Байланыс телефондары:
+7(701) 770-50-31
+7(7172) 53-05-41

КОСМОТАРИХ КУӘСІ

15 сентябрь 2020, Вторник
942
0

                            ЖҮНІС  САҚҰРПАҒЫ





                     КЕҢІСТІК  КӨШПЕНДІЛЕРІ



                                              8



                            КОСМОТАРИХ  КУӘСІ



Авторлық серияның  сегізінші ғылыми-болашақтық романы






                                           АСТАНА. 


                                           «Елорда»



                                                   2006


       ББК  84   Қаз 7-6

С  26



Сақұрпағы  Жүніс

С  26  Космотарих куәсі. Авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы  ғылыми-болашақтық  романдарының сегізіншісі. 

  • Астана, Елорда, 2006. – 264 бет. 


ISBN  9965-06-433-4


Қазақстанда авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдар жазуды алғаш бастаған белгілі жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының осы сериясымен бұдан бұрын «Тірішілік ұясы», «Борыш», «Шеңбердің түйісуі», «Көктен келген көшпенділер», «Марстан шыққан жаңғырық», «Қимайтын әлем», «Шолпанға көшкен ауыл» ғылыми-болашақтық романдары жарық көрген. 

       Қолыңыздағы «Космотарих куәсі» ғылыми-болашақтық романның журналдық нұсқасы мерзімді баспасөзде жарияланған, қазақ радиосынан оқылған. Мұнда бір топ қазақ ғалымдары Айдың солтүстік бүйіріндегі түбіне Күн сәулесі ешқашан түспейтін қазаншұңқырдағы мұз-тоңды арнайы техникалармен ерітіп аршу барысында күтпеген жерден динозаврдың мұз болып қатқан денесіне тап болады. Осы оқиға арқылы Жеріміздегі динозаврлардың не себепті жойылып кеткені ғылыми негізде  көркем  тілмен тартымды  суреттеледі.  

       Ғылыми-болашақтық романның шым-шытырық оқиғасы оқырманын Ай әлеміне , адамзаттың жарықн болашағына жетелейді. Адам баласының денсаулығы мен өмірін сақтау мен жалпы табиғатты қорғаудағы ғылыми идеясы кең ауқымды әрі әлем халқына ортақ.








       4702250201-381

С-------------------------------                                              ББК 84   Қаз  7-6


            450(05)-06


                                                                                  C  Cақұрпағы  Жүніс, 2006

ISBN 9965-06-433-4                                                 С «Елорда»,                 2006


                               БІРІНШІ   БӨЛІМ



                       ҚҰПИЯСЫ  МОЛ  ҚОЙНАУ



      Бұдан жүз миллион жылға жуық бұрын Жер ғаламшарының көптеген аймақтарында түрлі аса ірі тіршілік иелері жайлап жүрді.  Жер бетінде өзгеріс тоқтаған жоқ. Жанатаулардың жиі атқылаулары сол кездегі алып жыртқыштардың өмірлеріне қатер төндірумен болды. Оған қоса ауа-райының суыныуы, Күн жарқылының күшейуі баурымен жорғалаушылардың жойыла бастауына әкеліп соқты.  Кейбәірлерінің аяқтары бірте-бірте қысқарып,өздерінің пайда болған, шыққан ортасы теңізге оралды. Солардың бірі – ұрпағын тірі туатын балыщкесіртке – ихтиозаврлар еді. Бірақ Жердің белсенді өзгерістері олардың да тіршіліктерін  қысқартты.  Жанартау атқылаулары жиі болып жатты. Сондай бір ғаламат атқылаудың бірі алып кесірткелер ұялаған үңгірлі алып тасты ғарыш кеңістігіне шығарып жіберді...



Жаңа  құрам



   Жер ғаламшарының ежелгі әрі жалғыз серігі – Айға аттанатын уақыт жақын еді. Бүгінде Жер мен Айдың арасындағы жол – бір қала мен екінші қаланың арасындағы жолмен бірдей. Ғарышкер- ғалымдаросы кезге дейін Айдың талай аймақтарын шарлап-зерттеді. Онда бірнеше Ай қалашығы да орнаған. Сол қалашықта тұрған ғарышкер-ғалымдар өздеріне қажетті аймақтарды зерттеуде. Ай бетінде Жердегі дамыған түрлі елдердің қалашық-

тары,бұрғылау қондырғылары,жұлдызды әлемді көзбен бақылайтын расыт-

ханалары бар. Ай атмосферасыз болғандықтан онан жақын жұлдыздардың төңірегіндегі ғаламшарлар мен көрші жұлдызжүйелер ядроларының  деталь-

дары да жақсы бақыланады. Соның арқасында жұлдызды әлемнен құпиясы

мол қызықты ғаламшарлар да тіркелген.

   Ай бетінде қазақ расытханасы да бар еді. Оған ара-тұра арнайы зерттеуші-

Лер тобы жіберіліп тұрады. Зерттеушілер жылдап тұрады онда. Ай төбешіктерін үңгіштей салынған жылы тұрақтар бүгінде кейбір ғалымдар-

дың үйреншікті орындарына айналған. Олар үшін Ай көгінде алапат глобус-

тай болып,әрбір жиырма төрт сағатта ширегін өзгертіп тұратын Жер ғалам-

шары да таңсық емес.Айдың үстіндегі таула,қыраттар,ойпаттар мен жыралар ғалымдарға Жерддегі табиғат сияқтанып кеткен. Ондағы мақсат – Адың қой-

науынан тіршілікке қажетті құрамдарды іздеу. Ай топырағынан оттегінің мол

алынып жатқаны белгілі еді. Ал Айдың қойнауындағы суды бұрғылап шыға-

ру ісі ең басты нәрсе болатын.

   Осы мақсатпен құрылған жаңа құрам Ай бетіне Күн тас төбеде тұрған мез-

гілде қонды. Алапат кеме арқа жонындағы «Ай -108» деген жазуын Күн көзіне шағылыстыра бұрылып,белгілі алаңға қарай жайымен жылжып жықын-

дай берді. Іште отырғандардың көбі бұрын талай рет келгендіктен Айдын табиғатына зер сала қаран жоқ. Кеменнің толық тоқтап, есігінің ашылуын күтті. Кейбірі қатты шаршаған адамдай орындыққа шалқая түсіп, көзін тарс жұмып әлі отыр. Кеме бірте-бірте баяу жылжып, Ай үстіндегі қарсы алушы адмның көрсетуімен қажетті жерге жеткенде біреу ұстап қалғандай кілт тоқтады. Қатты гүріл сөнып, күрделі жүйелердің ызыңы ғана естіліп тұрды. Жерден келгендердің назарлары өнді қарсы алдарындағы үлкен таблоға ауған еді. Онда: «Қазақстан» базасына келдік. Мұнда қазір түс мезгілі. Қонған аумақтағы температура плюс жүз жиырма бес градус. Скафандрларыңыздың

саңылаусыздығын тексеріп алыңыздар. Сыртқа шығу басталады « деген қы-

зыл түсті жазу көрінді.

   Соның артынша ғарышкер ұшқыштар отыратын бөлім жақтан жас қыз са-

лонға енді. Ол ортадағы кең жолшамен жүріп өтіп,кімнің қандай дайындық-

та отырғанын байқады. Келгендердің бәрінің жәй жолаушылар емес,ғалым-

дар екені белгілі еді. Соған қарамастан,»Ай – 108» кемесі жайлы жасалған-

дықтан қарап шығудың артықтығы жоқ-тын.Жол серік қыз кейін қарай жүріп

өткеннен кейін таблоның астындағы үлкен экраннан оның бейнесі көрінді

де:

-Сапарымыз аяқталды! Хош-сау болыңыздар! – деп қайта ғайып болды.

Ғалымдар орындарынан тұрды. Оларды бастап алып келе жатқан белгілі

ғаламшар зертеуші Есеналы Мұхитұлы бірінші болып есікке жақындады.

Онан кейін химик Жадай Қазымбекұлы,физик Беркін Сәтбекұлы,палеонто-

лог Саматай Ыбырашұлы және басқалар шықты. Ай табиғаты әдеттегісінше

қараңғы жердегі қол шамының жарығы астында домаланған доп беті тәрізді

жылтырап көрінеді. Айнала көкжиек қара перде тұтқандай қап-қара. Төбе

тұстан Күн бажырайып тұр. Егер скафандр болмаса,Жерден келгендер де,

осында жүргендер де бір сәтке де шыдамай ұңғыдағы тұраққа қарай қашар еді. Келгендер асыққан жоқ. Өздерін қарсы алушылармен жылы амандасқан-

нан кейін қону алаңынан онша алыс емес,үлкен ұңғыға қарай жүрді. Орталық

үй соның астына орналасқан. Оның басты себебі – Ай атмосферасыз,жала-

ңаш. Аспаннан туралап келген кез-келген тас емін-еркін келіп бұрқ ете түсе-

ді. Жол-жөнекей үйкеліп,бытырап,лапылдап жойылмайды. Ал ол осы үйге

түссе адам өміріне қатер төндірмек. Сол үшін ұңғы жасалған.Сонымен бірге

Айдың майда тозаңдарынан шыланған лаймен қалың етіп сыланған. Ол күн-

дізгі аптап ыстық пен түнгі қақаған суықты бір дегеннен өткізіп жібермейді.

   Ал ұңғының ішіндегі көріністің жөні бір басқа. Оны кішігірім оранжереялы

ауыл десе де болады. Ұңғының екі қапталы кең дәліз болып келеді. Ол метро сияқты төмендеп кететіндіктен эскалатор да жасалған. Сол эскалатордың ортасында тізілген шамдар мен екі қапталындағы өсіп тұрған өсімдіктер 

Жерден келген адламның назарын бірден аударады. Өйткені Жер метроларында мұндай өсімдіктер жоқ. Ал Айдың мұндай үйлеріндегі әрбір 

бос орынға өсімдік өте қажет. Өсімдік бар жерде оттегі бар.

   Келгендер қарсы алушылардың көрсетуімен сол эскалаторға мінді. Тарты-

лыс өрісі Айдан алты есеге көп Жерден алғаш келгенде эскалатор үстімен

жүрудің өзі де қиындық тудырады. Сол үшін эскалатордың жылжымалы

тепкешегінің жанына орындықтар да қойылған. Текпешекте тұрып жылжы-

ғысы келмегендер соған отыра кетеді. Бірақ бұл жолғы келгендердің бұдан

да бұрын тәжірибесі болғандықтан ешкім де ол орындықтарға отырған жоқ.

Арнайы ұстағыштан ұстап,әңгімелесіп тұра берді. Әңгіменің де шыны шлем

ішіндегі радиобайланыс арқылы жүзеге асатыны белгілі. Соған қарамастан

әркім бір жаңалақты естігісі келгендей  шлем ішіндегі құлаққа ілеріне құ-

лақ қояды.

   Метроның тереңдігі аса көп емес-ті. Сондықтан да эскалатордың тепкешекті лентасы бірнеше есіктердің арнайы саңылауынан өткеннен

кейін  саябырсып барып тоқтады. Келгендер әрбір есік біткенді мұқият қа-

рап қояды. Эскалатордан түскеннен кейін бастаушы оңға қарай бұрылды.

Тағы  бір есік. Осыдан өткенде арғы жағы кең даладай болып көрінді. Екі

жақ  сыңсыған ағаш. Орта тұсында аллея. Әр дер,әр жерде жеке-жеке коттедж. Ұңғи ішіндегі шамдардың жарықтығы сондай,Жер ғаламшарында-

ғы күндізгі көріністі көзге елестетеді. Мұнда энергия көзінің негізінен Күн-

нен алынатыны белгілі. Ал мына ұңғының ішінде қосымша реакторлар да

бар.

   Ай бетіне алғаш қонғанда бейне бір вакуумды шыны ішіне түскендей сезін-

ген ғалымдар енді қайтадан абырлы-сабырлы Жер ғаламшарына келгендей

күй кешті. Бастаушы кең жолмен ертіп өтіп,олардың көпшілігіне таныс коттеджге алып келді. Әрбір коттеджде алты адамнан тұрады. Бір ұңғының

ішінде болғанына қарамастан ол коттедждегілер бір-бірімен видеотелефон арқылы байланысады. Жермен хабарласатын видеоканал өз алддына бөлек.

   Келушілер өздеріне белгіленген коттедждерге кіріп,анау-мынау заттарын

Қойып,жуынып-шайынып,аздап демалған соң жаңа құрамның алдағы істері

жөнінде шағын мәжіліс болды. Бұларддың келуін асыға күтіп жүрген бұрын-

ғы құрамдағылар Жерді кәдімгідей-ақ сағынып қалыпты. Әрқайссынан ананы бір,мынаны бір сұрап жатыр. Жаңа құрамның ішінде тележурналист те бар-ды. Айдағылар одан жаңа телекөріністер сұрады. Тележурналист Жанеркін 

Салықұлы мәжілісі соңынан ескі құрамдағыларға Жердегі соңғы жаңалықтар

жөнінде қысқа телефильм көрсетті. Содан кейінгі біраз уақыт үзілісте әркім

өзінің қалаған адамымен әңгімелесіп,ауылы жайлы мәліметтерді сұрап жатты

Ай түгілі, бір кездері Жердің өзіндегі бір қаладан екінші қалаға бароған кезде туған жерді қатты сағынатын адамдар үшін мына екі ара оңай жол емес-ті. Ара-тұра кілтипан табылып,не Айға жете алмай,не Жерге қайта алмай орта 

жолда әбіржіп жүрген ғарыш кемелері де кезігеді. Ең бір жақсысы,осы Айда-

ғы «Қазақстан» мен Жердегі Қазақстан арасындағы ғарыштық  трассада әзі-

рі ондай кілтипан болған емес. Ләйім болмасы. деп тілейді ғарышкерлер.

   Мәжілістен кейін келушілер қайтатындардың жұмыс орындарын қабылдау-

ға кірісті. Жұмыс орны болғанда,Ай бетін зерттеп қайтқаннан кейінгі жұмыс-

тарын жалғастыратын арнайы лабораториялар еді. Мұнда «Ғаламшар зерттеу

шілер лабораториясы»,»Химиктер лабораториясы»,»Физиктер лаборатория-

сы» және тағы басқа лабоораториялар аттары жазылған есіктер көп. Ғалым-

дар өздерінің салалары бойынша зерттеу жұмыстарын осы лабораторияда 

жалғастырады. Бірақ келгенддердің негізгі жұмыстары Айдың солтүстік

бүйіріндегі қазаншұңқырлардың бірінің ішіндегі мәңгілік көлеңкеде қатып

жатқан су мұзын аршып алу болатын. Өздерінен бұрынғылар ол  жаққа әзі-

рі бара қоймаған. Олар экватор маңындағы ойпаттарды,таулы қыраттарды,

қазаншұңқырларды зерттеді. Бірақ әзірге бағалы қазба байлық табыла қой-

ған жоқ. Ай шары Жерден сәл-ақ кіші болғандықтан оның барлық жерін шар-

лап,зерттеу үшін қаншама уақыт керек. Өздерінен бұрын зерттегендер мәжі-лісте бір кездері Жер ғаламшарында болған жанартау атқылаулары,аспан

тастары құлауы кезінде ғарыш кеңістігіне шығып кетіп,ұзақ мерзім кеңістік-

те сапар шегіп,Ай бетіне құлаған тастарды тапқанын мәлімдеген. Ол жаңа құ-

рам үшін ерекше жаңалық болды. Сондай ғаламат құбылыс кезінде Айдан 

ұшып шығып,кеңістікте «сапар шегіп» Жердің оң бүйірі – Антарктидадан табылған-ды. Онан бері де талай Ай куәгерлері жаналды. Енді міне,Жерден келген тастар да табылыпты. 

   Жаңа құрам лабораториядағы ол тастармен танысты. Олардың біразы Жер- 

ге әкетілетін болды. Барлық жұмыс жайы түсіндірілгеннен  кейін ескі құрам-

ның басшысы,ғаламшар зерттеуші Дархан Мақабайұлы былай деді.

     -Сіздер біздің Жер есебімен бір жыл ішіндегі жұмыстарымызбен танысты-

ңыздар. Ай бетін тек біз емес,дүние жүзі болып зерттеп жатқаны белгілі. Бүгінгі  Ай картасы да адам танымастай өзгерген. Ал өзіміздің «Қазақстан» 

аймағымызда да біраз жер игерілді. Дауыл Мұхитының алапат аймақ екені

о бастан белгілі. Ал бүгінде сол аймақтың ең жақсы деген жерлері де қала-

шықтарға толды. Мұнда сутектен басқасы жетеді. Ал сутек арнайы тасушы

кемелермен дер кезінде жеткізілуде. Біз осы бір  жыл уақыт ішінде талай іс

тындырдық.Жаңа айтқанымыздай,Жерден «келген» көптеген тастар таптық.

Оның біразын өздеріңіз де көрдіңіздер. Ендігі жаңалықты өздеріңіз ашарсыз-

дар деп сенеміз. Іске сәт дейміз!

    Онан кейінгі сөзді Жерден келген жаңа құрамның басшысы,ғаламшар зерт-

теуші Есеналы Мұхитұлы алды.

     -Ақ тілектеріңізге көп рахмет! Біз де қолымыздан келген ісімізді жасай-

мыз. Біздің зерттеу бағытымыз сіздерге қарағанда шамалы өзгешелеу,-елден

алған тапсырмамыз бойынша әуелі осы аймақтан жасы жетпіс миллион жыл-

дық реголит қабаттарын табуымыз керек. Өйткені,Жер тарихында осы уақыт-

та экологиялық апат болды. Ол сол кезде ғаламшарымызда өмір сүрген жа-

нуарлар мен өсімдіктер түрінің жартысынан көбінің жойылып кетуіне әкелді.

Соның ішінде әлі күнге жұмбақ болып келе жатқан Жердің алып тіршілік ие-

лері – динозаврлар да мертікті. Бұл аса қатерлі апаттың сол мерзімге сәйкес

келетінін Жердің кейбір қазынды жыныстарын зерттегенде табылған сирек

металл иридийдің көптігінен білінген-ді. Сол кезеңде Жер ғаламшарына астероидтар мен құйрықты жұлдыздар да көптеп соқтығысқан. Біз сол бір ға-

ламат апаттың ізін осы Айдан іздеуді мақсат етіп келдік. Реглит қабаттарын 

тапқаннан кейін Айдың солтүстік бүйіріне ауысамыз. Бізге берген мәлімет-      теріңіз,тапқан көптеген тастарыңыз үшін көп рахмет! Жолдарыңыз болсын!

Бізден елге көп-көп дұғай сәлем айта барарсыздар!

    Осыдан соң келушілер мен қайтулылар орталық асханаға барды. Бұл жер-

де қабылданған дәстүр бойыншақарсы алу мен қоштасу отырысы болады.

Оған Айдағы «Қзақстан» базасының басшысы Демеу Қапанұлы да қатысты.

Ол екі жаққа да жетістік пен сәт сапар тілеп,сөз сөйледі. Ай үстіндегі алғаш-

Қы дәм келгендерге ерекше көрінген. Әсіресе,Ай топырағын алғаш басып тұрған жас ғалымдарға тіпті де қызық еді. Ондай жастар келгеннен тыпыр-

шып,ертерек сыртқа шығып,Ай табиғатын қызықтауды,ертерек жұмысқа кі-

рісіп кетуді ойлап жүр. Ғалымдардың мәжілістері,дастархандағы отырыс ол-

арға іш пысарлық істей көрінген. Дегенмен,күткен уақыт та келді-ау.

   Қарсы алу мен шығарып салу рәсімі аяқталған соң Жерден келген ғарыш-

кер-ғалымдар шамалы тынығып,сыртқа шықты. Жерден қарағанда қарайып

көрінетін Дауыл Мұхитының үлкендігі сондай,оның ана шеті мен мына ше-

тіне анау-мынау ғарыш кемесімен ұшып өтудің өзі біраз уақыт алады. Бірақ

оның барлық жерін шарлап жүретіндей уақыт қайдан болсын. Отызы да бір-

дей киініп,арқаларына жүк артып,арнайы кемеге отырды. Мұндағы дәстүр

бойынша әре алғаш келгендерді таныстыру мақсатында жұмыс басталардан 

шамалы уақыт бұрын серуен жасаулары керек-ті. Бұл құрамның ішігдегі ал-

ғаш келгендерді қатты қуантқан. Басқа әлемді бір көрудің өзі неге тұрады.

Оның  үстіне бұл Жердегі басқа қала емес, дала емес. Жер шарында қанша жерді шарласаңда төбедегі Күннің нұры, аспандағы бұлт, жауын-шашын, жел, найзағай, кемпірқосақ және тағы бақадай табиғат құбылыстары үзгермейді. Ондағы көретіннің басқаша салынған зәулім үйлер, төрлі пішінді жеңіл, ауыр көліктер, түрліше киімген адамдар, олардың тілдері - осылар ғана. Ал жалпы, Жер шарының табиғаты бірбіріне негізінен ұқсас. Ал Айдың жөні мүлдем басқа. Мұнда Күн көзіннің өзі де қара аспаннан бажырая қалған. Тау мен тас біткен сол Күн сәулесінен қыза-қыза қарайыңқырап, өзгеше реңкке ауысқан. Тек қана ыстық па, Күн көзі батысымен қақаған суық орнайды. Ол  суық Айдың кейбір аймақтарында минус 140 градусқа дейін тө-

Мендейді. Айдың күндізгі,түнгі температуралары о бастан белгілі. Сондық-

тан ғалымдарды негізінен осы аймақтағы бедерлер ойлантады. Серуенге же-

ңіл қозғалатын,жеңіл қалықтап ұша алатын бесаспап көп кісілік кеме бөлінді.

   Оның ішкі жағы о бастан белгілі кемелердің құрылымын көзге елестететін.

Екі қапталында жыпырлаған иллюминаторлар, жұмсақ орындықтар. Әрбір орындықтың алдында жиналмалы үстелше,кішкене телеэкран. Бұрынғы Ай

кемелерінен басты айырмашылығы да осы телеэкрандарында еді.Бірақ ғалым

дарға оныың бәрі де таңсық емес.Алғаш келгендер үшін ғана кейбірі қызық

көрінеді. Жас ғалымдар кемеге кіріп, өздеріне тиесілі орындарына жайғасы-

сымен сол шағын телеэкрандарды іске қосып,алдында тұрғандай анық көрін-

ген Ай табиғатына қарай бастады. Бірақ сол кезде іштегі қабырғалардан:

     -Бұл қысқа серуен-сапарымызда біз Дауыл Мұхитының барлық аймағын

шарлап шығамыз. Әуелі әйгілі Коперник қазаншұңқырына барамыз. Оның

жан-жағына тараған сәуле-сызықтардың майда қазаншұңқырлардың тізбесі- 

нен тұратынына да көз жеткізетін боласыздар. Ал қалғанын бара түсінді-

рерміз. Сапар сәтті болсын! –деген жас қыздың дауысы ап-анық шықты.

   Ғалымдар белдіктерін бекітті. Бұл қай заманнан келе жатқан заң бола-

тын. Мәселе,ғарышкер-ғалымның кеме қалт-құлтынан қорыққанынан

емес,кемемен ұшудың ережесінде еді. Сондықтан да байлау міндетті. Сырт-сырт дыбыс тоқтаған кезде қарсы алдарындағы үлкен экраннан Дауыл Мұхитының биіктен түсірілген толық бейнесі көрінді. Мүны Ай

төңірегіндегі үлкен кеме-жүйеден алынып отырған бейне екенін ғалым-

дар бірден түсінді. Соның арытнша кеме шамалы ілгері жүрді де,батпы-

рауықша қалықтап жөнелді. Жерге қарағанда мұндағы тартылыс күші

алты есе аз болғандықтан оны жеңіп шығу да жеңілге түседі. Отырғандар 

өздерінің салмақтарын да басқаша сезінген. Мұнда талай келіп,талай кетіп

жүрген зерттеушілер тіпті жайбарақат отыр. Оларға кеменің ілгері жүргені

де,қалықтап көтерілгені де ешқандай жаңалық емес. Бәрі де солай болуға

тиістідей көрінеді. Тек жас ғалымдар ғана біресе алдындағы орындықтың жақтауына орнатылған кішкене экранның бір ерекшелігі бар. Онымен отырған адам астындағы түймелерді баса отырып,кеме ұшып келе жатқан

тұстағы кез-келген тауды,сайлы,тіпті майда тастарды да ап-анық көре ала-

ды. Көріністі жақындату да,алыстатңу да өз қолында. Онымен қалай жұ-мыс істеулеріәі керектігі жайында алдын ала танысқан.

   Ао бәріне бірдей көрінетін үлкен экрандағы көріністің жөні бір басқа. Ол экранда Дауыл Мұхитының бүкіл аймаңы көрініп тұрады. Ұшып келе

жатқан кеменің кішірейген бейнесі мен бағыты да анық. Іште отырған адам кемені бейне бір үстінен көріп келе жатқандай әсер алады. Бұл ғалым

дардың зерттейтін аймақтарын жақсы түсінуі,дұрыс бағдар алуы үшін жа

салған. Ал жас ғалымдар үшін орындық жақтауларындағы шағын экран-

дар өте пайдалы. Ешкім ешкімге сұрақ қоймайды. Әркім Ай табиғатын 

өзінше тамашалайды. 

   Коперник қазаншұңқырының дүрбі арқылы Жерден де байқалатыны бел

гілі. Ал оның үстінен жақын биіктіктен ұшқан кезде айналасы жаңа көрі-

ністерге толып кеткендей болады екен. Кеме де оны көрсете түскісі кел-

гендей соған қарай құлдилап келеді. Егер кеме қалың жолаушыларға ар-

налған болса,мұ.ндай оқыс құлдилау болмас еді. Кемені басқарушы да кімдердің отырғандарын жақсы сезінеді.

   Бүгінгі Ай кемесі үшін анау-мынау қашықтық ештемеге тұрмайды. Оныңүстіне атмосферасыз,тартылысы Жерден аз,сусыз, бусыз,бұлтсыз 

Табиғатта. Мұнда ауа-райын алдын ала бақылап,хабарлап жатудың да қа-

Жеті аз. Оларды былай қойғанның өзінде мұнда әлі екі апта бойы Күн көзі

Осылайша жарқырап тұрады. Егер ғылыми істер күтіп тұрмаған болса,ға-

Лымдар Дауыл Мұхитын екі апта бойы аралап көрер еді. Алда күтіп тұр-

ған істер көп. Әрбір минут,сағат қымбат. Сол үшін де жүйрік ұшатын бес-

аспап кемеге мінген-ді. Ол бірте-бірте төмендей-төмендей Коперник қа-

заншұңқырдың кең даладай болып жатқан түбі сәлден соң ғалымдардың

көңілдерін сергітіп те жіберген. Жас ғалымдар осы екі аралықта алдарын-

дағы шағын экрандарынан талай-талай тастарды анықтап та көріп үлгер-

ген. Көперник қазаншұңқырының тал түс кезінде,ал жерліктердің сөзімен

айтқанда,толған Ай кезінде жақсы жарықтанатыны белгілі. Оның ішінің 

өзі бейне бір шөл даладай қызып жатыр. Әрине,бірақ мұндағы аптап ыс-

тықты Жердегі шөлмен салыстыру артық. Ғалымдарсоған қарамастан шы-

ны шлемдерін сырт-сырт жауып,саңылауларын жақсылап бекітті. Артынша тақыр жерге қона кеткен бүркітше кеме табаны да топыраққа

 тиді. Бұрқ ете түскен шаң-тозаң жоғары көтеріліп,айналаны біршама уа-

қытқа дейін күңгірттендіріп жіберді. Бірақ бұл көрініс те ғалымдарға жаңа

лыщ емес-ті. Олар Жердегіше кеменің есігі ашылысымен,жол серік қыз мән-жайды хабарласымен бір-бірлеп тепкешекпен қазаншұңқыр түбіндегі

тегістікке түсті.

   Алғаш келген ғалымдарға сол заматта айналадағы аптап бейне бір ала-

Пат табаның ішінде қалғандай әсер берді. Енді оларддың кейбірі Ай таби-

Ғаты мен құпиясынан гөрі өзінің денсаулығын ойлай да бастаған тәрізді.

Бірақ «Қазащстан» базасындағылардың серуенді осы алапат қазаншұңқыр

дан бастауының да басты себебі бар еді. Өйткені,бұлардың басты жұмыс-

тары да осындай қазаншұңқырлардың ішін бұрғылау арқылы зерттеу бо-

латын. Ғалымдарды бастап келген Ай зерттеуші Мардан Келдібайұлы

мән-жайды түсіндіріп шықты.  Ол біраз жерді жаяу жүріп, қолына бірнеше

тас алып,оны жанындағыларға көрсетті. Басты мақсаттың осыдан жетпіс

миллион жыл бұрынғы реголиттерді табу екенін де еске салды. 

   Содан соң ғалымдар қайтадан кемеге отырып,жеңіл көтерліп ұшып кет-

Ті. Біраз биікке көтерілген кезде іштегі дыбыс күшейкіштерден жол серік

Қыздың дауысы саңқылдады.

     -Біз Дауыл Мұхитының алщабымен ұшып келеміз,- деді ол,- Рейнер 

мен Марий қазаншұңқырларын көріп отырсыздар. Жиырмасыншы ғасыр-

дың 1966 жылы,ақпанның 3-нде елімізден ұшырылған «Ай-9» автоматты

ғаламшараралық кемесінің жұмсақ қонғаны белгілі. Ал солғатаман,Геро-

дот қазаншұңқыры бағытындағы аймақта 1966 жылдың желтоқсанының

24-нде «Ай- 13»,ал осы Дауыл Мұхитының орталық аймағындағы Ландс-

берг қазаншұңқырынан қашық емес жерге 1969 жылдың қарашасының

19-шы жұлдызында америаканың «Аполлон-12» ғарыш кемесінің ғарыш-

 керлер мінген бөлегінің қонғанын жақсы білесіздер. Әрине,бұл - өткен

тарих. Онан бергі уақытта келген кемелердің саны жоқ. Өздеріңіз жеке-

дара шағын экарандарыңыздан ұлғайтып көріп отырған базалар күні ке-

ше ғана орын тепкен. Қысқасы,Айдың ең  үлкен аймағы – Дауылдар Мұ-

хиты бүгінде Жер ғаламшарының дамыған елдерінің ғарыштық базалары-

на айналған.

   Жол секрік қыздың анық та,жіңішке дауысы күрт тыйылды. Ғалымдар енді иллюминатордан сыртқа үңіле қарай бастаған. Дауыл Мұхиты қаншалықты ғаламат аймақ болса да, мына жүйрік кеме де сол қашықтықтарды ертегідегі дәулердей жұтып жатыр ө ау. Әне – міне дегенше серуендеушілер «Қазақстан» базасына қонып келе жатқандарын да байқамады. Дегенмен, аз уақыттың ішінде көп нәрсені көріп, көп нәрсені көкейлеріне түйіп үлгерді. Кеме дөңгелектері шағын жүгіру алаңына тигенде ысылдаған дыбыс күшейіп, ғалымдар өздерін бейне бір аттас магниттың үстінде қалықтағандай сезініп кетті.Бұл қону Жердегі 

Қонудан осындай жұмсақтығымен ерекшеленетін еді. Сәл уақыт өтпей кеме кілт тоқтап, дыбысы сөніп қалды. Кемеден түсу реті мінгендегі сияқты қайталанды. Ғалымдар тобы ұңғыдағы пәтерлеріне қарай асықты.



                               Адам аяқ  баспаған  аймақ.



   Ай табиғатының бүгінгі күні зерттелмеген аймақтары аз десе  де болғандай. Әсіресе, ежелден Жер тұрғындарына белгілі Дауыл Мұхиты,       
 Жаңбырлар Теңізі,Айқындық Теңізі,Молшылық Теңізі және басқа ойпат-

Тарда ғылыми-зерттеу базалары көп-ақ. Олардың төңіректеріндегі қы-

Раттар мен тауларда,жота-жоталарда Жерден келіп орын тепкен дамыған

елдердің жалаулары желбірейді. Бүгінде Қазақстан Айдың көп жеріне ту

тіккен. Егер Ай төңірегіне сырт жұлдыз жүйесінен қандай да бір мәдени

дамуы жоғары адамдар келе қалса,Қазақстанның өзіндік ерекшелігі бар жалауына бірден назар аударар еді. 

   Қазақстан базасындағы тіршілік те Жер тәулігі уақытымен ерте бастал-

Ды. Ұңғының ішінде барлық жағдай жасалған. Онда уақыттың түрлі мер-зімін көрсететін сағаттар да бар. Ең дәл жүретіндері – атомдық сағаттар.

Ал ең сенімдісі – механикалық. Оларды қадағалайтын арнайы адамдар да

Бар. Әрбір ғалымның қолында шыны бетіндегі цифрлары жиырма төртке

бөлінген механикалық қол сағат та тағылған. Олар арнайы комбинезон-          

 ның қалың жеңінің ішінде,бірақ оның тұсынан жасалған қалың ұыны арқылы ұлғайып көрініп тұрады. Егер осы сағаттың цифрлары он екі ци-

фрға бөлінген болса онда ғалымдар Жерддегі күн мен түнді ажырата ал-

мас еді. Бұдан басқа Ай бетінен «мені көр» деп тұратын тағы бір алапат сағат бар. Ол – Жер. Жердің ши ректерінің әрбір жиырма төрт сағат сай-

ын қайталанып тұратыны белгілі. Өресі бар адам сол көз алдындағы гло-

бус тәрізденген үлкен «сағаттың» ширектеріне қарап-ақ уақытты болжай

алады. Бірақ бұл Ай бетінде серуендеп жүрген қарапайым адам үшін ға-

на қажет. Ал ғалымдар үшін қашан да уақыттың дәлдігі керек. Сондықтан

астрономиялық жағынан атомдық,күнгершілік жағынан механикалық сағаттарға сенеді.

   Егер ұңғының ішінде Жер тәулігіне ұқсас к.үн кестесі жасалмаса,таңның

кештің батқанын да білу қиынға соғар еді. Сондықтан да әрбір пәтерде тәу

ліктік уақытты білдіретін сағаттар мен шамды реттеп тұратын автоматты 

жүйелер де бар. Ғалымдар сол жүйелерге қарап күн кестесін реттейді. Жер 

тәулігімен жұмыс істеп,сол бойынша демалады. Осындағы екі кісілік пә-

тердің біріне ғаламшар зерттеуші Есеналы Мұхитұлы мен палеонтолог 

Саматай Ыбырашұлы орналасқан. Бұған басты себеп – екеуінің ғылыми

бағыттарының ұқсастығы еді. Келгелі Айдың небір карталарын анықтап,

өздері зерттеу жүргізетін аймақтарды қызыл карандашпен белгәлеумен

болған. Ай жүзі Жердден шар ғана сияқтанып көрінгенімен ол талай ға-

сырлар бойы зерттеп,бар құпиясын аша алмай келе жатқан Жерден сәл-

ақ кіші. Айдан қарағанда Жер шар болып көрініп тұр. Оның Айдан басты

айырмашылыңы - өне бойын қоршаған бұлттары мен теңіз мұхиттарының

барлығы. Көгілдірлігі . Соның өзі-ақ кеңістіктің осы аймағындағы күллі

ғаламшардың ішінен өзгеше етіп көрсетіп тұр. Жұлдызды әлемнен келе

қалған қандай дәрежедегі тіршілік иелері болсын,Жерге бір қызықпай өтпес. Жерде жүргенде қадірі болмаған Жерде енді ғалымдарға ыстық

бола бастаған. Жердегі хабароларды түрлі-түсті стереотеледидардан көр-

ген кезде олар кәдімгідей сағынып,толқып қалады.

   Осы пәтерлерге орналаса салысымен бірнешеу Жердегі үйлерімен де

сөйлесіп үлгерген. Аман-есендіктерін біліп, көңілдері  орнығып қалған-ды. Бүгінгі тіршілік те өзіндік ерекшелігімен есте қаларлық еді. Ғалым-дар енді тікелей істеріне кіріспек. Бұдан бұрын осында болғандардан істі қа-

былдап алғаннан кейін-ақ Есеналы Мұхитұлы өз ісіне мұқият бола баста-

ды. Ай – келіп серуендеп кететін орын емес. Рас,Жерден арнайы жолдама-

мен,арнайы жолаушылар кемесімен ұшып келіп,Айдың бетінен сәл-ақ жо-

ғары айнала ұшып,оның бар табиғатын өз көздерімен көретін,қажет деген

жерлеріне қонып,Айдың топырағын,тастарын, өз қолдарына алып көретін

жайлар да бар. Бірақ олардың бәрі де үстеріне туристік комбинезондар киеді. Айдағы тартылыстың аздығын,көлеңкесінің қоюлығын,атмосфера-

сыз аймақтың  қалай болатынын,Күннің жылжымағандай болып тұрып

алатынын,аспанның қою қараңғы болып келетінін тамашалайды олар.

   Ал ондай жаңалықтар ғалымдар үшін қызық емес. Ондай тамашалау

дәрежесінен бұлар баяғыда өткен. Тек араларындағы Айды зерттеуді

жаңа бастап жүрген кейбір жас ғалымдар ғана туристер дәрежесінде қы-

зықтап қарайды. Бүгінде Айдың төңірегі де,үсті де қыбырлаған адамға,

ұшып-қонып жатқан адамдарға көбейген. Жақсы деген аймақтың бәрінде

де базалар орналасқан. Биік,көруге қызық тау шыңдарында Жерден кел-

ген туристер демалып,айналаны қызықтайтын,айналып тұратын шынылы

мұнаралар да бар. Онда мейрамхана,дәмхана да жетеді. Сол орындардан 

келгендер Жерді қызықтайды. Көп уақытқа  келгендер Жердің ширектерін 

де бақылап үлгереді. Қысқасы,бүгінде Ай бетінде сонау бір кездегі алғаш

келіп,алғаш аяқ басқан адамдардың уақытындағыдай тыныштық емес. Енді жұлдызды әлемнен келген саналы тіршілік иелері де Ай бетіне ойла-

нып қонареді. 

   Ғалымдар өздері қысқа мәжіліс құратын бөлмелеріне асықты. Ал кезде

Есеналы Мұхитұлы мен Саматай Ыбырашұлы оларды күтіп отырған-ды.

Есіктен химик Жадай Қазымбекұлы,физик Беркін Сәтбекұлы кірді. Соңы-

Нан олардың көмекшілері  - жас ғалымдар Әкіжан Иманбекұлы,Бәдеш Са-

Ғадиұлы,Бұлақбай Шәріпұлы және басқалар келіп жайғасты. Қысқа мәжі-

лісте айтылатын нәрсе түсінікті еді. Ол осы Дауыл Мұхитының біршама

жерлерін зерттеу,ал сонан соң Айдың солтүстік бүйіріне ауысу. Осы жө-

нінде Есеналы Мұхитұлы қысқаша түсіндіріп өтті. Содан соң бірнеше

сұрақтар қойылып,барлық нәрсе түсінікті болғаннан кейін бәрі сыртқа

қарай беттеді.

   Сыртқа шығар ұзыннан-ұзақ дәлізде келе жатқанда олардың бірнешеуі

Арнайы байланыс орындарына кіріп,Жердегі үйлерімен тілдесті. Сапар

алдында мұндай тілдесуге рұқсат берілетін. Өйткені,Ай бетіндегі зерттеу

жұмыстарының қай-қайсысы да қатерсіз емес. Әсіресе,алғаш келгендер

үшін. Тағы бір ғажабы,Ай бетінде жиі-жиі сілкініс болып тұрады. Ол да

аса қатерлі емес деуге болар еді,зерттеу жүргізіп жатқан жерге ойламаған

жерден аспаннан келіп бұрқ ете түсетін аспан тасы тағы бар. Айда атмос-

фераның жоқтығы – бейне бір қорғағыш қабаттың жоқтығымен бірдей-ді.

Сондықтан да ғалымдар зерттеу жүргізетін жерге уақытша арнайы қорға-

ғыш қалқа орнатады. Ал жұмыс ұзаққа созылатын кезде сол қалқаны,ас-

панды бақылап тұратын адам да қойылады. Өйтпесе,қазудың,тапқан қы-

зықты тастардың қызығына түсіп кеткен ғалымдар аспан тасының түсу

қаупін ұмытып та кетуі мүмкін. Қай жерде де сақтық қажет.

   Ғалымдардың біраз Жердегі үйлерімен сөйлесіп,бала-шағаларының

амандықтарын білгенннен кейін сыртқа қарай асықты. Бірақ сырт болған-

да Жердегі сияқты киімдерін жартылай киіп,ұмтылмайды. Шыға берісте

адам денсаулыңын әп-сәтте бақылайтын күрделі автомат жүйеден өтеді. 

Сонан соң жұмысқа арналған комбинезонын киеді. Сөйтіп барып,эскала-

Тордың тепкешегіне тұрады. Эскалатордың жұыс жүйесі де Жер метро-

ларыныкінен өзгешелеу. Ғалымдар оған да үйреніп алды.

   Есеналы мен Саматай өздері бастап Ай бетіне шыққан кезде Жер жаңа

туған Айдай болып тұр еді. Бұл ондағы Қазақстан жеріндегі таңның ат-

қан,Күннің шыққан мезгілі болатын. Ғалымдар оны бірден түсінді. Жұ-

мысты да сол қазақ жеріндегі уақытпен сәйкестендірген-ді. Ол қазақ жерінде өмір сүрген адам үшін пайдалы. Денсаулыққа да нұқса.н  келмек

емес. Мұнда келіп әбден машықтанғандар үшін Айдағы көп құбылыс та-

ныс. Кейде ғалымдар Жердің жылдам өзгеретін ширегін сағат есебінде

пайдаланады. Ерте кездегі қазақтар уақытты Күннің көтерілу,шарықтау,

ойысу мен бату мезгілдеріне қарап ажыратқан. «Таң атыпты»,Күн шығып-

ты»,»Күн қарға адым көтеріліпті»,»Күн маяқ бойы көтеріліпті»,»Күн тас

төбеге келіпті» деген сөздер де сол уақытты білдіретін тіркестер еді. Кей-

ін сағат пайда болғаннан кейін ол сөздердің бәрі де қолданылмайтын бол-

ды. Ал Айда Жердің ширектеріне қарап,ондағы таңды да,түс мезгілін де,

түсті де, түс қайтқан мезгіл мен кешті де оп-оңай ажыратуға болады.

Сөйтіп,Ай үстінде жүргенмен де Жердің уақыт-мезгілімен тіршілік жал-

ғасып жатады.

   Ғалымдар бір шеті орақтанған Жерге бір-бір қарап алып,кемеге қарай жүрді. Ал бұл кезде Күн Айдың бетін табадағыдай шыжғырып тұрған-ды.

Келгелі өткен үш күндік уақыттың ішінде Күннің батысқа қарай сәл де 

Болса ығысқаны байқалды. Бірақ мына түрімен Күн мүлдем қозғалмайтын

сияқтанады. Тәуліктің жарты мезгілінде шығыстан көтеріліп, төбе тұсқа

 шығып,онан батыс көкжиекке батып үлгеретін Күн мұнда тіпті ұзақ . Ал-

ғашында кім кімге де ол біртүрлі көрінеді. Бірақ қалай болғанда да ғалым-

дардың өз мақсаттары,өз жоспарлары бар. Соны ойлаған кезде мезгіл жай-

лы ойлауға да уақыт табылмайды.

   Ғалымдар бұл жолы кемеге мінді. Кеме деуден гөрі оны Айдың кез кел-

ген қиясымен,жотасымен жүре алатын бесаспап көлік десе де болар еді.

Кеме дейтіні,ол Ай бетінен сәл-ақ көтеріліп,жел толтырылған қайық сияқ-

Тынып ызғиды. Ал бесаспапқа жатқызатыны – таулы жерге,қияға,жотаға

Келгенгде дөңгелектерін түсіріп,жүреді. Аса тік жарларда кеме дөңгелек-

Терін бауырына жиырып,арнайы табандарынан кілей бөліп,тас-тасқа жа-

бысып, жәндіктерше өрмелейді. Ғалымдарға да сонысы керек. Соңғы кез-

дері Айдың тегіс жерлерінен гөрі қазаншұңқырлардың іші назарды көп

аударып келеді. Қазаншұңқырлардың орта тұсында шошайып тұратын ша-

ғын тау-шыңдардың да өзіндік құпиялары әлі күнге ашылмаған-ды. Ай бе-

тінің картасы да,суреті де,киносы да жетеді. Бүгінде оны көріп отыру қы-

зық та емес. Бүгінгі басты мақсат – Айдың бетінен Жерден ұшып келген 

тастарды,тағы басқадай нәрселерді іздеп табу. Соңғы кездері Айдан жет-

піс миллион бұрынғы Жердің кейбір тастарының да көзге түскені белгілі.

Олардың түрлі үлгілері осы Айдағы базадағы  лабораторияларда да,Жер-

дегі мұражайларда да тұр. Бірақ олар жеткіліксіз еді.

   Сондықтан да бұл жолғы сапарда ғалымдар Айдың адам аяқ баспаған

Аймағын зерттеуді мақсат етті. Сол үшін де бесаспап кемені мінген. Ай

үстінде қаншама базалар салынып жатса да,оның барлық ой-шұқырын 

зерттеп біттік деу ерте еді. Тіпті,кейбір құпия нәрселер Қазақстан базасы-

ның айналасынан да табылып жатады. Сондай құпия зат пен тастардан ажырату үшін соңғы кездері Ай бетіндегі ертеде келіп қонған ғаламшар-

аралық кемелердің қалдықтарын жинаушы құрам да құрылған-ды. Соның

арқасында біршама тазарып та қалған. Дегенмен,қалып қоятындары да 

бар. Анау-мынау құпия заттар жұлдызды әлемнен келген заттар ма деген

де ой тудырады ғалымдарға. Қалай болғанда да,ең бастысы,Жер мен Ай-

дың өзара байланыстылығын айқындай түсу еді келгендердің басты мақ-

саттары.

   Бесаспап кемеге отырған бір топ ғалым оны жүргізушіге солтүстік тұсты

ала жүруді ұсынды. Дауыл мұхитының небір табиғаты көз алдарында ке-

леді олардың. Бұдан бұрын кемемен биік ұшқанда тегістеніп көрінген ай-

мақтың өзі де кедір-бұдыр екен. Ай бетінен сәл-ақ көтеріліп қалықтап ке-

ле жатқан кеме кейде сол кедір-бұдырға бағынғандай селк-селк ете қала-

ды. Ғалымдар оған назар аудармайды. Олар үшін ол селкіл әуе кемесінде-

гі солқыл сияқты сезіледі. Оның үстіне биікте келе жатқан жоқ. Кеме кө-

тере алмаса,тартылысы аз Ай бетіне жұмсақ түседі. Сондықтан да ғалым-

дар айналаны,тау-тасты,қыраттарды бақылап келеді. Тіршіліксіз табиғат

өзінің бар құпиясын ішкі жағына сақтап алғандай тым-тырыс. Отырғандар

өздерін бейне бір ғаламат вакуумда қалғандай сезінеді. Мұнда үміт артты-

ратын нәрселер – алыста Айдың топырағын жинап,оттегіге айналдырып

жатқан күрделі қондырғылар мен Күн көзіне шалқалай-шалқалай жайылып жатқан электр энергиясының панельдері ғана. Олардың өздері де алыста. Дәлі қазір ғалымдар Айдың дірілін де сезбейді. Егер көлік Ай

бетімен ұзақ жүрсе,Жерден келіп қонып жатқан,ұшып кетіп жатқан кеме-

лердің тастандыларынан болатын діріл мен Айдың өз сілкінісін де сезер

еді. Мұндай көліктің бір ерекшелігі де осынысында екен.

   Біраз жер жүрген соң Есеналы қолындағы кішкене жолпақ құралының

бір түймесін басып қалды. Оның дөңгелек экранынан жылт етіп,Дауыл

Мұхитының кішірейтілген картасы көрінді. Есеналы қай түймені басса,

соған сай картадағы орындар жылжып отырды.  Ғаламшар зерттеуші ға-

лым салыстыра қарау үшін Дауыл Мұхитының батыс бөлігінің картасын

бір көріп алмаққа бекінді. Түйменің бірін басып қойды. Артынша дөңге-

лек экран бетінен Дамуазо,Герман,Флемстид,Скиапарелли және Каваль-

ери маңдарындағы ильменитті базальт табылған аймақтар жылжып өтті.

Онан кейін Есеналы жарығы құбылып тұратын Аристрах,Кеплер және

Тағы басқа қызықты аймақтарға да көз жүгіртті. Саматай болса,ол да өзі-

нің жеке құралымен қызықтыратын аймақтарын бақылап қояды. Кеме зу-

лап келеді.Қалған жол да аз сияқты. Көздеп келе жатқандары солтүстік

бағыттағы әлі ат қойылмаған шағын қазаншұңқырлардың бірі еді. Сол-

түстік бүйірге жақындаған сайын Күннің сәулесі де қиғаштанғандай кө-

рінеді. Сәуле қиғаштанған жерде көлеңкенің ұзаратыны ежелден белгілі.

Ғалымдар сол көлеңкелер аса ұзармай тұрып жетуді де көздеп келеді.

   Кеме көздеген қазаншұңқырға жеткенше әлі біршама уақыт болған соң

ұзақ үнсіздікті Есеналының өзі бұзды.

-Ай бетіндегі осындай емін-еркін шарлауды ата-бабаларымыз арман

етіп кетті-ау!  Ал біз үшін күнделікті тіршілік сияқты.Адамзаттың арманы таусылған ьа. Ол кездегілер Айға келіп осылай емін=еркін жүруді армандаса, біз алыс жұлдыз жұйесіндегі ғаламшарларға барғымыз келеді. Осылайша кете береді.

          -Оныңыз рас,-деді Саматай аспанға қарап қойып.

   Бірақ осы кезде соны күткендей қара аспаннан бірдеме жарқ етіп,зулаған

Бойы келіп анадай жерге бұрқ ете түсті. Айналасына от шашылды. Ғалым-

дар үстерінде шыны жамылыңқы болса да, сескеніп бұғып қалды. Жеңіл

кеме шайқалып кетті. Бейне бір теңізде толқын соққысына ұшырағандай

тербелді. Ғалымдар алдарындағы ұстағыштардан мықтап алған. Кеме жа-

ңағының лебінен біршама жерге дейін өзінің бағытынан ауытқып та кет-

ті. Осы кезде Есеналы:

-Аспан тасы құлаған жерге жақын баралық! – деді.

-Жоспарымыз ше?

-Мынандай жағдайда жоспарды қоя тұрамық,Саматай! – деді Есеналы

Толқып. 

-Өзі неге ұқсайды? Аспан тасы ма,әлде?.. – деді Беркін Сәтбекұлы

Дүрбісін көзіне тақай беріп.

-Менімше,аспан тасына ұқсамайды.

-Мына құбылыс аспан тасынан гөрі құйрықты жұлдыздың құлауына

көп ұқсайды.

-Расында да,қараңыздаршы айналасын,жарық сәулелер пайда бола

     Бастапты! – деді Беркін. 

-Оны барып көруіміз керек! – деді Есеналы.

-Онан бұрын ғылыми-зерттеу базасындаңыларға хабарлауымыз ке-

рек шығар? – Саматай Есеналыңа ойлы жүзін бұрды.

-Хабарлау өз алдына. Ал біз ізі суымай тұрғанда суретке,киноға түсіріп

алуымыз керек!

     - Кемені солай қарай бұрайын ба? – деді сол кезде манадан үнсіз отырған

жүргізуші Манат Өтемісұлы.

     - Бұра ғой! –деп Есеналы өзі отырған орындықтың алдындағы шағын пульттегі бір түймені басып жіберіп,- Қазақстан  базасы? – деді.

      - Қазақстан базасы тыңдап тұр! – деген жас жігіттің бейнесі шықты кіш-

кене экранға.

     - Маған жұлдызнамашы Әбіш Кәменұлы керек еді! 

- Тыныштық па?- деді Ернұр есімді жігіт елең етіп.

- Тыныштық. Біз кетіп бара жатқан жолдан бірнеше шақырым жерде жа-

рылыс болды!

     - Ол неғылған жарылыс? – деп онан сайын басын  көтере түсті Ернұр.

- Соны өзіміз де шамалай алмай жатырмыз. Әбіш Кәменұлы келді ме?

- Қазір...

   Жігіт сөйлесіп отырғанымен  алдындағы түймелерді басып,жұлдызнама-

шыны шақырып үлгерген екен. Бір кезде аздап шаршаңқыраған Әбіштің бей-

несі шықты экранға. Есеналы оған қадала қарады да:

     - Мезгілсіз мазалағанымызды айыпқа бұйырмаңыз,-Мұнда бір жарылыс

болды. Зерттеуге кетіп бара жатқан жолымыздан бұрылуымызға тура келді.

Құйрықты жұлдызға ұқсайды!

     - Құйрықты жұлдыз?

     - Иә. Жобалауымызға солай!

     - Бұл мейлінше сирек болатын құбылыс қой. Суретке,киноға түсірдіңіз-

дер ме?

     - Өзіміз де жаңа жақындадық. Айналасы көз қарықтырарлық жарық. Ле-

бі кемемізді теңселтіп жіберді. Енді ңана бастадық сурет пен киноға түсіру-

ді.

     - Рахмет! – деді Әбіш Кәменұлы қуанып,- бұл бір керемет жаңалық болды.

Өзім тұрған расытқанадан қанша жер екен?

     - Көп емес! Жүйрік ұшатын кемені аларсыздар.

     - Түсінікті. Сіздер анау-мынау көріністері жойылмай тұрғанда суретке,ки-

ноға түсіріп алыңыздар. Ал қалғанын өзіміз анықтаймыз. Бақылауға дайын-

дық жұмысын тоқтата тұрамыз. 

-Жақсы,біз сіздерді күтеміз. Содан соң өзіміздің жоспарымыз бойынша 

Сапарымызды одан әрі жалғастырамыз.

     - Келістік. 

   Байланыс кілт үзілді. Осы кезде барып кеме ішінде отырғандар да сергіп,

Серпіліп сала берді. Есеналы алғашқыдан гөрі сәл де болса көңілденіп,қара 

көзілдірігін бір қозғап қойды. Басқалар да әзірі көзілдіріктерін шешкен жоқ.

Кеменің маңдай тұстағы үлкен шынысы да қарайған түсті шынымен жабыл-

ған-ды. Бұл осындай кездейсоқ аса қатты жарықтан көзді қорғау мақсатында

жасалған. Құйрықты жұлдыз ядросының бетіне қатқан газ бүркелген су мұзы

нан,тозаңнан,әр түрлі көлемдегі тас пен темірдің бөлшектерінен тұратынын

ғаламшар зерттеуші болғандықтан Есеналы да жақсы біледі. Бірақ құйрықты

жұлдыз Күнге жақындай бастаған кезде ядросы бірте-бірте қызып,су буы 

мен газдардың шашырай булануы басталады. Олар тозаңдармен бірге ядроны

орап алады да,жарық кесек пайда болады. Ұзарып жарық құйрық шығады. Бір кездері Жер ғаламшарына құлаған жұмбақ дене – Тунгус метеориті де осыған ұқсап жарылған. Есеналы да,Саматай да,басқа ғалымдар да ол жайлы көп оқыған,көп зерттеген. Ай жағдайындағы жарылыстың қалай болатынын 

да біледі.

   Қатерден сақтана түсулері үшін ғалымдар кемені жарылыс болған аумақтан сәл алыс,бір төбенің иегінің арғы жағына қондыруды ұйғарды. Манат Өтеміс

Ұлы ол өтінішті әп-сәтте орындады. Ғалымдар кемеден бір-бірлеп,бірақ асығып түсті.Көзілдіріктерін шешпестен әлгі иектің үстіне шықты. Бар ғажай

ып та сол кезде көрінді. Күннің жарық сәулесіне жарқырай шағылысып ойылған жер жатыр. Айналасына Коперник қазаншұңқырындағыдай тарам-тарам сәуле-жолақтартараған. Сол сәуле-жолақтардағы майда шұңқырлардың өздері де тізген маржандай жылт-жылт етеді. Ал орталық қазаншұңқырға көзілдіріктің өзімен қарау да қатерлі. Онан шыққан бу мен тозаң қара түсті

Ай аспанына қарай тез ұшып кетіп жатыр. Егер осы құбылыс Жерде етсе,құйрықты жұлдыздың су буы мен тозаңы бұдан гөрі әлдеқайда баяу көтерілер еді. Мұндағы процессмейлінше жылдам. Есеналы дереу жанында-

ғы суреттт пен киноға түсіруші Ғұбайдолла Жорабекұлына бұрылды. Ол тынымсыз тынымсыз түсіріп тұр екен. Соған риза болған Есеналы сәл кейін 

шегініп,жанындаңыларға да соны істеуді білдірді. Қазаншұңқыр ойған ғала-

мат от-жалын мен су буы,тозаң минут өткен сайын әлсірей берді. Егер осы

құбылысты Жерден бақыласа,бәлкім гейзер атқылап жатыр ма деп те қалар

еді. Айда гейзер де атқылайды. Оның бірнешеуі бұған дейінгі талай жылдар

бұрын бақыланған. Сондықтан ғалымдар үшін ол аса жаңалық емес-ті. 

   Ғалымдар екі қолдарына қара түсті шыны орнатылған арнайы дүрбілерін жарылысқа қарай бұра бергенде,өздерін айнала қоршай қонған кемелерді байқады. Олар үшеу еді. Үшеуі де жүйрік ұшады. Кемелерден бес бестен он бес зерттеуші түсті. Үш кеменің ортадағысынан Әбіш Кәменұлы шығып, иек-

ке қарай асыға басты. Төрт адам оны қоршап келеді. Көздерінде көзілдірік.

Радиациядан қорғайтын қалың комбинезондары күн сәулесіне жылт-жылт

шағылысады. Бұл аумақтың жарығы әншейінгі жарықтан көбірек. Бейне бір

осы жерде алапат бір жақұт жатқандай. Жақұт десе дегендей еді,оның әдемі

көрінісін тілмен жеткізу қиын. Ғарышкерлердің Айға келу тарихында алғаш

болып тұрған ғажайып құбылыс бұл. Соның куәгері қазақстан ғалымдары 

еді. Бұл бір жағынан қуанышты да,екінші жағынан басқа ғалымдар үшін 

қызғанышты да жайт еді. 

   Әбіш асыға басып келген бойда Есеналымен қалың қолғап сыртынан саусақ айқастырып амандасты да,дереу алға қарады. Бірте-бірте жарығы азайып ба-

ра жатқан ғажайып көрініс те «Мені жақсылап көріп алыңдар» дегендей көз

алдарында жатыр. Әбіш қанша дегенмен жұлдызнамашы болғандықтан 

мойнындағы киофотокамерасын алып,қазаншұңқырды тездетіп пленкаға тү-

сіріп алды. Сонан соң сол иығынан оң жамбасына қарай салбырап тұрған

сөмкесін ашып,ішінен кішкене электронды күрделі құралын алып,құйрықты 

жұлдыздың қандай жылдамдықпен келіп құлағанын,ядросның көлемін,ой-

ған қазаншұңқырының кесекөлденеңін,шашыранды сәуле-жолақтарының 

ұзындығын өлшеді. Екінші,үшінші кемемен келген ғалым жұлдызнамашылар 

да соған ұқсас істі қайталап жатты. Әбіш бар өлшеуін біткеннен кейін де әң-

гіме айтуға шамасы келмей,жарқырап жатқан қазаншұңқырға қараумен тұр-

ды. Есеналы да оған кедергі жасаған жоқ. Қашан жұлдызнамашы тіл қатқан-

ша мәдениеттілік пен сабырлылық сақтап сөйлемеді. Сырт-сырт еткен,ызың-

даған түсіру құралдарының дыбыстары көп уақытқа дейін өшпеді. Кейбіреу-

лері қызыққаны сондай,оңға қарай,одан солға қарай бірнеше қадам жерге ба-

рып,қазаншұңқырдың ол жақ,бұл жағын түсіріп жатты. Бірнеше минуттың

ішінде құйрықты жұлдыздың бар табиғатын біле алатын кино-фото мәлімет-

тер дайын болды. Тек осыдан соң барып Әбіш Есеналыға бұрылған.

-Қалған істі өзіміз жалғастырамыз. Сіздерге көп-көп рақмет! Жолдары-

ңыз болсын! – деді.

-Рахмет дейтін ештеме жоқ,-деп Есеналды да көріністі қиғысы келме-

гендей қазаншұңқыр жаққа бір қарап алды,- бұл біздің парызымыз. Біздің

мамандығымыздың өзі бір-бірімізбен байланысты емес пе?

-Біз зерттейтін тағы бір қазаншұңқыр дайын болды! – деп жымиды шы-

ны шлем ішінен Саматай.

     - Оның рас,- деді оған Есеналы,- қазаншұңқырдағы от пен жарық жоғалған

нан кейін-ақ зерттеуді бастаймыз. Құйрықты жұлдыздың аты-жөнін,келген ауылын анықтаймыз. Оған дейін Әбіш те қарап қалмас. 

     - Мұндай құбылысты қалт жібермеуіміз керек!

     - Ал, енді іске сәт! – деп Есеналы Әбішке оң қолын көтерді. 

     - Жолдарыңыз болсын! – деді Әбіш те оң қолын көтеріп.




                                        Айдағы  сілкініс



   Қазақстан базасындағы пәтерлердің маңында арнайы орын бар-ды. Ол орын

дарда Жерден әкелінген түрлі хайуанаттар өсіріледі. Алғашқы кездері барлық

азық-түлік,сутек Жерден жеткізіліп тұратын. Ай қойнауынан судың мол алы-

нуына  байланысты барлық нәрсе осы аймақта дайындалатын болған. Тірші-

лікке қажетті топырақпен судың жеткіліктілігіне байланысты хайуанаттар

түрі де көбейген. Бүгінде арнайы қораларда,тор бөліктерде қоян да,тауық та,

үйректер де бар. Ғарышкерлер пәтерлерінен күн шығысқа қарай жүрген жол-

да сол қоралардың бәрі қаз-қатар тұр. Пәтер мен екі араны үлкен аллея бөле-

ді. Жасанды жарық күшімен өсірілген  түрлі ағаштар да шыны шаңыраққа

қарай өрлеп кеткен. Осының бәрі де ұңғының ішінде. Өзінше бір ел. Ғарыш-

кер-ғалымдар бейне бір Жердің бір кішкене бөлегін осында көшіріп алып

келгендей сезеді. 

   Мамандығы мал дәрігері болған Есдәулет Тынымбайұлы Жер тәулігімен

есептегенде әрбір үш сағат сайын хайуанаттардың жағдайын бақылап түра-

ды.Оларды күтушілердің жөні бір басқа. Күтушілер хайуанаттардың жағдай-

ларын жақсы біледі. Түсінеді. Хайуанаттар да күтушілеріне үйреніп алған.

Мұнда соларды қатерлі болмаса да қарауылдап жүретін иттер де бар. Ғалым-

дар ит пен мысықты Айдың сілкіністік құбылысына қажет деп алдырған-ды.

Әрі ит адамға жақын,түсінгіш келетіндіктен ғалымдар қолы босаған кезде-

рінде олармен серуен құрып та жүреді. Есдәулет қора-қораның бәрін бақы-

лап шықты. Қояндар жатқан торлы бөлмеге келгенде олардың кейбірі зып

беріп қашып,көздерін жылтыратып,қараңғылау келген індерінен қарап жатты

Жерден ең бірінші болып келгендер де солар еді. Қоянның тез көбейгіш екенін білмейтін адам жоқ. Сондықтан да Айдың алғашқы хайуанат мейман-

дары солар болған. Есдәулет қояндар бөлімінен өткеннен кейін тауықтар бар

тор бөлмеге келді. Олар «құқ»,»құқ» деп тасталған жемдерінг шоқып жеп жа-

тыр. Көбісі келген адамдармен шаруасы жоқ. Есдәулетпен бірге осы хайуа-

наттар мен құстарды қарайтын топтың бастығы Зікірия Саматұлы да келді.

Ол адам азығының жайын,қояндар мен тауықтардың өсімін,жұмыртқа беру

қарқынын түсіндіріп жүр. Осның бәрі тек бұл екі маман емес,күллі адамзатқа

белгілі жайт.

   Тауықтар бар тор бөлімнен өткеннен кейін екеуі үйректер бар келіншекке

келді. Бұл өзінше жасалған бөлім еді. Үйректер шағын көлшікте жүзіп жүр.

Оранжерея ішінде өскен түрлі жеміс ағаштары мен өсімдіктер әлемі олар

Үшін Жермен бірдей секілді. Жайбарақат жүзиді. Ара-тұра кішкентейлары су бетінде жылдам жүзіп,бір-бірін қуалап ойнайды. Есдәулет үйректердің жата-

тын орындарын,оның тазалығына баса назар аударды. Содан соң жанындағы

Зікірияға шамалы кеңес беріп,қайтадан сыртқа қарай бет алған-ды. Осы кезде

Екеуі де хайуанаттар мен құстардың оғаш мінез-құлықтарын байқады. Әсіре-

се,иттер қыңсылап,бос жүрген бір-екеуі сыртқа қарай жүгірді. Одан қайта 

келіп,екеуіне алдыңғы аяқтарымен асылып,қайта түсіп,далаға қашуды меңзегендей солай қарай жүгірді. Зікірия хайуанаттар мен құстардың орын-

дарының он екі баллдық сілкініске шыдайтынын білетін. Сондықтан өзін са-

бырлы ұстады. Тек қоралар емес,мына ұңғының өзі де сол сілкіністерге тө-

зімді етіп жасалған-ды.

   Бірақ Айдың аты – Ай. Жердегі сілкініс болса,оның сыры біршама белгілі

Еді. Жаңағы иттің аласұрғаны,мысықтардың қашқаны,қояндардың тыпыры мен тауық,үйректердің оғаш қылықтары екі маманды ойлантпай қоймады.

Есдәулет дереу жолдағы бағананың бойындағы бір түймені басып қалды. Со-

ның артынша ұңғы ішінде қорғаныс дабылы естілді. Бірақ ол дабыл соғыс

дабылындай адам шошытарлық емес-ті. Ескерту дабылы болатын. Оның да

беріліп тұрғаны бірінші рет емес. Айда сілкініс Жерге қарағанда жиі болып

тұрады. Ал ең ғажабы – сілкініс ұзаққа созылмайды. Сілкіністің жиі болаты-

ны – Жерден келіп-кетіп жататын кемелердің тастанды бөліктерінен. Оған қоса аспаннан келіп түсіп жататын метеориттер тағы бар. Бірақ мұндағы хай-

уанаттар мен құстар ондай жеңіл сілкіністерге мән беруді қойған еді. Жиі-жиі

діріл қаға берсе,үйренбей қайтсін. Ал мына қылықтарының жөні басқа сияқ-

ты. Жеңіл сілкініс боларда иттерде мұндай мінез көрсетпейді. Шамалы қың-

сылап,үйшіктерінің ішіде ары-бері айналшақтап барып тыныштанатын. Бұл

жолғысы ерекше еді. Есдәулет те өзінің түймені дер кезінде басқанына қуан-

ды.Тездетіп пәтерлеріне келген кезде ондағылар да орындарынан тұрған екен

Өйткені,бұл мезгіл Жер есебімен алғанда таң алды болатын. Ал Есдәулет пен

Зікірия үшін таңның атқаны,кештің батқаны білінбейді. Олар сыртқа сирек

шығады. Ұңғы ішіндегі жасанды,күндізгі жарық сырттағы тас қараңғы түнді

де,жарық күнді де,қақаған аяз бен аптап ыстықты да сездірмейді. Олар тек өздерінің міндеттерін дұрыс атқаруды ойлайды. Бірі хайуанаттар мен құстар-

дың аш болмауын қадағаласа,екіншісі олардың ауруға ұшырамау жағын жиі

қадағалайды. 

   Екеуі өздерінің алдарын бірнеше рет орағытып,қыңсылай жүгірген иттер-

Мен бірге пәтерлердің ішін аралап жөнелді. Ондағы мақсат – ешкімнің төс-

Сек үстінде бейқам жатып қалмауын қадағалау –тын. Жоқ,бәрі де ояныпты.

Бәрі де киініп,сыртқа шығуға да дайын тұр. Бірақ сыртқа шыққанмен де қа-

терден құтылу оңайға соқпас еді. Өйткені,табиғаты әлі толық зерттелмеген

Айдан небір нәрсені күтуге де болатын. Тек ғалымдардың бір үміті – сыртта ішке қарағанда сілкініс баяулау сезілуі мүмкін. Ал кейде керісінше болуы да.

   Есдәулет пен Зікіриякелгенбетте жиналғандар ұңғыдан сыртқа шығуды ұй-

ғарды. Тек Зікірия ғана онан бас тартты. Өйткені,бұл кезде хайуанаттар мен

құстарды күтіп жүрген көмекшілері сол қора жақта болатын.Есдәулет оның

мұнысына қарсы болмады. Бірақ ол сілкініс бола қалып,күшейіп бара жатқан жағдайда ұтқарғыш кабинаға мінулерін өтінді. Зікірия басын шұлғып,қараша жаққа қарай кетті. Қасындағы екі ит олай қарай жүргілері келмей қыңсылап,

бұралаңдап еді,ол жетелеп алып кетті. Ғалымдар бір-бірлеп,кең жерде қатар-

ласып эскалаторға жетті. Тап осы кезде бар дүрлігу де басталды. Ай қойнау-

ынан гүрілдеген бір дыбыс естілді. Ол бірте-бірте күшейе берді де,сілкініс

басталып кетті. Сілкіністің дыбысына қоса екі таудың бір-біріне соқтыңысқа-

ны сияқты дүрсіл де сезілді. Ғаламшар зерттеуші Есеналы ол дүрсілдіңаса

тереңддегі жыралар жүйесінің қозғалысынан екенін бірден сезді. Енді сілкі-

ністің де метеориттен де,ғарыш кемелерінің тастанды бөліктерінен еместігі түсінікті болды. Мұндайда қорғаныс керек. Ол жанындағыларға:

     -Сілкініс Ай қойнауынан болып жатыр! Сақтану керек! Хайуанаттар бөлі-

міндегілер мен басқа да қалып қойған кезекшілердің сыртқа шығуына мүм-

кіндік жасау керек! – деді жылдам сөйлеп.

-Қазір! –деп сол замат Саматай да эскалатор жанындағы осындай жағ-

дайда қажет болатын түймені басып қалды.

   Ұңғы ішін дабыл жаңғырықтырды. Адамддардың абыр-сабыр жүрістері

көбейді. Ғалымдар қалғандар келіп жеткенше эскалаторға мінбеді. «Не көр-

сек те бірге көрейік» деген ойлары еді. Есдәулет оларға:

-Қалғандарды мен күтемін! Сіздер жүре беріңіздер! – деп еді,ғалымдар

тыңдамады.

-Бұлай етуге болмайды! – деді Есеналы,- кемедегінің жаны бір деген! 

Бірге шығуымыз керек,сыртқа! Тек ана хайуанаттар мен құстардың қауіп-

сіздігін қамтамасыз ететін қалқаларды қосуды ұмытпасын!

     - Айттым! – деді оған Саматай.

   Сол кезде сілкініс те күшейе түсті. Айналасы бір-екі минуттың ішінде дү-

ние астаң-кестең болып кеткендей. Егер мұнда бірнеше қабатты үйлер болса,

жағдай мүшкілденер еді. Мына үш метр тереңдікке ұңғылана тұрғызылған

мықты орынның өзі де солқылдап жөнелді. Құбырланып келетін қабырғалар сықыр-сықыр қозғалып,кейбір жерлерінің сылақтары да түсе бастады. Оған

пәтер-пәтерден шығып,осылай қарай жүгірген адамдардың тарсылы мен дабырласқандары қосылды. Жоғары қараған адам бұл қозғалысты кәдімгі

нәресте бесігінің сықырымен теңер еді. Ол бара-бара күшейе берген. Адам-

дар эскалатор жанындағы ең қауіпсіз деген жерге жиналған. Содан соң сырт-

қа қарай шықпақ еді,сәлден соң эскалатордың ленталарының қозғалысы  да

кібіртіктей бастады. Бұл тербеліс пен сілкіністің аса жоғарылығынан бола-

тын. Ғалымдар қабырғаға сүйене түсіп,төбелеріне,жан-жақтарына қарап тұ-

рып қалған. Енді бір кезде бұл араға адам сыймай кетті.Әншейінде пәтер-

пәтерде,бөлме-бөлмеде,қорада, оранжереяның әр түрлі бөлімдерінде жүрген-

діктен адам саны оншалықты білінбейді екен. Енді өздерінің қаншалықты

екндіктерін де мынандай аласапыран кезде байқап қалды.

   Есеналы мен Саматай Айдың мұндай құбылысын о бастан білетіндіктен

оншалықты қорықпады. Бірақ  беймәлім табиғаттың аты беймәлім. Мұнда

қаншама рет болып жүрсе де,мынандай сілкіністің соңынан неге апарып со-

ғатынына көз жеткізе алмайды. Сондықтан да ештеме демей,екеуі бір-біріре

қарап қойып тұр. Сілкініс әлі жалғасуда. Жерде мұндай сілкініс соғып өткен

жел сияқты демде бітетін. Бірақ оның залалы да көп болатын. Мұнда Ай үсті

бейне бір жеңіл қабаттан тұратындай сезіледі. Сілкіністің толқыны көп уақыт

қа дейін кетпейді. Бұл жолғысы тіпті ұзады. Ғалымдар мен базаның басқа да

тұрғындары,түрлі мамандары не істерлерін білмей кідірді. Сілкініс бұлайша созыла берсе,Ай қыртысының жарылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қақ-қақ айырылып кеткен аймақтар Жер ғаламшарында аз кездесіп пе еді. Онда еш болмаса,бір аймақтан екінші аймаққа шамаңның жеткенінше қашып кете ала-

сың. Онда ауа да,су да жеткілікті. Күн де аса ыстық емес,түні суық емес. Ал

мұнда мына шектеулі ортадан қайда қашып құтыларсың. Айлалаң толған қа-

тер. Адам боласы комбинезон киіп,арқасына ауа баллонын арқалаған соң,

сыртта тұрған кемесі бар болған соң қашып кете алар-ау. Ал ана кінәсіз хайуа

наттар мен құстар бостан босқа қарылмақ. Есеналы осы жағын да ойлап,уәй-

ім кеше бастап еді. Жоқ,сәлден соң негізгі күш сәл де болса әлсірегендей бол-

ды. Гүріл мен тербеліс бірте-бірте азая бастады. Бірақ Жердегі сияқты бірден 

жоқ болып кетпеді. Діріл ұзаққа созылды. Ғалымдар үшін мұндай діріл үйрен

шікті құбылыс еді. Сондықтан құбырдың қабырғаларын,эсғкалатордың лен-

тасын,тағы басқадай нәрселердің бәрін көзбен мұқият сүзіп өтті.

   Осыдан кейін тұрғандар да бір-бірімен күбірлесіп сөйлесе бастады. Қора жақтан естіліп жатқан хайуанаттар мен құстардың дауыстарыда бәсеңсіп қал-

ған. Бірақ тербеліс әлі жалғасып жатыр. Бәрі де өздірін бейне бір тербелмелі тақтайдың  үстінде тұрғандай сезінеді. Есеналы Саматайға қарап сөз де бас-

тады.

     - Осы Айдың ішкі жаңы қуыс емес пе өзі? – деп жымиды.   

     - Қуыс болса,қуыс шығар. Мына тербеліс неге соншама ұзаққа созылады?

     - Сілкіністің күштілігінен де болар-ау?

      - Менімше,салмақсыздықтан сияқты. Жерде не көп,зәулім үйлер көп! Онан басқа ауыр нәрселер қаншама!

  - Сен де айтасың-ау,Саматай, - деді Есеналы енді әзілді доғарғысы келіп,-

Жер шындап сілкінсе,зәулім үйлеріңді де,басқаларыңды да аспанға атады!

Я болмаса,жермен жексен етеді.

     - Қорқынышты басу үшін айтылып жатқан сөз ғой бұл, - деп енді Саматай да жан-жағына қарады. 

Төңцректегілер де екеу-үшеу болып топтанып,жаңа ғана болған қатерлі сілкі-

ністі сөз етіп тұрған еді. Енді Ай қыртысының дірілі аздап болса да азая бас-

таған кезде құбыр қабырғасынан шығып,бір-бірінен алшақ кете бастады. Құ-

рам басшысы Есеналы да төбесіне бір қарап алып,ілгері жүрді. Сілкініс енді қайталана қоймайтын тәрізді. Қанша дегенмен де құбырдың біраз сылағын жұлып түсті. Бірақ ол қатер емес еді. Алғашында бәрі де онан да бетер қорқынышты көрініс бола ма деп сезіктенген-ді. Енді көңілдері орнына түсіп,

жайбарақаттанып та қалған. Хайуанаттар мен құстарды күтіп-баптаушылар

Есдәулеттен рұқсат алып,қоралары мен торларына қарай асықты. Пәтерлерді 

Қараушылар мен аспазшылар да өз жөндерімен жөнелді. Ғалымдар тобы ғана осы жерде біраз кідіріп қалған. Егер осындай сілкініс сыртта жүргенде қалай 

болар едәі. Олардың бір ойлағандары да осы болатын. Бірақ қалай ойлағанда

да Ай табиғатына адам баласының құдіреті жетпейді. Тек оны зерттей алады.

Соның өзіне де қаншама уақыт керек. Бір кездері Ай бетіне алғаш адам қон-

Ған кезде ғаламшардың бар табиғаты ашылып біткендей көрінген-ді. Енді 

зерттеген сайын Ай құпиясы көбейіп барады. Ғалымдарға о бастан анық нәр-

се – Айдың атмосферасының жоқтығы,теңізі мен мұхитының,өсімдіктер мен

хайуанаттар әлемінің жоқтығы еді. Енді Күн жүйесіндегі барлық ғаламшар-

лардың бүкіл құпиясын өз қойнауына жасырып жатқан Айды зерттеуге де-

ген құлшыныс күн санап емес,сағат санап артып барады.

   Біраздан кейін ғалымдарға сейсмологиялық станцияны бақылаушылар жаңа

ғы болып өткен сілкіністің он екі баллдан асып жығылғанан ескертті. Егер осы сілкініс Жерде болса,талай дүние жермен жексен болар еді. Айдағы тар-

тылыстың да,Жерге қарағанда алты есе аздығы анау-мынау заттың салмағын жеңілдетіп,қатерді азайтқан. Оның өзі де ғалымдар үшін бір қуаныш. Есена-

лы біраз ойланып,сілкініс күшін анықтаған соң қасындағыларға:

-Енді өз орындарымызға баралық. Кезекті зерттеу сапарына шығатын 

Уақыт та қашық емес,-деді.

     - Иә,сілкініс жуық арада қайталана қоймас, - деді Саматай да. 

     - Толқын қайта тепкенде де жағдай белгілі болды. Біздің мына құбыр-ұң-

ғымыз он екі боллдық сілкініскек былқ етпеді. Енді қорықпауға  болады. 

Сырттағылар да өздерінің істерін одан әрі жалғастыра берсін. Біздің жағ-

дайымызды хабарлап қойыңдар,-деп Есеналы байланысшы жігіттерге көз қы-

рын салды.

   Олар сол замат бастарын бір-бір шұлғып,кейін бұрылып,жылдам басып өз

орындарына кетті. Ғалымдар тобы сапар алдындда жиналатын мәжіліс бөл-

месіне қарай бет алды. Бәрі де қабырға-қабырғаларға мұқият көз салып ке-

леді. Сілкіністің аты – сілкініс. Қанша дегенмен де жарылған тұстар да кез-

деседі. Оларды жөндеу үшін адамдардан арнайы топ та құрылып үлгерген-

ді. Ғалымдар ұаңын аллея бойымен келе жатқанда олардың бір-екеуі сол ша-

малы бұзылған жерлерді жөндеуге кірісіп те кеткен. Мұндай ортада әрбір 

нәрсе тек осылайша жедел істеледі. Әйтпесе,қатер әрбір минутта болуы мүм-

кін. Бөтен ғаламшардың аты бөтен. Жерден қарағанда әсем болып көрінетін, 

тып-тыныш қана күміс сәулесін төгіп,баяу жылжитын Айдың да мұндай ға- 

жайын та,қорқынышты сырларының барын тек келген адам біледі. 

   Мұндағылар сілкініс болды екен деп,оның қайта тебетін толқынын күтіп 

тағы отыра алмайды. Әрбір минут қымбат. Әрбір қадам санаулы. Сондықтан

Жер тәулігі бойынша есептелетін тәуліктің шамалы сәтінде ғана тынығады

ғалымдар. Онда да ұйқы уақыты алты сағаттан аспайды. Бірақ демалу керек.

Есеналы сағатына қарағанда түнгі он бірге жақындап та қалған екен. Ал Ай 

үсті әлі де сол баяғы Күн сәулесіне шақырайған күйінде тұр. Оған қараған

адам екі апта бойы ұйқы көрмес еді. Сілкіністі өткеріп,қатердің жоқтығына

көз жеткізген соң базадағылар ұйқыға дайындала бастады. Енді тек арнайы

орныдарда,күзеттерде тұрған адамдар ғана өздерінің борыштарын бұлжыт-

пай орындауға кірісті .Ұңғы ішіндегі түрлі жарық шамдар бірте-бірте өлеусі-

реп сөне берді.

   Ай қыртысы астындағы қалашықтың орталық байланыс-басқару бөлімінде-

гі үлкен электронды сағаттың жасыл цифы таңғы 5 00 көрсеткенде дабыл бе-

ріле жөнелді. Бұл Жер ғаламшарындағы таңның атқанының белгісі еді. Осы

орталық байланыс-басқару бөліміндегі үлкен электронды сағаттан шыққан

дабыл күллі пәтерлердегі шағын дыбыс күшейткіштерден беріледі. Мұндағы

іс әскери тәртіпке негізделгендіктен осылай болуы тиіс болатын. Мұнда тұра-

тындар ол дабылға үйреніп кеткен. Кейбірі тіпті,сағат беске бірнеше минут

қалғанның өзінде-ақ аянып кетіп,түрегелуге дайын жатады. Әр пәтерде екі

кісіден болғандықтан тыныш,демалуға да,жұмыс жасауға да мол мүмкіндік

бар. Пәтер ішінде барлық жағдай жасалған. Онда стереотеледидар,стерео-

магнитофон,электронды сағат,жуынып-шайынатын бөлме,асхана,тағы бас-

қадай нәрсенің бәрі ойластырылған. Жерден келгендер ол жағынан еш қиын-

дық көрмейді. Пәтердің сыртқа қараған терезесі жоқ болса да,Айдың бар

табиғатын көруге мүмкіндік беретін арнайы тележүйе де бар. Оның экраны 

кейде байқамаған адамға Ай үстіндегі үйдің терезесі тәрізденіп тұрады. Тере-

зе десе,дегендей. Экраннан Айдың бар табиғаты – таулары мен қырлары,ой-

паты мен шыңдары көрініді. Экранның астындағы түймелерді басу арқылы 

қалаған ендік пен бойлықтағы табиғатты да тамашалаудың мүмкіндігі бар. 

Бұл жағынан келгенде экран терезеден де артық. Егер терезе болса,Айдың

Бір ғана жағы,бір ғана бөлігі көрінер еді. Ал мына экран арқылы қыртыс ас-

Тында отырып-ақ «саяхат» жасай беруге болады.

   Есеналы мен Саматай да бүгін үлкен электронды сағат дабылынан  селт

оянды. Қанша дегенмен де Айдың аты Ай. Қыртысы  астында Жерге тән

барлық нәрсе жасалса да оның ерекшелігі білініп тұрады. Тартылыс күшін 

                                              - 21 -       

арнайы жүйелермен Жердікімен бірдей еткенімен де кейде адам өзінің

денесінің әдеттегіден жеңіл екенін сезінеді. Есеналы да тұрғаннан кей-

ін өзін жеңіл сезді. Қол-аяғын қозғап,бірнеше жаттығу жасады. Саматай

да соны қайталады. Содан соң екеуі жуынып-шайынатын бөлмеге  бірге

кірді. Ондағы шүмектер де екі кісіге есептелген-ді. Алдарындағы айнаға

қарап,беті-қолдарын жуып,шаштарын тарап,самай сақалдарын алды. Со-

дан соң-ақ ұқыпты жап-жас жігіттей болып шыға келді. 

-Мына тұрмысқа үйреніп алсақ,Айдан кеткіміз де келмей қалар-ау! –

деп Есеналы әзілге басты.

-Жердегі жанұямызды осында көшіріп алсақ қайтеді онан да? – деп 

Саматай да кем қалмады.

-Жанұя демекші,мен олармен тілдесуім керек. Бүгін сапарға шығамыз

ғой. Енді бірте-бірте базадан алыстай береміз. Бойымыз Ай табиғатының 

көрінісіне үйреніп те келеді емес пе. Кішкентай тәттімді сағындым! Соным-

ның жүзін бір көрсем,маған көп күнге азық!

-Ондай тәтті менде де бар! – деді Саматай,-асханаға барғанға дейін сөй-

лесіп алсақ,сөйлесіп алайық. Олар да бір қуанып қалсыншы!

-Әрине. Әсіресе,менің ең тәттім Гүлбаршын видеотелефонмен тілдес-

кенді жақсы көреді. Осында аттанар алдында ол маған «Айдан жиі-жиі сөй-

лесіп  тұратын болшы,көке» деп қиылғаны бар. Сонысы көз алдымнан кет-

пейді. Перзенттің құдіреті де сол емес пе?

-Ал менің кішкентай тентегімнің аты Сержан ғой! Ол бұзықтығында 

шек жоқ! Ол үйдегі видеотелефонның жанынан айналшақтап шықпайды.

Ал мен жоқта тіпті де кетпейтін болар,оның жанынан. 

     - Ендеше,тілдесейік,Жермен. Басқа жаңалықтарды да білерміз. 

   Екі ғалым жуынып-шайынатын бөлмеден асыға шығып,сапарға шығарда

киетін киімдерін киді. Содан соң Есеналы бірінші болып видеотелефон ал-

дына отырды. Жерден Айға дейін әрбір дабылдың бір минут бойы жүріп өте-

тінін екеуі де о бастан біледі. Сондықтан да сөйлесу де біршама уақытқа со-

зылады. Әуелі орталық байланыс-басқару бөліміне шығады,ол Ай төңірегін-

дегі айналымжолдағы ірі ғарыш жүйесіне жеткізеді. Ол жүйеден Жердегқалаған қала,не ауылдағы байланыс торабы жалғасады. Мұның өзі үш

минут уақыт алады. Содан соң екі жақтың сөзбен жүздесу байланысы баста-

лады.

   Видеотелефонның оң жағындағы арнайы орында тұрған электронды сағат-

Тың сағаттық цифры бірнеше рет өзгергеннен кейін манадан бері жыбырлап тұрған экран беті тұп-тұнық солып шыға келді. Есеналы да сол замат өзі 

Жерге ұшып жеткендей күйге бөленіп,экраннан көзалмай отырды. Енді бір-

екі минут өткенде экранда Есеналының жұбайы Рамзияның ап-анық бет-жү-

 зі пайда болды. Сол кезде Есеналы да видетелефонның төменгі тұсындағы

панельден тағы бір түймені басып жіберді. Көрініс тереңдей әрі кеңейе берді.

Енді тек Рамзия емес,бөлменің іші,үш ұлы мен екі қызы көрінді. Ең тәтті де-

ген кенже қызы Рамзияның алдында отыр екен. Ол өзін көрген бойда жұлқы-

нып кеп берді. Рамзия онымен алыса отырып,көзіне жас ала сөйледі.

                                                    - 22 - 

     - Халің қалай Есеналы?  Аман-есенсіңдер ме?

     - Бәрі жақсы,Рамзия,-деді Есеналы да сәл толқып.

     - Шаршаусың ғой?   Жұмыс ауыр ма? – деді жұбайы мұның жүзін бар-

лай қарап.

-Экраннан солай көрініп тұрған болар. Денсаулығым жаман емес. Қа-

сымда Саматай отыр. Оның да жағдайы жақсы. Ал өздерің қалай?  Жерде 

қандай жаңалықтар болып жатыр?

-Мұнда да сол күнделікті тіршілік. Жаңалық дегенде айтатын нәрсе,Ан-

тарктидадағы бір қазба жұмысы кезінде мұз болып қатып қалған кесірткелер

табылыпты. Ал Күн сәулесі түскен кезде әлгілер жылынып,тіріліп кетіпті.

Мұндай оқиға мұнан бұрын да болған екен деседі. Осындай жаңалық естідік.

-Бұл қызық екен! – деді Есеналы кішкене сергіп,-өз денсаулығың қалай?

-Жаман емес.

-Бәди,Мәди,Нияз бен Ұлпан,Гүлбаршынның халдері қалай? Ал ана кен-

жем ше?

-Өзің көріп отырғандай бәрі де аман. Жұмыстарын істеп,сабақтарын 

оқып жүр. Ал мына кенжең... Сөйлесші,өзімен.

   Есеналы экранға жақындай түсті. Ойынша,жақындасам анығырақ көрінер

дегені еді. Қайта керісінше,Жердегі қызына өзінің бейнесі анықтала түссе

керек. Кенжесі де экранға қарай қолын созып:

-Көке,сен қашан келесің? – деді.

-Жаңа Ай туғанда,-деді Есеналы.

-Жаңа Ай қашан туады?

-Жаңа Айдың туғанын анаң көрсетеді. Сен мені сағындың ба?

-Сағындым,көке. Келіп мені де алып кетші.

-Мұнда саған рұқсат етілмейді.

-Онда өзің кел.

-Жұмыс қалай бітеді,солай ораламын,қызым!

   Осы кезде кішкене қызды сәл кейін тартқан Рамзия экранға қайта жақында-

ды.

-Жұмыстарың қалай жүріп жатыр?

-Жаман емес. Әзірше Айдың біраз қазаншұңқырларымен таныстық. На-

ғыз жұмысымызға енді кірісеміз. Негізгі мақсатымыз Айдың солтүстік бүйі-

ріндегі қазаншұңқырлардағы қатқан мұзды бұзып алу. 

-Оны білемін. Енді мына ұл-қыздарыңмен тілдес. 

   Рамзия сәл кейін шегініп,ұлдары мен қыздарына жол берді. Олар да Айда-

ғы әкелерімен кезекпе-кезек сөйлесіп жатыр. Мұндайда уақыт та өткіш. Бай-

ланыс жүйелерінде отырғандар уақыттың бітіп қалғанын ескертіп үлгерді. 

Алғашқы кездері Ай мен Жер арасының аз жеремес екені ескеріліп,уақытты

Оншалықты шектемейтін. Енді мұнда да байланысатын мекемелер көптеп 

орын ала бастағандықтан сөйлесу мерзімі де шектеле бастаған-ды. Дегенмен,

ғарышкер-ғалымдар ол ескеруге аса алаң болмайды. Есеналы ұл-қыздарымен

кезек-кезек сөйлесіп мауқын басқан соң,видеотелефон алдына Саматай отыр-

ды. Ол да өзінің жұбай Мінаура,үлкен ұлы Қалыбек,онан кейінгі қызы Зүлия,

                                                       - 23 -

кенжелері Мырқасым,Досайлармен тілдесті. Мінаура да Рамзия айтқан жаңа-

лықты еске салды. Бұлар Айдың құпияларын ашқалы жүргенде Жерден де 

қызықты жаңалықтар ашылып жатқанына ғалымдар қайран болды. Бірақ он-

дай хабар бірінші рет болып жатпағандықтан Саматай әңгіменің төркінін ау-

ыл жағдайына бұрып жіберді.

   Ғалымдар Жермен екі арадағы байланыс уақыты біткен соң орындарынан 

Түрегеп,киімдерін түзеп,айнаға қарап,шаштарын тарап,сыртқа бет алды. Бұл

Кезде тамақ ішетіндей уақыт болған-ды. Үш қатар көше болып келетін үлкен

дәліздің ішінде адамдар абыр-сабыр жүріп жатыр. Бәрі де бір-бірімен жақсы

таныс болғандықтан бас изесіп жылы амандасады. «Кемедегінің жаны бір» 

дегендей,бірінің де тілегі аман-есендік. Жер жағдайында да осындай сыйлас-

тық пен тілектестік бар. Бірақ онда көшеде кездескен адамдар бір-бірімен

амандаса бермейді. Өйткені,бір-бірін танымайды. Танымайтын адамдардың

бір-бірімен амандаспайтыны да бір жағынан оғаш қылық тәрізді. Ал екінші 

жағынан танымайтын адамға амандасқанымен оның қыр-сырын,мән-жайын

білмейді. Ол үшін басынан бастап танысу керек. Айдағы база тіршілігінің бір ерекшелігі де осы еді. Мұнда мыңға жуық адам еңбек етіп жүрсе де,кездес-

кенде сәлем бермей,хал-жағдай сұраспай өтпейді.

   Есеналы мен Саматай әдеттегісінше жайбарақат келе жатты. Сол кезде дә-

ліздердегі қабырғалардың биік жағына орнатылған арнайы дабыл құралдары

безек қақты. Оны қоспай тағы болмайды. Ғалымдар таңғы астың уақытын он-

сыз да біледі. Сонда да болса,кейбірі кітап оқып,немесе стереотеледидар кө-

ріп,шаршағаны ұйықтап,тамақ ішетін уақытты өткізіп алуы да ғажап емес. Сол үшін жасалған. Екі ғалым дабыл біткнше асханаға келіп те үлгерді. Онда

біраз адам жиналып қалыпты. Екеуі келіп олардың ортасына кірді. Басты әң-

гіме өздері жаңа ғана Жерден естіген тірілген кесірткелер жөнінде екен. Бұл

Ай қыртысын зерттеп жүргендер үшін үлкен жаңалық. Ол тіпті,стратиграф-

Тардың өздерін де ойландырған. Жер мен Айдың тағдырларының кей жағы-

нан бір-біріне жақын келетіні тағы бар. Оны ғалымдар жақсы біледі. Жерден

 келген затты осы Ай бетінен,Ай бетінен ұшып кеткенді Жерден тауып жат-

қанзаманда қыртыс астынан шығып жатқан не нәрсе де ғалымдарға ой сал-

май қоймайды. 

   Асханадағы негізгі әңгіме сол жөнінде болды. Содан соң басқа мәселеге

Ауды. Күнделікті осындай біркелкі өмір адамды жалықтырып та жіберер

ме еді,егер жаңағыдай бір жаңалық сергітіп тастамаса. Ай бетіне іріктеліп әкелініп жатқан,лабораторияларда зерттеліп жатқан тастар қаншама. Бірақ

солардың бірінен де әзірі тіршілікке тән белгі байқалған емес.Ылғи сондай

тастарды көре бергеннен кейін де ғалымдардың тіршілік жөніндегі үміттері

де сөне бастаған-ды. Астан кейін ғалымдар өздерінің жоспарллары бойынша

кетті.


     Қараңғылықтағы  жаттығу


   Күн төбеден ауып,батысқа қарай біршама ойысқан кезде Жерден келген-                                                   

гендердің іс-қимылдары да күшейе түскен-ді. Күн тас төбеде бажырайып ұзақ тұрып алған кезде мұнда ешқашан түн болмайтындай көрінген. Егер

осы тіршілік Жерде өтіп жатса,ғалымдар баяғыда тыпырлар еді. Ай көгінде 

шартабақтанып тұратын Жердің ширектерінен байқауға болар еді жиырма

төрт сағаттың қалай жылдам өтетінін. Ай үстіндегі ұзақ күн мен түн адамды 

асықпауға үйрететін тәрізді. Соңғы кезде ғалымдар онша асықпайтынды да

шығарды. Бұл бір жағынан Айдағы күннің екі аптаға созылатыны болса,

екінші жағынан аптап пен атмосферасыздықтың,ылғалдың жоқтығының

әсерінен қалыптасқан. Дегенмен,ғалымдардың белгіленген жоспарлары бар.

Ал уақыт Ай тәулігімен емес,Жер тәулігімен есептелінеді. Сондықтан да 

Айдың аптабында да,түннің қақаған суығында да жұмысты жалғастыруға 

тура келеді.

   Есеналы бастаған топ Айдың жарты күнінде – Жердің аптасында талай іс

Тындырды. Келгеннен бастап олар бірнеше қазаншұңқырлардың ішін,құры-

лымын,тағы басқадай құпияларын зерттеді,суретке түсірді,сызбасын жасады.

Әрбір қазаншұңқырдан тас та алды,топырақ та алыды,тозаң да алды. Оның

бәрі сол қазаншұңқырлардың неден пайда болғанын анықтай түсу үшін қажет

еді.Бірақ әлі табиғаттың қай жерін тіміскілесе де,адам баласын елең еткізетін

қазба байлық табыла қойған жоқ. Оның есесіне Айдың топырағы мен тозаңы цемент ерітінділері мен бетон жасауға таптырмайтын ғажайып материал еді.

Сондықтан да бүгінде Жердегі әрбір дамыған елден  жүк кемелері келіп-ке-

тіп жатады. Ал ғалымдар үшін оншалықты жаңалық емес. Ғалымдарға қаже-

ті – Айдың қойнауының құпиялары. Ал қазаншұңқырларды зерттеу – сол құ-

пияларды ашуға барар бірден бір жол еді. 

   Бірнеше қазаншұңқырдың қыр-сырын зерттегеннен кейін ғалымдар тобы

олардағы көлеңкелерде жұмыс жасаудың тәжірибелерінен өтуді бастады. 

Айдағы көлеңкенің аса қою болатыны,оған енген адамның көрінбей кететі-

ні о бастан белгілі. Дегенмен,қай нәрсені де көзбен көргенге не жетсін. Ай-

дың соңғы ширегінен ауып,өлараға қарай бет қойғаны ғалымдарға сондай бір

жоспарды жасауларына түрткі болды. Жоспардан бұрын өздерінің негізгі

жұмыстары да сондай көлеңкелі жерде өтпек. Әрине,ол жерде түрлі қуатты

жарық бағыттағыш шамдар болады. Бірақ сол шамдардың жарықтығының

өзі де аса қараңғылықта әлсірегендей сезіледі. Ғалымдар жарықтың аса қа-

раңғылықта қаншалықты әлсірейтінін терең үңгір ішінде байқап көрген-ді. 

Жер ғаламшарындағы түн әншейін нәрсе. Күн Жердің екінші жарты шарын жырықтандырып тұрса да,оның сүлбесі жететін тәрізді. Оған көкте бола қал-

са Айдың күміс сәулесі мен алыстағы жымың қаққан жұлдыздардың жарығы

қосылады. Ал адамдар соны да түн дейді. Кейде қараңғылық қоюланғанда 

адамның да кей нәрсені ажырата алмай қалатын кезі болады. Ондай жағдай

күн бұлтты кездері кездеседі. Жарық мүлдем түспейтін бөлменің ішінде де

жарыққа көп күш керек болады. Есеналы бастаған ғалымдар тобы Айға ұшардан бұрын сондай жаттығулларды бастан кешірген-ді. 

   Енді сол армандаған Ай бетінде жүргендіктен көлеңкенің қандай болаты-

нын көзбен көретін уақыт та жеткен-ді. Олар үш кемеге бөлініп мініп,ішкі 

                                             -  25 –

көлеңкесі көбейген қазаншұңқырдың біріне келді. Күн батысқа қарай қи-

сайғанмен әлі де көп уақыт сол орнында тапжылмай тұрғандай болатыны белгілі-тін. Сондықтан ғалымдар «Кеш түсіп кетеді» деп сасқан жоқ. Кеме-

ден түскен бойда,қазаншұңқырға түсіп-шығатын тепкешекпен төмендей

берген. Мұндай тепкешектер бүгінде көптеген қазаншұңқырларда бар. Қа-

заншұңқырдың ішіне жеңіл кемемен де қалықтап қона салуға мүмкіндік

болса да,ғалымдар өздірінің істеріне шын берілгендіктерін танытып,бір-

бірлеп,сол тепкешекпен көлеңкеге жақындады. Әрқайсысы комбинензонда-

рының сол жеңіндегі термометрлеріне қарап қояды. Ондағы температура

әзірге өзгере қойған жоқ-ты. Бірақ көлеңкеге енгеннен кейін-ақ қызыл түс-

ті сынап төмен қарай зырғып жөнелді. Бірақ ғалымдар қыдырып жүрген

саяхатшылар емес. Сондықтан көлеңкеде тұрып,бір-бірінің қалай байқала-

тынын,қалай қараңғылықпен астасып,көрінбей кететінін бақылады. Бұл 

былайша қарағанда баланың ойына сияқты көрінгенімен зерттеу жұмысы

кезінде қажет болатын жаттығу еді. Қай бір нәрсеге де осындай алдын ала

жаттығу керек. Онсыз болмайды. Ғалымдар көлеңкеде тұрып,Ай аспанын-

дағы жұлдыздарды да таныды. Ай табиғаты осы бір сәтте екі түрлі әлемге 

бөлінгендей. Күн түсіп тұрған жағы жарық дүние болса,мыны көлеңке қа-

раңғы дүние. Сол күнгей жақта тұрған кейбірі қараңғыдағыларды көрмей де

қалады. Бұл Жермен салыстырғанда өзінше бір ерекшелік көлеңке қараңғы-

лығын сейілтетін атмосфераның жоқтығынан туған ерекшелік еді. Айдағы

көлеңкеде заттардың неге көрінбейтіні о бастан белгілі.

   Сондықтан ғалымдар ол жағына назар аударған жоқ. Олар осы көлеңкеде 

бір-бірін қалай байқайтынына көңіл бөліп,қалай жұмыс істеуге болатынын 

қарастырды. Енді біршама уақыттан соң Айдың солтүстік бүйіріндегі цифр-

мен белгіленген үлкен қазаншұңқырдың ішіне зерттеу жүргізеді. О бастан болжанғандай,Айдың солтүстік және оңтүстік бүйірлеріндегі мәңгілік Күн

сәулесі түспейтін қазаншұңқыр көлеңкесінде қатқан су мұзы жатуы тиіс. Бү-

гінде олардың неше түрлі көлемде анық етіп түсірілген суреттері де жеткілік-

ті. Тек қана су емес,оның палеонтологиялық,стратиграфиялық мәні де бар. 

Ғалымдар сол жағынан жа үміттенеді. Өйткені,Жер мен Айдың тарихы бір-

бірімен сонау өздері жаралған заманнан байланысты. Жер адам болса,Ай 

соның бар тарихын қойнауына жасырып жатқан қоймасы іспеттес. 

    Ғалымдар қазаншұңқыр көлеңкесінде біраз болып,қалай жұмыс істеуге

болатынын алдын ала белгілеп алған соң,арнайы әкелген жарық бағыттағыш

қуатты шамдарын да жағып көрді. Соның алдында олар шам жанған бойда көлеңке сейіліп сала беретін болар деп ойлаған-ды. Бірақ ол ойлары жай екен,аса қуатты деп алып келген шамдарының жарығының өзі мандырып жа-

рық бере алмады. Ол бейне бір жарығы әлсіреңкіреп қалған шам сияқтанады.

Мұндай көріністің болатынын ғалымдар сонау Жерде тұрғанда-ақ білген. Бі-

рақ көзбен көрген құбылыстың әсері қашан да өзгеше.

     - Бізге мұндай шам жарамайды екен,-деді бір кезде оған қанағаттанбаған

 Есеналы,-үлкенін әкелуіміз керек!

-Ол түсінікті нәрсе,-деді Саматай,-мынандай жарықта ешқандай да зерт-

теу жүргізе алмайсың. 

-Қазба жұмысына қолданылатын жарық бағыттағыш қуатты шамдары-

мыз мұндай бола қоймас деп ойлаймын.

-Әрине,бұл қолданылып тұрғандарымыз тек қолшам ғана. Ал олар арнайы желіктің үстіне орнатылған. Және ол шамдар бір ғана емес,барлық бағыттан жарық шашатын болады. Сол кезде онан көрінбейтін нәрсе қалмас.

-Ол үмітің дұрыс,-деді Есеналы көлеңкеден шығуға ыңғай беріп,-қалай болғанда да қазаншұңқырдағы мәңгілік мұзды бұзбауымыз керек. Ай

қыртысын күшпен терең қазып жатқаннан гөрі ана мұз дайын су емес пе?

-Су – тіршіліктің ең бастысының бірі, -деп Саматай жанындағыларына

қарап қойды.

   Ешкім үндеген жоқ. Қазір бәрі де көлеңке емес,бейне бір тас қараңғы түн

қойнауына енгендей тұр еді. Бір-бірлерінің жүздерін де әзер таниды. Ал Күн

түсіп тұрған жақ бейне бір жарық дүние сияқты. Тағы бір көңіл толмайтын

нәрсе,жарық пен қараңғылық бір-бірінен пердемен бөлгендей екі түрленіп

тұр. Жердегі барлық ғажайып көріністі жасап тұрған атмосфера екенін де

ғалымдартағы бір естеріне алды. Егер мұнда адам жалғыз қалса,онан артық

тағдырдың тәлкегі болмас. Жердегі жалғыздық жай нәрсе екен,әсем бұлттар,

жел,жаңбыр,жылы күн,табиғаттың шулы,аңдар мен құстар адамды жалғыз

етер ме. Бір замандағы Робинзон Крузоның жиырма жеті жылдық өмірін де

жалғыздық деуге болмас еді,ол тек оңашалық екен. Егер сондай бір адам осы

Айдың бір аймағында жалғыз қалса,жиырма жеті жыл емес,жиырма жеті са-

ғаттың ішінде есінен  ауысар  еді. Ауыспаған күннің өзінде де өмір сүруге 

негіз жоқ. Ғалымдардың кейбірі соныда ішінен  бір ойлап қойды.

   Содан Жерден келген жаңа құрам күнгей жаққа шықты. Енді жаңағыға қа-

рағанда тіршіліктің титтей де болса нышаны пайда болғандай. Адамның көкі-

регінде де өмір сүруге деген үміт туа бастаған сияқты. Бірақ бәрібір көңілсіз.

Тып-тыныш дүние. Тып-тыныш болғанда да шектен тыс тыныш. Өздерінен,

техникаларынан басқа қимыл жоқ. Жер табиғатында болса,анау таулардың үстінде неше түрлі аңдар жүрер еді,төбеде құстар қалықтар еді,мына қазан-

шұңқырдың өзінің жалдары шөп пен гүлге толар еді. Оның бірі де жоқ. Әсі-

ресе,жас ғалымдар Жерден келерде қызығарын қызықса да,енді біртүрлі се-

зініп тұр. Тек алда мақсат болған соң,тапсырманы орындау қажет болған соң сол құлазушылықты әңгімемен,өзара пікірмен жоюға тырысады. Бұрын-соң-

ды келіп-кетіп жүрген ғалымдарда жастардың мұнда өзін қалай сезінетінін

жақсы біледі. Сондықтан да ылғи жұмысты айта бермей ара-тұра әзілге де  көшеді. Тіпті жаңа,бір екеуі жас шақтарын естеріне түсіргілері әрі тұрғандар-

ды бір серпілгілері келгендей көлеңке мен жарықта жасырынбақ та ойнап ал-

ған. Өйтіп қоймаса,мына бейтаныс табиғатта жастардың бойын қорқыныш 

билеп кетеді. Олар жұмысқа баса назар аудармайтын болады. Ондай сезімді осындағы ғалымдардың көбі алғаш келгенде басынан өткерген.

   Көлеңкеде қалай жұмыс істеуге болатынын алдын-ала байқап, зерттеп ал-

ғаннан кейін ғалымдар кемеге қарай жүрді. Қазаншұңқырдың ернеуіне шық-

                                                      - 27 - 

қан бетте жастар кәдімгідей сергіп қалды. Олар үшін қазаншұңқыр іші бейне

бір құз ішіне түскенмен бірдей әсер береді. Ал сыртқа шыққан кезде бейне бір бар қатерден құтылғандай,Жерғаламшарына бір табан жақындағандай сезінеді өздерін. Алыста болса да,үлкен глобустай алабажақтанып тұрған

Жер ғаламшарының көрініп тұруының өзі бір жұбаныш. Ал ең кереметі – Ай-

да бұлт та,жауын-шашын да ешқашан болмайтындықтан әсем Жер қай мез-

гілде болса да «Мен мұндамын» дегендей жарқырап тұрғаны. Ал оның ширек

терінің өзгеруі аспандағы алып сағат сияқты. Кейбір елегізген жас ғалымдар

ара-тұра Жерге қарап,ондағылардың қандай тіршілік жасап жатқанын көз ал-

дына елестетеді. 

   Қазаншұңқыр ернеуіне шыққаннан кейін жаңа құрам өздерін манадан күтіп

тұрған кемелеріне жақындады.  Олар мұндай күту кезінде арнайы қалқанмен

қалқаланады. Әйтпесе,Күннің аптап сәулесі оның қабырғаларын қыздырып-ақ жібереді. Жүзден жоғары темперарура оңай болсын ба. Кеменің қабырға-

ларында жылытқыш пен тоңазытқыш жүйелері де бар. Соның өзінде де үстін

дегі қосымша қалқа олардың жұмысынқиындатпауға кепілдік береді. Кеме-

лерге тән тағы бір қиындық – ол күнгей жермен ұшқанда қабырғаларындағы

тоңазытқыштар тездеп іске қосылады. Ал қазаншұңқыр немесе биік таудың 

көлеңкесіне енген сәтте жылытқыш жүйелер іске кіріседі. Өйтпейінше,кеме-

ге де,ішінде отырғандарға да қолайсыздық туады. Мұндағы күнгей жер мен

көлеңкенің арасындағы температура айырмашылығы Жердегі сияқты бір-екі

ғана градус емес,жүзден асып өзгереді. Сондықтан да мұндағы әрбір қадам

қатерлі.   

   Бірақ адам баласының үйренейтін,игермейтін ортасы жоқ. Осындай вакуум

Ды ортаның өзінде де Айды зерттеушілер өз жағдайларын ұмытып,Жерден 

алған тапсырмаларын ойлап кетеді. Қазір де көпшілігінің ойлары сондай еді.

Комбинезондарының жеңжеріндегі біресе жоғары қарай,біресе төмен қарай

зырғып жылжитын қызыл түсті сынап та көп назар аудартпайды. Термометрдің мұндай құбылысына алғаш келгендер ғана жиі-жиі қарайды. Ал кейіннен олардың өздері де қарамайтын болады. Тіршілік пен әрекеттің

құдіреті де осында. Адам баласының организмі де тұтқиылдан келген қатер-

лі соққыға төзбейді. Бірнеше секундтың ішінде адам мерт болады. Бірақ адам

соны біле тұрса да,оны ұмытып ,өмірддегі қызықты тіршілікке біріліп кетеді.

Өзін өмірде мәңгі жүретін тіршілік иесіндей санайды.Өмір сонысымен де қы-

зық. Адам алдына қандай да бір мақсат қоймаса,онда оның уақыты өтпеген болар еді. Жерден келгелі ғалымдар жарты ай уақыттың қалай зырғып өте шыққанын да байқамаған. Айдағы күн ұзақ болғанымен бұлардың істері қар-

балас өтіп жатты. Көлеңкедегі жаттығуды аяқтағаннан кейін ғалымдар  «Қа-

зақстан» базасына оралып,ең негізгі дайындыққа кірісті.


  Жерді еске алу

   Жер есебімен  бүгін жексенбі болғандықтан екі бөлмелік пәтерде жататын

                                                   - 28 -               

химик Жадай Қазымбекұлы мен физик Беркін Сәтбекұлы бүгін асықпай тұр-

ды. Бүгін дегенде мұнда Жердегі сияқты таң атып,Күн шығып жатқан жоқ. Бәрі де электронды күрделі жүйелер арқылы білінеді. Бүгінгі таңда орталық 

электронді сағат та дабыл бермеді. Бұл ғалымдар мен басқа да тұрғындардың

 тыныш демалуларына жасалған жағдай еді. Бірақ адамның бір әдеті – дема-

лыс күндері бірдемені жасағысы келіп,сол уақытты бос өткізгісі келмей тұра-

ды. Жадай мен Беркіннің де дабылсыз-ақ оянып,асықпады дегеннің өзінде

Жер есебімен таңғы жетіде-ақ төсектен түрегеп кеткен. Әдеттегіше жеңіл 

Жаттығулар жасап,жуынып-шайынып,тамақтанып алған соң пәтерлеріне қай-

та келген. Мұндай күні ғалымдар зерікпеу үшінбарллық жағдайлар жасалыд. 

Жер жайлы күн ұзаққа неше түрлі хабар көремін десе,бөлмелерінде стереотеледидар тұр. Әсем әуен тыңдаймын десе тереомагнитофон,ал Жерде

көрген кейбір ұнамды концерттерін қайталап көремін десе,видеомагнитофон

бар.  Бірақ  оның бәрі де қайталау болғандықтан бүгін екі ғалымның онша зауықтары соқпады. 

   Онан да төсекке қисая жатып алып,Жердегі кейбір оқиғаларын еске алуды 

жөн көрген. Жер жайлы ойлану үшін Айдың тып-тыйпыл табиғатын арнайы

терезе сияқты экраннан қараудың қажеті жоқ. Сондықтан ғалымдар оны да

сөндіріп тастаған. Енді екеуі шын мәніндегі бір тыныштықта қалғандай. Жа-

дай да,Беркін де жастайынан тауқұмар-тын. Екеуі де ауылда өсті. Орта мек-

тепті бітіргеннен кейін ғана қалаға аттанған. Сол қаладан Айға келіпр отыр.

Әрине,жас кездері екеуі де Айға барамыз,оның қыртыстарын,қазаншұңқыр-

ларын зерттейміз деп ойламаған. Өмірдің өзі кейде адамның көздеген мақса-

тын сол басқашалау етіп бұрып та әкетеді. Кейбір палуан боламын деген адамның жзушы,жазушы боламын деген адамның керісінше палуан болып кететіні де бар. Бірақ Жадай мен Беркін өзддерінің бұл мамандықтарына,бұл

сапарларына өкініп отырған жоқ. Айға барып қайту,оның табиғатын зерттеу

Жердегі әрбір азаматтың іштейгі арманы. Бірақ бұған да екінің бірінің қолы

жете бермек емес. Ол жағынан келгенде екеуі де өз тағдырларына риза.

   Екеуі жұмсақ төсектерінде қисайып біраз жатқаннан кейін химик Жадай Қазымбекұлы әңгіме бастады.

-Жер шіркін,осы Күн жүйеміздегі жалғыз ғажайып тіршілік ортасы,-деді

Ол екі алақанын желкесіне апарып айқастырып,жастыққа қарай жылжи көте-

ріліп,-оның қадірін мұнда келген соң біледі екенсің. Кейде мен ішімнен қор-

қамын. Жер де егер осындай күйге жетсе,не болмақ? Күн жүйесіндегі жалғыз

тіршілікті ортадағы қыбырлағанның бәрі жойылмақ. 

-Бұл уәйімің дұрыс,Жадай,- деді Беркін төсегіне түрегеп отырып,- бұл 

Табиғаттағы физиканың да,химияның да заңын бұзбауымыз керек. Әйтпесе,

бәрі де өз қалпынан шығып кетеді.

-Мен де соны айтпақпын,Беркін. Сонау бір заманда өмір сүрген халқы-

мыз қандай дана еді. Олар табиғатқа титтей де залал жасаған жоқ. Соның 

тылсымымен өмір сүрді. Ал мұнда келе Жердің батысындағы «мәдени дамуы

жоғары» деп саналатын елдерге еліктеп қателікке ұрынды. Бүгінгі Жердің 

 жарасы мына тіршіліксіз Айдың жарасынан кем емес. Мұны аспаннан келген

алып тастар мен қойнауынан дүмпіген  жанартаулар жараласа,Жер жыбырла-

ған адамзаттың тіршілігінен запа шегуде. Менімше,адам Жердің ең қатерлі 

құрты сияқты. Ал жануарлар мен құстар,өсімдіктер әлемінің көбейгенінен

басқа зияны жоқ. Олардың көбі де бүгінде жойылып барады. 

    - Дұрыс айтасың,Жадай,-деді Беркін тағы бір қозғалып қойып,- есіңе алып 

көрші. Ауылдағы табиғат құдайға шүкір әліде өзінің реңін оншалықты бұза 

қойған жоқ. Әсіресе,біздің балалық шағымыз, ойлап қарасам бақытты кезең

екен. Қала өміріндегі балалардың өмірлері қиын-ақ. Олардың көретіні зәулім

үйлермен шектелген шулы орта ғана. Даланың не екенін,тау мен тастың,гүл 

мен жемістің не екенін,хайуанаттардың түрлерін білмейді. Олар өмірбақи жа-

зықсыз түрмеде,тор ішінде амаулы болатын хайуанаттарды көріп өседі. 

Олармен араласпайды. Үй малдарын қалай күтуді де білмейді.

-Менің жас кезімде де ауыл ауыл сияқты еді.,-деп бір күрсініп қойды 

Жадай,- бүгінде қарасаң,бәрі де тозып кеткен. Өткен жылы ғана демалысым-

да барып қайтқанмын. Әлде қаламен салыстыра қарағандікі ме? Ылғи түзу 

көше,зәулім үйлерді көріп жүргеннен кейін де сондай әсер туатын болуы керек. Бірақ,әй,қайдам. Бұрынғы ауыл емес. Жас кезімде ауыл іші абыр-са-

быр болып жататын. Жалаңаяқ,жалаң бас өзенді кешіп,өрлеп,балық аулаушы

едік. Небір қзықты бастан кешіретінбіз. Сонда жазықсыздан жазықсыз жы-

ландарды да өлтіруші едік-ау. Енді қарап отырсам,соның бәрі де балалықтың

буы екен. Бүгінде жылан екеш жыланның өзі де санаулы болып қалды. Олар-

ды қорғап жүрген де ауыл адамдары. Қаладағы өзіміз сияқты ғалымдар тек

сөзбен жайғайды бәрін. Ал ауылда бір күн де тұрғысы келмейді. 

     - Әлі есімде,-деді бір кезде Беркін жастыққа шынтақтай жатып,-бір қыста 

ауыл сыртынан түлкі көрдім. Кәдімгі түлкі. Ол неғылды дейсің ғой? Ол мені

мазақ етті.

-Қалайша? – Жадай елең ете түсті. 

-Менің бала екенімді білсе керек,ол қу. Қашпайды. Жере алмайтыным-

ды,ата алмайтынымды да сезеді ол. Анадай жерге дейін қашып барады да,

шоқиып отырып алып,басын қисайтып,тілін шығарады.

-Содан не істедің? – деді Жадай.

-Не істейін. Әлгіні щуа бердіп,қуа бердім. Ол қаша түсті. Бір кезде әб-

ден шаршадым. Ауылдан ұзап кеткенімді де байқамаппын. Содан кері қай-

туыма тура келді. 

-Түлкі ше?

-Ол сол қашқан бойы ұзап кетті. Әттең,сонда қолда мылтық болса ғой.

-Бүгінде сол қолымда мылтықтың болмағанына қуанамын. Егер қолым-

да мылтық болғанда бір түлкі мерт болатын еді ғой. 

     - Оның рас,Беркін,-деді Жадай күрсініп,- біздің ауылда да бір оқиға болған

Қыс айы еді. Бірде қар қалың жауды. Содан бір күні тау жақтан бір елік келгені. Шамасы,қар қалың түскен соң,шөп оның астында қалып ашыққан 

болуы керек. Ауылға жақындаған соң әлгіні иттер қуып жөнелмесі бар ма?

-Талап жеп қойған шығар? – деді Беркін елең етіп. 

-Жоқ. Елік ұстатпады. Қулық жасап кетті. 

     -  Қандай қулық?

     -  Елік ауылдың үлкен көшесін кесіп өтіп,көршілеріміздің бау-бақша-

сының арасымен өтіп,төмендегі өзенге қойып кетті. 

-Содан соң...

-Суға түсіп алған елікке қашу жеңіл соқты. Иттер оған жолай алмай қал-

ды. 

-Міне,ғажап! Елікте де ақыл көп болады екен ғой!

-Болғанда қандай!

-Содан не болды?

-Содан ол елікті менің бір жақын ағайым ұл-қыздарымен қоршап,ұстап

алды. Ол кісі өзі бір ақылды,табиғатқа аялы алақанын жаятын,адамгершілігі

мол,кімге болса да тек жақсылық ойлайтын қарапайым еді. Басқа болса,бәл-

кім ол елікті сойып жеп те қояр ма еді,ол кісі елікті мәпелеп бақты. Тіпті 

оның ол кісіге үйренгені сондай,бау-бақшасында,көшеде соңынан еріп жүре-

тін болды...

-Бұл бір қызық оқиға болған екен,- деп қойды Беркін балалық шағына 

қайта оралғандай сезініп,- сол бір заман да бақытты уақыт екен-ау. Егер мы-

на Ай да Жер сияқты болса,өзіміз көрген таулардың бастарында,баурайла-

рында,сай-салаларында түрлі аңдар мен құстар тіршілік еткен болар еді. Бі-

рақ Ай енді қайтып тіршілікке оралмайды. Өмір бір-ақ рет келеді. Қай нәрсе

де солай. Сондықтан Ай табиғатына қарай отырып,болашағымыз жайлы қам

жеуіміз қажет...

   Беркін осыны айтып болғанда қабырғадағы сыртта бірдеме болғанда белгі

беретін  қызыл шам жыпылықтап жөнелді. «Бүгін бір жақсылап демалатын 

шығармыз» деп жатқан ғалымдар жаңағы балалық шақтарынан бірнеше се-

кундтың ішінде осы заманға жетті. Жадай барып Ай табиғатын көрсетіп тұр-

ған экранды қосты. Содан соң оның төмегі тұсындағы түймелердің бірін нұ-

қыды. Ай табиғаты жайымен жылжып көріне берді. Әуелі осы өздері тірші-

лік етіп жатқан Дауыл Мұхитының жоғарыдан түсірілген тұтас аймағы кө-

рынді. Содан соң ондағы Коперник қазаншұңқырынан бастап барлық қызық-

ты жерлері ұлғайтылып әкелінді. Жадай мен Беркін экраннан көзалмай отыр

еді,Қазақстан базасынан бірнеше шақырым жерге аспан тасы түсіпті. Бұл өз-

дері келгелі кездескен екінші құбылыс.Бірақ алғашқысы құйрықты жұлдыз

еді.

   Артынша Ай қыртысы діріл қақты. Екі ғалым өздерін Ай үстінде емес,бей-

не бір іші щуыс серіппелі дененің үстінде тұрғандай сезініп кетті. Әсіресе,ал-

ғаш келген кезде ол діріл біртүрлі көрінетін. Кейде ұйқтай алмай да шығатын

Бүгінде оған да үйреніп келеді. Ай үсті жалаңаш болғандықтан, айналада бо-

лып жататын кездейсоқ құбылысты дереу хабарлайтын осындай сезімтал құ-

ралдарды орнатқан ұңғы ішіндегі пәтерлерге. Онсыз тағы болмайды. Беркін

мен Жадай діріл баслғанша жұмсақ орындықтарында отырды. Содан соң іш-

кі видеотелефон арқылы Есеналымен байланысты. Онан кейін сейсмологтар-

мен сөйлесіп,Айдың сілкінісінің қанша балл болғанын білді. Бұл жолғысы 

мардымсыз еді. Сондықтан алаңсыз демала беруге болмақ. Ал аспан тасы

                                               - 31 -

құлаған жерге сонымен айналысатын арнайы топ кеткен. Оның үстіне аспан

тасы оншалықты үлкен болмағандықтан осындағы барлық ғалымдарды қоз-

ғаудың қажеттілігі жоқ-ты.

   Беркін мен Жадай аспаннан келген келімсектің мән-жайын кейінге қалды-

рып,оранжереяға тартты. Жаңағы әңгіме қатты әсер берген еді. Оранжереяда

қазақ жеріне ұқсатылып жасалған шағын табиғат орны бар . Ондағы тау да,

тас та,өсіп тұрған ағаштар да сол қазақ жерінен  әкелген-ді. Ағаштар мен 

өсімдіктер дұрыс өсуі үшін сол жерге тән ауа-райы да жасалған. Ал арнайы

қуыс-қуыс бұрыштарда ғалымдардың келген ауылдары мен қалаларының ша-

ғын көшірмесі де қойылған. Шыны сыртынан  қарағанда тереңдеп кететін ол

көшірме көрініс кім кімді де өзінің ауылына немесе қаласына келгендей әсер

береді. Беркін оранжереяның әсерілі жерлерін айтқан әңгімедегі балалық 

шақтың балдәурен сәттері тап осындай ауылда өткен еді. Енді сол ауылына келіп,биік төбесінен қарап тұрғандай. Жадай да өзінің ауылының көшірмесі

жасалған бұрышта тұр. Екеуі осындай бір тебіреністі сәтті де бастан өткерді. 

   Содан кейін хайуанаттар бағы сияқты рет-ретімен орналастырылған хайуа-

наттар мен құстар бөлімдерін аралап шықты. Бірақ мұнда өздері бала кездері-

нде көрген түлкі де,елік те жоқ еді. Қанша дегенмен Жер емес. Шектеулі орын,шектеулі орта. Бұлар пәтерлеріне қарай қайтқан кезде алдарынан басқа

ғалымдар ұшырасып,жылы сәлемдесіп өтіп кетіп жатты. Демалыс күнгі тір-

шілік осындай серуен,әңгімемен шектесіп те қалатын. Кейбір ғалымдар кі-

тапханаға барып өзіне қажетті мәліметтерді іздейді. Ал енді біреулері ғылы-

ми-фантастикалық романдар оқиды. Денешынықтыру бөлімдерінде түрлі 

жаттығумен айналысатындары да бар. Немен айналысса да  осы бір ұңғының

ішінде,шектеулі ортада жүреді. Сыртқа кез-келген уақытта шығуға болмайды

Оның да өзіндік ережесі бар.

   Ал бұл кезде Ай бетіндегі қимыл-қозғалыс та тоқтаған. Қазақстан базасы-

ның өзіндегі,төңірегіндегі Ай топырағын,тастарын жинайтын,қазба жұмыста-

рын жүргізетін күрделі жүйелер де тып-тыныш тұр. Ал арада енді жеті-сегіз

сағат өткеннен кейін олардың бәрі де қимыл-қозғалысқа көшеді. Жер есебі-

мен түн мезгілі өтеді. Таң атады. Сол кезде Ай бетіндегі,ұңғы ішіндегі қи-

мыл-қозғалыс қайтадан жанданады.

   Ғалымдар сондай бір демалыс күнін бүгін де қызықты өткізді. Жер уақыты-

мен кешкі болғанда асханаға жиналып,тамақтанды. Тамақтан кейін де әркім

өзінің қалаған ісімен айналысты. Кешке қарай әдетте Жерден келген әншілер

мен күйшілер концерт қояды.Бір жағындағы бөлімдерде кинофильм,видео-

фильм болып жатады. Кім қайсысын қаласа,соған барады. Ал бір топ ғалым-

дар өздерінің ойларын,идеяларын ортаға салып,келешек жайлы толғайды. Бір

кездегі Айды арман еткен Жердегі адамдардан ілгері,фантастикалық әлемде

өмір сүріп жүргендеріне қарамастан,Ай табиғатында көп уақыт жүргендіктен

онан алыс ғаламшарды барып көруді,сонда тұруды,тіпті жұлдызды әлемге са-

пар шегіді де арман етеді.

   Сөйтіп базадағы ұйқы мезгілі де келген-ді. Бірақ олар Жер есебімен түн санағандарымен Ай бетінің шағын бөлігі әлі де Күн  сәулесінен арылған жоқ-

                                                     - 32 -

ты. Бұл өлара уақыты Жердегілер үшін елеусіз құбылыс болғанымен мұнда-

ғылар үшін қызықты сәт. Өлара кезінде Ай Күннің тұсында болатындықтан

Жердің келбеті бір тамаша болып көрінеді. Ай үстінде көз бұлтартатын қо-

сымша жарық болмайды. Бірақ оның есесіне Күнге шағлысқан Жерден жет-

кен көмескі сәуле Ай бетін күлгін түске бөлейді. Әншейінде тып-тыныш бо-

лып тұратын тіршілксіз дене онан  сайын құлазып,адамның көңіл-күйіне ер-

екше әсер береді. 

   Соған қарамастан ғылымға берілген ғалымдар үшін бұл сәт айында бір бо-

латын ерекше құбылыс. Өлара кезінде осындағы қуатты расытханалардан

Жерге түрлі зерттеулер жүргізіледі. Жердің бұлттарының құбылмалылығы,

циклондар суретке,киноға түсіріледі.

   Сондай бір сәт те таяған еді. Бірақ оған дейін әлі бір тәулік бар болғандық-

тан ғалымдар ұйқы мезгіліне дайындалды. Әркім өзінің қалаған уақытында 

төсегіне жатты. Түн мезгілін білдіру үшін қараңғы ұңғының ішіндегі түрлі

шамдар да бірте-бірте сөндіріледі. Таң ата қайта жағылады. Бұл күнкестесіне

де Жерден келгендер үйреніп алған. Түнді білдіретін дабылдар берілген кез-

де ғалымдар да өзді-өзді пәтерлеріне барып,жайғасып үлгерді.


    Жер жарығындағы жарқылдар


   Жерден келгелі алғаш рет болған өлара ғалымдарға ерекше әсер берді. Ай

бетіндегі жарық азайған сайын айнала тұнжырап,аспан қараңғылығы да қою-

лана берген. Егер Айда атмосфера болса,қараңғылық патшалығы бүйтіп бір-

ден билеп алмас еді. Егер ғалымдар бұл құбылысқа алдынала дайындалма-

ған болса,мұнан да басқаша әсер етер еді. Мұнда келгендердің бәрі де Айдың бүге-шігесіне дейін білетіндер. Өлараның өзін де Жерден талай бақылап көр-

гендері бар-ды. Ал енді сол Айдың үстінен Жерді қарағанда қандай әсер бе-

ретінін бастан кешірудің де күні туған тәрізді. 

   Айдың Жерден  көп айырмашылығы бары о бастан белгілі. Ал санае кел-

генде негізгі ерекшелік тағы да атмосферасының жоқтығына келіп саяды.

Айдың өлара кезінде Жердегілерге көрінбейтіні түсінікті. Сондықтан осы бір

сәттер Аймен бірге Жерден жасырынғандай да күй кешуге болатын. Ғалым-

дар өлараның болуына байланысты жұмыстарын да Жер есебімен үш тәулік-

ке тоқтатуды жөн санаған. Жалпы,Айдың адам денсаулығына қаншалықты

ықпал ететіні де оларға жақсы белгілі. Ай тек адам денсаулығы емес,жануар-

лар мен өсімдіктерге де,жалпы Жердің түрлі құбылысына,жер сілкінуге де

қатысты. Ал өлара кезінде осы Айдың өзінде қандай құбылыстың болатынын 

Жерден келгендер бірінші рет бақылағалы тұр. 

   Айдың Жерден қарағандағы соңғы ширегі аяқталып,қылдырықтай орағы бірте-бірте азайып,Жерге қараған тұтас беті толық қарайған көлеңкеге ма-

лынған кезде ғалымдар расытханаға жиналып,дайын тұрған. Жұлдызнама-

шылар тынымсыз бақылауларын жүргізіп жатты. Құралы жоқтар сол расыт-

хананың арнайы биік алаңына шығып алып,Жерді жай көзбен қарап тұрды.

Біразының қолында он екі еселік дүрбі де бар-ды. Сондай дүрбімен қараған-                                                    

да Жерден осы Айдың талай аймақтарын ажыратуға болатын. Ал Айдан Жер-

ге қарағанда оның бұйраланған бұлттарын онан да анық көрудің мүмкіндігі

туды.Ай жаға туған кезде оның жіңішке орағының біткен жерінен былайғы

жағы өзінше дөңгеленіп,өзінше бір шартабақ сияқтанып тұратыны белгілі. Ол күл түстеніп көрінетін. Ғылымда да сонысына қарай күл түсті деп атап кеткен. Сол күл түсті аймақтың Күннен шағылысқан Жердің жарығы екенін

де екінің бірі білледі. Бірақ сондай сәтте Айдың үстінде болу ерекше әсер бе-

ретіні сөзсіз. 

   Есеналы бастаған құрам арнайы алаңда шағын көру құралдарымен де,дүр-

бімен де Жерді тамашалады. Жерде жүргенде Айдың күміс сәулесі түнда қандай ғажап әсер берсе,мұндағы Жер сәулесі де өзінше ерекше екен. Бірақ әттең,Ай табиғаты өлі. Тып-тыныш.Еегр осындағы тауларда,сайлар мен қы-

раттарда аң мен құстар шарқ ұрар болса,мына ғажайып сәуледен қаншалық-

ты ләззат алар еді. Жерден қарағандағы Ай сәулесіне қарағанда,Жер сәулесі

көбірек,сондықтан да айнала әудемжерге дейін ап-анық шалынады. Таулар

да түнгі шамның алыстан түскен жарығына малынғандай көз тартады. Тек 

бәрі де көңіл құлазытады. Кейбір жерлердегі шағын қазаншұңқырлардың 

төңіректерінен бірдемелер жарқ етіп жарықтанып,қайта сөнгендей жоғалады.

Расытхананың ішінде,сыртында,арнайы алаңдарда тұрған ғалымдар мен бас-

қа да тұрғындар Жердің ғажайып көрінісін тамашалаумен болды. Бірақ бұл

уақыт Айдың жаңа туған кезі емес,еларасы болғандықтан ғалымдар көп нәр-

сені бақылап үлгеруге тырысты. Әрине,жаңа Айға қарағанда өларадағы жа-

рық шамалы болса да солғын көрінді. Бұл уақытта Жермен екі арадағы бай-

ланыс та шамалы әлсіреді.

   Егер Жер Ай сияқты өз осінде баяу айналатын болғанда бұл қызықты да

Ғылыми бақылау ұзаққа созылар ма еді,бірнеше сағаттың ішінде-ақ Жердің

бір шеті кертіктеніп,ширегі өзгере бастады. Ал Ай Күннің тұсынан сол шеті-

не өткенге дейін әлі де көп уақыт бар еді. 

   Ғалымдар ең жаңа әрі күрделі құралдардың қолда барын пайдалана оты-

рып,өлара кезіндегі ең қажетті,ең қызықты деген аймақтарды сурет пен ки-

ноға түсірді. Ай бетіндегі кейбір тастарға түскен жарықтардың құбылуының себебін Жердің өз осінен айналуы кезіндегі Күнге шағылысқан бұлттарының

қозғалысы әсерінен екенін де білді. Бұл қызықты сәттер ғалымдарға мол бі-

лім қосты,өздері жүргізгелі отырған зерттеу алдында Ай қараңғылығының

тағы бір сырын ашты. 

   Өлара кезінде өздері бар,басқалар бар Дауыл Мұхиты аймағы өзгеше түрге

енді. Бірақ сүттей жарық еді. Егер Жерде тап осындай сәуле түссе,бәлкім,

түнгі шамдардың да қажеті болмас па еді,деген ой да ғалымдарды мазаламай қалған жоқ. Бірақ Айдың жалаңаш табиғатымен Жерді салыстыруға болмас

еді. Жердің бетін көп жағдайда бұлттар бүркеп тұрады. Ал бетінде өсімдіктер

әлемі бар. Қалың ормандар,бұталар және тағы басқа жасыл әлем жарықтың

біразын жұтпай ма. Сондықтан да Ай сәулесі әлсіреп қалғандай болады. Ал 

таулы, өсімдігі сирек тұстарда Айдың сәулесі жарығырақ. Ал Айдың өзінде

бұлт пен өсімдік болмағандықтан Жердің сәулесі ап-анық түседі. Мұнда жүр-                                                 

ген адамдар да бір-бірінің бет-жүзін анадайдан таниды.

   Алғашында ғалымдар да бір-бірлеріне таңырқай қарасып,шыны шлемнен 

бет-жүздерін ап-анық көрген. Онан кейін шамалы алыстағы тауларды да ба-

қылады. Тіпті кейбір шоқыларды дүрбімен де көрудің мүмкіндігі туған. Шо-

қылардың,кейбір шыңдардың бавтарындағы жарықтың құбылулары Жер ат-

мосферасының,ондағы бұлттардың құбылуынан болып жататынына зерттеу-

шілер әбден көз жеткізді. Оның өзі де осы кезге дейін жұмбақ болып келген-

ді. Негізгі құрамдар осы расытханада,оның төңірегінде болғанымен,бірнеше

арнайы кемелер әуелден белгілі жарқыл көрінетін орындарға да сапар шегіп

қайтты. Ай үстіндегі жарық Жердің ширегінің өзгеруіне байланысты құбы-

лып тұрады. Бірақ оны осындай сәтте Ай үстінде тұрған адам ғана байқай

алар еді. 

   Бақылау Жер тәулігімен үш тәулікке созылды. Бұл үш тәулікте Жер де өзі-

нің ширектерін толық үш рет өзгертті. Бірақ Айдағылар үшін түн сол түн қалпында қалған. Тек екі тәулік өтіп,үшіншіге аяқ басқанда Айдің ата баста-

ғаны белгілі болды. Дауыл Мұхиты Ай шартабағының Жерге қараған жағының орта тұсында болғандықтан ондағылар Күннің шапағын көре ал-

ған жоқ. Оның есесіне Жердің жарығы алғашқысынан күшейе түсты. Ғалым-

дардың өздері мұнда келмей тұрғанда айтатын күл түсті жарық та енді болды. Есеналы жарықтың молаюына қарай аз да болса көңілденіп: қасында-

ғы Саматайға қарап жымия:

     - Ескі Айда есірке,жаңа Айда жарылқа,әумин! – деп екі алақанын аспанға

қарай көтеріп барып қайта түсіріп,екі бітін сипады. 

-Сен де айтасың-ау! Аспандағы Ай емес,Жер ғой! – деді Саматай мәз 

болып. 

 Жандарында тұрғандар да күбірлесіп,әзілдесіп жөнелді. Жаңа ғана бейне 

бір өлі дүниенің қараңғы патшалығында қалғандай болып сезініп,қобалжып,

көңілсізденіп,көңілдері құлазып тұрған адамдар енді жаңағы сөзден кейін

күрт сергіп сала берген. Расытхананың ішіндегілер арнайы телевизиялық 

экрандардан Айдың алыстау бейнесін де көріп отырды. Расында да Ай жі-

ңішке орақтанып,сәл шалқалап тұр. Бұл Жерден көрінетін бұрышы. Арнайы

телевизиялық жүйе арқылы экраннан Ай бейнесін қалай қарай бұрып,я төң-

керіп көремін десе де еріктері. Ал экранды місе тұтпайтындар Айдан гөрі өз-

дері туып-өскен,кіндігі кесіліп,қаны тамған Жердің бейнесін көбірек қызық-

тағылары келеді. Бір жағынан ол да дұрыс-ты. Айды қай-қайсысы да кішкен-

тайынан көріп өсті. Оның ширектерін де жатқа біледі. Ал Жердің жиырма

төрт тәуілік ішінде өзгеретін ширектері мейлінше қызық,таңсық еді. 

   Біраздан соң екі ғалым сөздерін әрі жалғады. Әңгімелері қызық болғандық-

тан айналада тұрғандар да шыны шлемдерінің ішіндегі құлаққалқандарында-

ғы дыбысты күшейтетін тетікті де қосып үлгерген.

-Ай көрдім,аман көрдім,жаңа бір заман көрдім! – деп тақпақтап қойды Есеналы балалығы ұстап. 

- Ол Ай емес,Жер ғой? – деді тағы да Саматай. 

-Жер екенінмен біліп тұрмын. Ал бірақ Жерде тұрған адамдар жаңағы                                                

менің сөзімді айтпай ма?

-Айтады. 

-Енді не дейсің?

-Енді сол әйгілі тіркесті керісінше айтатын күн де туған тәрізді. 

-Сонда қалай?

-Ескі Жерде есірке,жаңа Жерде жарылқа!

-Сен де айтасың-ау!

-Немесе,Жер көрдім аман көрдім,жаңа бір заман көрдім!

-Иә,заман деген осылай өзгеріп отырады. 

   Тұрғандар бұл сөздерден кейін шынымен-ақ Жерге Айға қарағандай қада-

лып қалған. Бірақ Жердің ширектері қаншалықты өзгеріп жатса да мұндағы

жағдай бірқалыпты. Күн шығады,Ай беті қатты қызады,Күн батады,ай беті

қатты суынады. Дегенмен,екі ғалымның бұл жарасымды әзілдері айналада

тұрғандарды бір сергітіп тастады. Көпшілігі бір-бірімен күбір-күбір әңгімеле-

сіп,сұқ саусақтарымен Жер шарын көрсетіп қояды. Мұнда расытханадағы

жұлдызнамашылар ғана әзілге шамалары келмей,мұрындарынан су кете

Жерге бақылау жүргізіп,суретке ,киноға түсіріп,керекті мәліметтерін жинап

Жатыр.

   Егер осылай тұра берсе,үш тәулік бойы аш қалуға да болар еді. Сол үшін де 

Расытхананың ішінде арнайы асхана жасалған. Ай қараңғылығы кезінде қат-

Ты суынған ортада комбинезонның өзімен тоңған ғарышкерлер расытханаға кіріп-шығып та жүр. Осы мезгіл аралығында кәдімгі Жердегідей күнкесте 

бойынша үш реттен тамақ та ішкен. Расытхананың бір бөліміндегі бөлмеге

кіріп,арқаларындағы оттегі баллондарын тексерітіп,қажеттері оттегі құйғы-

зып алған-ды. Өйтпеске болмайды. Ай үсті –Жер үсті емес. Бұл да бір,вакуум

да бір. Комбинезонда кішкене саңылау болса,адам өміріне қауіп төнеді. Егер

әркім өзін өзі қадағаламаса,мұнда баяғы бір кездегідей санаулы ғарышкер болмағандықтан ағаттыққа жол беріп алулары да ғажап емес. Әрбір адам сол

жағын да ойлауы тиіс-ті. 

   Ал өмірдің бір ғажабы – мынандай қызықты кезде кейбірінің бар есіл-дерті

Жерге ауып кеткен. Жай көзбен де,дүрбімен де,шағын көру  құралымен де

тынбай бақылауда. Ол құралдардың өздері де Жердегідей емес,осындағы жүз градустан асатын суыққа төзімді материалдардан жасалған. Тек олар ма,мұн-

дағы әрбір зат,техника Ай табиғатына лайықталған. Өйтпеске тағы болмай-

ды.

   Өлара кезіндегі Жерді бақылау да аяқталды. Уақыт өткен сайын Ай бетіне

түскен Күн сәулесі ұлғая берген. Бірақ Дауыл Мұхитында әлі тас қараңғы түн. Және ол түнәзірі сейіле қоймайды.Оған екі апта уақыт керек. Сол кезде

Күн тас төбеге шығады,сәулесін аямай төгіп,Ай бетін шыжғырады. Егер сон-

да мына иесіз жатқан табиғатта кесірткелер жүрсе,қалай шыдар еді? Бір сәт-

те қуырылып қалмақ. Табиғат та әр нәрсені өз орнымен жаратқан. Адам аузын ашып қалатын құмды шөлейттерде тіршілік ететін неше түрлі кесірт-

келер емін-еркін жүреді.Шым-шым ыстыққа аяқтары да күймейді. Рас,кей-

бірлері аяқтарын тез-тез алмастырып,екі аяқтап тұрып,жаттығу жасағандай

болатыны тағы бар. Кей ғалымның көзіне сондай бір аптап та елестеп кет-

кен-ді. Адамдардың әдеті емес пе,суық болса,ыстықты,ыстық болса,суықты

аңсайтыны. Мына түнерген дүниеде бұлар да сондай бір арманды ойлап қой-

ған-ды.

   Өлара өтісімен расытханадағы жұлдызнамашы ғалымдар да алапат бақылау

құралдарын Жерден бұрып,өздері бұрыннан зерттеп жүрген жұлдызжүйеле-

ріне қарай бағыттады. Айдағы қазаншұңқырлар,қыраттар мен жоталар,ойпат-

тарды зерттеуге келген ғалымдар қайтадан ұңғы ішіне еніп,пәтер-пәтеріне 

тарасты.


 Техникалық дайындық

   Өларадан кейін Айдың солтүстік бүйіріндегі цифрмен белгіленген қазан-

шұңқырға аттанудың қам-қараекеті басталып та кетті. Алдымен қозғалатын техникалық саланың мамандары еді. Өйткені,онсыз іс болмайды. Ай топыра-

ғын ашу да оңай жұмыс емес. Жердегі жермен жексен болып кеткен көне қа-

лаларды аршығанда археологтар қолдарындағы кішкене құралымен  топы-

рақты қалай шұқыса,мұнда да сондай сақтық сақталады. Әрине,техника адамға қарағанда көп әрі тиімді қызмет атқароады. Жердегі алғашқы архео-

логиялық қазбаларда техниканың қолданылмағаны белгілі. Өйткені,ол кезде

қазіргідегідей епті биороботтар жоқ-ты. Сондықтан,табылған қандай да бір

лекер затты сындырып алмау үшын адамдар инемен құдық қазғандай кішкке-

не құралмен жерді шұқылап,табылған затты топырақтан,тоттан тазартатын.

Сондықтан ол жұмыс жылдарға созылатын.

   Ай үстіндегі кейбір қызықты,жұмбақты аймақтардағы археологиялық жұ-

мыстар да соған ұқсап жүргізіледі. Бірақ мұнда адам ролін мейлінше епті,

мықты биороботтар атқарады. Адам оның жанында тұрады. Ал қазаншұңқыр

ішіндегі қозу жұмыстарына мүлдем басқа техниканың қажеттігі өз өзінен 

белгілі. Айдың солтүстік,оңтүстік бүйірлеріндегі қазаншұңқырлардың ішкі

қиясындағы ешқашан Күн сәулесі түспейтін жерінде метан,көмірқышқыл газы,күкіртті сутек пен қатқан су мұзы болуы мүмкін деген болжам Айды бұ-

лайша жайламай тұрып-ақ айтылған-ды. Енді соны көзбен көрудің реті кел-

ген.

   Жерден келген соңғы зерттеушілер құрамының басшысы,ғаламшар зерт-

теуші Есеналы мән-жайды түсіндірген соң-ақ қазаншұңқыр ішіндегі қатқан

мұзды бұрғылайтын техникаларды дайындауды сол техника бөлімінің бас-

шысы Ермек Өтетілеу ұлы қарамағындағыларға тапсырған. Бірақ мұнда бір-

біріне мапсырма беріп қойып,өзі қарап отыратын жағдай жоқ. Айға келген

әрбір адамның айнлысатын жұмысы бар. Және бәрінің ісі бір-бірімен байла-

нысты. Ермектің қарамағында он адам бар.  Өзі он біріншісі. Басшы болған-

дықтан,жауапкершілігі мол болғандықтан Ермек соңғы кездері аз демалады.

 Ол өзімен бірге Жерден келген кибернетик Едіген Нағашыбайұлы,инженер 

Бектеміс Рахымұлы,автоматты жүйелі бұрғыны басқарушы Ырымқұл Недір-

ұлы және бсқалармен жиі сөйлесіп,алдағы жауапты іс жөнінде қосымша тү-                                                 

сінік берімен келеді.

   Техникалық бөлімде де Айдың неше түрлі топографиялық карталары бар.

Әрбір қазаншұңқырдың жеке-жеке картасы да сызылған. Сондықтан оны зерттеймін деген адам тіпті,осы ұңғының ішіндегі жұмыс бөлмесінде оты-

рып-ақ детальдарын ажырата алады. Қай нәрсе де алдын ала дайндықсыз жасалмайды. Оның үстіне өздері барғалы отырған қазаншұңқырдың орта-

сындағы шағын шоқының неден пайда болғаны белгісіз. Ғалымдардың пі-

кірі де әзірше бір тұжырымға тірелген жоқ. Ғалымдардың кейбірі оны шоқы емес,шағын шоқыға ұқсаған басқа бір алып бірдеме болуы да мүмкін деген

болжам да айтып үлгерген. Бірақ қалай дегенде де,заман баяғыдай емес,бәрі 

де Жерде емес,сол Айдың өзінде,қазаншұңқырдан көп алыс емес жерде тұр.

Бүгінгі ғарыш кемелері үшін оған жету де пәлендей қиындық тудырмайды.

Ең бастысы – ғажайып нәрсені бүлдіріп алмай,еппен бұрғылап,еппен аршу.

Бұл – техника саласы адамдарының алдарында тұрған ең жауапты нәрсе.

   Ермек Өтетілеуұлы уақыт таяған сайын бұрғылаудың күрделі жүйелерін

қайта-қайта сынақтан өткізді. Ол үшін олар арнайы алаңға барады. Күрделі жүйеде неше түрлі манипкуляторлар бар. Олардың қай-қайсысы да шебер 

адамның қолынан кем емес. Егер қазаншұңқырдағы қатқан су мұзын қалай болса солай бұзып-жарса,оның астында жатқан кебір құпия нәрселерді бүл-

діріп алуға болады. Сондықтан да алдын ала жаттығу жасау ауадай қажет. Ға-

рыш ісінің қай-қайсысы да осы. Тіпті,ғарыш түгілі Жердегі кейбір істің өзіне

алдын ала дайындық жасалмай,ол жайлы оқымай,тәжірибеден өтпей рұқсат

берілмейді. Ұзақ дайындық жасалуының өзі де сондан-ды. Оның үстіне,қа-

заншұңқыр ішіндегі қатқан су мұзы әлі күнге адам баласы ұстап көрмеген 

нәрсе. Сондықтан оған Жердан келген ғалымдардың бәрі тінті.

   Қазаншұңқырдағы мұзді аршуға арналған күрделі техникаларды сынақтан

 өткізу барысында оның мамандары істің жақсы басталып,нәтижелі аяқтала-

тынына да сенді. Бөлмедегі теориялық мұқият дайындықтан кейін бір топ 

маман ұңғыдан шыққан. Бұл бірінші рет жасалынып тұрған іс емес-ті. Техни-

ка мамандары Қазақстан базасының маңындағы шағын қазаншұңқырға қарай бет алды. Онда зерттеу жүргізетін барлық епті техникалар тізіліп тұрған-ды.

Ермек Өтетілеуұлы оған келісімен айналасындағыларға көз жүгірте қарап

шығып:

-Бәрі дайын ба? – деп сұрақ қойды. 

-Дайын, - деді Бектеміс Нәдірұлы.

-Жақсы екен. Ал істің қалай басталып,қалай аяқталуы түсінікті ме?

-Түсінікті! – десті бір қатарда тұрған техника басқарушылар.

-Алдағы істің мейлінше жауапты екенін ұмытпаңыздар, - деп енді Ер-

мек техниканы басқаратын кісілерге қарап сөйледі, - қазаншұңқырдағы мұз

таудың астында қандай да бір беймәлім нәрсенің бары анық. Біздің күрделі

жарып көрсеткіш құралддарымыз тіпті,онда мұз болып щ\қатып қалған қан-

дай да бір алып тіршілік иесінің жобасын байқатты. Бірақ,әрине,оған да то-

лық негіз жоқ. Мұз мейлінше қалың. Тау түзілгені де содан. Қара ойықтардан

сәуле қалай қайтып шыға алмаса,қазаншұңқырдағы мұз жамылыңқысынан                                                    

да түскен нәрсе қайтып еріп,қалпына келе алмайды. Ең бастысы – бұрғылау,

аршу кезінде өте сақ болу керек. Барлық істі техника қолдары атқаратыны

белгілі. Бірақ сол қолдарды басқаратын мына сіздер. Сіздердің шеберлікте-

ріңіз  - техниканың шеберлігі болмақ. Ал мұнда жиналу себебіміз де түсінік-

ті. Жаттығусыз жеңіс болмайды. Және бұл сапар алдындағы соңғы жаттығу. Мына шағын қазаншұңқырға сондағы шағын шоқының кішкене көшірмесі

жасалып отыр. Осыны қалай аршысақ,барған қазаншұңқырымыздағыны да

солай аршуымыз керек. Қысқаша айтқанда,осы. Сұрақтарыңыз болса...

    Ғалымдар мен техника басқарушылар бір сәт кідірді. Содан соң сөзді аршу

техникаларының бірін басқарушы Иманғазы Рахманұлы алды.

-Мен осыған ұқсас аршу жұмыстарымен көптен бері айналысып келемін

Тәжірибем де бар. Бірақ мына істі аса жауапкершілікті талап ететін күрделі іс

деп санаймын. Менің сұрайын дегенім – егер аршығанымыз қандай да бір ірі

мақұлық болып шықса оны не істейміз?

   Тұрғандардың бәрі Иманғазыға жалт бұрылысты. Содан соң қайта Ермекке

Қараған. Ермек сәл жымиды да:

-Сұрағың орынды. Ондай мақұлық шықса,әуелі қорғану керек шығар?

   Тұрғандар ду күлісті. Ол күлкілері Жердегідей ауада жаңғырығып жатпаса да,үлкен шыны шлемдерінің ішін күңкілдетті. Ермек істі ойынға айналдыр-

Майын дегендей күлкі тыйылысымен езуін тез жиып алып:

-Мен кішкене сергіту үшін айттым. Айыпқа бұйырмассың,Иманғазы ай-

налайын. Ойың дұрыс. Алып бірдеме табыла қалса,база үлкен. Мұнда түрлі-

түрлі қоймалар бар емес пе?

-Түсіндім,-деді Иманғазы басын шұлғып. 

-Ермек аға,-деді сол кезде екінші техника басқарушы жігіт Байқазақ 

Ұлымбетұлы,- ол егер Иманғазы айтқандай алып бірдеме болса,оны базаға

әкеліп,қоймаға қойып қайтеміз. Ол атам заманнан бері мұз болып қатып қал-

ған неме емес пе?

     - Оны табылған дененің жайына қарап білеміз. Өмірде не болмайды. Әуелі

оның не екеніне көз жеткізіп алайық. 

   Техника мамандары «Енді кім сұрақ қояды» дегендей бір-біріне қарай бас-

тады. Сол кезде орта тұста тұрған екі дос қыз Салтанат Нұрымбетқызы мен

Тәмила Кенжалықызы бір-біріне қарап бірдемені күбірлеп айтты да,Салтанат

иегін сәл көтеріп,Ермекке қарап:

-Мен өзім көп уақыттан бері көтергіш техникада жұмыс істеймін,- деді 

ол, - Жердегі көптеген археологиялық қазбаларға қатыстым. Талай ілекен де-

ген заттарды сындырмай,бүлдірмей көтеріп алып шыққан кездеріміз болды. 

Егер өздеріңіз айтып тұрған алып дене шынымен-ақ табыла кетсе,оны қалай

көтеріп алмақпыз? 

-Рас айтасың,Салтанат. Ондай жағдайда қосымша көмек қажет болады.

Ал ондай көмекті біз Жерден алдыртамыз. Ал,мүмкін,алдыртпауымыз да.

Айдағы әрбір заттың салмағының Жердегіден алты есеге жеңіл екенін де

ескеруіміз керек. Егер алып дене өте ауыр болса,онда амал жоқ,Жердегілер-

ге өтініш жасауымызға тура келеді. 

     - Сонда ол алып неме қай жұлдыз жүйесінен қаңғып келуі мүмкін? – деді сол кезде Тәмила. 

     - Оны алдын ала болжау қиын. Бәрін де өз көздеріңізбен көретін боласыз-

дар. 

-Егер мұз астынан алып дене шықса,суы да жарамсыз қалады. Ол жағы-

нан ұтылады екенбіз, - деді еріген мұз суын сорып алып тұратын техниканы 

басқарушы Аманат Керімұлы. 

-Не болғанда да су тазарту жүйелерінен өткізіледі. Әзірге су бар. Ал,ен-

ді іске кірісерлік, - деді Ермек.

   Зерттеушілер біраз нәрсені талқылаған соң алғашқыдан сергіп,қатардан 

шығып,олай-бұлай жүре бастады. Әуелгі тексерілетіні қазаншұңқырдың кө-

леңкесін жарықтандырғыш техникалар еді. Олардың шамдары да ерекше қуатты етіп жасалған-ды. Шамдар арнайы қалың шынымен қапталған. Бас-

шылар жағынан рұқсат берілген кезде бірнеше ондаған шам жарқ етіп жан-

ды. Шағын қазаншұңқырдың ішіндегі көлеңкені бейне бір буландырып жі-

бергендей күй орнады. Қолдан жасалынған шағын төбешік те ап-анық көрін-

ді. Ғалымдар жағы оған қадала қарап қалған. Шамдар жанғаннан кейін тех-

ника мамандары өзді өзді техникаларына отырды. Шлем ішіндегі микроте-

лерадиобайланыс арқылы Ермек барлық мамандарға кезегімен рұқсат беріп

тұр. 

    Қуатты шамдардан жарық болып кеткен қазаншұңқыр ішіне қарай енді бір

сәтте алапат манипуляторлар төмендей берді. Ол қолдар әуелі төбешіктің үс-

тін,айналасын сипап өтті. Содан соң манипулятор саусақтарындағы кішкене

бұрғылар зыр қақты. Мұндай манипуляторлары бар техникалар бесеу еді. 

Олар қазаншұңқырды айнала тұр. Сәлден соң олар өз жұмыстарының репети-

циясын аяқтап,кейін қарай шегінді. Ендігі кезек бұрғыланған жерлерді таза-

лайтын манипуляторлары бар техникалардыкі еді. Олар да өз міндеттерін ой-

дағыдай атқарды. Жарық пен бұрғының қызуынан еріген мұз суын соратын 

сорғышы бар техникалар да өз істеріне кірісіп кетті. Онан  кейін техникала-

рына екі қыз отырды. Қыздар Ермекпен  сөйлесе отырып,Айдың солтүстік 

бүйіріндегі қазаншұңқырға барғанда қалай әрекет ететін болса,сондай әрекет-

ті жасап жаттықты. Екі қыздың техникасы да көтергіш болатын. Олар  қазан-

шұңқырдың ортасындағы шағын шоқының астынан табылатын қандай да бір

алып денені автоматты жүйелер мен қосымша манипуляторлар арқылы іледі,

содан соң екі жағынан жайымен көтеріп,қазаншұңқырдың ернеуіне қарай жа-

қындатып түсіреді. Бірақ алынған алып дене Күн көзінде болмауы тиіс. Оның

қатқан жағдайдағы қалпын да сақтау көзделеді. Сонан соң басқа техникалар

көмектесіп,табылған нәрсе базаға әкетіледі. Еріген мұздың суы сорылып алы-

нады.  

   Жаттыңу-байқау жұмысы біразға созылды,бірақ сәтті өтті. Ермек техника-

ны басқарушыларға алғысын білдірді. Ғалымдар да олардың қолдарын қы-

сып,құттықтап жатты. Енді алда жауапты іс күтіп тұр еді. Сондықтан барлық

нәрсені қайта жинастырып,базаға қарай бет қойды.

    Архимедтік  әдіс  


       Арнайы мәжіліс ұзаққа созылды. Ғалымдар сапарға аттанардағы ойларын

ортаға салып,қазаншұңқырдағы жатқан қалың мұзды қалай еппен бұзып алу-

дың түрлі жолдарын ұсынуды. Ғылым осындайымен қызықты. Егер ғылым 

қызық болмаса,Ай бетінде адам баласы бүйтіп алшаң басып жүрмес еді. Та-

биғаттың шексіз құпиясы адам баласын ілгері жетелейді,үміттендіреді. Сол 

құпияларды шешу барысында кейде басқа да жаңалықтар ашылып жатады. 

Ойды ой қуалайды. 

   Күні кеше ғана жақын маңдағы шағын қазаншұңқырдың бірінде жасалған 

Техникалық жаттығулар ғалымдарды біршама сергітіп тастаған еді. Ол жат-

тығуды өздері де бірге көрді. Соған қарамастан ғалымдар сол сәтте түсірілген

қысқа фильмді қайталап көрді. Ондағы небір ептіліктер отырғандардың көңі-

лінен де шыққан-ды. Бірақ осы жолғы қайталама көріністен кейін күтпеген 

жаңа ұсыныс та пайда болды. Фильмді көріп,техникалардың қимыл-қозға-

лыстарын мұқият қарап,біршама көңіл орнықтырғаннан кейін физик Беркін

Сәтбекұлы сөз алды. 

-Біз жаңалық ашуға дайынбыз, - деп бастады ол сөзін қоңыр дауысымен,

- енді соған кірісу ғана қалды. Бірақ менде бір идея пайда болды. Идея бол-

ғанда да сонау бір көне заманда қолданылған әдіс. Ол бәрімізге де белгілі. 

Архимедтің айнасы...

   Отырғандардың көпшілігі Беркінге бұрылды. «Іс басталар алдында бұл не

айтпақ»  деген оймен отыр бәрі де. Беркін аптықпады. Қоңыр дауысымен 

ойын жалғады. 

     - Соңғы техникалық жаттығу кезінде қазаншұңқырдың мәңгілік Күн түс-

пейтін көлеңкесіне қуатты жарық бағыттағыш шамдарды қолданамыз дедік. 

Ол үшін ұлан-ғайыр электр энергиясының кететіні де анық. Мен сол энергия-

ны үнемдеуді ғана ойлап тұрған жоқпын. Зерттеу жүргізетін жердің жарық 

болуын да қалаймын. Қысқасы,біз жарық бағыттағыш шамдардың орнына

Күн сәулесін солай жинақтап бұратын үлкен айналы жүйе орнатсақ. Бұл әл-

деқайда тиімді болмақ. Осы ұсынысыма қалай қарайсыздар,достар?

   Ғалымдар бір сәтке кідіріп қалды. Ешкім ештеме демеді. Бөлме ішін ты-

ныштық жайлаған. Енді ғана бәрін біттік,санаулы сағаттардан соң қазаншұң-

қырға аттанамыз деп отырғанда күтпеген жерден айтылған мына жаңалық

расында да бәрін ойға қалдырды. Электр шамдарының ең қуатты ддегендері-

нің өзі қазаншұңқырдың қою көлеңкесін аса жарық ете алмаған. Күн екеш 

Күннің өзі де Ай бетін тап Жердегі сияқты жарық етіп тұрмағаны о бастан

Белгілі. Атмосфераның жоқтығынан жарық бұлттарға шағылысып,жайыла 

тарамайды,тек тіршіліксіз тақыртабиғаттан шағылысып,қап-қара аспанға ба-

рып жоқ болып кетіп жатады. Таңғы,ымырт кезде Күн сәулесінен неше түске

құбылып,әдемі көрінетін көкжиек те жоқ мұнда. Тек ақ пен қара. Осы жағы-

нан келгенде физиктің сөзінде қолдарлық негіз бар.

   Әсіресе,жарықтың мол болуы палеонтологтар үшін ауадай қажет. Сондық-                                             

тан да физикті Саматай Ыбырашұлы бірінші болып қолдады. 

     - Достар,- деді ол отырғандарды көзімен шолып өтіп, - рас,біз қазаншұң-

қырдағы қалың мұзды бұрғылау мен аршу жұмысын бастауға жақын тұрмыз.

Бірақ ол тек мұз емес қой. Оның қабаттарында небір нәрселердің болуы да

ғажап емес. Оның үстіне Ай бетінде ондай қазаншұңқырлар да некен-саяқ.

Мен Беркіннің ұсынысын қолдаймын. Бүгінде ондай айналы шағылыстыр-

ғышты жасау көп уақыт алмайды. Ол дайын болғанша,Күн де көтерілі,Күн 

сәулесі сол қазаншұңқыр маңына жылжып жетеді. Менің пікірім осы. 

   Ешкім қарсы шықпады. Осыған қарап енді сол ұсынысты қабылдауға кірі-

сетін де уақыт келмек еді,кенет отырғандардың орта тұсынан көтеріліп,сөз

сұраған жас ғалым Дәурен Кішібекұлы бәрін елең еткізді. Мәжілісті басқа-

рып отырған Есеналы Мұхитұлы оған қарап басын изеді. Жас стратиграф 

сәл толқып сөйледі. 

-Ағайындар,- деді ол, - біз бұрғылап,аршығалы отырған мұз қойнауы 

жәй нәрсе емес. Оның қабаттарында нендей нәрселердің жатқанына біз әлі 

толық көз жеткізген жоқпыз. Біздің ең жаңа,ек күрделі деген зерттеу құрал-

дарымыздың өздері оны анық көрсете алмай отыр. Мәңгілік тоңның қабат-

тарын талдап көрсету әрине оңай іс емес. Бұдан жетпіс миллионан аса жыл

шамасындағы Жердегі,Айдағы белсенді тас жауу құбылысын бәріміз де біле-

мыз. Сондықтан барып зерттегелі,қалың мұзын бұрғылап,аршығалы отыр-

ған қазаншұңқырдағы ғажайыртың бәрін тек жұлдызды әлемнен келді деп

келте ойлауға болмайды дегім келеді. Бәлкім,Жерден,ал бәлкім,тіпті осы 

Айдың жаратылысы кезінен қалған тарихтың бұлтартпас дәлелдері жатқан

шығар оның астында. Сондықтан менің ұсынысым Күн сәулесін қолданудың

қажеті жоқ. Күн көзі қашан да ыстық. Ал мынандай атмосферасыз,гидросфе-

расыз ортада температураның қаншаға жететінін көріп жүрміз. Ал сол ыстық

сәулені айнамен жинақтасақ не болмақ? Қалың мұз қабаттарындағы майда

су жәндіктерінің тасқа айналған қалдықтары,флораның тасқа түскен бейнеле-

рі жойылып кетпей ме? Онда біздің осынша еңбегіміз жоққа шықпақ. Біздің

бұл ғажайып қазаншұңқырды зерттеуіміз инемен құдық қазғандай болуы 

тиіс.

   Ғалымдар қозғалақтап кетті. Жас стротиграфтың мына сөзі дәлмірдің оғын-

дай әсер еткендей. Әр түрлі мамандықтың иелері бір-бірімен де әңгімеге 

көшкен. Мәжілісті басқарып отырғандар да бірден не жауап берерлерін біл-

мей кідірген. Олар да бір-біріне,ұсынысты жасаған Беркінге қарасып қояды.

Беркіннің өзі де мына жағын ойламағанын енді түсініп,Дәуренге қарай берді.

Бітіп тұрған істі әрі қарай созып,оның үстіне жаңағыдай ағаттық жасалынса,

расында да одан өткен өкініш болмақ емес. Оның үстіне ғалымдар Жерде 

жүрген жоқ. Қаншама мың шақырым ғарыштық жолды басып өтіп,мынандай вакуумдық ортаға келді. Мұндағы әрбір литр су,тамақ,оттегі,тағы басқадай адам өміріне қажетті нәрсенің бәрі де есептеулі. Тіпті,Жердің өзінде де ға-

лымдар оның қазба байлықтарының қанша жылға жететінін алдын ала есеп-

теп қояды. Ал Ай үстінде әрбір сағаттық өмірді ойлауға тура келеді.

   Бірақ физик өзінің ойынан қайтпады. Ол тағы орнынан көтерілді.                                                      

     - Дәурен бір жағын ойлаңқырамай отыр, - деп бастады ол сөзін,мен физик

ретінде айналы жүйенің қандай болатынын да көзіме елестетіп отырмын. Ол 

айналар архимедтік әдіс деп жалпылама аталғанымен ондай емес. Біз сол за-

мандағы сияқты айналарды жинастырып,бір жерге шоғырландырып,қандай

да бір нысаны өртеп жібергелі отырған жоқпыз әрине. Айналы жүйе бізге 

біріншіден жарықтылығы жағынан қажет. Егер жарық жеткілікті болмаса,

сіз су асты хайуанаттарының,жәндіктерінің және өсімдіктерінің тасқа айнал-

ған бейнелерін қалай табар едіңіз? Оған тек жарық көмектеспек. Ал оның ыс-

тықтығы жөнінде сіздің пікіріңізбен толық келісемін. Әрине,әншейінде жүз

елуге жететін ыстық екі еселенгенде үш жүз болып кетпек. Сіздің бұл ескер-

туіңізді айнаны жасаушылар ескеретін болады. Және оның температурасын өлшеп,реттеп отыратын жүйелері де жасалмақ. Мұның бәрін біз ойластыра-

мыз. 

-Сонда бұл іс қанша уақытқа созылмақ? – деді зерттеуге іштей асығып 

тұрған Дәурен. 

-Әрі кетсе,Жер есебімен бір апта.

-Онда көп емес екен. Мен келістім. 

   Ғалымдар тағы қозғалақтап,бір-бірімен күбірлесіп жатты. Мәжідісті басқа-

рушы Есеналы Мұхитұлы екі ғалымның бір пікірге келгеніне іштей қуанды

да,айтқан ойларының таспаға жазылып жатқанына қарамастан алдындағы 

кішкене қағазына түртіп отырды. Содан соң өзінің қорытынды пікірін ортаға

салды. 

-Достар,ғылым жолы күрделі де қиын жол. Ал ғаламшарлардың табиға-

тын зерттеу,оның мың-сан құпиясын ашу түпсіз тереңмен бірдей. Сондықтан

әрбір нәрсеге байыппен келгеніміз қашан да орынды болмақ. Мен басшы ре-

тінде өзімнің пікірім мен ұсынысымды айтайын. Беркін мен Дәуреннің пікір-

лері дұрыс. Оны өздеріңіз де қолдап отырсыздар. Ай бетінде мұндай ғажайып

мұзы бар қазаншұңқырлардың некен-саяқ екені белгілі. Ендеше,біз аса жауап

ты іс алддындамыз. Сондықтан ғалымдардың пікірлерімен санасып,ортақ қорытынды шығарғанымыз да дұрыс болмақ. Халық сеніп тапсырып отырған

жауапты тапсырманы ойдағыдай орындап шығу біз үшін әрине,үлкен абы-

рой. Қысқасын айтқанда,Беркіннің ұсынысын қабыл алайық. Дәуреннің пікі-

рін де ескерейік. Қазаншұңқырдағы мәңгілік көлеңкеге шамды құралды да,

қолданамыз. Апта уақыт көп емес. Оған дейін біз Айдың табиғатымен кеңі-

рек танысамыз. Болмаған жерлерімізге барып қайтамыз. Осыған қалай қарай-

сыздар?

-Дұрыс! – деді отырғандардың ішінен Есенхан Құрмашұлы есімді жұл-

дызнамашы ғалым.

-Осы пікірге тоқталайық!

-Тездетіп іске кіріселік!

-Екеуінің де пікірлерін қолдайық!

деген дауыстар шыщты оның соңынан. Мінбе жақта отырған ғалымдар әр-

бір дауысқа құлақ түріп,бастарын изеп қояды. Есеналы қорытқан пікірдің

бір ауыздан қабылданғаны белгілі болды. Басшы енді мәжілістің ұзаңқырап                                                  

кеткенін сезді де,орнынан тұрып:

-Достар,кеңейтілген мәжіліс аяқталды. Қабылданған шешімдерімізді

орындауға кіріселік, - деді.

   Отырғандардың бәрі дүркірей көтерілісіп,сыртқа қарай бет алды. Ғалым-

дар өздері сырласатын достарымен екеу-екеу,үшеу-үшеу болып әңгімелесіп

барады. Жаңа мәжіліс барысында айта алмаған ойларын да енді ортаға салып

жатыр. Беркін мен Дәурен екі жерде отырса да,пікірлері қолдау тапқаннан 

кейін бір-бірін ақын тұтып, шығар есікке жақындағанда қатарласа жүрді. Қол 

алысып,қысып қойды. Былайша қарағанда баланың ұсынысындай болғаны-

мен қажетті сақтық еді. Көпшіліктің ішінде екеуінің ұсынысын қолдамаған-

дар да бар. Олардың басты ойлары тезірек қазаншұңқырға жетіп,қызықты 

қазба-бұрғылау жұмысын бастап кету-ді. Бірақ ол ғылыми,техникалық тұр-

ғыдан келгенде осығыстық әрі ағаттық болатын. 

   Беркін мен Дәурен есіктен шыққаннан кейін де жұбын жазған жоқ. Кең дә-

ліздің бойымен жүріп отырып,жаңағы ойларын бір-біріне қайталап түсінді-

ріп келеді. Бірі сөйлегенде екіншісі мәдениеттілік сақтап,басын изейді. Дәліз-

дің бергі шетіне жете бере екеуі пәтерлеріне қарай кететін келесі дәлізге түс-

ті. Ғалымдардың бір тобы бұлардан озып,екінші бір тобы кейіндеп қалып 

кеткен. Кейбірі жандарынан өтіп бара жатып,қолдарын қысып,пікірлерін 

қолдайтынын білдірсе,екінші біреулері көрмегендей,жақтырмағандай болып

өте шығады. Бұлар олардың екі қылығына да назар аудармайды. Өйткені,

олардың қылықтарынан гөрі өздерінің жаңағы ұсыныстары,оның жүзеге 

асуы қызық-ты. Әрине,бір ғана қазба жұмысына осыншама дайындық жасап,

осыншама ұсыныс енгізіп,осыншама уақыт жіберудің қажеті де болмас еді. 

Бірақ бұл Жер емес. Оның үстіне бұрғылап,қазғалы отырған мәңгілік қалың

мұз да сиректің сирегі. Сол себепті оған қанша уақыт және қалай дайындалса

да орны бар-ды. Беркін мен Дәурен өзді-өзді пәтерлеріне қарай кететін кірер 

есікке келгенше әңгімелесті. Адам өзінің ұнатқан,зерттеп жүрген нә»рсесі жөнінде жалықпай айтады. Екеуінің де көкейллерінен шығатын әңгіме де бі-

тер емес. Олар кірер есіктің алддында да әңгімелерін бітіре алмай біраз тұ-

рып қалды. Бірақ Айдағы күнкесте Жердегіден өзгешелеу. Мұндағы уақыт

қанша дегенмен де санаулы. Кәдімгі әскери ортаның тәртібіне ұқсас. Олай 

етпеуге тағы болмайды. Ғалымдар Жердден белгілі бір мерзімге келген. Сол

мерзім ішінде белгіленген жоспарларын орындап шығулары тиіс. Оның үсті-

не бір аптаға созылып отырған кезде көп нәрсені қосымша білу де керек. Екі ғалым аз уақытқа болса да қол қысып қоштасып,өзді өзді пәтерлеріне кетті.

   Ал бұл кезде Есеналы мен Саматай орталық байланыс торабына асыққан-

ды. Жаңағы мәжілістен кейін Жерге жедел хабар беру керек еді. Бұл кеңей-

тілген мәжілістегі ғалымдардың шешімі. Уақыт болса ным-нымдап өтіп ба-

рады. Уақытпен санаспауға тағы болмайды. Сондықтан екеуі тіпті өздерінің пәтерлеріне барып шыға да алмады. Мұндай бөтен аспан денесінде жүргенде

басшылықтың жауапкершілігі де көп есеге артып кеткендей. Есеналы осы Айға келгелі бір емін-еркін демалып,я тыныш ұзақ ұйқтаған емес. Жер есебі-

мен кеш жатып,ерте тұрады. Алдағы жоспар,оның түрлі қалтарыстары оған 

маза бермейді.Саматай да солай. Бар жауапкершілікті өз мойнына артқандай

сезінеді.  Ол Есеналының бірінші көмекшісі. Не шешсе де сонымен ақылда-

сып шешеді. Бірге жүреді. Есеналы да оған арқа сүйейді. Оның үстіне Сама-

тай белгілі палеонтолог. Қазаншұңқыр көлеңкесінен қызықты тарихи олжа

табыла қалса,оған бірінші болып баға беретін де осы Саматай. Басқа ғалым-

дардың да өзіндік орындары бар. Бірі білмегенді екіншілері толықтырады.

Күллі ғылымның өзі де сондай тұтастықтан тұрады.

   Есеналы мен Саматай жол-жөнекей кездескен мамандармен,ғалымдармен

қысқа-қысқа сөйлесіп,кешірім өтініп,орталық байланыс торабына да келді.

Егер аса қажет болса,екеуі де өздері тұратын пәтерден де сөйлесе алар еді.

Бірақ,бұл жолғы мәселе маңызды болғандықтан орталық байланыс торабына келу қажет болды. Ондағы жыпырлаған тетіктер де көз тұндырады. Бір жағы-

нан жарасымды. Сол байланыс торабында үш қыз отырады. Олардың бірі 

күллі байланысқа жауапты. Байланыс саласында қыздардың көп отыруы о 

бастан келе жатқан дәстүр. Бұл бір жағынан әйелдердің дауыстарының жі-

ңішке әрі анық шығатындығынан-ды. Әсіресе,мынандай қашық аралықта

ондай дауыстар қажет-ақ. Сол себепті Қазақстан базасына бірден-ақ байла-

нысшы қыздарды алып келуді ұйғарған басшылық. Енді олар Жермен әрбір

үш сағат сайын байланыс ұстап,ондағы барлық жаңалықтарды,құпия хабар-

ларды алып отырады. Ал қажет болған кезде мұндағы басшыларға тез арада Жермен байланысты қосады. Байланысшылардың басшысы Маржан Бегім-

қызы екі ғалымды жылы қарсы алды. Анау-мынау мәселе болмаса,олардың 

бұлайша келмейтінін де біледі ол. Соның артынша байланыс тақтасы алдын-

да отырған Міраура Жалғасқызы мен Нұршат Рашитқызы да орындарынан

тұрып,бас изеп амандасты. Сөйтіп,қайтадан орындарына отырып,өз жұмыс-

тарын одан әрі қарай жалғастырды.

   Ғалымдар мұндай жағдайда уақыт алмауды түсінгендіктен келген жұмыс-

тарын тездетіп түсіндірді. Маржан бұлардың келесі бөлмеге өтіп,арнайы ка-

бинаға кірулерін өтінді. Екеуі артық сөзге келген жоқ. Кабинаға еніп,екі 

жұмсақ орындыққа жайғасты. Ол орындықтардың қарсы тұсында үлкен экран бар-ды. Ол экран кәдімгі адамның тұтас бойын көрсететін үлкен айна

тәрізді. Ғалымдар бір-біріне қарап,иек  қағып үлгерген жоқ,әлгі экранда Жер-

дегі үлкен қалалар мен далалар көрініп жөнелді. Алғашында бейне бір  кино

көрсеткелі жатқандай болған экран бірнеше секундтан соң лып деп сөніп ба-

рып,қайтадан жанды. Енді жаңағы көрсеткен қаланың ішіндегі үлкен бір үй-

ді көрсетті. Содан соң үй ұлғайып барып,ішіндегі кең бөлме өздеріне қарай 

жылжып келе жатқандай болды. Жермен байланысты бұлайша бастау осы ка-

бинадағы экранның тұрақты программасына енген көрініс-ті. Сондықтан ға-

лымдар оған қарап,байланыстың басталуын күтті. Сәл өтпей кең бөлмедегі

кең үстелде  отырған Қазақстан – Ай ғаламшараралық ұшу сапарының бас-

шысы Аңсаған Сәлімбекұлы көрінді. Ол да Айдан хабар күтіп отырғанын

бірден сездірген. Енді бір кезде қарсы алдарындағы кішкене тақтадан қызыл шам жанып,қайта өшіп,Маржан Бегімқызының дауысы саңқ ете түсті. 

-Жермен байланыс қосылды,сөйлесе беріңіздер.

     - Рахмет! – деді Есеналы.

   Саматай да сол сөзді қайталады. Артынша экрандағы Аңсаған Сәлімбек-

ұлы бұларға қарап отырған күйінде сәл жадырап,бірдемелерді айтты. Алғашында оның дыбысы бейнебір телебайланыстың кілтипанынан шық-

пай қалғандай сезілген-ді. Бірақ ғалымдар үшін бәрі де түсінікті еді. Жер 

мен Айдың арасына дыбыс бір минут жүретіні о бастан белгілі. Жердегі теле-

байланысқа үйреніп қалған ғалымдар қанша дегенмен минуттық күтуге қа-

лыптаспаған. Сондықтан да жаңағы өздеріне ыстық көрінген Жердегі Аңса-

ғанның бейнесіне қарай ентелей түскен еді екеуі де. Сол кезде:

-Амансыңдар Есеналы,Саматай! Жағдайларыңыз қалай? – деген Аңса-

ғанның дауысы кабина ішін жаңғырықтыра жөнелді. 

     - Аманшылық, - деді Есеналы оған.

Ол – сөзі Жерге жеткенше тағы минуттық уақыт өтті. Бірақ одан әргі байла-

ныс заңды түрде білінбей жалғасып жатты. 

-Ал,не жаңалық?

-Айтатын жаңалық баршылық,- деді Есеналы Саматайға қарап қойып.

-Мен сіздерді тыңдап тұрмын.

-Дайындығымыз ойдағыдай жүріп жатыр, - деп жалғады сөзін Есеналы,

-Ай бетіндегі біраз қазаншұңқырларды көріп,оларға алдын ала зерттеу-

лер жүргіздік. Үлкен істің алдында жаттығу жұмыстарын өткіздік. Бәрі де ой-

дағыдай. Базаға келсем,ондағы тіршілік те бірқалыпты. Оттегі,су тағы басқа-

дай нәрселер жеткілікті мөлшерде. Біздің сізге айтайын дегеніміз мынау еді. 

Қазаншұңқырға бұрғылау мен қазбе жұмысын жүргізбестен бұрын жасаған

жаттығу барысында электр шамының жеткіліксіз болатындығына көз жеткіз-

дік. Әрине,жалпы қазба жұмысына ол да жарайды. Бірақ ол мұз қабаттарында

майда заттардың да болуы ғажап емес. Біз оларды мұқият зерттеуге тиістіміз.

Сондықтан бізден бір үлкен өтініш,сол мұз қабаттарына жеткілікті жарық тү-

сіретін айналы жүйе жасап жіберсеңіздер. Оның жобасын,сызбасын телефакс

арқылы береміз. Осыған қалай қарайсыз?

-Мақсаттарыңызды түсіндім, - деді сәл үзілістен соң Аңсаған Сәлімбек-

ұлы, - қандай жүйе қажет болса да тездетіп жіберуге дайынбыз. Сонда сіздер

Күн сәулесін пайдаланбақсыздар ғой?

-Иә,біз оны Архимедтік әдіс деп алдық. Солай атаймыз. Барақ оның жұ-

мыс принципі басқаша болады ғой. 

-Ол түсінікті нәрсе, - деді Аңсаған. 

-Сонда олқай шамада дайын болмақ?

-Жоба-сызбасын алғаннан бастағанда үш күннің ішінде дайын болады. 

Содан соң жедел кемеге артып жібереміз. 

-Жақсы,келістік. Біз күтеміз. Қазба және бұрғылау жұмыстарын соның

келуіне қарай бастаймыз. 

-Түсінікті. Бәрі ойдағыдай болады. Басқа қандай жаңалық бар?

-Жаңалықты сол қазаншұңқырдан ашамыз ба деп отырмыз. Былайша 

пәлендей ештеме жоқ. Ай табиғаты баяғыша. Ара-тұра сілкініс,жанартау ат-

қылаулары,аспан тастарының құлауы сияқты елеулі құбылыстар болып тұра-                                                 

ды. Ай діріліне де үйренейін дедік. Үйренбей қайда барамыз. 

-Оқасы жоқ. Қазба жұмысының қызығына бір енген соң уақыттың қалай

өтіп кеткенін де аңғармай қаларсыздар-ау. Ғылым жаңалығының құдіреті де

сонда ғой. Үй-іштеріңізбен сөйлесіп тұрасыздар ма?

-Сөйлесіп жүрміз. Жалпы,Жерде не жаңалықтар бар?

-Ештеме де. Сол өздеріңіз көргендей.

-Ендеше,жақсы. Көріскенше!

-Сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы! Жерге аман-есен оралыңыз-

дар!

    Байланыс осымен доғарылды. Экран күрт сөнді. Аңсаған Сәлімбекұлының бейнесі ғайып болды. Ал оның алдындағы экраннан Есеналы мен  Саматай-

дың бейнелері жоғалды. Жер мен Ай арасындағы телебайланыс осылайша 

аяқталды. Екі ғалым қыздарға рақметтерін айтып,пәтерлеріне қарай асықты.



                                         ЕКІНШІ  БӨЛІМ


                         МҰЗ  ҚҰРСАҚТАҒЫ  АЛЫП  МҮСІН    


                            Жерден келген  жүккеме


   Дауыл Мұхиты аймағына Күн сәулесі толық түсіп,айнала табиғат – тау мен

тас,қия мен сай,ойпат пен өр қыз-қыз қайнаған шақ. Бұл кезде комбинезон киген ғалымдар да қызу еңбекке кірісіп кеткен. Бірақ олар сағатқа қарап бір-

де демалып,бірде жұмыстарын жалғастырады. Егер Айдың ұзақ Күнімен са-

наса,оған Жер тіршілігіне үйренген адам қадағалап қарап тұра алмас еді. Өйткені,олардың үзілістері ұзақ-ұзақ,бірнеше сағатқа созылады. Кейде Ай

бетіне Күннің сәулесінің жарқырап құйылып тұрғанына қарамастан ілуде

болмаса,тіршілік-еңбек тоқтап қалғандай болады.

   Сол еңбеккерлер түрлі саланың мамандары – ғалымдар. Мұндағы іс Жерде-

гіге қарағанда көпке созылады. Өйткені,Күн көзі бажырайып тұрып алған соң

мамандардың демалғылары да келмейді. Жас ғалымдар тіпті,ұйқыны да қой-

ғысы келеді. Оған Жердегі күнкестені бұзуға тағы рұқсат жоқ. Ұңғы ішіндегі

барлық жүйе соған лайықталып жасалған. Ал түн көргің келмесе,сол ұңғыдан

шықсаң болғаны. Қатты қызған аптапқа тап боласың. Оған да ғалымдар үйре-

ніп алған.

   Бірақ бүгін бәрін де алаңдатқан басты нәрсе бар-ды. Ол Жерден келген ке-

менің жүгі. Соны көруге асыққан. Ондағы айналы жүйені тексеруден өткіз-

геннен кейін көптен күткен сапаға аттанып та кетпек жаңа құрам. Кеме ар-

найы алаңға қалықтап келіп қонып,қабылдаушы көрсеткен тұраққа тоқтаған-

нан кейін оның ішіндегі жүкті түсірушілер бірінші асыққан. Жердің аты Жер. 

Ондағы өнім де қанша ддегенмен мұндағыдай емес,дәмді,нәрлі. Сондықтан

ұңғыдағы оранжереяда өскен жеміс-жидектер мен көкөністерден гөрі Жерден

келгендеріне ғалымдар ынтық. Тек ғалымдар ма,осындағы техникалық және                                              

тағы басқадай қарапайым еңбек адамдарының өздері де Жерден көп нәрсені

асыға күтеді. Сол күткендері де келіп жеткен-ді. 

   Жүк түсірушілер бір-бір техникаларына мініп алып Ай бетінде жеңіл қозға-

лып,Жерден келген алып жүккемеге жақындай берген. Мұнда Жердегі әрбір 

салмақтың алты есеге жеңілдейтіні жүк түсірушілерге ерекше бір қызық көрі-

неді. Алғашында олар да «Жерде жүз килограмм тартатын мынаны қара,екі 

жүз килограмм тартатын мынаның қаңбақтайын қарашы» деп бір біріне күле

қарайтын олар енді салмақ жағына назар да аудармайды. Тек шамалы қинала-

тындары – комбинезондарының икемсізддігі.Онан құтылудың жолы жоқ. Ауасыз кеңістікте қалай тіршілік етуге болар еді онсыз. Сондықтан барға қа-

нағат етіп,жоқты талап етпеуге тура келеді. Жүк түсірушілер ең әуелі тағам-

дарды,жеміс-жидектер мен көкөністерді,дәрі-дәрмектерді түсірді. Содан кей-

ін алып жүккеменің орталық бөлігіндегі үлкен бөлімнен айналы жүйені шы-

ғарудың қамына кіріскен. Мұндағы жүк түсірудегі бір ерекшелік Жердегі 

сияқты ашық-шашық қоя салатын ауалы кеңістік емес. Сондықтан да тағам-

дар да,жеміс-жидек,тағы басқадай заттардың бәрі де қалың етіліп,тұмшала-

нып,бөлек-бөлек оралған. Көпшілігі мықты жәшіктерге салынған. Бір кездері

Айдан әкелінген тастарды мұқият тексеруден өткізіп,адам организміне зиян-

ды бірдеме болмасын деп сақтанса,бүгінде Жерден әкелінген заттарды да тап

сол сияқты тексеруден өткізеді. Бұл Жердің экологиялық жағдайының қан-

шалықты екендігін білдіретін. Кейде ғалымдар ұлан-ғайыр Жердің лас ауасынан мына базадағы ұңғының ішіндегі тазартылған ауа мен жасыл орта

әлдеқайда артығырақ деп те қояды. Бірақ қайдан артық болсын,шектеулі ортаның аты – шектеулі. Туған Жерге не жетсін. 

   Жүк түсірушілер алып жүккеменің орта тұсындағы үлкен люкті ашты. Со-

нан соң онан Ай бетіне қарай қиғаш тірелген кең өткелмен жүккеменің ішін

кірді. Жүккеме ддегені болмаса,іші даладай кең еді. Кемеден гөрі кейде үл-

кен қойманы көзге елестеттеді. Бұл өзі соңғы кезде жасалған жаңа түрі. Жер

мен Айдың арасы ат шаптырым қашықтық емес. Ол кім кімге де түсінікті.

Ал оған анау-мынау кемені сабылтуға тағы болмайды. Жер төңірегіндегі ға-

рыш қалашығынан аттанған бұл кеме. Ол қалашыққа ауыр жүктер арнайы 

көтергіш кемелермен шығарылады. Ал аса үлкен нәрселер бөлшек-бөлшегі-

мен тасылады. Сонан соң Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығында құрастыры-

лады. Кемеге сыймайтындай болса,сол бөлшегімен жіберіледі.

   Айналы жүйе де Жерден жіберілген бөлшек-бөлшегімен тұр. Оның көпте-

ген құрамалы айналары өз алдына бөлек-бөлек арнайы жәшіктерге салынған.

Негізгі бір бөлек,автоматты күрделі жүйелері бір бөлек тұр. Бірақ бәрі де тап

осы кеменің ішіне лайықталып жасалғандай орын-орнымен,тақта-тақтасымен 

жатыр. Тіпті,әрқайсысының орны бұрыннан өлшеніп қойлғандай. Жүк түсі-

рушілер өздері мінген манипуляторлы бір кісілік кемелерімен жеңіл жүріп келіп,әуелі ең жеңіл деген бөлшектерін шығара бастады. Сырттан қараған 

адамға олар бейне бір өзінен үлкен дән тасыған кішкене құмырсқаның әреке-

тін көзге елестетер еді. Кішкене жүк тасығыш көліктер бірінің артынан бірі 

тізіліп,ұңғы ішіне кіріп кетіп жатты. Онан қайта шығады. Осындай бірнеше                                                

айналымнан кейін жүккеме іші босады. Айналы жүйе ұңғының ішіне әке-

 тілді. Кеменің орталық люгі қайта жабылып,іші Ай шаңынан тазартылды.

 Онан кейін кеме қонған алаңдағы тазалаушы кісілер мен көмекші биоро-

боттар алып кеменің үстін де шаңнан тазартуға кірісті. Ай бетіндегі топы-

рақтың қалың келетін жерлері де көп. Мына алаң онан әркез тазартылып 

тұрады. Бірақ шаңның аты – шаң. Оны жұтатын жасыл әлем болмағандық-

тан жалағаш Ай бетінде борпылдап жатады. Ең жоқ деген жердің өзінде 

аяқ киімнің бедерлері бадырайып-бадырайып түсіп жатқаны. Егер адам 

осы базаның үстіне шамалы ұып-көтеріліп төмен қараса,адам түсініп бол-

майтын арнайы бәтеңке мен шым-шытырық көлік іздерін көрер еді. Ал ба-

заның өзінде жүргенде ол онша білінбейді. Бір іздің үстін екінші із басып

жатады. 

   Айдағы әрбір минут,сағат бос өтпейді. Сол жағынан келгенде бұл да бір 

өзінше бір өмір. Келгендер де өздерінің жауапкершілігін дұрыс сезінеді.

 Ай бетінде жүру  - мұхит тереңінде жүрумен бірдей. Мұндағы тартылыс

күшінің аздығы да тап мұхит астындағы қалың скафандр киген адамның

қимыл-әрекетін көзге елестетеді. Сондықтан да ғалымдар өздері де кейде

Айды «Аспандағы мұхит» деп атайды. Сол мұхиттың ішінде өз мақсатта-

Рын ңақыт жоғалтпай орындаулары тиіс. Айдан қарағанда Жер әп-әдемі

көрінеді. Ол өзінше бір әлем. Мұндағылар оған да ат қойып алған. «Аспан-

дағы аквариум» дейді оны кейбірлері. Жердің өзіне ғана тән атмосферасы,

биосферасы мен гидросферасы шынында да осы сөзге лайықты. Жер бетін-

дегі күллі тіршілік те сол көгілдір аквариумның ішінде өтіп жатыр. Атмос-

ферадан тыс шыққан адам өмір сүре алмайды. Аквариумнан өзін өзі лақты-

рып жіберген балық сияқты әп-сәтте мерт болады. Ал мына Айдың жөні

басқа. Мұнда айнала жалаңаш дүние,ашық ғарыш. Комбинезонсыз күн жоқ.

   Жүк түсірушілер айналы жүйенің бөлшектерін ұңғы ішіне тасып біткен-

нен кейін шығар-кірер есіктерді жапты. Сол замат арнайы тазартқыш жүйе-

лер іске кірісті. Ұңғы ішіндегі орта Жердегімен ұқсас болғандықтан ондағы

дыбыс та,шу да кәдімгідей естіліп жатады. Бірақ ол ұзаққа созылған жоқ. 

Әп-сәтте едендегі жаңағы жүк таситын көліктердің табандарынан түскен 

Ай топырағы желге ұшқандай жоқ болды. Онан кейін еденді жуатын жүйе-

лер кезек алды. Айналасы бес-он минуттың ішінде ұңғы ішіндегі дәліздерде

ештеме болмағандай күй орнады. 

   Осы аралықта тағамдар мен жеміс-жидектер орталық асханаға,дәрі-дәр-

мектер орталық емханаға әкетіліп үлгерілді. Жердің демі қанша дегенмен

басқаша болғандықтан мұндағы әрбір тұрғын жаңа әкелінген дәм татудан

үміткер еді. Бірақ ешкім әдептің жолын аттаған емес. Сол дәмдермен бірге

Жерден ғалымдардың әрқайсысына түрлі сәлемдемелер де келген. Видеоте-

лефон,телефон байланыстары болса да,қолмен жіберілген сәлемдемедей 

болсын ба. Бұлар  да Ай бетіндегі суруен,ғылыми жаттығу,тағы басқадай

жүріс кездерінде қолдарына түскен әдемі,пішіні неше түрлі нәрсеге ұқсай-

тын тасатарды шағын ыдыстарына жинап алып,Жердегі перзенттеріне,ал аса

ерекшелерін лабораторияларға жөнелтеді.                                                     

   Ұңғы ішіндегілер осы жолы да кәдімгідей әбігерге түсті. Бірақ бұл әбігер

бақытты әбігершілік еді. Осындағы қай тұрғынның да жүзінде қан пайда бол-

ған. Көңілдері көтеріңкі. Әркім қолына тиген қағаз хаттарын,видеохаттарын

оқып бір жасап қалады. Қанша дегенмен жанұяны сағынбайтын адам жоқ. 

Әсіресе,ғалымдар мен мұндағы басқа да тұрғындар өздерінің кішкентай пер-

зенттерін әуес көреді. Жұбайлары Жерден сол сүйікті перзенттерінің неше

түрлі қылықтары түсірілген видеохаттарды жібереді. Оны көре отырып,ға-

лымдар да,басқалар да бір сергіп,сағыныштарын басады. Сөйтіп өтіп жатқан

уақыт. Жерден келген бір кеменің өзі мұндағыларға қаншама қуаныш пен 

бақыт сыйлайды десеңізші. Бұл күні жұмыс та тоқтатылады. Үлкен отырыс

жасалады. Әркім өзінің Жерден жаңалығын айтып,ерекше бір әсерге бөле-

неді. Тіпті,өздерінің алыс Айда екендіктерін де бір сәтке ұмытқандай бола-

ды. Кейбірі тебіреніп,өзінің мұндай алыс сапарда,қызықты ортада жүргенін

іштей бақыт санайды.

   Содан кейін Жерге беретін сәлемдемелерін дайындайды. Алып кеме мұнда

тәулік сайын келіп жатқан нәрсе емес. Сондықтан ол барып,Жерден жаңа-

лық,тағам,тағы басқадай заттарды әкелгенше бір Ай уақыт өтеді. Бұл Жер 

есебімен. Ал Айдың өзінде бар болғаны бір ғана тәулік алмасады. Тұрғындар

ондай ұзақ тәулікке де соңғы кездері үйрене бастаған. Ұзақ та болса,Айдың

таңын,тал түсін,кешін күтіп жүреді. Ал тәулік өтті деген сөз,Жерден кезекті

жүккеме келеді деген сөз. Сол уақыт аралығында тұрғындар жазатын хатта-

рын жазады,сәлемдемеге беріп жіберетін әдемі тастарын дайындайды. Бұл

жол да ғалымдар мен басқадай мамндар өздерінің арнайы шағын жәшіктерін

қарап жатты. Олар үлкен отырыстан кейін орталық байланыс торабына келе-

ді. Оның бір бөлімі Жерге анау-мынау сәлемдеме жіберуге арналған. Бірақ

мұнда Жердегі сияқты кезекке тұрып,қабылдаушыға беріп жатпайды. База-

дағы әрбір адамның өз жәшігі,өзінің бұрышы бар.Соған келеді де,жанұясына

арнап жинағандарын тығыз жабылатын жәшікке салып,сыртына мекенжай 

көрсетілген қағазын жапсыра қояды. Қалғанының бәрі дайын. Бұл жолы да 

ғалымдар өзді өзді бұрыштарына келіп,сәлемдемелерін жылжымалы лентаға 

қойып жатты. Ол ленталар бір-бірімен жалғасып,алып жүккеме тұрған бағыт-

қа қарай кетеді. Содан соңғы іс кемеден жүк түсірген сияқты жалғасады. Бі-

раз демалған жүк тасушылар тұрғындардың,өздерінің сәлемдемелерін кемеге

артады. Ол кеме ешқандай қиындықсыз Ай бетінен қалықтап көтеріліп жө-

нейді. Осылайша екі арадағы сапар жалғасып жатады. Ай бетіндегі тіршілік

сол кемемен келіп-кетіп жүргендерге ерекше көрінеді. Әсем бұлттары,тама-

ша табиғаты,көгілдір мұхиттары бар Жерден атмосферасыз аспан дденесіне 

келгенде өздеріжн біртүрлі сезінеді. Бірақ сапардың аты – сапар. Ғарышкер-

лерге бір артық нәрсе – Ай төңірегіндегі үлкен ғарыштық жүйенің бары. Олар әуелі соған қонады. Ал Жерге жеткен соң оның төңірегіндегі сол сияқ-

ты үлкен жүйеге аялдайды. Содан кейін барып басқа кемеге ауысып,Жерге

қонады. 

   Қазақстан базасындағылар өздерінің сәлемдемелері мен ғылыми мәліметте-

Рін Жерге жібергеннен кейін өздерінің әдеттегі істеріне кірісіп кетті. Енді бә-                                                   

рі де Ай күнінің тезірек өтуін,өздерінің көздеген мақсаттарын тезірек орын-

даулырын қалайды. Сол істеріне бел шеше араласады. 


Солтүстік  бүйірге  сапар


    Осы уақытқа дейін Ай табиғатының талай жерлері танымал болып қалған-

ды. Жерден жиі-жиі келіп жатқан басқа елдердің ғаламшараралық кемелері 

де талай құпияны ашып та тастады. Біразы тіпті Айдың қойнауының сырын

ашу мақсатында аса терең бұрғылау жұмысына да кірісіп кеткен. Көптеген

аймақтардан осыдан жетпіс миллион жылдан аса бұрынғы Жер мен Ай құбы-

лысының нәтижесінде мұннан онда,оннан мұнда алмасқан небір тастар мен

олардың кішкене бөлшектері де көптеп табылған. Осындай оқиға Жерде де

болып жатты.

   Қазақ ғалымдары да келгелі көп іс тіндірді. Талай аймақтар жаттығу ретін-

де болса да мұқият зерттелді. Небір қажетті тастар мен кесектер табылды. Әр

 аймақтағы Ай топырағының құрамы анықталды. Ғалымдардың осы кезге дейін болжалдағандарының көбі тұжырымдалды. Енді Ай бетінің адам аяғы

баспаған біраз аймақтары қалған-ды. Аяқ баспаған дегенде де зерттеуге қа-

жетті деген аймақтар. Ал оның ұлан-ғайыр жатқан ғаламат табиғатын түгел

зерттеу бір ғана ұрпақтың үлесіндегі нәрсе емес. Ай түгілі Жердің өзінде де

әлі ашылмай жатқан құпиялар жеткілікті. Ал ондағы мұхит болса да өз алды-

на бір кеңістік. 

   Ұзақ мерзімді жаттығу-зерттеуден кейін Жерден келген жаңа құрам негізгі 

сапарға дайндалды. Бүгін Есеналы да,Саматай да Жер уақытымен таңғы бес-

те тұрған. Ерекше зерттеу жұмысы ғалымдардың қай-қайсысын да қуанышқа

бөлейді. Қай-қайсысының да көкейлерінде «Ғажайып бір жаңалық ашсақ» де-

ген арман да жоқ емес. Өйткені бұл зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Айдың

қай аймаңы да бір-біріне ұқсас,күндізі аптап,түні қақаған суық. Тауы тау,қы-

раты қырат,ойпаты ойпат,жырасы жыра болып өзгерместей болып жата бере-

ді. Тек Айдың қойнауындағы аса терең жарықтан,жанартау,аспаннан түскен

түрлі көлемді тастардан болтын ұзақ сілікінісі,түрлі жерлерінің жарық құ-

былтуы,сәулеге ұқсаған майда қазаншұңқырлар тізбесі ғана адам көңілін бө-

леді. Мұндағы ең бір назар аударатыны сирек те болса кездесетін гейзерлер. 

Оның да талай көздері табылды. 

   Ал Ай бүйірлеріндегі мәңгілік Күн көзін көрмей жатқан қалың мұзды аршу

тарихта болмаған құбылыс. Оның бастаушылары да осы қазақ ғалымдары еді. Әрқайсысының көңіліндегі қуаныш та содан туындаған. Есеналы мен Са-

матайдан кейін басқа ғалымдар да ерте қамданған. Күнкестесі бойынша та-

мақтарын ішіп,арнайы бақылаулардын өткеннен кейін бәрі ұңғыдан сыртқа 

шыққан. Бұл кезде Ай үсті Күннің тік түскен сәулелерінен асфальт бетіндей

қызып тұрған еді. Комбинезон киген ғарышкен-ғалымдар ол аптапты денеле-

рімен сезінбесе де көңілдерімен сезеді. Комбинезон әрі жеңіл,әрі ыстық пен

суықты,радиацияны откзбейтін етіліп жасалған. Айға алғаш келген амери-

кандық астронавтардың комбинезондарымен салыстыруға болмас еді. Одан 

бері қанша заман өтті. Ғалымдар радиобайланыс арқылы бір-бірімен емін-ер-

кін әзілдесіп,әңгімелесіп,бұдан біраз бұрын дайын болңан арнайы кемеге жа-

қындады. Оның алдындағы тепкешекте кәдімгі жолаушыларды күткендей 

жас қызқарсы алды. Ол жылы амандасып,ғалымдардың кемеге мініп,жұмсақ орындарға жайғасуын өтінді. Ғалымдар да қыздың жанынан өтіп бара жатып бір-бір әзіл сөз айтып қалады. Өйткені,Тәнзия Шәризатқызы ғалымдарға бұ-

рыннан таныс. Осындай ұзаққа ұшатын сапарларда ол өздерін осылайша жы-

лы қарсы алып,орын ұсынып,жол бойында сусын,тамақ әкеліп тұратын. Тән-

зия да ғалымдардың бәрін таниды. Жеңіл қозғалып,әрқайсысының жағдай-

ының жақсы болуын қадағалайды. 

   Ғалымдар кемеге мінген соң Тәнзия люкті жауып,кемені басқарушыларға

сапарға аттануға болатынын хабарлады. Соның артынша кеме қабырғасы 

діріл қағып,бауырындағы бірнеше құбырдан от шашылып тік көтеріле бер-

ді. Жерден бұлайша жылдам көтерілсе,іштегілер әжептеуір салмақ жоғалтар

еді. Мұнда тартылыс күші Жерден аз болғандықтан отырғандар ондай қолай-

сыздықты сезген жоқ. Оның үстіне бүгінгі кемелер мейлінше жетілген жоба

бойынша жасалған. Бұлармен сонау бір кездегі,алғаш ғарышқа жол салған

ғасырдағы кемелердің аттануларын салыстыруға болмайды. Бүгіндегі кеме

емін-еркін ұшатын қарлығашпен тең. Кеменің қарлығашқа ұқсатылатыны  да

содан-ды.

   Кеме біраз көтерілген кезде отырғандар өзді-өзді тұстарындағы иллюмина-

торға үңілді. Әдеттегіше Қазақстан базасы өзінің жыпырлаған техникалары-

мен,Күн батареясымен ерекшеленіп қала берді. Енді Дауыл Мұхитының бар аймағы алақандағыдай көрінді. Бірақ оның есесіне шағын жыралар мен ой-

паттар кішірейіп барады. Ғалымдар үшін ол көрініс те таңсық емес. Айдың

небір анық бейнелері түсірілген суреттерді ғалымдар жиі көріп жүр. Өздері-

нің басты істері сол болса,көрмей,білмей қайтсін. Қазір бәрінің де ойларында

алдағы бұрғылау,қазба жұмысының қалай басталып,қалай аяқталатыны,нен-

дей жаңалықтың ашылатыны ғана. 

   Кеме әлі ұшып келеді. Мана Ай бетінен алғаш көтерілгенде ол бейне бір өз-

дерінен кері қарай ұшып бара жатқандай сезілген еді. Енді кеме көлденең ұшқан соң әрі биіктеген соң Ай бетіндегі бар көрініс кейін қарай баяу жыл-

житындай болады. Бірақ минут қосылған сайын неше түрлі көлемдегі қазан-

шұңқырлар дөңгеленіп-дөңгеленіп қалып жатыр. Ғалымдардың кейбірі өзін-

дегі қуатты суретке түсіргіштерімен жеке архиві үшін түсіріп те алады. Енді

біреулері киноға түсіруде. Кейбірі алдындағы кішкене үстелшесін суырып шығарып,ақ қағаз қойп,біресе иллюминатордан Ай табиғатына,біресе ақ қа-

ғазына қарап,бірдемені сызып қояды. Ал жас ғалымдар иллюминатордан бас-

тарын бір алмайды. Қазақстан базасы мен солтүстік бүйірдегі көзделген қа-

заншұңқырға барар аспан жолын әбден көріп алғылары келетіндей. Кімнің 

қандай ой түйіп отырғанын ажырату қиын. Бірақ мақсаттарының бір екені

анық. 

   Қазаншұңқырға жарық түсіретін айналы жүйелер мен көтергіш техникалар,

бұрғылау,аршу манипуляторлары бұдан біраз бұрын жөнелтілген. Алдын ала                                                         

жасалған жоспар бойынша олар ғалымдарды күтіп тұрады. Ғалымдар барған

соң белгіленген тәртіппен зерттеу жұмысы басталып кетеді. Әйтпесе,сонша-

ма техникаларды орналастырудың өзі де аз уақытқа созылмайды. Оның үсті-

не Айдаға тартылыс күшінің Жерденалты есе аздығы,шаң көтерілгіштігі тағы

уақыт алмақ. Ал алдын ала дайын тұрса,зерттеушілердің қатты шаршамауларына да мүмкіндік тумақ. Техникалармен бірге қазаншұңқырдың 

Күн сәулесі түсетін жағына бірнеше көшпелі кеме-үйшіктер де орнатылған.

Үзіліс кезінде және демалыс ұйқысында ғалымдар сол үйшіктерде болады.

Сондай-ақ оларда Қазақстан базасымен тікелей видеобайланыс та орнатыл-

ған. Көшпелі үйшіктердің бірнеше дәрігерлік орын да бар. Қысқасы,зерттеу ажұмысы барысында кездескен кез келген кездейсоқ жағдайға қарсы тұрарлық әрекеттің бәрі де осы ұзақ мерзімдік дайындық барысында алдын ала ескеріл-

ген.

   Кеме қалт етіп төмендей бастаған кезде іште отырғандар селт бастарын кө-

теріп,Айдың қатпар-қатпар төбе-қыраттарына бұрылысты. Әншейінде биік-

тен тегіс алаң сияқтанып көрінетін жерлерінің өзі де шұңқырларға толы екен.

Ай табиғатының мұндай көрінісі бұрыннан таныс болса да,мына аймақ зерт-

телмегендіктен тансық. Сондықтан да дәл қазір ғалымдар да бір-бірімен сөй-

леспейді. Бәрі де бір құпия құбылыстың куәгері боламыз ба деп үміттенетін

сияқты. Олай болмасына кім кепіл. Айдағы жанартаулық газдардың көбі тап

осы сияқтанған қазаншұңқырлардың ішіндегі шоқы топтарынан шыққан. Он-

дай каз атқылаулары тіпті,сонау бір кезде,Жерден де байқалған. Содан бас-

тап-ақ ғалымдардың Ай мүлдем өлі дене деген ой-пікірлерінен де бас тарт-

қан-ды. Ал мұндағы бар көріністі,ғажайып тастар мен тауларды,тағы басқа-

дай тарихи-табиғи тас мүсіндерді үгітетін,мұжитын,өзгертетін су мен желдің

жоқтығы сол бір өаманның тарихын көзбен көруге мол үміт арттырады. «Ай-

Жердің тарихи қоймасы» деп ғалымдар соңғы кездері бекер айтып жүрген жоқ-ты. Мұндай жазу Қазақстан базасындағы орталық демалыс орынддарын-

да,кинофильм,видеофильм көретін кең бөлмелерде де бар.

   Сол ғажайып алып қойманың үстінде жүр бүгінде ғалымдар. Өз ісіне,ғылы-

ми зерттеуіне мықтап берілген ғалым үшін мұнда өмір кешкеннен артқан ба-

қыттылық жоқ. Ай бетінде бұлайша қалықтап ұшып,алшаң басып жүріп,та-

сын қолға ұстап,топырағын үстіне жаққан ғалымдар саны да көп емес. Мұ-

ның өзі де ғалымдарға көп арман. «Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар» ғана ке-

ле алады Айға. Жете алмағаны сонау бір замандағыша екі алақанын жайып

жіберіп,Айға қарап,арманын күбірлеп айтқан адамдарша қала бермек. Кеме-

дегі ғалымдардың үн-түнсіз қалып,Ай бедеріндегі әрбір нәрсені есінде сақ-

тап,қолдарындағы  видео,теле,кино камераларымен түсіріп жатқандарында-

ғы басты мән де осында-тын. 

   Кеме Айдың солтүстік бүйіріндегі көздеген қазаншұңқырдың жанына қа-

лықтап келіп  қонды. Мұнда да ең тегіс деген жердің қалың шаңы бұрқ кө-

теріліп кетті. Оның үстіне шаң жұқпалы болғандықтан кеме қабырғасының

сыртындағы небір әдемі жазулар да сол шаңға көміліп қолды. Ғалымдар қа-

шан шаң басылғанша қозғалған жоқ. Бәрі де бейне бір қыдырып жүрген жо-

лаушылардай Тәнзия қыздың шақыру сәтін күтіп отыр. Ол да асығар емес. 

Қыздың негізгі мамандығы Ай зерттеуші болмағандықтан мұндай табиғат

Қатты таңдандырса керек-ті. Тәнзия Айға бірінші рет келіп тұрған жоқ. Бірақ

Оның Ай туралы білімін ғалымдармен салыстыруға болмас еді. Алдын ала

дайындығы мол адам Ай табиғатына басқаға қарағанда өзгеше көзбен қарай-

ды. Түсінігі де бөлек. Тәнзия сол жағынан келгенде ғалымдарға таңданып та

қояды. Мына кеме,осы сапардың бәрі де осындай ғалымдардың идеяларынан

шықты емес пе. Егер ғылым болмаса,Ай үстінде бұлайша емін-еркін ұшпақ

түгілі,Айдың тұтылуының өзінен шошынып жүрген болар еді. Енді бір кезде-

гі адам арман еткен сапар жай бір күнделікті тіршілік сияқтанып кеткен.

   Тәнзия өзі отыратын кішкене бөлме ішіндегі дөңгелек экранды құралға қа-

рап алып,орнынан тұрды. Ол сырттағы температураны,Күн сәулесінің түсу

бұрышын,топырақ бетінің температурасын көрсететін өлшеуіштерді бақы-

лап шықты. Сонан соң кішкене дыбыс қабылдағышқа қарап тұрып:

-Құрметті ғалымдар! Көзделген қазаншұңқырға келдік. Комбинезонда-

рыңыздың саңылаусыздығын тексеріп алғандарыңыз жөн. Оттегі қажет де-

гендеріңіз отырғыш жақтауындағы «Оттегі» деген жазуы бар түймені нұқы-

саңыздар болғаны. Кемедегі ауа-райын зерттеуші күрделі жүйелердің көрсе-

тулеріне қарағанда сыртқа шығуға мүмкіндік бар. Күн сәулесінің,топырақтың

ыстықтығы әдеттегідей. Қиын да дқызықты зерттеулеріңізде мол табысқа

жете беріңіздер. Қазақстан базасы мен екі арадағы сапарымыз осымен аяқ-

талды. Хош-сау болыңыздар!

   Ғалымдар белдіктерін сырт-сырт шешіп,орындарынан тұрып,үлкен люкке

қарай жүрді. Тәнзия радио арқылы қоштасқанымен сол шығар люктің бір ше-

тінде ғалымдарға жымия қарап,ара-тұра басын изеп тұрды. Ғалымдар да дау-

сы жіңішке әрі ашық жас сүйкімді қызға ризашылықтарын білддіріп,бір-бір иек қағып өтіп жатыр. Ең соңынан шыққан Есеналы Мұхитұлы Тәнзияға қа-

рап тұрып:

-Бізді алып қайтуды ұмытпаңыз. Ендігі жолы мұнан да үлкен кемемен 

келіңіз. Олжамыз көп болуы мүмкін, - деп оның нәзік саусақтарын біріктіре 

қысты. 

-Міндетті түрде! Үлкен жаңалық ашатын болыңыздар! – деп Тәнзия 

есікті жабуға ыңғайланды.

   Есеналы тепкешекпен Ай бетіне түсты. Егер комбинезондары мен бәтеңке-

лерінде салмақ ауырлатқыш болмаса,бүйтіп емін-еркін жүре алмас еді. Айда-

 ғы салмақсыздыққа бұлайша киінбеген адамның қалайша қалбаңдайтыны о

бастан белгілі. Дегенмен жастар жағы Айдағы салмақсыздықты әуес көреді. Олар тыныш тұрсын ба. Комбинезон мен бәтеңкелеріндегі салмақ ауырлат-

қыш шағын жүйелерді ажыратып тастап,секіреді-ай кеп. Бір-бірімен «Кәне,

кім қанша метрге дейін жоғары секіре алады» деп шарт қойып жасыратынын

қайтерсің. Ал үлкендер жағы олардың мұндай қылықтарына,қатты секіргенде

құлап,үсті-бастарының Айдың ылғал алған топырақтарына алабажақтанғаны-

на қарап рахаттана кеп күліп алады. Ылғи томсырайып,тек зерттеу мен та-                                                 

бысты айтып кеткен де жалықтырады адамды. Ал ара-тұра жаңағыдай ойын-

дарды көріп,әзілді көріп күлудің өзі бір демалыс. Тіпті,ғалымдар өздерінің басқа бір аспан денесінде екенін де бір сәтке ұмытқандай болады. Кейбірі 

тіпті,іштей тебіреніп,ауылын,сағынғанын есіне алып тұрып та қалады. Қалай

болғанда да ондай сергу кім кімгеде пайдалы. Қазір де жастар жағы қазан-

щұңқырдың бет-әлпетіне бір қарап алғаннан соң екі арадағы кішкене үзіліс-

те сондай бір ойынды ойнап та үлгерді.

   Өздері мініп келген кеме жайымен тік көтеріліп барып,көлденеңдей қалық-

тап ұшып,көрінбей кеткен соң ғалымдар құрамы әдеттегәше бір қатарға тұра

бастады. Бұл сап саналы адамдардың өз еріктерімен түзген қатары. Әрқайсы-

сының ішінде көптен күткен іске тезірек кірісуге деген асығыстық та бар. Кейбірі еніді артық-ауыс сөзді де ұнатпайды. Бар есіл-дерті Есеналыда. Ол да

жауапты істің басталар алдындағы толқынысын жасыра алмаған. Ғалымдар

қатарға тұрған соң-ақ сөйлеп кетті.

-Достар, - деді ол қазаншұңқыр жаққа бір қарап алып, - көптен дайын-

дық жүргізген қазаншұңқыр көз алдымызда. Оның жалпы пішінінің Альфонс

қазаншұңқырына ұқсайтынын да жақсы білесіздер. Мұның іші онан терең-

деу. Жалы да тік болып келеді. Сол жалдарының Күн сәулесі түспейтін бөле-

гі де әне,ап-анық көрініп тұр.Бұл бір өзінше техника күшімен қазылған кен

орны сияқты. Өзіміз Жерден келгеннен бергі уақыттың ішінде мына өзддері-

ңіз түскелі тұрған тепкешектер де жасалған. Ал ана қазаншұңқыр ішіндегі 

көптеген техникалар Жер тәуллігімен есептегенде осыдан үш күн бұрын әке-

лінген. Ол техникаларды басқаратын өзімізге таныс жігіттер мен қыздар да

осында. Ендігі істің бәрі өзімізге қарап тұр. Біздің бұл бұрғылау,аршу жұ-мыстарымызды күллі Жер шары бақылайтын болады. Сондықтан әрбір қи-

мылымыз дәл әрі сапалы болуы тиісті. Ендігі біраз уақытымыз осы қазан-

шұңқырдың ішінде өтпек. Көшпелі үйшіктерді де көріп тұрсыздар. Олардың

қазақтың киіз үйлерінен не айынмасы бар? Тек қабырғалары ғана қалың еті-

ліп жасалған. Айдағы бір қазақтың киіз үйлі ауылына келдік деп есептей

беріңіздер. Ал,енді тепкешекке қарай жүрелік.

   Ғалымдар қарсы сөз айтқан жоқ. Есеналының соңынан жүріп,тепкешекке 

жетті. Ол ұзын еді. Бейне бір Айдағы кейбір қазаншұңқырдан тараған сәуле-

жолақтай. Бұлар келерден біраз уақыт бұрын жасалса да тепкешектің кейбір

жері шамалы кертіктеніп те қалған. Бұл ауа-райынан,я болмаса соққыдан 

емес-ті. Ай бетінде қандай зат болса да ұзақ әрі жақсы сақталады. Тепкешек-

тердің кертіктенуі оны орнату барысында болған-ды. Ғалымдар оны да бір-

ден түсінген. Олар бірте-бірте төмендей берді. Ал бұл кезде қазаншұңқырдың іші-сыртында қызу іс жүріп жатты. Үсітінен, талай биіктен

қарағанда іші теп-тегіс,төселген асфальттай болып көрінген қазаншұңқыр-

дың бет-бедері кедір-бұдыр-ақ екен. Әншейінде білінбейтін төбешіктердің

өздері де кәдімгідей аяқ шалады. Оның үстіне комбинезон икемсіздігі қосы-

лады.

   Бірақ зерттеушілер үшін қазаншұңқырдағы мәңгілік мұз-тоңның сыры ол

шаршаудан қызықтырақ еді. Сондықтан да олар арнайы жасалған лифтіден

де бас тартқан. Онан гөрі жаяу жүріп,кішкентай да болса тас біткенді анық-

тап көріп,қолға ұстап,қажеттісін жинауды да мақсат еткен. Жастар жағы әсі-

ресе жиі еңкейеді. Айдың тартылыс күші аз жағдайында сол еңкеюдің өзі де

күшке түсер еді,егер салмақ ауырлатқыш бәтеңке мен комбинезон болмаса. 

Соның арқасында ғалымдар емін-еркін жүреді. Оның өзіне де Жерде де,

Мұнда да талай жаттығудан өтіп еді-ау. Қазаншұңқырдың тіктеу келген жалы да біршама ұзақ екен. Бастамай тұрғанда қайбір іс те оп-оңай көрінді. Ал бастаған кезде оның қаншалықты ауырлығы,я жеңілдігі бірден білінеді. Оған

керісінше,»Көз қорқақ,қол батыр» деген қанатты сөз тағы бар. Қорқа берсең,

барлық нәрсе ауыр көрінеді. Қыбырлай берсе,біте береді. Ғалымдар ұстан-

ғандары екіншісі еді.

   Біраз жер төмендеген соң қазаншұңқырдың жарық түсер жартысы азая бер-

ген. Қалған жағы қап-қара қою көлеңке. Сол көлеңкеге жарық атаулы жылт

етпегені қашан. Ай Ай болып жаралғалы солай жатыр. Ол да бір қызық. Сол

көлеңкеге түскен не нәрсе де мәңгілік тоңның көрпесін жамылады. Ондағы мұз қабаты да бірнеше мертге жетеді. Тек қана су мұзы ма,басқа да химиялық

қосылыстар бар. Не болғанда да көптен күткен мезгіл жетті. Енді бірнеше минуттардан соң-ақ ғалыдардың қолдары сол мәңгілік тоңды қозғай бастай-

ды. Есеналы зі бастап келе жатып,соңынан ерген басқа ғалымдарға,соның

ішінде жастар жағына ерекше көңіл бөледі. Жас ғалымдардың қызыға-қызы-

ға жинап,әжептәуір жүктеніп қалғандарын көріп шлем ішінен жымия қарай-

ды да,радиобайланыспен:

-Әлі жинайтын тастарың алда. Көп ала бермеңдер. Оның бәрін қайте-

сіңдер. Ай бетінде ғажайып тамаша тастар аз ба? Ең керекті,ең қызықты дегендерін ғана көтеріңдер Ай бетінен, - деп ескертіп қояды.

   Олар бірінен соң бірі жауап қатады. Әрқайсысы өзінше уәж айтады.  Алған

тастарын қайтадан лақтырып тастаушылары өте сирек. Өздері де анау-мынау

тасты алмаса керек-ті. Есеналы да оны түсінеді. Ай бетінде сондай пішіні мен 

табиғи түзілуі ерекше тастан басқа не бар еді. Мұнда Жердегі сияқты жасыл 

әлем болса да жоқ. Сондықтан ғалымдардың аңдитындары да тас пен кесек

қана. Қазаншұңқырға алғаш рет түсіп келе жатқандықтан оның айнала жалда-

рына әрқайсысы мұқият қарайды. Күн сәулесіне ара-тұра жылт-жылт ете қал-ған тастарды мойындарына асынған кішкентай ғана кино-видео-теле камера-

ларымен сыр-сыр еткізіп түсіре қояды. Қысқасы, әрбір мезетті,әрбір құбы-

лысты,әрбір көріністі қалт жебермеуге тырысады. Жерден алған тапсырма-

ларының өзі де сол болатын. 

   Қазаншұңқырдың еденіне түскенде қарсы алддарын қап-қара әлем жайла-

ды. Бірақ әрқайсысының комбинезондарының жеңдеріндегі Ай термометр-

лерінің қызыл сұйығы төмендей қоймаған. Күннің аптабы комбинезондарын

қыздырып-ақ тұр. Ал ішкі жағындағы температура он сегіз бен жиырманың

төңірегінде болғандықтан ғалымдар пәлендей қолайсыздықты сезбей келе-

ді. Әрине,аса қатты қимыл жасауға болмайды. Ондайда қанша дегенмен ком-

бинезон кигендіктен тыныс алу да ауырлайды. Бірақ мұндағы автомат жүйе-

лер ғалымддарды ондай күйге жеткізбек емес.

   Бәрі қазаншұңқырдың ішкі еденіне жеткен бойда үлкен бір көлік алдарына

келіп кесекөлденең тұра қалды. Ғалымдар әскери адамдарша ширақ мініп ал-

ды. Көлік жүріп жөнелді. Қазаншұңқыр ішінің қаншалықты кең екендігі осы-

дан-ақ білініп қалды. Енді биіктен қараған адам қазаншұңқырдың ішінен құ-

мырсқаның қыбырындай ғана тіршілікті көрер еді. Ал ғалымдарға осы орта-

ның өзі өзінше бір ғаламшардай болып кеткен. Айдың кең табиғаты жоғалып,

айналаның бәрі биік те тік жалдармен қоршалған. Оның көлеңке жағында 

әзірге пәлендей нәрсе көрінбейді, Бірақ Ай төңірегіндегі майда шаңның тұ-

тасқан қосындысынан Күн сәулесі аз да болса жайылып,жарықты күшейте

түскендей болады. Егер ол болмаса,Айдың күнгей жағы мен көлеңке жағы тіпті бадырайып екіге бөлініп,аспаны қап-қара түске боялып,қараңғы кеңіс-

тіктің тап өзіне ұқсап кетер еді. Мұндағы әрбір адам көріністің мұнысына да шүкіршілік етеді.
    Жас ғалымдар үшін мұнда тағы бір зерікпестің ойыны бар. Олар сыртта тартылыс күшінің аздығын мазақ еткендей кезекпе кезек тік көтеріле секі-

ріп,кімнің қанша метрге дейін тік жоғары көтеріле алатындығын байқап,

өзара бәсекелессе,енді мұнда қою көлеңкеде бір-бірінен жасырынып та ой-

найтын кез келген еді. Бірақ олар мұнда ойнағалы келген  жоқ. Әрбір минут,

сағат,тәулік есептеулі. Тек ол ма,мұндағы оттегі де,су да,тамақ та,үй жағдайы

да шектеулі. Әрбір қалт еткен кемшілік ғалымдардың өміріне қатер тудыра-

ды. Мұхит тереңінде жүрген не,Айдың бетінде жүрген не,екеуінің қызықты-

лығы да,қауіптілігі де бір-бірімен бара-бар.

   Көлік үлкен көлеңкенің жанына жеткен соң жүрісін баяулатып барып кілт

Тоқтады. Сол кезде айналада тұрған түрлі техникалардың жүргізушілері бұларға қарай жүрген. Олар  ғалымдардан сәл бұрын келіп,бұрғылау,аршу 

жұмыстарын қалай бастау керектігі жөнінде бір-бірімен кеңесіп те тұрған.

 Ғалымдар келген соң істің басталарын да сезіп бері қарай жүрген беттері.

Есеналы да әуелгіден кішкене әбіржи бастаған. Қанша дегенмен жауапты ңс болғандықтан толқиды. Толқымай қайтсін. Ай бетіндегі некен-саяқ мұндай орындарға қазба жұмысын жүргізуді өзіне сеніп тапсырса,кім де болса сол 

сияқты күйге көшер еді. Қайта Есеналы ұстамды. Осындай қатты толқу бол-

мас үшін де ол талай уақытты жаттығуға жіберген. Оның жемісін енді көр-

мек. 

   Бұрғылау,аршу жұмыстарын жүргізерден бұрын Есеналы Мұхитұлы сол

іске қатысатындарды түгел жинап,кіріспе сөз сөйледі. Ол өзінің ойын былай

деп жеткізді.

-Достар,біз бірнеше минуттан соң адамзат тарыихында болмаған істі 

бастағалы тұрмыз. Мен қай-қайсысыңыздың да толқып та тұрғандарыңызды сеземін. Ол тек қана толқу ма? Ол қуаныш та. Ай бетіндегі осындай некен-

саяқ қазаншұңқырдың ішіндегі мәңгілік мұз жамылыңқысына әлі ешкім қол

сұққан жоқ. Оның қарлығашы да бізбіз достар. Сөз айтылып жатыр. Жерде де айттық,базада да айттық,жолда да айттық,мұнда да айтып тұрмыз. Сөз де

керек,сақтық та керек,достар. Адамзаттың күллі хайуанаттардан басты айыр-

машылығы  да тілі мен санасында. Ал адам харекетінің көбі сөз арқылы 

орындалатынын тағы да білесіздер. Сонымен,біз тарихи  істі бастар алдында

тұрмыз. Мына алдарыңыздағы қараңғы дүниенің қойнауында нендей құпия-

ның жатқанын алғаш ашып көретін де өздеріңіз. Менің бұл қысқа сөзімде ескертерім,әрбір нәрсеге мұқият болыңыздар. Әсіресе,техника басқарушы 

жігіттер мен қыздар,әрбір түйір мұздың талай өамандық тарихы болуы мүм-

кін. Сондықтан мүмкіндігінше манипуляторды еппен қозғалтарсыздар. Кү-

мәнді нәрсе кезіккен жағдайда бұрғылауды,я аршуды кілт тоқтатып,мына ма-

ған телерадиобайланыспен хабарлаңыздар. Іс барысын өзім де экран арқылы

қадағалап отыратын боламын. Сонымен,іске сәт!

   Есеналыдан кейін техника басқарушылардан бір-екі адам сөз сөйледі. Ол жауапты істі ойдағыдай атқарудың үлкен абырой болатынын,бар күш-жігер-

лерін,шеберліктерін салатындарын айтты. Сөйтіп,қазаншұңқыр ішіндегі ша-

ғын жиын тарай берді. Әркім өзінің жұмыс орнына кетті. Есеналы мен Сама- 

 тай техникаларға ең жақын тұрған киіз үй пішінді үйшікке кірді. Оның іші

толған күрделі жүйелер еді. Ғалымдар келе өздеріне қажет деген экрандары-

на үңілді. Бұрғылау мен қазба жұмыстары басталып та кетті.


  Іс  басындағы  кідіріс


   Бұрғылау мен аршу жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанына Жер тәулі-

гімен есептегенде бүгін жетінші тәулік. Алғашында бұрғыллау мен аршу оңайлау сияқтанып көрінген-ді. Енді мәңгілік тоңның оңайлықпен алына қоймайтыны да біліне бастаған. Егер архимедтік әдіс болмағанда тіпті де қи-

ын болатын екен. Ол ұсыныстың жасалып,қолдау тауып,айналы жүйелердің жасалғанына да енді ғалымдар қуанады. Расында да қазаншұңқырдың көлең-

кесіне түсірілген электр шамдарының жарыңғы май шамның жарығындай-ақ

сәуле түсірген. Бұл Жер ғаламшарындағы кеөлеңке мен қараңғылық емес еді.

Онысы бірден-ақ білініп қалды. Содан кейін айналы жүйелер көмекке келді.

Сол айналар жинақтап берген қуатты сәулелер ғана мәңгілік мұз тоңның бет-

кі қабаттарын жібітті. Біраз мұз ерітіліп алынды. Алынған мұздар оларды  

өндірістік қайта өңдеу жүйелеріне жіберіліп отырылды. Үйшіктердің бірінде-

гі лабораторияларда оның құрамындағы метан,аргон және тағы басқа жинақ-

талған химиялық құрамдар ажыратылып  жатты. 

   Ал тазартылған су арнайы үлкен ыдысқа құйылып,тазартылып,базаға қаражөнелтіліп жіберілді. Жер есебімен жеті тәулік ішінде қанша күрделі,

ауыр десе де көп жұмыс тындырылды. Ғылыми-зерттеу үйшіктерінің бірін-

дегі ғалымдар Есеналы,Саматай мен Дәурен мұз құрамынан біраз тіршілік 

иелерінің белгілерін де тапты. Бір ғажабы,осындағы күллі мұз қомағының бәрі ддерлік Жерден келген. Заманы да сол ғалымдар болжаған жетпіс мил-лион жыл бұрынғы мерзімді мезейді. Керегі де сол еді. Осындай қызықты іс-

ке беріліп кеткен ғалымдар бұрғыланып жатқан жер мен екі арада тынымсыз

жүріп жатқан. Әрине,бұрғылайтын техникалардың ісі ауызбен айтып жеткі-

сіз. Қазаншұңқырдың ішіндегі биік бір төбеге қойылған айналы жүйелер 

сырттағы жүйелерден келген сәулені жинастырып,тап қажет деген жерге тү-

сіреді. Кәдімгі күйдіргі сәулеше артынша қалың мұздың буланғаны байқала-

ды. Бірақ оны қалай болса,солай жасауға тағы жол жоқ. Әрбір миллиметр,

сантиметрді байқамаса,бір ғажайыпты бүлдіріп алулары әбден мүмкін. Сон-

дықтан да Есеналы бұрғылау мен аршу жұмыстарының басынан шықпайды. 

   Сегізінші тәулікте бірнеше қабат мұз алынды. Оның ішінде Жер ғаламша-

рынан қатты бір жарылыс,я аспаннан тас құлап түсуі кезінде атылып шығып,

суық та қараңғы кеңістікті шарлай-шарлай осы Ай бетіне,мына солтүстік бүйіріндегі қазаншұңқырдың біріне түскен тіршіліктің небір белгілері – ба-

лықтардың тасқа түскен бейнелері,теңіз жәндіктерінің,алып кесірткелердің және тағы басқадай жануарлардың қалдықтары шығып жатыр. Бірақ  алғанда

Жердегі сияқты Күнге қаратып,топырағын саусақпен тазартып отырған еш-

кім жоқ. Мұнда ауа жоқ болғандықтан,аса ыстық,немесе аса суық болғандық-

тан алынған нәрсе бірден шыны щұбырға енеді де,арнайы жылжымалы лен-

талар арқылы ең жақын тұрған үйшікке жеткізіледі. Ол жерде бірден лабораториялық зерттеуге түседі. Үйшік ішіндегі жағдай Жердегімен бірдей

Онда ғалымдар ешбір комбинезонсыз да жүре алады. Бірақ ешкім де бейқам емес.Зерттеу ісі оңай емес. Бұрғылау мен аршу барысында түрлі жағдайдың

да болуы мүмкін. Сондықтан үйшік ішінде қандай жағдай болғанда да еркін-

дікке салынуға рұқсат жоқ. Мұнда қарбалас іс. Қызықты ғылыми зерттеулер 

жалғасып жатыр. Ғалымдардың бәрі үйшік-үйшікке бөлініп кеткен. Әр үй-

шікте екі екі маманнан орналасқан. Әркім өзінің саласына сай жағын қарайды. Бірақ әуелі бұрғылау мен аршу жұмысын атқарып жатқан күрделі

техникаларға ең жақын үйшіктегі Есеналы,Саматай мен Дәуреге келеді. Негізгі лабораториялық күрделі құралдар да осында. Бұлар көріп,өздеріне

қажеттісін алып қалғаннан кейін мамандықтарына қарай үйшіктерге арнайы  

құбырлар арқылы жіберіледі. Зерттеу сөйтіп жалғаса береді. 

   Сондай бір кезеңде Есеналы отырған үстел жанындағы видеотелефонның 

қоңырауы сыңғыр етті. Есеналлы оның шағын пенеліндегі бір түймені нұқып 

қалды. Артынша экран жаныпа,бұрғылау мен аршу жұмысын жүргізіп жат-

қан техниканың бірін басқарушы қою қара мұртты,қыр мұрынды,жұқалтаң

денелі,бірақ өзі шебер Естемес Ғұсманұлы көрінді. Есеналы Мұхитұлы да елең етіп,бір жаңалықты күткендей оған қадала қарап қалған еді. Жігіттің жү-

зі алабұртып тұр. Өзі отырған техниканың қалың шынылы кабинасының бір 

 жағы қазаншұңқырдың Күн сәулесі түсіп тұрған біршеті де көрінеді. Есена-

лы қоңыраудың бекер емес екенін ішінен сезіп,жігіттің сөзін күтті. 

     - Есеналы Мұхитұлы, - деді жігіт сәл аптыға сөйлеп, - мына техникамның 

епті манипуляторлары қандай да бір мүсін-тасқа тиді. Ұамалауымша,мұнда келмей тұрып түсірген суреттегіге ұқсайды. Алдымдағы кішкене экран да 

соны көрсетіп тұр. Сол себепті мен кідіріс жасауды жөн көрдім. Келсеңіздер 

қайтеді?

-Ендеше,біздің суретке түсіретін құралдарымыз қателеспеген екен. Мен 

қазір жетемін. 

   Есеналы абдырап,кәдімгідей сасқалақтап қалды. Лаборатория ішінде олай-

Бұлай жүріп те алды. Сол кезде бірнеше минутқа басқа бөлмеге кеткен Сама-

тай мен Дәурен де кіріп келген еді. Есеналыоларды жас балаша құшақтай алды. Екеуі не болғанын алғашында түсінбей тұрып қалған. Есеналы мән-

жайды түсіндіруге көшті.

-Біздің болжамамыз дұрыс болып шықты! Қандай да бір алып тас-мүсін

шықты! Қазір ғана маған ол жөнінде Естеміс Ғұсманұлы хабарлады. Тезірек сонда жетуіміз керек!

-Ал бұрғылау мен аршу ісі ше? – деді аң-таң болған Саматай.

-Тоқтай тұрады.

-Біздің әрбір минутымыз есептеулі емес пе?

-Ананың не екенін білмей тұрып қалайша істі жалғастырмақпыз?

-Ол небәрі тас мүсін емес пе?

-Жоқ,ол менімше бекер нәрсе емес!

-Сонда не демексіз? – деді оған Дәурен жақындап.

-Ол кесіртке – динозавр!

-Оны қайдан алдыңыз тағы да?

-Естеместің сөзі соны меңзейді. Алып мүсін түсінесіздер ме?

-Оған соншама қуанатын не бар?

-Сен плаеонтологемессің бе,Саматай? Осы кезге дейін ондай алып жа-

нуарлардың тек сүйектерін тауып келдік. Ал мынау деген мәңгілік музейде

сақталған нағыз өзі ғой!

-Бәрібір тірі өзі емес! Дегенмен,ғажап нәрсе!

-Ал қозғалайық! Бұрғылаушылар күтіп қалды. 

   Үшеуі тездетіп,келесі дәлізге шықты. Сол жерде Есеналы тікелей ішкі ви-

Деобайланыс арқылы басқа ғалымдарға мән-жайды хабарлады да,өзі бастап

кішкене құбырдағы төрт кісілік пневмокөлікке отырды. Бір түймесін басқан 

замат ысылдаған дыбыс шығып,ол зырғып жөнелді. Көзді ашып-жұмғанша

Естемес отырған техниканың жанынан бір-ақ шықты. Сондай көліктермен

Артынша ғалымдардың бәрі келіп үлгерді. Сөйтіп,ойламаған жерден абыр-

сабыр күй орнады. 

   Ғалымдар келісімен мұз-тоң жиналған көлеңке беткейдің жан-жағынан Күн 

сәулесін жинақтап түсіріп тұрған айналы жүйелер де қозғалысқа көшті. 

Электр шамы болса,анау-мынау жерлері шыныда да анық көрінбес екен. Күн сәулесінің аты Күн сәулесі. Ол бұзып-жармайтын қараңғылық бар ма. Оның 

үстіне мына жағдайдан соң оны басқарушылар да жарығын күшейте түскен.

Енді қазаншұңқырдың көлеңкесінің көпшілік бөлігі күндізгі көрініске көш-

кен. Мұз-тоңның бұған дейін бұрғыланған,аршылған жерлері өзінше бір бө-

лектеніп жатыр. Кейбір аршылған жерлеріндегі мұздар айналы жүйеден түс-

кен Күн сәулесіне шағылысып жылтылдайды. Енді бір жері ыстық сәуледен

ери де бастаған.

   Есеналы тездетіп Естемес отырған көлікке көтерілді. Ол мейлінше биік әрі алып еді. Бірнеше манипуляторы бар. Қажет болса,сол манипулятор- қолда-

рының өзімен-ақ кез келген нәрсені,тіпті,адамның өзін де көтеріп алып,кез келген жерге қоя салады. Бірақ ғалымдар үшін ондай көтерістің қажеті жоқ.

Техникаға шығатын арнайы лифт те бар. Есеналы сонымен көтерілген. Онда-

дағы мақсаты – Естемес отырған кабинадағы шағын экраннан мұз-тоңның ас-

тындағы ғаламат тас мүсінді жақсылап көру еді. Енді көзі жетті. Шағын экраннан мұз-тоңның кішірейтілген барлық төңірегі,жартас сияқтанып жатқан әлгі мүсін де ап-анық. Есеналының артынша шыққан Саматай да экранға үңіліп жатыр. Ал егер экран болмаса,шынында да былайша қарап

тұрған адам ештемені аңғармас еді. Мұз-тоңның астында үлкен бір төбе жат-

қан сияқтанады да қояды. Ал оған техника бұрғысы мен тісі батып кетсе,та-

маша бір ескерткіштен айырлуға болады. Бұл жағынан ғалымдар ұтты. Есен-

алы экран арқылы мұз-тоң астындағы тас мүсінді бірнеше минут мұқият қа-

рады. Экран    жүйесінің тағы бір ерекшелігі – мұз-тоң астындағы қандай бір

зат болмасын,жан-жағынан көруге мүмкіндік беретін. Техникаға мінген  ға-

лымдар енді сәлден соң мүсіннің тап кесірке-динозаврға ұқсайтынына да көз 

жеткізді. 

   Содан соң лифт арқылы бәрі қайта Ай қазаншұңқырының ішкі бетіне түсті.

Бұлардың шамалы болса да әбіржулі жүздері қалғандарды да елеңдеткен. 

Есеналы мән-жайды техника жанында тұрғанжас ғалымдарға да түсіндірді.

Техникалардың жүргізушілеріне ендігі бұрғылау мен аршу жұмысында бұ-

рынғыдан екі есе сақ болулары керектігі ескертілді. Содан жұмыс басталып

кетті. Мұз-тоң еппен аршу,бұрғылау жұмысы жүргізіліп жатқан кезде Қа-

зақстан базасына қарай шағын екі кеме жіберілді. Ондағы мақсат – мына та-

былған тас мүсінді бүлдірмей,сындырмай көтеріп,тегіс жерге қоятын көтер-

гіш техникалар әкелу еді. Соны хабарлауға аттанған. Ал оған дейін мұндағы-

лар да қарап қалған жоқ. Техника манипуляторлары кідірген сәттерде ғалым-

дар қолдарындағы кішкене шұқып қазғыш құралдарымен мұз-тоңның кей жерлерін тазалайды. Мұз-тоңның кішкене бөлектерін арнайы ыдысқа салады.

Ал манипуляторлар жұмысқа кіріскен кезде кейін тұрып,сол алған заттарын пневмобайланыс арқылы лабораторияға жібереді. 

   Алып мүсінэкранға жақсы көрінгенімен былайша мұз-тоңның астында жатқан бір шағын шоқыдай ғана-тын. Оны аршу да оңайға түсер емес, Үлкен

ожауымен қазып-қазып,топырағын іліп алып,жанында тұрған тасығыш кө-

лікке сау еткізіп құя салатын жағдай емес. Әрбір сантиметрге ерекше мән бе-

ріледі. Мұз-тоңның қаттылығы да Жердегі қатқан мұздан әлдеқайда артық. Оның үстіне мәңгілік жарық пен жылу көрмеген мұздің түсі де бір түрлі. Мұз

дейтін мұзға да ұқсамайды. Ол бір жағынан құрамында химиялық қосылыс-

тардың барынан болса керек-ті. Қалай болғанда да,осы мұз-тоңды аршып алу,суын пайдалану,қалың қабатының астында жатқан әлгі алып мүсінді бүл-

дірмей шығару бірінші кезектегі жауапты іс. Сондықтан да ғалымдар үшін әрбір минут жылдай болып өтіп жатты. Егер соны адам қолымен тазалап аршыса,тіпті де қиын іс болар еді. Техниканың құдіреті де осында айрықша көрінді. Олардың епті манипуляторлары жылдам әрі жеңіл қозғалып,мұз-тоң

бетін ашып,шыққан мұз ұнтақтары мен кесектерін арнайы жылжымалы лен-

таға салып жатыр. Лентаның арғы жағы құбырға енеді. Құбір осы қазаншұң-

қыр ішіне орналасқан лаборатория-үйшіктерге қарай кетеді. Олардағы күрде-

лі агрегат мұз-тоңды зерттеп,суын бір жаққа,басқасын бір жаққа ажыратады.

Онан кейінгі тап-таза,мөп-мөлдір суды көрген адам Айда су жоқ деп әсте ай-

та алмайды. Тек қана мұз-тоң емес,осы Айдағы топырақ та талай нәрсенің қа-

жетіне жарайды. Ең бірінші – ол оттегі. Ай бетіндегі түрлі құрылысқа да сол

топырақтар таптырмас материалдар. Соңғы кездері Жердегі кейбір құрылыс

үшін де Айдың топырағы көптеп тасылуды. Онан цемент ерітіндісі мен бетон

жасайды. Ол өз алдына бір ерекшелік.

   Есеналы бастаған ғалымдар құрамы көз жеткізген ғажайып мақұлықтың тасқа айналған мүсінін қайта-қайта экран арқылы бақылаумен болды. Алға-

шында бәрі де алып кесіртке-динозаврдың тас мүсіні деп қалса да,мұз-тоң 

аршылған сайын ол пікірлерінен айни бастаған. 

-Менің пікірімше,бұл ешқандай да тас мүсін емес,суықтан мерт болған 

алып кесіртке-динозаврдың өзі  - деді Саматай палеонтолог ретінде жаңа ғана

экраннан түсіріліп алынған рентгендік суретке мұқият қарап тұрып.

-Сонда ол қайдан келді?

-Қайдан келуі мүмкін? Менімше,Жерден. Басқа қайдан?

-Сонда бұл осынша уақыт жатқаны ма?

- Ол таңғаларлық нәрсе емес, - деді Саматай Есеналыға суретті ұсынып,-

қараңызшы,еш жері бүлінбеген. Ал айдың мынандай мәңгілік Күн сәулесі түспейтін көлеңкесінде бұлай болуы әбден ықтимал. Бірақ,байқайсыз ба,алып

кесіртке-динозавр өзі жатқан үңгір-тасымен бірге келген. Сондықтан сол ала-

пат тасты да бірге көтеріп алуымызға тура келеді. Ең бастысы,асықпайық. Мынандай ғаламат нәрсені сақтауымыз керек.

     - Ал Жерде болса ғой,мұнің қалған-құтқан қаңқаларын жинап-теріп,құрас-

тырып музейге қойып жүрмыз. Ал мынау ешбір бұлтартқысыз алып кесіртке-

динозаврдың өзі. 

-Мұқият қараңызшы,өзі құйрығын жиырып,екі алдыңғы қысқа аяғын 

тас еденге төсей мәңгілік ұйқыға енген. Шамасы,үңгір ішінде демалып жат-

қан сәті болса керек. 

-Сонда қалай мерт болды?

-Сол замандағы ауа-райының күрт сууынан шығар. Жалпы,динозавр-

лардың жойылуы негізігнен сол суыққа төзбеулерінен емес пе еді?

     - Оның да жаны бар. Басқа да себептер айтуға болар еді. Бірақ мына мұз

болып қатқан алып денені көріп тұрғанда басқа не ләж келтірмекпін. 

   Техника жанында тұрып,екі ғалым осындай әңгімеге киліккен еді. Сәлден

кйін манипуляторлар қайтадан іске кірісіп кетті. Сол кезде қазаншұңқырдың күнгей жағынан көтергіш техниканы мықты сымға ілген үлкен ғарыш кемесі

де көрінді. Ол жайымен қазаншұңқырға қарай құлдилай берді де,көлденеңдей ұшып,бұрғылау,аршу жұмысын жүргізіп жатқан техникаларға қарай келеді.

Ғалымдар асыға күткенддерін көргенде көңілденіп,бір-бірімен әзілдесе сөй-

лсіп тұрды. Үлкен ғарыш кемесі мықты сымға байланған көтергіш техниканы жайымен мұз-тоңның жанына түсірді. Содан соң арнайы адамдары сымды босатқан бетте қайтадан жеңіл көтеріліп,Қазақстан базасына қарай ұшып,кө-

рінбей кетті. Ай бетіндегі әрбір зерттеу жұмысы осылайша жедел жасалатын.

Сондықтан мұнда артық сөздің де қажеті жоқ. Ол тек уақытты ұстамақ. 

   Көтергіш техника келген бетте бұрғылау,аршу жұмыстары одан әрі жалғас-

трылды. Ғалымдар алып кесіртке-динозаврдың мұз болып қатқан денесін қалай көтеріп алып,қай жерге қою керектігі жөнінде кідіріс кезінде шешіп алған-ды. Бірақ алып кесіртке-динозаврды аршып алудың өзі де оңай іс емес-

ті. Айтуға оңай болғанымен,мәңгілік қатқан тоңды бұрғылау көп жауапкер-

шілік пен мол уақытты талап етті. Техника мамандары инемен құдық қазған-

дай көрінген бұл істен әсте жалыққан жоқ. Қайта алып кесіртке-динозаврды 

тезірек шығарып алғылары келіп,жұмысты қыздыра түсті.


                            Айдан  келген  жаңалық


   Қазаншұңқыр көлеңкесіндегі бұрғылау мен аршу жұмысы қызу жүріп жат-

қан кезде Есеналы шағын кемемен Қазақстан базасына келді. Ондағы мақса-

ты – жаңалықты тездетіп Жердегілерге жеткізу еді. Бұл жолы Есеналы Мұ-

хитұлы қазақ жеріндегі Зоологиялық институтқа видеотелефон соқты. Осы 

институтта зоологиялық музей де бар. Онда қазба жұмысы кезінде табылған

небір алып жануарлардың қаңқалары қалпына келтіріліп қойылған. Музейде Есеналының өзі де талай болып еді. Өзінің басты мамандығы ғаламшар зерт-

теуші болса да Есеналы ғылымның бар саласына назар аударатын. Ғаламшар

деген үлкен нәрсе. Оның үстінде ғылымның барлық саласына тән тіршілік жүріп жатады. Сондықтан да ол жан-жақты болуы тиіс. Ай табиғатын зерт-

теуге басшы етіп жіберіп отырғаны да содан-ды ғалымдардың. Есеналы өзі-

нің зеректігі,ойлылғы,тапқырлығымен көзге түскен белгілі ғалым. Енді ол

сол есімін тағы да ақтап,әлемді теңдандырарлық жаңалық ашып отыр.

-Мен Есеналымын ғой,- деп бастаған ол сөзін видеобайланыс кезінде,-

Ай бетіндегі зерттеулерімізді жалғастырып жатырмыз. Мұндағы тіршілік ортасына,жалпы Айдың ыстығы мен суығына,салмақсыздығына біршама 

үйреніп те қалдық. Әріптестерімнің жағдайлары да жаман емес. Ауру-сыр-

қаудан,кездейсоқ жазымнан аманбыз. Жігіттер мен қыздарымыздің көңіл-

күйлері де көтеріңкі.  

   Осы сөдерді құлақ қоя тыңдаған Зоология институтының бірінші басшысы 

Байғажа Шарапатұлы бір қозғалып қойып жауап қатты.

-Жердегі тіршілік те бұрынғы қалпынша. Пәлендей жаңалық жоқ. Ғы-

лыми  зерттеу жұмыстарымыз әдеттегіше жүріп жатыр. Ғылым академия-

сында да өзіңіз көргендегідей. Не болсын. Ғалымдарымыздың денсаулықта-

ры жақсы,жанұялары аман. Институтымызға соңғы кездері өткекн заман жануарларының қаңқалары түскен жоқ. Жалпы Жер шарында әзірге ондай

жаңалық естіген емеспіз. Жер қойнауы адам санасы оянғалы бері зерттеліп

келеді емес пе? Ал өздеріңізде қандай жаңалық болып жатыр? Ай бетінде тір-

шіліктің нышаны қайдан болсын. Мәңгілік мұз-тоңды бұрғылау мен аршу ісі

де оңайға түспей жатқан шығар-ау. Ара-тұра теледидар арқылы істеріңіздің

барысы жөнінде хабар тыңдаймыз.                                           

-Оныңызға рақмет,- деді Есеналы бір қозғалақтап қойып,- ендігі айтай-

ын дегенім,қуантайын дегенім,біз Айдың солтүстік бүйіріндегі қазан-

шұңқырдың біріндегі көлеңкеден мұз болып қатқан алып кесіртке-дино-

завр таптық!

-Не дейді? – деп елең ете түсті Байғожа Шарапатұлы.

-Ол рас! – деді Есеналы.

-Әзіл емес пе?

-Ешқандай әзіл емес. Бұрғылау мен аршу жұмысы қарқынды жүріп жа-

тыр. Енді шамалы уақыттан соң алыпқа да жетеміз. 

-Бұл қызық жаңалық екен! – деді Байғожа сергіп.

-Қызық болғанда,өзіміз де әлі өз көзімізге сенбейміз.

-Сенуге болады, - деді Байғожа, - ендеше сіздер барған мақсаттарыңыз-

ды орындапсыздар. Ол өзі сол жетпіс миллион жыл бұрын болған оқиғаның

куәгері ғой!

-Иә,солай деуге негіз бар. Бірақ ол тас болып қатып қалған. 

-Ол түсінікті нәрсе ғой. Бірақ оны арнайы лабораторияға жеткізген соң

талай нәрсені болжалдауға болады.

-Оның рас. Ендігі мәселе,оны қайда қоямыз деген ойдың төңірегінде бо-

лып жатыр. Қазақстан базасында орын бар. Бірақ окан қалай қоямыз. Шек-

теулі тіршілік ортамыз онан сайын тарылып кетпей ме деген де пікірлер бар.

     - Ай табиғатының өзі ғажайып музей емес пе? – деді Байғожа жұмсақ орындығына шалқая түсіп, - онда ауа да жоқ,су да жоқ,жел де жоқ. Егер олай 

болмаса,ана алып тап сол күйінде сақталмас еді. Менімше,оған пәлендей орын іздеудің қажеті шамалы. Оған тек Күн сәулесі түспейтін бір орын ке-

рек. Әйтпесе,алып кесіртке-динозаврдың денесі оп-оңай бүлініп кетуі мүм-

кін.

     - Пікіріңізге рақмет, - деді Есеналы видеоэкранның төменгі тұсындағы электронды сағатқа қарап, - бір әрекетін жасармыз. Мен шамалы уақытқа

ғана келіп едім. Қазір қазаншұңқырда іс қызу жүріп жатыр. Сонда оралуым 

керек. Барлық ғалымдарға бізден дұғай сәлем айтарсыз.

-Міндетті түрде, - деді Байғожа, - өзіңіз де туған жердің ыстық сәлемін

әріптестеріңізге жеткізіңіз. Сіздерге табыс тілейміз. Істеріңіз ойдағыдай бі-

тіп,Жерге аман-есен оралыңыздар. Басқа не айтамын. Ал мына жаңалықты осы мезетте ғылым академиясына,басқа да институттерға жеткіземін. Бұл

жерліктер үшін үлкен жаңалық болмақ. 

-Рахмет, - деді Есеналы сұқсаусағын видеотелефонның өшіру түймесіне

жақындата беріп,- аман-есен жүздеселік!          

    Бірақ осы кезде Байғожа сөзді бітіргісі келмей,ойындағы пікірін жалғас-

тырды.  

     - Айтпақшы,сол алып кесіртке-динозаврды қайдан келген деп тұжырымда-

дыңыздар?

-Жерден деп.

-Ал басқа жұлдыз жүйесінен келуі мүмкін бе?

-Оған негіз жоқ сияқты.

-Неге олай дейсіз?

     - Қазаншұңқыр көлеңкесіндегі мұз қабеттарынан шыққан Ай реголиттері

бұдан жетпіс миллион жыл бұрынғы Жердің жағдайын еске салады. Өзіміз-

дің бұрыннан болжалдаған ойымыз дәлелденіп отыр. Екіншіден,біз аршып алғалы жатқан алып кесіртке-динозаврдың бітімі мен пошымы Жерден та-

былған қаңқалармен сәйкес келеді. Тап суреттегідей. Оның бірнеше суретін

өздеріңізге де телебайланыс арқылы жәберетін боламыз. 

-Жақсы,оған сенуге болады. Ал сонда сол алып кесіртке-динозаврды қа-

лай бүлінбей сонда жетті деп ойлайсыз?

-Алып кесіртке-динозавр жалаңаш емес. Ол өзі демалып жатқан үңгірі-

мен қоса кеткен.

-Мұныңыз ғажап екен,- деді Байғожа экранға жақындай түсіп, - ал оны 

кеңістікке қарай лақтырып жіберген қандай күш?

-Сол замандағы ауа-райының суытуы емес әрине. Сол кезеңде Жердегі 

материктердің қозғалысы мен жанартаулардың атқылаулары жиі болды

емес пе?

     - Соның айғағы сияқты. Тек алыпты мұқият сақтаңыздар. Ол арқылы әлі

талай жаңалық ашылмақ. Бірақ менің ойымша,алып кесіртке-динозавр жа-

нартау атқылауына дейін мерт болған сияқты.

-Неден?

-Суықтан.

-Пікіріңіз орынды. 

-Ал онан кейін жанартау атқылауы кезінде аспанға қарай оқша атылған.

Кеңістікті шарлай-шарлай Айға жетіп,өзінің мәңгілік орнын тапқан. Мұз көрпесін жамылған.

     - Біздің пікіріміз де тап осылай.

   Есеналы осы сөзден соң кідіріп қалды. Жердегі Байғожа да әңгімесі біткен-

дей арғы жағына бұрылып қойды. Есеналы негізгі әңгіме тамамдалған соң

Байғожамен қоштасып,жаңалықты академиядағыларға хабарлауды өтінді.

Содан соң екеуі де – бірі Жерге,бірі  Айда отырып,аладарындағы шағын па-

нельдегі «Өшіру» деген жазуы бар түймелерін басты. 

   Есеналы бұрғылау,аршу жұмысы жүріп жатқан қазаншұңқырға қарай асық-

ты. Ал Байғажа Шарапатұлы Қазақ ғылым академиясының бірінші басшысы-

на кірді. Ол денелі,орта бойлы,тығыршықтай сары кісі еді. Шашының бәрі 

дерлік ақ шалған. Көзілдірік киеді. Кең бөлменің төріндегі ұзын үстелдің жо-

ғарғы жағында,жұмсақ орындықта отырған оның сырт бейнесі лашын құсты

да елестетуші еді. Академия басшысы қыөметке кешіккен емес. Қызмет мез-

гілінен сәл ерте келіп,кеш қайтады. Байғажа келіп жеткенше де жұмыс аяғы

болып қалған. Айдағы ғалымдардың ғажайып жаңалығын жеткізу үшін асық-

пасқа болмайды. Байғожа Шарапатұлы қабылдау бөлмесіндегі биороботқа

төс қалтасындағы кішкене «Жолашар» деген жазуы бар қағазын көрсетті.

Биоробот басын изеп қала берді.

   Байғожа кең бөлмеге кіріп келгенде Бекжігіт Нұрбайұлы жалғыз отыр еді.

Бірақ сол тұсындағы видеотелефон арқылы бір танысымен сөйлесіп жатқан.

Байғожа «Келе беріңіз» деген ишарат білдіріп,сөзін әрі қарай жалғастыра 

берді. Байғожа әдеп сақтап,аяғын еппен басып,ұзын үстелдің жанындағы көп 

орындықтардың біріне жайғасты. Бекжігіт Зоология институты басшысының кешке қарай бекер жүрмегенін іштей сезді. Сөйлесіп жатқан кісісінің өтіні-

шін қабыл алып,жиі-жиі басын изеп,өзінің жұмыстарының көбейіп жатқанын

да ескертті. Содан кейін қоштасып,видеотелефонды сөндірді. Оған дейін Бай-

ғожа да ештеме деген жоқ,бар жаңалығын да,іштейгі қуанышын да асықпай,

анық баяндауды жөн көріп отырды. Бекжігіт видеотелефонның шағын пане-

ліндегі қызыл түймені басып қойды. Ондағысы – Байғожамен болатын қысқа әңгіме кезінде өзоге біреу видеотелефон қоңырауын сыңғырлатпасын дегені

еді. Әрі ол мұның жұмыс соңында жай нәрсемен кірмейтінін де ішінен сезіп

отыр. Байғожаның ерекше алабұртқан жүзі де бір қуаныштың нышанын айт-

пай-ақ сездіретін.

   Бейжігіт бері бұрылып,жұмсақ орындығына ыңғайлана түсіп,сәл шалқайды да,Байғожаға сәл бас изеді. Бұл оның «Құлағым сізде,айта беріңіз мәселеңіз-

ді» дегені еді. Байғожа екі қолын ұзін үстелдің үстіне айқастыра қойып,сәл

қырын бұрылып,сөзін бастады. 

     - Жаңа ғана Айдағы ғалымдарымызбен сөйлесіп едім,- деді ол академия 

басшысына қадала қарап, - Есеналы Мұхитұлы видеотелефон соқты. 

-Иә,жай ма екен? – деді Бекжігіт Нұрбайұлы елең етіп. 

-Жай емес,әрине. Қызық та,жақсы жаңалық. Маған аса қатысты болған-

дықтан сонда қоңырау соғыпты.

-Сонда не болды екен?

-Бір ғажап нәрсе. Қазаншұңқырдағы мұз-тоңның астынан алып кесіртке-

динозавр табылыпты.

-Иә?

-Кәдімгі,сонау осыдан жетпіс миллион жыл бұрын Жерде өмір сүрген 

алып кесірке-динозаврдың бірі!

-Денесі жақсы сақталып па?

-Тірі кезіндегідей!

-Әлі толық аршып алмаған. Мәңгілік мұз-тоңды бұрғылап аршу да оңай

соқпаса керек. Оның үстіне алыпты зақымдамау да керек қой.

-Мынау жақсы жаңалық екен. Қашан сөйлестіңіз? -  деді Бекжігіт тез сергіп.

- Бөлмемнен шығып келе жатқан бетім осы. Есеналы да асығыс сөйлес-

ті. Соны хабарлау үшін ғана аз уақытқа келіпті Қазақстан ғылыми зерттеу ба-

засына. 

     - Расында да бұл тамаша жаңалық екен! «Бір жоқты бір жоқ табады» деген

осы екен де. Оны енді көздің қарашығындай сақтау керек. Ол жағын айтты-

ңыз ба?

-Бәрін айттым. Өздері де біліп отыр. Палеонтолог Саматай бар емес пе?

-Оныңыз да дұрыс. Олар біледі ғой бәрін. Менімше,оны көтеріп былай                                     

қоятын көтергіш техника да бар?                                                         

-Бәрі бар онда. Тек ептілік пен сабырлылық керек.

-Ғалымдарымыз осал емес. Ал алыпты қайда сақтамақ ойлары бар? Со-

ны білдіңіз бе? 

     - Ол жөнінде де әңгіме қозғадық. Алып кесіртке-динозаврды сақтайтын

Ай асты қойма бар деді ол. 

     - Ол дұрыс екен. Жалпы,ондағы ғылыми зерттеу базасының бар сызба су-

реті  белгілі ғой. Түсінідіріп қажеті жоқ. Ең тамашасы,соның табылғаны әри-

не. Сонда ол Жерден кеткен алып болды ғой! Ай табиғатының құдіретімен

сақталған да.

     - Оныңыз рас, - деді Байғожа қозғалақтап қойып, -  Ай түгілі,осы Жердің

мұз-тоңында қатып қалған кесірткелер табылған жоқ па еді?

-Әлгі,Күн сәулесіне денелері қызған соң тіріліп,жүгіріп кеткендерді ай-

тып отырсыз ба?

-Иә,иә.

-Бұл аз мерзім ғой. Ал ана алып жатқалы сонаңызшы,жетпіс миллион-

нан астам уақыт өткен! Содан бері денесі бұзылмаған! 

-Айды ежелгі тарихтың үлкен музейі деп бекер айтпасақ керек-ті.

-Иә,сонымен,тағы қандай мәліметтер айтты?

-Не айтсын,өзі аптығып,асығып тұр. Қайта мен әңгімені біршама соз-

дым. Жерде болған соң ғой. Ал олардағы әрбір минут қымбат емес пе? Оның

үстіне анандай алыпты көтеріп шығарғалы жатқанда...

-Сонда алып кесіртке-динозавр жалаңаш денесі қалайша сақталған? Ол

Ай бетіне пәленбай  жылдамдықпен құлаған жоқ па?

     - Бұл сұрағыңыз дұрыс, - деді Байғожа біреу-міреу кіріп келе ме дегендей

есік жаққа қарап қойып,- мен әлі айтып үлгерген жоқпын. Алып кесіртке-ди-

нозавр өзі жатқан үңгірімен қоса ұшып кеткен. 

-Ендеше,бір ғаламат күш болды ғой. Жанартау атқылауы болар?

-Есеналы екеуміз де солай тұжырымдадық. 

-Бұл ақылға келеді. Сол заманда Жер мен Айда күрделі құбылыс болған 

ғой. Жалпы,менімше,осы алып арқылы талай тарих ашылмақ. 

     - Біздің үмітіміз де сол. Ал бірақ сол алыпты Зоологиялық музейге қою-

дың реті болар ма екен? Сізден сол жағын да сұрамақ едім.

     - Бұл кейінірек қойылатын сұрақ,Байғожа, - деді Бекжігіт видеотелефоны-

на қарап қойып,-алып кесірке-динозавр әлі аспандағы нәрсе. Кім біледі,оның 

денесінің қандай жағдайда екенін. Олар әлі қолмен де ұстап көрмеген болар. 

Оны көтеріп алып,ғылыми зерттеу базасына жеткізу,арнайы қоймаға қою да

оңай іс емес. Мен өзім де ертең олармен байланысармын. Сонда көп нірсені 

анықтаймын. Оған дейін олар да біршама іс тындырар. Келіп хабар айтқаны-

ңызға көп рақмет. Мұнда әлі қысқа мәжіліс те ашармыз. Сонда біраз мәселе

шешілетін болады. Әзірге өзқ жұмысыңызды алаңсыз істей беріңіз.

   Байғожа басқа сөзге келмеді. Бекжігіттің қолын қыса алып,басын мәдениет-                                        

ті түрде бір изеп,сыртқа қарай бет алды. Академия басшысы да бұл кездде пәтеріне қайтуға жиналды. 


                                             Ұйқыдағы  алып


   Айдың солтүстік бүйіріндегі қазаншұңқырдың ішкі жағындағы мұз-тоңды

бұрғылау мен аршу жұмысы біраз жеріне жеткен. Алдын ала экраннан бай-

қалып алынған алып кесіртке-динозаврға да қол тигізетін мезгіл жеткен-ді. Үлкен көтергіш техникалардың бірнешеуі қатар тұрып,алып жатқан үңгір

тасты қоса көтеріп былай шығарған. Алғашында ол мұз жамылыңқысының астында кәдімгі тас шақысындай болып жатқан-ды. Енді оның үлкен орны опырайып қалған. Бейне бір төбесінен опырылған шахта тәрізді. Егер оның жалына адам аяғы тисе, тайып, ішіне құлап та кетер еді. Бірақ оған жақында-

ған адам жоқ. Техникалардың ұзын көтергіш сатылары ғана олай-бұлай жыл-

жып жатты. Қазаншұңқырдың ішіндегі тегісте,сырт жағында көптеген айна-

лы жүйелер көлеңкені кәдімгідей сейілтіп жіберген. Күн сәулесінің жинақ-

талған ыстығынан мұз-тоңның кей жұқалары кәдімгідей еріп те жатыр. Мұз

қабатының жалпы жіпсуі енді адамның аяқпен тұруына мүмкіндік бермейді.

Қандай мықты,қандай тікенекті аяқ киім болса да ол лып деп тайып кетеді. 

Бірақ техникалардың алапат табандары ең қатерсіз,тіренішті жерге орныққан.

Олардың салмақтары аса ауыр болғандықтан мұнда да қозғалыссыз тұр. Егер

солар Жерде болса,табандарының астындағы қара жерді ойып жіберген бо-

лар еді. Ал мұнда тартылыс алты есе аздықтан сол алыптардың өздері де қан-

ша дегенмен жеңілденген. Жылжу,көтеру барысында техникалардың бүкіл

денесі қозғалақтайды. 

   Мұндағы салмағы жеңіл тек техникалар ма,осыдан жетпіс миллион жыл 

бұрын келген мына үлкен үңгір тас та,оның ішінде мәңгілік ұйқыда жатқан

 алып кесіртке-динозавр да жеңіл. Жерде болса,мұны қанша көтергіш қатар 

тұрса да қозғай алмас еді. Ай тартылысының бір құдіреттілігі де осында-тын.

Техникалар сырттан қараған адамға өз бетімен қозғалып жатқан адамдай кө-

рінеді. Өйткені,олардың йрқайсысында күрделі манипуляторлар бар. Көтер-

гіш сатылары өз алдына. Солардың епті қозғалыстары сырттан қараған адам-

ға шынымен-ақ ерекше әсер береді. Бірақ оны қызықтайтын уақыт бар ма. Мұндағылардың бәрі де өздеріне берілген тапсырманы орындау әрекетінде. Көтергіш техникаларда отырған жігіттер мен қыздар видеобайланыс арқылы 

бір-бірлерімен жиі-жиі сөйлесіп,үлкен тас үңгірді ішіндегі алып кесіртке-ди-

нозаврымен бірге еппен көтеріп,ең ыңғайлы деген жерге қойды. Содан кейін

техникалардың епті манипуляторлары тас үңгірдің жан-жағын,қойылған ор-

нын тексерді. Тас үңгірдің үсті де қалың мұз тоң болатын. Көтеру  мен былай 

апарып қою кезінде манипуляторлармен ұстауда біраз қиындықтар да туғыз-

ған. Қанша епті,қанша мықты болса да мұздың аты мұз. Оған үйкеліс күшін

арттыру да оңайға түспеген. Бірақ ғалымдар көздеген мақсаттарын орындап 

шықты. Тас үңгір алып кесіртке-динозаврмен бірге тегіс жерге қойылғаннан кейін                                                                                                

айналы жүйелерден түсіп тұрған Күн сәулесінің күші шамалы әлсіретілді. 

Өйткені,тас үңгірдің үстіндегі мұз қабаттары ери бастаған-ды. Оның үстіне

үңгір ішіндегі алыптың жай-күйін толық білмей тұрып,бойын жылытуға бол-

майтын еді. Ғалымдардың негізгі назары да енді соған ауған. Тас үңгір қой-

ылған бетте-ақ кейбір ғалымдар мен бірге жүрген тележурналистер оның жан-жағынан әбден телефильмге түсірді. Содан кейін көтергіш техникалар

кейін әкетіліп,орнына тас үңгірді тіліп-кесетін басқа техника әкелінді. Олай етпейінше алып кесіртке-динозаврдың түр-пошымынанықтап көру әлі де 

мүмкін емес еді. Осы бір сәт те ғалымдар үшін мейлінше толқулы сәт болды.

Техникалар аса қуатты лазерлік араларымен тас үңгірді бірнеше жерден кес-

ті. Мұндай ара үшін қалың мұз-тоңның түкке тұрмайтын қабат екені де бір-

ден байқалды. Ол әп-сәтте екіге жарылды. Бірақ бұл аса жауапты іс еді. Өйт-

кені,алып кесіртке-динозаврға ешқандай зақым келтірмеу керек. Бұл басты 

нәрсе. Сондықтан да тас үңгірді лазерлік арамен кесу кезінде Есеналы Мұ-

хитұлының өзі сол техниканы басқарушы Қали Таужанұлының жанында 

отырды. Ол да әрбір қалт қозғалысты жасар алдында Есеналымен кеңеседі. Бұл айдалада,қазаншұңқырдың ішіндегі көлеңкелі жалда болып жатқан оқиға

делінгенімен,мұны Жер шарындағы күллі адамзат та телехабар арқылы көріп

отырған-ды. Сондықтан да әрбір қозғалыс аса жауапкершілікті талап етеді. Қалидың маңдайынан шып-шып тер шыққан. Есеналы да мәз емес. Осы құ-

рамның басшысы болғандықтан бар жауапкершілікті мойнына артып,бар бі-

лімін де,тәжірибесін де осыған арнап отыр.

   Тілініп алынған мұз құрсаулы тас бөліктері екінші техникамен былай алынып,тегіс бір жерге жинап қойылып жатты. Енді бір кезде алып кесіртке-

динозаврдың арқа жоны да көрінді. Алдын ала арнайы экраннан көргендей 

күйде жжатыр. Жуан әрі ұзын құйрығы денесіне оралған. Крокодилдің по-

шымына келетін үлкен басы төмен түсіп,тасқа тиіп жатыр. Екі үлкен көзі 

тарс жұмулы. Дөңестеніп келген алып арқа жоны үңгірдің жоғарғы қабырға-

сына сәл-ақ тимеген  екен. Егер аса ептілікпен кеспесе,оған шынымен-ақ залал келтіріп алуға мүмкіндік бар-ды. Енді барлық істің сәтті өткені ғалым-

дарды қатты қуантты. 

   Тас үңгірдің үсті алып кесіртке-динозаврды көтеріп алуға болатындай етіп

кесіп алынғаннан кейін оның бар дене пошымы ғалымдардың көз алдында 

тұрды. Тек ғалымдар емес-ау,осы жерден Жерге тікелей телехабар беріп тұр-

ған журналистер арқылы күллі адамзатта демін ішке тартып,тамашалап отыр-

ды. Бірақ сонау бір заманнан бері мәңгілік ұйқыда жатқан алып кесіртке-ди-

нозавр ғана бұл жағдайдан бейхабар еді. Енді оған не істесе де сезбейді. Бар

денесінің тоң болып қатқаны сондай үстіне шығып қызықтауға да болар еді.

Бірақ мұнда тұрғандардың бәрі бала емес. Оның өз пошымын,ғажайып ерек-

шелігін зерттеушілер. Есеналы мен Саматайдың жүздері бұл-бұл жанған. Қу-

анбай қайтсін. Жер тарихында ел тарихында мұндай тамаша жаңалық болған

емес-ті. Оның үстіне адам түсіне үш ұйқтаса кірмейтін Ай бетінен,қазаншұң-

қырдың мәңгілік көлеңкесінен табылып отыр. Ғалымдар мұндай ғажайыптың барын бұдан да бұрын білген-ді. Енді сол болжамлдары қалтқысыз дәлелде-

ніп отыр. Соның өзі де бір қуаныш еді. 

   Алып кесіртке-динозавр жатқан тас үңгірдің үстіңгі жағы үлкен етіліп,кесі-

ліп,бөлектеп алынғаннан кейін ғалымдар топ-топқа бөлініп,көтергіш техни-

каларға отырып,олардың герметикалық кабиналарынан,мөлдір терезелерінен

алыпты анықтап көруге кірісті. Ал жерге түссе,оны байқау қиынға соғар еді. 

Енді ғалымдар сол техникалардың кабиналарында отырып,бір-бірімен видео-

байланыс арқылы пікірлесуге кіріскен. Алыпты суретке,киноға,видеолентаға

түсіру әлі саябырсыған жоқ. Қайта үстінен қарағандағы көрініс жаңағысынан

да ерекшеленіп кеткен тәрізді. Бәрі де адам баласы ешқашан көрмеген ғала-

мат жануардың куәсі болып тұр. Есеналы тіпті,өз көзіне өзі сенбейтін дәре-

жеде қарайды. Еш тоймайды. Саматайдың қуанышында болса да шек жоқ.

Қанша дегенмен өзі палеонтолог болғандықтан ең керектісін тапқандай.

Енді оған осы Айда тағы біраз уақытқа қаласың десе де ешбір сөзге келмей

келісімін берер еді. Ол қазір енді мына алыптың денсін қалай бұзбай сақтау 

керек деген де ойға келген. Бірақ онан бұрын да жасалатын істер аз емес. Бә-

рініу де бастарындағы бірінші үміт – Қазақстан ғылыми зерттеу базасындағы

Ай асты қоймасы. Соған ғана апаруға болар еді. Ал онан кейінгі жағдайды тағы ойластыру керек. Ол қоймадағы температура да дәл мына жердегі мәң-

гілік тоңдай емес. Жылылау. Тек Күдікі ме,Ай қойнауынан келетін жылу да аз болмайды. Сондықтан алтын тауып алып,қайда жасырарын білмей сасқан

адамның кейпінде тұр бәрі де. Бірақ бұл бір  ғана адамның шешетін ісі емес.

Көп ақылы бәрін де шешеді. Есеналы сияқты салдарлы да сабырлы басшы 

қай нәрсені де байыппен ойлайды. 

   Ғалымдар алып кесіртке-динозаврды ұзақ қызықтады. Жарығын күшейте

түскен айналы жүйелер де осы кезде ерекше ұнамды болып кеткен. Кейбір-

лері сол айна жаққа қарап та қояды. Айнада жанақталған сәуленің қізуы тас 

үңгірдің қалың мұзын біршама жібітіп те үлгерген. Ғалымдардың қалың қол-

ғаптары оған тигенде тайқып жөнеледі. Үстінен бақылау жүргізу аяқталған 

соң бәрі қайтадан төменге түсті. Ендігі мақсат та алыпты тас үңгірімен бірге

тегіс алаңға қарай жылжытып әкету еді. Оған арналған техникалар да жеткі-

лікті мұнда. Олардың бір-екеуі радиобайланыс арқылы хабар алысымен-ақ

 келіп жеткен. Онан кейін алып жүккемелер тас үңгірді көтеріп,Қазақстан 

ғылыми зерттеу базасына алып кетеді. 

   Есеналы техникалар жақындасымен радиобайланыс арқылы тас үңгірді қа-

лай қарай жылжыту керектігін түсіндіріп жүр. Қасында Саматай бар. Сама-

тайдың ңәйімі де енді күшейе түскен. Ол жетпіс миллионнан аса уақыт мұз

құрсауда жатқан тас үңгірдің де,оның ішіндегі алып кесіртке-динозаврдың 

да бүлініп қалмауын ойлайды. Техниканы басқарушылар да сезеді мұның аса

жауапты іс екенін. Тек қана өздері ме,бұл кезде Жер ғаламшарындағы күллі

адамзат қадағалап отыр. Мұндай ғажайып,сирек жануарды кімнің көргісі кел-

месін. Бәрі де оны қолмен бір ұстап көруді де арман етеді. Жаңа ғана жас ға-

лымдар алып кесіртке-динозаврдың ауызын,маңдайын,тас үңгірдің екінші шетіндегі жиырылып жатқан үлкен құйрығын алақандарымен сипаған. Егер

ол тірі болса,осындағылардың бірі де жақындай алмас еді. Тіпті ол мына ға-

ламат техникалардың өзімен де айқаса кетуден тайынбайды. Енді бәрі де бо-

лады. Тек тас үңгірден шығаруға рұқсат жоқ. Ғалымдар кеңесе келе осындай

шешімге тоқтаған. 

   Тас үңгірді жылжыту да оңайға соқпады. Оның кенеттен бөлініп кету қаупі

де бар еді. Сондықтан оны алғаш мұз құрсауынан  шығарған көтергіш техни-

калар қайта көмекке келді. Олар алғашқыдай оны еппен қозғалтып,асты жа-

ғына жалпақ тақталарын салды. Содан соң жайымен жоғары көтерді. Тас үң-

гір де,ішіндегі алып кесіртке-динозавр да қаншалықты үлкен болса да,тап осы кезде ертегідегідей бір құбылыс өтіп жатты. Тұрған ғалымдардың кейбі-

рінің көзіне аңыздағы Толағай жылжытқан тау елестеп кеткендей. Тас үңгір 

жайымен қалықтап қозғалып,тегіске жақындады. Оны осылай жылжытып 

тұрған ғаламат биік көтергіш техниканы аспанға  қарамаған адам байқамас 

та еді. Бейне бір тауға жан бітіп,өзі көтеріліп,өзі қалықтап ұшып бара жат-

қандай бір көрініс-ті.

   Тас үңгір әкетіліп бара жатқанда қалғандар қарап тұрмады. Ғалымдардан 

басқалары көлеңкедегі мұзды одан әрі қарай бұрғылауды жалғастырды. Оның  астынан түрлі балықтардың,жәндіктердің таңбалары түскен тастар да

шығып жатты. Ооларды стратиграфтар былай алып шығып,мұқият қарап,

пневмоқұбыр арқылы лабораторияларға жөнелтіп жатыр. Мұндағы қызу қоз-

ғалыс,тып-тыныш жататын Ай табиғатын да жандандырып жіберген. Әсіре-

се,алып кесіртке-динозавр шыққалы,өсімдіктер,балықтар мен жәндіктердің

тасқа түскен бейнелері табылғалы Ай табиғаты ерекше ыстық көрініп кеткен.

Енді Айды мүлдем бейтаныс дене деуге де негіз қалмағандай еді. Бір заманда

Жер мен Ай бір-біріне тас лақтырысып та көрген тәрізді. Бірақ мұны ешкім де әзілге айналдырып жатқан жоқ. Қайта бір кездері болжалданғанның шын-

дыққа айналғанына қайсысы да іштей қуанышты. Ғалымдар үшін қаншама зерттеу жұмысы табылды. Бір ғана алып кесіртке-динозаврдың өзі ғажайып

жаңалық болып отыр. 

   Тегіс алаңға жеткен соң көтергіш техника тас үңгірді жайымен төмен түсір-

ді. Алдын ала астына қажетті нәрселерді қойғандықтан оны ендігі кезде көрету де жеңілге түспек. Тас үңгір төмен қарай түскен мезетте ғалымдар 

кейіндеп,алыстан қарап тұрды. Оның үстіне көтеріп келе жатқаны болашақ 

үйдің бір қабырғасы емес,кәдімгідей шағын тау. Бұдан кейін кім кімге де Ай

үстіндегі көптеген қазаншұңқырлардың ортасындағы шоқылардың неден 

пайда болатынын басқаша ойлауға тура келер еді. Бірақ оған негіз жоқ. Ай-

дың бетіндегі қазаншұңқырлармен оның солтүстік,оңтүстік бүйіріндегі қа-

заншұңқырларды салыстыруға болмайды. Басқа қазаншұңқырларда мұндағы-

дай мәңгілік көлеңкенің болмайтыны белгілі. Сондықтан олардың ішінде тап

осы сияқты тарихи ғажайыптың сақталуы да екіталай. Рас,оның ішіндегі қалың қабаттардан реголиттердің шығуы мүмкін. Ал мынандай алып кесірт-

ке-динозаврдың осылайша бүп-бүтін,сол замандағысындай сақталуы сирек-

тің сирегі.

   Тас үңгір тегіс жердегі алдын ала дайындалған,астына қажетті төсеніш са-                                       

лынған тұсқа қойылған соң үлкен техника тақталарын шығарып-шығарып 

алып,кейін қарай жүріп кетті. Басқа техникалар да енді алыста қалған.Олар-

дың көбі қазаншұңқырдың көлеңкесіндегі қалың мұз қабатын әлі де бұрғы-лап,аршып жатыр. Есеналы мен Саматайдан басқа ғалымдар да сонда. Есена-

лы енді тас үңгірдің жан-жағын анықтап көре бастады. Саматай да соңында 

келеді. Оны көтеріп алып,осы жерге әкеліп қойған техниканы басқарушы жі-

гіт те келіп қалған. Тек ол емес,осы іске қатысты көптеген мамандар жинал-

ды. Есеналы сәлден соң жарықты күшейту керектігін ойлап,телебайланыс 

арқылы қазаншұңқырдың күнгей жағындағы айналы жүйені басқарушылар-

ға мән-жайды түсіндірді.

   Содан кейін-ақ тас үңгірдің жан-жағынан жарық сәулелер ағылды. Жаңа ға-

на күп-күңгірт болып тұрған тас үңгірдің бұжыр-бұжырына дейін ап-анық 

көрінді. Ғалымдар оны ұстап көріп жатыр. Ал алып кесіртке-динозавр болса,

сол қалпында,мәңгілік ұйқыда. Оның жонын балтамен шапсаңда селт етер 

емес. Тас үңгірді төңіректеп жүргендер өз көздеріне өздері сенбегендей күй-

де қарайды. Бірде жақындап барады,енді бірде қайтадан кейін шегінеді. Алып кесірке-динозаврдың ғаламат денесі өзінше бір төбедей көрінеді. Егер

оның үстіне шықсаңда былқ етер жайы жоқ. Тек ең ғажабы,оның осыншама

мерзімде өзгермегені. Есеналы алып кесіртке-динозаврдың қарсы алдына ке-

ліп,оның ғаламат басына,көздеріне,жұмулы ауызына мұқият қарады. Содан

соң қасындағы Саматайға бұрылып:

-Менімше,мына сабазың шынымен-ақ күрт түскен суықтан өлген! Ал 

былайша денсаулығында зақым жоқ-ау деймін!

-Ендеше,байқаңыз,тіріліп кетіп жүрмсін! – деді Саматай көңілді болған-

дықтан әзілге бұрып.

      - Содан да тайынбас! Айтпақшы,қараңызшы,басындағы мұздар еріп тү-

сіп жатыр!

-Жарықты азайту керек! – деді Саматай.

-Мұның дұрыс! Ең қымбат қазба байлығымыздан айырылудың жөні 

Жоқ!

   Есеналы қолына телебайланыс құралын алды да:

     - Жарық сәулесін азайтыңыздар! Алып кесіртке-динозаврдың маңдайы

терлей бастады! – деп,Саматайға қарап көзін қысып қойды. 

-Түсіндік! – десті айналы жүйедегілер де әзілді түсініп, - азайтамыз!

   Артынша тас үңгірге қатты түсіп тұрған жарық сәулесінің күші азая берді. Жаңа ғана ери бастаған су да қайтадан қатып,тоқтап қалды. Температураның

мұндай күрт өзгергіштігінің де бір пайдасы осы жерде тиді. Егер атмосфера

болса,бүйтіп күрт өзгермес еді. Ал Айда көлеңке мен күнгейдің айынмашы-

лығы жер мен көктей. Сол үшін де комбинезон керек. Ал оның ішіндегі тем-

пература қашан да он сегіз бен жиырма үштің арасында болады. Сондықтан

да мұндағылар кейде өздерінің Ай үстіндегі вакуумдық ортада жүргендерін

ұмытып кетеді. 

   Ғалымдар алып кесіртке-динозаврды әбден қарап алған соң алдағы істеріне                                               

кірісіп кетті. Ол істері – тас үңгірді алып кесіртке-динозаврымен бірге Қа-

зақстан ғылыми зерттеу базасына жеткізу еді. Бірақ оны Айдың күндізгі мез-

гілінде апаруға болмайтын. Сондықтан да ол іс түн мезгіліне қалдырылды.



                                   Қоймадағы  дайындық


   Ай күнінің де,түнінің де екі аптаға созылатыны ғалымдарға үйрекшікті бо-

ла бастаған. Алғашында соншалықты ұзақ көрінетін. Сол екі аптаның ішінде көз алдарындағы Жер шары өзінің ширегін он төрт рет өзгертеді. Ол аралық-

та Жердегі адамдар жарты айлық жұмыс күндерін аяқтайды. Демалыста жүр-

гендердің мерзімі бітеді. Тағы басқа көптеген іс бітеді. Егер Ай есебімен жү-

ретін болса,сол он төрт күннің ішінде не күн,не түн мезгілі ғана өтер еді. Ал 

Айда бір тәулік өту үшін жиырма сегіз күн керек. 

   Ғалымдардың бір қуанышты жағдайы Айдың солтүстік бүйіріндегі қазан-

шұңқырдағы мұз-тоңды бұрғылау мен аршу жұмысын тал түстен ауған мез-

гілде бастаған еді. Ал бұл өлараға қарай уақыт таяды деген сөз. Соның өзін-

де де біраз уақыт бар еді. Айдың әрбір ендігіндегі Күн сәулесінің көрінуі

әрқалай емес пе. Сонда ендігі жарық түскенге дейін бір жарым аптадай уақыт

бар екен. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені үлгеруге болады. Ғалымдар алып ке-

сіртке-динозаврды тас үңгірімен бірге Күн сәулесі түспейтін жерге мықтап

орналастырып,жан-жағын қоршатып,қарауылдар қойдырды. Енді ол жай тас

қана емес,таихи мәні үлкен ғажайып бір жануар еді. Оны бәрі де түсінген. Ең

бастысы күллі Жер шарына әйгілі болғансол жануарды бүлдіріп алмау. Бәрі

де сол үшін жанталасты.

   Есеналы мен Саматайда бүгінде ұйқы жоқ. Ұйқылары төрт-бес сағаттан ас-

пайды. Қалған уақыттың бәрінде қоймадан шықпайды. Ол қойма Қазақстан

ғылыми зерттеу базасынан аса қашық жерде емес-ті. Екі арасы құбыр жолмен

байланысқан. Ол құбыр ішінде жіңішке рельспен кішкене көлік те жүреді. Пневмокөлік те бар. Рельспен жүретін көлік негізінен жүк тасуға арналған. 

Ал пневмокөлікпен ғалымдар мен сол қойманың қыөметкерлері жүреді. Мұн-

да тынымсыз тіршілік. Ал алып кесіртке-динозавр табылғалы іс қарбаласқа 

айналған. Ары-бері зуылдап жүріп жатқан көліктер,оның қатарындағы мөл-

дір құбыр ішімен ысқыра аққан пневмокөліктер. Есеналы мен Саматай пнев-

мокөлікпен Жер есебімен бірнеше тәулік ішінде талай рет барып қайтып,та-

лай істің басында болды. 

   Мұндағы негізгі іс қойманың ішіндегі көптеген заттарды Қазақстан базасы-

на тасу болатын. Өйткені,әлгі алыптың денесі оңайлықпен сия қоймайды. Онан кейінгі қиындық сол қойманың үсті жағындағы қалың бетондарды кө-

теріп ашу керек. Алып кесіртке-динозавр өзі жатқан тас үңгірімен бірге сол

арқылы ішке түсіріледі. Ғалымдардың алдын ала жоспарлауынша,бұл өзі Ай-

дағы ғажайып тұңғыш музей болмақ. Ал оны Жерге тасымалдаудың реті жоқ-ты. Ол кеп қиындыққа соқпақ. Оның үстіне алып кесіртке-динозаврдың 

мұз болып қатқан денесі ерімеуге тиіс. Ерісе, барлық еңбектің жоққа шыққа-

ны. Ол бүлінеді. Сол үшін де дайындық қарбалас жүрді. Қоймадағы көптеген

қажетті өаттар рельспен жүретін кішкене поездармен Қазақстан ғылыми 

зерттеу базасындағы басқа шағын қоймаларға тасылды. Анау-мынау сыйма-

ғандарын бөлшектеуге тура келген. Қалай дегенде де қойманы белгілі мерзім ішінде тазарту қажет болды. Есеналы мен Саматайдың қадағалаулары мен ке-

ңестері нәтижесінде іс тез аяқталды.

   Үлкен қойма қажетті заттардан тазартылғаннан кейін оның іші біраз өзге-

ріске ұшырады. Бәрін де алып кесіртке-динозаврдың орналасу ыңғайына қа-

рай жасады. Кей жерлері кеңейтілді. Жерден келгендер кіріп келгенде оның келбетінің қалай әсер беретіні де суретшілік тұрғыдан сын көзбен қаралды. Бәрі де жоқсы болатын сияқты. Мұндағы істі зоолог Марқасқа Нақысбекұлы

қолына алған. Оның қарамағында ондаған адам бар. Қойманың сыртындағы

төңірегіне осыдан бір тйулік бұрын бірнеше көтергіш техникалар әкелінді.

 Біразы сол Айдың солтүстік бүйірінддегі қазаншұңқырда қалған. Олар алып

кесіртке-динозаврды әкелетін әуе жүккемесіне салуға керек.

  Қойманың ішін біршама өзгерткеннен кейін оған тоңазытқыш орнату ісі 

басталып кетті. Ол да аса қажет нәрсе еді. Өйткені,Ай бетінің Күн көзі бар кезде қатты қызатыны белгілі. Оған қоса Айдың қойнауының жылуы тағы бар. Ол алып кесіртке-динозаврдың денесіндегі мұзды ерітуге апрып соғады.

Ал мұз еріді деген сөз ғажайып жануардың деднесі бүлінді деген сөз. Сон-

дықтан ең басты істің бірі де осы таңазытқыш еді. Ай түнінде оның қажеті жоқ. Өшіріліп тасталлынады. Ал Күн көзі қойманың үстіне түскен мезеттен

бастап ол іске қосылады. Оның бәрі электронды жүйелермен жабдықталған.

Тоңазытқыштың біразы осы қойманың өзінде де болатын. Бірақ іске қосыл-

маған-ды. Қосымша ретінде жатқан еді. Енді оны да қолданудың реті келген. 

Бұл жерде сол жүйемен айналысатын жігіттер тобы қызу іске кірісті. Барлық 

нәрсені қалай орналастыруды біле тұрса да ол жігіттер Есеналы мен Сама-

тайдан ақыл-кеңес алып отырды.

   Тоңазытқыш жүйесі токты Ай бетіндегі Күн панельдерінен алады. Ол энер-

гия Күн сәулесі қайта түскенге дейін толық жетеді. Жетпеген күнде қосымша

ядролық энергия қондырғылары да бар. Олар басқа жерге орнатылған. Қазақ-

стан ғылыми зерттеу базасындағы күллі күрделі жүйелерді токпен қамтама-

сыз ететін де негізінен ядролық энергия қондырғылары. Сол жағынан келген-

де тоңазытқыштардың мүлтіксіз жұмыс істейтініне шүбә келтіруге болмай-

тын еді. Айналасы бірнеше Жер тәулігінің ішінде-ақ қойма іші адам танымастай болып өзгерді. Одан кейінгі іс сыртқа көшті. Бұрын оның үсті

 осы Айдың майда шаңынан жасалған цемент ертіндісі мен бетоннан қалың

етіп құйылған болатын. Енді қойманыайнала тұрған көтергіш техникалардың епті қолдары сол тас тақталардың сылақтарын аршып,былай тастап,тақталар-

дың өздерін жайымен көтеріп,бір шетке жинады. Бұл кезде Күн көзі де ба-

тысқа таяп, сәулесі қиғаш түсіп тұрған. Қойманың айналасындағы кейбір биік шоқының қою қара көлеңкелері қойманың тап сол ашылған жеріне де

түсіп үлгерген-ді. Сондықтан оның төбесін ашу қауіпсіз. Іштегі жүйелерді қыздырып жіберетін Күн сәулесі жоқ. Егер ол түссе, сөзсіз, қойма ішіндегі

кейбір ыстықты қаламайтын жүйелер істен шықпақ. Өйткені, мұндағы Күн 

сәулесінің қыздыру күші қалың линзамен жинақтап жіберген сәулемен бір-

дей. Қызуы да демде, сууы да демде. Көлеңке түсісімен-ақ айнала қақап қоя берді. Термометрлердің сұйықтары да жылынатын жер іздегендей төмен қарай зырғып жөнелген. Бұл айдағылар үшін үйреншікті жағдай. Сондықтан

ешкім де термометрге қарап, балаша қызықтап тұрған жоқ. Қайта, қолдарын-

дағы сағаттарына жиі-жиі қарап, істің бітуін көздейді.

   Көтергіш техникадағылар да ширақ басқаруда. Қалыс тас тақталаарды алып

былай қойғаннан  кейін-ақ қойманың бар құпиясы ашылып қалғандай болды.

Былайша айтқанда бұл да бір ашық қалған ескі шахтаны көзге елестетеді. Уа-

қыт өткен сайын баяу да болса көлеңкелер ұзара түсті. Кейде мұндай қарба-

лас іс жасағанда уақыттың тез өтетін әдеті бар емес пе. Осы екі арада ғалым-

дар мен техниканы басқарушылар, тағы басқа мамандар тамаққа бірнеше рет

барып келді. Өйтпеске шара жоқ. Адам баласы жаралғалы Жердің тәуліктік

тіршілігіне қалыптасқан. Күн бойында ол үш мезгіл тамақтануы тиіс. Ал түн

мезгілінде ұйқтайды. Жерден келгендер сол тәуліктік кестені бұзған емес. Бұ-

зуға да болмас еді. Өйткені, ол денсаулыққа әсер етпек. Денсаулық жоқ жер-

де еңбек болсада еңбек емес. Ғалымдардың араларында дәрігерлер де бар. 

Жедел көмек көлігі де әрқашан бірге жүреді. Жедел көлік дегенде мұндағысы 

алты кісілік пневмокөлік. Кенеттен ауруға шалдыққан кісіні ол әп-сәтте Қа-

зақстан ғылыми зерттеу базасындағы орталық ауруханаға жеткізеді. Оған  

дейін дәрігерлік жүйелерімен көмек көрсетіледі. 

   Қойманың үсті сай-жырадай болып қалды. Енді ғалымдар да, басқа маман-

дар да оның жан-жағынан қарап жүр. Егер алып кесіртке-динозавр кірер  

есіктен сияр болса, мұндай артық жұмыс болмас еді. Енді амал қанша, Жер

тарихында, ел тарихында алғаш болып отырған бұл оқика үшін бәріне де кө-

нуге даяр ғалымдар. Іс қызу жүрді. Өйткені, ғалымдардың ешқайсысынд да

мұндай жоспар үш ұйқтаса түстеріне кірмеген. Енді бір жұмысты, екінші бір 

көлденең жұмыс көлбеп кеткендей күй туған. Техниканы басқарушы жігіттер

мен қыздар әдеттегілерінше көңілді. Бір-бірімен әзілдесіп те қояды. Сөйтіп іс

қызып жатты. Қойманың іш жағы да реттелді. Алып кесіртке-динозаврдың жатар орны да дайындалады. Ғалымдардың ойынша, ол мәңгілік ұйқыда   бол

ғандықтан қозғалмайды. Ендеше, оның жан-жағына кең алаң жасаудың да                                                                                                                                                                                    қажеті шамалы. Төбесі де тиер-тимес болса жарап жатыр. Ғалымдар бұл жағын да мұқият бақылап көрді. Есеналы мен Саматай қай жұмыстың да ба-

сында жүрді. Әрбір істің сапалы, нәтижелі болуын қадағалады. Сөйтіп,  бұл 

дайындық та бітті.



                                 Жерден  келген   мамандар


   Алып кесіртке-динозаврды қоятын қоймадағы орын дайын болғаннан кейін

Есеналы Мұхитұлы Қазақстан ғылыми зерттеу базасына оралып, Жермен 

Байланысты. Бұл кезде Жердегі, Қазақстандағы және басқа елдердегі ғалым-

дар бірігіп, арнайы мәжіліс өткізіп жатқан еді. Олар мәжілістерін осы қойма-

ның дайын болуына қарай туралаған. Қойма жөнінде осындағы арнайы теле-

тілшілер хабар берісімен-ақ ғалымдар да Қазақстан астанасындағы Достық

үйіне жиналған. Осында олар Айдан табылған ғажайып нәрсенің мән-жайын

жан-жақты талқылап жатты. Жер шарындағы кей елде бір ғана көсемнің де-

несін сақту үшін бір институт жұмыс істейді. Ал мына ғаламат жануардың

денесін одан әрі бұзбай сақтау үшін күллі елден ғалымдар келіп бас қосқан.

Бірақ институт құралар жайы жоқ. Дегенмен, табылған нәрсені сақтау да үл-

кен өнер. Ол тек Қазақстан емес, күллі Жер шары ғылымы үшін керекті нәр-

се. Сондықтан оны қалай болса солай қоя салудың да жөні жоқ. 

   Егер осы оқиға Жер шарында болса, ғалымдардың бәрі де баяғыда жетіп

келер еді. Ал Ай мен Жердің арасы аз қашықтық емес. Оны былай қойғанда

Қазақстан базасындағы тіршілікке қажеттінің бәрі де есептеулі, шектеулі.

Ол жеткілікті болғанның өзінде қаншама уақыт керек. Жол шығыны болмақ.

Сондықтан да ғалымдар табылған алып кесіртке-динозаврдың суреті мен ки-

нолентасын місе тұтпай мәжіліс ашуды жөн көрген. Көбінің ойында Есеналы

мен Саматайға көптеген сұрақтар да қою жоспары бар-ды. Ол күткен сәттері

де келді. Есеналы байланыс торабындағы шағын кабинаға кірген бетте кезек-

ші байланысшы қыздар Жерді қосты. Экран әдеттегіше Жер шарын, Қазақ-

станды, астанасын, онан соң Достық үйінің кең залын көрсетті. Дөңгелек пі-

шінді үлкен үстелді айнала отырған ғалымдар да экранға шықты бір кезде.

Оператор көріністі бірте-бірте үлкейтіп, Бекжігіт Нұрабайұлына әкелді. Оның жүзі тап осы Айда тұрғандай ап-анық еді. Бекжігіт осыдан біраз бұрын

Байғожа Шарапатұлынан осы жаңалықты естіген-ді. Енді Есеналы Мұхит-

ұлының өзімен тікелей сөйлеспек. Соңғы минуттар зырғып өтіп жатқанда

залдағы ғалымдар демдерін ішке тартып отырған еді. Олардың ішінде Жер

шарының ірі-ірі елдерінен келген  әр түрлі саланың мамандары бар. Олардың алдарында келген елінің аты үлкен етіліп жазылып қойылған. Бекжігіттің 

бейнесі үлкейтілген  кезде алындағы кішкене тақтайшаға жазылған «Қазақ-

стан» деген жазу да көзге оттай басылды. Есеналы туған жердің ыстық ле-

бін сезінгендей экранға жақындай түскен. Бекжігіт адам психологиясын 

біршама біледі. Ол Есеналының Жерді сағынып отырғанын бірден сезді.

-Сәлеметсіз бе? – деп бастады сөзін Есеналы сәл толқып. 

-Аманбысыздар. Жағдайларыңыз қалай? Бәрі дұрыс па? – деп жөнелді

Бекжігіт Нұрабайұлы да.

-Бәрі жақсы. Қазір ғана Қазақстан ғылыми зерттеу базасының маңында-

ғы қоймадан оралдым. Бәрі дайын. Енді Айдың солтүстік бүйіріндегі қазан                                                   

шұңқырдан табылған алып кесіртке-динозаврды әкелуге болады. 

     - Ол жағынан хабардармыз, - деді Бекжігіт,  - біз сіздерге әрқашан сәттілік

пен жеміс тілейміз. Біз бүгін осында жиналып отырмыз. Мұнда Вашингтон, 

Париж, Лондон, Токио, Пекин және басқа ірі елдерден келген әйгілі ғалым-

дар отыр. Бәрі де сізбен жүздесіп, тілдескілері келеді. Ал қажет деп табыл-

ғанда бірнеше елдің ғалымдары көмекке жіберіледі. Олар жүккемелермен 

бармақ. Ел енді өздеріңіздегі жаңалықты айта беріңіз. 

     - Айтатын не бар. Бәрі жақсы. Мұз құрсаудағы алып кесіртке-динозаврды

қалай аршып алғаымызды телехабарлардан жақсы білесіздер. Соңғы жаңа-

лықты айттым.

-Жалпы, денсаулықтарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай? – деді енді Бек-

жігіт сәл шалқайып, - алып кесіртке-динозаврды айтамыз деп денсаулық пен

көңіл-күйді сұраудан да қалдық. Ол жағын айып етпеңіз.

     - Оқасы жоқ. Бәрі жақсы, Бекжігіт Нұрабайұлы, - деп Есеналы бір қозға-

лып қойды, - осы істің жемісті болып жатқаны да сол денсаулық пен көңіл-  

күйдің дұрыстығынан емес пе? 

     - Оның рас, Есеналы, - деп айналасындағыларға қарап қойды Бекжігіт, -

енді мынамеймандармен амандасыңыз. Сізбен тілдескісі келетіндері де бар.

-Мен де дайынмын, - деді Есеналы. 

   Соны күткендей кабинаға Саматай кіріп келді. Ол шұғыл жұмыстарымен

өзінің лабораториясына кеткен болатын. Енді келіп жеткені осы. Есеналы да

жалғызсырап отырған. Саматай келісімен кішкене еркінсіп қалды. Өйтпей 

қайтсін, екеуі осы істің ыстық-суығын бастарынан кешіріп келе жатса. Қал-

ғандардың да көмектері ұлан-ғайыр. Бірақ басшы болғандықтан не күмән сұрақ туса да, не қиындық кезіксе де бәрі Есеналыға келеді. Есеналы ондай

кезде Саматаймен ақылдасады. Сөйтіп, ол өзінің ең жақын жанашыр серігі

болып кеткен. Ендігі жерде Есеналы ғалымдардың қайбір сұрағына жауап

беруге де дайын. Ал Саматай болса да палеонтолог. Мән-жайды толығырақ

түсіндіруге мүмкіндігі мол. 

   Осындай аз үнсіздіктен соң сұрақ қою басталып та кетті. Қазақ ғылым ака-

демиясының басшысы Бекжігіт Нұрабайұлы алғашқы сөзді Вашингтоннан

келген ғалымға берді. Ол қасқа бас, қыр мұрынды, көзі сәл шүңірейіңкі, то-

лық денелі, орта бойлы кісі еді. Өзін ол Нейл Стаффорд деп таныстырды. Со-

дан соң сұрағын берді. 

     - Айдың солтүстік бүйіріндегі қазаншұңқырдан табылған алып кесіртке-

динозаврдың Жерден барғанына шүбә келтірмейсіз бе? 

     - Жоқ, - деді Есеналы жұлып алғандай, - біз оның мерзімін әбден есепте-

дік. Бұл жануар осыдан жетпіс миллион жылдан аса уақыт бұрын өмір сүр-

ген. Денесі сол күйде сақталған. 

     - Ендеше, оның денесі жылыған жағдайда тіріліп кету мүмкіндігі бар ма?

- деді американдық ғалым. 

     - Оны айту қиын. Біздің ондай мақсатымыз жоқ. Алып кесіртке-динозавр-

дың тірілгенінен пайда да жоқ. Онан да осы күйінде сақталғанын дұрыс дер

едік.

-Менің сұрағым бітті. Жауабыңызға көп рахмет! – деді Нейл Стаффорд.

-Мен Токио ғылым академиясының академигімін. Мамандығым палеон-

толог, - деп бастады сөзін орта бойлы, арық, көзілдірік таққан ғалым, - алып

кесіртке-динозаврды Жерге әкелу жөнінде жоспар жасалынды ма? Жасалын-

са, қашан орындалмақ?

-Алып кесіртке-динозаврды Жерге апару жөнінде әзірге әңгіме қозғал-

ған жоқ, - деп жауап берді Есеналы, - бірақ оның Айда ұзақ болмайтыны да

белгілі. Мұндағы тоңазытқыш бар қоймадан гөрі Жердегі мүмкіндік әлдеқай-

да мол. Сондықтан...

-Рахмет, - деді жапон ғалымы Гомикава Икку орнына жайғасып жатып.

   Онан кейін де бірнеше сұрақтар қойылды. Есеналы мен Саматай олардың 

Барлық сұрақтарына мүдірмей жауап беріп отырды. Бірақ Есеналы әдеттегі-

сінше қолындағы сағатына қараумен болған. Онысын Жердегі ғалымдар да

түсінген. Бекжігіт Нұрабайұлы сұрақ-жауап сеансы біткеннен кейін ғалым-

дарға қазаншұңқырдан тікелей телехабар беруді өтінді. Есеналы алдындағы

панельдің бір түймесін басты да:

-Қыздар, Айдың солтүстік бүйіріндегі қазаншұңқырмен байланысты қо-

Сыңыздаршы, - деді. 

     -Қазір, - деді қыздардың бірі.

     - Жердегі ғалымдар тікелей телебайланыс арқылы алып кесіртке-дино-

заврды көргілері келеді, - деп қосты Есеналы.

-Түсінікті, - деді байланысшы қыз. 

   Артынша кабинаның оң жақ қабырғасындағы үлкен экран жарқ ете түсті. Содан кейін онан Айдың алыстан түсірілген бейнесі, жақындатылған, ұлғай-

Тылған аймақтары көрінді. Жылжи келе бүгінде Жер шары тұрғындарына 

әйгілі болған қазаншұңқырға тірелді. Ондағы техникалар көшпелі үйшіктер

мен тағы басқадай абыр-сабыр болып жатқан нярселердің бәрі ап-анық көрін-

ді. Енді бір кезде мұз құрсаудан шығарылып алынған тас үңгір мен оның 

ішіндегі алып кесіртке-динозавр көрінді. Ол көлеңкеде болғандықтан жан-

жақтағы қуатты айналы жүйелерден Күн сәулесі түсірілді. Енді алыптың бұжыр терісі де ап-анық. Жердегі ғалымдар алдарындағы қабырғаны түгел

алып тұрған экранға үңіле түскен. Жер тарихында тек болжам суреттерден 

ғана көріп келген алыптың шын денесін көрудің өзі бір ғажайып сәт еді. 

«Оның жжанында жүрген қазақ ғалымдарының не арманы бар екен» деп те

қойды іштерінен кей елдің ғалымдары. Айға дәл қазір ұшып кеткісі келген-

дері де аз болған жоқ. 

   Қазаншұңқырдағы тәжірибелі телеоператорлар да бұл жолы алыптың дене-тұрқын ерекше анық етіп, бөліп-бөліп, баяу жылжытып көрсетіп жатыр. Жал-

пы, бұған дейін суретке салып, кинофильмдерде мүсінін қозғалтып көрсетіп

келген алып кесіртке-динозаврдың тап өзінен аумайды екен. Ғалымдар өздерінен бұрынғылардың қалай дәл болжағандарына қайран да болып отыр. Бәрі де көкірек тұстарындағы тез аударғыш кішкене құралдары арқылы бір-бірімен тілдесіп, бірдемені түсіндіріп қояды. Бірақ мүмкіндігінше тыныштық                                                     

сақтауда. Бір жағынан қарағанда, бір кездері жап-жасыл елсіз әлемде емін-еркін жүрген жануардың енді мүлдем жасылсыз табиғатта жалғыз қалғаны да ғалымдарды ойлантпай қалған жоқ. Табиғатты қорғамаудың шегі адам баласының өзін де осындай таңданарлық жағдайға душар етпесін деп тіледі әркім ішінен. Әрине, алып кесіртке-динозавр Жерде болғанда әлдеқашен еті ыдырап, сүйегі қурап кеткен болар еді. Ол өз өзінен түсінікті нәрсе-тін. Ал мынаның дене-тұрқының тап сол замандағысындай сақталуы ғажаптың ға-

жабы еді. 

   Телеоператорлар көрсеткен әрбір бөлікті ғалымдар мұқият қарап отырды. 

Бекжігіт Нұрабайұлы да байланысқа көшіп, сол қазаншұңқырдағылармен

ара-тұра тілдесіп қойып отыр. Бұл қай жағын көрсет десе, телеоператорлар 

сол жағын анықтата түседі. Алып кесіртке-динозаврдің соншалықты бүтін-

дігі тіпті ол қазір тіріліп, екі қысқа аяғын жоғары көтере алдындағысына

ұмтылатындай сезіліп кетеді. Енді оған тек жан ғана жетпей тұрған тәрізді.

Бойына жан бітсе, мына өзгерген ғажайып дүниені көріп бұлқан-талқан мінез

көрсетер еді. Бірақ оған әзірге негіз жоқ. Ғалымдардың ешқайсысы да оның

ғаламат мүсінін қызықтағаннан арта алған жоқ. Олай болуы заңды да. Жет-

піс миллионнан астам жыл мұз құрсауында қатып жатқан жануардан не 

үміт күтсін. 

   Ғалымдар алып кесіртке-динозаврдың күллі дене-тұрқын, жатқан жерін,

тас үңгірін түгел анықтап көрді. Содан кейін Есеналы байланысты тоқтат-

қызды. Оң жақ қабырғадағы экран сөнді. Енді Саматай екеуі ғалымдармен

екі арадағы әңгімелерін одан әрі жалғастырды. Жердегі ғалымдар Саматайға да бірнеше сұрақтар қойды. Ол да өзінің қалаған мамандығының небір қыр-

ларын білетінін танытып-ақ тастады. Жер шарының ірі-ірі елдерінен келген

даңқты ғалымдары бұл іске аса ризашылық білдірді. Қазақ ғылым академия-

сының басшысы Бекжігіт Нұрабайұлы Есеналы мен Саматайға жиынға қа-

тысып отырған ғалымдардың атынан үлкен алғысын білдірді. Бұлар да бас-

тарын изеп, жылы қоштасып, видеотелефонды сөндіруге ыңғай берген еді.

Сол мезетте байланыс торабында отырған кезекші қыз дыбыс күшейткіш 

арқылы Есеналыға:

     - Жерден ұшып шыққан ғалымдар кемесі келіп қонды. Олар сіздердің істеріңізге араласатын болады, - деп мәлімдеді.

     - Рақмет, - деді Есеналы орнынан түрегеп жатып, -қазір шығамыз.

   Сөйтті де, болған жайды Жердегі ғалымдарға ескертті. Ондай арнайы ке-

менің Айға жіберілгендігінен олар да хабардар еді. Істеріне жеміс тілеп қала

берді. Есеналы мен Саматай видеотелефонды сөндіріп, сыртқа қарай асықты. 

Бұл жерде осылай тіршілік етуге тура келеді. Өйтпеске шара жоқ. Айдағы әр-

бір минут талай нәрсені шешеді. Сондықтан екі ғалым байланысшы қыздарға

рақметтерін айтып, дәлізден өткен соң сыртқа бір-ақ шығады. Базадағы Жер

жағдайына жақындатылып жасалған орта адамды кәдімгідей демалтады. 

Сондықтан да ғалымдар көп жағдайда оған сағынып оралады. Ай бетіне қай-

та шыққылары келмейтін кезддері де болады. Бәрін де ақ пен қара түс жалықтырып-ақ жіберген тәрізді. Егер осы Айда өмірбақи жүре берсе, түрлі

түсті ажыратудан да қалатын түрлері бар. Бірақ тіршіліксіз ортада қайдан

жүрсін. Осы мерзімнің өзінде де қаншама жағдайлар болып жатады. 

   Екі ғалым шығар есікке келген соң автоматты тексеру камерасына кіріп

шықты. Ондағы күрделі жүйелер комбинезондарында, шлемдерінде саңылаудың жоқтығын, арқаларындағы оттегі баллондарының дұрыстығын,

тағы басқадай киімжүйелерінің қалыптылығын анықтап берді. Енді қорқатын жай жоқ. Екеуі есіктен шықты да, эскалатордың тепкешегіне тұра-тұра қал-

ды. Ол зырылдап жоғары қарау көтеріп жөнелді. Егер осы жылжымалы тепкешек Жерде болса, өзіне түскен ауырлықты кәдімгідей білдірер еді. Ал 

мұнда адам емес, онан жеңіл бір мүсіндерді көтеріп бара жатқандай жеңіл

зырылдап айналады. Ғалымдар өздері де ауырлық атаулыны сезбейді. Бір-

бір тепкешекке тұрып алған.

   Сыртқа шыққан соң ғалыымдар алдын ала дайындалып қойылған екі кісі-

лік көлікке отырды. Ол да жалпақ табанындағы бедерлерін Айдың дымқыл топырағына бадырайта-бадырайта түсіріп жөнеп кеп берді. Бағыты -  база-

ның ғарыш кемелері алаңы. Жерден келген барлық кеме осында қонады. 

Есеналы мен Саматайдың асыққаны бір топ мамандар келеді. Олар алып

кесіртке-динозаврды қоятын қойманың жайын тексермек. Ақыл-кеңес бер-

мек. Көп болып шешкен іс жаман болмайды. Екі ғалым жаңа ғана видеоте-

лефон арқылы Жердегі ғалымдармен де пікір алысты. Енді мыналар өздері-

нің көмектерін іспен көрсекпек. Жердегі ғалымдар жиналар алдында бірнеше

маманды осылай қарай аттандырған-ды. Соған қарамастан қалғандарының да

ынтасы мол болатын. Бірақ барлық ғалымды Айға алып келудің реті келе

бермейтін. Оның сан-салалы себептері бар. Ал бұларды әкелудің өзіндік құ-

пиясы тағы жетеді. Сондықтан да Есеналы мен Саматай байланысшы қыз-

дардан олардың неге келе жатқандары жөнінде тіпті де сұрамаған еді. Өздері

бәрін де білетін. Негізгі мақсаттың да мұз құрсаудан табылған алыпаты қалай сақтаудың мәселесі екені айқын-ды.

   Есеналы мен Саматай ғарыш кемелері алыңында жеткенде алып кеме Ай 

бетіне баяу қонып келе жатты. Оның ұшатын беймәлім денеге ұқсаған пішіні,

жыпылық қаққан түрлі-түсті шамдары өзінше бір ғажап көрініс береді. Ол 

алаңға табан тіреген мезетте қанша тазаланса да Ай бетінен әжептеуір шаң

көтерілді. Бірақ оған ес бөліп жатқан ешкім жоқ. Екі ғалым енді үлкен кеменің түсер тепкешегіне жақындай берген. Бір кезде есік ашылып, іштен

бір топ ғалым шықты. Киген комбинезондары бірдей болғандықтан қайсы-

сының қай саланың маманы екенін білу қиын еді. Тек шыныы шлемнен ап-

анық көрінетін реңдерінен тануға болатын. Әуелгі бастап шыққаны қазаққа 

белгілі геолог-палеонтолог Қадыр Есбайұлы, онан кейінгісі қазащ табиғатта-

нушысы Қосбасар Сырымұлы, үшіншісі қазақ биологы Жанұзақ  Балуанғали-

ұлы, онан кейінгілері орыс және шетел ғалымдары еді. Бәрінің де көкірек 

тұстарында кішкене-кішкене тілмаштары бар. Бір-бірімен сөйлескен кезде дыбыс сол тілмаш арқылы қабылданып, аударылып, шлем ішіндегі құлаққа

ілер арқылы жетеді.                                                   

Бұл кезде Айда түн болғандықтан үлкен ғарыш көлігіне жан-жақтан қуатты 

жарық бағыттағыш шамдардан жарық түсіріліп тұрды. Айдың қақаған суығы да өзінің қаһарын төгіп-ақ тұр. Мұндай кезде қаншама жылыту жүйелері ты-

нымсыз жұмыс істейді. Ал күндіз, Ай беті қызған шақта керісінше, суыту 

жүйелері іске қосылады. Бірақ күн мен түннің алмасуы мейлінше ұзақ бол-

ғандықтан сол жүйелерге аз энергия кетпейді. Түн мезгілінде ядролық энер-

гия қондырғылары қослады. Жерден келгендерге оның бәрі де түсінікті. Ал-

ғаш рет Ай топырағын басып тұрғандар үшін қорқынышты да. Комбинезон-

дары қаншалықты қалың, қаншалықты жылы болса да, сырттың қақаған суы-

ғы сезіліп-ақ тұрады. 

   Есеналы мен Саматай келгендермен құшақтасып амандасты. Егер шыны 

Шлем болмаса, Ай бетінде мына сияқты суық қақамаса, Жердегідей ауа бол-

са, бұлар емін-еркін құшақтасып, бет сүйісіп те қояр еді. Өйткені, мынандай 

алыс жерде, табиғаты қатал ортада кез келген   адамның ет бауыры елжірей-

ді. Қиын-қыстау ортада адам баласының бір-біріне бауымашыл болып кете-

тіні бар емес пе. Ғалымдарды бастап келе жатқан Қадыр Есбайұлы осы үлкен

ғарыш кемесінің жанында тұрып-ақ біраз жаңалықтарды айтып тастады. Ол 

өзін қаншалықты еркін, батыл ұстаймын десе де Жерден кейін мынандай тас

қараңғы дүниеге бойының үйрене алмай тұрғанын жасыра алмады. Жиі-жиі

аспанға қарап қояды. Тұла бойының жеңіл тартқанын да сезінеді. Егер ар-

найы ауырлатқыш болмаса, қазір бір орында тұрақтап тұрудың өзі де жеңілге

соқпас еді.

   Қычқа әңгімеден кейін Есеналы мен Саматай бастап, Жерден келгендер со-

ңына еріп, алғашқы қабылдау бөліміне енді. Ол тап осы ғарыш кемелері қо-

 натын алаңның жанында. Мұндай бөлімнен кез келген ғарышкер өтеді. Онда

комбинезонды Ай шаңынан тазартатын, дезинфекция жасайтын күрделі 

жүйелер орнатылған. Жерден келгендердің жалпы денсаулықтары да әп-сәтте

тексерілді. Содан кейін арнаайы көлікке мінуге рұқсат етіледі. Келгендер бө-

лімнен өткен соң көп кісілік Ай көлігі де дайын тұрды. Мұнда қажет болған

жағдайда жүретін қыртыс асты құбыр-жолы да бар. Бірақ келгендер үшін қа-

раңғы болса да Ай бетімен жүру қызық еді. Оны Есеналы мен Саматай да тү-

сінген. Ондай қызығушылық сезім алғаш келгенде өздерінің бастарынан да

өткен. Сондықтан келушілердің көңіл-күйлерін бірден-ақ сезінген. Сөйтіп,

бәрі қалың шынымен шабылған үлкен Ай көлігіне отырды. Оның жүру прин-

циптерінің Ай табиғатына лайықталып жасалғанын айтып жату да артық. Ға-лымдар мінісімен оның қуатты жарық бағыттағыш шамдары жанды да, алда-

рынан көрінген көлік жолына түсіп, жеңіл жүйткіп жөнелді. 

   Ғарыш кемелері қонатын алаң мен Қазақстан  ғылыми зерттеу базасының 

кірер есігінің арасы оншалықты қашық емес. Солай бола тұрғанмен де екі

араға көлікпен жүру ережесі қабылданған. Жерден келгендер қысқа уақыт

ішінде Айдың табиғатын көп байқап үлгере алмады. Байқағандары алыстан

жарық болып көрінген кейбір шағын қазаншұңқырлар, күлгін түсті жарық,

аспандағы самсаған жұлдыздар мен кейбір ғаламшарлар. Жердің өзі. Айнала-                                              

дағы төбелер мен алыстағы таулар да кәдімгідей қарайып көзге шалынады.

Бірақ көңілсіз. Бұған қарағанда Жер әрі жарық, әрі қайнаған тіршілік екен. 

Келгендер айналасына сұстана қарап,қандай да бір қатер күткендей үнсіз қал-

ған. Мұнда тынымсыз сөйлеп келе жатқандар Есеналы мен Саматай ғана. 

Қалғандар екеуін тыңдап, бастарын изеп, жан-жақтарына қарайлап отыр. Кө-

лік те жылдам жүйткиді. Оның жүргізушісі де екі араға жүре-жүре әбден ма-

шықтанып алған. Ол үшін бұл жолдағы әрбір майда тасқа дейін белгілі. Көзін

жұмып отырып та айдай алады көлігін. Айналадағы өзгермейтін көрініс те 

әбден таныс болып кеткен. Ал келгендер болса, көлік селк ете түскенде, Ай-

дың қандай да бір шұңқырына құлап түсетіндей сезініп, бір-бірінен ұстап 

алады. Бұл Жерден алғаш келген әрбір адамға тән нәрсе еді. «Білмеген жер-

дің ой-шұқыры көп» деген мақал да осы Ай табиғатына дәл айтылған сияқ-

ты.

   Жерден келгендер мен қарсы алушылар мінген үлкен көлік кірер есіктің 

алдына келіп кілт тоқтады. Бірақ отырғандар Жердегі сияқты қатты алға 

қарай еңкейіп қалған жоқ. Сәл-ақ серпілді. Бұл да Ай тартылысы мен инер-

циясының өзіндік ерекшелігі еді. Ғалымдар өздерін ауада қалықтап жүрген-

дей жеңіл сезініп, көліктен тез түсті. Содан соң ішке еніп, эскалатордың теп-

кешектеріне тұрды. Жерден келгендер үшін мұндағы әрбір нәрсе таңсық бо-

лып көрінеді. Тіпті әншейінде Жерде жүргенде ес бөлмейтін өсімдіктер де 

мұнда ерекшеленіп кеткендей. Ай тұрғындары болып қалған Есеналы мен

Саматайдың жүріс-тұрыстары, сөйлеу мәнерлері де біршама өзгерген сияқ-

танып көрінеді оларға. Бұлар сөйлегенде бәрі де қадала қарап қалады. Ал бұ-

лар үшін Жерден келгендер жас баланың кейпін танытады. Жүріс-тұрыстары

да жасыңқы. Әрбір қадамдарын байқап басады. Қатты жүрсе, Ай үсті опыры-

лып кететіндей көрінетіндей. Бірақ ондай сезімнің бәрін Есеналы да, Саматай

да бастан кешкен. Сондықтан да Жерден келгендерге таңырқамайтындары.

   Эскалатормен  Ай астына түсіп, белгілі құбыр жолдармен жүріп, шағын қа-

лашыққа енген соң Жерден келгендер өздерін еркін сезінді. Бәрі енді бастарындағы шыны шлемдерін шешіп тастаған. Жаңағы кейбір ыңғайсыз-

дықтан да арылған. Кейбірі тіпті, үстіндегі қалың комбинезонын шешіп тас-

тауға да асығады. Бірақ қалай ойласа да, енді Жерде емес. Айда екендіктерін

сезіне бастаған бәрі де. Сондықтан Есеналы мен Саматайдың айтқандарын 

орындайды. Қателікке ұрынбау жағын ойлайды. Оның үстіне бәрі де жас бала емес, қазақ халқына танылған белгілі ғалымдар. Қасындағылар да әр ха-

лықтың белгілі өкілдері. Сол себепті де мұнда артық айтып түсіндіріп жату-

дың жөні жоқ. Келгендердің көбін мазалайтын  нәрсе – алып кесіртке-дино-

заврды ертерек көру.  Оның ғаламат денесін өз алақандарымен сипап ұстау.

Оның өзі де бір ғанибет болмақ. Келгендер соған да асықты.

   Қазақстан ғылыми зерттеу базасындағы рәсімнің бәрін бастан өткергеннен

кейін Жерден келген мамандар Есеналы, Саматаймен бірге бірден қоймаға тартты. Ондағы түрлі жүйелерді қарап, кемшіліктерін түзетті. Жерден кел-                                                                                                        

гендегі негізгі мақсаттары да сол болатын. Қанша дегенмен көптің ақылы көл. Анау-мынау жіберілген кемшіліктерді бірі болмаса, бірі түзейді. Расын-

да да Жерден келген мамандар қоймадағы көп кемшілікті тапты. Егер олар

келмеген болса, ол сол күйінде қалар ма еді. Сол өзгерістерге байланысты

Айдың солтүстік бүйіріндегі қазаншұңқырдағы алып кесіртке-динозаврды 

әкелуді де біршама уақытқа кейін шегерген. Бірақ онан зиян келмейді. Алып

көлеңкеде, сол мұздаған күйінде жатыр. Ал мұнда келгеннен кейін тоңазыт-

қыш арқылы сол температураны сақтау қажеттігі өз өзінен түсінікті.

   Жерден келген мамандар бұдан кейін алып кесіртке-динозавр бар қазан-

шұңқырға аттанды. Уақыт тар еді. Анау-мынау істерді бітіреміз деп жүрген-

де Жер есебімен бірнеше тәулік те өтіп кеткен. Ай жарығы  көбейіп келеді. 

Осы ендікке Күн сәулесінің түсетін мезгілі де қашық емес. Сондықтан осы екі арада алыпты өзінің орнына қою қажет. Мамандар қазаншұңқырдағы алып кесіртке-динозаврдың жан-жағынан қарап, әбден зерттеді. Өздеріне 

дейін айтылған пікірлердің дұрыстығына көз жеткізді.

  Тағы  бір  жаңалық

   Бұл күндері Қазақ Ғылым академиясындағы ғалымдар бекер жатпаған еді.

Олар Айдағы алып кесіртке-динозаврдың дене-тұрқын, ұзындығын, салма-

ғын сондағылар берген мәліметтерден толық білгеннен кейін одан әргі істеріне кірісіп кеткен. Бұл өзі дүние жүзіне әйгілі қызықты да жауапты іс 

болғандықтан Бекжігіт Нұрабайұлы істі өзі бастап жүргізді. Оның бірі алып

кесіртке-динозаврдың ішкі құрылысы түсірілген рентгендік айрықша сурет-

тер еді. Тек сурет емес, ғылыми танымдық фильмдер де түсірілген. Сол ғы-

лыми мәліметтерді пайдалана отырып, алыптың ішкі құрылысының жағдай-

ын анықтауды да мақсат етіп қойған еді алдарына. Бұл іске Байғожа Шара-

патұлы да белсене араласты. Оның жөні де бар еді. Байғожа ертеңгі күні

алып Жерге әкелінсе, оның дұрыс сақталуына өзі жауапты болады. Ал оның

Айда қанша мезогіл болатыны әзірге белгісіз. 

   Бекжігіт Нұрабайұлы бүгінгі мәжілісті Зоология институтының үлкен лабо-

раториясында ашуды ұйғарған. Солай болды да. Лаборатория іші айрықша 

жабдықталған еді. Оның бір қабырғасында Айдан табылған алып кесіртке-динозаврдың үлкейтілген суреті. Жан-жағында денесінің бөлек-бөлек көрі-

ністері. Ал төменгі жағында оның күллі ішкі құрылысы көрсетілген рентген-

дік сурет ілінген. Лабораториядағы ғалымдар сонан көз аламай отыр. Бұл ерекше мәжіліске тек қазақ емес, басқа ұлттар мен шет ел ғалымдары да қа-

тысып отыр. Өткенде ғана Айдағы ғалымдармен видеотелефон арқылы тіл-

дескен кейбір ғалымдар да әлі қайтпаған. Бәрінің де мақсаттары сол ғажайып

алыпты бүге-шігесіне дейін зерттеу-тін. Алыптың динозаврдың қай түріне 

жататыны, Жер шарының қай аймақтарында өмір сүргені әлдеқашан болжал-

данған. Мұндай бүтін динозавр денесі табылмай тұрғанда жасалынған бол-

жамдардың енді шындыққа айналғаны кім кімнің де ғылымға деген нанымын 

арттыра түскен. Сол себепті де бұл мәжіліс теледидар арқылы халыққа да 

көрсетіліп отырды. Тек қана ғалымдар ма, алып кесіртке-динозаврдың «тағдырын» білуге құштар  адамдар да аз болып отырған жоқ. Зоология инс-

титутына, теледидар студиясына ,газет-журналдар мен радиоға видеотелефон

шалған, хат жолдаған адамдар мың-сан. Мәжілісті тікелей халыққа көрсету-

дің бір мақсаты да сол бораған сұрақтарға жауап берудің бір жолы еді. 

   Мәжәләсті Бекжігіт Нұрабайұлы қысқа сөзбен ашты да, осы саланың мама-

ны Байғожа Нұрабайұлы қысқа сөзбен ашты да, осы саланың маманы Байғо-

жа Шарапатұлына иек қақты. Ол сөз берілгенін айтпай-ақ түсініп, лабороато-

рия ішіндегі шағын мінберге көтерілді. Отырғандар сілтідей тынып, кірпік қақпай соған қараған. 

     - Достар және теледидар көруші халайық! – деп бастады ол сөзін, - бүгін

біз тағы бір жаңалықтың куәгері болып отырмыз. Ол алып кесіртке-динозавр-

дың ішкі құрылысының осынша мерзімде сол қалпында сақталғанын анықта-

ғанбыз...

   Отырғандар қозғалып, бір-бірімен күбірлесіп кетті. Кейбірі бір –біріне жай сөйлеуді білдіреді. Байғожа да бұл таңданысты іштей сезіп, сабырлық сақтап, кідіріп тұр. Тек осындағы ғалымдар ма, дәл қазір осы мәжілісті тікелей көріп

Отырған көрермендердің де таңданыстарын туғызатын жаңалық бұл. Егер кө-

рермендермен видеотелефондық байланысты жалғап қойған болса, қоңырау 

жауып та кетер еді. Бірақ ғалымдар бұл аса ерекше ғылыми жиын болғандық-

тан оны хош көрмеді. Бір жағынан олары да дұрыс еді. Қазіргі ғалымдардың қимыл-қозғалысынан, күбірінен жаңалықтың қаншалықты әсерлі екенін сезіп-білуге болатын. 

   Аз үнсіздіктен соң Байғоржа кейін бұрылды. Сол замат лабораториядағы 

шамдар өлеусіреп сөніп, тақтадағы экранда алып туралы түсірілген ғылымидеректі фильм басталып кетті. Фильм алдын ала дайындалып, сөзі

жазылғандықтан енді Байғожаның түсініктемесі артық сияқты еді. Ол өзі

де жұмсақ орындықтың біріне жайғасқан.

     - Алғашқы кезде Жердің тіршілік иелерінсіз болғаны кеологиялық зерт-

теулерден белгілі, - деп бастады диктор кіріспе сөзін, - шағын тоғандар жаға-

ларына сылқ-сылқ ұрып жатты, тегіс дала үн қатпады, жалаңаш жартастар 

Күн көзіне шақырайып-шақырайып тұрды. Мұндай тыныштықты тек жанартаулардың атқылаулары, олардың аспанға шапшыған от пен күлдері-

нен түзілген бұлттар ғана бұзді. Бұл уақыттың азой немесе тіршіліксіз эра деп аталғаны белгілі. Онан кейін тіршіліктің кейбір нышандары пайда болған уақытты археозой эрасы дейміз. Оны протерозой эрасы алмастырды. Онан 

кейін фанерозой, яғни Нағыз Өмір эрасы келді. Осы фанерозой эрасының

үшке бөлінетіні де белгілі. Олар: палеозой / Ежелгі Өмір эрасы/, мезозой /Ор-

та кезеңдегі Өмір/ және кайнозой /Жаңа Өмір эрасы/. Бұларды біз палезой, мезозой және кайнозой деп қысқаша да атаймыз. 

   Өзддеріңіз нағыз бейнесін көріп отырған мына алып кесіртке-динозавр ме-

зозой эрасының триас кезеңінен басталатыны белгілі. Бұл кездегі климат тұ-                                             

рақты болатын. Материктер көп орын алатын. Жаңа тау түзілу болған жоқ. 

Жыл мезгілінің алмасуы да бүгінгідей емес, жауын-шашынның мол жаууы-

мен барып өзгеретін. Сол кездегі ағаштардың ішінен тек папоротниктер сақ-  

талған. Бұл эрада жануарлар әлемінде де көп өзгерістер болды. Қос мекенді-

лер буырымен жорғалаушыларға орын берді. Триас кезеңінің соңында стего-

цефалдар жойылды. Алғашқы кесірткелер, крокодилдер мен тасбақалар пай-

да бола бастады. Котилозаврлардан ірі бауырымен жорғалаушылардың үлкен

тобы пайда болды. Олар өздерінің сыртқы қорқынышты түрлеріне қарай ди-

нозаврлар немесе «қорқынышты кесірткелер» деп аталынады. Ірі динозавр-

лар юра кезеңінде патшалық құрды...

   Міне сол заманның соңғы тұяғы көз алдарыңызда. Алып кесіртке-динозавр-дың түр-тұрпаты сіздерге әуелден белгілі. Ал мынау соның бұлтартпас дәле-

лі. Енді алыптың ішкі құрылысына назар аударыңыздар. Ішкі органдары сол қалпында сақталған. Егер оған жан бітсе, бүгінгі күрделі құүралдарымыз арқылы алыптың миындағы барлық көріністі қабылдап алар едік. Сол заман-

ды көрер едік. Бұл Жер тарихындағы тұңғыш жаңалық. Сондықтан оны көз-

діу қарашығындай сақтауымыз керек...

   Экранда алып кесіртке-динозаврдың басы, денесі, құйрығы түгел анық кө-

рінді. Содан кейін ішкі құрылысының рентгендік бейнесі де лабораторияда отырған ғалымдардың көз алдарынан өтіп жатты. Ғалымдар бәрін мұқият 

көрдді. Фильм бітті. Сол замат Байғожа орнынан қайта көтеріліп, ғалымдар-

ға қарап, өзінің алған іштейгі әсерін де баса алмағандай сәл кідіріп барып, сөзін бастады.

     - Менімше, фильмнен кейін түсініктеме берудің өзі де  артық сияқты, - 

деді ол, - дегенмен, біздің ендігі мақсатымыз, алыптың жағдайын ойлау. Ол

Айда көп тұрмайды. Осы өзіміздің Зоологиялық институтқа әкелінеді. Ал онан кейін оны көруге дүние жүзінен ғалымдар келетіні өз өзінен белгілі. Әрине, алып кесіртке-динозаврдың пошымы туралы болжамдар баяғыдан

айтылып келді. Бірақ оның бәрі де қаңқаларына қарап жасалған, сол қаңқа-

ларынан жиналған дене-тұрқы еді. Енді міне, нағыз өзін де таптық. Тек жан

салсаң болғаны жүріп-ақ кеткелі тұр. Динозаврдың қазір ғана көрген рент-

гендік бейнесінен кейін оны тірілту жөнінде де сууы мүмкін. Бірақ оған ерте. Алдымызда көптеген жауапты істер күтіп тұр. Қысқаша айтқанда осы. Сұрақ-

тарыңыз немесе пікірлеріңіз болса рұқсат.

   Ғалымдар тағы да бір-бірімен күбірлесіп сөйлесіп жатты. Сол кезде лабора-

ториядан бөлек бөлмеде халықтың сұрақтарын арнайы құралдармен жазып

алып отырған кезекші кісілерден хабар келе бастады. Отырған ғалымдарға

мәселе түсінікті болғандықтан сырттың пікіріне құлақ түрген. Алғашқы сұ-

рақ та пневмобайланыс арқылы келіп түсті. Кішкене қағаздағы сұрақты Бек-

жігіт Нұрабайұлы өзі оқып шықты. Содан соң көпшілікке қарап отырып бы-

лай деп дауыстап қайта оқыды. 

    - « Мен баспа қызметкерімін. Жасым қырық бесте. Мамандығым биолог. 

Айдан табылып отырған алып кесіртке-динозавр маған үлкен ой салды. Жаңа                                                 

ғана сіздер оның ішікі құрылысының рентгендік анық бейнесін көрсеттіңіздер. Бәрі сау. Тірі кезіндегідей. Оны тірілту жөнінде де жаңа пікір

айтылып қалды. Менің айтайын дегенім, осы Жерімізде қазба жұмысын жүр-

гізіп жатқанда бірнеше рет кесек болып қатып қалған кесірткелер Күн сәуле-

сіне қызып, бойларына қан жүгірген кезде тірілп кетіп жүрді. Сол құбылыс

осы алып кесіртке-динозаврға да тән болмас па екен?»

-Сұрағыңыз дұрыс, Мәжит Тойболдыұлы, - деді оған Байғожа Шарапат-

Ұлы. Жауап берейін. Кесірткелердің тіріліп кету құбылысы болып жүрген жағдай. Бірақ бұл ондай оқиға емес. Алып кесіртке-динозаврдың мұз болып

Қатып жатқанына жетпіс миллионнан астам уақыт өтті. Бұл аз мерзім емес. 

Рас, оның ішкі құрылыстары сол қалпында сақталған. Ол аса қатаң суықтың

арқасында болса керек. Енді ол қолддан жасалған қоймаға әкелінеді. Ондағы жағдайының қалай болары белгісіз. Бізде әзірге оның тіріліп кетуіне деген

сенім аз. Екіншіден, оның денесі сол температурада сақталынады. Ал егер онан жылы болса, бәлкім, бүлдіріп те ауымыз. Сондықтан ол ойыңыз әзірге

қолдау таба қоймайды. 

   Байғожа қолына жаңа ғана алған сұрағы бар кішкене қағазды былайырақ 

қойды. Сол кезде Бекжігіт Нұрабайұлы екінші адамның сұрағын оқыды.

     «Менің аты-жөнім Ертуған Қаламбайұлы. Жасым жүзде. Мамандығым

палеонтолог. Демалыста екенім өз өзінен түсінікті. Немерелі, шөберелімін.

Сұрайын дегенім мынау, қарақтарым. Осы алып кесіртке-динозаврды естіп бір көруді мен де арман етіп келдім. Оның Айдан болса да табылғанына әри-

не қуанамыз. Ал енді, осы алып өз заманында талай нәрсені көрді ғой. Ұзақ

та жасаған шығар. Оның көргендерінің ми қыртысында сақталатыны да бел-

гілі. Соны бүгінгі жетілдірілген күрделі электронды құралдарымыз арқылы

экранға шығарудың мүмкіндігі тумас па екен. Сонды біз сол мезозой заманын өз көзімізбен көргендей болар едік. Осыған жауап берсеңіздер»

     - Бұл сраққа өзім жауап берейін, - деді Бекжігіт Нұрабайұлы телекамераға

қарап, - ойыңыз орынды, ақсақал. Ол жөнінде біздің де пікіріміз болған. Алып кесіртке-динозаврды біз күні кеше ғана мәңгілік мұз құрсаудан аршып

алдық. Енді оны қоймаға жеткізудің әрекеті жүріп жатыр. Айдағылармен біз

күн сайын хабарласып отырмыз. Әрине, бұл алып кесіртке-динозавр арқылы

әлі талай тарихтың сыры ашылары сөзсіз. Мезгілсіз дүниеден өткен тіршілік

иесінің тірі кезіндегі көргендерінің ми қыртысында сақталып қалатыны бел-

гілі. Біз ондай тәжірибені жасадық та. Ал енді сіздің ұсынысыңыз бойынша, жетпіс миллион жыл бұрынғы Жер көрінісін экранға шығару керек сияқты. 

Мен өзі басым мұныңызды қолдаймын. Біз қолддан келгеннің бәрін жасай-

мыз. Алған ғылыми мәліметтеріміздің бәрін де осы сияқты паш етіп отыра-

мыз. 

   Бұдан кейін де көптеген сұрақтар түсті. Бәрінің де армандары мезозой за-

манының мейманын бір көру. Ал экрандағы көрініс оларды қанағаттандыр-

майтын секілді. Ғалымдар да оны түсініп отыр. Қара халық түгілі, өздерінің де сол алыпты өз көздерімен көргісі келіп, тіпті, мүмкіндігі туса, Айға атта-

нып кетуден де тайынар емес.  Ұзаққа созылған телемәжіліс бәрін де бір сер-

пілтіп тастады. Халық қойған сұрақтардың біразы ғалымдардың өз бастарына келмеген тың ой да салған. Енді соның қорытындысын шығару да көзделген.

Мәжілісті қорыта келіп, Қазақ Ғылым академиясының басшысы Бекжігіт Нұ-

рабайұлы былай деді. 

     - Құрметті ғалым достар, құрметті теледидар көруші халайық! Біз біршама

уақытқа созылған ашық мәжілісімізді аяқтау алдындамыз. Әрине, қазақ ға-

лымдары ашқан бұл жаңалық дүние жүзіне белгілі. Алып кесіртке-динозавр-

дың Жерге әкелінуін тек барша халық емес, ғалымдардың өздері де қалап

отыр. Сондықтан енді біз Айдағы ғалымдармен жиі-жиі байланысатын бола-

мыз. Алып кесіртке-жағдайын біліп отырамыз. Ол жөніндегі әрбір жаңалық телехабардан тыс қалмақ емес. Сондықтан да оған еш алаң болмауларыңызға

кепілдік береміз. Мәжілісімізді көріп-тыңдап отырған көптеген кісілер, жас-

тар берген түрлі сұрақтар біздің ғылыми танымымызды кеңейте түсті. Ол үшін өз атымнан да, Қазақ Ғылым академиясының ғалымдары атынан да мол 

алғыс білдіремін. Енді мезозой мейманын Айдан күтеміз. Келесі кездескенше сау-сәлеметте болып тұрыңыздар.

   Бекжігіттің осы сөзінен кейін телехабар тоқтатылды. Енді тек лаборатория-

дағы ғалымдар ғана өздерінің пікірталастарын жалғастырып жатты. Бірақ қа-

лай таласса да, алып кесіртке-динозавр Айдан келмей тұрып, пәлендей бір шешімге келу мүмкін емес-ті. Сондықтан ол іс кейінге қалдырылды. Мәжіліс

кеш бата бітті.



      Қанатсыз ұшқан алып



   Жерліктер өлара деп атайтын Айдың қараңғы түні басталғаннан соң-ақ

қазаншұңқырдағы түрлі техникалар іске кіріскен-ді. Қазаншұңқырдың ай-

наласында тұрған айналы жүйелер ғана қозғалыссыз. Олардың жұмысы Күн

сәулесі түскенде ғана басталады. Қазір сол айналы жүйелердің орнын қуатты

жарық бағыттағыш шамдар атқарып тұр. Ол шамдар түн жағдайында энер-

гия қондырғыларынан алады. Күн батареялары пенельддерінен келетін энер-

гия да бар. Онымен қуаты шағын шамдар жанады. Қалай болғанда да бұл

аймақтағы іс өзінше бір өмір. Сырттан қараған адам осы қазаншұңқырдан 

қандай да бір жарқыл шығып жатыр ма деп те қалар еді. Бірақ бүгінгінің адамдары Ай бетін бес саусақтай білетін болғандықтан оған таңдана қойма-

ды. 

   Жарық түскен тұстағы техникалар ап-анық көрінеді. Ал айнала қараңғы дү-

ние. Аспандағы жұлдыздар да жымың қақпйды. Тек тұтылмалы айнымалы және физикалық айнымалылар ғана сол қалықтарынан жаңылмайды. Осы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар да Жерден қарағаннан гөрі анықтала түскен-

дей. Анықталмай қайтсін, мұнда атмосфера жоқ болса ауа мен ылғал, шаң-                                                                                                   

тозаң қозғалмаса. Бірақ Ай төңырегінде шамалы болса да шаң-тозаң бар. Соның салдарынан  күндізгі мезгілде шақырайған жарық шамалы болса да

шашыраңқыланады. Ал түнгі мезгілде ол шашыраңқылық қайдан байқалсын.

Қуатты шамдардың астында ақшаңқан түсті комбинезондарымен шағылы-

сып, олай-бұлай тынымсыз жүгіріп жүрген ғалымдар. Техникалардың маман-

дары. Өйткені, бұл іс алып кесіртке-динозаврды мұз құрсаудан алып шығу-

дан да жауапты еді.

   Бұған дейін алып кесіртке-динозаврды сол тас үңгірімен бірге әкету керек пе, әлде тек өзін әкету керек пе деген екі түрлі пікірлер болған-ды. Ақыр со-

нында оның осы ғажайып жатысын бүлдірмеу және көтеруге ыңғайлы болуы

үшін тас үңгірімен бірге көтеріп әкету мақұлданды. Сөйтіп, бірнеше алапат техника оның жан-жағынан жақындап келді. Бір ұтымды нәрсе, Айдағы тар-

тылыстың аздығы болатын. Ол аздық бұған дейін де талай іске жеңілдік ту-

ғызып келген-ді. Расында да егер осы істі Жерде жасаса, мына үлкен тас үң-

гірді көтеретін техниканың болмауы да ғажап емес-ті.

   Енді ол өзінің Жердегі салмағын алты есеге жоғалтқан. Оның үстіне мұн-

дағы көтеріп ұшатын жүккемелерге жеңілдік бар. Ай бетінен ұшып шығу да 

жеңіл. Соның бәрін ескере келе осындай шешімге тоқталды бәрі де. Қазір 

Есеналы мен Саматай және басқа ғалыымдар абыр-сабыр болып жүр. Оған

Жерден келген мамандар тобы да қосылған. Көппен ойласып істеген іс те же-

ңіл орындалады. Алғашында Есеналы осыншама ғаламат тас үңгір мен оның

ішіндегі алып кесіртке-динозаврды қалай бірге көтеріп ұшпақ жүккемелер деп те ойланып-толғанған. Енді «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, іс баста-

лып та кетті. Ғалымдар тобы техникалардың біріндегі биік кабина ішінде 

отырды. Өйтпеске тағы болмайтын. Тас үңгір мен ішіндегі алып кесіртке-ди-

нозаврды бірге көтеру ісі кезінде оның қасында тұруға болмайды. Ол белгілі

нәрсе. Ал техниканың биік кабинасынан оны ап-анық көруге болады. Қажет дегенде оның ішінде анықтатып, жақынға әкеліп көрсететін экран да бар.

Ғалымдар соны да пайдаланып отырды. 

   Айдың қараңғы түні мәңгіліктей болып көрінеді. Ештеме қозғалмайды, еш-

теме өзгермейді. Тау тауымен,қырат қыратымен, сай сайымен тым-тырыс жа-

тыр. Тек Жердің жарығы ғана айналаны шамалы сарғыш түске бояйды. Бір-

шама жер көрінеді. Бірақ оның анығырақ көрінуіне жарық бағыттағыш шам-

дардан түскен жарық сәулелер де себеп болғандай. Ғалымдар мен техника мамандарының есіл-дерттері қазір онда емес, алдарындағы ғаламатты қалай

көтеріп алып, қалықтатып, Қазақстан ғылыми зерттеу базасы жанындағы 

қоймаға жеткізу. Бұл істің жоспарының жасалғанына қанша уақыт. Сол жос-

парды орындау сәті енді келген. «Тойдың болғанынан  боладысы қызық» де-

гендей, бәрі де артта қалды.

   Бірнеше техника тас үңгірдің жан-жағынан жақындап келген соң оның ас-

тынан өздерінің жалпақ-жалпақ мықты ұзын темірлерін ілгері жылжытып,

тас үңгірдің астынан бірнеше жерден өткізді. Бұл тас үңгірдің екі қапталын-

дағы техникалардың әрекеті еді. Енді оның бас жағы мен аяқ жағындағы тех-

никалардың сондай темірлері тағы да бір-бірлерімен айқаса-айқаса жалғас- 

ты. Бұл істің бәрін шеткеректегі техниканың биік кабинасынан Есеналы, Са-

матай және басқа ғалымдар мұқият бақылап отырды. Бірақ бұлардың билігі

жоқ еді. Оны басқарып жүргендер сол техника саласының мамандары. Олар

бір-бірлерімен телерадио байланысы арқылы сөйлеседі. Алапат техникалар-

дың манипуляторлары да сол бұйрықтарға қарап қозғалады. Олардың қозға-

лысына қарай жарық беріп тұрған жүйелер де жақсы көрінуі үшін жарықта-

рын құбылтады. Мұндай кезде титтей де қате жіберуге келмейді. Қате кетсе

болғаны, Жер шарының халқы бақылап отырған ғаламат тарихи оқиғаға нұқ-

сан келмек. Сондықтан техника басында жүргендер кәдімгідей әбіржулі. 

Комбинезон ішінен терлеп кеткендері де бар емес пе. Бірақ шаршағанын, я толқығанын бішлдіріп жатқан ешкім жоқ. Сырттай қарағанда бәрі де белсен-

ді, бәрі де батыл. Ол бақылап отырған ғалымдарға да жігер тудырады. 

   Техникалар тас үңгірді мықтап қармаққа алғаннан кейін өздерінің басшыларының бұйрығын күтті. Енді сәлден соң көтерілсін деген хабар жетсе керек-ті, ғаламат тас үңгір Ай үсті сілкінгендей солқ қозғалып, сәл

теңселді де, жоғары қарай көтеріле берді. Бейне бір өз өзінен Ай бетінен кө-

теріліп, ұшып бара жатқандай көрінді.Тас үңгір көтерілген замат оның айна-

ласындағы анау-мынау техникалар да алыстатылды. Төрт жүккеме қанатта-

рын жайған қалыптарында Айдың осы солтүстік бүйіріндегі аты әлемге мәш-

һүр болған қазаншұңқырдың жиек-жиегінде тұрған жарық бағыттағыш қуат-

ты шамдардың жарығы сол ғаламатқа қарай түсірілді. Бір-бірімен қылыштар-

ша айқасқан жарық ағындары тіпті сонау қараңғылықты қақ жарып, жұлдыз-

ды әлемге кетіп жатқандай сезіледі. Ал тас үңгір мен оны көтеріп бара жат-

қан төрт алапат жүккемеге түскенде олардың бар бет-бейнелерін ап-анық ете

ді. Алапат жүккемелердің өздерінің де жарық бағыттағыш шамдары бар. Олар да сырттан қараған адамның көзін шағылыстырады. 

   Тас үңгірді көтерген жүккемелер қазаншұңқыр үстінен асып кеткен мезет-

те Есеналы мен Саматай бастаған бір топ ғалым өздері әркез мініп жүретін арнайы жеңіл Ай көлігіне мініп, жеп-жеңіл ұшып шықты. Соның артынша

қазаншұңқырдағы ұша алатын техниканың бәрі дерлік топтанған құстардай

көтерілді. Мұнда енді тек әлгі мәңгілік мұзді одан әрі қазатын техникалар

ғана қалған. Тас үңгірді әкетіп бара жатқан төрт жүккеменің жан-жағында

кішкене-кішкене кемелер де қоршап жүр. Олардың ішінде фототележурна-

листер бар. Жедел хабар шеберлері сол мезетте-ақ Жерге талай қызықты

мәліметтерді беріп үлгерген. Шынын айтса, дәл қазір осындағыларға қара-

ғанда барлық әрекетті Жерддегілер көбірек және анығырақ көріп отыр. Қай-

та мұндағылар олардың қасында аса жақын бара алмайды. Егер осы құбылыс

Жерде өтсе, айналыны гүрілдеген, дүрілдеген дыбыс жайлап кетер еді. Ай

үсті кәдімгі адам тұншығып өлетін вакуум болғандықтан бәрі де бейне бір 

адам құлағы еститін қашықтықтан алыс жердегідей көрінеді. Бірақ көрініс

анық. Жүккемелер Ай бетінен аса биік көтерілген жоқ. Оның қажеті де жоқ

еді. Тас үңгірді алып кесіртке-динозаврымен бірге әуелетуге болмайды. Ол 

тек қауіп тудырмақ.

   Айдың солтүстік бүйіріндегі Жерсандық деп аталған қазаншұңқыр мен Қа-                                                                                                                             Зақстан ғылыми зерттеу базасының екі арасы аз қашықтық емес-ті. Соның 

өзінде де ұшу көпке созылған жоқ. Бұл да Жердегі сияқты ауа-райының, жел

мен дауылдың жоқтығынан, тағы басқадай кедергінің болмағандығынан еді. Төбе тұста жыпырылаған жұлдыздар, ғаламшарлар мен олардың ішінде шар-

табақтанған Жер тыптыныш қарап тұр. Тек жүккемелердің айналдырғышта-

рынан сәл-пәл ұшқындаған Айдың ылғалды майда шаңдары ғана шамалы 

қозғалыстың барын білдіреді. Жердің жарығынан алыс-алыс таулардағы, кей-

бір қазаншұңқырдың ішіндегі шоқылардың бастары жылт-жылт шағылысып,

Жер бұлттарының өзгеруіне қарай жарықтылықтарын құбылтады. Бірақ оның

Бәрі де ғалымдарға үйреншікті болып кеткен. Сондықтан ғалымдар да, техни-

Ка мамандары да қазір тас үңгірдің аман-есен қоймаға жетуін ойлайды. 

   Тас үңгір ішіндегі алып кесіртке-динозаврымен бірге бейне бір аспанда ұшып келе жатқан спяқтанады. Ал алыптың өзі болса сол қалпында мәңгілік

ұйқыда жатыр. Құйрығы денесіне қарай қайырылып оралған, ал ұзын мойны сәл көтеріліп барып, басы төмен түсіп,тас еденде төсене жатыр. Көздері тарс жұмулы. Енді оны қанша түртсең де оята алмасың хақ. Ешкімнің қорықпай-

тыны да оның осы жансыздығы. Бірақ бәрібір, ол өлі болса да, ғалымдар да,

мамандар да ешбір жеріне тиіп кетпеуді, бір жерін жарақаттап алмауды ой-

лайды. Өздерінің әрбір қимыл-қозғалыстарына есеп береді. Төрт жүккеменің

екі қапталында ұшып келе жатқан кемелердің бірінде Есеналы, Саматай, Дәурен және басқа ғалымдар бар. Екінші жағындағы осындай кемеде тағы бір  топ ғалымдар мен Жерден жақында келген мамандар мінген. Ай түнінің

ұзақтығының бір пайдасы да осы күні тиді. Егер Жердегі сияқты жеті-сегіз 

сағаттан соң таң атып, Күн шығып кететін болса, мына жоспардың жағдайы 

 қиындар еді. Жоқ, Ай түні асығар емес. Тып-тыныш жатыр. Сол бір ғана 

ұзақ түннің өзінде Жерде қанша күн мен түн алмасады десеңші. Егер осы

Айда туып-өскен адам болса, ондағы сол алмасуды көзіне елестете алмас та

еді. Тіпті, Жердегі жағдай оған оғаш көрінер ме еді, қалай болар еді. Ал қа-

зір Ай бетін жарықтандырып, бір-бірімен телерадио байланыс арқылы ты-

нымсыз сөйлесіп келе жатқандардың бәрі де Жерде туып өскендер. Сондық-

тан да мұндағы қайбір жерді болмасын менікі деуге де негіз жоқ-ты. Бірақ

мынандай өлі табиғатты кім иемдене қойсын. Табылып жатқан қымбат қазба                                                           байлығы болып жатпаса. Әзірі ондай да табылмаған. Тек мына ғажайып оқи-

ға ғана адам баласын ерекше елең етті. Айды мүлдем пайдасыз деу де артық.

Оның топырағы, қойнауы мен солтүстік, оңтүстік бүйірілеріндегі әлгі сияқты

Қазаншұңқырлардың ғөлеңкелі бөлегінде қалған мәңгілік мұз қабаттары тір-

Шілікке біршама пайда келтіреді. Ал ең бастысы – Ай Жер бетінен келген 

қайбір нәрсені болмасын сол қалпында сақтай алатын ұзақ мерзімдік ғажай-

ып музей.   

   Міне, сол қасиетінің арқасында Жерден келген алып кесіртке-динозавр да

Табылып отыр. Сол табылғалы бері Айдағы адамдардың қам-қарекеттері де жанданып жөнелген. Тек Жерден келген соңғы топтар ғана емес, осында                                                   

Жылдап тұрып жатқан зерттеушілер де осы жаңалыққа құлақ түре қараған. Көпшілігі дерлік осы істің басында жүр. Алып кесіртке-динозаврды көтеріп 

ұшып келе жатқан төрт бірдей алапат жүккемелердің төңірегінде Америка,

Жапония, Қытай, Франция, Англия және тағы басқа дамыған елддердің құ-

рамдары да өз кемелерімен келеді. Олардың да тілшілері бар. Әрқайсысц өз 

еліне өз тілінде тынымсыз хабар беруде.

   Жүккемелер осылайша біреу аспанға іліп қойғандай қалықтап Қазақстан

ғылыми зерттеу базасына қарай жақындап та қалды. Оның арғы тұсында, 

шамалы қашық жерде қойма бар. Қойма деп аталғаны болмаса, оның өзі де

үлкен бір орын. Іші кең. Егер олай болмаса, мына алып кесіртке-динозавр 

сыймас еді. Қазір қойманың үсті ашық қалпында. Ал алып ішіне түсірілген 

соң оның үсті қалың бетон тақталармен мұқият тығыз етіліп жабылады. Қа-

лың Ай жынысымен көміледі. Сонда ол алыстан қараған адамға бейне бір 

үлкен төбе сияқтанып көрінетін болады. Мұндай төбелер көп-ақ. База деп 

аталғаны болмаса, осы маңда сондай төбелер көп-ті. Бәрінен де кірер есік кө-

рінеді. Оның тағы басқадай қосымша есіктері де бар. Бірақ ол Ай топырағы түсімен бердей түстес болғандықтан аса байқала бермейді. 

   Алып кесіртке-динозавр өзі жатқан тас үңгірмен бірге қанатсыз-ақ қалық-

тап ұшып, Қазақстан ғылыми зерттеу базасының үстінен де өтті. Бұл кезде

ондағылар да сыртқа шығып, ғажайып көріністің куәгері болып тұрған-ды. Оларға бейне бір тау ұшып келе жатқандай да болған. Өйтпей қайтсін, өзі қараңғы дүниеде тағы бір алапат қарайған қалықтап ұшып келе жатса. Бірақ бәрі де ғылымның адамдары болғандықтан, оның осылай ұшып өтетінін ал-

дын ала білетін болғандықтан ешқайсысы да сескенген түр сездірген  жоқ.

Қайта оған таңдана қарасып, істің жақсы, сәтті, өткеніне іштей қуанып тұр.

Төрт жүккемеден төгілген жарық сәулелері де базаның үстін, жан-жағын жап-жарық етіп жіберді. Енді ол жерде ине жоғалса да оп-оңай табылатын-

дай. Бірақ кім ине жоғалтсын. Мұнда әрбір іс мұқият жүргізіледі.

   Жүккемелер өздерінің мықты жалпақ-жалпақ тақталарына салып алған тас

үңгірді қозғалтпастан аспанмен алып өткен бетте Қазақстан ғылыми зерттеу

базасындағылар өздерінің шағын көліктеріне мініп, Айдың суыққа тоңған 

қыртысымен селк-селк қозғалып, ілгері жүйткіп жөнелген. Жүз градустан

төмен кеткен суық қалың шыны ішінде, температурасы он сегіз, он тоғыз

градустық жылылықта отырмын десе де, сырттың қақаған суығы білініп-ақ

тұрады. Ал Күн бар кезде осындағы ыстықты суытып көр. Екі жағы да қатер-

лі. Суықта жылытқыштың жайын, ыстықта тоңазытқыштың жайын ойлайтын

сәт аз емес. Сонда да үйренесің. Алға қойған мақсат бәріне де төзуге мәжбүр

етеді.

   Ғалымдардың бәрі де осындай мақсатпен, осындай маңызды іспен жүрген-                                                     

діктен Ай табиғатының қаталдығын ұмытып та кетіп жатады. Ал мына оқиға

тіпті де қапылысқа түсірген. Қазір жүккемелердің соңында ұшып келе жат-

қан шағын кемедегі Есеналы мен Саматай және басқа ғалымдар да алыптың

жайын ойлайды. Оның қоймаға аман-есен қойылуын көздейді. Алдарындағы

қалың шыны арқылы ілгері қадала қарап отыр. Енді бір сәтте жүккемелер ұшуын баяулатып, аз-аздан Ай бетіне қарай төмендей берді. Сол замат қойма

жанындағы техникалардың жарық бағыттағыш шамдары бірінен соң бірі жарқ-жарқ етіп қосылды. Жаңа ғана қап-қараңғы болып тұрған айнала бейне

бір өзінен жарық шашқандай күйге көшкен. Комбинезон киген ғалымдар мен

түрлі маман иелері абыр-сабыр. Олардың кім екендерін комбинезондарында-

ғы белгілерінен ғана тануға болады. Онда да мамандықтарын ғана. Ал аты-

жөндері жазылған кішкене белдемше шыны алыстан байқалмайды. Оның есесіне адамдардың шлемдерінің ішінде барлық байланыс бар. Шлем ішінде-

гі кішкене телеэкраннан қалаған адамыңның бет-жүзін мейлінше жақында-

тып, ұлғайтып көруге де болады. Алыстатып жіберуге де мүмкіндік бар. Жа-

қындатып көрсету жүйесін ғалымдар көп жағдайда адамнан гөрі өздері анық-

тап білгісі келетін затқа қарай қолданады. Кейбірі тіпті,бәрін қойып, тас үң-

гірдің ішіндегі алып кесіртке-динозаврдың түрін көреді. 

   Осылайша өтіп жатқан қарбалас өмір. Ғалымдар жағы тездетіп қоймаға 

жақындаған. Жаңа жүккемелер қойма үстіне жақындаған бетте Есеналы, Са-

матай және басқа ғалымдар мінген шағын кеме онан жылдам ұшып, алдын 

ала белгіленген шағын тегіс алаңға қона кеткен. Ал телетілшілер мінген ке-

мелердің жылдамдықтары өз алдына бір бөлек. Олардың жұмыстарының ға-

лымдардыкінен де қауырт болып жататыны өз өзінен белгілі емес пе. Енді

әп-сәтте бір-бір суыққа арналып жасалған телекамераларын ұстап, телетілші-

лер қойманы қоршай тұр. Егер қолдарындағы телекамера емес, қару болса,

бұл көріністің мән-мағынасы мүлдем өзгеріп шыға келген болар еді. Ләйім

ондай жамандықты бермесін. Бұл осындағы әрбір ғалымның іштейгі тілегі.

   Ғалымдар қойма жанына келген соң тағы да биік техниканың біріне мінді. Лифт болғандықтан оған көтерілу де әп-сәтте өтеді. Биік кабинасына шық-

қан соң бар жағдай көз алдарында. Қойма жанындағы техниканы басқарушы-

лар да осы бастаушы ғалымдардың келулерін күтіп-ақ отырған-ды. Есеналы

белгі берісімен-ақ күрделі де алапат техникалар іске кірісіп-ақ кетті. Төрт жүккеме қойманың төрт жағында қалықтап тұрған бойда тас үңгірді ішіндегі

алып кесіртке-динозаврымен бірге жайымен төмендете берді. Алдын ала өл-

шенгендіктен бәрі де орнына түсті. Тас үңгір қойма ішіне әуелден жатқандай

орынға кетті. Содан соң-ақ келесі техникалар іске кірісті. Ұзын темір тақта-

ларын суыра тартып алған жүккемелер ауыр жүктен арылғандарын білдірген-

дей инелікше тез жоғары көтеріліп кетті. Содан соң белгіленген алаңға қарай

бағыт алған. Бірақ оларды енді қайда кетсе де іздей қояр жан жоқ-ты. Бәрінің 

көздері келесі техникалардың қимыл-әрекеттерінде. Егер сонау бір заманғы техникалардың күшімен жасалса, бұл іс мұнан әлдеқайда ұзаққа соөылған 

болар еді. Ал мына техникалардың әрбір ұзарған бөлшегінің манипулятор бо-

лып келетіндгінен қайбір іс те жылдам етіп жатады. Шебер адамның қолы қа-

лай қозғалса, бұлардың қозғалыстары да тап сондай. Адам сүйсінерлік әре-

кет. 

   Бір техника алапат қолдарымен бетон тақтаны алып, қойманың үстіне еп-

пен қойды. Екінші қол оның дұрыс жатқанын тексеріп,олай бір, бұлай бір 

қозғап, түзуледі. Үшінші қолдар келесі бетон тақтаны әкеліп, олардың жан-

ддарына тіркеді. Сөйтіп, айналасы бірнеше минуттың ішінде қойма төбесі 

жабылды. Алып кесіртке-динозавр да өзінің тыныш ұясына енгендей еді. Жұ-

мыс барысын манадан мұқият бақылап отырған Есеналы мен Саматай да сол

замат-ақ орындарынан түрегеп, лифтімен төмен түсті. Қойма үсті бұрынғы қалпындағыдай ретке келтірілді. Техникалар әкетілді. Айналасы тегістеліп,

тазаланды. Енді жаңа келген адам мұнан пәлендей өзгерісті байқамас та еді.

   Ғалымдар ішке асықты. Есеналы мен Саматай алып кесіртке-динозавр ор-

ныққан кең бөлмеге жетті. Бөлме деп аталғаны болмаса, мейлінше кең, төбе-

сі биік орта еді. Оның жан-жағы толған күрделі тоңазытқыш жүйесі. Мұнда-

ғы бір жеңілдік, жылыту жүәесінің қажеті жоқ. Ай бетін Күн сәулесі қыздыр-

ған кезде қойманың қалың төбесінің өзі біршама қызады. Жылу баяу енеді.

Соның өзінде алып кесіртке-динозавр үшін қатерлі. Жерден соңғы келген құ-

рам да осы қойманың бүге-шігесіне дейін тексеріп шықты. Олардың басты мақсаты да осындай көмек көрсету болатын. Бұдан да бұрын тексеру жұмы-

сын жүргізген. Енді алып кесіртке-динозаврды әкелгеннен кейін жауапкерші-

лік екі есе артты. 

   Ғалымдардан кейін қоймаға арнайы рұқсатпен телетілшілер де енді. Олар 

атам заманнан тап осылай жатқандай болып көрінген  тас үңгірді де, ішінде-

гі алып кесірке-динозаврды да жан-жағынан суретке, киноға тынымсыз түсі-

ріп жатты. Сол мезетте Жерге хабар жеткізіп жатқандары да жеткілікті. Олар

қалай хабар берсе де енді ешкімге таңсық емес еді. Ғалымдардың олармен 

сөйлесуге мұршалары да жоқ. Аңдығандары алып кесіртке-динозавр. Оның орны, жағдайы. Мұндағы бір топ тех.ника, құрылыс мамандары енді қойма-

ның төбесінің саңылаусыздығын тексеруге кіріскен. Ол әрекет сырттан Күн

радиациясының еніп кетпеуін қамтамасыз етеді. Мамандар қолдарындағы кішкене-кішкене құралдарымен қойма төбесінің тығыз жабылғандығына, Күн және ғарыш радиациясынан қауіпсіз екендігіне көз жеткізді. Содан кейін

қойма ішін тазарту жұмысы басталды. Бұл кезде ғалымдар да, телетілшілер де келесі бөлімге өткен. Өйтпеске болмайды. Енді алып кесіртке-динозавр-

дың маңында тек арнайы қараушы мамандар қалған.

   Келесі бөлімге өтісімен-ақ телетілшілер Есеналы мен Саматайды қоршап алыд. Бәрі де өзддерінің кішкентай телекамералары мен фотоаппараттарын

бұларға қарай соза түседі. Бұл дәстүр о бастан белгілі нәрсе. Сондықтан да

Есеналы да осындаай тосын сұрақтарға іштей дайын жүретін. Ол үшін алып

кесіртке-динозавр жайлы айтудың өзі бір ғанибет. Адам өзі қалаған нәрсесі жайлы жалықпай баяндайды. Қай маман болса да сол. Қойшы қой бағу жө-

нінде айтса,өзіне қызық, ұшқыш – кемесі, геолог – тас пен тау, ал ғаламшар

зерттеуші мен палеонтолог – осындай қызықты қазба жөнінде айтып беруге

қай кезде де әзір. Оның үстіне мынандай үлкен іс біткеннен кейін ғалымдар-

дың бәрі дерлік көңілді еді. 

   Бірінші сұрақты да «Қазақстан» ақпарат бағдарламасының телетілшісі, бел-

гілі журанлист Ибрагим Сүндетұлы қойып үлгерді. 

     - Әуелі, мына үлкен тарихи істеріңіздің сәтті аяқталуымен құттықтаймын!

Мұнан да үлкен жетістікке жете беріңіздер! – деп бастады ол сөзін, - енді Қа-

зақстандағы ағайындарыңызға мынаны түсіндірсеңіз. Алыптардың кезінде 

 теңіз маңдарында тіршілік еткендері ғылыми болжамдардан белгілі. Ал мы-

на алып кесіртке-динозаврдың тас үңгірден шыққаны қалай?

     - Динозаврлардың бәрі тек теңіз жағасында өмір сүрді деген қатып қалған

тұжырым жоқ, - деді Есеналы сәл ойланып, олар әр түрлі ортада болған. 

Осыдан жетпіс миллион жылдан аса бұрын кенеттен болған суықта олар

осындай тас үңгірлерді паналаса керек. Бірақ мынаның тағддыры бір ғажап. 

Бұл барып тығылған тастың  жанына аспаннан үлкен тас келіп түскен де, мұ-

ны оқша атып жіберген. Бұл жөнінде мұнан да бұрын айтылды. Ал ғарыштағы түрлі қатерден де осы үңгір сақтап отыр. Аспанға қарай атылу ке-

зінде үңгірдің кірер аузындағы тастар құлап бітеп қалған. Сөйтіп, біз әзілдеп

айтатындай ғарыш кабинасына айналған. Ал тағы бір таңқаларлығы, бұл бәтшағарың Айдың ана жер, мына жері емес, тап солтүстік бүйіріндегі қазан-

шұңқырдың мәңгілік көлеңкесіне түсіп отыр. Біреу әдейі осы заманға дейін сақтағысы келіп жасағандай. Ал қайда өмір сүрді дегенде, біздің алдын ала 

жобалауымызша, қазақ жерінен келген. Өмір сүрген жерінің маңында шағын

көл болған деген де болжамымыз бар. Бұл әрине, әзірге. Ал мұның бар тари-

хы әлі ашыла түсетін болады.

-Рахмет, - деді телетілші, - осы хабарды тікелей көріп отырған Жер тұр-

ғындары сұрақтарына жауап алды деп есептеймін.

   Мұнан кейін басқа елдерден келген телетілшілер өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жатты. Айналасы бірнеше ондаған минуттың ішінде Есен-

алы бастаған бір топ ғалым бірінен кейін бірі жауап беріп жатты. Сұрақ-жау-

ап рәсімі біткен соң ғалымдар мен тілшілер Ай бетіне шығып, өзді өзді көлік-

теріне отырып, Қазақстан ғылыми зерттеу базасына қарай тартты.



                                        ҮШІНШІ  БӨЛІМ


               ҒАСЫРЛАР  ҚОЙНАУЫНАН  ЖЕТКЕН ҮН


                                Тоңазытқыштардағы ақау


   Айдың солтүстік бүйіріндегі Жерсандық атанған қазаншұңқырдан алып

кесіртке-динозаврды аман-есен қоймаға орнықтырғаннан кейін ғалымдар да,

басқа мамандар да үлкен бір істің біткенін арнайы атап өтіп, біраө туілік ты-

ныштанған еді. Содан кейін әдеттегі зерттеулеріне кірісіп кеткен. Ғалымдар-

дың Жерден келгендегі негізгі мақсаттарының да сол осыдан жетпіс милли-

оннан артық жыл бұрынғы тарихты аршып алу болатын. Ал ана алып кесірт-

ке-динозавр сол ғылыми зерттеу істерінде үлкен бетбұрыс болып кетті. Бі-

рақ онан ғалымдар ештемеге ұтылған жоқ. Қайта ол Жер жүзі халқы үшін 

баға жетпес жаңалық болды. Бүгінде оның суреті мен кинофильмін пайдала-

ну арқылы Жерде қаншама ғалым тер төгіп жатыр. Осы бір ғана алып кесірт-

ке-динозаврдың арқасында қаншама ғылыми еңбек жазылмақ. Санай берсе,

көп-ақ.

   Бірақ Ай үстінде жүргендіктен ғалымдардың басты назарлары тып-тыныш

жатқан алыпты қарай беруге емес, Айдың басқа да адам аяқ баспаған аймақ-

тарын зерттей түсу болатын. Саондай бір мақсатпен соңғы уақытта Есеналы

бастаған құрам осы Дауыл Мұхитының көптеген қазаншұңқырларын зерттеп 

қайтқан. Бір жерден үлкен жаңалық ашылса, тап сондай нәрсе тағы да табыла

кететіндей болып тұратын әдеті емес пе. Сол оқиғадан кейін ғалымдардың 

зерттеуге деген ынталары да арта түскен. Тек Айдағылар ма екен, динозавр-

дан кейін Ай қазаншұңқырларын зерттеу ісі мықтап қолға алынды. Жерден

қаншама ғарыш кемелері келді десеңізші. Оны санап жату қиын. Келсе келе берсін, қазақ ғалымдарының онда жұмысы жоқ, бір ғана динозаврдың өзі

оларға мәңгілік өшпес даіқ әкелді. Соны сіңіріп алса да жетер-ау. Сондықтан «Аналар бірдемені тауып ала ма, қайтеді» деген титтей де ой болған емес бұ-

ларда. Қайта кейін келгендер «Қазақ ғалымдары тағы бір жаңалық ашпас па

екен» дегендей жиі хабарласып, жиі сұрақтар қояды. Есеналы бастаған ғалымдар құрамы оларға жауап беруден әсте жалыққан емес. Қайта өздерінің

сүйікті ісі болғандықтан ұзағынан түсіндіреді. 

   Айдың осы ұзақ күнінде де олар талай істі тындырып, базаға оарлған-ды. 

Бірақ келген бетте-ақ ғалымдарды бір жайсыз хабар елеңдетті. Ол алып ке-

сіртке-динозавр қойылған қоймадағы тоңазытқыштан табылған ақау еді. Ол

жөнінде қойманың қараушыларының басшысы зоолог Марқасқа Нақысбек-

ұлы хабарлаған. Содан демалысты былай қойып, Есеналы да, Саматай да,

басқа ғалымдар да солай қарай асыққан. Ай жағдайында барлық нәрсе дайын

тұруы тиісті. Арнайы дабыл берілісімен-ақ база сыртында жедел көліктер 

тізіліп, ғалымдар мен техникалық мамандарды күтіп тұрған-ды. Алғашқыла-

рының біріне Есеналы, Саматай және Дәурен отырды. Қалғандар келесіле-

рінде. Кешікпей бәрі де Ай бетіне тиер-тимес қалықтап қоймаға жөнелді. Қалың бедерлері бар үлкен дөңгелектермен қозғалатын көліктер болса да

артта. Бұл жолы тек ғалымдар құрамы емес, күллі Қазақстан ғылыми зерттеу

базасындағылар дүрліккен. Өйткені, тоңазытқышпен жылытқыш жүйелері

мұндағы өмірдің негізгі тірегі. Минус жүз қарықтан асып жығылатын түнгі

қақаған суықта немесе тап сондай күндізгі аптапта кім шыдасын. Егер ком-

бинезон болмаса, адам баласы әп-сәтте бұл өмірден ғайып болады.

   Бірақ қазір ғалымдар да, техникалық мамандар да өздерінің жағдайларынан

гөрі алып кесіртке-динозаврдың күйіне бар назарларын аударған. Өйтпеске тағы шара жоқ. Ол бүгінде Жер шары халықтарына белгілі жануар. Екінші-

ден, тоңазытқыштың істен шығуы тек ол емес, қоймадағы басқадай қажетті 

заттарға залал келтірмек. Сол үшін дүрліккен Ай тұрғындары. Бірінен соң бірі ағылған,әуелеп ұшқан түрлі көлемді,түрлі жылдамдықты көліктер енді

бір кезде қойманың кірер есігінің жанында көгендеген қозылардай тізі-

ліп тұрды. Олардың кейбірінің қанаттары, құйрықтары, арқа жондары

Күнге шағылысып, айналаны ерекше бір тіршілік белгісіне бөлейді. Мұ-

ны көргендердің әрқайсысы өзінің Ай үстінде жалғыз еместігін сезініп,

жігерленеді, батылданады. Ондай батылдық адам баласына қашан да қа-

жет. Оның үстіне бұл мезгіл Айдың Күн көзіне әбден қызған кезі болатын. Сондықтан да мұнда тұрған көптеген көліктердің арнайы көлегейлегіште-

рі де жайылып-жайылып тұр. Көліктердің мұндай ыстыққа онсыз да төзе-

тіні белгілі. Бірақ соған қарамастан сақтық әрекеттері жасалынып жатады.

   Есеналы, Саматай және Дәурен қойма ішіне кірген бетте-ақ шамалы жы-

луды сезген. Қойманың үсті бірнеше қабат бетон тақталармен жабылған-ды. Соған қарамастан атмосферасыз Ай бетіне қадалған Күннің ыстық оты өтіп-ақ кетеді. Қойма іші тымырсықтанады. ЕгерАйдағы тәулік Жер-

дегі сияқты әрбір жиырма төрт сағатта өтіп тұрса, қорқатын ештеме бол-

мас еді. Мұндағы бір күн ұзаққа созылады. Оған ғалымдар қаншалықты

үйренсе де, мына жағдайда түннің тезірек болуын қалар еді. Бірақ Күн жылжысын ба. Біреу аспанға шегелеп қойған.дай тапжылмайды-ау, тап-

жылмайды. Тіпті, мұндағы бар дүние мәңгілікке тоқталып қойғандай. 

Кейбір ғалым мұнан уақыттың кідірісін де көзге елестетіп қояды. Сондай

ұзақтық әсіресе мына жағдайда ауыр еді. Тоңазытқыш істен шықты деген

сөз, қоймадағы көп нәрсенің бүлінгені. Онан кейін қатер әйгілі алып ке-

сіртке-динозаврға төнбек.

   Марқасқа Нақысбекұлы аптығып жеткен ғалымдарды кірер  есіктің қа-

сында қарсы алды. Реңі солғын. Қасында бірнеше адам бар. Олардың то-

ңазытқышты жөндеуші мамандар екенін ғалымдардың бәрі де айтпай-ақ

танып тұр. Қолдарында бір-бір өлшеуіш құрал, бұрағыш және тағы басқа-

лар. Есеналы жаңа ғана сөйлескендіктен Марқасқаға былай деп сөз баста-

ды.

-Алып кесіртке-динозаврдың денесіндегі мұз қалай?

-Әзірше ери қойған жоқ, - деді Марқасқа мән-жайды түсініп.

-Тоңазытқышты жөндеудің ешқандай мүмкіндігі жоқ па? – деп енді ол 

оның бас маманы Қадыржан Талапұлына бұрылды.

  - Жоқ, - деді ол маңдай терін жеңімен сүртіп, - барлық мүмкіндікті қарас-

тырдық. Ауыстыруды қажет ететін бөлшектері бар. 

-Сонда бұл қалай болғаны, - деді сол кезде Саматай, - күні кеше ғана

     Жерден әкелінген жап-жаңа бөлшектер емес пе деді?                                                          

       - Солайы солай... – тоңазытқыштың бас маманы күрсініп салды.

       - Сонда не десек болады мұны, - деп тоңазытқыш бар бөлімге қарап сөй-

леді Дәурен , -біздің әлемдік жаңалығымызға жасалынып жүрген қызғаныш

емес пе?

     - Бәрін де ойлауға болады. – Есеналы Мұхитұлы тез есін жиды, - бірақ қа- зір оны талқылап тұратын уақыт емес. Қане, тездетіп бөлімге баралық.

   Ешкім қарсы сөзге келген жоқ. Ғалымдар бастап, қалғандар еріп алып ке-

Сіртке-динозавр бар бөлімге келді. Оған кіре бере бәрі де шыны шлемдерін

киіп алған-ды. Өйткені, тоңазытқыш істен шықса да бөлім іші кең болған-

дықтан пәлендей жыли қоймаған. Ал кіре берістегі бөлімшелердің темпера-

турасы кәдімгідей. Сондықтан ол жерде Ай тұрғындары шлемсіз-ақ бір-бірі-

мен сөйлесе береді. Енді арнайы люк арқылы бөлімге өткен соң-ақ өздерін 

басқаша сезініп,басқаша ұстай бастаған. Есеналы келген бетте комбинезоны-

ның жеңіне соңылаусыз, жалғаусыз жалғасқан қалың қолғабымен сол қал-    

пында жатқан алып кесіртке-динозаврдың айдаһардікіне ұқсас басын сипап

өтті. Суық пен жылылық адамның терісі арқылы сезілсе  де, Есеналы алақа-

нын жарыққа қаратқан кезде шамалы ылғалды байқады. Бұл қойма ішінің 

жыли бастағанының белгісі еді. Бұдан соң ғалымдар тас үңгірді, алып кесіртке-динозаврдың денесін түгелдей сипап тексерді. Барлық жерінің «жіп-

сіп», төменгі жағы сол қалпында қалған.

   Ғалымдар жан-жақтан қолшам жарығын түсіріп,бәрін тексеріп шықты. Үлкен шамды қосуға рұқсат еткен жоқ. Өйткені қуатты шамдардың жарығы да мұндай қысылтаяң кезде жылу қоспақ. Қазір әрбір адамның бойынан тараған жылудың өзі де есепке алынбақ. Сол себепті ғалымдардың, техника

мамандарының көпшілігі дерлік кіреберіс бөлімде қалып қойған. Ең керекті,

осы іске тікелей қатысты дегенде ғана кірген. Бірақ қаншама білікті, қанша шебер маман болса да, кіргендер тоңазытқыш мамандарынан аса алмады.

Олар жаңағыдай деп тұрса, не шара. Бәрі бір-біріне қарайды. Ешқайсысы амал айта алмайды. Айтатындай да жағдай жоқ еді.

   Бірақ қандай жағдай болғанда да бір шешімді Есеналы Мұхитұлы айтуы тиіс. Бәрі де содан ақыл күткен. Есеналы да өзінің қаншалықты жауапты екенін сезеді. Оның үстіне күні кеше ғана Жердегі барша саналы халыққа мәшһүр болған мына алып кесіртке-динозаврдан айрылу да оңай нәрсе 

емес-ті. Жаңа ғана Ай бетіндегі  кезекті зерттеуді ойдағыдай аяқтап, «Енді бір жақсылап демалсақ, шіркін» деп іштей армандап базаға жеткендері сол                                                    

 еді. Мына қырсық хабар аяқтарынан тік тұрғызды. Енді шаршау қайда, енді 

рахаттанып демалу қайда, бәріде жайына қалды. Ендігі бар ой – мына алып-

ты қалай бүлдіріп алмауда. Жанындағылар да соған бір уәжжауапты өзінен

күтіп тұр. Кейде мұндай қысылғанда адамға жақсы ақыл да келе қалады. Есеналы соған да тырысқан еді. Бірақ амал шығар емес. Егер бұл Жер шары

болса, әрекеттің талай түрі табылар еді. Онда орта да шектеулі емес, көлік те

кәт емес, комбинезонсыз жүретін жер де аз емес. Бәрі де жеткілікті болар еді.

Ғалымдардың көпшілігі де сол Жерде, елде емес пе. Енді барлық ауырлық 

өзіне келіп төніп тұр. Дәл қазір Есеналы өзін тап бір ғасыр өмір кешкен кәрі

ақсақалша сезінеді. Сезінбей қайтсін, әрбір қадам санаулы. Тек қойма ма, Қа-

зақстан ғылыми зерттеу базасының өзінде қаншама тоңазытқыш пен жылу 

жүйелері бар. Олардың да болашағы толғантпай қоймайды. Сондықтан іскер-

лік жағынан да, ақылдылық жағынан да, тапқырлық жағынан да табикат бер-

ген қабілеттен артығырақ болуға тура келеді. Адамды өмір осылайша шира-

тады, үйретеді. Бір кездері адам баласына бастық болып көрмеген Есеналы да енді басына іс түскенде ақылшы болуға мәжбүр болып отыр.

   Біраз үнсіздіктен соң ғалымдар алып кесіртке-динозавр бар бөлімнен шық-

ты. Есік сыртында манадан бері тыпырши күтіп тұрған басқа ғалымдар мен

техника мамандары Есеналы мен Саматайдың жүзіне үңілген. Есеналы мән-

жайды жасырмай айтқанды жақсы көретін адам. Сондықтан «Есік сыртын- дағыларды осы сарылтқаным да жетер» дегендей, екі жарылған топтан шы-

ға бере қайта бұрылды. 

     - Тоқ етерін айтқанда, мұздатқыш істен шыққан. Оның күрделі жүйесінің

қай жері кеткенін мына мамандар біледі. Түсіндіріп жатуға да уақыт тар. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Менің ұсынысым біреу. Уақыт оздырмай

Жерге хабарлау қажет. Жедел кеме жіберсін. Тоңазытқыштардың ауыстыра-

тын бөлшектерін жеткізсін.Онсыз болмайды. Қосалқы бөлшектердің болма-

 ғаны да қинап тұр. Амал не, басқа жол жоқ. Өзіміздің тіршілігімізге қажет

таңазытқыштарды мұнда қоя алмайтынымыз белгілі емес пе? Өз істеріңіз-

бен айналыса беріңіздер. Бізбен бірге тек таңазытқышты жөндейтін маман-

дар жүрсін. 

   Ешкім ештеме айтпады. Тұрған орындарында қалшиып-қалшиып қалған. Бейне бір қаралы хабар айтылғандай. Сонау бір заманнан жеткен алып ке-

сіртке-динозаврдың қатқан денесі осыншама елеңдеушілік туғызады деп кім 

ойлаған. Бірақ солай болып тұр. Әрбір ғалым өзінің болашақ қызықты жоспа-

рының бұзылып кетерін ойлап, кәдімгідей көңілсізденіп те қалған. Ғылымға берілген адамдардың әдеті бұл. Егер ондай талант болмаса, жанұясын тастап

сонау Жерден осыншама мерзімге келмес те еді ғой. Ай табиғатын зерттеудің

қызықты ісі оларды осындай қашықтыққа әкеліп отыр. Сондықтан көңіл бө-

летін жайт. Ғалымдардың көңілсізденгенің бір  сыры осында жатыр еді.

   Есеналы да оны тұсініп тұр. Үміт арттырар сөз айтайын десе, оған да көзі жетпейді. Бір өаманнан қатқан тастай болып жеткен алып кесіртке-диназавр түгілі базадағы тоңазытқыштар істен шықса, өздерін де қоярға жер таппай 

қалар еді. Техникалық жүйелердің қалыпты жұмыс істеуі – мұндағылардың 

өмірінің басты кепілдемесі. Сол жағын ойлаған кезде кім кім де өзін өзі басып, көңіл орнықтырғандай болады. Тұрғандардың көпшілігі тап сондай

күй кешкен-ді. Сондықтан да Есеналыға, я Саматайға реніш білдірген жоқ. 

Қайта қандай амал табуды әрқайсысы ішінен ойлап тұрды. Есеналы сұрақ болмаған соң жайымен топтан сытылып шығып, шығар есікке қарай жүрді.

Соңынан топ та ерген. Кіреберіс бөлімге келген соң бәрі бастарындағы шлем

дерін шешіп, маңдай терлерін сүртті. Енді емін-еркін демала алады. Төбеге

ілінгшен желдеткіштер де тынымсыз ызың қағып айналып тұр. Бұл ортадағы 

оттегі де,дыбыс та, бәрі де Жердегі сияқты болғандықтан адам кейде өзінің

Ай үстінде екенін де ұмытып кетеді. Бірақ дәл қазір ешқайсысы да бір қатер-

дің алдында тұрғандай толқулы болатын. Ешкім емен-жарқын сөйлеспейді.

Бәрініңде көз алдарында на алып кесіртке-динозавр мүжіліп құлап,ылжа-ыл-

жа болып жайылып, құрып кететіндей елестейді. 

   Тек Есеналы мен Саматайдың ойларындағы үмітоты сөнген емес. Екеуі де асығып тұр. Осы бөлімде, сыртқа шығар алдында біршама кідіріп, бірнеше

минуттық дәрігерлік тексеруден өткізілетін рәсім бар-ды. Оны аттап кету-

дің реті тағы да жоқ еді.Сол аяқталғанша бәрі де шыдап тұрды. Содан кейін

сыртқы есік ашылып, ішкі есік сырт жабылды. Екі арадағы шаң-тозаң тазар-

тылды. Ғалымдар жайымен сыртқа шықты. Бұл кезде Ай үсті қайнап тұр 

еді. Тіпті аяқ асты балқуға жақындағандай сезіледі. Бірақ қайдан балқысын,

Ай беті бірінші рет бүйтіп қызып тұрған жоқ. Атам заманнан бергі құбылы-

сы емес пе. Оның үстіне оған назар аударып жүрген ғалымдар бар ма екен. Барлық назарлары алдағы әрекетте. Сыртқа шыққан бойда әркім өзі келген 

көлікке отырып, Қазақстан ғылыми зерииеу базасына қарай тартты.

                          Айға аттанған кемелер

   Айдағы Қазақстан ғылыми зерттеу базасындағы тоңазытқыштарды жасай-

тын заводтың басшысы Әди Табылұлы түннің бір уағында безек қаққан ви-

деотелефон қоңырауынан селт оянды. Басын төсегінен көтеріп алып, үлкен 

экранның алдындағы жыпырлаған түймелердің бірін нұқып үлгерді. Осыдан

шамалы уақыт қана бұрын жұмыс бөлмесіндегі төсегіне қисайып, көзі ілініп кеткен-ді. Енді бірден түрегеп кеткендіктен мең-зең сезініп, ұйқылы-ояу 

экранға қадала қарап отырып қалған. Әдидің өмірінде мұндай сәттер аз кездеспейді. Сондықтан да ол әркез сондай шұғыл жағадайларға сергек қарайды. Түрлі жұмыстармен, басқадай жай мәселелермен видеотелефон соғатындар қаншама. Егер видеотелефонының жанында сондай қоңыраулар мен жұмысын айтқандардың сөздерін жазып алып тұратын электронды күрделі қондырғы болмаса, басы қатқан болар еді. Оған да шүкір, қай жақтан, кімнің видеотелефон соққанын біліп, уақыты босаң кезде бәрін тыңдап  алады.                                                                                              

   Егер тез оянып, түймені басып үлгермегенде, бұл жолғы сөзді де автомат жазып қойған болар еді. Олай болмады. Әди қоңырау соғушымен тікелей байланысқа шықты. Бірақ бір ғажабы, ол Жерден емес, Айдан еді. Бұл жағдай Әдиді онан сайын елеңдеткен. Ол Есена-

лыны бірден таныды. Бозғылт тартқан жүзі, суалыңқыраған жағы, шүңірейген көздері бір қарағанда көңілсіздік көрінісін де туғызған-ды. Бірақ Ай үстіндегі қай адамның да мәз болмайтынын жақсы білетін Әди оның түр-тұрпатын сұрап жатуды артық санаған. Есеналы да уақыттың тарлығын, көмектің зәрулігін ескеріп, қысқа аман-саулықтан кейін тікелей мәселеге көшкен.

  • Өздеріңізге белгілі алып кесіртке-динозавр қатер алдында,- деп жалғады ол сөзін,

ол жатқан бөлімдегі тоңазытқыштар істен шықты, алмастыратын бөлшектері көп. Маман-

дардың жөндеуге шамалары келмейді. Базада болса да қосалқы бөлшектер жоқ. Алыптың

әлегімен жүріп ол жағын ұмыт қалдырыппыз. Амал нешік. Ендігі көмек өзіңізден болмақ .

  • Жағдайды түсіндім, - деді Әди Табылұлы Есеналының жүзіне тура қарап, - қандай

көмек керек? Мен дайынмын. Қажет деген бөлшектеріңіздің бәрін де жіберемін.

  • Олар мыналар, - деп Есеналы тоңазытқыш жөндеуші мамандар тізіп берген бөлшек-

тер тізімін экранға жақындатты, - суретін түсіріп алсаңыз.

     -  Қазір.

   Әди Табылұлы экран аладындағы түймелердің тағы бірін нұқыды. От жылт еткендей болды. Содан кейін оң жағындағы жіңішке сызықтай саңылаудан бір парақ ақ қағаз шық-

ты. Онда экрандағы күллі тізіп жазылған еді. Әди оны енді анықтап қарап шықты. Көп емес сияқты, бірақ негізгілері екен. Қағазды былай қоя саалды да,қайтадан экранға қарап:

  • Есеналы Мұхитұлы, бәрін оқып шықтым. Түсіндім. Бұл жеңіл іс емес. Мен қазір

Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығына видеотелефон соғамын. Соларда мұндай тоңазыт-

қыштың қосалқы бөлшектері болуы тиісті, егер болса, сол жерден әрі қарай жөнелтеміз.

Ал оларға тағы жасап бере саламыз. Ал егер болмаса, онда амал жоқ, тездетіп жасаймыз.

Ол көп уақыт алмайды. 

  • Бұл әркетіңіз жақсы болар еді ,- деді жүзіне қан жүгіре бастаған Есеналы,- соны тез-

детсеңіз. Алып кесіртке динозаврдың үсті-басындағы мұз бірте-бірте еріп барады. Ай үс-

тінен нұр шашқан Күн де күйдіріп барады-ау. Жағдайдың қалай өзгеріп кетері белгісіз.

Тек тездетсеңіздер. Өзім де Жер төңірегіндегілерге өтініш білдірермін.Ал жақсы, күтеміз!

  • Сау болыңыз! – деді Әди Табылұлы, - бәрі де ойдағыдай болады қолдан келген кө-

 мектің бәрін де жасаймыз. Ол жағынан қам жемеңіз.

   Әди Табылұлы алдындағы бір түймені нұқып қойды. Экран сөнді. Завод басшысы сәл ойланып, экран алдындағы келесі бір түймені нұқыды, экран қайта жанды. Содан соң па-

нельден кішкене қызыл шам лып-лып жанып-өшіп көрініп тұрды. Бұл шақырған жағына

қоңырау тогының жіберілген белгісі еді. Сәл өтпей ол қызыл шам лып сөнді де, ағарып тұрған экранда толық келген сары кісінің жүзі көрінді. Сол замат Әди де өзінің оның экранында көрініп тұрғанын сезініп, сөзін бастап кетті.

  • Сәлеметсіз бе, Аманат Ниетқалиұлы! Беймезгіл мазалағаныма айып етпессіз.

Шұғыл жұмыс бар еді.

  • Аманбысыз. Айта беріңіз. Еш айыбы жоқ ,- деді Аманат ,- мен әркез дайынмын. 

Қандай жұмыс еді. 

  • Өзіңіз де есітіген боларсыз, Айдағы жағдайды... 
  • Жаңалықты білемін. Әлгі алып кесіртке-динозавр ма? 
  • Иә, сол... Жаңа ғана маған Айдағы Қазақстан базасынан Есеналы Мұхитұлы видео-

телефон соққан еді.

  • Тыныштық па әйтеуір? 
  • Тыныштық . Жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр. Оттегі, су, тағамдары жеткілік-

ті. Базадағы микроклимат та дұрыс. Тек әлгі қоймадағы тоңазытқыштардың істен шыққа-

ны қинап тұрғанға ұқсайды.

  • Ақау табылған ғой шамасы?                    
  • Солай. Бірақ оларға жедел жәрдем керек. Әйтпесе, үсті күйіп тұрған Айдың қойнау-

ындағы қоймадағы температура көтерілмек. Бұрын ол жерге мұз болып қатқан алып кесіртке-динозаврды қояды деп кім ойлапты. Аз уақыттың ішінде қойманың ішін  соған лайықтап жөндемеп пе еді. 

  • Иә, оны естігенмін. Бізбен де пікірлескен олар.
  • Ендеше, егер сіздерде қосалқы бөлшектер болса, сол Айға уақыт жоғалтпай жеткізе 

аласыздар ма?

  • Сонда қандай бөлшектер?
  • Міне, қараңыз. - Әди Табылұлы суретін экранға қаратты. - Түсіріп алыңыз. Сонан 

соң оқып шығарсыз.

  • Жақсы. Қазір. 

   Аманат Ниетқалиұлы бір сәтке кідірді. Содан соң оң жағындағы жіңішке сызықтай са-

нылаудан шыққан кішкене фотосуретті алып, мұқият қарады. Оның ап-анық көрінген әр-

бір қимыл-әрекетін мұнда Әди де бақылап отыр. Бірақ кедергі келтірмеу үшін ләм-мим деп сөз қозғаған жоқ . Ал мына тізімдегі детальдарды тағы бір қарап шықты да, бері бұ-

рылып:

  • Бұлар бізде бар екен. Қашан жіберу керек? – деді.
  • Тіпті, қазір жеберсеңіздер де болар еді! – деп қуанып кетті Әди Табылұлы.
  • Жақсы. Бәрі түсінікті. Мен қазір әуежайға видеотелефон соғамын. Бәрі орындалады.

Жедел жібереміз. Енді ол жағынан қам жемеңіз! 

     -  Рақымет! Қазір Есеналының өзі де сізбен хабарласып қалар. Әрбір минут қымбат. Ал 

кейін ол бөлшектерді өзім сіздерге жеткіздіремін. Осылай келіселік. Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз! 

   Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығындағы Техникалық базаның басшысы 

Аманат Ниетқалиұлы панельдегі түймені басты. Экран лып етіп сөніп, кабинетінде ты-

ныштық орнады. Содан сәл уақыт өткен соң Аманат әуежайдағы қойма иелеріне видеоте-

лефон соқты. Әңгіме қысқа болды. Мәселе шешілді. Аманаттың өзі де мұндай іс жөнінде 

қысқа сөйлесуді ұнататын. Онысын түсінген қойма бастығы Жомартбек Рахметоллаұлы

бірден іске кірісті. Жерден айтылған тоңазытқыш бөлшектерін тездетіп шығарып, арнайы 

жүк кемелерге артты. Содан Аманат өзі Айдағы Қазақстан ғылыми зерттеу базасына ха-

барласып, шұғыл көмектің бара жатқанын Есеналы Мұхитұлының өзіне айтты.

   Ал бұл кезде Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығының әуежайынан алып жүк

кемесі кеңістікке қарай баяу көтеріліп кетіп бара жатыр еді. Кеңістіктегі қалашықтың бір 

ерекшелігі де осындай ауыр жүкті көтеріп ұшуға жеңіл болатын. Әрі жылдамдық алу да 

мәселе емес. Көзді ашып-жұмғанша алып жүк кеме алыстағы бір жұлдыздай болып қана көрінді. Әуе жайдағылар арнайы үйде телеэкран арқылы жүк кеменің ұшу барысын қа-

дағалап отырды. Бәрі де ойдағыдай. Байланыс торабындағылар жүк кемені басқарушылар-

мен жиі-жиі сөйлесіп отырды. Өйткені, Айдағылар үшін әрбір минуттың қымбат екенін олар іштей жақсы сезінеді. Бұл екі арады аманат Жерге видеотелефон соғып, Әди Табыл-

ұлымен тілдесіп үлгерді. Содан кейін Айдағы тоңазытқыш жөндейтін мамандармен де байланысты. Біршама ақыл-кеңестер берді. Бұған дейін кеткен қателіктің енді қайталан-

байтынына Айдағылар сендірді.

   Арада белгіленген уақыт өткен кезде жүк кемедегілер үшін Ай табиғаты бірте-бірте анықталып, ол бейне бір өздеріне ұшып келе жатқандай көрінген. Егер ғарышкерлер бол-маса, бұл көріністен шошынып қалары да сөзсіз. Ал ғарышкер-ұшқыштар үшін қарсы 

ұшып келе жатпақ түгілі, шыр айналып жатса да үйреншікті көрінер еді. Ол құбылыс та

болып үлгерді. Ай айналым жолына шыққан бойда бір осьте шыр айналғандай болған Ай

мен жүк кеме бірін-бірі қуалап жүрді. Бірақ ара қашықтықтары уақыт озған сайын азая берген. Коперник есіміндегі қазаншұңқырдан бастап кішігірімдеріне дейін анық көрінген үлкен аймақ та көз алдарында. Төмендеген сайын аймақтың көрінерлік аумағы азайып ба-

рады. Енді мұны Дауыл Мұхиты деп айтудың өзі де қиын. Оның үстіне Ай табиғатында бір-біріне ұқсас жерлер көп-ақ . Бұл да атмосфера мен гидросфераның жоқтығынан. Әйт-

песе, су бар жерде, жел бар жерде өзіндік бедер, өзіндік ерекшелік болмай қоймас еді. Мұндағы бір құбылыс топырақтың қатты ысуымен, қайта сууымен шектеледі. Оның өзі де 

ұзақ мерзімде қайталанады. Айдағы ұқсастықтардың адамның адасуына да ықпал ететіні белгілі. Мұнда тұратын адам Ай табиғатын жақсы білуі тиіс. Ғарышкер-ұшқыштар ондай мұқият дайындықтан о баста өткен. Олардың миларында сақталған картада Айдың кішке-

не төбешіктеріне дейін бар. Бірақ ол Айдың бар табиғатында емес, қонар аумақта. Сон-

дықтан да олар Айдан ұшар сәтте де, ұшып бара жатқанда да, қонар сәтте де саспайды. Бір-бірімен жайбарақат әңгімелесіп отырып-ақ қажетті түймелерді нұқиды.Тетіктерді қоз-

ғалтады. 

   Бүгіндегі кез келген ғарыш кемесі бесаспап етіліп жасалған. Ол тік ұша алады, тік қона алады, көлденең ұшып, көлденеңдей қона береді. Қажет болғанда мұнан да күрделі әрекеттерді жасай алады. Бірақ қазір адам таңғаларлық мәнер көрсету емес, көмек көрсе-

туге келе жатқандықтан жүккеме бірте-бірте қалықтай төмендеп,Қазақстан базасындағы әуежайға қарай келеді. Ол жердегі арнайы шыны үйдің екінші қабатында Есеналы мен Саматай бастаған бір топ ғалымдар күтіп тұрған-ды. Телебайланыс арқылы олар бұларды,

бұлар оларды көріп қояды. Екі жағы да қуанышты. Жүккеменің қашан да аман-есен ұшып шығып, аман-есен қонғаны қажет. Ол тілекті әркім де тілейді. Ал оның ішіндегі аса қажет болып тұрған заттар аман-есен жетсе, нұр үстіне нұр. Жүккемеде тек тоңазытқыш бөлшектері ме екен, онда басқа да адам тіршілігіне қажетті заттар бар. Су да алынған.

Жердің кәусар суын кім аңсамасын. Ондай су Жерден ғарыштағы қалашыққа жиі жеткізіледі. Ал мұнда аттанғанда сол судан алынады.Әрбір жүккеме келгенде ғарышкер-ғалымдар таза судан ішіп бір іштері шығып қалады. Түрлі тағамдар мен жеміс-жидектерді, көкөністерді жейді. Оның өзі бір демалыс, бір жасау. Тіпті сонан кейін мына базадағы көкөніскүркеде өсетін көкөністерді жегілері де келмей қалады. Бірақ бұл жолы ғалымдар оған да асыққан жоқ. Бар мақсаттары ана тоңазытқышты қалай тездетіп жөндеу болатын.

Жүккеме қонған бойда дайын тұрған жүк тасығыш, Ай көліктері де соған қаай жүйткіген.

Сөйтіп, асыға күткен бөлшектерге де қол жеткен-еді.


       Қоймадағы сілкініс


   Дауыл Мұхитындағы Қазақстан ғылыми зерттеу базасы орналасқан аймаққа Күн сәулесі тіктей түсіп, шақырайып, Ай беті нағыз қызған шақ еді. Енді мұнда тіршілік болса да комбинезонсыз жан баласы шыдамайды. Комбинезонның өзімен де көп жүру қиындық тудырады. Мұндай сәтте жүру кәдімгі моншадағы ыстық буы бар шағын бөлмеде болған-

мен бірдей әсер береді. Комбинезонның жеңіндегі термометр плюс жүз қырықтан асып жығылады. Шаңқай түс мезгілінде әдетте ғалымдар демалыс тәулігін жариялап, ұңғыда-

ғы пәтерлерінде жататын. Өйткені, мұндай күндері сапалы жұмыс жасау да қиын. Егер 

осында Жердің ыстық аймағындағы сары құмда екі аяғын көтергенде, басқа екі аяғымен тұрып, жаттығу жасағандай болып жиі қозғалатын кесірткелері болса мүлдем шыдамас 

еді. Басқасын былай қойғанда баланың еңбегіндей былқылдаған кейбір жерлер тіпті аяқ

киімді өзіне жапсырып ала жаздайды.

    Осындай бір мезгіл мен мезетте қоймадағы тоңазытқыш жөндеуші мамандар өздерінің

шұғыл істерімен арпалысып жатты. Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана Жер төңірегіндегі 

Қазақстан ғарыш қалашығынан жеткізілген тоңазытқыш бөлшектерін тиісті жеріне тез-

детіп орнатпаса, алып кесіртке-динозаврдың тұла бойындағы мұз біткен еріп бітуге таяп

қалған. Ал онан кейінгі істің не болары белгісіз еді. Қойма ішіне жөндеуші мамандардан басқа ешкім жіберілген жоқ.  Есеналы мен Саматайдың өздері де қойманың бергі бөлігін-

де Жерге тән жасалған ортада істің аяғын күтіп отырған. Қасында бірнеше ғалымдар бар.

Олардың дені осы іске тікелей қатысты мамандар. Олар бір бірімен баяу сөйлесіп, дауыс шығармауға тырысады. Бөлменің бір бұрышына қойылған үлкен экраннан тоңазытқыш жөндеуші мамандардың не істеп, не қойып жатқандары ап-анық көрініп тұр.

   Олар тездетіп тоңазытқыштың ескі істен шыққан бөліктерін алып, былай қойып, жаңа-

ларын салды. Көмекшілері алынған ескілерін басқа бөлімге әкетіп жатты. Әкеткенде мұн-

да іс шағын көліктермен жүзеге асады. Жердегі кез келген шағын қоймада болатын көлік-

терге ұқсас, бірақ олардан үлкен. Өйткені, мұндағы қойманың өзі де бір жатқан кең дала сияқты.  Ондай болмаса, алып кесіртке-динозавр тас үңгірімен бірге қайдан сыйсын. Енді

ол да өзінше бір төбешік тәрізденіп жатыр. Қозғалыс жоқ . Тек төбеден ұрған тымырсық

ыстық ауа бойын жіпсітіп, еріген мұз сулары бой бойын қуалап кетіп жатыр. Төбедегі ты-

нымсыз зыр қағып айналған желдеткіштерден де көмек жоқ. Сырттағы, аспандағы күн де

ерегескендей тап осы қоймаға бетін тіктеп бұрып алған.

   Тоңазытқыш жөндеуші мамандардың әрбір қозғалысы ғалымдардың көңілінен шығып

көңілді отырған-ды. Өйткені мамандардың қимыл-қозғалыстары ширақ , қолдары епті. 

Олар тіпті, тамаққа да кезекпен барған. Бар есіл- дерттері мына істі бітіруде еді. Ғалым-

дар оған іштерінен тілектес болып отыр. Қолдарынан басқа не келсін. Ара-тұра видео-

телефондық байланыс арқылы сөйлесіп тоңазытқыш жөндеуші мамандарға ақыл-кеңес 

қосады. Мамандар өз істерін жақсы біледі. Дегенмен, ғалымдармен кеңесіп қоюды да

артық санамайды. Көп ақылы қашан да артық болған емес. Қайта бір қателікті екінші адам түзеп жатпай ма. Есеналы мен Саматай жиі-жиі байланыс ұстап, қолдарындағы сағаттары-

на қараумен болды. Өйткені, әрбір минут қымбат. Екеуі тіпті дұрыстап тамақ та ішпеген.

Жағдайдың жақсаруына деген үміттері бір орында тыныш отырғызбайды. Енді сол уәйім-

деген істері де бітуге таяу қалған-ды.

    Бірақ кенеттен күтпеген оқиға болды. Тұла бойы «жіпсіп» жатқан алып кесіртке-диноза-

врдың қозғала бастасы бар ма. Ол жайымен басын көтерді. Содан соң қатты тоңғанын біл-

діргендей дүр сілкінді.Ғалымдар орындарынан ұшып-ұшып тұрды. Қойма ішіндегі жөн-

деуші мамандар сол бөлімге өтті.Есік сырт жабылды. Ендігі көріністі ғалымдар да тоңа-

зытқыш жөндеуші мамандар да экран арқылы бақылады. Әзір ешкім ештеңе айта алмады.

Бәрі де түс көргендей күйде. Аса бір есеңгірегендей. Қайта- қайта бір-біріне қараса береді.

Бірақ онан ештеңе өзгеріп жатқан жоқ. Алып кесіртке-динозавр басын олай-бұлай тербеді.

Сонан соң ұзын құйрығы қозғала бастады. Ол қозғалған кезде маңында тұрған анау-мынау заттардың бәрі  де тас қиыршықтарынша домалап жөнелді. Енді сәлден соң алып көзін ашып алды. Мұз болып қатып жатқандағы көрінісі жәй бір мүсін сияқты екен. Алып оян-

ған кезде оның түрі де өзгеріңкіреп кеткендей сезілді. Бергі бөлімдегі ғалымдар мен то-

ңазытқыш жөндеуші мамандар енді тіпті экранға жақындауға қорқып тұр. 

   Алып ұзын мойнын алға созды. Сол кезде оның басы кәдімгі аңыздағы айдаһардың ба-

сына ұқсап кетті. Бірақ байқап қараған адамға одан гөрі өзгешелеу. Бірден залал келті-

ретін түрі де жоқ сияқты. Ал ең бастысы өзінің қайда жатқанын білмейді. Қай заманға кел-

генін сезбейді. Ғалымдардың іштей түйгендері осы еді. Енді не істеу керек екенін Есен-

алының өзі де табан астында шеше алмаған. Бар болғаны алыптың әрбір қимыл-қозғалы-

сын бақылаумен тұр. Енді тоңазытқыш да жайына қалды. Оның бөлшектерін ауыстырып

үлгергенімен қайта қосуға болмайды. Оянған алыпты қайта мұздатудан тағы пайда жоқ.

Бергі бөлімдегілер бір- бірімен күбір-күбір сөйлесіп, бір біріне экраннан оны көрсетіп, түрлі пікірлер айтып жатты. Тек нақты шешім жоқ . Нақты шешімді Есеналы айтуға тиісті 

еді, күтпеген оқиға оның өзін де дағдарысқа түсірген. Осы кезде алып кесіртке-динозавр

үн шығара бастады. Үн болғанда да ащы үн. Бейне бір сол өзінің заманынан келіп жеткен-

дей әсерлі. Шамасы, ол әлі де сол Жерде, үңгірдің ішінде жатырмын деп санаса керек. Ұзын мойнын әлі де олай бір, бұлай бір бұрып, ара –тұра басын тасқа соғып қояды. Құй-

рығын көтерген кезде ол қойманың төбесіне тиіп қайтады. Ал бүкіл денесін қозғағанда,

сілкінген кезінде үстіңгі тұсынан кесіліп алынған тас үңгір дірілдеп  жөнеледі. Тек қана тас үңгір ме, енді сәлден соң бүкіл қойма іші жер сілкінгендей дірілдеп кетті. Егер ол мық-    ты етіліп жасалмаса, төбесінің де опырылып түсетін түрі бар. Мұндағы есіктердің де ты-

ғыз жабылатыны пайда болды. Алып кесіртке-динозавр ұзын мойнын тас үңгірдің ауыз жағынан шығарып ол  жақ ,бұл жағына қарады. Бірдемені білсе де, білмесе де енді ауыр денесін көтеріп алып ілгері ұмтылды. Бар қорқыныш та сол сәттен басталды. Бергі бөлім-

де тұрғандардың бәрі де өздеріне қарай келе жатқандай сезініп, экраннан да кейін қарай шегінді. 

   Алып тас үңгірден шықты. Осы кезде оның бар дене тұрқы тұтас көрінді. Ол аяғына тік тұрған кезде арқа жоны қойманың төбесіне сәл-ақ тимеді. Оған да шүкір еді. Егер ол онан да биік болғанда нағыз қатер басталмақ-ты. Қойманың ішіндегі шамдар да мана тездетіп сөндірілген. Алыптың баяу қозғалып жатқаны да содан-ды. Тек көмескі жанатын шамдар ғана сәуле беріп тұр. Бірақ күрделі телекамера үшін ол жарық аздық етпейтін. Сондықтан

бәрі де анық. Әсіресе мұндай әлсіз жарықта алып кесіртке-динозаврдың терісінің бедері айқындалып, адамға ерекше қорқыныш сезімін тудырады. Ол экранда анықталған мезетте ғалымдар көз алдарына бегемоттың терісін елестеткендей болады. Онан өзгешелігі де айқындала бастаған. Алып әзірге ешкімді, ештемені көрмегендіктен қатты жұлқынбады.

Өзінің қайда, қай ортада екенін білмей, қайда басарын ажырата алмай біраз кідірді. Үстін-

дегі мұз біткен еріп-еріп түсіп қалған. Тұла бойымен қан жүгірген соң қайдан тұрсын. Қойма ішіндегі температура да бұрынғысынан жоғарылай берген. Алыптың үлкен іші үрленіп-тартылып тұр. Бұл оның жиірек тыныс алғанының айғағы. Ғалымдар бейне бір фильм көріп отырғандай тып-тыныш қалған еді. Бір мезетте Есеналы олардың ойын бы-

лай деп бөлді:

  • Алыптың тыныс алуы жиілеп барады, байқайсыздар ма? Оттегі керек! Әйтпесе, ол

біржолата мерт болады. 

  • Оныңыз рас! – деді Саматай да бірден қолдап, - алыптың дене-тұрқын қызықтай-

мыз деп ол жағына көңіл бөлмеппіз! Дереу Қазақстан базасын оттегімен қамтамасыз ететін  жүйедегілерге видеотелефон соғуымыз керек!

   Осы сөзден кейін тұрғандар абыр-сабыр болып, қапелімде кім-қайда жүгірерін біл-

мей де қалған. Бірақ басшының аты – басшы. Бәрі енді соған қараған. Есеналы мән-жайды манадан түсінген. Енді уақыт өткізудің де жөні жоқ . Жер шарын телеэкран арқылы шу-

латқан алып кесіртке-динозаврдың кенеттен тірілгені бірғажайып жаңалық болса, енді оны сол тірі қалпында қалдыру да бір мәселеге айнала бастады. Есеналы жанындағы  бір-екі жас ғалымға тез арада оттегімен қамтамасыз ететін жүйедегілерге видеотелефон соғу-

ды тапсырды. Олар тездетіп келесі бөлімге кетті. Ал қалған ғалымдар әлі де алыптың қи-

мыл-қозғалысын мұқият бақылауда. Ендігі бір жетіспейтін нәрсе – алыптың жанынан емес, мына телеэкраннан көргендері еді. Бар ғаламат та қасында тұрып көру емес пе. Бірақ ғалымдар осының алдында ғана алыптың бар денесін мұқият бақылап, ұстап көрген. Енді ойламаған жерден оянған соң, оған жақындай алмай қалған. Тіршілік деген осы.»Өлдің мамай қор болдың, тірлігіңде зор болдың» дегеннің кері оқиғасы сияқты ол. Осыдан сәл-ақ бұрын алып мұз құрсауда жатқанда адам түгілі кішкене тышқан да қорықпаушы еді.

Енді жолап көрсін батылы жетіп. Жоламақ түгілі алыптың қимыл-қозғалысының өзі қауіп тудыратын сияқты. Егер ол кіріп-шығар есікті талқандап жіберсе, өзі де мерт болады, қоймадағы талай нәрсені де жарамсыз етеді. 

   Ғалымдар ол жағын да ойламай қалған жоқ . Әрқайсысы өзінше ой қозғауда. Телеопера-

торлар бар көріністі түсіріп алып жатыр. Айдағы бір ерекшелік те телеоператорлар ға-

лымдармен бірге жүреді. Ол әуелден қалыптасқан дәстүр. Өйткені Ай жағдайында күт-

пеген құбылыстың болуы әбден мүмкін. Сондықтан телекамералардың объективтері 

қашан да дайын болуы тиісті. Бұл табылған ақыл еді. Оның дәлелі міне, қазір ғана бастан өтіп жатыр. Егер телекамера болмаса, телеоператорлар дайын тұрмаса, мына көріністі тү-

сіріп алудың мүмкіндігі тумас та еді. Енді алыптың бар құпиясын зерттеудің мол мүмкін-

дігі бар.                                                                                                                                                                                Арада шамалы уақыт өткенде жас  ғалымдар Зікібай Дарасұлы мен Сұлтан Бисек  қайта келді. Олар мән-жайды түсіндіргендерін, оттегінің мол қажеттігін айтқандарын біл-

дірді. Енді Есеналы да Саматай да, басқа ғалымдар мен тоңазытқыш мамандары да кө-

ңілдерін орнықтырып, жәйбарақаттанған еді. Бірақ алыптың қимыл-қозғалысы, үн шыға-

руы күшеймесе әлсіреген жоқ. Ол әлденені іздегендей болады. Ұзын мойнын жоғары бұ-

рып, басын төбеге тигізіп-тигізіп қояды. Егер басы ғаламат үлкен болса, сол қойма төбе-

сін көтеріп те жіберер ме еді. Ол онша үлкен болмағандықтан тек сылақты шамалы ысырып  түсіріп жіберген. Содан кейін оның қан қызуы жоғарылағандай алғашқыдан да белсенді қозғалды. Бұл көрініс ғалымдарға Жердегі теңіздердің жағасында өмір сүретін су жануарларының Күн қызуын күтіп жатып, Күн көтерілгенде денелері қызып, бұлқынып, белсенділеніп кететін сәттерін елестетті. Қойма ішіндегі жылу артқан сайын алып кесірт-

ке-динозаврдың да белсенділігі күшейе берді. Енді ол қойма ішін айнала жүріп, шығар есікті іздегендей де белгі көрсетті. Ғалымдар оның әрбір қимылын аңдып тұр.

   Бір сәтте қойма ішіне қарай келіп тұратын оттегі де көбейе бастады. Сол кезде барып алыптың тыпырлауы мен бұлқынуы шамалы саябырланды. Ауаның тарлығынан да ты-

пыршығаны енді белгілі болды. Ғалымдар оттегімен қамтамасыз ететін жүйедегілерге өз-

дерінің ризалықтарын білдіріп, сәл де болса көңіл орнықтырған еді. Тек сәл уақыт өтпей тағы бір уәйім қосылды. Алып үшін келіп жатқан оттегі жұқ болар емес. Егер ондай оттегі жіберілсе, адамның өзі масаңсып қалар еді. Енді тағы бір мәселе пайда болды. Ғалымдар бұлайша қарап тұрғаннан ештеменің өнбейтінін сезіп, осы араға бірнеше бақылаушы ға-

лым мен телеоператорларды қалдырып өздері Қазақстан ғылыми-зерттеу базасына қарай асықты. Ондағы мақсат болған жайды тездетіп Жердегілерге хабарлау еді. 


    Айда оянған алып 


   Бүгінде Жер шарындағы саналы, оқи білетін, стереотеледидар көретін адамның бәрі де Айда оянған алып жайлы жақсы хабардар болған. Тілшілер жедел жазғыштар емес пе, дү-

ние жүзіндегі газет, журнал біткеннің бәрінің беттерінде Айдан табылған алып кесіртке-

динозаврдың суреттері жайлап кетті. Мұндай хабарлар мұнан да бұрын болған-ды. Ал ен-

дігі хабардың әсерлілігі сондай, Жер шарындағы газет-журнал сататын орындарда олар-

дың бірде-бір нөмірі жатпайтын болды. Жердегі анау-мынау киносеанстардан гөрі халық Ай жаңалығын аңдиды. Стереотеледидарлардан берілетін «жаңалық» Ай айдарындағы жа-

ңалықтар кім-кімді де өзіне үйіріп алған. Үйде болсын, қызметте болсын, қиырда болсын,

адамдардың бір-біріне айтатын әңгімелері осы алып кесіртке-динозавр жайында болатын.

   Жердегі халықты тағы бір толғандырған нәрсе – Айдағы Қазақстан ғылыми-зерттеу ба-

засындағы ғалымдар мен техника мамандарының жалпы жағдайлары еді. Өйткені, оянған алып үшін әдеттегіден көп оттегі мен су керек, тамақ керек. Ондағылар өздеріне жеткізе алмай жатқан нәрсені оған қалай бермек. Жер тұрғындары осы төңіректе толғанған. «Ай-

да оянған алып» айдарымен берілетін тұрақты хабарларда алып кесіртке-динозаврдың өмір-тіршілігін күнделікті беріп келеді. Өйткені оның енді қалай күн кешері әркімді де толқытады. Тіпті, оған қызыққан кейбір адамдар өзінің ауыр тұрмысын да ұмытып кетіп жатады. Жаңалықтың құдіреті деген сол. 

   Соңғы күндері Айға Жерден бірнеше дүркін кемелер аттандылылған. Олар оттегі, су, та-

ғам алып кеткен. Жер мен Айдың арасы аз қашықтық болмағандықтан кемелер жиі жібері-

леді. Бір кеме Айға қонған кезде екіншісі жарты жолда, ал үшіншісі Жерден жаңадан атта-

нып жатады. Сондай тізбектене ұшудың арқасында алыптың өмірін сақтап қалу ісі жүзеге асып жатты.

   Бірақ оның ұзаққа созылуы тағы қиын еді. Жерде оттегі де, су да, тамақ та жеткілікті. Бі-

рақ сонау Айға жеткізу үшін қаншама жол шығына кетпек. Сол жағынан келгенде Жер халқы үшін бір ғана алып кесіртке-динозаврдың өзі біраз әбігерлік туғызған.Бұл іске тек

қазақ халқы емес, дүниежүзіндегі ірі елдердің ғалымдары да ат салысты. «Көп түкірсе 

көл» демекші, көп болып қолға алған іс осылайша жанданып та кеткен-ді. Бүгіндегі Жер мен Ай арасындағы ары-бері ұшып жатқан ғарыш кемелерінде сан жоқ . Жүк кемелерді былай қойғанда, Айдағы жаңалықты біліп, фильмге түсіріп, суретке түсіріп қайтуға аттан-

ған тілшілер мен ғалымдар қаншама. Ендігі бар назар да сол Айға ауған. Әншейінде Ай-

дың туып, ширектеніп, толып, қайта ширектеніп, өлараға жасырынатын кездерін біле бер-

мейтін адамдар да бүгінде Айды мұқият қадағалайды. Ондағы өтіп жатқан қызықты оқиға жайлы хабарларын аңдиды. Бұрын Айға қараған адам «тіршіліксіз бір дүние» деп қарайтын болса, бүгіндегі әрбір адам ондағы адамдардың тағдырын, әлгі оянған алыптың жағдайын ойлайды. Кейбір әуесқой жұлдызнамашылар өздерінің шағын бақылау құралда-

рымен Дауыл Мұхитын, ондағы Қазақстан ғылыми-зерттеу базасын бақылайды. Көрсін көрмесін көргендей болып, бір-біріне жанынан қосып айтып мәз болатынын қайтерсің. 

Қысқасы, осы бір күндердегі жаңалықтың жандануында шек болмайды. Ай ғаламат оқиға өтіп жатқан басты объектіге айналды. Айдың түрлі құбылысын білмейтін адам некен саяқ.

Бәрі де қолы босаған сәтінде соны аңдиды. Енді Жердегі адамдар мен Ай арасын бір ғана нәрсе - өлара бөліп қалған. Ол кезде Ай Күн тұсына барып оның сәулесіне малынатын-

дықтан көрінбейді. Күнмен бірге шығып, бірге батады. Ал Жер тұрғындары мұндай кезең-

де тек теледидар арқылы Айдағы жаңалықтарды біліп отырады. Қалай болғанда да алып кесіртке-динозавр оянғалы өткен бірнеше тәуліктің ішінде ғалымдар жағы қатты әбігер болды. Қазақстандағы Қазақ Ғылым Академиясының Зоология институты да елеңдескен.

Ғалымдар алып кесіртке-динозаврдың мұз болып қатқан денесін Айдан әйтеуір бір әкеле-

міз деп ойлаған-ды. Енді жағдай мүлдем басқаша болып шыға келді. Өмірдің бар қызық-

тылығы да сонда. Адам өз тағдырын алдын-ала анық біліп отырса, оның жоспары да, өмір-

дегі мақсаты да өзгерген болар еді. Адамның жаратушы алдындағы бір әлсіздігі де осын-

да. 

   Күні кеше ғана хабарласып, институттан орын дайындап, ғаламат жануардың қатқан денесін үлкен бөлмеге қоямыз деп жүрген  институт қызметкерлеріне бұл хабар тіпті де өзгеше әсер еткен. Олар енді қоятын бөлме емес, тірі жануарды бағатын орын іздеуге кі-

ріскен. Байғожа Шарапатұлында тіпті тыным жоқ. Бірінші бастық болған соң жағдай со-

лай болуы тиісті де. Байғожа осы бір-екі күннің ішінде Айдағы Қазақстан ғылыми зерттеу базасымен бірнеше рет сөйлесті. Есеналы мен Саматайдан мән-жайды анықтады. Қойма-дағы ұзақ ұйқыдан оянған алыптың өзін де тікелей арнайы байланыс жүйесі арқылы көрді.  

Содан кейін барып көңілі орнықты. Алғашында «Бұл өзі жай сөз бе, жоқ шын сөз бе»,  деп сенгісі де келмеген. Бірақ ғылымда әзіл бар ма. Әзіл түгілі, Айдағы Есеналы мен Саматай

өзімен тілдесуге әзер уақыт тапты. 

   Біраз уақыттан бергі жүргізілген жұмыстар күрт тоқтады. Өйткені, енді Зоологиялық институттың ішінен музейлік бөлмені жабдықтаудың қажеті  жоқ еді. Бұл күнге дейін ол үлкен бөлменің ішіне тоңазытқыш жүйелері орнатылған-ды. Ол Айдан әкелінген алыптың

сол қалпында сақталуына жағдай жасайтын. Ол еңбек бір-ақ күнде жоққа шықты. Барлық

 іс үлкен өзгеріске ұшарады. Енді Жерде, мына Зоологиялық институтта тоңазытқышы бар үлкен бөлме емес, алып кесіртке-динозавр өмір сүретін орта қажет болды. Сондай бір мақ-

сатпен Байғожа Шарапатұлы қаладағы орталық Хайуанаттар бағының директорына видео-

телефон соқты. Анарбек Донбайұлы тез жауап берді. Бір қаланың ішіндегі, бірақ екі аудандағы мекеме кабинеттерінде отырған екі ғалымның бейнелері өзді-өзді видеоэкран-

дарынан-анық көрініп тұрды. Сәлем-саулықтан кейін Байғожа мән-жайды түсіндіруге кіріскен.

  • Бұл өзі аса жауапкершілікті талап ететін оқиға, - деп жалғады ол сөзін толқып

отырып, - өзіңіз білесіз, алып кесіртке-динозавр бұдан жетпіс миллионнан аса жыл бұрын

өмір сүрген. Оны осыншама мерзімнен кейін бүйтіп тіріліп кетеді деп кім ойлапты. Тіпті, осындай болжамдар айтылғанда кейбір ғалымдар қарсы да болып еді-ау. Өмірде не бол-

майды деген осы да. Мейлі, енді болары болды. Оянар алып оянды. Егер ол саналы адам болса, талай тарихты баяндап берген болар еді. Амал қанша, сана да жоқ , тіл де жоқ .

Бірақ ең бстысы  - ол тірі. Тарихтың тірі куәсі. Бәлкім, біз арнайы ми құрлығыларымыз арқылы алыптың көргендерін видеолентаға түсіріп те алармыз. Ол енді болашақтың жұ-

мысы. Менің айтайын дегенім де соған тікелей байланысты нәрсе.

  • Өзім де сезіп отырмын, - деді сөзді бір сәтке бөлген, - Хайуанаттар бағының ди-

ректоры, - біз барлық жағдайды жасауға дайынбыз.

  • Алып кесіртке-динозаврдың Айдағы ауасы да, суы да, тамағы да шектеулі ортада

ұзақ бола алмайтыны белгілі нәрсе. Сондықтан ол келгенше бір әрекетімізді жасауымыз керек.

  • Менің пікірімше, пілге арналған орындай болса жеткілікті шығар?
  • Әрине, биіктігі содан көп емес. Бірақ алыптығы жағынан пілден асып түседі-ау.

Оның өлшемдері белгілі емес пе. Несіне тон пішеміз. Әңгіменің тоқ етері, осы бір-екі күн-

нің ішінде сол алыпқа арнап жай салу  қажет. Бүгіндегі техникалар үшін бір үй салу сөз болып па. Оның үстіне динозавр үшін үй дейтін үй керек пе? Айтпақшы, ол өзінің тас үңгірімен бірге келеді. Сондықтан салынға үйдің үсті ашылып-жабылатын болуы тиіс. Сол жағын да ескерерсіздер. 

     -  Жақсы, - деді Анарбек Донбайұлы, - бәрі түсінікті. Уақыт жоғалтпай іске кірісеміз. Оның мойнының ұзындығын да ескеру керек болар. Мойыны әрі жуан, әрі керіктікі сияқты ұзын ғой. Алыстан қармайтын жануар. Бет-бейнесін талай көрдік емес пе. Ал денесінің алыптығы болса да таңғаларлық. Ол бәтшағарға аз тамақ кетпесе керек. Ал бағу

жағы тағы бар. Оны бағатын адам да шыға қояр ма екен. 

     -  Мұныңыз шынында да көкейкесті мәселе екен! -  деп жымиды Байғожа, - ол жағын тіпті де ойламаппын-ау. Баптай білсе, адам баласына үйренбейтін хайуанат бар ма? 

     - Ол бүгінгі күннің хайуанаттары ғой, Бәке, - деді Анарбек сәл шалқая түсіп, - ол кезде

біздің ата-бабаларымыз алыптың маңына жолады ма екен? Ол бәтшағарыңның көз алдын-

да қазіргі заман емес, сол баяғы заман тұрған болар?

  • Иә, ол заңды нәрсе. Қалай болғанда да, алып біздің заманда, біздің ортамызда. Тілі

жоқ мейман ғой. Оны қорғап, бағып-қағуымыз керек.Онсыз болмайды. Қаншама  жылдар-

дағы зерттеу еңбегіміз, болжамымыз еді ол. Енді міне, өзінен өзі ертегідегідей арамызға келіп, оянып, басын көтеріп отыр?

  • Ол рас. Тек аман болсын. Біз бұл жаңалыққа тек қуанамыз. Мұнда келуін күтеміз.

Ал бағып-қағу жағын бірдеме етерміз. Жаңадан салынатын үйдің  ішін де оның қатерлік жағына ыңғайлаймыз. Қандай қатерлі болғанда да біз оны қарамағымызға аламыз, тамақ берудің жөнін табамыз. Оған келісетін адам да табылар-ау.

  • Солай шығар. Ал, уақытыңызды алғаныма айып етпеңіз. Мен енді Айдағыларды

алыптың жағдайы қарастырылды. Бәрі жақсы болады, -деп сендіре аламын ғой?

     -  Иә, айтуыңызға болады. Бізден оларға дұғай сәлем. Өзім де хабарласармын, олармен. Ал онан бұрын жаңа үйді салатын кісілерге бағыт-бағдар беремін.

   Әңгіме осымен бітті. Екі жақтың да видеоэкрандары лып-лып сөнді. Байғожа Аймен сөйлесуге кірісті. Ал Анарбек алдындағы панельдегі көп түйменің бір-екеуін басып-ба-

сып жіберіп бақтағы қызметкерлерін өзіне шақырды. Айда оянған алыптың жағдайын олар да жақсы білетін. Білмей қайтсін, өздерінің де күнделікті  айналысып жүрген істері де хайуанаттармен байланысты болса. Олар үшін хайуанаттың қандайы болса да ыстық.

Қызметкерлер өздерінің бөлімдеріне қарай хайуанаттармен араласады. Бағып-қағады, астын тазалайды. Денсаулықтарын мал дәрігерлері қарайды. Қанша жабайы болса да өздеріне жақсылық жасаған адамды олар да білледі. Шапшымайды. Ал сырттан қараған адамға олардың бәрі де қатерлі көрінер еді. Дүрдиіп, шиыршықтанып, анда-санда сәл ғана қозғалып қоятын үлкен жыланды кім көрмеген. Ал сол үлкендердің өзін күттетін, жағдайын жасайтын адам бар. Оларды жүрек жұтқандар дейді кей адамдар. Солай деуге де негіз жоқ емес. Қатерлі жылан қашан да өзінің түрімен де, қимылымен де суық. Келесі бір бөлмеде тым-тырыс, бейне бір өліп-семіп қалғандай болып жататын крокодилдер ше? Тосыннан келген адамға азулы ауызын арандай ашып тұра ұмтылмасына кім кепіл? Ал алыптай алшаң басатын пілдің бір тұяғының өзі адам баласын езіп тастар еді. Сондай-ақ бақтағы арыстан мен жолбарыс, қасқыр мен түлкі де қатерсіз емес.

   Директордың кбинетіне аз уақыттың ішінде жиналған қызметкерлердің дені сол қатерлі хайуанаттар мен бауырымен жорғалаушыларды бағатындар. Табиғаттағы ең қатерлі деген

хайуанаттар мен саналы-қатерлі деген адаммен арасындағы байланысты күнделікті көріп-біліп жүргендер. Олар үшін хайуанаттың да, құстың да бәрі бірдей. Бәрінде де жақсылық-

ты, қамқорллықты түсінуге деген сезім бар. Оны келгендердің бәрі де жақсы біледі. Анар-

бектің өзі де жастайынан хайуанатты ұнатып өскен. Ол күшік, мысық десе ішкен асын жерге қоятын. Ауылда өскендіктен оған тек қолдағы емес, жабайы хайуанаттар да таныс-ты. Үйіндегі малдың жайын жақсы білетін. Қойларының әрбір еніне дейін жаттап алатын.

Есейгенде де, оқуға түсіп, студент атанғанда да сол хайуанаттарға деген сүйіспеншілігі қалған жоқ. Егер ол басқа саланы таңдағанда бәлкім, хайуанаттардан қол үзіп кетер ме еді, солай болмас үшін Мал дірігерлік институтын таңдаған. Содан кейін ғылым докторы болды. Бүгінде де нағыз қайнаған хайуанаттар ортасында жүреді. Адам баласы өзі қала- ған, нәрсесінен үлкен ләззат алады. Егер қаламаса, мына хайуанаттарға аса жаны ашымас та еді. Олардың тілсіз жан-дүниесін түсінбей селқос қарамақ. Анарбек ондай қасиетті ұнатпайды. Қарамағындағылардан да соны талап етеді. 

   Ол үлкен үстелдің екі жағындағы қаз-қатар тізілген қызметкерлеріне барлай қарады. Сонан соң алдындағы қағазына бірдемелерді түртіп алды. Бірақ асыққан жоқ. Асық- пайәтыны, бұл кезде бір-бірлеп қызметкерлері кіріп жатқан. Олардың хайуанат-тардың жайын ойлап, мезгілінен өткізіп алмауға тырысып жүретінін де жақсы біледі.

Сондықтан да мұндай шұғыл жиылыс кезінде кешіккендерге ол үлкен кешіріммен қарай-

тын. Қызметкерлеріне кешіріммен қарағаны, тілсіз хайуанаттарға да кешірімділік жасағаны. Күнделікті араласқан соң осы бақтағы тіршілік  иелерінің бәрі де оған өзінің жанұясының мүшелеріндей болып кеткен. Жай кездері ол әрбір қызметкерден бағып-қағып жүрген хайуанаты, я құсыныаң хал-жағдайын асықпай отырып сұрайтын. Олардың көпшілігінің аттары да бар. Сол аттарымен  еркелетіңкіреп те айтатыны бар. Оны қызмет-

керлері де жақсы көреді. Еркелетіп айтқан атты олар да жиі қайталайды. Күнделікті  көр-

сететін қылықтарын айтып, біраз күлісіп те алады.

    Бірақ қызметкерлерге Анарбек Донбайұлының бүгінгі мінез-құлқы ерекше көрінді. Емен-жарқын емес. Біртүрлі тұйықтау. Әлденені ішінен уәйімдеп те отырғандай. Бірақ сыр бермейді. Алдындағы ақ қағазына сызылған бір схема-суретті олай бұрып, бұлай бұрып қарайды. Содан соң оның жанына бірдемелерді жазады. Бақтағы қызметкерлер Айдан табылған алып кесіртке-динозаврдың табылғаны жөнінде көптен хабардар-ды. Ал оның соңғы жаңалығын естіген жоқты. Алып табылғанымен мұнда қойылмайтыны белгілі-тін.

Оның орны да Зоология институтындағы арнай бөлме еді. Сондықтан бүгін ол жайлы жаңалық айтылады деп ешқайсысы да ойламап еді.Қызметкерлер алып кесіртке-динозавр-

дың оянғанын да біледі. Соның өзінде де оның болашақ тағдыры өздерімен байланысты 

болады деп топшыламаған. Ендігі сөз Анарбектің өзінде еді. Ол асықпай отырып, соңғы қызметкер есікті жайымен жапқан кезде басын көтерді. 

  • Амансыздар ма? Хал-жағдайларыңыз, хайуанаттарыңыз аман ба?- деп бастады

ол сөзін әдеттегіше, - көңіл-күйлеріңіз қалай? Ал хайуанаттар мен құстардың, бауырымен жорғалаушылардың жағдайлары мен көңіл –күйлері ше? 

     -  Жақсы, - деді алдыңғы орындықтың бірінде отырған арық келген, ұзын бойлы, шашын ақ шалған, жалпақ бет жігіт, - маймылдардың бүгінгі көңіл-күйлері көтеріңкі. Ызалық жоқ. Аспа темірлерде емін-еркін ойнап жүп!

     -  Рақмет, Киікбай Ренатұлы! – деді оған Анарбек, - маймылдар осы бақтың ішіндегі хайуанаттар мен құстар, қос мекенділердің ішіндегі ең саналысы! Солардың жағдайлары дұрыс болса, қалғандары да жаман өмір сүрмес деймін! Жарайды, қалғандарда арыз бол-

маса жаңалығымды айта берейін, солай ма?

   Отырғандар бастарын изеді. Бұл анау-мынау жаман жаңалықтың жоқтығын білдірген-

дері еді. Анарбек «Әлде де біреуі бір оқиғаны айтып қала ма» дегендей иегін сәл көтеріп, отырғандарды көзімен шолып өтті де, алдындағы қағазын қолына алды. 

  • Тыныштық па әйтеуірі? – деп қалды сол кезде құстар бөлімін қараушы, орта бойлы, 

толықтау денелі, дөңгелек жүзді, тәмпіш мұрын, қара көз келіншек Анарбекке, сонан соң отырғандарға көз жүгіртіп шығып,- ерте жинадыңыз? 

  •  Сандуғаш Есенқызы бірдемені сезіп отыр-ау, - деп жымиды Анарбек Донбайұлы,-

тыныштық емес. Бірақ жақсы жаңалық . Айтайын. Мен жаңа ғана Зоология институтының

басшысымен сөйлестім. Әңгіме Айдағы алып кесіртке-динозавр жайлы...

       - Өзі аман ба екен? – деп қалды океанариумды қараушы жас жігіт Иембай Лекерұлы,-

оянды дегендерін білеміз...

  • Аман-есен. – Анарбек қағазына бір қарап алды, - менің айтайын дегенім басқа

жоспар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Айдағы базадағы оттегі де, су да, тамақ та шектеулі. 

Ол қанша кең болса да тар Жердің ғажайып табиғатына жете ме? Байғожа Шарапатұлы маған бір өтініш жасады. Ол мынау. Айдағы алып кесіртке-динозаврды осы баққа әкелу жоспарланып отыр екен...

   Отырғандар қозғалып кетті. Күбір-күбір сөз де басталған. Бірақ Анарбек сөзін әрі қарай жалғамаққа талпынды. Олар сөз берер емес.

  • Сонда ол қайда тұрмақ? Мұнда ол сиятын орын бар ма? Тамақты да аз жей қоймас?

Алып емес пе? – деді ірі хайуанаттар бөлімін қараушы маман Бейсебек Қожашұлы. 

  • Оның бәрін ойластырып отырмыз,- деп қияқтай мұрты бар, арық келген, көзінде 

көзілдірігі бар, шашы сәл бұйралау жас жігітке қадала қарады Анарбек, - міне, мына қағазда алып кесіртке-динозавр тұратын үйдің жобасы да сызылған. Мен мұны манадан бері бекер қарап отырған жоқпын.

  • Ал ол үй қай кезде дайын болмақ? – деді отырғандардың ішінен бір жас қыз.
  • Бүгінде үй тұрғызу сөз бе екен? Оның қабырғалары дайын. Тек іші демесеңіз.

Мен құрылысшыларды да шақырып қойдым. Олар материалдарын бірге ала келеді де,

тездетіп үйді тұрғызуға кіріседі. Мен осыны сіздерге ескерткелі шақырдым. Білейін де-

генім алып кесіртке-динозаврдың  бағымызыға келуіне қарсы емессіздер ме?

  • Қайта ғажап болмай ма? – деді Ғали Сапарұлы дейтін жігіт орнынан тұрып,- ол

келсе,біздің баққа адамдардың келуі де күрт көбейеді! Нағыз керек нәрсе!

     -  Ол жағын біз де ойлап отырмыз. – Анарбек жігітке отыра ғой деген  белгі беріп,- енді сол алыпты бағып-қағатын адам керек. Ондай батыл бар ма арамызда?

   Бұл сұрақ бәріне де ауыр болды. Анандай алыппен алысу деген оңай нәрсе ме. Әдетте, хайуанаттар бағына аңдар мен құстар кішкентай кезінде әкелінеді. Сол шағынан адам өз қолына үйретеді. Әйтпесе, тағының аты – тағы. Сенуге болмайды. Тіпті, қолға үйретілгендердің өздері де кенет ашу шақырғанда адамның өзіне тап береді. Цирк ойы-

нында мойнына орап, қысып жіберіп, үлкен жыланнан мерт болған ойынпаздар аз ба еді. Ол ол ма, бақ ішінде онан да басқа түрлі оқиғалар болып жатады. Тіпті, тор сыртында тұ-

рып ашуландырғандықтан жігіттің көйлегінен шап беріп ұстап, өзіне қарай тартып алып, үсті-басын тырнап, көйлегін жыртқан маймылдар да болып жатады. Мазаққа ешкім де төз-

бейді. Хайуанаттардың да намысы бар. Оны бағушылар ондай қатерлі психологиямен абайлап байланысады. Ал сонау бір заманнан жеткен алып кесіртке-динозаврдың тілін табу қатердің қатері болса керек. Сондықтан да бөлме ішінде шыбын ызыңы естілерлік тыныштық орнаған. Сол себепті ол біразға дейін үнсіз отырды. Содан кейін қатерді еш-    кімнің де мойнына артқысы келмей сөзін былайша сабақтады.

     - Мен сіздерді қатерге итергелі отырған жоқпын, - деді ол, - қолындағы сағатына қарап,

- оны бағып-қағуды өз мойныма аламын. Сіздер өз істеріңізді жалғастыра беріңіздер. Тездетіп іске кірісуіміз керек. Алып Айдан  келгенше бір апта уақыт өтеді. Ал осы уақыт ішінде үйіміз дайын болуы тиісті. Осымен жиналыс бітті.

   Мән-жай түсінікті еді. Сондықтан ешкім артық сұрақ қойып, уақыт алғысы келмеді. Уақыттың қадірін қай-қайсысы да жақсы біледі. Оның үстіне Анарбектің басқа да жұмыс-

тарының толып жатқаны белгілі. Қызметкерлер жақсы десіп,  бір-бірлеп кабинеттен шы -ғып кетті. Өздерінің де күтіп тұрған жұмыстары жеткілікті. Кабинет іші әп-сәтте босап қалды. Анарбек Донбайұлы енді басқа жақпен байланысқа кірісті.


                                    Алыппен арпалыс


   Алып оянғалы Жер тәулігімен есептегенде үш тәулік зыр деп өте шыққан. Сонда да зыр жүгіру мен алаңдау басылған жоқ. Қайта күшейе түскен. Бүгінгі күндері Есеналы мен Саматайда тыным болмады. Қалай болсын, барлық нәрсе өздеріне қарап тұрса. Кім нені түсінбесе, осы екеуіне келеді. Басқа ғалымдардан сұрап жүргендері де жоқ емес. Дегенмен, басшы осы болғандықтан жауапкершілік қашан да монйынан түспейді.

   Есеналы соңғы уақытта телебайланысты қойып, қоймадағы алыппен кәдімгіше жүздес-

кенді қалайды. Онысы орындалып та жатыр. Тек ара-тұра оған жасалатын жедел көмек-

тер бөліп кетіп отырады. Жедел көмектің ең бастысы – Жерден оттегін жеткізу. Бұл мәсе-

лемен ғалымдар мықтап айналысуда. Тек Жер ме, Айдың топырағынан алынатын оттегі де бар. Жерден келмей қалған кезде сол топырақтан өндірілген оттегілер жіберіледі. Бірақ алыптың аты алып. Ол оттегіге тояр емес. Беріліп жатқан шикі еттер де жұқ болмай жатыр

Қазақстан ғылыми зерттеу базасындағылар соңғы кездері көп уақыттарын осы мәселеге арнаған. Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары да тоқтап қалды. Бірақ амал не, дүние жү-

зі көз тігіп отырған алыптан тағы да айырылмау керек.

   Алып кесіртке-динозавр арнайы саңылау арқылы тасталынған шикі етті оп-оңай опырып жейді. Содан соң тағы тілегендей гүрілдеген дыбыс шығарады. Ол қойманың кең бөлмесін жаңғырықтырып, күңірентіп жібереді. Оянғалы бері алыптың қимыл-қозғалысы да, дыбы-

сы да видеолентаға жазылып алынды. Ендігі мақсат – оның мінез-құлқын, тіршілік жағ- дайын бақылау еді. Есеналы мен Саматай сол мақсатта бақылау жүргізеді. Екеуінен басқа

зоологияның өз мамандары да бар. Бір алыптың арқасында Жерден қаншама ғарыш ке-

мелері келді. Қаншама оттегі, су, тағамдар жеткізілді. Алып үшін Қазақстан ғылыми зерт-

теу базасында қаншама өзгерістер жасалынды. Бірақ сонда да ғалымдар өз бағыттарынан, өз үміттері мен мақсаттарынан тайған емес.

   Алып кесіртке-динозавр соңғы уақытта тас үңгірінен шығып, қойма ішінде айналшақтап жүретінді шығарған. Онан бір мезеттерде шығатын есік іздейтінін қайтерсің. Ол әлі де өзінің қоймада жалғыз емес екенін сезбейді. Өзін аңдып жүрген ғалымдарды да әлі көре алған жоқ. Тіпті, алып бір заманнан басқа бір заманға, бір ғаламшардан екінші ғаламшарға ауысқанынан да бейхабар. Ол ғана ма, өзінің дәл қазір қандай ортада екенін де білмейді. Алып кесіртке-динозавр емес, мұндай жағдайда саналы адам да ажырата алмас еді. Ға-

лымдар оның бұл күйін де түсінеді. Бірақ онымен қалай жақындасуды,  қалай «тілдесуді» білмейді. Ол әлі адам баласын көрген жоқ. Көрсе бәлкім, мұнан да асауланып кетер. Тіп-

ті, мына қойма ішінің астаң-кестеңін шығарып, көптеген күрделі жүйелердің бүлінуіне әкеліп соқпақ. Ол тек күрделі жүйелерге ғана залалын тигізіп қойса жақсы, қойманың бір жер, бір жерінде саңылау пайда болса, тіпті де қиын. Онда тек алыптың өзі емес, осын- дағы күллі адам баласына қатер төнбек. Ай үстінің ауа аквариумы екенін әрбір жан жақсы біледі. Ал алып үшін бәрібір. Артық қадам басса, өміріне қатер төнетінін сезбейді.

   Жер есебімен саналатын үшінші тәулікте Есеналы алыппен жүздесуді жөн санады. Бірақ ол ойын айтқанда, базадағылардың бәрі де қарсылық білдірген. Есеналының бір бет мінезі олардың ол қарсылықтарына қаратпады. Содан ол үстіндегі комбинезонын шешіп, қосымша шығар люкке жақындады. Оны бірнеше ғалым қоршап жүрді. Люкті ашардан бұрын оның мөлдір терезесінен алыптың жайын бір бақылап алған-ды. Ол әуелгісінен жайбарақаттау болатын. Қойма бөлмесін айнала-айнала шаршап, біраз тынығуға да көш-

кен. Бірақ кенеттен болған құбылыс оның қайта көтерілуіне мәжбүр етті. Ол ашылған люк жанында тұрған Есеналыны бірден байқады. Бұл алғашқы адамдарға ұқсап шыққан еді. Алып ұзын мойнын көтеріп, айдаһардың басына ұқсаған басын жоғары көтеріп, мойнын жыланша иіп, алдында тұрған адамды бір-ақ жұтпақ болды. Бұл сәтте бірнеше ғалым Есеналының тасасында қатер төнген жағдайда кейін тартып әкетуге дайын тұрған. Алып кесіртке-динозаврдың қызғылттанған көздері онан сайын қан талап, ақсиған тістері ап-анық көрініп, ғалымға жақындай берді. Оның денесі мұндай кезде де әзер қозғалатын. Орта тұсы кәдімгі пілдің денесін көзге елестетеді. Аяқтарының жуандығы мен салмақ- тылығы еденге түскен іздерінен білінеді. Құйрығы да жуан әрі ұзын. Егер сол құй-

рығымен алдында тұрған кішкентай адамды бір салса да жетіп жатыр.

   Есеналының мұндай жағдайға баруына негізгі себеп – оны жақсылап бір көру болатын. Өйткені, Жерден арнайы жүккеме келген бетте алып соған салынады. Ал онан кейін онымен кездесудің өзі де қиындап кетпек. Есеналы бастаған жаңа құрамның әлі орындап бітпеген істері көп-ақ. Соларды орындау қажет. Ал сонан соң Жерге оралғанда алыптың хал-жағдайының не болып кететіні де белгісіз. Оның үстіне алыппен бұлайша жүздесу қатерсіз. Алыптың азулы аузы шындап жақындаса, ол лып деп люк арқылы кейін кетеді. Алыптың аузы оған сыймайды. Бұл сол мезозой дәуірі емес. Егер ол кез болса алдындағы адамды бірнеше қадам жүргірген соң-ақ оп-оңай қармап алып, қылғыта салар еді. Енді мына адамның тұрысы мен қулығы алыпқа ұнамаған сияқты. Есеналы кейін лып деп кіріп кеткен кезде алып кесіртке-динозаврдың тұмсығы қабырғаға тиеді де, ызаланып, басын қақшита жоғары көтеріп барып, еденге күрт түсіреді. Содан айдаһарша басын олай, бұлай жылжытады. Аузын арандай ашып, тістерін ақситып, ол екі арадан ұзын тілін шығарады. Қарап тұрған адамға аса қорқынышты. Есеналы да өзінің қатер жағдайында екенін ұмы-

тып, алға қарай ұмтылады. Алып кесіртке-динозавр ерекше бір арбаушылық қасиеті де бар тәрізді. Оның үлкен екі көзі, бас пішіні ақ тістері мен қызыл тілі адам баласын қараптан қарап тұрып-ақ талдырып түсіреді, мықты болса, есеңгіретеді. Мұнан ғалымдар алыптың заманындағы жемін жеудің қандай әдістері барын аңғарды. Алып кесіртке-динозаврдың ұзын мойны өте жылдам қозғалады. Оның кейбір әрекеттеріне көз ілеспейді. Бір қараған- да, жылан мен баланың арбасуы сияқты көрініс. Баланың ісі сияқты. Бірақ керек көрініс еді.

   Енді біраздан соң алып кесіртке-динозавр өзінің қандай да бір қапаста екенін, мұнан шыға алмайтынын сезгендей болды. Ол жайлап барып, тас үңгірге енді. Өзінің жатқан ор-

нын иіскелеп,  тіміскілеп көрді. Әлденелерді іздегендей болды. Тек түсіне алмағаны айнала ортасы еді. Қарсы алдындағы адамды ұстап жей алмағанына налығандай бірде тас үңгірден мойнын созып шығарып, бірде жиырып ішіне енгізіп қояды. Екі көзі тас үңгірдің  қараңғылау аузынан көше реттегіш шамдай қызарып көрінеді. Өз дәуірінде қалағанын қармап үйреніп қалған алыптың әрекетінің бұлайша сәтсіз аяқталуы алғаш болса керек. Ара-тұра тас үңгірден басын шығарып, люк жаққа қарайды. Есеналы да мейлінше сақ тұр. Өйткені, оның аса жылдамдықпен шабуыл жасауы да ғажап емес. Бірақ жазым болса, бұламыққа тіс сынады дегендей, Есеналы қасындағылармен әңгімелесіп тұрғанда алыптың ақ тістерінің мұның белбеуіне қарш ете түскені біра-ақ сезілді. Алып басын қайта көтеріп алғанда, шынжыр белбеу шайқалып жоғары қарай шырқап жөнелді. Есеналыны төңірегінде тұрғандар тез тартып қалмағанда алыптың аузында кететін  еді. Ол әлі де өзінің қандай жағдайда екенін  сезбейтін тәрізді. Бейне бір баяғы заманын көзіне елестететін болуы керек. Ғалымдар оның тіс қаруының құдіреттілігіне аса таңданған жоқ. Өйткені, ол солай болуы тиісті де еді. Алып кесіртке-динозавр сол бір замандағы ең күшті тіршілік иесі болатын. Ол кезде адам баласы әлсіз еді. Қолындағы бар қаруы – тасы мен таяғы-тын. Динозаврдың көз алдына тек сол бір заман келетін тәрізді.

   Есеналы енді есікке аса жақындамады. Шынының бергі жағынан бақылауға кірскен. Өзі ғана емес, жанындағы басқа ғалымдар да алыптың әрбір әрекетін мұқият бақылауда. Бұл бір дәуір мен екінші дәуірдің екі мықтысының кездесуі іспетті көрініс. Ол кезде алып кесі-

ретке-динозаврға тең келер мықты болмаса, бұл заманда адам баласын жеңетін күш жоқ. Бірақ оны түсінетін алып бар ма. Тұла бойына қан жүгіріп, денесі ширап, қарны тойған соң бұлқына бастаған. Қойманың кең бөлмесінде саңылау іздеп, тіміскілеп те жүрді. Ал өзі жақсы байқап алған қалың шынылы люкке қайта-қайта тап береді. Ондай кезде ғалымдар сол шынының бергі жағында тұрса да сескеніп кейін шегінісіп қалады. Алып-

тың алапат тұмсығы сол шыныға сарт тиеді де, кейін қайтып кетеді. Егер ол шыныны сындырған күннің өзінде де мойыны болмаса алып денесі сыймас еді. Онысы айдан анық.

Ғалымдардың бір сенген нәрсесі де сол-тын.Бірақ мынандай ғаламат қара күшке сене беруге де болмайды. Ол шындап бұлқынса, адам қолымен жасалған мына құрылыстың тас-талқанын шығарып жіберуі мүмкін.

   Жаңа ғана Есеналының белбеу шынжырын қас пен көздің арасында кесіп әкетті. Енді оны ол қаршылдатып шайнап-шайнап, шынжырдың дөңгелектерін бөлек-бөлек етіп ша-

шып тастады. Осы қылығынан кейін оны үйретемін, я онымен достасамын дейтін үміт өз өзінен үзілген-ді. Енді ғалымдар шыны люкті ашуға да қорқады. Алып кесіртке-динозавр-

дың бар тіршілік-әркеті енді тек телебайланыс  арқылы ғана беріліп тұр. Оның қабырғаны дірілдететін ғаламат дауысының өзі адамның денесін түршіктіреді. Ол тек дауыс па екен. Өзінің күллі тобырын іздегендей аласұрады. Жалғыздығын да сезінеді. Қанша алып болса да адамдар оны бір жағынан аяп та кетеді. Бірақ амал не, мақұлықтың аты мақұлық. Егер ол кішкентай болса, онда қолға үйретудің әрекетін жасауға да болар ма еді, бұл ол кезеңнен өтіп кеткен.

   Дегенмен, ғалымдар онан үмітін үзген жоқ. Алыптың қанша мықты болса да қамауда екені белгілі. Ол енді ешқайда кете алмайды. Ғалымдардың қорқатыны – ол бұлқынып-бұлқынып, қойманың төбесін бұзып Ай бетіне шығып кетсе, жоғары ыстыққа шыдамай мерт болатыны. Сол үшін де бүгінде қойманың үстіңгі жағы тағы бір қабат бетонмен жабылған. Қатер ол ғана емес, алыпқа қажетті оттегінің, шикі еттің жеткіліксіз болып қалуы да бар. Айналып келгенде ойламаған жерден ғалымдар осындай әбіржушілікке тап болды. Айда, ондағы бір қазаншұңқырдағы мәңгілік қатқан мұз астында осындай алып жатады, ол бір мезгілде өстіп тіріледі деп кім ойлапты. Енді бәрі де шындыққа айнал- ды.Алып кесіртке-динозавр көз алдарында.

   Жаңағы алып шабуылынан кейін ғалымдар біршама уақыт демалуға кетті. Енді шыны люктің жанында арнайы кезекшілер ғана қалған. Олар тікелей де, телебайланыс арқылы да алыптың жай-күйін қадағалайды. Бірақ алып тыным таппады. Басын олай бір, бұлай бір шайқап, кейде қойма қабырғасына соқты. Мұндай соққы кезінде кезекшілер үрейленіп кетеді. Алыптың өзін өзі мерт етпеуі жағын да қарастырады. Оның ұзын мойны мен ба-

сының айдаһарды елестеткені болмаса, аса бір зұлымдығы білінбейді. Бірақ о бастан бері сол замандағы алып кесіртке-динозаврдың ең күшті жыртқыш болғандығы санаға әбден сіңгендіктен оған деген сенім аз. Түрі анық, көзі жанып тұр. Тек тілі жоқ. Сенім жоқ. Адам оған қаншалықты сенімсіздікпен қараса, ол да сондай дәрежеде өзін сақ  ұстайды. Ал оның миының қыртысы астында талай тарихтың жазылып жатқаны болса да белгілі. Тек соны жеткізетін тіл жоқ . Ғалымдар тобы енді сол жағын ойластыруға кіркен-ді. Осы екі арадағы демалыс кезінде Есеналы бастаған ғалымдар құрамы алып кесіртке-дино- заврдың ми қыртысындағы ғажайып көріністерді видеолентаға түсіріп алуды да жоспарлады.

   Ол үшін тағы да Жермен байланысу қажет еді. Соңғы кездері Жер мен Ай арасындағы жүккемелердің ары-бері ұшысы жиілеп кеткен. Сол жиі ұшудың арқасында алып отте- гімен, сумен, шикі етпен қамтамасыз етілді. Енді мұның болшақ өмірі Жерде өтпек. Ал алыптың миындағы көргендерін  видеолентаға түсіру үшін оған қандай да бір қозғау салу қажет еді. Және ол бір-екі күннің үлесіндегі іс емес. Есеналы осы жағына ерекше мән беріп, ғалымдарға ол үшін динозаврды Жерге апару керектігін ұсынды. Ондағы ойы Жерде динозавр заманына келтірерлік жағдай мол. Жердің бір жақсы табиғатын сол бір мезозой заманындағыдай етіп өзгертуге болады. Сөйтіп, мұны біраз еркіндікке жіберсе. Сонда барып мұның ми қыртысында сол бір заманғы көргендері елес бермек. Бұл ұсы-

нысты ғалымдар бір ауыздан қабыл алды. Сонан кейін алып кесіртке-динозаврды маза- лудың жөні де жоқ  деп санады.   

   Ғалымдар аз ғана демалып, келесі бөлімге өткен кезде базадағы әуежайдан Жерден арнайы жүккеменің келіп қонғаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл асыға күткен  жүккеме еді. Сондықтан ғалымдар алыпты қадағалауды бірнеше кезекші мамандарға тапсырып, өздері әуежайға қарай асықты. Жүккеме арнайы жасалған еді. Оның салоны осындағы  қойманың үлкен бөлмесінен сәл-ақ кіші. Кеменің қабырғалары да мейлінше мықты етіліп жасалған. Әуеге көтерілген бетте оны жан-жағынан қоршап ұшып жүретін арнайы шағын  кемелері де бар. Олардағы ғарышкерлер жүккемедегі алып кесіртке-динозаврдың жай-күйін біліп отырмақ. Ал жүккемедегі ұшқыш-ғарышкерлер отыратын бөлім салоны-

мен мойын арқылы жалғасады. Ол мойында бірнеше люк бар. Алып кесіртке-динозавр қанша бұлқынса да ұшқыш-ғарышкерлерге қарай өте алмайды. Жүккеменің біраз бөлігі оттегі мен суға арналған. Алыпқа берілетін шикі еттер де арнайы бөлімде. Олардың бәрі манипуляторлар арқылы беріледі. Қоймадағы оның кенеттен жасаған шабуылы оған деген сенімді мүлдем жоғалтқан.  

   Сондықтан да енді оны жүккемеге артудың өзі бір мәселе еді. Бірақ адамнан қулық артылған ба. Жүккеме қоймаға жақын келгеннен кейін екі араға іші кең құбыр жүргізілді. Бұл әдіс Жерден ойластырылған-ды. Есеналы бастаған топ оны көргенде бір жеңілдеп қалған. Бірақ алып кесіртке-динозаврды кемеге қалай өткізу керек. Осы жағы да біраз қиындық туғызғандай болды. Артынша оның да жолы табылды. Алып кесіртке-динозавр

өзінің мынандай техника дамыған заманда екенін әсте сезбейді. Ендеше, сол кездегі адамның  бионикалық көшірмесін жасаса қайтпек. Жерде бұл жағы да ескерілген-ді. Ғалымдар ол әдісті де қолдады. Құбыр қойма мен алапат жүккеме арасын жалғастырады. Содан соң оның ішіндегі шаң-тозаң, радиация тазартылды. Оттегі жіберілді. Енді онда ешбір комбинезон, шлемсіз жүруге мүмкіндік бар. Әуелі ғалымдар мен  сол істің арнайы мамандары байқап көрді. Содан кейін оттегіні жіберу жүйелерінің жұмысы күшейтілді. Адамның бионикалық көшірмесі алып кесіртке-динозавр жатқан бөлімге қарай жіберлді. Ол алыстан, арнайы пульттен басқарылып отырды. Мезозой адамы ашыла  берген люкке қарай беттеді. Сол кезде не істерін білмей жатқан алып та басын тез көтеріп алып, өзіне таныс тіршілік иесіне қадалды. Енді пульттегілер адамды кейін бұрды. Сол замат алып кесіртке-динозавр да тұра ұмтылған. Адам қаша жөнелді. Алып соңынан ерді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде-ақ ол қалың құбыр арқылы алапат жүккемеге өтіп кеткенін байқамады. Бірақ ол адамның бионикалық көшірмесін қуып жетіп, аузын арандай ашып, жұтып жібе-

руге талпынды. Онымен салыстырғанда адам баласы кәдімгі қуыршақтай ғана болып қалады екен. Алыстан басқарылып отырған бионикалық көшірме оған оңайлықпен ұстатпады. Соның салдарынан жүккеме ішінде біраз арпалыс болды. Алып кесіртке-ди-

нозавр ұзын мойнын шайқап,құйрығын қозғап, жүккеме қабырғаларына соқтығып, оны дірілдетіп жіберді. Кеме оған арнап жасалынған-ды. Өйтпегенде, анау-мынау жерін қиратудан тайынбайды. Қалың қабырғалардың өзі де сондай  солқ-солқ ете түсті. Телебай-

ланыс арқылы көріп отырғандар ондай әрекет кезінде алыста болса да сескеніп қалады. 

   Оянғанына біршама уақыт өтсе де онымен ешкім жақын жүздескен жоқ. Тек шыны арқылы, телебайланыс экраны арқылы ғана көріп, қимыл-әрекетін бақылауда. Алыптың мінез-құлқы да уақыт өткен сайын күрделене түскен. Ол асауланып, жиі бұлқынатын бол-

ді.Мына қамаудан шығуға талпынды. Сонау бір өз заманындағы еркіндігін аңсайтын тә-

різді. Санасыз болғандықтан қандай жағдайға тап болғанын тағы түсінбейді. Сөйтіп ол жүккеменің не екенін де ажыратқан жоқ. Адамның бионикалық көшірмесі әкетілгеннен кейін де көп бұлқынды. Ұзын мойнын орай қозғап, басын жүккеме қабырғасына сар-сарт ұрды. Кей соққысы тіпті, оны тесіп жіберердей.  Жүккемені басқарушы ұшқыш-ғарыш- керлер де оның шамалы болса да тынышталуын күткен. Араларын бірнеше люкті құбыр бөліп тұрса да оның бұл бұлқынысы мен гүрілі жан түршіктіреді. Ұшқыш-ғарышкерлер қоймада қалған ғалымдармен жиі-жиі байланыс ұстап отырды. Ғалымдар да алып кесіртке-динозаврдың шамалы болса да тынышталуын күткен. Әйтпесе, мына күйінде ке-

менің Ай бетінен көтеріліп ұшуы да қиын еді. Табиғаттың мұндай құдіретті күшін алғаш көрген ғалымдардың өздері де таңданып отырып қалған. Алып кесіртке-динозавр көп бұлқынды. Оның құдіретті күшін көріп-біліп отырса да енді бірде ғалымдардың кейбірі аяп та кетеді. Осыншама мерзімге бір-ақ секірген мезозой эрасының мейманы енді жалғыздықтың азабын тарта бастаған сияқты. Тек жалғыздық па, енді ол бүкіл өмірін осындай шектеулі ортада өткізбек. Ғалымдардың оны Жердің бір мезозой эрасына ұқсай-

тын ортасына жіберіп алу жөніндегі ісі жүзеге асса жақсы. Онан бұрын ол әзірленіп қойылған хайуанаттар бағына апарылады. Бірақ санасыз бейбақ ғалымдардың осы жоспарларының бірін сезсейші.

   Алыптың бұлқынысы мен дауысы бүкіл Ай бетін жаңғырықтырғандай болып жатты. Ол әрі ұзаққа созылды. Алдын ала жоспарланған ұшу уақыты кейінге қалдырылды. Олай етпеске шара да жоқ еді. Жердегілер де жиі-жиі байланысып, алыптың жайын сұрауда. Есеналы бастаған құрам мүшелері алыптың бар қимыл-қозғалысын мұқият бақылап отыр.

Енді бір кезде алыпқа арнайы контейнермен ірі қара маладың етін жіберді. Сол кезде барып ол тыныштала бастады. Ол үшін сойылған ет ештеме емес-ті. Кейбір ірі қара малды тірідей жіберуге тура келген. Бірақ жүккеме ішінде олай етуге болмайды. 

   Алып кесіртке-ддинозавр ірі қара малдың етін жеп, ашқарақтана жұтып, шайнап жат- қанда ғалымдар жүккеменің Ай бетінен көтерілуіне рұқсат етті. Ұшқыш-ғарышкерлер де дайын еді. Кеме жайымен көтеріле берді. Тіпті оны алып кесіртке-динозавр оншалықты сезген де жоқ. Алдына келіп түскен етпен  әлек-ті. Жүккеме осы сәтті  пайдалана бірте-бірте жылдамдық қосып, Ай бетінен алыстай берді. Осы кезде әуежайдан бірнеше шағын ғарыш кемелері ұшып шығып үлкен жүккемені жан-жағынан қоршай берді. Ендігі бағыт Жер ғаламшары еді.

                                           Жолдағы жағдай


   Жерге қарай бағыт алған кемелердің жылдамдықтары бірте-бірте арта берген-ді. Бұл кезде жүккеменің қалың қабырғалы бөліміндегі алып та берген еттерін жеп таусыған. Онан кейін оған жіңішке құбырлар арқылы су жіберілді. Оттегі болса да барып тұрған. Етін жеп, суын ішкен алып кесіртке-динозавр біршама уақыт тынышталып, кемені басқарушылардың көңілдері де орныққандай болған еді. Ай мен Жердің орта қашықты-

ғына жеткен кезде алыптың мінез-құлқы қайта өзгере бастады. Ол қабырғасы қалың бө-

лімнің ішінде тыным таппай қабырғаға денесін, құйрығын, басын соғумен болды. Ол әрбір соғылған кезде қанша үлкен болса да жүккеме кәдімгідей теңселіп кетеді. Егер жүккемеде басқа біреулер отырған болса, үрейіне үрей қосылар еді. Ұшқыш-ғарышкерлер неше түрлі жаттығу-тексеруден өтетін болғандықтан кеме қалай сілкінсе де қорықпайды.

   Бірақ бұл жолғы діріл мен шайқалыстың жөні бөлек-ті. Алыптың соншалықты тыпыршуынан жүккемедегі кейбір леке күрделі жүйелер істен шыға бастады. Сынып кеткен детальдар да аз емес-ті. Кемені басқарушылар отырған бөлімде бірнеше «Қатер» жазуы бар қызыл шамдар жыпылық қақты. Енді біраз шыдағанда Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығына да жетер еді. Жоқ, шыдатар емес. Алыптың ғаламат күші қанша дегенмен де тегін қалмады. Кемедегі жыпылық қаққан қызыл шамдардың саны уақыт өткен  сайын кө-

бейе түскен. Басқарушылар кеме бағытын қадағалауды автожүйеге тапсырып, өздері бо- лып жатқан ақауларды түзеуге кірісті. Ең қиыны – алып кесіртке-динозавр жатқан бөлім- ге қарай кеткен бірнеше оттегі құбырының бірінің жарты жолда үзіліп кеткені еді. Қатты қысыммен жүріп жатқан оттегі енді кеменің сыртына қарай ысқыра шықты. Ол кеңістікте, салмақсыздықта ұшып келе жатқан кемені қозғалта бастады. Оған алып кесіртке-диноза-

врдың бұлқынысы қосылды. Егер алып тыныш жатса, түрлі қосымша шағын айналдыр-

ғыштардың күшімен кеменің тепе-теңдігін сақтауға болар еді. Кеме сәл тербеле бере алыптың бұлқынысы күшейді. Ол енді мына қапастан шығудың әрекетіне көшіп, басын, денесін, құйрығын қабырғаға соғуды жиілетті. 

   Егер саналы болса, ол тап мынандай қауіпті жағдайда өмірін сақтау үшін тып-тыныш жата қалар еді. Жоқ, ол өзінің қайда, ненің ішінде келе жатқанын сезбейтіндіктен «Осыдан шықсам, еркін далаға кетемін» дейтіндей соққылайды келіп, соққылайды келіп. Ұшқыш-ғарышкерлер тез арада Жермен байланысты. Бірақ болған жайды баяндаудың өзі де оңайға соққан жоқ. Бұл кезде жүккеме өзінің  осінде шыр айнала бастаған. Басқарушылар сол айналып жатқан кеменің ішінде жүрсе де, өздері де айналып жатса да, Жермен байланыстарын үзген жоқ.. Айдан көмек  жоқ еді. Өйткені енді жарты жолды өтіп кеткен. Енді Айдан Жер жақын. Оның үстіне Айдан гөрі Жерден көп үміт бар. Кемені басқарушылардың басшысы Алмасқан Малқарұлы Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығымен байланысты.

     - Біз осындай жағдайға тап болдық,- деді ол шыр айналып жүріп,- алыпқа оттегі баратын жіңішке құбырлардың бірі үзіліп кетті. Оттегі кеңістікке кетіп жатыр. Алып ке-

сіртке-динозавр үшін ол жеткіліксіз! Көмектеріңіз керек. Өзіміз де қазір ашық ғырышқа шығамыз. Шамамыз келгенше құбырды жалғауға тырысамыз. Қосымша манипуляторлар-

ды қолданамыз. Бірақ не боларын алдын ала болжап айту қиын.

  • Түсінікті! – деді Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығындағы ғарыш ке-

 мелеріне техникалық жедел көмек беретін қызметтің кезекшісі Есенмұрат Құрышжанұлы, - көмек күтіңіздер! Кеменің өз осінен айналуын кідіртуге тырысыңыздар!

     -  Бар күшімізді жұмсаймыз! Кеменің бұлай айналуы біз үшін жаңалық емес,- деді Алмасқан экранда айналып тұрып,- біздің қорқатынымыз ана алып кесіртке-динозавр. Сол бірдемеге ұшырамаса болғаны. Оттегі азайып барады. Алып үшін қатер көбейіп келеді. 

     -  Жақсы! Көмек жетеді! – деді кезекші.

   Алмасқан Малқарұлы кеме ішінде қалықтай айналып жүріп, байланысты сөндіретін түй-

мені басты. Содан соң қасындағыларымен бірге ашық кеңістікке шығуға дайындалды. Кеме өз осінен айналып тұрған мезетте мұндай әрекет жасау тарихта болған емес-ті. Бірақ ғарышкерлерге соны орындауға тура келген. Егер олар осыған ұқсас арнайы дайындық-

тардан өтпеген болса, қиындық туар еді. Енді сол Жердегі тәжірибенің пайдасы тиді. Қо-

сымша люктерді ашып ашық кеңістікке Алмасқанның өзі шықты. Жағдай күрделі еді. Айналып жатқан кеме емес, бейне күллі жұлдызды әлем сияқты. Ұшқыш-ғарышкер сол шыр айналғандай болған көріністің өзінен де сасқан жоқ. Ішінен барлық жағдайды дұрыс түйсінді. Өзінің дене схемасын дұрыс сезінді. Соның арқасында кеме үстіндегі сатыдан мықтап ұстай оттегі ысқырып шығып жатқан тұсқа қарай жылжыды.

   Бұл кезде іштегі басқару пультінде қалған екі ұшқыш-ғарышкер де әрекеттенуде болатын. Оның бірі Бозжігіт Таужатұлы, екіншісі Қаламбай Бержанұлы. Онан кейінгі екеу – Ғазиз Нұргелдіұлы мен Сүндет Жақыпұлы Алмасқанға көмекке келе жатты. Ол екеуі екі ғарыш «Тайын» мініп алған. Мұндай «Таймен» ғарышкер кеңістікте емін-еркін, тез қозға-

ла береді.Оның пошымы кәдімгі екі дөңгелекті сайтан арбаны көзге елестетеді. Бозжігіт пен Қаламбай «Тайларымен» люктен шыққан бойда зулап біраз жер ұшып барды да, үлкен кеменің ол жақ, бұл жағын айналып шықты. Олар үшін әлем тыныш еді. Тек сол тыныш кеңістікте бір бүйірінен оттегі себезгілеп шыр айналып жатқан үлкен жүккеме ғана назар аудартады. Бейне бір су түбінде аунап ойнаған кейбір балық сияқты. Күн көзіне оның панельдері жалт-жұлт шағылысады. Егер осы кемені сонау алыстан бақыласа, оны тіпті, айнымалы жұлдыз немесе  жұлдыздабылға ұқсатар еді. Бірақ қазір өйтіп ойланып, әрдеме-

меге ұқсатып тұратын заман емес. Сондықтан да жігіттер шұғыл іске кірісті.

   «Тай» мінгендер кемеге қайтадан жақындап, Алмасқан ұстай берген жіңішке құбырды туралады. Бірақ жайбарақат келуге болмайтын. Өйткені үлкен жүккеме айнлып тұр. Сон-

дықтан бұларға да сол кемемен бірге айналуға тура келген. Бір жағынан қарағанда екеуі қандай да бір жұлдызды айналып жүрген екі серік сияқты көрінеді. Енді «Тай» мінгендер-

ге де жұлдызды әлем шыр айналып жөнелгендей болды. Жігіттер сонда да сасқан жоқ. Астарындағы жүйріктерін кеменің айналысымен бір жылдамдықта ұшырып, Алмасқанға қол ұшын беруге талпынды. Екеуі үзілген құбырдың бір шетін көтеріп, Алмасқан жақтағы ұшына қарай тартты. Осы кезде бар қиындық та басталған. Егер кеме бірқалыпты ұшып келе жатса, онда мұндай істі баяғыда бітіріп тастаған болар еді, ұшқыш-ғарышкерлер. Енді оларға кемемен бірге ілесуге және айналуға тура келген. Соның өзі қаншама күш еді.

Үшеуі де қалың скафандр ішінде терлеп те кеткен. Егер осы арпалысты сырттан қарап тұрса, ол бірде көрініп, бірде көрінбес еді. Олар кеменің арғы тұсына айналып кеткен кезде көрінбейді де, бер жағына шыққанда кемеге жабысып бірдеме жасап жатқандар бо-

лып байқалады. Қалай болғанда да қазірге жағдай аса күрделеніп кеткен. Сол айналым-

ның салдарынан ұшқыш-ғарышкерлер үзілген оттегі құбырын бір-біріне қайтып жеткізе алмады. Жеткізген күнде де үлкен қысыммен ысқырған оттегі түйістіруге мүмкіндік бер-

меді. Кеменің өзіндегі қосымша епті манипуляторлардың да көмектері аз.

   Жағдай қиындай түсті. Кеменің басқару пультіндегі жігіттер Жермен жиі-жиі байланы- суда. Жер төңірегінен шыққан бірнеше жедел көмек кемелері де жеткен жоқ . Бірақ жа-

қындап қалғаны анық . Соның өзі де бір үміт еді. Кеменің қалың қабырғалы бөлігіндегі алып кесіртке-динозаврдың да басы айналған сияқты. Оның үстіне салмақсыздық алыпты жеңілдетіп жіберген. Мұндай құбылысты бастан кешпеген алып кей-кейде ақырғанын доғарып, шамалы уақытқа тыншталады. Ондай кезде ұшқыш-ғарышкерлер қуанбайды, қайта бірдемеге ұшырады ма деп уәйім кешеді. Іштегі жігіттер оның жай-күйін теле- экраннан мұқият бақылап отыр. Солар арқылы біледі оның жайын сырттағылар. 

   Арпалыс ұзаққа созылды. Жігіттер жіңішке құбырды жалғай алмады. Ол ұшқыш-ғарыш-

керлердің епсіздіктерінен емес, үлкен жүккеменің өз осінде шыр айналуы мен оттегінің қысымы еді. Жігіттер қатты шаршады. Оған басты себеп – жүккемемен бірге көп айнал-

ғандары. Бастары ауырып, көздері қарауыта бастаған. Енді істі тоқтатуға тура келді. Осы кезде кеңістік тұңғиығында бірнеше кішкене жұлдыз пайда болды. Оларуақыт өткен сай-

ын ұлғайып, кемеге жақындай берген. Жігіттердің негізгі үміттері де солар еді. Жұмысты

тоқтатып, люк арқылы қайтадан ішке кірген олар арнайы дәрігерлік тексеру бөлмесінде шамалы уақытқа жатты. Оның ішіндегі күрделі дәрігерлік жүйелер денсаулықтарын тек-

серді. Химиялық тазалықтан өткізді. Содан кейін тез әлдендіретін дәрі-дәрмектер берді. Ұшқыш-ғарышкерлер тез қалыптарына келіп, басқару пультіне ауысты. 

   Осы сәтте бірнеше кеме өздерін қоршай берді. Олардың қабырғаларындағы «Қазақ-

стан » деген ірі-ірі жазулары көзге оттай басылды. Енді мән-жайды айтпаса да түсінуге

болар еді. Жігіттер тез әлденді. Жаңағы шаршағандарын ұмытып, келіп қоршаған кемелерден үміт күтті. Ол кемелердің бәрінде де күрделі манипуляторлар бар-ды. Бірі келген бойда оттегі ысқырып шығып жатқан жіңішке құбырды ұстады, екіншісі оның екінші жағын. Қалған бір-екеуі жүккеменің шығыңқы қабырғасынан демеп айналуын бә-

сеңдете бастады. Епті манипуляторлар кемемен бірге айнала жүріп, жіңішге құбырға тас  кенеше жабысып алған. Жаңа ғана ұшып келе жатқанда бір-бір жарық шамдай дөп-дөң-гелек көрінген кемелер енді қаптаған шаяндар сияқты әркетке көшкен. Әрқайсысы ке- менің әр жағында. Қай-қайсысы да өзіне тапсырылған тапсырманы жақсы біледі. Оның бәрі Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығынан шығар кезде тапсырысталған тәріз-

ді.  

   Іштегі басқару пультіндегі жігіттер енді тек сол келген кемедегілермен видеобайланыс жасап отырды. Орындарынан  қозғалған жоқ. Ол қажетсіз еді. Келгендерге адам қолы кү-

шінің қажеті шамалы. Сондықтан олар алаңсыз. Көңілдері де орныққан. Ендігі аңдыған- дары қарсы алдарындағы шағын экраннан көрінген алып кесіртке-динозавр ғана. Үлкен жүккеме де уақыт өткен сайын өз осінен айналғанын баяулата берген. Ал Жер төңірегін- дегі Қазақстан ғарыш қалашығынан келген кеме-манипуляторлар жіңішке құбырды жал-

ғаған бойда кеменің тынышталуы тез болды. Енді шыны арқылы жұлдызды әлемге қара-

ған адам оның да тынышталғанын байқайды. Оны да келгендер бейне бір қолмен  тоқтат-

қандай.

   Жіңішке құбыр жалғанған бойда алып кесіртке-динозавр жатқан бөлімге оттегі мол бара бастады. Кәдімгідей әлсіреп қалған алып тез басын көтерді. Бөлім ішінде ұшқыш-ғарыш-

керлерше сәл қалықтап, айналшақтайды. Қанша алып болса да, қанша салмақты болса да кеңістіктің салмақсыздық құдіреті онан да асып түскен. Соншама ауыр алып кесіртке-динозавр қазір қаңбақтай. Егер ол қауіпсіз болса, кез келген адам алыпты көтеріп алып, қалаған орнына қояр еді. Бұл бірақ таңсық көрініс емес. Кеңістіктегі салмақсыздық адам баласының қанат қағып, алғаш рет кеңістікке шыққан сәтінен бастап белгілі.Ал бүгінде Жер төңірегі түгілі, күллі күн жүйесіндегі жағдай белгілі. Тек ұшқыш-ғарышкерлер үшін ғана емес, кеңістік жағдайы кез келген қарапайым адамдар үшін де үйреншікті құбылыс. Айға келіп-кетіп жатқандар қаншама. Олпанды, Шолпанды, Қызыл ғаламшарды, Қоңыр-

қай ғаламшар мен Есекқырғанды көргендер де аз емес. Ендігі үміт сонау қиыр ғарышта, жұлдызды аралдарда.

   Үлкен жүккеме қалпына келіп, тепе-теңдігін ұстаған соң Жер төңірегінен келген кеме-манипуляторлар өздерімен бірге келген »Тіршілік» жүккемесін жақындатты. Онда «От- тегі» деген жазуы бар үлкен ыдыс бар. Сол ыдыстан шыққан құбырды епті манипулятор-

лар алып кесіртке-динозаврды әкеле жатқан жүккемедегі арнайы саңылауға жалғады. Содан кейін оттегінің ысқырып жүргені білінді. Кеме-манипулятордағылар айнала ұшып жүріп, жағдайды бақылады. Сонымен қатар келгендер жүккемеге басқа да заттарды берді. Оның ішінде ұшқыш-ғарышкерлерге арналған заттар мен тағамдар бар-ды.

   Барлық іс аяқталғаннан кейін көмекке келген кемелер өздері бастап Жерге қарай бағыт алды. Үлкен жүккеме де қалпына келген соң жылдамдығын арттыра түскен. Алдарында көгілдір ғаламшар – Жер тұрды. 


                                              Өзгерген  жоспар


   Өмір болған соң өзгеріс бола береді. Ай мен Жердің арасындағы кеме сапарында кездескен жайт ғалымдарды тағы ойлантқан еді. Алып кесіртке-динозаврдың кеменің қа-лың қабырғалы бөлімінде қатты бұлқынуы осыған дейін жасалған жоспарды өзгертуге тура келтірді. Бұл іске басты ықпал жасаған да Айдағы ғалымдар еді. Есеналы мен оның төңірегіндегі ғалымдар алып кесіртке-динозавр жүккемеге салынып, Жерге қарай әкетіл- геннен кейін де оны телебайлыныс арқылы бақылап отырған «Осы алыпты Жерге алып кетсе, содан соң алаңсыз зерттеулерімізді жалғастырар едік» деген ойлары да жайына қалды.Қайта алып кесіртке-динозаврды алып кетісімен ғажайып бір туыстарынан айырыл-

ған адамдай уәйім кешкен. Қанша алып, қанша қатерлі болса да сонау бір заманнан жет-

кен жалғыз жануар болған соң қиын екен.

   Есеналы жүккеменің Ай мен Жер трассасындағы ұшу жағдайын әрбір үш сағат сайын қадағалап отырған. Ал әлгі жағдайды естіп-көргенде өзін қоярға жер  таппаған. Одан әрі жалғастырамыз деген зерттеулері де жайына қалған. Алыптың жан даусы шыға бұлқын-

ғаны, соның салдарынан оттегі келетін жіңішке құбырлардың бірінің үзіліп, оттегі себез-

гісінің күшінен жүккеменің өз осінде айнала бастағаны аса қорқынышты жағдай еді. Егер сол күшпен кеменің қалың қабырғасының бір жер, мір жерінде саңылау пайда болса, не жағдайға ұшырамақ. Алып кесіртке-динозавр көп ұзамай-ақ мерт болар еді. Соншама зерттеу, соншама бұрғылау мен аршу жұмыстарынан кейін алынған алыпты жол үстінде мерт ету де күллі еңбектің жоққа шыққаны. Сондықтан да ғалымдар өздерінің одан әргі зерттеулерін Жерден мерзімінен бұрын шақырылған құрамға тастап, өздері арнайы ғарыш кемесімен Жерге аттанған.

   Ішінде алып кесіртке-динозавр бар жүккеме Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қала- шығында біршама уақыт аялдағаннан кейін Жерге аттануға әзірленген. Осы арада Есен- алы Мұхитұлы бастаған ғалымдар құрамы да жеткен. Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығына жету елге жетумен бірдей-ді. Оның үстіне өздері Айдан тапқан алыптың аман-есендігін көргенде ғалымдар аса бір көңілді күйге бөленді. Бірақ алыптың жағдайы онша емес еді. Ол бұлқынысын тыйған жоқ . Қайта тыныштық кезінде бар даусымен гүрілдеп, кеме бөлімінің ішінде бұлқынумен болған. Ғалымдарды бір тыныштандырған нәрсе, мұнда оттегінің де, судың да, алыпқа берер еттің де жеткіліктілігі еді. Қысқасы, алыпты аман алып қалуға барлық мүмкіндік бар.

   Осы Қазақстан ғарыш қалашығында бірнеше рет мәжіліс өтті. Ол  мәжілісте ғалымдар алыпты қайда апару, қай жерде ұстау жөнінде мәселе қараған. Жер жақын болғандықтан әр елден топ-топ ғалымдар мен телетілшілер келген. Енді алып жайлы мәлімет те Жерге жиі жетіп жатыр. Бүгінге Жер төңірегінде ғарыш қалашықтары көп болғандықтан ғалам- шар кәдімгі Қоңырқай ғаламшардың кейпін көзге елестететін. Егер Жерге адам сондай қашықтықтан қараса, енді бұл да өзін қоршаған сақинасымен көзге ерекше түсер еді. Бірақ мұндағы сақина жыпырлаған майда тас пен тозаңнан емес, адам қолымен жасаған ғарыш қалашықтарынан құралған. Бұл көрініс бүгінде ешкімге таңсық емес. Сондықтан келген-

дер қалашықтан гөрі Жердің өзін, оның түрлі аймақтарын қызықтауға құштар. Арнайы жасалған ғарыш алаңынан, андағы бақылау орнынан Жердің небір аймақтарын бақылап көрудің мүмкіндігі бар. Көзге көрінбейтін аймақтар мен аудандар түрлі түсті стереотеле-

байланыс арқылы анық әкелінеді. Мұнда келген адамға Жер шарын айналып жүрудің қа-

жеті жоқ. Шекарадан да өтпейді. Әуе көлігіне де мінбейді. Осындағы алаңнан өзінің қалауы бойынша Жердің кез келген ауданын көре алады. Тек аудан ба екен, жер бетінде қыбырлаған құмырсқаға дейін көрудің мүмкіндігі бар. Шамалы ғана уақыттың ішінде адам Қазақстанның түкпір-түкпіріне, Америкаға, Африкаға, Үндістанға, Антарктидаға және тағы басқа елдерге «сапар шегеді». Және оларды соншама уақыт жіберіп, кеме сабылтып, шаршап-шалдығып көрмейді, бір орында тұрып-ақ бақылайды. Сол жердің өзінде жүргендей сезінеді. Мұнда тұрған адамға Жер бейне бір тіршілік экраны сияқтана-

ды.

   Осында келген ғалымдар да қалыптасқан дәстүр бойынша сол алаңға барып, өздерінің қалаған жерлерін тамашалайды. Бірақ Айдан келген ғалымдар үшін ең ыстығы – қазақ жері. Әркім өзінің туған жерін аңсайды. Айда болған біраз уақыттың өзінде ғалымдар өз-

дерінің жанұяларын да сағынған. Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығынан қарау Айдан байланысқаннан әлдеқайда әсерлі, жақын. Есеналы бастаған топ та келген бетте шамалы тынғудан кейін сол алаңға барып Жерді тамшалаған. Туған жерді, өскен елді, жанұяларын көріп, туғандармен сөйлесіп бір марқайып қалған. Содан соң негізгі жұмысқа кірісіп кет-

кен-ді. Сол жұмыстың, бірнеше мәжілісте айтылған пікірлердің нәтижесінде ғалымдар алып кесіртке-динозаврды хайунаттар бағына апарудан бас тартты. Оның себебі түсінікті еді. Алып кесіртке-динозавр оянғалы біраз қасіретті бастан кешті. Егер оның орнында тілі бар адам болса, ішкі қайғы-мұңын сыртқа шығарар еді. Алып кесіртке-динозаврдың бар айтары жанұшыра гүрілдеп, қатты бұлқынуы ғана. Оны алыптың қамауда болғандығынан деп топшылау да ерте еді. Өйткені, оның мына замандағы ортаға үйренуінің өзі бір жағ-

дай. Ауылды жерден қалаға келген адам ауаның тарлығын, шудың көптігін қалай сезсе, алып үшін ондай таңсықтылықтың шегі жоқ .

   Ол сонау мезозой эрасынан келген жануар. Онан бері қаншама заман өтті. Қаншама өзгерістер болды. Жүз жыл ұйқыда болған адамның өзі оянған соң өз ортасын танымай қалар еді. Ал бұл жүз жыл да емес, мың жыл да емес, миллион жыл да емес, жетпіс миллион жыл! Бұл бір ғажайып оқиға. Мұндай болады деп кім ойлапты. Ғалымдардың өз-

дері де осындай нәрсеге тап келеміз деп бармаған-ды Айға. Рас, олардың ойларында сол бір замандағы табиғаттың дүлей құыбылыстары кезінде Жерден Айға ауысқан тастардың қалдықтарын табамыз ба деген үміт бар-ды. Сол үміттің арты мынандай ғажайып оқиғаға ұласып кетті. Енді араларында жалғыз жануар – алып кесіртке-динозавр бар. Күллі ғылы- ми тірлік сонымен байланысып жатыр.

   Жер тәулігімен есептегенде осыдан бір күн бұрын ғалымдар қалашықтағы соңғы мәжілі-

сінде алыпқа арнап қорық ашу керектігі жөнінде мәселе қараған. Ол көпшіліктен қолдау тапты. Содан кейін іс жалғасып кетті. Алып кесіртке-динозаврды мұнда да көп ұстауға болмайтыны түсінікті болды. Оттегі де, су да, оранжерея да жеткілікті болса да, алыптың жағдайы жақсара қойған жоқ. Қайта күн өткен сайын нашарлай берген. Жерге енді жеткізбесе, ол қанша мықты болса да мерт болмақ. Сондықтан ғалымдар арнайы алаңға жиі-жиі  жиналып, ондағы телебайланыс арқылы бақылау жұмыстарын жүргізген. Әуелі карта арқылы, сонан соң сол айтылған аймақтарды көзбен көру арқылы алып өмір кешетін аудан белгіленді. Оның атын «Бронтозавр қорығы» деп атады. Бронтозавр делінсе, адамдар да оның қандай жануар екенін бірден көзге елестетеді. Ал алып кесіртке-динозавр дегені оның жалпылама аты. Негізгі шыққан тегі бауырымен жорғалаушылар болғандық- тан олай деуге де негіз бар-ды.

   Бронтозаврдың тіршілік етер ортасы белгіленген соң Қазақстан көтеріліп, Жерге қарай бағыт алды. Белгіленген координатқа жеткенде баяу құлдилау басталды. Осы сәтте бөлімдегі алып кесіртке-динозавр да тыныштала қалған. Шамасы, мына ортаға үйрене бастаса керек. Бір жағынан ол қандай жағдайда, қайда келе жатқанын түсініп те жатқан жоқ. Кемелер парашютпен қалықтаған топ-топ парашютшілерше бірте-бірте төмендеп келеді. Жер шарынан таңдап алынған осы бір аймақта жыл бойына қыс болмайды. Табиғат көрінісі де сол баяғы мезозой заманына ұқсайды. Ғалымдардың қазіргі бар арман-

дары да, үміттері де мына алыптың Жер жағдайына қалыптасып кетуі еді. Есеналы Жер төңірегіндегі Қазақстан ғарыш қалашығында жоспар өзгерген соң Қазақстан астанасын- дағы Хайуанаттар бағының директорына видеотелефон соғып, мән-жайды түсіндірген. Жоспардың өзгеруі Есеналыға байланысты емес еді. Ол алыптың жағдайына сай болған. СондықтанХайуанаттар бағының директоры оған ешқандай да өкпе-реніш білдірген жоқ. Қайта қолдап, қуанды. Ал бақтағы алып кесіртке-динозаврға арналып тұрғызылған үлкен үй де босқа қалмақ емес. Алыптың қорықтағы жағдайының қалай болары белгісіз. Егер ол ол ауданды жерсінбесе, тіршілігі қиындаса, амал жоқ, осы дайындалған үйге әкелінеді. Онан кейінгі өмірі де осы бақтың ішінде өтпек.

   Алып кесіртке-динозавр салынған үлкен жүккеме кең алаңға қонды. Онан кейін айнала қоршай ұшқан көптеген шағын кемелер де құстарша жерге қалт-қалт тиіп жатты. Ол кемелердің ішінде дүние жүзінің өкілдері бар. Ал негізгілерінің бірінде Есеналы Мұхит- ұлы бастаған ғалымдар тобы. Үлкен жүккеменің кең есігі ашылған бетте алып кесіртке-динозавр гүрілдей дауыс шығарып, ұзын мойнын кемеден сыртқа созды да, ол жақ , бұл жағын қарап алды. Енді-енді есін жиған адамдай аспанға да қарап қойды. Содан соң не шығарын, не шықпасын білмегендей бөлім ішінде олай-бұлай айналды. Кеменің қалың қабырғасын үлкен денесімен соққан кезде ол солқ етіп, шытынап кете жаздайды. Айнала-

дағы тым-тырыс қалған көптеген кемелердегілер де сыртқа шуғуға бата алмай терезелер-

ден қарап қалған. Алыптың тілін білетін ешкім жоқ. Бар еркіндікті оның өзіне берген.

   Енді айнала кең. Мұнда оттегі де, су да, жемге қажет жануарлар да жеткілікті. Оларды алып кесіртке-динозавр өзі ұстап жеуі керек. Ғалымдарға да ендігі керегі оның тіршілік әрекетін көзбен көру. Мұнда әкелудің бір мақсаты да соған саятын. Алып та өзіне еркіндік берілгенін сезген сияқты. Алғашқыдан гөрі сәл саябырланып, сыртты тағы бір шолды. Содан соң ауыр денесін көтеріңкіреп,батпандай-батпандай төрт аяғын нығыздай басып сыртқа қарай жүре бастады. Оның әрбір басқан қадамы кеменің бүкіл қабырғасын сықырлатып жіберді. Егер ол секіріп барып түссе, кеменің едені ойылып та кетер еді. Ғалымдар да жүккеменің кеңістіктегі салмақсыздықтың күшімен аман келгенін енді түсін-

ді. Алып кеме еденін сықырлата басып есікке таяды. Ол да өзінің салмағының баяғы қалпына қайта келгенін сезінген сияқты. Бірақ салмақсыздықтан кейін қанша дегенмен қа-

лыпқа келу уақыты керек-ті. Алып түгілі кемеде отырғандардың өздері де Жердің тарты-

лыс күшіне қайтадан қалыптаса алмай отыр. Қайта алып өзінің қалыптасу сәтін онша біл-

дірмеді.

   Ол енді гүрілдей-гүрілдей сыртқа шықты. Жерге түскен кезде батпан табандары топыраққа батып-батып кетті. Бірақ оған қарайтын алып бар ма. Ұзын мойнын олай-бұлай шайқап, жоғары көтеріп, бадырайған қара көздерін жан-жаққа қадады. Айнала қонып, тым-тырыс тұрған кемелерді де шолды. Осы кезде шағын кемедегілер ол бір оғаш әрекет көрсете қалса, ұшып кетуге даяр отырған. Алып та бірдемені сезетін сияқты. Бірақ өзінің мынандай ортаға тап келгенін адам дәрежесінде түсіне алған жоқ. Әлі де болса оның үлкен өкпелері жиі демалып, алқынып тұрды. Ол мең-зең. Баяғы заманындағыдай күш қайдан болсын. Жүргенде шамалы теңселгені байқалады. Өзінің еркіндікке шыққаны ғана қуат беретін сияқты. 

   Алып өзін Айдан алып келген үлкен жүккемеге тиіспеді. Бірақ  жүккеменің жан-жағын, үстін, астын, екі шетін барлап шықты. Ол үшін алып орнынан қозғалған жоқ. Ұзын мой-

нымен ғана орындады. Содан кейін тағы бір-екі адым басып, кемеден алыстады. Әлі де болса, еркіндікке жіберілгеніне сенбейтін сияқты. Кемедегілер одан көз алмайды. Бірақ қатаң сақтық пен ұшуға дайындықта отыр. Алып өзінің бұл заманда жалғыз екенін де сезетін сияқты. Қанша санасыз болса да, мына көп өзгерген табиғат оған басқаша әсер берсе керек. Мең-зең болған адамдай әлі де қалпына келе алар емес. Салмақсыздықтан салмақтылыққа ауысқан кездегі жай-күйі де жүрісінен білінеді. Енді ол сәл де болса адамдарға бауыр баса бастағандай. Егер сол өзінің заманында кездессе, адамды бір-ақ асап жіберер еді. Ал мына заманда ондай әрекеттің бекер кететінін Айдағы қоймада-ақ сезген сияқты. Сондықтан ба, енді ондай әрекетке талпынған да жоқ. Алдыңғы тұсындағы қалың ағашқа қарай жүріп барады. Бұл маңда қажет десе шағын көл де бар. Тау мен тас та бар. Мезозой эрасында динозаврлардың бір ғана ортада өмір сүрмегені белгілі. Оның үстіне бұл өзінің тас үңгірімен бірге табылған. Сондықтан да осындай табиғат ортасына әкелініп отыр. 

   Алыптың әрбір қимыл-қозғалысын, мінез-құлқын бақылап тұрған ғалымдармен басқа да меймандар кірпік қақпауға тырысады. Өйткені бұл оқиға  жетпіс миллион жылда бір ғана рет болып отырған ғажайып. Оның әрбір сәтін бос жібермеу қажет. Айда ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар тобы да көп уақыт өткеніне қарамастан әлгі өздерінің туған жерле- ріне, жанұяларына барған жоқ. Алыптың жайы көп нәрседен маңызды болған сияқты.

Алыпты бір жақты етіп барып оралмақ үйлеріне олар. Есеналы тіпті осы алып кесіртке-динозаврды түрінің қорқыныштылығына қарамастан таңсық көреді. Өйтпей қайтсін, бір алыптың өзі күні кеше ғана қатардағы ғалымдардың бірі болып жүрген оның есімін Жер шарына паш етсе. Бірақ алып өзінің адамзат дейтін тіршілік қожаларына белгілі болып, қамқорлығына түскенін білмейді. Өзіне қаратылып сырылдап жатқан небір телекамера-

ларды да түсінбейді. Білетін де, қызығатын да, зерттейтін де адамдар. Алып үшін ауа мен су, жатын орын мен тамқ болса жеткілікті.

   Ол ұзай берді. Ара-тұра үлкен жүккемеге, айнала жыпырлай қонған шағын-шағын кеме- лерге бұрылып қарайды. Содан соң сәл кідіріп, ұзын мойнын жоғары көтеріп, гүрілдейді.

Бейне бір өзінің тіршіліктестерін іздегендей болады. Жалғыздықтың кім кімге де жақсы емес екені белгілі. Оны жануарлар да ұнатпайды. Егер оның тілі болса, мына жағдайда өзінің қандай күйде екенін айтып гүрілдер еді. Енді қай заманнан қай заманға қарай кетіп бара жатқанын да түсінетін емес. Әйтеуір кетіп барады. Жүрген сайын аяқ алысы да түзеле бастады. Тек тыныс алуы жиі. Ұзын мойнын қайта-қайта аспанға көтеріп, айнала- сын шолып, қандай да бір шуды еститіндей елеңдейді. Әрі сол естіген шуын іштей жақ-

тырмайтындығын сездіреді.

   Кемедегілер алып алыстаған кезде люктерін ашып, сыртқа шықты. Сол кезде оның нағыз табиғи түсін де анық көрді. Айда қанша дегенмен үстіге қалың комбинезон киетін- діктен және шлемсіз жүре алмайтындықтан әлем басқаша көрінетін. Оның үстіне Айдың табиғаты да бөлек. Онда екі-ақ түс бар. Ақ пен қара. Болса шамалы сарғыш. Сол түстің өзі де адамның дүниеге көзқарасын өзгертетін де сияқты. Айдан келген ғалымдар ылғи да

Жерге біртүрлі көзбен қарайды. Таңданысқа ұқсас. Ал Айда ешқашан болмаған адамға онан келгендердің жүріс-тұрысы, мінез-құлқы басқаша өзгергендей көрінеді.Енді бәрі де сол Айдан келгенддіктен бір-бірінен пәлендей ерекшелікті байқап тұрған жоқ. Бар ерек-

шелікті алып кесіртке-динозаврдан іздейді. Ал оған керегі еркіндік. Ара-тұра гүрілдеп қойып қалың ағаштың жанына да барып қалды. Содан соң ұзын мойнын жоғары қарай созып, ағаштың бірінен жапырақ жұлып та жеді. Оның ғаламат денесі үшін ондай тағам жұқ та болмайды.Бірақ оның мақсаты жеу емес, не нәрсе екенін байқау ғана сияқты. Содан ол тау-тасқа қарай жүрді. Сол кезде кемедегілер де қайтуға дайындала бастады. Есеналы бар кемедегі байланысшылар алып кесіртке-динозаврдың жағдайын бақылай-

тын орынға Есеналы, Саматай және басқа ғалымдар айтқан ақыл-кеңестерді жеткізді. Қорықтың айналасы жақсы қоршалған. Онан алып қанша мықты болса да шығып кете алмайды. Қоршаулардың көп жерінде күзетшілер бар. Тағы басқадай автоматты жүйелер орнатылған. Ғалымдар алыпты соларға сеніп тапсырды. Бірақ олар біржолата байланысты үзбек емес. Ендігі ғылыми зерттеулері де сол алып. Жерге келген бетте оны көруге, оның тіршілігін көруге деген ынта-ықылас көп болды. Алып жайлы қанша естісе де, қаншама рет теледидардан көрсе де өзімен бепе-бет тұрып көруді арман еткендер де аз болған жоқ

Енді ондай талапкерлердің бәрі есімдері әлемге әйгілі Есеналы мен Саматай және басқа ғалымдардың алдарынан өтулері тиісті еді.

   Алып кесіртке-динозавр біраз ұзағаннан кейін кемелер бірінен кейін бірі жеңіл көтері-

ліп, осы маңайдан аса қашық емес қалаға қарай ұшты. Қазақ жерінің ғажайып көріністері кім кімді де сүйсінтеді. Алып кесіртке-динозавр жіберілген аймақ өзінше бір жер жаннаты еді. Оған келуге, онда демалуға деген адам құштарлығы шексіз-тін. Осы маңайда бірнеше сауықтыру үйлері де болған. Қорықтың ашылуына байланысты олар басқа жаққа көшірілген. Кемедегілер сол үйлердің орындарындағы, айналасындағы тақырланған табиғатты көріп, іштерінен өкініштерін де білдіріп қойды. Кемелер биіктеген сайын көрі-

ну аясы да кеңейе түскен. Сол ғажайып табиғат аясында ара-тұра басынкөтеріп, мойнын бұрып, жан-жағын барлап, одан қайта төмен қарап, енді бірде ақыра дауыстап алып кесіртке-ддинозавр басы ауған жағына қарай кете барды. Оның ендігі тұлғасы да кәдімгі қолдан жасалған мүсінддей болып қалған. Бірақ алып жағдайдың мән-жайын түсінбеген- діктен кемелердің қонғаны не, ұшқаны не, бәрібірдей аяқтарын жерге батыра басып, кетіп бара жатты.



   Жанұядағы  қауышу


   Ұзақ сапар мен зерттеуден кейін туған ауылға оралған Есеналы өзінің жанұясына аса сағынышпен жетті. Оны үй-ішіндегілер де асыға күткен-ді. Алып кесіртке-динозаврдың табылуы, онан соң тірілгені, қоймадағы жағдай, Ай мен Жер арасындағы жағдай, тағы басқа оқиғалар Рамзияны біршама жүдетіп те тастапты. Есіктен кірген бойда ол Есеналы- ның мойнына асыла кетті. Артынша шыдамай көзіне іркіп жас та алды. Қуаныштың жасы еді ғой ол. Ай көз алдында  күнде көрініп тұрса да, ондағы ауасыз кеңістікте жұмыс жасау дың  қаншалықты қиын екені белгілі еді. Рамзияныкі ештеме емес, ал Есеналының жүдеу-

лігі айқын байқалады. Осыдан біраз бұрын Аймен сөйлескенде де экраннан Есеналының жүдеулігі байқалған. Бірақ уәйімдемесін деп Рамзияға айтқысы келмей, экранға  жаба сал-

ған-ды. Енді міне, көптен бір-біріне жете алмаған жұбайлар құшақ айқастырып, бір-бірі-

нің жүзіне тіке қараған.

  • Аман-есен жеттің бе әйтеуір, - деді Рамзия күрсініп салып.
  • Өзіңнің реңің де түсіп қалыпты, - деп Есеналы жұбайының  самай шашын кейін

ысырып қойды.

   Бірақ екеуінің бүйтіп көз түйістіріп тұратын жайлары жоқ еді. Әке құшағын күтіп тұр-

ған перзенттер бар. Рамзия кейін шегінген бетте-ақ Бәди әкесін құшақтай алды. Өзі соқ- талдай жігіт болып кеткендей. Есеналы құшақ екпінінен кейіншектеп, сәл болмағанда құлай да жаздады-ау!

     - Байқасайшы, балам-ау! – деді Рамзия оған,- Айдан тек қаухары келген әкеңді құлатасың ба?

     - Сағынсам қайтейін! – деді ол әке бетін кезек-кезек сүйіп жатып.

     - Көке! – деп қабаттаса құшақтай берді сол кезде екінші ұлы Мәди, - осыншама күттіргеніңіз қалай?

     - Қайтем, жұмыс қой жұмыс, - деп көзіне мөлт-мөлт жас толды Есеналының.

     -  Көке, мені де құшақтаңызшы, - деп Нияз жабысты.

   Бір қарағанда волейбол  добына таласып,торға секіріп жатқан спортшылар сияқты көрініс еді бұл. Ортада тұрған бақытты әке. Ол перзенттерінің ешқайсысын да кейін қақпайды. Құшағы жеткенше өзіне қарай тартып-ақ жатыр. Содан үш ұлы мауқын басып сәл кейін шегінген бетте Ұлпан келді. Ол есі кіріп қалған қыз болғандықтан ағаларының алдына шықпай, сабырлылық сақтап, шеттеу күліп тұрған. Енді  әкенің жүзі көрінген кезде шыдамады-ау. Қыз бала қанша дегенмен көңілі босаңдау келеді. Бұл жолы да әкесі-

нің мойнынан құшақтай алып, я күлгенін, я жылағанын білдірмей ұзақ тұрып қалды. Тек басын тартып алған кезде екі көзінің қызарып кеткені байқалды. Бұл ғажайып бір әсерлі сәт еді. Сондықтан да ешқайсысы да бір-біріне қарап, «Сенің көзің неге қызарып кеткен» деп сұрап жатқан жоқ. 

   Әке де перзенттеріне аман-есен жеткеніне шексіз қуанышты. Дәл қазір оның ойынан ғылым да, ана алып та шыққан тәрізді. Ал ең ғажабы, анадай жерде бір тал гүлдей болып, өзіне қарап тұрған кенжесі, ең тәттісі Гүлбаршынның екі көзін уқалауы еді. Алыстағы Ай-

дан сағынып келген әке үшін кенже қызының бұл қылығы ерекше көрінген. Ол ағалары мен әпкесінен бата алмай, әкесіне жете алмай бар өкпесін көзінің жасымен білдіріп тұрған

Есеналы әркез сөйлескен сайын «Көке, сен қашан келесің?» деп сұрақ жаудыратын ең сүй-

ікті қызы осы. Үлкеннің аты үлкен. Бәрі қаумалап, оның жақындауына мүмкіндік берме-

ген. Әке үшін тәтті болса да, ағалары мен әпкесі үшін тете. Күнде бір-бірін көріп, күнде бірдемеге таласын жүргендіктен әкеге соншалықты ыстық деп ойлай ма. Әрқайсысы әке құшағына бірінші болып жетуге талпынған. Енді Гүлбаршын сабырлылық сақтап тұрған-

дай бір орында отыр.

   Есеналы оған екі қолып жайып жіберіп жақындап келді де, әуп деп көтеріп алды. Екі бетінен кезек-кезек өбіп, көкірегіне қысты. Кішкентай қызы да әкесінің мойнынан тас қып құшақтап алған. Жіберсейші. Оны көрген анасы Рамзия тағы да көзіне жас алып, ара-тұра сұқ саусағының қырымен сүртіп-сүртіп қояды. Қыз бала болған сол Ұлпан да көзіне жас алған. Көзінің ішкі жағы манағысынан да қызара түскен. Ағалары да іштей толқып, жігіт болған соң өздерін ұстайды.

   Осындай ыстық қауышу бірнеше минутқа созылды. Содан кейін ғалым аяқ киімін ше- шіп, төргі бөлмеге қарай жүгірді. Енді әкесі мен шешесінің сағынышына кедергі болғы- лары келмегендей ұлдары мен қызы өздерінің бөлмелеріне кетті. Тек Гүлбаршын ғана әкесінің мойнынан айрылмайды. Қолдарын босатса болды, әкесі қайтадан Айға кетіп қалатын сияқты. Қайта- қайта бетін әкесінің бетіне тақайды. Анасының шақырғанына да бармайды. Әкесінің түсіп алдына отыршы дегенін де тыңдамайды. Есеналының да түсір-

гісі жоқ. Өзі де ең тәттісіне әзер жеткен. Енді Рамзия екеуі кең бөлмедегі жұмсақ диванға

отырып, бір-біріне әлі де назар аудара қарап, әңгімеге кірісікен. Сөз бастардан бұрын Рамзия Ұлпанға шай қоя салуды тапсырған. Ол асханаға қарай асықты. Содан соң барып Рамзия Есеналының жүзіне тағы бір қадала қарады. Ауасыз табиғаттағы зерттеудің адамға қаншалықты әсер ететінін де көріп отыр ол көз алдындағы жолдасынан. Гүлбаршын да бірдемені түсінетіндей әкесінің әжімі жиілей бастаған бетін нәрестелік жұмсақ алақаны-

мен сипалап-сипалап қояды. Содан соң сүйіп қоятынын қайтерсің.
 Әке онан сайын толқиды. Айдан көрген-білгенін, алыптың жайын айтқаннан гөрі алдын- дағы ең тәтті перзентін аймалағанды әлдеқайда артық  көреді. Рамзия да оны ішінен түсі-ніп отыр. Өзі де сөз айтқаннан гөрі Есеналының жүзіне көп қарайды. Тек ара-тұра ғана бір сөз айтып қояды. 

   Ұзақ уақыттан кейінгі әңгіме де тартымды әрі  қызық. Ерлі-зайыптылар екі аспан дене- сіндегі соңғы жаңалықтарды да айтып жатыр. Осындай бір сағынышпен кездесу де адамға әсерлі. Тату-тәтті тұратын жанұяның екі тірегінің аман-есен жолыққанынан, өстіп бір емін-еркін әңгімелескеннен артқан бақыт бар ма екен. Есеналы өзінің Айдағы ғылыми зерттеулерін айтып, алып кесіртке-динозаврдың қалай табылғанына тоқталған кезде басқа бөлмедегі ұл мен қызы да қайта жиналды. Динозаврды білмейтін жан жоқ . Мектеп қа-

бырғасындағы оқушы да суретін салып бере алады. Ал оны жүзбе жүз көрудің бақыты  біріне де туған емес. Жүзбе жүз түгілі оның шын бейнесін фильмнен көріп пе. Ондағылар да қолдан жасалған макет-автомат мүсін болатын-ды. Ал мына ғажайып күллі әлемді дүр сілкіндірген. Оны табудың бақытының әкесіне түскеніне ұлдары мен  қыздары риза. Олар өздерінің құрбы-құрдастарына да талай айтып мақтанған. Мақтанатындай да орны бар еді.

   Ендігі әңгімені өз әкелерінің аузынан естігендеріне қатты қуанып, оның аузына қарап қалған. Есеналы әуелі алып кесіртке-динозаврдың дене-тұрқын, қимыл-қозғалысын сурет теп берді. Бұған дейін ол жөнінде берілген телехабарлардың бәрі де қысқа болатын. Ал әке аузынан балалары талай қызықты әңгімені естіді. Есеналы алып кесіртке-динозаврдың небір ерекшеліктерін, айрықша қылықтарын сөз етті. Телехабар арқылы беруге рұқсат етілмеген көріністерді де қызықты етіп баяндады. Содан кейін өзінің видеокамерасымен түсіріп алған қысқа көріністерді тамашалады. Бейне бір алып кесіртке-динозавр үйге кел- гендей еді. Есеналы оның адамға ашулы екенін, өзінің жақындаймын деп қарымды тістері-

не тап бола жаздағанын да айтты. Оның да телебайланыс арқылы берілмегені түсінікті. Сондықтан да естігенде перзенттері кәдімгідей шошынып отырды.

     - Сәл болмаса, сізден айрылатын екенбіз-ау, көке. Бір құдай сақтаған екен, - деп қалды Бәди.

     - Неге оған жақындадыңыз? – деді екі қолын көкірегіне жинастырып алған Ұлпан.

     - Басқа біреуді жіберсеңіз болмады ма? – деп Нияз бұртиды.

     - Менің көкем күшті! Менің көкем батыр! – деп басын көтере, бұрыла қарады сол кезде Гүлбаршын.

    Қалғандар еріксіз ду күлді. Рамзия жымиярын жымиып алды да, артынан көзіне жас алып, бет орамалының ұшымен оны сүртіп қойды. Есеналының өзі де жұбайының мұндай толқынысынан әсерленіп, сәл кідіріп қалды. Содан соң мән-жайды жайымен былай деп тү-

сіндірді.

  • Мен ол жерде бірінші басшымын. Сондықтан анандай қатерге кімді жіберуді де мен

 шешуім тиіс еді. Бірақ мен оған баратын адамды өзімнен таптым. Әрине, айналамдағылар оныма қарсы да болды. Мен тыңдамадым. Әдетте, басшы жақсы іс болғанда өзі бастап, қауіптісіне қарамағындағыларын жібереді емес пе? Мен сол жазылмаған заңды кері өзгерт

тім. Арнайы киім киіп, шынжыр байлап, люктің жанында тұрдым. Алыптың мойнының ұзын әрі епті қозғалатынын жақсы білесіңдер. Оның жалпы қимыл-қозғалысын телебайла-

ныстан да көрдіңдер емес пе? Жағдай солай болды. Алып бізді сол баяғы өз заманындағы- дай адам деп білсе керек. Онысынан ештеме шықпады. Мен аман қалдым. Және біз оған ашуланған да жоқпыз. Егер бірдеме болған күнде де оны сақтау керек еді. Өйткені, ол со-

нау жетпіс миллион жыл бұрынғы тіршілік иесінің өкілі емес пе? 

     - Сонда сен немене, бізді әкесіз қалдырмақ па едің? Ғылымға соншалықты берілмесең қайтеді осы? –деп қойды Рамзия.

- Ғылымға жан-тәнімен берілмеген адам ешқандай жаңалық аша алмайды, Рамзия.

Шын ғалым өзінің өмірін соған арнауы керек. Ғылым жолында өзін мерт етуге дайын болуы тиіс! 

  • Сен де айтасың-ау! Мен өзім дәл сен құсап жан-тәнімен берілген ғалымды көре қой-

ған жоқпын. Ондайлар өте сирек! 

  • Нағыз ғалым да сондықтан сирек!

   Рамзия ерінің жүзіне қадала қарады. Оның ақ шалған шашы, шаршау жүзі арықтаған денесі бір түрлі сүйкімді  көрінді. Өзі де жастайынан солай тәрбиеленгендіктен бе, ғылым-

ға,білімге жаны құштар адамды жан-тәнімен сыйлайтын. Енді сондай адаммен отау құ-

рып, перзент сүйіп отырғанының өзіне ішінен бір тәубешілік еткен. Ол Есеналының жаңа-

ғы сөзінен кейін онан сайын риза бола түсті. Көз алдында ғылымға барынша берілген, оның жолында өмірін де қия алатын адамның отырғанына ерекше толқыды. Біраз уақытқа дейін сөз де таба алмай қалған. Балалары да үнсіз. Тек Есеналы сәлден соң өзінің алыс жолдан шаршап келгендіктен, диванға қисайғысы да келген еді. Сол сәтте Ұл-

пан орнынан ұшып түрегеліп, асханаға барып, тездетіп дастарханды дайын етті. Есеналы өзінің шаршағанын білдіргісі келмегендей тез басын көтеріп, сергіп, әңгімесін әрі қарай жалғамақ болды. Бірақ Рамзия оның жайын о бастан білетіндіктен әңгіме қаншалықты қызық болса да тамақ жайын ұмытпауды ойлады. Өзі де ширақ түрегеп, асханаға өтті. Гүлбаршын сол кезде сағынған әкесінің мойынын құшақтап, қысып-қысып қойды. 

   Осы кезде асханадан Рамзияның:

     - Есен, а Есен, дастарханға келіңдер. Әңгімені содан соң жалғастырамыз,- деген даусы шықты.

   Есеналы диванның оң жағындағы кішкене үсті дөңгелек, үш аяқты үстелдің үстінде тұр-

ған кішкене дыбыс күшейткіштің ақ түймесін басты да:

  • Міне, бара жатырмыз! – деді. 
  • Бара жатырмыз! – деп қайталады алдындағы Гүлбаршын. 
  • Есіттік! Тамақ әзір! – деген Рамзияның даусы күшейткіштен тағы саңқ етті.

   Есеналы Гүлбаршынды көтере түрегелді. Тәттісінің әкесінен бір қарыс айырылар жайы жоқ. Әбден-ақ сағынып қалыпты. Жер шары болса бір сәрі, сонау қол жетпейтін Айға ба-

рып келу оңай болып па екен. Ай жайлы ештеңе  білмесе де, Гүлбаршын күнделікті естігені мен көргенін қайталайды. Далаға шықса Айды көрсетіп: «Менің көкем, анау Ай-

да жүр. Жақында келеді. Мен көкеммен кеше  кешке сөйлескем» дейтінін қайтерсің. Оның сондай тәтті сөздерін әуес көретін көршілер мен құрбы-құрдастары Рамзияның қызына қайта-қайта сұрақ қояды. Ол ерінбей жауап береді. «Бала тілі  - бал» деген сол болса ке-

рек. Қазір де Гүлбаршынның сондай әуес сөздерін қайта-қайта тыңдағысы келген Есеналы шаршағанын да, ашқарақтанғанын да ұмытып кеткен. Талайдан қолы жетпей, өстіп бір кө-

теріп, құшағына қысып, бетінен сүйюге асыққан ғалым қайдан жерге түсірсін. Ол Рамзия- ның: «Гүлбаршынды жерге түсірсеші. Шаршап келіп отырсың ғой. Өзі де жүре алады ғой.   Әуелі кішкене демалып, тамағыңды ішіп ал. Сонан соң әңгімелесерсің онымен» деген сөзіне де құлақ асқан жоқ. Гүлбаршынды көтерген күйде барып қолын шайды, көтерген күйде келіп дастархан басына отырды. Есеналының ғылымды ұмытатын бір-ақ сәті болатын. Ол осы өзінің перзеттерімен әңгімелесу кезі. Оны Рамзия да жақсы біледі. Кейде сонысы үшін үндемейді. Ал басқа уақыттағы оның әңгімесінің бәрі де ғылым жайлы болады. 

    Өз саласына соншалықты берілген ғалымның бала сияқтанып кететіні де  бар. Рамзия Есеналыны алтыншы бала ретінде мәпелейді.. Оның артық жүрісі жоқ. Я біреуге жаман-

дық ойлап көрген жан емес. Айтатыны ғылым. Демалысы серуен, теледидар көру, ал ең бастысы – перзенттерімен әңгімелесу. Бұл оның өзі айтатындай ең бақытты сәті. «Бала- ларым - байлығым» деп отырады ол әркез. Тек өзінің бе екен, ұлы ғалымның балалары –

халықтың балалары. Олардың болашағы да халықпен байланысты болмақ. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген  тон пішер» деген сөз бекер айтылмаған болса керек. Есеналының балалары да ғылымға бет қойған. Артық жүрістері жоқ. Кітап оқиды, әке-шешесіне көмек

береді, қолдары босағанда театр мен кинотеатрға барады. Үлгілі болуға тырысады. 

   Рамзия мен Ұлпан Есеналы, Гүлбаршын мен Бәди, Мәди, Нияз дастарханға жайғасысы-

мен алдарына алдын ала қойылған табақтарға жаңа ғана піскен палаудан салды. Сонан соң алдарына бір-бір кесе шай қойды. Әңгіме бір сәтке тыйылып,тату-тәтті, бақытты жан-

ұяның мүшелері алдарындағы тағамнан, шайдан алды. Осындай бір бақытты сәтті қай-қайсысы да көптен күткен еді. Жанұяда бұдан артқан қандай ыстық қауышу болмақ. Бәрі де бір-біріне сағынышпен қарайды.Әке перзенттеріне, перзенттері әкеге, ері жұбайына, жұбайы еріне. Осындай бір салтанатта ара-тұра әзіл айтып, үлкен ғалымның сөзін тыңдап, емен-жарқын отырды.


   Айналаны  барлау


   Алып кесірке-динозавр өзін еркіндікке жібергеннен кейін айнала-төңіректі шарлап шыққан. Өзі тектес алып кезікпеді. Табиғаттың көп өзгерісі де оны біраз дарғдартқан. Демікпесі де басыла қойған жоқ. Тынысы тарылғандай болады. Қандай да бір иіс те сезіледі. Алысқа көз жіберсе, көкжиек мұнартыңқырап көрінеді. Алып қаншама рет өзі-

нің белгісімен гүрілдеп дыбыс шығарды. Бірақ оған ешқандай жауап дыбыс болмады. Өзінің  заманында ондай дыбыс шыққан бойда басқалары жетіп келетін. Ал енді бәрі де керісінше. Қайта ара-тұра көрініп қалатын өзіне мүлдем бейтаныс майда-майда түрлі аңдар бет қаратпай бытырай қашқан. Өз заманындағымен салыстырғанда көзге әзер ілігетін титтей тастай ғана құстар зып деп ұшып, аспан тұңғиығына еніп жоқ болады. Алып кесіртке-динозавр ондай жылдамдықты байқай алмайды. Заманында өздерінің айналсындағы ірі  жануарлардың бәрі де асықпайтын. Тек жемі кездескенде ғана қас пен көздің арасында атылатын. Немесе мойыны жетерлік қашықтықта болса, я жылан, я айда-

Һарша атылатын. Сөйтіп ұстайтын жемдерін.

   Алыпты алаңдатқан тағы бір дыбыс аспаннан естіледі. Жиі-жиі қандай да бір барылда- ған бірдеме осы аймақты айналып ұшады да жүреді. Олардың не себепті өйтетіні де алып үшін түсініксіз еді. Егер өзіне жақын жерде ұшса, ұзын мойнын созып жіберіп, үлкен басымен қағып түсірер еді. Дыбысының жағымсыздығы соншалықты, алып өзі де еріксіз гүрілдеп дыбыс шығарып, олай-бұлай бұлқынып, алдыңғы екі аяғын көтеріп, мойынын олай-бұлай сермеп, басын айналдыра бұрап, сол ұшып жүрген бәлекеттің қозғалысын бақылады. Өз заманындағы алып құс-кесірткелерге қарағанда мұның жылдамдығы көптеу екен. Ал дыбысы құс-кесірткелерге мүлдем ұқсамайды. Өзінің үлкендігі өзін Айдан әкелген алып кемеден кіші. Ішінде не бары да белгісіз.

   Содан бір кезде сол гүрілдеген, барылдаған бірдеме ұзап, көкжиектен асып жоқ болды. Дыбыс та азайған. Бірақ оның есесіне орман ішіндегі шуылдаған майда құстар тағы да тыныштық бермеді. Егер алып кесіртке-динозавр саналы тіршілік иесі болса, екі құлағын бірдемемен бітеп алар еді. Сана түгілі тілі де жоқ. Шығаратын дыбысы да біркелкі. «Ша-

қыру», «Қорғану», «Шабуыл жасау» кездерінде берілетін дыбысы ғана жай дыбысынан шамалы өзгешелеу. Оны маңында естіп тұрған басқа тіршілік иелері түсінбейді. Түсінетін тек өздерінің тобырындағылар еді. Олардың бірі де жоқ. Алып қандай әлемде жүргенін біле алмады. Негізгі байқағаны, уақыттың ол кездегіден баяулау өтетіні, төбедегі жарқыраған жарық кеменің де баяу жылжитыны. Ал оның есесіне күллі тіршілік иелерінің жылдам қозғалатыны. Өзінің баяу басысы мұнда біртүрлі оғаш көрінетіндей. Бірақ оны біліп жатқан алып бар ма. 

   Ол енді көлге қарай бет алды. Көлдің түсі де бұрынғы түс емес, лас еді. Сондықтан алып оған жақындап келгенімен түсуге батпады. Егер өзі үйренген көл болса, келген бетте гүмп беріп, жүзи жөнеліп, ұзын мойнын суға салып жіберіп, ірі-ірі балықтарды қаршылдата тістеп, рахаттана қылғытар еді. Мына көлдің түсі де ұнамады. Су беті көгілдірден гөрі ақ-

шылтымдау көрінді. Оның ішінде шоршып жатқан ірі балықтар да жоқ. Өзіне таныс ды- быс та естілмейді. Алып кесіртке-динозавр көлге ұзақ қарап тұрды. Содан соң оның шет жағасын бір барлап көрмекке тағы жақындап, ұзын мойнын аспанға қарай көтеріп әкетіп барып, басын тік төмен қарата суға малды. Артынша тұмсығы қоқырсыған бірдемелерге тиді. Ол басын тартып алды. Қарш деп тістеп алғаны ірі балық емес, қандай да бір тас- талған зат еді. Алып оны былайырақ тастады не нәрсе екеніне түсінігі жетпей ұзақ қарады. Содан соң басын тік аспанға көтеріп, бар даусымен гүрілдеді. Бірақ оған ешқандай басқа алып жауап дыбыс бермеді. Содан бұл жаңағы қатты бірдемені қайтадан тістеп алды да, басын бір жаққа қатты сілки лақтырды. Егер осы арада саналы адам болса, ол нәрсенің жеңіл көліктің қаңқа темірі екенін бірден таныр еді. Ал қажет еткені қуана-қуана алып та кетер ме еді. Бірақ алып кесіртке-динозавр бақылаусыз емес. Арнайы адамдар осы маңдағы тау-тастың  төбесіне орнатылған шағын үйшіктерде отыр. Олар алып қалай қарай жүрсе, солай қарай қозғалады. Дыбыссыз ұшатын көліктері де бар. Мақсаттары алыптың не істейтінін бақылау, фотоға, киноға түсіру, көз жазып қалмау. Ал қатер төнген жағдайда көмекке келу. Олардың осы маңдағы елді мекендер орналасқан үлкен тобы да бар. Алыпты Айдан тапқан, «тірілткен» және осында әкелген Есеналы бастаған ғалымдар тобы да сол елді мекенде. Олар да жиі-жиі келеді.

   Бірақ алыптың оларда жұмысы қанша. Оған өмір сүрсе болғанды. Өзінің тобырын тапса, соған қосылса, мақсатына жеткені. Ал ондай тобырдың мұнан жетпіс миллион жыл бұрын мерт болғанын қайдан білсін бұл бәтшағар. Егер үңгір таспен бірге Айға ұшып барып, сондағы бір қазаншұңқырдың мәңгі Күн сәулесі түспейтін мұзының астында жатпағанда мұндай оқиға да болмас еді. Мұндай табиғатты көрмек емес. Енді тағдырдың жазғанына қарай бәрі де болып жатыр. 

   Алып кесіртке-динозавр өзіне шағын су тоғанындай көрінген көлдің біраз жерін тексер-

ді. Қай жеріне басын малып алса да, жаңағы сияқты бірдемелер тісіне ілігіп жатты. Кейін-

гілерін ол бірден-ақ былай лақтырып тастап келеді. Егер мұны көрген зерттеуге қатыссыз біреу болса, бейне бір алып көл жағасын тазалап жүргендей көрінер еді. Ал шындығында алып көлден өзіне қорек іздеуде. Енді біраздан соң ол жайлап суға түсті. Су да бұрынғы-

дай емес, жылы сияқты. Өз заманындағы су мөлдір таза, салқын болатын. Ал тіршілік қай-

нап жатушы еді. Көлдің айналасы ну қамыс, онда сусыған небір алып кесірткелер жүретін. Ондай кезде алып кесіртке-динозавр сол алыптығына қарамастан сақ жүруші еді. Өздеріне шабуыл жасайтын жануарлар да аз емес-ті . Қазіргі жағдай мүлдем басқа. Тып-тыныш. Ал қыбырғаларының бәрі де өзінен пәленбай есе кіші. Алып қанша санасыз болса да, енді өзінің мына бір түсініксіз табиғат ортасында одырайып жалғыз қалғанын сезе бастады.

 Тек адамдар өздерінше бірдеме деп атайтын ірілеу жануарлар кездеседі. Олардың да өзіне жем үшін арнайы жіберілгенін сезіп жатқан бұл жоқ.. Кезі келіп қалғанда сарт еткі зіп мойнынан тістейді де, жерге алып ұрып, тыпырлатып қойып, қанын рахаттана сорып ішеді. Жануар жан тапсырып, тырп етпей қалған кезде қалған жағын соядай түстерімен ірейді. Мұндай көрініс алып түгілі, бақылаушы ғалымдарға да бүгінде таңсық емес. Алып үшін өз заманынан үйреншікті құбылыс. Бірақ мұндағы жемін аулау мен ұстау, жеу о за- маннан әлдеқайда жеңіл. Өзімен тайталасып жатқан бір де бір алып кесіртке-динозавр жоқ Шабуыл жасап жатқан басқа кесірткелер кездеспейді. Тек табиғаттың сұрықсыздығы мен жеген жануарларының дәмсіз еттері ғана өзін қанағаттандырмайды. Ішкен суының да дәмі

ұнаған емес. Амал жоқ . Басқа барар жері, басар тауы болмағандықтан, тіршілік ету үшін әрекеттенеді. 

   Алып көл жағалап жүріп, бірде суға түсіп, бірде шығып жүріп біраз нәрсені жейді. Асқазанына ел қонып, енді гүрілдегені де басылды. Шамалы болса да тоқмейілсіп, мой- нын тікейте,басын жоғары көтеріп айналаны шолып қойды. Мұның осы тыныштығын күт-

кендей орман жақтан құстардың шиқылы естіле бастады. Көлден шорпыған балықтардың жылт еткені көзге шалынды. Ғалымдар алып үшін осы көлге ірілеу балықтарды жіберген. Бұл көлде оның алдында да өзінің ежелгі иелері – түрлі балықтар бар-ды. Көлдің тереңдігі де алып үшін ештеме емес еді. Ол түскен кезде соншама ауыр денесіне қарамастан ішіне ауа толтырылған қарындай қалқып жөнеледі. Суға сүңгимін десе де оңай. Ал ұзын мой-

нын сұғып жіберіп, су астын тінтіп, бір топ майда балықты аузына бір-ақ салады, оп-оңай жұтады.Алыптың су астындағы әрекеттерін бақылайтын да күрделі жүйелер орнатылған.

Бірақ ол жылжымалы. Жылжымалы болатыны шағын су асты қайығына орнатылған. Оны басқаратын адам бар. Алып егер солай қарай жылжыса,ол да кейін қарай алыстайды. Осы-

лайша оны тынымсыз видеолентаға түсіреді. Бірақ оны сезген алып жоқ. Ол өз әрекетімен әуре. Судан ішсе, балықтан жесе, сөйтіп қарны тойса болғаны. 

   Осындай әрекеттерді бастан кешірді алып суға бір батып, бір шығып жүрген кезінде. Оны тау басындағы үйшіктен ғалымдар да бақылап отырған. Алыптың әрбір қимыл-қоз- ғалысы қызық. Оның тілі болмаса да, түсінігі болмаса да, сонша уақыт «ұйқыдан» кейін мына табиғи ортаны түсінбей жүргені сыртынан білінеді. Ол енді тағы да көл жағалап жүрді. Ара-түұра басын төмен салып жіберіп, судан ішеді. Егер оның мойны мен құйры-ғының жіңішке әрі ұзындығы, денесінің аса үлкендігі болмаса кәдімгі түйеге де келіп қалар еді. Ғалымдардың дені қазақ болғандықтан кейбірінің көз алдында жігерлі бураның қимыл-қозғалысы да қайталанғандай болады. Есеналыны жас шағында бір бураның қуғаны да бар. Өзі туып-өскен ауылдың сыртына бірде ол ойын қызығына түсіп барған. Содан анадай жерде топыраққа аунап жатқан бураны көрген. Ол да мұны байқап қалады. Жас бала болса да одан бұрын бураның адамды қуатынын, ал қуып жетсе төрт тізесіне, қарнына басып, үйкеп-үйкеп, басып өлтіретінін естіген болатын. Сол есіне түсіп, кейін қарай жүре берген. Сол кезде бура да мұны байқап қалады. Сөйтіп, орнынан ширақ түрегеп, бері қарай жүреді. Есеналы сол замат алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Бура қуа бастайды. Енді біраздан соң ол барынша шабады. Бұл ауыл үйлерінің арасындағы кең көшеге түсіп қашады. Бура жетуге әзер қалады. Есеналы үйінің үлкен қақпасынан кіреді де, тарс жауып, үйге кіріп кетеді. Содан сәл өткенде есігін ашып, қайта шықса, бура қақпаға асылып, аузынан ақ  көбік атып тұр екен. Есеналының сондағы қорыққаны әлі күнге есінен кетпейді. 

   Көз алдына бура сияқтандырып елестетіп отырғаны да содан-ды. Алып кесіртке-дино- завр бурадан көп есе ашулы. Егер жанында біреу болса, сарт деп, мойнын көз ілеспес жылдамдықпен бұрып, бір  сәтте қылғытып жұтып жіберер еді. Ғалымдар оны жақсы біле-

ді. Алып қазір аса ашулы емес. Бірақ тамағын тапқаннан кейін тыныштанғандай болған. Бірақ ол да көпке ұзамады-ау. Алыпқа бүгінгі табиғаттың көрінісі ұнамайтын сияқты. Қайдан ұнасын, өз заманында ғажайып жасыл табиғат, тыныштық, айнала толған өзінің «замандастары» болса. Қалағанын жесе. Қаламағаны жанында жатса. Ол кездегі өсімдік-

тер де, ағаштар да мұндай емес-ті. Алып адамша ойлай алмаса да табиғат көрінісінің екі жағдайын да сезеді. Сондықтан болар, ол анда-санда гүрілдейді, басын жоғары көтеріп, олай-бұлай сермеп, бірдемеге риза еместей бұлқынады. Ондай кезде бақылап отырған- дардың өздері де орындарынан тұрып кетеді. Бейне бір алыптың жанына бірдеме бат- қандай. Ол енді тау жаққа қарай жүрді. Ұзын мойнын әрі-бері айналдырып, басын бір көтеріп, бір түсіріп, қандай да бір жатын орын іздегендей болады. Осындағы тауға алдын ала соған лайық үңгір де жасалған-ды. Ғалымдардың ойлағандарындай ол солай қарай жақындады. Ал сол таудың үстіндегі үйшікте бақылаушылардың өздері бар-ды. Алып жа-

қындай-жақындай үңгірге жетті. Бірақ оған кірген жоқ . Ұзын мойнын қозғап, басын үң-

гірдің ішіне қарай салып, айналасын шолып өтті. Содан соң сәл кейін шегініп, айналаны тағы қарады. Ештеме көзіне шалынбаған соң басын тік аспанға көтере ақырды. Даусы жер жаратындай. Тіпті тау басындағы үйшікте отырған ғалымдардың өздері де сескенген. Алыптың өзінің тобырластарын іздеп, жалғыздығына налаланғаны сезіліп тұрды. Жалғыз-

дық хайуанат қана емес, адам үшін де қиын. Адам айналысатын, алданатын нәрсе өмірде көп-ақ . Адам бос уақытын да қызықты өткізе алады. Жер шарындағы қаншама қалада қаншама жалғызілікті адамдар бар. Солардың бәрі де күнделікті тіршілігімен уақытының қалай өткенін сезбейді. Жұмыс, онан бос кезде кітап оқу, театр, кинотеатрға бару, серуен құру, қалаларға саяхат жасау сияқты тіршілік әрекеттері қалай жалықтырсын. Адам жал-

ғыз тұрғанымен көрші-қолаңдарымен, таныстарымен, достарымен, жақын туыстарымен әңгімелеседі. Ал қала тұрғыны үшін бәрі дайын. Су тасымайды, от жақпайды, отын жар-

майды, қора тазаламайды, мал бақпайды.Соның бәр де адам үшын жеңілдік. 

   Ал хайуанат үшін онан ауыр сияқты. Олар да өз белгілерімен тілдесер, бірақ бәрібір адам дәрежесіне жете алмайды. Хайуанаттар күш жағынан басым келсе, адам баласы айла жағынан жол бермейді. Сондықтан да Жер ғаламшарының құдайы адам болды. Қалған хайуанаттар мен құстар, бауырамен жорғалаушылар, қос мекенділер жағы екінші қатарға сырғыды. Адам баласы уақыт өткен сайын ілгерілей берді. Ал кейінгі ғасырларда мәдени даму жылдам дамыды. Соның нәтижесінде адам баласы өз қолымен жасаған ғарыш кеме-

лерімен Күн жүйесіндегі күллі ғаламшарларды, оның төңірегіндегі жұлдызды жүйелерді зерттеді. Ал сондай дамудың бір белесінде мына мезозой заманының тілсіз өкілін тапты.

   Бірақ алып кесіртке-динозавр өзінің қай заманда екенін біліп-сезіп жүрген жоқ. Ол үшін дүниенің қандай болғаны да бірдей сияқты. Тек жерге жем болса, демалуға ауа, ішуге су, жайыларға жасыл шөп болса болғаны. Алыптың қазіргі жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бақылай отырып, ғалымдар ол заман мен бұл заманның арасында қаншалықты айырма барын да біліп-сезіп отыр. Алып кесіртке-динозавр тілсіз болса да өзінің мимикасымен,

дыбысымен, қимыл-қозғалысымен көп нәрсені аңғартады. Жалпы, адам баласының

өзінің тілдесуінің өзі де бет мимикасы, қолдың қозғалысымен байланысты. Ғалымдардың

зерттеулерінше адам баласы бір-бірімен сөйлескенде сол бет мимикасы мен қол, дене қозғалыстарын көп қолданады. Ендеше, әңгіменің жетпіс, сексен пайызы мимикадан тұрады. Ал мылқаулар жүз пайыз мимикамен, саусақ, қол қозғалыстарымен тілдеседі. 

   Ғалымдар да алыпты бақылау барысында сондай-сондай адам баласы ескере бермейтін нәрселерге ерекше назар аударған. Өйткені, алыптың әрбір қимылы, өзін өршітуі бекер нәрсе емес. Оның бәрінде деүлкен мән бар. Алып та бейне бір өзін бақылап отырғандарды сезетіндей қорықтың ішінде айналды да жүрді. Қорық  дегенде кәдімгідей үлкен табиғат ортасы. Ғалымдар тау басындағы үйшікте отырғанымен алыптың барлық қимыл-қозғалы-

сын арнайы телебайланыспен де қадағалайды. Ал оның телекамерасы аспанда ұшып жүре-

ді. Алыптың маңына дейін барады. Ол дыбыссыз ұшатындықтан және әзер байқалатын- дықтан алып кесіртке-динозавр сезбейді. Егер сезсе, оны лып еткізіп бір-ақ жұтар еді. Сол ұшатын телекамераны шебер басқарып отырғандар да бар. 

   Алып үңгірдің ол жақ, бұл жағын барлап алған соң қайтадан бұрылып, тегіске түсті. Ай-нала тауға, орманға, көлге қарады. Бірақ әлі де болса, өзінің қайда, қай заманда екенін сезе алмады. Алып түгілі,мұндай жағдайда адамның өзінің де басы айналып қалар еді. Жетпіс миллион жылдан кейін оянған адам айналсын қалай танымақ. Ол уақыт ішінде адам өмір сүргеннің өзінде ешқандай танысы қалмайды. Талай заман өзгереді. Өмір түрленеді. Бір тіршілік иесі жойылып, орнына басқасы келеді. Сөйтіп кете береді. Алып та сондай күйде. Бүгіндегі аң да, құс та, балық та ол көрмеген тіршілік иелері. Сондықтан алып оларды аңдап жейді. Кейбіріне тәбеті  тартпайды. Ондайда ол тістеп-тістеп, бөліп-бөліп сілкіп лақтырып тастайды. Қандай қылық жасаса да ғалымдар үшін қызық. Сондықтан да бақы- лау ұзаққа созылды. Алыптың айналасын бақылауы да бітпеді. Ол өзін қайда қоярын біл- мегендей тынымсыз жүрумен болған. 

   Бақылаудың үшінші күні алып кесіртке-динозавр бар нәрседен көңілі қалғандай біраз тыныстады. Құйрығын орап, басын үлкен денесіне жанастыра жатты. Енді оны сырттан қараған адам домалақ бір үлкен тас па деп те қалар еді. Оның үстіне алып тап кәдімгі жуан жыландар сияқты, кракодилдер сияқты тырп етпей қалады. Оның не өлі, не тірі екенін біл-мейсің. Ал соны аңғармаған кейбір аңдар қасынан өтіп жатады. Алып кесіртке-динозавр тоқ кезде ештемеге назар аудармайды. Қасында қанша жемі – аңдар емін-еркін жүрсе де басын көтермейді, я қозғалмайды. Оның бір тойғаны бірнеше күнге азық. Соны сіңірген-

ше жатады. Тек ара-тұра көлге барып ұзын мойнын созып жіберіп ұзақ су ішеді. Ана үл-

кен денесіне талай литр судың кететіні де белгілі. Егер оған адам суды қолмен тасыр болса, титықтап қалар еді. Ғалымдар оның осындай ерекшеліктерін алдын ала ойластыр-

ған. Алып бұл заманның еркесіне айналды. Бірақ оның өзі өкінішке орай сол қамқорлықты сезбейді де, білмейді де. Оның қаншама суреттері Жер шары елдеріне тарап кетті. Дино-завр атаулыға қызығатын адамдардың бәрінің үйлеріндегі қабырғаларда осының суреті ілулі. Егер алып кесіртке-динозавр саналы болса, өзінің даңқтылығын сезінсе, бақыттымын дер еді. Даңқының мәнін сезініп, өзін басқаша ұстамақ. 

   Ал қазір ол ешқандай даңқты, ешқандай құрметті білмейді. Өзін күтіп-баптап жүрген адам жанына бара қалса, сарт деп атылып, қылғытып жұта салады. Бар рахметі сол. Ға-

лымдар да оны қаншама дәріптеп, қаншама күтіп, жағдай жасағанмен өздерін алыс ұс-

тайды, сақ жүреді. Өйтпеске амал қанша. Тілсіз жануардың қатері аз емес. Айдағы қоймадағы жақындаудан кейін ешбір ғалым алыпқа қарай баспайды. Тек сыртынан бақылайды. Негізгі мақсат та сол. Оның жүріс тұрысын, тіршілік-тынысын, мінез-құлқын бақылай отырып, сол мезозой  арасындағы күллі тіршілікті көзге елестету. Арнайы күрде-лі жүйелер арқылы алыптың миында сақталған сол заман көріністерін  телеэкранға шыға-

ру да көзделген. Бірақ онан бұрын алып мына ортаға қалыптасуы тиіс. Ал қалыптаса алмаса, онда өміріне қатер төнбек. Мына жасалған қорық та соның арқасында тыныштық- 

қа ие болды. Бұған дейін бұлараға келмейтін жан жоқ еді. Алып Айдан келгенше қаншама жұмыс жасалды. Айнала тор шарбақпен қоршалды. Іштегі демалған адамдар тастаған түрлі қоқыстар әкетілді. Алыптың көлден жұлып алып, былай лақтырып тастаған жеңіл көліктің қаңқасы да сол демалғандардан қалған қалдық болатын. Ол ірі дегені. Майда-шүйдесі қаншама еді.

   Солардың біразын алып тісімен тістеп, олай-бұлай лақтырды. Ол түсінбегені еді. Егер түсінсе, бәлкім онан да зорын жасамақ. Алып біраз уақыт демалғаннан кейін қайтадан тамағын аңдауға кірісті. Ол орнынан тұрған кезде жаңа ғана қозғалыссыз жатқан үлкен бір тасқа жан біткендей болған. Енді ол батпандай-батпандай төрт аяғына күллі салмағын артып тұр. Жуан басталып бірте-бірте жіңішкере беретін ұзын құйрығы да өзінше бір тіршілік иесі сияқты қозғалады. Мойны жирафтың мойны сияқты тіктеніп көтерілді. Айдаһардың басына ұқсас басы мен үлкен қара көздері алыстан көзге анық шалынады. Ал дүрбі арқылы қараған адамға оның қалың терісі қыртыстанып, құмды дөңдегі қатпар-қатпар толқындарға ұқсап кетеді. Тыныс алуының жиілігі сол алапат денесінің жиі қозға-

луынан сезіледі. Ол замандағы ауамен бұл замандағы ауаны салыстыруға оның осы ахуа-

лы мысал сияқты. Алып өзінің мінез-құлқымен табиғат көрінісіне, ауаға, суға, жеп жүрген жемінің дәміне деген қанағаттанғысыздығын сездіреді. Бақылап отырған ғалымдар оны да біледі.

   Алып кесіртке-динозавр басын олай бір, бұлай бір бұрып, жан-жағын барлап алды. Со-

дан кейін қандай да бір дыбысты естігендей басын тауықтың басыныша қалт-құлт қозғалтты. Басын қисайтып та қояды. Одан кейін мойынды төмен салып жіберіп, басымен жасыл шөпті сыдырып өтті. Ол да ұнаған жоқ. Өз заманындағымен салыстырғанда бүгінгі жер беті тықыр сияқты көрінсе керек. Ұнамады. Сөйтіп, басын қайтадан жоғары көтерді де бар дауысымен гүрілдеп берді. Ол гүрілі айналаны жаңғырықтырды. Егер осы маңда кездейсоқ жүрген бейтаныс адам алыптың барын білмесе, жанұшыра қашар еді. Не екенін түсінбес еді. Дауыс аса ащы шықты. Қатты естілді. Бейне бір бұл үн сонау мезозой эрасы-

нан, ғасырлар қойнауынан жетіп жатқандай еді. Алып енді өзінің шынымен-ақ жалғыз қалғанын, басқа бір заманға тап болғанын сезінген тәрізді. Сол сезіну ішкі жан-дүниесін
 өртеп бара жатқан секілді. Тірі жан болған соң бәрі де мүмкін. Оның іштей қандай күйі- нішті өткеріп жатқанын жан баласы білмейді.

   Сол үннен кейін тау басындағы бақылау үйшігінде отырған ғалымдар да бір-біріне қа-

рап, тосырқап қалған. Алып Айдан табылғалы, оянғалы бұлайша үн шығарған емес-ті. Демалыстан кейінгі бұл жағдайы ғалымдарды да ойлантты. «Бәлкім, ол ауруға шалды- ғайын деген шығар» деген де ой келген ғалымдарға. Бірақ әзірі ешкім ондай  жаман ойды айтуға асыққан жоқ. Алыптың одан әргі әрекетін бақылауға кірісті. Алып кесіртке-дино-

завр сол кезде осы тау басына да көз салды. Оның көзінің қаншалықты қырағы екенін кім білсін, бірақ қарасында бірдемені байқап тұрғаны білінетін сияқты. Ол енді тұп-тура тауға қарай жүрді. Тау дейтін тау ма, алып шындаса, оған оп-аңай шығады. Мына кішкентай үйшікті де оп-оңай құлатып тастайды. Бірақ өкінішке орай ол сол үйшікті көздеген тә-

різді. Алып өзіне қамқор болып жүрген адамдарды біршама біледі. Қанша жабайы болса да өзі көзін ашқалы көргені де сол адамдар. Тек адамдар емес, өз заманындағы алып кесіртке-құстар сияқты ұшатын жансыз бірдемелерге де көзі үйрене бастаған. Тек олардың  дыбыстары ғана сол замандағылардыкіне ұқсамайды. Кейбірі мейлінше алып. Өзінен әлдеқайда үлкен. Егер санасы болса, сондай бір алыптың ішінде бір жақтан ұшып келгенін де түсінер еді. Оның бар санасы – көзіне көрінгенді қармап қалу. Қирату немесе жұтып жіберу.

   Қазіргі жүрісі де сондай мақсатта сияқты. Егер ғалымдар бақылау жүргізіп отырған үй-шік көшпелі, кеме тәрізді ұша алатын болмаса, алыптың аузына оп-оңай түсер еді. Ол бу-ра сияқты үйшікті таптап тастамақ. Алыптың жүгірісі де жаман емес. Тек мына ауаның тымырсықтығы ғана оған кедергі бола алады. Әйтпесе, ол талай жерді шарлап та тастар ма еді. Өз заманында болса ғой,өз күшіне мінбек. Алып кесіртке-динозаврдың тағы бір кібір-тіктейтіні өзінің жалғыздығын сезінетіні. Егер тобырымен болса, мына айналаны өз деген-

деріне айналдырар еді. Ғалымдар да оның бұл жүрісін жақсы деп ойлаған жоқ. Сондықтан да алдын ала қамданып, үйшіктің қанаттарын жайып, өзері ішіне кіріп, есігін жауып алды. Енді ол үйшік емес, кез келген бағытта ұша алатын әуе кемесі еді. Алып оны қайдан түсін-сін. Көзіне оғаш көрінген нәрсе осы болғандықтан туралап келеді. Таудың қия-қиясында-

ғы тастарды сақырлатып, бұталарды майыстырып өрлей берген. Ғалымдар да үйшік-кеме ішінде көтеріліп ұшып кетуге дайын отырды. Басқа амал да жоқ еді. Егер қандай да бір бөтен ғаламшарда болса, қаруларын алып, атуға дайындалар еді. Бұл өздері әлпештеп жүрген жалғыз жануарлары болғандықтан тек осылай етуге тура келеді. Алып кесіртке-динозавр қандай да бір жем таптым ба дегендей ара-тұра дыбыс шығарып, гүрілімен тау-тасты жаңғыртып келеді. Бірақ ол көз алдындағы үйшік-кеменің әуеге қарай құсша көтері-

ліп жөнелетінін сезіп пе. Оған аузына ілігетін нәрсе болса жетіп жатыр. Ғалымдар алып-

тың бұл шабуылынан қорыққан жоқ. Ол жақындаған бойда ұшып жөнелуге дайын отыр- ған. Ол әрекет ұшқыштардың міндеті болса да ғалымдар да қанша дегенмен алаң болды. 

   Алып жақындап қалды. Тас біткен сақырлап кетті. Қаншасы төмен қарай домалап кетіп жатыр. Алып кесіртке-динозаврдың бұлайша тау басына өрмелегенін кім көріпті. Енді ғалымдар бұл оқиғаның да куәсі болды. Алыптың ұзын мойны, олай-бұлай айнала қарай- тын басы адамның денесін түршіктіреді. Егер осындай алыптар көп болса, мына қорықта аң қалмас па еді. Ол кездесе қалған аң болса оны да қылғытып жіберуге даяр. Бірақ қайдан ұшырассын, оның ауаны қақырататын гүрілі мен батпан аяқтарының дыбыс айналаны жаңғырықтырып, талай жерге кетіп жатыр. Әсіресе ол тауға өрмелеген кезде қарсы тұста-

ғы жарқабақтан жаңғырығып, екі есе күшейе түскен. Енді ол дыбысты тыңдаған адам мұнда бір алып емес, бірнеше алып жүр ме деген де  ойға тіреледі. Ал жоғарылаған сайын оның даусы сонау елді-мекендерге де жеткендей сезіледі.

   Алып кесіртке-динозавр соңғы жайпақ тастың үстіне шыққан кезде үйшік-кемедегі ұш-

қыштар оған от қосты. Үйшік-кеме жайымен қалықтап көтеріле берді. Сол кезде алыптың да жан даусы шықты. Ол мойнын тағы да олай-бұлай сермеп, басын бұрай айналдырып, қатты әбігерге түсті. Содан бір кезде алдыңғы екі аяғын көтерді. Бұл бейне бір цирктегі пілдің әрекетін көзге елестеткендей еді. Тек ұзын мойны мен айдаһардыкіне ұқсаған басы ғана адам көзіне оғаш көрінеді. Үйшік-кемедегі ғалымдар да терезеден, телеэкраннан қа-

рап отырған. Бір кезде алып кесіртке-динозавр тұрған жалпақ  тас оның салмағынан ба, әлде өзігінен бе, төмен қарай жылжып кетті. Алып салмағымен төмен қарай құлады. Со-дан аунап жөнелсін. Тастан тасқа, бұтадан бұтаға соғылып домалай сырғып барады. Жан- ұшыра шыққан даусы енді үзіліп-үзіліп естіледі. Ол оның аунағандағы жату жағдайына қарай еді. Алып шалқалай келгенде даусы анық  қатты естіледі де, етпеттей түскенде ол күңгірттеніп, тұншығып шығады. Қалай болғанда да алыптың қатты азапқа түскені белгілі болды.

   Ғалымдар үйшік-кеме ішінде шырылдап отыр. Қолдарынан келетін көмек жоқ. Көмек берер еді, егер алып саналы болса. Санасыз хайуанаттың жанына барудың өзі де қатер. Кім батылданып бара қойсын. Есеналының дегбірі кетті. Үйшік- кеме ішінде әрі-бері жү-

ріп, біресе терезеден,біресе телеэкраннан алыптың жайын бақылаумен жүр. Не айтарын да  білмейді. Ал алып бұл кезде тау етегіне таяп қалған. Егер оның дене-тұрқы төзімді,мықты болса тірі қалды. Әйтпесе, шаруасының біткені.Осыншама еңбектің де босқа кеткені. Ға-

лымдар бұл жағын да ойлады. Тек Есеналы ма, осындағы Саматай, Дәурен және тағы басқа ғалымдар, шет елден келген ғалымдар қатты толқыды. Дүние жүзі бақылап отырған бұл нәрсенің бұлайша аяқталғаны кімге жақсы болсын. Бір кезде шыдамаған Есеналы:

     -  Үйшік-кемені алып кесіртке-динозавр құлаған етекке апарып қондырыңыздар,- деді ұшқыштарға.

     -  Ол  қауіпті емес пе? – деді олардың бірі.

     -  Несіне қауіпті болады? Ол тірі қала қоймас?

     -  Алыптың дене-тұрқы төзімді болса керек, - деді бас ұшқыш. 

     -  Оны бара көрерміз. Соған жақындайық.

   Ұшқыштар осыдан соң қарсы сөзге келмеді. Үйшік-кеме жайымен қисая бұрылып, кә-

дімгі әуе кемелерінше жерге қарай төмендей берді. Іштегі Есеналыдан басқалары кеме алып жатқан жерге жақындаған сайын үрейлене бастаған сияқты. Ал Есеналының көзі тұ-

нып кеткен. Ол қазір тек алыптың амандығын ойлап келеді. Кеме ішінде тыпыршып та жүр. Алып домалай-домалай, тас пен бұталарға  соғыла-соғыла етекке жетіп, гүрілдегені де бірте-бірте басылып, бір кезде тым-тырыс қалды. Бұл ғалымдарды онан сайын үрейлен-

дірді.Соның өзінде де Есеналаның алыпқа жақындауына ешқайсысы келісім бермеді. Ке-

ме жерге қонғаннан кейін де бәрі есікті ашып, алыпқа қарап тұрды. Ол қиналып жатыр.

Өлмеген күннің өзінде қатты жараланғаны даусыз. Біраз қозғалғаннан кейін алып тым-тырыс қалды. Ғалымдар бір-біріне қарап тұр. Бұлар да тым-тырыс. Алыптың жаны қалай қиналса, өздерінің де бар денелері ауыр тартқандай күй кешуде. Бірақ бұлайша тұра берудің жөні бар ма еді. Есеналы есін тез жиды. Кейін бұрылды да:

  • Тепкешекті түсіріңіздерші, - деді. 
  • Қазір.

   Артынша сыр деген дыбыс естіліп, кеменің ғалымдар тұрған люгі жағынан тепкешекті саты түсті. Есеналы кідірген жоқ. Тепкешекпен жылдам-жылдам түсіп, алып жатқан жерге қарай асықты. Оның бұл алқынысынан қорыққан ғалымдар артынан жүгірді. Үйшік-кеме-

дегі мал дәрігері Құдас Тамабайұлы кейінгілерден озып, Есеналының қатарына жетті. Есеналының тоқтар ойы жоқ. Жігерленіп кеткен. Алып кесіртке-динозавр есін жиса шап ете қалады-ау деп те ойлар емес. Құдас жете бере:

  • Есеналы Мұхитұлы, сақ болыңыз. Алыпқа сенуге болмайды. Ол жабайы ғой, - деді. 
  • Білемін, - деді Есеналы алдынан көз аламай,- бірақ ананың қандай жағдайда екенін

білуіміз керек қой.

  • Оған дауым жоқ. Сонша алыпқа екеуміздің әліміз келе ме?
  • Көмек шақыру керек! – деді Есеналы кілт тоқтап, алқынғанын жасыра алмай, жиі-

жиі демалып, - әйтпесе, мынау мерт болады! Соншама биіктен домалау оңай ма? Сонша салмақпен! Өзіңіз ойлап қараңызшы?! Не істеуге болады бұған? Дәрігерсіз ғой?

  • Жедел жәрдем кемесін шақыру керек! – деді Құдас.
  • Ендеше, хабарлаңыз! Үйшік-кемедегі ұшқыштарға айтсаңыз әрі қарай өздері-ақ 

жеткізеді!

  • Қазір, - деді Құдас.

   Сөйтті де төс қалтасынан кішкене телебайланыс құралын алып, жыпырлаған майда түй-

мелерінің бірін басты. Оның кішкене дөңгелек экранынан ұшқыштардың бірінің бейнесі көрінді. Құдас демігін сәл басты да:

  • Байқауымызша алып кесіртке-динозавр қатты жараланған! Жедел көмек керек!

Қалаға жеткізетін арнайы мал дәрігерлік үлкен жедел көмек кемесін шақырыңыздар! 

  • Түсіндік! – деді бас ұшқыш Жеңісбек Рүстемұлы.
  • Оған дейін біз бақылай тұрамыз! Қолдан келер басқа шара жоқ!
  • Түсіндік! Қазір хабарлаймыз!

   Есеналы мен Құдас алыпқа жақындай түсті. Содан соң оны алыстан айналып, үлкен бір тастың үстіне шықты. Енді оның бар дене-тұрқы ап-анық көрініп жатыр. Расында да алып қатты жараланған. Денесінің кей жерінен қып-қызыл қан ағып, топыраққа араласып, қарай ып, жиналып, ұйып қалған. Алып мүлдем қозғалыссыз емес. Сонда да ара-тұра басын көтеріп қояды. Құйрығы да жиі-жиі жиырылады. Ол біресе басын іші тұсына апарады, бір-

де құйрығын денесіне орайды. Қалай әрекет жасаса да жануардың жан-дүниесін түсіне-

тін адамға оның қиналысы ап-айқын білінеді.

   Есеналы енді не істерін білмей қатты қиналған еді. Тек ол ма, ғалымдардың бәрі де бүкіл еңбектерінің жоққа шыға жаздап тұрғанына қиналды. Бірақ сол кезде бәрінің де алдары-нан бір үміт оты жылт еткендей болды. Аспаннан гүр еткен дыбыс естілді. Артынша бір-

неше минут өтпей үлкен жедел дәрігерлік көмек әуе кемесі бірте-бірте төмендеп қонып келе жатты. Тұрғандар аралда қалған адамдардай қолдарын бұлғап тұрды.




                                    ТӨРТІНШІ   БӨЛІМ


                               КОСМОТАРИХ  КУӘСІ

                                  Аяғына тұрған алып


   Үлкен қаланың күншығыс жағындағы үлкен хайуанаттар бағында апта бойы әбігершілік болды. Арнайы жасалған қорықтан алып кесіртке-динозаврды жедел кемемен осында жет-

кізген-ді. Мұндағы үйдің бары да көп жеңілдік туғызды. Оның ішіндегі тамақ беруге, алыпты күтіп-баптауға арналған түрлі епті манипулятор-қолдар енді оның қатты жарақат- танған денесіне операция жасауға ыңғайландырылды. Қорықтағы тауға жедел көмек кеме-

сі арнайы тор үй апарған болатын. Алып соған салынып, көтергіш жүйелермен кеменің

ішіне салынған. Содан осында жеткізілді. Ал алыптың бұл уақыт аралығында есін жиып, көзін ашып, ара-тұра гүрілдегіні де белгілі. Ең бастысы да сол еді. Ол таудан домалап түс-

кен кезде ғалымдар қатты қорыққан. Қауіп болмын десе оп-оңай екен. Қайта ауасы жоқ, суы жоқ, орманы жоқ Айда бұлайша қорықпаған еді ғалымдар. Ал Жерге келген соң алып кесіртке-динозавр өмірін ешбір қатерсіз жалғасыра береді делінген. Бірақ ол ой қате бо-лып шықты. Алып үлкен жарақат алды. Ай үстінде болса, оның салмағы да алты есеге же-

ңілдер еді. Ал мұнда бар салмағымен домалаған. Үстінде майда жарақат толып жатыр. Ең үлкені арқа жонында еді. Үшкір тастың бірі тереңдете тіліп жіберген. Көп қан кетті. Ол өз алдына. Егер оған кір түссе, жағдайы қиын болмақ. Ғалымдар мен дәрігерлер сол жағына баса назар аударған-ды. 

   Алып кесіртке-динозавр арқа жонындағы үлкен жарақатты ауырлап, мойнын, басын қозғап көп қиналады. Алып та болса жанына батады. Жарақат пен ауру жаны бардың бәріне бірдей . Әркім өз дәрежесінде ауырсынады. Егер адам денесінде тап сондай жарақат болса, әлдеқашан қансырап, ауырлап, мәңгілікке көз жұмып кетер ме еді. Ал алып сол ауырлықты өз дәрежесінде көтеріп жатыр. Күрделі көтергіш жүйелер арқылы  алып жатқан тор үйді хайуанаттар бағындағы кең алаңға түсірісімен оның төңірегінде бір топ темір адамдар жүгіріп жүрді. Азулы алыптан қорғанудың бір жолы осы еді. Жесе, темірді жемек. Ол темір адамдарды арнайы пультте  басқарып отырған адамдар да көп. Дәл қазір сырттан келген адам мұнда не істелінгелі жатқанын ажырата алмас еді. Бірі олай қарай, екіншісі бұлай қарай жүріп жатқан тіршілік. Ғалымдар да алып жатқызылатын үйдің ішінде. Олар бір-бірімен жиі-жиі кеңесіп, жай сөйлеседі. Операцияға ыңғайландырылған минипуляторларды тексереді. Алып жатқызылатын алаңды қарайды. Мұнда қарап тұрған жан жоқ. Жарақат ауыр болғандықтан көп кешіктіруге болмайды. Алып үшін тез арада сәйкес келетін хайуанаттар қанын алдырған. Ол қан арнайы цистернада дайын тұр.

   Біраздан соң алыпты үй ішіне енгізу жөнінде ұсыныс білдірілді. Сол замат ол жатқан тор үй жоғары көтерілді. Содан жайымен жылжып келіп, үлкен үйдің төбе тұсынан төмен қа-

рай түсірілді. Үйдің шатыры екі жаққа қайырыла ашыла беретін. Бұл алып кесіртке-диноаврдың тынысы тарылмауы мақсатында жасалған. Қажет кезде ашылады, қажет емес кезде жабық тұрады. Қабырғалар аса биік, әрі қалың, мықты болғандықтан алып оны бұза алмайды. Секіріп шығып кете алмайды. Енді сол қабырғаларды бойлап операция ала-

ңына қарай жақындап келеді. Тор үйді көтергіш техникамен қозғалтып отырған жігіт те терлеп кеткен. Алып сау болса бір жөн. Ал мынандай ауыр халінде кішкене соғып алудың өзі қандай азап. Адам баласы саусағының бір жерін кесіп алып, оған қол тисе қандай қина-

лады. Ал алып кесіртке-динозаврдың денесінде сау жер жоқ. Қайта ол өзінің құдіретті денсаулығымен бәріне төзіп жатыр.

   Тор үй тік төмендей-төмендей операция алаңына жақындаған мезетте басқарушы жігіт оны кілт тоқтатты. Содан соң тордың алып жатқан төменгі қабарғасын жайымен аша бас-

тады. Алып бір жағына қарай ауып, жай жылжып, алаңға түсті. Қанша еппен жасалса да оның денесі өз салмағымен дүрс деп алаңға тиді. Алып бір ыңырсып, аунап түсті. Арнайы бөлмеде телебайланыс арқылы көріп отырған ғалымдар да демдерін ішке тартып, тым-тырыс қалған еді. Ыңырсыса да қажетті орынға аман-есен түскен соң алыптың жайын өз көздерімен көруге асықты. Алып жатқан алаңның айналасына жасалған темір қоршаудан қарап тұрды. Алып кесіртке-динозавр қатты жараланған екен. Әйтпесе, ол анау-мынауға дес бермес еді. Оны ғалымдар да түсініп тұр.

   Есеналы қасындағы мал дәрігерлерімен әрі қарайғы іс жөнінде кеңесіп қояды. Мұнда Саматай да, Дәурен де, Айда бірге болған барлық  ғалымдар да бар. Өздері ыстық-суығын көтерген алыптың одан әргі тағдыры қай-қайсысын да толғантады. Сондықтан енді операцияның сәтті өту жағын ойлауда. Ол әрекет кешіккен жоқ. Алып кесіртке-динозавр алаңға жатқызылысымен жан-жақтан епті манипуляторлар іске кірісіп кетті. Олар өте үл-

кен,жұмсақ, адам қолынан аумайтын еді. Сондықтан да алғашында алып ол қолдарға қарай тап бермек те болды. Бірақ ауырсынған денесі қанша дегенмен бұрынғысындай белсенділікке мүмкіндік бермеді. Қатты ауырсынған кезде манипуляторды қармамақ түгілі өзінің жанымен алысады. Басын қайта-қайта шайқап, гүрілдеп, тыпырлайды. Манипулятордың бірі оны ыңғайлап жатқызды. Екіншісі алыптың басын мықтап ұстады. Егер манипуляторлар соған сай үлкен болмаса, алып бір қозғалғанда кейін серпіліп кетер еді. Ал адамның қолы алыптың басымен салыстырғанда ергежейлінің қолындай ғана болар еді. Ал манипулятордың күші қарымды. Ол алып күшінен асып түседі.Сондықтан да ол енді аса қозғала алмайды. Жан-жақтан төнген басқа манипуляторлар оның аяқтарын арнайы орындарға бекітіп жатты. Енді бірі жуан болып басталып, жіңішкеріп кететін ұзын құйрығын мықты бекіткіштерге бекітті. Қысқасы, аз уақыттың ішінде алыптың арқа жоны операцияға дайын болды. Ендігі кезек төбе тұстағы бірнеше манипуляторлардыкі еді. Операция кәдімгі адамға жасалатын операциядан аумайды. Төбе тұстан қуатты шамдар жанды. Жан-жатқан үлкен-үлкен пышақтарын алған манипулятор-қолдар жақындап келіп, іске кірісіп кетті. Басқа манипуляторлардың бірі алыпқа инемен дәрі жібергендіктен ол енді етінің кесіліп жатқанын, қаны шығып, оның орныны тазаланып жатқанын ауырсын- бады. Бірақ қанша санасыз болса да арқа жонынан да суша аққан қанды сезбей қалған жоқ.

   Операция біршама уақытқа созылды. Алғашында бәрі де тез бітетін сияқтанған еді. Жара терең болып шықты. Соншама биік таудан, соншама салмақпен құлау оңай ма. Егер соның орнында адам болғанда әлдеқашан мерт болар еді. Мезозойдың таза ауасы мен таза суы, таза тағамын жеп емін-еркін тіршілік кешкен алыптың организмінің мықтылығы бұл. Егер бүгінгі заманның ауа-райы да сол замандағыдай болса, алыптың қуаты мұнан да күшті көрінер еді. Енді қанша мықты болса да, аса дамыған адамдардың қолына түсті. Өз заманында тек таяқ, таспен қорғанатын пенделердің енді осыншалықты айлакер, күшті болып кеткені де саналы болса, алыпты таңдандырар еді. Бірақ ол өзіне жасалып жатқан қамқорлықты сезгендей болады. Түйенің көздеріндей бақырайған қара көздерін қадап, «Енді не істемексіңдер маған» дегендей қозғалыссыз жатыр. Егер пышақтың кескені титтей білінсе, ол бұлқынып алып жөнелер еді. Ондай ештемені сезген жоқ. Сондықтан да ол арқа жонында не жасалынып жатқанын да білмеді.

   Жара ішіндегі майда тас, кір тазаланып, іші жуылған соң оны тігу басталды. Ол да тез өтті. Содан кейін алыптың өзіне тән қанының мөлшері өлшенді. Жоғалған қанның орны толтырылды. Алып кәдімгідей тынышталып, жасалып жатқан операция жаққандай көзін жұмып жатты. Ғалымдар оны тыныштандыратын дәрілерді де манипулятор арқылы еккен-ді. Операция аяқталысымен әрбір манипулятор өзінің ісінің бітуіне қарай кейін жиыры- лып кетіп жатты. Төбе тұстан шамалы салқын самал есті. Ғалымдар да қуанып, бір-бірінің қолын алып, мәжіліс өткізетін бөлмеге қарай жүрді. Енді алыпқа біраз уақыт тыныштық

керек еді. Оны мұндағы әрбір адам айтпай-ақ түсінеді. Хайуанат бағының қызметкерлері өздерінің міндеттеріне  кірісіп кеткен. Ол алып кесіртке-динозаврды қандай тағаммен қай кезде тамақтандыру болатын. Алыпқа ешкімнің де жақын бара алмайтыны белгілі. Оған тек манипуляторлар жақындайды. Олардың өздері де тіс батпайтын мықты материалмен

қапталған. Әйтпесе, алып бір тістегендернің де пәршек-пәршегін шығарар еді. Ет те, су да,

шөп те арнайы манипуляторлар арқылы жеткізіледі. Ал қазіргі жаралы  кезінде тағамдар жанына апарылады. Жазылып, қалпына келген соң өзі осы үлкен үйдің ішіне жіберілетін ірі қара малдарды ұстап, жарып жейді. Ең қиыны, алып кесіртке-динозавр енді тұрақты қамауда болады. Қорықтағыдай еркіндік те жоқ. Алыптың қорықта  жападан жалғыз өмір кеше алмайтыны, оның әрбір қадамына қатер төніп тұратыны таудан құлағанынан белгілі

белгілі болды. Енді ғаламдардың өздері оны еркіндікке жіберуді қаламайды. Қорық сол қорық күйінде қалды. 

   Ғалымдар мен хайуанаттар бағының барлық қызметкерлері кеткен соң үй ішінде тыныштық орнады. Тек телебайланыстардың, үлкен манипуляторлардың ызыңдары ғана шамалы естіліп тұрды. Ол алып үшін дыбыс па екен. Қозғалған жоқ. Тыныштандыратын дәрі егілген соң қайдан тырп етсін, сол баяғы өзінің мәңгілік ұйқысына қайта енгендей жатыр.Соны пайдаланған кейбір қызметкерлер үйдің ол жақ, бұл жағындағы аса дыбыс шығармайтын жұмыстарын жасап жатты. Ал ғалымдар болса, өздері мәжіліс өткізетін бөлмеге жиналып, болашақ жоспарларын жасады.Содан кейін әркім өзінің үйіне түскі асқа кетті.Алыптың аяғына тұратыны анық еді. Оған ешкімнің күмәні болған жоқ. Бүгінгі заманның дәрігерлік ғылымы мұнан да күрделі, қатерлі жара мен ауруларды оп-оңай жазбай ма. Жалғыз алып көп мамандарға ермек, тәжірибе ғана болғандай. Сонысымен де қызық ол. Ал бүгінде хайуанаттар бағына кірмекке талпынған халық та үзіліс бар ма еді. Уақытша жабылғандықтан бәрі де амалдары құрып, кері қайтып жатқаны. Алып кесіртке-
 динозаврдың хайуанаттар бағына келгені көпшілікті елең еткізген. Әуелде жасалған жоспардың орындалғаны бұл мекеменің басшысын да; қызметкерлерін де қуантқан. Енді олар мұнда күні-түні тынбай еңбек етуге даяр. Тек алып тірі болса екен. Бір топ мал дәрі- герлері алыпты жиі-жиі бақылап тұрды. Тек түннің бір уағында ғана демалыс бөлмелері-

не оралған. Таң да атуға таяп қалған еді.


  Таң  алдында   болған  оқиға



   Тұла бойы шымырлап, кейбір жерлері шаншып жатса да қозғалуға ерінгендей болып жатқан алып кесіртке-динозаврды жан-жақтан шыққан бейтаныс дыбыстар жігерлендірді. Ол кенеттен басын көтеріп алды. Содан соң мойнын тіктей жоғары созды. Мұндай кезде қоршау тордың айналасындағы қабырғалар анық көрінеді. Бірақ ештеме байқалған жоқ. Алыптың сезінуінше, жаңағы дыбыстар тап осы маңнан шыққан. Ал өзінің неге мұндай қапаста жатқанын болса да сезген жоқ. Тек басын қозғап, тауықтың басы тәрізді жиі-жиі, қалт-қалт бұрып, көзін бұрып көрді. Одан да ештеме шықпады.Айнала жабық қабырғалар, ал бір шетінде қандай да бір саңылаудың орны бар. Бірақ темір есікпен бекітілген. Алып оның не екенін ажыратқан жоқ. Өзін өршіткен таныс емес дауыстар: маймылдардың шыңғыруы, аюдың ақыруы, жолбарыстардың гүрілі, қасқырдың ырылы, шиебөрілердің шыңғырғаны. Бірақ бұлардың аттарын білетін адамдар ғана. Алып үшін оның бірі де бел-

гісіз. Тек дауыстары ғана елеңдетеді. Ал олардың неге мұнша шоғырланғанының сыры да алып үшін беймәлім. Сондықтан ол құлақ түре түсті. Енді сәлден соң денесіндегі жарақат-

тың ауырғанын да сезбегендей күй  кешті. Бар сезімі сол дауыстағандарға ауған.  Басқа қозғалысты алып байқаған жоқ. Жайымен орнынан көтерілді. Содан кейін ұзын мойнын біресе жоғары, біресе жан-жаққа созды. Онан да ештеме байқамады. Бірақ өзіне төнгендей болып көрінген қатер дыбыстарға жауап беруі тиіс еді. Өз заманында мұндай сәтті қалт жіберген емес. Төңірегіне қанша жауы жиналса да іліп тастап отыратын. Енді мына жағдайдың түсініксіздігі ішкі дүниесін өршіте түсті. Алып адымдап басып төрт қырлы темірге жақындады. Сол кезде әлгі дыбыстар ап-анық естілді. Алып енді шыдамады. Төрт қырлы темірді тұмсығымен жанай сипап өтті де, ілгері қарай қойып қалды. Ол қатты екен. Кәдімгідей ауырсынып қалды. Бірақ қайтқан жоқ. Өмірде қайтып көрген бе. Болмаған соң алып денесімен келіп әлгі төрт қырлыны бар салмағы-екпінімен қойып кеп жіберді. Темір есік сарт етіп ашылды. Ол орнатылған қабырғалар да қозғалып кеткен. Алып сыртқа шық- ты. 

   Жаңағы улаған-шулағандардың да өзі сияқты бір-бір үйлерде қамаулы екенін көрді. Бірақ істің мәнін болса да ұққан жоқ. Олар жағалай орналасқан екен. Кей-кейде басқа тұстан арыстан мен жолбарыстың дыбыстары шығады. Алып олардың нелер екенін де біл-

ген жоқ . Бірақ көргісі келді. Жеу ниеті де болмай қалған жоқ. Жағалап жүріп, қабырға бойына жабылған тор-темірлерді бір-бір тістеп, майыстырып, ыңғайы келген жағына қарай лақтырып тастап отырды. Алғашқы жұлып алған торы маймылдардыкі еді. Олар онан сайын шыңғырып жөнелді. Ұрғашылары кішкене балаларын бірге жетелеп, үйдің ішкі түкпіріне тығылды. Бірақ мойыны ұзын алып кесіртке-динозавр үшін ол пана емес еді. Сондықтан ол бір-екі маймылды оп-оңай тауып, үй бұрышында бүрісіп отырған жерлерінен, сарт тістеп, қандарын ағыза қарш-қарш шайнап жұта салды.

   Тек осы кезде барып соның алдында ғана көздері ілініп кеткен кезекші мал дәрігерлері бастарын көтеріп-көтеріп алып, бір сұмдықтың болғанын сезіп, орындарынан ұшып-ұшып түрегелді. Сөйтті де тік сыртқа жүгірді. Шыққандары сол екен, хайуанат бағы ішіндегі айлай-дүлей жағдайды көргенде не істерлерін білмей бірнеше секундтар бойы тұрып та қалған. Содан соң қайта үйге кіріп, видеотелефонға жармасты. Есіктерін тарс жауып алды. Егер алып бірдемені сезіп, осылай қарай жүрсе, мына үйшік, мына есік ол үшін жұқ емес. Басып-жаншып өтеді де кетеді. Аузына іліккенін шайнап-шайнап жұтады. Бұл әрекет мал дәрігерлеріне жақсы белгілі. Сондықтан қазір хайуанат бағындағылардан гөрі өздерінің жағдайларын көбірек ойлады. Ойламай қайтсін, алыпқа қарсы тұратын халдері болмаса.

   Ал бұл кезде бақтағы аласапыран оқиға жалғасып жатты. Алып кесіртке-динозавр барлық хайуанаттарды босатты. Құстардың айналасындағы темір торларды да жұлым тастады. Бақ іші у-шу болды. Шыңғырған маймылдар, ақырған аю, ырылдаған қасқыр, шуылдаған шиебөрілер, құстардың даусы, қой мен ешкінің маңырағандары, жылқылар-

дың кісінегені. Егер соның арасында адам болса, қайда қашарын білмей есінен танар еді. Хайуанаттар болса да бейберекет шапқылады. Біраз жылқылар биік деген темір қоршау- лардың үстінен қарғып өтіп, бостандыққа шықты. Шиебөрілер тапқан саңылауларынан

зып-зып беріп шығып, басы ауған бағыттарына жөнелді. Ұша білетін құстар қанаттарымен жел есіп, шулап, қиқулап жоғары қарай ұшты. Солтүстік мұзды мұхиттың ақ аюлары қор- баңдап, құрғақ жермен жүре алмай қиналды. Бірақ оларға да жан керек, алып кесіртке-динозаврдан алыстап кетуге тырысады.

   Алып кесіртке-динозавр олардың ешқайсысына тиіскен жоқ. Тек ұзын мойнын созып, аузын айдаһарша ашады да, жанай иіскеп өтеді. Қаша алмаған хайуанаттар өлімін күткен-

дей жерге бүрісіп жата кетеді. Алып кесіртке-динозавр олармен бейне бір ойнап жүрген-

дей көрінеді. Содан ол піл тұрған бөлімге келген. Екенін сырттан салыстырып қараған адам енді піл екеш пілдің де әрі кетсе, сиырдай-ақ болып тұрғанына көз жеткізер еді. Алып кесіртке-динозавр мен пілдің салыстырмалылық көрінісі осындай-тын. Бірақ оны қызықтайтын уақыт па. Хайуанаттар бағының іші у-шу. Абыр-сабыр. Қызметкерлер алып- тың пілге барған сәтін пайдаланып үйден қашып шығып, қақпаға қарай қашқан. Одан әрі түзу аллея. Бірақ осы кезде өздері шақырған көмек  көлігі де келіп жетті. Қызметкерлер тез-тез мініп алды. Көлік ештемені күтпестен қаланың орталығына қарай жүйткіп жөнел- ді. Соның артынша дыбыс әуеге ауысқандай болды. Бірнеше жеңіл әуе кемесі хайуанаттар бағын айнала ұшты. Алып пен пілдің бір-біріне жасаған айбатын бақылап, кино-фотоға түсірді.

   Алып кесіртке-динозавр өзінің заманындағы үш мүйіздіні көзіне елестеткендей мойнын шайқай, аузын ашып, тілін жалаңдатып, айбат шеге жақындай берген. Піл де қарап қал- мады. Ол да қатты бір аңырап, ұзын тұмсығын тік жоғары көтеріп, алдыңғы екі аяғын көтеріп, қайта түсіріп, қорғануға кірісті. Әрине, екі жақтың күші тең емес еді. Егер өзінің заманындағы кең дала, тыныш бір уақытта болса,  алып басқаша айқасар еді. Мына өзі түсініп болмайтын шулы заман қанша дегенмен кері сезіміне әсер еткен. Ол кідіріп қалды. Басын жоғары көтеріп, содан соң мойнын әпкішше иіп барып, пілдің денесін бір иіскеп өтті. Піл дір-дір етіп, алдыңғы аяқтарын көтере бере тағы аңырады. Көмекке келер ешкім жоқ сияқты. Адамдардың бәрі де тек алыстан бақылауға көшкен. Сырттан қараған адам- дардың қорқыныштарына перде болып тұрған хайуанаттар бағының биік, мықты қор-  шауы. Оны да алыпты әкелер алдында жасаған. Ал бұрын ондай қорғанның қажеті бол-

майтын. Хайуанаттардың бәрі де кішкентайынан өсіріліп, үйретілетіндіктен оны бағу- шылар олардан қорықпайтын. Жылан екеш жыланның өзі де адамға үйренген кезде мойынға оралып, кейбір бұйрықты орындайды. Ол адамға таңсық емес. Осы хайуанаттар бағының атын күллі әлемге мәшһүр еткен де жалғыз алып динозавр. Оның тағдырының не боларын білгісі келетіндер қаншама десеңші. Енді сондай біреулердің көру сәті түсіп, биік бетон қорғандардың жалғанған жерлеріндегі кішкене-кішкене саңылаудан қарап тұр. Олардың да мұнда бұрылып келулеріне басты себеп болған осындағы кенеттен шыққан қатты шу еді.

   Енді сырт адамдардың да, қызметкерлердің де, кино мен суретке  түсірушілердің де көздері екеуде. Ол алып кесіртке-динозавр мен  піл. Екеуінің арбасуы біразға созылды. Бірақ тістесуге барған жоқ. Алып егер бұрынғысынша қуатты, сау болса, бәлкім ендігі 

пілдің төрт аяғы тарбиып жатар еді. Бақытына қарай алыптың жарасы да жеңіл емес-ті. Мана ол өзіне таңсық көрінген нәрселерді анықтағысы келгендей жатын орыннан шығып кеткен .Оның үстіне алғашқы қарқынмен жеп жіберген екі-үш маймылдың еті де сәл де болса тамақ болғандай. Енді мына пілді ермек ету керек сияқты оған. Ал пілде дегбір жоқ. Тілі болса, ендігі айқайлап, жан-жақтан көмек сұрап, егіл-тегіл жылаған болар ма еді. Оның шығаратын дыбысы адам үшін бір-ақ тонды сияқты. Ал бірақ олардың да шақыра-

тын, қауіпті білдіретін, қашуды білдіретін дабылдары бар. Оны өз ара ғана түсініседі. Піл жалғыз емес-ті. Үй-қораның ішінде тағы бірі жатқан. Ол аналық піл еді. Мынаның даусын естіген ол бері жылдам басып шығып, тұмсығын жоғары көтеріп, аңырап кеп берді. Екі пілдің дыбысы қосылған кезде бейне бір қосыла тартылған сырнай сияқты күй орнады. Алып айналасына қарай береді. Тосыннан бір жауы келіп қала ма дейтін сияқты. Өз зама- нында әрбір жауынан қорғана-қорғана осылай  жалтақ болып қалған-ды.

   Піл екеу болған соң сәл де болса жалтарайын деді. Басын жоғары көтеріп, биік қорған- ның үстінен сыртқа көз жіберді. Оның басы аспаннан төнгендей болып көрінген кезде манадан бері қызықтағылары келіп тұрған адамдар тым-тырағай қаша жөнелді. Егер шындаса, бұл қорғандарың да алып үшін түк емес. Құлатып, қопарып кетеді. Оның жай-

ын ғалымдар жақсы біледі. Сондықтан да тездетіп, бір-біріне видеотелефон соғып, ақыл-

дасып, мән-жайды қалпына келтіру үшін барлық әрекеттерін жасап жатыр. Хайуанаттар бағының қызметкерлері де болған жайды басынан бастап талай қайтара баяндап берген. Ендігі әрекет те алыпты торға түсіру-тін. Оны кешіктіруге болмайтыны да белгілі. Жаңа-ғы төбеде айналып ұшып жүрген жеңіл әуе көліктеріндегі мамандар да соның жолын іздестіріп жатыр. Енді сәлден соң Есеналы бастаған бірнеше ғалым сондай әуе көлігіне отырып, аспанға ұшып шықты.Енді алып кесіртке-динозавр мен пілдердің көрінісі айқын-

дала түсті. Бірақ осы кезде төбедегі шуды жақтырмаған алып ақырып жөнелді. Оның гүрі-

лі жер жаратын еді. Егер қазір сол бір тыныш заман болса, оның дауысы талай жерге жет-

пек. Оны естіген аңдар да сол алыстан бағытын өзгертіп құтылған болар еді. Ал қазір дыбыс та көп, шу да көп. Алып кесіртке-динозавр олардың қайсысының қайдан шығып жатқанын да ажырата алмайды. Жиі-жиі елеңдейтіні де содан.

   Алып босатқан аң мен құстар босып кетті. Шыққаны шығып, шықпағаны осы бақтың ішіндегі үйшіктердің басына тығылды. Кейбірлері бір-бірімен кездейсоқ  соқтығысып, бір-бірімен ырылдасып, төбелесіп қалып жатқандары да болды. Бірін бірі жем тапқандай қуалағандарын қайтерсің. Күштісі әлсізіне шабуыл жасайды. Бұл өмірдің жазылмаған заң-

дылығы. Әрқашан да күшті жеңеді. Әлсіз жолдан таяды. Өмірдегі қайбір жәндікті, жа- нуарды, жабайы хайуанаттарды, құстар мен балықтарды, бауырымен жорғалаушыларды алмайық бәрі де өмір үшін күреседі. Күштісі әлсізін жейді. Әлсізі оның жеміне айнала- ды.Бірақ өмір бәрін де өзінше реттеп, өзінше сатылап қойған тәрізді. Қазір хайуанаттар

бағында әлгі үшеудің сыртында, түлкі қоянды, қасқыр қойды, жолбарыстар жылқыларды қуалап жүр. Оған назар аударып жатқан адам аз.Барлық ес негізінен алыпқа ауған. Ең қа-

терлісі де сол еді. Алып қалағанын қағып жейді. Басып таптаймын дегенін таптайды. Оған оқ атуға да, басқадай нәрсе қолдануға да рұқсат жоқ. Мұндай да заңдылылық болады. Егер алып қандай да бір тіршілік иесін жұтып жіберсе, оған рұқсат сияқты. Ал ол үшін біреу оған қарай оқ атса, жауапқа тартылады. Бұл қазір ғана емес, сону бір ерте кезден келе жат- қан заңдылық. Оған ешкім де таңданбайды. 

   Біраздан кейін Есеналы өзі келе жатқан кемені алыптың тап үстіне қарай төмендетуді өтінді. Оның себебі, оның алдындағы екі пілді жазықсыз жаралы етпейін дегені еді. Ұш-

қыштар да оны тез түсінген. Ал кеме дүрілдей түсіп, төмендеп жөнелгенде, алып бейне бір төбе тұсынан алып жарқанат-құсты көз алдына елестетті ме, енді ғана азулы аузын пілдің біріне жақындата берген сәтінен кілт айнып, тіке төбе тұсындағы шағын кемеге қарай басын бұрды. Гүрілдеп, ақырып берді. Ол гүрілден айналадағы дыбыстардың өзі де тұншығып шықпай қалғандай еді. Есеналы терлеп кеткен.Кеменің терезесінен көз алмай –

ды. Кеменің олай-бұлай қисайғанына, кілт төмендеп, кілт жоғарылағанына да назар аударар емес. Бейне бір әйткеншек теуіп отырған адам сияқты. Бұл айланың сәтті болған-

дығы сондай, піл де сол сәтте қашып, өздерінің үй-тұрақтарына кіріп үлгерді. Алып олар- ды қумады. Төбесіндегі ұшқан кемемен әлек болып жатты. 

   Бірақ бұл қуаныш та ұзаққа созылмады. Алып жан-жақтан шыққан дыбысты, шу мен гүрілді ұнатпады. Бейне бір жүйкесі жұқарған адамдай бір орнында тұрақ таба алмай кет-

ті. Содан ол жайымен басып биік әрі қалың қорғанға жетті. Ол кезде оның маңында тұр-

ған қызықтаушы адамдар зым-зия жоғалған еді. Алып ұзын мойнын жоғары көтеріп,басын сол қорғаннан асырып төмен түсірді де, жерді иіскеп, аузын ашып, тілін жалаңдатты. Оны енді торға түсірмесе, жағдайдың әрі қарай не болатыны айтпаса да түсінікті болатын. Сон-

дықтан Есеналы қасындағы, жердегі ғалымдармен кеңесіп, алыптың үстіне мықты тор тас-

тауды ұйғарды. Ондай торды артқан кемелер манадан әуеде ұшып жүрген. Тек рұқсат жоқ болатын. Енді айтылған соң бірнеше кеме топасып, жақындап келді де, сол кемелерге бекітілген үлкен, ауыр торды манипулятор-қолдармен парашютше жайып барып, алыптың үстіне қарай тастады. Ол кілемше қалықтап келіп, алыптың арқа жонына түсті.Алып сол кезде онан сайын шошынып, жауынан қорғанатын әдісіне көшті. Аспаннан осылайша құл-

дилап келіп, арқа жонына жалп қона кететін, қанын соратын алып құстар сияқты. Алып кесіртке-динозавр қатты қорғанатын. Реті келгенде ол басымен, болмаса жуан әрі ұзын құйрығымен қағып жіберетін. Бірақ мынау бір нәрсе зіп-зілмендей, мұп-мұздай еді. Оның не екенін алып әрине ажырата алған жоқ. Ендігі әрекеті тек онан қалай да арылу еді.

   Оның жолы біреу-ақ болатын. Алып тілсіз, санасыз болса да одан арылудың жолын тез тапты. Бар даусымен гүрілдеп, ұзын мойнын бұрап,басын қайта-қайта шалқайта сілкіп, ауыр темір торды шынымен-ақ сәл де болса кейін жылжытты. Айналада алыстан қарап тұрғандар шошынайын деді. Төбеде ұшып жүрген әуе кемелері де қайта-қайта айналып жүр. Алып оларға да қарап қояды. Темір тордың анау-мынау жерлерін өткір азулы тістерімен қырт-қырт кесіп жіберді. Содан соң қайтадан сілкінді. Тор биіктеніп, дөңесте-

ніп келетін арқа жонына ілігіп қалған-ды. Енді онан біржолата құтылу үшін алып кесірт- ке-динозавр бетон қорғанға қарай асылды. Алғашында бетон да болса үстіңгі жағы сәл-пәл опырыңқырап кеткен. Шаң-тозаң, майда қиыршықтар үгіліп түсіп жатты. Алып оған назар аударған жоқ. Бар мақсаты қорғаннан асып арғы жағына түсу еді. Ал онан соң қайда, не үшін баратыны осындағылардың бәріне де белгісіз-тін.

   Есеналы бастаған ғалымдар тобы мен жан-жақтан шақырылған мамандардың естері шықты. Алып қалаға шығып кетсе, талай адамды мерт етеді. Жолындағының бәрін жай- пайды. Біразын таптайды. Мұның бүйтіп хайуанаттар бағынан қашып шыққалы жатқанын қала халқының көбі біле бермейді. Көшеде алаңсыз кетіп бара жатқан адамдар мен ары-бері тынымсыз ағылған жеңіл көліктер қаншама. Екі дөңгелекті жеңіл көлікпен жүргендер үшін тіпті де қауіпты. Алып шындаса, кез-келген жеңіл көлікті батпандай табандарымен жанши салады. Көлік ішіндегі адам да мерт болмақ. Ғалымдар бәрін ұмытып осы жағына алаңдады. Тағы уәйімдері – қала ішінде алыпты қолға түсіру де  қиын. Тау етегіндегі жа-

зық емес. Самсаған зәулім үйлер бар. Мыңсан тартылған электр, байланыс сымдары өз алдына. Алып кесіртке-динозавр солардың бәрімен соқтығыспақ. Өйткені ол қаланы да, көліктерді де, қым-қиғаш көшелер мен қым-қуат сымдарды да өмірінде  бірінші рет көрмек.

   Есеналы өзі мінген кемені алыптың арқа жонына қарай тағы да төмендетуді ұсынды. Ұшқыштар өздері де толқып отырғандықтан бұл өтінішті екі еткен жоқ. Кемені қисайта солай қарай бұрған. Алып бір кезде мұны сезгендей жақтырмай мойнын олай-бұлай бұрап, басын жоғары қақшитып, тілін жалаңдатып айбат шекті. Егер осы құбылысты бұл оқиғадан мүлдем хабары жоқ адам көрсе, сол бір заманға тап болғандай қорқынышты күй кешер еді. Бірақ қазір ол маңда ешкім де қалған жоқ. Айналаны арнайы жеңіл әуе көлігін мінген мамандар босатпады. Дегенмен, алдын ала сақтық жасау үшін жағдай қаладағы көше-көшелерге орнатылған дыбыс күшейткіштер, тағы басқадай жедел байланыс жүйе- лері арқылы хабарланды. Мүмкіндігінше қала көшелерінде ешкімнің жүрмеуі сұралды. 

   Бірақ алып кесіртке-динозаврдың қалай қарай баратынын ешкім де болжап біле алма-

ған. Ол қатты тырмысып жатты. Қанша дегенмен қорған да оңай емес. Алып та өзінің ежелгі күшіне салғысы келеді. Онысы бірте-бірте іске аса бастады. Талпына-талпына, жұлқына-жұлқына биік қорғанның үстінен асты. Содан ол арғы жағына бар салмағымен гүрс етіп құлады. Ғалымдар соның артынша-ақ жағдайы бітті ғой деген ойға да келген-ді. Жоқ, алып бұл жолы ешбір жарақатсыз төрт табанына тез тұрды. Бойын қандай да бір ыза- жігер билесе керек. Бұрынғы бұрынғы ма, жиі-жиі гүрілдеп, мойнын бұрап, басын шайқап, аузын арандай ашады. Енді оған ештеменің де қажеті жоқ сияқты. Тек неге сон- шалықты буырқанғаны белгісіз болып қалды. Алып қорықта мұндай қылық көрсетпеген-ді. Ғалымдардың өздері де аң-таң. «Бәлкім, алып мына шуды, жыпырлаған үйлерді, ары-бері зырғып жүріп жатқан жеңіл көліктерді қаламайтын шығар» деген де ой келген Есенғалыға.Оны ол қасындағыларына да айтты. Ғалымдар алыптың мінез-құлқына қарап, бұлқынуының оған байланысты емес екенін аңғарды. Алып қала ішінен бірдемелерді іздейтін тәрізді.


                                     Қалаға   келген   қатер


   Бұл кезде қала халқы ертеңгілік жұмысқа асығып кетіп бара жатқан еді. Осы хайуанат- тар бағы маңындағы зәулім мекеме үйлері мен ғимараттары, тұрғын үйлердің шамдары да жаңа сөнген. Дала жарықтанған бетте көшедегі жыпырлай қозғалған жеңіл көліктердің шамдары да жоғалды. Жаз айы болғандықтан жарық тез тарап, айнала түс кезіндегідей болып кетті. Енді ұйқтаған адамның өзі де өліге теңелер еді. Бірақ қала тұрғындарының көпшілігінің жұмысты ерте бастайтыны белгілі. Завод, фабрика күттірмейді. Оған дер кезінде жету керек. Әрбір жұмысшының өз пульті бар. Келмесе, ол жұмысқа қосылмайды. Ал онан қаншама шығын. Қаншама өнім жоғалады. Жұмысшылар да өздірінің жауапкер- шіліктерін дұрыс сезінеді. Сондықтан да таң қылаң берісімен-ақ әркім өз бағытымен аттанып кетеді.

   Сондай бір қарбалас кезінде көше-көшедегі дыбыс күшейткіштерден қандай да бір үлкен соғыс басталғандай қорқынышты жуан дауыспен хабар беріле бастады. Жұрт елеңдескен. Алып кесіртке-динозаврдың бұған дейінгі тарихы кім-кімге де белгілі еді. Оны теледидардан қадағаламаған адам кемде кем. Ал бірақ оның бүйтіп қаланың ішіне баса-көктеп кіріп кететінін ешкім де көз алдына елестетіп көрген емес-ті. Сондықтан да адамдар не істерлерін білмеді. Әсіресе, бар жауапкершілік жолаушылар көлігін жүргізу- шілерге түсті. Олар аялдамаларға тоқтап, дыбыс күшейткішпен қосымша ескертіп, олардың тез арада метро станцияларына түсулерін өтінді. Адамдарда ес қалмаған. Бірі ашық тұрған дүкеннің ішіне, екіншісі жер асты өткеліне, үшіншісі мерто станциясына қарай жүгіруде. Бір жағдай болайын десе табан астында өстиді. Тып-тыныш тұрған дүние аста-кестең болды да кетті.

   Қала үлкен болғандықтан оның хайуанаттар бағынан алыс аймақтары тыныш-ты. Оларға дыбыс күшейткіштер арықылы хабар жеткенімен ешкім де селт ете қойған жоқ.  Өйткені кесіртке-динозавр қаншама алып болса да, мұндай қашықтыққа тез жете қоймайды. Бірақ  соның өзінде алыпқа деген үрей әркімнің де ішінде бар еді. Әйел мен балалар жағы қатты алаңдаған. Хайуанаттар бағына қарай баратын кең даңғылды көше тәртібін реттейтін қызметтің мамандары жапты. Бұл маңдағы мекеме де, дүкен де, жер асты өткелі де жұмы-

сын тоқтатты. Осының алдында ғана сасқандарынан соларға кіріп кеткен адамдар қай-

тадан шығып, метро станциясының ішіне түсіп, поезға отырып, өздерінің үйлеріне қарай кетіп жатты. 

   Ал бұл кезде алып кесіртке-динозавр қайта-қайта жерді иіскеп, гүрілдеп, кейде аяғымен жер тарпып, әлденені іздегендей болып, даңғыл бойымен келе жатқан еді. Өлген сиырдың орнына жиналып, қанын иіскейтін сиырлардың қылығын көпшілік біледі. Ал мынаның қылығы да көргендердің есіне бірден соны түсірген. Бірақ осыншама заман өткен кезде қайдағы алыптың өлігі. Ол әлдеқашан қурап, жоқ болып кетпеді ме? Бұл ақылға онша- лықты қонымды емес-ті. Ал алыптың қылығы минут өткен сайын құбылып тұрды. Ол расында да жолындағыны қиратты, салмағы басатындарын таптап жаншыды. Тек алдын ала хабарланғандықтан алыптың аузына адам баласы түспеді. Көпшілік алып кесіртке-динозаврдың қылығын биік үйлердің ең жоғарғы қабаттарынан бақылап тұрды. Дүрбімен қарағандары қаншама. Жай көзге алып биіктен шамалы болса да кішірейіп көрінеді. Ол да өзінен де үлкен құрылыстың болатынына көз жеткізгендей әр үйдің қабырғасын алапат денесімен бір-бір соғып өтеді. Қандай да бір наза бойын билеп, күйдіріп бара жатқан сияқты. Тек тіл жоқ. Сана жоқ. Ол екеуі болса, ғалымдар баяғыда тіл табысып, мән-жайды біліп алған болар еді. Енді онымен тілдеспек түгілі, торға түсірудің өзі күшке айналды. Қазір бірнеше жеңіл әуе кемелері оның үстінен гүрілдей ұшып, әрбір қимылын бақылай- ды. Жақын бара алмайды. Егер әуе көлігі алыптың басы жетер жерге дейін төмендесе ішіндегілердің қорқыныштары да күшейе түспек.

   Алып кесіртке-динозавр көше-көшеге бұрылып, асфальт жолды иіскеп, онан басын тік жоғары көтеріп, гүрілдеп ілгері кете берді. Топ-топ жеңіл әуе кемелері де оның төбе тұ- сында топ-тобымен ұшып жүр. Біраздан соң алып ол гүрілдерге де, кемелерге де қараған- ды қойды. Қаламаған үйлерін денесімен соғып өтеді. Көшедегі жол жүрісін реттейтін кейбір шамдар мен жол белгілерін азулы тісімен бір тістеп, былай тастап, басын олай-былай бұрып, айналасын барлай қарап қояды. Содан соң лігері жүреді. Содан бір кезде бұл хабардан ештеме білмейтін бір жас бала ұшырасып қалды. Бала шамамен жеті жасар еді. Ол мына ғаламат алыпты көрген кезде қатты қорқып шыңғырып жіберді. Бала әке-шешесі байқамаған бір сәтте көшеге шығып кеткен-ді. Енді күтпеген жерден алыппен бетпе-бет келді. Қала үйлерінің ең жоғарғы қабаттарындағы қарап тұрған адмдар да, алыптың төбе тұсында құстарша топтанып ұшып жүрген әуе кемелеріндегілер де қатты састы. Бірақ қолдан келер ештеме жоқ.

   Бала қайда қашарын білмей бір орнында қалшиып тұрып қалған. Енді біраздан соң жы-

лағанын да қойды. Ешкімнің көмекке келе алмайтынын білген тәрізді. Тұла бойы қалш- қалш етіп, алыптың жұтуын күткендей. Бірақ алып бұл жолы маймылдарға жасағанын қайталамады. Ұзын мойнын жоғарыдан иіп әкеліп, баланы бір иіске өтті. Сол кезде екеуін бақылап тұрғандардың тұла бойлары шымырлап жөнелген.  Бұл көрініс Есеналыға қатты батты. Отқа жанып жатқан, суға кетіп бара жатқан,әуе кемесі ішінде бірге жарылған адам баласын құтқару қиын. Оны амалсыздан бақылайсың. Мынау көрініс те соған ұқсас еді. Егер баланың я әкесі, ә шешесі көргенде өз өмірлерін пида етіп алыптың алдына барар ма еді. Енді ондай батыл табылмады. Бәрі де баланың тағдырының қалай бітерін күтумен шектелді. 

   Бірақ алып адам баласына күтпеген қылық жасады. Баланың ол жақ, бұл жағын шолып шығып, қайта-қайта иіскеген соң оның костюмінің бір шетінен тістеп  алды. Осы сәтте айналада көріп тұрғандар демдерін іштеріне тартып, тым-тырыс қалды. Әйел жағы көз-

деріне жас алып, ерлер тістерін тістеріне қысты. Содан алып баланы шырқатып аспанға көтерді. Ендігі жаңдай түсінікті сияқты еді. Ол не баланы асфальтқа тастайды, не рахат-

тана шайнап жұтады. Осы екінің бірі болуы тиісті. Адамдардың күткендері де сол бола-

тын.Алып кесіртке-динозаврдың бұл қылығы адам баласымен ойнағандай көрініс. Өзімен ғалымдар қалай айналысса бұл да енді сол әрекетті қайталғысы келгендей. Бақылаушылардың күткендері де, түсінгендері де сол еді. Айнала тым-тырыс. Мұндай ты-

ныштық қала жағдайында ешқашан да болып көрмеген шығар. Алып тұрған алаң кәдімгі цирк аренасы да, айналадағылардың бәрі көрермендер сияқты. 

   Алып тыпырлап, жылап, бұлқынып тұрған баланы біраз уақыт ұстап тұрды. Содан соң ұзын мойнын кейін қарай бұрып апарып, баланы арқа жонына отырғызды. Бұл бір адам баласы өмірде күтпеген ғаламат құбылыс еді. Ғалымдардың өздері де енді не істерлерін білмеген. Дайындалып, екінші рет тасталынғалы әкеле жатқан темір тор да аспанда, ілінген кемелермен бірге тұрып қалды. Темір торды әкелуші кемелер енді сәлден соң кейін қарай ұшуға мәжбүр болды. Мына құбылысты бұза алмайтын еді. Оның үстіне Есен- алы бастаған ғалымдар тобы да тор тастауды тоқтатуды ұсынған. Ал бірақ одан әрі қарай не болатынын бірі де болжап біле алмады. Адам баласының өмірдегі ең әлсіз жері де осы. Бір сағаттан соң қандай оқиға болатынын да болжап біле алмайды.

   Бала алып кесіртке-динозаврдың биік арқа жонында отыр . Тұла бойы дір-дір етеді. Қоз-ғалуға болсада қорқады. Қозғалайын десе, алыптың азулы аузы дайын тұр. Оның қажет болғанда мойнының қозғалтқанына көз ілеспейді. Егер жұтамын десе, бала әп-сәтте жоқ болмақ. Бірақ неге екені белгісіз, алып оны жұтпады. Әуес көргендей ара-тұра мойнын бұрып,үлкен басын балаға жақындатады. Әрбір жақындау көрушілердің өміріне қатер төнгендей әсер береді. Ал баланың қандай күйде отырғанын тілмен жеткізу қиын. Ол енді өмірден біржолата түңіліп отыр. Түңілмей қайтсін, қол ұшын беретін бір адам болмаса. Ол дір-дір етіп, жылап отыр. Оның үстіне алыптың ғаламат денесімен, өмірде көрмеген қалың терісі, суық  сұрқы бала түгілі айдаладан қараған адамның өзінің көңіл-күйін толқытқан

жоқ па.

   Осы кезде алыстан айқай шықты. Ол баланың әке-шешелері екен. Олар жағдайды кеш- теу естіп далаға қарай жүгірген. Одан көшеге шыққан. Баланың әкесі әлі келмейтін алып- қа қарай тап-тап бергісі келеді. Бірақ оны көрші-қолаңдары жібермей ұстап тұр. Егер алып

ашуланса, баланың тағдыры бір-ақ сәтте өзгермек. Сонда ол не істейді. Тіпті, алыпқа жа- қындап та үлгермейді. Оның үстіне бір бала емес, екеуі бірдей мерт болады. Ғалымдар бұл жағын да ойлауда. Баланы аямай, оны құтқарғысы келмей отырған ешкім де жоқ. Әсіресе, тас түскен жеріне дегендей, осы іспен айналысып жүрген Есеналы бастаған ғалымдар жағына да жеңіл соққан жоқ. Баланың әке-шешесі де тек алып емес, осы алыпты Айдан алып келген, оны осындай күйге жеткізген ғалымдарды да балағаттап жатты. Оған ешкім қарсы келе алмады. Не әрекет жасамады. Алыпты қуатты қаруламен жоқ етуге болар еді.

Бірақ олай етуге тағы рұқсат жоқ. Жетпіс миллионнан аса жылдан кейін тірілген жалғыз алыпты қалай жойсын. Енді адамдардың көз алдарында кішкене баланың тағдыры тұрды. 

   Алып та бірдемені сезетін сияқты. Мына қылығына қарағанда ол кітаптарда жазылатын- дай аса жауыз емес. Әлде мынандай түсініксіз ғасырда, заманда жүрген соң, жалғыз бол- ған соң сескене ме екен. Бұл жағы да өзінше бір жұмбақ  нәрсе еді. Ол енді баланың костюмінен қайтадан тістеп алып, көтерген бойы ілгері жүрді. Оның алдыңғы жағында батылданып тұрған әке-шешесі де, оларды ұстап жібермей тұрған көрші-қолаңдары да кейін шегінді. Баланың әкесі қаншама жұлқынса да қасындағылар жібермей кейін қарай тарта жөнелген. Мұндай кезде алыпқа күші жететін небір епті манипулятор-қолдарды, алып роботтарды жіберуге болар еді. Бәрі де ондай әрекет кезінде алыпты ашуландырып, баланы мерт етіп алуымыз мүмкін деген ойға келді.

   Сол кезде Есеналының шыдамы бітті. Ол алыптың алдына өзі бармақ болды. Қасында-

ғылар мұндай әрекетінің аса қауіпті екенін ескертті. Бірақ ғалым тыңдамады. Өзінің тағ-

дырын сынауға бекінді. Енді өзінен басқа баратын адам да жоқ сияқты еді. Баратын адам шыққан күнде де Есеналы жібермек емес. Ол енді баланың алыптың аузынан жұтылғаны- нан гөрі өзінің мерт болғанын қалады. Ал мүмкіндігі болса, алыпты жуасытудың да әре- кетін жасамақ.. Ғалымдар Есеналының бір беттігін жақсы біледі. Сондықтан оның мы- нандай  батыл әрекетіне қарсы тұра алмады. Қарсы тұратын да ма еді, ана көз алдарын-

дағы титтей де жазықсыз баланың тағдыры бәрін де ол қарсылықтан қаймықтырды. Бар болғаны енді Есеналының жарақат алмай, алыптың аузына түспей аман-есен баланы құт- қаруын ойластырды. Тездетіп арнайы комбинезон алдырылды. Оны Есеналы Айда  киген болатын. Қоймада алыптың аузына түсе жаздаған кезі де болған. Ал қазіргі мақсат соны киіп, алыпты алаңдату. Баланы құтқару.

   Сәл уақыт өтпей Есеналы адам танымастай болып шыға келді. Ол бір кісілік шағын кемеге ауысып мініп, өзі басқарып, алыптың қарсы алдына қонды. Содан соң кеменің есі-

гін ашып, өзі сыртқа шықты. Сол кезде алып кесіртке-динозавр баланы қайтадан апарып арқа жонына отырғызды. Аузын арандай ашып, тістерін ақситып, Есеналыға қарай жақын-

дады. Ғалым қорықпады. Қарықса да сыр бермеді. Басын өлімге тікенін білдіріп-ақ тұр. Жоқ, алып тиіспеді. Есеналының ол жақ, бұл жағын қарап, иіскеп өтті. «Баланы босатып мені әкет» деп тұрғанын сезетіндей. Бірақ ол Есеналыны тістемеді де, көтермеді де. Бір кезде баланы костюмінен тістеп алып, шырқата көкке көтеріп әкеліп, кеменің жанына түсірді. Есеналы не істерін білмей кетті. «Ендігі кезек өзімдікі» деп те ойлап тұр еді іші- нен. Алып та Есеналыға бауыр басып қалғандай екен. Таныды. Өзіне қамқорлық жасап жүрген адамды сезбейтін хайуанат бар ма екен. Ондайлар көп. Сонау бір заманнан жеткен алып кесіртке-динозавр да аяушылыққа көшкен тәрізді. Бұлай болады деп кім ойлаған. Айналада көріп, бақылап тұрған адамдардың өздері де  аң-таң. Есеналы өзін о дүние мен бұл дүниенің арасында тұрғандай сезінеді. Әлі де сенім жоқ.

   Содан бір кезде алып кесіртке-динозавр көз алдына бірдемелер елестегендей басын жо- ғары көтеріп, қатты гүрілдеді де, Есеналы мен балаға бұрылып қарамастан ілгері жүріп кетті. Сол замат ғалым да баланы кемеге отырғызып, жерден жеңіл көтеріліп жөнелді.


                        Хайуанат  бағындағы  қарбалыс

   Алып кесіртке-динозаврмен қала ішінде әрекет жүріп жатқан кезде хайуанаттар бағын-

дағылар да қарбаласта еді. Олар әуелі тұрған орындарынан шығып кеткен хайуанаттарды, құстарды, бауырымен  жорғалаушыларды, қос мекенділерді тауып алып қайтадан өз орын-

дарына қамады. Кейбірі жуық арада таптырмай да кеткен. Оларды арнай іздеушілер тобы қолға алған. Бір түннің, бір таңның аралығында күтпеген осындай оқиға болды. Бұл оқиға

тек осы қала ма екен, күллі Жер шарына тарап кетті. Бүгіндегі хабыр-ошар құралдары үшін тарату қиын ба. Оқиға болған сәтте-ақ ол жайлы үзіп-жарды көріністерді сонау алыс

елдердің тұрғындары көріп жатты. Жер шарындағы уақыт белдеуінің біреу ғана емес екені ежелден белгілі. Бұл қалада таң атып жатса, бір жерде кеш батып , енді бір жерде түн ортасы болмай ма. Ал басқа бір елдерде уақыт кеш жүреді. Мұнда таң атқанда жұрт кешкі тамағын жаңадан ішіп, демалуға кіріседі. Жер шарының әрбір аймағындағы тіршілік әрқа-

лай.

   Сондықтан да хабар-ошар беретін орындағылар тәулік бойы хабар таратады. Болып жатқан соңғы жаңалықтарды жарты сағатқа дейінгі дәлдікпен хабарлайды. Мына хабар да сондай дәлдікпен уақытында тарап үлгерген-ді. Ел құлағы елу болған. Алып кесіртке-динозаврдың жаңа қылығы кімді елеңдетпесін. Осы оқиғаға дейін Жер шарының адам аяғы баспаған, бара алмайтын кейбір көлдерінде, батпақты жерлерінде алып бірдемелер- дің қараң етіп қалып жүргендері қашаннан бері жазылып келген. Алып туралы аңыз қан-

шама еді. Ал мына алып сол жазылғандардың бәрінің белінен бір-ақ сызған сияқты. Жұрт анау-мынау болжамды оқымайды бүгінде. Көзбен көргенді қалайды. Ал көретін жалғыз алып, мезозой заманының жалғыз өкілі осы еді. Сондықтан да ғалымдар ол қаншама бүлік жасаса да қарсы оқ ата алмайды. Жарақаттамайды. Тек мүмкіндігінше қоршап, ұстап өз дегендеріне көндіруге тырысады. «Түйенің көргені жапырақ» дегендей алып та алғашқыда қаншама бұлқынса да енді өзінің көзіне алғаш ұшыраған адам баласына аяушылық көзбен қарайтын сияқты. Ол Есеналыға тиіспеуінен, жас баланы жемеуінен көрінді. Содан кейін халық та алыпты жақсы көре бастаған. Бірақ бетпе-бет келгенде оның суық тұрқы кімді де болса шыдатпайды. 

   Сол суық денені көрген хайуанаттар бағының қызметкерлері де енді мүлдем басқаша қимыл-әрекет жасауда. Олар қазір кішкентай ғана маймылдың шыңғыруынан да селк ете қалатын күйге жеткен. Ал бақтағы хайуанаттарда ес жоқ. Әсіресе, адамға жақын маймыл-

дардың қорқыныштарындай қорқынышты кездестіру қиын. Қазір олар кім жақындаса да шыңғырып жөнеледі. Әншейінде қаптаған халыққа қарап, түрлі өнерлерін көрсететін олар енді торға жақындамайды. Орындарындағы бұрыш-бұрышқа тығылып, берген тағамдарын сол жерде жеп, бір-бірінің үстілерін қарап, табандарын шұқылап отырғаны. Хайуанаттар бағының қызметкерлері де олардың жайын түсінеді. Маймылдар түгілі өздері де бүгінде жан-жақтарын абайлайды. Гүр ете қалған дыбыс шыға қалса, қаша жөнелуге қай-қайсысы да дайын. Бірақ алып кесіртке-динозавр енді бірден келе қалмайды. Оны арнайы әуе көліктерімен әкеледі. Ол өзі өзінен түсінікті.

   Бақ қызметкерлері қашып-басып кеткен хайуанаттарды өз орындарына жайғастырып, тамақ, суларын бергеннен кейін алып кесіртке-динозавр орналастырылған, операция жасалған орынға қарай ауды. Ол жерде де жұмыс жететін еді. Бір тобы хайуанаттар мен құстарды,бауырымен жорғалаушыларды, қос мекенділерді іздеп, ұстап, қайтадан өз орын-

дарына жайғастырып жүрген кезде, арнайы топ сол алып тұрған орындағы шашылған, сынған нәрселерді жинастырған. Енді бақтағы тұрғындар тынышталған соң бірі де сонда жиналды. Алып қалың темір есіктің өзін оп-аңай бұзып шыққан. Соның алдында ғана операция жасалған арқа жонынан шамалы қан аққан. Қабырғаларға жағылған, шашырап тамған қан да бар. Қызметкерлер олардың бәрін робот-жуғыштарға тазартқызды. Мұнда роботтар да жеткілікті. Олар адамның таптырмас көмекшісі. Адам қолы жетпейтін, өзі бара алмайтын жерлерге солар жіберіледі. Егер алапат манипулятор-қолдар болмағанда алыпқа операция жасаудың өзі де мүмкін болмас еді. Солардың ептіліктерінен бәрі де тез біткен. Алыптың тез ес жиып, бақта бүлік жасап жүргені де соның арқасы.

   Бақ қызметкелерінің бір түсінгені, алып кесіртке-динозаврды мынандай ортада қамап ұстаудың мүмкін еместігі еді. Оны қайтадан әкелген күннің өзінде оны қарау қиынға соқпақ. Адам баласы оған Есеналы сияқты батыл болып бара бермейді. Оның үстіне алыптың қандай әрекет жасайтынын ешкім де алдын ала болжай алмайды. Жабайының аты жабайы. Оның үстіне оның замынында дәл осындай көріністер болған жоқ. Адамдар да ол кезде жаңа-жаңа қалыптасып келе жатқан. Адам табиғатта әлсіз еді. Ол заманның негізгі қожасы да осы динозаврлар болатын. Адамдар алыстан қашып,үңгір-үңгірге  тығылып, бір- бірімен ымдап сөйлескен заман еді ол. Ал бүгіндегі көрініске алып кесіртке-динозаврдың түсінігі жетпейді. Ол енді қанша мықты болса да зәулім үйлерді бұза алмайды. Алып әскери қарулармен айқасқа түспейді. Тіпті, шамалы қарудың өзі оны мерт етер еді. Бірақ адам баласы суық болса да, санасыз болса да оны көздің қарашы- ғындай қорғайды. 

   Бірақ сол қорғаудың өзі де оңайға түскен жоқ. Алып санасыз болғандықтан, өз заманын- да емін-еркін өмір сүргендіктен қазір де солай жүргісі келеді. Бәлкім, ол сол замадағы өзі- нің тобырын да іздейтін болар. Ғалымдар осы жағын да ойлаған. Ендігі мақсат та алыптың ми қыртысындағы сақталған көріністері экранға түсіріп алу еді. Бірақ қалай, қайтіп тыныштандыру керек оны, Ол өзінше бір көкейкесті мәселе болып тұрды. Хайуанаттар бағындағы қызметкерлердің негізгі жұмыстары да енді соған ыңғайланған. Алып кесіртке-динозавр тұрған үлкен үйдің ішіндегі көп нәрселер қайта өзгертілді. Операцияға лайық- талған түрлі күрделі құралдар әкетілді. Енді тарихтың тірі куәсінің көзімен сол мезозой заманын көру жұмысы жоспарланды. Бұл да оңай іс емес еді. Оған дүние жүзінен ға- лымдар келмек. Бәрі бірге ақылдаса отырып, жалғыз өкілдің көргендерін пленкаға түсірмек. Алыппен «тілдесудің» басқа жолы жоқ еді. Оның үстіне оның мына газ-түтінді ауада әлсін-әлсін демігіп, тұла бойы терлеп жатқан жайы бар. Соңғы кездері алыптың та-маққа тәбеті де онша болмаған.осының бәрін ғалымдар мұқият зерттеген. Ал операциядан кейін хайуанаттардың дыбыстарын естіп, бұлқынып, есікті сындырып, сыртқа шығып кет-

кені тағы бар. Өстіп жүріп бірдемеге ұшырамай тұрған кезде онан сол бір заманның жағ- дайын көріп алудан артқан бағалы зерттеу жоқ еді. Оның үстіне алыптың мінез-құлқында-   

 ғы өзгерістер де ғалымдарды ойлантты. Ол бірдемені іздейтін тәрізді. Сол іздегендерін таппайынша тоқтамайтын да түрі бар. Оған тосқауыл болудың өзі де қиын. Сөйтіп жүріп бірдемеге ұшыраса, жалғыз өкіл мәңгілікке көз жұмбақ. Содан кейін осыған дейінгі бүкіл еңбек жоққа шықпақ. Қай адам өзінің маңдай термен жасаған еңбегінің жанбауын қалай- ды. Еңбектің жанғаны адамның бір арманының орындалғаны. 

   Хайуанаттар бағының қызметкерлері ондағы әрбір хайуанаттың мінез-құлқын, тамақ- тануын, демалуын мұқият бақылауға көшті. Алып кесіртке-динозавр тиіскеннен кейін олар да бұрынғысындай емес, шошынып қалған. Өздерін бағып-қағып жүрген адамдарды да кейбірлері жатырқайды. Әсіресе мұндағы түйе, піл, арыстан, жолбарыс сияқтылар ерекше шошынған. Алғашында бағып-қағушы қызметкерлер оларға жақындауға да қорыққан. Енді бір-екі күн өткен соң жағдай дұрыстала бастады. Ал бірақ алып кесіртке-динозавр келгеннен кейін жағдайдың қалай болары тағы белгісіз. Оның әрбір гүрілі мұн-

дағыларды шошытпақ. Қызметкерлер осы жағына да назар аударды.

   Алыпты әкелген кезде хайуанаттар мен құстар бар бөлімдерді жауып тастау көзделді. Өйткені бұлардың шуы алыпқа да әсер етеді. Оның есікті бұзып шығуына себеп болған да осылардың шуы еді . Әсіресе, маймыл дейтін халық тынышсыз. Ағашқа өрмелегендері бір басқа, бірін бірі қуып, шиқылдап, айқайлап кетерін қайтерсің. Ол тыныштықты қалайтын алып кесіртке-динозаврдың жүйкесіне басқаша әсер етіп, тұла бойын қоздырса керек. Осы дыбыстарды енді тимаса, өткендегі көріністің тағы да қайталануы ғажап емес. Бақ қызмет-

керлері содан сақтанды. Ал мұнда тыныш жататындар крокодилдер мен үлкен жуан жы- ландар, тасбақалар, океанариумдегі су асты тіршілік иелері – түрлі балықтар. Қалғандары негізінен тынышсыз. Түйе де, арыстан да, жолбарыс та, аюлар да ара-тұра дыбыс шыға- рып қалады. Құстар да тыныш қалмайды. Бірі қанатын қағады, екіншісі сайрайды. Хайуа-

наттар бағының өзі ғажайып бір өмір. Мұнда Жер шарындағы күллі хайуанаттар мен құс-

тардың өкілдері жиналған. Бейне бір мұнда өмір бойы олардың дүниежүзілік жиыны өтіп жататын сияқты.

   Бақ қызметкерлері хайуанаттар мен құстар тұратын бөлімдердің есіктерін жапты, тор- ларды көлегейледі. Ал кейбір тынышсыз дегендерін уақытша басқа жаққа – зоологиялық институттың арнай бөліміне әкетті. Сөйтіп, бақ ішінде көп жұмыс тындырылды. Енді

алып кесіртке-динозаврды әкелуге де болатын еді. Бұл кезге дейін оны қуалап жүргендер де біраз әрекет жасаған. Біраздан соң оның әкелінетіні жөнінде хабар да жетті. Қызметкер-

лер алып жатқан үйдің  ішіндегі мида сақталған көріністерді үлкен экранға шығаратын күрделі жүйелерді дайындады. Алдын ала бір-екі маймылдың миынан көріністер алып, тексеріп те қойған. Енді бәрі де аса үлкен, аса құрметті өкіл – алып кесіртке-динозаврды асыға күткен еді.


     Көшедегі   бүлік


   Алып кесіртке-динозаврды ұстаушылар хайуанаттар бағындағыларға апарамыз деп хабарлағанымен жұмыстары біткен жоқ еді. Алып бұл жолы қатты бұлқынды. Анада қорықта ол есеңгірегеннен кейін ғана оңай торға түскен екен. Енді қуаттанып алған алып кімге бой берсін. Қаланың өзіне тар көрінетін көшесімен алшаң басып біраз жер жүрген. Жолындағы кездескен көше реттегіш шамды да, тынымсыз ызғыған сан-мың көліктердің кездескенін де батпан аяғымен жаншып жіберді. Оған жеңіл көлік кішкене бір ойыншық сияқты көрінсе керек. Ол жол реттегіштің не екенін болса да түсінбейді. Адамдарда үрей жоқ. Бірінен кейін бірі естіп, бүкіл қала аяғына тұрған. Бүгінгі жұмыс та жайына қалды. Қала түрғындарының айтатын әңгімелері тек осы жайлы. Осыдан сақтанудың жолдары. 

   Былайша қарағанда ешбір қараусыз, жарақсыз бір ғана алыптан қорқудың өзі де қызық еді. Бүгінде оны мерт етуге әлі жететін қаншама қарулар мен биороботтар бар. Соларды қарсы жіберсе-ақ жағдайы бітіп жатыр. Бірақ оның сонау бір заманнан келген жалғызды-

ғы бар адамзаттың мысын басып тұрғандай. Онан қаншалықты қорқып, қаншалықты қауіптеніп тұрса да сақталуын тілейді. Оның әлгі балаға тимеуі, одан кейін Есеналыға тап бермеуі адам жүрегін жылыта түскен. Содан соң-ақ алыпқа деген бір аяушылық та пайда бола бастаған. Енді оның үстіне тор тастамай-ақ басқа бір жолмен ұстауды ойластырған.

Істің басында әдеттегіше Есеналы мен Саматай жүр. Басқа елдерден келген ғалымдар тобы өз алдында. Динозаврлардың құпия тіршіліктерін зерттейтін мамандар да бүгінде ішер асын жерге қойған. Бәрі де алыптың әрбір қимылын, қылығын мұқият қарайды. Бір жаңалық тапқысы келеді.

   Егер есептеп қарайтын болса, алыптың бүлдіргені біраз шығын болмақ. Ол кейбір шағын деген үйлерді де бұзып жіберген. Сондай үйлердің жанынан, орнынан әлденелерді іздейтін сияқты. Алып асфальт көшелерді де ұнатпады. Жүрісі өзгеріп, жиі-жиі гүрілдеп, кей жерлерін атша тартып, қазбаққа да әрекеттенді. Асфальттің Күн көзіне қызған кейбір жерлері онысыз да бала еңбегіндей былқылдап жатты. Ондай тұста алыптың батпан аяғы батып кетеді. Ізі тайға басқан таңбадай болып түсіп жатыр. Алыптың төбе тұсында ұшып жүрген бірнеше шағын әуе кемелері оның бағытымен келеді. Бірақ бір де бір адам оған «қайт» дей алмайды. Тек бәрі де оны бағып жүргендер сияқты. Алып кесіртке-динозаврға мына дүниенің қалай көрінетінін бір құдай білсін, бірақ осы көріністің оған әсте ұнамай-

тыны айдан анық білінеді. Оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, жиі-жиі гүрілдеуі соны байқатады.

   Қала халқы ғалымдардың не ойлайтынын да түсінебеген. Арнайы дыбыс күшейткіштер арқылы сақтандырғандары болмаса, алыпқа енді тиюді де қойған. Ол қалай қарай жүрсе, олар да солай қарай ұшады. Осылайша күн өтті. Күн батыс көкжиекке таяп, қызарып, іліп қойған қызған шардай тұр. Алып оған ұзақ қарады. Содан соң тағы да басын көтеріп, гүрілдеп, тобырын іздегендей күй кешті. Жалғыз қалған қойдың қозысы қалай маңырап, безек қақса, бұл да енді өзінің жалғыздығын сездіре бастаған. Шамасы, алып өзінің жетпіс миллион ілгері аттап кеткенін әсте сезбейді. Оған бәрі де сол баяғы заман сияқты көріне- тін болуы керек. Ал мына орнаған қала оған аспаннан келіп орныға салған бірдеме сияқты. Шулап жүрген адамдар мен түрлі көліктер оған өзін мазақ еткен бірдемелердей көрінеді. Оның жиі гүрілдеп, жолындағы тұрған үйшікті де, жеңіл көліктерді де батпан аяқтарымен таптап, кейбірін тістеп алып былай лақтырып жіберіп келе жатқаны да сонан-ды. Ғалымдар хайуанаттардың мінез-құлықтарын көптен бері зерттеп  жүргендіктен оның әрбір қимыл-қозғалысына қарап, ішкі жан-дүниесін де сезінетін. Ал оның көргендерін экранға шығарған кезде көп нәрсенің сыры ашылмақ. Ғалымдар енді соған асықты.

   Алып қаланың үлкен даңғылымен жүре-жүре бір шетіне шықты. Сол кезде шар табақ Күн де көкжиекке жартылай батып қалған-ды. Алып басын жоғары көтеріп, қимағандай оған ұзақ қарады. Айналасын шолып тұрды. Содан кейін барып қайта бұрылды. Ғалым-

дарға керегі де сол еді. Ол енді  даңғыл бойымен хайуанат бағы бар жаққа қарай жүрді. сол кезде қаланың кешкі шамдары да жанған еді. Алып үшін ол шамдар біртүрлі байқал-

са керек. Тағы да гүрілдеп кетті. Жолындағы жанып тұрған шамы бар  бағаналарды азу-

лы тістерімен бір тістеп, жұлып алып, былай тастап келеді. Ұзын мойны жететін  үй қа-

баттарындағы пәтерлерге қарайтынын қайтерсің. Кейбір пәтердің терезесін тұмсығымен  итеріп, әрі-бері тартып кәсегімен жұлып алады да, ішіне бас сұғады. Мұндай да пәтерде бар адамдар жанұшыра айқайлап, әрі қарай шығып, сыртқа қашады. Алып үшін бәрі бір. Ол ештемеден саспайды. Ештемені түсінбейді. Оның көргені мұндай табиғат болмағаны өз өзінен түсінікті. Ол соны аңсайды, соны іздейді. Алыптың артында қалып жатқан қира-

ған нәрселер үлкен даңғылды бөгеп тастады. Қаша алған жеңіл көліктердегілер қашып үл-герді де, қаша алмағандары көліктерін тастап, өздері жан сауғалауда. Алып жайлы қанша-

ма рет дыбыс күшейткіштен хабар беріліп жатса да оны естімей қалып, көлігімен шығып кеткендер кездесіп жатады. Бірақ әзірі алыптың аузына түскен бірде бір адам жоқ. Соның өзі де адамдардың алыпқа деген жылылығын оятуда. 

   Алып көп жағдайда шамасы келетін кішігірім үйлерді құлатады, бағаналарды жұлып алып былай тастайды, жеңіл көліктерді тістеп, жоғары көтеріп жерге соғады. Быт-шытын шығарады. Осылайша талай жеңіл көліктер талқан болды. Егер алыптың орнында саналы адам болса, осыншама шығынды мойнына салар еді, түрмеге жабар еді.Санасыз алыптан не қайран. Бір елдерде мысықты соттайтын заң да бар. Бірақ ондай жаң алыпқа жүрмейді. Алып ғасырлардың асылы. Қандай қылық көрсеткенде де оны тірі сақтап қалу ғалымдар- дың басты міндеті.   

   Көшедегі түрлі түсті шамдар жанғаннан кейін алып кесіртке-динозаврдың мінез-құлқы да өзгерді. Қанша дегенмен түн мезгілі болған соң ба, бұрынғысынан саябырсып, жүрісін де баяулатты. Қай жаққа жүрерін білмей састы. Осы кезде ғалымдардың басына да тамаша ой келген. Бұл ой Есеналыны о бастан мазалаған-ды. Олардың асықпай кешті күтулерінің де бір мәні осында болса керек. Ал қала халқы мұны әсте түсінген жоқ. Олар ғалымдарды жазғырумен болған. Енді міне, не үшін екені әрбір қала тұрғынының басына жайлап болса да жете бастады. Алып түрлі-түсті шамдарды әрине ұнатқан жоқ. Олардың кейбірлерін басымен, кейбірі ұзын да қуатты құйрығымен қағып сындырды. Көше үсті сыныққа толды. Біраз шамдар сөніп қалды. Бұл бір жағынан ғалымдардың  жоспаларына нұқсан келетіндей  көрінген еді. Жоқ, қайта ол пайда көрінді.

   Алып өзіне өзі кедергі жасағанын сезбеді. Жолындағы барлық шамдар сөнген соң осы көшеде кәдімгідей қараңғылық орнады. Оның үстіне ғалымдар тиісті орындарға артық-ауыс шамдарды сөндіру керектігі жөнінде нұсқау берген. Шамдар сөнді. Адамдар енді алыптың қараңдаған қорқынышты мүсінін ғана көрді. Мұны бақылап тұрғандар көбінесе жоғарғы қабаттағылар еді. Үйлері биік әрі үлкен болғандықтан, алыптың шамасының жетпейтінін білгендіктен олар еш қорықпай терезелерінен бастарын шығарып, кейбірі балкондарында тұрып қараған. Қараңғылық түскен соң, барлық шамдар сөнген соң олар- дың көз алдарындағы қызық та біткендей болды. Алып шайқалақтап көшенің мына шетіне бір, ана шетіне бір шығып, кейде үй қабырғаларына соқтығысып келеді. Есеналы өзі мін- ген кемені оның үстіңгі тұсынан әкетпеді. Алып та анда-санда басын жоғары қарай тік көтеріп, гүрілдеп, жақтырмай бұлқынып қояды.  Егер оның басы мына шағын кемеге тиер болса, ол қаңбақтай ұшып түспек. Оған бұл кемені құлату ұшып жүрген көбелекті қағып құлатумен бірдей. Сондықтан да кемеге  мінгендер одан сақ болады. 

   Сөйтіп жүріп Есеналы бастаған ғалымдар тобы талай істі ұйымдастырып та үлгерген. Алыптың шам жарығына деген өшпенділігі белгілі еді. Шам қай жақтан жанса, солай қарай жүреді. Оның осы әрекетін қамауға алу үшін пайдаланбақ болған ғалымдар. Алып жүрген көшенің басқа көшелермен қиылысқан жерлерін арнайы жылжымалы қорғандар-

мен жапқан. Алып кесіртке-динозавр олардың бірін де бұзған жоқ. Қараңғы түскен соң тіп

ті де бұрылмады. Үлкен даңғылдың бойымен жүре берген. Бірақ оның көзінің қараңғы- лықта көргіштігі соншалықты, алыстағы кішкентай нәрсені де байқайды. Бұл жағына адамдар таңғалысып қойған. Содан ол көше бойымен жүре-жүре өзі қашып шыққан хайуанаттар бағының тұсына да жақындаған. Енді солға қарай бұрылатын кез еді. Өйткені қарсы алдында үлкен үй бар. Оны алыптың бұза алмайтыны белгілі. Ғалымдар да осы сәтті пайдаланды. Сол жаққа бұрылатын жерге алып жеткенше үлкен жарық бағыттағыш шам орнатқан. Шамның жанына алыпты қамауға  алатын үлкен көлік қойылған. Егер алып осылай қарай жүретін болса, қалайша қамауға түскенін байқамай да қалады. Арнайы жасалған көліктің қарайған аузы да үңгірді елестеткен.

   Алып жақындап қалды. Сол кезде манадан дайын тұрған қуатты жарық бағыттағыш шамдар да қосылды. Алып күтпеген жерден жанған шамға жалт бұрылшды. Содан соң басын тік жоғары көтеріп, көздері шағылысып тұрса да, жарыққа қадала қарады. Алдыңғы екі аяғын көтеріп, қарсы алдынан бір жауы шыға келгендей айқасқа дайындалды. Бірақ жарық шыққан жақтан ештеме көрінген жоқ. Көздері қатты шағылысқандықтан оның арғы жағында не болып жатқанын көре алмады. Қатты гүрілдеп, ұзақ бұлқынды. Сол кезде жарық та кейін қарай жылжи  берген. Алып солай қарай жүрді. Жарықты қуалап ке-

леді. Ол кейін қарай жылжып барады. Айналаға қарағанмен де енді алып ештемені байқай алмайды. Тек төбедегі дүрілдеп жүрген бірнеше шағын әуе кемелерін көреді. Онан жоға- рыдағы жыпырлаған жұлдыздарды қарайды. Басқа шарасы жоқ. Жарық оған бейне бір қас жауындай көрінген. Оның әрі қарай жылжуы делебесін онан сайын қоздыра түскен. Гүрілі де жиілеп кеткен. Сөйтіп жүре-жүре алдын ала қақпасы ашылған үлкен көлікке жақындап қалғанын да байқамады. Сол кезде шам күрт сөндірілді. Алып бір сәтке болса да ештемені көрмей қалды. Содан бір кезде көзі қараңғылыққа қайта үйрене бастаған кезде қарсы алдынан үңгір тәрізденген бірдемені көрді. Көзі қырағы болғандықтан оның іш жағын да аңғарған едіі. Бәрі кәдімгі тас үңгірге ұқсас.

   Алып жайымен жүріп барып соның ішіне енді. Сол заматта ғалымдар қақпаны жабу керектігін хабарлады. Қақпа сырт жабылды. Алып енді тас қараңғы дүниенің ішінде қалды. Олай бұлқынды,бұлай бұлқынды. Бірақ енді көзі қаншалықты қырағы болса да ештемені көре алмады. Көлік қорабының іші саңылаусыз еді. Алып та мұндай қараңғы- лықты алғаш көрген болар. Аса бұлқынудың да жөні жоқ сияқты еді. Ғалымдар тездетіп жерге қонды. Содан соң жеңіл көліктерге ауысып, хайуанаттар бағына қарай жүрді.

Соңдарынан алып мінген үлкен көлік келеді. Бұл кезде хайуанаттар бағындағылар да барлық нәрсені дайын етіп, алыптың оралуын күтіп отырған еді. Көп кешікпей алып салынған үлкен көлік те гүрілдей қақпа арқылы ішке енді.Ішіндегі алып кесіртке-динозавр бұлқынған кезде көлік кәдімгідей шайқалып, аунап кете жаздайды. Бірақ оған қарауға мұрша жоқ. Өзі келіп тұтқынға түсіп тұрған алыпты тездетіп өз орнына жеткізу керек. Көлік келген бойда алыптың үйіне еніп кетті. Содансоң оны басқарып келген адам сыртқа шықты да, сырттан радиобайланыс арқылы қақпаны ашты. Алып көліктен түсті. Оның түсетіндей де жөні бар-ды. Үйдің іші бұрынғыдай емес,сол мезозой заманына сай көрініс-

пен безендірілген. Алыптың екінші алданған жері осы еді. 

   Алып көліктен түскен бойды радиобайланыс арқылы көлік бері жылжытылып, ішкі қақпа жабылды. Көлік сыртқа шыққан бетте екінші қақпа сырт етті. Үлкен іс осылайша бітті. Ғалымдар мен хайуанаттар бағының қызметкерлері қарбаласқа түсті. Енді оны қат-

ты қадағаламаса, тағы біраз нәрсе күл-талқан болмақ. Оған ешкімнің де жібергісі келмей- ді. Алып бүлдірген нәрселер де аз емес-ті.Ендігі мақсат – оның аман-есенінде миындағы көріністерді арнайы видеолентаға жазып, экраннан көру. Бұл сол бір заман жайлы айты- лып келген түрлі болжамдарды нақтыламақ. Қаншасы дұрыс, қаншасы бұрыс болады. Оны енді алып кесіртке-динозаврдың тірі көзі көрсетеді.


                                       Ғажайып   аймақ


   Арада үш тәулік өткенде алып кесіртке-динозавр біршама тынышталды. Арнайы манипулятор арқылы бұл уақыт ішінде ол брнеше рет тамақтандырылды. Манипулятор-қолдар қабырғалардан жылдам шығатын да, етті, суды, шөпті, тағы басқадай тағамды қажетті орнына тастап-тастап қайта зып беріп жоқ болады. Алып оны көріп те үлгермей қалады. Мұндай жылдам қозғалатын тіршілік иесі өз заманында болмаған-ды. Сондықтан да алып кесіртке-динозавр үшін бұл замандағы көп нәрсе түсініксіз. Егер оның тілі сайрап тұрса, ананы-мынаны сұрап біліп алған болар еді. Оның шығаратын бір ғана дыбысы бар. Сол дыбысымен жұртты шошытады. Соңғы кездері оның гүжіліне ғалымдардың құлақ- тары да үйренген. Ол қанша гүжілдеп жатса да, елемейді. Тек жанына бармаса болғаны. 

   Есеналы соңғы күндері аз ұйқтайтын болған. Үйінде де сирек болады. Көп уақыты осында өтіп жатыр. Қасындағылары да айналшақтады. Бәрі де алып кесіртке-динозавр аман тұрғанда оның миындағы көріністі арнайы видеоленталарға түсіріп алуды жөн көреді. Негізгі қарбалас та сол мақсатта болатын. Хайуанаттар бағының ішіндегі басқа хайуанаттар бүгінде біршама тыныштанып қалған. Өйтпеске шаралары қалмағандай. Қан-

шама санасыз, тілсіз болса да, алып кесіртке-динозавр келгелі дыбыстары сирек шығады. Өткен жолғы оның ойраны мақтап естерінде сақталса керек. Адамнан жақсылап таяқ жеген кез келген хайуанат ол жақындағанда сескенбейтін бе еді. Бақтағы хайуанаттар да сондай бір жалтақтыққа көшкен тәрізді. Қорқынышты тез  қабылдайтындары тіпті, бү- рісіп, жатын орнынан шықпай қоятынын қайтарсің. 

   Бұл тыныштық бір жағынан ғалымдардың өз істерін тездетулеріне жағдай туғызды. Өздері арпалысып жүргенде олар да шуылдап қабаттасып жатса, несі жақсы. Қанша де- генмен ғалымдардың ойлары бөлінбей ме. Енді хайуанаттарға тамақ, су беруді сонымен айналысатын адамдардың өздеріне тапсырып, басшылық жағы біржолата алып кесітке- динозаврмен айналысуға көшкен. Қанша дегенмен де ғалымдар хайуанат бағып көрген емес. Олар бәрін де теория жүзінде зерттеп келген. Тәжірибе аз. Егер бақтың қызмет- керлері болмағанда, алып кесіртке-динозаврға тамақ берудің өзі де қиынға соғар еді. Алыптың аты – алып. Оған қаншама ірі қараның еті кетіп жатыр. Бәрі де жұқ емес. Оның үстіне бүгінгі ет те қуат болмағандықтан алып тойынбайды. Әп-сәтте асап-асап, қатты ашыққандай қылғыта жұтады да, басын тік аспанға көтеріп,гүжілдеп бареді. Кейде оның не тамақ сұрап, не өз заманын аңсап гүжілдейтінін де ажырату қиын. Қалай болғанда да оның ең бағалы жері миында болып тұр. Егер ғылым мидағы жазылғанды көрсете алатын күрделі жүйе жасап шығармаған болса, алып кесіртке-динозаврдың көргендерінен ештеме де алынбас еді. Онда оны ғалымдар өле өлгенше асырайды да, өлеген соң қаңқасын зооло-

гиялық музейге сақтап қояды. Онан басқа шара болмас та еді. Енді ғылым мен техника- ның жетістігі арқасында сонау алыс заманды мына тарихтың тірі куәсі арқылы көрудің 

мүмкіндігі тумақ.

   Есеналы өзі бастап лабораторияға асыға кірді. Алып кесіртке-динозавр көрген ғаламат өмірді қайтадан көзбен көру де өзінше бір жаңалық болмақ. Ол жаңалық тек қазақ жері емес, күллі дүние жүзіне тарамақ. Сол оқиға болар күнге қарай шет елден қаншама журналистер ағылып келді десеңізші. Бәрінде де бір-бір түсіретін құрал. Қойын дәптер. Тағы басқадай жазып алғыш құралдар бар. Олар немен келсе, онымен келсін, ғалымдарға  керегі, алып кесіртке-динозаврдың миындағы табиғат көрінісі. Сондай-ақ сол замандағы басқа да тіршілік иелері еді. Қызықты оқиғаға санаулы сағаттар қалғанда осы іспен тіке- лей айналысатын бір топ ғалым шағын бөлмеге жиналып, күрделі істің жайын соңғы рет талқылады. Содан кейін барып, шет елден келген меймандарды қатыстырған баспасөз конференциясы өтті. Мұндайда уақытты кідіртіп көр. Есеналы қаншама жылдам жүріп, қаншама қолындағы сағатына жиі қараса да, қашқан уақыт қуып жеткізер емес. Оның маңдайынан шып-шып тер де шыққан.Оны ол бет орамалымен тез-тез сүртеді де, біресе ана бөлмеге, біресе мына бөлмеге барады. Қасынағы көмекшілері де әбігерге түсіп жатыр-ау. Өздері ғана болса бір сәрі. Мұнда шет елдерден келген қаншама мейман бар. Қазақ ғы-

лымы жетістігін әлемге паш етер алдындағы үлкен оқиға болғандықтан ғалымдар қалай толқымасын. 

   Барлық мәселе біткеннен кейін ғалымдар да, қызықты оқиғаны көрушілер де алып кес- сіртке-динозавр қамалған үлкен үйге қарай беттеді. Оның сырты бірнеше қатар тормен қоршалған-ды. Іш жағында қалың қабырға. Қысқасы, алып кесіртке-динозавр қаншама бұлқынса да шыға алмайтын етіліп жасалған. Ғалымдар мен кеген адамдар отыратын лоджалар қалың шынымен бөлінген. Бәрі де сол шынының бергі жағындағы жұмсақ орындықтарда отырады. Үлкен бөлменің орта тұсында үлкен экран ілінген. Экран делін- генімен ол кәдімгі Жер шарын көзге елестететін домалақ пішінді нәрсе.

   Тарихты көрушілер орындарына жайғасқаннан кейін сол домалық шардың ішкі жағынан шам жанды. Сол кезде бөлме ішіндегі жарық шамдар да өлеусірей берген. Енді сәлден соң әлгі домалақ шар бейне бір ғарыштан қарағандағы Жерден аумай қалды. Солай деп те санауға тиіс еді отырғандар. Шардың әдемілігі сондай, ғалымдардың өздері де бір сәтке соған қарап отырып қалған. Өздері ғарыш иелері де, ал Жер көз алдарында тұрған бір ойыншық қана сияқты. Бұл да бір адам баласының ғажайып құдіреттілікке жеткенінің айғағындай көрініс  еді. Енді бір заманда өзі де Жерге қиыр ғарыштан сондай тұрғыдан қарайтындарына дау жоқ-ты. 

   Отырғандар тез тынышталды. Өйткені, істі бастайтын уақыт келген еді. Оны кешіктіру-

дің жөні жоқ.. Бәрі де алдын ала есептелген. Жабық бөлменің айналасы түрлі шамдар, су-

реттермен сол бір замандағыдай етіліп безендірілген. Алып кесіртке-динозавр санасыз болғандықтан оны ажырата ала ма, жоқ па ол да зерттелмек. Бәрі де орындарына жайғаса түсіп, қызық бір фильмнің басталуын күткендей отыр. Мұнда терге түсіп жүрген  істі жүр-

гізуші жергілікті ғалымдар ғана. Есеналыға бәрі де ерекше назармен қарайды. Ғалымның әрбір сөзі, жүріс-тұрысы, оларға ерекше болып көрінетіндей. Кім білсін, кімнің не ойлап отырғанын ішінен. Көбісінің Есеналы ғалымның даңқын әлемге шығарған осы алып ке-

сіртке-динозаврдың ертегіге бергісіз түріне деген назары қатты ауған. Бәрі де алыптың қимыл-қозғалысын бақлайды. Оны қаншама рет телебайланыс арқылы анықтап көрсе де, өзіне жетпейді. Қасында болғанға не жетсін. Ал жергілікті қазақ ғалымдарының көздері үйренгендіктен онан гөрі өздерінің жоспарларын көбірек ойлайды. Соны сәтті етудің жай-

ын қарастырады.

   Сөйтіп, көптен күткен сәт те жетті-ау. Алып кесіртке-динозавр гүж етіп, орнынан көте- рілгенде айналада, қалың шынының арғы жағында отырғандардың көбі дерлік орындары-

нан түрегеп кеткен. Ол түрегеу алыптың қылығын көруден гөрі қорыққандықтан туған еріксіз қозғалыс еді. Қазақ ғалымдары оны бірден түсінді. Алып қаншалықты сұсты келсе де, көздері үйреніп қалған. Оның бұлқынысына да мән бермейді. Ал көрушілер оның әрбір оқыс қозғалысынан шошынып, бірдеме бола қалса, сырытқа қарай лап қоюға да дайын отырған сияқтанады. Алғашында қызықтап, сонша жерден армандап келерін келсе де, енді қашар жер қалмағандайда күй кешіп отырғандары аз емес.

   Сәлден соң Есеналы айналасындағыларға белгі берді. Сол замат түрлі шамдар қосылып, таң атып келе жатқандай көрініс жасалды. Алып кесіртке-динозавр сол жарық пайда бола бастаған жаққа қарап, мойнын созды. Артынша жайымен жасанды Күн көтеріле берген. Ал айналаның табиғаты сол замандағыға ұқсас еді.Онда сол замандағыға ұқсастырылған ағаштар өсіп тұрғандай. Ара-тұра ұшатын кесірткелердің, жерде жүретін қорқынышты кесірткелердің түр- түрінің дыбыстары естіледі. Бәрі де арнайы қондырғылармен жасал-ған. Ол тек сол заманның өкілі – алып кесіртке-динозаврға әрекет жасайтынын қадаға-

лауда. Ол айналасын ұзын мойнымен шолып шықты. Түрлі түсті шамдар мен алуан суреттердің көмегімен жасалған көрініс ғажап-ақ еді. Енді біраздан соң ол көрініс шын алып кесіртке-динозаврмен астасып, сол бір заманды көз алдарына әкелгендей де болған.

   Есеналы біресе алыпқа, біресе алдындағы қағазына, оң түсындағы жыпырлаған түймелері бар пенельге қарайды. Барлық жазу, түсіру жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұрған соң кішкене көңілі орнығады. Жанындағы ғалымдардың бәрі де алыпты мұқият қадағалылп, алдарындағы қағаздарына бірдемені түртіп қойып отыр. Алып айналасын шолып болған соң басын тік жоғары көтеріп, қатты дауыс шығарды. Бұл шамасы, өзінің табырын шақырғаны болса керек. Оның миынан сол заманда көргендерін жазып алып, көрініске айналдыратын күрделі жүйелер әлі қосылған жоқ. Оны қосардан бұрын алыптың айналасына қалыптасуын күту керек. Өз заманындағы көрініске шамалы болса да жақын келгендіктен бе, алып кәдімгідей саябырсып қалды. Енді сәлден соң ол олай, бұлай жүре бастаған. Өзі қамауда жатқан үйдің орта тұсындағы осы бөлменің кеңдігі де аз емес-ті. Динозавр еркін жүрген соң онан артық не керек. Бір өзіне салынған үй хайуанаттар бағының біраз жерін де алып кеткен.

   Ғалымдар анда-санда бір-біріне қарап қояды да, жақсы бір сәтті жіберіп алғылары кел- мегендей қайтадын алыпқа қадалады. Ол болса, қабырғалаардағы алдамыш көріністерді

қызықтағандай алшаң басып жүр. Бірақ ол қабырғалардағы сол көріністерге жақында-

ған сәтте күрт сөндіріледі. Алып кілт тұрып қалады. Санасыз болғандықтан ештемені түсінбейді. Бірақ сол заманнан саналы деген адам келсе де мән-жайды түсінбей тұрып қалар еді. Оған қарағанда алыпқа кешірімді. Ғалымдардың оны бұлайша еліктірудегі мақсаттары сол замандағы көргендерін ми қыртысынан шығарту. Басқа жолы жоқ. Алып кесіртке-динозаврдың қандай көріністі есіне алатынын да білу қиын. Егер ол тілдесер болса, онда сөйлесе отырып,қажетті деген оқиғаларын көз алдына елестетіруге болар еді. Енді қиын жағдай онан сайын күрделене түсті. Алдын ала жасалған болжам боайынша, алып кесіртке-динозавр осы көріністерден кейін тынышталып, біраз демалуы тиіс.

   Жасанды Күн әдеттегі Күннен жылдам жылжыды. Түсінген адамға бұл планетаридегі көрініс сияқты еді. Ал алып әзірге ештемені білмейді. Ол ара-тұра аспанға қарайды. Күн жылжи-жылжи, батысқа қарай ойысып, көкжиекке жақындады. Содан кейін ымырт түс-

ті. Айналаны қараңғылық қоюлығы жеңе бере жасанды аспаннан жыпырлаған жұлдыз-шамдар жымың қақты. Алып түннің болғанын сезді. Күн тез өтіп кетсе де, жатуға ыңғай-ланды. Өзінің жатын орнына барды да түйеше баяу шөкті. Содан соң жуан басталып, жіңішкере беретін алапат құйрығы мен керіктің мойнына ұқсаған ұзын мойнын жерге тө-седі. Одан басын көтеріп алып, кейінгі жағына қарай салып, денесіне жанастыра тыныш-талды.

   Жоспар сәтті өтті. Ғалымдардың ойлағанындай болды. Алып кесіртке-динозавр тәуілік- тің ұзын-қысқалығына мән бергендей. Ол заманда тәуіліктің шын мәнінде де қазіргіден қысқа болғаны белгілі. Ол кезде Жер шары өз осінен жылдамырақ айналтын. Ал онан бергі өткен ұзақ уақыттың ішінде Күнде болып тұратын жарқыл әсерінен қас қағым сәтке болса да кідіре-кідіре келе бүгінгі тәуілік қалыптасты. Осылай жалғаса берсе, енді бір заманда Жердің мүлдем тоқтап қалуы да мүмкін. Бұл ғылымда бар болжам. Ғалымдар оны жақсы біледі. Алып кесіртке-динозаврдың өз заманынындағы тәуіліктік мерзімге тез көндіге кеткеніне ғалымдар бір қуанып, үлкен жетістікке жеткендей көтеріліп, көңілденіп қалды.

   Бірақ бар қызық алда еді. Манадан бергінің бәрі де іс алдындағы тәжірибе сияқтанған әрекет болатын. Ғалымдар енді тырс еткен дыбыс шығармауға тырысып, алдарындағы қағаздарына, жалпақ панельдегі жыпырлаған түймелерге қарап қояды. Сол пенельдерде дөңгелек экран да  бар. Ал экранда алыптың кішірейтілген бейнесі.Ол бейнені үлкейтіп көру, кішірейтіп көру әр ғалымның өз қолында. Ең бастысы – алып кесірткенің ми қырты-сынан нендей көрініс шығар екен. Ғалымдар соны күтті. Есеналы негізгі панельде оты- рып, басқа ғалыдар мен шет елдерден келген мейман ғалымдарға бағыт-бағдар, кеңес беріп  отырғандықтан терлеп те кетті. Маңдайына шыққан шып-шып терді сүртуге де шамасы келмеген. Онысын басқалар да түсініп отыр. Енді бәрі де бір-бірімен тек құлаққа ілетін  дыбыстағыш арқылы, дыбыс қабылдағышқа сыбырлау арқылы ғана тілдеседі. Киносеанс басталғанда да мұндай тыныштық болып көрмеген. Ал дәл қазіргі сәтте шыбынның ызыңы да әуе көлігінің дыбысындай болып естілер еді. 

   Алып кесіртке-динозавр түн ұйқысына кеткен. Сол жатқан бойда тырп етер емес. Сол кезде оның төбе тұсынан дыбыссыз баяу жылжып, миындағы есінде сақталған көріністер-

ді қабылдайтын күрделі жүйе түсе берді. Алып кесіртке-динозавр сезбеу үшін ол жүйелер ара-тұра тоқтатылып отырды. Оның жылддамдығы суға батып бара жатқан, және су түбі-

нен көтеріліп келе жатқан сүңгуір қайықтардың шапшаңдығындай еді.Тіпті онан да баяу десе де боллады. Егер мұнда осы іске берілген кілең ғалымдар отырмаған болса, басқа адамның іші пысып, шыдамы таусылмақ.

   Ал ғалымдар үшін оның мейлінше баяу жылжығаны керек. Егер алып артық дыбысты сезе қалса, талай уақыт бойы жасалған құралдың әп-сәтте быт-шыты шықпақ. Алып оны бір-ақ қағыып түсіреді. Алапат табандарымен таптап, майқандап тастайды. Ал содан соң оны қайтадан жасап көрсін ғалымдар. Онан да шыдаған дұрыс. Қозғалыс атаулының қан-

ша баяу болса да, орын ауыстыратыны байқалады. Бір қарағанда қозғалмағандай болып ілініп тұрғандай болған сол жүйелер біраздан соң алып кесіртке-динозаврдың басы тұсына да таяды-ау. Ғалымдар демдерін ішке тартты. Өйткені енді ең күткен ғажайып сәт келген!

Есеналы да маңдай терін бет орамалымен сүртіп тастап, жанындағыларға иек қақты. Сол кезде күрделі жүйені басқарушылар бірнеше түймені дыбыссыз ғана нұқып-нұқып қалды.

   Артынша үлкен бөлме қабырғасындағы үлкен экран жанды. Ғалымдардың әрқайсысы- ның алдындағы кішкене дөңгелек экрандардың беттері жыбырлады. Содан соң үлкен экранның беті жыбырлай бастады. Өстіп бірнеше минут тұрды. Манағы терлеген терлеген бе, Есеналының үсті бой-бой болды. Ол енді ара-тұра мойнын да сүртіп қояды. Мына үл-

кен деген бөлменің іші де тымырсықтанып кеткен. Ал желдеткішті қосуға болмайды. Мұнда әрбір сырт еткен дыбыс  қауіп тудырады. Жас нәрестенің ұйқысын қорғағандай көрініске айналды бұл енді. Ал алып болса, алаңсыз жатыр. Экран беттері әлі жыбырлау- да. «Еңбегіміздің еш кеткені ме? Не болды бұған? Басқа хайуанаттарға жасаған тәжіри- бемізде олардың бір кезде көргендерін тап сол қалпындағыдай етіп көрсетіп еді. Қырсық шалды деген осы да. Әсіресе,мына шет елдік мейман ғалымдардың алдында масқара болатын түріміз бар» деп ойлап үлгерді Есеналы. Содан соң оң жағындағы жүйені басқа-

рып отырған жігіттерге иек қақты. Олар бастарын қисайтты.

   Бірақ сөйткенше болған жоқ, үлкен экран беті жап-жасыл табиғат көрінісіне айналды. Ғажап көрініс. Қарсы тұста көл, оның арғы жағы орман. Онан әріде сілем-сілем таулар. Алып кесіртке қараған жақтың бәрі де ап-анық көрінеді. Кейде оның мойын бұру жыл-

дамдығына қарай көріністер тез өте шығады. Ондайда пәлендей нәрсені аңғарып қалу қиын. Осындай әттеген-ай болмас үшін бұл жолы Есеналы жанына кибернетик Едіген Нағашыбайұлын отырғызған. Ол Есеналының белгісіне қарай көріністерді түрлендіреді.

Табиғат көрінісін адам мен хайуанаттардың қабылдауы бірдей емес. Ит үшін мына түрлі-түсті бояуға боялған ғажайып әлем сұрықсыз көрінеді. Ал жәндіктердің түр-түрі де өз қабілеттеріне қарай әрқалай қабылдайды. Солар сияқты алып кесіртке-динозаврдың көру қабілеті де адаммен сәйкестенбейді. Соны кәдімгі ғажайып көрініске айналдыру мақса- тында мұнда компьютерлік жүйе орнатылған. Оны кибернетик Едіген басқарып отыр. Үлкен экрандағы, әр ғалымның алдындағы шағын экрандағы көріністерде кибернетиктің басқаруымен құбылады. Алыптың мойнын жылдам бұрып әкеткен жерінде оны баяулатып көрсетеді. Сондықтан да айнала отырғандар пәлендей қиындықты сезген жоқ. Олар үшін алып кесіртке-динозавр дәл осылай көретін сияқтанады.

   Есеналы Мұхитұлы ара-тұра жасанды қосымша бояуларды жоғалтқызып, алыптың өз көзімен көрінген табиғатты да байқатады. Отырғандар оны түсінеді. Егер мұнда бұл тех-

никадан хабары шамалы адам отырса, бәрін де алып кесіртке-динозаврдың миынан алын-ған ғажайып көрініс дер еді. Көрініс жалғаса берді. Көп жағдайда оның түрлі-түсті вариан-

ты беріліп тұрды. Сол варианттардың бәрі де тек көрсетіліп қана қоймай, түрлі таспаларға, видеотаспаларға жазылып жатты. Өйткені, мұның бәрі де құнды материал болмақ.

   Тек шамалы жүйесіздік бар. Егер бұл алдын ала жасалынған видеофильм болса, бәрі рет-ретімен көрсетілген болар еді. Ал санасыз алып кесіртке-динозавр нені есіне түсірсе, соны қабылдайды күрделі жүйелер. Ол өзі тырп етпей жатыр. Оның енді ұйқыда екенін, не жәй жатқанын да ажырату оңай еді. Төбесінен төніп тұрған күрделі ми камерасы оны да білді-

ретін. Алғашқыда алып біраз ұйқтағанмен  кейіннен бірдемеден денесі сәл тітіркеніп, қоз-ғалып қойды. Бұл ғалымдар үшін тиімді емес-ті. Егер ол басын көтеріп, я орнынан түрегеп кетсе, мына самсаған күрделі жүйелердің бәрі қирап қалмақ. Оларды тез көтеріп әкету  де екіталай. Оған да еп керек.

   Алып кесіртке динозаврдың миынан жеткен үзік-үзік көріністер ғалымдарға көп нәрсені аңғартты. Алыптың өз жемін қалай қармап жегені де байқалды. Айналадан көптеген кро-кодилдер ауыздарын ашып, әлденелерге шабуыл жасап жатты. Төбеден келіп төнген қа-

натты кесірткелер де талай нәрсені жайпап өтіп жатыр-ау. Бірін бірі аңдыған мықтылар.

Әлі келгені әлсізін жеңіп, денесінің пәре-пәресін шығарады. Жегенін жеп, жемегенін сол жерге тастап кете барады. Қайнаған өмір. Бұл көрініс сондай бір өмірмен өлім айқасқан сәттерге қарап тыныш жатқандағы сақталып қалған еді. Алыптың көзі мен миындағы есте сақтау қыртысынан онан да басқа қызықты мәліметтер шықты. Бір кезде алып кесіртке- динозаврдың көзі жер бетінен жылдам жылжып өтіп, аспанға ауысты. Не іздегені белгісіз.

Әлде әдетінше қарағаны ма. Бірақ неге қараса, аспаннан оның көзіне қандай да бір жарық жұлдыз шалыныпты. Ол Шолпаннан кем жарқырамайды. Осы жерге келгенде ғалымдар да қозғалақтап, іштерінен: «Бұл қай ғаламшар болды екен?» деп те қалған-ды. Расында да, ғалымдар осы күні бақылап көрмеген ғаламшар. Өзінің жарқырауы да, көлемі де өзгеше сияқты. Шамамен, бүгіндегі Қызыл ғаламшар мен Есекқырғанның екі аралығындағы өзіне тән айналым жолмен қозғалады. 

   Есеналы дереу Едігенге қараған. Ол да мән-жайды түсіне қойып, көріністі қайталап, баяулатып көрсетті. Ғалымдардың бәрі де экрандарға үңіле түскен. Шын мәнінде беймә-

лім ғаламшар. Қазіргі тоғыздың біріне де ұқсамайды. Есеналының ойына Фаэтон делінетін болжалы ғаламшар сап ете қалды. Бірақ үндеген жоқ. Әбден көріп алғысы келді. Ол Шолпандай болып лап-лап етеді. Жарықтығы жағынан сол Шолпанмен теңесетін сияқты. Ал үлкендігі жағынан Жер мен Қызыл ғаламшар шамасында. Оның шамалы көгілдірлігі тіршілікті екенін де танытқандай. Егер осы алып кесіртке-динозаврдың орнында саналы адам болса, оның мән-жайын баяғыда түсіндірген болар ма еді. Енді мына көрініс тез өте шықты. Егер қайталау жүйесі болмағанда оның бөтен ғаламшар екенін де ажырату қиынға соғар ма еді. «Оныншы ғаламшар шынымен-ақ болған екен-ау» - деп қойды ішінен Есеналы. Мына процесс біткен соң тездетіп жұлдызды карталар мен атластарды ақтаруды да ойына түйіп отырды. Автоматты картотекалар үшін ол сөз ба. Әп-сәтте тауып бере қояды. Оны анықтаудың басқа да жолдары аз емес.

  Жұлдыз экраннан жоғалғаннан кейін тағы біраз көріністер жер бетінен байқалды. Алып кесіртке-динозаврдың көзі қайда қараса, сол жақтағының бәрі дерлік жылт етіп көрініп қалады. Бірақ ол түссіз және күңгірттеу. Мұнда тек күрделі күшейткіш жүйелер мен түс қосатын құралдардың арқасында  ғана ол кәдімгі видеофильмдегіндей болып өтіп жатыр. Бұл оқиғадан мүлдем бейхабар адам оны телеэкраннан көре қалса, біреу видеокамерамен түсіріп алған ұқсас табиғат ортасы деп қоя салар еді. Ал шындығында осы бір минуттар аралығы замандар аралығындай болып көрінген. Адам неге қатты асықса, сол бейне бір жеткізбей кеткендей болады. Қырсық шалғандай көрінетіні тағы бар. Ондай жағдайлар әрбір адамның өмірінде күнде болмаса да, ара-тұра кезігіп тұрады. Дәл қазір де сондай бір қарбалас сәт өтіп жатты.

   Бірақ ол ұзаққа созылмады. Сәл уақыт өтпей неден екені белгісіз, алып кесіртке-динозавр басын кенеттен көтеріп алды. Жаңағы көріністер сол сәтте-ақ зым-зия болды. Өйткені, алыптың төбе тұсындағы мидан мәлімет алғыш күрделі жүйе қирап үлгерген еді. Алып оның сымын бір тістеп, жұлып алды да, басын шырқата биікке көтеріп, шайқап-шайқап барып лақтырып тастады. Ол күл-талқан болды. Сымдардан от шығып, кей жерлерінде жалынның тілі жалаңдады. Алып онан сайын ышқынып кетті. Неге сонша- лықты шошынғанын ешкім де болжай алмаған. Ғалымдардың бәрі де шынының бергі жағында, қауіпсіз орындарда да орындарыннан ұшып-ұшып түрегеліп, кейін шегінген. Техниканы басқарып отырғандар тез-тез жазылған таспа мен видеотаспаларды жинап алып, дәлізге қарай жүгірді. 

   Алып бұлқынып жатыр. Ол бейне бір мына жасалған нәрселерді өзіне төнген қауіп деп қабылдаса керек. Жаңағы көріністерден байқалғандай ол кезде күтпеген жерден алып ұшатын кесірткелер төніп келіп қалатын. Сол кезде бұлар ұйқыда жатса да дыбысынан сезіп, басын тез көтеріп, айқаса кететін. Қазіргі жағдай да соған ұқсас еді. Бірақ мидан мәлімет алатын үлкен жүйе онымен қарсыласқан жоқ. Лақтырылған жерінде қалды. Алыпты оның лапылдап жанғаны тітіркентті. Ненің не екенін ол бейбақ қайдан түсінсін. Гүжілдеп жатыр. Алдыңғы екі аяғын көтеріп, басын ирелеңдете жоғары тік көтергенде биік деген үйдің төбесіне де таяп барып қайтты-ау. Ғалымдар тұрған орындарында қозғалмай қалған. Бәрі де алыптың ендігі әрекетін, оның жұлқынысының саябырсуын күтуде. Бірақ алып саябырсимын дегенше талай нәрсе де қирап бітті. Ол енді тіпті өзі тамақтанатын ыдыстарды да қарш-қарш тістеп жан-жаққа лақтырды. Кейбірі ұшып барып шыны әйнектердің бірін сындырып өтіп жатты. Есеналы дереу осындайда көмек беретін құрамды шақыртқан.Олар да қолдарынан келгендерін жасап жатыр. Ең бастысы – алып- тың мына ортадан шығып кетпеуі еді. Өткен жол бақтан көшеге шығып кеткенде қаншама нәрсені қиратқаны, қаншама адамды үрейлендіріп, ауруханаға түсіргені белгілі. Бүгінде алыптың аты аталса түн ұйқысынан ұшып тұратын қала тұрғындары да аз емес. Есеналы осы жағын ойлаған. Іштегі қираған заттар жай ғана нәрсе сияқты. Ал сыртқа шықса, оның сорақысы сонда болмақ.

   Алыппен арпалыс ұзаққа созылды. Өйтетіндей де бар еді. Ол орналасқан орта адамға қаншалықты үлкен болып көрінгенімен алып үшін тар. Оның үстіне ішіндегі ауа да оған жетпейтін тәрізді. Қиналысы күшті. Мана тыныштанып, көзі жұмылып жатқанда ғалым- дар оны ақылды санағандай болып іштерінен қуанып та қалған еді-ау. Енді бір-біріне не айтарларын да білмеді. Бәрі де әбіржіп жүр. Бірақ қалың шынылардың сыртында ғана. Ішіне әрекет жасап жатқан арнайы топ бар. Алып оларды да жолатар емес. Ұзын мойнын құрылыстағы көтергіш сияқты олай-бұлай шайқағанда жолындағы шамдар мен ол бекі- тілген ілмелердің бәрі де теңселіп, кейбірі ұшып жерге түсіп, шынылары күл-талқан болып жатты. Енді қоймаса, үй ішінде бір де бір сау нәрсе қалмақ емес. Бұл да алып кесіртке-динозаврдың санасыздығы. Әйтпесе, саналы нәрсе өзінің үйін өзі осылайша талқандай ма. Ғалымдар осы жағын да ойлап қойған-ды. Бірақ оны біліп, түсініп жатқан алып жоқ. Ол біраздан соң төрт тағандап тұрып алды. Содан соң-ақ қатер күшейе түскен. Алып басын жоғары көтеріп, анау-мынау сымдарды, торларды жұлып түсіре берді. Сол арнайы құрамның адамдары бөлімнің қабырғаларының тесік-тесіктерінен ұйқы дәрісін шашты. Сол кезде барып ол шамалы саябырсып, қайтадан шөкелей жатты. Сонда да көпке дейін гүжілдеп, қырылдап, басын айналдыра шайқап, қиналғандай сыңай танытқан. 

   Онысын телеэкраннан, шынының бергі жағынан бақылаған ғалымдар тым-тырыс тұрып қалған. Ал Есеналының жайы мүлдем басқа еді. Ол үшін алып кесіртке-динозавр көрмеге қойылған нәрсе емес, өзіне ыстық көрініп кеткен сонау бір заманның өкіліндей-тін. Сон-

дықтан оған жасалған әрбір қатаң шара Есеналының келісімінсіз жасалынбады. Ұйқтата-тын дәріні қолданар алдында да онан сұраған еді. Ол алғашында келісім бермеді. Тарих-тың терең қойнауынан жеткен жалғыз алыптың денсаулығына зиян келтірмеудің жайын ойластыруға тырысатын. Сондай бір оймен біразға дейін дәрі қолдануды тежеген еді. Оған алып кесіртке-динозаврдың өзі де шыдатпады. Бұлқына-бұлқына үй ішіндегіден ештеме қалдырмауға айналған. Содан соң қайтсін, күллі ғалымдар келіп, өзіне өтініш біл-

діріп тұрған соң басын шұлғыған. Енді сол алыптың гүжілдеп, қырылдап, аяқтарын созып, құйрығын қозғалытып, басын ие орағанын көргенде оның ішкі жан-дүниесінде бір қина- лыстың өтіп жатқанын сезіп, өозі қоса қиналғандай болды. Қасындағы мал дәрігерлері мен биолог, зоолог және басқа мамандардың айтып жатқан түсініктемелеріне де назар аударуды қойған. Алып кесіртке-динозавр өзіне қаншалықты қатер төндіріп тұрса да өзінің тұңғышындай санайды. Бейне бір алып оның перзенті сияқты. Адам баласының ит, мысық, күшік сияқты хайуанаттарға бауыр басып қалып жататыны да содан болса керек. Есеналының өзі де кішкене кезінде мысық асыраған. Күшігі де болған. Бүгінде ғылымның соңына түсіп, ондай іспен айналысудың да реті келмей кеткен. Сонда да ол қайбір жерден я мысық, я күшік ұстаған, ит жетектеген адамды көрсе сол жастық шағын есіне алып қоя-тын әдеті де бар-ды. Бірақ Есеналы хайуанаттарды жағдайластырылған пәтерлерде ұстау- ды қолдамайтын. Ал жеке үйлерде хайуанат аса қажет деп санайтын. Енді міне, өзінен пәленбай есе үлкен алып кесіртке-динозаврмен алысып жүр. Соның қамын ойлап тыным таппайды. Ғалымдар Есеналы Мұхитұлының бұл қылығын ұнатады. Өздері де оған еліктейді. Олардың да көбінің қабырғасы қайысып тұр. Бірақ амал не, ұйқтататын дәріні қодануға тура келді. Ол бір жағынан алыптың біршама уақыт тынығуына да жақсы. Ал осы екі аралықта оның төңірегіндегі қираған заттардың бәрі тездетіп тазартлып, жаңамен ауыстырылады. Енді ғалымдар соған асықты. Алып тым-тырыс қалған. Енді оның үстіне шығып, асыр салып ойнасаң да ояна қоймас. Ал ояна қалса, талай нәрсені тағы да қиратып жіберуден тайынбайды. Ол жағынан ғалымдардың тәжірибесі енді жеткілікті.

     Аяқсыз  қалған  көрініс


   Ертеңіне ғалымдар мен тілшілер Зоология институтының кең бөлмесіне жиналды. Он-дағы мақсаттары кешегі аз да болса түсіріп алған көріністерін асықпай бір көріп шығып, 

ғалымдардың жеке пікірлерін тыңдау болатын. Кең бөлме ішіне шақырылғаннан екі

есе көп адам жиналды. Көбінің шақыру қағаздары бар. Шет елден арнайы сапармен келген тележурналистерден басқа өз бетінше келген меймандар да көбейіп кетті. Олар әр журнал мен газеттердің тілшілері еді. Қазақ халқы қонақжай болғандықтан келген адамды табалдырықтан кейін итерген емес. Есеналы бұл жолы да қазақтың кеңдігіне салды. Ешқайсысын ренжіткен жоқ. Оның үстіне мұнда алып жоқ. Ал жазылып алынған нәрсе сол алыптың тыныш демалуына нұқсан келтірмейді.

   Ал ғалымдар мен газет-журнал тілшілерінің бұл мәжіліске ынтызар болуының басты себебі – көріністің соңғы жағындағы қандай да бір жұлдыздың жылт етуі болатын. Оны ешқайсысы да анықтап көріп үлгере алмаған. Құралдың баяулатып көрсету тетігін басқан- ның өзінде де сол көрініс жылт ете қалады.Жұлдыз екені анық. Ғаламшардың да сол жұл-

дызға ұқсап жарқырайтыны бар. Әуелде ғалымдар оны жұлдыз деп атады да, соңынан ғаламшар дегенге ауысты. Өйткені, оның фотографиялық талдаулары мен түстері соны дәлелдеді. Осы кезге дейін ғалымдардың «Күн жүйесінде оныншы ғаламшар болған. Оның атын Фаэтон деуге болады» деп келген ұлы болжамдары дәлелденді. Мұны осы заманның ғалымдары ду қол шапалақтау арқылы қарсы алды. Үлкен бөлменің ішінде гу-гу әңгіме де болып жатты. Бірақ мұндай әңгімелер тек үзіліс кезінде ғана естілетін.  

   Мәжіліске көптеген жұлдызнамашылар да шақырылған. Олар жарқыраған оныншыны экрандардан бақылай отырып, сол ертеден болжалданған Фаэтон екенін де анықтады. Алып кесіртке-динозавр оған қараған болып шықты. Сол қараған сәтін жазу жүйлері түсі-

ріп алып отыр. Алыптың көргендерінде әрине пәлендей жүйе жоқ. Оның көзі қалай қара- са, сол жақтың бейнесі шалынады. Әншейінде байқалмайтын алып басының жылдам бұрылысы да отырғандарды таңдандырған. Тіпті, адамның өзі де жан-жағына жиі бұрыл- май ма. Оны да тек зер салған біледі. Ал сол адам көзімен көргендерді осылай етіп түсіріп алса, ол да жылдам қозғалар еді. Жүйесіздігі де айқындала түспек. Қайта алып болғандық- тан ба, динозаврдың басы кейде баяу бұрылады. Мұндай жерінде сол кездегі ғажайып та- биғаттың біраз аймағын анықтап көріп алуға мүмкіндік туады. Осындай заманға жетіп, осындай оқиғаға  тап боларын, көзімен көріп, миы қыртысында сақталғанын адамдардың қайта шығарып, экранға түсіретінін алып қайдан білсін. Оған жатын орын, таза тамақ, жү-рер жер болса жеткілікті. Тек соңғысы орындалған жоқ. Қамауға түсті. Өз кезінде кең-жазира табиғатта алшаң басып жүретін. Қалаған жемін жейтін. Дәрежелестерімен айқаса кететін. Жаулары да аз емес-ті. Оның шет жағасын ғалымдар көріністен байқап та қалған.

   Оныншы ғаламшарды ғалымдар әбден анықтап көрді. Басқа да түрлі жүйелер арқылы ғаламшардың диамертін, массасын, радиусын, Күннен, Жерден қашықтығын да компью-терлер арқылы жедел анықтады. Оның үлкендігі де Жерден көп аспайды. Табиғи жараты- лысы да сол. Тек көріністің тез құылғаны ғалымдардың көп нәрсені анықтай түсулеріне

кедергі келтірді. Соған қарамастан ондағы мәдени дамудың дәрежесі белгілі болды. Жұлдызнамашы Сапар Сәрсенұлы мән-жайды толығырақ түсіндіру үшін сөз алды.

  • Бұл ғаламшардағы саналы тіршілік Жерден әлдеқайда көп бұрын басталған, - деді

ол қолындағы ғаламшар суретіне қарап отырып, - біз өткен саты сол кездің өзінде-ақ алыс кейінде қалған. Жер бетінде тіршілік жаңа-жаңа жанданып, тау мен көл пайда болып жатқанда, алыптардың заманы жүріп тұрғанда олар бүгіндегі біз мінген ғарыш кемелері-мен жұлдызды әлемді емін-еркін шарлап жүрген. Ғаламшар беті жыпырлаған қалаға толы болыпты. Жарылыс жасаудың да түр-түрін білген. Ғаламшардың терең қойнауына да енген...

-  Ғалымдар жым-жырт.Кейбірі алдындағы кішкене қағаздарына бірдемелерді түр-

тіп қояды. Екіншісі дыбыс жазғышын күрт сөндіріп қойды. Видеомагнитофондардың ысылы да тоқтаған. Ендігі сөзді кімнің алары да белгісіз-ді. Бірақ Есеналы бұл үнсіздікті ұзаққа созбады. Ғалымдарды ойлы жүзімен шолып өтті де:

  • Мән-жай түсінікті деп ойлаймын, - деді орындығына шалқая жатып, - Күн

жүйемізде оныншы ғаламшардың болғаны анық. Оны өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Ал ондағы тіршілік жағдайын Сапар Сәрсенұлы түсіндіріп берді. Енді бізге керек болатын нәрсе, сол ғаламшардың  нендей себептен жоғалып кеткенін анықтау! Осыған күш салуымыз керек.

  • Біздің аға ғалымдарымыз Фаэтонды қандай да бір күштің әсерінен жарылып кеткен 

деп болжалдады, - деді сол кезде манадан үнсіз отырған физик Беркін Сәтбекұлы, - сол болжалға көз жеткізудің қандай жолы бар? Әлде осымен тоқтаймыз ба? 

  • Оны қараптан қарап жарылды деуге негіз жоқ. – Химик Жадай Қазымбекұлы сөзге 

араласты. - Өйткені ол жұлдыз емес. Егер жұлдыз болса, қойнауындағы термоядролық реакциядан бір кілтипан болды деуге болар ма еді. Ол – ғаламшар ғой. Оның үстіне тірші- лік те бар. Саналы мәдени дамуы жалғасып жатты.    

     -  Ендеше, нендей себеп? – Есеналы сәл түрегеп отырып, айналасына қарады. - Әлде сол бұрынғы болжалды құптап қана қоямыз ба?

     - Ал біз олармен салыстырғанда болашақта тұрған адамдармыз. Сондықтан да, Жадай Қазымбекұлы, оның жарылу себебін дәлірек ашуымыз керек!

     -  Түсініп отырмын,- деді Жадай Есеналыға қарап, - ол ғалымдар өткен ғасырларда өмір сүріп, сол замандағы білім дәрежесінен, көз-қарас дәрежесінен болжалдаса, біз болашақ заманнан болжалдаймыз. Екі жағы да алыс екен. Егер ол ғаламшар осы күнге дейін бар болса, ғарыш кемесін жіберіп,аз уақыттың ішінде-ақ бар нәрсені біліп алған болар едік.

   Есеналы шамалы ойланды. Содан соң оң қолының сұқ саусағын оң бетіне тіктей жанас- тырып, Жадайға қарады да:

  • Бұл сөзіңнің жаны бар. Бірақ өткен заманмен бұл заманды салыстыруға тағы бол-

майды ғой. Бізде оларға қарағанда ілгерілеу, даму, жетілу бар емес пе? Сондықтан дәлірек анықтауымыз керек. Ана Қызыл ғаламшар мен Есекқырған ғаламшарының арасында жы- пырлап айналып жүрген қалдық тастардың да қандай да бір ғаламшардың бөлшектері бо- луы мүмкін деген болжам сол кезде айтылмап па еді. Ал біз сол болжамдарды қайталау- мен шектелсек, онда не болғанымыз. Ғалымдығымыз қайда? Білімділігіміз қайда? Дамы- ғандығымыз қайда? Рас, ондаған миллион жылдар бойы Айдың Күн сәулесі түспейтін көлеңкелі қазаншұңқырында мұз болып қатып жатқан алып кесіртке-динозаврды тірілтіп алдық. Бұл да ғылым құдіреті. Енді оның миында қалған жазындыны экранға түсіріп, фильм көргендей тамашалап отырмыз.  Сөйте тұрып, бұрын өмір сүрген ғалымдардың бол

жамдарын ғана қайталағанымыз дұрыс бола қоймас дегенім ғой. Шындасақ, сол ғалам-

шардың шын мәнінде қалай жарылғанын да біле алар едік. 

   Ғалымдар алғашқыдай емес, сәл қозғалақтап, сергіп қалды. Соңғы сөйлеген Есеналының мына сөзі қамшы болса керек. Кейбірі жанындағысына қарап, әлденелерді сыбырлап та қойды. Бірақ әзірі нақты шешім жоқ-ты. Сол кезде кибернетик Едіген Нағашыбайұлы мы- наны айтты.

     -  Біз қазір болжалдайтын заманда емеспіз. Астымызда жүйрік ғарыш кемесі бар. Алыс 

жұлдызаралдарды даралап көрсететін қуатты бақылау құралдарымыз өз алдына. Сөйте тұ-

рып ананы, мынаны айтудың өзі де бүгінгі саналық дәрежемізге келмейтін сияқты. Менің айтайын деген ұсынысым, алып кесіртке-динозаврды тағы да мазалауымыз керек. Біз оның миындағы жазылғанның бәрін көргеніміз жоқ. Бәлкім, сол жарылысты да көрерміз?

      -  Сонда сіз Фаэтонды тек жарылыстан жойылған деп есептейсіз бе? – деп қарсы сұрақ қойды оған палеонтолог Саматай Ыбырашұлы. 

      - Солай деп отырған жоқпыз ба? – деп күмілжіді Едіген.

      - Ол да белгісіз. Біз тағы да сол өткен ғасырлардағы ғалымдардың болжамына қарай қисайып кеттік.

      - Өзіңіз қандай дәйектеме айтар едіңіз? – деді оған Есеналы. 

      - Бәлкім, ол мәдени дамуы жоғары тұрғындарының техникалық күшімен басқа жұлдыз жүйесіне көшіп кеткен шығар?

      - Бұлай деуге де болады,- деді Есеналы сәл сергіп, - ғаламшарды айналым жолынан шығару ондай мәдени дамуы жоғары тұрғындардың қолынан келеді.

      - Сонда олар қайда кетуі мүмкін? – Беркін Есеналыға қараған.

      - Қайда болсын, өздері қалаған жұлдызаралға.

   Есеналыдан кейін ешкім сөйлемеді. Шамалы үнсіздік басты бөлмені. Содан кейін кибернетик тағы да өзінің дегенін қозғады. 

  • Біз тағы да алып кесіртке-динозаврдың миындағыны көрелік. Оның тас үңгірдің

ішіне еніп, Жерден қандай да бір жарылыс күшінен ғарышқа серпілген сәтіне дейін көруіміз керек. Оған көп қалған жоқ. Алыптың мәңгілік өмір сүрмейтіні де белгілі. Несін аяймыз.

  • Бұл пікіріңе қарсы емеспін, - деді Есеналы бір қозғалып қойып, - бірақ алып кесірт-

ке-динозаврдың қандай жағдайда жатқанын өздеріңіз де білесіздер. Сондықтан бұл істі шамалы кейінге қалдыра тұрамыз да онда. Әйтпесе, екі нәрседен бірдей айырылып қалуы- мыз да ғажап емес. Сол жағын ойлайық.

  • Өзім де соны ойлап отырмын. Қазір ондағы күрделі жүйелер қалпына келтіріп жа-

 тыр. Енді бірнеше күннен соң ол да бітеді. 

  • Бұл хабарың жақсы екен, - деді Есеналы, - ендеше, достар, осы тұжырымдаға тоқ-

 талық. Алып бір күні мерт болса, екі нәрседен айрылатынымыз шындық. Сондықтан бар күшті Алып кесіртке-дынозавр жатқан бөлімді қалпына келтруге жұмсалық. Содан соң ғаламшардың, ондағы мәдени дамуы жоғары тұрғындардың тағдырларын анық білетін боламыз. Алып кесіртке-динозавр біз үшін тарихтың тірі куәсі емес пе? Ол арқылы бір ғаламшарды таптық. Енді оның қайда жоғалғанын білсек, ол тек бір ғана ғаламшар емес, күллі Күн жүйесінің тарихын білуге жол ашпақ. Біздің алдын ала жасаған талай жоспар- ларымыз жүзеге аспақ. Осымен мәжілісті жабық деп жариялаймын. Іске кіріселік. 

   Ғалымдар бастарын изеп, орындарынан көтерілді. Бір кездері «Осы алып кесіртке-динозаврды соншама қастерлеп не қажет. Бәрін қиратып жатса да, бәрін жойып жатса да оған сот жоқ. Осы ғалымдар да қызық халық» деп ренжігендер бүгінде үнсіз қалған. Алып кесіртке-динозаврдың миында сақталған көріністер арқылы табылған оныншы ғаламшар жайындағы жаңалық күллі әлемге хабар-ошар орындары арқылы лезде тарап үлгерді. Енді жұлдызнамашылар Қызыл ғаламшар мен Есекқырған айналым жолдары аралығындағы тас біткенге ерекше мән беретін болды. Жүрік ғарыш кемелері олардың бірнеше үлгісін де әкеліп үлгерген. Оларды арнайы лабораторияларда зерттей келе «Ғаламшардың қалдығы болуы керек» деген бұрыннан келе жатқан болжамды нақтылай түсті. Енді оған күмән келтіретін жан жоқ еді. Есеналы басшылық еткен ғалымдар құрамы бүгінде елінің сүйікті азаматтарына айналған. Олардың қай-қайсысына да халық ерекше құрметпен қарайды. Расында да олардың еңбектері ерен еді. Сонау ауасыз, сусыз, әрі ыстық, әрі суық Айда  та-лай уақыт болып, қиын-қыстау уақыттарда сәтсіздіктермен арпалыса жүріп тапқан алып кесіртке-динозаврлары ғылымға мынандай пайда келтіріп үлгерді. Зерттей түссе оның әлі де талай жұмбақ сырды ашуы ғажап емес. 

   Сондықтан да оның тіршілігі әрбір ғалымның алдында ерекше болып тұрды. Ғалымдар күні-түні соның жайын, жағдайын ойлайды. Бүгінгі қысқа мәжілістен кейін де Есеналы тура соған тартты. Іішіне кірмесе де оның төңірегіндегі түрлі күрделі жүйелер арқылы алыптың күллі жағдайын толық білуге мүмкіндік бар еді. Бұл жолы ол тыныш көрінді. Өткендегі бұлқынысы да басылған. Айналадағы ызың мен шудан жалыққандай ұзын мой- нын кейін қарай орап, көзін тарс жұмып жатыр. Оның түсі қаншалықты суық болса да, ғылымға қажет болған соң онысы білінбей де кетеді екен. Есеналының өзі де: «Осы жылан ұстағыштар қалай қорықпайды. Кейбірі оны мойнына орап алады. Ал циркте тіпті, өзінен үлкен, ауыр айдаһарды мойнына орайтынын қайтерсің. Сусыған суық денесін аялы алақандарымен сипайды кеп олар. Сонда тітіркеніп отырушы едім.Енді ондай жағдай өз басыма да келді» деп ойлап қояды. Ғалымдардың кейбірі тіпті ит пен мысық ұстағандар-

дың өзіне қайран қалып, «Солар болмаса өмір сүре алмай ма. Еріккеннің ісі бұл. Бір пә-

терде итпен бірге қалай тұрады бұл бәтшағарлардың» деп кейитін. Енді ондай әңгіме жоқ. Қайта өздері туралы сондай әңгіме тарамаса екен деп те тілейді іштерінен. 

   Алып кесіртке-динозаврдың жағдайын білгеннен кейін ғалымдар үш күндік демалыс жариялады. Әркім өзінің бала-шағасының қасында болып өткенін есіне түсіріп, соңғы оқиғаны саралап, естерін бір жиюды мақсат етті. Хайуанаттар бағыныдағылар да бұл кезде алыптың жағдайымен әлек болып жатты. Оларға ғалымдардан  кибернетик қана қосылған. Ол алыптың миындағы көріністерді жазып алатын құралдың жетілдірілген жаңа түрін орнатуды көздеді. Сол жағын басқарды. Оны Есеналы мықтап тапсырған. Оның өзі де тыным тапқан жоқ. Демалуға кетті. Дегені болмаса, үйінен хайуанаттар бағына жиі-жиі видеотелефон соғып, арнайы жасырын видеокамералар арқылы алыптың жағдайын көріп отырды. Демалғаны сол. Тек өзге ғалымдар ғана шынымен-ақ демалғандай еді. Бірақ олардың іштерінен да тынышсыздары шықпай қалған жоқ . Кейбірі хайуанаттар бағын мазаламаса да, Есеналының өзімен сөйлеседі. Ал Есеналы ондай сұрақтардан жалыққан емес, қайта ішінен қуанатын. Бейне бір өзінің жанұясының бір мүшесінің халін сұра- ғандай толқитынын қайтерсің. Қарамағындағы ғалымдар Есеналының бұл мінезін жақсы біледі. Бірге қызмет істеп, бірге зерттеу жүргізіп жүрген соң білмей қайтсін.

   Алып демалған үш күннің ішінде жер-жерден түрлі мамандықтың иелері келіп, хайуанат бағындағыларға ақыл-кеңестерін айтып жатты. Өткендегі оқиғадан кейін шет елден кел- ген ғаылымдар мен тілшілер де қайтпаған. Бәр де істің соңын күткен-ді.


    Қатерлі   тас    жауын


   Күн жүйесіндегі оныншы ғаламшарды көргеннен кейін Есеналыны түрлі ой мазалаған. Оның негізгісі – сол ғаламшардың нендей  себептен жарылғаны еді. Өткен мәжілісте бұл жөнінде түрлі пікірлер айтылса да, оның жарылғаны жөніндегі ой шындыққа жақын келе-тіндей көрінген. Тіпті жұлдызнамашы онда өмір сүрген тұрғындардың қандай дәрежедегі адамдар екенін де айтқан-ды. Содан кейін-ақ ғалымдардың көкейінен сол бір оқиғаның елесі көз алдарынан кетпеген. Тек оныншы ма, Жердің болашағының не болары да белгі-

сіз. Бірақ ғалымдардың бәрі де оптимист. Жаманшылық ойламайды. Газет-журналдарда экологиялық апаттар, озон ойығы, мұхит суының тартылуы және тағы басқадай қатерлі жағдайлар жөнінде жазылып, стереотеледидар мен стереорадиодан хабарлар беріліп жатса да, ғалымдардың біразы жуық арада келер апатты болжамаған. Рас, Жер шарында апаттың себап-салдары көп. Тек айтылғандар ма екен, жер сілкінісі, топан су басу, жанартаулар- дың атылуы сияқты жиірек болатын апаттар да баршылық. Жер шарында жыл сайын он-

дай оқиғалар кездеседі. Оның қаншама жанды мерт ететінін, қаншама адамның үйсіз-жайсыз қалытыны, қаншасының жарақа, кемтар болып қалатыны бүгінгі жедел хабар-ошар орындары арқылы дер кезінде жетіп жатады. Сондықтан ба, халық ондайға онша- лықты дүрліге де бермейді. 

   Ғалымдар қаншама зерттеп, қаншама болжалдап келе жатса да, оның кейбірі сәйкес кел-

мей жатады. Ғалымдар көріпкел емес. Көріпкелдің өзі де кейде қателеспей ме? Алыптың өткендегі мінез-құлқына қарап сол заманда Жер шарында осындай қатерлі апаттардың жиі болғанын ғалымдар іштей болжалдаған. Әсіресе, Есеналы бір тыныштық көрген жоқ. Өзі- нің мамандығы да ғаламшар зерттеуші болғандықтан оқып-білмегені кем де кем. Үйінің бір бөлмесінің төрт қабырғасы толған кітап. Видеокассеталар мен жазба таспалар өз алды- на бір төбе. Есеналыны солардың бәрін пайдаланады. Оқуға да, көруге де уақыт табады. Онысына жұбайының өзі де қайран болып жүреді. Мұндай ұқыпты, мұндай еңбекқор 

адамды көріп пе бұл дүниеде. Тек жұбайы емес, оның іскерлігі мен оқымыстылығы елге аян. Ай бетінде жүргізілген үлкен іске басұы етіп тағайындалуының өзі де танысының мықтылығынан емес, ғалымдық қабілетінің мықтылығынан, тапқырлығынан еді. Сол се- німді бүгінде Есеналы ақтап отыр. Қазақ Ғылым академиясын күллі жер шарына паш етті. Онан артық  не керек. Бүгінде қазақ жері, қазақ елі, Қазақ Ғылым академиясы мен әншей-інде екінің бірі елей бермейтін хайуанаттар бағы дүние жүзінің назарында.

   Есеналы да, басқа ғалымдар да оны біледі. Сезінеді. Сол мақтаныш даңқты ақтауға ты- рысады. Оның бастысы – алып кесіртке-динозаврды сақтау. Барлық мәселе соған келіп тірелген сияқты. Алып мерт болса, спектакль біткендей, келгендер еліне тарап, шет ел шулап-шуалап, бар дүрлігу баслып, тыныштыққа айналмақ. Бұл тек даңқ емес, соншама еңбектен де айрылу болып табылады. Сондықтан да Есеналы мен қарамағаындағы түрлі мамандықтың иелерінің ұйқылары сергек бүгінде.

   Олар хайуанаттар бағына бүгін ертемен келген. Шет елден келген меймандар орындары- нан тұрмай жатып, осында біраз мәселелерді шешіп алмақ болған. Оның бастысы – алып кесіртке-динозаврдың жағдайын ескеру. Шетел мейманадыры үшін бәрібір. Оларға керегі алыптың миындағы керекті деген сәттерді экранға шығару да, сол тапқан жаңалығымен еліне оралу. Ал журналистер олардан да өткен жылдам. Олар еліне бармай тұрып-ақ жазылып алынған көріністі, дыбысты осы жерден-ақ микротелебайланыс арқылы жеткізе салады. Зерттеу жүріп жатқан күндердің өзінде-ақ шетел газет-журналдарының беттерінде неше түрлі суреттер беріледі. Бұл жылдамдық бұрыннан бар. Ал бүгінде ол таңғалғысыз нәрсе. Соған қарамастан жаңалықтың құдіреті халықты тыныш қалдырған ба. Қай елдегі болмасын баспасөз басылымдарын сататын шағын дүкендерде кезек тұрады. Білімқұмар халық тамақ ішпей кетсе де, осы алып туралы бір жаңалықты біліп қалуға тырысады. Мұндағы ғалымдармен, тілшілермен телефон, видеотелефон, ғарыштық байланыс арқылы жедел хабарласатындары қаншама.

   Өткен жолғы оқиға қазақ ғалымдарына сабақ болған. Енді ондайды қайталамаудың әре- кетіне көшкен. Кибернетик Едіген Нағашбайұлы да осы санаулы күннің ішінде ұйқы көр- мей біршама салмағын да жоғалтты. Бәрі де елдің намысы үшін. Сонау Ай бетінен осын- дай ғажайып жаңалықты тапқан қазақ ғалымдарының есімдері бүгінде  дүние жүзі елдері

халықтарының әрбірінің аузында күнделікті қайталанып жүр. Бірақ атақты адам өзінің даңқын сезіне бермейді. Оның есімі елдің, жердің түкпір-түкпіріне жетіп жатса да, өзі оны біле бермегендіктен беймәлім адамдай сезініп жүреді. Есеналы да сондай күйде-тін. Ал оған қызметтестері де, шет елден келгендер де ерекше көзқараспен қарайды. Есеналының бар зейіні алыпта. Соның тағдырында.

   Ертемен келіп, шағын бөлмеге жиылғаннан кейін жергілікті ғалымдар тікелй мәселеге көшкен. Бірінші кезекте сөзді кибернетик аылп, жаңадан жасалған күрделі жүйелер жөнін-

де қысқаша айтып өтті. Содан кейін Сапар Сәрсенұлы өткен жолы түсіріліп алынған көрі- ністегі ғаламшардың нақ сол Фаэтон екендігін тағы да тұжырымдады. Ол оған бірнеше мысалдар да келтірген. Сапардан кейін сөз алған физик Беркін Сәтбекұлы аз ғана сәттегі болса да суреттер мен видеолентадағы ғаламшардың бейнесінен оның қатер алдында тұр-

ғанын ескертті. Бірақ алыптың миынан алынған көріністе ол ештеме болмайтындай жарқырап қана тұрған. Сондықтан да онан аз уақыттың ішінде пәлендей жамандық күту аса нанымды да сияқты емес-ті. Дегенмен, физиктің пікіріне ешкім қарсы келген жоқ. Бұл қысқа уақыттық жиындағы негізгі мақсат та ғалымдардың осындай нақты пікірлерін білу болатын. Оның артынша сөйлеген химик Жадай Қазымбекұлы Фаэтондағылардың термо-ядролық реакцияны жақсы меңгергенін айтып өтті. Бұл пікір физиктің пікірімен жанаса-тын сияқты еді.

   Есеналы бәрін қысқаша тыңдап болған соң мәжілісті жауып, алып кесіртке-динозавр жатқан үлкен үйге қарай жүрді. Бұл кезде кейбір жаңалық құмар шет ел ғалымдары келіп те үлгерген еді. Бұлар оларға кейін тұр деген жоқ. Көріністі жазатын арнайы бөлімге ер-тіп келген. Артынша ғалымдар бірінен соң бірі ағылды. Расында да үзіліп қалған көрініс- тің жалғасын көруге құмар болмайтын адам бар ма екен. Ал бұлар ғалымдар. Қайбір нәр- сені де соңына дейін жеткізбей тынбайтын халық .Есеналы оларды орын орындарына жайғасып болған соң алып кесіртке-динозаврдың қазір демалып жатқанын, оны оятуға болмайтынын ескертті. Оған шет ел ғалымдары ештеме деген жоқ. Тілмаштары арқылы емін-еркін тілдесіп, Есеналының ескерпесіне келісетіндерін  білдіріп, кешірім өтініп жат-

ты.

    Арада екі сағат өткенде ғалымдар да, тілшілер де алып кесіртке динозаврдың миында жазылып қалған көріністің жалғасын көретін бөлімдегі орындарға жайғасты. Бірақ алып сол ұйқыдағы қалпында жатқан. Істі бастар алдында құлаққа ілетін дыбыс күшейткіштер арқылы Есеналы тыныштық сақтауды өтінді. Кішкене ғана артық қозғалыстың үлкен дүр- лігуге апарып соғатынын тағы айтып өтті. Оны айналада отырғандардың өздері де жақсы біледі. Осының алдындағы алып кесіртке-динозавр қиратқан күрделі жүйелердің, түрлі заттардың шығыны аз болған жоқ. Ол шығынды осыған қатысатындардың бәрі де төлесу-ге даяр. Ол жөнінде келісім де жасалған. Ең бастысы – алыптың  жағдайымен санасып, қа- жетті нәрсені толығымен алу. Алып та бұрынғыдай емес, күн өткен сайын  белсенділігі азайып, тамаққа деген тәбеті де болмай, дене температурасы да жоғарылай берген. Оның жай-күйін арнайы алыстан сезгіш құралдармен біледі. Ал тамақты жеткізуді күрделі қол-манипуляторлар атқарады. Алыптың білетіні де сол тамақ беретін қолдар ғана. Қалғанын сезбейді.Өткен жолы оның бірден басын көтеріп, миынан көрініс алып тұрған камера мен басқа да күрделі жүйелерді қиратуына себеп болған осындағы бір тілшінің іске берліп, өзінің жеке камерасын қосқаны еді. Сол ызыңнан алып шошып оянған .Бұл жолы да солай болмас үшін тілшілердің біріне де жеке камерамен кіруге рұқсат етілмеді. Тек ол емес, алыптың жүйке тамырына әсер ететін дыбыс атаулыны жойды. Ондай дыбыс шығаратын құралддар басқасымен ауыстырылған. Енді алыптың не көргенін алаңсыз экранға шығару- ға толық мүмкіндік бар.

   Ертеңгілік қысқа мәжілісте, онан да бұрын бионик-инженер ғалым Жұмағали Амантай-ұлы бір ұсыныс айтқан-ды. Ол ұсыныс Есеналыға да, басқа ғалымдарға да ұнаған. Сон- дықытан да оны іске асыру жөнінде баспасөз орындары қызықты етіп жазды. Келгендер ол тәсілден толық хабардар  еді. Олар әрбір көріністі қалт жіберіп алмауға тырысып-ақ отыр. Тыныштық тағы қажет. Ғалымдар мен тілшілер отыратын кабиналар тығыз жабыл- ған. Оттегімен қамтамасыз етілетін жүйелер жасалған. Олар енді ортадағы үлкен бөлімнен алып кесіртке-динозаврдың бар бет-бейнесін ап-анық көріп отырады. Соның өзінде де «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, артық дыбыс болдырмау жағы қайта-қайта ескертілген. 

   Көп кешікпей іс басталып кетті. Алып кесіртке-динозавр сол қалыпында бірнеше минут бойы жатты. Оған ешкім тиіскен жоқ, артық дыбыс болған жоқ. Содан бір кезде Есеналы қасынағы кибернетик пен бионикке: «Ал, бастай беріңдер» дегендей белгі берді.Мұндай белгі берген кезде олардың алдарындағы панельдерден қызыл, сонан соң жасыл түсті шам жанатын. Ол екеуі түсіне қойды. Шамалы бас изесті де, алдарындағы бірнеше түймені басып-басып қалды. Артынша алып кесіртке-динозавр жатқан кең бөлімнен ысқырған дыбыс шықты. Түн мезгілі болғандықтан жасанды күмбезде жұлдыздар да жыпырлап тұрған еді. Желдеткіштер арқылы жел де соғып берді. Сол кезде алып кесіртке-динозавр басын көтеріп алды. Сөйтіп, айналаға қарай берді. Бір кезде ол орнынан ширақ көтерілді де, өзінің заманынан бірге келген тас үңгіріне барып еніп кетті. 

   Бұл кезде мидан көрініс алатын күрделі жүйелер жұмыс істеп тұрған еді. Алып кесіртке-динозавр әлденеден қатты қорқып, үңгір тас ішінен шықпай жатып алған соң оның миын- дағы осы сәтте жаңғырыққан көріністі экранға түсіру ісі басталды. Оның бетінде өткен за- ман көрінісі пайда болды. Айналада түрлі динозаврлар жүрген. Көл де, орман да, тау мен тас та көрініп тұр. Аймақ тыныш еді. Бір мезетте көрініс кілт үзіліп,түн мезгіліне ауысты. Алып қанша дегенмен күндіз көруге бейім тіршілік иесі болғандықтан көрініс те көмескі-леніп кеткен-ді. Бірақ айналадағы түрлі дыбыстар алыптардың әлі де тынштала қойма- ғанын байқатқан. Бір-бірімен айқасып жатқан, бірін өлтіріп қанын ағызып жеп жатқан алыптардың дыбысы айқын сезіледі. Ғалымдар да демдерін ішке тартып, мына ғажайып сәтті бақылап отыр еді. Кенет қараңғы аспанды жарқ ете түскен бірдеме жап-жарық етіп жіберді. Оның алдында дыбыс шыққан. Ол дыбыс ғалымдардың өздері жасағандай ыс-

қырып шыққан еді. Содан дүние алысапыран болды да кетті. Кәдімгі жұлдыз жаңбыры басталды. Жаңа ғана маң-маң басып,алаңсыз жүрген алыптар мен басқа да тіршілік иелері тым-тырағай қаша бастады. Әрбір түскен тас жерді ойып кетіп жатты. Алып кесіртке-динозаврдың көзіне түскен кейбір тіршілік иелері жалп-жалп құлап, аяқтарын керіп-созып, жан тәсілім ете бастаған. Аспанда ұша алатындары да жерге бар екпін-салмақ-       тарымен құлап жатыр. Ал ең жұмбағы құлағандардың да, өлгендердің бәрі де тек тас соққысынан емес еді. 

   Ғалымдардың бәрі де бұған алғашында аң-таң болысты. Бейне бір қызықты фильм көріп отырғандай бір-біріне сөйлеуден де қалған. Сөйлесе, барлық көрініс бұзылып кететіндей.

Өзі де солай еді. Алып кесіртке-динозавр бұл кезде тас үңгірдің ішінде тығылып, әлдене- ден қорқып жатқан. Оның миында жаңғырыққан нәрсенің бұзылып кетпеу жағын қай-қай ғалым да, тілші де ойлап отыр. Көрініс жалғасып жатты. Бірақ ол жылдам ауысады. Қан- ша дегенмен ол тәжірибелі кинооператордың түсіріп алған көрінісі емес. Алыптың көзіне түскендері. Ол басын қалай жылдам бұрса, я болмаса көзін жұмып қалса, көрініс солай құ-

былады. Көзін жұмған сәттерінде ол жоғалып та кетеді. Қайта пайда болады. Енді бір кез- дегісі жүгіріп бара жатып бір оқиғаны түсіріп бара жатқан кинооператордың түсірген кө-рінісіндей болып кетті. Бұл алып кесіртке-динозаврдың өзінің де жан сауғалап, осы тас үңгіріне қарай қашып бара жатқан сәті еді. Жарық бірте-бірте азая берген. Содан соң қай- тадан жап-жарық болып кетті. Бұл алыптың қайтадан сыртқа қарай бұрылған сәті бола- тын. Дала әлі де аласапыран. Өлген алыптар мен басқа да тіршілік иелерінің саны минут өткен сайын көбейе берген. Ғалымдар мұндай тас жаңбырдың тек осы аймақта емес, Жер-дің барлық жағына дерлік жауып жатқанын іштей сезіп отырды. 

   Жас ғалымдар тас тимеген алыптар мен басқа да тіршілік иелерінің жалп-жалп құлап, аяқ тарпып, жан тәсілім етіп жатқандарына қайран болып отырды. Қандай да бір қатерлі бірдеме әсер ететін сияқты. Алыптың қараған жағында топ-топ болып жатқан алыптар-дың өліктері де енді майданнан кейін қырылған жауынгерлердің денелеріндей болып кеткен. Мұнда түсіп жатқан тас жауын емес, Жер шарындағы тіршілікті жоятын жойқын бірдемелер сияқты. Ал бегілі ғалымдар ол тастардың Күн жүйесіндегі бір айналым жолдан келіп құйылып жатқанын сезді. Есеналы үшін де көп нәрсе түсінікті еді. Бірақ дәл шеші- мін тапқан жоқ . Оның бәрін кейін анықтамақ. Әзірге ешқандай пікір айтудың жөні келме- ген. Отырғандардың бәрі де өздерінше ой түйіп отыр. Қазір алыптың миынан жаңғырық- қан барлық  көріністі түсіріп алу. Сонан кейінгісі қиын емес. 

   Біраздан соң алып көзін жұмды. Сол замат жаңағы көрініс атаулының бәрі де жоғалды. Адам көзін жұмған сәтте бар дүние бір сәтте-ақ ғайып болғандай болмай ма. Мұнда да сондай жағдай. Ғалымдар өткен жолғыдай алыпты шошытып алмау үшін әлі де демдерін ішке тартып, Есеналының белгісін күткен. Алып бұл кезде қорқыныштан дір-дір етіп, әлденелерді есіне түсіргендей селк-селк етіп жатты. Онан кейін көрініс жалғасқан жоқ. Есеналы дереу мидағы есте сақталған көріністерді қабылдайтын күрделі жүйелерді ажы-

ратуға белгі берді. Кибернетик пен бионик-инженер ол белгіні дер  кезінде түсініп, жүйе-лерді ажыратты. Сол кезде алып та тыныштыққа бөленгендей, әлсіреп, шаршағандай ұзын мойнын алып денесіне жанастыра орнықтырып, көзін ашпаған күйі тынышталды. Бұл оның ұйқтағаны, әлде қорыққаны екенін де ажырату қиын еді. Ең бастысы – алыптың ден-саулығын сақтау керек. Есеналы үшін бірінші керекті нәрсе де сол. 

   Екінші көрініс бітті. Ғалымдар мен тілшілер отырған орындардағы қосымша шамдар жа- ғылды. Дыбыс атаулы сөндірілді. Алыптың тыныш демалуына жағдай жасалды. Бәрі дәліз арқылы шығып, келесі үйдегі кең бөлмеге жиналды. Шет елден келген ғалымдар мен тіл- шілер Есеналының қолын алып, рахметін айтып,өздері ораналасқан қонақ үйлеріне тарап жатты. Қазақ ғалымдары үлкен мәдениеттілік пен білімділік танытып, олардың қолдарын қысып, шығарып салды. Содан соң алынған ұлан-ғайыр материалдарды сараптауға кіріс- кен. Қорытындысын кейін айтпақ. Жаңа ғана болған көріністің әсері барлық ғалымға ерекше әсер еткен еді. Түзеуші компьютерлер арқылы алыптың көргендерін баяулатып және түстендіріп көрсеткен. Сондықтан да ол әсерлі еді. Шынында да ғалымдар мен тіл- шілер бұл арадан алыптың сол бір замандағы көзіне түскен көріністерін емес, бейне бір жақында ғана түсіріліп алынған фильмдерін көргендей әсерде қалған. Егер ғылымнан ха-бары шамалы адам көрсе, оны шынымен-ақ  ғалымдар жасаған  бір ғажайып фильм дер еді. Ғылым құдіреті де осында-тын. Ал өздері үшін ол үйреншікті нәрс. Бүгінде ондай күрделі жүйелер арқылы қаншама адамның, хайуанаттардың миларындағы көріністі түсіріп ала алады. Сол әдіс арқылы қаншама қылмыс ашылды десеңізші. Бүгінде адам баласы өзінің ойындағысын жасырып қала алмайды. Ол жасырғанын жаңағы сияқты «сорып алып» , экранға түсіріп, көз алдына жайып беретін құралдар баршылық. Соның арқасында енді талай ғасырлардан бері болжалданып келген оқиғаға тікелей көз жеткі- зілді. Алып кесіртке-динозавр тек сол заманнан жеткен ғажайып тіршілік иесі ғана емес, сол кездегі тарихтың тірі куәсі болып қалды. Сонысымен де ол қымбат еді. Дүние жүзінен күн сайын болмаса да апта сайын ғалымдар мен түрлі газет-журнал, теледидармен радио тілшілердің келіп-кетіп жататыны да содан-ды. Бұл түсінікті нәрсе. Өйткені, алып кесірт- ке-динозавр Жер шары бойынша тірі жеткен бірінші алып.

   Есеналы бастаған ғалымдар құрамы шет елдерден келген меймандар тарағаннан кейін де түннің бір уағына дейін отырды. Әлгі көріністі түзеді. Қосымша күрделі жүйелер арқылы оны жүйеге түсірді. Алып кесіртке-динозаврдың саналы еместігі өз өзінен белгілі. Оны- мен тілдескен де ешкім жоқ әлі. Бірақ соған қарамастан оған таныс дыбыс естірту арқылы талай көріністі көз алдына әкелдірді. Егер алып саналы болса, оған алдын ала ескертіп, «мынаны есіне ал», «ана сәтті есіңе ал» деп, немесе өзінен талай нәрсені сұрап алудың сәті түсер еді. Ал мына жағдай картаның ойыны сияқты бір құбылыс болды. Соған қарамастан талай нәрсе де айқынддалып қалған. Алыптың тас үңгірге еніп, оның аузына үлкен бір тас кептеліп, нығыздай бітеп, онан кейін аспаннан түскен тағы бір алапат тастың жерді қопар- руы кезінде ғарышқа қарай атылғаны ғана жоқ. Алып тас қараңғы үңгірде көзін жұмып алып, ал ол Жерден ғарышқа қарай атылған мезетте есінен айрылса, қайдан болсын. Оның одан әргі тағдыры ғалымдарға  айтпаса да белгілі еді. Ең керегін көрді. Мән-жайды білді. Сөйтіп, бір топ ғалым барлық көріністі реттеп, жөндеп, таң ата үйді-үйлеріне тарасты.


                         Жазықсыз   жойылған   жануарлар


   Бүгін қазақ ғалымдары мен шетел ғалымдары Қазақ Ғылым академиясы зоология инсти-тутының кең бөлмесіне жиналды. Бәрінің жүзі солғын. Шаршау. Есеналының реңі бозғылт тартқан. Бұл бірнеше күндік тынымсыз зерттеудің нәтижесі еді. Соңғы кездері қазақ ға- лымдары үйлерінде аз ғана уақыт болатын.Көп уақыттары осы институтта өткен. Өтпей қайтсін, жауапты науқан болса. Өздерін де бүкіл қазақ ғылымын да дүние жүзі қарап  отыр. Мұнда жүрген ғалымдар мен тілшілер де жетклікті.

   Есеналы бастаған ғалымдар құрамы сахна-төрдегі бос орындықтарға жайғасқан бетте залдағылар қол соқты. Әуелі Есеналы, оның жанына Саматай, онан кейін Едіген, Бектеміс, Жадай, Беркін және басқалар жайғасты. Екінші қатарға шетел ғалымдары отырды. Ал бар- лық тілшілер залда, ең алдыңғы орындықтарда. Одан кейін Қазақ Ғылым академиясының барлық қызметкерлері, арнайы шақырылған қонақтар. Зал ішінде ине шаншар орын қал- маған. Бүгін ғалымдар ұзақ уақыт бойғы зерттеудің нақты нәтижесін хабарламақ. Бұл жа- ңалық тек ғалымдар емес, күллі халықты ойлантқан нәрсе еді. Сондықтан мәжіліс стерео- теледидар студиясы арқылы тікелей беріліп тұрды.

   Әдеттегі жаналыста немесе мәжілісті біреу ашып, екінші біреу баяндама жасайтын. Бұл жолғы жиынның өзіндік ерекшелігі болды. Келгендердің бәрі алдын ала белгіленген орындарына жайғасқан бетте залдағы шамдар өлеусіреп барып сөне берді. Білмеген адам мұны отырғандар қандай да бір фильм көрмек пе деп те қалар еді. Ал шындығында сол фильмнен де артық, құнды көріністі бастамақ болған видеооператорлар. Есеналы орынды- ғының алдыңғы жағына қойған панельден бір түймені нұқыған кезде көрініс басталып та кетті. Осыған дейін ғалымдар мен тілшілер үзіп-үзіп көрген көріністерді бір жүйеге түсіріп,мазмұны терең қысқаша деректі видеофильм жасаған. Оны көрген адам видео- фильм емес, Жердің күллі тарихы дер де еді. Бірақ мұндағылардың бәрі дерлік мұнан 

хабардар. Көрмегендерінің өздері де бұл жайлы естіген. Сондықтан бәрі де тез тыныш- талып, сирек көріністі мұқият қадағалауға кірісті. 

   Бәрі де қайталанып жатты. Алыптар заманы. Олардың тіршілігі. Сол кездегі жер жағ- дайы. Жасыл әлем. Көгілдір түсті көл мен теңіз. Маң-маң басып жүрген динозаврлар.Су

бетінде кесілген бөренедей тырп етпей жатып, жемін аңдыған алып крокодилдер. Әуеде ысылдай әрі-бері ұшып өтіп жатқан ұшатын  кесірткелер мен түрлі құстар. Су бетінде шоршыған сол кездегі су астының тіршілік иелері – балық тектестер. Көгілдір аспан. Таза ауа. Тыныш әлем. Бәрі де ғажап көрініс. Тек анда-санда гүрс-гүрс еткен жанартау атқы- лаулары мен от-жалын алыстан естіліп, от тілі көрінеді. Алып кесіртке-динозаврлар он- дай көрініске бастарын көтеріп біраз қарайды да, өз жөндерімен кете барады. Кейбіреулері жемге таласып бір-бірімен айқасып та қалады. Ал кейде өздерінің теңдес жаулары шабу- ыл жасайды. Ондайда кең дала, тыныш дала гүрілдеген дыбыстан жаңғырыққандай бола- ды. Сол кездегі тау түзілу процестері де алыптардың тыныштығын кетіреді. Бірақ ол да үйреншікті дыбысқа айналған. Алыптар ондай тау өздерінің астарынан көтеріле қалмаса, селт етер жөні жоқ. Еркіндік заманы. Жер де, көк те, су да ағыл-тегіл, жем де жетерлік кең заман. Тек күшті болса жеткілікті. Әлсізі өзінен өзі жемге айналып, жоғалып жатқаны.

   Келесі көріністе де өзгеріс шамалы. Сол табиғат. Сол алыптар. Кейбір тіршілік иелері қосылған. Кейбірі жойылған. Тіршілік иелерінің түрлері де уақыт өткен сайын өзгеріп келеді. Бірақ сол ғажайып дамуға күтпеген алапат құбылыс кесір жасады... Көгілдір аспан-да, мөлдір аспанда екі жұлдыз жарқырап тұратын. Оның бірі бүгінде ғалымдар Есекқыр-ған деп атайтын ғаламшар да, екіншісі сол кезде Шолпан ғаламшарымен теңескен Фаэтон ғаламшары. Өз мезгілінде Шолпан да ол кезде күндіз көрінетін. Бас-аяғы бірнеше ғалам- шар жарқырап көрінеді. Есекқырғанның жанындағы Фаэтонның жарқырауы алып кесірт- ке-динозаврлардың есін жиі аударады. Алыптар қандай да бір түсініксіз себеппен оған жиі көз салады. Біреулердің онда тіршілік етіп жатқанын иіскеп білгендей ұзақ қарап тұрады. Сол көп қараған ғаламшарлары бір мезетте лап ете түсті. Бүгінде ғалымдар аса жаңа жұл- дыз жарылысы дейтіндей жарылыс. Оған көзі түскен алыптар біршама уақыт қарап тұрып, өз жайларымен жүре берген. Содан шар табақ Күн қып-қызыл болып батыс көкжиектен асып батты. Айналаны қараңғылық басты. Тіршілік иелерінің көбі дерлік орын-орнына барып, ыңғайлана жатып, көздерін жұмған. Осы заманға жеткен алып кесіртке-динозавр ғана салқын түнде серуен құрғысы келгендей жатар орнына кешігіп жете берген еді. Кенет аспаннан жұлдыз жауа бастады. Ол минут өткен сайын күшейе берді. Алғашында майда-майда тастар жер-жерді ойып, кейбір тіршілік иелеріне дәл тиіп, жарақаттап жатты. Шың- ғырған, өкірген, гүрілдеген, ысылдаған дыбыстар көбейді. Оларды көрген алып кесіртке-динозавр да енді паналайтын жер іздеген. Ол қарсы алдынан шықты.Пайда болғанына көп уақыт өтпеген үлкен таудың етегінде алып сиярлық үңгір бар еді. Соған қарай ұмтылды. Осы кезде тас жауу күшейіп кетті. Жұлдыз жаңбырынан айнала күндізгідей жарықтанып, үстеріне тас түскен, отқа күйген хайуанаттардың жан дауыстары шығып жатты. Кейбірі тіпті тас пен от тимесе де, қандай да бір зиянды сәуледен заразданып,құлап түсіп жатыр. Алып кесіртке-динозавр олардың бәрін көзімен жылдам қарап өтіп, өзі көздеп келе жатқан үңгір ішіне қойып кетті. Артынша аспаннан түскен бір үлкен от-тас тап сол үңгірдің ау- зына қарай қикаштап келіп, бітеп барып сөне бастады. Айналасы ыстықтан болқып, біреу әдейі қолмен дәнекерлегендей бітелді. Үңгір іші тас қараңғы. Ал оның лебімен келіп қақ маңдай түстан келіп тиген үлкендеу бір тас алыптың талып қалуына себеп болды. Соның артынша гүрс еткен ғаламат дыбыс шықты. Сол дыбыстан соң тас үңгір түбімен қопарыла көтеріліп, бірте-бірте жылдамдық алып, ғарышқа қарай Жерден қашықтап бара жатты...

   Көрініс бітті. Залдағы шам жайымен жана бастады. Бірақ ешкім қозғалар емес. Бәрі де қалың ойға батқан. Әншейін де сұрақ қойғыш газет-журнал, телерадио тілшілері де үнсіз.

Жаңағы реттелген көрініс баурап алғандай. Қашан шамдар толық жанғанша Есеналы да 

Қозғалмады. Содан соң ештеме айтпастан орнынан тұрды. Залдағылар да орындықтарын қатты сықырлатпай көтерілді. Осылайша бір минут үнсіз қалған. Мұның қандай себеппен жасалынып тұрған рәсім екенін іштегілердің бәрі де білді. Ешқайсысы сөйлеген жоқ. Рә- сімнен кейін түгел отырды. Онда да әңгіме бірден жалғасып кетпеді. Тек қағаздардың, түрлі камералардың сытыры мен тырсылы ғана естіліп жатыр. Бәрі де ендігі сөзді Есена-лының өзінен күткен еді. Ол бұл жолы толқып тұрып былай деді. 

  • Достар, көрген нәрсені түсіндіріп жату артық деп санаймын. Бәріміз де ғалым-

 дармыз. Жоғары саналы адамдармыз. Қанша бәсекесшіл болсақ та ойланатын кезіміз жетті. Фаэтон дықтардың кебінін кигеннен не ұтпақпыз. Тек Жер ме екен, Күн жүйесінде тіршілікке ыңғайланып келе жатқан ғаламшар да бар , серіктер де бар. Соларды да ой- лауымыз керек...

Ғалымдар үшін мұнан артық түсіндірудің қажеті жоқ еді. Сондықтан да ешкім

сөйлемеді. Сұрақтар да қойылмады. Бәрі де тарихтың тірі куәсі – алып кесіртке-динозавр-

дың арқасында айқын болғанына, ал оны Айдан тауып, қайта «тірілтіп», осы нәрселерді ел алдына жайған Есеналы бастаған қазақ ғалымдарына іштей ризашылықтарын білдірді. Әр- қайсысының көкейінде осыншама құнды жаңалықты жеткізген алып кесіртке-динозаврды тағы бір көруге деген ынта пайда болды. Тіршіліктегі сирек хайуанаттар мен құстарды сақтаудың қандайлық құндылығына да бәрі көз жеткізген. Бұл негізінен дана қазақ хал- қының парасатты ұлдарының еңбегі еді. Мәжілістің жабылғаны хабарланып, сыртқа шық- қан соң дүние жүзінен келген тілшілер Есеналыны қоршауға алған. Бәрі де оның ұлы бейнесін суретке, видеофильмге түсіріп жатты. Тек ол ма, оның айналасындағы бір топ ға-лымдар да сол тілшілердің назарынан тыс қалмады.

   Көп қиындықтан кейін орнаған бақыт ослайша ғалымдарды көкке көтерген-ді. Енді алып кесіртке-динозавр ғана емес, Күн жүйесіндегі оныншы ғаламшар – Фаэтонды да үл-кен еңбек етіп жазудың күні туған. Ғалымдар тілшілердің сұрақтарына жауап берген кез-дерінде осындай алдағы үлкен жоспарларын да жасырмай айтып,үйді-үйіне тараған-ды.


      Тасқа   айналған   алып


   Түннің бір мезгіліндегі видеотелефонның ащы қоңырауы Есеналыны селт оятты. Соның алдында ғана басы жастыққа тиіп, көзі ілініп, шым-шытырық шаршау түстер көріп жат-қан-ды. Қоңырау даусы сол түстегі бірдемелерден шыққан дыбыстай болып елестей-естілген. Брақ өмірде сергек Есеналы көзін ашып алды. Басқа күндері болса бір жөн, әріп- тестерінің бүгін қоңырау соғатын жөні жоқ еді. Оның қатты шаршағанын да жұрт біледі. Жеке, тыныш ұйқтасын деп жұбайы да қасына келмеген. Ал Есеналы болса, уақытпен санасып, сол тыныштықты ұрлана пайдаланып, түн ортасына дейін кітап оқыған. Болашақ ғылыми еңбектерінің жоспар-жобасын жасаған. Ғылымға берілген адамның ісі әрқашан осындай болады. Денсаулығы қаншама мықты болса да, мезгілсіз уақытта ой еңбегімен айналысуға болмайтынын ол жақсы біледі. Бірақ орындамайды. Оған әрбір минут, сағат қымбат. Тіпті кейде: «Осы адамдар ұйқтамайтын болса» деп қояды. Қатты шарап тұрса да, жатқысы келсе де, ойындағыларын тез қағаз бетіне түсіріп алуға тырысады. Сондай бір ынта-ұмтылыстан кейінгі ұйқы еді. Шаршаған мидың қыртыстарындағы күндіз көрген кейбір көріністердің жаңғырығы болар. Шым-шытырық түс көрді. Ал жаңағы видео- телефон қоңырауынан кейін ол көргендері тымтырағай қашқандай есінде қалмаған. Іштей жоруынша, жақсы істің белгісі емес. Ойлағанындай болды. Видеотелефон соғып тұрған хайуанаттар бағының түнгі кезекшісі Әділғазы Қамбарұлы еді. 

  • Есеналы Мұхитұлы! – деді ол толқып, - мезгілсіз мазалағанымды айып көрмеңіз...
  • Айта бер... – деді Есеналы бір жайсыз оқиғаның  болғанын іші сезіп.
  • Алып кесіртке-динозавр...
  • Тағы да сыртқа шығып кетті ме? Талқандады ма бірдемелерді?
  • Жоқ... Мен жедел мал дәрігерлік көмек шақырып қойдым. Бәріне хабарладым. Тез 

 жетсеңіз...

  • Алып тағы да бақтағы бір хайуанатты жаралады ма? Не болды? Неге кібіртіктеп

 тұрсыз?

  • Жоқ. Бәрінің жағдайы жақсы. Тек алыптың өзі...
  •  Өзіне не болды?
  • Жағдайы ауыр. Неден екенін түсіне алмадым. Үлкен жүрегінің соғысы да нашарлай

 бастаған.

  •  Не дейсіз?
  • Иә, солай, Есеналы Мұхитұлы. Тез жетсеңіз.
  • Ойпырм-ау, күндіз ғана сау еді ғой?
  • Неден болғанын түсіне алмадым.
  • Жүрегін, жүйке жүйелерін автомат жүйелермен тексермедіңіз бе?
  • Бәрін де жасап қойдым. Тек оны анықтау керек. Мен мал дәрігері емеспін ғой?

 Биологпын.

  • Түсінікті. Мал дәрігерін күтіңіз. Мен жеткенше шұғыл көмек көрсете беріңіздер.

 Тек өздеріңіз де абай болыңыздар. Ол ұйқылы-ояу жатып, өткендегідей кенеттен басын көтеріп, айналасындағыларын талқан етіп жүрмесін.

  • Сіз әлі де сенбеә тұрсыз ба, Есеналы Мұхитұлы. Алыптың жағдайы шынымен – ақ

 қиындаған. Не болатыны белгісіз.

  • Не дейсіз? Сонда оған не болды екен.
  • Білмедім. Тез жетіңізші...

   Есеналы осы сөзден кейін қоштасуға мұршасы келместен видеотелефон түймесін басып қалды. Жігіт бейнесі ғайып болды. Экран ортасынан кішкене қызғылт жарық көрініп, бір- те-бірте кішірейіп ғайып болды. Есеналы өзін қоярға жер таппады. Апыл-құпыл киініп, сыртқа бет алды. Бұл кезде жұбайы да, балалары да оянып кеткен-ді. Бірақ олардың бірі де нақты жауап ала алмаған. Өйткені Есеналының өзі де анық-қанығын білмейді.

   Ол есік алдына шыққанда хайуанаттар бағының белгісі бар бір көлік бұрылып келіп тоқтай қалды. Ішінде белгілі мал дәрігері Бексымақ Сламғазыұлы бар екен. Ол жедел мал дәрігерлік көмек деген жазуы бар есікті жылдам ашып, жерге қарғып түсті. Есеналы да артық сөзге келген жоқ. Қол алысып амандасып, көлікке отырды. Тек содан соң барып Бексымақ сөз бастады.

  • Жаңа ғана хайуанаттар бағынан видеотелефон соқты. Алып қиын жағдайда

құсайды. Соған сізді де ала кетпек болып бұрылған едім, жолым болғанда алдымнан шықтыңыз ғой.

  • Иә, кезекші маған да видеотелефон соққан. Бұрылғаныңа рахмет. Енді тездетіп

жетелік. Осы уақытқа дейін басқа ғалымдар да жеткен болар. Не жағдай екен. Түікті түсінбеймін. Оның денсаулығы жақсы еді...

  • Неде болса бара көрерміз.

   Бексымақ жүргізушіге бас шұлғыды. Бұл «Жылдамдық қоса түс» деген белгісі еді. Көлік жүйткіп жөнелді. Әп-сәтте талай көше қиялыстарын жүрісті реттейтін шамдардың қызы- лы жанғанына қарамастан арнайы дабылын беріп, шамын жыпылқтатып өте шығып, хай- уанаттар бағының алдына келіп кілт тоқтады. Есеналының айтқанындай-ақ бар екен. Мамандар көп жиналып қалыпты. Ендгі күткендері де өзі болса керек. Бұлар олармен сәл ғана бас изеп амандасып, тіке алып кесіртке-динозавр жатқан үлкен үйге тартты. Бөлек есігінен кіріп, екінші қабатына көтерілді. Ондағы кабиналардың ішін де бір бір барлап шықты. Ондағы ойлары солардың біреу-міреу алыпты улайтын бірдеме тастамады ма екен деген күмәнді ой еді. Ондай да ештеме жоқ.

   Есеналы қасындағыларымен бірге негізгі бөлімге енді. Осы жерден жыпырлаған көп экрандар арқылы алыптың бар денесін анықтап көрудің мүмкіндігі бар. Алыпқа тамақ беретін манипулятор-қолдар да осыдан басқарылады. Есеналы жанына Бексымақты шақырды. Ол отыра бергенде-ақ түрлі автомат жүйелерді іске қосты. Алыптың бар денесі жайымен көріне бастады. Ол мәңгілік ұйқыға кеткендей тым-тырыс жатыр. Аздап дыбыс берді. Селт етпеді. Ток жіберілді, оған да жауап бермеді. Содан соң манипулятор-қолдың бірі алыптың басын қапсыра ұстап, жоғары көтерді. Сол кезде оның тірі емес екені білінді. Есеналы есінен танар жағдайға сәл-ақ жетпеді. Бір орнында тұра алмай сәл тәлтіректеп те қалған. Оны дәрігерлер мен мамандар ұстап қалды. Бексымақ түрлі күрделі жүйелермен алыптың бар денсаулығын тексерді. Ең соңында оның көз алды да қарауытып кеткендей болған.

  • Қараңыздаршы, мына экранға, - деді ол әзер сөйлеп, - алып өз заманында, тас

 үңгірге тығылар алдында аспаннан жауған қара тастардан радиация алған!

  • Радиация?! – деп есін тез жиып алды Есеналы.
  • Иә, өкінішке орай радиация, - деді Бексымақ, - сол Фаэтондықтар жасаған қарулар

 ғой. Содан... жарылған кезде ұшып шыққан тастар жердегі алыптарды ...

   Бөлме іші тым-тырыс. Есеналы қабырғаға сүйелі орындыққа сылқ отыра кетті. Қалғандардың жағдайлары да мәз емес еді. Бәрі де де сол алыпқа бауыр басып қалғандай. Оның енді мәңгілікке кеткені де анық болды. Дәрігерлік күрделі жүйелер соны көрсетті.

   Есеналы өз өзіне келген соң автоматты хирургиялық жүйелер арқылы алыптың ішін жарғызып, дене мүшелерін тексертті. Аралық қашықтықтан алып организмін анықтаған автоматтардың көрсеткендері дәлелденді. Осы істерді жасап біткенше таң атып, Күн шығуға да айналанған-ды. Алыптың бір мүшесі де далаға тасталынбады. Жерге көмілмеді де. Алысқа апарылып, арнайы орында түгелдей өртелді. Күлі ғана жердің терең қабатына көмілді. Ал оның есесіне оның өзінен бір миллиметрге де ауытқымаған тамаша тас мүсіні Қазақ Ғылым академиясының қарсы алдындағы кең алаңға орнатылды. 


                                                                                               Соңы



МАЗМҰНЫ



БІРНШІ БӨЛІМ


Құпиясы  мол  қойнау ...............................................................................  3   

ЕКІНШІ БӨЛІМ


Мұз құрсақтағы алып мүсін.....................................................................   66


ҮШІНШІ БӨЛІМ


Ғасырлар қойнауынан жеткен  үн..........................................................   131 


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ


Космотарих куәсі........................................................................................   197   







                     Кітаптың шығуына жауапты

               Баспа директоры  Тұрлығазы  Дуанбек






ЖҮНІС  САҚҰРПАҒЫ


                             КОСМОТАРИХ  КУӘСІ



    (Авторлық серияның сегізінші ғылыми-болашақтық  романы)



         Редакторы    Тұрдыбек  Мәмесейітов

        Серия мұқабасының суретші-дизайнеры  Ж. Қазанғапов


      Техникалық редакторы        Светлана Бейсенова 


         Корректоры                           Қарлығаш  Ауғанбаева








Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры