Байланыс телефондары:
+7(701) 770-50-31
+7(7172) 53-05-41
» » ҚИМАЙТЫН ӘЛЕМ-Авторлық серияның алтыншы ғылыми-болашақтық романы

ҚИМАЙТЫН ӘЛЕМ-Авторлық серияның алтыншы ғылыми-болашақтық романы

17 сентябрь 2020, Четверг
1 599
0

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСБІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ



ЖҮНІС  САҚҰРПАҒЫ

КЕҢІСТІК  КӨШПЕНДІЛЕРІ


ҚИМАЙТЫН  ӘЛЕМ


             Авторлық серияның алтыншы ғылыми-болашақтық  романы


      Алматы

              «Ғылым» ғылыми баспа орталығы

        2003


ББК  84   Қаз  7-47

        Сақұрпағы  Жүніс

С  26   Қимайтын әлем. Авторлық серияның алтыншы ғылыми-болашақтық романы. Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003. – 224 б. 


ISBN   9965-07-300-7


       Белгілі жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық  романдарының жалғасы – «Қимайтын әлем»  ғылыми-болашақтық романынд  ақау шығып, Жерімізге, қазақ ауылы маңына мәжбүрлі қонған жұлдызаралық кемеден ауыл табиғатына қатты қызығып қалып қойған Батыл есімді бөгде ғаламшарлықтың ауыл тірішілігіне бейімделуі, табиғаттағы түрлі түсті ажырату қабілетінің қайта оянуы ауыл оқиғаларымен астастырыла қызықты суреттеледі.

       Бұған дейін  журналдық нұсқасы ана тілімізде «Тірішілік»» журналында, орыс тілінде Алматы қалалық «Вечерний Алматы» газетінде, республикалық  әдеби  «Простор» журналында, чех  тілінде Чехия Республикасының  астанасы Прагада шығатын «Nemеsis» ғылыми-көпшілік журналында  жарық көрген ғылыми-болашақтық роман келешек  ұрпақты ғылыми прогрестің дамуы шегінде болмай қалмайтын ғаламдық араласымдарға ой тоғыстыра жетелейді. 

       Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 

                                                                                                      ББК  84   Қаз 7-47


            4702260201

   С -----------------------

        407 (05)-03


ISBN    9965-07-300-7     С  Сақұрпағы  Жүніс, 2003

                                                                                     С   «Ғылым» ғылыми баспа            баспа орталығы, 2003




Бұл ғылыми-болашақтық  романымды           

әкем Сақ пен анам Құлханысқа арнаймын

Автор


БІРІНШІ  БӨЛІМ

ҒАЖАЙЫП  ӘЛЕМ

Кемедегі  ақау


            Жұлдызаралық алапат кеме өзінің бағдарлы жолымен ағывп ұшып келе жатқан. Бәрі де ойдағыдай болатын. Жолдағы тоғыз ғаламшардан тұратын жұлдыз жүйесі де көз алдарында. Ол ғаламшарлар орталығындағы жалғыз жарық Жұлдызын айнала қозғалуда. Бұл тоғыз тек ірілері. Ал көзге жиі шалынатын майдалары қаншама. Кемеде келе жатқандар мұны «Тоғыз ғаламшар шоғыры» деп те атайды кейде. Жұлдызаралық кеме кең кеңістікте өте жылдам ұшатындықтан тек осы ғажайыпты анықтап көре алмай да қалатын. Алдарына қойған мақсаттары мол, уақыттары есептеулі, жол алыс болғандықтан жұлдызаралық кеменің олай ұшуы заңды да еді. 

       Кеме деп аталғаны болмаса, мұның өзі бір мөлтек аудандай алапат мекен еді. Кеме ішінде не керектің бәрә бар. Сапармен келе жатқандар өз еліндегілермен бейнебайланыс жүйелері арқылы жанында тұрғандай жүздесе, тілдесе береді. Бос уақыттарын мәнді етіп өткізетін тау-тасты алаңдар, ағашы қалың өскен бақ пен су әлемі де ұмыт қалмаған мұнда. Арнайы алаңнан қуатты бақылау-зерттеу құралдарымен жұлдызды әлемнің кез келген қызықты аймағын көрулеріне де мүмкіндік мол. Аса үлкен электронды-компьютерлі бақылау   құралдары ой-армандарын жүзеге асыруға көмек береді. Кеме ішінде мыңға жуық  адам бар. Олардың әрқайсысы әр ғылым саласының тамаша маманы. Мұнда жасы жетіп жарық дүниеден өтіп жатқан, жарық дүниеге шыр етіп келіп жатқан нәрестелер де бар. 

       Осындай ғыжайып өмірді арқалаған жұлдызаралық кеме еді бұл. Тек бұл жолы тоғыз ғаламшарлы Жұлдыз жүйесі тұсына жете бере кемеден күтпеген жерден ақау шықты. Кеме басшысы отыратын арнайы үй ішіндегі кемедегі ақауларды білдіретін түрлі-түсті шамдар жыпылық қағып, небір дабылдар беріле бастады. Басшы қарсы алдындағы панлге қадала қарап алып, кеме жүйесінде нендей кілтипанның орын алғанын түсіне қойды. Кеменің көп қозқғалтқыштарының бірі істен шығыпты. Кеме жүйелерінің жағдайын дауыстап мәлмдеп тұратын теміртұлғаның айтуынша, ол қозғалтқышты қандай да бір ғаламшарға уақытша қонбай алмастыру еш мүмкін емес. Мұны мұқият тыңдаған кеме басшысы шамалы ойланып отырып қалды. Егер кеме шағын болса, онда ойланбастан тоғыз ғаламшардың біріне қонуға бұйрық берер еді. Жұлдызаралық кеме алапат, іште мыңға жуық ересек адамдар мен балалар бар. Ғаламшарға қонған соң оларды қақпайлап, сыртқа шығармай отырудың өзі де бір күш. Ғаламшардың ғажайып табиғатын көрген жас жігіттер мен арулар қалай шыдасын. Оның үстіне кемедегілердің көпшілігі бұл Жұлдыз жүйесінде ғажайып ғаламшардың бар екенін де біле бермейді. Оның   үстіне, өздері «Баяу»  деп атап кеткен ғаламшардың ғажайып табиғи түрлі түсті көріністерін арнайы көзілдіріксіз көре алмайды. Жұлдызаралық кемемен осы тұстан әрі-бері ұшып өтіп жүргенде басшылық жағы көзілдіріктерімен ғаламшардың ғажайып көріністерін талай рет тамашалаған. Ал кемеде болған қарапайым адамдар ол ғажайыпты бір бір рет көрген емес. Өйткені, жолаушыларға жұлдызаралық кеменің аса жылдам ұшуы барысында терезелерге жақындауға да, арнайы көзілдірік киіп, сыртқа қарауға да рұқсат жоқ. Ол жұлдызаралық кемемен ғалам кеңістігіде ұшу ережесіне сай емес. 

       Кеме экипажының  басшысы енді  ұйқыдан оянғандай селт етіп, орынан ұшып түрегелді де, кемені басқарушыларды шақыратын жүйелерді қосатын қызыл түйемні оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды. Отырған кең бөлмесінің іші әп-сәтте ғарышкерлердің абыр-сабырына айналды. Тек арнайы үйлердегі жолаушылар ғана бұл шұғыл әрекеттерден бейхабар. 

       Шақыруыңыз бойынша келіп жеттім! – деді қарсы алдына тік тұра қалған орынбасары. 

       -Шешім мынау! – деді экипаж  басшысы ішкі толқынысын білдірмеуге тырысып, қонатын  ғаламшарға бір қарап алып,- мына «Баяу» дейтін ғаламшарға қонуға мәжбүрміз! Оның тірішілікті екенін, онда өмірдің қайнап жатқанын жақсы білесіз. Жұлдызаралық кемеміздің ең қажетті қозғалтқышы істен шықты. Теміртұлғаның мәлімдеуінше, оны ұшу барысында алмастыру еш мүмкін емес! 

       -Жағдай түсінікті! – деді бірінші орынбасары кеме терезесінен ғаламшарға көз салып қойып. 

       - Енді мынаны есте сақтаңдар! Бәрің де «Баяу» ғаламшарындағы қозғалыстарды баяу  етіп көрсететін көзілдіріктеріңді киіңдер. Бұл жағдайды кемедегі жолаушылар білмесін. Оларды босқа әбіржітпейік! Олар арнайы көзілдіріктермен ғаламшардың ғажайып табиғатын көре қалса, үлкен әбіржу орын алады. Ол ғаламшарда біржолата қалып қоюға ниет ететіндер де табылмай қалмайды. Біздің басты мідетіміз, жолаушылар аман-есен өз ғаламшарларына жеткізіп салу   ғой. Осы жағына сақ болыңдар. Ал жұлдызаралық кемені «Баяу» ғаламшарына қондыруды бастаңдар!

       -Бәрі түсінікті! – деді бірінші орынбасары жанындағы өзіне ентелеп тұрған ғарышкерлерге бір қарап алып,- мен қазір жағдайды кемедегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелерге мына қолымдағы құралым арқылы жеткіземін! Содан соң жұлдызаралық кемні қондыру  ісі басталады!

       -Тек, тезірек! – деп экипаж басшысы терезеден сыртқа тағы бір қарап алды,- Кемені қондыруға арналған қозғалысты баяулатып көрсететін көзілдіріктеріңді киюді ұмытпаңдар. Әйтпесе, апатқа ұшыраймыз. Ғаламшарға қонған соң арнайы көзілдіріктірңді қайта киіп, ғаламшар табикатын тамашалай бересіңдер! 

       -Түсіндік! Енді іске кірісуге рұқсат па?

       -Рұқсат!

     Кеме экипажы басшысының бірінші орынбасары кілт кейін бұрылып, жанындағылармен бірге дәлізге шығып жүгіре жөнелді.  Дәліз дегені болмаса, кемедегі әрбір дәліз мөлтек  ауданның  бір-бір кең көшесіндей еді. Бірінші орынбасар жол-жөнекей мәліметтерді қолындағы құралымен бере келе өзінің үйіне қарай бұрылды. Бұл алапат жұлдызаралық кемеде қызмет ететін әрбір ғарышкер өзінің отасымен бірге ұшады. Әрбір отбасына арналған үйлер бар. Сондықтан да обасын құрған әрбір ғарышкер өзін тап бір ғаламшарда өмір сүріп жүргендей сезінеді. Бірінші орынбасар дәліз-көше бойымен сол жүгірген бойында үйіне кіріп шығуға уақыты болмайтындықтан бас киіміндегі бейнебайланыс жүйесі арқылы шұғыл шешімді үйіндегі әйеліне ескертті. Сөйтіп, жұлдызаралық кемені басқаратын күллі автоматты-компьютерлі жүйелер орнатылған бөлімге де келіп жетті. Мұндағылар да абыр-сабыр еді. Негізгі қатер дабыл осы жақтан шыққандықтан жұлдызаралық кеме экипажы басшысының бірінші орынбасары келген бойда мұндағыларға өз билігін жүргізе бастады. 

       -Кеменің қондыруға арналған тежегіштерін іске қосыңдар!

       -Түсінікті! Іске қостық! –деді кемені басқарып отырғандар. 

       -Кеменің   ұшу  жылдамдығы екі есеге азайтылсын!

         -Түсінікті! Екі есеге азайтылды!

         -Жылдамдықты баяулатып көрсететін көзілдіріктеріңді тағуды ұмытпаңдар!

       -Түсінікті!

       -Кеменің  ұшу  жылдамдығын тағы да азайтыңдар!

       - Кең жазыққа!

       -Түсінікті. Кең жазыщща! 

       - Тағы да тежеу! 

       - Түсінікті, тағы да тежеу!

       - Қону!

       - Түсінікті, қону!

        Алапат жұлдызаралық кеменің көп тағаны өздері Баяу   ғаламшарымен жанасты. Шамалы солқ еткен қозғалыс байқалды. Бірақ бұл алапат жұлдызаралық кемедегі үйлерде тұрып жатқан жолаушыларды елең еткізерлік  қозғалыс емес еді. Сондықтан да олардың қай қайсысы да алапат жұлдызаралық кеменің Баяу  ғаламшарына жайымен қонғанынан хабарсыз-тын. Мән-жайды тек  ғарышкерлердің отбасылары ғана білген. Алапат жұлдызаралық кеме Баяу  ғаламшарымен толық жанасып, қондыратын қозғалтқыштар сөндірілген бойда айналада ғаламат бір тыныштық орнады. Егер кеменің басты қозғалтқышы кенеттен істен шықпаса, ғарышкерлер мұндай ғажайып әлемді көрмес пе еді. Тағдыр бәрін де осындай күйге түсірді. Ал ғажайып әлемді түрлі түсті қалпында көруге кеме табаны Баяу  ғаламшарына тиген бетте ауыстырып таққан көзілдіріктері көмектесті. Әлем кеңістігіндегі қозғалыс атаулы мен оны көрудің түрлі ерекшеліктерінің болатынын ғарышкерлер о бастан жақсы біледі. Өздері туа біткен қабілеттерімен аса жылдам деген қозғалысты да анық көре алғандарымен оған керісінше, мына Баяу ғаламшарында өтіп жатқан баяу қозғалыстарды көзілдіріксіз жақсы ажырата бермейді. Ол сол  үшін жасалған. 

       Ғарышкерлер өздері өмірлерінде алғаш рет көрген мына ғажайып көрініске аң-таң болып біршама уақыт  тұрып та қалды. Табиғат көріністері ғажап болғанымен, мұндағы қимыл-қозғалыстардың бәрі де баяу өтуде. Ал ұшып-қонып жүрген майда жәндіктердің әрекеттері тіпті де іш пысарлық. Ал кейде ғарышкерлер мұнда қимыл-қозғалыс деген жоқ па деп те қалады. Тек енді мұны тамашалап тұруға ғарышкерлердің  уақыттары тапшы. Кеме экипажы басшысының бұйрығы жеткен бойда әрқайсысы өз міндетіне кірісіп кетті. Кеме тұғыры ғаламшар бетінен биік болғандықтан түсетін лифтіні іске қосты. Онымен ғаламшар бетіне түскен бірнеше ғарышкер кеменің басты қозғалтқыш орнатылған астыңғы жайын барлауға кірісті. Айнала жайқалған жасыл өсімдіктер мен иістері мұрын жарған әдемі түрлі-түсті гүлдер. Ғарышкерлер мұнда жыл мезгілінің көктемнен жазға ауысқан уақыты екенін білді. Анадай жерде өзен суы сарылдап ағып жатыр. Оны көрген бойда ғарышкерлердің бірі көзлдірігін шешіп алып, жылдам қозғалып, өзен суынан дәм татып үлгерді. Тек ол көзідірігін шешкен бойда ғаламшардың бар ғажайып түрлі-түсті әлемі тек ақ пен қара түске айналып шыға келгендей болды. Бар әлем сүреңсіз күйге көшкен. Осы жасына жеткенше Батыл есімді бұл ғарышкер мұндай ғажайып түрлі-түсті әлемді көрмеген. Өзеннің кәусар суынан дәм татқан соң көзілдірігін қайта тағып, айналаға көз жіберген. Әлем түрленіп кетті. Қызыл, сары, көк, жасыл және басқа да небір түстер көдің жауын алады. Соған қарап, аңырып, шамалы уақыт тұрып та қалған еді Батыл. Кенет кеменің жоғарғы бөлігі жағынан:

               -Қайдасыңдар?! Қане, тездетіңдер! – деген дауыс естілді Батылдың құлағына.

-Қазір! – деп Батыл кемеге қарай жүгіре жөнелді. 

-Ақаулы қозғалтқышты  тездетіп ғаламшар бетіне түсіріңдер! – деді жөндеушілердің басшысы. 

    - Түсінікті! – қолындағы шағын панельдегі бір түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды.  Артынша кеменің төменгі бөлігінен ызыңдаған дыбыс шықты. Ақауланған алапат қозғалтқыш қорабымен жайымен төмен қарай түсе берді. Жөндеушілер оны жан-жағынан қоршап, кенеттен қандай да бір қолайсыз жағдайдың орын алмауын қадағалап тұрды. Ауыр қозғалтқыш ғаламшар топырағына жартылай батып барып тынышталды. Сол замат жөндеушілердің бірі оған бекітілген ілгектерді тез-тез боастып алды.  Ол кезде Батыл қолындағы панельдегі екінші қажетті деген түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқып қойды. Тағы да ызыңдаған дыбыс естілді. Алапат жұлдызаралық кеменің қосалқы бөлшектерді сақтайтын қоймасының есігі екі жаққа айқара ашылды. Оның қараңғылау  ішінен жаңа қозғалтқыш көрініп, ілінген бойында сыммен жылжып бері шықты.  Жаңағы ғаламшар бетіне түсіріліп, кейін әкетілген қозғалтқыштың  орнына әкелінді. Батыл қолындағы панельдегі қажетті деген түймелерді бірінен соң бірін жылдам басып, қозғалтқыштың әлгі ілгектермен жоғары көтеріліп, орнына бекуін қамтамасыз етіп тұрды. Жөндеушілердің қалғандары бұл  істің мейлінше дұрыс әрі жылдам орындалуын қадағалады. 

       Мұнда әрбір ғарышкердің өзіне тән қызметі бар. Батыл алапат жаңа қозғалтықшты өз орынан орналастырғаннан кейін сәл тершіген маңдайын оң қолының қырымен сүртіп алды. Өзінен кейінгі әрекеттерді қалған жөндеушілер мұқият атқарып жатты. Олар тездетіп жаңа қозғалтқышты іске қосып тексерді. Оған қажетті жүйелердің жұмыстарын қадағалады. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде алапат жұлдызаралық кеменің ақаулы қозғалтқышы жаңаланды. Ақаулы қозғалтқыш кемеден алыс апарылып тұтатылып жіберілді. Лап еткен от тез жанып, тез сөнді. Енді ғаламшар бетінде оның қарайған ойығы ғана қалған. Оған ғарышкерлер бір өкініш, бір қуаныш сезімімен қарады. Тек осыдан соң Батыл алапат жұлдызаралық кеменің ақаулы қозғалтқышының жойылып, орнына жаңасының салынғанын, оның қалыпты, сенімді жұмыс жасап тұрғаны жөнінде кеме экипажы басшысына аралық бейнебайланыс арқылы мәлімет берді. 

       Оны көріп естіген кеме экипажының басшысы кәдімігдей көңілденіп қалды. Жұлдызаралық жолда үлкен бір апаттан аман алып қалған мына Баяу  ғаламшарына алғысы молдай ағынан жарылды. 

       -Егнді мына ғаламшардың ғажайып табиғатын біршама уақыт тамашалауларыңа рұқсат етемін! Тек кемеден алыс кетуші болмаңдар! Енді шамалы уақыттан соң аттанамыз! Көп тұра беруге де болмайды. Ғаламшардың осы аймағындағы тұрғындарының көздеріне түсіп қаламыз!

       - Бұл ниетіңізге шексіз алғыстымыз! Кемеден алыс кетпейміз! – деп, жөндеушілер жоғары көтерілгелі тұрған лифтіден ғаламшар бетіне қайта түсті. 

       Батылдың қуанышында тіпті де шек болмады. Мана өзенге барып, суынан дәм татқанда басшыдан  қорыққан еді. Енді еркінсіп, қайта барып, өзен суын аяқтарымен кешіп те көрді. Тек ендігі ішкі қынжылысы, мына ғажайып түрлі-түсті әлемді  сол қалпында көзілдірігінсіз көре  алмайтыны. Өздерінің ғаламшарындағы тек ақ пен қара түстен тұратын табиғат көрінісі мынамен салыстырғанда сүреңсіз дүние екен. Батыл өз ғаламшарының тарихын жақсы білмейді екен. Сапарластарының бірі осы ғаламшарды алғаш көргенде: «Мына ғаламшар өзіміздің ғаламшардың алғашқы кезеңін басынан кешіп жатқандай кезеңде екен» деп қалғаны бар. 

       Оның сол сөзі Батылдың көкейінен әлі күнге кеткен емес. Бірақ достарынан оның мән-жайын нақытлай сұрамаған еді. Оны дәл қазір қайталап сұрауды жөн көрмеді. Одан гөрі мына санаулы уақыт ішінде осы ғажайып әлемді әбден көріп алуы керек-ті. Мұндайда өздерінің өте жылдам қозғала алатындары пайдаға асады. Сондай жылдам қозғалыстарының арқасында  кеме экипажының басшысы «Кемеден алыс кетуші болмаңдар» деген сөзіне қарамастан аз ғана уақыттың ішінде талай тау-тастарды, жазықтар мен өзен-көлдерді шарлап шықты.  Алыста шоғырланған ел де көздеріне түскен.  Оны көргенде Батыл ойланып, ішінен бірқұпия жоспарын да құрған. Онысын сапарлас достарына білдірмеді. Өзін ғаламшарындағы табиғаттың сүреңсіз көріністері мен сан-мың техникалармен қоян-қолтық өтіп жататын қым-қуыт өмір тірішілігі еш қызықтырмайтын жастайынан. Одан да тап осындай табиғаты ғажайып ғаламшарды бір көргенді қалайтын, армандайтын. Енді күтпеген жерден сол арманының орындалар сәті қылаң берген тәрізді. 

       Жанындағы сапарлас ғарышкерлер де жан-жақтарына жиі-жиі көз салып, ғажайып табиғи көріністерге тоймай тұр. Олардың қай қайсысы да ішінен: «уақыт өтпесе екен. Әлі де мына ғажайып ұлы табиғатты тамашалап тұра берсек екен?» деп тілеп тұрғандай. Біразы хош иісті гүлдерден теріп те алған. Батыл ғана тірі гүолдердің белін   үзуге беттемеген. Оған тағы бір себеп, өз ғаламшарындағылар бұл гүлдерді арнайы көзілдіріксіз дәл осындай әдемі түстерінде көре алмайтыны, хош иістерін сезіне алмайтындары еді. Сондықтанда Батыл достарының қолдарындағы   үзілген гүлдердің кейбіреуін жай ғана иіскеумен шектелді. Бір бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, әзілдесіп тұрды. Осы кезде әрқайсысының кеуделеріндегі бейнеқабылдағыштардан:

       -Серуен уақыты бітті. Аттанатын уақыт келді. Кемеге мініңдер! – деген кеме экипажы басшысының  бейнесі көрініп, сөзі естілді. 

       - Біз осындамыз! – деп Батыл оған іле жауап қатты.

       - Тезірек мініңдер! – деді басшы. 

       - Міндік!

       Бір топ ғарышкер жөндеушілер алапат жұлдызаралық кеменің ішіне лифтімен жылдам көтерілді. Сырттан қараған Жер адамы бұлардың  бұл әрекеттерін байқап та үлгермес еді. Ол қарапайым адам баласына жай бір елесе қана болмақ. Тіпті, осы төңіректе түрлі себептермен жүрген пенде де назар аудара қоймас. Ғарышкерлер кемеге мініп, өз орындарына қарай асықты. Сырттағы талай жер алыста қалды. Қажет жағдайда бұлардың әрқайсысында  жөнелуге мүмкіндік  беретін қос қанат та бар еді. Бірақ дәл қазір оны қолданудың реті келген жоқ. Кеме есігі жабылысымен, астынан оттығы қосылып, бу бұрқырады. Оны көрген Батыл іштей қатты толқыды. Енді оның кемемен аттанып кетуге құлқы соқпады. Сырттағы ғажайып табиғат көрінісін жан сезімі қияр емес. Не істерін білмеді. Өз орнына жайғасуға асықпады. Үлкен таразеге қарап тұрды да алды. Сол кезде:

       -От!

       -Түсінікті, от!

       -Бағыт қиғаш!

       -Түсінікті, бағыт қиғаш!

       -Басты  от!

       -Түсінікті, басты  от!

       -Жаңа қозғалтқыш!

       -Түсінікті, жаңа қозғалтқыш!

       -Ғаламшардан ажырау!

       - Түсінікті, ғаламшардан ажырау! – деген сөздер жаңғырыға шығып жатты.

       Батыл мұның бәрін жақсы естіп тұрса да, көзілдірігін шешпеді. Сапарластары әлдеқашан жайғасқан жердегі орнына баруға да асықпады. Мына ғажайып табиғат әлемін қияр емес, әлі де. Сәл уақыт өтпей алапат жұлдызаралық кеме ғаламшар бетінен жайымен ғана көтеріле берді. Сол мезетте қапелімде Батылдың көзілдірігі ашық терезеден ғаламшар бетіне ұшып түсті. Енді бір сәт кешіксе, кеме аспанға қарай зымырай ұшпақ. Ал көзілдірігін жоғалтқаны  үшін кеме экипажы басшысынан қатаң жаза алатыны белгілі. Екінің бірі. Ол еш ойланбастан ашық терезеден зып беріп ғаламшар бетіне қарай секірді. 

       Алапат жұлдызаралық кеме ғаламшардан біршама алыстаған мезетте кеме экипажының басшысы әдеттегісінше ақаулы қозғалтқышты жаңасымен алмастырған ғарышкерлердің орын-орындарына жайғасқандарын қарсы алдындағы бейнеэкараннан бақылады. Олардың ішінде белсенді ғарышкер Батыл жоқ. Кеме экипажының басшысы алдындағы панельден оң қолының сұқ саусағымен дабыл беретін жүйені қосатын түймені басты. Артынша іште абыр-сабыр қозғалыс басталып кетті. Барлық  ғарышкерлер мен олардың көмекшілері келіп жеткен кезде:

       -Кемеде ғарышкер Батыл жоқ! Ол қайда? – деп сұрау  тастады. 

       - Білмедік! Ол кемеге бізбен бірге мінген болатын! – деп жауап берді бірінші орынбасары.

        Арада бір сәтке   үнсіздік  орнады. Бәрі бір біріне қарап қойған. Сол кезде кеменің ақаулы қозғалтқышын жаңасымен ауыстыруға қатысқан ғарышкерлердің бірі басшыға қадала қарап тұрып:

       -Ол кемеміз Баяу  ғаламшары бетінен ажырап, аспанға қарай көтеріле берге сәтте де ғажайып табиғатқа көзілдірігімен қызыға қарап тұрған. Бәлкім...

       - Ашық терезеден ғаламшарға қарай құлап кететін жас бала емес!

       - Онда ол, мүмкін, абайсызда көзілдірігін ғаламшаға түсіріп алып...

       - Олай болуы да мүмкін емес! Мен білетін Батыл өте ұқыпты ғарышкер! – кеме экипажының басшысы отырған орындығының биік жақтауына қарай сәл шалқая түсті. 

       - Тек өзі аман-есен болса екен!- деді тағы бір ғарышкер. 

       - енді не шара№! Бір ол үшін мына ішінде мыңға жуық адам бар алапат жұлдызаралық кемені қайтадан сол жерге қондыра алмаймыз. Абай бола алмаса, өз обалы өзіне! Кеме ұше берген мезетте кім дәл солай етеді! Енді уақыт тар! Біздің кемеміз сияқты жол-жөнекей қонған бір кемемен оралар! Өз орындарыңызға барып жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер! – деп түйді сөзін кеме экипажының басшысы.

       Осы сөзден соң барлық ғарышкерлер де, көмекшілері де өз жөндерімен тарады. Әркім өзінің жұмыс орнына қарай асықты. Араларындағы жалғыз бойдақ   жігіттің күтпеген жерден бөгде ғаламшарда қалып қойған жандарына бата қойған жоқ ешқайсысының да. Ғаламшарларындағы сүреңсіз табиғат аясы, сүреңсіз өмір қай қайсысын да осындай салқынқандыққа, қатыгездікке қалыптастырған еді. 

       Алапат жұлдызаралық кеме Баячу   ғаламшарының төңірегіндегі айналымжолды бірнеше рет айналып ұшып өтіп, жұлдызаралық жолға түсті. Ұшу жылдамдығы уақыт санап арта берді. Енді бір уақытта Баяу  ғаламшары түгілі, тоғыз ғаламшарлы Жұлдыз жүйесі  де көз ұшында қалды. 


                                                          Тыныштықта


       Батыл алапат жұлдызаралық кеменің ашық терезесінен ғаламшар бетіндегі жасыл шөпке топ етіп түсіп, бірнеше рет айналып барып тұрған кезде сол аяғының сәл ауырып қалғанын сезді. Екі шынтағы мен екі иығының екі арасына бекітілген қос қанат болмағанда қатты жарақат алуы әбден мүмкін еді. Тағы бір бақыты – бұл ғаламшардың тартылыс өрісі өзі келген ғаламшардың тартылыс өрісінен сәл кемдеулігі. Соның  арқасында жеңіл соққы алды.  Сонда да Батыл өзі жарық дүниеге шыр етіп келген ғаламшарында дәл мұндай ғажайып табиғат аясын көрмегендіктен денесінің ауырсынғанынан гөрі осында біржолата қалғанына қуанды.Көзілдірігін тауып алған бойда айнала-төңірекке риясыз жымия қараумен болды. Осы кезде ол өзі келген ғаламшардағы туылып өскен елінде ақ пен қара түсті табиғаттан дәл осындай тамаша ләззат ала алмағанын сезді. Адам баласының бұл жарық дүние әлемінен сексен пайыз рахат сезімді көзі арқылы алатыны   хақ. Енді ойлап қараса осы жасына дейін туылған елінде көріністен отыз пайыз ғана рахат сезім ала алған екен. Өз еліндегі тек ақ пен қара түстен тұратын көріністер қандай көңілсіз еді мынамен салыстырғанда. Өз ортасында өмір сүріп жүріп бұл ғаламда дәл осындай ғажайып ғаламшар, ғажайып табиғат болады деп ойлап та көрмепті тірішілік тылсымымен жүріп. Мұны өзі болған алапат жұлдызаралық кеменің экипаж  басшысы қалай құпия сақтап келген. Егер дәл осы Жұлдыз жүйесі тұсында кенеттен кеменің басты қозғалтқышы ақауланып, дәл осы ғаламшарға кемені еріксіз қондырмағанда, бәлкім, мұндай ғажайып табиғатты бүкіл ғұмырында көрмес пе еді. 

       Оған қоса мұндағы тылсым тыныштық. Қаншама жылдар бойы алапат жұлдызаралық  кемеде болды. Оның  ішіндегі сан мың күделі жүйелер мен алапат қозғалтқыштарының  тынымсыз ызыңы әбден жалықтырып жіберген де еді. Кемеден түссе, туылған қаласындағы тәуілік бойы біртынбайтын ызың, тынымсыз қозғалыс, айқай шудан құтылмайтын. Енді мына тып-тыныш әрі ғажайып әлемге тап болды. Айнала мүлгіген тамаша табиғат аясы. Тау  аңғарларында жануарлар мен құстар емін-еркін өз тірішілігін жасап жүр. Сай –саладағы  бұлақтардың кәусар сулары сылдырай ағып, бір бірімен бірігіп, үлкен өзен суына айналып жатыр. Тау  жақтан анда-санда салқын самал еседі. Ол самалмен ілесіп небір әдемі гүлдердің  хош иістері келеді мұрынға. Тау-тас пен ағаш бұтақтарына қонып, қайта ұшып жүрген құстар да мына табиғатқа жарасым тудырады екен. Олардың құйқылжыған дауыстары қандай әсерлі. Ғаламшардың бетінде, қалың өсімдіктер мен гүлдердің арасында, тегіс алаңдарда қыбырлап өз тірішілігін жасап жүрген жәндіктер қаншама. Гүлден гүлге қонған Көбелектер де көңілді көтереді. 

       Батыл осы оңашалық пен тыныштықта осының бәріне де зер сала ұзақ қарады, ұзақ  бақылады. Оған тек осы қозғалыстар мен әрекеттердің өз еліндегі қозғалыс әрекеттерінен баяу екені ғана өзгеше көрінді. Туа біткен қабілетіне сай қолдарын өте жылдам қозғалтып  ұшқан шағын құстарды да, Шыбынддарды  да, Көбелектерді  де ұстап, көзілдірігін шешіп, байқап, барлап көрді. Көзілдірігін шешкен бойда мына түрлі түсті тамаша әлем қара мен ақ түске айналды. Батыл іштей: «Мен неге осылай түрлі түсті көре алмайтын көзден ғаріп адам болып жаралдым екенЮ» деп өкініп те алды. Мұндай ғажайып табиғатты тек көзілдірікпен ғана көре алу  бақыт емес еді. Батыл аса жылдамдықпен қолына түсірген барлық тірішілік иелерін қайта босатты.  Батылды жылдамдық жағынан сәл де болса қанағаттандырған құстардың  ұшулары мен қонулары болды. Қалғандыныкі іш пысарлық  қозғалыс екен. 

       Батыл енді өзінің тартылыс өрісі ғаламшарынан бөлек ғаламшарда екенін есіне алып, қашан қалыптасқанша көп қозғала бермеуді жөн санап, жағымды иісі мүңкіген жасыл өсәімдіктердің  үстінде біршама   уақыт  бойы аунап-қунап жатты. Ғажайып табиғат әлеміне көздірігімен де, көзілдіріксіз де қарады.  Шамалыдан соң енді өзінің осы бөгде ғаламшарда біржолата қалып қойғанын ойлап көңілсізденіп те қалды.  Сапарластары мен сүйген қызы Гүлдәріні де есіне алды. Кемеден көп ойланбастан секіріп кетуіне көзілдірігінің қолынан абайсызда түсіп кеткені себеп болған еді. Алапат жұлдызаралық кемедегілердің кемені қайта бұрып өзіне келмейтіні анық. Осы жағын ойлағанда, ондағылардың қатыгездеу  екендіктеріне иланады. Енді аспанға қарап қанша айғайласа да, қанша қолын бұлғаса да кемедегілерге көріне алмақ емес. 

       Тұрақты ызың мен шудан арылып, тыныштыққа енген құлақтары да көпке дейін шыңылдады. Өз ғаламшарындағы елін,де дүниеге шыр етіп келгелі шудан арылмаған құлақтарының бұлай шыңылдауы  заңды да еді. Енді мына тыныш әлемдегі ғажайып көріністер жан сезімін рахаттандырып барады. Жасыл өсімдіктердің   үстінде тап бір жұмсақ төсекте жатқандай сезініп, олай да, былай да аунаумен болды. Мұндай табиғи, тамаша өсімдіктерді өз елінде көрген емес.Бәрі де қолмен егілген әрі түстері тек сұрғылт. Мынандай түрлі түсті ғажайып көрініс онда түсіне де кірген жоқ-ты. Өзін алапат жұлдызаралық кеменің ашық терезесінен осы ғаламшар бетіне қарай лақтыртқан бір күш те осы ғажайыптың құдіретті тартылысы еді. Батыл енді көзілдірігі арқылы түрлі түстерді снауға да кіріскен. Қараса, бұл   ұлы табиғат аясынан жүздеген түстерді ажыратуға болады екен. Өкініштісі, тек көздірігі арқылы. «Осындай ғажайып түстерді ешбір көзілдіріксіз көре алатын адамдар қандай бақытты»,-деп жеңіл күрсініп алды Батыл. 

       Содан соң көгал үстінде бір аунап барып орнынан ширақ тұрып кетті. Айнала төңірекке бар жан-тәнімен майірлене ұзақ қарады. Өзіне ап-анық көрінетін сонау   тау беткейлерінде қалың орман ағаштары өсіп тұр. Ол ағаштардың бойлары да, бұтақтары мен жапырақтары да әртүрлі екен. Бір топ ағаштың жапырақтары сары, екінші топтыкі жасыл, үшіншісінікі қоңырқай түсті келген. Батыл айнала табиғатқа қанша ұзақ қараса да бір қанар емес. «Мынандай ғажайып табиғатты танып-білу  үшін көп  уақыт керек те шығар?» деп бір ойлап қойды Батыл ішінен. Ең бастысы, ғарышкердің жан-дүниесін тылсым тыныштық пен табиғи дыбыстар баурап барады. Екі құлағының шыңылы да енді-енді ғана басыла бастаған. Әбден өтіп кеткен шу мен айқай құлақтарының түбінде осылай ұзақ сақталып қалғандай. Басы да біршама уақытқа дейін мың-дың болып тұрған. Шудан жалыққаны сондай, тіпті, өзінің артық қозғалыстары да жағымсызданып кетеді. Мына жайқалған өсімдік әлемінің үстінде емін-еркін аунап-қунап, тып-тыныш жата бергісі келеді.

       Ал бұл кезде аспандағы жарық Жұлдыз төбе тұстан өтіп, батыс көкжиекке қарай ойысқан еді.  Жұлдыз сәулесінің түсу  бұрыштарына сай түстердің реңктері де сәл-пәл өзгеріп, жаңа бір түске көшкендей. Жұлдыз батыс көкжиекке жақындаған сайын аспанда шарбы бұлттар да пайда бола бастады. Ал жарық Жұлдыз батыс көкжиекке жартылай батқан мезеттегі табиғат көрінісі Батылдың жан-дүниесін ерекше жандандырды. Ол енді көзілдірігі бір сәтке де шешкісі келмеді. Басын жоғары қарай көтере аспанға қадала қараған. Шарбы бұлттар мен ақша бұлттардың ара-арасы сарғыштанып, онан соң қызғылттанды. Жұлдыз батыс көкжиектен асып, толық  батып кеткеннен кейін де аспандағы ол түстер неше құбылып өзгерді. Батыл оған мойыны талғанша қарады. Бүкіл саналы ғұмырында көз алдынан кетпес көрініс еді бұл Батыл үшін. Тек бұл түстердің қайсысының  қалай аталатынынан бейхабар. Өзі әзірге осы аймақтағы халықтың қандай халық екенін де, тілдері мен салт-дәстүрлерінің  қандай екенін де білмейді. 

       Мұнда өмір сүруі  оның бәрін білуі тиісті. Батыл қолына заттары салынған шағын қолқоржынын алып жол жүруге дайындалды. Аспандағы бұлттардың өзгерістерін тағы бір қызықтай қарап алып, ілгері қарай жүрді. Беталысы тау аймағы. Шамалы уақыттан соң қас қарайып, аспанда сан мың жұлдыздар жамырай жыпылық қақты. Бірақ бұл қараңғылық Батыл  үшін қараңғылық емес еді. Сонда да көзілдірігін шешті. Енді түн қараңғысында түрлі түстің де біркелкіленіп кететіні бар. Ал көздері көзілдіріксіз түн қараңғылығында кез келген нәрсені жақыннан күндізгідей анық көреді. Тек жақыннан. Өз еліндегі адамдардың алыстағыны көруден қалғаны қашан. Өмір сүретін орындары  тар, мынандай кең жазық дала жоқ болса қайтсін. Сондықтан көздерінің  алыстан көру  қабілеттері де жойылған. Өзінің көзінің көру қабілеті де сондай.

       Енді мынандай ғажайып табиғаттағы  алысты көзілдіріксіз анық көру еш мүмкін емес. Айнала-төңірегіне жиі-жиі көз салып қойып келеді. Тек шамалы жерден әрі қарай ештемен көрінбейді. Бейнебір әлдекім одан әргісін қандай да бір мөлдір пердемен бүркеп қойғандай. Тек  басты тамашасы, айнала дүниенің  тып-тыныштығы. Сонда да екі құлағы әлі де ара-тұра шыңылдап қояды. Қараңғылық қойнауына енген сайын ол тыныштық жан-дүниесіне жағып барады. Батыл асықпай жүрді. Онысы, осындай ғажайып тыныштық әлемінде   ұзағырақ  болғысының келгені еді. Аяқтарын да санап басып келеді. Ал өз елінде мұндай қашықтықты қас-қағым сәтте жүріп өтетін. Тек кей-кейде өзінің бөгде ңаламшарда, оның түнгі мезгілінде, айдалада, жападан-жалғыз екенін есіне алғңанда қаттырақ   жүріп кеткенін аңғармай да қалады. Пл шындаса, жүрісі ұшқан құс пен шыбынның ұшысындай жылдамдап кетер еді. Онда мұны ешкім жақын маңнан да көріп үлгере алмас еді. Жылдамдық  Батылдың қашқан  жануарларды, ұшқан құсты әп-сәтте қуып жетіп  ұстауға ең қажетті әрекеті. 

       Батыл өзінің бір қабілетіне риза. Ол мұндағы кез келген жылдам деген қозғалыстағы көріністі анық көре алатыны. Ал өздері «Баяу» деп атаған осы ғаламшардағы саналы-санасыз тірішілік иелерінің бәрінің де қозғалыстары өз қозғалыстарымен салыстырғанда баяу. Сондықтан Батыл көзі жететін қашықтықтағы кез келген жылдам деген қозғалыстағы нәрсенің бәрін де анық көре алады. Тіпті, қалың өскен орман ағаштарының арасында не барын да  ажыратады. Жанынан ұшып өткен кез келген құсты да, қанатты жәндіктерді де оп-оңай  ұстайды. Батыл жүрісін сәл кідіртіп, айнала-төңірекке тағы да мейірлене көз салды. Жан-дүниесі жадырап сала берді. Өзінің жылдам қозғалатын қабілетіне сенді. Ешкім де, ешбір жауарлар мен құстар да өзін қуып жете алмайды. Өзінен қашып та құтыла алмайды. Сапарластары да осындай батылдықтары   үшін кезінде «Батыл» деп атап кеткен-ді. Сол Батыл енді бөгде ғаламшардың түнінде, таулы өлкеде жападан-жалғыз жүріп келеді.

       Тау  етегіне жеткен кезде айнала-төңіректе қалың өсіп түрған ағаштар анық көрінді. Жергілікті тұрғындар түн деп білетін бұл мезгіл Батылға күндізгі зат көлеңкесіндегідей ғана көрініс. Сондықтан да көзі жететін қашықтықтағының бәрі де анық. Үлкен көздерін жұмбастан айналаны тағы бір шолып өтті. Қыбыр еткен тірі жан байқалмады. Бәлкім, олар Батылдың сырт-сырт басқан аяқ дыбыстарынан қашып та кеткен болар. Тек анда-санда Батылдың құлақтарына алыстан қандай да бір құстың сайраған дауысы естіліп тұрды. Олалыста болғандықтан оған Батылдың көзі жетпеді, оның қандай құс екенін білмеді. Егер ол құс жақында болса, Батыл оны әлдеқашан үлкен жылдамдықпен қозғалып, қолына оп-оңай түсіріп алған болар еді. Кемеден түсіп қалғалы да біршама уақыт өте шықты. Дегенмен де, өздерінің уақыты бойынша сапарластары әлі кешкі асқа отырған жоқ. Сондықтан да Батыл әзірге кешкі азығын  ұстауға асыққан жоқ. 

       Ас жағынан өзін өзі тыныштандырып, сол қалпымен тағы біраз жер жүрді. Тау шыңдарынан аппақ болып қарлы аймақтар байқалады. Етегінде биік өскен қалың орман ағаштары. Батыл сол ағаштардың арасындағы жергілікті тұрғындар салған жалғыз аяқ жолмен келеді. Мақсаты осы тау баурайының жаулауын табу. Әзірге алыстан көрінген елге жақындау  жоспары жоқ. Біраз уақыт осы тау  жайлауын мекен етіп, бойын үйретіп, айнала-төңіректі зерттеп-зерделеп алмақ. Олай етпесе, күтпеген жерден қандай да бір қателікке  ұрынуы мүмкін. Өмірінде жүздесіп, тілдесіп көрмеген ғаламшар тұрғындарының қолдарына түсіп, қамалып отырар жайы жоқ. Батыл бұл жағын да ойлаған. Өз еліндегі адамдардың өркениет биігіне жеткендеріне қаншама уақыт өткен. Ондағы табиғат аясы алақандағыдай зерттеліп, толығымен игерілген. Ал мұндағылар ұлы табиғатқа зиян келтірмепті. Батылдың бір қуанышы да осы еді. Өзінің еліндегі адам баласы табиғатты талан-тараж етіп, ақыр соңында оның түрлі түсті сәнінен айырылып, тек ақ пен қара түсті әлемге көшкен. Батыл соны ойша салыстыра қарады. Ақ пен қара түсті әлемді көзі алдына елестетсе, енді жаны түршігеді. 

       Бақытына қарай ол өмір келмескекетті. Батыл оған енді қайтып оралмақ емес. Құжынаған техникалардың арасында, ызыңдаған дыбыстың аясында тап бір темір тұлғалар сияқты уақыт санап, сарт-сұрт қозғалып күн кешкеннің несі жақсы. Одан мынандай ғажайып түрлі-түсті гүлді әлемді табиғат аясында жападан жалғыз емін-еркін ғұмыр кешкенінің өзі әлдеөқайда артық. Бір жағынан өзін жалғызбын деп санау   да артық болар. Әлі мұнда өзі танып-білмеген саналы, салауатты адамдар бар. Солармен жүздесіп, тіл табысқаннан кейін өмірі жандана түспек. Бұл  ойы Батылды ерекше жігерлендіріп те жіберді. Алдында сайрап жатқан жалғыз аяқ жолмен жылдамырақ жүріп, аясы кең жайлауға да жетті. Артынша алыстан лапылдаған ақ жалынды байқады. Бірақ көзі тек  жақыннан жақсы көретіндіктен оның не екенін ажырата алмады. Содан соң  иық қоржынынан  күрделі көзілдірігін алып тақты. Сонда анық болды. Ол ағарған жалын қызыл түсті от жалынына айналды. Оның жанында екі қолын алға қарай қатар созып, екі алақанын төмен қаратып бір  қырын қарап біреу отыр. От-жалынның лапылы ол адамның бет-әлпетін түрлі құбылтады. Батыл оны мұқият бақылады. Жанында тағы бірнеше адам бар екен. 

       Батыл ғаламшар тұрғындарының қандай екенін, олардың әрекеттерінің қандай екенін іздемей-ақ көргеніне қуанып та кетті. Енді оларды зерттеп алудың мол мүмкіндігі бар. Тек бір қиындығы, Батыл күрделі көзілдірігін киген бойда айнала-төңірек қатты қараңғыланып кетеді. Тек түрлі түстер бір бірінен жақсы ажыратылады. Ал көзілдірігін шешсе, айнала анықталып, есесіне қара мен ақ түстен басқа түстенрдің бәрі жоғалады. Осы кемшіліктерге Батыл іштей қынжылып та алды. Бірте-бірте бұл ғаламшардың тұрғындарының көздерінің түрлі түсті ешбір күрделі көзілдіріксіз-ақ  ажырата беретінін түсінді. Ал от жанында отырғандар айнала-төңірегінде не болып, не қойып жатқандарынан бейхабар. Ештемені сезетін де, ештемеден сезіктенетін де емес. Батыл енді оларға қарай жайымен жақындай берді. Күрделі көзілдірігін бір шешті, бір киді. Шешкен кезде жылдамдау жүреді де, киген кезде кідіріп, әлгі адамдардың бет-бейнелерін анықтап көріп алуға тырысады. Көзілдіріксіз адамдардың бет-әлпеттері сұрланып, от түсі ағарып шыға келеді. Батыл өзінің осы жасқа дейін түрлі түсті ажырата алмайтын көздің иесі болғанына тағы бір қынжылды.

       От жанындағылар әлі де айнала-төңіректеріне зер салар емес. От-жалынның арғы жағында матадан тігілген бірнеше кішкентай үйшіктер бар. Батыл оны көргенде: «Менде осындай шағын жиналмалы үйшік болғанда ғой, мына тау баурайында өмір сүре берер едім»,-деп бір ойлап қойды. Бірқ ол өзінің бала қиялы ғана еді. Өмірдің небір соқпақтары өзін  алда күтіп тұрды. Ал қазіргі ұлы мақсаты – осы ғаламшар тұрғындарын анықтап біліп алу. Бұл жағынан Батылдың жолы болды. Іздегені алдынан табылды. Енді оларды мұқият бақылап-зерттеп алу ғана қалған. Күрделі көзілдірігнде не жоқ. Кез келген нәрсені кез келген сәтте бейнеге де, суретке де түсіріп ала береді. Батыл сол жүйесін іске қосып, отырғандардың  бет-бейнелерін алыста тұрып-ақ  ап-анық етіп суретке түсіріп алды. Отырған жігіттер мен қыздар оны да байқаған жоқ. Батыл тағы да жақындай түсті. Көздері анық көретіндей жерге жеткенде олардың бет-бейнелерін бір бірінікінен жақсы ажыратты. Олардың бет-бейнелерінен де, дене құрылыстарынан да өзінен пәлендей өзгешелікті таппады. 

       Ендігі іс олардың тілін анықтау  еді. Тілі жағынан көп айырмашылықтар бар екен. От-жалын жанында отырғандар өзара әңгімелесіп, ара-тұра ду күліп алады. Күлген кезде бет-ілпеттері от-жалыннан қызара түскендей болады. Отырғандардың ішінде шаштары қысқаларының дене мүсіндері ірілеу, қос жауырындары қақпақтай, бұлшық еттері бұлтиған. Олардың жігіттер екені белгілі. Ал шаштары ұзын өсірілген, бет-әлпеттері дөңгелек, көздері   ұяң, мойындары жіңішкелеу, жауырындары ықшам, көкірек  тұстары көтеріңкі  келгендері болса да қыздар. Батыл мұны мұқият зерделеді. Тек тілдерін түсіну әзірге мүмкін болмады. Соған қарамастан Батыл жайымен ғана оларға жақындай берді. Отырғандар әңгіме қызығына беріліп әлі де ештемені сезер емес. Сезбейтіндеріндей де бар еді. От-жалынның шектеулі төңірегі жарық та, одан кейінгі жағы перде тұтқандай  қап-қараңғы дүние.  Аспан күмбезіндегі сан мың жұлдыздар да жарық бере алар емес. Оған назар аудармаған жігіттер мен қыздар енді сәлден соң қосылып ән айтуға көшті.

       Батыл күрделі көзілдірігін киместен отырғандарды сіл алыстан бірнеше рет айналып жүріп өтті. Сонда бары от-жалын жанында отырғандар қандай да бір бөтен сытыр мен тырсылдың  болғанын сезгендей  елең етісіп, жан-дақтарына бір-бір қарап қойды. Бірақ ешқайсысы да осы тауда түн мезгілінде адам баласы жүреді деп еш ойламады. Егер олар төңіректерінде адам жүргенін сезе қалса, қатты әбіржу басталып кетер еді. Ал Батылдың мына жылдам жүрісі өсімдіктердің арасында сусып Жылан жүргендей дыбыс береді. Бірақ түн тыныштығында, тау  салқынында қайдағы Жылан? Сонда да жігіттер мен қыздар соған ұқсас сусыл дыбысты естіп, елең етісіп, иектерін сәл-пәл жоғары көтеріп, айнала-төңіректеріне қарасып аолды да, қайтадан әңгімелесуге, ән айтуға көшті.

       Батыл тыныш қалмады. Отырғандарды тағы да бірнеше рет жылдам айналып өтті. Отырғандар тағы да ештемені түсіне алмады. Батылдың өзі де аң-таң. «Бұлар сонда қандай жылдамдықты көріп үлгере алады көздерімен?» деген сұрақты ой бөгде жұлдызды жүйеден келген адамды толғандыра бастады. Бірақ  онысына жауап таба алмады. Содан Батыл: «От-жалынның  үстінен секіріп өтсем қайтер екен? Байқар ма екен бұлар? Бәлкім, мені сонда көрер» деген ойға келді. Сөйтті де, от-жалынның үстінен  лып деп жылдам секіріп өтті. От-жалыны желінен жалп ете қалды. Бірдеменің желі ескендей боолды. Қыздар жағы елең етісіп, кейін шегіністі де, бірі:

       Апа! – деп айғайлап жіберді.

       -Не болды, қыздар? – деп жігіттер жағы сұрау сала қараған. 

       - От үстінен шайтан секіріп өтті! – деді әлденені байқап қалған қыздардың бірі. 

       - Не дейді? Қайдағы шайтан? – деп жігіттердің бірі орнынан ширақ тұрып кетті. 

       - Жаңа көрген жоқсыңдар ма? Шайтан секіріп өткенде от жалп ете қалды ғой. Біреу  қараңдап от үстінен секіріп өткендей болды маған! – деп, келесі қыз отырған орнынан ұшып түрегеліп, әлгі жігітке қарай тығылды.

       - Қыздар, қайдағы шайтанды айтып тұрсыңдар?! – деді әуелгі тұрған денелі жігіт жан-жағына жиі-жиі көз салып.

       - От  адам секіріп өтті! Тап өзіміз сияқты адам! Шайтан емес. Қалай байқамағансыңдар! Тезірек кетейкіші бұл жерден! – деді енді бір қыз сенімді түрде.        

       - Мына тас қараңғы түнде қайда бармақпыз? Ешқайда да кете алмаймыз таң атқанша. Күтеміз таңды. Мына от жанып тұрғанда бізге ешқандай адам да, шайтан да жақындай алмайды, қыздар! – деді жігіттердің батылдауы. 

       - Жақындамағаны сол ма, ол тіпті, ортамызда лапылдап жанып жатқан от-жалынның үстінен де секіріп өтіп кетті емес пе?

       - Қыздар,сіздер өзі ауырып тұрған жоқсыздар ма?  Жоқ әлде... Көздеріңе қос  көрінді ме? – деді бәрін қарап алған денелі жігіт тұрған бойында. 

       -Ешқандай қос көрінген жоқ! Не адам, не шайтан секіріп өтті от үстінен! –деді қыздардың бірі сенімді түрде. 

       -  Қайдағы адам, мына айдалада, түн жарымда! Қайдағы шайтан, мына адамзат өркениеті дамыған заманда! Қыздар, өздеріңе өздерің келсеңдерші, беталды шошына бермей! – деді денелі жігіт қатқылдау  сөйлеп.

       Қыздар осы сөзден кейін жігіттерге тығыла түсіп, бір сәтке үнсіз қалды. Айнала тып-тыныш. Тек  отта жанған қураған ағаштардың сыртылы, аспанда ара-тұра аққан Ақпа жұлдыздар мен жайлау  төсінде кей-кейде үп еткен салқын самал жел ғана бұл тыныштықты бұзғандай. Қалған әлем мүлгіген тыныштықта. Оңтүстік тұста басын ақ қар шалоған тау сілемдері. Жігіттердің бірі қыздардың көрген елестеріне әлі де сенбей, өзінше батылданып, жігерленіп, тау сілемдеріне қарап тұрып ұлы ақын Абайдың «Қараңғы түнде тау  қалғып, ұйқыға кетер балбырап...» деген өленің дауыстап жатқа айта жөнелді. Қыздар жағы оған қоысла қойған жоқ. Қорқыныштан олардың дауыстары дірілдеп шығып, ән айтуларына мүмкіндік бермеді. Кейбіреуі тіпті, тұла бойымен дірілдеп, тістері тістеріне тимей сақыолдап, іштей таңның тезірек атуын, бұл жерден тезірек кетулерін тілеп тұр. 

       Ал Батыл болса шамалы қашықтан осының бәрін де мұқият бақылап, сөздерін тыңдап тұрды. Бірақ  әзірге олардың не жөнінде айтқандарын ұқпады. Тек «Апа», «Адам», «Шайтан» деген сөздерді есінде сақтап, күбірлеп қайталаумен болды. Ол сөздерді тұрғындардың әлденеден қатты қорыққанда айтатынын түсінді. Ал қандай мағына беретінін біл алмады. Жас жігіттер мен қыздарды осылай шошындырып алғанына іштей өкініп те қойды Батыл. Қыздардың өзін байқап қалғаны рас. Бірақ жігіттер жағы олардың сөздеріне сенер емес. Соған қарап Батыл ол әрекетін қайталамақ ойға келді де, артынша одан айныды. Қайталаса, жігіттер мен қыздар түн ортасы болса да ауылдарына қайтып кетпек. Сөйтіп, оларға тағы бір мұқият қарап алып, тау  басына қарай өрлеп жөнелді. Ондағы мақсаты азығын іздеп табу еді. 


                                                Алғашқы  азық


Тау  шыңдарының бірінің басына өрлеп шыққан кезде айнала-төңірек әжептеуір жарықтанып та қалды. Биік шыңдардың бастары ақ қар мен мұздарға құрсаулы екен. Айналаға айнала қарағанда мына тыныштық  өзінің бұл жарық дүниеде жападан-жалғыз қалғанын шындап сездіргендей болды. Бірақ Батыл әзірге еш зеріккен жоқ. Ғажайып әлемнің тылсым тірішілігін көруге тоймады. Осы әлемнің күллі тірішілік иелерін көре түссем екен деп тіледі іштей. Мұндай тамаша табиғи дыбыс пен дауысты өз ғаламшарындағы елінде естіген емес. Мынандай ғажайып әлемдегі салқын самалдың  лебі, басқан аяғынан шыққан татардың сықыры, кейбір жабайы жануарлар мен құстардың ара-тұра шығарып қалатын дауыстары, бәрі  бәрі де Батылға жағып барады. Бұл елінде ешқашан да қолы жетпес арман еді. Енді тіпті, жұлдызды аспанға қарауға да құлықсыз. Ол жақтан күтпеген жерден сапарластары келіп, алып кетсе қайтпек. Соны ойлаған Батыл енді аспанға да сирек,.ұрлана қарайды. Ал олар келе қалса, тас қуысына тез жасырына қалуға даяр. Енді мұндай ғажайып әлемде қанша өмірін өткізсе де армансыз. Сондықтан да Батыл айнала-төңірегіне мейірлене көз салып емін-еркін келеді. Алдынан қандай да бір жабайы жануардың немесе құстың кезіге кеткенін тілейді.

       Өзі  үстінде тұрған биік шыңның айнала-төңірегін барлап-болжап болған соң Батыл келесі шыңға қарай бет қойды. Сөйтіп, тасты қиямен өрлей түскен. Осы кезде оның  үлкен көздеріне қарайған бір топ жаайы жануарлар шалынды. Ойланып болғанша, дүр еткен дыбыс естіліп, жаунарлар көзден ғайып болды. Батыл жылдам қозғалып қарағанда жануарлар көп ұзай қоймапты. Тек Батыл ол жабайы жануарларды жергілікті тұрғындардың не деп атайтындарын білмеді. Жабайы жануарлар осы ортада тірішілік ететіндіктен тау-таста тегіс жердегідей ойнақтайды екен. Батыл да жүрісін жылдамдата берген. Шындаса, оларды оп-оңай қуып жетеді. Бірақ Батыл жабайы жануарлардың бірін тез ұстап ала қоюды мақсат етпеді. Мынандай тамаша табиғат аясында өкпесін тазартып, тұла бойын сергітіп алғанды жөн санады әуелі. Жабайы жануарлар да мұның ерекше жылдам жүретіні, жүгіретінін сезгендей тобымен олай да, былай да ағылды. Таудағы майда тас біткеннің бәрі мына таңғы таза ауада қатты сықырлап кетті. Сонау терең сайларға қарай домалап кетіп жатқан майда тастар мен ірі тастар қаншама. Үлкендері салмақтарымен алдарына кездескен не тасқа, не ағашқа қатты соқтыққан кезде бірнеше бөлікке бөлініп те кетеді. Егер сол тұста әлгі жігіттер мен қыздар жүрген болса, бар дауыстарымен айғайлап, жан-жаққа жанұшыра қашар еді. Олар өзі сияқты жылдам қозғала алмайды. Мына жабайы жануарлардың қарасын да көре алмайды олар. Жабайы жануарлар да бұрын-соңды мұндай жүгіргіш, еш шаршамайтын адамның қуғынына түспегендіктен ентігіп, кәдімгідей шаршап та қалды. Кейбіреуі тіпті, саналы адам баласы сияқты жиі-жиі жөтеліп те алады. Батыл олардың іздерінен қалмай жүгіріп жүріп, ақыр соңында бірін  ұстады. Иық қоржынынан кездігін алып, бауыздап, қанын ағызды. Содан соң бірнеше тастан шағын ошақ құрастырып,  оттығымен от түтатып, жануардың етін пісірді . Мұның бәрін де Батыл аз ғана уақыттың ішінде орындады.

       Содан соң таудың бір ықтау, тегістеу  жеріне отырып бөгде ғаламшардағы алғашқы таңғы асынан алды. Қалған етті шағын салқын үңгірдің ішіне жасырып, өзі төмен қарай түсті.  Бұл кезде айнала-төңірек толық жарықтанып болған еді. Батыл енді әлгі түнімен от жағып, әңгімелесіп, ән айтып отырған жас жігіттер мен қыздарды жарықта бір көруге бекінді. Келген ізіне түсіп, солай қарай жүрді. Бірақ, қараса, олар зым-зия болыпты. Отырған оырндарында жұрты ғана қалыпты. Тау төңірегі тыныш қалпында. Қыздар жағының жеңгенін Батыл бірден түсінді. Кеткендері белгілі болса да Батыл олар отырған орында жақыннан анықтап бір көрмекке жақындады. Оттың күлі, жартылай жанып, жартылай қалған үлкенді-кішілі ағаштар жатыр күл  үстінде. Кейбір шала жанған ағаштан әлі де жіңішке түтін ирелеңдей көкке көтеріліп жатыр. Осындай орындар бірнешеу екен. Маташатыр тігілген орындардағы жасыл өсімдіктер мен гүлдер жапырылып қалған. Батыл айналаға көз сала тұрып, түн мезгілінде осы ғаламшар тұрғындарының бет-бейнелерін көзілдірігіндегі жүйе арқылы бейне мен суретке түсіріп алғанына іштей қуанды. 

       Енді көз   ұшындағы ауылға барып, тұрғындарымен жүздескенде, тілдескенде өзін қалай ұстау   керектігін жақсы біледі Батыл. Сәлден соң жас жігіттер мен қыздардың от айналасына түсіп қалған аяқ іздерінің көлемдерін де өлшеп алды. Өзінің аяқ табанының көлемімен шамалас. Ендеше, ғаламшар тұрғындары өздеріне өте ұқсас екені анық. Ендігі алдына қойған мақсаты, үлкен ауылға барып, ондағы тұрғындармен жүздесіп, тілін біліп,  тіл табысып, қоян-қолтық  араласып кету.  Осындай оймен от жағылған жерлерді бірнеше рет айналып жүріп өтіп жспарын жасауға кірісті. Сөйте тұра шығыс көкжиектен Жұлдыз көтерілген бойда басталған қызу  тірішілік әрекеттерін тамашалады. Шығыс көкжиектен Жұлдыз көтерілген мезетте оның шапақ сәулелері ағарып, артынша сарғыштана берді. Содан соң сарғыш түс қызыл түске айналды. 

       Содан соң қайта ағарып барып көкжиектен қылт етіп Жұлдыз көтерілген болатын. Жұлдыз сәулесіне шаттанғандай құстар сайрап ала жөнелді. Жасыл өсімдіктердің бұтақ-бұтақтарында қоңыр, жасыл түсті жәндіктер тынымсыз секіріп жүрді. Қанаттары неше түсті жәндіктер де гүлден гүлге қонуда. Көгал арасындағы майда-майда жәндіктер де тірішілік әрекеттеріне белсене кіріскен. Жұлдыз көтерілген сайын көкжайлаудың түнгі салқын ауасы жылынып, тірі атаулының бәрі де қызу тірішілік әрекетіне енген. Батыл ол әрекеттердің бәріне зор ынта-ықыласымен, бар ынта-жігерімен ұзақ қарады. Өзі бұл жарық та жылы дұһүниеге шыр етіп келгені осындай ғажайыпты көрсейші! Қандай сүреңсіз, көңілсіз табиғат ортасында өсті. Ал мынау кең жазира дала, тау мен тас, өзен мен көл, теңіз бен мұхит, қалың орман, таза ауа керемет-ақ! «Мен енді бұл ғаламшардан ешқашан да кетпеймін! Мынандай ғажайып әлемде, мынандай жасыл өсімдіктердің үстінде жатып  мәңгілікке көз жұмсам да армансызбын!»,-деп, өзіне өзі серт берді.

       Сөйтіп тұрғанда тау басынан тас-тасты сықырлата жүрген жабайы жануарлардың дыбыстары да жетті  құлағына. Таң мезгілінде ғана өзінің бір топ жабайы жануарларды қуалап, бірін ұстап, азық етті. Енді олай қарай барудың еш қажеті жоқ. Өзінің түпкі мақсаты осы тауда жабайы жануарларды қуып, ұстап жеп, өмір сүре беру   емес. Осы ғажайып ұлы табиғатты  қорғап, аялап жүрген дана халықпен жүздесу, олардың тілін, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін  білу, араласу, осы өмірге қалыптасу. Бірге өмір сүру. Осы ортада біржолата қалу. Осындай мақсаттар Батылды алыстан менмұндалаған үлкен ауылға қарай жетеледі. 

       Олай қарай жүруден бұрын Батыл түндегі от жаққандардың отырған орындарын тағы бір айналып қарап шықты. Ондағы  ішкі бір мақсаты, «Сол жерде жастардан киім-кешек қалып қоймады ма екен» дегені еді. Одан алыстай бастаса да от орны қарайып көрініп жатты. Ғажайып табиғаттағы жасыл әлемге жастардың осындай қара күйе таңба қалдырғаны Батылға  ұнай қоймады. Ұлы табиғаттың бүлінуінің оттан басталатынын өзі о бастан жақсы біледі. Одан ұзап бара жатса да, Батыл ол жаққа қайта-қайта таңдана қараумен болды. Өсімдіктер әлемінің отқа күйгені өз алдына, ол жерде жастардың ас жеген, су   ішкен ыдыстары мен ас қалдықтары да шашылып жатты. Маташатырлар тігілген жерлер алыстан тықырланып көрінеді.

        Батыл осы көріністерге сәл де болса ренжігендей болып келе жатыр еді. Кенет қарсы алдындағы шағын шұқыр ішінде жатқан сәл ескілеу  киімдерге көздері түсті. Алып қараса, тауға шыққанда киетін киімдер екен. Батыл оның шаңын қағып-қағып жіберіп, бойына өлшеп көрді. Содан соң   үстіне киіп еді, ол денесіне сәл тарлау келді. Сонда да өзінің ғарышкерге арналып тігілген киімінің сыртынан киіп алды. Ол жерден ескі қалпақ та табылды. Оны басына киді. Жол-жөнекей қураған ұзын ағаш та кезікті. Оны оң қолына  ұстады. Енді сыртынан қараған адам өзін «Өзге жұлдыз жүйесінен келген адам» деп еш ойламас еді. Тек  жылдам жүрісі ғана бөтендігін танытатындай. «Ауыл шетіне жеткен соң жүрісімді де  түзермін» деген оймен жалғыз аяқ жолмен төмен қарай түсе берді. 

                                                   Ауыл  әсері 


              Батыл шоғырлана орын тепкен мың-сан  үйлерден тұратын  Арқарлы ауылы маңына жеткенде оның  тұрғындары абыр-сабыр еді. Ауыл тірішілігі осы кезге дейін өзі көрген тірішіліктен әлдеқайда басқаша екен. Баяу  ғана өтіп жатқан қым-қуыт әрекеттер. Ауыл сыртына қарай топ-топ Сиырлар мен Қойлар өріп кетіп барады. Олардың ізінде адамдар. Кейбір тұрғындар көше бойында кездескен бойда тұра қалып әңгімелеседі. Ойнап жүрген жас балалар да жеткілікті. Биік өскен ағаштардың бастарында түрлі құстар ара-тұра сайрап қояды. Анда-санда жай ғана соққан самал жел ағаш жапырақтарын сылдырата қозғайды. Беткей-беткейлерде малдар да өсімдік  бастарын сытыр-сытыр еткізіп, өсімдіктерден жеп, басқа ештемемен істері жоқтай қырға қарай өрлеп барады. Көше бойларында ара-тұра Батыл  үшінөте қарапайым техникалар да кездесіп қалады. Атқа, басқа көліктерге мініп алып жолға шығып бара жатқандар да жетерлік. Осының  бәрін де Батыл алыстан, көзілдірігі арқылы мұқият бақылап-барлап тұрды. Ал оны ауыл тұрғындарының ешбірі аңғармады. Батыл тіпті, ауыл көшесінің бойымен жайымен ғана жүріп өтсе де екінің бірі «Кімсің?» дей қоймайды. Өйткені, Батылдың сырт тұрпаты тауға шығып келген адамнан аумайды. Үстінде тауға шығуға арналған киім, басында қалпақ, оң қолында таяқ, көздерінде күрделі көзілдірік. Ол енді көзілдірігін бір сәтке де шешпек  емес. Шешсе, бар ғаламат көріністерден мақұрым болады.  Ауыл көріністерін сол түрлі түсті қалпында көре алмайды. Ол ол ма, алыстан көретін қабілетінен де айрылады. Сондықтан  көзілдірік  енді ауадай қажет. 

       Батыл енді  сынақ   үшін ауыл ішін жаяу  аралап өтпек ойға келген. Өзі тұрған төбе басынан жайымен төмен түсіп, ауылды қақ жарып жатқан кең көшеге қарай бұрылды. Бұл кезде ауыл тұрғындары ірілі-ұсақты малдарын өріске шығарып, таңғы анау-мынау жұмыстарын аяқтап, астарын ішуге отырған. Батыл үлкен көшеге түсіп, баяу басып келеді. Өзіне бейтаныс ғаламшардағы үйлердің ерекшеліктері де көз тартады. Әрбір үйге тоқтала қарайды. Үйлердің аулалары кең әрі тап-таза. Кей үйлерде Иттер бар. Олардың бостары мұның бөтен екенін алыстан иіскеп сезгендей жүгіріп шығып, арпылдап ала жөнелген. Сол кезде барып кей  үйден үй иесі мен жас бала шығып, мұның түр-тұрпатына, жүріс-тұрысына таңдана қарады. Батыл оларға назар аудармағандай күйде жүрісін жалғастыра берді. Егер сасқалақтап, оқыс қимыл-әрекет жасаса, ауыл Иттері де арпалдасып қоя бермек. Адамдар да жиналып қалмақ төңірегіне. Соның өзінде де кейбір бос Иттер арпылдап жанына дейін келген. Батыл ұзын таяғымен қайтарып қойды оларды. Оны байқап қалған иелері Иттерінің аттарын атап шақырып алып жатты.

       Бірақ ауыл тұрғындарының біреуі де мұның ауыл тұрғыны емес екеніне күмән келтіре қоймады.Тек  зерделілеу  бір әйел:

       -Мына бір адам қайдан келген өзі? Киім киісі де, жүріс-тұрысы да бір қызық екен. Қай ұлттың өкілі екенін де түсіне алмайсың? – деп қойды жаныдағысына.

       -Кім біледі, соңғы кездері ауылымызда бөтен адамдар жиі қараң беретін болды,-деп, екінші әйел көзін сүзе қарады бұған.

       Батыл ол сөздерді түсінбесе де түсінгендей оларға бір қарап қойды. Оң қолындағы ұзын таяғын жерге тықылдатып, көше бойымен ұзай берді. Әлгілердің бірбіріне айтқан сөздері құлақтарына ап-анық естілді. Тек   түсініксіз. «Мен жөнінде не айтса, соны айтсын, тек өзіме ештеме демесе болғаны»,-деп ойлады Батыл. Өзінің басты тілегі де сол еді. Ауыл шетіндегі бір үйдің тұсына келгенде, оның ауласындағы керілген жіптерге ілінген ер адамның бірнеше киімдерін көрді. Барлап қараса, ол киімдер өзіне шақ келетін сияқты. Соған қадалды. Байқаса, бұл үйдің тұрғындары аз уақытқа бір жерге кеткен. Ауласында Иті де жоқ. Сонда да сақтық жасап, әрі өтіп, ауыл шетіндегі бір биік төбенің басына шығып, айнала-төңіректі тамашалады, әлгі үйдің ауласын бақылады. Ол үйден сыртқа тырс етіп ешкім шықпады. Тек  қаңғып жүрген бір бөтен Ит ауладан әлдене іздегендей жерді иіскелеп-иіскелеп, өз жөнімен кетті. 

       Батыл енді сол жаюлы тұрған ер адамның киімін алып киіп алуды ойлады. Бұл ғаламшардың, мына ауылдың тұрғындары өзінің жылдам қозғалысын көріп үлгере алмайды. Батыл көзілдірігін екі қолымен нықтап алды да, үй ауласына лып деп жылдам енді. Жаюлы тұрған киімдер самал желден әлдеқашан кеуіп үлгерген екен. Батыл енді тап бір сахнада өнер көрсетіп тұрған сиқыршылар сияқты әрекетке көшті. Үстіндегі ескі киімдерді тез шешіп, жаңа киімдерді киіп алды. Жан-жағын тез-тез бақылап алып, үй ауласынан төмен қарай жүріп, қалың бағының ішіне еніп кетті. Үй ішінен сыртқа тырс етіп ешкім шықпады, көшілері де байқамады мұны. Шамасы, бұл  үйдің  тұрғыны мал өргенде көршісінің  үйіне еніп, дастархан басына отырса керек. Батыл осылай тұжырыдмады ойын.   Бақ сыртына шыққан Батыл енді киімі тап-таза ауыл тұрғыны болып шыға келді. Ескі киімдепрін өзен суы жағалауындағы бір шұңқырға тастап, оттығымен тұтаып жіберді

       Бұл кезде көрші үйде емен-жарқын әңгімелесіп, таңғы астарын ішіп отырған ер кісі мен әйел кісі осы үйдің Итінің шектен тыс арпылдап жөнелгеніне алаңдап, сыртқа шыққан. Алғашыда үйден шыққандардың ешқайсысы ештемені түсінген жоқ. Ит  қарап үріп тұрған жақтан да ештеме көрінбеген. Ауыл жағдайында көршілер осылайша бірінің үйіне бірі келіп, емен-жарқын әңгімелесіп, бірге таңғы асты да, түскі, кешкі асты да бірге іше береді. Тіпті, келген бойда: «Шайларың бар ма?», «Шай қойыңдар, біршама әңгіме-дүкен құралық» деп тіке айта салатындар да бар. Ауыл тұрғындарының балалары да бірінің үйіне бірі барып қона да береді. Осындай тамаша араласымды Батыл да сезіп үлгерген. Мұндай саналы да салуатты адами араласым Батыл  ғажайып жаңалық еді. Адамгершіліктің жоғарғы  үлгісі де осы ауылда екен. Ал Батылдың еліндегі адамдар бір біріне сенбейді, біріне бірі жақындай бермейді. Есікпе есік көрші тұрса да, бір бірін танымайдцы. Бұл адами азғындықтың өкінішті көрінісі еді. 

       Көрші Әділбек пен Жаншаның  үйінен таңғы ас пен шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып шыққан Ертіле пен Жамал өз  үйлерінің ауласына қарай бет алған. Екеуі  түнгі ұйқыларынан таңалагеуімнен тұрып, малдарын өріске шығарып болған соң осы үйге бас сұққан. Әділбек пен Жаншаның да таңғы жұмыстарын бітіріп, үйлеріне кіргендері сол екен. Көршілері келген соң дереу  дастархан жайып, самаурынға шай қойған. Көршілер бір бірімен көптен бері осылай араласады. Бір бірінің көңілін қалдырған емес. Араларында: «Мына менің үйім», «Мынау сенің  үйің», «Сенің шайың», «Менің шайым» деген артық сөз жүрген емес. Қай кезде де бір бірімен осылай араласып-құраласып жүргені. 

       Өз үйлерінің ауласына келген бойда Ертілес көршінің Иті қарап  үрген жақты барлады. Бірақ  ештемені байқай алмады. Кейбір Иттің бір жаққа қарап үре беретін әдеті де болады. Ертілес «Ол Ит жай үрген болар» деген оймен үйіне қарай бұрыла беріп еді, сол кезде Жамал жіпке жайған ерінің киімдрінің жоқ екенін аңғарып қалды. 

       -Ертілес-ау, таң атпай жуып-шайып, ана жіпке жайып іліп қойған сенің киімдрің жоқ қой! – деп дауыстап қалды. 

       - Не дейсің? – деп Ертілес солай қарай ұмтылды.

        - Не болды, көршілер? – деп Жамалдың дауысын естіген Жанша шықты үйінен. 

       -Не болды? Киім жоғалды дейсіңдер ме? – деп, Әділбек те жақындай берді бұларға.

       Бұл кезде Жамал кірлері жайылып ілінген ұзын жіпке жақындап та қалған еді. Расында да жіпте ерінің киімдпрі жоқ. Ертілестің жүрегі лүп ете түсті. Бірақ сыр берген жоқ.  Бір ұрының  киімдерін олжа еткені түсінікті еді. Тек таңғалғаны, осы кезге дейін бұл ауылда көшеде жатқанине жоғалған емес-ті. Тағы бір таңғаларлығы, әншейінде бөтенге қора-қора болып арпылдай жүгіретін Иттерге не болған? Бұл сұрақ көрші-қолаңдардың қай қайсысын да мазалаған. Жамал жіп бойындағы кір қыстырғыштарын бір бірлеп ала бастады. Киімдер олқыстырғыштардан еппен ғана алынған. Кейбір қыстырғыштар жіптің басқа жағына қарай ысырылған. Осы кезде Әділбек пен Жанша да келіп жетті. 

       -Ойпырмай, киімдерді бір шәй  үстінде ұрлап алып кеткен қандай жылдам адам! – деп Жанша Жамалға қадала қарады.

       -Түсінсем бұйырмасын! –деді  Жамал  оң қолы уысындағы кір қыстырғыштарға қарап қойып,- ерімнің жап-жаңа киімдерінен айырылып қалғанымызды қарашы. Ауылдың маубас Иттері де мүлйімсіп қалыпты. Баяғыда айтып едім Ертілеске, «Бір жақсы күшік асырап алайық» деп. 

       Жамал осыны айтып, Ертілеске жақтырмаған көздерімен бұрыла қарады. Ол қою қара мұтын сол қолының екі саусағымен сипап өтіп, айнала-төңірекке көз тастап алды да:

       -Қайтеміз, енді, ұрланса! Алған адам соны дүние ете қойсын!  Жарайды. Ауыл Иттерінің не күнәсі бар мұнда. Бәлкім, ол адамнан Иттердің өздері де қорыққан болар. 

       - Әншейінде алыстағы Қоянды алатын ауыл Иттерінің ол адамнан қорқа қалғанына мен сене қоймаймын. Мұнда бір құпия сыр бар,-деп, Жамал бақ ағаштарына қарап. 

       Мұны естіп тұрған Әділбектің Иті жақтырмағандарын сезгендей құйрығын бұлаңдатып, өзінің үйіне қарай шауып жөнелді. Тұрған төртеу  әлі ештемені түсіне алар емес. «Сонда киімдрді  ұрлаған адам қандай адам болды. Қалай көзге түспей ұрлпа үлгерді?» деген ой қай қайсысының да басында бар еді. Ертілес, көршілерінен ұялғанынан өзін өзі ұстап, оң қолының саусақтарымен басындағы шашын сипады да:

       -Жарайды, таралық. Сіздерді де мазалап алды-ау! Айып етпеңіздер! Адам бар жерде зат та бар. Бәрі табылады,- деді жай ғана жанындағы Жамалға бұрыла қарап.

       -Оқасы жоқ,-деді оған Әділбек,- таңғы асты да дұрыстап ішпедіңіздер. Жүріңіздер үйге!

       - Жоқ,ә. Таңғы асты тоя жедік, шійді қанғанымызша іштік.  Одан да енді біздің  үйден шій ішелік!- деп, Ертілес басын тағы қасып еді, Жамал:

       -Таңғы асты тастамас болар. Болар іс болды. Ұрланар киімдерің ұрланды. Енді жүр, әділбек пен Жаншаның үйндегі шәй ішуімізді  жалғастырайық,-деп қайырып тастады.

       Ертілес әдеттегі момындығына салып, Жамалға қарсы келмеді. Содан төртеуі  қайтадан шыққан үйге қарай беттеген. Әлгі Иті қайтып көрінбеді. Үй артындағы ағаш үйшігіне кіріп, оралып алып, тылсым  ұйқыға кірісіпті. Көршілер шій үстінде әлгі ұрланған киімдер жөнінде біршама әңгіме қозғады. Содан соң басқа тақырыпқа ауысты. Шәйдан сооң әркім өзінің жұмысымен айналысып кетті.

       Ал бұл кезде Батыл сырт кетіп, биік төбе үстінен ауылды тамашалап тұрған еді. Оның осындай жылдам қозғалысын ауыл адамдары әзірге бақай алған жоқ. Оған Батыл көз жеткізді. Ауылдың Иттері де қуып жете алмайды екен. Бірақ  Иттер бөтенді жақсы сезеді. Сондықтан  Батылға негізгі қауіп сол Иттерден төнбек. Иттердің  көздерінің көру  қабілеттері де өздерінің көздерінің көру қабілеттеріне ұқсас болып шыққандай болды. Киімдерді алған үйдің көршісінің Иті көп нәрсені сезгендей де еді. Тек ол өзін қуған жоқ. Ал ауыл адамдары Иттің бұл  сезгіштігін аңғармаған. Ауыл адамдарының аңғалдықтары соншща, өзі көше бойымен жүріп қткенде де аса мән бермеді. Олар енді тіпті де білмейді. Батыл өзінше бір қулық жасадым деп ойлағанымен ауыл адамдарының  пәк сезімдері мен адал қасиеттеріне іштей сүйсінді. Мұндай әрекетке баруының өзі де бұған дейін өз елінде алған теріс тәрбиесінің нәтижесі еді. Елінде бәрі санаулы, бәрі есептеулі болғандықтан адам баласының бір біріне деген дархандығы тарылған. Мынау менікі, анау сенікі дегенге келіп тірелген. Бір біріне деген жанашырлық қасиеттері мүлдем жойылған. Адам өліп жатса да ешкімнің жаны ауырмайды. 

        Батыл осыны өкінішпен есіне алып, екі әлемді бір бірімен ойша салыстырып қойды. Ауылдың тыныш өмірі, адамдарының бір бірімен аралас-құраластығы Батылға үлкен ой салды. Өзі әзірге ауылдағы ешбір үйге мейман болып бас сұқпаса да олардың қалай қарсы алып, қалай күтетіндерін іштей сезіп-ақ тұр. Жаңа ғана өзі алып, киіп алған киімдердің иелері қандай сабырлы адамдар еді. Бір бірімен ұрысқан да жоқ. Емен-жарықн күйде әңгімелері мен ас ішулерін жалғастыра берген. Недеген достық,недеген түсіністік. Батыл саналы адам баласының бір бірімен қандай қарым-қатынаста болуы керек екенін енді ғана түсінгендей болды. «Егер бұл ауылдың адамдарымен жүздесіп, танысып, түсінісіп, қандай да бір жұмысқа орналасып кетсем, алған киімдерімді екі есе етіп қайтарар едім»,-деп те бір ойлап қойды ішінен. 

       Ауыл адамының киімдерін киген соң жергілікті тұрғын болып шыға келді. Енді көрген адам өзін бөтен елдік десе де, бөтен ғаламшарлық деп еш ойлай қоймайды. Иық қоржынынан кішкентай айнасын алып бет-әлпетін, шашын түзеді. Содан соң иық қоржынындағы ғарышкерге арналған жұқа комбинезонын жоюдың әрекетіне көшті. Тасты  қилардың біріне шығып, бірнеше тастан шағын ошақ  жасады. Оның  ортасына комбинезонын тастап, от тұтатқышымен лап дегізіді. Онан кейін иық қоржынын да өртеді. Енді көзілдірігінен басқа артық заты жоқ. Кобинезонын сақтаса, онда өзінің бөтен ғаламшардың ғарышкері екені бірден айғақталмақ. Ал оттық қашан да керек. Онымен кез келген сәтте ас пісіре алады. Көзілдірік мына ғажайып табиғатты өз қалпында көруге, одан тамаша ләззат алуға қажет. Осы екеуі. Қалғанын жойды. Үстіндегі киімі де өзіне жарасып-ақ  тұр. Нағыз осы Жердің, осы ауылдың адамына айналғандай. Бірақ ауылға бару әлі ерте. Сондықтан Батыл тау жаққа қарай өрлеп, өзіне жайлы, уақытша өмір сүре тұратын шағын үңгірді іздеді. Көп кешікпей оны тапты да. Енді сол үңгірде көзілдірігіне жазып алған сөздер бойынша ауыл адамдарының тілін үйренбек. Оны алдына басты мақсат етіп қойды Батыл.


Алғашқы қоңырау


Осы күндерде Батыл Арқарлы ауылының мектебін қарауылға алған. Өйткені, ол осындағы білім ордасы. Бүгінде оның ішкі жағында  тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан. Ал осыдан бірнеше күн бұрын мектептің сырты, ауласы тазаланған болатын. Енді көзілдірігімен көргендей, мектептің дәліздері, ішкі бөмелері сырланған, әктелген, реттелген. Сөйтіп, білім ордасы өзінің әдемілігімен, сән-салтанатымен Батылдың көзінің жауын алды. Батыл беймезгіл кездерде мектеп үйіне жақындап, оны тамашалап, қайта кетіп жүрді тауға. Сол ауылға жақындаған мезеттерінде ауыл адамдарының арасында ұрланған киімдер жөнінде әңгіменің тарай бастағанын да сезді. Ол сөздердің біршамасы өзі жайында. Өйткені, ауылдың басты көшесімен жүріп өткенде  өзін талайы байқаған. 

       Ауыл ішінде кім жүрмейді. Сырттан келетін адамдар да болады. Бірақ Батылдың дене мүсіні де, жүріс-тұрысы мен көзілдірігі де бөлекше еді. Сондықтан мұның отбасы жоқ адам екенін ауыл адамдары бірден аңғарғандай. Сол тұрғыда алғашында ешкім де бұған мән беріп қарамаған еді. Батылдың қайда тұрып, немен тамақтанып жүргенінен де бейхабар әзірге ауыл адамдары. Ал Батыл болса, ауыл маңындағы таудан жабайы жануарлар мен құстарды оп-оңай ұстап, еттерін отқа қақтап жеп жүр. Ауылға жақындай алмайды. Тұрғындардың тілін де толық игере алмады. Оны үйртетін ешкім жоқ жанында.

       Сөйтіп жүргенде өзі бақылап   жүрген мектепте адам баласы көбейе берді. Батылдың жобалауынша, бұл мектепте оқу жылы басталған. Мектепте сол үшін алдын ала көптеген жөндеу жұмыстары жүргізілген. Батыл жылдам қозғалып, мектептің іші-сыртын көріп те шықты. Мектеп үйін қызықтап қарап жүрген Батылға ауласында ойнап жүрген жас балалар онша мән бермеді. Олар мұны мектептегі жөндеу жұмыстарына келген адам ба деп қалса керек. Содан көп кешікпей мұнда үлкен жиын басталды. Оған балаларын ерткен ата-аналар да келген. Оқу үйінің басшысы да, мұғалімдері де бұл жиынға мұқият дайындалған екен. Жоғрғы сынып оқушылар мұғалімдерге көмек көрсетіп жүр. Батыл да енді көпшіліктің бірі болып, көзілдірігін тағып,  жиынға жақындаған. Көшеде кезіккенде де онша мән бермейтін ауыл тұрғындары мына абыр-сабыр жиында Батылға бұрылып та қарамады.  Батыл енді «Бірінші сынып», «Екінші сынып», «шінші сынып», «Төртінші сынып», «Бесінші сынып», «Алтыншы сынып», «Жетінші сынып», «Сегізінші сынып», «Тоғызыншы сынып», «Оныншы сынып» деген сөздерді естіді.  Ол сөздерді ішінен қайталап айтып тұрды. Оқушылар осы айтылған рет сандар бойынша бір қатарға тұрды. Мектеп табалдырығын алғаш аттап тұрған жас бүлдіршіндер тіпті де сүйкімді еді.

      Осыдан соң бір ересек оқушы қолына кішкентай қоңырауды алып сыңғырлатып тұрғандарды айналып өтті. Бұл Батылдың түсінуінше, мектепке алғаш келген бүлдіршіндерге арналған алғашқы қоңырау  екен. Қоңыраудан кейін ересек оқушылар мектепке жаңа келген бүлдіршіндерге гүл мен түрлі сыйлықтар берді. Олардың дені негізінен шағын-шағын суретті кітапшалар еді. Батыл ол суретті кітапшарардағы жазуларды оқи алмады. Тек кітапшаның әдемі безендірілген мұқабасына қрап тұрды. Жиын барысында меткеп басшысы сөз алды. Одан кейін мұғалімдер, оқушылардың ата-аналары өз ретімен сөз сөйледі. Батыл олардың да не жөнінде айтқандарын  түсіне алмады. Бірақ олардың негізгі мақсат, бағыттары мен тілектерін сеінді.

       Жиын аяқталған соң мектепке алғаш келген бүлдіршін оқушылар ішке қарай бет алды. Оларды мұғалімдері бастап жүрді. Топқа оқушүылардың ата-аналары, олармен бірге Батыл да ерді. Әлі ешкім бұған «Сен кімсің?» деп сұрау сала қараған жоқ. Ата-аналардың қуаныштары болса да шексіз. Бір бірімен емен-жарық сөйлесіп, балаларын жетектеп, мектеп үйінің екінші қабатындағы сыныпқа қарай асып көтеріліп барады саты-тепкешекпен. Батыл ешкімге жақындамайды, ешқайсысымен сөйлеспейді. Өзіне қарап сөйлеп қалғандарға басын сәл изеп қоя салады. Кейбіреулері ғана бұған бұрыла қарап: «Бұл өзі қайдан келген адам?», «Сөйлемейді, тілі жоқ па?» дегендей болады. Расында да, Батыл дәл қазір ауыл тұрғындарына тап бір мылқау адамдай көрінген еді. Бірақ оның басты мақсаты қалай дегенде де қазақ тілін біліп, қазақша таза сөйлеу-тін. Олай етпесе, мұнда өмір сүру қиынға соқпақ. Ауыл сыртындағы таудағы   үңгірде қашанғы жападан-жалғыз өмір сүрсін. Туылғаннан у-шуға құлақтары үйренген басы енді тау тыныштығынан жалыға да бастағандай. Адамдарды ізейді жаны.

       Шамалыдан соң ата-аналар да, мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушылары да сыныпқа кіріп, парталаға жайғасты. Батыл да соңғы парталардың ірінен орын алды. Бірақ орын жетпегендіктен Батыл қайта тұрып кетті. Байқауынша, мұнда ер кісілер әйел кісілерге құрмет көрсетіп, орын береді екен. Батыл соны байқаған. Тек осы кезде бірнеше адам Батылдың бет-әлпетінің, таққан көзілдірігінің бөлекше екенін аңғарып, бұған бажырая қарасып қалды. Батыл одан ыңғайсызданып жүзін басқа жаққа бұрып әкетті. Оны көрген басқалар да Батылға назар аударып, әлденеі айтпаққа ұмтылып еді, тақта жақта тұрған мұғалімнің сөзі ол ойларын бөліп кетті. Мұғалм толқулы болғандықтан дәл қазір сыныпқа кімнің кіріп, кімнің шығып кетіп жатқанын анық аңғара алмады. 

       -Сәлеметсіңдер ме, балалар! – деп бастады мұғалім олармен жаңа ғана көріскендей болып.

       -Сәлеметсәіз бе, Еңлікгүл апай! – деп шу ете тсүті балалар балабақшада үйренген сөздерін қайталап. 

       - Мектеп табалдырығын алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын! Сендерді өте жақсы оқитын оқушылар болады деп сенемін. Ал енді алғашқы сабағымызды бастайық. Қане, қандай әріптерді білесіңдер?

       - Барлық әріптерді білеміз балабақшадан! – деді бір бала орнынан тұрып. 

       - Ой қандай тамаша! Отыра ғой,.орныңа.  Дегенмен, ол әріптерді есіміге түсіріп көрейікші. Әріптерді балабақшадан білеміз дедіңдер. Солай ғой?

       - Солай! – деп тағы да шу  ете түсті балалар. 

       - Жақсы, балалар. Қане, енді сол әріптерді танып, дауыстап қайталап айтып көрейік.

      Мұғалім үлкен тақтаның бір бүйіріндегі қызыл түсті түймені оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқып қалды. Артынша тақтаның жоғарғы тұсынан қызыл түсті шам  жанды. Батыл сол сәт ондағы әрпке қадала қарады да, көзілдірігінің сол шетіндегі бір тетікті сол қолының сұқ саусағымен сырт дегізді. Мұнысын байқаған әйелдердің бірі қадала қарап қалды бұған. Батыл оны сезсе де ештемені елемеген адамдай тұра берді. Әйел ішінен: «Мынау өзі аудан орталығынан алғашқы сабақты бақылауға келген біреу ме?» деп бір ойлап, Батылға қадала қарағанына ыңғайсыздық танытқандай боып, енді қайтып қарамауға тырысты. Осы кезде Еңлікгүл.

       - Қане, балалар, кім айтады, тақтадағы мынау қандай әріп?

       -Ол – «А» әрпі! – деді бір бала бәрінен де бұрын дауыстап.

       -Ал мынау  ше?

       -Ол – «Ә»  әрпі! – деп, бір қыз айтып үлгерді.

       -Мынау?

       - Ол – «Б»! – деді келесі бір ұл бала.

       Осылайша қазақ әлипбиінің барлық әріптері аталынып шықты. Соның артынша Батылдың көзілдірігінің жоғарғы тұсындағы жолақ экраннан айтылған әріптердің бәрі тізіліп қайта өтіп жатты. Бұл көріністі сыныптағы кейбір зерек ата-аналар ғана байқап қалды. Бірақ ешқайсысы да ештеме деген жоқ. Бәрінің де есіл-дерттері өздері мектепке жетектеп келген балаларында еді. Еңлікгүл де балалардың жауаптарының дұрыстығына риза болған. Содан соң ол балалардан сандарды сұрауға көшт.

       -Балалар, сендер нешеге дейін санай білесіңдер? – деді тақтаға жақын тұрып.

       -Мен жүзге дейін санай аламын! – деді бір қыз сол замат отырған орнынан ұшып  тұрып. 

       -Жақсы, отыра  ғой орныңа. Енді санап көрейік!

       Мұғалім тақтаның сол шетінен тағы бір түймені нұқыды сол қолының сұқ саусағымен. Табло-шамнан «1» саны көрінді. 

       -Бұл – «1» саны! – деп шу  ете түсті балалар. 

       - Мынау?

       - «2» саны!

       - Ал мынау   ше?

       - Ол – «3» саны! – деп жас оқушылар тағы да шу   ете түсті. 

       Осылайша тақта-баблода «1»-ден «100»-ге дейінгі сандар жанып шықты ретімен. Бұл кезде Батылдың көзілдірігінің жоғарғы тұсындағы жолақ экранда да сандар ретімен жылдам ауысып жазылып жатты. Мұғалім бұдан кейін балаларға жалпы табиғат жөнінде не білетіндері жөнінде сұрақ  қоя бастады.

       -Балалар! – деді ол көңілі көтеріліп, - әрптер мен сандарды жақсы біледі екенсіңдер. Ал енді табиғатта неше түс бар екенін білесіңдер ме?

       - Білеміз! – деп хормен дауыстады жас оқушылар.

       - Неше?

      -Көп!

      -Қане, кім айта алады, қандай түстер бар?

       Алдыңғы партада отырған бір ұл бала оң қолын көтерді.

       -Айта ғой!

       -Қызыл, Сары, Жасыл, Көк...

       -Жақсы. Тағы қандай түстер бар табиғатта?

       Кішкентай қыз бала оң қолын парта үстіне тікейде қойды.

       -Сен айтасың ба, қане...

       -Қызғылт, Сарғылт, көгілдір, Күлгін...

       -Жақсы, балалар. Табиғаттағы түсті де біршама біледі екенсіңдер! – деп мұғалім әуелгісінен де жадырай түсті. – Естеріңде болсын, табиғатта көптеген түстер бар. Өсімдіктердің, гүлдердің, жануарлар мен құстардың түстері де әр түрлі келеді. Дүние әлемі осынысымен ғажайып! Егер түрлі түстер болмаса, табиғат сүреңсіз болар еді. Өзіміз өмір сүріп жүрген Жер ғаламшарымыз Күн жүйеміздегі әзірге жалғыз тірішілікті ғаламшар! Ал тірішіліксіз ғаламшарларда түрлі түстер жоқ.  Сондықтан Жер ғаламшарымыздағы ғажайып табиғатты қашан да көзіміздің қарашығындай қорғай білуіміз керек! Түсіндіңдер ме, балалар?

       -Түсіндік, Еңлікгүл  апай! – деп балалар шу етті. 

       - Жаңа сыртта сендердің алғашқы қоңырауларың соғылды, мына  алғашқы сабақтарың басталды. Енді  сендер оқушы болдыңдар. Сабақрарыңды жақсы оқитын болыңдар. Қолдарың бос кездерде ата-аналарыңа қолғабыс тигізіңдер. Солай ғой?

       -Солай, Еңлікгүл апай! – деді хормен балалар. 

       -Ал, ендеше, білім теңіізінде сәтті сапар болсын! – деді мүғалім парталарыдң соңғы жағында бірнеше ерлермен бірге түрегеп тұрған бейтаныс, көзілдірікті адамға ара-тұра көз салып, - осымен алғашқы сабағымыз аяқталды. Келген ата-аналарға мың да бір алғыс!

       Парталарда отырған жас оқушылар отырған орындарынан дүркірей көтерілді. Ата-аналар да өз балаларына ие болып, сыртқа қарай беттеген. Кейбіреулері мұғалімді қоршай тұріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қоюда. Осы кезде манадан бақылауға алған әйелдердің бірі Батылға жақындап, тілдеспекке ыңайланған еді. Оны сезе қойған Батыл жайымен сыртқа қарай ысырыла берді. Әйел – Жамал еді. Өткенде үйінің ауласындағы кір жайғыштан ізім-ғайым  ұрланған киімерден аумаған киімдерді Батылдың үстінен  көріп, не дерін білмей оны бақылаумен болған-ды. Енді соған анық  көзін жеткізу  үшін Батылға жақындамақ еді. Батыл сыртқа қарай әлі ысырылып барады. Жамал одан жылдамырақ қозғалып, дәл қарсы алдына келді де:

       -Кешіріңіз, сіз осы ауылда тұрасыз ба? – деді.

       Батыл қапелімде не дерін білмеді. Қазақ  тілін әлі толық меңгере қойған жоқ-ты. Бірақ жаңа ғана электронды тақта-таблодан көрген әріптерден сөз құрастыруға олатынын білген. Кішкене кідірді де:

       -Осы-ын-да  тұ-ра-мын! Деді ежелей жай ғана сөйлеп.

       Жамал оның бет-әлпетіне көздерін қадай қарап, тұла бойын түгел шолып өтті. Үтсндегі киімдерінің жуылғаны, кепкені, өтектелмегені анық байқалып тұр. Осыны іштей сезсе де Жамал бейтаныс жігітті мына көпшіліктің көзінше ұятқа қалдырмайын деген оймен өзін өзі ұстап, сәл кідірді де:

       -Қазақ  тілін жаңа үйреніп жүрген өзге ұлттың өкілі екенсіз ғой, - деді жан-жағындағыларға қрап қойып.

       - Жа-ңа-дан... – деді Батыл. 

       Осы кезде мұны байқаған мұғалім Еңлікгүл бері қарады. Өзін қоршап тұрғандар да, басқалар да Батыл мен Жамалдың сөздеріне назар аудара бастаған. Еңлікгүлдің астанада Педагогикалық  институтты бітіріп, туылған ауылына келгеніне биіл екінші жыл. Осы уақыт ішінде дәл мынандай денелі, көздеріне көзілдірік таққан жігітті кездестірген емес бұл ауылда. Сырттай қарағанда, сабырлы, білімді, мәдениетті сияқты. Тек  сөйлеуі мен ауыл тұрғындарына деген көзқарасы бөлектеу.  Көзілдірігі де ауыл тұрғындары тағатын көзідіріктердің ешбіріне ұқсамайды. Қлаққа ілінетін саптары да жуан. Сонысына қарағанда көзілдірікте түрлі күрделі микрожүйелер орнатылған. Еңлікгүл бірнеше секунд ішінде осыларды ой елегінен өткізіп  үлгерді. Содан соң жігітке жақындап келіп:

       -Сіздің  балаңыз қайсы? – деді жай ғана.

       -Ба-ла жоқ! – деді Батыл қазақ тілінде алғашыдан анығырақ сөйлеуге тырысып, - ме-н са-ба-ақ  тың-дау-ға кел-дім!..

       Еңлікгүл де, басқалар да аң-таң. Бәрі де бейтаныс жігіттің тұла бойын шолып өткен көздерімен. Мүсіні келіскен-ақ. Тек қазақша таза сөйлей алмайды. Ешкім де бұрын-соңды мұндай  ұлттың өкілін бұл ауылдан көрмеген. Еңлікгүл де осы кеге дейін мұндай жігітті кездестірмеген. 

       -Сіз қайда тұрасыз? – деді сәл үнсіздіктен соң  Еңлікгүл. 

       -Мен... осы ауыл-да...

       Мұғлім айналасындағыларды барлай қарады қарақат көздерімен. Ата-аналар бір бірімен күбірлесіп сөйлесе бастаған. «Мұндай адам жоқ еді ғой, бұл ауылда?», «Бұл өзі қайдан пайда болған?», «Үстіндегі киімдер өткенде Жамалдың ауласындағы кір жайғыштан ұрланған киімдер емес пе?», «Таққан көзілдірігі де бір қызық екен?», «Жүріс-тұрысы, сөйлесі де таңғаларлық» деген сөздер естіліп жатты ата-аналардың күбірлерінен. Сәлден соң Еңлікгүл ол күбірді тоқтатқысы келіп:

       -Құрметті ата-аналар, балаларыңызды  алып үйлеріңізге қайта берулеріңізге рұқсат. Сау  болыңыздар! – деді.

       - Сау  болыңыз, Еңлікгүл апай! – десті шығып кетіп бара жатқан ұл балар мен қыз балалар. 

       - Сізге мол алғыстымыз! – деген сөздер де естіліп жатты. 

       Осындай сөздер айтылып, келгендердің бәрі де сынып ішінен дәлізге қарай шығып кетіп жатты. Батыл ғана сыныптың төргі қабырғасына тақалып тұрып қалған. Жамал да енді Батылдың үсті-басын көздерімен мұқият бір шолып өтіп, не айтарын білмей, сыртқа қарай беттеген.  Енді бір кезде ата-аналардың күбірі мен тырс-тырс еткен аяқ дыбыстары мен сөздері дәлізден естіле бастады. Сынып іші адамдардан босап, тыныштық орнады. Содан Еңлікгүл бейтаныс жігітке тағы бірнеше сұрақтар қоймақ болып басын көтерген еді. Сынып ішінде ешбір жан жоқ болып шықты. 


                                                      Танысу   


       Таңғы мезгілде ауылдың орталық кең көшесі бойымен мектепке қарай асыға басып келе жатқан Еңлікгүл күтпеген жерден өткендегі бейтаныс жігітті  ұшыратты. Алғашқы сабақтан кейін осы жігіттің табан астында көзден ғайып болғанын еш түсіне алмай жүрген. Бірақ ешкімге ол жөнінде тіс жарып айтпаған. Соңғы жағынан пайда болған бейтаныс жігіт өзін әп-сәтте қуып жетті. Еңлікгүл не жүрісін жылдамдатарын, не басқа жаққа қарай бұрылып кетерін білмеді қапелімде. Бейтаныстың ауылдың тұрақты тұрғыны емес екені анық. «Мұнда бір құпия сыр бар»,-деп ойлап үлгерді Еңлікгүл ішінен. «Мына жарықта көше бойында кездесе кеткен бейтаныспен сөйлесемін деп сөзге ілігіп кетпеймін бе?» деп бір ойлады артынан. Ауыл адамдары арасында сөздің тез тарайтыны да белгілі. «Өткенде мектептегі алғашқы сабақта болған жігітпен Еңлікгүл танысп алыпты», «Көше бойында кездесетін болыпты еңлікгүл», «Мұғалім бұлай жасаса, одан білім мен тәрбие алатын бүлдішіндер қайтпек?» деген алып-қашпа сөздердің ауыл адамдары арасында гу ете түспесіне кім кепіл. Еңлікгіүл сол иығынан белдігімен төмен қарай түсіп тұрған шағын сөмкесін көтеріп қойып, кейнгі жағына қарады. Өткенде кім екенін анық білдірмей көзден ғайып болған бейтаныс жігіттің дәл өзі. Соңынан өкшплеп үн-түнсіз жүріп келеді. Сәлден соң  Еңлікгүлмен қатарласа берді де:

       -Сәле-мет-сіз бе? – деді. 

       -Сәлеметсіз. – Еңлікгүл оған қарақат көздерімен бір қарап қойды. 

       - Халі-ңіз қа-л-ай?

       -Халім жақсы. Сіз қайдан келген адамсыз өзі?

       -Мен де осы ауыл-дың тұр-ғы-ны-мын.

       Еңлікгүл іштей толқып келе жатса да, бейтаныс жігіттің қазақша сөйлегенінің өткендегіге қарағанда түзеліп қалғанына сәл де болса іштей жылыды. Ол қатарласқан бойда одан оғңға қарай сәл алыстады да:

       -Сіз қай ұлттың өкілі боласыз? – деді. 

       -Мен қа-зақ боламын,- деді бейтаныс сәл жымиып. 

       - Өз ана тіліңізді білмейсіз бе?

       -Біле-мін.

       -Онда неге өз тіліңізде сөйлемейсіз. «Өз ана тілін білмеген – мақұлық» дейді бізде. 

       -Мақұлық  де-ген не?

       -Мақұлық деген, мақұлық! 

       -Сонда мен ма-құ-лық, ма-құ-лық...

       -Иә, өз ана тіліңізді білмесеңіз, дәл солай боласыз!

       Еңлікгүл бейтаныс жігітке жақтырмай қарап алды. Содан соң  жүрісін әуелдегісінен жылдамдатып, бейтанысқа бұрылып қарамауға тырысты. 

       -Сіз мені кеші-рі-ңіз,-деді жігіт сол кезде, - мен енді екі күн-нен соң жақ-сы сөйлй-тін боламын қазақ тілінде. 

       Еңлікгүл ол сөздерін жақтырмай мыср етті. Содан соң кідіріп, жігіттің тұла бойын, бет-әлпетін қарақат көздерімен тағы бір шолып өтті де:

       -Мына жаста жаңадан тіл үйреніп жүрсеңіз.

       -Сіз маған рен-жі-меңізші,- деді жігіт,- сіздің есіміңіз қа-лай еді?

       - Ендігі қалғаны осы еді!  Сыныпта естіп едіңіз ғой. Еңлікгүл. Мұндай есімді сізге есте сақтау  қиын болар. Ал өзіңізді кім дейміз?

       -Менің есімімнің қазақша баламасы Батыл. Енді таныс бол-дық...

       Арада біраз үнсіздік  орнады. Тек екеуінің қара жерді басып жүрген аяқтарының дыбыстары ғана жай естіледі. Ауылдың тап-таурын  үлкен орталық  көшесінен ара-тұра бұрқ деп түйір шаң да көтеріледі. Шығыс жақтан соққан жеңіл самал жел беттерін өбіп өтеді. Еңлікгіүл таныстық әңгімесімен ертеңгілік сабағына кешігіп қалмау жағын да ойлайды. Мына бейтаныс жігіттің жанына қандай мақсатпен жақындап келгенін, танысуға тырысқанын әзірге түсіне алмады. Ең ғажабы, бұл бейбақтың табан астында пайда болып, табан астында ізім-ғайым болатыны. Әйтеуірі бір жұмбақ біреу. Бір жағынан Еңлікгүл іштей: «Бұл өзі қайдан келген адам? Жүріс-тұрысы өте ширақ. Екеумізді әлдекімдер көресе, өсекке іліп те жібіреді-ау енді» деп те сезіктенді. Бейтаныс жігіт те айтарға сөз тапағандай өзінше ойға батып, үнсіз қалған еді. 

       Осы кезде соңғы жақтан әлдекімнің деміге жылдам аяқ басқан жүрісінің дыбысы естілді. Еңлікгүл кейін қарай жалт бұрылғанда ауыл тұрғындары Ертілес пен Жамал екенін көрді. Екеуі де суыт келеді. Ертілестің өңі сұрланып та кеткен. Біреуге қатты ызалы сияқты. «Жаңа ғана ойлап едім, ауыл адамдарының көздеріне түсемін бе деп» деп ойлап үлгерді Еңлікгүл. Сөйтіп, іштей қатты ыңғайызданып, жігіттен алшақтай берді. Бейтнаыс жігіт те келе жатқандардың әлденеге ызалы көңіл-күйлерін сезген. Жамалды танып, өзінің бір қылмысының ашылатынын сезіне түскендй жан-жағына жалтақ-жалтақ қарайды. Ертілес әйелінен оқ ойы озып, көше шаңын ара-тұра бұрқ-бұрқ еткізіп келеді.  Соңындағы Жамалдың  ақ жаулығы мен етегі ұзын көлегі жылдам жүрісі мен самал желден желп-желп етеді. Бірақ дәл қазір оған назар аударып жүрген ешкім де жоқ. «Бұлар мүмкін, малдарын жоғалтып алып, бізден сұрауға асығып келе жатқандар шығар?» деп бір ойлап үлгерді Еңлікгүл. 

       Ерлі-зайыптылар енді қатарласып,  жүрістерін алғашқыдан да жылдамдата түсті.  Ал бұл екеуі  ештемені  түсінбей келеді. Еңлікгіүл шыдамай соңғы жағына тағы бір қарады да:

       -Ұят-ай, көзге түстім-ау! Екеудің соңғы жағында бірнеше ауыл адамдары да келеді. Алысырақ жүріңізші меннен! – деп Еңлікгіүл жігіттен қаша түсті. 

       Батыл жауап қатпады. Қара жалпақ көзілдірігін бір қозғап қойды да, жүрісін жалғастыра берді. Еңлікгүл одан сайын кейіп:

       -Сіз кетпееңіз, мен кетемін сізден! – деп, ілгері қарай жылдам басып жөнелді. 

       Осы кезде соңғы жақтағы ерлі-зайыпты жақындап келіп те қалды. Төртеуі мектеп жанындағы биіткеу төбенің басында тоғысты. Ертілес шаршаудан сәл алқынып тұр. Жүзінен бір ызалықтың табы айқын білінеді. Еңлікгүл, қанша дегенмен де, мұғалім болған соң өзін өзі мәдениетті  ұстауға тырысты. Кілт тоқтап, кейін бұрылып, үлкен кісілермен жылы амандасты.  Жамал алқынысын басысымен:

       -Аман ба, қарағым? Денсаулығың жақсы ма? – деді еңлікгүлге қадала қарап.

       -Жай жүрсіздер ме? – деді сәл үнсіздіктен соң қыз.

       -Қайдан жай болсын! –деп Жамал бейтаныс жігіттің бет-әлпетін, тұла бойын көздерімен шолып өтті, - осыдан бірер күн бұрын мына ағаңның кір жайғышта жаюлы тұрған киімдері ұрланды. Ал мына бейтаныс жігіттің  үстіндегі сол киімдер. Ауылымыздың дүкендерінде мұндай киімдердің жоқ екені белгілі. Осыны анықтайын деп келіп едік. Бұл жігітті өткенде мектептегі алғашқы қоңыраудан кейінгі алғашқы сабақта да көргенмін. Бірақ ол кезде көпшіліктің көзінше мұны ұялтпай-ақ қояйын дегенмін. Енді бұл көзімізге тағы түсіп тұр. 

       Еңлікгіл аң-таң. Қатты толқығанынан жүзі бозарып та кеткен. «О, құдай, сақтай гөр! Мен қандай адамға кезігіп, қандай адаммен сөйлескенмін!» деген ой Еңлікгүлдің тұла бойынан суық су жүгіртіп өткендй болды. Батыл да қапелімде жазықсыз қызды ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын түсінді. 

       -Қарағым, Еңлікгүл! Біз сені бірдемеге күналағалы тұрған жоқпыз. Мына жаныңдағы қара жалпақ көзілдірікті жігетпен түсніспекпіз, - деп Еңлікгүлдің толқынысын басуға тырысты Ертілес. 

       - Мен... бұл бейтаныс жігітен кездесемін деген жоқ  едім. Осы көше ойында келе жатқанымда бұл кенеттен жанымда пайда болды. 

       - Бұл өзі қайдан келген адам? – деп, Жамал бейтанысқа бажырая қарады.

       Жігіт үндемеген қалпында тұр. «Бұл моп-момақан біреу ғой деймін» деген оймен Жамал енді оның үстіндегі киімді оң қолымен жай ұстап қойды. Жігіт сонда да артық қозғалыс жасамай, сабырлық сақтады. Осы кезде демігін толық басқан Ертілес бейтаныс жігітпен жігітше әңгімелесуге көшті.

       -Қай ауылдың баласысың өзің?

       -Мен... ос-ы ауыл-да тұра-мын...

       Жамал сөзге килікті.

       -Мынау  өзі қазақ емес қой?

       -Мен енді қазақ бола-мын...

       -Не дейді өзі? – деп, Жамал Еңлікгүлге қарай ығысты. 

       -Қабатаса бермей тұра тұршы! – деді шыдамай кеткен Ертілес осы кезде әйеліне бұрыла қарап,- өзім  сөйлесейін!

       -Сен өзі қайдан келген дәусің! Мен сені қазақ  деп тұрсам. Соныңа қарамай, мына әп-әдемі, білімді, ұяң қызымыздың басын айналдырғың келеді,ә? Солай ғой!

  • Мен ба-сын айнал-дыр-у   дегенді түсн-бей-мін, - деді жігіт жай ғана. 

       Сол кезде Ертілес қатты көтеріліп кетті. 

       -Е, бала, сен мынаны түсінесің бе?! – деп, оң қолының жұдырығын көтере көрсетті.

       Бейтаныс жігіт үнсіз басын шайқады. Бір келеңсіз жағдайдың боларын алдын ала сезгендей жан-жағына қарады. Еңлікгүл екеуінің әңгімсінің неге апарып соғатынын сезіп, қорқып, Жамалдың арқа тұсына қарай ығысты. Батыл еш саспады. Осы кезде Жамалдың өзі де әйел жандылығына салып, бейтаныс жігітті ішінен аяй бастады. Ерінің мінезін біледі.

       -Бұл өзі моп-момақан әрі мәдениетті жігіт екен,- деді Жамал еріне қадала қарап тұрып,- қол көтеріп, ауылымыздың мәдениетін төмендетіп алып жүрме, - деп қалды.

       Мәдениеті осы ма?! Біреудің ауласындағы кір жайғышта жаюлы тұрған киімдерді ұрлап алып, ештеме болмағандай үстіне киіп алып жүрген? Онысымен қоймай, мына үлбіреген жас қызымызды айналдырмақ  ойы бар!

       Ертілес қатты ашудан әрі қарай сөйлей алмай булығып қалды.  Қол-аяқтары діріліеп кеткен. Сонысына қарамай бейтаныс жігіттің оң жағына бір, сол жағына бір шығып, айналып қарап жүр. Батыл онысын елемегендей бір орнында үнсіз қалшиып тұр. Бұл көрініске шыдамаған Еңлікгүл сөзге араласты.

       -Аға, тимае-ақ  қойңызшы, бұл жігітке! Бұл маған артық  сөз айтқан жоқ. Кездейсоқ  жолығып қалдық. Үстіндегі киімдер сіздікі болса, қайтарып алыңыз. Айыппұл төлеткізіңіз. Ұлты басқа жігітпен жағаласқаныңыз ұят болар. 

       Ертілес қызды тыңдамады. Онан сайын ызаланып кеткен. Жігіттің мыңқ етпей тұрғаны өзін менсінбегендей сезіліп кетті. Сөйтіп оны тағы да сұраққа алды.

       -Сен неменеге аузын буған өгіздей болып үнсіз тұрсың?! Неге сөйлемейсің? Тілің байланып қалды ма?

       Батыл таңғалған адамдай  үшеуінің де жүздерін көзілдірікті  үлкен көздерімен жай шолып өтті. Онысына төзбеген Ертілес жігітке жақындай берген. Жігіт те бірдеменің басталарын сезген. Бірақ оләлі де ештемеден сасқан жоқ. Жамал күйеуінің мінезін жақсы білетіндіктен сәл кейіндей түскен. Ертілес ішінен: «Адамша жауап бермесең, айуанша жауап бергіземін»,-деп, оң қолының жұдырығын түйіп, жігіттің кеудесінің сол тұсын туралап сілтеп қалды. Жігіт лып деп солға қарай ығысып кетті. Ертілестің жұдырығы ауа қармап, өзі ілгері қарай еңкейіп, құлай жаздап қалды. Содан одан сайын ызаға булыққан Ертілес өзінің төбелестегі әдістерін есіне алып, қарымды екі қолын олай да, былай да жылдам-жылдам жұмасады. Бірақ ол жігіттің бетіне ол сілтегендерінің бірі де тимеді. «Мынауң қандай өзі? Қол тигізбейтін жылдам қозғалысына сүйеніп міз бақпай тұр екен ғой» деген ой келд Ертілеске. Оленді жандарында тұрған әйелі Жамал мен жас қыз Еңлікгүлге қарауға да ұялды. Осы кезде Еңлікгүл балалығы ұстағандай сықылықтап күліп жіберді. Батыл мен Ертілеске кезек-кезек қарап қояды. Батыл ештеме болмағандай алаңсыз тұр. 

       Ертілес енді не істерін білмеді. Көмекке шақырайын десе, ауыл көшелерінде көрінген адамдардың бірі де қалмапты. Сол сәтте Жамал әйелдігіне салып:

       -Әй, қайсысың барсың?! Келсеңдерші, көмекке! – деп айғайлап та жіберді.

       Оны естіген ауылдың төрт еңгезердей-еңгезердей жігіттері осылай қарай бет қойды. Мұны көрген Батыл енді өзінің олардың қоршауында қалатынын сезді. Бірақ әлі де бір шешімге келмеді. Еңлікгүл күлкісін тез тыйып, енді бірнеше минуттардан соң Батылдың ауыл жігіттерінен таяқ жеп, үсті-басының қанжоса болатынын көз алдына елестетті. Бірақ оған «Қашыңыз енді» деп айта алмады. Тек ішінен ойлап, ішінен тынып тұрды. Жігіт Еңлікгүл айтпаса да бар мән-жайды іштей түсініп тұр. Өзінің қорғаныс әдістеріне сенетіндіктен қашуға асықпады. Ырсылдай жүгіріп жеткен жігіттер Жамалдың ащы дауысына қатты ызаланған екен. Келіп жеткен бойда үлкен жұдырықтарын жігітке қарай боратып жөнелді. Батыл денесіне ол жұдырықтардың бірін де тигізбеді. Лып деп бірде солға, бірде оңға қарай ығысумен болды. Ауыл жігітері жұдырақтарына Батылға еш тигіе алмай онан сайын шаршады. Жамал да, Еңлікгүл де не істерлерін білмей жан-жақтарына жалтақтаумен тұрды. Денесіне жұдырық тигізбейтін мұндай жылдам қозғалғыш адамды көргендері осы. Ауыл жігітерінің бір жұдырығы тисейші, еш болмаса. Батыл жігітердің бұл әрекеттеріне қолын сүлтеп жауап та жасамады. Тек лып-лып қозғалумен, жұдырықтардан қорғанумен тұр. Осы қорғанысына жас жүрегі елжіреген Еңлікгүл енді шыдамастан:

       -Ағайлар, бейтаныс жігітті жұдырықтағандарыңызды қойңыздаршы енді, жетер! – деп дауыстап қалды. 

       - Өзі бір жұдырық дарымайтын неме екен?! – деп Жамал да сөйлеп қалды.

       -Жұдырығымызды бір тигізбей, бұл немені жерге бір сұлатпай қоймаймыз! – деп еңгезердей жігіттердің бірі жұдырығын бокстескендей жылдам-жылдам жұмсады.

       Жұдырығы  зу   етіп ауа қармап кеткенде, өзі ілгері қарай еңкейе жүгіріп барып, құлай жаздап барып қалады. Сонысына қарамай қайта шабуылға көшеді. Сөйтіп,біршама уақыттың ішінде бейтаныс жігітке ауыл жігіттерінің ешқайсысы да жұдырығын бір де рет тигізе алмады. Батыл олай да, былай да лып-лып қозғалуда. Оның бұл жылдам қозғалысына ешмінің көзі ілеспейді. Еңлікгүл топтан қашықтап, қадала қарап,  «Жігіттердің жұдырықтары Батылдың жалпақ көзілдірігіне тиіп кетпесе екен» діп тілеп қояды ішінен. Көзілдірікте де бір құпия сыр бар сияқты. Өйткені, Батыл өзіне қанша қауіп төнсе де ол көзілдірігін шешер емес.

       Ауыл жігіттерінің Батылды жан-жағынан тынымсыз жұдырықтаулары біршама уақытқа созылды. Бұл енді сырттан қараған адамға жігіттердің бокстасу алаңына шығар алдында ішіне құм толтырылып, іліп қойлаған ұзын қапты жан-жағынан тынымсыз соққылап, жаттығып жатқан боксерлердің әрекеттеріндей  көрінер еді. Бұл көрініс пен дыбыс, дауычстарды естіген ауыл тұрғындарының саны да бірте-бірте көбейіп, осылай қарай бет алған. Мектеп жанындағы төбе биік болғандықтан мұны ауылдың кез келген жерінен көре алады тұрғындар. Ауыл адамдарының  осылай қарай шұбырғанын көрген жігіттер өздерінше қосымша бір күш жинағандай ырс-ырс етіп, Батылды айнала жүгіріп, жұдырықтарын сілеумен жүр. Ауыл адамдары жақындап та қалды. Өткенде ауылдың орталық көшесінде, одан соң мектепте көріп қалған ғажайып бейтанысты жақыннан әбден көріп алмаққа деген ынта-ықылас ауылдың әрбір тұрғынының ойында бар. Шұбаған жұртты көрген Жамалдың өзі де енді шыдамастан:

       -Жетер енді! Қойыңдаршы, киімдері құрысын! Табылар! Бостан босқа арам терге түстіңдер ғой, тегі! Өзінің қимыл-қозғалысы адамның қимыл-қозғалысына ұқсамайды ғой. Ұшып-қонған Шыбын сияқты ма, қалай өзі. Тіпті, қозғалысын көріп те ұлгере алмайды екенсің. Қойыңдаршы енді, айналайындар!- деді. 

       Ертілес те, еңгезердей-еңгезердей жігіттер де пора-пора терге ттүскен. Сонда да «Жғылған күреске тоймайды» дегендеі, Батылды жұдырықтауларын қояр емес. Жамал тағы да дауыстады:

       -Жетер, енді, жігіттер! Бостан босқа арамтер болмаңдаршы! Жіберіңдер мұны! Кетсін, қайда кеткісі келсе де!  Жұдырықтағандарыңнан ештеме шықпайды. – деді. 

       - Қойыңыздаршы, енді, ағалар! – деп Еңлікгүл де жалынды мектеп жаққа бір қарап алып. – Не күнәсі бар еді бұл бейтаныстың? Босқа шаршадыңыздар ғой!

       Еңлікгүлдің бұл сөзін естіген ауыл жігіттерінің бірі онан сайын намыстанып, ызаланып, жиналып қалған ауыл адамдарына жалтақ-жалтақ қарап алып:

       Ара-лас-паң-дар-шы! Ұрып-соқсаңдаршы мынаны! – деп ырсылдай дауыстады.ү 

Сол кезде ауыл тұрғындарымен бірге келген тағы бір топ жігіттер Батылға қарай лап қойды. Сол сәт Еңлікгүл іштей: «Ой, енді құритын болды ғой!»,- деп, екі алақанымен бетін басты. Мектеп маңындағы төбе басы опыр-топыр болды. Енді бұл оқиғаға өзін күнәлі сезіне бастаған Еңлікгүлдің көз шараларына ыстық жас та үйіріле бастаған. Ауыл жігіттерінен олай да, былай да лып-лып қашып жүрген Батыл мұны байқап та үлгерген еді. Бұдан әрі істің насырға шабатынын білді ол. Сөйтіп, өзіне қарай тынымсыз сілтенген жұдырықтардың арасынан жайымен сытылып шықты да, тауға қарай зытып жөнелді. Оның соншалықты жылдамдықпен жұдырықтардың арасынан шығып кеткенін байқамай қалған жігіттер жұдырықтарымен бір бірлерін соға жаздады. Кейбіреулері боксстесуде қатты шаршаған екі боксер сияқты екі қолдарын екі жаққа жіберіп, төстерімен түйісіп тұрып та қалған. Оны көрген айналадғылар енді еріксіз ду күлісті. Еңлікгүл де көз шараларындағы ыстық жасын сол қолының сүйріктей саусақтарының бірімен сүртіп алып, сәл жымия салды. Осы кезде жиналған адамдардың бірі:

       -Ана пері әне, тауға қарай кетіп барады! – деп қалды. 

       Ол сөзіне тұрғандардың бәрі елең етіп, солай қарай қарады. Бұл кезде Батыл шын мәнінде де көлік жолдарынан сырт шығып, тауға қарай өрлеп шығып бара жатқан еді. Жұрт гулесіп кетті. «Бұл өзі адам ба, әлде шайтан ба?» деген ой тұрғандардың қай қайсысының да басына келген. Оған бір де бір жұдырықтарын тигізе алмаған ауыл жігіттері де демдерін басып, маңдай терлерін оң қолдарының қырымен сүртіп, тау жақтағы Батылға жақтырмай қарап, жігіттік намыстары іштей қозып тұр. Ертілестің қабағы да онан сайын төмен түскен.  Жамал да Батыл кеткен жаққа бұртия қарайды. Содан соң ол жанындағы Еңлікгүлге тиісуді бастады. 

       -Ол шайтанмен танысып, әңгімелесіп жүрген мына қыз! – деп келгендерге оң қолының сұқ саусағымен Еңлікгүлді нұсқады.

       Тұрғандардың бәрі де енді Еңлікгүлге қарай бұрылған. Еңлікгүл «Ж?ерге круге тесік таппай» қатты  ұялып, көздерін төмен салды. Көпшілікке на айтпақ. Батылмен кездесіп, онымен біршама жер қатар жүріп сөйлескені өтірік емес. Бірақ оны осылай кездестіре қаламын деп еш ойлаған жоқ еді ғой. Батыл күтпеген жерден пайда болып, соңынан қуып жеткен. Енді бар пәле келіп өзіне қарай ойысты. 

       -Осы қызымызды бөтен жігіттен қызғанамын деп, одан қорғаймын деп, - деп ертілес жұрт алдында ақталуға көшті.

       -Өзі бір бәле жігіт екен! Бір де бір жұдырығымызды дарытпады ғой денесіне! – деп оған шабуыл жасаған еңгезердей жігіттердің бірі тау   жаққа қабағын шыта қарады. 

       Жұрт гу де гу.  Әрқайсысы не көріп үлгергенін бір біріне айтып тұр. Еңлікгүл әлі де өз өзіне келе алмай, өзін шын мәнінде де күнәлі санағандай көз шараларына лек-легімен ағып келген ыстық  жасын тыя алар емес. Келгендердің ішінен әзірге оны қорғап сөйлеуге ешкім батпады. «Нем бар еді, ол бейтаныспен сөйлесіп, мектепте қарай жылдам жүріп кетпей»,- деп те өкінді  іштей Еңлікгүл. Енді мектепке, жас бүлдіршіндерге сабақ беруге не бетімен барады. Сабағы басталатын уақыт та таяп қалған. Ал жиналған жұрт тарайтын емес. Бір кезде ақсақалдардың бірі, Аралбай есімді кісі ортаға шықты.

       -Жас мұғалім қызымыздың жүрегін жаралай бермейік, ағайын! – деді ол тұрғандарды көздерімен жай ғана шолып өтіп,- мұның күнәсі не? Ол адам күні кеше ғана алғашқы қоңырау мен алғашқы сабаққа қатысқан жоқ па еді? Сонда неге қозғамадыңыздар ұрланған киім мәселесін? Ол қай ұлттың өкілі болса да бізге мейман ғой. Мен де оны бірнеше рет байқағанмын. Тек оған аса назар аудармаған едім. Көше бойымен мектепке қарай алаңсыз кетіп бара жатқан қызымызды қуып жетіп, сөзге тартса, не айып? Әлденелерді білгісі келген шығар, мейман болған соң ауылымыз туралы. «Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді?» демей ме, демей ме, атамыз қазақ. Несі айып. Болды,қарағым Еңлікгүл, көздеріңнің жасын тый. «Көшеде киліккен бейтаныс жігітпен сөйлестім» деп наыстанудың еш қажеті жоқ. Ана мектептің бастауыш сыныбындағы бүлдіршін оқушыларың күтіп те қалған болар ендігі. Бара бер. Ал халайық, енді таралық...

       Ауыл адамдарының мәдениетіндегі, дәстүріндегі ең бір биік шыңы үлкеннің  үлкеннің сөзін тыңдау  еді. Ешкім де ақсақалдың сөзіне қарсы келмеді. «Сіз қызды неге сонша қорғап тұрсы?» деген жоқ. Сөзге тоқтап, бәрі де Батыл кеткен тау  жаққа бір-бір қарасып, үйді-үйіне тарасты. Еңлікгүл өзін қорғап сөйлеген атасына іші жіліп, оған бұрыла қарады да:

       -Мың да бір алғыстымын, сізге! – деп, іштей онан сайын егіліп, бет орамалымен көз шараларын қайта-қайта сүртті. 

       Ертілес пен Жамал ғана жұрттың соңында состиып тұрып қалған. Еңлікгүл мектепке қарай жылдам жүріп кетті. Ерлі-зайыптылар енді «Киімдрі де құрысын, басқасы да құрысын» дегендей қолдарын бір-бір сілтеп, үйлеріне қарай бет қойды. 


Көңілсіз  күндерде


      Сол оқиғадан кейін Еңлікгүлдің көңілі бір көтерілмей-ақ қойды. Бұрынғы  үлкен кісілерге әзіл-қалжың айтып еркелеәтінін де доғарған. Бұдан төрт жыл бұрын дұниеден қайтқан әжесі де, жыл бұрын мәңгілікке көз жұмған атасы да есіне орала береді. Осындай көңіл-күйі болмаған кездерде оларды ойлап кетеді. Әкесімен, анасымен ара-тұра сырласқаны болмаса, көп жағдайда ата-әжесі айтқан  ұлағатты сөздерді, ғажайып аңыздарды есіне алумен жүреді. Оның   үстіне өзімен кездесіп, ауыл тұрғындарын шулатқан бейтаныс көзілдірікті жігіт те ойына оралады кейде. «Осы  уақытқа дейін ауылдың зіңгіттей-зіңгіттей жігіттері оны жайғастырған да болар» деп те бір оайлап қояды іштей Еңлікгүл. Өткендегі онымен  өткен оқиға болса да көз алдынан бір кетер емес. Жұрттың оны шайтанға теңегені аздап жанына батады. Бір жағынан қарағанда, оның өзі де бір қызық адам. Бірде бар да, бірде жоқ. Не көрінбейтін адамға жатпайды. Қимыл-қозғалысы көз ілеспейтін өте жылдам. Сондықтан да көзге бірде түседі, бірде түспейді. Ондай адаммен араласып-құраласудың өзі де қиын-ау. Осы жағын ойлағанда Еңлікгүлдің оған деген көңілі суыңқырап та қалады. 

       Ауыл арасында қысыр сөздердің тез тарайтыны белгілі. Оған басты себеп, ауыл адамдары қала адамдарындай емес, бір бірлерін жақсы таниды, бір бірімен жиі араласып-құраласады. Егер бұл ауыл емес, қала болса, онда адамдар  есігі қарама-қарсы пәтерлерде көрші тұрса да бір бірін танымас та еді. Ауылдың аадами араласымы басқа. Бар адамгершілік те, ізгілік те ауыл адамдарында. Осы жағынан келгенде, Еңлікгүл бейтаныс жігітке адамгершілік тұрғысынан қарағанды жөн деп санайды. Бірақ өзі байқағандай, үлкендер жағы оған құлықты емес. Ауылдың жап-жас, жаны да, тәні де таза қызын қайдағы бір бөтен жігітке неге қисын. Оның  үстіне ол бір үйдің ауласындағы кір жайғышта жаюлы тұрған киімдерді  ұрлап алып, дым көрмегендей үстіне киіп алып жүрсе. Еңлікгүл осының бәрін де ой елегінен өткізген. «Сонда, бұл саналы адамдар әлемінде кім адал?» деген жауапсыз сұраққа да тірелген. 

       Соңғы кездері Еңлікгүлдің мінез-құлқында да өзгерістер орын ала бастаған. Өткендегі айғайлары мен жұртты дүрліктіре шулатқандары   үшін Ертілес пен Жамалды да жек көріп кеткен. Оларды енді көргісі де келмейді. Алыстан байқап қалса, жүрер жолын өзгертуге тырысады. Олар қанша дегенмен де үлкен кісілер болғандықтан мұның жайын іштей түсінеді. Өзін  көрген бойда жақын  жүздеспеудің жолын іздейді. Осылайша бір бейтаныс жігіт  үшін екі жақтың бір бірін жақтырмастығы басталған.

       Осындай күндер өз белгісін бермей өтіп жатқан. Еңлікгүлдің көңіл-күйінің төмендігін әкесі де сезген. Ол Еңлікгүлдің білімқұмар екенін жастайынан біледі. Сол білімқұмарлық  мұны сара  жолға салған. Әркез кітап оқиды, стереотеледидар көреді. Әйтеуірі қарап қалмайды. Оңашалықты  қалайды. Ауылдағы жігіт атаулының ешбіріне  жоламайды. Сөйте тұра Еңлікгүлдің бұл өмірде танып-білмеген, жүзін бір анықтап көрмеген көзілдірікті адаммен жылы сөйлесетіні кім кімге де жұмбақ еді.. Осы жағы әкесін де ойлантқан. Тек әкесіне  ғана емес, күллі ауыл адамдарына да құпия. Кейбір өсекші әйелдердің Батыл мен Еңлікгүлді жақындастырып қоятынын қайтерсің.  Адам ббаласының қарым-қатынасы қалай өзгереді десеңші. Енді әке-шешесі жұрттың бетіне тіке қарауға да  ұялатын болған қызының осы қылығы  үшін. Еңлікгүл мұның бәрін  іштей жақсы түсінеді. Бірақ қайтарар жауабы жоқ. Өйткені, Батыл өзімен көшеде кездейсоқ кездесіп, бірнеше минуттар бойы ғана сөйлесті өзімен. Әрі ол көптен бері көзге түспей кетті. Оның  үстіне өткенде ол өзін жігіт ретінде өзін Ертілес пен Жамалдың артық сөздерінен қорғай да алмады. Ендеше, одан не пайда? Еңлікгүл бұл күндері өзін от айналасында адаса  ұшқан Көбелектей сезінді. 

       Мектепте де көңілсіз жүреді,   сабағын  көңілсіз өткізеді. Бұрынғы еркелігінен, қызға тән жағымды қылықтарынан да айрылғандай. Бойын билеген бір ой мысын басады да тұрады.  Бірде ол ертеңгілік шәй үстінде әкесіне  сөз салды. 

       -Көке,-деді ол әкесіне бір  кесе шәйді ұсынып,-сізде киімге жететін ақша бар ма?

       Бұл сөдің төркінін түсіне қойған Бектемііс  селт етіп қызына қадала қарап:

       -Қызым, мен сені көп оқыған, көп тоқыған, білімді қызым деп ойлаушы едім... – арғы жағын айта алмай кідіріп  қалды.

       - Есім орнында, көке,-деді Еңлікгүл,- мен ол бейтаныс жігітті өзге ұлттың азаматы ретінде сыйлаймын. Оның  білім дәрежесіне, парасатына жететін адам бұл ауылымызда жоқ,  көке!

       -Тарт,тіліңді, қызым! – деді әкесі көтеріліп,- оқығанның  бірі мына өзіммін. Бұл ауылда білімі төмен адам жоқ. Бұл баяғы бір заман емес. Ол бейтаныс жігіттің бізден қай жері артық!  Жылдам қозғалып, көз ілестірмей кететіні ме?  Онымен тілдесіп жүріп ертеңгі күні ел өсегіне іліксең қайтпексің?  «Қызын шайтанға беріпті» деп мені қараламай ма?

       -Мен сізді жақсы түсінемін, көке,-деді Еңлікгүл сәл мұңайып,- ешқашан қарсы келген емеспін сізге. Қарсы келмеймін де. Тек менің ойлау қабілетім мен сіздің ойлау қабілетіңіз сәйкес келе бере ме?. Егер сәйкес келе беретін болса,  бұл өмірде адамзат дамуының ілгерілеушілігі бола ма?. Мен ол жігіттен  болашақтың белгісін көргендей боламын көке.

          - Ол не болашақ, қызым? – әке қызына қадала қараған.

       - Менімше, ол нағыз болашақтың адамы. Сондықтан ол біздің ортаға  үйрене алмай жүр. 

       -Бұл ауыдда тұратын адамдардың бәрі маған бес саусақтай  белгілі. Сонда ол кімнің  баласы, кімнің туысы? Соны айта аласың ба?  Сен оған тұрмысқа шыға қалғандай болсаң,  мен кімге құда боламын, осыны айтшы, қызым!

       -Сіздің менің болашақ тағдырымды ойлап отырғаныңызды түсіндім, көке,-деді Еңлікгұл көз шараларына тығылған ыстық жасын әкесіне бідірмеуге тырысып,- ойыңыз дұрыс. Ол  жігіт ауылымыздың тұрғындары   үшін мүлдем бейтаныс. Кім екені, қайдан келгені  әлі белгісіз бізге. Менің білетінім бір ғана нәрсе, оның өте білімді әрі өте адал жігіт екені.

       Әке ойланып қалды. Бірақ өзінің пікірінен айныған жоқ.

       -Кез келген адам басқа адамға сырттай жақсы көрінеді емес пе, қызым, - деп жалғады содан соң сөзін,- Мен талай нәрсені басымнан өткерген адаммын. Ал сенің әлі он екі де бір гүлің ашылмаған қызымсың. Көп нәрсені әлі түсінбейсің, қанша білімді болсаң да. Өмірден алған тәжірпбең аз. Ал  дұрыс сөйлеген, жымиып күле салған адам саған жақсы адам болып көрінер.   Ал ертеңгі күні сол адам сенен тайқып, «Мен сені танымаймын, білмеймін» деп зым-зия болып кетсе, мен кімге барып шағынамын, осыны ойладың ба, қызым?

       -Мен бәрін де ойлаймын, көке. Бейтаныс жігітпен сөйлескен қыздың бәрі оған тұрмысқа шыға салмайды ғой, көке. Сіз неге соншама терең кеттіңіз. Бейтаныс бір адамды білмей тұрып күнәсізден күнәсіз қаралау ға бола ма?. 

       Әке қызының бұл сөзінен кейін қатая түсті. Қабақ астымен қарап сөзін жалғады.

       -Қызым, сен әлі баласың. Әлі танып-білмеген адамды қорғап отырсың.  Менім ойымша, Ертілес пен Жамалдың жасаған әрекеттері дұрыс, айтқан сөздері  орынды. Осы кезге дейін бұл ауылда үй ауласындағы кір жайғышта жаюлы тұрған киімді ұрлау деген атымен болған  емес. Оны бастаған кім?

       -Менің пікірім бұл жөнінде емес, көке,-деді Еңлікгүл толқып,- кім біледі, бөтен елдің өкілі болған соң  амалсыздан барған болар мұндай жағдайға.

       - Амалсызың  қалай, қызым. Түсінбедім. Амалсыздан деп кез келгеннің дүниесін  ұрлап алып кете берсе, бұл ауылда не қалмақ?

       -Қалай десеңіз де, көке, ол жігіт ондай жағдайға бекерден бекер баратын жігіт емес. Ол жөіндегі менің пікрім осы. 

       -Ол өзі қайдан келген жігіт ауылымызға? Осыны білесің бе?

       Оның қайдан келген жігіт екенін білмеймін. Бірақ оның адамгершілігі мен адалдығы бар жігіт екені анық. Жамандық жасайтын адам өткенде ауыл жігіттері қоршап алып, жұдырықтауға кіріскенде ол ешқандай қарсы әрекет  жасаған жоқ. Тек қорғанумен болды. Ақыр соңында тауға қарай қашып құтылды біздің жігіттерден. 

       -Саған өзі не болған қызым? Дұғаланып қалғаннан саумысың одан. Қайдағы бір әлі толық танып білмеген бейтаныс жігітті соншама қорғайсың. 

       -Ол өзге ұлттың өкілі болғанына қарамастан біздің ана тілімізді білуге, ана тілімізде еркін сөйлеуге құштар болып жүр. Мен оны сонысы үшін де сыйлаймын, көке. 

       -Біздің ана тілімізді дейсің бе? – әке сәл ойланып, қызына қайта қадала қарады.

       -Иә, көке, ана тілімізді білуге, сөйлеуге құштарланған адамды сыйлауымыз керек қой қашан да. 

       - Мұнысына қарсы тұра алмаймын. Сонда да онымен байқап- барлап сөйлесші, қызым. Өмір күрделі құбылыс. Алдағы   уақытта өзіңді не күтіп тұрғанын дәл біле алмайсың. Ал сен әлі баласың. Бар өмірің де, бар бақытың да алда. 

       Еңлікгүл әкесінің осы сөздерінен кейін сәл ойланып, терезеден сыртқа көқз салды. Даладағы тамаша табиғат аясы сол қалпында мүлгіп тұр. Кенет терезенің тұсынан әлдекім жылдам зып беріп өте шыққандай болды. Еңлікгүл оның кім екенін көріп үлгере  алмады. Сондықтан оны айтқысы келмеді. Әкесіне қарай бұрылды да:

       -Көке, мен шәй ішіп болдым. Апам да келіп қалар сырттан. Екеуіңіз әңгімелеріңізді жалғастыра беріңіздер. Мен жұмыстарымды жасайын, - деп, әкеден рұқсат алып, өзінің жұмыс жасайтын бөлмесіне өтті.

       Бөлмесіне кірген бойда оның үлкен терезесінің алдында, сыртта әлгі көрінбей кеткен бейтаныс жігіт пайда болды. Еңлікгүл жоғалтқанын тапқандай терезенің кәсектерін ашып жіберіп, жақтауына асыла ілгері қарай еңкейді де:

       -Сіз қайдан келдіңіз? Сіз өзі қатыгез жігіт екенсіз ғой. Менің көршілерімнің үй ауласында жюлы тұрған киімдерін ұрлап алып, үстіңізге киіп алыпсыз. Солай жасауға бола ма? Неге ондай жаман қадамға бардыңыз? – деп айтып салды ойындағысын.

       Күтпеген бұл сөзді естіген Батыл не жауап қайтарарын білмей терезе алдында қалшиып тұрп қалды. Еңлікгүлдің ішк көқңіл-күйін толық түсінді. Еңлікгүл енді Батылдың үстіндегі киімге назар аударған еді. Ол киім Ертілес пен Жамал қадалған киімдерден басқа киім болып шықты. Еңлікгүл іштей қуагнып:

       -Батыл, үстіңіздегі киім тауға шығуға аранлаған киім ғой. Ауыстырғансыз ба? – деді. 

       - Иә, ауыстырғанмын, - деп, Батыл қазақ тілінде әуелдегісінен еркін әрі таза сөйлеп.. 

       Осы кезде бұл сөздерді естіген әкесі жылдам басып, қызының жұмыс бөлмесіне келді. Батыл қашпады. Ұры адамға саналмайын дегендей жайбарақат тұра берген. Бектеміс терезе жақтауына аыла ілгері қарай еңкейіп, жаңа ғана әңгіме болған бейтаныс жігітке қадала, таңдана қарады. Тұла бойын, мүсінін, бет-әлпетін көздерімен мұқият шолып шықты. Содан соң таңданысын баса алмай жанындағы қызына бұрылған. Еңлікгүл сол мезет:

       -Көріп тұрсыз ғой, көке? Бұл ешқандай да шайтан емес. Жап-жас жігіт. Киген киімі де басқа. Ертілес пен Жамалдыкі емес. 

       Әке таңданысын жасыра  алмай жігітке тағы бір  барлап қарады да, қызына қарай бұрылып:

       -Өткендегі ұрланған киімдер қайда екен, соны сұрашы? – деді.

       -Ол киімдер орнында. – Батыл әке сұрағына тез жауап берді. 

       -Ал үстіңіздегі мына киімдердің қайдан алып киіп алдыңыз? Мұны да бір үйдің ауласынан ұрлап алдыңыз ба? – деп, Еңлікгүл де сұрақ қойды Батылға әкесінің көзінше.

       -Жоқ!-деді жігіт, - бұл  тауға шығуға арналғанкиімдерім. Өзімдікі. 

       Бектеміс жігітке сенерін де, сенбесін де білмей ойланып тұрып қалды. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын шәй үстінде жігітті ұрыға санаған еді. Енді оны қорғаған қызының сөздеріне иланайын деді. Екеуінің арасына бостан босқа килікпейін деп кейін бұрылып, үй шаруасымен айналысуға кетті. Батыл Еңлікгүлге жалпақ қара түсті көзілдірігі арқылы қадала қарап тұр әлі. Бір кезде Еңглікгүл басқа сөз таба алмағандай Батылға мынаны айтты:

       -Батыл, сіз не себепті   үнемі жалпақ қара түсті көзілдірікпен жүресіз? Көздеріңіз жақсы көрмей ме? Әлде көздеріңізді Күн сәулесінен қорғайсыз ба?

       -Ол ұзақ әңгіме. Жүріңіз, ана өзен жағасына барып серуен құрайық. Сонда мен сізге бәрін де түсіндіремін,-деді жігіт.

       Қыз жауап қатпастан кейін бұрылып қарады.  Үйден шыққан әкесі аулада да жоқ  екен. Анасы да үй тірлігімен әлек. Еңлікгүл сәл ойланды. Онымен бірге өзен жағасында серуендеп, әңгімелесуден жасқанса да, оның не себепті жалпақ қара түсті көзілдірігін тастамай тағатынын білгісі келді. Ол қыз  қызық  еді бір жағынан. Терезенің есіктерін екі жаққа айқара ашып жіберіп, аула жеріне секіріп түсті. Сол замат Батыл да жылдам қозғалып оны қолдарымен демеп  үлгерді. Еңлікгүл жігіттің бұл жылдамдығына да таңданып қойды. Содан екеуі ауылдың шығыс жағындағы солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай суы асықпай ағып жатқан өзен жағалауына қарай жүрген. Енді киімдпрі қайтқан Ертілес пен Жамал да тынышталған. «Бұл өзі әділ жігіт екен. Серуендесе, серуендей берсін Еңлікгүлмен. Көңілдері жарасып жатса, біздің жұмысымыз не?» деген ойға келген ерл-зайыптылар. Екеуін сырттарынан көрсе де, енді үндемей қала берген. Бұл ауыл адамдарының бейтаныс жігітке деген сенімінің бастауы  еді. 

       Жігіт пен қыз қатарласып өзенге қарай кеткен жалғыз аяқ жолмен келеді. Қанша баяу жүрдім десе де, Батыл қайта-қайта қыздан озғанын байқамай да қалады. Бойны біткен табиғи әдетінен арыла алмайды. Мұндағы уақыт көрсететін құралдардың тілдерінің баяу қозғалатыны да ішін пыстыратындай. Батыл осы жағын ойлап қойған. Көзілдірігін шешер емес. Шешсе, мына дүние әлемі сұрықсызданып шыға келмек. Жанындағы Еңлікгүл Батылдың көзілдірігіне байланысты қойған сұрақтарына жауап алуға асығады. Жігіттің бет-бейнесін ұқара түсті көзілдіріксіз анықтап көргісі келеді. Арада біршама уақыт өткенде Еңліктіүл Батылға бұрыла қарап:

       -Сонымен, сіз жалпақ қара түсті  көзілдірігіңізді  не себепті шешпейсіз? – деді жан-жағына қарайлап алып. 

       -Қалай десем екен,-деді Батыл,- бұл көзілдірік, менім тамаша өмірім. Егер мұны шешсем, мына ғажайып түрлі түсті дүние көрінісін көруден қаламын. 

       -Түсінбедім,-деді оған жалт қараған қыз. – қара түсті көзілдірік  адамның көздерін Күннің өткір сәулелерінен қорғайды. Соынмен бірге қызышл, сары, жасыл түсті көзілдіріктер де болады. Оларды адамдар көздерінің жағдайларына, сәнге тағады. Көзілдіріктер алыстағы мен жақындағыны аныөқ  көру   үшін де қолданылады. Ал сіздің көзілдірігіңіз осылардың қайсысына жатады?

       -Сұрағыңыз күрделі. Не деп жауап берсем екен. Бұл көзілдіріксіз бұл жарық  та жылы дүниеде күнім жоқ. Мұны шешесем, мен сіздің бар болмысыңызды тек екі түсте, қара мен ақ түсте ғана көре аламын. 

       - Екі түсі қалай? – деп Еңлікгүл жігітке тағы да жалт бұрылды. 

       Осы кезде Еңлікгүл бейтаныс жігіттің бет-әлпетінің Жер шарында өмір сүретін ешбір ұлт  өкілінің бет-әлпетіне ұқсамайтынын аңғарды. Көзілдірігінің қара түсті шынысы айна сияқтанып, өзінің бет-әлпеті ап-анық көрініп тұрды. Ал жігіттің көзілдірігінің ішкі жағындағы көздері байқалмады. Жігіттің риясыз жымиғанда көрінген ақ маржандай ақ тістері ғана қыз жүрегін жылытқандай болды. Қыз жүрегі бір бөтендікті сезгендей дүрсілдей соғып ала жөнелді. «Өстіп жүріп бірдемеге ұрынып қалмасам екен» деп ойлап қойды Еңлікгүл іштей. Ал оның бұл ойын жігіт ғажайып күрделі көзілдірігіндегі компьютерлік микрожүйелер арқылы анық оқып тұр еді. Қыздың әлі де болса өзіне сенім білдірмейтінін түсінді жігіт. Жалпақ көзілдірікте нендей күрделі компьютерлік микрожүйелердің барынан Еңлікгүл болса да бейхабар. Батыл көзілдірігі арқылы көп нәрсені біле алады, көп нәрсені анақтайды.  Бірақ Батылға ең басты керегі көзілдіріктің мына ғажайып дүние әлемін түрлі түсті қалпында көрсеткені, жылдамдықты баяулатып көрсететіні. 

       Батыл қыздың сұрақтарына қапелімде толық жауап бермеді. Ойға батып жүре түскен. Жаздан күзге ауысар мезгіл болса да ұлы табиғат өзінің әрін әлі толық жоғалтқан жоқ еді. Өзен  суы арнасын жағалай қалың өскен түрлі ағаштардың жапырақтары сәл де болса сарғайыңқырап та қалған. Ол жапырақтары Күн сәулесіне шағылысып, самал желмен қозғалып, жылт-жылт етеді.  Кейбір ағаштардың әбден сарғайған жапырақтары үп еткен желден сабағынан босап, шыр айналып жер бетіне түсіп жатыр. Ара-тұра ағаш бұтақтарына бір қонып, бір ұшқан құстардың сайраған жағымды дауыстары келеді құлақтарына. Беткей-беткейлерде жайылып жүрген мал да жеткілікті. 

       Екеуі үнсіз жүріп келеді. Мына ғажайып дүние әлемніеБатылдың көздері бір тояр емес. Жан-жағына жиі-жиі көз салады. Оған қоса жанындағы Еңлікгүлдің киімі де өзінше бөлек жарасымды. Өзінің сұр түсті киімі мына сұлу табиғатпен астаспайтын да сияқты. Батыл өз еліндегі өмір мен мына тамаша әлемдегі өмірді іштей салыстырып та келеді. Онысын жанындағы жас қызға білдірмейді.

       -Менің түсінігімше, сіз мына жалпақ қара түсті көзілдірігіңізді тақпай жүре алмайсыз? Солай ғой? – деді ілден соң Еңлікгүл Батылға көз өқиығын тастап қойып. 

       -Иә, солай десе де болады,-деді жігіт. 

       -кешіріңіз, маған осы көзідірігіңізді тағып көруге бола ма? 

       -Оның сізге еш қажеті жоқ,-деді Батыл сәл кібіртіктеп,-бұл сіздің көздеріңіздің көру қабілетіне сәйкес келмейді. Көзіңізді бүлдіріп аласыз. 

       -Сонда бұл көзілдіріңтің шынылары минус па, әлде плюс пе?

       -Мен мұндай өлшемді түсінбеймін, Еңлікгүл. Менің көздірігімнің шынылары өзіңіз айтқанның екеуі де емес. Сізге айтуға келмейді. 

       Дегенмен, көзілдірігіңізді бір рет тағып көрейінші, - деді Еңлікгүл тағы да балалығы ұстағандай болып.

       -Егер мен к-көзілдігірімді шешсем, онда сіз менің бет-әлпетімнен сескеніп қаласыз. Бүдан кейін кездесуіміз де қиындайтын болады. 

       -Сонда сіз көзден ғаріп адамсыз ба?

       -Соған жақын десе де болады.

       -Жақыны қалай?

       -Олай дейтінім, мен бұл көзілдіріксіз мына ғажайып түрлі түсті әлемді сол қалпында көре алмаймын. Сондықтан мұны тастамай тағамын.

       -Сонда сіздің көздеріңіз бөлекше жаралған ба, біздердікінен?

       -Қалай десем болады, бөлекше дейтін ештеме жоқ. Жарылысымыз солай.

       -Бұл қызық екен. Өмірде не болмайды. Менің ойыма бір оқиға түсіп тұр. Ертеректе бір әйел жоғары вольтты тоққа түсіп қалыпты. Жансыздай есіне танған оны мәйітке жатқызады. Арада екі күн өтіп, дәрігерлік  институттың  оқытыушылары студенттерге оның органдарын қасап көрсетпек болғанда денесі дір ете қалады. Дәрігерлер дереу оны тірілтуге кіріседі. Әйел өз өзіне келіп, ауруханадан жазылып шығады. Содан  ол бірде  аялдамада жанында тұрған әйелге қараса, оның сүйек қаңқасы, ішек-қарны көрінеді ешбір құралсыз. Сөйтіп бұл хабар елге тарап кетеді. Оған организміндегі өзгерістерін тексерту   үшін адамдар келетін болады. Сол сияқты, сіз де ерекше жаралған жан екенсіздер ғой.

       -Ерекше дейтіндей ештеме жоқ,-деді Батыл демін терең алып,-егер мына ғажайып әлемді сізден сияқты өз реңінде көре алатын болсам, онда мұны тақпас едім. 

       -Онда дұрыс екен. Жалпы, көзілдіріктің түрлері көп қой. Олардың  бәрі бірдей адам көздеріне пайдалы емес. Ал мына жалпақ қара түсті көзілдірік сізге құйып қойғандай. Қалай жылдам қозғалсаңыз да түспейтін шығар. Оның  үстіне көзілдірігіңізде компьютерлің микрожүйелер де бар екен. 

       -Дұрыс айтып тұрсыз Еңлікгүл.

       Екеуі  жүрістерін де, әңгімелерін де одан әрі қарай жалғастырып, біршама уақыттан соң  үй ауласына келді. Еңлікгүл Батылмен жеңіл қоштасып, үйіне жүгіріп кіріп кетті. 


                                                     Қастандық

              Ауылда пайда болып, көше бойында Еңлікгүлмен сөйлескен бейтаныс жігітке жұдырықтарын дарыта алмаған ауыл жігіттері тыныш қалмады. Өздерінің ауыл тұрғындары алдында масқара болғандарын да ұмыта алар емес. Жігіттің қол тигізбей сап-сау  қашын кеткені жұмбақ енді кім кімге де. Жігіттердің ішінде әсіресе өзі сырттай ғашық болып жүрген Қалыбек есімді жігіт Еңлікгүлді бейтаныс жігіттен қатты қызғанған. Қалыбек, өзі еңгезерндей, бойы биік, қара реңді жігіт. Бірақ сөзге шорқақ. Өзінің қара күшіне сенеді. Еңлікгүлді құлай сүйсе де, оған жақындап, әлі күнге өзінің ішкі ұнатым сезімін айта алған емес. Тек іштей ғашықтық сезіміне бөленіп, Еңлікгүлді көрінген жігіттен сырттай қазғанып жүргені. Онысын сезген ауыл жігіттері де Еңлікгүлге жақындамауға, оған сөз айтпауға тырысады.

       Өзін Қалыбектің құлай сүйетінін Еңлікгүл де сезеді. Жігіттің батылдығын да ұнатады. Қалыбек ауылдағы кез келген қара жұмысқа араласады. Көмегін аямайды. Тек  білім мен мәдениет жағынан келгенде шамалы оғаштығы байқалып қалады әркез. Ал Еңлікгүл жоғары білімді қыз. Қалыбек аулдағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін ешқайда оқуға түсуге бармаған. Осылайша білім жағынан екеуі бір біріне тең емес. Ауылдың жоғары білім алмаған өзге жігіттері де Еңлікгүлмен іңгімелесуден қашқақтайды. Енді ойламаған жерден ауылда пайда болған бейтаныс жігііттің Еңгілкгүлмен ұшырасып әңгімелеуі жергілікті жігіттердің қай қайсысын да ойлантқан. Әншейінде жылы амандасып өте шығатын Еңлікгүл енді Қалыбекті көрсе анадайдан жалтаратынды шығарған. Қыздың бұл қылығы Қалыбекке қатты батқан. Қалыбек Еңлікгүлдің бұл  өзгеруін өткендегі оқиғамен байланыстырған іштей. Сол бейтаныс жігітке бәрі жабылып бір жұлдырықтанрын  да дарыта алмады емес пе? «Жығылған күреске тоймайды» дегендей, Қалыбек  сол оқиғадан кейін бетанысты кезіктірудің сәтін де іздеген. Бірақ оның өте жылдам қозғалатыны кездесуге,жүзбе жүз тұрып сөйлесуге еш мүмкіндік берер емес.

       Қалыбек сондақтан да оған үнемі ызалы. Соңғы кездері ол төңірегіне Темір, Сарқан, Мұратхан сияқты білектері жуан жігіттерді жинаған.  Олар өзінің батылдығына тәнті. Қалаған қыздарына сөз айтуға барғанда өзін ертеді. Содан бастап төртеуінің достықтары жарасқан. Бірге жүреді. Қазақ  орта мектебін бітіргеннен кейін ашқайсысы да оқу   іздеп ауылдан сырт шыққан емес. Ел алдындағы әскери борыштарын өтеп қайтқаннан кейін ауылда осылай әртүрлі жұмыстар жасаумен жүрген. Дегенемен, әскери ортадан көп нәрсені   үйренген қай қайсысы да. Қалыбек мылтықпен нысанды көздеп атып, дәл тигізуден алдына жан салмаған. Әскери басшылықтан талай рет алғыс та алған. Бір қызығы, төртеуі де бір әскери бөлімшеге түскен. Ыстық пен суықты, қиындық пен жеңілдікті бірге өткерді. Енді міне, төртеуі  ауылдың түрлі жеңіл-ауыр жұмыстарына араласады, қолдары босаған күндерінде тау  кезіп, жабайы жануарлар мен құстар аулайды. Оған тыйым салынғанын білсе де, көп жағдайда жасырын барады тауға. Өзінің қырық қыңыр мінезін жақсы біледі ауылдың үлкені де, кішісі де. Бірақ оған батып ештеме айта алмайды ешқайсысы да. Сондықтан да өзі батыр, өзі атаман бұл ауылда. 

       Тек  бұл ауылда жақында ғана ғайыптан пайда болған Батыл есімді жалпақ қара түсті көзілдірікті жігітке ғана күші мен айласы жетпей жүр. Соны кездестеруді  ойлайды. Бірақ ол әзірге көзге түсер емес. Ауылға енді қайтып келмейтіндей болып кеткендей де болады ол. Жігітітң көз ілеспейтін жылдамдықпен қозғалуының сыры бір сәтке де тастамай тағатын көзілдірігінде деп санайды өзі. 

       Бүгін төртеуі  кешегі уәделері бойынша таңалагеуімнен түнгі  ұйқыдан тұрып,  дүрбілі мылтықтарын қолдарына ұстап, тауға қарай суыт жүріп кеткен. Көп кешікпей олжалы да болған. Екі Арқарды қатар сұлатып, бауыздап, терілерін іреп, еттерін бөлшектеп, төрт қапқа бөліп салып, арқалап елге қарай бет алған. Бұл олжа мен таудың саф ауасы, самал желі, бұлақтарының сыңғырлай аққан суының  дыбысы төртеуінің де көңіл –күйлерін ерекше көтерген. Мұндай сәтте Қалыбек еріксіз сүйіктісі Еңлікгүлді есіне алады, «Осы тауда онымен қол   ұстасып жүрсем ғой» деп армандап қояды ішінен. Бірақ ол арманын жанындағы достарына білдірген емес. «Егер осы тауда Еңлікгүл жанымда оңаша болса, осы таудан не қалағанының бәрін де алып берер едім» деп те демін терең алады. Төңірегіндегі достары да өздері   ұнататын қыздарын естеріне алып, өздерінде бір қиялға беріледі. Қай қасысының да бастарында бір арман бар. ОЛ армандарының бастысы да сол – қыздар. Жоғары оқу орнына бару, оқуға түсу  ешқайсысының да ойында жоқ. Ел алдындағы әскери борыштарын өтеді болса да. Әке-шешелірінің ендігі армандары да өздерінің аяқтанғандары. 

       Төртеуі тау  басынан осындай бір ой-арман әлеміне беріліп, жайымен төмен қарай түсіп келе жатқан еді. Шығыс көкжиектен шартабақ Күн жарқырай көтеріліп те қалған. Ол Күнді  бүгін көру  тағдырларына жазылмаған Арқарлардың бөлек-бөлек еттері өздері арқалаған әрбір қаптың ішінде. Жігіттердің ешқайсысы да Арқарлдың өліміне селт еткен жоқ. Арқарлар түгілі, дүниеден өткен адамның мәйітін қазылған көрге түсіріп, мәңгілік орнына жайғастырып жүрген Қалыбекке Арқарлардың өлімі еш аянышты емес. Ендігі бар арманы жасы қыз Еңлікгүлді қолына қондырып, әйел ету. Онан өзгені ойлай бермейді. Еңлікгүл өзін   ұната ма, ұнаптай ма, онда еш жұмысы жоқ. Тек қырсық шалғанда, ауылда ғайыптан бір бейтаныс жігіт пайда болып, сүйгенімен кездесіп, әңгімелесетінді шығарды. Өткенде дос жігіттерімен бірге оған жұмсаған жұдырықтарынан ештеме шықпады. Осы жағдай ғана өзіне қатты батып жүр. Бұл   уайымын достары сезеді. Текештеме демейді. 

       Осындай ой-арманда үнсіз жүріп, төртеуі алдарынан кезіккен үлкен жалпақ тастың үстіне қатар отырып тыныс алды. Қай қасысы да айнала-төңіректегі ғажайып әлем көрінісіне сүйсіне қараумен отырды. Сәлден соң отырған тастан тұрып, айнала-төңірекке тағы мейірлене көз салып, ауылға қарай жүрген. Тау биігінен қарағанда, ауылдың  үсті сәл буалдырланып көрінеді екен. Ал самал жел соқса, ол булдыр жоғалып, ауыл аспаны тап-таза болады. Төртеуі қатарласа жүріп, ауыл маңындағы бір үлкендеу  шоқы тастың   үстіне шығып тұрды. Ауылдың таңғы тылсым*-тірішілігі әлдеқашан басталып та кетіпті. Ауыл адамдарының әрбір атқан таңды ерте қарсы алатыны жаңалық емес. Тірішілік талабы солай. Таңалагеуімнен ірілі-ұсақты малдарының сауылатындарын сауып,  өріске қарай шығатын басқа малдарға қосады.  Одан соң өріске шықпайтын малдарын бақ сыртына арқандап,  жатқан қора-қопсыны тазаалайды. Сауылған сүттерін пісіреді, таңғы шайларын ішуге отырады. Соның бәрін аяқтағанша Күн де шығыс көкжиектен Қарға адым көтеріліп те қалады. Ауыл тұрғындарының бұл күнкестесі шоқы басындағы төртеуіне әу  бастан бес саусақтай белгілі. Мұны көрген Қалыбек  достарына бұрыла қарап:

        -Еңлікгүл де түнгі тыныш ұйқысынан әлдеқашан оянып, әке-шешесіне көмектесіп жүрген болар-ау.  Атып алған мына Арқарлардың етіненәкесіне сыйласам қайтер екен? – деп қойды.

       Жанындағылары бұл сөзін қолдай кетті. Үйдегілеріе: «Бір Арқарды әрең атып алдық» деп айтатын болып уәделесті. Сөтйіп төмендей берген. Көздеріне үш қабатты тамаша ғимаратымен бірден шалынатын мектеп ауласы бүгін күн жексенбі болғандықтан тып-тыныш. Жұмыс күндері сабақтарының үзілістерінде оқушыларшулап ойнап жүреді. Арасында Еңлікгүл  балалардың ойындарын қадағалап қояды. Қалыбек өзі Еңлікгүлді жақыннан бір көру   үшін әрдемені сылтау етіп, сол мағңнан бір өтетін. Кейде кідіріп, Еңлікгүлге сұрақ қойып, жауап алып, әйтеуірі бір сөйлетуге тырысатын. Саналы адам баласының қай қайсысының да бойында жетілмей жататын бір қабілеті болады емес  пе?  Қалыбектің бір кемшілігі, қыз атулыға жігіт болып сөз айтуға шорқақтығы. Сондықтан да Еңлікгүлге айтқан сөздері дөрегілеу шығып жатады кейде. Еңлікгүл онысын кешіреді. Бірақ  өзінің жан-дүниесін терең сезім мен түсінбеген адамға қалай жақындамақ. Сондықтан да қыз өзін одан қашық ұстауға тырысады әркез. Онысын Қалыбек сезеді. Бірақ  махаббат сезімі қыздың жақтырмағанына қарай ма, қалай да өзіне көндірудің жолын ойлайды. Ол ойының жүзеге асуына енді ғайыптан пайда болған бейтаныс жігіт те кедергі болмақ.

       Оны Еңлікгүлден қалай алыстатпақ? Оған әзіпрге ақыл-ойы жетер емес. Таудан төмен қарай түскелі бері соны ойлап келеді. Ауыл ішіндегі Еңлікгүлдің үйі мен ауласы Қалыбектің қырағы кзіне ап-анық  көрінеді. Тек  ол үйдегі тірішілік әрекеті бүгін әдеттегісінен кештеу басталғандай. Жексенбі  күні кім кімнің де түнгі  ұйқыдан кешірек тұрғысы келетіні бар. Оның  үстіне ауыл тірішілігі таңалагеуімнен басталып, Күн таяқ бойы көтеріле тынышталады. Ала қала тұрғындарының тірішілік әрекеттері бұдан басқашалау.   Жексенбі күндері бірен-саран адамдар болмаса, көбі қашан  ұйқысы қанғанша езіліп жата береді. Осылайша, жексені күндері қалада түске дейін «Тыныштық сағатьтары» өтеді. Қызу  тірішілік әрекеті түс  мезгілінен басталады. Қалыбек  осыны ойлағанымен екі көзі Еңлікгүлдің үйі мен ауласын сүзіп келеді. Енді сәлден соң Қалыбек  жалпақ жібімен мойнына ілген отыз бес еселік дүрбісін екі қолымен қосарлай   ұстап, Еңлікгүлдің  үйін қарауылға алды. Ондағы ішкі жаман ойы: «Әлгі бейтаныс жігіт Еңлікгүлді жағалап жүрген жоқ па екен?» дегені еді. Бірақ  үй ауласынан ешкім көздеріне түспеді. «Бәлкім, ерке қыз әлі түнгі ұйқысынан оянбаған болар?» деп бір ойлап қойды Қалыбек іштей. Онысын достарына білдірген жоқ.

       Төртеуі төмендей-төмендей ауыл іргесіндегі бір төбенің басына кідірді. Бұл төбе басынан ауылдың шығыс жағы жақсы көрінеді.  Күн сәулесі қиғаш түскен ауыл  үйлерінің қабырғалары сәл қызарып көрініп тұр. Ақтаусыз қалған үй қабырғалары осындай көрініс береді екен. Ақталған үй қабырғалары  Күннің қызыл түсті сәулесін сәл сарғыш тартқандай. Жалпы, ауылда қиқы-жиқы тұрғызыла салған бір де бір тұрғын үй жоқ. Ауыл үйлері солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ағып жатқан үлкен өзен суының жағалауына созыла орналасқан. Төбе басында тұрған төртеуі бала кездерінде осы өзен суын жалаңаяқ талай кешіп, талай шомылған, Балық аулаған. Талай су жыланына кезіккен. Енді балалық балдәурен шақтары қайтып келмес алыста қалған. Төртеуі де есейді, ер жетті. Ауыл жұмыстарына араласатын, тауға шығып, мылтықпен осылай жабайы жаунарлар мен құс атып алатын дәрежеге жеткен. Олжасыз қайтқан кездері болған емес. Бұл жолы екі Арқарды олжалап келеді.

       Ауыл көркіне төртеуі   ұзақ қарап тұрды. Үйлеріне жетуге ешқайсысы да асықпаған. Әсіресе, Қалыбектің зауқы  жоқ. «Осы жерден Еңлікгүлді дүрбі арқылы анықтап бір көрсем» деген ойынан арылар емес. Дүрбі арқылы ауылды жалпылай қарағандай болғанымен, қайта-қайта Еңлікгүлдің үйі мен ауласына келіп тіреле береді көздері. Ол қарағандары бос кетпеді. Үй ауласынан Еңлікгүлдің әкесін де, шешесін де көрді. Тек ең керектісі Еңлікгіүл көрінбеді. «Сонда ол қайда кеткен, таң атпай?» деген ой Қалыбектің тұла бойын шымырлатты. Қалған үшеудің ортасындағы атаман өзі болғандықтан олар ләм-мим демеді. Өзі не айтса, соны бұлжытпай орындап тұр үшеуі. Қарай-қарай Еңлікгүлді көре алмаған соң дүрбісін қорыбан қайта салып қойды. Содан соң екі қолын екі бүйіріне таяп тұрып, терең бір күрсінді де:

       -Кеттік, өзенге! Балалық шағымызды еске алып, бір-бір сүңгіп шығайық суына! – деді. 

       Тау кезіп, Арқар қуып, әбден терлеп-тепшіп шаршаған үшеуі бұл  ұсынысына қуана келісе кетті. Төртеуі араларындағы қаптарын жиі қозғап, қолдарындағы мылтықтарын жиі шошаңдатып өзенге қарай жылдам түсті. Өздері болған тасты төбенің етегіндегі темір көліктер жүретін жолдың шығыс жағы өзен. Өзен суын жағалай қалың ағаштар өскен. Ол ағаштардың бәрі де бала кездерінде жіңішке-жіңішке шыбықтар еді. Енді жапырақ жайып, жайқалып тұр. Кейбірінің бұтақтарына құстар   ұя да салған. Құстар ұшып-қонуда. Бұлар ағаштарды аралап келеді. Кейбір тұстары тығыз өскен. Ондай жерінде жігіттер сәл еңкейіп, бір-бірлеп өтеді. 

       Өзеннің шығыс жағында биіктеу  тау төніп тұр. Оның әлі Күн сәулесі түсе қоймаған көлеңесінде салқын самал еседі. Ол жағында ұшып-қонып жүрген құстар аз. Төртеуі жүре-жүре үлкен тастардың арасындағы ашық жерге шыққан. Әрбір жалпақ тастың   үстін жасыл қыналар жайлап алған. Тастардың беттері соның салдарынан алыстан сепкілденіп көрінеді. Тіпті, Бөене құстың жұмыртқасының алабажақтығын да көзге елестетеді. Тау  солтүстік-шығыс жақта болғандықтан мұнда Күн сәулесі әлі толық түспеген. Күн сәулесі түскен жартысы мен түспеген жартысы қара сызықпен бөлгендей екі бөлектеніп тұр. 

       Мұның бәрі де жігіттерге бала кездерінен жақсы белгілі көріністер. Талай шарлаған, ойнаған жерлері. Ал ендігі ойлары да, армандры да басқа. Әрқайсысының өзі сүйген қызы бар. Солардың ішінде Еңлікгүлдің орны ерекше. Сондықтан да ауылдың қай-қай жігітінің де Еңлікгүлге деген құрмемті басқа. Ол құрметтерін білдірмеуге тырысады. Ауылдың атаманы атанған Қалыбектен асары жоқ жігіттерден. Енді міне, «Әр асқанға бір тосқан» дегендей, Қалыбектен де күшті бейтаныс жігіт пайда болды. Ол бүкіл ауыл тұрғыны жақсы білетін Батыл.

       Жігіттер өзен суын жағалай жүріп, тау   тұсынан өтіп, ашықтау жерге шыққан кездерінде Күн сәулесінің ыстықтығы бірден сезілді. Бойлары жіпсіп, енді біраздан соң терлей де бастаған. Арқаларындағы қап пен киімдерінің арасы суланған.Қалыбек айтқан ұсыныстың қалған үшеуге қонымды бола кеткенінің өзі де осылай қатты терлейтіндерінен еді. Жастайларынан жаз бойы шомылатын су иіріміне жақындап та қалған. Бірақ осы кезде қараптан қарап іштей әлденеден сезіктеніп келе жатқан Қалыбектің құлағына кенеттен сықылықтай кеп күлген Еңлікгүлдің күлкісі шалынды. Қалыбек кілт тоқтай қалып құлақ салды. Осы кезде сөйлеген жігіттің дауысы да естілді. Қалыбек те, қасындағы жігіттер де ол дауыстың Батылдыкі екенін түсінді. Енді төртеуі де сақтық жасап, аяқтарын жай басып жүрді. Дауыстар қаттырақ  естіле бастаған кезде арқаларындағы қаптарын еппен ғана ағаш көлеңкелеріне қойып, мылтықтарын иықтарынан түсіріп, қолдарына ұстап, алға қарай кезеп, жүре түсті. Содан биіктеу қырдың  үстіне көтерілген.Сонда барып көрді. Өзен суының жағасындағы жазықтау бір жерде Батыл мен Еңлікгүл емін-еркін әңгімелесіп отыр. 

       Қалыбектің жүрегі ттулап жөнелді. Бойындағы бар қаны жоғары қарай лықсып, күллі бет-әлпетін алаулатып жіберді. Бойын билеген ыза-кектен жігрленіп, қолындағы мылтығын қарымды қос қолымен қыса ұстады. Жігіттеріне қарап үнсіз ымдап қойды. Мұнысы «Атуға дайын болыңдар» деген белгісі еді. Оны түсінген жігіттер де мылтықтарын алға қарай кезеп ұстап келеді. Қалыбек  енді сәл бүгіліп, қолына дүрбісін алды. Анық таныпты. Батыл мен Еңлікгүл. Бәрі түсінікті болды. «Бұл өзі Еңлікгүлді мықтылап айналдыруға көшіпті» деп ойлап қойды Қалыбек ішінен. Сөйтіп, сабырлық сақтап біраз тұрды. Батыл төбе тұстарынан ұшып өте берген кез келген шыбын-шіркейді оң қолымен оп-оңай қармап ұстап алады. Оған Еңлікгүл сықылықтай кеп күледі. Сәлден соң Батыл отырған орынан ширақ түұріп, ағаштардың төменгі бұтақтарының бірінде қонып отырған бір Торғайды аса жылдам қозғалып сол қолымен қармап ұстап алды. Одан қайта босатып жіберді. Еңлікгүл тағы да мәз. Батыл одан соң жандарынан ұшып өтіп бара жатқан тағы бір Торғайды оп-оңай ұстады. Сол кезде Еңгікгүл:

       -Жарайды, Батыл. Торғайды босатыңыз. Шапшаңдығыңызға көзім жетті,-деді оған жымия қарап.

       -Сіз айтсаңыз болды! – деп, Батыл Торғайды босата салды. 

       Батылдың бұл сөзін естіген Қалыбектің ішкідүниесі одан сайын күйді. «Бұл өзі қайдан келген адам? Недеген жылдамдық» деп қойды ішінен. Тұла бойы қатты толқып, оған қадала қарағандықтан денесі сәл діріл қағып, көздерінің алды буалдырланып кеткендей болды. Батыл мен Еңлікгүл бұл бақылаудан бейқам. Бейнебір енді бұл жарық та жылы дүниеде екеуінен өзге жан жоқтай. Қалыбек енді дүрбіні көздерінің алдынан төмен түсіріп, жай көзбен қарады. Енді олар аыстан қарай қана көрінеді. Жанындағы жігіттер не айтарларын да, не жасарларын да білмей тұрып қалған. Сол кезде Қалыбек демін терең алып, достарына мынандай шешімін айтты:

       -Достар, менімше, Батылдың аса жылдам қозғала алатынының сыры  көздеріне таққан жалпақ қара түсті көзілдірігінде. Әйтпесе, оның өзімізден не айырмасы бар. Өзіміздей жігіт емес пе? Ендеше, біз оның көзілдірігін құрсақ қана жеңе аламыз. Сонда ол бойындағы бар қабілетінен айырылады. Көзілдірігін жйған соң оны қоршаймыз да, жұдырығымызбен соққының асына аламыз. Ауылдан біржолата қуамыз. Сонда ол қызбен сөйлеспек түгілі, өзі басымен болып кетеді! Осы ойым қалай, достар, дүұрыс па?

       -Өте дұрыс ақыл! – деп Темір бірден қолдады. 

       -Мен де өте дұрыс ақыл деп санаймын! – деді Сарқан екі қолын екі бүйіріне таяп тұрып. 

       -Расында да мынауң керекет идея ғой! – деді Мұратқан әдеттегі жағымпаздығына салып.

       Қалыбек Батыл мен Еңлікгүл отырған жақстан көздерін алмай, сол қолының сұқ саусағымен басын қасып үнсіз тұрды. Содан соң мылтығының үстіне орнатылған дүрбіге көз салды. Бұләрекетінің мәнін жаныдағылары түсіне қойған. Қалыбек  жанындағы Темірге бұрыла қарады да:

       -Мынамен қалай дейсің? – деп, иегін көтеріп қойды. 

       -Өте дұрыс. Дүрбі арқылы атылған оқ бекер кетпейді ғой!

       - Менімше де солай! – деп, Мұратхан әлгілерге көздерін сығырайта қарады.

       -Өзім де солай ойлап тұрмын! Деді Қалыбек қатайып. 

       Сөйтіп, дүрбілі мылтығын қос қолымен ыңғайлап ұстап, өзен суы жағасындағы ашық алаңда алаңсыз әғңгімелесіп отырған екеуге қарай кееді. Дүнрбі шынысынан анық көрініп тұрған қосу   белгісі сияқты қызыл түсті сызығы жайымен жылжып, Батылдың дәл арқа тұсына тоқтады. Екеуі де әлденені іштей сезгендей әрі қарай бұрылып отырған еді. Екеуі де сыртынан бір адамның өздеріне осылай дүрбілі мылтығын кезеп тұр деп еш ойламаған. Еңлікгүл Батылдың қазақ тілінде жас балаша ежелеп сөйлегеніне қызығып, сөйлете бергісі келеді. Ара-тұра екеуі де қосыла күліп алады. Мылтықтың дүрбісі арқылы енді Қалыбекке ол екеуінің не істеп, не қойып отырғандары Айдан анық көрініп тұр. Батыл әдетінше ұшып-қонып жүрген түрлі жәндіктерді оп-оңай қағып ұстап алып, анықтап көріп, қайта босатып жібереді. Содан бір кезде Еңлікгүл оған қарап бірдеме деп сөйледі. Батыл басын жай изеп, жалпақ қара түсті көзілдігін шешіп, бүктеп, жерге қойды. Еңлікгүл тағы да бірдемелерді тынымсыз айтып отыр оған. Көзілдірікті мылтық оғымен қалай быт-шыт етуді ойлап тұрған Қалыбекке бұл әрекеттер қатты ұнады. Ойындағысының орындалатын сәті де келгендей. Өздері тұрған жердегі бір үлкендеу   тастың үстіне шыққанда екеудің бар түр-тұрпаттары анықталды. Енді мылтықтың шүріппесін басса, атылған оғы зая кетпек емес. Екеудің ешқайсысына тимейді, көздеген көзілдірік қана быт-шыт сынады. 

       -Не болды, көзілдірікті дәлдей алатын түрің бар ма? – деді осы кезде дегбірсідене бастаған Мұратхан. 

       -Қазір... – деді Қалыбек оң көзін мылтық дүрбісінен алмай. 

       -Көзілдірікке дәл тисе жақсы болар еді! – деп қойды Темір де мойнын ала қарай сәл созып. 

       -Уақыт оздырмайық! – деді Сарқан жан-жағына алаңдай қарап.

              Қалыбек қанша батылданса да, мылтығының шүріппесін тартуға келгенде, оң қолының иілген сұқ саусағы жансзданып қалғандай әлсізденді. Атқаннан кейін бірнеше секундтың ішінде не болып кететінін ойлап үлгерді. Қанша дегенмен де, Батылдың қандай айлаларының бар екенін әлі толық білмейді. «Егер ол көзілдіріксіз де жылдам қозғала беретін болса ше?» деген де басына ой келді Қалыбектің. Онда өзіне өзі үлкен де қатерлі жау тауып алмақ. Осыны ойлаап барып, тәуекелге келіп, мылтығының шүріппесін кейін тартпақ еді, жердегі екі бүктелген әлгі жалпақ қара түсті көзілдірікті  Еңлікгүл өзінің бұл қастандық әрекетін сезе қалғандай қолына қолына алды. Оны тағып алып жанындағы Батылға қарады. 

       -Не болды? Неге атпай тұрсың? Нені күтіп тұрсың?! – деп қалды шыдамаған Мұратхан.

       -Қазір... –деді Қалыбек  мылтық дүрбісінен көзін тайдырмай.

       Жанындағы  үшеу  мойындарын алға соза қарап тұр. Алыстан қарайып көрінген екі адамның қимыл-қозғалыстары ғана байқалады дүрбісізге. Бір кезде қолдары талған Қаьлыбек мылтығын төмен түсірді де:

       -Болмады,-деді күрсініп.

       -Неге?! – деп оған Темір жақындай түсті.

       -Жердегі көзілдірікті Еңлікгүл тағып алды. 

       -Қап-ай, ә?! – деп Мұратхан күйіп-пісті. 

       - Енді не істедік? – деді Сарқан тас үстіне отыра кетіп. 

       -Кішкене күтелік!.. – Қалыбек  дүрбілі мылтығын алычстағы екеуге тағы кезеді.

       Батыл мен Еңлікгүл бұлқатерден әлі де бейқам. Әңгімелерін жалғастырып, ара-тұра қосыла күліп алады. Еңлікгүл енді жалпақ қара түсті көзілдірікпен жан-жағын қызықтай барлай берді. Сол меетте ол өздерін бақылап, мылтық кезеп тұрған бұларды байқап қылды. Көзілдірікті тез шешіп, Батылға қайтарды. Ол да жылдам тағып алды. Батыл көзілдірігі арқылы өзіне дүрбілі мылтық кезеп тұрған Қалыбекті жазбай таныды. Сол мезетте бойын ыза-кек билеген Қалыбек шыдамстан оң қолының иілген сұқ саусағын кейін қарай тартып кеп қалды. Атылған оқ айдалаға лағып кетті. Сол замат Батыл Еңлікгүлді қалқалап үлгерген. Содан Батыл мен Еңлікгүл ауылға қарай жылдам басып жөнелді.

       Қалыбек  әрекетінің сәтсіз аяқталғанына қатты күйініп оң қолындағы дүрбілі мылтығын жерге лақтырып жіберді. Қалған үшеуі қаққан қазықтардай  үн-түнсіз тұр. Қалыбек олай-былай жылдам-жыллдам жүріп алды да:

       -Енді біттік! Мылтықтың дауысын ауыл адамдарының бәрі естіді! Қастандығымызды да білетін болды! – деп күбірледі.

       -Ести берсін! Біле берсін! – деді Мұратхан оның қобалжуын басуға тырысып,- енді біз өзімізді ақтай білуіміз керек! Біз жаабайы жануарлар аулаудан келе жатқандармыз! Мылтығымыз байқаусыз атылып кеткен шығар! Оғы болса да далаға лағып кетті! Ешқайсымыздың ешкімге қастандық жасағымыздың келмегені белгілі емес пе, осыдан! Қорқатын ештеме жоқ! Әңгімеміздің де, сұрағандарға беретін жауабымыздың да тоқ етері осы болуы керек!

       -Мұның дұрыс ақыл екен! – деді Қалыбек сәл де болса жадарғандай болып.- осыған келістік!

       Төртеуі  ұзап кетіп қалған Батыл мен Еңлікгүлге біршама уақыт тапжылмай қарап тұпрды. Содан соң жердегі арқардың еттері бар қаптарын қайта арқаларына асып, қолдарына дүрбілі мылтықтарын алып, ауылға қарай тартып берді.


Сурет  сабағында


Қоңырау соғылып, оқушлар сыныпқа кірген соң мектептің төңірегінде тылсым-тыныштық  орнаған. Дәліздердегі абыр-сабыр жүрістер де тыйылған. Әр мұғалім өзінің сыныбына кіріп, сабағын бастап та кеткен. Еңлікгүл де өзінің сыныбында. Білім алуға құштарланып келген бұлдіршіндер де өз парталарына отырып, үстіне қолдарын айқастыра қойып, назарларын Еңлікгүлге аударған. Бүгінгі сабақ ерекше еді. Сурет салу  сабағы. Мұны қай-қай баланың да жақсы көретіні белгілі. Сурет салуға деген құұштарлық  кез келген баланың бойында кішкентайынан оянады. Енді олар суретті кәдімгідей етіп салуға қалыптасады. Оқушылар өздерімен бірге алып келген ақ қағаздарын, түрлі түсті қаламдарын парта үстіне қойып, мүғалімнің сөзін күтіп отыр.. сол кезде сыныптың есігі сәл ғана ашылғандай болып, әлдекім қараң етіп ішке кіріп, соңғы жақтағы бос патаға отыра кетті. Оқушылар солай қарай бұрылған. Таныс адам екен. Оны ауылдың барлық  тұрғындары біледі.

       Батылдың ішке кіріп келіп, соңғы бос партаға жайғасқанын Еңлікгүл де білмей тұрған жоқ-ты. Онымен бұл жөнінде өткен жолғы кездесуінде келіскен. Тек оны ешкімге тіс жарып айтпаған. Оқушылардың Батыл отырған патаға қарайлай бергендерін байқаған Еңлікгүл:

       -Балалар, соңғы жақтарыңа қарайлай бермеңдер. Бұл кісі біздің сабағымызға қатысуға келген. Сендердің салған суреттеріңді көреді. Қане, бәрің де ақ  қағаздарың мен түрлі түсті қаламдарыңды сурет салуға дайын етіңдер. 

       -Дайын! Дайынбыз! – деп шу ете тсүті оқушылар. 

       -Өте жақсы. 

       Оқушылар ақ қағаздары мен түрлі түсті қаламдарын сурет салуға дайын еткен соң Еңлікгүл олар отырған парталардың арасымен жүріп, қайсысының шын дайын, қайсысының әлі дайын емес екенін қарап өтті. Одан тақта алдына барды да:

       -Ал, енді мені мұқият тыңдаңдар. Сурет салудың не екенін сендер біршама білесіңдер,-деп сабағын бастап кетті, - сурет сала білу – ұлы табиғатты көре білу, оны сүю! Сурет адамның табиғатты танып-білудегі таным-түсінігін кеңейтеді. Бүгінгі сабақта  біз сурет салуды неден бастау керектігін айтамыз. Ал маған айтыңдаршы, өздерің қандай сурет салғанды үнатасыңдар?

       -Құстың суретн! – деді Айнагүл есімді кішкентай  қыз бала отырған орнынан  ұшып түрегеліп. 

       -Ал мен Мысықтың суретін салғанды жақсы көремін! – орта бойлы кішкене ұл  бала да орнынан тұрып сөйледі.

       -Жауап берген кезде орындарыңнан тұрудың қажеті жоқ. Орныңа отыра ғой, Көлбай! – деді мұғалім.

       -Күшіктің суретін салғанды ұнатамын! – деді  Жаңагүл есімді қыз бала. 

       -Ал мен Тұлпардың суретін... – деді Жолдас есімді ұл бала. 

       - Жақсы... – Еңлікгүл сәл жымиып алды, - бәріңдікі д дұрыс. Әркім өзінің қалағанының суретін салады. Бірақ біз сабақта отырғандықтан бір жүйеге көшеміз. Сурет салудың да өзіндік талабы, ерекшелігі мен техникасы, тәртібі бар. Сурет салуды қандай да бір Құмыраның , гүлдің суретін салудан бастаған абзал. Онан кейінгі нәрсе, адам баласының бет-бейнесін ақ қағаз бетіне айнытпай түсіру. Не себепті олай? Сурет салуды Құмыра, гүлден бастау керек дегенім, олар қозғалмайды, сондықтан олардың суреттерін салу оңай. Асықпай ақ қағаз бетіне түсіріп аласыңдар. Ал жануарлар мен құстардың суретін салудың қиын болатыны, олар үнемі қозғалыста болады. «Қозғалысыыз тұр» дегенді түсінбейді. Ал адм бір сәтке болса да қозғалысыз отыра алады. Адам бейнесін айнытпай ақ қағаз бетіне түсіру  - өз анатомиямызды танып-білу деген сөз. Адамсыз қоғамболмайды. Тіпті, өзге жұлдыз жүйелерінде де өзіміз сияқты адамдардан тұратын қоғам бар шығар. Ендеше, сурет салу өнерінде адам бейнесі бірінші орында. Бүгін біз адам суретін саламыз. Ана соңғы партада отырған ағаларыңның суретін сала аласыңдар ма?

       -Сала аламыз! – деп шу ете түсті оқушылар. 

       -Жақсы. Қағаз-қаламдарыңды дайындаңдар. 

       -Дайынбыз!

       -Ендеше, бастайық!

       Еңлікгүл соңғы партада елеңдеп отырған Батылға ым қақты. Ол орнынан ширақ тұрды да, жылдам басып келіп, тақтаның жанына тұра қалды. Еңлікгүл оған орындық ұсынды. Батыл орындықта оқушыларға тура қарап отырды. 

       -Міне, балалар, Батыл есімді ағаларың көз алдарыңда. Бет-бейнесі жақсы салынған суретті көрмеге іліп қоямыз. Сондықтан жақсы етіп салуға тырысыңдар. Келесі сабағымызда бұл кісіні тұла бойымен суретке салатын боласыңдар. Түсінікті ғой?

       -Түсінікті, Еңлікгүл апай!

       - Ал, енді көзілдірігіңізді шеше қойыңыз, - деді Еңлікгүл Батылға бұрыла қарап. 

       Батыл басын сәл ғана изеп, жалпақ қара түсті көзілдірігін шешіп алып, алдындағы үстел  үстіне қойды.Сол кезде оқушылар алғаш рет көздері  үлкен, қарашықтары  жоқ, қоңырқай түсті  адамды көріп, демдерін ішке тартты. Бейтаныстың  бет-әлпеті де бөлекшелеу. «Сонда бұл адам алдындағыны қалай көреді?» деген ой туды оқушылардың біріне. Енді біреуі: «Еңлікгүл апай, бұл кісі көзден ғаріп пе?» деп те қала жаздады. Қай қайсысы да ішінен: «Сурет салудың орнына бұл не сұрақтарың?!» деп жекіп тастай ма?» деп те сескенді. Бар болғаны, біресе Батылға, біресе бір біріне қарап мырс-мырс етумен шектелді. Еңлікгүл оқушылардың дәл осындай таңғалыс сезіміне көшетінін білген-ді. Сондықтан да сыр берместен оқушылар отырған парталардың арасымен жайымен жүріп, әрбір оқушының салып жатқан суретіне көз салып өтті. Бірінші сыныптың оқушыларының Батылдың ерекше жаратылған үлкен көздерінің не себепті олай екенінің байыбына бара бермейтіні де түсінікті еді. Әрбір оқушы біресе Батылға қарап, біресе алдындағы ақ қағазына шұқшиып, оның бейнесін суретке салып отыр. Біреуі суреттің басын жастаса, екіншісі орта тұсына, үшіншісі аяғына жетіп қалған. 

       Арада жарты сағаттық  уақыт өткенде біраз оқушылар суреттерін салып та бітті. Оған дейін Батыл отырған орнынан қозғалмауға, бет-әлпетін басқа жаққа бұрмауға тырысты. Еңлікгүл  де парта аралап көп жүрмеді. Оқушылар ара-тұра бір бірімен күбірлесіп сөйлесіп, салған суреттерін бір біріне көрсетіп қояды. Еңлікгүл қарап шыққан суреттердің көбі дерлік тәп-тәуір. Батылдың бет-әлпеті, үлкен көздері дұрыс бейнеленген. Бір кезде Әбдіғаппар есімді  оң қолын көтеріп, шынтағын парта  үстіне қойды. 

       -Айта ғой! – деді Еңлікгүл оған.

       -Еңлікгүл апай, мен суретті салып біттім, - деді ол, - ағайдың бет-әлпетінен көптеген ерекшеліктерді байқадым. Мен мұндай ағайды әлі еш жерден көрген жоқпын.

       Еңлікгүл Батылға бұрыла қарап сәл жымиып алды. Содан соң оқушыға қарап:

       -Байқағаның жақсы екен. Суретші деген сондай болуы керек. Ең бастысы, адам басы құрылысының екінші бір адамның басы құрылысынан өзгешелігін ажыратып салу суретке.  Қане, салған суретіңді...

       Әбдіғаппар мұғалімнің сөзін соңына дейін тыңдамай-ақ  отырған орнынан ширақ тұрып, жылдам басып тақта алдына келді. Еңлікгүл оның қолындағы Батылдың бет-бейнесі салынған суретті еппен алып, мұқият қарап шықты. Батылдың басы, мңдайы, көздері мен құлақтары суретке жақсы салыныпты. «Мына баладан жақсы суретші шығады» деп ойлап қойды ішінен Еңлікгүл. Сөйтіп, суретті Батылға беріп еді, ол қарап шығ,ып, айнымаған өз бейнесін көріп, аң-таң болды.  Өз елінде мұндай суреттерді тек күрделі құралдармен  жылдам салатын. Ал мына сурет бала қолымен табиғи түрде салынды ақ қағазға. Батыл өзінің суретіне қайта-қайта қарап алды да, оқушыға қарап:

       -Мына салған суретің маған қатты ұнады! Талабыңа нұр жаусын! – деп, оның қолын алып, қысып  қойды. Баланың беті бұл-бұл жанды. Үлкен кісі қайтарып берген суретке қайта-қайта қарап тұрды.

       -Отыра ғой орныңа, - деді Еңлікгүл оқушыға.

              Ол өзі отырған партасына қарай асықты. Соның  артынша салған суреттерін көрсетуге асыққан оқушылар көбейіп кетті. Әрқайсысы оң қолдарының шынтақтарын парта үстіне қадап, алақандарын тербеп, «Еңлікгүл апай, менікін де көріңізші?!»деп дауыстап жатты. Еңлікгүл оқушылардың ынта-ықыластарын қайтармау   үшін педагогикалық  әдеп сақтап, парталардың ара-арасымен жүріп, қол көтергендерінің бәрінің суреттерін қарап, жақсы пікірін айтып шықты. Батыл да оқушылардың кейбірінің салған суретін қолына алып, ақ тілегін айтты. Оқушылар мәз. 

       Бұл кезде сабақ уақыты бітіп, дәліздегі компьютерлі қоңырау  сыңғырлап ала жөнелген. Оқушылар ақ қағаздары мен түрлі түсті қаламдарын жинастырып, сөмкелеріне салып, сыртқа қарай асықты. Батыл мен Еңлікгүл ғана қалды іште. Батыл жалпақ қара түсті көзілдірігін қайта тағып алған. Еңлікгүл балалар салған суреттерден Батылдың бет-әлпетінен өзі байқамаған детальдарды аңғарды енді. Қанша дегенмен де бойжеткен қыз, ұяң мінезді болғандықтан Батылдың бетіне бажырая қарауға батпаған. Бала көзімен көп құпияны ашқандай. Еңлікгүлдің бұл ақылға сай мақсатын Батыл да іштей түсінген. Солай бола тұрса да, Батыл өзінің Еңлікгүлмен осындай сыйластық қарым-қатынасқа көше алғанына риза. Сондықтан да Батыл өте көңілді. Аз ғана уақыт ішінде екеуі оқушылардың талаптары мен таланттарын талқылап та үлгерген. 

       Бұл кезде оқушылар мектеп ауласында асыр салып ойнап жүрді. Ойын арасында бір бірлеріне жаңа ғана сыныпта салған суреттері жайлы айтады олар. Осылайша айналасы он минуттың ішінде мектепке келген бейтаныс жалпақ қара түсті көзілдірікті адамның суреті жөніндегі әңгіме тарап кетті. Ондай әңгіменің бір шеті мектеп директоры Айдос Пернебекұлы Қажымұрпағына да жеткен. Үзіліс біткеннен кейінгі қоңырау  соғылып, оқушылар ішке, сыныптарына кіріп, парта-парталарына жайғасып, келесі сабақ бастала бергенде Еңлікгүлдің сыныбына жанына екі мұғалімді ерткен директор кірді. Ол бойы биік, дене мүсіні сымбатты, екі жауырыны қақпақтай, ат жақты келген бет-әлпеті реңді, қияқтай етіп қара мұрт қойған, қыр мұрынды , жасы қырықтан асқан кісі еді. Аты-жөні – Айдос Пернебекұрпағы.

       Директор бастап кіріп келгенде, сабақтарын енді бастай берген оқушылар отырған парталарынан дүркірей көтерілді. Соңғы жақтағы партадағы Батыл ғана мән-жайды түсінбей сол қалпында отырып  қалған. Еңлікгүл дриектордан қатты ыңғайсызданып, ұяң ғана амандасып, не айтарын білмей тұр. Батылдың сыныпқа кіріп, сурет салу сабағына қатысқаны жөнінде әңгіменің директорға қалай тез жеткеніне қайран. Айдос Пернебекұрпағы әңігмеден бұрын сынып ішін көздерімен жай ғана шолып өтті. Соңғы партада отырған жалпақ қара түсті көзілдірікті жігітті байқады. Оның  осындай жалпақ қара түсті көзілдірік тағып жүретіні, жылдам қоғалатыны  жайлы ауыл адамдарынан көп әңгіме естіген. Тек осылай жүздесудң рет келмеген. Еңлікгүл сабақ беретін сыныпта екенін естіген бойда жанына екі мұғалімді ертіп жеткені осы. Айдос Пернебекұлы енді жігітке қадала қарап тұрды да:

       -Кешіріңіз, сіз кім боласыз? – деді қоңыр дауысымен. 

       -Мен... Батылмын...

       - Көзілдірігіңізді шешіңізші...

       -Көзілдірігімді шешсем, түрлі түстерді ажырата алмай қаламын, - деді Батыл орнынан тұрған бойда.

       - Солай ма еді?

       - Иә, мен түрлі түстрді осы көзілдірігім арқылы ғана ажыратып көре аламын.

       -Онда, кешіріңіз. – директор Еңлікгүлге қарай бұрылып. – сіз не себепті бұл кісіні мазаладыңыз? Суретін салдыратын адам аз ба еді, бұл ауылда?

       -Мен бұл көзден ғаріп кісінің  бет-бейнесін оқушыларға салдырып алмақ едім, - деді Еңлікгүл  ыңғайсыздана сөйлеп. 

              -Онда жөн басқа. Маған жеткен сөздерге қарағанда, бұл жігіттің көздері біздікінен басқашалау.  Суретін қай оқушы жақсы салды екен?

       -Мен! – деп, Әбдіғаппар есімді бала орнынан ұшып тұрды.

       -Бері әкеле ғой салған суретіңді,- деп, директор мұғалімнің бос тұрған  орындығына отыра кетті.

       Әбдіғаппар сөмкесін ашып, ішінен өзі салған Батылдың суретін алып, тақтаға қарай жүре бергенде, Батыл сол тұсындағы үлкен терезеге ұшуға дайындалған құстай жалтақ-жалтақ  қараумен болды. Директор суретті қолына алып, Батылдың көзілдіріксіз бет-бейнесіне таңырқай қарап, енді жігіттің өзіне қарай бұрылғанда, ол отырған соңғы парта бос болып шықты. Жігіт көз ілеспес жылдамдықпен ашық терезе арқылы сыртқа қарай секіріп, зым-зия болып  үлгеріпті. Директор суретті үстел  үстіне қоя сала терезеге қарай ұмтылды. Оқушылар да парталарынан дүркірей көтерілді. Екі мұғалім де солай қарай жақындаған. Еңлікгүл ғана ештеме болмағғандай сол орнында тұрып қалған. Терезеге тез жақындаған директор да, зімен бірге келген екі мұғалім де сырттан бір шөкім шаңды ғана көрді. Онан өзге көзге түсер ештеме жоқ. «Шайтан десе, шайтан екен» деген ой келді екі мұғалімнің біріне. Сыныптағы оқушылар орындарына отырмай терезе алдында топтасып тұр. Еңлікгүл оқушыларға сәл жфмия қарады да:

       -Шошынбаңдар. Орындарыңа отырыңдар. Қағаз-қаламдарыңды сабақ жазуға дайындаңдар, - деді жай ғана.

       Директор ашық терезеден басын кейін қарай тапртып алып, Еңлікгүлге қарай жүрді. Үстел үстіндегі суретті қолына қайта алып, Батылдың ғажайып бет-бейнесіне қадала қарады. Сурет  анық, бояуы қанық  салынған екен. Батылдың басында пәлендей айырмашылық жоқ. Шашы сиреген. Аузы, мұрны кәдімгідей. Жалпы түр-тұрпаты қазаққа жақын келеді. Тек көздері...Директор аз үнсіздіктен соң Еңлікгүлге қарай бұрылып  былай деді:

       -Егер ол жігіт қайта келсе, міндетті түрде маған ертіп кіріңіз. Сөйлесуім керек...

       -Жарайды, аға, - деді Еңлікгүл оған қадала қарап тұрып, - тек, ол енді қайтып келе қояр ма екен? Оның қандай жылдамдықпен қозғалатынын өзіңіз де байқадыңыз.

       -Ол өзі қайдан пайда болған адам?  Қозғалысын көріп үлгеру  мүмкін емес екен ғой? Онымен қалай әңгімелесіп, қалай бірге серуендеп жүрсіз?

       -Мен онымен әңгімелесуге де, бірге серуендеуге де құштар емеспін. Ол менің жанымда күтпеген жерден табан астында пайда бола қалады. Сөйтіп, ешқайда кете алмаймын. Оның   үстіне қазақ  тілімізде анық сөйлеп тұрған соң...

       - Сонда ол не айтады өзі?

       -Оның маған айтар пәлендей әңгімесі жоқ. Тек  ауылымыздың ғажайып табиғатына қарай берсе болды. Ол түрлі түстерді жалпақ қара түсті көзілдірігі арқылы ғана көреді.

       -Көзілдірік?

       -Ий, сондықтан ол көзілдірігін тастамай тағады. 

       -Ал егер көзілдірігі болмаса ше?

       -Айтуынша, онда мына ғажайып әлемнен тек ақ пен қара түсті ғана көреді. 

       -Тағы қандай ерекшелікті байқадыңыз одан?

       -Ең қызығы, ол ұшып жүрген шыбын-шіркейді де, ұшып өтіп бара жатқан кез келген құсты да жылдам қозғалып оп-оңай   ұстап ала береді. Жабайы жануарларды қуып жету оған тіпті де оңай екен. 

       -Әлгі үй ауласындағы кір жайғышта жаюлы тұрған киімдерді де сондай жылдамдықпен ұрлаған шығар?

       -Сөйткен. Бірақ оны қайтып орнына қойыпты. 

       -Онысы азаматтық болған екен. Тағы қандай ерекшеліктері байқалды?

       -Мен ол жігітпен әлі көп сырласқан жоқпын,аға. Ол жөнінде бар білетінім осы ғана. 

       Директор ойланып қалды. Сыныптағы оқушылар тым-тырыс тыңдап отыр бұл сөздерді. Бәрі де бұл жаңалықты ести түсуге құштар-ақ. Кейбіреу і отырған орнында мойынын алға қарай соза түскен, енді бірі, тіпті, орнынан сәл түрегеп те кеткен. Оқушыларға әсіресе Батылдың шыбын-шіркейді, ұшқан құсты оп-оңай  ұстайтыны  қызық бола түскен. Директор оқушылардың сабақ  уақытын алғанын сезініп,әңгімені доғарып, Әбдіғаппар салған Батылдың суретін қолына алды да, Еңлікгүлге:

       -Жаңағы өтінішімді ұмытпай орындаңыз, - деп, екі мұғаліммен бірге сыныптан шығып кетті.

       Еңлікгүл жай ғана басын изеп, ойға батып, мұңайып қала берді. «Нем бар еді қайдағы бір бейтаныс жігітпен сөйлесіп. Сол үшін ауыл тұрғындарына да, мектеп директорына да жек көрінішіті болдым-ау. Ненің азабы еді. Енді қайтып жақындамаспын оған» деп іштей бекінді де, сабағын жалғастыруға кірісті. Сол кезде Әбдіғаппар оң қолын көтеріп, Еңлікгүл бас изеген соң орынан тұрып:

       -Еңлікгүл апай, Айдос ағай менің салған суретімді өзіме қайтара ма? – деді. 

       -Қайтарады, - деді Еңлікгүл елең етіп, - мүмкін сен салған Батылдың суретін мектептегі көрме залының қабырғасына ілер. 

       Бұл сөзді естіген оқушының жүзі бұл-бұл жанды. Бірақ суретінің көрмеге қойлуының сырының елде жатқанын түсінген жоқ бүлдіршін бала. Сыныптағы оқушылар болса шулап:

      -- Біздің Әбдіғаппар нағыз суретші!!  Сенің суретің ғанаұнады директорға! Құттықтаймыз сені! – бірінен соң бірі сөйледі. 

       -Отыра ғой, орныңа, Әбдіғаппар! – деді Еңлікгүл оқушылардың шуы басылғанда. 

       Сынып іші қайта тынышталды.  Енді сытыр-сытыр сызғылаған, қышыр-қышыр еткен, қыж-қыж еткен қағаздардың  дыбыстары ғана естіледі. Еңлікгүл оқушылардың сабақтарын  одан әрі жалғастыруын қадағалап отырды. Олар суреттерінің төртінші кезеңін аяқтаған жоқ-ты. Оған дейін кезекті үзілістің қоңырауы соғылып та қалмақ. Соны күтіп, іштей ойға батып отырды Еңлікгүл. Апайларының ендігі көңіл-күйін оқушылар да түсінген сияқты. Бәрі де мүмкіндігінше тыныштық сақтап, суреттерін жақсы етіп салып бітіруге тырысты.


Дарымаған оқ

       Ауылдың төрт досы бүгін де бір-бір дүрбілі мылтық  асынып, таңалагеуімнен тау  кезіп жүрген. Жабайы жануарлар аулайтын күні таңғы сағат төртте тұрады  бәрі де. Содан соң алдын ала келіскен бір үйге жиналып, таңғы шәйларын ішіп, тауға қарай тартады. Осылайша өтіп жатқан өмір. Тау басын біршама шарлап, Арқар атаулыны кезіктіре алмаған соң бір жалпақ тастың үстіне қатарласа демалуға отырған. Саф ауа, таңғы салқын самал мен табиғаттың тамаша көріністері қай қайсысының да көңіл-күйін көтеріп-ақ жіберген. Әлгі бейтаныс жігіттің мектеп директорының көзіне түсіп, терезе арқылы сыртқа қарай секіріп, зым-зия болғаны жөнінде төртеуі де жақсы біледі. «Ол осы таудағы бір үңгірді уақытша мекен етіп жүрген жоқ па екен?» деген ой қай қайсысының да басында бар.

       Қалыбек одан да бұрын Арқарлардың өткендегідей кезіге кетпегеніне іштей налып отыр. Оның  үстіне күні кеше ғана көше бойында Еңлікгүлге жолыққанда оның әуелдегісіндей емес, көңілсіздеу  екенін сезген. Ондай пәс көңіл-күйінің директорынан сөз естігеннен кейін болғанын түсінген Қалыбек көңілденіп, осы тауға шығуды ұйымдастырған. Таңалагеуімнен бергі көтеріңкі көңіл-күйі енді Күн көтерілген сайын бәсеңдей берген. Айналасындағы достары да мұның көңіл-күйіне қарап сөйлейді. Таудың басы мен бөктерлерін қанша шарласа да бір арқардың  қараң бермегені бәрінің де көңіл-күйлерін түсірген.

              -Бүгін шыныман-ақ олжасыз қайтамыз ба, ей! – деп достарына қабағын шыта қарады Қалыбек біршама үнсіздіктен соң.

       -Арқарлар бәлкім, тас қуыстарында көлеңкелеп жатқан болар, - деп Мұратхан күңк етті.

       -Күн жаңа ғана көтеріліп келе жатқан жоқ па, шығыс көкжиектен! Сен не айтып отырсың өзі! – Қалыбек  Мұратханға жақтырмай бір қарап қойды.

      Мұратхан жауап қатпай көздерін төмен салып отыра берді. Қалғандар да үнсіз. Тау  басында тыныштық  орнаған. Тек анда-санда гу-гу ете қалатын самал жел ғана шаштарын желпіп-желпіп өтеді. Анда-санда аспаннан көрініп қалатын құстар да сол желден қалбалақ-қалбалақ  ұшады. Қалыбек  ол құстардың  құлдилай жөнелген аңғарына қарап «Сол жақта арқарлар жүрген жоқ па екен?» деп үміттене қарайды. Бірақ Арқарлардың тұяқтарының сықыры естілмейді. Ол Қалыбектің көңіл-күйін одан сайын құлазыта түседі. Өзін осы таудағы Арқар біткеннің қожасы есебінде санайды. Егер осы тауда өздерінен басқа дүрбілі мылтық арқалаған әлдекім көздеріне іліне қалса, оны «Заңды бұзушы. Табиғатқа, аңдарға қиянат жасаушы» деп ауыл тұрғындарын шулатпақшы. Ал өздеріне заңсыз жабайы жануарлар аулауға бола бермек. Ауылдың үлкендері де, кішілері де бұларға Арқар атуға болмайтынын айта-айта шаршаған. Сөйлегендерін түрлі тәсілмен қорқыта бастайды. Сондықтан «Бәлесінен аулақ» деп ешкім ештеме демейді. Бұлар жөнінде ешкімге хабарламайды. Соған сеніп алған төртеуі тау  аймағын осылайша емін-еркін шарлайды. Әлдекім кездейсоқ кезіге қалса: «Ей, ана қолыңдағы не? Не іздеп жүрсң мұнда? Сені бұдан кейін бұл тауда көқрмейтін болайық!» деп сұрақ пен қатердің астына алады. Сондықтан тауға шығып қалған адамдар бұлардың көздеріне түспеуге тырысады. 

       Тау басындағы жалпақ тастардың бірінде төртеуі осылайша ұзақ отырды.  Содан соң орындарынан тұрып, жақын жердегі бір шоқының ол жақ, бұл жағын айналып қарап шығуды жоспарлады. Өйткені, ол шоқының жартастарындағы шағын үңгірлерде Арқарлар көлеңкелеп жатады. Ал Күн аспанға қарай шарықтай көтеріліп, Шегіртке біткен шырылдап жөнелгенде, Арқарлар көлеңкеден жайымен ғана шығып, төмендегі өзен суына түседі. Сол кезде ата бер. Бірақ төртеуі ондай сәттерді көп аңдымаған. Бірақ бүгін аяқтары ауыр тартқандай бәрінің де. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» деген мақал да негізсіздей. Енді ол шоқыны бір емес, он рет айналып өтсе де бір де бір Арқар қараң етер еместей. Бәрәі де бүгінгі сәтсіз сапарларына іштей налып тұр. 

       Қалыбек сонда да екі көзін сығырайтып, оң қолының қырын маңдайына тақап, алысқа үміттене көз жібереді. Сілем-сілем таулар Арқарларын да, басқаларын да қойнына жасырып  үнсыз тұр. Таулар түнде ғана емес, мына күндіздің өзінде-ақ  қалғып кеткендей. Таудың күллі Арқарлары бүгін бір жаққа ауып кеткен бе, қалай?  Жоқ, кенет оң тұстарындағы жартастан әлдененің аяқтарының сықыры естілді. Жел сол тұстан соққандықтан дыбыс анық келеді. Тек ол дыбыс Арқарлардың тұяғының емес, адам аяғының дыбысы сияқты. Қалыбек елең етіп, оң қолының алақанымен жанында тұрған Темірдің кеудесін кейін қарай ысырды да, қолына дүрбілі мылтығын алып, сырт-сырт оқтады. Оң қолының сұқ саусағымен кейін тартар кертігін де тексеріп қойды. Содан соң басын сәл төмен салып, бұғатүсті. Мұнысы қалғандарға да «Бұғыңдар» деген белгісі еді. Бәрі алға қарай емпеңдеп ала жөнелді. Жаңағы адам аяғының дыдысы шыққан жартастың қарама-қарсы тұсына жеткенде төртеуі қаз-қатар тұра қалды. Енді кім жалт етсе де дүрбілі мылтықтарынан оған қарай оқты боратып жібермек. 

       Адамның аяқ дыбысы бәсеңдемеді. Әлдекім тау басына қарай тастарды сықырлата жылдам көтеріліп кетіп бара жатқан сияқты. «Бұл кім болды екен?». Бұл  ой төрт жігіттің де миларын су жүгірткендей лезде шарлап өтті. Қалыбек енді сол аячғын жалпақтау тастың үстіне қойып, дүрбілі мылтығының шүріппесін қайта-қайта тексерді. Бұл бір ғажап мылтық-тын. Шақырым жерден кіп-кішкентай деген заттың өзін ұшырып түсіруге мүмкіндік береді. Дүрбісі арқылы көқзделген зат ап-анық көррініп тұрады.  Ал «Ағылма» деген тетігін басса болды, шүріппені бір басқанда талай оқ ағылып жөнеледі. Сәлден соң Қалыбектің басына «Бұл тауда қаңғып жүрген әлгі су жұқпастың өзі емес пе екен?» деген ой сап ете түсті. Одан кейін ол: «Бұл тауға жабайы жануарлар аулауға батып ешкім келе бермеуші еді ғой» деп бір ойлап қойды. Осындай ойлар Қалыбекті айналасы бірнеше секундтың ішінде мазалап үлгерді. Жанындағы жігіттеріне қарап алды. Олар да дүрбілі мылтықтарын қолдарына ұстап, мұның бүйрығын күтіп тұрды. 

       Сәлден соң әлгі адам аяғының дыбысы жақыннан естіліп, жартастың  жынынан арқа-иығына жансыз нән Арқарды артып алған бір адам көрінді. Қолында қару атаулы жоқ. Көждерін жалпақ қара түсті көзілдірік жапқан. Арқардың оқ тиіп жараланғаны байқалмайды. Бірақ жансыз. Қалыбек мұны көргенде өзін қоярға жер таппай кетті. 

       -Ә, шыбынкөз! Ә, шайтан! Алаяқ! Кезіктің бе, ақыры! – деп, тістерінің арасынан тістене сөйледі.

       Қалған үшеу  де солай қадала қараған. Енді бәрәнің де: «Ол өзі көрші ауылдың жігіті болар№» деген ойлары тез өзгерді. «Бұл өзі тау кезіп, үңгірде түнеп, күн кешіп жүрген бір дәруіш болды ғойә деп біір ойлап қойды ішінен Темір. Қалыбек Батылмен тау басында, ашық жерде кезіккеніне қуанып та қаолды. Оған деген ыза-кектен ішкі дүниесі шымырлап та жөнелді. Жүрегінің соғысы да жиілей берген. Бірақ жанындағыларына сыр бермеді. Үш досына тіке қарап тұрды да:

       -Бүгін біздің жолымыздың болмағаны осыдан екен ғой! Өзенге су   ішуге түсетін Арқарларды үркітіп жіберген де осы болды! Қазір мен оған көрсетемін! Қазір...

       Қалған үшеуі ештеме демеді. Қалыбектің Еңлікгүлді Батылдан қатты қызғанатынын бәрі де жақсы біледі. Сондықтан артық сөз айтуға батпады ешқайсысы. Бірдеме деп ызаландырса, Қалыбек Батылды қолындағы дүрбілі мылтығының оғымен жоқ етпек. Бірақ достарының жан-дүниелерінің жұмсақтығына қарамастан Қалыбек қатаң шешімге келді. Оның басты мақсаты қалай дегенде де Батылдың көзін жою! Өткен жолы атудың сәті түспеді. Жанында Еңлікгүл болды.Енді Еңлікгүл мұның жанында болмақ түгілі, оққа үшқанын да білмек емес. Осы жағын ойлағанда Қалыбектің жүрегі тағы шымырлай түсті. Мылтығын кезеп  ұстап, оның дүрбісі арқылы Батылдың әрбір қимыл-қозғалысын мұқият бақылаумен болды. 

       Темір, Мұратхан  мен Сарқан дадүрбілі мылтықтарын Батылға кезеп тұр. Бірақ ана бейбақ  ештемені сезер де, елер де емес. Арқа-иығындағы Арқарды жайымен ғана жалпақ тастың   үстіне жайғастырып, қынынан пышағын алып, терісін іреді, етін бөлшектеді. Шағын тастардан жылдам ошақ жасап, от тұтатып, етінен қақтап жеді. Осы кезде Қалыбекті қуантқан бір әрекет орын алды. Батыл жалпақ қара түсті көзілдрігін шешіп, шағын жалпақ тастың  үстіне қойды. Қалыбек  көзілдірікті дереу мылтық  қаруылына алды. Көзілдірк мылтық  дүрбісінің  қызыл түсті қосу  сызығына келіп жетті. Қалыбек енді мылтық дүрбісінен оң көзін тайдырмай тұрып, достарына былай деп бұйрық  берді. 

       -Сендер Батылдың өзіне қарай оқ боратыңдар! Ол оқтардан қорғанып қозғалған кезде мен оның тас бетіндегі көзілдірігінің шаруасын бітіремін! Ең бастысы, көзілдірігінен айрылса, бұл сабазың ауылымыздың маңын да көрмейтін болады! Оның  көздері қанша дөңестенген, үлкен болса да ана көзілдірігінсіз ештемені көре алмас! Сөйтіп, онымен іс бітеді. Түсінікті ғой?! Ал, уақыт жоғалтпай бастаңдар! Өзіне оқ тигізудің қажеті жоқ! Үшеуің де мергенсіңдер ғой. Мылтықтарыңның ауыздарынан шыққан оқтарың оның ол жақ, бұл жағынан зу-зу  өтіп кететін болсын!

       Соның артынша үшеуі де Батылды көздеп ұстаған дүрбілі мылтықтарының шүріппелерін оң қолдарының сұқ саусақтарымен тартып-тартып қалды. Мылтықтардың гүрс-гүрс еткен дауыстары бүкіл тау  басын жаңғырықтырды. Батыл бұлардың мылтықтарынан өзіне қарай оқ боратқандарын кейін бұрылмай-ақ көріп отырғандай  олай да, былай да жылдам қозғалып, бір де бір оқты денесіне дарытпады. Тіпті, ол мылтық оқтарын мүйіз садақтың тасындай да көрмей, сол қолына шағын жалпақ тас ұстап, оқтарды соған тиігізіп, қайта серпілтіп отырды. Үш жігіт мылтықтарының ауыздарын қалай бұрып оқ атса да, Батыл ойын добын қағып алғандай оқтарды тасқа тигізумен, оқтарды тастан кейін серпілтумен болды. 

       -Атыңдар! Ата беріңдер! – деді көздеген көзілдірктен көз жазып қалған Қалыбек. 

       -Несіне ата береміз, оқтарды шығын етіп! Менімше, оған ешқандай оқ тимейді! – деді Темір.

       -Бір оқты дәл өзіне туралап атайын ба! – деді осы кезде қаттықызынған Мұратхан. 

       -Қой,қайтесің! Өзі тау  кезіп, қаңғып жүрген бейшараны өлтіргеннен жеріміз кеңи ме? – деді Сарқан.

       -Соның өле қоймас! Біздің мылтықтан атқан оқтарымызды доп құрлы көріп тұрған жоқ па? – деп Батыл жаққа бір қарап қойды Қалыбек.

       -Көріп тұрмын! – деді Темір. 

       Содан соң Темір сәл ойланды да Мұратханға:

       -Мылтығыңды Батылдың өзіне туралап атып көрші! – деді. 

       -Атқан оғым дәл тиіп өліп қалса, ел шуламай ма? – деді Мұратхан жеме-жемге келгенде кібіртіктеп. 

       -Ауызбірлігіміз мықты болса, оны мына тауда, айдалада атып тастағанымызды кім біледі? Ақыры көзілдірігін жоюға үлгере алмадым! – деп дем берді достарына Қалыбек. 

      -Ал аттым, онда! Сотталсақ, бірге сотталамыз да! 

       Мұратхан мылтығының дүрбісіне қайта үңілді де, Батылдың арқа жонын дәлдеп, оң қолының сұқ саусағымен шүріпені кейін қароай жылдам тартып кеп қалды. Батыл оқ  өзіне ұшып жетпей-ақ лып деп бір шетке жылжып кетті. Сөйтті де ештеме  болмағандай тұра берді. Жігіттер енді оған ешқандай оқтың тимейтінін жақсы  түсінді. Батылды айдалада атып өлтіру  ниеттерінің жүзеге аспайтыны белгілі болды. Уақыт жоғалпау  үшін Қалыбек тезқозғалып, мылтығының ауызын Батылдың тас үстінде жатқан жалпақ қара түсті көзілдірігіне туралады да «Ағылма» деген жазуы бар шүріппесін  оң қолының сұқ саусағымен кейін қарай тартты. Оқтар борап берді. Қара көзілдіріктің быт-шыты шығып, майда-майда шыныларға айналып, жан-жаққа шашылды. Батыл елең ете түсті. Өзінің мына ғажайып түрлі түсті әлемді көруден қалып, ғаріп болғанын сезініп, бүгіліп отырып қалды. Содан соң  бойын ширақ түзеп, бері қарай бұрылып, «Ал енді өзімді де атып тастаңдар!» дегендей екі қолын екі бүйіріне таянып, қасқайып қарап тұрды. Қалыбек Батылдың  үлкен дөңес келген көздерінен шошынып қалды. Достарына бұрылып қарады да:

       -Болды, жігіттер! Көзілдірігі қирады! Басты бір мақсатымыз орындалды! Оған осы да жетер! Ғаріптенген көздерімен нені көрер екен енді! Кеттік! Тез! – деп, өзі бастап, тастарды сықырлата, домалата  төмен қарай жөнелді. 

       Қалған үшеу  соңынан ырсылдап келеді. Ешқайсысы да соңына бұрылып қарамады. Қарауға батылдары бармады. 

       Бұл кезде Батыл  жалпақ қара түсті көзілдірігінің мылтық оқтарынан быт-шыт  шашылып жатқан шыныларын оң қолының қарымды саусақтарымен теріп-жинап, өкініп тұрды. Онысын түсінген ешкім  жоқ  жанында. Айнала-төңірек сүреңсізденіп, түрлі түс атаулы ақ пен қара түске айналды. Көзілдірігі арқылы алған әсері де су сепкендей басылған. Сонда да айнала-төңірекке ойлана қарап, қашан батыс көкжиекті асып Күн батып, қас қарайғанша отырды. Содан соң өзі   уақытша пана етіп жүрген  үңгіріне қарай көтеріліп кетті. 



                                                 ЕКІНШІ  БӨЛІМ


                                                ЕКІ  ТҮСТІ  ӘЛЕМ


                                                    Кешкі  серуен


Кешкілікте ауыл жастарының  үй ауласы сыртына шығып, ағаш орындықтарда отырып, бір бірімен сырласатын әдеті. Сондай кеш бүгін де қайталанғандай еді. Еңлігүл Күн батыс көкжиектен асып батқан соң өзінің құрбысы Бәтимамен бірге серуенге шыққан. Ауыл кеші қашан да көңілді. Күндізгі  у-шу  басыла бастаған кезде өзен суының аққан сарыны, ондағы Бақалардың бақылы анық естіледі. Бақалардың өздері де уақыт мезгіліне сай әрқалай шуласады. Олар да тірішіліктеріне сай әрекет жасайды. Кей түндері олардың бақылы тіпті де күшейіп кетеді.

       Бәтима Еңлікгүлмен қатарлас, сары жүзді, қыр мұрындылау,  қарақат көзді талдырмаш қыз. Құпия сырға берік. Екеуі жастайынан осы ауылда бірге өсіп келеді. Қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін оқуға кетулеріне байланысты сырластықтарында  үзіліс болған. Бүгінде Еңлікгүл мұғалім, Бәтима ақ халат киген дәрігер. Ауыл тұрғындары екі қарлығаштың шынайы достықтары мен сырластықтарына қашан да сүйсіне қарайды.  Жасаған істері,ауыл үлкендеріне көрсеткен қамқорлықтары мен инабаттылықтары нағыз қазақ қыздарына тән. Батыл кейінгі кезде кездеспей кеткеннен кейін жұрт сөзіне ілікпеу үшін, ауыл адамдары арасында тарап кеткен келеңсіз сөздерді басу   үшін Еңлікгүл бүгінде тек осы Бәтима құрбысымен бірге серуен құрады. 

       Екеуі бүгін әдетте су әкелетін өзен жақтағы бұлаққа қарай жүрген. Өзен суының арыны, ондағы Бақалардың бақылы, кейбір құстардың дауыстары дала тірішілігіне әр бере түскендей. Бұл қыздар үшін үйреншікті көрініс, таныс дыбыс. Әңгімелерін айтып, ара-тұра сыңғырлай күлісіп, алаңсыз кетіп барады. Ал бұл кезде ауыл жақтан екеуін Қалыбек пен Мұратхан байқап, солай қарай тартқан. Қалыбектің басты мақсаты болса да Еңлікгүлмен қалай да бір тілдесіп қалу. Тек бір кемшілігі, Еңлікгүлмен жүзбе жүз келгенде қанша батыл болса да, тілі байланғандай айтарға сөз таппай қалады. Мұнысын өзі «Махаббаттың құдіретті сезімі» деп түсінеді. Өзі мектепті бітіріп, еңгезердей жігіт болды, ел алдындағы әскери борышын өтеп келді. Еңлікгүл де бойжетті, оқуын бітіріп, мектепке мұғалім болып орналасты. Енді екеуі түсініссе, өмірлікке қол ұстасып, дүрілдетіп ауыл тойын жасамақ. Бұл арман Қалыбектің басында о бастан бар. Соңғы кездері Мұратханды өзіне жақын серік етіп алған. Оның өткендегі Батылды атып өлтруге деген ниеті Қалыбекке қатты ұнаған. Содан бері Мұратханды өзіне сенімді дос ретінде жақын тартып, оған тиіскендерге доқ көрсеткен. Онысын түсінген Мұратхан да өзін жақсы көріп кеткен. Сондықтан Мұратхан енді Қалыбектің Еңлікгүлмен өмірлікке табысуына көмектеспек. Енді бүгін соның сәті түскен сияқты. 

       Екеуі екі қыз кеткен жалғыз аяқ жолға түсіп, өзенге қарай жылдам басып келеді. Ал бұл кезде Еңлікгүл мен Бәтима өзін суының жағасына жақындап та қалған. Айнала тынышталып қалған. Ат арқандаған үлкендер мен қозы-лақ қуалаған балалар да жоқ. Екі қыздың емін-еркін әңгімелесіп келе жатқаны да содан-ды. Өзен жағасы күндіз шулы. Өзен суының иірімді жеріне бастарымен сүңгып, құлаш сермей жүзіп, сыртқа шығып, жылына алмай дір-дір етіп, ыстық құмға денесін орай жатып жылынатын, бір бірімен қуаласпақ ойнайтын балалар да енді өзді өзді үйлерінде. Екі қыз ондай көріністерді көз алдарына елестетіп, естеріне алады. Содан соң қайтадан өздерінің әңгімелерін одан әрі қарай жалғастырады. 

       -Сенесің бе, Бәтима, - деді бір кезде Еңлікгүл оған жақындай түсіп, - қанша бейтаныс, бет-әлпеті қанша өзгеше болса да сол бір жігіт есімнен кетер емес. Өзі өте әділ, білімді. Ешкімге зияны жоқ. Менімен әңгімелесіп, көп нәрсені білуге құштар. Тек  кемшілігі – көздерінің  табиғаттағы түрлі түстерді ажырата алмайтыны...

       - Кемшіліксіз пенде бола ма, бұл жарық дүниеде? – деді Бәтима жан-жағын барлап алып,-барлық жағы тең тұратын жігітті қайдан таппақсың?

      -Оның рас,- деді Еңлікгүл күрсініп салып, - ең бастысы, ол жігіттің қайдан пайда болғаны, қайда тұратыны белгісіз. Тұрғылықты жері жоқ сияқты көрінеді маған. 

       -Тұрағы жоғы қалай? – Бәтима елең ете түсті. – сонда ол қайда түнеп жүр?

       -Соны өзім де түсінбеймін.

       -Өзі айтпай ма?

       -Сұрағанымда, сөзімді басқа тақырыпқа қарай бұрып жібереді.

       -Онда бәлкім, көрші ауылдардың бірінен келген болар?

       -Ондай болса, оны біреу   болмаса да біреу таныр еді ғой. Еккім білмейді оны.

       -Иә, Еңлікгүл, оның үй ауласынан киімдерді жымқырғаны да бар.

       -Олай еткені бар. Баріқ  ол киімдерді айқатпай қайта жайып қойған. – Еңлікгүл сәл күмілжіп қалды. – бүгінде өз киімімен жүр.

       -Онысын қайдан білесің,Еңлікгүл?  Шамасы, жиі кездесесің-ау деймін онымен?

       -Жоқ, Бәтима. Жиі емес. – Еңлікгүл Батылмен бірге осы өзен бойында серуендеген сәтін ойына алып, айналасын көздерімен шолып, - онымен серуенегенім рас. Мектептегі сабағымның үстінде оны директор көріп, ескерту алғаннан кейін оны қайтып көрген емеспін. 

       -Онда ол бұл ауылдан біржолата басқа жаққа кеткен болар?

       -Ол жағын білмедім. Оның  пайда болуы да, ғайып болуы да бір жұмбақ.

       -Әсіресе, аулымыздың еңгезердей-еңгезердей жігіттерінің жұдырықтарының бір де бірінің денесіне дарымағанын айтсайшы? Бәрі босқа тер болды емес пе?!

       Бәтима осыны айтып сықылықтай кеп күлді. Еңлікгүл сәл ғана езу тартып, «Бізді байқап-барлап жүрген әлдекімдер жоқ па?» дегендей жан-жағын барлап қойды. Сөйтті де Бәтимаға қадала қарап тұрып:

       -Ол өзі ерекше жылдам қозғалатын жігіт. Оны жұдырықпен дәл соғу түгілі, мылтық оғымен де дәл ату  қиын болар...

       Екеуі қатарласа біраз жер үнсіз жүрді. Содан соң өзен суы жағалауындағы жасыл өсімдіктер қаулай өскен жазық жерге келіп жайғасты. Бұл кезде Күн батқан батыс көкжиек әлі де болса қызыл түске боялып тұр еді. Күн сәулесі аспандағы бұлттарды да әсемдеп жіберген. Еңлікгүл бастауыш сыныпқа бірнеше пәннен, оның ішінде сурет салудан да сабақ беретіндіктен табиғаттағы түрлі түстерге ерекше мән береді. 

       -Қарашы, аспанға, Бәтима, бұлттар қандай әдемі! – деді аспанға қараған бойда, - ана ақша бұлттар қызғылттанып тұр. Күн батар алдында, батқан соң аспандағы бұлттардың осылай әдеміленіп кететіні қандай ғажап! Қараудан бір тоймаймын, Бәтима! Тек қарай бергім келеді! Өзім де аздап сурет саламын ғой. Суретші қанша талантты болса да, мынандай ғажайып кұріністірдің түстерін дәл түсіре алмайды ақ қағазға. Соның өзінде де суретші салған табиғат көріністерінен мол ләззат аламыз! Ал табиғаттың  мынандай көріністерінің ғажаптығында шек жоқ!Бір ғажабы, жаңбырдан кейін пайда болатын кемпірқосақ түрлі түстер де, призма арқылы өткен түрлі түстер  де  үнемі өз ретімен тұрады! Бұл бір өзінше табиғи заңдылық-ау! Неткен ғажап дүние десеңші!..

       Бәтима да аспанға сәл шалқалай қадала қарап, өзінше бір ой-арман мен ләззат сезімге бөленген.  Мойыны тала бастаса да қояр емес. Уақыт өткен сайын бұлттардың пішіндері өзгеріп, нешетүрлі фигураларды көзге елестетеді. Әрбір саналы адамның өмірге, табиғат көріністеріне деген көзқарастары әр түрлі. Еңлікгүл түстердің түрлерін іздесе,. Бәтима бұлттардан нешетүрлі фигураларды көруге тырысады. 

       -Әне бір бұлтқа қарашы, Еңлікгүл? – деді бір кезде қатты әсерленген Бәтима,- Тұлпардан аумайды. Ал ана біреуі арыстанға ұқсас!

       -Расында да ұқсайды екен! – деп, Еңлікгүл Бәтимаға қарай тығыла түсті. – әне біреуі  аспанда қалықтап ұшып кетіп бара жатқан құс сияқты. Бұл ұлы табиғаттың шеберлігінде шек жоқ қой! Біз тек ол шеберлікті үйренімен келеміз. Адам баласы барлық нәрсені өмір бойы табиғаттың өзінен үйренеді екен ғой.

       Екі қыз аспандағы ғажайып сұлу бұлттарға қадала қарап үнсіз қалған еді. Кенеткелген жақтарынан сырт-сырт басқан аяқтардың дыбысы естілді құлақтарына. Еңлікгүлдің ойына тағы да күтпеген жерден келе жатқан Батыл түсіп, «Тағы да кездесетін болдым, онымен» деп күбірлеп қалды. Артынша екеуінің көздерін суық алақандар жаба қалды. Қыздар мойындарын бұрайын десе, бұрғызбайды. Ауылдағы құрбыларының бірі ме дейін десе, алақандар қыздардыкі емес, жігіттердікі. Алақандардың қыртысты жерлері қыздардың нәзік терілі жұмсақ бет-әлпеттеріне батып барады. «Бұлар кімдер болды,сонда?» деген суық ой екі қыздың да миларын шарлап өтті. Әлі табаалар емес. «Біз ешқашан ешкіммен дәл осылай көз жұмбақ ойнап көрмеген едік» деп бір ойлады Еңлікгүл. Бір кезде шыдамаған Бәтима:

       -Тартшы қолдарыңды! Кімсің өзің?! – деп дауыстап қалды.

       Танымадың ба?!

       -Жоқ, танымадым!

       -Мұратханмын ғой!

       -Тартшы, алақандарыңды! – деп, Бәтмма тағы жұлқынды. 

       Осыдан кейін ғана Мұратхан екі қолының алақандарын ашты. Бәтимаға айнала-төңірек қараңғыланып кеткендей болды. Екі көзін екі қолының сұқ саусақтарымен еппен ғана уқалап жіберіп кейін бұрылған. Мұратхан екі қолын екі бүйіріне тіреп, ауызын аша күліп, мәз болып тұр. Дәл осындай жағдайды Еңлікгүл де басынан кешкен еді Қалыбектің алақандарынан. Бірақ Қалыбек Мұратхандай емес, Еңлікгүл сәл бұлқынған бойда алақандарын аша салған. Содан екі жігіттер қыздардың екі жағына отыра кетті. Бір сәтке үнсіздік басты. Жаңа ғана тынымсыз бақылдаған Бақалар да әлденеден сескенгендей тыныш қалған. Өзен суының аққан сарылы ғана кім келсе де қаймықпайтындай солқалпында естіліп тұр құлақтарына. Кей кейде екі қыздың ұзын шаштарын салқын самал жел желпіп өтеді. 

       -Қыздар, неге үндемей қалдыңдар? Бізге ренжіп қалдыңдар ма? – деді үнсіздікті бұзған Қалыбек  екі қызға кезек-кезек қарап.

       Қыздар жауап қатпады. Өздерінше ойға батып, ара-тұра жерден майда тас алып, өзен суына лақтырып, шолп дегізіп отыра берді. Енді Мұратхан сөз алған:

       -Біз сендердің оңашалықтағы әңгімелеріңе кедергі жасадық қой деймін, шамасы, - деп орнынан тұрып кетті.

       -Сендерді әңгімемізге кедергі жасады деп отырған жоқпыз,і деді Бәтима жай ғана сөйлеп, - адамды шошытпай-ақ келуге болатын еді ғой!

       -Өзіміз деп р      евңвефсфщ ңрй! – Мұратхан Бәтиманың жанына қайта отыра кетті.

       Бәтима оның қара реңінен, ауызынан шыққан темекінің иісінен жиіркенгендей Еңлікгүлге қарай ығыса түсті. Мұратқан өзінің ауызынан шыққан темекінің иісінің жанындағы адамға қалай жететінін біле тұрса да, оны сездіргісі келмегендей сөйлеп кетті.

       -Серуендеп келіп пе едіңдер мұнда?

       -Көріп отырған жоқсың ба? – деп Бәтима оған жалт бұрылды. 

       -Ойпырымой, енді жөнімен жауап берсең қайтеді?

       Не жөні бар? Бәрі түсінікті емес пе?

       -Жарайды, түсінікті, түсінікті. Сұрамай-ақ  қойдық.

       Мұратхан «Ал маған не істейсіңдер» дегендей, көйлегінің сол жағындағы қалтасынан кішкене қорапты  алып, ауызын ашып, ішінен бір тал темеіні суырып шығарып Қалыбекке ұсынды. Ол екі қыздың темекі тартақанын жақтырмайтындарын сезіп басын шайқады. Онысын түсіне қойған Мұратхан темекі талын қайтадан қорыбан салып, не айтарын білмей   үнсіз отырып қалды.

       -Қыздар, аспаға қараңдаршы, жұлдыздар... -деді Қалыбек иегін жоғары көтергп, көздерін көріне бастаған жұлдыздарға қадап. 

       Екі қыз үнсіз аспанға көз тастап алды. Қалыбектің сөзіне жауап қатпады. Қалыбек енді «Бәрін бүлдірдік пе?» дегендей сиаалақтап екі қызға кезек-кезек қарай берді. Еңлікгүл Қалыбектің жүзіне қарамауға тырысып отыр. «Енді бұл екеуінен қалай құтылдық?» деген ойға да келген Еңлікгүл. Аспандағы манағы ақша бұлттар Күн шапағы солғындалып барып жоғалысымен қарая түскен. Бұлттардың ара-арасынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көрінеді. Қалыбек  жұлдыздарды мегзегенімен олардың бірін де танымайды. Мұратхан екеуіне қарағанда екі қыз жұлдыздардан көп хабардар. Еңлікгүл батыс көкжиектен сәл жоғарыда жарқырап тұрған Шолпан ғаламшарын жақсы біледі. Әкесі жастайынан жұлдыздарды дүрбі арқылы талай рет көрсеткен. Ал екі жігітте ондай қызығушылық жоқ.  Жасаған әрекеттері жаңағы. Білдірмей келіп, екі көздерін алақандарымен жауып, шошытты. Содан соң-ақ Бәтима екеуінің көңіл-күйлері болмады. Екі жігіт те үнсіз. Қалыбек те, Мұратхан да осылай қарай жүргенде іштерінен: «Қазір қыздарға барамыз, олармен емен-жарқын әңгімелесеміз, әзілдесеміз» деп ойлаған. Енді ол ойлары болмады. Қыздардың өздерін жақтырмай отырғандарын сезе түсті. Қалыбек мұндайға шыдамсыз-тын. Бұл жолы тек Еңлікгүл  үшін өзін өзі  ұстап, ішінен тынып отыр. «Жай ғана келіп отыра кетпей, жасырынып келіп көздерін алақандарымызбен көлегейлеп неміз бар еді?» деп те өкініп қояды ішінен Қалыбек. Енді ол басқа тақырыпта сөз бастады.

       -Мына өзеннің суы бұдан талай жылдар бүрын күркіреп, арнасынан аса жаздап ағып жатушы еді. Енді суы азайып, әр жер, әр жері тоғанданып, Бақалардың базарлы мекеніне айналыпты. Судің көп жері де жасыл балдырларға толған. Ол балдырлар мына қараңғыда қарайып табиғат сәнін бұзғандай болып көрінеді.

       -Табиғат та уақыт талабына сай өзгереді,-деді Еңлікгүл Қалыбектің сөзін ұнтақандай жай ғана сөйлеп, - балалар шомылатын иірім де қалмай барады. 

       -Бала кезімізде мына жеріндегі су  бойымыздан келетін. Енді сиреқтан да келмейді.

       - Балықтарша шорпып жүзіп жүруші едік қой, жас кезімізде, - деп, енді Бәтима да тілге келді. 

       -Мен өзім ана бір жарқабақтан ол кездегі терең суға басыммен талай сүңгіген едім, - деп мақтана сөйледі Мұратхан өзенге қараған бойы.

       -Бірақ әңгімеге Мұратханның араласқанын екі қыз жақтырмады. Сәлден соі Бәтима жан-жағына ұшуға дайындалған құстай жалтақ-жалтақ қарап алды да:

       -Қараңғы түскелі біршама   уақыт болып қалды. Еңлікгүл, үйге  қайтайықшы, - деді. 

       -Неге асықтыңдар, ерте емес пе әлі – деп қалды сол замат Мұратхан. 

       -Қайдағы ерте?! Күн батқалы қашан! Айналаны қараңғылық басты! Жетер, осы отырғанымыз!Үйдегілердің іздейтін уақыты да болып қалды. 

       -Әлі де отыра тұрғанымызда болатын еді әңгіімелесіп, - деді Қалыбек  қыздарға жанашырлық білдіргісі келгендей  орнынан тұрып. – Жарайды, олай болса...

       Төртеуі қатарласа жүріп, ауылға қарай бет алды. Екі қыз ортада. Екі жігіт екі шетте. Жүрген сайын өзен суының сарылы, Бақалардың бақылы жай естіле берді. Осы тұста Қалыбек өзінің бір ерлігін қыздарға айытп салуыд жөн санады. Онысы Батылға жасаған қастандық әрекеті еді. 

       -Естеріңде болар, анау, бейтаныс көзілдірікті жігіт? – деді екі қызға кезек-кезек қарап.

       -Иә,  не болыпты оған? – деді Еңлікгүл елең етіп. 

       -Ештеме де... – деді Қалыбек қырсықтығына салып, - өткенде Арқар аулауға барғанда біз оны тау басында ұшыратқанбыз.

       -Тауда не жоғалтып жүр екен ол?

       -Не жоғалтып дейсің бе?

       - Иә...

       -Айтсам, ол жай емес, тауымыздағы күллі Арқарларды ұстап жеп жүр екен!

       -Қойшы, Қалыбек, - деп Еңлікгүл селт етті, - мұныңа кім сенеді?

       -Таудың күллі Арқарларын біз өзі қалай жеп таусымақ? – деп Бәтима да араласты сөзге.

       -Күллі Арқарларды жемесе де, күнде біреуін жейтіні анық. Оның  Арқардың үлкен құжасын иығына салып алып, тау   басына қарай өрлеп шығып бара жатқанын өз көзімізбен көрдік!

       -Ол  рас, қыздар! – деді осы кезде Мұрат өткір көздерін екі қызға қадап, - ал біз таңалагеуімнен тауды шарлап бір де бір Арқарды кезіктіре алмадық! Оның сол құлжаны қалай бауыздап, терісін іреп, жүрегін, бүйрегін, бауыры мен етін шағын тас ошаққа от жағып, қалай қақтап жегенін өз көзімізбен көрдік қой!

       -Батылдың сондайы бар ма екен? Бәлкім, сендер оны тауда өмір кешетін жабайы адамдардың бірімен шатастырған боларсыңдар? – деді Еңлікгүл әлі де сеніңкіремей. 

       -Жоқ,Еңлікгүл! – Қалыбек оған бұрыла қарап кідіріп тұрып қалды, - біз баяғы жас бала емеспіз. Білдей-білдей жігіттерміз. Елге белгілі аңшымыз. Өзіміздей адамды да, жабайы адамды да бір бірінен ажырата білеміз. Нанбасаң, мен шынымды айтайын, біз оған дүрбілі мылтықтарымыздан оқ та аттық!

       -Не үшін! – деп Бәтима екі жігіттің қызарақтаған жүздерін бота қара көздерімен шолып өтті. 

       -Жай, бізді байқасын дегеніміз ғой, - деді Мұратхан күмілжи сөйлеп. 

       -Қандай қатыгезсіңдер! Қараптан қарап  жазықсыз адамға қарай оқ атуға бола ма

       -Қорықпай-ақ қой, Еңлікгүл! – деді Мұратзхан алыстан қарайып көрінген тау жаққа қарап қойып, - оған ешқандай мылтықтың оғы дарымайды!

       -Дарымағын қалай? – деп Еңлікгүл екі жігітке қадала түсті.

              -Анығын айтқанда, ол өзіне оқ тигізбейді!

       -Расында да солай! – деп сол кезде Қалыбек  сөзге қайта араласты, - Мұратхан дүрбілі мылтығынан оған қарай қаншама рет оқ атты! Сол оқтардың бірі де дарымады оған! Өзі адам ба, әлде шайтан ба, жүрген бірдеме! Еш түсіне  алмадық!

       -Иә,Иә... – деп, Еңлікгүл жеңіл күрсініп қойды.

        -Содан мен мылтығымның дүрбісі арқылы оның анадай жердегі шағын жалпақ тастың үстінде жатқан қара түсті көзілдірігін көздедім. Мылтығымның «Ағылма» шүріппесін тарттым оң қолымның сұқ  саусағымен! Оқ бораттым! Көзілдірігінің быт-шыты шықты! Енді ол бәтшағарың мына дүниені анық көре алмайды! Не үшін тастамай тағатын еді ол көзілдірігін?

       -Жазықсыз бейтанысқа үлкен қиянат жасапсың, Қалыбек! – деді Еңлікгүл төмен қарап.

       -Айдаладағы жазықсыз біреудің көзілдірігінде нең бар?  Оған қарай бкерден бекер оқ атқандарыңды қалай түсінуге болады?Сөйлескім  келмейді  менің сендермен!  Мына түрлеріңмен бір күні бізді де атарсыңдар!  Аулақ жүріңдер, енді бізден! – деп, Бәтима Еңлікгүлді қолтықтай алды да, жүрісін жылдамдата түсті.

       -Қыздар! – деді Мұратхан.

       -Еңлікгүл! Бәтима! – деді Қалыбек.

       Екеуінің бұл дауыстарына екі  қыз құлақ аспады. Естімегендей біраз жер жылдам басып жүрді де, жүгіре жөнелді. Екі жігіт қуып жетеміз дегенше, Бәтима екеуі Еңлікгүлдің үйінің ауласындағы ашық тұрған қақпадан ішке еніп, оны жауып, ішінен кілттеп үлгерді. Жігіттер жабық қападан ішке кіре алмай тұрып қалды. Содан соң бір біріне ойлана қарап, іштерінен: «Батыл жайлы айтып неміз бар еді?» біраз үнсіз тұрды да, өз бағыттарымен кетті. 


Айтылған ақиқат


Түнімен жиі дөңбекшіп дұрыс ұйықтай алмаған Еңлікгүл таңалагеуімнен далаға шыққан. Ауыл тұрғындарының  бірсыпырасы әл і ұйқыда еді. Айнала-төңірек негізінен  тыныш. Тек  кейде үрып қалған Иттер мен қорадағы  Қой, Ешкілер мен Жылқылардың пысқырынған дыбыстары естіледі. Жел де жоқ. Еңлікгүл бұдан бұрын да таң мезгілінде төсегінде   ұзақ  жатпайтын. Ал бүгін  тіпті ерте оянған. Көбі есінде қалмаған түстер де көрген. Кей жерлері күңгірт. Анықтау көрінгені бейтаныс жігіттің бейнесі ғана.

       Еңлікгүл таңғы саф ауаны еркін жұтып, үлкен бақтың ішін біраз аралады. Күндіз күн қанша ыстық болса да, таңғы салқын жүұа көйлек киген денесін сәл түршіктіргендей болады. Екі қолын кеуде тұсына айқастыра ұстап, ойға батып, олай бір, былай бір серуендеді. Бұтақтары піскен Алмаларын көтере алмай тұрған Алма ағаштарына бір қарап қойды. Аспанға көзі түскенде шарбы бұлттардың  шығыс жақтан бір шеті қылтиып көрінген Күн саулесінен қызғылт түске боЯла бастағанын көрді. Өзі табиғаттағы түрлі түске қашан да қызыға қарайды. Әдеміленіп кеткен бұлттардан біршама уақыт көз алмай тұрып та қалды. Ғажайып табиғат әлемі адам баласына қашан да осылай ләззат сезімін сыйлайды. Шамалыдан соң Еңлікгүлдің ұйқысы шайдай ашылып, тұла бойы ерекше сергіп те кетті. 

       Осы кезде кенеттен бақтың аяғы  жағынан әлдекімнің жылдам жүрген аяқ дыбысы құлақтарына жетті. Еңлікгүл «Әлгі бейтаныс жігіттің жылдам жүрісіне ұқсайды екені жүрісі бұл адамның» деп ойлап   үлгергенше болған жоқ,, шынымен-ақ Батыл шыға келді жеміс ағаштарынан арасынан. Еңлікгүл де біліми дәрежелес адамын қайта тапқанына іштей қуанып, солай қарай жүрді. Жігіт тез жақындады. Содан екеуі бір біріне қадала қарап, қарама-қарсы тұрып қалған. Ешкім сөз бастамады. Жігіт көзілдіріксіз, дөңестеніп келген үлкен көздері Еңлікгүлге қадалған. Алғашында Еңлікгүл Батылды «Әлденеден жараланған ба?» деп те шошып қалған-ды. Жоқ, өзінің табиғи бет-әлпеті, сол көздері екен. Қандай да бір  өте жұқа матамен көлегейлеген. Соынң өзінде бет-әлпеті де, үлкен көздері де ап-анық көрініп тұр. Оны  Еңлікгүл ерекше жаратылған көздерінен әлдекімдерді шошытып алмауы  үшін жасаанын түсінді.  

       Сондда да сөз бастай алмады. Оған қадала қарап тұра берді. Бойын қандай да бір сенімді сезім билеп алғандай да болды. Ол осылай көз алдында тұрса, тәкаппарланып қалады да, жоқ болса, ішкі жан-дүниесі оны шарқ ұрып іздегендей күйге көшеді. Енді міне, түс көргендей. Ол қарсы алдында тұр. Тек жалпақ қара түсті көзілдірігі жоқ. Өзен жағасында кездескенде Қалыбек пен Мұратхангның Бәтима екеуіне көзілдірік жөнінде айтқандары рас болып шықты. Көздеріне жұқа матамен көлегейлегеніне  қарағанда көзілдірігінен біржолата айырылған. Енді оның көздері табиғаттағы түрлі түстерді ажырата алмақ емес. Адам баласы бұл ұлы табиғаттағы түрлі тсүтерден мол ләззат алады емес пе?  Еңлікгүл бойында суретшілік қабылет бар болғандықтан түстерді бір бірінен жақсы ажыратады. Сондықтан да оған ерекше бөлек мән бере қарайды.

       Екі арадағы үнсіздік көпке созылмады. Батыл қызға қарай тағы бір адым басып барып сөз бастады.

       -Халіңіз қалай, Еңлікгүл?

       -Жақсы. Өз жағдайыңыз ше?

       -Көріп тұрғаныңыздай.

       -Көзілдірігіңізді неге тақпадыңыз? – деді Еңлікгүл мән-жайды іштей біліп тұрса да.

       -Ол енді жоқ.

       --Білемін, - деді Еңлікгүл төмен қарап сөйлеп, - айтпасаңыз да болады. Естігенмін. Олардың жүздерін көргім де келмейді осыдан соң.

       -Мен енді түрлі түстерді көре алмаймын, - деді Батыл демін терең алып, - мен осы ғажайып табиғаттың тамаша көріністерінен өмірлік  ләззат алу  үшін қалған едім...

       -Қалғаны қалай? – деді Еңлікгүл ештемені түсінбей Батылға иегін көтере қарап.

       -Бұл жолы мен сізге бар ақиқатты айту үшін келдім, - деді Батыл жан-жағына қарап қойып, - тек мені кешіре көріңіз. Мен өзіме өзім қиянат жасап алған адаммын...

       -Неге? – деп Еңлікгүол елең етті. 

       Екеуі  бақтың  ортасына қарай қатарласа жүрді. Батыл өзінің бар құпияч сырын ашуға бекінді. 

       -Еңлікгүл, - деді ол бақ  ішіндегі демалып отыруға арналған өрнекті жақтауы бар  ұзын ағаш орындықты иегімен нұсқап, - тек мені бөтенсімеңіз. Бұл жарық дүние әлеміндегі ғаламшарларда өмір сүретін саналы адамдардың бәрі де незігінен бір жаратылыс қой. Тек олардың  өскен орталары мен қауымдастығына қарай тілдері мен салт-дәстүрлері әртүрлі болып келеді. 

       -Өзіңізбен танысқаннан кейінгі өткен уақыт ішінде мен көзілдірігімдегі күрделі микрожүйелер арқылы ғаламтордан дана халық екендеріңізді білдім. Қазақтың  жазушы-болашақгері Жүніс  Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдарын  ата-бабаларыңыздың  мына кең-жазира ғажайып табиғатты бір жерде таптап, түтіндетіп, газдандырып отырмай, тоза бере басқа жерге көшіп, қалпына келе  қайта көшіп келіп сақтай, аялай білгендерін оқып дән риза болдым,

       -Ақ  ниетіңізге мол алғыстымын! – деді Еңлікгүл Батылға сәл бұрыла қарап, - мұндай әділ бағаны нағыз азамат, адал адам ғана бере алады. – деді Еңлікгүл сәл толқып.

       -Мен де сіздің  білімділігіңізге, парасаттылығыңыз бен кеі пейлділігіңізге ризамын! Адамның  таза адамгершілігінен артқан не болсын, бұл дүниеде! Тек өзімізді қашан да сол дәрежеде ұстай білсек! Мен енді сізге құпия сырымды ашайын. Тек сіз менің осы кезде дейін айта алмағаныма ренжімеңізші.

       -Ренжитін не бар? Айта беріңіз сырыңызды. Мұнда өзімізді көріп тұрған, сөзімізді тыңдап тұрған ешкім жоқ.

       -Айтсам, Еңлікгүл... Мен бұл Жер ғаламшарының тұрғыны емеспін...

       -Сонда қайдансыз? – Еңлікгүл отырған бойда Батылға бұрыла қарап алды.

       - Мен сіздер Су құюшы дейтін шоқжұлдыздаан, ондағы жұлдыз жүйесінендегі Сұр делінетін ғаламшарданммын.

       -Шынымен айтып отырсыз ба?

       -Ақиқатым осы, Еңлікгүл. 

       -Сонда сіз, сол ғаламшарда дүниеге келдіңіз?

       -Иә. Ол ғаламшар қазақшалағанда  Сұр деп аталады. Ғаламшарымызда мұндағыдай түрлі түсті табиғат әлемі жоқ. Екі түсті көрініс. Ата-бабаларымыз адамның артық әрекетінен табиғаты тақырланған оған Сұр деген ат беріпті. Мен жастайымнан түрлі түсті   көзілдірікпен көріп өстім. Ғарышкер мамандығын алғаннан кейін  үнемі жұлдызаралық сапарда болдым. Осыдан біраз бұрын сіздер  Күн деп атайтын жұлдыз жүйесінің маңына таяғанымызда алапат жұлдызаралық кемеміздің басты қозғалтқышы істен шықты. Сөйтіп, оны жаңасымен алмастыру  үшін басшымыз кемені осында қондыруға бұйрық берді. Қонған кемеден сапарластарыммен бірге сыртқа шығып, басты қозғалтқышты ауыстыру  барысында мен осы ғажайып табиғатқа тәнті болдым. Аттанар сәтте де кеменің терезесінен көзілдірігім арқылы қызыға қимай қарап тұрдым. Сол сәтімде көзілдігімді жерге түсіріп алдым. Кеме қозғалтқыштары іске қосылып, ұша бергенде сол терезеден қарғып кеттім... 

       Еңлікгүл Батылдың ағынан жарылып айтқан бұл сөздерін басын сәл изеп мұқият тыңдап болып шамалы ойға батты. Оған әлі де сенепр-сенбесін білмей  бұрыла қарады да:

       -Ендеше, сіз есіміңізге сай батыл жігіт болдыңыз ғой?

       -Солай шығар...

       -Көңілге қонымды есім екен!  

       Еңлікгүл осы оқиғаға дейін ел арасында: «Ұшатын беймәлім денемен» бейтаныс келіпті. Онымен пәленше жүздесіп тілдесіпті. Аспаннан келген адам оған «Бізбен бірге жүріңіз» деп ұсыныс жасапты» деп тараған алыпқашпа сөздерді жиі еститін. Бірақ оған онша көңіл аудармаушы еді. Енді өзі күтпеген жерден өзге жұлдыз жүйесінің адамымен таныс болды. «Өстіп жүргенімде бір күні бұл жігіт «Менімен еліме жүр» деп  ұсыныс жасаса қайттім?» деп бір ойлап қойды Еңлікгүл ішінен. Сөйтіп, Батылдың әрбір қимыл-қозғалысын бақылап, әрбір сөзіне терең мән беріп отырды. Жоқ,байқауынша, Батыл еліне қайтуға асығатын адамға ұқсамайды. Оның  бар ықылас-ынтасы ауылдың ғажайып табиғатын көре түсуде екен.  Оның енді ұлы табиғаттың түрлі түстерінен алатын ләззатынан айрылғанына іштей өкініп те алды.Қалыбек пен Мұратханның саналы адам баласына жат қатыгездік  көрсеткендерін есіне алып, қатты налыды. Жанында үнсіз, көңілсіз отырған жігіттің көңіл-күйі мен үмітіне қандай демеу  көрсету  керектігін ойлады. Басын сәл көтеріп оған қарады да:

       -Ренжімеңіз, Батыл, - деді жай ғана, - тентексіз ауыл болмайды.

      -Мен ешкімге де, ештемеге де ренжімеймңн, - деді Батыл.

       -Мен сізге көзілдірік жағынан көмектесе аламын. Тек  ол көзілдірік сіздікіндей күрделі микрожүйелі емес. Көздерді Күн сәулесінен қорғайтын қара шынылы көзілдірік. Сонда да ол сіздің көздеріңізді өзгеге көрсетпейді. Осыған қалай қарайсыз?

       -Онда мен сізге тек алғысымды айтамын! – деп жігіт сәл жадырап қалды. 

       -Көзілдірікті мен сырлас құрбым Бәтимадан сұрап аламын. Ондай көзілдірік ол жұмыс жасайтын дәріханада бар. Бір күннен соң ауылымыздың орталығындағы дәрханаға келіңіз. Сол жерде көзілдірікті тағып көріп аласыз. Сіздің өзге жұлдыз жүйесінен келген адам екеніңізді Бәтима екеумізден өзге ешкім білмей-ақ қойсын. Ал, енді уақыт жоғалтпайық. Шығыс көкжиектен Күн шеті көрініп те қалды. Ауыл тұрғындарының ертеңгілік қым-қым қуыт тірішіліктері басталды. Көзге түсіп қалмайық! Сау  болыңыз!

       -Дәріхананы таба аламын ба?

       -Таба аласыз. Орталықтағы құлыптың оң жағында. 

       -Түсіндім. Кеттім!

       Бейтаныс жігіт кейін бұрылып, бақтың аяғына қарай зып беріп, көзден ғайып болды. Еңлікгүл бақ ішінде жалғыз қалды. Ешкім келмегендей тыныштық орнады бақ ішінде. Еңлікгүл бақ ішінде ой әлеміне еніп, тағы біраз жүрді. Осы кезде үй есігі ашылып, іштен әкесі шықты сыртқа. Ол бақ ішінде ойға шомып, серуендеп жүрген қызын көріп аң-таң болды.

       --Қызым, ерте тұрғансың ба?  Неге демалмадың? – деді жай ғана. 

       -Түнгі ұйқымнан ерте оянып кеткен соң мына бақ ішінде біраз серуендегім келді, көке, - деді Еңлікгүл, - таңғы таза ауаны жұтудың өзі бір ғанибет емес пе?  Жасыл өсімідіктердің, гүлдердің хош иістері қандай! Құстардың сайраған дауыстары, сонау өзен суының сарылы мені қалай ұйқтатсын!

       -Қызым-ай, сен-ақ әйтеуірі табиғатқа құштар болып алдың-ау! Жұттың қыздары ғой, Күн шыққанша ұйқтайды!

       -Құлханыс есіімді ана айтқан аңызда Байғыз «Күн шыққанша жатқан адамды өліге санаймын» деген екен. Адам ұлы табиғаттан ең терең ләззатты таң мезгілінде алады. Өйткені, күллі ғажайып түрлі түстердің бәрі де осы уақытта көрінеді. Мен үшін одан сұлу нәрсе жоқ бұл жарық дүниеде! Түрлі түс жоқ жерде қандай жарасымды дүние болмақ?

       Оның рас, қызым. Түрлі түсті көре алмаған адам, ғаріп адаммен тең. 

       -Өкінішке орай, осы өзіміздің Күн жүйемізде табиғаты түрлі түстен мақұрым ғаламшарлар бар. Бәлкім, ондай ғаламшарлар өзге жұлдыз жүйелерінде де бар болар.

       -Қызым-ай, сенің де білмейтінің жоқ, - деп, әкесі мал қораға қарай бұрылып кетті. 

       Еңлікгүл де «Енді әңгімені көбейте бермейін, сөйлеуік бола бермейін» дегендей үйге қарай бет алды. Келген бойда таңғы шәйді дайындауға кірісіп кетті. Анасына көмектескені. Дастархан жайып, анау-мынау тағамдарды қойды оның үстіне. Кешікпей әкесі кірді ішке. Іні-сіңліліері де түнгі ұйқыларынан оянып, орындарынан тұрып, жуынып-шайынып дастархан басына келіп отырды. 


                                                         Қарайған дүние


Батылға көз алдын жұқа арнайы матамен көлегейлеп таңып жүру ыңғайлы емес еді. Оның  сүтіне көрген ауыл тұрғындары ашық айтпаса да, іштерінен: «Мұнысы несі, тағы?» деп қалары сөзсіз. Өткен таңда Еклікгүлмен бақ ішінде кездесіп,  сырының ақиқатын айтып, көзілдірік жөнінде келіскеннен кейін сол мерзімден ауыл орталығындағы дәріханаға келген. Батылдың  аса жылдам жүрісі ауыл тұрғындарының көздеріне іліге бермейтін. Ол қатты жүгріп жөнелгенде соңында тек көтерілген шаң ғана қалады. Соңғы кездері ауыл адамдары ол көрініске де үйрене бастаған. Көше бойында кенеттен шаң бұрқ ете қалса: «Ә, әлгі желаяқ жігіт кетіп барады» дейді де қояды. Ауылда Батылдың мұндай жүрісі мен Еңлікгүлмен кездескені Қалыбекке қатты батады. Қалыбек, соңғы кездері, тіпті, дұрыс жұмыс жасағанды да қойған. Аңдығаны Еңлікгүл мен Батыл. Бірақ Еңлікгүлдің жас жүрегі Қалыбекке жылыған емес.Әділдікті, адалдық пен пәктікті сүйетін Еңлікгүл  бөтен де болса Батылмен кездескенді, сонымен дүние әлемі, білім мен ғылым жайлы әңгімелескенді іштей қалап тұрады. Секем алатын жері тек Батылдың дөңестеніп келген үлкен қоңырқай түсті көздері ғана. Жалпы, Батылдың көздері жергілікті адамдардың көздерінен пәлендей айырмашылықты емес-ті. Тек оған қадалып қараған адам ғана іштей секмденіп қалады. 

       Еңлікгүл бүгін ертемен орталықтағы дәріханаға қарай асыққан. Өәткені, бүгін уәделі күн. Бейтаныс жігітке қолұшын бермек.Ол – Күн сәулесінен қорғайтын қара түсті шынылы көзілдірік. Батыл өзінің ерекше жаралған көздерін жұқа матамен көлегейлеп жүр. Еш болмаса, қолынан келген бір көмегін берсе, көңілі орнығып қалмақ Еңлікгүлдің. Сөйтіп келе жатқанда ерігіп жүрген Қалыбек пен Мұратханның кезіге қалуы да ғажап емес. Олар әдетте не көше бойында, не мектептік төңірегінде ұшырасады. Мақсаттары Еңлікгүлід де, Бәтиманы да әйтеуірі бір сөйлетіп қалу. Ал екі қыз олармен жүздесуді де, тілдесуді де қаламайды. Оны тыңдап жүрген екі жігіт жоқ. Бүгін де екеуі Еңлікгүлдің жолын тосқан. Асыға басып келе жатқан қыз екі жігіттің жол шетіндегі үй аулаларының бірінен шыға келгенін байқамай да қалды. Іштей шошып, жас жүрегі дүрсілдей соғып, кідіріп тұрып та қалды. Батылдың дәріханаға келуіне аз уақыт қалған. Ал Қалыбек пен Мұратханға Еңлікгүлге ананы-мынаны айтып уақыт өткізгені керек. Еңлікгүлдің әбіржи қалған жүзін көрген Қалыбек:

      -Не болды, саған Еңлікгүл?  Тағы бір құпияңның   үстінен түсіп қалдық па?

       -Жоқ, менде қандай құпия болушы еді? – деді Еңлікгүл дәріхана жаққа көз салып қойып.

       -Дәріханаға қарай асығып кетіп барасың?  «Үйңізде біреу  ауырып қалды ма? Қандай да бір дәрі шұғыл қажет болды ма?» деп ойлап қалғаным ғой.  Кешірші, онда.

       Кешірім сұрайтындай не бар. Өздерің жай жүрсіңдер ме?

       -Жай дейтін, жай да емес. «Ауыл жігіттеріне қандай да бір жұмыс барма екен?» деген ой ғой, біздікі. 

       -Ол ойларың жақсы екен. Әйтпесе, Мұратхан екеуіңнің жұмыссыз жүргендерің де біршама уақыт болды. 

       -Иә, солай болып қалды, - деді Қалыбек қызға сәл жол ашып, - Еңлікгүл, мен сеннен бірдеме жайлы сұрасам, маған ренжімейсің бе?

              -Не жөнінде? Айта бер. 

       «Айтсам ба екен, айтпасам ба екен?» дегендей Қалыбек сәлойланып, жанындағы Мұратханға қарап қойды. Ол «Оны өзің біл» дегендей жүзін басқа жаққа бұрып әкетті. Қалыбек сәл кідірді де:

       -Өткендегі бейтаныс жігіт сенімен қайтып кездеспеді ме? – деп айтып салды.

       -Оны қайтейін деп едің. Неге оған көз сала бересіңдер. Ол сендерге тиісіп жүрген жоқ қой. Өз жөнімен жүр. Оған сендер, тіпті, тауда да тыныштық бермепсіңдер. Нелеріңді алып еді ол?

       Қалыбек жауап берместен Еңлікгүлмен қатарласа біраз жүрді. Мұратхан екеуінен сәл кейіндеп қала берген. 

       -Олбіздің ештемемізді алған жоқ. Тек, өзім. Өзім ауылға сыртан келген бөтенді жақтырмаймын. 

       -Сен қызық жігіт екенсің, Қалыбек! – Еңлікгүл сол қолының білегіндегі қолсағатына бір қарап алды, - бөтен болып ол н,е істеді? Ешкімге тиісіп жүрген жоқ қой. Өткендегі үй ауласындағы кір жайғышта жаюлы тұрған киімдерді байқатпай алып үстіне киіп алғаны ма?  Оны тап-таза күйінде қайта орнына ілді ғой. Басқа не істеді ол?

       -Мәселе онда емес, - деді Қалыбек Еңлігүлдің оң қолының нәзік сұқ саусағын ұстамаққа жақындап. Оны сезген қыз қолын қағып жіберді. 

       -Менің қолымда нең бар?!

       -Жай... Байқамай... Кешір...

       Қаолыбек  басқа сөз айта алмай кідіріп тұрып қалды. Еңлікгүл сескенген Үкідей қарақат көздерін Қалыбекке жалт еткізіп, алға қарай жылдам жүріп жөнелді. Қалыбек Еңлікгүлдің аса сақтығына іштей ызаланап қалып бара жатып:

       -Мен оны бәрібір бұлауылда бұлай жүргізбеймін: Көзіме көрінсе, өз обалы өзіне! Әйтеуірі бір ақымды аламын! – деп дауыстады. 

       «Қолыңнан келсе, жүргізбессің!, Шамаң келсе, ақыңды аларсың!» деп іштей күбірледі де дәріханаға қарай бұрыла асықты. Бұл кезде Бәтима да Еңліегүлді тағатсыз күтіп, шыдамы таусылған соң дәріхананың есігі алдына шығып  тұрған еді. Екі қыз бір бірін көптен көрмегендей құшақтасып, бет сүйісіп амандасты. Бұл нәзік жанды қыздарға тән қылық болғандықтан сырттан байқағандарға оғаш қылық болып көрінген жоқ. Екеуі қолдарымен ұстасып тұрып, бір бірінің хал-жағдайларын сұрасты. 

       -Денсаулығың, көңіл күйің қалай? - деді Бәтима дәрігер ретінде.

       -Жақсы. Өзің қалайсың? – деді Еңлікгүл қарақат көздерін Бәтиманың бота көздерінен тайдырмай. 


       -Неге әбәіржулісің? – деді содан соң Бәтима Еңлікгүлдің жүзінен көңілсіздікті байқап. – әлгі бейтаныс...

       -Жоқ, - деді Еңлікгүл кейін бұрылып қарап қойып, - жаңа жол үстінде Қалыбек пен Мұратхагн кезіккен. Екеуі  әрдемені сұрап басымды қатырып...

       -Солар-ақ  «Жығылған күрске тоймайды» дегендей, ооны жеңуден күдерлерін   үзбейді екен...

       -Қайдам, ол екеуінен бәрін күтуге болады, - деді Еңлікгүл жеңіл күрсініп. 

       -Ий, тау  басында өз жөнімен жүрген жазықсыз бейтансы жігітке мылтықтан оқ жаудырып, көзілдірігін қиратқан қатыгездер кімді аяр дейсің. Олардан тек «Сендер жақсысыңдар» деп қана құтыламыз ғой енді.

       -Жаңа жол үстінде Қалыбек маған «Мен Батылды бұл ауылда жүргізбеймін. Ақымды біраламын» дегенді айтты. Қарашы, бұлар қандай. Ешкімге зияны жоқ адамға тиіседі. Оған не дерсің, Бәтима?

        -Бәрі де одан сені қызғанғанынан, ғой.

       -Қойшы, Бәтима! – деп Еңлікгүл жас қызша бұртия қалды. – менде не жұмысы бар оның!

       -Не жұмысы бар деуге бола ма? Оның өзіңе деген қарым-қатынасынан да біліп-сезіп жүрсің ғой өзің?

       -Іштей сеземін.

       -Қой, айта берсек, әңгіме көп, кріейік ішке.

       Екі қыз жан-жақтарына жалтақ-жалтақ қарап, Батыл көрінбеген соң дәріхананың ішіне кірді. Кірген бетте Еңлікгүл түрлі дәрі-дәрмектің иістерін сезді. Ал мұнда күнде жұүмыс жасайтын Бәтимаға иістер үйреншікті еді. Ол ештемеге назар аудармастан өзінің жұмыс орнына келіп, Еңлікгүлге орындық ұсынды. Содан соң  үлкен шынылы шкафтың төменгі тұсындағы суырманы тартып ашып, ішінен мөлдір салафанға салынған қара түсті көзілдірікті қолына алып, Еңлікгүлге берді. Еңлікгүл мөлдір түсті саафаннан көзілдірікті  шығарып, құлақшаларын екі жаққа қарай ашып, жарыққа қаратып көрді. Сол кезде Бәтима:

       -Бұл көзілдіріктің ені алпыс жеті миллиметр,- деді.

       -Алпыс жеті?

       -Иә, Еңлікгүл. Шамамен, Батылға шақ келеді. Ал келмей жатаса, басқалары бар ғой. Алыпс сегізді де табамыз. Әуелі өзі келсін де.

       Екеуінің бұл сөздерін естіп тұрғандай сырт жақтан тысыр еткен дыбыс естілді де, Еңлікгүл елең еткенше Батыл кіріп келді. Ол ештемені естімігендей, ештемені ойлмағандай екеуімен сәіл жымиып амандасты. Еңлікгүлдің қолындағы қара түсті көзілдірікті көріп іштей қуанды. Дәріхананың ішін үлкен дөңес көздерімен жылдам шолып өтті. Еңлікгүл оған қарап:

       -Батыл, міне, біздегі көзілдірік, - деді.

       -Осындай көзілдірік пе? – деді Батыл.

-Осы. Тағып көріңізші.

       -Қазір...

       Батыл көздерін Бәтимаға көрсеткісі келмегендей бір қырын бұрылды да, көздерін көлегейлеп тұрған жұқа матаны жайымен алып, көзілдірікті тақты. Алға қарай сәл жүріп, адам бойындай үлкен айнаның алдына барды. Екі қыз оның бар тұлғансын арқа жағынан анық көріп тұрды. Көзілдірік дәл келді.

       -Дәл келді ғой. Енді бізге қараңызшы, - деді Еңлікгүл көңілденіп, - жараса ма екен өзі сізге?

       -Жарасады, - деді Батыл, - тек жарықты азайтады екен. Екі түс қана көрінеді. 

       -Өкінішті-ақ! – деді Еңлікгүл кұрсініп салып, - ол жағына Бәтима екеуміздің шамамыз келмейді. 

       -Оны білемін, түсінемін, - деді Батыл, - осының өзіне мың да бір алғыстымын. Енді мен ғғажайып табиғаттағы түрлі түсті күрделі көзілдіріксіз ажыратуға жаттығатын боламын!

       -Мақсатыңызға жетіңіз! – деді Еңлікгүл жымиып, - ал мына көзілдірік оған дейін көздеріңізге қорғаныш бола тұрсын!

       -Енді қалай, ауыл жігіттеріне ұқсаймын ба? – деп Батыл ақ тістерін көрсете жымиды.

       -Ұқсағанда қандай! Енді сізді бұл ауылда ешкім де бөтенсімейді! – деді Бәтима. 

       -Өзім де солай деп ойлмаймын! Ендігі менің бір ғана арманым – көзілдіріксіз, өз табиғи көздеріммен түрлі түстерді көре алу ғой! Онан кейін жұмыс жасауым керек! Ақша тауып, өзіме жеке үй салып алуым керек!

       Екі қыз  бастарын изесіп  үнсіз тұрып қалды. Еңлікгүлдің ойына осыдан сәл-ақ бұрын көше бойында кезіккен Қалыбек  пен Мұратқан түскен еді. «Ол екеуі бұған күн көрсете ме? Жұмыс істете ме? Ұй салдыра ма? Оны бұл бейбақ ойлап та тұрған жоқ» деп қойды ішінен. Батыл бұл ойын сезіп тұрды. Бірақ ештемені білмегендей болып, таққан қара түсті көзілдірігін оң қолының қос саусағымен сәл көтеріп қойып, айна алдына қайта барды. 

       -Ал Бәтима, мен сізге неше теңге қарыз боламын? – деді оған қарай бұрылып. 

       -Ешқандай қарыз емессіз! – деп Бәтима оған жымия қарап, - сіз алыстан келген меймансыз! Қазақ  халқы өз дәстүрінде мейманына төрін береді, ешқашан ақша төлетпейді!

       -Қазақ халқының дана халық екенін жақсы білемін.Сондықтан да осы елде өмірлік қалғым келеді. Жұмысқа орналасып, үй салғым келеді. Мені көрші ауылдың жігітіндей санаңыздар. Солай айтыңыздар сұраған жандарға. Ал енді мен көп тұрмай кетейін. Уақыттарыңзды алмайын! Жұмыстарыңыздан қалмаңыздар...

       Осыны айтып, Батыл сыртқа қарай беттеген. Дәріхананың кіреберіс бөлмесіне жеткенде алғашқыдағыдай дыбыс естіліп, Батыл зым-зия болды. Соның артынша дәрі-дәрмек алмаққа келген ауыл адамдары да кіре бастады ішке. Дер кезінде  үлгерді үшеуі. Келгендер ештемені көрмеді, сезбеді. Бәима сұрағандарын берді. Еңлікгүл сол қолының білегіне таққа қолсағатына бір қарап алып, Бәтимамен жылы қоштасып, мктепке қарай асықты. 


                                                        Бөтен ауыл жүйрігі

       Соңғы кездері Батыл ауылдың орталық үлкен көшесінің бойында жұрт көзіне жиі түсетін болды. Ауыл адамдарындай қарапайым қара көзілдірік таққан жігіртке енді тұрғындардың көздері де  үйренген. Ал  Батылға бұл ауылдағы қимыл-қозғалыс баяу көрінеді. Өзі қанша баяу  қозғлаайын десе де, табиғатындағы жылдамдықтан еш арыла алмайды. Сондықтан да өзінің кеңістіктегі екінүктенің  арсындағы жылдам орын алмастыруын ауыл адамдары үнемі байқай бермейді. Ал Батыл мылтық ауызынан атылып шыққан оқтың ұшу жылдамдығын да баяуға санайды. Оны анық көре алады. Соның арқасында ол өткенде тауда мылтықтарданөзіне қарай бораған оқтардың ешақайсысын да денесіне дарытқан жоқ. Әзірге өзінің біршама құпия –сырын осы ауылдағы екі қыз ғана біледі. Сол екеуімен ұшырасады, солар арқылы көп нәрсені анықтайды. Бүгінде Батыл ауылдың біршама сырына қанық. Ауыл адамдарының адаммгершіліктеріне, кең пейлділігіне іштей өте риза. Тек өзін қинайтын бір ғана нәрсе, мына ғажайып түрлі түсті әлемді өз қалпында көре алмайтыны. Соған жиі налиды. Не істерін білмейді. Қайта екі жанашыр қыз өзіне қарапайым болса да көздерін көлегейлеп тұратын қара көзілдірік сыйлады. 

       Батыленді тау кезгенін қойып, ауыл маңында тұрақтаудың жолын іздеді. Осы тұста оның есіне Еңлікгүлдің өзі үшін мектеп директорынан ескерту алғаны, директордың Еңлікгүлге өзін келген жағдайда ертіп кіруін тапсырғаны ойына түсті. Енді Еңлікгүлді директордың алдында күмәнді етіп қалдырмауы тиіісті. Өзіне жақсылық жасаған адамды өзі де қорғамақ. Осы мақсатта Батыл мектептің жанына келді. Ондағы барлық сыныптарда сабақ жүріп жатқан. Батыл мектептің кең ауласында олай да, былай да біршама уақыт  жүрді. Ауладағы бар нәрсені мұқият көріп шықты. Содан соң дәілзге кіріп, қабырғаларға көз тастады. Ондағы «Құрмет тақтасында»  Еңлікгүлдің суреті де бар екен. Сурет астындағы мәтіндерді ежелеп оқып шығып, Еңлікгүл сабақ  өткізіп жақтан сыныпқа жақындады. Сол кезде есігінің жоғары жағында «Мектеп директоры» деген жазуы бар бөлмеден бір жігіт шығып өзіне қарай жүрді. Батыл енді зып беріп көзден ғайып болуды жөн көрмеді. Көзден ғайыпболған күнде тағы да әңгіменің бір ұшының Еңлікгүлге жететіні, директордың оған деген күмәнінің күшейе түсетінін түсінді.  Өзін байсалды ұстап тұра берді. Өткенде сыныпта көрген директордың өзі екен. Ол жанынан жайымен ғана өтіп барып қайта бұрылып, сәл кідіріп, қадала қарап тұрды да:

       -Балаңызға келіп тұрсыз ба? – деп жай ғана сұрады.

       -Жоқ, -деді Батыл сәл кібіртіктей сөйлеп, - мен Еңлікгүл есімді мұғалімге жолығуға келіп едім. 

       -Еңлікгүл қазір сабағын өткзуде. Шамалыдан соң үзіліске қоңырау соғылады. Оны жай іздеп келдіңіз бе?

       -Өткенде өзіңіз оған мені ертіп круді тапсырған едіңіз.

       -Ә, ияі... Айтқанмын. Бірақ одан бері біраз уақыт өтіп кетті. Ұмытып та қалыппын. Ендеше, бөлмеге жүріңіз. Еңлікгүл сабағынан шыққанша әңгімелесе отырайық. 

       -Құрметіңізге  алғыстымын! – деді Батыл көңілденіп, - барайцын.

       Екеуі  дәліз бойымен қатарласа жүріп, қабылдау бөлмесіне енді. Онда отырған биотұлға отырған орнынан ұшіп тұрып, Батылға қарап сәл басын иіп амандасты. Батыл да басын сәл иіп қойды. Директор есігін ашып, әуелі Батылдың круін өтінді. Бөлме кең екен. Ауылдың оңтүстік-шығыс көкжиегінен көтерілген шартабақ Күннің сәулесі ақшылтым жылтыр жұқа пределерден өтіп, бөломе ішін жап-жарық етіп тұр. Егер Батыл түрлі тсүті ажыратар болса, бөлме ішіндегі небір заттардан ғажап бір ләззат алған болар еді. Қара шынылы көзілдірік арқылы көрінген ақ-қара түс көңіл-күйіне пәлендер әсер бере қоймады.

          Ал дриектордың олардан тамаша әсер алып тұрғаны болса да белгілі еді. Бірақ Батыл сыр берген жоқ. Директордың мәдниетті түрде нұсқаған үстел жанындағы  жақтауы биік, жұмсақ орындыққа келіп отырды. Директор үстелдің Батылға қарама-қарсы жағындағы дәл сондай орындыққа жайғасты да, оң қолындағы шағын бейнабайланыс құралымен қажетті деген адамдарымен жүздесіп, сөйлесіп алды. Аоа-арасында көз алдындағы Батылға ұрлана көз тастап қойды. Батыл болса, айналасына жайымен бұрыла қарап, кең бөлменің ішінде не бардың бәрін зерделеп үлгерді. Директордың өзіне өте баяу көрінетін қозғалыстары көңілін қанағаттандырмады.

        Екі арада бір сәттәк үнсіздік орнаған. Сол кезде үлкен терезелердің бірінің ашық қалған шағын терезесі арқылы сырттан бір жасыл түсті ірі Шыбың ызыңдай ұшып кіріп, кең бөлме ішінде айнала берді. Директор келіп отырған мейманның көзінше болған бұл көріністен қатты ыңайсызданып, орнынан ұшып түрегеліп, әлдекімді шақырмааққа бейнебайланыс құралын іске қоса бермек еді. Сол кезде Батыл көз ілеспес жылдамдықпен қозғалып, Шыбынды оң қолының алақанымен оп-оңай қармап ұстап алды да, ұшып кірген шағын терезеден сыртқа қарай қайта ұшщырып жіберді. Өзі қайта келіп, ештеме болмағандай орындығына жайғасып отыра берді. Бұл  Батылдың көз ілеспес қозғалысына  таңданып, көздерн шараларынан шығардай ашып, аң-таң болып отыр еді. 

       -Әңгімемізге кедергі болмасын деп шығарып жібергенім ғой! – деп сәл ғана жымиып алды Батыл.

       -Оқа-сы жо-қ, - деп директор енді ғана өз өзіне келгендей баяу сөйледі, - сізде өте жылдам қозғала алатын ерекше қабілет бар. Өткенде  сыныпта көз ілеспес жылдамдықпен сыртқа қарай секіріп кетіп едіңіз?!

       -Бұл  менің әдеттегі қозғалысым! – деп Батыл терезе жаққа қарап қойды. 

       -Жлдамдыққа әбден машық болып алғаныңыз көрініп-ақ тұр!

       -Жоқ, бұл менің табиғи ерекшелігім.  – Батыл енді бөлменің кірер есігі жағына көз салды. 

       -Мен Еңлікгүлге сізді шақыр дегендегім, осылай танысу еді, - директор енді ғана өз өзіне толық келіп.

       -Менің де сізбен танысқым келген.Аты-жөніңізді сырттай білемін.

       -Мен де естігенмін есіміңізді. Қателеспесем, Батыл?

       -Ұмытпапсыз.

       -Дегенмен, таныс емес есім. Біздің ауылда ешбір парзентке қойылған емес. Сонда сіз қайда тұрасыз?

       -Мен бөтен ауылдықпын.

       -Бөтен ауылы қалай? Бізде ондай ұғым жоқ. Көрші ауыл деген бар. 

       -Бұл жағын қозғаламай-ақ қойғаныңыз жөн болар еді. Ауылым мұнан өте қашықта.

       -Жарайды, қазбаламай-ақ  қояйын ол жағын. Ал әке-шешең бар ма?

       -Болған.

       -Түсінікті. Жандары жаннатта болсын! Мамандығыңыз?

       -Мамандығым ғарышкер-жөндеуші.

       -Онда бұл ауылдан не іздеп жүрсіз?

       -Мен ол мамандығымнан бас тартқанмын. Осындай тамаша табиғат аясында өмір сүргім келеді.

       -Ойланарлық нәрсе екен.

       -Қанша жайлы болса да, жұлдызаралық кемедегі шектеулі ортадан әбден жалыққанмын. 

       -Шектеулі орта дегеніңіз қалай? 

       -Біз үнемі жұлдызаралық сапарда, кеме ішінде боламыз ғой!

       -Ол жағын түсінемін. Ал біздң ауылды таңдауыңыздың мәнісі неде?

       -Бұл  ауылда мен үйренетін нәрселер көп.

       -Ол қандай нәрселер тағы да?

       -Оны түсіндіру көп уақыт алады. 

       -Жақсы, енді ол жағын қазабалап сұрай бермейін. Мынаны айтыңышы, біздің мүұғалім қызымыз Еңлікгүлді қайдан және қашаннан танисыз?

       -Жақында ауылдың  үлкен орталық көшесі бойында кездесіп қалғанмын. Еңлікгүл өзінің  жаны таза, қарапайым, ақылды, парасатты, білімділігімен баурап алды мені.!

       -Пікіріңіз жақсы екен. Ол қыз мектебімізде де сыйлы.

       - Білемін, жаңа ғана «Құрмет тақтасынан»   көргенмін. 

       -Өткенде сіз не себептен терезеден сыртқа қарай секіріп кеттіңіз?

       -Сізден ұялдым. Еңлікгүлге сөз келмесін дедім. 

       -Ол парасатыңызға алғыстымын. Сонда да тілдескенде болатын еді...

       -«Ештен кеш жақсы» дейді қазақ, енді жүздесіп те, сөйлесіп те отырмыз емес пе?

       -Иә, дұрыс айттыңыз. «ештен кеш жақсы».  Жарайды, ол енді өткен оқиға. Ал, қай  үйдесіз?

       -Әзірше тұрақтаған үйім жоқ. Алдағы уақытта ауылдың шітені жеке үй салып алсам деген ойым бар. 

       -Ниетіңізге жетіңіз.

       -Соның  жолын білмеймін. Одан да бұрын жұмысқа орналасып, ақша табуым керек. Қандай жұмыс болса да жасай беремін. 

       -Жұмыс дейсіз бе?

       Директор ойланып, кідіріп қалды. Ой  үстінде үлкен терезеден сыртқа көз тастады. Сол кезде алдын ала берілген бағдарлама бойынша кезекті сабақтың білдіретін қоңырау сыңғырлап ала жөнелді. Үзілістің болғаны екеуіне де түсінікті. Директор үстел   үстінде жатқан кішкентай құралдың бір түймесін оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқып, экраннан көрінген жас жігітке:

       -Маған Еңлікгүл апайыңды шақыра қойшы, - деді. 

       -Қазір, ағай! – деп жігіт экраннан ғайып болды. 

       Директор экранды бейнебайланыс құралын сөндіріп, қарсы алдындағы бейтаныс жігіттің жүзіне қадала қарады. Оның жалпақ қара түсті көзілдірігін тастамай тағатынын елден естіген. Бірақ мына таққан көзілдірігі кәдімгі Күн сәулесі жарығын азайтытын қара түсті шынылы көзілдірік. Еңлікгүл келіп кіргенше директор соны тілге тиек еткісі келді.

       -Сіздің мына көзілдірігіңіз жай көзілдірік пе, әлде оптикалық па?

       -Оптикалық  деген сөзді түсінбедім, -деді Батыл.

       -Бұл ақ қағаз бетіндегі жазуларды анық етіп көрсететін көзілдірік пе, әлде алыстағыны анық ететін көзілдірік пе дегенім ғой?

       -Мен кез келген нәрсені анықтататын, жақындататын көзілдіріксіз жақсы көремін. Ең жылдам деген қозғалысты да анық байқаймын.

       -Ең жылдам деген қозғалысты?

       -Иә, жэаңа ғана өзіңіз де байқадыңыз. Ана үлкен терезенің шағын терезесі арқылы ішке кездейсоқ   ұшып кірген Шыбынды оп-оңай   ұстап, қайта шығарып жібердім. 

       -Мұныңыз ғажап екен! Сонда қалай жылдам қозғалып үлгересіз?

      - Шыбынның  ұшу  жылдамдығы  ғана емес, бұл ғаламшардағы қозғалыстың бәрі маған баяу  болып көрінеді. 

       -Сонда сіз, төмен ұшып бара жатқан кез келген құсты да ұстай аласыз ба?

       -Ондай да қабілетім бар.

       Директор  аң-таң күйде отырған орындығының жақтауына қарай шалқая түсті. Екі көзін шатынып, кірпкітерін қақпай қарайды. Батыл да көздерін директордың бет-жүзінен   қара көзілдірігі  ішінен тайдырмай қадаған. Онысын ұнатпағандай болған директор сәл үнсіз отырды да, бір кезде:

       -Сіз қара көззілдірігіңізді бір сәтке шешесіз бе? – деді. 

       Бірақ осы кезде үстел үстіндегі шағын бейнебайланыс құралының тақтасынан бір шам жарқ ете қалды. Бұл сырттан келген адамның ішке круге рұқсат сұраған белгісі еді. Директор өтінішінің орындалуын күтуге болмайтынын түсініп, қажетті түймені нұқыды сол қолының сұқ саусағымен. Есік ашылып, ішке Еңлікгүл кірді. Күтпеген жерден бастығының қарсы алдында отырған Батылдыкөргенде қатты ыңғайсызданды. Батыл да қыздың онысын іштей сезді. Бірақ сезбеген болып отыра берді.

       -Кел, Еңлікгүл, мына орындыққа отыр ғой, - деп, Батылдың қатарындағы орындықтың бірін нұсқады. 

       -Алғыстымын, - деп Еңлікгіүл Батылға бұрылып қарамастан одған бір орындықтан кейінггі орындыққа отырды. 

       -Мен өткенде сыныпта жүздесіп әңгімелесе алмай қалған мына жігітпен таныстым, сөйлесім. Бұл екеуміз сабақ кезінде дәілізде кезігіп қалдық. Саған жолығуға келген екен. Біраз нәрсені қозғадық. Батыл десе, батыл екен өзі. Енді менің сеннен сұрайын дегенім, бұл жігіт қай ел болады?

       -Мен ол жағын сұраған емеспін. Бұл жігіт жүз, ру дегенді білмейді, ағай!

       -Білмегені қалай? Өзінің қай жұрттың  тумасы екенін білмейтәін адам бола ма?


       -Менің білетінім, бұл жігіт жетім өскен. Әкесінің де, шешесінің де кімдер екенін айта алмайды. 

       -Е, бұл байғұс тастанды бала екен ғой.

       Директор Батылға көздерінің астымен қарап қойды. Содан соң «Жаңағы ойланбай айта салған сөзім бұл баланың көңіліне келіп қалмады ма екен?» дегендей қозғалақтап, сипалақтап қалды.

       -Олай деу  артығырақ   шығар. Әке-шешесі жөнінде ештеме айтпайды. Сонысына қарағанда жас кезінде дүниеден өткен олар. Ол жағын қозғамай-ақ қойған дұрыс болар еді, - деді Еңлікгүл Батылға бір қарап қойып.

       -Жақсы. Ол жағын қозғамайық енді. Артықтау сөйлеп кеттім бе, кешіріңіз, Батыл! Қызметтің адамдары, кейде осылай жүз бен руды қазбалап, артықтау сөйлеп кететініміз бар. Оқасы жоқ. Ал, енді, Еңлікгүл, сен айтшы, бұл жігіт ұшып жүрген Шыбынды да,. Құсты да аса жылдам қозғалып, оп-оңай ұстап ала береді екен! Осы қабілетінің сырын білесің бе?

       Еңлікгүлдің өңі өзгеріп кетті. «Мен келгенге дейін Батыл біраз сырын айтып үлгерген бе, директорға?» деген ой тұла бойын суық судай аралап өткендей болды. Екеуіне кезек-кеек қарады да:

       -Ағай, бұл жағын өзінен сұрағаныңыз жөн. Болар еді? – деді жай ғана. 

       -Өзің келгенше сұрағанмын, - деді директор, - ондай қабілетін жаңа сырттан   үлкен терезенің шағын терезі арқылы ұшып кірген Шыбынды оп-оңай қағып ұстап, қайта шығарып жібергенінен көрдім өз көздеріммен. Мұндай ғажап қабілет бұл жігітке қайдан пайда болды екен?

       -Бұл өмірде неше түрлі қабілетті адамдар бар ғой,ағай, - деді Еңлікгүл үлкен терезе жаққа көздерін қадай отырып, - сондайлардың бірі шығар бұл жігіт. 

       -Солай шығар. Мұндай қабілетті жігіттің атын шығару керек шығар. Жаңағыдай қабілеттерін халық көрсе, бір ғажап оқиға болмай ма?

       -Менімше, бұл жігітті әзірше олай насиахаттаудың қажеті жоқ сияқты,ағай. Қанша дегенмен де, бөтен ауылдың жүйрігі емес пе?

       -Иә, Еңлікгүл дұрыс айтады, мен бөтен ауылдың жүйрігімін, - деп сөзге килікті Батыл, - бірақ мен осы ауылдан кетпеймін.

       Директор сәл үнсіз қалып, Батылдың бет-әлпетін көздерімен тағы бір барлап алды.

      -Бұл жігіт жаңа маған жұмыс жасағысы келетінін айтты. Бұл ауылда болса да мұның екеумізден өзге танитыны жоқ. Қандай жұмыс ұсынуға болар еді бұған. Ммандығы ғарышкер-жөндеуші екен. Ауылда ондай мамандықпен жұмыс жасайтын ғарыш айлағы жоқ болса да. Қандай ұсынысың бар, Еңлікгүл?

       -Онда бұл жігіткеқара жұмыс жетер, - деді Еңлікгүл, - одан кейінгісін көре жатар. 

      - Оның  үстіне жұмысқа тұрып, ақашлы болған соң бұл жігіт ауылдың шетінен жеке үй салып алмақ ой бар. 

       -БҰл жігітті қара жұмысқа алып жатсаңыз, оған менің еш қарсылығым жоқ, ағай, - деді Еңлікгүл сәл жадырап.- қандай жұмысты болса да игеріп әкететін түрі бар. Жоғары білімді маман ретінде сөйлесемін мен бұл жігітпен. Қолымнан келген көмегімді беремін.

       -мұның өте дұрыс. Ауылдың тұрғындары болсақ та бөтен адамға өзіміздің парасттылығымыз бен білімділігімізді білдіруіміз керек  осылай. Өткенде сурет салу сабағында Әбдіғаппар есімді оқушының салған суретінен бұл жігіттің бет-бейнесін анық көрген едім. Енді міне, жүздесіп, тілдесіп қана емес, жұмысқа түруы мәселеін де шешіп отырмыз. Менің бір ойлайтыным, осы жігіттің жылдам қозғалуына көздері себепші?

       -Ұлы табиғат адам баласын әр түрлі қабілетті етіп жарата береді ғой,ағай. Көздері түгілі, екі басты, құйрықты  болып дүниеге келіп жататын нәрсетелер де бар емес пе? Адам бойындағы барлық ерекшеліктеріне мән бере берсек, майдаланып кетпейміз бе?

       -Бұл ойың дұрыс, Еңлікгүл. Мен екеуіңді ұзақ ұстап қалған жоқпын ба. Әсіресе, мына жігіттің отырғанына біршама уақыт болды. Үзілістің бітетін уақыты да жақын. Маған жолығуға кезек күтіп жүрген мұғалімдер де бар болар дәлізде. Ал сонымен, не шешімге келдік?

       -Мен әзірге бұл  жігітті мектеп ауласын сыпыратын жұмысшы етіп алуға болады деп ойлаймын. Одан кейінгісін көре жатармыз. 

       -Жақсы ұсыныс. Ал мұның жеке куәлігі өзінде ме екен?

       -Мына жүрісінде өзінде бола қоймас.

       -Жеке куәлк деген не нәрсе? – деп қалды сол кезде Батыл.

       Еңлікгүлдің тұла бойы шымырлап, түрі өзгеріп кетті. Батылға бір белгі берейін десе, директор көздерімен екеін  алма-кезек бақылап отыр. Содан Батылға қарақат көздерін тік қадаған. Батыл қыздың өкінішін іштей түсіне қойды. Директорға тіке қарады да:

       -Мен сәл түсініңкіремей қалыппын, кешіріңіздер. Жеке куәлігім болған. Тек оны тауда жүргеніімде жоғалтып алғанмын.

       -Тауда?  – директор мән-жайды түсінбей елең ете қалды.

       -Иә, ауылымнан осылай келе жатқанда тау   асқанмын. Сонда иық қоржынымнан жерге түсіп қалыпты. Оны енді қайта тауып алуым екіталай. 

       -Жарайды. Аула сыпыруға жеке куәліктің аса қажеті жоқ. Еңлікгүл кепіл сізге. Жұмысты мұқият жасаңыз. Тәртіпті болыңыз. Мектеп ауласында Шыбын-шыркейлерді қағып ұстап, оқушыларды шулатып алып жүрмеңіз!

       Осыны айтып директор рахаттана кеп күліп алды. Еңлікгүл де істің оаңға басқанын сезіп, сәл жымиып қойды. Батыл да езу тартқан. Содан соң директор орнынан тұрып, екі қолының саусақтарының ұштарымен   үстел   үстін тіреді де:

       -Келістік. Мектеп ауласын сыпырушы боласыз. Жеке куәлігіңізді қалпына келтіресіз. Уақтылы айлығыңызды аласыз. Ал, жақсы!

       Директор Батылға оң қолын  ұсынды. Батыл да оның оң қолын қысты. Сол кезде шағын бейнебайланыс құралының тақтасынан тағы бір қызыл түсті шам жыпылық қақты. Үзілістің біткенін білдірген дәліздегі қоңырау да безек қақты. Еңлікгүл мен Батыл дәлізге шықты. Директор қабылдау бөлмесіндегі хатшы биотұлғаны бөолмесіне шақырды. 


                                                    Ең  таза  мектеп


       Арада күн өтпей Батыл дриектордың бұйрығымен мектеп ауласын сыпырушы болып орналасып, жұмысына кірісіп кетті.  Мектепке жұмысқа кірген соң ауыл тұрғындары да Батылға басқаша қарай бастаған.  Еңлікгүлді жақсы білетін, әке-шешесімен жақсы сыйласатын бір отбасы Батылға жаздық үйінен бір бөлме берді. Үйі жоқ, күйі жоқ Батылға ол үлкен Сарайдай көрінді. Ол кісілердің көршілері Батылға ыдыс-аяқ пен көрпе-төсектен көмектесті. Ал Еңлікгүл Батылға қайтып жақындаған жоқ. Бар жақсылығын әке-шешесі, туыстары мен көрші-қолаңдары арқылы жасап жүрді.  Ел арасында тез тарап кететін қысыр сөздерге ілікпеу   үшін осылай жасады Еңлікгүл. 

       Мән-жайды түсінген Батыл мектеп ауласына   уақытылы келіп, аула сыпыру   жұмысын мұқият орындап жүрді. Мектепке директор мен мұғалімдер, оқушылар келгенше оның айналасын әп-сәтте тап-тұйнақтай таза етеді. Арасында мектеп дәліздерін жуатын Аққыз есімді үлкен әйел кісіге де қолұшын беріп үлгереді. Айналасы бірнеше күннің ішінде Батылдың жасқы қасиеттері ауыл тұрғындарына тарады. Оны естіген директор да іштей риза. Оған жолығып қалған кейбір замандастары:

       -Жаңадан алған аула сыпырушыңыз бір ғажап адам екен! Ауланы сыпырғанына көз ілеспейд! Ол келгелі мектеп ауласында артық бір түйір зат жатпайтын болды!Ондай адамды қайдан таптыңыз? 

       -Оған ағып кетіп бара жатқан жеңіл көліктерді қуып жеті де ештеме емес құсайды?

     « Ұшып жүрген Шыбындарды да оп-оңай қармап ұстап ала береді екен!» деген де сөз тарап жүр ғой ел арасында! – деп әңгімелейді. 

      Ол сөздерін тыңдап болған директор жымия қарап:

       -Біз сондаймыз! Маған жұмысқа келген адамдардың  жаманын көріп пе едіңіздер? Ол өзі келді. Мен оның осындай еңбекқор  екенін біліп бірден жұмысқа алдым! – деп жауап берді. 

       Ауыл тұрғындары арасында Батыл жайлы тараған қилы-қилы  аңызға бергісіз әңгімелер одан кейін де тыйылмады. Оның соншама үлкен мектеп ауласын аз ғана уақыттың ішінде қалай тез сыпырып, тазалап үлгеретінін ешкім де көзбен көре алмады. Ал Батылдың өзі үшін ол үйреншікті жылдамдық. Ауыл тұрғындарының да, жалпы Жер тұрғындарының да секундына бес сантиметрлік қозғалыстан жылдам қозғалысты көріп үлгере алмайтындары белгілі болды Батылға. Сондай жылдамдықпен қозғалайын десе, аз уақыттың ішінде көп нәрсені жасап үлгере алмайды екен. Енді мектеп ауласының тазалығы, шаң-тозаңның жоқтығы, ешқандай заттың жоғалмайтыны ауыл тұрғындарының кез келгенін іштей риза етті. 

       Еңлікгүл де мәз. Батыл жайлы жақсы сөз тараған сайын ол оған еркін жақындап, еркін сөйлесетін болған. Енді екеуіне ешкім «Неге кздесесіңдер?», «Неге сөйлесесіңдер?» демек емес. Мектеп дәлізінің қабырғасындағы «Құрмет тақтасында» енді Батылдың суреті бар. Оның ауыл тұрғындарына бөтендігі де бәчсеңдей берген. Тек Батылдың өзі мына ғажайып әлемдегі түтлі түстерді көре алмайтынына іштей налып жүрді. Сонда да көздерінің түрлі түстерді ажырату қабілетінің оянуынан  үмітін   үзген емес. Қолы бос уақыттарда Еңлікгүл өткізген сурет салу сабағына қатысады. Сол сабақтарда Еңлікгүл оған қызыл, сары, жасыл, көк түсті заттарды көрсетіп, айтып, қайта сұрағанда  да Батыл ол түстерді ажыратып айтып бере алмаған. Мына ғажайып дүние оған сүреңсіз болып қала берген. Бірақ Батыл сонда да талпынысын тоқтатқан емес. 

       Көздерімен түрлі түстерді бір бірінен ажыратуға үнемі жаттығумен жүрді. Бірақ ол әрекеттері нәтиже берер емес. Соған қарамастан Батыл өзінің күнделікті жұмысын адал атқарып жүрді. Батылдан үлгі алған мектептің басқа қызметкерлері  де  қозғала бастаған. Енді мектептік ауласы ғана емес, ішкі жағы да тап-таза. Өзінің жұмыс бөлмесінің тап-тұйнақтай таза бола бастағанына директор да қайран. Осы игі өзгерістердің бәрінің Еңлікгүлмен танысып келген Батылдың арқасында болғандығын ескерген директор Еңлікгүлге алғыс та жариялады. Батылдың ерекше еңбектері бұл ауылдың ғана емес, көрші ауылдардың, қала берді аудан орталығы мен қала  тұрғындарының құлақтарына жетті. Оған ерекше қызығушылық білдірген кейбір басшылар Батылға «Жұмысқа шақыру» хабарларын жіберіп те үлгерді. Бірақ Батыл ол шақырулардың біріне де келісімін берген жоқ. Директор да, Еңлікгүл де онысына риза болды.

       Арада көп уақыт өтпей аудан құрамындағы қазақ орта мектептері арасында «Тазалық байқауы» жарияланды. Оған аудандағы барлық  мектеп ұжымдары қатысты. Нәтижесінде осы мектеп ең таза мектеп болып бірінші орынды иеленді. Бұл жеңістің Батылдың еңбегімен келгені белгілі еді. Осыдан соң мектеп ұжымының да, күллі ауыл тұрғындарының да Батылға деген құрметтері еселене түсті. Құрмет тұтқан отбасылар Батылды кезекпен  үйлеріне шақырып дәм татқызды. Ешкім де оны мектептің аула сыпырушысы деп кемсіткен емес. Үлкен де, кіші де оған құрметпен қарайды. Батыл да уақыт өткен сайын ауыл тұрғындарына бауыр баса берген. Жылдамдық пен ептілікті қажет ететін кез келген жұмысқа Батыл дайын жүрді. Ауыл тұрғындарына қолұшын аямай берді. Сонысы үшін де тұрғындар оған өте риза.

       Күндер осылай өтіп жатқан. Бірде түнгі   ұйқысынан ерте оянып, тез жуынып-шайынып, таңғы жаттығуларын жасап, таңғы асын ішкен Батыл мектепке қарай асыққан. Мектеп ауласында бұл кезде жан баласы жоқ-ты. Батыл ауланың бір шетіндегі үйшік ішінен аула сыпыруға арналған құралдарын алып жұмысына кіріскен. Жылдам қозғалысына жай адамның көздері ілеспейді. Сырттан бақылаған адам оның мұндай жылдам қозғалысынан шамалы ғана көтерілген сирек шаң мен тап-таза ауланы ғана көреді. Қазір де сондай әрекет орын алды. Батыл өзінің мұндай жылдам қозғалыстарын ауыл тұрғындарының көрмегенін қалайды. Сондықтан да күнде осылай ерте келуге тырысады. Мұндай кезде ауыл ұрғындары малдарымен болып мұнда келе бермейді. Таң қарағылығы Батылға ештеме емес. Қара көзілдірігін алып тастаған кезде, кешкі қараңғылық та, таңғы қараңғылық та еш кедергі бола алмайды. Ондай қараңғылықта Батыл көздерінің көру ерекшеліктерімен не қарайғанның бәрін де тез байқайды. Дүниені сұрықсыз түрде көретін ауыл Иттері де Батылдан артық байқай алмайды қараңғылықта. 

       Батыл аула сыпыруды әдеттегісінше тез бітірді. Сөйтіп құралдарын  үйшіктің ішіне еңкейіп қоя бергенде, күтпеген жерден әлдекім киімінің желке жағасынан кейін қарай тартып қалды. Бұл кейін қарай бұрылып үлгергенше сол көзінен от жарқ етті. Батыл  ққайта таққан көзілдірігін сол қолымен қорғай ұстап, жылдам қозғалып жалтарып кетті. Жұдырығын екінші рет сілтеген жігіт жұдырығымен ауа қармап, алға қарай атылып барып жерге омақаса құлады. Батыл  анадай жерге барып  тұрып қалды. Жұдырық сілтеген жігіт таңғы қараңғылықта Батылды анық  көре алмады. Батыл оған жақындап келді. Қараса, баяғы өзінің ізіне түсіп жүрген Қалыбектің өзі. Батыл еш саспастан оның қарсы алдына  ауыл жігітінше сөз саптады.

       -Оу, жігітім, - деді жайбарақат сөйлеп, - Қазақта: «Арыстан Айға шауып мертігіпт!» деген мақал бар. Оны меннен де жақсы білетін боларсың! Айтшы,осы, шыныңды, сен көптен бері не  үшін менің ізіме түсіп келесің?

       -Мен саған не айтып едім?!  Ұмытып қалдың ба?! – деді Қалыбек  киіміне жерден жұққан шаңды екі қолымен қатар қағып тұрып, Батылдың қарайған бет-әлпетін әзер көріп тұрып, - сен мына менің ауылымнан табаныңды жалтырат! Жалтыратпасаң, ізіңе осы түскенім түскен! Әйтеуірі бір күні мен сені майып етемін!

       Не  үшін? Кім  үшін?! Ашып айтпайсың ба?

       -Сен менің сүйген қызым Еңлікгүлмен кездесуіңді доғармай жүрсің!  Есіңде болсын, мен ол  қанымды да, жанымды да беремін!  Бұдан кейін Еңлікгүлмен кездескеніңді көрсем, маған өкпелеме! Қанша жылдам болсаң да құрыққа түсіремін! Менің де айлам жетеді! 

       -Еңлікгүл өте адал, білімді, паасатты қыз. Сондықтан мен онымен кездесіп тек достық  қатынаста әгңімелскенді қалаймын. Оның не айыбы бар?

       -Айыбы сол, сен жақындағалы ол менімен дұрыс сөйлескенді қойды.

       -Солай ма еді?

       -Иә, солай жігіт. 

       -Жақсы, түсіндім. Мен менің ізімен сол қыз үшін түсіп жүр екенсің ғой!

       -Иә, сол қыз үшін. Сондықтан менің айтқанымды орында!

       Осы кезде айнала-төңірек кәдімігдей ағарып, анау-мынау заттар анық көріне бастады. Қалыбек  Батылдың қара көзілдірігінің сол жағындағы шынысының сәл шытынағанын көрді. Батыл ештеме болмағандай екі аяғын алшақ ұстап, өзіне қасқая қарап тұр. Қалыбек енді сәл әбіржігендей болып оған қарай бір адым алға басты да:

       -Егер бұдан кейін Еңлікгүлге жақынмасаң мен сенімен дос боламын! Қастаспаймын! – деді жан-жағына қарап алып.

      -Мен қастасу дегенді білмеймін, - деді Батыл да жан-жағын барлап алып, - мен Еңлікгүл арқылы қазақ  әріптерін таныдым, тіл үйрендім. Сондай мақсатпен ғана тілдесіп жүрмін. Сол үшін сыйлаймын. Басқа жаман ойым жоқ!

       -Ендеше, Батыл, қолыңды әкел!

       Қалыбек  оң қолын ұсынды. Батыл да соны қайталады. Екеуі  бір біріне қадала қарап серттескендей сыңай танытты. Бұл кезде айнала-төңірек толық жарықтанып, таабиғаттағы таңғы тірішілік әрекеттері басталған еді. Артынша шығыс көкжиектен шартабақ Күннің үстіңгі шеті де қылтиып көрінген. Мектеп мұғалімдері мен ауыл тұрғындарының көздеріне түсіп қалмауы   үшін Қалыбек Батылмен тағы да қол қысысып қоштасып келген жағына қарай зытып жөнелді. Батыл көзілдірігін шешіп, шытынаған әйнегіне тесіле қарап қойды. Содан соң әдеттегісінше мектеп ауласындағы қазақы ою-өрнекті жақтауы бар ағаш орындықтардың біріне шамалы демалуға отырды. Осы кезде өзіне көптен таныс  еден жуушы үлкен әйел кісі келді. Батыл оған көмек көрсету  үшін биотұлға қарауылдың рұқсатымен  онымен бірге ішке кірді. Ол кісі еденнің біршама жерін жуып-тазалаған соң мұның көзілдірігінің шытынаған бір әйнегін байқап:

       -Көзілдірігіңізге не  болған? – деп қалды.

       -Жай... Ауланы жылдам сыпырып жүргенімде сыпырғымның сабы тиіп кетті байқаусызда, - дей салды Батыл болған жағдайды жасырып. 

       -Ештеме етпес, - деді еден жуушы әйел кісі, - дәріханадан жаңасын ала саласыз. 

       -Иә, - деді Батыл ойға батып, - солай етуге тура келеді. 

       -Сіз енді үйіңізге қайта беріңіз. Қалғанын өзім жуып-тазалаймын. Сізге мол алғыстымын!

       -Жақсы. 

       Батыл мектептен сыртқа шығып, үйшікке кіріп, құралдарын түгелдеп, киімін ауыстырды да үйіне қарайғы жолында дәрханаға, ондағы таныс болып қалған Бәтимаға соқты.  Жас қыз Батылды ескі танысындай жылы қарсы алды. Батыл Бәтиманың сұрағына еден жуушы әйелге айтқанын қайталап айтты.  Бәтима артық сөзге келместен Батылға жаңа көзілдірік берді. Сынығын өзіне алып қалды. Батыл көзілдірікті тағып алып, ауыл шетіндегі өзі уақытша тұратын үйге қарай асықты. Үлкен көше бойымен келе жатып Еңлікгүл тұратын үй жаққа көз салып қойды. Ол жақта ешкім көрінбеді. Өзіне қара көзілдірік арқылы қарайып көрінген сұрықсыз дүние көрінісі мүлгіп тұр. Еңлікгүл көрінбеген үй жаққа қарай-қарай ауыл шетіне де шықты. Бойын бір көңілсіздік пен жігіттік намыс биледі. Қалыбектің қастандық әрекеттері ішкі кегін де оятқандай болды. Қалыбектен қорқып жазықсыз, жаны таза Еңлікгүлмен әңгімелесуден бас тарт  жөн санамады. Үйіне жеткен соң Еңлікгүлге жолығудың жолын ойластырды.


                                                         Қауіпті  сапар

       Үй ішінде шамалы демалған соң Батыл далаға шықты. Айналаға көз салып, біршама серуендеді. Бұл кезде ауыл тұрғындарының тірішілігі қыза бастаған.Күнделікті   үйреншікті көрініс. Батыл талай күндері мен түндерін оңашалықта өткізген сілем-сілем тауларға қарап қойды. Жалпаық  қара түсті күрделі көзілдірігі барда өзі талай рет тмашалаған өзен жақтағы  табиғаттың  ендігі сұрықсыз көрінісіне көз салды.  Енді ол көріністен ешқандай ләззат алмақ емес. Табиғатты әрлейтін қызыл, сары, жасыл, көк және басқа түстер енді күрделі көзілдірігінсіз көрінбейді. Сүреңсіз көріністер көңілін құлазытып та жіберді. 

       Оның   үстіне Батылдың бұл ауылда араласып-құраласатын адамдары аз. Әңгімелесіетіні біреу. Ол – Еңлікгүл. Ал жаңа танысқан Бәтимамен еркін сөйлесе алмайды әзірге. Сондықтан айналып келіп Еңлікгүлге бара береді. Қырсыққанда оған да жиі жолығып, емін-еркін әгңімелесуге мүмкіндік туа  бермейді. Оны қызғанатын, өзіне қастандық ойлайтын Қалыбек есімді жігіт бар. Ол бүгін таңалагеуімнен мектеп ауласына келіп, бір көзінен от шығара соғып, көзілдірігінің бір әйнегін шытынатты. Оны Бәтима жаңартып берді. 

       Қалыбектің осы әрекеті Батылдың намысын қоздырды. Өзі де жігіт. Егер шындап күш сынасу керек болса, осы ауылдағы күллі мықты деген жігіттердің бәрі жабылғанда да бой бермес еді. Бірақ бәрін де сыйлайды. Өзінің бұл ауылда ғана емес, ғаламшарда бөтен, жалғыз екенін сезінеді. Сөйтіп, кім кіммен де қарсыласуға емес, достасуға тырысады. Онысын түсініп жүрген Қалыбек жоқ. Батыл кешірген сайын, тек қорғанып қашқан сайын есіріп барады. Шындап  келгенде Қалыбек Батылдың бір соққысына да төзбейді. Батыл өз күшін біледі. Солай болса да әлсіз жігіттей көрсетеді өзін. Асын жеп, суын ішіп жүрген ауыл тұрғындарының ешқайсысын да ренжіткісі келмейді Батылдың.

       Осындай ойлармен Батыл қайтадан мектепке қарай жүрген. Жұмысқа тұрған соң мектепке неше рет барамын-келемін десе де, ешкім «Неге?» деп сұрамайды өзінен. Мектеп басшылығы мен  ұжымы жақсы таниды. Ара-тұра мектеп ауласында болып жататын оқушылардың ойындарын тамашалайды. Сабақтарға қатысады. Білмегендерін білуге тырысады. Бүгінде мектепте Батылды «Өзге жұлдыз жүйесінен келген адам» деп ешкім де ойлмайды. Ауыл тұрғындарының  біршамасы «Бөтен ауылдан келген жоғары білімі жоқ бір бейбақ» деп те есептейді. 

       Батыл ондай-ондай қысыр сөздерге көңіл бөлмейді. Келген бойда ол Еңлікгүл жүргізген «Қазақ тілі», «Сурет салу», «Табиғат тану» сабақтарына қатысады.  Қабылдау қабілеті күшті болғандықтан Еңлікгүлдің аузынан шыққан әрбір сөзді тап бір дыбыс жазғышқа жазғандай есінде сақтап қалады. Сыныптағы оқушылардың ешқайсысына кедергі келтірмейді. Тып-тыныш, үнсіз отырып тыңдайды сабақтарды. Оның осындай қарапайым қарым-қатынасына бауыр баса бастаған оқушылар соңғы кездері іздейтінді де шығарған. Біраз күн келмей қалса, оқушылар оны мұғаілмнен сұрай да бастайды. Еңлікгүлдің өзі де сыныпқа кірген бойда соңғы жақтағы парталаға қарап, Батыл көрінбсес «Ауылдың сотқар жігіттері оған бір қастандық жасамды ма екен?» деген ойға да батып кетеді. Ал ол келіп отырса, Еңлікгүл де, оқушылар да көңілді. Сабағы да жақсы өтеді. 

       Бүгін де жас мүғалім сабағын бастап кеткен еді. Кенет Еңлікгүлдің алдындағы үстел үстіндегі шағын төрт қырлы экранның шамы жанып, «Кріге рұқсат па?» деген жазу   жанды. Еңлікгүл кімнің келгенін сезе қойып, «Рұқсат!» деген жазуды жақты. Есік сырт ашылып, ішке Батыл кірді де, басын сәл алға қарай иіп, кешірім сұрай балаларға:

       -Сәлеметсіңдер ме?! – деп басындағы қалпағын алды.

       -Сәлеметсіз бе, Батыл ағай! – деп, оқушылар шу ете түсті. 

       Батыл жеңіл қозғалып, әдеттегісінше соңғы парталардың біріне жайғасты. Оқушылар жым болды. Еңлікгүл ештеме болмағандай сабағын әрі қарай жалғастырды. Бұл Сурет салу сабағы болғандықтан Еңлікгүл электронды тақтадан табиғаттағы түрлі түстерді көрсетті. Батыл түстерді ажырата алмаса да, тақтаға қадала қарап, өз қабілетімен түс ажыратуға тырысып отырды.Бірақ осы кезде Еңлікгүлдің үстелі үстіндегі әлгі шағын экранда «Маған келіп кетіңізші» деген жазу жанды. Директордың шақыруы еді. Еңлікгүлдің көңіл-күйі түсіп кетті. «Бұл жігіт не себепті сіздің сабақтарыңызға жиі қатысады?», «Неге оқушылардың көңілдерін бөле береді» деп шақырған болар мені» деп те ойлап үлгерді мұғалім. 

       Содан Батыл мен оқушылардан кешірім сұрап, дәлзге шыққан. Батыл да не жағдай болғанын білмей үнсіз отырып қалған. Басына келгені Қалыбектің: «Бұдан кейін сен Еңікгүлге жолаушы болма!» деген сөзі. Содан бір қозғау  туындағандай сезілді Батылға. Орынан жайымен тұрып, дәлізге қарай жүре бергенде Еңлікгүлдің үстелі   үстіндегі экран тағы жанып, «Батыл, сіз де келіңізші» деген жазу көрінді Батылға. «Енді мені де шақырды. Бір мәселе қозғалған шамасы. Бір жауабымды берермін» деген оймен Батыл оқушыларға қарап сәл басын иіп қоштасты да дәлізге шықты. Содан соң көзді ашып-жұмғанша директордың алдында тұрды. Еңлікгүл директордың үлкен  үстеліне перпендикуляр қойылған ұзын үстелдің жанындағы көп орындықтардың бірінде отыр екен. Директор алдында тұрған Батылға қарап:

       -Батыл, неғып тұрсыз, отырыңыз мына орындықтардың біріне, ал сіз, Еңлікгүл, сабағыңызға бара береіңіз, - деді жылы сөйлеп.

       -Мен сізге өте алғыстымын! – деп Батыл орындықтардың біріне отырды.

       -Ал, Батыл, жағдайыңыз қалай? Жұмысыңыз қалай? – деді Еңлікгүл шығып кетісімен Батылға сәл жымия қарап.

       -Жағдайым жаман емес. Жұмысыма толық қалыптастым! – деді Батыл. 

       -Жұмысыңның  үлгілі екені бүгінде тек ауылымыз, аудан мн қала ғана емес, күллі елге мәшһүр ғой, - деп, директор сөзі әрі қарай жалғады, - Батыл, Еңлікгүл екеуіңізді бұлай шұғыл шақырғаныма ренжімеңіздер. Менің сұрайын дегенім, осы өткенде сіз маған «Мамандығым ғарышкер-жөндеуші» деген едіңіз. 

       -Иә, аға, солай дегенмін, - деп Батыл бір қозғалып қойды.

       -Ал жеңіл көлік жүргізе аласыз ба?

       -Жеңіл көлік?

       -Иә, күнде мен мініп келіп, мініп кетіп жүрген көлікті?

       -Оны жүргізу маған еш қиын емес. Тек ол көлік өте баяу жүреі ғой.

       -Баяу жүргені қалай? Бүгінде жер бетінде бұдан жылдам жүретін жеңіл көлік некен-саяқ. Мұны мен жақында ғана зауыттан алдырғанмын.

       - Ол жақсы екен. Тек баяу   жүретіні болмаса...

       -Сіз әуелі онымен жол жүріп көрсеңізші. Сонан соң айтарсыз, баяу, жылдам екенін. Бұл жеңіл көлік сағатына үш жүз шақарым жерді алады...

       -Бәрібір аз екен....

       -Жарайды, - деді директор сәл серпіліп, - оны қоялық. Мәселе былай болып тұр. Осы бүгін, сағат онда аудан орталығында кезекті жиналыс басталмақ. Соған үлгеруім керек. Көлік жүргізушім кеше кеште сырқаттанып қалыпты. Мені осы жеңіл көлікпен аудан орталығына апарып алып келесіз бе?

       -Жақсы, апарайын. Уақытында жеткізейін. 

       -Мұның жақсы болды ғой. Келістік!

       Директор Батылға «Қазір» деген белгі берді де, үстелі үстіндегі бейнебайланыс экранын іске қосып, аудан орталығынддағылармен қысқа сөйлесті.  Ондағы жиналысқа қатысушыларды тіркеушіге өзінің жолға шыққалы отырғанын, көлік жүргізушісінің сырқаттанып қалуынабайланысты, көлікті мектепке жаңадан орласқан Батыл есімді жігіттің жүргізетінін, сондықтан кешігіп қалғандай болса, алдын ала кешірім сұрайтынын ескертті. Бұл сөздерінің бәрін дәлізге шы,ып кеткен Батыл анық естіп, іштей мәз болып тұрды.  Директор сөйлесіп болысымен ширақ жиналып, дәлізге шықты. Батыл жылдам жүріп Еңілкгүл сабақ өткізіп тұрған сыныптың есігін сәл ған ашып, жол жүріп бара жатқанын ескертті де, директордың соңынан жөнелді. 

       Мектеп ауласында түсі қара,сырт пошымы шағын әуе кемесіне ұқсаған, үш дөңгелекті жеңіл көлік тұр екен. Оның сүйірленіп келген ұзын тұмсығы, қырланып келген бүйірлері жылдам жүйткуіне лайықталып жасалыпты. Расында да, бұл көлік  осы ауылдағы ең жаңа, өзі ерекше көлік екен. Ауылдың балалары мұны көшеден көрген сайын үй аулаларынан жүгіріп шығып, топтаса тұрып қызытайды. Директор да бұл көлікке мінгелі беделді бола түскендей. Бәрі де директорға көлігін анықтап көру  үшін жақындауға тырысатын сияқты бір жағынан. Көліктің қарайтылған қалың шынысы да қызық. Сырттан қараған адамға іші кіп-кішкентай сияқтанса, ішінде отырған адам сыртты дүрбімен қарағандай анық көреді. Ол ерекшеліктері дриекторға жақсы мәлім. Ол жақындаған мезетте көліктің соңғы есігі жайымен ашылды, дриектор ішіне еніп, жақтауы биік, асты жұмсақ орындығына шалқая отыра кетті. Есік  қайта жаьылды. Көлік есігінің бұлай ашылып-жабылуы бүгінде ешкімге де тансық  емес.


       Осы кезде көліктің алдыңғы жағындағы есігіне Батыл келген. Олесікте сол қозғалысты қайталады. Батыл  асты мен жақтауы арт жақтағысынан қатқылдау  жасалған орындыққа тіктей отырып, алдындағы шағын панельдегі жыпырлаған түймелер мен өзі түстерін ажырата алмаған кішкентай шамдарды көздерімен жылдам барлап шықты. Өзі талай рет жұлдызаралық  сапарда басқарған, жөндеген алапат жұлдызаралық кеменің басқару  жүйелерімен салыстырғанда бұл Батылға ойыншық  көлікті басқарғанмен бірдей еді. Директор Батылдың көлік жүйемімен асықпай танысуын қалады. Аудан орталығындағыларға мән-жайды қысқаша ескерткеннен кейін ішінен тек  аудан орталығындағы жиналысқа аман-есен жеткенін тіледі. Батыл алдындағы тақтадағы түймелер мен шамдардың нендей қызмет атқаратындарын анықтап алды. Көліктен түсіп, айнала қорабын, дөңгелектерін қарап  шығып, қайта кірді. Директор әлі де ішінен: «Бұл өзі көліктен бірдеме түсінді ме, жоқ па? Дұрыстап жүргізе алама өзі?» деп уәйім кешіп отырды. 

       Сәлден соң Батыл кейін бұрылып: «Болды, бәрін түсіндім!» дегендей басын изеп қойды. Сол кезде директор көліктің алдыңғы жағы мен соңғы жағындағы аралықты екіге бөліп тұрған жұқа шыны қабырғадағы бейнебайланыс экранына қарап:

       -Біз жолға шықтық! Амандық болса, бір сағат уақыттың ішінде барып та қалармыз! – деді аудан орталығындағы жиналсқа тіркеуші  алдан есімді жігітке. 

       -Жақсы! Жолдарыңыз болсын!   Жақсы   жетіңіздер! – деді ол.

       Осыдан соң директор бейнебайланыс құралын сөндіріп, Батылға «Ал,жүрелік!» деген белгі берді. Батыл басын сәл изеп, қара көзілдірігін шешіп, көліктің алдыңғы әйнегінің алдындағы арнайы тетікке бекітті. Артынша дүр еткен дыбыс шығып, көліктің бүкіл қорабы сәлдіріл қақты. Жаймен жүріп барып, кең даңғылға түсті. Оның бойында ауылдың даңғылы болса да, біршама жеңіл көліктер әрі-бері ағылып жатты. Бірақ олардың бәрі де Батылға баяу   ғана жүріп жатқандай көрінді. Батыл басқарған көлік уақыт санап жылдам жүре берді. Ол Батылға ештеме болмағанымен директорға қорқыныш сезімін тудыра бастады. Өзінің сырқаттанып қалған жүргізушісі көлікті белгілі жылдамдықтан асырмай жүргізетін. Ал мынау ауылдан шықпай жатып-ақ көлікті бар жылдамдығымен жүргізді. Енді бір кезде кең даңғылдың екі жағы кейін қарай айналып бара жтқандай болды. Көлік қорабының екі бүйірінен кейін қарай соққан жел оның сырын көшіріп жібере жаздағандай ысылдайды. Директор көліктің олай-былай шайқалысынан жұмсақ орындықта серпіліп, ауытқып, бірде көліктің сол жағындағы, бірде оң жағындағы есігіне соқтығып, сөйлеуге шамасы келмей қалды. Онысын сезсе де, Батыл кейін бұрылып қарамады. Өзінің мұндайда ерекше кең ашылатын көздерін көрсетіп, директордыонан сайын шошытқысы келмеді. Директор әлде соң көліктің сол жағындағы есігінің үстіңгі жағындағы ұстағышты оң қолының діріл қаққан саусақтарымен әрең қармап:

       -Батыл-ау, мұның не?  Мына түрімен көлік аунап кетеді ғой!  Жайырақ жүргізсейші! – деп дауысын дірілдете әрең сөйледі.

       -Мен сізді жиналсқа уақытында жеткізуім керек! – деді Батыл кейін бұрылмастан

       -Аздап кешігіп қалуымыздың мүмкін екенін ондағы жігітке алдын ала ескерттім емес пе?  Қатты асықпасақ та болады! 

       -Жиналсықа уақытында барғаныңыз дұрыс қой! Көлік баяу  келеді! Баяу!  Қолдарыңызбен іштегі тұтқаларды мықтылап ұстап отырыңыз! Ойымды бөле бермеңіз! – Батыл көлікке тағы да жылдамдық  қосты. 

       Даңғывл бойымен ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің жүргізушілері мұны көріп, көліктерін тежеп, даңғылдың бір шетіне қарай ығыстырып  тоқтатумен болды. Бәрі де мына оқтай ұшып жүріп келе жатқан көлікпен соқтығысып қалудан сақтанған. Директор арт жақтағы кең жұмсақ орындықта олай да, былай да ауытқып отыр.Көліктің оң есігінің жоғары тұсындағы тұтқадан мықтылап ұстамаса, жағдайы мұнан да қиындамақ. Көліктің ана есігіне бір, мына есігіне бір соқтықпақ. Батыл  үшін бұл жылдамдық ештеме де емес. Соныдқтан да ол көліктің ең жоғары деген жылдамдығын қосқан. Көліктің ең жылдам жүрісі сағатына үш жүз шақырым. Тақтадағы жылдамдықты көрсететін құралдың тілі соған жақындап қалған. Оған көзі түскенде директордың тілі байланды. Батылға сөз айтуға шамасы келмеді. Батылдың екі көзі алдындағы даңғыл жолда. Даңғыл теп-тегіс әрі кең. Оның бойымен жүріп жатқан өзге көліктердің бәрінің жылдамдықтары Батырға мардымсыз көрінді. 

       Батыл көліктің жүрісін онан сайын жылдамдата бергенде оның артқы оң жақ дөңгелегі даңғыл бойында жатқан тасқа тиді. Көлік аунай бере  Батыл көз ілеспес жылдамдықпен сыртқа  шығып, кейіндегі директорды құтқарып   үлгерді. Көлік бірнеше рет аунағаннан кейін ыстық қозғалтқышына май төгіліп, от лап етіп,  өртене бастады.  Батыл есінен танып қалған дриеторды екі қолымен көтерген бойда даңғыл шетіндегі жазықтау  жерге жатқызды. Өзі білетін алғашқы дәрігерлк көмектерін көрсетті. Сол кезде даңғыл бойымен ағылып жатқан жеңіл көліктердің жүргізушілері көліктерін тоқтатып, екеуіне қарай жүгірді. Лапылдап жанып жатқан көлікті көргендері «Бір қасірет орын алды ма?» деп қатты толқыды. Бірақ көліктегі екеуі де дін-аман еді. Келгендер бірнеше рет аударылған жеңіл көліктің ішінен екеуінің қалай аман қалғандарына қайран. Ал Батылға бұл таңғаларлық көрініс емес-ті. Осы кезде қоршап тұрғандардың бірі Батылдың бет-әлпеті мен көздерінің өзгеше екеніне көңіл бөлді. Батыл оны сезіп кейін қарай бұрылып кетті. 

       Директор көгалды жазық жерде әлі де өз өзіне келе алмай жатыр. Батыл оның жанынан кетер емес. Денесін үлкен қолдарының жалпақ алақандарымен сылап-сылап қояды. Тек сәлден соң ғана көздерін ашты директор. Айналада өзін қоршап, ентелеп тұрған адамдарды көргенде қайтадан талықсып кетті. Батыл тағы да емін жасап есін жиғызды. Көмек көрсетуге дайын тұрған адамдарда тіл жоқ. Директор әлі де ненің не болғанын түсіне алар емес. Батылдың көмегімен тұрғаннан кейін анадай жерде лапылдап жанып жатқан жеңіл көлігін көрді. Жағдай енді түсінікті болды. «Көлік аударылып отқа ораныпты. Сонда өзіміз қалай дін-аман қалғанбыз?» деген ойға келді директор. Осы ой бойына жігер бергендей шамалы қатайып, айналасында тұрғандарды көздерімен баяу шолып өтті. Олардың бәрінің бастарында да бір сұрақтың бар екені көрініп тұр. Директор Батыл екеуінің қалай аман қалғандарын іштей түсінді де, қоршап тұрғандарға қарап:

       -Жанашырлықтарыңызға мол алғыстымын! Менің де, мына Батылдың да жағдайы дұрыс. Ешқандай көмектің қажеті жоқ. Жолдарыңыздан қалмай ж.үре беріңіздер, - деді жай ғана сөйлеп. 

       -Мен сіздерді мына жеңіл көлігіммен аудан орталығына жеткізіп салайын. Жиналсықа бара жатарсыз ғой, аға, - деді Ерман есімді жас жігіт. 

       Директор жас жігіттің өзін танып тұрғанын сезіп басын изеді. Іштей әлі де мең-зең. Айналада тұрғандар амандық тілеп, өзді-өзді жеңіл көліктеріне мініп, өз жөндерімен кете бастады. Айдалада, даңғыл жол бойында үшеуі ғана қалды. Жас жігіттің өзі де аудан орталығына бара жатқан-ды. Көлігінде өз жалғыз. Сәлден соң директор сол қолының білегіне тағылған электронды сағатына қарады.  Ерекше жігерленіп кетті. Оны Батыл мен Ерман екі жағынан демеп көлікке отырғызды. Директор «Бұл не болды? Өңім бе, түсім бе бұл?» дегендей көліктің терезесінен жанып бітуге таяған жеңіл көлігіне қашан одан ұзап кеткенше қараумен отырды. Батылда болса да тіл жоқ. Директор енді сәлден соң көліктің өзі отырған жағындағы есігіне қарай сүйене түсіп, екі көзін тарс жұмып алды. Тек көлік жүргізуші Ерман ғана сөйлеп келеді.

       -Даңғыл қанша кең, тегіс болса да көлікті өте қатты жүргузіге болмайды ғой. Даңғыл бойында шағын тастар да, кейбір көліктерден түсіп қалған қатты заттар да кездеседі. Сондайдан сақ болу  керек. Мейлі, енді болар іс болды. Өздеріңіздің дін-аман қалғандарыңызға шүкір делік. Жеңіл көліктеріңіздің жанып кеткеніне еш өкінбеңіздер. Жан аман болса, бәрі де қалпына келеді!

       Жас жігіт осыны айнтып артта отырған екеуге кезек-кезек қарап қойды. Көліктің жүру жылдамдығы сағатына екі жүз шақырымға жетіп қалады. Сонда да жігіт көлікті сылт еткізбейді. Оған сенген директор да тарс жұмып алған көздерін бір ашпастан терең ойға батып отыр. Жиналыс баталғанға дейін өз өзіне толық келіп алмақ. 

       Аудан орталығына жете бере директор көздерін ашып, электронды сағатына көз тастап қойды. Жанында үн-түнсіз өзін күнәлі санап отырған Батылға қарамауға тырысты. Жас жігіт сәлден соң көлігін аудан орталығындағы екі қабат  үлкен  үйдің алдындағы кең алаңға қарай бұрып барып тоқтатты. 


Тағылған  күнә

       Сол оқиғадан кейін ауыл арасында көлік  апаты жөнінде неше қилы сөз тарап кетті. Соншама жылдамдықпен жүріп бара жатып шыр айнала аударылған жеңіл көліктен Батыл мен дриектордың дін-аман қалғандары кім кімге де жұмбсақ еді. Көлік апаты атаулыда осы кезге дейін дәл осындай құбылыс болып көрмеген-ді. Ал ең қызығы, аунап бара жатқан көліктен өзінің қалай аман қалғанын дриектор көзі алдына елсетете алмайды. Апаттың артынша жол сақшылары жеңіл көлік аударылған, өртенген жерді толығымен зерттеген. Соған қарамастан олар да соңғы күндері мектепке жиі келіп, Батылмен де, директормен де әңгімелесумен болған. Ауылдан қашан шыққандарын, жеңіл көлікті даңғыл бойымен неге солай қатты жүргізгендерін, аударылған көліктен қалай жылдам шығып үлгергенерін қайта-қайта сұрап, Батылды да, директорды да жалықтыра бастаған. 

       Бұрын-соңды мұндай апатқа ұшырап көрмеген директор соңғы кездері жұмыс үстелі үстіндегі шағын экран жанып, кіруге рұқсат саұрағандарды көрсе болды, шошынып, орнынан тұрып та кететін жағдайға да жеткен. Батылды қасына алған. Тіпті, кейінгі кезде Батыл дриектордың үйіне жиі қонатынды да шығарған. Мұны естіген Қалыбек пен достары іштерінен қуанып та қалған. Осы жайлы әңгіме бола қалса, тұра қалып рахаттана тыңдайды. Өзгелерге өз жандарынан адам шошырлық бірдемелерді ойдан қосып таратады. Қай әгңімелерінде де Батылды күнәлі етеді. «Осындай көлік апатын жасап, оны өртке орағаны   Батылды жауапқа тартып, бұл ауылдан біржолата аластату   керек!»  дегенге дейін барған.

       Бірақ  директор Батылға өкпе дай айтқан жоқ, оған күнә таққан да жоқ. Қолынан келгенше оны қорғаумен келеді. Сол көлік апатынан кейін екеуінің арасындағы бір біріне деген сенім мен достық сезімдері күшейе түскен. Батылдың сондай жылдам қозғалатын қабілеті болмағанда, екеуі де әлдеқашан о дүниеге кетер еді. Осы жағын ойлаған директор Батылға жылы қарайды. «Дос қиындықта сыналады» деген халық мақалының бекер айтылмағанына да көз жеткізген директор осы жолы.

       Көлік апатынан кейін арада апта уақыт өтсе де жол сақшылары мектепке келулерін доғармады. Оларға: «Неге қайта-қайта келе бересіздер? Бәрін айттық  қой!» деп қайтарып тастауға көлік апаты орын алған соң, оған өздері қатысты болған соң директор да, Батыл да оларға ештеме дей алмады.  Жеңіл көлікті  жүргізуге бейтаныс жігітті отырғызбауы керек еді.  Сонысы үшін дриектор жол сақшыларына түсініктеме де жазған. Ал негізгі күнәлі көлікті шектен тыс қатты жүргізген Батылдың өзі. Директор кейде оны қорғауға сөз таппай да қалады. Қанша дегенмен де өзі жігіттің көп құпия сырларын әлі білмейді. Ал жол сақшыларына  Батыл дриектордың ең жақын туысындай көрінген. 

       -Даңғыл бойында сирек те болса жеңіл көлік апаттары орын алады. Бұл бізге тансық  жағдай емес, - деп бастаған болатын сөзін бірде жол сақшылары тобының басшысы Панабек  Өтебайұрпағы, - мәселе мынада. Батыл жеңіл көлікті сағатына үш жүз шақырым жол алатын жылдамдықпен жүргізген! Ал мұндай жылдамдықпен әуежайдан аттанған әуе кемелері аспанға көтеріледі! Бүгінде кез келген жеңіл көлік сондай жылдамдық ала алады. Бірақ ол даңғылың барлық жерінде емес қой. Жүргізуші осы ережені сақтамаған. Екіншіден Батылдың жеңіл көлік жүргізуге құқық беретін куәлігі де болмай тұр. 

       -Мұның бәоін түсінемін, - деді директор сәл толқи сөйлеп, - Батылдың жүргзушілік куәлігінің жоқ екені белгілі-тін. Маған бір сағат  уақыттың ішінде аудан орталығындағы оқу ағарту   ісінің қызметкерлерінің кеңейтілген жиналысына жету керек болды. Мұндай жағдайға ұшырап қаламыз деп ойлаппыз ба біз. Батылдың бар күнәсі, мені аудан орталығына тез жеткізу болды. Үлкен кешірім өтінемін сіздерден!

       -Жақсы. Мұның бәрін сіз түсініктемелеріңізде де жазған болатынсыз. Бізді ойландырып жүрген көліктің аударылғаны мен өртенгені емес. Оның бәрін анықтадық. Бізге керегі, соншама жылдамдықпен жүйткіп бара жатып аударылған жеңіл көлік ішінен сіздердің қалай дін-аман қалғандарыңыз. Бұл қалай болды өзі?

       Директор бір сәтке  үнсіз қалған. Батыл да басын төмен салып отырған. Сәлден соң  директор жол сақшыларына қарап:

       -Мен сіздерге бар шындықты айтайын, деген, - егер сенсеңіздер мен ол аударылған жеңіл көліктен қалай, кімнің құдіретімен дін-аман қалғанымды білмеймін. Есімнен танып қалыппын. Сыртта, даңғыл шетіндегі көгалды жазықта мына Батылдың шұғыл алғашқы дәрігерлік көқмегімен есімді жидым. Даңғыл бойында әрі-бері ағылып жақан жеңіл көліктердің жүргізушілері де қоршап, көмек көрсетті. 

       -Сонда бұл жігіттің дәрігерлік сауаты да бар ма?

       -Арнайы дәрігерлік сауаты жоқ. Бүгінгі заманда кез келген адам  адамға алғашқы дәрігерлік көрмек  жасай алады емес пе?

       -Жарайды. Тағы да негізгі мәселеге көшейік. Аунап бара жатқан жеңіл көліктен кімнің көмегімен аман шығып үлгердіңіздер?

       Директор тағы  үнсіз қалып,  «Ал енді не деп жауап береміз бұларға?» дегендей жанындағы Батылға бұрылды. Ол  жаңа қара көзілдірігін оң қолының  саусақтарымен сәл жоғары көтеріп қойып сөйледі.

       -Директорды да, мені дешектен тыс мазлай бермегендеріңз жөн болар еді, - деді жол сақшылары тобының басшысына қадала қарап, - мәселе айқын. Жеңіл көлікті бар жүру жылдамдығына жеткізе жүргізген мына мен! Оның аунап кетуіне күнәлі де өзім! Дирекорды көлік ішінен сыртқа жылдам алып шыққан да өзім!

       -Жо-жоқ, Батыл, сіз олай демеңіз! – деп директор отырған орнынан көтерілген, - бүйтіп бар күнәні өз мойныңызға  ала салмаңыз! Егер мен  сізді шақырып алып жеңіл көлікті жүргізуге өтініш жасамағанымда мұндай өкінішті оқиға болмас еді ғой! 

       Осы сөзден кейін жол сақшылары тобының басшысы бұл әгңіменің ұшының табылмайтынын түсінген. Үстел   үстіне жайып тастаған қағаздарын жинастырып, сөмкесіне салды да:

       -Түсінікті. Жеңіл көлік апатына екеуіңіз де күнәлі екенсіздер.  Ал енді өртеніп кеткен жап-жаңа жеңіл көліктің құнын төлеу жағын қалай шешпексіздер?

       -Ол жағы менің мойнымда. Батылдың  қалтасында көк тиын жоқ. Бұл өзі жұмысқа жақында ғана орналасты. Көлік құнын төлеу  жөніндегі мәселені біз басқа жерде шешеміз. 

       -Жарайды,  мұыңызға да келісейік, - деп жол сақшылары тобының басшысы отырған орнынан тұруға ыңғайланды. 

       -Бұлардан басқа да сұрақтарыңыз туындап жатса, Батыл екеуміз жауап беруге қашан да дайнбыз, - деді директор да орнынан түрегеп. 

       -Жақсы, сұрақтарымыз болып жатса, мына әріптестерім хабарласады, - деп топ басшысы сыртқа қарай беттеді. 

       Батыл да түрегеп, жол сақышаларына бұрыла бір қарап қойды. Тіл қатқан жоқ. Өзін қорғап сөйлеген дриектрды іштей жаратып тұр. Батыл осы кезге дейін өз қоғамында жасқы танымайтын адамына осылай жанашырлық пен адамгершілік көрсеткен адамды кездестірмеген болатын. Ондағы өмір қандай еді. Мектеп біріріп, оқуға  түсіп, ғарышкерлер құрамына енгеннен кейінгі өмірі негізінен алапат жұлдызаралық кеменің ішінде өтті. Ұзақ жұлдызаралық сапардан оралып, арқасы жеңілдеген күндері шағын ғарыш кемесіне мініп алып, өздері тұратын тірішілікті ғаламшардың төңірегіндегі табиғаты сұрықсыз ғаламшарларға қонып, соның өзіне мәз болатын. Ол ғаламшарлардың қара мен ақ түстен ғана тұратын табиғаты көңіл-күйін құлазытпаса көтерген емес-ті. Бар қызықтары  да ақ түсті, қара түсті тастардан   үлгілер жинау, түрлі оқпан қазумен шектелетін 

       Алапат жұлдызаралық кеменің басты қозғалтқышы күтпеген жерден істен шығып, осы ғаламшарға, мына ғажайып табиғат әлеміне тап болды. Адам баласының қоғамында  түрлі мінезді, түрлі тәрбиелі, білімсіз, қатыгез адамдар да жүреді. Мына ауылдағы пейілдері кең, адамгершіліктері мол, өте парасатты, білімді адамдардың  арасынан Қалыбек сынды көргенсіз жігіт өзіне жау  болды. Күрделі көзілдірігін мылтық оқтанрымен күл-талқан етіп, өзін мына ғажайып түрлі түсті әлемді тек ақ пен қара түсте ғана көре алатындай ғріптікке түсірді. Бірақ бақытына қарай Еңлікгүл есімді жаны таза, білімі мол мұғалім қыз бен парасатты дриектор кезікті. Батылдың мына ғажайып түрлі түсті әлемді сол қалпында көре алмайтын ғаріптігіне сол екі адамның адами қарым-қатынастары үлкен демеу   еді.

       Аудан орталығынан арнайы келген жол сақшылары тобын шығарып салып, бөлмеге қайта кіргеннен кейін директор Батылға былай деді.

       -Батыл, мені байқауымша, сіз шаршадыңыз! Бүгін үйіңізге барып дамалыңыз! Аударылып өртенген көліктің құнын толығымен өзі төлеймін! Оған еш алаң болмаңыз!

       -Ол не дегеніңіз, аға? – деп Батыл отырған орнында қозғала түсті, - жеңіл көлікті  даңғыл бойында шектен тыс қатты жүргізіп, аударылып өртеніп кетуіне күнәлі мына өзім ғой! Сондықтан оның құнын төлеуден мен сырт қала алмаймын!

       -Ниетіңізді түсініп отырмын, - деді директор сәл жадырап, - өзіңіздей ақкөңіл, адал адамды бұл өмірде алғаш рет кездестіріп отырған жоқыпн. Қай адам қоғамында да әділ адамдар баршылық. Қоғамдағы тәртіп пен әділеттілік солардың ақрасында сақталып келеді. Төлем жағын уәйім  етпеңіз. Барі қалпына келеді. Бүгін демалыңыз.

       Батыл директордың бұл сөздерінен кейін де қипақтап, кеткісі келмей біраз отырды. Содан соң өзінің шын мәнінде де қозғалыстан да, ойдан да қатты шаршағанын сезініп, орнынан сәл теңселе тұріп, шығар ескке қарай жүрді.

       -Ол мәселеге байланысты мәселелер туындап жатса, бейнебайланыс бар, шақыра қофмын! – деді директор.

       Директор үнсіз ғана басын изеп, дәлізге шықты. Тап осы кезде үзілісті білдіретін үлкен қоңырау  әдеттегіше сыңырлап ала жөнелді. Жол-жөнекей Еңлікгүл сабақ өткізген сыныпқа соқты. Ол да осы оқиғадан кейін жұрттың алыпқашпа сөздерінен сескеніп, Батылға жақындауға батпай жүрген еді. Сөз таратушылардың көбі дерлік басты күнйні Батылға таққан. Ал Қалыбек бастаған топ бұл жалаға май тамыза түсті. Еңлікгүл соңғы кездері жұрт аузынан: «Ауылымыздан кетпей жүрген әне бір бейтаныс жігіт дриектордың жеңіл көлігін аударып, оны өлтіре жаздапты», «Даңғыл бойында көлікті барынша қатты жүргізіп, әдейі аударған көрінеді», «Енді оның құнын төлеуге директор босқа күйіп отыр», «Ғайыптан пайда болған сол бейтаныс жігіт болмағанда директор мұндай күйге ұгшырамас еді», «Оны жұмысқа алып несі бар еді, директор» деп желдей ескен. Қысыр сөздерді жиі естіген. Соңғы күндері Еңлікгүл тіпті, кез келген адаммен амандасуға да қорқатын дәрежеге жеткен. Амандасқандарының бәрі де сол оқиғаны қозғайды. Сондай көңілсіз күйде сабақтарын өткізіп жүрген Еңлікгүлге Батыл тағы келіп тұр. 

       Еңлікгүл Батылдың бет-жүзіне  үнсіз қарады. Ішінен: «Батыл, мен сіз  үшін не сөз естімей келемін? Соны түсінсеңіз ғой» деп тұр. Ал Батыл бойында адам психологиясын көздерінен-ақ оқитын қабылеті болғандықтан басын   үнсіз ғана изеп-изеп қойды. Батылдың басты кемістігі мына ғажайып әлемдегі түрлі түстерді ажыратып көре алмайтыны ғана. Оған қазір Еңлікгүлдің  үстіндегі түрлі түсті гүлді көйлегі де сұрықсыз көрінеді. Бет-әлпеті бозғылттанып, тек қара маржан шаштары ғана сол қалпында көрінеді. Бұл Еңлікгүлдің өзінің сұлулығы мен киген көйлегінің сәнділігін әлсіретіп жібергендей болды Батылға. Сонда да бұл ғажайып әлемдегі түрлі түстерді ажыратып көруге тырысады қашан да. 

       Батыл үзішліс кезінде сыныпқа кіріп барғанда Еңлікгүл үстелі жанындағы орындығында ойға батып отырған еді. Соңы кездері сабақтары арасындағы осындай үзілістерде дәлізге шығуды да қойған-ды. Осындай оңашалықта талай нәрсені есіне түсіріп те, көз алдына елестетіп те үлгереді жас қыз. Бұл жолғы ой-толғамдарын күтпеген жерден кіріп келген Батыл  бұзды. Оның жылдам жүрісін кей оқушы байқап   үлгермей де қалады. Оларға мектеп ауласында асыр салып ойнағандары қызы. 

       Еңлікгүл өзіне жақындап келіп тұра қалған Батылмен   үнсіз ғана аамандасып, үтелі үстіндегі жайылып жатқан қағаздарын жинастырды. Батыл оның жанында күнәлі оқушыдай қозғалмай тұр. Өзінің бұл жасаған ісінің Еңлікгүлге оңай соқпағанын іштей жақсы түсінеді. Оның үстіне бұл бірінші оқиға емес. Бұдан бұрын Қалыбек бастаған топпен болған оқиғалары да ауыл жұртшылығына жақсы аян. Енді өзі қарауында қызмет ететін дриектордың күні кеше ғана арнайы тапсырыспен зауыттан алдырған жап-жаңа үш дөңгелекті көлігін даңғыл бойында аударғаны Еңлікгүлдің жанына әуелдегілерден де қатты батқан. Еңлікгүл әлі де сөз бастай аламды. Бар болғаны жанында тік тұрған Батылға көз қиығын тастаумен шектелді. Осы кезде Батыл:

       -Еңлікгүл, мен сізден кешірім сұрау   үшінкірдім мұнда, - деді жай ғана сөйлеп.

       -Не үшін? – деп Еңлікгүл оған жалт бұрылды.

       -Мен сізге тағы да сөз келтірдім. 

       -Қандай сөз? – деді қыз елден ештеме естімегендей болып.

       Мен... дриектордың  жеңіл көлігін...

       -Оны білемін, - деді Еңлікгүл Батылдың ішкі қиналысын түсініп, - болар нәрсе болды! Ең бастысы – өздеріңіздің аман қалғандарыңыз!

       -Иә, біз аман қалдық! – деп Батыл қызға қарай бір адым жақындады. – мен жылдам қозғалысымды пайдаланып өзімді де, директорды да құтқарып қалдым. 

       -Қндай жылдамсыз! – деді қыз Батылға көз қиығын тастап. 

       -Мен  үшін бұл жылдамдық емес!

       -Сонда қалай жылдам қозғалмақсыз? Осының өзіне ауыл жұрты таңданумен жүр. Ондай апаттан адамдардың аман қалуы неғайбыл. Бұл естен кетпес таңданларлық оқиға, шын мәнінде де. 

       -Қолымнан келгені осы болды. Тек мені кешіріңіздер.

       -Не үшін?

       -Жеңілкөлікті аударып алғаным  үшін.

       -Ол бүкіл жұртқа белгілі. Жазым ғой бұл...

       -Жалпы, мен, сізді бірнеше рет сөзге қалдырдым.

       -Ол жағына алаңдамасаңыз да болады. Бұл өмірде бәрі де болады. 

       -Директордың жап-жаңа жеңіл көлігінің жанып кеткені батады.

       -Оған да әбіржімеңіз. Мен бұл жұмыстан шығамын. 

       -Неге? 

       -Егер директор көлігінің жанып кеткенін айта беретін болса, онда мен бұл жұмыстан шығамын. 

       -Жо-жоқ, Еңлікгүл, олай демеңіз. Онан да жеңіл көліктің жанып кетуіне басты күнәлі мен кетейін жұмысымнан. Сонда бәрі де тынышталады. Дұрысталады. 

       -Жоқ, сіз де олай демеңіз, Батыл. Сізге жұмыссыз өмір сүру қиын болады. Көліктің құны төленер. Бәрі де орнына келер. Көңіліңізге алмаңыз. Сіз мені ешқандай да сөзге қалдырған жоқсыз. 

       -Мені түсінгеніңізге алғыстымын. Сонда да бұл оқиға естен кете қоя ма?

       -Бәрі де ұмытылады. Сіз қатты шаршап тұрсыз. Бүгін демалыңыз. Әлде, сізге дриектор бірдмем деп пе едІ?

       -Жоқ, дриектор маған артық ештеме деген емес. Қайта реті келген тұста мені қорғап сөйлеп жүр. Мен   үшін ол енді жауапқа да тартылады. Бәрі де мен   үшін!

       -Қорғаса, дұрыс. Сіз де оны аударылып бара жатқан жеңіл көлік ішінен адам сенгісіз жылдамдықпен шығарып алдыңыз. Өмір сыйладыңыз. Сіздің орныңызда басқа жүргізуші болғана, мұндай амандық болмас еді. Директор сізді сол ерлігіңіз үшін жақсы көреді. Сондықтан ол жағынан еш қам жемеңіз. Бәрі де орнына келеді.

       -Жарайды, онда мен кеттім демалуға, - деді ішке кіруге қоңыраудың соғылатынын сезіп. 

       -Жақсы, - деді Еңлікгүл «Сөздерімізді әлдекім дәлізде тыңдап тұрған жоқ па екен?» дегендей солай қарап алды. 

       -Мен енді ертең келемін, - деді Батыл шығып кетіп бара жатып, - сөйтіп дриекторға жеңіл көліктің құнын төлеуге көмектесемін. 

       -Ол жағын ойлай бермеңіз, Батыл, - деді қыз. 

       Осы кезде дәліздегі үлкен қоңырау  сыңғырлап ала жөнелді. Батыл лып деп сыртқа шығып кетті. Ауладағы оқушылар шулап-улап ішке қарай лап қойысты. Жаңа ғана тып-тыныш болып тұрған дәліз де, сыныптардың іштері де қызықты тірішілікке көшті. Батылдың сыртқа қарай жылдам басып шығып бара жатқанын байқап қалған балалар ол жөнінде сыбырылап айтып отырды. Еңлікгүл ол жағына ес бөлген жоқ. Оқушылардың бәрі парта-парталарына жайғасып, тынышталған кезде сабағын бастап кетті. Бұл кезде тек осы сыныпта ғана емес, күллі мектепте де ттыныштық орнаған еді. Батыл ғана соңғы жағына қарай-қрай өзі тұратын  үйіне жетуге асықты. 


                                                      Елде жоқ көлік


       Жеңіл көліктің сарсаңы біразға осзылды. Мектеп директоры өщ күнәсін толық мойындап, қажетті орынға өртенген көліктің құнын толық төледі. Батыл да қалтасында қаржысы жоқ болса да директормен бірге жүріп, бірге тұрды. Сонысына риза болған директор  Батылды өзіне ең сенімді серік етті. Егер жаңа жеңіл көлік ала қалса, жүргізуші етіп Батылдың өзін ғана алмақ. Ауыл тұрғындары әлі де аң-таң. Бұдан бұрын ауыл арасында тек Еңілкгүлге қаратылып айтылған қысыр сөздер тараған. Енді жеңіл көлікті апатқа ұшыратушы болып Батыл саналды. Жұрт қауесетінен қорыққан Батыл соңғы кездері тіпті, мектеп директорының  үйінен ас ішіп, сонда қонатын, соның үй жұмыстарына көмектесетін де болған. 

       Осындай жаңалықты күндер өтіп жатты. Батыл ара-тұра уақыт тауып Еңлікгүлмен, Бәтимамен ұшырасып, қысқа әңгімелесуді шығарған. Мектеп директорымен жақсы қарым-қатынаста болған соң ауыл тұрғындары да Батылға батып тиісе алмаған. Батылға деген сенім де әуелдегіден гөрі арта түскендей. Мұны көрген Қалыбек те Батылға жолықпауға тырысады. Қарсы кездесе қалған жағдайда басын изеп қана өте шығады. Ал Батылға ауылдағы барлық адам бірдей. Ешкімді де «Сен ондайсың, сен мұндайсың» деп бірбірінен бөлген емес. Өзі естіп, жаттап алған қазақтың «Әркім – сыйлағанының құлы» деген мақалын  берік  ұстанады. Осыны көрген Қалыбек Батылға өз тобымен қастандық жасауға да батпаған. Ондай жағдайда Батылға дриектордың жақ болатынын біледі. «Директордың жеңіл көлігін даңғыл бойында әдейі аударып жандырып жіберіпті» дептаратқан Қалыбектің қысыр сөзінен ештеме шықпады.  Ал сол апатта дриектордың жанын аман алып қалған Батылға кім кім де үлкен алғысын жаудырумен келеді. «Шыққан шығыным шыбын жанымнан да, жанымды алып қалған Батылдан да артық емес» дегенді жиі айтады мектеп директоры. Бұл сөзі Батылға үлкен демеу еді.

       Солай болса да өзінің дриекторды шығынға батырғаны Батылдың көкейінен еш кетпеді. «Енді жаңа көлік алса, маған жүргіздіре қоймас» деген ой да жиі мазалады өзін. Сондықтан Батыл енді қалай дегенде де қолдан бір жеңіл көлік жасап алуды жоспарлады. Ал оның бөлшектерін қалай табады, қайдан алады, ол жағына ақыл-ойы әзірге жетпеді. Соған қарамастан Батыл ауылдағы жеңілкөлік тұрақтарын жағалай бастады. Ондағы түрлі пошымда құрастырылған жеңіл көліктерге назар аударды. Өз еліндегі техникалармен ойша салыстырғанда өте қарабайыр екен. Егер қолында құралдары мен жеңіл көліктің бөлшектері бар болса, жаңа бір көлікті аз ғана уақыттың ішінде оп-оңай құрастыра алады екен. Осындай ойға келген ол бірде ауылдың шетіндегі жеңіл көліктер тізіліп тұратын тұрақтың меңгеушісіне келіп жолықты.

       -Келіңіз, - деді меңгеруіші Батылды танып, жылы шырай танытып, - жай жүрсіз бе?

       -Мен жеңіл көліктердің артық бөлшектерінен бір көлік құрастырып алсам ба деп едім, -деді Батыл меңгеруші отыратын кең бөлменің ішкі жағындағы одан да үлкен бөлмеде шашылып жатқан көлік бөлшектерін көздерімен шолып өтіп.

       -Жеңіл көлік құрастыру   оңай іс емес, - деді меңгеруші Батылдың жүзіне тіке қарап, - ондай нәрсе мына менің қолымнан келмейді. Ал қолыңыздан келетін болса, мұнда жеңіл көліктердің артық бөлшектері жеткілікті. Тек  біршамасы ескілеу. 

       -Маған сол ескілері де жетеді. Тек алуыма рұқсат етсеңіз болғаны. Ақшасын айлығымнан төлеймін. 

       -Ол не дегеніңіз. Ескі бөлшектер сатылмайды. Шығынымға шығарылады. Ал жаңаларын бере алмаймын. Ол бөлшектер арнайы тізімде. 

       -Түсіндім. Өте алғыстымын сізге. Тек ана бір жеңіл көлік жартылай ғана бөлшектенген екен. 

       -Ол да шығындыға жатқызылған көлік. Ұнаса оны да ала қойыңыз. Айтпақшы, бұл жөнінде мектеп директоры біле ме?

       -Жоқ. Ол кісі бұл жөнінде білмейді. Әуелі өзім құпия түрде құрастырып көрсем бе деп едім. Жасай алмай қалсам, ол кісі маған ренжіп қалады ғой. 

       -Түсінікті. Жеңіл көлік құрастырудан тәжірибеңіз аз болса, осында жиі-жиі келіп, жүргзушілерден ақыл-кеңес алыңыз. 

       -Ниетіңізге алғыстымын. Мен  үшін бұл көліктердің бәрі де мейлінше қарапайым., - деп Батыл көлік бөлшектерін  үлкен дөңес көждерімен тез шолып өтті, - тек көліктердің сызбаларын бір қарап шықсам болды.

       -Онда жақсы, - деп меңгеруші үстлінің суырмасын жылжытып ашып, ішінен жүұа жалпақтау кітапшаны алды, - міне, мына сызбада ең жаңа деген жеңіл көліктердің толық сызбалары бар. Техниканы жақсы білсеңіз, бұл сызбаларды да жақсы түсінесіз. 

       -Түсінемін, - деді Батыл сәл көңілденіп, - енді тек  алып кетуге мүмкіндік болса.

       -Алып кетесіз. Одан бұрын мына нәрсеге келісіп алуымыз керек. Бұл жөнінде ешкімге тіс жарып айтпайсыз. Мен келгендрге сізге мектеп директорының өтініші бойынша беріп тұрмын деп айтамын. Келістік   қой?

       -Директорды араластырудың қажеті жоқ, - деді Батыл сәл толқып сөйлеп, - бұл құпиямыз біреу болмаса да біреу  арқылы дриекторға жетеді ғой. Содан соң ол кісі маған ренжімепй ме? Сондықтан мен жеңіл көлікті асы құпия жағдайда құрастырып, директорға бір-ақ көрсетуім керек. Осыны түсінесіз бе?

       Жеңіл көліктер тұрағының меңгерушісі Зәкәрия Ықыласұрпағы бір сәтке кідіріп, үнсіз тұрып қалды. «Мұның сөзінің жаны бар, - деп ойлады ішінен содан соі, - расында да Батыл  бұл жөнінде мектеп директорына айтса, ол біріншіден, мұның жеңіл көлік құрастыруына рұқсат етпейді. Ал мен жаңағыдай айтсам, сөз тарап, дриекторға жетеді. Екеуіне де сөз келеді. Ал маған: «Жеңіл көліктердің бөлшектерін әлдекімге жасырып сатыпты» деген жала жабылады». Меңгенуші басын көтеріп алды да:

       -Жақсы. Ойыңыз дұрыс. Оған келістім. Ендігі мәселе, жеңіл көлікті құқрастыратын орныңыз бар ма?

       -Ондай орным жоқ.

       -Жоғы қалай№ Сонда қайда тұрасыз өзі?

       -Ауылдың ана шетіндегі шағын жаздық   үйде. 

       -Түсінікті.  Ол  үйде жеңіл көлік қрастыра алмайсыз. Енді қайдан орын тапсақ екен?

       -Мен ана таудағы бір шағын   үңгірді білемін, - деді Батыл мал тапқандай қуанып. 

       -Үңгір?.. Жарайды, бола берсін. Тек  үңгір деген таудың жартасында болады. Ал оған жеңіл көліктердің ауыр бөлшектерін артқан жүк көлігі қалай бармақ?

       -Үңгір бар жартастың сайына дейін барады. Сол жерге дейін жүк көлігімен жеткіздіріп берсеңіз, әрі қарайғысын өзі көре жатармын.

       -Жақсы, Қиындау  болса да ақылға қонымды. Бүгін қажет деген бөлшектеріңізді бір шетке реттеп, ертең таңертең келіңіз. Мен өзімнің жақын, сырлас, құпиялас достарыма айтамын. Олар бөлшектерді өзіңіз айтқан жерге дейін жүк көлігімен апарысады. Тек  сөз тарамасын. 

       -Меннен сөз тарамйды! – деді Батыл қуанып, - бұл жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын!

       -Е, жақсылық дейтін жақсылық па бұл? Жеңіл көліктердің ескі-құсқы бөлшектері ғой. Мына кең деген бөлмеге сыймай барады. 

       -Ал маған мұның бәрі де алтыннан да қымбат.

       -Сонда сіз қандай жеңіл көлік құрастырмақсыз?

       -Өзімше. Ешбір жеңіл көлікке ұқсамайтын

       -Сонда қандай?

       -Сырт қорабы резеңкелермен қапталған, ішіне үш адам ғана сыятын, өте жылдам жүретін жеңіл көлік болады. 

       -Қиялыңыз ұшқыр-ақ екен! –деп рахаттана күліп алды Закария, - талабыңызға нұр жаусын! Қазақ осылай дейді мұндайда. Тек енді соны ойңыздағыдай етіп құрастыра алсаңыз. Ол оңай іс емес. Әдетте, жеңіл көлік құрастырушылар бөлшектерді жылдап жинайды емес пе? Ал сіз аз ғана уақыттың ішінде құрастырмақсыз. Жарайды, іске сәт! Ана кең бөлмедегі ескілеу  деген бөлшектерден керек дегендеріңізді бір шетке жинастыра беріңіз. Келген адмдарға назар аудармаңыз. Бұрылып қарамаңыз. Жауабын өзім беремін. 

       -Ол жағын жақсы түсінемін. – Батыл келесі кең бөлмеге қарай жүрді. – көңіліңізге мол алғыстымын!

       -Алғыс айтатындай ештеме жоқ! Жеңіл көлігіңізді тезірек құрастырып алуыңызға тілектеспін! Содан кейін айта жатарсыз алғысыңызды! Осылай келстік. 

       -Келістік! – деп Батыл бөлшектер бар кең бөлмеге еніп кетті. 

       Осыны күткендей меңгерушіге жеңіл көлік бөлшектерін сұраған көлік жүргізушілері кіре бастады.  Кейбіреуі  көрші кең бөлме ішінде жеңіл көлік бөлшктерін іріктеп жинастырып жүрген Батылға көз салып қойды. Батыл оларға бұрылып қарамады. Меңгеруші де сөз көбейтіп алмау үшін уақытының  аз екенін ескертіп, келгендердің сұрағандарын тездетіп берді. Соның өзінде де кейбіреуі бұл арада бір құпия әңгіменің болғанын іштей сезгендей сипалақтап жүріп алды. Закәрия да аса аңғал емес. Қай жерде аңғал, қай жерде пысық болу  керектігін жақсы білетін адам. Жеңіл көлік бөлшектерін сұрап келгендердің ішінен ой-ниеттері дұрыс еместерін дәл танып, әгңімені тез доғарып, шығарып салып отырды. Ертеңгілік кезде жеңіл көліктер тұрағының осылай абыр-сабыр болып кететіні бір бүгін ғана емес. Закәрияға бұл күнделікті үйреншікті көрініс. Мұнда Батыл ғана кең бөлме ішінде болса да өзін қярға жер таппағандай күйде. Сондықтан ол болашақ ғажайып жеңіл көлігін құрастыруға қажетті деген бөлшектерді тез іріктеп, меңгерушімен қоштасып, сыртқа шықты да, бұрылыс-бұрылыс көшеге түсіп, әп-сәтте келгендердің көздерінен ғайып болды. Оны естіген іштегілердің біразы сыртқа қайта шығып, айналаға көз салған. Бірақ бұрқ-бұрқ  көтеірлген шаңнан өзге ештемені көре алмады. Батыл адам көздерінен таза жерде жүрісін жылдамдататын. Сөйтіп, ешкімнің көзіне түспейді. Көше бұылысына қарай бұрылған бойда зып берген. 

       Закәріия  ештеме болмағандай, ештемеге таңғалмағандай жұмысын жалғастыра берді. Іздеген көлік бөлшектерін тапқан  жүргізушілер оған алғысын жауадырып, қажетті құжатқа қолдарын қойып, бөлшектерді алып кетіп жатты. Солардың ішінде Қалыбектің тобында болмаса да, онымен ара-тұра қарым-қатынаста болып жіүрген бір жігіт бар еді. Есімі Парымбет. Денесі мығым, қос жауырыны қақпақтай. Дөңгелек жүзді. Көздері сәл қысыңқы. Томпақ келген қаралау беті Күн сәулесінен жылтылдап тұрады.  Былайша адам баласына деген арам ойы жоқ, аңқаулығы басым. Кім не айтса, соған сене салады, көргендерін кімге болса да жасырмай айта салады. Ол да меңгерушіден жеңіл көлігіне қажетті бөлшектер сұрай келген. Кезегі осңында болғандықтан алдындағыларының жұмыстарының біткенін күткен. Ең соңында меңгеруші екеі ғана қалған. 

       Осы тұста Парымбет Закәрияның әлденеге ойының бөлініп отырғанын байқап, оның себебін сұрай салды.

       -Батыл деген бейтаныс жігітті өзің де жақсы білесің ғой?! Өткенде ол мектеп директорының жап-жаңа жеңіл көлігін даңғыл бойында қатты жүргіземін деп аударып алды. Ол көлік түгелдей жанып кетті. Жаңа ғана өзің көрген сол Батыл меннен жеңіл көлікке қажетті бөлшектер сұрап келіпті. Айтуынша,ішіне  үш кісі ғана сыятын,  өте жылдам жүреді. 

       -Қызық жаңалық екен! – деді Парымбет ақ тістерін көрсете жымиып, - өзі де бір ғажап адам! Бір қарасаң бар, бір қарасаң жоқ! Жұттың  таңғалатынындай бар. 

       -Бірақ  ол өте білімді, парасатты, адамгершілігі мол әрі адал жігіт! Мен сонысын байқадым.

       -Ә, ол жағын онша білмейді екенмін. Әйтеуірі бәрі сыйлайды оны. 

       -Енді мені мұқият тыңда! – деді Закәрия сырт жаққа көздерін салып қойып, - бұл әңгімені өзіңе ғана айтып отырмын. Мен оған шығынымға шығарылған ескі бөлектерді беруге уәде еттім. Бәрібір ана бөлмеде орын алып жатыр ғой. Оданда алып пайдаға асырсын. Қолынан келіп жатса, шынымен-ақ бір ғажайып жеңіл көлікті құрастырып шығарар!

        -Сонда оны осы жерде құрастырмақ па?

       -Жоқ, мен оған мұнда құрастыруға рұқсат еткен жоқпын.

       - Сонда қайда?

       -Айтуынша, таудағы бір шағын үңгірдің ішінде құрастырмақ. 

       -Адам нанғысыз әрекет екен. 

       -Таудағы бір қараңғылау  үңгірдің ішінде қарапайым құралдармен бөлшектерден қалай жеңіл көлік құрастырып шығаратынын еш түсінбеймін. Әрбір бөлшек зілдей ауыр. Оны көтеру   керек, ұстап тұрып бекіту керек. Қысқасы, білмеймін, оның қандай күш-қуатының бар екенін. Ақылаға сыймайды. Мейлі, өзі білсін. Мен оған уәде беріп қойдым. Қажет деген бөлшектерін бөлек жинастырып қойып кетті. Ертеңертемен келеді. Мен бұл құрметімді оған өзі үшін ғана емес, мектеп директоры  үшін де жасағалы отырмын. Сенің де балаң оқиды емес пе, мектепте?

       -Әрине, оқиды, - деді Парымбет, - бірақ бұл іске мектеп директорының не қатысы бар? Ол кісі өртенген жеңіл көліктің құнын толық төледі емес пе?

       -ТОлық төлеген. Ал егер Батыл таудағы үңгірде елде жоқ ғажайып бір жеңіл көлікті құрастырып шығарса,  пайдалы болады ғой! Батылға жеңіл көлік бөлшектерін біздің бергеніміз мектеп директорына онсыз да аян болады ғой. Батыл соған арнап құрастырмақшы емес пе?

       -Мұныңыз ақылға сыйымды. Сонда меннен не көмек керек? 

       -Батыл бөлек жинап кеткен бөлшектерді қарайық. Сен бүгінше бөлшектеріңді алмай-ақ қой. Ертең аларсың. Мына есікті жабайын. 

       Екеуі қатарласа сыртқа шықты. Меңгеруші есіктің бір шетіндегі түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды. Құлпы сырт ете түсті. Маңдайшадан «Бөлме жабық» деген жазуы  бар қызыл түсті шам жанды. Екеуі  кейін қарай бұрылып, жеңіл көліктер тұрған алаңды аралап шықты. Құпия жобалаған істеріне бірден кірісіп, өзгелердің ойларын өздеріне аудармаулары  Закәрия көліктерін жөндеп жатқан жүргізушілердің біріне келіп жұмыстарының қалай жүріп жақанын сұрады. Сырт көмектің қажет-қажет еместігін білді. Сонымен қатар кімде қандай қажетсіз бөлектердің барын анықтады. Ондай бөлшектер болса, оларды өзінің бөлмесі есгінің алдына апарып тастауды өтінді. Одан әрі қарай екеуі Батылға қажетті бөлшектерді жүк көлігіне артатын орынға келді. Ол жерде де бөшектердің не түрлері шашылып жатыр еді. Закәрия оған қарап тұрып:

       -Міне, осылай. Қаншама бөлшектер сыртта жатыр. Жинап қоятын жер жоқ. Одан да Батыл ала берсін керегін. Бәрін алмайды ғой. Қажет еместерін қалдырар. Қанша дегенмен де азаяды емес пе?  Түгел әкетсе, осылардың орнына бір жеңіл көлікті қоюға болады. 

       -Ал менімше, бұл бөлшектерден  біреу емес, бірнеше жеңіл көлікті құрастыруға болады, - деді Парымбет бөлшектерді  көздерімен жай ғана шолып өтіп. 

       -Иә, жеңіл көлік құрастыру   деген, тек айтуға оңай. Ал шын мәнінде оған қаншама   уақыт пен құрал, күш-қуат, шеберлік қажет. Бірақ мен ана Батылдың пысық жүріс-тұрысына қарап жеңіл көлікті құрастырып ала алады деп сенемін.Сондықтан, өзара айтқанда, ондай пысық жігітпеен байланысты болғанымыз артық етпейді.

       -Бұл ойыңыз орынды, - деп Парымбет жерде шашылып жатқан жеңіл көлік бөлшектерін іріктеуді бастады.

       Екеуі к.ні бойы осы жұмысты жасады. Алаңқайдан іштегі Батыл іріктеген бөлшектерден басқа тағы бірнеше жеңіл көлікке жететін бөлшектер табылды. Енді Батылдың келіп көліп, қайсысын алатынын айтуы ғана қалған. Айтуынша, Батыл жеңіл көлікті небәрі жарты күннің ішінде құрастырып бітірмек. Ал екеуі  ондай   уақыт ішінде жеңіл көлік құрастырып бітпек  түгілі, сызбасын жасап та   үлгермес еді. Сондықтан оның аз  уақыт ішінде қандай жеңіл көлік жасап шығаратыны құпия болды екеуіне. «Ол өзі елде жоқ жеңіл көлік болғалы тұр-ау!» деп бір ойлап қойды ішінен Закәрия. Сөйтіп, келген-кеткендердің аяқтары басылып, Күн батып, қас қарая бере екеуі іріктеп жинастырған бөлшектерінің  үстін  үлкен матамен жауып қойды. 

       Ертеңіне ертемен Батыл жетті. Ол қашан да сол қолының білегіндегі ауылдың ешбір тұрғынына түсініксіз қолсағат сияқты бірдемесіне жиі көз салып жүреді. Үнемі асығыс. Қай жерге де алдын ала келіскен   уақыттан бір минутқа кешігіп қалса, тап бір жарты күн   уақытын жоғалтқандай күйінеді. Ал ауыл тұрғындары минут түгілі сағат  уақытпен санасқан емес. Батыл келген бойда көздеріне түскен үсті қалың матамен жабулы  жеңіл көлік бөлшектеріне қрай жүрді.  Осы кезде шамалы алқынып Закәрия да жеткен. Енді Батыл таңдайтын бөлшектерді жүк көлігіне артуға көмектесетін Парымбет жоқ. Кеше ғана Батылға керекті бөлшектерді өзінің жүк көлігіне артысып, айтқан жеріне апраысамын деп  уәде еткен Парымбетің қараң бермегені меңгерушінің көңіл-күйін түсірді. Бірақ онысын Батылға сездірмеуге тырысты. Сіл ойланып барып шындықты айтты.

       -Жүк көлігім болса мен бұл бөлшектерді өзім-ақ қалаған жеріңе жеткізіп берер едім. Жеңіл көлікке не сыяды?  Оның   үстіне әрбір бөлшек зіл-батпан. Парымбеттің қол күші бар еді. Қырсық шалып тұрғанын қарашы. Не болып қалды екен оған?

       -Сіз ол кісіден бекер көмек сұрағансыз, - деді Батыл тұрақта тұрған бір жүк көлігіне қарап қойып, - маған ешқандай көмектің қажеті жоқ. Мына бір бос тұрған жүк көлігімен жеткізіп салсаңыз болғаны. Артуға көегіңіздің қажеті жоқ. Артықсыз.

       -О, ғажап! Енді мен де артық  болдым ба?

       -Артық дегенде, бөлшектерді жүк көлігіне артуға. 

       -Жігітім-ау, сонда осыншама көп әрі ауыр бөлшектерді қанша  уақытта артып болмақсың? 

       -Аз ғана  уақытта! Өте аз...Тек сіз қазір өзіңіздің жұмыс бөлмеңізге кіріп шамалы уақытқа отыра тұрыңыз. Болған соң өзім айтамын. Сөйтейік, уақыт кетпесін. Адамдар ағылып келгенше істі бітірейік!

       Закәрия қапелімде не қарсы сөз айтарын білмей сіл дағдарып тұрды да, қолындағы кішкене аралық құралының  қажетті деген бір түймесін оң қолының сұқ саусағымен, нұқи қойды. Жұмыс бөлмесінің есігі сыр деп ашылды. Закәрия Батылға үнсіз басын изеді де, бөлмесіне қарай асыға басып жетіп, ішіне еніп, есігін іштен жауып алды. Сол замат Батыл тез қозғалып, бөлшектердің жауын сыпыра ашты. Таңдалған бөшектердің бәрі де ойынан шықты. Кеше қойма ішінен таңдағандарынан мыналар әлдеқайда жаңа екен. Көңілі көтеріліп, жүк көлігіне жылдам артуға кірісті. Бөлшектердің сақыр-сұқыр еткен дыбыстары бөлмедегі Закәрияның құлағына жетіп жатты. Бірақ ол бөлме есігін ашып, сығалап қарамады. Олай бақылаудың мәдениетке жатпайтынын түсінген. Бөлмедегі анау-мынау  бөлшектерді реттеумен айналысты. Сөйтіп отырғанда сырттан жүк көлігінің қорабына қандай да бір техника ожауымен  көп бөлшектерді сау еткізіп төге салғандай дыбыс шығып, артынша тыныштық орнады. «Бұл не болды? Батыл жүк көлігінің қорабына жылдам салған бөлшектерін қайта төгіп алды ма?ә деп отырған орынан ұшіп түрегеліп, сыртқа ата шықты.  Жоқ, қараса, бәрі кересінше. Жердегі толып жатқан бөлшектер арнайы техникамен құя салғандай жүк көлігінің қорыбанда жатыр. 

       Айналасы тап-таза. Батыл маңдай терін оң қолының қырымен сүртіп қойып жүк көлігіне сүйеніп тұр. Закәрия қолындағы шағын құрал арқылы жұмыс бөлмесінің есігін жапты да, қолын бұлғап Батылды өзіне шақырды. Ол жылдам басып жетіп келді. Айналаны мұқияп бағдарлап алған соң Закәрия шағын құралының әрпітпік түймелерін оң қолының сұқ саусағымен жылдам-жылдам басып, «Меңгеруші уақытша болмайды» деп жазып, оны ескітң маңдайшасындағы таблоға жіберді. Екеуі жылдам қозғалып жүк көлігіне келді. Рулге Закәрияның өзі отырды. Өйткені, «Әзірге өзіне таныс емес көлікті тау  жолында басқара алмай аударып ала ма Батыл» деп ойлады. 

       Елең-алаңда, көліктер тұрағына әлі ешкім келмей тұрғанда оның ауласынан жалғыз жүк көлігі ызылдап шыға жүріп кетті. Қара жолмен ауыл шетіне шығып, тауға қарай тартып берді. Закәрия жол-жөнекей көлік терезесінен жан-жағына қарап, әлі де болса Парымбеттің келуінен  үміт күтті. Бірақ оның қарасы көрінбеді. Кешегі айтқан уәдесінде тұрмады. Закәрия демін терең алып, көлікке от қосып, зымырата жүргізді. Батылдың көрсетуімен біресе оңға, біресе солға қарай бұрылып жүріп барып  аңғардың біркен жеріне тоқтатты. Аңғар іші тып-тыныш. Батыл осы жерлегі бір жартастағы шағын   үңігірді пана етіп жүрген екен. Сондықтан Батылға мұндағы әрбір тас жақсы таныс. Текі жетпейтіні, өзінің осындағы түрлі түсті көріністерді көре алмайтыны. Ал Батылдың  табиғаттағы түрлі түсті ажырата алмайтыны ғаріптігін білмейтін Закәрия айнала-төңіректегі әдемі көріністерден әсерленіп тұрді. 

       -Батыл, сіз өзі табиғаттың ғажайып жерінде жүреді екенсіз ғой!  Ана жайқала өскен түрлі ағаштардың жасыл, сарғыш, қызғылт түстері қандай! Мына жайқала өскен гүлдердің түстері мен хош иістері ше! Тынымсыз ұшіп-қонып, тынымсыз сараған ана құстардың түрлі түсті қанаттары қандай әсерлі!

       Батыл үнемеді. Тек басын изеумен шектелді. Закәрия аңғалдығына салып олай бір,  былай бір бұрылып қарап, самбырлап сөйлеп тұр. Бұл арада ол суреттемеген нәрсе қалған жоқ. Көгал үстінде ұшып-қонып жүрген қанаттары түрлі-түсті Көбелектерге дейін айтып шықты. Бірақ Батыл өзіне сүреңсіз көрінген көріністен еш әсер ала алмады. Анда-санда күрсініп қоюмен шектелген. Көкейіндегісін ашып айтпады. Екеуі шамалы алға жүрген кезде тауды мекен ететін әлгі құстардың даучтары да алғашықадан анық естілді. Кейбірінің дауысы тіпті, тау аңғарын жаңғырықтырады. Батыл түрлі түстерді ажырата ламаса да, осы жолы құстардың ауысынан қатты тебіренді. Мұндай табиғи ғашайып құс дауысын өз елінде естіп көрмегендіктен тұра қалып мұқият тыңдады оны. 

       Шамылдан соң екені жүк көлігінің екі жағынан кабинасына отырды. Алда әлі де көлік жүреалатын жол бар екен. Сонда да Закәрия енді көлікті баяу  жүргізді. Сол кезде аңғардың оң қабырғасындағы тас-жартастардан сықыр-сықыр еткен дыбыс естіліп, үлкенді-кішілі тастар төмен қарай домалай жөнелді. Закәрия көлікті кілт тоқтатты. Дәл уаықытында тоқтатып үлгеріпті кқлікті. Үлкен бір тас дәл алдарынан жолды домалай кесіп өтті. Жолында өсімдіктерді жапырып, бұталардың сабақтарын сыдырып кетті. 

       -Болды, енді бұдан әрі қарай көлік бара алмайды! – деді көліктің   үнін сөндіріп, - бөлшектерді осы жерге түсіруіміге тура келеді. 

       -Жарайды, осы жерге дейін әкелгеніңізгеалғыстымын! – деді Батыл көліктен түсуге ыңғайланып, - қалған жағын өқзім реттей жатармын. 

       Батыл көлік есігін ашып, тасты жерге секіріп түсті.  Көліктен сәл ілгері шығып, үлкен дөңес көздерімен айнала-төңіректі барлып алды. Осы кезде жаңа ғана көлік алдын кесіп өткен   үлкен тас домалап түскен жартас жақта әлденелердің жүргенін сезді. Бірақ  олардың не адамдар, не Арқарлар екенін ажырата алмады. Кім болса да, не болса да өздері жүк көлігінен жерге түскенше көзден таса болыпты. Батыл енді көліктің артқы жағын барлап қарап шықты да Закәрияға:

       -БОлды, көліктің қорабын осы жерге аудара салыңыз, - деді оған жақын келіп.

       -Ауыр бөлшектерді бұл жерден сонау  жартастағы шағын   үңгірге тасып-жеткзу  сізге қиынға соқпай ма? – деді Закәрия әлі де көліктпен алға қарай бара алмайтындарына іштей өкініп. 

       -Жоқ, болады осы жер, - деді Батыл. 

       -Онда жарайды, аударайын қорапты!

       Батыл көліктің артқы жағына қайта барып, одан сәл укейіндеп тұрды. Соның артынша көліктің қозғалтқышының дыбысы тау  жартастарын жаңғырықтыра қатты шығып, темір қорбаның алдыңғы жағы жоғары қарай көтеріле берді. Бөшектер қорап ішінен кейін қарай жылжып, бір бірімен сақұр-сұқыр соқтығысып, тасты жерге сақырлап төгіле берді. Жалпақ тастарға қатты тигендерінен жаржұрқ еткен оттықтар да шықты. Батыл бөшектерден көздерін тайдырмай қарап тұр. Закәриея көлік қорабын қанша баяу аударса да бөлшектер осылайша сау   ете түскен. Барлық бөшектер түсіп біткен соң Закәрия көлікті ілгері қарай сәл жүргізіп, одан сәл кейін беріп барып  келген жолға қарай бұрды. Бұл қозғалыс кезінде көліктің темір қорабының бас жағы жайымен қайта төмендеп қалпына келді. Закәрия көлікті тоқтатып, қозғалтқышын сөндіріп, жерге түсіп, тағы да айнала тамаша табиғат көрінісіне көздерін қадады. Неше түрлі, неше түсті гүлдердің аңқыған жағымды хош иістерін иіскеп, іштей ләззат алып ұзақ тұрді. Содан соң оң қолын Батылға созды. Ол да оң  қолымен мұның қолын қаса алды. 

       -Мен сізге мың да бір алғыстымын, Закәрия аға! Біз әлі кездесеміз ауылда! – деді.

       -Мың алғысқа тұрарлық  іс жасаған жопын сізге! – деді Закәрия тағы да айналаға көздерін қадап.  – бұдан жақынырақ апара алмадым көлікті! Жеткен жеріміз осы болды!

       -Ендігісін өзім реттеймін! Жүре беріңіз! Жұмысыңызда адамдар күтіп те қалған болар. Көзге түсіп қалмайық!

       -Жарайды, онда, - деді Закәрия көлік кабинасына отырып жатып, - көлігіміздің алдын кесіп өткен жаңағы үлкен тас та, жоғарыдағы сықыр да бекер болмас. Екеумізді әлдекімдер аңдып жүрмесін! Ал жақсы, іске сәт!

       Батыл оң қолын көтере бұлғап, көліктен кейіндей берді. Закәрия көлік қозғалтқышына от берді. Оның дыбысы тау ішін тағы да жаңғырықтырды. Бұл дыбыстан ағаш-ағаштардың бұтақтарында қонып отырған кейбір құстар үркіп , пыр-пыр ұша жөнелді. Бірақ енді ол құстарға қызықтап қарап отыратын   уақыт жоқ еді. Закәрия көлікті ауылға қарай жүргізді. 

       Жүк көлігі тау аңғарынан алыстап кеткен соң тыныштық орнады. Әлгі үркіп ұшқан құстар да қайта ұшіп келіп, ағаш-ағаштардың бұтақтарына қонақтады. Енді оларға қарайтын уаық жо-ты. Батыл бөлшектерді   үңгір ішіне қарай жылдам тасуға кірісіп кетті. Ал ауыр деген бөлшектерді антигравитациялық қолғабымен оп-оңай көтерді. Ол қолғабын Батыл өзінің иіқ қоржынында үнемі құпя ұстайды. Сырын өзі ғана біледі. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде Батыл барлық бөлшектерді шағын үңгірдің ішіне тасып бітірді.


Жала жабушылар     

            Закәриямен уәделескен кеште Парымбет үйіне қайтып келе жатып, ауыл көшесін кезіп жүрген Қалыбек пен Мұратханға кезігіп қалған еді.  Қалыбек  Парымбеттің түбі түскен шелектей аңал-саңғал аңқау  жігіт екенін о бастан жақсы біледі. Сондықтан кезіккен сайын оны әңгімеге тартып, біраз нәрсені естіп алады. Оған жанашыр досындай жалпақтайды. Бұл жолы Қалыбек  Парымбеттің жеңіл көліктер тұрағынан кеш қайтып келе жатқанының бір мәнісі бар екенін түсінді. Оның  үстіне Қалыбек  Парымбеттің жеңіл көліктер тұраығандағы қоймадан көлігіне қажетті бөлшектерді алмай, Закәриямен бірге күні бойы бөлшектерді іріктеп бір жерге жинағандарынан шамалы хабардар болған. Қалыбектен сескенетіндердің бәрі де онан шындықтарын жасырмайды. Өйткені, ол білгісі келетін нәрсесін біреу ғана емес, бірнеше адамнан сұрайды.  Ал сұрағандары өтірік айтса, қапелімде со,ып алады. Парымбет өзінің денелі, күшті екендігіне қарамастан сәл жасқаншақтау.  Жасынан солай өскен.

       Ол өзін торуылдаушылармен қол алысып, жылы амандасты. Жағдай сұрасып, қатарласа жүрді. Сонда да Парымбет ертеңгі жоспарын құпия сақтауға тырысып еді, Қалыбек онысына мүмкіндік бермеді. 

       -Парымбет, сен осы   бір ұрлық   іс жасауға дайындалып жүрген жоқсың ба? – деп бүйірден бір-ақ қойды сұрағын Қалыбек.

       -Қандай ұрлық іс? – деп елең етті Парымбет.

       -Еһе, «Сезікті секірер» деп қазақ атамыз бекерайтпаса керек. Немене, бізден жасырғың келіп тұр  ма, жоспарыңды?

       -Қандай жоспарымды жасырып тұрмін? – деп әлі де білмегенсіді Парымбет.

       -Жеңіл көліктер тұрағында күні бойы немен айналыстың?

       -Өзімнің жұмыстарыммен. 

       -Е, өтірігіңе береке берсін! – Қалыбек жанындағыларды көздерімен шола қарап қарқылдай кеп күлді.

       -Не өтірік айттым?

       -Ей бала! Мұндай өтірігіңді басқаға айтарсың! Тек маған емес!

       -Сонда не айтуымы керек, сендерге?

       -Ертеңгі құпия жоспарыңды айт!

       -Қандай құпия жоспар?

       -Әй,  білмей қалғаның-ай, ә?

       Парымбет іштей бірдемені сезді. Сонда да ереңгі құпия жоспарын айтқысы келмей қоштасып, жүре бермек еді, олар өзін қоршап алды.  

       -Жігіттер, мен шаршап келемін. Сендер сияқты менің қолым бос емес. Жіберіңдер мені!

       -Шаршасаң демаласың! Үйіңде жылап жатқан балаң жоқ! Одан да бар шыныңды айт! Ертең ертемен қайда бармақсың?  Не жұмыс жасамақсың?

       -Ертең ертемен жеңіл көліктер тұрағына барамын. 

       -Онда не істейсің?

       --Жігіттер, сендер мені мазақ етуге көштіңдер ме?  Білетін болсаңдар оны айтыңдар. Әйтпесе, жіберіңдер!

       -Білсек, Закәрия екеуің күні бойы жеңіл көліктердің шашылып жатқан бөлшектерін күні бойы іріктеп жинадыңдар. Ол бөлектерді жасырып кімге бермексіңдер?

       -ешкімге де... – Парымбет Қалыбек бастаған топтың бірдемені біліп тұрғандарын сезіп сәл күмілжіп қалды. 

       -Шыныңды айта бер, біз айтпасаң да бәрін білеміз! – деді Қалыбек екі қолын екі бүйіріне таянаып тұрып.

       -Білсеңдер, несін сұрап тұрсыңдар меннен?

       -Біреулерден естіген өсек болады. Біз сенің өз аузыңнан естісек деп тұрмыз, - деді осы кезде Темір сөзге араласып.

       -Ол жігітің ешкімге зияны тиген жоқ қой. Оны неге аңди бересіңдер? Түсінбеймін!

       -Ә, бәсе, енді келе жатсың, жобаға! Қорғағың келеді! Ол саған кім еді, соншалықты! Туысың ба, әлде, досың ба?

      -Ол маған ешкім де емес. Мен оны білмеймін, керек десеңдер. – деді Парымбет жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, - мен Закәрияға көмектесушімін. 

       -Ендеше, ол жігіттен қорқатын не бар? Шыныңды айта бер. Бір ауылдың балалары емеспіз бе? Сол бір бөтен жігіт үшін бір бірімізбен ренжісеміз бе?

       -Ренжісетін ештеме жоқ, - деді Парымбет, - менің естуімше, ол жеңіл көліктердің ескі бөшектерінен өзіне бір жеңіл көлік құрастырып алмақшы. Оның өткенде бір жеңіл көлікті аударып, өрте алғанын өздерің де жақсы білесіңдер ғой. Соны өтемек сияқты.

      -Оһо! Өтемек де! – Қалыбек те жан-жағына көз салып қойды, - сонда ол малғұн қалай құрастырмақ ескі-құсқы бөлшектерден жеңіл көлікті? Өткенде біреуін аударды, өртендірді. Енді бөшектерді ұрламақ па, сонда?

       -Оның бұл әрекеті   ұрлыққа жатпайды ғой. Закәрия оған шығымдалған ескі-құсқы бөлшектерді береді. Ол бөлшектер болса да тасталады ғой. 

       -Сонда ол оны қай жерде құрастырмақ? Құралдары мен зауыты бар ма оныі?

       -Ол жағын білмеймін, жігіттер. Жаңаайттым ғой, мен тек Закәрияның көмекшісі болдым деп. 

       -Ендеше, сен біздің топқа қосыл. Бірге жүрейік! Жол көрсет, бізге! Ол жігіттің менің сүйген қызым Еңлікгүлге көз салып жүргенін бәрің де жақсы білесіңдер! Мен оның көзін жоймай тынбаймын! 

       -Менің байқауымша, ол жігіт Еңлікгүлге көз салып жүрген жоқ. Оның жұмысы мектепте ғой. Сондықтан қаласын,қаламасын, меткетпекезігеді, сөйлеседі. Онда тұрған не бар?

       -Мен де бірдемені сезетін шығармын! Бекерден-бекер оның ізіне түсіп жүрген жоқ шығармын?! – деді Қалыбек жанындағы басқа достарына қарап қойып. 

       Олар үнсіз бастарын изесті. Қолдау көрген соң Қалыбек онан сайын көтеріліп кетті. Ілгері қарай кішкене жүрді де, Парымбетке қадала қарап тұрып:

       -Досым, әңгіменің тоқ етері мынау! – деді қатқыл үнімен, - біз сен жасырып тұрған жоспарларыңды айтпасаң да жақсы білеміз. Ертең ертемен Закәрия, Батыл үшеуіңнің қайда баратындарың да белгілі бізге. Сен сұр түсті Көбелек құсап өзіңнен өзің айналшақтап ыстық отқа түспе! Бізге қосыл! Бәріміз ертең ертемен тауға тартамыз! Мен ол таудағы Батыл түнеп  жүрген шағын   үңгірдің қай жерде екенін де жақсы білемін. Аңшы емеспін бе? Одан да сен бүгін үйіңе ертерек барып дамал.  Таң ата сол  үңгірге барамыз. Закәрия мен Батылды сырттай бақылаймыз. Не істемек екен олар?

       Парымбет ойланып тұрып қалды. Содан соң топпен бірге біршама жерге дейін  үнсіз жүрді. Қалыбектен енді құтылудың қиын екенін түсінді. Оның тобымен бірге тауға барудан бас тартқанымен ертеңгі күні бұл жөнінде қысыр әңіменің гу   ете қалатынын білді. Содан жүрісін кідіртіп, Қалыбекке бұрыла қарап:

       -Бәрін түсынып тұрмын. Тек мен кеше Закәрияға  уәде беріп қойып едім, көмектесемін деп. Енді жігіт басыммен ол айтқан   уәдемнен тайғаным қалай болады?

       -Бірге  ұрлық жасаудан бас тартқан күнәға жатпайцды! – деп Қалыбек қулық сөзге көшті.

       -Ертең сөзге қаласың! – деп қойды сол кезде манадан   үнсіз тұрған Мұратхан.

       Парымбет енді екі жақтың қай жағына шығарын білмей дағдарып, кідіріп тұрып қалды. Закәрия да өзіне жеңіл көлігі жағынан керек адам. Жеңіл көлік атаулының бөлшектерінің бәрі соның  қоймасында. Егер оған берген  уәдесінен тайса, арақатынасына сызат түспек. Парымбет осылайша ойламаған жерден дүдәмал шешімге тап болды. «Мұны білгенде, ауылдың сыртқы жолымен кететін едім ғой, үйіме» деп бір ойлап қойды ішінен. Бұлардың топтанып өзінің жолын тосып жүргендерін қайдан білсін. Енді шегінер жері жоқ. Алды – жар, арты – құз. Өзін қоршаған жігіттер тарамай өзінің нақты жауабын күтіп тұр. Олармен бірге жүруден бас тартса, тек қысыр сөзге қалу   емес, бұлардын таяқ та жеуі мүмкін. Ол жағына Қалыбектің қатыгездігі жетеді. Осы ауылдың талай жігіттерін таяққа жығып, аты шыққан сотқар. Күші тек Батыл есімді бейтаныс жігітке жетпей жүр. Осыны ойлап кідіріп тұрғанда өзінің  үйі жағынан Итінің  үрген дауысы да шықты. Оны естіген жігіттер тыпырши бастады. Парымбет терең бір күрсінді де, шешімін былай деп айтты:

       -Жарайды, жігіттер! Мен сендер жағындамын! Ертең ертемен тауға бірге барамын сіндермен!

       -Міне, нағыз жігіт! – деп Қалыбек жадырап сала берді. 

       -Уақытты созбай-ақ, бағанадан бері осылай демедің бе?! – деп Мұратхан оған оң қолын созды.

       -Болды, келістік! Ертең таң қылаң бере менің үйімнің алдына жиналамыз да тіке тауға қарай тартамыз! – деп Қалыбек те Парымбеттің оң қолын қыса алды.

              Жігіттер бір тәртіпке бағынған жауынгерлердей тез кейін бұрылып, қараңғылық қойнына еніп, көзден ғайып болды. Парымбет басын төмен салып, үн-түнсіз  үйіне қарай жүрді. Үлкен қақпаға жетіп, оның есігін ашқанда манадан тынысыз арпылдаған төбеті өзіне еркелеп, құйрығын бұлаңдатып, бір-екі секіріп барып өзінің жатын үйшігіне кетті. Артынша үйдің сыртқы есігі ашылып, әкесі Елбайдың  қарайған тұлғасы көрінді. Ол ұлының әдеттегіден кешігіп келгенін іштей уәйімдегендей сәл дірілдей шыққан дауысымен:

       -Парымбетпісің? Неге кешіктің? – деді. 

       -Көлік тұрағында жұмыстарым болды, - деді Парымбет  үйге кірер есік жанындағы қол жуғышқа қолдарын жуып тұрып, - ертең таң қылаң бере тағы барамын!

       -Жеңіл көлігің мұнда емес пе, ұлым? Жеңіл көліктер тұрағында саған қарап тұрған қандай жұмыс?

       -Ол жағын қазбалап қайтесіз, көке?  Жұмыс қой. Закәрия ағамен байланысты. 

       -Е, солай десейші. Әлгі жеңіл көліктер тұрағындағы қойманың меңгерушісі ме? Онда жөн. Ана шешеңе ескертіп қой, «Таң қылаң бере оят» деп. Маған сенім жоқ. Үй жұмысынан шаршап, қатты ұйқтап қалуым мүмкін. 

       -Жарайды, көке, телефонымның дабыл қаққышын іске қосып қоямын, - деп, Парымбет қолдарын, бет-әлпеті мен мофнын салқын сумен жуып, сүлгімен сүртініп үйге кірді. 

       Бұл кезде Елбай мен   ұлы Парымбеттің сөйлескен дауыстарын естіген анасы Аққыз кешкі астың дастарханын жайып та үлгерген еді. Парымбет келген бойда дастархан басына отырды. Жаңа ғана піскен ет пен қамырдан жеді. Сорпасынан ішті. Сол кезде ауладағы қоралардағы малдарды реттеп, шамдарын сөндіріп, ішке әкесі Елбай да кірді. Ол әдеттегісінше жастық алып, бір бүйіріне жатып, жастықты шынтағының астына қойды. Парымбет астан соң есік алдына шығып, беті-қолын шайды. Қайта келіп шайға отырды. Сол кезде әкесі Елмай сәл қозғалақтап алып:

       -Сонда  Закәрия екеуің не жұмыс жасамқсыңдар, таңалагеуімнен? – деді. 

       -Ол екеуміз бүгін күні бойы жерде шашылып жатқан көлік бөлшектерінің жарамсыздарын бір жерге үйіп қойдық. Енді ертең ертемен ол бөлшектерді тау  жаққа апарып тастамақпыз. 

       -Неге тауға? Әдетте, жеңіл көліктердің ондай жарамсыз бөшектерін зауытқа жіберуші еді ғой!

       -Ол бөлшектер зауытқа жіберуге жарамайд, көке. Бәрі қатты тот басып кетке, сынған, жарылған. 

       -Мейлі онда, өздерің біліңдер, - деді елбай, - қоқысыта бергенше, оны сыртқа шығарып тастағандарың да жөн шығар. 

       Парымбет көкейінде ішкі шын жоспары сайрап тұрса да, оны әкесіне де, анасына да ашып айтуға батпады. Қамыр-еттен кейінгі шайды қанып шкен соң орнынан жайымен тұріп, өзінің жатын бөлмесіне кетті. 



                                                Шебердің  шебері


Тау  беткейіндегі  уақытша мекен етіп жүрген шағын  үңгір төңірегінде өзін бір топ ауыл жігіттерінің сырттай бақылап-барлап жүргенінен Батыл бейхабар еді. Сондықтан да Закәрия кеткеннен кейін бөлшектерді тездетіп   үңгір ішіне тасып, жеңіл көлік құрастыру ісіне кірісіп кеткен. Жеңіл көліктің майда-майда бөлшектерін антигравитациялық қолғаптарымен көтерсе, ауырларын антигравитациялық  жамылғымен жеңілдеткен. Оның бетіне ірі, ауыр бөлшектерді салған бетте ол астынан жел көтергендей көтерілген. Батыл тек оның бір шетінен ұстап, алға қарай итеріп жүрген. Енді бәрі де көз алдында. 

       Бұл адам сенгісіз көріністі тау басында тұрған ауыл жігіттері демдерін іштеріне тарта бақылады. Бәрі де тұрған орындарынан қозғалмауға тырысады. Өйткені, таудың мынандай таза ауасында тырс еткен дыбыс алысқа кетеді.  Қалыбек қарап тұрмай Батыл төменнен   үңгірге қарай тасыған ірілі-ұсақты бөлшектерді ішінен санап тұрды. Ал Парымбет болса, әр бөлшектің қандай жеңіл көліктікі екенін ажыратуға тырысты. Әкелген бөлшектері бір жеңіл көлікті тез құрастыра салатын дайын бөлшектер емес екен. Дөңгелектері  үлкен-үлкен, кабинасы кішілеу, қаңқасы орташа келген. Қозғалтқышы осы заманғы ең жүйрік  көлікке тән. «Бұл бәтшағарың мына түрлі-түрлі бөлшектерден қандай жеңіл көлік құрастырмақ?» деп бір ойлап қойды ішінен Парымбет. Бірақ бұл ойын жанындағы жігіттерге айтпады.

       Содан бәрі сәл-пәл бұқпантайлап тұрып Батылдың іс-қимылын одан әрі қарай бақылаған. Бейтаныс жігіттің жылдам қозғалатынын әууелден білгендерімен, мынандай шеберлігін көрмеген екен ешқайсысы. Оған жеңіл көлік құрастыру   деген, жас баланың дайын бөлшектерден қандай да бір нәрсені құрастыра салғаны сияқты екен. Тау басында тұрғандар Батылдың құрастыру  жылдамдығын көздерімен анықтап көріп те үлгере алмады. Бейнебір көз алдарында иллюзионист өнер көрсетіп тұрғандай болды. Тек оның қолдарының жылдам қозғалысын ғана байқай алады. Шамалы уақыттан соң жеңіл көліктің қаңқасы   үш  үлкен дөңгелектің   үстінде тұрды.

        Онан кейін Батыл әлгі антигравитациялық жамылғы көмегімен жеңіл көліктің ауыр деген қозғалтқышын оп-оңай орнатты. Жоғарыда тұрғандардың көздеріне  жеңіл көліктің сырт пошымы  үш бұрышты болып елестеді. Батыл көліктің маңдайшасына, есіктері мен соңғы жағына шыны орнатпады. Оның есесіне, көлікті айнала резеңке белдеулермен орады. Енді жеңіл көлік қатты жүріп бара жатып өзге көлікпен кездейсоқ соқтығысып қалса да, өткендегідей аударылып қалса да ештеме болмайтын сияқты. Бірақ сонда да ауыл адамдары мұндай қолдан жасалған жеңіл көлікке міне қоймас еді, бақылаушылардың ойларынша. Көліктің үш дөңгелегі әдеттегі жеңіл көліктердің дөңгелектерінен әлдеқайда үлкен болғандықтан қатты жүргенде оп-оңай аударылып қалуы мүмкін. Алғашында: «Құрастырған жеңіл көлігі жақсы болса, өзін қуып жіберіп, көлігін алып аламыз» деп дәмеленген ауыл жігіттерінің пейлдері енді қаша бастаған. Жеңіл көлік ешқайсысына ұнамады. Оған  үшеуі ғана сыяды. . Сондықтан Батылға тұтқылдан шабуыл жасаудың қажеті жоқ еді. 

       Батыл айнала-төңріекке еш назар аудармастан жеңіл көлікті толық құрастырып болды да, ішіне отырып, қарсы алдындағы түрлі өлшеуіштер мен көрсеткіштердің жұмыстарын тектсерді. Алыстан болса да ол құралдардың жыпылық қақан  шамдары үңгір көлеңкесінен  ап-анық көрініп тұрды бақылаушыларға. Тек онда түрлі түсті шамдар болмады. Тек  ақ түсті шамдар. Тау  басындағыларға мұнысы да ұнамады. Әдетте, жеңіл көліктерді тақталарындағы түпрлі түсті шамдар әдемі етіп тұрады. Ал Батылға ондай түрлі түсті шамдар қажет емес екен. Батылдың әрекеттерін бақылаушылар енді сәлден соң таңалагеуімнен аяқ сабылтып келгендеріне өкіне де бастаған. Тек Қалыбек қана сыр берер емес. Оның ішкі мақсаты, осы Батылдан әйтеуірі бір ақысын алу.  Батыл ол ниетінен бейқам. «Таңғы мезгілде ауылдан алыс тұрған бұл тауға кім келе қояр дейсің?» деп ойлаған. Мана осы   үңгірге қарай жүк көлігімен жақындап келе жатқанда алдарынан домалап кесіп өткен үлкен тас та осы жігіттердің әдейі домалатып жіберген тасы еді. 

       Көлік шамдарын біршама жыпылықтатып, түрлі өлшеуіштері мен көрсеткіштерінің жұмыстарын әбден тексеріп алған соң Батыл қозғалтықышын іске қосты. Оның қатты дауысынан тау  аңғарлары мен жартастары жаңғырығып ала жөнелді. Жер бетінде қыбырлаған небір жәндіктер күтпеген қатты дыбыстан жан сауғалағандай жан-жаққа бытырай кеп қашты. Ағаштардың бұтақ-бұтақтарында қонақтап, емін-еркін сайраған небір құстар қос қанаттарын қағып-қағып, отырған бұтақтарын сілке ұшты. Жеңіл көлік  қозғалтқышының  барылдаған дауыы оны бақылап тұрған ауыл жігіттеріне де жақпады. Қолдан құрастырылған жеңіл көліктің осындай кемшіліктерінің болатынын  Қалыбек о бастан сезген. Бірақ қандай болғанда да оны бір көруге деген әуестік өзін де, жақстастарында осылай әурелеген. Енді бәрі де не онда емес, не мұнда емес бір күйде тұр. Парымбет болса: «Бүл өзі шын мәнінде шебердің шебері екен» деп күбірлеп қояды.

       Жеңіл көліктің қозғалтқышы әлі де тау жаңғырта барылдап тұр. Батыл ештемеге көңіл аудармай, жеңіл көлігінің ол жақ, бұл жағын айналып көріп жүр. Парымбет өзі жүргізуші болса да дәл қазір Батылдың не істеп, не қойып жүргенін аңара алмайды. Оның   үстіне қанша дегенмен де жеңіл көлік көлеңкелі   үңгір ішінде әрі алыстау болғандықтан анау-мынай майда-шүйделері анық көріне бермейді. Содан бір кезде жеңіл көліктің қозғалтщышның дауысы күрт сөнді. Жаңа ғана жаңғырығып, небір тірішілік иелері шошынған тау  аңғарлары мен жартастары тыныштық күйге көшті. Құстар да қайта сайраудан қорыққандай жым-жырт. Анда-санда  үп ете қалатын таудың салқын самалы да тына қалған. Батылды бақылаушылар да үнсіз, қозғалысыыз. Қит етсе болды, тастар сықырлап ала жөнеледі. Ал Батыл өте сезімтал, көзідері қарақ. Осыны ойлаған аңдушылар еппен ғана кейіндеп, тас-тастың арасымен бұқпалап жүріп, ол тастардың ара-арасынан Батылды бақылап қодйы. 

       Батыл жаңа ғана өзі құрастырған жеңіл көлігінің ана жерін, мына жерін ұзақ шұқылады. Бұл кезде дала толық жарықтанып, шығы көкжиек ашық сарғыш түске боялған. Күн көтерілетін шақ та енді ұзақ емес. Батыл сонда да ешқайда асыпады. Несіне асықсын, демалыс күн болған соң өзін ешкім де іздемейді. Сондықтан жайбарақат. Қайта тау басында өзін бақылағандар қиналған. Қалыбек бұл әреетке өзі күнәлі болғандықтан жанындағыларына не айтарын білмей біраз дағдарды. Содан соң жанындағыларына кілт бұрылды да:

       -Болды, жігіттер, кейін қайтайық! – деді жай ғана. 

       -Батылдың құрастырған көлігін тартып аламыз деп едік қой? – деді Парымбет  үңгір жаққа көз салып.

       - Көріп тұрсың ғой, оның біз қызығатын ештемесі жоқ!

       - Енді не істейміз?

       - Не істегені қалай? Қайтамыз, - деді Қалыбек те Батыл бар жаққа қадала қарап тұрып, - ол бұл көлігімен алысқа бара алмайды. Анандай үлкен дөңгелектерімен кез келген жерде аударылып қалады. 

       - Иә, бұл көлігі бізге қол емес!  Қайтсақ, қайтайық, ауылға! – деді енді Парымбет   ұятқа қалатынын іштей сезініп, - оған білдірмейік, келгенімізді, бақылағанымызды!

       - Бұл өзі қашан кетер екен, бұл таудан? – деді осы кезде Темір.

       - Көлігін мына тауда кешке дейін барылдатып жүрмесін! – деді Мұратхан жан-жағына көз тастап.

       - Егер біз Батылдан бұрын кетсек, ол бізді сыртымыздан көреді. Тіпті, біз менсінбей тұрған ана көлігімен қуып та жетеді, - деді Қалыбек Батылдың көлігіне екі көзін сығырайта қарап тұрып.

       - Ал егер басқа жолмен кетсек ше? – деді Парымбет.

       - Жай сөйлеңдерші, - деді Қалыбек достарын көздерімен шолып өтіп.

       Тұрғандар тым-тырыс бола қалған. Сол кезде жеңіл көліктің қозғалтқышының дауысы тау  аңғарлары мен жартастарын жаңғырықтыра шықты. Бәрі солай қараған. Батыл үңгір ішінде шашылып жатқан анау-мынау керексіз бөлшектерді жинап, антигравитациялық жамылғысымен орады да, көлігінің ішіне салды. Содан соң көліктің есіктерін ашып-жауып тексерді. Содан соң ішіне отырды. Үстінен қарағанда үш дөңгелекті көлік арқа жонында жолақтары бар Қоңызға   ұқсайды екен. Екіншіден, оны әлі толық пісе қоймаған қабығы алабажақтанған Қауынға да ұқсатуға болатын сияқты. 

       Сәлден соң көліктің қозғалтқышының ддыбысы күшейе түсті. Көлік жайымен қозғалып үңгір ішінен сыртқа шықты. Ал сайдың тегісіне дейін жол түгілі жалғыз аяқ соқпақ та жоқ. Тау басындағылар демдерін іштеріне тартып,  кірпік қақпай қарауға тырысып тұр. Қалыбек ішінен: «Енді қайтер екен?» дегенінше болған жоқ, Батыл жүргізген үш дөңгелекті жеңіл көлік  сәл жүрмей-ақ әлдеқандай бір тасқа соғылды да, сайға қарай домалап ала жөнелді. Сол бойда шыр айналып сайдың тегісіне бір-ақ түсті. Оны көрген жігіттер кәдімгідей шошынып та қалған. Тек Қалыбек қана ішінен: «Осылай өз өзінен мерт болса екен, біржолата құтылатын» деп ойлап та   үлгерді. Бәрі енді көлікті анығырақ көру   үшін үлкендеу бір жалпақ тастың   үстіне шығып тұрып қараған. Көлік домалап сайдың тегісіне жеткен кезде соңынан көптеген ірілі-ұсақты тастар домалап жетіп көліктің   үстін жаба берді. Шамалыдан соң жеңіл көлік  тастарға көміліп көзге көрінбей де қалды. Бақылап тұрған жігіттер сол мезетте тұрған жалпақ тастан секіріп-секіріп түсіп, төмен қарай жүрді. Тастарға көмілген көлікте еш қозғалыс та, сыбыс та жоқ. Бейнебір тастардың астында жаншылып қалғандай. Мұны көрген Қалыбектің жүзі бал-бұл жанды:

       Өзіне де керегі осы еді! Өз сазайын өзі тартты! – деді достарына жымия қарап. 

       - Шама-шарқына қарамай, осындай аударылғыш жеңіл көлік жасағынын айтсайшы! – деп Мұратхан да күле сөйледі.

       - Еһе, енді мына үйілген, бірнеше жүк көліктеріне артса сыймайтын тастардың астынан тірі шыға қоймас, бұл Батыл! – деп Темір алға қарай бір адым басты.

       Бәрі тас-тастың ара-арасынан аяқтарын қояр жер тауып, аяқтарын аңдап басып төмендей берген. Батылдың  үйілген тастардың астында қалған көлігінің ішінде қандай жағдайда жатқанын көруге деген құштарлық бәрін де ілгері жетелей түсті. Әсіресе Қалыбек қатты асыққан. Ол  үшін Батыл өз өзін осылай жоғандай. Жоғанда да ешкімнің күнәсінен емес. Өз күнәсінен. Өзін өзі мерт етті. Енді Еңгікгүлге өзінен өзге батып сөз айтатын ешқандай жігіт жоқ бұл ауылда. Қалыбек  тау басынан сайға қарай асыға басып төмендеп келе жатып осыны да ойлап   үлгерген. Жанындағы достарының көңіл-күйлері де жаман емес-ті. Расында да күтпеген қызық оқиға болды. Тау басында бәрі: «Батыл қазір көлігін  епеен ғана жүрзііп, сайдың  тегіс жеріне жетіп, жолға түсіп, ауылға қарай тартады» деп тұрғанда мынандай оқыс оқиға орын алды.  Көлік кенетен бір тасқа соғылып, төмен қарай шыр айнала домалап, сай тегісінде соңынан лек-легімен жоғарыдан төгілген ірілі-ұсақты тастардың астына көмілді де қалды. 

       - Бұл байғұсты мына  көлігінің  үстіне   үйілген мың-сан тастардан кім аршып шығарып алады! – деп достарына қарап қойды іБатылды іштей аяғандай болып. – осыншама тастарды  аршуға көп күш керек шығар!

       - Әрне, көп күш керек! Сол тастардың бірі көтеріп көрші! – деді Мұратхан да қуанышын жасыра алмай көздерін айналаны көздерін сығырайта шолып. 

       Осындай сөздермен жігіттер ірілі-ұсақты тастардың астында көіміліп жатқан көлікке де жетті. Көлік те, үстіндегі тастар да қозғалыссыз. Тап бір бұрыннан осылай жатқандай. Жігіттер  үйілген тастарды айналып жүріп қарап шықты. Содан соң бәрі тып-тыныш тұрып: «Тастардың астындағы жеңіл көліктің ішіндегі Батылдың алған қатты жарақаттарынан ыңырсыған дыбысы шығар ма екен?» деген оймен бір сәт тың тыңдады. Дыбыс жоқ. Тап бір көлік те, оның ішіндегі Батыл да тас салмақтарына езіліп қалған секілді. Қалыбек енді кетуге асықты.

       - Жетер, жігіттер, кетейік! Қараптан қарап мұның бәлесіне қалмайық! «Бәледен Машайық қашып құтылыпты!» демейтін бе еді, атам қазақ. Мына көлікті басып қалған тастарды жоғарыдан біз төккен болып шықпайық!   Жүріңдер! – деді дегбірі кетіп. 

       - Расында да теірек кетейік, бұл жерден! – деді Мұратхан, - қарап жүрмей, бір бәлеге ілігіп кетпейік! Өзімен кетсін, бұл!

       - Ана Закәрияның да мұны іздеп келіп қалмасына кім кепіл, жөнелейік, тезірек! – деді Парымбет те ауыл жаққа көз сала үйілген тастардан алыстай беріп. 

       Бәрі жылдам басып, біршама алыстап кеткенге дейін үйілген тастардан ешбір қозғалыс байқалмады, не дыбысы шықпады.  Бәрі оған бір-бір қарап алып, қара жердегі көлік жолына түсіп, ауылға қарай тартты. Қалыбектің көз алдында енді тек Еңлікгүл. Ауылға бір жетіп алса, кешке қарай Еңлікгүл  мен Бәтиманы кешкі серуенге шақырмақ. Оларға осы көргендерін айтпақ. Ал өзінің Батылдың өліміне мүлдем қатысының жоқ екеніне достары куә болмақ. Қалыбек ауылға қарай тартқан жолда осындай қиялға да берлді. Көңіл-күйі жоғары болғандықтан достарына ара-тұра нешетүрлі әзіл әңгімелер де айтып қояды. Сөйтіп, көлік жолынан шығып, ауылға қарай кеткен жалғыз аяқ жолға түскен. Парымбет болса, енді Закәрияға берген   уәдесінен тайғанын іштей  уәйімдеп келеді. Ол уәдесін орындамады. Оның   үстіне, жаңағы қайғылы көріністің бір куәсі болды. Ал өзі жақсы білетін Закәрияның  тыныш қала алмайтыны белгілі. Ол Батылды міндетті түрде іздеп келеді осы тауға. Өйткені, Батыл бейтаныс болса да, бүгінде күллі ауыл тұрғындарына жақсы танымал  жігіт.  

       Енді Закәрия түгілі, ауылдағы білім ордасы – қазақ  орта мектебінің дриекторы да Батылды жұмысына келмеген соң іздей бастайды. Директордың өзі де оны ерекше құрметтейді. Егер ол Батылдың өзі құрастырып алған жеңіл көлігінің ішінде таудан  үстіне домалап төгілген мың-сан ірілі-ұсақты тастардың астында мерт болғанын естісе, тек директор ғана емес, күллі ауыл адамдары дүрлікпек. Қатаң зерттеулер мен тексерістер жүрмек. Ал өздерінің тау  басында болған  уақыттары осы қайғылы оқиға сәтімен сай келеді.  Парымбет жол-жөнекей осының бәрін ой елегінен өткізді. Ал Мұратхан мен Темір ештемеден сасар емес. Тауға ерткен Қалыбек, олтауға Батыл мен Зкәрияның жеңіл көлік бөлшектерін жүк көлігімен алып баратынын айтқан Парымбет. Сондықтан екеуіне қорқуға еш негіз жоқ. 

       Осылайша жігіттер көп жолды кейінге тастады. Төмендегі жазықтағы ауыл   үйлері анықтала түсті. Аспаны көкшілденіп, буалдырланып тұрды. Көптеген   үйлер, тұрғындар болған соң солай болатыны хақ. Қалыбек оған жиі-жиі қарап қояды. Бірақ оны жанындағыларына айтпайды. Достарының көңіл-күйлерін көтеруге тырысып:

       - Ерте бір кезде осы ауылымыздың маңында  Айдаһар жылан тірішілік етіпті, - деп сөйлеп кетті Қалыбек, - одан ауылымыздың  барлық тұрғындары қорқады екен. Ол бар жаққа ешкім аяқ баспайды. Содан бір күндері ауылдың  Айбар есімді молласы ол Айдаһармен арбасуға бел буады. Сөйтіп, екеуі арбасады. Арбасудың негізгі шарты – бір бірінің есімін тауып атау.   Кім бұрын есімін тауып атаса, сол жеңіске жетеді. Таппағаны жеңіледі, өледі. Екеуінің арбасуына халық көп жиналады. 

       Арбасулары ұзаққа созылады. Бір бірінің есімдерін таба алмайды. Екеуі де қатты ісініп кетеді. Қатты қиналады. Молланың киімі тарыла бастайды. Мойыны ісінген соң көлегінің жағасы қыса түседі. Сәлден соң тіпті, тыныс алуы қиындайды. Әбден әлсіреген кезде молла: «Халқым, қайсысың барсың, тынысым қатты тарылып барады. Мына көйлегімнің жағасының түйесін ағытып беріңдерші, еш болмаса», - деп әрең сөйлейді. Сонда да оған ешкім батып жақын бара алмайды. Бірақ молланың бақытына қарай Айдаһардың есімі Түйме екен. Молла соны айтқан ойда Айдаһардың денесі қарс жарылып, жерге сылқ ете түседі.  Бақылап, қорқып тұрған адамдар моллаға қарай лап қойып, оның көйлегінің жағасындағы түймесін тез ағытады. Қолдарынен келген көмектерін көрсетеді. Айдаһөр өлген бойда молланың денесінің ісігі де қайтады. Сөйтіп, арбасу  молланың жеңісімен аяқталады. Осындай бір оқиға болған екен.

       Қалыбек әңгімесін аяқтап, тау   жаққа көз салып қойды. Достары да: «Тағы бір сондай Айдаһар жер бетімен бізге қарай сусып-жылжып келе жатқан жоқ па?» дегендей тауға, жан-жақтарына жалтақ-жалтақ бұрылысады. Қалыбек оларға қарап мәз. Бірақ осы кезде күтпеген жерден сол тау жақтан Батыл жылдам құрастырған әлгі   үш дөңгелекті жеңіл көлігімен ауылға қарай жолсыз жермен жүйткітіп кетіп барады. Қалыбек енді не дерін білмей, тап бір ауызына біреу  құм құйып жібергендей үнісз тұрып қалған. Достары да абдырап қалған. «Бәлкім, бұл ол емес шығар?» деген де ойға келіп   үлгерді Қалыбек Батылды тіріге қимай. Жоқ, тап соның өзі. Басқа ешкім де емес!

       - Бұл өзі адам емес, сайтан шығар?! – деді Темір ок қолының алақанымен екі көзін көлегейлей Батылға қарап. 

       - Бекер әуре болдық-ау! – деп Парымбет кұрсініп салды. 

       - Мұны жеңі еш мүмкін емес екен! – деп Мұратхан жерге шырт түкірді.

       Қалыбек әлі де өз көзіне өзі сенер емес. «Аз ғана уақыттың ішінде соншама  үйілген ірілі-ұсақты мың-сан тасты қалайша аршып, көлік ішінен қалайша дін-аман шыға алады? Ақылым жетпейді!» деп бір ойлап қойды Қалыбек ішінен. Оқыс реніштен екі көзінің алды қарауытып кеткендей де болды. Достары да енді не айтарларын білмей дағдарған. «Мүмкін, оған Закәрия келіп көмектескен шығар басқа жолмен» деп ойлап қойды Парымбет. Бірақ олқандай да бір көлікпен тау   жаққа қарай жүрсе, көзге түсер еді ғой. Жігіттердің көңіл-күйлері күрт түсіп, бастары салбырап кетті. Енді неде болса ауылға тезірек жетіп, ештеме болмағандай өзді өзді істерімен айналысуды жөн деп шешеті. 

       Бұл кезде әлгі велосипадшінің басына киетін жолақты бас киімен   ұқсаған үш дөңгелекті жеңіл көлік ауылдың орталық кең көшеісне жетіп те үлгерді. Жігіттердің байқауларынша, бұл көлік бүгіндегі ең жүйрік деген көліктерден әлдеқайда жылдам жүреді екен. Оның   үстіне көліктің еш жол таңдамай зымырайтынына бәрі қайран болды. Бірақ енді оны тамашалайтын жайлары жоқ еді. Әрқайсысы өзінің алдағы жоспарын, қамын ойлап кеткен.


                                                      ҮШІНШІ  БӨЛІМ

                                                АҚИҚАТ  ЖОЛЫНДА


                                                    Қатерсіз  сапар


       Бүгін де таңалегеуімнен оянған Батыл жуынып-шайының, таңғы асын ішкеннен кейін мектепке қарай асыққан. Ауласындағы үйшіктегі сыпырғышын алып, мекептің айнала-төңірегін тазалауға кіріскен. Шығыс жақтан сәл ғана  уілдеп салқын самал соқаны болмаса, басқадай дыбыс жоқ. Тек анда-санда ауыл Иттерінің арпылдап  үргендері естіледі. Ағаш бұтақтарына қонақтаған құстар да  құс  ұйқылары қанбағандай тым-тырыс. Батылдың сыпырғышының ысылы ғана айналадағы осы тыныштықты бұзғандай. Бұл мезгіл ауыл адамдарына әлі қараңғылау көрінгенімен Батылдың қарақ көздеріне бәрі анық. Сонда да біртіндеп жанған ауыл  үйлерінің шамдары көбейіп келеді. Батыл сыпырғышымен ауланы мұқият сыпыра жүріп, өзіне етене таныс Еңлікгүлдің, Бәтиманың, дриектордың  үйлері жағына көз тастап қояды. Еңлікгүлдің түнгі ұйқыдан ерте оянып, ерте қозғалатынын Батыл жақсы біледі.  Тіпті, үй шамының уақыттың қай сәтенде жанатынын да дәл сезеді. Әшінен: «Қазір жанады, қазір жанады» деп, күбірлеп, өз өзінен жымиып та алады. 

       Бірақ бүгінгі жағдай басқалашалу  болды. Таңалагеуімнен Еңлікгүлдің емес, директордың үйінің шамы бірінші  жанды. Онысына Батыл қайран болып қарап тұрды. Содан соң ішінен: «Бүгін күн дүйсенбі ғой, бәлкім, ол кісінің аудан орталығында бір жұмысы болар?» деп қойып, жұмысын одан әрі қарай жалғастыра берді. Аз ғана уақыттың ішінде мектеп ауласы айнадай таза болды. Бұл  уақыт ауыл адамы тазалап үлгере алмайтын қысқа уақыт еді. Сыпырғыштан көтерілген сирек шаң жер бетінен біршема көтеріліп, буылдырланып, тарамай біршама   уақытұрып та қалған. Батыл бұл көрінісі үйреншікті болғандықтан оған назар аударғған жоқ. Сыпырғышын  үйшік ішіндегі жәшікке салып, өзі құрастырып алған  үш дөңгелекті Қоңыз поышымды жеңіл көлігінің кем-кетігін түзеуге кетті. 

       Ол адам таситын жеңіл көліктер тұатын тұрақ жанындағы аялдамаға жеткенде, директор да келіп үлгерді мектепке. Батыл қайта бұрылып, жылдам басып, оның жанына келді. Директордың қаағы салыңқы екен. Батыл оның әлденеге ренжіп, әлденені   уәйім етіп тұрғанын сезді. Оң қолын қыса алып, амандысаулық сұраған соң:

       - Бір жаққа жол жүрмексіз бе? – деп сұрау тастай қарады.

       - Әрине, - деді директор күрсініп салып, - бүгін облыс орталығында жиналыс бар. «Соған қандай жеңіл көлікпен жетемін» деген ой ғой менде.  Жеңіл көлігімнің жоқтығы осындайда қатты білінеді екен. Енді ана жолаушылар көлігімен жетемін дегенше де... Басқа не шара?

       - Бұл жоспарыңызды кеше неге айтпадыңыз маған? – деді Батыл елең етіп. 

       - Айтқанда не жасайын деп едіңіз?

       - Менде жеңіл көлік бар. Жақында құрастырып алмғанмын. Әзірге ешкімге жария етпей жүр едім. 

       - Қандай көліктағы да?

       - Жеңіл көліктердің артық, жарамсыз деген бөлшектерінен құрастырып алған үш дөңгелекті жеңіл көлік. 

       - Ол өзі жүре ме?

       Жүргенде қандай! Мен сізді сол көлікпен жеткізіп салайын облыс орталығына. 

       - Жо-жоқ, Батыл, мен сізге қашан да ризамын. Өткендегі апатымыз да жетер. 

       - Еш   уәйімдемеңіз. Бұл өткендегідей жеңіл көлік емес. – Батыл директорға жақындай түсты. – Қалай десем, екені, бұл үш дөңегекті, өзі өте қатты жүреді, бірақ қауіпсіз. 

       - Қауіпсіз көлік болушы ма еді?

       - Жоқ, маған сеніңізші, бұл көлік еш қауіпсіз. 

       - Ол көлігің қайда онда?

       - Өзім тұратын  үйдің сарайында. 

       - Солай де. Білмедім...

       Директор сол қолының білегіндегі электронды қолсағатына қарап алды. Әншейінде бұл   уақытта көрші ауылдан шығып, биік қырдың түсе берісінен кішкене қораптай болып қана көрінетін жолаушылар көлігі де жоқ. Ол кһліктің кейде бір жағдай болғанда осылай келмей қалатын да әдеті. Директор екі қолын арқа тұсына айқастыра ұстап, олай да жүрді, былай да жүрді. Неше-қилы ойға да кетті. Техниканың аты – техника. Таулы жолда не болмайды. Күтпеген жерден сынып қалуы да мүмкін. Уақыт болса жылжып өтіп жатыр. Облыстық  үлкен жиынға кешігіп бару   ұят. Жай қызметкер емес, бірмектептің білдей дриекторы. Жолаушылар көлігі көзге түспеген соң шыдамаған директоры манадан бері өзін бақылап-барлап үнсіз тұрған Батылға кілт бұрылды да, шешімін айтты. 

       - Жарайды, Батыл, менің басым не көрмеген бас дейсің, ана жолаушылар көлігінің қараң беретін түрі жоқ. Құрастырып алған үш дөңгелекті жеңіл көлігіңді мініп кел. Аудан орталығына дейін аман-есен жетсек, әрі қарай жолаушылар көліктері көп қой. Уақыт кетіп барады...

       - Жақсы,аға, мен қазір...

       Батыл артық сөзгекелмеді. Директор оның кілт бұрылғанын ғана байқап үлгерді. Жерден шамалы шаң-тоааң көтерілді. Жанында ешкім болмағандай күй орнады. Батылдың өте жылдам жүрісінен көтерілген буалдыр шаң оның соңынан ілескендй жіңішкелене созылып тарап жатты. Директер әлі де шыдамсызданып, екі қолын ақа тұсына айқастырған бойда әрі-бері тынымсыз жүре берді. Осы кезде көрші ауылдың бергі жағындағы беткейдегі жолдан жолушылар көлігі көзге шалынды. Қырсық шалғанда жағдайдың осылай болатыны бар. Директор оған қуанудың орнына онан сайын күйіп-пісті. «Осыдан ірер минут бұрын ғана көрінсе ғой?!» деп күбірледі өзінше. Жолаушылар көлігі жалмаңдап келіп те қалды.  Әдетте өте жылдам қозғалатын Батыл әлі көрінбеді.. «Енді қайсысын таңдадым?!» деп ызаланды директор.Қайсын таңдайтыны енді өзіне байланысты. Аялдамаға келіп есігі ашылғанда шыдамаған директор оң қолын бір сілтеді де көпшілік көілігіне мініп кетті. 

       Көпшілік көлігі биік төебеге қарай көтеірлетін айналма жолға түскен кезде жылдам жүріп Батыл келді. Директордың өзі келердің алдында ғана көпшілік көлікке мініп кеткенін көріп, бір орнында аңырып тұрып қалды. «Жолаушылар көлігіне мініп кеткені дұрыс болды. Әйтпесе, облыс орталығындағы жиналысқа уақытында жете алмай қалатын еді» деп қойды ішінен. Батыл  жеңіл көлігін мініп келуге сарайға барғанда оның бір дөңгелегі жоқ болып шыққан еді.  Оны кімдрдің ұрлап әкеткенін Батыл бірден сезді.  Өзі  таудағы   үңігрден жеңіл көлігін мініп шығып, сынау  үшін оны сай етегіне қарай әдейі домалатқан мезетте тау  басындағы бір жалпақ тастың  үстінде өзін бақылап тұрған бірнеше ауыл жігіттерін байқаған. Басшысы Қалыбекті де таныған. Артынша таудан тас борады. Көлігі сол тастарға көіміліп қалды. Таудағы жігіттер төмен түсіп, жағдайын көріп, мәз болысып, ауылға қарай кеткен. 

       Енді сол жұқсыздар жеңіл көлігінің бір дөңгелегін босатып алып кетіпті. Егер көліктің дөңгелектері түгел болғанда, директор екеуі онымен әлдеқашан қыр асып кеткен болар еді. Батыл өзін қоярға жер таппай тыпыршып, олай да, былай да жүрді. Көпшілік көлігі болса биік өрге қарай кеткен жолдың бойымен әлі де ыңылдап баяу көтеріліп барады. Батыл оған жиі-жиі көз салады. Соншалықты баяу қозғалатынына қайран. Іш пысарлық қозғалыс. Өстіп тұрғанда басына бір жақсы ой келе қалды. Ол – Закәрия еді. Батыл көше шаңын бұрқ дегізіп көтеріп, әп-сәтте соған келді. Бірақ, қырсық шалғанда, көлік тұрағындағы қойманың есігі жабық, Закәрия жоқ болып шықты. Батыл онан сайын тыпыршып кетті. Аз ойланып, директордың алдында өзінің өтірікші емес екенін дәлелдеу үшін бір іс жасауға бекінді. Шеттеу жерде тұрған жүруге жарамсыз бір жеңіл көліктің бір дөңгелегін жылдам босатып алды дп, сарайға қарай зытты. Жол-жөнекей кезіккен адамдар оның өзін де, қолындағысының не кенін де байқап   үлгере алмады. Көше шаңын әр жер, әр жерден бұрқ-бұрқ дегізіп, лезде көлігі тұрған сарайға жетті.Келе дөңгелекті салды. Басқа жүйелерін тексерді. Содан соң қозғалтқышын іске қосты. Сол кезде барып  өзі тұратын   үйдің иелері оянды. Олар осындай аз ғана уақыттың ішінде көп іс тындырса да Батылға үйренгендіктен таңдана қоймады.  Батылдың жеңіл көлігімен бір жаққа жүргелі жиналғанын да сезген. Бұл олармен жылы амандасты да:

       - Мен қалаға кетіп барамын. Бірер сағатта қайта ораламын, - деп қана айтып үлгерді. 

       Көлігіне отырған бойда ауылдың кең көшесімен жүйткітіп ала жөнелді. Жол-жөнекей көргендер жеңіл көліктің  құрамалы, үш дөңгелекті, жылдам қозғалғыш екеніне таңдайларын қағысты. Ауыл адамдарының көше бойында кезіге қалса, тұра қалып, бір бірімен шүйіркелесе әңгімелесетін әдеті.  Жастары біразға келіп қалған ауыл қарттары кездескен бойда тұра-тұра қалып, Батыл жайлы әңгіме қоғап та үлгерген. Ал кейбіреулерінің өз жұмыстарымен әлек болып,  көше бойымен зулап кетіп бара жатқан бұл көлікті байқауға шамасы де келмеген. Көргендері өздерінде бір ойға да шомған. Ал Батыл ешкімге де, ештемеге де көңіл аударған жоқ. Көлігін жүйткітіп барады. Өз ісін, өз мақсатын біледі. Артық-ауыз сөзі жоқ. Сондықтан да ауыл адамдары оны негізінен сыйлайды. 

       Батыл көлігімен қалаға қарай кететін кең даңғылға түскен соң жебенің  ұшы тәрізді  үш дөңгелекті, үсті, қабырғалары қалың әрі қатты резеңке білеулермен қапталған жеңілкөлік жайдақ   жерде шаң көлік енді көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіді. Бірақ ол тек ауыл тұрғындарына ғана солай көрінетін. Ал Батыл  үшін орташа ғана жылдамдық. Батыл оң аяғымен көліктің от қосатын кішкене тақтасын баса түсті. Көлік соңынан жел   үргендей зымырап талай шақырымды кейінге тастады. Жол бойында жеңіл көліктерімен кетіп бара жатқандарға мұның жылдамдығы жел ескендей еді. «Гу!» деген дыбыс естіледі де, жандарынан бірдеме зу   етіп ағып өтіп, сонадай жерден бірдеме қарайып көрінеді де көзден ғайып болады. 

       Бұл кезде қанша баяу   десе де, жолаушылар көлігі де біршама жерге барып қалған-ды. Оған мінерін мініп алса да ішіндегі директор әйнектен сыртқа қарап, үлкен жиынға үлгере алмайтынын іштей сезіп, тыпыршып отырды. Оның   қырсаққанда бұл жолаушылар көлігі өзінің жүру  кесесі   уақытынан біршама уақытқа кешігіп келеді. Адам бір жаққа асыққанда көліктердің осылай табандап қалатыны бар. Директор көлік ійнегінен сыртқа қараумен болды. «Осы табандап қалған немеге мінбей-ақ жаңа Батылды неге кұтпедім?» деп өкінді іштей директор. Бірақ енді өкінгенде не өзгермек. Көліктен түсіп қалып, жол бойынан басқа жеңіл көлік тосқанда да енді қалаға жетіп үлгермек емес. Оған қоса даңғыл бойымен аққан жеңіл көліктердің иелері айдалада, жол бойында тұрған бөтен адамды ала бермепйді. Енді көлік әйнегіне басын сүйеп, екі көзін тарс жұмып, ойға батып отырғаннан бөлек шарасы жоқ. 

       Осылай отырғанда көпшілік көлігінің сол тұсынан «гу» деген дыбыс естілді. Дирктор көздерін ашып алып қарағанда даңғылдың алдыңғы жағынан қарайып бір жеңіл көлік  байқалды. «Бұлне көлік тағы да?» деп ойланып болғанынша ол көзден ғайып болды. Жұмсақ орындақтарында қалғып-мүлгіп отырған кейбір жолаушылар елең етіп, не нәрсенің зу  етіп өте шыққанын түсінбей бір бірімен әңгімелесе бастаған.

       - Жаңағы көз ілеспейтін жылдамдықпен зу   етіп өте шыққан неме неге ұқсайды өзі? – деп сұрады жасы егделеу  сақалды кісі жаныда  үнсіз отырған жас жігіттен

       - Үш дөңгелекті жеңі көлік, - деді жігіт, - үстінде бірнеше жолақ резеңке білеулер бар. Соны байқап  үлгердім. 

       - Өзінің не жеңіл көлік, не сайтан екенін көріп   үлгере алмайды екенсің, - деді сақалды кісі, - соншама жүйткіткені несі? «Көлігімді бір жерде аударып алымын-ау !» деп те ойлмайды екен, ол бәтшағарың!

       - Адам баласының осындай әдеті бар емес пе, жылдамдыққа қанықпайтын! – деп сөзге араласты осы кезде ойдан сергіп кеткен дриектор, - көлікке тек жылдамдық қосу! Көздеген жеріне тек жылдам жету!  Мына мен де асығыспын! Қалада болатын үлкен жиынға қатысуым керек еді. Мына кестелік  кешігіп келе жатқан жолаушылар көлігінің жүрісі өнетін емес! Не істерімді білмей отырмын енді!

       - Аға, жаңағы үш дөңгелекті жеңіл көлігімен жанымыздан ағып өткен өзіңіздің аула сыпырушыңыз Батыл емес пе екен? – деп қалды осы кезде кейінгі орындардың бірінде отырған бір жігі, - бізге беймәлім  үш дөңгелекті жеңіл көлігін жүұйткітуі соған  ұқсайды! Ауылымызда әзріге ондай жігіт те, ондай жеңіл көлік те болған емес қой!

       - Сол болса, сол болар! – деп дриектор күрсініп салды, - одан бәрін де күтуге болады.

       Ары қарай сөйлемей   үнсіз қалды. Батылдың «Жеңіл көлік құрастырып алдым» деген сөзі ойына түскен еді. Оның өзін іздеп кетіп бара жатқанын да түсінді іштей. Бірақ анандай жылдамдықпен жүйткітіп бара жатқан көлігіне мінгісі жоқ. «Тағы бір бәлеге душар болармыз» деп қоырқты директор. Осы жағын ойына түскен бойда дриектор тыныштала қалған. Ғажайып жеңіл көлігімен зулай өте шыққан Батылды көрмеген болып отыра бергісі келді. Одан да өгіз аяң жүрсе де мына жолаушылар көлігі қауіпсіз. Директор өзін өзі осылайша жұбатып, басын әйнекке қисайта тақап, екі көзін тарс жұмып отырды. Бірақ арада көп уақыт өтпей іштегі жолаушылар дабырласып кетті. Директор басын селт көтеріп алып, көздерін ашып, даңғылдың оң жағына қараса, жаңағы жандарынан алға қарай басып озып кеткен қоңызға немесе жебенің  ұшына   ұқсатын жеңіл көліктің үш дөңгелегі аспанға қарап жатыр. Оның тұсына көлік тоқтасымен іштегі жолаушылар шуласып кетті.

       -Өстіп те жын қуғандай жүргізеді екен-ау жеңіл көлікті!

       - Өзіне де обал жоқ!

       - Ұшыруы жаман еді, бәтшағардың!

       - Не ажал қуды екен, бейшараны!

       Жолаушылардың осындай сөздері көлік ішін шуға бөледі. Директор шыдамай отырған орнынан ширақ тұрып кетті. Жеңіл көліктің Батылдыкі екені енді Айдан анық  болды. Салон ортасымен тез-тез жүріп көлік жүргізушіге жетті де:

       - Алдыңғы есгіңізді ашыңыз! Ана аударылып жатқан жеңіл көліктің иесіне жедел дәрігерлік көмек керек! 

       - Мен онсыз да жүру  кестемнен кешігіп келемін! Жедел дәргерлік көмек беретін арнайы дәрігерлер тобын шақырып қойдым! Қазір келеді! Ал мен уақытымнан кешігіп тұрғаныммен оған ештеме де жасай алмаймын!Аударылып жатқан көлік ішіндегі жаралы адамды қозғауға хақым жоқ! Ол маман дәрігерлердің ісі! Осыны дұрыс түсініңіз!

       - Ой, осы заңшылдарыңыз-ай! Ашыңыз алдыңғы есігіңізді! Ол менің қарамағыда жұмыс жасайтын Батыл есімді жігіт! Мен түсейін!

       Көлікті жүргізуші алдандағы тақтадан есікті ашатын жүйені іске қосатын түймені оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Алдыңғы есік айқара ашылды. Ал іштегі жолушылар әлі де дабырласуда. Бірі: 

       - Ана аударылған көлікті жабылып дөңгелектеріне тұрғысақ қайтеді? – деп қалды еңгезердей денелі бір жігіт.

       Оған екінші бір жігіт:

       - Е, қой! Біз техниканың мамандары емеспіз! Қазір-ақ бәрі жетеді! Мына көлік онсыз  да өз уаөқытынан кешігіп келеді!

       Үшіншісі:

       - Өз обалы өзіне! Ешкім оған құйындай ақ деген жоқ. Жатсын солай дәрігерлер тобы мн техника мамандары келіп жеткенше! – деп дауыстады көлік жүргізуші жаққа қарап. 

       Директор олардың ешқайсысына құлақ асқан жоқ. Жолаушылар көлігінің айқара ашылған алдыңғы есігінен жерге жылдам түсті де, сәл кейін қарай жүрді. Төбе бойы қалың резеңке білеулермен қапталған көліктің үш дөңгелегі аспанға қарап тарбиып тым-тырыс жатыр. Ішіндегі Батыл да үнсіз. Оның не тірі, не һөлі екені де белгісіз. Осы кезде жолушылар көлігінің жүргізушісі бір мәрте дабыл берді де көлікті жүргізіп ала жөнелді. Директор айдалада, даңғылдың оң шетінде аударылып жатқан жеңіл көліктің жанында жалғыз қалды. Ештемеге қолы бармады. Жаңа ғана жолаушылар көлігінің жүргізушісі шақырған «Дәрігерлік жедел жәрдем» көлігі мен техника мамандарын күтті.Олар келмейінше көлікке қол тигізуге болмайды. Не істерін білмеген дриектор көлікті айналшақтап жүрумен болды. Осы кезде көлік сәл қозғалғандай болды. Директор селт етіп кейіншектей берді. Көлік тірі адамдай тағы қозғалып барып үш дөңгелегіне тұра қалды. Дирктор аң-таң күйде бір орнынада қалшиып тұрып қалған. Бірдеме дейін десе, жанында жан баласы жоқ. Содан тағы да кейіншектей берген. Осы кезде көліктің есігі ашылып, ішінен сап-сау  Батыл шықты. Сәл ғана жымиып қояды. Ал дриетордың түсінде түс жоқ.Бет-әлпеті ақ қағаздай бозарып тұр. 

       -Сіз... аманбысыз... Батыл? – деді дауысы сәл  дірілдей шығып. 

       - Көріп тұрғаныңыздай! – деді Батыл директорға сәл жымия қарап. 

       - Еш жеріңіз ауырған жоқ па?

       - Жоқ. Бәрі жақсы, Еш   уәйім етпеңіз. Көлік те бүлінген жоқ. 

       Директор әлі де сенбегендей Батылдың бет-жүзіне бажырая бір қарап алып, ештеме болмағандай даңғылдың оң шетінде тұрған үшү дөңгелекті жеңіл көлікті бір айналып көріп шықты. Расында да көліктің еш жері бүлінбепті. Тіпі, сәл майысқан жері де жоқ. Батыл анадай жерде екі қолын екі бүйіріне таяп, үнсіз қарап тұр. Директор Батылға да, жеңіл көлікке де ештеменің болмағанына көзін жеткізген соң қаладағы жиналсты ойлай бастады. 

       -Мен енді облыс орталығындағы үлкен жиыннан қалдым! – деді оң қолының білегіндегі элеткронды қолсағатына қарап алып, - енді бір сағаттан соң басталады. Енді оған үлгеру еш мүмкін емес!

       - Үлгеруге болады! – деді Батыл сенімді түрде. 

       - Қалай? Өткендегідей, қазіргідей аудармақсың ба, көлікті?

       - Ештеме де болмайды, аға. Отырыңыз!   Уақыт аз!

       Бірақ осы кезде жолаушылар көлігінің жүргізушісі шақырған «Дәрігерлік жедел көмек көлігі» де келіп жетті. Ішінен бірнеше дәрігер сыртқа тез шығып, екеуіне жақындады. Соның артынша техника мамандарының көлігі де келіп тоқтады. Директор ішінен тағы күйіп-пісті. 

       - Жедел келгендеріңізге мың алғыстымын! Бізде бәрі жақсы! Көлік те сау, мына Батыл да сау. Мен қаладағы үлкен жиынға асығып барамын. Кешірім өтінеміз! Сау болыңыздар! – деді дриектор аптығып.

       Келгендер аң-таң. Дәрігерлердің басшысы сонда да дриекторға жақындап, аман-сау, ешқандай дәрігерлік көмекті қажет етпейтіндері жөнінде қолхат алды. Техника мамандары да өздеріне қажетті қолхат жаздырды. Бұл олардың дриектордың жай-күйін түсінгені еді. Директор Батылға бұрылды да:

       - Жарайды, кеттік! – деді.

       -Көікке отырыңыз, - деді Батыл келгендерге жылыұшырай қарап.

       Екеуі келгендермен жылы қоштасып, көлікке отырды. Олар өздері бүрін-соңды көрмеген пошымы қоңызға   ұқсаған, үш дөңгелекті жеңіл көлікке қадала қарап тұрып қалды. Директор көлікке тез мініп алды. Оның кейінгі жағында екі жұмсақ орындығы бар екен.  Жақтауларының биіктігі бастан асады. Директор орындыққа отырған кезде бетіне бір мақталы көрпенің үстіне батқандай сезінді өзін. Төбе тұсына қарап еді, басына шақ келетін тағы бір жұмсақ бірдеме төніп тұр. Оның жеңіл көлік кездейсоқ аунап кеткенде адам басы қатты соғылып қалмауы   үшін жасалғанын бірден түсінді директор.Орындықтң жанында дәл осындай тағы бір ұяшық бар. Оған тағы бір адам отыра алады. Ал алдыңғы жақта, қақ ортада Батылдың өз орны. Батыл бәрін де тап бір зауыттан жаңа жасалынып шыққандай әдемі, ықшам етіп жасапты. 

       - Аға, белдікті тағып алыңыз, - деді сәлден соң кейін бұрылған Батыл. 

       - Жақсы, - деп, директор белдікті беліне орай сырт еткізіп бекітті. 

       Осы кезде алыстан қиқулаған дауыстар жетті құлақтарына. Олардың жол тәртібін реттеушілер тобы екенін бірден білді екеуі. Директор беліндегі белдіктің бекімесінің мықты екенін бір тексеріп шықты да:

       - Ал кеттік, Батыл! Уақытөтіп барады! – деді. 

       - Жақсы, мықты отырыңыз! – деді Батыл. 

       Үшкір тұмсықты жеңіл көліктің үш дөңгелегі  ұшқалы қозғалған әуе кемесі сияқты алға қарай қатты зымырай жқнелді. Директор көлік терезесінен айнала төңіректің бейне бір айналып-төңкеріліп бара жатқандай көрінісін көрген бетте екі көзін тарс жұмысп алды. Енді Батылға «Көлікті жай жүргіз» деп айтқанымен одан ештеме шықпайтынын түсінді директор іштей        . Батыл көлікке жылдамдық қоса берді. Алдарынан кезіккен бірнеше сары түсті жеңіл көліктерді елең қылмады да. Ол көліктердің төбелерінде күлгін түсті шамдары тынымсыз жыпылық қағып бара жатты. Батылға ол шамдардың түстері тек ақшылтым ғана болып көрінген. Кейін қала берген басқа көліктердің жүргізушілері сескеніп, дабылдаптып та қояды. Оны елең қылған Батыл жоқ. Жеңіл көлігіне жылдамдық қоса түседі,. Директор екі көзін тарс жұмса да, жол бойында өздеріне ескерту ретінде дабыл берген сары түсті көліктегілердәі әрекеттерін іштей түсініп отырды. Ләм-мим деген жоқ. Батылға «Көлікті баяулат» демеді де. Өздерін қуып жете алмай келе жатқан жол тәртібін қадағалаушылармен байланысқысы келмеді. 

       Олар бірінің артынан бірі шұбап, қыр асып кеткендей болған. Бірақ енді сәлден соң соңғы жақтарында жете алмай келе жатқан жеңіл көліктен қатты дабыл естілді. Батыл оған да көңіл аударған жоқ еді. Директор бұл жолы шындықты айтты. 

       - Ана соңымыздан қалмай қуып келе жатқандар жол тәртібін реттеушілер! Көлігіңе жылдамдық қоса бар! Оған қарсы емеспін! Тек кездейсоқ  аударылып қалмасақ болғаны! – деп ашқан көздерін қайта жұмды. 

       - Жақсы, түсіндім, аға! Бұл – қатерсіз сапар! Ал аналар бізді қуып жете алмайды!

       - Мына кең даладағы даңғыл бойыгнда жете алмаулары мүмкін. Бірақ қалаға кірген кезімізде ұстайды ғой бізді!  - деді директор көздерін қайта ашып алып, - сонда айыппұл салып жүрмесін!

       - Олар бізді қала ішінде де қуып жете алмайды! – деді Батыл алдындағы жолдан көздерін тайдырмай. – өйткені, әзірге дәл мен құрастырған мына жеңіл көліктей жылдам жүретін көлік жоқ!

       - Қайдам... – директор кейінгі жаққа көздерін сығырайта қарап қойды. 

       Шынында да өздерін қуып келе жатқандар көп алыста қалып қойған еді. Қалаға жақындап қалған. Ұзына бойы жатқан кең даңғыл бойында бұлардан басқа да көліктер шұбап жүріп жатты. 


Қаладағы  елес

              Уақыт өткен сайын соңдарынан қуып келе жатқан жол сақшыларының көліктері кейіндеп қала берген. Батыл жүргізген көлік үлкен қалаға кіріп те үлгерді. Қалаға кіреберістегі үлкен дарбазаның мағңдайшасынан Батыл: «Қош келдіңіздер!» деген үлкен айшықты жазуды оқыған. Директор болса көліктің екі терезесінен жан-жағына жиі-жиі қарап, көлікті қай көшенің бойымен жүргізу керектігін ажырата алмай отыр. Сәлден соң осы қалаға талай рет келіп-кетіп жүргендіктен көшелерінің жөн-жобасын шамалап есіне түсірді. Батылға бірде «Оңға», бірде «Солға» деп, оң қолының сұқ саусағымен жол көрсетумен болды. Қала ішінде жеңіл көліктің жүру жылдамдығы саябырсыды. Осы кезде директор да: «Аман-есен жеттік пе, жетпедік пе?» деп көңілін орнықтырғандай болып еді. Кенет көлік көше қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсті шамының жанып тұрғанына қарамастан көліктің зу етіп өте шыққанын көргенде жүрегі дір етті. 

       - Қызыл түсті шама жанып тұрғанда көшеден өтіге болмайды ғой! – деп қалды директор Батылға қадала қарап. 

       - Мен ешқандай да қызыл түсті шамды көрген жоқпын! – деді Батыл.

       - Көрмегені қалай?

       - Маған үш шамның біреу і қаралау, екіншісі одан ақтау, үшіншісі ақ болып қана көрінеді. 

       - Не дейсіз? – деп оанан сайын шошып кетті директор. – сонда сіз қызыл, сары, жасыл түстерді ажарыта алмайсыз ба?


       - Шамалы ажырата аламын! – деді Батыл намыстанып, - бәрін де көріп келемін! Енді қалай қарай жүруіміз керек?

       - Оңға қарай.

       - Ол жақта көптеген жол тәртібін реттеушелр жүр.

       - Ал сол жақтағы көшеге түссек ше?

       - Ол жақта да жол тәртібін реттешуілер бар. 

       - Оларға ұсталып қалып жүрмейік?! – деп санын бір соқты директор, - жаңағы бізді қуып жете алмағандар оларға бейнебайланыс жүйесі арқылы хабарлар үлгерген ғой шамасы. Мына жеңіл көлігіміздің түрін де, түсін де біледі олар. Енді қайттік?!

              - Сасатын ештеме жоқ, - деді директорға бұрыла қарап алған Батыл, - беліңізді бекем буынып отырыңыз. Қалғанын өзім білемін! Өзім жауап беремін оларға!

       - Қалай деп?

       Батыл жауап бермеді. Жауап беретіндей де халі жоқ еді. Алды, арты, сол жағы мен оң жағында толған жол тәртібін реттеушілер. Енді не істеуі керек? Батылдың көздеріне оң тұстан бір ашық жер байқалды. Батыл көлікті солай қарай бұрып жіберді де, сәл жүргенсоң солға қарай жүргізді. Сол кезде жеңіл көлік жол шетіндегі жар ернеуден асып, төмен қарай домалап ала жөнелді. Күтпеген құбылысты көрген жол тәртібін реттеушілер қатты абдырап қалған. Олардың көліктерінен шыққан дабыл дыбыстардан бүкіл қала тұрғындары мезі болғандай. Көлік ішіндегі директордың басы айналып, екі көзінің алды қарауытып кетті. Енді оның тіл қатуға да шамасы келмей қалған. Ішінен мына жарық дүниемен қоштаса да бастаған. Жоқ, көрер жарығы бар екен. Сәл есін жиып, екі көзін ашқанда, жеңіл көліктің ештеме болмағандай тегіс даңғыл бойымен зымырап кетіп бара жатқанын көрді. Батыл болса, басын кейін қарай бұрып, қайта-қайта: 

       - Көлікті енді қалай қарай жүргізейін, тезірек айтыңызшы? – деп отыр. 

       Директор басын тез көтеріп алды да:

              - Жиын болатын мекеме ғимаратаны тұсынан өтіп кетіппіз. Сәл кейін жүргізіңіз көлікті, - деді жай ғана.

       - Жақсы. 

       Даңғыл бойымен мынандай жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлікті кілт кейін бұры еш мүмкін емес еді. Бірақ Батыл көлікті кілт кейін бұрғандықтан ол тағы да домалап ала жөнелді. Директор да жұмсақ орындықта болса да тағы да есеңгіреп қалды. Бірақ соңдарында қуғыншылардың бары есіне түскенде, есін тез жиып алды. Сөйтіп, Батылға жиын өтетін ғимараттың көліктер тұратын алаңын көрсетті. Осылайша діттеген жерлеріне  келіп жетті. Директор сол қолының білегіндегі электронды сағатына қарағанда жиынның басталуына әлі он бес минут бар болып шықты.  Директор көліктен әзер түсті. Батыл болса жан-жағына алақтай қарап асығып тұр. Оның  ендігі ішкі мақсаты жол тәртібін реттеушілер келіп жеткенше, көлікті бір жерге жасырып   үлгеру. Директордан қайтар уақытын сұрап алды да, көлігіне отырып, алға қарай жылдам жүргізіп ала жөнелді. Сол төңіректе жүрген қала тұрғындары жылдам қозғалысына қарап, көлік емес, бейнебір елес көргендей болды сол мезетте. Қала көшелерінің жиектеріндегі жаяуларға арналған жолшалармен кетіп бара жатқан тұрғындар да жылдам ағып өткен неменің не екенін байқап та үлгере алмады. 

       Батыл кетісімен директор өзін ештеме болмағандай сергек ұстап, ғимаратқа кірген. Жиынға жиналғандар да аң-таң. Директордың аспаннан түскендей келе қалғанына сенер-сенбес күйде тұр.  Үлкен жиынға жиналғандар осылай бір-бірімен әңгімелесіп тұрғанда көше бойын шулатып, ашық қатты дабыстарымен жаңыртып бірнеше жол тәртібін реттешілер тобының  сары түсті жеңіл көліктері келіп жетті. Тоқтаған бойда олардан жол тәртібін реттеушер тобы түсіп, бұларға қарай асыға жүрді. Ауылдан келген директорды танығандықтан соған қарай бұрылды.

       - Кешіріңіз, жаңа бір  көлікпен келген сіз емес пе едіңіз?

       - Қандай көлікті айтып тұрсыздар?

       - Мейлінше жылдам жүйткитін, сырт пошымы Қоңызға ұқсаған, үш дөңгелекті  көлікпен?

              - Ия, мен. Жай сұрап тұрсыздар ма?

              - Ол көліктің жүргізушісі жолда жңіл көлікпен жүрі ережесін бұзды. Онымен қоймай жол бойындағы көптеген өзге жеңіл көліктер мен ондағылардың өмірлеріне қауіп төндірді. Көлігімізден арнайы дабыл бергенімізге қарамастан бізге жеткізбей кетті. 

       - Оны тоқтатқызбаған мына мен едім, - деді директор келгендерге қадала қарап тұрып, - мына үлкен жиынға кешегіп қалмауым үшін солай айттым. Оным үшін сіздерден үлкен кешірім өтінемін. 

       - ЖОлға неге ертерек шықпадыңыздар?

       - Көліктің бір дөңгелегінің желі шығып кетіпті.

       - Көпшілік көлігімен келмедіңіз бе?

       - Ол да өз уақытының кестесінен кешігіп келді. Сонда да оған мініп едім, жүрісі өнбеді.

       - Ал мына өзіңіз мініп келген жеңіл көлік қай елде жасалған?

       - Өзімнің ауылымда құрастырылған. 

       - Бұл қызық жаңалық екен. Оның  нөмірі бар  ма?

       - Бар болса, бар шығап. Ол жағына мән бермеппін.

       - Көлік трікелген бе?

       - Тіркеткіземін. Нөмір де алдырамын. Бәрін де жасаймыз, - деді директор сол қолының білегіне тағылған электронды сағытан көз салып қойып, - мен жиынға кріші едім...

       - Сізді ұстамаймыз. Әлгі көлік пен оның жүпргізушісі қайда?

       - Оны өзім де білмеймін. Осы қаланың ішінде болар. Басқа қайда кетеді. 

       - Мұнда қашан келеді?

       - Жиын біткен соң. 

       - ендеше, жақсы. Жиынға кіре беріңіз. Ол біткен кезде біз де қайта ораламыз. Сол кезде қалған мәселе жөінде сөйлесерміз. 

       - Не мәселе бар? Бәрін айттым ғой. Көлікті тіркетеміз, нөмір аламыз. Ол көлігімен көше көліктері апатын тудырған жоқ. 

       - Ол түсінікті. Дегенмен де көлікті көріп, оның жүргізушісімен жұзбе жұз сөйлессек пе деп едік. Сіздер ауылдан осы жерге жеткенге дейін көліктеріңіз екі рет аударылып, қайта аяқтарына тұрды. Өздеріңізге ештеме болған жоқ. Осының себептерін де анықтамақ ойдамыз. Шамасы, ол көліктің өзге көліктерден бір ерекшелігі бар болып тұр ғой.

       - Пәлендей ерекшелігі жоқ. Кәдмгі қолдан құрастырылған жеңіл көлік. Үш дөңгелекті. Жылдам жүреді. Оның несін көресіздер? Оны тіркетіп, нөмір алған кезде бәрі де анық болады емес пе? 

       Осы сөзден кейін жол тәртібін реттешулер тобының басшысы сәл ойланып қалды. Содан соң жағын барлай қарады да:

       - Жақсы, тіркелетін болсын. Нөмір алсын. Көлік жүргізушісінің тағы бір қателігі, ол қаладағы көше қиылыстарында  бағдаршамның қызыл түсті шамы жанған мезетте өтумен болған. Сонда қалай болғаны, жүргізуші бұл әрекетін әдейі жасаған ба, әлде ол бағдаршамның үш шамының түстерін бір бірінен ажырата алмаған ба?

       - Онысын сұрамаппын, - деді дриектор сағатына тағы да көз салып, -менімше, ол түрлі түстерді бір бірінен ажырата алады. Ол тек мен үшін асықты. Мені осы үлкен жиынға уақытында жеткізуге тырысты. 

       - Жақсы, түсінікті. Біз онымен жеке әңгімелесетін боламыз. Жиыныңызға бара беріңіз. Басталатын уақыты да болды. Уақытыңызды алғанымызға кешірім өтінеміз.

       - Оқасы жоқ, - деді директор ғимарат есігіне бір қарап қойып, - сіздер де мені кешіріңіздер. 

       Директор кейін бұрылып, жиын өтетін ғимараттың есігіне қарай жүрді.  Жол тәртібін реттеушілер өздіөзді көліктеріне мініп, дабылдатып, бірінен соң бірі шұбай өз бағыттарымен жөнеп берді. Ғимарат алды тып-тыныш күйге көшті. Үлкен жиын басталып кетті. Соның артынша ғимарат алдына дыбыссыз жылжып үш дөңгелекті жеңіл көлік келіп тоқтады. Батыл көлігін осыдан   үш   үй арыдағы шағын қалың бақтың ішіне тоқтатып, қозғалтқышын өшіріп, тып-тыныш қалған еді осы кезге дейін. Жол тәртібін реттеушілер кеткен бойда жеңіл көлігінің қозғалтқышын іске қоспастан жайымен итеріп осында әкелген. Ондағы ойы үлкен жиын біткен бойда директорды мінгізіп, елге қарай тартып ктепек еді.

       Жеңіл көліктің сырт пошымының Қоңызға ұқсайтыны, дөңгелегінің үшеу ғана  екені, сол маңда ойнап жүрген балалардың көңілдерін аударды. Олардың біразы көлікке жақындап келіп, оны жан-жағынан қызыға қарай бастаған. Батыл оларды көрсе де көлігінің ішінде ештемені білмеген адамдай тып-тыныш отыр. Көзілдірігін тағы алған. Көлікті айналып қарап жүрген балалар Батылдың иә адам, иә темір тұлға екенін ажырата алмады. Бұл да «Кім екенімді ажырата алмасын» дегендей қозғалыссыз. Балалар жаңа ғана Батылдың жеңіл көлігін итеріп жүргізіп келе жатқанын көрген. Енді қараса, тап бір бойындағы электр тогы біткен темір тұлға іспетті күйге көшкен. 

       Сордан бір кезде балалардың батылдау  бірі жақындап келіп, көліктің терезесін оң қолының жұдырығымен қойып кеп қалды. Батыл сонда да еш қозғалмады. Онысын көрген басқа балалар да келіп көліктің терезелерін жан-жақтан ұрғылай бастады жұдырықтарымен. Сол кезде барып Батыл селт қозғалып, көлік есігін ашып, сыртқа шықты. Одан қатты қорыққан балаллар жан-жаққа тым-тырағай қаша жөнелді. Біреулері көп қабатты тұрғын  үйлердің бірінің ауласындағы бейнбайланыс қорабына кіріп, әлдекімдерге бірдемелерді хабарлай бастады. Батыл оны көліктің сырт айнасын қьзғалту арқылы байқап, көзінің көру   аясы кең  әрі өткір болғандықтан баланың жол тәртібін реттеушілерді шақырып тұрғанын да аңғарды. Содан бұл лып қозғалып, бала хабарлап болғанша жасырынып үлгерді. Артынша дабыл берген бірнеше жеңіл көлік ғимарат жанына келіп жетті. Жол тәртібін реттеушілер ғимарат алдында дыбыссыз тұрған  Қоңызға  ұқсас, төбесі  резеңке білеулермен қапталған, үш дөңгелекті көлікке жақындады. 

       Іздеген қылмыскерлерін тапқандай бәрі көлікті қоршай берді. Көлік ішінде ешкім жоқ. Ал Батыл болса, өзі жасырынған жерден көлігін аралық байланыс құралы арқылы басқарып отырды. Жол тәртібін реттеушілер көлігінің есігін ашпаққа әрекеттене бергенде, Батыл оң қолының білегіне тағылған қолсағаттай құралының бетіндегі бір түймені сол қолының сұқ саусағымен сәл ғана нұқып қалды. Көлік қозғалтқышы гүр етті. Сол кезде аналар жылдам қозғалып, көліктің алдыңы, артқы, екі жағына тұра-тұра қалап, қолдарына тапаншаларын алды. Батыл келесі түйімені нұқыды. Көлік кейін қарай жүрді. Ол тұста тұрған жол тәртібін реттеушулер амалсыздан кейін шегіністі. Көліктің қандай да бір жерден аралық байланыс арқылы басқарылып тұрғанын бәрі де түсінді. Бір-біріне қарап, бастарын шайқасып та қойды. «Директордың айтқандары жалған болып шықты» деп ойлап үлгерді олардың басшысы. Бірақ ол ойын қалғандарға айтып, пікір таластырып тұратын уақыт жоқ еді енді. Бәрі жан-жақтан анталап, тап бір асау   Атты   ұстауға әрекеттенгендей күй кешті. Жеңіл көлік қалай қарай жүрсе, олар да солай қарай лап қоюмен болды. Батыл көп қабатты  тұрғын   үйлердің  жоғарғы қабаттарының бірінің дәлізінен бақылап, олардың бұл әрекеттерін қызықтап отырды.  Биіктен қарағанда өзінің көлігі де, оны қоршай жүгіріп жүрген жол тәртібін реттеушілер де тап бір жас балалардай болып көрінді Батылға. 

       Қарбалас біршама уақытқа созылды. Батыл көлікті әртүрлі бағытқа қозғап, жол тәртібін реттеушілерді жиын біткенге дейін осылай әурелей тұруды көздеді. Көлікті қоршаушылар да істі аяғына дейін жеткізуден   үміттерін   үзер емес. Көлікті қалай тоқтатып, оны арнайы көлік таситын көлікпен қажетті жерге алып кетудің жолын ойластырды. Олардың басшысы көлікті алыстан әлдекімнің әдейі осылай жүргізіп отырғанын түсінді.

       - Мұны осы маңда аралық байланыс құраылмен басқарып отырған жүргізушісі бар. Соны тауып, қолға түсіруіміз керек! Айналаны мұқият тексеріңдр! Қосымша күш шақырыңдар! – деді қатты тершіген маңдайың оң қолының қырымен сүртіп алып. 

       - Құп болады! – деді оның көмекшісі.

       Сның артынша адам күтпеген ғажап оқиға басталды.  Жол тәртібін реттеушілердің тағы бір тобы көліктерімен дабылдатып жетіп келді. Оларға қала көшелерімен әрі-бері өтіп жатқан жүргізушілер көоіктерімен келіп қосылды.  Ғимарат алды лезде жеңіл көліктер мен қызықтаған халыққа толды. Үш дөңгелекті көлік олардың ортасында қалды. Батылға енді аралық байланыс құралын сөндіруден өзге жол жоқ еді. Өйтпеген күнде  іздеушілер осы байланыс толқыны арқылы өзін оп-оңай тауып алмаөқ. Құралын сөнідірді де, тез келесі көп қабатты тұрғын   үйдің жоғарғы бір қабатындағы дәілзіне ауысты.  Ғимарат алдына жиналып гулеген халық іштегі үлкен жиынның тыныш өтуіне мүмкіндік бермеді. Жиналған адамдар бір бірімен қатты дабырласып сөйлесіп, бір-бірін итермелеп, ғажайып үш дөңгелекті жеңіл көлікті жақыннан көруге жанталасты. Сол кезде жиын да бітті. Іштен шыққандар ғимарат ауласына жиналып қалған ығы-жығы адамдарды көргенде қатты абдырап тұрып қалды. Мектеп директоры оң қолының алақанымен жүрек тұсіын баса ұстап, есінен тана жаздады. Мына дүйім халықтың арасынан енді  үш дөңгелекті түгілі, екі дөңгелекті көлікпен де қашып шыға алмайтынын түсінді. Оның  үстіне халық арасында жол т»әртібін реттеушілер де қаптап жүр. Ендеше, өзіне тағы да көптеген сұрақтар қойыылмақ. Директор осы жағын да ойлап үлгерді. Сол сәтте олардың басшысы өзіне қарай жақындай берген. Директор «Ендігі сұрақтарыңды Батылдың өзіне қойыңдар!» дегісі келгендей үш дөңгелекті көлікке қарай ұмтылды. Бірақ оның ішінде ешкімнің жоқ екенін көргенде тағы да абдырап тұрып қалды. Сол кезде көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарының бірінің дәлізінде мұны бақылап отырған Батыл оң қолының білегіндегі құралынан жеңіл көліктің есігін ашатын жүйені іске қосатын түймені нұқыды сол қолының сұқ саусағымен. Оны түсінген директор көлікке тез мініп  алды. Мұны байқаған жол тәртібін реттеушілердің басшысы көлікке қарай жүрді. Батыл тез қозғалып, көліктің есіктерін кілттейтін жүйені іске қосатын түймені нұқыды. Содан соң келесі түймелерді басу арқылы көлікті кейін қарай жүргізді. Ол қозғалған бетте жиналған дүйім жұрт екіге жарылып жол берді. Көпшілігі ненің не екенін түсіне алмай тұр. Кейбіреулері: «Алыстан құрал арқылы басқарылатын көлік  бүгінде жаңалық па?» деп, бұрылып, өз жөндерімен кетіп  жатты. Батыл аралық байланысты   үзбей көлікті кейіншектете берді.  Жол тәртібін реттеушілер тобы жүргізушісіз қозғалған көлікке ештеме жасай алмаған соң оны алыстан жасырын түрде басқарып отырған адамды табудың әрекетіне көшті. Сол кезде Батыл көліктің өзі мінетін алдыңғы сол жағындағы есігінің кілтін аралық байланыс жүйесі арқылы ашты да, оны сөндіріп, көлікке қарай асықты.  Бұл кезде жол тәртібін реттеушілер тобы байланыс нүктесін тауып, осылай қарай  ұмтылған. Батыл үйге кіреберістің көлеңкелеу жерінде  үнсіз тұрып, әлгілер лек-легімен кірген бетте сыртқа қарай тез қозғалып, көз ілеспес жылдамдықпен көлігіне жетіп, кілті ашық есігі арқылы мініп, оны даңғылға түсіріп, жүйткітіп ала жөнелді. Сол маңда жүргендер жеңіл көлікке әлдекімнің қараң беріп мінгенін ғана байқап үлгерді. Көлікті байқаған жол тәртібін реттеушілер тобы көліктеріне тез-тез мініп, соңынан қуып ала жөнелді. Тарамаған адамдар әлі де ненің не екенін толық түсіне алмай, бір-біріне иек қаға қарап, әлденелерді айтып тұр. Енді біреулері бастарын шайқап-шайқап, өз жұмыстарымен кеткен.  Артынша жаңа ғана у-шуға бөленген ғимарат алды ештеме болмағандай тып-тыныш.  Жиынды басқарып, кеш шыққандардың кейбіреулері не оқиға болып өткенінінен бейхабар күйде өз бағыттарымен кетіп жатты.

       Батыл көлігіне бар жылдамдықты беріп келеді. Соңынан қуғандардың жеңіл көліктері белгілі бір жылдамдықтан асып жүйтки алмайтындықтан бірте-бірте кейіндеп, алыстап қала берген. Директор терең сезімде. Қорқынышты сезбейтін де сияқты. Енді көлік бір емес, бірнеше рет аударылып қайта қалпына түссе де сескенер емес. Ең бастысы – соңынан қуғандарға жеткізбеу. Көңілі орнықты. Ұстаздар жиынына  қатысты. Мінберден сөз де сөйледі. Ұсыныстарын қабылдатты.  Батылдың осы ерен әрекеттеріне іштей сүйсініп, екі көзін трас жұмып отыр. Батылдың алдындағы тақтадағы құрал көліктің сағатына төрт шақырымды алып келе жатқанын көрсетіп тұр. Шамалыдан соң қарсы алдарынан менмұндалап ауыл да көздеріне шалынды.


                                               Жаңа  қоныс


Облыс орталығында өткен мұғалімдер жиынына аман-есен барып келген соң директор күнделікті қызметіне кірісіп кеткен. Батыл да сол өзінің аула сыпырушылық  жұмыстарын жалғастырған. Осылай тып-тыныш жүрсе де, ауыл адамдарының арасында: «Не дейсің, Батыл түрі Қоңызға ұқсаған, үш дөңгелекті, жүрсе ешбір жеңіл көлік қуып жете алмайтын бір ғажайып көлік құрастырып алыпты. Мектеп директоры Батылдың жүргізуімен сол көлікпен облыс орталығында өткен мұғалімдер жиынына қатысып, сөз сөйлеп, ұсыныс айтып қайтыпты. Жол-жөнекей  көлік екі рет аударылып, дөңгелектеріне тұрса да, екеуіне ештеме болмапты», «Жол бойында оны көрген жол тәртібін реттеушелр тобы қуып жете елмапты» деген сөздер  желдей есті. Бұл оқиға шын болып өтсе де, кейбіреулер оған сенді, енді біреулері сенбеді. Ал Қалыбек бастаған топ болса да, Батылдың ерекше қабілетін теріске шығаруға тырысты. Қалыбек рет келген жерде Батылды жамандуға, беделін түсіруге әрекет жасайды. Елдегі Батылға риза болған адамдар оның осындай ерекше қабілеттерін паш етсе, бұлар оның көлікке бөлшектерді қалай алғанын, оны жасырын жерде құрастырғанын айтып, жаман қырынан көрсеткілері келеді. 

       Ауыл адамдарының арасында Батылдың атына қандай сөздер айтылса да, мектеп директоры оны ең сенімді серігі ретінде сыйлайды. Қаладан келген бойда көлікті жол тәртібін реттеушілердің мекемесіне тіркетті, бұдан бұрын жолда аударылып түгелдей жанып кеткен көлігінің нөмірін алды Содан бастап бұл ғажайып көлік заңды көлікке айналды. Мектеп жанындағы арнайы көліктер тұрағында тұратын болды. Батыл мектеп ауласын сыпырушы жұмысынан босатылып, дриектордың көлік жүргізушісі болып қабылданды. Ауыл тұрғындары да енді Батылға бұрынғыдай емес, ер-азамат ретінде құрметпен қарай бастаған. 

       Осы күндердің бірінде мектеп директоры Батылды бөлмесіне шақырып алып, осыдан біраз уақыт бұрын әңгіме болған нәрсені қайта қозғады. Батылға жылы жүзін бұра отырып:

       - Сіз енді ауылымыздың білдей бір ер-азаматы болып қалыптастыңыз! – деді жай ғана сөйлеп, - тек ауылымыз емес, есіміңіз бүкіл облысымыздың жұртшылығына мәшһүр енді. Ал менің шақырғандағы айтайын дегенім, бұдан біраз   уақыт бұрын әңгіме еткен шаңырақ мәселесін шешу. Енді сізге біреудің жаздық   үйінде тұра беру  жараспас. Сондықтан мен мынандай шешімге келіп отырмын. Сізге бір тұрғын   үй тұрғызуға жететін материалдар алдырамын.  Сол материалдардан қалаған жеріңізге үй  салып алыңыз. Көмекшілер беремін. Осы   ұсынысыма қалай қарайсыз?

       - Оған еш қарсылығым жоқ, - деді Батыл көңілденіп, - мұндай ой өзімде о бастан бар еді. Текі соны сізге ашып айта алмай жүр едім.

       - Ендеше, үйіңіздің сызбасын жасай беруіңізге болады. Біреудің   үйі өз баспанаңыздай бола ма? Өзіңіз білдей ер-азаматсыз. Ертеңгі күні бір басыңыз екеу болады...

       - Бұл ақылыңызға мол алғыстымын! – деді Батыл үлкен терезеден көрінген ауыл шетіндегі жазыщща көздерін салып қойып.

       - Сонда сіз ауылдың қай жеріне үй салуды қалайсыз?

       - Маған ауылдың мына   үлкен терезеден анық көрініп тұрған  күншығыс жағы жетеді. 

       - Бұл жоспарыңыз ұнамды екен, - деді директор да көңілденіп, отырған жұмсақ орындығының биік  жақтауына қарай сәл шалқая түсіп, - енді іске  кірісе берсеңіз болады. Көмекке неше адам берейін?

       - Маған ешқандай көмекшілердің керегі жоқ.

       - Керегі жоғы қалай? – деп директор елең ете түсті. 

       - Бір өзім-ақ  тұрғызамын ол   үйімді. 

       - Бұл сөзің маған түсініксіздеу екен, - деді директор шалқайған бойын жинап алып, - сездің техникаға өте бейім әрі шебер екеніңізді жақсы білемін. Оныңызды күллі ауыл тұрғындары да, облыс тұрғындары да жақсы біледі. Ал бұл құрылыс қой?

      - Құрылыстан да хабарым бар, аға.

       - Онда, жақсы. Дегенмен, көмекке бір-екі адамды жіберемін. Олар қанша дегенмен де құрылыс мамандары ғой. Анау-мынау  жерлеріне ақыл-кеңес береді.

       - Жарайды, аға. Оған қарсы емеспін.

       - Тек енді   уақыттан  ұтылмау керек. Күз де болып қалды. Енді бірер айдан соң қылышын сүйретіп қыс та келеді. Қимылдау керек.

       - Мен бәрін түсіндім, - деді Батыл отырған орындығынан тұруға ыңай беріп, - құрылыс материалы жеткізілсе, арғы жағын өзім тездетемін. 

       - Жақсы.

       Директор басын жай ғана шұлғып, үстелі   үстіндегі бейнетелефон құралын іске қосты да, аудан орталығындағы құрылыс ісімен айналысатын мекеменің басшысымен жүздесіп сөйлесті. Бет-әлпеті бейнетелефон экранынан анық  көрініп тұрған жас жігіт директордың айтақан өтініштеріне жиі-жиі бас изеумен болды. Мәселені толық шешкен соң   директор бейнетелефон құралын сөндірді де:

       - Құрылыс материалының мәселесі шешілді. Енді үй салатын жерді белгілеп, нақты өлшемдерін шығара беріңіз. Бірер сағаттан соң-ақ үй құрылысына қажетті материалдар арнайы жүк көліктерімен жеткізіледі. Мен қазір соңыңыздан екі көмекші құрылысшыны жіберемін. 

       - Мұндай ақ ниетіңізге шексіз алғыстымын!

       Батыл осыны айтып, орнынан ширеқ тұрып, мектеп дәлізіне шықты.  Дәліз бойында бірнеше жерде қатарынан бірнеше кезекші оқушылар тұр. Ал бұл кезде үзіліс болғандықтан оқушылардың көбі мектеп ауласына шыққан.  Батыл қатар тұрған кезекші оқушыларға сәлем беріп өтіп, әдеттегісінше Еңлікгүл сабақ беретін сыныпқа қарай бұрылды. Мұғалима қыз да үзіліс кезінде сыныпта жалғыз отыр еді. Батылды көрген бойда отырған орындығынан ширақ тұрып, жылы амандасты. Екеуі бір бірін көптен көрмеген адамдардай шүйіркелесе әңгімелесті. Мұндайда уақыт шіркін тез өткендей болады.  Он минут он сеундтай болмай қоңырау  қайта соғылды. Мектеп дәліздері қабырғаларындағы уақыт таблоларындағы цифрлар жыпылықтап жөнелді. Батыл мен Еңлікгүл «Қалған әңгімені кейінге қалдырайық» дегендей, бір бірімен көзбен қоштасып, бір бірінен алыстай берді. Бұл кезде балалар сыныпқа шулай кірген. Мектеп дәліздерін де, ауласын да әп-сәтте тыныштық  басты. Батыл көше шаңын бұрқ-бұрқ еткізіп, өзі таңдаған жерге жетті. Жерді тездетіп өлшеді, қолындағы ақ қағазға қаламмен үйдің жобасын сызып та үлгерді. Артынша мектеп директоры жіберген екі құрылысшы келіп, Батылдың таңдаған жерін көрді, сызбасымен танысты.  Үй тұрғызылатын жерді нақты өлшеп, кір-қоқыстан тазартты.  Сол кезде жер қазатын экскаватор да көзге шалынды. Ол келген бойда екі құрылысшы оның жүргізушісіне қай жерді қазу керектігін көрсетті. Экскаватор үйдің іргетасын қазып болғанда аудан орталығынан құрылыс материалдарын артқан бірнеше жүк көлігі де келіп тоқтады. Ауданнан көмекке екі темір тұлғаны да жіберген екен. Олар тірі адамдардан да жылдам қозғалып, аз ғана уақыттың ішінде көп іс тындырды. 

       Кеш түсе жұмысшылар да, ауданнан келгендер де демалуға кетті. Батыл ғана қалған. Ол қараңғыланғандай болған айнала-төңірекке бұрыла  қарап алды. Бұл қараңғылық Батылдың өткір көздеріне Күн жаңа ғана батқан мезгілдегідей көрінеді. Сондықтан да ол қолындағы ақ қағаздағы   үй сызбасына мұқият қарап алды. Ауданнан әкелінген үй материалдары құрамалы еді. Жылдам қозғалған адамға оны тұрғызу  көп   уақыталмайды. Батыл осыған қуанды іштей. Айналада тыныштық орнаған бойда іске кірісіп те кетті.  Батылдың жылдам қозғалысын ауыл адамдары байқап   үлгере алмайтын. Оның не істеп, не қойып жатқанын кез келген адам ажыратпақ емес. Мектеп директоры Айдос Пернебекұлы «Өзім көмекке жіберген жұмысшылар мен ауданнан келгендер демалуға кеткен соң Батыл да уақытша тұрған үйіне оралған болар?» деген оймен тынышталған. Бірақ Батыл түнгі тыныштық пен оңашалығын, антигравитациялық жамылғы, қолғаптарын пайдаланып, құрамалы материалдардан таң қылаң бергенге дейін-ақ  үй тұрғызып үлгерді. Бұл ісіне өзі уақытша тұрған жазғы үй мен осы ауылдағы басқа да үйлердің құрылымдары   үлгі болған. 

       Ал бұл әрекеттен түн мезгілінде тып-тыныш   ұйқтаған құрылысшылар да, ауданнан келгендер де мүлдем бейхабар еді. Олар түнгі  ұйқыларын қандырып тұрып, таңғы астарын асықпай ішіп, Күн шығыс көкжиектен көтерілген кезде ауыл сыртына қарай аяңдаған. Кенет бәрі де күтпеген көрініске тап болды. Оның не ертегі, не шын екенін қапелімде ешқайсысы   сана жеткізе алмады. Құрама материалдардан үй әлдеқашан тұрғызылған. Батыл енді оның есік –терезелерін жылдам қозғалып орнатып   жүр. «Бұл қалай болғаны?» деген ой келді екі жұмысшының біріне. Тек бұлар емес, таң мезгілінде малдарын өріске қарай айдап шығарған ауыл тұрғындарыны да әр жер, әр жерде аңырып қарап тұрып қалған. Батыл ешкімге де көңіл аударған жоқ. Жұмысын жалғастыра берген. Үй өзіне керек. Бұл абыр-дабырды естіп, бір түн ішінде тұра қалған ғажайып үйді көрген мектеп директоры да осылай қарай жүрген. Дайын  үйге таң-тамаша болып, бірде жүріп, бірде кідірумен болды директор. Бұл жақындаған мезетте ауылдың көптеген тұрғындары да жиналып қалды үй маңына. Әншейінде түнгі   ұйқысынан әрең оянып, төсегінен әрең тұратын Қалыбек те келе қалыпты. Оның бар ішкі мақсаты Еңлікгүлді бір көріп қалу, онымен тіллдесіп үлгеру. Алмынандай жаңалыққа Еңлікгүлдің жаны құмар екенін Қалыбек жақсы біледі. Достары да осында келіп   үлгерген. Келгендердің бәрі де бір түн  ішінде пайда бола қалған тұрғын үйден тап бір ертегідегәдей әсерде. Директор Батылдың қай істі де өте жылдам орындайтынын жақсы білсе де, ішінен: « Батылға өзім жіберген екі жұмысшы түніменкөмектеспеді ме екен?» деген дүдәмал ойға келіп, оларға қарай бұрылған. 

       - Мына   үйдің бір түн ішінде тұрғызылуцына сіздер көмектесіп пе едіңіздер?

       - Біз кеше бұл   үйдің тек іргетасын қаласуға көмектескенбіз, - деді екі құрылысшының Базарбек есімдісі директордың салқын сұрағына кібіртіктей жауап беріп. 

       - Бәсе, өзім де солай ойлап едім, - деді директор  көздерін қозғай шолып өтіп, - бәрі түсінікті болды.

         -Үйдің құрастырылуында еш мін жоқ, - деді директорға ілесе   үйді айнала жүріп көрген құрылысшылардың екіншісі Ғазілбек. 

       - Қалай дегенде де, бір түн ішінде, санаулы   уақыт аралығында осындай  үйді құрап түрғызып  үлгеру  деген.... – құрылышылардың біріншісі Базарбек басын шайқап қойды. 

       - Біз бұл үйді бір аптаның ішінде тұрғызамыз деп жүрсек... – деп, Ғазілбек  дриекторға бір қарап алды.

       Директор екі қолын арқа белінің тұсына біріктіре   ұстап, үйді тағы бір айналып көліп шықты. Содан соң манадан бері тап бір түнде ұрлық жасаған адамдай болып шеттеу жерде   үнсіз тұрған Батылға жақындады. 

       - Батыл, шыныңызды айтыңызшы, мына  үйді бір түнде бір өзіңіз тұрғыздыңыз ба, жоқ әлде сізге біз білмейтін бір құпия жандар көмектесті ме? – деп жымия қарады содан соң оған. 

       - Бір өзім, - деді Батыл  үйіне көздерін тастап алып. 

             - Өте жылдам қозғалатыныңыз түсінікті, ал түн қараңғысында  үйді қалай түзу қаладыңыз? – деп қалды ауданнан келгендердің ббірі Ақан есімді кісі. 

       - Маған мұндағы түн қараңғысы еш кедергі емес. 

       - Таңданарлық  екен, - деді ауданнан келген Байтас есімді екінші кісі. – біздің құрылысшылар болса, түн қараңғысында бұл үйді дәл осылай түп-түзу етіп тұрғыза алмас еді.

       - Ой, таңғалатын не бар мұнда? – деді осы кезде манадан  үйді үнсіз қарап жүрген Қалыбек сөзге араласып, - мұндай құрама материалдары дайын үйді бір түн ішінде мен де тұрғызып бере аламын. 

       - Солай ма!? – деп директор мырс етті, - онда саған бір түн ішінде осындай бір үйді салдыру   керек екен ғой!

       - Бірақ мен ондай еңбегім   мол ақша талап етемін! Ол жағын  ұмытпаңыздар! – деп, Қалыбек екі қолын екі бүйіріне таяды.

       Тұрғандар ду  күлісті. Директор сәл ғана езу тартты да, өзінің көпшілік арасында ұзақ тұрып қалғанын іштей сезініп, шетке қарай жайымен ығысып шыға берді. Батыл оның соңынан ерді. Екі құрылысшы мен ауданнан келген кісілер үйдің анау-мынау  жерлерін толықтыруға кірісіп кетті. Жұрт тарай бастады. Қалыбек те күткен Еңлікгүлі келмеген соң еңсесі түсіп, достарымен бірге ауылға қарай беттеген. Директор біраз жер жүрген осң Батылға табыстар тілеп, мектептегі бөлмесіне жетуге асықты. Оның келуін күтіп жүрген мұғалімдер мен ата-аналар жеткілікті еді. Батыл тұратын үйдің бір апта емес, бір түннің ішінде тұрғызылғанына директор іштей өте қуанышты. Қоштасарда Батылға көп көзіне жиі түсе бермеуін, жақтырмайтын топтардың бар екенін ескерткен. Өзін кімдердің сырттай аңдып жүргенін Батыл да жақсы біледі. Директорға алғысын айтып, жаңа  үйіне қайта келген. 

       Бұл кезде құрылысшылар мен аудан орталығынан келгендерәдеттегіден ширақ қозғалып жатқан еді. Батылдың мына ісінен   ұялған да сияқты олар.Үйдің анау-мынау сылақтарын да тездетті. Директор түске қарай тағы бірнеше құрылысшыларды жіберген. Түс ауа Батылдың тұрғын үйі толық дайын болды. Батыл көліктер тұрағының меңгерушісі Зәкарияға тартты. Ондағы мақсаты одан анау-мынау заттарын уақытша тұрған жаздық үйінен жаңа  үйіне көшіруге жүк көлігін сұрау еді. Ал зәкарияның көңіл-күйі жоқ еді. Қалыбек бастаған топ оның өткенде Батылға жеңіл көлік бөлшектерін беріп жібергені жөнінде жағымсыз сөздер таратқан болатын ел арасында. Содан Закәрия аудан орталығына бірнеше рет сұраққа барған. Бірақ  жауапқа тартылған жоқ. Жеңіл көліктердің қажетсіз бөлшектері дәлелденіп, толық ақталған. Батыл оның ісіне араласа алмаса да, оған сырттай тілектес болып жүрді. Содан бері екеуі туыстардай жақындасып та кеткен. Бұл топқа дриектор да қосылған. Директор мен Закәрияның арасы болса да о бастан жақсы.Бір бірін ыммен түсінеді. 

       Батыл жеңіл көлік тұрағындағы қоймаға жақындасымен-ақ  Закәрия алдынан шығып, құшағын жая қарсы алды. Екеуі бір бірін көптен көрмеген адамдардай құшақ айқастырып, арқа қағысып тұрып та қалды. Содан соң екеуі қойма ішіне кіріп, Батыл мән-жайды түсіндірді оған. Закәрия артық сөзге келместен тұрақта тұрған жүкті арнайы манипуляторларымен өзі артып, өзі түсіретін бесаспап жүк көлігін берді. Батыл алғысын жаудырып, көлікке отырып, уақытша тұрған жаздық үйіне келді. Директордың айтқанын есінен шығармай, барлық істі техниканың көмегімен атқарды. Соның өзінде де ол тұрған үйге таман жиналып: «Батыл қалай көшер екен? Жүктерін көлікке қалай тез артар екен?» деген ойман қадағалап тұрғандар аз  болған жоқ. 

       Батыл ештеме жасаған жоқ. Бесаспап жүк көлігін іске қосып, өзі анадай жерде келген жұртпен бірге бақылап тұрды. Көліктің епті манипуляторлары жылдам қозғалып, оның заттарын, ауыр деген жүктерін лезде көліке артып берді. Батыл келгендермен жылы қоштасып, жүк көлігіне отырып, жаңа қонысына қарай тартты. Батыл ауыл тұрғындары үшін ерекше жан болғандықтан жол бойында да ересектер мен балалар қызықтап қараумен кейінде қала берді. Бір ерекшелігі, ауыл тұрғындары Батылдың небір ерекше әрекеттерін көріп-біліп жүрсе де аудан орталығына, облыс орталығына қарай сөз етіп таратқан емес. 

       Одан да Батылдың осындай ерекшеліктерін өздерінің кейбір қолдарынан келе бермейтін істеріне пайдалануды жөн санаған. Бүгінде Батылға жас балалар да бауыр басып алған. Оның  жылдам қозғалыстарын қызықтайды. Кейбір жақсы әдеттерінен үлгі алады. Бүгін бәрі Батылдың жаңа қонысына көшу әрекетін бақылап жүр. Батылдың зат дейтіндей заттары да жоқ. Сонда да «Кедей болсаң, көшіп көр» дегендей, анау-мынау  заттары мен жүктері бір көлікке толды. Жазғы үйде жалғыз тұрса да, мектепке аула сыпырушы болып орналасып, айлық алғаннан кейін-ақ үйіне көрпе-төсек,  диван, үстел, орындықтар, телерадиоқабылдағыш, ас ішетін ыдыс-аяқ, тағы басқа да майда-шүйде заттары осы  уақыттың ішінде  жиналған. Тірі адам болған соң күн санап қажеттілік осылай  туындай берсе керек. Соңғы кездері ол  заттары өзі тұрған бір бөлмелі үйінің ішіне сыймауға да айналған. Енді ол заттарының өзі бір түн ішінде тұрғызып алған көп бөлмелі үйіне аз болып та қалмақ. 

       Батыл жүк көлігін ауылдың үлкен көшесінің бойымен дөңгелектерінен шаң көтерде жүргізіп отырып, ауыл шетіндегі өзінің үйінің алдына тоқтатты. Ол жерде мектеп директоры Айдос Пернебекұлының айтуымен келген  үш жұмысшы Батылдың келуін күтіп тұрған еді. Олар  жүк көлігіндегі манипуляторлардың қозғлыстарына қарап қалмай, анау-мынау  жұмыстарды тездетіп атқара берді. Жаңа қонысқа келген адамды осылай қарсы алып, оған құрмет пен көмек көресту  қазақ баласына тән дәстүр іспетті еді. Батыл да енді алғашқыдағыдай тау кезіп күелтіп жүрген жан емес. Ауылдағы білім ордасы – қазақ орта мектебі директорының білдей көлік  жүргізушісі. Онда да өз қолымен құрастырып алған ғажайып үш дөңгелекті жеңіл көліктің. «Әркім сыйлағанының құлы» дейтін тамаша мақал бар . Директор да өзінің қызмет дәрежесіне қарамай, Батыл десе, ішер асын жерге қоятын болған. Өзі де Батылға көмектеспек еді, басшы болғандықтан әрбір минут сайын іздеушілер шығады. 

       Батылдың жеке   үйі бес бөлмелі. Кіреберісі мен дәліздері өте кең. Ең   үлкен бөлмесінің терезесінен табиғат көріністері – тау  сілемдері, суы арқырай аққан өзен, ағаштар, қысқасы, күллі тірішілік көріністері алақандағыдай анық көзге шалынады. Батыл үйін тұрғызарда осы ерекшеліктердің бәрін ескерген. Батылды қинайтыны, сол көріністерді түрлі түсті қалпында көре алмайтыны. Батылдың көздерінің бұл кемшіліктерін көп адам біле бермейді. Өзі де білдірмеуге тырысады. Келген жұмысшылар Батылға тездетіп көмектесіп, басқа да жопарларының бар екені ескертіп қайтып кетті. Артынша директор қайта келіп, үйдің і ішін көріп, Батылды шын ниетімен құттықтады. Өз тарапынан әлі де  жетпей жатқан жерлерін толықтыруға қолұшын беретінін айтты директор. Батыл ол ниетіне де ризашылығын білдірді. Жалпы, Батылдың осындай   үлкен  үйге ие болуы мектеп директоры Айдос Пернебекұлынының арқасы екенін ауыл тұрғындары жақсы біледі. Бұл адами қарым-қатынстарын неше саққа жүгірткендер де болмай қалған жоқ. Бірақ  ондай қысыр сөздерді екеуі де елеген емес. Батыл өз тірішігімен, директор өз қызметімен әлек. Директор Батылдың бұл қадамына мол ризашылығын білдіріп, барақыл-кеңесін айтып, мектепке оралды. Батыл демалмастан үй ішін жинастыруын одан әрі қарай жалғастырды. Батылдың осы жаңа қонысқа көшуі күллі ауыл тұрғындарына ерекше жаңалық болып тарады.


                                                     Күшейген  қызғаныш 


       Батылдың бес бөлмелі үй тұрғызып, оған көшуі ауылдың барлық тұрғындарын қуантпады. Солардың бірі Қалыбек еді. Ол Батылдың аты шыққан сайын, ел ішінде беделі артқан сайын күйіне түскен. Оның ендігі басты мақсаты Батылддан қандай да бір кемшілік тауып кесіту, оған күнә тағу  болды. Соны жүзеге асырудың жолын іздеді. Еңлікгүлдің ауыл шетіндегі ол  үйге оңаша барып қалмауын қатты қадағалады. Күн сайын кешкілікте сол маңға бір рет барып қайтуды әдетке айналдырды. Онан басқа жасар жұмысы да жоқ. Қалыбектің   жұмыссыз жүргені, онысымен қоймай, ауылдың бірнеше жігіттерін өзіне ертіп алғаны ауыл тұрғындарының ешқайсысына ұнаған емес. Қалыбек оны білсе де ешқандай оң нәтиже шығармай келеді. Үлкен кісілердің өздері де оған ақыл-кеңес айтудан қалған. Айтса, өзіне тиісе кетеді. Өзінен  үлкендерге сөйлегенде «Ей», «Сен» деген дөрекі сөздерін қолданады. Сонысынан жирекнген кейбір достары бүгінде одан алыстай да бастаған. Парымбет те жоламауға тырысады оған. Өзі туралы «Жеңіл көліктердің бөлшектерін жасырып сатқан» деген жалған сөз таратқан Қалыбекті Закәрияның да көргісі келмейді. 

       Қалыбектің жанынан осылайша күн өткен сайын, ай өткен сайын бір адам қашықтай берген. Тек Мұратхан ғана кете алар емес. Қалыбек оны әбден қорқытып алған. Екеуі үнемі бірге жүреді. Мұратхан да соңғы кездері жұмысты қойған. Жұмыс істемегеннің рахатын, жеңілдігін сезіне берген. Екеуі де күні бойы  үйлерінде көлеңкелеп   ұйқтап алады да, кеш болысымен көшеге шығады. Ауылдың орталық кинотеатрын, бақтары мен алаңдарын, Батылдың жаңа  үйінің төңірегін торуылдайды екеуі. Ал Еңлікгүл ол маңға жалғыз барған емес. Қалыбек сонда да оған сенбейді. Еңлікгүл жоқ би алаңдарында қыздарға өзінше қыр көрсетіп, өзіне қыздардың құмарлықтарын танытқандай болып би билейді. Мұратхан екеуі кейде өздерін сыйлайтын ауыл қыздарына билет алып, киноға тегін кіргізеді. Ал ертеңіне ол қыздардың біреуіне де жақындамайды. Еңлікгіүлдің көзіне түсіп қалмауға тырысады.

       Ал Еңлікгүл Қалыбек жөнінде көп ойлаған емес. Ол өзінің  ұстаздық   жұмысымен әлек. Таңалагеуімнен әкесі мен анасына таңғы астарын пісіріп береді, шай қояды, одан мектепке барып сабағын өткізеді, қайта келген соң тағы да әке-анасына қолғабыс тигізеді. Тек кейде кеште құрбысы Бәтима екеуі кешкілікте серуен құрады. Мектептегі үзіліс кездерінде Батылға жолығып қалады. Ол қаншылықты бөтен болса да өзінің өте қарапаймдылығымен, парасаттылығымен, ісіне адалдығымен, білімділігімен ұнайды Еңлікгүлге. Сонысы үшін сыйлайды оны. Аяныштысы, Батылдың көдерінің түс атаулыны бір бірінен ажыратып көре алмайтыны. Ал Қалыбектің мінез-құлқы мен қабілеті оған керісінше. Еңлікгүл оны онша қаламайды. Кездесіп қалғанда да оның жанынан тезірек кетуге тырысады. Ал онысын түсініп   жүрген Қалыбек жоқ. Түсінгісі де келмейді.

       Сол өзіне ғашықтығының салдарынан ана жазықсыз Батылға нешетүрлі қастандық әрекеттерін жасап жүр. Еңлікгүл оны сезіп те, көріп те келеді. Қалыбек  мылтығының оғымен Батылдың жалпақ тас   үстінде жатқан ғажайып қара түсті көзілдірігін тас-талқан қылды.  Көден ғаріп етті. Батылдың еңсесі сонда да түскен жоқ. Ауыл тұрғындарына беделді. Қалыбек оған қанша рет қастандық әрекетін жасаса да, Батылдың ел алдындағы беделі күн санап өсіп келеді. Бұл Қалыбектің мысын басты. Бірақ, оның зұлымдық қасиеті оянды. Енді ол Мұратханмен бірге Батылдың бес бөлмелі жаңа  үйін қарауылға алған. Басты мақсаты, ол   үйге қарай Еңлікгүлдің аяғын аттатпау. Егер Еңлікгүл ол үйдің табалдырығын аттар болса, мылтығымен Батыл екеуін де мерт етпек. Шешімі осы. 

       Бүгін де кеш түсе Мұратхан екеуі көшеге шыққан. Көшеде адамдар аз еді. Тұрғындардың көбі дерлік Қойын, Ешкісі мен Сиырын сауып, қалған  малдарын жайғап, кешкі ас, шайларына отырған. Кейбір үйдің аулаларынан ғана әлі де ойнап жүрген жас балалар көрінеді. Олардың Асыққа, тағы басқадай ойын заттарына таласып шуласқаны кешкі саф  ауада сонау алысқа естіледі. Кеш түскен сайын, ымырт жабылған сайын әрбір дыбыстың осылайша анық тарап жататыны ауыл тұрғындарының ешақайсысына да тансық, жаңалық емес. Төмендегі үлкен өзен суының арқыраған дыбысы мен Бақалардың бақылы тап бір күшейткіш арқылы шығып жатқандай келеді құлаққа. Анда-санда үріп қалатын кешкі самал жел де ағаш бұтақтарын теңселтіп, жасыл жапырақтарын жыпылықтатып жібереді. Ара-тұра   үрген Иттер мен пысынаған Жылқылардың дыбыстары  да осындай дыбыстармен табиғи   үйлесім тауып тұр. 

       Ал өз мақсаттарын көздеген Қалыбек пен Мұратхан бұл құбылыстар мен дыбыстарға мән берген жоқ. Бар аңдығандары жазықсыз Батыл. Оның  жалғыздық күйкі тірішілігі. Екеуінің күшейетіні – Батылдың ауыл тұрғыны еместігі. Соны пайдаланып, өзгелерге Батылдың бөтендігін алға тарта сөйлейді. Оны әлдекім қорғай қалса: «Неменеге қорғайсың оны? Ол, немене, сенің туысың ба еді? Керек десең, мен аудан орталығынан халық  сақшыларын шақыртып, оны ұстатып жіберемін!» деп өзеурейді. Қалбыектің сырын білетін адам: «Жақсы, сенікі жөн» деп, қысқа қайырып жөнімен кетеді. Қалыбек ауыл тұрғындарының өзін жек көретінін іштей сезеді. Сонда да оны мойындамайды. Мойындамақ түгілі, өзін мықты санап, биязы мінезді, ақылды, білімді, мұғалима Еңлікгүл қызға сөз айтады. 

       Осындай мінезді Қалыбек пен оған ерген Мұратхан екеуі қас қарая Батылдың ауылдың күншығыс шетіндегі жаңа тұрғызылған   үйіне жақындаған. Оның айналасын қарап шықты. Тап-тұйнақтай етіп тұрғызылған  үйдің терезелері әдемі. Тек   үй ішінде жанып тұрған шам жоқ. Айналасы тып-тыныш. Батылдың қараңғы түнде не себепті шам жақпай отырғанын екеуі түсінбеді. «Еңлікгүлді кешке ертіп келгенде «Үйде шам жоқ» деп сылтау  ету  үшін осылай жасайтын болуы керек» деп бір жаман ойлап қойды іштей Қалыбек. Бірақ ол ойын жанындағы досына айтқан жоқ. Екеуі   үйді айналшақтап біраз жүрді. Ешкім көрінер емес. Содан  үйдің кірер есігіне жақындаған. Есігі шынылы екен. Ол арқылы да іші қап-қараңғы   үй ішінен ештеме көздеріне шалынбады.

       Ал бұл кезде Батыл көздері қараңғылықта да жақсы көретіндіктен өзінің демалыс бөлмесінде ешқандай шамсыз-ақ қолындағы кітаптағы қазақ әрптерімен жазылған жазуларды  оқып отыр еді. Ол соңғы кездері ауыл орталығындағы кітапханамен сырлас болып алған. Одан қажетті деген кітаптарды алып, қазақтың тарихымен де толық танысқан. Енді қазақтың көркем тілімен жазылған небір шығармаларды да жылдамырақ оқи алатын дәрежеге жеткен. Содан бір мезетте Батыл кірер есік жақтан тырс деп шыққан дыбысты естіп елең ете қалды. Қолындағы ктіапты жайымен ғана үстел үстіне қойып, шынылы есікке жақындаған. Сырт қанша қараңғы болса да өзінің көздеріне Күн жаңа ғана батқандағыдай ап-анық. Ал ауыл тұрғындарының мұндай қараңғылықта көп нәрсені ажырата алмайтынын Батыл жақсы біледі. 

       Ал бұл кезде есіктің сыртында, екі қапталында қолдарына бір-бір сойыл   ұстаған Қалыбек пен Мұратхан Батылдың сыртқа шығар сәтін күтіп тұрған. Батыл сырта әлдекімдердің барын сезе қойды. Естіген жаңағы тырсылдың да бекер еместігін түсінді. Қалыбек пен әлдекім екенін де сезді. Енді оларды қорқытудың  жолын ойлады. Кейін шегініп, кірер,шығар есіктің екі жағындағы екі терезенің бірінен сыртқа көз салып еді, екі адамның көлеңкесі байқалды.  Батыл енді ширақ қозғалды. Бұл жолы келгендердің өздеріне бір қатер төндіру  үшін іштей бір қулық ойлады. Әуелі шынылы есікті жайымен ашты. Ешқандай артық қозғалыс болмады. Содан соң басын есіктен сыртқа қарай тез шығарып, тез қайта тартып алды. Сол заматтта есіктің екі қапталынан сілтеніп қалған сойылдар екі басқа сарт-сарт тиді.  Артынша жанұшырған дауыстар шықты. Батыл ештмені көрмеген, білмеген адамдай сыртқа шықты. Қалыбек пен Мұратхан екен. Батылдың  басын есіктен жылдам шығарып, жылдам тартып алған қозғалысына ілесе алмаған Қалыбек пен Мұратхан бір бірінің бастарын ұрып алыпты сойылдарымен. Екеуі де екі қолдарының алақандарымен бастарын баса   ұстап, сөйлеуге шамалары келмей қатты қиналып тұр. Батыл ештемені түсінбеген адамдай екеуіне кезек-кезек қарап:

       - Сендерге не болған жігіттер? – деп қойды. 

       - Осында, екумізді бір жын-шайтан сойылмен соғып өтті! – деді Мұратхан жыламсырай Батылға қарап. 

       - Қайда қашып үшгерді екен, ол жын-сайтандар! – деп Батыл ғалға қарай   ұмтыла беріп еді, Қалыбек:

       - Олар енді   ұстатпайды! Одан да сіз бізге көмек беріңіз! Басымыз қаты ауырып тұр! Жарақатымыздың қанын тоқтатып, таңатын бірдемелеріңіз бар ма?

       - Менде ондай таңатын дәргірлік дәке қайдан болсын! – деді Батыл істің арғы жағын ойлап, - мен дәрігер емеспін! Онан да тезірек ауыл орталығындағы Дәріханаға барыңдар. Ол күні-түні ашық қой!

       - Оған дейін жаяу жете алсақ, - деді Мұратхан, - басым айналып барады!

       - Жетеміз! – деді Қалыбек оны жігерлендіріп, - Жүр. Тездетіп Бәтимаға барайық!

       - Маған да ыңғайсыз болды-ау)! – деді Батыл, - сендерді көлікпен апарып салсам қайтеді?

       - Жоқ! – деді Қалыбек үзілді-кесілді, - ол ниетіңізге алғыстымыз! 

       - Онда өздеріңіз біліңіздер! Ауыл үлкен емес қой! 

       - Бол!  Жүр! Тездетіп жетелік! – деді екі қолының алақандарымен басын баса ұстаған Қалыбек.  – Тезірек жетелік!

       - Жетелік! – деді Мұратхан да басын басып тқрған екі қолының алақандарын түсірмей.                    Екеуі тәлтіректей басып, кейде бір бірімен соқтығыса жайымен жүріп ауыл орталығындағы Дәріханаға да жетті. Онда бүгін ойлағандарындай Бәтима кезекші екен. Ол Қалыбек пен мұратханды «Дәріхананың» «Жарақаттарды таңу» бөліміне  алып барды. Мұнда бәрі де бар. Ауыл тұрғындарына дәрігерлік жедел жәрдем көрсетілетін үй де, аурухана да  осының жанында.  Кездейсоқ жарақат алған адамдар күн демей, түн демей осы «Дәріханаға» келеді. Аса ауыр жарақат алғандары аудан орталығына немесе облыс орталығына әкетіледі. «Жарақаттар бөоліміне» кірген бетте екеуін ондағы дәрігерлер қарсы алып, бастарындағы қанды жарақаттарын арнайы дәрілермен жуып-тазалады, дәкелермен таңды. Қалыбек пен мұратхан бір біріне қарап қояды. Әзірге жаланы кімге, қалай жабарларын білмейді. Бәтиманың «Не жағдай болып еді?» деген сұрағына Қалыбек міз бақпастан: «Ана бөтен Батылдың  үйінің ішін бір көрмекке барып едік, ол бізді сойылға жығып, қуып шықты» деп жалған айтты. Бәтима оған сенер-сенбесін білмей аң-таң болып үнсіз тұрып қалған. Батылдың ондай қадамға бармайтыны әуелден белгілі. «Өзінің үйінің ішін көруге барған адамды ол қалайша сойылға жықпақ?» деп ойлап қойды ішінен Бәтима. Қалыбектің сөзінде бір шикіліктің барын сезді де оған:

       - Сонда ол сендерді не   үшін сойылға жықты? – деп сұрақ  қойды мән-жайды анықтай түскісі келіп. 

       - Кешкілікте оның  үлкен   үйінің шынылы есігінің алдына барып жай ғана тықылдатқанбыз, - деді Қалыбек шімірікпестен, - содан бір кезде ол есігін ашып, атып шықты да, қолындағы сойылымен екеуміздің басымызға бір-бір қойып-қойым қалып, үйінің ішіне қайта кіріп кетті. 

       Бәтима Қалыбекке тағы да сенер-сенбесін білмей ойланып қалды. «Батыл ауыл шетіндегі өзі тұрғызған үлкен   үйінде жалғыз тұрады. Түн қараңғылығында барған екеуін бөтенге санап, сойылымен соғып қалса, соғып қалған шығар» деген де ойға тірелді Бәтима. Енді ол екеуін аяп, бастарындағы жарақаттарын өзі де қарап, тіпті, дәрігерлік жедел көмекке арналған жеңіл көлікпен үйлеріне дейін апарып та салмақ болды. Бірақ іші қуыс Қалыбек зыр қағып, ол көмегін қажет етпеді. Бәтима онысына риза болып: «Нағыз жігіт деген осы екеуіндей болуы керек!» деп ойлап та қойды ішінен. Қалыбек пен Мұратхан болса, бір біріне ұрлана қарап, сәл езу тартып қояды. Бірақ  жарақаттары солқ-солқ ауырған кезде екі қолдарының алақандарымен бастарын баса ұстайды. Оны байқап қалған Бәтима:

       - Жарақатты қолмен ұстауға болмайды. Микроп түсіп кетеді!  Ол түссе, жағдайларың қиын болады! – деп ескертіп те қойды. 

       - Жарайды, - деді Қалыбек мықтысынып, - мен, жай, жараның басымның қай жерінде екенін қолымен ұстап көрейін дегенім ғой!

       Бәтима Қалыбектің осы сөзінен кейін Мұратхан екеуін аяймін деп жүріп, біршама уақытын жоғалтып алғанын сезіп, сол қолының білегіндегі электронды сағатына бір қарап алып:

       - Жарайды, жігіттер, енді болды, үйлеріңе қайта берсеңдер болады! Түнгі кезекші болғандықтан осы «Дәріханадағы» барлық  бөлімдерді қарап шығып, келгендерге дәрігерлік көмек көрсетуім керек. Түсінесіңдер ғой оны?

       - Түсінеміз, - деді Қалыбек әлі де кеткісі келмегендей қипақтап, - айтпайсың ба, Бәтима, Еңлікгүл кешмезгілдерінде қайда болады?

       - Қайда болғаны қалай? – деді Бәтима Қалыбекке бота көздерін қадай қарап.

       - Жай, ол соңғы кездері менңі көзіме түспей кетті...

       Бәтима бірдемені түсінгендей төмен қарап тұрып қалды. «Е, Батылдың үйіне түн жамылып барғандары да сол екен ғой» деп бір түйді ішінен. Содан соң тез сергіді де:

       - Ол мұғалима ғой. Жұмыстары көп. Оқушыларға келесі күні беретін сабағын пысықтайды. Әке-анасына қолғабыс тигізеді. Тек кедйде сондай істерінен қолы босағанда екеуміз кешкілікте бірге серуендейміз. 

       - Ал тұрмысқа қашан шығасыңдар? – деді сол кезде Мұратхан жағымсыз ыржиып. 

       - Сен, немене, жағдайың түзелейін деген соң әзіл-оспаққа көшейін дедің бе? – деп Бәтима Мұратханға қадалды. 

       - Жоқ,», - деп Мұратхан күмілжіп теріс айналды. 

       - Жарайды. Барыңдар. Менің біраз уақытымды алдыңдар. Жұмыстарым көп, - деп Бәтима келесі бөлмеге қарай кетуге ыңғайланды. 

       Екі  жігіт енді айтарға сөз табаалмай бір біріне қарасты. Қазіргі мақсаттары осылай уақыт созып, таңды атыру еді. Үйлеріне барып, бастарындағы қан-қызыл жараларын әке-ан, туған туыстарына көрсеткілері келмейді. Бәтиманың енді өздерімен сөйлесіп тұра бермейтіні де түсінікті. Бастары салбырап, «Дәріханадан» жайымен шығып, үйлеріне қарай тартты.


                                                      Жалған жала


Күн кешкіріп қалған мезгіл. Ауыл іші әдеттегідей абыр-сабыр. Тұрғындар мал жайғаумен әлек. Еңлікгүл мен Бәтима да   үйлеріндегі малдарын жайғасып, кешкі астарын ішкен соң өзенге қарай бірге серуенге шыққан. Бәтима кеше түнде «Дәріханада» кезекшілікте болды. Еңлікгүл күні бойы мектепте. Бүгін екеуі бейнебайланыс арқылы келісіп, осылай дамалуды жөн санаған. Ауылдың күншығыс жағындағы аңғарда суы тынымсыз арқырап ағып жататын өзенге қарай кететін жалғыз аяқ жол бар. Екеуі сонымен келеді.  Жастайларынан құрбы, сырлас болғандықтан мұндай оңашалықта бір бірінен еш сыр жасырмайды. Көбіне осылай бірге жүреді. Бір бірінің   түней салатын кездері де болады. Ауыл ішінде ондай араласымға еш сөкеттік жоқ. «Бәтима Еңлікгүлдің үйінде» немесе «Еңлікгүл Бәтиманың  үйінде» деген сөздермен жауап береді екеуінің әке-аналары сұрағандарға. Ауыл тұрғындарының бір бірімен аралас-құраластықтары осынысымен ұнамды әрі ерекше. Адами қасиет, адами араласым мен қаырымдылық болса да қала тұрғындарына қарағанда басым. Ең бастысы, ауыл тұрғындары адами қасиеттен айыратын тиын санауға бармайды. Қала өміріндегі адам мен адамның арақатынасын суытатын да сол тиын. Қаладағы өмір тиыннан басталады. Сондықтан да адам баласы өз өзінен сондай жағдайға ауады. Қала тұрғындарының адамгершіліктерін жоққа шығару емес бұл.  Қоғам заңдылығы. Адам шоғырланған жерде әлденеге талас-тартыс, қақтығыс болып жатады. Ауыл адамдары бір біріне жақсы белгілі болғандықтан қарым-қатынастары да бір біріне сенімді. Ауыл жағдайындағы ұлы табиғаттың кеңдігі, ауланың кеңдігі, үйдің кеңдігі, табиғи су мен тағамның молдығы – осының бәрі де адам баласының пейілін кеңейтеді. Адамгершілік психологиясына игі әсер береді.

       Еңлікгүл мен Бәтианың да, басқа тұрғындардың да «Мынау менің үйім», «Анау сенің үйің» демей бір бірлерімен қоян-қолтық араласатыны осы кеңдіктің әсері. Ауыл адамдарының бір біріне деген сенімінің нәтижесі. Қалада болса екі қыз бір бірімен дәл осылай жиі араласа-құраласа алмас еді. Әрқайсысының   уақыты   үнемі минуттармен есептеулі болмақ. Ол заңды да. Қаладағы әрбір әрекет   уақытпен белгіленеді. Минутпен, сағатпен есептеледі. Онсыз тағы болмайды. Еңлікгүл де, Бәтима да қаладағы жоғары оқу  орнында оқыды. Қала заңын жақсы біледі. Дипломдарын алған соң қалада қалмай өздері туылып өскен ауылына келген. Енді міне, сол алған жоғары білімдрі мен тәжірибелерін ауыл өміріне аранап келеді. 

       Ауыл ішінде екеуі де жақсы атаққа ие. Еңлікгүл өзінің биязы мінезімен, адамға деген жанашырлығымен, балаға деген жылыжүрекітілігімен, білімділігімен көзге түссе, Бәтима өзінің шипалы қолымен, ауру  адамды айықтыруға деген адал ниетімен, білімділігімен жұрттың ықыласына бөленген. Екеуінің есімдері аталған жерде елең етпейтін, риашылықтарын білдірмейтін ауыл тұрғыны жоқ. Үлкендердің ендігі ішкі армандары да осы екі қыздың өздеріне лайықты жігіт кезіктіріп, тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүрулері. Екі қыз осындай қүрметте. Сырттан көріп қалған адам екеуінің осылай бірге жүріп, бірге сырласатынына сүйсіне қарайды. «Еңлікгүл мен Бәтима кетіп барады», «Екі қыз өзн жаққа серуенге шығымты» деген сөздерді айтып қалып жатады ауыл тұрғындары сырттарына сүйсіне қарап. Ал қыздар мақтан құмар емес. Анау-мынау  артық мақтаған сөздерге ыңғайсызданады. Тек өздеріне қатысты әңгімелерін айтады, сырласады. Алдарына қойған мақсаттары мен армандарын қозғайды екеуі. Өзен суының жағасына жақындағанда Бәтима сәл кідіріп жаңалығын айта бастады Еңлікгүлге. 

       - Еңлікгүл, кеше түнде, мен кезекшілікте болғанда мынандай бір оқиға болды, - деді ол кейінгі жағына бір қарап алып.

       - Ауыр жарақатпен адам түсті ме? – деп сәл шошып қалды Еңлікгүл. 

       - Орташа жарақатпен. Әлгі екеу...

       - Қай екеу?

       - Кәдімгі Қалыбек пен Мұратхан ше? 

       - Иә, ол екеуіне не болыпты түн ішінде?

       - Ол екеуіне дауа бар ма. Түн ішінде «Дәріханаға» келді. Бастары жараланған. 

       - Қойшы ірң. Шынымен бе?  Не болыпты, төбелесіп пе біреулермен екеуі?

       - Төбелеспепті. Екеуі түн ішінде Батылдың  үйіне барыпты. 

       - Ол  үйде не жоғалтыпты екеуі?

       - Қалыбектің айтуынша, меймандыққа барған. Бірақ Батыл түн іші болған соң сескеніп, екеуін сойылға жығыпт. 

       - Қойшы әрі. Батыл ондай емес еді ғой. Не көрініпті оған. 

        - Өзім де солай ойлаймын. Қалыбектің сөзіне сеніңкіремей де жүрмін, - деді Бәтима тағы да ауыл жаққа қарап қойып. 

       - Өздері бірдеме ұрттап алмаған ба екен?

       - Жоқ. Ештеме ішпеген. 

       - Ендеше, Батылдан болуы мүмкін. Өзі ауылдан шеттеу   жерде бір   үйде жалғыз тұратындықтан түн мезгілінде келген екеуін қапелімде танымай сойылмен соғып жіберуі де мүмкін. 

       - Өзім де солай болар деген ойда жүрмін, Еңлікгүл. 

       - Дегенмен де, мұның ақ-қарасын анықтауымыз керек, Бәтиа. 

       Еңлікгүл ойға батты. Бәтима да біршама жер үнсіз жүрді. Екеуі өзен суының жағасына жетіп, ондағы өсімдіктер қалың өскен жерге қатар отырды. Өзен суы әдеттегідей гүрілдей ағып жатыр. Су ішінде Балықтар да бар, Су жыландары мен түрлі Құрттар да бар. «Сырт тірішілік те сол сияқты, - деп ойға кетті Еңлікгүл, - адамдар да бар, жануарлар мен құстар да бар, жер бауырлаған түрлі тірішілік иелері де бар. Әрқайсысының тірішілік әрекеті әр түрлі. Солардың ең саналысы – адамдардың да әр түрлі тәрбиелісі бар. Бір бірін аңдып, бір бірін күндейтін, тіпті, бір біріне қастандық жасайтын адамдарды қалай саналы дерсің?». Еңлікгүл осыны ой»лап болып селт етіп, басын көқтеріп айналаға қараған. Жан баласы көрінбеді.

       Бірақ  тыныштық көпке созылмады. Кенет өзен суының арғы жиегіндегі қалың өскен Қамыстар сытырлап жөнелді. Екі қыз елең етіп, сәл шошынып, орындарынан ширақ тұрып кетпек еді, Қамыстардың арасынан Батыл шығып, өзен суын кешіп өтіп, жандарына келді. Еңлікгүлдің жас жүрегі лүпілдей қатты соға жөнелді. Қапелімде не істерін де, не айтарын да білмеді. Батыл екеуіне сіәл ғана  жымия қарады да:

       - Сәлеметсіздер ме, қыздар? – деді жай ғана. 

       - Сәлеметсіз бе? – деді Еңлікгүл. 

       Батыл өзеннің салқын суын кешіп өтерде түрген шалбарының екі балағын төмен түсіріп, екі қолына   ұстаған аяқ киімдерін киді. Содан соң өзен суына қолын шайып, жайымен келіп екі қыздың жанына, жасыл өсімдіктердің үстіне жайғасты.

       - Мен сіздерді сонау  алыстан байқап келдім, - деді көңілді жүзін екі қызға кезек-кезек бұрып. 

       - Осы сіздің осылай байқатпай келе қалатыныңыз-ай! – деп Бәтима да сөзді әзілге көшіп. 

       - Жаратылысым осындай болса қайтейін. Қанша баяу  қозғалайын десем де болмайды. Уақыт ағымы мені жылдамдытып жіберетін тәрізді. 

       - Қойңызшы, - деді Бәтима сықылықтай күліп, Еңлікгүлге қарай ығыса түсіп. – ал бізді неге  уақыт ағымы жылдам қозғалтып әкетпейді?

       - Мұның сырын сіздерге түсіндірсем, ол ұзақ уақытқа созылып кетеді. Одан да күнделікті өмірімізге байланысты әгңіме айтайық. 

       - Айтсақ, айтайық, - деді Еңлікгүл Бәтимадан естіген әлгі әңгімеден кейін Батылға күмәнді көздерімен қадала қарап. – кеше түнде ауылымыздың екі білдей жігіттері бастарынан жарақат алыпты.

       - Кімдерді айтып отырсыз, Еңлікгүл? – деді Батыл сол мәселені қозғағысы келгендей елең етіп. 

       - Сіз олардың кімдер екенін шынымен-ақ білмей отырсыз ба? – деді Бәтима да бота көздерін Батылға қадап.

       - Білемін, - деді Батыл сәл төмен қарап, - олар Қалыбек пен Мұратхан.

       - Оларды бастарынан сонша жарақаттаған адамның кім екенін біле алмай отыр едік, - деді Еңлікгүл жерден кішкентай бір тасты алып, өзен суына лақтырып кеп жіберіп, - өзіңіз де жақсы келдіңіз. 

       Еңлікгүлдің лақтырған тасы өзен суына гүмп етіп, ондағы Бақалар жан-жаққа тым-тырағай қашып, су бетінде пайда болған шеңбер тоқын ұлғая-ұлғая жоғалғанша үшеуі де солай қарап   үнісз отырды. Тек содан соң барып Батылдың сөзі бұл тыныштықты бұзді.

       - Ол екеуі түн мезгілінде келіп менің   үйімнің шынылы сырт есігін қаққан. Мен олардың кімдер екенін көру  үшін басымды шығарып қайта тартып алғанымда қатты дыбыс пен дауыс шықты...

       - Сойылға жығылса, қалай дауыстамасын. Еш болмаса, ол екеуін кішкене де болса аясаңыз нетті...

       Батыл Еңлікгүлдің бұл сөзінің түп-төркінін енді түсінгендей оған таңырқай қарады қара көзілдірік  тасасындағы үлкен көздерімен. Еңлікгүл оны жақтырмай жүзін бұрып әкетті. Сөйте тұра жерден қолына тағы бір кішкене тасты алып, өзен суына тағы да лақтыра бермекке ыңғайланғанда Бәтима оның оң қолынан   ұстай алды да:

       - Суда тып-тыныш тірішілік кешіп жүрген Бақалар мен басқаларды қайта-қайта шошытып қайтесің?! Тыныштық берсейші, оларға! – деді.

       - Ал мен бұл өмірде осы Бақалардан да кем болдым! Деді Батыл жеңіл күрсініп.

       - Иә, саналы адам болған соң қай әрекетті де абайлап жасау керек бұл өмірде, - деді Еңлікгүл қолындағы әлгі кішкене тасты оң жағына қарай лақтырып жіберіп, Батылға тағы да көздерін қадап қойып. 

             - Мен әрқашан да абаймын. Осы кезге дейін менің қолым түгілі, қолдарымның бір де бір саусақтары адам баласына тиген емес. Менен ешкім зардап шеккен емес, - деді Батыл Еңлікгүлдің сөзінің төркінін түсіне қойып.

       - Зардап шекпегені қалай?! – деп Еңлікгүл оған жалт бұрылды. 

       - Менен осы кезге дейін ешкім зардап шеккен емес. Жеңіл көлікті   үш рет аударып алғаным рас. Бірақ одан ешкім зардап шеккен жоқ. Директор дін-аман. Қызметінде. Мен өз көлігімдемін. 

       - Ал сонда ана екі бейбақты сойылға жыққан кім?

       - Ол екеуін кім сойылға жығып еді, Еңлікгүл?

       -- Міне,керек болса. Бәтима, өзің айтып берші, оқиғаның қалай болғанын?

       Еңлікгүл Бәтимаға қарай бұрылған. Ол кешкі салқыннан денесі түршіккендей екі қолын екі қолтығына қусырып, дос қызына тығыла түсті. Содан соң Батылдың тұла бойын көздерімен бір шолып өтіп, сөйлеп кетті.

       -  Жалпы, адам баласы қашан дәлелдеп, мойнына қойып бергенше өзі жасаған қате әрекетін оңайлықпен мойындамайды ғой. Сізден де сондай бір жағымсыз қасиетті  байқағандай болып отырмыз енді.  Қалыбектің айтуынша, ол Мұратханмен бірге кеше түнде сіздің  үйіңізге барғанда сіз үйіңізден шыға екеуін сойылға жыққансыз, бастарын қатты жарақаттағансыз. Олар мен кезекшілік еткен «Дәріханаға» теңселіп әрең келді. Мен екеуін «Жарақаттылар бөліміне» апарып, дәрігерлерге көмек бергіздім. Одан кейінгі хажағдайларынан бейхабармын. «Дәріханаға»қайтып келген жоқ екеуі де...

       Өзен жағасындағы үшеу осы сөзден кейін тағы да үнсіз қөалған. Батыл Бәтима айтқан сөздің мән-жайын түсінудей-ақ түсінді. Ендігі мәселе, өзінің ақтығын қалай дәлелдеуі керек. Ол түні онда  үшеуінен бөлек бірде бір куәгердің болмағаны да белгілі. Тіпті, алыстан болса да әлдекімнің байқап қалуына мүмкіндік беретін шам да жанып тұрмады. Қалыбектің Бәтимаға не деп өтірік айтқаны да белгілі болды.

       - Неге үнсіз қалдыңыз, Батыл? – деді бұл үнсіздікті бұзған Еңлікгүл Батылға бұрыла қарап. – күнәңізді қалай жуып-шаюдың жолын ойлап отырсыз ба?

       - Қалыбектің айтуында жалғандық бар, - деді Батыл айналасына көз сала күрсініп.  – сана жағынан сараласам, көңіллдеріңізге келер. 

       - Сіздің санаңыз бен біліміңіздің бізден әлдеқайда жоғары екеніне еш күмәніміз жоқ, Батыл, - деді Бәтима салқын самл жел сәл үріп өткен кекіл шашын сол қолының алақанымен сипай жақызып қойп, - мәселе шындықты мойындауда болып тұр. 

       Батыл өзінің күнәсіз екенін дәлелдеуге сөз таба алмай тығылып қалды.  Болған оқиғаны есіне алып, көз алдынан елес етіп қайта бір өткізігісі келді де:

       - Қыздар, мені кешіріңіздер. Мен мән-жайды енді түсіндім, - деп жайымен сөзін бастады, - түн мезгілінде менің  үйіме келгенде екі жігіттің қолдарында бір-бір сойыл болған еді. Олар шынылы сырт есігімді қақаннан кейін мен есікті жай ғана ашып, асымды шығарған мезетімде екі қапталдан солйлдардың сарт-сұрт ете қалғанын естіп, басымды тез қайта тартып   Жылдам қозғалғанымнан аман қалдым. Ал сол сәтте екі жігіт сойлдарымен бір бірінің бастарын соғып алған...

       - Сіз де өтірікті шындай етіп қиылыстырады екенсіз, - деді Бәтима Батылдың ол сөзіне сықылықтай күліп, - одан басқаша себеп ойлап таппадыңыз ба?

       - - Қыздар, - деді Батыл қатты толқып, - сіздерге не болған? Мен сіздерді танымай отырмын.

       - Танымайтын ештеме де жоқ. Біздіңше, Қалыбектің айтқандары өтірік емес. Олар бір бірін ешқашан да сойылға жықпапты. Екеуі бір біріне жанын беретін достар. Түсінесіз бе?  Қалайша бір бірін сойылға жықпақ? Бұл тіпті, ақылға сыймайтын нәрсе ғой! Солай ма, Еңлікгүл?

       - Екі жағына да сену қиын екен, - деді Еңлікгүл жеңіл күрсініп, Батылға бұрыла қарап, - мұндайда, әттең, бұлтартпайтын бейнедәлел болса ғой...

       - Дәлелім бар, - деді Батыл сол замат екі қызға кезек-кезек қарап, - егер сескенбесеңіздер мен ол оқиғаны сіздерге дәл қазір-ақ көрсетер едім.

       - Қалайша?! – деді Бәтима бір қозғалып алып, басын сәл қисайта Батылға қарап, - оны бейнекамераға түсіріп алған ба едіңіз?

       - Менің бейнекамерам өзімде, - деді Батыл. 

       - Көзіңізде болса, көрелік.

       - Көрейік! – деді Еңлікгүл де Бәтианы оң қолымен қолтықтай  ұстап. 

       - Менің мына иыққоржынымда ешқандай бейнекамера да, телекамера да жоқ, - деді Батыл енді күнбатыс жаққа қарап.

       - Жаңа бар дегеніңіз қайда? – деді Еңлікгүл Батылға күмінді жіүжбен сөз тастап.

       - Қыздар, - деді Батыл екеуіне тік қарап, - бейнекамера тек менде ғана емес, әрбір адамда бар. Менің мына екі көзін бар дүниені көреді. Адам дүниеден сексен пайыз ләззатты осы көздер арқылы алады. Бірақ мен сіздермен салыстырғанда дүние әлеміндегі түрлі түсті ажырату   жағынан ғаріпке теңмін. Маған бүкіл дүние әлемі сүреңсіз. Оны сіздер білесіздер.

       - Иә, білеміз. Өкінішті... – деді Еңлікгүл жеңіл кұрсініп, бөтен адамның көңілін жәбірлетпейін деген оймен, - бірақ сіз әлі жассыз. Болашағыңыз алда. Көзіңіздің түрлі түсті ажырату қабылеті әлі-ақ оянады. Қатарымызға қосыласыз. Одан өзге қабілеттердің бәрі де бар сізде...

       - Сөзіңізбен болса да маған демеу көрсеткеніңізге мол алғыстымын! – деді Батыл сәл де болса көңілденіп. 

       - Кәне, жаңа ғана айтақан бейнекамераңыз? Көрсетпейсіз бе?  Дәлелдемейсіз бе, екі жігіттің сойылға жығылғандарына күнәлі емес екеніңізді? – деді осы кезде Бәтима іліп алғандай тез сөйлеп.

       - Қазір, қыздар. Дәлелдеймін, - деді Батыл.

       - Сонда сіз көздеріңіз арқылы бірдеме жасамақсыз ба? – деп қалды Еңлікгүл Батылдың көздеріне қадала қарап.

       - Иә.

       - Ендеше, мұныңыз кәдімгі гипноз болды ғой?! – деп қағытты Бәтима тыныш қалмай. 

       - Мен гипноз дегеннің не екенін білген жігіт емеспін, - деді Батыл, - ал жалпы, фокус атаулының жылдам қозғалыс арқылы жасалатынын жоққа шығара алмаймын. Ал менің сіздерге көрсеткелі отырған дәлелдерім ол екеуі де емес. Таза шындық...

       - Сонда қалай»? – деп Еңлікгүл қарақат көздерін аша түсті.

       - Менің мына үлкен көздерімнің көрген нәрсесін үш тәуілікке дейін сақтап қалатын қабілеті бар. 

       - Ондай қабілет бізде де бар, - деп қалды Бәтмима әлі де Батылға сенбей.

       - Менің көздерімнің көргенді сол қалпында бейнефильм сияқты сақтап қалатын қабілеіі бөлек, - деді Батыл.

       - Сонда қалай? – деп Еңлікгүл жанындағы Бәтимаға қарап қойды.

       - Ол былай. Сіздер мына менің екі үлкен көздеріме тіке қарап отырыңыздар. Сәлден соң сол оқиғаны өз көздеріңізбен көресіздер. 

       Екі қыз Батылдың ерекшелеу жаратылған, үлкен, қоңырқай түсті, пішіні дөңгелектен гөрі төрт қырлылау  келген екі көзіне кітпік қақпай қарасты. Батыл да тізерлей отырған бойда қыздарға ііке қарап, қозғалмай отырды. Тап осы кезде сырттан біреу  байқаса, тірі адам емес, қойылған тас ескерткіш пе деп ойлар еді. Батылдың осылайша қозғалыссыз қалатын сәттері жиі болады. Ол т.үнде қозғалысыыз жатып ұйқтағанда да не тірі, не тірі емесекеін ажырату қиын-ды. Еңлікгүл мен Бәтима Батылдың мұндай да қабілетінің барына таң болып, екі көзін әбден бақылап-барлап алуға тырысты. 

       Жалпы, Батыл кірпкітерін өте сирек қағады. Көздері көбіне жұмылып-ашылмай, үнемі ашық жүреді. Батыл сонысын жұртқа байқатпау   үшін де   үнемі қара түсті көзілдірік тағады. Оны бүгінде бүкіл ауыл тұрғындары біледі. Бір жағынан мұнысы ауыл адамдарына үйреншікті көрініске де айналған. Жалпы, адам баласының жаратылыс да әртүрлі болып келеді. Екі басты балалар, бүкірленген, көздері қылиланған және тағы басқадай ерекше жаратылатын адамдар аз емес бұл жарық дүниеде. Ондайларға сау адамдар алғашында таңдана қараса да, кейіннен оларға мән бермей кетеді. Ал ауыл адамдарының көңілдерін ә дегеннен аударған Батылдың осы ерекше жаратылған көздері мен өте жылдам қозғалатыны еді. Батылдың өзге жұлдыз жүйесіндегі ғаламшардан келгенін әзірге Еңлікгүл, Бәтима мен мектеп директоры Айдос Пренебекұлы Қажыұрпағы ғана біледі. Басқалар бұдан бейхабар. Сондықтан оларға Батыл көзен ғаріп жандардың біріндей көрінеді.

       Осындай жігіттің ғажайып екі көзін екі қыз осы жолы, осы сәтте анық көріп отыр. Батыл де «Менің көздерімді әбден анықтап көріп алыңдар, қыздар» дегендей қарсы алдарында тізерлей отырған бойда тапжылмай қарауда. Бір қозғалмайды, бір теңселмейді. Жай адам ұзақ уақыт бойы дәл осылай қозғалыссыз отыра алмаса керек. Адам баласының да, кез келген тірішілік иесінің де қолдары мен аяқтары қозғалыссыз болмайды. Адам бір бірін бет мимикасымен де түсінеді. Ал Батыл тап бір жансызданып қалғандай отыр. Еңлікгүл осы сәтті пайдаланып Батылдың  көзілдіріксіз   үлкен көздерінің ішкі жағына да зер салды. Көздерінің қоңырөқай, ақ жерлері де ерекше бөлек жаралған екен. Осылай бақылап отырғанда Батылдың көздерінен кенеттен бейнекөріністер байқалды. Екі қыз ілгері қарай ұмтыла түсіп, тап бір микротеледидар экранынан қызықты көрініс көргендей көздерінің кірпіктерін қақпай қадалды. Кәдігідей бейнекөріністер өте бастаған. Батылдың үйінің кірер шыны есігінің алдына жақындаған Қалыбек пен Мұратханның қолдарында шын мәнінде де бір-бір сойыл бар екен. Екеуі есікті қақты да, есік жайымен ашылып, Батыл басын шығара берген мезетте екеуі қолдарындағы сойылдарын сілтеп-сілтеп қалды. Батыл басын тез кейін тартып үлгерді. Сол кезде Қалыбек сілтеген сойыл Мұратханның, Мұратхан сілтеген сойыл Қалыбектің басына тиді. Екеуі даучтап жіберіп, бастарын   ұстай   жерге отыра кетті. Содан кейін екеуінің бастарын  ұстаған Батылдың қолдары көрінді. Екі жігіт қос қолдарының алақандарымен бастарын   ұстай, Батылға сөйлеуге шамалары клемей ауылға қарай тартты. Көрініс осымен бітті. 

       Батыл селт етіп, құс ұйқыдан оянған адмадай қозғала бастады. Қатты талғандай болған екі үлкен көздерін тарс жұмып біраз отырды. Содан соң екі қолының қырымен көздерін жеңіл уқалап-уақалап жіберіп қыздарға қарады.  Екі көзі шамалы қызарып та кеткен екен. Еңлікгүл тағы бір ғажайып көріністің куәсі болғандай аузын ашып үнсіз отырып қалыпты. Бәтима да аң-таң. Айтарға сөз таба алмағандай Еңлікгүлге жалтақтап қарай береді. Үшеуі де үнсіз. Кешкі даладағы тылсым тірішілік қана бұл тыныштықты бұзады шамалы. Бәрі түсінікті болды. Бәтима көрініске дейін Батылға айтқан сөздерінен ыңғайсызданғандай төмен қарай береді. Батыл да қыдардың жан-дүниелерін іштей түсініп, сөзді өзі бастады.

       - Мен бұл көріністі көздерімнен бар болғаны ештемеге күнәлі еместігімді дәлелдеу  үшін көрсеттім! – деді жай ғана сөйлей отырған орнынан тұрып, Еңлікгүлге жақындау  келіп, жасыл өсімдіктердің ашық жеріне қайта жайғасып. 

       - Енді бәрі түсінікті болды, - деді Еңлікгүл жеңіл күрсініп, - Қалыбектің сөзінің өтірік екенін жаным сезіп еді. Бірақ мына Бәтима айтқан соң...

       - Түн ішінде бастары жараланып, қанталап, менен көмек ем сұрап  келіп тұрса, не дейін. Дәрігерлік көмек көрсету  менің дәрігерлік міндетім емес пе?

       Осыны айтып, Бәтима өзін күнәлі сезінгендей Еңлікгүлге, содан осң Батылға сөз тастап қойды. Батыл да қанша дәлелдесе де, көздерінен көрсеткен бейнекөріністен сәл ыңғайсызданғандай да болды. Бәтима енді өзінің артық айтқан сөздерін жуып-шайғысы келгендей әңгіменің тақырыбын басқа жаққа аударуға тырысты. Айнала-төңірекке көз жүгірте қарап алды да:

       - Еңлікгүл, ымырт   үйірілді. Үйімізге қайтсақ қайтеді? – деді. 

       - Мен   үшін дала әлі жап-жарық, - деді Батыл сол замат екі қызға кезек-кезек қарап. 

       - Көздеріңіздің ол қабілетін де білеміз. Ал бізге дала қараңғы. Қыз баламыз. Әке-анамыз алаңдай бастайды. Үйге қайтуымыз керек!

       - Ол жағы маған түсінікті, қыздар. Бірақ сіздер әлі кәмелет жасқа толмаған жас емессіздер ғой. Бір-бір институтты бітірген жоғары білімді мамансыздар. 

       - Оныңыз рас, - деді Еңлікгүл Батылға ойлы жүзін бұрып. 

       - Қазақта: «Қыз балаға үйден қырық қадам» деген нақыл бар. Қыздың жолы жіңішке, - деді Бәтима отырған орнынан тұруға ыңғайланып. 

       - Қаймамыз ба?

       - Енді ше. 

       - Онда мен сіздерді ауыл шетіне дейін шығарып салайын, - деп Батыл екі қызбен қатарласа жүрді. 

       - Айтыңызшы, Батыл, - деді ауылға қарай кеткен жалғыз аяқ жолға түскен соң Бәтима Батылға бір қырынан қарап, Еңлікгүлді қолтықтай түсіп, - сіз арада   үш күні өтіп кеткен оқиғаны көздеріңіздің ішінде қалай сақтай аласыз?

       - Жаңа өздеріңіз көргендей! – деп жымия қарады Батыл екі қызға. 

       - Біздің көздерімізде ондай қабілет жоқ. Бірақ біреуді білеу  көзбе-көз пысшақтап өлтірсе, өлген адамның көздерінде өлтірген адамның бет-бейнесі сақталып қалады дегенді естігенбіз. Ал көздеріңіздің мына қабілеті бір ғажап! Көздеріңізден ондай ғажайып көріністерді көрсеткенде, өзіңізді қалай сезінесіз?

       - Кәдімгіше. Мен қозғалмай отырып, өзім көрген оқиғалардан қалағанымды көз алдыма елестетемін. Сонда миыма жазылып, сақталып қалған көріністер бейнефильмдегі сияқты көздерімнің беттерінде бейнеленеді. 

       - Бұл да бір сіздің ерекшелігіңіз ғой, - деді Еңлікгүл Батылдың әділдігіне тағы бір көзін жеткізгеніне көңілденіп. 

       - Бойма туыла біткен қасиеттерім ғой, - деді Батыл да сергіп. 

       - Сол екеуіне не жетпейді десеңші! – деді Еңлікгүл ауыл жаққа, одан соң Батылға  көз тастап қойып, - әйтеуірі қарап жүрмейді. Бірдемені жасап, ауыл тұрғындарын шулатып жүргені. Сіз келмей түрғанда Қалыбектің ұрып-соқпаған баласы да қалмайты. Бұл қайта онысын қойғаны. Енді сізді қараулға алды. 

       - Өштескені бір қызық, - деді Бәтима оған қосыла, - соншалықты Батыл оның несін алып еді?

       - Ондай зұлымдық әрекеті бір ғана рет болған жоқ Батылға. Сонау тау басында бұған мылтығынан оқ атып, күрделі қара түсті көзілдірігін қиратты, таудан тас та домалатты...

       - Не әкелерінің ақысы бар еді Батылда! – деп Бәтиманың да Қалыбек пен Мұратханға деген ызасы арта түскен.

       - Сол зұлымдық әрекеттерін еш түсінбеймін! – деді Еңлікгүл. 

       - Уақыттарыңызды алғаныма кешірім өтінемін, - деп клт тоқтады Батыл ауылдың басты көшесіне жақындағанда, - мені дұрыс түсінгендеріңізге мың да бір алғыстымын! Енді мен де өз үйіме барайын. Жұмыстарым көп. Ауыл тұрғындарының көздеріне жиі түсе бермегеніміз де дұрыс болар. 

   - Сізге де алғыстымыз, - деді Еңлікгүл, - өзіңіздің адал екендігңізді тағы бір дәлелдедіңіз. Білімімізді толықтырдыңыз. Көңілімізді де біршама көтердіңіз. Қыз балаға жұмыс та көп, сөз де көп, сын да көп. Біз бір жүрген осындай жандармыз ғой, Батыл!

       - Иә, жарық дүние әлемінің бар ғажайыбы да сіздер емессіздер ме, қыздар! – деп жымиып қойды Батыл. 

       - Бағалай білгеніңізге алғыстымыз. Ал енді сау болып тұрыңыз! – деді  Бәтима.

       - Сау  болыңыздар, қызщар!   

       Батыл бұрылып кетті. Екі қыз үлкен көше бойымен біраз жүріп, бір бірімен бет сүйісе қоштасып, өзді-өзді   үйлеріне қарай беттеді. Бұл кезде ел аяғы басылып, анада-санда үріп қалған Иттердің дауыстары есітліп қалып жатты. Қыздардың  кешкі серуендері көңілді өтті.  


                                                 Ғажайып  көлік жүргізуші      


Соңғы кездері облыс орталығынан шалғай, таулы жерде орналасқан ауыл мектебінің аты елге қатты шықты. Оған басты себеп – соңғы кездері осы ауылда пайда болған ғажайып қабілетті жігіт – Батылдың адам таңғаларлық небір іс-әрекеттері еді. Ал Батылдың өзі   үшін жасаған істері еш таңғаларлық емес-ті. Қайта ол уақыт өткен сайын өзінің кейбір қабілеттерін жоғалта бастағанына іштей өкінеді. Адам пенде қанша талантты, қанша қабілетті болса да өзі өмір сүрген ортасынан асып шыға алмайды. Осындай жағдай Батылдың басына да түскен. Егер өзіне салса, ауыл көшесін шаңдатып, адам көздері ілеспес жылдамдықпен жүрер де еді. Олай ете беруіне тағы болмайды. Қанша дегенмен де, мұндағы адамдардың жүріс-тұрыстары басқа, ой-толғамдары мен қозғалыстары, салт-дәстүрлері өз еліндегіден мүлдем бөлек. Кішкене артық қозғалыс жасаса, артық сөйлесе болды, ел арасында өзі туралы гу-гу әңшіме тарайды. Ал өзі   үшін жарық дүниеге шыр етіп келгелі көрмеген мына ғажайып дүние бағасыз. Осы ғажайып дүние еді өзін ұшқалы тұрған жұлдызаралық кемеден секіртіп, осында қалдырған. Бірақ адам бар жерде, қоғам бар жерде түсініспеушілік пен күндестік  деген жағымсыз әрекет қалмайды екен. Батылға осы ауылдан да бір күндес табылды. Ол – Қалыбек есімді жігіт. Осы аз ғана уақыттың ішінде ол өзіне не жасамады. Мылтығынан оқ та атты, сол оғымен осы әлемді түрлі түсті етіп көрсететін күрделі қара түсті көзілдірігін быт-шыт қылды. 

       Ал мұнда дәл сондай көзілдірік жасап шығаратын зауыт атымен жоқ. Онлдай зауыт болып, қайта көзілдірік тақса, тағы да ерекше көзге түспек.  Ал көзге түсе берсе, бірде болмаса да бірде өзі туралы әңгіме алысқа тарап, зерттеуші ғалымдардың ел астанасына алып кетуі де неғайбыл. Ондай жағдайда мынандай ғажайып табиғат ортасынан шеттейді. Онда қайта жасатқан күрделі қара түсті көзілдірігінен не пайда? Одан да өзінің туылып өскен ғаламшарына қайтып кеткені абзал болар еді. Бірақ қайдан? Осы Күн жүйесі маңынан ұшып өтіп жататын мың-сан жұлдызаралық кемедегілер бұл ғажайып ғаламшарға көңіл аудара бермейді. Осы ғаламшардың тұрғындары да солай. Тек өзі ғана өткір көздерімен қара түсті болып көрінетін аспаннан ағып ұшып бара жатқан небір жұлдызаралық кемелерді байқайды. Терең күрсінеді. Сонымен ғана шектеледі. Кейде іштей: «Сол жұлдызаралық кемеміден ақау шықпағанда мұнда қалмас едім, осындай жағдайға ұшырамас едім» деп те өкінеді Батыл. 

       Осылай болса да өзінің ғажайып қабілеттерінің арқасында осы кезге дейін елеусіз жатқан бұл ауыл аз ғана уақыттың ішінде көп жерге мәлім болып та қалды. Өзі туралы тұрғындардан, басылымдардан естіген жазбагерлер мен ғалымдар келіп, өзімен жолыға бастады. Неше түрлі сұрақтар қоюшылар көбейген. Өзінің жеңіл көлікті өте жылдам жүргізетіні, көлік қанша рет аударылса да өзінің де, көлікте болған жолаушының да дін-аман қалатыны болса да өзінше бір аңызға айналған. Адам пенделер де сөз жағынан тап бір  жұқпалы ауру тарататын   ұшпа жәндіктер сияқты. Бір оқиғаны ести қалса, көре қалса ол жайындағы әңгімені ауыл арасына тез таратып жібереді. Одан әрі қарай пойызбен, гравипойызбен, әуе кемесімен, махолетпен, экранолетпен шетелдердегі туыстарына барған, қыдырып барған адамдар ол әңгімені жаЯ түседі. Ал жеке әуе кмесі бар адамдар қаншама. Қолдарына қанат бекітіп, аспанда емін-еркін қалықтай   ұшатындар тіпті, ондай әңгімені сонау шалғайда, тегіс, таулы жерлерде мал бағып жүрген қойшыларға дейін жеткізеді. 

       Әйтеуірі бұл жарық та жылы дүниеде тыныш жатқан ешкім жоқ. Жаңалық таратудың ең жылдамы – телефон, бейнетелефон, радио, теледидар орталықтары. Олар да бір тынған емес. Өзінің суреттері де талай елге жеткен. Барлық адамның өзіне деген басты әуестіктері – ерекше өткір   үлкен көздері мен жылдам қозғалысы. Соған таңданады, соған қызығады. Көздердің адам баласының да, өзге күллі тірішілік иелерінің де жарық дүниені көрудегі басты мүшелері екені белгілі. Дүниедегі адам баласының сұлулығы да көздерден көрінеді. Көздері ботадай, көздері қарақатттай қыздарға жігіт атаулының көңілі бірден ауады. Кез келген адам ғажайып көріністерден тек көздері арқылы мол ләззат алады. Ал өзінің көздерінің көру қабылеттері болса да ерекше. Бұл ауылда да, күллі Жер ғаламшарында да өзіндей көздері бар адам баласы жоқ. 

       Осы жағын сұрап өзіне жазған хаттар да лек-лек. Так оларға жауап жаза алмайды әзірге. Соншама адамдарға жауап жазып отыру да еш мүмкін емес. Кейбір кезіккендеріне ғана түсіндіруге тырысады өзі. Бос  уақыты аз. Осы ауылдағы жұмыс жасамай көше-көшеде бос сеңделіп жүретін кейбір жігіттердің қатарында емес. Еңбекқор. Білімқұмар. Азамат. Ауыл адамдарының өзін ерекше сыйлайтыны да содан. Әлдекімге байқаусыз қиянат жасай қалса, соны қашан түзегенше жаны тынбайды. Мектеп директорының жеңіл көлігін аударып, өртеп алғанда көп қиналды. Сөйтіп, өзі ғажайып жеңіл көлік құрастырып алды. 

       Бүгінде өзі мектеп директорының білдей біржеңіл көлік   жүргізушісі. Оны аудан орталығына, облыс орталығына талай апарып, талай әкелген. Қайда барса да адамдардың әңгімесіне ілігеді. «Өзінің көздері үлкен екен!», «Көздерінің түстері қоңырқай түсті келген», «Көздері тап Көк шыбынның көздеріне ұқсайды екен», «Өзі адам көздері ілеспейтін жылдамдықпен қозғалады екен», «Мұндай да адам дүниеге келеді екен», «Оны ғалымдар неге зерттемейді» деген сөздер ауыл тұрғындары мен сырт адамдардың арасында желдей ескен. Сөздің аты сөз. Ол адамдардың арасында тез тарайды. Ал оның зардабын мектеп директоры Айдос Пренебекұлы Қажымұрапағы көріп келеді. Бүгін де аудан басшысы Тауасат Біржанұрпағы бейнетелефон қоңырауын соққан.

       - Айдаос Пренебекұлы көріп тыңдап тұр! – деді бұл бейтелефон экранын іске қосқан бойда. 

       - Жағдайларыңыз қалай? Жұмыс барысы қалай?

       - Бәрі жақсы. 

       - Бейнетелефон қоңырауын соғып отырғанымның мәнісі мынау. Кеше бізге ел астанасынан бір топ ғалымдар келген. Олар сіздің ауылыңызға бармақ. Батыл есімді жігітпен жүздеспек. Ол  өзі ауылда ма?

       - Иә, ауылда. 

       - Онда жақсы екен. Сол  жігіт жөнінде ауыл тұрғындары хат жазған екен. Сол бойынша келіпті.

       - Түсінікті. Келе берсін. Қарсы аламыз. 

       - Өзім де бірге барамын олармен. Амандық болса, енді бір сағаттың көлемінде жетеміз.

       - Жақсы. Мен Батылды шақыртып аламын.

       Бейнетелефон экраны сөнісімен директор  үстлінің  үстіндегі құралдың жалпақ тақтасынан бір түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Ондағы шағын экраннан дәліздегі кезекші оқушының бет-жүзі көрінді. Директор сәл ойланды да:

       - Әлгі менің көлік жүргізушім Батылды маған шақыра қойшы, құлыным, - деді жай ғана сөйлеп. 

       - Қазір, ағай, - деп оқушы дәліз қабырғасының өзі тұрған тұсындағы тақтадағы көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. 

       Артынша оның шағын экраны жанды. Одан Батылдың үлкен көздерінің тұсы ғана көрініп тұрді. Әлжан есімді оқушы оған қадала қарады да:

       - Батыл ағай, сізді Айдос Пренебекұлы шақырады, - деді.


       - Түсіндім, - деді Батыл көздерін жұмбастан, -  қазір барамын.

       Әлжан дриекторға Батылдың келетінін айтып, бейнебайланыс құралын сөнідірді. Өзі тіп-тік тұрып, мектепке кіріп-шығып жүрген оқушылардың аяқ ки імдерінң таза, таза еместігін бақылау  жұмыстарын жалғастырды. 

       Сәл   уақыт өтпей ішке Батыл кіріп келді. Ол әдеттегісінше кезекші оқушымен әзілдескендей оң қолының қырын оң шекесіне апиарып, сәлем берді де, тіке директордың бөлмесіне қарай өтіп кетті. Бұл жолы Еңлікгүл сабақ өткізіп тұрған сыныпқа бұрылмады. Бұл Батылдың бұрыннан бергі әдеті-тін. Еңлікгүлге дриектордан шыққаннан кейін соқпақ. Жас қызды бекерден бекенр уәйімге салуды қажетсіз деп тапқан. Оның   ұзын дәліз бойымен қалай жылдам жүріп өткенін  кезекші оқушы Әлжан ғана байқап  үлгерді. Жас бала сілден соң: «Мен де тап Батыл ағай сияқты өте жылдам жүре алатын болсам ғой» деп армандап та кетті. Сөйтіп тұрағында ішке сырттан бір топ адам сау етіп кіріп келді. Әлжан олармен жылы амандасты да, қабырғадағы тақтадан бір түйемін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды. Бұл дириекторға берілген дабыл еді. Соның артынша дриектордың бөлмесінің есігі ашылып, іштен Айдос Пернебекұлы мен Батыл шығып, келгендерді дәлізден, кезекші оқушының жанынан жылы қарсы алды. Бір бірімен жылы амандасып, емен-жарқын сөйлесіп, директордың бөлмесіне кіріп кетті. Дәлізде тыныштық орнаған. Бірақ ол тыныштықты енді Еңлікгүл бұзды. Ол сыныпта оқушылармен сабақ өткізіп тұрса да, дәлізде бір абыр-сабырдың болғанын естіп қалған еді. Содан сабағын дұрыстап өткізе алмай дәлізге шыққан беті. Кезекші оқушы Әлжанның алабұртқан бет-әлпетін көріп онан сайын толқыды. Оқушы да апайының әлденеге алаңдап, әбіржігенін кезді.

       - Еңлікгүл апай! – деді ол жай ғана сөйлеп, - сырттан бірнеше кісі келді. Оларды Айдос пен Батыл ағай екеуі қарсы алып ішке кіріп кетті. 

       - Ол кісілер қайдан келді екен? – деді Еңлікгүл оқушыеның зеректігіне риза болып. 

       - Ол жағын білмедім, апай, - деді оқушы. 

       - Ал Батылдың мұнда не  үшін  жүргенін білесің бе?

       - Жоқ, апай.

       - Ендеше, жақсы. 

Еңлікгүл бұл құпия жиынның мән-жайын білмек боліп, оқушының оң тұсындағы қабырғадағы тақтадан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқып қалды. Кішкене ғана төрт қырлы экраннан директордың  жүзі көрінді. 

       - Ә, Еңлікгүл, жай ма? – деді де директор сәл кідіріп, - сіз де осында келе қойңызшы.

       - Мен бе? – деді Еңлікгүл әлі де сеніңкіремегендей. 

       - Иә, келе ғой. Мұнда ел астанасынан келген ғалымдар мен аудан әкімі отыр. Өзім де шақырайын деп отыр едім. Бұл  кісілер қазір ғана кірген. Негізгі әңгімемізге әл көше қойған жоқпыз. 

      - Жарайды, ағай. Қазір...

       Еңлікгүл бейнбайланыс құралын сөндіріп, дриектордың бөлмесіне қарай асықты. Әңгіменің Батыл жөнінде олатынын сезегн-ді. Бір жағынан ол әңгімеге өзінің қатысатынына іштей қуанды. Бөлмеге кірген бетте дриектордың   жазу   үстеліне жалғастырыла қойылған   ұзын  үстелдің екі қапталындағы жұмсақ, жақтаулары биік орындықтарда қаз-қатар тізіліп отырған меймандарды көрді. Олармен басын жай ғана иіп амандасып, сәл кідіріп тұрып қалған еді. Айдос Перенебекұлы:

       - Келіңіз, келіңіз. Мұнда отырыңыз, - деді дриектор бос орындықты нұсқап.

       - Алғыстымын!

       Еңлікгүл қызға тән инабаттылықпен аяқтарын еппен басып келіп, көрсетілген орындыққа отырды. Отырғандардың бәрі де жас қызға бір-бір көз тастап алған. Директор оған мән бермегендей сөзін бастап кетті.

       - Жалпы, мектебіміздің жұмысы жаман емес. Ұстаздарымыздың бәрі де жоғары білімді. Мына Еңлікгүл есімді қызымыз бастауыш сыныпатарға сабақ береді. Өзі өте білімді. Сабақты да жақсы өткізеді. Бүгінде мектептерге арналған бағдарламалар бойынша жұмыстарымызды мұқият жүргізіп келеміз. Оқулықтар жеткілікті. Аудан, облыс басшылықтарынан тиісті көмектер көрсетіліп келеді. Мектеп ғимараты жыл сайын жаз айларында күрделі жөндеуден өткізіледі. Биыл да солай. Ал тазалық жағынан әзірге аудан мектептерінің алдындамыз. Ол жағынан мақтануымызға да болады.

       - Жақсы екен, - деді жай ғана сөйлеген аудан басшысы Тауасат Біржанұрпағы, - біз қай нәрсеге де қолұшын беруге дайынбыз.

       - Жетістіктеріңіз көрініп тұр, - деді ел астанасынан келген ғалымдар тобының басшысы Еңсебек Оңғарбайұрпағы, - мектебіңіз оқушыларға сапаы білім беру, тазалығымен ғана емес, осы ауылда пайда болған мына жігіт арқылы да халыққа мәлім. 

       - Иә, айтпақшы, таныстырып қояйын, - деді директор осы кезде Батылға бір қарап қойып, - бұл жігіттің есімі Батыл. Туыла біткен бір ғажайып талант иесі! Оның шет-жағасын өздеріңіз де естіп-біліп жүрсіздер. Бұл жігіт жайлы көп айтуға болар еді. Бірақ өздеріңіз сонша жерден арнайы іздеп келіп отырған соң өзімен кеңірек әіңгімелескендеріңіз жөн болар деп ойлаймын. Біз тыңдаушы ғана болайық.

       Отырғандар бір сәтке үнсіз қалған. Сол замат Еңлікгүл Батылға қарап ішінен: «Бар сырыңды айта берме» дегендей кірпік қақты. Батыл болса да қара көзілдірігінің астынан отырғандардың бәрін үлкен көздерімен барлауда. Келген ғалымдардың бәрінің көңілдері де енді аты жер жарған жігітке қарай ауған. Бірақ аты қанша шығып жатса да Батылдың соншама қарапайым жігіт екеніне ғалымдар қайран. Алғашында, ел астанасынан шыққанда өздеріне ұстатпайтындай, өздерімен сөйлеспейтіндей көрінген Батыл есімді жігіт енді моп-момақан болып орталарында отыр. Сонысына риза болған Еңсебек  Оңғарбайұрпағы сөзін былай деп сабақтады.

       - Біз  ел астанасынан  үлкен мақсатпен шыққан едік. Ол мақсатымыздың басы сәтті басталды деп айта аламыз. Өәткені, іздеп келген адамымыз міне, көз алдымызда отыр. Өзіміз туралы айта кетейін. Арамызда дәрігер де, биолог та, бионик те, химик пен техник те бар. Бәрі де өз ғылымы саласында жаңалық ашып, ғалымдық дәрежеге жеткендер. Білікті мамандар. Ал мына жігіттің ерекше қабілетін көзбен көруге келуімізге басты себеп, осы ауылдан бізге жазылған хаттапр. Ол хаттарда бұл   жігіттің ерекше бөлек қабілетті екені, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет екені жазылған. Соңғы кезде алған хатымыздың авторы осы ауылдың тұрғыны Қалыбек есімді жігіт екен. Ол бізден осы ауылда пайда болған Батыл есімді жігітті ел астанасына алып кетуімізді, ғылыми-зерттеу  институттарда ерекше қабілетінің сырын ашуымызды өтініпті. Осы соңғы  хат бұл сапарға шығуымызға негізгі түрткі болды. Ауыл тұрғындары хаттарын дұрыс жазып отыр. Жер ғаламшарымыздағы саналы адам баласында болмаған мұндай ерекше қабілетті анықтау, зерттеу  мына біздердің, ғалымдардың басты міндеттеріміз. 

       Осы сөздерден кейін ғалымдар Батылға қарай бұрылған. Ол мұғалімі сабақ сұрағандай сәл төмен қарап   үнсіз қалған. Еңлікгүл Батылға жиі-жиі көз тастайды. Тек ештеме айта алмайды. Мұнша ғалымдардың ортасында не дей алсын. Айтар сөздерін сыртқа шығара алмай тыпыршып та отыр. Қыздың бұл психологиясын Батыл да, Айдос та іштей сезеді. Бірақ сонау ел астанасынан, үлкен шаңырақтан зерттеуге арнайы келіп отырған топ ғалымддарға қарсы ештеме айта алмайды. Тек Еңлікгүл ғана осы кезде ерекше батылданып, сөйлеп кетті.

       - Құрметті ағайлар, бұл жігіттіі сонау ел атснасына әрелемей-ақ осы жерде-ақ зерттей бермейсіздер ме? Сіздерге ешкім де кедергі жасамайды. Біз де бұл бөлмені босатамыз.

       - Еңілкгүл қарағым, - деді соның артынша ақ шаштары сирек жалтыр басын сол қолының алақанымен сипап алған Еңсебек, - ғылым мен ғылыми ізденістің не екенін өзің де жақсы білесің. Ол бір сәттің, бір күннің   үлесіндегі іс емес. Біз сонша жерден көлік сабылтып бекерден бекер келген жоқпыз. Ол жақта да мұны зерттеуге құлшынып, бізді күтіп отырған  академиктер  бар. Біз бұл жігіттің ерекше бөлек жаратылысы мен қабілетін арнайы ғылыми-зерттеу   инстиутында зерттеуіміз керек. Сонда бұл жігіттің аты әлем халқына мәшһүр болады. Бұл арқылы ауылыңның аты шығады. Бұл жақсы емес пе?  Ауылыңның Арқарлы аты бүгінгі күннің өзінде-ақ елге мәшһүр. Ал ел астанасына барған соң Жер шарымыздағы күллі елдерге жайылады. Бұл жаман ба?

       - Оның бәрін түсініп отырмын, ағай, - деді Еңлікгүл Батылға бір қарап алып, - тек мұны ел астанас ына әкетуден бұрын өзінің келісімін алу  керек шығар. Бұл да өз құқығы бар азамат емес пе?

       - Бұл өзі алдына бөлек мәселе, - деді Еңсебек  Батылға көз салып қойып, - жұрт ел астанасына баруға құштар қашанда. Оған жете алмай жүргендер қаншама. Сондықтан да бұл ұсынысымызға Батылдың келіспейтін несі бар? Астанаға барып, тамаша қаламызды көріп, тексеріліп қайтады. Оған Батыл қарсы болмас  деп ойлаймын.

       -  Мен бұл ауылдан ешақайда кетпеймін, ағалар, - деді осы кезде манадан үнсіз отырған Батыл кенетен таза қазақ тілінде сөйлеп. – осы ауылда өмір сүремін. Үйім де, жұмысым да осы ауылда.

       Манадан бері «Бұл жігіт өзі қазақша сөйлей біле ме?» деп ойлап отырған ғалымдар оған жалт қарасты. Бәрі де Батылдың бет-жүзіне, аузына, қара көзілдірік таққан үлкен көздеріне қадалды.  Ал Батылға келгендердің ешқайсысы да тансық емес. Сондықтан да ғалымдардың ешқайсысына да көз тастамай сәл төмен қарап отыра берген. Ғалымдарды бастап келген Еңсебек Батылдың жаңағы сөзінен кейін сәл ыңғайсызданғандай, сөз таба алмағандай бір сәт үнсіз отырып қалды. Тек сәлден соң барып:

       - Батыл мырза, сонда сіз бізге сенім білдірмей отырсыз ба?  - деді басқа сөз таба алмағандай.

       - Мен барлық адамдарға сеніммен қараймын. Тек алыс жолға шығуды ұнатпаймын. Маған қойған барлық сұрақтарыңызға осы жерде-ақ толық жауап бере аламын. 

       - Ол түсінікті нәрсе. – Еңсебек ғалымдарды көздерімен шолып өтті. – тек біз ел астанасындағы ғылыми орталық басшылығының тапсырмасымен келіп отырмыз. Сондықтан сізді бірге алмай кейін қайта алмаймыз. Осыны дұрыс түсініңіз. 

       - Ел астанасына барғысы келмеген адамды неге қинайсыздар?! – деп қатқылдау кетті енді Еңлікгіүл көз шараларына ыстық жас үйіріп. 

       Оған келгендердің ешқайсысы да құлақ асқан жоқ. Енді барлап қараса, келген ғалымдар тобында екі тәртіп сақшылары бар екен.Еңгезердей-еңгезердей екі жігіт отырған орындарынан ширақ тұрды да, алңсыз отырған Батылға келіп, кешірім өтініп, оның екі қолының білектеріне кісен салып жіберді. Еңлікгүлдің екі көзінен ыстық жас парлап жөнелді. Ғалымдардың өздері де өздерін бір қиянат іс жасағандай сезініп, сәл толқып үнсіз отырып қалған. Директор да аң-таң. Күтпеген жерден қолға түскен Батылға қарайлай береді. Енді өзі де дәрменсіз бұл арада. Аудан басшысы Тауасат Біржанұрпағы ғана бұл істен алдын ала хабардар болғандықтан жайбарақаттау отыр. Сәлден соң ол былай деп басу сөз айтты:

       - Қатты әбіржуге еш негіз жоқ. Батыл ел астанасында көп болмайды. Осы ауылға қайта оралады.

       - Бұл жігіт менің жақсы көлік жүргізушім еді. Енді мұның орнын кім басады? – деді Айдгос Пернебекұлы жай ғана. 

       - Басқа жүргізуші табылар, - деді директорға бұрыла қараған аудан басшысы Тауасат  Біржанұрпағы.

       - Сіздердің бұл әрекеттеріңіз адам құқығын бұзушылық қой! – деп қалды көздерінің жасын тыя сала Еңлікгүл, - тып-тыныш жұмысын жасап жүрегн жігіттің қолдарына кісендер салып,  алыстағы ел астанасына келісімінсіз әкетіп барасыздар?!

       - Е, қарағым Еңлікгүл, қазіргі заманда алыс дейтін алыс бар ма? – деп жауап қатты қызға ғалымдардың басшысы Еңсебек, - бүгінде не көп, көліктің түрі көп. Батылды біз ел астанасына ең жылдам   ұшатын, арнайы жасалған әуе кемесімен алып кетеміз. Сондай әуе кемесімен бұл қайтып келеді. Ерекше қабілеттерін ғылыми тұрғыдан анықтаған соң бұл жігітті бір минут  те   ұстамаймыз. Ұтсауға құқығымыз да жоқ. 

       Батыл   үнсіз отыр. Екі қолының білектеріне сырт-сырт жабыла қалған кісендерге таңырқай қарап-қарап қояды. Келгендердің қандай адамдар екендеріне таңдана түсетін сияқты. Жүрегі елжіреген Айдос Пренебекұлы Қажымұрпағы ара-тұра Батылға қарап қояды. Қолынан ештеме келмейтін болған соң оған тіке қарауға да бата алмайды. Еңлікгүл ішінен: «Қалыбек  ел астанасындағы ғалымдарға Батылды міндетті түрде алып кететіндей етіп жазған екен ғой» деп ойлап,  күйіп-пісті.  Бірақ онысынан не шара. Күйінісін сыртқа білдірмейді. Сәлден соң келген жұмыстары біткен соң ғалымдардың басшысы Еңсебек  аудан басшысы Тауасат Біржанұрпағына, мектеп директоры Айдос Пренебекұлы Қажымұрпағына, қарсы сөйлесе де жас мұғалима Еңлікгүлге алғысын білдіріп, уақыт оздырмай жүретіндерін ескертті. Қалған келгендер де бастарын изесіп, алғыстарын білдіріп, отырған орындарынан тұрды.

       Батыл өзін өзі   ұстады. Ішінен: «Артық сөз айтпайын, артық қозғалыс жасамайын. Олай етсем, Айдос Пренебекұлына зиянымды тигізіп алармын. Жолға шығып кеткенше осылай болғаным дұрыс шығар» деп түйген. Онысын Еңлікгүл түсінбеді. Әлі де көз шараларына ыстық  жас  үйіріп, екі тәртіп сақшысы мен ғалымдарға жалынышты сөздерін айтып қояды. Бірақ жас қыздың ол сөздерін құлақтарына іліп жатқан олар жоқ. Бар ойлары алған тапсырмаларының орындалғанында болса керек. Еңлікгүлдің де енді қанша шырылдаса да, жалынып-жалбарынса да келгендерден ештеме шықпайтынына көзі жетті. Сонда да қашан сыртқа шығып, Батылды арнайы көлікке отырғызып, жүріп кеткенше Батылдың жанынан қалмады. Көздерінің жасын тыя алмады. 

       Батыл еш сыр бермеді. Ренжімеген адамдай өзін сергек  ұстап, көлікке отырған бойда оның терезесінен Айдос Пребекұлына, Еңлікгүлге қарап кісендеулі екі қолын жұмыра жоғары көтеріп қойды.. Еңсебек пен онымен бірге келген ғалымдар, тәртіп сақшылары Айдоспен қол қысысып қоштасты. Екі тәртіп сақшысы Батыл бар көлікке, қалғандары басқа көлікке отырды. Қарсылық білдіргендіктен Еңлікгүлге бір-бір қарап қана қойды бәрі. Еңлікгүл көздерінің жасын жұқа бет орамалымен жиі-жиі сүтіп, солқылдап жылап қала берді. Көліктер жылдам жүйткіп ала жөнелді аудан орталығына қарай. Сол кезде барып Айдос Пернебекұлы Еңлікгүлге жақындап келіп:

       - Көз жасыңды бұлай берме, қызым, - деді жай ғана, - бірер күннен соң Батыл қайтып оралады. Мен білетін Батыл оларға көне қоймас, онда қала қоймас. Одан кейін Батылды да, мына бізді де ешкім мазаламайтын болады, - деп басу айтты.

       - Ал егер қамап   ұстап жібермесе ше? – деді Еңлікгүл көздерінің жасын бет орамалымен тағы да сүртіп. 

       - Неге жібермейді? Сұрайтындарын сұрап болған соң Батылда жұмыстары не?

       - Кім біледі, ағай. Оларға Батылдың ерекше бөлек жаратылысы мен қабілеті қажет шығар?

       - Жоқ, қарағым. Батыл анау-мынау  қиянатқа көне қоятын жігіт емес. Ол ауылды жерді ұнатады. 

       - Оныңыз рас, ағай. – Еңлікгүлдің көздеріндегі ыстық жас тыйылып, тамшылары Күн сәулесіне жылт-жылт етті. – сондай бір батылдығымен қайта оралса жақсы болар еді. 

       - Оралады, Еңлікгүл! Сен өзі аз ғана уақыттың ішінде ол ағаңа кәдімгідей бауыр басып қалыпсың ғой! – деп Айдос Пренебекұлы сөзінің соңын әзілге айналдырғысы келгендей болып, Еңлікгүлдің арқасын оң қолының жұмсақ алақанымен жай ғана қағып-қағып қойды. 

       Еңлікгүл төмен қараған күйі тұрып қалды.  Ел астанасынан келгендердің көзінше айтқан ренішті сөздеріне енді өзінше ыңғайсызданғандай да болды. Директор жас қыздың психологиясын сезіп тұр. Содан ол сонау   қыр басына қарай жол шаңын көтере бір біріне ілесе жүйткіп кетіп бара жатқан екі көлікке көз тастап алды да:

       - Менікі жай әзіл ғой. Ренжіме. Батылды өзі де ешкімге қимаймын. Кешігіп бара жатса, оны қайтаруға өзім де әрекет жасамйын ғой. Оны мен қай кезде де қорғаймын. 

       - Бірақ бұл жолы қорғап алып қала алмадыңыз, - деді Еңлікгіүл ыстық жасты жанарын директорға бұрып.

       Директор ештеме дей алмай терең күрсінді. Ішінен: «Осы басшылық қызметім болмағанда өзім де араша тұратын едім Батылға. Енді мына қаршадай қыздың алдында дәрменсіз болып тұрғанымды қарашы» деп ойларды да, кенет ол ойымнан селт оянғандай сол қолының білегіндегі электронды қолсағатына көз тастап, Еңлікгүлге бұрылып:

       - Қой, қызым, уақыт кетіп барады. Сыныбыңдағы оқушыларың да күтіп қалған болар. Болар іс болды. Менің орнымда болсаң өзің де осылай дәрменсіздік танытар едің. Қалған әңгімені кейін айтармыз. Ойлай берме оны. Жаңа айттым ғой, келмей жатса, оның ісіне өзім тікелей араласамын. Бірақ ол келеді. Оған мен сенімдімін. 

       - Жарайды, ағай. Батылдың қайта келетініне мен де сенімдімін.Жаңа айтақан ренішті сөздерімді көңіліңізге алмаңызшы, - деп Еңлікгүл кешірім өтінді. 

       - Оқасы жоқ. Бәрі дұрыс. Бәрі орынды, - деді дирктор Еңлікгүлдің арқасынан қағып, мектепке қарай бұрылып. 

       Еңлікгүл сөйлеген жоқ. Сөйлей берсе, сөдің таусылмайтыны белгілі. Директордың соңын ала жаймен жүріп, өзі сабақ өткізетін сыныпқа кірді.


Мақсатына   жеткендер

       Ауыл тұрғындарының арасында: «Батылды ел астанасынан арнайы келген екі тәртіп сақшысы мен ғалымдар алып кетіпті» деген сөз тез тарап үлгерді. Оның басты себепшісі болған Қалыбек, Мұратхан, Темір және басқа топтастар бұл сөзді онан сайын жандандырды. Бәрінен де Қалыбек қуанышты еді бұл жаңалыққа. Әсіресе, Батылдың екі қолына кісендердің салынғаны Қалыбектің төбесін көкке жеткізгендей болды. Енді Еңлікгүлге жақындап сөз айтатын, өзіне қарсы келетін, жолына тосқауыл болатын жігіт жоқ бұл ауылда. Қалыбек осы жағына да қатты қуанған.

       Ол бүгін таңалагеуімнен тұрып, достарымен бірге шөп оруға барып қайтқан. Олай еткені, енді ауыл тұрғындарына кең тарап кеткен «Жалқау  Қалыбек» деген жаман атынан арылу еді. Жазғы шөп ору  жұмысына қосымша жас жігіттерді жинап жүрген Жұбаныш есімді кісіге кеше кешкісін барып достарымен бірге шөп оруға көмекке барғысы келетінін ескерткен болатын. Ол кісі қуанып: «Бәсе, еразамат деген осындай болуы керек! Ертең ертемен ауыл орталығына келе қойңдар! Ол жерден бәріміз арнайы көлікпен шөп оратын аймаққа тартамыз!» деген. Содан Қалыбек түн демей достарының бәріне ескерткен. Ал кеш бата жуынып-шайынып, кешкі асын ішіп, ауылдың орталық көшесіне шыққан.

       Осы кеште Еңлікгүл мен Бәтима да кездескен. Соңғы күндері Еңлікгүлдің көңіл-күйінің күрт түскенін сезген Бәтима оған демеу көрсеткісі келендей жиі жолығатын болған. Бүгін де солай еткен. Еңлікгүл  қашанғы ой шырмауында болсын. Бәтиманың «Серуенге шығайық» деген ұсынысына қуана қабылдаған. Бірақ бұл жолғы серуендерінің бағыт-бағдары басқаша болды. Екеуі де әдетте жалғыз аяқ жолмен баратын өзен суының жағасы енді қызық болмай қалғандай. Бұдан бұрын барған кездерінде ара-тұра болса да Батылмен кезігіп, қызықты, пайдалы әңгіме өрбітетін. Енді Батыл жоқ. Оған Қалыбек бастаған топ тыныштық бермеді. Ақыр соңында оны ел астанасына алдыртып тынды. 

       Екі қыз емен-жарқын әңгімелесе қатар жүріп, ауыл орталығындағы стереотеатрға келген. Осы жерде екеуіне күтпеген жерден төрт жігіт кезіге кетті.  Олардың атаманы Қалыбек екені болса да түсінікті. Қалғандары оның қолпаштаушылары. Қалыбектің Еңлікгүлге сырттай ғашық екенін, оған керісінше, Еңлікгүлдің оған онша мән бермейтінін де достары жақсы біледі. Қалыбек сонда да Еңлікгүлден   үмітін бір  үзген емес. Ол үнемі: «Осы Батыл бәлені ауылдан біржолата құртсам, Еңлікгүлдің жүрегі маған жыли бастайды» деп ойлайды. Бірақ Еңлікгүлдің жүрегі жылитын емес өзіне. Батылға әрбір қастандық жасаған сайын Еңлікгүлдің жүрегі суып барады. 

       Осындай күйде жүрген Еңлікгүл қапелімде кездесе кеткен жігіттерден қалай бұрылып кетерін білмей де қалды. Әдейі кездестіруге ертіп келгендей болған Еңлікгүл енді жанындағы Бәтимаға жалтақтап қарай берген. Бәтима да не істерін білмей тұрып қалған.Жігіттер жақындай түскен. Екі қыз оларды елемеген болып, бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесуде. Қалыбек  те осал емес, қыз психологиясын біршама білетін жігіт. Ол да  тоқтап, жігіттеріне небір әзілдерді айтып, оларды ду-ду  күлдіріп тұр. Ол күлкілері енді сәлден соң екі қыздың   жүйкелеріне тие де бастаған. Еңлікгүл жігіттерге бір қарап алып, әңгімесін тоқтатты да:

       - Кетейікші, бұл жерден! – деді Бәтимаға. 

       - Бұлардан енді құтылу да қиын шығар? – деп күмәндана сөйледі Бәтима Еңлікгүлмен бірге кейін қарай бұрыла беріп.

       - Ей, қыздар! Қайда кетіп барасыңдар! – деп дауыстап қалды Мұратхан, - неден шошыдыңдар?

       - Біз ештемеден шошыған жоқпыз. Өзіміздің жолымызбен кетіп барамыз! – деді Бәтима оларға бұрыла қарап.

       - Ендеше, сәл кідіріңіздерші! – деп Мұратхан Қалыбекке бір қарап алып, қыздарға қарай бастап жүрді. 

       Екі қыз амалсыздан кідірді. Енді олардан қашын құтыла алмайтындарын екеуі де білген. Сондықтан іштерінен қанша жек көріп тұрса да сыр бермеуге, олармен жұмсақ  сөйлесуге тырысты.

       - Жай ма? – деді Бәтима Мұратхан жақындаған бетте оған қадала қарап.

       - Жай болмағанда, бірдеме бүлініп кетті деп ойлап па едіңдер? Бізден қашуға бет алдыңдар. Немене, біздің түріміз   ұнамай ма, әлде сөзіміз ұнамай ма?

       - Ендерді ешкім де ұнмайды деген жоқ, - деді Еңлікгүл Бәтиманы қолдай сөйлеп, - өздерің емес пе, жау  шаптырып келе жатқан!

       - Жау шаптырған ештемеміз жоқ. Кешкі серуенде жолығып, кеңірек әңгімелесуге болмай ма?


       - БОлады, әрине. Тек бұлай емес! – деді Бәтима жігіттерді бота көздерімен жай ғана шолып өтіп.

       - Сонда қалай?

       - Ал не айтпақы  едіңдер бізге?

       - Міндетті тұрде бірдеме айту  керек пе? Жай, жөн сұрасайық дегеніміз ғой!

       - Жөн сұрасатын бір бірімізге бөлен емес шығармыз?!

       - Оның рас, Бәтима, - деп, Мұратхан өзінен кейіндеу тұрған жігіттеріне бір қарап алды, - жөн сұрасатын Батыл емеспіз. Бәріміз де осы ауылда туылып-өстік. 

       - Осы сендердің Батылда не ақыларың бар?! – деді осы кезде шыдамай кеткен Еңлікгүл. 

       - Ешқандай ақымыз жоқ!

       - Ендеше, неге ол жөнінде ел астанасына қайта-қайта хатжазып, оны ұстатып жібердіңдер?!№

       - Ел астанасындағы ғылымдарға хат жазған да, ұстатып жіберген де мен емес. Оны хатты жазған адамның өзінен сұраңдар. Менің ешқандай қатысым жоқ, қыздар, - деп Мұратхан ақтала Қалыбек пен басқа жігіттерге бұрыла қарап алды.

       Олар өздерін шақырды деп түсінді ме, жылдам-жылдам жүріп келіп, қыздарды қоршай тұра-тұра қалысты. Енді екі қызға сытылып шетке шығудың мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан екеуі де жылы сөйлеуге көше бастады. Қалыбек осы ауылдағы жігіттердің атаманы аталғандықтан мығым мүсіні, соған сай еркін жүріс-тұрысы мен дөрекі сөздерінің өзі-ақ кім кімнің де мысын басып жіберетін. Жаңа ғана бар күнәні Қалыбекке аударып тұрған ол енді оған жиі-жиі көз салып, қипақтай басқаша сөйлей бастаған.

    - Ел астанасындағы ғаымдарға хат жазхғанда не тұр?   Қалыбек   ондай хат жазбағанда, Батыл әлі осында жүрер еді. Оның ерекше бөлек жаратылысы мен қабілеттерінің сыры әлі күнге ашылмас еді?

       - Қандай ерекше қабілеттерін айтып тұрсың?! – деді ызалы көздерімен тіке қадала қараған Еңлікгүл.

       - Бәріміз жақсы білетін. Өзі өте жылдам жүретін, қараңғылықта жақсы көретін, жеңіл көлікті өте жылдам жүргізетін, көлік неше рет аударылса да өлмейтін...

       - Не деп артық сөйлеп тұрсың, Мұтахан?!  - деді онан сайын ызалана түскен Еңлікгүл Бәтимаға жанарын жалт бұрып алып, - әркімнің өз жаратылысы, өз қабілеті бар. 

       - Әзірге ондай қабілетті адам ауылымызда да, елімізде де жоқ қой, Еңлікгүл? – деп жай ғана сөзге араласты Қалыбек, - мен ел астанасындағы ғаымдарға хат жазсам, Батылдың ерекше қабілеттері арқылы ауылымыз ғана емес, бүұкіл еліміздің атын Жер шары халқына мәшһүр ету   үшін жаздым. Оған деген басқа жаман ойым болған жоқ. 

       - Солай ма еді! – Еңліктүл Қалыбектің жүзіне қарақат көздерін қадай тіке қарады, - ендеше, өткен түнде Мұратхан екеуің қолдарыңа бір-бір сойыл алып, оның үйіне не   үшін бардыңдар? Оған неге жала жаптыңдар?

       - Оны біз сол түні мына Бәтиммаға түсіндіріп едік қой, - деді Мұратхан күмілжи Қалыбекке бұрыла қарап, - барсақ, меймандыққа  бардық. Сойлға соғыламыз деп ойлаған жоқпыз. Олжарақаттың таңбалары басымызда әлі бар. Сол ма?

       - Мұратхан, - деді сол кезде Бәтима оған бір адым жақындай түсіп, - жігіт басыңмен дәл осылай шімірікпей өтірік  айтудан  ұялмайсың ба?

       - Қандай өтіріктен? – деп сәл сасқалақтап қалды Мұратхан.

       - Жүдә білмей қалғаның-ай, Мұратхан! Сендер Батылға меймандыққа емес, оған қастандық  жасауға барғансыңдар, қолдарың бір-бір сойыл алып! – деді Еңлікгүл.

       - Бұларың қып-қызыл жала ғой, қыздар! – деп қызарңдады Мұратхан. 

       - Бұл ешқандай да жала емес, нағыз шындық! – деді Бәтима, - сендердікі жала!

       Осыны айтып Бәтима Еңлікгүлді қолтықтай   ұстап, жігіттер қоршауынан шығуға бет қойды. Жігіттіер Қалыбектің көз белгісімен тез қозғалып, қыздарды қоршай түсті. Екі қыз бұл әрекеттің де Қалыбек пен Мұратханнан шығып тұрғанын түсініп, реншітерін ол екеуіне айтты. 

       - Ендігі тиіспегендерің мына Бәтима екеуміз еді, бізді де хат жазып ел астанасына алдыртыңдар! – деді Еңлікгүл жігіттерге қарақат көздерін қадай шолып.

       - Бізге тыныштық беретін күндерің бола ма, осы?! – деді Бәтима да ызаға булығып. 

       - Біз сендерге тиісіп тұрған жоқпыз! – деді осыдан соң Қалыбек  жігітеріне «Қыздарды жіберіңдер» деген белгі беріп, - тек бізге жала жаппаңдар. Батылға біздің ешқандай да жаман ойымыз болған жоқ. 

       - Оныңды немен дәлелдейсің, Қалыбек? – деді Еңлікгүл оған көздерін қадап.

       Қаыбек  жауап айта алмай көздерін Еңлікгүлдің көздерінен тайдырып әкетті.  Жан-дүниесі  таза болмағандықтан Еңлікгүлдің қарақат көздеріне тіке қарауға төзе алмады. Ішіндегі жалған ойларын қанша жасырса да, онысынан ештме шықпады. Мұратхан да енді басын төмен салған. Сонда да махаббаты  үшін шегінгісі келмеген Қалыбек басын сәл көтеріп, екі қызғаға кезек-кезек қарап:

       - Батылдың   үйінің кірер есігі алдында түн ішінде болған оқиғаға куәгер бір ғана адам бар. Ол, мына Мұратхан. Ал бұған өзім куәмін, - деді жай ғана сөйлеп. 

       - Бәр түсінікті болды, - деді Бәтима жеңіл күрсініп, - шындық  жоқ. Сол түні мен, Қалыбек, сенің жалған сөздеріңе сеніп, бар қолымнан келген көмегімді аямаған едім. Сөйтсем, оқиға мүлдем басқаша болған екен...

       Бәтиманың осы сөздерінен кейін қанша өтірік айтса да, Қалыбек пен Мұратхан жасағандарын іштерінен мойындағандай болып бастарын төменг салып үнсіз тұрып қалды. Жігіттер де енді екі қыздың сөздерінен Қалыбек пен Мұратханның сөздерінің жалған екенін іштей сезіп тарауға ыңғайлана берген. Қалыбек пен Мұратхан ол достарына да болған оқиғаны бұрмалап айтқан еді. Достарының мұнысын сезген Қалыбек іштей қуыстанып: « Сол түні бізді әлдекімдер байқап, екі қызға жеткізді ме екен?» деген ойға да келді. Өйткені, екі қыздың жаңағы сөздерінен ол оқиғаны анық білетіндері байқалып тұр. Содан қыздарды сынамақ болған Қалыбек  былай деп сұрақ  қойды:

       - Бізге сенбй тұрсыңдар. Ал ендеше, сол оқиғаның қалай болғанын айтып беріңдерші?

       - Ұялып қалмайтын болсаңдар айтып берйін, қалай болғанын, - деді Бәтима Батылдың көздерінен көргендерін есіне алып. 

       - Ештемеге күнәлі болмасақ, неден ұясламыз? – деді Мұратхан сәл күмілжи сөйлеп. 

       - Айтайын, - деді Бәтима Еңлікгүлге бір қарап алып, - сол күні түнде  қолдарыңа екі сойыл алып, Батылдың   үйіне барып, ол есігін ашып, басын көрсете бергенде  екеуінң есіктің екі қапталынан  сойлыға жықапқ болдыңдар. Солай ғой?

       - Жалған! – деп ыршып кетті Қалыбек, - бәрі керісінше болған!

       - Асықпа, Қалыбек. Тыіда Бәтиманың сөзін соңына дейін, - деді Еңлікгүл  сөзге араласып. 

       - Содан екеуің Батылдың шынылы кірер есігін қақтыңдар, - деп жалғастырды сөзін оқиғаны өз көзімен көргендей, - Батыл есігін ашып, басын көрсете бергенде екеуің екі қапталдан солйылдарыңды сілтеп-сілтеп қалдыңдар.  Батыл әдеттегісінше жылдам қозғалып, басын қайта тартып алған мезетте, екеуің сойылдарыңмен бір біріңнің бастарыңды соғып алдыңдар. Жарақаттанып, «Дәріханаға» келдіңдер. 

       Жігіттер аң-таң. Бәтима болған оқиғаны әлдекімдерден естігендей емес, тап бір өз көзімен көргендей айтып тұр. Қалыбек пен Мұратхан абдырап қалған. «Бұларға оқиғаны көзбен көргендей етіп кім баяндап берген?» деген ойға келді Қалыбек. Тіпті, өздері де достарына дәл осылай айтып берген емес. Сонда да Қалыбек қанына сіңген әдетінен арыла алмай әділетсіздігіне басты.

       - Мұны сендерге кім айтып жүр, қыздар? Кім айтса да, қиялынан қиыстырған шылғи өтірік! Бәрі де керісінше  болған!

       Енді екі қыз аң-таң. «Естіп тұрсың ғой, бұлардың өтірікті қалай қиыстырып айтатынын. Шындықты мойындаматынын?» дегендей Бәтима Еңлікгүлге сәл қабақ шыта қара қойды. Қоршап тұрған жігіттер де енді Қалыбек пен Мұратханның сөздерінде бір шикіліктің бар екенін сезгендей жайымен тарай берді. Екі қыздың жанында Қалыбек пен Мұратхан ғана қалған. Аз үнсіздіктен соң Мұратхан қарап тұрмай:

       - Қыздар, ақыры кездесіп қашлдық. Жүріңдер мына стереотеатрдан стереофильм көрейік. Махаббат туралы құсайды. Бізге қызық болар. Билеттері бізден, - деді. 

       - Бұл ниеттерің өте алғцыстымыз, - деді Бәтима олекеуіне кезке-кезек көз тастап, - стереофильмге крігіміз келсе, билеттерді өзіміз де ала аламыз. 

       - Жақсы, онда... –деді Мұратхан басын төмен салып.

       Екі жігіт стереотеатрға қарай жүрді. Екі қыз бір бірімен сыбырласып сөйлесіп, ара-тұра сыңғырлай күлісті де, Бәтима:

       - жарайды, жігіттер, барайық, бізге де билет ала салыңдар, - деді сәл дауыстап.

       - Билет аламыз, қыздар. Бері жүріңіздер! – деп Қалыбек көңілдене сөйледі. 

       Еңлікгүл мен Бәтима стереотеатрға қарай жүрді. Енді  ел астанасына кеткен Батылдан күдерлерін   ұзе де бастаған еді екеуі. Ғалымдардың қолдарына бір түскен соң-ақ оның жағдайының не болатыны белгілі. Олар Батылдың кім екені, қайдан келгенін, қандай ерекше қабілеттерінің бар екенін толығымен анықтамайынша бұ ауылға қайтармайды. Ал оның өзге жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшардан келген адам екенін білсе, біржолата сонда қалдыруылары да әбден мүмкін. Екі қыз осы жағын да ойлаған. Еңлікгүл соңғы кездері Қалыбектің түзелуге бет алғанын, ара-тұра ауыл шаруашылығына қол тигізіп жүргенін біледі. Сонысы   жүрегін жылытқандай болған. Бірақ оған деген шынайы махабат сезімі толық оянып,  сенімі  орнаған емес. 

       Қыздар бірге стереофильм көруге келісімдерін берген бойда екі жігіт тездетіп барып кассадан төрт билет сатып алды. Топтан тарап кеткен жігіттер де осы стереотеатрдың төңірегінен шықпай, өздеріне бөлек билет алған. Төртеуіне кедергі жасамас   үшін алыстап жүрген. Еңлікгүл мен Бәтима Қалыбек пен Мұратханның сөздеріне өтірік қосып айтатындарын біле тұрса да, бұл жолы ол екеуімен бірге шамалы көңіл көтеруді жөн санаған. Қалыбектің іштейгі бір арманы да соы еді. Бүгінгі күн ол   үшін ерекше бөлек күн. Еңлікгүлмен осылай емен-жарқын әңгімелесудің өзі неге тұрады. Бәтима да кейде қатқыл сөйлеп кететіні болмаса, ақкөңіл қыз. Екі жігіт қанша өтірік айтса да, алғашында шамданса да, кейіннен оны   ұмытып, қыз жолына салып, кешіре қояды.

       Жігіттер билет алған соң төртеуі қайта жолығып, стереотеатр жаныдағы қалың бақтың ішінде қатарласа жүріп келеді.  Бұл екеуімен бірге жүрген қыздар енді ешкімнен де қорықпақ емес. Қалыбек осы ауылдыңжігіттерінің атаманы. Мұратхан оның сенімді серігі. Екеуі  жүрген жерде ешбір жігіт жақындай алмайды. Тіл тигізбейді. Ал Қалыбектің бар мақсаты өзінің махабаты   үшін Батылды бір кемсітіп қою. Осы жолы да ол әңгімесінің бір ұшын Батылға әкеліп тіреді.

       - Қыздар, - деді ол Еңлікгүл мен Бәтимаға кезек-кезек көз тастап, - осы сендер Батылдың мына стереотеатрға келіп стереофильм көргенін кездестірдіңдер ме?

       - Жоқ, әрине, - деді Еңлікгүл  бірден жауап қатып, - немене, бізді соынмен бірге осы стереотеатрға келіп жүр деп ойлап па едіңдер?

       - Ол мағынада емес, - деді Қалыбек Еңлікгүлге бұрыла қарап, -  сол бәтшағарың біздің стереотеатрдан стереофильмдерді ана үп-үлкен көздерімен көре де алмайтын шығар деген ойым ғой. 

       - Көре алмағаны қалай? – деп Мұратхан оған жалт қарады. 

       - Оның көздері ерекше жаралған емес пе? Жылдам қозғалыстарды ғана жақсы көреді. 

       - Е, онысын кім білмейді дейсің. Күллі ауыл тұрғыдары түгілі, сонау   ел астанасындағы ғаымдар да біледі. 

       - Менің ойымша, ол стереофильмдерді таза көре алмайды, - деді Қалыбек Мұратханның сөзін жақтырмағандай қырын қарап. 

       - Оны немен түсіндіресің? – деді Мұратхан. 

       - Қалай түсіндірсем екен?  Адам баласы, мына өзіміз, секундына он алты кадрдан жылжыған лентаның кадрларындағы бейнелерді бір экран бетінен тұстас қозғалыс ретінде көре аламыз. Лента кадрларындағы суреттер бейнеқозғалысқа көшеді. Оны ленталы кинопроекторлардан көріп те жүрміз.  Ал біз білетін Батылдың көздері жылдам қозғалыстарды анық байқайтындықтан  стеротеатрымыздағы фильмдерді біз сияқты тұтас көре алмайды. 

       - Сонда Батыл қандай бейнефильмдерді көре алады? – деді Қаолыбектің  ғылымнан хабарының бар екеніне елең еткен Бәтима. 

       - Ол кадрлы лента өте жылдам жылжитын проектордан экранға түсірілген бейнелерді ғана тұтас көре алады. Сондықтан  Батыл   үшін мамандар  кинопроекторларға  көп өзгерсітер жасаулары керек.  

       - Ал неге сондай етіп жасамйды кинопроекторларды мамандар?. 

       - Егер кадрлы лента кинопроекторда өте жылдам қозғалатын болса, оны біз  экрандағы бейнелерді тұтас көре алмай қаламыз. 

              - Қызық  екен, - деді Еңлікгүл де Қалыбекке қадала қарап. – ал қазіргі стереофильмді Батыл көре алар ма еді?

       - Тұтастай көре алмайды, Еңлікгүл, - деді Қалыбек өзіне жүрегі жылығындай көрінген Еңлікгүлге деген жан сезімі ояна түсіп, - біз көріп отырған тұтас бейнелер Батылдың  көздеріне бөлек-бөлек кадрлар болып, баяу  жылжып өтеді. Ал кадрлы лентаның жылжу жылдамдығын арттырсақ, онда Батылға бейне тұастай көрінеді де, бізге ленталар тек жылжып өтіп жатады. 

       - Бұл өзі ойға келе бермейтін нәрсе екен! – деп Мұратхан басын шайқап қойды. 

       Төртеуі бірнеше қадам  үнсіз жүрді. «Қалыбектің де осындай білімі мен тапқырлығы бар» деп Еңлікгүл осы кезге дейін ойлап көрмепті. Ауыл адамдары «Қалыбек сотқар жігіт» деп қауесеттеп кеткендіктен кім кімнің де санасына солай сіңген. Еңлікгүлдің бұрын-соңды осылай бір-бірін ұнататын жігіт пен қыз сияқты қатар жүргені де осы. Бұл кезге дейін Қалыбектің  сөздеріне қосып айтып жіберетін өтірік сөздерінің де мәні бар сияқты болып кетті Еңілікгүлге енді. Батылмен неше рет кездесіп, неше рет әңгімелесіп жүрсе де, бір де бір рет оның стереофильм жөнінде бір рет те айтпағаны да есіне түсті Еңлікгүлдің. Үнсіз қадам басып келе жатқанда Еңлікгүлден басқалары да өздерінде бір-бір ойға батқан-ды. Осы кезде стереотеатрдың стереофильм көруге ішке кіруге шақырған әдемі   жағымды үнді қоңырауы сыңғырлап ала жөнелді. Төртеуі де жүріс бағыттарын кілт өзгертіп, стереотеатрға қарай асықты.


Күтпеген  ұсыныс

         Мектеп директоры АЙдос Пренебекұлы Қажымұрпағы бүгін ертеңгілікте әдеттегісінен ертелеу   келді. Ондағы ойы мектеп ауласындағы тазалықты барлап көру  болатын. Батыл бар кезде айнала айнадай            таза жататын. Одан кейін алған аула сыпырушы Батылдай бола алмады. Тек соңғы кезде қаладан алдырған биотұлға ғана аула тазалығын өз деіңгейінде сақтап келеді. Ол жасыл түсті шыны көздерін жиі жыпылықтатып мектеп басшысына бір қарап қойды. Айдос Пренебекұлы оған, мектеп дәліздерін жуатын биотұлға көз салып өтіп, өзінің жұмыс бөлмесіне енді. Үлкен жазу үстелі   үстіндегі бейнетелефонын іске қосып, қызметіне қатысты адамдармен экран арқылы сөйлесті. Ешқайсысынан Батыл жайлы мәлімет ала алмады. Оны ел астанасына әкетерде ғалымдар: «Мән-жайды толық анықтаған соң өзіміз бір хабарын береміз» деген. Оның үстіне Батыл жөніндегі хабарлар газет-журналдарда жиі жазылып, радио мен стереотеледидарлардан жиі айтылып, көрсетіліп келеді. Директор бір жағынан соған арқа сүйеп, өзі қызметімен болып келеді.

       Айдос Пернебекұлын соңғы кездері ойлантқан басты нәрсе көлік жүргізушісінің жоқтығы. Аудан әкімшілігі жағынан жүргізуші мәчселесі қозғалмады. Сондықтан Айдос Пернебекұлы бұл мәселені өзі шешпекке тоқтаған. Бұдан бірер күн бұрын ауыл тұрғындарының арасында Еңлікгүл мен Бәтиманың Қалыбек, Мұратханмен бірге стереотеатрға барып, бірге стереофильм көргендері жөнінде әңгіме тараған. Бұл ауыл тұрғындары   үйреншікті құбылыс. Бір бірлерін етене жақын білетіндіктен кімнің не жасап, не қойып жүргендері ауызға тез ілігеді. Сөз жатпайды. Ауыл тұрғындары арасындағы сөз бұқаралық ақпарат құралдарынан да жылдам жетеді бір біріне.

       Директордың мектепке әдеттегісінен ертелеу келгендегі бір мақсаты да осы мәселені шешіп алу   еді. Әзірге ешкім келе қоймаған соң директор сыртқа шығып, көздеріне ыстық көрінетін Батылдың жап-жаңа үлкен үйіне қарай жүрді. Осы тұста ол ауылдың үлкен көшесі бойымен жай ғана жүгіріп келе жатқан Қалыбекті  көріп қалды. Соңғы кездері ертеңгілік таза ауада жүгіруді бастаған Қалыбек осы мектептің алдынан өтіп, Батылдың бос қалған   үлкен  үйіне депйін барып қайтатын.

       Айдос Пернебекұлы  кілт тоқтап, Қалыбектің жанынан өтер сәтін күтіп тұрды. Қалыбектің кейінгі кездері ауыл шаурашылығына араласып, анау-мынау  жағымсыз қылығын тастап, енді күн сайын таңертең осылай жүгіретіні директордың жүрегін жылыта түсті. Батыл кеткелі «Жеңіл көлігіме кімді жүргізуші етіп аламын?» деген ой-толғаныста жүргенде күтпеген жерден Қалыбек көздеріне түсті. 

       - Армысыз, аға! – деп қос қолын соза амандасы Қалыбек Айдос Пернебекұлымен жүгірісін тоқтататып.

       - Аманбысың, айналайын? – деп директор да оның қолдарын қыса алды. – таң мезгіліндегі мына жүгірісің жақсы! Денсаулық болсын! Өзің соңғы кездері дұрыс жолға түсіп, бәрімізге  ұнамды жігіт болып келесің!

       - Көңіліңізге алғышстымын! – деді Қалыбек демін басып, - таң мезгілінде осылай жүгірген жақсы екен!   Ұйқың ашылады, денең сергиді, жұмысқа деген қабілетің артады! Көп ұйқтаушы едім. Оны да қойдым, аға. «Ұйқы – дұшпан!» дейтін бе еді, халқымыз!

       - Өзің қазақтың далалығын да  ұмытпаған жігіт екенсің!

       - Неге ұмытайын. Қазықтың әрбір сөзі, мақалы мен мәтелі жатқан даналық емес пе? – деп жымиды Қалыбек. 

       - Қалай? Ара-тұра тауға Арқар атуға шығып тұрасың ба?

       - Жоқ,аға. Ол кәсібімді де әлдеқашан қойғанмын. Бүгінде мен «Аңшылар қоғамының мүшесімін». Арқарға шықсам, тек мемлекеттің аңға  шығуға рұқсат еткен мезгілінде ғана шығамын. Онда да сирек. Дүрбілі мылтығым ішкі істер бөлімінде тіркеулі.  Жеңіл көлік жүргізушісінің үш айлық оқуын оқып, жүргізушінің куәлігін де алғанмын. Артық болмайды ғой, аға. Бұл өмірде бәрі керек!

       - Мыналарың тамаша  жаңалық екен, інім, - деп директор онан сайын көңілденіп қалды. 

       - Бүгін мектепке өте ерте келіпсіз. Жай ма, аға? – деді Қалыбек директордың бозғылттау  реңіне қарап.

       - Қайдан жай болсын. Басшының ісі біте ме?. Ғалымдар тобы Батылды ел астанасына алып кеткелі жеңіл көлігім қаңтарылып тұр. «Соны жүргізетін бір ержүрек жігіт болса» деген ойдамын,  інім.

       Қалыбек   үндемей төмен қарады. Ішінен: «Бұл кісі мені қайдан керек ете қойсын. Ауыл тұрғындары мені әлі де жақсыға жорымайды. Басқа біреуді алар, жүргізуші етіп. Бұл маған құлаққағыс етіп тұрғаны да» деп ойлап үлгерді Қалыбек. Директор да Қалыбектің әбіржулі бет-жүзіне қадала қарап тұрды. Содан соң мектеп жаққа бұрыла бір қарап алды да, оң қолының алақанын Қалыбектің иығына жай ғана қойып тұрып:

       - Қалыбек, мен саған  үлкен сенім  артпақпын, - деді жай ғана сөйлеп, - маған өзіңдей денсаулықты, батыл жігіт жетпей тұр. Сенің шамалы   уақыт балалық жолға түскеніңді жұрт біледі. Ер жігіттің басында не болмайды. Енді көп түзелдің. Жолың ашық.

       - Сіз маған қандай сенім артпақсыз? – деді Қалыбек дриектордың ойын әлі түсінікіремей. 

       - Жаңа айттым ғой, інім. Маған сенімді жеңіл көлік жүргізуші керек. 

       - Оны мен де іздестіріп көрейін,аға. 

       - Оны іздестіріп қайтеміз?

       - Онда қалай табамыз?

       -  Мына өзің тұрған жоқсың ба?

       - Мен – Қалыбек оң қолының сұқ саусағын кеудесіне жанастырды. 

       - Иә, мен сені лайықты деп тұрмын. 

       - Әзірге маған бүкіл ауыл тұрғындары сенім артпайды. Ал сіз қалай...

       - Мен сенемін. Сен Батылдан бөтен емессің маған. Біл білсең, Батыл ауылымыз түгілі, бұл Жер ғаламшарымыздың да тұрғыны емес!

       - Қалайша?!

       - Ол солай, інім. Оны санаулы адамдар ғана білеміз. 

       - Еңлікгүл де біле ме?

       - Ол да біледі. 

       - Ендеше, Бәтима да біледі.

       - Иә, ол да біледі. 

       - Онда, болды, Батыл ел астанасынан ауылымызға енді қайтып келмейді!

       - Болса да солай ғой!

       - Маған деген бұл сеніміңізге терең алғыстымын! – деді Қалыбек ерекше жадырап, - тек мен жаңа айтақанымдай, жеңіл көлік жүргізушісінің куәлігін жақында ғана алдым. Тәжірибем жоқ. 

       - Мен сені нағыз жігіт деп тұрсам, сен немене өзі...

       Директор Қалыбекке қадала қарады. Қалыбек  қарсы алдындағы   үлкен кісіден ыңғайсызданғандай көздерін төмен салып, бір сәт үнсіз тұрды да:

       - Бұл менің сізге көлік жүргізуші болуыдан жалтарғаным емес, ака, - деді жай ғана сөйлеп, - көлікті Батыл сияқты шебер жүргізе алмаймын. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген, брде болмаса да, бірде көлікті аударып аламфн ба деп ойлағаным ғой.

       - Ол жағынан еш саспа, інім. Не көрсек те бірге көреміз. 

       - Сенім артқаныңызға алғыстымын.

       - Енді мені тыңда. Қазір жүгіруіңді аяқтап, жуынып-шайынып, таңғы асыңды ішкен соң маған қайтып келі. Жұмыс жөнінде әңгімелесеміз.

       - Аға, мен бүгін де ауыл шаруашылығына көмек көрсетейін деп едім.

       - Сен, немене, інім, сөзді тағы да бұлтаңға салайын дедің бе?

       - Жоқ аға, кешіріңіз. Ешқайда бармаймын. Келемін, - деп Қалыбек  алған бағытымен жүгіріп ала жөнелді. 

       Директор оның соңынан бір сәт қарап тұрды. Содан соң ойындағысының орындала бастағанына іштей қуанып, жеңіл күрсініп алып, мектепке қарай аяңдады. Бұл кезде ауыл тішілігі де жандана бастаған. Өрске шығарылған ірілі-ұсақты малдардың дыбыстары естіліп, жеңіл көлік тұрақтарындағы көліктердің дүрілі тірілте түсті ауылдың таңғы тірішілігін. Көшелерде де тұрғындар абыр-сабыр. Директор келген бойда өзінің жұмыс бөлмесіне енді. Жұмсақ орындығына отыра бергені сол, жазу   үстелі  үстіндегі бейнетелефонның дабыл шамдары жыпылық қаға жөнелді. Айдос Пернебекұлы тақтадағы көп тұймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқып, жарқ етіп жанған шағын экранда пайда болған беті толық сары кісінің жүзіне қадалды. Оласықпай сөйледі. 

       - Аманбысың, Айдос! Бұл аудан әкмшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі Дайрабай Мерекеұрпағы  ғой. Бала-шағаңыз аман ба? Ауыл іші, мал-жан аман ба?  Қызмет бабы қалай өтіп жатыр?

       - - Жақсы, бәрі жақсы, Дайрабай аға! – деп Айдос Пернебекұлы басын жиі шұлғумен болды.

       - Айдос, менің бейнетелефон қоңырауын соғу  себебім мынау.  Енді екі күннен соң аудан орталығында мұғалімдердің кезекті жиыны өтеді. Соған кешікпей кел. Жалпы, жағдайларың қалай өзі? Жеңіл көлігіңді жүргізетін адам таптың ба?

        - шынымды айтсам, сол мәселе әлі шешілмей тұр, Дайрабай Мерекеұрпағы! Жаңа ғана сыртта көлік жүргізушілікке осы ауылдың бір жігітімен келскендей болып едім.

       - Ол кім деген жігіт еді? – деді сары жүді кісі.

       - Оның есімі Қалыбек. Осы ауылымыздың тумасы.

       - Қалыбек  дедіңіз бе?  Естуім бар. Ол жөнінде ел арасында «Жаман жігіт» деген әңгіме тараған көрінеді. Ол жағы қалай болады?  Басқа таңдауыңыз болмады ма?

       - Онымен сөйлескенімде қазақтың «Аяз би» ертегісі ойыма түскен еді. 

       - Һа-һа-һа! Солай деңіз. Адамның ең жаманын таңдаған екенсің ғой. Ол да дұрыс. 

       - Иә, ауыл жігіттерінің ең жаманын таңдадым. Бұл, әзіл әрине. Қазір ол бұрынғы Қалыбек емес. Көп түзелген. Ауыл шаруашылығына жиі қолғабыс етеді. Заңсыз Арқар атуды да қойған. «Аңшылар қоғамының мүшесі. Жеңіл көлік жұргізушілердің   үш айлық курсын оқып, жүргізушінің куәлігін алған. 

       - Ендеше, ауылдың бір қызына көзі түсіп түзелейін деген ғой. 

       - Қызға қырындамайтын жігіт бола ма? Олай болуы да әбден мүмкін. 

       - Оның өзі де ақылдылық. 

       - өзім де солай ойлаймын. 

       - Дұрыс ойлағансың, Айдос! Енді ол жағын өзің шеш. Жұрт не демейді. Көлікте болатын өзің. Біз сырттағы адамбыз.

       - Айтпақшы, Дайрабай Мерекеұрпағы, конференция сағат нешеде басталады?

       - Әдеттегідей таңғы сағат онда. Тек өткендегідей асығып-үсігіп, жолда бірдемеге ұшырап  жүрмеңдер. 

       - Ол – Батыл ғой, жеңіл көлікті   ұшырып айдайтын. Бұл – өзіміздің Қалыбек. Жеңіл көлікті аса қатты жүргізе қоймас. 

       - Жарайды, онда. Көріскенше күн жақсы болсын!

       - Амандықпен жолығайық! – деді Айдос Пренебекұлы бейнетелефонды сөндіруге оқталып. 

       Бейнетелефон экраны сөнісімен директор орнынан тұрді. Артынша дәлзеден дүрс-дүрс басылған адам аяқтарының дыбыстары естілді. Бұл оқушылардың жүрген дыбыстары еді.  Айдос Пернебекұлы жазу   үстеліндегі бейнебайланыс жүйесі тақтасынан бр түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Шағын экраннан қара реңді баланың жүзі көрінді.

- Дәлізде Қалыбек есімді ағаң көрінбей ме? – деді. 

       Бала сәл кідіріп, жан-жағына қарап алып:

       - Ағай, міне келді ол кісі, - деді. 

       - Маған келе берсін, - деді Айдос Пернебекұлы бейнбайланыс жүйесі тақтасынан келесі бір түймені сол қолының сұқ саусағымен нұқып.

       Бейнебайланыс экраны күрт сөнді. Сәл уақыт өтпей өзімен таңалагеуімде сыртта жолыққан Қалыбек кіріп келді. Екеуі ұзын үстелдің екі қапталындағы екі орындыққа оырып, жұмыс жөніндегі әңгімелеріне кірісіп кетті. 


                                        Әуе кемесінде айтылған ақиқат


             Аудан, облыс орталықтарында ғалымдар тарапынан тексерілуде болған Батылды ел астанасына әкету   шешімі қабылданды. Сондықтан оның екі қолындағы кісен-білезіктер шешілмеді. Әуед бастағы жоспар да оны ел астанасына жеткізу  болатын. Оған басты себеп, Батылдың аудан, облыс орталықтарындағы ғалымдар мен түрлі маман иелерінің қойған сұрақтарына мардымды жауап бермегені еді. Батылдың сырын толық айтпағаны, «Жағдайымды бұдан да күрделендіріп аламын ба» дегені. Ел астанасынан арнайы келген ғалымдар мен мамандар тобы Батылды арнайы жүйрік көлікке отырғызып, облыс орталығынан сырт салынған халықаралық әуе-ғарыш кемелері әуежаына алып келді. Батыл болған күндерде аудан орталығында да, облыс орталығында да қызықтап, жаңалық блгілері келген адамдар толастмаған. «Ғажайып адам» деген атқа ие болған Батыл көпшіліктің көз алдынан да, ойынан да кетпеген-ді.

       ӘІуе-ғарыш кемесіне қарай топ жеңіл көліктер шұбай  жүрген кезде де  көше-көше бойына жиналғандар көп болып еді. Елде тараған түрлі алыпқашпа сөздер мен газет-журналдардың беттерінде жарияланған мақалалар, радио мен стереотеледидарлардан берілген хабарлар мен бейнехабарлар Батылды ң даңқын асыра түскен. Оның адам көзі ілеспейтін жылдам қозғалысы, көздерінің ерекше   үлкендігі, көргіштігі мен табиғаттағы түрлі түсті ажырата алмайтыны және тағы басқа да жай адамға тән емес қабілеттері кімді таңдандырмасын. Батылмен жақын жүздескілері келген, оған сұрақтар қойып, жауаптар алғысы келген адамдар да аз болған жоқ. Сондықтан да Батыл жөніндегі мәліметттер тек арнайы ороындардан ғана беріліп отырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының құдіреті деген де осы. Олар болмаса,  Батыл жөнінде ешкім ештеме естімес те, білмес те еді. Тіпті, оның жанынан өткен адам да пәлендей ештемені байқамақ емес. Өйткені, бұл өмірде көздері    үлкен, қыли, мұрны пұшық, арқасы бүкір және басқадай кемістігі бар адамдар жоқ емес. Кез келген адам «Сондай жандардың бірі ме?» дегендей Батылдың  жанынан өте шығар еді. Бұқаралық   ақпарат құралдарының арқасында осындай танымалдыққа  жетті Батыл.

       Облыс орталығы қаласының   халқын осылай таңдандырған топ көлік  шұбаған бойы әуе-ғарыш кемесінің кең алаңына келіп тоқтады. Алаң әдемі еді. Неше түсті гүлдер егілген. Ортада сусебезгі. Айнала жасыл жапырақтары Күн сәулесіне жылт-жылт еткен қалың ағаштар. Оларды күтіп жүргендер де, осындай келген жолаушылар да бұл көріністер мен хош иістерден ерекше бөлек ләззат алады. Мұнда тек Батыл ғана ол түрлі түсті  көріністерден ләззат ала алмайды. Оған бәрі де сүреңсіз көрініс. Батылдың бұл ғаріптігін ғалымдар мен мамандар да сезе бастаған. Бірақ екі жағы да бір-бірлеріне сыр берген жоқ. 

       Батыл арнайы жеңіл көліктен түскен кезде де өзін бір көріп қалуға  ұмтылған әуежай қызметкерлері мен мамандары аз болған жоқ. Тіпті, әуе кемесімен   ұшатын уақыттары таяп қалған жолаушылар да бұқаралық ақпарат құралдарынан білген ғажайып адамды бір көріп   үлгеруге тырысқан. Бірақ  тәртіп сақшылары Батылды қоршай жүріп, ентелеген халықты аса жақындатқан жоқ. Батыл қалай қарай жүрсе, өзін қоршаған топ та солай қарай бұрылады.  Осындай ортада болса да Батыл жылдам қозғалған жоқ, күш қолданған жоқ. Сонда да қаумалаған халық бұл топқа кәдімігедй   үрей де тудырғандай болды. 

       Халықтың аты – халық. Осылай қорғанбаса, қанша саналы, білімді болса да жақыннан анықтап бір көру   үшін Батылға қарай лап қоймақ. Осыны сезген топ басшысы тәртіп сақышалрынан Батылды тездетіп әуе-ғарыш кемесіне жеткізуді өтінді. Оны естіген халық толқыны солай қарай ығысты. Тек топ үлкен қақпа арқылы әуежай алаңына өтіп, ол қақпа сырт жабылған кезде барып  халық кілт тоқтап, сыртта қалды. Осыдан соң ғана ғалымдар мен мамандар демдерін алған. Батыл да қатты шаршаған. Күтімі қанша жақсы болса да мынандай қоршауда, бақылауда болғаны ұнамаған. Өзі үнемі ұшуда болған жұлдызаралық кемеден түсіп қалып, ауылдың тамаша табиғатында еркін өмір сүре бастағанда осындай жағдайға түскені Батылға ауыр соқты. 

       Топ әуе-ғарыш кемесінің тпкешегімен жоғары көтерілген кезде бұларды қақпа сыртынан көрген халық шулап ала жөнелді. Кейбіреулері Батылға оң қолын бұлғады, енді бірі дауыстады, келесісі тіпті, ысқырып та жіберді. Ғалымдар мен мамандар да «Қауіпсіз жерге жеттік пе?» дегендей биік тепкешек   үстінде тұрып қақпа сыртындағы  халыққа қолдарын бұлғады. Батыл ғана өйткен жоқ. Ал халықтың аңдығаны ғалымдар мен мамандар емес, Батыл еді. Оны түсінген Батыл көңіл-күйі қаншалықты болмай тұрса да, кісен-білезік салынған екі қолын қосарлай жоғары көтеріп, қолдарының саусақтарын жұмыра қозғап барып әуе-ғарыш кемесіне кірді. Іші кең еді. Осындай арнайы сапарларға арналғаны айқын көрініп тұр. Ғалымдардың басшысы алдыңғы жақтағы қатар орнатылаған  жақтауы биік, жұмсақ   үш орындықтардың ортадағысына Батылды отырғызды. Өзі оң жағындағысына, көмекшісі сол жағындағысына жайғасты  Артынша әуе-ғарыш кемесінің қозғалтқыштары іске қосылып, қабырғалары сәл-пәл діріл қақты. Енді сәлден соң адамға сезілер-сезілмес қозғалыс басталып, әуе-ғарыш кемесі әуеге қарай қалықтай көтерілді.

       Соның алдында ғана ғалымдар мен мамандар кеме белдіктерін белдеріне сырт-сырт буып алған-ды. Ал Батыл  үшін әуе-ғарыш кемесінің дірілі де, қозғалысы мен   ұшуы да баяу  көрініс еді. «Осыны да жылдам   ұшатын әуе-ғарыш кемесі деп жүр-ау  бұлар?» деп бір ойлап қойды ішінен Батыл. Содан соң кеме терезесінен сыртқа көз жіберген. Батылға әуе-ғарыш кемесі  ұшып кетіп бара жатқандай емес, аспанда бір орында қалықтап тұрғандай көрініп кетті. Айналасы толған бұлттар. Жер беті анық. Ондағы айқыш-ұйқыш көлік жолдары жуан қара жіптей, ең биік деген ғимараттар мен көп қабатты тұрғын   үйлер сіріңке қораптарындай болып көрінеді көзге. Көшелердегі әрі-бері тынымсыз зырғыған жеңіл көліктер тап бір баланың ойыншықтарындай. Бірақ осы көріністің бәрі де әккі ғарышкер Батылға еш тансық емес-ті. Сондықтан Батыл басқадан бұрын әіе-ғарыш кемесінің соыншама баяу  ұшатынына қынжылды. Бірақ қозғалған нәрсенің бәрі де қанша баяу болса да орнын өзгертеді. Облыс орталығының әуежайынан ұшып шыққалы  жүздеген шақырым жер кейінде қалған. Әуе-ғарыш кемесі қажетті биікке көтеріліп, көлденең біркелкі  ұшуға көшкен.

       Осы кезде барып іштегі ғалымдар мен мамандардың кейбіреулері белдеріндегі белдіктерін ағытып, орындарынан тұрып, салон ішінде бойларын жаза бастады.  Арнайы даяшы бұлардың алдарындағы шағын үстелшелерге ыстық кофе, шәй, салқын сусын құйылған ыдыстарды әкеліп қойды. Бұл «Қалағандарыңызды ішіңіз» деген ниет еді. Батыл ыстықтан гөрі салқынды ұнататындықтан салқын сусынды сіміріп салды. Осы кезге дейінгі жүріс-тұрыс әбден шөлдетіп-ақ тастапты. Әуе-ғарыш кемесінің даяшысы да осынысын сезгендей екен. Ол қыз Батылға жымия қарап тұрды да:

       - Сусыннан тағы ішесіз бе? – деді биязы үнмен.

       - Жоқ, қызым, қандым. Алғыстымын! – деді бұл.

       - Сіздер ше? – деді даяшы қыз ғалымдар мен мамандарға бұрылып. 

       Олар да бастарын шайқады. Даяшы қыз   үстелешелердегі ысты кофе, шәй мен салқын сусындардан босаған ыдыстарды тез-тез жинап, арбашасындағы табақшаға салды да, кілем-жолша бойымен жылдамдау   жүріп, өзінің бөлмесіне еніп кетті. Ғалымдар мен мамандар отырған жұмсақ орындықтанрының жақтауларына сүйене көздерін жұмысп, бір сәтке ойға батқан. Енді Батылға сұрақтарын қойғылары да келмейтін сияқты. Датыл да үнсіз. Осылай отыра берейін десе, уақыт өтер емес. Батылдың ел астанасына баруға құлықты емес екені ғалымдар мен мамандардың бәріне жақсы белгілі. Екі қолына кісен-білезік салынған соң амалы жоқ, айқанға көнген, айдағанға жүрген. Батыл енді бұл құрсаудан қалай қашып шығудың жолын ойлап отырған да сияқты. Ал ғалымдар мен мамандар әуе-ғарыш кемесі Жерден қалықтай   ұшып көтерілгеннен кейін-ақ «Батыл енді ешқайда қашып кете алмайды» деп жайбарақаттанған. Бірақ Батыл іштей ойлаған жоспарынан айныған жоқ. Ол осы әуе-ғарыш кемесінің  Жер бетінен   ұша көтерілгенін күткен. Әуе-ғарыш кемесі аспан жолына түсіп, біршама  уақыт қалпты   ұшқан соң Батыл жайымен ғана орнынан тұрып, кілем-жолшаға шықты. Содан соң кілем-жолшаның орта тұсына тұрып, ғалымдар мен мамандарға қарап:

       - Мені мына әуе-ғарыш кемесімен ел астасына алып барып, арнай орында  зерттеудің еш қажеті жоқ, - деді күтпеген жерден, - сіздердің білгілеріңіз келетін сырымды қазір-ақ жасырмай айтайын. Тек содан кейін мені еркіндікке жіберетін болыңыздар.

       - Әуе-ғарыш кемесімен ұшып келе жатқанымызда сізге сұрақ қойып, жауап алуға тиісті емеспіз! – деді отырған орнында оған жалт бұрылған ғалымдар мен мамандар тобының басшысы Еңсебек, - оның   үстіне, сіздің шын мәнінде кім екеніңізді анықтау   санаулы   уақыттың   үлесіндегі іс емес. 

       -Бәрібір айтын, - деді Батыл салонда отырғандарды үлкен көздерімен жай ғана шолып өтіп, әуе-ғарыш кемесі нің өзі отырған орындық тұсындағы «Қосымша шығар есік « деген жазуы бар дөңгелек есікке бір көз тастап алып - сіздер ойлағандай, мен бұл Жер ғаламшарының перзенті емеспін. Мен өзге жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшардың тұрғынымын.

       Салонда отырған ғалымдар мен мамандардың бәрі елең етісті. Еңсебек отырған орнынан   ұшып тұрып, батылдың жанына жақын келдә де:

       - Сіз не айттыңыз? – деді қадала қарап.

       - Мен өзге жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшар тұрғындарының өкілімін, - деді Батыл салдарлы  үнмен, - сенбесеңіз, мына менің тұла бойыма, бет-әлпетіме, көздеріме мұқият қараңыз.

       Батыл ғалымға тіке қарап тұрып, қара көзілдірігін шешіп алды. Оның төрт қырлылау келген көздері, қоңыр түсті  келген қарашықтары расында да Жер тұрғынан тән емес еді. Еңсебектің жүрегі әдеттегісінен дүрс-дүрс қатты соқты. Орын орындарында қозғалмай отырған ғалымдар мен мамандарға үрейлі жүзімен қарап қойды. Ешқайсысы тіл қатпады. Содан Еңсебек өз өзіне келгендей болып сөз бастады.

       - Сіз өзге жұлдыз жүйесінен Жерімізге қашан және қалай келдіңіз?

       - Біздің жұлдызаралық жолымыз осы Күн ж.йесі арқылы өтеді. Бұдан біраз уақыт бұрын осы жүйеге жақындағанымызда алапат жұлдызаралық  кемеміздің басты қозғалтқышынан ақау  шықты. Содан бүгінде өзім тұрғынан айналған тамаша ауылдың маңындағы кең жазыққа қондырдық  кемемізді. Мен кеме жөндеушілердің бірі едім. Басшымыз бізге осы ғаламшардың ғажайып түрлі-түсті табиғатын өз кейпінде көруіміз үшін арнайы жасалған көзілщдіріктер берді. Сонда барып мен сол көзілдірік арқылы ауылдың ғажайып табиғатын өмірімде алғаш рет көрдім.

       - Сонда қалай, сіздер арнайы көзілдіріксіз табиғаттағы түрлі түстерді ажыратып көре алмайсыздар ма? – деді Еңсебек алғашқысынан сәл ширап.

       - арнайы көзілідіріксіз табиғаттағы түрлі түстерді бір бірінен ажыратып көре алмаймыз. Біздің ғаламшарымыз осы Күн жүұйелерңіздегі кейбір ғаламшарлар сияқты ақ-қара түстен тұрады. Сондықтан да мен бұл жарық та жылы дүниеге келгелі түрлі түс атаулыны көрген емеспін. Алапат жұлдызаралық кемеміздің ақаулы басты қозғалтқышын жаңасымен ауыстыру  барысында мен ауылдың түрлі түсті тамаша табиғатына тәнті болдым. Жөндеу  жұмыстарымызды толық аяқтап, кемеге мінер кезде де қатты толқыдым. Ақыр соңында кеме  ұша бере терзеден Жер бетіне қарай  секіріп кеттім... 

       Кеме ішінде шыбын ызыңы естілердей тыныштық орнады. Еңсебек қозғалысыз тұр. Отырған ғалымдар мен мамандарда  үн жоқ. Енді тек әуе-ғарыш кемесінің қозғалтқыштарының гуілі ғана естіледі. Жолсерік қыз да өзінің бөлмесінен шықпаған. Кемені басқарып келе жатқан бөлек бөлмедегі   ұшқыштар да бұл оқиғадан бейхабар. Енді біршама   уақыт өткенде әуе-ғарыш кемесі аспандағы жарты жолын кейінге тастамақ. Еңсебек әлі де ой құшағында тұр. «Өзге жұлдыз ж.йесінің өкілі болып шыққан Батылды ел астанасындағы ғылыми-зеттеу   институтына аман-есен жеткізсек, талай қызықты құпия-сырлардың ашылары хақ» деп бір ойлап қойды ішінен Еңсебек. Соның нәтижесінде өзіне тағы бір құрметті атақтың тағылатынына күмән келтірмеді. Үнсіз тұрған Батылдың тұла бойын көздерімен бір шолып шықты да:

       - Сіздердің табиғаттағы түрлі түстерді бір бірінен ажыратып көре алмауларыңыз көздеріңіздің табиғи кемшілігі ме, әлде даму барысында пайда болған кемшілік пе? – деп сұрақ қойды.

       - Даму  барысында болған көз ғаріптігі, - деді Батыл жеңіл күрсініп салып, - биологиялық, геологиялық тарихымызда біздің ғаламшарымыз да кезінде тап осы Жер сияқты ғажайып таиғатты ғаламшар болған деп жазылған. Уақыт өте келе ғаламшарымыздың табиғи байлығын таусыған. Жасыл түсті өсімдіктер мен түрлі түсті хош иісті гүлдері жойылған. Сөйтіп, ақыр соңында,  ғаламшарымыз ақ  пен қара түсті  сүреңсіз ғаламшарға  айналған. Шектен тыс ыстық пен суықтан сақтанған  тұрғындар ғаламшар қыртысы астына салған қалаларға көшкен. Тұрғындар ғаламшарымыздың қойнауындағы суды пайдаланады. Жетпегенін жүйеміздегі тұтастай мұздан тұратын ғаламшарлардан әкеледі. Бізге бір жұлдыз жүйесінен екінші жұлдыз жүйесіне жұлдызаралық кемемен  ұшып жету  қиын емес. Өзіміз де байқағандарыңыздай өте жылдам қозғаламыз. Мына әуе-ғарыш кемесінің   аспанда  ұшуы маған өте баяу  көрінеді. Мұндай жылдамдықпен   ұшатын әуе-ғарыш кемелері елімде пайдаланылмайды. 

       - Ал, әлгі, табиғаттағы түрлі түстерді ажыратып көрсететін көзідірігіңіз қайда?  - деді Еңсебек Батылға қарай бір адым басып.

       - Ол көзідірігім күл-талқан болған.

       - Қалай?

       - Оны тауда жүргенімде ауылдың Қалыек есімді жігіті мылтығының оғымен күл-талқан еткен. 

       - Не үшін?

       - Ол жағын айта алмаймын. Ол маған жігіттерімен бірге жұдырық та жұмсаған, мылтығынан оқ та атқан. Бірақ мен өтежылдам қозғалатындығымнан маған сілтеген жұдырығын тигізбедім, мылтығынан атқан оғын дарытпадым. 

       - Бұл қабілетіңіз шынында да ғажап қабілет екен! – деп Еңсебек  әуе-ғарыш кемесі салонындағы орындардың қалағандарында отырған ғалымдар мен мамандарға көзө салып қойды.  – ел астанасына барған соң сіз туралы бүкіл әлем халқы білетін болады. 

       - Маған ондай даңқтың қажеті жоқ!

       - Неге олай дейсіз?

       - Бұл ешкімге де үлгі боларлық жаңалық емес. Сондықтан тек өздеріңіз білсеңіздер болғаны деп ойлаймын. 

       - Құпия сақтап қайтеміз. Әлем халқының білгені де дұрыс қой, - деді Еңсебек тағы да ғалымдар мен мамандарға көз салып қойып. 

       - Жоқ, бұл әңгіменің осы әуе-ғарыш кемесінің ішінде қалғаны дұрыс депойлаймын. Сіздерге айтар өтінішім, мені ел астанасына апармай-ақ қойсаңыздар?

       - Апармағаны қалай? Мынандай тамаша әуе-ғарыш кемесімен аспанда  ұшып келе жатқанда, жарты жолымыз кейінде қалғанда айтқан бұл не өтінішіңіз?

       - Мен сіздерге бар сырымды жасырмай айттым. Қаланы   ұнатпаймын. Ауылға қайтқым келеді.

       - Ол сіздің туылып өскенауылыңыз емес қой?

       - Ол ауыл менің туылып-өскен ғаламшарымнан да ыстық маған. Тек сонда өмір сүргім келеді. 

       - Ауыл табиғаты тамаша! Ондағы түрлі түстер көріністері қандай! Тек, сіз сол түстерді ажырата алмайсыз ғой! Олардын еш ләззат ала алмайсыз ғой мына қарапайым қара көзідірігіңізбен!

       - Ол ауылда өмір сүрсем, менің көздерімнің түрлі түстерді ажырату  қабілеттері бірте-бірте оянатын болады. 

       - Ол ойыңыз шындыққа айнала қояр ма екен?

       - Шындыққа айналады деп ойлаймын. Ондай қабілетсіздікпен өмір сүру   мен  үшін мағынасыз.

       Батылдың осы толқулы сөздерінен кейін кейін бұрылып, жайымен жүріп барып өзінің орнына жайғасты. Батыл сол орнында тұрған бойда салон ішін үлкен көздерімен айнала шолып өтті. Салон ішінде орындар жеткілікті болғанымен ғалымдар мен мамандардың саны аз болғандықтан біршама орындар бос еді. «Қосымша шығар есік» деген жазуы бар дөңгелек есіктің тұсындағы орындарда да ешкім жоқ. Батылға керегі де, көздегені де сол еді. Іште тыныштық орнаған. Соған сай әуе-ғарыш кемесінің дүрілі де күшейе түскендей сезілген. Батыл көздеген есігіне тағы бір көз салды. Содан соң Еңсебекке жақындап келді де:

       - Сізге айтар өтінішім, мына екі қолымның білектеріндегі кісен-білезіктерді шешіңізші, - деді жай ғана. 

       - Олай етуге құқығым жоқ, - деді Еңсебек, - екіншіден, біз сізді толық зерттеп-біліп болмай қолдарыңыздың білектеріндегі кісен-білезіктерді тәртіп сақшыларына шештіруге рұқсат бере алмаймыз.

       - Менде енді қосып-алар сыр жоқ, - деді Батыл ғалымдар мен мамандарды қара түсті шынылы көзілдірігінің ішкі жағынан шолып өтіп. – мені енді қинамауларыңызды өтінемін. 

       - Жоқ, - деді Еңсебек Батылға қадала қарап, - біз сізді бәрібір ел астанасына апаруымыз керек. Арғысын сондағылар шеше жатар.

       Батыл бұл сөзге қатты ренжігендей болды. Кілем-жолшаның   үстімен олай да, былай да жүрді. Содан соң «Қосымша шығар еск» деген жазуы бар әлгі дөңгелек есікке жақындады. Сол замат Еңсебек те:

       - Тәртіп сақшылары, неғып   үнсіз отырсыңдар! Қозғалыңдар! – деп дауыстап қалды. 

       Бірақ  қатты толқыныстан қарлыға шыққан ол дауысы әуе-ғарыш кемесінің дүрілімен астасып анық естілмеді отырғандарға. Дегенмен, екі тәртіп сақшысы отырған орындарынан ширақ тұрып, Батылға қарай  жылдам  ұмтылды. Бірақ   үлгермеді. Батыл «Қосымша шығар есік» делінген есіктің төменғі жағындағы жалғыз түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқып, есік сыр етіп ашылған мезетте өзін өзі сыртқа қарай лақтырып жіберді. Сырттан қатты жел гу ете түсті. Желдің қаттылығы сондай, екі тәртіп сақшысын ішке қарай ысырып жіберді. Артынша есік автоматты түрде қайта жабылып қалды. Сол кезде бір жағдайдың болғанын сезген жолсерік қыз кліем-жолшамен жылдам басып келді. Жағдай түсінікті еді. Іште абыр-сабыр қозғалыс басталды. Бірақ енді бәрі де кеш. Еңсебек тез келіп дөңгелек таразаден сартқа қарағанда әуе-ғарыш кемесінен көп кейін қалып, Жер бетіне қарай аунай құлап бара жатқан Батылды көрді. Алақанын сарт соғып, бос орындықтардың біріне сылқ отыра кетті. Ешкімде тіл жоқ. Әуе-ғарыш кемесі  ғана дүрілінен жазбай ұшу   сапарын одан әрі қарай жалғастыра берді. 


ТӨРТІНШІ  БӨЛІМ

                                                ОЯНҒАН  ҚАБІЛЕТ

                                                Жолдағы  жаттығу


       Қалыбектің  Батыл құрастырған  үш дөңгелекті жеңіл көлікті жүргізіп жүргеніне бірнеше күн болған. Ең алғашқы сапары – директорды аудан орталығында өткен мұғлімдердің жиынына апарып-әкелгені болды. Қалыбектің жеңіл көлікті жай жүргізгені, жол-жөнекей  үнсіз қалмай, небір әңгімелерді айтып езу   тартқызатыны директорды баурай түскен. Бұдан бұрын кейбір ауыл тұрғындарынан жағымсыз сөздер етсіп келген директордың Қалыбекке деген пікірі де өзгере берді. Қаолыбек те мектеп директорының жеңіл көлігін жүргізгелі біршама беделге ие. Ауыл тұрғындары әуелдегідей емес, енді Қалыбекпен жылы амандасады, жағдай сұрасады. Адам баласының психологиясы қазық . Танитын адамы қызметті болса, онымен жалпақтай амандасады да, қызметінен кетсе, оны айналып өтуге тырысады. Енді әуелде сөйтіп жүрген адамдардың бәрі де енді Қалбыекпен анадай жерден бұрылып келіп амандасады. 

       Қалыбек те ессіз жігіт емес. Ауыл тұрғындары арасында өзі туралы тараған жағымсыз сөздердің шет-жағасын әлдекімдер арқылы естігеннен кейін-ақ ауыл шаруашылығына араласып, көрші-қолаңдардың істеріне көмектесіп, түзеле берген. Ауыл тұрғындары да осы қасиетіне сүйсінген. Енді  жақындамауға тырысатын Еңлікгүл де, Бәтима да бұрынғыдай емес, Қалыбекпен жымия амандасады, хал-жағдай сұрасады, өздерінің бұдан бұрынғы жақтырмағандарына кешірім өтінгендей мұның қас-қабағына қарап, именіп те тұрады. Қалыек оның бәрін де іштей сезеді. Тек сыртқа білдірмейді. 

       Осылайша күндер жылжып өтіп жатқан. Қалыбек енді бұрынғыдай ауыл көшелерінде бос сеңделуді мүлдем қойған, айналдыратыны Батыл құрап беріп кеткен Қоңыз пішінді, үш дөгелекті жеңіл көлік. Соның анау-мына кеткен жерлерін жөндейді, жуады, сүртеді, таза ұстайды. Бүгін де көлікті тазалап, ішіне отырып, ауылдың сыртына шығып, әрі-бері жылдам жүргізіп, жылдамдыққа жаттықан. Алдына жеңіл көлікті тап Батыл сияқты жылдам жүргізуді мақсат етіп қойған. Көліктің өзі де өте жылдам жүруге лайықталған. От қосатын табантақтасын оң аяғымен сәл басса болғаны, ол зырғып ала жөнеледі. Өткен жолы аудан орталығына барып келгенде көлікті үнемі тезеумен болған. Өзі зырғып тұрған көлікті олай тежей берудің жөні де жоқ еді енді. Сондықтан да Қалыбек енді осы кең жазықта жеңіл көлікті   ұшыра айдап, әдейі домалата аударып, қайта дөңгелектеріне тұрғызып көрмекке кірісті. Мынандай айдалада, ауылдан алыс жерде көлігін де, өзін де кім көрсін. Көлікті олай да, ылай да бұрқыратып жүргізді келіп. Содан соң көліктің   үсті-басына шандырылған резеңке білеулерін тексеріп шықты. Өйткені, жеңіл көлік аударылып, домалаған кезде сол резеңке білеулер көлік қоарбын мыжылып, ішіндегі адамдарды мерт болудан сақтайды. 

       Содан Қалыбек  көліктің ішіне қайта отырып, белдігін буынып, аударылған кезде басына зақым келтірмейтін  жұмсақ  жастықты тексерді. Енді көлікті аударып көру қалды. Оны кең жолға салып, қатты жүйткіте жүргізді де, рулін солға қарай кілт бұрап қалды. Көлік бірнеше рет аунап барып тынышталды. Үш дөңгелегі аспанға қарай өсіп-шығып кеткендей бөлекше көрінеді. Қалыбек қатты қорықандықтан біразға дейін өз өзіне келе алмады. Енді отырған орнынан тұрайын десе, еш тұра алмайды. Басы төменде, денесінің қалған жағы жоғарыда. Оның   үстіне беоліне бекітіп алған белдік белін қатты тартып, қысып тұр. Екі қолы рулде. Енді қайтпек. Иен дала. Көмекке келер ешкім жоқ. Осылайша ұзақ отырды. Бойындағы бар қаны бірте-бірте басына қарай құйылғандай бет-әлпеті қызарып та кеткен. Әлі де қозғала алар емес.

       Осы кезде барып Қалыбек Батылдың мұндай жағдайға жаста»ынан бейім өскен адам екенін түсінді. «Қолымнан келмейтін іске барып нем бар еді» деп те өкінді енді іштей Қалыбек. Бірақ өкінгенде не, енді бәрі де кеш. Қолұшын берер ешкім жоқ болса да. Содан Қалыбек бар күшін жинап, тыпырлай қозғалып, әуелі беліндегі белдікті шешуге тырысты. Днесінің бар салмағы төмен қарай ауғандықтан қатты тартылып қалған белдік шешуге мүмкіндік берер емес. Басын төмен қарай тіктей түсіп әрекеттенсе де ештеме шықпады. Қатты қызғарған екі беті дуылдап барады. «Осыншама алысқа шыққанымды қарашы, жауа алатындай» деп бір өкінді ішінен. Көлік те үш дөңгелегі аспанға қарап, тап бір кездейсоқ  аунап, шалқалап қалған Тасбақа сияқты тып жатыр.  

       Қалыбек ұзақ тыпыршыды. Бар күшін салып-ақ жатыр. Егер беліндегі белдік сәл босаңсыса, тез шешіп, көліктен шығып кетер еді. Ештеме шығар емес. Енді сәлден соң қатты ызалықтан екі көзінен ыстық жас та ыршып кетті. Өйтпей қайтсін. Енді сәлден соң тынысы да тарыла бастаса. «Осы маған көз тиген шығар. Енді мына жерде осылай жатып өліп қалсам, не масқара болғаным» деп бір қиналды. Жұлқына-жұлқына әлі де қалмады. Содан бір кезде ойына рулдің жанындағы шағын қобдишада бәкінің бары есіне түсті. Адам пенде қатты қиналғанда неше-қилы ой ойлайды. Ажалы жоқ болса, бір себебі табыла да кетеді. Ендігі тапқан айласы – бәкімен байланысты еді. 

       Қалыбек басының төмен қарап жатқанына қарамастан оң қолын жайымен созып, қобдишаны ашып, іішінен бәкіні алды. Содан соң оның өткір жүзімен беліндегі қатты тартылып, денесін қысып тұрған жалпақ белдікті кесуге кірісті. Бірақ кесудің де ыңғайы келмепді. Сөйтіп, терлеп-тепшіп әрекеттеніп жатқанда кенет бір құдыретті күш жеңіл көлікті тік жоғары көтерді де, жерге   үш дөңгелегімен топ еткізіп қоя салды. Қалыбек аң-таң. Беліндегі белдігін дереу   ағытып, көліктің есігін тез ашып сыртқа шығып жан-жаққа қарап еді. Жол бойынан бірдеме қараң етті де жоқ болды. Жол бойында бұрұқ-бұрқ көтерілген шаң жолақтары ғана қалды. «Бұл не өзі? Адам ба, әлде сайтан ба?» деп ойлап  үлгерді Қалыбек. Бір жағынан көліктен аман шыққанына іштей қуанса, екінші жағынан бұл құбылыстың не екенін ажырата алмай сескенді. «Мұның Батыл болуы мүмкін емес, - деп түйді ішінен Қалыбек, - ол ел астанасында, ғалымдар мен мамандардың қарауында. Сонда кім болды бұл?»

       Сөйтіп, біршама ойланып тұрды да, ештемені байқап-ажырата алмаған соң көлікке қайта отырып, ауылға қарай жол шаңын бұрқырата айдап жөнелді. Сәлден соң жаңағы қиналыстарын  ұмыта бастады. Ауылға жақындап қалған кезде көлікті тежей тоқтатып, біраз ойға батты. «Мен алдыма қойған мақсатымды орындамадым, - деді ішінен, - бүгін ақыры қолым бос. Осындай мүмкіндікте тағы бір жаттығып көрейін». Көз алдына осы жеңіл көлікті   үңгірде құрастрып, тексеріп болғаннан кейін Батылдың мұымен таудан төмен қарай қалай домалап түскенін көз алдына  елестетті. Тау етегіне дейін домалап түсіп, ірілі-ұсақты тастардың астында қалғанда да бұл көлікке ештеме болмаған. Ендеше, бұлкез келген жерде қауіпсіз.Бірақ осы көлікпен тау  басынан домалап түсуге Қалыбектің батылы бармады. Көлікті ауылдан сыртқа қарай қайта бұрып, біршама жер жүріп, биік бір төбенің басына шығарды да, одан төмен қарай аунатты.

       Бағанағы жолдағы аунағаны ештеме емес екен. Көлік шыр айналғанда бар дүние де аударылып-төңкеріліп кеткендей болды. Аспанның қайда, жердің қайда екенін ажыратуға да мұршасыз. Оның   төмендеген сайын көліктің айналысы да жиәлей берген. Сол екпінімен көлік аунай-аунай жолдан да өтіп, оның арғы жағындағы сайға қарай домалаған. Қалыбектің  басының айналғаны ештеме емес, енді, тіпті, жүрегі айнып, лоқсып-лоқсып, құсып та жіберген. Көлік тек содан кейін барып қана аунағанын тоқтатты-ау, әйтеуір. Тағы да тыныштық орнады. 

       Қалыбек енді беліне бекем буған белдікті шешпектүгілі, өз өзіне әрең келді. Бірақ бақытына қарай жеңіл көлік бұл жолы  үш дөңгелегіне табандап тұра қалған. Сонда да басы айналуда. Басы еме-ау, күллі дүние әлемі айналып-төңкерілп бара жатқандай. Жүрегінің айнығаны мен лоқсығы да басылар емес. Сонда да Қалыбек екіқолымен рулді тас қып   ұстап алған. Жіберсе, көлік тағы аунап жөнелетіндей. Осының алдында көрген азабы да енді есіне түскен. «Өзімді өзім неменеге азапқа сала бердім, - деді ішінен, - болар, осы жаттыққаным да жетер». Сөйтіп, шамаы есін жиған бойда көлікті жолға түсрііп, ауылға қарай тартты. 

       Көше бойында емін-еркін ойнап жүрген балалар мұны көріп жан-жаққа тым-тырағай қашты. Көлік көше шаңын бұрқыратып өте шықты.  Балалар шулап, қолдарын көтеріп, бірдемелерді айтып кейінде қалып жатты. Қалыбектің оларда жұмысы жоқ. Көліктің екі жақ терезесінен сыртқа кезек-кезек қарайды. Ондағысы: «Көше бойынан Еңлікгүл көрініп қалмас па екен. Көріне қалса, көлікті жанына тоқтатып, мінгізіп алып, қалаған жеріне апарып тастар едім» деген ойы еді. Бірақ сүйген қызы көше бойында көзіне шалынбады. Оған көңіл-күйі сәл төмендеп қалды. 

       Қалыбек барлық   жақсы қасиетін Еңлікгүлге арнайды. Соған жағу   үшін ауыл көшелерінде жалғыз да, достарымен бірге де сеңделуін қойды. Ауыл шаруашылғына араласа бастады. Енді міне, мектеп директорының көлік жүргізушісі болды. Мұнысын Еңлікгүл сезе ме, сезей ме, ол жағын Қалыбек әзірге білмейді. Өзінің соңғы кездері мінез-құлқын түзегенін, жақсы жолға түскенін ауыл тұрғындарының бәрі д е біледі. Ендеше, Еңлікгүл  неге көрмесін.

       Қалыбек  көлігімен көше бойымегн жүрген бойда қашан Еңлікгүлдің үйінің тұсынан өткенше оны бір көруден  үмітін  үзбеді. Екі жағына кезек-кезек қарай көздері де талды. Сәлден соң ішінен: «Осы көшеде Еңлікгүл кездесе қалғанда да ол мына көлікке міне қояр ма еді? Қыз бала қашан да ұяң келеді ғой! Оның  үстіне, көлікке мінгенін көре қалса, ауылдың кейбір жеңіл тілділері өсекке іліп те жібереді-ау!. Ол жағы да бар!» деп бір ойлады Қалыбек.  Сонда да тыныш қалмай, Еңлікгүлдің үйінің тұсынан өте бергенде бір рет көлік дабылын да берген. 

       Одан да ештеме шықпаған соң Қалыбек көше басына шығысымен көлігін қайта кейін қарай бұрып, тағы бір аралап өтті. Еңлікгүл үйінен сыртқа шықпаған соң сол бойда зымыратып отырып, көлікті тұрағына апарып қойды. Тұрақта жеңіл көліктің іші-сыртын мұқият тексерді. Ең бастысы – тежеу  жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Көлік  қанша қолдан құрастырылса да зауыттан шыққан кейбір жеңіл көліктерден әлдеқайда мықты, сенімді екен. Көліктегі түрлі өлшеуіштерді барлап, Батылдың соншалықты білгір, шебер екеніне іштей қайран болды. Сол Батылдың бекерден бекер қолдарына кісен-білезіктер салынып, ел астанасына әкетілегіне сәл де болса өкініп қойды. Ішінен аяп та кетті. «Ол бейтаныс жігіттің  соңына неге сонша түстім, ел астанасындағы ғаымдарға неге хат жаздым. Оны әкетпегенде, өзім де мынандай жылдам жүйткитін көлігін жүргізес едім. Өз тірішілгіммен болар едім» деп те ойлады Қалыбек. Тек енді оны қалай аяса да бәрі кеш еді.

       Қалыбек осындай ой-толғамда отырып, жеңіл көліктің барлық ішкі-сыртқы жүйелерін мұқият тексеріп шыққан соң қозғалтқышын сөндіріп, сыртқа шығып, есігін кілттеді. Тұратқытң сыртқы қақпасын жапты. Сөйтіп, аяңдап басып үйіне келген. Әкесі мен анасы бұл кезде кешкілік астарын ішіп, үй ауласындағы жұмыстарын жасап жүрген-ді. Іні-қарындастары да өз істерімен әлек. Ағайынды жетеудің ең  үлкені өзі болған соң олар бұған көңіл бөліп те қойды. Қалыбектің өзінің анау-мынау  артық сөздері мен әрекеттерін азайтуының бір мәні де өзінің осы   үлкендігінде жатыр еді. «Арбаның алдыңғы дөңгелектері қалай қарай жүрсе, соңғы дөңгелектері де солай жүреді» деген мақалды Қалыбек есінен шығарған емес. Енді өзі іні-қарындастарына   үлгі болудың жолына түскен. Біреуге ақыл айту    үшін сол адамның өзі   үлгілі болуы тиісті. Қалыбек  ол жағын да ойламай қалған емес. 

       Сырттағы қол жуғышқа беті-қолын шайып, үйге кірген соң Қалыбек дастархандағы дәмнен алып, әлі суи қоймаған шайдан ішті. Содан соң төргі кең бөлмеге өтіп, жұмсақ диванға жайғасып, аралық құралмен сетеротеледидарды іске қосты. Бұл  «Қазақ елі» стереотелеарнасымнан «Жаңалықтар» айтып-көрсететін мезгілі. Бұдан бұрын Қалыбек кешкілікте бұлайша стереотеледидар алдына отырмайтын. Достарымен көше қыдыратын.  Ғалымдар мен мамандар Батылды ел астанасына алып кеткелі күнде кешке  осылай стереотеледидар алдына отыратын болған. Ел жаңалығы айтылып, көрсетеліп жатты. Содан бір кезде «Жаңалықтарды» жүргізіп отырған жас жігіт  Есім Есжанұрпағы сәл кідіріп барып, өзі күткен жаңалыққа көшті.

       - Арқарлы ауылында Батыл есімді жігіттің ғайыптан пайда болып, сонда тұрақтағаны, одан кейін оның ел астанасына әкетілгені бәрімізге жақсы белгілі, - деп жалғады ол жаңалығын, - жақындай мынандай күтпеген оқиға болды. Ол жігіт әуе-ғарыш кемесінің ішінде ғалымдар мен мамандарға өзінің бұл Жер ғаламшарының емес, өзге жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті бір ғаламшардың тұрғыны кекенін айтыпты.  Өзінің өте жылдам қозғалатынының, үлкен көздерінің арнайы көзілдіріксіз түрлі түстерді ажырата алмайтынының сырын ашыпты. Сөйтіп, екі қолының білектеріндегі кісен-білезіктерді шешуді талап етіпті. Ал ғалымдар мен мамандар ел астанасына барғанша ондай құқықтарының жоқ екенін айтқан. 

       Содан қатты ренжіген бөтен ғаламшарлық жігіт әуе-ғарыш кемесінің «Қосымша шығар есігін» ашатын түймені жылдам басып, есік ашылған бойда Жерге қарай секіріп кеткен. Есік ашылғанда сырттан қатты соққан желден екі тәртіп сақышалары оны ұстап үлгере алмаған. Тек есік қайта жабылғаннан кейін әуе-ғарыш кемесінен көш кейін қара тнүктедей ғана болып Жер бетіне қарй құлап бара жатқан жігітті көріп   үлгерген. Содан бастап оның тағдыры белгісіз. Ғалымдар мен мамандардың алдын ала айтқан болжамдарынша, екі қолы бірдей кісенделген адамның сонша биіктен құлағанда тірі қалуы еш мүмкін емес. Оны іздеу   жұмыстары жалғасуда. Ғаымдар мен мамандар оның денесін табамыз деген үміте...

       Осы жаңалықты айтып болған соң жігіт басқа жаңалықтарға ойысты. Қалыбек  осыны естіп, аң-таң күйде қозғалыссыз біраз отырып қалды. Экрандағы жас жігіттің одан кейін айтқан жаңалықтарының бірін де естімегендей мең-зең күйде. Бір жағынан Батылдың аспанда жылдам ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесінен секіріп кеткені өзіне қуаныш сезімін   ұялатты. Стереотеледидарды сөндіріп, сыртқа шықты. 

       Ондағылар болса да бұл жаңалықтан бейхабар. Қалыбек  өзіне керекті жаңалықты естіп-көріп, көңілін орнықтырып алды.  «Аспанда соншама жылдам  ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесінен Жерге қарай секіргені несі? Ол жер бетімен зымырап кетіп бара жатқан жеңіл көлік емес қой?  Ақымағын қарашы. Ғалымдар мен мамандар өте дұрыс айтады. Екі  қолы кісендеулі адам соншама биіктен құлағанда қалай тірі қалмақ?» деп іштей ой тоғытып, өзінше масаттанып қалды Қалыбек. Іштейгі қуанышынан жер-дүниеге сыймағандай бау-бақшаның ішін аралап біраз жүрді. Одан соң шөп жинап жүрген әкесі Райбекке көмектесті. Енді қандай әрекеттержасаса да әлгі жаңалық құлағының түбінен кетер емес. 

       Енді сәлден соң Қалыбекті «Осы жаңалықты Еңлікгүл мен Бәтима естіді ме екен?» деген ой толғандыра бастады. Әкесіне біршама көмек берген соң   үсті-басын қағып, рұқсат алып, Мұратхан досына қарай асықты. Әкесінің Батылда да, басқада да жұмысы жоқ-ты. Әке мен ананың басты арманы ұлының ұяға, қызының қияға қонғаны. Бұдан бұрын Қалыбектің  шалт жүрістері жиі болатын. Онысына әкесі талай ренжіген. Тек соңғы кездері ұлы осылай түзеліп, үй шаруасына осылай қолұшын бере бастағандықтан оған ренжімейді. Қазір де әкесі Қалыбектің Мұратхан досына қарй асыққанын іштей сезсе де оған ештеме демеді.

       Қалыбек асыға басып досына жеткенде, олдаәкесіне шөп  үйісуге көмектесіп жүр екен. Қазақта: «Қыс қамыңды жаз жаса» деген мақал бар. Тап соны жүзеге асырып жатқандай еді бұлар. Қалыбек Мұратханның әкесімен қол алысып амандасқан соң қолына айыр алып, екеуне көмектесуге кірісіп кетті. Мұратханның әкесі Кәкімжан Қалыбектің соңғы кездері бұлай өзгергеніне таңданғандай бір  қарап қойды. Ал бұл Қалыбектің бір қулығы еді. Егер осылай киіп кетіп, шөп жинаспаса, Мұратханның әкесі  қыдыруға жібермек емес. Одан да осылай көлектесіп жіберіп, досымен бірге емін-еркін ауыл орталығында қыдырғаны әлдеөқайда артық. Бүгінде ауыл мектебі директорының көлік жүргізушісі болып жүрген Қалыбектің осылайша киіп-жарып шөп жинауға көөмек көрсеткеніне дән риза  болған Кәкімжан, жұмыс бітісімен:

       - Қарағым Қалыбек, үйдегі апаң шай-пайын дайындап та қойған болар. Үәге кіріп дәм татсаңшы. Сонан соң да   үлгерерсіңдер, жұмыстарыңа, - деді оған бұрыла қарап.

       - Көңліңізге мол алғыстымын, көке, - деді Қалыбек ол кісіге жымия қарап, - Мұратхан екеуміздің бір тығыз жұмысымыз бар еді. Кешікпей қайтып келеміз. 

       - Ә, жарайды онда. Бара қойыңдар, - деп Кәкімжан  үйілген шөптің айналасын тазалауға кірісті. 

              Қалыбек пен Мұратхан  үсті-бастарын  шөп-шаламнан қағып, қол жуғышқа барып, бет-әлпеттерін шайып, сырт қақпаға қарай асықты. 


                                                         Күтпеген  хабар

              Қалыбек пен Мұрахан жылдам жүріп, әуелі ауыл шетіндегі  Батылдың өзі  тұрғызып алған  үйіне қарай тартты. Ондағы ойлары: «Батыл қайтып келіп, үйінің маңында, иә болмаса, үйінің маңында жүрген жоқ па екен?» деген ойлары еді. Батылдың өліміне сену  қиын-тын. Ол  кез келген қиындықтан да, қауіптен де жол тауып кетеді. Қалыбек оның   үйіне қарай шыққан бойда: « Батыл,  бәлкім, әуе-ғарыш кемесінен секірсе де аман қалған шығар?» деп топшылаған. Осы ойын шыдамай жанындағы Мұратханға айтқанда ол:

       - егер Батылдың екі қолы бос болса, онда аман қалады деп ойлауға болар еді. Бірақ оның екі қолының білектерінде де кісен-білезіктер бар ғой!

       - Иә, мұның ақылға келеді! – деп Қалыбек сәл көңілденіп қалды. 

       - Дегенмен де, үйінің айналасын, ішін байқап-барлап көрейік! Ол Иттің баласының жүріс-тұрысның өзі де бір шайтанның жүріс-тұрысындай ғой!

       - Дұрыс айтасың, Мұратхан! «Жүз рет естігеннен бір көрген артық» деген. Үйіне барып, бар-жоғына көз жеткізгеніміз дұрыс қой! – деп Қалыбек жүрісін жылдамдата түсті.

       Екеуі ауылдың кең көшесінің шаңын шығара жылдам жүріп, шеттегі Батылдың үйіне келді. Үйдің есік-терезелері сол баяғысынша жабық күйі.  Айнала-төңірегінде адам ізі жоқ. Үй терезелері көріну бұрышына сай Күн сәулесіне шағылысып, жарқ-жұрқ етеді кейде. Терезелерінен ап-анық көрініп тұрған төсек-орындары мен   үстелдерінде де өзгеріс жоқ. Бұл жуық арада бұл   үйге ешкімнің келмегінінің белгісі.  Екеуі сонда да бір құпияны ашудыан үміттерін   үзбей, үй төңірегінде айналшақтап  ұзақ жүрді. Сол кезде барып Қалыбектің ойына ауыл сыртында жеңіл көлікті әдейі аударып, үш дөңгелегі аспанға қарап жатқан көлігін әлдекімнің жылдам көтеріп алып, үш дөңгелегімен жерге қойып, көзге қараң етіп зым-зия болғаны түсті. Бірақ ол ойын жанындағы Мұратханға айтпады. Айтса, ол да шошып, алға қойған мақсат-жоспары орындалмай қалмақ. 

       Үйді айнала бақылап-барлаудан ештеме шықпаған соң екеуі жалғыз аяқ жолғңа түсіп, ауылға қарай жүрген. Бұл кезде Күн да батыс көкжиекке таяп қалған-ды. Екеуі жүрістерін тағы жылдамдатып, ауыл ортасындағы  үлкен көшеден өзен суына қарай кеткен жалғыз аяқ жолға түсті. Ондағы мақсаттары солай қарай өзен арнасы жағасындағы бұлақтан ішім су  әкелуге кеткен екі қазға жолығу  еді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей, өзен жақтан оң иықтарына  бір-бір әкпішпен іші  су ға толы қос-қос шелектерді көтерген Еңлікгүл мен Бәтима көрінді. Жігіттер жақындай бере кілт тоқтады.  Бірақ  уақыттары аз еді. Оны түсінген Қалыбек пен Мұратхан сол аз ғана  уақыттың ішіндекөкейлеріндегі сөздерін  айтып   үлгеруге тырысты. 

       - Сәлем, қыздар! – деді Қалыбек  қарсы келген бойда кілт тоқтап.

       - Сәлем, жігіттер! – деді Бәтима сол замат. 

       - Сәлем! – деп Еңлікгүл де амандасты.

       Екі қыздың иықтарындағы әкпіштерге ілінген суға толы шелектері сәл теңселіп тұр. Осындай салмақты көтере-көтере шыныққан қыздар тап бір штанга көтерген балуандардай нық тұр. Сонда да оларды аяп кеткендей болған Мұратхан былай деді:

       - Қыздар, иықтарың талды ғой, суғатолы шелектер ілінген әкпіштеріңді төмен түсріе тұрсаңдаршы, - деді сәл жымия қарап. 

       - Не айтайын деп едіңдер бізге – деді Еңлікгүл сәл қозғалып кеткен әкпіші мен су толы шелектерінің тепе-теңідктерін сақтауға тырысып.

      - Жүре сөйлесейік. Күн болса, анау  батыс көкжиекке..., - деді Бәтима сөзінің соңын жұтып.

       - Жоқ, кішкене кдіріңідер. Әкел, көмектесейін, - деп Қалыбек  Еңлікгүлдің иығындағы әңпішті екі жағынан екі қолымен көтеріп алып оған ілінген су  толы екі шелегін епеен жерге қойды.

       - Әкел, мен де... – деп, Мұратхан да соны қайталады. 

       - Көмектеріңе алғыстымыз! – деді Бәтима.

       - Ештемесі жоқ. Ең бастысы, шелектеріңдегі суларың төгіліп қалмаса болды да! – деп Қалыбек шелектерге көз тастап қойды.

       Содан төртеуі бір біріне қарама-қарсы қарап тұрып қалған. Қалыбек әігіменің жалғасын қалай өрбітерін білмей сәл қипақтап қалып еді, Мұратхан:

       - Жарайды, қыздар, кеш түсіп қалды. Уақыттарыңды көп алмайық. Сендер естідіңдер ме, жэоқ па, біз бір жаңалық айтайын деп едік...

       - Не жаңалық? – деп Еңлікгүл елең етті.

       - Баяғы Батыл жайлы ғой, - деді Мұратхан жан-жағына барлай қарап.

       - Иә, не болыпты оған? Ғалымдар мен мамандар босатып па? – деді Бәтима Мұратханға қадалып. 

       - Жоқ,ә. Қайдан босатсын оны. 

       Қалыбек оң қолын жоғары көтеріп, доға жасап барып, төмен қарай сілтеп қойды. Сөйтті де: «енді түсіндіңдер ме?» дегендей екі қызға бажырая қалды. Сол кезде шыдамаған Бәтима:

       - Неменеі жұмбақтап тұрсың? Айтпайсың ба, айтатын жаңалығыңды анықтап! Біздің бұлай тұра беретін уақытымыз жоқ. Күн кешкіріп барады. Үйдегілер де алаңдай бастаған болар ендігі.

       - Жаңа бірәзде ғана мен үйдегі стереотеледидардан «Жаңалықтарды» көрген едім, - деді Қалыбек екі қызға кезек-кезек көз тастап, - онда Батыл жөнінде бір жаңалық айтты.

       - Иә, не болыпты оған? – деп Еңлікгүл елең етті. 

       - Жақсы жаңалық емес... – Қалыбек мұңайғандай көздерін төмен салып біраз  үнсіз тұрды. -  ол ел астанасына әкетіп бара жатқанда әуе-ғарыш кемесінің «Қосымша шығар есігінен» Жерге қарай секіріп кетіпті. Жағдйы белгісіз...

       - Рас айтып тұрсың ба, Қалыбек? – деп Бәтима екі қолының алақандарымен екі бетін басты. 

       - Рас екеніне көктегі құдай куә! – деді Қалыбек аспанға қарап. 

       - Оның сонша биікте ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесінен секіріп кетуіне не себеп болды екен?! – деп Еңлікгүл Қалыбектің бет-жүзіне қарақат көздерін қадады.

       - Мен қайдан білейін. Өмір сүргісі келмеген шығар!

       - Кім үшін, не үшін өмірден түңіледі ол? – деп Бәтима Еңлікгүлге қарады.

       Еңлікгүл өзен жаққа көз тастады. «Мүмкін, оған мына Қалыбек жасаған қастандықтар ұнамаған болар?» деп бір ойлап қойды ішінен Еңлікгүл. Ол ойын жанындағыларына білдірмеді. Қалыбек те қыз толқынысын бақылап-ақ тұр екен. Төртеуі де бір сәтке үнсіз қалған. Содан бұл тыныштықты Мұратхан бұзды:

       - Әуе-ғарыш кемесінен Жерге қарай секірер адам секірді. Оны ешкім итеріп жіберген жоқ шығар. Өлсе, өзінен. Өзі Жеріміздің тұрғыны емес. Несіне ойлай бересіңдер, қыздар оны? – деп Мұратхан аспанға қадалды.

       - Кім болса да саналы адам баласы емес пе? Ол түгілі, Құмырсқа екеш Құмырсқаны да табаныңмен езе салуға аяйсың ғой! – деп Еңлікгүл жер бетіне көз тастаған. 

       - Сен де айтасың-ау!  - деп, Мұратхан Еңлікгүлдің арқасынан қақты оң қолының алақанымен жай ғана, - дәл қазір, мына табандарымыздың астында қаншама Құмырсқа жаншылды? Оны білесің бе? Әрбір тірішілік иесінің өз жаратылысы, өз тағдыры бар. 

       - Біз әбден тапталған жалғыз аяқ тегіс жолмен жүріп келеміз. Құмырсқалар өсімдіктердің арасында. Ал өздері келіп табанымыздың астына түссе, не шара?

       - Ендеше, бізді де босқа күнәламаңдар, қыздар. Әлгі Батыл да сол Құмырсқалар сияқты өзінің жұлдызаралық кемесінен  түсіп қалып, аулымызға  келген адам емес пе еді?

       - Осы сөзді де тауып айттым деп тұрсың ба, Мұратхан?! – деді Бәтима бұртия қалып, - Құмырсқаларды байқамай, көрмей қалмасақ, әдейілеп баспаймыз табанымызбен. Ал Батыл Құмысрқа емес, білдей бір жігіт. Оны көрмесек, бекерден бекер тиіссек, кім болғанымыз?

       - Бәтима, тауып айттың! – деді осы кезде сөзге араласқан Қалыбек  Мұратханның қыздардан жеңілгенін мойындап, - жетер осы. Айтыса берсек...

       Қалыбектің бұл сөзі Мұратханға қамшы болып тигендей болды. Ол қызарақтап екі қызға кезек-кезек қарай берді. Екі қыз әкпіштерін еппен көтеріп иықтарына салып, ілгері қарай жүрді. Екі жігіт айтарға сөздері таусылғандай соңдарынан   үнсіз еріп келеді. Әңгімелері тәмам болғандай еді. Осы кезде төртеуінің қарсы алдарынан бірдеме қараң етіп, жалғыз аяқ  жол бойынан сирек шаң көтерілді. 

       - Ой, апа! Бұл не нәрсе, тағы да! – деп дауыстап кідіріп қалды Бәтима. 

       - Не болушы еді, кәдімгі шайтан да! – деді Қалыбек мырс күліп жіберіп. 

       - Бұл жарық дүниеде шайтан бар дегенге сенетін бе едің? – деді Еңлікгүл оған бұрыла қарап. 

       - Сенбеске не шара? Кейде дәл алдыңнан осылай қараң беріп өте шықса!

       - Қай шайтанды айтып келесіңдер? – деді сол кезде сөздің мән-жайын сәл түсінбей қалған Мұратхан.

       - Қанша шайтан бар еді, бұл өмірде?   Шайтан деген біреу ғана болмай ма?

      - Шайтан дегеннің қазақтың аңыз-әңгімелерінде айтылатынын білемін, - деді Мұратхан шаң көтерілген жолға қадала қарап келе жатып, - ал оны өмірде көрсем, мына көздерім шықсын!

       - Ал мен көрдім! – деп Бәтима жаңа сескенгенде сәл шайқалып кеткен су толы екі шелегініің тепе-теңдігін сақтауға тырысып. – осы қазір ғана алдымыздан қараң етіп өте шыққан жоқ па?!

       - Ал біз байқамадық! Түрі қандай болады екен, өзінің? – деп Мұратхан сөзді әзішге қарай аударды. 

       - Түрі сенің мына түріңнен тәуірлеу! – деп бота көздерін жалт еткізді Мұратханға Бәтима.

       - Онда сол шайтанмен достасып алсайшы!

       - Барыш әрі! Немене, енді мені шайтанға телиін дедің бе?

       - Өзің емес пе, оны мына мененен тәур деген!

       - Көп сөзді қойыңдаршы, не болды сендерге! – деп Еңлікгүл ренішті жүзін ауыл жаққа қарай бұрды.

       Үнсіздің тағы басты. Әңгіменің мәнісі кете бастағанын сезген екі жігіт қыздармен жылы қоштасты да, жылдм басып, өз жөндерімен кетті. Еңлікгүл мен Бәтима жол бойында әңгімелерін әрі қарай жалғастырды. Жаңа ғана Қалыбек шет-жағасын айтқан күтпеген жағымсыз жаңалық Еңлікгүлді толқытты. Батыл өзін ерекше қабілеттерімен, білімділігі, парасаттылығымен баурап алған болатын. Мына хабарға сенерін де, сенбесін де білмеді. Толқыныстан иығындағы әкпішке ілінген суға толы екі шелектің салмақтарын да ұмытқандай. «Батыл өте жылдам қзғалатын адам. Сондықтан да оның әуе-ғарыш кемесінен секіргенде де сондай жылдам қозғалыстарымен дін-аман қалуы мүмкін. Жаңа ғана қарсы алдымыздан қараң беріп, жол шаңын көтерген сол болып жүрмесін? Бәтима, болса да оны Батыл деп ойлай қоймайды» деп бір қойды ішінен Еңлікгүл. Бірақ ол ойын Бәтимаға айта алмады. Екеуі ауыл ішіне еніп, өзді-өзді  үйлеріне қарй кетер мезетте Еңлікгүл сәл еңкейіп барып, суға толы екі шелегін жерге еппен қойды. Бәтима да соны қайталап,  былай деп сөз бастады.

       - Еңлікгүл, жаңағы қараң еткен не өзі? Шнымен-ақ  шайтан ба?

      - Не дейін, - деді Еңлікгүл жан-жағына қарап алып, - ол қараңдаған әлгі жылдам қозғалатын Батылдың өзі олып жүрмесін?

       - Қойшы! – деп Бәтима айналаға көз салды, - ол мұнда қайдан болады?  Жаңа ғана Қалыбек оны әуе-кемесінен секіріп кеткен деген жоқ па?

       - Ол өте жылдам қозғалатын жігіт қой. Бәлкім, ол әуе-ғарыш кемесінен секіргеннен кейін сондай жылдам қозғалысымен жерге қатты соқтықпай аман қалған шығар?

       - Бұл ойыңда негіз бар. Текі жаңағы қараңдағаны маған  ұнамайды.  Ол да адам емес пе?  Олай етпей-ақ, алдымыздан шығып, тоқтап, амандасып, жағдай сұраспай ма? Бәзді көптен біледі. Не ұялатыны бар?

       - Оол жағын мен де түсініп тұрмын, - деді Еңлікгүл, - екеуіміздің жанымызда оның екі қасгөйі болды ғой.Солар үшін бізге жолыға алмаған шығар деп ойлаймын. 

       - Е, онда дұрыс, Еңлікгүл!  Сол екеі   үшін солай еткен!  Батыл сені олардан қызғанған!

       - Қойшы, әрі, Бәтима! – деп Еңлікгүл сәл ренжігендей сыңай танытты, - менің оған көңілім ауған емес. Оны мен білімділігі мен парасаттылығы   үшін ғана сыйлаймын.

       - Ұнату   сезімі сондай достықтан басталады ғой.

       - Сен білесің бе, Бәтима? – деді осы сөзден соң Еңлікгүл кейінгі жаққа бір қарап алып, - соңғы кездері Қалыек көп түзелді. Жас  шағында кім қателеспейді. Оған деген ұнатым сезімімі ояна бастаған сияқты. 

       - Қойшы! – деп Бәтима Еңлікгүлді құшақтай ала сықылықтай күлді. 

       - Күлмеші. Соңғы кездері ол түсіме жиі кіретін болып жүр  өзі. 

       - Сонда сен түске сенесің бе?

       - Сенбегенде ше? Түске сенбейтін адамдар аз. Ғылымнң өзі де оны жоққа шығармайды ғой.

       - Жалпы, ауыл адамдарының Қалыбек жөніндегі пікірлері көп өзгерді. Бүгінде ол мектеп директорының білдей бір көлік жүргізушісі!

       - Дұрыс айтасың, солай, - деді Еңлікгүл әкпішін су толы екі шелекпен бірге иығына қарай көтеріп салып, - жігіттің жігіт сияқты болғаны дұрыс қой!

       - Олай болса, мен мұны ішімнен ғана біліп жүрейін. Бірақ сен оған сыр беріп қоюшы болма. Кім біледі, саған   үйленіп алғанша жасап жүрген әрекеттері шығар бұл?

       - Жігітті сынақтан өткізген дұрыс-ақ. Пікіріңе алғыстымын, Бәтима. Сенен ештемемді жасырмаймын ғой. Ақылдасып жүргеніміз артық болмас.

       - Расында да оны бір рет сынап көрсек қайтеді?

       - Қалайша?

       - Сен ана Темір досын ұнатып қалғандай бол.

       - Қойшы, әрі! Сол жетпеп пе еді енді маған?

       -Жоқ. Қойшы демей-ақ солай жасап көрі, қайтер екен!

       - Онда екі ортада Темір бостан босқа таяқ жеп қалады ғой одан.

       - Қорықпай-ақ қой. Темір Мұратхандай жұмсақ мінезді жігіт емес! Ешкімге ақысын жібермейтін жігіт!

       - Онда бір сынап көру  үшін солай жасауға болады. 

       - Сөйтейік. Оның да бір сәті түсетін кезі болар.

       Екі қыз бір-біріне жымия қарап, иықтарындағы әкпіштерін бір-бір қозғап, үді   үйіне қарай кетті. Екеуінің жүрген іздерінен көтерілген көше шаңы біразға дейін буалдырланып жатты.


                                                    Сәтсіз  сапар


Қалыбек бүгін ертемен мектепке қарай асықты. Үш дөңгелекті, Қоңыз пішінді жеңіл көлігін жүйткіте жүргізіп, көше шаңын көтере діттеген жеріне жетіп тоқтатты. Көлігінің артынан қалмай ұша ілескен шаң енді көліктің   үстінен қалықтай ұшіп өтіп барып жер бетіне қарай төмендей берген. Қалыбек  ол шаңның сейлуін күткен жоқ. Таңалагеуімнен дриектор Айдос Пернебекұлынан хабар жеткен соң-ақ  осылай жедел қозғалған. Бөлмесінен үлкен терезе арқылы сыртқа телміре қараған директор кенет көше шаңын бұрқ дегізіп келіп кілт тоқтаған жеңіл көлікті көрген. Содан ширақ қозғалы, анау-мынау қағаздарын жинақтап  үлгерді.  Қалыбек бөлмесіне кірер есікке жақындағанша шығып, портфелін оған   ұстатып, есігін кілттеді.  Қалыбек дриектор таң атпай хабарласқаннан-ақ  оның аудан орталығында бір шұғыл шаруасының шыққанын іштей сезіп, оған ләм-мим демеді. Оның соңынан ерді. Директор жеңіл көліктің кейінгі жағындағы өзіне белгілі жақтауы биік, жұмсақ  орындаықа отырғаннан кейін ғана Қалыбектің қолындағы порфелін алды. Содан соң сәл аптыға сөйлеп:

       - Кеттік, аудан орталығына! – деді. 

       - Асығыс шаруа ма, аға? – деді Қалыбек оған бұрыла қарап.

       - Сағат тоғызда жиналыс басталады. Соған тез жетуіміз керек!

       - Белдікті беліңізге бекітіңіз. 

       - Жақсы. Тек байқап жүргіз, көлікті, - деді Айдос Пернебекұлы көлік терезесінен алдыңғы жаққа көз салып, - тау қиясындағы жолды өзің жақсы білесің. Мүлт кетіп жүрмейік!

       - Мен бұл көлікті жүргізуге әбден жаттыққанмын. Ол жағынан еш қам жемеңіз. Керек десеңіз, осы көлікті Батыл сияқты екі рет аударып та көргенмін. Сонда да көлікке де, маған да ештеме болған жоқ. Мықты отырыңыз! Мен бар әдістілігімді қоланамын. Сізді жиналысқа дәл  уақытында жеткізуге тырысамын!

       - Жарайды, мен мықты отырамын. Тек аудан орталығына кешіктірмей жеткізсең болғаны.

       Қалыбек кейін бұрылмастан басын изеді. Көлік дүр етті де, алға қарай зымырап жөнелді. Ауылдың үлкен көшесінен көтерілген шаң будақ-будағымен кейіндп қалып жатты. Енді бір сәтте көлік  ауылдан біршама ұзап  та үлгерді . Сырттан қараған кез келген адам   үш қана дөңгелегі бар бұл жеңіл көліктің соншама зымырай қозғалғанына таңданбай қалмас еді. Қалыбек барын салды. Бірақ қанша жылдамдатып айдаса да, Батылдай шеберлік көрсете алмады. Көліктің алдыңғы жалғыз дөңгелегі жол бойынан олай да, былай да бұлаңдаумен болды.  

       Осылай жүйткіген көлік көп кешікпей таулы жолға да жетті. Қия жолдың оң жағы терең сай. Бұл көлікті Батыл айдған кезде осы қия жолдан қалай жылдам жүргізіп өткенін байқмай қалатын Айдос Пернебекұлы  Қалыбектің айдасына сәл сеніңкіремей  отырды. Қалбыек тау   жолында кезіккен майда-майда тастарды елеген жоқ. Көліктің   үш дөңгелегі кейде сол майда тастарға соқтығып, сәл секіріп, артқы екі дөңгелегі бұлаңдап келе жатты. 

Бірақ ол ештеме емес еді. Кенет Қалыбек көліктің алдыңғы жалғыз дөңгелегі бір шеті қырлы тасқа тиді де,  қисая көтіріліп барып, сай тереңіне қарай домалап ала жөнелді. Бар дүние әлемі көз алдарында шыр айналды. Директор тілге келе алмай қалған. Көліктің домалауы секунд өткен сайын үдей берді. Сай етегіне жете бере бір үлкен қырлы тастың  үстінен аунап өтті. Осы кезде көлік ішінен Айдос Пренебекұлының жан дауысы шығып, артынша  үнсіз қалды. Қалыбек көлік есігін тез ашып, сыртқа шығып, директор отырған жақтағы есіікті ашты. Ол сәл шалқайып, ес-түссіз жатыр. Барлап қараса, көліктің қорабының сыртын айнала жапсырылған білеудей-білеудей резеңкелердің арасындағы жұқалтаң жерге үшкірлеу   тас дөп келіпті. Қалыбек оған дәті шыдап қарап тұра алмады. Көліктен алған соққы мен мына қасіреттен басы айналып, бар дүние көшіп бара жатқандай болды. Тез сергіді. Тез қозғалып, директордың беліндегі белдікті босатып, оны еппен көтере сыртқа шығарып қара жерге шалқалай жатқызды.

       Директор екі көзі тарс жұмылған бойы тып-тыныш жатыр. Басындағы жарақатынан аққан қою-қошқыл қызыл түсті қан жайымен ағып, жердегі тас-тастың арасына сіңіп кетіп жатыр. Мұны көрген Қалыбек екі қолының екі алақанымен басын екі жағынан қыса   ұстап, айғайлап жылап та жіберді. Айдала, таулы жер болғандықтан ол айғайын сол төңіректегі жартастар қайталағаннан басқа ешкім де естіген жоқ. Қалыбек күтпеген қасіреттен әлі де есін толық жиар емес. Өткенде бұл көлікпен бір емес, екі рет аударылғанда да өзіне ештеме болмаған еді. Енді күтпеген қасіретке тап болды. Тұла бойы дірілдеп, не жасап, не қоярын білмеді. 

       Содан тағы да бар дауысымен айғайлап, жоғарыда қалған жолға қарай жылдам көтерілген. Сол кезде жол бойымен баяу  жүріп келе жатқан жеңіл көлікті көрді. «Жаңа мен неге өстіп баяу жүргізбедім көлікті. Тегіс жолға шыққан соң да уақыттан   ұтатын едім ғой» деп іштей өкінді Қалыбек. Сөйтіп, тағы да жылап жіберіп, жол бойына «Мені басып өлтіре салыңдар!» дегендей отыра кетті. Жеңіл көлікте келе жатқандар да мыұны көрген  бойда бір жайсыз оқиғаның болғанын сезген еді. Көліктерін кілт тоқтатып, есіктерін ашып, жылдам-жылдам шығып, Қалыбекке қарай лап қойысты. Мұны жан-жағынан қоршап, төмендегі бір жағына қисайған үш дөңгелекті жеңіл көлік пен оның жанында, қара жерде шалқасынан ес-түссіз жатқан мектеп директорын көрді. Біреуі сөзге келместен қалтасындағы бейнефонын алып, «Жедел дәрігерлік жәрдем» орнына хабар берді. 

       Арада бес минут өтпестен ауылдан қабырғаларында  «Жедел дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлер тобының көлігі» деген қазыл түсті жазулары бар екі бірдей көлік келіп жетті. Олардын түскен дәрігерлер қолдарындағы қобдишаларымен төмен қарай жүгірді. Қалыбек те айғайы мен жылағанын күрт тыйып, олардың соңынан төмендеді. Дәрігерлер уақыт жоғалтпастан Айдос Пренебекұлын жеңіл жатқызғышқа салып, қайтадан жоғары қарай өрледі. 

       Ал бір қырынан жатқан жеңіл көлікті зерттеуге басқа бір топ келген. Олар жеңіл көліктің не себеппен сайға қарай аунап кеткеніін, қанша жерге дейін домалағанын, қай жерлерінің зақымданғанын жедел тексеруге кіріскен.  Айдос Пернебекұлын көлікке салған бойда көліктер арнайы дабылдарын беріп, ауылға қарай тартқан. Оны көше-көшеден көрген ауыл тұрғындары дүрлікті. Болған оқиға жөніндегі сөз ауыл арасында желдей есті. «Ауылдағы жалғыз мектептің директоры көлік апатынан қатты жарақаттаныпты» деген сөз оны білетін әрбір ауыл тұрғынының жүрегін сыздатты. 

       Қалыбек директордың жанынан шықпады. Бақытына қарай Айдос Пернебекұлы ауруханаға келген соң есін жиды. Дәрігерлер жол бойында келе жатқанда-ақ көлік ішіндегі күрделі дәрігерлік құралдармен оған бірінші жедел дәрігерлік көмекті көрсетіп   үлгерген-ді. Жылдам ота жасап, кеткен қанын толықтырып, жарасын таңған. Соның нәтижесінде директор көздерін  ашып, тілге келген. Бұл Қалыбектің үмітін оятты, ойлаған жаман ойынан арылтты. Егер директор сол жерде мерт болғанда, өзінің жағдайы жақсы болмайтын еді. Қамауда олатыны да сөзсіз. Дәрігерлер қанша күнәлі болса да, дәрігерлер Қалыбектіің де денсаулығын жедел тексеруге кіріскен. Олар Қалыбектің шамалы ғана жарақ алғанын, оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп тудырмайтынын тұжырымдады. 

      Жеңіл көліктің төбесіндегі  үшкір тас тиген жері ғана майысыпты. Қалған жағы сау. Осы себепті көлікті тексерушілер Қалыбекке көліктің сол жерін түзегеннен кейін жүргізе беруіне болатынын айтқан. Қалыек күн сайын көлікпен директор емделіп жатқан орталық ауруханаға келіп-кетіп жүрді. Осы күндерде Қалыбек көліктің аударылып кетуіне себеп болған тасты  барып көрді. Жазым болайын десе, ештеме емес екен. Сол тасқа дөңелектері соқтығып өтіп жатқан жеңіл көліктер қаншама. Олардың ешқайсысы да аударылған емес. Қалыбек ол тасқа іштейгі наласын айтып, ауылға қарай қайтқан. «Бұл не болғаны? Әлде мені әлгі әуе-ғарыш кемесінен Жерге қарй секіріп мерт болған Батылдың аруағы атты ма?» деген ойға келді Қалыбек жол-жөнекей көлік ішінде. 

       Ауылға жеткен соң Қалыбек әдеттегісінше жеңіл көлікті мектеп жаныдағы арнайы тұраққа қойды. Сөйтіп, оның есігін жауып, сыртқа шыққанда ойламаған жерден анандайдан өзіне ойлана қарап тұрған Батылды көрді.  Қалыбек қапелімде өз көздеріне өзі сенбеді. Екеуі де бір біріне қарсы қарап   үнсіз тұрып қалған. Тек  әлден   уақытта барып Батылға деген бар ішкі ыза-кегін бойына жинақтағандай болған Қалыбек сөз бастады.

       - Батыл, сізсіз бе?

       - Иә, менмін, - деді Батыл.

       - Сізді әуе-ғарыш кемесінен секіріп кеткеніңіз жөнінде стереотеледидар «Жаңалықтарынан» айтылған еді. Аман қалғаныңызға қуаныштымын. Қашан келдіңіз, ауылға?

       - Бірнеше күн болды. 

       - Неге осылай бір көрінбедіңіз бізге?

       - Ел астанасынан іздеушілер келіп тағы да мазамды ала ма деп жылдам қозғалып, көзге ілікпей жүрген едім.

       - Іздеушілер тобы бұдан біраз күндер бұрын келіп кеткен ауылға. Таба алмаған соң іздеулерін біржолата тоқтатып, кейін қайтып кеткен. 

       - Дұрыс болған екен, - деді Батыл демін терең алып, айналасына қарап. 

       - Бұдан сәл ертерек көрінгеніңізде ғой...

       - Менің не қажетім бар еді?

       - Ауыл тұрғындарынан естіген де боларсыз. Мен Адос Пренебекұлын аудан орталығындағы жиналысқа апара жатып  таулы жолда көлікті аударып, сайға домалатып алғанмын. Өзім аздаған жарақат алдым. Айдос Пернебекұлы басынан қатты зақымданып орталық уруханада жатыр. Жағдайы ауыр.

       - Білемін, - деді Батыл  басын төмен салып, жай ғана сөйлеп - соны естіп өзіңізбен кездесуге келіп тұрмын.

       - Батыл, - деді Қалыбек оған қарай бір адым басып, - мен сізге қас емеспін. Менің ызыа-кегім Еңлікгүлге деген қызғанышымнан туындаған. 

       - Қызғаныш  деген не? – деді Батыл сөздің  мән-мағынасын түсінбей..

       - Қызғаныш махаббат   үшін туындайтын сезім! – деді Қалыбек . 

       - Махаббат?

       - Иә, махаббат! Ол  қызғаныш  тудыратын сезім. 

       - Мен әлі күнге дейін ондай сезімді басымнан өткерген емеспін. Табиғаты түрлі түстерден мақұрым  ғаламшардағы елде дүниеге келіп, әдемілік пен  сұлулықты сезінбей өссем қайтейін. Бізде жігіт пен қыз сіз айтқан махаббат сезімімен емес, есеппен  үйленеді.

       - Ондай отбасында қандай сыйластық  болмақ?

       - Сыйластық бар. Тек  ол  күрделі техникалармен тікелей байланысты. .

       - Техника адамға сезім сыйламайды. Адам ғана адамға сезім сыйлайды. Менің күрделі техникадан білімім аз болса да, адами сезімім терең.

       - Мені қызықтырған да осы ерекшеліктеріңіз. Бұл қасиеттеріңізді бойыма сіңіріп келемін. Жұлдызаралық кемеден адами қарым-қатынасқа көшу   үшін қалған жоқпын ба?

       - Тек енді маған қиянат жасамаңыз.

       - Қандай қиянат?

       - Менің сүйікті Еңлікгүліме жақындай бермеңіз. Сонда екеуміздің арамызда нағыз шынайы достық қатынасы орнайды. Өмірлік достық!

       Батыл ойланып, үнсіз тұрып қалды. Қалыбектің осы кезге дейін өзіне нешетүрлі қастандық әрекеттерін жасап жүргенінің мәнісін де енді түсінді. Бірақ анандай биязы мінезді, білімді, мәдениетті, сергек қызды Қалыбекке іштей қиғысы келмеді. «Жігіт пен қыздың ой-сезімдері мен білімділіктері, мәдениеттері бір біріне сай болуы керек қой» деп ойлады ішінен Батыл. Қалыбек   жазықсыз қыздан теріс айналып кетуді қаламады. Біраз ойланып тұрды да:

       - Жарайды, Қалыбек. Көп тұрып қалдық. Әлі талай жолығамыз ғой. Мен кеттім, - деді.

       - Жақсы. Мән-жайды енді түсіндіңіз ғой деймін.

       - Түсіндім, Қалыбек. 

       Батыл кейін қарай бұрылып,  біршама жер жай жүрді де,  көше шаңын бұрқ дегізіп көтеріп, көзден ғайып болды. Қалыбек  жеңіл көліктің іші-сыртын текеріп шығып, үйіне қарай аяңдады. 


Қайта   табысқандар 


Қалыбек  жүргізген  үш дөңгелекті, Қоңыз пошымды  жеңіл көліктің тау жолында сайға қарай аударыла домалағаны, мектеп директоры Айдос Перенебкұлының ауыр халде орталық ауруханаға түскені ауыл тұрғындары арасында тұрақты әңгімеге айналған. Қалыбектің өзі де енді жұрт бетіне қараудан қалған. Мүмкіндігі болса, ешкімге көрінбеуге, кездескенмен көп сөйлеспеуге тырысады. Соңғы күндері тіпті, Еклікгүл мен Бәтимаға жақындағанды да қойған. Қалыбек кезінде осы жеңіл көлікті Батыл екірет аударып алғанда мәз болып күлген еді. «Күлме досқа, келер басқа» дегендей енді одан да ауыр жағдай өз басына келді. Адам атаулыдан сырттап қашатынды шығарды. Жүзбе-жүз кезігіп, жөн сұрағандарға қысқа жауап берумен шектелді. Енді мектеп директорының да өзіне сенім артпайтыны белгілі. Осы жағын ойлағанда өзін қоярға жер таппағандай қиналады.

       Оның   үстіне өлдіге санаған Батылдың  ауылға дін-аман оралуы психологиялық  соққы болды. Ол  жөнінде де ауыл ішінде гу-гу  әңгіме. Ол жаңалық екі қыздың құлақтарына да жеткен. Екеуі жиі-жиі кездесіп, Батыл жөнінде әңгіме қозғаумен жүр. Олардың Мұратхан екеуіне жақындай бастағандары Батылдың жоқтығынан екен. Ол келгелі қыздардың өздеріне деген қарым-қатынастары мен сыйластықтары өзгере бастағандай. Оның    үстіне, күні кеше ғғана жеңіл көлікті аударып алып, мектеп директорының ауыр жарақаттанғаны ауыл тұрғындарының арасында жиі айтылумен келеді. Осының бәрі Қалыбектің  ұнжырғасын түсірген.

       Ал Еңлікгүл бүгін ертемен Батылдың шын келген-келмегеніне көз жеткізу   үшін мектепке қарай асыққан. Оның көп жағдайда мектепті төңіректеп жүретіні белгілі. Кейде, тіпті, өзі баутауыш сынып оқушыларына сабақ беретін сыныпқа кіріп келетін. Ондай батылдығы да бар. Еңлікгүлді асықтырған нәрсе, Батылдан әуе-кемесінен секіргеннен кейін қалай аман қалып, ауылға қалай жеткенін оның өз аузынан есті болатын. Мектепке келі, сыныпқа кіріп, жазу   үстелінің  үстіндегі қағаздарын реттеп бола бергенде қоңырау да сыңғырлап ала жөнелген. Сыртта жүрген оқушүылар лек-легімен ішке кіріп, орын орындарына жайғасты. Соның артынша күткеніндей есік ашылып, леп деп Батыл кіріп келді. Оны әуелден танитын оқушылар отырған орындарынан дүрліге көтеріліп, шулай амандасты. Батыл да оларға басын сәл ие сәлемдесіп, сыныптың соңғы жағындағы бос парталардың біріне отырды. 

       Еңлікгүл  уақыт жоғалпау   үшін сөзін бастап кетті. Бүгінгі сабақтың дені табиғаттағы, адам қоғамындағы түрлі түстерді бір бірінен ажырата білу  жөнінде еді. Табиғаттағы түрлі түстердің жас балаларға тамаша эмоциялық әсер беретіні белгілі. Кей түс баланың көңіл-күйін көтерсе, енді бір түс оның жан-дүниесін тыныштандырады. Ал енді бір түстің балаға кері әсер беруі де мүмкін. Сондықтан балаға түрлі түстер мен олардың адамның жан-дүниесіне берер әсері жөнінде дәріс берудің мәні зор. Осы себепті Еңлікгүл сурет сабағына ерекше мән беретін. Ал бүгін осы Сурет сабағына ойда жоқта Батылдың келіп қатысқаны тіпті де маңызды. Өйткені ол арнайы көзілдіріксіз  түрлі түстерді бір бірінен ажыратып көре алмайды. Білетіні ақ пен қара түс қана. 

       Еңлікгүл оқушылар тынышталған соң сабағын бастап кетті. Бұл жолы мұғалім жазу үстелінің    үстіне бірнеше түсті ойыншықтарды қаз-қатар қойған. Енді сол ойыншықтардың ішінен негізгі түстер: көк, қызыл, сары, жасыл түстермен боялған шарларды бөлек шығарды. Одан соң ақ пен қара түске боялғандарын даралады. Балалармен бірге Батыл да осы заттарға мұқият қараумен болды. Бірақ ойыншықтардың ақ пен қара түске боялғандарынан өзгелерін бір бірінен ажыратып көре алар емес. Оқушылар Еңлікгүлдің көрсеткен ойыншыдарының түстеріне қарай:

       - Бұл қызыл түсті шар!

       - Бұл сары түсті шар!

       - Бұл көк түсті шар!

       - Бұл жасыл түсті шар! – деп   хормен жауап беріп жатты.

       Батыл да оқушылардың әрбір жауаптарынақұлақ қойып, түрлі түсті шарлардың түстерін бір-бірінен ажыратуға тырысып отыр. Бірақ   түрлі түстерді бір бірінен ажыратуға көздерінің қабілеттері  жетер емес. Оқушыларды: «Қызыл түсті шар!»  дегендері қарайып, «Сары түсті шар!» дегендері ағарып қана көрінді көздеріне. Еңлікгүл Батылға бір көз тастап қойып, сабағын одан әрі қарай жалғастырды. Енді  мұғалім негізгі төрт түстен бөлек жанама түстерге боялған ойыншықтарды рет-ретімен көрсете отырып, оқушылардан ол түстер жайында сұрақтар қойды. Оқушылар ол сұрақтарына да жап-жақсы жауап беріп жатты. Батыл кіп-кішкентай балалардың ойыншықтардың түстерін дәл ажыратып айтқандары қатты қызықты. «Ал менің осы жасқа келгенімше ақ пен қара түстерден басқа түстерді бір бірінен  арнайы көзілдіріксізтажыратып көре алмағаным қандай өкінішті» деп қойды Батыл ішінен. 

       Еңлікгүл енді біраздан соң оқушыларға түрлі түстерге боялған   үйшіктерді көрсетті. Ол   үйшіктердің есіктері алмалы-самалы еді. Оқушылар әр түсті бір бірінен дұрыс ажыратулары   үшін енді сол   үйшіктердің кішкентай есіктерін алып тастап, оқушыларды кезегімен өзіне шақырып, алынған есіктерді оның түсіне сай келетін түске боялған   үйшікке орнатуды тапсырды. Оны да жақсы орындап шыққан оқушылар аз болған жоқ. Бұдан кейін Еңілкгүл  түрлі түсті көліктердің ақ қағазға салынған суреттерін үстелінің үстіне қойды. Оқушылар олардың да түстерін бір бірлерінен ажыратып айтып берді. Батыл мұның бәрін көріп, бар ынтасымен тыңдап отырды. Бірақ қанша тырысса да, сол ақ пен қара түстерден басқа түстерді бір бірінен ажырата алмады. Іштей соған қынжылды.

       Сурет сабағы аяқталып, үзілісті білдіретін қоңырау  сыңғыр қаққанда оқушылар орындарынан тұріп, тақтаға жақын келіп, жаңа ғана Еңілікгүл апайлары көрсеткен ойыншықтар мен суреттерге тағы бір-бір қарап, сыртқа қарай асықты. Енді бір сәтте сынып іші босап, тыныштық орнады. Батыл мен Еңлікгүл екеуі ғана қалған. Батыл Еңлікгүлге қадала қарайды. Ал Еңлікгүл қызға тән ұяңдығымен көздерін төмен салып отыр. Содан екеуі үнсіз ғана қатар жүріп, дәлізге, онан сыртқа шыққан. Оқушылар асыр салып ойнауда. Батыл демін терең алып, Еңлікгүлге тағы қарады да:

       - Мен мына үлкен көздеріммен түрлі  түстерді бір бірлерінен қалай да ажырата алатын боламын! – деді ренішті  үнмен.

       - ажырата алатын боласыз, - деді Еңлікгүл оған қарақат көздерін жалт бұрып, - оған сіздің көздеріңіздің қабілетінің жететініне сенемін.

       - Бәрі де дүниеге келген елімдегі ынсапсыздықтың нәтижесі ғой!  Сіздердің дана ата-бабаларыңыз сияқты ұлы табиғатты қорғай, аялай білгенде, бәлкім мен дүниеге келген ауылдың, ғаламшардың табиғаты осындай ғажайып болып тұрмас па еді? – деп Батыл күрсініп салды. 

       Осылай қатар жүріп келіп, ауладағы жасыл өсімдіктердің түстерімен астасып тұрған жасыл түсті   ұзын ағаш орындыққа келіп отырды екеуі. Мектеп ауласында бір-бірін қуалап ойнап жүрген оқушылардың шуылы кейде екеуінің сөздерін бір біріне естіртпей де жібереді. Еңлікгүл Батылдың  ауылға дін-аман оралғанын естіген күннен бастап көкейінде жүрген сұрағын қойды Батылға:

       - Сіз соншама биікте ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесінен Жерге қарай секіргенде қалай аман қалдыңыз? – оған жай ғана бұрыла қарап. 

       - Жылдам қозғалудың арқасында, - деді Батыл.

       - Тек жылдам қозғалыстың арқасында емес болар. Батылдық та керек қой ондай да, - деді Еңлікгүл. 

       - Әрине, - деді  Батыл, - ондайда батыл болмасаң, жылдам қозғалысыңнан да пайда аз. Ал сіздерге мына жарық дүниеде қатер көп. Баяу қозғаласыздар. Жылдам қозғалыстардан қорғанып  үлгере алмайсыздар.  

       - Иә, оныңыз рас. Даңғыл бойымен жүйткіп жүріп келе жатқан көліктің, пойыздың жолдарын кесіп өтіп  үлгере алмай астына түсіп қаламыз.  Жылдам қозғала алмайтындығымыздан тағы басқа да қатерлерге тап болып жатамыз. Сіз сияқты жылдам қозғала алғанда, Қалыбек  мектеп директорына соншама жарақат алдырмас еді. Ол бүгінде ауыр жарақатымен орталық ауруханада жатыр ғой. Оны естіген боларсыз?

       - Білемін.

       - Ол кісі сі туралы көп айтып жүрді. Сіз оралмаған соң Қалыбекті көлік жүргізушісі етіп алған. 

       - Оны да білемін. Мен Қалыбекке жолыққанмын, - деді Батыл жан-жағына көз салып, - ол маған сізді өте жақсы көретінін айтқан. 

       - Неге олай деп жүр ол?

       - Ол сізді шын мәнінде де өте жақсы көреді екен. Маған солай дегені рас. 

       - Ал мен оны ұнатпаймын! – деді Еңлікгүл де жан-жағына көз тастап.

       - Сонда қалай? Сіздерде махаббат сезімі деген сезім жоқ па?

       - Оны қайдан білесіз? 

        - Оны да маған Қалыбек айтқан «Менің сүйіктім Еңлікгүлге жақындай бермеңіз» деп ескертті. 

       - Қойыңызшы, Батыл. Оны қайдан шығарып алып жүр ол? 

       - Өзі осылай деді ғой. Мен шындықты айтып тұрмын.

       Еңлікгүл  үндемей қалды.  Көз алдарынан талай күнгі оқиғалар елес беріп өтіп жатты. Қалыбектің  осы Батыл жайлы айтқан сөздері мен пікірлері де ойына түскен. Қалыбектің өзін о бастан   ұнататыны өзіне ғана емес, көпке белгілі. Оның Батылға қарсы жасаған іс қылықтары мен қастандықтары да түсінікті енді Еңлікгүлге. Сонда да Қалыбектің өзінде не шын ойының, не жалған ойының барын дәл ажырата алмай да жүрген. Енді мына Батылдың сөздері Қалыбектің өзіне деген ұнамтымын нақтылай, дәлелдей түскендей.  Тек енді Батылға не деп жауап айтарын білмейді. Осылай үнсіз отырып та қалған Еңлікгүл. Батыл да айтар сөзін айтып қалса да енді жанындағы қыздан ыңайсызданғандай сыңай танытқан.

       Батыл осы кезге дейін өз  еліндегі ешбір қызды құлай сүйген емес. Қоғамдағы қарбалас жұмыстар мен   уақыт санау  ондай тамаша сезімге бөленуге мүмкіндік тудырмаған. Бұл Батылдың екінші қасіреті еді. Енді қанша қарабайыр ауыл жігіті санаса да Қалыбектің қызға деген махаббат сезімінің соншалықты мықтылығына таң. Осы тұрғыдан келгенде Қалыбекке бас июге де даяр Батыл. Осы Арқарлы ауылының тамаша табиғатына табаны тигелі өзіне туған қарындасындай болып кеткен Еңлікгүлдің қызға тән әдемі қылықтары көз алдында болса да, Батыл сезім атаулыға сол баяғы суықтығымен қыздың мәдениеттілігі мен білімділігіне көп көңіл бөледі. 

       Осылайша өмір өтіп келеді бұл ауылда. Батыл енді-енді ғана жігіт пен қыздың арасындағы махаббат сезімінің қандай құдіретті күшке ие болатынын түсіне, түйсіне бастады. Осы сәтте Батыл өзінің қазақшалағанда Гүлдәрі деген мағынаны беретін қызбен ұнатымдық  қарым-қатынаста болғанын есіне алды. Бірақ өзінің бойында дәл Қалыбектің Еңлікгүлге деген махабатындай махаббат сезімі болған жоқ-ты. Ол қызбен үнемі жұлдызаралық жолда ұшатын алапат жұлдызаралық кемеде танысқан. Өмірлерінің көп уақыты да сонда өтіп келді. Күнделікті қарбалас істер, жоспарлы жұмыстар, күрделі техникалар. Бәр бірі де уақыт күттірмейтін. Ол қызбен емін-еркін қыдырып, бақ ішінде сырласуларына да   табылмайтын. Соның салдарынан еліндегі қаншама жігіттер  үйлене алмай, қыздар тұрмысқа шыға алмай қартайған. 

       Туылып өскен ғаламшарында да, алапат жұлдызаралық кеме ішінде де дәл осы ауылдағыдай ғажайып табиғат ортасын көрген емес. Тек ақ пен қара түсті көріп өсті. Көздерінің түрлі түстерді ажырату   қабілеттері де бірте-бірте содан жоғалды. Табиғаты сүреңсіз ортада адам баласының ұнатым сезімі де сөне береді екен. Гүлдәрияға деген ыстық махаббат сезімі ондай ортада қайдан оянсын.  Өз еліндегі жігіттер мен қыздардың  әңгімелері білім, ғылым, техника аясында болады негізінен. Ондай әңгіме барсында қандай  махаббат сезімінің туындауы мүмкін жігііт пен қыздың арасында. Ал бұл ауылдағы жігіттер мен қыздардың бір ірімен танысуы да, бір бірін түсінісуі мен  бір бірін  ұнатуы да, бір біріне ғалыщ болып, махаббат сезіміне бөленулері де мүлдем басқа. 

       Екеуі   ұзын ағаш орындықта отырып осындай ой толғам тереңіне кеткен еді. Сыңғырлап ала жөнелген қоңырау  дауысынан екеу і де ой тұңғиығынан селт оянды. Еңлікгүл Батылға бұрыла қарады. Батылдың бет-жүзінен Қалыбектің жалынышты бейнесі елес бергендей болды. Қыз екі қолының алақандарымен екі бетін басты. Қалыбектің өзіне деген ішкі махаббат сезімін енді түсінгендей. Егер сол Қалыбектің орнында өзі болса қайтер еді?  Қалыбектің өзіне деген ғашықтық сезімін Батыл да түсінген екен.  

       -Мен енді бұл ауылда көп жүрмеймін, - деді Еңлікгүлмен қатарласа мектепке қарай баяу  жүріп келе жатып, - Қалыбек екеуіңе кедергі болғым келмейді. Өздеріңізбен қоштасар күн де алыс емес...

       - Неге олай дейсіз? Қайда бармақсыз, сонда? – деді Еңлікгүл иегін көтере жүзін оған қарай бұрып.

       - Қайда кететінімді кезінде біле жатарсыздар. Осы   уақыт ішінде мен  ұлы табиғаттың қадірін, адами сезімнің мәнін т.үсіндім. Соған ризамын.

       - Бізді дұрыс түсінгеніңізге терең алғыстымыз! Сізге айтар еш өкпеміз жоқ. Әркім өз жерінде, өз отанында би. Әркім өз ұлтымен, қандасымен жарасымды. 

       - Еңлікгүл, - деді Батыл мектеп жаққа қарап қойып, - мен де соншалықты суық жан емеспін. Алапат жұлдызаралық  кемеде өзім  ұнататын қызым кетті. Ол менің кеме ұшар сәтте дәл осылай Жерге секіріп түсіп қалатынмызды білген жоқ. Іздеген де шығар мені осы кезге дейін. Бәлкім, келер...

       - Келеді, Батыл. Күтіңіз оны. Мен оған кәміл сенемін.

       - Өзім де солай ойлаймын. Тек қаазақшалағанда Гүлдәрі деген мағынаны беретін ұнатқан қызым екеуміздің ғарышқтық сезіміміз Қалыбек екеуіңіщзікіндей емес. Салқындау. Оған ғаламшарымызда осындағыдай ұлы табиғаттың түрлі түсті көріністерінің болмағаны, соған сай адами, ғашықтық  сезімнің бойымызға дарымағаны себепкер деп ойалаймын. Ендігі басты армандарымның бірі – табиғаттағы түрлі түстерді арнайы күрделі көзілдіріксіз, табиғи көздеріммен көру.

       - Ол арманыңызға да жетесіз, Батыл. Сіздің көздеріңіздің көру   қабілеттер ерекше. Жаттықтыра берсеңіз, түрлі түстерді де көріп кетесіз. Әрбір органның жұмыс жасау қызметі нің жетілуі тірішілік иесінің тірішілік ететін ортасына тікелей байланысты. Жерімізде Көртышқан  деген тірішілік иесі бар. Ол Жер қыртысы астындағы қараңғылықта тірішілік етеді. Сондықтан да олардың көру органдары дамымай қалған. Сол сияқты ғой. Із енді тамаша табиғат аясындасыз. Ондағы түрлі түстерді бір бірінен әзірге ажарата алмасаңыз да күнде көріп жүрсіз. Сондықтан сіздің көздеріңіздің түрлі түстерді ажырату   қабілеттері бірте-бірте оянады. Сөйтіп, біздің қатарымызға қосыласз. Тек уақы керек оған. Сондықтан еш мойымаңыз. 

       - Адам баласының өркениет дамуынақанша бой   ұрса да, ұлы табиғатқа қиянат жасамауы керек екен. Бәздің көзден ғаріп болып қалғанымыз солқиянаттың нәтиежсі. Бұл тек сіздерде болмасын...

       Тағы да   үнсіздік орнаған. Екеуі де осындай мәні мен мағынасы терең әңгімемен мектеп ғимаратына таяп қалғандарын да байқамады. Бұл кезде сырттағы оқушылардың бәрі де ішке кіріп, аула тынышталған еді. Еңлікгүл Батылмен жылы қоштасып, сыныбына қарай асықты. Батыл Еңлікгүл сабақ беретін сыныптың   үлкен терезесіне қадала қарап тұрды да, кілт кейін бұрылып, өзінің  тұрғын   үйіне қарай жылдам басып жөнелді.


Соңғы  өисет

 Еңлікгүл ауылдың орталық ауруханасына асығып-аптығып  жеткенде,  оның алды абыр-сабыр жүрген адамдарға толы еді. Осы аурухананың жан сақтау  бөлімінде мектеп диркторы Айдос Пернебекұлының жатқанына талай күн болған. Дәргерлер тобы оны тынымсыз қадағалап,  оған қолдарынан келген ем-домбарын жасауда. Бәтима да аса қажетті деген дәрі-дәрмектерді тауып беруде көп көмек  берген дәрігерлерге. Жеңіл көлік қорабының сыртындағы резеңке білеулердің арасындағы ашық жердегі жұқалтаң темір қаңылтыр арқылы қатты тиген  қырлы тас өз кеселін амай-ақ дарытыпты. Оқиға болған күні жедел жасалған ота көмек бермепті. Сөйтіп, Айдос Пернебекұлының денсаулығы күн санап төмендеген.

       Қалыбек болса да күн сайын оның қасында. Оған сот залына шақырылу қаупі де төнгендей еді. Бірақ  Айдос Пернебекұлы  Қажымұрпағы Қалыбекті көлік апатына күнәлі етуден бас тартқан. Жас жігіттің өмірін өксіткісі келмеген. Өзінің жұбайына да, туған туыстарына да Қалыбекті күнәлі етпеуді өтінумен болған. Қалыбектің көңіл-күйі сонда да бір көтерілмеді. Енді ол Еңлікгүлге де, Батылға да жақындар емес. Кешкі мезгілдерде достарымен қыдыруын  да, әзіл-әңгіме айтуын да тыйған. Күндел баратын жері – орталық аурухана, қатып баратын жері – өзінің  үйі.  Осы екіара. Күні бойы дұрыс  ас та ішпестен Айдос Пренебкұлының жанынан шықпайды. Жағдайын сұрайды, сусын әпереді, дәм алуына көмектеседі. Бірақ күн өткен сайын дриектор дәм алудан да, сусыннан да қала берді.  Қалыбектің дегбірі де күшейген. Еңлікгүлге деген махаббат сезімі де жайына қалғандай. Бірақ Еңлікгүлге деген қызғаныш сезімі күшеймесе, әлсірей қойған жоқ. «Өткенде Батылға Еңлікгүлді  ұнататынымды Батылға ашып айтқаным дұрыс болды,- деп бір ойлады Қалыбек дриектордың жанынан шыға лмай жүрген сәттерінің бірінде, - ол бәрін түсінді. Енді мен жоқта да Еклікгүлге жақндай қоймас». Директорға батыл да ара-тұра келіп кетеді. Қалыбекпен аурухана дәлізінде бетпе-бет кезігіп қалатын кездері де болады. Бірақ бір біріне ештеме демейді. Үнсіз амандасып өте шығады. 

       Ал бүгін оң қолында іші сусын мен дәмге толы сөмкесі бар мұғалима қыз Еңлікгүл орталық аурухананың кең дәлізімен асыға басып келе жатты. Ол бұдан бұрын келгендерінде осылай асығып жүрмеуші еді. Жылдам жүруінің себебі – денсаулығы төмендеген дриектордың  халін тезірек білу  әрі сөмкесіндегі ыстық астың суып қалмауы еді. Кезекші дәрігерге жолығып, ақ желең киіп, оның рұқсатымен директор жатқан бөлмеге енді. Қозғалмалы-жылжымалы үлкен төсек   үстінде екі көзі тарс  жұмулы күйде Айдос Пернебекұлы жатыр. Еңлікгүлдің жүрген аяқ дыбысынан ол көздерін жай ғана ашты. Жас қыз директор жатқан төсектің жанана қойлған жақтаулы орындыққа отырды.

       - Ағай, халіңіз қалай?

       - Жа-қ-сы, қа-ра-ғым, - деп жай ғана сйөледі Айдос Пернебекұлы. 

       - Сізге үйде жаңа ғана пісіріп ыстық сорпаалып келіп едім...

       Директор басын жай шайқады.  Дене қызуынан кезеріп кеткен еріндерін біріктіруге күш сала әрең жұтынды. Басын сәл оңға қарай бұрып, қоңырқай түсті көздерін Еңлікгүлге қадады. Қыз директордың алсізденген халін іштей түсініп:

       - Әлде ыстық шәй ішесіз бе? – деді.

       Айдос Пернебекұлы басын тағы да жай шайқады.  Содан соң басын жай ғана оңға қарай бұрып, қоңырқай түсті көздерін Еңлікгүлге қадап, сол қолының саусақтарымен қыздың өзіне жақынырақ отыруын білдірді. Қыз ыстық сорпа бар ыдысты да, шай құйылған шыныны да шағын   үстелшенің  үстіне қойып, орындығын оған қарай сәл жылжытып отырды. 

       - Қарағым, Еңлікгүл, - деді енді директор алғашқыдан сәл ширағандай болып, - менің халім бәріңе де түсінікті ғой. Енді бер қарай қоймаспын.

       - Неге олай дейсіз, ағай? Әлі-ақ жазылып шығасыз! – Еңлікгүл екі көзіне ыстық жас үйірді. – дәрігерлер барлық ем-домдарын жасауда ғой.

       - Дәрігерлерге айтар еш өкпем жоқ, қарағым. – Айдос Пернебекұлы тағы да әзер жұтынды, - бәріне күнәлі өзім...

       - Ел көлік апатын Қалыбектен көруде. 

       - Жоқ, қарағым. Көлік апатына Қалыбектің еш күнәсі жоқ. Өзім де  соны айтпақ едім саған. Ол ер азамат. Рас, біршама қателескен кезі де боллды. Болмай қалған жоқ. Тек сен онысының бәрін іштей тере берме, қарағым. Оның жігіттігіне де көз жеткізгенмін. Сондықтан оны өзіме көлік жүргізуші етіп алғанмын. Ол мен көлікті жүргізді. Өзі де жарақ алды. Асығыстықтың кесірі бұл. Қалыбек сен   үшін талай нәрсеге де барды. Жасыратыны жоқ. Бірақ жеңіп келеді. Сен оған тұрмысқа шық. Бақытты боласыңдар деп ойлаймын. 

       Еңлікгүл төмен қарап отырып қалды. Сөз айта алмады. Көз шараларына ағыл-тегіл келген ыстық жасын шығын шәй орамалымен жиі-жиі сүтумен болды. Ара-арасында Айдос Перебекұлының бозғылт жүзіне көз тастап қояды. Ол шаршап қалған. Шамалы сөйлегнін де көтере алмаған. Ал дәлізде оныә жағдайын білуге  келген басқа да адамдар бар еді. Еңлікгүл  Айдос Еернебекұлының жаңағы сөздеріне не жауап айтарын білмей» қысылды. Жайымен орнынан тұрды. Айдос Пернебекұлы етсіз қалған бас сүйегінің шүңірейген жерінен кішкентай екі шардай болып қадалған көздерін Еңлікгүлден бірнеше минут бойы бұрмады.  Жаңағы өсиет сөздеріне жауап күткені еді ол. Еңлікгүл іштей қатты толқыды. Енді көз алдында о дүниеге біржолата аттанғалы жатқан  үлкен кісінің бұл жарық дүниедегі санаулы  уақытын босқа алғысы келмеді. Есік сыртыда кезек күтіп тұрғандардың тыпыршыған дыбыстары да естілген еді осы сәтте. Тоөқтаусыз аққан ыстық көз жасын орамалымен сүртіп алды да:

       - Өсиетіңізді оырндаймын, ағай! Тез жазылып шығыңыз! – деп, екі бетін екі қолының алақандарымен басты да шығар есікке қарай жүрді.

       Артына бұрылып қарамады. Қараса, жүрегінің онан сайын сыздайтынын түсінді. Есіктен  шыға бере кіргелі тұрған Қалыбекпен соқтығыса жаздады. Ол мұның ыстық жасқа жуылған бет-әлпетіне бір қарап, ештеме деместен ішке кіріп кетті. Сөз айтуға бата алмаған. Қалыбек іште ұзақ бола алмады. Аурудың жағдайының қиындағанын сезген дәрігерлер Қалыбектің дәлізге шығуын өтініп, директордың әйелін, туған туыстарын шақырды. Көп кешкпей жылаған дауыс та естілді. Дәлізде отырған Еңлікгүл еңіреп жөнелді. Қалыбек те өзін қоярға жер тапаағандай күйде. Сәлден соң ол Еңлікгүлдің жанына келіп отыра кетіп, оған басу айта бастады. Сол кезде есік тез ашылып, бәреу қараң етіп ішке кіріп кетті. Қалыбек те, Еңлікгүл де оның Батыл екенін білсе де бұл жолы үндеген жоқ. Сол бойда отыра берген. Сәлден соң Қалыбек қалтасынан жап-жаңа үлкендеу  беторамалын алып Еңлікгүлге ұсынды. Еңлікгүл өзінің шәй беторамалы бар болса да қайтармады. БұлҚалыбектің Еңлікгүлге берген ең алғашқы сыйлығы еді.  Қалыбек алғаш рет Еңлікгүлдің өзіне сүйкімді  бет-жүзіне анықтап қарады, Еңлікгүл де қараған. Екеуі осылайша бір бірінің жан-дүниесін түсіністі.

       Кенет іш жақтағы дауыс күшейе түсті. Есік тағы да тез ашылып, тез жабылып, қараң еткен адам дәлізге шығып, көзден ғайып болды.Онан кейін Айдос Пернебекұлының әйелі мен туыстары шыққан. Ешқайсысы ештеме демеді. Дәліздегі орындықтарға отыра кетіп, жылаумен болды. Содан бір кезде орталық аурухананың бас дәрігері Ақерке Балтабайұрпағы шығып отырғандарға қарап жай ғана:

       - Белдеріңізді бекем   ұстаңыздар, Айдос Пернебекұлы мәңгілікке көз жұмды. Сабырлы болыңыздар, - деп ішке қайта кіріп кетті. 

       Айдос Пернебекұлының әйелі де, туған туыстары мен Еңлікгүл де ыстық жастарын тыя алмады. Осы кезде Айдос Пернебкұлына аса қажетті деген дәрі-дәрмектерді алып Бәтима келді. Ол отырғандардың жылап-сықтауынан, Қалыбектің де көздерінен жас шыққанын көріп не дерін білмей тұрып қалды. Содан соң Еңлікгүлдің жанына келіп отырды. Дәліз ішін жылаған дауыстар басты. Сәлден соң бәрі орталық аурухананың ауласына шыққан. Осы кезде қайғылы жайды естіген ауыл тұрғындары да келіп жеткен. 

       Біраз  уақыттан соң жиналғандар тарай берді. Орталық аурухананың ауласында ұзақ уақыт  жылап-сықтап, онда емделіп жатқан басқа ауру-сырқаулардың көңілдерін түсірудең реті жоқ еді.   Қалыбек, Еңлікгүл мен Бәтима   үшеуі қатар жүріп келеді. Оны көрген жұрт Қалыбек пен Еңлікгүлдің бір-бірін түсініскенін сезді. Шамалыдан соң ол  үшеуге Батыл келіп қосылды. Ол Қалыбек пен Еңлікгүлге жиі-жиі көз салып, өзінің алапат жұлдызаралық кемеде кеткен қызын есіне алды. Қызға қалай сөз айту, қалай сый-сияпат жасау, қызға  өзінің махаббат сезімін қалай жеткізу  сияқты көріністерді Батыл енді жадында жақсы сақтап қалған. Батыл жанындағыларға Айдос Пернебекұлының тамаша адам болғанын, оның осылай мезгілсіз дүниеден өткенін айтумен болды. Осылай келе жатып көз жасын әлі де тыя алмай келе жатқан Еңлікгүлдің қолынан ер адамның беторамалын көрді. Ол беторамалдың Қалыбектікі екенін түсінді Батыл. Оған қызғаныш білдірген жоқ, жайымен ғана Қалыбектің қолын алып қысып қойды. 

       Төртеуі біршама жер үнсіз  жүрді. Қанша дегенмен де осы ауылдағы жалғыз білім ордасының басшысы, бетке   ұстар азаматы. Қай қайсысы да мына жалған дүниеден ерте ме,кеш пе, сол кісі сияқты өтіп кететінін де ойлаған. Соңғы жақтарына бір-бір қарап қояды. Орталық аурухананың төңірегі әлі де тыныш емес. Директордың әйелі мен туғған туыстары, таныстары  сабылып жүр.  Ол көрініс келе жатқандардың жан-дүниелеріне шым батқан. 

       - Қайран Айдос Пернебекұлы, - деп терең күрсінді Бәтима бұл үнсіздікті бұзып.

       - Ол кісінің адами қасиетін ешқашан да ұмытпасын! – деп Қалыбек  орталық аурухана жаққа бұрыла қарап алды.

       - Өзі бір ғажап кісі еді! – деп Еңлікгүл құрғай қоймаған көздерінің жасын Қалыбек берген беторамалмен сүртті.

       - Ол кісіге бәріміз де бауыр басып қалған едік... – деді Батыл басын төмен салған бойы көтерместен. 

       - Иә, Батыл, - деді Қалыбек енді оған жақын досындай жылы жүзбен қарап, -  тек біз бе екен, әне, қараңдар, қаншама адам жүр орталық аурухана төңірегінде. Ертең ол кісіні жерлегенде қанша адам жиналмақ.

       - Осы бұл өмірде көбіне жақсы адамдар ұзақ өмір сүрмейді? Неге солай екен? – деп Еңлікгүл әрі қарай сөйлей алмай тығылып қалды.

       - Ондай жақсы адамдар адам алаламайды. Кез келген адамға жақсылығын аямайды. Бәлкім, сондығынан шығар? – деді Бәтима бәрін көз тастап. 

       - Ондай адамдар жақсыны жамандықтан қорғаймын деп денсаулықтарын жоғалтады. Өзге адам   үшін жанын пида етеді. – деді Батыл толқынысын жасыра алмай

       - Дәрігерлердің дәрілерінің күші де  келмеді-ау  ол кісіні тірі алып қалуға, - деп Қалыбек орталық аурухана жаққа тағы бір қарап қойды

       - Ол кісінің отбасы саған ренішті шығар? – деді Еңлікгүл Қалыбекке бұрыла қарап.

       - Болса да ғой. Бірақ Айдос Пернебекұлы оларға менің күнәлі емес екенімді бірнеше рет ескерткен. Соңғы өтініші ғой. Жерге тастамас вдеп ойлаймын.

       - Иә, әдетте дүниеден бржолата өтер алдында айтылған өтініш пен өсиет бұлжымай орындалып жатады. Олар да солай жасайтын шығар. Түсінетін шығар мән-жайды, - деді Бәтима Қалыбекке қарап. 

       Екім тіл қатпады. Көше топырағына тиген аяқтарының тырп-тырп дыбысы ғана бар тыныштықты бұзғандай. Төртеуі әлі де соңғы жақтарына жиі-жиі қарайды. Кей кейде әлдекімдер соңғы жақтарынан айғайлап қалатындай сезіледі. Бір суық сезім де бойларын билеп алғандай. Көше ортасына жеткенде Батышл  үшеуімен жылы қоштасып, шаң көтере жылдам қозғалып, көзден ғайып болды. Қалыбекке деген сенім әлі де аз болғандықтан Еңлікгүлді Бәтиманың өзі апарып салды  үйіне дейін. Қалыбек үйіне келгеннен кейін де жер-дүниеге сыймай сеңделді. Үйінен аулаға бір шықты, бір қайта кірді үйіне. Мұнысын көрген әкесі мен анасы елеңдесті. Бірақ ұлына ештеме демеді екеуі де. Сұрауға бата алмаған. Ауыл адамдарының дүрліге жүрген жүрістерінен жағдай түсінікті еді. Қалыбек орталық ауруханадан келді. Қабағы түсікі, реңі солғын, көрген-білгенін айтуға зауқы жоқ. Бар болғаны әкесі мен анасын:

       - Айдос Пернебекұлынан айырылып қалдық, - деумен шектелді.

       Содан соң кешкі асын да ішпестен жатын бөлмесіне қарай өтіп, шешінбестен төсегінің үстіне  жата кетті.


Ұмытылмаған  өкініш

       Ауыл тұрғындары мен аудан орталығынан, тағы басқа жақтан естіп келген адамдар мектеп директоры Айдос Пернебекұлын соңғы сапарына шығарып салды. О дүниеге жөнеген адам Жер қойынандағы мәңгілік тыныштық құшағына енді. Қалыбек  директорды жерлеу  рәсімінің басы-қасында болды. Өз қолымен бір уыс топырағын да салды. Бірақ ауыл тұрғындары арасында Қалбыектің жеңіл көлікті аударып, директордың өліміне себеп болғаны жөніндегі әңгіме жуық арада тыйылмады. Бұл Қалыбекке жеңіл соқпады. Ол соңғы кездері көп өзгерді. Көшеге өте сирек шығады. Адам көзіне түспеуге тырысады. 

       Осылай көңілсіз өтіп жатқан күндердің бірінде, түс мезгілінде Қалыбек көшеге шыққан. Ауыл адамдарының түс мезгілінде түскі астарына отыратыны белгілі. Қалыбекке керегі де осы сәт. Осындай оңашалықта Қалыбек неше-қилы ойға батады. Өзінің тағдырының ауырлығына күйінеді. Күні кеше ғана мектеп директорының білдей жеңіл көлік жүргізушісі болып, ауылтұрғындары алдында беделге де ие бола бастаған  еді. Күтпеген жерден бағы тайды. Осындай күйге түсті. Ендігі жалғыз   үміті – Еңлікгүл. Онымен бір-екі рет қатар жүріп, жылы сөйлескенінің өзі бір бақыт еді. Бұл жалған жарық дүниеде адамның келешегіне деген бір   үміті болады.  Еңлікгүл сол  үміті. 

       Көше бойында ересек адамдардан ешкім кезікпеген соң Қалыбек ауыл орталығындағы  үлкен әмбебап дүкенге енген. Оның ішінде нешетүрлі заттар жайнап тұр. Бірақ осы жолы ол заттардың ешқайсысы да Қалыбекті қызықтыра қоймады. Өмірден көңілі қалғандай сезімде жүрген Қалыбек қабырға толған түрлі заттарды көздерімен бір шолып өтіп, терең күрсініп салды. Содан соң өзінен сұрақ күтіп тұрған сатушысына бір қарап алып, қайтадан сыртқа шықты. Осы кезде дүкенге қарай асыға басып келе жатқан Айдос Пернебекұлының жұбайы Жұлдызды көрді. Алдынан шығып амандасып еді, ол алдына тіке қараған бойы жанынан өтіп кетті. Онысы Қалыбекке моральдық қатты соққы болды. 

       Енді сәлден соң күтпеген жерден дүкеннің екінші қапталынан Еңлікгүл шыға келген. Қалыбек онымен де амандаса алмады. Тіс жарып ештеме демеді. Еңлікгүл өзіне бір қарады да, сол бойда дүкенге қарай кетті. Оның бұлай етуі  дүкенде тұрған Айдос Пернебекұлының жұбайы Жұлдызды байқағанынан болса  керек. Қалбыектің  жүрегі дүрс-дүрс соқты. Өзі жөнінде бір жағымсыз әңгіменің болатынын іштей сезді. Не істерін білмей тұрып қалған. Дүкенге кірсе, өкініші мен қайғысы бойынан кетпеген Жұлдыздың өзінің  Еңлікгүлге өзінің көзінше өзі туралы талай жағымсыз сөздерді айытп салуы мүмкін. Енді дүкенге кірмеген күнде де Еңлікгүлдің Жұлдыздан өзі туралы талай сөзді естіп шығатыны сөзсіз.  Үлкен есігі айқара ашық тұрған әмбебап дүкеннің есігінің алдында жақын келді Қалыбек. Ішіне кіре алмаса да, Жұлдыздың Еңлікгүлге айтқан сөздерін өз құлағымен естіп алуға бекінген. «Жұлдыз Еңлікгүлге мен туралы не айтты екен?» деп күні-түні  уәйім еткенше, осы жерде бар сөздерін естіп алайын» деген бірбеткейлік шешімге келді Қалыбек. Түс мезгілі, көше-көшеде жүрген адамдар аз, жел жоқ, айнала тып-тыныш болғандықтан дүкен ішінде Жұлдыз айтқан әрбір сөз құлақтарына ап-анық жетіп тұрды. 

       - Өзіңмен осылай бір кездесудің сәтін келтіре алмай жүр едім, - деп жалғады сөзін Жұлдыз Еңлікгүлмен амандасып, үй-жайын сұрап болған соң, - жақсы келдің. Мына дүкенші Аршат екуміздің әңгімемізге қарсы бола қоймас. Өзімнің замандасым ғой. Менің сеннен білейін дегенім мынау  еді.  Осы сен жаңа ғана сыртта өзің жанынан   үнсіз өте шыққан Қалыбекті жақсы білесің бе?

       - Ол жігітті бұл ауылда кім білмейді?  Оны неге сұрадыңыз, апай? – деп Еңлікгүл елең ете қалды. 

       - Шошынбай-ақ қой, Еңлікгүл қызым. Мен саған жаманшылық ойлайын деп тұрғаным жоқ. Тек жанашырлық қой менікі...

       Жұлдыз сөздерінің аяғын жұтып, «Сөздерімді сырттан біреу-міреу тыңдап тұрған жоқ па?» дегендй есік жаққа қарады.  Онысын сезген Қалыбек  білдірмей жылдам қозғалып, есіктің қапталына жасырынып  үлгерді. Сырттан ешкім бақалмаған  соң  Жұлдыз сөзін  әрі қарай жалғады.

       - Қарағым Еңлікгүл,  ауыл тұрғындары арасында сені ана қанышер Қаолыбекпен түсінісіп жүр  деген сөз тарауда. Осы рас па?

       - Оны кім айтып жүр? Неге олай ойлайсыз апай?

       - Е, бәсе, «Есіі бар қыз ондай жігітке өмірлсікке серік бола қоймас» деп өзі де ойлап едім.

       - Не себепті ол жігітті қанышер дейсіз, апай? – деді Еңлікгүл сәл әбіржіп.

       - Қанышер емей немене? Жеңіл көлікті аударып, менң күйеуәмді  өлтірген жоқ па? Ана таудағы Арқар біткенді сол атып таусыған жоқ па?

       Еңлікгүл  үндемеді. Сол  замат ол сөзге шыдамаған Қалыбек есіктің ашық-машығындағы саңылаудан әшке көз салды. Еңлікгүл басын төмен салып, іштей ренжіп отыр екен. Реңі де бозарып кетіпті. Қалыбектің жүрегі әуелдегісінен де қатты соқты. Кіріп барайын деді де, істің насырға шауып кететінін түсінді. Содан өз өзін   ұстап, Жұлдыздың әрі қарай айтқан сөздеріне құлақтарын түрді.

       - Мұндай жағдайды адамнан көргеннен гөрі адамның өз тағдырынан көрген дұрыс шығар, Жұлдыз., - деді дүкенші Аршат шыдамай сөзге араласып, -  сабырлық сақтағңыз. Жас қыздың нәзік жүрегін ауыртпаңыз. Қалыбектің күнәлі емес екенін Айдостың өзі талай рет айтқан жоқ па еді?

       - Сен килікпей отыршы сөзімізге! – деп сөкті Аршатты Жұлдыз, - жеңіл көлікті тау жолында жылдам жүргізген кім?

       - Қалыбектің айдағаны белгілі, әрине. Бірақ ол «Көлікті аударып аламын, Айдос Пернебекұлын солай қатты жарақаттаймын» деп ойлаған жоқ қой. 

       - Ойламаса, сол таулы жолда көлікті неге қатты айдайды?  Ендеше, күйеуімнің өліміне оның өз тағдыры емес, ана Қалыбек күнәлі! 

       - Адам өміріне себеп көп. Ал Айдостың өзі Қалыбекті күнәлі деп санамаған соң оны қайта қозғап  ол оқиғаға еш қатысы жоқ мына қыздың жүрегін  ауыртып қайтесіз?

       - Сен де айтады екенсің, Аршат! – деді одан сайын күйінген Жұлдыз, - солқанышер Қалыбек болмаса, мына мен осындай қайғыға ұшырап, жесір қалмас едім!

       - Жұлдыз апай, айып етепеңіз, мен асығыс едім, - деді Еңлікгүл дүкеннен ештеме алмай-ақ кетуге ыңғай беріп. 

       - Асықпа, қызым, - деді оған жалт бұрылған Жұлдыз, - бүгін күн демалыс қой. Менің енді сырласатын кімім қалды дейсің. Балалар өз бетімен. Бұл қайғы-қасіретімді кім түсінер дейсің. Мейлі, кетер адам кетті, мәңгілік орнына. Бұл өмірде барымыз сау болайық. Құдай сендерге ұзақ ғұмыр берсін. Ал енді сен мені тыңдасаң, бұдан былай ана қанышер Қалыбекке жолаушы болма. Одан гөрі анау Батыл адам! Оның адамгершілігі, білімі, кез келген іске шеберлігі қандай ғажап! Айдос тіріде ол біздің   үйде талай рет көрді, тіпті, үйде жүрген кездері болған.  Сонда байқағанмын, мен оның қандай жігіт екенін. Менің бұл жанашырлығымды дұрыс түсін. Есіңнен адаспа. Дұрыс жолңмен жүр. Айдос та Батылды ерекше ұнататын. Оны ғалымдар мен мамандар, тәртіп сақшылары сонау  ел астанасына алып кетпегенде дәл осындай қайғылы жағдай болмас еді. Сол ғалымдар мен мамандардың Батылды ел астанасына зерттеуге алып кетуіне де оларға қайта-қайта арыз хат жазып, себепші олған сол қанышер Қалыбек...

       Жұлдыз әрі қарай сөйлей алмай тығылып, екі көзіне ыстық жас алды. Еңлікгүл төмен қараған күйәі  үнсіз отыр. Сатушы Аршат та енді өзінің ыңғайсыз жағдайда қалғанын сезінді. Есік сыртында осы сөздердің бәрін тыңдап тұрған Қалыбектің жүйкесі тозып, жүрегі дүрсілдей соғып тұр. Сонда да қозғалмауға тырысады. «Бұлардың сөздері біткенше сырттан біреу-міреу келіп қалмаса екен» деп тілейді ішінен Қалыбек.  Дүкен ішінде Жұлдыз айтқан сөздердің бәрін де өзіне тиген бір-бір мылтық оғындай әсер еткен. 

       Есік  саңылауынан дүкен ішіне қадала қарады. Не істерін білмеді. Жалғыз   үміті Еңлікгүл еді. Сол орнында әлі де осылай тұра берер ме еді, кенет Жұлдыз алдындағыларға қатты-қатты сөйлеп, соңынан жылап жіберді. Ол дауысы бірте-бірте айқындала берді. Қалыбек оның  көзіне екінші рет түспеу    үшін кілт кейін бұрылып, жылдам басып, кеөшеге түсіп жөнелді. Дүкеннен екі көзінің ыстық жасын беторамалымен сүрте Жұлдыз шығып кеткеннен кейін сәл өтпей Еңлікгүл де көрінді. Ол тіке үйіне қарай кетіп бара жатқанда қарсы алдынан  Батыл кезіге кетті. Екеуі  бірбірімен жылы амандасып, Еңлікгүлдің  үйіне қарай бұрылды.

       Мұны көрген Қалыбектің іші онан сайын  у-дай ашыды. Осы жаңа ғана орталық әмбебап дүкеннің есігінің сыртынан іштегі Жұлдыздың өзі жөнінде айтқан жағымсыз сөздері аз ба еді? Енді міне, сол сөздерді естіген Еңлікгүл Батылмен емен-жарық әңгімелесіп барады. «Бұл махаббат деген не өзі? - деді терең ойға батқан Қалыбек, - шын  ұнатым сезімі ме, әлде адамды  уақытша ғана  алдандыратын жалған сезім бе? Согны түсінбеймін. Бірақ, Еңлікгүлді қанша  ұмытайын, осы ауылдағы басқа бір қазға сөз айтайын десем, еш болмайды. Оның   үстіне, Еңлікгүлдің өзімді шын ұнататынын да, ұнатпайтынын да еш ажырата алмаймын. Батылмен бірге   үйіне кетіп бара жатысы анау!». Қалыбек осыдан соң ауыл жаын да ойлап кеткен. Өзінің де, Еңлікгүлдің де әрбір сөзі мен іс-әрекеті ауыл тұрғындарының назарында. Көзге түссе болғаны, ертеңіне-ақ ешбір бұқаралық ақпараттық құралдарсыз-ақ ауыл арасына тарайды да кетеді. Тағы жылдам. Сондай сөздер Еңлікгүл екеуінің оңаша қыдыруларына, сыр бөлісулеріне кедергі болып та келеді. Оған ана Батыл да қосымша. «Мұндай ортада менің созған қолдарым Еңлікгүлге қалай жетпек?» деп бір күрсінді Қалыбек. 

       Қанша ойланса да, толғанса да Қалыбектің  Еңлікгүлге деген қызғаныш сезімі күшеймесе, еш басылар емес. Батыл Еңлікгүлдің  үйінің тұсына дейін бірге әңгімелесе барып, қызмен жылы қоштасып, әдеттегідей көше шаңын бір көтеріп, көзге көрінбей кетті. Қалыбек не істерін де, кімге тиісерін де білмей көше ойында біршама сеңделді. Жер-дүниеге сыяр емес. Мектеп директорының көлік жүргізушісі қызметінің уақытша тоқтап қалғаны да қатты батты.  Сол  көліктің жүргізушісі болған кезінде ауыл тұрғындарының алдында әжетеуір беделге де ие болып қалған еді. Тағдыр бәрін де әп-сетте өзгерте салды.  Жақсы  адамынан – Айдос Пернебекұлынан айрыылды.  Көз өз алдында жүрген Еңлікгүлден тірідей айырылатын түрі бар. Бірақ оған дәті бармайды. Өзінің шын   ұнатқан қызы Еңлікгүлді Батылға қалай беріп, мына жарық дүниеде жігіт басымен қалай тірі жүрмек.. Қалыбектің  енді әкесі мен анасы, іні-қарындастары алаңдай күткен Үйіне де барғысы келмеді. 

       Бір жағынан Қалыбек  Жұлдыз апайын да іштей аяп кетті. «Оның орнында болсам, мен де солай сөйлер едім» деді ішінен. Күтпеген жерден отбасының бас иесі, шүпірлеген ұл-қыздарының сүұйікті әкесі, ауылдағы орта мектептік бірінші басшысынан айрылу  оңай ма?! Осы ойдан кейін  Қалыбек  Жұлдыздың бар сөзін кешіруді жөн санады. Ол сөздерін естімеген болғысы келді. Ішкі жан-дүниесі сая таппай жүрген ана неге олай күйінбесін. Кімді аясын. Қайта Айдос Перенебкұлының күнәні өз мойнына алғаннан кейінгі күйінісі бұл. Қалай дегенде де, осындай жағдай болды. «Жығылғанға  - жұдырық» деген де осы олар. Еңлікгүлдің Батылмен бірге өзінің  үйінің тұсына дейін барғанының өзі Қлыбекке  өзінен біржолата алыстағандай көрінді. 

       Бір кезде Қалыбек  өзі жасаған көлік апатын қайта есіне түсірді. Үш дөңгелекті, Қоңыз іспетті жеңіл көліктің алдыңғы дөңгелегінің бір жағы қырлы тасқа дөп келіп, секіре тайқып, одан сайға қарай аударылып, домалай жөнелгенін көз алдына елестетті. Сонда неден болды ол апат? Өзінен бе, әлде тағдырларынан ба? Осы екі сұрақтың біріне де жауап таба алмады Қалыбек. Одан бұрын ауыл сыртына барып сол көлікті әдеуі аударып, домалатқанда көлікке де, өзіне де ештеме болмаған еді. Ал ана таулы жолдағы бір жағы қырлы тас көлікті оп-оңай аударып, домалатып жіберді. Қалыбек осы ойларымен жайымен жүріп, үйінің ауласындағы кешкілікте демалатын орындыққа келіп отырды. Орындыққа дәл жанынан өскен   үлкен талдың кешкілік шығысқа қарай  ұзарған көлеңкесі түсіп тұр.   Жаяу жүріп шамалы терлегендіктен Қалыбек көлеңкеге қарай ығысты. Содан соң қайтадан ой тұңиығына беріліп, сол жанын қинаған оқиғаны есіне алды. «Айналып келгенде, ол көлік апаты менің көлікті тау  жолында қатта айдағанымнан болды!» деп іштей мойындады өз қатесін  Қалыбек. 

       Осыдан соң Қалыбек отырған орнынан қалай тез тұрып кеткенін де байқамады. Әкесі мен анасы, іні-қарындастары келгенін байқаса да үйіне кргісі келмеген. Тұрған бойда әлдекімді кездестіргісі келгендей ммектепке қарай аяңдады. Сол кезде ойлағанындай Жұлдыз тағы да орталық әмбебап дүкеннен азық-түлік сатып алып   үйіне қарай кетіп бара жатқан еді. «Мынау  жақсы болды ғой, енді ол кісімен бетпе-бет жүздесіп, жасырғанымның бәрін ашып айтамын» деп түйді ішінен Қалыбек. Жұлдыз өзіне жақтырмағандай тесіле бір қарап жанынан өте бергенде:

       - Жұлдыз апай, сәл кідіріңізші, - деп оның алдына шықты, - менің сізге...

       - Қарағым, маған айтатын әңгімең де, уәжің де баяғыда біткен жоқ па еді? – деді Жұлдыз сәлкідіріп тұрып. 

       - Жоқ, апай, біткен жоқ. Мен сізге жеңіл көлікті не себеппен аударып алғанымды ашып айтайын деп едім.

       - Ол қандай себеп, тағы да? Болар апат болды емес пе? Енді менің алдымда ақталмақсың ба?

       - Маған ешкімнің алдында ақталудың еш қажеті жоқ. Тыңдаңызшы, соңғыы өтінішім болар сізге бұл.

       Жүұлдыз кейін бұрылды. Қалыбекті ішей жек көріп тұрса да, жаңағы сөзінен кейін сабырлық сақтап, Қалыбекке қадала қарап тұрды да:

       - Иә, нені ашып айтпақсың? Құлғым сенде, - деді. 

       - Апай, - деді Қалыбек Жұлдызға қарай бір адым басып, қатты толқып, - сіз менің махаббат сезіміндегі жолымды кестіңіз...

       - Не дейсің?  Не деп сандырақтап тұрсың?! Қайдағы махббат сезімінің жолы тағы да? Ал сен менің тағдырымды қара еттің. Шиеттей бала-шағаммен жесір әйелге айналдырдың! Осы ма, меннен білгің келгені?

       - Апай, мені бір мезет мұқият тыңдаңызшы, - деді Қалыбек көшеден біреу-міреу көрініп қала ма?» деген ойман жан-жағына алақтай қарап. – менің жеңіл көлікті аударып алуыма жылдам айдағаным емес, көліктің алдыңғы жалғыз дөгелегінің бір шеті қырлы тасқа тиіп, секіріп кеткені себеп болған еді. Егер көлік төрт дөңгеелекті болғанда жол ортасындағы ол тастың еш зияны болмас еді. Оның  үстіне сол мезетте менің көз алдым бұлдырап, әлдене қараң ете қалғандай көрініс берді. Мен оны осы кезге дейін ешкімге тіс жарып атйқан жқ едім. 

       - Сонда сен көліктің аударылып, сайға қарай домалау  себебін тау жолында тып-тыныш жатқан қырлы тасқа аударғың келіп тұр ма?

       - Жоқ, апай! Мен көліктің аударылып, сайға қарай домалағанын ол тастан көріп тұрған жоқпын. Көліктің алдыңғы жалғыз дөңгелегінің сол бір жағы қырлы тастан тайқып кеткенін, әлдененің қараң бергендей болғанын,одан сақтанамын деп, көлікті оңға қарай шалт бұрып жібергенімді айтқалы тұр едім. 

       - Енді оған кімді күналамақсың?

       - Ешкімді де, апай. Сәтсіздік, жазым шығар.

       - Сәтсіздік  дегенге онша сене бермеуші едіңдер ғой түге.

       - Снемін, апай. Осылай болған еді. 

       - Сонда сен өзіңнің күнәңді жеңілдетпекпісің мұнымен?

       - Жоқ, апай! Менің күнәм ешқашан жеңілдемейді де, жуылмайды да.

       Бәріне өзім күнәлімін. Тек сіздің дүкен ішінде Еңлікгүлге мен туралы айтқан сөздеріңіз маған қатты батты. Ол сөзіңізден кейін Еңлікгүшл маған қалай жақындамақ?  Ал Айдос Пернебекұлы маған ешқандай күнә таққан жоқ еді ғой.

       - Ол кісі қандай жағдай орын алса да адам баласын күнәлаған емес...

       Жұлдыз өзінің Еңлікгүлге айтқан сөздерін Қаыбектің есік сыртынан тыңдап алғанын біліп, сәл ыңғайсызданғандай болып ойланып қалды. Содан соң алға қарай бұрылып жүре берген. Қалыбек соңынан ерді. Кешкілік мезгіл болғандықтан көшелерде жүрген адамдар некен-сапяқ еді. Тек Жұлдыз бен Қалыбек екеуі келеді кһше бойымен. Жұлдыз енді не айтарын білмеген. Тек Қалыбектің жүзіне қайта-қайта қарай берген. Расында да Қалыбектің жүзінде ешбір кінараттың табы жоқ сияқты. Енді шамалы жер жүрген соң Жұлдыз ішінен: «Бір бірін ұнататын екі жастың арасына от тастап алдым ба. Айдос айтып отырушы еді, Қаолыбек ер намысын бермейтін жігіттің жігіті, өз махаббаты Еңлікгүл   үшін отқа да, суға да түсіп жүр. Сонысы   үшін  ұнатамын мен оны» деуші еді» деп бір ойлады. Оның  үстіне Қалыбектің жаңағы айтақан сөздерінен кейін сәл де болса жүрегі жұмсарғандай. 

       - Менің ашумен сені Еңлікгүлге жамандап қойғаным рас, - деді бір кезде Қалыбекті аяп, - оқасы жоқ. Еңлікгүл есті қыз ғой. Әлі де бір біріңмен тіл табысып кетерсіңдер.

       - енді қайдан, апай, - деп Қалыбек күрсініп салды, - сіздің сол сөздеріңзден кейін Еңлікгүлдің маған деген пкірі өзгерді. Оның Батылмен бірге көше ойында кетіп бара жатқанын да көргенмін.

       Жұлдыз ойланып қалды. Көз алдына өзі бойжетіп, Айдоспен танысып, сырласып жүргенде араларына киліккен бір кедергіні елестетті. Бірақ онда өзінің сырлас құрбым деп жүрген бір қызы араларын суытпаққа әрекеттенген еді. Кейіннен ол қыздың Айдоста ойының болғаны да айқыналған. Сондай сенімсіз достар мен құрбылар өмірде кездесіп жатады. Бірге қыдырып жүріп құрбысының жігітіне тұрмысқа шығып кететін қыздар да кездескен. Сондай кедергілерді басынан кешіп, Айдосқа тұрмысқа шыққан Жұлдыз енді  Қалыбек пен Еңлікгүлдің арасына от тастады. Осылар есіне түскеннен кейін Жұлдыз әуелдегісінен көп жұмсарды. Айдос Пернебекұлы да Еңлікгүлдің Қалыбекке тұрмысқа шыққанын қалаған еді.  Батыл кім еді? Ол қанша жақсы, қанша парасатты болса да өтен ғаламшардың тұрғыны.  Ал ӨҚалыбек осы ауылда дүниеге келген, осы ауылдың көшесінің шаңын көтере жүгіріп жүріп өскен ер азамат. Жас кезінде өзіне талай рет еркелеген де жоқ па еді?  Осының бәрін ой елегінен өткізген Жұлдыз кідіріп, Қалыбекке бұрылып, сөзін былай түйіндеді. 

       - Жарайды, мен бәрін кештім. Тек енді Еңлікгүлге сн туралы басқаша сөйлеуге арым жетпейді. Өзің түсіндірерсің менің сен туралы пікірімнің жақсы жағына көшкенін. Енді саған ренжімеймін. Жазымышқа не шара. Ондайда адамның көзі тұнып кетеді ғой. Айдостың артында қалған   ұрпақтары аман олсын. Сен де аман бол! Енді бұдан былай сәлемеміз   түзу болсын.  Бара ғой, қарағым. 

       Қалыбектің көкейінде үміт оты оянды. Бағанағыдай емес, сәл жадырап, Жұлдыздың мән-жайды дұрыс түсінгеніне іштей риза болды. 

       - Мен сізге мың да бір алғыстымын Жұлдыз апай! – деп бұрылып жүре берді.


Ақиқатқа бір адым. 

Мектеп алды бүгін де абыр-сабыр еді.  Үзіліс қоңырауы соғылып, оқушылар мектеп ауласына шығып, бір-бірін қуалап ойнай бастаған. Ауа тымық. Жел жоқ. Оқушылардың шуылы соау алсытан естіледі. Бұл өзінше бір тірішілік. Жазғы демалыс кеенде осы мектеп ауласы да көшіп кеткен елдей тып-тыныш. Мектеп ғимаратының өзі де тап бір ежелден бері тұрған ескерткіш ғимараттай әсер береді адамға. ААл оқу басталысымен қайта жанданады. Әуелі мектеп ауласын сыпыратын, ғимараттың іші-сыртын жуып-тазалайтын жұмысшылар, содан соң мұғалімдер, кезекші оқушылар келеді. Одан кейін иықтарына бір-бір иыққоржындарын арқалаған оқушұылар ағылады. Бұл кім кімге де бесенеден белгілі жайт.

       Үзіліс кезінде мұғалімдер өздеріне арналған бөлмеге жиналып, келесі сабақтарына дайындық жасайды. Бір-бірімен пікірлеседі. Өздерінің алдағы жоспарларын талқыға салады.  Қоңырау соғылған соң әрқайсысы өз сыныбына кетеді. Еңлікгүл бастауыш сыныптың мұғалімі болғандықтан сабағына бір минут  кешігіп көрген емес. Бүлдіршін оқушыларын күттіріп қоймайды. Сонысын білетін Қалыбек  үзіліс кезінде Еңлікгүлге жолығып қалуға асыққан еді. Бәрібір   үлгере алмады. Дәлізде бойын тік   ұстап тұрған, оқушы киімі киіндірілген  биотұлғаға бұрыла қарап, оң қолының алақанымен оның арқасынан жай ғана қағып өқойды.  Биотұлға денесін ток тигендей селк етті. Қалыбек : «Қорықпа, досым» деп, күліп қойып ілгер қарай  кетті. 

       Қарсы алдында Еңлікгүлдің сыныбы. Оның маңдайшасына екі түсті шам-экран орнатылыпты. Бірінің түсі қызыл, екіншісінікі жасыл түсті. Жасылында: «Кріге болады», қызылында «Кріуге болмайды» деген жазушылар бар еді. Ал қазір ол екі шам-экранның екеуі де жанып тұрған жоқ. Соған қарамастан сәл қарайыңқырап, қызылдаңқырап тұрған шам-экрандардан әлгі жазулар ап-анық көрініп тұр. Қалыбек ол жазуларды осы кезге дейін көрмеген адамдай күбіршлеп оқып шықты. Содан соң сыныпқа қалай кірудің жолын таппай тұрған еді. Кенет іштен Еңлікгүлдің сабағын бастап кеткен қоңыр дауысы естілді.

       - Табиғаттағы түстер қатаң реттілікте болады, - деді ол, - қызыл, қызғылт, сары, сарғылт, жасыл, жасылдау, көк, көгілдір, күлгін, күлгіндеу. Әрбір түс басқа түске байқаусыз, айқын шекарасыз, көптеген аралық түстер арқылы бірите-бірте ауысады.  Салқындау  көзден шыққан түстерде көк, көгілдір, күлгін түстер әлсірейді. Атмосферамыздағы ауа суыған кезде түс сарғыштанады, ал жылыған кезде қызғылт, содан соң қызыл түске айналады... 

       Қалыбек дәлізде   үндемей тұрып осыны тыңдады. Сірет сабағы екенін түсінді. Сонда да сабақ   үстіне кіріп баруға атпады. Сабақ   үсті түгілі, көшеде кезігіп қалғанның өзінде Еңлікгүлмен еркін сөйлесудің өзі қиын-ды. Оның  үстіне күні кеше ғана орталық әмбебап дүкенде  Жұлдыздың Еңлікгүлге өзі туралы айтқаны бар. Жұлдыздың өзін «Қанышер» деген сөзінің өзі-ақ жетіп жатыр. Қандай шешімге келерін білмей дәлізде әрі-бері жүрді. Қаздиып тұрған кезекші биотұлға өзіне басын бұрып, көкшіл түсті көздерін қадап қояды. Оның санасыздығы, уәйім-қайғысының  жоқтығы Қалыбекті ойға қалдырды. «Адам баласы да осы биотұлға сияқты  алдын ала берілген бағдарламадан басқа ештемені білмейтін болса ғой, - деді ішінен, - онда адамдардың арасында қызғаныш, қастандық әрекеттері орын алмас еді». Осыны ойлап бір қойды. Содан соң дәліз бойымен тағы да әрі-бері жүрді. 

       Осы кезде сабақ өтіп жатқан сыныптың есігі жайымен ғана ашылып, бір оқушы қыз дәлізге шықты. Жанынан өте бергенде Қалыбек:

       - Сурет сабағын кім өткізіп жатыр? – деп сұрады біле тұрса да. 

       - Еңлікгүл апай, - деді қыз.

       Жарайды, бара ғой.

       Кішкентай қыз дәліз бойымен жылдам жүріп кетті. Қалыбек тағы да дәлізде сеңделді. Сәл уақыт өтпей ілгі қыз сыныпқа қайта кіріп кетті. Бұл  жолы екеуі де  үн  қатқан жоқ.  Қалбыек енді  жолығудан күдер   үзіп, сыртқа қарай жүре бергенде, сынып есігі сырт ашылып, іштен Еңлікгүл шыға келді.  Қалыбек кілт кейін қарай бұрылған күйі үнсіз тұрып қалды. Қыз да   үнсіз. Содан сөзді өзі бастады.

       - Мен саған келіп едім, Еңлікгүл.

       - Келетін   уақытты тауыпсың.  Жаңағы қыз «Дәлзде бір аға жүр» деген соң шығып едім. Жай ма?

       - Жай келуге болмайтын ба еді?

       - Көріп тұрсің ғой. Сыныпта сабағым жүріп жатыр.

       - Бәрін түсінемін, Еңлікгүл. Тек маған ренжімеші. Көкеймді мазалап жүрген бір нәрсемді айтқалы келіп едім.

       - Ол не нәрсе? Айта бермейсің бе?

       - Уақытың жоқ  қой.

       - Шамалы  уақытым бар.  Оқушыларым менің тапсырмам бойынша сурет салып отыр. Суреттерін аяқтағанша сөйлесуімізге болады.

       - Оенда айта берейін бе?

       - Барлық сыныптарда сабақ жүріп жатыр ғой. Аулаға шыққынымыз дұрыс шығар.

       - Жарайды.

       Екеуі мектеп ауласындағы аллеямен жүріп, жасыл түске боялған ұзін ағаш орындыққа қатар отырды.  Екеуі де   үнсіз. Қалыбек  аяқтарына киген аяқ киімдерінің   жерді шұқылай береді. Еңлікгүл болса, сол қолының білегіндегі электронды сағатына жиі-жиі көз тастап, уақытты қадағалауда. Оны сезген Қалыбек былай деп сөзін бастады.

       - Еңлікгүл, - деді жай ғана, - өткенде орталық әмбебап дүкенде Жұлдыз апайдың саған мен туралы айтқандарының бәрін білемін.

       - Есік сыртынан бәрін тыңдаған екенсің ғой?

       - Естіп тұрдым.

      - Енді не емексің, маған?

       - Егер маған сенсең, мен жеңіл көлікті тау  жолында әдейі аударған  жоқпын. Көліктің алдыңғы жалғыз дөқңгелегі бір шеті қырлы тасқа тиіп, секіріп барып аударылып, сайға қарай домалаған болатын. Оған бірінші себеп, көліктің үш дөңгелекті болғаны. Төрт дөңгелекті болғанда жол ортасындағы ол тас көлікке ешқандай да залал келтірмеген болар еді. Екінші себеп, сол сәтте екі көзім тұнып, алдымыздан әлдене қараң ете қалғандай болды.  Сол сәтте қатты жүріп келе жатқан жеңіл көлікті оңға қарай бұрып қалғанмын. Көлік аунап, сайға қарай домалай жөнелді. Өзім жарақта алсам да, көлік ішінен Айдос Пренебекұлын сыртқа шығарып жатқыздым. Жол бойындағы көліктердің жүргізушілері жедел дәрігерлік көмек көрсететін дәрігрлер тобын шақырды...

       - Түсіндім. Арғы жағын айтпай-ақ қойсаң да болады.

       Еңлікгүл мектеп жаққа бір қарап алды. Ондағы сыныптарда сабақ оқып отырған кейбір оқушылар терезеден бұларға қарап қояды. Қыз алаңдай бастаған. Қалыбек те басқа сөз таба алмағандай  үнсіз.  Тек уақыт қасқан соң:

       - Менің сөздеріме сенбейтініңді білемін, Еңлікгүл. Сонда да бір рет осылай айтуда жөн көрдім. 

       - Өткен қайғылы оқиғаны еске үсіре беріп қайтесің, Қалыбек?   Жамал апайдың сен туралы маған айтқан сөздері ел аузында. Одан сен ешқашан да құтыла алмайсың. Сондықтан бұдан  былай маған жақындамағаның дұрыс болар еді.

       - Сонда сенің Батылға тұрмысқа шықпақ  оййң бар ма?

       - Тұрмысқа шықпағың не, Қалыбек? Мен онымен тек достық, сыйластық қарым-қатынастамын. Ойің қандай жаман еді.

       - Ал Жұлдыз апай сонда саған Батылды сонша мақтап еді ғой.

       - Мен ешкімнің де аузына қақпақ бола алмаймын. Сол кезде әрең шыдам отырдым. Ендігі маған қалғаны осы ма еді?

       -  Мен сенің ішкі жан-дүниеңді жақсы түсінемін, - деді Қалыбек, - оның есесіне сен менің ішкі жан-дүниемді әлі түсінбей келесің. Түсінгің де келмейтін сияқты.

       - Түсінбейтін не бар? Көлікті аударғаның өтірік емес қой.

       - Оны өзі толық мойындаймын. Мен саған тек сол апаттың болуына нелердің себеп болғанын айтуға келіп едім. Айдос Пернебекұлы ол апаттан жазылмайтын жарақат алса да бәрін дұрыс түсінді. Мені кешті ғой. Жарайды. Оқушыларың суреттерін салып болған шығар ендігі. Бара бер. Мен кеттім.

       - Сонда сен апаттың болуына жеңіл көліктің төртеу  емес,  үш дөңгелекті жасалғаны, әлдененің қараң бергені демексің бе?

       - Пенде болған соң бәрін де ойлай береді екенсің. Айналып келгенде, жазымыш қой. Мезгілсіз кезде уақытыңды алғаныма ренжімеші, Еңлікгүл. 

       - Ренжитін не бар. Өмірде не болмайды. Тағдыры ғой, ол кісінің. Сен де маған ренжіме. 

       - Не үшін?

       - Асыққаным  үшін. 

       - Бәрін түсінемін, Еңлікгүл. Сабақ  уақыты ғой, бұл. Жақсы...

       Екеуі де орындарынан тұрды. Еңлікгүл жылдам басып мектепке кіріп кетті. Қалыбек өз жөнімен тартты. Жолда келе жатып, Еңлікгүлге аз ғана уақыттың ішінде көкейіндегіісін айтып, ақиқатқа бірадым басқанына іштей қуанды.  Мектепке қайта-қайта бұрыла қарады, енді бірде Батылдың үйі бар жаққа көз салды.  Қайта оралған оның қолы да бос бүгінде. Ол жасаған үш дөңгелекті жеңіл көлік те тұрақта қаңтарулы тұр. Меткеп те директорсыз. Әзірге директордың қызметін оқу   ісінің меңгерушісі атқаруда. Жаңа директор келген соң көлік  жүргізушіні өзі таңдайды. Қалыбек  өзінің тұрғын  үйіне жеткенше осының бәрін де ой елегінен өткізді.


                                           Құт  болмаған  көлік

       Жатын төсегінде түнімен дөңбекшіп, жақсы   ұйқтай алмаған Қалыбек  таңалегуімнен тұрып, жуынып-шайынып, анасы мен қарындастары дайндаған таңғы асын ішіп, көлік тұрағына қарай асықты.  Тұрақ есігін ашып, ішіне енді. Үш дөңгелекті жеңіл көлік санасыз темір болғандықтан ештемеден хабары жоқтай тып-тыныш қалыпта. Тау  жолында сайға қарай аунап-домалаған кезде төбе қаңылтырының  үшкір  тас тескен жері одырайп тұр.  Жаны бар болса, ол «жарасы» шыдатпас еді. Қалыбек осындай оймен көліктің үсті-басын көздерімен түгел шолып өтті. Басқа жерлері дін-аман. Арнайы тексерушілер тобы мұның бәрін де қағаздарына тәптіштеп жазып алып кеткен. «Көлік бұдан әрі де жүргізуге жарамды» деген қорытынды шығарған олар. Қалыбек  осыны негізге алып, көлікке отырып, оталдырып, тұрақтан сыртқа шығарды. Көлік іші бұрынғыдай емес, біртүрлі суық көрінді Қалбыекке.  Көлік тек  өзіне ғана емес, Жұлдызға да, күллі ауыл тұрғындарына да суық. Оның   үстіне, мектепке келген жаңа директордың бұл көлікті міну-мінбеуі белгісіз. 

       Қалбыек  тұрақ есігін қайта жауып, көлікке отырып, ауыл көшесін шаңдата үйінің алдына келіп бір-ақ  тоқтатты. Бұл кезде әкесі мен анасы   үй ауласында жүр еді. Қалыбек оларға мән-жайды түсіндіріп жатпады. Көлік ішіндегі керекті деген майда-шүйде заттарын аудадағы қойма ішіне қойып шықты да:

       - Мен қазіпр қайтып келемін, - деп көлікке қайта отырды. 

       - Осы бір көлік ешкімге құт болмады! – деп қалды анасы.

       - Өзі де бір ебедейсіз жасалған екен! – деді әкесі.

       - Қам жемеңіздер, бәрі дұрыс болады! – деп Қашлыбек көлікті жүргізіп жөнелді.

       Көше бойын шаңдатып кетіп бара жатқанын Жұлдыз да байқап қалған. Бірақ  көлікті көргісі келмегендіктен тез бұрылып кеткен. Жұлдыз ғана емес, балалары да көлікке селқос. Қалыбекке бұл көрініс те қатты әсер етті. «Бұл көлікті енді ешкім де мінбейді, ешкім де көрмейді!» деді күбірлей сөйлеп. Сөйтіп, көлікті даңғыл жолдан таулы жолға қарай бұрған. Бар жылдамдығына салып, діттеген биігіне де жеткен. Бұл биіктен ауыл аймағы түгел көрінеді. Қаллыбек  көліктен түсіп, ауыл   үйлері мен айнала табиғатына   ұзақ  қарап тұрды. Көз алдына сонау   қайта келмес балалық балдәурен шағы елестеді. Ауылының ол кездегіден көп  үлкейіп қалғанын, әдеміленіп кеткенін көрді. 

       Содан соң көлікке қайта отырып, оны тау  қиясына қарап жолсыз жермен жүргізді. Көлік дөңгелектері кейде тағақтап, кейде шыр айналып қалады. Оған қараған Қалыбек жоқ. Көлікті теңселте-теңселте, тайғанақтата көздеген жеріне жетіп тоқтатты көлікті. Оның арғы беті  терең құз. Төменде үлкен өзен суы гүірлдей ағып жатыр. Бұл аңғардың кейбір осындай жерлері болмаса, басқа жерлері мұндай емес-ті. Ал өзі көлігімен тұрған жері ең биігі. Қалыбек көліктің қозғалтқышын сөнідіріп, есігін ашып, жерге түсті. Содан соң жарқабақтың шетін, тереңдігін көздерімен шолды. Өзен суының бергі жағасында үсті үшкірлеу   келген  үлкен тас жатыр екен. Қалыбек  көліктің қозғалтқышын сөндірместен оның  іші-сыртын тағы бір мұқият қарап алды. Содан соң оның қыр жағына шығып, әлгі тасты көздеп, екі қолымен бар күшін сала көлікті  құзға қарай қатты итеріп кеп жіберді. Көлік   үш дөңгелекті, биік  әрі жеңіл болғандықтан құзға қарай аунап-домалай  жөнелді. 

       Енді сәлден соң қатты тарс еткен дыбыс тау  әлемін жаңғырықтырып, артынша лап еткен от-жалын шықты. Қалбыек одан сонша алыста тұрса да сескенгендей сәл кейін шегінді.  Бірақ еш өкінбестен екі қолын екі бүйіріне таяп, оған қасқая қарады да тұрды.  Көліктің тұла бойы лапылдап жанып жатыр. «Айдос Пернебекұлы жоқ жерде, сен де жоқсың! – деді Қалыбек күбірлей сөйлеп, - сені ауылдың ешбір тұрғынының көргісі келмейді. Одан да осылай жоғал!». Осыны айтып төңірегімде біреу-міреу естіп қоймады ма, бұл сөздерімді» дегендей жан-жағына қарап та қойды.

       Сол кезде сезіктенгеніндей өзіне қарай жылдам  басып көтерілп келе жатқан Батылды көрді.  Ол кеш қалған еді. Көлік жанып кетті. Қалыбек енді Батылмен қандай дәрежеде болса да ашық, батыл сөйлесуге дайын тұрды. Батыл бұл әрекеттің  үлкен өкініштің себебінен  туындағанын бірден түсінді. Қалыбекпен   үнсіз жылы амандасты да, құз тереңінде жанып бітуге таяған көлікке қарап қойды.  Қалыбек сөзді Батылдан күтті. Ол сәлден соң Қалыбекке қарай бұрылды да:

       - Дұрыс болды. Бұл менің ойымда да бар  еді, - деді.

       - Осы көлік болмағанда, Айдос Пернебекұлы әлі тірі жүертін еді.

       - Әрине.

       - Төзімімнің жеткен жері осы болды. Ауылдың ешбір тұрғыны бұл көлікті қаламады. Сонан соң осындай шешімге келгенмін. 

       - Бәрі орынды, Қалыбек, - деді Батыл төмен жаққа көз тастап қойып, - мен бұған өкініп тұрған жоқпын. 

       Батыл бірдемені іздегендей аспанға қарады.  Қалыбек те иегін жоғары көтерген. Тек бір аспан екеуіне екі түсті. Батылға Ай аспаны сияқты қап-қара, Қалыбекке көгілдір, әдемі. Екеуі жалпақ тастың   үстінде осылай біршама   уақыт қарап тұрды. Сол кезде Қалыбек оған көкейіндегі бір сұрағын қойды.

       - Батыл, осы сіз аспаға жиі қарайсыз. Одан не көресіз? – деді. 

       - Осы Күн жүйесінің маңынан біздің жұлдызаралық жолымыз өтеді. Сол жұлдызаралық жолдан мен кейде ұшып өтіп бара жатқан өзіме таныс жұлдызаралық кемелерді көремін. 

       - Ал маған көгілдір түсті аспаннан басқа ештеме де көрінбейді. 

       - Өйткені, сіздер өте алыстағыны, өте жылдам қозғалғанды көре алмайсыздар. 

       - Оныңыз рас, Батыл, - деді Қалыбек аспаннан көз алмай тұрып.

       Осыдан соң екеуі қатарласа жүріп, таудан төмен қарай түсе берген.  Батыл бұрынғыдай  жылдам емес, Қалыбекпен бірдей баяу  жүріп келеді. Көздері ауыл жақта. Осы оңашалықта Қалыбек көкейінде жүрген бар сырын айтып алуды жөн санады. 

       - Осы жанып кеткен көлік үш дөңгелекті болмағанда аударыллмайтын еді, - деді терең күрсініп.

       - Көлікті  үш дөңгелекті етіп жасағаныма өзім де өкінемін, - деді Батыл да демін терең алып, - мән-жайды білгелі іштей қиналып та жүр едім.

       - Осы оқиғадан кейін Жұлдыз апай Еңлікгүлге мен жөнінде жағымсыз сөздер айтқан. Содан бері Еңлікгүл екеуміздің арамыз суығандай болды. 

       - Еңлікгүл өте ақылды, білімді қыз. Ол бәрін де түсінеді. Ол жағынан қам жеме. Бәрі де орнына келеді.

       - Енді қайдан, Еңлікгүлді меннен айнытушылар көп. Ол маған жақындауға ыңғайсызданады.

       Батыл   үндемеді. Бұл ауылда Еңлікгүлге көз салмаған, сөз айтпаған жігіт аз. Тек олардың бәрі де Қалыбектен тайсалады. Қалыбектің әлі өзіне ғана жетпейді. Ал Еңлікгүлге деген қызығушылық өзінде де жоқ емес. Жұлдызаралық кемеде кеткен қалаулы қызы бола тұрса да, Еңлікгүлдің пәк сезімділігі, бияз мінезделігі мен білімділігі көкейінен бір шыққан емес. Тіпті, бір Еңлікгүл  үшін бәрінен бас тартып, осы ауылда біржолата қалуға даяр. Бұл бойында адам сезімнің дами бастағанының белгісі де еді. Тек Еңлікгүл ме, осы аылдың барлық тұрғындары өзін туысындай баурап алған. Өзі бұл жарық та жылы дүниеге шыр етіп келіп, санасы қалыптасқалы «Осылардайжылыжүректі, бауырмал, кең пейілді адамдар болады» деп оайлап көрмепті. Енді міне, олардың арасында емін-еркін өмір сүріп  жүр. 

       Қалыбектің Еңлікгүлге деген ыстық махаббат сезімі де өзін аз ойлантқан жоқ. Бұл таза махаббаттың көрінісі. Қаьыбек  өзінің сүйген қызы   Еңлікгүл  үшін не нәрсеге бармай келеді. Қалыбектің  мехаббат сезіміне адалдығы кез келген адамның өмірге, сүйген жарына деген құштардығын арттырады. Осы  ауылға тап болғаны өзі де сондай құштарлыққа кенелді. Жұлдызаралық кемеде болған кездерінде тек қызмет жасауды, уақытылы тамақтанып, уақтылы   ұйқтауды ғана білетін. Соның бәрі адамды адами қасиет пен сезімнен жұрдай етіпті.  Ал өмір олай емес екен. Өмірдің мәні де, сәні де адами қарым-қатынаста, қасиет пен жанашырлық сезімде жатыр екен. 

       Батыл аз ғана   үнсіздік сәтінде осынаң бәрін де ой елегінен өткізіп үлгерді. Қалбыек те өзінше ой тереңінде келе жатыр еді. Батыл Еңлікгүлге жаұыдамаса, араларында дәл осындай достық қарым-қатынас баяғыдан орнамақ. Екеуі осылайша бірде сөйлесіп, бірде ойланып, ауылға да жетті. Ауыл ішіне келген соң Батыл Қалыбекпен жылы қоштасып, өзінің   үйіне қарай жылдам басып кетті. Қаьыбек өзінің үйіне қарай бұрылды. 


Өзгерген   көңіл

       Аз ғана күннің ішінде ауыл тұрғындарының арасында Қалбыектің үш дөңгелекті жеңіл көлікті тау   биігінен құзға қарай құлатып жібергені, Батылмен сырласқаны жөніндегі әңгіме гу ете түскен. Бәрінің де шын мәнінде де іштей   ұнатпайтыны, көргілерінің келмейтіні  үш дөңгелекті жеңілкөлік екен. Соның көзі жойылысымен-ақ  ауыл тұрғындарының  Қалыбекке деген қарым-қатынастары да өзгере берген. Әдеттер одан өзін одан қашығырақ  ұстауға тырысатын кейбір  үлкенде р де, кішілер де сонадай жерден бұрылып келіп амандасатынды, хал-жағдай сұрасқанды шығарған.

       Қалыбек те сол құрметке сай соңғы кезде кәдімгідей марқайып та қалған. Беделі де қайта көтеріле берген. Еңлікгүл де ойлана бастаған. Қалыбектің өзіне мектеп ауласында айтқан сөздерінің жалған емес, рас екені де дәлелдене түскендей.  Енді төртеу   емес, үш дөңгелекті апатты жеңіл көлік жасағаны  үшін бар күнә Батылға қарай аударылғандай. Ауыл тұрғындарының оған деген сыйластықтары да салқындаған. Жұлдыз да бүгінде Батылдан гөрі Қалыбекті іш тартаттын болған. 

       Мұның бәрін сезіп-білген Батыл өзінің қателігіне іштей өкініп те жүрді. Тек ол көңіл-күйін ешкімге сездірген жоқ. Өзәнә і үш дөңглекті  апатты жеңіл көлік жасағыны жөніндегі әңгіменің Еңлікгүлге де жеткені белгілі. Сондықтан Батыл енді ол қызға жақындауға да ыңғайсызданған. Ал Еңлікгүл болса, Қалыбектің де, Батылдың да көждеріне түспеуге тырысады. Сонда да ауыл тұрғындары арасында  әр саққа жүгіртілген қысыр әңгімелер тыйлар емес.  

       Енді көбінесе  Батылдың жағымсыз қылықтары сөз болады. Кейберулері тіпті, «Батыл үш дөңгелекті жеңіл көлікті Айдос Мернебекұлы мен Қалбыекті мерт ету   үшін жасаған» деп те желдеткен. Бүгінде Қалыбектің айқтан сөздері қай жерде де өтімді. Осының бәрін естіген Батыл ауылдан біржолата кетіп қалуды да ойлаған. Бірақ қайда кетпек? Егер астында бір кісілік жұлдызаралық кемесі болса, әлдеқашан жолын табар еді. Енді барар жері жоқ. Қала өмірін қаламайды. Жұлдызаралық кеменің іші не, қаланың іші не. Айырмасы шамалы. Өмірінде алғаш көрген таңғажайып табиғаты ортасы осы ғана. Бұл әлемді қимайды. 

       Күндер осылай сырғып өтіп жатты. Батыл, Қалыбек, Еңлікгүл мен Бәтима арасындағы бірде қызықты, бірде өкінішті оқиғалар өз кезегімен келе берген. Шындық айтылды. Күнәлі адам өз күнәсін мойындады. Еңлікгүл екі жігіттен де бойын аулақ  ұстауды да көздеді. Бірақ  шағын ғана ауылдың ішінде қайда қашып құтылсын. Қаншама кездесепйін десе де кездесіп қалады олармен. Барар жері шектеулі. Тұрғын үйі, өзен жағалауындағы бұлқ  суы, мектеп, орталық  әмбебап дүкен, орталықтағы стереотеатр. Басқа не болсын, бұл шағын ауыл ішінде. Ауыл көшелерінің бірінде не Қалыбек, не Батыл кезігеді. Қашып кетер жері жоқ Еңлікгүлге.

       Батыл соңғы кездері қатты толқыған. Үш дөңгелекті жеңіл көлік жасағанына күнәлі саналғаннан кейін-ақ өзін ауыл адамдырының сыйластығынан сырт қалғандай да сезінген. Еңлікгүл де мектеп ауласына сирек шығады. Мектепке аудан орталығынан Өскенбай Сейілұрпағы есімді жаңа директор келгелі тәртіп қатайған. Енді Еңлікгүлдің сыныбы түгілі, мектептің дәлізіне де арнайы рұқсатсыз кіре алмайды. Қайта жаңа директор келгенге дейін өзінің бұрынғы мектептің аула сыпырушысы жұмысына  тұрып  үлгерген. Батыл осының бәрін де ойлады. Бірақ Еңлікгүлге жолығып тұрудан күдерін  үзген жоқ.


Көңілісідік   құрбаны


       Қалыбектің ой-толғамы да осыған  ұқсас еді. Өзіне деген ел пікірі жақсы жағына ауғанымен мектеп директоры оны әлі танып-біле қойған жоқ. Директорға аудан орталығындағы Білім және мәдениет басқармасы жаңа жеңіл көлік, жүргізуші берген. Қалыбек амалсыздан бәз-баяғы бос жүрісіне басқан. Үш дөңгелекті жеңіл көлікті өз қолымен тауң басынан құлатып, өртендірді. Ауыл шаруашылығы жұмысына зауқы тағы жоқ. Бос сеңделісі де жиілеген. Үйі жанындағы қорасында ірілі-ұсақты малдары болмаса, дәл осылай жұмыссыз  күн көруі қиынға да соғар еді. Соған арқа сүйеп жетіспеушіліктің дәмін тата қоймаған. 

       Соңғы кездері ауыл өмірі Қалыбекке өте көңілсіз көрінген. Содан ол осылай жұмыссыз жүргенде бірге көше қыдырған достарын іздей бастады.  Олар да өзіне жете алмай-ақ жүр екен. Қауышып, мәз болып, шйіркелесе әңгімелесіп кетті. Біршама көше шаңғытқаннан кейін Қалыбек  достарымен бірге баяғыша тау кезіп, Арқарлар атуды жаңғыртуды көздеді. Енді қанша дегенмен баяғыдай емес, «Аңшұылар қоғамының мүшесі». Оның  үстіне Арқарларды аулауға болатын мезгіл де келген. Осындай күндердің бірінде Қалыек қолына дүрбілі мылтығын алып, иығына иіқ қоржынын іліп, достарымен бірге таңалагеуімнен тауға қарай тартты. Тағдыры күрделенген сайын бойын Еңлікгүлге деген махаббат сезімі кернеді. Сол кернеген сезім күші енді өзін тау  басына қарай итермелегендей. 

       Тау  басына қарай көтерілі келе жатқанда Қалыбек  ауыл жаққы жиі-жиі бұрыла қараумен болды. Ара-тұра достарынан Еңлікгүл жөнінде сұрап та қояды.  «Менің осы достарыммен тауға шығып кеткенімді естісе, Батыл Еңлікгүлге жолығуға тырысар» деп бір ойлап қойды ол. Еңлікгүлді Батылдан қығануы қай жерде жүрсе де еш басылар емес. Қайта ауылдан алыстаған сайын ол қызғанышы күшейе түсетіндей. Енді бір сәтте Қалыбек қолына дүрбісін алып, ауыл шетіндегі Батылдың   үйін де қараулылға алды. Ондағы ойы: «Батыл Еңлікгүлді өзінің оңаша үйіне алып кетпесін» дегені еді. Тек бұл ойларының ешқафсысын да Қалыбек жанындағы достарына бідірмеді. Олар да мұның Еңлікгүлге деген қызғанышын сезсе де, сезегендей болып, әзіл-қалжың айтып келеді. 

       Таң атпай жолға шыққан достар таудың біраз жерін шарлап та  үлгерді.  Бұған дейін әдемі, әсерлі көрінетін тау сілемдері де енді өздерінің көңіл-күйлеріне сай қартайып, қатпарланып кеткендей болды. Сай-саласы, беткейлері мен төбе-төбелері де күз мезгіліне көшкен. Жабай өскен Алма, Алмұрт, Сары долана мен Қызыл долана ағаштары да «Қайсысымызщдың жемісімізді жейсәңдер» дегендей, піскен жемістеріне толы бұтақтарын жерге иіп тұр. Ауыл жігіттері осы таудың беткей-беткейлерінде оқшау-оқшау  өсіп тұратын Сары долана ағаштарының бірін туралап жөнелді. Жеткен бойда Сары долананы тойғанша жеді, біршамасын иық қоржындарына салды. Көлеңесінеде шамалы демалып, әрі қарай тартты. 

       Біршама жер көтерілген соң Жабайы алмұрт жеміс ағашы да менмұндалады. Оның жемісін сусыз жерде жеуге болмайтынын, жеген күнде шәрбәтінің тап бір тамаққа жабысып, тығылып қалғандай әсер беретінін қай-қайсысы да жақсы біледі. Сондықтан Жабайы алмұрттың жемістерінен иық қоржындарына қалағандарынша салып алды да, төмен қарай түсті.  Ондағы бірінші мақсаттары, сай тереңі бойымен суы сылдырлай ағып жатқан бұлаққа жету, екіншісі, ол бұлаққа түс мезгілінде шың басында ойнақтаған Арқарлардың суға түсулерін жасырынып жатып күту.  Бұлақ суының жиегіне жеткен соң көгал  үстіне отыра-отыра кетіп, иық қоржындарынан Жабайы алмұрттарын бір-бірлеп алып, суға жуып, шетінен тістеп жеп, әрі оң қолдарының алақандарымен су іліп алып ішіп отырды. Бір бірімен тек ыммен «тілдесті». Ондағылары таудан суға түскен Арқарларды шошытып алмау. Жабайы алмұрттарынан шамалы жеп, тояттағандай болған кезде Қалбыек  сыбырлай сөйледі.

       - Жігіттер, мұқият болатын сәт келді. Арқарлар осы бұлқ суына түсуі тиісті. Олардың өте сақ, иісшілекенін жақсы білесіңдер. Сондықтан осы бастан дүрбілі мылтықтарыңды дайын  ұстаңдар. Мына бұлақ суының  сай жақ бетінде , бір-бір бұтаның түбінде Арқарлар түсетін тұсты көздеп тып-тыныш жатамыз. 

       - Ол жағынан тәжірибеміз бар, - деді Мұратхан да сыбырлай сөйлеп, - тек осы күні бұл тауда біз ататын Арқарлар қалды ма екен өзі?

- Е, қалмай не көрініпті? – деді Дархан да сыбырлап.

       - Күз айлары Арқарлардың  көбейіп, қоңданатын кезі. Сондықтан да оларды аулаға рұқсат беріеді. Бірақ көп атуға болмайды. Сондақтына бұл тауға көп аңшы келе қоймас, - дедіөзінің білгіштігін білдіргісі келген Темір қарлыққандай шыққан дауысымен.

       - Енді оларды үркітіп жіберетін Батылда келмейді мұнда, - деді Мұратхан әуелдегісінше  сыбырлай үміт отын көсеп.

       - Сол Батылмен қанша дос сияқты сөйлессем де, оған бір ішім жылымайды! Сене де бермеймін, - деді Қалыбек  бәсең  үнмен тау шыңына көз тастап алып, - өзінің жүріс-тұрысы да бір жын-шайтандай. Лып деп жылдам қозғалып, көше шаңын бұрқ дегізіп көзден ғайып болады. Күтпеген жерден көз алдыңда пайда болады. Ертеректе өмір сүрген ата-бабаларымыз осындайларды көрген соң шығарған шығар жын-шайтан деген сөзді. 

       - Солай шығар, - деп әдеттегі жағымпаздығына салды Мұратхан. 

       - Жарайды, жігіттер. Әңгімені доғарайық. Уақыт созбайық.

       Қалыбыек дүрбілі мылтығын сырт-сырт еткізіп, ішінде оғының бар-жоғын тексерді.  Содан соң мылтығын тау басына қарай кезеп бір сәт кідірді. Соның артынша достары да мылтықтарының оқтаулы, оқтаусыз екенін қарап шықты. Содан соң бұлақ суының сай жағына қарай өтіп, бір-бір бұтаның түбіне етбеттей жата-жата кетіп, дүрбілі мылтықтарын тау  басына қарай кезеді. Тау  аңғарында тылсым-тыныштық орнады. Енді мұнда адам баласының қарасы болмағандай.

       Содан арада біршама уақыт өткенде тау   басынан бірнеше Ақрақрдың мүйіздері көрінді. Артынша бастары қылтиды. Одан кейін толысқан денелері, сидиған-сидиған аяқтары. Бі р топ Арқар екен. Жалпақ  келген ұзын тастың бойында қаз-қатар тұр. Көздерімен төменді шолады. Бір сәт тың тыңдады. Жігіттер демдерін іштеріне тартып, көздерін солай қарай қадап тырп етпей жатыр. Арқарлардың серкесі шамалыдан соң бұлақ басында ештеменің жоқтығына көзі жеткендей тау-тасы аяқтарымен тегіс жердегідей алшаң басып, жайымен төмендей берді. Кейбір арасы алшақ жатқан тастарға кезіккенде бар салмақтарымен бүлк-бүлк секіріп-секіріп түседі. Ауыр денелерін жіп-жіңішке келген төрт аяқтары әзер көтеріп   ұстап тұрғандай көрінеді төмендегілерге. Бірақ табиғат солай жаратса қайтсін. Ешбір тасқа соғылмайды да, ешбір тасқа сүрінбеді де. Сол беттерімен төмендей-төмендей бұлақ суына да таяған. 

       Төрт бұтаның түбінде етбеттей аңдып жатқан жігіттер енді тіпті де қозғалыссыз. Қалбыек Арқарлардың ең ірісін, құлжасын көздеген. Мылтығының дүрбісі ақылы қарағанда ол серкесінің   үлкен қоңыр түсті көздері өзіне қарғыспен қарағандай қадалды. «Егер осы көздеріңнің орнында Батылдың көргіш көздері болса ғой, мені әлдеқашан байқап, кейін қашып кеткен болар едің. Табиғат кез келген тірішілік иесіне бір жақсы қабілет сыйласа, екінші жағынан бір кемістік береді» деп бір ойлап қойды ішінен Қалыбек. Сһөйтіп, демін ішіне тартып, кеуде тұсын жерден бір көтеріп, жерге бір тигізіп қойып жатты. Осы күйді Мұратхан да, Темір мен Дархан да бастарынан кешіп жатты. 

       Арқарлар жиекке жақындап та қалды. Бұлақтың мөлдіреп ағып жатқан кәусәр суы түс болмай жатып-ақ ысып   үлгерген аптапта Арқарларды қалай тартпасын өзіне. Таудың небір өсімдіктерін таң мзгілінен тоя жеген Арқарлар шөлікрегендіктен алдарындағы ажал оқтарын сезбей, келген бойда бұла суына тұсықтарын салып, салқын суды рахаттана сора ішкен. Бір кезде Арқарларды бастап түскен серкесі әлденені сезгендей тұмсығын салқын судан тез көтеріп алып, жан-жағына жалтқтай қарады. Айнала-төңіректен ештеме байқалмады. Содан соң ол тұмсығын қайтадан суға түсірген. Сол кезде бұлақтың сай жақ бетіндегі төрт бұтаның түбінен гүрс-гүрс еткен дыбыс шығып, мылтықтан   ұшып шыққан төрт оқ топ Арқарға қарай ағылды. Арқарлар мылтық оқтарының қапелімде қай жақтан ұшып шыққанын, қалай қарай қашарларын білмей опыр-топыр болды да қалды. Есін жиған серкесі қайтадан тау  басына қарай атылды. Қалғандары соңынан шұбаған. Жігіттер жатқан орындарынан ұшып-ұшып түрегеліп, бұта түбінен шығып, мылтықтарынан тағы бір-бір оқ шығарды. Содан соң тағы да. Бір кезде Қалыбек көздеп атқан серке-құжасы жанұшыра секіріп-секіріп барып тас үстіне омақаласа құлады. Жігіттер асығып, алқынып тау  басына қарай жүгірді. Құлжасына шынымен-ақ оқ тиіпті. Тұмсығын екі үлкен тастың арасындағы көлеңелі салқын жерге тіреп ентігіп жатыр. Оқ өкпе тұсынан тиген екен. Денесінен саулаған қызыл-қошқыл түсті қан тас-тастың арасын қуалап кетіп жатыр. Қалбыек асынып алған мылтығын тез тас  үстіне қойды да:

       - Жігіттер, үлкен олжалы болдық! Арқарлардың құлжасы бұл!  Қане, пышақ әкеліңдер, тездетіп бауыздап, жіліктеп жіберейін! – деді. 

       Мұратхан мен Темір сол замат Арқардың алдыңғы екі аяғынан, одан кейін Қалыбек пен Дархан  артқы екі аяғынан ұстап, біріге көтеріп, үлкен, қалың жалпақ тастың  үстіне жатқызды. Осы кезде Арқар да соңғы демін алып, қырылдай бастаған. Қалыбек Мұратхан ұсынған үлкен, жүзі өткір пышақты ала сала  Арқарды мойнын күнбатысқа қарай бұрып, тамағынан орып жіберді.  Қара-қошқыл қан суша төгілді тас бетіне. Арқар соңғы рет тыпырлап-тыпарлап, қырылдап барып  біржолата тынышталды. 

       Қалыбек  мал союдан әккі қасапшы болғандықтан Арқардың етін лезде жіліктеді, терісін терең сайға қарай лақтырып жіберді. Төртке бөлінген жіліктерді әрқайсысы үйлерінен арнайы алып келген сырты пленкалы қапшықтарына, одан іші жабайы жемістерден босатылған иық қоржындарына салды. Иық қоржындағыларын басқа ыдыстарына ауыстырды. Сөйтіп, иық қоржындарын қайта арқалап, ештеме болмағандай төмендегі бұлақ суына қарай түсті. Құлжа жақсы семірген-ақ екен. Төртке бөлген жіліктерінің өзі де қай қайсысының да иықтарын талдырған. 

       Бұлақ суына жеткен соң жігіттер иық қоржындары мен қолдарындағы бір-бір ыдыстарын тас  үстіне қойып,  қолдарын, бет-ауыздарын суғмен шайды. Екі өқолдарын біріктіре   ұстап, су  іліп алып, қанғандарынша  ішті. Сөйтіп, үлкен іс бітіргендеріне бір марқайып та қалған. Бірақ өзі дәлдеп атып құлтқандықтан Қалыбек ішінен: «Ел арасында Арқарлардың құлжасын атпайды. Атқан адамның өзі де қатерге  ұшырайды» деген сөздің барын есіне алып, іштей уәйім де кеше бастады. Арқарларға қарай оқ атқанда дәл құлжасын көздеген жоқ еді Қалыбек. Ажалы шығар, оқ басқасына емес, дәл құлжасына тиіпті. Енді амалы нешік. Басқалары бір де бір оқ дарытпастан басшысынсыз кете барды. 

       -Өзі де бір жойқын құлжа екен! – деп қойды Мұратхан.

       - Құлжа десе, нағыз құлжа! – деді Дархан. 

      - Мақтауға шебер екенсіңдер! Неге өздерің атып түсірмедіңдер?! – деп Темір Мұратхан мен Дарханды көздерімен шолып өтті.

       - Біз де атудай аттық қой! Тек атқан оғымызды Арқарлардың бір де біріне дәл тигізе алмадық! – деп ақталды Мұратхан.

       - Атқан соң мына Қалыбек сияқты  ату  керек!  Мылтығымыздан атқан оғымызды бірде бір Арқарға тигізе алмадық деген аңшы жігітке намыс емес пе? – деді Темір. 

       - Е, атқыш болсаң, өзің неге тигізбедің атқан оғыңды Арқарлардың біріне! – деді енді оның өзіне күна таға сөйлеген Мұратхан.

       - Маған ыңғайы келмеді, - деді Темір. 

       - Бізге ыңғайы келіп пе?!

       - Жарайды, Мұратхан, Темір! – деді сол кезде Қалыбыек жігіттердің айтысына әрі қарай шыдай алмай. 

       Жігіттер сөзден тез тыйылды. Қалбыек айналаға көз жіберіп барып орнынан тұрды. Қалғандар да көтерілген.

       - Жылжысақ қайтеді? – деді Мұратхан Қалыбекке бұрыла қарап. 

       - Өзім де соны айтқалы тұр едім. Мен «Аңшылар қоғамының мүшесімін». Бір  Арқар атып алуға құқым бар. Бірақ менің оғыма мына құлжасы килікті. Ал Арқарлардың құлжасын атуға рұқсат жоқ. Ал сендер болса да, «Аңшылар қоғамына» мүше емессіңдер. Біз енді мына еттерімізді қалай дегенде де   үйлерімізге ешкімге көрсетпей жеткізуіміз керек!

       - Көзге түспей  үйді-үйімізге бір жетіп алсақ, қалған жағын реттей береміз ғой, - деді Мұратхан екі қолын екі бүйіріне таяған бойы ауыл жаққа қадала қарап тұрып.

       Тау  аймағы жым-жырт. Жаңағы Арқарлар да бұлақ суына енді қайтып жақындамастай зым-хия болған. Тек мөлдір су ғана сылдырай ағып жатыр. Құс біткендер де мылтық дауыстарынан қатты шошынып алысқа  ұшып кеткен.  Бұл таудағы ендігі тірішілік иелері тек төртеуі сияқты. Әрбір айтқан сөздері мен ара-тұра күлген күлкілері тау жартастарынан жаңғырығады.  Қалыбек ауылға аман-есен жетіп алуды көздеген. Арқарлардың құлжасын атып алғанына әлі де қорқынышты.  Халық арасында ол жайлы тараған әлгіндей сөздер көкейінен кетер емес. Бұлақтың кәусәр суынан бір-бір   ұрттап, ішіп алған соң арқардың жіліктенген еті салынған иық қоржындарын иықтарына салып, қосымша ыдыстарын қолдарына   ұстап ауылға қарай тартты. 

       Қалыбек үйіне жеткеннен кейін де көпке дейін өз өзіне келе алмады. Әкесі  ұлының таудан атып алып келгенінің Арқарлардың құлжасының еті екенін бірден таныды. Жастау кезінде өзі де аңшы болған. Анасы да түсінген. Болар ісболған соң, ұлы аман-есен оралған соң не десін. Анасы етті жуып, реттеп, біршамасын қазанға салып пісірді. Тек түннің бір мезгілінде ғана қамыр ет дайын болды. Арқар етінен, қамырдан жеп, сорпасынан ішкен Қалыбек жатын бөлмесіне келіп, жатын төсегіне түнгі   ұйқыға жатты. Бірақ қайдан  ұйқы келсін. Бұлақ суы басында дүрбілі мылтығымен көздеген құлжаның бадырайған қоңырқай түсті көздері көз алдынан кетер емес. «Мені сен не  үшін аттың?  Не жазығым бар еді, менің?» деп өзіне қасқая қарап тұрғандай. 

       Қалыбек  түн тыныштығында дұрыс  ұйқтай алмады.  Ара-тұра төсектен тұрып, үлкен терезеден тау жаққа қарайды. Қараса болды, әлгі құлжа өзіне қадала қарап тұрғандай елестейді. «Атып нем бар еді, нем бар еді» деп өкінеді қалыбек жастығын екі қолымен сабалап. Енді амал не, бәрі де кеш. Жазықсыз жануарға өлім сыйлады. Етін жеді, сорпасын ішті. «Адамдар да жыртқыш, - деді ұйқыдан ада болған соң төсегіне отыра кетіп, - үйдегісі түгілі, сонау   тау жартастарында емін-еркін тірішілігін кешіп жүрген бейкүнә Арқарлар мен басқа да тірішілік иелерін атады, қақпанға, торға  түсіреді. Бұл адамнан айла мен қулық артылған ба?. Осындай жауыздық әрекетінен кейін саналы саналатын адам баласының арасында қандай ізгі махаббат сезімінің болуы мүмкін?». 

       Бұл ойдан кейін Қалбыек «Еңлікгүлді сүйемін» деп айтудан да бас тартқысы келді. Бірақ қайдан.  «Адамның тілі мен санасы бар. Бір бірімен сөйлеседі, сырласады, түсініседі. Өзге тірішілік иелерінен сонысымен дараланады. Тек артық кететіні бар. Ол – нешетүрлі қару  жасайтыны. Шектеулі қабілетті тірішілік иелерін алыстан-ақ жоқ ететіні. Сол адамдардың бірі өзіммін» деп толғанды Қалыбек түн тыныштығында. Үлкен терезенің алдына барып тау жаққа тағы да қадала қарады. Мүлгіген таудан, ондағы Арқарлар мен  өзге де тірішілік иелерінен кешірім сұрады  іштей. «Жоқ, - деді күбірлеп, - енді тауға шықпаймын, Арқарларды атпаймын!». Тек осыдан соң барып жаны тынышталып, төсегіне жатып, көздері еркін жұмылып, түнгі тәтті ұйқыға кетті Қалыбек.


                                                             Жаңа  ұсыныс 

           Мектеп қақпасы бүгін әдеттегіден  ертелеу ашылды. Соңғы жағында жаңа диектор Өскенбай Сейітұрпағы отырған жеңіл көлік жайымен ішке еніп, белгілі жерге тоқтады. Ол көліктен түсті. Күнделікті көрініс бұл. Мектеп ауласы мейлінше таза, бір түйір артық зат та, бір шөкім шаң да жоқ. Бұл тазалық жаңа дриектордың көңілін келгеннен аударған. Мектеп ауласын осылай таза  ұстап жүрген Батыл жөнінде директор аудан орталығында жүргенде еститін жанындағыларынан. Енді ойламаған жерден тағдыр айдап келіп, осы мектепке директор болды, ел арасында аты аңызға айнала бастаған Батылдың өзін де көрді. 

       Батыл алғашында өзіне биік бойлы, сұсты жүзді, үлкен көзді  ерекше адам болыптанылған. Оған жақындауға да батпаған директор. Енді оның соншалықты қарапайым,  соншалықты еңбекқор, өте  ұқыпты, шебер көлік  жүргізуші  жігіт екенін біле түсті. Онысына бір себеп, өткен жолы ауданнан бірге келген көлік жүргізушісі таулы жолда көлікті аударып ала жаздаған. Оның   үстіне, көлік жүргізуші жігіттің жүріс-тұрысы, мінез-құлқы мен ұқыпсыздығы  ұнамаған. Ал Батыл айдаған жеңіл көліктің де, ішіндегі адамдардың да қандай апаттан да дін-аман қалатыны ауыл ғана емес, ел тұрғындары арасында аңызға айналған. 

       Соңғы күндері дриекторды осы жағы көп толғандырған. Бүгін меткепке әдеттегіден сәл ертелеу  келуіінің бір себебі де осы еді. Енді міне, сол Батылмен еркін әңгімелесудің де реті келген. Директор жеңіл көлігінен түскен бойда анадай жерде өзіне қарай жай басып келе жатқан Батылға қарай жүрді. Екеуі бір бірімен жоғары лауазымды кісілер сияқты мәдениетті түрде қол берісіп жылы амандасты. Өскенбай Сейлұрпағы мектепке дриектор болып келгелі біршама уақыт болып қалса да, Батылдың  жүзіне дәл қазіргідей тіке  қарамапты. Ол таң мезгілінде сыпырғымен мектеп ауласын сыпырғанда қара көзілдірік тақпайды . Алғаш рет Батылдың  ерекше үлкен көздеріне қадалған. Көздері төрт қырлы келген, қоңырқай түсті екен. Бірақ директор тағы да мәдениеттілік сақтап, жігіттің көздеріне ұзақ қадалмады. Қарау   барысында Батыл бір де бір рет кірпіктерін қақпады. Директор: «Батылдың  жеңіл көлікті аса жылдам жүргізгенде де жолды жақсы көретіні осы кірпіктерін қақпауынан екен-ау» деп бір ойлап қойды ішінен. Содан сөзін бастаған:

       - Қалай, жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма? – деді оған жымия қарап тұрып. 

       - Әрине, аға, - деді Батыл да сәл жымиып. 

       -- Сіз осыған дейін жеңіл көлік жүргізушісі болдыңыз?

       - И, аға.

       - Менің естуімше, жүргізген көлігіңіз үш дөңгелекті болған. 

       - Иә, аға, сондай еді. Ол енді жоқ. Қалыбек есімді жігіт оны тау  басынан құзға қарай құлатып жіберген. Көлік түгелдей өртеніп кеткен. 

       - Не  үшін олай еткен? – деді директор себебін бәле тұрса да Батылдың өз аузынан естігі келіп. 

       - Өткендегі қасіретті оқиғадай оқиға енді болмас үшін. 

       - Ол көліктің не жазығы бар еді?

       - Ырымға байланысты шығар деп ойлаймын.

       - Солай деңіз.

       - Солай болды. Оны жай сұрадыңыз ба, аға?

       - Қайдан жай болсын, маған сондай жүйрік жеңіл көлік керек еді. 

       - Ол қауіпті еді ғой, аға.

       - Оны білемін. Егер өзіңіз айдасаңыз, ешқандай да қауіпті болмас еді ғой.

       - Иә, аға, мен үшін қауіпті емес. Бірақ...

       - Сіз менің тағдырымды ойлап тұрсыз ба?

       - Иә, аға. 

       - Меннен еш қам жемеңіз. Жас кезімде жеңіл көліктердің талай жарыстарына қатысқан адаммын.  Жеңіл көліктің жеңіл көлік сияқты мейлінше жылдам жүргенін қалаймын. Ал менің қазіргі жүргізушім олай ете алмайды. Одан да бұрын ол жеңіл көлікті таулы жолда аударып та ала жаздаған. Аударғаны өз алдына, ондай сәтте ол мені сіз сияқты көліктен тез шығарып ала алмайды ғой.

       - Оныңыз рас, аға, - деп Батыл қолына сол қолына  ұстап тұрған  қара түсті көзілдірігін көзіне тақты. – адамды аударылып жатқан жеңіл көлік ішінен аман алып шығу   үшін аса жылдам қозғалыс керек.

       - Сіздің қолыңыз боасды ма? – деді енді директор Батылдың сыпырғышына көз тастап алып, - егер боасасаңыз менің бөлмеме келе қойсаңыз. Әңгіме бар еді. 

       - Жарайды, аға, - деді Батыл сәл сергіп, - ауланы толық сыпырып біттім. Сыпырғышымды ана  үйшіктің ішіне қойып сізге барамын.

       Директор жұмыс бөлмесіне қарай асықты. Батыл айнала-төңіректі көздерімен жайымен шолып өтіп, сыпырғышын арнайы үйшіктің ішіне қойды. Содан соң үсті-басын қағып, қол жуғышқа беті-қолын жуып-шайып, директордың жұмыс бөлмесіне келді. Мектепке әлі ешкім келе қоймағандықтан аула да, дәліздер де тып-тыныш еді. Директор жұыс бөлмесіне кіріп, жақтауы биік жұмсақ орындығына жайғасқан соң, жазу үстелі үстіндегі шағын бейнэкранның төменгі тұсындағы тақтадан қажетті деген бір түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Жарқ етіп жанған шағын экраннан орта жасқа келіп қалған, жалпақ бет, сары жүзді толық кісі көрінді. Түнгі қатты ұйқыдан бейнетелефонның қоңырауы   үнінен селт оянғаны көрініп тұр. Үстіне үй жамылғысын киген. Бет-ауызы домбығып, көздерінің алды ісінген. «Таң атпай бір жағдай болып қалды ма?» деп үрейленгені де байқалады бет-жүзінен. Директор оның бұл түр-тұрпатына назар аудармағансыды. Әңгімені төтесінен бастады.

       - Қарағым, хал-жағдайың жақсы ма? Тек жете қойшы.

       - Қазр, аға, - деді ол сәл әбіржіп, - жайшылық па?

       - Қайдан жайшылық болсын. Шұғыл жұмыс бар. Келе ғой, тез.

       - Қазір, аға.

       Директор бейнебайланыс экранын сөндірді де, орындығына шалқая түсіп, демін терең алды. Содан соң тынышала алмай, олай да, былай да айналды. Оң жақ қапталында орындықта үнісз отырған Батылға көз тастап қояды. Ол қозғалмай отыр. Директордың шалт қозғалыстары оған еш әсер етпейтін сияқты. Содан директор жеңіл көлік жүргізушісі келгенше әңгіме қозғауды жөн санады.

       - Ал, жігітім, қай туған боласың? – деді оған қадала қарап отырып.

       - Қай туғаны қалай? Мен бұл сөзіңізді түсінбедім. Мен де осы ауылдың жігітімін ғой. 

       - Жоқ, - деді директор басын шайқап, - сіздің осы ауылдың жігіті емес екеніңіз анық. Оны мен мына түр-тұрпатыңыздан көріп отырмын! – деп қарқылдап кеп күлді директор. 

       - Оны біліп отырсаңыз, несіне сұрадыңыз?

       - Жүргізушім келгенше әңгіме болсын дегенім ғой. Айтпақшы, сізді ғалымдар мен мамандар ел астанасына алып кеткен еді ғой, қалай босатты олар?

       -Олар мені боастақан жоқ. Мен әуе-ғарыш кемесінің «Қосымша шығар» есігін ашып жіберіп, Жер бетіне қарай секіріп кеткенмін. Сөйтіп қайтып келдім.

       - Не дейді?

       - Мен сізге бар шындығымды айтып отырмын, аға. Солай болған. 

       - Сонда қалай?.. Қалай аман қалдың?

       - Жылдам қозғалысымның арқасында. 

       - Еш жеріңізге зақым келген жоқ па?

       - Көріп отырғаныңыздай. 

       - Жылдам қозғалудың арқасында тірі қалған екенсіз ғой. Бұл жағын естімеппін. Әйтеуірі ғалымдар мен мамандардың ел астанасына алып кеткенін білемін. Мен олардың өздері босатқан екен деп жүрсем. Солай деңіз. 

       - Солай болған аға.

       - Құтылғаныңыз жақсы болған екен. Бірақ олар қайта келіп, сізді де, мына мені де мазалап жүрмей ме?

       - Мен оларға әуе-ғарыш кемесінің ішінде бар сырымды ақтарғанмын.  Олар сонда да өткенде осында мені іздеп келіп, табаалмаған соң іздеу жұмыстарын біржолата тоқтатыпты. 

     - Қандай сырыңыды айтып едіңіз оларға?

       - Оның сізге мүлдем қатысы жоқ, аға.

       - Жарайды. Ең бастысы, олардың сізді іздеу  жұмыстарын  біржолата тоқтатқаны. 

       - Иә, аға, енді ол жағынан еш қам жемеңіз. Тек қазір мені қинап тұрғаны, жазықсыз бір адамды жұмыссыз қалдырып, оның көлігіне отыратыным.

       - Е, соны аяпотыр екенсіз ғой, - деді директор

       - Аяғандық қана емес. Бұл шешіміңіз адамгершілік тұрғысынан да қисынсыз.

       - Мен оны қуғалы отырған жоқпын. Бұл оның көптен бергі өтініші. Қанша дегенмен де ол ауданорталығында, тегіс жерде көлік жүргізіп келе жатқан жігіт. Ал мынандай тааулы жолда өзіне сенімді емес. Сенбесеңіз, өзі келген соң сұрарсыз.

       - Сұрап қайтемін. Бұл жұмыстан кеткісі келген адам менімен санаспайды ғой. 

       - Бұл ақылың дұрыс. Жалпы, жұмысқа адам алу, жұмыстан босату  менің ісім. 

       Осы кезде есіктің қоңырауы сыңғыр ете түсті. Директор мән-жайды түсініп, алдындағы жазу   үстелі үстіндегі шағын тақтадан керекті түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқыды.

       Бөлме есігі жайымен ашылып, жаңа ғана экраннан бет-жүзі көрінген жігіт кірді. Оның тұлай боый да Батылдан кем емес екен. Беәнеэкранда тек бет-ілпеті мен жартылай денесі ғана көрінген. Енді тұла бойымен тік тұр. Директор белгі берген соң жайымен келіп, көрсетілген орындыққа отырды ол. 

       - Иә, бауырым, жағдай жақсы, үй-іші, бала-шаға аман? – деп жалғады сөзін директор. 

       - Жақсы, аға, көңіліңізге алғыстымын, - деді жігіт. 

       - Нұржігіт бауырым, былай, - деді дриектор енді оған қарай бұрыла қарап отырып, - Біраздан бері айтып жүрген өтінішің орындалатын болды. Мына жігітті жеңіл көлігімді жүргізуші етіп алатын болдым. 

       - Бұл жігітті жиі көріп жүрміз, - деді Нұржігіт Батылға қарап қойып, -  мектеп ауласының тазалығы осы жігіттің еңбегінің арқасы. Дұрыс шешім жасапсыз, аға. Бұл жігіт ел аузында аңызға айналған жігіт қой. 

       - Ендеше, ертеңнен бастап жеңіл көлікті осы жігіт жүргізетін болады.

       - Мен не дейін, - деді Нұржігіт қанша дегенмен де осы ауылға, осы жұмысына біршама үйреніп қалғанын қимағандай болып, - өтінішімді бер десеңіз дайынмын.

       - Тек  ренжімеңіз. Басында өзіңіз айттыңыз, «Ауылдың таулы жолдары қиын жол екен»  деп. 

       - Олай дегенім рас, аға. Мен жеңіл көлікті тек тегіс жолдарда жүргізіп үйренген адаммын. 

       - Содан бүгін мына Батылға қолқа салып едім. Батыл менің сөзімді жықпай келісімін беріп отыр. Бұл ауылда басқа жігіттің жөні келмеді. Ана Қалыбек деген жігітті өзің де білесің. 

       - Менің еш ренішім жоқ, - деді Нұржігіт сәл қозғалып қойып, - расында да таулы жолдарда жеңіл көлік жүргізу маған ауыр. Аудан орталығында жүргізушіге жұмыс көп. 

       - Оның рас. Болмай бара жатаса, өзім де араласармын. 

       - Олкөңіліңізге алғыстымын. Енді  уақыт жоғалтпай жұмысымнан босатуыңыз жөніндегі өтінішімді жасайын, аға.

       - Жарайды, жаза ғой. Тек реніш болмасын. – директор Нұржігітке бір, Батылға бір қарап алды, - ренжісең, мына Батыл жүргізуші болудан бас тартады. 

       - Ол қасиетін білемін, - деді Нұржігіт Батылға қарап, - мен   үшін еш қам жемеңіз.

              Директор бірпарақ ақ қағазды Нұржігітке ұсынды.  Нұржігіт қағазды алдындағы ұзын  үстелдің  шетіне қойды да, төс қалтасынан қаламын алып, өтінішін жазды. Директор қазғаздың шекесіне келісімін жазып, қолын қойды. Содан соң оң жағындағы пневмопоштаның саңылауына салып жіберді. Құрал қағазды өңешіне қарай жұтып жіберді. Директор енді арқасынан үлкен бір жүк түскендей марқайып, жұмсақ орындығының биік жақтауына қарай шалқайып, Батылға бұрылды. Батыл ештеме демеді. Ол осы мектептің аула сыпырушысы болғандықтан өтініш жазудың қажеті жоқ еді. Нұржігіт дриекторға алғысын айтып, қол қысысып қоштасты. Батылмен де солай. Содан соң жайымен сыртқа шығып кетті. Соның артынша директор Батылға бұрылып, оң қолын созып:

       - Міне, бұйрыққа қол қоямын. Жаңа жұмысың құтты болсын! – деді.

       - Алғыстымын! – деп Батыл да директордың қолын қыса алды.

       - Ертеңнен бастап жеңіл көлікке отырасыз. Көліктің ауладағы арнайы тұрақта тұрғанын білесіз. Қазір ана Нұржігіттен қабылдап алыңыз. Анау-мынау жерлерін мұқият тексеріңіз. Аула сыпыруды тоқтатыңыз. Бақа адам болады. Сіз енді білдей жеңіл көлік жүргізушісіз. 

       - Түсіндім, - деді Батыл, - рұқсат болса, мен тұрайын. Нұржігіт сыртта күтіп те қалған болар. 

       - Жақсы. – деді директор, - бара беріңіз.

       -Батыл дәліз арқылы сыртқа шықты. Сол кезде үйді-үйлерінен келген мұғалімдер мен оқушылар лек-легімен ішке кіре бастады. Батыл мұғалімдермен де, оқушылармен де жылы амандасып, есіктен бір қырындап өтті. Нұржігіт өзін жеңіл көлік жанында күтіп тұр екен. Ол ешқандай ренішін байқатқан жоқ. Тұраққтағы жеңіл көліктің іші-сыртын көрсетті. Батыл оны мұқият қарап шіғып, қабылдап алып, онымен жылы қоштасты. Нұржігіт тұрған үйіне қарай жылдам басып кетті. Осы кезде көше бойынан Еңлікгүл көрінді. Батыл онымен бас изеп қана амандасып, жеңіл көліктің анау-мынау жерлерін тексеруін одан әрі қарай жалғастырды.


Көшедегі  кеңес

              Ескі достар бүгін ертемен кеше кешке алдын ала келіскен жерлеріне жиналды. Сол баяғы Қалыбек, Темір, Мұратхан мен Дархан. «Батыл жеңіл көлікке қайта отырыпты. Директор оны қалап қабылдап алыпты. Батыл Еңлікгүлге жиі жолығатын көрінеді» деген алып-қашпа сөздер ауыл тұрғындары арасында әдеттегіше гу  ете түскен. Сол сөздерді естігеннен бастап Қалыбекте дамыл болмаған. Бірақ өткендегі Арқар құлжасын атып алғаннан кейін аңшылығын да, көшеде бос сеңделгенін де қойған. Енді тек осылай, алдын ала келісіммен ғана жиналады белгіленген жерге. 

       Бүгінгі жиындағы алдарына қойған мақсаттары Батылға қарсы қандай да бір айланы ойлап табу  болатын.  Бұған дейін оған жасаған қастандық әрекеттерінен ештеме шықпаған. Енді ел астанасындағы ғалымдар мен мамандарға хабарлағанымен де ештеме өнбек емес. Ол осылай қайтап келе бермек. Соншама биік аспанда соншама жылдам ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесінен секіріп кетіп, дін-аман қалған адамға не айтуға болмақ. Әуе-ғарыш кемесі түгілі, өздерінің жұлдызаралық кемесінен де секіріп түсіп қалған жоқ па еді. Оған ешкімнің де әлі келер емес. Қалыбек осы жағын түнімен ойлап, дөңбекшіп, дұрыс  ұйқтай алмай шыққан түн тыныштығында. Дегенмен, «Үмітсіз – шайтан» дегендей, оған қарсы қандай да бір айланы ойлап табу   керек болған Қалыбекке. Сөйтіп, достарын жинаған. Олардың пікірлерін тыңдамақ болған.

       -  Жиналу мақсатымыз қай қайсысыңа да түсінікті ғой, достар, - деді Қалыбек көше бойындағы бір қалтарысқа жиналған соң Қалбыек сұраулы көздерімен достарын жайымен ғана шолып өтіп, - ол бәтшағарға не жасауға болады? Одан біржолата қалай құтылуға болады?  Айтыңдаршы, ақылдарыңды.

       - Менміше, оған ештеме де жасай алмаймыз! – деп түңіле күліп қойды Мұратхан.

       - Расында да солай ғой өзі, - деп Темір жан-жағына жалтақ-жалтақ қараған, - оған н жасамдық? Жұдырықтадық та, мылтық оғымен аттық та. Сонда да ештеме шықпады. 

       - Ол өзі суға салса батпайтын,. Отқа салса, күймейтін нағыз Алпамыс батырдың өзі болдығой! – деп күлді Дархан. 

       Достырының бұл сөздерін Қалбыек жақтырмады. Оның қазір сөздеріне әзіл қосып айтуға мұршасы жоқ еді. Енді қысқа уақыттың ішінде Батылдың көзін біржолата жоймаса, Еңлікгүлінен айырылып қалуы да ғажап емес сияқты. Еңлікгүл қанша мұғалім болса да, әлі жас, толқып тұрған қыз. Директор Батылды мақтай берсе, қыз қайда бармақ. Айдос Перенбекұлы Қажымұрпағының қадірі де осындайда айқын сезіле түседі екен. Тек өкінішке орай, ол кісі дүниеден өтіп кетті. Қалбыек жаңа директордың жеңіл көлік жүргізушісі болуға үміт артқан еді. Ол  үміті жүзеге аспады.   Жүзеге аспиақ түгілі, жаңа директор өзін жақтырмайтын да сияқты. Батылды  жеңіл көлік жүргізуші етіп алуы оның өзі жөніндегі ойының басқа екенін айқын білдіретін еді. 

       - Жігіттер, - деді аз  үнсіздіктен соң Қалыбек, көше бойынан Батыл мен Еңлікгүл қараң беріп қалар ма екен дегендей жан-жағына жалтақтай қарап алып, - маған ақыл қосыңдаршы. Мен сендерде ештмемді жасырмаймын. Мен Еңлікгүлді бар жан-тәніммен  ұнатамын. Ол үшін жанымды беремін. Онсыз енді өмір сүре алмаймын. Кешірім мен төзімнің де шегі болатын шығар. Бұдан әрі қарай Еңлікгүлді Батылдың қолына ұстатып қойып жүре алмаймын. Түсінесіңдер ме, осынымды?

       - Басқалар түсінбесе де, мен түсінемін, - деді Мұратхан жеңіл күрсініп, - мен де Бәтимааны қатты ұнатамын ғой!

       Жігіттер Мұратханға жалт бұрылысқан. Осы кезге дейін оның Бәтимада ойының бар екенін ешқайсысы білмепті. Мұратхан өзгеге оңайлықпен сыр бермейтін бір тоға жігіт. Сонысын білетін Қалыбек оны жанынан тастамайды. Енді бүгін ол да өзінің ішкі құпия сезімін ашып салған. Қалған жігіттер де ол екі қызға деген қызығушылықтары жоқ емес-ті. Тек мына екі мықты осылай өз сезімдерін сездіріп жүрген соң іштерінен тынған. Сөйтіп, екеуін қолпаштаумен келеді. Қаьыбек шамалы ойланып алып, басын көтеріп:

       - Мен де бір  ұсыныс бар,- деп сөзін жалғады, - бүгін өзі екі қыз да көрінбейді. Бәлкім өзен жаққа кеткен болар. Солай қарай барсақ қайтеді?

       - Ертемен өзенге барып не көрініпті ол қыздарға? – деп сұрау тастай  достарына,одан өзен жаққа қарады.

       - Шынында да, - деп Темір оны қоштап қалған.

       - Кім біледі, үйлерінде бұлақтың суы таусылып қалған шығар? – деп Дархан Қалыбекті демеді.

       - Бұл ойың дұрыс, - деді Қалыбек оған қарап басын изеп, - отбасы болған соң түрлі қажеттілік туындап жатады емес пе?

       -  Күн демалыс болған осң кім қайда барамын десе де еркі емес пе? – деп түйді сөзін Темір.

       - Ендеше, неңіп тұрмыз?  Құр босқа сырттай тон пішіп тұра бергенше, өзен жақты бір шарлап келейік те? – деп Қалыбек солай қарай бастап жүрді.

       Төртеуі өздеріне жақсы белгілі сайрап жатқан жалғыз аяқ жолға түсіп, өзенге қарай тартты. Ол жақта жас ұлдар мен қыздар көп еді. Деалыс күндері өзен жағасында шулап шомылып, ойнап жүретін әдеттері. Ұлдар жағы қармақ салып, балық аулайды. Ересектеу қыздар шылапшындары мен киімдерін алып барып кір жуып та жатады. Енді біреулері жуылған ұзын шаштарын тарап отырады. ОЛардың бір бірлерімен сөйлескен сөдері мен күлкілері  өзен суын жағалай өскен ағаш бұтақтарына қонақтап отырып алып тынымсыз сайраған құстардың дауыстарымен  астасып, ерекше бөлек бір сән-салтанат тудырады. Өзеннің арғы бетіндегі сй-салада ірілі-уақты малдар жайылады. Осының бәрі де күнделікті үйреншікті көрініс болғандықтан ауыл адамдары аса көңіл бөле бермейді. Мұндағы әрбір қимыл-қозғалыс пен дауыстарға зер салып келе жатқан төрт жігіт қана.

       Жігіттер өзен бойын жағалай жүріп, осылай әр түрлі тірішіліктерімен айналысып отырған ұл-қыздарды аралап өтті. Кейбіреулерінен екі бойжеткенді көрген-көрмегендерін сұрап та қойған. Олардың айтуларынша екі қыз бүгін мұнда аяқ баспаған. Бұл жауаптар Қалыбектің жүрегін онансайын шымырлатты. Батылға деген ішкі ыза-кегі де еселене берді. Енді кезіге кетсе, Батылмен әлі келсе де, келмесе де алыса кетуге де дайын. Бірақ бақыттарына қарай олардың ешқайсысы қараң бермеді. Содан төртеуі тіке мектепке қарай тартқан. Бүгін күн демалыс болғандықтан онда да қарауылдан өзге ешкімнің болмайтыны  хақ.  Қалыбек сонда да екіқызды тауып алудан  үмітін  үзген жоқ.  

       Тездетіп жүріп, мектепке де жеткен. Оның кірер үлкен қақпасы ашық. Ішкі жағы тып-тыныш. Аулада жақында ғана қаладағы арнайы дүкендердің бірінен сатып әкелінген биотұлға әрәі-бері жүр. Ол төртеуін байқаған бойда жасыл көздерін бұрып қойды. Енді оған одан әрі жақындауға болмайтын еді. Қанша дегенмен де техниканың аты техника. Лазерлі отын бағыттап  жіберсе, төртеуінен күл ғана қалады. «Е, өзіміздің ауылдың жігіттері екен ғой» деп кешіре салатын ол емес. Біреуін де таныымайды. Сондықтан да төртеуі оған жақындамастан тез бұрылып, жөндерімен кетті. Биотұлғаның бір жақсысы, мектептің ішінде әлдекімдер болса, дереу дабыл бере қояды. Ол өйткен жоқ. Мұнысы, мектептке ешкімнің жоқ екенінінің белгісі еді.

       Қалыбекке керегі де сол еді. Оленді достарына ыммен белгі беріп, тіке Батылдың үйіне қарай жөнеді. Әп-сәтте жетті. Үйінің  пердесі сырулы  үлкен терезесінен көрінген көрініс төртеуін де селт еткізген. Батылдың меймандар күтетін кең бөлмесіндегі үлкен дастархан төңірегіне қаз*-қатар қойылған орындықтарда мектеп директоры, Батыл, Еңлікгүл мен Бәтима дәм алып, әңгімелесіп, ара-тұра емен-жарықн күліп отыр. Дастархан үсті түрлі тағамдармен көмкерілген. Тек арасында ішімдік жоқ. Төртеуі сәл еңкейе бастарын төмен салып, оларға көрінбеуге тырысты. Сол бойларында терезеге қарай тағы бірнеше қадам жақындады. Сол кезде барып іште отырғандардың айтқан сөздері анық естіле бастады. Қалбыек бар дүниені  ұмытқандай терезеге жақындай түсіп, тіірлей отыра кетіп, сөз тыңдады.

       - Дәімнен алып отырыңыздар, қыздар, - деді сол кезде Батыл, жаңа жеңіл көлікке жүргізуші болып отырғанымды жуғаным бұл. Шарапқа жоқ екендеріңіз белгілі. Еш болмаса, дәмдерден алыңыздар. 

       - Көңілдеріңізге мол алғыстымыз, - деді Еңлікгүл Батылға жымия қарап, - алып отырмыз. Таң мезгілінде өзі адамға ас та батпайды екен. 

       - Батылға бұл дастарханды жайғызған мына мен едім, - деді соның артынша мектеп директоры, - әлі үйрене қоймағандығымнан ба, ауыл өмірі сәл көңілсіздеу көрінеді маған. Аудан орталығында мұндай дастархан жиі жайылып тұрады. Соған әбден үйреніп қалғанмын ба.

       - Ауылға да үйренесіз, - деп жымия қарады оған Бәтима, - ауыл өмірі аудан орталығындағы өмірден де қызық. Ауа десеңіз ауа, мөлдір су десеңіз су, әдемі табиғат аясы десеңіз табиғат. Не керектің бәрі бар ғой мұнда, ағай. 

       - Білемін, білемін, - деді сәл ыңғайсызданғандай болған директор, - өзім де көрші ауылда дүниеге келгенмін. 

       Дастархан басындағы әңгіме осылай жалғасып жатты. Сырттағы төртеу  демдерін іштеріне тартып, мұқифят тыңдауда. Әңгімелері бітер емес. Күн таяқ бойы көтеріліп, айнала-төңірек ыси да бастаған. Енді әрі қарай не істеу  керек  екенін білмеген достары Қалбыекке кезек-кезек қараған. Ол оны түсініп, өзінің ішкі шешімін басын бір жағына қисайтын білдірді. Бір-бірлеп, бұқпантайлап, үлкен терезенің алдынан көрінбей лып-лып деп өтті  де, жолға түсіп алып, ештеме көрмегендей жөнеп берді. Батылдың үйінен көп алыстағаннан кейін ғана бір бірімен дауыстап сөйлесе бастаған. Қалыбек күйінішін достарынан жасыра алмады. Бірнеше рет қайталап та айтты. Достары  үнсіз.  Олар енді Қалыбек пен Батылдың арасында ерте ме, кеш пе, бір жайсыз оқиғаның орын алатынын іштей сезді. 

       Сол бойда өздері кездескен көше бұрылысына келіп тоқтаған. Қалыбек достарына Батылға жасайтын қастандықтанының бірнеше түрін  ұсынды.  Бірақ  ол әрекеттерден ештеме шықпайтынын білген достары қолдамады. Біршешімге келе алмады. Қалыбек сонда да Еңлікгүлді Батылдың оңашалығына ешқашан бере алмайтынын ескертті достарына. 

       Осы кезде Батылдыңии  үй жағынан адамдардың дабырлай сөйлескен дауыстары жетті жігіттердің құлақтарына. Артынша мектеп директоры Өскенбай Сейілұрпағы, Батыл, Еңлікгүл мен Бәтима көрінді. Олар бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, ара-тұра күлісіп қойып, осылай қарай келеді екен. Жігіттер олардың көздеріне түсіп қалмаулары  көше бұрылысындағы қалың бақтың ішіне еніп кетті. Одан әрі қарай үйді-үйіне тарасты.


            Оянған  қабілет

              Қалыбек  таңды көздерімен атырды. Түнімен дөңбекшіп шыққан. Кешегі Батылдың үйіндегі көрініс жүйке тамырын жұқартқан. Егер ол отырыс түн мезгілінде болып жатқанда Батылдың үйіне от қойып, өртеп жіберіден де тайымнбас еді. Олар ертеңгілікте жиналған. Соның өзі де жақсы бастама емес-ті. Олар айтқан әрбір сөз өзінің құлағында.Сол сөждерін түні бой ішінен қайталап, ара-тұра басын жастығынан жұлып көтеріп, одан біраз отырып өткізді түн тыныштығын. Үй ішіндегілерге ішкі мұңын білдірмес үшін демін ішіне тартып, артық дыбыс білдірмеуге де тырысқан.Бір-ек рет жайымен басып сыртқа да шыққан. Аспанда толған Ай жарқырап тұр еді. Сол ай таң ата күбатыс жақтан шартабақ күйінде қашан Күн шыққанға дейін анық көрініп тұрды. 

       Түн мезгілінде толған Ай бетінен тап бір алып адамның бет-әлпеті елестегендей болған. Батыс көкжиекке таяғанда ол бейне жоғалып, басқаша бір сипват алғандай болған. Өзі Айға үй ішінен де, сырттан да қараған. Бірақ Айдың бетіндегі қарайғандардың қандай таулар мен ойпаттар екенін ажырата алмады. Таңның атуы мен Айдың сарғыш сәулесі қатар жайылды. Мұндай көрініс кезінде таңның атуын байқау да қиын. Ай Күн шыққанға дейін батпайды. Күн мен Ай бейнебір үлкен таразының екі табағында тұрғандай болады. Шығыс көкжиектен Күн көтерілген бетте Ай батыс көкжиек асып батып, Күн батқаннан кейін Ай шығыс жақтан көтеріледі. Осындай бір ғажайып көрініс. 

       Қалыбек осы көріністі түні бойы бақылаумен жатқан. Ай батыс көкжиекке таяғанда шығыс жақ ағара берген. Осы кезде жатқан орнынан тұрып, аулаға шығып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып-шайынды. Содан соң басылмаған қызғаныш сезімімен Еңлікгүлдің үйі жағына көз салған. Қыздың әкесі мен анасы таңалагеуімнен ауласында жұмыстарын жасап жүр екен. Басқа жан баласы көзге түспейді. Қалыббек енді таңғы серуенге шыққан болып, Еңлікгүлдің үйінің жанынан өтті. Оған қыздың әкесі мен анасы көңіл бөле қойған жоқ. «Әдеттегі серуені болар» деген оймен қала берген. Бір мезетте Еңлікгүл декөрінді-ау. Қанша батыл жігіт болса да Қалыбектің жүрегі сезім құдіретінен дүрс-дүрс соқты. «енді қайтер екен? Кіммен кездесер екен?» деген сезікті ой да жоқ емес еді  Қалыбекте. 

       Еңлікгүл үйінің есігі алдына шығып, әлі таралмаған ұзын шаштарын кейінге қарай сілкіп-сілкім қойды. Кер маралдай керілді. Оның бұл сұлулығы Қалыбектің жан сезімін жандыра түсті. Еңлікгүл сол бойда  сырттағы қол жуғышқа келіп, бет-әлпетін жуып-шайды, айнаға қарап, шашын тарады. Өз бет-әлпетіне қадала ұзақ қарады. Мұндай қылықтың қыз атаулыға тән екенін Қалыбек өз қарындастарынан жақсы біледі. Қалыбек оған ұзақ қарап тұра алмай жайымен кейн қарай жүрген. «Еңлікгүл өз үйіне қоныпты. Әзірге Батыл жағынан қатер жоқ екен» деп түйді Қалыбек ішінен. Сөйтіп, көңілі орнығып, жол-жөнекей тағы да жаттығулар жасаған болып, өзінің  үйіне оралды.  

       Таңғы ас дайын екен. Қарындастары зыр жүгіріп, анасына көмектесіп жүр. Әкесі ауладағы біршаама жұмыстарын бітірген соң анасының шақыруымен таңғы асқа отырған. Қалыбек те таңғы асын ішті. Дастархан  үстінде әкесі бұгін не істеу  керек екенін қысқаша түсіндірді.  Сөз барысында әкесі Қалбыектің әлденеге ерекше алаңдайтынын іштей түсінді. Сонда да күні бойы бос сеңделмес  үшін оған алдын ала осындай жоспарларын айтып қойды.Қалбыек басын жиі-жиі шұлғып қойып отырды. Содан соң орнынан тұрып, аулаға шыққан. 

       Өзі тұратын   үй ауылдың дөңестеу  жерінде болғандықтан есік алдынан Еңлікгүлдің үйі де, өзен жағалауы да жақсы көрінеді. Қалбыек көп жағдайда екі қыздың өзен жағасына қарай кетіп бара жатқандарын осы жерден көретін. Бұл жолы да сол жақты бақылауға  алған. Ойлағанандай-ақ екі адам көздеріне шалына кетті. Бірақ Қалыбек ол көріністі ә дегеннен жаманға жоруға қимай Еңлікгүлдің жанындағыны Бәтима ма деп еді. Кенет жүрегі зырқ ете қалды. Еңлікгүлдің жанындағы Бәтима емес, Батыл екен. Тұла бойындағы барлық қаны басына қарай шапқандай болды. Өз өзіне келе алмай бәр сіт қалт тұрып та қалды. Бірнеше секунд уақыттың ішінде кешегі Батылдың үйіндегі отырыс, Еңлікгүлдің өзіне жақтырмай берген жауаптары және басқа күмәнді нәрселер миын шарлап өтты. Олардың соңынан барарын да, бармасын да білмеді. Соңынан баруды намыс санады. Енді не істеуі керек? Олай бір, былай бір жүрді. Бір кезде бір шешімге келді. Қатерлі шешімге. Енді Батылды кешіруге еш негіз жоқ еді. Уақыт та аз енді ойланып-толғануға.

       Таңғы астарын ішіп, жайбарақат әңгіме-дүкен құрып отырған әкесә мен анасы, інілері мен қарындастары бар үйге бір қарап қойды. Олардың бәрі де мұның ішкі жоспарынан бейқам еді. Содан жайымен сарайға келген. Қалтасынан кілттірде іалып, есігін ашып, ондағы арнайы шкаф ішінде тұрған дүрбілі мылтығын алды. Оны иығына асып, жәшкіткң есігін де, сарайдың есігін де кілттеп, басқ іші арқылы өзенге қарай жүгріе жөнелді. Тек осы кезде ғана әкесі аулаға шыққан еді. Ол ұлының мылтық асынып, бақ іші арқылы өзенге қарай жүгіріп кетіп бар жатқанын байқап  үлгерді.  Бірақ қапелімде мән-жайды түсінбеді. «Өзен суына Үйректер ұшып келіп қонды ма екен?» деген оймен тоқталған. 

       Қалбыек сол жүгірген бойы бақтың өзен жақ шетіне шықты. Тұла бойын кернеген ыза-қызғаныш бой берер емес. Ал Батыл мен Еңлікгүл болса, қатарласып, емен-жарқын әңгімелесіп кетіп барады. Әжептеуір алыстап та кетіпті. Бірақ Қалбыектің дүрбілі мылтығы үшін ол еш алыс емес-ті. Мылтық дүрбісі арқылы қарағанда Батылдың да, Еңлікгүлдің де арқа тұстары нысанаға дәл келіп тұрды. Екі бейбақ соңғы жағындағы қатерді аңғарған жоқ. Бұл енді Батылдың арқа жонын көздеген. Осы кезде өте сезімтал Батыл қара түсті көзілдірігінің екі шетінен Қалбыекті байқап қалған. Бірақ еш сасқан жоқ. Саспаәтыны – ешбір мылтық оғын денесіне дарытпайтыны. Онысын Қалбыек о бастан жақсы біледі. Ал Еңлікгүл болса, бұл қастандықтан бейқам. Ара-тұра Батылға бұрыла қарап, бірдемелерді айтады, сықылықтай кеп күледі. Қыздың ол әдемі күлкісі Қалбыектің жанын жани түсті. Не айтып күліп бара жатқанын ести алмады. Екеуінің осылай жарасып қатар жүріп бара жатқаны өте қызғанышты еді. 

       Қатты қызғаныш пен күйініштен Қалыбектің мылтық кезеген қолдары діріл қақты. Мылтықты қос қоылмен қыса  ұстап, дүбін оң иығына тіреп, дүрбі шынысындағы қосу сызығының дәл ортасын Батылдың оң жауырыны тұсына дәлдеп, ұзақ бақылады. Үріппесін оң қолының сұқ саусағымен тарта салуға асықпады. Асықпағаны Батылдың шалт қозғалысының болмаған сәтін табу  еді. Ал ондай сәттің болуы неғайбыл. Ол басынан өткен. Содан  мынандай ой келген. «Батылды дәлдеп ата алмайтыным анық, - деді ішінен Қалыбек, - сондықтан мылтықты оған емес, Еңлікгүлге кезеуім керек! Сөйтіп, енді бірнеше минуттардан соң бұл жарық дүниеде Еңлікгүл де, өзім де болмаймын!». 

      Осы ойдан соң Қалбыек мылтық дүрбісі  шынысындағы қосу сызықтың ортасын Еңлікгүлдің арқа тұсына туралады. Бейкүнә қыз мұнан да бейқам кетіп барады. Батылға әңгімесін айтып, ара-тұра күліп алады. Тек Батыл ғана қарапайым қара түсті көзілдірігінің шынысы арқылы өзін байқағандай болады. Қалбыек онысын сезді. Бірақ енді тұла бойын билеген ыза-кек қолындағы мылтығын төмен түсіруге мұрша берер емес. Еңлікгүлдің екі жауырынының арасын көздеп тұрып, оң қолының сұқ саусағымен мылтықтың шүріппесін кейін тартып қалды. Гүрс еткен дыбыс шықты. Артынша:

       - Ой, апа! – деген қыз дауысы даланы жаңғыртты.

       Қалбыектің қолдары да, тұла бойы да дірілдеп кетті. Мылтығының шүіппесін басарын басса да, енді қапелімде не істерін білмей бір орнында қалшиып тұрып қалған. Сәлден соң  қараса, оқ Еңлікгүлге емес, Батылға тиіпті. Қалбыек  есін тез жиып, млтығының дүрбісі арқылы Батылға қарады. Батылдың оң жауырынының төменгі жағынан қара-қошқыл түсті қан саулап ағуда. Ол оқ атылған заматта жылдам қозғалып, Еклікгүлді денесімен жауып қалыпты. Қалбыек мылтығын сол қолына   ұстап, соларға қарай жүгіре жөнелді. Батыл көздеріндегі қара түсті көзілдірігін алып тастап, жерге қарай жайымен құлай берді. Еңлікгүл оны әлі келгенінше сүйеп, егіл-тегіл жылауда. Қалбыек келген бойда мылтығын жерге лақтырып тастап: «Батылды мен аттым. Енді маған не істесең, ол істе!» деп екі аяғын алшық қойып, екі қолын екі бүйіріне таяп тұра қалды. Сол кезде қисая-қисая жауырыны жасы өсімдіктерге тиген Батыл арқа-жонынан саулай аққан қанды оң қолының  сұқ саусағына жағып алып, көз алдына апарып:

       - Қан... Қызыл түсті қан... – деді жай ғана. 

       -  Сіз қызыл түсті қан дедіңіз бе? Түсті өз көзіңізбен ажыраттыңыз ба? – деді Еңлікгүл .жылағанын бір сәтке күрт тыйып.

      - Көре бастадым, қаным қызыл, сіздің көйлегіңіз сары, өсімдіктер жасыл, гүлдер түрлі түсті...  Қандай әдемі!  Қимайтын әлем... Әттең...

       - Сіздің көздеріңіздің түстерді ажырату қабілеті оянды, Батыл! – деп айғайлап жіберді Еңлікгүл.

       Батыл басын жай ғана изеп, шалқая түсіп, ыңырсып,  жасыл өсімдіктердің  үстіне жаймалай жата берді. Оң жауырыны астынан суалп аққан қызыл-қошқыл түсті қаны саулап, өсімдік аралап, жерге сіңе бастаған. Қалбыек болса екеуіне кезек-кезек қарап, сол  орнында мүсіндей қозғалмай тұрып қалған. Еңлікгүл не істерін білмей Батылдың жүзінегн көздерін тайдырып, Қалыбекке бұрылды да:

       - Неге қалшиып қарап тұрсың, жедел дәрігерлік көмек керек қой бұған!  Тез Бәтимаға жүгір! Орталық ауруханандан «Жедел дәрігерлік көмек» көлігімен дәрігерлер жіберсін! Жаман ойлағаныңды доғар! Батыл екеуміздің арамынзда сыйластықтан өзге ештеме де жоқ! Сен соны түсінбедің! Неге аттың?! – деп, Батылдың жанына тізерлей отыра кетіп, солқылдап жылап жөнелді.

       - Енді мен де бұдан әрі қарай өмір сүрмеймін, Еңлікгүл! Өзімді де қазір  мепрт етемін, мына мылтығыммен.! Сенің көз алдыңда! Қара да тұр!

       - Жоқ, Қалыбек, олай деме! Тоқта! Одан да Батыл екеуіңнің көздеріңе шоқ болып жүрген мына мені ат мылтығыңның оғымен! Ат мені! 

       - Сені ата алмаймын, Еңлікгүл! Сен мұғалімсің! Халықтың адамысың! Артыңда ондаған шәкріттерің тұр! Ал мен кіммін?! Кімге керекпін мен?!

       - Сен маған керексің, Қалыбек! Мына маған!

       Еңлікгүл тізерлей отырған орнынан ширақ тұрсіп, Қалыбекке келіп, оның оң иығына басын сүйеді. Содан соң талықсығандай әзер сөйлеп:

       - Қалбыек, өтінемін, тезірек дәрігер шақыршы! Шақыршы! – деп жерге қарай құлай сұлық құлай берді.

       Қалбыек не істерін білмей алғашқысынан да қатты әбіржіді. Есінен танған Еңлікгүлді еппен ғана қалың гүлді өсімдіктердің арасына бір қырымен жатқызды да, ауылға қарай ұмтылды. Бірақ сол мезетте төбе тұстан бірдеменің ысқыра шыққан дыбысы құлағына жетті. Әлдененің дәл өзіне құлап түсіп келе жатқандай сезінген Қалыбек екі өқолымен басын қорғай   ұстап, жоғары қараған еді. Дөңгеленген табақтай бірдеме жерге қарай құлдилап келеді екен. Қалбыбек Батыл мен Еңлікгүлдің екі ортасындағы ашық жерге тұра қалды. Соның артынша әлгі неме жасыл түсті өсімдіктердің желімен шайқап барып жерге табан тіреді. 

       Артынша бір шетінен дөңгелек келген есігі ашылып, ішінен бір әдемі бойжеткен қыз шықты. Үстіне Күн сәулесіне шағылысып жылт-жылт еткен жылтыр  сұр түсті киім киген. Ұзын шашы арқа тұсына қарай төгілген. Қыз көздеріндегі Батылдың Қалыбек мылтығының оғымен атып қриатып тастағанға дейін кигеніндей ерекше күрделі үлкен көзілдірігі арқылы айнала табиғатқа сүйсіне қарап алды.  Содан соң Қалбыекке қарай жүрген. Қалбыек не дерін білмей сәл кейіншектеген кезде Тышқан қазған бір інге бір аяғы түсіп кетіп, жасыл өсімдіктердің   үстіне шалқалай құлады. Тұруға талпынбады. Бейтаныс қыздың жүзінен көздерін тайдырмай жатты. Оның тап Батылдікіндей төрт қырлы келген қоңырқай түсті өткір көздері Қалыбектің өңменінен өте жаздады. 

       Қыз жақындап келген бойда тұла бойын көздерімен шолып өтті де, кейін бұрылып, Еңлікгүлге жақындады. Жіңішкелеу келген екі қолының жұмсақ алақандарымен Еңлікгүлдің басын сәл көтеріп, маңдайын сипап еді, ол тез есін жиып, көздерін ашып алды. Одан соң қыз әлсіреп  жатқан Батылға барды. Оның денесінен аққан қанды көрісімен өзі тілінде бірдмелерді айтып, Батылдың денесінің қан ағып жатқан жеріне оң қолының нәзік сұқ саусағын тигізді. Көздеріндегі күрделі көзілдірігін шешіп, жерге лақтырып тастады. Айналаға тағы қарады. Бұл жолы қыз қатты толқыныстан табиғаттағы түрлі түстерді көздірігінсіз-ақ ажырата бастаса керек. Керемет бір тебіреністі сезімге бөленді. Айналаға тағы да мейірлене көз тастап алды да, мойнындағы алқасын ауызына жақындатып тұрып, тағы да өз тілінде бірдемелерді айтты. 

       Сол замат анадай жерде тып-тыныш тұрған шағын жұлдызаралық кеме жер бетінен сәл ғана көтеріліп, баяу ғана қалықтай   ұшып, Батылдың дәл жанына қонды. Қыз тағы бірдемелерді күбірледі. Кемеден екі  ұзын қол шығып, Батылды еппен етбеттей жатқызып, оң жауырыны астындағы аққан қанды  дәрі-дәрмектерімен кілт тоқтатты. Сәлден соң Батыл есін жиып, көздерін ашты. Одан кейін ештеме болмаған адамдай түрегеп отырды. Қарсы алдында өзіне жымия қарап тұрған қызға қарап аң-таң. Не өңі, не түсі екенін ажырата алар емес. Бұл кезде Қалбыек те Еңлікгүлді демеп тұрғызып, арқа тұсына қалқалап тұрған. 

       Батыл сәл өтпей аяғына да тұрды. Сол замат әлгі кемеден шыққан екі қол қайта зым-зия болып, кеме де жерден сәл көтеріле қалайқтай  ұшып, төртеуінен алыстау жерге орнықты. Батыл аспаннан келген қызға жақындап барды. Қыз қозғалар емес. Өзіне ерекше сағынышпен қадала қарап  тұр.

       - Сен мені іздеп опралдың ба? Мені бір жолға кешірші, - деді  қазақ тілінде Батыл жай ғана сөйлеп.

       Қыз оған қарап басын иді, өз тілдерінде бірдемелерді айтты. Батыл қыздың қазақ тілінде айтқан сөздерін түсінбегенін біліп, ол сөздерді өз тілдеріне аударып айтты. Осыдан соң қыз ерекше жадырап, Батылдың мойнан асыла кетті. Екеуі осылай бір сәт түрған. Қалыбек пен Еңлікгүл де араларында бұдан бұрын ештеме болмағандай бір біріне жақындап, қолдарын созып, саусақтарын айқастыра берген. Ендігі жағдай айтпаса да түсінікті еді. Қалыбек Еңлікгүлмен, Батыл сүйген қызымен біржолата табысты. Батыл сәлден соң Қалбыек пен Еңлікгүлге ұрыла қарап:

       - Бұл менің күтіп жүрген сүйікті қызым болады, - деді оң қолымен қыздың сол қолын ұстаған күйі, - мені іздеп қайта ұшып келген беті ана жұлдызаралық шағын кемемен.Ал осы уақыт ішінде бір қаншама оқиғаларды бастан кештік десеңіздерші.

       - Бұл қыздың есімі кім болады? – деп Еңлікгүл Батылға содан соң қызға жымия қарады.

       - Гүлдәрі, - деді Батыл қызына жымия қарап, - қазақ тіліндегі баламасы дәл осылай болады.

       - Гүлдәрі біздің ана тілімізді қалай үйренер екен? – деді Еңлікгүл мұңлімдігіне салып. 

       - Сіздің сабағыңыздан үйренеді, - деп Батыл қызына бір қарап алды. 

       Гүлдәрі  сөзді түсінбесе де, оның мағынасын зерделеп басын изеп қойды. Еңлікгүл оған жымия қарап оң қолын созды. Екеуі қол алысты. Батыл мен Гүлдәрі айнала төңірекке қызыға, әсерлене қарады. Батылдың  көздерінің  түрлі түстерді ажырату қабілеті мылтық оғынан жараланған кезде оянса, Гүлдәрінің көздерінің түрлі түстерді ажырату қабілеті Батлдың жарқатынан аққан қанды көргендегі қатты толқынысынан оянған.  Енді ауыл аймағы жөнінде әңгіме қозғалған. Батыл барлық сөздерді Гүлдәріге аударып айтып беріп тұрды. Осылайша уақыт зымырап, өзге әлем өкілдерінің өз елдеріне аттанар сәті де келген еді. 

       Бірақ таңдау  күтпеген жерден басқаша болды. Батыл анадай жерде жатқан Қалыбектің дүрбілі мылтығын қолына алды да, ызың қағып, уақыт санап тұрған шағын жұлдызаралық кемені көздеп тұрып, оң қолының сұқ саусағымен оның шүріппесін сәл кейін тартты. Гүрс еткен дыбыс шықты. Артынша шағын жұлдызаралық кемеден от-жалын лап етіп жанып, отқа оранды. Сәлден соң оның орнында күл ғана қалған. Қатты дыбыс пен от-жалынды көрген ауыл тұрғындары бір төбенің басына тез жиналып қалды. Бәрі де мән-жайды түсіне қойды. Өзен жақтан ауылға қарай Қалбыек пен Еңлікгүл, Батыл мен Гүлдәрі қатар жүріп келе жатты. 

       Ауыл тұрғындары бір жақсы жаңалықтың болғанына қуанысып, солай қарай асыққан. Арада шамалы  уақыт өтпей екі топ жол ортасында кезікті. 


                                                                                                          Соңы


                                                     М А З М Ұ Н Ы  

  БІРІНШІ  БӨЛІМ

Ғажайып әлем   ...............................................................................................................

ЕКІНШІ  БӨЛІМ

Екі түсті әлем   ....................................................................................................................

ҮШІНШІ  БӨЛІМ

Ақиқат жолында   ..................................................................................................................

ТӨРТІНШІ  БӨЛІМ

Оянған қабілет   ....................................................................................................................



                                                  ЖҮНІС  САҚҰРПАҒЫ


                                       КЕҢІСТІК  КӨШПЕНДІЛЕРІ

                                                          6


                                               ҚИМАЙТЫН  ӘЛЕМ


           Авторлық серияның алтыншы ғылыми-болашақтық романы


                                        Редакторы  С. Палжан

                      Көпркемдеуші редакторы Д. Кенжалиева

                      Суретші-дизайнері  Ж. Қазанғапов

                       Техникалық редакторы  И. Насырова

        Компьютерлік түзетулерін енгізіп, беттеген Б. Сейфуллина


         19. 03. 2003 теруге берілді. 16. 09. 2003 басуға қол қойылды. 

                             Пішімі 60х84 1/16. Қағазы офсеттік. 

              Шартты баспа табағы 13,0. Есептік баспа табағы 12,4.

                                «Ғылым»  ғылыми баспа орталығы

                     480100, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 111/113



Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры