ҒАРЫШТАН КЕЛГЕН ГҮЛ
ЖҮНІС САҚҰРПАҒЫ
КЕҢІСТІК КӨШПЕНДІЛЕРІ
11
ҒАРЫШТАН КЕЛГЕН ГҮЛ
Авторлық серияның он бірінші ғылыми-болашақтық романы
АСТАНА
«Елорда»
2011
УДК 821. 512. 122
ББК 84 Қаз 7-44
C 26
Ғарыштан келген гүл. Сериясының он бірінші ғылыми-болашақтық романы. - Астана: Елорда, 2011. - 312 бет.
ISBN 978-601-06-1466-6
Ғарыштан келген гүл - жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының елімізде өзі тұңғыш бастаған авторлық"Кеңістік көшпенділері" сериялы ғылыми-болашақтық романдарының он біріншісі.
Осы кезге дейін сериясының "Тірішілік ұясы", "Борыш", "Шеңбердің түйісуі", "Көктен келген көшпенділер", " Марстан шыққан жаңғырық", "Қиммйтын әлем", "Шолпапнға көшкен ауыл", "Космотарих куәсі", "Су әлемінің саздары", "Жасампаздық қиырында" ғылыми-болашақтық романдары жарық көрген.
Назарларыңызға ұсынылып отырған шығармада ғарышкерлер мінген жұлдызаралық кемеге жасырынып Жерге жетіп, өзі үшін ренжісіп қалған екі ғашықты қайта табыстырған ерекше электр өрісті ғажайып гүлдің әрекеті тартымды да қызықты суреттеледі.
УДК 821. 512. 122
ББК 84 Қаз 7-44
ISBN 978-60106-1466-6 C Cақұрпағы, 2011
С Елорда, 20
БІРІНШІ БӨЛІМ
ОРАЛУ
Орындалған тапсырма
Олар Жерге қайтуға асықты. Бейтаныс ғаламшарда болған уақыт та ізін бермей өте шыққан. Жұлдызаралық сапардың бір ерекшелігі де уақыттың осындай санаулылығында. Әйтпесе, мына көз алдарындағы ғажайып әлемді ешқайсысы да қиып тастап кетпес еді. Әлі де жүре бермек. Бірақ уақыт деген бәрінен де қатаң. Мына ғаламшардың бетін көмкеріп жатқан сантүрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктердің нәзіктігіндей емес. Бір ғана өсімдіктің өзі талай тағдырды шешеді. Сондықтан да ойлануа тура келген.
Кеме басшысы Мерген Тұрлығазыұлы жан жағын жіті бақылап ілгері бастап келеді.Айнала қалың шөп, самсаған нешетүрлі гүлдер. "Тек қана өсімдік пен гұлдерден тұратын мұндай да ғаламшар болады екен ау деп таңданған еді Мерген алғашында. Бірақ ғаламшар тірішілігіне бірте бірте көзі үйрене бастаған кезде осы өсімдік пен гүлдер әлемінің де өзінше бірбөлек тірішілік кешіп жатқан біртұтас елдей екеніне көз жеткізе бастаған. Қасындағы байланысшы Жеңіс Қасиманұлы, ботаник Гүлжан Қасенқызы, дәрігер Маржан Кенжемұратқызы, жұлдызнамашы Мейіржан Оразұлы, күйші әрі әнші Жұматай Кәрімұлы да осы ғажайып әлемге аз ғана уақыттың ішінде бауыр басып қанлғандай еді.
Бұл ғаламшардың ғажайып ерекшелігі Жерден осылай қарай аттанбай тұрған кезде де байқалған болатын. Жер төңірегіндегі, Ай мен Қызыл ғаламшардағы ең ірі деген радиотелескоптармен жіберілген радиодабылдарға да бұл ғаламшардан еш жауап болмаған. Соның өзі ақ мұндай саналы тірішілік иелерінің жоқ екенін байқатқан ды. Ол дұрыс болып шықты да. Жер жұлдызшыларының даналығы тағы да бір дәлелденді. Ғарышкерлер ғаламшар бетінде қанша уақыт сабылса да тіл табысар ешбір пендені кезіктіре алмаған. Оның есесіне қызу тірішіліктегі қалың өсімдіктер мен гүлдер әлемін кезіктірді. Мұндағы ауа райы да Жердің сонау адам баласы жаралмай тұрған кездегі бір көріністі көзге елестеткен еді. Ғарышкерлер осы уақыт ішінде ғаламшардың көптеген бейнесін бейнетаспағка түсіріп те алды. Содан да ғаламшардағы қызу тірішіліктің бірнеше сәтін Жерге,елге өздерімен бірге алып кетіп бара жатқандаай күй кешкен еді ғарышкерлер.
Бірақ Мерген де, басқалар да бұл ғажайып гүлді өсімдікті әлемді қиып кете алмады. Өйткені, қай қайсысының көз алдында да алдағы ұзын сонар жұлдызаралық сапар шақырғандай елес беріп тұр еді. Күн жүйесіндегі ғажайып ғаламшар Жерге,елгеалапат жұлдызаралық кемемен қайтып ұшып жеткенше тағы да шектеулі ортада өмір кешпек. Оның арасында анабиоздық терең ұйқыда болады. Одан гөрі мына ғажайып табиғат аясында бір минут болғанның өзі қандай әсерлі. Осы ғаламшарға аман есен қонып, табиғатын аралағалы қай қайсысының бойында да күш пен жігер пайда болған. Таза ауа мен тамша табиғат аясының кез келген адам баласының көңіл күйін көтеріп жіберетіні белгілі. Зерттеуден қолы босаған сәттерде Жұматай ерекше жігерленіп, қолына ою өрнекті домбырасын алып, оған қосыла әндеіп те жібереді. Сондағы ғаламшар өсімдіктері мен гүлдерінің оны ұйып тыңдағандай тым тырыс қалатыны ғарышкерлердің таңдайларын қақтырған.Жалпы, гүл атаулыға күй мен әуеннің ерекше әсер беретінін ғарышкерлердікң қай қайсысы да о бастан жақсы білетін.Ал қайран қалғандары, мұн.дағы өсімдік пен гүл әлемінің осы ғаламшаркға өздерінше ие болып алғандай көрінетіні еді.
Ғарышкерлер ғаламшарға алғаш қонғанда нешетүрлі дыбыстарды естіген. Соған қарап "Бұл ғаламшарда саналы тірішілік иелері бар екен" деп ойлап та қалған болатын бәрі де. Жоқ, олай емес, мылтықтан оқ атқандай болып тарсылдап жатқан да, әуеде қалықтап, қалбалақтап ұшқан да, ғаламшар бетімен бауырлай жылжыған да, байқаусыз жанап кеткенде бырс етіп ащы сұйық шашатын да осындағы өсімдіктер болып шықты. Аараларында ботаник болғандықтан көп нәрсені тез түсініп, олардан аса сескене қоймаған. Бірақ қанша дегенмен де, шалғай жұлдыз жүйесіндегі бөтен ғаламшар болғандықтан сыры белгісіз өсімдіктер мен гүлдер көп еді. Оларды Жерде белгіленген аз уақыттың ішінде біліп болу еш мүмкін емес. Сондықтан да кеме басшысы, геолог Мерген ғаламшардан қандай да бір өсімдіктің, гүлдің талын алуға тыйым салған. Жұлдызаралық кеме ішінде өсімдік пен гүл өсіруге арналған арнаайы бөлім де, ыдыс та жоқ еді. Оранжереяда Жерде өсірілген өсімдіктер мен жеміс ағаштары бар. Ал олармен бөтен өсімдіктерді араластырудың еш реті жоқ ты. Оның үстіне ондағы жасыл әлемге қажетті топырақ пен су да есептеулі.
Осындай себептерге байланысты ғарышкерлер алапат жұлдызаралық кемелеріне мінер алдында үсті бастарын қағып, арнайы тазалағыш сұйықпен тазалап, басқару бөліміне еніп, өзді өзді орындықтарына жайғасқан. Енді бар қиындық та, қатер де кейінде қалғандай. Бірнеше минуттардан соң бұл ғсажайып әлеммен біржолата қоштаспақ. Сыры беймәлім өсімдіктер мен гүлдерден біржолата құтылмақ. Ғаламшардағыц жасыл әлем санасыз болғандықтан мұн.да кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанымен жұмысы жоқ. Ал егер олардың араларында жануарлар немесе бауырымен жорғалаушалыра өріп жүрсе, бәлкім, тілсіз болса да бір әрекетін сездірер еді. Ал мына жыпырлаған өсімдіктер мен гүлдерден не үм іт, не қайыр. Кәдімгі өсімдік, кәдімгі гүл. Жер ғаламшарында м ұндай өсімдіктер мен гүлдердің түр түрі жеткілікті. Олардың біразын адамдар қолмен өсіреді, мерекелі күндерде адамдар бір біріне гүл сыйлайды. Гүл адам сезімінің дәнекері. Қысқасы, гүл адам баласының қуанышы мен қайғысына араласатын ғажайып өсімдік. Ал шөптің жөні бөлек, болса да. Ол негізінен жануарлардың азығы. Адамдар оны шаруашылыққа да пайдаланады.
Осының бәрін ой елегінен өткізіп тұрғандардың көңілдері ерекше толқып, саналы туыс табаы алмағандықтан бұл сапарғва іштей көңілдері толмады. Әдетте, ғарышкерлер барған ғаламшарларынан небір қазба байлықты кемелеріне артып алып келетін.Өзі геолог болғандықтан Мерген Жерден жұлдызаралық кемемен осылай қалай ұшып шыққанда ақ ішінен "Бұл ғаламшардан ғаламат қазба байлық табармыз" деп үміттенген. Ал ботаник үшін мұнан ғажайып ғаламшар жоқ. Гүлжанға салса, мұнан өсімдіктер мен гүлдердің неше түрінен үлгі алып кетпек. Бірақ ғаламшардағы өсімдіктер мен гүлдердің қасиеттері әзірге толығымен белгілі болмағандықтан Мерген кеме басшысы ретінде, кемедегі өзі мен өзгелердің денсаулығына жауапты адам ретінде олардан ешқандай да үлгі алуға және кемеге артукға рұқсат етпеді. Жер ғаламшарында да өсімдіктердің түр түрі жеткілікті. Ең керектісі қазба байлық. Ал қызық болғанда, бұл ғаламшарда тау мен тас та аз болып шықты. Барлық дерлік аймағы жазық дала. Өсімдіктер мен гүлдердің жайқала емін еркін өсіп өздерінше бір дәурен сүріп жатқаны да содан болса керек.
Мерген әлден соң қолындағы электронды сағатына қарады. Көз алдындағы алқызыл әлемге көзі тоймай тұрса да, енді алапат жұлдызаралық кемеге от қосуға тура келеді. Ең бастысы, ғаламшар зерттелді, Жердегі ғалымдардан алынған тапсырма толығымен орындалды. Ал бағдарлама осы ғаламшаркға аман есе ұшып жету, жайлап қону, ғаламшар тірішілігімен танысу, болған жерлерді, ғаламшарды тұтастай суретке, бейнефильмге түсіру, қайта оралу болатын. Ол ойдағыдай өтті десе де болады. Енді қайту керек. Сәлден соң Айтқалидың сұқ саусағы алдындағы үлкен панельдегі "От" деген жазуы бар түймеге тиді.Артынша алапат жұлдызаралық кеменің бар денесі дүр сілкініп, әуеге қарай атыла ұшуға дайын тұрды. Ғарышкерлердің бәрі де белдіктерін буып, өзді өзді алдарындағы панельдегі жыпылық қаққан қызыл, сары түсті шамдарға қадала қарап тыныш отырды.Қай қайсысы да кеменің күрделі жүйелерінің дұрыс жұмыс жасап тұрғанын қадағалады.Бәрі де енді бір сәтте мына ғажайып гүлді әлемнің көз ұшында қалатынын ішінен біліп, толқып отыр.
Әсіресе, құрамдағы екі қыздың көңіл күйлері ерекше еді. Гүлжан көңілсіз. Ол, қанша дегенмен де ботаник болғандықтан ғаламшардағы өсімдіктер мен гүлдерден гербарий алмақ болды. Мерген рұқсат етпеген соң ештемеге қол тигізбеген. Оған тағы бір себеп, ғаламшардағы өсімдіктер мен гүлдердің "мінез құлықтары" да бір қызық еді. Бейнебір өздерінше бөлек өмір сүріп жатқан сияқты. Ғаламшардың иелері де өздері болып алғандай. Мергеннің қол тигіздірмеуінің де бір мәні болса керек. Ғаламшардағы өсімдіктердің қай қайсысы да ғарышкерлерге өсімдік емес, бейнебір әрекеті бар жәндіктердей көрінген. Өздері жанынан өткенде кейбірі қауызын ашпай тарс жарылып, кейбірі ащы бір сұйық шашқан, енді бірі жыланша жиырылып қалып жатпап па еді. Осы жағын ой елегінен өткізгенде Мергеннің тыйым салуын дұрыс емес деуге де негіз жоқ сияқты. Гүлжан осылардың бәрін ойлай отырып, басын кеме иллюминаторынан бір сәтке де кейін тартпады. Қарнша дегенмен де, көкейінде бір арманы қалып барады. Әнебір қызғалдақтан аумаған бәр гүлдің мінез құлқы тіпті де қызық еді. Ол өзі қозғалғыш. Бір орыннан екінші орынға қалай ауысатынын, адамның киіміне қалай жабысып қалғанын ешқайсысы да аңғарып үлгірмеген де еді. Солай еткенмен, гүл ешқайсысына да зиян келтірмеген. Мерген сонда да оны алуға рұқсат етпеді. Маржан да гүлге құмар. Жалпы әйел затының бәрі де гүлге бас иеді емес пе. Ерлар жағы бұл ғаламшардан араларындағы екі қызға лайық гүл таба алмағандарына іштей қынжылған. Ғаламшарда не көп, гүл мен оның түрі көп. Тек олардың бәрі дерлік жылдам қозғалғыш, орын ауыстырғаыш, адам киіміне жабысқыш.
Мерген кемеге мінер алдында да, кемеге мінгеннен кейін де кеменің іші сыртын мұқият тексерткізген. Мұндай сыры беймәлім өсімдіктер мен гүлдердің Жер ғалмшарына бармағаны дұрыс еді. Бара қалса, Жердегі желмен дәндері талай талай аймаққа жайылып, өз қозғалыстарымен небір нәрсені бүлдірмек. Кеме басшысы осы жағынан сақтанған. Ал қыздарға мұндай ғажайып гүлдер гербарий үшін болса да керек. Мерген біршама үнсізждіктен кейін кеменің от тұтанған құбырының өз температурасына жеткенін өлшеуіштен көрді де, жанындағы Айтқалиға бұрылып басын сәл ғана изеді. Сол сәтте Гүлжан мен Маржан өзді өзді иллюминаторларына тақала түсіп, гүлді әлемге соңғы рет қадалып, көздеріне мөлт мөлт ыстық жас алды. Енді шынымен ақ гүлді әлеммен қоштаспақ. Мернгенді дегендеріне енді көндіремін деу кеш. Мынандай саналы иесіз жатқан бөтен әлемге кемеден қайта түсудің де реті жоқ. Белгісіз уын адам денесіне дарытып үлгіретін өсімдіктер бар онда. Ондай қатерді ғарышкерлердің аман есендігі мен денсаулықтарына басымпен жауап беретін кеме басшысы Мерген де, өзге жігіттер де іштей жақсы сезінеді.
Сәл уақыт өтпей, алапат жұлдызаралық кеме қабырғаларының дірілі күшейе түсіп, от жалын күшейіп, тарбиған төрт табаны ғаламшар бетінен ажырай берді. Ұша берген мезетте осыншама от шашқандықтан кеме тұрған жер ошақтың орнындай болып опырайып, қарайып күйіп те қалды. Ал сол опырайған жердің айналасы гүл әлеміне толы. Ғарышкерлер алапаткеме бар денесін ауырсынғандамй өте баяу көтерілгендіктен иллюминатор арқылы ғаламшар бетінен көз алмады. Отырған орындықтары да барлық жаққа оп оңай айнала қозғалатындай етіліп жасалған. Соның арқасында ғарышкерлер бетін ғажайып өсімдіктер мен гүлдер көмкерген ғаламшарды қызықтай алды. Ғаламшар минут санап көз алдарында алыстай берді. Әлгі гүлдер де енді тұтасып, тек бір қызыл түсті аймаққа айналды. Мерген сондай жыпырлаған нешетүрлі өсімдіктер мен гүлдерден дін аман ұшып шыққанына ігшінен қуанды. Соның өзінде де өз көзіне өзі сенбегендей кеменің ішкі қабырғаларына, достарына, киімдеріне жиі жиі көз салумен боллды. Өйткені, ғаламшардағы өсімдіктер мен гүлдердің бірінің кеме қабырғасына немесе достарының бірінің киіміне байқатпай жабысып қалуы әбден мүмкін де еді. Бірақ әзірге ондай ештеме байқалмады. Сәлден соң ғарышкерлер кемені ғаламшардың төңірегіндегі айналымжолға шығмруға кірісіп кетті.
Ьасылмаған әсер
"Жебе" деген үлкен жазуы екі қырынан да менмұндалап тұратын алапат жұлдызаралық кеме ғажайып ғаламшарды бірнеше рет айналып ұшып өтіп, Жерге қарайғы жұлдызаралық жолға түскен кезде ғарышкерлер кемені басқаратын бөлімдегі жақтауы биік, жұмсақ, қалаған бағытқа жеңіл жылжитын орындықтарына нық жайғаса шалқайып, осыдан шамалы уақыт бұрын ғана ғаламшардан алған әсерлерін ортаға салды. Секунд, минут өткен сайын алыстап қалып бара жатқан ғаламшардағы жасыл әлем, гүлді әлем мен саф ауа қай қайсысының да көңіл күйін ерекше бөлек көтерген еді. Тек ондағы гүл атаулының қимыл қозғалыстары әртүрлі ой салған. Әсіресе, араларындағы екі қыз томсырайып терең ойға шомған. Мұнда жігіттер жағы ғана әңгімені бастап, сөзді бірінен соң бірі жалғап әкеткен.
- Мұндай да ғаламшар болады екен ау бұл дүние кеңістігінде, деді Мерген, тау мен тас деген сирек. Орман да аз. Ал өсімдік пен гүл дегенің...
Оның үстіне өзі қорқыныштылау ғаламшар екен, деді Мергенге бұрыла қараған жеңіс, әрбір гүл тірі жандай әрекет етеді. Жерімізде кездесетін анау мынау өсімдіктердің өздері де бұлармен салыстырғанда жай бір нәрсе екен.
Менің ойымша, солар осы ғаламшардың иелері сияқты, деп Жұматай екі жағына кезек кезек қарап алды, ол гүлдер біздің өзара қарым қатынасымызды, әңгімеміз бен әнімізді терең сезінді. Әскер де ала біледі, тек тіл жоқ.
Гүл атаулының адам баласының көңіл күйі мен әуенін жақсы сезетіні жаңалық емес, деді сол кезде алдындағыөлшеуіштерге бір қарап алған Мерген, гүлдің бәрі бір гүл емес пе. Жерімізде ғой, кейбір адамдар гүлді арнайы ыдыста өсіреді, содан соң оны жұлып алып туысына сыйлайды немесе сатады. Ал сыйға немесе сатып алған адам қураған соң гүлді қоқысқа лақтырып тастайды. Мен осы ештемені түсінбеймін, неге адамдар тып тыныш өсіп тұрған әдемі гүлдерді сабағымен жұлып алады. Бір біріне сыйлайды. Ол гүл ыдыстағы суда бір екі күн ғана тірі тұрады да солады. Қауыз жапырақтары түсіп қалады. Ал содан соң...
Иә, содакн соң жауыз адамдар ол гүлді қоқысқа лақтырып тастайды, деді Мергеннің сөзін жақтырмаған Гүлжан иллюминатордан әлі де болса жұлдыздай жарқырап көрініп тұрған ғаламшардан көз алмай.
Маған өкпелемеші, Гүлжан, деді Мерген оған жалт бұрыла қарап, егер біз Жер ғаламшарымызда болсақ, онда осы кемеге сыятындай көп гүл артсаң да неге демес едім. Ал бұл...
Мен сені де, өзгені де жақсы түсінемін, деді Гүлжан оның сөзін бөліп, біз болып қайтқан аспан денесі Жерімізден де ғажайып ғаламшар. Онда да қайнап жатқан тірішілік бар. Оны өз көзімізбен көрдік. Ал ондағы гүлдер,менімше, кейбір адамдардан да ақылды...
Иә,иә, Гүлжан өте дұрыс айтты жігіттер. Күлмейақ та қойыңдар, деп оны Маржан қолдап жөнелді, еш болмаса, сол мың сан гүлдерден бір екі тал ала шыққанда не болар еді. Мына алапат жұлдызаралық кеме көтере алмас па еді.
Болмайды, Маржан. Неге түсінбейсіңдер. Ол гүлдер өте тез көбейетін гүлдер. Онсыз да кемедегі оранжереямызда гүл дегеннің неше түрі жайқалып өсіп тұрған жоқ па. Барыңдар да теріп ала беріңдер, қанша керек болса да.
Оранжереядағы гүлдердің жөні басқа емес пе,Мерген. Айырмасы болмаса, несіне сонша алыстағы Жерімізден кеме сабылтып ұшып бардық. Ол гүлдердің табиғаты м үлдем бөлек. Оны өзің де білмей отырған жоқсың. Осыншама азапты сапардан құр қол қаайтып барамыз. Егер, қандай да бір қазба байлық табылса ғой, мына кеменің іші жүкке сықия толған болар еді әлдеқашан...
Гүлжан ыстық жасқа тола бастаған бота жанарларын алыстан көрінген әлгі ғаламшар мен жұлдыздарға қарай бұрып, қадала қарап,қамығып қалды. Оны көрген өзгелер оған бір ауыз да сөз қоса алмай үн түнсіз отырып қалды. Бәрі де енді кемені басқаратын күрделі жүйелердің жай ғана естілген ызыңына ғана құлақтарын түргендей. Бұл жайды тез әрі терең ұққан күйші әрі әнші Жұматай өзі отырған жақтауы биік орындығының жанында, қабырғада үнемі ілулі тұратын үкілі домбырасын қолына алды да аты аңызға айналкған Түркеш күйшінің "Көңіл ашар" күйін төгіп жіберді. Соның артынша ақ тып тыныш томсырайып қалған орта қайтадан жандана берді. Күй күмбірлеген кезде, ән шырқалған кезде қазақ атаулының делебесінің қозып жөнелетіні бар емес пе. Айтқали да, Жеңіс те, Мейірбек те "Ой бәрекелді. Тағы бір күйді төгіп жібер. Жұп болсын" деп қалды күй біте берген сәтте. Жұлдызды әлем кеңістігінде ғаламат жылдамдықпен ұшып келе жатщқан алапат кеменің ішінде төгілген қазақтың құдіретті күйі енді отырғандардың бәрін де ерекше сергітіп, көз алдарына кең даланы елестетіп те жіберді. Адам баласының жағымды күй мен әнді тыңдағанда өзінің ерен еңбегі мен жеткен жетістігін есіне алатыны белгілі. Ғарышкерлер де дәл қазір тап сондай бір күйге көшкен. Жаңа ғана барып келе жатқан ғаламшардағы гүлдерден бір тал да алмадық деп бұртиып отырған Гүлжан мен Маржан да енді сәл жадырап, жігіттердің "Ой,бәрекелді" дегендеріне қосылмаса да, жымия бастаған. Бұл қолпаштауларға делебесі онан сайын қоза түскен Жұматай "Көңіл ашар" күйінен кейін ұлы сазгер Құрманғазының "Сарыарқа" күйін төкті. Тек содан соң барып әнге көшкен. Оның жаратылысының өзі де әншіге лайық еді. Көмейінің ерекшелігі де айқын білініп тұрады. Ол ән шырқағанда, кез келген көлемдегі бөлме іші ешбір дыбыс күшейткішсіз ақ жаңғырығып, құлақ жарғағын жарып жібере жаздағандай болады. Ал мына кемені басқаратын тетіктер бар кең бөлмедегі күрделі жүйелердің ызыңы қанша дегенмен де дыбысты жұтқандай әлсіретеді. Соған қарамастан әншінің дауысы тек қана осы бөлме іші емес, күллі жұлдызды әлемді жаңғырықтырып жатқандай көрінді. Ол ғарышкер достарының қай қамйсысының да жақсы көретін, ұйып тыңдайтын "Аңшының әні", "Ғалия" әндері еді. Бұл әндер шыққалы бері қаншама ғасырлар жылжып өтсе де еш ескірген емес. Әнші достарының сұрауы бойынша бұдан да басқа, кейінірек шыққан әндерді де еркін шырқады. Тек осыдан соң ғана барып әңгіме қайта жалғасқан. Енді бәрініің де көңіл күйлері алғашқыдай емес, көп көтерңкі еді. Күй мен әннің құдіретін жақсы түсінген Мерген Жерде, елде жүрген кезде ақ Жұматайдың осы қабілетіне тәнті болып құрамға қосқан болатын. Онысының қате болмағанына енді толық көз жеткізіп, іштей толқып, аз ғана уақыттың ішінде талай нәрсені көз алдына елестетіп, ерекше тебірене толқып отырды.
Гүлжан екеуі осы сапарға аттанардан алты ай бұрын танысқан ды. Ғарышкерлер құрамында бірге оқыды, сапарға бірге дайындалды. Кейіннен құрамға Гүлжанның құрбысы Маржан келіп қосылды. Одан кейін жігіттер. Сөйтіп құрылған құрам еді бұл. Гүлжан екеуінің арасында осы кезге дейін титтей де көңіл қаларлық сөз араласпаған. Екеуінің сыйластығы мен түсіністігіне кез келген адам қызығатын. Сол махаббат сезімінің құдіреті екеуін бірге әлгі ғажайып ғаламшарға да алапат жұлдызаралық осы кемемен ұшырып алып барды. Ол ғаламшарда өткен санаулы уақыт та бақытты сәттер еді. Жанында сүйіктісі жүрген адам қашан да өмірге мейлінше құштар келеді. Қандай қиындық пен сәтсіздік кездессе де оны бірігіп жеңіп отырады. Бұл жұлдызаралық сапардың сәтті өтіп келе жатқаны да сондай бір құдіретті сезімнің күші еді. Жаңағы күй мен әнді тыңдап отырған кезде Мерген ой қиялмен сонау Жрге, елге оралып, Гүлжан екеуінің қалың бақ ішінде талай күндер мен түндерді бірге өткізіп, махаббат сезімі бесігінде тербелген сәттерін көз алдына әкеліп, анау мынау нәрсені ұмытып, ерекше жадыраған еді.
- Айтары жоқ, әлгіндей ғажайып сұлу ғаламшарда өмірімдке көргенім осы, деп сөз бастады ол енді біршама уақыт орнаған үнсіздікті бұзып, ғаламшар даласындағы жайқалған өсімдіктер мен хош иісті гүлдер қандай. Ауасы қандаай. Табиғи көрінісі қандай. Оның бәрін тілмен айтып жткізу қиын. Тіпті, түсіріп алған суреттеріміз бен бейнефильмдеріміз де ол бояуларды дәл бере алмайды.
Мен де сол әсерден арыла алар емеспін, деп оны қолдап жөнелді Жеңіс, өз кезінде қайсібір нәрсе де қадірсіз, ал арада уақыт өтіп, оны еске алған кезде әсерлі. Әсіресе, ондағы өсімдіктер мен гүлдердің ғажайып әрекеттері адамның көз алдынан кетпей қалады екен. Қанша дегенмен де адамға басқаша әсер етеді екен.
Осы сөз Гүлжанға қатты батып кетсе керек, ол енді өзінің бұртиғанын басып,бері қарап әңгімеге қосылды.
Басқаша дейтін ештеме де жоқ, Жеңіс, деді жай ғана Маржанға бір қарап қойып, ондағының бәрі де кәдімгідей өсімдіктер мен гүлдер. Иістері де хош иісті. Мұрныңды жарып, қолқаңды ашады. Жер анамызда да өсімдік пен гүл деген көп қой. Олардың ұрық шашып көбеюлері де әрқалай. Мен соларды бір бірімен ойша салыстыра отырып, көптеген ұқсастықтарын да аңғардым. Тек Жеріміздегі өсімдіктер мен гүлдердің бойында олардағыдай ғажайып қабілеттер жинақталмаған. Бірі жел арқылы ұрық таратса, екіншісі адамға, аң мен құсқа жабысып, үшіншісі жер бауырлай жылжып тарайды. Ал өзіміз барып келе жатқан ғажаайып ғаламшардағы қызғалодақ тәрізді бір гүлдің бір өзінде жағағы айтқан қабілеттердің бәрі де бар. Оның ғажайыптылығы осында.
Ботаник болған соң не шара, деп жымия қарады оған Жұматай, ал маған ол гүлдер тап кәдімгі өзіміздің Жердегі, елдегі гүлдер сияқтанып қана көрінген. Маман, ғалым деген осы да.
Ал егер мен саған күй мен ән хақында сұрақтар қойсам ғой, бәріне де мүдірмей жауап қатар едің. Мен де солаймын. Мамандығым өсімдік әлемін зернттеуші болған соң олардың әрқайсысының табиғатына терең назар аударамын ғой.
Өйтпесек, нағыз маман бола да алмас едік, деп Маржан иллюминатор жаққа бір қарап алды, осыдан біршама уақыт қана бұрын үстінде гүлдерін аралап жүрген ғаламшар енді,әне, кіп кішкентай жұлдызға айналып, небәрі сұқ саусақтың ұшымен көлегейлей салатындай жұлдызға айналыпты.
Иә,достар. Бәрі де дұрыс. Ғажайып ғаламшардан алған әсерлеріміз уақыт өткен сайын осылайша күшейе беретін болады. Ал Жерге жеткен соң бұл жайлы қызық етіп баяндайтын да боламыз ғой халыққа.
Мерген дұрыс аайтады, деді Жеңіс бойын жазғысы келгендей орнынан жайымен тұрып, өмірден алған жақсы әсерлер қашан да кейін еске алғанда екінші бақыт сыйлағандай болады. Не жақсы нәрсенің де өз кезінде оншалықты қадірі болмай жатады. Сондықтан да дана халқымыз "Қолда бар алтынның қадірі жоқ" деп мақалдаған жоқ па. Түсінемін. Екі қызымыз да ол ғаламшардан бір тал да гүл алмадық деп өкініп те, өкпелеп те келеді. Бірақ біз тек қана өзімізді емес, өзгелерді де ойлауымыз керек. Ондай тарағыш,көбейгіш өсімдіктерді Жерімізге апарып, артық қауіп қатер тудырудың еш қажеті жоқ , қыздар. Менімше, басшымыз Мергеннің бұл шешімі өте дұрыс. Ал, ендігі мендегі ұсыныс, мына жұмсақ орындықтарымызда айтысып отыра бермей ана оранжереяға барып ауа жұтайық, табиғат көрейік. Ондағы өсімдіктер әлемі де барып келе жатқан ғаламшардағыдан бір де бір кем емес қой. Кем десек те, олардың бәрі де өзіміз туылып өскен Жеріміздің жасыл әлемі ғой. Бізге қашан да ыстық қой. Жерімізден кейінгі Жеріміз де сол емес пе.
Жарайды, барлық жүйені автоматты күйге ауыстырыңдар. Шамалы уақыт дем алалық. Жеңістің ұсынысы дұрыс. Тұла бойымыз да құрысып барады. Бой жазайық. Ол ғаламшар жайлы әңгіме әлі де жалғасын табатын болады, деп Мерген орнынан тұруға ыңғайлана берді.
Кемедегі «Жолаушы»
Жер ғарышкерлері өздерімен өздері болып, демалыпк, ғалыми зерттеулерін одан әрі қарай жалғастырып жатқанда кеменің құбырлы айналдырғыш бөлімінде бөтен бір әрекет орын алған еді. Ол Гүлжан ұстап көріп, ұнатып, хош иісін иіскеген гүл болатын. Ғажайып гүлдің түрі кәдімгі қызғалдаққа ұқсас. Бойы да аса биік емес. Өзі мейлінше жеңіл. Ерекше сезімтал. Оған ауаның суығы да, ыстығы мен қысымы да тез әсер етеді. Кез келген жерге қадала кетеді, жабысып алады. Қажет деген жерінде шыр айналып, бұрғыша топырақ қазады. Әйтеуір тыным таппайды. Кішкене самал жел желпи қалса, қалықтап ұша жөнеледі. Қайтадан қонады. Ал жел соқпаса, қара жер бетімен өрмекшіше жылжып кете барады.
Осындай ғажайып әрекеттілігінің арқасында ғажайып гүл Жер ғарышкерлері кемесінің ғаламшар бетімен жанасқан көп тіреуіштерінің біріне жабысқан еді. Оны ұшар алдындағы терең толқыныста болған ғарышкерлер байқамаған. Олар негізінен өздерінің үсті бастарын, кеменің барлық бөлімдерін және басқа да орындарды мұқят тексеріп, бірнеше рет дезинфекциялық тазалаудан өткізген. Ал кеменің тарбиған ұзын да жуан темір тіреуіштеріне назар аудара қойған жоқ ты. Оның үстіне уақыт келген соң асыққан. Кеменің қозғалтқыштарына от беріп, ғаламшардан аттанып кеткен.
Ал ғажайып гүл болса, кеменің тіреуіштеріне жабысуменшектелген жоқ еді. Ол кеме ұшпастан бұрын ақ тіреуіштің бойымен жоғары қарай өрмекшіше жылдам өрмелеп, отты құбырдың жанымен өтіп, ішке енетін саңылау іздеген. М ұндағы тез өзгерген ыстық пен суық оның әрекетін ширатып та жіберген. Ғажайып гүл кеме қабырғасы бойымен жылдам жылжып отырып, көп иллюминатордың біріне де таяған. Жер ғарышкерлері ғаламшардың бетінен аттанбай тұрғанда ғажайып табиғатты армансыз анықтап көріп, суретке, бейнефильмге қайта қайта түсірген. Сол кезде бейне кіршіксіз таза болуы үшін иллюминаторлардың бірін сәл уақытқа ашып та қойған ды. Ғарышкерлер үшін суретке,бейнефильмге түсіру тансық іс емес.Бірақ мына ғаламшардың бейнесі ерекше әсерлі еді. Сондықтан да бәрінің де есіл дерті ғаламшар табиғатында болды. Олар бірде мына иллюминаторға, енді бірде келесі иллюминаторға ауысты. Сондай сәтті пайдаланған ғажайып гүл иесіз ашық қалған иллюминатордың бірінен зып беріп ішке еніп, қабырға бойымен тез жылжып, денеге қарай түсіп кетті. Неше түрлі қозғалыс әдісіне салып, әп сәтте ғарышкерлер байқай алмайтындай жерге жасырынып үлгерді.
Артынша ғарышкерлер ғажайып ғаламшар табиғатына соңғы рет қадала қарап, иллюминаторларды сырт сырт нығыздап жапты. Қозғалтқыштар бар құбырдағы от жалын күшейе түсті. Кеме жайымен ғана аспанға қарай көтеріле берді. Ғажайып гүл болса, өзінің бір мақсатына жеткенін сезгендей тыныш жатты. Оның тағы бір ғажайып қасиеті, өзін алғаш рет ұстаған, иісін иіскеген адамның иісін есінде сақтап қалатыны. Ғаламшардағы өзі тектес гүлдердің бәрінің де дәл осындай қасиеттері бар еді. Бірақ Жер ғарышкерлерінің бәрі бірдей ғажайып гүлдерді ұстап көрген жоқ. Жалғыз Гүлжан ғана мамандығы ботаник болғандықта әрі гүлге соншалықты қызыққандықтан үлкен батылдықпен қолына алып, иіскеп көрген. Ғаламшардакғы басты тірішілік иелері осы гүлдер болғандықтан ең саналы саналытындары да солар еді. Гүлдер қалаған жерлеріне орын ауыстыра алады, бір бірімен іштей тілдеседі, көбейеді. Өзінше бір ғажайып әлем. Бірақ сырттан келгендер гүлдерге оншалықты мән бере қоймаған.
Енді міне, бәрі де басқаша сипат ала бастаған. Ғажайып гүл кеме ішіне бой үйретіп алған соң ғаламшарда өзін алғаш рет қолына алып иіскеген адамды іздеп табуға бет алды. Егер біреу кездейсоқ өзіне жанап кетсе, ұстаса немесе иіскемек болса, онда гүл ол мейлі саналы, мейлі санасыз болсын, оны қалай дегенде іздеп табуы тиісті еді. Бұл гүл сондай жағдайға тап болған. Сондықтан да осындай қиын қыстау әрі қауіпті әрекетке көшкен. Бейтаныс саналы тірішілік иесі, әдемі қыз өзін өмірінде алғаш рет мәпелей қолына алды, содан соң иіскеді, жұмсақ алақанында аялады, содан соң қайтадан қоя берген. Сонда тірішілігінде мұндай аялауды көрмеген гүл ерекше тітіркенген еді. Артынша әдемі қызды әлдекім әрі қарай ертіп алып кеткен. Содан қайтып өзіне жолатпады да. Ол адам, гүлдің сезуінше, нәзік сезімге салқын қарайтын адам болып шықты. Ғажайып гүл оны бірден сезген. Жанындағы жайқалған гүлдермен іштей сырласып, мұңын да шаққан. Гүлдер мұның ішкі қасіретін түсініп, сапарына сәттілік тілеп, самал желге шайқалысып, ырғалысып, қол бұлғап қоштасқандай болып қала берген. Ал бейтаныстар болса өздерінің ұшып келген кемелеріне қарай асыққан.
Ғажайып гүлдің одан кейінгі әрекеті осы. Кеме мейлінше үлкен болғандықтан, оның бөлімдері де, қабырға жағалата бекітілген құбырлары да көп ті. Гүл сол жолдардың бәрін де жүріп өтті. Ол жүрген жерлері ғарышкерлерден алыс еді. Сондықтан да ғарышкерлер ғажайып гүлдің бұл әрекетінен бейқам жүрді. Гүл өзге тірішілік иелеріне тілсіз, жай бір гүл сияқтанып көрінгенімен, көп нәрсені жақсы сезеді. Әсіресе, гүл атаулының бәрі де әуенді ұнатады. Оны терең сезінеді де. Ал қараған адамға гүлдер бейнебір үнсіз, қозғалыссыз қалған өсімдіктей болып қана көрінеді. Ал шын мәнінде ғажайыцп гүлдердің табиғаты мүлдем бөлек. Қауызының ішіндегі кішкене ғана әңгелекке немесе асқабаққа ұқсап келетін басы, жан жаққа айқара, шалқая ашылатын әдемі қауыздары кім кімді де ә дегеннен баурап алар еді. Бірақ оның сабағының төменгі жағындағы бидайық масағы сияқтанып, мұрттанып келген жапырақтары, қурағандай болып қаудырап тұратын қауыздары бір қараған адамды аздап болса да сескендіреді. Ғажайып гүл өзіне қарай бұрылған қандай да бір құралды да, тірі жанды да тез сезеді. Ондайдан тез қорғана да алады. Өзіне жанап кеткендерді тірі жанша нешетүрлі айлаларымен шошындырады. Тек әлгі аялы алақанды әдемі қызға ғана мұндай қабілеттерін көрсетпеген еді. Соның өзінде де гүл қыздың жанындағы жігіттің түсінбестігіне іштей қиналды. Гүлдің ішкі сарайында жағымсыз бейне ретінде болса да ол жігіттің түр тұрпаты сақталып қалған. Оған қоса гүл ігіт пен қыздың жүрек қалауларының бір екенін түсінген. Гүл әлемінде қашан да осындай сезім басым. Рас, негізінен гүл атаулы бір орында, тамыра жайылған топырақ үстінде ғұмыр кешеді. Түн мезгілінде, жауын шашын болғанда қауыздарын жинап жабады, күн жылынғанда, Күн көзі жылт еткенде, ол қауыцзын қайтадан ашады. Гүл өмірі осылайша жалғасып жатады. Ал өздерінің белгілі бір уақыты болғанда бір орнында шыр айналып, жерден босап, құлап түседі.
Содан кейін олардың сапарлары басталады. Жел соқпаса, әлгі мұртты жапырақтарымен жер қармап ілгері қарай жылжи береді. Жел тұрса, құстай қалықтай ұшып жөнеледі. Кез кклген жерге, денеге жабыса қалатын қабілеті болса да бар. Мұндай гүлдердің өміршеңдігі де ерекше. Ол қиындық пен қатерге ұзақ шыдайды. Өзі өніп өскен ғаламшарын айлап, жылдап шарлайды. Бес мың шақырым қашықтыққа дейін сапар шеге алады.Ұрығын шашады. Сөйтіп көбейе береді. Кемеге мінген гүл осындаай гүлдердің тұқымдасы.
Ол кемеге орнығып алғаннан кейін іштегінің бәрін де зерттей бастады. Гүл өзіне деген қарслықтың жігіт жағынан болғанын да сезіді. Ал ол жігіт гүлдің мұншалықты сезімтал, ұғымтал екенін аңғарған жоқ ты. Ол үшін ғаламшар иесіздей көрінген. Сонымен қатар ғарышкерлер олар өсімдіктердің нешетүрлі қылықтары мен қорғаныстарынан сескенген. Сол өсімдіктер мен гүлдердің ішінде осы гүл ерекше болатын. Соның өзінде де кеме басшысы оны кемеге алудан бас тартты.Олардың қандай да бір өздеріне қолайлы, тірішілікті ғаламшарға қонатынын да, өзіне жағдай туатынын да сезді. Өзі жасырынған бөлімдегі кеме қозғалтқыштарының гүрілі ішкі сезіміне қатты әсер етсе де, оған шыдап бақты. Бірақ қанша дегенмен де мұндай шуға жан дүниесі қалыптаспаған гүл өзге орын табуды да жөн санады. Құбырға, ақшаңқай түсті қабырға мен шыныдан жасалған құрылымдарға жабысып жылжу да оңаайға соққан жоқ. Соған қарамастан жылжи жылжи өзіне ыңғсайлы орынды тапты да. Бұл кемедегі оранжереяға апаратын құбыр еді. Ол құбыр дымқыл болатын. Құбырмен таза су жүріп жатыр. Егер гүл оранжереяға дөп түссе, онда ғажайып тірішілік ортасына енбек. Тек ондағы өзге өсімдіктер мен гүлдер өзінің түр тұрпатынан тітіркенбесе болғаны.
Ғажайып гүл тірішіліктен үмітін үзген жоқ. Кеме ішіндегі түрлі темпераураға қалыптасуға тырысты. Бірақ, дегенмен де, өзінің ғаламшарындағыдай емес, шамалы қалжырап та қалған. Қандай да бір тірішілік иесінің денесіне жабыса кету, қара топырққа бұрғылану, желмен ұшу, мылтық оғын атқандай дыбыс шығару, өзіне жанап кеткен бөтен жанға зиянды сұйық шашу және басқадай қабілеттері де мына тар ауада енді болмаса әлсірейтін түрі бар. Бірақ, "Үм ітсайтан" - сайтан" дегендей, өмірі барекен. Уақыт өткен сайын құбыр дымқылы молайып, денесі ширай берді. Қауызының жапырақтары да жан жаққа жазыла түсті. Жылжу әрекеті де шираған, жылдамдған. Сезгіштігі де арта берді. Енді тек жарық қана жеткіліксіз. Қараңғы жерде өмір сүру еш мүмкін емес. Егер осы гүлдің орнында жай бір гүл болса, онда ол әлдеқашан солып, қурап, гүл қауызы шашылып, аяқ асты болып қалар еді. Тіпті, сол өз ғаламшарындағы өсіп тұрған орнынан мызғымайды да. Ал ғажайып гүлдің тірішіліккке мұндай икемділігі, сезімталдығы, ептілігі мен көргіштігі адам баласынан да асып түскен. Сондай қабілетінің арқасында осындай күрделі жағдайларды жеңіп келе жатыр. Гүлдің өз бойына сіңірген екі түрлі қасиеті бар. Біріншісі, ұнамды, екіншісі ұнамсыз. Ұнамдысы, жетуі керек. Ұнамсыздығы өзінің қорғаныс, шабуыл әрекеттерін кқрсетуі керек. Гүлдің "миында" осындай екі ғажайып қабілет сақталған. Соларға сай әсер еткен екі жанды іздеп келеді. Оның үстіне бұл ғажайып гүл жігіт пен қыздың арасындағы құпия ұнатым сезімін де анық сезген. Ол сезімдердің қалай дамитыны да ғажайып гүл үшін ерекше бөлек бір көрініс болмақ. Оған көзін жеткізуі үшін оларға жақындауы керек. Қалай дегенде де өзіне қол тигізген әдемі қызды табуы тиіс. Бұл өзі өніп өскен ғаламшардағы кез келген гүлге тән қасиет. Егер ғарышкерлер бұдан өзге де гүлдерге қол тигізгенде, мына кеменің ішінде бір гүл емес, бірнеше гүл дәл осылай жүрген болар еді.
Ғажайыцп гүл дымқыл құбырға жабысқан күйінде біршама уақыт тым тырыс тұрды. Мұны біреулер көре қалса, дымқыл құбырға кездейсоқ жабысып қалған гүл деп қана ойлар еді. Ал гүл болса, жоғары қабатта жүрген ғарышкерлердің аяқ дүрсілін де,сөйлеген сөздері мен күлкілерін де естіп біліп жатыр. Егер ол екінші қабатқа жылжып шықса, онда олардың бәрін де ерекше шошытып алатынын да білді. Сондықтан да қазір ең бастығы салқындап, тынығып, әлденіп алу деп санады. Ал содан соң құбыр бойымен сапарын одан әрі қарай жалғастырып жасыл әлемге жетеді. Әлі алыстау жерде болса да, оранжереядағы түрлі өсімдіктер мен гүлдерндің хош иістері мұрнына жеткен ді. Сондықтан да гүл қарап қалмай, ол жасыл әлемнің қай жерінен орнықты орын алу керектігін де іштей жоспарлай бастады. Өзіне өзі толық келуі үшін енді онан басқа да орын жоқ бұл кеме ішінде. Ал бір ғажабы, ондағы өсімдіктер мен гүлдердің қабілеттері өз қабілетінен төмен дәрежеде дамыған өсімдіктер мен гүлдер екендігі. Ғажайып гүл осының бәрін де онда бармай жатып ақ сезіп білді. Содан соі қайта жігерленіп, дымқыл құбыр бойымен алға қараай жылжып ала жөнелді.
Ұйқы алдында
Ғажайып ғаламшардан ұшып шығып, Жер мен екі арадағы жұлдызаралық жолға түскеннен кейін кеменің ұшу жылдамдығы да арта берген. Қайсыбір жұлдызаралық кеме болмасын,мылтықтан атылып шыққан оқтай зулап ұшқанымен, қажетті жылдамдығын бірте бірте алады. Әлем кеңістігі кең, жол алыс. Сондықтан да кеменің ғаламшардан ұшып шыққандағы, оның төғірегіндегі айналып ұшқан жылдамдығы ғарышкерлер үшін жылдамдық емес. Ол бір жай ғана ұшу. Ондай ұшу барысында ғарышкерлер кеменің арнайы дөңгелек есігі арқылы ашық ғарыш кеңістігіне шығып, түрлі жұмыстар жасап, ішке қайта оралып та жатады. Ол қай ғарышкер үшін де түсінікті, үйреншікті көрініс.
Ал жұлдызаралық жолдағы кеменің ұшу жылдамдығының жөні мүлдем бөлек. Мұндай жылдамдықта ұшу үшін ғарышкерлер арнайы дайындықтан өтеді. Ал алыс жолды "қысқарту" үшін ғарышкерлер ұзақ ұйқыға да жатады. Бұл да ғарышкерлер ұзақ жұлдызаралық сапарға шыққалы қолданылып келе жатқан үйреншікті дәстүр,
Ғажайып ғаламшардан ұшып шыққалы біршама уақыт өткен соң ғарышкерлер сондай ұйқыға жатуды да ойлай бастаған. Өйткені, алда әлі ұзақ жұлдызаралық жол бар. Оның үстіне ондай ұзақ ұйқы кезінде көптеген оттегі, су, азық түлік үнемделеді. Ол өз алдына. Ұйқы кезінде Жерге, елге, ата ана, ағайын мен туған туыс, дос жарандарға деген сағыныш та саябырсиды. Туған Жерден мейлі он қадам, мейлі мың миллион қадам ұзап шықса да, адам пенде туған жерін сағынбай қалмайды. Ал мынандай жұлдызаралық ұзақ сапардағы туып өскен Жерге деген сағынышты тілмен айтып жеткізу болса да қиын. Әрқайсысы әртүрлі әңгіме айтып, ән салып, күй шертіп, оранжереяға барып демалып, одан біршама ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін кеменің басқару жүйелері бар бөліміне қайта оралған еді.
Өздері Жерден ұшпай тұрғанда жолға кететін уақытты есептеп, үш күндік мерзім жасаған. Үш күн деп отырғандары Жер есебімен үш жыл. Сол үш жылда үш рет ұйқтамақ. Жерден әлгі ғажайып ғаламшарға ұшып жеткенше де дәл осындай тірішілік кесте жасаған. Жол алыс болғандықтан адам баласы қанша дегенмен де қажи ды. Оның үстіне кеме мейлінше қатты жылдамдық алғанда иллюминатордан жұлдызды әлемді тамашалап та жетіспейді.Иллюмнатор шынысы арқылы жұлдызды әлемге қарағанда адам бойын. біртүрлі қорқыныш сезім би лейді. Адам пенденің өз денесін толық сезіну қабілеті де әлсірейді. Сондықтан да жұлдызаралық кеменің ондай жылдам ұшуы сәтінде тып тыныш ұйқыда жатқан абзал болмақ. Айта берсе, сөздің де, әңгіменің де дәмі кетеді. Соншама уақыт ішінде ғарышкерлер не істей берулері мүмкін. Кемені іші алкғашында қанша алапат кең көрінсе де, уақыт өте келе көз бен бой үйренген соң тарылғандай болып кетеді. Бұл кез келген пенденің психологиясына сай қасиет. Ал іші тарланған кеменің ішіндегі іс әрекет те жалықтырса керек. Ғарышкерлердің күнделікті деп есептейтіні мұндағы күн кестесі. Ол Жердің тәуіліктік айналысы уақытымен бірдей етіліп жасалған. Бұл әсіресе оранжереяда тамаша көрініс тапқан. Сондықтан да ғарышкерлер көп уақыттарын сол ортада өткізуге тырысады.
Енді міне, сол уақыт, сол әрекеттердің бәрі де кейінде қалған. Уақыт дыбысы сыртылдап, экранындағы цифрлары лыпылдап тұрған түрлі көлемдегі сағаттармен тынымсыз саналуда. Кейде ғарышкерлердің сол уақытқа қарауға да мұршалары келмейтін сәттері болады. Ал кей кездерде бассейнге барып шомылады, жігітер жағы арнайы бөлімде бір бірімен күш сынасып, бұлшық еттерін шынықтырады. Бұл да бір өзінше өмір. Ғарышкерлер Жерден ұшып шыққанда небәрі он алты жастағы өрімдер еді. Ғарышкерлік оқуын бірінші сыныптан бастаған, ал мектепті бітіргеннен кейін небәрі алты ай ғана дайындалып сапарға аттанған. Енді міне, бәрі де тез есейіп, ақыл тоқтататын дәрежеге жеткен. Қазақтың ертедегі ерлері небәрі он бес жасында ел билеген, әскер басқарған. Енді міне, сондай жастар жұлдызаралық сапарды игеріп отыр. Бұл да сол ұлы ерліктің жалғасы болып табылады. Мектеп қабырғасында жүргенде де, кейінгі ғарыштық оқулар мен жаттығуларда да ерекше көзге түскен жастар осы қарымды құрамды құраған еді.
Уақыт деген қолға ұстатпайтын, қуып жеткізбейтін, иә болмаса, кейін қайтпайтын құбылыс. Аадам баласының да өткен өміріндегі енді қайтып келмес жақсы күндерін аңсап, есіне алып тұратыны да содан болса керек. Ғарышкерлер де есеюге құлшынып тұрса да, кейде кейде жастық шақтарын естеріне түсіріп, бір жасап қалғандай болады. Ондай сәттерде жұмыстарын тоқтата тұрып, оранжереяға қарай тартады. Сонда ойнайды, серуендейді, нешетүрлі өсімдіктерді көреді. Жігіттер жағы әдемі гүлдерден еппен ғана жұлып алып қыздарға сыйлайды. Сөйтіп уақыт өткізеді. Осы құрамдағы төртеу - Мерген мен Гүлжан, Жұматай мен Маржан Жерден осылай қарай аттанбаай тұрып ақ махаббат бесігінде тербелген болатын. Ол махаббат сезімдері сонау ерте кезжден, мектеп қабырғасында оқып жүрген кездерінде ақ оянған. Сол құдіретті сезім осы жұлдызаралық сапарға да бірге алып келген. Екі жақтың ата аналары да қимас сезімде болса да жастардың ақ ниеттеріне кедергі жасағылары келмей ұзақ жұлдызаралық сапарға ақ баталарын беріп шығарып салған. Қалған жігіттер - Айтқали, Жеңіс, Мейірбектің жағдайлары да осыған ұқсас еді. Бір айырмасы, бұл үшеуі сапарға аттанғанға дейін ешбір қызбен жүрек сырын бөліспеген. Өздерінше білім алу мен ғылым саласын игеруге бар уақытарын жұмсап, жұп құруды кейінге сырғытқан. "Әуелі осы жұлдызаралық сапардан аман есен оралайық. Содан соң өзімізді түсінетін, сыйлайтын қызды кезіктірерміз" деп түйіндеген.
Әрине, үш ғарышкер жігіттің бойдақ болғаны өзге ғарышкерлер үшін аса қуанышты да жағдай емес ті. Ал екінші жағынан кеме қанша алапат болса да, ондағы оттегі мен азық түлік және тағы басқадай нәрселер осыншама адамға ғана есептелегн болатын. Оттегі де, су да, азық түлік те Жер мен барып қайтқан ғаламшар аралығындағы сапарға жетуі тиісті. Үшінші жағынан, өздері қайтып ұшып жеткенше Жер ғаламшарында ненедй өзгерістердің орын алатыны да белгісіз. Жұлдызаралық сапарда бұл жағы да есепке аланады болса да. Бірақ амалдары қанша, сапар жартылай өтіп те кетті. Сәтті өтіп келеді. Өздерін осындай ғажайып ұзақ жұлдызаралыщқ саапрға ұшуға кішкентай кездерінен ата аналары баулыған жоқ па еді. Сондықтан да ата аналар өздерінің ықылас ниеттеріне сай қолұштарын берген. Жұбы жұп, бойдағы бойдақ болып аттанды Жерден осылай қарай. Ал тереңінен ойлап қарағанда, адам пенденің де бірге жүруі мен бірге тұруы уақытша нәрсе. Бұл өмір кез келген тірішілік иелерінің кездесуі мен қоштасуы, қайта табысуынан тұрады. Ендеше, бұл сапар өмірдің өз заңы. Өмір өте күрделі. Адам пенде қанша ақылды, данышпан болса да, бәрібір, ол өзінің тағдырын да,. өзгенің тағдырын да дөп басып аайта алмайды. Адам бір бірінен кез келген сәтте айырылып та қалады. Қай қайсысының да бұл сапарға аттануы оңайға соққан жоқ. Қанша дегенмен де, іштен шыққан ет бауыр болғандықтан әке шешелері біржолата күдер үзгендей жылап сықтап әзер қалған ды. Мұндай ұзақ сапар түгілі, Жер бетірндегі бірнеше ондаған шақырым жерде әскери борышын өтеуге аттанған балаларын ата аналар жылап сықтап шығарып жатпай ма. Олармен салыстырғанда бұл ұзақ сапардың жөні мүлдем бөлек еді.
Ғарышкерлер қолдары бос кездерінде осындай осындай ойларды да бастарынан кешеді. Бірақ қанша ойланса да, толғанса да жұлдызаралық жол таусылар емес. Қанша жылдам ұшып кетіп бара жатса да кеме де кеңістіктің бір терең тұңғиығында ілініп тұрып қалғандай болады да тұрады. Тек іштегі өздерінің тынымсыз қимыл қозғалыстары, әңгімелескендері, қойған әуендері мен фильм, бенефильмдері ғана алапат кеменің жұлдызаралық жолда соншама жылдамдықпен ағып ұшып кетіп бара жатқанын аңғартқандай болады. Уақыт күнтізбесі мен электронды, механикалық сағаттар, жұлдызды әлемді үнемі экранда ұстайтын күрделі жүйелер ғана кеме ішін тірішілікке бөлейді. Ғарышкерлер де жол жағдайын қанша уәйім етсе де,енді сол бейтаныс ғаламшаркға қарай ұшып кетіп бара жатқандай емес, Жерге, елге қарай ұшып келе жатқандықтан іштей шүкірішілік етеді, көңіл күйлерін көтеріңкі ұстайды.
Өйткені, алда өздері туылып өскен қасиетті Жер ана бар. Ал ғажайып ғаламшардың алыстап қалғаны қашан. Бұл екіаралықта ғарышкерлер Жерге бірнеше рет бақылау жасап та үлгерді. Жер ананың тамаша көркі мен реңкі өздері одан аттанып кеткенен кейін де пәлендей өзгере қоймаған. Ол арнайы сыңардүрбі арқылы қарағанның өзінде де кіп кішкентай ғана жарық жұлдыз. Түсі жасылдан гөрі көгілдірленіп тұр. Соған сай өздері алыстаған сайын телебайланыс та уақытша үзілген. Енді біршама уақыттардан соң телебайланыс қайта жандануы тиіс. Ғарышкерлердің көңіл күйлерін көтеретін тағы бір нәрсе өздерінің секунд сайын, тіпті, сол секундтың бөлшегі сайын Жерге, елге жақындап келе жатқандары еді.
Тек Жер анаға ұшып жеткенге дейін үш рет анабиоздық ұйқыда болулары керек. Оны орындамауларына еш шара жоқ. Жұлдызаралық сапардың басты бір талабы да осы.Сол үшін де алапат жұлдызаралық кеменің ішкі сыртқы жүйелері толығфымен компьютерленген, автоматтандырылкған. Анабиоздық ұйқыда болған кездерінде кемедегі сол жүйелер кемені барлық қауіп қатерден сақтайды, Жерден, елден телехабар келе қалса, оны жазып, сақтап қояды. Кемеде соынмен қатар анау мынау қиын қыстау жағдайда тікелей көмек беретін биороботтар да бар. Олардың миына барлық ақпараттар бағдарланған. Сонымен бірге кемпеден жұлдызды әлемнің жан жағына арнайы сыңардүрбілер мен радиосыңардүрбілерден мұқият бақылау зерттеу жұмыстары да автоматты түрде мұқият жүргізіліп отырылады.
Кемеде кеменің өз бейнесін сырттан, ғарыш кеңістігінен, әртүрлі қашықтықтан суретке, бейнефильм ге түсіре алатын да арнайы жүйелер бар. Ол кеменің ұшу бағыты мен сырт жағдайын біліп отыру үшін қажет. Бұл жүйелер де толығымен компьютерленген, автоматтандырылған.Жұлдызаралық сапар барысында ғарышкерлер ондай көріністердің біршамасын түсіріп те үлгерген. Енді міне, уақыт шіркін жымырап өтіп, анабиоздық ұйқыға жататын мезгіл де келген. Ұйқы болғанда да бір жылға созылатын ұзақ ұйқы. Ғарышкерлердің өздері оны "Қысқы ұйқы" деп атайды. Олай дейтіндері кейбір жануарлардың қыс айларындағы ұйқыларына ұқсас деп санағандары. Айырмасы, бұл ұйқы жылға созылады. Ал жануарлардың кейбірі тек қыс айларында ұйқыға жатып, көктем шыға оянады. Ұлы жаратушы оларды солай етіп жаратқан. Ондай жануарлар қыс мезгілінде ұйқтамаса, олар саналы адамдар сияқты жылы киім киіп, үй салып, азық түлік жинай алмайтындықтан қатты суықта жаурап мерт болмақ. Ал ұйқтамайтындары түн жортып тамағын тауып жейді, жылы жер іздейді, құстар, болса да жылы жаққа ұшып кетеді.
Міне, сондай бір ұйқыны адамдар жұлдызаралық сапарға қолдануды жөн көрген. Бұл, шын мәнінде де ұзақ сапарда пайдалы. Мұндай ұйқы кезінде адам пенденің организміндегі қартаю процесі кешеуілдейді. Ұзақ сапардан жалығушылық болмайды, шаршау мен қажу азаяды, оттегі, су мен азық түлік үнемделеді, уақыт білінбей өтеді. Мұндай әдісті ұзақ жұлдызаралық сапарға ұшып шыққан ғарышкерлердің бәрі де қолданады. Тек мұндай әдісті қалай пайдаланады. Оны сол кемедегі ғарышкерлердің өздері шешеді. Бұл кемедегі ғарышкерлер Жер мен ғажайып ғаламшар, ғажайып ғаламшар мен Жер арасында ұшуға кететін уақытты есептей келе осындай шешімге келген. Үш рет ұйқыда болуды жөн санаған. Әйтпесе, жыл деген де аз уақыт емес. Егер өздері Жер ғаламшарында жүрген болса, онда түрлі жұмыстарымен айналысып, уақыттың өте шыққанын байқамай да қалар еді. Оның үстіне жыл мезгілдері деген тағы бар.Ал бұл кемедегі күн мен түннің алмасуы болса да жасанды түрде өтеді.Оранжереяда да жұлдызды аспанның Жерден қарағандағы көрінісін беретін планетарий бар.Ғарышкерлер Жер аспанын, Жер табиғкаты мен ауа райын да тек сонда көріп мауықтарын басады. Алапат кеменің қалған барлық бөлімдерінде де сығылысқан күрделі жүйелер тұр. Әрине, денсаулықты сақтайтын орындар, спорт залдары, бассейн, тоғызқұмалақ, шахмат пен дойбы, теннис, фудбол, волейбол ойындарын ойнайтын орындардың орны бөлек. Соолардың бәрі де ғарышкерлердің ұйқыға дейінгі және ұйқыдан кейінгі уақыттарын мәнді өткізуге себепкер.
Ал алпат жұлдызаралық кеме кең кеңістікте қажтті үлкен жылдамдығын алған кезде жұлдызды әлемді бақылап зерттеудің мәні төмендейді. Сонау алыста деген тұмандықтар мен жұлдыз шоғырларының өзін бақылау да қиынға соға бастайды. Сондықтан да ғарышкерлер негізгі ғылыми зерттеу, бақылау жұмыстарын Жерден аса алыстамай тұрғанда және барған ғажайып ғаламшарлары көп кейіндемец тұрғанда жүргізіп, көптеген маңызды ғылыми мәліметтер жинап алкған ды. Сондықтан да уақыты келген кезде анабиоздық ұйқыға жатуға толық мүмкіндік те бар еді.
Одан бұрын бәрі де арнайы дәрігерлік бақылаудан өткен. Оны арнайы күрделі құралдар арқылы дәрігер Маржан жүргізді. Маржан жалғыз дәрігер болғанымен оның компьютер көмекшілері жеткілікті. Адам организміндегі процестерді әп сәтте тексеріп, шағын экран бетінде көрсететін құралдар ғарышкерлерге тансыщ емес. Жай кезде бір бірімен әзілдесіп, арпалысып, әңгімелессе де, мұнедай кезде қай қайсысы да шамалы қатайып, дәрігердің айтқан ұсынысын бұлжытпай орындайды. Бұл ғарышкерлердің сонау алыста қалған Жерде жүргенде ақ бойларына сіңірген әдеттері. Маржан арнайы дәрігерлік бақылау бөліміне келіп, достарын бір бірлеп дәрігерлік бақылаудан өткізді. Ол үшін қай қайсысының да бөлме ішіндегі ұзына бойы төселген жіңішке қызыл түсті кілем жолша бойымен баяу ғана жүріп өтсе болғаны. Соның артынша ғарышкерлердің денсаулықтары жайлы қысқа да нақты мәліметтер Маржанның қарсы алдындағы экранда көрініп, ақ қағазға жазылып та үлгереді. Осылайша бәрі де аз уақыттың ішінде денсаулықтарының жай күйін анықтады. Ең соңында Маржан Гүлжанды шақырып, дәрігерлік бақылаудан өзі де өтті. Ешқайсысының организмінде де ақау, өзгеріс байқалған жоқ. Бұл басты байлық, басты бақыт еді.
Ғарышкерлер енді кеме ішіндегі барлық бөлімдердегі күрделі жүйелердің жұмысын мұқияттексеріп шықты, бәрін де компьютерлік автоматтық жүйеге көшірді. Ендігі кеме билігі әрқайсысының ұқсасы - биороботтарға беріледі. Арада көп уақыт өтпей ол іс те сәтті орындалды. Мерген өзі бастап кеменің барлық бөлімдерін арнайы пневмокпен тағы бір аралап тексеріп шықты. Тек содан кейін ғана анабиоздық ұзақ ұйқыға жататын бөлімге келген. Тағы да Маржан. Ол жігіттермен уақытша жылы қоштасып, әрқайсысын орын орындарына жайғастырып, әрқайсысының ұйқы кезіндегі денсаулығын мұқият бақылап тұратын компьютерлі жүйелерді іске қосты. Артынша жігіттердің бет әлпеттері қызарып, балбырап, ұйқыға бет алды. "Халдерің қалай. Өздеріңді қалай сезінесіңдер" деп әрқайсысының бет әлпетінее, күрделі жүйелер көрсетіп тұрған денсаулықтарының жағдайына сай қажетті түймелерді рет ретімен баса берді Маржан. Қасында Гүлжан жүр. Жігіттер Маржанға қарап бір бір жымиып алып, көздерін жайымен ғана жұмып, терең ұйқыға кетті. Жүректері қалыптағыдан баяу соғып, тыныс алулары білінер білінбес күйге көшті.
Бәрі жақсы, бәрі ойдағыдай болса да, Маржан жігіттердің жағдайларын тағы бірнеше рет тексеріп алды. Барлық анабиоздық ұйқы жүйесі жұмысының дұрыстығына тағы бір рет көз жеткізді. Тек содан соң ғана барып Гүлжан екеуі көрші бөлмедегі анабиоздық төсектеріне қарай бет алған. Ол төсектер де алдын ала бірнеше рет бықылаудан өткізілген, әбден тексерілген. Маржан енді бөлменің шыны есігін жайымен ғана жапты. Гүлжанды анабиоздық ұйқы төсегіне жайғастырып, жігіттерге жасаған тексерулерін қайталап мққияттады. Содан соң арнайы бөлімдегі ұқсас биороботтарды шақырды. Олар әп сәтте келген. Маржан оларға нақты бағдарламалар берді. Сөйтіп барып төсагіне жайғасқан. Барлық нәрсе дұрыс болып, ойдағыдай орындалған соң оянатын нақты уақытта белгілеп, бір бірірне қарап "Ұйқы тыныш болсын. Кемеміз де, өзіміз де аман болайық" деп жай ғана тілек айтып, шыны қақпақтарын жайымен ғана сырт сырт жапты. Артынша екі қыздың да ұзын қара кірпіктері бір бірімен айқаса берді.
Бөтендер арасында
Кеменің иелері ұзақ анабиоздық ұйқыға жатқан кезде ғажайып гүл де өзінің діттеген жеріне жақындап қалған еді. Ғарышкерлер ұйқыға жатар алдында жағымды иіс, оттегі мен ылғал келіп тұруы үшін оранжереяның шыны есігін ашық қалдырған болатын. Бұл шешімдері ғажайып гүлге жол ашты. Ол енді бөлімнен бөлімге өтіп, талай қабырғалармен, құбырлар, сымдар бойымен тынымсыз жылжып, қажет кезде еденге қалықтай ұшып түсіп, сәнді гүлдер өсііп тұрған ыдыстардағы топыраққа шыр айнала бұрғыланып еніп, одан бойына нәр мен су жинап алып, қайта бұрғыланып шығып көздеген бағытына қараай жылжи берген. Сөйтіп, шыны есігі ашық тұрған оранжереяға да жеткен. Мұндағы кең алқапта нешетүрлі өсімдіктер мен гүлдер жайқалып тұр. Хош иіс болса да аңқиды. Гүл өзінің ғажайыпылығына қарамастан өзінен әлдеқайда қарапайым, тек бір орында, бір итопырақтан нәр алып тиірішілік ете алатын, бөтен жануар, адам, құс немесе желдің көмегімен ғана орын ауыстырып, ұрық шашып көбейе алатын гүлдерді бір көруге құштар еді. Өзі қаншама жылжып, секіріп, ұшып, қара топыраққа бұрғыланып, одан қайта шығып келе жатса да, олардың бір де бірі де адамдар сияқты әрекет жасаған жоқ. Бірақ, солай бола тұрса да ғажайып гүл оранжереядағы әрбір гүлдің ішкі қарапайым сезімін анықтай алды. Гүлдердің дәл қазір қандай күй кешіп тұрғандарын да білді. Сөйте тұра өзі оларға еш сыр бермеді әзірге.
Ғажайып гүл енді оранжереяның ішін аралап көруге кірісті. Ал гүлдің әрбір қозғалысы сырттан көрген адамға өзгеше әсер етпек. Өйткені, ғажайып гүл әрбір қозғалғанда, секіргенде, ілігетін нәрсені ұзын жіңішке мұрттарымен орап алғанда, қалықтап ұшып еденге түскенде ешқандай гүлге ұқсамай да кетеді.Жер ғаламшарында да ғажайып гүлдер көп. Олардың ішінде де жанынан өтіп кетіп бара жатқан хайуанаттың арқасына секіріп жабысыпалатындары, желмен ұшатыны, жер бетімен жыжитыны, жанап кеткенге сұйық шашып кеп жіберетіні, мылтықтан оқ атқандай дыбыс шығаратындары бар.Бірақ ол қабілеттердің бәрі де бірғана гүлдің бойына жиналған қабілеттер емес. Әр қабілетәртүрлі өсімдік пен гүлге ғана дарыған. Ал бұл ғажайып гүл тумысынан ондай қабілеттің бәрін де бір басына жинаған. Ғажайып көрінетіні де сол қабілеттерінен. Дәл өзіндей болмаса да, ғажайып гүлдер осы оранжереяда да бар. Ондай гүлдердің бәрі де жарықты, жылу мен суықты, тағы басқадай ауа райының түрлі құбылыстарын дер кезінде сезеді. Тек гүлдердің гүл қауыздарының ашылуы бірнеше сағатқа созылады. Сондықтан да ол бір қараған адамға ешбір әрекетсіз, тірішіліксіз тұрғандай көрінеді.
Өзінің қимыл қозғалысы, әрекеті ширақ болғандықтан. ғажайып гүлге мына оранжереядағы өсімдіктер мен гүлдер әлемі өзінше бір тып тыныш әлем сяқтанып кетті. Өзі өмір кешкен ғаламшардакғыдай тынысыз қозғалыс, тынымсыз дыбыс деген мұнда атымен жоқ екен. Мұндай тыныштық бір жағынан ғажайып гүлге жабайылау тірішілік әрекеті сияқтанып та көрініп кетті. Ғажайып ғаламшарка қонған алапат жұлдызаралыщқ кеменің үлкен табан тіреуіштерінің бірінің бойымен өрмелеп жоғары шығып, одан иллюминаторының бірі арқылы ғарышкерлерге байқатпай ішке енгеннен кейін жеткен тамаша ортасы да осы еді. Тек мұнда өзіне лайқты, тірішілік әерекеті тең келетін гүл ұшыраспады. Оранжереяның алқабында қан қызыл түсті, сары түсті, күлгін түсті, ақ және ақ сарғыш түсті гүлдер жайқалып ақ тұр. Сол тұрғыдан келгенде, ғажайып гүлге өзін бөтендер арасында қалдым деуіне еш негіз жоқ еді.
Осындай жігермен ғажайып гүл гүл алқабының бір шетіндегі дымқылдау жерге жетіп, бір орнында шыр айналып, бұрғыланды да, о бастан бар гүлдей болып тұра қалды. Бойына қара топырақтан нәр мен су жетіп, рахат бір сезімгне де бөлене берді. Тек осыдан соң барып қана бұл гүл алқабында болып жататын анау мынау өзгерістер біртіндеп айқындала бастады. Мұндағы жасанды Күннің шығыс көкжиек деп белгіленген көкжиектен шығуы мен көкке өрлеуі, одан батыс көкжиек деп белгіленген көкжиекаке қарай бірте бірте төмендей ығысуы, сонда барып батуы табиғаттың өз құбылысымен мейлінше ұқсас көрінді. Арнайы жасалған жүйелерден анда санда самал жел де соғады екен. Ол самал жел гүл бастарын еркелете тербейді. Олардан оғаштанып қалмауы үшін ондай кезде ғажайып гүл де самал желдің әлі келмесе де басын сәл пәл шайқап қойды. Бірақ гүл ол әрекетін мейлінше сақтықпен орындады. Егер өзіне бірдеме жанап кетсе, кіп кішкене әңгелектей басы қауыз ашып, мылтық оғын атқандай қатты дыбыс шығаратын, ал оған мән бермегенде сұйық шашатын әдеті бар. Сол қабілетінен сақтанған. Жапрақтары жанап кеткен жауардың денесін "шағып" та алады. Ондай шағуан кейін адам баласының да, еті ашық жануардың да денсі қатты қышып ашиды.
Бірақ әзірге ғажайып гүлге ешбір нәрсе жанап кете қойған жоқ. Айнала төңірек негізінен тыныш. Тек анда санда нешетүрлі әдемі көбелектер мен аралар гүлдердің гүл қауыздарына қонып, қайта ұшып кетіп жатыр. Олардың бірі де сескенгендей ғажайып гүлге жақын ұшып келмеді. Шағын табиғат аясы тірішілікке қайнап тұр. Тек Күн көзін төбе тұстағы жасанды бұлттар көлегейлеп, шамалы жасанды жаңбыр суы сіркіреген мезетте ол күрделі әрекеттер саябырсып, кейбір гүлдер гүл қауыздарын жаба бастайды. Ғажайып гүл жай гүлдердің ішкі сезімдерін жақсы сезіп тұр. Ең қарапайым деген гүлдің өзінің де ауа райына қарай әрекет ете алатыны да белгілі болды енді.
Осылайша біршама уақыт өтті. Ғажайып гүл бұл ортаға бой үйрете бастады. Жан жағын барлап, көп нәрсені зерттеді. Содан соң мұндағы өсімдік пен гүл біткеннің тірішілік қабілеттерінің өзінен әлдеқайда төмен екенін сезген соң шамалы еркінси де бастады. Сәлден соң тұрған орнында солға қараай шыр айналып, қара топырақтан босап, жерге құлап түсті. Бұл бұрын соңды көрмеген адамға мүлдем бөлек бір құбылыс болар еді. Бейнебір біреу қолымен жұлып алып жерге тастаай салғандай. Егер жай бір гүл болса, сол жатқан жерінде Күн көзі мен желден қурауы тиісті. Болмаса, жел тұрған мезеттерде қалықтаай ұшып, орын ауыстырады, дәнін шашады. Гүлді көрген адам осындай көріністердің куәсі болмақ. Ғажайып ғаламшардан асығып қайтар кезде Гүлжан осы гүлді жерден күшпен жұлып алып, иіскеп көріп, қайтадан орнына қадай салуға әрекет жасаған. Сонда бұл ғажайып гүл былқ сылқ етіп қадалмаған. Сөйтіп тұрғанда кеме басшысы қайтуға бұйрық берген. Бірақ барлық ғарышкерлердің ойларында "Бекер жұлдың ау,Гүлжан. Бұл гүл енді солады, құрайды, желге ұшады" деген сөз тұрған. Жоқ, олар қатты қателесті. Ғажайып гүл уақытша ғана, кейбір Жер адамдарының жасайтын қулықтарындай қулық жасап, былқ сылқ бола қалған еді.
Қазір де сондай әрекетін қайталаған. Ол бір жағынан айналадағы қимыл қозғалыстарды, жарықты, ауа раайының құбылуын алдын ала біліп алуы үшін қажет. Ғажайып гүл осылайша біршама уақыт қозғалыссыз жатты. Айнала төңірегіндегі өсімдіктер мен гүлдер қозғалыссыз. Өсімдіктерге қонып қайта ұшып кетіп жатқан нешетүсті әдемі көбелектер мен аралардың ғана ызыңдаған дыбыстары естіледі. Ғажайып гүл өніп өскен ғаламшарда да ондай жәндіктер бар. Сондықтан да оған селт ете қойған жоқ, елеген жоқ. Ал әлгі ұшып қонып жүрген көбелектер, аралар мен қоңыздардың жерде жатқан гүлге жақындамайтыны болса да белгілі.
Ғажайып гүл енді сәлден соң қос қанаты жарақаттанып, жерге құлап түсіп, қайта ұшуға талпынған құсша қозғалып қозғалып қойды. Бұл қозғалысын да анадай жерде жүрген саналы адам көре қалса үп етіп соққан желден болды деп есептер еді. Қазір мұнда саналыдан ешкім де жоқ. Сондықтан да осы бір шағын әлемдегі саналыға жақын тірішілік иесінің бір мүшесі осы гүл ғана.
Ғажайып гүл сәлден соң жылжуға көшті. Сабақтарындағы бидайықтың қылтанақ мұрттары сияқты болып келетін мұрттарын топырақты еденге қадап, ырғалып ырғалып ілгері қарай жылжыды. Егер мұнда жануарлар болып, жанынан өте қалса, оларға сарт жабысып алып, көздеген жеріне әлдеқайда тез жетер еді. Мұнда жер бетінен көтеріп ала ұшырып әкететін табиғи жел де жоқ. Қайдан болсын, мына ортаның өзі де шектеулі келсе.
Ғажайып гүлдің аңсағаны дәл мұндай орта емес еді. Ол өзін ғаламшарының бетірндегі қара топырақ тереңінен суырып алып, мейірімді жүзімен қызыға қарап, иісін иіскеген әдемі жас қызды табуға шыққан. Ол аялы алақан өзінің ми жадында өшпестей болып сақталып қалды.Енді қалай дегенде де соын табуы, сол алақанмен қайтадан жанасуы керек. Ғажайып гүлдің ендігі қалған ғұмырындағы алдына қойған бармақсаты да осы еді. Ал сол кезде өзіне ұнамайтын пенде кез болғанда гүл оған басқаша әрекетін көрсетер еді. Мылтықша атылады, сұйық шашады, шағып алады, әйтеуір бір әрекет жасайды. Ол қыздың жанындағы жігіт еді. Ғажайып гүл оған қарсылық жасап үлгерген жоқ. Тез кейін кетіп қалған. Бірақ сол жігіт өзінің сол ұнамсыз қылығын ғажайып гүлдің есінде қалып қойғанын білмейді. Тек ол ғана емес, ғажайып гүлдің бұл қабілет қасиетін кемедегі өзге ғарышкерлер де аңғармаған. Ал қазір олардың бәрі де ұзақ сонар ұәқыда.Сондықтан да бұл ғажайып кеме ішінде біршама уақыт еркін жүріп тұруға мүмкіндік бар. Ғажайып гүл гүлді әлемді өзінің түрлі әдісті қозғалыстарымен аралап шықты. Содан соң өзіне алғашқыдан да қолайлырақ деген жерге орнықты. Енді оны көрген адам соншама азап шегіп, шаршап шалдығып келген адам деп ешқашан да ойламас еді. Мұнда енді тек өзге гүлдер ғана бір бөтенді сезгендей жасанды самал желден сәл пәл бастарын шайқайды. Ғажайып гүлдің өзі де бұл әлемде өзін бөтен сезінеді. Бірақ енді амалы қанша, өзге гүлдерден табиғи жаратылысы қанша бөлек болса да сол орнында тып тыныш тұра берді. Енді оның әрекеттік сезімін оята түсу үшін оған тағы бір адамның жақындауы тиісті еді.
Кемедегі еркіндік
Саналы да салуатты адам баласы болмаса, бұл ғажайыпм Ғалам иесіз қалғандай болар ма еді. Табиғатты түзейтін де, күзейтін де адамдардың өздері. Бұл саналылықтың да пайдасымен қатар зиянының да болатынын аңғартады. Ал егер бұл жарық дүниеде, Жер ғаламшарында ең дамығаны деген маймылдар болса, олар да, бәлкім, бірте бірте алдыңғы қатарға шығар ма еді. Бірақ олар, болса да, адам баласындай даму дәрежесіне жете алмақ емес. Сондайқтан да ондай жағдайда ғаламшарға саналы иесіз қалу қаупі төнеді. Ал егер адамзат қандай да бір бөтен, тірішілікке қолайлы ғаламшарға көшіп кетсе, онда Жер ғаламшарында бейберекет әрекеттер орын алмақ. Нағыз еркін тірішілік басталмақ. Тіпті, кейбір тынымсыз қозғалыс пен шуды ұнатпайтын алып құбыжықтардың өздері де ондай еркіндікті сезісімен жер бетіне қаптап шықпақ. Қысқасы, адам баласы болмаған Жер ғаламшарының бетірнде аз ғана уақыттың ішінде адам танығысыз оқиғалардың өтуі мүмкін.
Ал мына алапат жұлдыаралық кеменің іші сол Жер ғаламшарының кіп кішкентай, түйіршіктпей ғана ортасы. Соның өзінде де бұл ортада талай талай оқиға өтпек. Кемедегі жеті ғарышкер - жеті түрлі тағдыр. Әрбірінің өз маңдайына жазылғаны бар. Сол тағдарларына сай ғұмыр кешеді, қартаяды, өмірден өтеді. Қазір олар кеме ішінде
жұмыс жасап жүрген жоқ. Бәрі де анабиоздық ұйқы делінетін терең ұйқыда. Бар билік уақытша болса да биороботтардың қолдарында. Олар кеменің басқару жүйелері бар бөлімінен көп шықпайды. Алдын ала берілген бағдарлама солай. Адамның биороботтардан басты амйырмасы да кейде біреудің жалған айтқан жамандаулары мен бағыт бғдарына еліп кететіні. Биороботтар олай емес. Нендей тапсрма берліді, соны бұлжытпай орындайды.
Кемеде жыл бойы анабиоздық ұйқыда болу да оңай емес. Бұл уақыттың ішінде кемеде нешетүрлі жағдайдың болып өтуі де ғажап емес. Кемедегі барлық жүйелер толығымен компьютерленгенімен, автоматтандырылғанымен оранжереядағы өсімдіктер, гүлдер, жеміс ағаштары мен хайуанаттар мен құстар бөліміндегі тірішілік иелері кейде сол автоматты жүйелерден тыс әрекет етіп те кетеді. Сондықтан оларды қадағалаайтын биороботтар қалдырылған. Бірақ биороботтың аты биоробот. Ол қанша дегенмен де өзіне алдын ала тапсырылған бағдарламадан аса алмайды. Кеменің белгілі бөлімдерін ғана қарайды. Енді міне, ғарышкерлер анабиоздық ұйқыға енген кезден бері кеме ішінде бөтен әрекеттер де болып жатыр.
Ал оранжереяда көктем мезгілі келген. Өсімдіктер қаулап өсіп, гүлдер қауыздарын кең ашып, жеміс ағаштары жасыл жапырақтарын жайып, гүлдеп тұр. Бұл мезгілде бәйшешек пен қызғалдақтар өз дәурендерін өткізеді. Гүлдер жасанды самал жел болса да, өздерінің ұрықтарын жан жаққа шашады. Жеміс ағаштарының жемістері жер жерде домалап шашылып жатады. Осының бәрі де әп сәтте бола қалатын құбылыс емес. Бәрі де өз уақытымен, өз мерзімімен. Алма, өрік, ерте шие, шие, шабдалы, сары өрік, алмұрт және басқа да жемістер ғарышкерлер ғана емес, кемедегі күллі хаайуанаттар мен құстардың да азығы. Ұйқы кезінде осылардың бәрі де компьютерлік, автоматтық жүйелерге тапсырылған. Биороботтар ол жемістерді теріп, арнайы жәшіктерге салып, бөлек орында сақтайды, бір бөлігін хайуанаттар мен құстарға береді.
Ғарышкерлер анабиоздық ұйқыға жатқаннан кейін осындай бір қауырт тірішілік маусымы басталып та кеткен еді. Кемедегі тылсым тыныштыққа да біршама уақыт өткен.Осы уақыттың ішінде де біршама өзгерістер болып үлгерген. Хайуанаттар мен құстар бөлімінде де өзінше бөлек бір тірішілік әрекеттері тынымсыз жүріп жатыр. Оранжерея, хайуанаттар мен құстар бөлімдері бір бірімен қабырғалар арқылы бөлінген. Малдарға шөп салып, су беріп, қора астын тазалайтын, олардың жағдайларын қадағалайтын биороботтар да жеткілікті. Көптеген автоматты жүйелер орын орындарына орнықты орнатылғандықтан аса көзге түсе де бермейді. Олар сол бір орындарында тұрып ақ көп іс тындырады. Ал еркін жүріп тұратындарының дене пошымдары адамның өзінен еш аумайды. Ондай биороботтар санаулы қой мен ешкіні мезгілінде төлдетумен де айналысады. Мұндағы барлық нәрсе жеті ғарышкердің тыныс тірішілігіне негізделген. Осы ұзақ сапар барысында мал мен құс өз ретім ен көбейіп отыруы тиіс. Ал мұндай іспен ғарышкерлер айналыспайды, бәрі де сол биороботтарға жүктеледі. Ғарышкерлердің негізгі жұмыстары жұлдызды әлемді бақылап зерттеу, кеме жүйелерін қадағалау, Жермен, елмен телебайланыс ұстау. Ғылыми жұмыстармен айналысу.
Ал хайуанаттар, құстар мен өсімдіктер әлеміндегі процесс өзінше бөлек бір әлем. Ғарышкелер, болса да бұл ортаға оттегі жұтып, табикғат көріп, тамаша бір демалыс өткізуге барады. Ғылыми жұмыстардан қолдары босаған мезетте солай қарай тартады. Енді ондағы барлық нәрсені бақылау, қадағалау компьютерлер мен автоматты жүйелерге тапсырылған. Автоматтар ол сенімді ақтап, бәрін де орын орнымен атқарып жатқан. Содан бір кеде күтпеген бір оқиға болды. Биороботтардың бірінің ми жүйесінде шамалы ақау пайда болды да, өзінің бағдарламалық ісін кері жасай бастады. Жабатын есікті керісінше ашып қалып, іштегі мал мен құсты сыртқа шығарып жіберді. Ал бұл жасаған істері өзіне дұрыс көрініп тұр еді. Ал оның үстінен қарайтын биоробот бұл іске кешігіп келген. Түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкілер кеменің даладай кең дәліздеріне шығып, мағырап, мөңіреп, пысқырынып, бастарын шайқап, емін еркін жағдайға көшті. Жылқылар енді сәлден соң әлдеқандай бөтенді сезгендей еден тарпи берді. Сөйтіп, әп сәттің ішінде кеме іші абыр сабыр әрекетке толды. Әлгі биоробот болса да есеңгіреген адамдай жүр.
Ал кеменің басқару жүйелері бар бөлімдегі биороботтардың онымен жұмысы жоқ. Бәрі де миларына алдын ала жазылған бағдарлама бойынша күрделі жүйелердің жұмысын мұқият бақылап отыр. Хайуанаттар мен құстар еркіндікке шыққан соң, тоқтататын саналы адам болмаған соң, дәліз дәлізге бас сұғып, бөлме бөлмелерді аралап жөнелді. Қай есік ашық болса, сол бөлмеге бас сұғады. Әр нәрсені иіскеп көреді. Кей заттарды құлатып та кетеді. Мал бағатын биороботтардың ми жүйелерінде мұндай күтпеген оқиғаға қарсы әрекет жазылмағандықтан ешқайсысы да малдарды тоқтата алмады. Бәрі де өздерінің орын орындарында қалған. Есік біткенді ашып тастап, өзі сандырақтап сөйлеп жүрген әлгі кілтипанды биоробот дәліз бойында қабырға қабырғаға соқтығысып, құбырларға соқтығысып, ақыр соңында денесінен от шықты. Ғарышкерлердің бақытына қарай ол кең де ұзын дәліздің бойындағы резеңке жолшаға ұзынан сұлап түсті. Сол заман ыстық пен иісті алыстан сезіп, іске қосылған осы дәліздегі компьютерлі, автоматты жүйелер тездетіп от сөндіретін ақ көбігін шашты. Мұндай өрт сөндіргіш жүйелер кеменің барлық дәліздері мен бөлімдерінде бар. Соның арқасында биороботтан шыққан от жалын әп сәтте сөнді.
Ендігі жағдай еркіндікте жүрген хайуанаттар мен құстарға байланысты болатын. Түйе де, жылқы да, сиыр мен қой, ешкілер де санасыз болғадықтан өздерінің жұлдызды әлем кеңістігінде оқша ағып ұшып кетіп бара жатқан алапат жұлдызаралық кеме ішінде екендерін сезген де жоқ. Оларға жатар орын құрғақ, су мол, азық жеткілікті болса жақсы. Онан басқаны іздемейді де, білмейді де. Қазір бәрі де алапат кеменің бөлім бөлімдперін аралап шығып, жейтін ештеме таппаған соң оранжереяға қайта келген. Қанша дегенмен де қолға үйренген мал болған соң өзінің жатын орнын таба біледі. Хайуанаттар сол жатын орындарына жақын орналасқан оранжереяның ашық есіктері арқылы ішіне еніп, жеміс ағаштарының пісіп, үзіліп жерге түскен жемістері мен шөптен жеді. Құстар ағаш бұтақтарына қонақтап мәз мәйрам болды. Ғажайып орта бұлардың қай қайсысына да ұнаған. Түйе мен жылқы шөбі жоқ тақырлау, топырақты жерге барып, рахаттана аунап аунап та алды.
Ал қошқар мен серке қолдан жасалған шағын тас шоқылардың төбе басына шығып алған. Ешкілердің серкелері өздерінің ата тектерінен келе жатқан әдеттеріне салып, тас тасқа шығып, бір бірімен мүйіздесіп те қойды. Қой жағы сол баяғы момақандығына салып, тас тасты аралап, қалаған шөптерін сырт сырт жұлып жеп жатты. Түйелердің бір екеуі тегіс жерге шөгіп, ойға батқан адамдай күй кешкен. Олар өздері үшін кең деген мына ортаның де шектеу екенін жақсы сезеді. Жылқылар сол аунағыштық әдеттерінен қалған емес. Арқаларын қара топыраққа рахаттана үйкейді келіп. Бірақ қанша үйкелсе де, арқаларының қышулары тап Жердегі қатқыл жердегідей қана қоймайды. Қалған хайуанаттар да өздіріне тән әрекеттерін жасауда. Мұнда әзірге айғайын салатын адам баласы жоқ. Осында жүрген биороботтардың пешенелерінде оранжереяға кездейсоқ кіріп кеткен хайуанаттар мен құстарды қуып шығу деген бағдарлама жоқ. Сондықтан да олар өз беттерімен жүр. Бірақ олар өздеріне берілген тапсырманы орындаудан ауытқыған емес. Ал мынаны түсінбейді. Оранжереядан біресе шығып кетеді, біресе қайта кіреді. Биороботтар көп жағдайда пыр-пыр ұшқан құстарға назар аударады. Өйткені ондай дыбыс пен қозғалыс биороботтардың жүйке жүйелеріне ерекше әсер етеді. Ондай кезде биороботтар сұқ саусақтарын соларға қарай жиі жиі бағыттайды. Бірақ оған ұстата қоятын құстар жоқ. Олар ағаш бұтақтарынан ұшып көтеріліп, қалықтап, биороботтардың төбе тұстарынан ұшып өтіп, дәлізге шығады, одан қайта ұшып келеді. Әйтеуірі тыным жоқ. Кейде құстар дәліз кең әрі ұзын болса да әрдемеге бір соқтығып қалады. Одан гөрі құстарға оранжерея кең, олар ағаш бұтағынан ағаш бұтағына қонып, өз қадерлерінше сайрайды келіп. Ол да би ороботтарға бөлек әсер береді.
Осындай-осындай әсерлерден биороботтардың басшысының қосымша бағдарламалы жүйесі іске қосылып кетті. Мұндай қосымша жүйе осындай жағдайларға негізделіп жасалған болатын. Саналы да білімді адам баласы қашан да барлық жағдаайда алдын ала ойластырады емес пе. Екі биоробот бір біріне қарап алып, бұл оранжереяда қандай да бір бейбастықтың орын алғанын аңғарды. Сөйтіп екеуі арнайы телебайланыс жүйесі арқылы көмекке бірнеше биороботты шақырды. Олар тез келіпе жетті. Көмекшілер оранжереяға енген бойда бір ғажайып әлемге тап болғарндай күй кешті. Кең дала, тау мен тас, орман, өзен мен көл... бәрі де тап бір табиғи сияқты.Өсімдіктер мен гүлдер болса да жайқалып тұр. Биороботтар бұл ғажайып көрініске қайран. Бұрын соңды мұндай табиғат суреті ми жүйелерінде жазылып көрмеген, жай көмекші кездерінде басшының соңынан еріп, ол не жэасаса соны қайталаумен шектелген. Енді екінші қабілеті оянған бойда мына бір ғажайып әлемге тап боглды да қалды. Екеуі оранжереядағы барлық ғажайып көріністі жасыл көздерімен мұқият шолып өтті. Содан бірі қалың әсем гүлдердің бір шетінде қылтиып өсіп тұрған бір ғажайып бөтен гүлді байқады. Биороботтың делебесі тағы қозды. Бұл ерекше гүлдің қимыл қозғалысы да тап бір құстардың қозғалысы сияқты ерекше ширақ екен. Биоробот гүлге жақындап келгенде ол қауызын техз жауып ала қойды. Ал биоробот металл саусақты оң қолын алға қарай созған мезетте гүл қандай да бір сұйықты бүркіп кеп қалды. Биоробот онысына мән бермегендей қолын тағы созып еді, гүлдің қауызы ішіндегі әңгелекті көзге елестететін қауашағы тарс атылды. Бұл оғаш дыбыс биороботтың ми жүйесіне ерекше әсер етсе керек, ол оқыс қозғалып, үшкіл үш темір саусағымен гүлді қыса жұлып алып, қос жасыл көздерінің алына жақындатып, біраз қарап тұрды.
Сол кезде әлгі күтпеген тарсылдан түйе мен жылқы, қой мен ешкі де үркіп, дүркіреп жөнелген еді. Екінші темір адам - биоробот жылдам басып, малдарды қайтара бастады. Сол кезде бірінші биоробот та қолындағы гүлді жерге лақтырып тастап, малға қарай ұмтылды. Одан қайтып гүлге ес бөлген жоқ. Қасындағы биороботқа көмектесіп, малдарды дәлізге қарай айдады. Гүл болса, тап сол мал өтіп жатқан жіңішке жолдың бір шетінде елеусіз жатты. Бірақ гүл әрекетсіз қалмады. Күшін бойына жинап алып, тізіліп өтіп жатқан қойлардың соңғысының үстіне қарай серпіліп барып оның жүніне жабысты. Онысын енді басқа түгілі сол қойдың өзі де сезген жоқ. Сезген күнде де қойдың ол құбылысты айтарға тілі де жоқ ты. Биороботтар дыбыстап, миларына жазылған "Шу шу", "Қайт қайт", "Шөре шөре", "Маһ маһ" деген сөздерді қайталап, айдап келе жатты. Біраз құстар да малдардың үстеріне шоқиып шоқиып отырып алған. Ғарышкерлер елден, Жерден аттанбай тұрғанда ұзақ жұлдызаралық сапарда серік болатын хайуанаттар мен құстарды қолға үйретіп алған болатын. Сол үйреткендердің арқасында олар енді тіпті, биороботтардың айдауларына да оңай көніп келеді.
Біраз құстар оранжереяда қалып қойған ды. Екі темір адам - биоробот малдардың бәрін өзді өзді қораларына қамады. Есіктердің бәрін жауып, іште тыныштық орнатты. Содан кейін оранжереяда қалып қойған құстарды үркітіп ұшырды. Құстар олай ұшып, былай ұшып, дәліздің бойымен ұшып, ақыр соңында хайуанаттар мен құстар бағына келіп байыз тапты. Ал бұл кезде қой жүніне жабысып алған ғажайып гүл талай жерді аралап көріп те үлгерген еді. Хайуанаттар мен құстар бөліміне енгеннен кейін түйенің, жылқының үстіне ауызып жабасып, біраз нәрселерді байқадыц. Биороботтардың гүлде жұмысы болмады, миларына алдын. ала жазылған тапсырмаларын толығымен орындағаннан кейін ток қабылдайтын, бойларын токпен қуаттайтын бөлімге қарай асықты. Ал ғажайып гүл болса, енді құстар бөліміндегі қалың ағаштардың арасына барып қара топыраққа шыр айнала бұрғыланып, қауызын жаайып о бастан өніп өскендей болып тып тыныш тұра қалды.
Тірішіліктің тіректері
Егер бұл жарық та жылы дүние әлемінде саналы адам болмаса, онда күллі табиғат әлемі тыныштау, бірақ мейлінше бейберекет болар еді. Өйтккені, қанша дегенмен де хайуанаттар мен құстар қанша түсінгіш келсе де адам жасаған нәрсені жасай алмас еді. Ғаламшардағы тірішілік етер орындарын олардың ақырған, сайраған дауыстары ғана әрлемек. Онда да ол олардың бір біріне беретін қорғаныс белгічсі көбіне. Сөйтіп, санасыз тірішілік жалғаса бермек. Бірақ жыл дегенің де ағып ұшып кетіп бара жатқан алапат кеменің ішінде жылдам өтеді. Ал хайуанаттар мен құстар үшін жыл алмасымының тіпті де қажеті жоқ. Алапат кемедегі күнпарақтардың бәрінде де жылдың жаз айларының цифрлары көрініап тұрды. Хайуанаттар мен құстар оларға да түсініп қарамаған. Олар өзді өзді бөлімдеріне енгеннен кейін кәдімгі күнделікті үйреншікті тірішіліктеріне көшкен. Биороботтар оларға уақыты келгенде шөп тастайды, жем шашады, су береді. Астарын, торларын тазалап, қиларын арнайы құбырға төгеді, қи сонымен жүріп отырып, егін өсетін бөлімге жетеді,топырақ тыңайтқышқа айналады. Бекер босқа кетпейді. Кемедегі әрбір қоқыс өңдеуден, тазалаудан өтіп, қайтадан кәдеге жаратылып отырады. Өйтпейніше, осы кемедегі кез келген тірішілік иесіне қатер төнбек.
Ғарышкерлер анабиоздық шырт ұйқыда жатқанда, осындай тірішілік әрекеттері жүріп жатты. Ал есептеулі уақыт келгенде ғарышкерлер сол ұзақ ұйқыдан ояна бастады. Әуелі дәрігер Маржан Қажымұратқызы көзін ашқан. Мұндай терең ұйқыдан кейін бірден тұрып, бірден жүріп кетуге еш болмайды. Оятуды арнайы дәрігерлік автомат жүйелер мен көмекші биороботтар жүзеге асырады.Ал олардың бәрі кенеттен қандай да бір кілтипанға ұшыраған жағдайда дәрігер ұйқы уақытының бітуіне байланысты бірінші болып оянуға тиісті. Ал дәргер автомат жүйесі кілтипансыз жұмыс жасап тұрғанда адам баласының мұндай анабиоздық ұйқыдан оянуы әлдеқайда жеңіл өтеді.
Ғарышкерлердің бақытына қарай анабиоздық ұйқыдан ояну процесі ойдағыдай өткен. Дәрігер автомат та, оның көмекшілері биороботтар да ширақ қозғалуда. Маржан ұйқы төсегінде қашан өз өзіне келгенше қозғалмай жатты. Содан соң қан жылдам жүріп жылыған аяқ қолдарын жайымен қозғай бастаған. Уақыт өткен сайын ол қозғалыстары ширап, жеңіл жаттығуларға ұласты. Ал бұл кезде дәрігер автомат жүйелердің бір тобы ғарышкерге мұндай ұйқыдан соң алғаш рет берілетін тамақтарды дайындап жатты. Бұл іс те біршама уақытқа созылған.Тамақтанып, әлденгеннен кейін қыз өзінің денесін толық сезіне берді. Бұл ортада өзінің бөлек бір жан екенін түсінді. Автомат жүйелердегі манипцулятор қолдардың көмегімен жайымен ғана ұйқы төсегінен түрегелді.
Бірақ бейнебір түс көргендей мең зең. Гуілдеген, сыртылдаған дыбыс қана тыныштықты бұзып тұр. Бұл күрделі жүйелердің тынымсыз жұмыс жасап тұрғанының анық белгісі. Маржан айналаға бұрыла қарап, ортаны енді енді ғана танып біле бастады. Жұлдызаралық кеме. Оның өздері ұзақ ұйқыға жатқан бөлмесі. Оң жағында үстіңгі жағы қалың шынымен көмкерілген төсектер. Ол төсектердегі шыны қақпақтардың астында сапарластары қалың ұйқыда жатыр. Маржан енді басы айналғандай болып тұрса да, жұлдызаралық кеменің қалай қарай ұшып кетіп бара жатқанын анықтауға тырысты. Ол үшін кеменің басқару жүйелері орналасқан басқы бөлімге баруы тиісті. Сол есіне түскен мезетте Маржан есін тез жиды. Анабиоздық ұйқыдан кейін жасалатын жаттығуларды қайталап, ширап барып алапат жұлдызаралық кеменің Жекрге қарай ұшып кетіп бара жатқан бағытынан өзгермегенін түсінді. Туған Жер дегенде, кімнің ет жүрегі елжіремейді. Кімнің көңіл күйі көтерілмейді. Маржан кенеттен жігерленіп кетті. Шынымен жабылған төсектің қарсы тұсында, иіліңкіреп келген қабырғаның жиегінің шетіндегі шағын көгілдір экранда Жердің тұтас бейнесі анық көрініп тұр еді. Лып лып еткен қызыл түсті бағыттағыштың ұшы да солай қараған еді. Мән жай да енді түсінікті болған. Маржан. қалай қарай қандай жылдамдықта ұшып келе атқандарын енді әелгіден де анық білді. Тұлабойын бір қуаныш сезім билеп ала жөнелді. Осының алдында ғана көп нәрсені толығымен ажырата алмай мең зең күйде болған. Енді үміт оты да оянып, ширақ қозғала бастаған. Уақыт та зырғып өтіп жатыр. Мұндай ұзақ жұлдызаралық сапардағы алапат жұлдызаралық кемеде дәрігер болғаннан өткен жауапты іс жоқ. Аанабиоздық ұйқыдан бірінші болып оянып, ес жию да қиынның қиыны. Адам пенде мұндай ұзақ сапарда кеме ішінде болса да өзінің дене тұтастығын әзер толық сезінеді. Ондай адами қалыпқа келгенше де біршама уақыт өте шығады. Кеме ішіндегі өздік уақыт Жердегі уақыттан гөрі баяу өтсе де ұстатар емес. Әне міне деп, достарын оятамын дегенше, арада біршама уақыт та һте шыққан. Дегенмен де ол мықтылық жасады. Жерден әлгі ғаламшар бар жұлдыз жүйесіне қарай ұшып кетіп бара жатқанда дәл осылай қиналмаған еді. Қайтар жолда жол соғып, күллі денесін әбден соғып тастағандаай. Маржан соның бәрін де жеңді.Оған дем берген жанындағы достары еді. Тек олар қазір шырт ұйқыда. Өзінің дәл жанындағғы шыны көмкерімнің астында жатқан Гүлжанның ұйқысы тыныш. Енді оны бір жыл бойы оятпасаң да бәрібірдей. Бірақ мұнда Жер ғаламшарындағы ерекше мезгіл орын алған. Қалың ұйқыдағы адам Жердегідей ауа райы өзгеріп, көктем мезгілі келген кезде оянады. Өйткені мұндағы автоматты жүйелердегі арнайы тетіктер адам организміне сол мезгілде әсер ететіндей етіліп жасалған. Маржанның да, сапарластырының да дәргер автоматта бір кілтипан орын алғанда қажетті кезде ояна алатыны бір жағынан осы жүйеге де байланысты еді.
Маржан айнала төңірегіне әбден зерттеп, кеме жүйелерін тексеріп шыққан соң Маржан шырт ұйқыда жатқан шыны көмкерілген төсектің үстіне төнді. Ол ештемені сезер емес. Дәргер қыз енді автоматты жүйелерді толығымен ажыратты да, шыны қақпақты жайымен ғана ашты. Содан соң Гүлжанның денсаулығын лезде тексеріп шығатын жүйелерді іске қосты. Қан айналымы мен қысымы, жүрек соғысы мен тыныс алуы қалпында екен. Маржан енді бір жыл бойы сырласпағван құрбысын сағынғанын баса алмай оның бетінен өпті, жүзіне сағынышпен қадала ұзақ қарады. Егер осы сәтте автоматты жүйелерді қозғалысқа келтіретін токты қосатын түймелердің бірін нәзк сұқ саусағымен нұқып қалса, онеда барлық іс әп сәтте орындалар еді. Автомат жүйелері Гүлжанды да өзі сияқты етіп жайымен ғсана тұрғызбақ. Бірақ Маржан ондай сылбыр процпесті қажет етпеді. Дәрігердің аялы алақанынан өткен жылылық бар ма. Маржан жайымен еңкейіп, Гүлжанның оң қолынан ұстады. Гүлжанның қолы әлі де болса салқындау екен. Жүрек лүпілін тамырын ұстап санады. Содан соң денесін жылыта түсетін, тамақтандыратын жүйелерді іске қосты. Маржанның оянуы мен әлденуі бірқалыпты өтіп жатты. Автомат жүйелер Маржанды ояту мен тамақтандыруды тездетті. Бәрі де бір ана мен емізулі баланың әрекеттерін көзге елестеткендей болып кеткен. Бұл әрекеттер Маржанға енді тіпті де қызық сияқтанған. Өзінің де осыдан сәл уақыт бұрын ғана дәл осылай оянып, дәл осылай тамақтанып, әлденгенін есіне алып, рисыз жымиды. Дос қызының қалыпқа түсіп келе жатқанына іштей қатты қуанды
Содан кейін Гүлжанды қапсыра құшақтап алып түрегелтіп отырғызды. Оның бүкіл денесі әлі де былқ сылқ. Маржан оның екі бетін екі алақанымен сипалап сипалап алып, бетінен тағы да сүйді. Гүлжан оны сезер емес. Соодан Маржан көмекші манипулятор қолдарды іске қосты. Гүлжан сәл уақыт өтпей көзін ашты. Ұзақ та терең ұйқыдан кейінгі екінші рет ашуы. Бірнеше минутқа дейін көз алдындағы Маржанды тани алмады, өзінің қайда екенін ажырата алмады. Барлық әрекеті Маржанның өз басынан өткендей қайталанып жатты.
- Гүлжан, мен Маржанмын ғой,таныдың ба,- деді дәрігер қыз оған төне тіке қарап.
Гүлжан оған бірден жауап қата қоймады. Бірақ тез сергіді. Бірнеше рет көз кірпігін қағып, айналасына қарады. Егер бұл жай ұйқы болса, онда әлдеқашан оянып, сергіп, орнынан түрегеп кеткен де болар еді. "Қысқы ұйқы" оңай ұйқы емес. Оны оның барлық ерекшелігін басынан өткізген адам ғана түсінеді. Маржан өз басынан өткендіктен дәл қазір Гүлжанның қандай күйде екенін аайтпай ақ ішінен түсініп, оны аяп, көз алмай тұр. Гүлжан да өзінің ұзақ жұлдызаралық сапарда екенін есінен шығара қоймапты. Сәлден соң жан жағын, төМбе тұсын көзімен шолып өтті де:
- Маржан, қазір қай мезгіл? - деді.
- Мезгіл көктем. Ал уақытты сұрасаң, Жердегілер қызу тірішілікте, түс кезі,- деді Маржан оған сәл ғана жымия қарап.
- Маған түрегелуге көмектесші, - деді тұруға ыңғай беріп.
- Әкел, қолыңды...
Маржан Гүлжанды қос қолымен демеп тұрғызды. Ботаник қыз біразға дейін өзінің денесін дербес сезіне алмады. Соған қарамастан дәрігердің демеуімен біршама жүріп барып қажетті жаттығуларды жасады. Тағы да дәрігерлік тексерулерден өтті. Содан кейін екеуі әйел затына тән әдеттерімен қабырғадағы тұла бойларын түгел көрсететін үлкен айнаның алдына барды. Ұзақ ұйқыдан кейінгі түр тұрпаттарын анықтап көрді. Қанша дегенмен де ұзақ анабиоздық ұйқының ықпалы жоқ емес екен. Екеуінің де реңдері ояу кездегілерінен әлдеқайда солғын. Аздап бастары айналғандай да болады. Кемедегі ызың қаққан түрлі құралдар да енді құлақтарына жағымсыз тиетін сияқты. Екі қыз осыны сезінді. Бірақ уақыт дегеннің қадірін жақсы білетіндіктен айна алдында ұзақ уақыт бойы өздерінің бет бейнелеріне таңдана қарап тұра алмады. Бойларын түзеп, киімдерін ауыстырып киді. Киімдерінің сыртынан ақжелең жамылды.
Осыдан соң екеуі келесі бөлмеге қарай беттеген. Екі арасын қалың шыны қабырға мен шыны есік бөліп тұрғандықтан ол есікке жақындаған бетте анабиоздық бөлме ішіндегі шыны көмкерген төсектерде әлі де шырт ұйқыда жатқан бес жігіттің бет жүздері ап анық көрінді. Бөлме іші болса да о бастан салқын. Маржан, қанша дегенмен де ширап қалғандықтан есіктен ішке кірген бойда жылытқыш жүйелерді іске қосатын тетікті нұқыды. Сөйтіп барып өздеріне үйреншікті істеріне кірісіп кеткен. Гүлжан әлі де болса өзін әлсіздецу сезінсе де Маржанға шама шарқы келгенше көмектесіп жүр. Жігіттердің аты жігіттер, оятысымен өз өздеріне тез келіп, тез ширап, тез жүріп кетті. Жаттығулар жасап, мейлінше сергіді. Олар өздерінің ер адамға тән жауапкершіліктерін де естерінен шығармапты. Жуынып шайынып, тамақтанып болған соң алапат кеменің басқару жүйелері орналасқан басқы бөлмеге тезірек жетуге асықты. Өздеріне дейін ол жағын Маржан алыстан тексеретін құралдармен алдын ала білсе де, бір жыл ұйқы кезінде онда қандай өзгерістердің орын алғанын көруге деген құштарлық ерекше бөлек орын алды бойларынан.
Бұл әрекетті бәрі де қолдаған. Қайта қалыпқа келу бөлмесінен үлкен де ұзына бойы кеткен дәлізге шығып, ондағы шағын пневмокөлікке отырды. Ол артынша зымырап ала жөнелді. Алапат жұлдызаралық кеме іші тірішілікке қайта жанданды. Бейнебір мұнда ел орнағандай құбылыс та басталған. Жігіттер мен қыздардың сөйлеген сөздері, емен жарқын әзіл күлкілері кеме ішін тірілтіп, жануарлар мен құстарға да ерекше әсер берген. Ғарышкерлер сол көтеріңкі көңіл күйлерімен кеменің басқару жүйелері орналасқан басқы бөлімге жетіп, ондағы автоматты жүйелер мен биороботтарды аалмастырды. Олардың жағдайлары да қиындай бастаған екен. Олардың бойларындағы ток күші бір жылға есептелгендіктен анау мынау қабілеттерінен айрыла да бастапты. Ғарышкерлер оны дер кезінде қалыпқа келтірді.
Кемедегі бейберекет көрініс
Ғарышкерлер кеменің басқару жүйелері бар бөлімінде біршама уақыт болды. Ондағы барлық күрделі жүйелерді мұқият тексеруден өткізіп, ретке келтірді. Кейбіреулерін қолмен басқару жүйесіне ауыстырды. Содан кейін бәрі де үлкен терезеге жақындап барып, жұлдызды әлемге зер салды. Әрине, мұндай жылдамдықта кеме төңірегінен әлденені анықтап көру де оңай емес еді. Тек алыстағы жеке жарық жұлдыздар, жұлдыз шоғырлары мен жұлдызаралдар ғана сол қалыптарынан өзгермеген сияқтанады. Кеменің ұшу жылдамдығы арта түскен кезде олардың бәрі де аздап болса да кейін қарай ығысқандай сезіледі. Ал олардың кемедегі шағын обсерваториядағы сыңардүрбі арқылы қарағанда одан жылдамдай түскендей көрінеді. Ғарышкерлер Жерге ұшып жеткенге дейінгі бір анабиоздық ұйқыны ойдағыдай жақсы өткізгендіктен ерекше емен жарқын жүрді, емін еркін әңгімелесті. Жұлдызды әлемге қайта қайта көз тастап, бір бірімен шүйіркелесіп, бір бірін сағынып қалғандарын жасыра алмай басқару пульті орналасқан осы бөлімде ұзақ аайналшақтады. Өздері ұйқыда болған кездерінде мүлтіксіз қызмет атқарған биороботтарға ризашылықтарын білдіріп, олардың біршама уақыт тыныстауларына мүмкіндік берді.Олардың аккумуляторларын ауыстырды. Тазалау жұмыстарын жүргізді.
Осыдан кейін ғарышкерлер алапат жұлдызаралық кеменің өзге бөлімдерін аралап көруге бет алды. Бір жыл деген де аз уақыт емес. Жыл ішінде табиғатта да көптеген өзгерістер орын алып жатады. Адам баласы бір жас қосады, жаңа ағаштар өнеді, жануарлар төл қосады, құстар көбейеді, қураған шөптердің орнына жаңасы өсіп шығады. Ал осындай осындай өзгерістер орын алған жыл уақытты ғарышкерлер тек ұйқымен өткізді. Енді осы уақыт аралығында алапат жұлдызаралық кеменің бөлім бөлімдерінде болған өзгерістерді көріп білу де өз алдына үлкен бір міндет еді. Бәрі де ең әуелі оранжереЯға барып қайтуды жөн санаған. Ондағы гұл бәйшешегі жайнаған шағын дала, қолдан жасалған таулар, қалың ағаш, мөлдір суы сылдырап аққан бұлақ қай қаайсысын да солай қарай тартып тұрады қашан да. Содан да Мерген ерекше бөлек көңілденіп те кеткен еді. Жиі жиі әңгіме айтып, әзіл қосып, жанындағы сапарлас достарын күлдіріп те келе жатқан еді ол. "Жол қысқартқың келсе, әңгіме айт" дейді дана қазақ. Сондай әңгімемен оранжереЯға қалай тез жетіп қалғандарын да аңғармаған. Кенет Мерген ондағы "Кең дала" атанған бөлімде жайқала өсіп, хош иіс шашып тұрған нешетүрлі гүлдердің арасынан бөтен гүл орнын байқап қалып:
- Мына бір гүлді өсімдіктің орнын қараңдар, - деп достарына бұрыла қарады
- Қайсы. Кәне, - деп елең ете түсті Гүлжан.
- Мына гүлдердің жанында қандай да бір гүл болған.
- Сонда сен нені мегзеп тұрсың, Мерген, - деді Айтқали
- Мынаны. Қандай да бір гүлдің орнын. Бұл өз алдына. Ал мынаны не дейміз?. - Мерген гүлдердің арасына түскен майда іздерді көрсетті. - ненің ізіне ұқсайды, баайқап қараңдаршы.
- Менімше, бұл өзіміздің қойларымыз бен ешкілеріміздің іздеріне ұқсайды, - деді Гүлжан енді ғана күмәнінан арылғандай жеңіл күрсініп, - соның өзі.
- Расында да солай сияқты. - деп оның Жеңіс қолдады.
- Жоқ, - деп, оған Жұм атай үзілді кесілді қарсы болды, - бұл бәлкім, қой мен ешкінің ізін салған әлдекімдер болар.
- Бұл кемеге қой мен ешкіден өзге не келер дейсің, - деп Гүлжан өзінің сөзін дәлелдемекке тырысты.
- Жоқ, - деді тағы да Жұматай, - бірақ, келгендердің аяқ қолдары сондай болса ше?
- Кемеміздің барлық жері тығыз жабық. Оның үстіне кеме осыншама жылдамдықпен ағып ұшып келеді. Сонда басқа әлемнің адамдары кемеге қалай енбек? - деп, Жеңіс Гүлжанның сөзін қолдады.
- Әйтеуірі, қыз жағы айтса болды, ол дұрыс болады да шыға келеді, - деп бұртиды Жұматай.
Әңгіме айтыстың түп тамырының қалай қарай ығысып кетіп бара жатқанын дер кезінде аңғарған Мерген достарының сөздерін бөліп, байлау айтты.
- Жарайды,достар, айтысты доғарайық, қажет болып жатса, Жерімізге, елімізге аман есен жеткен соң жалғастыра жатарсыңдар.Енді іске кіріселік. Мына бір бөтен өсімдікке де әзірге тиісудің жөні жоқ. Қазір кеменің басқа бөлімдерін аралап тексеріп шыңуымыз керек. Кеме ішінде бір жағдайдың болғаны анық. Оны кемеден тыс жақтан болған деп жорымайақ қоялық. Жүріңдер.
Осы шешімнен кейін кеме басшысына ешкім қарсы сөзге келмеді. Оранжереядағы гүлді, өсімдікті әлемді көзбен тағы бір шолып шығып, шығар есікке қарай бет алды бәрі де. Әрқайсысының көкейінде әртүрлі арман. Тек іштерінде. Басшы айтқан соң кім не десін. Тәртіп қашан да керек. Үлкен шыны есік арқылы ұзына бойы созылған дәліге шығып, алғашқыдан гөрі шамалы сергіп, әңгіме әзілдерін одан әрі жалғастырып, емен жарқын күйде хайуанаттар мен құстар бөліміне қарай келе жатты. Содан бір кезде қарсы алдыранан бүкіл денесі күйіп еденге құлаған биорорботтың денесін ұшыратты. Қыздар жағы шошып түскен. Тек қана қыздар емес, сәлден соң осының алдында ғана оранжереядағы көргендері естеріне түскен жігіттердің тұла бойлары да дір ете қалған. Бәрі де кідіріп тұрып қалған.
- Мен айттым ғой, мұнда әлдекімдер болған! Міне, соның тағы бір бұлжымас дәлелі! - деп, Жұматай Мергенге қадала қарады.
- Расында да мынауың бір жұмбақ құбылыс екен! - деп, енді Мерген де бұл жағдайды мойындайын дегендей өртенген биороботтың қалған қаңқасына қадала қарап алды.
- Мен бәрібір де олай деп ойлай алмаймын, - деп қарсы кетті солл жерде Гүлжан, - мүмкін емес, м ұнда әлдекімдердің болғаны.
- Мен де солай ойлаймын, - деп, оны Маржан да қолдап қойды.
- Жарайды,қыздар, - деді сол кезде күйген биороботтың қалған қаңқасын оң аяғының ұшымен ғана сәл оңға қарай ысырып жылжытып тастаған соң Айтқали, - мұның түрлі себебі бар. Пікірлеріңді мен де қолдаймын. Тек шамалы сабыр етелік. Бәріне де көз жеткіземіз әлі. Кім біледі, бәлкім, бұл биороботтың өзінің ішкі жүйесінде кенеттен бір кілтипан болған шығар?
- Әлгі гүлді ғаламшардан ұшып шыққан кезімізде кемемізге бірдеме іліккен жоқ па екен өзі? - деп ой салды осы кезде Мейірбек.
- Ол ғаламшарда саналы тірішілік иелерінің қараң бермегені анық еді ғой, - деді Мерген оған жай ғана сөйлеп.
- Ал мен ондағы гүлдердің ғажайып әрекеттері мен сезгіштіктерін саналы адамның әрекеттері мен сезгіштіктерінен де артық санар едім, - деді Гүлжан өзіне қатты әсер берген сол бір гүлді есіне алып.
- Ол жағына еш дауым жоқ. Бірақ, қанша саналы болса да ондай гүлдердң біздің тығыз жабық кемемізге еніп кетуі еш мүмкін емес қой?
Мергеннің бұл сөзіне ешқайсысы жауап қатпады. Өйткені, сол гүлді ғаламшардан аттанар мезетте кеменің іші сырты түгелдей мұқият тексерілген болатын. Өздерінің сырт киімдері де арнайы тазалаудан өткізілген. Мергеннің бөтен әрекет дегенге сенімді түрде қарсы болып тұрғаны да сол еді. Енді бәрі де күйген биороботқа бір бір қарап алып, ілгері қарай жүре түсті. Есіктері ашық тұрған хайуанаттар мен құстар бөліміне таяған кезде алдарынан әлгі күйген биороботтың көмекшілері шығып, ол жөнінде мәлімет бере бастады. Олардың сөздеріне қарағанда бәрі де дұрыс, бәрі де орынды көрінді. Басшы биоробот шын мәнінде де өзінің ішкі жүйесінде кенеттен болған қандай да бір кілтипаннан күйген болып шықты. Техник Айтқалидың айтқан болжамы шындыққа айналды. Енід бұдан әргі жағдайда толық топшылауға мол мүмкіндік бар еді. Ғарышкерлер хайуанаттар мен құстар бағының ішіне асыға аптыға кірген. Бірақ онда ә дегеннен шошитырндай пәлендей ештеме көздеріне түсе қойған жоқ. Бәрі өз қалпында, өз орнында сияқты. Малдар өз қораларында тыныш жатыр, құстар өз ұяларының ішінде, сыртында. Мерген өзі бастап оның бәрін жіті бақылап барлап келеді. Мұнда әлденені сезіп, іштей сезіктеніп келе жатқан екі қыз. Қыз бала болған соі сезімтал келмей ме? Гүлжан да,
Маржан да "Кеме ішіне сырттан ешкім енген жоқ" деген пікірлерін білдірсе де, енді бұл бақтың ана жағынан немесе мына жағынан әлдекімдер шыға келетіндей сезіктенген. Егер бұл хайуанаттар мен құстар бөлімінің есіктері ашық қалған болмаса, еденде мал мен құстардың сайраған іздері болмаса, онда ештемеден қорықпауға болар еді. Мұндағы жай кең. Малдардың біршама жер жүріп жайылуына да мүмкіндік бар. Сондықтан да оның айналасын байппен қарап шығуға тура келеді.
Ғарышкерлер ол істі де мұқият атқарып шықты. Бірақ іштен пәлендей бір өзгерічсті көре алмады.Ірі, уақ малдардың да, құстардың да ғарышкерлерде "жұмыстары" болмады. Әрқайсысы өз әрекетін жасауда. Тек олардың бөлімдегі кейбір тетіктерге жанасып, шамалы дақ қалдырғандары байқалады. Оны ғарышкерлер бөлімнен шығып бара жатып аңғарған. Одан өзге пәлендей шошырлық ештеме де жоқ еді. Ғарышкерлер кеменің барлық бөлімдерін арнайы көлікпен тездетіп аралап тексеріп шыққаннан кейін басқару пульті жүйелері орналасқан басқы бөлімге келіп, ғылыми зерттеу жұмыстарына алаңсыз кірісіп кетті.
Сезімдегі сызат
Сол бір ғаайып ғаламшардағы гүлді әлем Гүлжанның есінен еш кетпей қойды. Ол ғаламшар мен жұлдыз жүйесінен алыстаған сайын одан алған әсер де күн санап күшейе берген. Өз қолымен ұстап, жұпар иісін иісккеген сол бір ғажайып гүл енді жатса да, тұрса да көз алдынан кетер емес. Күндіз көз алдына елестесе, түн ұйқысында түсінке енеді. Сол ғаламшарға Жерден аттанбай тұрғандағы оңаша серуен кездерінде Мерген өзіне қаншама гүл сыйлаған еді. Бірақ оның сол сыйларының бәрін де шын көңілімкен жасамағаны сол ғажайып ғаламшардан аттанар алдында айқын болды. Соған ренжіді. Ал енді бірде Мергенді кіналай да алмай қалады. Қанша дегенмен де ол бүкіл құрамның өміріне жауап беретін басшы. Сондықтан да олөзін ғана емес, өзгені де ойлайды. Қатал болатыны да содан. Қаталдық жоқ жерде ешқашан да тәртіп атаулы болмақ емес. Ал махаббат жағынан келгенде, ол осындай қаталдығынан қыздың нәзік жанды сезімін сезіне бермейді. Қыз атаулы өзінің ішкі махаббат сезімін ішін күйдіріп-жандырып бара жатса да сыртқа шығарып, сүйген жігітіне ашық жеткізе алмайды. Өз жан дүниесімен өзі ғана алысады.
Сондай бір құдіреті күшті махаббат сезімі Гүлжанның бойында Жерде, елде жүргенде, Мергенмен ең алғаш рет танысқан сәттерінде оянған еді. Жащқын ағайының үйіне, оның туылған күніне жасаған тойына барған. Сонда ағасы Қалдарбек өзін Мергенге "Менің қарындасым" деп таныстырған. Бар болғаны сол. Содан дастархан басында отырып одан әрі қарай сырласты, бірге ән айтты, би биледі. Түрлі ойындарға қатысты. Би кезінде өзін бірге билеуге шақырған Мергеннің биіктеу бойы, қақпақтай жауырыны, дөңгелек келген жүзі, өткір де ойлы көздері өзіне ерекше әсер еткен еді.Ол өзінің есімін сұрағанда "Гүлжан" дегене дауысы да талықсып әрең шыққандай болған. Екеуінің арасындағы шынайы махаббат сезімі де сол бір бақытты сәттен басталған еді. Мерген екеуі ол кештен кейін де талай рет кездескен. Сол кездесулердің бәрінде де ол гүл сыйлап қарсы алатын. Сонысына қараап Гүлжан Мергеннің гүл атаулыға деген ынта ықыласын сезген. Оның үстіне ол болашақ геолог еді. Екеуінің арасындағы пәк махаббат сезімі күн санап күшейе берді. Сол құдіретті сезім өзін Мергенмен бірге осы жұлдызаралық сапарға аттануға алып келген.
Бүгін Маржан екеуі ұйқыдан ерте оянды. Кеменің осы жатын бөлмесіндегі Жер ғаламшарындағы тәуілікті қайталайтын мезгіл де таңның ата бастаған белгісін берген. Екеуі тұрмастан бұрын өзді өзді төсектерінде жатып түрлі тақырыпта әңгіме қозғады. Әңгімелерінің басты өзегі сапар барысы. Ғажайып ғаламшардан көргендері, алған әсерлері. Гүлжан оны әрбір есіне алған сайын терең күрсініп алады. Мергеннің ол ғаламшардан бір тал гүл де алуға рұқсат етпегеніне өкінеді. Ол өкінішін осындай бір оңаша сәттерде Маржанға айтып қояды. Бұл алапат жұлдызаралық кеме ішінде өзі де Маржаннан өзге жақын сырласы да жоқ. Түнде екеуі қыз болып бөлектеніп, күндіз жігіттермен бірге кеме басқарып нағыз ғарышкерге айналады. Осылайша күн өтіп жатыр.
Бұл табиғи ұйқының "Қысқы ұйқы" деп аталатын жасанды ұйқыдан көп өзгешелігі бар. Табиғи ұйқы қашан да тәтті ұйқы. Оны қайсыбір адам да қимай әзер тұрады орнынан. Оның үстіне табиғи ұйқы мезгілі Жер тәуілігінің түн мезгіліне сәйкестендіріліп жасалғандықтан алапат жұлдызаралық кеме ішінде, жұлдызаралық қиыр кеңістікте екендерін сезінбей де қалады кейде.Тек кеме ішінде қандай да бір оқыс жағдай туындай қалса ғана сапарда екендерін еріксіз естеріне алады. Ал кешеден бері Гүлжан махаббат сезіміне ерекше берілген. Сол бір ғажайып гүлді ғаламшардан аттанар алдында Мерген айтқан сөз есінен бір кетер емес. "Егер де сол гүлдердің арасынан бір бағалы тас табыла қалғанда Мерген оны ешқашан да тастамаған болар еды" деп те бір ойлап қойды Гүлжан. Мәселе, оның геолог екендігінде емес, оның қымбатқа құмар екендігінде еді. Сол тұрғыдан Гүлжан ерекше толқыды. "Алтын көрсе, періште жолдан таяды" деген мақалды да Гүлжан ешқашан ұмытқан емес.
Гүлжан сол көкейінде жүрген бір сырын бүгін де ерте ояна салысымен дос қызы Маржанға ақтарған.
- Шыныңды айтшы, Маржан, осы Мерген қандай жігіт? - деген оған бұрыла қарап жатып.
- Оның қандай жігіт екені менен гөрі өзіңе жақсы белгілі емес пе? - деп жауап қайырды Маржан.
Гүлжан бойын жинаңқырап сәл көтерілді де, аунап барып етбеттей жатты. Маржан да әңгімеге шындап берілгісі келгендей ыңғайлана түсті. Гүлжан Мерген жөнінде сұраса, өзі Айтқали жөнінде сөз қозғамақ. Гүлжан шамалы кідірістен кейін Маржанға бір қарап алып былай деді:
- Егер Мерген маған жақсы белгілі болса, ол осы сапар барысында көп өзгерді. Оның бүгіндегі есіл дерті бағалы тастарға, қазына байлыққа ауып кеткен. Ал байлыққа ден қойған адам махаббат сезіміне беріле ала ма, оны бағалай ала ма? Махаббат сезімі деген, сол байлыққа көміліп қалмақ.
- Бұл сөздеріңнің жаны бар, - деді Маржан қозғалып қойып, қос қолын иегіне тіреп, - байлық араласқан жерде махаббат саудаға түседі. Оған орын жоқ. Ал біз нағыз махаббатты Мерген екеуіңнен көріп, оны үлгі тұтуға тырысып келіп едік. Енді кімддерден үлгі алмақпыз?
- Мен Мергенді ұнатпай қалдым деп отырған жоқпын, - деді Гүлжан сәл де болса ыңғайсызданғандай болып, - тек сол әлгі ғажайып ғаламшардан аттанар сәттегі...
- Әлгі ғажайып гүл ме?
- Иә.
Гүлжан одан әрі қарай сөйлей алмай тығылып, көзіне мөлт мөлт жас алды. Қыз жанының нәзіктігі де түсінген адамға осы жерден айқын байқалар еді. Маржан да толқып кеткен. Бірақ қапелімде не десін. Сол бір ғажайып ғаламшардағы ғажайып қабілетті гүлдің еш болмаса бір талын алып кетпегендеріне Маржан да өкінеді. Ал Гүлжан өзі ботаник болғандықтан гүл атаулының жандүниесін өзгелерден әлдеқайда тереңірек сезінеді. "Гүлдердің сезімталдықтары хайуанаттар мен құстардың сезімталдықтарынан әлдеқайда артық. Гүлдар де бір бірімен іштей тілдеседі, сырласады. Бұл жарық дүниеде гүлдердей нәзік тірішілік иесі жоқ" дейді де жүреді Гүлжан. Ал өздері барып қайтып келе жатқан ғажайып ғаламшардағы ғажайып гүлдер, өсімдіктер өздерінше бір бөлек күн кешіп жатқан ел іспетті еді. Оны Мерген түсінген жоқ, түсінгісі де келмеді. Гүлжанның нәзік жанына батқан да сол болатын.
- Ол гүлдерден бір тал да алмағанымызға мен де өкінемін, - деді сәл үнсіздіктен кейін Маржан, - өзі бір қызық гүл еді ғой. Өзіміздің Жерімізде ондай гүл болып көрген емес. Қимыл әрекеттері қандай. Маған олар тіпті, гүлдерден гөрі ақыл есі кіріп қалған қыз баладай көрініп те кетті.
- Өзі де солай. - Гүлжан күрсініп салды. - ол гүлдер қарап тұрмады, олар аз ғана уақыттың ішінде біз туралы көптеген мәліметтер алып қалды.Тек ол гүлдер емес-ау, сол ғаламшардағы өзге тірішілік иелерінің бәрі де сондай. Өзің де көрдің ғой. Қандай қызу тірішілік жүріп жатты.
- Енді қайтесің, оны ойлай беріп, - деді Маржан оң білегіне бетін төсей Гүлжанға қадалып, - уақыт өтіп кетті. Ғаламшар алыста қалды. Енді бұл ғұмырмызда оған қайтып ұшып бару еш мүмкін емес. Сондықтан қанша ғажайып болса да ол гүлден күдеріңді үз. Ал бет бейнесі қажет болса, суреттерде, бейнефильмдерде тұр емес пе?
- Көңіліңе көп рахмет, Маржан, - деді Гүлжан сәл де болса сергіп, - ұмыту керек! Оны өзім де жақсы түсінемін. Ұмытармын мен ол гүлді. Тек сол бір ғажайып жазықсыз, жаны пәк таза бейтаныс бір гүл үшін Мергенге деген махаббат сезіміме сызат түсті. Бәрінен де қиыны сол болып тұр.
- Оны көңіліңе ала бермеші,Гүлжан! - деп Маржан төсегінен түрегеп кетті. - Сонау бір қиырдағы жұлдыз жүйесіндегі бір ғажайып ғаламшарда өсіп тұрған бөтен гүл үшін махаббаттарыңа сызат түсірсеңдер, онда не болғаны.
- Мен бала емеспін, Маржан. Бәрін де түсінемін ғой. Тек осы кезге дейін Мергенді дәл осындай жігіт деп ойламаушы едім. Мына жұлдызаралық сапар оның кейбір жағымсыз мінез құлықтарын ашып берген сияқты. Бірақ бұл менің одан біржолата күдер үземін дегенім емес. Мен оны өмірлік ұнатамын. Көп қателігін де кешіре аламын. Тек ол мені дұрыс түсінсе ғой.
- Оның да саған өкпелеген жері бар ма еді?
- Кім біледі, бар болса, болар. Бәрі де ішінде ғой. Осы пікірімнің шет жағасын оранжереяда қыдырып жүрген кезімізде білдірген едім. Содан бері ол маған солқос.
- Бұл өзі шынында да ойланарлық жағдай екен. Бірақ, үміт үзуге болмас. Өміріміз әлі алда. Жерімізге, туып өскен елімізге дін аман жетіп алайық. Одан кейінгісін уақыт талабына сай көре жатармыз.
- Жерде жұлдызаралық сапардан оралған атақты жігітке қыз аз ба? Бәлкім, ол, елге жеткен соң өзге сұліу қыздаркға ауып, мені ұмытып та кетер. Өзінің ішкі жан дүниесін жете түсінбеген адамға мен өз жан дүниемді, ішкі пәк сезімімді түсіндіре алмаймын. Мұндай жағдай өз басыңда да бар емес пе,Маржан?
- Оның рас, Гүлжан,- деп Маржан да жеңіл күрсініп алды.
Төсек үстіндегі екі қыз осылайша біршама уақыт өзді өзді ойға батып, өткен оқиғаларын көз алдарына елестетті. Сол бір ғаламшардан алыстап, Жерге қарай жақындаған сайын ондағы өмір қай қайсысын да толғанта бастады. Гүлжан болса да гүлді әлемге жақын адам. Ол гүлдердің хош іисі мен түрінен ғана ләззат алып қоймайды, олардың ішкі табиғатын да терең түсінеді. Жердегі түрлі гүлдерге талай зерттеулер дежүргізген. Ол жағынан келгенде, әлгі ғаламшар өзіне нағыз лайықты ғаламшар еді. Оның реті келмеді. Ал егер сол ғаламшардан бір екі тал гүл алып келгенде, Жердегі, елдегі ғалымдарға да ерекше бөлек жаңалық болар еді. Гүлжан осы бір аз ғана үнсіздікте оны да армандап үлгерген. Енді бірде Мергеннің айтқан сөздері ойына түсіп кетеді. Маржан да Жерде, елде жүргенде Айтқалимен бірге талай оңаша қыдырған. Ол екеуінің де кейде бір бірін түсініспей қалатын кездері болатын. Бірақ ондай реніштері көпке ұзамай қайта татуласатын. "Сүйгендер қашан да кешірімді келеді" деп қояды кейде Маржанның өзі де құрбыларымен сырласқан сәттерінде.
Енді дос қызының сезіміне түскен сызат Маржанға да оңай тиген жоқ. Онымен бірге кәдімгідей уәйім кешкен. Қыз жаны қашан да нәзік, Сол ғажайып ғаламшардан аттанар алдындағы Мергеннің айтқан сөздері өзінің де көкейінен кетпей қалыпты. Бірақ ол сөздерін Гүлжанның есіне сала беруге тағы да болмайды. Ондай жағдайда Мерген мен Гүлжанның арасы мүлдем суып та кетпек. Достың парызы адасқан досына қатесін түсіндіріп, оны дұрыс жолға салу. Құдайға шүкір, осы кезге дейін Гүлжан екеуінің арасында титтей де реніш орын алған емес. Бірі үшін бірі күйіп жанады. Қазір де көкейлеріндегі сырларын жасырмай айтып, бір жеңілдеп қалғандай еді.
Маржан да сөз арасында Айтқали жөнінде аз әңгіме айтқан жоқ. Тек біраздан соң ғана барып екеуі әңгімелерінің тақырыбын басқа тақырыпқа аударды. Айтатын мәселе көп. Осы алапат жұлдызаралық кемедегі екеуінің үлесі бәрінен де жоғары. Маржан дәрігер, Гүлжан ботаник әрі биолог. Сонгдықтан да қашан да ерте тұрып, кеш жатуларына тура келеді. Жігіттер жағы екеуін тек қана қыз ретінде емес, ерекше қамқоршы ретінде де құрмет тұтады. Жігіттер қанша батыл болса да, кей кездегі мінез құлықтары жас баланың мінез құлықтарына ұқсап кетеді. Басшы деген Мергеннің кей мцінезі де Гүлжанға бес саусақтай белгілі. Оның ренжуі де, қайтуы да тез. Бір жағынан олл Гүлжанға сонысымен де ұнайды. Мінез құлықтары бір біріне сай келмесе, жігіт пен қыз ешқашан да өмірлікке тіл табыса алмайды. Мерген мен Гүлжанның, Айтқали мен Маржанның мінез құлықтарында бір ұқсастық бар еді.
- Екі ортада мен сені уәйімге түсіріп жібердім бе, Маржан? - деді біршама үнсіздіктен соң ой тұңғиығынан шыққандай болған Гүлжан, - кешірші, тек мені. Сенен басқа кімге айтамын сырымды. Бұл алапат жұлдызаралық кемеде қыз баладан екеумізден өзге кім бар?
- Ол не дегенің, Гүлжан? - деді Маржан басын жұмсақ жастықтан тез көтеріп алып, - бір бірін шын сүйгендердің арасында ондай ондай жағдайлар бола береді. Мерген айтқан артық сөздерді көкейіңе тіркемей ақ қой. Жерге аман есен жеткен соң бәрі де ұмытылады. Мергеннің анадай жылдам қозғалатын, бар нәрсені тез сезе қоятын гүлден бір тал да алуға рұқсат етпегенінде де бір мән бар шығар, кім біледі. Ол жағын да есепке алайық. Ол, қанша дегенмен де геолог қой!
- Иә, геолог. Оған еш күмәнім жоқ. Сондықтан да оның ол ғаламшардан іздегені гүл емес, асыл тас еді. Жалпы, Мерген байлыққа құмар. Ол да керек шығар. Бірақ, ақша мен сауда араласқан жерде адам жолдан таяды. Сондықтан да дана қазағымыз: "Алтын көрсе, періште жолдан таяды" деген емес пе, Маржан? "Саудада достық жоқ" деп тағы айтады халқымыз. Сауда жүрген жерде адамгершілік пен аяушылық сезімі жокғалады. Оны да ұм ытпауымыз керек шығар. Менң қауіптенетінім де сол жағы. Мерген баюдың қызығына шындап түссе, әлгі гүл сияқты етіп мені де бір жерде тастап кетпей ме, оны да ойлаймын, Маржан.
- Не дейін мұныңа, Гүлжан. Махабатқа билік жүрмейді емес пе? - деп, орнынан тұруға ыңғайланды Маржан, - кім біледі. Адамның ішіндегісін білу қиын. Ғылым қанша дамыса да соны аша алған емес. Менің ойымша, Мерген анау мынау жігіт емес, бәрін де тереңінен түсінетін жігіт. Сондықтан да сонау бір алыстағы ғаламшардағы бір бөтен гүл үшін махаббат сезімін сөндіре салмас. Мен осылай ойлаймын...
Гүлжан төмен қарап отырған күйінде үндемеді. Бірақ, қанша дегенмен де, Маржанның жаңағы сөзінен кейін сәл сергіп, кәдімгідей көтеріліп қалды. Мергенді қатты ұнататынын қаншама жасырғысы келсе де, бәрібір, жас жүрегі тек сол деп соғатындай болды да тұрды. Тек, терең сыры ішінде. Бәрі де ішінде. Қыз байғұстың бар сырын ішіне жасырып, ішінен тынып, қиналып жүретіні кездері аз ба екен. Осы Мергенмен танысқалы бері Гүлжанды бір ғажайып махаббат сезімі билеп, жиі мазалап ақ келеді.
Екеуі енді ширақ киініп, жуынып шайынды. Айнаға қарап шаштарын тарады, бойларын түзеді. Бірақ бет әлпеттеріне ешқандай бояуды жащқындатқан жоқ. Қыздың боянғанын Мергеннің де, Айтқалидың да ұнатпайтынын жақсы біледі. Сондықтан ондай артық әрленуді көптен бері тоқтатқан. Рас, беттің терісін шамалы жұмсартатын, анау мынау жерін түзейтін зиянсыз сықпамаайды қажетіне қарай қолданады. Ол ештеме емес. Екі қыз жатын орындарын ретке келтіріп, асханаға қарай бет алды.
Жаңа ортаны барлау
Ьүгін өз тірішілігінде өзін тұңғыш рет қолына алып аялаған қызды іздеген ғажайып гүл хайуанаттар мен құстар бөліміне келгеннен кейін де тыныш қала алмады. Хайуанаттардың түрлі дыбысы, құстардың сайрағаны гүлді ерекше еліте берген. Сезіміне де терең әсер берген. Гүл қойдың жүніне де жабысты, түйенің жүніне де іліккен Сөйтіп жеткен болатын бұл бөлімге о баста. Содан еденге түсіп, осы бөлімдегі шөбі қалың, топырағы борпылдақ бір жерді тауыцп, сонда шыр айнала бұрғыланып, о бастан бері өсіп тұрған гүлдей болып тұра қалған.
Ал ғарышккерлер келген мезетте гүл мал қора ішіне тез жасырынып үлгерген. Сондықтан да ғарышкерлер гүлді байқамады. Олардың есіл дерттері осы бөлімдегі жағдайдың дұрыстығына ауған болатын. Ал гүл болса, оның бәрін де өзі жасырынған орыннан бақылап тұрды. Ғарышкерлер болса да мұнда қандай да бір бөтен гүл өсіп тұрады деп еш ойламаған. Кемеде болған көп өзгерістер қанша дегенмен де ғарышкерлерді алаңдатқан. Олар қора ішіне аса зер сала қараған жоқ. Мал мен ағаш бұтақтарында қонақтап отырған құстарды түгендеді. Тіл білетіндерімен тілдесті де. Ғажайып гүл оны да барлап, олардың сөздерін тыңдап алды. Тек сөйлейін десе, тілі жоқ. Көрінуге тағы болмайды. Егер өзін Мерген байқап қалса, білдірмей ғана алады да, каеменің қоқыс тастайтын бөліміне апарып лақтырып жібереді. Гүл өзіне жасалатын жақсылықты да, жамандықты да үнемі алдын ала сезеді. Сондай аса сақтықтың арқасында өзі де, өзі тұқымдас өзге гүлдер де ұзақ тірішілік етеді.
Ғажайып гүл айналасында болып жатқан қимыл қозғалысты, нешетүрлі дыбысты әбден зерттеп алды. Мұндағы кейбір сөйлеуік құстардың әлденені қайталап айтқанымен, ол сөздердің мән мағынасын түсінбейтінін, сөздікк қорларының жоқтығын білді. Егер де өзінде сол құстардыкіндей тіл мен жақ болса, әлдеқашан ғарышкерлер айтқан сөздерді қайталар еді. Жаратылысы осылай болған соң бар білгені де, бар көргені де тек ішкі сезімінде сақталады. Ұлы жаратушы осылай етіпті. Гүл енді қора ішіндегі жұмсақ топырақтан шыр айналып суырылып шықты да, көп аяқты жұмыр құртша қозғалып, жылжып, мал қораның ашық алаңына шықты. Сол кезде құстар бөліміндегі бір үлкен ағаштың жуандау бұтағында қонақтап, манадан бері өзін бақылап отырған бір қара түсті құс қос қанатын жайып жіберіп, өзіне қарай шүйіле ұшып түсті де, қарымды имек тұмсығымен гүлді тістеп алып, қайтадан әлгі өзі қонақтаған бұтаққа ұшып барып ондағы ұясына қонды. Ұяның өзі ғана сиятын шағын дөңгелек ауызына гүлді жақындатып, ішіне қарай енгізбекке талпынды. Оған себеп болған гүлдің ерекше бөлек иісі болса керек. Құс гүлді ұясының ішіне енгізуге көп әрекеттенді. Бірақ құс гүлдің де тірі жан сияқты қозғала алатырнын, қаламаған нәрсесіне қарсылық білдіре алатынын білмейтін еді. Ал гүл болса, құстың осы әрекеті кезінде оның ұясының ішінде не болатынын, құстыің жұмыртқа басып, балапан өрбітетінін зерттеп алды.
Құс әрі әрекеттеніп, бері әрекеттеніп ештеме шығара алмаған соң гүлді қайта тістпеп алып еденге қарай тастап жіберді. Бірақ гүл жай гүл сияқты сылқ етіп түскен жоқ еденге, тап бір парашютше қалықтап кеп қонды. Құс оған қайран болғандай біресе төмен, біресе жоғары ұшып, одан ұясының жанындағы бұтаққа қонақтай кетіп нешетүрлі дыбыспен сайрап жөнелді. Гүл ол тамаша сайрауды есіне сақтап алды. Құстың нешетүрлі құбылтқан дауысынан үлкен әсер алды. Ал егер гүлдің орнында саналы адам болса, бұл құстың кәдімгі Қараторкғай екенін, оның ұясының ішін жұмыртқа салар алдындағы тазалау әрекеті екенін бірден түсінер еді. Қараторғай әдетте өзі жылы жаққа ұшып кеткенде жиналып қалған құрт құмырсқа мен өрмекшілерді помидордың сабағының иісімен қуалайды. Ғажайып гүлдің иісі де соған ұқсап кетсе керек. Оның үстіне ғажайып гүлдің өзіне қандай да бір тірішілік иесі жақындай бастағанда бойынан жағымды иіс шығааратын қасиеті бар. Қараторғай сол иісті алыстан сезіп, ұшып келіп, тістеп, өз ұясын тазаламаққа алып барған еді.
Бұл оқиға аяқтала берген мезетте ғажайып гүл тағы бір оқиғаның куәсі бола кетті. Ол енді еден бетімен сол баяғы көп аяқты жұмыр құртша жылжып отырып, хайуанаттар бөліміне қайта оралған. Олардың жалпы әрекеттері барлап қараса, саналы адамдардың әрекеттерінен мүлдем бөлек әрекет екен. Қой мен ешкілердің мағырағандары, жылқылардың кісінегендері мен пысқырынғандары, сиырлардың мөңірегендері гүлдің сезім дүниесіне біртүрлі әсер етті. Бұлар оранжереяда мұндай дыбыс шығармаған еді. Бәрі де тып тыныш жайылып жүрген. Енді бәрі де белсенді бола бастаған. Бірақ ол дыбыстарымен гүлге назар аударып жатқан ешқайсысы да жоқ. Бір сиыр гүлге жақын келіп, иіскеп иіскеп, тұмсығымен ілгері қарай сырып тастады. Енді бірі тұяғымен өзіне қарай тарпып езе жаздады. Тек осы қауіптен соң барып гүл көлбақаша тез тез секіріп секіріп, сиырлардан алыстап кетті. Сиырдың бірі гүлге тап беріп, кең кеңсірігінен ауа үрлеп кеп қалды. Гүл ол желден біршама жерге сырғып кетті. Гүл енді домалай қозғалу әдісіне көшті. Егер гүлдің мұндай ғажайып қасиеттері болмағанда, қандай да бір тірішілік иесін жақтырмағанда, одан қорғанғысы келгенде жағымсыз иіс шығаратыны болмаса, жаңағы сиырлардың бірінің аузындағы сояудай тістеріне шайналып, асқаанында қорытылып жатқан болар еді.
Бақытына қарай ұлы жаратушы сыйлаған ерекше қабілеттерінің арқасында аман қалды. Сөйтіп, ғажайып гүл мал қорасынан осындай да бір қатерлі оқиғаны басынан кешті. Олардан алыстап, келесі орманды бөлімге өтті. Ондағы тірішілік иелерінің әйрекеттері тіпті деқызық екен. Адам баласына ұқсаған әлденелер ағаш бұтақтарында еденде жүргендей емін еркін жүгіріп, секіріп жүр. Аара тұра бір біріне қарап қол көтеріп, баж баж ете түседі. Жалпы әрекеттері әлгі мал қорадағыларға қарағанда көп өзгешелеу. Гүл бұл көрініске дейі көргендерінің бәрін де әңгелек тәрізді басындағы миында сақтап қала алады. Сезім жүйесі арқылы жарық пен қараңғылықты да ажырата алады. Ал былайша қарағанда, жай бір қарапайым гүл сияқты. Гүл шамалыдан соң ағаш бұтақтарында секіріп ойнап, бажылдап жүргендердің маймылдар екенін аңғарды.Олардың адам баласына қатты ұқсап келетін жерлері де бар екен. Бірақ әрбір жаратылыстың орна бөлек. Бір жаратылыстан екінші бір жаратылыс туындамайды ешқашан да. Маймылдардың кез келген тірішілік иелеріне деген қарым қатынасы да мүлдем бөлек болып шықты. Гүл сонда да болса бұтақтарында маймылдар секіріп жүрген ағаштардың бірінің түбіндегі құнарлы топыраққа шыр айналып бұрғылана қалып еді, бір маймыл байқады да акғаш бұтағынан жылдам жүгіріп түсіп, гүлге жақындады. Біраз қарап тұрды. Қарағаны, өздері өмір сүріп жатқан осы бір шағын орманды ортада жаңадан пайда бола қалған қимыл қозғалысы ерекше гүлге таңданғаны еді. Егер маймыл Африкада өмір сүрген, мұндай гүлдерді көп көрген болса, онда дәл осылай ағаш бұтағынан жылдам түсіп, таңғала қарамас та еді. Оның ғажайып гүлге жақындауының басты спебебі де гүлдің сырынан бейхабарлығы болатын.
Маймыл өзіне мейлінше жақындай берген сәтте гүл қауызын тез жаба қойды. Гүлдің ол әрекеті маймылға қызық болып көрініп кетті.
Содан ол енді жай қарап қоймай, гүлмен ойнауға кірісті. Гүлге айбат шеккендей болып бір ілгері басты, бір кейін шегінді. Ілгері қарай басқанда, қос ұзын қолын созғанда гүл қауызын тез жауып, кейін шегінгенде ашумен болды.
Гүлдің осы қимылына, қорғанысына қарап маймыл да мұның жай бір гүл емес, қандай да бір тірішілік иесі екенін сезіне бастады. Оған көз жеткізе түскісі келогендей, сол әрекетін тағы да бірнеше рет қайталады. Сол кезде ағаш бұтағында манадан бері бұл көріністі мұқият бақылап отырған тағы екі маймыл еденге қарғып түсті. Өздері бар болғаны үшеу еді. Ертедегі бір ғалым адамзаттың арғы тегі болуы керек деп санаған маймылдың осы үшеуін ғана кемеге алған болатын ғарышкерлер. Бұлар хайуанаттар мен құстар орналастырылған бөлімдерден оқшау жіберілген еді. Оның мәнісі енді ғажайып гүлге де айқын бола бастады. Алғашында гүл бұл маймылдардан адам баласынан күткендей аялы алақанды күткен еді. Жоқ, бұлардың әрекеттері мүлдем бөлек екен. Олардың санасыздығы да байқала берген.
Ағаш бұтақтарынан екі маймыл қарғып қарғып түскен бойда алғашқы маймыл өзінше батылданып кетті. Осы екі арада оның шүңірейген қабағының ішкі жағындағы жиі қозғалатын екі көзі ғажайып гүлдің қауызы ішіндегі кішкене әңгелек тәрізді домалақ шарға түскен. Ол бенебір кейде адам қолынан жейтін грек жаңғағына да ұқсап кеткен. Оның үстіне бұл Жарқанат та, Қараторғай да емес, гүл болғандықтан жаңағы қорқынышы да басылған. Гүлдің жапырақтарының масақ сияқтанып келетіні де бір қызық еді. Үш маймыл да енді бір біріне адамдарша қарап қойып, гүл қауызының өздерінің ұмтылыстарына қараай ашылып жабылғанын қызықтаумен болды. Ақыр соңында өзінің батылдығын танытқысы келгендей болған алғашқы түскен маймыл гүл қауызына етене жақын барып, ерекше ұзын жаратылған қолдарының бірі оң қолымен гүлдің қауызын сипап өтті. Сол ақ екен, гүл қауызы ішіндегі әлгі кішкене әңгелек тәрізді қауашағынан мылтық оғын атқандай қатты тарс еткен дыбыс шықты.
Маймылдың үшеуі де қатты шыңғыра айғайлап, ағаш бұтақтарына жылдам өрмелеп жөнелді. Кейінге қарауға еш мұршалары жоқ. Ғажайып гүл олардың қайда және қалай қарай қашып кетіп бара жатқандарын дыбыс шығарған қауашағындағы кішкене кішкене екі көзімен көріп тұрды. Оған мұқият қараған адам кәдімгі өткір қарақат көздерді көз алдына елестетер еді. Маймылдар ол көздерді байқап та үлгермеген. Шыңғыра қашқан бойда ағаштың ең биік деген бұтақтарына шығып алып, бір біріне жалтақ жалтақ қарап отырды. Кей кейде алты көз де төмен қадалады. Ал оның бәрін байқап тұрған гүл енді жайбарақат қауызын аша түсіп, қауашағын көрсетіп, жапырақтарын жайып, ештеме болмағандай тұра берді. Бірақ енді мұнда ұзақ тұра берудің де қауіпті екенін сезінді гүл. Қанша дегенмен де бұл дала емес, күрделі жүйелер бар жұлдызаралық кеме. Жаңағы дауыстардың кеме иелеріне арнайы тележүйе арқылы жетіп қалуы да ғажап емес. Ол жетіп те үлгерген еді. Ғажайып гүл ондай жүйенің бар екенін о бастан біледі. Сондықтан да гүл камера көзіне іліккен жоқ. Енді ол тез арада қауызын жауып, шыр айналып, топырақтан босап, жерге құлап түсті де, жербауырлап жылдам жылжи жөнелді.
«Сүйінші, Жер көрінді!»
Маржан Қажымұратұлы қатты толқыды. Ғажайып деген ғаламшарға осы алапат жұлдызаралық кемемен ұшып жақындағанда да дәл осындай күйді басынан кешкен жоқ еді. Енді өзін қоярға жер таппағандай олай бір, былай бір жүр. Өз көзіне өзі сенер емес. Ал есеп бойынша, осылай болуға тиісті еді. Анабиоздық екінші ұйқыдан оянған кезде Жер жай көзге менмұндалауы керек. "Ләйім, Жердің өзі бол! Аман бол!" деп күбірледі ішінен Маржан. Кеменің үлкен иллюминаторынан анық көрінген Жер өздері барып келе жатқан ғаламшардан әлдеқайда сұлу әрі ыстық еді. Әркімнің туып өскен жері қашан да өзіне етене ыстық. Жерге аман есен жетіп, қасиетті қара топырағын басқан соң ақ әрқайсысы өзді өзді туылған жерлеріне де аттанады. Ол кезде Жер екеш Жер де тұтастай бір әлем сияқтанып кетеді. Ал қазір көз алдарында жұдырықтай ғана болып көрініп тұрғандықтан тек Жер, Жер ана деп қана соғады жүректері.
Маржан үлкен иллюминатордың алдында көп тұра алмады. Көп тұруға болмайтын да еді. Мана бір кезде екінші анабиоздық ұйқыдан өзі бірінші болып оянып, автомат дәрігерлік тексерулерден өтіп, қажетті жаттығулар жасап, тамақтанып, өз қалпына келгеннен кейін осы үлкен иллюминатопрдың жанына келіп, жұлдызды әлемге асыға көз тастаған еді. "Жер анамыз жай көзге көрінетіндей болып қалды ма екен, жоқ әлде, ол әлі де ноқат жұлдыздай ғана болып алыстан көз тартар ма екен?" деп, іштей толқыған болатын. Содан бірнеше секундқа болса да Жердің жай көзге көрінетін бейнесін бір көруге құмартып, қуанышын достарына жеткізбек еді. Ол арманына да жетті. Енді Жерді шынымен ақ көрген соң дегбірсізденіп, әлденесін жоғалтып алған адамдай әбіржіді. Үлкен иллюминатордан кейін қарай бұрылып барып, Жерді қимай қайта бұрылып, тағы қараған. Жүйедегі Күн де сол қалпындағыдай жарқырап тұр. Еш өзгеріс жоқ. Сол баяғы ергежейлі сары жұлдыз. Айналасындағы ғаламшарлар да рет ретімен, өзді өзді айналымжолдарымен қозғалып жүр. Әр ғаламшардың орны бөлек. Түсі де басқа. Қалай десе де, олардың ішінде атмосферасындағы бұлттарымен сұлуланған Жердің орны қай қайсысынан да бөлек, көзге ыстық. Қыз ә дегеннен ақ сол көрінісіне толқыған, шексіз қуанған.
Жерге ққарай ұшып келе жатқан жұлдызаралық жолда бәрі де анабиоздық екінші ұйқыға мұқият дайындалған. Өйткені, бұл Жерге, елге қарай асығып келе жатқандағы ұйқы. Ендеше, оған өте үлкен жауапкершілікпен қарау да қажет болатын. Ол жауапкершілік, әдеттегіше, дәрігер Маржанға жүктелген еді. Анабиоздық екінші ұйқыға жатар алдында бәрі де оранжереяға барып, ұзақ серуен жасап, Жерді, елді, қара топырақ пен жасыл шөпті, әке мен ана, ағайын мен жақын туыс, дос жарандармен дін аман қауышуды армандаған болатын. Сол армандарының орындалуына аз уақыт қалғанын Маржан іштей сезді, қуанды. Бірінші оянса да бұл жолы тез шширап, тез қалпына келіп, анау мынау жауапты жұмыстарын өткеріп те тастады. Мұның алдындағы анабиоздық ұйқыдан кейін әзер сергіген болатын. Оның бәрі де автомат дәрігерлерден емес, адамның өзінің көңіл күйінен де болған ды. Жолдың әлі алыстығы да адам психологиясына әсер етпей қалмаған.Оның үстіне алдарында осы екінші анабиоздық немесе "қысқы ұйқы" күтіп тұрған. Соны ойлап, жол мен кемедегі барлық жағдайларды ойлап, денесі де ауыр тартқандай болған еді, ол кезде. Ғарышкерге көздеген жұлдыз жүйедегі ғаламшарға жетіп, оны зерттеп, Жердегі аттандырушылардан алған тапсырмаларын толығым ен орындап, қайта аман есен оралғаннан артқан бақыт бар ма? Ғарышкердің басынан өткізген қиындығы мен Жерге, елге деген сағынышын Жер шарында тып тыныш қана ғұміыр кешіп жүрген ешбір пенде көз алдына елестете алмайды. Жердегі, елдегі адамға ғарышкердің қалай аттанып кеткені, қалай оралғаны ғана мәлім болып жатады. Оның үстіне, өткен бір уақытта аттанып кеткен ғарышкердің бүгінде қайта оралып жатқаны аса әсерлі де емес. Жұлдызаралық сапарға бірі ұшып кетіп жатыр, екінші бірі қайтып ұшып келіп жатыр. Ал Жер бетіндегі тірішілікте одан басқа да көкейкесті мәселелер толып жатыр емес пе?
Ал бұл кезде жұлдызаралық сапарда кетіп бара жатқан, ондай сапардан қайтып келе жатқан кеме ішінде де өзінше бөлек бір тірішілік әрекеттері өтіп жатады. Небір ощқиғалар болады. Ондай оқиғалар осы алапат кемедегі жеті ғарышкердің бастарынан да өтіп жатты. Маржан сол оқиғаға қатысушы кейіпкерлердің бірі, бастысы. Ол енді өзінің сымбатты денесін үлкен айнадан көрді. Орта бойлы болғандықтан айнадан тұтас денесі көрінбей, екі аяғының ұшына тұрды. Үлкен қарақат көздері айнаның орта тұсынан ерекше анық көрінді. Ұзын қара кірпіктері де сирек қағылады. Дөңгелек жүзі мен оймақталып келген еріндері де қалпында. Маржан бұл бейнесін анықтап көріп болғаннан кейін жеңіл күрсінді. Анабиоздық ұзақ ұйқыдан кейін айна алдына тұрып, өзінің тұла бойын осылайша зерттеп алатын әдеті. Бұл ұзақ жұлдызаралық сапарда болған әрбір ғарышкерге тән қасиет.
Маржан көңілі орныққан соң айна алдында ұзақ тұруды жөн санамады. Оның еш жөні жоқ. Маржан әлі де болса терең ұйқыда жатқан достары бар бөлімге қарай асықты. Олар да оянып, иллюминатор арқылы Жерді көргенде ерекше қуанбақ. Қазір олардың бәрі де ештемеден хабарсыз, бейнебір жас балалардай болып тып тыныш ұйқтап жатыр. Дәрігер жылдам басып анабиоздық ұйқы бөліміне енген бойда оятатын автомат жүйелерді жұмысқа келтіретін жүйелерді токқа қосатын түймені нұқыды. Ызыңдаған дыбыс шықты. Анабиоздық ұйқы бөлмесінің іші де, шыны төсектердің іші де жыли берді. Бәрі де алдын ала жоспарлағандай сәтті өтті. Достары барлық дәрігерлік рәсімді бұлжытпай орындағаннан кейін кеме іші жандана бастады. Соның алдында ғана кеме іші меңіреу тыныш болып тұрған. Енді абыр сабыр. Маржан Жерді көргеніне қатты қуанып, қатты толқып тұрса да, достары қашан толығымен өз өздеріне келгенше ол қуанышын ішінде сақтап, шыдап бақты. Жаңалықты айтпады. Бір жағынан мұнысы достарының шыдамдылығын сынамағы еді. Бірақ қанша жасырса да, сапарластары Маржанның жүзінен бір қуаныштың ұшқынын көрген. Оны сезген Маржан достары қалыпқа келген бойда кең дәліздегі үлкен иллюминаторға қарай жақындап барып:
- Достар, сүйінші, Жер көрінді! - деді жүзі алабұртып.
- Қойшы, шынымен айтып тұрсың ба? - деп, Гүлжан оны құшақтай алды. - Маржан, сен қандай құпиялы жан едің? - деп қалды байланысшы Жеңіс оған қадала қарап.
- Менің құпилылығымда нең бар? Сен әуелі маған сүйіншімді бер! Әйтпесе, Жерді көрсетпейм ін! - деп үлкен ллюминатторды денесімен көлегейлемекке ұмтылды.
- Жердің жай көзге анық көрінгені рас болса, мен саған осы кеменің бар байлығын беремін, Маржан! - деді Мерген Маржанға, одан достарына жымия қарап.
- Кемедегі бүкіл байлық маған жұқ та болмайды! - деп көнбеді Маржан.
- Бұл енді қиын болды ғой. Не істдцк? - деді Мейрбек Жерді ертерек көруге асыққанын жасыра алмай. - Сүйішіңе енді не береміз тағы? Қапелімде ештеме де болмай қалды ғой өзі!
- Достарым, - деді сол кезде Маран иллюминатордың алдынан солкға қарай жылжып,- ештемеден қиналмай ақ қойыңдар! Сендердің сүйіншілерің аман есендіктерің! Мен жай әзілдеп тұрмын, қуаныштан қатты толқып тұрмын! Амандықтан артқан не бар! Анабиоздық ұйқадан бірінші болып оянғаннан кейін осы иллюминаторға жақындағанмын. Сендерді оятып барып қарауға шыдамым да жетпеген еді. Қарасам, Жер әп әдемі болып анық көрініп тұр! Бұдан артық не бақыт бар, бізге! Жеріміз қандай әдемі, қоршаған атмосферасындағы бұлттары қандай тамаша Ондағы еліміз қандай! Құдай қаласа, қасиетті қара топырағымыжзды аяғымызбен басатын уақыт та алыс емес!
- Қуанышты хабарыңа көп рахмет! - деді Мерген қатты толқып, - Жерге оралатын күн де бар екен! Ана ғажайып ғаламшарда жүрген кезде Жерге оралмақ түгілі, оның әдемі бейнесін жай көзбен бір көрудің өзі де бір арман болып еді ғой! Ал, енді қараңдар!
Бәрі де үлкен иллюминаторға қарай ұмтылған. Иллюминатор кеменің басқару пульті бар басқы бөлімдегі иллюминатордан кем емес, үлкендігі жағынан. Сондықтан да ғарышкерлер бір біріне кедергі жасамай емін еркін қатар тұра қалған. Маұндай бақытты сезім ешқайсысында осы сәтке дейін болған емес. Недеген сұлулық, недеген әдемілік еді. Оның бұл дүние әлемінде тек қана өздерінің Жеріне ғана тән екендерін бақыт деп санады қай қайсысы да. Ол қараңғы кеңістікте менмұндалап тұр. Оған қараған сайын ғарышкерлердің көңіл күйлері де көтеріле түскен. Туған Жерге аман есен жеткеннен артық не бақыт бар еді, ғарышкерлерге. Тіпті, осы сәтке дейін "Ғажайып ғаламшардан біртал ғажайып гүл де ала алмадым" деп көңілі жабырқау жүрген Гүлжан да енді оны ұмыта бастағандай көңілденіп кеткен. Мерген екеуінің сөздері де енді қайта жарасым таба бастағандай. Екі ғашықтың қашанда осылсай жарасымды болуын кемедегілердің бәрі де қалайды, тілеуін тілейді. Қазір мына тамаша жаңалықтан кейін бәрі де бір бірімен емен жарқын әңгімелесіп, Жер, ел, ата ана, ағайын мен туған туыстары жайлы айтып бір жасап қалды. Енді қаай қайсысы да Маржанның сүйіншісіне ештеме ұстата алмағанына біртүрлі ыңғайсыздана да бастаған. Ежелде дана қазақ қуанышты жағалыққа сүйінші сұраған адамға ештемесі болмай қалғанда түсіп, астындакғы атын берген. Рас, Мерген, өз парызынан құтылды. Ол кемедегі бар байлықты бермек еді. Бірақ өздерінің Жерге аман есен жеткендерінен қымбат байлықтың болуы еш мүмкін емес еді, қай қайсысы үшін де.
Сондықтан да мұндағы жағдай басқа, уақыт басқа, заман басқа. Бірақ басқа екен, қиын екен деп, қазақтың сонау заманнан жалғасып келе жатқан салт дәстүрін бұзуға бола ма? Оны жаңғырта түспесе, сөндірудің еш жөні жоқ. Жігіттер жағы көңіл тоқтатқан соң осы жағын ойлаған. Үлкен иллюминатордан ап анық көрініп тұрған Жердің әдемі шартабағы да осы ниеттерін құптағандай тап өздеріне қарай зымырап ұшып келе жатқандай да болып кетті. Оның шартабағының көлемі де секунд санап ұлғаюда. Енді уақыт та аз. Жер төңірегіндегі айналымжолдағы қалашықтардың біріне қону үшін де алдын ала қам қарекет жасаулары керек. Үлкен иллюминатор арқылы бұлайша қарап қызықтап тұра берсе, ешқандай да іс бітпек емес. Мерген туған Жерге қадала, ойлана ұзақ қарап алды да, өзінің ендігі басшылық шешімін былай деп жеткізді:
- Достар, қиындық кейінде қалды! Өтпейтіндей болып көрінген ғарыштық үш жыл да үш күндей де болған жоқ. Оның екі жылын анабиоздық ұйқымен өткіздік. Алты айымыз кеменің жылдамдық алуы мен тежелуіне, төрт айымыз ғылыми зерттеу жұмыстарымызға кетті. Құдайға шүкір делік, барған ғаламшарымыздан аман есен аттандық,. ол жайлы мол ғылыми мәліметтер алдық. Жеріміздегі өзімізді аттандырған ғалымдар мен мамандардан алған тапсырмаларымызды да толығымен орындадық. Сондықтан... Сондықтан мен сендерге бір ұсыныс айтамын... Ол не дейсіңдер ғой? Ол... қыздардың құлақтарына алтын сырға, ана асханаға барамыз. Дана халқымыздың дәстүрін бұзуға хақымыз жоқ. Мені түсіндіңдер ғой, жігіттер!
- Өте дұрыс! - деді техник Айтқали бірден қолдап, басқару пультіндегі панельдегі жыпырлаған қызылды жасылды шамдарды ап анық көрсетіп тұрған қолындағы шағын аралық экран бақылағышқа қарап алып, - дәл қазір кемедегі барлық жүйелер де қалыпты жұмыс жасаап тұр! Осы қайтар жұлдызаралық жолдағы бірінші анабиоздық ұйқыдан кейінгідей өзгеріс жоқ. Сондықтан да кеменің басқару пульті орналасқан басқы бөлімге бармай ақ тіке асханаға тарта берейік!
- Жігіттер, онда былай етсек қайтеді? - сол кезде Маржан Мергенге бұрылып, - Гүлжан екеуміз асханаға барып дастархан жағын реттейік. Ал сендер кемедегі барлық бөлімдерді бір қарап шығыңдар. Қанша дегенмен де, әр бөлімде әр нәрсе бер. Хайуанаттар мен құстар бөлімі де, гүлді әлем бар оранжерея да жыл бойы қараусыз қалды емес пе? Білмін, олардың бәрін де автоматты жүйелер мен биороботтар бақылап барлып жүр. Сонда да көзбен көріп қайтқанға не жетсін! Оның үстіне біз қасиетті Жер анамызға да жақындап қалдық!
- Өта орынды ұсыныс! - Мерген Маржанның ұсынысын бірден қолдады. - Ал, онда жігіттер, не тұрыс, уақыт оздырмайық! Қыздар асханаға жүре берсін! Ал біз тексеруімізді хйуанаттар мен құстар бөлімінен бастайық!
Сөз қысқа, тұжырым осы болды. Екі қыз асхъанаға қараай кетті. Жігіттер арнайы жылжымалы жүйрік көлікке отырып, әуелі оранжереяға барды. Содан соң хайуанаттар мен құстар бөлімін тексерді. Әрі қарай басқа бөлімдпрді... Расырнда да бұл жолы бәрі де қалпында екен. Өткен жолғыдай бейберекет қозғалыс болмаған. Бұл ғарышкер жігітердің көңіл күйлерін одан да жоғарылата түсті. Бәрі де әскери адамдарша хормен әндетіп, үлкен асханаға қарай асықты. Жердің жай көзге анық көрінуін атап өтуге деген құштарлық қай қайсысының да көкейінде бар еді. Жігіттер сау етіп кең етіп жасалған асханаға кіріп келгенде екі қыз аспазшы биороботтардың көмектерімен дастархан үстін жайнатып та қойған еді. Мерген бастап кірген бойда өзінің сөзін еске салғысы келгендей Маржанға әзілдеп:
- Жігіттер, сүйінші! Жер көрінді! Бірақ сүйінші Маржандыкі! Оны бермей құтыла алмаймыз! Ал, жігіттер, шығарыңдар сүйіншілеріңді! - деп, Мерген сол білегіндегі қолсағатын шешіп, Маржанға жымия қарап ұсынды.
Кім жүзігін, кім ілгекті компасын, кім саусағындағы ж.үзіктей ғана радиотелеқабылдағышын ұсынып жатыр. Бұл күтпеген әрекеттерден Маржан қатты сасып қалды.
- Жігіттер, сендерге не болған? Мен жай... әзілдеп айттым деп едім ғой! - деп, Гүлжанға риясыз жымия қараған.
- Ала берсейші, жігіттер ұсынып тұрғанда! - деп Гүлжан да мәз бола күлді.
Маржан жігіттер берген сүйіншілерді дастарханның жанындағы бөлек үстелдің үстіне жиып қойды. Сөйтіп, рахметін айтып, Гүлжанның жанындағы орындыққа отырды. Бұл кезде жігіттер де орын орындарына жайғасып, әзіл әңгімелерін одан әрі қарай жалғастырған. Өздері Жерден аттанғалы алғаш рет болып отырған аса қуанышты сәт те осы еді. Қалған уақыттың бәрінде де ғарышкерлер жолды, кеме жағдайын, ғылыми зерттеулерді ойлаумен болған.Енді бір кездері қорқынышты көрінетін Күн жүйесінің шекаралық кеңістігі де ауылдың кең даласындай ыстық болып кеткен. Ғарышкерлер ара тұра үлкен иллюминаторға жақын барып, Жер бейнесін анықтап көріп, мәз болып, билеп, ән шырқап кеме ішін дүбірлетті.
Құпия әрекет
Ғарышкерлердің бар іс әрекеттерін барлап жүрген ғажайып гүл кеме ішін әбден зерттеп алғаннан кейін тұрақты жасырын орын іздеді. Осы кезге дейін гүл ғарышкерлер ана бөлімге барғанда мына бөлімге, мына бөлімге келгенде ана бөлімге барумен болған. Оларға ештеме сездірмеу үшін бойынан иіс шығаруды да шектеген. Гүлдің ондай да қабілеті бар еді. Гүл енді алапат жұлдызаралық кеменің техникалық бөліміне ауысты. Ол бөлімге аса қажет болмаса, ғарышкерлер келе бермейді. Анабиоздық екінші ұйқыдан оянғаннан кейін олардың кең асханаға барып, әлдеқандай қуаныштарын атап өткендерін, ән айтып, би билегендерін де естіп, біліп жүрді. Ол әуендер гүлдің тұла бойын тітіркенткен. Әрі ол әуендер есінде жақсы сақталып та қалды. Енді тек олардың ешқайсысының көзіне түспеуі керек. Сонда ғана көздеген мақсатына жете алмақ.
Мақсаты - олармен бірге Жер деп аталатын ғажайып ғаламшарға жету. Ал егер кеме басшысының көзіне түссе, бір ғана жағдайға ұшырайды. Ол гүлді кемедегі қоқыс тасталатын жәшікке ойланбай ақ тастап жібереді. Ал ол қоқыстар жәшекке толғанда арнайы автоматты жүйе кемеден ғарыш кеңістігіне лақтыратыны да жақсы белгілі. Гүл оның да шет жағасын көріп үлгерген. Басшы қолына түссе, сол қоқыстармен бірге суық та қараңғы ғарыш кеңістігіне кетіп мерт болмақ. Сондықтан да гүл өзінің нешетүрлі қозғалу әдістерімен ширақ жылжып, кеменің төменгі қабатындағы техникалық бөлімге жеткен. Ал бұл кезде ғарышкерлер кеменің басқару пульті орналасқан басқы бөлмеде еді. Ғарышкерлер Жер ғаламшарының төңірегіндегі ғарыш қалашықтарының біріне алапат жұлдызаралық кемені қондыруға дайындалуда. Сол алаңдаушылықтарын пайдаланған гүл аспай саспай құбыр бойымен жабыса жылжып, осы гуілдеген дыбысқа толы техникалық бөлімде байыз тапты.
Содан көп уақыт өтпей ақ алапат жұлдызаралық кеме ғарышкерлер Жер деп жиі айтатын ғаламат бір ғаламшардың төңірегіндегі айналымжолға шықты. Ғажайып гүл оның бәрін де сезіп жатты. Енді бір сәтте кеменің қозғалтқыштарының дыбысы ерекше күшейе түсті. Өзі жатқан жердегі құбыр біткеннің бәрі де қатты дірілдеп кетті. Артынша бір бірімен радиотелебайланыс арқылы жиі жиі сөйлесіп жатқан адамдардың дауыстары да кеменің екінші қабатынан естіліп жатты. Бұл кезге дейін өзінің ғаламшарындағы тып тыныш ортада өмір сүріп келген гүлге мұндай дыбыс пен дірілге төзу де оңай болмады. Бірақ, бақытына қарай ол дыбыс пен діріл аса ұзаққа созылмады. Біршама уақыттан кейін алапат жұлдызаралық кеменің ұшу жылдамдығы күрт азайып, айналдырғыштардың үні сөнді. Тек соның артынша кеме денесі солқ ете қалды, сол кезде гүл өзі қорқып жабысқан құбырдан ажырап, еденге топ ете түсті. Бар ққиындық та, қатер де кейінде қалғандай.
Шамалы тыныстаған соң гүл енді қалай қарай жүру керектігін, қайда бару керектігін жобалай бастады. Қалай қарай қозғалса да, ең бастысы, кемедегі ғарышкерлепрге көрінбеуі керек. Олар бұл бөлімге келе қалса, гіүл олардан жасырынып үлгереді. Мұндай әректтері осы кемеге іліккелі аз болған жоқ. Ең бастысы, кемедегі ғарышкерлердің ешқайсысы да гүлдің бұл құпия әрекеттерінің бірін де білмеуі керек. Бақытына қарай хайуанаттар мпен құстар бөліміінде болғанын да ешқайсысы сезген, білген жоқ. Ал егер сол хайуанаттар мен құстарда сана мен жетік тіл болса, онда олар ғарышкерлерге өзі жайлы әлдеқашан айтып жеткізіп қойған болар еді. Ғарышкерлерге көмек беріп жүрген биороботтар да қанша "ақылды" болса да, өз миларындағы бағдарламада жазылғандардан артық ешқандай да әрекетке бара алмайды. Олардың қай қайсысының да көргені көрмегенмен бірдей. Гүлдің кішкене әңгелек тәрізді қауашағынан шыққан тарс тарс дыбыстан тым тырағай жанұшыра қашқан маймыл екеш маймылдар да адамға қанша ұқсас болса да, жабайылықтарымен ләм мим демей қала берген. Ғажайып гүл оның бәрін де жақсы біліап алды.
Алапат жұлдызаралық кеме басқа бір кемемен түйіскеннен кейін гүлге белгісіз бір бағытқа қарай ұшып, төмендеп барып байыз тапты. Ол тыныштық біршама уақытқа созылды. Алғашқыдағыдай адам дауыстары мен тырс тырс дыбыстар шыққан. Бірақ ол дауыстар мен дыбыстар көп кешікпей ұзап кетті. Кеме ішінде тыныштық орнаған. Енді гүлосыншама алапат жұлдызаралық кеменің ішінде жападан жалғыз қалғандай күй кешкен. Снда да осы тыныштықта гүл тың тыңдаумен жатты. Тек кей кейде ғана еден бойымен жылжып жылжып қояды. Қанша сезімтал болса да қандай құбылыстың қай жақтан бола қалатынын енді аырата алар емес. Тыныштық көпке ұзамады. Біраздан соң ақ тарс тұрс еткен дыбыс қайта жанданды. Адамдардың сөздері де енді жақыннан естіледі, анық естіледі. Гүл жайымен ғана жылжып, құбырлардың екіаралығындағы саңылаудан сыртты бақылады. Алапат жұлдызаралық кеме кең ғарыш алаңында тұр екен. Айнала толған домлақ домаалақ үйлер. Ол үйлердің бәрі де бір бірімен қым қуыт құбырлармен жалғасқан. Бірақ олардың бәрі де ашық ғарышта. Жер төңірегінде баяу ғана айнала қозғалып жүрген бір ғажайып ғарыш қалашықтары екен. Егер гүл осы өзі бақылап жатқан ортадан сол ашық ғарыш кеңістігіне шықса, онда ол әп сәтте мерт болмақ. Сондықтан да гүл әлденеден қатты қорыққандай өзі қарап тұрған қос құбырдың екіарасындағы сағылаудағы қалың шыны терезеден кейіндей түсті.
Енді бұл ортада қалуға да жол жоқ. Ғажайып гүл жайымен ғана жылжып жылжып келіп, бір тіреуге құртша жабысты да, оның бойымен екінші қабатқа қарай өрледі. Екінші қабатта алапат кеменің негізгі бөлімдпері бар, ғарышкерлер бүкіл ғылыми зерттеу жұмыстарын да сонда жүргізеді, кең де ұзына дәліз де сонда. Дәліз бойымен кезінде гүлдің өзі де жүріп өткен. Бірақ енді ол дәлізге шыуға болмайды. Ендігі әрекеттерінің бәрін де құпия, жасырын жасауы керек. Жоғары қарай өрлеген сайын дүрсіл де анық естіле берген. Бұл сөз жоқ,.ғарышкерлер мен оларды қарсы алушылардың жүрістері еді. Енді бір сәтте ол жүріс тұрсытар жиілеп кетті. Ғажайып гүл ол жүрістердің кімдердің жүрістері екенін шамамен болжап та тұрды. Бір кезде бір бірімен қауышып, қуанып дабырлаған дауыстар жетті гүлдің құлағына. Ал қыздардың дауысын естігенде, гүлдің тұла бойы шымырлады. Гүл тып тыныш тұрып, әрбір сөзді, әрбір шат күлкіні мұқият тыңдап тұрды. Тек ендігі өкініштісі, олардың көздеріне көріне алмамйды, олармен тілдесе алмайды.
Қауышу мен табысу рәсімі біткеннен кейін дауыс пен аяқ дүрсілдері сыртқа қарай алыстай берген. Содан бір кезде түйіскен келесі кемеге қарай өтіп кетті. Артынша олар өткен. дөңгелек есік тығыз жабылды. Алапат кеме ішінде қайтадан тыныштық орнады. Ғажайып гүл енді қанша сезімтал, қанша сергек болса да өз тағдырының бұдан әрі қарай не боларын біле алмады. Тіреу бойымен өрмелей өрмелей екінші қабатқа шығып, өзіне, таныс бөлімге жетті. Осы тіреудің жанынан жолша өтеді екен. Мұнда неше рет жүріп өткен ғарышкерлердің аяқ киімдерінің иісі де қалып қойған. Бұл ғарышкерлердің сыртқа осы жолшамен шыққандарын байқатты. Гүл оны анық сезді, тіреуден босап, еденге түсті. Содан соң өзінше сақтық жасап, бір сәт айналны көздерімен шолып шықты. Құпия әрекетін бұдан әрі қарай жалғастырудың жоспарын ойластырды.
Туылған табиғат аясында
Жер төңірегіндегі ғарыштық қалашықтардың біріндегі арнайы дәргерлік бақылаулар мен жаттығулардан кейін ғарышкерлерге туған елдеріне аттануға рұқсат берілді. Өздерін қарсы алғандардың бәрі де кейінгі ұрпақтар болса да, олардың ешқайсысынан бөтендік байқалмады.Үлкендерге деге құрметтерінде мін жоқ. Осы жұлдызаралық сапарға дейін өздерін мектеп оқушыларындай жас сезінген ғарышкерлер енді өздерінен кейінгі ұрпақтарының аалдында үлкен болып қалғандарына қуанды.Жан жақтарынан қаумалаған адамдардың ерекше құрмттері де ғарышкерлердің мерейлерін тасытқан.
Сол бақытты құшақтың ортасында жүріп, ғарышкерлер ғарыш қалашығынан шіығып, Жер бетіне жеткізіп алатын он кісілік ғарыш кемесіне отырды. Нағыз тебіреніс те осы кезде басталды."Шамалы уақыттан соң Жерге қонамыз. Қасиетті қара топырағымызды өз аяғымызбен басамыз. Ондағы өзен, көл, тау мен тас, жасыл шөп, гүл, бәрі бәрі де ғажайып емес пе?" деп қойды іштерінен бәрі де. Кезінде қадірі байқалмаған Жер енді нағыз жұмақтың өзіне айналып та кеткендей әсерлі. Өздері барып келе жатқан ғаламшар қанша ғажайып, қанша сұлу болса да, туып өскен Жерге,елге жете қоймайды екен. Әр ғарышкердің ойы әрқалай шартарапта. Мұнда бір біріне көрсетіп таңырқасатын ештеме жоқ. Бәрі таныс, бәрі көз алдарында. Тек өздері кеткелі бері болған шамалы өзгерістер ғана байқалады. Оның бәрі да адам қолымен, техника күшімен жасалған өзгерістер. Жұлдыхзаралық кемедегі уақыт аз сияқтанып көрінгенімен бұл Жерде аз уақыт өтпеген. Сондықтан да Жерге жеткенше көп нәрсені аңдап, байқап үлгері үшін ғарышкерлердің қай қайсысы да иллюминатордан басын кейін тартпайды.Бұлардың ерен сағыныштарын іштерінен түінген жолсеріктер де үнсіз отыр. Адам қандай да бір жақсы ой сезімге берілгенде онысын бұзбаған мақұл. Білімі мол, мәдениеті жоғары кейінгі ұрпақ мұны жақсы білетін еді. Оның үстіне "Аанау мына жер, мынау ана жер" деп түсіндірп отыратын бөтендер емес сапардан оралғандар.
Кеме құлдилай түсіп, атмосфера қабат тары жоғарылаған сайын ғарышкерлердің толқыныстары да күшейе берген. Құрамдакғы екі қыздың көз шараларына мөлт мөлт ыстық жас толған."Қыз баланың жандүниесі қашан да нәзік" делінетіні де осыдан болса керек. Екеуі де мана Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығынан ұшып шыққанда емен жарқын сөйлеп отырған еді. Енді бір біріне қарап тіл қатуды да қойған.Жігіттер жағы ғана қанша толқыса да білдірмеуге тырысып, анда санда сөз айтып қояды. Қанша дегенмен де, олардың көкейлерінде де кернеген сағыныш жеткілікті.
Бір жаққа сапарға шығып, одан аман есен қайтып оралғанда өз үйін, бала шағасын, туған туыстарын сағынып қалатын әдеті о бастан бар. Ол кезде адам пенде Жер шарындағы елдерден ұзап ғарышқа ұшқан жоқ. Соның өзінде де ана қала мен мына қаланың арасы ұзақ көрінетін. Ал басқа құрылықтағы елдергне сапар шексе, бейнебір басқа ғаламшардан оралғандай күй кешетін. Ал бүгінде сол құрылықтардағы қалалар мен ел арасы тап бір ауыл мен ауылдың арасы сияқтанып қалған. Адам санасы өсіп, білімі тереңдеп, техника жетілген сайәын айнала төңірек тарыла бергендей болады. Жаңалығы да азаЯды.
Ғажайып ғаламшардан кейін Жердің де көптеген ғажайып көріністері байқала бастады ғарышкерлерге. Мұндай салыстырылым болмай тұрған кезде бәрі де үйреншікті көрініс болатын. Дегенмен де, туып өскен Жерге, елге ештеме ешқашан жете қоймайды екен. Ол қашан да жанға ыстық. Оның орнын толтыратын өзге табиғаттың болуы еш мұмкін емес. Содан да ғарышкерлер қашан аяқ табандары қара жерге тигенше аман есен келгендеріне сене алмады. Мұндай терең де тебіреністі сезім алыс жұлдызаралық сапардан оралған ғарышкерлерге ғана тән сезім еді. Екі қыз да бастарынан осынгдай сезімді кешіп, еді ғана бір біріне қарап, сәл ғана езі тартқан. Қуаныштарын айтып жеткізуге тіл жоқ еді. Арнайы кеме қазақ жеріндегі әйгілі ғарыш айлағы - Байқоңыр ғарыш айнлағының кең алаңына табан тіреген кезде ерекше толқыныстарн ғарышкерлер орындарынан қозғала да алмай қалды. Бейнебір денелерін зіл батпан бірдеме баса қалғандаай. Әдетте мұндайда адам ширақтанып, орнынан жеңіл тұрып, сыртқа ертерек шығуға асығушы еді. Бұл жолғы әрекет те, көрініс те мүлдем басқаша болды. Бұл сезім, бұл толқу ғарышкерлерді отырған жұмсақ орындықтарына матап байлап тастағандай болған Жерге, елге деген аса сағыныштан туындаған толқу құдіреті еді. Бәрі де әлі де болса да Жерге, елге шынымен ақ дін аман жеткендерніне әлі де сене алмайтындай дімкастарнғандай күйде қалған. Жоқ, кеме шынымен ақ Жерге, елге, қасиетті қара топыраққа қоныпты.
Тартылыс өрісінің айырмашылықтарынан дел сал болған денелерін ширақ ұстаған ғарышкерлер отырған жұ мсақ орындықтарынан ширақ түрегеп, жолсеріктермен бірге сыртқа қарай бет теді. Кемені есігі ашылғанда бәрі де тепкешек үстінде тұрып, қазақ даласына көз жіберіп, жұлдызаралық ұзақ сапардан кейін алғаш рет үйреншікті таза ауамен еркін тыныс алды. Бастарындағы бас киімдерін алып, туған елге тағзым ете бас иіп, ең бақытты сезімдерін бастарынан кешті. Туып өскен жердің таза ауасы кеуде қолқаларын аша түсті. Сәлден соң шаршау дегенді де ұмыта бастаған. Енді киімдрінің тыстарынан келетін қосымша ауаның да қажеті жоқ. Мерген қатты толқынысын жасыра алмай, кемеден шыққан бойда мына сөздерді дауыстап айтты:
- Армысың, туған жер! Қасиетті де ыстық топырақ! Кең дала! Шалқар теңізім! Ата-ана, туған туыс, дос-жаран, бүкіл Жер халқы!
Бұл сөз айналасында тұрғандардың бәрін де толқытты. Екі қыз көз жанарларына қайтадан жиналған мөлт мөлт ыстық жастарын бет орамалдарымен қайта қайта сүртіп қояды. Бұлар қайтып оралғанға дейінгі басты бір айырмашылық, кеме қонатын аймақты соншалықты тартымды, сұлу етіп өзгертіпті. Мұның бәрінің де кейірнгі ұрпақтардың еңбектері екенін ғарышкерлер ә дегеннен түсінеген. Алыс жұлдызаралық сапардан Жерді, елді қатты сағынып келген кез келген адам Байқоңырдың осындай тамаша көрініске өзгергеніне терең толғандай қала алмайды. Өйткені, Байқоңыр адамзатқа ғарышқа жол ашқын аса қасиетті жер. Ғарышкерлер осы жерде ата-ана, туған туыс, дос-жарандармен, көптеоген өзге де адамдармен қауышты. Содан соң туған жердің тамаша табиғатын аралуға кіріскен. Бұл ұзақ жұлдызаралық сапардан оралған ғарышкерлердің денсаулықтарын қатайтудың бір дәстүрлі жолы еді. Ғарышкерлер қауышқандармен бірге табиғат аясында болып, мауықтарын басты. Тек содан соң ғана барып елге аттанған.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДА
Ғажайып гүл
Ғарышкерлер Жерге аттанып кеткеннен кейін ұзақ жұлдызаралық сапардан оралған үлкен кеменің іші сыртын тазалау, тексеру жұмыстары басталған еді. Бұл бұлжымас ереже. Кеменің жұлдызаралық сапарда кеңістіктегі небір тозаңдармен соқтығысатыны, сырт қабырғасының түрлі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі. Ғарыш кеңістігіндегі зиянды сәулелердің де кеме қабырғасын атқылап жататыны түсінікті жайт. Ғарышкерлер шығып кеткеннен кейін оның іші сыртын тексеріп зерттейтін топ кісі кең де ұзына дәліздің бойымен келе жатты. Әзірге кеме ішіндегі жағдай қалпты сияқты еді. Ал, жалпы, мұндай жұлдызаралық кемелер алыс сапардан оралғанда іші сырты түрлі жағдайға ұшырап жатады. Тексеруші зерттеушілер ол жағынан мол тәжірибе жинақтаған. Тексеріп келе жатқандары да бірінші жұлдызаралық кеме емес. Бұлар әуелі кеменің сырт қабырғасын тазартқан. Ғарышкерлер барып келген тірішілікті ғаламшар түгелдей дерлік гүлді әлемнен тұратындықтан кеме қабырғасындағы ммайда ойыстарда, жалғанған жерлерінде қалып қойған гүл тозаңдары кездескен. Кеме арнайы орында, жабық ортада тұрғандықтан оныі қабырғасының сыртын гүл ттозаңдарынан тазалауға қуатты деген шаңсорғыштар қолданылған. Содан кейінгі кезек кеменің ішкі бөлімдері еді. Жалпы, тексерушілер кеменің жалпақ келген төменгі төрт табанынан, қабырғасынан ұлу жылжып жүріп өткенде қалатындай ақсызаттанған жолақты байқаған. Бірақ зерттеушілердің ешқайсысы да оған терең мән бере қойған жоқ. "Ғарышкерлер барып келген ғажайып ғаламшарда гүл атаулыдан өзге саналы тірішілік иесі жоқ" делінгеннен кейін ақ анау мынау қосымша зерттеу жүргізу жөніндегі әңгіме тыйылған ды. Содан кейінгі басты назар да тек тозаңдарды тазалауға ауған еді.
Тексерушілер көңілді келеді. Көңілді болуларына да негіз бар. Олар мұнда жұлдызаралық сапардан оралған түрлі кемелерді тексеруден өткізеді. Кеме ішінен түрлі нәрселерді кезіктіреді. Соның өзі де қызық әрі әсерлі. Қанша дегенмен де, кеме бөтен әлеменен оралғаннан кейін өздері кеме ішіне жаәдан жай кіре алмайды. Ол кеменің ішінде топ ғарышкер қаншама жыл өмірін өткізіп келсе де, бәрібір, үстеріне арнайы тұтас киім, бастарына шыны баскиім киеді. Бұл тексерідің киімдік дәстүрі. Оны ешқайсысы да бұза алмайды. Тексерушілер кеме сыртында да, кеме ішінде де бір бірімен радиобейнебайланыс арқылы тілдеседі, ақылдасады. Бейнебір ашық ғарыш кеңічстігінде немесе су астында жүргендей күй кешеді. Тексерушілер бұл жолы да өздерінің қызықты да сүйікті міндеттерін орындауға кірісіп кеткен. Тексерушілердің басшысы бойы биік, денесі арықтау келген, реңі бозғылт, шашын ақ шалған Сағынғали есімді жігіт. Ол жұмысына өте ұқыпты және соны өзгеден де талап ете біледі. Қасындағылары да осал жігіттер емес. Жер төңірегіндегі кеңістіктегі қалада талай жылдардан бері ғарыш кемелерін жөндеу, ғарыш кемелерімен ұшу, алыс жұлдызаралық сапардан дін аман оралған кемелерді тексеруден өткізу жұмыстарымен айналысып келеді. Бәрі де тәжірибелі. Қай қайсысы да басшысы Сағынғали Бекенұлының айтқандарын бұлжытпай орындап келеді.
Алдын ала жасалынған жоспар тәртібі бойынш кеменің сырт қабырғасын тазалудан өткізгеннен кейін ішкі жағына осылайша еніп, дәліздерін, аайналдырғыш, қозғалтқыш жүйелері орнатылған құбырлы бөлімдпрді мұқият тексеріп, арнайы құралдарымен шаң тозаңнан тазартулары керек. Ал сол құбырлы бөлімдерге осы дәліз арқылы ғана өте алады. Жігіттер істері үйреншікті болғандықтан ара тұра ыңылдап әндетіп те қояды. Ол әуендері де, сөздері де бір біріне шыны бас киім ішіндегі құлақ радиосы арқылы жетеді. Әрқайсысының осы шыны бас киімінің ішкі жағында, маңдай тұсында, көз көретін жерде сыртқы ортадағы зиянды сәулелерді білдіретін өлшеуіштер бар. Тексерушілердің қай қайсысы да сол өлшеуішке жиі жиі көз салады. Ол өлшеуіштегі көрсетілім қалыпты болғандықтан да жігіттер көңілді.
- Бұл жұлдызаралық кемемен сапар шеккен жігіттер мен қыздар өте ұқыпты екен! - деді сәлден соң Сағынғалы айналасын көзімен жіті шолып өтіп, жанындағы Тілекқсабылға бұрыла қарап.
- Оның рас, мына тазалық соны көрсетіп тұр! - деді ол да ризашылығын жасыра алмай.
- Бұл жағы тамаша! Енді хайуанаттар мен құстар болған бөлімдерді тексерсек? - деп ұсыныс жасады осы кезде Қарабай есімді қараторы жүзді жігіт.
- Ол жаққа да барамыз. Одан бұрын кеменің айналдырғыш, қозғалтқыш жүйелерін қарайық. Біздің негігі мақсатымыз да сырттан енген тозаңдарды аластату емес пе?
Осыны айтып, Сағынғали ілгері қарай жүре түскен. Шыны бас киімінің маңдайшасындағы таблодағы цифрлар лып лып өзгеріп жатты. Соған қарап бәрі де бұл ортада қандай да бір тозаңның барын сезген еді. Басшы кенеттен кілт тоқтап, тың тыңдағандай жан жағына қарады. Қалған жігіттер де маңдай тұстарындағы таблодағы цифрлардың өзгеруін қадағалауда. Бұл өзі жай ғана тозаң емес, қандай да бір бөтен гүлдің тозағы еді. Ал ол бір жағынан солай болуға тиісті де сияқты. Өйткені, ғарышкерлер гүлді әлемнен тұратын ғажайып ғаламшардан оралып отыр. Сағынғали сәл ойланып, кейінгілерге бұрылып, бірдеме демек болып, сөйлеуге ыңғайлана бергенде, одан бұрын Тәлекқабыл:
- Е, достар, мынау екен ғой! Біз болсақ, тек аспанға қарап... Міне, еденде жатыр... Өзі де бір біз бұрын соңды көрмеген ғажайып гүл екен...
- Өзі бізге беймәлім бір ғаламшарда өніп өссе, ғажайып болмай қайтсін,- деді оған таңырқай қараған Қарабай.
- Қауызы да кәдімгі қызғалдақтың қауызынан аумайды екен. Ал қауыздың ішіндегісі кішкене ғана әңгелектен айнымайды ау! Тап соны көзге елестетеді! - деп, Сансызбай есімді, орта бойлы, сары реңді жігіт еңкейіп, гүлді еденнен қолымен көтеріп алды.
Айналдырып қарап тұр. Қалған жігіттер оны қаумалап, қоршап алған. Сансызбай енді гүлді қолында тағы бір айналдырып алып, Сағынғалиға ұстатты. Басшы ғажайып гүлдің бар болмысын ойлы жүзімен шолып шықты. Егер өзінің төл мамандығы ғарышкер техник емес, ботаник болса, бұл гүлдің қандай гүл тұқымдасына жататынын лезде айтып берген болар еді. Дегенмен, қай қайсысы да гүл көрмей өскен жігіттер емес. Әрқайсысы өзінше бір гүлге ұқсатуға тырысады. Бірақ гүлдің бір жері өздері туып өскен аймақта өсетін гүлге ұқсаса, екінші жері ұқсамайды. Бұл гүл өзі Жер шарындағы түрлі аймақтарда өсетін күллі гүлдердің түрлі қасиетін бойына жинақтағакн. ерекше бөлек гүл секілді.
- Бұл гүл кемеге қалай енген? Бәлкім, бұл ғарышкерлердің кеме ішінде тәжірибе үшін өсірген гүлдерінің бірі болар? Солардан түсіп қалған сияқты ма, кім білсін? - деді сәлден соң Сағынғали.
- Расында да солай болар! - деп, оны Сансызбай қолдай кетті.
- Менімше, ғарышкерлер Жеріміздің төңірегіндегі осы ғарыш қаласына аман есен жеткендеріне қатты қуанып, бұл гүлді ұмытып та кеткен болар ау! - деп Қарабай да өз ойындағысын қосты.
- Жарайды, жігіттер,- деді Сағынғали қолындағы сабағы мықты гүлді дәліз қабырғасы жанындағы гүл өсіп тұрған шағын ыдыстағы жұмсақ қара топыраққа қадай салып,- еденде жатқан бір бөтен гүл үшін уақыт жоғалтпайық. Сендердің пікіірлерің дұрыс шығар. Кеменің ішін мүқият тексеріп шыққан соң Жердегілермен бейнебайланысқа көшерміз. Ғажайып ғаламшардан қайтып оралған ғарышкерлердің естеріне де салармыз.Ұмытса, ұмытқан да болар олар. Қуанышта не болмайды.
- Бір жағынан өздері Жерімізге, елімізге жаңа ғана жетіп, әлі мауықтарын да баса алмай жүрген ғарышкерлердің естеріне қайдакғы бір гүлді түсіргеніміз артық та болар. Менімше, бұл гүл оларға керек болмаған да сияқты,- деді Сансызбай сәл көңілсізденгендей болып, - сондықтан ооларға хабарлаудың еш қажеті жоқ. Осы ыдыста Жер гүлімен бірге өсіп тұра берсін. Алда жалда ғарышкерлер іздеп жатса, бұл қайда кетер дейсің, не аяғы жоқ, не жалы жоқ...Өзі аздап қурай бастаған да сияқты ма, мұны ғарышкерлер іздей де қоймас деп те ойлаймын.
- Бұл сөздеріңнің жаны бар. Жақсы, мен келістім. Гүл осы ыдыста қала берсін,- деп, Сағынғали ілгері қарай бстап жүріп кетті.
Ғажайып гүл ыдыстағы дымқыл топыраққа қадалған күйінде қала берді. Тексерушілер кеменің айналдырғыштар мен қозғалтқыштары жүйелері орналастырылған бөлімге өтті. Одан төменгі қабатқа түскен. Мұнда жыпырлаған көп құбырлар бар. Тексерушілер қолдарындағы құралдарымен мұндағы құбыр, тетік біткенді мұқият тексеріп шықты. Сырттан енген зиянды сәулелердің қандай мөлшерде екенін де анықтады. Бәрі де ойдағыдай мөлшерде екен. Содан соң сырттағыларға мәлімет беріп, өздері солай қарай беттеді. Ғажайып гүлдің тұсынан өте бергенде Сағынғали оған бұрыла қарап, сәл кідірді де, ойланып барып:
- Дегенмен де мен алғашқы шешімімнен айнып тұрмын. Бұл гүлді тастамай алып жүріңдер. Мұнда қараусыз қалмасын. Бәлкім, жұмысымыз толығымен аяқталған соң мұны Жерге ала кетерміз. Өзінің бітім болмысы қызық қой. Жердегі басқару орталығындағыларға көрсетерміз. Олар да мәз болсын!
- Өйткенше, ғарышкерлердің өздеріне қайтаралық та? - деп Сансызбай гүлді қолына ала бере басшыға сұрау сала қарады.
- Мұнің да жөн. Солай етсек те болады, - деп, Сағынғали көңілдене Сансызбайдың қоолындағы ғажайып гүлді бір иіскеп қойды.
Жердегі серуен
Жұлдызды әлемнен аман есен оралып, арнайы қоршалған табиғат ортасында туған туыстары, дос жарандарымен бірге демалып, өз қалыптарына келген соң рұқсат алып елдерді аралауға шыққан. Ыстық ықыласты қауышулар қай қайсысының туған жері мен өзге елдерде де өтіп жатты.Бәрі бірге жүріп өткізген кездесулер де аз болған жоқ.Талай уақыт бойғы кеме ішіндегі шектеулер, тар ортада болған ғарышкерлер Жерге қонған сәттен бастап шексіз бәр әлемге қайта тап болғандай күй де кешкен.Жердің тамаша табиғатына бір тойынар емес ешқайсысы да. Бәрі де енді осы қасиетті Жерде ешқашан өмір сүріп көрмегендей сезінеді өзін.
Гүлжан да сондай көп кездесулер мен араласулардан кейін өзі туылып өскен ауылына оралған. Ол тек өзі дүниеге шыр етіп алғаш келген үйін таба алған жоқ. Ол әлдеқашан бұзылып, орнына жаңа құрылыстар саланыпты. Тек ол емес, өзі сапардан оралғанға дейін ауылда көп өзгеріс орын алған. Кішігірім қалаға айналған десе де болғандай. Егер осы географиялық картаға түскен ендік пен бойлық болмаса, Гүлжан мұны өзімнің ежелгі ауылым деп тани да алмаған болар еді. Жақын туыстардан да ешкім тірі қалмаған. Ауылдың ендігі дені өзі көрмеген балалар, жастар мен үлкен кісілер. Бірақ солай бола тұрса да олардың өзіне деген құрметтері ерекше. Өзіне арнайы салынған үш қабат үй де дайын екен. Оның бау бақшалы жері де ат шаптырым жер. Бәрі дайын. Су да бар, газ да бар, шам да бар. Үш қабат үйдің үш қабатында төрт төрт бөлмеден бар. Барлығы он екі бөлме. Мұндай үй жалғыз Гүлжанға кең даладай көрініп те кеткен. Бұл үй жөнінде алғаш әңгіме болғанда Гүлжан шошынғандай болып, тіпті, бұдан біржолата бас тартпақ та болған. Бірақ басшылар осылай шешкен соң, не десін. Оның үстіне бұл үй тек өзіне арналып салынды емес пе?
Кешкілікте өзімен жүздесуге келген топ топ қыздармен әңгімелеседі, сапары жайлы қызықты сыр айтады. Сол қыздармен бірге теледидардан түрлі хабарлар көреді. Гүлжан осы кеге дейін даңқтың не екенін сезініп көрген емес ті. Енді өзіне жасалып жатқан мына құрмет мәртебесін ерекше көтеріп те жіберген. "Әттең, осы жетістігімді әкем мен шешем, сіңлім мен апа, ағаларым көргенде ғой" деп іштей толқып, күрсініп те қояды. Ендігі демеу, солардан тараған мына сіңлілері мен інілері. Бірақ оларға қайдан жете қойсын. Әсіресе, оңаша қалғанда, түн мезгілдерінде жападан жалғыз жатқанда ұйқысы шайдай ашылып, екі көзі үлкен терезе әйнегінен аспандағы жұлдыздарға түсіп, таң бозарып, сол жұлыздар көзден ғайып болғанға дейін жататыны бар. Дәл осындай күндерді қалған сапарластарының да бастарынан өткізіп жатқаны белгілі еді Гүлжанға. О баста, осы Жер мен елден аттанбай тұрғанда жұлдызаралық сапар деген ерекше қызық көрінген бәріне де. Ол кезде қай қайсысының да әке шешелері, туған туыстары мен дос жарандары тірі болатын. Сіңлісі мен ағалары, әпкелері үйде өз істерімен айналысып жататын. Сондықтан да үйде зерігу дегенді сезген емес. Жастайынан ақ ғарышкерлер мен жұлдызаралық сапарлар жайлы кітаптан оқып, теледидардан көріп, радиодан тыңдап өскендіктен сондай болуды армандап өскен болатын Гүлжан. Сол арманына жету жолында әкесі мен анасының қарсылық білдіргендеріне де қарамаған. Енді олардың түрлі түсті суреттері мен бейнежазбалары ғана бар. Мұндай оңашалықта соларды көріп бірр жасап қалғандаай болады. Бірақ көп жағдайда өзінің жалғыздығын сезініп, терең күрсінеді.
Күндер осылайша жылжып өтіп жатты. Ең қуаныштысы - Жерге, елге аман есен оралғандары еді. Онымен салыстырғанда жалғыздық деген де ештеме емес. Жалғыздықты көп жағдайда білдірм ей жіберетін сәттер де аз кездеспейді. жұлдызаралық сапарға бірге аттанып, одан бірге оралған достары да бүгінде тынымсыз хабарласады. Олар да жалғыздықты сезінетіндерін айтады. Енді бұл туып өскен елде бір біріне өздерінен жақын ешкім қалмағандай да болады. Бірақ уақыт шіркін бәрін де өзгертеді, бәрін де реттейді. Жердегі тірішілікке қайта қалыптасқан сайын анау мынау реніш пен өкініштері де ұмытыла берген. Жаңа қоныс, жаңа ортаға үйренісе де бастаған. Ғажайып ғаламшар да еске сирек түседі. Мұнда Гүлжанға ғана бір нәрсе қатты батады. Ол сол ғажайып ғаламшардан ала алмай кеткен гүл. Оны еш ұмыта алар емес. Кейде тіпті, ол ғажайып гүл түсіне еніп, әлденелерді жас балаша былдырлап айтқандай да болады. Ондайда Гүлжан түн ұйқысынан селт оянып, таң қылаң бергенше терезенің жақтауынан көз алмай жатады. Сол гүді алдырмаған Мергенді іштей жазалайды. Ал бетіне ештеме айта алмайды. Қызға тән ұяң мінез шекарадан аттатпайды өзін. Дегенмен де, жасы ұлғайған сайын адам өкпешіл, талғампаз келеді екен. Бірақ Мергенге қанша өкпелесе де, енді бұл Жер шарынран өзін. дәл сондай түсінетін пенде табыла қоя ма? Мұндай сәтте Гүлжан Мергенді сағына да бастайды. Оның барлық қылығын да кешіруге дайын. Сол бір гүл үшін махаббат сезіміне дақ түсіргеннен не ұтпақ. Мұндай пікірді құрбысы да талай рет айтқан. Осыны ойлап жүрген осы күндердің бірінде сезе қойғандай Мерген бейнетелефон қоңырауын соқты.
- Аманбысың, Гүлжан? - деді ол сәл толқыған жүзін бұрыңқырап.
- Аман есенмін. Өз халің қалай, Мерген?
- Жақсы, Гүлжан. Бәрі де жақсы.
- Қайдан бейнетелефон соғып тұрсың?
- Осы ауылдамын. Бейнебсайланыс бөліміндемін.
- Қойшы, Мерген, алдамашы!
- Неге олай дейсің, Гүлжан? Менің сені алдаған кезім болып па еді? Егер сенбесең, қара да тұр, мен небәрі бес минуттан соң жаныңда боламын!
- Шынымен бе?
- Әлі сенбей тұрсың ба, маған, Гүлжан?
- Сенемін, әрине...
- Ендеше, күте бер. Мен бес минуттан соң...
Бейнетелефонның жарығы сөніп, Мергеннің бейнесі ғайып болды. Гүлжан қатты толқып кетті. Жұлдызаралық сапардан оралған достарымен бірге көптеген кездесулерге қатысқаны болмаса, Мергеннің оңашада өзіне тікелей бейнетелефон соғып тұрғаны осы. Гүлжанның махаббат отына тамызық болған да осы қоңырау еді. Гүлжан енді "Мергеннің сол ғажайып ғаламшардан аттанардағы сөзін ұмытайыншы. Оның айтқандары дұрыс та шығар.Ол гүлдің өзі де біртүрлі еді ғой. Енді мына кең Жер шарында Мергеннен өзге кімім бар менің?" деп те іштей толқыды.
Сөйткенше болған жоқ, шынымен ақ есік сыртындағы түйме басылып, кіреберістегі шағын түрлі түсті экран бетіжанып, Мергеннің бейнесі көрініп, дыбысы бұлбұл құсша сайрады. Гүлжан есікке қарай асыққан. Рас, Мергеннің өзі. Келгені де рас!Қыздың жас жүрегі жиі лүпіл қақты. Мергенге қанша өкпелейін десе де, оны көргенде бәрін де кешіре салады. Бұл да махаббат сезімінің ерекше бөлек құдіреті болса керек. " Бір бірін шын сүйгендер кешірімшіл келеді" деген сөз бекерден бекер туындамаса керек ті. Оған жас қыздың көзі бір ғана рет емес, бірнеше рет жеткендей. "Мергеннің мені іздеп келгені, сағынғаны, өз қатесін түсінгені" деп те ойлап үлгерді Гүлжан. Екеуі есік алдында бір бірімен әуелі көздерімен амандасты, содан соң барып қана қол алысып, қатарласа ішке қарай жүрді. Жалпы, бұл үйдің өзі де өздері ғажайып ғаламшарға ұшып барып келген жұлдызаралық кемеге ұқсайтын еді. Үй сыйлаушылар бұл жағын да ұмытпаған. Екеуі кілем төселген кең тепкешекпен үшінші қабатқа көтерілді. Ондағы кең кең төрт бөлменің үлкен үлкен терезелерінен ауылдың бүкіл келбеті көрінеді. Сәлден соң екі ғашық өздерін бейнебір жұлдызаралық кемемен ұшып кетіп бара жатқандай да күй кешті. Бірақ шамалы дәмнен кейін екеуі де кеі далаға шығуды қалады.
Ауылдың көз тойғысыз тамаша табиғатын кешкілікте тамашалау мен Гүлжанмен кең далада сырласу үшін Мерген кештете келген еді. Оңашалықты қыз да ұнатады. Махаббат сезімі екі жанға бірдей. Тек айырмасы, жігіт көкейіндегісін қызға ашып айта алады, ал қыз болса, қанша ішінен жанып күйіп тұрса да көп жағдаайда сағынышы мен сезімін ашық білдіре алмайды. Қыз сезімін жігіттің өзі түсінуге тиісті. Мерген де жаман жігіт емес ті. Бірақ байлыққа қызыққан кейбір достары оны шамалы жолынан таайдырған.Төл мамандығы геолог болған соң барған ғаламшарынан асыл тас табуды ойлайды. Ал асыл тастың жатқан қыруар ақша екені түсінікті. Мерген байығанды қалайды. Ал бай адамкға құрметпен бас имейтін пенде болмайды. Соны армандайды Мерген. Ал қыздың ойы адамның таза арында, адамгершілігінде, сезімталдығында. Гүлжанның ішкі сезімі кез келген гүлдің ішкі сезіміндей. Жер бетіндегі жігіт пен қыздың арасында дәнекер болып гүл жүретіні де осындай сезімнен туындаса керек. Оны Мерген де жақсы біледі.
Екеуі кең көше бойымен қатарласа жүріп, ауылдан сырттай берді. Гүлжанға арнап салынған үш қабат үй де ауыл сыртына жақын. Екі жастың қызықты әңгімеге беріліп, ұзап кетіп бара жатқаны кейбір ауыл тұрғынына қызғаныш сезімін де тудырған секілді. Бірақ бір бірінпе жаңа ғана қолдары жеткен екі ғашық төңіректеріне көңіл бөлсін бе? Сүйгені көз алдында тұрғанда айнала төңіректе өтіп жатқан құбылыстың бәрі де бейнебір кинодакғы фон сияқтанып қала береді. Мерген мен Гүлжан тек осы Жерде, елде ғана емес, жұлдызаралық сапарда да кемедегі оранжереяда жиі қыдыратын.
Бірақ шамалы уақыттан соң Гүлжан Мергеннің көңіл күйінде бір кірбіңнің барын аңғарған. Мерген онысын көпке дейін айтпады. Оның үнсіз жүріп, жүріп, не себепті мұндай шешім жасағаны түсініксіз еді. Гүлжанның еш кінәсі жоқ. Өкпелесе де ол өкпесін Мергеннің бетіне туралап ешқашан да айтқан емес. Ондай өкпесін Гүлжан дос, әрі сырлас құрбысы Маржанға ғана оңашада айтатын. Мерген де тұйық жігіт. Анау мынау сырын ашып айта бермейді. Онысына бір жағынан оның басшылық қыметі де әсер еткен сияқты. Басшы болған соң қанша дегенмен де, тек өз сүйгенін жақтап қала алмайды. Олай етпесе, өзгелер өкпмелеп қалады. Гүлжан бұл жағын да жақсы түсінеген. Сол үшін де Мергеннің анаву мынау қатқыл айтқан сөздерін елемеуге тырысатын.
Ал бұл жолы Мерген өзін арнайы іздеп келгендіктен, осылайша оңаша қыдырып шыққандықтан жас қыздың махаббат сезімі қайта қалпына келіп, көңілінде ешбір кірбің болмағандаай емен жарқын сөйлеп те келеді. Ымарт үйіріліп, қас қарайып, қара аспанда мың сан жұлдыздар жыпылық қаққанда екі түрлі әлемнің куәгері болған екі ғашық аспанға еріксіз көз салған.
- Ана Мерген шоқжұлдызын көріп тұрсың ба, Мерген? - деп қыз сүйріктей ғана сұқ саусағын аспандағы шоқжұлдызға нұсқады.
- Әрине, көріп келемін,- деді Мерген сәл көңілсіздеу үнмен тіл қатып.
- Есіңде ме, Мерген, біз жұлдызаралық кемемен ұшып барып келген ғажайып ғаламшардың жұлдызды аспанынынң көрінісі мүлдем басқаша еді ғой. Жұлдыздарының пішіндері де өз аспанымыздағыға ұқсамайтын. Енді бәрі де таныс. Бала кезімізден белгілі жеке жарық жұлдыздар мен шоқжұлдыздар емес пе?
- Иә, иә, оның бәрі де түсінікті нәрсе ғой, Гүлжан! - дей салды Мерген.
Гүлжан осы сөзінен кейін Мергеннің көкейінде жүрген бір ойын айта алмай келе жатқанын сезе қойды. Жұлдызды аспанға қарағанын қойып, сәл кідіріп, Мергеннің жүзіне тік қарады да:
- Мерген, сен неге көңілсіз келесің? Әлде маған деген өкпең бар ма, айта алмай жүрген?- деді жай ғана.
Жігіт қыздың жұлдыздардың әлсіз жеткен жарығынан жылт жылт еткен қарақат көздеріне қадала қарады. Қыздың пәк сезімін ойындағысына қиғысы да келмеді. Бір жағынан сол ойындағысын ішінде біржола сақтап қалғанды да жөн санамады.
- Гүлжан,- деді баяу үнмен,- мен саған бір сыр ашайын, тек сен маған шыныңды айтатын бол!
- Неге олай дейсің, менің саған өтірік айтқан кезім болып па еді?
- Жооқ... Шынымды айтсам, мен орны кімнен көрерімді де білмей тұрмын.
- Нені, Мерген? Мен ештемені түсініп тұрған жоқпын.
- Не болушы еді, Гүлжан, сол баяғы ғажайып гүл ғой! Мен ол гүлді сол ғажайып ғаламшардан жұлдызаралық кемемізбен ұшып шығар алдында алдырмай қойып едім ғой.
- Иә, ешқайсысымызға алдырмай, қайта тастатқансың.
- Кеше ертеңгілікте маған Жеріміздегі жұлдызаралық кемелердегі ғарышкерлермен тұрақты бейнебайланыс ұстап отыратын Орталықтан бейнетелефон соқты. Біз Жерге аттанып кеткеннен кейін Жер төңірегіндегі қалада қалған жұлдызаралық кемеміздің іші сыртын тексерген топ адам оның еденінен ғажайып гүл тауы алыпты!
- Гүл?! - Гүлжан елең етіп, Мергенге жалт бұрылды.
- Иә, Гүлжан, дәл сондай ғажайып гүл! Мен сенің ондай гүлді қатты ұнатып қалғаныңды да жақсы білемін. Бірақ оны Жерімізге жеткізудің еш қажеті жоқ еді!
- Сонда, Мерген, оның кемемізде болғанын менен көргелі тұрсың ба?
- Ендеше, ол гүл қалайша кемемізде болып шықты?
Жігіт осыны айып, жүзін Гүлжанның жүзінен бұрып әкетті. Гүлжан төмен қарап тұрып қалды. Ғажайып гүлдің Жерге жеткеніне қуанып та қалған еді, енді Мергеннің өзіне күмән туғызғаны көңіл күйін күрт түсірді. Адам алдында ақтан ақ күмәнді болғаннан өткен ауыр сезім жоқ.
-
- Мерген,- деді оған қадала қарап тұрып,- өзің көріп тұрып едің ғой. Мен ол ғажайып гүлді бір екі ретқана иіскедім де, сен айтқан бойда жерге тастадым. Жұлдызаралық кемеге де сенің алдыңда міндім. Кеме ішін мұқият тексердік, ұшар алдында. Мен оны қалайша жасырып алып кірмекпін,кемеге? Ал өзі жүгіріп келіп кемеге енетін қозғалғыш не жануар, не жәндік емес ол. Сондықтан да бұл ойың еш негізсіз ой, Мерген?
- Кеше соны естігелі бері әбден басым қатты. Түні бойы дұрыстап ұйқтай да алмадым. Содан осылай қарай, саған қарай тарттым.
- Расында да бұл өзі бір жұмбақ құбылыс екен. Ал қазір ол гүл қайда? Кімдпрдің қолында?ы
- Мен қатты ренжіп, "Гүлді қоқысқа тастай салыңыздар. Біз жұлдызаралық кемемізге ол ғажайып ғаламшардан ешқандай да гүл, не өсімдік алған емеспіз" деогенмін. Бәлкім, ол гүл осы кезге дейін қоқысқа тасталып та кеткен болар.
Гүлжан қатты өкініштен жыламсырағандай болып Мергенге қадала қарады. Бірдемеге қатты ренжігенде, қатты таңғалғанда Гүлжанның осылайша отты көздерін қадай қарайтын әдеті еді. Мерген қыздың бұл отты көздеріне төтеп бере алмай онан жүзін бұрып әкетті. Қыздың ішкі жан дүниесінде қаншама нәрсенің қазандағыдай қайнап жатқанын іштей сезді Мерген. Гүлжан көпке дейін сол орнынан қозғалмады, не тіл қатпады. Екеуі ауыл сыртындағы жайпақ келген биік төбенің үстіне шығуға да таяп қалған еді. Кенет Гүлжан тұрған орнынан ауылға қарай кілт бұрылды да, жылдам басып жөнелді. Мерген де солай бұрылып, қызды қуып жетіп, сол қолынан ұстады. Бірақ бұл жолы Гүлжан онысын жақтырмады. Қолын жылдам тартып алды. Сөйтіп, кілт бұрылып, Мергерннің күмілжіген жүзіне отты көздерін қадап тұрды да:
- Қандай қатгезсің, сен, Мерген. Нәп нәзік гүлдің жан дүниесін түсінбеген сен, қыздың нәзік жанын қалай түсінбексің?! Ғажайып ғаламшардан аттанардағы сөздеріңді кешіріп едім. Мынауың нағыз қатыгездік қой. Не жазығы бар еді, ол бейшара гүлдің?- деді дауысы сәл дірілдей шығып.
- Гүлжан! - деді Мерген қызға жақындай түсіп,- сен мені дұрыс түсінші! Ол біз алақанымызда аялап ұстайтын гүл емес, не гүлге, не мақұлыққа ұқсамайтын бірдеме! Оны ұстауға да, ыдыста өсруге де болмайды!
- Ал егер сол гүлдің орнында қандай да бір асыл тас болса ғой, оның түр тұрпаты қандай жиіркенішті болса да тастамас едің! Гүл болған соң қажеті не? Сен оны сол ғажайып ғаламшарда тіпті, қолыңа ұстап та, иіскеп те көрген жоқсың. Ғаламшар бетіне тастай салдың. Мұндай қатігездігіңмен бір күні мені де тастарсың. Мен оны да сезіп тұрмін. Енді маған ешқашан да келмесең де болады,- деп, Гүлжан көз шараларына тығылған ыстық жасын жасыра бұрылып алып жөнелді.
- Гүлжан, саған не болды? Неге олай дейсің?- деп Мерген қыздың соңынан ұмтылды.
Гүлжан қайтып тіл қатпады. Ауылға қарай жылдам басып жүре берді. Мерген қатарласып келеді. Айтарға сөз жоқ. Гүлжанның жас жүрегі дүрс дүрс соғады. Ішкі жан дүниесін бір ызалық бу кернеп кеткен. Екі көзінен папрлаған ыстық жас та тыйылар емес.
- Гүлжан,не болды саған? Маған ренжімеші! Бәрін түсіндірдім ғой! Гүлді қоқысқа тастаған мен емес қой!- деп жылытуға тырысты Мерген.
Гүлжан ол сөздеріне құлақ асқан жоқ, сәл жүрген соң жүгіре жөнелді. Мерген қуып жетемін дегенше қыз қараңғылық қойнауына еніп те үлгерді. Мерген оның көңіл күйінің шегін түсініп, одан әрі қумады. Сол бойда кейіндеп қала берген. Қыз үйіне кірген бойда есігін сырт жауып, үшінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмесіне енді. Шамды жақпады. Сол киімшең бойында төсегіне етбеттей құлады.Екі көзінен ыстық жас ағыл тегіл кетті. Оның соңы солқылдап жылауға ұласты. Бұл жарық дүниеде бір бірін дұрыс түсінбеген екі ғашықтың мұңынан өткен мұңның жоқ екенін де енді сезінді. Сөйтіп жатып көзі ұйқыға кеткен.
Жаңа ортада
Жұлдызаралық кемелердегі ғарышкерлермен тұрақты бейнебайланыс ұстап отыратын Орталықтағы Қоныс есімді жас жігіт Мергенмен тікелей бейнебайланыс арқылы тілдесіп, ғажайып гүлдің тағдырын шешкеннен кейін оны автоматты жүйелер арқылы қоқысты к.үнделікті сыртқа шығарып тасталынып отыратын арнайы ыдысқа тастаған. Ол ыдыстың ішінде не нәрсе жоқ. Қағаз, шөп, желінгеннен қалған жеміс жидектердің, тамақтардың қалдықтары. Көкөністпрдің аршылып алынған қабықтары. Олардың бәрі бір ыдыстың ішіне түскен бетте араласып, сғылып, езіліп кеткен. Жас жігіттің қолынан ұшқан ғажайып гүл сол жұмсақтың үстіне тамыры жағымен түсіп, қадала қалған. Бірақ ыдысқа қоқыс тастау өзімен ғана шектелген жоқ. Адамдар үлкен ыдысқа көптеген қоқыстарды тастады. Енді ғажайып гүлдің бас көтермек түгілі, қозғалуға да мұршасы жоқ. Асты үстінде тек қозғалмайтын жансыз заттар. Ғажайып гүл олардың ішінен тек шөптер мен жеміс жидектердің дәндерінің ғана өсіп өне алатынын сезді. Сөйтіп, бұдан әргі тағдырының не болатырнын күтуден өзге шарасы қалмаған.
Сөйтіп, бір түн өтті. Ғажайып гүл қоқыс арасында жатып, түнгі салқынды да сезген жоқ. Ал таң ата гүрілдеген дыбыс естілді. Содан бір кезде автоматты жүйенің манипуляторлары үлкен ыдысты көтеріп алып, қандай да бір көліктің үстіне салды. Көлік көп кешікпей орнынан қозғалып кетті. Анда санда болатын діріл мен сілкініс үлкен ыдыстағы қоқыстарды сығымдай түседі. Егер ғажайып гүлдің асты үстінде жұмсақ шөптер болмағанда, оның сабағы көлік дірілі мен сілкінісі кезінде бел ортасынан пырт сынып та кеткен болар еді. Ал мұндағы кейбір шөптер қурап та үлгерген. Өзі аман. Тек тегіс жолда кезігетін кедір бұдырдан өткенде ғана көлік қатты сілкініп қояды.
Ғажайып гүл осының бәрін қарақаттай ғана көздерімен көріп, сезіп жатты. Бірақ қайда кетіп бара жатқанын біле алған жоқ. Көлік ағып келеді. Қаладан ұзап кеткені де айқын сезіледі. Бағытының да қоқыс тастайтын жер екені белгілі. Қанша жылы десе де, гүл бұл екі арада біраз ыңайсызждықты басынан кешті. Егер үлкен ыдыста жатқандардың бәрінің жаны мен тілі болса, мұнда әлдеқашан айғай шу орын алып, көлікті тоқтатқан болар еді. Бәрінің де жаны жоқ, тілі жоқ. Сондықтан да көлік денесі қанша солқылдаса да, үн жоқ. Жалғыз ғажайып гүл ғана бәрін сезіп, іштей қиналып келеді.
Бір кезде көлік қаттырақ теңселіп барып жүрісін баяулатты. Сөйтіп тағы біраз жер жүрді. Кең жол бойында көлікке қарама қарсы ағып өтіп жатқан көліктер де аз кездескен жоқ. Көлік қоқыс төгетін жерге таяғанда қоңсыған иіс те келе бастады. Ол иіс уақыт өткен сайын күшейе берді. Ғажайып гүл мұндай иіс пен дыбысты жұлдызаралық кеме ішінде де сезіп, естімеген еді. Енді осындай ыңғайсыдықты көруге тура келген. Көліктің жүрісі де ұзап кеткендей. Енді шыдаса да,шыдамаса да гүлдің бұдан басқа барар жері жоқ. Көлік шамалыдан соң солға қарай бұрылды да, кейін қарай шегінді. Осы замат ғажайып гүл де бір құбылыстың боларын тез сезе қойды. Масақ мұрттары тәрізденіп келген жапырақшаларын тіреп, тамыры жағындағы бағытпен жылжи берді. Көліктің селкілі де ол қозғалысына демеу болған.
Сәлден соң ыңылдаған қатты дыбыс шықты да, үлкен ыдыс аспанға қарай көтеріле берді. Артынша бірнеше қол манипуляторлар үлкен ыдысты қапсыра құшақтап ұстап, ішіндегі қоқысты жерге жайымпен төкті. Ғажайып гүлдің ерекше сезімталдығы осы жерде де кәдеге асты. Егер ертерек әрекеттеніп, жылжымағанда күллі қоқыстың астында қалып, ашық далаға шығуы қиындаған болар еді. Осының өзінде де қоқыс арасындағы қатты денелер сабағын үзіп жібере жаздады. Бірақ гүл тез сытылып шығып үлгерді. Артынша қоқыстан босаған ыдыстар қайтадан көлікке салынып жатты. Қатты дыбыс шығып, жағағы іс қайталанып, көлік жүріп кетті. Мұндай көрініс бұл жерде ымырт үйіріліп, қас қарайғанша қайталанып жатты.
Соның бәрін өз көзімен көрген ғажайып гүл түн тыныштығында тыным таппады. Өйткені кеше кешке дейін көліктермен әкелініп төгілген қоқыстар тағы да үстін басып қалған еді. Ауыр қоқыстың астында қалғанын бұл жолы ол қатты сезінді. Асты мен үсті ғана емес, енді сол жаағы мен сол жэағы да қоқыс. Оның үстіне қоқыстардан шыққан нешетүрлі жағымсыз иістер де гүлге жағымсыз әсер еткен. Гүл енді бұрандаша бұрыла берді, бұрыла берді. Әншейінде қара топырақты оп оңай бұрғылап жіберетін түп тамыры да енді әзер айналады. Бірақ қалай дегенде де таң атып, Күна көзі көтерілгенше, мына қоқыстан сытылып шығуға тиісті еді. Өйтпесе, жағдайы қиындай түспек. Бойындағы биоэлектрлік энергия да азая берген. Қоқыстағы кейбір өсімдіктер бойына нәр алып, өсуге бейімделген. Ғажайып гүл де осы уақыт ішінде өзіне қажетті нәрді сорды. Соның арқасында әлденіп, бұрғыша айналуы да күшейген. Түн мезгілі мұнда негізінен тыныш болды. Тек анда санда соққан самал жел ғана кейбір шөптердің бастарын шайқады.
Ғажайып гүл қоқыс үйіндісінің бір бүйірінен басын шығарғанда осыны көрді, осыны сезді. Түн тыныштығы негізінен өзі өмір сүрген ғажайып ғаламшардағы түн тыыныштығына үқсас еді. Онда да гүл мен ағаш біткен бейнебір ұйқыға кеткендей тып тыныш қалатын. Ал таң қылаң бере айнала төңіректе қимыл қозғалыстар басталатын. Тарс тұрс еткен дыбыс, сұйық шашқан, жапырақтарын жиырып созып тұрған гүлдердің әрекеттері көзге үйреншікті болатын. Ал мына ортаның жөні бөлек. Өсімдік пен гүл біткеннің қабілеттері төменгі дәрежеде. Өзі сияқты бас көтерер ешқайсысы жоқ. Өсімдік те, гүл де өзі сияқты жерге шыр айналып бұрғыланып қадалып, қажет кезде қайта шыр айналып суырылып шыға алмайды. Құртша жылжып кете алмайды. Болса да ондалары өте сирек.
Таң атып, айнала жарықтанған кезде гүл қоқыс арасынан сабағын толық шығарып алды. Домалап домалап қоқыстан алыстады. Жайқалып өсіп тұрған қалың жасыл шөптің арасына енді. Сәл ашықтау, топырағы жұмсақтау жерін тауып, тік тұрып, шыр айналып, бұрғыланып, тамырын топырақ астына жіберді. Енді гүлді көрген адам оның жаңа ғана келіп осылайша бұрғыланып тұрып қалғанын сезе қоймайды. Ал гүл болса, енді күшін еселеп алып, айнала төңірегін зерттей бастаған. Мұнда қалың өсіп тұрған шөп пен гүл қанша көп болса да бір ғана ғажайып гүлдің қабілетіне жете алмайды екен. Тірішіліктері мпейлінше қарабайыр. Қоқыс тасталған далада не жақсы нәрсе бола қойсын. Қалада тұратын адамдар да бұл жерде бекерден бекер таңдамаса керек. Өсімдіктер мпен гүлдердің ара арасында ағарып ағарып неше түрлі көлемді тастар да жатыр. Егер ондай тастар көп жерге тап келгенде ғажайып гүл қара топыраққа тамырымен бұрғыланып тұра қалмас та еді.
Аарада біршама уақыт өткенде шығыс көкжиек жақтан жарқырап Күн де көтерілді. Ғажайып гүл дереу жапырақтарын жайып, қауызын аша түсіп, Күнге қарай иілді. Бұл ендігі басты биоқуатты осы Күннен алатынын сезінгенінен туындаған еді бұл әрекеті. Күн көтерілісімен айнала төңіректегі өсімдіктер мен гүлдер де қауыздарын ашқан. Енді бір кезде өсімдіктердің арасында шегірткелер сарт сұрт секіріп, гүл қауыздарына көбелектер қонып жатты. Майда қоңыздар мен құмырсқалар да өз тірішіліктерін бастап кеткенн. Көбелектер сайран салып, ана гүлге бір, мына гүлге бір қонып, одан қайта ұшады. Олардың бәрі де мына табиғаттың тамаша көрінісіне ерекше қызығатындай. Көбелектерге бір гүлден екінші гүл әдемірек көрінетін де сияқты. Түрлі түсті қанаттарын жиі қағып, қалбалақтай ұшатынын қайтерсің. Сол көбелектердің бірі ұшып келіп ғажайып гүлдің қауызына қонғанда, гүл ерекше тітіркеніп, сәл қозғалып қойды. Бұрын соңды мұндай құбылысты көрмегендіктен де тұла бойы сабағы шымырлап та жөнелген. Көбелек онысын сезер емес. Ғажайып гүлдің қауызынан нәр жинап алғысы келгендей мықтылап отырып алған.Қауызындағы тозщаңдарды иіскеп, дәмін алып тұрған сияқтанады. Ғажайып гүл көбелектің бұл әрекетіне шамалыдан соң төзбей кетті. Қанша шыдап бағайын десе де, бойындағы түрлі тітіркенгіштері қозып кеткен. Содан гүл сабағы дір ете түсті. Көбелек сол замат ұшып жөнелді. Одарн кейін гүл қауызына жасыл түсті шегірткелер де сарт сарт түсіп жатты. Бірақ шегірткелер көбелектер сияқты қауызында "ойланып" көп отыра қойған жоқ. Сондықтан да ғажайып гүл де қозғалмады. Күн көтеріліп, ауа қызған сайын тірішілік те қайнай берді. Қоңыздар мен құмырсқалар да жортуылдарын жиілеткен. Құмырсқалар сабағына жармасып, жоғары қарай жылдам өрлегенде ғажайып гүлдің тұла бойы шымырлап жөнеледі. Мұндағы қай тірішілік иесінің әрекеті де ғажайып гүл үшін тансық. Өзінің үйреншікті ғаламшарында, ерекше ортада, тыныш жерде өмір сүріп үйреніп қалған ғажайып гүлге мына әрекеттер мейлінше оғаш көрінді. Енді оның бойында бұл ғаламшшардың басқа аймақтарын көруге деген ынта ықылас оянды. Содан гүл түп тамырын қара топырақтан шыр айналып суырып алды да, жерге құлап түсіп, жылжып, ашық алаңға жетті. Самал жел соққан мезетте тап бір қаңбақ шөп сияқтанып домалап секіріп жөнелді.
Кездесуден кейін
Жұлдызаралық сапардан аман есен оралған жеті ғарышкердің есімдері Жер ғаламшарын мекн ететін халықтардың бәріне мәшһүр болғандықтан шақырулар мен кездесулер де толастамады. Туған елдің өзінде болса да ана ауылдың тұрғындары да, мына ауылдың тұрғындары да кезегімен шақырумен болған. Жігіттер мен қыздар олардың қай қайсысынан да бас тартқан емес. Тек кей кейде Жерде, елде ондай кестелі уақыттан тыс емін еркін жүруді қалайтын. Солай бола тұрғанмен де осы жолғы кездесуден де бас тартқан жоқ. Өйткені, бұл жолы жұлдызаралық сапардағы басшылары Мергеннің туып өскен ауылындағы мектептің басшылығы шақырған еді. Жан жақтан шағын әуе кемесімен жігттер жеткен. Ауылынан Маржан да келді. Мұнда тек белгісіз себептермен Гүлжан ғана келмей қалды. Бес жігіт пен жалғыз қыз Маржан оны ұзақ күтті. Гүлжанға да алдын ала бейнехабар берілген. Бірақ әлі келе қойған жоқ. Сапарластары оған қатты алаңдады. Мергеннен басқалары Мерген мен Гүлжанның арасында болған ренштен бейхабар еді. Ал Мерген достарына ол жөнінде ештеме айтпаған. Гүлжан сол бойда келмеген соң кездесу басталып та кетті. Мектеп оқушыларын одан әрі ұзаөқ күттіріп қоюға болмайтын еді. Ғарышкерлер бұл кездесуді ұйымдастырушылардың бірінің Сәрсенгүл есімді мұғалима екенін де білді. Ол Мергенге жиі жиі жақындап, құлағына әлденелерді сыбырлап айтып та қояды. Бірақ Гүлжанның достары оған оншалықты мән бере қоймаған. Бәрінің де есіл дерттері кездесудің мәнді өтуі еді.
Оқушылар рет ретімен сұрақтарын жаудыра қойып жатты. Жауапты Мерген бастады. Ол өздерінің қандай ғажайыап ғаламшарда болғандарын, онда санасы саналы адамға бергісіз ғажайып қабілетті гүлдердің болғандығын қызықты етіп баяндады. Одан кейін Айтқали, Жеңіс, Мейірбек пен Жұматай сөйледі. Кездесудегі сұрақ пен жауап қыза түсті. Ара тұра Маржан да сұрақтарға жауап беріп, сапарлары жайлы қызықты әңгімеледі. Сөз барысында белгісіз себептермен осы кездесуге келе алмай қалған сапарлас құрбысы Гүлжанның сіңірген еңбегі жайлы да айтып өтті. Ал оның не себепті келмей қалғанына жауап таба алмады. Бүгін таңертеңнен оған бейнетелефон қоңырауын соғумен болған. Бірақ ол бейнетелефонының экранын қоспаған. Содан "Кездесуге келер. Сонда жолығармын" деп ойлакған. Жігіттер де, мектеп мұғалімдері де солай жасаған екен. Маржан қалың ощушылардың алдында өзін көңілді ұстағандай болғанымен, қиын сапарда сырласып, бірге өмір сүрген жалғыз дос құрбысы Гүлжанның жайын ішінен ойлап, іштей қиналып, уәйім кешіп отырды. Гүлжан басқа ауылдағы, басқа қала мен шетелдердегі кездесулерге клемесе де, дәл осы Мергеннің ауылындағы мектептегі мұғалімдер мен оқушылармен кездесуге міндетті түрде келуі тиісті еді. Маржан Гүлжанның Мергенді іштей қаншалықты ұнататынын, оны кез келген қыздан қызғанатынын әуелден жақсы біледі. Гүлжанның кейбір мінезін де кешіре беретін. Ал бұл жолғы ренішінің мәнісін Маржан түсіне алмады.
Кездесуден кейін бір бір гүл шоқтары мен азынаулақ сыйлықтарға ие болған ғарышкерлер өзді өзді ауылдарына аттанды. Бір аймақтан болғаннан кейін ауылдары бір бірінен аса қашықта да емес ті. Шағын әуе кемесіне мініп әп сәтте ауылдарына жетеді. Әуе кемесінің жерден көтеріліп ұшуы да, жерге жайлап қонуы да тез. Мектептің сондай шағын әуе кемелеріне арналып салынған әуежайында ғарышкерлерді шығарып салу рәсімі де сәтті өтті. Ол рәсімге тек мұғалімдер, оқуышлар ғана емес, оқушылардың ата аналары мен ауыл тұрғындары да жиналған. Жұлдызаралық сапардан оралғандарына көп уақыт болып қалса да, ғарышкерлердің даңқтары әлсіреген емес. Барлық тілдегі газет журналдар, радио мен теледидарлардан ғарышкерлер жайлы мол мәліметтер беріліп жатты. Оларға Жер шарының аймақ аймақтарында тұратын халықтардан келіп жатқан хаттар мен электронды хаттар да толассыз. Сапарларынан оралғанша Жерде талай уақыт, заман өтіп кетсе де, ғарышкерлер сол баяғы кежзеріндегідей жас көрінетін. Ал ғарышкерлердің Жерден ғажайып ғаламшарға аттанбай тұрған кездегі құрдастары, замандастары түгілі, одан кейін тараған кей ұрпақтары да жоқ бүгінде. Қарсы алушылар мен шығарып салушылардың негізгі дені де кейінгі ұрпақтар еді. Бірақ олардың жас шамалары ғарышкерлердің жасымен шамалас келіп те жатады.
Аттанар алдында келгендер Мергенмен құшақтасып, ерекше қоштасып жатты. Онан кейін шығарып салып тұрған жұртқа терең ілтипат көрсетіп, қол бұлғап, бір бір әуе кемесіне мініп, кезегімпен ұшып кете берген. Достарын шығарып салғаннан кейін Мерген мұғалима Сәрсенгүлге жақындап, онымен қатарласа мектепке қарай аяңдаған. Жұлдызаралық ұзақ та қиын сапардан аман есен оралған ғарышкерлердің бақытына қызықпатйтын пенде бар ма. Сәрсенгүлдің де Мергенге оңашада қояр сұрақтары мол еді. Мерген мектеп ұстаздары, оқушылары мен ауыл жұртшылығы өзімен жылы қоштасып, үйді үйлеріне тарағаннан кейін де Сәрсенгүлмен қоштасуға асықпай үлкен көшеге түсіп, онйы бойымен асықпай басып, қызықты әңгімені бастаған. Сырттай көрген адамдар екеуінің жарасымды жүрістеріне қызыға да қараған. Мергеннің сол жұлдызаралық ұзақ сапарда бірге болып, сырласқан Гүлжан есімді қызының барын, тек кейінгі кезде екеуінің арасында бір түсінбеушіліктің болғанын Сәрсенгүл де сезген. Бірақ қанша қызығып тұрса да Сәрсенгүл Гүлжанның махаббат сезімін кеоспек ойда болған жоқ. Әйгілі ғарышкер өзіне бұрылып келіп, қатарласа жүріп, әңгімеге тартқан соң сыйластықтың белін аттамайын деп үндемеген.ы
Ал Мергеннің ендігі ойы мүлдем бөлек еді. Ол енді Гүлжаннан күдерін үзе бастаған. Оған тағы бір себеп, әлгі ғажайып гүлдің кемеге қалай еніп, Жерге қалай жеткені еді. Сол жөніндегі Гүлжанға деген күмәні да басылмаған. Оның айтқан жауаптары да көкейіне қона қоймаған. Гүлжанның сол бір гүл үшін бұртиып, тіл қатпастан кейін бұрылып, ауылға қарай тоқтаусыз жүгіріп кеткені де ол күмәнін күшейте түскен. Содан кейін өзіне ерекше құрмет көрсетіп, мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, өзінің ұзақ жұлдызаралық сапары жайлы жиі сұрайтын осы Сәрсернгүлге көңілі ауған.
Екеуі әңгімеге беріліп, ауыл шетіне шығып кеткереріін де аңғармай қалды. Сәрсенгүлдің үйі де ауылдың тап осы шетінде. Екеуі бір ауылдың тұрғыны. Егер қыз қарсы болмай Мерген оның әке шешесінің алдына барып, көкейіндегісін ашып айтса, олар қарсы бола қоймас та еді. Кім өзі мәпелеп өсірген қызының есімі әлемге әйгілі жігітке тұрмсқа шыққанын жек көреді.Үйінің жанына келген соң Сәрсенгүл осы жерге дейін жұлдызаралық сапарлары туралы Мерген айтқан әңгімелердің қызықты екеніне ризашылығын білдірді. Мерген болса, әңгімесін одан әрі қарай жалғастыра түскісі келеді. Сәрсенгүл, өзі бүкіл ауылтұрғындары жақсы білетін мұғалима болғандықтан. артық жүрісі тұрысы болмағандықтан оқушыларға сабағын бергеннен кейін ешқайда бұрылмастан үйіне қайтуға асығатын. Ертерек әкесі мен шешесінің жанына барып, оларға уқтылы тамақ пісіріп беріді ойлайтын. Өзінен үлкен екі әпкесі мен ағасы бөлек отау тіккендіктен үйге сирек келеді. Ендігі тұрмысқа шығудың кезегі Сәрсенгнүлде еді. Әке шешесі де кенже қызын қанша жақсы көрсе де, өмірдің заңына сай оның өмірлік орнын тапқанын қалайды. Ал мына көрініс оларға тек қуаныш қана ұялатпақ көкейлеріне.
- Мерген аға, айып етпесеңіз, мен енді үйіме барайын? - деді әлден соң Сәрсенгүл ұяң жүзін Мергенге жай ғана бұрып.
- Қайда асығасың, Сәрсенгүл? Одан да ауылдан сырттап, түн тыныштығында қыдырайық та? - деп, Мерген қызға қимастық тарнытты.
- Тағы бірде барармыз, Мерген аға! Мен үйге қайтайын! Үйде мен әке шешем күтіп отыр, тағатсыздана,- деді қыз жай ғана.
- Қандай бақытты қызсың, Сәрсенгүл, әкең де бар, шешең де бар,- деп терең күрсінді Мерген,- ал менің ешкімім де жоқ. Әке шешем түгілі, туған туыстарым да әлдеқашан о дүниелік болып кетіпті.
- Сіз жалғыз емессіз, Мерген аға,- деді Сәрсенгүл үй жағына бір қарап қойып,- осы ауылдың тұрғындарының бәрі де сіздің туысыңыз. Сізді танымайтын, құрметтемейдін адам тек осы ауыл, елімізде ғана емес, күллі Жер шары халықтарында жоқ!
- Сен мені асыра мақтап жібердің, Сірсенгүл?- деп, Мерген айналасын көзімен шолып қойды,- жарайды, үйіңе бара берн. Тек екеуміз енді әрбір кеште кездесіп, осылай серуендеп жүретін болайәық. Жұлдызаралық сапарым туралы айтатын әңгіме әлі көп.
Қыз үндемеді. Бұл бір жағынан іштей келісім бергенінің де белгісі еді. Әйгілі ғарышкердің ұсынысынен қалайша бас тартсын. Тек ол ма, сәрсенгүлге Мергеннің кейбір мінезі сырттай ұнайтын. Бірақ жаны нәзік қыз ол ішкі сезімін білдірмеуге тырысатын. Мерген де уыздай жас қыздың әдемі жүзіне қайта қайта қарай берген. Былайша қарағанда, қыз Мергеннен небәрі үш ақ жасқа кіші. Ал шындығында екеуінің арасын қаншама уақыт бөліп жатыр. Мерген өткен уақыттың, ал қыз бүгінгі уақыттың жасы. Ал қатар тұра қалғанда екеуінің уақыт айырмасын ешкім де солай деп айтпмас еді. Мергеннің нағыз замандасы Гүлжвн, Маржан, Айтқали, Жеңіс, Мейірбек пен ЖҰматай. Бірақ қанша жас көрінсе де, ғарышкерлерді ауылдың ең үлкен деген қариялары да құрмет тұтады. Олар ғарышкерлермен үлкендермен сөйлескендей тілдеседі, ақылдасады.
Әлден уақытта Сәрсернгүл тап өзінің үйының жанында, әйгілі ғарышкермен бірге ұзақ тқрып қалғанын сезіп, іштей ыңғайсызданып,жігітке қайта қарап:
- Мерген аға, мен барайын! Сау болыңыз! - деді.
- Жарайды, бара бер. Ертең кешкілік осы төңіректе кездесеміз,- деді Мерген батыл түрде.
Қыз такғы да үндемеді. Н:е десін. Мергеннің жүзі де, сөзі де жас қыздың уыз жүрегін жаулап алғандаай. Бұл кездесуде Мерген қыздың өзіне кетәрі емес екенін де сезді. Гүлжанды біржолата ұмытып, осы қызға жақындауды да ішінен жоспарлап тұрды. Сәрсенүл жігіттің жаңағы ұсынысына жауап ретінде басын сәл ғана изеді де:
- Сау болыңыз, Мерген аға,- деп,кейін бұрылып, үлкен қақпа есік арқылы ішке қарай еніп кетті.
Мерген аяңдай басып, ауылдың екінші шетіндегі өзінеарнайы салынған үш қабат үйіне қарай кет ті.
Ғажайып гүл
Гүлжан соңғы кездері көңілсіз жүрді. Осы кезге дейін өзінің жалғыздығын Мерген білдірмей келсе, әнеукүнгі оқиғадан кейін тіпті де түсіп кетті. Бүгінде өзімен бірге жұлдызаралық сапарда болған жігіттер бір бір қызбен көңіл қосқан. Айтқали мен Маржан отау тіккен. Мұнда о бастан жұп жазбай махаббат бесігінде тербелген Мерген екеуі еді. Енді Мергеннің де өз ауылындағы Сәрсенгүл есімді мұғалима қызкға сөз айтып жүргені жөнінде сөз тарай бастады. Әйгілі ғарышкердің қит еткен жүрісі ел көзі мен құлағында болса керек. Оны естіген Гүлжанның Мергенге деген қызғаныш сезімі оянды. Бірақ онысын сездіруге дәті жоқ еді. Кейде оңашалықта Гүлжан: "Сол бір ғажайып ғаламшардағы бөтен гүлде нем бар еді? Мерген екеуміздің бар ренішіміз де сол гүл үшін бблды емес пе? Ол аздай, ол гүлдің қасақана кемеге ілігіп, Жерімізге жеткенін қарашы, бір жерде жоқ болмай!" деп қатты өкініп алады да, артынша: "Жоқ, мен ол гүлді бәрібір ұнатамын. Оны ұмыта алмаймын, ешқашан да. Ол гүл үшін мен барлық жағдайкға барамын. Мен құдай алдында ақпын, пәкпін. Сондықтан да менің ісімде ағаттық жоқ. Мерген маған сенемін десе де, сенбеймін десе де өзі білсін" деп, қайтадан жігерлене түседі. Сөйтіп, бірде көңілді, бірде көңілсіз күй кешіп, күндерін өткізіп жатты.
Осы күндердің бірінде күндізгі ботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп болып, қатты шаршап, жатын бөлмесіндегі жұмсақ төсегіне келіп құлаған. Көрші қолаңдармен де емен жарқын әңгімелескен жоқ. кешкі асқа да зауқы болмаған. Еш болмаса жеңіл тамақтарнып, бір екі кесе шай да ішпеді. Қатты шаршау мен көңілсіздіктен ұзын қара кірпіктері де тез айқаса кеткен еді.
Содан күндізгі ой армандары түсіне енген. Сол баяғы өздері барып қайқан ғажайып ғаламшарда жүр екен жетеуі де. Айнала ғажайып әлем. Бәрі бірге нешетүрлі әңгімелер айтып келеді. Ара тұра Мерген де, өзі де жігіттер айтқан әлдеқандай әзілге Маржан екеуі сықылықтай кеп күледі. Айнала төңіректің әсем көріністері қай қайсысының да көңілін ерекше көтеріп жіберген. Өзі Мергенмен қатар жүріп келеді. Біраздан соң бәрі де қалың өскен ғажайып гүл әлеміне енген. Өңінде көргендей жай, қарапайым гүлдер емес, бәрі де иіліп, қылымсып тұрған жас қыздардай ғажайып гүлдер. Өздері сабағы дейтіндері де кіп кішкентай, қолға ұстауға да өте бейімді келген. Қауызының ішіндегі қауашағы қыздың басына айналып кеткендей. Гүлдің көзі мен аузының орны сияқты қарайып тұратын тесіктері де енді кәдімгі көз бен ауызға айналғандай. Әрі ол соншалықты әдемі. Тек жүретін аяқтары жоқ. Гүлдердің бәрі де төменгі жағы балықтың құйырығына айналып кеткен балық қызды көзге елестетеді. Мерген де өңіндегідей емес, басқаша. Ол гүлдерге үлкен құрметпен қарайды.
Өзі сол гүлдердің біріне жақындап барып тілдеспек те болады. Сәл ғана самал жел үп етсе болғаны, әлгі гүлдер бір бірлеріне сыңғыр сыңғыр соқтығысып, сықылықтап күле жөнелгендей күйге көшеді. Мерген екеуінен басқалар алға озып кеткен. Ал гүлдер болса, екеуінің пәк сезімді махаббаттарына қызыға қарайды. Қауыздарын бір ашады, бір жабады. Сол кезде өзі де шыдамай:
- Мерген, мына тап қыздардай гүлдерден көп етіп Жерге ала кетейікші!- деп өтініш білдірді.
- Алайық! - деді Мерген бас тартпай.
- Сен мұны шынымен айтып тұрсың ба, Мерген? - деп өзі одан қайталап сұрады.
- Шынымен айтып тұрмын, ала бер, қанша алғың келсе де! - деді Мерген.
Содан өзі қалың өсіп тұрған әдемі гүлдердің бірін өсіп тұрған жерінен суырып ала берген еді, қалған барлық гүлдер қосыла сықылықтай кеп күлгендей дыбыс шығарды."Бұлар мұндай емес еді ғой" деп ойланып қалды өзі. Содан екінші рет жақындай бергенде, кенеттен жел тұрып, күллі әлем алай дүлей күйге көшкендей болды да кетті. Өзі ол желден қороғанамын деп жүргенде, Мергенді желдің қалай қарай желпіп жібергенін ажырата алмай адасты да қалды. Айнала толған тек гүл. Бәрі де өзінің мына тағдырына әбіржулі сияқтанады. Қайғысына ортақтасқандай мұңаяды бәрі де. Енді бір кезде, жел басылып, аспан ашылған кезде қараса, Мерген басқа бір гүлді таңдап алып, оны Жерге алып кетуге дайын тұр екен. Содан өзі бұл жолы оған былай деп дауыстады:
- Мерген, сен қайда кеткенсің? Басқа гүлді теріп алғаның қалай? Мына менің қасымдағы гүлдерден теріп алатын болып келісіп едік қой жаңа!?
Мерген бұл сөздеріне жауап қайтармады. Қолына ұстаған бөтен гүлге үнсіз қарап тұр. Өзінің дауысы оған жетпеген сияқты. Қанша қатты айғайлайын десе де, дауысы шығар емес. Ал көз алдындағы гүлдер болса, өзін мазақ еткендей, иә болмаса, қайғысына ортақтасқандай сықылықтап кеп күле жөнеледі. Содан өзі шыдамады. Жанындағы өзіне қарап тұрған қыз гүлді өсіп тұрған орнынан еппен ғана суырып алды да, тұла бойын көзімен шолып өтті. Оның тамыры жоқ екен. Оның орнында бірігіп, тұтасып келкен аяқ. "Мына қыз гүлді Жерге, елге аман есен жеткізіп алсам, емдер едім, жүртіндей етер едім. Жердегі тұрғындардың бәрі де мұны көргенде ерекше таңданатын болады. Мерген рұқсат беріп тұрғанда ала қояйын" деп, гүлді иіскеп, кеуде тұсына жақындатып, шынымен ақ кіп кшікентай сүйкімді қызды ғаламшар үстінен көтеріп алғандай күй кешті.
Содан бір кезде Мерген ойына қайта түсіп, ол тұрған жаққа қараса, оның қолында да, төңірегінде де ешқандай гүл жоқ. Өзі жайымен ғана басып, осылай қарай келе жатыр. Өзінің тұла бойы шымырлап кетті. Бәрі үшін әрбір секунд уақыт қымбат еді. Жерге оралатын уақыт та таяп қалған. Мерген келген бетте өзі қолындағы гүлді оған көрсетті. Гүлді өзі де иіскеді, Мергенге де иіскетті. Қуагышы мен бақытырнда шек жоқ еді. Содан бір кезде өзі:
- Мерген, сапарлас достарымыз қайды? Соларды табайық! Содан соң мынандай гүлден тағы да көп етіп теріп алып, кемеге отырайық!- деп аптыға сқйледі.
- Қазір, табамыз оларды!- деп, Мерген өзінің қолындағы гүлге бір қарап қойды.
Содан соң Мерген өзінің сол қолынан мықтылап ұстап алды. Артынша сапарлас достарының келе жатқан дыбыстары мен сөйлеген, күлген дауыстары естілді. Олар екеуінің іс қимылдарын манадан бері бақылап тұрған секілді. Маржан жылдам басып келіп, көптен бері көрмеген, сөйтіп қатты сағынып қалған адамдай құшақтай алды. Мергенді Айтқали, Жеңіс, Мейірбек пен Жұматай қаумалап алған. Сол сәтте өзінің көңіл күйінде кіршік болған жоқ. Риясыз жымиып, Мергенге жақындай берген. Сол кезде Мерген де:
- Барлық зерттеуім із сәт ті басталып, сәтті аяқталды! Кемеге отыралық! - еді.
Содан өзі оң жағына жалт бұрылса, жұлдызаралық кемпелері Күн сияқты жарқыраған жұлдыздың сәулесіне шағылысып тұр. Бәрі ғажайып ғаламшардың тамаша табиғатына бір бір қарап алып, кемеге отырды. Артынша от қосылып, кеменің күллі қабырғалары діріл қақты. Өзі сол замат кеме терезелерінің бірінен төмен көз жіберген. Ғажайып ғаламшардағы әлгі гүлдер жайқалып, шайқалып, бастарын шұлғығандай болып, қол бұлғағандай болып алыстап көз ұшында қала берді. Өзі қасындакғы гүлге қарайды. Оның кшікне ғана домалақ басы олай бір. былай бір бұрылып қоятын сияқты. Оған Мергеннің де әуесі кетіп отыр.
Осы тұста Гүлжан ұйқыдан селт оянып кетті. Таң қылаң беріп қалған мезгіл екен. Күншығыс тұстағы үлкен терезенің жұқа ақ пердесі ағарып тұр. Гүлжан түсінде көрген ғажайып гүлді тағы бір көргісі келгендей екі көзін қайта жұмды. Сол сәтте әлгі ғажайып гүл дәл өзінің жатын бөлмсіне келіп тұрғандай көрініп те кетті. Өзі ұйқтап тұрған жұмсақ төсек те енді сол жұлдызаралық кемедегі жатын бөлмесіндегі жұмсақ төсекке айналып кеткендей. Өзінің әрбір қозғалысынан туындаған төсек дірілі де сол кемені еске түсіреді. Оған әбден үйреніп те қалыпты. Сәлден соң Гүлжан өмірде, өңінде орындалмаған арманының түсінде орындалғанына да шүкіршілік етті. Ерекше бір қуаныш сезіміне бөленді. "Мұндай түстің кіргеніне де шүкір дейін,- деді ол енді сәлден соң өз өзінен жай ғана күбірлей сөйлеп,- мұның өзі де маған енді бір жұбаныш қой! Өңіңде ешқашан орындалмайтын арманың түсіңде орындалады екен ау!".Ұйқысы ашылған сайын көңіл күйі де құлази бергендей болды. Түсінде көргендерінің бәрі де өңінде болып көрген нәрсе емес. Егер соның бәрі өңінде болып жатса, не арманы бар.
Гүлжан енді төсегінен ширақ тұрып, жинастырып, асханадағы автомат аспазшыға таңғы асты әзірлеуге тапсырма берді. Өзі жуынып шайынатын бөлмеге еніп, жуынып шайынып, айнаға қарап бойын түзеді. Сыртта күтіп тұрған жұмысы көп еді. Ауыл шетінде орналасқан ботаника бағына баруы керек. Ендігі қалған ісі де тек сондағы түрлі гүлдермен сырласумен шектелмек те сияқты. Гүлжан жастайынан ақ өсімдік тірішілігін зерттеу ғылымына құмар тын. Сол арман мақсатына да жетті. Тек бір жағы ғана сәтсіздеу болып тұр. Жас қыздың жүрегіне тек сол ғана жазылмастай дақ салғандай. Гүлжан терең демін алып, асханада дайын болған таңғы астан шамалы ғана дәм татты да, жұмысына қарай асықты.
Таудағы таңғажайып гүл
Жеті ғарышкер де Жер жағдайына қайта қалыптасқан соң қарап жүрмеген. Бәрі де өз мамандықтарына сай іске кірісіп кеткен. Бұл заманда жетеуі де ерекше көрнекті жандар еді. Әр нәрсе өз заманында. Егер Жерде, елде өздері жұлдызаралық сапарға аттанғанға дейінгі уақыт сол қалпында сақталған болса,. онда бәрі де әке шешелерімен, туған туыс, дос жарандарымен сол баяғыша араласып құраласып, емен жарқын өмір сүре берер едіі. Енді ғарышкерлердің қай қайсысы да екі түрлі ғаламшардың, екі түрлі тірішіліктің куәгерлері. Қай кезде де осы Жер мен сол гүлді әлем көмкерген ғажайып ғаламшарды салыстыра қарайды. Бүгінде жетеуі де өз мамандықтарына сай арнайы салынған ғылыми орындарда жетекші, ақылшы, үйретуші міндеттерін атқарады. Қанша дегенмен де, өзге жұлдызды әлемге барып келген соң бәрі де Жердегілерге, елдегілерге ерекше көрініп тұрады. Жердегі, елдегі ұрпақтар ғарышкерлерден мыңдаған жылдарға кіші болғандықтан жас жағы сай келіп тұрса да, аға, әпке тұтады.
Мерген өз ауылындағы геологиялық орталықта жетекші ғалым. Оның айналасында көптеген шәкірттері бар. Олардың бәрі де ұстазы барып қайтқан сол бір ғажайып ғаламшар жайлы жиі сұрайды. Геологтің негізгі бір мақсаты тас табиғатын терең зерттеу болғандықтан тауға жиі жиі шығып тұрады. Бүгінде Жер қыртысы астырндағы кен көзін табу қиын емес. Оны тек жер бетінен емес, сонау ғарыштан, ондағы ғарыш кемелеріне орнатылған күрделі құралдардан дәл табуға болады. Бұл ешкімге де жаңалық емес. Бірақ, соған қарамастан жер бетінде де геологиялық барлау жұмыстары жалкғасып жатады. Өмірдің зағы солай. Жер қыртысы астын зерттеудің жаңа әдісі табылды екен деп біржақты болып кетуге де негіз жоқ. Бұл зерттеу орталығы Мерген Тұрлығазыұлының ғарыштан да, жер қойнауынан да геологиялық зерттеуден мол тәжірибесі бар. Сондықтан да бұл геологтар тобы айрықша топ болып көзге түскен.
Соңғы кедері Мерген ауылынан аса алыс емес жердегі тауға сапар ұйымдастыруды жиі қолға алған. Қарамағында ғылыми зерттеу жұмыстарын бірге жүргізетін үш шәкіртін алып, шағын әуе кемесіне мініп, сонда бармаққа жиналған. Оңан шәкірттері де үлкен ілтипатпен келіскен. Зерттеу орталығында бұрыннан тұрған тастарды айналдырып көре бергенше, ара тұра тауға шығып, көңіл сергітіп, жаңалық іздеп, сәті келгенде жаңалық ашып қайтқанға не жетсін. Оның үстіне Мерген жұлдызаралық сапардан қайта оралып келгенше, бұл тауды зерттеу де саябырсып қалған секілді. Бұдан бұрынырақ басқа аймақтағы бір зерттеуге қатысқаны бар. Ал ауыл табиғаты, таулары көз алдында болғандықтан оған онша мән бере бермейтін. Күн сайын үнсіз, менмұндалап шақырмайтын тауларға бір қарап қойып жүре беретін.
Ал мына ісі тек қана үш шәкірті ғана емес, осы орталықтағы күллі ғалым, қызметкерлерді де елеңдеткен. Шағын әуе кемесі болған соң ұшқышпен бесеуі оған отырып, жерден көтеріліп, тауды бетке алды. Бұл әуе кемесінің аты "Лашын" еді.Ол аңай ұшады, оңай қонады. Қонатын жерін таңдамайды. Геологтарға арналған. Мұндай әуе көлігі Мерген жұлдызаралық сапарға аттанбай тұрған кезде де болатын. Ал мынау одан өзгешелеу, оның жетілдірілген түрі. Әрі жаңа. Кейінгі ұрпақтың өкілдері Мергеннің бір бір сөзін жыққан емес. Әркез тек әйгілі ғарышкер ретінде ғана емес, үлкен адам, ғалым адам ретінде де құрмет тұтады. Бейнелеп айтқанда, Мерген жап жас алып адам да, қалғандар сол жастағы кішкентай адамдар.
Төртеуі де әуе кемесі ұшып шыққан бойдан терезеге тақалып, сыртты бақылап отыр. Ұзақ та қиын сапардан оралған Мергенге мына әуе кемесі тап бір жас балаларға арналған ойын әуе кемесі сияқты көрінеді. Сондықтан да кеменің қалт құлт еткені, кілт төмендеп немесе кілт жоғарылай ұшқаны Мергенге еш әсер ете қоймайды. Оның дәл қззіргі есіл дерті кеме ішінде кімнің қандай күйде отырғанында емес, төмндегі тау құрылымында, өзіне етене ыстық ауыл аймағында. Ал қалған үшеудің есіл дерті кеменің қалай ұшқанында, оның тау тасқа соқтығысып қалмай аман есен дітттеген жерге қонуы болып отыр. Олар жас геологтар болғандықтан мұндай сапарға да сирек шығады. Әуе кемесіне де сирек мінеді. Сондықтан да оларға мына кеменің ұшу барысында қалт құлт еткені, төмендеп, жоғарылағаны, төменнен көрінген қатпар қатпар таулар мен сай сала, өзен, ну орман ағаштары кәдімгідей қорқыныш сезімін тудырады.Бірақ жас ғалымдардың ешқайсысы да сыр бере қойған жоқы Жандарында отырған әйгілі ғарышкер өздерін кез келген қатерден қорғап қалатындай болады. "Әуе кемесі құлап мерт болсам, әйгілі ғарышкермен бірге мерт боламын. Бүкіл ел білетін болсды оны" деп те пендешілікке барады кейбірі ішінен.
Әуе кемесі адам баласы із салмакған тау аймағының үстінен бірнеше рет айналып ұшып өтті. Содан соң ол Мергеннің белгісімпен күрт төмендеді де, үсті тегістпеу келген бір жалпақ тастың бетіне құс сияқты жеңіл қона кетті. Шәкірттері кәдімгідей қорқып қалды. Қорқатыны жалпақ тас тегіс жерде емес, биік бір шыңның басында жатқан тас еді. Айналаның бәрі өздері тап бір биік мұнараның үстінде тұрғандай ап анық көрінеді. Мерген өзі бастап, шыны есікті жайымпен ашып, сыртқа шықты. Аздап жел соғып тұр.Сиреген шаштары да, көйлегінің жағасы да ол желден желбіреп жөнелді. Мерген болса, ештемеден саспай, қайта сол жел соққан жаққа қарай бұрылып, терең тыныс алады, рахаттанады. Айрнала төңірегіне де жиі жиі бұырылып қарайды. Ауылға келдім, жеттім деп көңіл орнықтырғаны болмаса, табиғатты дәл осылай тамашалаған емес. Бұл жолМ ы Мерген көз алдындағы таулардан да біршама өзгерістерді аңғарды. Кей жартастар жел мен жаңбыр суынан мүжілген. Жаңа пайда болған жартастар да бар. Бұдан бұрын өзі көрмеген бұталар қаншама. Мерген кей жерлерін тіпті, таанымай да қалды. Бұта болмаған жерлерге қалың бұта өсіп, қалың бұталар болған жерлер жалаңаштанып қалған. Табиғат келбетінің уақыт талабына сай осылайша үнемі өзгеріп отыратынын геолог ретінде жақсы білетіндіктен Мерген бұл өзгерістерге аса таңғалмады. Айналаны біршама уақыт шолып өтіп, жалпақ тастың бір шетіндегі төмен қарай түсуге болатын жерге назар аударды. Бұл кезде әуе кемесінің үні де сөніп, айналаның тылсым тірішілігі сезіліп тұрған. Шәкірттері екі ғаламшардың куәгері болмағандықтан үйреншікті ауыл табиғатына аса ден де қоймады. Тек мерген үшін мұның бәрі де таусылмайтын жаңалық тәрізді. Жан жағына, айнала төңірегіне сүйсіне қарайды. Басқа жұлдыз жүйесіндегі ғаламшар түгілі, ауылдан қалаға барып, онда біраз уақыт болып қайтқан адамның өзі де өз табиғатын сағынып қалады емес пе?
Мерген тас тасты тепкешекше пайдаланып, еппен басып, төмендей берді. Ара тұра кідіріп, айнала төңірекке көз салудан да жалығар емес. Ылдилаған сайын жартас басы биіктеп, оның үстіндегі жалпақ таста тұрған лашын пішінді әуе кемесінің бауыры қарайып көрінді. Зерттеушілер анда санда оған көз салып қояды. Тас шатқалдың төменгі жағы жотаға ұласады. Одан әрі қарай ұзап кете береді. Бұл төңіректегі тастар Мергенге бала күннен жақсы белгілі. Бірақ өзі жұлдызаралық сапарға барып келгенше арада көп уақыт өтті. Мергеннің айнала табиғат аясына терең зер сала қарауының басты себебі де сол еді. Дегенмен де, Мерген ауыл аймағы табиғатынан пәлендей көзге түсерлік өзгерістерді байқай алмады. Мұнда жұлдызды әлемнен ұшып келіп түскен тас та, оның ойық орны да байқалмайды. Бірақ жалпы жер бедерінде біршама өзгерістердің орын алғаны бірден бетке ұрады.
Шәкірттер мынандай әйгілі адаммпен бірге серуен құрып, зерттеу ісіне қатысқандарына қызығып, бір бірімен әлденеге аййтысып, алға қарай ұзап те кеткен. Иықтарына асынған кен орнын сезгіш құралдары да әзірге ешбір белгі дабыл бермеген. Мерген жерден көлемі мен түсі әрүрлі тастардан қолына жиі жиі алып, оларды айналдыра қараумен келеді. Тастардың көбі де өзіне бала күннен жақсы таныс. Қолындағы ұлғайтқыш шыны сияқты шынысын кез келген тас бетіне жақындатып ұстағанда, оның жасы шыныдакғы мөлдір экранға жазыла кететін. Мерген сол жазуға қарап тастың жасының өзінен қанша жасқа үлкен немесе кіші екенін біле қояды. Сол тастардың өзінің титтей бала шағынан бері өзгермей, бұзылмай жатқанына көзін жеткізгенде мәз болады, риза болады.
- Ал,құрдасым, екеуміз тағы кездестік! Осыншама уақыт бір орныңда қалайша тырп етпей жаттың екен,ә?!- деп қояды.
Әдемі келген кішкене тастарды Мерген ойланбастан ыдысына салады. Өзі тұратын үш қабатты үйдегі арнайы бөлмедегі тастар қойылған сөреге апармақ, Осылайша ол жерден нешетүрлі тастарды көтерді. Сөйтіп болып, енді шәкірттерін шақыруға ыңғсайлана бергенде олардың бірі:
- Мерген аға, сіз мынандай бір ғажайып гүлді көрдіңіз бе? - деп қалды.
- Ол неғылған гүл? Мен ауылымда қандай гүл өсетінін ұмыта қойған жоқпын. Барлық түрін жатқа білемін, інілерім!- деді Мерген.
- Дегенмен де келіп көресіз бе? Өзі бір ғажайып гүл! Жұлып алуға батпай тұрмыз! Өзі жалғыз ақ тал!
- Ол неғылған гүл, мына салқын күзде өсіп тұрған! - деп Мерген шйкірттеріне қарай жақындай түсті.
Жас ғалымдар ғажайып гүлді жан жағынан қоршап тұр. Сондықтан да Мергенге қандай гүл екені қашан жақындап барғанша байқалған жоқ. Мергеннің ойынша, ол көктем кезінде гүлдеп, кейіннен сабағы мен қауызы қурап қатып қалатын қызғалдақтың өзі болуы керек еді. Жоқ, мүлдем олай емес екен. Мерген гүлді көрген бойда тілге келместен бір орнында қалшиып тұрды да қалды.Шәкірттер бір Мергенге, бір ғажайып гүлге қарайды. Ешқайсысы ештемені түсінер емес. Мерген болса енді бұл ғсажайып гүлден бұл жалғанда құтыла алмайтынына көзін жеткізгендей жиі жиі күрсінеді. "Қоқысқа тастай салыңдар" деген гүл өзінің ауылына, тауына да жетіпті. Тек оның осыншама қашық жерге аз уақыттың ішінде қалай, кім арқылы жеткені жұмбақ. Өзі шын мәнінде де қураған гүл сияқтанып тұрғанымен, орын ауыстырушылық қабілетінде шек жоқтай. Мерген сәлден соң "Шәкірттерімді сескендіріп алмайын" деген ниетпен есін тез жиып алды да, ештемені білмеген болып:
- Бұл өзі расында да бір ғажайып гүл екен! Еппен ғана жұлып алыңдар! Үйге алып кетеміз! - деді жай ғана.
- Мерген аға, бұл өзі қандай гүл? - деді Ғалым есімді шәкірті.
- Мұны ботаник ғалымдар ажырата жатар! Соолардан білеміз! Ал қазір гүл жайлы әңгіме қозғап тұратын уақыт жоқ! Гүлді арнайы ыдысқа салыңдар да, іске кірісіңдер. Тас табуымыз керек.
- Ол неғылған тас? - деді Темірбек есімді шәкірті.
- Мына өздерің кездестірген гүл жернгілікті гүл емес! Оны өздерің де байқап тұрсыңдар ғой!
- Иә, аға, солай сияқты, - деді гүлді ыдысын салып жатып, Әлім есімді шәкірті, - өзінің түрі де бір қызық! Әрі өзі қурап қалған гүл сияқты бірдеме! Жеп жеңіл. Тірі гүл деп айтпайсың!
- Солай болып тұр, - деді Мерген жай ғана.
- Бұл гүл сізге бұрыннан таныс емес пе, Мерген аға? - сол кезде гүлге бір, Мергенге бір көз тастаған Темірбек.
- Иі... - деді Мерген төмен қарап тұрған күйінде сәл ғана басын шұлғып, күмілжи сөйлеп.
Шәкірттері одан әрі сұрақ қоймады.Төртеуі төрт жаққа бұрылып, жерден әдемі, ерекше деген шағын тастарды жинауға кірісті. Бірақ бұл маңда аспаннан ағып келіп түскен ешқандай да тас жоқ еді. Қолдарындағы құралдар да ондай бөтеннің бұл аймақтан орын теппегенін білдірді. Содан соң зерттуші геологтар жер ауыстыруды жөн санады. Жинаған нешетүрлі тастары салынған ыдыстар мен гүл салынған бөлек ыдысты әуе кемесінің арнайы бөліміне салып, жалпақ тастан әуеге қарай көтеріліп кетті. Мұндағы мақсат: "Бәлкім, аспан тағы осы аймаққа түскен болар. Ал мына гүл желмен қаңбақ шөпше домалап осында жетіп, қара топыраққа қадалған болар" деген ой келген еді Мергенге. Шәкіірттері Мергеннің бұл ойын терең түсінбеді.Олардың есіл дерттері ауыл аймағының тамаша табиғатында, тауы мен тасында болды.
Әуе кемесі әлгі шоқыны бірнеше рет айналып ұшты. Оның төңірегінен аспан тасынан ойылған қазаншұңқырлар көзге шалынбады. Содан соң ұшқыш әуе кемесін Мергеннің белгісімен солтүстікке қарай бұрды. Мерген кеме терезесі арқылы сыртқа қарап, ара тұра қазба байлық орнын дәл көрсететін құралының экранын бақылап отырғанымен әлгі ғажайып гүл есіне түсіп, ойы шартарапқа шашылды. Сол өздері жұлдызаралық кемемен ұшып барып қайтқан ғажайып ғаламшар, ондағы ғажайып гүлдер мен олардың қым қуыт күрделі тірішіліктері, ол ғаламшардан Жерге қарай аттанар алдындағы Гүлжанніың айтқан өтініштері мен өзінің қарсылығы... Онан кейін Жерде, сол гүл жөнінде болған әңгіме. Гүлжан екеуінің осы гүл үшін ренжіскендері... Мерген бұл оқикғадан кейін ауыл аймағына геологиялық зерттеу жүргізудің де берекелі болмайтынын түсінді. Гүлжанмен қайта табысуды да ойлады. Сол мақсатын тезірек орындауға деген ынта ықыласы да күшейе түсті.
- Жарайды, жігіттер, бүгінге осышаршағанымыз да жетер! Алдымызда әлі зерттейтін нәрслер көп! Қазір үйге қайтайық! - деп ұшқышқа иек қақты.
Ұшқыш "Түсіндім, сізді" дегендей басын жай ғана шұлғыды да, әуе көлігін бұрып алып, ауылға қарай бағыттады. Мерген әлгі ыдыстағы гүлді қасына алды. Гүл бейнебір жансызданып қалғандай Мергеннің қос алақанында былқ сылқ жатты.
Бақ ішінде
Әдеттегісінен ерте тұрған Гүлжан төбесі мөлдір шынымен көмкерілген, көлемі атшаптырып шаршы жерді алып жатқан ботаникалық бақ ішін жайымен жүріп аралап келе жатты. Бақтың ішінде нешетүрлі гүлдер жайқалып тұр. Олардың бәрі де бейнебір өздерін аялап, күтіп, суғарып жүрген иесіне сәлем бергендей баяу тербеледі. Үсті шынымен жабық болғанымен бақ ішіне ауа да, самал жел де емін еркін енеді. Ал көбіне бақтың төбесі мүлдем ашық. Ол тек ауа райы қатты өзгерген жағдайда ғана сезгіш автоматты жүйелердің көмегімен жабылады. Бүгін күн ашық болғандықтан гүлдердің қауыздары ерте ашылған. Әрбір гүлдің өзіне тән ерекшелігі бар. Сезімталдығы жағынан да әрқалай қабілетті. Кейбіреуі өзіне жанап кеткенді сезе қояды. Енді бірі ауа райының өзгерісіне қарай құбылады. Келесі бірі, тіпті, қауызын Күн батып, қас қарая берген мезетте қауызын ашады. Бақта Жер шарында өсетін гүлдердің барлық түрі дерлік бар. Гүлжан оларды зерттей жүріп, әрқайсысынан әйтеуір бір жаңалық табады.
Гүлжан титтейінен гүл атаулыға құмар тын. Ал алыс жұлдызаралық сапарға барып келгелі бері ол құмарлығы еселене түскен. Қай кезде де гүл сөзі айтыла қалса, ішкелі отырған асын тастай соны көруге даяр. Сол ниетіне қарай енді міне үлкен гүл бағын иелігіне алды. Ботаника ғылымын одан әрі қарай дамыта түсуіне үлкен жол ашылды. Бүгінде Гүлжан тек қана ботаник емес, ғарышкер ботаник деген атқа да ие. Бұл мамандық өзіне ерекше бөлек мамандық болып табылады, оның ғылыми зерттеу істері де қашан да тартымды әрі қызық. Гүл атаулының бәрі де нәзік сезімнің иелері. Гүлжанның өзінің ішкі сезімі де қызға тән нәзік. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет атқарса да үнемі ой үстінде жүреді. Ой үстінде жүріп, ойындағысын орындайды. Бақтағы гүлдердің әрбіріне жеке жеке назар аударып, олардың жай күйіне ішкі сезімімен тереңдейді. Оларды жаңа туылған жас нәрестелердей күтеді, қадағалайды. Біреуінің де не сусырап, не солып қалуына жол бермейді. Гүлдер де Гүлжанның бұл таза пейілін сезетін сияқтанады. Бүгінде адамның арнайы құрал арқылы берген белгісін түсініп, кейбірін орындайтын гүлдер де бар.
Соңғы кездері Гүлжан ерекше қабілетті деген гүлдерді бір бірімен будандастыру арқылы өзі сонау жұлдызды әлемдегі ғаламшардан көрген ғажайып гүлдей гүлді өсіріп алуды да алдына мақсат етіп қойған. Ендігі өмірін де сол зерттеулеріне арнамақ. Мергенмен ренжіскелі бері жігіт атаулыны санасынан да, есіненде шығарған. Жігіттерге қыз көп, Жігіттер ойындағысын кез келген қызға батыл айта алады.Ал қыз байғұс ішкі сезімін қалай ашып жеткізсін. Қыздардың махаббаты жөнінде ақын Ұлықбек Есдіулетұрпағы:
... Қыздардың махаббатын ұғу үшін,
Жаз болып жайнап,
Қыс болыпм суу керек,
Қыздардың махаббатын ұғу үшін,
Қыз болып туылу керек!- деп жазған.
Қыздың жан дүниесін ашатын осындамй өлең жолдарын Гүлжан жас кезінде құрбы қыздарынан естіген болатын. Бүгінде ол қыздардың бірі де жоқ. Әлдеқашан қартайып, кемпір болып, бұл жарық та жылы дүниемен біржолата қош айтып, о дүниеге кеткен. Гүлжан кейде осы өлең жолдарымен бірге сол құрбыларын да есіне алады. Өздері жұлдызаралық сапарда болған кездерінде кеме ішіндегі уақыт баяулап, Жерде осыншама көп уақыт өтіп кетпеген болса, ол қыздар әлі де өлеңді әркез есіне түсріген болар еді. Енді амал қанша. Уақыт үкіміне не шара. Гүлжан өлеңді жиі есіне алады. Басқа әуендерді де ойына түсіріп, әндетіп жүріп, гүлдерін қарайды. Бақ іші кейде Гүлжанға жұлдызаралық кемедегі орандереяның ішін де есіне салады. Жұлдызаралық кеме ішінде өткен өздік уақыттың үш жылында Мерген екеуі оранжереяда талай рет қыдырған. Бір бірінен сыр жасырмаған. Сонда екеуі ғана емес, кемпедегі күллі топқа Жерге жету үлкен арман болған еді. Тек екеуі сол армандарына жеткен кезде екінші бір жағы оңалмады. Аадам баласының бұл өмірдегі тағдыры тап ауа райы сияқты құбылмалы келеді. Ұлы Жаратушы да адам пендені бар арманына жете бермейтиіндей етіп жаратса керек. Бірақ бір жағынан, адамның ақ дегені ақ, қара дегені қара болып,. не армандағанының бәрі бірдей қолма қол орындала беретін болса, ондай пенде мына кең дүниеге сыймай да кетер ме еді. Ондай адамдардың кейбірі өзіне өзі қастық жасап та жібереді. Өйткені, ойлағанының бәрі орындала берген адамның бұл дүниеге деген қызығушылығы азая береді. Ол үшін дүниенің мәні де, мағынасы да кетеді. Солай болмас үшін де ұлы Жаратушы адам пендені сәл де болса басып, барлық арман тілегіне жете бермейтіндей етіп қойған. Адамның жолы бірде болса, бірде болмай жатады. Бұл өмір сүріп жүрген күллі пенделерге тән нәрсе.
Гүлжан осындай ойларды басынан кеше жүріп, бақ ішін түгелдей шарлап шықты. Кейбір гүлге жақын барып, тізерлей отыра кетіп, иісін иіскеп, ерекше бөлек бір ләззат алды. Осы бақтың ішінде, шет жағалауларында бойлары аласа келген, ерекше гибридті жеміс ағаштары да бар еді. Гүлжан оларға да назар аударып, кйбірінің жемісінен дәм татты. Олардың арасында алма, алмұрт, долананың небір жаңа өсірілімдері бар. Қыз өзінің қалағандарынан аздап аздап алып, кішкене ыдысына салды. Мезгіл күз болса да, бақ ішінде әртүрлі мерзімге сай өсетін гүлдер мол еді. Сондықтан да бақ ішінде қысы жазы гүлдер жайқалып, жеміс ағаштары өз жеміісін беріп тұрады. Бұл гүлдер мен жеміс ағаштарының сыры да, жыры да Гүлжанға бес саусақтай жақсы белгілі. Гүлжанның кішкене ыдысына жеміістерден аздап салып алғаны, өзінің бес шәкіртіне дәм татқызбақ ойы еді. Олар әркез Гүлжаннан кейінірек келеді бұл баққа. Гүлжанның осы бақтағы түрлі гүлдермен осылайша оңаша сырласып, ойға батып, шамалы болса да сергігенін қалайды. Гүлжан олар үшін аспаннан, грек ағыздарында айтылатын шабдалы бағынан келген періште қыздай көрінеді.
Шәкірт қыздары келгенде, Гүлжан ерекше бөлек көңілденіп, әрқайсысының жағдайын сұрап, жасыл шөп үстіне тізерлей отыра кетеді. Қыздар Гүлжанды қоршай тізерлейді. Сонда үстінен қараған адамға бұлардың отырыстары тап бір өзінше бөлек егілген гүлдердей көрініп те кетеді. Бірақ Гүлжан ондай әдемілікпен ешкімді де таңдардырғысы келмейді. Оған назар аудармайды да. Жұмысын бір сәтке тоқтатып, әуелі шәкірт қыздарының көңіл күйлерін, талап тілектерін біледі. Әзіл шынын араластыра отырып, өзінің жұлдызаралық сапары жайлы қызықты әңіме де айтып береді. Жас қыздардың сыңғырлаған күмііс күлкілері бақ ішін ғажайып дыбысқа бөлейді. Гүлдер де ол күлкіге мәз болғандай үп еткен самал желге еркін тербеліп, хош иістерін аңқыта түседі. Гүлдерден шыққан хош иіс қай адамның да жанын жадыратады. Жанына шипа болғандай әсер береді. Ал қыз баланың гүл мен хош иіс атаулыға жасынан әуестеніп өсетіні белгілі.
Біраз әзіл шыны аралас әңгіме айтып, күліп, сергіп алғаннан кейін қыздар өздері қарайтын шаршыларға тарайды.Бәрі де жоғары білімі бар биолог ботарниктер. Бәрі де үнемі Гүлжаннан көп алыс кетпей, одан ақыл кеңес алып отырады. Гүлдерін қарай жүріп, Гүлжан барып қайтқан ғаламшардағы ғажайып гүлмен салыстырады. "Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық" дейді дана қазақ. Қыздар кейде өтініп, Гүлжан бейнефильмге түсіріп алған сол ғажайып гүлді де тамашалайды бақ жұмысынан қолдары босаған сағаттарда. Қазір де әңгіменің бір ұшы сол фильмге барып тірелген де еді. Гүлжан оған келісімін берді де, тек одан бұрын осынгда біршама уақыт жұмыс жасау керектігін ескертті. Сөйтіп, әрқайсысы өзі қарайтын гүл шаршыларына кеткен. Гүлдердің түп түбіндегі топырағын шағын құралмен қопсыту, суғару, бойын түзеу сияқты үйреншікті жұмыстарына кіріскен. Содан шамалы уақыт өткенде бақ ішіндегі бейнетелефонның қоңырауы күміс сыңғырындай сыңғырлап ала жөнелген. Гүлжан да, жас қыздар да жұмыстан қолдары босаған сәттерінде сол бейнетелефонмен құрбыларымен сөйлесетін. "Бізге бейнетелефон қоңырауын соғып тұрған құрбларымыздың бірі болар?" деп ойлаған жас қыздардың бірі оның іске қосатын түймесін басқан еді. Оның экранына есімі әлемге әйгілі ғарышкер Мергеннің бейнесі шыға келді. Түймені басқан жас қыз сәл абдырап қалды.
- Қарындасым, айыпқа бұйырмаңыз, маған Гүлжан керек еді,- дед салдарлы үнмен.
- Гүлжан дейсіз бе? Қаір... - деп, кілт кейін бұрылып, Гүлжан жүрген гүл шаршысына қарай асықты.
Гүлжан бұл кезде қолындағы шлангіге жалғанған сусебезгімен гүлдеріне су себездеп жүрген. Жас қыз оған жылдам басып жетті. Ұстазына қадала қарап тұрып, алқынысын сәл басып:
- Гүжан әпке, сізді Мерген аға бейнетелефонға шақырады! - деді.
- Мерген?
Гүлжан ойланып тұрып қалды. Өткендегі ренішістен кейін одан мұндай бейнетелефон қоңырауын күтпеген еді. "Бәлкім, шәкіртім, оны басқа біреумен шатастырып тұрған шығар?" деп ойлап үлгерді ішінен Гүлжан. Сөйтіп, қолындағы су себезгілегішті еппен жерге қойды.
- Гүлжан әпке, сіз маған сенбей тұрсіз ба? Мерген ағаны мен бейнетелефон экранынан анық көрдім. Сол кісі...Экранда сізді күтіп тұр...
- Рахмет, сіңлім, - деп Гүлжан оның шын мәнінде де Мерген екеніне көз жеткізгендей салқын сөйледі.- барамын. Күте тұрсын...
Қыз кейін бұрылып жүгіріп кетті. Гүлжанның Мергенге деген сағырнышы ояна қоймаған, сенімі де кеткен. Сондықтан да бейнетелефонға асығып та, аптығып та барғысы келмеді. Су себезгілейтін құралын қолына қайта алып,. жұмысын жалғастыра берді. Күзгі аптапта шөліркеген гүлдер бастарына су тигенде дір дір етіп, Гүлжанға бар алғыстарын жаудырғандай болады. Гүлжан әрбір қызды тірі жандай, нәзік қыздай көреді. Өзі ботаник болған соң, гүл тірішілігін зерттеп жүрген соң олардың жандүниесін терең түсінеді. Гүллдердің жандүниесін дәл осылай терең түсінетін адамдар да өте сирек бұл дүниеде. Бұл жарық дүниедегі әрбір адам өз ісіне дәл Гүлжандай жауапкершілікпен қарар болса, бұл дүниедегі көп нәрселер бүлінбек еді. Бірақ амал қанша, әлемдегі адам баласының сана сезімі, тәрбиесі мен білімі әртүрлі.
Гүлжан қолындағы су себезгісімен су себезгілеуін одан әрі қарай жалғастыра жүріп, жаңағы өзіне келіп кеткен жас қыздың Мергенмен сөйлесіп жатқан дауысын естіді. Бірақ ол сөздер құлағына талып талып жекендіктен түсініксіз болды. Сәлден соң осылай қарай қарайлай қарайлай сөзін аяқтаған қыз бейнетелефонның қызыл түсті түймесін нұқып оны сөндірді. Гүлжан қанша қырсықса да, осыдан кейін ішінен біртүрлі болды. Өмірінде өзін бейнетелфонға шақырған кезде дәл осылай бас тартқан емес ті. Енді неге осыншама қатыгездік танытқанына өзі де қайран. Оның үстіне, өзіне қатарлас, замандас Мерген болғанымен, жас қыз үшін ол әйгілі ғарышкер ғой. Оның беделін түсіріп те тастағандай күй кешті Гүлжан. Сол түнгі оқиғаға дейін өзі адамдардың бір бірімен ренжісіп, бір бірімен жүздеспей, тілдеспей қалатырнына таңданатын. Енді тап сондай жағдай өз басынан да өтіп жатыр. Өмірде бәрі де бола береді екен. Бұл өмірге деген көзқарасы жас кезіндегі көзқарасымен салыстырғанда мүлдем бөлек.
Өзін бейнетелефонға шақырған қыз жанына қайтап жақындамады. Гүлжан оған неге қайтып келмедің деп те, Мерген саған не айтты деп те сұрамады. Ештеме білмеген адамдай өзінгің гүл суғару ісін одан әрі қарай жалғастыра берді. Мергеннің реніштен бейнетелефонды бірінші болып сөндіргенін де осында жүріп ақ сезді. Қыздың еш күнәсі жоқ екені де белгілі еді. Гүлжанның ішкі табиғаты, дәл қазіргі көңіл күйі жас қызға біршама белгілі де еді. Сондықтан да ол Гүлжанға қайта келіп: "Әпке, бейнетелефонға неге келмедіңіз?" демеген. Гүлжан бейнетелефонға тек гүлдерін түгел суғарып болған соң ғана барған. Қыздардың бәрі де жұмыстарын тоқтатып, солай қарай жүрген. Бұл үзіліс уақытының болғанының белгісі еді.
Ғарышкерлер тойы
Жұлдызаралық ұзақ сапардан оралғандардың ішінде бір бірін ұнатып, түсініскен екінші жұп Айтқали мен Маржан еді. Олардың жұптары Жерге аман есен оралғаннан кейін де жазылмаған. Қайта қиын қыстауда бір бірін жақсы түсінісіп, Жерде, елде ол махаббат сезімі күшейе берген. Ғарышкерлер өздері туып өскен ауылдарында жүрсе де, үлкен құрмет қошеметке ие болса да, өздерін кейде өзге жұлдыз жүйесіндегі бір ғаламшардан келген адамдардай санайды. Өйткені енді бұл елде өздерінің бір де бір құрдастары, құрбылары жоқ. Сол жағы өздерін бөлек топ болып жүрген жеті арқардай еткен. Содан да уақыт өткен сайын бір біріне деген сыйластық пен достықтары күн санап күшейген. Мұнда тек Мерген мен Гүлжанның арасындағы махаббат сезімі оянғандықтан ара тұра келіспей қалатырндары бір біріне деген наз ғана болып көрінетін. Екеуінің мұндай жағдайға кей кейде барып қалатынын бәрі де жұлдызаралық жолда ағып ұшып бара жатқан алапат кеме ішіндегі өмірде де талай рет кезіктірген. Оған бойлары да үйренген. Бірақ екеуінің осы соңғы кездегі реніштері ешқайсысына да ұнамаған.
Солай бола тұрса да ғарышкерлер екеуі үшін алдарындағы жоспмарларын бұза алмақ емес. Айтқали да, Маржан да өздерінің дәл осылай үйленбей жүре бергендерінің жөн емес екенін талай ескерткен. Енді болса да, жұлдызаралық сапар мен онда кездескен бар қиындық кейінде қалды. Сол жұлдызаралық алапат кеме ішінде өткізген жастық дәурендері де өзінше бір қызық, өзінше бір ерекше әсерлі болатын. Қайсыбір нәрсе де кезінде қиын, бітпестей күрделі көрінгенімен, өтіп кеткеннен кейін еске алғанда әсерлі болып жатады. Сол қиындықта шыңдалған махаббат сезімі елге жеткен соң онан сайын жанданған. Бір біріне деген түсіністік пен сыйластық тереңдеген. Кейінгі бір кешкі қыдырыста Айтқали аспандағы мың сан жұлдыздарға мейірін төге қарап тұрып:
-
- Маржан, енді екеуміздің бұлайша жүре бергеніміз жарамас. Қарашы, ана жарық жұлдыздарға? Олар да жұп жұп!- деген.
- Ерте емес пе, жүре тұрсақ қайтеді? - деген сонда Маржан Айтқалиға көз тастап.
- Жоқ! - деді сонда Айтқали, - осы сырласқанымыз да жетер. Әке шешеміз тірі болса, екеумізді әлдеқашан қосар еді. Енді өзімізді өзіміз есейтуіміз керек, Маржан. Бір бірімізді қиындықта да, жеңілдікте де сынадық. Енді бұдан әрі қараәй жүрідің еш реті жоқ. Ал егер де басқа бір жас жігітте ойым бар десең, онда өзің біл...
- Қойшы, Айтқали, қайдағыны ойлап таппай. Бұл не дегенің? - деп шошынды сонда Маржаменн, - менің сенен басқа сүйгенім де, сенерім де жоқ, бұл жарық дүиеде!
- Менің де сенен өзге сүйгенім жоқ, болмайды да. Менің де бойдақ болып жүре бергім келеді. Бірақ, уақыт келді. Отау тігуіміз керек. Ұрпақ әкелуіміз керек мына бір ғана рет берілетін ғажайып дүниеге! Мұны сен дұрыс түсін. Өз заманымыздан осы жаңа заманға аттап келген жетеуміз ғана. Онда да жұлдызаралық сапардағы кеме ішіндегі баяу өтетін өздік уақыт дейтін уақыттың арқасында. Енді бұл жүрісімізді созғалақтай берудің еш қажеті жоқ.
Маржан Айтқалидың бұл сөздерін мұқият тыңдап, мақұлдап, бас изеген. Екеуі үйленетіндерді тіркейтін арнайы орынға барып, отау тігетіндерін айтқан, өтініштерін жазған. Бұл жайлы Жеңіс, Мейірбек, Жұматай әлдеқашан хабардар болған. Мерген мен Гүлжан болса да естіген. Сөйтіп, көп кешікпей үйлену тойын жасауға деген дайындықтары басталып та кеткен. Оның негізгі ұйтқысы да үш жігіт - Жеңіс, Мейірбек, Жұматай. Оларбұл игілікті іске жұмыла кіріскен. Айтқали тұратын ауылдың нақ орталығындағы үлкен мейрамхананы таңдаған.Тек үш жігіт емес, қуанышты жайды естіген ауылдың көптеген тұрғындары да атсалысты. Үш жігіт енді тойды басқарушы болып қана қалған. "Жұлдызды әлемнен оралған екі жас отау тіккелі жатыр" деген хабар жедел ақпарат құралдары арқылы тек ауыл, аудан, облыс орталықтары мен астана ғана емес, күллі Жер шары халқына жеткен. Айтқали мен Маржанның бейнелері теледидар экрандарынан көрсетіле бастаған. Сондықтан да тойды ұйымдастыру да оңайға соққан жоқ. Шетелден келетін меймандар да аз емес ті. Өйткені, жұлдызаралық сапардан оралған екі ғашықтың осылайша отау тігуі үлкен құбылыс та еді. Екеуінің махаббаты жұлдызаралық сапарда оянды, Жерде, елде жалғасты. Енді міне, баянды болып, тойға ұласты. Тойды қалай дүркіретіп өткіземін десе де өз еріктері енді. Сондықтан да дүние жүзінен келіп тойға қатысамын деушілерге есік ашық еді. Ал тойды былай қойғанда, алыс жұлдызаралық сапардан. дін аман оралған ғарышкерлердің өздерімен бетпе бет жүздесіп, дәмдес болудың өзі Жер шарының кез келген тұрғынына ерекше бөлек арман да еді. Сондықтан да шетел адамдары тек арнайы шақырумен ғана келді. Елдегі адамдар болса да лек легімен ағылуда. Үлкен демей, кіші демей ауылдың нақ орталығындағы екі қабар үлкен мейрамханаға жиналған. Жай күндері тып тыныш, елеусіз ғана жататын ауыл енді ерекше абыр сабыр. Көше де, сырт та жергілікті тұрғындар мен меймандарға толы. Егер күнде осындай дүрмек болса, онда ауыл ауыл емес, қалаға айналар еді. Мына абыр сабыр халық ауылды шын мәнінде де бір күндік қалаға айналдырып жібергендей. Ғарышкерлерге деген құрмет, болса да ерекше. Олар үйленген жастарға арналған арнайы үлкен жеңіл көлікке мінген. Көлік жүргізушісі оларды алдын ала белгіленген серуен жолдарымен қыдыртуда. Оның соңында шұбаған көліктерде сан жоқ. Сол көліктердің әрқайсысында Жеңіс, Мейірбек, Жұматай, Мерген мен Гүлжан да бар. Осы тойдағы сәл көңілсіздеу жүрген де осы соңғы екеуі.
Бірақ екеуі бұл көңілсідіктерін ешкімге білдірмеуге тырысқан. Абыр сабыр халықтың ішінде өздерінің жағдаайларын сырттай естіп, бөлекше назар аударғандар да бар еді. Ал негізінен халық ғарышкерлердің бәріне де қызыға қарайды. "Ғарышкерлер тойы" деген аттың өзі жер жарады. Жер жерден, ел елден келген меймандар ғарышкерлерге арналып тігілген ақшаңқай түсті үлкен үлкен жеті киіз үйге бас сұғып жатыр. Одан кейін сегізінші киіз үй де тігілген. Ол Айтқали мен Маржанның ақ отауы. Киіз үй ашық, биік жерге тігілген, ерекше жасақталған. Оның ақшаңқай түсі Күн сәулесіне шағылысып, ерекше көз тартады. Ол ауыл тұрғындары мен сырттан келген меймандардың жүздеріне қуаныш ұялатқан. Тойды ұйымдастырушылар мен басқарушылар келген меймандарды киіз үйлерге орналастырып, тамақтандыру жағын қарастыруда. Мұнда той иелерінің бірі болса да, жұлдызаралық сапарда кеме басшысы болған Мергенге деген құрмет ерекше еді. Мұндай құрметті екінің бірі көтере бермейді. Сондықтан да халық "Семіздікті қой ғана көтере алады" дейді ондай құрмтті көтере алмай даңдайсып кеткендерге халық. Тек Мерген ғана емес, жұлдызаралық сапардан аман есен оралған қалған ғарышкерлердің бірі де кеуде қаққан емес.Мерген мен Гүлжанның арасындағы түсініспеушілік тек өздеріне тиесілі еді. Гүлжан да бүгін аса бір сыр бере қоймаған. Ол ештеме болмағандай Мергенмен бірге емен жарқын жүр.Айтқалидың өтініші бойынша, екеуі жандарында болуы тиісті. Мерген жігіт жолдас, Гүлжан қыз жолдас. Той төрінде осылай отыру жоспарланған. Той басталар алдында келген меймандармен жеке жеке жүздесу, әңгімелесу, танысу, бпейнефильм мен суретке түсу рәсімдері болып өтті. Шетелден келген ғалымдар, түрлі саланың мамарндары мен өнер адамдары үшін қаақтың ұлттық киімдері мен салт дәстүрлері қашан да әсерлі, қашан да тансық. Сондықтан да той басталар алдындағы киіз үйлерде өздеріне табақ тартқан, шай ұсынған қазақтың қазақ киімдерін киген қыздары мен келіншектеріне деген ризашылықтары да шексіз еді. Сол алған әсерден шетелден келген меймандар бұл тойды "Жұлдыздық той" деп те атап кеткен. Той болатын күні аспан да ашық әрі күн шуақты еді. Түнге қарай сол ашық аспаннан бұл тойды жіберіп алмай тамашалағылары келгендей мың сан жұлдыздар да жымың қақты. Айтқали мен Маржанның ең бақытты сәттері басталды. Тойға келген бүкіл жамағат киіз үйлерден дәм татып, бір бірімен танысып болып, ауылдың осы орталығындағы үлкен мейрам хананың кең залына келіп орын орындарына жайғасқан соң арнайы дыбыс күшейткіш арқылы қазақтың небір күйлері күмбірлеп жөнелді. Қаақтың көне музыкалық аспаптарынан шыққан ғажайып үн мен әуен тойға қатысушылардың жандүниелерін қозғады. Күйдің құдіретін, әуеннің құдіретін адамзат бүгін тағы бір бас иіп мойындады.
Уақыт келгенде жас жұбайлар мінген арнайы жеңіл көлік пен оның соңырнан ағылған көліктер мейрамхананың үлкен қақпасына жақындады. Қақпа арқылы ішкен енген соң бәрі де көліктен түсіп, жаяу жүрді. Серуен барысында жас жұбайлар мінген көліктің алдына талай талай арқандар да тартылған.Ондай рәсімдерден сүрінбей өткен Айтқали мен Маржан мейрамханаға енді. Сол кезде соңдарынан Мерген мен Гүлжан да жащқындады. Соның артынша бұларды күтіп тұрған тамада Батырболат пен дүйім халық жар жарды айтып жөнелді. Жас жігіттің ашық дауысы әуелеп жөнелді. Оның беташар сөздеріне риза болған халықтың ішінен кейбіреулері "Ой, бәрекелді!" деп дауыстап та қалады. Жас келін әуелі дүниеден өткен ата енесінің рухына тағзым сәлем етті. Содан кейін осы ауылдың үлкендеріне арнап иілген. Адуынды ақын жігіт домбыраға қосыла өлеңмен келтіріп, ауылдың құрметті деген адамдарына, тойға келіп тұрған барша жұртқа арнап та иіліп сәлем етті.
Беташар біткен соң Айтқали мен Маржан мейрамхана төріндегі ақшаңқай киіз үй сияқты етіліп жасалған орындағы орындарына барып жайғасты. Ол екеуінің екі жағына Мерген мен Гүлжан жайғасты. Той басталып кетті. Екі жасқа ақ батаны ауылдың ең үлкен деген Жарасқан есімді ақсақалы берді. Ғарышкерлер өмір уақытынан көп ұтып, көп уақытты өткізіп, бұл қариялардың өздерінен де салыстырмалы түрде үлкен көрінсе де, бәрібір, оларды қария тұтты, сыйлады. Өйткені жұлдызаралық сапардағы кеме ішінде баяу ғана өтетін өздік уақытпен Жердегі табиғи заңдылығымпен өтіп жататын уақытты салыстыра беруге де болмайды. Мұндағы қариялар Жер жылына сай, Жер табиғатына сай қартайған қариялар. Сондықтан да ғарышкерлер қашан да уақыт жағынан өздерінің Жер тұрғындарынан көп есеге үлкен екендіктерін білдірмеуге тырысады.
Той жалғасып жатты. Әдеттегі қазақтың тойы. Тілектер айтылып, ән айтылып, би биленуде. Ара арасында той басқарушы тамада Батырболат әзіл әңгімелер айтып, жұртты ду ду күлдіреді. Ғарышкерлер Жеңіс, Мейрбек пен Жұматай бөлек дастарханда отыр. Олар өздерінің көңіл қосып жүрген қыздарын жандарына алған. Ғарышкерлердің жанындағы дастарханға шетелден келген ғарышкерлер мен ғалымдар жайғасқан. Кезегі келгенде олар да арнайы орынға барып, жас жұбайларға ақ тілектерін ақтарып, қайта келіп өз орындарына жайғасуда. Жер шарында өмір сүріп жатқан халықтарда той көп. Бірақ мына тойдың орны ерекше еді. Ауыл іші ығы жығы адам. Мейрамханаға сыймай қалғандары сырттағы жеті киіз үйге жайғасқан. Оған сыймағандары ауладағы жайылған дастархандарға жайкғасқан. Дәмсіз, елеусіз қалған ешкім жоқ. "Той мейрамханада өтті" деген аты болмаса, оның айналасы да тойханаға айналып кеткен.Үзіліс кезінде бәрі де мейрамханадан сыртқа шығып, кең алағда ән салған, би билеген.
Осындай дүбірлі тойда екі адам ғана бір бірімен аса шешіліп сөйлесей отырды. Ол Мерген мен Гүлжан. Екеуі Айтқали мен Маржанның екі жағында, бір бірінен алыстау отырғандарына да разы сияқты. Төртеуінің қаақ ұлтына тән киген киімдері көздің жауын алады. Тек бұлар емес, осы тойға қатысқан күллі жергілікті халық пен елдің айәмақ аймағынан келген адамдар да ұлттық киімде. Ою өрнекті киім киген ғарышкерлер Жеңіс, Мейірбек пен Жұматайға да меймандар қызыға қарайды. Бұлар ара тұра орындарынан түрегеп, төрде отырған сапарластарына жақын барып құрмет көрсетеді. Содан соң қайта келіп өз орындарына жайғасады. Жұлдызаралық сапарда кездескен небір қиын жағдайларды бірге бастарынан өткізген достар мынандай қуанышта ерекше тебіреніп, бір біріне деген сыйластық сезімдері де күшейген. Би кезінде үш бойдақ ғарышкер тойға ерте келген болашақ жарларын достарына таныстырып та қояды.Шет елден келген меймандар да бұлардың осындай достықтарын көріп қызыға түседі. Той бастаушылар мен оны басқарушылар, жүргізушілер ғарышкерлердің көңіл күйлерін, тойға қалай қатысып отырғандарын бақылайды. Бұл тойға ел басшысы Нұрлы Нығметұлы мен оның төңірегіндегілер де келген. Олардың қызметтері қанша жоғары болса да, ғарышкерлердің даңқтары ерекшеленіп тұрады.
Мерген Гүлжанға той барысында да, би кезінде де ашып ғажайып гүл туралы ештеме ашып айтпады. Өткенде өзі арнайы бейнетелефон соғып, сол гүл жайлы айтпақ болғанда Гүлжанның келмей қойғаны көкейінде дақ болып қалып қойғандай. Оның үстіне бұл тойға Сәрсенгүл де келген. Мергеннің көзі сол жас қызға жиі жиі түсумен болған. Бірақ жас жұбайлардың серігі болғандықтан еркін жүре алмады. Бірақ сонысына қарамастан Сәрсенгүлмен бір екі рет билеп те алды. Оны көрген Гүлжан онан сайын бұртиды. Бірақ саналық тұрғыдан қарап, ішінен тынып, шыдап бақты, сыр бермеді. Ғарышкерлерге ғарыш кеңістігінде ғарыш кемесімен Жерді айналып ұшып жүргенде осы адамдар илеудегі құмырсқалардай ғана болып көрінетін. Жұлдызаралық сапардан оралғалы бері өздерін бейнебір ұлы Жаратушының жанында болып келгендей де сезініп кетеді кейде өздерін. Жердегілер де ғарышкерлерге тап бір сондай көзқараспен қарайтын сияқты. Гүлжан ол таңданысты ерекше сезіне, қабыл ала отырып, ортамен мейлінше қарапайым сөйлесуге тырысады. Ал Мерген екеуінің арасырндағы келіспеушілік пен тәкәппарлық бөлек нәрсе. Солай болғанмен де Гүлжан Мергенді іштей қатты қызғанып та отырды. Тек онысын ішінде сақтады, сыртқа сездірмеді. Мерген де Сәрсенгүлге сөз айтып жүргенімен шындап келгенде Гүлжанмен теңестірмейді. Қанша дегенмен де, Гүлжан тек қана махаббаты емес, жұлдызаралық сапардың ыстыкғы мен суығын бірге кешкен сенімді сапарласы да. Өткенде Мерген гүл жаңалығымен бірге Гүлжаннан кешірім де сұрамақ ойда болған. Амалы қанша, Гүлжан онысын сезбеді, т.үсінбеді. Әрекеті сәтсіз аяқталды. Мұнда Айтқали мен Маржан да, өзге ғарышкерлер де екеуінің қайта табысқанын қалап отырды. Олар ойларындағыларын тікелей сөзбен айтпаса да, әзіл аралас сөздерімен, көзқарастарымен білдіреді. Ешқайсысы да енді жас емес. Ұзақ та қиын деген жұлдызаралық сапарлары артта қалды. Бәрі де бейнебір түс көргендей өте шыққан. Жастары сол баяғы қалпында қалғанымен, көпті көрген жігітер мен қыздар еді. Келгендердің қай қайсысының да бұларға жақындауға, бұлармен шүйіркелесе әңгімелесуге тырысып тұратындары да содан ды.
Той қызықты өтіп жатты. Бейнебір бүкіл ауыл той думанға бөленгендей. "Ғарышкерлер тойы қалай өтер екен? Онда нендей қызықтар болар екен?" деп қызыққан ауылдың тай тұяғы қалмай келген. Ғарышкерлер де ешкімге келуге тыйым салмаған. Бүкіл ауыл ғана емес, тіпті көрші ауылдардың кейбір тұрғындары да осында. "Той дегенде, қу бас домалайды" демекші, кім кім де қолынан келгенін жасап жатыр. Аянып қалған ешкім жоқ. Би де көңілді, ән де көңілді, сөз де көңілді. Шет елден келген меймандар да қайта қайта сөз алып, ақ тілектерін ақтарып жатыр. Айтқали, Маржан, Мерген мен Гүлжан ақ киіз үйдің ішіндегі өздеріне лайықталып жасалған дәм алуға да шамалары келмей, той думанына мәз болып отыр. Тілек білдіруші дыбыс алғшықа жащқындағанда тқртеуі де орындарынан тұрып, құрмет көрсетіп, айтылған ақ тілекті мұқият тыңдайды.
Енді біраздан соң қазақтың ұлттық би әуерндеріне билеу басталды. Делебелері қозған жас жігіттер мен қыздар үлкендерді тәнті етуде. Бір кезде ол биге төрдегі төртеуі де шақырылды. Айтқали Маржанмен, Мерген Гүлжанмен билеп жүр. Қанша ренжістік десе де, бір бірін өзггелерден қызғанып, тек екеуі ғана билегісі келеді. Оны айналадағылардың көбі дерлік жақсы түсінеді. Екеуінің бір біріне лайықты жан екені кім кімге де айқын аңғарылады. Сәлден соң дастархан басында отырғандардың бәрі дерлік дүркірей түрегеп, биге қосылғанда төртеуі олардың қоршауында, ортада қалды. Бәрі де жас жұбайлар мен ол екеуінің жолдастарын қоршай биге көшкен. Әуен де шырқап барады. Дыбыс күшейткіштен шыққан ол дыбыс енді түнгі таза ауада сонау көрші ауыл тұрғындарының құлақтартына да жеткен. Мұндай тыныштықта дыбыс атаулының алысқа кететіні о бастан жақсы белгілі. Көрші ауылдың ұйқтамаған үлкені мен кішісі тек қана әуен ғана емес, тойда айтылған ақ тілектерді ести алды. Өздері де тап осы тойға қатысқандай бір қуанышты күйге бөленді. Той құдіреті деген де осы еді. Тойда айтылған тамаша сөздер, әуендер, би мен әзілдер адамның көңілін ерекше жадыратып, арман қиялға жетелейді қашан да.
Мерген мен Гүлжан да енді қанша ренжіссе де, той әуені мен биіне толқып, бір біріне риясыз жымия қараған. Бірақ әлі де болса бір біріне шешіліп сыр айтпаған. Бір кезде Мергеннің басына ойындағысын осы сәтте айтып қалмаса, Гүлжанды тойдан кейін тауып, тілдесудің қиын болатыны келді де, би әуені бітуге таяп, сәл де болса басылған тұста Гүлжанға қарай сәл қисайып:
- Гүлжан, сен өткенде, мен бейнетелефон қоңырауын соғып, оған шақырғанда неге келмей қойдың? - деді жай ғана.
- Жай шақырып па едің? - деді Гүлжан оған отты көздерін бір жалт еткізіп.
- Жай емес, әрине... - Мерген әуенге беріліп қозғалтып отырған аяқ қолдарын тоқтатып қойды. - Мен сені қуантпақ болғанмын.
- Немен?
- Өзің өте жақсы білетін әрі өте жақсы көретін нәрсемен.
- Оның аты бар ма
- Болғанда қандай! Мен өз ауылымның тауларын шәкірттеріммен бірге геологиялық тұрғыдан зерттеймін деп жүріп сен жақсы білетін әлгі ғажайып гүлді тауып алдым!
- Қойшы, Мерген, осындай сөздеріңді. Мен сенің әзіл оспақ сөздеріңе тойғанмын!
- Мен әзіл оспақ айтып отырған жоқпын, Гүлжан... - деді Мерген төмен қарап.
Осы кезде би әуені де бітіп қалды. Жұрт гулеп, жігіттер мен үлкен кісілер өздерімен билеген қыз келіншектерді отырған орындарына құрметпен әкеліп жайғастырып жатты. Айтқали мен Маржан да отырған орындарына қарай бет алған. Бірақ Мерген мен Гүлжанның жаңа ғана бастаған әңгімелерін бұзбау үшін орындарына бармай, бұл екеуін байқамаған болып жүре тұрған. Мерген мен Гүлжан би тобының ортасында кідіріп қалды.
- Сонда ол гүл қайда? - деді Гүлжан шыдамай.
- Гүл менің үйімде,- деді Мерген сөзін біреу естіп қоярдай жан жағына қарайлап, - егер қарсы болмай менімен бірге үйіме барсаң, оны көрсетер едім, тіпті, оны саған біржолата сыйлауға да дайынмын!
- Рахмет, бұл ниетіңе! - деді Гүлжан түрі өзгеріп.
Сөйтті де, би алаңының ортасында оқшауланып қалғанына ыңғайсызданып, отырған орнына қарай бастады. Мерген соңынан жүрді. Той жалғасып жатыр.Той тамадасы Батырболат ақын айтқан небір тапқыр сөздер, әзіл сықақтар, жұмбақтар мен тақпақтар екеуінің де ойын бөліп жіберді. Гүлжан анық уәдесін бермеді. Бірақ гүл айтылған соң ба, алкғашқысынан басылып, жібіп қалған еді. Мерген сонысының өзіне де іштей қуанды. Қыз көңіліне тиюдің қаншалықты азапқа алып баратырнын да сезген.
Той аяқталып, жұрт тарай бастады. Төртауі сырттағы ақ отаукға еніп,. отырыстарын жалкғастырды. Соның артынша бейнеоператор мен фототүсірушіі келіп, беәйнефильм мен суретке түсу қайта басталып кетті. Шет елден келген ғарышкерлер мен ғалымдар, мамандар жас жұбайларды қоршай тұрып, тағы да ақ тілектерін жаудырды. Ол сөздердің жалғасы ғарышкерлердің жұлдызаралық сапарлары мен ол сапардағы ерліктеріне ойысты. Ғарышкерлер мен ғалымдар осы кедесу сәтін пайдаланып, жетеуі барып қайтқан ғажайып ғаламшар жөніндегі көкейлерінде жүрген сұрақтарын айтып үлгерді. Жеті ғарышкер олардың сұрақтарына жауап беруден еш жалыққан жоқ. Қайта жұлдызаралық сапарда көргендерін айтып, оларға көп ғылыми мәліметтер берді. тәнті етті. Сөйтіп, той жалғасы үш күнге созылды. Тек содан кейін ғана шет ел меймандары өзді өзді елдеріне әуе кемелерімен кезегімен ұшып кетіп жатты. Айтқали мен Маржаннан басқа бес ғарышкер соңынан аттанды. Ғарышкерлердің ауылдарының бір бірінен онша алыс емес екені белгілі. Қай қайсысында да бір бір шағын бесаспап әуе кемесі. Сонымен ұшып әп сәтте жетеді. Мерген мен Гүлан бұл тойда бір келісімге келе алмады. Тек бір біріне деген көңілі аздап болса да жібіген. Мерген өз ауылына, Гүлжан өз ауылына қарай ұшты шағын бесаспап кемелерімен. Қалған той меймандары да өзді өзді бағыттарымен кеткен.
Ғажайып гүлмен сырласу
Өзінің махаббатына шайқалыс әкелген осы бір ғажайАып гүлдің сырын ашуды Мерген алдына мықтылап мақсат етіп қойды. Гүл атаулыдан хабары аз болмағандықтан гүлді күтуді де білетін. Геологтың көп өмірі далада, таулы, гүлді жерлерде өтеді. Ал ондағы өсімдіктердің, гүлдердің қасиеттері мен аттарын білмеу ғалымдық атына кір келтірмек. Ғарышкер оны да біледі. Ал Гүлжан екеуінің арасына дау туғызып жүрген бұл гүл Мергенге ерекше қимылдайтынымен, әрекетшілдігімен, сезімталдығымен ұнамаған. Жер шарында да небір әрекетшіл гүлдер өседі. Бірақ олардың ешқайсысының да әрекеті бұл гүлдің әрекетіне ұқсаған емес. Ал ең ғажабы, өзі қайда қашса да, гүл осылайша тауып ала береді. Тіпті, оның жұлдызаралық кемеге қалай еніп, Жерге қалай жеткені де белгісіз. Бейнебір оны біреу өзінің ізіне салып қойғандай. Мұның не тілі жоқ. Тілі болса, әлдеқашан айтатырнын айтып, сұрайтынын сұрап, талап ететінін талап етер еді.
Мерген түске дейін өзінің геологиялық істерімен айналысты да, түстен кейін назарын гүлге аударды. Сол бір ғажайып ғаламшарда алмай тастап кеткен гүлді енді амалы жоқ, қолына ұстамақ. Таудан әкелгелі бері оны ұстамақ түгілі жанына да жолаған емес. Өткен тойда Гүлжанды ертіп келмек болған ойы тағы да жүзеге аспай қалды. Соның бәрі қосыла келіп: "Бұл неғылған гүл өз? Мұнымен оңашада сырласып көрейінші" деген ойға әкелді. Бөлме кең, тып тыныш. Гүл екеуі ғана. Жалпы, түстен кейін үш қабатты осы үйдегі анау мынау жүріс те саябырсиды. Өзіне көмекке, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген шәкірт жігіттерін Мерген көп ұстаған емес. Адам баласына беталды жұмыс жасата бергенді жаны жек көреді. Бірақ Мергенге оолар тек көмекші, шәкірт ретінде ғана емес, ойын бөліп, әңгіме дүкен құратын адам ретінде де қажет. Осы жағынан келгенде Мерген олардан тамағын да, басқасын да аямайды. Ғылыми зерттеу ісінен қолдары босаған сәттерде бір жерге үйіріле отырып, Мерген сол ұзақ жұлдызаралық сапарынрда кездескен небір оқиғаларды айтып береді. Шәкірттері де ондай әңгімені тыңдауға құмар.
Ал бүгн сол шәкірттеріне түстен кейін өзінің оңаша жасайтын жұмысының бар екенін ерте бастан ескерткен. Оны түсінген көмекшілері түскі астан кейін ертең келетірндерін айтып қайтып кеткен. Олар кетісімен Мерген бейнетелефонныі қоңырауын да жарты күнге ажыратып қойды. Содан кейін келген беті. Гүл әзірге пәлендей сыр бере қойған жоқ. Тым тырыс. Қозғалыссыз күйде. Мерген гүлдің жанына орындық қойды да, оған тапжылмай қадала қарап отырды. Гүл сонда да тым тырыс күйінде қала берді. Гүл өз ауылының маңайындағы тау шыңынан табылған соң Мерген гүлдің мұндай ғажайып әрекетінің Гүлжанкға байланысты емес екенін түсініп, оған деген күмәні да сейілді. Енді "Мұны да Гүлжан жасады" деуіне еш негіз жоқ. Тіпті, Гүлжанға осы гүл жайлы айтқанда ол таңданды емес пе? Ал егер гүл тағы да осы ауылдан табылса, онда тағы да Гүлжанға жабар ма еді. Енді Гүлжанның бұл гүлге ешқандай қатысы жоқ екені анық.
Мерген сәлден соң оң қолын көтеріп, гүлге жақындады. Сол кезде гүл мұнысын сезгендей әрі қарай майысты. Оң қолын қайтадан кейін алып еді, гүл де бері қарай иілді. "Ә, міне, бәсе, осындайың болуы керек" деп Мерген еріксіз күбірледі. Содан кейін орнынан тұрып, екі алақанын жазып, қолдарымен гүлді екі жағынан қоршады. Гүл сол замат қауызын жауып ала қойды. Мерген оған рахаттана кеп күлді. "Қорқуын қара мұның" деп ішінен тағы сөйледі. Содан кейін гүлді ыдыстағы қадалып тұрған қара топырағынан суырып алуға бекінді. Одан бұрын сәл де болса гүлден сескеніп, тез көрші бөлмеге барып, одан жұқа резеңке қолғабын әкеліп киді. Жылдам басқан бойда гүлге қайта жақындады. Гүл әлі де қауызын ашпапты. Бейнебір өзіне өкпелеп қалған сияқты тұр. Мергенге жалпы гүл атаулының жарықты, ауа райының өзгерісін тез сезетіні о бастан жақсы белгілі. Ал бұл гүлдің жөні бөлек екен. Егер мұнда Мергеннен басқа адам болса, мұның қылығынан мүлдем бейхабар қалар еді. Жаңағы қылығының өзі де ерекше таңдандырмақ. Ал мұндай әрекет Мергенге жаңалық емес. Қолды жақындатқанда қауызын жаба қоятын гүл жер бетінде бар. Одан да керемет қарсы әрекеттер жасайтын өсімдіктер де кездеседі бұл Жер шарында. Ал бірақ мына гүлдің кейбір қылығы өзгешелеу екен. Бұл өзі бір басына Жер шарындағы күллі қабілетті деген өсімдіктердің қасиеттерін жинап алған сияқты.
Мерген енді жұқа резеңке қолғап киілген оң қолын гүлге қарай созып жақындата беріп еді, ол күтпеген жерден қол бұрғысынша бір орнында шыр айналды. Ғарышкер бұл қозғалыстан селт етіп, кәдімгідей сескеніп қалды. Гүл атаулының дәл осылай өз сабағында шыр айналғанын көргені осы. Оң қолын кейін қарай тартып алған бойда отырып қалды. Енді қолды гүлге қайта жақындатудң өзі бір қауіп сияқты. Мерген тынышталған бойда гүл тағы да сабағында шыр айналып, алғашқы қалпына келді. Мергенге мән жай біршама түсінікті бола бастағандай сезілді. Бұл гүл өзіне қатер төнгенде топырақтан сабағында шыр айналып суырылып шығып, қатер кеткенде қайта қадала алады екен де, қолды жақындатқанда әрі қарай майысып, қолды тартып алғанда бері қарай иіледі екен. Ал екі алақанды екі жағынан жақындатқанда гүл қауызын тез жауып алады. Мергенге гүлдің осы қасиеттері түсінікті болды. " Өзі бұл гүлмен шын мәнінде де сырласуға болатын көрінеді." Гүлжан да бұл гүлге бекерден бекер назарын аударып, әуестенбесе керек. Ботаниктің аты ботаник" деп күбірлеп қойды ішінен Мерген. " Кім біледі, егер мұны жүқа резеңке қолғапсыз ұстасам, қалақай делінетін шөп сияқты шағып алуы да ғажап емес шығар? Шәкірттерімнің мұны сондай қолғаппен ұстағандары дұрыс болған екерн" деп бір қойды ішінен. Сөйтіп, гүлге қадала қарап біраз үнсіз отырды.
Соның артынша күтпеген бір көрініс те басталды. Гү қауызын жайымен аша берді. Сол замат Мерген де отырған орнынан суыт суырыла көтеріліп, гүлдің қимыл қозғалысын анықтап көріп алуға тырысты. Гүлдің қорғаныс әрекеттері тікенді терісінің ішіне жасырынып, домалана қалатын кірпіге немесе сүйек қабына еніп кететін ұлудың әрекеттерін көз алдына елестетті. Өйткені гүл өзін әлдекімнің байқап бақылап тұрғанын сезсе, қауызын тез жауып, сол қауызының ішіндегі титтей ғана сары әңгелектей басын жасыра қояды. Гүлдің осы әрекеті қайталанбас үшін Мерген демін ішіне тартып, тез қозғалмауға тырысты, кірпіктерін қақпай қадала қарады. Гүл де бұл жолы өзін әлдекімнің қатты бақылап тұрғанын аңғармағандай болды. Қауызын толық ашып біткенде Мерген алғашқы әрекетінде байқап қалған титтей сары әңгелктей келген басын анық көрді. Шын мәнінде де әңгелектің пошымындай. Мерген мұны сол ғажайып ғаламшардан аттанар алдында да байқаған болатын. Бірақ, ең қызығы басқада еді. Сол титтей сары әңгелек немесе дәл сондай дарбызды көзге елестетеін басының өзіне қараған жағынан екі көздің, ауыз бен мұрынның белгісін байқады. Бірақ жәудіреп тұрған жанары, қағылып тұрған кірпіктері мен ашылып жабылып тұрған ауызы жоқ еді. Адам бетіне жапсыра, тарта киіп алатын резеңке маскадан аумайды. Екі көзі мен аузының орны үңірейіп, қарайып тұр. Мерген осыны байқады. Егер сол қарайғандар нағыз көз, ауыз бен мұрын болғанда Мерген шыдамастан оған әлденелерді айтып та қалатын еді.
Мерген мен гүл бір біріне ұзақ қарап тұрып қалды. Гүлдің кішкене басындағы әлгі көз сияқтанған екі қарайған тесіктен Мергенге шын мәнінде де екі қарақат көз қадала қарап тұрған сияқты. Оны жай бір тілсіз, дәрменсіз гүл деп есептеген Мерген енді ол қадалыстан шынымпен ақ сезіктеніп қорқайын деді. Орнынан түрегеп, сәл кейін шегінді. Егер гүл кенеттен қозғалып, оқыс дыбыс шығара қалса, далаға қарай шыға жөнелуге де даяр. Бәрақ әуелде "Осы гүлмен оңашада сырласамын" деп түйген соң істің аяғына дейін шыдауға бекінді.Сәл ілгері басып, гүлдің жан жағын барлап алды да
- Ей жұмбақ гүл, сен менің тілімді түсінесің бе? - деді жай ғана.
Гүл болса да тіл қатқан жоқ. Тек домалақ келген әлгі кіп кішкентай басын олай да, былай да бұрды. Сөйтіп барып Мергеннің жаңағы сөздерін түсіне қойғандай алға қарай сәл ғана иілді. Мерген гүлдің бұл қылығына қызығып, оған қарай жақындай түсті де:
- Әттең, тілің болмай тұр ау, әйтпесе, бәленің бәрін түсініп тұрсың! - деп, оған қарай тағы бір адым басты.
Гүл сол бойында үнсіз қала берді. Басын әрі қарай бұрып әкетіп, қауызын жауып алды. Бейнебір Мергенге өкпе назын танытқандай болды. Ғарышкер енді гүлмен қалай тілдесіп, сырласудың жолын таппады. Не ілгері, не кейін жүрместен сол орнында қозғалмай тұрды да қалды. Гүл де енді қурап кеткен гүл сияқтанып қозғалмайды. Мерген бұдан әрі қарай не жасарын да білмеді. Гүлге жақындаса, ол әрі қарай иіледі, басын жан жағына бұрады, әйтеуірі бір жақтырмаған әрекет жасайды. Мерген қанша толғанса да, оның қызығына батты. Геолог болған соң жер бетінде өсіп өніп жататын өсімдіктердің аттарын, өсетін ортасын, аймағы мен түр түсін жақсы біледі. Сол білетіндерін мына гүлмен ойша салыстырып қарағанда, олардың тірішілігі мен әрекеттерінің мейлінше қарабайыр екеніне көз жеткізгендей болады. Ал бұл гүлдің әрекеті саналы адамның әрекетінен де асып түсетін сияқты.
Мерген ғажайып гүлмен оңаша осылайша сырласты. Оның өзі ешқашан гүл атаулыдан көрмеген қылықтарын көзімен көрді. Содан кейін оны ретсіз мазалай беруді жөнсіз деп санап, кешкі асқа дайындалды. Асханадағы күрделі автомат жүйесіне өзі қалайтын тағамдарды әзірлеуге тапсырыс берді. Гүл бар бөлмені көзімен шолып өтіп, одан басталатын дәліздің бойымен жүріп отырып, сыртқа шығатын есікке таяды. Бұл кеде Күн де шартабақтай дөңгеленіп, қызарып, батыс көкжиекке жасырынуға жақындаған. Таңғы кезде ауа салқын болатындықтан Күн шартабағы да ағарып көрінеді. Ол Күн көтерілген сайын қызара береді. Ал күні бойы қызған ауа батарда Күннің төңірегінде қызарып көрінеді. Күннің өзі де бейнебір қызарғандай, жарығы әлсірегендей көрініске көшеді. Мұндай көрініске Мерген ұзақ қарап тұрғанды ұнататын. Қызығатын. " Суретшілердің өздері де Күннің батар сәтін суретке көбірек салса керек. Олар табиғаттағы көптеген түстерді ажырата алады" деп те қояды ондай сәтте ішінен.
Мерген бұл жолы да өзі суретші болмаса да әсем Күнге ұзақ қарап тұрды. Сонан соң терең күрсінді де, бірінші қабатқа түсті. Одан соң сыртқа шығатын сыртқы есікті жайымен ғана ашты. Сол замат ауылдың саф ауасы көкірек сарайын ашып сала берді.Ұзақ жұлдызаралық сапардағы шектеулі орта, есептеулі ауа мен су кеудесін әбден қысып тастағандай екен. Сол жұлдызаралық сапарды жүзеге асырған кеменің ішіне үйреніп алғандары сондай, мына үйден де көбіне айналшақтап сыртқа шықпайды. Тек Мергеннің өзі емес, сапарластары да солай. Жерге үйреніп, уақыт өткен сайын басшылыққа тән ідеттері де саябырси бастаған. Өйтпеске енді амалы да жоқ. Ғарышкерлердің алды отбасын құрды. Енді Айтқали мен Маржанның өз отбасына тән көкейкесті мәселелері бола береді. Қалған жігіттер де отау құрудың қамында жүр. Өмірдің өзі барлық нәрсені рет ретімен келтіріп отырады екен. Мерген жұлдызаралық сапарға аттанбай тұрған жас шағында: "Мен ешқашан да отбасын құрмаймын. Перзентті болмаймырн. Бұл жарық дүниеден жалғыз өтемін" деп өзеурейтін. Енді есейген соң ойлануға тура келген. Жаңа ғана өзі кезінде қарағысы да келмей, кемеге алдырмай кеткен ғажайып гүлге бас иген жоқ па? Онымен сырласқысы да келді. Бірақ ерекше сезімтал гүл ол ниетін қаламады. Гүлжан сияқты ол да өкпелі көрінді. Гүлдің жандүниесін терең түсініп, оны аялау үшін сезімнің не екенін білу керек. Сонда ғана онымен сырласа алмақ.
Енді сәлден соң Мерген Гүлжанды ойына алды. Өзінің көптеген қаеліктерін де түсіне бастғандай. Бірақ Мергеннің алдында енді тағы бір бейне тұрды. Ол - Сәрсенгүл. Онымен жиі кездеседі. Бір ауылда тұран соң сол да. Ал Гүлжанның ауылы талай шақырым жерде. Ара тұра Гүлжанмен бейнетелефон экраны арқылы жүздесіп, тілдесіп тұругшы еді, енді одан да қалған. Өткендегі тойдағы әңгімесі анандай болды. " Жалпы, қыз жаны өте нәзік келеді, оны танып білу қиын" деген сөздің растығына да Мерген енді көз жеткізе бастағандай.
Күн батқан бойда Мерген үйге қарай бұрылды. Аспанда мың сан жұлдыздар жыпылық қаға бастады. Күндегі үйреншікті көрініс сияқты. Бірақ оларда қаншама құбылыс өтіп жатыр. Кеңістіктен қарағанда Жер де Күн сәулесіне шағылысып жарқыраған бір жұлдыз. Ал оның бетінде қаншама оқиға өтіп жатады. Мерген жұлдызды аспанға мейірлене бір қарады да, үйге енді. Сырт есік жабылысымен іште тыныштық орнады. Өзі үйрене бастаған жалғыздықтың тыныштығы. Қаланы ойына алса, онда қаншама ерлер мен әйелдердің бір бөлме пәтерде жападан жалғыз өмір сүріп жатқаны көз алдына келеді. Ондай жалғызбастылар радио, теледидар, телефон, газет, журнал мен тағы басқадай құралдардың арқасында жалғыздығын сезбей жүреді. Бірақ уақыт өзені тоқтамай ағып өте береді, өте береді. Ал қартайып, әл кеткенде олар қиын тағдырды бастарынан кешеді. Қарайтын, қолұшын беретін адам болмайды. Мерген оны ойлағанда кенеттен шошынғандай болып, Гүлжанға барып, жіберген қателіктері үшін кешірім сұрағысы да келіп кетеді. Бірақ Гүлжан әлі де болса өзінің істерін кешіре қоймайтын сияқты көрінеді. Көкейіндегі бір өкпесін ашып та айта алмайтындай. Онысын Мерген сезеді. Мына тұңғиыққа, тығырыққа тіреп келе жатқан уақыт осылай ойлауға мәжбүр еткен. Мерген ой тұңғиығынан шыға алмай көңілсіз келген бойда асханада автомат аспазшы әлдеқашан дайындағын асқа да қарамай жатын бөлмесіндегі төсегіне етбеттей құлай кетті.
Жоғалған гүл
Гүлжан мен Мергеннің достығы бүгінгі күндері де бұрынғысынша жалғасып жатты.
Маржан "Тұрмсқа шықтым. Енді маған ешқандай да құрбының керегі жоқ" деп ешқашан да ойлаған емес. Қайта, керісінше, Айтқалимпен отау құрғалы бері Гүлжанға жиі жиі бейнетелефон соғатын болған. Достық оты әуелдегісінен де лаулай түскен. Айтқали да Гүлжанның кім екенін о бастан жақсы біледі. Бәрі де кезінде жұлдызаралық сапардыкғы небір қиындықтарды бірге кешкен ғарышкерлер. Сол кемеде бес жігіт екі қызды екі гүлдей аялаған. Екеуіне деген жігіттердің құрметтері де ерекше еді. Сол құрмет бүгінде де еш азайған емес. Мерген мен Гүлжанның арасындағы махаббат сезіміне түскен сызатты байқап түсінген Маржан да соңғы кездері қатты алаңдай бастаған. Бар ойы екеуін қалай қайта табыстырып, баяғысындай етуде еді.
Сондай мақсатпен бүгін Маржан Мергенге бейнетелефон соққан.
- Аманбысың, хал жағдайың қалай, Мерген? - деп бастады сөзін Маржан, - неге хабарласпай кеттің? Немене, мені тұрмысқа шықты, болды деп бөліп тастағың келе ме?
- Хабарласқым келмегеннен емес, уақытым болмай жүр, - деп ақтала бастады Мерген, - ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрмін.
- Қойшы, - деді Маржан әдеттегі еркелігіне басып, - ғылым, ғылым деп жүріп қалай қартайғаныңды байқамай қалып жүрме. Уақыт жылдам. Уақыт қатаң. Дер шағыңда отбасын құруды да ұмытпа. Гүлжанды өкпелетіп жүргенің мынау. Өзіңді әлі де сол баяғы жұлдызаралық кеме құрамының, яғни біздің басшысымын деп санап жүрсің бе? Ол заман кеткен келмеске. Енді Жер адамынша ойлану керек, толғану керек!
- Мен бәрін де түсінемін, Маржан, тек маған бұлай ренжімеңдерші, - деді қатты толқыған Мерген, - ойланып та жүрмін, толғанып та жүрмін. Қарап жатқан мен жоқ. Бірақ Гүлжанның мені түсінгісі келмесе, қолымнан келер басқа шарам бар ма? - деп Маржан дауысын көтере түсті, -
- Олай деп айтуға жігіт басыңмен ұялмайсың ба, Мерген? - деп, Маржан дауысын көтере түсті, - жұлдызаралық сапарда түсініскен жалғыз сүйген қызың Гүлжанның көңілін таба алмайсың ба? Қыз атаулының жандүниесінің нәзік келетінін білмейтін бе едің? Геолог емессің бе? Табиғатта, гүлді өсімдіктердің арасында жүрген адам емессің бе?
- Түсінемін, бәрін де түсініп тұрмын, тек маған ренжімеңдерші, Маржан, - деді енді Мерген дауысы дірілдей шығып, - өткенде, өздеріңнің тойларыңда Гүлжанды үйге шақырғанмын, таудан тапқан ғажайып гүлді көрсетпек, сыйламақ болып. Бірақ Гүлжан менің ол сөзіме сенбеді, ұсынысымды қабыл алмады.
- Ол неғылған ғажайып гүл, сенің ауылыңның тауында адасып жүрген? Гүл деген де солай жылдам орын ауыстыра ала ма? Мен де ондай сөзіңе сене қоймас едім.
- Міне, осылай... Гүлжан түгілі, өзің де сенбей тұрсың. Менің өз тауымнан ғажайып гүл тапқаным рас. Ол үйде. Сенбесеңдер, келіп көріңдер
- Мен саған сенемін, Мерген. Сен жұлдызаралық кемедегі біздің ең сенімді тірегіміз болдың. Менімше, Гүлжан сенгеннен гөрі бірдемеден сезіктенген болар?
- Ол жағын білмедім, Маржан...
- Сонда әлгі таудан тапқан гүлің тап сол ғажайып ғаламшардағы гүл сияқты ма?
- Сияқты емес, нағыз соның өзі, Маржан. Өзінің қылығы да қызық. Мен онымен біраз сырласуға да тырысып көрдім.
- Қойшы, сонда ол немене, тірі жан сияқты ма?
- Сырласқанда, сөйлесіп емес, былай, қасында отырып...
- Түсіндім. Жалпы, гүл атаулының бәрі де өте сезімтал келеді ғой.
- Сезімталдығы өз алдына, қимыл қозғалысы, қорғанысы тіпті де ғажап!
- Иә, ондай қабілет і болмаса, жұлдызаралық кемемізге жабысып, Жерімізге жетер ме еді?
- Гүлжанның ә дегеннен назар аударатынындай бар екен. Қалғанымыз оны елемеппіз де? Қазақта "Жүз рет естігеннен бір анықтап көрген артық" деген сөз бар ғой. Келіп асықпай көріп қайтпайсыңдар ма, Айтқали екеуің, гүл үйде!
- Барамыз, - деді Маржан кейінгі жағына бұрылып қойып, - ғажайып гүлді көреміз. Онымен біраз айналысамыз. Гүлжанды да ертіп барамын. Қанша дегенмен де ол ботаник қой, гүдің жандүниесін бізден гқрі әлдеқайда тереңірек түсінеді. Қарсы болмайтын шығарсың, оған?
- Мен қарсы емеспін. Тек Гүлжан келе қояр ма екен?
- Немене, Гүлжанды үйіңе енді келместей етіп өкпелетіп қойып па едің? - деп сәл ғана езу тартты Маржан.
- Жо жоқ! Құдай сақтасын, ондайдан. Гүлжан екеуміздің арамызда қатты кететірндей ештеме де болған жоқ
- Ендеше, барады. Дайын бол!
- Мен қашан да дайынмын!
- Қашан келейік?
- Қашан келсеңдер де дайынмын. Тіпті, қазір келсеңдер де уақыт табамын. Ауыл арасы онша қашық та емес. Жеңіл көлік те, шағын әуе кемесі де астарыңда. Бұл жұлдызаралық жол емес!
- Иә, Мерген, сол жұлдызаралық сапар да өзінше бір дәурен екен ғой! Жасөспірім шағымыз да сол кеме ішінде өтті! Шіркін, енді сол шағымыз қайта оралса ғой!
- Ол жұлдызаралық сапарымызды әлі күнге дейін аңсайды екенсің ғой, Маржан?
- Әрине аңсамймын әркез. Ол да бір өзінше дәурен емес пе еді, айтшы?
- Оның рас, Маржан. Тек сол дәуреніміз енді келмеске кетті, Маржан! Енді оны тек бейәнетаспадан, суреттен ғана көре аламыз.
Екеуі екі экранда осы сөзден кейін толқып, бір сәтке кідірді. Маржанның көз шарасына ыстық жас та үйірілді. Ол бейнетелефон экранынан ап анық байқалып тұрды. Маржанға Мергеннің толқулы жүзі де экараннан анық көрінеді. Сәлден соң Маржан ой тұңғиығынан оянғандай селт етті де, басын көтеріп алып:
- Жарайды, Мерген. Құдай қаласа, енді бас аяғы үш сағатың ішінде сенің үйіңде боламыз. Жұлдызаралық сапарымызды есімізге түсіріп, бейнефон экранынан өткенімізді көреміз. Сонымен қатар әлгі ғажайып ғаламшардан біз арқылы Жерімізге жеткен ғажайып гүлді де тамашалаймыз!
- Жақсы, рахмет, Маржан бейнетелефон қоңырауын соққаныңа. Асыға күтемін, сендерді, - деп жеңіл күрсініп салды. - Сендер келгенше мен асханамдағы автомат аспазшыға шай пай, тамақ та дайындатып қоярмын.
- Ол жакғын өзің біл, Мерген. Тамақ жағына өкпе болмайды. Бойдақсың ғой!
- Тамақты мен емес, асханамдағы автомат аспазшылар дайындайды ғой.
- Жарайды, Мерген, ол жағын өзің біл. Ал, жақсы, кездескенше!
- Жақсы...
Екі жақтың да бпейнетелефондарының экрандары сөнді. Мерген енді қуаныштан сәл сасқалақтап та қалды. Жұлдызаралық сапарға аттанарда да, сапар барысында да өзін. қарамағындағыларының алдында өзін қатаң ұстаған.Өйткені, кемедегі барлық жауапкершілік өзіне жүктелген. Қарамағындакғылар қандай бір істі де өзінің рұқсатынсыз бастамайтын. Мерген соған әбден үйреніп кеткен. Жерге, елге аман есен келгеннен кейін де көп уақыт бойы сол әдетінен арыла алмай жүрді. Енді енді ғана, өзі осылайша жалғыз қалғалы бері сол биліктің келмеске кеткенін түсінді. Кей кездегі артық кеткен жерлерін есіне алып, өкініп те қояды. Жұлдызаралық сапар кезінде кейбір айтқан сөздері есіне түскенде: "Достарым мені енді сыйлай қоймас" деп те күбірлеп алады ішінен, Бірақ жұлдызаралық сапардағы талаптарды дұрыс түсінген достарының ешқайсысы да "Сен бізге жұлдызаралық сапарда былай дегенсің" деп күнә таққан емес әзірге. Достықтары да, сыйластықтары да сол бұрынғысынша. Тек өзінің мына жалғызбастығы ғана жалықтырады. Бүгінде Мергеннің жақын сырласы кітап, радио мен теледидар болып қалған. Ал күндізгі мезгілде көмекшілері мен шәкірттері алдандырады.
Ал жаңағы Маржанның бейнетелефон қоңырауынан кейін Мергеннің төбесі көкке сәл ақ жетпей қалды. Маржанға іштей риза. Жұлдызаралық сапар кезінде де Маржан сенімді көмекшілерінің бірі болды. Сүйгені басқа болғанымен сыйластығы ерен ді. Сол қалпынан әлі өзгермепті. Әдетте, кейбір қыздар әлдекімге тұрмысқа шыққаннан кейін достарын жайымен ұмыта бастайды. Маржан да енді солай жасар деп ойлаған Мерген оның жаңағы қоңырауы мен ерке сөздерінен кейін ол ойынан күрт өзгерді. Маржан тіпті, Айтқалидан да асып, бейнетелефон қоңырауын соғып, көңілін бір көтеріп тастады. Егер Айтқали бөтен жігіт болса, бұл сөйлесуді басқаға жорыр ма еді. Айтқалиға Мергеннің, Мергенге Айтқалидың мінез құлықтары бес саусақтай жақсы белгілі. Сондықтан да араларында қандай да бір күмәнді ойдың жүруі еш мүмкін емес. Маржан да сол сенімнің арқасында бейнетелефон экранында қыз күніндегідей еркін де ерке сөйлесе керек.
Мерген асханадағы автомат аспазшыға дәмді тамақ даярлауға тапсырыс берді де, өзі ғажайып гүлдің жанына келді. Енді санаулы минуттардан соң өзін жақсы көретін адамдардың келетінін түсіндірмек болды. Мергеннің алдында гүл емес, бейнебір қылдырықтай ғана бір қыз тұрғандай еді. Гүлдің қимыл қозғалыстары да соны мегзейтіндей. Мерген оған жақындай түсті де:
- Ал сырласым, дайын бол, қазір бізге меймандар келеді! Олар саған жақындағанда маған жасағаныңды жасап жүрме. Өзіңді тәртіпті етіп ұста. Түсіндің бе? Келген меймандар сені мұқият бақылауға алады. Оны да ұмытпа! Олар мендей емес. Гүлжан есімді қыз сендей гүлдердің талайын зерттеген ботаник, биолог, Ол сені де жақсылап зерттейтін болады! - деп гүлдің біресе ана жағына, біресе мына жағына шықты.
Бірақ қанша сөйлесе де, қанша жақындаса да, гүлден. ешқандай жауап болмады. Тек Мерген қай жағынан жақындаса, ол соған кері жаққа қарай қисаяды. Мергеннің ойына осы кезде бірдеме түсе кетті. Ол ыдыс еді. Гүл жұпыны бір құмырадағы топыраққа қадалып тұрған. Тез тез басып келесі бөлмеге барды да, ол бөлмеден үлкенірек әрі әдемі бір құмыраны әкелді. Оған құнарлы қара топырақ салды. Содан соң өзіне үйреніп қалған гүлді оң қолымен еппен ескі ыдыстағы топырақтан суырып алды да, жаңа үлкен ыдыстағы құнарлы топыраққа қадады. Гүлге ауа жақсы жетіп тұруы үшін үлкен терезені айқара ашып қойды. Ол терезеден өзі осы гүлді тауып алған тау сілемдері мен сай сала, шұбар шұбар беткейлер жақсы көрінеді. Келген меймандар гүлге назар аударғанда осы табиғаттың тамаша көрінісі ерекше бөлек әсер бермек. Мерген осыны ойлап болып, гүлге, одан сырттағы табиғат аясына көз жіберді. Сөйтіп, өзінше мәз мәйрам болып, асханаға қарай асықты.
Тамақ жағдайын бір бақылап, автомат аспазшыларға дастархан жая ьеруді тапсырып, өзі бірінші қабатқа түсіп, одан жылдам басып сыртқа шықты. Сол кезде сонау биік тау жақтан, аспаннан шағын әмбебап әуе кемесі де көрінді. Ол әуе кемесімен ұшып келе жатқандар Мерген күткен меймандар еді. Үш қабат үйдің күнбатыс жағында шағын алаңқай бар. Ол меймандар мініп келетін шағын бесаспап әуе кемесінің қонуына арналған. Әуе көліктері сол алаңқайға оп оңай қона кетеді. Мерген көз алдын оң қолының қырымен көлеңкелей қарап үлгерген жоқ, үш әмбебап әуе кемесі шағын алаңқайға келіп жеп жеңіл жермен жанасты. Мерген келгендердің кмдер екенін алдын ала білетіндіктен аспай саспай, абдырамай оларға қарай жайымен жүре берді. Гүлжанды көргенде қанша батыр, қанша батыл болса да, жүрегі тыз ете түскендей болған. Әуелі Айтқалимен құшақтасып амандасты. Қол қысысып, бір бірінің жүзінен жаңалық іздегендей біршама кідірісті. Одан қайтадан құшақтаса кетіп арқа қағысты. Бұл тебіреністі сәтті екі қыз да бос жібермеген еді. Маржан мен Гүлжан Мергенмен қол алысып амандасты. Содан соң екеу екеу болып өзді өзді әңгімеге кірісіп кеткен. Мерген мен Айтқали үйге қарай асыға жүрді. Кейінгі жақта әңгімелерін бітіре алмағандай болып Гүлжан мен Маржан келеді.
Бір дегеннен ойдағыны айта жөнелу қиын мұндайда. Ек жігіт те, екі қыз да әзірге амандық саулық пен ауыл жаңалықтарын айтудан аспаған. Сөйте келіп, үш қабат әдемі де әсем үйдің табалдырығын да аттаған. Маржан мен Гүлжан да көңілді. Мерген мен Айтқалидың өзгермеген достығы іш жылытатын сияқты. Жұлдызаралық сапар құрамына осындай адал достардың жиналғаны да сол сапар барысында талай рет дәлелденген. Есік табалдырығын аттағаннан кейін жоғары қарай көтерілу керек екені белгілі. Осы жерде Гүлжан бірдемені жоғалтып алған адамдай жан жағына жалтақ жалтақ қарады. Оны байқап қалған Мерген оған бұрыла қарады да:
- Гүлжан, не болды, менің үйімді бөтенсіп тұрған жоқсың ба? - деп қалды.
- Жоқ а, - деп Гүлжан сәл жымия салды.
- Ендеше, жоғары көтерілейік. Мейманханаға өтейік.
- Менімше, Гүлжан сол мейманханаңнан гөрі әлгі ғажайып гүлді ертерек көргенді қалап тұр ау, шамасы. Сондықтан әуелі соны тамашалап алайық.
Мейманхана да, тамақ та ешқайда қашпас! - деп, Маржан Гүлжанның ішкі ойын оқып алғандай сөйледі.
- Маржан тек дәрігер емес, нағыз психолог та! - деп Гүлжан оның қолынан ұстап қысып қойды.
- Қыздар ау, меймарндыққа келіп тұрып, мейманханаға кірмей, одан дәм татпай бірден гүлге қарай жүгіргеніміз қалай болады? Мына үй иесінің айтқанына ерейік те! - деп Айтқали тоқтау айтты.
- Оқасы жоқ... Қыздардыкі дұрыс... - деп Мерген сәл ойланды да: - Жүріңіздер, әуелі гүлді көрейік. Содан соң мейманханада асықпай отырып тамақтанып, әңгімелесерміз.
- "Мейман қойдан жуас" деді Гүлжан Мергеннің ұсынысын ішінен қалап.
- Тек айтқаның өтірік болып шығып жүрмесін, Мерген, байқа! - деп Маржан әзілге басты.
- Алдасам, мені құдай атсын! - деп Мерген Маржанға бір қарап қойды.
сөйтті де өзі бастап тепкешекпен жоғары қарай өрледі. Мерген кеме басшысы болған кеінде бұлайша қарғанып көрген емес ті. Ол кезде басшы ретінде не бар, не жоқ, не болады, не болмайды деп қысқа ғана жауап беретін. Қарамағындағылар да жаңағыдай сөзді оған айтпайтын. Енді Жерге келіп, қарапайым ғалымдардың бірі болған соң, достарымен қай жағынан да теңескен соң мұндай сөзді айтуы да жөн еді. Оның үстіне Маржан достарына қашан да осылайша ашық сөйлейтін қыз. Ол кім кімге де ойындағысын анық та ашық айтқанды ұнатады. Ешқашан да адам баласының сыртынан тіл тигізген емес.Достары да Маржанды осы қасиеті үшін ерекше құрметтейді.
Төртеуі үшінші қабатқа көтерілгенде жалғызлікті адамның көп бөлмлерінің бос қаңырап тұрғаны айқын байқалды. "Егер осы үйдің ішінде әйел заты жүрсе, перзенттер болса, мына бөлмелер мен жиһаздар бос тұрмас еді" деп ойлап қойды сол кезде ішінен Маржан. Еденде де не заттар, не бала ойыншықтары шашылып жатпақ. Мұнда бәрі де тап тұйнақтай. Мұнтаздай таза. Тазалықты кім кім де ұнатады. Жұлдызаралық сапар кезінде соншама үлкен, соншама алапат әрі көп бөлмелі кеменің ішін де таза ұстаған болатын бәрі. Мына тазалықтың өзі келгендердің естеріне соның бәрін де түсірген. Мерген асықпай басып, өзі жинаған, ел елден сыйлыққа алған түрлі заттарын көрсетіп келеді. Ал Гүлжан болса, қашан ғажайып гүлмен жүздескенше әрең шыдап келеді. Сөйте сөйте гүл бар деген есікті де ашқан еді Мерген. Бірақ ол ішке кірген бойда өз көзіне өзі сенбеогендей аңырып тоқтап тұрды да қалды. Соңында келе жатқандар аңдаусызда оған соқтығыса жаздады.
Мерген мәз болып келген гүл ыдысы бос еді. Ғажайып гүлден не бір жапырақ, не бір із де қалмаған. Бәрі енді жылдам басып келіп ыдысқа үңілді. Ыдыстағы қара топырақта кішкентай ғана шұңқіыр қалған. Ол гүл тамырының орны. Гүлдің ыдыстағы қара топырақтан бұрғыша шыр айналып шығып кеткені Мергенге түсінікті еді. Ал оны әлдекіімнің келіп жұлып алып кетуі еш мүмкін емес. Үшінші қабатқа кімнің қолы жете қойсын. Сондықтан да олай ойлауға еш негіз жоқ. Мерген үйден алыс кеткен де, ұзаған да емес. Сондықтан да үйге әлдекімнің кіруііне де уақыт аз.
Мерген келген меймандарынан қатты ыңғайсызданып, айтарға уәж таппай үнсіз тұрып қалды. Бір ғана Гүлжанның алдында өтірікші болса бір сәрі. Арқа тұсында тағы екі адам тұр.Бағанағы Маржан айтқан күмән да енді негізсіз қалмағандай. Тура солай болып шыға келген. "Бұл өзі менің махаббатыма үнемі кесір келтіріп жүретін гүл болды ғой" деп күйінді ішінен Мерген. Кейінде тұрғандар әлі үнсіз, әлі үмітті. Тек әлден соң Айтқали бір кездегі басшысы әрі сенімді досы Мергенді ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келмей:
- Менімше, сол гүлің тегін жүрген гүл емес. Біз барып қайтқан ғажайып ғаламшардың тыңшысы, иә болмаса зерттеушіісі болып жүрмесін! Одан сақ болған да жөн шығар? - деп, қыздардың оған деген қызығушылықтарын басып тастауға тырысты.
- Олай болуы еш мүмкін емес! Ол бар болғаны бір тал гүл ғой! - деді Маржан.
- Өздерің көрдіңдер, біз ол ғаламшардан гүл, орманнан өзге ешқандай да саналы пендені кезіктірген жоқпыз, - деп қалды Айтқали.
- Сонда сен не демексің? Сол ғажайып ғаламшардың саналылары осындай гүлдер демексің бе? - деп Маржан еріне тіке қарады.
- Енді не демекпіз? Ол гүлдер сол ғаламшарда өмір сүрген саналылардан көп нәрсені бойларына сіңірген. Ал сол саналы иелері бізге беймәлім себептермен ғаламшардан жоғалған кезде гүлдер саналы әрекетке көшкен. Өйткені, сондай ғажайып ғаламшардың қандай дәрежеде болса да, әйтеуірі бір саналысы болуы керек қой!
- Сен өзі ботаника мпен биология ғылымына қарай тереңдеп барасың, Айтқали?! - деп Маржан Гүлжанға бір қарап алды, - гүлдерді Гүлжаннан артық білемін деп тұрсың ба?
- Дұрыс, дұрыс. Айтқали дұрыс айтып тұр, - деді Гүлжан сәл сергіп, - мен бәрін де түсініп тұрмын. Олай болуы да ғажап емес!
- Ал мен, достар, мына құбылыс үшін сендерден өте қатты ыңғайсызданып тұрмын! - деді Мерген сасқанынан гүлден бос ыдысты қолына алып, - тап осы ыдыста, мына титтей шұңқірда ғажайып гүл тұрған. Тіпті, мен мына орындыққа отырып алып, онымен тілдесуге, сырласуға тырысып едім. Оның небір қимыл қозғалыстары мен қорғаныстарын да қызықтадым осы жерде, оңашада. Енді немен дәлелдесесм екен мұны!
- Ештемемен де дәлелдей алмайсың мұны, Мерген. Бұл тек кезекті спектакль болды! - деп Гүлжан оған бота көздерін жалт бұрып алды.
Бұл сөз Мергенге атқан оқпен бірдей еді. Не айтарын білмеді. Түзеймін деген ісінің мынандай болғанына қатты қынжылды. Келген меймандардың көңіл күйлері де Мергенге қанша білдірмейін десе де,түсіп кетті. Оны ешқайсысы да жасыра алмады. Достары да Мергеннің ішкі жай күйін тереңінен түсініп тұр. Сәлден соң Айтқали батыл кетті.
- Жарайды, Мерген, болар іс болды. Оған еш қобалжыма. Біз саған қашан да сенеміз. Бір кездегі басшымыз емес пе едің? Еңсеңді көтер. Бұл жолы болмаса, келесі жолы көрерміз, ол гүлді. Ол да мүлдем кете қоймас сенен, қайта келер. Оның асып бара жатқан ештемесі де жоқ. Ол керемет болса, біз оны сол ғаламшарда тастап кетпеген болар едік қой. Осы өкінгеніміз жетер. Одан да енді ана мейманханаға барып дәм татып, көңілімізді көтерелік. Күнде осылай кездесе беретін жан емеспіз. Мына Маржан мен Гүлжан асханадағы автомат жүйелерді қадағаласын. Қол шаялық. Сөйтелік.
Мерген үндемеді. Бірақ Айтқалидың мына сөздеріне деген ризашылығы оның көзқарасынан ап айқын байқалып тұрды. Қыздар да сөйлеген жоқ. Ол екеуі бұрылып асханаға қарай тартты. Енді гүлді қайсысы есіне алса да, әңгіме ушығып кетпек. Оның соңы да жақсылыққа апармайды. Соны алдын ала сезген Айтқали гүл жөніндегі әңгімені дер кезінде тоқтата білді. Тағы бір жүздескен достардың ендігі әңгімелерінің өздерінің жұлызаралық сапарлары, онда көргендері мен махаббат жайлы болатыны өз өзінен түсінікті еді.
Суық жаңалық
Сәрсенгүл өзінің жатын бөлмесіндегі жұмсақ төсегінде ұйқтай алмай ұзақ аунады. Оған себеп болған кеше ғана осы ауылға келіп кеткен Гүлжанның, Айтқали мен Маржанның отырыстары мен қыдырыстары еді. Олар
Мергеннің ұйінде түнеп те шықты. Мерген мен Гүлжанның арасында бір өкпенің барын Сәрсенгүл әлдеқашан естіген. Бірақ, сонда да әуелден келе жатқан екі ғашықтың арасына от салудан аулақ ты. Егер Мерген Гүлжанды емес, өзін қалап жатса, амалы қанша. Бас тарта алмақ емес. Сезімді былай қойғанда, оның атақ даңқы, үш қабатты үйі мен оның айналасындағы атшаптырым жер, жеңіл көлік, шағын әмбебап әуе көлігі. Оны әкесі мен шешесі, көрші қолаң үнемі әңгімеге тиек етеді. Өздері де жарлы жалқы адамдар емес. Ежелгі бай аталарының тұқымдары. Бірақ дүниеге көз тойған ба, шіркін. Мергеннің күнде айтылып жататын аты, оған сыйланған небір қымбат сыйлықтар ауыл тұрғындарын елеңдетумен келеді. "Бұл Мерген қандай қызға үйленер екен? Қай қыздың бағы жанып тұр екен?" деген сұрақтар қай тұрғынның да көкейінен орын алған. Сол сұраққа бір жауап та осы Сәрсенгүл мен оның отбасы еді.
Рас, Сәрсенгүл Мергенге: "Маған назар аудар? Маған үйлен" деген емес. Олай деп ешқашан айтпайды да. Мергенге өзі бастап жақындаған да жоқ. Бірақ Мергеннің әрбір сөзі Сәрсенгүлге бұлжымас заңдай көрінеді, әрбір әзілі мен күлкісі балдай сезіледі. Сәрсенгүл, неге екені белгісіз, Мерген сөзіне кішкене әзіл қоса бастаса боолды, күлкісі келсін, келмесін сқылықтап күле береді. Ал Мерген қызды күлдіргеніне мәз. Ал Гүлжанға өйте алған емес. Гүлжанның мінезі қатқылдау. Бірақ ұнамды, қызға тән, қажетті мінез. Сондықтан да ол енді Мергеннің қолы жетпейтін жұлдызға айналды. Оны ұмыта алмайтыны да, қылықтары мен өңменінен өтіп кететін сөздерін кешіре беретіні де содан ды. Ал оған деген шынайы махаббат сезімінің орны болса да бөлек.
Мергеннің осындай әлсіз тұстарын жақсы білетін Сәрсенгүл қатты ренжіді. Күллі денесін батпан тас басып тұрғандай болып, біресе етбеттей, біресе шалқалай жатты. Әкесінің де, шешесінің де: "Сәрсенгүл, тұра ғой. Таңғы асыңды іш. Сабақ беретін уақытың да таяп қалды" деген сөздерінен кейін де қозғала қоймады. Бір әке шешенің, бір үйдің жалғыз қызы болған соң бойына кішкентайынан осындай еркелік мінезі қалыптасқан. Әкесі де, шешесі де жаңағыдай сөздерін бір бір ғана айтады да қояды. Қанша дегенмен де олар біршама жасқа келіп қалған адамдар. Сәрсенгіл бір жағынан, қанша жалғыз қыз болса да, жаңағыдай көңілсіз күйде ғана жатыңқырап қалады. Ондай көңіл күйін әке шешесі де түсінеді. Сәрсенгүл қай нәрсені де ой елегінен өткізіп, әке шешесімен кеңесіп отырады. Өзіне қызығып, сөз айтып, тіпті, үйіне дейін шығарып салып, дәмеленіп жүрген ауыл жігіттері де аз емес. Сәрсенгүл олардың бір де бірімен уәделесе қойған жоқ. Ал ауылда тұрмысы бақуатты үйдің жалғыз қызына құда түссек деп жүрген отбасылар да күн санап көбейіп келеді. Тұрмысы төмендер өздеріне қарап қызықса, бұлар өздерінен бақуатты адамға қарай ұмтылады.Өмірдің осындай бір жазылмаған заңдылығы кейде адамды пендешілікке қарай итермелейді. Мерген ондай жан емес. Тек оның кейде қайсыбір нәрсеге де немқұрайды қарайтыны бар. Сондайы үшін де ол аракідік болса да, достарына да, басқаларға да жақпай қалады. Қайта Мергенді сол ұзақ жұлдызаралық сапар біршама ширатқан, зерделеген. Сәрсенгүлге сонысы да ұнайды.
Сөйтіп, көп ойланып, көп толғанып жас қыз төсегінен тұрды. Үй көйлегін киіп, қабырғаға қағылған үлкен айнаға жақындады. Ұйқысыздық пен терең толғаныстан бет әлпетінің сәл де болса домбыққандай болғаны да байқалады. Ұзақ уақыт бойы ұйқтай алмаған адамнің бет әлпетінің осындай күйге түсетіні түсінікті де еді. Сондықтан да Сәрсенгүл оған аса назар аудара қоймады. Қара мөлдір ұзын шашын арқа тұсіне қарай жайып жіберіп, басын сәл шалқайта солға қарай қисайтты да, тарап тарап, түскен шаштарды алып.айна алдындағы шағын үстел үстінде тұрған ыдысқа салды. Содан соң екі бетін арнайы маймен қос алақандап майлап майлап, ысып ысып, кірпіктерін сүйріктей ғана саусақтарымен талдай тарамдап қойды. Ауылда бет ауызды опалаудың қаншалықты ұят екенін білетіндіктен ол жағына бармады. Оның үстіне бет ауызын опалап алып, мектеп оқушыларының алдында дәріс беру де тәрбиеге жатпайды. Соны да ойлаған.
Айнадан сөң үй ішін жинастырды. Одан жуынып шайынатын бөлмеге барды. Кішкене сергіп, ұйқысы ашылған сәтте манағы жауар жаңбырдың алдындағы қою қара бұлттай болып төніп тұрған қабағы да ашыла берді. Таңғы асын ішті. Содан әуенге деген санасы оянып, кең бөлмедегі стереожазба таспаны іске қосты. Онан қазақтың әндері мен күйлері төгіліп жөнелді. Мұндай ұлттық әуен тек өзінің ғана емес, ата анасының құлағына да жағымды. Сол әуен мен күйдің құдіретімен көңіл күйі жақсарып, мана төсекте жатқанда ойлаған небір жаман ойларынан да арылды. Оның үстіне Мергеннің үйіне бір түн қонған меймандары ауылдарына қайтып кеткен. Енді олардың қайта келулеріне де аз уақыт кетпейді. Сол есіне түскенде одан сайын көңілденіп, ыңылдап ән салғысы да келген. Асханаға келіп, таңғы астан кейінгі ыдыс аяқтарды жуу керек екенін ойына түсірді де, ол қызметті атқаратын автомат жүйеге тапсырма берді. Артынша сақыр сұқыр еткен дыбыс та естілген. Бірақ Сәрсенгүл оған құлақ асқан жоқ. Төр жақтағы демалатын бөлмедегі әкесі Елемес пен анасы Қарлығаға барды. Ол екеуі таңғы астан кейін стереотеледидар көріп отырған. Қызы үйді тап тұйнақтай етіп жинастырып келгенде әке мен ана кәдімгідей көңілденіп қалған.
- Көке, апа, бұл әлемде не жаңалық болып жатыр екен? - деп қойды Сәрсенгүл.
- Жаңалық таусылған ба, қызым, - деді әкесі жай ғана.
- Кеше қатты шаршап қалыппын. Таңғы ас сіздернге ұнады ма? Қазір мен мектепке кеткенге дейін түскі асқа тапсырыс беріп кетемін. Алаңсыз демалып, алаңсыз сырттағы шаруаларыңызды жасай беріңіздер, - деді Сәрсенгүл.
- Жарайды, қарағым, - деді анасы жай ғана қызына бұрылып, - бізді уәйім етпе. Жұмысыңнан қалма. Біз үйдегі адмдармыз. Қажет болып жатса, асханадағы автомат жүйелер қалаған тағамымыз бен шайымызды жасап береді ғой.
- Мен қазір асханадағы автомат жүйелерге сіздер ұнататын тамақты пісіруге тапсырыс беремін. Ол көп уақыт алмайды.
- Мейлің, қызым, өзің біл. Тек сабағыңа кешігіп қалмасаң болғаны да, - деп әкесі де күңк етті.
Сәрсенгүл кейін бұрылып, асханаға қарай тартты. Ыңылдап ән айта жүріп тамақ жағын реттеді. Содан соң түскі тамақтың құрамын тағы бір тексеріп шығып, тез тез киініп, мектепке қарай асықты. Жол жөнекей таныстары, құрбы құрдастары кезігіп, амандасып өтіп кетіп жатты. Сәрсенгүл олардың көбімен жылы амандасып, сәл кідіріп, амандық біліп, одан әрі қарайә асыға басып кетіп бара жатыр еді. Мектепке жақындап қалғанда қарсы алдынан көптен бергі сырлас құрбысы Гауһар кезіге кетті. Ол өзі пысық, сөзшең қыз. Мамандығы физик. Қай жиында да ел алдына шығып, әлденелерді айтып, өзін. ерекше көрсетуді ұнатады. Сәрсенгүл оны жастайынан жақсы біледі. Мінез құлқы жағынан салыстырғанда Сәрсенгүлдің өзі әлдеқайда сабырлы қыз. Ал Гауһардың жүріс тұрысы өзінің дене бітіміне де сай. Ол ұзын бойлы, арық келген, ат жақты, қыр мұрынды. Сөйлеген кезде еріні ерніне тимей жыпылдап, көздері қозғалақтап кетеді. Ол ерекшелігі жастайынан белгілі болғандықтан ауыл тұрғындары оған аса назар аудармайды.
Сол Гауһар алдынан кезіккенде Сәрсенгүл жақын сырласын тапқандай ішінен қатты қуанып, жолдан шеткерек шығып, әңгімелесуге көшті. Қай кеде де көрген білгенін жасырмай ақтарыла сөйлейтінін білетіндіктен Мерген жайлы бір жаңалықты білгісі келіп Гауһарды кейде іздейтін. Бірақ оны ұшырастыру қиырн. Жас балаша қолды аяққа тұрмайды. Кітапханаға баратын кезі де көп. Оның білімділігіне де ешкім дау айта алмайды. Қазір де ол әңгімесін дүние жүзінде болып жатқан жағымды, жағымсыз жаңалықтардан бастады. Сәрсенгүл мұндайда тек аузын ашып тыңдайды. Сәрсенгүл жолыққанда ол бар білетінін айтып, шерін тарқатады. Екеуі әңгімелері ұзай бастаған соң жол шетіндегі ұзын ағаш орындыққа қатарласа отырды. Сол сәтте Гауһар Сәрсенгүлдің тұла бойын көзімен шолып өтіп барып былай деп тіл қатты:
- Саған өзі не болған? Соншама азып кетіпсің. Не уәйім қысып жүр сені?
- Азған ештемем де жоқ, - деді Сәрсенгүл мұндай сөздердің өзіне бекер айтылмайтынын сезіп, - жай, шамалы шаршап жүрмін. Соныкі болар.
- Иә, бәріміз де мәз емеспіз, - деп Гауһар іштей қуанды.
- Ал, әлемдегі жаңалықтарыңнан өзге не жаңалықтар бар?
- Не болады. Өзің көріп жүрген осы ауылдың тірішілігі де.
- Дегенмен де...
- Иә, айтпақшы, мен бір жаңалық естідім, - деді Гауһар сөзін біреу естіп қоятындай жан жағына қарап алып, - осы ауылымызға өткенде Айтқали, Маржан мен Гүлжан келіп кетіпті. Естіген шығарсың?
- Иә, ғарышкерлердің кездескендері жөнінде жергілікті стереотеледидардан жаңалық ретінде айтып жатты ңой.
- Ой, Сәрсенгүл ай, стереотеледидардан айтылған басқа, мұнда болған оқиға бөлек. Стереотеледидардан бар шындықты айта бермейтінін білмейтін бе едің, осы кезге дейін? Еркіндік бар, баспасөз еркіндігі бар деп жатады. Бірақ еркіндіктің жөні осы екен деп, әлдекімдерден естігендерін айта салмайды ғой стереотеледидар тілшілері. Менің естігенім...
- Мен ол жайлы білемін, Гауһар. Бір нәрсені қайталап айта бергеннен не шығады?
- Сенің Мергенді қаншалықты жақсы білетініңді білмеймін, бірақ менің естуімше, сол Мерген мен Гүлжан үйленуге уәделесіпті сол түні!
- Қойшы, Гауһар, - деп қалды байқаусызда Сәрсенгүл
- Қойшы дейтін ештеме де жоқ! Ал сен білсең, ауылдың бүкіл тұрғындары Мерген екеуіңнің отау тіккендеріңді хош көреді! Мен де үнемі "Мерген мен Сәрсенгүл қосылса екен. Сол тілегім орындалса екен. Ана Гүлжан деген неме екеуінің арасын алшақтатып жібермесе екен" деп тілеп жүпремін ішімнен. Сөйтіп жаным ашып жүр ғой,саған,құрбым.
- Рахмет, бұл ниетіңе, - деді Сәрсенгүл жеңіл күрсініп, - ол екеуінің үйленеміз деп уәделескендері жөнінде естіген жоқ едім. Ендеше, Гүлжан бекер келмеген болды ғой. Өзі жасынан аспанға ұшуды армандағанға ұқсайды. Қайтемін. Олардың есімдері Жер шары халқына белгілі. Мен кіммін, олармен салыстырғанда.
- Қой, олай деп өзіңді өзің төмендетпе. Бір бірін шын ұнатқан адамдар ешқашан да бір біріне кеуде кермейді. Гүлжан кім? Ол аулымыздың түлегі де емес, Сырттың қызы. Ал Мерген екеуің осы ауылдың түлегісіңдер.
- Оны енді уақыт көрсете жатар...
Екеуі бір сәтке үнсіз қалды. Содан соң жылы қоштасып, екі жаққа қарай ұзай берген. Сәрсенгүл мектеп табалдырығын аттағанша осы ойдан шыға алмады.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ҚАЙТА ТАБЫСАР ЖОЛДА
Мейрамхарадағы шу
Айтқали, Маржан мен Гүлжан үшеуі үйінде меймандықта болып, оның соңы көңілсіз аяқталғаннан кейін Мергеннің Гүлжанға деген үміті де біржолата үзілгендей болған. Ол енді өзінің ғажайып гүлмен сырласқанын Гүлжанға ешқашан да дәлелдей алмайтындай да күй кешкен. Гүлжанға бармақ түгілі, оған бейнетелефон соғуды да қойған. Ендігі үміті де, ықыласы да осы ауылдың бақуатты тұрғыны Елемес деген кісінің жалғыз ерке қызы Сәрсенгүлге ауған. "Несі бар? Гүлжаннан қай жері кем? Айыбы, өзім сияқты ғарышкер болмғаны ма? Жұлдызаралық сапарда өзіммпен бірге қиындық кешпегені ме? Бұл дүниеде ұлы Жаратушы барлық пендеге кез келген нәрсеге қолы жететіндей мүмкіндік бермеген. Ғарышкер болмаса, жақсы физик, үлгілі мұғалима, ауылда беделді, сүйкімді қыз. Гауһар сияқты білімді достары бұл десе ішер асын жерге қояды" деп ойлады Мерген. Сол Гауһар өткен жолы өзінің Сәрсенгүлді ауылдағы мейрамхарналардың біріне дәмге шақыруын ұсынған. Мерген оны жөн санаған.
Сөйтіп, ол ұсынысын Сәрсенгүл қабыл алып, мейрамханада кездесетін күн де келген. Гауһар да, Сәрсенгүл де жақсы киініпті. Әншейінде қарапайым киініп жүретін Сәрсенгүлді бүгін қаланың сұлуларынан да артық санауға болар еді. Бұл көркін көргенде Мерген де оны ішкі сезімімен сүймесе де қызығып, жақсы көріп кетті. Гүлжанға деген шынайы махаббат сезімін де осы көркі мен қылығы баса түскендей. Гауһар әдеттегі білімділігіне салып, ә дегеннен дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар етті. Қанша дегенмен де ұзақ уақыт жұлдызаралық сапарда болғандықтан әлгі ғажайып ғаламшарға барып қайтқан уақыт ішінде Жерде болып өткен көптеген құбылыстардан да бейхабар еді. Жерде, елде қандай жаңалық айтылып жатса да оны өзге бір әлемнен келген адам сияқты қабылдайды. Гауһар айтқан кейбір жаңалықтарға қатты таңданып, басын шайқайды. Жұлдызаралық сапардағы бір кемшілік, адамды үй күшік, біртоға етіп тастайды екен. Мүмкіндігі туған сәтте Мерген айналшақтап үй ішінен шықпайтын. Бүгін Гауһардың арқасында мейрамханаға келе жатыр.
Негізгі әңгімеші Гауһар. Мерген мен Сәрсенгүл тыңдаушы. Әңгіме ұшы әзілге жалғасқанда үшеуі ауыл көшесінде қосыла кеп қатты күледі. Мерген ғарышкер болғандықтан, жұлдызды әлеммен етене сырлас болғандықтан жұлдызды аспанға жиі жиі қарай береді.
- Немене, жұлдызды аспанға көз сала бересің? Онан біреулерді күтесің бе? Әлде бізді менсінбейсің бе? Бәлкім, ойыңа Гүлжан түсіп келе жатқан болар? - деп қағытты әлден уақытта Гауһар әңгімесін тоқтата сала
- Қойшы, Гауһар, қайдағы өтіп кеткенді еске түсірмей, - деді Мерген сәл ыңғайсызданып, Сәрсенгүлге қарап.
Сәрсенгүл ол сөзге мән бермегендей үн түнсіз жүре берді. Бір сәтке үнсіздік орнаған. Сапарлас достарына әбден бауыр басып, үйренісіп кеткендіктен бе, бұл екі қызға қанша жақындайын десе де, солар есіне түсе береді. Бұларды бөтен қыздардай сезінеді. Мергеннің әңгімесі де, әзлі мен күлкісі де көкейінің тереңінен шығып жатқан жоқ. Бірақ Мерген онысын жанындағы екі қызға білдірмеуге тырысып келеді. Сәрсенгүлдің өзін қаншалықты ұнататынын да жақсы біледі. Оның сезімінің таза екендігін де түсінеді. Сонысы үшін сыйлайды. Ек қыздың ортасында жүріп, жүрек сезімін екіге жару да оңай емес. Мерген қыздармен жүргіш жігттер қатарына жатпайды. Гүлжан екеуінің махаббат сезімдеріне сызат түскен соң Сәрсенгүлге ойысқан.Әрине, қызға да жігіт табылады. Мергенге ешбір қызкеліп: "Мен сені ұнатамын" деген емес, ешқашан да. Ал жігіттер, болса да ол жағына батыл. Қалаған кезінде қызды кездесуге шақыра алады, ойындағысын ашып айта алады. Қыз байғұста тіл жоқ. Мерген қыздардың жан дүниесін жақсы түсінеді. Кей кезде жанында Сәрсенгүл жүрсе де, Гүлжанды ойлап кетеді. Сондай ой үстінде кейде Сәрсенгүл айтқан кей сөздерді аңғармай да қалады. Естімей қалған адамдай болып "Жаңа не дедің?" деп те қалады. Сәрсенгүл де төзімді. Мергеннің қайта сұрағанын ерінбей бастан аяқ айтып береді.
Ал бүгін үшеу болып келеді. Ананы бір айтып, мынаны бір айтып мейрамханаға да жеткен. Оның алдында абыр сабыр жүріп жатқан адам да жоқ екен. Көбі дерлік мейрамхананың ішіне еніп кеткен. Мерген үлкен есік алдына келген соң Гауһар мен Сәрсенгүлдің кіруін өтініп, өзі есіктің бір шетіне қарай ығысты. Соңынан өзі кірді. Мейрамхананың жұмысы әлдеқашан басталып кеткендіктен, адамдар да лек легімен келіп, дастархан басына отырып, бір бірімен қызу әңгімеге көшкен. Мейрамханаға келудегі негізгі мақсат та сол емін еркін әіңгімелесу, сырласу. Тағамды аспазшы темір адамдар тасуда. Ал тамақ келгенше отырғандар әңгімке дүкендеріне кірісіп те кетеді. Мейрамхана кім кімге де осынысымен ұнамды. Мерген ішке енген соңі өздеріне ыңғайлы, шеткерек орынды іздей бастады. Мейрамхзана ішін көзімен шолып өтті. Содан оның көзі үлкен терезеге жақын қойылған дастарханға түсті. Оның айналасына үш орындық қойылыпты. Үшеуіне әдейілеп дайындап қойғандай.
Мерген соны мегзегенде екі қыз бірден келісе кетті. Өйткені мұндайда оңашалық та керек. Терезе жаққа анау мынау шарапқа қызыңқырап қалғандар да бара бермейді. Оның үстіне оның ашық жерінен салқын самал да есіп тұрады. Қай жағынан да ыңғайлы. Үшеуі жайымен басып солай қарай бет алған. Сол кезде алдарынан қызмет етуші темір адам шығып, алға қарай сәл иіліп, екі қолын кеудесіне жақындата құрмет көрсетті. Бұл құрметке үшеуі рахметтерін айтты. Содан соң темір адам үшеуі көздеп келе жатқан дастарханға қарай бастады. Соған жайғасуларын өтінді. Содан соң темір қызметші Мернгеннің қолына экраны бар қалта телефонындай бірдемені ұстатты. Бұл қалаған тағамды экраннан алдын ала көруге, иісін иіскеп, дәмін білуге арналған құрал еді. Мерген ондай құралды көптен бері біледі. Қыздар да біледі. Бірақ екі қыз да мұндайды қолдарына ұстап, тағам таңдаған емес. Сондықтан тағам мен сусынды таңдауды Мергеннің еркіне берген екеуі. Құралдың тағы бір ерекшелігі, әрбір адамның қандай тағамға тәбетінің шабатынын да алдын ала сезеді, соған сай сол тағамды экраннан көрсетеді. Осының арқасында Мерген еш қиналмай ақ экранда әрқайсысына көрсетілген тағамдар мен сусырндарға тапсырыс беруге болатынын түсінді.. Құрал экранында Мерген ұстағанда қамырлы ет, Гауһар ұстағанда етті сорпа, ал Сәрсенгүл ұстағанда пельмен көрінген еді. Мерген құралды темір қызметшіге қаәйтарып берді де:
- Ал, қыздар, үшеуміздің тәбетіміз үш түрлі екен. Қалай етеміз? - деді.
- Маған бәрібір, - деді Сәрсенгүл сәл ыңғайсызданғандай күй кешіп.
- Маған да. - Гауһар әлгі құралды қолына ұстап, өздеріне қадала қарап тұрған темір қызметшіге бір қарап қойды. - Мерген, өзіңнің тәбетің шабатын сол қамырлы етке тапсырыс бере бер.
Мерген сәл кідіріп, ойланып, Гауһардың бұл сыпайы ұсынысын қабыл алмады. Сөйтті де:
- Бізге үш етті сорпа, бір шәугім шай, көкөністер мен сусын әкелсең болады, - деді темір қызметшіге тіке қарап.
- Мұның не, Мерген? - деді сол кезде Гауһар Мерген мен темір қызметшіге кезек кезек қарап. - әркімнің қалаған, тәбеті шабатын тағамы болады емес пе?
- Оқасы жоқ. Тапсырыс қабылданып қойды. Келесіде Сәрсенгүлдің, одан басқа жолы менің тәбетім шабатын тамағыма тапсырыс беретін боламыз, - деп, темір адамға бұрылып, кете беруіне болатынын білдірді.
Темір қызметші басын бір иіп алып, кейін бұрылып жөнеп берді. Оның қутың қутың жүрісі езуге күлкі үйіретін еді. Бірақ оған ұшеуі де күле қойған жоқ. Өздеріне қызықты тақырыпта әңгіме қозғап кетті. Ал айналадағы адамдар бұл кезде Мергенге қайта қайта қарап отырған ды. Бұл олардың есімі әлемге әйгілі адамға деген қызығушылығынан туған әрекеттері еді. Ал Мерген көпшіліктің көзіне үйреніп кеткен. Сондықтан да Мерген "Айналадағылардың бәрі де маған назар аударып отыр" деп сескенген жоқ. Қайта ондай қарасқа Гауһар мен Сәрсенгүл ыңғайсызданып барады. Атақты адаммпен дәмдес болып отырғанда айналадағы адамдар осылайша қарайды деп екеуі де еш ойламапты.
Сәлден соң ыстық сорпа алдарында тұрды. Үшеуі де көкөністен дәм татып, ыстық сорпаны іше бастады. Қазақтың кәдімгі майлы етті сорпасы. Қыздар жағы қанша дегенмен де сәл ыңғайсызданып, дәмнен аздап аздап алады. Мерген әңгімесіне әзіл қосып, қыздарды анда санда күлдіріп алады. Мұндай кезде жігіт адамға қашан да көңілді болу қажет. Әйтпесе, мұндай отырыстың сәні де болмайды. Тамақтан шамалы алған соң Гауһар да көңілденіп сөйлеп кеткен. Оның әңгімелері болса да тартымды әрі қызық. Үшеуі ара тұра рахаттана күліп алады. Біраздан соң мейрамхананың әуен аспаптарында ойнайтын тобы өз жұмысына кірісіп кетті. Нешетүрлі құйқылжыған ән мен күмбірлеген күй қай қайсысының да көңіл күйін көтеріп әкеткен. Дастарханға қымыз бен қымыран да келген еді. Үшеуі одан да дәм татқан. Одан кейін көңілдері тіпті де көтеріліп кетті.
Бір кезде мейрамхананың ішінде қосылып ән айту басталды. Ол әнге Гауһар мен Сәрсенгүл де қосыла кеттп, еркін шырқады. Мерген ғана ән сөзін ұмытыңқырап қалғандықтан оның әр жер, әр жеріне ғана қосылып қояды. Ал негізінде, өзі бұл әнді жұлдызаралық кемемен көздеген ғажайып ғаламшарға қарай ұшып кетіп бара жатқанда сапарластарымен бірге талай рет шырқаған. Енді сол ән шырқаған сәттерін есіне алып, көз алдына елестетті. Бірақ мына айтылып жатқан сол әннің сөзінде біршама өзгерістер бар екен. Ән шырқалып болғаннан кейін жас жігіттер мен қыздардың домбыра әуенімен айтқан айтыстары басталып кетті. Ол да отырғандардың делебесін қоздырып, рахат сезімге бөледі. Оның соңы түрлі ұлттық ойындарға ұласты. Ойын басталған кезде дастархан дастархан бастарында отырғандардың бәрі де орындарынан ширақ түрегеп кеткен. Мерген, Сәрсенгүл мен Гауһар да ол ойынға араласып кетті. Ойынның дені қазақтың ұлттық қызықты ойындары. Арқан тартыспаққа келгенде Мерген де делебесі қозып, белсене қатысты. Жеңіске жеткен топтарға мейрамхананың иелері сыйлықтар беріп жатты.
Осыдан кейін отырыстарын одан әрі қарай жалғастырды келгендер. Мерген, Сәрсенгүл мен Гауһар да мәз мәйрам күйлерінде өө дастархандарының төңірегіндегі орындарына қайта жайғасқан еді. Мерген дастарханның дәл ортасындағы қымыз, қымыран құйылған ыдысқа қарай оң қолын созып барып қайта кейін тартып алды. Қыздар алғашында Мергеннің бұл қылығын түсінбей қалды. Содан арада бірнеше секунд уақыт өткенде Гауһар Мергеннің қымыз, қымыран құйылған ыдысты неге алмай қолын кейін тартқан себебін ойын сауыққа дейін болмаған бір ғажайып гүлден екенін білді.
- Мына бір гүл қайдан пайда бола қалған, мұнда? - деді содан соң оған таңырқай қадала қарап.
- Білмедім. - Мергеннің реңі күрт бұзылып кетті.
- Өзі бір ерекше гүл екен! Мұндай гүлді мен әлі күнге дейін еш жерден көрген емеспін, - деп қойды Сәрсеннгүл де гүлге таңдана көз салып.
- Осы бір гүл үшін тамағымызды жемейміз бе, қымыз қымыранымызды ішпейміз бе? Тұра берсін. Ал, қыздар, тамаққтан алыңдар, қымыз, қымыраннан ішіңдер, - деп, Мерген ерекше қызынып, ыдыстағы қымыздан Сәрсенгүл мен Гауһардың ыдыстарына құйып құйып жіберді.
- Мен де мұндай гүлді өмірімде көрген емеспін. Өзінің түрі де бір қызық екен, гүл емес, титтей ғана қыз сияқты ма? - деп, Гауһар гүлге бір қарап алып, қымыздан сіміре ішті.
- Сонда бұл гүл табан астында қайдан пайда бола қалды? Әлде Мергенге құрмет үшін осындағы біреулер әкеліп қадап кетті ме екен? - деп Сәрсенгүл өздеріне жақын тұрған ашық терезе жаққа көз тастап алды.
- Мұны ешкім ешқайдан алып келген жоқ, қыздар, бұл гүлдің өзі келген! - деді Мерген гүлге бір қарап қойып.
Мергеннің бұл сөзін әзілге санаған екі қыз бір біріне қарап жымиып алды. Ал Мерген болса, бұл гүлдің қызықты қылықтарын жақсы біледі. Бірақ оны қыздарға айтып та, түсіндіріп те әуре болған жоқ. Үнсіз күйінде ыстық сорпадан ұрттап, наннан тістеді. Тамақтану кезінде сөйлемеуге тырысу керектігін еске алып, үшеуі де біршама үнсіз тамақ ішті. Тек айналадағы адамдардың күбір күбір әңгімелері мен ара тұра әншілер салған ән ғана бұл тыныштықты бұзып тұрды. Мерген дәмді сорпадан әр ұрттаған сайын қыздарға көз қиығын салып қояды. Олардан озып, иә қалып та қойғысы келмейді. Мұндайда жігіт адамға озып кеткен де, қалып қойған да сын. Оның үстіне екеуімен дастархан үстінде алғаш рет дәмдес болып отыр. Жай кездегі әңгіме де, әзіл де мынандай бірге тамақ ішкеннен жеңіл екен. Енді екі қыздың алдында өзін өзі қанша ұстайын десе де, тамақ жеуге келген кезде біртүрлі ыңғайсыз сезінеді. Қыздар да сондай күіде тамақтануда. Жігіт еркін шешілмей отырса, қыздар қалай өздерін еркін сезіне қойсын. Жұлдызаралық сапарда да, осы Жерде, елде, туып өскен ауылда да Гүлжан, Маржанмен емін еркін отырып, тамақты да әзілдесе ішетін. Жалпы, жетеуі де бір отбасыының мүшелеріндей үйренісіп кеткен болатын. Енді міна екі қыздың алдында өзін ғарышкер дәрежесінде ұстай алмай барады.
Сәлден соң Мерген екі қыз жалықпайтын бірдеме ойлап табуды көздеді. Ондай әрекетіне өзі бұдан бұрын үйінде оңаша сырласқан ғажайып гүл көз алдында дайын тұрған еді. Соны есіне түсіріп, өзінше сергіп, қозғалып қозғалып қойды. Сөйтіп, ғажайып гүлдің қылықтарын тамашалап, қыздарды бір сергітпекке бекінді. Бұл мейрамханада енді одан өзге қызық ештеме де қалмағандай. Ән айтылды. би биленді, ұлттық ойындарн ойналды. Өзге адамдар да топ тобымен гу гу әңгіме әзілге көшкен. Ендігі көңіл көтергізудің реті де өзіне келіп тірелген. Оған мына өткенде өзінен қашып, жоғалып кеткен ғажайып гүл дөп келді. Мерген сәл кідіріп, сәл ойланып отырды да:
- Қыздар, мына өзі келіп тұрған гүлдің сырын білесіңдер ме? - деді гүлге қарай сәл бұрылып.
- Жоқ! - деді Гауһар жұлып алғандай, - немене, сен білетін бе едің, мұның сырын?
- Білемін.
- Қайдан білесің? - деді Сәрсенгүл сыпайылығынан танбай жай ғана сөйлеп.
- Қайдан екенін тәптіштеп түсіндірмей ақ қояйын. Мен бұл ғажайып гүлді көптен бері білемін. Өткенде мен бұл гүлмен өз үйімде оңаша сырласқанмын.
- Сырласқаны қалай? - деп, Гауһар бір Мергенге, бір гүлге қарады.
- Таңданатын ештемесі де жоқ. Оп оңай сырласуға болады бүл гүлмен! Бұл өзі менің ізіме түскен аңдушым болып та алды. Мен қайда жүрсем, бұл да сонда...
Екі қыз ештемені түсінбей бір біріне қарады. Мерген басын сәл төмен салып шамалы кідірді. Содан кейін қыздарға көз тастап алып, гүлге қарай бұрылды да:
- Ал, қыздар, енді қараңдар! - деп, гүлге қарай оң қолын созды.
Сол кезде гүл сәл кейін шалқайды. Мерген қолын кері тартып алғанда гүл қайта түзелді. Мұны Мерген бірнеше рет қайталады. Қыздар мәз болысты. Манадан бері томаға тұйық отырған Сәрсенгүл де енді жадырап, еркінси берген. Ғажайып гүлдің қылығы расында да керемет екен! Бұл өзі гүл емес, бәленің бәрін білетін, сезетін тірі жан сияқты бірдеме. Тірі қуыршақ десе де болғандай. Мерген қыздар мәз болған сайын гүлді әлгіндей қозғалысқа келтіре берді. Қыздар гүл әрбір ілгерілі кейінді қозғалып, иілген сайын. мейрамхана ішін бастарына көтере сықылқтап кеп күледі. Ондай сәтте өзге дастархан басында жай ғана әңгімелесіп отырған кейбір мәдениетті жандар селт етіп, осылай қарай жалт бұрылысады.Ойламаған жерден осындай ермектің табылғанына Мергеннің өзі де мәз. Гүл пайда болғанға дейін Мерген "Бұл екі қыздың көңіл күйлерін немен көтеремін, отырысты қалай қызықты етіп өткіземін деп алаңдаған болатын. Бақытына қарай гүл келе қалды. Өткенде, үйіне Айтқали, Маржан мен Гүлжан келгенде, нағыз керек болғанда, бұл бәтшағарың үйінен қашып кеткен еді. Сөйтіп, өзін бір тақырға отырғызған. Енді, керексіз жерде қылтиып көз алдында тұр.
Мерген екі қыздың алдында сыр бермей әзілдеп, күліп, көңілді отырғанымен, гүлді ермек еткенімен, еріксіз сол бір оқиғаны есіне алды. Осы ғажайып гүл үшін Гүлжан екеуі ренжісті емес пе? Сонда бұл гүл ешқайда қашып кетпей сол орнында тұрса ғой, өзі Гүлжан мен достарының алдында өтірікші атанбас еді. Соны ойлап болып, құс ұйқыдан селт оянғандай сергіген Мерген әзілін одан әрі қарай жалғастырды. Гүлге қадала қарап отырды да:
- Иә, гүлім, мұнда қайдан келдің? Қалай келдің? Қандай жағалығың бар, айта бер?! - деді.
Бұл сөзге екі қыз мырс мырс етіп, бір біріне, одан гүлге қарады. Гүл болса да тіл қата алған жоқ. Бірақ қимылсыз қалмады. Қауызын аша түсті, оның ішінен пошымы тап кәдімгі титтей әңгелек қауыннан аумаған домалақ бас көрінді. Оның бері қараған жағында екі қарақат көзге, ауыз бен мұрынға ұқсайтын тесіктер қарайып, маска сияқтанып тұрды. Екі қыз бұрын соңды мұндай ғажайыпты көрмегендіктен отырған орындықтарынан сәл пәл көтеріліп, гүл қауызының үстіңгі жағынан үңілді. Гүлдің бар табиғатын анықтап көрді. Жер бетінен мұндай ғажайып гүлді екеуі де көрген де, естіген де, кітаптан оқыған да емес. Дегенмен де, жасыл әлемнің жұмбақтары көп болғандықтан, әрі өздерінің білім деңгейлерін танытып алмау үшін екеуі де гүл жөнінде ештеме демеді. Мерген де шыдамдылық жасап, көп нәрсені ішінен біліп түрса да, қыздарға ашып ештеме айтпады. Ал айта қалған жағдайда, басқа нәрелер де ашылып, мәселе Гүлжанға барып тірелмек. Әңгіме Гүлжанға тірелді деген сөз, мына отырыстың шырқы бұзылды деген сөз. Мерген іштей осы жағын ойлаған.
Содан Мерген гүлмен біршама айналысты. Одан кейін оны қызық көрген Гауһар да гүлге қарай оң қолын бірнеше рет созды. Гүл әлгіндегі қорғанысын қайталады. Гауһардан кейін гүлге Сәрснгүл де оң қолын созып еді, бұл жолы гүл күтпген бір қылығын көрсетті. Қолын гүлге жақындата бергені сол, тарс еткен дыбыс шықты. Дыбыс тапаншадан атылған оқтың дыбысынан аумайды. Сәрсенгүл шошып, қолын кейін тез тартып алды да:
- Ой, апа! Мынау өзі қандай гүл?! - деп қалды.
Күтпеген гүл қылығынан Мергеннің өзі де секем алып қалды.Өзіне мұнан бұрын да, жаңа да мұндай оғаш қылығын көрсетпеген еді. Гауһарға да өйткен жоқ. Тек Сәрсенгүлді... Оның реңі бозарып кетті. Гауһарға қарай ығысып, иығын оның иығына тиістіріп алған. Гауһар да өзіне өйтпесе де іштей қорқайын деген.Бірақ сыртқа сыр бермей батыл болып көрінгісі келген Гауһар гүлге қадала қарап отырып:
- Не көрінді саған, Сәрсенгүл, осы бір сүйкімі жоқ жаман гүлден шошып! Қане, қай жері мұның тарсылдап тұрған! - деп гүлге қарай тағы да оң қолын созды.
Алғашқы қолын созғанында сыр бермеген ғажайып гүл енді Гауһарға да реніштідей еді. Гауһардың қолы жақындай бергенде, гүлдің әлгі әңгелек тәрізді басынан сұйық бірдеме атқылап кеп берді. Гауһар қатты шошынғаннан шыдамай отырған орнынан ұшып түрегелді. Мерген мен Сәрсенгүл де отырған орындықтарын кейін қарай ысырған.ГауҺар енді сасқанынан мейрамханаға арнайы киіп келген жап жаға гүлді шәйі көйлегін қолының нәзік саусақтарымен сүрте бастады. Оған енді дос, сырлас қызы Сәрсенгүл де көмектесуге кірісті. Мерген не істерін білмей аңтарылып қалды. Қатты ызаланғаны соншалық, ғажайып гүлді ыдыстағы топырақтан суырып алып, еденге лақтырып тастамақ та болды. Бірақ олай жасауға батылы бармады. Өзінің үйінде, оңашада бұл гүлмен сырласқанда дәл осындай дөрекі қылығын көрсетпеген. Ал мынауы бір жағалық екен. Жалпы, Жер шарындағы бір аймақтарда адам баласы болсын, хайуанаттар мен құстар болсын, өзіне кездейсоқ жанап кеткенде мойынынан үзіліп түсіп, сол үзіліп түскен бөлегінің қорғаныс сұйығын шашып қалатын қиярдың бар екенін Мерген әуелден білетін. Сондықтан да бір жағынан Мерген ғажайып гүлдің бұл қылығына аса таңдана да қоймады. Тек мына қыздың тап таза, жап жаға гүлді шәйі көйлегін бүлдіріп тастағаны көңіл күйін бәсеңдетті. "Гауһар енді мына түрімен қалай отырмақ? Қалай биге шықпақ? Қазір ол үйіне қарай жөнесе, онымен бірге, сөз жоқ, Сәрсенгүл де бірге кетеді. Бұл екеуі әуелден бір бірінен сыр жасырмайтын құрбы дос қыздар" деген ойға шомды Мерген.
Гауһардың жаңағы әбіржи шығарған дауысына айналада отырған демалушылар да елең ете қалған ды. Бірақ олардің бір де бірі әзірге Гауһардың көйлегінің былғанғанын дастархан үстіндегі ғажайып гүлден болды деп болжалдаған жоқ. Олардың кейбіреуліері ішінен: "Е, үшеуі әзіл қалжың әңгіме айтамын деп отырып, байқамай біреуінің көйлегіне сусын төгіп алған ғой, шамасы" деп ойлаған. Ал шын мәніндегі жағдай осы еді. Сәрсенгүл болмаған соң Гауһардың көйлегінің әлгі былғанған жерін дастархан үстіндегі жұқа да жұмсақ қол сүрткіш қағазбен ысқылай берді. Ғажайып гүлдің домалақ басынан шашылған сұйық көйлектің бір жеріне ғана дақ салса мейлі ғой, ондай дақтар әр жерінде бар. Ол дақтардың бәрін мынандай мәдениетті ортада, мынандай тар уақытта түгелдей тазалап шығу еш мүмкін емес. Оның үстіне айнала дастархандарда өзара әңгімелесіп отырған демалушылар өздеріне жиі жиі көз салып, алаңдай бастағансоң ыңғайсыз күй кешті үлеуі де.
- Не жағдай? Не болды, сіздерге? Бізден көмек керек пе? - деп жеңіл басып келді осы кеде өздеріне мейрамханеаның бас аспазшысы.
- Ештеме емес. Жай, мен мына көйлегімді былғап алып... - деп Гауһар көйлегін тазалауын одан әрі жалғастыра берді.
- Мына бір гүл қайдан келген дастархан үстіне? - деді содан соң бас аспазшы қыз ғажайып гүлге қадала көз салып тұрып. - Өздеріңзідікі емес пе?
- Соны өзіміз де түсінбей отырмыз, - деді Мерген салдарлы сөйлеп, - біз әйтпесе, мұны сіздер әкеліп қойды ма деп отыр едік.
- Жо... жоқ, - деді бас аспазшы қыз азар да безер болып, - бізде ондай дәстүр жоқ. Оның үстне, мен мұндай ғажайып гүлді өмірімде алғаш көріп тұрғаным осы.
Осы сөздер айтылып жатқанда айналаға адамдар жиналып қалды.Жаңа ғана өздерімен өздері емен жарқын отырған демалушылар бір жағалықты сезіп, бір бірінен сұрап, орындарынан тұрып, осылай келген. Гауһар енді тіпті де ыңғайсыданып кетті. Сәрсенгүлге, айналада тұрған адамдарға бір бір көз тастап алды да Мергенге:
- Қайтсақ қайтеді? - деді жай ғана.
- Жарайды, Гауһар, қайтсақ, қайталық, уақыт та біршама болып қалыпты, - деді Мерген.
- Неге қайтасыздар? Неге асықтыңыздар? Мен қазір бұл гүлді былай алып кетемін. Асықпай, алаңсыз әңгімелеріңізді айтып отыра беріңіздер. Шайларыңызды ішіңіздер, - деді бас аспазшы қыз ыңғайсызданғандай.
- Біз бұл гүлдің пайда болуы мен оғаш қылығын ешкімнен де көрмейміз. Еш уәйім етпеңіз. Сіздерге алғысымыздан өзге ештеме де жоқ, - деп басты Мерген бас аспазшы қыздың уәйімін.
- Қайта сіздер бізге ренжімеңіздер! Мерген қанша атақты ғарышкер болса да, мейлінше қарапайым жан. Бәрі де жақсы. Тағы келеміз, - деп Гауһар кішкене қара түсті сөмкесін иығына асып, орнынан тұра берді.
- Енді есептессек те болады, - деп, Мерген ақшаны мпейрамхананың кішкене кітапшасының арасына салды.
- Сәл күте тұрыңыздар. Мен қазәр... - деп бас аспмазшы қыз кейін бұрыла берді.
- Қалған қайтарымына әуре болмағыз, тағы бірде реттей жатармыз, - деп Мерген сыртқа қарай жүрді.
- Сау болып тұрыңыздар! - деді Гауһар мейрамхананың қызметкерлеріне.
- Сау болыңыздар. Келіп тұрыңыздар! - деді бас аспазшы жанындағы темір қызметшінің басынан сипай жымия қарап тұрып.
Үшеуі өздері жаңа ғана отырған дастархан үстінде жалғыз қалған ғажайып гүлге бір бір қарап, сырқа қарай аяңдады. Осы сәтте қанша шыдайын десе де, Мергеннің жүрегі шымыр ете қалды. Ол ішінен "Ғажаып гүл, маған ренжіме, біз әлі кездесетін боламыз" деп қойды. Орындарынан түрегеп кеткендер де бұлармен іштей қоштасқандай болып шамалы тұрып барып қайтадан дастархандарына қарай жүрді. Мейрамхананың той думаны одан әрі қарай жалкғаса берді. Сыртқа шыққан үшеу - Мерген, Сәрсенгүл мен Гауһар кең көшеге түсіп, үйлеріне қарай бет қойды. Гүл жайлы қайтып сөз қозғаған жоқ ешқайсысы да. Оны бас асапазшы қыздың әкететінін, қоқыс ыдысына тастайтынын үшеуі де жақсы білді.
Ғажайып гүлдің ұқсасы
Мергеннің ауылынан оралғаннан кейін Гүлжан көп күн бойы көңілсіз жүрді. Өйткені, үміт артқан Мергеннен тағы бір көңілі қалды. Оның ақ су ішіп айтқан сөздері жалған болып шықты. Сонгдықтан да сонау ғажайып ғаламшардан аттанарда ғажайып гүл үшін басталған өкпе наз енді онан сайын күшейді. Мергеннің үйіне баруға Маржанкға келісім бергенде де, сол бір гүлді көру үшін ренішін ұмытуға тырысқан еді. Өкінішке орсай ол үйде гүл болмай шықты. Гүлжан соңғы кездері Мергеннің қай сөзінің шын, қай сөзінің жалған екенін ажратудан да қалған. Ал Айтқали мен Маржан оны ылғи да қызғыштай қорғайды. Үнемі Мергеннің ниетінің дұрыстығын алға тартады. Бірақ онысын екеуі де әзірге дәлелдей алған емес. ылғи да бірдеме кесекөлденең киіп кетеді. Кейде өткендегідей бір сенімсіз көрініс орын алады. Гүлжан Мергеннің мінез құлқын Айтқали мен Маржаннан кем білмейді. Бірақ онымен арадакғы қарым қатынасы махаббат сезімімен байланысты болғандықтан оған ылғи да бір қызғаныш сезімімен қарайды.
Оның үйіне осы соңғы барып келгеннен кейін оған деген көңілі біршама суығандай да еді. "Ыдыстағы топырақта тып тыныш өсіп тұрған гүл қайда кетеді? Өзі бірдеме жасап қойған да?" деп бір түйді ішінен. Содан ойлана ойлана келе сол өзі аңсап, қол жеткізе алмаған гүлдей гүлді қолдан өсіруге бел буды. Ондай гүлді күрделі будандастыру арқылы өсіріп алуға білімі де, тәжірибесі де жететін еді. Ондай тәжірибе жасауға бұл ботаникса бағында барлық жағдай бар. Үлкен бақ ішінде Жер шарының барлық амймағында өсетін ағаштар, өсімдіктер мен гүл атаулының барлық түрі бар. Олардың бәрінің өсу ортасына сай бөлімдер жабдықталған. Гүлжанның бар үміті де осы гүлдер еді. Олардың қалай өсіп жатқанын, қалай ұрық шашып, қалай көбейіп жатқанын бақылаудың өзі де бір ғанибет. Ал өздерін өздері сырт әрекеттен қорғайтын. тарс еткен дыбыс шығарып, сұйық шашып жанасқанды үркітетін қабілеттері бар гүлдер тіпті де қызық.
Гүлжан бүгін ерте тұрып, жуынып шайынып, таңғы асын ішкен бойда осы баққа қарай асыққан. Күн әлі де шығыс көкжиектен көтеріліп, алтын шапағын төкпегендіктен әзірге бақ ішіндегі көрініс саябыр еді. Гүлдердің бәрі дерлік таңғы салқыннан қорғанғысы келгендей қауыздарын аша қоймаған. Бәрі де тып тыныш тұр. Ағаштар мен өсімдіктер бір орында өсіп, сол орында өзіне бар керектіні алатын, сол орында қартайып, қурап жойылатын ғажайып тірішілік иелері. Бірақ соған қарамастан олар өздерінің ұрықтарын адам баласының аяғы жете бермейтін қашықтыққа дейін шаша алады. Ұрық шашу әдістері де көп. Бірі желмен ұшады, екіншісі, құстардың асқазандарына кіріп алады, үшіншісі жер бауырлап жылжиды, төртіншіісі жанынан өтіп бара жатқан қандай да бір жануардың жүніне жабысып кете барады. Сөйтіп, осылайша орын ауыстырады, ұрпақтарын шартарапқа таратады. Гүлжан гүл атаулының сырын терең біледі. Сол жұлдызаралық ұзақ сапарға аттанбай тұрып ақ өсімдіктер әлемін зерттеуде ерекше көзге түсіп, ғалым атанған, ғарышкер ботаник атанған. Тап сол ниетіне қарай өздері тек қана өсімдік, гүлден тұратын ғажайып ғаламшарға тап болды. Ол ғажайып ғаламшар да, ғажайып гүлдер де Гүлжанның көз алдынан кеткен емес. Енді мына өзі күнде келіп, кұнде гүлдерді аялайтын бақ іші де тап бір сол ғажайып ғаламшардың бір ауданына айналып кеткендей. Тек ол ғаламшардағы гүлдердің тірішілік әрекеттері бұл бақтағы гүлдердің тірішілік әрекеттерінен мүлдем бөлек ті. Гүлжан оларды қай кезде есіне алса да, онан гүл емес, тап гүл сияқтанған саналы тірішілік иелерін көгендей болады да тұрады. Сол ғаламшарды тұтастай билеп алған да сол гүлдердің өздері сияқты еді. Ал оны еске алған сайын Гүлжанның көз алдына өзі ұстап, иісін иіскеген ғажайып гүл елестеп жөнеледі. Кейде түсіне еніп: "Мені тастамашы. Жерге өзіңмен бірге ала кетші" деп қиыла өтініп тұрғандай болады. Ондай сәтте Гүлжан түн ұйқысынан селт оянып кетіп, қайтып көз іле алмай ұзақ уақыт бойына мұңайып отырады. Артынша қайта қатаяды, Сөйтіп, ондай сәттерінде Мергенге деген өкпесі де күшейе түседі.
Енді сол өкінішінің орнын толтырып, шерін тарқатудың бір ғана жолы қалған еді. Ол ғажайып гүлдің тап өзіндей ұқсасын күрделі будандастыру арқылы өсіріп шығару. Адам баласы ағаш будандастырудың небір тәсілін о бастан қолданып келеді. Ал өзі жұлдызаралық сапардан қайта оралғанға дейін осы Жерде, елде өткен ұзақ уақытта ол әдіс көп жетілдірілді. Гүлжан елге келгелі ол жаңалықтардың бәрін де оқып білген. Жұлдызаралық сапарда кеме ішінде өзі жасаған өсімдікті вегетативтік мүшелері арқылы көбейту, тамыр сабақтары арқылы көбейту мен оларды бір бірімен күрделі будандастырудан мол тәжірибесі де бар. Бақ ішінде ғалым қыз осының бәрін де ой елегінен өткізіп алды. Сөйте келе өзі естіп, қолына түсіре алмай жүрген сол ғажайып гүлдің ұқсасын да зертханада вегетативтік кезеңі мен биоклиматын мұқият қадағалай жүріп өсіріп шығарған. Тек онысын өте құпия ұстап келген. Тіпті, оны осы кезге дейін өзіне күнде келіп кетіп жүретін шәкірт қыздары да сезбеген. Мұндай тәжірибесін Гүлжан ешқашан да жарияламайтын, әлдекімге айтып, алдын ала мақтанбайтын. Сол құпиялылығын осы жолы да сақтаған. Бүгін де бұл баққа ерте келуінің мәні де осында еді. Ол гүл гүл шаршысының оң жақ шетінде, Күн сәулесі жақсы түсетін жерде тін. Ол жерге шәкірт қыздары ешқашан жақындаған емес. Ол Гүлжанның өзі ғана жүретін, өзі ғана гүл баптайтын орын. Гүлжан енді жайымен сол жерде қылтиып қана өсіп тұрған зертханалық ғажаып гүліне жақындады. Гүл құмыра ішіндегі шамалы топырақтан жер топырағын көшкелі шамалы әлсірегендей күй кешіп, майысып, өз басын өзі әрең көтеріп тұрған. Гүлжанның басты уәйімі де сонысы еді. Одан таза суды да, құнарлы көңді де аяған емес. Сонда да күрделі будандастырылған гүл бірден тамыр жайып кете алмады. Содан кейн Гүлжан өзінің тәжірибесінің сәтсіз басталғанына іштей қынжылған. Ешкім жоқта, шәкірт қыздары келмей тұрғанда гүлдің солып қалған сабағын топырақтан суырып алып, басқа бір адам баласы көрмейтін жерге апарып тастамақ болған. Сөйтіп, гүлге қарай еңкейе берген.
Жоқ, ол тірі екен. Гүл Гүлжанның оң қолының аялы алақаны жақындағанда сәл қозғалғандай болды. Гүлдің кұтпеген жерден көрсеткен бұл әрекетінен Гүлан селк ете түсіп, қолын тартып алды. Сөйтті де жан жағына жалтық жалтақ қарап: "Егер қазір мені әлдекім бақылап барлап тұрса, онда ұят болды ау" деп өз өзінен ұялды. Бірақ мұндай ерте таңда баққа келе қоятын жан баласы жоқ. Содан Гүлжан гүлге екінші рет иілді. Өзін "Гүлдің жағағы әрекеті рас па еді?" деген ой да мазалаған. Жоқ, гүл шынымен ақ тағы қозғалды. Рас екен. Қатты толқып, қатты қуанған Гүлжан енді гүлдің жанына жас нәрестені аяфлағысы келген анадай тізерлей отыра кетті. Гүл ол жанашырлығын сегендей тағы қозғалды. Гүлжан қолын ілгері созса, гүл басын бері қарай иеді, қолын кейін тартып алса, гүл әрі қарай майысады. Гүлжанның барлық әрекетіне жауап береді. Енді ғалым қыздың қолында шек болмады. Гүлдің әрекеттілігіне әбден көзін жеткізу үшін жаңағыдай сынағын бірнеше рет қайталап, орнынан жайымен ғана тұрды. Содан соң ұрлық жасаған адамдай жан жағын барлады. Ешкім келе қоймаған.
Осыдан соң Гүлжан ерекше көңілденіп, ыңылдап ән салып, гүлді бақтың ішін аралай жөнелді. Ондағы ойы бақтағы басқа гүлдердің қалай өсіп келе жатқанын байқау еді. Гүл, кәдімгі гүл. Пәлендей бір өзгеріс жоқ сияқты көрінеді сырт адамға. Ал Гүлжан үшін әрбір гүлдің тірішілігі қайнап жатқан бір күрделі өмір. Суретшінің аспандағы кемпірқосақтан нешетүпрлі түстерді көре алатыны сияқты, Гүлжан да гүл табиғатын, оның ішкі дүниесін тереңінен түсінеді. Сондықтан да ғалым қыз мына бақ ішінде тәуіліктің қай мезгілінде жүрсе де, өзін осы кезге дейін өзін жалғыз сезінген емес. Қайта қайнаған өмірдің бел ортасында жүргендей сергиді. Өйткені олардан ерекше бөлек ләззат алады. Гүлдердің хайуанат атаулының бәрінен де сезімтал,нәзік жанды екенін жақсы біледі. Қыз жаны мен гүл жанын бір біріне мейлінше ұқсас десе де болғандай. Қыз жүрген жерде гүлдің де жүретіні осындай табиғи заңдылықтан туындаса керек.
Гүлжан бақ шаршыларындағы барлық гүлдердің тірішілік жайын мұқият бақылап, қажет дегендерін суғарып, түп топырақтарын қолындағы кішкене құралмен қопсытып, ретке келтірген соң әлгі өзі күрделі будандастыру арқылы өсіріп алған гүліне қайта оралды. Күн көтеріліп, оның алтын сәулесі жақсы түсе бастаған бойда гүл әуелдегідей емес, жап жақсы тіріліп қалыпты. Енді оның адамның әрекетіне деген жауабы да ширамақ.
Гүлжан оң қолын созса болды, ол қалт қозғалады. Егер Гүлжан оған қарай қандай да бір құралды созар болса, гүл қашып кетуге де даяр. Ғалым қыз гүлдің шамасы келсе, ондай әрекетке де бара алатынына сенді. "Енді мұнымен жайлап "тілдесіп" көрсем қайтеді? Мұның әлгі Мерген әлдеқандай етіп жүрген ғажайып гүлден несі кем?" деп ойлап қойды Гүлжан ішінен. Сөйтті де демалыс бағында баласын ойнатып жүрген ананың оған жақындағанындай бір кейіпке көшіп, жанына тізерлей отыра кетті де:
- Ал, гүлім, қане, енді екеуміз сөйлесейік. Айтшы маған, сен өзіңді бұл бақ ішіндегі мына құнарлы қара топырақта қалай сезінесің? - деді Гүлжан кәдімгі тірі жанмен тілдескен адамдай сөйлеп.
Гүл тіл қатқан жоқ. Бірақ бейжай да қалмады. Гүлжан сөйлеп болғанда ол дір дір қозғалып, басын иіп, қайта көтеріп алды. Гүлжан гүлдің бұл әрекетін жаңағы сөзімді түсінгені деп білді. Оған қайта жақындай түсті де:
- Жақсы, гүлім, менің сөзімді түсініпсің. Жауап қайтаруыңның қиын екенін ішімнен біліп отырмын. Ең бастысы, тірі бол, аман бол, гүлім! Қалғаны өз уақытымен бола береді. Біз екеуміз әлі талай жерді шарлайтын боламыз. Ал жүру жағынан еш қам жеме. Өзім алып жүремін. Қажет деген қорегіңмен де қамтамасыз етемін. Түсіндің ғой, гүлім?
Гүлжан осына айтып болып, қасында тұрған себезгі шелекті қос қолымен көтеріп алып, гүлдің үстінен су жаңбырлатты. Гүл ол судан тітіркенгендей дір дір етті. Бірақ ол салқын суден тоңғанын, иә рахаттанғанын білдірмеді. Айтарға тілі жоқ болса, не деп білдірсін. Гүлжан су құйғанын тоқтатқан соң әңгімеге көшті. Гүлге қажетті деген сөздерін айтып жатыр, айтып жатыр. Қояр емес. Тек бір кезде арқа тұсынан:
- Гүлжан әпке, сіз кіммен сөйлесіп отырсыз? - деген шәкірт қыздарының бірінің дауысын естігенде селт етіп, оған жалт бұрылды.
- Сіңлілерім, сендер келіп қалып па едіңдер? Менің сөздерімнің бәрін естіп алдыңдар ау,ә? Мен мына гүлмен сөйлесіп отырмын. Гүлдермен ара тұра сөйлесіп тұру керек. Әйтпесе, мына өмір тірішілік бұларға да қызықсыз болып кетеді.
- Сіз шынымен айтып отырсыз ба, Гүлжан әпке? - деп шәкірт қыздарының тағы бірі жанына отыра кетті.
Сол кезде екінші бірі:
- Гүлжан әпке, мынауыңыз біз ешқашан көрмеген бір ғажайып гүл ғой!? Мұны сіз қайдан алдыңыз? Әлде сол өздеріңіз барып келген ғаламшардан жасырып әкеліп пе едіңіз? - деді.
- Сіңлілерім, мен бұл ғажайып гүлді ешқайдан да әкелген жоқпын. Бұл гүл осы Жеріміздікі. Өніп өскен жері осы ауыл. Менің зертханам мен мына бақ іші. Ал күрделі будандастыру жолымен өсірген мына мен.
- Шынымен айтып тұрсыз ба, Гүлжан әпке? Қалай өсірдіңіз? - деп Сәуле есімді тәмпіш мұрын, көздері ботадай, орта бойлы қыз ұстазына таңырқай қарады.
- Менің сендермен әзілдескен кезім болып па еді, сіңлілерім ау! - деп Гүлжан сөйлеп кетті. - мұны мен құпия өсірдім, ешкімге тіс жарып айтпадым. Мәселе сонда. Оным үшін мені айыптамайақ қойыңдар. Үлкен ғалым болған кезде бәрін де түсінесіңдер. Менің сол бір өзім барып қайтқан ғаламшардағы ғажайып гүлге қызыққанымды әңгімемнен талай естідіңдер. Оны көз алдымнан әкете алмадым. Өзі ғажайып десе, ғажайып. Бәрін де тез сезеді, тез түсінеді. Тіпті, оның бір жерден екінші жерге көше алатын да қабілеті бар. Мен сол гүл үшін ғарышкер, сол жұлдызаралық сапардағы басшымыз Мерген ағаларыңмен де ренжісіп қалғанмын. Қайтемін, тағдырым осылай болып кетсе. Сол ғажайып гүл біз ол ғаламшардан аттана бергенде кемеміздің қабырғасына жабысып, ішіне еніп, ақыр соңында осы Жерімізге жетіпті. Онгы сол жұлдызаралық кемемізді тазалап зерттегендер Мергенге хабарлағанн. Мерген ол гүлдің Жерге, елге жеткенін менен көрумерн келеді. Сөйтіп, ол екеуміздің арамызда бір бірімізге деген сенімсіздік туды.
- Оған бола ренжіспеңіздер, Гүлжан әпке, - деді ұзын бойлы, денесі арық, ат жақты, көздері шүңіректеу Ризагүл есімді қыз.
- Мен үшін қам жемейақ қойыңдар, сіңлілерім. Өз бақыттарыңды ойлаңдар, тілеңдер. Мен мұны м ына гүлден есіме түсіп кеткен соң айтып отырмын. Мен сендердің қай қайсысыңа да бақыт тілеймін. Қыздың жолы қашан да жіңішке. Бізді терең түсінетін жігітер сирек кезждеседі ғой. Ал жігіт пен қыздың махаббаты сөнбеу үшін екіараға бір дәнекер керек екен.
- Ондай дәнекерді қайдан табамыз, Гүлжан әпке, - дед орта бойлы, толықша келген сары қыз Жеңісгүл.
- Қайдан дейсіңдер ме? Оны іздеудің қажеті жоқ. Тағдыр өз сыйын өзі береді. Кейде ойыңа ешқашан келмеген нәрсе болып жатады. Адам ешқашан да жасағысы келмеген нәрсесін жасауға мәжбүр болады. Тап бір алдын ала қандай да бір таспаға жазып қойған істей көрінеді. Жарайды, өз тағдырымды айтып, сендерді мазаламайақ, ойларыңды бөліп, уәйімге салмай ақ қояйын. Мерген әзірге басқа қызға үйленіп кете қойған жоқ қой.
- Мен ол кісіні ауылындағы Сәрсенгүл есімдці қызбен көңіл қосыпты деп естідім, - қылдырықтай қара қыз Тұраргүл, - бірақ ол қызға үйлене қоймас, ол аға.
- Кім біледі? Ондайға пәлен деп болжам айту қиын. Әркімнің өз жүрек қалауы бар. Махаббат сезімін сол шешеді емес пе, сіңлілерім? Жарайды, бұл мәселеге бастарыңды ауырпай ақ қойыңдар. Ол енді менің ісім, менің жеке тағдырым. Ал енді іске кіріселік. Мына гүл сол өзім арман еткен ғажайып гүлдің барлық қасиеті мен қылығын бұолжытпай қайталайды. Сондықтан да қазір менің көңілім орнығыңқы. Менің ендігі серігім де, сырласым да, ермегім де осы гүл болмақ. Тек бұл гүлге ерекше бөлек күтім қажет. Бұл гүл барлық сырт әрекетті тез сезеді, көңіл күйді түсінеді, қажет кезде орнын да ауыстара алады. Мен күрделі будандастыру арқылы бұл гүлдің бойына Жер шарымызда өсетін ең әрекетті, ең қабілетті деген гүлдердің қасиеттерін жинақтадым. Бұл енді, тіпті гүл де емес, тап бір титтей ғана қыз бала сияқты. Сондай деп қабылдаңдар мұны.
- Жарайды, Гүлжан әпке, біз де бұл гүлге қолымыздан келген жақсылықтың бәрін жасаймыз, - деп қыздарының атынан сенім білдірді Сәуле.
Гүлжан бұл сөзден кейін кәдімгідей толқыды. Өз құпия өсіріп шығарған гүліне жақындап, тізерлей отыра кетіп, оң қолын алақанын жая гүлге қарай созды. Сол мезетте гүл де онысын қалағандай бері қарай иілді. Гүлжан мейірімі онан сайын төгіліп, гүлді иіскеп иіскеп қойды. Тек содан соң барып орнынан түрегелген. Гүл қайтадан әрі қарай қозғалып барып түзелді. Гүлжан бүгін қатты шаршағанын енді жасыра алмады. Күн де көкке қарай шарықтай беріп, гүлдер қауыздарын алғашқыдан да жая ашып, рахат бір сезімге бөлене бастағандай болды. Гүлжан гүлді бақты мейірлене көзімен шолып өтті де:
- Ал, сіңлілерім, бәрін көрндіңдер, білдіңдер, біраз нәрсені үйрендіңдер. Енді мен шамалы уақыт демалайын. Сендер енді мына гүлге де, өзге гүлдерге де мұқият қарайтын болыңдар. Сонан соң өзім де келерм ін, - деді.
Қыздар оған қарсы болған жоқ. Гүлжанның көп күндер мен түндер бойы ғажайып гүлін өсірумен айналысып, аз ұйықтап, аз демалғандықтан реңі де бозарып тұр еді. Сондықтан да шәкірт қыздары ұстазының демалғанын қалады. Гүлжан өзі өсірген гүліне сүйрік саусақтарын бұлғады да, бақ ішіндегі жолмен үйіне қарай бет алды. Шәкірт қыздары өздеріне белгілі күдегі зерттеу жұмыстарына кірісіп кетті.
Аспа жолмен адасу
Мейрамханада болған шудан кейін ғажайып гүл бас аспазшы қыздың қолымен қоқыс жәшігіне тасталған ды.Ол жәшіктегі қоқыстарды автомат жүйесі бар арнайы көлік артып алып, ауылдан алыс жердегі бір қоқыс үйіндісіне апарып төкті. Гүл тағы да қиындыққа ұшырады. Бұл жолы қоқыстың терең астында қалғандықтан онан шығуға көп күш қажет еді. Сонда да гүл тыным таппады. Қоқыс астындағы қуыс қуысты, саңылауды тінтігендей бидайық сияқтанып келген жапырақтарымпен тіреп, шамалы қозғалып, түп жағына қарай жылжыды. Кей тұстарда темір, ағаш бөлшектері кездесіп қалғанда, оларғам титтей басы тіреліп әрі қарай өте алмай қалады. Ондай кеде гүлге қиындықпен бірге сабағынан айырылып қалу қаупі де төнеді.
Дегенмен де, ақылы терең гүл үшін ондай кедергі ештеме болмай қалады. Гүл ілгері кейінді тынымсыз қозғалып, оны жеңеді, өзіне жол ашады. Бақытына қарай бұл жолы да қоқыс астындағы жатқан жері қуыс еді. Бірақ сол қуыстан сытылып шығудың өзі де үлкен күшті керек етеді. Құмырсқаның қыбырындай болса да, тынымсыз қозғалғандықтан жылжи жылжи қоқыстың бір шетіне шықты. Басын жол жөнекей кезіккен темір, ағаш бөлшектеріне талай рет соғып алғандықтан біршама жарақат та пайда болды онды. Оның өзі гүлдің басырндағы жүйке жүйесіне әсер етпей қалмаған. Ең бастысы, қоқыс астынан, қатерлі жерден дін аман шықты. Қоқыс иісінен де құтылды. Бұл жолғы шыққан жері әдемі табиғат аясы екен. Жақын маңда бұлақ пен өзен суы да бар. Өзен суының аққан сарылы гүлдің есту жүйесіне бірден жеткен. Өзенді жағалай бұталар мен құрақтар, жалбыздар өскен. Жасыл әлем болса да ерекше көз тартады. Гүл қоқыстан алыстау жердегі құнарлы қара топыраққа шыр айнала бұрғыланып, тік тұрып, айналасын мұқият бақылауға кірісті. Қауызы жайыла кең ашылып, оның ішіндегі кішкентай сары түсті әңгелек сияқты басы байққаусыз ғана айналып, күнбағыс сияқты Күн бар жаққа қарады. Күннен күш қуат алып, өзінің елден алыста екенін сезді.
Бірақ гүлдің елге жетуге деген үмітін оятқан бір нәрсе бар еді. Ол төбе тұсінен тап сол ауылға қарай кеткен үш қатар жоғары вольт желісі. Гүл қауызы ішіндегі басын сәл көтеріп, оған мұқият қарап алды. Үш қатар тартылған сымдар ілінген темір бағаналар мейлінше биік екен. Оныңі үстіне әрбір темір бағананың тұла бойы тұтас темірден емес, киіз үйдің керегесіндей етіліп жасалған. Ғажайып гүл оның бәрін тип титтей қарақат қара көздерімен шолып өтті. Содан соң тұрған орнында бұрғыша шыр айналып, құнарлы қара топырақтан босап шықты да, біреу лақтырып тастай салғандай жерге құлап түсті. Оны енді көрген адам жай бір жерде жатқан гүл деп қана ойлар еді. Бірақ гүл тыныш қала алмады. Қауызын ашып, кішкене ғана домалақ басын олай былай қозғап, жөргекте жатып басын шайқаған нәрестеше әрекеттенді. Содан соң түп жағымен шөп арасына қарай жылжуға кірісті. Жапырақтарындағы тікенектеніп келген ұзын ұзын талшықтарын әр шөптің сабағына тіреп, біраз жерге дейін жылжыды. Содан кейін сәл кідіріп, қауыдарын ат құлағынша қозғалтып, қайшылап, бағытының дұрыс бұрыстығын анықтады.
Әлгі биік темір бағанаға жақындап қалыпты. Гүл енді тағы да құнарлы қара топыраққа шыр айнала бұрғыланып, тік тұрып күш қуат алды. Үлкен әректке кірісер алдында осылай жасайтын әдеті еді. Бір жағынан құнарлы қара топырақтан нәр алғанымен, екінші жағынан бағана бойымен шығар жерін анықтап анықтап қараған. Киіз үйдің керегесіндей өрілген темірлерден тұратын биік бағананығ жоғарғы қарынан өтетін жуан электр тогы сымына қарай өрмелеп шығу да оңай емес ті. Бірақ алыста қалған елге қарай жылдам жылжып баратын бұдан басқа жол да жоқ.
Құнарлы қара топырақ пен жер қыртысы астырндағы ылғалдан күш қуат алған гүл қатты ширады. Содан соң тағы да қара топырақтан шыр айнала бұрғыланып шығып, жерге сылқ құлап, баяғы әдісімен жылжып жылжып, темір бағанаға жетті. Оның тегістеу келген тік теміріне жабысып, жұлдыз құртша жоғары қарай өрледі. Мұндайда гүлдің ұлу сияқты жабысқақ сөл бөлетін де қабылаты бар еді. Сол қабілетімен жалпақ темірден ажырап, құлап кетпей жылжуын жалғастыра берген. Темір бағаннаның қарына жеткенде оған асыла тартылған жуан сымдағы ток мөлшерін анықтауға көшті. Өзінің бойында да электр тогы бар болғандықтан бұл сымдағы ток күшін салыстыру қажет. Сол жерде сәл кідіріп, ток мөлшері мен күшін өзінің өте сеімтал талшықтарымен анықтады. Жуан сымға бір жанасып алса, оный бойымен үлкен жылдамдықта жылжи алады екен. Осының бәрін мұқият анықтап біліп алған ғажайып гүл өзін қоқысқа әкеліп тастаған автомат жүйелі көлік келген жаққа қарай тартылған жуан сымға асылды.
Сол замат бүкіл сабағын найзағай оты жандырып кеткендей күй кешті. Бірақ ол әсер көпке барған жоқ. Гүлдің аса сезімталдығы да ток күшін еселеп жібергендей де еді. Сәлден соң гүл жуан сым бойымен жүріп жатқан ток бағытының тап сол өзі барғалы әрекет жасап жатқан ауылға қарай кететінін де білді. Ішкі дүниесі сымдағы ток пен бойындағы токты тепе тең етіп реттеді. Сол ақ екен гүл сым бойымен тап бір аспалы жылжымалы вагон сиқты елге қарай зырығып жылжып ала жөнелді. Егер ғажайып гүлдің осы әрекеттетрін сырттан бір адам бақылап тұрған болса, ештемені түсінбей иә таңғалып, иә шошынар еді. Бірақ бұл темір бағаналар жеңіл көлік жолдарынан да, темір жолдардан да алыста еді. Ал кейбір кедейсоқ жүрген адамдардың мұны "жел итеріп жылжытып бара жатқан болар" деп қана тұжырымдамақ. Кей кейде соққан самал жел де шын мәнінде де гүлдің сым бойымен жылжуына көмек бергендей болады. Тек бұл тұста оны көріп қалған адамның "Бұл гүл соншама биіктегі ток жүріп жатқан жуан сымға қалай ілініп қалған?" деген ойға қалуы мүмкін. "Бәлкім, бұл ғажайып гүлді тістеп алып ұясына қарай ұшып әкетіп бара жатқан қандай да бір құс кездейсоқ дәл сол сымның бойына түсіріп алған болар. Сөйтіп ол асылып қалған. Ал зымырай жылжып кетіп бара жатқаны самал желдің арқасы" деп те ойлауы мүмкін мұны көрген енді бір адамдар. Бірақ ғажайып гүлді бұл жерде адам түгілі құс екеш құс та көрген де, елеген де жоқ. Ал гүл болса сол сымның бойымен сапарын одан әрі қарай жалғастыра берді.
Уақыт зырғып өтіп жатты. Кеш түсті, айналаға ымырт үйіріліп, қас қарайды. Түн болды. Түн өтіп, таң атты. Бірақ гүл сым бойындағы сапарын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның шаршамауына сымдағы ток та демеу болған. Сөйтіп, зымырай зымырай темір бағаналар мен жуан сымдардың екі бағытқа қарай кеткен айырығына жетті. Сол кезде ғана гүл жылжуыан саябырсытып, қай бағана мен сымның өзі көздеп келе жатқан ауылдың жанымен өтетінін анықтаукға көшті. Бірақ бұл жолы гүлдің ішкі жандүниесі қай бағыттың дұрыс екенін дәл ажыратып бере алмады. Оны анықтауға бойындакғы қосымша ток кедергі келтірді. Бағыт бағдар жүйесіне де нұқсан келгендей. Содан гүл аз ойланып тұрып, сол жақ бағытын дұрыс деп тапты. Солай қарай кеткен темір бағаналардың қарларына іліне қатты тартылған жуан сымдардың бірінің бойымен жылжып берді. Артынша тегіс дала бітіп, таулы аймақ басталды. Сол таулар мен сайларға сай бағаналар да бірде биік, бірде сайлы жерге тұғызылған. Сондықтан да гүл де сым бойымен біреспе жоғарылп, біресе төмендеп жылжыды. Зымырап кетіп бара жатса да, гүл төменг тұсіндеғы, айналасындағы көріністрдің бәрін де зерделеп, ішкі дүниесіне түйсініп отырды. Өзінің ғаламшарында екі аяқпен, төрт аяқпен жүретін саналы, санасыз тірішілік иелері қандай да бір себептермен өзге жұлдыз жүйесіне көшіп кеткеннен кейін бар саналылық та, бүкіл ғаламшар да өздеріне - гүлдерге қалған болатын. Ол кезде сол саналылар "Бұл ғаламшардан біз кетсек, орнымызды гүлдер басады" деп ешқашан да ойламаған. Ал гүлдер болса, саналылардың тірішілік тынысын, қимыл әрекетін, істеген істері мен күллі жаңалықтарын ішкі зерделеріне тоқи берген еді.
Гүлдер араласпаған жер жоқ ты. Өздері ең саналы, зиялы деген адамдардың үйлерінде, төрінде де тұрды. Ал солғаннан кейін қоқыс жәшіктеріне тасталып жатты. Бірақ сол гүлдердің бәрі дерлік ұрықтарын сақтап қалған еді. Дамуы мен көбеюі де тоқтаған емес. Саналылардан естіп білгендері мен сезгендері уақыт өткен сайын толыға түскен. Соның нәтижесінде сол саналылардың тірішілік ету дәрежесіне жеткен. Гүл ғана болып жаралса да саналылардың орнын басқан. Ғаламшардакғы саналы, шулы тірішілік әрекеті тоқтап, ғаламшар әлемі тыныштыққа бөленген соң гүлдер де бой көтерген. Саналы тірішілік етуге көшкен. Саналының орнына саналы болған. Сөйтіп, ол ғажаып ғаламшарда гүлдердей нәзік, гүлдердей сезімтал, гүлдердей ақылды ешкім де қалған жоқ еді.
Бұл гүл де сол ғажайып гүлдердің бір ұрпағы тын. Басындағы "миы" да биокомпьютерлік іс атқаруға бейімделген. Ондағы гүлдер өзінің өміріне сергек, серігіне мейлінше адал ды. Гүлдер титтей жақсылықты да, жамандықты да, адалдық пен арамдықты да тез әрі жақсы сезеді. Бұл гүлге де кешірімсіз бір күнә әсер еткендей еді. Сол күнәні тазарту жолында жанын пида етуге әзір болып келе жатқан жайы бар. Сым бойымен жылжу жерде қозғалғаннан әлдеқайда жеңіл әрі жылдам болғанымен, бағыт бағдарды дәл анықтау қиын еді. Сондықтан да гүл өз бағытын дұрыс ұстау үшін көп күш жұмсап келеді. Оның үстіне қанша дегенмен де жоғары волтты ток болғандықтан жан дүниесін қыздырмай қалмаған.
Гүл сонда да өз бағытынан тайған жоқ, өз мақсатынан бас тартқан жоқ. Сым бойымен ағып келеді. Осы кезге дейін қоқысқа екі рет лақтырылса да мойған жоқ. Гүлдің орнында әлсіз, пәрменсіз адам болса, бәлкім, бұл өмірден ендігі тұңіліп те кетер ме еді. Гүл олай етпеді. Адам қолымен тасталған Жер гүлдері сияқты қоқыс астында біржолата қалған да жоқ. Қайта бар күш жігерін жинақтап, өзінің өмірі мен өмірдегі адалдықты дәлелдеу үшін күресе түскісі келгендей алға қарай ұмтылып келеді. Төменде қалған қатпар таулар, нешетүпрлі өсімдіктер, гүлдер мен акғаштар. төбе, өзен, бұлақ орман және тағы басқадай тірішіліктің тіректері жайымен кейін қарай жылжып қалып жатқандай. Тек олардың бәрі де тілсіз. Бәрі де ештемеден хабарсыздай тып тыныш. Бәрі де бейнебір сым бойымен зымырап жылжып кетіп бара жатқан осы гүлге таңырқай қарап қалғандай. Гүл болса анда санда қозғалып, мойнын да, басын да бұрып қойып жылжып кетіп барады.
Содан біраз уақыт өткенде төменнен шағын бір ауыл көзіне шалынды. Бұл Жер ғаламшарындағы ауыл да, қала да гүлге жақсы таныс. БҰл ауыл да көзіне оттай басыла кеткен. Өзі болған ауылдың табиғаты да осы ауылдыкіне ұқсайтын. Ол ауылдың бұл ауылдан аса қашық емес екенін де гүл жандүниесімен жақсы сезді. Сөйтіп, басын сол тұсқа қарай жиі жиі бұрып, сым бойымен жылжуын жалғастыра бердін. Ауыл үстінен өтіп бара жатқанда адам қолымен егілген ғажайып гүл бағын көрді. Тұла бойын бір жылылық биледі. Гүл бағына тоқтау керек деген шешімге келді. Сөйтіп, өзінің сым бойымн жылжуын саябырсытып, сәлден соң аспалы сым жолымен зырғып келе жатқан жолушылар вагоны сияқты кліт кідірді. Кішкене басын олай былай бұлғап, төменгі жақты барлап алды. Темір бағананың түп айналасы қалың шөп екен. Гүл енді басын бұлғаңдатып, түп жағын жоғары қарай көтере тіктенді. Содан салмағы басым бас жағы сым бойынан кілт ауып, жер бетіне қарай құлдилай ұшты. Бұл кезде шамалы самал жел де соғып тұр еді. Жел гүлдің басын көтеріңкіреп барып, қисайта ұшырып, қалың шөптің үстіне жалп ете түсті.
Енді сырттан көрген адам ғажайып гүлді темір бағаналар қарлары арқылы жүргізілген жуан сымдардың бірімен жылжып келіп, осы жерге ұшып түсті деп ойламас еді. Гүл шөптердің үстінде шамалы кідіріп тұрды да, кенет оқыс қозғалып, түп жағы құнарлы қара топыраққа жанасты. Содан соң оңға қарай бұрғыша шыр айналды. Сөйтіп, бір сәтте шөп арасында бір ғажайып гүл пайда болды. Бірақ гүл танаш қалған жоқ. Бүкіл ішкі жандүниесімен айнала дүние әлемін терең сезінуге тарасты. Барлық жағын зерттеп те алды. Құнарлы қара топырақтан нәр алды. Өзі жылып келген сымдағы жоғары вольтты токтан алған артық энергияны қара жерге сіңдірді. Содан соң назарын ауыл жаққа аударды. Ондағы ғажайып үлкен гүл бағын тағы бір мұқият барлап алды. Содан соң нешетүрлі жылжу, қозғалу әдістерін қолданып, солай қарай тартып кетті.
Елге тараған жаңалық
Сәрсенгүлді үйіне дейін шығарып салып, қайта оралған Мерген көңілді еді. Аара тұра ыңылдап әндетіп те қояды. Содан жуынып шайынатын бөлмеге енген. Беліне дейін шешініп, басын, мойнын салқын сумен жуды. Одан кейін себезгі сумен шайынып, сүлгімен жақсылап сүртінді. Үлкен айнаға қарап, дене мүсінін бақылады. Екі қолын жұдырықтай жоғары көтеріп, олай былай бұрылып, бұлшық еттерін ойнатып, күш қуатын саралады. Бет әлпетін барлап біраз тұрды. Жас қызға қырындай бастаған соң қайтсін, жұлдызаралық сапарден келгелі бері босаңсып қалған бұлшық еттерін байқайын, қыз алдында ширайын дегені. Қыз алдында мүсінді жас жігіт болы көрінуге тырысқаны. Гүлжанмен қыдырғанда бұлай етпеген еді. Гүлжан бір кездегі кеме ботанигі болған соң, өзі оның басшысы болған соң ба, оның алдында дәл осылай жақсы көрінуге тырыспайтын. Ал мына қыздың жөні бөлек. Оған ешқашан да басшы бола алмақ емес. Оның үстіне екеуінің мамандықтары да бір бірінен алшақ. Ол физик, өзі геолог. Сондықтан да өзін оның алдында мейлінше мәдениетті, мейлінше салауатты, білімді, денсаулығы мықты жігіт ретінде көрсетуге асығады.
Айна алдында Мерген өзінің жай сөйлегенде қалай көрінетінін, күлу мен ашулану кезінде қалай көрінетінін де әбден асықпсай барлап алды. Біраз сөйлеп, сәл жымиып, кешірім өтініп, тағы басқадай қылықтар жасап, тап кәдімгі спектакльге дайындалған әртісше жаттықты. Ұзақ жұлдызаралық сапарда болып қайтса да, бетіне әлі не бір сызат, не бір әжімнің түспегеніне іштей риза болды. Тек қою қара шаштарының арасында ағараңдаған ақ шаштары ғана басынан біршама қиындықты өткізген жігіт екенін дәлелдей түскендей. Ал бірақ ел жұрт оның ол сапарын ақ шаштарысыз да жақсы біледі. Ал қазір өзі Сәрсенгүл есімді жас қызға сөз айтып жүрген кезде м ұндай ақ шаштардың болғаны да көңіліне аз да болса қаяу түсіреді. Мерген айна арқылы сол ақ шаштарын көрген сайын мұңая түсті. Содан бір кезде селт есін жиып алып, көйлегін киді. Енді бет бейнесі басқаша болып шыға келді. Адамның ажарын ашатын киім екен. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдар мен бүгіндегі адамдардың мәдени тұрғыдағы басты айырмашылығы да осы киімде екен. Жақсы, таза әрі жарасымды киім кез келген адамды ерекше жасартып, ерекше тәкәппар етіп те жібереді. Жарасымды киім киген адамға назар да көп. Жұлдызаралық сапар кезінде сапарластарымен бірге бір түсті, қазақы ою өрнекті киім киген болатын. Сол бірдей түс пен бірдей әсемдікке әбден көзі үйренпіп те қалыпты. Әсіресе, Жерге алғаш қайта қадам басқаннан кейін ел аралағанда нешетүрлі киінген адамдарды көрген. Ал теңіз бен мұхит, көл жағалауларындағы құмдауытта жартылай жалаңаш жататын ерлер мен әйелдер адам пенденің сол баяғы алғашқы қауымдық кездегі жүрісін аңсап тұрғандай болатынын көзге елестеткен. Мерген бір сәт оны да көз алдына әкелген. Дегенмен де, бүгінде өзі де, сол жұлдызаралық сапарда бірге болған сапарластары да киім тағдауға шебер емес. Соңғы кездері Сәрсенгүлмен кездескелі бері айна алдында әртүрлі киім киіп, осылайша жаттығатыны әдетке де айнала бастаған.
Ал Сәрсенгүлдің жөні басқа. Оның киім таңдауы мен киісінің өзі бір өнер. Содан да оған ауыл ғана емес, сырттан кездейсоқ немесе бір жұмыстарымен келіп қалған жігітердің көзі жиі түседі. Ал ол жігіттердің ең әйгілісі өзі. Егер Мерген Сәрсенгүлден бойын аулақ салса, сол қолы жете алмай жүрген жігітердің бірі бақытты болар еді. Бірақ Мерген әлі толық бір шешім шығарған жоқ. Кімге, неге үміт артатынын өзі де білмейді. Сәрсенгүлге деген қызығушылығы да аса басым емес. Ал Гүлжанға деген жүрек жылуы онымен алғаш танысқан сәттен оянған. Жұлдызаралық сапарының сәтті басталып, сәтті аяқталуы да сол Гүлжанның ақ тілегінің арқасы сияқтанып та тұрады Мергенге. Жерге аман есен жетіп, мұндағы үйреншікті тірішілікке қайта кіріскен соң ол қиындықтың бәрі кейінде қалып, өмір басқаша сипат ала бастаған. Жер шары, ауыл аймағы жұлдызаралық кеменің іші емес. Ол кемеде қыз бала атаулыдан Гүлжан мен Маржан ғана болған болса, мұнда нешеқылықты қыздар жүр. Нешесі гүлдей болып өсіп келе жатыр. Жігіт болған соң, бойдақ болған соң қыз балаға көз түсетіні табиғи заңдылық. Сондықтан да дана қазақ: "Қымызды кім ішпейді, қызға кім көз салмайды" деп мақалдаған. Мергенге тек қана Сәрсенгүл емес, есімі елге мәшһүр болғандықтан қай қай қыз да асық. Егер ұлт намысын табанға басып, нәпсі қуып, серілік жасаса, онда осы кеге дейін даңқын пайдаланып талай қыздармен қызықты түндерін де өткізген болар еді. Мерген атақ даңқын пайдаланып, талай жас қыздарды зар қақтыратын адамдардай адамсыздыққа барған жоқ. Мергеннің әрбір минуты, сағаты мен тәулігі есепте. Оны қалай дегенде де ойын сауықпен емес, адамзатқа, болашақ ұрнпақтарға қажет болатын ғылым саласына арнауға тырысады. Уақытпенсанасуға Мерген жұлдызаралық сапарға аттанарда жасалған жаттығулар мен сол сапарда болған кезінде қалыптасқан. Сапарластары да діәл өзіндей. Тек елден, Жерден сырт шығып көрмеген кейбір адамдар ғана уақыттың қадірін терең түсіне бермейді.
Мерген айна алдынан шығып, асханаға келді де, автомат аспазшы дайындаған тағамнан шамалы дәм татып, демалатын бөлмесіне келді. Ондағы стереотеледидар тұрған шкафтың берге жағындағы шағын үстел үстінде жатқан кішкене ғана панельді қолына алып, өзі жұмсақ орындыққа жайғаса отырды да, оның көп түймелерінің ішінен керектісін сұқ саусағыымен жай ғана нұқыды. Экран беті жанып, онда елде болып жатқан соңгы жаңалықтар айтылып жатты. Мерген дүние жүзінің телесенсациялық хабарларын бір бір минуттан көріп шықты да, панельден келесі бір түймені нұқып, жернгілікті телехабарлар арнасына ауысты. Содан бір кезде телестудия жазбагерлері Гүлжан тұратын ауылдың соңғы жаңалығын айтуға көшті. Сол кезде Мерген күтпеген жерден бір жаңалықты естіп көріп, отырған орнында тапжылмай қалды.
- Құрметті стереотеледидар көрермендері, - деп жалғады сөзін жас жігіт, - енді есімі әлемге әйгілі ғаарышкер биолог, ботаник жерлесіміз Гүлжан.Қасенқызының ашқан жаңалығына тоқталайын. Мына өздеріңіз көріп отырған атшаптырым жерді алып жатқан гүл бағы Гүлжан әпкеміздің өсімдіктерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми орны. Жақында осы бақтың ішінде ғажайып бір гүл пайда болды. Гүлдің бойына Жер шарымыздың кейбір аймақтарында өсетін сезімтал, әрекетшіл гүлдердің қабілеті дарыған. Ол сырттан келген адамды, оның созған қолын тез сезеді. Қаламаған адамынан кейін иіледі, онан болмаса, қатты дыбыс шығарады, ал онысын тыңдамаса, қандай да бір сұйығын шашып жібереді. Бұл жер бетінде өспеген гүл. Ғарышкер ғалым гүлдің өсу, даму, сезімталдануы жолында қызу еңбек етуде. Біз бұл ғажайып гүл жөнінде бұдан кейін де мәліметтер беретін боламыз...
Мерген аң таң. Стереотеледидарды сөндірерін де, сөндірмесін де білмеді. Сөндірейін десе, "Әлгі ғажайып гүл жөнінде тағы бір жаңалық айтылып қала ма?" деп үміттенеді. Сөндірмейін десе, теледидар дикторы басқа жаңалықтарға көшкен. Мергенді бей жай қалдырған бұл екеуі де емес. Ол Гүлжанның ғажайып гүлді қалай өсіріп шығарғаны еді. Соны білгісі келген. Ақыр соңында стереотеледидарды сөндірді де, оның жанындағы жаңалықтарды жазып алып қалып отыратын автоматты бейнемагнитофонды іске қосты. Жаңағы бейнелер қайта көрініп, сөздер де қайталанды. Мерген оны тағы бір көріп, мұқият тыңдап алды. Жағдай енді түсінікті еді.
Бейнемагнитофонды сөндіріп, орнынан тұрды. Жердүниеге сыймай бөлме ішінде олай бір жүрді, былай бір жүрді. Мергеннің Гүлжанға жалғыз міндет етіп жүргені де сол гүл еді. Енді Гүлжанға өзінің де, гүлдің де қажеті болмайтын сияқты. Өзі өсіріп шығарған ғажайып гүлден артық Гүлжанға не бар бұл дүниеде. Гүлжанның гүл десе ішер асын жерге қоятын кездері аз ба еді. Мерген ол жағын жақсы біледі. Қыз өзінің гүлге деген шынайы махаббаты мен бірбеткейлігін де дәлелдей бастағандай. Гүлжанның қызға тән өрлігі әуелден белгілі. Ол жігіт атаулыны сонысымен өзіне тәнті еткен. Егер оның Мергенге деген шынайы махаббат сезімі оянбаған болса, онда ол өзін әлдеқашан басқаша ұстаған да болар еді. Мерген қыздың өзіне деген шынайы махаббатын терең түсінеді. Солай бола тұрса да қыз намысына тиді, сенімсдікке қарай қадам басты. Гүлжан да Мергеннің сол жұлдызаралық сапардағыдан көп өзгергенін, өз ауылындағы Сәрсенгүл есімді мұғалимамен жүретінін біледі. Ауыл ішінде де, ауыл мен ауыл арасында да сөз жатқан емес. Гүлжанның жай күйі Мергенге, Мергеннің іс әрекеттері Гүлжанға ауыздан ауызға тарап жетіп жатады. Оған ешқандай да ақпарат құралының қажеті жоқ.
Мерген күтпеген жерден осылайша көңілсіздене берді. Осының алдында ғана Сәрсенгүлді үйіне дейін шығарып салған кезде оған нешетүрлі әзіл аралас әңгімелер айтып, өзі де мәз болып күліп, ерекше сергіп, көңілденіп келген еді үйіне. Енді мына жаңалық сол көңіл күйіне салқын су себе салғандай. Стереотеледидар дикторы Гүлжанның есімін айтқанда жас жүрегі шымыр ете түскен. Оның артынша оған деген ішкі қызғанышы тұла бойын биледі. " Бұл жарияланған үлкен жаңалықтан кейін Гүлжанға қаншама адам бейнетелефон соғады, қаншасы гүлді бір көру үшін барады. Ал егер Гүлжан сол барғандардың ішінен бір жігітті таңдаса не боламын?" деп те Мерген ой тереңіне кетті. Егер көп кешікпей "Гүлжан пәлен деген бір жігітпен көңіл қосыпты" деген сөз тарай қалса, сөз жоқ, Мергеннің жүрегі зырқ ете түспек. Тек солай ма, ол сол мезетте Гүлжан тұратын көрші ауылға барып, ол жігіттің кім екенін біліп алмақ. Бұл толғанысының бәрі де Мергеннің Гүлжанды іштей қаншалықты ұнататынын байқатады. Ал Гүлжан жайлы еш сыбыс сөз тарамаса, онда өзінше күшейіп, Сәрсенгүлге барып, оған әзіл әңгіме айтып мәз болады. Бұл бір жағынан Мергеннің Сәрсенгүлге деген шынайы махаббат сезімінің оянбағанын көрсетеді. Тек не жасаса да Гүлжанға қырсығып жасайтын сияқты. Онысын Гүлжан да біледі. Бірақ жаны нәзік қыз бәрін де ішінде сақтайды. Мерген мұны да ойлады. Бұл ой тоғамдарының тоқ етері қандай өкпе болғанда да жігіт ретінде Гүлжанға бірінші өзі баруға тиісті. Қыздың жолы қашан да жіңішке. Гүлжан Мерген басқа қызға үйленіп кеткен күнде де: "Мен Мергенді сүюші едім" деп ешқашан да айтпайды. Сөйтіп, бәрін де ішінде сақтап, ішқұса болып жүріп бұл өмірден өтер еді. Бірақ Мерген Гүлжанды ондай жағдайға жеткізбек емес. Ерте ме, кеш пе, әйтеуірі онымен қайта табысатынына сенеді. Тек кім арқылы? Мұндайда екі ғашықтың сөнуге айналған махаббат отын үрлеп, қайта тұтататын дәнекер біреу керек. Ал ол кім болмақ? Ондай адамның Мергенге де, Гүлжанға да сөзі өтімді болуы керек. Сонда ғана екі ғашық қайта қол ұстаспақ.
Бүгінде өзінің сапарлас достары Жеңіс, Мейрбек пен Жұматай да өздері қалаған қыздарына үйленіп, отбасын құрған. Олардың бәрінің де тойларына қатысты. Ақ тілегін айтты. Олар да мергеннен біржолата қол үзіп кеткен емес. Қолдары жұмыстарынан босаған күндері мен еңбек демалыстарында Мергенге отбасымен келіп, жұлдызаралық сапапрларын естеріне алып, бір жасакғандай болып қайтып кетіп жатады. Айтқали мен Маржан болса да жиі қатынасады. Отбасын құруды осы соңғы екеуінің бастағаны да белгілі. Содан соң ақ керуен тізбегіндей қалғандар отбасын құра берген. Айтқалидан соң Жеңіс, одан кейін Мейрбек пен Жұматай. Айналасы бір ғана жылдың ішінде бәрі де отбасылы болып шыға келген. Ендігі кезек махаббат маусымын бірінші болып бастаған Мерген мен Гүлжанға келіп тірелген ді. Бірақ Гүлжан бірбеткейлігіне салып Мергенге дес бермей келеді. Бір жылы сөз үшін өзінің болашақ өмірлік серігін жеңіл желпі таңдай салмайды. Мергенде де сондай ой. Екеуінің мінездері бір біріне сай.
Мерген демалатын кең бөлмесінің ішінде олай былай ұзақ жүрді, ұзақ толғанды. Содан соң асханаға келген. Ондағы автомат жүйеде әлі ыстық күйінде тұрған сорпадан ішіп, ыстық шайда ұрттап, балконға шықты. Түнгі аспан әлі де шайдай ашық. Осыдан бірнеше сағат бұрын Сәрсенгүлді үйіне дейін шығарып салғанда көрсетіп, қызықты әңгімелер айтқан жұлдыздар енді селқос, көңілсіз жыпылық қағатын сияқты. Мерген де енді оларға басқаша көзбен қарады. Өздерінің жұлдызаралық сапарларын еріксіз такғы бір есіне алды. Ондағы ғажайып ғаламшар, гүлді әлем, бәрі, бәрі де көз алдына келді. Сол ғаламшардан Жерге қарай аттанар алдындағы ғажайып гүлді алу, алмау жөніндегі Гүлжан екеуінің сөздері ми қыртысынан магниттік таспадан қайта шыққандай болып қайталанып жатты. Қайталанған сайын Гүлжанға деген махаббат сезімі мен сол бір жазықсыз ғажайып гүлге деген аяныш сезімі күшейе берді. Сәрсенгүлдің қанша бақуатты отбасынан шыққан қыз, қанша жас, қанша білімді қыз болса да жұлдызаралық сапарда бірге болған, сапардың ыстық суығын бірге кешкен Гүлжаннан асып түсе алмайтынын да түсінді. Әрине, Сәрсенгүл де ерекше қыз. Оның реңі де бар, білімі де мол, қылығы да тартымды. Мергенге де тең келеді. Тек Сәрсенгүлдің деңгейі Гүлжан тұрған жерде психологиялық тұрғыдан алғанда төмен болып тұрады. "Сұлу сұлу емес, шын сүйген сұлу" деген халық мақалының күшіне енер тұсы да осы болса керек..
Мерген енді ішке қайта кіріп, балкон есігін жауып, өткенде құнарлы топырағына ғажайып гүл қадалып тұрған ыдыс бар бөлмеге келді. Оны есіне алды. Сол жолы Гүлжанның алдында ол кешірмейтіндей күнәлі болып қалғандай болғанын да есіне алған. Бірақ Гүлжан қай нәрсеге де байыппен қарайтын ерекше ақылды қыз. Ол адам баласырның ниетін, мінез құлқы мен мәдени дәрежесін бір сөйлескеннен біледі. Мергенді ол бірден қалаған еді. Ол Мергеннің басқа қызға мойын бұрғанындай өзге жігітке бұрылған емес. Мерген ол жағын да ойлады. Сөйтіп, айналасы бірнеше сағаттың ішінде өзінің ғашықтық сезімін қайта сезініп те үлгерді. Ендігі іштейгі мақсаты да Гүлжанға жол табу. Сәлден соң жайымен жүріп, өзінің жатын бөлмесіне енді. Ендігі сырласы да төсекке жабылған ақ түсті матамен тысталған көрпе мен жастық қана еді. Келген бойда шешінуге де шамасы келместен етбеттей құлады. Жұмсақ жастықты қос қолымен қапсыра құшақтап, екі көзін тарсы жұмып, ұйқыға кетті.
Гүлдер арасындағы кездесу
Ғажайып гүл өзінің қилы күрделі қозғалыстарымен ауыл даласын шарлап шарлап, өзі жоғары вольтты тогы бар сым бойымен жылжып келе жатқанда байқаған гүлді баққа да жетті. Гүлді әлем өзінің сезім жүйесіне алыстан ақ қатты әсер еткендіктен оны көп қиындықсыз тапты. Бұл кезде күн де кешкіріп қалған ды. Гүл бағындағы күтушілер үйді үйлеріне кеткен. Айнала тып тыныш. Тек анда санда соққан самал ғана ол тыныштықты бұзғандай болады. Ол самал кейбір нәзіктеу деген гүлдердің бастарын сәл пәл қозғайды. Сырттан бақылаған адам мұндай көріністен гүлдердің бейнебір бір бірімен теңселе сырласып тұрғандай көркін көргендей болар еді. Бақ ішінде нешеалуан гүлдер өсіп тұр. Олардың қауыз ашу, ұрық шашу мзгілдері де әрқалай. Олар адамдар сияқты қозғалып жүріп әрекет жасап, тірішілік етпейтін, бір бірімен тілдесіп, әзілдесіп, күлмейтін болғандықтан мұнда үнемі тыныштық сақталады. Тек осы гүлдерді қараушы, суғарып, күтіп баптаушылар келгенде ғана бақ ішіндегі тірішілік жанданып сала бергендей болады.
Ондай тірішілік әрекеті күн сайын ертеңгілікте басталады. Гүлдер де сондай сәтті асыға, сағына күткендей тым тырыс тұрады. Ал бар ғажайып өмір шығыс көкжиектен алтын сәулесін аямай шашып Күн көтерілген кезде басталады. Қаншама гүлдер қауызын ашады. Бастарын Күнге қарай бұрады. Бүгін де көп гүлдер қауыздарын Күнге қаратып ашып, күні бойы одан күш қуат алып, оны батыс көкжиекке жасырынғанға дейін шығарып салып, түн тыныштығына дайындалкған ды. Бұл бақтағы тынышсыз Гүлжан күрделі будандастыру арқылы мәпелеп өсірген ғажайып гүл ғана. Ол да осы бақтың ішінде тірішілік етуге бейімделіп алған. Гүлжан, болса да әр кеш саәйын онымен таңға дейін қимай қоштасады. Гүлжан көпке дейін бұл гүлді түн ортасында бір келіп көріп кетіп жүрген. Енді соңғы кездері ғана гүл жағдайы жақсарған соң өз төсегінде тыныш ұйқтайтын болды.Өзін бағып қағып аялайтын Гүлжан мен өзге де қараушылар кетіп қалғаннан кейін ғажайып гүл бақ ішінде серуенге шыққан. Егер Гүлжан гүлге осындай ерекше қабілет дарытпағанда сол бір орнына тып тыныш қана тұра беретін еді. Енді орын ауыстыруға толық мүмкіндігі болған соң тыныш қала алмаған. Гүл қажет кеде бір орында бұрғыша шыр айналып қара топыраққа еніп тік тұра қалады, орын ауыстырар кезде шыр айналы, түп тамырын топырақтан шығарып, жер бауырлап жылжып кетеді. Әйтеуірі бір жерде тұрып қалмайды. Ал бүгінгі күн де, түн де гүл үшін ерекше сәтті уақыт еді. Осы күні бақ ішіндегі нешетүрлі гүлдерді көріп алмақ. Мұндай еркіндік болмаған кезде гүл айналасындағыларды көруден аспаған ды.
Енді өзін күтетін адамдардың бәрі кетіп, қас қарайып, айнала төңірек тыныштыққа бөленгелі гүлдің серуен құруына мол мүмкіндік туған. Аз ғана уақыттың ішінде талай гүлдерді көріп үлгірді. Талайының жанында тұрып бақылады. Бақ ішінің әр жеріндегі топырақ пен судан нәр алды. Ол гүлдің қозғалғыштығы мен сезім қабілетін арттыра түсті. Сөйтіп жүріп гүл бақтың екінші шетіне де таяп қалған ды. Бұл кезде Күн де батыс көкжиекке жасырынып, аспандағы шапақтары әлсіреп, қызыл түске, сары түске, одан ақшыл түске айналып, қас қаратын шақ та жеткен еді.
Ал бұл кезде жоғары вольтты сым бойымен жылжып келіп, жерге түсіп, одан осы ауылды, осы гүл бағын көздеген ғажайып гүл де ене бастаған. Одан бұрын ғарыштан келген гүл жер бауырлай жылжып жүріп, бақтың іші сыртын әбден барлап алған. Ғажайып гүл үшін бақты қоршаған мықты темір тордың әрбір тор көзі есік еді. Сондықтан да ғарыштан келген гүл бақ ішіне ә дегеннен еніп кетуді жөн көрген жоқ ты. Бақ ішіне енсе де, ана санда үп еткен самал желді пайдалана ішінде кішкене ғана домалақ басы бар қауызын сәл ғана көтеріп, жан жағын мұқият барлмайды. Содан соң келесі тор қоршаудың тор тесігі арқылы ішке қарай тағы жылжыды. Бірақ тұтастай сусып түспе қойған жоқ. Жартылай өтіп,. темір тордың сымына асылып тұрып қалды. Егер оны қандай да бір саналы адам көре қалса, "Мына бір адам көрмеген гүл неменеге бұл торға келіп ілініп қалған?" деп былай алып тастар еді. Ғарыштан келген гүл тың тыңдап алған соң зып деп ішке енді. Айналасын сақтықпен тағы да барлады. Мұнда өзінен басқа өзі сияқты қозғала алатын гүл жоқ екен. Бақтағы барлық дерлік гүл сол бір орындарында мүлгіп тұр. Тек кешкі салқын самал соққан кезде ғана барлық гүлдің бастары баяу ғана тербеледі. Сол самал жел болмаса, мына бақтың іші бейнебір қозғалысы жоқ дүнипедей көрінеді. Гүл Жер ғаламшарына келгелі мұндай қозғалыссыз гүлдерде бойын да үйретіп үлгірген. Егер осының орнында өзінің ғажайып ғаламшары болса, мына жерде нағыз күрделі тірішілік әрекеті жүріп жатқан болар еді. Айнала жандана түспек. Тарс тарс еткен дыбыстар мен мезгіл мезгіл шашылған сұйықтар кездейсоқ келген адамды шошытпақ. Жерден барған ғарышкерлер де ол әлемнің гүлді әлем екенін немесе ондағылардың гүл кейпіне көшкен қандай да бір тірішілік иелері екенін ажырата алмаған. Сөйтіп, олар тездетіп жұлдызаралық кемелеріне, онымен тездетіп ұшып, осы Жерге, өздері туылып өскен ауылдарына жетуге асыққан. Ғажайып гүлдің ми қыртысында ол көріністердің бәрі де толығымен жазылып қалған болатын. Енді мына ортада сол көріністердің бәрі де көз алдыынан өтіп жатты.
Солай бола тұрса да, бұл арада ұзақ тұра берудің жөні жоқ еді. Ғажайып гүл жайымен алға жылжыды. Масақтанып келген жапырақтары ілінген шөп сабақтарын қармап келеді. Қажет болған кезде қара топыраққа шыр айнала бұрғылана кетіп, біраз күш қуат алады. Осылайша атшаптырым деген бақ ішін шарлап та шықты. Осындай үлкен бақтың ішінде соншама көп түрлі өсімдіктер мен гүлдердің қаулап өсіп тұрғаны ғажайып гүлге ерекше бөлек бір көрініс болды. Осы кезге дейін көрген жерлерінде гүлдердің тек бірнеше түрні ғана өсіп тұратын. Тіпті, өзі келген ғажайып ғаламшарда да тек өзі тектес гүлдер ғана өсетін. Ал мына айнала төңірегі сым тормен қоршалған ортадағы гүлдердің түрлерін анықтап, зерттеп білу көп уақыт алмақ. Тап бір Жер шарындағы күллі гүл атаулының бәрі келіп осында байыз тапқандай. Бұл бір жағынан ғажайып гүлдің Жер ғаламшарындағы гүл атаулыдан толық мәлімет алуына мол мүмкіндік туды. Аз ғана уақыттың ішінде өз тұқымдастарын көріп те алды.
Осындай бақылау зерттеу жағдайында жүріп ғажайып гүл бақтың кейбір жерлерінен қара топырақты сабағымен тап өзі сияқты бір орында шыр айнала қазған шағын шағын шұңқырларды байқады. Ол бір жағынан әлдекімнің қолымен жұлынып алынған гүлдің орнына да ұқсайды екен. Ғажайып гүлдің ми қыртысында ойлау зерттеу процестері тез жүріп жатты. Бұл бақта, бұл бақ түгілі, осы Жер ғаламшарының ешбір аймағында дәл өзі сияқты қара топыраққа сабағымен шыр айнала бұрғылана қалатын, одан шыр айналып шығып кете алатын гүл болмауға тиісті еді. Сондықтан да ғажайып гүл бұл шұңқырларды күндіз осында болған адамдар жұлып алған гүлдердің тамырларының орны болар деп болжалдадын. Содан гүл сол шағын шұңқырлардың біріне келіп, сабағымен шыр айнала бұрғыланып тұра қалды. Сол кезде шұңқыр қазылған жерде шын мәнінде де өзінен бұрын қандай да бір гүлдің уақытша тұркғанын білді. Ғажап болғанда, анау мынау жай гүл емес, дәл өзіне ұқсаған гүл тұрған. Ғажайып гүл енді қауызын жая ашып жіберіп, ішіндегі кішкене басын шығарып, олай былай көз салды. Бұл кезде қас қарайып қалғандықтан көк аспандағы мың сан жұлдыздар жыпылық қаға бастаған еді. Ғажайып гүл басын сәл шалқайтып, аспандағы жұлдыздарға да қарады. Гүлдің көздерінің қырағылығы сондай, ол өзі жұлдызаралық кемемен ұшып келген ғажайып ғаламшарын да жұлдыз ретінде көре алды. Тек ол жөнінде сқйлеуге тілі жоқ.
Барлау зерттеуін толық аяқтағаннан кейін гүл өзі бұрғыланған жіңішке келген шағын шұңқырдың жай гүл емес, тап өзі сияқты гүлдің болғанын толық тұжырымдады. Тек ол гүлдің бұл гүл бағына қайдан және қашан келгенін ажырата алмады. Енді бір сәтте гүл: " Сол жұлдызаралық кемемен менімен қабаттаса тағы бір ғажайып гүл келген жощ па екен?" деген де болжам жасаған. Бірақ ондай жағдайдың болуы еш мүмкін емес еді. Алдын ала тездетіп қолғалған өзі де ұшқалы тұрған жұлдызаралық кеменің жуан темір тіреу аяқтарының біріне жабысып үлгерген болатын. Ал өзі сияқты гүлдің жұлдызаралық кемесіз тез арада мұнда жете қоюы тағы да еш ақылға сыймайды. Олай болуы мүмкін емес. Ал өзі сол кеме ішіне ену үшін, оның бөлім бөлімдеріне өтіп, өз тірішілігін сақтап қалу үшін қаншама қиындықты басынан кешті. Сондықтан да бұл бір жұмбақ ғажайып гүлді бір көру ғажайып гүлге арманға да айнала бастады.
Оның үстіне ғажайып гүлдің ішкі күрделі биодүниесі ол гүлдің тап осы бақ ішінде екенін сезді. Соны тапқысы келген. Өзіне қанша ұқсас болса да, бөтен гүлмен ұшырасу, кездесудің өзі де өзінше бір құбылыс болмақ. Ғажайып гүл енді ойлау толғауды тоқтатып, ол гүлді тікелей іздеу әрекетіне көшті. Өйткені уақытты босқа жібермеу керек. Ғажайып гүл шағын шұңқырдан ежелгі әдетімен сабағымен шыр айналып шығып, жерге құлап, жер бауырлап жылжып, гүллдердің бірталай шаршыларын аралап қарап өтті. Іздеген гүлі кезікпеді. Сонда да ғажайып гүл қимыл қозғалысын жылдамдатқан жоқ. Жер бауырлап, одан тікейіп, қайта құлап, одан да басқа нешетүрлі мәнерлер жасап,. орын ауыстыра берген. Содан бір кезде ғажайып гүлдің басындакғы көз жүйесіне ерекше әдемі бір гүл шалынды. Ол гүл үлкен бақтың шығар есігіне таман жерде, жай гүлдерден оқшауырақ қара топыраққа қадалып тұр екен. Өзге жұлдыз жүйесіндегі ғажйып ғаламшардан келген ғажайып гүл соны көздеп, тап солай қарай жер бауырлап жылжып ала жөнелді. Ана гүл болса, мұны байқаса да, байқамаса да солл орнынан қозғалмай тұр. Ғажайып гүл ең жақын туысын енді тапқан адамдай жылжуын жылдамдатып, гүлге жақындай берді. Сәлден соң екі ғажайып гүл бетпе бет келді. Бір сәт бір бірін барлап тұрды. Содан соң Жерде өсірілген гүл сәл қозғалып қойды. Өзіне ұқсас гүлдің қайдан пайда бола қалғанын білгісі келгендей олай бір, былай бір қисайып қараған. Ғарыштан келген гүл оған қарағанда болса да әлдеқайда ширақ әрекетті әрі мейлінше сезімтал. Өмірдің қиындығын да басынан кешіп үлгірген. Ал Жерде өсірілген жас гүл осы бақ ішінен әлі ешқайда шығып көрмеген. Сондықтан да ол әрбір қимыл қозғалысын байыппен жасайды. Ғарыштан келген гүл енді Жер гүліне жылжып жақын барды да, сабағын иіп, түп тамыры жағын қара топрыққа қадап, сабағымен шыр айналып, қадалып, тікейіп тұра қалды. Бір ғажайып гүл екеу болды. Екеуі жарасым тауып қатарласа қалған. Екеуінің қауыздары да, титтей әңгелек сияқты домаланып келгген бастары да ұқсас. Жалпы түр тұрпаттары да бір біріне жақын келеді. Гүлжан гүлді күрделі будандастыру арқылы өсіріп шығарарда өзі барып қайтқан ғаламшардан көрген, сурет пен бейнефильмге анықтап түсырып алған ғажайып гүлдің түр тұрпаты мен қабілеттерін әбден асықпай зерттеп біліп алған болатын. Тек содан кейін ғана барып жұмысына кіріскен. Сол гүл осы.
Сәл тұрыстан соң ғарыштан келген гүл қауызын бір ашып бір жауып, басын, көздерін қозғалтты. Жанындағы өзін бөтенсіп, үнсіз ғана тұрған әдемі де жас гүлдің тұла бойын бір шолып өтті. Содан кейін жергілікті гүлмен ішіндегі сезім жүйелері арқылы тілдесудің әрекетіне көшкен. Оған бір себеп, өзі сол жұлдызаралық кемеге еніп, Жерге жеткелі басынан жалғыздықты көп кешті. Қаншама қатерден етінің тірілігі арқасында аман қалды. Қаншама әділетсіздіктің куәгері болды. Сонда да сол өзінің өсіп өнген ғаламшарында өзін жылы алақанымен аялаған қызға жете алған жоқ. Енді оның есесіне осы бақ ішінде тап өзі сияқты ғажайып гүлді ұшыратты. Ғарыштан келген гүл үшін мұнан артық бақыт та жоқ еді. Оның тұла бойы, жандүниесі тітіркенді. Жоғары вольтты жуан сым бойымен жылжып кетіп бара жатып, жер бетін мұқият қарағанда да дәл осындай гүлді көрген жоқ ты. Енді күтпеген жерден осындай қуанышты оқиға орын алды. Ғажайып ғаламшардан келген гүлдің ішкі жандүниесі саналы, білімді адамның ішкі жандүниесіне сай болатын. Сондықтан да мән жайды жақсы түсінді. Көз алдындакғы нәп нәзік жас гүлдің бұл өмірден әлі тіжірибе алмағаны да көррініп тұр. Оны да білді. Содан ғарыштан келген гүл сабағымен бір орнында шыр айналып, қара топырақтан шықты да, шөп үстіне топ құлады.
Осы кезде барып жанындакғы нәзік гүл де бірдемені түсінгендей болды. Ол да сабағымен шыр айналып, топырақтан шығып, өсімдіктер арасына жайғасты. Ғарыштан келген гүл енді нәзік гүл жатқан жаққа қарай жылжи бастады. Нәзік гүл де соны қайталаған. Тік өсіп тұрған сансыз гүлдер екеуінің масақ тәрізді жасыл жапырақтарындағы текенек талшықтарымен қармауларына мүмкіндік тудырып, жантайып, бір бірінен алшақтап, жол ашып, кейіндеп қалып жатты. Ғарыштан келген гүл осындай қозғалысымен ақ талай жерді шарлады. Қолдан өсірілген нәзік гүл орның соңынан қалмай ілесіп келеді. Бұл екеуінің осы жарасымды қимыл қозғалыстарын бұл түнде тек аспандағы мың сан жұлдыздар ғана бақылап тұрғандай еді. Онан кейін көзге байқалатындар тік өсіп тұрған қарапайым өсімдіктер мен гүлдер. Одан басқа жан баласы жоқ бұл бақта. Гүлдердің көпшілігі дерлік түн мезгілне сай қауыздарын жауып алған, жаңа таңның атуын, алтын шапақты Күннің шығыс көкжиектен қайта жарқырап шығуын күткендей тым тырыс. Ал екі ғажайып гүлдің олармен ісі болған жоқ. Қатарласа нешетүрлі әдіс тәсілдерімен жер бауырлап жылжып, бақ ішін аралаумен болды. Ғарыштан келген гүл бақ ішін аралау барысында жанырндағы қолдан өсірлген нәік ғажайып гүлге талай мәліметтерді беріп те тастады. Енді нәзік гүл алғашқысындай емес, көп нәрсені біліп, көп нәрсені түсініп, ширап қалды.
Таң атуға таяғанда ауаның салқындығы сезілді. Екі ғажайып гүл салқын самалдан ықтау деген жерді таңдап, қара топыраққа бұрғыланып енді де, ешқашан ештеме болмағандамй, әуелден тап осы жрде өсіп өнгендей болып тым тырыс қатар тұра қалды. Енді расында да, бұл екі гүлді ешкім де дәл осылай жер бауырлап жылжып келіп, тік тұра қалды деп ойламайды. Ғарыштан келген гүл әлі де болса, жанындағы нәзік гүлге мұқият қарап, оны зерттеумен тұрды. Осы кезде күншығыс жақ та бозамықтана берген. Ғарыштан келген гүл нәзік гүлдің бүкіл болмысын әбден зерттеп алды. Содан соң оның жанында қалуды жөн санамады. Күн шығысымен мұнда абыр сабыр тірішілік әрекетінің басталып кететінін де сезді. Мына тұрған қалың гүл де қауыздарын ашып жайқалады. Нешетүрлі, нешет.үсті көбелектер мен аралар, шегірткелер мен түрлі қоңыздар да өз тірішіліктеріне сай әрекеттерін бастап кетеді. Қызу тірішілік солай жалғаса береді. Содан соң гүлдерді өсірушілер мен күтушілер келеді мұнда. Ғарыштан келген гүл олардың кімдер екенін де көретін болады. Мына жанындағы нәзік гүлді кімнің будандастырып қолдан өсіріп шығарғанын да анықтайды. Тек сақ болуы керек. Мұнда не көргенін, не істегенін мына гүлдің ішкі жандүниесі арқылы тілдесетінін де ешкім білмеуі тиісті. ғарыштан келген гүл алдына осындай мақсат қойды ішінен. Сонан кейін айналасын тағы бір мұқият барлап алды да, солға қарай шыр айналып, топырақтан босап шығып, қалың гүлдің арасына қарай жер бауырлап жылжып кетті. Ал нәзік гүлнге өзінің ендігі әрекетін қайталамауын, соңынан ермеуін ішкі сезім жүйесі арқылы ескертті. Ол мұнысын қабыл алды. Бір де бір әрекетін қайталаған жоқ. Ештемені сезбегендей, ештеме болмағандай сол тұрған орнында қала берді. Ал ғарыштан келген гүл гүлдердің арасымен жер бауырлап жылжып жылжып, бақ қоршауының торының бір көзі арқылы зып беріп сыртқа шығып кетті.
Саналы гүл
Түнгі тыныш ұйқысынан ерте оянып, жуынып шайынып, автомат аспазшы әзірлеген таңғы асын ішкен соң Гүлжан баққа қарай асықты. Соңғы күндері нәзік гүлін көп уәйімдей бермейтін болған. Өзі күрделі будандастыру арқылы қолмен мәпелеп өсірген ақылды гүлінің небір қимыл қозғалыстары үнемі қуантып келеді. Оның ғажайып қылығы мен әрекеттері көңілін көтере түседі. Оған Гүлжан енді қашан да қайран. Гүлдің бүкіл өніп өсу процесі көз алдынан өтсе де оның қылықтарына бір тояр емес. Оған әр минут сайын қарауға да әзір. Гүл екеш гүл де ол ниетін сезеді. Гүлжан жанына келген бетте гүл бойын тік ұстап, қауызын ашып, титтей ғана милы басын көрсетеді. Қарақат көздерін өзіне терең бір сағынышпен қадайды. Ал Гүлжан қалай қарай жүрсе, гүл де Күнді баққан күнбағыс сияқты басын солай қарай бұрады. Оны қызық көрген шәкірт қыздары да кейде Гүлжаннан рұқсат алып, соны қайталайды. Ондайда Гүлжан гүлді аяп та кетеді, қыздарының оны көп мазалай бермеуін өтінеді. Өзінің гүлді түн мезгілінде бақта қалдыруының бір себебі де оның тыныш тұруына мүмкіндік беру болатын. Ал оны кешке үйіне алып кетсе, онымен түннің бір мезгіліне дейін сырласып, өзі де ұйқыдан қалады. Жақсы демала алмайды.
Бүгін түнде жақсы ұйқтағандықтан мейлінше сергек жүр. Жақсы ұйқтап, жақсы демалғанын шәкірт қыздары бет әлпетінен де байқап жүр. Таңғы асқа да тәбеті жақсы болды. Әдеттегіден мол тамақтанып осында келген. Ол кезде күншығысв жақ көкжиектің бойы ағарып, Күннің шығуын күтіп тұрғандай сәт еді. Гүлжан сол ағарған шығыс жаққа жиі жиі көз салып келген. Күн көкжиектен көтерілді дегенше, бақтакғы күллі гүл атаулы бойларын тіктеп, қауыздарын ашады. Бұл Гүлжанға үйреншікті көрініс. Гүлдар бой жазып, тіріле түседі. Тірішіліктің күллі иелері тірішіліктеріне, қам қарекеттеріне кірісіп кетеді. Гүлжан оны біле тұрса да, күн сайын Күн шығардан бұрын келіп, ол шыққан мезетте бақ ішінде қандай әрекеттер мен өзгерістердің болатырнын бақылайды, зерттейді. Ал бүгінгі ісінің мәні бөлек ті. Әуелі бақ ішіндегі кез келген адамның назарын өзіне бірден аударатын, күллі Жер шары халқына белгілі ғажайып гүлінің жайын білуі керек. Оның амандығы өзінің әзірге болмаған перзентінің амандығымен бірдей еді. Гүлжан оны Гүлім деп атайдын. Солай деп ат қойып алған. Нәзік гүл де өзінің аялаушысын қалайды. Гүлжан келгенле жас қыздай алға қарай майысып, ілтипат білдіреді. Гүлдің осындай осындай жңғымды қылықтары Гүлжанның мерейін тасыта түседі.
Баққа қарай асығатыны да сондай әсерден еді. Түнгі ұйқыдан оянғалы гүл көз алдынан кетпеген. Тіпті, "Оған бірдеме тиіп кетпеді ме екен?" деп те ойлаған.Таң атып, айнала төңірек жарықтанып, Күн шыққаннан кейін ондай ойдан арыла бастайды. Күндіз көңілді жүргенімен, кешке қарай көңіл күйі бәсеңдеп, құлазитыны да бар. Осы гүл дүниеге келгелі уақыты да жетпей жататын болды үнемі. Гүлдің жағдайын бақылап, суғарып, топырағын қопсытып жүргенде өзінің жайын ұмытып та кетеді. Таңның атысы, кештің батысы сонымен арпалысып жатқаны. Гүлжан балалы үйдің қаншалықты бақытты бола алатынын да көз алдына елестете алады. Жұлдызаралық сапарға аттанар алдында өзі өскен отбасында аға, іні, сіңлілерімен бірге қалай еркін өмір кешкенін жақсы біледі. Сонда өмірдің көп қызығын да көрген. Жұлдызаралық сапарда да достарымен жастық дәуренін бақытты өткізді. Ал Маржан екеуі ажырамас сырлас болды. Ұзақ көрінген сол сапарлары да белгісін бермей өте шыққан. Онан кейігі өмір де қызық сияқты еді. Енді мына жалғыздық бірте бірте жалықтыра да, шаршата да бастаған. Шәкірт қыздарымен болған күндізгі әңгімелерін, көрген қызықтарын оңашада, түн тыныштығында есіне алады. Онан қалса стереотеледидардан жаңалықтар мен бейнефильмдерді тыңдап көреді. Сөйтіп уақыты өтеді.
Ал мына гүлді дүнеге әкелгелі өмірінде көп өзгеріс те орын алған сияқты. Гүл өзінің жалғыз сырласы, тілеулесі, жанашырындай болып кеткен. Тіл қата алмаса да, айтқанды, көңіл күйді тез түсіне қояды. Айтқан сөздеріне қимыл қозғалысымен жауап береді, алған әсерін түрлі қылықтарымен сездіреді. Гүлжанның асығып келетіні де сондай қылықтарын ертерек көру болатын. Бірақ Гүлжан бақ шетіне жеткенде де ешкімді көре алмады. Автоматты суғару жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр. Баққа жан баласының жақындамааны, ішіне кірмегені арнайы дабыл бергіш жүйелердің тыныштығынан белгілі. Егер баққа әлдекім немесе бірдеме жақындай қалса, тек қана бақ ішіндегі емес, Гүлжанның жатын бөлмесіндегі экранды дабыл жүйесі де сол замат іске қосылмақ. Бұл түн де ол жағынан тыныш өткен. Бұл Гүлжанның жандүниесціне қуаныш ұялатты. Енді сәлден соң өзінің ең сүйікті гүліне де жетпек. "Бұдан кейін гүлді бақ ішінде қалдырмаспын" деп те бір ойлап қойды Гүлжан ішінен. Сөйтіп, бақ ішіне ене түскен.. Осы кезде Күн де шығыс көкжиектен көтеріліп үлгірген. Оның алтын шапағына малынған гүлдер, сәл ғана соққан самалдан шайқалып, бір біріне еркелей жанасады. Тек ешқайсысында да дыбыс жоқ. Гүлжан әрбір шаршыдағы гүлдердің шетін келіп, тізерлей отыра кетіп, кейбіреуін өзіне қарай ие тартып, иіскеп қояды. Содан кейін басқа гүл шаршысына барады.
Осылайша аз уақыттың ішінде бірнеше гүл шаршысын аралап шыққан. Тек содан кейін барып өзі өсірген ғажайып гүлін іздеді. Ол ешқайда кетпепті. Өзінің әдеттегі орнында тып тыныш қана тұр. Ешқандай өзгерісі жоқ. Жағдайы да сол бұрынғы қалпында сияқты. Гүлжан оның алдына келген бойда тізерлей отыра кетті де, ашылып тұрған қауызы мен оның ішіндегі кішкене домалақ басын жылы да аялы оң алақанымен жай ғана сипап өтті. Гүл басын өзіне қарай иген кезде иіскеп қойды. Гүл басын қайта көтеріп алды, оның қарақттай ғана екі көзі Гүлжанға ерекше бір мейіріммен қадала қарап тұрды. Гүлжан орнынан түрегеле бергенде гүл сабағынан солға қарай шыр айналып, топырақтан босады. Біреу тастай салғандай гүл арасына сылқ құлады. Гүлжан осы сәтке дейін гүлінің мұндай аса белсенді әрекетін көрген жоқ ты. Гүлінің бір түннің ішінде осындай күш қуат жинағанына қайран қалды.Өз көзіне өзі сенбей, оған қадала қарап тұрып қалды. Гүл онан кейін де тыныш жатпады. Түп тамыр жағымен жер бауырлап жылжып жөнелді. Кеше ғана гүлдің мұндай қасиеті болмаған ды. Бүгін қандай да бір нәрсенің ықпалынан ерекше қабілетке ие болған. Қара топыраққа оп оңай бұрғыланып, одан оп оңай қайта бұрғыланып шыға салады. Жер бауырлап жылжуы да жылдам. Жалпы, қимыл қозғалысына көптеген әдістер қосылған. Ол енді, тіпті, Гүлжанның ішінен не ойлап тұрғанын да оқи алатын сияқты. Бір түн ішінде гүлдің бойында болған мұндай өзгеріс Гүлжанның ақыл ойына сыймады. Егер түнде осы бақ ішін адам қарауылдаған болса, не оқиға болып өткенін сұрап алар еді. "Бәлкім, бұл гүлге түнде жұлдызды аспаннан түскен бірдеме әсер еткен шығар?" деп те ойлап үлгірді Гүлжан. Бірақ оған да еш негіз жоқ. Содан Гүлжан әлгі Мерген көрсете алмай жүрген ғажайып гүл жөнінде де ойлап кетті.
Бірақ ол ғажайып гүлден бұрын мына өз гүлінің жағдайын егжей тегжейлі тексеріп, зерттеп алған дұрыс сияқты. Гүлжан енді ерекше сергіп кетті. Іске шындап кірісті. Бұл кез шәкірт қыздарының келе бастайтын мезгілі. Сондықтан да жасайтын жасап үлгіруәі тиісті. Мұндай істі Гүлжан қашан да оңаша жасағанды ұнатады. Сонда анау мынау қысыр сөздер де аз тарамақ. Жылдам басып әлгі жер бауырлап жжылжып кеткен гүлін қуып жетті. Сол кезде барып Гүлжан қалың гүлдердің арасынан гүл бұрғыланып, қайта шыққан бірнеше жіңішке шұңқырды көрді. Ол шұңқырдың бәрін бір түн ішінде өз гүлінің қазып шығуы еш мүмкін емес еді. Оған тағы бір негіз, өзі өсірген гүл кеше ғана баяу қозғалатын. Сұрауға гүлдің тілі жоқ. Егер гүлдің тілі болса, келген бойда ақ бар сырды біліп алған болар еді. Енді бәрін де іштен топшылауға тура келген. Дегенмен де Гүлжан үнсіз қала алмадайы. Жер бауырлап әлі де жылжып кетіп бара жатқан гүлді оң қолымен ұстай көтеріп, кеудесіне басты да, қауызын, оның ішіндегі кішкене басын сүйріктей ғана саусақтарымен жеңіл сипап өтіп, жан жағын барлып алды да, өзінше дауыстап сөйлеп жөнелді.
- Айтшы, Гүлім, түнде мұнда қандай оқикға болды? Кімдер келді мұнда? Кімдермен тілдестің? Айтшы, Гүлім?
Гүлім жауап қайтармады. Жауап қайтара алмайтыны да белгілі еді. Гүл тек басын қозғалтты. Қауызын бір ашып, бір жапты. Одан өзге не істей қойсын. Гүлжан гүлінің жандүниесін терең түсінді. Бірақ артынша әлденеге деген күмәні қайта оянды. Ол гүлдердің ара арасындағы әлогі шағын шағын шұңқырлар еді. Ол шұңқіырлардың қара топыраққа бұрғыланып қайта шыққан гүлдің орны екенін Гүлжан Айдан анық біледі. Шыдамаған Гүлжан. тағы да Гүліміне қарап сөйлеп кетті.
- Айтшы, Гүлім, түнде мұнда кім болды? Әлде түнде бұл баққа қандай да бір гүл келді ме? - деп, гүлінің қауызын, ішіндегі кішкене басын жылы алақанымен. тағы да сипап қойды.
Гүл болса да тіл қатқан жоқ. Бірақ бірдемені айтып түсіндіруге талпынған тілі шықпаған балаша қозғалып, бұралып, қауызын ашып жауып, кішкене басын олай былай бұрды. Гүлжан гүлінің ниетін түсінді. Оның кешегісінен гөрі бүгін әлдеқайда саналы, әрекетті болып қалғанына іштей қуанды.Тек түнде болған жағдайды біле алмады. Әлгі шұңқырларға қарай кеткен, одан басқа жаққа қарай кеткен гүл іздерін еңкейіп, анықтап қарады. Рас, гүлдің іздері. Қандай да бір бөтен гүлдің гүл арасымен жүріп өткені жақсы байқалады. Гүлжан оған ерекше мұқияттылықпен қарады. Сол бөтеннің ықпалынан өз гүлінің жандүниесінде өзгерістің орын алғанын сезді.
Сәлден соң гүлді жерге түсірды. Ол сабағымен шыр айналып қара топыраққа қадалысымен жан жағын барлауға кірісті. Сол кезде гүлі тағы да топрықтан бұрғылана суырылып шығып, гүлдердің арасымен жер бауырлай жалжып жөнелді. Гүлдің мінез құлқы да өзгере бастапты. Гүлжан енді гүлдің қалай қарай кетіп бара жатқанын бақылап тұрды.Ол қандай да бір гүлдің жүріп өткен ізіне түсіп алды. Сөйтіп, жер бауырлап жылжуын одан әрі қарай жалғастыра берді. Гүлжан гүлдің бірдемені мегзегенін сезіп, арнайы салынған жол бойымен жайымен жүре берді. Гүл бір кезде оңға қарай бұрылып, қоршаудың тор көздерінің біріне жақындады. Ендігі жағдай түсінікті еді. Ол тор шаршы арқылы баққа қарай да, сыртқа қарай да бірдеме жылжып өткен секілді. Гүлжанның тұла бойы шымырлап ала жөнелген. Бұдан былай гүлді бұлайша түн мезгіліне қалдыруға болмайтынын түсінді. Гүл арасымен байқап басып келіп, гүлді жерден көтеріп алып, бауырына басты. Осы кезщде шәкірт қыздары да келіп жеткен. Қайта бүгін олар кештеу келген. Олары Гүлжанға пайда болғандай. Шәкірт қыздары осы аралықта болған көріністі көрген де, білген де жоқ.
Жас қыздар жақындаған бетте кеудесіне гүлін баса ұстап тұрған Гүлжанға назар аударды. Гүлжаннан гүлі сұрап алып, оны қолдыаяққа тигізбеді, кішкентай ғана қыздай гүлге деген әуес қай қайсысында да мол еді. Тек Гүлжанның сәл көңілсіздеу күйі бұл жолы олардың еркін еркелеуллеріне шектеу салғандай болды. Ал Гүлжан болса, әлі де сол гүлі мегзеген жаққа жиі жиі қараумен тұр. Бір кезде Сәуле шыдамады.
- Гүлжан әпке, бүгін неге көңілсізсіз? - деп қалды.
Гүлжан оның бұл оқыс сұрағына бірден жауап қатпады. Шамалы уақыт үнсіз ойланып тұрды да:
- Мен бүгін көңілсіз емеспін, сіңлілерім, - деп жай ғана тіл қатты, - жай, мені бір ой мазалап тұр.
- Егер құпия болмаса, бізге айтпас па екенсіз? - деп Жеңісгүл Сәулеге, басқа қыздарға қарап қойды.
- Құпия дейтін ештеме жоқ, сіңлілерім. Бақ ішіндегі жер бауырлап жылжыған гүл іздерін байқадыңдар ма? Біз мұнда болмаған бір түннің ішінде талай оқиға болып өткен сиқты мұнда.
- Сонда, Гүлжан әпке, түнде бақ ішіне бірдеме кірген бе? - деп елең етті Сәуле.
- Жоқ.
- Әлде мұнда қандай да бір мақұлық енді ме екен? - деді Жеңісгүл.
- Бақ ішіне келгеннің кім, не екенін ажырату қиын болып тұр, - деді Гүлжан жеңіл күрсініп, - осы бір түн ішінде мына Гүлімнің санасы күрт өскен. Әуелдегіден жылдам қозғалады. Айналаны жақсы бақылайды. Түсінігі де терең. Бұл жаңа маған осы бақтың ішіне қандай да бір қозғалғыш гүлдің кірген ізін маған мегзеп көрсеткен. Мен ссоны ойлап тұр едім. Бұдан былай мұндағы істеріңе өте мұқият болыңдар. Гүл маусымы қиын екен. Өздеріңе бөлініп берілген шаршыларыңдағы гүлдеріңе мекем болыңдар.Өсіп өну жағын мұқият қадағалаңдар. Гүлдердің араларын да қарап шығыңдар.
- Жарайды, жарайды, Гүлжан әпке, бәрін де мұқият қараймыз, мұндағы автоматты қарауылдық жүйелерді де мұқияттау керек шығар. Оны күшейтпесек, басқа гүлдерге де әлденеден нұқсан келуі мүмкін.
- Бұл ойың өте дұрыс. Мен ол жөнінде тиісті жердегілермен сөйлесемін. Ал енді істеріңе кірісе беріңдер, уақыт та біршама болып қалды. Мені мүмкін болса мазаламаңдар. Бұл гүл енді түн мезгілінде мұнда қалмайды. Өзіммен бірге үйге алып кетіп, алып келіп -
жүремін.
- Сөйткеніңіз дұрыс, Гүлжан әпке, - деп Жеңісгүл өзіне берілген гүл шаршысына қарай бұрыла берді.
Өзгелер де өздерінің гүл шаршыларына қарай кетті. Гүлжан қолындағы гүлді жерге жіберіп, тұла бойын аялы алақанымен бір сипап, бақты күзететін. автоматты қарауыл жүйелерін қадағалайтын мамандарға бейнетелефон соғу үшін солай қарай жүрді.
Сыныптаы қорқыныш
Сәрсенгүл кезекті сабағын әдеттегіше өткізіп жатқан. Оқушылар бүгін әдеттегісінен тыныш. Бір бірімен сыбырлап сөйлесіп, қозғалақтап, кейде бір біріне сөз жазылған қағазын лақтыруды да қойған. Олардың зейінін сабақтың тартымдылығы жеңген еді. Сәрсенгүл өзінің әрбір ісіне мұқият қарайтын, білім беру саласындағы жауапкершілігін терең сезінетін мұғалима. Онысын мектепте оқитын кез келген оқушы жақсы біледі. Ауыл тұрғындарына да аты жаман шыққан емес. Тек геолог әрі ғарышкер Мергенмен танысып, онымен бірге қыдырғалы бері ол ауыл тұрғындарына сөз болып тарап кеткен. Енді бәрібір еді. Ауылда Мергеннен өзге де жігітер жетеді. Ал ұзақ жұлдызаралық сапардан дін аман оралған ғарышкер Мергеннің орны мүлдем бөлек ті. Ауыл тұрғындарының оған деген назары да, құрметі де басқа. Солай бола тұрса да, Сәрсенгүл оны сол атақ даңқы үшін емес, азаматтығы мен адамгершілігі үшін сыйлайды.Әрине, адам қанша жақсы атанса да барлық адамға бірдей жаға алмайды. Бір адам жақсы көрсе, екінші бір адам оны ұнатпайды. Адам баласының талғамы әрқалай. Кейбіреулер Сәрсенгүлдің Мергенмен тіл табысқанын қаламайды. Енді біреулер керісінше, екеуінің отау құрғанын іштей тілейді. Әзірге екі тілек те жүзеге асқан жоқ. Мерген Сәрсенгүлге үлену жөнінде ұсыныс жасаған емес. Солай бола тұрса да, Сәрсенгүл өзінің ісіне мұқият. Сабақ беретін уақытынан да, кешке үйге қайтар уақытынан да ешқашан кешігіп көрген емес.
Бүгінгі сабағының тартымды өтуінің бір сбебі оның көңіл кұйінің көтеріңкілігінен де еді. Мұғалімнің қас қабағы дұрыс болса, оқушылар да жадыраңщқы отырады.Сондай бір сабақ өтіп жатқан. Жаз мезгілі болған соң кластың үлкен терезесі де ашық еді. Сол терезе арқылы алыстан менмұндалаған ақ бас шыңды таулар да көңіл кұйге әсер бермей қоймайды. Оқушылар ол жаққа ара тұра көз тастап алады. Сөйтіп сабақ жүріп жатқанда, терезе жақтауында ойламаған жерден бір гүл пайда болды. Сабақ тақырыбына берілген мұғалима да, оқушылар да ол гүлдің қайдан, қалай пайда болғанын түсіне алмады. Бір кезде кейінгі орындардың бірінде отырған жас оқушы қыз дауыс шығарып қалды. Сәрсенгүл сол кезде ғана барып алдындағы қағаздағы жазудан көздерін тайдырып, басын көтеріп алған. Қараса,.әлгі өзіне таныс гүл жылжып, терезе жақтауының бір шетіне жетіп қалыпты. Сәрсенгүл бұл гүлді Мерген, Гауһармен бірге ауыл мейрамханасына барғанда көрген. Мұғалима не істерін білмеді. Егер оның орнында мысық жатса дәл осылай шошымас еді. Тұла бойы шымырлап жөнелген. Оқушылар болса ол гүлдің түр тұрпатына қызығып, орырндарынан дүркірей көтеріліп, гүлге жақындай берген. Гүл болса, жақтаудың ұзына бойында созыла тып тыныш жатыр. Сол кезде есін тез жиған Сәрсенгүл:
- Кәне, ол гүлге жақындамаңдар! - деді.
- Неге, апай?! - деп шу ете түсті оқушылар.
- Сендер Оңтүстік Америкада өсетіін, түрлі қылық көрсететін өсімдіктерді білесіңдер ғой?
- Білеміз, - деді бір қара домалақ бала Сәрсенгүлге тіке қарап.
- Білсең, айта қойшы, - деді Сәрсенгүл.
- Онда кәдімгі мылтық дыбысындай тарс еткен дыбыс шығааратын, қажет кезде сұйық шашып жіберетін өсімдіктер бар! Олар адамды да, жануарлар мен құстарды да шошыта алады!
- Өте дұрыс айттың, Сәбит, - деді Сәрсенгүл гүл жаққа қарай бұрылып, - мына кұтпеген жерден пайда болған гүл де сондай!
- Бұл гүлдің сондай екенін сіз қайдан білесіз, апай? - деді Гүлден есімді бір пысық қыз тақ тақ етіп.
- Оны қайтесің. Ал енді бәрің де дәлізге шыға тұрыңдар. Мына гүлді бұл жерден аластататын адам шақыруымыз керек.
Оқушылар сөзге келместен шулап дәлізге қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде ғажайып гүл Сәрсенгүлдің жаңағы сөздерін түсініп қойғандай терезе жақтауынан жел қозғағандай қозғалып, сусып еденге түсті. Сәрсенгүл енді ол гүлді аттап дәлізге шығуға қорықты. Аттап өтсе. бейнебір гүл көйлегіне жабыса кететіндей. Егер осы класта бейнетелефон болғанда, әлдеқашан Мергенге хабарлап үлгірген болар еді. Енді өйтпек түгілі, гүлді аттап өтуге де батпай тұр. Алды арттарына қарамай дәлізге жүгіріп шыққан оқушылар ештемемен істері болмағандай ойнап жүр. Ал Сәрсенгүлдің екі көзі ғажайып гүлде. Сәрсенгүл оны аттап өтейін десе, гүл қозғалып қалады. Сәрсенгүл енді ғажайып гүл емес, бейнебір жер бауырлап жылжитын қандай да бір жәндікті көріп тұрғандай күйге көшті. Қит етсе, гүл де жылжиды. Бейнебір өзін адам шақыруға жібергісі келмейтіндей. Сәрсенгүлдің жүрегі жиі соға бастады. Аз уақыттың ішінде талай нәрсені көз алдына елестетіп те үлгірді. " Түсінбедім. Бұл ғажайып гүл өзі менің ізіме түсіп жүр ме? Өткен жолы мейрамханадағы отырысымыздың берекесін қашырды. Енді мен оқушыларға сабақ беретін класқа келіп жатысы мынау! Не жамандық жасап қойдым екенмін мен бұл гүлге? Күшіктерін алып кеткен адамды үйіне дейін іздеп келетін қасқырларды білуші едім. Ал гүл атаулының адам ізіне түскенін көріп тұрғаным осы. Бұл не ғажайып, не сұмдық?" деді ішінен. Сөйтті де, шыдамы таусылып, гүлге қарап тұрып
- Менің не жазығым бар, айтшы, тілің болса? Егер менен бір қателік кеткен болса, мен оны мойындайын. Сен менің жолымды кеспе!
Гүл, әрине, тіл қатқан жоқ. Сол еденде жатқан бойында қауызын бір ашып, бір жапты. Содан соң еденмен шамалы жылжыды. Гүлдің мұнан басқа жанынан өтіп кетіп бара жатқан хайуанаттың үстіне секіріп жабысып алалатын да қабілеті бар еді. Мұғалима онысынан бейхабар тын. Гүл жылжып жылжып, бір шетке ығысқан мезетте оның жанынан сыртқа қарай ата жөнелмек еді. Тұсына келген сәтте гүл тез серпіліп, Гүлжанның әдемі көйлегіне жабысып алды. Соның артынша Сәрсенгүлдің жан дауысы шықты.
- Қайсысың барсың, бұл төңіректе! Келіңдерші бері!
- Біз мұндамыз! - деген дауыс шықты артынша дәліз жақтан.
Ол оқушылардың бірі еді. Оқушылардың біразы дәлізде ойнап, біразы класс есігінің арқа тұсінда жиналып тұрған. Мұғалималарының жан дауысы шыққан бойда есік сыртындағылар ішке қарай лап қойған. Алғашында мән жайды ешқайсысы түсінбей еденді көздеген еді. Кейбір ер балалар қолдарына ұстаған кішкене заттатын терезе жақтауына қарай лақтырып та үлгәрген. Егер гүл еденде жатқанда, осы кезге дейін оқушылардың аяқтарының астырнда қалып, езіліп, үзылып те кеткен болар еді. Сәрсенгүлдің көйлегінің етегіне алма құртынша жабысып тұрғандықтан оқушылардың көіне ілікпей қалған. Сәрсенгүл гүл шағып алатындай күйде қатты үрейленіп тұр. Енді оқушылардың өздері де гүлдің бұл күтпеген әрекетінен шошына бастаған. Өзінің батылдығын көрсетпек болып жаңа ғана зат лақтырған оқушы да енді үнсіз. Бәрінің көзі ғажайып гүлде. Гүл көйлекке жабысып тұрса да тыныш қалмаған. Жайымен жоғары қарай жылжи берген. Ара тұра қауызын ашып жабады, оның ішкі жағындағы кішкене басын қозғалтады. Оқушылардың бірінің көзі сол кішкене бастағы қарақаттай қарайған екі көзге түскенде шыдамай:
- Аананы қараңдар көзі бар! Құстың көздеріндей екен! - деп дауыстап жіберді
- Балалар, - деді сол кезде дауысы сәл дірілдей шыққан Сәрсенгүл Асқат есімді әлгі ұлдың сөзін елемей, - біреуің барып бір мұғалімді шақырып келіңдер. Маған көмектессін!
Балалардың бірі дәлізге тез шығып, мұғалімдер кеңес құратын бөлмеге қарай жүгіре жөнелді. Артынша Айгүл есімді мұғалима тездетіп жетті. Сол кезде барып, Сәрсенгүл сәл де болса батылданғандай болып, дәлізге қарай жүрді. Айгүл мен оқушылар ілесіп келеді.Сәрсенгүл мұғалімдер бөлмесіне қарай жүрді. Оқушылар да қалар емес. Ғажайып гүл ештемеден сасатын емес. Көйлек бойымен жоғары қарай өрлеп кетіп барады. Ол өрлеген сайын Сәрсенгүлдің тұла бойы шымырлай түседі. Бейнебір гүл денесін шаян сияқты шағып алатындай. Сәрсенгүл бұл гүлді мейрамханада көрсе де, оның дәл мынандай қатерін көрмеген. Мергенге хабарлағанша да дегбірі қалмай келеді. Оның кешкі бір серуен кезінде осындай да гүл болатыны жөнінде айтқаны есінде. Сонда оған онша мән де бермеген еді. Енді мына құбылыс жандүниесін түршіктірді.
Бір кезде мұғалімдер кеңесетін бөлме жақтан бір топ адам бері қарай асыға басып келе жатты. Олар сырттан шақырылған биолог, ботаниктер мен мектеп мұғалімдері еді. Сәрсенгүл енді алғашқысынан да батылдана түсті. Келе жатқандарға арқа сүйеп, етегіндегі жоғары қарай жайымен жылжып өрлеп бара жатқан гүлді түсіру үшін көйлегінің етегін сілкіп сілкіп жіберді. Егер оңаша жерде болса, мұғалима бұдан да басқа әрекетке көшер ме еді. Айнала толған сырттан келген адамдар, мұғалімдер мен оқушылардан ұялды.Ұят сезімінің қаншалықты құдіретті екені де дәл осы тұста айқындала түскендей. Сәрсенгүлгге жақын келіп қалған мұғалім жігіт Дәркембай:
- Сәрсенгүл, сізге не болған? Ана көйлегіңізге жабысып алған қандай гүл? - деп қалды.
- Бұл ешқандай да гүл емес, қандай да бір саналы тірішілік иесі! - деп Сәрсенгүл аптыға жауап берді.
- Қайдағы тірішілік иесі? Кәдімгі гүл емес пе? - деп жігіт оң қолын алға қарай созып, гүлді ұстамақ болды.
Сол кезде гүлдің қауызы ашыла түсіп, ішіндегі кішкене бастан жігітке қарай быз деп қандай да бір сұйық шашылып кетті. Жігіт екі көзін уқалап тұрып қалды. Қалғандар енді сескеніп, сәл кейіндеп кеткен. Сәрсенгүл ғана көйлегіне жабысқан гүлден қалай арыларын білмей әбігер. Арнайы шақырылған мамандар мен мұғалімдерден ешқандай көмек болмағанына іштей қынжылған Сәрсенгүл тез тез басып, төменгі қабатқа апаратын тепкешекке жақындады. Ондағы ойы, тезірек далаға шығып, көйлегіндегі гүлді сілкіп сілкіп түсіріп тастау еді. Айналасындағылардан тек шулағаннан басқа қайран болмады. Одан да тез тез далаға шығып, гүлден тезірек арылғаны жөн еді. Іштегілер де мұғалиманың бұл шұғыл әрекетін дұрыс деп санаған. Жігіттер жағы сескеніп тұрса, әйелдер жағы не жасай алмақ.
Сәрсенгүл сол жылдам басқан бойда тепкешекпен төменгі қабатқа түсіп, одан сыртқа шықты. Далада адам аз еді. Мұғалима оңға қарай бұрылып, анадай жерге барып көйлегін қатты сілкіп сілкіп қалды. Тек сол кезде барып ғажайып гүл қалың жасыл шөптің арасына түсті. Енді Сәрсенгүл кейінгі жағына бұрылып қараған жоқ. Мектептің ішіне, сабақ өткізген класына қарай асықты. Соңынан сыртқа қарай шығып келе жатқан ер мен әйел мұғалімдер өзімен бетпе бет сощқтығысып қала жаздады. Олардың да қатты сасқандары сондай гүлді әлі де Сәрсенгүлдің көйлегінің етегінде жабысып тұр ма деп ойлап қалыпты. Гүлдің жоқ екенін көргенде барып бәрі де жайбарақаттанып, көңілдері орнығып, Сәрсенгүлге ақыл кеңестерін айтып жатты.
Сол кезде мұғалыңмдердің біреуі шақырған гүл өсірушілердің бас маманы да келіе қалған еді. Ол мән жайды бастан аяқ сұрап шықты да, гүл түсіріліп тасталған аулаға қарай асықты. Бірақ енді бәрі де кеш еді. Бұл кезде гүл мектеп жанындағы жоғары вольты тогы бар жуан сымдар өтетін темір бағанаға өрмелеп шығып, сымдардың біріне оралып, келген жағына қарй жылжып кеткен еді. Ал аптығып келгендер гүлдің ол әрекетін болса да көріп үлгермеген. Сондықтан да ғажайып гүлдің бұл маңда, мектеп ішінде болғанының өзі бір жұмбақ құбылыс болып қала берген. Мамандардан кейін келген Сәрсернгүлдің өзі де гүлдің ізін де таппаған. Бұлардың бәрі де гүлдің биік темір бағанаға шығып, оның қары арқылы өтететін жуан жоғары вольтты жуан сымның бойымен жылжып ала жөнелгенінен мүлдем бейхабар еді. Ешқайсысы да бастарын шалқайтып, биіктегі ток сымдарына қараған емес. Сәрсенгүл түс көргендей жүріп, гүлді көйлегінен жерге қарай сілкіп түсірген орынды, қалың шөп арасын қайта қайта қараумен болды. Гүл ізім ғайым болды. Тек мектеп пен ондағы кластағы шу көпке дейін басылмады.
Мұғалімдердің кеңес бөлмесіне келгеннен кейін де Сәрсенгүл өз өзіне келе алмады. Оны жан жағынан қайта қайта қойылған сұрақтар да мезі ете бастаған. Ғажайып гүл әдемі гүлді көйлегінің етегіне мықтылап жабысып алып, көпке дейін жерге түспей әбіржітсе де, оның түр тұрпатын есінде сақтай алмапты. Тітпі, енді оны гүл деп атаудан да қорқады. Гүл атаулының мұндай батыл әрекетін көргені осы. Өткендегі мейрамханадағысы жай нәрсе екен. Мұғалімдер де енді ол ғажайып гүлдің тап Сәрсенгүл сабақ өткізіп тұрған кластың ашық терезесінен кіріп, жақтауына жатып, одан еденнге түсіп, мұғалиманың көйлегінің етегіне жабысып алғанын еш түсіне алмады. Дегенмен де саналы адам гүлдің бұл әрекетінен әлдекімге көрсеткен қарсылық әрекеті екенін сезе алар еді. Бірақ ондай ойды мұғалімдердің ешқайсысы да Сәрсенгүлге қиған жоқ. Егер ол қандай да бір гүл емес, жігіт немесе қыз болса, онда Мерген немесе Гүлжан үшін осылай жасап жүр деп ойлауға болар еді. Ал бұл небір тілсіз, аяқ қолсыз гүл ғана. Ал гүлдің қолынан не келмек? Сөйтіп ойлайтын адамзатқа мына гүл осындай ғажайып өнерін көрсетті.
Біраз әңгімеден кейін, Сәрсенгүлдан нақты бір жауап ала алмағаннан кейіін үлкендер жағы Дәркембайға Сәрсенгүлді үйіне дейін апарып салуды тапсырды. Бүгінгі сабағын тоқтатты. Оқушылары оған қуана қуана үйлеріне қайтты. Артынша Дәркембай мен Сәрсенгүл де жолға шыққан. Сәрсенгүлдің ойында Мергенге хабарлау жоспары да болды. Кейіннен оны жұмысынан қалдыруды жөн санамаған. Осы шудың өзі де аз емес еді."Жабулы қазан жабулы қалсын" деген ой қай мұғалімнің де көкейінде бар еді. Сондықтан да бұл оқиғаның шет жағасын естіп келгендерге сабақтың тоқтатылуын Сәрсенгүлдің денсаулығымен байланыстырды мектеп мұғалімдері. Мергенге бұл әңгіме жеткен жоқ. Ауылға тарап кетпеу үшін бұл оқиғаны ешкімге айтпауды мұғалімдер оқушыларға да тарамай тұрып ескерткен. Сөйтіп, бұл оқиға бірнеше күн бойына елеусіз болып та қалған.
Жағымсыз жала
Гүлжан бүгін де әдеттегісінше гүл бағына ерте келіп, оның ішін мұқият барлай бастаған. Өткен бір түнде болып өткен оқикға есінен еш кетер емес. Содан бері әр таң сайын бақ ішін осылайша мұқият барлап шығады. Бірақ одан кейін де, дәл бүгін де ешқандай өзгерістің нышаны білінбейді. Бәрі де сол қалпында, бәрі сол орын орнында. Гүлдердің бәрі де әлі Күн шығыс көкжиектен көтерілмегендіктен бастарын сәл төмен салып, қауыздарын ашпаған күйлерінде тып тыныш тұр. Гүлжан ол гүлдердің әрқайсысының жандүниесін ұғуға тырысады. Солайын деп, иә болмаса қурайын деп тұрған гүлдерге дереу биологиялық жедел көмек көрсетеді. Сөйтіп аман алып қалады. Ауруға шалдыққандарын тездетіп емдейді. Аялайды, суғарады, түп топырағын қопсытады. Сол әрекеттерінің бәрінде де әлгі өзі күрделі будандастыру арқылы өсіріп алған нәзік гүлі қолында немес иығында жүреді. Гүлжан оған қарап ара тұра сөйлеп те қояды. Гүл де ол сөздерін түсіне қойғандай нешетүрлі қылық танытады. Ғалым қыздың мұндай бақытты шақтарына шәкірт қыздары қатты қызығады. Тап осындапй ақылды гүлді өсіріп шығаруды өздері де армандайды.Бірақ гүл әлемін зерттеуді жаңа бастағандықтан оған білімдері де, тәжірибелері де жетпейді әзірге. Күрделі будандастыру түгілі, кейбірі жай гүлдің өзін де дұрыс өсіре алмай, күте алмай қалып жатады. Қуратып алатын кездері де болады.
Ал Гүлжанның білміі де, тәжірибесі де мол. Ол әрбір гүлдің ішкі жандүниесін терең біледі. Жай күйін алыстан бір көргенде ақ сезеді. Сөйтіп қандай жағдайға ұшыраса да дер кезінде көмек береді. Ешкім де аспаннан ғалып болып салбырап түсе қалмайды. Саналы адам баласы бойына табиғат сыйлаған талантты одан әрі қарай ізденіспен. еңбекпен жалғастырады, дамытады. Гүлжан да жастайынан ерен ізденісіс мен еңбегінің арқасында осындай ғалымдық дәрежеге жеткен. Бірақ Гүлжан ешқашан да "Жеттім, болдым, енді маған бұдан әрі қарай ізденудің қажеті жоқ" деп ешқашан да ойлаған емес. Ал шәкірт қыздары болса: " Гүлжан әпкеміздей үлкен ғалым болсақ, жаңалық ашсақ" деп армандайды іштерінен. Ал ГҮлжан болса әлі де іздене түскенін қалайды. Егер орндай ойы болмаса түнгі тыныш, тәтті ұйқысынан таңалагеуімде тұрып, осы баққа қарай асықпас еді. Гүлжанның ғажайып еңбекқорлығы, білімділігі, тәжірибелілігі мен тапқырлығы, жаңашылдығы бүгінде Жер шары ғалымдары мен халқына мәшһүр. Соның өзінде де Гүлжан адам алдында кеуде қағып, даңғойсыған емес. Барға қанағат етіп, жоқты іздейтін жанның нағыз өзі. Күн сайын таңалагеуімнен шәкірт қыздары келгенше бақ ішін барлап, бақылап, көп нәрсені өзі жасап қояды. Қыздары келген сайын ұстаздарының осындай еңбектеріне ыңғайсызданып та қалады. Қанша дегенмен де жастар болған соң кей кейде таңғы тәтті ұйқыларын қимай жұмысқа кешігіп те қалады. Оның ешқайсысына да Гүлжан қабақ шытқан емес. Қайта олардың "Бұл сенің гүл шаршың", "Мынау менің гүл шаршым", "Мынау сенің гүлің", "Мынау менің гүлім" деген сөздерден сақтандырады.
Гүлжан осылайша бүгін де біраз нәрсені реттеп болып, шығыс көкжиектен жылт етіп жоғарғы шеті көрінген Күнге мейірлене қарап тұрған еді. Кенет арнайы орындағы бейнетелефон қоңырауының үні дыбыс күшейткіш арқылы бүкіл бақ ішін жаңғыртты. Гүлжан үлкен бақ ішінде жалғыз жүргенде әлдекімнің бейнетелефон қоңырауын соққанын естімей қалмауы үшін осындай дыбыс кұшейткішке қосып қоятын. Әйтпесе, осылай тып тыныш жүре бермек. Ол бейнебайланыс торабымен байланысуға болатын сөйлесу жүйесі бірнеше жерде бар. Жұмыс кезінде қалта бейнетелефонын брге алып жүруді Гүлжан ұнатқан емес. Одан гөрі осындай байланыс ыңғайлы. Қалаған жүйеге бара алады. Қазір өзінен қашық емес жерде тұрған бағанаадағы сөйлесу жүйесіне келген. Ондағы шағын экраннан бейтеніс бір қыздың жүзі көрінді.
- Сәлеметсіз бе? - деп бастады сөзін ол Гүлжанға бажырая қарап отырып.
- Сәлеметсіз, - деді Гүлжан қолындағы нәзік гүліне кеудесіне басып.
- Гүлжан деген сіз боласыз ба?
- Иә, менмін.
- Кешіріңіз, - деді жас қыз сәл толқып, - мен мұғалима Сәрсенгүлдің құрбысы едім.
- Иә, айта бертіңіз, - деді Гүлжан әлденеден секем алғандай.
- Көрші ауылдағы Сәрсенгүл деген мұғалиманы білетін де шығарсыз?
- Естуім бар.
- Кеше сол мұғалимаға сабақ беріп тұрған кезінде қандай да бір ғажайыпм гүл ашық тұрған терезе арқылы еніп, көйлегінің етегіне жабысыпты. Содан қатты қорыққан Сәрсенгүл құрбым сырқаттанып қалды.
- Ол неғылған гүл? Қайдан барып жүр?
- Ол гүлдің неғылған гүл екенін де, қайдан жүргенін де өзіңіз жақсы білесіз. Одан да сіз маған гүліңізді Сәрсенгүлге не үшін жібердіңіз? Соны айтыңыз.
- Жібергені қалай? - деді Гүлжан ештемені түсінбей.
- Есіңізге түспей тұр ма?
- Нені есіме түсіруім керек еді?
- Гүл сіздікі емес пе? Басқа қайдан келеді?
- Кешіріңіз, сіздің есіміңіз кім болады?
- Гауһар.
- Иә. сіздің есіміңізді де естіогенмін.
- Әрине, сіз бүкіл Жер шары халқына мәшһүр адамсыз. Біздейлерді елемейсіз.
- Ондай қасиетім жоқ. Барлық адаммен аралас құралас болуым да мүмкін емес қой.
- Жай айтамын. Мені білу, білмеуде емес, әңгіме. Әңгіме өзіңіз күрделі будандастыру арқылы өсіріп алған ғажайып нәзік гүл жайлы. Оны күллі адамзат біледі. Одан да сол гүліңізді Сәрсенгүлге қарай қашан, қалай жібердіңіз, соны айтыңызшы.
- Мен ештемені де түсінбей тұрмын. Қандай гүл жөнінде айтып тұрсыз?
- Білмей қалғаныңыз қызық екен. Бар әлемді, бар гүл атаулыны білгенде, тек осыны ғана сезбей қалдңыз ба?
- Кешіріңіз, - деді енді Гүлжан сәл кейіп, - менің сізбен айтысып тұруға уақытым жоқ. Жұмыстарым көп. Тоқ етерін айтыңыз.
- Тоқ етері болса, айтыңыз, қолыңыздағы гүліңізді Сәрсенгүлге не үшін жібердіңіз? Қорқыту үшін, осылай ауырту үшін бе? Неге дұрыстап қадағалап қарамадыңыз?
- Сіңлім, - деді енді Гүлжан жан жағына қарап алып, - сен мені дұрыс түсін. Мен ешқандай гүлді ешқайда және ешкімге жіберген жоқпын! Өзім будандастырып өсірген гүлім, міне, қолымда. Бұл үнемі менімен бірге, күні де, түні де.Мұны мен уысымнан шығарған емеспін.
- Түсіндік, сізді, - деді Гауһар төмен қарап, - сонда қалай болғаны, ол ғажайып гүлдің аспаннан түскені ме? Бұл а қылға сыя ма? Сізден басқа ешбір адам баласында жоқ мұндай гүл!
- Мұндай гүлдің әірге тек менде ғана бар екені шындық. Сол себепті де мен бұл гүлді үнемі бақша мен үй ішінде қатаң бақылауда ұстаймын. Ешқайда жіберген де емеспін. Бұл гүлдің адам пендеге тигізер еш зияны жоқ. Болуы мүмкін де емес.
- Жарайды, жалғыз гүліңізді қорғаштап тұрсыз ғой. Қайтеміз. Есімі әлемге әйгілі адамды жеңе аламыз ба? Біздің сөзіміз шындық. Ал шындықты мойындағыңыз келсе, оны арыңыз білсін.
- Сіңлім, - деді Гүлжан өзін өзі қанша пәс ұстайын десе де сәл ыршынып, - ар мәселесіне бармай ақ қоялық! Ол ауылға, мектепке барған менің гүлім емес. Ол анық. Оған еш күмән да келтірмеймін.
- Cіз келтірмесеңіз, біз күмән келтіреміз!
- Ол жағын өздерің шешіңдер. Менің арым таза. Гүлім күнәсіз. Ешқашан да өтірік айтқан жан емеспін. Гүлімді де қорғамаймын. Бірақ жазықсіз нәзік, еш күнәсіз гүліме қараптан қарап жала жапқаныңыз болмады. Сау болыңыз!
Гүлжан қатты толқып, бейнетелефон жүйесін қосып тұрған түймені басып кеп қалды. Бірдемені айта берген Гауһардың дыбысы күрт өшіп, ауызы жыбырлап қана қалды да, сөне берген экран жарығымен бірге жоғалды. Гүлжан қолындағы гүліне қарап жеңіл күрсініп алды. Осы жасына дейін бір адамнан дәл осындай жаланы естіп көрген емес ті. "Ең жаманы, осы негізсіз жала ел ішіне тарап кетсе, не болмақ?" толқыды іштей Гүлжан. Жаңа өзі ап арық келген Гауһар есімді қыздың ерні ерніне тимей зыпылдай сөйлеген сөздері жас жүрегін сыздатты. Гүлжанның бұл ауыр сезімін қолындағы гүл де сезе түскендей басын салбыратып, солып қалғандай күйге көшкен. Гүлжанның жаңағы сөздері де, ендігі көңіл күйі де гүлге бататын сияқты. Гүлжан оны түсінді. Көңіл күйін көтеруге тырысып бақты. Тек бір қынжылатыны, ылғи да осындай бір жалалыққа ұрынып қала беретіні еді. Мергенмен де түсініспейтін ішкі бір сенімсіздіктен айырылысты. Мерген де соңғы кездері өзіне қараптан қарап сенімсіздікпен қарайтын болған. Ал Гүлжанның титтей күнәсі болсайшы. Адамды ақтан ақ күйдіргеннен артқан нәрсе бар ма екен бұл дүниеде.
Гүлжан жаңағы жала сөздердің бәрін тезірек ұмытуға тырысып, гүлімен бірге бақ ішін ұзақ аралады. Бірақ бәрібір болмады. Қандай да бір ішкі құсалық пен ызадан көз жанарларына мөлт мөлт ыстық жас толды. Ол ыстық жасты тоқтатуға мұршасы келмеді. Өмірінде дәл осылай босап көрмеген еді. Енді тек жаңағы жала сөздер ғана емес, Мерген екеуінің арасындағы түсінбеушілік те қосылған. Мергеннің өзіне айтқан небір сенімсіз сөздері көкейінен өшпес орын алыпты. Енді мына түрткіден кейін оның бәрі де көкейіне майша қалқып шыққандай. Гүлжан ішінен: "Ш"кірт қыздарым әзірі келмей тұра тұрса екен. Мына ыстық жас жуған жүзімді көрмей ақ қойса екен" деп қойды. Қазір өзінің ештемеге зауқы соқпай тұр. Бұл түрін көрсе, шәкірттері таң болмақ, толқымақ. Тек толқып қана қоймайды, көңіл күйлері түсіп, жұмысқа да зауықтары соқпайды. Олар Гүлжарнның көз жасын бұлайша бұлағанын ешқашан көрген емес. Гүлжан анау мынау шерін сыртқа шығара бермейтін жан. Сонысына қарап шәкірт қыздары да әркез: " Біз еңбекқорлықты, кез келген қиындыққа төзімділікті Гүлжаннан үйренеміз. Сондай боламыз" деп айтып та қояды. Гүлжан оны біледі. Сондықтан да шәкірттерінің алдында өзін қашан да үлгілі етіп ұстауға тырысады. Ал мына әңгіме әзірге шәкірттерінің ешқайсысына да белгісіз. Сол белгісіз күйінде қалдыруға бел шешті.
Қазіргі ең жақын сырласы да, мұңдасы да қолындағы нәзік гүлі. Гүлім деп бекер атамаған оны. Гүлін періштедей көреді. Оның жандүниесін дәл өзіндей ерең түсінетін жан баласы жоқ бұл жарық дүниеде. Екеуі бақ ішін емін еркін аралап жүр. Гүл анда санда Гүлжанға қарай басын иіп те қояды. Гүлжанның бет бейнесі бейнебір Күннің өзі сияқты да, гүл оған қарай бұрылып тұратын күнбағыс сияқты. Енді бірінің қозғалысын бірі бақылап келеді. Гүлжаан әбден босады. Тіпті, жылауының соңғы жағында өксіп өксіп те алды. Оған дәл қазір "Жетер енді, қой" деп басу айтатын да жан баласы жоқ. Егер тілі болса, қолындағы гүл бірдемені айтар еді ғой. Ол да үнсіз. Тек әрқалайғы қимыл қозғалыстары ғана Гүлжанның дәл қазіргі күйін сезіп келе жатқанын білдіреді. Гүлжан оны кеудесіне баса түседі, емірене иісін иіскейді, содан соң егіле жылағанда аққан ыстық көз жасынан бұлдырап көрінген гүлге қадала қарайды. Гүл де кіп кішкене басындағы қарақаттай екі көзін иесіне қадайды.
Гүлан оңашада әбден жылап жылап ішкі шерін тарқатты. Осы жағдайын алыстан ақ сезіп білгендей шәкірт қыздары да жуық арада келе қоймады. Олар да Гүлжанның ертеңгілік таза салқын ауада ғажайып бақ ішінде осылайша серуен құрып, біршама хош иіс иіскеп демалғанын қалайды. Кейде олар сол үшін де сәл кешігіңкірейді. Ал шұғыл іс болатын жағдайда Гүлжан оларға оны алдын ала ескертеді. Ондай күндері шәкірт қыздары бір минутқа да кешікпеуге тырысады. Гүлжан ақылды шәкірттеріне қашан да риза. Қашан да олардың жағдайларымен санасады. Ал қазір сол қыздарының жайын да, гүлдердің жайын да ойлайтын сәт емес. Егілген сайын мөлт мөлт келе беретін ыстық көз жасын әлі тыя алмай жүр. Өмірінде дәл осылай ұзақ егіліп жалған, өксіген емес. Жұлдызаралық сапарға аттанар кезде де, сапар барысы мен Жерге аман есен қайтып оралғандда да дәл осылай егіліп жылаған жоқ ты. Жаланың ызасы мен өмірдің ызасы қосылып, тұла бойын қатты толқытса керек. Көз жасын қаншама тыюға тырысса да тоқтар емес.
Тек бір кезде шәкірт қыздарының дауыстары естілген кезде барып жылауын тез тоқтатып, басын көтеріп алды. Сол қолының сүйріктей ғана саусақтарымен көз жасын тез тез сүртіп алды. Бірақ сонда да ыстық жастан қызарып кеткен көздері ап анық байқалып тұр. Оны енді шәкірттерінен жасыра алмақ емес. Қыздар келген бойда көңілді амандасты да, Гүлжанның жасанды жымия салғанын сезіп қойды. Екі көзінің бірдей не себепті қызарып тұрғанын да қыздар бірден түсінген. Бәрақ бұл жолы шәкірттері әдеттегі аңдаусыз қоя салатын сұрақтарынан бас тартып, ештемені сезбеген, білмеген болып, жұмыс жайын әңгіме етіп кетті. Гүлжан қызарған көздерінің айналасын саусақтарымен сүртіп сүртіп алды да, қолындағы гүлді гүл арасына жіберіп, өзі гүлдерді суғару мен түп топырақтарын қопсытудың жайын түсіндірді. Қыздар бір біріне қарап қойып, жұмыстарына кірісіп кетті. Бақ ішіндегі тірішілік жандана берді. Гүлжан да енді бар ызалығын ұмытып, жадырап шыға келді. Шәкірттерінсіз мына гүл бағының ішінің қаншалықты көңілсіз болатынын түсінді Гүлжан.
Оларға әңгіме айтып, не жасау керек екенін түсіндіріп, керек деген гүлдерді көрсетіп, көп нәрсені үйретіп жүрудің өзі қандай бақыт. Осы шәкірттерінің, Гүлімі мен гүлдерінің арқасында жалғыздықты сезбейді. Уақыт өткен сайын көңілі де серги берген. Ішіне тығылған шері тарқап, жанарының қызарғаны да кетті. Енді шәкірт қыздарына қыылмай қарай да алатын еді. Күн де бұл кезде көкжиектен шарықтай жоғары көтеріліп, өздеріне бар шуағын төгіп тұрған. Оған қараған адам енді қабақ шыта да алмайды. Гүлжан да Күнге мейірлене көз салған. Жұлдызаралық сапарда осы Күннің өзі де кіп кішкентай ғана сары жұлдыз болып көрінген. Енді ол шартабақ болып көз алдында тұр. Жер шарындағы күллі тірішілік иелері Күн сәулесі мен жылуына мұқтаж. Солай бола тұрса да, кейбір ісіне қатты беріліп кеткен жандар Күннің сәулесі мен жылуынан тірішілік етіп жүрсе де, оның құдіретін. ұмытып кетеді. Күйкі тірішілік деген осы. Күн болса, жер бетінде қыбырлаған барлық тірішілік иелерінің әрекеттерін мұқият бақылап, оған күле қарап тұрғандай болады. Гүлжан Күнге қараған сайын манағы өкпесін де, өксігенін де ұмытып, жай ғана ыңылдап ән де сала бастады. Бұл әнді өзді өзді гүл шаршыларында гүл күтіп жүрген шәкірт қыздары да естіп, елең етісіп, осылай қарай бұрылған. Гүлжан оларға ес бөлген жоқ. Бір кезде шәкірт қыздары Гүлжан бастаған әнді хормен жалғастырып ала жөнелді. Бақ іші тамаш әнге бөленді. Мұны қалаған гүлдер де жайымен ғана соққан самалдан тербеліп, бір біріне жанасып, қайта ажырап тұрды. Гүлжан гүлдердің жандүниесіне тарағдай үңіліп, олардың әуенді қаншалықты сүйетінін біліп, гүл әлеміне қарап, екі қолын жайып, олай былай тербеді. Сол кезде гүл әлемі де самал жел мен ырғаққа ілескендей тербеле түсті. Ал өзінің дәл алдында тік өсіп тұрған Гүлім қауызын қатты ашып, кішкене домалақ басындағы екі қарақат көзін Гүлжанға қадап, олай да, былай да тербелді. Гүлжан да, шәкірт қыздары да гүлге мейлінше жақындап оның қылығын қызықтады.
Осылайша еңбек қыза түсіп, күннің екінші жартысы да қызықты өтті. Гүлжан да, қыздар да уақыттың қалай тез өтіп кеткенін аңғармай қалған. Ән айтылған жерде, қызу еңбек қайнаған жерде уақыт қашан да осылай жылдам өтеді. Шәкірт қыздары да осындай бақытты күндердің жиі болғанын қалайды. Ән кешке дейін шырқалды.Әнмен бірге қаншама іс тындырылды. Жұмыстың соңында шәкірт қыздар сұйікті ұстаздарын ортаға әндерін жалғастырып үйлеріне қайтты. Гүлжан енді Гүлімін түн мезгіліне тастаған жоқ. Ол топырақтан бұрғыланып шығысымен қолын алды. Гүлді біресе кеудесіне басты, біресе иіскеді. Сөйтііп, гүлдермен уақытша қоштасып, үйіне қарай жүрді.
Қайта оралған гүл
Сәрсенгүлдің жағдайын естіп, көңіл күйі қатты түсіп, үйіне келіп, тамақ та ішпей жатын бөлмесіне кіріп, төсегіне етбеттей құлап, сол бойда ұйқтап кеткен еді. Содан шым шытырық түстер көрген. Бірақ оның бәрі бірдей есінде қалмаған. Мең зең күйде ұзақ жатты. Гүлжанмен анандай, Сәрсенгүл мынандай болған соң екі оттың арасында қалғандай бір күй де кешті. Сәрсенгүл өзінен Гүлжанға барып жағдайды айтуын өтінген. Ал Гауһар болса, Сәрсенгүлдің дос қызы ретінде Мергеннен Гүлжанға барып өткендегі гүл жөнінде жөндеп сөйлесуін талап еткен. Өйтпеген күнде Сәрсенгүл мен екі арадағы қарым қатынастың бұзылатынын ескерткен. Сәрсенгүлден бас тартайын десе, Гүлжан жолатпайды. Сәрсенгүлден біржолата кетейін десе, екі арада Гауһар жүр. Сөйтіп, не істерін білмей басы қатып келіп құлаған ды. Енді сол ққатты ұйқыдан беті домбығып та кетіпті. Орнынан да әрең түрегелген.
Одан кейін де көп уақыт бойына мең зең күйде отырды. Жұлдызаралық сапарда мұндай түнгі ұйқыдан сергек оянатын, тез тұрып кететін. Сапарластары оянып, жуынып шайынғанша талай жүйені тексеріп те үлгіретін. Соның бәрі кеме басшысы болған соң, жауапкершілік мойнында тұрған соң екен. Жерге аман есен оралы, жайпауыт өмірге қайта қалптаса бастаған соң ондай қатаң тәртіп, сергектік саябырси берген. Алғашқы кездерде осы ауылдағы кейбір адамдардың бейәқам ұзақ ұйқтап жататынын көргенде қайран болатын. Енді өзі де ұйқының тәттлігін сезініп, демала түскенді, жата тұрғанды қалайды. Адам организмі де қызық, қандай күнкестеге үйретсе, соған бейімделеді. Түнгі ұйқыға бір мезгілде жатып, бір мезгілде оянған адам келе келе оятқыш сағатты қажет те етпейтін болады. Ертеректегі адамдар ешбір сағатсыз ақ өмір сүрген, бір мезгілде түнгі ұйқыға жатып, бір мезгілде тұрған. Олар ұйқы мезгілінің келгенін де, оянатын уақыттың болғанын да организмдерінің соған қалыптасуынан білген. сезген. Мерген де жұлдызаралық сапарда сондай қалыптылықты басынан кешірген еді. Енді соның бәрін де ұмыта бастағандай. Сол ұмытылудың басты белгісі де осы ұйқы еді. Мезгілсіз ұйқы басқан сайын өмірдегі тірілікке зауқы соқпайды екен, адам пенденің. Жұмысқа да ықыласы болмайды. Соңғы кездері тіпті, адамдармен араласудан да қалып барады. Мерген оны да ойлаған.
Бірақ енді қанша ойланса да, толғанса да, ол заман, ол дәурені қайтып келмейді. Өтті де кетті. Сол сияқты бүгінгі өмірі де ұшқан құстай жоқ болады. Мерген орны да сезген. Дүниені де сол жұлдызаралық сапарынан кейін тереңірек түсіне бастаған. Тек осы дүниені неғұрлым терең түсінген сайын көңіл күй де өзгере береді екен. Дүние жаратылысы мен ғылым жайлы көп ойлайтын адам ылғи да ой үстінде жүреді. Соңғы кездері Мерген де сондай күйге көшкен. Туылған елдегі ауыл, қала, күллі Жер тұрғындары мен сапарластары да өзіне үлкен құрметпен қарайды. Бір жағынан сол құрметті де ақтауы тиісті.
Мерген сәлден соң сергіп кетті. " Мен мұндай күйге түсетіндей не бар? Кімнен кеммін? Сонау алыс та ұзақ жұлдызаралық сапардан дін аман оралған менен бақытты адам бар ма екен, бұл дүние әлемінде?" деп өзін өзі жігерлендірді бір кезде Мерген. Содан соң әдеттегі дене жаттығуларын жасап, жуынып шайынатын бөлмеге енді. Оның іші кең еді. Онда емін еркін шомылуға болатын үлкен ванна да бар. Бір жағында таңертеңгілік түрлі жаттығулар жасауға арналған түрлі құралдар да тұр. Мерген кейде таңғы дене жаттығуын осында жасайды. Бүгін көңіл күйі енді енді ғана жақсара бастан соң жаттығуды сол жатын бөлмесінде тұрып ақ жасаған. Онда да дене жаттығуына арналған құралдар жеткілікті. Көңіл күйі қандай болса да, таңертеңгілік дене жаттығуларын үзген емес. Үнемі өз өзін сергітіп, өз өзін жаттығуға дайындайды. Бойында мұндай қабілет ерте жастан қалыптасқан ды. Кез келген ғарышкерге жұлдызаралық сапар қиын соғады. Ұшу барысында, қону кезінде ғарышкер қашан да өз денетұрқын тоолық сезіне және өз өзін басқара білуі тиісті. Ол ең басты нәрсе. Ал Мергенде ондай қасиет жақсы қалыптасқан. Сол жұлдызаралық сапарға аттанар алдында ғалымдар мен мамандар да Мергенді осындай ерекше қабілетіне қарап кеме басшысы етіп тағайындаған болатын. Мерген ол сенімді толығымен ақтады. Енді сондай абыройлы дәрежеден құлдырап түсіп кетудің еш жөні жоқ еді.
Ол енді жаттығуларын одан әрі қарай жалғастырды. Дене жаттығулары өзіне о бастан жақсы белгілі. Сондықтан да көп ойланбастан кірісіп те кеткен. Қабырғаға тақау орнатылған еден велосипедіне мініп, айқара ашылған терезеден көрініп тұрған тауларға көз салып алып, аяқтарын қозғап жөнелді. Дене қыздырды. Содан кейін бөлменің жуынып шайынатын жағына барып жуынуды бастады. Салқын су тез арада ақ бойын сергітіп жіберді. Жуынған сайын денесі де сол суды қажет ете түскендей болады. Жұлдызаралық сапарда мұндай таза, мұндай салқын жұмсақ суды көп уақыт бойы көрмеген дене де ширай берді. Мерген мойнын, екі білегін қайта қайта ысқылай жуды. Арасында суды аузына толтырып алып бүркіп те тастаған. Жуынған сайын денесі ширап, тітіркеніп, рахаттанып барады. Егер ғылыми зерттеу жұмыстары күтіп тұрмаса, онда, тіпті, мына бөлмеден ұзақ уақыт бойы шықпас па еді. Бірақ зырғыған уақыт шіркін күте ме? Әне міне дегенше тамақтанатын уақыт та келеді, содан соң ғылыми зерттеу жұмысы. Түсте де түскі ас, содан соң ғылыи жұмыс. Кешке кешкі ас, содан соң түнгі ұйқы. Бұл барлық саналы адам баласына тән тірішілік. Басқа жасалмаса да ас ұмытылмайды. Сондықтан да қазақ "Ас - адамның арқауы" дейді.
Мерген асықпай әбден жуынып шайынып, сүлгімен денесін ысқылап сүртіп болған соң асхана жақты байқап барлап, ондағы тамақ жағын реттейтін автоматты жүйелерді іске қосқаннан кейін шамалы ой толғау үшін демалыс бөлмесіне келді. Оның балконынан күншығыс жақ жақсы көрінеді. Мерген күн сайын таңғы асын ішер алдында және таңғы астан кейін осы балконға бір шығып алады. Балкон қабырғасы таңғы мезгілде ап анық көрінетін тау сілемдеріне қараған. Ауыл ауасының тазалығынан сол таулар күн көтерілер алдында ақшыл түсті пердедей ағарған аспан мен жер арасындағы суреттей анықтала түседі. Тіпті, таулардың жиек жиектері біреу карандашпен сызып қойғандай қараяды. Суретшілік қабілеті бар адам оны оп оңай қағазға сызып түсіріп ала қояр еді. Мергеннің ой арманы да, дүние әлеміне деген көзқарасы да суретшіден кем емес. Сондықтан да ерекше ойға шомып, сол тау жаққа қадала қарап тұрып қалған еді.
Кенет балкон алдынан бірдемпе қараң ете қалғандай болды. Алғашынды оны Мерген " Қураған сабағы мен жапырағын жел көтерген қандай да бір гүл ме?" деп ойлап алаңсыз ғана тұра берген еді. Бір кезде жапырақ сыбдырының дыбысы күшейе түсіп, балконның оң жақ қабырғасынан өзі жақсы білетін, бір кезде жоғалып кеткен әлгі ғажайып гүлдің қауызы көрінді. Қараңдағанды бір қарағанда ақ қырағы көзі бекер байқамаған екен. Мерген енді бар назарын солай қарай аударды. Қателеспепті. сол баяғы ғажайып гүлдің өзі. Мерген бұл гүлді қай кезде, қай жерде көре қалса да дереу Гүлжанды есіне алады. Бұл жолы да ә дегеннен Гүлжан көз алдына келді. Одан бері бұл гүл өзіне неше рет көрінді. Осы үйінде де болды. Тек үйге меймандар келген мезетте қашып, зым зия жоғалғаны бар. Аз ғана уақыттың ішінде ғалым ғарышкер талай оқиғаны көз алдынан өткізіп үлгірді. Ал ғажайып гүл ол ойларына селт етер емес. Гүл атаулының бәрі де сезім атаулының құдіреттісі болса да, мына жағдайда өзінен аса қашық емес тұста тұрған адамды аңғармайды.
Ғажайып гүл балонның жіңішке қырының үстімен алма құртынша жылжып келе жатыр. Мерген оған көз алмай қарап тұрды да: "Бұл өзі қайда бармақ?" деп, өзіне өзі сұрақ қойып, соңын күтті. Гүл сол жылжыған бойда балкон есігіне жетіп, оодан ішке қарай еніп кетті. Мерген енді өзін біртүлі сезінді. Егер қазір қолында бейнекөрсеткіш болса, оны тез қосып жіберіп, кейін Гүлжанға бұл ғажайып гүлді тағы көргенін бұлтартпай дәлелдеп берген болар еді. Бірақ ғажайып гүлдің аса жай жылжуы ондай ойын тез жүзеге асыруына кедергі болды. Онысы бір жағынан дұрыс та еді. Көптен бері сөйлеспеген Гүлжанға не демек? Өткен жолы гүл жайлы айтып, үйіне шақырғанда оның аяғы немен тынып еді. Мерген енді бұл ғажайып та ғайып гүлге сенуден де қалған. Сондықтан да бейнебайланыстан да, тамақтанудан да бұрынғы маңыды нәрсе өзі келіп тұрған ғажайып гүлді уыстан шығарып алмау. Ол сыйып шығып кете алатын есік пен терезелерді мықтылап жауып, ашық қалмауын мұқият қадағалау. Ал содан кейін қажет деген жерінің бәріне де қорықпай хабарлауына әбден болады. Өткен жолы Гүлжан, Айтқали мен Маржанның алдында осы гүл үшін өтірікші болып қалғаны ешқашан да есінен кетпек емес. Жаңа мына гүл қараң етіп алғаш көрінген сәтте тұла бойы шымырлап, өзін біртүрлі сезінгені де соны есіне алғаннан еді. Мерген енді батылданып кетті. Балконнан ішке еніп, оның есігін мықтылап жапты да, есігі ашық тұрған бөлмедегі терезенің жақтауына шығып, ондағы ыдыстағы қара топыраққа бұрғыланып тұра қалған ғажайып гүлге жақындап келді. Гүлге тесіле бір қарап алды. Ал ғарыштан келген гүл болса, бұл жерге ешқайдан келмегендей, ешқайда болмағандай болып тып тыныш қана тұр. Мерген оған қарап бірнеше сөздер айтты. Гүлдің ол жақ, бұл жағына көз жүгіртіп те өтті. Ғажайып гүл оған наз қылғандай қауызын жауып алған. Иіліп, бейнебір солуға айналғандай көрінеді. Мерген енді оның сырын біліп те алды. Ауылдағы мектептен бастап бүкіл тұрғындарын шулатып жүрген де осы гүл екенін түсінді. Бірақ бұл оқикға жөнінде Сәрсенгүлге айтуды жөн санаған жоқ.
Ғарыштан келген гүлге тағы бір мұқият қарап алды да, есіне әлдене келіп, тез тез басып, тепкешекпен бірінші қабатқа түсіп, ондағы арнайы бөлмеге барды. Ол бөлмеде құс ұстауға, асырауға арналған нешетүрлі көлемді, нешетүрлі пішінді торлар тұрған. Солардың ішінен ең майда торлысын алды. Алды да, қайтадан асыға басып, тепкешекпен үшінші қабатқа көтерілді. Ондағысы: "Ғажайып гүл тағы да зым зия болған жоқ па екен, бұл үйден?" деген ойы еді. Жоқ, гүл ешқайда қашпапты. Сонда да енді оны ұстау Мергенге терезе жақтауында қонақтап отырған қандай да бір құсты ұстаудан да күрделі көрінді. Өйткені, Мерген бұл гүлді қай кезде қалай қарай зып беріп жылжып кететінін білмейді. Мәселе оның қозғалғыш гүл екенінде емес, оның оған қоса саналы екендігінде еді. Мерген сонысынан қорыққан. Келген бойда майда торлы жәшікті ыдыстың жанына қойды да, құмыраны жылжытып, сол жәшіктің ішіне енгізіп, есігін жапты. Тек содан соң барып қана көңілі орныққандай болып, бөлмеден шыға асханаға қарай тартты. Сол кезде барып жүрегінің саза бастағанын сезді. Енді тамаққа деген тәбеті де оянған. Көңілі көтеріліп, ыңылдап ән де сала бастады. Ғажайып гүлдің қайта оралғаны Гүлжанмен қайта табысқанмен бірдей еді. Соған қуанды.
Суыған көңіл
Сәрсенгүлдің көңіл күйі де, денсаулығы да көпке дейін түзелмеді. Мектептегі өзі сабақ өткізетін класта болған оқиға жатса да, тұрса да есінен еш кетер емес. Кейде тіпті, сол гүл түсіне де енген. Әке шешесі ол гүлді тауып алып жойып жібермекке іздеп те көрген. Бірақ ғарыштан келген гүл ешкімге таптырмады. Сонда да іздеу тоқтамады. Ол бірнеше күнге де созылған. Ал сол оқиғадан кейін Сәрсенгүл қатты қорыққандықтан кәдімгідей ауырған. Дәрігерге қаралып, нешетүрлі ем дом да алған. Мергеннен сол гүл мен Гүлжан жайында сұрағанда ол олардан хабарсыз екенін айтқан. Содан бері Сәрсенгүлдің Мергенге деген көңілі суи берген. Мерген де келуді, үйіне дейін шығарып салуды сиреткен. Ал неге екені белгісіз, соңғы күндері келуді мүлдем қойды. Мұның сырын Сәрсенгүл де, оның дос, сырлас құрбысы Гауһар да біле алмаған.
Бұл жағдайды анықтау үшін осы күндердің бірінде Гауһар Сәрсенгүлге келген. Екеуі оңашада өткенде мектепте болған оқиғаны естеріне алып, тағы бір талқыға салған. Қос құрбы ұзақты күнге үй ішінде, үй ауласы мен бақ ішінде асықпай әңгімелесіп, ақылдасып, ақыр соңында Мергеннің үйіне барып қайтуды жөн деп тапқан. Оған басты себеп, Мергеннің соңғы күндері бір ауылда тұрып Сәрсенгүлге ат ізін салмай кеткені. Соны анықтамақ болды екеуі. Содан кеш түсісімен серуен есебінде ауылдың оң жақ шетіндегі жалғыз аяқ жолға түсіп, Мергеннің үйіне қарай аяңдады. Екеуінің бұл жүрістеріне ауыл тұрғындары аса назар аудара қойған жоқ. "Осы бойда Мергеннің үйіне барады" деп те ешкім оайлай қоймаған. Сырқатан кейін Сәрсенгүлге мұндай серуеннің қажет екенін екінің бірі біледі. Гауһар болса да ажырамас сырлас досы. Осыны ойлаған екі қыз әңгімелерін айтып, жайбарақат жүре берген. Жаз айының күні де ұзақ. Сағат тілдері кешкі жетіні көрсетіп тұрса да, Күн әлі биікте шақырайып тұр. Ауыл іші де әлі абыр сабыр.
Екі қіыз ол абыр сабырға назар аударған да жоқ. Оның бәрі де күнде болып жататын үйреншікті көрініс. Таңертеңнен өріске шығарылған қой мен ешкі Күн батыс көкжиекке таяған кезде ауылға қайта айдалып әкелінеді. Содан ауылдың бел ортасын жарып өтетін үлкен көшенің шаңы көтеріліп, азан қазан болады. Маңыраған қой мен ешкі, мөңіреген сиыр, пысқырынған жылқы ауыл ішін өзгеше бір абыр сабыр көрініске айналдырады. Әрбір үйден бір бір адам малдың алдынан шығып, өздерінің малдарын қақпайлап, үй ауласына қарай айдайды. Кейбірі болмаса, қой екеш қойдың көбі өз үйін, өз қорасын адаспай табады. Маңырап маңырап тұрып қақпа арқылы ішке кіреді. Қақпа жабық болса, кіре алмай көрші үйдің ашық тұрған қақпасы арқылы сондағы қораға басқа малдармен бірге енеді. Осылайша қашан Күн батып, ымырт үйіріліп, қас қарайғанша ауыл іші тынышталмайды. Бұл екіаралықта мал қораларына жайғастырылады, қой, ешкі мен сиыр сауыладын.
Бірақ дәл қазір ауылда ондай көрініс орын алмаған. Жайылымдағы мал әлі келе қоймаған. Сол себепті де ауыл тұрғындарының көбі дерлік үй іштерінде. Бұл сәтті пайдаланып қалғылары келгендей екі қыз да жүрістерін әуелдегіден жылдамдата түскен. Мал келгенше Мергеннің үйінен қайтулары керек. Күндіз іздемесе де, кешке жақын, өрістен мал келген шақта үйдегінің бәрі дерлік сыртқа шығып, кейде қосымша көмек сұрайтын кездері де болады. Сондай сәтте үйде жоқ болып шықса, әкенің де, шешенің де көңілі алаңдайды. Соны білетін екі қыз осы уақытты таңдаған болатын. Жол бойында талай талай құрбыларын да кезіктірді. Олардың әрқайсысымен қысқа қысқа ғана сөйлесіп, ілгері қарай жүре берген. Сөйтсе де, әншейінде тез таусылып қалатын қара жол да енді бүгін өз өзінен ұзарып кеткендей. Гауһардың самбырлай сөйлеп айтқан әңгімелерін тыңдап келе жатқандай сыңай танытқанымен Сәрсенгүлдің дәл қазіргі ойының бәрі де Мергенде еді. Екеуінің соңғы кедердегі оңаша қыдырып, сырласқан сәттерәі көз алдынан кетер емес. Жиі жиі елестейді. Ал жанынедағы Гауһар оны жамандап ала жөнелгенде оған деген көңілі кәдімгідей суып, бәсеңсіп, жаңағы ойларынан айнығандай күй кешеді. "Қыздың кілті жеңгесінде" деп қаақ бекер айтпаса керек ті. Көңілі пәк Сәрсенгүл көп жағдайда басқаның сөзіне еріп кетеді кейде. Сөйтіп, өз дегеніне жете алмай, өз бақытынан өзі айырылып жүрген жайы бар. Бірақ Сәрсенгүл барлық сырын жанындағы Гауһарға айтқан емес.
Қазір де көп сөйлемейді. Көбіне үн түнсіз жүріп, Гауһардың сөздерін тыңдайды. Сол айтқан сөздерді ішінен қаласа да, қаламаса да басын жай ғана шұлғып мақұлдап қояды. Егер осы құрбысы болмаса, Мергенге бүгін де келмес еді. Гауһардың кейбір айтқан сөздері өзіне қамшы болды да, үйінен шыққан. Енді кейін шегінудің еш жөні жоқ. Кейін қайтар болса, Гауһар өзіне небір сөздерді айтып тастамақ. Оның сыры да, мінез құқы да Сәрсенгүлге жақсы белгілі. "Өзіме не айтса, соны айтсын, тек Мергеннің көзінше әлденелерді еске алып, көңіл күйімізді бұзбаса екен" деп бір қойды ішінен Сәрсенгүл. Өйткені, Гауһардың пендешілікке салынып, Мерген екеуінің жарасымын іштей қызғанып та кететін кезі болады. Ондай кезде Сәрсенгүл әңгіменің төркінін басқа жаққа аударуға тырысады. Гауһардың өзіне арнағандай болған әңгімесін тыңдамауға бет алады. Мерген де Гауһардың жеңілтектеу мінезін жақтырыңқырамайды.Тек іштей білдірмейді. Ер азаматқа тән сабырлылық сақтайды. Онысын Сәрсенгүл сезеді. Бірақ білдірмейді. Уақыт деген осылайша зымырап өтіп жатқан ды. Өткендегі оқиға Мерген екеуінің арасындағы қарым қатынасқа үлкен нұқсан келтірген ді.
Енді бүгінде Сәрсенгүл сол ғажайып қабілетті гүлді түсінде де көретін болды. Кейде сол түсінен шошып оянып та кетеді. Сәрсенгүлге ол гүл емес, бір адамға өштескіш бірдеме сияқтанады да тұрады. Оның оқыс қимыл қозғалыстары көз алдына елестесе ақ болды, жаны түршігеді. Қазір Мергеннің үйіне жақындаған сайын ол гүл есіне жиі түсе бастады.Онысын Гауһар да біліп сезгендей өзіне жиі жиі көз салады.
- Өткендегі ғажайып гүл бір жерден, иә болмаса, дәл алдымыжздан шыға келмесін! - деп сықылықтап кеп күлді Гауһар бір кезде.
Ал Сәрсенгүл күле қойған жоқ. Қанша дегенмен де мамарндығы физик болған соң гүлдің бойында қандай да бір электр қуатының барын да сезетін ол. Сондықтан да өзін қанша шошытып, қанша ауыртса да, ол гүлге күле алмақ емес. Бір жағынан ішінен сол гүлді тағы бір көруді тіледі. Сөйтіп, ілгері қарай жүрісін жылдамдатқан. Содан екеуі Мерген тұратын үш қабат әдемі үйге жақындап та қалған еді. Ол төңіректе жүргендер де екеуіне аса назар аудара қойған жоқ. Мергеннің үйі адамсыз болған емес. Үйді қарауылдаушылар мен жөндеушілер де жиі болып тұрады. Келім кетім адамдар болса да жеткілікті. Оған ауыл тұрғындарының көздері әбден үйренген. Бұл үйге тек осы ауыл, аудан, облыс орталықтары мен астана ғана емес, сонау шетелден арнайы келетін меймарндар, ғалымдар мен ғарышкерлепр қаншама. Мергеннің жалғызліктілігіне қарамастан осыншама үлкен, үш қабатты үйдің арнайы салынуының басты бір себебі де осыдан ды. Екі қыз үйге жақындауын жақындаса да, енді сәл ұялып, ыңғайсызданып кібіртіктеді. Артынша дана қазақ халқымыздың "Шешінген судан тайынбас" деген мақалын естеріне түсіріп. осынша жолдан кейін қайтып кетуді жөн санамады. Гауһар батылдығына салып бастап, Сәрсенгүл соңынан жүріп отырды. Ең басты күмәндары: "Мергеннің үйінде сырттан, шетелден келген меймандар жоқ па екен?" деген ой еді. Сөйтіп, жақындап келіп, үлкен қақпаның оң жақ жоғары тұсындағы кішкене ғана түймені нұқыған Гауһар. Ол түйме сияқты болғанымен басылмайтын. Адамның саусағы тисе бітті, ол кішкене ғана экранға айналады. Әрі сол санаулы секундтардың ішінде Мергеннің үйінің барлық бөлмелеріндегі тіркеуші бейнеқұралдар келгендердің бейнелерін анық көрсетіп, кімдер екені жөнінде толық мәліметтер беріп те үлгірген еді. Мерген іштей рұқсатын берген бетте қақпа кілті сырт етіп, екі үлкен есіктің бір шетінен кішкене ғана есік ашыла берді.
Ал есік ашылып болғанша Мергеннің өзі де сол есікке келіп үлгірді. Сәрсенгүл қыз басымен жігітті өзі іздепр келгендей болып, ұялып, Гауһарды тасалай тұрған. Мерген онысын түсініп, жылы амандасып, екеуінің үйге қарай жүрулерін өтінді. Гауһар өзі бастады да, Сәрсенгүлді жүр жүрге алды. Мерген алда келеді. Келген кез келген мейманға осылай жол көрсететін әдеті. Әйтпесе, мына үлкен үйдің қай қабатына көтеріліп, қай бөлмесіне бару керектігін сырттан алғаш келген ешбірмейман ажырата алмай қалады. Мерген алда, екі қыз соңында. Сөйтіп келе жатып ақ Мерген екі қыздан отбасы мен ауыл жайын сұрап та үлгірген.
Кілем төселген тепкешекпен үшінші қабатқа көтерілген кезде Мергеннің ойына қайта оралған ғажайып гүл түсіп кетті де, екі қызды бірден асханаға қарай ертіп әкетті. Ондакғы ойы қыздарға гүлді, гүлге қыздарды көрсетпеу еді. Онысын екі қыз қайдан түсіне қойсын. Екеуі де Мергеннің өздерін бірден асханаға ертіп кіргеніне ойланып та қалған. Тек ол реніштерін Мергенге сездірген жоқ. Екі қыз Мергеннің бұлайша қарсы алғанын жақтырмағаны ма деп те топшылағанн. Гауһар мұнысын "Менің бейнетелефон қоңырауын соғып, Гүлжанға әлгі гүл жөнінде сөйлегенімнен шығар" деп те қойған ішінен. Бірақ ол ойын да Мергенге сездірмеуге тырысты. Мерген асханаға кірген бетте екі қызға орындықтар ұсынып, өзі автомат аспазшыларды күтпестен дастархан үстін ретке келтірді. Асхананың оң жақ қабырғасын тұтастай алып тұрған күрделі автомат аспазшы жүйесінің бірнеше түймесіне саусақтарын жанастырып, қыздар ұнататын тағамға тапсырыс берді. Сөйтті де, қыздарға қарап:
- Айып етпеңіздер, сәл отыра тұрыңыздар, мен қазір келемін. Сонан соң тамақ, кофе ішеміз, асықпай әңгімелесеміз, - деді.
- Еш айыбы жоқ, барып келе беріңіз, - деді Гауһар жасанды жымиып.
- Мен... қазір...
Мерген асханадан асыға шығып кетті. Ондағы ойы өзінің демалыс бөлмесінің күншығыс жағындакғы терезе жақтауында майда торлы жәшік ішінде тұрған ыдыс пен ондағы қара топыраққа қадалып, өсіп тұрған ғажайып гүлдің жайын бір көріп алмақ ты. Соңғы кездері гүлге сеніп, аяп, тор жәшік есігін бір мезгіл ашып та қоятын болған. Сөйтіп, бөлмеге аптыға басып кірген еді. Гүл тор жәшік ішіндегі ыдыста да, бөлме ішінде де болмай шықты. Мерген аң таң болып тұрып қалған. Өз көзіне өзі сенер емес. Содан терезеге жақындай түсті. Гүлдің аз ғана уақыт ішінде қайда зым зия болғаны белгісіз. Оның осындай әрекеттерінің болатыны бұрыннан да белгілі. Мерген тағы бір құпия істің қайәталанғанын түсінді. Содан соң көп кешігуге шыдамай асханаға қарай асықты. Асықпасқа шарасы да жоқ еді. Онда өзін екі бірдей мейман күтіп отыр. Асханаға кірген бойда пісіп жатқан ас пен бұрқылдай қайнаған кофеге көзі түсті. Мерген қабырғадағы үлкен панеьдегі түймелердің тағы бірін сұқ саусағының ұшымен ғана нүқып қалды. Қабырғадан бері қарай жалғасқан жіңішке ғана темір жолмен кофесі қайнап болған ыдыс жайымен жылжып келіп алдарына тоқтады. Ыдыс дегені болмаса, оның барлық құлақтары қозғалады. Әр құлағына кофе ішуге арналған бір бір кішкене ыдыс ілінген. Алдын ала тапсырыс берілген соң сол бойынша ыдыстың құлақтары қол сияқты жеңіл қозғалып, қыздардың алдарына ыстық кофе құйылған ыдыс қойды. Үшіншісін Мергенге ұсынды. Мерген темір болса да бұл ұнамды әрекеттеріне іштей мәз болып:
- Рахмет! - деп, қыздарға бұрылып, - ал, тамақ келгенше мына дәмнен, кофеден алып отырыңыздар. Соңғы кездері жұмыстарым көбейіп кетті. Сырттан келіп кетіп жатқан меймандардың саны жоқ. Оны өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар. Бұл менің алдарыңызда ақталғаным емес. Қолымның босаңситын сәті де таяп қалды. Содан кейін жиі кездесетін боламыз.
-
- Жиі жиі кездескенде қайда бармақпыз? - деді Гауһар Мергеннің ішкі ойын түсінбей.
- Қайда барушы едік, осы ауылдың арасында қыдырамыз. Менің үйім мен Сәрсенгүлдің үйінің арасында. Басқа не болушы еді.
- Е,бәсе, солай десейші! - деп, Гауһар шошығанын басып, сәл жадырап қалды.
Сәрсенгүл де көңілденіп, алдындағы ыстық кофе құйылған ыдысты оң қолымен жайымен алып, жұп жұқа ерніне қарай еппен ғана апара беріп еді, сол сәтте аяғына бірдеме тиіп кеткендей болды. Сәрсенгүл алғашында " Асханадағы автоматты көп құралдардың бірінің шұбатылған сымы аяғыма тиіп кетті ме екен?" деп ойлады да: " Жоқ әлде, бұл баяғы көйлегіме жабысқан гүл болып жүрмпесін! " деп іштей секем алды. Соңғы топшылауы дұрыс болып шықты. Аяғына тиіп кеткен неме енді көйлегіне жабысып, жоғары қарай өрмелей берген. Енді Сәрсенгүлдің сол гүл екеніне еш күмәні жоқ еді. Ыдысты ерніне тигізер тигізбес сәл ұстап тұрды да, қайтадан дастархан үстіне тырс еткізіп қоя салды. Артынша көздері ұлғайып, реңі де өзгере берген. Мұнысын Мерген де, Гауһар да түсінбеді. Екеуі де алғашқы сәтте "Сәрсенгүлдің шошығаннан пайда болған ауруы тағы қозды ма" деп ойлап қалған. Дегенмен де бір жағдайдың болғанын тез сезген Мерген отырған орнынан ширақ түрегеп, Сәрсенгүлді сүйей берді.
Сол кезде Сәрсенгүл "Гүл, әлгі гүл! Менің көйлегімде!" деп қана айтып үлгірді де есінен танып сылқ құлады. Мерген Сәрсенгүлді дастархан басынан дереу әрі тартып әкетіп, жақтауы биік әрі шалқаймалы жұмсақ орындыққа шалқайта отырғызды. Гауһар асханадан бос бір ыдысқа салқын су құйып алып қыздың бетіне бүркіп бүркіп жіберді. Тек содан соң барып қана Мерген мен Гауһар мән жайды түсінді. Рас екен, гүл екен. Сәрсенгүлдің көйлегіне жабысып алыпты. Ажырайтын емес. Оған таңдана, қадала қараған Гауһардың да көздері шарасынан шығып барады. Ол енді бар құпияны осы үйде ашқандай:
- Сәрсенгүлді осылай шошытып, ауыртып жүрген сенің гүлің екен ғой! Неге айтпағансың, осы кезге дейін бізге? Бәсе, Сәрсенгүлге келмей кеткеніңде де бір сыр бар еді. Осы екен ғой, ол сыр! Енді бәрін де түсіндік!
Бұл кезде Сәрсенгүл бетіне Гауһар бүркіген салқын судан есін жиған. Мергенде не тіл, не қозғалыс жоқ.. Екі қыз да үнсіз. Енді мына жерде отырудың да, емен жарқын әңгіме айтудың да жөні жоқ еді. Гауһар тіпті, қатайып та кеткен. Сәрсенгүлдің сол қолынан ұстап алып, жүр де жүрге басқан. Ал бұл кезде ғажайып гүл еш саспастан Сәрсенгүлдің көйлегінен ажырап,. құртша еденге тырс етіп түсіп, еден бауырлай жылжып, кірген саңылауына қарай кетіп бара жатты.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ТАБЫСҚАН ЖҰПТАР
Бақтағы ғашықтар
Гүлжан әдетінше баққа ерте келген. Айнала төңірегін көзбен барлап алған соң кеудесіне қыса ұстаған гүлін жайымен ғана қара топыраққа тигізді. Гүл шамалы жер бауырлап жылжыды да, қара топыраққа түп жағымен иіле қадалып, сабағымен шыр айналып, бұрғыланып тік тұра қалды. Гүлдің қауызы мен кішкене басы да, күллі жапырақтары да "Рахмет, сізге" дегендей бір сәт теңселіп тұрды. Гүлжан онымен оң қолының сүйірктей ақ саусақтарын бұлғап қоштасты да, өз жұмысына кірісіп кетті. Тағы да сол шәкірт қыздары келгенше көп істі тындырып тастамақ та болды. Бақ ішінің тазалығын тексеріп, гүлдерді суғару, түп топырақтарын үю, қопсыту жүйелерін ретке келтірді. Су гүл үшін бірінші өмір. Су болмаған жерде гүлге өмір жоқ. Мұны білмейтін пенде кем де кем.
Гүлжан жұмыстарын жасай жүріп, ыңылдап ән де салды. Ол әніне әдеттегіше барлық гүл біткен қосыла кеткендей үп еткен самал желден еркелей тербеледі. Ондай көрініске ерекше толқыған Гүлжан гүлдерді аялай түседі, бар ықылас ниетімен күтеді. Қандай да бір гүлдің жапырағына дақ түссе, сарғая бастаса, дереу ем дом қолданады. Негізгі мақсаты да гүлдердің өмірлерін ұзарту, ұрықтарын көбейту. Гүлжан ол арманына толық дерлік жетті де. Өзі өсіріп шығарған небір жаңа тұқымды гүлдер Жер шарының аймақ аймағында тұратын тұрғындардың қуанышына айналуда. Ендігі бір жетппейтіні Мергенмен тіл табыса алмағаны. Уақыт болса, зымырап, жыл санап жасы да ұлғайып келеді. Қанша жаспын десе де, жұлдызаралық сапардан оралғаннан кейін қай жастың алдында да үлкен көрініп тұрады. Шәкірт қыздарынң да күн сайын "Гүлжан әпке" дейтін сөздері де оңай соқпайды өзіне. Тек бәрі де ішінде. Қыздарына олай деп айтпа деудің де жөні жоқ. Бәрі де заңды. Өмір заңы бұл. Қыздардың олай деуі үлкенді үлкен деп сыйлағаны. Шәкірт қыздарының өзіне деген титтей де жаман ойлары жоқ. Бәрі де өзіне қашан да бақыт, жетістік тілейді. Олар ара тұра Мергенді де сұрап қояды өзінен. Оның мұнда келмейтініне ренжігендей де болады. Ондай кезде Гүлжан ойға батып, кәдімгідей көңілсізденіп қалады. Ал көп жағдайда оған онша ес бөлмеген болып, әңгіменің бағытын басқа жаққа қарай аударып жібереді. Осы кезге дейін солай күн өткізіп келеді.
Гүлжан қыздарының бүгін де әңгіме барысында Мергенді еске алатынын жақсы білді. Оны еске алу өзіне ауыр соққанымен, бір жағынан тұрмысқа шығар уақыттың келгенін, бұдан әрі қарай уақытты соза берудің жөні жоқ екенін түсінген Гүлжан.. Бірақ не жасай қойсын. Өзі барып жігітке көкейіндегісін айта алмайды. Титтейінен әке мен ана берген тәрбие солай, қызға тән жіңішке жолы солай. Ондай жағдайда қазақ қызына тән ұяңдық пен әдептілікті де аяққа басады. Оның үстіне Гүлжан жеңілтек емес, арының биігінде тұра алатын қыз. Мергеннің өзінен басқа қызға біржолата бұрылып кете алмайтыны да осы қасиетірнен. Бұл Гүлжанның нағыз қазақ қызына тән мінезі. Онысын Мерген ғана түсінетін сияқты. Тек ол да кейде жігіттік намысын жоғары ұстап, болмайтын нәрсеге иліге бермейді. Екеуінің арасын жақынедатып, жүректерін бір біріне жылытатын, бауыр бастырып, қайта табыстыратын дәнекер біреу жоқ. Әйтпесе, екеуі әлдеқашан татуласып, түсінісіп, әлдеқашан отау құрған болар еді. Гүлжан сусыраған гүлдерге су себезгілей жүріп нешеқилы ойға да кетті. Жалпы, мінезділеу болғанымен Гүлжан оңашалықта осындай толғаныстармен уақыт өткізеді. Өйтуіне осындай жалғыздық өмір де жағдай тудыра түскендей болады. Өзіне көбіне көп дем беретіні, сол жұлдызаралық сапардағы небір қызықты күндер мен сапарлас достары айтқан жылы сөздер. Өзі және Мерген айтқан сөздер. Сол ғажайып ғаламшарғам жұлдызаралық кемемен ұшып жеткенге дейін, одан қамйта аттанғанға дейін жағдай мүлдем басқаша еді. Ғаламшарға кеме жұмсақ қонып, ондағы гүлдердің бірін қолға алғаш алғанға дейін Мерген өзіне талай әңгіме айтқан. "Мына ғажайып ғаламшардағы ғажайып гүлдердің ең алғашқысын өзіңе сыйлармын!" деп те тебірене сөйлеген.
Бірақ адам пенденің ой ниеті мен тағдыры күрт өзгеріп кетіп те жатады. Негізінде, Мерген өз сөзінде тұра алатын, тұра білетін жігіт. Оның сол кездегі айтқандарына Гүлжан толық сенген. Тек ғаламшарға қонғаннан кейін сытырлағандай, ыңырсығандай, сыбырласқандай, сықылықтап күлгендей болып естілген дыбыстар атмосфера төңірегіндегі бүкіл ой жоспарларын өзгертіп жіберген. Онда әдемі әдемі гүлдер самсап өсіп тұрғанымен, олардың тірішілік әрекеттері Жердегі гүлдердің тірішілік әрекеттерінен мүлдем бөлек болып шықты. Мерген алапат жұлдызаралық кемені ол ғаламшарға қондырысымпен қайтадан ұшып кетуге асыққан. Гүлжанның өзі де ол кезде қапелімде ештеме айта алмай қалған еді. Ондайда қыз бала түгілі, ер жігіттің өзі де алаңдаушылық танытады. Айналадағы көріністің бәрі аласапыран болып, түрлі жат дыбыстар естіліп жатса, оған қалай елеңдемеске. Сол бір қорқынышты сәтттер Гүлжанның есіне жиі түседі. Бірақ амалы қанша, уақыт деген де кезінде қадірсіз. Ал өтіп кеткеннен кейін енді қайтып келмейтін, орнын толтыру еш мүмкін емес құбылысқа айналады. Сол кезде бәрі мәңгілік өзгермей тұратындай көрінген екен. Жоқ., енді ойлап қараса, түс ауып бара жатқандай...
Гүлжан ой тұңғиығынан селт оянып, айнала төңіректегі өз қолымен өсірген етене жақын гүлдеріне мейірлене көз тастады. Бәрі де сол бір ғаламшардағыдай шулы емес, тып тыныш қана жайқалып тұр. Сыртылы да, сыбдыры да жоқ. Әзірге Жер шарындағы елді мекендер бойынша дәл осылай жайқалып, дәл осылай емін еркін өсіп, көбейіп жатқан гүлдері бар бақ осы ғана. Сондықтан да бұл гүл бағы дүние жүзіне жақсы белгілі. Шет елден, елден келіп, Гүлжаннан гүл өсіру мен күрделі будандастыру жөнінде ақыл кеңес, тәжірибе алып кетіп жатқан ботаниктер мен биологтар қаншама. Гүлжан олардың ешқсайсысын де назарынан тыс қалдырған емес. Ал өзі күрделі будандастыру жолымен өсірген ғажайып гүлі жөнінде жер бетінде білмейтін пенде жоққа тән десе де болғандай. Осы есіне түскенде Гүлжан ол гүлге назарын ерекше аудара түседі. Ернді басын көтеріп, бойын тік ұстап, айнала төңіректегі гүлдерді көзімен тағы бір шолып өтті. Қараса, сол өзі өсірген Гүлімі орнында жоқ. Содан Гүлжан жылдам басып, баққа кірер есікке жащқындаған. Онда да гүлі көрінетін емес. Гүлжан қорқа бастады. Осы кезге дейін гүлін көзінен бір сәтке де таса еткен емес ті. Жоғалайын десе, оп оңай жоғалады екен. Ол енді бақ қоршалған майда торлы қоршаудың ішкі жағын жүрді. Бар қызықтың куәгері де сонда болды. Бір шаршыда, бір қара топырақта екі ғажайып гүл өсіп тұр. Гүлжан аң таң күйде өз гүліне жақындап барды да:
- Гүлім, сен мұнда қашан келдің? - деп әдеттегісіншпе жай ғана тіл қатты.
Бұл сөзге жауап ретінде екі гүл бір біріне қарай сәл иіліп барып қайта түзелді. Екінші гүлдің Мерген айтып жүрген ғарыштан келген гүл екенін бірден түсінді. Осы кезге дейін оның осы гүлді көргені мен сырласқаны жөнінде алдында ант ішіп тұрып айтқан сөздеріне еш сенбеген еді. Оның бәрі де рас екен. Сол ғажайып гүл енді өзінің бағына, өзінің алдына да келіп тұр. Гүлжан қатты толқыныс пен қуаныштан не жасарын білмей тұрды да қылды. Болса да, өзі өсірген гүлді емін еркін ұстап қолына ала алады. Ал екіншісін қайтпек? "Бұл өзі қалай келген? Мергеннің ауылы мен бұл ауылдың екіарасы талай жер. Адамдардың өздері де не жеңіл көлікпен, не шағын әуе кемесімен жүреді" деп ойлап қойды Гүлжан. Содан соң екі гүлге кезек кезек қарап, бір бірінен қандай ауырмашылықтары бар екеніне назар аударды. Ғарыштан келген гүлдің өзі өсірген гүлге ұқсас жерлері көп екен. Мұны өсіргенде Гүлжан ғажайып гүлдің көптеген ерекшеліктерін ескерген. Сол ғажайып ғаламшарда жүргенде түсіріліп алынған гүлдің бейнефильмдері мен фотосуреттерін де мұқият қарап шыққан. Екі гүлдегі негізгі ұқсастықтар сондай зерттеулердің нәтижесі еді. Бірақ қанша дегенмен де, ғарыштан келген гүлдің өзі өсірген түлден әлдеқайда ширақ, сезімтал, саналы екені айқын байқалады. Осылайша Гүлжан аз уақыттың ішінде көп нәрсені аңғарып үлгірді. Ол енді ішінен: "Діәл қазір бұл баққа ешкім келмей тұра тұрса екен" деп те тіледі. Бірақ адам пенденің ойлағанының бәрі бірдей жүзеге аса бере ме?
Сәл уақыт өтпей ақ шәкірт қыздары өткен бір кездегідей шуылдасып, бір бірімен жеңіл әзілдесіп, сонау үлкен қақпа арқылы ішке қарай еніп келе жатты. Гүлжан табан астында не жасарын білмеді. Олардың мына ғажайып гүлді көрмегенін, білмегенін қалады. Қатты қысылғаннан батылданып кетті де, ғарыштан келген гүлді қадалып тұрған топырағынан суырып алып, қоршаудың арғы жағындағы қалың шөп арасына жасырды. Ішіінен: "Бір ретін тауып қайта алармын. Қыздарымды да ертерек қайтарармын. Қалың шөп арасына жібердім ғой. Ештеме де болмас" деп ойлап қойды. Бұл кезде шәкірт қыздары да өзіне жақындап қалған ды. Олар әдеттегсінше Гүлжанмен рет ретімен жылы амандасып жатыр. Бірақ Гүлжан бұл жолы олармен ұзақ сонар әңгіме дүкен құрған жоқ. Олардың көңіл күйлері мен жалпы жағдайларын білгеннен кейін жұмыстарына кірісе берулеріне рұқсат етті. Өзі Гүліміне жақындап, тізерлей отыра кетіп, оған әлденелерді айта бастады. Ал гүлі болса, жаңағыдан кейін өкпелеп томсырағандай басын төмен салып тұр. Шәкірт қыздары оның мән жайын әзірге түсінбейН: "Гүлжан әпкеміздің нәзік гүлі сусырап қалған ба?" деп ойлап қалған. Гүлжан ғана біліп отыр оның жай күйін іштей. Солай болса да, Гүлжан гүлге шамалы су да себежзгіледі. Осыдан кейін шәкірт қыздарының не істеп, не қойып жатқандарын көре бастады. Шәкірттерінің соңғы кездері көп нәрсені біліп, көп нәрсені үйреніп алғаны да айқын байқалады. Жасаған істерінің бәрі де тап тұйнақтай. Гүлжан өізінің жолын қуып, ізін басып келе жатқан қыздарының бұл істеріне іштей риза болып, оларды бүгін ерте босатты.
Содан кейін Гүліміне қайта оралған. Әлгі қоршаудың сыртырндағы шөп арасына жасырған ғажайып гүлі тағы да ештеме болмағандай өз гүлінің жанында қадалып тұр. Біреу қолымен әкеліп жерге қадап қоя салғандай. "Бұл гүл өзі менімен жасырынбақ ойнауға көшкен бе, өзі?" деп қойды Гүлжан ішінен. Өйтіп ойламасқа еш шарасы да қалмағандай. Бұл бақтың ішіне өзінің рұсатынсыз ешбірпенденің қадам баспайтыны белгілі. Шәкірт қыздары да жұмыс кезінде өз гүіне жақындаған емес. Ғарыштан келген гүлдің бір жерден екінші жерге орын ауыстыра алатынын о бастан біледі. Бірақ оның мынандай жылдам әрекетін күткен жоқ ты. Мерген гүлдің осындай қамбілетін, оның сонша жылдам қозғалатындығынан әп сәтте жоғалтып алғанын айтқанда сенбеген еді, енді бәрін де өз көзімен көріп тұр. Мергенге енді ғана іші жыли бавстады. Тіпті, онымен сөйлесуге де бар. Тек "Қыз жолы жіңішке" деген сөз көкейінен кетпеді. Оны аттауға еш хақысы жоқ. Гүлжан қаақтың қасиетті салтын ешқашан да бұзған емес. Қай жерде жүрсе де үлкеннің жолын кескен емес.Бәлкім, махаббаттан жолының ауыр тартып жүргені де содан шығар. Гүлжан осындай оайлрмен ұзақ тұрып, екі гүлдің бір бірімен іштей сырласуына мүмкіндік тудырды. Содан кейін екеуін де арнайы жабық ортаға апарып, қара топыраққа қадады да, өзі үйіне қарай асықты. Сөйтіп, бұл жолы Гүлімін ғарыштан келген гүлдің жанында қалдырды.
Ренішті күн
Гүлан бір гүліне екінші бір ғажайып гүлді қосып алғанына мәз болса, сол күннің ертеңінде Мергеннің көңіл күйі мүлдем төмен түсіп кетті. Оған басты себеп, өзі мәпелеп күтуге айналған ғажайып гүлінің тағы да зым зыия жоғалғаны еді. Ғарыштан келген гүлдің бұл қылығы Мергенге ұнамады. Гүлжанға да, басқаға да осы гүл үшін өтірікші, жалғаншы атанды. Гүлдің қайда кетіп, қайдан қайтып келетіні де Мергенге бір жұмбақ. Ол қайта келгенде "Гүлжанмен қайта табысуыма осы гүл себеп болар" деп іміттеніп, іштей қуанған еді. Енді ол үміті де суға шайылғандай. Тек Гүлжан ба, мына бар дүние де бейнебір құлазып кеткендей өзі үшін. Бұл жарық та жылы дұниеде махаббаттан өткен күшті сезім жоқ екен. Махаббаттың үнемі жыр мен дастандарға айналып жататыны да содан болса керек. Қаншама жастар оның бақыттысы, қаншама жастар оның өкпелісі болды. Мерген бұл сезімнен бойын тазаламаққа да талай рет талпынған. Жоқ, ұмыта алар емес. Тіпті, Гүлжанды ондай деп те, мұндай деп те күналап көрген. Мінез құлқындағы жетпей жататын тұстарын айтып та онің көңілін суытпақ болған. Одан ештеме шықпаған соң күдер үзсін деп, Сәрсенгүлмен талай рет оңаша қыдырған. Бәрібір қызды ұмыта алмады, бойындағы оған деген шынайы махаббат сезімін жеңе алмады. Ал соңғы кездері оған деген сағынышы күн санап күшейіп те барады.
Гүлжанға кей кейде тік сөйлеп, дегенін орындатуға тырысып жүргенінің бір себебі сол жұлдызаралық сапардағы кеме басшысы кезіндегі әдетінің лебі болса керек. Енді уақыт өткен сайын дүрілдеген атақ даңқы да бәсеңдей бастады. Келім кетім адамдар да саябырсыған. Қашанғы қызықсын, қашанғы сұрай берсін олар сол бір жұлдызаралық сапарлары туралы. Анда санда ғана бір екеуі ат ізін салады. Адам баласының ізі тыйылғанда жалғыздықты қатты сезінеді. Үйін жөндеуге келетін, анда санда келіп, үйдің іші мен сыртындағы қараулдық жүйелерін тексеріп кететін адамдармен де әңгімесі жараса бермейді. Олардың ешқайсысы да іштегі шерімен бөліспейді. Әсіресе, демалыс пен мереке күндері Гүлжанды қатты іздейді. Әлдекімнің үйіне болса да шақырусыз бара алмайды. Анау мынау жігіттер өз әйелдерін жуымаса да даңқты Мергеннен қызғанады. Мергенді өз үйлеріне жақындатқылары келмейді. Көшеде, басқа жерлерде кезігіп қалған таныстары да тек амандық білумен шектеледі. Осының бәрі де Мергеннің жүйке тамырын жұқарта бастаған. Осы кезге дейін ол ой шырмауына түсе бермей үшін тауға шығып, серуен құрып та келді. Сонда да көңіл күйі еш орныққан емес. Жандүниесіне бірдеме үнемі жетіспейтіндей болады да тұрады. Уақыт өткен сайын, есейген сайын өмірде жіберіп алған қателіктері есіне түсіп іштей өкініп те алады. Ол өкініші мен күйінішін кім біліп жатыр? Кім естіп жатыр? Өз ойымен тек өзі ғана алысады. Сөйтіп өмір өтіп жатыр.
Ал бүгінгі көңіл күйі әдетте болмағанадай күрт түскен. Ал халық болса: "Ғарышкер геолог Мерген қандай бақытты. Атақ даңқ деген онда жетеді. Қай қызды таңдап, қай қызға үйленемін десе де өз еркі" деп қызыға әңгімелейді. Мергеннің ішінде нелер арманның қайнап жатқанын қайдан білсін сырт адам. Мергеннің өзі де қанша даңқты бола тұра кейбір тату тәтті өмір сүріп жатқан көп балалы отбасына қызығады. " Гүлжан екеуміз де сондай отбасын құрсақ қой" деп іштей армандайды. Бірақ сол арманы жеткізер емес, уысына түсер емес. Өзі қуған сайын ол қаша түсетін сияқты.
Осындай ауыр көңіл күйіне байланысты таңертең түнгі ұйқыдан жеңіл тұрып кететін Мерген төсегінде ұзақ жатты. Олай бір, былай бір аунаумен болды. Гүлжан жайлы нешеқилы ойларды да басынан кешірді. Бірақ, бәрібір, одан өзгере қоятын ештеме жоқ. Бәрі де сол бұрынғыша. "Өстіп жүргенімде маған көңілі суыған, маған деген сенімнен айырылған Гүлжан бір жігітке тұрмысқа шығып кетсе, мен қайтемін?" деп те іштей қауіптенді ол. Қыз келісімін беріп жатса, оған бас изейтін адам табылмай қалмайды. Осындай қызғанышты ой да Мергенді аз мазалаған емес. Қызғаныш сезімі бойын билегенде Мерген төсегінде байыз таппай жиі аунақшиды. Ол қиналысын тек өзі ғана біледі. Ал егер жанында Гүлжан болса, онысын ұмытып, ерекше көңілденіп, күшейіп кетеді. Оңашалықтағы осырндай қайғы мұңын ұмытады. Онысын Гүлжан қайдан түсінсін. Сөзі ұнамай бара жатса өзіне бұртия қалады. Енді көп уақыттан бері Гүлжанның сол бұртия қалатын қылығына да жете алмай қалды өзі. Б.үгінгі көңіл күйінің төмендігі сондай, Мерген тіпті, өзіне өзі қастарндық жасап жіберуге да дайын тұрғандай сезінді өзін. Егер Гүлжаннан бұл жарық дүниеде біржолата айрылар болса, ондай шешімге де баруы ғажап емес. Гүлжан үшін барлық жағдайға баруға дайын. Тек оның бет жүзге қарамай тіке айта салатын әділ сөздері кеудесін басқандай болады. "Сүйгендер бір біріне қашан да кешірімді келеді" деген ұлағатты сөз бар халық арасында. Оның растығына да Мергеннің көзі енді ғана жете бастағандай. Бірақ әрекет жасамаса, оған барып бәрін түсіндірмесе, қыз қайдан сезіп білсін ой ниетін. Қыз жолы жіңішке қашан да. Гүлжан бұл дүниеде жігітсіз қалса да бас иіп алдына келе қоймайды. Өйтуге қыздың хақысы да жоқ
Мерген біраздан соң басын жастықтан сәл көтеріп, жанындағы шағын үстел үстінде тұрған электронды сағатқа қарады. Оның алдыңғы екі цифры нөл мен тоғызды, кейіінгі екі цифры бес пен тоғызды көрсетіп тұр. Мерген әдете түнгі ұйқысынан таңғы сағат жетіде оянып, сергіп, жаттығулар жасап, салқын сумен жуынып шайынып алып, күнделікті ғылыми зерттеу жұмыстарына кірісіп кететін бұл кеде. Енді бүкіл денесін ауыр бір қорғасырн көрпе басып жатқандай. Басын жастыққа қайта қойды. Онда да дамыл таба алмаған соң, ішкі күйініші күшейе берген соң екі қолымен жастықты қапсыра қыса ұстап жоғары қарай көтерді де, басын оның астына тықты. Осылайша біраз уақыт жатты. Біраз нәрселерді көз алдына елестетті. Тағы да сол Гүлжан. Көбіне оның сол жұлдызаралық кеме ішінде болған кедегі өзіне жарасымды қылықтары көз алдына келеді, айтқан сөздері құлақ түбіне ап анық жетіп жатқандай болады. Ондай кезде Мерген сәл тынышталып, өзінен өзі жымиып, рахат сезімді басынан кешкендей күйге көшеді. Бірақ артынша бүкіл ішкі дүниесі у ішкендей ашып жөнеледі. Егер осындай сәтінде жанында Гүлжан болса, бар қатесін мойындап, сырын айтып, шерін тарқатар еді.
Мерген енді сәлден соң басын басып жатқан жастықты қос қолдап көтеріп алды да, төсегінің оң жакғына қарай тастай салды. Содан соң етбеттей жатқан бойда бір сәтке кідіріп, екі қолын төсекке тірей бүкіл денесін көтерді. Түрегеп отырды. Күнде ерте тұрып жүргендікі ме, ұзақ жатқандай сезінді өзін. Ұзақ ұйқыдан кейін көңіл күйі де одан сайын құлази берген. Ерте тұрып жүргенде ауыр ойлары мен небір реніштері бақалмай кетеді екен. Балконға шығып жұтқан ауа да бойын сергітіп, қуат беріп, көңілін кәдімгідей көтеретін. Ерте тұрғанда көп іс те бітетін. Ал мұндай көп жатып қалған күндері не көңіл күйі көтерілмейді, не жұмысы бітпейді. Бүгінгі күн де сондай күн болмақ. Мерген денесіне түскен ауырлықтай болған күйін жеңіп аяғына тұрды. Содан соң жайымен үйреншікті жаттығуларын жасады, жуынып шайынатын бөлмеге кіріп шықты. Асханадағы автоматты аспаз жүйелеріне өзі қалайтын такғамды пісіруді тапсырды. Күн жексенбі болғандықтан абыр сабыр адам да жоқ төңіректе. Онсыз да адам сирек жүретін ауыл іші бүгін тіпті де иесіз қалғандай. Ауыл тірішілігк таңалагеуімнен басталады. Қорадағы малдарды қарайды, сүт сауады, малды өріске шығарып салады, сауған сүттерін ауладағы ошаққа пісіреді, самаурынға шай қояды. Мерген ерте түрған күндерінде сондай тірішілікті көріп, көңілденіп, өзі де ісіне кірісіп кететін. Ауыл тірішілігінің құдіреті де сонда еді.
Ал бүгінгі өмірі мүлдем басқа. Асханада тамақ пісіп, шақыру дабылы берілгенше Мерген балконға шығып, күншығыс жаққа қарап тұрды. Күн көкжиектен әлдеқашан шығып, аспанға қарай таяқ бойы көтеріліп кеткен екен. Барлық іс те әлдеқашан басталған. Мерген ғана сол тірішілік әрекеінен тыс қалғандай. Мұндай оңашалық, мұндай көңілсіз сәт болар ма. "Неге мұнша ұзақ жаттым төсекте. Қаншама көріністі көре алмай қалдым. Не болып барамын мен осы. Жұлдызаралық сапарда менен сергек адам болмаушы еді. Мына дайын нәрсе, жеткілікті дүние мені босаңссытты ма? Менің армандарым әлі біткен жоқ еді ғой" деп күбірлей сөйледі. Көктегі Күн де бұл ұйқышылдығын ұнатпағандай бет жүзін қыздырып барады. Мерген ғажайып гүлді есіне алды. Ол болса да жоқ. Өткенде ол оралғанда Гүлжанның өзі оралғандай күй кешкен еді. Бойында үміт пен жігер де пайда бола бастаған. Енді одан да біржолата айырылғандай. "Бір құрыса, бәрі де құриды, - деді енді ол күрсініп салып, - өмірдің осындай да өкінішті сәттері болады екен ау. Бір бөтен гүл үшін сүйгенімді осыншама ренжітіп аламын деп ешқашан да ойлаған жоқ едім".
Осы кезде асхана жақтан дабыл естілді. Мерген айналаға, алақандағыдай көрінетін ауыл жаққа бір қарады да, демін терең алып, кейін қарай бұрылды. Асхана жақтан табақ аяқтың сылдыры да естілген. Оны сылдырлатып, дастархан әзірлеп жатқан автомат жүйелер. Бәрі дайын. Сол бәрі дайындық кейде адам баласын жалқаулыққа баулып әкетеді екен. Сырт адамға Мерген әйгілі ғарышкер геолог.
Ал табикғатында кәдімгі қарапайым адамдардың бірі ғана. Егер ол автоматты жүйелерді орнатпаса, шетелден келген меймандар әңгіме етпек. Адам баласының мейменнан қысылатын әдеті ежелден бар. Адам үйіндегі небір жақсы нәрсені де сол мейман үшін жинайтындай әрекеттенеді. Кім кім де: "Аананы олай, мынаны былай жасау керек. Әйтпесе, мейманнан ұят болады" деп әбіржіп жатады үйіне қандай да бір мейман келерде. Келген мейман үйдегі заттарға мән бере ме, бермей ме, бәрібір салт дәстүр солай. Бұл бір жағынан жақсы әдет, жақсы дәстүр. Асхзанадағы автоматты жүйелер де сол мақсатта орнатылған еді. Асханаға келгенде бәрі де дайын тұрды. Мерген дабылды естіп келерін келгенімен, тамаққа аса зауқы соқпады. Автомат аспазшылар дастархан үстін жайнатып ақ қойыпты. Бәрі бар. Тек көңіл күйдің жарасы жазылар емес. " Осы өмір бойы жалғыз тұратындар қайтер екен? Олар жалғыздықтан да, мына өмірден де түңілмей ме екен? Не жолдасы, не соңында қалатын ұрпағы жоқ болса? Аадамның ұрпақты болуы оның өмірге қайта жаңарып келгенімен бірдей емес пе? Мүмкін емес. Енді жалғыз өмір сүруім мүмкін емес. Мен қалай дегенде де Гүлжанмен тіл табысуға тиістімін" деп жігерлендірді Мерген өзін өзі.
Осы ішкі серттерінен кейін Мергеннің өмірге деген құштар сезімі де қайта ояна берді. Тек ояну емес, ол уақыт санап арта түскендей де болды. Дастархандағы түрлі дәмді тағамдардан аз аздан дәм татып, ыстық шайдан алды. Сол сәтте тап осы асханада шу жасаған әлгі ғажайып гүл ойына түсе кетті. Оны іздесе, Гүлжанға барудың бір себебіне айналар еді. "Әйтпесе, ол гүлдің қайда болуы мүмкін? Қалай дегенде де, ол гүл Гүлжанның ауылында болар?" деп топшылады өзінше Мерген. Соны ойлаған мезетте көңіл күйі де сәл де болса көтерілді. Сергиін деді. Тағамдардан тағы да аздап аздап алып, шайдан ішіп, тершіген маңдайын кішкене ғана беторамалымен сүртіп, орнынан тұрды. Сол ақ екен, автоматты аспазшылар жүйесі қайтадан жұмысқа кірісті. Ендігісінде Мергеннің жұмысы жоқ. Жаңағы жақсы ой мен батыл жоспар өзін ілгері қарай жетелей түсті. Жылдам басқан бойда өзінің демалыс бөлмесінің терезесі жақтауында тұрған ғажайып гүл болған ыдысқа қадала қарады. Тек гүлдің өзі жоқ. Ол мұнда ешқашан да болмағандай. Мерген енді ғажайып гүлдің қандай жолға түсіп, қай бағытқа қарай кеткенін анықтап білуді алдына үлкен мақсат етіп қойды. Сол ісіне кірісіп те кетті.
Қаладан келген ғалым
Гүл бағында Гүлжан жасаған небір ғылыми тәжірибелер мен өзі күрделі будандастыру арқылы өсіріп шығарған ғажайып нәзік гүлі жөніндегі радиодан айтылған, теледадар экраны арқылы көрсетіліп айтылған, мерзімді басылымдарда суреті басылып жазылған ақпараттар үлкен қалада тұратын, Ботаника институтында ғылыми қызмткер болып қызмет жасайтын, елге танылған жас ғалым Қалиолла Керімбекұлын қатты қызықтырған еді. Ол Гүлжан жөнінде теледидар арналарынан берілген жаңалықтардың бірін де жібермей көретін. Газет бетінде немеспе журнал бетінде ол жайлы мақала жариялана қалса, ішкен асын жерге қоя соны оқитын. Өзінің даңқы да бар. Гүлжан да оның есіміне сырттай қанық. Осы ғылым саласына байланысты қалада өткен небір жиындарды ол Гүлжанның жаңалығы мен басқа да ғылыми еңбектерін аса жоғары бағалайтын. Ол Гүлжанның есінде содан қалған. Жігіт біршама жасқа келіп қалса да әлі үйленбеген. Ғылым жолына қатты түсіп, отбасын құрау уақытын өткізіңкіреп алғандай. Сырт адамдар Гүлжан мен Қалиолланың ғылыми ізденістерін тең санайды. Ал шын мәнінде ол Гүлжаннан көп білемін деп ешқашан да айта алмайды. Жігіт Гүлжан сияқты жұлдызаралық сапарда болып, ғажаайып ғаламшардағы ғажайып гүлдерді зерттеген жоқ. Бірақ солай бола тұрғанмен де оның да ботаника, биология саласынан ашқан жаңалықтары баршылық. Күрделі болмаса да, жай будандастыру арқылы гүлдердің талай талай тұқымын өсірген. Жаңалық ашуға құштар ақ. Сонысына қарамастан Гүлжанның мына жаңалық ашқан даңқы мен ғарышкерлік даңқы оның есімін көлегейлейді. Жас жағынан Гүлжаннан үш жасқа үлкен болғанымен, ғарыштық жаспен санағанда көп кері айырма бар. Соған қарамастан жігіт Гүлжанмен қашан да жүздесіп, тілдесіп, ғылыми тәжірибе алмасуға тәнті.
Ақыр соңында ғалым осы ауылдың маңынан ашылған жаңа гүл зертханасына ғылыми ізденіске ауысуға келісім берген. Бірақ ол әрекеттерінің Гүлжанға ешқандай да қатысы жоқ еді. Гүлжан тіпті, оның ауылға келетінінен де бейхабар. Ал Қалиолланың қызбен жүздесіп, тілдесуге деген ынта ықыласы шексіз. Гүлжан есімін білгелі оның тағдырында да үлкен өзгеріс орын алғандай. Ғылымға, гүл әлеміне деген ынтасы да еселене түскен. Бір кездері ауыл десе, азар да безер болатын ол, енді бар ықыласымен келісімін беріп, қуана қуана келіп отыр. Енді дала өмірі қала өмірінен әлдеқайда қызық көрініп кеткендей. Ауылдың алғашқы ерекшелігі таза ауасымен білінген. Қалада жүріп ыстанып қалған өкпесі де бірден кең тыныс ала қоймағандай. Тынысын қанша терең алып демалса да, өкпесін бірдеме қысып тұрғандай болады. Қалада жүріп денсаулығын қанша дәрежее төмендетіп алғанын да енді ғана сезгендей. Оның үстіне дала табиғаты өзіне жаңа шабыт бергендей. Әншейінде қалада жүргенде шықпайтын өлеңдер енді құйылып ақ келіп жатыр. Сол өзі тұрған қаладағы ғалымдар ақын ретінде де мойындайтын. Бірақ Қалиолла бір де бір өлеңін не газетке, не журналға ұсынып көрген емес. Өлеңдерін ол отырыстарда, достарының арасында болғанда ғана дауыстап жатқа оқып береді.
Ауылға келіп орналасып, ғылыми зерттеу жұмыстарына кіріскеннен кейін арада бір ай мерзім өткенде Қалиолла жанына екі көмекшісін ертіп алып Гүлжанның үлкен гүл бағына келді.Оны әуелі Гүлжанның шәкірт қыздары қарсы алған. Қыздар Қалиолланың ботаника, биология ғылымдары саласында ашқан жаңалықтары мен ауылға келгенінен хабардар тын. Мына баққа кіріп келгенде олар абдырап та қалған. Атақ даңқ дегеннің психологиялық әсері деген де сол. Қыздардың ішінде Қалиолламен бір жүздесіп, тәжірибе алмасуды арман етіп жүргендері де жоқ емес ті. Енді міне, оны бір құдіретті күш айдап алдарына алып келгендей. Қыздар Қалиолла мен екі көмекшісін шүпірлей қоршап алған. Ал Қалиолла болса, жан жағына жиі жиі жалтақтай қарап, әлдекімді іздейді. Жеңісгүл өте бір сезімтал қыз еді. Оның жандүниесі өзінің ұнатқанына қатты ауады. Сырттай ұнатып жүрген адамы көз алдында тұрған кедде кәдімгідей толқып, әдеттегі сөйлегенінен де жаңылған. Махаббат деген құдіретті сезімнің адам жандүниесіне қаншалықты қатты әсер беретінін де енді ғана түсінгендей. Қасындағы қыздар да оның бұл ерекше толқынысын сезіп тұр. Жеңісгүл осы кезде Гүлжанның Мергеннің алдында қалай толқитынын алғаш рет түсінді. Ол Қалиолланы көзінің қиығымен ғана бақылап, берген сұрақтарына қысқа әрі нақты жауап қатты.
- Қалиолла аға, Гүлжан әпке бақ ішінде жүр, - деді Қалиолла ол жайлы сұрағанда Жеңісгүл.
- Оны өзім де байқап тұрмын. Бізбен әңгімелесуге уақыты болар ма екен? - деді ғалым сәл ғана толқи сөйлеп.
- Гүлжан әпке уақыты қалай болса да ешкімді сөйлеспей қайтарған емес.
- Cолай шығар, - деп Қалиолла қызға қарап сәл жымиып қойды.
- Қыздар, біреуің Гүлжан әпкеге барып келіңдерші...
Жеңісгүлдің бұл сөзіне қыздар елең етті.
- Мен ақ шақырып келейін, - деді Сәуле
- Жарайды. - Жеңісгүл Қалиолланың жүзіне бір қарап алды. - Ал сіздер Гүлжан әпке келгенше мына жұмсақ орындықтарға жайғаса тұрыңыздар
- Рахмет, - деп, Қалиолла жанындағы Қасымбек, Асылбек есімді жігітерге иек қақты.
Ол екеуі бас изеп, Қалиолламен бірге қыздардың соңынан жүрді. Жұмсақ орындықтар бар демалыс орнының сырт пошымы қазақтың алты қанат киіз үйін көзге елестетеді. Төбесі де тап шаңырақтың өзі сияқты етіп жасалған. Айнала тор көз кереге сияқты қоршау қабырға. Ол торлардан салқын самал есіп тұрады. Демалыс орнының төңірегі айнала нешетүрлі гүлмен көмкерілген. Олардан шыққан жұпар иіс мұрынды қытықтайды. Қалиолла ол иіске тоймағандай тынысын терең алады. Қыздар әдептілік сақтап жұмсақ орындықтардың шеткерктеріне жайғасқан. Жеңісгүл Гүлжан келгенше жігіттердің іші пыспасын деп гүлдер жайлы, бақтың құрылымы мен алып жатқан аумағы, бөлімдері жайлы айтып отырды. Алғашында тек қана Гүлжанмен бір жүздесіп, тілдесуді мақсат етіп келген Қалиолла енді Жеңісгүлдің пысық әрекеті мен сөздеріне назарын аудара бастады. Басқаларына қарағанда бұл өзін қанық білетін де сияқты. Бәрақ жігіт ол жағына назар аударған жоқ. Әзірге есіл дерті Гүлжанда еді. Сол келетін жаққа қарйлай берген. Бұл кезде Гүлжан да жақындап қалған ды. Оның өз бейнесін алғаш көргенде Қалиолланың жас жүрегі тыз ете түсті. Бірақ жігіт болған соң сыр бермеуге тырысып, сәл ғана жымиып, оған қарай жүре берді. Гүлжан да онысын сезген. Оның қаладан осы ауылдың маңындағы ғылыми зерттеу бағына келіп орналасқанын, онда жұмыс жасап жатқанын ақпарат құралдары арқылы естіп көрген.
- Сәлеметсіз бе, Гүлжан! - деп, Қалиолла оған оң қолын созды.
- Сәлеметсіз. - Гүлжан да оған қолын созған.
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе? -
деп, жанындакғы екі көмекшісі де Гүлжанға қол берген. Қыздар төртеуін айнала қоршай тұрып қалған. Гүлжан елден де, шет елден де талай меймандарды қарсы алып, күтіп жүргендіктен еш толқыған жоқ. Жеңісгүлге қарап иек қақты. Ол мән жайды іштей түсіне қойды. Гүлжан енді үш жігітке жұмсақ орындықтарға жайғасуларын ұсынды. Қыздар бақ ішіндегі келген меймандарға жеңіл тағам дайындайтын автожүйе бар шағын үйге қарай кетті.
- Сіздің есіміңіз бізге көптен бері жақсы мәлім! - деді Қалиолла өзінің арнайы келіп отырғанын білдіргісі келгендей, - ақпарат көздері арқылы сыртыңыздан жақсы білеміз. Енді міне, құдай қолдап, көрші де болдық. Ауылға келемін деп ойламаған да едім...
- Сонда сізге ауылдан гөрі қала ұнай ма? - деді Гүлжан сәл ғана жымиып.
- Жоқ, - деді Қалиолла әңіменің басын дұрыс бастамадым ба дегендей, - өзім де ауылдың түлегімін. Тек қаланың қарбалас тірішілігіне үйреніп алған соң ауыл тып тыныш көрінеді екен.
- Ондай болады. Бірақ ауылға не жетсін!
- Бұл ойыңызға келісемін. Ауылға келгелі көкірек сарайым да ашылды. Тынысым кеңейді. Әл кірді. Жұмысқа деген қабілетім де күшейді.
- Істің бәрі алда, - деді Гүлжан ортадағы дастарханға айналған үстел үстіне кофе қойып жатқан көмекші қыздарына бір қарап алып, - бірақ қорқатын ештеме де жоқ. Мұнда барлық жағдай жасалған. Уақытыңыз жеңіл көліктері тығыз жолға кетпейді. Қысқасы, қалада кездесіп жататын көлденең көкейкесті мәселелер мұнда жоқ.
- Мұныңызға да келісемін, - деді Қалиолла қасындакғы Қасымбек пен Асылбекке қарап қойып, - енді ғылыми зерттеу жұмысына шындап кірісетін уақытымыз да келді. Мына екі жігітімнің де болашағы бар ғалымдар. Екеуі де өсімдік тірішілігін зерттеуден еш жалықпайды.
- Ол жақсы қасиет. Ізденістен жалыққан адам ғалым бола ала ма? - деп жігіттерге қыздар әкелген тағамдар мен кофеден алып отыруды білдірді.
Олар дәмнен алып, кофеден дәм татты. Қыздар да айнала орындықтарда отыр. Үп үлкен болып жайылған үстел дастарханның төңірегінее мұнан да көп адам сыяр еді. Дастарханның кеңдігі, үстіндегі такғам түрлерінің көптігі мен айналадакғы ғажайып көрініс келген жігітердің көңіл күйлерін көтере түсті. Қалиолла ғылымға әбден беріліп алғандықтан да осы кезге дейін бір қызға жүрек сезімін білдіретін сөз айтқан жігіт емес. Сол тәжірибесіздігі қазір де білінп отыр. Ол қыздар туралы, махаббат сезімі туралы ойлағаннан гөрі өзіне ұнайтын іске бейім тұрады. Өсімдік әлемі, гүл тұқымдастар туралы әңгіме қозғала қалса, бар дүниені ұмытып, ол әңгімені тәуілік бойына отырып таңдауға да, олар жайлы айта беруге де әзір. Бірақ дәл қазір өзі арнайы іздеп келіп отырған есімді қыздың алдында ондай әңгіме қозғаудың жөні жоқ ты. Сондықтан да аз сөйлеп, көп тыңдап отыр. Бұл кездесудің нәтижесі екеуіне де сын. Гүлжан жігіттің білмін барласа, жігіт қыздың атақ даңқына лайықтылығы жағын іздейді. Әзірге екеуінің арасында ешқандай да жүрек сезімі оянған жоқ. Әңгіменің бәрі де ғылымнан басталып, ғылымға жалғасқан. Бәрі де өсімдік әлемі жөнінде.
Біршама әңгімелесіп, ара арасында тағам мен кофеден алған Қалиолла енді Гүлжанға ол өсірген ғажайып нәзік гүлін көргісі келетінін білдірді. Мұндай ұсынысты Гүлжанның өзі де қалайды. Кім өзінің ашқан жаңалығы жөнінде айтқысы, жасаған жаңа затын көрсеткісі келмейді. Тағы біршама әңгімеден кейін Гүлжан, Жеңісгүл, Қалиолла, Қасымбек пен Асылбек бақ ішін аралап көруге көшті. Қалған қыздар тағамдар мен дастарханды жинастырып, әлгі автоматты аспаз жүйе бар шағын бөлмеге апарып, өзді өзді жұмыстарына кірісіп кетті. Оларға енді келген меймандармен уақыт бөлісудің қажеті жоқ еді. Қай қайсысының да осы күнге алдын ала жоспарлаған жұмысы бар. Сонымен айналысады. Ал Гүлжан бастаған топ кең жолмен жүріп келеді. Гүлжан келген меймандарды бір бірінен дәрежесіне, атақ даңқы мен өзіне алыс жақындығына қарап бөлген емес. Жолдың екі жағындағы шаршыларда қалың өсіп, жайнап тұрған гүлдердің аттарын, ұрықтарының қайдан алынғаны мен қашан және қалай өсірілгені жөнінде Гүлжан жанындағыларға айтып түсіндіріп келеді.
Ең басты, ең ғажайыбына келгенде, Қалиолла оған бейнебір тағзым еткендей қасына барып тізерлей отыра кетті. Гүлжанның өз қолымен өсірген гүлінің мұншалықты ғажайып екенін алғаш көруі еді. Осы кезге дейін мұны тек теледидар экранынан тамашалаған. Енді міне, соның нағыз табиғи болмысы. Теледидар экраны қанша анық болса да, өзін көргендей болмайды екен. Сол теле
крандардан көргенімен салыстырғанда табиғи түсінде де, құрылымында да көп өзгерістер бар екен. Ал гүлдің қылығы тіпті де қызық. Ол кәдімгі ұяң қыздай сәл ғана иіліп, сәл ғана теңселіп түр.
- Гүлімнің келген меймандардан осылайша сәл импенетіні бар,- деп жымиды Гүлжан Қалиолла мен жанындағы екі жігітке қарап, - онысына назар аудармай ақ қойыңыздар. Сәлден соң өз қалпына түседі.
- Бұл гүл өзі бәрін де сезіп біліп тұр ау, - деп қойды Қалиолла.
- Мұндай сезім барлық гүлге тән ғой, - деп Асылбпек оған жауап қосты.
- Жер бетіндегі тірішілік иелерінің саналысы адам болса, бұл гүл гүл атаулының саналысы екен! - деді Қасымбек.
- Екеуіңнің де пікірің дұрыс! - деп Қалиолла екі шәкіртіне кезек кезек қарап алды.
- Гүлім, осы қылымсығаның жетер. Кәне, менің алақандарыма жата қойшы! - деп, Гүлжан гүлінің жанына тізерлей отыра кетіп, оң қолының алақанын оның оң тұсынан жақындатты.
Осы кезде келен меймандар бұрын соңды көрмеген құбылыс болды. Гүл бойын тікейтіп барып солға қарай сабағымен шыр айналып, топырақтан босады да, Гүлжанның аялы алақанына құлай кетті. Гүлжан оны екі алақанымен бірдей кішкене бала көтергендей еппен ғана көтеріп алып, кеудесіне басты. Сөйтті де, қарсы алдында таңырқап тұрған Қалиоллаға қарап:
- Осы гүлді бір көру үшін келдіңіз ғой. Міне, ұстап көрсеңіз де болады, - деді.
- Рахмет!
Қалиолла өзі көптен бері армандаған гүлді алғаш рет қолына алды. Гүл шын мәнінде де тірі, қозғалғыш еді. Осы кезге дейін үй мысығының талай баласын алақанында аунатып ойнатқан. Құс асыраумен де айналысқан. Солардың бәрі де алақанға алғанда тыпырлап, жыбырлап тыныш қалмайтын. Мынау да тап сол мысықтың баласы мен құстың балапаны сияқты екен. Сәлден соң бір қозғалып, бір аунап барып қауызын аша түскен гүлдің кішкене ғана домалақ басы мен қарайған екі көзін де көрді. Гүл енді бірде сол кішкене басын олай да, былай да бұрып, қарақаттай екі көзін Қалиоллаға қадайды. Бұл кезде қалған екі жігіт те оған төне қараған. Қалиолла сәлден соң мұндай ғажайып сирек гүлді қолдан қолға тасымалдай беруге болмайтырнын іштей түсініп, әрі оның мәдениетке де қайшы екенін ішінен біліп:
- Қалай, жігіттер? Ғажайып қой бұл гүл? - деді.
- Айтары жоқ! - деді екі шәкірті хормен жауап қатып.
- Жақсылап көрсеңдер, мұны мен иесіне қайтарайын. Гүлдің өзі де шаршайын дегендей ау.
- Бұрын соңды ұстап көрмеген гүл осылай әсер етеді, - деді сол кезде Гүлжан.
Қалиолла тағы да терең алғысын білдіріп, гүлді Гүлжанның қолына ұстатты. Гүлжан гүлін тағы да кеудесіне басты. Қалиолланың сезімталдығы мен мәдениеттілігіне іштей риза болды. Содан Гүлжан келген ғалыммен алғашқыдан ашықтау сөйлескен. Өзінің адам бойынан ұнататын қасиеті де осындай қасиет еді. Осы кезге дейін Мергенге бауыр басып, жүрегі соған бұрылып келсе де, енді жандүниесіне бетбұрыс жасағысы да келгендей. " Махаббат деген адам бойында уақытша ғана болатын ыстық сезім емес пе, - деді ол ішінен, - оның да суитын мезгілі болады. Оны мезгіл мезгіл үрлеп қыздырып тұрмаса, ол қатқан мұзбен бірдей". Қалиолла да көптен бері қолы жетпей жүрген арманына қол жеткізгеніне іштей қуанышты. Гүлжанның жылы сөздерінен кейін ерекше көңілденіп те кеткен. Бар білімін салып, бақтағы гүлдердің орындары мен өсу процестерін терең түсініп алуға тырысады. Мұқият бақылайды. Өзі де енді орналасқан гүл бағында ғажайып гүл өсірумене шындап айналыспақ. Ол арманының демеушілері көрінгендей болып тұрған екі шәкіртіне жиі жиі көз салады. Олар да сол ойын іштерінен оқып тұрғандай көңілді. Келген үш жігітті гүлдермен қатар соншама алыс жұлдызаралық сапардан сол баяғы жап жас қалпында оралған Гүлжанның ерлік істері де қайран етеді. Гүлжан ешқашан реңін бермейтін, мәңгілік жас болып көрініп тұратын аңыздағы періштедей көрініп те кетті келгендерге. Оны ешкім де Жер шарында өткен талай ғасырларды өткерген деп те ойламайды. Кеңістікте аса қатты жылдамдықпен ұшіп кетіп бара жатқан кеме ішіндегі баяу өтетін өздік уақыт дейтін уақыттың құдіретінен еді бұл ғұмырлылық. Тек оған жұлдызаралық сапарда болған адамның ғана қолы жете алмақ. Сондықтан да Гүлжан Қалиолла үшін адам пенденің қолы жетпес биікте тұрған ғажайып гүлдің өзіндей де болып кеткен еді енді.
- Гүл өсірудегі вегетативтік әдістің биік шыңы да осы болар ау! - деді Гүлжан әлден соң айналаға мейірлене көз жіберіп тұрып, - ғажап ақ! Мұндай гүл тек елімізде ғана емес, бүкіл Жер шары халықтарының қолдарында да болуы тиісті!
- Солай болар, - деп Гүлан тағы да жымиып қойды. - тек маған мұндағы гүлдердің бәрі де үйреншікті. Әлі жетілдіре түсетін нәрселер де аз емес!
- Оныңыз, рас, - деп Қалиола қайтуға ыңғай берді, - ғылым мен өнердегі жетістік ешқашан да шегіне жеткен емес! Адам өзі жасаған ұлы ісіне ешқашан да қанағаттанбайды. Жасаған ісінен қашан да бір кемшілік таабады. Менің де көкейімде жүрген әттегенайларым көп ақ. Тек ғұмыр шіркін, қысқа! Сондықтан да ұлы іс тындыру үшін уақытпен санасуға тура келеді. Уақыт дегенің тынымсыз жылжып бара жатқан конвейер іспетті емес пе? Оны тоқтату еш мүмкін емес, Онымен санасуға ғана мүмкіндік бар. Өмір шындығы осы. Жарайды, Гүлжан, бізді жылы қабылдап, уақыт бөліп, көп нәрсені түсіндіргеніңізге көп рахмет!
- Рахмет дейтін ештеме жоқ, - деді Гүлжан, - гүл бағымды көрдіңіздер. Бір ауылдамыз. Көршіміз. Келіп тұрыңыздар..
- Ниетіңізге рахмет, Гүлжан. Әлі талай келерміз. Сізден үйренетініміз де көп шығар.ү
- Жо жоқ, - деді Гүлжан толқып, - ол не дегеніміз. Тәжірибе алмасу екі жаққа бірдей. Мен ғарышкер ботаник, биологпын. Жұлдызаралық сапарда болып, бәлкім, ғылымнан қарайып та қалған шығармын. Ал сіздер көптен бері осындасыздар. Маған да баға беріп, кей кемшілігімді айтатын ғалымдар бар. Ауылда бастаған ісіңіз сәтті әрі жемісті болсын! Уақыттарыңызды ала бермейін. Ал, аман сау болып тұрыңыздар, келесі кездескенше!
- Сау болып тұрыңыдар! - деп, Қалиолла Гүлжанға қадала бір қарады.
Содан соң үш жігіт жүріп тұруға арнайы жасалған жолға түсіп, бақтың сыртқа шығар жердегі үлкен қақпасына қарай бет алды. Гүлжан жанындағыц шәкірт қыздарымен бірге оларға ұзақ қарап тұрды. Содан кейін қарай бұрылған кезде жанындағы шәкірті әрі көмекші қызы Жеңісгүлдің көңілінің жәбіркеу тартып тұрғанын байқады. Бірақ одан оның себебін сұрамады. Қазіргі сәтте оны сұраудың реті де жоқ ты. Уақыт та біршама болып қалған. Жасайтын істер әлі көп. Қайтадан жұмыс орнына келді. Қыздар анау мынау артық қоқыстарды жинайтын шағын темір тұлға техниканы іске қосқан. Өздері жұмыстарын жалғастыра берген. Қалиолланың жағағы ұстамдылығы, мәдениетті сөздері мен тағы басқадай Гүлжанның жандүниесіне жылылық ұялатыпты. "Мерген түсінбесе қайтемін. Бұл да осал жігіт емес. Көрініп тұр. Мергеннің жолын қашанғы тосамын. Егер сөзіміз бен ниетіміз бұдан әрі де жарасып жатса, несі бар, келіісім беремін де. Бұл жігіт гүл біткеннің жандүниесін менен кем сезініп тұрған жоқ. Мерген де осы уақытқа дейін сол Сәрсенгүлмен тіл табысқан болар" деп ойлады ішінен Гүлжан.
Бірақ неге екені белгісіз, осы ойдың артынша көңіл күйі күрт төмендеп те кетті. Іші қығандай да бір күйді сезінген. Онысын айналадағы қыздарына білдірген жоқ. Жұмыстарын тездетіп аяқтап, Гүлімін қолына алып, үйіне қайтуға дайындалды.
Ауылдағы жиын
Мерген соңғы кездері өзін қоярға жер таппайтындай күйде жүрді. Бітпейтін күндегі тірлік, қайталанатын зерттеу, жалғыздық әбден жалықтырған. Бұл кезге дейін қайта геологиялық барлауға жиі жиі шығып кетіп, сонымен ештемені білмей жүрген екен. Кейінгі кездері ондай зерттеуді де саябырсытқан. Бұрын: "Ғылым саласында жетістікке жетсем болды. Маған отбасын құудың еш қажеті жоқ. Жалғыз да ғұмыр кеше аламын" дейтін. Енді ол ойларының мүлдем қате екенін өмірдегі тағдырының өзі ақ дәлелдеп беріп отыр. Өзімен бірге жұлдызаралық сапарда болған достарының бәрі де бүгінде тек отбасының иесі ғана емес, парзенттердің әкесі мен шешесі де болып үлгерген. Мұнда махаббат сезімінің соңғы нүктесін қоя алмай жүрген Гүлжан екеуі. Енді сол Гүлжан да естуіне қарағанда өзінен күдерін үзіп, қаладан келген бір жас ғалымға мойын бұра бастаған сияқты. Соны естігенде Гүлжанды әлдекімнен әншейінде сырттай қызғанып жүретін Мерген енді бұл кең дүниеге тіпті де сыймады. Себебі де сол еді.
Сөйтіп, оайлана толғана келе бір амалын тапқандай да болды. Онысы сол жұлдызаралық сапарда бірге болған достарының басын бір қосу еді. Өзі де бір бірлерін көрмегелі біраз уақыт өткен. Отбасын құрған соң оның көкейкесті мәселелері де көбейе бермек. Соңғы кездері сол сапарлас достарының тым тырыс қалғаны Мергенге аз батқан жоқ. Оның түрлі себептерінің болып жататынын өзі отбасын құрмаған соң қайдан түсінсін. Сұр бойдақ болған соң Мергенге бәрі де сол кездегідей болып көрінеді де тұрады. Отбасын құрған соң жігіт те, қыз да басқаларды былай қойғанда, өз әке шешелеріне де уақтылы қарайлай алмай кетеді. Өйткені, ұлдың әкесі мен анасы, перзенттері, қыздың ата енесі мен перзенттері болады. Отбасында кейде бір бірін түсінбеушілік сәттері де болып жатады. Бұл адам қоғамының жазылмаған заңы. Оған ешбір пенденің билігі жүрмейді. Бірақ Мергеннің достарының әке шешелері әлдеқашаннан жоқ. Олардың бәрі де өздері жұлдызаралық сапарда жүргенде ақ дүниеден озған. Бүгінде тек Айтқали мен Маржаннан басқалардың ата енелері бар.
Осының бәрін жақсы түсінетін Мерген олардың ешқайсысын да күналай алмайды. Тек отбасы ма, оларда күнделкті тірішілік әрекеті, біреулермен кездесу, кездесуге бару, меймандыққа бару мен мейман шақыру және басқа да істер жеткілікті. Оның мысалын жалғыздықтағы өз басынан да келтіре алады. Егер осы үйде өзі де отбасын құраған болса, келім кетім меймандарды қалай атқарар еді. Уақытты қалай таппақ, оны қалай реттемек. Осы жағын ойлаған кезде достарына: "Неге хабарласпай кеттің? Мені ұмытайын дедің бе?" деп те айта алмайды. Соның бәрін ойлаған кезде Мергеннің көңілі сәл де болса орныққандай болады. Гүлжанның бейтаныс жігітпен танысқанын естіп біліп, қатты толқыса да, енді саябырсыған. Гүлжанға сеніммен қарауға тырысқан. Гүлжанның өзіне деген махаббат сезімін мейлінше ақ, мейлінше пәк деп санайды қашан да.
Сөйтіп, өз өзін жігерлендіріп, бүгін үлкен бір іске кіріскен. Ол әлгі достарының басын қосу. Оны әуелі өзімен көп араласқан Айтқалидан бастады. Бейнетелефон соқты. Ол да өзін қатты сағынып ақ қалыпты. Қуана сөйлеп жөнелген:
- Не жаңалығың бар, Мерген? - деді ол амандықтан соң іле шала.
- Не жаңалық болсын, ештеме де жоқ. Бәрі бұрынғыша. Перзенттеріңнің бауы берік болсын!
- Айтсын. Рахмет, - деді Айтқали.
- Маржанның жағдайы қалай? Атын кім қойдыңдар?
- Маржанның жағдайы жақсы. перзентіміздің есімін Жұлдызбек деп атадық.
- Дәл атапсыңдар. Бұл өзі бәрімізге етене жақын сезілетін есім ғой!
- Әлбетте. Бәрін де дұрыстап ойластыртдық қой!
- Сәлеметсің бе, Мерген? - деп бейнетелефон экранына шықты Маржан, - халің қалай?
- Жақсы. Бойдақта не хал болушы еді. Бәрі бар. Енді..
- Иә, ендігісін ұзатпа. Айтпақшы, Гүлжаннан не хабарың бар? Хабарласа алмағаныма біраз болды, - деді Маржан ежелгі батылдығына салып.
- Әзірге хабарым жоқ. Өзі хабарласқан жоқ па еді?
- Жоқ. Жұмыстары көбейіп жатқан болар.
- Солай да шығар. Оны түсінемін ғой. Гүлжанға өзім де біраздан бері хабарласа алмадым.
- Ол ауылға жақында астанадан бір жас ғалым келіпті. Гүлжанға жиі барыпм тұратын көрінеді. Бір пысық жігіт ау деймін өзі?
- Білмедім, ол жағын. - деді Мерген одан хабардар болса да селқос сөйлеп.
Сол кезде "Мұның не?" дегендей Айтқали Маржанды бейнетелефон экранынан бір шетке қарай ысырды да Мергенге.
- Маржанның сөзіне көңіл бөле берме. Мұнің сөзіне әлденені қосыңқырап, жігіт намысын ширататындай етіп сайрайтынын жақсы білесің ғой. Ал ғылымда не жаңалығың бар?
- Не жаңалық болсын, соңғы кездері геологиялық барлауларға шығуды да азайттым.
-
- Неге? - деді Айтқали.
- Шынымды айтсам, ештемеге зауқым жоқ.
- Оны түсінемін, Мерген. Дегенмен де, сен бұрын мұндай емес едің ғой. Не болған саған соңғы кездері?
Гүлжан екеуің де жараса алмай ақ қойдыңдар.
- Сол бір гүл үшін ғой, - деп Мерген жас балаша томсырая қалды.
- Ондай ондай нәрселерге көңіл бөле берсеңдер, қалай жұп боласыңдар. Сен жігітсің ғой. Кешірімді бірінші сұрауың керек.
- Мен бәрін де кешіргенмін. Ол мені кешірмей жүр. Менің айтқан сөздерім мен жасаған істерімнің бәрі де оған жалған сияқтанып көрінеді де тұрады.
- Бірдемеден күдік алып қалған ғой. Оқасы жоқ. Бұл өмірде бәрі де болады. Бәрі де орнына келеді. Тек енді кешігуге болмайды. Түсінесің ғой оны. Уақыт деген...
- Түсінемін мен бәрін де, Айтқали, - деді Мерген терең күрсініп, - бәрәінен де бұрын мен сендерді сағындым. Көргім келеді өз шаңырағымда. Бейнетелефон қоңырауын соғу себебім де сол. Осы алдағы жексенбіде үйімде бәріміз бас қоссақ. Өзіңе бірінші хабарласып отырмын. Қалғандарға да бейнетелефон қоңырауын соғамын, айтамын.
- Бұл ниетің жақсы ақ екен. Әйтпесе, күнделікті күйкі тірішілігімізден шыға алмай бір бірімізбен араласудан да қалып барамыз. Әр нәрсенің өз орны бар. Өзіңді де көптен бері үйге шақыра алмадық. Оған да ұятты болып жүрміз.
- Ұятты болытын ештеме де жоқ. Мен әлі бойдақпын. Жалғызбын. Үйленген соң бара жатармын.
- Иә, отбасын құрғаның дұрыс. Ал, онда жақсы, Мерген, мен бір шұғыл жұмыстарыммен кетіп барамын. Мына Маржан мұндай араласымды қашан да аңсап жүреді. Сондықтан бізден келісім сұрамасаң да болады. Амандық болса, сол жексенбіде бас қосармыз.
- Жақсы, онда, Мерген, келістік. Жексенбі күні сағат түскі он үшке келе беріңдер. Күтемін, - деп Мерген әжептеуір көңілденіп қалды.
- Басқаларға мен де айтармын. Ауылымыздың арасы аса қашық та емес қой. Жеңіл көлік, шағын әуе көлігі бәрімізде де бар. Амандық, саулық болсын. Кездескенше, күн жақсы!
- Жақсы, - деп Мерген бейнетелефорнның келесі бір түймесін басты.
Артынша бейнетелефонның автомтты жүйелері қажетті деген келесі нөмірлерді теріп, қоңырау дыбысын жіберді. Мерген аз ғана уақыттың ішінде барлық сапарластарымен бейнеэкранда жүздесті. Бәрі де Мергненді сағынып ақ қалыпты. Мерген достарының жұбайларымен де қысқа қысқа тілдесті. Жеңіс те. Мейірбек пен Жұматай да үйленгеннен кейін толып, қызылшырайланып кетіпті. Қызметірнде бастық дәрежесіне көтерілген кейбіреуәі сәл салмақтанып, мақтанып та сөйлейтін болыпты. Мерген оның ешқайсысына да мән берген жоқ. Негігі мәселесін айтты да қойды. Қалған мәселелер кездескен кезде асықпай айтылмақ. Одан кейін Мерген Гүлжанның үйіне ойысқан. Бірақ Гүлжан үйінде де, гүл бағының ішінде де болмай шықты. Шәкірт қыздарының айтуынша, ол бір шұғыл жұмыспен аудан орталығына кеткен. Мерген сонда да ол қыздарға мән жайды толығымен түсіндірді...
Күткен күн де келген. Мерген көмекші жігіттерін шақырып, автомат аспазшы жүйелерінен өзге анау мынау жұмыстарына қолғабыс тигізулерін өтінген. Үлкен бөлмеге кең дастархан жайылды. Асхана мен екіараға жиналмалы шағын теміржол тартылды. Оның бойымен піскен тамақтар мен тағамдарды, аяқ табақтарды таситын арбалар жүрмек. Ол арбаларды кішкене биороботтар басқарады. Сонда меймандар келгенде Мерген ештемеге алаң болмайды. Биороботтарды Мерген жақында ғана сатып алған. Оларға енді өз орнында отырып ақ тапсырыс берсе болғаны. Ол титтей ғана панельдегі түймелерді басу арқылы жүзеге асады. Соның бәрін жасап болғанша меймандар да келіп жеткен. Көмекші жігіттері қажетті деген іске көмектескеннен кейін Мергеннің рұқсатымен өз жөндеріне кетті. Жұп жұп болып келген достарымен тағы бір қауышып, қатты қуанған Мерген қалбалақтап та кетті. Оның бұл толқынысына алаң болған Айтқали:
- Сықырлаған биороботар мен автомат жүйелерді қоса бергенше, мына жұбайларымыз бар емес пе? Дастархан билігін соларға бер! - деп қойды.
Мергеннің іштей күткені де сол еді. Алғашында қанша дегенмен де етене таныс болмаған соң оларды асханаға араластыруды жөн деп санамаған. Айтқалидың жаңағы сөзінен кейін жұбайлардың бәрі де қозғала бастаған. Бәрі жақсы басталып еді. Тек өткен бір кездегі мектептегі кездесудегідей Гүлжан келмеді. Оның себебін Мерген түсіне алған жоқ. Бойын бір қызғаныш сезім де билей бастаған. Онысын келген достарына білдірмеуге тырысып ақ бақты. Бірақ қайдан. Көңіл күйін қанша көтеріп, әзіл айтып, жасанды күлсе де, бәрібір көкейінде жатқан ішкі шерін еш тарқата алмады. Айтқали мен Маржан оның махаббат тарихын терең түсінетіндіктен әңгіменің тақырыбын одан аулақтатуға тырысты. Мергеннің бұлайша бас қосуды ұйымдастыруының басты себебінің Гүлжанмен табысу екенін достарынің бәрі де іштей сезген. Ал Мерген бұл жолы да қыз алдында биіктік көрсетіп алғанын кеш түсінді.
Дастархан бай, әңгіме көңілді еді. Соған сай Мергеннің де көңілі күйі шамалыдан соң түзелген. Өзінің жіберіп алған қателіктерін есіне алып, өзін өзі басты. Шамалыдан соң әйелдер жағы бір топ, ерлер жағы бір топ болып әңгімелесуге көшті. Жігіттер жағы осы кезге дейін қылшылдаған кездерінде өткізген уақыттарын, көргендерін тағы бір естеріне түсіріп, бір жасап қалғандай күй кешті. Жұлдызаралық кеме ішінде бастарынан өткен небір қиындықтары естеріне түскенде амалсыз бастарын шайқайды. Осы отырыстағы Мергеннен басқалардың бәрі де отбасылық өмірге үйреніп қалғандықтан, көп жағдайда әңгіменің негізгі бағытын да соған қарай бұрып әкете береді. Кейбіреуі күнделікті жұмыстың, тамақтың, бай болудың жолын да қозғаған. Әлі отбасын құрып көрмеген Мергенге ондай сөздер біртүрлі сияқтанып та естіледі. Өйткені Мерген әлі махаббат бесігінде тербелуге бар. Айтқалидан басқалары өздері үйленген жұбайларын Мергенге толығырақ таныстырып өтті. Мерген олардың бәрінің үйленіу тойларына қатысса да, жұбайлары жайлы қанық емес ті. Олардың қандай мамандықтардың иелері екенін де Мерген осы жолғы дастархан басында білді. Мергеннің топшылауынша, достарының бәрі де сәтті үйленген. Бір бірін сыйлап, бір бірін терең түсініп, тату тәтті ғұмыр кешіп жатқандары да айқын сезіледі. Кейде достарының жұбайлары Мергенге әзіл айтып қояды.
Жұлдызаралық сапар онда болып көрмеген адамға өте қызық әрі тансық. Ғарышкерлер түрлі қиын жағдайларды естеріне алғанда жас келіншектер үрейленіп те қалады. Жұлдызаралық сапар дегеннің тек баяндап беруге ғана қызық екенін де аңғарады. Дастархан басындакғы осындай қызықты да әсерлі әңгімеден кейін ән айту басталды. Ерлер мен әйелдердің қосыла шыққан жарасымды дауыстары кең бөлме ішін кернеді. Одан кейін жігіттер мен қыздар болып Мерген қойған тамаша әуендерге би де биледі. Онан кейін ән айту қайта жалғасты. Бәрі қосыла айтқан қазақ әндері кең бөлменің ашық тұрған үлкен терезесі арқылы бүкіл ауыл мен ауыл аймағындағы тамаша табиғат аясына кең тарап кетіп жаттын. Мерген оның бәрін де арнайы автоматты бейнетаспа жүйесіне түсіркізіп отырды. Кездесудің әсерлілігінде шек жоқ десе де болғандай. Бұл тарихи кедесуді газетке жазып, радиодан, теледидар арналарынан халыққа жеткізуге ниет еткен тілшілер де келіп жеткен еді сол кезде. Олар да Мергеннің рұқсатымен көп көріністер мен айтылған сөздерді құралдары арқылы таспаларына жазып алды. Қыза қыза сол тілшілердің өздері де ән мен күйге, би мен әзіл әңгімелерге араласып кеткен. Олар ғарышкерлердің арасынан шыққан Жұматай әншіге қайран болды. Әдетте, олар ғарышкерлерді тек ғарышкерлер деп қана білетін. Олардың бойларында да осындай ғажайып таланттың болатынын алғаш көргендей әсер алған тілшілер. Соншама ұзақ уақыт жұлдызаралық сапарда болса да қазақтың әні мен күйін, өнері мен салт дәстүрін титтей де жоғалтпаған ғарышкерлер осылай тәнті етті келгендерді. Қазақтың салт дәстүрлерін таза ұстатын, оны аса қастерлеп, қадірлейтін де осы ғарышкерлер болып шықты шын мәнінде.
Бәрі де тамаша. Тек осы тамашаға негігі қозғаушы болған Мергеннің өзінің ғана ішкі ой жоспары орындалмады. Сонда да ол меймандарға аса сыр берген жоқ, Гүлжаннан үмітін үзген жоқ. Көкейіндегі ол кірбіңді кей сәттері сілкіп тастап, жайраңдап, достарымен билеп те жүрді. Ендігі жердегі ең жақын деген санаулы достары келіп отырса, қайтсін. Әркімнің жолдасы бар, отбасы бар. Достарының әңгімелеріңің төркінінің уақыт өте келе Жер жағдайына ауысқанын манадан байқаған Мерген кәдімгідей ақ ойланып қалды. " Бұл уақытша өмірде үйленбей ақ, отбасын құрмай ақ, перзент сүймей ақ жүре аламын" деп ойлайтын Мерген енді достарының отбасылық өмірлеріне қызыға бастаған. Ерлі зайыптылардың өзара айтқан жарасымды әзілдері, топтың әзілі табиғи шығып жатыр. Мерген жалғыздықтың осындай жұп жұп достарынан алыстауына негізгі себеп екенін де осы тұста іштей анық сезді. Әңімелеріне қарағанда, олар отбасы болған соң бір бірімен жиі араласып құраласып жатады. Бір кезде, жұлдызаралық сапарда кеме құрамының басшысы болса да, қанша сыйласа да бойдақ болғандықтан олар араласымдарына шақыра бермейді. Оны түсінген Мернген оларға онысы үшін ренжіген емес. Қайта мән жайды ішінен саралап, ой елегінен өткізіп, одан тиісті қорытынды шығарып отырды. Еске алған жақсы, әрине. Тек сол қызықты шақтың енді қайтып келмейтіні жаман. Мерген оған да көз жеткізген. Жалпы, Мерген осы үлкен жиыында достарының мінез құлықтарының біршама өзгергенін де аңғарды. Адам баласы отбасын құрған соң өзгереді. Оны өмір өзгертеді. Бір кездері құшақ айқастыра қауышып, құшақ айқастыра қоштасатын достарының жандарында бір бір жұбайлары бар. Олардың ендігі ең жақын сарласы да, мұңдасы да солар. Өмірде кездесетін күллі көкейкесті мәселелерді бірге шешеді, бірге әрекет жасайды. Ал жалғызлікті адамға бәрі де жеткілікті болуы мүмкін, бірақ оның жанында өмірлік жанашыр сенімді серігі болмаса, одан өткен ауырлық жоқ.
Бұл бас қосудан Мерген көп нәрсені түсінді. Көп нәрсе өзіне сабақ болды. Достары шамалы әңгіме, әзіл күлкіден кейін қайтадан өзді өзді ауылдарына аттанды. Бәрі жақсы өтті. Бірақ достары жұбайларымен кеткеннен кейін үлкен үй қаңырап бос қалды. Ара тұра келіп кететін көмекші жігіттер де, үйдегі биороботтар мен автомат жүйелер де сүйген жар бола алмайды. Ал перзентті болған Айтқали мен Маржан және басқа достары қандай бақытты енді. Мерген бұдан әрі қарай уақытты босқа өткізе берудің де жөні жоқ екенін түсінді. Өзіне төнетін бірінші қауіп жасының күн санап, ай мен жыл санап ұлғайып бара жатқаны болса, екінші қауіп Гүлжанның өзінен басқа жігітке тұрмысқа шығып кетуі. Қыз да гүл сияқты. Оны кімнің құдіреті жетіп үзіп алса, соның жетегінде кете барады. Тек сол гүлден айырмашылығы пәк сезімі мен таза махаббатында ғана болады. Мергеннің сенетіні де сол махаббат еді. Бірақ шоғын қозғамаған от та сөнібей ме? Махаббаттың отын да мезгіл мезгіл көсеп отырмаса, оны өзге біреудің тұтатып әкетуі ғажап емес. Мерген өзіне келген достарын ауылдарына қарай шығарып салғаннан кейін бірнеше күн бойы ойға шомып жүрді. Содан соң Гүлжанмен қалай дегенде де қайта табысудың жолын қарастыруға кірічсті.
Тілсіз қарсылық
Қалиолла Гүлжанға барып, танысып, әңгімелесіп келгеннен кейін көп өзгерген. Ол енді бұрынғысындай емес, қызға қырындаған жігіт болғандықтан таза киінеді, таза жүреді, өзін қай жерде де мейлінше мәдениетті ұстайды. Мәдениеттілік пен ғалымдық ізденіс оның бойында бұрыннан да болатын. Енді ол қасиеттері қандай да бір күштің құдіретінен күшпейе түскен. Осы кезге дейін қандай қызды кезіктірсе де, сөйлесе келе оның бойынан әйтеуірі бір кемшілік тауып одан қашықтай беретін. Жігіттің де, қыздың да жасы ұлғайған сайын талғамы арта береді. Қалиолланың бойын да сондай бір қасиет билеп алған ды. Қаладағы үйінде қалған әке шешесі де өзіне үйлену керектігін талай рет айтқан. Бірақ адам пенденің жүрек қалауына билік жүрген бе? Осы кезге дейін Қалиолла ешбір қызға көңіл тоқтата алмаған. Содан осы ауылдағы боитаника, биология саласынан жаңа ашылған ғылыми зернттеу орталығына ұсыныс алған. Сонда Қалиолланың есіне ә дегеннен осы Гүлжан түскен еді. Сол арманының бір тепккешегіне шыққан да сияқты. Өткендегі онымен жүздесіп әңгімелескені әлі күнге көз алдынан кетер емес. Қайда жүрсе де, не іспен айналысса да, Гүлжан айтқан сөздер мен кеңестері ойына орала береді. Оның жылы жүзі,риясыз жымиысы, мейлінше қарапайымдылығы жүрегін жаулап алған. Қалиолла ауылға келгелі Гүлжанның Мерген деген сапарласымен достық қатынаста екенін де естіген. Бірақ ол достықтарын махаббат сезіміне қиғысы келмеді. Гүлжанның күні кеше ғана өзін жылы қарсы алуы Мерген екеуінің арасында ештеменің болмағанының да айқын белгісі еді. Соның бәрін іштей саралаған Қалиолланың бойында енді Гүлжанға деген сағыныш сезімі де пайда болған.
Осы күндердің бірінеде Қалиолла өсімдіктер мен гүлдер жөніндегі біршама сұрақтарын дайындап алып, оған бейнетелефон қоңырауын соқты. Гүлжан кедесуге қарсы болған жоқ. Қай кезде де, кім келсе де өз білгенін жасырмай айтып беретінін, қолынан келген көмегін аямайтынын айтқан. Содан Қалиолла таза киініп, қаладағы үйінен алдырған жеңіл көлігіне мінген. Әдетте үнемі қасында жүретін екі көмекшісін де бұл жолы жанына алмаған. Арғы ойы Гүлжанды кешке қарай осы көлікке мінгізіп, ауыл сыртына оңаша алып шығу болатын. Ондағы сылтауы Күн ұясына қонғанша ауыл сыртындағы кең даладан гүлдің түрлерін қарап, олардың қажеттілерін жинап, арнайы ортаға әкелу, сонда өсіру еді. "Менің мұндай ұсынысымды Гүлжан қабыл алуы тиісті" деп ойлады Қалиолла ішінен.
Қалиолла үлкен гүл бақшасының кең қақпасының қарсы алдына ақшаңқай түсті жеңіл көлігімен келіп тоқтағанда, Гүлжан бір топ шәкірт қыздарымен әңгімелесіп тұрған еді. Қалиолла көлігінен ширақ шығып, Гүлжанға, қыздарына жақындап, амандаса қол берді. Гүлжан Қалиолланы мейлінше қарапайым ғалым адамға балаған. Оның бүгінгі жүріс тұрысы, мініп келген жеңіл көлігі ғылымнан гөрі байлыққа бейімдеу екенін байқатқандай болды Гүлжанға. Өзі ғылымға жан тәнімен берілгендіктен Гүлжан адам пенденің мұндай қасиетін ұната бермейтін. Жеңіл көлік ішінен Қалиолланың өзінен өзге ешкім шықпаған соң Гүлжан:
- Қасымбек пен Асылбпек қайда? - деп қалды.
- Олар бүгін ғылыми зерттеу орталығында бір зәру жұмыспен айналысып жатыр.
- Ал біз сіздерді үшеу болып келеді деп күтіп тұр едік.
- Оқасы жоқ, - деді Қалиолла өзін жаңа киімде тік, тәкаппарлау ұстап, - олар жастар ғой!
- Біз ғылымға қашан да жастарды баулуымызж керек. Өзіңіз де ғылымды жастайыңыздан бастаған жоқсыз ба?
- Оныңыз рас, - Қалиола жеңіл көлігіне бір қарап алып.
- Қой, қыздар, неғып тұрмыз? Дастархан жайыңдар мпейманға. Көлігіңізді ішке кіргізесіз бе?
- Мен бүгін сізге қоятын сұрақтарыммен бірге бір жоспар құрып келген едім, - деді Қалиолла ойындағысын бүге алмай, - мына ауыл мағында гүлдердің түрлері көп сияқты. Күн батқанша сол гүлдерден бірге біршама гүлдер жинасақ па деп едім?
- Бұл ұсынысыңызға көп рахмет, - деді Гүлжан айнал төңірегіне көз салып, - мына үлкен бақтың ішінде мен жинамаған, мен өсірмеген гүл бар ма екен? Бұл ауыл, ел түгілі, жер бетіндегі барлық гүлдің үлгісі бар мұнда.
- Ол жағын өткен кедесудегі әңгімеде аса аңғармаппын. Қаладан келген адамның ой жүйесі шаршау болады, - деп жігіт күмілжіп қалды.
- Көлігіңізді ішке кіргізіп қойсаңыз да болады, - Гүлжан тағы да.
- Жоқ. Бұл қала емес, ауыл ғой. Ешкім де тие қоймас. Солай тұра берсін.
- Ол жағын енді өзіңіз біліңіз. Ал ішке жүріңіз. Қыздар дастархандарын әзірлеп те қойған болар ендігі. Сонда барып әңгімелесерміз.
Екеуі қатарласа жүріп, бақ ішіне енді. Шағын тастегіс жолмен келеді. Жігіт алғашқы екпінінен қайтқан соң сәл күмілжіп, көңіл күйі де алғашқыдан бәсеңдеп қалған. Өткендегі таныс жерге жеткенде алдарынан қыздар шығып, тағы да ілтипат көрсетті. Қалиолла ол ілтипатқа мәдениетті түрде бас изеп, көрсетілген жұмсақ орындыққа жайғасты. Қыздар аз ғана уақыттың ішінде дастархан үстін жайнатып қойыпты. Қалиолла енді қанша еркінсиін десе де, өткендегідей сезіне алмады өзін. Жанында жүретін екі жігіттің жоқтығы да байқала бастағандай. Енді кілең қыздардың арасында жалғыз. Гүлжан онысын сезе қойды. Қалиолланың ғылымға байланысты келгенін есепке алған Гүлжан әңгіменің бағытын да солай қарай бұрды.
- Біз барған ғаламшардағы гүл әлемі көз тойғысыз ғажап еді, - деп бастады әңгімесін ол кофеден дәм татып алып, - маған бейнебір өздерінше тірішілік кешіп жатқан саналы адамдар сяқтанып көрінді. Ондағы белсернді қозғалыс пен дыбыстар бізге ерекше бөлек әсер етті. Біз гүл әлемін қызыға араладық. Небір ғажайып көріністердің куәсі болдық. Оңтүстік Америка жерінде кездесетін кейбір ерекше деген өсімдіктер мен гүлдердің қимыл әрекеттері олармен салыстырғанда ештеме де емес екен.
- Иә, иә, - деп Қалиолла кофе құйылған ыдысын дастархан үстіне жай ғана қоя салды, - ол жөнінде қанықпыз. Стереотеледидардан талай көрдік те ғой. Сол ғаламшардағыдай ғажайып гүлді өзіңіз де өсіріп шығардыңыз. Онымен біз өткен жолы таныстыққ та. Осы гүлді қалайә өсіріріп шығардыңыз?
- Бұл жай гүл емес, Гүлім деді Гүлжан көңілі сәл көтеріліп, - бұл менің жалғыз жан көмекшім. Әрине, қыздарымның көңіліне келмесін. Әрбір нірсенің өз орны бар. Қыздарым да жаман емес. Қай қайсысы да білімқұмар, ізденімпаз. Мен оған қашан да қуаныштымын, ризамын, мақтаныштымын. Ал Гүлімнің жөні бөлек дейтінім, ол ылғи да менімен бірге ғой. Тек бір ғана рет мұны осы бақ ішінде түнге қылдырамын деп бір ғажайып оқиғаға тап болғанмын. Ертеңіне келсем, мына гүлімнің жанында тағы бір ғажайып гүл пайда болыпты. Ондай гүлдің бірінің біздің сол жұлдызаралық кемемізбен Жерімізге жеткені де белгісіз емес еді.
- Иә, ол туралы да білемін, - деді Қалиолла, - стереотеледирдан көрдік қой. Қаламызда ол гүл туралы нешеқилы алыпқашпа әңгімелер де тараған болатын кезінде. Оны көргісі келетін адам да аз емес елімізде де, шет елде де. Мен содан айнымайтын екінші гүлді енді сіздің арқаңызда өз көзіммен көріп отырмын. Егер осы ауылға келмегенімде маған мұндай бақыттың кезігуі де екіталай еді. Енді тағдырыма ризамын...
- Содан не болды десеңізші, - деді Гүлжан гүліне бір қарап алып, - мынамен әлгі гүл екеуі екі ғашық сияқтанып бастарын төмен салып тұр. Тек тіл жоқ.
- Сонда ол гүл қайдан келген?
- Оны өзім де біле алмай отырмын.ү
- Ал ол гүлдің қазір қайда екенін білесіз бе?
- Ол өзі менің мына Гүлімнен әлдеқайда пысық, жылдам болып шықты. Бір кезде оның ізін де таппай қалдым.
- Ол өзі стереотеледидардан көргеніміздпей сүйкімді ме?
- Дәл сондай. Тек мына гүлімнен сәл ірілеу, шымырлау.
- Мен сондай гүл Мерген тұратын ауылда да көрініпті деп естіген едім жұрттан.
- Иә, дұрыс айтасыз. Ондай әңгіме тараған. Оданменің де хабарым бар.
- Сонда ол гүл ауылдың қай жерінде, қай мезгілде көрінген?
- Бірде маған Гауһар есімді қыз бейнетелефон соғып, маған еш қатысыыз бір оқиғаны айтты. Оның айтуынша, бір ғажайып гүл мектептегі класта оқушыларға сабақ беріп тұрған Сәрсенгүл есімді мұғлиманы қатты шошытқан. Оны Гауһар менің мына гүлімнен көретінін білдірді. Ал мен бұл гүлді алақанымнан шығарған емеспін.
- Онысы ұят болған екен, - деді Қалиолла сәл басын шайқап, - " Естімеген елде көп" деген де осы екен ау. Бұл оқиғаны білмейді екенмін.
- Иә, Мергеннің ауылындағы мектепте осындай да оқиға болғсан, - деді Гүлжан жеңіл күрсініп, "Кофелерің суыңқырап қалған жоқ па" дегендей қыздарына қарап.
Қыздардың бірі отырған орнынан ширақ түрегеліп, асхана үйіне қарай кетті. Асхана үйі деп аталғаны болмаса, оның іші автоматты жүйелерге толы. Гүл бағының ішінде болған соң солай жасалған. Түс кезінде Гүлжанның өзіне де, шәкірт қыздарына да тамақ дайын тұрады. Мұндағылардың бәрінің де бұл баққа тек тамақ пен кофе ішу үшін емес, жұмыс жасау мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келетіні де түсінікті. Ол жағын Қалиолла да іштей біліп отыр. Осы жолы оның көзі денесі талдырмаш келген, көздері ботаның көздеріндей, шашы бұйра Жеңісгүлге түскен. Өткен жолы да ол ерекше құрнметтеп, өзіне ерекше бөлек назар аударғандай болып еді. Енді жігіт оған назар аудара бастағанн. Бірақ әзіргі іштейгі мақсаты Гүлжанмен түсінісу болатын. Сөйтіп, басты назарын Гүлжанға аударды.
Кофе ішіп, дәмнен шамалы алғаннан кейін бәрі орындарынан түрегеліп, бақ ішін аралуға кірісті. Осы жерде Қалиолла көкейінде жүрген сұрақтарын Гүлжанға айтып, одан нақты жауаптар алды. Гүлжан ол сқрақтарынан өзге мәселелерді де бар жан тәнімен түсіндіріп келеді. Өзінің ғылым саласы жөнінде сұрақ қойған адамды Гүлжан қашан да іш тартады. Бұл жолы да сондай бір сезімге көшкен. Қалиолла көп нәрсеге қанық болды. Ғылыми ізденіс пен тәжірибе жасау жолында өзі жіберіп алған қателіктерін де іштей сезді. Жұлдызаралық сапардан оралған ғарышкер қыздың соншалықты білімді, тәжірибелі екеніне осымен екінші рет көзін анық жеткізді.Тек енді бұл қызды жүрегіне жақындату оңай емес ті. Ол жағына бата алмады. Мана ауылдан шығарда жоспарлаған ойы да енді жай нәрсе болып қалды. Енді осы тап таза күйінде үйіне қайтқаннан басқа шарасы жоқ. Гүлжанның байлық пен тәкаппарлық атаулыға жаны қас екенін де байқады Қалиолла. Мергенмен не үшін жараспай жүргенін де түсіне алмады. Ол енді Гүлжанның жүрек түбіндегі құпия сезім еді.
Жұмыстары біткеннен кейін Қалиолла Гүлжанмен, қасындағы қыздармен қол қысып қоштасып, жеңіл көлігіне жақындады. Ауылды жер болған соң Қалиола мана тіпті, көлігінің өзі шыққан есігін сәл ашық қалдыра салған да еді. Гүжанмен әңгімесін аяқтағанша көлігіне ешбір пенденің жақындамағаны да белгілі. Қалиолла көліктің есігін қаттырақ ашып, ішіне кіруге ыңғайланды. Сол кезде Гүлжан:
- Бұл жолы дала қыдыра алмағаныма ренжімеңіз, Қалиолла, - деді жай ғана, - тағы бірде мына қыздарымызбен бірге топ болып шығармыз.
- Оған еш реніш жоқ. Маған уақытыңызды бөліп, жылы қарсы алып, көп білім бергеніңізге рахмет! - деп, осылай қараған бойда көлігінің ішіндегі жұмсақ орындыққа отыра берген еді.
Кенет ол одан сыртқа қайта атып шықты. Онысын көрген Гүлжан алғашында: "Қалиолла тағы бірдемені сұрамақ па? Әлде бізде бір заты ұмытылып қалып қойды ма екен?" деп ойлап қалған еді. Сол кезде Қалиолла Гүлжанның өзіне жақындауын өтінді. Гүлжан келіп, көліктің руліне қарағанда, оған жыланша оралып алған ғажайып гүлді көрді.
- Міне, осы гүл! Бәрімізді таңдандырып жүрген осы гүл! - деді Гүлжан.
- Бұл қайдан пайда бола қалған!?
- Бұл осылай пайда бола қалады! - деді Гүлжан.
- Тезірек алып тастаңызшы! - деді осы кезде Жеңісгүл шошып.
- Қазір...
Қалиолла гүлден іштей сәл сезіктеніп тұрса да, қыздардың алдында ұятқа қалмауы үшін батылданып, көлігінің есігін ашыңқырап жіберіп, көлік руліне оралған гүлді жұлып алып, былай лақтырып тастамаққа ұмтыла беріп еді, тарс еткен дыбыс шықты да, артынша шашылған сұйықтан Қалиолланың жап жаңа, тап таза костюм шалбары аймандай болып шыға келді. Қыздар қатты сескеніп, беттерін баса шу ете түсті. Гүлжан да сәл сасқалақтап, кеудесіне баса ұстаған Гүліміне қарайлай берді. Қалиолланың екі беті ұяттан қып қызыл болып кеткен. Не істерін білмей сол тұрған орнында тұр. Қыздар енді енді ғана естерін жиып, тазалайтын су мен шүберек әкелудің әрекетіне кірісті. Гүлге ешкім ес бөлген жоқ. Бәрі шамалы дабырласып, бақ ішіне қарай кеткенде гүл рульден ажырап, жерге түсіп, жылжып жылжып, қалың шөптің арасына еніп кетті. Енді оны табу қиын еді. Гүлжан гүлдің мұндай пысық әрекетін жақсы білсе де ол туралы айтып түсіндіріп жатуды жөн деп таппады. Келген мейман мынандай жағдайға душар болып жатқанда, қалай әңгімелесін. Бірақ бұл тұста ешқайсысының де күнәсі жоқ ты.
Қалиолла арнайы жуынып шайынатын бөлмеге барып, костюм шалбарын тазартып, жылы желді құралмен кептіріп алған соң сыртқай қайта шықты. Гүлжан да, жанындағы шәкірт қыздары да не айтарларын білмей тұрып қалған. Мән жай айтпаса да түсінікті еді. Қалиолла да түс көргендей болып біршама үнсіз тұрып қалған. Тек содан соң ғана барып көлігіне жақындап, руліне көз тастады. Әлгі гүл зым зия жоғалыпты. Ғалым жігіт өз көзіне өзі сенбегендей көліктің іші сыртын, айналасын мұқият қарап шықты. Еш жерде жоқ. Гүллдің сырын білетін Гүлжан енді оған қарап:
- Оны іздеп әуре болмасағыз да болады. Ол әлдеқашан өз жолын тауып кеткен, - деді.
- Сонда оны сіздер...
- Жоқ... өзі...
- Өзі?
- Иә, ол ғажайып гүлдің осындай сиқыры бар.
- Гүл атаулыдан мұндайды көрген емеспін.
- Қайдан кездестіресіз, Жер шарында мұндай гүл жалғыз ғана болса.
- Ал сіздің гүліңіз неге мұндай емес?
- Менің гүлім оның ұқсасы ғана.
- Оныңыз рас, - деді Қалиолла көлігінің есігін қайта ашып, "Тағы бір жерінде жатпасын" дегендей іші сыртын мұқият қарап шығып.
- Ол гүлдің мұнысына ренжімей ақ қойыңыз, - деді Гүлжан қыздарына бір қарап алып, - қанша дегенмен де өзге ғаламшардың гүлі емес пе?
- Көлігімнің бір жерінде жабысып тұрмаса болғаны да, - деп, Қалиолла әлі де болса гүлге сенімсіздік танытты.
- Мен білетін гүл болса, ол әлдеқашан талай жерге кетіп үлгірді, - деді Гүлжан Қалиоллаға қадала қарап тұрып.
- Өзі де солай шығар! Ал, онда аман сау болып тұрыңыздар! Уақыттарыңызды көп алғаныма үлкен кешірім өтінемін!
- Еш айыбы жоқ. Ол жағынан қысылмаңыз. Ботаника, биология саласына байланысты сұрақтарыңыз туындап жатса, еш қысылмай сұрай беріңіз, - деп, Гүлжан онымен жылы қоштасты.
Қалиолла жеңіл көлігіне мініп, оны оталдырғаннан кейін де ішінен Гүлжан мен қыздарға оң қолын бұлғап қойды. Сәлден соң көлік жылжып жүре берген. Гүлжан жанындағы қыздарымен бірге бақ ішіне енді. Күн кешкіріп, үйге қайтатын мезгіл де таяған еді. Оған дейін бітіретін жұмыстары да бар еді әлі. Бәрі соған кірісіп кеткен.
Қашқан гүл
Мерген Гүлжанның ауылында болып жатқан жаңалықтардан толық хабардар еді. Бірақ сабарлық сақтаған."Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа" деген халық мақалын жас кезінде анасының аузынан талай естіген. Кітаптардан оқығаны да бар. Мақал мәтелдердегі мағыналы сөздердің пайдасы жұлдызаралық сапарда да тиген. Тек оны дұрыс түсініп, орнымен қолдана білсе болғаны. Дегенмен, аса сбарылылық та зиян әкеледі. Гүлжанға бармай жүргеннен пайда тапқан жоқ. Осылай жүріп, бір күні одан айырылп қалуы да ғажап емес. Оны да ойлаған Мерген. Бірақ бойына біткен бір жаман қасиет оған жетелемеді. Кегежесі кейін тартты да тұрды.
Мерген бүгін әдеттегісінен сәл ерте тұрып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып шайынып, таңғы асын ішкен соң демалыс бөлмесіне келіп, жұмсақ диван үстіне жайғаса отырып, аралық басқару пульті арқылы экраны үлкен стереомагнитофонды іске қосқан. Оның таспасына жазылған қазақтың ғажап күйлері мен әндері бөлме ішін жандандырып жіберді. Күй құдіретін Мерген жас кезінен сезініп өскен. Бұл күйлер мен әндер кезінде жұлдызаралық кеменің ішін де жандандырған болатын. Енді соны есіне түсіру үшін қайта бір тыңдаған еді. Күй күмбірі кең бөлменің ішін жайлаған сайын Мергеннің де ой қиялы шарықтай берген. Көз алдына нешеқилы оқиғалар да оралды. Гүлжанның сөздері, күлкісі, оранжереядағы, және тағы басқадай оқиғалар көз алдында. Қажет десе, сол бақытты сәттердің бәрін де бейнефильмнен қайталап көре алар еді. Оны мақсат еткен жоқ. Өйткені, бейнефильмде бәрі де қайтадан өтіп жатқандай болады. Ол Мергеннің ішкі жандүниесін қинамақ. Шаршатпақ. Кейде тіпті, ренішін де күшейтіп жібереді. Бейнефильм ешбір адамның бет жүзіндегі өзгерісті жақтырмайды. Табиғатында қандай болса, тап сондай етіп, ап анық етіп көрсетеді. Ал адам қиялында махаббаттың ең әсерлі сәттері ғана сақталып қалады. Есіне алған кезде де тек сол сәттер көз алдына келеді.
Мергеннің бейнефильмді көруге батпайтыны да осыдан ды. Одан гөрі жұмсақ диван үстінде шалқая жатып, екі көзді тарс жұмып, ұнатқан күй мен әуенді тыңдап, әсерлі сәттерді еске алғанға не жетсін. Күй күмбірлеп жатты. Одан кейін аспапты оркестрге лайқты етіліп өңделген күйлер де орындалды. Күйдің құбылуына қарап Мерген оның қай тұсында қандай ощқиғалардың болғанын да есіне алды. Сөйтіп күй сазына балқып жатып, бір мезетте көзін ашып алған еді. Сол сәт түс көргендей болды. Біраз уақыт бұрын осы үйден зым зия жоғалған ғажайып гүл үлкен терезенің жақтауында біреу әкеліп әдейі қойып кеткендей жатыр. Мерген "Бұл не өзі? Өңім бе, әлде түсім бе?" деп, әлі де сенбей, екі көзін жас балаша уқалап уақалап қадала ұзақ қарады. Шын мәнінде де біреу әкеліп қойып кеткендей болып тып тыныш жатыр гүл. Мерген терезе жақтауында қонып отырған қандай да бір құсты ұтсауға бел шешкендей жұмсақ диваннан жай ғанса тұрды. Күмбірлеген күйді өшірген жоқ. Күй әлі де кеі бөлменің ішін жайлап, тамаша сезімге бөлеуде өзін. Сәлден соң Мерген бұл күйдің құдіретінен терезе жақтауында жатқан ғажайып гүлдің де қозғала бастағанын бамйқады. Кесір жасағысы келмей біраз қызықтады. Содан бір кезде батылданып, гүлді шап беріп қолына алып алмаққа алға ұмтыла беріп еді, ол шуалшанша күрт қозғалып, бір аунап түсті. Әншейінде қорықпайтын Мерген бұл жолы кәдімгідей сескеніп қалды. "Бұл гүл, немене өзі? Мені де бөтенсінейін деген бе?" деп ойлап қойды ішінен. Содан соң батылдығына салып, тағы да ұстауға әрекеттене беріп еді, гүл тағы да шалт қозғалып, бір екі аунап, терезе жақтауының сырт жағына қарай түсіп кетті.
Мерген дереу төмпенге қараған. Ғажайып гүл жерде, қалың шөп үстінде жатыр. Мерген: "Е, гүлім, барған жерің сол болса, мен де қазір жетермін ау" деп, тепкешекпен тез тез басып, төменге түсті. Сыртқа шықса, гүл жоғалмапты, сол орнында екен. Мерген иә шегіртке, иә көбелек қуып ұстауға жүрген адамдай оң қолын сәл көтеріп алып, оған қарай жақындай берді. Аяғын санап басады. Бұл оң қолын алға қарай сілтеп қалса болды, ғажайып гүл тап соны аңдып жатқандай ыршып түседі. Мерген ғажайып гүлдің бұл қылығын еш түсіне алм ады. Сонда да оны ұстап алудан үмітін үзген жоқ. Еерегескенде, оны барып жеткен жеріне дейін қуа беруді алдына мақсат етіп қойды. Ғажайып гүл де жалығатын емес. Әрбір секіргенде, бірнеше қадам жерге дейін ұшіп барып, тап ірі шегірке сияқты сырт деген дыбыс шығарып түседі. Кейде тіпті, оның елу, алпыс метрге дейін бір ақ секіретінін қайтперсің.
Мерген гүлді қуалай қуалай қарлары арқылы жоғары вольтті үш жуан сым өткен темір бағарнаның жанына келді. Осы кезде Мерген үшін ғажайып гүлдің өзі әлі көріп білмеген тағы бір құапия сыры ашыллды. Ол бір кезде биік темір бағананың бойымен тіке жоғары қарай жұлдыз құртша өрмелеп ала жөнелді. Мерген жүгіріп ақ келіп еді, болмады. Ғажайып гүлді ұстауға қолы сәл ақ жетпей қалды. Мерген енді не істерін білмей кідірді. Сөйтіп, "Әрі қарай қайтер екен?" деп жоғары қарап тұрған. Ғажайып гүл жоғарыдағы жуан сымға жеткен соң оған бір оралып алды да, оның бойымен жылжып ала жөнелді. Бағыты Гүлжанның ауылы. Мерген осы кезге дейін қанша көріп жүрсе де, ауылының жанынан өтетін жоғары вольтты электр желісінің Гүлжанның ауылына қарай кететініне мән бермепті. Енді тек қана ол емес, ғажайып гүлдің де ауылдан ауылға қалай жылдам жетіп жүргенінің мәнісін де түсінді. Оны өз көзімен көрді. Тек енді оны жер бетімен ж.үгіріп қуалап жету еш мүмкін емес еді. Гүл үшін сым бойы тегіс жол болғанымен Мергенге жер беті олай емес. Биік темір бағаналар қадалған, сым тартылған бағыттарда сай да бар, қыр да бар, өзен суы мен қалың ағаштар да бар. Гүлдің адам санасына бергісіз мұндай тапқыр әрекеттері Мергенді тек қана таңғалдырған жоқ, терең ойға да салды. "Сонда бұл гүл қайда барады?" деп ойлап қойды ішінен Мерген. Сөйтіп, бірден кері қайта салмай гүлдің соңынан біраз жер жүрді. Біраз жер жүргеннен кейін Гүлжанның ауылы да көрінеді. Ал ғажайып гүл болса, бұл кезде сол жылдам жылжыған бойында көзге көрінбей кеткен. Мерген сонда да одан үмітін үзген жоқ. Мана алғаш ізіне түскенде: "Бұл өзі менен қалай қашып құтылмақ? Не қолы, не аяғы жоқ" деп ойлаған. Енді гүлдің өзі күтпеген ғажайып қабілетіне куә болды. Гүл ғажайып гүл десе, ғажайып гүл екен. Енді қалай десе де ұстатпасқа кетті. Тек оның кеткен бағыты белгілі. Мергеннің үміт отын тұтатқан да сол бағыты еді.
Мерген тап бір аңыз ертегідегі батырлар сияқты жүре жүре ойлы қырлы, сулы, орманды жерлерді кейінге тастады. Қатты шаршаған соң кілт тоқтаған. Одан әрі қарай жүрудің еш мәні де жоқ еді. Жоғары вольтты жуан сымдар артылған бағаналар екі жаққа қарай кеткен. Осы жерде Мерген ғажайып гүлдің қай бағытпен кеткенін ажырата алмай қалды. Қайда кеткені белгісіз. Ал бұл сымдар оның даңғыл жолы екен. Осы сым жолымен бірде келіп, бірде кетіп жүргені де түсінікті болды. Ғажайып гүл үшін мына ауыл арасының қашықтығы да ештеме емес екен. Гүлдің бұл қабылеттеріне қанша қайран болса да, оның шешімін таба алар емес. Енді бағаналардың қарларына артылған жоғары вольтты ток сымдарының бойымен беталды кете берудің де жөні жоқ ты. Іштей осындай қорытындыға келген Мерген кейін қарай қайтты. Жол жөнекей ток сымдарына жиі жиі көз тастаумен болды. Ол сымдарн жай ғана ескен желден сәл пәл ызың қаққаны болмаса, басқа дыбыс шығармайды. Сөйлемейді. Бар құпия сырларын іштеріне сақтап алғандай тым тырыс. Темір бағаналар болса да қаздиып қаздиып, тәкіппарлана қалғандай тұр.
Мерген енді үйіне тезірек жетудге асықты. Ойына Гүлжан түсіп кеткен ді. Енді онымен бейнетелефон арқылы байланысуға да себеп бар. Мынандай қызу ізденіс үстінде сөйлесіп, ғажайып гүл жайлы сұрамауға да болмайды. "Бәлкім, ғажайып гүл Гүлжанның көзіне де түскен шығар бір кездері?" деп ойлап қойды ішінен. Үйге жеткен бойда үшінші қабатқа тепкешекпен тез тез көтеріліп, демалыс бөлмесінің ішін, терезе жақтауын, гүл құлап түскен жерді тағы бір мұқият қарап шықты. Ондағы қорықщқаны, "Ғажайып гүл өзімнен бұрын келіп, үйдің бір жерінен шыға келіп жүрмесін" деген ойы еді. Жоқ, гүл шын мәнінде мұнда оралмапты. Мерген сонда да біразға дейін сене алмады өз көзіне. Гүлдің сиқыры мол әрі оны түсіну де қиын екен. Оның осындай сиқыры үшін Гүлжанға неше рет өтірікші де болды. Енді оның бәрін жуып шаюдың, ғажайып гүлдің өз үйінде тағы пайда болғанын, өзінің оны қуғанын, оның Гүлжанның ауылын туралап кеткенін айтудың реті келіп тұр.
Мероген бейнетелефонының көп түймелерінің бірін сұқ саусағының ұшымен жай ғана нұқып, оның экранында Гүлжанның бейнесінің пайда болуын күтті. Сәл уақыт өтпей экранға Гүлжанның анық бейнесі шықты. Реңі солғындау. Әлденені көп ойлап, шаршап, шалдығып жүргені экрандағы жүзінен анық аңғарылады. Бейнетелефонның бір құдіреті де қандай қашықтықта болса да адамның табиғи бет бейнесін сол қалпында қарсы алдыңда тұрғандай ап анық етіп көрсетіп беретінінде емес пе? Мерген әншейінде Гүлжан жайлы нешетүрлі ой ойласа да, жүзін көрген кезде мүлдем өзгеріп шыға келеді. Енді не сөйлеп, не қойғанын да аңғара алмай қалғандай. Екеуі де бір бірін қатты сағынған, қатты толқыған тәрізді.
- Гүлжан? - деді бір кезде Мерген толқулы үнімен.
- Сәлеметсің бе, Мерген? - деп Гүлжан ұзын шашынан өрілген жуан бұрымын арқа тұсына қарай сілкіп тастады.
- Менде бәрі жақсы. Өз жағдайың қалай?
- Экраннан көріп отырғаныңдай ғой. Жұмысым көп.
- Оны білемін. Ғалымдар да жиі мазалайтын болар?
- Қайдан жиі келе қойсын, - деді Гүлжан әлденеден секем алғандай, - осы біздің ауылда жаңадане ашылған ботаника, биология ғылымдары бойынша жағадан ашылған ғылыми орталыққа астанадан Қалиолла есімді бір жас ғалым қызмет ауыстырып келген. Сол әулелі екі көмекшісімен, кейін өзі келіп, менен кеңес алып кеткен. Басқа жңалығым жоқ. Ал өзіңде ше?
- Маған ат ізін салушылар тіпті де азайған. Ал Қалиолла дегенді естідім. Жұмысың көбейіп жатқанда оның мазалай бергені де қызық екен.
- Оны түсінгеніңе рахмет.
Осы сөзден соң екеуі де экран алдында кідіріп қалған. Бейнебайланыс құралының құдіретімен бір бірін бақылап та отыр. Көптен бері көрмегендіктен бір бірін сағынғанын да жэасыра алар емес. Енді бір бірінің алдында қандай күнәлары болса да кешіре бермек. Бейнебайланстың тағы бір кереметі, екеуін екі жерден, екі оңаша бөлмеден байланыстырып тұр. Гүлжан да Мергеннің бет жүзінен шаршау екенін аңғарған. Сондықтан да Гүлжан бұл жолы Мергенге "Не мәселемен хабарласып отырсың?" деп сұраған жоқ. Өткен жолғы Мергеннің үйінде болған ғарышкерлер бас қосуына бара алмай қалғаннан кейін Мергенге қалай жолығып, қалай тілдесуді ойлап жүрген болатын Гүлжан. "Мерген енді менімен ешқашан да сөйлесейтін шығар" деп те ойлаған. Ал Мерген болса: "Гүлжан ендігі әлгі жас ғалыммен тіл табысқан боолар" деп болжалдап жүрген ішінен кейінгі күндері. Енді екеуі де іштей толқып тұр. Сөйлескеннен сөйлеспегендері көп. Дегенмен де, Гүлжан аз толқыныстан кейін өзінің сол бас қосуға бармай қалғаны үшін
Мергеннен кешірім сұрауға бекінді.
- Мерген, мен өткендегі сенің үйіңде болған бас қосуға бір шұғыл жұмыстарым болып бара алмай қалдым, - деді жай ғана, - оныма сен ренжіген де шығарсың?
- Жоқ. Мен саған реніген жоқпын, - деді Мерген жұлып алғандай, - қайта маған сен ренжімесең болыпты.
- Мен не үшін ренжимін?
- Мен де сені өз аузыммен шақыра алмадым ғой. Мен сөйлескен қыз сені бір шұғыл жұмыспен аудан орталығына кетті деген.
- Иә, ол дұрыс. Солай боллды. Сенің шақырғанымды ол қыз маған айтқан. Ал саған шынмыды айтсам, мен дәл сол күні салқын тиіп, денемнің қызуы көтеріліп, жатып қалғанмын. Оны ешкімге айтқан емеспін.
- Бүгінде қалайсың?
- Енді жақсымын.
- Реңің солғындау көрініп тұр маған.
- Оны байқап қойдың ба?
- Жұмыстарың көбейіп пе еді?
- Иә, жұмыстарым да көбейіп барады.
- Мен сол бас қосуда сенің келмегеніңе емес, көре алмағаныма ренжідім.
- Бәрібір де ренжіген екенсің ғой. Кешірші, мені...
- Кешірімді жігіт ретінде әуелі мен сұрауым керек шығар. Айтып қойдың. Енді сен де мені кешірші, Гүлжан.
- Жоқ, мен сұраймын.
- Жоқ, мен...
Осы сөзден кейін екеуі экғранда бір біріне қадала қарап қалған. Таза махаббат сезіміне ешбір қашықтықтың кедергі бола алмайтынына көздері жеткендей екеуінің де. Екеуі де енді өздерін бір бірінен қашықта емес, бір бөлменің ішінде, бір оңашалықта тұрғандай сезініп те кетті. Тек қолдары жетпейді, ыстық алақандары түйісіп, саусақтары айқаспмайды. Сол ғана арман. Мерген Гүлжанның жүзіне кірпік қақпай қарауға тырысады. Ал Гүлжан болса, әлі сол бас қосуды айтады.
- Айтпақшы, бас қосу қалай өтті? Маған ренжіген жоқ па, сапарлас достарым? - деді Гүлжан бір кезде.
- Жоқ... - Мерген сәл кідіріп қалды.
- Жасырмашы менен тек ештемені, - деді Гүлжан.
- Шын айтамырн, ешкім де саған ренжіген жоқ.
- Саған қашан да сенемін ғой, Мерген.
Гүлжарнның бұл сөзі Мергенге ерекше әсер етті. Осы кезге дейін сенбей келіп, енді мына айтқан сөзі Мергеннің оған деген махаббат отын қайта үрлеп тұтатқандай болды. Қуаныштан екі құлағы шыңылдап, бітеліп қалғандай бір күй де кешті. Айтарға сөз таба алмай кідіріп те қалған. Гүлжан да қатты сағынып ақ қалыпты. Жолы қанша жіңішке болса да бұл жолы Мергеннен көз тайдырар емес.
- Гүлжан, - деді сәлден соң Мерген, - шынымды айтсам, мен саған бейнетелефон қоңырауын соғуға да бата алмай жүр едім. Бүгін менде тағы бір сен сенбейтін бір оқиға болды. Мен айтып жүрген ғажайып гүл үйімде болды. Кең демалыс бөлмемде жұмсақ диванда екі көзімді тарс жұмып алып, сол баяғы жұлдызаралық кеме ішінде әрі қарай ұшқанда да, бері қарай ұшқанда да тыңдап әсерленген қазақтың тамаша әндері мен күйлерін тыңдап жатқан едім. Содан бір кезде көзімді ашып қарасам, үлкен тереземнің жақтауында ғажайып гүл жатыр. Барласам, ол да әуен мен күй тыңдағандай анда санда қозғалақтайды екен. Мен оны ұстамаққа жақындай бердім. Қолымды соза бергенімде бір аунап түсті, одан тағы ұстамаққа ұмтылғанымда терезе жақтауынан ұшіп жердегі қалың шөп үстіне бір ақ түсті. Мен дереу сыртқашықтым. Тағы ұстамаққа ұмтылдым оны. Жоқ, ұстатар емес. Елу, алпыс метр жерге бір ақ секіреді. Сөйте, сөйте ауылымның жанынан өтетін жоғары вольтты сымдары бар темір бағаналардың біріне жақындадық. Содан қызық болды. Ғажайып гүл темір бағана бойымен жоғары өрлеп, жуан сымдардың біріне бір оралып алды да, оның бойымен осы сенің ауылыға қарай жылжып берді. Мен оны жердің ойлы сайллығына қарамастан біраз жерге дейін қуаладым. Еш жеткізбеді. Ақыр соңында одан адасып қалдым. Темір бағаналар екі жаққа айрылады екен. Сөйтіп, үйге келдім. Саған бейнетелефон қоңырауын соғуды жөн көрдім. Мұным еш жалған емес, Гүлжан. Егер сенбеймін десең өзің біл, тек маған ренжімеші.
Гүлжан бұл оқиғаны тыңдап болып Мергенге қарап риясыз жымиды. Мерген аң таң. Әдетте, Гүлжан ол гүл туралы айта бастағанда ақ ренжи бастайтын. Бұл жолы мүлдем басқа көңіл күйде. Содан бір кезде Гүлжан жай ғана сөз бастады.
- Мерген, - деді мейірімді жүзін тура қаратып, - сен мені тағы да кешір. Сенің сол ғажайып гүл жайлы айтып жүргендеіңнің бәрі де рас екен. Ол ғажайып гүлді мен де бірнеше рет көрдім. Ол менік гүл бағыма да келеді. Тек келіп қана қоймай, өзім күрделі жолмен өсіріп алған нәзік ғажайып гүліммен достасып алғанын қайтерсің! Өзі өте пысық, өте қозғалғыш, тапқыр. Айтпақшы, әлгі өзің айтқан Қалиолла деген жас ғалымды бізге екінші рет келгенінде әбден мазалады. Ол бізбен әңгімелесіп жүргенде ғажайып гүл, қайдан келгенін білмеймін, оның көлігінің ашық қалған есігінен ішіне кіріп, руліне оралып алыпты. Қалиолла жұлып алып тастамаққа ұмтылғанда ол тарс еткен дыбыс шығарып, артынша жап жаңа, тап таза киіміне сұйық шашты. Одан өзіміз де қорқып кеттік. Осындай да оқиға болды бізде. Мен енді сенің ешбір сөзіңе күманданбаймын. Оған еш алаңдама, Мерген. Ол ғажайып гүл екеуміздіің арамызда жүр.
Мерген қатты толқып кетті. Тіпті, Гүлжанның мына сөздерінен кейін көз шарасына ыстық жас та тығылған.Тек онысын қызға білдірмеді. Махаббат сезімінің құдіреті деген де осы болса керек. Екеуі бір бірін қанша ренжіттік десе де, бір бірін ұмытайын десе де, бәрібір бір себеп осылайша қайта табыстырады. Екеуінің арасындағы ендігі тыныштықты екі жақтағы бейнетелефонның ызыңы ғана бұзып тұрғандай. Екі арадағы байланыс сымы да екі жас жүректі бір бірімен жалғастырғандай. Бір біріне ұақ қадалып қарайды. Айтқандары көп болса да, сезім сағыныштары үшін әлі де аз. Қанша минут, қанша сағат, тіпті, қанша тәуілік жүздесіп тұррса да аз көрінбек. Сағыныш құдіреті деген осы. Өмір бойы бір бірін құлай сүйіп, бірге тату тәтті, бақытты ғұмыр кешкен ғашықтар қаншама. Екеуінің көптен бері ойлап жүрген арман мақсаттары да енді жүзеге асатындай. Еекеуінің арасын не ажыратып тұр еді. Ауыл арасы да қашық емес. Кедергі де жоқ. Бұл тұстағы күнәнің ауыры Мерген жағында болса керек. Сенімсіздік деген адалдықтың нағыз жауы. Оны жеңе алмаған адам ешқашан да өз бақытын таба алмайды. Махаббат та сенім мен таза сезім бар жерде ғана жалғаспақ.
Аз үнесіздікте екеуі де осы іспетті ой толғамдарды бастарынан кешіп үлгірген еді. Мергеннің жанын жадыратып жіберген Гүлжанның "Саған сенемін ғой" деген бір ауыз сөзі ғана. Сол сөздің өзі ақ бүгін Мергеннің бүкіл өміріне бетбұрыс жасағандай. Гүлжанды қияр емес. Әлі де болса оның жүзін көріп тұра бергісі, әлі де болса онымен сөйлесіп тұра бергісі келеді. Қоштасқысы да, бпейнетелефонды сөндіргісі де келмейді. Бірақ желке тұсынан қадалған бір ой: "Сені кім қинап тұр? Неге батыл болмайсың? Неге сүйгеніңе бармайсың?" дейтіндей. Ертеректе қазақ салт дәстүрінде жігіт пен қыздың бір бірін дұрыс түсінісуіне жеңгелері дәнекер болған екен. Ал бүгінде жігіт пен қыз бір бірін өздері табады, бір бірін өздері түсініседі. Әрине, кей жағдайда екі арасына достары дәнекер болып жатады. Кейде жігіт пен қыздың арасында түсінбеушілік те кедеседі. Мерген де, Гүлжан да соңғы қоштасу минуттарында нешеқилы ойды да бастарынан кешіріп үлгірді. Мергенге салса, әлі де осылай тұра бермек, уақытты соа түспек. Гүлжан өзінің әрбір қадамына есеп бере білетін қыз. Әрбір қыздың жаны сезімтал.
- Мерген, жақсы онда. Менің жұмыстарым бар еді, - деді шамалыдан соң Гүлжан.
- Оны мен түсінемін, - деді Мерген, - жарайды, тек уақытыңды алғаныма ренжіеміешіі.
- Ренжитін ештеме де болған жоқ. Сау болып тұр, Мерген!
- Сен де аман бол,Гүлжан. Біз әлі кездесеміз ғой.
Гүлжан тағы да қимастық сезіміне шырмалмас үшін бейнетелефонының өшіретін түймесін асыға басып жіберсе керек, оның жүзі экраннан шам сөнгендей ғайып болды. Мерген оған өкінген жоқ. Ренжімеді де. Гүлжанмен шамалы болса да түсініскеніне іштей қуанып, бейнетелефонынынң көп түймпелерінің бірін басып, сөндіріп, жұмыстарына кірісіп кетті.
Ауылдағы жаңалық
Сәрсенгүл бүгін кешкілік серуенге шыққан. Ауылда басқа барар жер де жоқ ты екеуіне. Кинотеатр мен театрға бару да бір өздеріне ыңғайсыз. Көбіне көп онда жігіттер мен қыздар барады жұп жұп болып. Екеуі ауылдың орталығындағы кинотеатр мен театрды да босатқан емес. Ауылдың анау мынау жігіттеріне менмендік те көрсеткен. Содан ауыл тұрғындарының арасында екеуі туралы: "Қосағы жоқ қос қарлығаш" деген сөз де тараған. Ол сөздің өздеріне байланысты шыққанын екеуі де жақсы біледі. Бірақ оған мән бере қойған емес. "Айтқан адам айта берсін, біз бәрібір де бір бірімізден ешқашан да ажырамаймыз" дейді екеуі. Расында да Мергеннен кейін жолыққан жігіттер екеуінен де безуге мәжбүр болған. Қай жігіт жақындаса да, екеуі бір бірінен ажырамайды. Қайда барса да бірге жүргені. Сәрсенгүлге ойы ауған жігіт өзінің ойындағысын айтып, сырын аша алған емес. Қасында ылғи да Гауһар жүреді бар әңгімені мұқият тыңдап. Сондықтан да жігіттер Сәрсенгүлден теріс айналып кете берген. Оның мәнісін түсініп жүрген екеуі жоқ. Бұл жүрістерін қолдайтындар да бар, қолдамайтындар да жеткілікті.
Екі дос құрбы оған ес аударған да жоқ. Соңғы кездері ауыл тұрғындарына сүйкімсіз көріне де бастаған. Сәрсенгүл де осы Гауһарға жуысқалы көп өзгерген. Біреудің сыртынан өсек сөз айтқыгш болып та алған. Ал бүгін екеуі серуен құра жүріп, Мерген мен Гүлжанды сөз етті. Ғажайып гүлдің қорқынышты қылықтарын естеріне алды. Сол гүл енді көздеріне түсе қалса, аямасқа да бел буған. Бірақ ол гүл содан қайтып көрінген емес. Серуен құрудағы тағы бір мақсаттары да "Сол гүлді ұшыратып қаламыз ба" деген ойдан туындаған еді. Сөйтіп, екеуі өткен кеткеннен әңгіме қозғап келе жатты. Осы тұста Гауһар өзінің жастық шағын есіне түсірді. Мына ғажайып табиғат аясында талай жүгіріп, талай ойнаған сәттері көз алдына елестеген. Сәрсенгүл ол әңгімесін ұйып тыңдап келеді. Гауһар Сәрсенгүлден екі жасқа үлкен. Өмырдан алған тәжірибесі де көптеу. Жігт атаулыға мін таққыш. Сәрсенгүлге оныі мұндай талғамы мен талдамы данышпанның тұжырымындай көрінген. Тіпті, соңғы кездері Сәрсенгүл тап Гауһар сияқты сөйлейтін де болған. Ауылдың кейбір келіншектері екеуін сөз еткенде: "Екеуі бір ананың жатырырнан шыққандай. Гауһар сөзін Сәрсенгүлдің аузына салып қойғандай. Әйтеуірі бір сиқыры бар Гауһардың" деп те қоятын. Сәрсенгүлдің Гауһардың сөз шырмауына мықтылап шырмалғанын енді екінің бірі біледі.
Гауһардың көкейінде Мерген мен Сәрсенгүлдің арасындағы сенімді сыйластыққа деген іштейгі қызғанышы да жоқ емес тін. Сол себепті де, Гауһар ке кейде әңіме арасында Мерген жайлы теріс пікір де тастайды. Соңғы кездері ғана Сәрсенгүл ондай пікірлердің бекер сөз екеніне көз жеткізе бастағандай болған. Онысын тез сезе қойған Гауһар бар күнінң ілгі ғажайып гүлге жапқан. Егер сол гүл көзіне түсе қалса, айшайға қармастан аяғымен таптап, езіп тастамақ. Екеуі осылайша әр нәрсені сөз етіп, өзен бойын жағалай күншығыс жаққа қарай өрлей берген. Осы өзенді жоғары вольтты жуан сымдар қарларына ілінген биік биік темір бағаналар тізбегі кесіп өтеді. Екі биік темір бағана өзеннің екі жағалауына жақын тұрғызылғанн. Жоғары көз салмаған адам жоғары вольтты сымдарды байқай да бермейді. Ал Гауһар мен Сәрсенгүл бала кезден осы ауылда өскендіктен бағаналарды да, жуан ток сымдарын да о бастан жақсы біледі. Сондықтан да екеуі де балалық бал дәурен шақтарының бір мезеті өткен темір бағаналар мен сымдарға ара тұра көз тастап та қояды. Содан бір кезде Гауһар:
- Сәрсенгүл, ананы қара?! - деп дауыстап қалды.
- Қайда? Ол не?
- Өткендегі ғажайып гүлге ұқсайды. Сым бойымен біздің ауылға қарай зымырап жылжып кетіп барады!
- Қойшы, не дейсің тағы да?! - деп Сәрсенгүл қатты шошып қалды.
- Қара, жылдам жылжиды!
- Сонда ол ғажайып гүлдің жоғары вольтты тогы бар сым бойымен де жылжи алатын болғаны ма?
- Солай болып тұр ғой өзі де! - деді Гауһар одан көз тайдырмастан.
- Жаңа бір бұл гүлді кездесе қалса, аяғымызбен таптап, езіп тастаймыз деп едік. Ал мынадан кейін оның бойында жоғары вольтты ток сақталса ше?
- Қойшы! - деп Гауһар ыршып түсті, - бұл ғажайып гүлдің бойында жоғары вольтты ток та бола ма?
- Бұл ғажайып гүлде бәрі де болады, менімше.
- Тоқташы, - деп Гауһар Сәрсенгүлдің сол қолынан ұстай алды да, оң қолының қырымен көз алдын көлегейлей жоғары қарады.
Осы кезде сым бойымен зымырап жылэып келе жатып, екеуінің тұсінан өте бере ғажайып гүл кліт тоқтады. Екеуін көріп, сөздерін естіп те қалған сияқты. Бұлар болса, енді сөйлесуді де доғарған. Ғажайып гүл сәлден соң қайта жылжи берді. Гауһар енді өзінше батылданып, Сәрсенгүлдің сол қолын ұстап, төмен қарай баса түсіп, жерге тізерлей отыра кетті. Бұл іздеп таба алмай жүрген гүлдің өз өзінен көз алдарына келгеніне аздап болса да іштей қуанкғаны еді. Ендігі ойы оны қолға түсіру. Гүлдің Гүлжанның ауылынан жылжып келе эатқаны да белгілі болды. Мерген мен Гүлжанның арасына дәнекер болып жүрген де осы гүл екенін де Гауһар іштей сезді. Тек ол ойын әзірше Сәрсенгүлге айтқан жоқ. Сәрсенгүл Гауһарға қарағанда аңқаулау. Қайта соңғы кездері біраз қулықты Гауһардан үйренген.Осы қызбен жақындасқалы басқа дос қыздарын да ұмыта бастаған. Ал Гауһарға керегі де сол. Гауһардың ендігі арманы Сәрсенгүлді Мергеннен де алыстату болатын. Ол ойы да жүзеге асты. Мергеннен қол үзгеннен кейін ақ Сәрсенгүл Гауһардың ығына жығылған. Енді Гауһар не айтса да, оған ләппай тақсыр деп тұрады.
Екі қыз құс ұстайтын адамдардай сым бойындағы ғажайып гүлді біршама уақыт бақылады. Гүл әлденені сезді. Сөйтіп тағы да ілгері қарай жылжып алып жөнелді. Егер гүл ол сымнан жерге түспесе, қыздар оған ештеме де жасай алмақ емес. Сондықтан да қыздар оның соңынан жүрді. Гүл өзі шығып түсіп жүретін биік темір бағанаға жеткен соң оның киіз үйдің керегесі сияқты айқасып, айқасып келген темір торларының бойымен жай ғана жылжып, төмен қарай түсе бастады. Оны көрген Гауһар қатты қуанып та кетті. Тек Сәрсенгүл батпады. Ол гүлдің мектептің өзі сабақ берген класындағы қорқынышты қылығын есіне алды. Адам пенде зияндыларды былай қойғанда, кенеттен шалт қозғалған тип титтей ғана шуалшаннан да тітіркенеді. Ал жыланнан қатты шошынады. Әрине, бұл ғажайып гүл ондай аса қорқынышты емесн. Сырттай қарағанда әп әдемі ғана гүл. Ол қара топыраққа қадалып, тып тыныш тұрғанда оның нешетүрлі қылықтары бар деп ешбір адам ойлмайды. Гауһар да гүлге гүл деп қана қарайды. Гүл оның бағында да бар. Ал мына ғажайып гүл де зиянкес емес. Қанша бұлқынса да, дыбыс шығарып, сұйық шашса да, ешкімге зиян келтірмейді. Мұның бір ғана зияны Мерген мен Гүлжанның ауылының арасында жұртты осылай шулатып жүргені. Гауһарға да, Сәрсенгүлге де ұнамайтын басты нәрсе осынысы. Сондықтан гүлдің көзін жоюға дайын. Оны орындаса Мерген мен Гүлжан арасының жақындауына бір себепкер жойылмақ. Сонда Гауһар Мергеннен, Гүлжан мен мына ғажайп делінген гүлден ақысын алады. Гауһардың бар мақсаты да осындай іспен айналысу. Ол өзі үшін қызық.
Соңғы сәттерде Сәрсенгүл қатты толқыды. Гүлге тиіскісі келмеді. Оның еш жазығы жоқ еді. Ол өз бетімен жүр. Сым бойымен жылжып келді. Темір бағананың бойымен жерге түсті. Сабағымен шыр айналып, қара топыраққа қадала қалды. Енді оны ешкім де осындай әрекеттер жасады деп ойламас еді. Бірақ Гауһар мен Сәрсенгүл оның бар әрекетін көз алдарынан өткізді емес пе?
- Ал енді жақындайық! - деді сәлден соң Гауһар Сәрсенгүлге қадала қарап тұрып.
- Қорқамын! - деді Сәрсенгүл гүлге көз тастап алып.
- Қойшы, несінен қорқамыз? - деді Гауһар батылдығын таныта түскісі келгендей, - әрі кетсе, қатты дыбысшығарар, сұйығын шашар. Шаша берсін! Біз мейрамханада отырған жоқпыз ғо й!
- Мәселе онда емес! - деді Сәрсенгүл де енді Гауһарға тіке қарап, - бұл гүлдің жазығы не?
- Енді аяп қалдың ба? Өткенде осы гүлден шошып ауырып тұрған жоқ па едің? Ұмытайын дедің бе оны?
- Қайдан ұмытайын...
- Енді не дейсің? Мұның көзін жоймай болмайды. Осы оңаша сәтті пайдаланып ақымызды алайық!
- Жарайды, - деді Сәрсенгүл гүлға тағы бір қарап алып, - тек әуелі мұны соғатын таяқ тауып алайық!
- Мына кең далада таяқтан көп нәрсе жоқ!
Екеуі темір бағандардың төңірегінде өсіп тұрған ағаштардың қураған бұтақтарынан сындырып сындырып алып, қауіпті бір жәндікке жақындағандай күй кешіп, гүлге келе берді. Ғажайып гүл болса, ештеме болмағандай, ештемені сезбегендей қалың шөп арасындағы қара топырақта тік өсіп тұр. Гауһар дауыстап: "Ә, бәлем, сенің де осылай оңаша кездесетін сәтің болады екен,ә!" деп, таяғын қос қолымпен жоғары көтеріп, гүлге жақандай берді. Гүл онда да орнынан қозғалған жоқ. Гауһар енді таяғын әлі де жоғары көтеріп барып, ғажайып гүлдің қауызын туралап, екі көзін тарс жұма алға қарай сілтеп кеп қалды. Сәрсенгүл де: "Ой, бітті ғой!" деп ойлап, қорқып жұмған көздерін ашып алған еді. Гауһардың ұзын таяғының ұшының қара жердің топырағын бұрқ дегізіп ойып жіберген орнын ғана көрді. Гүл жоқ. "Қара жерге жапырайып қалған болар?" деп, екеуі де жарыса қараған. Содан бір кезде анадай жерде жатқан ғажайып гүлді көздері шалды. Гауһар қолындағы таяғын жерге тастай салып солай қарай жақындады. Бір ғажабы, гүл әдеттегісінен де жайқалып кеткен. Мына биік темір бағананаың қарларынан өркен жоғары вольтты сымнан алған электр энергиясынан тұла бойы қызарып, шырай тартқан. Екі қыздың көзіне гүл енді тұла бойынан жарық шашып жатқандай да көрініп кетті. Жаңағы қозғалысынан кейін ол жарығы күшейе түскендей. Былайша қарағанда,. гүлдің сабағы тап бір отқа қызған темцірдей қызарған. Соның нәтижесінде екі қыз өмірлерінде көрмеген бір ғажайып гүлдің тірі куәгері болды.
Бірақ Гауһар енді гүл қанша әдеміленіп кетсе де, шыдап ұзақ қарап тұра алмады. Шөп үстінде баудай түсіп жатқан гүлді "Шаруасы біткен деген осы болар?" деп ойлап, жылдам басып барып, оған қарай еңкейе берді.. Гүл сабағы қатты қызарғанымен жансыз қалған сияқты. Қозғалмайды. Сонысына қарағанда, жаңағы ұзын қатты таяқ жақсылап тиген тәрізді. "Бұдан енді қорқатын не бар?" деп ойлады іштей Гауһар. Сөйтіп, жанындағы Сәрсенгүлге бұрылған еді.
- Гауһар, бұл гүлдің нешетүрлі сиқыры бар, тек байқашы! - деді сол замат Сәрсенгүл.
- Білемін. Бұл гүл емес, қандай да бір аса саналы тірішілік иесі! - деп Гауһар оған әлі де үңіліп қарап тұр.
- Жарайды, Гауһар, жетер осы да оған! Бізге мұның қажеті не? Қала берсін, сол жатқан жерінде. Кеттік! - деді Сәрсенгүл кейін қарай бұрыла бере.
Бірақ бірбеткей Гауһар онысын тыңдасын ба. Батылдана түсіп, еңкейе бере екі саусағымен гүлді қыса ұстап, жерден көтере берді. Сол сәтте тұла бойы әлденеден дір ете түсті. Гауһар қолын тез қайта тартып алды да:
- Ой, мынаның бойында шынымен ақ ток бар ғой! - деп кәдімгідей шайқалақтап қалды.
Ток соққан адамға қалай көмектесуге болатынын жақсы білетін Сәрсенгүл Гауһардың белінен қапсыра ұстап, кейін қарай тартып алды. Сөйтіп өзі манадан бері қолына мықтылап ұстап алған таяғымен гүлді түртіп жіберді. Құрғақ таяқ арқылы токтың жүрмейтіні белгілі еді. Ал гүл жатқан орнынан ыршып түсті. Екі қыз кейін шегініп, жасыл шөптің үстіне отыра отыра кетті. Сәрсенгүл токтан әлсіреп қалған Гауһардың басын тізесіне салды. Гауһар әлі де мең зең. Егер жаңа ғажайып гүлді ұзағырақ ұстағанда жағдайы бұдан әлдеқайда мүшкіл болмақ екен. Токтың оң қолынан сол қолына қарай өте шыққанын да енді ғана сезгендей. Мұны ғылымда жоғарғы тұзақ дейді. Гауһар оны да есіне түсірді. Әйтеуірі электр жарақатынан аман. Соған қуанды ішінен. Дүрсілі естіліп тұрған жүрегінің соғысы да енді қалыпты соғысына келген. Сәрсенгүл де өкінішін айтып жатыр.
- Байқашы деп едім, тыңдамадың. Қайта құдай сақтады сені. Әйтпесе, мына айдалада не масқара болатын едік? Менің неге әлім келер еді? Дәрігер де емеспін. Тек қыздар институтының физика факғультетірнде оқып жүрген кезімде осындай көмекті дәрігер келгенше көрсету керек екенін дәргерлік сабақта үйреткен еді.
- Мұндай алғашқы көмектен өзімнің де хабарым бар, - деді Гауһар демін терең алып, - адам қателесейін десе, оп оңай екен ғой! Жарайды, гүлі құрысын! Менімше, ол әлгі жоғары вольтты жуан сым бойымен қатты жылжығанда әбден қызған, ток та жинакған бойына.
Осыны айтып екеуі әлгі шөп арасында жатқан ғажайып гүлге бұрыла қарап еді, тағы бір күтпеген құбылыстың куәсі болды. Ғажайып гүл ештеме болмағандай, қара жерге қаздиып тік тұра қалыпты.Жаңағы қатты қызарғаны да жоқ. Екі қыз енді одан шын мәнінде де қорқайын деді. Кіп кішкентай болса да, ол гүлге әлдерінің келмейтініне көздерін жеткізді. Енді оны таяқпен соғудың де еш қажеті жоқ. Сәлден соң Гауһар Сәрсенгүлдің сүйеуімен орнынан тұрды. Қатты ашыққан адамдай денесі дір дір етеді. Сәрсенгүл оны қолтықтай сүйеп алған. Екеуі көбіне сөйлемей жай жүріп, ауылға да жақындады. Бұл кезде Күн де батыс көкжиекке таяп қалған. Екі қыз "Мұндай гүлмен кезіге берудің де жөні жоқ екен" деген де ойға келді. Бірақ, шамалыдан соң, бойындағы ток кетіп, дұрыстала бастаған кезде Гауһар кілт тоқтай қалды. Гүлдің жағағы сықырлығы көз алдынан кетер емес. Оны сол күйінде қалдыруды жөн санамады. Бойы серги бастаған сәтте жанындағы Сәрсенгүлге бұрылып:
- Жаңағы гүлді бекер тастап кеттік ау деймн! - деді жай ғана.
- Сонда оған не жасамақпыз?
- Оның көзін қалай дегенде де жоюымыз керек! Сонда ғана саған Мергенге жол ашылады! Мұны сен түсінесің бе?
- Түсінемін, әрине. Тек біз одан ұзап кеттік қой.
- Жоқ, ештемесі жоқ. Қайта баралық. Оны кәдімігі гүл екен деп байқаусыз ұстап алған ойын баласы не болмақ? Ток соқпай ма? Сәл ғана қол тигізген менің өзім қандай күйге түстім.
- Менімше, гүлдің бойындағы ток ұзақ сақталмайды. Ол темір бағананың қарлары арқылы өтетін жуан жоғары вольтты сымнан жерге түсакеннен кейін біршама уақыт солай болған шығар.
- Тогы кеткен күнде де оның басқа да қылықтары жетеді. Онысы бүгінде, тіпті, күллі әлемге мәлім емес пе?
- Сонда оны немен жоямыз?
- Таспен!
- Т аспен,
- Иә, таспен ұрамыз. Есіңде ме, бала күнімізде жолда кезіккен жыландарды таспен ұрып өлтіруші едік қой? Сол жыландардан қорықпағанда, осы гүлден қорқамыз ба?
- Жарайды, солай етсек, етейік! - деп, Сәрсенгүл оған келіісімін берді.
Екеуі қайта бұрылып алып жөнелді. Гауһар жазықсыз гүлден "өшін" алар кезде әуелдегісінен де ширап кетті. Жаңа ғана токтан есеңгірегенін де ұмытып кетті. Жүрістерін жылдамдатып әлгі биік темір бағананың жанына жеткен. Ғажайып гүл әлі сол орнында тап бұрыннан өсіп тұрғандай болып тіп тік тұр.Оны көрген Гауһар ішінен қуанды. "Ол бәлекет осы кезге дейін бір жағына қарай жылжып кеткен де болар" деп ойлап келе жатқан болатын. Енді көрген бойда еңкейіп, жерден үлкен бір тасты көтеріп алды. Сәрсенгүл де соын қайталаған. Содан екеуі қатар тұра қалып, қолдарындағы үлкен үлкен тасты гүлге қарай жіберіп жіберіп қалған. Алғашында лақтырған тастарының бір де бірі гүлге тимеді. Біір тас гүолдің оң жағынан, екінші тас сол жағынан зу етіп өте шыққан. Егер гүлдің орнында жылан немес қандай да бір басқа жәндік болған болса, онда ол осы кезге дейін бір жағына қашып та үлгерген болар ма еді? Гүл бейшарада не аяқ, не гүл болмаған соң сол бір орнында қала берген. "Жығылған күреске тоймайды" дегендей, Гауһар гүлге одан сайын өштене түсті. Жылдам жылдам қозғалып, айналадан тас іздеп, жерден көтеріп алып, гүлге қарай оқша жаудырды. Сәрсенгүл қанша дегенмен де одан қорқып қалғаннан ба, тасты анда санда атады. Темір бағананың төңірегінде тас та көп еді. Сондықтан екі қыз гүлден мүлдем алыс кете қойған жоқ.
Сәлден соң ғажайып гүлдің айналасына ірілі ұсақты тастар жиналып та қалды. Гауһар сонда да қояр еемес. Бір кезде ол лақтырған үлкен тас тура ұшып барып гүлге дәл тиді. Сол мезет гүлдің тұла бойынан найзағайдаай көз қарықтырарлық от жарқ етті. Кәдімгі
электр тогы жүріп тұрған екі сымды тұйықтап кеп қалғанда болатын от жарқылы. Тасты лақтыруын лақтырып алса да, енді екеуі де беттерін басып, от жарқылынан қорғанған. Сонан бір кезде шыдамаған Сәрсенгүл:
- Гауһар, кетейікші, тезірек! Өстіап жүріп бірдемеге ұрынармыз! - деді дегбірсізденіп.
- Кеттік! - деді енді Гауһардың өзі де қорқа бастап.
Егер ғажайып гүлдің айнала төңірегінде қураған шөптер болғанда жаңағы от жарқылынан сол мезетте тұтанып кететін бе еді. Ондай өрттің тұтанып кетпегеніне шүкіршілік етті екеуі іштерінен. Сөйтіп кейін қарай зытып жөнелген. Гауөар кейінгі жағына жалтақ жалтақ қарап алады. Ал Сәрсенгүлдің кейінге қарағысы да келмейді. Оған мұршасы да жоқ. Сол екпіндерімен ауылға да жеткен. Тек сонда барып екеуінің де арқалары жеңілдегендей болды. Үлкен бір іс тындырып келе жатқандай жан жағына паңдана қарайды. "Енді қайтер екен? Мерген бұл гүлді іздер ме екен? Іздемес пе екен?" деп қояды ішінен Гауһар. Ертеңіне екеуі бүкіл таныстарына ауыл сыртындағы жоғары вольтты сым өтетін темір бағаналардың жанында бірелердің бір ғажайып гүлді таспен ұрып, езіп тастағандары, оны өз көздерімен көргендері жөніндпе әңгіме таратты. Ол лезде бүкіл ауыл тұрғындарына тарады. Мергеннің құлағына да жетті.
Гүл әлемінде
Өткен бір жолғы ісі Қалиоллаға қолайсыз іс көрінді де жүрді. Оны қанша ұмытайын десе де болар емес. Өзі тұратын пәтеріне келгеннен кейін үсті басынн тағы бір қарап шығып, костюм шалбарын жақсылап өтектеп алған. Біірақ киімдері тазарғанымен, өзі жуынып шайынғанымен ол оқиға еш ұмытылмады. Содан Қалиолла Гүлжанға тағы бір барып қайтуды жөн санаған. "Ер кезегі үшке дейін" емес пе" деген ол іште й. Енді бұл жолы Гүлжанға жалғыз баруды мақсат тұтпады. Жанына Қасымбек пен Асылбекті ерткен,.
Үш жігіт таулы жерде жүргізуге арналған басқа бір жеңіл көлікке отырып, ауылдың қара жолыншаңдатып Гүлжанның ауылына қарай жөнеген. Төртінші жігіт көлік жүргіуші. Ол Қалиолла не айтса, соны бұлжытпай орындайды. Бар ісі көліктің дұрыс жолмен жүруін қадағалау, аса солқылдатпау.Жүргізуші үшін Қалиолла қадірлі адам, үлкен ғалым. Өйткені, Қалиолла атағы шығып жатса да өзін қашан да мейлінше қарапайым ұстайды. Ал онысына Қасымбек пен Асылбек үйреніп те алған. Кейде ол екеуі еркінсіп, Қалиоллаға небір әзіл сөздерді де айтып қалады. Қалиолланың өзі де қарап қалған емес, әзіл қосып қояды. Қалиолланың атақ даңққа, байлыққа құмарлау екені әркез байқалып та қалып жатады. Бірақ ол онысын сырт көзге білдірмеуге тырысады.
Қалиолланың бүгінгі басты мақсаты Гүлжан мен оның жанындағы қыздарын ауыл сыртындағы гүлді әлемге алып шығу еді. Гүлжанның өткенде айтақан "Тағы бірде қыздарымызбен бірге гүл әлеміне шығармыз" деген сөзі көкейінен кетпей қойған. Оның үстіне уақыт та зымырап өтіп жатыр. Оған қоса бұл жолы Гүлжанның өзіне деген шын пейілін анықтап білуге деген құштарлығы да бар. Ал негізгі сылтау ауыл сыртынан нешетүрлі гүл үлгілерін жинау. Ондай гүлдердің үлгілері Гүлжанда да, өзінде де жеткілікті. Солай бола тұрса да, оны жаңартудан ештеме кемімейді. Салонына көп адам сыятын жеңіл көлік жүйткіп келеді. Ішіндегілер мейлінше көңілді. Қалиолла да екі көмекшісін өзінің туған інілеріндей көріп кеткен. Кейде ол екеуіне қосылып, ыңылдап ән де айтады. Тек екі көзі алда, жолда. Көлік қара жаяудың өзі де аса көп уақыт жүрмейтін аралықты демде басып өтті. Үлкен қақпаның алдына келіп кліт тоқтады көлік. Оның жанында тұрған кезекші темір тұлға арғы жағына хабар берді. Бұл темір тұлға осы жұмысқа жақында ғана қойылған еді. Оның "миына" жазылған бағдарлама да осындай істерді қамтиды. Бүгінде темір тұлға ешкімге де тансық емес. Сондықтан да сырттан келгендердің ешқайсысы да оған таңданған да, назар аударған да жоқ. Бар есіл дерттері қащқпаның іш жағына ауған. Сәлден соң Гүлжан көрінген. Сол замат Қалиолла өзінің көліктен қалай жылдам шыққанын да байқамай қалған. Сезім құдіреті деген осы болса керек. Тек Гүлжан өткендегісінен көңілсіздеу қарсы алды. Жанындағы көмекші қыздары да емен жарқын емес. Қалиолла мұның бәрін іштей біліп, сезіп тұрса да, сыртқа сыр бермеді.
Үлкен қақпа арқылы ішке еннген соң әдеттегіше бәрі бақтағы жайқалып тұрған мың сан гүлдерге назар аударған. Ал оларға мұқият қараған адам гүлдердің түрлерінің азайыңқырап қалғанын да ажырата алады екен. Қалиолла енді сол жағын тілге типек етті.
- Байқаймын, мына бағыңыздағы кейбір гүлдердің қатары сиреп те қалыпты. Оның орнын толтырған да артық болмас. Сол мақсатта біз ауыл сыртына бірге шығып, гүл теріп қайтсақ деп келіп едік, - деді Қалиолла алғашқы азынаулақ әңгімеден кейін Гүлжанға тіке қарап тұрып.
- Оған біз қарсы емеспіз, - деп Гүлжан жанындағы қыздарына бұрылды.
Бұл сөзден кейін Қалиолланың жүзі бұл бұл жайнады. "Өткерндегідей бас тарта ма?" деп ойлап барып айтщқан еді, бұл сөзін. Енді көңілденіп сала берді. Жанындағы шәкірттері мен көлік жүргізушіге:
- Ал жігіттер, бүгін ауыл сыртына шығып бір бой жазатын болдыңдар! - деді жымыңдап.
- Қаздар, сендер де дайындалыңдар. Күн кешкіріп кетеді. Уақыт оздырмайық. Тездетіп жолға шығайық! - деп Гүлжан өзі де анау мынау заттарын алып шығуға кетті.
Гүл бағының ішінде абыр сабыр қозғалыс басталды. Қыздар бір бірлерімен сыбырласып та, дауыстап та әлденелерін дайындап жүр. Қақпа алдындағы кезекші темір тұлғаға көп сеніп артуға да болатын еді. Сондықтан да бәрі сыртқа асықпай шықты. Гүлжан өзінің Гүлімін қолынан тастамайды. Оны ол жас нәрсетеден бетер әлпештейді. Гүлімі де онысын әбден біліп алған. Кейде ГҮлжанның мойнына оралып алатынын қайтерсің. Алысырақтан көрген адам оны "Гүлден жасалған ерекше алқа ма" деп те қалар еді.
Гүл үлгілерін жинаушылар көп кешікпей көлікке мінді. Жігіттер де сақадай сай тұрған еді. Олар Гүлжан бсатған қыздарға кең салоннан орын берді. Бәрі де емін еркін отыр. Көлік жүргізуші жігіт енді Гүлжан сілтеп көрсеткен бағытқа қарай жүргізе жөнелді көлікті. Гүлжанның ішкі мақсаты басқаша еді. Ол көліктің қарларында жоғары вольтты ток жүріп жатқан биік биік бағаналардың бойымен жүріп отыруына қадағалады. Іштегілер мән жайды әзірге түсіне алмаса да, жоғарыдағы самал желден ызың қақққан тогы бар жуан сымдарға анда санда көз салып қояды. Темір бағаналардың екі қапталында да гүл кілемі бар. Көлік алдарынан әрең әрең көрінетін қара жолмен жүріп келеді. Ол жолмен көліктер өте сирек жүретірндіктен шөп өсіп, байқатпайә жіберген. Гүлжан бір мезете "Осы тұста Мерген ұшыраса кетпес пе екен?" деп те ойлап қойды. Ал қыздардың ойларында гүл ғана. Олар гүл үлгілерін салатын арнайы ыдыстарын қолдарына ұстап та алған. Қалиолла ғана гүл әлемі, жалпы өсімдік әлемі жөнінде әңгіме қозғап, Гүлжанға жиі жиі көз салады. Гүлжан оны мұқият тыңдап отырғандай болып басын мезгіл мезгіл жай ғана изеп қояды. Ал екі көзі Мергеннің ауылы жақта.
Сол ауылға жақындап қалғанда көлікті тоқтатып, бәрі жерге түскен. Содан соң жаппай түрлі гүл үлгілерін теруге кірісіп кеткен. Қалиолла, Қасымбек, Асылбек пен Жеңісгүл бір бағытта жүр. Ара тұра әрқайсысы еңкейіп, жерден қандай да бір гүлді тамырымен еппен қазып алып, ұстаған қолдарын көтеріп, бір біріне көрсетіп те қояды. Бұл аймақта өсетін гүл түрлері бәріне де аян. Бірақ "Осы гүлдердің ішінде өзгеріске ұшырағандары бар ма екен?" деген сұрақ бәрінің көкейінде де бар. Сөйтіп келе жатқанда Жеңісгүл:
- Қараңыздаршы, ана бір темір бағананың төңірегі неге қарайған? - деп қалды солай қарап тұрған күйінде.
- Біреулер күрекпен қазып, опырып, ойып тастағандай екен? - деп қалды Қалиолла көзі анық жетпегендіктен.
- Жыртылған жер екенін қайдам, ол жақтан самал желмен өртеңген шөптің иісі келеді ғой! - деді Гүлжан да солай қарай көз тігіп.
- Иә, өте дұрыс айтасыз. Өртенген жердің күйген иісіне ұқсайды, - деп, Қасымбек те сөзге араласа кетті.
- Мұны барып көрген дұрыс шығар, - деді Гүлжан табиғатқа жаны ашып, - әйтеуірі жақсы нәрсе емес сияқты.
Гүлжанның бұл сөзіне ешкім де қарсы болған жоқ. Бәрі де гүл тере жүріп, соған жақындаған. Расында да қандай да бірдеменің оттығынан қалың жасыл шөбі бар біршама жер күйген. Бірақ ол оттың неден тұтанғаны белгісіз. "Балалар от қойып жіберді ме екен?" десе, оған да ұқсамайды. Сөйтіп бәрі ойға шомып тұрғанда Гүлжанның мойнына әсем гүл алқа сияқтанып оралып тұрған Гүлім кенет жазылып,. жерге ұшып түсті. Бұл сәтке дейін гүлдің мұндай қылығы байқалған емес ті. Әдетте, Гүлжан қажет кезде оны мойнынан жайымен ғана босатып алып, жайымен ғана гүл арасына жіберетін. Гүл сонда да дәл мынандай оқыс қимыл жасаған емес. Енді ол басқалар түгілі Гүлжанның өзі де көрмеген қылық жасады.
Гүлжан да ерекше сезімтал жан. Сезімі гүл сезімінен еш кем емес. Ал гүл адам баласының оғаш қылығына қатты қарсыласады. Жақсы ниетті адам мен жаман ниетті адамды бір бірінен анық ажырата да біледі. Гүлім де дәл қазір тап осы жерде жуық арада болып өткен бір клеңсіз оқиғаны сезгендей еді. Келгендер енді мән жайды анықтауға кіріскен. Оттың жоғары вольтты электр тогынан тұтанғаны анық. Тек биік темір бағанадан жерге қарай салбырап түсіп тұрған ешқандай сым жоқ. Қалиолла ол жерге жақындап барып, тізерлей отыра кетіп, күйген орынды мұқият қарай бастады. Осы кеде ол күйіктің жанында жартылай күйген ұзын таяқ пен бір жақ шеті қарайып күйген үлкен тасты көрді. Әлдекімдердің жүрген іздері де бар екен.Оқиға бірер күн бұрын ғана болған. Гүлім жер бетінде олай бір, былай бір қозғалып, әлденені іздегендей болады. Гүлжанның екі көзі сол гүлде. Қасымбек пен Асылбек айнала төңіректі шарлап жүр. Қыздар да әлденені тауып алуға тырысады. Гүлжан енді сәлден соң өз қолымен өсірген гүлінің қылығына қарап, осы төңіректе ғарыштан келген ғаажайып гүлдің болғанын іштей сезе бастады. Гүлімнің әбіржуі соны мегзеп тұр.
- Мен мән жайды түсіндім, - деді шамалы үнсіздіктен соң Гүлжан, - мұнда ғарыштан келген ғажайып гүл болған. Оған осында біреулер қастандық жасаған. Тек енді сол гүлдің бұл жарық дүниеде бар жоғын біле алмай тұрмын. Мұқият қарайқшы, Ана бір үлкен тастың жанында сол гүлдің жапырақтарының бір үзігі де жатыр. Шамасы, біреулер ол гүлді ана ұзын ұзын таяқтармен соққан. Болмаған соң таспен атқылаған.
- Бұл бір қызық оқиға екен, - деді Қалиолла көңілдене түсіп, - ал сонда гүлдің өзі қайда кеткен? Жанып кеткен бе?
- Жанып кеткен болса, қалдығы болар еді. Олай болмаған. Ал оны біреулер алып кетті деу де ақылға қонымды емес! - деді Гүлжан қатайып.
- Бұл ойыңыз орынды, - деп Қалиолла гүл жапырақтары қалдығыныңң бір бөлшегін қолына алды.
Қасымбек пен Асылбек жапырақтың тағы бір бөлшегін өздерімен бірге үнемі алып жүретін гүл табиғатын тексергіш құралдарымен зерттеуге кірісті. Қыздар да үймелеп қарап қалған. Олар үшін мұндай зерттеу қашан да қызық. Гүлжан да бар назарын соған аударып тұр. Бәрінің ойлары бір жерден шықты. Енді оған үңіле қарап тұра берудің де қажеті шамалы еді. Бәрі де шамалы сергіген соң қайтадан гүл теруге кірісіп кетті. Айнала төңіректегі табиғаттың тамаша көріністері қай қайсысының да көңілін көтеріп ақ жіберген. Оған қоса нешетүрлі гүлдердің хош иістері де мұрын қытықтайды. Табиғаттағы барлық құбылыстың адамға көз, құлақ, мұрын арқылы қабылданатыны түсінікті. Сол қабылдаушы органдардың жұмысы бір біріміен үйлеспесе, адам табиғаттан әсер ала алмас та еді. Гүл терушілердің қай қайсысы да мейлінше көңілді. Кейбіреуі гүл тере жүріп ыңылдап ән де салады. Гүлжанды әдеттегідей қыздар қоршап алған. Қалиолла, Қасымбек пен Асылбек өздерінше бөлек жүр. Жер шарында, өз ауылдарында нендей жаңалық бола қойсын. Бәрі де бала кездерінен таныс гүлдер, таныс өсімдіктер. Гүлжан, Жеңісгүл, Қалиолла, Қасымбек пен Асылбек терген гүлдерді қыздар дереу арнайы ыдысқа салып, олардың баққа апарғанша солып қалмауларын қаадағалауда. Осындай қарбалас қызықта жүріп, гүл үлгісін теріп алушылар кештің түсіп қалғанын да аңғармаған.
Бір кезде Гүлжан енді үйге қайту қажет екенін айтты. Сол сәтте ешқайсысы күтпеген бір құбылыс болды. Гүлім әлі сол әлгі күйген жердегі топыраққа бұрғыланып, тік өсіп тұрған болатын. Гүлжан соны алмақ болып қараса, ол орнында жоқ. Ғалым қыз қатты састы. " Гүл тереміз деп жүріп, екі ортада өз гүлімнен айырылдым ба?" деп ойлап та қалған. Бәрі гүл теруді де, басқа жұмыстарын да дереу тоқтатып, Гүлімді іздеуге кіріскен. Бірақ айнала төңіректі қарағанымен бірі де жоғарыға көз салмапты. Гүл темір бағананың бойымен жұлдыз құртынша өрлеп, жоғары вольтты тогы бар жуан сымға оралып алған екен. Оны көрген Гүлжанның көз жанарларынан ыстық жас ыршып та кетті. Ол ыстық жас тамшылары Күн сәулесіне шағылысып, жылт жылт етеді. Қыздар Гүлжанды қоршай түскен. Қалиолла да не істерін білмей тұр. Бар болғаны біресге Гүлжанға, біресе сымға оралған гүлге қарайды. Енді бір сәттғ Гүлімнің жуан сымдағы жоғары вольтты токтан қызара бастағанын да көрді гүл терушілер. Кеш түскен сайын гүлдің қызаруы да күшейе берген.
- Жігіттер, мынаған бірдеме ойлап тапсаңыздаршы, - деді бір кезде Гүлжан Қалиоллаға, оның жанындағы екі жігітке кезек кезек қарап7
Қалиолла биік темір бағананың бойына бір, сымға оралған гүлге бір қарап, шамалы ойланды, бірақ шешім шығара алмады. Екі шәкірті де өзінен аспады. Бұл жігіт үшін үлкен сын еді. Бірақ қайтсін, жігіттерге де өмір керек. Қарларына жоғары вольтты жуан сым ілінген биік темір бағананың басына кім өлімге басып тігіп шығады. Оны Гүлжанның өзі де, қыздары да іштей біліп тұр. Гүлжан тіпті, сол жігіттердің бірі бағананың басына шығамын десе де жібермес еді. Гүлімін де өлімге қимайды. Ол тогы үлкен сымда осылайша оралып ұзақ тұра берсе, кім біледі, күйіп те кетер. "Бәлкім, әлгі ғарыштан келген гүлдің тағдыры да осылай болғамн шығар?" деп бір ойлап қойды ішінен Гүлжан.
Енді гүл теру жайына қалған. Бәрі де Гүлімнің тағдырымен әлек. Бағаана қарындағы сымға дейін жететін ұзын құрғақ таяқ та жоқ, саты да жоқ. Бәрі де әбіржіп кеткен. Ал Гүлім болса, сол жуан сымға оралған бойда бейнебір бойын әбден қыздырып алғысы келгендей тып тыныш. Қыздар да не істерлерін білмейді. Олардың бір екеуі қолдарындағы гүлдерін ыдысқа салып, көлікке апарып тастаған. Енді қолдары бос. Бәрінің де аңдығаны Гүлім. Бұл көрініс, тіпті, мысалдағы жоғарыдағы жүзімге жете алмаған түлкінің қиналысын еске салғандай да болады. Қалиолла да қатты қиналды. Жігіт осындай жағдайларда батылдығымен, тапқырлығымен көзге түсе алмаса, одан қыздың көңілі қалады. Қалиолла оны жақсы біледі. Жігіттеріне бұрылып: "Ал, не амал жасамймыз енді?" дегендей иек қағады. Олардан жауап жоқ.
- Мына ауылға барып көмек сұрасақ қайтеді? - деді бір кезде Сәуле есімді қыз.
- Онда кімге айтамыз?
- Онда Мерген ағай бар емес пе? Бәлкім, сол кісі бірдеме ойлап табар?
- Ауылға барып адам ертіп келгенше мына гүлдің өзі де күйіп болады емес пе?
- Бұрын соңды мұндай қылығын көрмеп пе едіңіз? - деді Қалиолла Гүлжанға.
- Жоқ, - деді Гүлжан, - мұны мен бұл кезге дейін ток атаулыға жолатып көрген емеспін. Мұның мұндай да қабілетінің барын алғаш рет көріп тұрмын өзім де.
- Ойпыра ай, енді не жасасақ екен? - деп терең күрсінді Қасымбек.
Сол кезде Қалиолланың бойын жігіттік намыс билеп, батыл шешімге келді. Өзінің қоолынан ештеме келмесе қайтсін. Екі шәакірті мен көлік жүргізушіге бір қарап алды да:
- Қой, уақыт өткізбейік! Сәуле қарындасымның айтқан ұсынысы дұрыс! Тедетіп ауылға барайық мына көлікпен. Адам мен құрал алып ыкелейік! - деді.
- Сіз осылай деп шештіңіз бе? - деді Гүлжан сәл жадырап.
- Солай. Басқа жолы жоқ. Ауылға мына көлікпен өзім барып келемін.
- Мерген үйінде болса жақсы.
- Ол кісі бір шұғыл жұмысы шығып қалмаса, ауылдан ұзамаушы еді ғой!
- Үйінен табылып жатса, әлгі ғажайып гүлдің жайын да сұрарсыздар. Бәлкім, ол кісі одан хабардар да шығар?
- Әрине, міндетті түрде...
Қалиолла көліктің алдыңғы кабинасына отырып, жүргізушіге иек қақты. Қыздар да енді бір жақсы оқиғаның орын аларын алдын ала сезгендей бір біріне қарап жымиысып қойды. Көлік жүріп кетті. Қалғандар әлі де жоғарыдағы гүлді қадағалауда. Сол кезде тағы бір құбылыс орын алды. Жуан сымға асыла оралған гүл шуалшанша бір серпіліп барып, құстай қалықтап жерге келіп түсті. Бақылаушылар не істерлерін білмей абдыраған. Гүлжан Гүлімінің бойында жоғары вольтты токтың барын бірден сезді. Оған жақындаған жоқ. Жанындағы қыздарына да жақындауға рұқсат етпеді. Гүл тағы бір серпіліп барып қара топыраққа бұрғыланып, бойын тік көтерді. Соның артынша оның қып қызыл болып қызған сабағы бірте бірте өз қалпына келе берді. Әбден дұрысталған кезде барып қана Гүлжан оған жақындап барып қолына алды. Гүлінің осындай ғажайып қабілетінің барын да өз көзімен көрді. Қуаныштан көз шараларына ыстық жас үйірілді. Жалпы, гүл атаулының бойларында
электр тогының болатынын білмейтін пенде аз. Ал мына көрініс оның асқан шегі еді. Тұрғандардың бәрінікң де көздері гүлде. Ол енді әдетінше Гүлжанның мойнына орала кеткен. Гүлжан өз гүліне қолы қайта жеткеніне қатты толқып, көз шарасына тағы да ыстық жас үйірді. Ол толқынысы мен көз жасын сезген гүл ара тұра қозғалып та қояды. Шәкірт қыздары да, Қасымбек пен Асылбек те гүлге қызыға қарап қалған.
Сөйтіп тұрғанда ауыл жақтан қара жолдың шаңын аспанға көтерген көлік те көрінді. Бәрі солай қарай қадала қараған. Жақындаған кезде көліктің терезесінен Мерген де байқалды. Қыздар екі жаққа жарылып, жол аша берген. Көлік жақын келіп кілт тоқтаған мезетте Қасымбек пен Асылбек оған қарай жүрді. Көлік есігі автоматты түрде ашылды. Қалиолла бірінші түсті. Одан кейін Мерген. Гүлжан кәдімгідей толқып тұр. Әуелдегі бір кедердегідей еркін сөйлеуін де қойған. Мерген де қапелімде басқа сөз таба аклмай қалғандай:
- Кеш те түсіп қалыпты ау! - дей салды.
- Иә, - дей салды әлі де толқу сезімінен шыға алмаған Гүлжан, күнбатыс жаққа бір қарап алып.
- Гүлім сауығып кеткен бе? - деп Қалиолла гүлге таңырқай қарады.
Мерген өзі талай рет көрген ғажайып гүлден аумайтын гүлді алғаш рет көрді. Оның тіпті, Гүлжанның мойнына оралып алғанына да таң болды. Гүлжанның нағыз ғалым екеніне, ғылымға соншалықты берілгендігіне тағы бір көзін жеткізді. Бірақ енді бұдан әрі қарай үнсіз қала берудің де рет жоқ ты. Мерген Гүлжанға қарай бір адым басты да:
- Гүлжан, ана қарайып күйген жерде ғарыштан келген ғажайып гүл жатқан. Ол мына темір бағананың қары арқылы өтетін жоғары вольтты сымнан түскен. Менің ауылымның тұрғындарынан естігенім бойынша, сол жоғары вольтты токтан жаңа ғана түсіп, әлі қызуы басылмаған гүлді осы маңда серуен құрып жүрген Сәрсенгүл мен Гауһар таяқпен ұрып, таспен атқылапты. Сол кезде гүлдің өне бойынан электр тогы отының ұшқыны шашылған. Мен сол әңгімені естіген бетте осында келдім. Ғажайып гүл соның алдында ғана менің үйіме келіп, одан қайта кетіп қалған болатын. Келсем, гүл мына үлкен тастың бір шетімен басылып жатыр. Қайта бақытымызға қарай гүлдің тамырлары қара топырақтан шықпапты. Әйтпесе...
- Қандай көргенсіздік, бұл? - деп, Гүлжан Гүлімін кеудесіне баса түсті - ол гүл қізір қайда?
- Гүл осында Гүлжан. Жаңа Қалиолла келгенге дейін мен саған бірнеше рет бейнетелефон қоңырауын соққан едім. Таба алмай отырғанмын. Бақтағы кезекші қыздар осылай кеткеніңді айтты. Бірақ мен "Бұл кең даланың қай жерінен табамын" деп отырғанмын. Сол кезде мына жігіт келіп қалды. Ғажайып гүлге көмек керек. Оның сабағына зақым келген.
- Солай ма? Неге мұны тезірек айтпадың? - деп, Мерген дереу көліктің жартылай ашық тұрған есігінпе қарай ұмтылды. Соңынан Мерген мен Қалиолла енді. Гүлжан жарақат алып, нәзік денелі қыздай болып жатқан ғарыштан келген ғажайып гүлге қарай еңкейе бергенде, мойнындағы Гүлімі шалт қозкғалып, сусып мата бетіне түсті. Гүлжан ғажайып гүлге мұқият қарады. Бірнеше секундтың ішінде жұлдызаралық сапардағы осы гүлмен байланысты сәттері елес беріп өте шықты. " Тап осы, тап осы гүл еді ғой, менің сол ғажайып ғаламшарда алғаш алақаныма салған гүлім! Осы гүл үшін Мерген екеуміз түсініспестіктің хиғаясын басымыздан кештік! Сол күнәсін жуыцп, Мерген екеумізді табыстыру үшін жұлдызаралық кемемізге жасырын еніп, Жерге жетіп, қаншама азапты басынан өткеріп, ақыр соңында мынандай күйге түсіпті" Гүлжан осыны ішінен айтып, көз шарасына еріксіз ыстық жас үйірді. Бірақ бұл енді қуаныш пен бақыттың ыстық көз жасы еді. Көлік төңірегінде тұрғандар тым тырыс қалған. Көлік ішіне үшеуінен өзге ешкім кірмеген. Олар жақсы жаңалықты күтіп тұр.
Гүлжан енді уақыт жоғалтпай әрекетке кірісіп кетті. Көлік ішіндегі өсімдіктерді емдеуге арналған күрделі жүйені іске қосты да, ғажайп гүлге қажетті дегеннің бәрін жеткізді. Осы кезде ішке Жеңісгүл енді. Мерген мен Қалиолла оларға кедергі жасамау үшін сыртқа шығып кетті. Өздерінен ешқандай да көмектің болмайтынын да түсінген. Гүлжан мен Жеңісгүл ауруға шалдыққан гүлдерді бірінші рет емдеп тұрған жоқ ты. Екеуіне де таныс, белгілі іс. Тек мына ғарыштан, өзге ғаламшардан келген ғажайып гүлдің жөні басқа екен. Қанша жанкешті болса да қатты зақымданған. Ол жоғары вольтты токтың тұйықалуы сәтінде болған. Егер Мерген өзімен бірге алып келмес, оның жағдайы қиындай бермек. Сырттағылар да қатты толқулы. Мерген бір орнында байыз таппай, олай да, былай да жүреді. Қалиолла да гүл әлемін қанша зерттеп жүрсе де дәл қазір ештеме айта алмаған. Бір жағынан жоспарының мұншалықты өзгеріп кеткеніне де іштей қынжылады. Тек сыртқа білдірмейді. Мерген де ашып ештеме демеген. Қайдан шешіле қойсын. Гүлжанға деген қызғаныш сезімі жетеді Мергеннің бойында. Қасымбек пен Асылбек қана бір бірімен ара тұра сөйлесіп қояды. Қыздар болса да үніз. Олар қолдарындағы гүлдеріне жиі жиі көз салады.
Жағдай күрделене түскендей. Ғарыштан, ғажайып ғаламшардан ккелген ғажайып гүл сауықпай Гүлжанның көңіл күйінің түзелмейтінін тұрғандардың бәрі де іштей біліп тұр. Мергеннің уәйімі де күшті. Ол осы гүлді Гүлжанға әп әдемі күйінде ұстатуды армандап жүретін. Енді ол жаралы, сырқат. Ең бастысы, өзі де, Гүлжан да бұл гүлдің араларында табыстырушы болып жүргеніне толық көздерін жеткізді. Жаралы, сырқат болса да Мерген бұл гүлді Гүлжанға табыс етті. Енді Гүлжанның да Мергенге деген сенімі мен түсіністігі арта берді.
Шамалыдан соң Жеңісгүл көліктен шығып, Мергеннің ішке кіруін өтінді. Ол көлікке жылдам мінді. Гүлжан салон ішіндегі үлкен құралдың алдындағы панельдегі жыпырлаған көп түймелердің қажеттісін нұқып қойып отыр еді. Мерген кіргенде Гүлжан оған бұрыла қарап, көзіне жас алды.
- Гүлдің халі ауыр, - деді содан соң көз жасын тез тыйып, - мұны тез арада үлкен зертханаға жеткізуіміз керек. Әйтпесе...
- Түсіндім, Гүлжан, - деді Мерген төмен қараған бойда.
- Мынаны ұсташы, - деді сол кезде Гүлжан.
Мерген басын көтеріп алып Гүлжанға қарағанда, оның өзі өсірген гүлін өзіне ұсынып тұрғанын көрді. Мергеннің тұла бойы шымырлап жөнелді. Қыз алдында өм ірінде дәл осындай терең ішкі толқынысты ешқашан басынан кешіріп көрмеген еді. Көңілі шын қаламаған қызға өзін өзі зорлап жақындатқаннан ештеме шықпайтынына да дәл осы бір қас қағым сәтте көзі жетті. Гүлжан берген гүлді алған бойда мойнына орай салды. Біір ғажабы, гүл Мергенді бөтенсіген жоқ. Сол ораған күйінде қалды. Гүлжан Мерген мен гүліне мейірлене көз салды. Мерген Гүлжаннан көз алмайды. Екеуінің қатты сағынысқан жанарлары бір бірінен таяр емес. Мұны іштей түсінген Жеңісгүл жай ғана қозғалып, көліктен шығуға бет алды. Оны сыртта Қалиолла қолынан ұстап еппен жерге түсіріп алды.
Гүлжан шамалы үнсіздіктен соң Гүлжан ғажайып гүлге қарап алып Мергеннге:
- Бәрі де жақсы болады! Жазылады бұл гүл! - .деп сенімді сөйледі
- Ендеше, уақыт оздырмайық! - деді Мерген.
- Жүрелік, менің зертханама.
Сәлден соң олар мінген үлкен көлік кең жолға түсіп, Гүлжанның гүл бағы бар ауылға қарай жүйткіп жөнелді.
Көпшіліктің көмегі
Ғарыштан келген ғажайып гүлдің жағдайы жөніндегі әңгіме сол күні ауыл аймақтарға тарап үлгерген. Оны естіген Айтқали мен Маржан Гүлжанға бірінші болып жеткен. Бұл ғажайып гүл сол жұлдызаралық сапапрда болғандар үшін ерекше ыстық еді. Олардың ізін ала Жеңіс, Мейірбек пен Жұматай да жұбайларын ерте келді. Хабардар болған кейбір шетел ғалымдары да ат басын осында бұрған. Сөйтіп, бүкіл Жер шарындағы елді мекендердегі атақты деген биологтар мен ботаниктердің үлкен сыннан өтетін кезі де келді. Соңғы кездері "Гүлжан бағы" атанып кеткен үлкен гүл бағының іші ел ғалымдары мен шетел ғалымдарына лық толды. Солардың бірі болып Қалиолла да жүр.
Ғажайып гүлдің жағдайы күн санап ауырлай берген соң оған үлкен көмек қажет болған. Гүлжанның гүл бағындағы үлкен зертханада гүлдің хал жағдайы, табиғи жаратылыс толығымен тексерілді. Соңында Гүлжан бастаған ғалымдар тобы "Бұл гүлге күрделі ем керек" деген қорытынды жасады. Десе де, гүл атаулының жандүниесін Гүлжаннан артық білетін жан баласы жоқ еді. Тап сол сияқты етіп Гүлжаннан өзге ешбір ғалым гүл өсіре алған жоқ. Гүлжан ол гүлін ешқашан да жанынан тастаған емес. Ал түн мезгілінде оны ғарыштан келген гүлдің жанына қояды. Шетелден келген ең білімді, білікті де беделді деген ғалымдардың өздері де Гүлжаннан аса алмай, тек оның тұжырымдарын мақұлдаумен отырған. Гүлжан гүл табиғаты жөніндегі теорисымен ғана емес, тәжірибесімен де алдына жан салмады. Ол ғарыштан келген гүлге ешқандай пышақ жүзін тигізуге болмайтынын ескертумен болды. Оған рұқсат бермеді. Мұны Қалиолла да қолдаған. Гүл жанының соншалықты нәзік келетінін тек Гүлжан ғана жан тәнімен сезінеді. Бірақ сырттан келгендерден мүлдем көмек болмады деуге де негіз жоқ ты. Гүлжанңға көптеген пайдалы кеңестер берілді, гүлге көмек көрсетілді.
Сөйтіп, шетелден келген ғалымдар көп кешікпей өзді өзді елдеріне аттанып кетті. Қалғандар жергілікті ғалымдар. Гүлжанның ғарышкерлік, ғалымдық даңқы арқылы Жер шары тұрғындарына мәшһүр болған ауыл да әдеміленіп кеткен бүгінде. Келімді кетімді меймандар көп. Ауыл ауылдан келген сапарластары гүл қашан дұрысталғанша қайтпауға бел буған. Екінші жағынан бұл тағы бір бас қосу еді. Мерген мен Гүлжанның ғарыштан келген гүлді емдеп жазу жолында жасап жатқан әрекеттері достарының бәрінің көкейіне де қуаныш сезімін ұялатты. Бәрі де қолдарынан келген көмектерін аяған жоқ. Сапрлас достары жанында демеу көрсетіп жүргенде Гүлжанның ғалымдық қабілеті де еселене түскен. Гүлжанм\ мен Маржан іс барысында оңаша әңгімелесіп, өткен оқиғаларын естеріне түсірді. Гүлдің бұрынғы сау кезіндегі қабілетін еске түсіру үшін ол жайлы түсірлген бейнефильмді де қайталап көрді.
Өкінішке орай, гүл жоғары вольтты токтан қатты зақымданған еді. Ол көп күн бойы қимыл қозғалыссыз жатқан. Оған үлкен зертханадағы арнайы демеу жүйелері арқылы топырақ нәрі мен су жеткілікті мөлшерде жеткізіліп тұрды. Жарақаты мен сырқатын былай қойғанда, гүл қатты шаршаған да еді. Ол өзін алақанында ұстап, иіскеп аялаған адамын бақытты ету үшін қаншама жол жүрді, қаншама азап шекті. Ақыр соңында осындай күйге ұшырады. Гауһар мен Сәрсенгүл бұл гүлдің соншалықты қасиетті, соншалықты әйгілі екенін түсінбеген ді. Оларға бұл адам арасына іріткі салып жүрген бір зиянкес тірішілік иесіндей көрінген. Табиғаттағы нәзік гүл атаулының әдемілігі, хош иісі мен ішкі жан дүниесін түсінбейтін адамдар осылай қараса керек ті. Ал жоғары санамен үңіліп қараған, терең түсінген адам табиғаттағы кез келген тірішілік иесінен ғажайып жаңалықты көре алады.
Дегенмен де, ғарыштан келген гүлге жасалған ем дом бекер далаға кеткен жоқ. Аарада тағы бірнеше күн. өткенде гүл басын көтерді. Қауызын ашып, оның ішіндегі тип титтей ақылға толы басын айнала төңірекке бұрып, қарақаттай көздерімен қарайтын болды. Оның өзі де Мерген мен Гүлжан үшін үлкен үміт еді. Онысын көрген достарының көңілдері де орныққан. Сөйтіп олар ауылдарына тарасты. Қажет болып жатса, қай қайсысы да жедел жетпек. Ең қуанышты көмек, олардың алыпұшып жеткендері еді. Мерген мен Гүлжанды демеген алғашқы көмек те сол болатын. Ал ғарыштан келген ғажайып гүлдің сырқаттан бас көтеруіне басты себеп болған Гүлжанның Гүлімі. Осы гүл бағында бүгінде Қалиолла да жүр. Ол көмекші жігітерін үйлеріне қайтарып жіберіп, өзі қалған. Қалиолла осы тұста Мерген мен Гүлжанның арасындағы шынайы махаббат сезімін түсінген. Өзінің алғашқы ойларының қате екенін аңғарғанн. Басқаша ойлай бастаған. Осы күндері Қалиолла өзіне білдіртпей ғана гүл ұсынып жүрген қызды да байқаған. Ол Жеңісгүл еді. Ол қызбен түсінісу арқылы Қалиолла махаббаттың бір күндік сезім емес екенін де білген. Сондықтан да Мерген мен Гүлжан арасындағы махаббат сезімін үлгі тұтқан. Бақтан кетпей Жеңісгүлмен бірге ғажайып гүлдің жағдайын қадағалаумен жүрді.
Көпшіліктің көмегі мен тілегінің арқасында ғажайып гүлдің жағдайы күн санап түзеле берді. Гүлжан оны өзінің Гүлімімен бірге арнайы үлкен ыдыстағы құнарлы қара топыраққа отырғызған. Қажет кезде зертханадағы күрделі құралдарды қосып, гүлдің ішкі жағдайын біледі. Гүлжан енді үйіне баруды да қойған. Осы үлкен зертханадағы арнайы зерттеу бөліміндегі жатын орынға түнейді. Қыздар да үйлеріне қайтып жүрген жоқ. Олар да арнайы бөлімдегі жатын орындарда болады. Гүлдің жағдайын сұраушы ғалымдар мен тұрғындардың саны күн санап көбеймесе, азайған емес. Мерген мен Қалиолла бақ ішінде ымырт үйіріліп, қас қарайғанша жүреді де, үйлеріне қайтып, таң ата осында келеді. Оның арасында бейнетелефон қоңырауын сокқандармен сөйлесіп, гүлдің жайын айтады. Әйтеуірі бір тыным таппайды. Бүгінде Мерген ерекше жігерленіп, ерекше шырайланып кеткен. Енді оған бейнетелефон қоңырауын соғушылар да көп. Бір кездере атақ даңқы қанша дара болса да, ешкімге керегі жоқтай болып қалған еді. Енді құрмет көбейген. Мерген адам пенденің жалғызлікті ғұмыр кешіп, ешкімге де сыйлы бола алмайтынын терең түсінді.
Ал ең басты бақыты Гүлжанмен қайта табысқаны еді. Бұл табысудың негізгі дәнекері ғарыштан келген ғажайып гүл болды. Егер осы гүл сол ғажайып ғаламшардан аттанар сәтте жұлдызаралық кеменің қабырғасына жабысып, одан ұшар алдында ашық тұрған кеме терезесі арқылы ішке еніп, жасырын күйде Жерге, елге жетпегенде Гүлжан екеуінің арасының не болып кететіні де белгісіз еді. Сондықтан да Мерген бұл ғажайып гүлге ғұмыр бойына риза әрі оған қарыздар екенін сезінген. Ойлап қараса, ғажайып гүл саналы, әрекетшіл деген адам баласының өзінің қолынан келе бермейтін әрекеттер жасаған, небір қиындықты жеңіп шыққан. Ақыр соңында өзі мен Гүлжан үшін ауыл мейрамханасында Гауһардың көйлегін былғап, сабақ үстінде Сәрсенгүлдің көйлегіне жабысып, жүрегін ұшырғаны үшін олардан зардап шекті. Мерт бола да жаздады. Жағдайы әлі де толық түзеліп кете қойған жоқ. Мерген ғажайып гүл үшін кез келген уақытта қолынан келгеннің бәрін де жасауға дайын. Күні бойы бақ ішінен шықпайтыны да содан. Енді Қалиолла екеуі бір бірін жақын түсінісіп, сенімді досқа да айналды. Бір бірін қас қабағынан түсіне қояды. Ал Гүлжан болса, Жеңісгүлді жанынан тастамайды. Шәкірт қыздарының ішінде ғылыми ізденіс жағынан Гүлжанның көзіне ерекше түскен қыз да осы Жеңісгүл еді. Гүлжан оны әуелден жақсы көретін, өзге қыздардан дара қарайтын. Ал мына жағдайда Жеңісгүл жанына тіпті де жақын болып кетті. Гүлжан басқа қыздарын үмітсіз деуден аулақ. Қай қайсысының да өзіне тән қылығы, мінез құлқы, қабілеті бар. Гүлжан қай қайсысымен де сол мінез құлықтары мен қабілеттеріне сай тіл табысады, жұмыс жасайды. Бүгін де бақ ішінде әдеттегіден тыс қарбалас жұмыс жүріп жатты. Кейде мұндағылардың түскі астарын ішулеріне де әрең уақыт табылады. Өзіне өмірлік арман болған ғажайып гүл дегенде Гүлжан басқаның бәрін де былай қояды.
Гүл де күн өткен сайын бой көтеріп келеді. Ширай да бастаған. Тек баяғысынша қажет кезінде қадалып тұрған қара топырағынан сабағымен шыр айналып шығып, қалаған жағына қарай сапар шекпейді. Солай бола тұрса да, ғажайып гүлдің де басты арманы орындалған сияқты. Гүлжан оған. ойлана қарап тұрып кейде: "Гүл атаулы қай заманнан бір біріне ғашық екі жастың ғашықтық сезімін жалғастыруға дәнекер болып келеді. Адам баласы гүлдің осындай ғажайып қасиетін о бастан ақ сезіп білген ау" деп қояды ішінен. Сөйте жүріп, ғажайып гүлге қолынан келген істің бәрін де жасайды. Кейде осы бақ ішінде Мерген екеуі оңаша қалғанда қатар отыра кетіп, ғажайып гүлдің қимыл қозғалысын, қылығын бақылайды. Бір ғажабы, Мерген екеуі қалай бірге қалып, қалай оңаша әңгімелессе, гүл де кәдімгідей сергіп, қозғалып, тезірек жазылуға әрекеттене бастайды. Сол әрекеті ширай түсуі үшін Мерген мен Гүлжан күндіз зертханадан осы бақ ішіне алып шығады. Құнарлы топырақ, таза сумен емдейді. Көрші ауылдың екі жеңіл ойлы қызы салған таңба да оңайлықпен кетер емес. Сол екі қыз гүлді үлкен тасты гүлді дәлдеп лақтырғанда қатты соққыдан бойындағы жоғары вольтты ток кенет артып, оның жасушаларына нұқсан келтірген. Ток жарқылы тиген жерлері қарайған даққа айналған. Бүгінгідей ғылым жетістігі болмаса, гүл әлдеқашан солып, қурап кеткен де болар еді. Әдетте, гүлдің ғұмыры өте қысқа келеді. Адамдар гүлді топырақтан суырып алғаннан кейін ыдыстағы суға салып қояды. Ол суда гүл екі үш күн ғана қауызын ашып тұра алады. Содан кейін солады, тірішілігін тоқтатады. Ал бұл ғажайып гүлдің жаратылсы да, қабілеті мен ғұмырлылығы да бөлек.
Гүлжан осы уақыт аралығында ғажайып гүлге көп еңбек сіңірді. Ол шеккен азапты да қайта басынан өткергендей. Мақсаты гүлді қалай дегенде де тірі алып қалу болатын. Гүл де тірі қалуға ұмтылған. Әсіресе, Мерген екеуі қарап тұрған кездегі әрекеттері ерекше. Бірақ тұла бойын ауыртқан жарақат мүмкіндік берсін бе? Қанша дегенмен де тез шаршайды. Гүлдің басы төмен түсе бастаса болды, Гүлжан да көңілсіздене бастайды. Мерген де не айтарын, не жасарын білмей іштей қиналады. Тек екеуі ғана ма, бүгінде гүлдің жағдайын ел ғана емес, күллі Жер шарындағы елді мекендерде тұратын ботаник ғалымдарқадағалуда. Жағдайды келіп сұраушылар да толастамаған. Бірінен бір естіп келп кетіп жатқаны. Бұқаралық ақпарат қызметкерлері де жиі жиі бейнетелефон қоңырауын соғып, кейбірі келіп бейнефильмге түсіріп әкетіп, күллі әлемге хабарлап та жатыр. Гүл жайлы, оның жағдайы жайлы білгісі келетін ғылымнан алыс адамдар да көп. Ғажайып гүлдің ерекше қабілетін кеш түсінген Гауһар мен Сәрсенгүлде елге қарауға бет жоқ. Олар тек қана гүл емес, Мерген мен Гүлжанның арасындағы шынайы махаббат сезімінің нәзік жібін де үзе жаздады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіз аяқталды. Махаббатқа тас атуға болмайтырнын тек ол екеуі мен ауыл, қала, ел тұрғындары ғана емес, Жер шарындағы күллі елді мекендердегі жастар да терең түсінген. Мерген мен Гүлжанның таза махаббаты мен оның суып кетпеуіне дәнекер болған ғарыштан келген ғажайып гүл жайлы теледидар арналарынан хабарлар толассыз берілумен болды. Ел елден гүлді емдеуге қажетті дәрі дәрмектер мен қаржылай көмектер де келіп жатты. Гүлжан сұраған, іздеген нәрсенің бәрі де табылды. Оған жұлдызаралық сапарда бірге болған достары әркез қозғау салып отырды.
Табысқан жұптар
Мерген түнгі ұйқысынан сергек тұрды. Әдеттегісінше бой жазды, жаттығулар жасап, жуынып шайынды, асханадан автомат аспазшылар дайындаған таңғы асын ішті. Содан кейін киімін ауыстырып киіп, көрші ауылдағы "Гүлжан бағы" атанған үлкен гүл бағына жетуге асықты. Бүгінде Мергеннің әрбір күні бақытты күнге айналған. Оның ойлаған бар арманы орындалды. Ғарыштан келген ғажайып гүлдің арқасында Гүлжанымен қайта табысты. Гүлжанның жанында өткен әрбір минуты, сағаты өміріндегі ең бақытты уақыты. Соған қолы жетті. Енді қалайша үйде шыдап қарап отырсын, қалайша солай қарай асықпасын.
Жеңіл көлігін жүргізіп келе жатып Мерген нешеқилы ойға да батты. Өзінің бұл кезге дейін жіберіп алған қателіктерін іштей мойындаумен болды. Түсінбестіктің салдарынан Гүлжанға деген адал махаббат сезіміне сызат түсіріп, қиянат жасай да жаздады. Қыз атаулының бар ішкі махаббат сезімін ішінде сақтап өтетінін Мерген енді түсінген."Егер ғажайып гүл дәнекер болмағанда Гүлжанмен қалай табысар едім?" деп те ойлап қояды. Сондай оймен жеңіл көліктің Гүлжан ауылындағы гүл бағының жанына келіп тоқтағанын да аңғармай қалды. Жүргізуші Мергеннен ештеме сұрамастан өз жөнімен қайтып кеткен. Бақ алды абыр сабыр.Онда бүгінде адам аяғы тыйылмайды. Адамның болғаны да жақсы. Мерген де, Гүлжан да көпшіл. Тек сол жұлдызаралық сапардан кейін жеке дара үйде жалғыз тұрып жаман үйрене жаздаған. Жалғыздықтың өмір емес екенін де Мерген енді тұшынды. Енгді үш қабатты, қаңыраған көп бөлмелі үйінде Гүлжансыз, жапандан жалғғыз бір минут та тұрғысы келмейді. Онымен қайта табысқан күннен бастап жұмыстан қолы босаған сәттің бәрінде де Гүлжанның жанында болады. Үйіне тек қонып қана шығады. Таң ата бүгінгідей жеңіл көлігіне мініп, Гүлжанның ауылына қарай тартады. Уақыт та енді жылдам өте бастағандай. Жалғыздығында кейде уақытты өткізе алмайтын. Жер дүниеге сыймайтын. Гүлжанмен қайта табысқалы бері мына өмірде де, уақытта да көп өзгеріс болғандай. Қаумалаушылар да, сыйлаушылар да, бпейнетелефон қоңырауын соғушылар да көп енді. Сол құрметтің бәрінің де Гүлжан мен ғажайып гүлдің арқасында болып жатқанын да мойындады Мерген. Бақытты жұпқа қызығушы да, қызғанушы да табылады. Гүлжанмен қайта табыспай тұрғанда айналасындакғылар қанша атақты ғарышкер болса да өзгеше қарайтынн. Енді ол пікірлердің бәрі де түзелген. Мерген енді шын махаббат сезімі мен алдамыш сезімді айыра да біледі.
Мерген жеңіл көлігінен түсіп, бақ ішіне кірген бойда ондағы қыздардан Гүлжанның, ғажайп гүлдердің жайын сұрады. Бәрі жақсы еді. Кешікпей Қалиолла да келді. Бақта абыр сабыр тірішілік жалғасып жатты. Қыздар да өздеріне тиесілі жұмытарымен болуда. Қалиолла ара тұра Жеңісгүлге көмек көрсетіп те қояды. Екеуінің ой ниеттерін, бір бірін ұнату сезімдерін сезген Гүлжан да оңаша сөйлесулеріне жағдай тудыруға тырысады. Жеңісгүл де бұрынғы сыйластығын сақтайды. Қалиолланың Жеңісгүлге деген ішкі махаббат сезімі де күн санап күшейе берген. Өзінің бар білгенін Жеңісгүлге бар жан тәнімен түсіндіреді. Сонысына қарап басқа қыздар да Қалиоллаға деген сыйластығын күшейткен. Олар анау мынау жұмысты өздері жасап, Қалиолла мен Жеңісгүлдің бір бірімен сырласа түсуіне мүмкіндік тудыруға тырысады.
Үлкен гүл бағының ішінде осындай жағымды көріністер өтіп жатқан ды бүгін. Мерген де Гүлжанның жанынан алыстар емес. Ол да ерекше көңілді жүр. Гүлжан зертханада жасаған небір вегетативтік тәжірибелер Мергенді қайран қалдырған. Өздері бір бірімен араласпай жүрген уақыттарда Гүлжанның немен айналысқаны да енді айқындала түскен ді. Сондықтан да енді Гүлжанға өз жағдайын түсіндіріп жату да артық. Мерген осы тұста өзінің не іс тындырғанын да ойлап қойған. Әйел затының ерлерге қарағанда оптимистеу келетініне Мерген көз жеткізе түсті. Гүлжанның мінез құлқы жұлдызаралық сапардан жақсы белгілі Мергенге. Сол сапарда екеуі бір бірін сыннан өткізген. Оның үстіне сол жұлдызаралық кеме ішінде бастарынан бірге кешкен қиындықтары мен қуаныштарны естерінен кеткен емес. Қай кезде ол жайлы әңгіме бола қалса да көз алдарына келеді. Мерген әсіресе оны Гүлжанға келмей жүрген күндерінде, оңашалықта есіне жиі алатын. Енді түсінбестік пен әбестіктің бәрі де кейінде қалды.
Түстан кейін жас қыздар өзді өзді жұмыстарын бітірп, үйлеріне қайтты. Гүл бағының ішінде Мерген, Гүлжан, Қалиолла мен Жеңісгүл ғана қалған. Төртеуі бақ ішіндегі ашылмалы жиналмалы дастархан төңірегіне отырып, асхана үйіндегі автоматты аспазшы жүйелер арқылы тағам мен шай алдырып, дәмнен алып, әңгіме айтты. Осы жерде бірінші рет Мергеннің көзі Гүлжанның көзіне тура қадалған. Осы кезге дейін бір біріне қадала қарағандай болып әңгімелесіп жүрсе де, дәл қазіргідей ішкі сезімдері тоғыспапты. Мұны байқап сезе қойған Қалиолла Күннің төменгі шеті батыс көкжиек сызығына тие бере:
- Егер рұқсат болса, мен Жеңісгүлді үйіне дейін апарып салайын. Егер қажет бола қалсам, кез келген кезде дайынмын, бейнебайланыста боламын, - деп орнынан тұруға ыңғай берді.
- Қайда асықтыңдар? Бізбен бірге әңгімелесіп отыра тұрмадыңдар ма, әлі де? - деп Гүлжан екеуіне кезек кезек көз салды.
- Күн кешкіріп қалды, Гүлжан әпке, - деді Жеңісгүл күнбатыс жаққа бір қарап алып, - үйде әкем мен анам, бауырларым күтіп отыр.
Одан өзге ешкім де тіл қатқан жоқ. Мән жай қай қайсысына да айтпай ақ түсінікті еді. Мерген Гүлжанға қарап ойындағысын іштей білдірді. Гүлжан Қалоллаға қарай бұрылды да:
- Тек әйтеуірі, менің мына қызым үйіне аман есен жететін болсын! Жауап береіз! - деп күліп қойды.
- Бұйрығыңызды бұлжытпай орындауға уәде беремін! - деп жігіт тік тұра қалды.
- Бізге сеніңіз, - деді Жеңісгүл ұяң сөйлеп.
Бұл сөз Гүлжанның көңілін орнықтырды. Мерген екеуі жігіт пен қызды үлкен кіреберіс қақпаның алдына дейін шығарып салды. Қалиолла өзінің қашан да бейнебайланыста болатынын тағы бір ескертіп, Жеңісгүлмен бірге жаяу жүріп кетті. Ол бұл жолы көліксіз келген еді. Ауыл арасына оның қажеті де жоқ ты. Мынандай тамаша табиғатта, айнала әдемі көріністі ортада жаяу серуендегенге не жетсін. Өзінің көлік шақырмақ болған ойының бекер екенін де түсінді Қалиолла. Жеңісгүл екеуі кейінгі жақтарына қарай қарай гүл бағынан ұзай берді. Бұл кезде өздеріне Мерген мен Гүлжан да қол бұлғасып қойып қарап тұрған. Сөйтіп, Гүлжан бүгін алғаш рет Мергенмен бірге бақ ішінде түнгі мезгілге қалды.
Екеуі бақ ішін асықпай аралап, ұзақ қыдырды. Ара тұра жұлдызаралық сапар кезінде кеме ішінде болған қызықты оқиғаларын естеріне түсіріп,. мәз болады. Тек енді екеуі де сол сапардағы келеңсіз қылықтарын айтпайды. Естеріне түсіргілері келмейді. Кейбір достарының қылықтарын ғана көз алдарына әкеледі. Сөйтіп жүріп екеуі де Күн батып, ымырт үйіріліп, қас қарайып қалғанын да байқамаған. Адам өзін бақытты сезінген сәттерінде уақыттың қалай тез өтіп кеткенін тап осылайша аңғармайды. Екеуі үшін ең бақытты күн де, түн де осы еді. Енді бір бірінен бір сәтке де ажырағылары келмейді. Үйлеріне қайтуға асықпайды. Махаббат жайын жыр етіп, ұзақ сырласты. Гүлжан ара тұра ғарыштан келген гүлдің жайын біліп қояды. Ол да бүгін бойын бір қуаныш сезімі кернегендей тік өсіп, әуелдегісінен өсе түскендей болып көрініп тұр. Оның жанындағы Гүлімі де ара тұра тербеледі. Байқап, барлап қараған адамға ол екеуінің тұрысы бір бірін қатты ұнатқан жігіт пен қыздың ұяң тұрысын көзге елестетеді. Гүлжанға екі гүл де гүл емес, бейнебір титтей нәрестедей болып кеткен. Оларға айналшақтап жиі қарай беретіні де содан.
Мерген мен Гүлжан қатар жүріп, гүл бағының ең үлкен аллеясына түскен кезде кең аспанда мың сан жұлдыздар да жарыса жыпылықтай бастаған еді. Екі ғашықтың ыстық алақандары жанасып, саусақтары айқасты. Екеуінің бойында да шексіз сағыныш сезімі бар. Осы кезге дейін бір біріне жетуіне ненің кедергі болып келгенін де енді түсіне алмайтын сияқты. Бірақ уақыт жоғалтқан жоқ. Жастары небәрі он сегізге енді толған. Атақ даңқтарының тез жайылып кеткені болмаса, ешкім де соншама ұзақ сапардан оралған ғарышкерлер деп ойламас еді. Қол ұстасып келеді. Шамалыдан соң Гүлжан кілт тоқтай қалып, аспандағы жұлдыздарға қарап, жеңіл күрсініп:
- Сол бір жұлдызаралық сапар есімнен шықпайды, - деді басын Мергеннің иығына сүйеп.
- Қалай шықсын, ол бізді осы бақытқа жеткізген сапар болды емес пе?
- Жұлдызды әлем қандай тамаша! - Гүлжан жұлдыздарға кірпік қақпай қадала қарады, - осы жұлдызды әлемде біз де мәңгі өмір сүре берсек қой!
- Иә, Гүлжан, жұлдызды әлемге қарасаң, мәңгілік өмір сүргің келіп кетеді! Ал оларға қарамай күнделікті күйкі тірлікпен жүре берспең, өзіңнің бұл дүниедегі орныңды да ұмытасың! Кейде тіпті, бірдемеге қатты ренжігенде өмірден түңіліп те кете жаздайсың. Ал жұлдыздарға қарасаң, өміршең болуға деген құштарлығың оянады! Көкейіңе қуаныш пен арман ұялайды! Жұлдыздардың құдіреті де сонда!
- Қарашы, Мерген, - деді Гүлжан аспанның солтүстік аймағына қарап, - аспан күмбезінің кіндігі - Темірқазық, онан иіле созылған шылбыр, сол шылбырмен мәңгілік арқандалған Ақбозат, Көкбозат делінетін қос тұлпар! Ол екі тұлпарды қарауылдап Жеті қараушы жүр.
- Бұл шоқжұлдыздар Темірқазық жұлдызын айнала қозғалғанда ешқашан да көкжиек асып батпайды! Жылдың қай мегілінде де осылайша нұр шашып тұрғаны. Сондықтан да ежелгі дана ата бабаларымыз Жпеті қарушыны аспан сағаты ретінде пайдаланып, уақытты дәл біліп отырған!
- Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздар мен Жеті қараушы шоқжұлдызының арасында оралып жатқан Айдаһар шоқжұлдызы мен Жеті қараушыдан шеттеу орналасқан Қарақұрт және басқа да біршама шоқжұлдыздар да батпайды!
- Сен де тап солардай ешқашан батпайтын жұлдызсың, Гүлжан! - деп Мерген қызды өзіне қарай тарта түсті.
Түннің салқын ауасы да қыз денесін түршіктіргендей еді. Ол бұл жолы бұлқынбады. Көптен бері жете алмай жүрген махаббаттың ыстық құшағына ене берді. Мергеннің де тұла бойы балқыған қорғасынша балқығандай еді. Гүлжанды құшағына қатты қыса түсіп, бетінен, тамағынан өпті. Мұндай сәттен артқан бақытты сәт бар ма екен, бұл ғажайып дүниеде. Ғажайып болмаса, адам баласы оған соншама бауыр басар ма еді, бұл дүниеде мәңгілік ғұмыр кешкісі келер ме еді. Өмірдің осындай бақытты сәттері оның мәнін арттыра түседі. Күні кеше ғана нешеқилы ойға батып, кей сәттерде мына өмірден түңіліп те кете жаздаған Мерген енді Гүлжанмен бірге мәңгілік өмір сүруге де бар. Тек енді шынай махаббат сезімі мен терең толқыныстан не сөйлерін де білмейді. "Махаббат тілі тілсіз тіл, көзбен көр де іштен біл" деген де осы болса керек. Енді екеуі де бір біріне деген шын ғашықтық сезімдерін тілмен айтып жеткізе алар емес. Сондықтан да көбіне көп екеуі үнсіз қалады. Ғажайып сезім бойын билеп алған Гүлжан да толқып тұр.
Мұндай бақытты сәтте уақыт күттірген бе. Тіпті, "Мыңдаған, миллиондаған, миллиардтаған жылдарда ғана орнын өзгертеді" дейтін жұлдыздардың өздері де орын өзгерткен сияқты. Жеті қараушы шоқжұлдызы да біршама бұрылған.Түн ортасы ауған соң ауа салқындай түсіп, Гүлжанның денесі сәл пәл дірілдеген. Ұзақ қыдырудан соң екеуі бақ ішіндегі демалыс бөлмесі бар бөлімге келді. Тағы да махаббаттың ыстық сезіміне бөленді. Айтылмаған әңгіме, ашылмаған сыр қалмады. Бір біріне жақын орналасқан екі ауылда тұрса да енді тап бір қашық елдерден келіп табысқандай бір біріне қимастықпен қарайды. Тіпті, біреуі отырған орнынан түрегеп кетсе де, айырылып қалатындай сезінеді. Бір бірінің жүзіне қарай беруден де жалығатын емес. Кей кейде Гүлжанның бота көздерінен шам жарығына жылт жылт еткен махаббат жасы да көрінеді. Оны Мерген мейірлене қарап отырып саусағының ұшымен еппен ғана сүртіп қояды. "Неге, не үшін жылап отырсың, Гүлжан?" деп те айта алмайды. Айтса, өзі де қатты толқып, босап кетпек түрі бар.
Демалыс бөлмесіндегі жұмсақ диван үстінде ұзақ сырласып отырып, шаршағандарын да сезгендей диванға бірге қисайып ұйқтап та кеткен еді екеуі. Бұл екеуі таныс болғалы алғаш рет болған ең тәтті ұйқы еді. Бойлары дел сал. Ол делсалдық махаббат сезімінен. буы мен отынан болған бақытты делсалдық еді. Бір кезде Гүлжан селт оянып, көзін ашып алған. Таң бозарып атып қалыпты. Жұлдыздар да ақ бозғылт тартқан аспанға жасырына бастаған. Мерген ғана сол қалпында, Гүлжанын құшақтаған қалпында тып тыныш, алаңсыз ұйқтап жатыр. Гүлжан оның қолын еппен ұстап, былай түсіріп, орнынан тұрды. Ойына Гүлімі мен ғажайып гүл түсіп, олар бар жерге келді. Екі гүл де бастарын бір біріне қарай иіп тұр. Тек әлі ерте болған соң қауыздарын аша қоймаған. Күн шығыс көкжиектен көтеріліп, оның алтын шапағы түскенде екеуі де жайнап, жайқалып шыға келмек. Гүлжанға гүл атаулының осындай тірішілік әрекеттері бес саусақтай белгілі.
Бірақ бұл жолы Гүлжанды күтпеген жерден аса қуантқан басқа бір көрініс еді. Екі гүлдің арасынан тағы бір кішкене ғана ғажайып гүл өсіп шіығыпты. Бұл осы түнде, бір түнде болған жаңалық. Гүлжан іштей қанша толқып, қанша қуанып тұрса да, өз көзіне өзі сенбеді. Мергенмен қайта табысқан қуанышына мына қуаныш қосылып, еселене түскендей. Бұл қуаныштан денесі де дірілдеп ала жөнелген.
- Мерген, ояндың ба, бері келші! - деп жай ғана дауыстады ол.
-
Мерген де Гүлжан тұрып кеткен бойда оянып, әрбір дыбысқа мән беріп жатқан екен.
- Жай ма? - деп, орнынан ширақ тұрған бойда Гүлжанға жетті.
- Қарашы, Мерген, - деді Гүлжан Мергеннің құшағына тығыла гүлдерге қарап.
- Мына ғажапты қара! - деді Мерген Гүлжанмен қатарласа гүлдерге үңіле түсіп, - екі гүліміз үш гүл болыпты ғой!
- Иә, Мерген, бұлар енді үшеу... Бұл ғарыштан келген гүлдің толық жазылғанының белгісі. Қандай әдемі болып кеткен!
- Бұл дүниедегі кез келген тірішілік иесі тек ұрпағымен ғана осылай жарасым таба алмақ, - деп Мерген Гүлжанға жыммия қарады.
ГҮлжан мән жайды түсінді. Сөз айтпаса да, жай ғана басын изеді. Мерген Гүлжанның сөз мәнін түсінгеніне және оған келіскеніне іштей қуанып, сөзді ғарыштан келген гүлге қарай бұрды.
- Бұл махаббат сезімінің дәнекері ғой, - деді қатты толқыныстан дауысы сәл дірілдеп шыққандай болып, - екеуміздің бір бірімізге қол жеткізуімізге себепші болған дәнекер! Бұл гүл осы мақсатын орындау үшін келген бізге! Ол мақсатына жетті де! Енді өзі де бұл Жер ғаламшарында, мына біздің жерімізде жалғыз емес! Гүл де жұбын тапты! Ұрпағын әкелді дүниеге! Бізге, жастарға үлгі көрсетті! Бұлар енді күн санап көбейе беретін болады! Ләйім солай болсын! Өзіміз де солай болайық!
Мерген бұл сөздеріне де бас изеген Гүлжанды тағы да құшағына қысты. Екеуі де гүлдерден көз алмайды. Сол кезде екі гүл де қауыздарын ашып, Мерген мен Гүлжанға қарай бұрылды. Екі ғашық бір біріне қарап риясыз жымиды.
Соңы
Сондай-ақ оқыңыз:
