына қарай біршама көтерілген кезде ірі денелі ер кісі тоқтап, ғарышкерлерге өздерінің қыстайтын үлкен, іші терең үңгірлерін оң қолымен нұсқап көрсетті. Одан кейін өздерінің жалпы тірішілік әрекеттеріне тоқталды. Ол сөздерінің бәрін ғарышкерлер мұқият тыңдап, көрсеткендеріне зер салды. Таудың қай жерінде екенін естерінде сақтауға тырысты.
Ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлерді көп жерге дейін шығарып салды. Қоштасар алдында Дастан ол екуін тау етегінің
149
жазығындағы киіз үйлеріне меймандыққа шақырды. Олар онысын бас изеп, ризашылықпен қабыл алды. Ғарышкерлер оларға бұрыла қарай-қарай алыстай берді. Алған әсерлері мол. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарын дәл осындай зерделі, мәдениетті, тапқыр болады деп ешқайсысы ойламаған ғарышкерлердің. Енді жаңа пайда болған жұлдыз жүйеісіндегі осы ғаламшардың саналы иелерінің бас көрсете батсағаны да ғарышкерлердің көкейлеріне қуаныш сезімін ұялатқан.
Жаңа әрекет
Адам баласы қандай қиын жағдайға тап болып, қиналып жүрсе де, қол қусырып отырып қалмайды. Ғарышкерлер де күтпеген жерден қонатын бөліктерінен айырылып, осы ғаламшардан кете алмай жүрсе де, қайғырып, түңіліп, әрекетсіз қалған емес. «Тірі жан тірішілігін жасайды» дейді дана қазақ халқы. Ғаламшарға келгелі бері «Ештеме жасамадық» дегеннің өзінде де, ғарышкерлер көп іс тындырған. Үш жерге қоныс аударды. Ғаламшардың талай жерлерін «Жүрдек етіктерімен» де, қос қанат, айналдырғыштарымен де, барлаушы кемелерімен де зерттеді. Оның бәрін суретке, бейнеге түсірді. Енді ойлап қараса, соның бәрі де көп іс екен. Аңыздағы Адам ата мен Хауа анадай көрінген ірі денелі ер кісі мен әйел кісімен жүздесіп, тілдесіп, тіпті, олардың тас киіз үйлерінде мейман болулары маңызды оқиға болған. Таудың биік жартасындағы үлкен үңгір ішінде жатқан кішкентай Қанатты айдаһарды қолға үйрету ісін де бастаған. Көшіп-қонып жүрсе де, тор қоршау ішіндегі уақ жануарлар мен құстарды көбейтуді тоқтатқан жоқ. Осындай-осындай істерді жасауларының арқасында күннің де, айдың да зырғып өтіп жатқанын байқамаған.
Сол әрекеттерінің бәрі де ғарышкерлерді алғыш келгендегілеріндей емес, көп ширатқан. Басына қиындық туғанда адам баласы осылай жігерленеді. Енді уақыт өтикен сайын тірішілік әрекеттері де күрделеніп келеді. Алғашқы кездері осы ғаламшардың меңіреу табиғатында ештеме жоқтай, өздеріне де ештеменің қажеті жоқтай көрінген. Одан бері қаншама оқиғаларды бастарынан кешті. Енді киіз үйлердегі кейбір компьютерлі жүйелер ескіре бастаған. Ал кейбірінің қажеті де болмай қалған. Ол құралдар болса да ғарышкерлер осы
150
ғаламшарда болатын аз уақытқа ғана есептелген. Ал мұнда қанша уақыт өтті. Басқаларын былай қойғанда, төзімді деген биотұлғалардың өздері де қимыл-қозғалыстарын азайтқан. Көп істері енді өз қолдарына көшкен.
Енді жаңа әрекет жасайтын күн де келген. Жігттер жағы тор қоршаудағцы уақ жауарлар мен құстарды өз қарауларына алды. Қыздар жағы таңғы, түскі, кешкі астарын өздері дайындайтын болды. Таудағы ірі денелі ер кісі мен әйел кісінің тас кийз үйінде Арқар етінің дәмін алғаннан кейін ара-тұра Арқар атып алып, ептін кақтап, пісіріп жеп, терісін бұйымға пайдалана бастаған. Осылайша бәрі нағыз адами іс-әрекеттерге белсене кіріскен. Бүгін де бәрі түн ұйқыларынан ерте оянған. Алғашқы кездегідей емес, түн тыныштығында алты сағат ұйқтайды. Кәдімгідей тынығып қалады. Сондықтан сергек тұрады. Таңғы дене жааттығуларын бірге жасайды, салқын сумен жуынып-шайынады, таңғы астарын ішеді. Мұнда «Сен қызсың», «Мен ұлмын» деген әңгіме жоқ. Жігіттер асханаға араласады, қыздар шаріуашылыққа араласады.
Бүгінде ғарышкерлер үш киіз үй , барлаушы кемелері мен уақ жануарлар мен құстар тұрған тор қоршаудың сыртынан ормандағы жас ағаштардан үлкен қорған жасап қойған. Одан анау-мынау жыртқыш өте алмайды. Оның үстіне енді таудағы ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ара-тұра биік шың басына шығып, қырағы көздерімен өздерін бақылап-барлап жүреді. Оның өзі де ғарышкерлеге ес. Олар қарап тұрғанда, ғарышкерлердің анау-мынау іс жасауға деген ынта-ықыластары арта түседі. Бүгінгі күн де солай басталған. Киіз үйлердің төңірегінен жер бөліп, жиналмалы күнректерімен жер аударып, жиналмалы тырмамен тырмалап, ол жерге қыздар тұратын киіз үйдегі қажет жағдайға арнайы ыдысқа салынып қойылған Бидай, Тары, Күріш, Жү гері, Жұлдыздың сәулесі жақсы түсетін жеріне көкөністердің дәндерін септі. Ғаламшардың бұл аймағындағы ауа райы құбылмалы келетіндіктен көқөністердің дәндері себілген жерге жылы шатыр орнатқан. Жұлдыз жоғары көтеріліп, ғаламшардың бері қызған кезде көкніс дәндерінің тез өсулеріне мүмкіндік туады. Ғарышкерлер енді әуелдегідей анау-мынау заттарын тастай бермейді. Істен шыққан кейбір құралдарынан да әлденелерді құрастырып, пайда асырады. Мұндайда Рауан мен Сұлтанғазы шебер. Шаруашылықпен айналысқанда ғарышкерлер таңның атқанын, кештің батқанын аңғармай да қалады.
151
Айналасы бірнеше күннің ішінде тау етегіндегі бұл жазық шағын ауылға айналды. Енді оның уақ жанауарлар мен құстар тұратын тор қоршауы ғана емес, егін-жайы да бар. Шаруашылыққа кіріскенде ғарышкерлер жұмысқа арналған киімдерін киеді. Осының бәрі де ғарышкерлердің Жердегі Қазақ елінде алған тәлім-тәрбиесі еді. Осы кезге дейін қанша автоматты-компьютерлі жүйелерге арқа сүйеп келсе де, енді бастарына түскенде мейлінше ширап та кеткен қай қайсысы да. Осылайша тірішіліктің жаңа әрекетіне көшкен.
Бүгін де бәрі көңілді. Сепкен дәндері ғаламшар бетіне қылтиып-қылтиып шығып та үлгерген. Қыздар жағы киіз үйлердің айналасына неше түрлі хош иісті гүлдерді де отығызған. Олар да самал желге баяу ғана шайқалып тұр. Ғарышкерлердің бұл әрекеттерін таудың сонау биігінен күн сайын бақылап жүрген ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де іштей қолдаған. Көп нәрсені өздеріне үлгі еткен. Ал ғарышкерлер болса, олардың дене мүсіндеріне, денсаулықтарының мықтылығына қызығатын. Енді өздері де дене еңбегінің арқасында әлденіп, кәдімгідей мүсінделіп қалған. Оны көрген ірі денелі ер кісі мен әйел кісі кейде жақындап келіп, жылы сөйлесіп қояды. Ғарышкерлерден қолданып жүрген техникаларын қалай басқаратынын сұрайды. Қолдарымен ұстап та көреді. Бұл қым-қуыт әрекеттерінің арасында ғарышкерлер бір мезгіл демалып, әңгімелеседі. Бір біріне әзіл сөздер айтып күледі. Ол әзіл сөздері мен күлкілері тау жартастарын жаңғырықтарып жатады.
Бүгінде ғарышкерлер уақ жануарлар мен құстарды тор қоршаудан шығарып, біршама жерге дейін кезекпен бағуға да көшкен. Оған басты себеп, тор қоршаудың ішіндегі оларға азық пен су беретін автоматты-жүйелер мен сырттай қорғап жүретін биотұлғалардың біртіндеп істен шығуы еді. Басқа тсүкенде саналы адам баласының көнбейтіні бар ма екен. Күн өткен сайын бәрі де өз қолдарына қарап келеді. Қыздар жағы аналарының іс-әрекеттерін естірен түсіріп, Қой мен Ешкіні сауатын да болған. Осы әрекеттерін көріп, тәлім-тәжірибе алу үшін ірі денелі ер кісі мен әйел кісі жиі келіп-кетіп жүрді. Ғарышкерлер ол екеуіне киіз үйлерінің іші-сыртын көрсетіп, қыздар тұратын киіз үйдегі асханда дәм де берді.
Оларыһһ енді бұрынғысындай емес, өздерінен қанша кісі болса да, ғарышкерлерге бауыр баса бастаған. Бұлардан көп
152
нәрсені үйренетіндерін түсінген. Ғарышкерлер тау етегіндегі бұл жазықты адам танымастай етіп өзгертіп те жіберген еді. Адам баласының еңбекқорлығында да, тапқырлығында да шек болған емес. Ғарышкерлер арнайы ыдыстарында сақтап кешлген Алма, Алмұрт, Шабалы, Шие, Өрік және басқа да толып жатқан жеміс ағаштарының дәндерін де септі киіз үйлерінің айнала-төңрігендігеі өңделген жерлерге. Енді бұл ғаламшардағы бұл аймақтан қанша жер аламын десе де өз еріктері. Жер бөлу, шекара сызу деген ұғым жоқ алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарында.
Осы күндердің бірінде ертемен келген ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлерден Қоай, Ешкі, Қоян, Тауықтардан бір бір жұп сұрап алды. Дастан оларды қалай бағып, қалай қора жасауды айтып түсіндірді. Өздерінің тор қоршауын көрсетті. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастарын изеп, іштейгі ризашылықтарын білдірді. Содан соң ер кісі тау жаққа қарап тұрып, екі қолының алақандарын ауызына орай жақындатып, қатты дауыстады. Сол-ақ екен тау жақтан бір топ ірі денелі адам жылдам басып жетті. Ғарышкерлер берген жұп Қой мен Ешкіні алдарына салып айдап, Қоян мен Тауықтың жұптарын қолдарымен кеуделеріне қыса ұстап, таза қазақ тілінде алғыстарын айтып, тауға қарай жүрді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де жылы қоштасып, олардың соңынан кетті. Олар үшін мұнан өткен қуаныш та, бақыт та жқ еді. Ғарышкерлер олардың тас үйлерінде болып қайтқаннан кейін қауымдағы адамдардың бәрі де қазақ тілінде сөйлейбатсаған.
Қолға үйретілген Қой, Ешкі, Қоян мен Тауықтар қауым адамдарының тірішілік әрекеттерін жандандырып жіберген. Тездетіп мал қора жасап та алған. Ауа таза болғандықтан олардың бір біріне қазақ тілінде дауыстап айтқан сөздері ғарышкерлерге анық естіліп те жалады. Аз ғана уақыттың ішінде ғарышкерлер мен қауым адамдары осылай араласып-құраласып кеткен. Бұл ғарышкерлердің осы ғаламшарда біржолата қалғандай болып жүрген көңіл-күйлерін біршама көтергендей де болды. Оны ойлайтындай уақыттары да қалмаған. Бірінен соң бірі күтіп тұрған іс көп. Таудың биік жартасындағы үлкен үңігр ішінде жатқан кішкентай Қанатты айдаһарға мал еті мен су апарып беру де бір іс. Оған баруға қыздар жағы қанша ықылас білдірсе де, Дастан оны тыңдамааған. Дастанның ішкі арманы, кішкентай Қанатты айдаһарды өсіріп, арқасына мініп ұшу еді.
153
Ал мұндай ііс-әрекетке, достарының пайымдауларынша, тек жүрек жұтқан адам бара алмақ. Сондықтан да сапарлас достары Дастанның бұл әрекеттерін еш түсіне алмай қойған. Алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың басшылары ірі денелі ер адам мен әйел кісі де Дастан бастаған ғырышкерлердің бұл әрекеттеріне қайран. Ғарышкерлер ол үлкен үңгірге барған сайын ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де сонда болады. Алып Қанатты айдаһардың қай кезде де қауіпті екенін түсінген олар бұларды қорғап қалуға дайын жүреді. Осыдан біраз уақыт қана бұрын ол ірі денелі ер кісі мен әйел кісі Қой, Ешкі, Қоян мен Тауықтарды алған кезде де ғарышкерлерден тау жартасындағы үлкен үңгірдегі кішкентай Қанатты айдаһарға ет пен су апарып беретін-бермейтындерін анықтап сұраған. Дастан ол үңгірге қашан баратындарын айтып, шығарып салған.
Ұядан ұшқан ұрпақ
Биік жартастағы үлкен үңгірдің ернеуіндегі кең алаңға қос қанаттарын қаға ұшып келіп, жалп-жалп қонып, айнала табиғатқа қызыға қарап тұрған ғарышкерлерге әдеттегідей ірі денелі ер кісі мен әйел кісі өрлеп жеткен. Ол екеуі ғарышкерлердің соншама білімді, мәдени дамуы жоғары, аспанд да қос ққанаттарымен, Ғалам кеңістігінде жұлдызаралық кемемен ұша алатындарын біле тұрса да, оларды жас балалардай санайды. Ал сол жас баланың өзі де кейде үлкен адам тауып айта алмаған сөзді, ойды айтады. Тек жас бала өзінің сол айтқан сөзі мен ойына есееп бермейді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де ғарышкерлерге сол тұрғыдан қарайды. Олай ойлауларына басты себеп болған бұлардың мына үлкен үңгірдегі болашақ алып Қанатты айдаһармен айналысып жүргендері еді. Ал шындығында бұл ғаламшарда, мына таулы аймақта Қанатты айдаһармен айналысқаннан басқа да істері жетерлік. Соған қарамаста, неге екені белгісіз, ғарышкерлер осы үлкен үңгірндегі әзірге кішкентай Қанатты айдаһрды бағып өсіріп жүр. Қауым басшылары мұны көріп, білгенмен ғарышкерлерге «Неге олай етесіңдер?» деп қарсылық білдірмеді. Тек қай кезде де жандарынан табылады. Егер ол екеуі осылай демеу көрсетпесе, қыздар бұл үңігрге келудіен мүлден бас тартар еді. Үлкен ксілер қашан да жастарға ес, тірек.
154
Үлкен үңгір ернеуіндегі алаңдағы біршама үнсіздіктен кейін Дастан ірі денелі ер ксіге ойын айтты.
- Біз тағы да мына үңгірдің түпкі жағында ж атқан кішкентай Қанатты айдарға ет пен су әкеліп тұрмыз. Тек бұл жолы Қанатты айдаһарға өзім беремін. Ол маған үйренуге тиісті. Әйтпесе, ол кез келген сәтте бізге шабуыл жасауы мүмкін!
- Сен не айтып тұрсың, Дастан? – деп сол кезде шывр-пыр болды Құрайлай, - өмір сүргің келмей жүр ме? Онда мен апарып берейін оған ет пен суды!
- Сабыр етші, Құралай, - деді Дастан салмапен сөйлеп, - біз бұл үңгірдегі Қанатты айдаһарға бірінші рет келіп тұрған жоқпыз ғой. Қанатты айдаһар қанша қатерлі болса да, бізді танып қалды. Оның үстіне, мен ет пен суды темір тордың есігі арқылы беремін оған. Сондықтан ол маған еш қатерлі емес.
- Ал егер, ол темір торды талқандап, шығып кетсе ше? Қанша дегенмен де, ол бұрынғысындай емес қой, қанатын қағып ұшга алатын жағдайына келіп қалды, - деп Гүлболсын да ішкі толқынысы мен қорқынышын жасыра алмай үңгір ішіне көзқ салып қойды.
- Ол әзірге темір торымызды бұза алмайды! Ондай күші жоқ! Тіпті, бұзып шығып кеткен жағдайда да оның ауызына түспейміз. Қос қанаттарымызды қағып,-қағып ұшып кетеміз!
- Онда мына жазықсыз екі кісіге қауіп төнеді! – деп Сәндіай ер кісі мен әйел кісіге бұрыла қарады.
- Бұл кісілерге бұл ғаламшардағы барлық алытар таныс. Сондықтан бұлар қалай қорғануды бізден де жақсы біледі.
Осы сөзінен кейін Дастан уақыт жоғалтпау үшін қолына ет салынған ыдыс пен су құйылған ыдысты алып, үңгірдің ішіне кіре берді. Сол кезде үңігірдің түкіпір жағынан өздеріне белгілі леп келді. Тек ол леп әлдекім нің үңгірдің түкпініде жағып отырған пешінен келгендей ыстық еді. Дастан оған қараматсан Қанатты айдаһарға жақындай берген. Бұл кезде ірі денелі ер кісі мен әйел кісі үңгірдің ауызының екі жағына қорғаушы қарауылдардай тұра-тұра қалған. Екеуінің де қолдарында ағаш шоқпар бар. Дастан кенеттен Қанатты айдаөардан қашып шыққанда оны қорғап қалмақ. Бұл ниеттерін ғарышкерлер бірден түсінді. Өздері де үңгір ішіне сәл кіріңкіреп, қажет жағдайда Дастанға көмек көрсетуге дайын.
155
Рауан сол қолындағы аралықтан басқаратын кшікене құралының түймесін оң қолының сұқ саусағымен нұқып, үңгір түкпіріндегі шамды жақты. Сол замат Қанатты айдаһардың ысылы мен ауызынан шыққан ыстық лебі күшейе түсті. Дастан оны естіп, жүрегі жиі-жиі бүлкілдеп ала жөнесе де, батылдыққа беріліп, екі қолына ет салынған ыдыс пен су құйылған ыдысты мықтылап ұстап, ілгері қарай жүре берді. Өззін алға қарай қанедай құдіретті күтің тартып әкетіп бара жатқанын да білмейді. «Осы шынында да мына Қанаитты айдаһар бізге неге керек? Кім мені зорлаған бұған ет пен су әкеліп беріп, асырауға? Кейін қайтып кетсем бе екен? Бұл бәтшағарың ұшуға да жарап қалған сияқты! Ұша алса, өз жемін өзі тауып жеп, күнін көріп кетер» деп ойлады іштей. Бірақ екі аяғы тоқтайтын емес. Қандай да бір тарту күші өзін алға қарай тоқтатпай тартатындай. Осы кезде кейінгі жақтан:
- Дастан, кейін қайтсаң қайтеді? – деп Гүлболсын дауыстап қалды.
Оны тыңдайтын Дастан жоқ. Бірбеткей мінезі қалсын ба. Қанатты айдаһардың ауызына түссе, де қайтар емес.
- Дастан, тыңдашы, бұл Қанатты айдаһардан бізге қауіп төнбесе, пайда келмейді! Бұл біз мініп алып, Жер ғаламшарымызға қайтатын жұлдызаралық кеме емес! Неге сонша іңкірсің оған? Осы ғаламшарда қаламыз. Ғұмырымыз жеткенше өмір сүреміз. Жерден, Қазақ елімізден келген ғарышкерлер сүйемігмізді тапса да жақсы. Кейін қайтшы! – деп Сәндіай тау жартастарын жаңғырықтыра жыламсырай дауыстады осы кезде.
Дастан Сәндіайдың бұл сөзіне де құлақ аспады. Алға қарай жүре берген. Арғы жағында Қанатты айдаһар ауызын арандай ашып, ыстық леп шығарып жатқан темір торға жақындағанда ол кәдімгідей айбат шеге бастаған. Енді ол Қойдың еті емес,оның өзін де емін-еркін жұтып жібермек. Дастан сонда да іштей: «Келерін келдім. Енді мына қолдарымдағы ет пен суды бермей қалай кетпекпін кейін қарай?» деп ойлап қойды. Темір тордың есігін тез ашып, ыдыстағы етті іштегі ыдысқа лақтырып түсіріп, оның жанындағы ыдысқа қолындағы ыдыстағы суды құйып жіберіп, өзі кейін шегініп барып, үңгірдің бір қалтарысына жасырынды. Қанатты айдаһар кәдімгідей ашығып қалған екен. Ыдыстағы етті ауызына қарай лебімен тартқан кезде үңгін еденіндегі майда қиыршық тастар мен шөп-шаламдар етпен бірге ауызына жұтылып кетті.
156
Үңгір ауызында тұрғандарға бұл қорқынышты көрініс еді. Ірі денелі ер адам шыдмай ішке енді. Қанатты айдаһар тасталған етті жұқ көрмеді. Асап жұтып алғанан кейін темір торға қарай ұмтылған. Оның қатты қозғалысы мен ысылынан үңгір іші күңгірлеп кетті. Ірі денелі ер кісінің өзі де енді не істерін білмей үңгірдің бір қапталысына қырындап тұра қалды. Артынша Қанатты айдаһар төрт табанына бар салмағын сала көтереліп, ауызын жылы леп шығара арандай ашып, екі қанатын екі жаққа жая шығара тітіркентіп, жанып тұрған шамды қирата,темір торды бұза сыртқа қарай жылжыды. Үңгір іші қараңғыланып, ірі денелі ер кісі Дастанды таппай қалды. Қанатты айдаһардың соңынан жүгіре берген. Сол кезде Дастанның үңгір ернеуіне қарай қашқан сапарлас достарына:
- Тез ұшып кетіңдер! - деген дауысы шықты үңгір ішінен.
Олар қос қанаттарын қағып-қағып әуеге ұшты. Әйел кісі жартастан тез төмен түсіп кетті. Қанатты айдаһар сол жылдам суси жылжыған бойында қалтарыста тұрған Дастанды ұзын құйрығының ұш жағымен орап-қысып алып, үңгірдің ернеуіне жетіп, ауызын бір ашып, бір жауып, екі қанатын жайып жіберіп, қалықтай ұша жөнелді. Сол кезде Дастанды байқап қалған ірі денелі ер кісі:
- Әкетті! Әкетті! - деп дауыстап жіберді.
Ол дауысты естіген ғ,арышкерлер құздың етегіндегі жазық жерге қона-қона кеткен. Алғашында бәрі де: «Ірі денелі ер кісіге бірлеме болып қалды ма?» деп алаңдай жоғарыға қараған. Жоқ, ол емес, Дастан екен. Құралай қатты шошынғаннан:
- Дастан!, саған не болған? Айттым ғой! – деп тау жартастарын жаңғырықтыра дауыстап жылап жіберді.
- Дастан, «Нейро» құралыңды іске қос! – деп дауыстады Гүлболсын.
- Қалай қосады! – деп Сәндіай оған бота көздерін жалт еткізді.
Сол кезде биік жартастан тез-тез төмен түскен ірі денелі ер кісі әдеттегісінше ауызын екі қолының алақандарымен қалқалап тұрып, қатты дауыстады. Ол дауысы тау жартастарынан жаңғырығып, бірнеше рет қайталанды. Оны естіген қауым адамдары дүркірей бері қарай жүгірген. Ірі денелі ер кісі әйелін ертіп, ғарышкерлерге жақындады. Бұлар не істерлерін білмей бір сәт дағдарып, үнсіз тұрып қалған. Қыздар сыңсып жылап тұр. Жігіттер енді екі қолдарын жоғары көтеріп, жұлдырықтарын
157
жұмыра қысып, тістеніп, қатты ызаланып, айқайлайуға көшкен. Қолдарынан одан басқа не келсін. Егер ер адам мен әйел кісіде қанат болғанда, қарап қалмас еді. Қанаттанып, алғаш рет аспанға ұшқан әлсіздеу Қанатты айдаөарды ауыздықтамақ. Ол олай да, былай да теңселе ұшуда. Құйрығының ұш жағына қыса ораған Дастанды ойыншықша үйіреді. Бірде ұзын құйырығын бұріп әкеліп, Дастанды ауызына жақындатады. Ондай сәтте үш қыздың құлында құлыыны шыға шырқарай жылайды. Бірақ Дастан өзі баққан Қанатты айдаһардан қорқар емес. Ауызына жақындағанда екі аяғын тепкілейді. Сол кезде Қанатты айдаһар құйрығын қайта жазады.
Ірі денелі ер кісі де, әйелі мен жүгіріп келген қауым адамдары да екі қолдарын жоғары көтеріп, жұдырықтарын жұмырып, айғайлап тұр. Бірақ оны елейтін Қанатты айдаһар ма? Тау етегіндегі жазықтың үстінде айналып ұшып жүр. Ұшқан сайын өзінше бір ләззат алатын сияқты. Біресе төмендейді, біресе жоғарылайды. Егер ол жазыққа қона қалса, ірі денелі ер кісі де, әйелі мен қауым адамдары да оған бас салмақ. Қанатты айдаһөар қонатын емес. Тау етегін, сай-саласын, аңғарын барлап алған соң кең жазыққа қарай бет қойды. Дастанды босатар емес. Босатса, Дастан қос қанатымен бөлек ұшып кетер еді..
- Бұл бәле жазыққа қонып, сол арада Дастанды жұтып қоймасын?! – деп дауыстап қалды осы кезде одан қатты сезіктенген Сұлтанғазы жанындағыларына үрейлі жүзімен қарап алып.
Артынша Рауан да Қанатты айдаһарға оң қолы алақанының қырымен екі көзін көлегейлей қарап тұрып::
- Сұлтанғазы, біз де ұшалық, соңынан! Отты тапаншаңды оң қолыңның алақанына қыса ұста! Мен де сөйтемін! Енді кешігуге болмайды! Ал қыздар ана жазықтағы киіз үйлерімізге қайта берсін! - деп аптыға сөйледі.
- Жоқ, біз киіз үйімізге қайтпаймыз! Сендермен бірге ұшамыз! Не көрсек те бірге көреміз! – деді ерекше батылданып кеткен Сәндіай.
- Жарайды, онда! Бірге ұшайық! - деп Сұлтанғазы қатты әбіржіп тұрған ірі денелі ер кісі мен әйел кісіге қарай бұрылды. – Ал, сіздер өз орталарыңызға қайта беріңіздер!
- Әттең, бізде сіздердегідей жасанды қанат болса ғой! Онда бірге ұгшар едік! Бірақ да біз әрекетсіз қалмаймыз! Жаяу жүгіріп
158
жетеміз! Егер біз жеткенше Қанатты айдаһар Дастанды жұтар болса, бәрібір мен оның қарнын мына үлкен темір пышағыммен жарып, Дастанды аман алып қаламын!– деді жігерлене сөйлеп.
- Онда, жақсы. Біз кеттік! – деді Сұлтанғазы ірі денелі ер адамға қарап.
Ғарышкерлер алға қары қатты жүгіріп барып, қос қанаттарын жая сермей қағып, аспанға қарай ұше берді. Ірі денеіл ер кісі мен әйелі бастаған қауым адамдары солай қарай жүгірді. Бес ғарышкер аспанға көтерілген бойларында ұшу жылдамдықтарын арттыру үшін арқаларындағы айналдырғыштарын іске қосты. Ал бұл кезде Қанатты айдаһар біраз жерге ұзап та кеткен. Ғарышкерлер қуып жетіп, жақындай бергенде ол төмендеп, ғаламшар бетіне қонып, құйрығының орауын ашып, Дастанда тастап, сәл ғана көтеріле ұшып, алдынан кезіккен аңды да, құсты да жұтты. Тояттап алған соң көл суына жетіп, су бетін жанай ұшып, судан ішіп, онда шорпыған ірілі-ұсақты балықтардың біразын жұтып өтті. Одан қайта аспанға көтереліп, таудың биік жартасындағы ұя-үңгіріне қарай тартты.
Дастанның ғаламшар бетіне дін-аман түскенін көрген бойда сапарлас достары төмен қарай құлдилай ұшты. Табандары ғаламшар бетіне тигсімен ұқанаттарын жиып, Дастанды жан-жағынан қоршап, көптен көрмегендей құшақтай жатты. Сол кезде ғаламшар бетімен жүгіргіп, алқынып, терлеп-тепшіген ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары да келіп жетті. Ірі денелі ер кісі Дастанды құшақтай алып, оң қолының үлкен алақандарымен арқасынан қақты. Содан соң бәрі асанға қараған. Қанатты айдаһар бұл кезде таудағы ұя-үңгіріне жақындап қалыпты. Соны көргеннен кейін ғана бәрі ғарышкерлер оның өздеріне үйрене бастағанын түсінді. Дастан сапарлас достарына жымия қарап қойды. Не десін. Қыздардың қуаныштан көз шараларынан төгілген ыстық жастарының тамшылары Жұлдыздың сәулесінен шағылыса жылт-жылт етеді.
- Ал, енді не тұрыс, киіз үйлерімізге қайтайық, - деді сәлден соң Дастан, - бәрі ойдағыдай болды емес пе?
- Киіз үйімізге жүріңіздер, - деді Гүлболсын ірі денелі ер кісі мен әйеліне, қауым адамдарына қарап, - дәм татыңыздар.
- Біз ол ниеттеріңізге өте ризамыз, - деді әйел кісі, - тұрағымызды көп уақытқа қарусыз қалдырауға болмайды. Қайта бізге өздеріңіз келіңіздер.
159
Ірі денелі ер кісі мен әйелі бастаған қауым адамдары жылы қоштасып, тау аңғарындағы тұрақтарына қарай жүрді. Ғарышкерле қос қанаттарын шығарып, серпіп-серпіп жіберіп, әуеге көтеріліп, жаөықтағы киіз үйлеріне қарай ұшты. Киіз үйлеріне келген соң қыздар тездетіп, аса дайындаған. Жігеттер де қарап қалған жоқ. Оларға көмектесіп жүр. Енді бұрынғыдай аспазшы биотұлғалар жоқ. Сондықтан қай істі де «Сен қызсың», «Мен ұлмын» демей, бірге жасайды. Сондай ауызбірліктің арқасында көп іс тындырып та келеді. Ас дайын болған соң бәрі дастархан бдасына отырған. Сол кезде Дастан:
- Ана Қанатты айдаөардың менімен ойнағысы келді, - деп сапарлас достарына жымия қарады, - рас, күтпеген жерден үңгірдің қлштарысында тұрған мені ұзын құйрығының ұш жағына орай қысып алып жөнелгенде қатты қорықтым. Ол үңгірдің ернеуіінен аспанға ұшып шыққанда тіпті де. Қанатты айдаһардың аспанда ұшып кетіп бара жатып, мені қыса ораған ұзын құйрығының ұшын жазып жіберуі де, ғаламшар бетіне қонып жұтып жіберуі де әбден мүмкін еді. қанатым бар. Бірақ ол өздерің көргендей маған тиіспеді.
Сапарлас достары көңілденіп қалды. Соның алдында ғана боп-боз болып кеткен реңдері де енді шырайлана берген. Дастанға таңырқап қарай береді. Ол енді қай қайсысына да дүниеге екінші рет келгендей көрінеді. Ол айтқан сөзді мұқият тыңдайды. Қанатты айдаһар жөнніде біраз әңгімелегннен кейін әңгімелерінің бағыты басқа жаққа бұрған. Әңгіме өзегі кездескелі бері өздеріне қол ұшын беріп жүрген қауым адамдары болды. Олардың тас үйліренің ішіне Рауан мен Сүланғазы күндіз Жұлдыз сәулесінен ток жинап, түні бойы өшпей жанып тұратын шама орнатып берген. Өздерінен алып кеткен Қай, Ешкі, Қоян мен Тауықтардың жұптарынан санын көбейткен. Енді ол орта өзінше бір ауыл іспетті. Өзедірінің де жайлары кеңейген. Мұнда топырақ пен су, ауа таза, өсімдіктері нәрлі болғандықтан уақ жануарлар тез қоңданған. Енді жасайтын істері көп. Соған кірісіп кеткен ғарышкерлер.
Олжа оры
Ғарышкерлер бүгін жолға ерте таңда ширақ жиналған. Ғаламшар бетіне қонатын бөлікпен алғаш қонған кездеріндегідей емес, мына қарапайым өмірге бейімделіп те қалған. «Сен» , «Мен»
160
демей әрқайсысы өзіне керек-жарағын алып, үй ішін тексеріп, жолға шығуға толық дайыны екенін білдірген. Бүгінгі күн де өздеріне бір ерекше күн еді. Кеше қауым адамдарымен бүгін кездесуге келіскен. Сондықтан оларды күттірмеуді де ойлаған. Дастан бастап, қалғандар еріп отырып, тауға серуенге шыққан адамдардай болып ширақ жүріп кетті аяқтарындағы «Жүрдек етіктерімен». Киіз үйлері енді тілсіз уақ жануарлар мен құстардың иелігінде қалған.
Алтауы арқаланып-торқаланып, бірінің артынан бірі тізіле жүре сай мен қыраттарды кейінге тастап, қауым адамдары орналасқан орынға жеткенде айнала төңірек толық жарықтанып, шығыс жақ көкжиек қызарып қалды. Енді біраз уақыт жүргенде, шығыс жақ көкжиек сарғыштанып, соңынан жарқырап Жұлдыз көтерілді. Ғарышкерлер арқаларындағы жүктерімен сонша жер жүрсе де, ауа таза болғандықтан шаршаған жоқ. Қай қайсысы да таудағы әрбір тас пен жартасқа ойлана қарап, іштей Жердегі, Қазақ еліндегі тау-тастармен салыстырады. Ұқсайтындары ерекше әсер береді өздеріне. Қыздар жағы кейде қазақтың әндерін де шықрайды. Оларға жігттер де қосылып қояды. Ол әндерінен тау жартастары жаңғырығады. Кейбір құстар одан ерекше бір ләззат алғандай қонып отырған жерінен қалбалақтай аспаға қарай ұшып, төбе тұстарында айналып ұшып жүреді. Ұлы табиғаттың осындай тамаша көріністері мен саф таза ауасы ғарышкерлердің осы ғаламшарда қалып қойғандарын да ұмыттырып жібереді.
Мұнда Дастан ғана көп көңіл көтермейді. Басшы болған соң өзін осындай жағдайға түсіріп алғанына үнемі іштей өкінеді. Ғаламшардың төңірегінде өздерін «күтіп», айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кемелерінің негзгі бөлігіне немен ұшып жетуді ойлайды. Тек ара-тұра сапарлас достарының көңіл-күйлерін түсірмеу үшін олар айтқан әнге қосылады, әзіл әңгіме айтуға тырысады. Мұндай тамаша табиғат асында болса да балалық балдәурен шақтары түседі естеріне. Оны да қозғайды.
- Шіркін, балалық шағым қайта оралса ғой! – деп күрсініп салды бір кезде Гүлболсын жүрісін сәл кідіртіп, тау басына қарап.
- Иә, мұндай тамаша табиғат аясында кім болса да балалық балдәурен шағын есіне алады ғой! – деп қойды оған бұрыла қараған Сәндіай.
161
- Е-е, кімнің басынан балалық балдәурен шақ өтпейді дейсәң, бұл жарық дүниеде, - деп Рауан да тау басына қарап күрсініп қойды, - сондықтан да ірі болсын, ұлы болсын, кіші болсын, адамдардың бәрі де жасы ұлғайған сайын сол балалық балдәурен шағын аңсайды. Ештемемен ісі жоқ сәби болғысы келеді.
- Дұрыс айтасың, Рауан, - деді сөзге Сұлтанғазы араласып, - қараңдаршы мына тауға! Тап өзіміздің қазақ жеріміздегі тау сияқты ғой! Ұқсастық деген де бола береді екен ғой өзі бұл жарық дүниеде!
- Онда біз, бәлкім, жұлдызд әлемді айналып-айналып ұшып, өзіміздің Жер ғаламшарымыздағы Қазақ елімізге, жерімізге келген болармыз? – деп Гүлболсын сықылқтай кеп күлді.
- Аузыңа май! Айтқаның келсін! Бұл сөзіңді аспандағы Құдай естіп, Перішетелері бете етсін! - деп айналаға көз салды Сұлтанғазы.
- Шіркаін-ай, сол арманымыз шынымен-ақ орындалса ғой! – деп Сәндіай да айналаға көз жілберген.
- Осы, адам баласының ойлаған ойы-арманы орындала беретін болса ғой! – деп Құралай күрсініп салды.
- Адамның ойлағаны бола берсе, ол мына жарық дүниеге сыймай кетеді! – деді оған бұрыла қараған Сұлтанғазы.
- Не болыпты, адамда сана мен білім бар емес пе? – деді Құралай.
- Сана басқа, білім басқа, ой-арман басқа!
- Қойшы, Сұлтанғазы, жақсы сөз айтайықшы!
- Е-е, Жер ғаламшарымызға, Қазақ елімізге ораламыз дегенше, онда не өзгерістердің болып кетерін бір Құдай білсін! Деді Рауан келген жақтарнына көзө тастап алып, - Біз осылай қарай аттанбай т ұрған кездегі гүлденген қалаларымыздың жұрты ғана қаалар!
- Ол қалаларымыздың жұрты қалса, орындарына жаңға қалалар салынар! – деп Сәндіай Рауанға бұртия қарады.
- Жарайды, сапарлас достар! – деді сол кезде Дастан алға қарай көз жіберіп тұрып, - қауым адамдары тұратын жартасты аңғарға жақындап қалдық. Олар бізді күте-күте шаршаған да болар ендігі. Өз басым әлдекімді немес әлденені күткеннен жаман көремін. Тез жүрейік енді!
Осы сөзден соң жүрністерін жылдамдатқан. Жылдамдатқан сайын тау бастыры бейнебір баяу болса да кейін қарай жылжып қалып бара жатқандай болады көздеріне. Шыңдарындағы түрлі
162
көлемді жартастары да өздерін қарсы алып, шығарып салып тұрғандай. Енді біраз жер жүргенде қарсы алдарынан сақырлаған, тасты тасқа ұрған дыбыс жетті құлақтарына. Бұл қауым адамдарының күндегі тірішілік әрекеттері еді. Ғарышкерлер оларды қанша дос санаса да, кшкентайларынан бойларына біткен әдеттерінен арыла алмай келіскен уақыттарынан кешігіп келеді. Ал тау адамдарының ұйқыға сергек. Жануарлар мен құстардың ұйқылары сияқты қысқа. Ғарышкерлер үлкен екі тастың ортасынан өткен мезетте өздерін алдарынан бір топ қауым адамы жылы қарсы алды. Олар да көңілді көрінді. Бүгін аңға шығатын күні екен. Аң аулау олардың басты кәсіптері. Кезіккен аңды қолға түсіруден артық не қуаныш болсын оларға. Ал ғарышкерлерге тастан-тасқа секіріп, аң қуалау үйреншікті кәсіп емес.
Екі жақ амандасқан соң тау басына қарай жүрген. Бәрін ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастап, сайды өрлеп жөнелді. Жұлдыз сәулесінен қарайып күйген ірі денелі адамдардың ішінде ақшаңқан түсті, қос қанатты комбинезон киген ғарышкерлер ерекше көрінеді. Мұндай түстің аң біткенді алыстан үркітетінін, кейде аңдардың жүйкелеріне кері әсер етіп, шабуылға шығаратынын жақсы білетін қауым адмдары ғарышкерлерді орта тұстарына алып, қоршай жүрді. Бұл бір жағынан ғарышкерлерді қапылыста бола кететін ірі жыртқыштардан қорғау еді. Ғарышкерлер олардың бұл ниеттерін іштей түсінген. Комбинезондарындағы қос қанаттарын ашпақ емес. Арқаларындағы айналдырғыштары мен аяқтарындағы «Жүрдек етіктерін» іске қоспақ емес. Не көрсе де, қауым адамдарымен бірге көрмек.
Сайды бойлай өрлеп келіп, биікке шыққанда айнала төңірек алақандарында тұрғандай анық көрінді. Мұндай көрініс ғарышкерлеге болса да тансық емес. Биік жартастағы үлкен үңгірдің ернеуінен де, жасанды қос қанаттарымен аспанда қалықтап ұшқанда да ғаламшар бетінің көп аймағын әбден барлаған. Қауым адамдары ғана аспанға ұша алмайды. Олар ссылай жаяу жүреді. Қолдарында қззіргідей бір-бір күрзі сияқты қару болады. Қапылыста кезіккен анау-мынай жабайы жыртқышты сол күрзілерімен жабыла соғып, не жарақттайды, не өлтіреді. Оларға бұл тай аймағында қандай жабайы ірілі-ұсақты жыртқыштардың бары жақсы белгілі.
163
Бастап келе жатқан ірі денелі ер кісі мен әйел кісі тек оларды ғана емес, омы тау аймағындағы әрбір тас пен тегісті жатқа біледі. Бұл асшыға тән қасиет. Біраздан кейін ол айнала төңірекке көз жіберді. Былайша қарағанда көзге ештеме шалынбаған. Ғарышкерлер болса да ештемені байқамаған. Ірі денелі адамның бұл әрекетін өздері қанша білімді, тапқыр, епті болса да түсіне алмады. Мезгіл түс болып та қалған. Жұлдыз да тас төбеден шақырайып тұр. Бұл тауды мекендейтін Арқар сияқты жабайы аңдардың су іздеп, төменге түсетін шағы. Оны ғарышкерлер де түсінген. Тек қауым адамдарының ол Арқарларды қалай қолға түсіретіндерін білмейді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі салқын самал жел соққан шығыс жаққа қарап, тыныстары тарылғандай кеуделерін кере демалды. Басқалары да соны қайталап жатты. Сәл үнсіздіктен соң ірі денелі ер кісі Дастанға қарай бұрылды да:
- Әлі де жоғары қарай өрлеуіміз керек! – деді.
- Біз дайынбыз! – деді Дастан оған жымия қарап.
- Бүгін олжалы боламыз! – деді ірі денелі ер кісі.
- Оны қайдан білесіздер? – деп Сәндіай оның әйеліне қарап сұрақ қойып қалды.
- Арқарлардың иістерінен, - деді әйел кісі.
- Ал біз ешқандай Арқардың иісін сезіп тұрған жоқпыз, - деп Гүлболсын әйел кісіге қарады.
- Сіздердің иіс сезу қабілеттеріңіз әлсіреген! – деді ірі денелі кісі өткір көздерімен бәрін шолып өтіп.
Сөйтті де, әйелі мен басқа адамдарына бешлгі беріп, тау басына қарай өрлей жөнелді. Үлкен бір шатқалдың етегіне түскенде бәрі кілт тоқтады. Ірі денелі кісі ымдап, Дастанды жанына шақырды. Қоңыр дауысымен жай ғана сөйлеп, жағдайды былай деп түсіндірді.
- Сііздер осы арада бола тұрыңыздар. Мына алты кісі сіздерді бұл тауда кездейсоқ кезігетін ірілі-ұсақты жыртқыштардан қорғайды. Мен мына әйеліммен, қалған қауым адамдарымен бірге жоғары қарай көтерілеміз. Таудың биік-биік жартастарының үстінде жүрген Арқарлар осылай қарай түседі. Сіздер мына тас-тастың қуыстарына жасырынып отырыңыздар. Қатты сөйлемеңіздер, дауыстап қалмаңыздар. Біз Арқарларды екі топқа бөлініп қуалаймыз. Ана төменде біз алдын ала қазып, бетін шөп-шаламмен жауып қойған ор бар. Арқарлар сол орға дөп түссе,
164
олжалы болғанымыз! Ал біз кеттік! Қалған нәрселерді мына алтауынан сұрай беріңіздер.
- Жарайды, - деді Дастан төен жаққа бір қарап қойып, - бәрін түсіндік. Айтқандарыңызды бұлжытпай орындаймыз!
Ірі денелі кісі мен әйелі бастаған топ екіге жарылды. Бір тобын ірі денелі ер кісі, екінші тобын ірі денелі әйелі бастап кетті. Қалдырған алтау ғарышкерлерді қоршай тұрды. Олардың айтуларынша, бұл тауда тек Арқарлар емес, басқа да ірілі-ұсақты жыртқыш аңдар мен құстар көп. Дастан ол сөздерін тыңдап алып, ойына өздері асырап өсірген Қанатты айдаһарды да есіне алды. Оның айбарымен салыстырғанда мұндағы ең ірі деген жыртқыштың өзі де ештеме емес сияқтанады өзіне. Сондықтан Дастанның өзі де, қалғандар да онша қорықпады. Қындарынан отты тапаншаларын оң қолдарының алақандарына қыса ұстап, тың тыңдап тұр. Бұл кезде жоғары қарай жылдам басып кеткен екі топ үлкен бір шоқ тастың екі жағынан айналып, өтіп, тағы жоғары өрлеген. Сол кезде дүр ете қалған дыбыс естілді бәрінің құлақтарына. Ірі денелі ер кісі де, әйелі мен қауымның басқа адамдары да иіз сеезуден қателеспепті. Бір топ Арқар тас-тасқа тиген тұяқтарының дыбысымен тау аңғарын жаңғырықтыра төмен қарай су аққандай сусыды. Сол кезде ғарышкерлерді қоршап, қорғап тұрған алты қауым адамы да екі қолдарын жоғары көтере дауыстап, олай бір, былай бір жүгірді. Ғарышкерлер алғашында олардың ол әрекеттеріне елеңдеп те қалған. Жай кезде жұп-жуас, моп-момақан болып жүретін қауым адамдарының кенеттен осылай жігерленіп кеткендері ғарышкерлеге қызық болып та көрінді. Бірақ бұл қызық көрініс емес, қауым адамдарының олжа түсірер алдында жасайтын ырымдары еді.
Енді сәлден соң жоғарыдағы әлгі шоқының екі жағынан тобымен шыққан қауым адамдары Арқарлар тобын соның алдында ғана көрсеткен олжа орларына қарай бағыттады. Айқайлаған дауыстары тау жартастарын жаңғырықтыра түскен. Оны естіген ғарышкерлер де енді қанша мәдениетті болса да шыдмаған. Екі қолдарын жоғары көтеріп, айғайлап, алтаумен бірге олай да,былай да жүгірді. Жоғарыдағылардың айқай-шуына қосылған ғарышкерлердің бұл дауыстары да тау аңғарын жаңғырықтырды. Айналада жүрген анау-мынау аңдар безіп жөнелді. Қауым адамдарының қоршауына түскен Арқарлар тобы жасырын орға гүмп-гүмп құлап жатыр. Қашып құтылатын басқа
165
жерлері қалмаған. Жан-жақтарынан қоршай қаумалап, айғайлаған қауым адамдарынан қалай шошымасын. Аңдар мен құстар түгілі, ғарышкерлердің өздері де бұл айғай-шудан тітіркеніп қалған. Жасырын орға гүмп-гүмп құлап, аяқтарын, мойындарын сындырып, қатты бақылдап жатқан Арқарлардың дыбыстарын естіген қыздар көз шараларына еріксіз ыстық жас үйірген.
Жерде, Қазақ елінде жүргенде еттерді азық-түлік дүкендерінен сатып алатын. Малдардың қалай сойылатынын, ішек-қарыны мен етінің қалай іріктелетінін білмейтін. Ал қауым адамдарына мұның бәрі де үйреншікті көрініс. Орға түскен олжаларына мәз. Біраздан соң олар сол орға бір-бірлеп секіріп-секіріп түсіп, қолдарындағы өткір темір пышақтарымен Арқарларды шетінен бауыздай бастады. Бұл көрініс ғарышкерлердің тұла бойларын мұздатты. Қыздар жағы тағы да жылаған. Қауым адамдарының ол әрекеттеріне ірі денелі ер кісі мен әйел кісі сәл жымия қарап тұрды. Қауым адамдары ширақ қозғалып, сыртта тұрғандарына бір-бір Арқардан әпере бастады. Сырттағылар Арқарды қос қолдап құшақтаған бойда қоныстарына қарай асыққан. Тау аймағы тыныштала берді. Ғарышкерлер де үнсіз. Бәрі де қауым адамдарының сөздерін тыңдайды. Олар қалай қарай бастаса, солай қарай жүреді.
Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі баяу жүріп, олжаларын осылай түсіретінін көңілдене айтты. Бұлай әрекет жасамаса, қауым адамдары соғымсыз қалады. Қыс айларында аң аулау қиын. Іші қаракөлеңке үңгірлерде тұрады, ішіне от жағады. Күзде осылай ұстаған Арқарларының еттерін асып жеп жатады. Ғарышкерлер өздерінің де енді қауым адамдары сияқты тірішілік әрекетіне көшетіндерін ойлап қойды. Осы кезге дейін негізгі азықтары тор қоршауларында ұстап, ара-тұра сыртқа жайып, биотүлғалар сойып, реттеп берген Қой, Ешкі, Қоян мен Тауық еттерін жеп келген. Енді ол қасапшы биотұлғалар жоқ. Бәрі де істен шыққан. Сондықтан бұл көргендері өздеріне тәжірибе болды.
Бәрі тау басынан еңіске түскенде алыстан қауым адамдарының тастан киіз үй ісепетті етіп жасаған үйлерден тұратын ауылы көрінді. Бір-бір Арқарды қос қолдарымен құшгақтап алып солай кеткен қауым адамдары барып та қалған. Ауыл іші абыр-сабыр. Әйелдер жағы даладағы тас ошақтарына оты жағып, темір қазандарына су құйып, Арқар еттерін асуға дайындалып жүр. Бәрі де қуанышты. Қуанбай қайтсін, ерлері
166
қыстық азықтарын алып келе жатса. Ғарышкерлер ол қуаныштанрын іштей түсінді. Ірі денелі ер кісі мен әйелі екеуі ауыл ішіне енгенше тынымсыз сөйледі. Көп нәрсені айтты. Ғарышкерлер екінші рет олардың құрметті меймандары болды. Жаңа ғана сойылған Арқар етінен жеп, сорпасын ішіп, бір марқайып қалды да ғарышкерлер. Сөйтіп, бұл күн өздері үшін де, қауым адамдары үшін де бір сәтті, қуанышты, әсерлі күн болды. Астан кейін ғарышкерлер сол төңіректе біраз серуен құрып, кешке қарай жазықтағы киіз үйлеріне қайтты.
Жерді сағынғанда
Күнделікті тірліктері күрделенген сайын, уақыт зымырап өткен сайын ғ,арышкерлердің көңіл-күйлері де төмендей берген. Осы кезге дейін Жердегі қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағы өздерін осы ғаламшарға аттандырғандармен бейнебайланыс әлі күнге жоқ. Енді одан үміттері үзіле де бастаған. Қыздар жағы болса да көз шараларына жиі-жиі ыстық жас алады. Ас үстінде отырғанда да, сыртта серуен құрғанда да, үй шаруашылығымен айналысқанда да Жер мен Қазақ елін естеріне жиі түсіреді. Енді мұндағы қарабайыр тірішіліктерінде қызығатындай ештеме де қалмаған. Жерде, өз Қазақ елінде жүргенде бәрі де қала шуын жақтырмайтын. Осындай тау аймағын, таза ауас мен таза суын аңсайтын. Оған қолдары жеткенде, қайтадан сол абыр-сабырлы қала тірішілігін аңсай бастаған бәрі де. Мына ке-жазира жатқан табиғат, қатерлі ірі жыртқыштар, құстар мен бауырымен жорғалушылар өздеріне тек көңілсіздік сезімін тудырып келеді. Ана қауым адамдарының өмірлері де көңілсіз өмір. Олардың бар әрекеттері аң аулау, ас ішу, қысқа азық жинау, қыс бойы үңгірлерде жан сақтаумен шектеледі. Әріп тану, білім алу, ғылыммен айналысу деген атымен жоқ оларда. Жердегі өз Қазақ елінде жүргенде осындай алғашқы қауым адамдарын бейнефильмдерден көріп, олардың таза ауада, емін-еркін жүргендеріне қызығатын. Енді сондай адамдардың арасына өздері түскенде ол қызық болмай қалған.
Бұл жарық дүниеде саналы адам баласына қай бір нәрсе де алғашында тансық, қызық көрінеді. Ал оның қыр-сырана қаныққан кезде, қызығушылығы басылады. Рас, ғарышкерлер мұндағы алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарынан еш зиян
167
көрген жоқ. Қайта олар өздеріне қорған болып келеді. Тек олардың соншалықты қарабайыр өмірлері көңілдерін құлазытады.
Бүгінгі кештегі ас үстінде бәрі томсырайып-томсырайып отырған. Дастархандағы астары қанша дәмді болса да, көңілсіздік сезімі өздерін қайғы тереңіне қарай тартып әкетіп бара жатқандай. Қыздардың болса да көз жастары тыйылмайды. Сондай бір сәтте өзін ширақ ұстап:
- Бізге енді бұл жалғанда Жерді де, Қазақ елімізді де көру жоқ! – деп жылап жіберді.
- Қыздар, бекерден бекер босай бермеңдер! Адам баласына бақ та, қайғы да айтпай келеді! - деді Дастан оларды демей сөйлеп, - дана қазақ халқымыз «Үмітсіз – Сайтан» демей ме? Кім біледі, алдымыздан бір жол ашылар...
- Қайдағы жол енді... – деп Құралай да көз жасын сықты.
- Маған әйтеуірі бір жол табылатын сияқты болады да тұрады. Тек қандай жол екенін білмеймін!- деді Дастан сапарлас достарын көздерімен жай ғана шолып өтіп.
- Шіркін, бізді еш болмаса, мына ғаламшар бетінен он шақырым биіктікке дейін көтеріп ұшатын кеме болса ғой, одан әрі қарай жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігінің төменгі жағындағы ауа сорғыш бізді Шыбындардай етіп ішіне тартып алар еді! – деп Гүлболсын киіз үйдің шаңырағына көз салып қойды.
Бұл бәрінің көһкейлеріндегі арман. Қызқдар жағы тіпті де қатты толқыған. Гүлболсын төбе тұсына бір қарап алды да:
- Мынандай жартылай жабайы өмірде қалғым келмейді! Бұдан да біржолата мерт болғаным жақсы еді ғой! Жерге оралмаймыз біз енді егшқашан да! – деп солқылдап кеп жылап берді.
- Қойшы, жыламашы! Тұңілмеші, бұл өмірден! – деп Сәндіай мен Құралай оған басу айтты өздері де кемесеңдей жылап.
- Қыздар! – деді Дастан да кәдімігедй толқып, - жылағандарыңды қойыңдаршы! Жеріміз бен ондағы Қазақ елімізді бәріміз де сағынып жүрміз! Амал қанша. Тағдырымыз осылай болды. «Кемедегінің жаны бір» деген, тағдырымыз бір. Құр жылай бергеннен ештеме де шықпайды. Одан да әрекет жасайық, әрекет! Сонда ғана нәтиже шығады.
- Шіркін, Жердегі, Қазақ елімдегі жастық шағым қайта оралса ғой! – деп Құралай көз шараларына тығылған ыстық жасын сол қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен жай ғана сүртіп алды, -
168
онда мен мұндай жұлдызаралық сапарға ешқашан да аттанбас едім.
- Мен де сөйтер едім, - деп Сәндіай да күрсінді.
- Жердегі, Қазақ еліміздегі өміріміз өмір екен ғой! – деп Гүлболсын да көз жасын сүртті оң қолының сұқсаусағымен, - емін-еркін жүруші едік. Демалыс орны десек демалыс орны, кинотеатр, театр, цирк, не керектің бір бар. Әке-шеше, туыстар мен дос-жарандарымыз жанымызда. Ол кезде шынында да өте бақытты екенбіз ғой. Соның қаідірін білмеппіз ғой. Енді жүрнісіміз мынау, жабайы табиғат аясында қадағы бір алып Қанатты айдаһардың ұрпағын бағып...
- Қанатты айдаһар енді бізден азық сұрамайды, - деді Дастан сәл қатая сөйлеп, - ұша біледі. Енді оны Қазақ еліміздегі Түйе, Жылқы сияқты көлік етуіміз керек!
- Көлік?! Сонда онымен не жүк тасимыз? – деп Құралай Дастанға жақтырмаған бота көздерімен бір қара алоды.
- Онымен жүк тасымаймыз. Мініп ұшамыз! – деді Дастан.
- Сен бұл сөзіңді ойланып айтып отырсың ба өзі? – деп Гүлболсын шап ете қалды.
- Әуелден ойланғанмын!
Дастанның бұл жауабынан кейін ешқайсысы сөз қайтармады. Қанша дегенмен басшы болған соң оған қарсы шықпағанды жөн көрген іштерінен. Дастан да сапарлас достарын одан әрі қарай ренжіте бермейін дегендей үнсіз қалған. Ашуланған адамның әр нәрсеге бір тимісе беретіні де белгілі. Не болса соны себеп етеді. Әңгіменің бір ұшының Қанатты айдаһарға барып тірелгені Дастанға өзін қамшымен бір салып қалғандай әсер де еткен. Сонда да өзін өзі ұстады. Осы кезде сөзге Рауан араласқан.
- Е-е, сапарлас достар, бәрінен де Жердегі, Қазақеліміздегі көліктерді айтасаңдаршы! Түрлері де көп! Жер бетімен жүретіні де, су бетімен жүзетіні де, аспанмен ұшатыны да бар! Қайсысына мінемін десең де еркің! Қайда барамын десең де өзің білесің! Қандай рахат еді ол өмір!
- Енді сол шулы өмірге де жете алмай қалдық қой! – деп Гүлболсын тағы да жыламрманға келген.
- Иә, енді ол өмір тек арман болып қалды ғой! – деп қойды Сәндіай.
- сол арманымызды орындауымыз қолымыздан келген бар әрекеттерімізді жасауымыз керек! Бізге басқа жол жоқ! Біз
169
ойлаамған жерден тау шыңырауына, иә болмаса, мұхит суының тереңіне түсіп кеткен пенделермен бірдейміз! – деп Сұлтанғазы демін терең алды, - бірақ мен бұл ғаламшардан кетуден үмітімді еш үзбеймін!
Бұл сөз қай қайсысына да жігер тудырғандай болды. Бірақ мынандай жағдайда ғаламшардан ұшып шығудің жолын қалай ойлап тапсын. Ана бір кісілік барлаушы кемелері аспанға алты шақырымнан жоғары көтеріле алмайды. Сол алтаудан он шақырым биіікке дейін ұшып шыға алатын кеме құрастыру да еш мүмкін емес. Соын ойлағанда ғарышкерлердің бұл ғаламшардан біржолата кетуге деген үміттері тығырыққа тірелгендей болады. Алдарынан көрініп тұрған айқын бағыт та жоқ. Күн өткен сайын автоматты-компьютерлі жүйелері шетінен істен шығып, өмірлері қарабайырланып барады. Бүйте берсе, енді бір кезде олардың орындарын тас пен таяқ алмастырмақ. Ғарышкерлер мұны да жиі ойлайды. Мұнда ешбір қимындыққа, қатерге дес бермей алдағыдан үміттерін үзбейтін екі адам бар. Олар: Дастан мен Сұлтанғазы. Ешқайсысының да алдан үміт үзгісі келмейтіні хақ. Тек осындай бір сәттерде мына жарық дүниеден түңіліп кететіндері бар кейбіреулерінің. Ондай сәттерде Дастан мен Сұлтанғазы жасқсы сөздер айтып, жігерлендіреді. Көбінесе, қыздар жағы уәйімге бейім. Олар мына ғаламшар бетінен жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне дейін немен ұшып шыға алатындарын көз алдарына еш елестете алмайды. Басшы Дастанның көкейінде ненедей жоспар жатқанын да түсіне алмайды.
Мына отырыстағы әңгімелері қанша дегенмен де көңіл-күйлерін құлазытып-ақ жіберген. Қанша ұстамдылық танытқылары келсе де, Жерге, Қазақ еліне, әке-шеше, туыстар мен дос-жарандарға деген сегініш сезімдері еш басылар емес. Олардың бәрі де болса да өздерін сарыла күтіп жүр. Еш болмаса, олармен бейнебайланыс та жоқ. Қайсысының бұл жарық дүниеде бар, қайсысының жоқ екені де белгісіз. Ал ұрпақтары өздерін тани қоя ма, қайта оралғанда. Ғарышкерлер мұны да ойлап қояды. Осындай бір үнсіздікте Дастан сөз алған.
- Жарайды, сапарлас достар, - деді ол басын көтере ұстап, - Жерімізді, Қазақ елімізді, ондағы әке-шеше, туыстар мен дос-жарандарымызды есімізге алдық. Сағынышымызды білдірдік. Олар да бізді сағынып жүрген болар. Оны да ұмытпайық. Тек
170
өкініштісі, олардың біразы дүниеден өтіп те кеткен болар. Бірақ өзі жоқтың соңында ұрпағы қалады емес пе? Аман-есен оралсақ, сол ұрпақтарымен жүздесеміз де...
- Бұл не дегенің, Дастан? – деді сол мезетте Құралай Дастанның бұл сөзіне көңілі толмаған Құралай, - мына меңіреу табиғатқа бауыр басып, Жепрдегі, Қазақ еліміздегілерді ұмытайын дегеніі бе бұл? Ал менің ойымша, біз оралғанда ондағылардың бәрі де тірі болады! Мен оған кіміл сенемін!
- Мен өмірдің табиғи заңын түсінбедің, - деді Дастан Құралайға қадала қарап отырып, - дүниеге келген адам кетеді. Айырмасы, біреу ерте, біреу кеш. Ләйім, бәрі де аман болсын. Ең бастысы, осы ғаламшардан кетейкші! Бұл ғаламшарға бауыр басып қалған ештемем жоқ. Қайта мен кетудің жолын іздеудемін.
- Айналдырған алтауымыз аман болсақ, бір жолын табармыз! – деп үміт ашып қодйы осы кезде Сұлтанғазы.
- Ең бастысы, бір бірімізді қашан да дұрыс түсініп жүрейік, - деді Дастан, - түсністік бар жерде қарымды әрекет бар. Өткенді ұмытауға болмайды, бірақ өткенге беріліп, алдағы істі ұмытуға тағы болмайды, сапарлас достар!
- Сонда енді не әрекет жасаймыз? Ана тау дың биік жартасындағы үлкен үңгірде күн санап өсіп жатқан Қанатты айдаһарды қолға үйретеміз бе? – деді Құраалай сықырлауық жаққа қарап қойып.
- Оған жиі-жиі барып тұрамыз. Ара-тұра Қой мен Ешкінің еттерінен де апарып береміз. Сонда ол цирктердегі жаунаарлар мен құстар сияқты айтқанымызды орындайтын болады! – деді Дастан өзінің дегенінен қайтпмайтынын білдіре, - сонымен айналысуымыз керек, шындап!
Ешкім үндемеді. Дастанның бұл сөздері мен әрекеттеріне қарсы шыққандарымен ештеме шықпайтынан көздері жеткендей. Бәрі де шамалы үнсіздікті бастан кешті. Дастан іштей толқып, отырған орнынан тұрып кетіп, олай да, былай да жүрді. Қыздар жағы көз жастарын сыққанщдарын қояр емес. Дастан, Рауан мен Сұлтанғазының айтқан уәжедері көмек болмады. Қыз баланың жүрегі нәзік, сезімдері терең келеді. Олардың көз жастарының төгіле салуына кішкентай реніш пен сағыныш сезімі жетіп жатыр. Бір жағынан оларды аяуға да болады. Күні кеше ғана жайраңдап жүрген қыздарға мынандай күйге түсу жеңіл емес. Ана қауым адамдары сияқты, бұл жарық дүниеге көздерін ашқаннан осындай
171
қарабайыр өмірге қалыптасқан болса бір жөн. Бәрі де мұхит суының бетінде еркін жүзген тамаша кемеден қарабайыр жағалауға лақтырылып тастаған адамдардай күйде. Жердегі, Қазақ еліндегі қайнаған өмірді мына қауым адамдары көрсе, қайран қалар еді. Өткенде ірі денелі ер кісі мен әйел кісіні меймандыққа шақырып, түрлі дәм беріп, соңынан Жер ғаламшары мен мәдени дамыған Қазақ елі жөніндегі бейнефильмдерді көрсеткенде, ол екеуі ештемені байыптай алмаған. Ғарышкерлер ол жағын да ойлаған. Енді сабыр сақтамағаннан басқа еш шаралары жоқ. Қанша рензісе де, жыласа да, бұлқынса да ештеме өзгере қоймақ емес. Ғаламшардың төңірегінде өздерін «күтіп» айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне жету үшін жаңа ғарыш кемесі керек.
Бүгін ғарышкерлер осындай көңілсіз күнді бастарынан кешкен. Адам баласының көңіл-күйі де ауа-райының құбылысы сияқты. Бірде көңілденеді, бірде осылай көңілсізденеді. Қыздари жағы Жерді, Қазақ елін сағынғаннан көз шараларына алған ыстық жастарын оң қолдарының сұқ саусақтарымен сүртіп-сүртып алғаннан кейін кәдімгідей басылып қалған. Бір жылап алғанның өзі де адам баласының жан-дүниесіне бір жеңілдік беретін сияқты. «Үш жігіттің көңілдерін жәбірлетіп алдық па?» дегендей, Сәндіай пысықтығына көшкен. Гүлболсын мен Құралай да бір біріне қарап алып, іштей түсінісіп, томсырайып-томсырайып, үнсіз отырып қалған жігіттердің көңіл-кйүлерін көтеруге тырысқан. Беталды ренжи берсе, жылай берсе, жігіттердің мысының басылып, жоспарларынан бас тартуларының мүмкін екенін түсіне бастаған қыздар. Жаңа ғана көңіл-күйлерін торлаған қара қою бұлт та енді тарағандай. Қыздардың ыстық жас шайған ботадай-ботадай көз жанарлары да бұлт арасынан шыққан Күндей жылтырап шыға келген. Оны көрген жігіттер де енді серги берді. Кейде: «Осы менің жасап жүрген істерім дұрыс емес пе?» деп өз өзінен күдіктеніп қалатын Дастан да енді жадырап қалған. Сәлден соң бәрі сергіп, киіз үйдің ішіндегі жұмыстарына кріскен.
Айдаһармен түсінісу
Күні кешегі көңілсіз сәт Дастанға онан сайын жігер тудырғандай. Қыздар жағы да сол күннен кейін Дастанға қарсы шыққандарын азайтқан. Дастанның қандай да бір жақсы істі іштей
172
жоспарлап жүргені байқалатын еді. Тек ешқайсысының оған толық көздері жетпеген. Сонда да енді Дастанның айтқанынан шықпауды жөн санаған. Бұл аймақтағы, қала берді, бүкіл ғаламшардағы қыздардың басты тіректері де осы үш жігіт. Сондықтан олардың амандықтарын тілейді қыздар іштерінен. Дастанның батылдығын, батырлығын түсінсе де, қыздар жағы оның Қанатты айдаһардың алдына барып, қатерге тап болуын қаламайды. Ал оны тыңдайтын Дастан ба.
Бүгін де таудың биік жартасындағы үлкен үңгір ішін бір өзі жайлап жатқан Қанатты айдаһөарға қарай бастаған. Киіз үй алдындағы биіктеу жалпақ тастың үстінен қос қанаттарын қағып-қағып жзіберіп, әуеге қалақтай жөнелді алтауы. Сол бойда жоғары көтеріліп, таудың айнала төңірегін аспаннан бақылады. Биік жартастағы үлкен үңгірдің ернеуіндегі алаңға қоынп, бір сәт тың тыңдады. Осы кезде төменнен ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де өрмелеп жетті. Ол екеуі өздерін үнемі осылай бақылап-барлап жүреді. Білек күштері болмаса, ғарышкерлерге көрсетер басқа еш көмектері жоқ.
- Қанатты айдаһар тыныш жатыр. Сонда да одан сақ болыңдар, - деді амандық-саулықтан соң ірі денелі ер адам Дастанға қарап.
- Ол белгілі, - деді Дастан үңгірдің іш жағына көз тастап қойып, - жыланша сусып сыртқа қарай шыққан кезде жолында кездескеннің бәрін жалмап-жұтып, ілккенін құйрығына қысып ала жөнеледі ғой!
Дастанның бұл сөздеріне ірі денелі ер кісі де, әйелі де үнсіз бастарын изеп қойды. Содан соң үңгірдің ішіне кіруге бет алған бәрі. Қыздар жағы ірі денелі ер кісінің бастап кіргенін қалады. Өткендегі жағдай ешқайсысының да есінен шыққан жоқ. Ал одан бері Қанатты айдаһар біршама өсіп те қалған. Сол себепті қорқыныштары да басым бәрінің. Оны ірі денелі әйел кісі де іштей сезіп тұр. Ол енді қыздарды қорғауға дайын. Ірі денелі ер кісі үңгірге бастап кіруден бас тартпайды. Тек ол Қанатты айдаһарға Дастанның өзіндей ықпал жасай алмайды. Ал Дастанның жөні бөлек. Ол алапат жұлдызаралық кемені басқарғаны сияқты, мына үңгір ішінде алаңсыз жатқан Қанатты айдаһарды да басқармақ. Оған қолындағы «Нейро» құралы көмек бермек.
Сондықтан үңгір ішіне ірі денелі ер кісі мен Дастан кірді. Қалғандар әдеттегідей үңгірдің ернеуіндегі кең алаңда тың тыңдап
173
тұрды. Дастан оң қолындағы кішкене құралының түймесін бас бармағымен басқанда үңгірдің қараңылау түкпіріндегі шам жанып, Қанатты айдаһардың Жылан терісіне ұұқсаған көп дақты денесі жылтырап көзге шалынды. Екі бүктеле оралып, тып-тыныш ұйқтап жатыр. Селт етер емес. Егер ол кенеттен шоып оянып, оқыс қозғалса, мына кең деген үңгірдің ішінің астан-кестеңін шығармақ. Онымен қоймай, ашыққан болса, екеуін де оп-оңай жұта салады. Тек өзін бұл жарық дүниеге көзін ашқаннан көргені алып Қанатты айдаһар анасы емес, өзінен кіп-кішкентай адам болғандықтан, асырағандықтан, қанша санасыз, суыққанды болса да іштей түсінгендей болады. Қып-қызыл үлкен көздерін ашып, екеун анық көрсе де тыныш жатқаны содан еді. Өткен жолы да Дастанды құйрығына қыса алып ұшқанымен ғаламшар бетіне жай ғана түсіріп кеткен. Ал ендігі әрекетінің қалай болатынын екеуі де білмейді. Ірі денелі ер кісі оған мейлінше жжақындағанда ол басын көтерді.
Сол замат Дастан ірі денелі ер кісінің алдына шықты. Қанатты айдаһар басын қайтадан төмен салды. Дастан «Нейро» құралын оң қолының алақанына қыса ұстаған. Ірі денелі ер кісі оның не құрал екенін түсіне алмаған. Сәлден соң Қанатты айдаһар ірі денелі ер кісіні жақтырмағандай ауызын қайта ашып, жылы леп үрді. Дастан қолындағы «Нейро» құралын тез іске қосты. «Түсінісу» басталды. Дастан құралын сол қолына ауыстыра ұстап, оның кішкене тақтасындағы «Ми-толқын» деген түймесін оң қолының сұқ саусағымен нұқыды. Сол кезде құралдың дөңгелек экранында оңға қарай ирек-ирек жасыл түсті сызықтар жылжып өтіп жатты. Дастан Қанатты айдаһарға тік қарап тұрып, жаңағы сызықтарды өз дегеніне көндіріп, қөндіруге тырысты. Нәтиже бар еді. Қанатты айдаһардың ми жзүйесі қолындағы құралға бағынып келеді. Дастан енді құралығынң құдіретімен Қанатты айдаһардың басын оңа бір, солғ бір бұрғызды. Ол енді адамның арбауына түскендей мең-зең. Дастан оң қолының сұқсаусағымен «Нейро» құралының қай қажетті түймесін басса, Қанатты айдаһар соған сай қимыл-қозғалыс жасайды.
Ірі денелі ер кісі Дастанның бұл құдіретіне таң болып тұрып қалған еді. Сәлден соң Қанатты айдаһар құралдың толқындарына көнбеуңге көшті. Қимыл-қозғалыстары да өзгере бастаған. Дастан сол замат:
- Кетті! Сақ болыңдар! – деп дауыстады.
174
Әрә денелі кіс кеуі тез кейін қашып, үңгірдің қалтарысына тұра-тұра қалды. Дауысты естіген үңігр ернеуіндегілер тез сақтанды. Соның артынша басын қайқайта көтеріп, ауызын арандай ашып, жылы лекп үрлеген Қанатты айдаһар сыртқа қарай сусып жылжи бастады. Үңгір іші ғарышкерлерге қанша кең көрінсе де, Қанатты айдаһарға тар еді. Ол алғашықы кездегідей ұзын құйрығын бұлғақтатып, алшдынан кездескенді қағып-соғып, едендегі майда тастарды жан-жаққа шашып, сыртқа қарай жылжи берді. Бұл жолы оның ұзын құйрығының ұшгы Дастанды ілмеді. Тізе тұсын біір соғып өтіп барып, өзінен кейініректе тұрған ірі денелі ер кісіні ұзын құйрығының ұышына орай қысып алып, сыртақ қарай жылдам сусып жылжып жөнелді. Дастан не істерін білмей сәл дағдарып барып, оның соңынан жүгіріп, қуып жетіп, ірі денелі ер кісінің өзіне қарай созған оң қолын екі қолымен қыса ұстады. Қанатты айдаһар Дастанды өткендегідей аспанға алып ұшса, комбинезонында қос қанаты бар. Аждаһар құйрығын жазып жіберген жағдайда да аман қалады. Ал ірі денелі ер кісіде қанат жоқ. Сондықтан Дастанның лбар ойы ірі денелі ер кісіні Қанатты айдаһардың қысқан құйрығынан босатып алуда болды.
Бұл кезде үңгірдің ернеуіндегілер де оның екі қапталына қарай ығысып, жасырынып үлгерген. Бірақ бәрі де бұл жолы алғашықдағыдай емес, жігерленіп, батылданып кеткен. Ірі денелі әйел кісіден басқалары Қанатты айдаһардың оралған ұзын құйрығының ұшына қысылған ірі денелі ер адам мен оның оң қөолынан екі қолымен мықтылап ұстаған Дастанды көрісімен комбинезондарындағы қанаттарын екі жаққа қарай жайып жіберіп, серпіп-серіпіп ұша жөнелді. Бәрі Қанатты айдаһардың соңына түскен. Ол алғашқысынан жылдам ұшатын дәрежеге жетіпті. Мұны көрген ірі денелі әйел кісі екі қолының алақандарымен бетін басып, көз шарасына ыстық жас алған. Үлкен үңгірдің ернеуінде не істерін білмей тұр. Бар қолынан келгені айғайлау ғана. Ол айқайынан не шықсын. Қанатты айдаһар әдеттегісінше ұзын құйрығын олай бір, былай бір бұлғақтатып, кейде арандай ашылған ауызына жақындатып, қайта алыстатып емін-еркін ұшып кетіп барады.
Ірі денелі ер ківсі қатты толқыды. Қанша батылмын, күштімін десе де, Қанатты айдаһардың қармыды ұзын құйрығының уысынан шыға алар емес. Шыққан сәтте ғаламшар бетіне құлап түсіп, мерт болмақ. Дастан оның оң қолын екі қолымен ұстаған
175
күйі бірге ұшып келеді. Еш жіберер емес. Қанатты айдаһар кенеттен ұзын құйрығының орамын жазып жіберген жағдайда комбинезонаныдағы екі қанатын жайып, арқасындағы айналдырғышты іске қосып, шама-шарқынша ірі денелі ер кісіні аман алып қалуды ойлайды. Соңдарында Рауан, Сұлтанғазы, Гүлболсын мен Сәндіай ұшып келеді қанаттарын жиі қағып. Олар Қанатты айдаһар ұзын құйрығын жаза қалған жағдайда Дастан мен ірі денелі ер кісінің ғаламшар бетіне қарай қатты құлдилай құламауларына демеу көрсетпек. Қанатты айдар олай бір, былай бір қатты бұлғақтай ұшқан кезде қуғыншылар сәл кеіндеп қалады.
Бір ғажабы, Қанатты айдаһар биік ұшқанды, салқын ауа жұтқанды жақсы көреді екен. Ал жоғарыдағы ауаның салықн болатыны белгілі. Қанатты айдаһар аса биіікке көтерілген жоқ. Көбінесе төмендеп ұшты. Ұзын құйрығының ұшгына орай қысып алған ірі денелі ер адамды да, онымен қол ұстасқан Дастанды да ғалмшар бетіне тастағысы келсе керек. Кең тегіске жеткен бойда ғарымшар бетімен жанасты. Сол замат ірі денелі ер кісі құйрығының орамынан сытылып шығугға тырысты. Бірақ күші жетер емес. Қанатты айдаһардың құйрығын жазатын түрі жоқ. Оның құйрығының қарымдылығы сондай, егер ол кенеттен қысып қалса, қанша ірі денелі болса да ер адамның демала алмай қалары хақ. Бірақ Қанатты айдаһар өзіне келіп, кейде ет тастап жүрген ірі денелі ер кісіні де, онымен қол ұстасқан Дастанды да аяғандай болды.
Бұл кезде биік жартастағы үлкен үңгірдің ернеуінен тез сытылып төмен түсіп, ерін ұзын құйрығының ұшына орай қысып алып ұшқан Қанатты айдаһардың соңынан жанұшынра жүгірген ірі денелі әйел кісі де, аспанмен ұшқан ғарышкерлер де келіп жеткен. Тек ешқайсысы да оған жақындаған жоқ. Сол кезде Қанатты айдаһар мән-жайды түсінгендей құйрық орамын ашып кеп қалды. Сол заман ірі денелі ер кісі мен Дастан одан анадай жерге алыс кетті. Дастан қалтасынан дереу «Нейро» құралын сол қолына алып, оң қолының сұқс асаусағымен оның тақтасындағы қажетті деген түймесін нұқыды. Қанатты айдаһар оған бағынғандай ғалымшар бетінде төрт табанымен маң-маң басып, олай да, былай да жүрді. Ірі денелі ер кісінің әйелі де, ғарышкерлер де демдерін іштеріне тарта орын-орындарында үнсіз тұрып қалған. Дастан болса құралымен айналысуда. Шамалыдан соң ғарышкерлер Дастанның жасап тұрған әрекетінің бекер емес
176
екенін байқады. Қанатты айдаһар құралға бағына бастады. Негізінде, «Кейро» құралы Қанатты айдаһардың миына емес, адам миына мәліметтер беруге арналған болатын. Басқа түскенде адам не істемейді. Қанатты айдаһардың миына «Нейро» құралының толқыны әсер етсе де, әсер етпесе де, осылай қолануына тура келген. Дастан бұл құраылыен үлкен үңгір ішінде де Қанатты айдаһарды бағындурға тырысқан. Сол тәжзірибесі де енді өз нәтижесін бере бастағандай. Мұны көрген ірі денелі ер кісінің әйелі еріне келіп, басын оның кеудесіне басты. Ғарышкерлер де ол екеуін қоршай берген. Дастанның бұл әрекеті қуып келгендерге енді Қанатты айдаһарды қолындағы «Нейро» құралымен арбап тұрғандай көрініп те кеткен. Дегенмен, бұл арбау емес еді. Қанатты айдаһар Дастанның қолындағы «Нейро» құралынан тараған толқынның әсерінен жуаси берген.
- Енді жетер, достар, тезірек алыс кетейікші, мына тәрізі жаман Қанатты айдаһардан! – деп қалды осы кезде оған әлі де сенбей қарап тұрған Құралай.
- Жоқ! – деді оған Дастан үзілді-кесілді, - дәл қазыр бұдан алыс кетуге болмайды!
- Ал егер бұл Қанатты айдаһар үңгір ішіндегідей «Нейро» құралыңа бағынбай кетсе ше?
- Онда тез кетеміз! – деді Дастан.
- Е-е, біз құтыламыз-ау, мына ірі денелі ер кісі мен әйел кісі қалай құтылмақ?- деп Рауан ол екеуніе кезек-кезек көз тастап алды.
Дастан бұдан әрі қарай сөз қозғамастан жұмысын жалғастыра берді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі үнсіз тұр. Дастан сәлден соң құралын оң қолының алақанына қыса ұстап, алға қарай созған бойда Қанатты айдаһарға жақындай берді. Оған ірі денелі ер кісі ғана ерген. Қалғандар сол орын-орындарында тұрып қалған.
- Дастан, саған не болған?! – деді сол мезетте Сәндіай жыламсырауға кеғліп, - Қанатты айдаһарды бағындырамын деп ауызына түсіп қалма!
- Жоқ! - деді Дастан дауысын көтере сөйлеп, - ештеме де болмайды! Бәрі де мына ірі денелі ер кісі екеуміздің соңымыздан еріңдер!
- Дастан, нее болды, саған!? Бала болып кеттің бе?! Онда бәрімсіз де түсейік те ол аждаһаның ауызына! – деп Гүлбосын оған қарай ұмтылды.
177
Дастан тоқтамаады. Сол бойда барып, ғаламшар бетінде төрт тағандап, тып-тыныш жатқан Қанатты айдаһардың арқасына қарғып мініп алды. Ол қолға үйретілген Нар түйедей сылт етпеді. Артынша ірі денелі ер кісі де соны қайталады. Оны көрген қыздар да, ірі денелі әйел кісі де екі алақандарымен беттерін басып, шошып, кейін қарай қаша жөнелуге дайын тұрды. Рауан мен Сұлтанғазы солай қарай ұмтылып, Дастан мен ірі денелі ер кісі мінген Қанатты айдаһарға жармасты. Қыздар мен ірі денелі әйел кісі де шыдамады. Жылдам басып барған бойда темір көліктің жаңа балонының бедеріндей қожыр-қожыр, шодыр-шодыр, жұмсақ, суық денесінің үстіне шығып алды. Егер осы сәтте Қанатты айдаһар дүр сілкінер болса, бәрі де ағаш шыбықтарындай жан-жаққыа шашыла ұшып-ұшып кетер еді. Жоқ, Қанатты айдаһар олай жасамады. Онысы оның «Нейро» құралының толқынына бағынып, ғарышкерлер мен ірі денелі ер кісі мен әйел кісіні танып, қолға үйретілгендей болып жатқаны еді. Дастан болса да мәз. Қыздар мінерін мініп алса да, Қанатты айдаһарға әлі де сенбей қатты толқып тұр. Жүздері сұрланып та кеткен. Амалдарының жоқтығынан шыдайды. Дастан рұқсат етпсе блолғаны, ғаламшар бетіне өздері бастап секірмек.
Сәлден соң Дастан бәрін жайғаса отыруды ұсынды. Қанатты айдаһардың денесінің суықтығы аяқтарына тұрғанның өзінде де сезілген. Соныдқтан Дастанның бұл ұсынысына бәрі қайран. Ал Дастанға бұл Қанатты айдаһардың суық денесі өзін ұзын құйрығының ұшына қысып алып, аспанға шырқатқаннан бері үйреншікті. Ажлдаһа «Маған енді ен істейсіңдер?» дегендей ара-тұра ауызын арандай ашып, жылы леп шығарып қояды. Оның үстіне бәрі жайғасып отырған соң Дастан сол қолына ұстаған «Нейро» құралының шағын тақтасындағы көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Сол кезде Қанатты айдаһар шалт қозғалып қалды. Жаңа ғана оның суық денесіне отырғылары келмеген қыздар енді қисая-қисая құлап, дауыстап та жіберді. Қанатты айдаһар ол дауыстыран үйренгендей селт етпеді.
Ауызын арандай ашып, жылы леп шығарып алды да, төрт табандап, біраз жер жүріп барып, екі үлкен қанатын екі жаққа жайып жіберіп, әуеге қарай қалықтап ұшыа жөнелді. Қорыққанның көкесі де енді болды. Қыздар бір бірімен тас қып қол ұстасып алған. Қалғандар да солай. Адамзат тарихында Қанатты айдаһарға мініп ұшу алғаш рет басталды. Егер осы оқиға
178
Жер ғаламшарында, Қазақ елінде болса, мұны көрген жазбагерлер әлдеқашан радио, теледидар мен газет-журналдар арқылы дүйім халыққа жекізген болар еді. Бұл ғаламшарда ондай жазбагерлер жоқ. Ал ғаламшардың бетінде өз азықтарын іздеп жүрген жыртқыштар, бауырымен жорғалаушылар мен аспанда қалықтай ұшып, ғаламшар бетінен азықтарын бақылаған құстар мұны қайтсін. Оны бәрі де түсініп отыр. Қазіргі мақсаттары мына Қанатты айдаһарды өз дегендеріне осылай көндіре беру. Әзірге бұл Қанатты айдаһардан өздеріне қатер төнген жоқ.
- Біз қайда ұшып кетіп барамыз мұнымен?! – деп Құралай басындағы дулығасын жоғары қарай көтеріп жіберіп, Дастанға тесіле қарап, - осы да жетер! Міндік! Ұштық! Бағындырдық! Бұл кліт қозғалса, мына жылтыр терісінің үстінен бәріміз де сыпырылып, ғаламшар бетіне қарай құлаймыз! Бізді қойшы, қанаттарымсызбен ұшып ала жөнелеміз! Мына ірі денелі ер кісі мен әйел кісіні аясңшы!
Қазір! – деді Дастан төменге қарап қойып, «Нейро» құралының тақтасынан тағы бір түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен, - сәл шыдаңдар. Аз қалды. Ана жазықтағы киіз үйлерімізқдің жанына қондырамын! Содан соң мұны еркіндікке жіберемін!
- Біз кім ьболдық өзі? Жас бала болып кеттік пе?
- Бұл балалық әрекет емес, болашағымызға жол ашар әрекет! – деді Дастан.
Қанатты айдаһар сәл ден соң ұшу биіктігін азайтып, төмендеп, тау етегінің жазығындағы киіз үйлерінің жанындағы тегіс алаңға қонды. Сол-ақ екен, мұздай дененің үстінде тіріркеніп, жиреніп, қорқып отырған үш қыз ғаламшар бетіне секіріп-секіріп түсті. Қанатты айдаһар Нар түйедей шөгіп жатыр. Енді и оның жылтыр, суық денесінің үстінде қозғалмақ түгілі, секіріп ойнасаң да тырп ететін түрі жоқ. Дастан оған риза. Ғаламшар бетіне қарғып түскен бойда, оны айналып қарап жүр. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі болса да аң-таң. Тау жатқан бір топ қауым адамдары да жүгіріп жеткен. Олар да өз көзденріне өздері сенбей қадала қарайды тып-тыныш шөгіп жатқан Қанатты айдаһарға. Бір топ ғарышкерлер мен өздерінің басшыларының бұл денесі суық үлкен Қанатты айдаһардың арқасына мініп, қалай қорықпай аспанда ұшып келгендеріне де қайран. Қауым адамдары қарауылдары берген дыбыс белгісімен үдере көтеріліп, «Бұларды Қанатты айдаһардың
179
ажалды ауызынан құтқарамыз!» деп алқына жұгіріп келген. Енді қараса, сонша үлкен Қанатты айдаһар ғарышкерлерге бағынған. Ал шындап айбаттанса, бұл аждаһаның осы тұрғандардың біразын оп-оңай жұтып жібермек. Қауым адамдары Дастанның қолындағының не құрал екенін де түсінбеді. Осылайша тау етегіндегі бұл жазық үсті абыр-сабырға айналды. Шамалыдан соң ірі денелі ер кісі Дастанға қарай бұрылып:
- Мұны енді босатыңыз. Таудағы биік жартастағы үлкен үңгірінің ішіне барып тынықсын, - деді.
- Жарайды, - деп, Дастан сол қолындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқыды.
Соның артынша тағы бір күтпеген құбылыс болды. Ұшатын айдаһар ғаламшар бетіне төқсеп жатқан кеудесін көтере төрт табанына тұырп, екі қанатын екі жаққа қарай жайып жіберіп, алға қарай біраз жер жұріп барды да, қанаттарын қағып-қағып, ұша жөнелді. Дастан одан көз алмай тұр. Оң қолының сұқ саусағы құралының тақтасындағы әр түймегі бір тиеді. Бейнебір арнайы радиобалйнс құраылмен әуе кемесін алыстан басқарып тұрғандай болып тұр төңірегіндегілерге. Қанатты айдаһар қанша алып, қанша айбарлы болса да енді Дастанның оң қолындағы кіп-кішкентай «Нейро» құралының билігінен шығар емес. Қауым адамдары бір біріне иек қаға жымиып қойып, одан Дастанға таңырқай қараса, қыздар жағы бұл қуаныш пен тебіреністен көз шараларына ыстық жас үйірген. Бұл кезде Қанатты айдаһар аспанда еркін қалықтай ұшқан бойы таудың биік жартасындағы үлкен үңгіріне жақындап та қалған. Одан әргісі тұрғандардың қай қайсысына да түсінікті еді.
Қауым адамдары өздерінің киіз үй іспетті тас үйлеріне қайтуға жиналды. Дастан олардың шамалы кідіріп, өздерінің киіз үйлерінен дәм татуларын өтінді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ол өтінішін қабыл алды. Бәрі киіз үйлерге қарай бет алған. Қауым адамдарының ішінде ет қасапшылар да көп. Ғарышкерлер берген Қойды лезде сойып, терісін іреп тастады. Ірі денелі әйел қазан-аяқ жағын басқарды. Екі киіз үйдің ішіндегі бөлімдерді реттеп, кеңейтіп, дастархандар жайып, бәрі емен-жарқын қамыр ет жеді, сорпа ішті. Соңыанан күрең шай. Қауым адамдарының ризашылықтарында шек болған жоқ. Олар енді ғарышкерлерді өздерінен әлдеқайда кішкентай болса да, ақыл-ойы, білімі жжоғары болғандықтан пір тұта да бастаған. Бұл бір жағынан
180
ғарышкерлердің Қанатты айдаһөарды Нар түйедей бағындарығаныдарына арналған шағын той да еді.
Ғарышкерлер көңілді жүрді. Қанша дегенмен де қауым адамдары өздеріне үлкен тіриек те еді. Қиын жағдай туғанда баратын жерлері бар. Қауым адамдары да ғарышкелерде ес тұтады. Осылайша араластықтары жандана берген. Түс қайта ірі денелі ер кісі мен әйел кісінің рұқсатымен қауым адамдары тұрақтарына қайтып кетті. Екі басшысы қалып, киіз үйлердің ішіндегі көп нәрселермен толығырақ танысты. Біраз нәрсені білді. Кеш түсе үйлеріне оралды.
Ашық аспан астында
Ғарышкерлер соңғы кездері Жер ғаламшары мен ондағы Қазақ елін жиі естеріне алатын болған. Әрбір таңдағы дастархан басында әрқайсысы түн ұйқысында түстерінде Жерді, Қазақ елін көргендерін, сонда жүргендерін айтады. Одан алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмайды. Қыздар жағы ондай түстерін қайта-қайта естеріне алып, жылап та қояды. Күн сайынғы дастархан басындағы негізгі әңгімелері де Жер ғаламшарына, Қазақ еліне ауған. Уақыт өткен сайын, есейген сайын Жерге, Қазақ еліне деген сағыныштары да күшейіп келеді. Күшейген сайын мына ғаламшардан кетудің жолын ойлайды. Бүгінгі күн де сондай бір сағыныш пен өкінішке толы болды. Таңғы астарын ішкеннен кейін алтауы қатарласа жүріп, өздері көшеттерінен өсірген жабайы жеміс ағаштарын аралап өтіп, биіктеу бір төбенің басына шыққан. Мұнан айнала төңірек алақандағыдай анық көрінеді. Сілем-сілем таулар, қатпар-қатпар жартастар, сай-сала, орман, тоғай, өзен көз алдарында. Тек соның бәрін күнде көріп жүргендіктен одан жалыға бастаған да сияқты алтауы. Табиғат аясы тып-тыныш. Егер тау аңғарындағы қауым адамдардың ара-тұра естіліп қалатын дауыстары мен кейбір ірі жыртқыштардың,, алып құстар мен Жарқанат тәрізділердің, бауырымен жорғалаушылардың түрлі дыбыстары болмаса, мына табиғат аясы тіпті де меңіреуленіп кетпек.
Жер ғаламшарындағы, Қазақ еліндегі тар ауа мен тазартылған судан жалыққан ғарышкерлер енді соны да аңсай бастағандай бір күйде. Енді қолдары жетпейтін қайбір нәрсе де аңсатады ондағы. Бастары қосылған жерде өздерінің балалық балдәурен шақтарын,
181
Жердегі, Қазақ еліндегі көргендерін естеріне алады. Ондай сәтте өздерінің мынандай ғаламшарда, қайта алмайтын күйде екендерін де ұмыта жаздайды. Көңіл-күйлері көтеріліп, мәз болады. Қазір де бәрі төбе беткейіндегі қалың өсімідктердің үстіне шалқалай қатар жата-жата кетіп, аспанға қадала қарап, әрқайсысы өзінше ой-арманға бөленген. Таза ауа мен түрлі өсімдіктер мен гүлдердің хош иістері көңілдерін жадырата түседі. Аспандағы ала бұлттар баяу жылжиды. Ғаламшар жас болғандықтан алыстағы жанартаулардың атқылаған дыбыстары да естіледі кейде. Ондай кезде ғарышкерлер ғаламшар денесінің діріліні де сезеді.
Осындай бір күйде бәрі біраз уақыт үнсіз жатты. Әркім өзінше ой-арманмен сапар шегуде. Қайда барып, қайдан келгенін әркім өзі біледі сол ой-арманымен. Бұл ғарышкерлердің осы ғаламшарға аяқ басқалы алғаш рет аунап-қунағандары. Аспандағы ала бұлттардың ара-арасынан Жұлдыз сығалайды. Жалпы, бұл аймақтың ашық күні аз. Сондықтан қай қайсысы да кейде ашық күндерді аңсайды. Дегенмен, жаман емес. Ауа да, су да, топырақ та таза. Жайбайы жемістерінің бәрі де дәмді. Соның арқасында бәрі де әлденген, шираған.
- Әттең-ай, бізді ана ала бұлттардың жоғары жағына дейін алып ұшатын бір әуе кемесі болса ғой! – деп күрсіне сөйледі бір кезде Құралай жанында жатқан Гүлболсынға қарай аунай бұрылып.
- Иә, сол арманымыз орындалса ғой, - деп Гүлболсын да аспандағы ала бұлттарға қадала қарады.
- Біз қалай дегенде де ала бұлттардан жоғары ұшып шығамыз! – деп жауап қатты ол сөздерін естіп жатқан Дастан басын көтере екі қызға қарай бұрып.
- Немен? - деді Гүлболсын басын көтеріп алып.
- Оны дәл қазір айта алмаймын! Бірақ бірдеме ойлап табатынымыз анық!
- Ойлап табатын болсақ, осы кезге дейін ойлап таппадық па? – деп Құаралай жатқан жерінен ширақ түрегеп отырды.
- адам баласының миындағы ой-толғам мен идея күн сайын жаңарып отырады, - деді Дастан орнынан тіке тұрып кетіп, - сондықтан, үмітімізді үзбейік!
- Е-е, бұл адам баласы мына жарық дүниеден біржолата көз жұмысп кеткенше үмітін үзбейді ғой, - деп Рауан да жатқан орнынан тұрды, - сондықтан түңілмейік, қыздар.
182
- Біз бұл ғаламшардың экваторындамыз. Тропосфераның бұл тұстағы биіктігі он шеті шақырымға дейін барады. Бұл кез келген әуе кемесі де, құстар да сол біктікке дейін көтеріле алады деген сөз. Өйткені, аздау болса да оттегі бар. Ал ол биіктікке дейін биотұлғалар жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігін төмендете алады.
- Бұл тұжырымың тамаша! – деді оған бұрыла қараған Гүлболсын, - тек сол ой-арманың жүзеге асса ғой!
- Бәрімізді он жеті шақырымға дейін көтеретін техниканы қайдан аламыз? – деп күнсінді Сұлтанғазы да жатқан орнынан тұрған бойда.
- Шынында да не істесек екен!? – деп Сәндіай да орнынан ширақ түрегеп, Дастанға көз тастады., - мына жартылай жабайы өмірден шығар күн туар ма екен?!
- Е-е, онда өзіміз бағып-қағып өсірген, өткенде үстіне мініп ұшқан Қанатты айдаһарды кемеге айналдырмаймыз ба, одан да? - деп Дастанға қарады Рауан.
Оның бұл сөзіне қыздар сықылықтай кеп күлді. Дастан оған намыстанғандай төмен қарап, үнсіз отырып қалды. Рауан «Дастанның көңіліне тидім бе, қарап отырмай» дегендей отырған орнынан ширақ тұрып кетті де, ойланыңқырамай айтып қалған жаңағы сөзін жуып-шая бастады.
- Жай айтқаным ғой, көңіліңе алмашы, Дастан, - анда-санда осылай бір көңілімізді көтеріп қогймасақ...
- Ештемесі жоқ. Қанатты айдаһарды әуе кемесі етіп ұшуға болады, тек ол ауасыз кеңістікке көтеріле алмайды, - деді Дастан аспанға қарап қойып.
Қалғандар да аспанға көз тастаған. Бір отыр, бірі жатыр. Үш қыз болса да, жігіттерден оқшаулау жерде. Әркім өзінше бөлек бір ойға берілген. Жер ғаламшарындағы адам баласы аспанға ұшуды қашаннан армандады. Ол арманына жету үшін қаншама ізденді, еңбек етті. Сөйтіп барып дегеніне жетті. Ғарышты игерді. Жер ғаламшарынан осы ғаламшарға келулері де сол армандарының орындалуы. Енді міне, күтпеген жерден ғарыш кеңістігіне ұшуды армандайтын күйге қайта түскен. Аспанға қадала қарап жатып, қай қайсысы да өздерінің алғаш ғарыш кеңістігіне ұшқан сәттерін ойларына алған. Жер ғаламшарын сыртынан көрді. Күн жүйесіндегі өзге ғаламшарларға сапар шекті. Олардың талайын
183
зерттеді. Содан соң барып осындай жұлдызаралық сапар басталған. Сол сапарлардың біріне өздері аттанды.
Енді міне, көздеген ғаламшарына қонып, ғарышқа ұшырып шығаратын кемесіз қалып, ғаламшардың бетінде жатыр бәрі. Түс көргендей өмір. Өткендерін естеріне алғаннан өзге ештеме де қалмаған. Бірақ ешқайсысы да мойған жоқ. Қайта күн өткен сайын қандай да бір әрекет жасауға, бірдемені ойлап табуға тырысады. Дастанның бар ойы болса да ана алыпқа айналып келе жатқан Қанатты айдаһарда. Ол Дастанның жалғыз үміті. Одан ештеме шықпаса, онда осы ғаламшарда шынымен-ақ мәңгілікке қалғандары. Дастанның бұл әрекеттерін сапарлас достары қолдамайды емес қолдайды. Тек қанша дегенмен өзі алып, өзі жабайы болған соң Қанатты айдаһарға сене бермейді. Ал Рауан жаңағы әзіл сөзін айтарын айтып қалса да, ол әзілінің түбінде аз болса да шындық жатқанын ойлайды. Қыз бала қашан да жылыжүректі, аңғалдау, пәк сезімді келеді. Сондықтан да олар кейде сөз астарын түсінбей де қалады. Қыздардың жаңағы күлкілерін Рауан осы тұрғыдан түсінген. Дастан да солай қабылдаған.
Ғарышкерлерге өмір сүруге деген үміт отын жандыратын ерекше бір сезім бар. Ол – махаббат сезімі. Дастан мен Гүлболсын, Рауан мен Сәндіай, Сұлтанғазы мен Құралай бір бірін әуел бастан ұнатқан. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында осы жұлдызаралық сапарға аттанатын ғарышкерлер іріктелгенде сол сезімдері бір бірін тапқызған. Енді бастарынан қандай қиындықтар өтіп жатса да, сол сезімдерінен жоғалтқан жоқ. Қайта мұндай жағдайда бір бірін түсінісе түскен. Бір біріне деген махаббат сезімдері арта берген. Жігіт пен қыздың бір біріне деген махаббат сезімдері пәк болса, ондай жұптың бұлы жарық дүниеде жеңбейтін нәрсесі болмайды. Енді міне, үш жұп болып талай қиындықты жеңіп келеді. Ешқайсысы да тек Жерге оралуды ойлаумен шектелген емес. Осындай жағдайда жүрсе де, көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізлді. Қаншама ғылыми мәліметтер жинады, суреттер мен бейнефильмдер түсірді. Жалпы мамандықтары ғарышкер болғанымен, әрқайсысының өз мамандықтар ы бар. Соған сай әрекет етеді. Тек кейде осындай бір ой тереңіне түсіп кететіндері бар. Ол заңды да. Жерге орала алмаса, осы кезге дейін жинаған-терген ғылыми-мәліметтері,
184
суреттері мен бейнефильмдері кімге керек болады? Ғарышкерлер осыны да ойлайды.
Ғарышкерлер төбе баурайындағы жасыл өсімдіктердің үстінде ой тереңіне батып ұзақ жатты. Қай қайсысы да сол жатқан бойында аспанға қарай қандай да бір құдіретті күшпен ұшып кеткісі де келген. Бірақ қайдан? Комбинезондарындағы қос қанаттарының, арқаларындағы айналдырғыштарының өзімен көп биікке көтеріле алмайды. Ана бір кісілік барлаушы кемелері де тек үш шақырым биікте ұшуға лайықталып жасалынған. Одан жоғарыға жол жоқ. Мұны ойлағанда қанша жас, қанша жігерлі жастар болса да ұнжырғалары түсіп кетеді.
Біршама уақыттан кейін Дастан басын көтеріп, айнала төңірекке қараған. Табиғат әлемі тыныш. Жұлдыз төбе тұстарынан сәулесін аямай төгіп тұр. Анда-санда үретін самал жел де өздерінің осы ой-толғамдарына кедергі келтіргісі келмегендей тына қалған. Оны тынышсыздандыратын енді өздері. Дастан жатқан орнынан ширақ тұрып кетті. Оқшау жатқан қыздар әлдеқашан түрегеп отыр екен. Дастаннан кейін Рауан мен Сұлтанғазы аяқтарына тұрған. Бәрі ой тұңғығынан шығып, киіз үйлеріне қарай бет алды. Ал табиғаттағы жайбайы тірішілік иелері де, тор қоршаудағы ірілі-ұсақты жануарлар мен құстар да өздерінің бұл ой-толғамдарынан бкейхабар еді.
185
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЖАЛҒАСЫМ
Айдаһармен сапар
Ғарышкерлер күн өткен сайын жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне дейін өздерін көтеріп ұшып жеткізетін кеме ойлап табуға құшына берді. Өз әрекеттерін өздері жасамас, бұл меңіреу ғаламшарда кім қол ұшын берсін. Енді кім қандай ұсыныс айтса да, оған күле қараудың реті жоқ. Қайта оған мән бере қарап, қолдау қажет. Сонда ғана жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіһне ұшы жетудің жолы ашылмақ. Бәрі бүгін де ертемен тұрып, таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайнып, таңғы астарын ішкен соң комбинезондарындағы қос қанаттарын жая аспанға көтеріліп, арқаларындағы айналдырғыштарын іске қосып, таудың биік жартасындағы Қанатты айдаөһар жатқан үлкен үңігрег қарай тартқан.
Ендігі бар үміттері де сол Қанатты айдаһарда. Ол әдетінше тыныштықты аңсап, келген-кеткенді қаламай тып-тыныш жатқан. Ғарышкерлердің қолдарында «Нейро» құралы болмаса, оғны дегендеріне бағындырмақ түгілі, жанына жақындаудың өзі де аса қауіпті еді. Соның арқасында ол қолға үйретілген Нар түйедей моп-момақан күйге көшкен. Бәрі қос қанаттарын жиі-жиі қаға ұшқан бойда үлкен үңгірдің ернеуіндегі кең алаңға алып құстарша жалп-жалп қонған. Айнала төңіректерін бақылап-барлады. Сол кезде ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де жартаспен өрмелеп жетті. Олар ғарышкерлердің ұшып келе жатқандарын алыстан көрген. Содан осылай қарай жүгіре жөнелген. Қанша білімді, қанша айлалы болса да екеуі ғарышкерлерді бала санайды. Қолдарында Қанатты айдаһарды дегендеріне көндіретін құралдары болса да, алыпқа сене бермейді. Қай кезде де осылай жандарынан табылып, шамалары келгенше көмек көрсетуге дайын тұрады. Ол ниеттеріне ғарышкерлер риза.
Бұл жолы Дастан өздерінің алға қойған мақсаттарын түсіндірген. Содан соң ірі денелі ер кісі мен әйелі үңгір ішіне енген жоқ. Үңгірдің ернеуіндегі алаңда тың тыңдап қала берген. Ғарышкерлер уақыт жоғалпастан үңгірдің қараңғылау келген түбіне қарай жүрді. Ең алдында Дастан келеді. Ол сол қолының
186
алақанына қыса ұстаған «Нейро» құралына жиі-жиі қарап қояды. Сәлден соң Рауан сол қолындағы кішкене құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқыды. Үңгір түкпіріндегі шам жанды. Қанатты айдаһар селт етер емес. Шөккен түйедей екі көзін тарс жұмып, тып-тыныш жатыр. Далада азығын жұтып, ғарышкерлер қосымша әкелген еттерден асап, судан ішкеннен кейін осылай жататын әдеті. Ол ұйқысынан оянуына көп уақыт керек. Сондықтан Дастан сол қолындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен қажетті түймені нұқыған. Қанатты айдаһар көздерін ашты. Тек санасыз болғандықтан Дастанның өзіне не ықпал жасап тұрғанын сезген жоқ. Дастан құралының қай түймесін басса, ол соған сай қимыл-қозғалыс жасайды. Ғарышкерлердің алдарына қойған мақсаттары белгілі. Сондықтан Дастан уақыт жоғалпастан Қанатты айдаһардың арқасына мінді. Қыздарды қолдарынан ұстап тартып-тартып шығарып алды. Рауан мен Сұлтарғазы тез мінді. Қанатты айдаһардың арқа жоны мейлінше кең әрі жұмсақ. Қыздар тізерлей отырып, бір бірімен мықтылап қол ұстасып алған. Егер комбинезондарында қос қанат, арқаларында айналдырғыштары болмаса, қанша жайлы болса да, Қанатты айдаһар аспанда қалықтай ұшқанда қауіпсіз болмас еді. Ол бірқалыпты ұшатын әуе кемесі емес. Кейде олай да, былай да бұлғақтап ұшатыны бар. Ондай қозғалыстары болса да кім кімнің бойына да қорқыныш сезімін тудырады. Ондай қылықтары болмаса, ірі денелі ер кісі мен әйелі де мінер еді. Олар тек бақылаушы болып қалмақ үңгір ернеуіндегі алаңда.
Дастан сол қолындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ сасусағымен келесі түймені нұқығанда, Қанатты айдаһар кеудесін көтеріп, төрт табандап сыртқа қарай жүрді. Оны көрген ірі денелі ер кісі мен әйел кісі үңгір ернеуінің екі жағына тұра-тұра қалды. Қанатты айдаһар сыртқа шыққан бойда ауызын арандай ашып, жылы леп шығарып, қос қанатын жайып, аспанға ұша жөнелді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі соңынан қарап тұрып қалған. Ал ғарышкерлер еш сасатын емес, Нар түйенің үстінде кетіп бара жатқандай бір бірімен емен-жарық сөйлесіп, еркін отыр. Қанатты айдаһарды көрген ғаламшар бетіндегі ірілі-ұсақты аңдар мен құстар жан сауғалап, жан-жаққы тым-тырағай қалып жатыр. Оған ғарышкерлер мәз.
187
Үлкен үңгір бар биік жартас кейінде қалған осң оң қолының сұқ саусағымен сол қолындағы «Нейроның» тақтасынан қажетті деген түймелерін нұқып, Қанатты айдаһарды Жұлдыз шыққан шығыс жаққа қарай бұрды. Өйткені, осы кезге дейін өздері ол жақты зерттемеген. Енді «Ол жақта да адамдар қауымы жоқ па екен?» деген ой туындаған. «Бұл ғаламшарда саналы адам баласы жоқ» деген ойлары жоққа шыққан соң, осындай шешімге келген бәрі. Қанатты айдаһардың ұшу жылдамдығы да әуелдегідей емес, көп есеге артқан. Әсересе, қарсы алдынан салқын самал жел ессе, ұшуын жылдамдата түседі. Онысы ауызынан шығатын жылы лебін салқындатқысы келетінінен болса керек. Қатты ұша бастағанда қыздар:
- Ай, апа! – деп дауыстап та қалады.
- Сабыр сақтаңыздар, қыздар! – деп қояды оларға Дастан.
Қыздардың қорқатындайлары да бар еді. Арқа жоны қанша кең, жұмчақ болса да, Қанатты айдаһардың қабыршақтанып келген терісі жылтыр болғандықтан, үстінде отырған ұлдардың да, қыздардың да аяқтары мен қголдары сусып кете жаздайды. Сондай сәттерде дауыстайды олар. Ол қорқыныштарын басу үшін жігеттер жағы көңілдерін бөлуге тырысады.
- Қыздар, төменге қараңдаршы! Табиғат көріністері қандай тамаша! – деп бір кезде Сұлтанғазы сөз бастаған, - тек ана бір алаңсыз кетіп бара жатқан үлкен бауырымен жорғалаушы бұл көріністердің әрін кетіргендей! Түсі қандай суық еді неменің!
- Қорқыта бермеші, - деді оған қарай жалт бұрылған Сәндіай, - өзіміз одан әлдеқайда алып, денесі суық мына Қанатты айдаһардың арқа жонында отырған жоқпыз ба? Бұдан қорқынышты емес қой ол!
- Е-е, басқа түскенде неге көнбейсің. Бәріне де көнесің осылай! – деп Рауан демін терең алды.
Ғаламшар бетінде тек бауырымен жорғалаушылар емес, өзге де тірішілік иелері қаптап жүр. Бәрінің де іздегендері азық. Інінде, торында келіп түсер азығын аңдып жатқандары қаншама. Олардың бәрін бақылап отыру еш мүмкін емес. Тек қатты дыбыстап қалшғандарына көңіл аударады. Ондай сәттерде түрлі ойға да батады ғарышкерлер. Ара-тұра бір бірне қарап қояды. Мұнда батыл, көңілді отырған Дастан ғана. Ол іштей әлденеден сезіктенгендей болса да, онысын сапарлас достарына білдірмейді. Рауан мен Сұлтанғазы да солай. Жігіт болған соң өздерін осылай
188
батыл ұстаулары тиісті де. Өздері жасқаншақтық танытса, нәзік жанды қыздар қандай күйге түспек. Соны ойлайды жігіттер. Бірақ кіп-кішкентай «Нейро» құралының құдіретті толқындарына бағынған Қанатты айдаһар әзірге еш сыр берген жоқ. Талай белдер мен жоталарды, қыраттар мен шағын тауларды кейінге тастады.
Қазіргі мақсаттары Жұлдыз көтерілген шығыс көкжиек жақты барлап қайту болғандықтан бар көңілдері де солай қарай ауған. Ғаламшар табиғатының Жер ғаламшарының табиғатына ұқсап келетін тұстары аз емес екен. Оның өзі де ғарышкерлерге бір жұбаныш. Әдетте, кеәбір жазушы-болашақгерлер шығармаларында жұлдыз жүйелеріндегі ғаламшарларды аса қорқынышты етіп суреттеп жазып жатады. Ғарышкерлерге небір құбыжықтар шабуыл жасайды. Ал мына ғаламшар кәдімгі Жер ғаламшарының ежелгі замандағысындай. Табиғаты тамылжып тұр. Тірішілік иелері емін-еркін тірішілік етіп жүр. Мұнда тіпті, алғашқы қауымға біріккен саналы адамдарр да бар болып шықты.
Сондықтан да ғарышкерлер көп жағдайда өздерін қиыр жұлдызды жүйедегі бір тірішілікті ғаламшарда емес, Жер сияқты ғаламшарда жүргендей сезінеді өздерін. Мұнда осылайша батыл әрекеттер жасап жүргендері де содан. Енді міне, адамды да, басқаны да арандай ашылған ауызына оп-оңай жұта салатын Қанатты айдаһардың ұрпағын да бағындырып, аспанда ұшатын көлікке айналдырды ғарышкерлер. Көп жағдайда өздерін ертегідегі ұшатын кілемнің үстінде отырып ұшып кетіп бара жатқандай да сезініп кетеді. Тек мұның суыөқ, жылтыр, қабыршақты денесі ғана Қанатты айдаһар екенін естеріне түсіреді. Амалдары қанша, алдарына қойған басты мақсаттарын орындау үшін бәріне де көнеді, үйренеді. Егер осындай нәрсені Дастан Жерде, қазақ елінде ұсынар болса, қыздардың қай қайсысы да бас тартқан болар еді. Енді бәріне де көнулеріне тура келеді.
Жұлдыз көтерілген шығыс жақтың табиғаты негізінен таулы болып келед екен. Ол таулар қатпар-қатпар болып төменде қалып жатыр. Ағып жатқөан өзен суы, оны жағалай өскен түрлі ағаштар ерекше көз тартады. Тауыдң кей жерлеріндегі үлкен-үлкен домалақ тастар киіз үйлерге де ұқсап кетеді. Бейнебір осы аймаққа киіз үйлі ауыл қоныстана қалғандай әсер береді. Ондай ғарышкерлер шын мәнінде де киіз үйлі ауылға келгендей сезінеді өздерін. Кейінде қалған тау аңғарындағы қауым адамдарымен
189
біршама араласп-құраласып, түсінісіп қалса да, бұл ғаламшардан тағы да солардай қауымның табылғанын қалайды іштей ғарышкерлер. Ал егер мәдени даму дәрежелері өздеріндей адамдар кезіге қалса, онда тіпті де жақсы. Онда олардың ғарышқа ұшатын кемелері де бар болмақ. Сол кемелерімен өзқдері ғаламшардың төңірегінде өздерін «күтіп», айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кемелерінің негізгі бөқлігіне оп-оңай ұшып жетпек.Бірақ, мынандай тірішілігі жаңа-жаңа дамып келе жатқан ғаламшарда ондай мәдени даму қайдан.
Ғаламшардың бар табиғаты мүлгіп жатыр. Төмендегі өзен сулары да, өсімдіктер мен орман ағаштары да үнсіз, тілсіз. Тек анда-санда естіліп қалатын ірілі-ұсақты жыртқыштар мен құстардың түрлі дыбыстары елең еткізеді. Астарындағы Қанатты айдаһар да тітіркенеді. Сол дыбыс шыққан төменге қарап, көздерін тігеді. Ғарышкерлер түрлі көріністерден қатты әсер алғанда сөйлеуге мұршалары келмей үніс қалады. Қанша үлкен болса да, ыңғайсыздық сезінген Құралай шыдамады:
- Осы ұшқанымыз жетер, мынамен, - деп Дастанға бұрыла қарады, - енді кейін қайтайықшы!
- Расында да кейін қайтайықшы! – деді соның артынша Сәндіай, - бұл аймақта пәлендей ештеменің жоқ екенін көріп отырмыз ғой!
- Е-е, кім біледі, бұл жақтағы биік жартастарда да тағы бір Қанатты айдаһардың үңгірі бар болар? – деп Рауан тау жартастарына көздерін сығырайта қарады.
- Ондай үңгір де, Қанатты айдаһар да бол қоймас, бұл аймақта! – деп Сұлтанғазы Рауанға қарай бұрылды, - болмағаны да дұрыс! Бола қалса, мына астымыздағы Қанатты айдаһармен айқаса кетеді! Біз қанаттарымызды қағып, Торғайлардай жан-жаққа ұшып кетеміз!
- Қойңдаршы, осы, қайдағыны айта бермей! – деп кейіді Гүлболсын ол екеуіне кезек-кезек қарап қойып.
- Қайтайықшы, аман есенімізде! – деп Сәндіай Дастанға көздерін қадаған.
Дастан үндемеді. Бар бойы іштейгі жоспарының толық орындалуында. Қанатты айдаһар бірде биіктеп, бірде төмендеп ұшып келеді. Енді оны әрі қарай беталды ұшыра берудің жөні жқ еді. Соындықтан Дастан сол қолының алақанына қыса ұстаған «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен
190
қажетті түймені нұқыды. Соның артынша Қанатты айдаһар жайымен бұріліп, кейін қарай ұшты. Сол кезде барып қыздар өздерін жеңіл сезінгендей болды. Шамалы болса да көңілденген. Төмендегі көріністер де енді алғашқысынан әсерлі болып кеткендей. Сол ұшқан боайында Қанатты айдаһар ұлкен үңгірдің ішіне келіп бір-ақ кірді. Ғарышкерлер оның үстінен тез-тез түсіп, үңгірдің ернеуіне келіп, қос қанаттарын шығарып, ірі құстарша пыр-пыр ұшты. Төмендегілерді барлап алды. Сөйтіп барып, тау баурайындағы жазықтағы Жұлдыз сәулесіне шағылысып, ерекше көз тартқан ақшүаңқай үш киіз үйлерінің алаңына қонуға бет қойды.
Тастағы бейнелер
Осыдан үш күн бұрын өздерін шақырып кеткендіктен ғарышкерлер түс ауа қауым адамдарының тұрағына баруға жиналған. Олардың мұндай құрметтерін өздері алғаш рет көрген жоқ. Талай рет мейман еткен. Алғашында олардың соншалықты қарапайым, жұпыны тұрақтары суықтау көрінген. Енді оған да көздері үйренген. Шақырмса да, шақырмаса да оларға барғылары келеді де тұрады. Өткен жолы барғанда олардың тұрақтарының жанынан тастан жасалған түрлі мүсіндерді көрген еді. Сол мүсіндерді анықтап, бажайлап көрудің сәті түскен бүгін. Соған асыққан бәрі. Қауым адамдарының соншалықты шеберліктері ғарышкерлерді аз таңдандырмаған. Тек ол жаққа жиі-жиі барудың мүмкіндігі туындай бермеген. Күнделікті тірішілікпен уақыттыраның қалай өткенін байқамай да қалып жатады. Қауым адамдары да өздеріне аз келмеген. Өмір тірішіліктері қанша қарапайым болса да, олардың да алдарына қойған жоспарлары мен мақсаттары бар. Ғарышкерлер бұл жолы да олардың жаңалықтарын көріп, біліп қайтуға асыққан.
Түске дейін өздерінің анау-мынау жұмыстарын тындырған. Малдарын, жеміс ағаштары мен көкністерінің жайын қараған. Жеміс ағаштарының бұтақтары уылжып піскен жемістерін әрең көтеріп тұр. Қаншасы бұтақтарын самал жел шайқағанда ғаламшар бетіне топ-топ түсіп, кейбірі шіріп жатыр. Көкөкністер де көп. Егер осы төңіректе Жер ғаламшарындағыдай үлкен-үлкен базарлар болса, бәлкім, қыздар жағы бұл жемістер мен көкністенрді сатумен айналысып та кетер ме еді. Қаншасын қауым
191
адамдары әкеткен. Сонда да ұлы табиғаттың бергені таусылар емес. Ғарышкерлер ол жемістер мен көкөністерден ыдыстарына сыйғанынша көп етіп салып алды. Сөйтіп жолға шыққан.
Бұл кезде қауым адамдары да өздерін алаңдай күте бастаған екен. Қанша қарапайым адамдар болса да, олардың қауымдарында кәдімгідей тәртіп пен заң бар. Ғарышкерлер жақындай бергенде тас-тастың үстінде өздерін сарыла күтіп тұрған қауым қарауылдары бері қарай жүгірген. Ғарышкерлер оларға қай кезде де аспаннан түскен періштелердей көрінеді. Ал ғарышкерлерге қауым адамдарын ерекше күш пен ақыл иесі санайды. Олардың темір құралдарымен жалпақ, майлы тастардың беттеріне қашан салған суреттері қандай. Онда адамдардың да, түрлі аңдар мен құстардың да суреттері бар. Оны есіне түсірген Сұлтанғазы:
- Мен жоғары мәдени дамудың өкілі болсам да, дәл солардай тасқа қашап сурет сала алмас епдім! – деп мойындап қойған.
Оны мойындайтынын қалғандар да білдірген. Бүгінгі талпыныстарының басты себептері де қауым адамдарының майлы жалпақ тас беттеріне қшан салған суреттерін бір тамашалап қайту еді. Алдарынан бір топ қаруыл шығып, өздерімен жылы амандасып, жан-жақтарынан қоршай жүрді. Осы кезде жылдам басып ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де жеткен. Бәрі ежелгі таныстардай емен-жарқын әңгімселесіп, тұраққа жақндай берген. Осы кезде ғарышкерлерді тағы бір көрініс қатты таңдарндырды. Өздері талай рет болған киіз үйге ұқұсаған тас үйдің сырт қабырғасы қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріліпті. Тап өздері тұрып жатқан киіз үйлерінің туырлықтарына салынған ұлттық ою-өрнектердей. Осы сәтте ғарышкерлер өздерін қауым адамдарының тұрағына емес, қайтадан өздерінің киіз үйлеріне оралғандай бір сезімге де бөленді.
Бас үйлерінде дәм татып, азынаулақ әңгімеден кейін бәрі сыртқа шыққан. Бұл жолы ірі денелі ер кісі мен әйелі тұрақтарының жанындағы бір үңгірге қарай бастады. Ғарышкерлер бұдан бұрын келіп-кетіп жүргенде ол үңгірге аса мән беріп қарамайтын. Енді алғаш рет оның ішіне еніп келеді. Қауым суретшілері мен мүсіншілері өздерінің еңбектерін әдекімдердің көргенін ұнатады. Ол суреттеріне өз адамдарының берген бағалары баға ма, одан гөрі сырттан келген білімді, мәдени дамуы жоғары адамдардың көргендері әлдеқайда артық және олар беретін баға да басқа. Қауым адамдары үңгірдің ішіне
192
ғарышкерлер берген шамдарды орнатып та қойыпты. Іші жарық, айнала қабырғалардағының бәрі анық. Дыбыс пен дауыс жаңғырығып шығады. Оны жақсы білетін қауым адамдары бір бірімен жай сөйлеседі. Мәдениеттелік сақтайды. Ғарышкерлердің сөздерін тыңдайды көбінесе. Бастап келе жатқан ірі денелі ер кісі мен әйел кісі көп сөйлемейді. Үңгіірдің тас қабырғаларына қашалып салынған суреттер мен еденіне қойылған түрлі мүсындар көп-ақ екен. Ғарышкерлер өздерін бейнебір үлкен мұражайдың ішіне еніп кеткендей де сезінді осы кезде. Осы кезде одан алған әсерін жасыра алмаған Сәндіай:
- Ана біреуіне қараңдаршы, кімге ұқсайды өзі! – деп дауыстап қалды.
- Бәсе, кімге ұқсайды! – Сұлтанғазы сол замат Сәндіайдың оң қолынан ұстай алған.
Ол әрекетін қапелімде байқамай қалған Сәдіай сәл шошынып қалды да, сәл өтпей өз өзін келіп, қолын кейін тартып алып:
- Мұның нге, Сұлтанғазы? Жүрегімді ұшырдың ғой! – деді бұртия қарап.
- Неге шошыдың? – деді Сұлтанғазы басқаларға бір қарап алып, - өзіңнен аумаған тас мүісннен бе?
- Қараңдаршы, анау бір тас мүсін маған ұқсайтын сияқты! – деді соның артынша Дастан.
- Ұқсағанда қандай! Нағыз өзіңнің тұрысың! – деді тас мүсін мен Дастанға кезек-кезек қараған Гүлболсын.
- Е-е, суретшінің де, мүсіншінің де көкесі осында екен ғой! – деді Рауан үңгір ішіне көздерімен барлай қарап.
- Әне қараңдар, Рауан, Сұлтанғазы, Гүлболсын, Құралай... – деді соның артынша Дастан.
- Әттең-ай, мынандай мұражайды Жерімізге, Қазақ елімізге көшіріп алып кететін күш болса ғой бізде! – деп күрсініп салды Құралай.
-Е-е, адам арманы таусылған ба? Одан да бұрын сол Жерімізге, Қазақ елімізге өзіміз аман-есен жетіп алсақ қойы! Содан соң мұндағы не ұнатқанымыздың бәрін де жұлдызаралық жүк кемелермен тасып алар едік!
- Рауан дұрыс айтады, әуелі өзіміз аман-есен жетіп алайық, Жерімізге, Қазақ елімізге! Қалғаны бола береді! – деді дДастан жеңіл күрсініп қойып.
193
Қалғандар үнсіз бастарын изеген. Содан соң ірі денелі ер кісі мен әйел кісінің ымдауларымен ілгері қарай жүрген. Үңгір тереңінде ірілі-ұсақты аңдар мен құстардың мүсіндері де бар екен. Тас қабырғалар болса да суреттерге толы. Ғарышкерлер оларды көргенде таң болды. «Табиғат сыйлаған талантқа білім мен ғылымның қажеті де жоқ екен ғой» деп бір ойлап қойды осы кезде Дастан іштей. Тағы бір ғажабы, тас қабырғалардағы суреттердің ішінде жұлдыздар мен ғаламшарлардың, Құйрықты жұлдыздардың суреттері де бар. Жұлдыздардың суреттері шам жарығына шағылысып, өз бойларынан жарық сәулесін шашқандай әсер береді.
Сол суреттердің арғы жағынан өздері ұрпағын бағып-қағып өсірген Қанатты айдаһардың суретін көргенде Дастан шыдамады.
- Мынау біздің биокемеміз ғой! – деп сапарлас достары мен қауым адамдарына жымия қарады.
- Е-е, мұнда оның суреті де бар екен ғой! – деп Рауан оған таңдана қарады.
- Біздің қонатын бөлігімізді жұтып, өзі мерт болған алып Қанатты айдаһардың бейнесі де міңгілікке қалған екен ғой! – деп Құарлай ол суретке жақтырмай қарады.
- Бұл оның суреті емес, осы ғаламшарда тірішілік еткен сондай алып Қанатты айдаһарлардың бірінің суреті ғой! – деп Дастан Құралайдың көңілін көтеруге тырысты.
- Оны суретін мына тас қабырғаға қашап салған суретші ғана біледі! – деді Құралай әлі де басылмай.
- Алып Қанатты айдаһар қонатын бөлігімізді жұтып, бізді мына ғаламшарда қалдырса, енді оның ұрпағы бізге қызмет етуде! – деді Дастан.
- Қойыңдаршы енді! – деді сол кезде жандарында жүрген қауым адамдарына бір қарап алған Гүлболсын, - суреттің аты сурет. Бұл алып Қанатты айдаһардың өзі емес!
- Ал, енді ілгері жүрейік, - деп қалды сол кезде ірі денелі ер кісі үңгір ішін барлай қарап.
Бәрі ілгері қарай қозғалған. Үңгір іші жатқан бір тарих екен. Егер осындай ғажайфып көрме жасау ісі ғарышкерлерге тапсырылса, осы аз ғана уақыттың ішінде мұндай мүсіндерді жасай алмас еді. Оны қай қайсысы да іштей түсінеді. Ендігі қолдарынан келетіндері ірі денелі ер кісі мен әйел кісі басшылық ететін осы қауымның суретшілері мен мүсіншілерін мол
194
алғыстарын айтып, көргендерінің бәрін суретке, бепйнеге түсіріп алу.
- Біз сіздердің мына ғажайып істеріңізге мол алғыстымыз! – деді бар ғажайыпты көру барысында Дастан жанындағы ірі денелі ер кісіге қарап тұрып, - бұл біз үшін үлкен жаңалық, қуаныш!
- Сіздерге ұнаса болғаны, - деп қойды сол кезде әел кісі.
- Неге ұнамайды, қатты ұнайды! – деп жауап қатты оның сөзіне Гүлболсын, - біз мұның бәрін суретке, бейнеге түсіріп алып, өзіміздің мұрағатымызда сақтаймыз. Жерімізге, Қазақ елімізге орала алмасақ, бізден кейін келген ғарышкерлер көретін болады!
Гүлболсынның бұл сөзіне ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ризалықтарын білдірді. Қалған қауым адамдары да көңілдене түскен. Тек ғарышкерлердің өздерінің көңіл-күйлері жәбірленгендей болды. Ол бұл ғаламшардан әзірге кете алмайтындарын ойлағандарынан еді. Гүлболсынның жаңң айтқан «Жерімізге, Қазақ елімізге орала алмасақ, бізден кейін келген ғарышкерлер көретін болады» деген сөзі әсер еткен. Бірақ ғарышкерлер тез сергіді. Қолдарындағы суретке, бейнеге түсіретін құралдарын іске қосқан. Оның не екенін қауым адамдары алғашқы кезде білмеген. Сезіктене қараған. Енді оны біліп алды. Өздері түсіре алмаса да, ғарышкерлермен бірге суретке де, бейнеге де түсіден бас тартқан жоқ. Қызығушылақтары артқан.
Ілгері қарай жүрген сайын тас қабырғалардағы суреттердің мән-мазмұндары да тереңдей түскен. Олардың көбісі ғарышкерлердің іс-әрекеттеріне арналыпты. Үңгірге кірген кезде тас қабырғадан өздеріне жақсы белгілі алып Қанатты айдаһардың тыныш жатқан бейнесін көрсе, енді сондай алыптың арқа жонына мініп, ұлып кетіп бара жатқан бейнелері қашалып салыныпты. Бейненің шындыққа сайлығы сондай, ғарышкерлер оған таңырқай қарап тұрып та қалды. Онан кейінгілерінде өздерінің комибинезондары, оның екі бүйіріндегі қос қанаттары, арқаларындағы айналдырғыштары бейнелініпті. Жалпы, үңгірдің тас қабырғаларындағы қашалып салынған бейнелердің бәрі де мазмұнды, иделы екен. Мұнда келген кез келген саналы адам баласы көп мағлұмат алмақ. Ғарышкерлер үңгір ішін аралау барысында өздерін тап бір Жер ғаламшарындағы Тассили тау шатқалындағы тастарға қашалып салынған бейнелерді көргендей де әсер алды. «Сол тау шатқанлдарындағы тастарға қашалып салынған сууреттердің суретшілеріне де біз сияқты сырттан
195
келген ғарышкерлер әсер еткен шығар-ау» деп бір ойлап қойды Дастан іштей. Енді осы ғаламшардың тұрғындарының тарихында тас қабырғаларға қашалып салынған бейнелерімен мәңгілікке қалатындарына қуанды ғарышкерлер.
Биокеме
Уақыт өткен сайын, Қанатты айдаһар өсіп, қанаттары қатайып, өздеріне үйренген сайын ғарышкерлердің жұмыстары да қауырт бола түскен. Өйткені, Қанатты айдаһар қанша алып болса да, кәдімгі Жыландар сияқты қысқы ұйқыға кетеді уақыты келгенде. Оның табиғи жаратылысы солай. Онысын ғарышкерлер әуелден білген. Ол тез өсті, қанаттары тез қатайды. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана ол кішкентай ғана Қанатты айдаһар еді. Енді міне, ол арқа жонына дүниенің жүгін салса да сылт етпей аспанда ұша беретін күйге жеткен. Мұнысын көрген Дастан соңғы кездері қатты толқып жүрді. Көп ойланды. Тек ол ойларын сапарлас достарына ашып айта алмады. «Айтып, тағы бір күлкі тудырамын ба?» деп те ойлаған іштей. Ал уақыт болса, зымырап өтіп жатыр. Ешкіммен санаспайды ол уақыт. Соны іштей саралаған Дастан бүгін сапарлас достарына жоспарын ашық айтуға бекінген.
- Сапарлас достар, - деді ол демін терең ала отырып, - мына ғаламшарға аяқ басқанымызға жарты жылдан асып қалыпты. Күз де келді. Ал қыста ана алып Қанатты айдаһардың қысқы ұйқыға кететіні белгілі. Қыс ауасы өзімізге де жайлы бола қоймас. Соындықтан уақыт барда алып Қанатты айдаһарды биокемеге айналдыруіымыз керек.
- Қалай? – деп елең етті Рауан.
- Кәдімгідей, - деді Дастан.
- Ол он жеті шақырым биіктікке дейін көтеріліп ұша алмайды ғой! – деді Сұлтанғазы сөзге араласып.
- Оны білемін! – Дастан күрсініп салды, - бірақ солай екен деп әрекетсіз қалуға болмайды ғой!
- Сонда не ұсыныс айтпақсың, Дастан, мен ойыңды түсіне алмай отырмын, - деп Құралай киіз үйдің сықырлауығына бір қарап қойды.
- Менің ұсынысым, алып Қанатты айдаһарды неғұрлым биікке ұшыру!
196
- Биікке?! – деп шошып түсті Сәндіай.
- Дәл солай! Енді ол алып Қанатты айдаһармен солай ұшамыз!
- Оның арқа жонына құлап кетіп жүрмеәміз бе биікте?.– деп Дастанға қадала қарады Гүлболсын.
- Ол қорқатын ештеме жоқ, комибензондарымызда қос қанатымыз, арқаларымызда айналдырғыштарымыз бар емес пе, Гүлболсын!
- Сонда онымен қанша биіктікке көтерілеміз?
- Оны алып Қанатты айдаһардың күш-қуатына қарап көреміз! Осылай бір сынауымыз көруіміз керек шығар оны? – деп жігерлене сөйледі Дастан.
Дастанның осы сөзінен кейін қалғандар мән-жайды түсінгендей болып, киіз үйдің ашық тұрған сықырлауығы арқылы жартылай көрініп тұрған тауға қарап қойды. Қыздар жағы болса да алып Қанатты айдаһармен ұша беруге құлықты емес. Оның жып-жылтыр, сусымалы денесінің үстінде нық отыру да оңай емес. Ал ол биіккте ұшып кетіп бара жатып, салқын ауадан сілкініп қалса, бастары айналып, өздерін ұстай алмай, оның үстінен жан-жаққа шашырай құлап кетулері де мүмкін. Дастаннан басқалары осы жағын ойлап та сөзден кідірген. Ал ол қорқыныштарын басшы тыңдай қоя ма? Айтқаны айтқан. Онысын бәрі де біледі. Әрекет жасау керек. Ғаламшардың төңірегінде өздерін «күтіп», тынымсыз айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлімінен анда-санда дабыл келеді құралдарына. Оның ішіндегі күрделі басқару жүйелерінің жұмысын қадағалап жүрген биотұлғалар да кейде хабарласады. Бұлардың неге кешігіп жатқандарын түсінбейді. Ал ғарышкерлер болса, оған қалай ұшып жетудің жолын ойлайды. Дастан енді шыдамсызданып та кеткен.
- Ал, сапарлас достар! – деді ол қатая сөйлеп, - шешім осы! Қозғалайық! Алып Қанатты айдаһарды биокеме етеміз!
- Е-е, оны қанша үйретсек те, мақұлықтығын жасайды ғой! – деп қойды артынша Рауан.
- Бізге оның мақұлықтығы емес, бізді қажетті биікке көтере ұшқаны керек! – деп Дастан отырған орындығынан тұрып кетті.
Енді ешқайсысына да шегінер жер қалмаған еді. Қарсылық білдіруге негіз жоқ. Бұл іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып кіспесе тағы болмайды. Көп уақыт өтпей-ақ бәрі жолға шығуға дайын тұрды. Бұл жолғы сапарларының өте күрделі болатыны да түсінікті бәріне. Уақыт күттірмейді. Дастанның
197
әрекеті бекер әрекет емес, түсінген адамға. Сондықтан да оның жүйкесіне тие бергеннен осылай тез жиналғанның өзі артық еді. Бәрі киіз үйлердің алдындағы алаңнан бірнеше метр жерге дейін жүгіріп барып, қанаттарын қағып-қағып, аспанға қалықтай ұша жөнелген. Ұшуларын жылдамдатып, таудың биік жартасындағы үлкен үңгірге жетіп, оның ернеуіндегі кең алаңға жалп-жалп қонды. Сол мезетте әдеттегідей ірі денелі ер кісі мен әійел кісі де жартаспен өрмелеп шықты. Үңгір ернеуінің алаңы да, ішкі жағы да тыныш екен.
Ғарышкерлер келген екеумен жылы амандасты да, Дастан бастап, үңгір ішіне қарай еніп кетті. Рауан сол қолының алақанына қыса ұстаған құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені басып, үңгір ішіндегі шамды жақты. Сол мезетте алып Қанатты айдаһар әдетегісіндей қызыл көздерін өздеріне қадап, ауызын арандай ашып, жылы леп шығарып, айбат шеге бастады. Онысы үйреншікті көрініс болғандықтан ғарышкерлер еш толқыған жоқ. Қысылтаякезде адам баласының батылданып кететіні бар. Енді жігіттерді былай қойғанда, қыздардың өздері де батыл. Бәрінің де көкейлерін: «Жерге, Қазақ еліне қалай дегенде де оралуымыз керек!» деген ұран кернейді. Сол ұран енді өздерін осындай батылдыққа итермелеген. Алып Қанатты айдаһардың алдына келген кезде Дастан жанындағы ірі денелі ер кісіі мен оның әйеліне бұл жолы қандай жоспармен келгендерін түсіндірді. Ол екеуі бастарын изеп, үңгірдің ернеуіндегі алаңға қарай кетті. Дастаннан басқалары үңгірдің бұрылыс-бұрылыстарына тұра-тұра қалған. Басшы қалтасынан «Нейро» құралын сол қолына алып, оң қолының сұқ саусағымен оның тақтасынан қажетті деген түймелерді нұқыды. Алып Қанатты айдаһар ол құралынан тараған толқынға дұғаланғандай бағынып, кеудесін жайымен көтере сыртқа қарай сусып жылжып ала жөнелді. Сол мезетте Дастан оның үстіне қарғып мініп алды. Одан соң бұрылыс-бұрылыста тұрған қалғандар. Ол сол сусып жылжыған бойында үңгірден шығып, аспанға қалықтай ұшты. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі қолдарын бұлғап қала берді. Дастан оны «Нейросымен» төмендегі жазықтағы киіз үйлеріне қарай бұрды. Алып Қанатты айдаһар жайымен төмендеп-төмендеп келіп, киіз үйлердің алдындағы алаңға жұмсақ қонып, Түйеше шөкті.
Ғарышкерлер ширақ қозғалды. Киіз үйлеріне кіріп, комбинезондарының сыртынан жылы киімдерін киді. Әу е кемесі
198
болсыне, осы алып Қанатты айдаһар болсын, ғаламшар бетінен жоғары ұшқан сайын ауаның суи беретіні бәріне де белгіл. Жылы ки інген ғарышкерлер уақыт жоғалтпастан Түйеше шөгіп, ара-тұра ауызын арандай ашып, ыстық леп шығарып қойып жатқан алып Қанатты айдаһардың үстіне тез-тез мініп алды. Дастан өзінің жауапты ісіне кіріскен. Сол қолының алақанына қыса ұстаған құралының тақтасынан керекті деген түймесін оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Алып Қанатты айдаһар сәл ғана кідіріп барып, кеудесін көтеріп, төрт табан аяқтарына тұрды. Ғарышкерлер өздерін тап бір алып Нар түйенің үстінде отырғандай бір біріне мәз бола қарап қойған.
Алып Қанатты айдаһар Дастанның «Нейро» құралымен басқаруымен алға қарай жылдам басып жүріп барды да, екі алапат қанатын екі жаққа жайып жіберіп, әуеге қарай құсша қанат қағып ұша жөнелді. Қанша үйренсе де, ғарышкерлер үстінен кейін қарай ығысып барып қайта орнықты. Биокеме минут санап жоғарылай берген. Содан бір кезде оның бұлқынуы басталған. Біресе жоғары, біресе төмен ұшты ол. Ғарышкерлер бұдан бұрын тәжірибе алмағанда, әлдеқашан жан-жаққа ұшып кеткен болар еді. Енді өздерін мықыт ұстап отыр. Алып Қанатты айдаһар бұл жарық дүниеге көздерін ашқалы бері биікте ұшқан емес. Ол әрі кетсе, құстар ұшатын биіктікке дейін ғана көтерілетін. Сөйтиіп, ғаламшар бетінде қозғалған, жүгірген аңдар мен ағаш бұтақтарында алаңсыз қонақтап отырған ірі құүстарды көз қарауылына алатын.
Енді арқа жонында отырған адамдардың өзіне қандай да бір дыбыс толқынымен берген бұйрығынан шыа алар емес. Биікке көтеірлген сайын өкпесіне ауа жетпегендей қиналды. Онысын ғарышкерлердің қай қайсысы да сезеді. Дастан болса, «Нейро» құралының қуат көзі әлісреп қөалмауы үшін оны Жұлдызға қаратып ұстайды. Қалғандар үнсіз. Қиын жағдай туындағанда комбинезондарындағы қос қанаттарын жайып жіберіп, жан-жаққа ұшып кете алатындарына сенімді. Бірақ ғарышкерлердің өздеріне де жоғары көтерілген сайын ауаның азайып, салқындай бастағаны сезіле берген. Ал Дастан болса, қайта-қайта төменге қарайды. Алып Қанатты айдаһардың жоғарылай бергенін қалайды. Оның қанат қағуы мен тыныс алуын қадағалайды. Ал Гүлболсын, Сәндій мен Құралай болса, алып жоғары көтеірлген сайын қорқа түседі. Рауан мен Сұлтанғазы жігіт болсған соң сыр бермейді. Мұндай
199
биікте ұшу ғарышкерлердің ешқайсысына да жаңалық емес. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында осы сапарларына дайындалып жүргенде арнайы жасалған әуе кемесінен парашютпен талай секірген. Бірақ ол әуе кемесі. Ал бұл алып Қанатты айдһар. Тірі неме. Мұның кез келген уақытта өкпесіне ауа жетпей, басы айналып, ғаламшар бетіне қарай құлап кетуі мүмкін.
Жазық жерге жиналып қалған ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамда бірте-бірте жоғары өрлей ұшып бара жатқан алып Қанатты айдаһарға осы тұрғыдан уәйімдей қараған еді. Қай қайсысы да кірпік қақпай қарауға тырысады олардың. Алып Қанатты айдаһардан бұрын өздері үйреніп қалған ғарышкерлердің өмірлері қымбат бәріне. Өздерінің қарапайым, біліміз, техникасыз өмір сүріп жатқандарына қарамастан қай кезде де ғарышкерлеге шама-шарықтарынша қол ұшын беруге дайын. Мұны аспанда биіктей ұшып кетіп бара жатқан алпы Қанатты айдаһардың арқа жонында отырған ғарышкерлер де түсінеді. Кей кейде ғаламшар бетінде өздеріне қадала қарап т ұрған қауым адамдарына оң қолдарын көтеріп те қояды. Қауым адамдары ондай кезде шулап жөнеледі. Қуаныштары мен толқыныстарын білдіреді.
- Ғарышкер бауырлар! Алып Қанатты айдаһар жоғарылаған сайын сақ болыңдар! – деп айқайлады жоғары қарап, екі қолының алақандарын ауызының төқңірегіне қалқалай ұстаған ірі денелі ер кісі, - қауіп төнген жағдайда қос қанаттарыңмен ұшып кетіңдер! Естисіңдер ме?
Ғарышкерлер жауап бермеді. Ірі денелі ер кісінің дауысы қанша жуан, ашық болса да алып Қанатты айдаһар ұшып кетіп бара жатқан биіктікке жетпеді. Сондықтан ғарышкерлер тек бастарын изеумен шектелген. Егер қауым адамдарында ғарышкерлердің өздеріндегідей бейнебайланыс құралдары болса, жаңағы сөздері олардың құлақтарына саңқылдап жеткен болар еді. Қауым адамдары сонда да көкейлеріндегі жанашырлықтарын қолдарымен, бет мимикаларымен білдурде. Содан бір кезде неге екені белгісіз, өкпесіне ауа жетпегендей жиі дем алған алып Қанатты айдаһар кенет ширап, тағы да жоғары қарай көтіреле ұшты. Қауым адамдары оны көргенде кәдімгідей шошынып қалған. Айтар сөздерін жеткізе алмайды. Жоғары қарап дауыстыап, жанашырлық сөздерін айтып, олай да, былай да
200
сеңделді қауым адамдары. Оны алып Қанатты айдаһардың арқа жонындағы ғарышкерлер көріп отыр. Тек өздері де сөздерін ғаламшар бетіндегі қауым адамдарына жеткізе алмайды. Алып ҚӨанатты айдаһар сәлден соң ала бұлттарды да төменге тастады. Оның екінші тынысы ашылған сияқты. Ондай жағдай тау басына қарай өрлеген адамда да болады. Адам алғашында алқынып, жиі демалы жүреді де, кейіннен еркін демалып, ширап кетеді. Дастан да, қалғандар да алып Қанатты айдаһардың бұл ширауын сол тұрғыдан түсінді.
Жоғарылаған сайын алып Қанатты айдаһардың ауызынан шыққан лептің ыстығы да басыла берген. Ғарышкерлер бір бірімен бейнебайланысқа көшті.Мұндай биіктікте бейнебайланыстарының ұстау сапасын байқау еді бұл әрекеттері. Бейнебайланыс жақсы ұсталды. Бір бірін дулығаларының маңдайшасындағы бейнеэкраннан анық көріп, бір бірінің сөздерін анық естіді. Мұның өзі де үлкен қуаныш еді ғарышкерлерге. Тек енді алып Қанатты айдаһардың ұшу жылдамдығы азая берген. Оны байқағаен ғаламшар бетіндегі ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары дегбірсіздене бастаған. Ұшатын қанаттары жоқ болғандықтан амалсыз шыдауда. Тек екі қолдарын жоғары көтеріп, дауыстаумен шектеледі олар.
Ал Дастанның ойы болса да мүлдем басқада. Астарындағы алып Қанатты айдаһардың еш болмаса, он шақырым биіктікке дейін көтерілгенін қалайды. Бірақ қайдан. Мұндай биікке дейін көтеріліп ұшып көрмеген алып Қанатты айдаһар енді бір кезде бұлғалақтап, қалбалақтап кетедіі. Ғаламшар бетіндегі қауым адамдары мұны көрісімен әлденелерді дауыстап айта бастаған. Сол кезде шыдамаған Құралай дулығаы ішіндегі бейнебайланыс жүйесі арқылы:сы
- Мына түрімізбен мерт болатын шығармыз! Жетер осы биіктікке көтерілгені! Ғаламшар бетіне қондыршы енді, Дастан! – деп жас қыз балаша жылап жіберді.
- Расында да осы биіктегеніміз жетер! Қондырайық мұны! – деп оны қолдай сөйледі артынша Сұлтанмұрат.
- Қазір! – деп Дастан в сол қолындағы «Нейро» құралының тағы бір түймесін нұқыды оң қолының сұқ саусағымен.
Рауан, Сәндій мен Гүлболсын да әбіржи бастаған. Жан-жақтарына жиі-жиі жалтақтай қарайды. Төменге көз тастауға қорқады. Артынша алып Қанатты айдаһар бұлғалақтағанын да,
201
қалабалақтағанын да қойды. Осыдан соә бір кәдімгідей саябырланып қалған. Гүлболсын төменге көз жіберді де:
- Ғаламшар бетінен көп биіктеп кетіппіз ғой өзі! - деп күрсініп салды.
- Енді былай, - деді ерекше қатая сөйлеген Дастан достарын көздерімен тез шолып өтіп, - мына астымыздағы алып Қанатты айдаһар сәл жоғары көтеріілген мезетте арқаларымыздағы айналдырғыштарымыздың пәрелерін аспанға тік көтере ұшатын қалыпына келтіреміз де, тік жоғары қарай ұшып барып, ғаламшар бетіне жайлап қонамыз!
- Ал алып Қанатты айдаһар ше? – деп қалды сол кезде Құралай.
- Бұл өзі жөнімен кетеді!
Жауап қысқа болды. Дастан өзі бастап арқасындағы айналдырғышының пәресі бекітілген ұстағышын тік жоғары қаратты. Қалғандар да осны қайталады. Дастан сол қолына «Нейро» құралын ұстап, оң қолының сұқ саусағымен қажетті деген түймені нұқыды да:
- Ал, ұштық! - деп өзі бастап тік жоғары қарай ұша жөнелді.
Қалғандар да пыр-пыр ұшқан. Алып Арқа жоны жүктен босап, өзін жеңіл сезінген бойда төмен қарай жеміне шүйілген қыран құстай құлдилап жөнелді. Ғарышкерлер оның арқа жонынан тік ұшып шаққаннан кейін де дулығаларының маңдайшаларындағы бейнебайланыс жүйелері арқылы бір бірімен жиі-жиі сөйлесіп, топтасып, жайымен төмендеп, өздерін дегбірсіздене күтіп тұрған қауым адамдарының жанына жеңіл қонды. Олар сол замат қоршап алған. Жағдайларын, көңіл-күйлерін сұрап жатыр. Ғарышкерлер қанша толқыса да онысын білдірмеуге тырысты. Дастан көңілді. Ойындағы бір жоспары сәтті орындалды. Қалғандар да алып Қанатты айдаһарды тағы бір сынақтан өткізгендеріне қуанышты. Қауым адамдары ғарышкерлердің жағдайларын біліп, біршама әңгімелескеннен кейін өз тұрақтарына қайтып кетті. Бұлар киіз үйлеріне қарай бет алған.
Жұлдызды әлеммен сырласу
Ғаламшардың саф таза ауасы, тұнық аспаны, тамылжыған табиғаты ғарышкерлерді көп жағдайда көңілді етеді. Үлкен Жұлдыздың таң мезгілінде шығыс көкжиктен жарқырай
202
көтерілгені, төбе тұсқа шарықтағаны мен батыс көкжиекке барып, шар табақтай болып қызарып батқаны да әсерлі. Кей кейде солтүстік жақтан көрінетін ғажайып шұғыла да аз әсер берген емес. Өздерін ерекше елеңдететін, таңдандыратын олардан басқа да табиғи құбылыстар көп-ақ. Әсіресе, түн мезгілдеріндегі көріністер. Аспанда Ақпа жұлдыздар да жиі ағып жатады. Олардың ғаламшар атмосферасы қабатындағы ауа үйкелісінен жанып бітіп үлгермеген ірілері ғаламшар бетіне түсіп, гүр еткіен қатты дыбсы естіледі, от-жалыны түн түнегін түреді. Ондай құбылыстардың бәрі ғарышкерлерге жастайларынан жақсы белгілі. Соындықтан ондай құбылыстарға аса мән бере бермейді.
Кейінгі кездері ғарышкерлер түн мезгілдерінде жұлдызды әлемге көз тігулерін жиілеткен. Олай етпеу мүмкін де емес. Мұнда түн қараңғысын күндізгідей жарық етіп, жұлдыздардың жарық сәулелерін перделейтін қала шамдары жоқ. Көктегі жарық Жұлдыз батыс көкжиекке барып батып, ымырт жабылып, айнала төңірегкті қарағылық басысымен-ақ аспан әлемінен мың-сан жұлдыздар жыпылық қағады. Мұндай ғажайып көрініске саналы адам ғана емес, кейбір жануарлардың өздері де көз тастайды. Құстар жарық жұлдыздар бойымен ұшып, өз жолдарын табады. Ал адам баласы болса да жұлдыздарды жол табуға да, уақыт білуге де, ауа райын алдын ала болжауға да пайдаланады. Осы ғаламшардағы білімсіз деген қауым адамдарының өздері де көп жұлдыздардың қозғалыстарын, шығыс көкжиектен шығуы, көкке өрлеуі мен батыс көкжиекке барып бату мезгілдерін жақсы біледі. Ғарышкерлер болса да көп нәрсені біледі. Дастан өзінің негізгі мамандығы жұлдызтанушы болғандықтан болса да түн мезгілдерінде жұлдыздарды бақылауға құмар. Мұнда келгелі бері өздері жұлдызды әлемді түн мезгілдерінде аз бақылаған жоқ. Сонда да бақылауға деген құштарлықтары бір басылған емес.
Бүгінгі түн де ғарышкерлеге ерекше әсерлі түн еді. Кешке қарай өздеріне ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары келген. Бәрі киіз үйлерден алыстау жердегі кең жазық алаңға барған. Орналасқан жерлері тау етегінен алыстау, көкжиегі кең болғандықтан мұнедай түн мпезгілінде бар жұлдыздар аспанның тап бір осы тұсына жиналып қалғандай шоғырланып, ерекше жарқырап көрінеді. Оған қалай көз салмасын ғарышкерлер. Мұндай таза ауада аспандағы жұлдыздардың кейбіреуі күндіздің өзінде жарқырап көрініп тұрады. Ал мынандай
203
түн мезгілінде ондай жарық жұлдыздар тіпті, көзге шағылысады. Сондықтан ғарышкерлер жұлдыздардың түстерін де жақсы ажыратады.
Қауым адамдары әрбір түнде жұлдыздарға қызыға қарап жүрсе де, олардың қыр-сырын біле бермейтін. Енді ғайыптан пайда болғандай болып жүрген ғарышкерлерден жұлдыздарды ғаламшарлардан ажырата білетін дәрежеге жеткен. Сырын аша түскен. Ғарышкерлер жазық алаңға сыңардүрбі ла шыққан. Ал жақындатуы мен ұлғайтуы күшті сыңардүрбі ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінде. Онымен Күн жүйесін ғана емес, ондағы енді өздеріне тек ыстық қана емес, қол жетпес армандай болып қалған Жер ғаламшарын да анық көруге болар еді. Ғарышкерлер бұл тұста оны да оайлап қойған.енді өздерін ғаламшар атмосферасының шыңырауына түсіп кеткен адамдардай сезінеді ғарышкерлер. Қауым адамдары жұлдызаралық сапар түгілі, қарапайым деген әуе кемесімен де аспанда ұшып көрмегендіктен ғарышкерлердің ішкі қасіреттерін түсіне бермейді. Оларға көздерін ашқаннан көрген осы ғаламшар мен оның мына ғажайып табиғаты, мұндағы тірішілік иелері қызық.
Бәрі жазық алаңға келі, сыңардүрбіні орнатқан соң Дастан қауым адамдарына қолына ұстаған «Жұлдызды аспанның айналмалы картасын» жай ғана айналдыра тұрып, онымен жұлдыздардың шығыс көкжиектен шығуы, жоғары көтеріліп, шарықтап, одан батыс көкжиекке барып бататын уақыттарын, қай жұлдыздың, қай ғаламшардың қай мезгілде түнгі тұнық аспанда жақсы көрінетінін білуге болатынын түсіндірді. Картада барлық жұлдыздар мен ғаламшарлардың штрих суреттері жақсы салынған. Қауым адамдары оны көріп, Дастан айтқан сөздерді мұқият тыңдаса да көп нәрсені түсіне алмады. Сонда да оны білуге деген ынта-ықыластары байқалып тұрды.
Бұл ғаламшардан қарағандағы жұлдызды аспанның жалпы көрінісі, жеке жарық жұлдыздар мен шоқжұлдызадардың көріністері болса да Жер ғаламшары үстінен қарағандағыдан өзгешелеу. Сондықтан Дастанның қолындағы картада салынған жұлдыздар мен ғаламшарлардың штрих суреттері көзге көрініп тұрған жұлдыздардың көріністерімен сәйкес келе бермейді. Дегенмен, ұқсайтындары да бар. Алғашқы кездері ғарышкерлердің өздері де жұлдыздардың пішіндерін түсіне алмай
204
қалған. Енді түнгі аспанның бұл көріністеріне де көздері үйренген. Дастан өздері келгені өткен уақыттың ішінде бұл ғаламшар аспанындағы жұлдыздардың пішіндерін ақ қағаз бетіне қаламмен салып та үлгерген. Олай етпесіне шарасы да жоқ. Саналы адам баласына жұлдыздардың табиғаты мен қозғалыс заңдылығын білу қашан да қажет. Жұлдызды әлемді білмесе, өздері осындай алыс жұлдызаралық сапарға шығар ма еді.
Ғарышкерлер бұл түндегі жұлдызды аспанды бақылауға қауым адамдарын шақыруларының басты себебі де сол еді. Қауым адамдарының жұлдызды әлемді тезірек тануларын, мәдени даму дәрежелерінің жылдамдауын қалайды. Жер ғаламшарындағы адам баласына жұлдызды әлемді танып-білуге қаншама ғасырлар мен мыңжылдықтар қажет болды. Сол кездері оларға өздері сияқты адамдар кезігіп, жұлдыздарды осылай көрсетіп, таныстырып, бақылау-зерттеуге үйреткен болса, онда олар да әлдеқашан ғарышты игерген болар еді. Адамға жақсы білім беретін ұлағатты ұстаз болса, ол дүние әлемін тез танып-білмек. Қай саналы адам баласы да өзінің «Қамшының сабындай» ғана ғұмырында бұл жарық та жылы дүние әлемінен көп нәрсені көріп-білуге талпынатыны белгілі. Қауым адамдарының да білімге деген талпыныстары соны білдірген. Қанша дегенмен де, олар ғарышкерлермен кездескен күннен бастап көп нәрсені білді, үйренді. Талай істерді бірвге атқарды. Енді міне, бүгінгі түн ұйқыларын қоя тұрып, ғарышкерлермен бірге жұлдызды әлемді тани түсуге бел буған қауым адамдары.
- Мына сыңардүрбінің жақындатқыш-ұлғайтқыш шынысынан кһрініп тұрған кішкентай ғана жұлдыз шоғыры біздің Күн жүйеміз, - деп қауым адамдарының басшылары ірі денелі ер кісі мен әйел кісіге, одар соң қатысып тұрған қауым адамдарына сыңардүрбінің шынысы арқылы қарауды ұсынып, олар кезекпен қараған кезде сөзін әрі қарай жалғады, - шоғырдың дәл ортасындағы Күн. Оны біз солай атаймыз. Ол да жұлдыз. Оның төңірегіндегі жұлдыздардай жылтырап көрінгендері Олпан, Шолпан, Жер, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғаламшар, Қоңырқай ғаламшар, Уран, Нептун мен Плутон. Соңғы үшеуінің өзге тілде аталуының себебі, ата-бабаларымыз ертеде жұлдыздар мен ғаламшарларды Жер ғаламшарынан ешбір бақылау құралынсыз қырағы көздерімен бақылаған. Бес аспан денесін жақсы білген. Ал
205
өте алыстағы үш ғаламшарды сирек байқағандықтан оларға қызақы ат қоймаған.
- Күн жүйесінде қанша тірішілікті ғаламшар бар? – деп сұрақ қойды Дастан сөйлеп болған кезде ірі денелі ер кісі сыңардүрбінің шынысы арқылы Күн жүйесіне тағы бір қарап алып.
- Күн жүйемізде бір ғана тірішілікті ғаламшар бар. Ол – өзіміз жұлдызаралық кемемен ұшып келген Жер ғаламшары, - деді Дастан қауым адамдарына қарап тұрып, - қалған ғаламшарларда әзірге тірішілік нышаны байқалған жоқ. Шолпан ғаламшары атмосфералы болғанымен өте ыстық, оттегі аз, суы жоқ. Тәуілігі өте ұзақ. Ал Қызыл ғаламшар Жерімізге ұқсастау. Тек оның атмосферасы қатты сиреген. Оттегі аз, всуы жоқ. Сонысына қармастан онда жыл мезгілдері ауысады. Экваторында жаз айларында температура Цельсий делінетін бағаммен өлшегенде, жиырма бес градусқа дейін жылиды. Қалғандарының табиғаты Жеріміздігіне мүлдем ұқсамайды. Жепріміздің өзіміз Ай деп атайтын табиғи серігі бар. Олпан мен Шолпан ғаламшары мүлдем серіксіз. Қалғандарында бір және одан да көп серіктері бар. Қсықаша айтқанда осындай.
Дастанның бұл сөздерін қауым адамдары зейін қойып, мұқият тыңдап тұрды. Сонда да оларға кейбір шетел терминдері түсініксіз еді. Дастан сөзінің арасында ондай сөздердің мағынасын да айтып өткен. Дегенмен, қауым адамдары осы бақылау барысында ғарышкерлердің қайда келгендерін нақыт біле бастады. Күн жүйесіне, ондағы Жер ғаламшарына деген ынта-ықыластары күшейді. Сыңардүрбінің шынысына кезекпен келіп, үңіліп қарап жатты. Шамалыдан кейін Дастан қауым адамдарына жалпы Ғалам жөнінде түсінік беруге көшті. Күн жүйесінің Өзіміздің жұлдызаралы деп аталынатын жұлдызаралдың құрамында екенін, өздері келген бұл ғаламшардың Бейбіт деп аталынатын шоқжұллдыздың құрамындағы жаңа пайда болған жұлдыз жүйесінде екенін айтты.
Жұлдызды әлем көріністері мепн Дастан айтқан ғылыми мәліметтерге ірі денелі ер кіс мен әйелі де, қатысқан қауым адамдары да қатты риза болды. Олар Дастан мен сапарластары айтқан сөздерді мұқият тыңдап, естеріне сақтады. Өздері саналы тірішілік кешіп жүрген бұл ғаламшардан басқа да ғаламшар бар екенін білді. Оның тұрғындарының осы жас өкілдерімен кездесіп, осылай араласып-құраласып жүргендеріне қуанды. Дастаннан
206
кейін сөз алған Гүлболсын дүние әлеміндегі тірішілік жайлы әңгіме қозғады. Жер ғаламшарында көптеген елдердің, миллиардтаған тұрғындардың өмір сүретінін айтты. Одан соң Жер ғаламшарының құрылығы мен суындағы тірішілк иелерінің түр түұрлерін айтып өтті. Оның әңгімесін Сәндіай мен Құралай жалғастырды. Рауан мен Сұлтанғазы да өз мамандықтарына сай әңгіме қозғап, қауым адамдарының көздерін аша түсуге тырысты. Қауым адамдары ғарышкерлердің қай қайсының да сөзін мұқият тыңдады. Ара-тұра көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Бақылау соңында олар ғарышкерлерден «Жұлдызды аспанның айналмалы картасының» көшірмесін беруді өтінді. Ғарышкерлер олардың ол өтініштерін екі еткен жоқ. Киіз үйлерінде көшіретін құрал бар еді.
Бәрі таң қылаң беріп, жұлдыздар мен ғаламшарлар жарық сәулесіне малынып, кһзден уақытша ғайып болғанға дейін осындай әсерлі әгңімемен жүрді. Түн ұйқыларын төрт бөлу қауым адамдарына үйреншікті әдет. Ғаламшарда қалғалы ғарышкерлердің түн ұйқыларыда құс ұйқыға ауысқан. Айнала төңірек толық жарықтанған кезде ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары ғарышкерлерге қайта-қайта алғыстарын айтып, өздерінің тұрақтарына қайтты. Ғарышкерлер сыңардүрбілерін жинап, киіз үйлеріне келген. Таңғы жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шайынды. Қыздар жағы таңғы астарын пісіруге кіріскен. Жігітер айнала төңіректі, ірілі-ұсақты жануарлар мен құстар бар тор қоршаудың жайын бақылады. Қыздарға да колғабыс тигізді. Сөйтіп, бәрі қыздар тұратын киіз үй ішіндегі асхана бөліміне келіп, дастархан басына отырған. Қауым адамдарымен бірге түнде бақылаған жұлдыздары жөнінде, күн жүйесі мен ондағы өздеріне енді әрі ыстық әрі арман болып тұрған Жер ғаламшары жөнінде әңгіме қозғап, бір серпіліп қалды.
Тас үңгірден шығу
Қауым адамдарының ханы мен ханшасы ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлермен жиі-жиі араласып жүріп, көп нәрсені білді, көп нәрсені үйренді. Енді тау жартастарындағы үңгірлерді пана ету оларға намыс еді. Осы аз уақыттың ішінде олар егін егудің, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызу мен көкөністер өсіруге машықтанып та қалған. Қойлар мен Ешкілерді, Қояндар
207
мен Тауықтарды қолда ұстаудан, бағудан, көбейтуден де мол тәжірибе алған. Бүгінде қауым адамдары бүгінде оларды өздері жасап алған үлкен қорада ұстайды. Сонымен қатар соңғы кездері олар Қасқырлардың бөлтіріктерін де қолдарында өсіріп, Ит етіп алған. Ол әрекеттерінің бәрі ғарышкерлерге қатты ұнаған. Енді тіпті, бұл ғаламшарда жаңа бір мәдени әрекеттер дамып келе жатқандай.
Білімді кез келген адам ала алады. Ал сол білімін ойында қорытып, өмірінде жүзеге асыра білуі кез келген адамның маңдайына жазылмаған. Ғалым дейтін ғажайып адамның өзгеден ерекше еңбекқор болып қалыптасатыны да содан болса керек. Ірі денелі ер кіс мен әйел кісі де енді басшылық қызметтерімен қатар ғылыммен де айналысуға кіріскен. Сана бар жерде білім де бар. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісіні былай қоғанда, қауым ішінде қаншама талантты адамдар бар. Олардың шет-жағасын ғарышкерлер өткенде үңгір ішіндегі мүсіндер мен суреттерді көргенде білген. Олар да уақыт өткен сайын қоғамның бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары дәрежесіне көтерілген. Ол болса да ірі денелі ер кіісі мен әйел кісінің жан дүниелеріне қуаныш сезімін ұялатқан.
Осындай қарқынды іс-әрекеттерге бет қойған қауым адамдары бүгін де таң қылаң бере іс-әрекеттеріне кірісіп кеткен. Осыдан бірер күн бұрын ғана ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлерге барып, олар қоныстанған жазықтың төменгі жағынан жер белгілеп қайтқан. Ол жердің айналасын таулардың қоршап жатқаны белгілі. Сондықтан қанаттылары болмаса, ол жерге анау-мынау жыртқыштар аяқ баса бермейді. Ал Арқарлар т обы келе қалса, болса да өздеріне олжа. Оңай қоглға түседі. Бүгінде қауым адамдары Арқарларға зәру емес. Қораларында Қойлар да, Ешкілер де, Қояндар мен Тауықтар да жеткілікті. Соңғы кездері қауым адамдары ондай ірілі-ұсақты жануарлар мен құстарды айналасы жартастармен қоршалған ортада бағып өсірудің қиын екенін түсінген.
Осындай-осындай себептер ірі денелі ер кісі мен әйел кісіні өздері таңдаған жазық жерге көшуге итермелеген.. Ол ойлары мен ұсыныстарын қауым адамдары да қолдаған. Сол келісім, сол шешімнің жүзеге асатын күні еді бүгін. Бәрі ерте тұрған. Анау-мынау заттарын жинастырған. Тұрақтары тас үйлер болғандықтан оның ішінен киім-кешектері мен ыдыс-аяқтарынан өзге ештеме де
208
ала алмаған. Көш алдында ірі денелі ер кісі қауым адамдарының алдына шығып, мынандай пікірін айтты.
- Құрметті халайық! – деді ол мәдениетті адам дәржесінде салмақпен сөйлеп, - біз енді мына қарабдайыр, қараңғы үңгірлерден біржолата жарық дүниеге шығамыз. Жазық далада жаңа өмірімізді бастаймыз. Бізді бұл дәрежеге сонау Күн жүйесіндегі Жер ғаламшарынан, ондағы Қазақ елінен келген қазақ ғарышкерлердің арқаларында жетіп отырмыз. Саналы адам саналы адаммен ғана бірге өмір сүре алады. Адам адамнан білім мен тәжірибе алады. Енді біздің алдымызда бірнеше маңызды міндеттер тұр. Оның біріншісі, қазақ тілін жасқы меңгеру. Екіншісі , дана қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін үйрену, оны дамыту. Үшіншісі, қазақ халқының ежелгі көшпенділік салт-дәстүрін қайта жаңғырту. Сол тамаша дәстүрмен мына тамылжыған табиғатты қорғау мен аялау. Осы үш міндетті орындасақ, жүзеге асырсақ, көп уақыт өтпей-ақ қазақ халқының мәдени дамуы дәржесіне жетеміз. Ал Жер ғаламшарындағы кейбір «Дамыған елміз» деп кеуде көтеретін отырықшы ел халықтары сияқты қателессек, мына табиғатты бүлдіріп аламыз. Ғарышкерлер бізге олардың қателіктері туралы көптеген бейнефильмдер де көрсетті. Ондай қателіктен аулақ болйық. Жазықта біз нағыз киіз үйлерде тұратын боламыз. Ғарышкерлер бізге бірнеше киіз үйлер дайындап та қойған. Одан кейнгі киіз үйлердің сүйектерін өзіміздің шебер ер кісілеріміз, туырлықтары, үзіктері мен түндіктерін әйел қауымы жасайтын болады. Енді тас үңгірлерден шығуымызды, алғашқы көшімізді бастайық!
Ел басшысы ірі денелі ер адамның бұл сөздерін қауым адамдары дауыстап қызу қолдады. Өздерінің көшуге толық дайын екендерін мәлімдеді. Осы кезжге дейін қаншама рет осындай жиын болып өтсе де, бүгінгі жиынның жөні де, әсері де бөлек еді. Қай қайсысының да қара көздері шығыс көкжиектен жарқырай көтеріліп келе жатқан Жұлдыздың сәулесіне шағылысып, бет-әлпеттері бұл-бұл жайнады. Қатты қуаныштан екі қолдарын көтеріп, шаттана дауыстап қалғандары да бар. Көбі дерлік ғарышкерлер сияқты мәдениет сақтап, дауыс көтермей сөйлеген. Осылайша, тау аңғарындағы, жартастар маңындағы бұл жиын айнала төңіректегі тірішілік иелерінің бәрін де елеңдетті. Қанша санасыз болса да олар да бір жаңалықтың болғалы жатқанын сезетін сияқты. Бірақ оған көңіл бөлетін қауым адамдары ма.
209
Әрбір отбасы өздерінің үй заттары мен бұйымдарын жинақтап, түйдектеп үлгерген.
Қауым адамдары қазақ тілінде қанша еркін сөйлеуге тырысса да, әлі де тіл байлықтары жзетіңкіремейді. Сондықтан ойларындағыларын толық айта алмай да қалады. Дегенмен де, осының өзі де дана қазақ халқына, оның ғарышкерлер сияқты өкілдеріне деген құрметтері еді. Ғарышкерлер де олардың қарапайым сөздерін үйреніп алған. Бірақ олар қазақ тіліне көбірек көңіл аударады. Өздерінің болашағы деп санайды. Қауым адамдары бар заттарын осы уақыттың ішінде қолдарына үйретіп үлгерген Түйелерге, Жылқыларға артпақ. Сөйтіп, қазақтың кәдімгі ежелгі көшпенділік көшіне айналмақ. Ғарышкерлер болса да бұл көштеріне ақыл-кеңестер берген.
Көш алдындағы жиын аяқталғаннан кейін ірі денелі ер кісі мен әйел кісі өздеріне пана болып келген тас үйлеріне қарай беттеген. Осы кезде қос қанаттарын қаға ұшып, алты ғарышкер де келіп қонды. Өздерінің қарбалас істеріне қарамастан осылай уақтытарын бөлген. Бұл көш жөнінде бұдан бірнеше күн бұрын хабардар болған. Бұларға қолұшын беруге дайындалған. Қауым адамдарының пәлендей дүниелері жоқ сияқтанған алғашында. «Кедй болсаң, көшіп көр» дегендей, енді небір заттары да шыға берген. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары болса да, жимай-термей отыра алмаған. Тұрғындардың денелері ірі, мығым, күштері мол болғандықтан бойлары кішкентай, өздері нәзік келген ғарышкерлерден көп көмек күтпеген. Анау-мынау ауыр деген заттарын да өздері көтеріп, Түйелер мен Жылқыларға артып жатты. Ғарышкерлер әлсіз болғандарымен білімді. Сондықтан қауым адамдарына бағыт-бағдар беріп жүрді. Кейбір жеңіл заттарын тасысты, Түйлере мен Жылқыларға артысты.
Барлық заттары жинақталып, Түйелер мен Жылқыларға артылып б олған соң көш жылжып кетті. Жолды ғарышкерлер бастап жүрді. Қауым адамдарының бәрі мәз. Олар таңдаған жазықта жасыл өсімдіктердің жайқалып тұрғаны, бұлақтың таза суының сылдырап ағып жатқаны да белгілі. Онда енді қауым адамдары ғарышкерлерден жұп-жұбымен алып, көбейткен ірілі-ұсақты малдарын бағуға да мол мүмкіндік бар. Оларға ең қажетті кәсіп те сол. Түске таман бұл көш көздеген жазөыққа да жеткен. Ғарышкерлер сонда да кеткен жоқ. Қауым адамдарының орналасуларына қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Бұл
210
қоныс ғарышкерлердің өздерінің қоныстарынан аса қашық жерде емес еді. Енді қауым адамдарының өздеріне ес болатынын ойлаған ғарышкерлер қуанып та жүрді. Қауым адамдары ілгері басты. Егер ғарышкерлердің осындай ықпалдары болмаса, қауым адамдары әлі де сол тас үйлерінде қала берер еді. Мына кең жазықта енді ел орнады. Қауым адамдарының болашағына жол ашылды.
Ғарышкерлер қауым адамдарынан ештемелерін аяған жоқ. Қолдарында барларын сыйға беріп жатты. Бұл ғаламшардың ендігі басты иелері солар болғандықтан көп нәрсені үйрету де керек еді. Ғарышкерлердің өздері қанша білімді, қанша тәжірибелі болса да, мына ғаламшарда елге айнала алмайды. Оған өте ұзақ уақыт қажет. Ал уақыт өткен сайын ғарышкерлердің қай қайсысының да Жер ғаламшарына, ондағы өздерінің дүниеге келіп, өсіп-өнген Қазақ еліне деген сағыныштары күшейіп келеді. «Ит – тойған жеріне, ер – туылған жеріне» деген мақалды дана қазақ бекер шығармаса керек. Кейде қанша қарабайыр өмір сүріп жатса да, қауым адамдарының өмірлеріне қызығады кейде ғарышкерлер. Өйткені, олар осы ғаламшарда дүниеге келген, осында өсіп-жетілген. Ал өздері болса, түнгі тұнық аспанда жай көзге де көрінбейтін Жер ғаламшарынан, ондағы Қазақ елінен келді мұнда. Табиғаты қанша тамылжып тұрса да, топырағы, суы мен ауасы қанша таза болса да туылған Жерге жете ме. Ғарышкерлер осы жағын ойлап кетеді. Тек қауым адамдарымен осылай араласып-құраласып, олардың тірішілік әрекеттерін көргенде Жер ғаламшарын да, Қазақ елін де бір сәтке естерінен шығарады. Ал киіз үйлеріне оарлған соң қайтдан ойға батады ғарышкерлер.
Қауым адамдары Түйелер мен Жылқылардан көш жүктерін жазық жерге түсіріп, ғарышкерлерден үйренген шеберлері жасаған киіз үйлерін тігуге кіріскен. Ғарышкерлер де оған белсене көмектесіп жүр. Сөйтіп, айналасы аз ғана уақыттың ішінде бұл жазықта киіз үйлі ауыл орнады. Қауым адамдары тар ортадан кең ортаға шыққандарына, осындай киіз үйлі ел болғандарына қуанышты. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісінің де, басқаларының да ғарышкерлерге деген алғыстарында шек жоқ. Бәрі де мәз-мәйрам. Қоныстанып болған соң қауым адамдары үлкен ас берді. Дастархан басында небір әңгімелер өрбіген. Қауым адамдарының қазақ тілінде тауып айтқан сөздері ғарышкерлердің өздерін
211
таңдандырады кейде. Қайта өздері үнемі техникамен болып, қазақтың кейбір сөздерін ұмытуға да айналған екен.
Үлкен астан кейін абыр-сабыр тірішілік әрекеттері басталып кетті. Оны көрген ғарышкерлердің көңілдері орнықты. Қауым адамдарының басшылары ірі денелі ер кісі мен әйел кісімен жылы қоштасып, өздерінің киіз үйлеріне қарай жүрген. Осы кезде барып Дастан таудың биік жартасындағы үлкен үңгірде жатқан алып Қанатты айдаһарды есіне алды. Оны алдағы уақытта тағы бір сынақтан өткізуді ойлады. Қалғандардың ой-армандары да соны әуе-ғарыш кемесі ретінде пайдалану. Тек ол жүзеге асса. Осындай ойлармен ғарышкерлер өздерінің киіз үйлеріне жақындап қалғандарын да байқамады.
Екінші талпыныс
Ғарышкерлер алып Қанатты айдаһардың үстіне әдеттегілерінен тез мініп алған. Ол да Дастанның сол қолына ұстаған «Нейро» құралының құдіретіне бағынуға қалыптасып та қалған. Ғарышкерлер мінген бойда Түйе сияқты бір алға,, бір кейінге қарай ырғалмай шөгіп жатқан орнынан жайымен ғана төрт табанына тұрып, алға қарай жүре берген. Біраз жер жүріп барып, екі үлкен қанатын жайып жіберіп, аспанға қарай қалықтай ұша жөнелген. Ғарышкерлер оның кең арқа жоынанда нық отыруға үйереніп те қалған. Бәрі жылы киінген. Арқаларындағы айналдырғыштарының төменгі жағына қосымша оттегі бар қос баллон ілген. Алып Қанатты айдаһар Дастан «Нейро» құралы арқылы қандай «бұйрық» берсе, соны бұлжытпай орындайды. Бәрі соған сенеді. Ол сол ұшқан бойында біршама жоғары биіктеген кезде Дастан дулығасының мағңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйесін іске қосып:
- Ал сапарлас достар, арқаларыңдағы айналдырғыштарыңның жайын тексеріңдер! – деді.
- Тексердім! – деп жауап қатты сол замат Рауан.
- Мен де қостым! – деп хабарлады оның артынша Сұлтанғазы.
- ҚҰостым!
- Қостым!
- Қостым! – деп үш қыз да бірінен кейін бірі хабарлады дулығалары маңдайшаларындағы бейнебайланыс жгүйесі арқылы.
212
Артынша алып Қанатты айдаһардың бойына ерекше бір күш дарығандай ұшуын жылдамдата берді. Ауызын арандай ашып, адынан соққан салқын ауаны еркін жұтып, қос қанатын қағуын жиілетті. Кейде бұлқынып, қатты дыбыс шығары та қалады. Арқа жонында отырған ғарышкерлерге бұл ұшуы ұнаса, өзіне жеңіл емес. Сондықтан кейде ол «Нейро» құралының құдіретті күшіне бағынбдай кеткендей де болады. Ондайда ғарышкерлер қатты толқиды. Бірақ алдарына қойған мақсаттарынан бас тартпақ емес. Алып Қанатты айдаһар қанша шайқалса да сыр бермеуге тырысады. Шамалы уақыт өткенде Құралай шыдамаған:
- Осы биіікке көтерілгеніміз жетер! Неге үндемей отырсың, Дастан! – дауыстап жіберді дулығасының маңдайшасындағы экранға көздерін қадап.
- Алып Қанатты айдаһырды төмен ұшыршы! – деді Құралайдың соңын ала Сәндіай да бейнебайланыс жүйесі арқылы дауыстап.
- Мынандай биіктікте суықтан қатып та қалатын шығармыз! – деп Гүлболсын да қорыққанын жасыра алмады.
Дастан тымырайып отыр. Жауап беретін де, қозғалатын да түрі жоқ. Дулығасының маңдайшасындағы экранда үш қыздың бейнелері рет-ретімен көрініп, жаңағы айтқан сөздері екі құлағын шыңылдата жетіп жатса да алған бетінен қайтар емес. Екі көзін аспанға қадаған. Алып Қанатты айдаһар болса, деміккен адамдай демін жиі-жиі алады. Кейде қатты бұлқынып қалады. Ондай сәттерде өздерін мықты ұстамаса, ғаламшар бетіне қарай оп-оңай құлап кетпек қай қайсысы да. Алып Қанатты айдаһар болса да ғаламшар бетінен он шақырым биіккке жетіп қалған. Егер алыпқа оттегі жетпесе, әлсіреп, ғаламшар бетіне қарай құлдилай жөнелуі мүмкін. Осыны ойлаған Дастан сыртқа ештеме білдірмесе де, іштей қатты қиналоды. Шамалы ойланып алғаннан кейін барып сапарластарының арқаларындағы айналдырғыштарын іске қосуды өтінді.
Соны күткендей, алып Қанатты айдаһар қатты алқынып барып төмен қарай құлдилай жөнелді. Ғарышкерлер сол замат оның үстінен ірі құстардай болып пыр-пыр ұша жөнелді. Қанша дегенмен де жасанды қос қанаттарымен аспанда ұшып үйренгендіктен қатты қорықпады ешқайсысы да. Тек бұл тұста өздерін біраздан бері бақылап-барлап тұрған ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары ғана қатты толқыған.
213
Толқитындарындай да бар еді. Алып Қанатты айдаһар есінен танғандай жайылған қос қанатымен қалықтап, төмендеп келіп, жазықтағы қалың өсімдіктердің үстіне жалп құлап түсті. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бастаған қауым адамдары оған қарай жүгіре жөнелді. Алып Қанатты айдаһар сол бойда қозғалыссыз қалған. Қауым адамдары оны айяп та кеткен. Ал ғарышкерлер болса, комбинезондарындағы қос қанаттарын жайып, арқаларындағы зыр қаға айналған айналдырғыштарының демеуімен жайымен ғана төмендеп-төмендеп, тып-тыныш жатқан алып Қанатты айдаһардың жанына жалп-жалп қонған.
- Алып Қанатты айһар аман! Қорқатын ештеме жоқ! Шамалы оттегі жұтқан соң қайта қалпына келеді! – деді Дастан оған жақындаған бойда.
- Е-е, бұл алып неменің өз салмағы да аз емес! – деп қойды Рауан.
- Екі көзін тарс жұмып алыпты ғой, өзі! – деді оған қадала қараған Сұлтанғазы.
- Дегенмен байқашы, Дастан! – деді сол кезде оған Гүлболсын, - дәл қазыір оған «Нейро» құрал әсер етіп тұрған жоқ!
- Көріп тұрмын! – деді Дастан, - мұның да қылығы жетеді!
Дастан осыны айтып, сол қолының алақанындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқыды. Сол-ақ екен, алып Қанатты айдаһар екі көзін ашты. Ғарышкерлер тез кейін шегініп кеткен. Қауым адамдары да бір біріне сөйлп қойып, алыстаған. Алып Қанатты айдаһар шамалы жатып, кеудесін көтеріп, төрт аяғына тұрды. Батпан-батпан табандарының іздерін ғаламшар бетіндегі қалың өскен өсімдіктерді жапыра басып, ілгері қарай біраз жүріп барды да, қос қанатын жайып жіберіп ұша жөнелді. Ғарышкерлер де, қауым адамдары да оан қадала қараған. Ол ұшқан бойда таудың биік жартасындағы өзінің тұрақты панасына, үңгіріне қарай бет алды.
Ғарышкерлер бір жерге жиналыып тұрып қалған. Бәрінің көздері аспанда, тауға қарай ұшып кетіп бара жатқан алып Қанатты айдаһарда. Қауым адамдары да өткір, қырағы, қарақ көздерімен бақылауда. Шамалыдан соң Дастан тұрғандардың бәрін қарап:
- Қажетті биікке көтеріле алмадық. Алып Қанатты айдаһар ондай биікте ұшып көрмеген ғой. Соындықтан қанша алып болса
214
да шамасы келмеді. Бірақ біз бұл сынақпен шектелмейміз. Талпнысымыз да, әрекетімаіз де алда.
- Бәрі де болады, - деп демей сөйледі таза қазақ тілінде ірі денелі ер кісі, - әрекет ете беріңіздер.
Осы сөзден кейін ғарышкерлер мен қауым адамдары киіз үйлерге қарай бет алған. Дастан көңілді. Қанша дегенмен де ілгерілеу бар. Бұдан бұрін алып Қанатты айдаһар бүгінгі биіктігіне де көтеріліп ұша алмаған. Енді одан да біиктеді. Жанындағы ірі денелі ер кісімен әңгімелесе жүріп, киіз үйлеріне жетіп қалғандарын да байқамаған. Санаулы қауым адамдарынан басқалары жаңа қоныстарына қайтып кетті.. Киіз үйлерінің төңірегін тазалау, анау-мынау артық нәрселерді алысқа шығарып тастаумен айналыспақ. Ал бұл кезде қыздар жағы зыр жүгіріп, дастархан үстін неше түрлі дәмді тағамға толтырған Ірі денелі әйел кісі де қарап отырмай, қыздарға көмектесіп жүр. Дастан, ірі денелі ер кісі, Рауан мен Сұлтанғазы дастархан басында алып Қанатты айдаһардың ұшу қабілеттерін әңгіме етті. Көп кешікпей буы бұрқыраған қамыр ет ет әкелінді. Бәрі емен-жарқын әңгімелесе отырып қамыр еттен алды, сорпасынан ішті.
Дастархан басында ірі денелі ер кісі мен әйел кісі өздерінің көрген-білгендерін баяндады. Қанша қарапайм өмір сүрсе де, бұл өмірден көргендері мен білгендері аз емес екен. Ірі денелі ер кісі басынан кешірген небір қиындықтар мен қатерлерді есіне алып, ғарышкерлерді жігерлендіре түсті. Бұл ғаламшарда кездейсоқ кездескен алып тірішілік иелерінен қалай сақтануды, оларды қалай жеңіп, қалай қолға түсіруді үйретті. Соның бәрін тыңдаған ғарышкерлердің алдағы уақыта көздеген мақсаттарына жетітіндеріне сенді. Шамалыдан соң әңгіменің негізгі бағыты алып Қанатты айдаһарға ауған. Оны мұқият тыңдаған ірі денелі ер кісі:
- Ол жағын уәйім ете беремеңіздер, - деді Дастанға қарап қойып, - алып Қанатты айдаһар аса биікте де ұша алады. Тек оны соған үйрету керек. Содан соң оның биікке көтерілген кезінде ашқарақ болғаны дұрыс. Сонда ол жақсы ұшады. Менің оаймша, сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз толығымен орындалады. Сіздермен қоштасатын кезіміз де алыс емес. Сондықтан ол жағынан еш қам жемеңіздер. Бұл батыл әрекеттеріңізді жалғастыра беріңіздер. Қолымздан ештеме келмесе де біз қашан да сіздердің армандарыңыздың жүзеге асқанына тілектеспіз!
215
-Бұл ниеттеріңізге мол алғыстымыз! – деді Дастан ерекше көңілденіп, - біз алдымызға қойған бұл мақсатымызды орындамай тынбаймыз. Сіздер берген ақыл-кеңесті есімізден шығармаймыз.
- Біз де сіздерге қашан да алғыстымыз! – деді ірі денелі ер кісі, - сіздер келгелі көп нәрсені үйрендік. Үңгірден ашық далаға қоныс аудардық. Мәдени дамыдық.
- Саналы адам баласы саналы адам баласына қашан да қолұшын беруі керек. Сонда ғана мәдени дамуы жалғасады. Біз де сіздерден көп нәрсені үйрендік. Ширадық.
- Біз сіздердің жақсылықтарыңызды ешқашан да ұмытпаймыз! – деді Дастан сөйлеп болған мезетте Сұлтанғазы.
- Тек мына ғаламшардың төңіріегінде өзімізді «күтіп», айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне жетсек екен! – деп Құралай күрсініп салды.
Әңгіменің негізгі мән-мағынасы бәріне де түсінікті еді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бірге отырған өз адамдарымен бірге ас қайырып, кешірім өтіне орындарынан тұрды. Сыртқа қарай беттеді. Ғарышкерлер де шыққан. Олармен жылы қоштасып, өздерінің күнделікті тірішілік әрекеттеріне кірісіп кетті ғарышкерлер.
Дүбірлі той
Бір кездері бұл ғаламшардың меңіреу тыныштыққа бағынып өзінше бөлек әлемдей болып жатқан осы аймағында саналы адамның ғажайып, абыр-сабыр өмірі жанданады деп кім ойлапты. Бұған басты себеп, аспаннан келген алты ғарышкер. Алғашында олар мұндағы санасы жаңа-жаңа қалыптасып келе жатқан алғашқы қауымдық құрылыстың адамдарына да, өзге күллі тірішілік иелеріне де жаңалық болған. Енді осы кезге дейін тау үңгірлерін паналап жүрген ғаламшардың алғашқы адамдары ғарышкерлермен түсінісіп, қоян-қолтық араласып та кеткен. Адам баласы санася оянғаннан бастап бар құдіретті де, бар жзақсылық пен көмекті де аспаннан күткен. Жұлдыздарға табынған. Сол ниеттері бекер кеткен жоқ. Енді міне, сол аспаннан келген алты адам алғашқы қауым адамдарыың көздерін ашты, мәдени дамуларын жоғарылатты.
Енді бұл ғаламшардың алғашқы әрі басты иелері осы қауым адамдары болмақ. Олар осылай өсіп-өніп кете бермек. Бүгіннің
216
өзінде тау үңгінрлерінен жазық далаға шығып, киіз үй тігіп, ауыл болды. Келешекте бұл ауылдардың да ұлғая-ұлғая ірі қалаға айналары хақ. Ғарышкерлерді қауым адамдарының осы талпынстары қуантқан. Қауым адамдарының кіп-кішкентай ұл-қыздары да өсіп келеді. Олардың талпыныстары мен ізденістері де жігерлі. Ғарышкерлер оларға өз тараптарынан қолдарынан келген жақсылықтарын жасап, араласып-құраласып келеді. Тек ойларынан ғаламшар төңірегіндегі өздерін «күтіп» айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіне ұшып жету жөніндегі армандары кетпейді.
Мұнда қауым адамдары тарапынан қаншама құрмет көріп, мына ғажайып табиғаттың басты иелері өздері болып тұрғандай болып жүрсе де, көкейлеріндегі сол армандары кейде көңіл-ккүйлерін басып та тастайды. Бірақ не жасасын. Қауым адамдары да бір, әлі мектепке оқуға бармаған балалар да бір. Ал баланың алдында кез келген ересек адам өзінің ішкі ой-армандарын ойлай жүрсе де, баланың көңілін жәбірлеетпеуге тырысады. Ғарышкерлердің жағдайлары да сондай. Әлі бала сияқты аңғал, адал қауым адамдарының алға қарай жасаған қадамдары мен талпыныстарын қолдайды. Оларға ақыл-кеңес береді. Сөйтіп, өз жағдайларын кейде ұмытып та кетеді ғарышкерлер.
Енді міне, ғарышкерлер қауым адамдарының жаңа қоныстарына арнаған тойларына қатыспақ. Бұл осы ғаламшардың тарихындағы саналы адам баласының тұңғыш тойы. Оның қандай дәрееде өтетіні ғарышкерлерге болса да белгілі. Оған қызу дайындық жүріп жатты. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі соңғы кездері ғарышкерлерге жиі келіп, той жзасаудың жһн-жобасын сұраумен болған. Ғарышкерлер кеңес беріден жалыққан емес. Қанша дегемен де бұл той Жер ғаламшарындағы Қазақ еліндегідей дүбірлі үлкен той емес. Қауым адамдарының бүгінгі мәдени дамуына сай дәрежеде өтетін той. Оған қауым адамдары арнап бірнеше киіз үй тіккен. Ол киіз үйлер ауылды кеңейте түскен. Бұл қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің тек ЖЗер ғаламшарында емес, өзге жұлдыз жүйесіндегі ғаламшарда да жалғасын тапқанының тамаша көрінісі еді. Оларды көргенде, ғарышкерлер өздерін, тіпті, Жер ғаламшарындағы Қазақ еліне қайта оралғандай да бір күй кешкен.
Туырлықтары қазақтың әдемі ою-өрнектерімен безендірілген ақшаңқай киіз үйлі жаңа ауылға жақындағанда ғарышкерлер
217
қатты толқыды. Саналы адам баласының бойында сағыныш сезімі қай кезде де болады. Жандары нәзік үш қыз тіпті, көз шараларына ыстық жас үйірген. Құралай сол тебіренісін жасыра алмай:
- Әттең-ай, осыны Жердегң Қазақ еліміздегі кейінгі ұрпақтарымыз білмейді-ау! Мұны көрсе, білсе, не дер еді олар? – деп сөйлеп қалған.
- Е-е, бұл ауыл енді нағыз қазақ ауылы болғалы тұр ғой! – деп қойды Рауан көңіленіп.
- Мен де мұның нағыз қазақ ауылы екеніне шәк келтірмеймін! – Дастан да жігерлене сөйлеп, - оның үстіне бұл осы ғаламшардағы ең тұңғыш ауыл, ең жаңа ауыл!
- Шіркін-ай, осы ауыл Жеріміздегі Қазақ еліміздегі қазақ ауылымызға айналып кетсе ғой! Сондай сиқыр жасай алатындарың бар ма, осы!? – деп Гүлболсын кәдімгідей бір ой-арманға бөлене сөйледі.
- Толқи бермейік, біздің де Жеріміздегі Қазақ елімізге жететін, қауым адамдары сияқты ат шаптырып, той жасайтын күніміз туар, - деп жепңіл күрсінді Сұлтанғазы.
- Қайдам, үміттене, үміттене шаршайын дедік қой өзі, - деп Сәндіай киіз үйлі ауылға қадала қарай жүріп, - қашан орындалар екен бұл армандарымыз!
- Орындалады, міндетті түрде орындалады! Сабыр етейік, сабыр ете жүріп, әрекет етейік! – деп Дастан тау жаққа бір, аспанға бір қарап қойды.
Дастан осыны айтып болғанда киіз үйлі ауылдан бір-бір сәйгүлік ат мініп, оң қолдарымен бір-бір әбзелдеулі сәйгүлік бос ат жетелеген бір топ қауым адамдары бері қарай жүрді. Олардың өздерін қарсы алуға келе жатқандар екені белгілі еді. Бірақ Дастан ол құрметке қуана қойған жоқ. Өйткені, өзі жаратылысынан құрмет атаулыға құмар емес. Қашан да қарапайым болып жүргенді ұнатады. Бірақ қауым адамдарының бұл құрметтерін түсінуге де болатын еді. Өздері осы ғаламшарға қонатын бөлікпен қонып, қауым адамдарының басшылары ірі денелі ер кісі мен әйел кісіге, одан кейін бар қауым адамдарына жолығып, түсінісіп, араласып-құраласып, осындай дәрежеге жеткізді. Бұл сол еңбектеріне берілген жауап еді. Дана қазақ халқы: «Әркім сыйлығанының құлы» деп бекер айтқан ба. Өздері қауым адамдарын қалай сыйласа, олар да осылай сыйлауда.
218
Алдарынан қарсы ала шыққан топ адамдардың алтауы ілгері озып, жақындаған кезде ғарышкерлердің әрқайсысмына бір-бір сәйгүлік аттың тізгінін ұстатты. Әдетте, қазақтыңғ салт-дәстүрінде мұндай сый той біткеннен кейін берілетін. Ал қауым адамдары ғарышкерлерді осылай құрметтеуді жөн санаған. Дастан, одан соң Гүлболсын, Сәндіай мен Құралай, олардан кейін Рауан мен Сұллһтанғазы сәйгүлік атқа қонды. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағында «Жұлдызаралық сапарларға ғарышкерлер дайындайтын орталықта» жүргенде атпен шауып үйренгендіктен ғарышкерлердің оған міну ғарышкерлердің ешқайсысына да қиын болған жоқ. Сондықтан да бәрі сәйгүлік атқа қонысымен киіз үйлі ауылға қарай бет алған.
Соңдарынан аттылы қауым адамдары келеді. Бәрі салтанатты түрде киіз үйлі ауылды аралап өтті. Ауылдың орталығындағы отыз қанат киіз үйге жақындағанда алдарынан ірі денелі ер кісі мен әйел кісі шығып, жымия амандасты. Ғарышкерлер сәйгүлік аттарынан жерге түсті. Сол замат алты жігіт келіп, сәйгүлік аттарды әрі қарай алып кетті. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлерді ерте киіз үйге кірді. Оның орталық үлкен бөлмесінде кең дастахан ждаюлы екен. Дастархан үсті қазақтың ұлттық дәмдері мен тағамдарына толы. Қазақтың ұлттық киімін киген жас жігіттер мен қыздар зыр жүгіріп қызмет етуде. Алштауы дастарханның төр жағынан орын алды. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі екі жағынан орын алған. Одан кейінгі орындарға қауым адамдары келіп жайғасты. Емен-жарқын әңгіме басталып та кетті. Қауым адамдары бұрынғыдай емес, қазақ тілінде таза сөйлейтін дәрежеге жетіпті. Оған шаттанған Дастан:
- Біз бұл ғаламшардан жаңа туыстар таптық! – деді сапарлас достарына көз сала отырып.
Дастанның бұл сөзіне тек сапарлас достары ғана емес, қауым адамдары да бас шұлғыды. Тойға арналып жасалған қазақ ұлтына тән ою-өрнекті темір ыдыстар мен ағаш ыдыстар, киіз үйдің керегелеріне ілінген тұскиіздердег небір ою-өрнектер көздің жауын алады. Бейнебір Жер ғаламшарындағы Қазақ елінен қазақтың киіз үйлі бір дүйім ауылы құдайдың бір құдіретімен осында әп-сәтте көшіп келіп, қоныстана қалғандай. Бір жағынан бұл көірінс қауым адамдарының таудағы үңгірдерді паналаған қарапайым өмірлерінен осындай мәдени дәрежеге жеткендерін көрсетеді. Олар қазақтың ежелгі осындай өміріне қызығатын
219
сияқты. Шеберлері тас пен темірді де, ағаш пен сүйекті де шебер пайдаланған. Дастанның жаңағы сөзінен кейін кең дастархан басында отырғандар киіз ү.й керегелеріне ілінген қазық ою-өрнекті тұскиіздерге, қазақы ою-өрнекті ыдыс-аяқтарға және басқа да заттар мен бұйымдарға қызыға қараған.
Қазақ ұлтына тән той осындай ғажайып отыз қанат киіз үйде бастау алған. Ғарышкерлер қанша ғарышкер болса да, техэникамен көп жұмыс жасаса да, қазақтың қандарына сіңген ұлттық дәстеүрлерін естерінен шығармаған Оның үстіне мұндай көпшіліктің ортасында білмейтінін білдірмеуге тырысады саналы адам баласы. Дастан қазақтың өмір тарихынан біраз әңгіме өрбітті. Тағы бір ғажабы, қауым адамдарының шеберлері ғарышкерлер көрсеткен суреттер мен бейнекөріністерден естерінде сақтап, ағаштан бірнеше Домбыра, Қобыыз, Шертер мен Үскірік жасап, керегеге іліп қойыпты. Оларды жасау қауым адамдарының шеберлеріне сын болса, енді ол халық аспаптарында ойнау қазақ ғарышкерлеріне сын еді. Дастан, Рауан мен Сұтанғазы керегеге ілулі тұрған Домбыраларды, Гүлболсын Қобызды, Сәндіай Шертерді, Құралай Үскірікті қолдарына алды. Жердегі Қазаққ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Жұлдызаралық сапарға ғарышкерлер дайындайтын о рталықта» жүргенде өздері осындай халық аспаптарымен орындаған «Көңіл ашар», «көкейкесті», «Қаратаудың шертпесі» және басқа күйлерді жеке де, бірге де ойнады. Шерпе күйлер қауым адамдарын қатты толқытты. Отыз қанаттан тұратын киіз үйдің іші жанданып кетті.
Осындай тамаша той бастаудан кейін қатысушылар сыртқа шыққан. Сол замат қауымның атбегі жігіттері алтауына әлгі сәйгүліктерін алдарына тартты. Аритынша ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де өздеріне лайықты ірі сәйгүлік аттарға қонды. Бір топ жас жігіттер мен қыздар да бір-бір ірі сәйгүлік аттарға мініп үлгерген. Содан соң қазақ тойының сәні Қыз қуу, Аударыспақ, Ат жарыс, Көкпар ұлттық ойындары, киіз үйлердің орталық алаңына төселген қазық ою-өрнекті үлкен кілем үстінде балуандар күресі басталған. Бұл ойындарды да қауым адамдары ғарышкерлерден алған мәліметтері мен суреттер бойынша ұйымдастырған екен.
Дүбірлі тойдың қызығымен қауым адамдары да, ғарышкерлер де кештің болып қалғанын байқамаған. Жұлдыз батыс көкжиекке барып батысымен, қауым адамдарының қарауылдары ойындарын доғарып, киіз үйлі ауылды қоршай тұрып, қауым адамдарын да,
220
ғарышкерлерді де кездейсоқ келіп қлауы мүмкін ірі жыртқыштар мен бауырым ен жорғалаушылардан қорғауға ісіне кіріскен.
Алыптар шабуылы
Жаңа қонысқа арналған дүбірлі тойдан кейін әркім өз тірішілгіімен айналысып жатты. Ғарышкерлер болс да таудың биік жартасындағы үңгірдегі алып Қанеатты айдһарға анда-санда азық, су апарып беріп, ооған мініп алып, аспанда ұшумен болған. Ал қауым адамдарының іс-әрекеттері күрделене берген.. Енді олардың жұмыстары көп. Бір қора ірілі-ұсақты жануарлары бар, тор қоршауларында құстары бар. Олардың қысқы азықтары мен жемдерін жинау тағы керек. Бұған дейін қауым адамдары қыс алдында пана ететін үңгірлерінің ішіне тек қыстық отын жинаумен шектелетін. Азықтары Арқарлар болатын. Енді мына жазықта киіз үйлі ауыл болды. Малдарын жайылымға шығарады, кешке қайта айдап келеді, әйелдері сүт сауады,. Оны пісіреді. Ерлер жағы мал қораларын тазалайды. Қысқа отын жинайды. Осылайша жаңа өмірге қалыптаса бастаған қауым адамдары.
Соңғы кездері қауым адамдарының ауызбірліктері де күшейе түскен. Киіз үй мен мал-жайдың көбеюі қауым адамдарының тірішілік әрекеттерін шимрата берген. Оның бәрі де ғарышкерлердің жан-дүниелеріне қуаныш сезімін ұялатқан. Тып-тыныш жатқан жазық дала саналы адамның дүбірлі тірішілігіне айналса, кім қуанбайды. Енді бұл кәдімгідей ауыл, кәдімігдей ел. Қауым адамдарының біілімге деген ынта-ықыластары да артқан. Ғарышкерлер оларға қазақтың төл әріптерін оқды, сол әріппен жаза білуге үйрете бастаған. Соңғы кездері үш киіз үй де қауым жастарының мектебіне айналған.
Тау баурайындағы жазықта осындай бір дәурен жүріп жатты. Бұл дәурен осы ғаламшардың тауларындағы, жазықтары мен көлдеріндегі небір алып жыртқыштардың көздеріне түскен. Олар санасыз болғандықтан тек азығын ағдумен шектеледі. Соңғы кездері олардың кейбірі қараң көрсетіп қалатын да болған. Қасқыр тектес жыртқыштар тіпті, қауым адамдарының мал қораларына мен құстар бар тор қоршауларына шабуыл жасап та үлгерген. Бірақ қауым адамдары оған онша мән бере қоймаған. Малға қарау, қыстық шөбін жинау, қораларды қысқа дайындау, киіз үйлерінің ішіне темір пеш орнату сияқты қауырт жұмыстары мойын
221
бұруларына мүмкіндік бермеген. Сонымен болып, ол жайлы ғарышкерлерге айтпаған. Енді байқап қараса, оның соңының насырға шабатын түрі бар.
Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі бүгін бір оқиыс оқиғаның боларын іштей сезгендей киіз үйлерінің ішінде түннің бір мезгіліне дейін ұйқтамай сергек отырған. Сезгендеріндей кийіз үйлі ауылдың төңірегінен алып жыртқыштардың дауыстары естіле бастады. Екеуі дереу сыртқа шығып, арнайы дыбыстарымен қауым адамдарына белгі берді. Олар түнгі ұйқыларынан селт-селт оянып, қолдарына бір-бір күрзі іспетті құралдарын алып ауыл ортасындағы алаңға тез жиналған. Мұндай ұйымшылдық қауым адамдарында бұрыннан, таудағы үңгірлерді паналап жүрген кездерінде қалыптасқан. Тек тау баурайындағы осы жазыққа киіз үйлі ауыл болып қоныс тепкелі жыртқыштар шабуылы сирегендей еді.
Енді алып Жарқанат тәрізділер шабуылға көшкен. Тау аңғарларында адамсыз қалғандай болған алып Жарқанат тәрізділер түн тыныштығында қауым адамдарының киіз үйлі ауылына қарай бет қойған. Көздері күндіз жасқы көрмейтіндіктен осындай мезгілінде шығады азықтарын іздеуге. Тобымен аспанды бұлт торлағандай қарайтып, төмендеп ұшып келеді де, көрген малын қарымды өткір тырнақтарымен қармап алып, қайта ұшып кетеді. Олардың мұндай қауіпті әркеттері бүгінде тек қауым адамдары ғана емес, ғарышкерлерге де жақсы белгілі.
Алып Жарқанат тәрізділер ауыл аймаған торлаған кезде қауым адамдары қолдарындағы күрзі іспетті құралдарын оң қолдарына ұстай жоғары көтере айғайлай әрі де, бері де жүгірді. Біраздары қос қолдарына қыса ұстаған даңғыраларын қақты. Кейбіреулері оң қолдарымен жерден тас алып, аспанды торлаған алып Жарқанат тәрізділерге қарай лақтыруда. Олар қауым адамдарына тансық емес. Ал бұл жолы олардан қауым адамдарының ешқайсысы да қорыққан жоқ. Оған бір себеп, киіз үйлердің іштерінде жанып тұрған шамдар еді. Сол жарыққа көздері шағылысқан алып Жарқанат тәрізділер сәлден соң-ақ дұрыс ұша да, дұрыс бағдар ала да алмай қалбалақтады. Бір бірімен соқтығысып, қатты жарақаттанды. Кейбіреуі ғаламшар бетіне құлап түсіп жатты. Бұл соқтығысулары бір жағынан қорқынышты да еді. Енді бірі киіз үйлердің жанына топ етіп түсіп, шамалы тыныш жатып, есіне келіп, қайта ұшып кетіп жатыр.
222
Ондай сәттерде қауым адамдарының батылдары қолдарына ұстаған жуан-жуан ағаштарымен алып Жарқанат тәрізділерді соғып-соғып алады. Байқамаса, олар адамның өзін де жеуден тайынбайды. Таудағы үңігірлерінде тұүрғанда қауым адамдарының біразы оларға жем болған. Сол ыза-кек қауым адамдарын ерекше батылдандырып, жігерлендіріп те жіберген. Оларға ғарышкерлер берген қолшамдар да көмек берді. Көздері жарық сәуледен шағылысқан алып Жарқанат тәрізділер көп нәсрені көрмей де қалады. Сөйтіп, бұл ж олы алып Жарқанат тәрізіждео аяқтарының қарымды тырнақтарына да, өткір имек тұмсықтарына да ештеме іле алмады. Жарық сәулесіне көздері шағылысып, қалай қарай ұшарларын да білмеген. Сондай сәттерін пайдаланған қауым адамдарының кейбірі олардың бірнешеуін сойылға да жықты.
Осындай арпалыспен жүріп қауым адамдары таңның атып қалғанын да байқамаған. Ғаламшардың өз осіндегі тәуіліктік айналысы он тоғыз сағатты құрайтын болғандықтан уақыт осылай тез өткен. Шығыс көкжиек аспаны қызыл түске бояла бергенде алып Жарқанаттар шабуылдарын тоқтатып, қатты шаңқ-шаңқ етіп, алапат қанаттарын қағып,өағып, ғаламшар бетіндегі не барды қозғай әуеге көтеріліп, топ-тобымен тауға қарай ұша жөнелді. Қауым адамдары бұл қатерлі шабуылдан құтылғандарына іштей қуанып, тыныштыққа бет ала бастаған еді.
Енді жазық жақтан бір топ алып бауырымен жорғалаушылар келіп жетті. Қауым адамдары қашлжырағандарына қарамастан тағы да дауыс шығарып, шулап, қолдарына бір-бір ұшы істік темір найзаларын алып, бауырымен жорғалаушыларды шаншуға ұүмтылды. Осы кезде ірі денелі ер кісі мен әйел кісі оны көріп шыдап тұра алмады. Дереу ғарышкерлердің киіз үйлеріне жүгіріп жетіп, Дастанды оятты. Ол қалған ғарышкерлерге хабарлады. Бәрі тез-тез комбинезондарын киіп, жасанды қос қанаттарын қағып, аспанға көтеріілді. Оны көрген алып бауырымен жорғалаушылар кәдімігдей сескеніп қалды. Біразы аспанға қарап, ғарышкерлерге қарай секіре ұмтылмақ та болды. Бірақ ол әрекеттерінен ештеме шығара алмады. Ал қауым адамдары алып бауырымен жорғалаушылар аспанға қарап, алаңдап тұрғанда қолдарындағы үшы істік темір найзаларымен шаншып-шаншып та үлгерді. Алыптардың біразы кейін қарай қашты. Денесіне темір найзаның ұшы қадалғандары қансырап, әлсіреп, бастарын олай да,былай да
223
бұлғап, жан тәсілім етіп жатты. Ғарышкерлер қашпағандарының үстерінен олай бір, былай бір ұшып өтіп, бастарын айналдырды. Қатты сасқандары келген жақтарына қарай жорғалап ала жөнелді.
Ғарышкерлер һздерінің бұл әрекеттерінен осындай жақсы нәтиже шыққанына қуанды. Алып бауырымен жорғалушылар зым-зия болған соң қауым адамдарымен қауышып, болған оқиғаны әңгімеледі. Ғарышкерлер анадай жерде дөңкиіп-дөңкиіп өліп жатқан алып бауырымен жорғалаушылардың түр-түрпаттарын анықтап көріп алды. Өздерінің болжамдарынша, алып Жарқанат тәрізлілер де, алып бауырымен жорғалаушылар да бұл ғаламшарда азайған. Енді біраз жылдардан соң олар мүлдем жойылмақ. Жаңағы шабуыл жасағандары солардың соңғы ұрпақтары. Шығыс көкжиектен Жұлдыз көтеріліп, айнала төңіректегі тірішілік жандана бастаған кезде ғарышкерлер алып бауырымен жорғалаушылардың өлі денелерін анықтап суретке, бейнеге түсіріп алды. Содан кейін қауым адамдарының білекті жас жігіттері ол өліктерді алысқа апарып, сай ішіне көміп тастады.
Сөйтіп, қауым адамдарының киіз үйлі ауылында тыныштық орнады. Олар ғарышкерлерге мол алғыстарын білдірді. Ғарышкерлер сырттан келетін қауіп-қатер тоқтаса да, күні бойы қауым адамдарының жанында жүрді. Оларға мұндай қатерлерден қалай қорғану керек екені жөнінде ақыл-кеңестер берді. Қанша азайды десе де, алыптардың осылай күтпеген жерден шабуыл жасайтыны белгілі. Мұндай қатер кезінде не істеу керек екенін ғарышкерлердің өздері де қауым адамдарынан үйренген. Енді бұрынғыдай үп еткен желден, суықтан қорқатын ғарышкерлер жоқ. Денелері өскен, шираған. Кез келген алып жыртқышпен қауым адамдары сияқты қолына түскен қаруымен айқаса кететеін күштері бар. Бұл ғаламшардағы сафй таза ауа, таза су мен таза ас өздеріне осындай күш берген.
Қауым адамдары да күн өткен сайын өздеріне бауыр басып келеді. Өздерінен кіші, жас екендеріне көңіл аударған емес. Білімдері мол, өмірден алған тәжірибелері көп, тапқыр болса, неге ақыл санамасқа. Дана қазақ: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деп бекер айта ма. Түндегі алып Жарқанат тәрізділер мен таң алдындағы алып бауырымен жорғалаушылар шабуылынан кейін сыйластық қатынастары күшейе түскен. Жиі-жиі араласып-құраласып, бір бірінен көптеген тәірибе алысты. Осындай араласу барысында Дастан алдағы уақытта ғаламшар
224
төңірегінде айналып ұшып, өздерін «күтіп» жүрген жұлдызаралық кемелерінің негізгі бөлігіне алып Қанатты айдаһармен ұшып жетуге әрекет жасайтындарын жасырмай айтқан. Ол ниеттерін ірі денелі ер кісі мен әйел кісі де, барлық қауым адамдары да қолдады. Ақ тілектерін айтып, қолдарынан келгоен көмектеріен аямайтындарын білдірген.
Ғарышкерлер бұл күндері қауым адамдарымен әдеттегілерінен жиі араласты. Оларға өздерінің көптеген заттары мен құралдарын сыйға тартты. Оларды қалай пайдалану керек екенін көрсетті, үйретті. Қауым адамдары аз ғана уақыттың ішінде мәдени дамудың біршама сатысына көтерілді. Енді олар мектеп оқушысы дәрежесінде білімді, Ғалам құрылымы жөнінен толық хабардар. Үш киіз үйлері де, бір кісілік барлаушы кемелері де соларға қалмақ. Ол кемелермен қалай ұшуды, ғаламшар бетіне қалай қонуды да үйренген. Қауым адамдарын осындай дәрежеге жеткізген соң ғарышкерлер көңілдерін орнықтырып, таудың биік жартасындағы үлкен үңгір ішінде қысқы ұйқысына дайындалып жатқан алып Қанатты айдаһарға жетуіе асыққан.
Жалғасым
Ғарышкерлер алып Қанатты айдаһармен он бір шақырым биікке дейін ұшып көтерілудің жоспарын жасаған. Бұл ең шешуші, ең қажетті жоспар еді. Бұл жолы алып Қанатты айдаһар он бір шақырым биікке дейін ұшып көтеріле алмаса, осы кезжге дейін жасаған істері мен әрекеттерінің зая кеткені. Оны бәрі де ойлаған. Сонда да алған бағыттарынан қайтпаған. Бүгін кешке қауым адамдарын киіз үйлерін шақырып, түні бойы кең дастархан басында бірге дәм татып, әңгімелесіп, көп нәрсені түсіндірді. Таң ата олармен жылы қоштасып, кийіз үйлі ауылына шығарып салды. Соң өздерінің істеріне кірісіп кеткен. Кең дастархандары сол жайылған күйінде, үстіндегі дәмдер сол қалпында қалған. Бұл өздері аттанып кеткеннен кейін де қауым адамдарының мұнда келіп, осы кең дастаханннан емін-еркін дәм татып жүрулеріне жасалған ниет еді. Бұл киіз үйлер де,бір кісілік алты барлаушы кеме мен тор қоршаудағы ірілі-ұсақты жануарлар, құстар да өздері аттанып кеткеннен кейін солардыкі болмақ.
Айнала толық жарықтанып, шығыс көкжиектен Жұлдыз көтерілген бойда жылы киініп, таудың биік жартасындағы үлкен
225
үңгірге ұшып жетті қос қанаттарымен. Ішіне кіріп, алып Қанатты айдаһардың жай-күйін тексерді. Алып барған мал еттері мен су берді. Ол қолға үйренген Түйедей жуасып қалған. Етті жеді, суды ішті. Кәдімгідей тыңайып қалған. Дастан сол қолына ұстаған «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бірнеше түймені нұқып, алыптың оған бағына қозғалуын тексерді. Бәрі ойдағыдай. Тек енді ол өздерін он бір шақырым биікке дейін ұшып көтеріп жеткізе алса. Бұл жөнінде өздерінің арасында неше рет дау туындағаны белгілі. Алып Қанатты айдаһардың арқа-жонына отырып, екі рет биікке көтерлід. Бірақ ол өздері көздеген биікке ұшып көтеріле алмады. Енді бұл әрекет өздерінің бұл ғаламшарда біржолата қалатын-қалмайтындарын шешпек. Қанша сәтсіз болса да, ғарышкерлер сол екі сынақтан кәдімгідей тәжірибе алған. Алып Қанатты айдаһар да биікте ұшуға қалыптасып қалған.
Енді осыншама алып, денесі жылтыр, суық алып Қанатты айдаһар өздеріне бір жанашыр жандай болып көрінген ғарышкерлерге. Дастан оны мінер тұлпардай көргендей жақындап барып, оң қолының алақанымен денесін сипап қойды. Ол артық қозғалыс жасамады, артық дыбыс шығармады. Тап бір ғарышкерлерге бауыр басып қалған жануардай тып-тыныш жатты. Дастан осыған көз жеткізген соң үлкен үңгірдің ернеуіне шығып, дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс құралын іске қосты. Соның артынша оның экранынан ғаламшар төңірегіндегі өздерін көптен бері «күтіп»,айналып ұшып жүрген жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігін басқарып жүрген бас биотұлғаның бкейнесі көрінді.
- Жұлдызаралық кемедегі күрделі жүйелердің жұмысы қалай ? – деді сол замат Дастан.
- Бәрі жақсы! – деп жылдам жауап қатты бас биотұлға өздерін сағынып қалғандай.
- Жұлдызаралық кеменің бауырындағы қонатын бөлікті ғаламшар бетіне қарай түсіріп, желмен қайта сорып алатын қақпа жүйелері қалпында ма? – деді Дастан да енді жылдам сөйлеп.
- Қалпында! – деп қысқа жауап берді бас биотұлға.
- Ендеше, бізді күтіңдер! Менің айтуым бойынша жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігін ғаламшар бетіне он бір шгақырым қалғанға дейін төмендететін болыңдар! Тек уақыт жоғалтушы болмаңдар! – деді Дастан толқи сөйлеп.
226
- Түсіндім! Біз сіздерді жұлдызаралық кемеге алуға дайын тұрамыз! – деді бас биотұлға сенімді сөйлеп.
Дастан осыны айтып болғанда әдеттегідей жартаспен өрмелеп ірі денелі ер кісі мен әйел кісі келіп жетті. Екеуі де кәдімгідей толқып тұр. Оны көрген ғарышкер қыздар аяп та кетті. Қанша дегенмен де ол екеуі ғарышкерлерге ата-әжелеріндей болып кеткен еді осы уақыттың і ішінде.
- Енді аттанасыздар ғой, - деді ірі денелі ер кісі Дастанға қадала қарап тұрып, - сәт сапар тілеймін!
- сапарларыңыз оң болсын! – деді ірі денелі әйел кісі алғаш рет көз шараларына ыстық жас үйіріп.
Мұнысына шыдамаған үш қыз әйел кісіні қоршай құшақтай алды. Ірі денелі ер кісі Дастанмен, Рауан, Сұлтанғазымен қол қысып қоштасты.
Жай күндердегі уақытша қоштасқандары ештеме емес екен, мына сәтте қай қайсысының да жүректері сыздаған. Дастан қанша дегемен басшы болған соң көз шараларына келіп тығылған ыстық жасын тұрғандарға көрсетпей теріс айналды. Ал қыздар жағының толқыныстары мен көз жастарына сөз жоқ. Үшеуі де көз шараларындағы ыстық жастарын сол қолдарының сүйріктей-сүйріктей саусақтарымен сүртіп-сүтіп қояды. Сөйлей алмайды. Сол кезде биік жартастың төменгі жағынан қауым адамдарының дауыстары естілді. Олар да алқына жүгіріп жеткен екен. Оң қолдарын жоғары көтере бұлғап, әлденелерді дауыстап айтып тұр. Бәрі де толқулы. Бұл көрініс ғарышкерлерді тпіті де толқытып жіберген. Енді амал қанша, адам баласы да, өзге күллі тірішілік иелері де уақытқа бағынады. Дастан сол қолының білегіндегі қимылға сай тоқтаусыз жүретін сағатына қарады. Аттанатын уақыттың келген. Оны осы үлкен үңгірдің ертеуіндегі алаңда тұрғанда рда, сонау төменде тұрғандар да түсінді. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі ғарышкерлермен тағы бір қоштасып, үңгір ернеуінің екі қапталына тұра-тұра қалды.
Ғарышкерлер үңгір ішіне қайта кіріп, сыртқа қарап жатқан алып Қанатты айдаһардың арқа-жонына мінді. Арқаларындағы айналдырғыштарын тексеріп алды. Содан соң Дастан сол қолындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен қажетті деген түймені нұқыды. Ол Нар түйедеі ілгері-кейінді теңселе қозғкалып, кеудесін көтерді. Батпан аяқтарымен үңгір еденіндегі майда тастарды баса ілгері қарай жүріп барып,
227
сыртқа шыққан бойда ққос қанатын екі жаққа қарай жайып жіберіп, қалықтап ұша жөнелді. Үңгір ернеуіндегі ірі денелі ер кісі де, әйел кісі де, төмендегі қауым адамдары да қос қолдарын бұлғап қала берді.
Дастан сол қолының алақанына қыса ұстаған «Нейро» құралына қадала қарап, оң қолының сұқ саусағымен қажетті деген түймелерін басып, алып Қанатты айдаһарды өздері мекен еткен аймақтың төңірегінде қоштасу есебінде бірнеше рет айналдырып ұшырып барып, жоғары қарай өрлете берді. Биіктеген сайын тау аңғарлары, сай-сала, орман мен жазық дала, көл аймағы ерекше ыстық көрініп, төменде қалды. Ғарышкерлер үнсіз. Бәрі де іштей алып Қанатты айдаһардың он бір шақырым биіктікке дейін ұшып көтерілшгенін қалап отыр. Дастан енді ширақ қозғалып, дулығасының маңдайшасындағы экранды бейнебайланыс жүйесін кіске қосты да:
- Бас биотұлға! Мені көріп тыңдап тұрсың ба? – деді экранға көздерін қадап.
- Көріп, тыңдап тұрмын! – деді сол замат жұлдызаралықы кеменің негізгі бөліігін басқарып ұшырып отырған бас биотұлға.
- Біз ғаламшар бетінен алып Қанатты айдаһармен ұшып көтеріліп келеміз! Жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігін он бір шақырымға дейін төмендетіңдер! Бізге жақындаған бойда бауырындағы қақпаны ашып, желмен соратын жүйелерді іске қосыңдар! – деді.
- Дәл солай болады! – деп жауап берді бас биотұлға.
Дастан сонда да алаңдаумен отырды. Алып Қанатты айдаһар көтеріліп келеді. Көтерілген сайын алқынысы жиілей берген. Оны көрген қыздардың бойларын үрей билей бастаған. Тек тіл қатпайды. Мұндай сәтте сөйлеуге болмайтынын түсінгені. Бірдеме айтса, мына астарындағы алып Қанатты айдаһар оқыс қозғалып кететіндей болады. Бар жақсылықты іштерінен тілейді. Өткендегі сәтсіздіктерін естеріне алғылары келмейді. Дастан аспанға жиі-жиі көз тастайды. Дегенмен. Алып Қанатты айдаһар он шақырым биіктікке көтеріліп қалған.
- Сапарлас достар, көңіл-күйлерің қалай? Неге үнсіз қалдыңдар? - Дастан сапарлас достарын сергітпек мақсатпен.
- Е-е, мына астымыздағы алып Қанатты айдаһардың биікке қарай көтерілуіне кедергі жасайық деп тыныш отырмыз да, - деді Рауан салдарлы сөйлеп.
228
- Не айтамыз, мұның осылай көтеріле ұша беруін іштей тілеп отырмыз ғой, - деп Сұлтанғазы алыптың басына бір қарап алды.
- Айтпақшы, Гүлболсын, осы ғаламшарға келгелі бері жинаған өсімдіктеріңнің үлгілерін алып шықтың ба? – деді Дастан соның артынша Гүлболсынның үрейлі жүзіне қарап.
- Қайдағы өсімдік? – деп елең етті Гүлболсын, - қазір бізге мына астымыздағы алып Қанатты айдаһармен жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне көтеріле ұшып жету зәру Ғой!
Дастан басын изеп, сол қолының алақанына қыса ұстаған «Нейро» құралына бір қарап қойды. Осы кезде алып Қанатты айдаһардың жай-күйі де қиындай бастағандай көрінген. Ауызын қатты ашып, жиі-жиі демалады. Көздері бақырайған қалпы. Қанаттарын қағуын да сирете бергендей. Жылтыр денесі мұзданып, онан сайын тайғақтанып кеткен. Ғарышкерлер бір бірімен қолдарымен ұстасып, шыдап отыр. Қанша жыол киінсе де, суық бойларын ала бастаған. Соңғы әрекеттері болғандықтан шыдауларына тура келеді. Бір жақсысы, алып Қанатты айдаһар суыққа төзіп, бірте-бірте жоғарылап барады. Жоғарылаған сайын Дастан дулығасының маңдайшасындағы шағын бейнебайланыс экранынандағы цифрларға қадала қарайды. Осы кезде шыдамаған Рауан шақырымды санай бастады.
- Он шақырым биіктікке көтерілдік! – деді ол дулығасының ішіндегі дыбыс алғышына дауыстап.
- Көріп отырмын! – деді Дастанр, - енді бір шақырым...
Осы кезде жоғары тұстан алапат жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігі көрінді. Бәрі жоғары қараған. Қатты шалқайыңқырап кеткен Құралай сәл болмағанда алып Қанатты айдаһардың мұзданған жылты денесінен сырғып, ғаламшарға қарай құлай жаздап:
- Ай, апа! – деп айғайлап та жіберді.
Оны Сұлтанғазы екі қолымен қапсыра құшақтай өзіне тартып, ұстап қалды. Дастан сол кезде сол қолындағы «Нейро» құралының қажет деген тағы бір түймесін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қойып жоғары қарады. Алып Қанатты айдаһар тағы да жоғары көтерілді. Жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігі төмендеді. Ғарышкерлер енді қолдарымен мықтылап ұстасып алған. Алып Қанатты айдаһардың денесі мұзданып, қақтаған еттей болып қалған. Сонда да жоғарылап барады. Қанша санасыз мақұлық
229
болса да, ғарышкерлердің алға қойған мақсаттарының орындалуына көмектескісі келгендей тырысады.
- Жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіне жетуімізге үш жүз метр ғана қалды! – деп дауыстады бейнебайланыс жүйесі арқылы Рауан.
- Көріп отырмын! Арқаларыңдағы айналдырғыштарыңмен тік жоғары қарай ұшуға дайын отырыңдар!
- Алып Қанатты айдаһарға қараңдаршы?! – деп дауыстап жылап жіберді сол кезде Құралай бейнебайланыс жүйесінде, - әлсіреп барады! Енді сәлден соң мұнымен бірге ғаламшар бетіне қарай құлайтын шығармыз!
- Алып қанатты айдаһар шынымен әлсіреді, Дастан! Енді не істедік! – деп дулығасы ішіндегі бейнебайланыс жүйесі арқылы Гүлболсын да дауыстады.
- Қайта құлайтын болдық! Бұл өмірде маңдайымызға бұл ғаламшардан біржолата кету жазылмаған шығар өзі!- деп деп дауыстап жылап жіберді Сәндіай да.
Дастан мұның бәрін анық естіп, дулығасының маңдайшасындағы шағын экраннан көріп отырса да үндемеді. Не десін. Бар қиналысы ішінде. Екі көзі экрандағы баяу өзгеріп жатқан цифрларда. Сәлден соң Дастаннның өзі де шыдамай дулығасының ішіндегі дыбыс алғышқа:
- Жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігіні жетуімізге небәрі елі метр қалды! – деп дауыстады.
Бұл сөздерін түсіне қойғандай алып Қанатты айдаһар қозғалақтап, жоғарылай берді. Бірақ ол әрекеті көпке ұзамады. Қатты әлсіреп, қанаттарын қағудан да қалды. Дастан не істерін білмей тыпыршып кетті. Жоғарыға қарады да дулығасының ішіндегі бейнебайланыс жүйесі арқылы жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігіндегі оны басқарушы бас биотұлғаға:
- Жұлдызаралық кеменің негізгі оөлігін әлі де төмендете ұшыр! – деп дауыстады.
Қалғандар бір бірімен қолдарымен мықтылоап ұстасып, тілге келмей, ғаламшарға қарай құлауларын күткендей үнсіз отыр. Қыздардың болса да жылауға да шамалары келмей денелері дір-дір етеді. «Мына астарындағы алып Қанатты айдаһармен жоғарыдағы жұлдызаралық кемеге жетеміз» деген үміттері үзілген де сияқты. Оның жағдай енді минут емес, секунд сайын қиындай берген. Оны көрген Құралай тағы да шыдамай:
230
- Бітті! Болды Алып Қанатты айдаһар өлді! Енді ғаламшар бетіне құлаймыз! – деп жылай дауыстады бейнебайлаеныс жүйесі арқалы.
Одан кейін қалған екі қыз да үзілген үміттерін жасыра алмаған. Дастан сасқанынан сол қолындағы «Нейро» құралының тақтасынан оң қолының сұқ саусағымен бірнеше түймені нұқыды. Ештеме шығар емес. Қанша алып, күшті, суыққа төзімді болса да алып Қанатты айдаһар да шынымен әлсіреген. Шамалыдан соң ол екі қанатын екі жаққа жайған бойы қозғалысыыз қалықтады. Дастан мұны көрісімен жағдайдың соңғы нүктесіне жеткенін түсінді.
- Сапарлас достар! – деді дулығасының ішіндегі дыбыс алғышқа, - мені мұқият тыңдаңдар! Алып Қанатты айдаһардың күші бітті! Енді бірнеше минут кешіксек, мұнымен бірге ғаламшар бетіне құлаймыз! Жоғарыдағы жұлдызаралық кемеміздің негізгі бөлігін бұдан бері төмендетуге болмайды! Төмендесе, мына ғаламшардың тартылыс өрісін жеңіп қайта көтерілуі қиынға соғады! Сондықтан арқаларыңдағы айналдырғыштарыңды тікейтіп, іске қосыңдар! Жұлдызаралық кеменің негіжгі бөлігінің бауырындағы ашылған қақпаға қарай тік ұшамыз! Оның сору желі де көмектесер көтерілуімізге!
- Түсіндім! Мен арқамдағы айналдырғышымды іске қостым! - деді сол замат бейнебайлныс жүйесі арқылы Рауан.
- Мен де! – деді Сұттанғазы.
- Мен де! – деді Гүлболсын.
- Мен де! – деді Сәндіай.
- Мен де! – деді Құралай.
- Ал, қол ұстасайық! – деді Дастан.
Бәрі оң қолдарын бір біріне созып, мықтылап ұстасып, жоғары қарай ұша жөнелді. Тұлла бойы қақталған алып балық етіндей болып қалған алып Қанатты айдаһар жүктен босап, өзінше бөлектеніп қала берді. Оның ендігі түр-тұрпаты адам көргісіз еді. Ғарышкерлер жоғары қарай ұшып көтеріліп бара жатып оған бір-бір қарап үлгерген. Дастан болса жұлдызаралық кеменің негізгі бқлігін басқарушы бас биотүұлғамен жиі-жиі сөйлесуде. Шамалыдан соң бас биотұлға кеменің сору желін іске қосты. Соның көмегімен тұла бойлары мұздап, қозғалуға шамалары келмей қалған ғарышкерлер жұлдызаралық кеменің негізгі бөлігінң ашық тұрған қақпасы арқылы ішіне еніп кетті. Қақпа тез
231
жабылды. Іште тыныштық орнады. Ғарышкерлер еденде сылқ-сылқ отырып қалған. Өз көздеріне сенер емес. Бәр ді һң мен түстің арасында өткендей.
Сәлден соң жан-жақтарынан жылы жел соқты. Шамдары жанды. Ғарышкерлер естерін жинай бастады. Отырған орындарынан тұрып, жұлдызаралық кеменің басқы бөлігіне қарай асықты. Бас биотұлға пневмокөлікті дайындап қойған екен. Бәрі соған мінді. Қанша темірден жаралған болса да, биотұлға бәрін де сезетіндей. Басқы бөлімге жеткен бойда өзді өздді орындарына отыра-отыра кеткен. Әлі де ө көздеріне өздері сенер емес. Қуаныштарында шек жоқ. Қыздар болса да қуаныштан көз жастарын тыя алар емес. Дастан өз орнына отырған бойда алдындағы экранды тақтадан қажетті деген түймелерді екі қолының саусақтарымен жылдам-жылдам басып, кеменің ішкі-сыртқы жағдайларын тез тексеріп шықты. Бәрі қалпында екен. Бас биотұлға жанына тұра қалып, өздері жоқ кезде не жағдайлар болғанын сарнап баяндауда. Бәрі оның айтқан сөздерін мұқият тыңдап отыр. Барлық жұмысты осылай мұқият атқарып, өздерін кемеге енгізіп алған бас биотұлға енді ғарышкерлерге тірі адамдай ыстық көрініп кеткен.
Осылай қалыптасқанша жұлдызаралық кеме ғаламшарды бір айналып ұшып өтті. Бәрі алдарындағы үлкен дөңгелек терезеден төменге үңілген. Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана ғаламшар бетінде еді бәрі. Енді түс көргендей отыр. Өздері қонатын бөікпен қонған тау аңғары да, орман мен жазық та ап-анық көрінеді көдеріне. Сол көріністерден өздері киіз үйлерін тіккен аңғар іші, орман іші мен тау баурайындағы жазық ерекше ыстық. Соңғы болған жерлеріндегі киіз үйлеріне көрші қоныстанған қауым адамдарының киіз үйлері де аспандағы Жұлдыдың сәулесіне шағылысып, ерекше көз тартады. Ғаламшардың ендігі иелері, қауым адамдары өз тірішілікерін кешуде. Ірі денелі ер кісі мен әйел кісі әлі де өздерін қимағандай оң қолдары алақандары қырымен көз алдарына көлегейлеп, аспанға жиі-жиі қарайды. Басқалары да ара-тұра көз тастайды. Мұны көргенде ғарышкерлер қатты толқыды.
- Бізді осы жұлдызаралық кемемізге көтеріп ұшып жеткізген алып Қанатты айдаһарымыз қайда? - деді осы кезде оған бауыр басқандай болған Гүлболсын.
232
- Таудың биік жартасындағы үлкен үңгірінде болар? – деді оған бұрыла қараған Сұлтанғазы.
Осы сөзді естіісімен Дастан алдындағы тақтадан екі қолының саусақтарымен тағы бірнеше түймелерді нұқыды. Экраннан ғаламшардың өздері көздеген аймақтары алақандарындағыдай анық көріне берді. Таудың биік жартасындағы үлкен үңгірден алып Қанатты айдаһар көрінбеді. Содан экрандағы көрініс жылжи-жылжи тау баурайындағы жазықты, орманды, аңар ішін қамтыды. Алып Қанатты айдаһар көрінбеді. Дастан экрандағы көріністерді өздерінің қонатын бөліктерін жұтып, оның қозғалтқыштарындағы ядеролық қозғалтқышындағы радиациядан мерт болған алып Қанатты айдаһардың қаңқа-сүйегі жатқан жазыққа қарай жылжыта берді. Сол мезетте:
- Әне, анасының қаңқа-сүйегінің жанында жатыр! – деп дауыстап қалды осы кезде Құралай.
- Бізді мына жұлдызаралық кемемізге жеткізіп салып, өзі анасының жанына мәңгілікке жатқан екен ғой! – деп Сәндіай көз шараларына ыстық жас үйірді.
- Анасының қателігін жуып-шайғаны ғой, мұнысы! – деп Гүлжан да кемсеңдеді.
- Өзі алып, түсі суық Қанатты айдаһар да ақылы болады екен-ау! - деп жеңіл күрсінді Сұлтанғазы.
- Е-е, бұл жарық дүниедегі барлық тірішілік иелері сезімтал ғой, - деді Рауан ғаламшар жазығындағы қосарланып жатқан екі алып Қанатты айдаһардан көзін алмай сөйлеп, - ал сырт қарағанда олардың бәрі де ештемені сезбейтіндей көрінеді.
- Ал мен бұл алып Қанатты айдаһардың бізге осылай бір жақсылық жасайтынын сезгенмін! – деді Дастан.
- Бұл тапқырлығың мен батылдығыңа еш дауымыз жоқ! – деп оған көз қиығын сала қарады Гүлболсын.
- Осыдан аман-есен Жерімізге, Қазақ елімізге жетсек, бұл алып Қанатты айдаһарға ескерткіш орнатамыз! – деді Дастан.
- Оның суреттері мен бейнеге түсірлген тірі бейнесін дүйім халыққа көрсетеміз! – деді Сұлтанғазы толқынысты үнмен.
- Бұл ешқандай алып Қанатты айдаһар емес, Жалғасым! – деді көз шараларындағы ыстық жасынан қалған тамшыларын сол қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен еппен ғана сүртіп алған Құралай.
233
- Жалғасым! Мұның оған нағыз лайықты ат екен! – деді Сұлтанғазы оған мейірлене қарап.
- Иә, оны енді Жалғасым деп атайық! Ол бізді ғаламшардан осы жұлдызаралық кемемен жалғастырды емес пе?
- Өте дұрыс атадың Құралай, - деді Дастан оны қолдай сөйліп, - өзі де солай ғой
- Тек өзінің біздің тағдырымыз үшін мерт болғаны аянышты! – деп Гүлжан төменге қарап көз шараларына тағы жас алды.
Бәрі бір сәтке үнсіз қалған. Бұл өздерінің алып Қанатты айдаһарларға соңғы рет құрмет көрсету рәсімдері еді. «Бір қуанышқа бір өкініш» деген осы болса керек. Енді қайта тірілер алып Қанатты айдаөар жоқ. Естеріне сақтау ғана қалған. Уақыт болса зырғып өтіп жатыр. Жұлдызаралық сапарда әрбір минут қымбат. Дастан басын көтеріп алып, жанындағы Сұлтанғазыға қараған. Ол мән-жайды түсіне қойды. Жердегі Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағындағылармен бейнебайланысқа көшті.
- Біз сіздермен көптен бері бейнебайланыс ұстай алмай жүр едік, - деді қатты толқи сөйлеген Қалымбет Жарылқасынұрпағы есімді жас жігіт, - не жағдай болып еді сіздерге?
- Ол ұзақ әңгіме, - деп жауап қайырды Дастан қатты толқынысын білдірмеуге тырысып, - мына жұлдзыаралық кемемізбен аман-есен ұшып жеткен соң бәрін де айтмаыз.
- Қазақ елі сіздерді асыға күтеді, - деді Қалымбет, - жұлдзаралық сапарларыңыз оң болсын!
- Ақ тілектеріңізге мол алғыстымыз! – деді Дастан, - аман-есен жетіп, қауышқанша күн жақсы болсын!
Бейнебайланыс осымен тоқтады. Басқы бөлім ішінде тыныштық орнаған. Бәрі үнсіз. Өткенді көз алдарына елестетеді. Ғаламшардағы қауым адамдарына да бауыр басып қалыпты. Олардың болашағын да ойлап қояды іштерінен ғарышкерлер. Амал қанша, саналы адам баласының бұл жрақ дүниедегі тірішілік әрекеті осындай кездеу, танысу, бауыр басу мен қоштасу, қайта кездесуден тұрады. Өмір сонысымен қыықты. Шамалы уақыт өткенде бәрі алдарындағы үлкен дөңгелек терезеден ғаламшар бетіне соңғы рет қарады. Содан соң Дастан:
- Ал, сапарлас достар! Енді Жер ғаламшарымызға қарай тартаайық! – деді көңілді күйде.
Валерий жұлдызаралық кемеге от қосты. Ол ғаламшарды үш рет айналып ұшып өтіп, Күн жүйесіне қарай бет түзеді. Уақыт
234
санап ұшу жылдамдығы арта берген. Ғарышкерлер енді бұрынғыдай емес, жұп-жұп болып орналасқан. Дастан мен Гүлболсын, Рауан мен Сәндіай, Сұлтанғазы мен Құралай қатар отыр.
- Е-е, адамзаттың дамуы да, көбейуі де өсімдік дәндерінің желмен ұшып, жаңа жерден орын алып, әрі қарай өсіп-өнгендей ғой өзі, - деп жеңіл күрсінді Рауан, - біз де сонау Күн жүйесіндегі Жер ғаламшарынан мына астымыздағы алапат жұлдызаралық кемемен ұшып келіп, мына ғаламшарға қаншама өзгеріс жасап кеттік!
- Жер ғаламшарымыздың ең алғашқы тұрғындарына да бір кездері осы біз сияқты өзге жұлдыз жүйесінен келген ғарышкерлердің ықпал етпегеніне кім кепіл? – деп Сәндіай Рауанға қарады.
- Е-е, кім біледі. Ықпал етсе, еткен шығар. Адам баласының аспанға ұшу жөніндегі ой-арманы содан туындан болар. Әуел баста.
Осыны айтып, Рауан жанында отырған Сәндіайдың қызға тән жұқалтаң қолынан ұстады. Қалғандар да осылай. Енді Жер ғалашарындағы Қазақ еліне бұл алапат жұлдызаралық кемемен ұшып жеткенше, үш жұп болып, отау тігіп, ұрпақты болмақ. Қазақ санын көбейтіп, Қазақ елін өрістетпек.
Соңы
235
«ЖАЛҒАСЫМ» ҚОЛЖАЗБАСЫ
236
237
238
239
240
241
242
243
244
245
246
247
248
249
250
251
252
253
МАЗМҰНЫ
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ ЖҮЙЕСІ ............................................................ 3
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҒАЛАМШАР ҚОЖАЙЫНДАРЫ ............................................... 68
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ЖАНДАНҒАН ӨМІР ................................................................... 130
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЖАЛҒАСЫМ ................................................................................ 185
«ЖАЛҒАСЫМ» ҚОЛЖАЗБАСЫ ................................. 235
254
ЖҮНІС САҚҰРПАҒЫ
КЕҢІСТІК КӨШПЕНДІЛЕРІ
15
ЖАЛҒАСЫМ
Авторлық серияның он бесінші ғылыми-болашақтық романы
Редакторы Тұраргүл Құсайынұрпағы
Суретші-дизайнерлері Жеңіс Қазанғапұрпағы, Дмитрий Гусев
Компьютерге өңдеп терген Жүніс Сақұрпағы
Әріп тазалығын тексерген Жаңыл Зейниұрпағы
Компьютерде беттеген Сергей Власов
Басуға 2022.11. 28. қол қойылды.
Қалыбы 60Х84 1/16. Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Таймс».
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 13,09. Есептікбаспа табағы 13,57.
Тапсырыс № 7521. Таралымы 500 дана.
«ИП Ильченко» баспаханасында басылып шығарылды
010000, Астана қаласы, Петров көшесі, 17.
Тел.: +7 (7172) 368 158

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры