ШОЛПАНҒА КӨШКЕН АУЫЛ
ЖҮНІС САҚҰРПАҒЫ
КеңіКЕҢІСТІК КӨШПЕНДІЛЕРІ
7
ШОЛПАНҒА КӨШКЕН АУЫЛ
Авторлық серияның жетінші ғылыми-болашақтық романы
Астана
«Елорда» 2004
ББК 84 Қаз 7- 445
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
Сақұрпағы Жүніс
Шолпанға көшкен ауыл. Авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдардың жетінші ғылыми-болашықтық романы.
Астана, «Елорда», 2004 – 256 бет.
ISBN 9965-06-380-X
Белгілі жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдарының жетіншісі – «Шолпанға көшкен ауыл» ғылыми-болашақтық романында дүние әлемінің көзі – жарық сәулесінің терең сырын игерген қазақ ғалымдарының Жердің ең көрікті, ең табғи ортасы – ауылды ғаламат жарық жұтқыш дене арқылы Шолпан ғаламшарына көшіріп, қоныстандырғаны жайында ғылыми негізді, тартымды, қызықты, шым-шытырық оқиғалармен суреттейді.
1974 жылы жазылған бұл ғылыми-болашақтық романда айтылған ғылыми идея бүгінде өмірге ене бастады. 2002 жылы Австралия ұлттық университетінің ғалымдары лазер сәулесімен затты да, тіріні де секіндтың бір бөлшегіндей уақыттың ішінде лазер сәулесімен біөлшектеп жіберіп, сол уақыт ішінде екінші жерге қалпына келтіруге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Тілі көркем, әрі жеңіл оқылады. Ғылыми идеясы адамзат болашағына ортақ.
4702250200-316
С ----------------------- ББК 84 Қаз 7-445
00 (05) – 04
ISBN 9965-06-380-X c Сақұрпағы Жүніс, 2004
С «Елорда», 2004
БІРІНШІ БӨЛІМ
АПТАПТЫ АЙМАҚТА
Емшектау
Жер ғаламшарынан таңалдындада, Күн батар алдында да аспанғда жарық жұлдыздай жарқырап тұратын Шолпан ғаламшарын білмейтін саналы адам баласы жоқ. Шолпан туралы қазақ халқы арасында аңыз-әңгіме тараған. Онда Шолпан әрі сұлу, әрі ақылды қыз бейнесінде суреттеледі. Жер шарын мекен ететін өзге халықтардың аңыз-әңгімелерінде де Шолпан сұлу қыз.
Аңыз аңызымен, сұлу сұлуымен сол Шолпанға ғалмшараралық кемемен ұшып келіп, өзінде осылай жүріп, тамаша табиғатын тамашалағанға не жетсін. Қазақтың белгілі геолог ғалымы Шадыман Жасамысұрпағының жастайынан армандағаны да осы Шолпан ғаламшарын зерттеу-тін. Ол мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ ғарышкер-геолог болуды мақсат еткен. Адам алдына қойған мақсатына жетуге шындап ниет етсе, тағдыр да оған дем беретін сияқты. Шадыман мектепті бітірген бойда ғарышкерлер мектебіне оқуға түскен. Ел алдындағы әскери борышын Жер төңірегіндегі Ғарыш қаласында өтеген. Енді міне, бір заманда қазаққа да, өзге халықтарға да тек аңыз бен арман болған Шолпан ғаламшарының топырағын өз аяғымен басып, оның небір жұмбақ сырларын ашуға кіріскен сапарлас ғалымдармен бірге.
Шолпан ғаламшарының өз өсінде Жер тәулігімен есептегенде үш жүзге жуық тәуілікте бір айналым жасайтыны, тұла бойын тұтас бүркеген қалың бұлттарының аптапты ыстықты ұзақ ұстап тұратыны қай ғалымға да жақсы белгілі-тін. Бұл кезге дейін Жерден осы Шолпанға қаншама адамсыз ғаламшараралық автоматты кемелер жіберілді, одан кейін ғаламшараралық кемелермен келген қаншама ғалымдар зерттеулер жүргізді. Шолпан келбеті тұтастай анық етіліп суретке түсірілді, толық географиялық картасы жасалды. Оған да талай мерзім.
Бүгінде Шолпандағы төбелер мен қыраттар, ойпаттар мен сайлар, биік таулар мен ұзын-сонар жатқан жыралар ешкімге де тансық емес. Оның бәрін енді бұл Шолпанның қасиетті топырағына аяқ табанын басып көрмеген Жердегі адамдар да күнделікті стереотеледидар экранынан көріп-біліп жүр. Оның үстіне: «Шолпанға ғалымдар тобы аттанды», «Шолпаннан ғалымдар тобы қайта оралды» деген сияқты қысқа хабарлар мен бейнетүсірілімдер бұқаралық ақпарат құралдарынан тұрақты орын алған.
Ал бұл жолғы Жерден осы Шолпанға бас геолог Шадыман Жасамысұрпағы бастап келген ғарышкер-геологтардың басты мақсаттары тірішілікті жағдайға көше бастаған ғаламшардың қыртысы астынан су мен тағы басқа да қазба байлықтарды таба түсу болатын. Жалпы, геологтардың кәсіптері қызық. Олардың зеттеу жұмыстары үнемі далада, ғаламшар қыртысы астынан қазба байлық байқалған жерлерде айлап, жылдап жүріп жатады. Ал уақыт жағынан келгенде, осы Шолпан ғаламшарының күн ұзақтығына жетпейді. Жерде жұмыспен қатты айналысқанда демде түстің, одан демде кештің болғанын байқамай қалатын болса, мұнда уақыт жетерлік. Шолпандағы бір күн Жер тәуілігі есебімен тоғыз айға жуықтап жығылады. Ал бұл уақыт ішінде қаншама жұмыстарды тындыруға болар еді.
Бірақ оның да жағдайсыздығы бар. Соншама уақыт бойы адам пенде жұмыс жасай ала ма? Адам баласының Жер ғаламшарындағы биологиялық ритмі бөлек. Адам түн тыныштығында кемінде сегіз сағат ұйықтауы тиісті. Ал күндіз түскі демалыс дегені тағы бар. Осыны ойлап келгенде, Жерден келген ғарышкер-геологтардың Шолпанның аптапты ұзақ бір күнінде демалыссыз жұмыс жасай алмайтындары айқын болған. Өздері түгілі, техникалар да төзбек емес. Шолпан атмосферасының аптаьы тағы бар. Соншама уақыт бойытүн мезгілін, түнгі аспандағы жұлдыздарды көрмеу де адам көңілін құлазыта түседі.
Шолпан ғаламшарының Жерден тағы бір ерекшелігі, өз осінде батыстан шығысқа қарай емес, шығыстан батысқа қарай, керісінше айналатыны, қоршаған қою қалың бұлттарының жылдам жөңкитінінде. Сол жылдам жөңкіген бұлттарының арасынан кейде көз қарықтыратын жарқылдар байқалады. Ондай сәттерде бұлттардан небір қорқынышты бейнелер көзге елес бергендей болады. Ал жанартау атқылаулары болса да қатерлі. Бұл екі құбылыс та Жер ғаламшарынан әуелден белгілі болғандықтан ғарышкер-ғалымдар көп сескене бермейді.
Ғарышкер-геологтарға Шолпандағы бүгінде қазақыландырылған көптеген аймақтар жақсы белгілі. Ең биік деген Ақтау да көз алдарында. Оның шыңының биіктегі сегіз шақырымға жетеді. Одан басқа да үлкенді-кішілі таулар баршылық. Соның бәрі де ғарышкер-геологтарға әсер бермей қалған емес. Шолпанның экваторы маңындағы әйгілі алып жыра да ғаышкер-ғалымдарды ойлантпай қалған емес. Ені 150, тереңдігі 2 , ұзындығы 140о шақырымға жететін бұл ғажайып жаратылыс Жер тұрғындарына әуел бастан таныс. Мұның суреттері кезнде Жерден аттандырылған автоматты ғаламшарарлық кемелердің өздерімен-ақ анық етіп алынған болатын.
Шадыман бастаған ғарышкер-геологтар тобы Жерден аттанбас бұрын Шолпанның кейінгі жағдайын Жер төңірегіндегі аса қуатты сыңардүрбілер арқылы мұқият бақылап-зерттеп, өздері уақытша қоныстанатын, зерттеу жүргізетін аймақтарды белгілеген. Сонда Шадыманға ә дегеннен осы аймақ ұнаған. Аймаққа өзі «Арулар аймағы» деп ат та қойған. Бұлай деуіне ғаламшардағы алапат таулардың ғажайып құрылымдары себеп болған. Қос тауға ой-болжаммен қараған адам расында да одан қыздың басын, жұмулы екі көзі мен қос емшегін, денесі мен аяқтарын көзге елестеткендей болар еді. Бұл бейне Шолпан ғаламшарының қыз есімімен бекерден бекер аталмағанын да дәлелдей түскендей болады.
Шадыман осындай ғажайып тау мүсінін Жерде, елде жүргенде де кезіктірген. Ол кезде қылшылдаған жас жігіт еді. Ғарышкерлер мектебінен бір күзде қала маңындағы бір ауылға картоп теруге көмекке барған бағыттастарымен бірге. Сол далада, тамаша таза ауада әңгіме де айтатын, ән де айтатын. Содан бірде Шалдыман көз ұшында көлденең созылып жатқан тауға көңіл аударған. Сол мезетте одан бір ғажайып жаңалықты тапқандай қасындағы Қанешке:
- Қарашы,ана тауға?! Неге ұқсайды? – деген.
Қанеш ол тауға қарай-қарай ештеме айта алмаған. Сонда Шадыман:
- Қарашы, ол жай тау емес, ұйқыдағы ару ғой! – деген.
Қанеш сонда барып:
- Дәл айтасың, тура сондай!
- Мен олтауға «Ұқыдағы ару» деп ат қоямын, - деп мәз болған сонда Шадыман.
Ол ұсынысын бірге картоп теріп жүрген басқа бағыттастары да қолдаған.Енді міне, Шолпан ғаламшарының ғажайып даласынан да «Арулар аймағы» табылды. Мұндағы қос тауға Шадыман «Емшектау» деген ат беріп те үлгерді. Оған әуе-ғарыш кемесінен қадала қараудан бір жалыққан емес. Тек таулар ма екен,, Шадыман небір тастарды да нешетүрлі мүсіндерге ұқсатады. Кейде, тіпті, қолына ақ қағаз бен қалам ала салып, олардың суретін салып та алатынын қайтерсің.Содан соң барып тастардың геологиялық жаратылысына көңіл бөледі.
Жерден, елден аттанбай тұрғанда таңдалған бұл екі таудың асты арнайы техникалармен терең ұңғгыланып, уақытша қонысқа айналдырылған. Ғарышкер-геологтардың ендігі өмір-тірішіліктері осында жалғасуда. Қай қайсысының да Емшектауды сыртынан көріге деген қызығушылық бар. Жұмыстан қолдары босаған сәттерінде, әуе-ғарыш кемесіне отырып, аспанға қалықтай көтеріліп, Емшектауды айнала ұшады. Қос таудың ғажайып көріністеріне көздері тоймайды. Ал Шолпан бетінде жүргенде ол бейне жоғалады. Үлкен екі тау ғана болып тұрады көз алдарында.
Ғарышкер-геологтардың Шолпандағы өмірлері осындай тамаша ортада жалғаса берген. Адам баласы ғаламшардың құрты сияқты әрекет етеді қашан да. Қанша саналы, ақылды, айлалы болса да ғаламшардың өздері қалаған жерлерін қазып, ұңғып, тесіп жатқаны. Мына өздері тірішілік кешіп жүрген қос Емшектаудың асты да енді өзінше бір қыртыс асты қалаға айналған. Ғалымдар оған арнайы салынған темір жолмен жүретін көліктермен түседі. Одан әргі ішкі жағы жатқан кең кеңістік. Барлық жеріне бағаналар тұрғызылған, олардың бастарында түрлі көлемді шамдар мол жарық шашып тұр.
Егер мұндай ұңғы тесіліп, жарық шамдар мен салқындатқыштар орнатылмаса, Шолпанның сырт аптабы өмір сүруді қиныдатып жіберген болар еді. Шолпан – ғажайып ғаламшар! Дана қазақ Шолпанды әуел бастан-ақ «Жердің сіңілісі» деп бекер айтпаса керек. Айтса, айтқандай-ақ! Ғалаамшарды тұтастай қоршаған әдемі қою ақшылтым түсті бұлттары өзінің қозғалғыштығымен, тарам-тарам болып бөлінгіштігімен ерекшеленеді. Сонысына қарамастан бұлттарының Күн сәулесін кері шағылыстырғыш қабілеті Жер ғаламшарының атмосферасымен салыстырғанда әлдеқайда күшті. Күн сәулесінің жетпіс бес пайызын кері шағылысып, қалған жиырма бес пайызы ғана Шолпан бетіне жетеді. Соның өзінде де Шолпан атмосферасының ең төменгі қабатының өзі қатты қызады. Қайта бүгінде Шолпандағы ауа температурасы Цельсий бағамымен елу градус жуық ыстыққа дейін төмендеген.
- Жерде, елде жүргенде, қатты суықта ыстықты қалаушы едік! – деп жымия қараған болатын Шадыман бір демалысы кезінде жанындағыларына.
- Оныңыз рас, Шадыман, - деген сонда Есмұхан есімді ғалым.
Сондықтан бұл Емшектаудың қадірін Жерден келген кез келген адам жақсы біледі. Іштегі салқындатқыш жүйелерді былай қоғанда, Емшектаудың өзінің де Күн сәулесін кері шағылыстыратын қасиеті бар-ды. Ғарышкер-геологтарға ол бір қуаныш. Екі Емшектаудың да төбелерінде күмбез іспетті шошаймалары бар. Олар да Күн сәулесін кері шағылыстырғыш қызметін атқарады. Тұла бойы ыстық Шолпан ғаламшарындағы осындай ұңғы ішінде тап Жердегідей, елдегідей еркін жүргендеріне ғалымдар болса да қуанышты. Кең аулада аллеяда бар, қалың өсірілген түрлі ағаштар мен өсімдіктер де жеткілікті. Ғарышкер-ғалымдар жұмыстан қолдары босаған сәттерінде аллея бойымен жаяу серуен құрып, Жерді, еліді, бала-шағаларын естеріне алады. Ара-тұра бейнебайланыс экраны арқылы жұбайларымен, ұл-қыздарымен, туыс, дос-жарандарымен жүздесіп, тілдеседі. Соның өзі де қай қайсысын да бір марқайтып тастайды.
Қаладағы тәуіліктік уақыт Жердегі ел астанасының тәуіліктік уақытымен теңестірілген. Шолпанда болғанымен ғарышкер-ғалымдар жерліктер сияқты өмір сүреді, белгілі уақытпен жұмыс жасайды, демалады, түн мезгілінде ұйқтайды. Жердегі, елдегі сияқты таңның атуы, Күннің шығуы, шарықтауы мен батуы жасанды түрде болса да айнымаған. Қаладағы табиғат аясы да қазақ жеріне тән етіліп жасалған. Кең дала да, таулы алқап та, жайлау мен өзен, көл де кішігірім болса да бар
Шадыман бүгін түнгі ұйқысынан ерте оянып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып-шайнған соң күн демалсы болған осң ірптестерін мазаламай аулаға шығып, аллея бойымен біраз жүріп келіп орындықтардың біріне отырған. Осы отырсында Шадымен ой-толғаммен сонау өткен өмірін есіне алған. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде-ақ ұшқыш, ғарышкер болуды армандаған. Мектептен кейін ғарышкерлер мектебіне оқуға түсіп оқыған. Бірақ уақыт өте келе бойында «Ғарышкер-геолог болсам» деген арман оянған. Ондағцысы, тек ғарышкер болу жеткілксіз. Ғаламшараралық кемемен ұшып барған ғаламшарды мұқият зерттеу үшін геолог болу қажет.
Осындай ой-арманмен Шадыман Геология институтына оқуға түскен. Оны ойдағыдай тәмамдаған. Нағыз геолгогтың өзі болды. Туылған табиғаттың небір жерлерін аға геологтармен бірге зерттеді. Мол тәжірибе алды. Ғарышкер ретінде Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығында болды. Осындай жетічстіктерімен көзге түскен өзін Шолпан ғаламшарының қыртысын терең зерттеу мақсатында құрылған ғарышкер-геолог ғалымдар құрамына шақырылды. Кейінгі кездері бір кездері халықты елең еткізетін ғарышкерлер де жай бір ұшқыштар дәрежесінде қалған. Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігіне бүгінде кез келген адам ғарыш кемесімен ұша береді. Адам денсаулығы аса қадағаланып жатпайды.
Бір кездері Жерден шамалы ғана биікте ұшатын бір кісілік әуе кемесіне денсаулықты адам ғана таңдалатын. Одан кейін көп кісілік әуе кемелері пайда болды. Онымен ауру да, сырқау да, аяғы аууыр әуелдер мен жас балалар да емін-еркін ұша беретін болды. Бүгінде адамдардың ғарыш кемелерімен ұшулары да сондай. Адам енді Айға да, одан әрідегі ғаламшарларға да ғарыш кемелерімен ұшып барып келе береді. Соныдқтан да Шолпанға жасалатын ғылыми-зерттеу сапарына аттанатындардың денсаулықтарына аса мән берілген жоқ-ты. Оның үстіне, Шолпанға ұшатын ғаламшараралық кемеде де, Шолпандағы тұрғын үйлер мен пәтерлерде де адам денсаулығы үшін барлық жағдайлар жасалған.
Шадыман ғарышкер-геологтар құрамына басшы болып тағайындалды. Шолпан ғаламшарының қыртысы астын зерттеуге деген, жаңалықтар ашуға деген ынта-жігері күн санап арта түсті. Осындай ұлы әрекеттерде уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамайды. Емшектаудың астындағы осы қалашықтағы тірішілік өзінше жүріп жатады осылай. Жермен, елмен, отбасымен бейнебайланыс тұрақты. Емшектаудің тасты ұшына бүгінде қуатты қабылдау антеннасы орнатылған. Стереотеледидар экрандарынан Жер, ел, шет ел жайлы да жаңалықтарды көріп, естуге мүмкіндік мол. Тек оған мойын жар бере ме. Түн тыныштығында ертеңгі жоспарларын жасап, күндіз сол жоспарларын жүзеге асырумен әлек.
Шолпан табиғатының бір кемшілігі аспанының үнемі дерлік бұлтты болып тұратыны. Сонысы ғана Шадыманның өзінің де, өзгелердің де көңіл-күйіне кері әсерін береді. Қанша дегемнен де, Жердегі, елдегі аспанында Күн жарқыраған далада жұмыс жасап үйренгендіктен өздеріне бірдеме жетпей тұрғандай сезіледі де тұрады. Өзі Жерде, елде жүргенде кейде шақырайған Күнді ұнатпай, аспанды бұлт торлағанын қалайтын. Енді ашық күнге зар. Қалың бұлттардың адамды жиі есінетіп, маужыратып жіберетіні де бар. Оның үстіне Шолпан атмосферасындағы қысым 95 атмосфераслық қысымға жетеді. Осындай ортаға төзуге тура келеді.
Шадыман отырған ағаш орындықтан жайымен ғана түрегеп, аллея бойымен әрі қарай жүре берді. Қарсы алдындағы шағын жасанды көл де әдемі. Жиектерінде қалың жасыл өсімдіктер мен түрлі түсті, хош иісті гүлдер өскен. Шадымен енді жоғары қараған. Жоғарысы, Емшектау дың ішкі ұшар басы. Ол әдемі күмбезделген, Жер аспанына ұқсатылған. Жер тәуілігі уақытымен түн мезгілі болғанда тап планетарийдегі сияқты «Ай» мен «Аспан денелері», «Жұлдыздар» жайнап шыға келеді. Таң ата бәрі де солғын тартып барып көзден ғайып болады
Бұл Шадыманға да, әріптестеріне де үйреншікті көрініс. Ол сонда да басын жоғары көтере күмбезге қызыға, қадала қараған. Осы кезде соңғы жағынан әлдекімнің жүрген аяқ дыбысын естіді. Жайымен бұрылып қарағанда оның Есмұхан екенін көрді.
- Қайырлы таң, Шадыман, - деді ол жымия оң қолын созып.
- Қайырлы таң! – деп, Шадыман да оған оң қолын созып, қол қыса амандасты.
- Бүгін ерте тұрыпсыз. Күмбездегі «Жұлдыздарды» көргіңіз келді ме? – деді Есмұхан жоғарыға көз тастап қойып.
- Жоқ, - деді Шадыман, - көріп үлгере алмадым. Таң атып, жарық көбейіп қалыпты. Оның есесіне, мына көлді жағалай қалың өскен жасыл өсімдіктерден, түрлі түсті, хош иісті гүлдерден мол ләззат алдым!
- Біздің тылсым-тірішігімізге ең қажеті де осылар ғой, - деді Есмұхан, - мен де төсектен тұрған бойда осылай жүрдім.
Екеуі аллея бойымен қатарласа біршама уақыт серуен құрды. Әңгімелесті. Содан соң таңғы астары дайын болған Асханаға қарай бет алды. Саналы адам баласының күнделікті тірішілігі таңғы астан басталатыны хақ. Екеуі келгенде Асханаға асқа ғалымдар да кіріп үлгеріпті. Әдеттегідей гу-гу әңгімемен таңғы астарын ішті ғарышкер-геологтар. Содан соң күнделікті тәртіп бойынша мәжіліс бөлмесіне жиналған. Мұнда әрбір ғалым өзінің алдағы жоспарын, Шолпанды елдендіру жөніндегі ой-толғамдарын ортаға салады.
Кең тегіс ойпатында
Шолпан ғаламшары табиғатының құпия-сырлары тұрғындар үшін еш таусылмақ емес. Мұнда сол құпия-сырларды аша түсу мақсатында тек Шадыман Жасамысұрпағы бастаған ғарышкер-геологтар тобы ғана емес, Жердегі басқа да дамыған елдерден келген ғалымдар топтары бар.Шолпан ғаламшары ауасының ыстықтығы Жер ауасының ыстытығымен теңеліп, табиғатында көп өзгерістер орын ала бастаған соң-ақ ғарыш кемесін сабылтып келушілер қатары көбейген. Бәріндегі басты үміт Шолпан қыртысы астынан қазба байлықтар тауып, үлкен зауыттар салу. Саналы тірішілік әрекетін қайнату. Ел қоныстандыру. Артылған қазба байлықтарды Жерге жеткізу. Жер ғаламшарының қазба байлықтарының азайғаны қашан. Бұдан бұрын адам баласы Ай мен Қызыл ғаламшарға ауыз салған. Бірақ олардан өнімді ештеме таба алмаған.
Шолпан ғаламшары бетінің жиырма жеті пайызын ойпаттар алып жатыр. Соған сай бет-бедері Жер ғаламшарының бет-бедеріне қарағанда тегістеу келген. Он пайызын ғана таулы аймақтар. Шолпан Ай мен Олпан беттеріндегі сияқты шеңбер-шеңбер қазаншұңқырлардан да ада емес. Жерден келген ғарышкер-геологтарды қызықтыратыны ғаламшардың ойпатты жерлері. Ондай жерлерден ғалымдар мұнайды да, басқа қазба байлықтарды да сондай жерлерден іздейді арнайы техникаларымен бұрғылау жұмыстарын жүргзеді.
Емшектаудағы қыртыс асты қаласына қалыптасып алған Шадыман Жасамысұрпағы бастаған қазақ ғалымдары бүгін Кең тегіс ойпатын бетке алған. Ойпат өзінің үш мың шақырым жерді алып жатқан ғаламаттығымен, екі шақырымға жететін тереңдігімен ғалымдардың көңілін аударған. Арнайы жасалған әуе кемесінен қарағанда бұл ойпат Айдағы «Тыныштық теңізін» көзге елететтеді. Тек мұндағы көрініс сәл басқашалау. Ай мүлдем атмосферасыз болғандықтан оның бетіндегі ойпаттар ап-анық көрінсе, мұндағы ойпаттар ғаламшарды тұтасқан бұлттар қоршағандықтан сәл көмескілеу шалынады көзге. Оның үстіне, Шолпан қыртысының бетінде соңғы кездері бұлақ сулары пайда болып, арналары қосылғандары өзен суына айнала бастаған. Ылғал көбейіп, көптеген жерлері жасылдана берген.
Ғарышкер-геологтар осы табиғи ұлы өзгеріске ерекше бөлек тұрғыдан мән бере қарайды. Бойларын іштейгі қуаныш сезімдері билейді. Өздері мініп ұшып келе жатқан барлаушы әуе-ғарыш кемесі мен соңдарынан арнайы бұрғыларды артып ұшып келе жатқан жүк таситын әуе кемелері осы тіріле бастаған табиғатты одан сайын жандандыра түскендей.
- Бұл ғажайып жарық та жылы дүниенің жұмбағы таусылған ба? – деп жанындағы ғалыдмарға көз тастап алды Шадымен әуе кемесі терезесінен басын сәл кейін тартып, - бір заманда бүгінде табиғатын тоздырып, табиғи байлығын тауысуға айналған Жер ғаламшарымыз да тірішілікті ортаға осылай айналған еді ғой.
- Дұрыс айтасыз, - деді оған қадала қараған Алдияр есімді ғалым, - сәуле шашқан Күніміз де мәңгілік емес қой. Оның бойынан секунд сайын қаншама жарық пен жылу қуаты бөлінеді десеңші!
- Мә, Күніміздің күш-қуаты қазіргісінен әлдеқайда мол болған кезінде сонау Қызыл ғаламшарда саналы-санасыз тірішілік қайнап жатты ғой, - деп сөзге килікті Есмұхан, - бірақ адам тыныш қалған ба. Оның табиғатын тоздырды. Сөйтіп, Жерімізге көшті. Енді міне, Жерді тоздырып, мұнда көшуге талпынудамыз.
- Оған қоса Күніміздің жарық пен жылу шығаратын күш-қуаты да азайды емес пе? Деп демін терең алды Шадыман, -Әйтпесе, кезінде тұла бойын Цельсий бағамымен өлшегенде бес жүз градусқа жететін ыстық қысқан мына Шолпан ғаламшары бүгінгідей тірішілікті күйге көшер ме еді?
Бұл сөден кейін ғарышкер-геологтардың қай қайсысы да ойға батқан. Расында да ойланарлаық геотарих. Бәрі де енді әуе кемес терезсінен сыртқа қарап үнсіз қалған. Қанша тірішілікті жағдайға көшсе де, бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар. Өздері әлі білмейтін жерлері де көп. «Білмейтін жердің ой-шұқыры көп» деп дана қазақ бекер айтқан ба. Шадыман Шолпан табиғатына ойлы жүзімен қадала қарайды. Әрбір ғалымның өз ойы, өз тұжырымы бар. Тағы бір таңғаларлығы, осы Шолпан ғаламшарының сұлу қыз есімімен байланыстырлыатыны. Ғарышкер-геологтар ол жағын да ескермей қалмаған. Араларында Айман, осы ғаламшармен аттас Шолпан есімді жас екі зерек қыз бар. Ғалымдар Шолпанды тап осы ғаламшардың төл иесіндей санайды.
Әуе кемесінің маңдайшасындағы дөңгелек экран Шолпан ғаламшарының кішірейтілген өзіндей көрінеді әрбір ғалымға. Ондағы толық картада Шолпан бетіндегі әрбір қарайған затқа дейін анық көрсетілген. Бірақ ғалымдар одан гөрі жандарындағы үлкен-үлкен терезелерден ап-анық көрінген Шолпан ғаламшарының табиғи көрінісіне көбірек қарайды. Одан өдерінше терең ләззат алады. Жастайларынан өздері қалаған мамандықтары болған соң қайтсін. Геологтың жұмысы осылай өріп жатады қай кезде де.
Арада біршаама уақыт өткенде аспандағы бұлттардан көлеңілене көз тартақан үлкен ойпаттың кейбір жерлері айқындала берді. Бұл бір жағынан өздері мініп келе жатқан арнайы әуе кемесінің төмендей бергінінің белгісі еді. Енді бір кезде маңдай алдындағы дөңгелек экран күрт сөніп, оның орнын қызыл түсті дөңгелек шам белгі басты. Бұл экраннан әуе кемесінің қонатын жерін көрсеткені еді. Ғарышкер-геологтар қозғалақтап, өзді өзді тұстарындағы терезелерден сыртақ үңіле қараған. Бұл аймаққа өздірінің Кең тегіс деп ат қойғандары бекер емес екен.
Жалпы, адам баласы жерге ат беруге шебюер. Осы Шолпанға адам аяқ баспай тұрған кездің өзінде-ақ кейбір елдердің жұлдызтанушы ғалымдары ғаламшардың тұтас картасын сызып, бар жеріне дерлік ат қойған. Ол аттардың бәрі дерлік бүгінде ескірген. Қазақ ғарышкер-ғалымдары келгелі қаншама жер қазақша аталды. Қаншама карталар өзгертілді. Бұл қазақ халқының Шолпан ғаламшарын толығымен иемдене бастағанының да айқын көрінісі еді.
Әуе кемесі тап Кең тегіске қарай шүйілген. Мұны сырттн көрген адам тап бір «Ертегідегідей алып Самұрық құс қонып келе жатыр ма» деп те қалар еді. Ал іште отырған ғалымдарға әуе кемесінің алапаттығы білінбейді. Шолпанның аспаны бұлтты болғандықтан Кең тегіске әуе кемесінің көлеңкесі де түспейді. Аспанды бұлт торлаған кезде Күн сәулесі барлық жерге бірдей таралып, заттардың көлеңкелерінің жоғалатыны әуел бастан кім кімге де жақсы белгілі. Тек кейде-кейде Күн сәулесі қалың бұлт арасынан жылт ете қалғанда Шолпан бетіндегі кейбір тау мен тастың көлеңкелері қараң етеді.
Ал мұндай көріністердің алғаш келген адамдарға шамалы үрей тудыруы да мүмкін. Өйткені, олар кәдімгі көлеңкелер емес, сол тау мен тастардың жандарынан кенеттен шыға келген әлденелердей елес береді кейде адам көзіне. Адам баласы кейбір тастарды әлдеқандай нәрсеге ұқсатады. Ондай тастар Жердегі, елдегі тауларда кездеседі. Жер ғаламшарының аспаны көбіне ашық. Бұлтты болатын сәттері сирек. Ал бұл Шолпанның аспаны үнемі бұлтпен бүркеулі десе де болғандай. Бұлттардың арғы жағындағы Күн де тәуілік ұзақтығына сай бір орнында тапжылмай тұрып алады. Жер ғаламшары тәулігімен есептегенде үш жүз тәуілікке жуаықтайтын уақыт аз ба. Ал Шолпанның осы бір тәуілігінің ішінде Жерде қаншама оқиғалар өтеді, қаншама жұмыстар бітеді.
Солай болса да, мұнда тұратындарға күн мен түннің соншама ұзақтығы аса байқала бермейді. Ол адамның уақытпен санаса білуіне байланысты. Шолпанда Күн батыстан шығып, шығысқа барып батса да, тұрғындары үшін үйреншікті көрініске айналып кетеді. Кең тегісте бұрғылау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келе жатқан ғарышкер-ғалымдар да ұзақ күн мен ұзақ түнге үйрене бастаған. Бірақ соның өзінде де Жер ғаламшарының уақытымен жұмыс жасап, сол уақытпен демалады. Шолпан табиғатының бір тиімді жағы – ауа райының көбіне құрғақтығы, тұрақтылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мол мүмкіндік береді. Қанша шаршаса да, кеш батпаған соң жұмыстарын одан әрі қарай жалғастыра береді ғалымдар.
Шолпанның өз осінде баяу айналатыны түсінікті. Сол осі Күн төңірегіндегі айналымжолынан екі градусқа ғана қиғаш келген. Сондықтан мұнда жыл мезгілдерінің алмасуы де өте баяу. Емшектаудың астын ұңғып, ғалымдар қаласын салғанда осының бәрі де есепке алынған. Ондағы өмір Жердегі, елдегі өмірмен бірдей. Сондықтан да ғарышкер-геологтар жұмыстарын толық аяқтаған бойда әрі үй, әрі Жер ғаламшарындай әсер беретін ортаға қайтуға асығады.
Кең тегіске ұшып келіп қонған бірнеше әуе кемелері енді әуеден қараған адамға тап бір үлкен беті тегіс табақтың үстіне қона-қона кеткен бірнеше Шыбындардай көрінер еді. Ал ғарыш кеңістігінен қараған адам бұл келбетін көре алмайды. Айнала қоршған қою бұлттары Шолпанды тап бір бетін паранжамен бүркеген жас қыздай жасырады. Атына заты сай деген осы болса керек. Ғарышкер-геологтар үзіліс жарияланып, қолдары жұмыстан босап, әңгімеге отырғанда қазақ халқының ғаламшараралық кемелер де, ғаламшараралық кемелермен ғарышкер де келмей тұрғанда-ақ, тіпті, сонау ерте заманда-ақ, осы Шолпанды қыз бейнесінде көзге елестеткендеріне қайран болады. Шолпан десе, Шолпан! Қай жағынан алсаң да, қыз табиғатына келіп тұр. Қос Емшектаудың өзі де қыздың қос емшегін көзге елестетпей ме?
- Міне, діттеген жерлеріңізге келдіңіздер, - деді әуе кемесінің қозғалтқыштары сөніп, дірілі басылып, іште тыныштық орнаған кезде ғалымдардың қарсы алдарындағы экранда көрінген ұшқыш-ғарышкер Толғанбек сәл жфмия қарап, - енді сыртқа шыға берулеріңізге болады. Текі тымырсық ыстықтан сақ болыңыздар.
- Ол жағынан еш қам жеме, інім, - деді Шадыман Жасамысұрпағы отырған орнынан тұрған бойда, - үстіміздегі комбинзондарымыз қатты сытыққа да, суыққа да төзімді!
Қалғандар да Шадыманның сөзін мақұлдап, бастарын изеп, сыртқа қарай беттеген. Шолпанның бұлтты даласы әсерсіз емес. Кең тегістің беті де ылғалданып, өсімдіктермен көмкеріле бастапты. Шамалы ыстық леп бар. Бірақ ол төзімді өсімдіктерге еш қауіп емес. Бұрғылау техникаларын алып келген әуе жүк кемелері де тынышталған. Олардағы биотұлғалар зыр жүгіріп, анау-мынау заттарды Кең тегіс бетіне қойып, кемеге қарай қайта оралуда. Әуе жүк кемесіндегі барлық дерлік жүйелер толығымен автмоаттандырылған-компьютерлендіктен биотұлғаларға да көп ауырлық түсіп жүрген жоқ. Бұрғылау техникалары біртұтас жүйе. Қажет жағдайда жайылып, жұмысқа дайын болып, қатерлі жағдай да Кірпідей жиырыла қалады.
Бірнеше бұрғылау қондырғылары алдын ала бағдарланғандықтан «бойларын заып», жұмысөқа дайн да болған. Ал ұшар кезде адам танымастай өзгеріп, әуе кемесіне айнала қояды. Қалай автоматтандырылса да, компьютерлендірілсе де, бәрібір кез келген күрделі техниканың саналы адам баласының бақылауында болатыны хақ. Мұнда да солай. Ол техникаларды жиналмалы шағын үйшіктің ішінде отырып, тақтадағы қажетті деген түймелерді оң қолдарының саусақтарымен нұқп қойып, жұмыстарын мұқият қадағалап отыратын жас жігіттер де бар. Бұрғы қондырғыларының кейбірі адамның ми биотогымен де басқарылады.
Жапа-тармағай, қаз-қатар тұра қалған қондырғылары төбе тұстарындағы бұрғыларын Кең тегіске инеше қадап, айналдыра жөнелген. Бұл кезде ғарышкер-геологтар оларға жақын орнатылған шағын шыны үйшіктің ішіне кіріп, бұрғы жұмыстарын бақылауға алған. Бұл ғарышкер-геологтарға үйреншікті жұмыс. Бұрғылармен алынған ғаламшар топырағының құрамы сол мезетте автоматты-компютерлі жүйелермен тексеріліп, онда қандай қазба байлықтың бар екеніен анықтап береді. Ғалымдар оның бәрін қадағалап, суретке, бейнекөрініске түсіріп алып отырады. Бұл жолы да сондай жұмыстары жалғасын тапқан. Тек Шолпан ғаламшарының әрбір аймағының табиғаты әр басқа.
Сондықтан да бұрғылардың жұмысын қадағалаған. Қанша дегенмен де Шолпан Жер ғаламшары емес. Мұқият қадағалап тұрмаса болмайды. Күтпеген жерден мұнайдың атқылап жөнелмеуіне кім кепіл? Шадыман осы жағын да ойлаған. Бұдан бұрын бұрғіыланған бірнеше жерден ештеме шықпаған. Біраз еңбектері бекер кеткен десияқты. Ал ең негізгісі, көп жерден су шығып жатыр. Ендігі басты үміт те, осы кезге дейін беті құрғап жатқан Кең тегісті көгалдандыра түсу.
Бұрғылар толық автоматтандырылған-компьютерленгендіктен ғарышкер-геологтар отырған шынылы үйшіктерінен сыртқа сирек шығады. Бәрін де алдарындағы шағын экраннан анық көріп, қадағалайды. Шолпан табиғатының бір жақсысы , мұнда кенеттен жел тұрмайды. Бұрғы қондырғыларының кенеттен құлап кету қаупін тудырмайды. Күшті жел Шолпан атмосферасының жоғарғы қабатында ғана болады. Ал ол желдің соғу жылдамдығы болса да қайран қаларлық. Сондықтан да келгендеріне көп уақыт өте қоймаса да, ғарышкер-геологтар Шолпанның тыныш, тымырсық ауа райына біршама қалыптасып та қалған. Тек Күн көін үнемі дерлік көлегейлеп, жарықты азайтып тұратын қалың бұлттары жалықтырады.
Ал қалың бұлт арасынан ара-тұра жарқ етіп түскен Күн сәулесі қай қайсысын да елең қылмай қалмайды. Өйткені, Шолпан ғаламшары Күнге Жер ғаламшарынан әлдеқайда жақын орналасқан. Сондықтан да әрбір жарқ етіп түскен Күн сәулесі өте ыстық әрі өткір. Егер ондай сәтте адам бас киімсіз тұрса, қиын болмақ. Шолпанның бұлтты даласында ғарышкер-геологтардың бәрі де арнайы қара түсті көзілдірік тағады. Өйтпеске тағы шаралары жоқ. Шолпанның өз осінде өте баяу айналуы табиғатын құлазыта түскендей болады. Тек аспанында жылдам жөңкитін бұлттары ғана мұнда бір қозғалыстың барын байқатады.
Бұрғылар Кең тегісті тынымсыз бұрғылауда. Шадыман болса, қарсы алдындағы экрандағы көріністерден көздерін тайдырмайды. Жанында Берназар Есмұратұрпағы мен Керімбай Мұсатайұрпағы көмек көрсетіп отыр.Ол екеуі осы бұрғылардың әккі мамандары. Үшеуі осы басты бұрғының жұмысын қадағалайды. Әрбір бұрғы жаныдағы осындай шынылы үйшік ішінде көмекшілерімен бірге басқа ғарышкер-ғалымдар бар. Шадыман басшы болғанымен адам жұмсап көрген жан емес. Барлық жұмысқа қоян-қолтық араласады. Ара-тұра басқа шынылы үйшіктегілерге де барып қайтады. Әйтеуірі тыным жоқ. Айман мен Шолпан бар шынылы үйшікке болса да жиі барады. Қанша дегенмен қыздар болған соң олардың толқып, қателесіп кетпеулерін қадағалайды.
Автоматты-компьютерлі бұрғылардың жұмыстары да мейлінше жүйелі. Онда адам баласына қауіпті деген жерлерге баратын, көмек көрсететін биотұлғалар да жеткілікті. Олар жұмыс барысын, бола қалған кездейсоқ келеңсіз жағдайларды ғарышкер-ғалымдарға тақылдап дер кезінде хабарлап түрады. Шолпан қыртысынан су соырп шығару оңай іс емес. Қанша дегенмен де ғаламшар Күнге жақын болғандықтан тұла бойын қалың бұлттар бүркесе де беті қатты қызады. Ал егер Шолпан Олпан сияқты бұлсыз болса, онда бетіндегі ыстық еселене түсер еді. Қалың бұлты Күннің ыстық сәулесін ұстап қалады. Соның өзінде де осындай тымырсық орын алады. Сол тымырсқта шыр айналған бұрғылардан бұрқырап бу шығып жатады. Ондай сәттерде бұрғының жұмысы бір сәтке тоқтатылып, оның жағдайы экран арқылы мұқият тексеріледі. Тек содан соң ғана бұрғылау жұмысы одан әрі қарай жалғасады.
Шадыман экраннан көз тайдырмай отыр. Бу тек өздерінің бұрғыларынан ғана емес, айналадағы барлық бұрғылардың тсістерінен бұрқырап шығып жатыр. Кейде ол булар айнала-төңіркте не бар, не жоғын көрсетпей де жібереді. Бірақ ғылыми зерттеу ісіне берілген ғалымдар мен мамандар оған қарай ма. Жұмыс Жер тәуілігі уақытымен түскі асқа дейін, содан соң бір сағаттық үзіліс жасалып, кешкі асқа дейін жалғасады. Бірақ бұл жұмыс кестесі күні өте ұзақ Шолпан ғаламшарының бетінде шартты түрде өтіп жатады.
Дегенмен де ғарышкер-геологтар алңсыз емес. Бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар. Мұндағы ауа райы да тез құбылады. Соның бәріне де төзулері тиісті. Оған қоса кейбір жастарға артық дыбыстар мен қараң еткен нәрселер бөлек әсер береді. Бірақ «Осы Шолпан ғаламшарынан қандай да бір құбыжықты кезіктіре қоямыз» деп ойлмайды. Сонау ертеректе, адам баласы Айға автоматты ғаламшараралық кемелер жіберіп, Ай топыраған аяқ табандарымен баспай тұрғанда Жердегі болашақгер жазушылар мен ғалымдар Айдағы жай көздің өзіне қарай көрінетін қарайған аймақтарды теңіз бен мұхитқа балаған. Айдың ерекше тұлғалы тұрғындарын көргендей болған. Ал зерттей келгенде, Ай мүлдем тірішіліксіз болып шықты.
Шолпанның табиғаты Айдан өзгеше. Бір кездері қатты ысыған беті суыды, бұлттарынан жаңбыр жауаптын болды, қыртысынан бұлақ сулары ақты. Енді Шолпанның келбеті бір кездегі Жер ғаламшарының келбетіне келіп те қалған. Сондықтан да мұнда келіп қоныстануға деген талап-тілек саналы адам баласында еселене түскен. Қазақ ғалымдары сондай зерттеушілердің бірі. Шолпанға ел көшіріп әкелу ғылыми зерттеу жұмыстарын тынымсыз жүргізіп келе жатқан ғалымдар тобы да бар. Осы кезге дейін Күннен Жерден де әрі орналасқан Қызыл ғаламшарды бүгінгі күнге дейін қазақ ғалымдары мен мамандары тірішілікті жағдайға айналдырған. Оған мүмкіндік берген Қызыл ғаламшардың тұла бойының Шолпандай қатты ыстық еместігі, экваторы бойындағы жазғы температураның Цельсий бағамы бойынша жиырма бес градустан жоғары көтерілмейтіні еді.
Енді міне, Шолпан ғаламшары да тірішілікті ғаламшарға айналып келеді. Елу градус ыстық Жер ғаламшарының да кейбір аймақтарында болып жатады. Ең бастысы, Шолпан бетінің жасыл өсімдіктермен көмкеріле бастауы. Жерден келген ғарышкер-ғалымдардың зерттеу түсуге деген ынта-ықыластарын күшейткен де осы ұлы табиғи өзгерісі еді.
Найзағайлы нөсерде
Сыртын бұлттар бүркеген Шолпан ғаламшарының әрбір аймақтарында түрлі саланың ғалымдар мен мамандары өздеріне тән ғылыми зерттеу жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатты. Шадыман Жасамысұрпағы басқарған ғалымдар мен мамандар тобы да белсенді. Қос Емшектаудың қыртысы астындағы қалада түн ұйқыларын өткізіп, таңғы астарын ішіп, әуе кемесімен Кең тегіске қайта келген. «Адам баласы үш күнде тастай қараңғы көр ішіне де үйренеді» деген әзіл-шыны аралас сөз тіркесі бар халық арасында. Шадыман бастаған ғалымдар мен мамандар тобы да Шолпанның апатпты даласы мен құбылмалы ауа райына үйреніп те қалған. Кешегідей емес, бұрғылы техникаларды басқарушылар да жылдам қозғалған. Арада көп уақыт өтпей бұрғылардың шыр айналған өткір тістері Кең тегіс қыртысын кемрушілердің індеріндей бірнеше жерден тесіп те үлгерген. Жұмысы алға басса, оған қуанбайтын жан баласы болмайды. Шадыман бастаған ғалымдар мен мамандар тобы да бүгінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының сәтті басталып, қарқынды жалғасып жатқанына қунашты еді.
Бірақ Шолпан табиғатының өзгешелігі мен ауа райының құбылмалылығы зерттеушілердің жұмыстарына кедергі жасамай да қалмайды. Аспанда тынымсыз жөңкитін бұлттарының арасынан кейде найзағай оттары жарқылдайды. Жел де соғады. Оның соңынан жаңбыр нөсерлетеді. Сондай найзағай оттары қазір де ойнақтауын бастаған. Найзағай отының қаншама энергия бөлетінін білмейтін жан баласы жоқ. Ал бұл Шолпанның аспанындағы бұлттар арасынан көз шағылыстыратын найзағай оттарының жөні басқа. Жарқылдың соңынан күллі аспиан әлемін дүрліктіретін күркіреуді қайтерсің. Содан соң жаңбыр нөсері басталады. Ол жасыл өсімдіктер мен хош иісті түрлі гүлдердің бой көтеріп, жайқала түсуіне мүмкіндік тудырады.
Ғарышкер-геологтар мен мамандар ондай көріністің болғанын қалайды. Ондай сәтте Жердегі, елдегі, туылып өскен ауылдарындағы көктем көріністерін көз алдарына елестетеді. Бұл Шолпанның тірішілік жағдайына ауысқан көрінісі. Бұдан бұрын қандай еді. Су да жоқ, ылғал да жоқ аптапты дала болды. Тек ғаламшар төңірегіндегі бұлттар ғана тірішіліктің бір белгісіндей көрінетін. Ендігі жағдай басқа. Мұндай табиғи өзгерістердің болатынын қазақ ғалымдары әуелден болжалдаған. Бірақ әлі де сақтықты қажет ететін жағдайлар баршылық. Қанша дегемен де бұрын адам аяқ баспаған ғаламшар болғандықтан күтпеген құпия құбылыстарының орын алулары да ғажап емес. Шадыман осы жағын да ой елегінен өткізбей қалған емес.
Ал ғылыми зерттеу жұмысы ойдан гөрі нақты іспен жүзеге асатын жұмыс. Сондықтан ғарышкер-геологтар мен мамандардың өткен мен бүгінді салыстыра ойлай беруге уақыт таба бермейді. Ең бастысы, алға қойған ұлы мақсаттарына жету. Сол жолдағы қым-қуыт әрекеттер жүріп жатқанда Шолпанның ауа райы күрт өзгере бастады. Аспандағы тынымсыз жөңкіген қалың бұлттары қоюлана түсіп, ара-арасынан найзағай оттары жарқылдады. Оның соңы күркіреуге ұласты. Артынша жаңбыр тамшылары тамшылай бастады. Мұны үйшіктің шыны қабырғасынан көріп отырған Шадыман елң етіп, алдындағы тақтадағы түрлі түсті көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қойып:
- Бір жарым сағат уақытқа үзіліс жариялаймын. Барлықтарыңызды біз отырған үлкен шыны үйшікке келілеріңізді өтінемін! – деді.
- Түсіндік! Жұмысты уақытша тқтатамыз. Келеміз! – деген дауыстар естілді іштегі, сырттағы дыбыс күшейткіштерден.
Шадыман Жасамысұрпағының қарсы алдындағы шағын экраннан қапылысқан қимыл-қозғалыстар көрініп тұрды. Шадыман жанындағылармен бірге ол әрекеттерге мұқият қарап отырды. Өздері де бұрғы-кеменің қорғағыш қақпақтарын жапты. Сырттағы жел мен төбе тұстан ұрғылаған жаңбыр тамшылары қай қайсысына да біртүрлі қорқыныш сезімін дарытқандай болды. Тек ешқасысы да сыр бермек емес. Бір көңіл тоқтатарлығы, бұлт астындағы тымырсық ыстықтың басыла бастағагны. Тек жел көтерілмесе болғаны. Шолпан бетінің мұндай жаңбыр нөсерінен суынып кетпейді. Шамалы ғана салқындағандай болады. Оның өзі де Жер ғаламшары ауа райныа үйренген адамға шамалы жеңілдік. Дегенмен де, мұндай кезде Шолпан даласындағы ауа температурасы Цельсий бағамымен елу градустан көп төмендейді.
Шадыман қарсы алдындағы экрандарды рет-ретімен іске қосып, айнала-төңіректегі бұрғы қондырғыларындағы ғалымдар мен мамандардың осы үйшікке тезірек оралуларын қадағалады. Бәрі де бері қарай беттеген. Тек екі қыз – Айман мен Шолпан шыны үйшіктің жанында айнала-төңіректі қызықтаумен тұр. Өздері де, сөздері де анық.
- Шолпан, - деді бір кезде АЙман құрбысына бұрыла қарап, - аспанға қарашы, бұлттардың арасынан көрінген найзағайлардың жарқылдары жиілеп барады: Соған сай жаңбырдың нөсерлетуі де күшейіп келеді. Енді жетер, осы қызықтағанымыз. Ішке кірелік, бізді ағалар күтіп отыр ғой! – деді.
- Тұра тұршы, асықпашы! – деді оған бота көздерін жалт бұрған Шолпан, - осындай сәіттерде Шолпан табиғатында күтпеген ғажайып құбылыстардың орын алуымүмкін ғой!
- Қайдағы ғажайып!? – деді найзағай жарқылдары мен күркіреуден, соққан желден сабалай құйған жаңыбр нөсерінен сескенгендей болған Айман, - біз Жерде, елде, туылған ауылымызда жүрген жоқпыз ғой! Бұл – Шолпан ғаламшары! Түсінсейші, мені!
- Онда сен ішке кіре бер, мен әлі де тұра тұрамын. Содан соң кіремін. Әлі барлық ағалар келіп біткен жоқ қой! – деді Шолпан жас қыздай сәл бұртиып.
- Онда өзің біл! – деп Айман кейін бұырылып, ішке кіріп кетті.
- Сыртта ешкім қалмасын, тез келіңіздер! Қажет жағдайда осы шыны үйшік-кемемен Қос Емшектауға аттанып кетеміз: Бұрғы қондырғылары осында қала тұрады! – деді Шадыман алдындағы экрандардан көз алмай.
Артынша анау-мынау істерімен айналшақтап жүрген ғалымдар мен амандар бәрін тастап, ішке қарай ағылды. Шолпан сол орнында тұр. Бәрі ішке кіргендей болған осң Шадыман қарсы алдындағы экрандарды көндірген. Сол кезде сырттағы қыздың алдына әлдеқандай бір шағын ғарыш кемесі шалынды. Ол тап бір қолсозым жерде тұрғандай. Шолпан осы бір сәтте ешкімнің ойына келмеген бір жаңалықты ашықысы келгендей солай қарай қадам басты. Артынша шыны үйдің де, бұрғы қондырғылардың да қайда қалғанын ажырата алмай адасты.
Ал бұл кезде Шадыман Жасамысұрпағы ішке кіргендерді түгелдеген еді. Олардың арасында Шолпан қыз жоқ болып шықты. Біренешеуі сыртқа қарай ұмтылған. Найзағайдың жарқылы да, күркіреу мен жаңбыр нөсері де басылыпты. Тек Шолпан қыз жоқ. Ғарышкер-геолгтар айнала-төңіректі әрі қарап, бері қарап, қызды таба алмаған соң ішке қайта кірген.
- Арамыздағы екі қарлығашымыздың бірі Шолпан қызымыз жоқ! – деді түсі сұрланып кеткен Есмұхан.
- Жоғы қалай? – деп отырған орнынан ұшып түрегелді Шадыман.
- Жаңа мен оған ішке кірейікдегенімде, мені тыңдамай қойып еді! – деп Айман жылап жіберді.
- Әлі де жан*жақты мұқият қарайық! Еркелігіне салып, бізден жасырынып жүрмесін! – деп табудан үміттенді Шадыман әлі де.
- Шадыман Жасамысұрпаы! – деді Алдияр дауысы сәл дірілдей шығып, - жаңағы найзағай жарқылы, күркіреу мен жаңбыр нөсері бізге құт болмады! Енді не әрекет жасадық?
- Бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар, - деді енді Есмұхан Айманды шошытпайын дегендей салдарлы сөйлеп, - осындай бір құпия оқиғаның боларын өзі де сезіп едім.
- Ендігің әрекет – іздеу! Табу! - деді Шадыман көңілсіз үнмен.
- Қайдан? Қалай? – деді Алдияр тұрғандарды көздерімен баяу ғана шолып өтіп.
-Оның комбинезонында бейнбайлыс құралы бар ғой, - деді соы кезде көз шараларында жылт-жылт еткен ыстық көз жасының тамшыларын оң қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен еппен ғана сүртіп алған Айман.
- Онымен де бейнебайланыс орнамай тұр ғой! – деді Шадыман жеңіл күрсініп.
- Оны мен де білемін, - деді Айман сәл ширап, - онда ол бейнабайланыс асынан шығып кеткен.
- Бұл қалай болғаны, - деді шадыман қатты толқудан өзін өзі ұстай алмай орындығына отыра кетіп, - жел ұшырып әкетті дейтін, қатты жел де болған жоқ. Комбинезонынан ыстық та, суық пен су да өтпейді. Арамыздағы екі қызымыздың бірінен айырылып қалғанымыз ұят та болды-ау. Жердегілерге, елдегілерге не деп айтамыз мұны?
- Табиғаты түрленіп келе жатқан бұл ғажайып Шолпан ғаламшарынан мұндай оқиғаны кім күткен? – деді Шадыманның орынбасарларының бірі Керімбай Мұсатайұрпағы терезеден сыртқа қарап қойып
Кең тегіс тып-тыныш. Ештеме де, ешқандай оқиға да болмағандай. Бұрғы қондырғыларынан шыққан булар тарап, жаңбыр нөсері тоөқтаған соң-ақ айнала-төңірек көп қашықтыққа дейін алақандағыдай анық көрінген. Ал бақылау құралы болса, одан да әрідегілерге көз жеткузіге болады. Шадыман сол жақ қабырғада үнемі ілулі тұратын күрделі дүрбісін қолына ұстап, сыртқа қайта шыққан. Дүрбі арқылы айнала-төңірекке қараған кезде сонау алыстағы жай көзге анық көрінбейтін қыртыс-қыртыс жерлер мен төбелер қарсы алдына жақындап келгендей анықталды. Бірақ жан баласы көрінбеді. Төңірегінде тұрған ғалымдар мен мамандар да қолдарындағы күрделі дүрбілерімен ойпаттың барлық жағын мұқият шолуда.
Әрбір ғарышкер-геолог пен маман дүрбі арқылы көргендерін айтып тұр. Тек нақты пікір жоқ. Ешқайсысы да күтпеген жерден ізім-ғайым болған Шолпан қызды қай жақтан, қалай іздеуді білмейді. Шадыман бойын жаза алмай әер тұр. Шолпан қыз осы құрамдағы өте зерек жас мамандардың бірі еді. Басында, Жерден, елден осы Шолпанға аттанбай тұрғанда Айман екеуін құрамға таңдап алған өзі еді. Ендігі, іштейгі өкініші, екі қызды өзінің бұрғы –кемесіне, шыны үйшігіне әуелден алмағаны. Енді бәрі де кеш. Жердегілерге не демек? Қос Емшектаудың қыртысы астындағы қаладағы басқа қыз-келіншектер естісе не демек?
Осы көңілсіздік пен өкініш Шадыманды әп-сәтте талай жасқа қартайтып та жібергендей. Бірақ Шолпаннанның қайта табылатынынан үмітін еш үзер емес. Қолындағы күрделі дүрбісімен айнала-төңіректегі төбе-төбенің бәрін де мұқият қарап шықты. Басқалар да дұрбілері арқылы айналаны бақылауда. Айман болса, әлі де көз жасын тыя алмай, қолындағы шағын бейнебайланыс құралы арқылы Шолпанмен бейнебайланыс ұстауға әрекеттенуде. Ештеме шығар емес. Одан еш жауап жоқ. Тап бір Шолпан қыз жандарында ешқашан болмағандай көрініс. «Бұл не болғаны, ертегі ме, әлде елес пе? Түс пе, әлде өң бе?» деп іштей толғанды Шадыман. Адам басына қайғы түскенде, одан басқа қиындық атаулыны ұмытып кететіні бар. Қазір ғарышкер-геологтар мен мамандар ғаламшардың тымырсық ыстығын да, аспанын торлаған қою-қара түсті ұнамсыз бұлттарын да елеп тұрған жоқ. «Найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр нөсерлеткенде Шолпанды неге қадағаламадық, - деп те бір өкінді Шыдаман ішінен, - енді қайдан іздедік оны. Оың жағдайы қалай? Кімдерге жолықты? Кімдер алып кетті оны? Қандай күйге түсті жас қыз күтпеген жерден».
- Әріптестер, - деді Шадыман шамалы үнсіздіктен соң, - күтпеген жерден басымызға қайғы орнады. Шолпанда Шолпан қызды жоғалттық. Бұл бір жағынан жіберіп алған үлкен кемшілігіміз. Енді әрекетке көшелік. Уақыт кетіп барады. Әуе-ғарыш кемесімен ғаламшарды түгелдей шолып ұшып өтуіміз керек. Мына Ке тегістегі бұрғылау жұмыстарымыз біраз уақытқа тоқтатылады. Жердегілерге, елдегілерге хабарлаймыз бұл қайғылы жаңалығымызды. Менің ендігі шешімім осы.
- Мен Шолпанның қайта табылатынынан үмітімді еш үзбеймін! - деп дауыстап жылап жіберді Айман тағы да, - тезірек іздейікші, ағалар! Шолпан әлі бізден көп ұзап кете қойған жоқ шығар?
- Жаңағы жаңбыр нөсерінде Шолпан, бәлкім, адасып басқа жаққа кетіп қалған да шығар? – деп Есмұхан Алдабергенұрпағы айналаға барлай қарады.
- Мынандай жарықта қалай адасыады ол қыз? – деп қалды Мархабат есімді инженер-геолог.
- әріптестер, - деді сол кезде Шадыман жеңіл күрсініп, - қазір пікір таластырып тұратын сәт емес. Уақыт кетіп барады. Қозғалайық. Есмұханның жаңағы сөзіне де құлақ асуға болады. Аспанда найзағай ойнап, төбеден жаңбыр нөсерлетіп, айналаны бу жапқан кезде адамның адасып, басқа жаққа қарай жүгіріп ала жөнелуі де ғажап емес. Жан-жақтағы төбе-төбелердің арғы жақтарын да қарайық. Ал, іздеуімізді бастайық.
Ешкім қарсы сөзге келген жоқ. Бәрі де арқаларындағы қосымша оттегі баллондарын, комбинезондарының тысындағы салқындатқыш жүйелерін бір-бір тексеріп алды. Содан соң бұғы қондырғыларының жан-жақтарын мұқият қарай бастаған. Алғашында ештеме байқалмағандай еді, кенет Алдиярдың:
- Міне, таптым! Айттым ғой, былай қарай кеткен. Бәрі келіңідерші? – деген бейнехабары әрбір ғарышкер-геологтың бас киімінің маңдайшасындағы шағын төрт қырлы экраннан көрініп, сөздері қос құлақтарына сарнап жетті.
- Солай қарай жүрелік! – деп Шадыман кетіп бара жатқан бағытынан кілт кейін қарай бұрылды.
Басшының дауысы Жердегі сияқты саңқылдап тұрмаса да, қалғандардың құлақтарына анық жеткен соң Алдияр айтқан жаққа қарай жүрді. Осы кезге дейін ешқайсысы байқамаған қыз аяқ киімінің іздері жатыр. Тек солғындау. Шолпан қыртысы әлі қатты болғандықтан, жасыл өсімдіктер мен түрлі хош иісті гүлдер жаңадан бой көтергендіктен қыз ізі осылай солғын түскен. Шадыман Шолпанды енді сөз жоқ табатындай көңілденді. Тізерлей отыра кетіп, іздердің тап Шолпан қыздың аяқ киімдерінікі екеніне көз жеткізді. Фотоаппаратымен анықтап суретке түсіріп алды. Мұны басқалар да қайталаған. Іздер алыстан көзге шалынған үсті жайпақ төбе басына қарай кетіпті. Оны көрген Айман тағы да босап, көз шараларына толған ыстық жасын сүртті. Қалғандар да ештеме дей алмай жан-жақтарына жалтақ-жалтақ қараумен шектеліп тұрып қалған.
Көрініске ілескен қыз
Бұрғылар қондырғыларынан шыққан бу қоюлана түсіп, найзағай жарқылдары жиілеп, жаңбыр нөсері күшейген сәтте де Шолпан қыз айнала-төңірекке қызытай қарап тұрған еді. Ол үлкен шыны үйге асыға кірген ғарышкер-геолгтар мен мамандардың кейбірінің:
- Шолпан, неге тұрсың? Тезірек үйшікке кірсейші. Найзағай жарқылы жиілеп, күннің күркіреуі күшейіп барады! Жаңбыр нөсері де басылар емес! - деген жанашырлық сөздерін де естіген.
Сонда да айнала-төңіректен осы сәтте бір жаңалық ашатындай тұра берген. Ал әдетте, мұндай жағдайда Шолпан шыны үйшікке өзгелерден бұрын еніп кететін. Соған көздері үйренген ғалымдар да, мамандар да осы жолы Шолпанға аса көңіл бөле қоймаған. «Қазір ішке кірер» деген оймен тоқталған.
Шолпан кенеттен көзеріне шалынған қарай қалай жүгіре жөнеліп, бұрғылар қондырғылары тұрған орыннан қалай алыстап кеткенін де аңғармаған. Оған себеп, қарсы алдындағы үсті жайпақ келген төбе басында тұрған шағын ғарыш кемесінен шыққан екі сымбатты қазақ жігіттерінің өзін қол бұлғап шақыруы еді. Шолпан ішінен: «Бұл бір ғажап көрініс қой. Кімдер болы екен бұлар? Жақын барып көрейін. Бұрғы басындағы әріптестерім мені ізімнен табар. Бейнебайланыс та орнар» деген оймен жүгіре берген.
Бірақ әлгілер жеткізер емес. Өзі жүгірген сайын ғаламшардың кі қыртысы мен аспаны бейнебір соларға қарай жылжып кетіп бара жатқандай алыстай берген. Шолпан алқынып та қалған. Қанша шыныққан қыз болса да, ғаламшардың елу градустық тымырсық аптабы тұла бойын әлсіретіп те үлгерген. Комбинезонының тысытарындағы салқындатқыш жүйелердің де шамасы келер емес енді. Оның үстіне алқына жүгірген кезде организмінің оттегіні әдеттегіден мол қажет ететіні белгілі. Шолпан арқасына таңылған қос баллондағы оттегінің біршамасын жұтып үлгергенін де сезді. Қатты шөлдеп, еріндері кезере де бастаған. Сонда да әлгілерді қуып жетуден үмітін үзбеді. «Кімдер екендерін жақыннан бір көрмей, тілдеспей кейін қайтпаймын» деген жігерлі үміт бойына қуат сыйлап, ілгері қарай жетелей түскен.
Енді бір кезде теп-тегіс болып көрінетін Кең тегіс ойпаттанып, ондағы бұрғы қондырғыларының жоғарғы ұштары ғана көздеріне әзер шалынды. Осы кезде барып қыз өзінің одан көп ұзап кеткенін аңғарды. Сәл кідіріп тұрды да, кеудесіндегі бейнебайланыс құралы тақтасынан сол қолының сүйріктей ғана сұқ саусағының ұшымен бір түұймені нұқып:
- Шадыман Жасамысұрпағы! Мен Шолпанмын! Мына жақтағы төбе басынан шағын ғарыш кемесі мен екі қазақ жігіттерін көріп, олармен бір тілдесу үшін қуып кетіп барамын! Мені айыпқа бұйрмаңыздаршы! Тез ораламын! Күте тұрыңыздар! Келемін десңіздер мен Кең тегістің оңтүстік-шығыс бағытта кетіп барамын! Тек Кең тегісте менің аяқ киімдерімнің табан іздері көмескі түседі. Сонда да таба аласыздар мені! – деп бейнехабар берді.
Бірақ бұрғы қондырғылары тұрған жақтан жауап бейнехабар келмеді. Содан қыз не істерін білмеген. Кейін қайтайын десе, талай жолды артқа тастады. Алды жағына қараса, әлгі шағын ғарыш кемесіне де, екі жігітке де жақындап қалғандай болады. Енді бір кезде Шолпан қатты ызаға булығып айғайлап та жібере жаздады. Көз шараларына тығылған мөлт-мөлт ыстық жасы екі самайынан төмен қарай жылжи ағып, шлемінің тыныс алар жеріне жиналуда. Оның үстіне тұла бойы терлеп кеткен. Шөлге шыдай алмаған қыз комбинезонының оң бүйіріндегі бір түймені оң қолының сұқ саусағымен сәл ғана нұқи қойды. Сол замат оның астыңғы тұсынан кішкене қақпақ ашылып, суы бар ыдыстың мойыны көрінді.
Шолпан оны тез суырып алып, ауызын бұрап ашып, салқын таза судан жұтып-жұтып жіберді. Егер тез ішпесе, мына тымырсық ыстықта су буға айнала бермек. Шолпан ыдысты қайтадан өз орнына сұғып жіберіп, қақпағын жаабатын түймені нұқыды. Осыдан соң шамалы болса да әлденгендей болды. Ана көрінгендер әлі де ұстататын емес. Оны көрген Шолпан: «Бұлар немене өзі? Шын адамдар ма, әлде елес пе? Өстіп жүріп бірдемеге ұшыратйн шығармын-ау!» деп ойлап, кілт тоқтап, кейін бұрылып қарады. Қанша алқынса да талай жолды кейінге қалдырыпты. Кең тегістің кшікене-кішкене төбелері де енді алыстан тұтастанып, қыратқа айналып кеткендей көрінеді.
Шолпан енді алдағыларға қадала қарады да, оларға жетуден күдерін үзгендей оң қолын бір сілтеп, келген жағына қарай бұрыла беріп еді, қандай да бір құпия күш жел итергендей алға қарай терте жөнелді. Шолпан ол жұмбақ күшке берлмеуге, есінен танып, көздерін жұмбауға тырысты. Қанша қыз бала болса да Шолпанның осындай қайсарлығы мен батылдығы бар еді. Осы қасиеті үшін де ғарышкер-геологтар өзін Шолпанды зерттеушелер құрамына алған. Сол сенімді ақтау үшін, «қорқақ» деген атқа ие болмауы үшін Шолпан айқай салған жоқ. Бейнебайланыс құралын іске қосып та әуре болмады. Оған басты себеп, Шолпан табиғатының алғашқысынан да әрлене түскені. «Мұндай ғажайып табиғат аясына тап боламын» деп ойлап көріп пе, Шолпан. Тек кейде бар көрініс қосарланып, қатарланып кеткендей болады. Енді сонау кейінде, алыста қалған бұрғы қондырғылары да құбылып көрінеді. Тіпті, Кең тегістің өзін де кейде анық ажырата алмай қалады Шолпан.
Сөйтіп, әлгілердің құдіретті тартылыс өрісімен ілгері қарай жүре берген. Жаңағы қиналғаны да, тұла бойының терлеп, шөлдегені де басылды. Өзін Шолпан ғаламшарында емес, Жерде, елде келе жатқандай сезінді.
- Бұл өзі бір ғажайып табиғат аясы ғой, - деп күбірлей сөйледі Шолпан айналаға бұрыла қарап, - Кең тегісте қалған әріптестерім де осындай ортаға тап болса, онда мына Шолпанда жылдам өмір сүруге болады ғой ешбір комбинезонсыз! Онда ана қос Емшектаудың астындағы ұңғының да, ондағы қаланың да қажеті бола қоймас еді. Осыдан оларға аман-есен оралсам, осы көрггендерімді түгел баяндар едім.
Енді кейін қайтуына жол жоқ. Бейтаныс қазақ жігіттері өзін құпия тартылыс өрісімен өздеріне қарай тартып әкетіп барады. Енді нені болса да бара көрмекші, Шолпан. Жүре-жүре алыстан шағын болып көрінген әлгі ғарыш кемесіне де таяған. Сол кезде оның тепкешегінен өзі жолығуға асығып келе жатқан қазақтың екі сымабатты жігіттері кеменің тепкешегінен төмен қарай түсті. Үстеріне киген жеңіл, жұп-жұқа комбинезондары Шолпан табиғатындағы түстермен үйлесім тапқан. Жас қыз олардың осы Шолпан ғаламшарының аптапты ыстығын қалай жойып, қалай осындай жайлы ауа райына өгерткендерін түсіне алмады.
Егер өзі дәл сондай жұп-жұқа комбинезон киген болса, аптапты ыстыққа шыдай алмай, терлеп-тепшіп, жүре де алмай қалар еді. Өзі киген қалың комбинезонның ішкі тыстарында салқындатқыш жүйелер, бүйіріндегі ыдыста су бар. Соның өзінде де өзі алқынып, терлеп, шөлдеп қөалған. Енді жағдайы мүлдем өзгерді. Жігіттер сияқты жғңіл қозғалатын күйге жетті.
- Қош келдіңіз, - деп екі жігіт оң қолдарын кеуделерінің сол жақ тұсіне апарып, сәл иіліп сәлем берді.
- Сәлеметсіздер, - деді Шолпан екеуіне кезек-кезек қарап қойып.
Екі жігіт Шолпанның екі жағына шығып, ғарыш кемесінің кең тепкешегімен жоғары көтерілуін өтінді. Шолпан аң таң болып тұрып қалған. Жігіттің денелісі:
- Неге кідіріп қалдыңыз, мініңіз біздің кемеге, деді жай ғана.
- Мен ешқайда бармаймын! Мен сіздерді жақыннан осылай бір көру үшін келдім. Енді кейін қайтуым керек!
- Сіз енді кейін қайта алмайсыз! - деді екінші жігіт.
-Неге?
- Сіз келген Кең тегіс өзгеріп кетті!
- Өзгеріп кеткені қалай? - деп Шолпан кейін бұрылған.
Расында да түсініксіз көрініс. Өзі келген Кең тегіске мүлдем ұқсамайды. Шолпан олай да айналып қарады, былай да айналып қарады. Ештемені түсіне алар емес. Көз шарасына ыстық жас та үйіріле бастаған. Тек онысын екі бейтаныс жігітке сездірмеді.Сол кезде денелі жігіт:
- Сіз енді біздің кемемізбен ауылымызға барасыз. Көп нәрсені көресіз, түсінесіз. Содан осң Кең тегіске қайта оараласыз, деді жай ғана сөйлеп.
- Мен бәрін де көріп тұрмын, бәрін де түсініп тұрмын, - деді Шолпан, - тек Кең тегісте менің Айман есімді құбым, әріптес ағларым қалды ғой.
- Олар әзірге сізді таба алмайды. Ренжімеңіз. Бізбен жүріңіз. Еш бөтенсімеңіз бізді. Екеуміз де қазақтың қара балаларымыз.
Шолпан не жауап берерін білмеді. Бар болғаны әлі де үмітін іздей айналтөңректі айнала қараумен болды. Әлі де ештемені түсінер емес. Енді өзінің қайтуына мүмкіндік туғанда да Кең тегісті таба алмақ емес. Шамалы ойланып барып екі жігітке қараған. Ол екеуі жақындай түсіп, ғарыш кемесінің кең тепкешегін мегзеді. Қыз амалсыздан тепкешекпен жоғары көтеріліп, кеме ішіне кірді. Табалдырығын аттаған бойда есік алдында кідіріп тұрып қалған. Сыртынан шағын ғарыш кемесі болып көрінгенмен ішкі жағы даладай кең екен. Жатқан бір кеңістік десе де болғандай. Айнала қабырғаларда жұлызды әлемнің анық етіліп түсірілген суреттері. Шолпан бар дүниені ұмытқандай ол суреттерден көз алмайды. Іштегі көптеген күрделі құралдар мен олардың тынымсыз жыпылықтап тұрған түрлі түсті шамдары саналы адам өркениетіне тән болғандықтан Шолпан өзін еркін ұстай бастады. Өзіне қол ұшын созған екі қазақ жігітінің жүздерін шолды бота көздерімен. Екеуінің де жүріс-тұрыстары, қазақ тілінде таза сөйлеу мәдениеттері ұлтқа тән екен.
- Жігіттер, сіздер қайдан келдіңіздер ме? – деді Шолпан көз алдарында кенет пайда болып, орныға қалған дөңгелек үстелдің жанындағы үш жұмсақ, жақтаулары биік орындықтардығң олар ұсынғанына жай ғана отыра беріп.
Қалған екі орындыққа отыра-отыра кеткене екі жігіт бір біріне сәл жымия қарапсып қойды. Содан соң бойы сәл бмиіктеу, денелісі жай ғана:
- Әрине, Жерден, елден, - деді.
- Қай ауылдансыздар?
- Айдарлы ауылынанбыз, - деді екінші жігіт.
- Ал мен Ұйымшыл ауылынанмын.
- Енді, танысайық. Менің есімім Абзал. Мамандығым физик, - деді денелі жігіт.
- Мен Алтынбекпін. Математикпін, - деді екінші жігіт Шолпанға жымия қарап.
- Ал мен Шолпанмын. Ғарышкер-геологпын.
- Білеміз, - деді Абзал қызға сәл ойлана қарап.
- Қайдан білесіздер?
- Шолпанды кім білмейді?
- мұнда жай келдіңіздер ме?
- Шолпан табиғаты Жеріміздің табиғатына ұқсап келеді емес пе? Соған байланысты ауылымызды осы Шолпанға көшіріп әкелгенбіз.
- Қалай? – деп Шолпан екі жігітке таңдана қарады.
- Оны түсіндіру аз ғана уақыттың үлесіндегі әңгіме емес. Оны өз көзіңізбен көргеніңіз жөн, Шолпан.
- Түсіндім. . Ал айтыңыздаршы, мені не үшін шақырдыңыздар маұнда?
- Біз сізді шақырған жоқпыз, - деді Абзал сөзді әзілге айналдырғысы келгендей.
- Иә, айтпақшы, солай екен ғой, - деді Шолпан ол әзілін түсніе қойып, - мен өзім. Екеуіңізбен осылай жақын жүздесіп, сыр бөлісу үшін өзім.
- Ендеше, сол арманыңыз орындалды! – деді Абзал Шолпанға жымия қарап.
- Дұрыс айтасыз, орындалды. Енді мен келген жағыма оралуым керек.
- Ол әзірге мүмкін емес.
- Мүмкін емесі қалай?! – деп Шолпан елең ете қалды. – мен сіздердің кімдер екендеріңізді. Нендей мақсатпен мұнда жүргендеріңізді анықтау үшін келдім. Енді анықтадым. Қайтуым керек, өз ортама.
- Ол түсінікті, Шолпан, - деді Абзал қызға қадала қарап, - енд аулымызды көруіңіз керек қой.
- Қойыңыздаршы, - деді Шолпан жігіттердің сөздеріне әлі де сеніңкіремей, - тұтастай бір ауылды қалай көшуоуш сонау Жер ғаламшарынан мына Шолпанға қалай көшіруге болады аз ғана уақыттың ішінде
- Сіз бізге әлі де сенбей отырсыз ба, Шолпан? – деп сөзге араласты осы кезде Алтынбек.
- Әрине, - деді Шолпан, - мен ғарышкер-геолог ретінде ондай құпия әрекетті көз алдыма елестете алмаймын.
- Оныңызды түсінемін, - деді Абзал бөлме ішіндегі тынымсыз ызылдап тұрған күрдел құралдарға көңіл бөліп қойып, - сол үшін бізбен бірге болыңыз.
- Онда сіздер менің әріптестеріммен хабарласып, рұқсат алыңыздар.
- Сіздердің бейнебайланыс құралдарыңыздың тоқындары мен біздің бейнебайланыс құралдарымыздың толқындары сәйкес келмейді. Сондықтан олармен хабарласа алмаймыз. Біздің ауылды көріп, мән-жайды білген соң сізді келген жеріңізге жеткізіп саламыз, - деді Абзал әлдеқайда асыққан адамдай іштегі күрелді құралдарға тағы да көз жүгіртіп.
Соның артынша үшеуі отырған орындықтардың бүйірлеріненжалпақ белдіктер шығып, белдірн орай қойды. Шолпан қапелімде ештемені түсіне алмады. Күрделі құралдардың ызыңы күшейіп, ғарыш кемесі айналып-төңкеріліп қозғалғандай болды. Шолпанды жалпақ белдік қозғалтпай ұстап қалған. Шолпан сәл есін жиып, көздерін ашып, кеме терезесінен сыртқа қаорағанда ол әп-сәтте үлкен жазыққа құлдилай ұшып бара жатты. Төңіректен басқа ғарыш кемелері көзге шалынбады. Шолпан кеме терезесінен сыртқа қараумен болды. Ғарыш кемесінің Шолпан ғаламшарынң қай ендігі мен бойлығында ұшып келе жатқанын анықтай алмады. Тек Шолпан ғаламшарының осы кең жазығында екі жігіт айтақан ауылды көрді.
Шолпан шыдамдылық танытты. Үнісз отырып, көз алдындағының бәрін де анықтап көріп, біліп алуға тырысты. Шамалдыдан соң өзін бағанадан бақылап, қадағалап отырған Абзалға бұрыла қарады да:
- Абзал, айтыңызшы, сіздер бұл Шолпанды қай кезден бері зерттеп келесіздер? – деді сәл батылданып.
- Баяғыдан. Ал ата-бабаларымыз бұл Шолпанды ерте заманнан жақсы білді емес пе, ғарыш кемесімен ұшып келмесе де, - деді Абзал, - ал ең ғажабы, бұл ғаламшарды сұлу қызға балап Шолпан деп атаған. Енді сол қыз Шолпан мына өзіңіз!
- Қойңыздаршы, - деп Шолпан ыңғайсыздана жымиды.
- Солай, дәл солай! – деп Алтынбек Абзалды демеп қойды.
Абзал қарсы алдындағы дөңгелек келген терезеден сыртқа қадалды. Осы кезде ғарыш кемесі ғажайып табиғаттың үстімен баяу ұшты. Шолпан оған қызыға қарап отырды. Енді қандай әрекет жасаса да ештеме шықпайтынын іштей түсінді. Әріптестерімен бейнебайланыс болса да жоқ. Енді маңдайына жазғанын көрмек жас қыз. Іштей сабыр сақтап, тып-тыныш отырды. Кең жазық көз тартып, көңілін жадыратып та келеді. Ғарыш кемесі үлкен ауылдың биік үстінен бір емес, бірнеше рет айналып ұшты. Ауыл үйлерінің бәрі де қазақтың ежелгі құрамалы киіз үйлеріне ұқсаған. Сонымен бірге олардың бәрі де кез келген сәтте әуе кемесіне айналып, орын ауыстыруға бейім етіліп жасалған екен. Шолпан оны бірден түсінді.
Ауылдың бұл кең жазыққа жақында ғана қоныстанғаны анық байқалады. Айналасында таулар бар. Жазықта жасыл өсімдіктер мен нешетүрлі, хош иісті гүлдер өскен. Оның бәрі де Шолпанның көңіл-күйін көтере түсті. «Бұл өзі Жердегі ауыл ма, әлде осы Шолпандағы ауыл ма» деген де ой туды Шолпан қызға. Айнала-төңірек өзіне таныс емес. Енді өзін ғарыш кемесін жазыққа қондырып, «Ал енді әріптестеріңізге бара беріңіз» десе, Шолпан қалай қарай жүрерін де, қайда барарын да білмей тұрып қалған болар еді. Соны түсінген қыз екі жігіттің ғарыш кемесін бақсрауларындағы шебер әрекеттерін бақылаумен шектелді. Олардың өзін бұл ауылға не үшін әкеле жатқанын толық түсіне алмады. Жігттердің айтқан сөздеріне әлі де толық сене алған жоқ.
Енді біршама уақыт өткенде ғарыш кемесінің ұшу жылдамдығы кілт тежеле беріп, ауыл шетіндегі жазыққа қонды. Осыншама жылдам ұшып келе жатқан ғарыш кемесін тез тежеуді Шолпан басынан кешіріп көрген емес. Екі жігіт ғарыш кемесінің құлағындай ойнайды екен. Кеме қозғалтқыштарының үні сөнген соң шыны есік жайымен ашылды. Екі жігіт отырған орындарынан жайымен ғана тұрып, шағын тепкешекпен жазыққа түсті. Содан соң Шолпанның сыртқа шығуын өтінген. Қыз үндеген жоқ. Жайымен тұрып, тепкешектің екі жағынан қолдарын созған екі жігітке кезек-кезек қарап, жазыққа аяқ басты. Қарсы алдарында үлкен киіз үй пайда болыпты. Оған қарай енді келген, қазақы ою-өрнек салынған кілем-жолша төселіпті. Шолпан екі жағындағы екі жігіттің ортасында мәртебелі меймандай болып келеді. Өзіне деген құрмет шексіз екен. Бұлардың ғарыш кемесіне алғаш мінгенде, нешетүрлі ойға кетіп, ішей қатты сескенген де болатын.
Енді кәдімгідей еркінсіп қалған. «Бұл ауылда өмірлікке қала қомймаспын. Қайтарар мені әріптестеріме» деген үмітті ой да өзін демегендей.Екі жігіт екі жағында. Сәлден соң қазақы киінген жас жігіт пайда болып, оң қолының алақанын жүрек тұсына апарып, басын сәл ие амандасып, жол көрсету үшін алдарына түскен. Шолпан енді өзін, тіпті, арнайы ресми сапармен келген бір елдің басшысындай сезініп те кетті. Бірақ сонда да бұлардың неге осыншама құрметтейтіндерінің мәнісін сұрамады. Сұрағысы да келмеген. Бар ішкі ойы: «Бұл ғажайып жұмбақтың сырын ашуда» болды. Сөйтіп, үлкен киіз үйге де кірген.
Киіз үй табалдырығын аттап кірген бойда өздерін қазақы желет киген, ұқыппен сақал-мұрт қойған жас жігіттер мен ұзын көйлек, қамзол киген жас қыздар жылы қарсы алып, төрге шақырды. Шолпан сырты мен іші қазықтың нешетүрлі ою-өрнектерімен безендірілген киіз үйге таңдана қараумен болды. Сәлден соң өзінің үстіндегі сырты жалтыр комбинезонына қарап іштей ыңғайсыздана бастады. Бірақ іштегілер Шолпанның ғарыш сапарында жүргенін, сол бсепті осылай киінгенін түсінді. Шолпан жан-жағына қарайлай-қарайлай төрге қарай жүре берген. Алдарындағы жол бастап келе жатқан жас жігіт анда-санда сәл кідіріп, Шолпанға киіз үйдің құрылымы мен көшпенділікке қаншалықты лайқталғандығын мәденетті түрде жай қоңыр дауысымен түсіндіріп қояды. Шолпан да басын изейді. Тек кейде Жердегі, елдегі, ауылындағы еркелігіне салып, мінезін байқатып алады. Сөйтеді де, өзінің де қазақтың бір қарлығаш қызы екенін есіне алып, қателікке бармауға тырысады.
Шолпан Жерде, елде жүргенде өзге ұлттың тілі мен дәстүрлеріне көп еліктеген болатын. Бірақ қанша еліктесе де өз ұлтының қасиеті осылай тартып тұрады екен. Шолпан ғаламшарына келіп, тап осындай қазақы ауылға тап болғанына шексіз қуанды жас қыз. Киіз үйдің кең төріне жақындағанда бастап келе жатқан жас жігіт шетке қарай бұрылып, қарсы алдарынан екі кісі шығып, оң қолдарының алақандарын жүрек тұстарына апара сәл бастарын ие амандасты. Шолпан да ол кісілерге қызға тән сәлемін берді. Содан соң төрге жақындаған. Төрде малдас құрған денелі, сақалы ағарған, көздері шүңірейген үлкен кісі отыр. Шолпан ол кісімен қызындай иіле амандасты. Оның осы ауылдың ақсақалы екенін іштей түсінді. Ол Шолпанның жанына отыруын өтінді.
Шолпан осы сәтке дейін: «Осындай ерекше құрметке бөленемін. Киіз үйге кіріп, төрден орын аламын» деп еш ойламаған. Енді өз көзіне өзі сенер емес. Ақсақал белгі берісімен әп-сәтте дөңгелек ағаш үстел-дастархан қойлды ортағға. Іштегі жас жігіттер мен қыздар зыр жүгіріп, оның үстін түрлі дәмге толтырды. Шолпан тағы да ыңғайсызданған сыңай танытты. Бірақ жанындағы кісілер мен жас жігіттер, қыздар айнала қоршай отырған соң өзін еркін ұстады. Бәрі дәмнен шамалы алған соң Абзал жайымен сөзін бастады.
- Жердегі, елдегі ауылдарды осы Шолпан ғаламшарына рет-ретімен көшіріп, қоныстандыру мақсатында жазық таңдап жүргенімізде мына Шолпан есімді қызға тап болдық, - деді ол ақсақалға бұрыла қарап отырып, - сөйтіп, осында алып келуді жөн санадық. Бұл қыз жалғыз емес, Кең тегісте ғаламшар қыртысын бұрғы-қондырғыларымен бұрғылап, қазба байлық іздеп жүрген, су шығарып жүрген әрптестері бар. Шолпан Жердегі, елдегі бізге көрші Ұймшыл ауылынан болып шықты. Шолпанды табиғат көрінісі мен өзімізді құбылтып көрсету арқылы баурап алдық. Ендігі шешіміңіз өзіңізде.
Ақсақал басын сәл көтеріп, жүзін Шолпанға қаратып алды. Шолпан ақасақадың шүңірейген өткір көздерінен тайсалғандай сәл бір қырын бұрылды. Ақсақал малдас құрған аяқтарын сәл екіге жазып, сәл шалқайып барып оң қолының сұқ саусағымен маңдайын сипады. Екі көзін тарс жұмып, бір сәт ойға батты. Содан соң ол ой тұңғиығынан селт оянғандай көздерін ашып алып, былай деді.
- Қызым, қош келіпсің. Ешқайсысымды бөтенсіме. Біз қандас қазақпыз. Бір Жерде, бір елден, елдегі көрші ауылдас екенбіз. Ауылымызды мына Абзал бастаған ғалымдар тобы жасаған ғаламат жарық жұтқыш арқылы жақында осында көшірген. Енді өзің осында бол. Көп нәрсені көріп түсінесің.
- Мен мұнда көп уақыт бола алмаймын, ата! – деді Шолпан елең етіп, - жаңа абазал айтақандай, Кең тегісте әрптестерім қалды. Соларға оралуым керек.
- Ол әріптестерің іздегенімен бізсіз таба алмайды сені, қызым, - деді ақсақал Шолпанға көз қиығын тастай қарап, - сен енді біздің ауылдың бір адамысың. Ауылымызда барлық жағдай бар. Жеке киіз үйің болады. Еркін жүресің.
- Мен мұнда қала алмаймын, ата! – деді Шолпан онан сайын шошынып, - менің сіздерге, бұл елге не қажетім бар?
- Сен қазақтың ақылды, инабатты, білімді, ұлттық салт-дәстүрді жақсы білетін қызсың. Сондықтан осында бола тұрасың. Мұнда өмір бойы қалмайсың, ораласың.
- Сонда мен қашан ораламын өз ортама, ата?
- Оны өзім айтамын қызым.
Шолпан іштей тығылып, жыламрманға келсе де, үлкен кісінің алдында шалт мінез көрсетпеуге тырысты. Қазақтың даналық салт-дәстүрінде үлкен адам ақыл айтқанда ұл болсын, қыз болсын қарсы келмей тақ тұрады. Үлкеннің алдын кесіп өтпейді, үлкеннің сөзін жерге тастамйды. Шолпан осы даналық дәстүрді ойына алған. «Неде болса, аяғына дейін шыдап көрейін» деген тұжырымға келді іштей. Тек «Жарайды, ата, осында қала берейін» деген нақты жауабын айтқан жоқ. Өзіне демеу болғаны ақсақалдың: «Мұнда өмір бойы қалмайсың» деген сөзі . Бір жағынан ақыры келген соң бұл ауыл мен тұрғындарын мүмкіндігінше зерттеп алмақ ойға да келген. Үндемей, сәл төмен қарап отырды. Ақсақал демін терең алып, өзіне қадала қарады да:
- Шолпан қарағым, шешім осы. Енді өзіңе арнайы тігілген киіз үйге барып демал, тамақтан. Мына Абзал мен Алтынбек апарып салады. Орналастырады. Бар жақсылықты тілеймін, - деп батасын берді.
Шолпан тіл қатпастан басын жай ғана изеп, орнынан тұрды. Айнала-төңірегіне жиналып қалған үлкен-кішілерге көз қадап қарамады. Абзал мен Алтынбек те орындарынан тұрып өзіне жақандай берген. Үшеуі кілем-жолша үстімен сыртқа қарай бет алды. Алдарында бір жігіт, соңдарында бір жігіт жүрді. Сыртқа шыққан соң үшеуі осы аз ғана уақыттың ішінде тгіліп қойылған ақшаңқай түсті, қазаықы ою-өрнекті киіз үйге жақындай берді.
Жоғалған із
Шадыман бастаған ғарышкер-геологтар мен мамндар асығып-аптығып үсті жайпақ келген төбенің басына жеткенде Шолппн қыздың ізі аяқ киімдерінің көмескі табан іздері ізім-ғайым жоғалды. Бәрі қатты ойға батып тұрып қалды. Оқыс оқиға бола қалайын десе, ештеме емес екен. «Табан астында аспанда найзағай ойнап, күн күркріеп, жаңбыр нөсерлетіп, жел соққан мезетте Шолпан қыздан көз жазып қаламыз» деп қайсысы ойлаған. Енді міне, бәрі де қаласын-қаламасын, осындай көңілсіз оқиғаның куәгері болып тұр. Шадыман енді бір кездегі өзінің: «Қай ғаламшарға ғарыш кемесімен ұшып барсақ та, ооларда тау мен тастан өзге ештеме де болмайды!» деген ойынан бас тарта бастаған. Оған себеп, ғаламшардың табан астында құбылған ауа райында Шолпанның төбеге қарай жүгіріп кеткені, кімдердің шақырып, кімдердің қызықтырғанының белгісіздігі. Осыған аң-таң бір де.
- Менімше, Шолпанды әлдекімдер тап осы төбенің үстінен қандай да бір шағын ғарыш кемесімен алып кеткен! Сол себепті бұдан әрі қарайғы іздері жоқ! – деді Шадыман жанында тұрғандарға ойлы жүзін бұра қарап. – сондақытан ол қызды табу күрделі іске айналғалы тұр.
- Шолпан не үшін керек болды екен, ол бейтаныстарға? – деп Айман айнала-төңірекке жыламсырай көз жүгіртті.
- Мұндайда сабарлық керек, - деді Айманға бұрылған Есмұхан, - біз Жер ғаламшарында емеспіз, жедел қосымша іздеушілер тобын шақыра қоятын. Өзіміз іздеміз, өзіміз табамыз, Шолпанды. Тек оған уақыт қажет.
- Мен Шолпанның табылатынына толық сенімдімін, - деді Алдияр әріптестерінің көңіл-күйлерін көтермек болып.
Шадыман бұл сөзден кейін шынымен-ақ көтеріліп қалды. Қос қолымен ұстаған қуатты дүрбісін көз алдына апарып, айнала-төңіректі үнсіз тұрып бақылады. Ештеме көзге шалынбады. Тау тауымен, ойпат ойпатымен тып-тыныш жатыр. Мұнартқан жазық дала бәрінің бастарына сары уәйімді төге салғандай. Ешкім тіл қатпайды. Не деп тіл қатсын. Айтар божамы, ортаға салар пікрі жоқ болса ешқайсысының. Осылайша бірнеше үнсіздік минуттары сырғып өткен. Шадыман дүрбісімен айналаға, енді бірде үзілген қыз іздеріне қарайды. Шолпанның аяқ киімдерінің іздері жалпақ төбенің үстіне тегіс жазықтағыдан гөрі анықтау түсіпті. Бірақ Айдағы адам іздеріндей өт анық емес. Ай даласы күндіз өте ыстық, түнде өте суық. Ұн сияқтанған топырағы ылғалданғандай болып жатады. Сондықтан онда адам аяқ киімінің табаны құмға батқандай бадырайып-бадырайып мәңгілік таңба болып қалады. Шадыман қыз іздерін Айдағы іздермен ойша салыстырып қойды. Бірақ басты мәселе іздіердің аныө, көмескі түскендерінде емес, Шолпан қыздың іздерінің ізім-ғайып жоғалғанында еді.
Енді ғаламшар қыртысын бұрғы қондырғыларымен бұрғылап зерттеудегі бүкіл жоспарлары өзгерді. Өзгергені өз алдына, араларындағы екі қыздың бірінен жарық дүниеде, бір сәтте жоғалтып алғандары азаматтық намыстарын да қоздырған. Қалғандар да сондай күйді бастарынан кешіп тұр. Кейбіреулері тіпті, жандарына қандай бөтен адам келе қалса да алыса кетуге әзір. Қай қайсысының да ыза-кектері іштерінде. Сыртқа шығарғылары келмейді. Ғарышкер-геологтар осылайша жайпақ келген төбе басында біршама уақыт бойы не жасарларын білмей тұрып қалған. Бар құпия да Шолпанды әкеткен адамдардың осы төбе басында із қалдырмағандарында. Шолпанның басқан іздерінен өзге бұл төбе басында ешқандай бөтен адамдардың іздері жоқ. Бұл Шолпанды алып кеткен ғарыш кемесінің ешқандай қозғалтқышсыз ұшатынын да көрсеткендей.
- Әріптестер, енді не амал жасаймыз? Шолпан қызды қалай іздеп табамыз? – деп сұрау сала қарады тұрғандарға Шыдаман ұзақ үнсіздіктен соң.
- Бейтаныстардың Шолпан қызымызды мына төбеден қандай да бір ғарыш кемесімен алып кеткені анық, - деді Берқайыр есімді ғалым жоғары қарай көз тастап қойып.
- Ол түсінікті, - деді оған жалт бұрыла қараған Алдияр, - мәселе, ол ғарыш кемесінен мына төбе басында ешқандай іздің қалмағанында.
- Ғарыш кемесінің ізін жаңбыр нөсері жуып-шайып жіберген болар, - деп қойды Есмұхан қылтиып-қылиып шығып тұрған жасыл өсімдіктер мен түрлі гүлдерге қарап.
- Онда Шолпанның аяқ кмімдерінің табан іздері қалай саөқталған? – деп Берқайыр сұрау тастады бәріне.
- Бәріңіздің де айтып тұрған пікірлеріңіз дұрыс, - деп Шадыман дүрбісін қорабына салды, - тек ешқайсысымыз да нақты бір ұсыныс айта алмай тұрмыз. Қазіргі ең қажеті де сол.
- Дәл қазір ешқандай ұсыныс айта алмаймыз. Ештеме жасай алмаймыз, - деді Алдияр Шадыманға қадала қарап, - жаңбыр нөсерінен кейін даланы қайтадан тымырсық ыстық жайлады. Арқаларымыздағы баллондардағы оттегііміз де азайып барады. Кмбинезондарымыздың ішкі тыстарындағы салқындатқыш жүйелер де төзе бермес мына аптапқа. Сондақытан менің ұсынысым, Емешктауға оарлайық. Мына төбенің басында судағы еріген оттегімен еркін тыныс алып жүзіп жүпріп, құрылыққа шығып қалып, құрғақ оттегімен тыныс ала алмай тыпырлаған Балықтардай болып қалмайық. Әйтпесе, өмірімізге қауіп төнеді.
Шадыман ойланып қалды. Расында да шлемдерінің маңдайшаларындағы термометр мен оттегінің мөлшерін ескертетін жүйелердің көрсетулері көңіл толарлық емес еді. Тһөңірегіндегілер де алдиярдың жаңағы ұсынысын іштерінен қолдағандай қарсы сөзге келмей үнсіз қалған. Шадыман демін терең алды. «Былай тартса, арба сынады, былай тартса, өгіз өледінің» реті келіп тұрғандай. Біреуін таңдауы керек. Ойлап келгенде, бұл Шолпан ғаламшарының күнінің ұзақтығы іздеу жұмыстарын жалғастыра беруге мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан оған да шүкіршілік еуге болады. Ал егер осы оқыс оқиға Жер ғаламшарында, елде болса, әлдеқашан түс ауып, кеш болып, қас қарайған болар еді. Мұнда Күн бір орнында тапжылмай тұрып алғандай болады. Күн қалың бұлттардың арғы жағынан сәулесін төксе де, Шолпан күні Жер ғаламшарындағы бұлтты күннен әлдеқайда жарық әрі ұзақ. Бұл уақыт ішінде өздері Емшектеуға бір емес, бірнеше рет барып келе алады. Шадыманның демігін басқан Шолпан ғаламшарының осы қасиеті еді.
Ол төбе үстінде үзілген қыз іздеріне тағы бір мұқият қарап алды да, өзінен жауап күтіп тұрған әріптестеріне қарай бұрылып:
- Алиярдың ұсынысы дұрыс. Аптап ыстықтың кері әсері мен арқа баллондарымыздығы оттегіміздің азая бастауы алаңдарлық нәрсе. Оның үстіне қапелімде не әреукет жасарымызды да білмей тұрмыз. Емшектеудың астындағы қаламызға оралайық, Біршама тыныстап, Жердегі, Байқоңырдағы Жұлдызаралық сапарларға кемелер ұшыру орталығындағыларға мән-жайды түсіндіріп, олармен де кеңесейік, - деді.
Ешкім қарсы сөз айтқан жоқ. Мән-жай түсінкіт болғандықтан бәрі де шлемдерінің маңдайшаларындағы термометр мен оттегі көлемін көрсететін өлшеуіштеріне бір-бір қарап алып, кейін қарай бұрылған. Енді өздерінің іздері де Шолпанның іздеріндей төбе үстіне түсіп қалып жатты. Құмды жерлердегі іздері анық. Ғарышкер-геологтар бұрғы қондырғыларына келіп жеткенде, олардың төбе қалқалары да тымырсықтан ысып, дабыл беретін шамдары жыпылық қағып тұрді. Бәрі өзді өзді бұрғы қондырғыларына барып, олардың жұмысжүйелерін тағы бір тексерді. Анау-мынау заттарын жинастырды. Кең тегісте енді ешқандай жұмыс жүрмегендей тыныштық орнаған. Өздерінің жұмыс жасағандарын тек бұрғылар ойған шұғқырлар ғана дәлеелдейтіндей. Шадыман бұрғылардың тістері шұңқыр-шұңқырдан алынған бойда ол шұңқырлар бітеліп қалмауы үшін бір-бір құбыр қадап қоюды ұсынды.
Артынша бұрғылар қондырғылары жиырылып, әуе-ғарыш кемесіне айналды. Содан соң рет-ретмімен аспанға қарай қалықтай көтерілген. Шадыман бұрғы қондырғы кеменің дөңгелек терезесінен сыртқа қадала қарады да тұрды. Әдеттегісіндей өзінің жақтауы биің орындығына отырмады. Шолпан қызды іздеп табуға деген үміті де үзілер еме. Ғаламшар бетіндегі тау-тастардан, ойпаттар, жыралар мен қазаншұңқырлардан көз алмады. Бұрғы қондырғы кемені басқарып отырған ұшқыш-ғарышкер жігіттер де оны бірден Емшектауға қарай бұрмай, Кең тегістің аумағын айнала ұшырды. Басқа бұрғы қондырғы кемелердегілер де осындай күйді бастарынан кешіп жатты.
Содан соң ұшқыш-ғарышкерлер бұрғы қондырғы кемелерді Шадыманның ұсынысы бойынша Тырналардың ұшу мәнеріне көшірген. Егер Шолпан ғаламшары бетінде әлдекім жоғары қараса, шын мәнінде де бұлтты аспанда үшбұрыш жасай тізіле жылы жаққа қарай ұшып кетіп бара жатқан Тырналарды көз алдына елестетер еді. Бұрғы қондырғы кемедегілер қашан Емшектауға жеткенше Шолпан бетін бақылауын, сурет пен бейнекөріністерге түсірулерін тоқтатпады. Өкінішке орай, Шолпан да, басқа әлдекімдер де көзге түспеді. Бұл Шолпан қыздың шын мәнінде де жоғалғанының айқын белгісі еді.
Шадыман әлі де оған сенер емес, табудан күдерін үзер емес. Тік тұрған бойы дөңгелек терезеден сыртқа қадала қарап, ой-арманға берілгені сондай, кенеттен ғаламшар бетінде өздеріне қарай көмек сұрап Шолпанқыз жүгіріп келе жатқандай елес те берген. Егер шын мәненде Шолпан табыла қалса, сол мезетте барлық бұрғы қондырғы кемелерді солай қарай бұрғызып, ғаламшар бетіне жылдам қондыруға дайын. Енді бірде екі қолының қос жұмырығын біріктіре қысып, маңдайын соғып-соғып та алады. Қарауындағы екі зерек қыздың бірінен қапелімде айырылып, әлдекімдерге жетектетіп жібергені өзіне ешқашан кешірілмес күнә еді. Енді, тіпті, өзін «Осы мен бұрғы қондырғы кемемен Шолпан ғаламшары аспанында ұшып келе жатырмын-ау» деп те ойлайтын емес. Кеме кенеттен қандай да бір кілтипанға ұшырап, төмен қарай құлап жөнелсе де еш өкініші болмайтындай. Ондай кезде тек әріптестерінің өмірлері үшін жанталаспақ. Бірақ бұрғы қондырғы кеме селт еткен жоқ. Емшектауға да жақындап қалған. Шадыман енді әріптестерінің көңіл-күйлерін түсіре бермеу үшін кейін қарай бұрылды да:
- Емшектауға келдік. Шамалы дамылдап, Жеріміздегі Байқоңырдағылармен кеңескен соң қайта ораламыз бұл аймаққа, - деді жай ғана.
Шадыманның бұл сөздері арнайы бейнебайланыс жүйелерінің дыбыс күшейткіштері арқылы басқа бұрғы қондырғы кемелердегілерге де анық естліп жатты. Бұрғы қондырғы кемелер тобы бірте-бірте төмендеп, Емшектаудың астындағы айқара ашылған үлкен қақпа арқылы рет-ретімен ішке ене берді.
Ата заман аясында
Өзіне әзірі беймәлім табиғат аясындағы қазақ ауылына келіп, ел басшысының ұсынысымен өзіне арнап тігілген киіз үйге орналасқаннан кейін Шолпан қыз шамалы ақыл тоқтатып, айнала-төңірегіндегілерге мән бере бастаған. Өзі орналасқан ақшаңқай түсті, алты қанат киіз үйдің өзі қандай. Іші-сырты қазақы ою-өрнектермен безендірілген, сәнделген. Соның өзі де Шолпанның көіңл-күйін көтерген. Мұндай киіз үйлер өзі туылып өскен ауылда да, жалпы қазақ елінде де сирек тігіледі. Сол себепті де әлі өзі білмейтін нәрселер көп-ақ екен. Білетіні, киіз үйге кіріп-шығатын сықырлауығы, керегелері мен оларды айнала жабатын туырлықтары, уықтары мен оларды жабатын үзіктері, шаңырғы мен оны жабатын түндігі. Қалған әбзелдерінің қалай аталатынын Шолпан есіне түсіре алмады.
Жер ғаламшарының күрделі техникалар мен компьютерлерге бас өз салт-дәстүрлерінен мақұрым болған елдер аз ба. Заман талабынан сырт қалмауға тырысып, мынандай тамаша сән-салтанаттан аырылып қалғандарын Шолпан енді түсінді. Бірақ мұны сонау ерте замандағы қарапайым киіз үй деуге болмайды. Автоматты-компьютерлі жүйелер мұнда да бар. Тек шектен тыс емес. Қазақтың салт-дәстүрі толығымен сқталған. Шолпан киіз үйдің іші-сыртын асықпай әбден қарап шықты. Саналы, білімді адам баласы біркелкі өмірмен шектелмейді. Қашан да алға қарай дамып отырады. Тек сол жолында қателікке ұрынбаса. Шолпанды іштей бір қуантқан нәрсе, осы ауылдың тұрғындарының соншама өркениетті бола түра, қазақ салт-дәстүрден еш ауытқымағаны.Осының өзі-ақ мұндағылардың абзал жандар екендерін айқын көрсетеді.
Шолпан енді киіз үйдің ішіндегі жиһаздарға зер салған. Жүкаяқ, сандық, кебеже және тағы басқа жиһаздардың бәрі де адамның шебер қолымен жасалған. Еденге төселген кілем қолмен тоқылған, , көрпе, жастық қолмен тігілген. Киіз үйді сән-салтанат етіп тұрған басқа бүйымдар да сондай. Шолпан сонда да киіз үй керегелерінің ішкі жағынан ілінген қазақы ою-өрнекті кілемдарды де, басқа сәнді бұйымдарды да қолымен ұстап та көрді. Көп жағдайда ғарыш кемесі ішіндегі, Шолпан даласындағы бұрғы қондырғыларының жаныдағы шудаан құлақтары тұнған Шолпан енді ғажайып тыныштық әлеміне енді.
Дала да тыныш. Табиғи дыбыстар мен дауыстардан өзге ештеме естілмейді. Шолпан киіз үйден сыртқа шыққан бойда осыған көз жеткізді. Қандай тамаша! «Осыны Кең тегісте меннен көз жазып қалған әріптестерім көрсе ғойә деп біройлап қойды ішінен Шолпан. Олардың өзін шарқ ұрып іздеп жүргендерін де сезді. Бірақ әзірге қолынан келер ештеме жоқ. Ендігі қолынан келетіні – осы ауылдың тұрғындарының мұндай дәрежеге қалай жеткендерін зерттеп білу. Содан соң ол ғылыми мәліметтерді әріптестеріне, Жердегі, елдегі ғалымдарға жеткізу. Шолпан терең ойға батып, айнала-төңірекке көз жіберумен ұзақ тұрды, ұзақ серуендеді. Тек содан соң ғана жатын киіз үйіне оралған.
Түн тыныштығында даШолпан көпке дейін көз ілмеді. Киіз үйдің уықтарының , шаңырағы мен күлдіреуіштерінің араларынан менмұндалаған Айды, ғаламшарлар мен жұлдыздарды тамашалады. Қала өмірінде мұндай ғажайып көріністен тұрғындарының бәрі де мақұрым. Жұлдызды әлемге көз тастауларына қаланың мың-сан шамдары кедергі, уақыттары тапшы. Ал мына өмірде бәрі де табиғи, бәрі де көз алдында. Шолпан жұлдызды әлемге қадала қарап жатып ұйқтап кетті. Ерте оянды. Өзі жатқан құс төсегін жинастырды. Киіз үйдің күншығыс көкжиегі ағарып қалыпты . Енді шамалы уақыттан соң жарқырап шартабақ Күннің шығатыны да белгілі.
Шолпан киіз үйдің сықырлауығын жайымен ғана ашып, сыртқа шықты. Таңғы салқын самал денесін сәл түршіктірді. Айнала ғажайып көрініске айналған. Табиғатта, табиғаттағы күллі тірішілік иелері де оянуда, өз тірішілік әрекеттеріне кірісуде. Өзен суының сарылы естіледі. Түні бойғы қараңғылықта мүлгіген таулар да тірішілік әректіне көшкендей. Күн шыға тіішілік тіпті де тірілген. Неше түрлі құстар да шаттанғандай жиі сайрап, ұшып-қонуда. Жер бетімен қозғалғандары қаншама. Ірілі-ұсақты малдар өріске қарай тартқан. Оларды айдап жүрген ауыл тұрғындарының дауыстары бәсең шығады. Табиғи дыбыстармен үйлесім тауып жатады.
Шолпан бойына жинаған ерекше әсермен қайта ішке кірген. Енді үстіндегі ғарышкерге арналған комбинезонымен жүруге арланды. Сықырлауықты жауып, іштен ілгегін іліп, өзіне әлдекімдер әкеп қойған ұзын көйлекті, сыртынан қамзолды киді. Тек өзін өзі көріп, сәнденетін айна жоқ. Мұндай киіз үйде ондай заттың болмайтынын түсінді Шолпан. Сықырлауықтың ілгегін жайымен ашып, қайта сыртқа шыққан. Табиғат әлемі тамылжып тұр. Көктем мезгілі екені де айқын көрінеді. Жасыл өсімдіктер мен араларындағы түрлі түсті хош иісті гүлдер қалың өскен. «Әттең-ай, жанымда Айман болса ғой, екеуміз мына ғажайып табиғат аясында еркін серуендер едік, гүл терер едік» деп бір ойлап қойды. Жан-жағына жиі-жиі көз салды. Ешкім көрінбеді. Содан жас қыз суы гүріолдей ағып жатқан өзен жағасына келген. Өзен суының мөлдірлігі сондай, өзінің бейнесі де анық көрінді. Енді ешқандай да айнаның қажеті жоқ. Шолпан су иіріміне қарап тұрып киімін де, шашын да түзеді. Сөйтіп барып айналаға көз жіберген. Сол кезде барып бірнеше ауыл тұрғынын байқады.
Шолпанның жан-дүниесін рахаттандырған нәрсе – табиғи көріністер мен табиғи дыбыстар, дауыстар еді. Осы тамаша сәтті қиғысы келмеді. Төбе-төбеге шығып, қыр өрлеп, сай-аланы бойлай жүріп Қызғалдақтар мен Сарғалдақтарды тергісі де келді. Ұзын көйлегінің етегін екі қолымен сәл көтере ұстап біршама жерде шарлады. Екі құлағына таққан салмақты сырғалары жарасымды теңселіп, екі білегіндегі тағылған білезіктері мен саусақтарындағы оған жалғанған жүзіктері жағымды сыңғыр қақты. Жас қыздың бұл серуенін байқаған ауыл тұрғындары «Ұялтпайық» дегендей сырттағы жұмыстары бітісімен өзді өзді киіз үйлеріне қайта кіріп кеткен. Шолпан жайқала өскен түрлі түсті, хош иісті гүлдерден бір құшақ теріп алды.
Гүолдерді кеудесіне жанастыра жиі-жиік иіскеп қойып, жатын киіз үйіне жақындағанда, ол жерде өзін күтіп, жымия қарап тұрған Абзалды көрді. Шолпан қапелімде не ерін білмей, қандай шешімге келерін білмей кілт тұрып қалған. Абзал да үстіне қазақы ою-өрнекті бешпет пен шалбар, басына бөрік киген. Белінде жалпық белдік, оң қолында қамшы. Шолпанның кідіргенін көрген бойда бері қарай жүре берген. Айнала тыныш. Өріске шығарылған ірілі-ұсақты малдар ғана көңіл аудартады. Шолпанның бір іздегені өзін алып келген ғарыш кемесі мен басқа да техникалар еді. Ондай нәрселер көздеріне шалынбады.
Абзал жымия қараған күйде өзіне жақындап та қалған. Шолпан сол орнында тұра берген. Абзал келген бойда, оі қолындағы қамшысын сол қолына ауыстырып, оң қолын Шолпанға созды. Шолпан да үнсіз оң қолын созған. Екі жылы алақан жайымен жанасты. Екеуі де бойларын билеген қандай да бір құдіретті сезімнен сырт шыға алмады. Екеуі қатарласа Шолпанның жатын киіз үйіне қарай жүрген. Шолпан әлден уақытта бұл үнсіздікке шыдамады.
- Абзал, айтшы, бұл не өзі? Өңім бе, түсім бе? Жоқ әлде тек бір елес пе? – деп оған бота көздерін жалт бұрды.
- Бұл ешқандай елес емес, - деді Абзал қызға тағы да жымия қарап, - біз ата замандамыз.
- Ата заманы қалай? – деді Шолпан мән-жайды әлі де толық түсінбей.
- Қалай десем болады, - деп Абзал сәл кідіріп, айналаға көз тастады, - бұл ата-бабаларымыз өмір сүрген заман. Оны біз сәулемен қайтарып алдық.
- Түсінбедім, - деді Шолпан Абзалға бұрыла қарап. – бұл бір елес-көрініс іспетті маған.
- Жоқ, Шолпан, олай емес. Біз нағыз табиғат аясындамыз.
- Табиғаты әлі толық оянып болмаған мына Шолпан ғаламшарында осындай ауылдың орнай қалғанына кім сенеді?
- Ендеше, мына киіз үйлер ше, ірілі-ұсақты малдар мен күллі тірішілік иелері ше, қолыңдағы гүлдер ше? Бәрі елес-көрініс пе?
- Жоқ, - деп Шолпан құшақ гүлдерін иіскеп, кеудесіне баса түсті. – гүлдер ідемі, хош иісті!
- Үстіңдегі қазақы көйлектерің де, қамзолың мен басыңдағы кәмшат бөркің де, екі білегіңдегі білезіктер мен оларға жалғанған сауақтарыңдағы жүзіктерің де өте жарасымды! Нағыз қазықтың қызысың енді, ШОлпан! Ғарышкер-геологтарға арналған комбинезоның қазақтың қызына тән сыныңды бұзып тұрушы еді. Енді бәрі тамаша!
- Көңіліңе алғыстымын, - деді Шолпан айнала-төңіркее тағы да таңырқай қарап, - сонда біз ата заманға ғылыми-болашақтық шығармаларда айтылатындай уақыт кемесімен келдік пе?
- Жоқ, - деді Абзал, - уақыт кемесі деген бос қиял! Ал бұл нағыз шындық!
- Қалай шындық болады, Абазл, - деді Шолпан жігітке қадала қарап тұрып, - Алтынбек екеің мені шақырған кездеріңде осы Шолпан ғаламшарының қртысы да, айнала бүкіл көрінісі де өздеріңмен бірге жылжып кетіп бара жатқандай болып еді ғой.
- Оны жасаған біз, - деді Абзал шығыс көкжиектен біршама көтеріліп қалған Күнге қарап қойып, - бар дүние жарық сәулесінен көрініп тұрған жоқ па! Егер ана Күн сөнсе, бәріміз де сол заматта жоғаламыз.
- Ол түсінікті, деді Шолпан да Күнге бір қарап алып, - сонда сіздер жарық сәулесін құбылтуды игергенсіздепр?
- Дәл солай, Шолпан.
- Сонда біз жарық сәулесі болдық па?
-Дәл солай.
- Ендеше, ұлы ғалым, энциклопедист Әбу Нәсір әл-Фараби бабамыз «Дүние әлемі сәуледен жаралған» деп бекер айтпаған екен ғой, - деді Шолпан.
- Дәл айтқан. Егер біз жарық сәулесі таралатын жылдамдықпен қозғалсақ жарыққа айналып кетеміз.
- Қойыңызшы, Абзал, - депШолпан алғаш рет риясыз жымиды, - ондай жылдамдықтың бізге не қажеті бар. Осылай адам болып жүре бергеніміз жақсы емес пе? Одан да сіз мені Кең тегісте қалған әріптестеріме жеткізіп салыңызшы.
- Ол әзірге мүмкін емес. Әріптестерің сізді әзірге таба алмайды. Сіз оларға енді бір елес-көрініс сияқтысыз.
- Елес-көрінісі қалай? Мені не үшін олай еттіңіз, Абзал?
- Өйткені, сез маған қатты ұнайсыз, Шолпан. Осы кезге дейін көрші ауылымда өзіңдей ақылды, жаны таза әрі батыл қыз бар деп ешқашан ойламаппын. Енді сізді таптым. Осылай жасағаным үшін өзіңнен кешірім сұраймын, Шолпан.
- Кешіремін, әрине. Бірақ менің кешірімімнен не өзгереді ?
- Бәрі де өзгереді. Уақыт – өзгеріс емес пе? Бәрі жақсы болады. Қашан да осылай ойлау керек.
Шолпан үндемей айнала-төңірегіне қарап алды. Тау-тас, сай-сала, орман-тоғай, өзен-көл, бәрі бәрі де өзгеше. Мұнда техника атаулы анда-санда, аса қажет жағдайда ғана қолданылады екен. Сондықтан тыныштық. Жаңа ғана өзі қыр басы мен етегінен бір құшақ Қызғалдақтар мен Сарғалдақтарды теріп алды. Ол гүлдер қолында. Ешкім алып қойған жоқ. Бәрі де табиғи, бәрі де шындық. Шолпан ішінен: «Осыншама табиғи көіністерді бір жерден еккнші жерге бұлар қалай көшіреді аз уақыттың ішінде» деп ойлы жүзімен Абзалға бір қарап алды. Сөйтп, осы сұрағына жауап алғысы келген.
- Абзал, - деді сәлден соң Шолпан, - сіздер жарық сәулесімен Жеріміздегі ауылдарыңызды осында көшіріп әкеліпсіздер. Ал енді осы Шолпан ғаламшарын түгелдей Жеріміз сияқты ғажайып табиғатты ғаламшарға айналыдара аласыздар ма?
- Айналдыруға боады. Тек бірден емес. Жер ғаламшарымызды халықтар жер жерге бөліп алған емес пе. ШОлпан ғаламшарын түгелдей Жеріміз сияқты етсек, дамыған елдер осылай қарай лап қояды. Содан соң ел мен елдің арасында талас-тартыс басталады. Осы жағын да ойлауымыз керек.
- Сонда Жер ғаламшарымыздағы ғажайып табиғат та жарық сәулесінен пайда болған ба?
- Әлбетте, Шолпан.
- Ғажап екен. Әйтпесе, мен тірішілікті тек тірішілік деп білуші едім. Жарық сәулесі деп ешқашан да ойламайтынмын. Енді түсіне бастадым. Сонда біздің күллі күйкі тірішілігіміз жай сәуле ғана болғаны ма?
- Жай сәуле деуге де болмайды, Шолпан. Тірішілік – кәдімгі тірішілік. Тек бәрі де жарық сәулесінен тұрады. Ал жарық сәулесінсіз дүние әлемі жоқ.
- Ол түсінікті. Сонда да сене алмаймын. Мына тұрған біз, күллі тірішілік иелері қалайша жарық сәулесі ғана болады. Біз бір бірімізді көреміз, сөйлесеміз, қол ұстасамыз. Тағы басқа да түрлі әрекеттер болып жатады өмірімізде.
- Иә, өтіп жатады. Бәрі де өтеді. Дүние әлемінің құбылысы алуан. Оның бәрін аз ғана уақыттың ішінде тізіп айтып шығу еш мүмкін емес. Сол алуан құбылыстардың бәрі де жарық сәулелері. Ол сәулелер үнемі тарап жатады, Ғалам кеңістігіне сіңіп кетіп жатады.
- Біздің жарық дүние дейтініміз. «Көрер жарығы бар екен», «Көрер жарығы сол болыпты» деген сөз тіркестеріміз де осыдан келіп туындаған екен ңой, - деп Шолпан жеңіл күрсініп қойды.
- Иә, Шолпан, - деді Абзал да жеңіл күрсініп, - күллі тірішілік көріністерінің пайда болуы да, ізім-ғайым болуы да жарық сәулесіне байланысты. Сондақтан ана аспанда жарқырап, сәулесін төгіп тұрған Күнімізге мәңгілік ғұмыр тілеййк!
- Осы Күннің ішкі табиғатын жұлдызтанушы ғалымдарымыз көптен бері зерттеп те келеді, - деді Шолпан аспанға қарап, - оның қанша мерзім осылай сәуле шашып тұратынын да ғалымдар есептеп қойған. Тек мына Шолпан ғаламшарын үнемі бүркеген қою ала бұлттары Күннің сәулесін толық өткізбейді ішке қарай. Содан тымырсық ыстық жайлаған. Ал мен мына табиғат аясында Жердегі ауылыма келгендей әсерде жүрмін. Бұл бір ғажап дүние! Кең тегісте де осындай табиғат аясы орнаса, Шолпан қыртысын бұрғы қондырғыларымен бұрғылау әлдеқайда оңай болар еді.
- Мұндай табиғи ортаны кез келген уақытта жасай беруге болмайды, Шолпан, - деді Абзал қызға мейірлене қарап, - әр нәрсенің өз уақыты бар, өз орны бар. Біз көшпенді қалыхпыз. Еркіндікті, кең даланы, тамаша табиғатты жақсы көреміз. Біз Жерегі, елдегі техникалар мен басқа да артық шудан арылу үшін ауылымызды осында көшірдік. Өзіңізді көрген бетте шақырдым. Дәл осылай тамаша табиғат аясында өзіңмен осылай сырласуды ойладым. Ол ойым жүзеге асты.
- Мен әлі де көп нәрсеге сеніңкіремей тұрмын, - деді Шолпан Абзалмен бірге тауға қарай қатар жүріп, - осыншама табиғатты, тау мен тасты, қыр мен сайды, өзен мен көлді, тағы басқаны қалайша бәр сәтте Жерден осы Шолпанға көшіре салуға болады? Бұл фильм де, голографиялық көріністер де емес. Мұнда ешқандай жасандылық жоқ. Бәрі де табиғи. Мен мына құшақ гүолдерді теріп алдым, хош иістерін иіскеп, ләззат алып та келемін. Бәрі де табиғи, бәрәі де шын көрініс, шын өмір.
- Әрине, мұндай ешқандай жасандылық жоқ, - деп жымия қарады Абзал Шолпанға, - егер бұл жасанды болса, екеуміз де елеске айналар едік. Ал елес болсақ, дәл осылай сырласып, дәл осылай түсінісе алар ма едік. Ал елес болсақ, екеуміз дде бір сәтте жоғалар едік!
- Ендеше, жоғалайқшы! – деп сықылықтай кеп күлді Шолпан, - ал, қалай қарай жоғаламыз?!
- Жұлдызды әлемге қарай! – деп Абзал да мәз бола күлді.
- Ал кеттік, онда!
- Жоқ, асықпа, тұра тұр Шолпан! – Абзал шынымен-ақ жоғалатындай айналасына қарап қойды, - мен әлі сізен сырласып болған жоқпын. Сізден бір сйтке де айырылғым келмейді. Сәзсіз менің өмірім де жоқ!
- Солай ма еді. Оны түсінемін! – деп Шолпан тағы да сықылықтай күлді..
Сөйтті де, қолдарындағы құшақ гүлдерін кеудесіне баса ұстап, үстін гүл көмкерген қыр басына қарай жүгіріе жөнелді. Соңынан Абзал да жөнелген. Абзал, тіпті, енді әкесінен сұрап алған уақытын да ұмыта бастаған еді. Кенет бар табиғат әлемі бейнебір айналып төңкеріліп бара жатқндай күйге көшкен. Абзал олпанның оң қолынан тез ұстай алған. Шолпан қапелімде мұысының мәнісін түсініп үлгермеді. Шыр құбылған көріністен басы айналып, Абзалдың демеуіне қарамастан жасыл өсіміктердің үстіне отыра кетті. Абзал да жанына жайғасқан. Енді бір сәтте мына ғажайып жасыл өсімдікңт, түрлі хош иісті гүлдер жайына қалып, ауыл ішінен біақ шықты. Артынша ауыл арасындағы шағын жол бойымен өзін қабылдаған денелі ақсақал кісі жақындап келе жатты. Абзал отырған орнынан ширақ тұрып, оң қолын кеудесінің жүрек тұсына апарып, басын алға қарай иіп, тәжім етті.
- Ұлым, деді жай ғана қоңыр дауысымен, - мына бір ғана рет берілетін жарық дүниедегі ешбір тірі жанның артық уақыты болмақ емес. Сен махаббат буына балқып, оны ұмытуға айналып барасың. Ал кез келген тірінің әрбір минуты оны қартаюға қарай жетелейді. Сондықтан сен бұл жарық дүниедегі әрбір минутыңды қадәрлей біл. Шолпан енді ауылымыздың бір қадірлі қызына айналды. Әзірге ешқайда кете қоймайды.
-Түсіндім, көке Кешірім өтінемін,- Деді Абзал әкесіне тағы да бас иіп. Арамызды бөліп тұрған уақыт кесіндісін мен өзгерте алмаймын. Оны ешкім де өзгертпек емес. Сондықтан да әрқайсысымыздың тағдырымыз әр бөлек. Мен Шолпанды қатты ұнатамын. Өзіме өмірлік жар етекім келеді. Тек сіз ақ батаңызды берсңіз.
Ақсақал сәл ойланып, екі алақанын аспанға қарата жая алға қарай созды. Абзал әкесінің алдына тізерлей отыра кетіп, екі алақанын жайды. Шолпан да бір тізерлей отырып, екі қолының нәзік алақандарын бір біріне біріктіре ұстаған. Ақсақал сәл күбірлеп бірдемелерді оқыды. Содан соң дауыстап:
- Дегендеріңе жетіңдер. Махаббатарың баянды болсын. Араларыңа шоқ түспесін. Ұлы жаратушы жандарыңда жүріп, екеуіңе де ұзақ ғұмыр сыласын. Әрқашан жолдарың болсын! деп екі алақанымен бетін сипады.
Абзал мен Шолпан да алақандарымен беттерін сипаған. Абзал орнынан тұрды. Әке ұлының ббетінен, Шолпанның маңдайынан өпті. Жігіт пен қыз енді кейін шегінген. Ақсақал екеуін шұңірейген мейірімді көздерімен шығарып салды.
Жер мен елді сағынғанда
Шадыман бүгін де ерте оянып, жатын төсегінен ерте тұрған. Әдеттегісінше таңғы дене жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып шайынған. Содан соң жеке бөлмесінен шығып, аллеяның бойына түскен. Тап Жер ғаламшарындағы елдегідей көрініс. Таң қылаң беріп келеді. Жасанды Күннің алтын шапақтары күмбезге түсіп, жарықты молайта берген. Жарық сәулесі тараған сайын күмбездегі планетарийден түскен жұлдыздар мен Ай да көмескіленген. Көрініс үйреншікті болғандықтан Шаодыман оған онша көңіл аудармады. Тек осы Емшектаудың астындағы қаладағы барлық көріністің Жердегі, елдегі табиғи көрініске сайма сай етіліп жасалынғаны ғана Шадыманды кейде таңдандырады. Тек бір ғана кемшілік, мұнда жауын шашын, қар боран деген болмады.
Шадыман аллея бойымен жүріп келе жатып, қолдарын сілтеп, біршама сергіп те қалған. Қарсы алдында көз үйренген шағын жасанды көл суы, жигеі айнала гүлді өсімдіктерге толы, бірнеше ағаш орындқтар орнатылған. Бағаналарда шамдар. Ол шамдар жарық сәулесі көбейген мезетте автоматты түрде сөнеді. Аллеяның екі жағасында өсірілген небір ағаштардың жапырақтары сыбдыр қағады. Қолға үйретілген Бұбұл, Қараторғай, Торғайлар да бүгінжиі сайрап, көңіл көтереді. Шадыман әсіресе, Бұлбұл құстың сайраған үніне бала кезінен тәнті. Ол сайраған кезде тұра қалып тыңдайды.
Бұлбұл құс әдетте таң мезгілінде сайрайды. Соны білетін Шадымен оны жібермеуге тырысып ерте тұрады. Құстар да осындай біркелкі жылы ортаны ұнататандай. Олар болса да бұл ортаның адам қолымен жасалғанынан бейхабар. Ағаштардың бұтақтарына қонып, біршама сайрап, қайта ұшып кетеді. Ббелгілі жерден су ішеді, жемдерін жейді. Сөйтіп өздерінше бір дәцрен кешіп жатқандары.
Жасанды көлдің жайы да осындай. Суында Балықтардың бірнеше түрі жүзіп жұр. Ал Дельфиндер сол Балықтардың нағыз қожасы десе де болғандай. Шадыман көл суына жақындағанда сол Дельфиндер иесіне сәлем бергендей судан бірнеше рет шорпып шыққан. Шадыман оған да мәз. Сәлден соң оларға қарап оң қолын көтеріп, жымиып алған. Содан соң көлді айнала жүріп, өзіне ұнамды жаттығуларын жасады. Түнгі ұйқыдан тұра сала жүгіріп ала жөнелудің организмге қаншалықты зиян екенін Шадыман әуел бастан жақсы біледі. Сондықтан да бірнеше түрлі дене жаттығуларын жасап, денесі біршама қыздырып та алған. Содан соң спорттық киімінің кеуде жағын шешіп, денесін көлдің салқын суымен ысқылады. Қайта киініп, жеңіл жүгіріспеен жатын бөлмесіне келді.
Бұл кезде бөлмедегі биотұлғалар өздерінің «миларына» адын ала жазылған бағдарламалар бойынша әрекеттеріне кірісіп кеткен еді. Бірі Шадыманның төсегін жинаған, екіншісі бөлме ішін реттегін. Алғандары да өздеріне тән тапсырмаларын орандаған. Жатын бөлме екі бөлімнен тұрады. Ішінде барлық жағдай бар. Жалпы, Емшектаудың астындағы бұл қалада не жоқ. Ғарышкер геологтар демалыс кездерінде көл суына шомылады, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнайды. Қала орталығында бейнефильмдер көрсететін бейнетеатрлар мен театрлар да бар. Оларда түрлі филмьдер мен концерттер болады. Жерден, елден келген әртістер мен әншілер өнерлерін ортаға салады. Сөйтіп, келген өнер тарландары Шолпан табиғатын тамашалап қайтып кетіп жатады. Қалада тамаша оранжерея да менмұндалап тұрады.
Шадыман өзінің жатын бөлмесі мен демалыс бөлмесінің соншалықты таза жиналғанына іштей риза болып, көңілі әуелгіден де көтерілген. Енді ол ыңылдап ән де салған. Сол кезде төр қабырғадағы электронды сағат таңғы сағат алтыны көрсетіп, қазақты әнұраны ойналды. Соңынан радиоқабылдағыш автоматты түрде іске қосылып, «Күй сазы» концерты басталды. «Көңіл ашар», «Кһкейкесті», «Қаратаудың шертпесі», «Серпер» және басұа күйлер күмбірлеп, Шадыманныңжан дұниесін тербеді. Мұндай сәттерде адам баласның сағынғандарын есіне алатыны бар. Шадыман де күй күмбірін тыңдай отырып, тамаша терең сезімге бһленіп, Жерді, елді есіне алды.
Елдегі тамаша табиғат аясы да көз алдына келе қалғандай. Айнала жайқалған жасыл өсімдіктер мен түрлі түсті хош иісті гүлдер. Алың орман. Бмік шыңдарын қалың ақ қар бастақан таулар. Сай сала. Өзен мен көл. Аспанда әдемі бұлттар. Олар осы олпан ғаламшарының аспаындағы бұлттардай жылдам жөңкімейді. Баяу ғана жылжиды. Самал жел соғады. Ең бастысы Жерде ешқандай комбинезон киілмейді. Ауа таза, тыныс кең. Көңіл кұй қашан да кһтеріңкі. Шадыман сондай тамаша табиғат ассында өткізген бақытты балалық балдәурен шағын. Сол кездерде Шадыман таң мезгілдерінде осы Шолпанды талай рет көрген. Шолпан ғаламшары Жерден таң мезгілінде де, кеш мезгілінде де аспанда жарқырап көрінеді.Сонда ойлап көріп пе, осы ғажайып ғаламшарды ғалымдарға басшы болып зерттеймін деп. Тағдыр құпиясы деген осы.
Шадыман ғарышкер геолог боламын деп те ойлмаған кезінде. Бірақ өмір ағысы осыған әкелген. Ғарышкер болу бүгінде еш тансық емес. Ең бастысы, денсаулық болса болғаны. Ал мұнда келуіне басты себепші, Шолпан ғаламшарының Жер ғаламшарының бастапқы кездегі күйіне келе бастағаны. Ал құрам жасақтаған кезде қыз баладан Айман мен Шолпанды таңдаған.
Айманға қарағанда Шолпан зеректеу еді. Оны Шадыман мектеп қабырғасынан біледі.Айман екеуі өзінен бес сынып төмен оқыған. Мектепте де Шолпан өзінің зеректігімен мұғалімдерді тәнті ететін. Уақыт жылжым өтіп жатты. Мектеп бітіргеннен кейін Шадыман өз жолымен, өз мақсатымен кетті. Геология институтына түсті.Ғарышкерлер құрамына енген кезде Шолпанның да өзінің жолын қуғанын көрді.Сол Шолпан енді араларында жоқ. Өзінен көп кіші болса да Шолпанға деген көзқарасы мүлдем бөлек Шадыманның. Сондықтан да оның қапелімде көзден таса болғаны ауыр соқты. Сондықтан да Шадыман енді Жердегі өткен бақытты өмірін аңсайды, соны көз алдына елестетеді.
Жер ғаламшарының ұлы табиғаты қашан да ғажап, қашан да әсерлі. Одан Шадыман да, сапарластары да бір жалыққан емес. Көктем көктемімен, жаз жазымен, кұз күзімен, қыс қысымен өз әсерін беріп жатады. Ал мына Шолпанда жыл мезгілі деген жоққа тән. Ұзақ уақытқа созылатын аптапты ыстық пен суық, аспанындағы ыдырамайтын қою ала бұлттары адам баласын жалықтармай қоймайды. Сондықтан да қай қайсысы да үнемі Жерді, елді аңсайды. Тек ғалым, маман болған соң ол сағыныштарын сыртқа сездірмеуге тырысады. Өзі де солай.
Осы ұзақ сапарға аттанар алдында бәрінің Айлы түнде қыдырғандары бар.
Толған Ай болса да аспанда күміс сәулесін төгіп тұрды. Бәрі де өте көңілді еді. Екі қыздың күлкілері ол тамаша кһрініске серпіліс бергендей болады. Ондай серуендер аз болмаған. Енді соның бәрі де бір елес сияқтанып қалған. Сол түндердің біріндегі Айман мен Шолпан айтқан сөздер де есінде Шадыманның.
- Түн салқындап барады ағайлар, - деген сонда Шолпан.
- Енді біраз уақыттан соң Шолпан ғаламшарында боламыз, - деген сонда Шадыман, онда дала ыстық! Бойларыңдағы бүкіл суықты жоқ етеді!
Өзінің ол сөзіне бәрі де мәз болған. Бәрі түннің бір мезгіліне дейін қыдырған, алдағы жоспарларын айтқан. Оның бәрі де Шадыманның есінде қатты сақталған. Енді оны тек көз алдына елестетумен ғана келеді жалғыз. Тек Есмұхан, Алдияр, Берқайыр, Аймен мен Шолпанның айтқан сөздері ғана құлағынан бір кетер емес.
- Шолпандағы Емшектаудың астындағы қаладағы орта тап осы біз дайындалып жүрген зертханаға ұқсас, - деген сонда Есмұхан бәрне көз тастап қойып, онда да осы Жердегі сияқты қалыпты температура сақталады. Шағын болса да тамаша табиғат аясы бар. Тек ондағы оттегі өндіретін құрылғылар кенеттен істен шықса, бәріміз де тұншыға бастаймыз.
- Қойңызшы, ағай, - деген сонда оған жалт қараған Айман, - бармай жатып жүргеімізді ұшырмаңызшы.Ондағы күрделі техникалардың бәрі де сенімді болуға тиісті. Оның үстіне, ол осындағыдай шағын зертхана емес. Тұтастай бір ғаламшар емес пе? Шолпан атмосферасындағы көмір қышқыл газы осы Жеріміздікіндей.
- Одан бізге не пайда? - деді оған бұрыла қараған Шолпан.
- Пайда жоқ екенін білемін. Сонда да Шолпанның қоршаған бұлттары мен атмосферасындағы көмір қышқыл газының Жеріміздікіне ұқсас болып келгені жақсы ғой.
- Несі жақсы? Одан да Шолпанда осы Жеріміздегі сияқты оттегі мен су мол болса ғой! Деген Шолпан аспанға көз тастастап алып.
- Қыздар, - деді сол кезде Алдияр екеуіне кезек кезек қарап, Шолпан Күнге өте жақын орналасқан ғой. Сондықтан оның беті өте ыстық. Ал сондай чтықта су буға айналып кетпей ме?
- Онда бір алапат ғарыш кемесімен Шолпанды сүйреп Жеріміздің айналымжолына әкелеәк те!
Шолпан соны айтып сықылықтай кеп күлген. Қалғандар Шолпанның ол айына кәдімгідей ойланып қалған. Ал өзі болса, Күн жүйесіндегі аспан денелерінің орындарын ешқашан да өзгертуге болмайтынын, ондай жағдайда күллі ғаламшарларға қатер төнетінін есіне алған. Оның үстіне Жер мен Шолпан жақын қашықтықта бір бірін қуалай Күнді айналып қозғала алмайды. Кез келген сәтте бір бірімен соқтығысып қалу қаупі бар. Шадыман осындай ойды да бір сәтте басынан кешті. Содан соң бәрі кейін қарай жүрген. Сол түні қыдырыстарына шек қойылған жоты. «Шолпан ғаламшарын ұзақ уақыт зерттеу сапарлары алдында Жер ауасын еркін жұтып, еркін сырлассын» дегендей жұлдызды әлемге ғарышкерлер дайындау орталығының ғалымдары мен мамандары да тым тырыс қалған. Сапарластар оны әштерінен түсініп, түнгі жұлдызды аспанды, ондағы ең жарығы Айды тамашалап, түн ортасы ауа орталықтағы жатын пәтерлеріне оралған.
Осындай ой әлеміне енген Шадыман аллеяның бойымен әлі де біраз жүрді. Содан кейін аллея жиектеріндегі көптеген ағаш орындықтардың біріне келіп отырды. Әлі де ой тұңғиығынан шыға алар емес. Қаршадай қызды ешкімге де қимайды. Ол қыздың жарқын болашағы алда еді. Енді ойламаған жерден көз жазып қалды. Енді оны қайдан іздемек. Қайдан таппақ Шолпанды. Бұл кезге дейінгі өзінің бар күш жігері, үміті мен арманының бәрінің де сондай жастарда екенін енді түсінген Шадыман. Егер осы оқиға Жер ғаламшарында болғанда Шолпан қызды іздеп табу әлдеқайда оңайға соғар еді. Бұл бөтен ғаламшар, бөтен әлем. Еркін жүретін орны да шектеулі. Шолпан ғаламшарының даласының кеңдігінен не пайда, Жердегідей алшаң басып жүрмеген соң. Бұдан гөрі елдер мен жыпырлаған қалаларға толы болса да Жер ғаламшарының өзі дұрыс екен.
Жергілікті радиодан күмбірлеген күйлер бітіп, диктор соңғы жаңалықты айтып болған соң Шадыман жайымен жүріп, асханаға келген. Онда басқа ғарышкер геологтар жиналып қалыпты. Асхана іші абыр сабыр. Аспазшы биотұлғалардың сықыр сықар қимыл қозғалыстары адамдардың дабыр дабыр сөздерімен қабаттаса шығады. Бұл күнделікті үйреншікті көрініс болғандықтан ғарышкер геологтардың ешқайсысы да биотұлғаларға көңіл бөлген жоқ. Өзді өзді дастархандары жандарындағы орындықтарға отырып, аспазшы биотұлғалардың дәмді ас пен ыстық шай мен кофе әкелулерін күтуде.
- Ал, әрптестер, қайырлы таң! - Деді келген бойда Шадыман.
- Қайырлы таң, Шадыман Жасамысұрпағы! - деп жауап қатты дастархан бастарында отырған ғарышкер геологтардан Алдияр.
- Қалай демалдыңыздар?
- Өте жақсы! - Деді бұл жолы Есмұхан.
- Жақсы, астарыңыз дәмді болсын! деп Шадыман шеткеректегі бір дастарханның жанындағы орындықтардың біріне отыра кетті.
Осылай амандасып, тілегін айтқанымен Шадыман әлі де болса жаңағы ой әлемінен толық арыла алмады. «Осы көрініс Жерде, елде болса ғой, Шолпан қыз да арамызда болар еді» деп бір ойлап, күрсініп алды. Таңғы ас үстінде отырған басқалар да Шолпан қызды қапыда жоғалтып алған өкініштерін ұмыта алар емес. Басшыларының қандай күйде жүргенін де бәрі жақсы біледі. Сондықтан мұндай сәттерде қай қайсысы да Шолпан қыз жайлы әңгіме қозғамауға тырысады. Басқа әңгіме айтып, ара тұра кұлісіп те алады. Енді бірі аспазшы биотұлғалардың қызы жүрістері мен сөйлегендерін қадағалап, олар жайлы әзіл айтады. Енді бірі қос қолындағы табаққа салынған дәмді тағамды жанына келіп ұсынып тұрған аспазшы биотұлғамен тілдесіп, оның қызық сөздерін қайталап, отырғандардың көңілдерін көтереді.
Аспазшы биотұлғалар дегені болмаса, олардың бағдарламаларының аясы өте кең. Ғарышкер геологтардың кез келген сұрақтарына лезде жауап қатады. Тағамның қандай әкел десе дайын тұрады. Биотұлға бүгінде ешкімге де тансық емес. Олар адамға әуел бастан көмекші. Мұндағы таңғаларлығы, биотұлғалардың тірі аспазшы адамға өте ұқсас етеліп жасалғаны, олардың сол адамға сай киініп, сол адам сияқты қимыл қозғалыс жасайтыны, сөйлейтіні. Сондықтан да ғарышкер егологтар кейде оларды басқа бір адаммен шатастырып та ала жаздайды.
Бірақ бүгінгі таңғы аста ғарышкер геологтар арасындағы әзіл қалжың аз болды. Шолпан қыздың бір сәтте ізім ғайым болғаны, Шадыманның пәс көңіл кұйі еркін әзіл қалжыңға еркіндік бермеген. Шолпан қыздың зеректігіне қай қайсысы да тәнті еді. Енді амалдары қанша, араларында ол қыз жоқ. Жалғыз қалғандай болған Айманның ыстық көз жасы тыйылар емес. Шолпан қыздың есімі айтылса болды, босап сала береді. Қыз нәзік жан дейтіні осыдан айтылса керек. Шадыман келіп жайғасып, шамалы әңгіме айтылған соң бәрі де өзді өзді дастархандарының бір шетіндегі түймені басқан. Артынша екі екіден қол сиярлық құбыршалар ашылған. Отырғандар сол құбыршаларға қолдарын сұғып, қолдары жуылып, кептірілген соң қайта алып, таңғы астарынан алуға кіріскен. Бмотұлғалардың тағы бір ерекшелігі, ғарышкер геологтармен асқа ортақтаспайды. Оларға тек ток керек. Солай болса да биотұлғалар ас құрамына өте мұқият. Олар өздерінің арнайы кұрделі құралдарымен тағамдардың тазалығы мен дәмін тексеріп алып барып әкеледі ғарышкер геологтарға.
Ғарышкер геологтар аспазшы биотұлғалар әкелген астан алып, қол, ауыз шайғаннан кейін асхадана шығып, жұмыс бастар алдында қысқаша кеңесетін шағын бөлмеге келген. Осы бөлмеде бұгінгі жоспарлары жасалды. Қабырғадағы үлкен электронды сағатқа қарағанда уақыт та таяп қалған. Мұндай тәуіліктік уақыт осы Емшектаудың астындағы қалада ғана. Ал сыртқа шыққан бойда Шолпан ғаламшарының аптапты кең даласы қарсы алады өздерін. Ал ол ғылыми зерттеу жұмыстарына ғарышкер геологтар болса да арнайы бұрғы қондырғы кемен ұшып шығады. Содан соң қызу жұмыс басталып кетеді.
Аспандағы ғаламат құпия дене
Шолпан қыз бүгін түнгі тыныш ұйқысынан ерте оянып, төсегінен сергек тұрған. Жеңіл киініп, киіз үйдің түндігі ашық шаңырағынан аспанға қараған. Оның күлдіреуіштерінің арасынан лапылдап көгілдір түсті шырақ көрініп тұр екен. Шолпан оның өзі туылып өскен Жер ғаламшары екенін бірден таныды. Шаңырақтан көз алмай тұрып, көз шараларына ыстық жас үйірді. Осыдан шамалы уақыт қана бұрын осы Жер ғаламшарында өмір сүрді. Емін еркін жүрді, тұрды. Сол кезде Шолпан ғаламшарына келіп, осындай жағдайға тап боламын деп ойлап па? Енді бәрі де түс көргендей. Тұрып жатқан киіз үйі де сонау ерте заманнан қандай да бір құдіретті кұшпен келе қалғандай. Бұл көрініске сенерін де, сенбесін де білмейд әлі. Сенбейін десе, бәрі де шындық, шынайы өмірдің нақ өзі. Емшектаудың астындағы адам қолымен қаланған қала мұынмен салыстырғанда ештеме де емес екен. «Сонда осыншама табиғатты әп сәтте қалай оп оңай өзгерте алады бұлар?» деп бір ойлап қойды Шолпан қыз. Әсіресе, өзін ойландырған бір нәрсе аспанда осы көріністерді жасайтын бір құпия дененің болуы. «Бәлкім, ол жарық сәулесін жұтып, қайта шығаратын дене шығар?» деген де ой келген жас қызға. Бірақ қапелімде ол сұрақтарына жауап таба алмады.
Киіз үйдің алдынанан лапылдай көз тартқан Жер ғаламшарына ұзақ уақыт бойы қарап тұрды. Айнала төңіректен қанша жақсы әсер алса да туылып өскен Жер ғаламшарына, ондағы ауылына жетер емес. Тек осы көріністің қалай жүзеге асатыны түсініксіз. Күнде кездесіп, бірге серуен құрып жүрген Абзалдан сұрамапты мұның сырын. Әуелде шет жағасын сұрағанда Абзал жауабын кейінге қалдырған болатын. Сонысына өкпелеп кетіп те қалар еді бұл жерден. Бірақ қайда? Өзінің Шолпан ғаламшарының қай аймағында тұрғанын да түсіне алар емес. Сондықтан қайда кетерін де білмейді. Оның үстіне бұл өзі бір құбылмалы әлем. Табан астында өгере қалады. Көрініс олай да жылжиды, былай да жылжиды.
Мұндағы тұрғындарға жылдың көктем мезгілін де, жас, күз бен қыс мезгілдерінде келтіре салу оп оңай сияқты. Жер ғаламшарында ауа райын өгертуге адам баласының ақыл ойы әлдеқашан жеткен. Ал бірақ дәл мынандай ғаламат табиғат өзгерісін жасау Жер тұрғындарының ақылына сыймды емес. Жас қыз осыны да ойлаған. Бірақ қолынан келер не бар. Басқаны былай қойғанда, дәл қазір өзінің уақыт пен кеңістіктің қай нұктесінде екенін де білмейді. Шолпан киіз ұйдің сықырлауығы арқылы қайта ішке кіріп, оның сол шетіндегі бір түймені оң қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Артынша киіз үй керегелеріне жабылған шиі мен туырлықтары жоғары қарай түріліп, айнала төңіректен салқын самал жел соқты. Жас қыздың тынысы кеңіп сала берді. Дәл осындай рахат сезімге ауылы аймағындағы жайлауда тігілген киіз үйде бөленген. Ал әлі тірішілік жағдайына толық келе қоймаған мына Шолпан ғаламшарында дәл осындай ортаға түсемін деген ой ешқашан да болмаған. Ұйқыдан тұрғалы көп сергіп, көңіл кұйі де кһреілген.
Сәлден соң Шолпан қыз өзін еркін сезініп те кетті. Киіз үйден шығып, сықырлауық жанындағы алаңқайда таңғы дене жаттығуларын жасады. Сол жердегі автоматтандырылған компьютерлендірілген жүйеге келіп, қолдарын, бетін жуды. Ондағы айнаға да қарап алған. Аз ғана уақыттың ішінде сұп сұр жүзіне қан жүріпті. «Осы киіз үйде Айман екеуміз болсақ қой. Әрәптес ағаларымыз көрші киіз үйлерде тұрса ғой» деп армандап қойды ішінен Шолпан. Бір жағынан: «Бұлар қандай бақытты адамдар. Ұлы табиғатты қалағандарында әп сәтте өзгерте алады. Еркін ежелгі ата бабаларымыз сияқты мынандай кең жазира далада емін еркін өмір сүреді. Мұнымен салыстырғанда біздің Жердегі, елдегі тірішілігіміз жай нәрсе екен ғой» деп жеңіл күрсінді.
Шолпан қыз енді киіз үйдің қалаына қарай бөліне беретін бөлмелерінің бірінен әдемі киім алып киіп, сыртқа тағы шықты. Айнала әсем табиғат мүлгіп тұр. Әзірге ештеме өзгермепті. Тау да, тас та, сай сала мен қыраттар да сол қалпында. Шығыс тұстан салқын самал еседі. Аспанда бір шөкім де бұлт жоқ. Шолпан ілгері қарай жүре берген. Кенет қыз аспаннан Ай сияқты, бірақ одан сәл көмескілеу бір денені байқады. Кілт тоқтап, оған қадала қарап қалған. Оның не дене екенін түсіне алмады. Енді Шолпан қызға керегі Абзалдың жанына келуі еді. Ол ойы сәл уақыт өтпей орындала қалды. Абзал жанында тұр. Бұл көрініс Шолпанға тап бір ойдан айтылатын жұмақтағы өмір сияқтанып та кеткен. Нені ойласа, сонысы орындалады. Шолпан Абзалмен жылы амандасты. Ол жымия қарап тұрды да:
- Шолпан, бүгін неге ерте тұрдың, - деді жай ғана қоңыр дауысымен.
- Мына ғажайып табиғатты ертерек көргім келді, - деді Шолпан, - бәрі де менің Жердегі, елдегі, дүниеге келген ауылымның табиғатынан аумайды екен. Сол Жер енді аспанда осы Шолпан ғаламшарындай болып көрініп тұр. Жұлдыздар да ерекше көз тартады.
- Сіз бір ғажап қызсыз, - деді Абзал Шолпанның бота көздеріне қарадала қараған күйде, - сезімің пәк. Тап бір жас бала сияқтысың.
- Жас бала болып не бүлдіріп қойыппын, - деп бұртия қалды Шолпан.
- Ол сөзіме ренжімей-ақ қойыңыз, Шолпан. Жалпы, адамзаттың өзі де балалық санадан шыға қойған жоқ қой.
- Оны қалай түсінуге болады?
- Қалай десем болады, біз, ұрпақтар, ата -бабаларымыздың жолынан тайып, өздерін «Дамығанбыз» деп санайтын халықтардың қате жолына түсіп кеттік. Ұлы табиғатты ата бабаларымыз сияқты көшпенділік өмір арқылы қорғап, аялаудың орнына, бір жерде отырып алып, оны таптадық, бетін тас қабатпен жаптық, ауасын газ түтінмен ластадық.
- Оны мен ғана емес, Жер тұрғындарының бәрі де жақсы біледі, - деді Шолпан Абзалға бота көздерін қадап, - енді оны қалай түземекпіз?
- Оны енді түзеу мүмкін емес, Шолпан, - деді Абзал терең күрсініп, - табиғатын сақтаудан бұрын Жерге ортасынан жаңғақша қақ бөліну қаупі де төніп тұр. Сондықтан адамзаттың болашағы осы Шолпан ғаламшары. Мұның қыртысынан қазба балық іздеп, бұрғылай берудің де қажеті жоқ.
- Осы Шолпан ғаламшары дейсііз бе? Сонда екеуміз Шолпан ғаламшарында тұрмыз ба?
- Әрине, - деді Абзал айналаға көз тастай сәл жымиып.
- Бұл қалайша Шолпан ғаламшары? Мына табиғат аясы тап Жер ғаламшарындағыдай ғой.
- Бұл табиғат аясын жасаған біз.
- Ана аспандағы Ай сияқты денемен бе?
-Оны қайдан байқап қойдыңыз?
-Таң жаңадан қылаң берген кезде ол маған анық көрінген.
- Иә, сол денемен... - деп Абзал аспандағы денеге бір қарап алып үнсіз қалды.
- Сонда сіздер Жердегі кез келген табиғат аясын Күн жүйеміздегі кез келген ғаламшарға осылай әп-сәтте көшіріп, тірішілік орната қоясыздар.
-Иә, дәл солай, Шолпан, Тірішілік дегеніміздің өзі де жарық сәулесі емес пе?
- Оны бәріміз де білеміз.
- Күллі тірішілік әрекеттері тек жарық сәулесінің ішінде өте алады.
- Бұл да түсінікті. Жарық сәулесі жоқ жерде тірішілік көрінісі де жоқ.
- Жарық сәулесі жоғалса, күллі тірішілік көрінісі де жоғалады.
- Мұны түсіне алмадым, - деді Шолпан аспандағы әлгі Ай сияқты денеге көз қиығын салып қойып, - біз қараңғы түнде де өмір сүре аламыз ғой.
- Ол рас. Бірақ жарық сәулесінің толық сөнгені емес ол. Ана аспандағы Күн сөне қалса, күллі табиғат әлемі де, мына біз де жоғаламыз.
- Сонда да сенгім келмейді, - деді Шолпан жеңіл күрсініп, - біз жарық сәулесі емеспіз ғой. Тірі адамдармыз.
- Түсінбедіңіз, Шолпан, - деді Абзал айналасын барлай қарап, - мына табиғат әлемі, таулар, өзендер мен көлдер, ну орман ағаштары, жануарлар, құстар, судағы тірішілік иелері, бәрі бәрі де жарық сәулесінің жаратылыстары.
- Жоқ, олар да жарық сәулесі емес, - деп шарт кетті Шолпан.
- Жарайды, - деді осыдан соң Абзал ауыл жаққа қарап алып, - сіздің басыңызды қатырмайын. Оның бәрін бірте бірте түсінесіз. Ал қазір серуен құралық.
- Жарайды. Онда ана бір таудың басына шығайықшы.
- Шығайық.
Екеуі қол ұстасып, солай қарай жүгіре жөнелді. Таза ауа, салқын самал кеуде қолқаларын ашып, жүгірген сайын жігерлендіре түсті. Айнала табиғат аясы да жандана түскендей. Тау етегіндегі орман ағаштары бұтақтарында қонақтап отырған құстар да көңілдене сайрайтындай тынымсыз. Жігіт пен қыздың көздері тау басында. Тау шыңдарында одырайып одырайып Арқарлар тұр. Екеуі ара тұра кідіре қалып, сол Арқарларға қызыға қарайды. Бәрі де шын, бәрі де Шолпан қаншама күмәнданып қараса да бұл көріністерден ешқандай жасандылықты таба алмады. Абзал тау беткейлерінен бірнеше тал гүлдерді теріп алып, алғаш рет Шолпанға ұсынды. Шолпан алғысын білдіріп, ол гүлдерді иіскеп иіскеп қойды. Көңіл күйі көтеріңкі. Тек көп нәрсені әлі де толық түсіне алмаған. Ал Абзал білімді жігіт болғандықтан өздері жасаған ғаламат істің мән жайын іштей жақсы түсінеді, түйсінеді. Шолпан өзінің күтпеген жерден құрбысы Айманна, әрптес ағаларынан алыстап кеткенін іштей есіне алса да, енді осы ортаға кәдімгідей бауыр басып та қалғандай. Абзалға қызға тән жағымды қылығымен селт бұрыла қарап:
- Абзал, сіз мені тамаша дала табиғатына, мына ауылға алып келдіңіз. Ал енді мені қандай да бір қалаға апара аласыз ба? - деп рияыз жымиды.
- Қалада болғыңыз келе ме?
- Иә, - деді Шолпан қызға тән еркелігін танытып.
- Онда қаладан әлі жалықпаған екенсіз ғой.
- Ауылда дүниеге келдім. Ал бой жеткеннен кейінгі өмірім қалада өтіп келді. Қанша дегенмен қала өмірі күрделі. Онда адам баласы жетісіктерінің бәрі бар.
- Түсіндім, - деді Абзал ауыл жаққа көз салып, - мына табиғат аясын қалаға айналдырып жіберсем, әкем ренжиді. Ол кісі қала атаулыны жақтырмайды. Тіпті, көргісі де келмейді. Мынандай дархан даланы, таза ауаны, ауылды жақсы көреді. Тұлпарға мініп, алып кең далада құйындата шапқанды қалайды. Қазір де әкем замандастарымен бірге серуенде. Өмірінің қызығы да сол.
- Осы сіздер жарық сәулесін игеру дәрежесіне қалай жеттіңіздер?
- Тынымсыз ғылыми ізденістің нәтижесінде. Кезінде қалада да болдық. Бар ғылыми техниканық жетістіктеерімізді тиімді пайдаландық.Осындай дәрежеге жекен соң Қала салудан да, қала өмірінен де бас тарттық.
- Ол қалаларыңыз қайда?
- Оны осы ауылдарға айналдырдық.
Шолпан мән-жайды тағы да онша түсініңкіремеді. Аспандағы әлгі Ай сияқты денеге басын көтере қадала қарап тұрып қалған. Ол жарқырай көкке өрлеген Күн сәулесіне малынып көздеріне әрең шалынды. Былайша қарағанда, Жер ғаламшарының таң мезгіліндегі аспандағы Ай шартабағын көзге елестетеді. Ал таң қараңғылығында ол сәл қарайңқырап, қызарыңқырап көрінген еді. Оның тұсынан ағып өткен Ақпа жұлдыздар сәл қыарып барып сөнеді. Бұл құбылыс тап бір жарық сәулені жұтып алатын қара ойыққа тән еді. Бірақ қара ойық бұл аспанда қайдан бола қойсын. Осы Шолпан ғаламшары маңында қара ойық пайда бола қалса, бар нәрсені де, Күн сәулесін де жұтып алар еді. «Бұл өзі адам қолымен жасалған ғажайып аспан денесі болар» деген ойға келді Шолпан. Сөйтіп, іштейгі сұрақтарын жүйелей де бастаған. Осы кезде Абзал Шолпанның жаңағы ұсынысына ойысты.
- Шолпан, жаңа сіз қандай да бір қаланы көргіңіз келіп еді ғой? - деді.
- Иә, - деді Шолпан, - қандай қала болса да көргім келеді.
- Онда мен сізге жұлдызды әлемдегі тірішілікті ғаламшардың біріндегі өзім болған бір қаланы көрсетейін. Тек оныің сәуле бейнесін сіздің құрбыңыз Айман мен әріптес ағаларыңыз жұмыс жасап жүрген аймақ мңына түсіре аламын. Сонда ондағылар бізді тап бір алапат экраннан көргендей көреді.
- Бұл тамаша Ғой! Онда мен әріптестеріммен табысамын. Солармен қаламын. Ал сіз осында ораласыз.
- Жоқ, сіз мені тағы түсінбедіңіз, Шолпан. Олай болмайды.
- Неге? - деп Шолпан Абзалға қадала қарады.
- Өйткені, жаңа айтқанымдай, біз оларға тек алапат телеэкрандағыдай болып көрінеміз. Олармен араласа алмаймыз.
- Өкінішті, - деп Шолпан күрсініп салды.
- Олармен тілдестіру менің қолымнан келмейді, Шолпан. Қанша ақылды, қанша білімді болсақ та ұлы табиғаттың шектеуі бар емес пе? Бір жағынан қандай да бір жетістікке жетсек, екінші жағынан сондай жетістіктерге жете алмай қалып жатамыз. Әйтеуірі бір шектеу бар ғой бұл жарық дүниеде.
Шолпан бұрия үнсіз тұрып біраз ойланды. Өзі кеткелі біршама уақыт өткендіктен құрбысы Айман мен әріптес ағаларын сағына да бастаған. Олардың өзін шарқ ұрып іздеп жүргендерін де іштей сезеді. Ал жаңағы Абзал айтқан араласымсыз сәуле көрініс көңіліне қона қоймады. «Осы жағы жанына батқандай. Бірақ олардың жүздерін бір көрмеуге шыдамы жете ме? Олармен қол алысып амандсып, тілдесу міндет пе? Теледадардағы бейнехабарлардан, ән күйден, таныс адамының сөздерінен араласымсыз ақ ләззат алмай ма адам баласы? Шадыман аға бастаған ғарышкер геологтар мен мамндар тобы да мені көріп қуанбай ма?» деген ойлар мазалап, бойына жігер тудырған енді Шолпанға. Ол енді Абзалға бұрылды да:
- Абзал, Мен жаңағы ұсынысыңа келісемін. Маған қаланы көрсетіңізші, аралатыңызшы. Сол қаладан мені құрбым Айман мен әріптес ағаларым менің бұл жарық та жылы дүниеде бар екенімді бір көрсінші.
- Жарайды, деді Абзал ауыл жаққа қарап алып, - сіз үшін әкемнің рұқсатынсыз бір іске барайын.
Шолпан Абзалдың қимыл қозғалыстарын мұқият бақылап тұрды. Жігіт екі қолының саусақтарына тағылған жүзік іспетті микроқұралдарына қарап алды. Содан соң Шолпанға естілер естілмес күбірлеп бірдемелерді айтты. Әзірге ешқандай құбылыс болмады. Содан Абзал оң қолының сұқ саусағына кигізілген жүзікті сол қолының сұқ саусағымен жай ғана сипады. Соның артынша аспан айналып, Шолпан ғаламшары қозғалып кеткендей бір күй басталды. Шолпан қатты қорыққанынан «Ой, апа!» деп айғайлап жіберіп, Абзалдың қолтығынан ұстай алды. Абзал оң қолының сұқ саусағындағы жүзікті сол қолының сұқ саусағымен қалай қарай сипаса, бар табиғат көрінісі де солай қарай жылжыды.
Шолпан әлі де ештемені түсіне алар емес. Өзін Шолпан ғаламшарының үстінде емес, бейнебір алапат экранның үстінде тұрғандай сезінді. Абзалға бірдеме деуге де шамасы қалмаған. Содан қыз Абзалдың қолтығынан қос қолымен мықтылап ұстап тұрып, аспанға қараған. Сонда барып әлгі Ай сияқты ғажайып аспан денесінен қандай да бір сәулелер шығып, қайта жұтылып кетіп жатқандай болғанын байқады. Бірақ оған бекер қарапты. Көз жанары талып, қарауытып кеткен. Тіпті, бір сәтке ештемені көрмей де қалған. Абзал болса, өзінің күрделі әрекетімен Шолпанның бұл жай күйін бақылай да алмаған.
Шолпан енді сәл есін жиып, Абзалдың қолтығынан қос қолымен мықтылап ұстаған күйі көріністі қарады. Тау да, тас та, өзен мен көл,орман мен жазық дала да бейнебір жылжи көшіп кетіп бара жатқандай. Аспандағы Ай сияқты ғажайып денеден тараған сәулелер қалай құбылса, Шолпан бетіндегі көріністер де солай өзгереді. Тап бір ғаламат телеэкранда өтіп жатқан түсірілімдердей. Енді сәлден соң Шолпан ғаламшарының бетінде тап Жердегідей жыпырлаған үйлері бар қала пайда болды. Қым қуыт көшелер, сол көшелердің бойларында әрі бері ағылып жатқан түрлі көлемді көліктер. Көшелердің жиек жолдарында ерлісі қарсылы тұрғындар жүруде Шолпан қыз енді өзінің Шолпан ғаламшарында тұрғанын ұмыта да бастады. Көңілі ерекше көтеріліп, Абзалды қолтықтай ұстап, қала көшелерінің біріне түсті. Өзін жастайынан ұйреншікті ортаға келгендей сезінді енді Шолпан. Абзалдың құдіретті құралдарына қайран. Екеуі бейтаныс қаланы аралауға асықты.
Қала көрінісіне айналған дала
Ғарышкер геологтар бүгін Кең тегіске әдеттегі келетін уақыттарынан ерте келген. Бұрғы қондырғыларын жұмыс жағдайына көшіріп, іске кіріскен. Шолпанның мынандай ыстық, аптапты жағдайында бірінші кезекте қашан да су қажет. Ғаламшардың суы сонау биікте жылдам жөңкитін қою ала бұлттарында. Бұрғы қондырғылары бұрғыларынан шыққан су б әп сәтте буланып,айнала төңіректі тұмандандырып барып сол бұлттарға сіңіп кетіп жатады. Бұл құбылыс Жерден осы Шолпанға келген әрбір ғалымға, маманға жақсы белгілі.
Шадыман бұрғы қондырғылары басындағы осы жұмыстарды қаншама қадағалап қарап жүрсе де Шолпан қызды бір сәтке де есінен шығармайды. Тек өзі ғана емес, қалғандар да солай. Бәрінің ойында да әрбір келген сайын «Шолпан қызды табамыз» деген үміт оты тұрады. Айнала төңіректе қандай құбылыс бола қалса да, сол қызға байланысты болғандай әсер береді қай қайсысына да. Жылт еткен, қозғалған нәрсені мүлт жібермеулері үшін шыны үйшіктерге де, бұрғы қондырғыларға да айнала төңіректі тынымсыз бейнеге алатын бейнекаетарларды орнатып қойған.
Осындай әрекеттері болып жатса да Шадыманның көңіл күйі бір көтерілген емес. Үнемі көкейінде бірдеме жетпей тұрады. Оның үстіне осы Кең тегістен мандырып су да алып жатқан жоқ. Шадыман сонда да бұрғылау, зерттеу істерін осы жерден басқа жаққа ауыстыруға асықпайды. Осында болуды қалап тұарды. Онысын түсінген ғалымдар мен мамандар қарсы сөз айтпайды. Көзі жетіп тұрмаса да: «Менің ойымша, осы Кең тегісте бір заманда көл суы шалқып жатқан. Ол су аптапты ыстықтан булана булана аспандағы бұлттарға сіңіп кеткен» деген болжамынан таймайды Шадыман. Жанындағы әріптестері оның бұл болжамына сенсе де, сенбесе де Шадыманның болжамын жоққа шығармайды. Бұрғы қондырғылар тынымсыз жұмыс жасайды. Қанша дегенмен техника болған соң кейде бұрғылардың тістері сынады, қозғалтқыштары істен шығады. Басқа да тетіктері істен шығып қалады. Әйтеуірі бір кілтипан орын алады.
Жер ғаламшары тәуілігі уақытымен түс мезгілі болған соң ғарышкер геологтар мен мамандар бұрғы қондырғыларды уақытша тоқтатты. Оны орнына енді бұрғы қондырғылардың бұрғыларын суытатын техника жүйелері іске қоыслған. Әйтпесе, мына тымырсық аптапты ыстық темір екеш темірді де шектен тыс қыздырып жібермек. Мұздатқыш жүйелері өздері отыратын, үзліс уақыттарында демалатын шыны үйшіктердің қабырғаларының араларына да орнатылған. Ал ас пісіру жағы мұнда еш қиындық тудырмайды. Шолпан ғаламшарының қою ала бұлттарынан күн көзі сығаламаса да, осы ыстықтың өзі қазандағы асты пісіріп, шайды қайнатады. Шыны үйшіктердің төбелеріндегі арнайы алаңқайшаға ас пісіретін қаза ошақтар да қойылған. Қажетсіз кезде олар да аса ыстықтан мұздатқыштар мен қорғағыштар арқылы қорғалады.
Бұл Жер ғаламшары емес. Әрбір минут, сағат санаулы. Әрбір сәт қатерлі. Ол қатер мұздатқыш жүйелердің бірі кенеттен істен шыға қалғандай төнеді. Ондай кездерде осындағы түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайтын биотұлғалар көмекке келеді. Сондықтан ғарышкер геологтар биороботтарға ерекше құрметпен қарайды, олармен адамша тілдеседі, кеңеседі, олардан қажетті кеңес алады. Биороботтардың «миларында» кейбір санасы мен білімі төмен адамдарға тән жаман ой пиғыл деген болмайды. Тек алдын ала «миларына» жазылған бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан да ғалымдар мен мамандар оларға қашан да үлкен сеніммен қарайды. «Біреуге жамандық ойлау, әлдекімнің жолын кесу, күндеу, қастандық ұйымдастыру дегенді білмейді. Тірі, саналы адамдардың бәрі де солай болса, бұл жарық та жылы дүниедегі адам қоғамында үнемі әділдік салтанат құрар еді» деп те ойлап қояды кейде Шадымен олардың әділ әркеттеріне риза болғанда.
Бұрғы қондырғыларының бұрғылары суыған соң Шолпан ғаламшары қыртысын тереңдей бұрғылау жұмыстары одан әрі жалғасты. Бас шыны үйшіктің шыны қабырғасындағы электронды сағат Жер ғаламшары тәулігінің уақытымен түскі сағат он ұш нөл нөлді көрсеткенде арнайы дабыл бергіш жүйелер іске қосылды. Бұрғылау жұмысы тоқтатылып, ғалымдар мен мамандар бас шыны үйдің орта тұсындағы кең бөлмеге жиналған. Осы жерде автоматты компьютерлі жүйелермен беті қолдарын шайды, жоғарыдан жайымен түскен дөңгелек ағаш дастархан мен орындықтарға ғалымдар мен мамандар жайғасты. Артынша зыр жүгірген аспазшы биотұлғалар қалаған астары мен тағамдарын, көкөністері мен сусындарын жеткізді.
Ғалымдар мен мамандар дәмнен алуға кіріскен. Уақыт есептеулі. Бір сағат қана. Бәрі де осы уақыттың ішінде астан алып, сусыннан ішіп үлгеруге тырысады. Араларында ендігі қалған жалғыз қыз Айман бар. Адам баласы да ас жемей қала алмайды. «Ас адамның ақрауы» дейді сондықтан да дана қазақ. Адам баласы қай ісін жасаса да, ас ішуді ұмытқан емес. Ол қажет те. Ал мына табиғаты аптапты Шолпан ғаламшарында көбіне қажет болатыны сусын. Адам баласы аштыққа бірнеше тәуілікке дейін шыдайды. Ал шөлге шыдамсыз. Ал мына Шолаан ғаламшарындағы тымырсық ыстық кім кімді де жиі шөлдетеді. Сондықтан ғалымдар мен амандардың қай қайсысы да салқынды қалайды. Шыны үйдегі салқындатқыш, мұздатқыш жүйелердің кідірмеуін, бұзылмауын тілейді қашан да.
Ғарышкер-геологтар қамыр ет пен сорпадан алып отырып, біршама әңгіме дүкен құрды. Әркім өзінің пікірін ортаға салады. Негізгі әңгіме Шолпан ғаламшарының болашағы жайлы. Адамзаттың ой арманы біткен бе. Осы Шолпан ғаламшарын қай заманнан бері зерттеп келеді. Мұның құпия сыры ашылып біткен жоқ. Қазіргі зерттеу кезеңі, ғалмшардың қыртысындағы судың деңгейін білу. Егер ғаламшардың қыртысы астында су қоры мол болса, онда мұнда бой көтере бастаған өсімдік әлемінің болашағының зор болғаны. Жерден келген қазақ ғарышкер геологтары сол тірішілікті жандандырушылар.
Шадыман әңгіме арасында өзінің нақты ойларын да ортаға салады. Шолпан қызды есіне алады. Басқа ғалымдар мен мамандар да ол қызды жиі естеріне алады. Жоғалған қыз жайлы әңгіме қозғала қалса болғаны, қай қайсысы да ол жайлы естелігін айта жөнеледі. Шадыман бұл жолы да әңгіменің бағытын Шолпанға қаратқан.
- Шолпан қызымыз жоғалмағанда әлдеқашан басқа аймаққа көшкен болар едік, деді жеңіл күрсініп, енді су шықса да, шықпаса да Шолпан қызды табамыз ба деген үмітпен осы аймақта айналшақтап жүрміз. Енді еш болмаса, Шолпан қыздың қайда екенін білсек қой...
- Менім ойымша, Шолпан қыз қандай да бір жоғары дамыған ел өкілдерінің қолына түскен, деді Алдияр да демін терең алып.
- Бұл пікірге бәріміз де қосыламыз, - деді Берқайыр Алдиярға қарап қойып, - тек енді солардың кімдер екенін, Шолпанды не үшін баурап алып кеткенін білсек қой.
- Жалпы, мен Күн жүйеміздегі ғаламшарларда мұндай құпия құбылыстардың болуы аса таңғаларлық оқиға емес деп ойлаймын, - деді Есмұхан.
- Өзі де солай болып тұр, - деп Шадыман сәл де болса көтеріліп қалды.
- Қалай дегенде де, біз енді Шолпан қызды Жерге, елге орала алмаймыз! - Деп Алдияр күрсініп салды.
Осы сөзден кейін ешкім тіл қалпай, асхана ішінде бір сәтке тыныштық орнаған еді. Есмұхан тережеден сыртқа бқрыла қарады да, күтпеген бір ғажайып көріністі байқап, отырған орнынан ұшып тұрды. Сол замат Шадыманның басына: «Кең тегістікте Шолпан қыз қараң берді ме екен?» деген қуанышты ой сап ете қалған еді. Сөйтіп, алдындағы дастархандағы қазақы ою өрнекті тостағанын сол қолымен ілгері қарай ысырып жіберіп, отырған орнынан ширақ тұрып, терезеге қарай ұмтылған. Түкті түсінсе, бұйырмасын. Жаңағы ыстық, тымырсық Кең тегіс аймағы жоғалып, оның орнында қала көрінісі пайда болыпты. Жердегідей кәдімгі қала. Бәрі де тұс көргендей аң таң. «Бәлкім бұл, елес болар?» деп бір ойлады Шадыман. Әзірге ешқайсысы да нақты пікір айта алар емес. Бәрі де бір біріне сұраулы жүзбен қараумен шектелген.
Көрініс емес дейін десе, қаланың көше көшелерінде өздері бұрын соңды көрмеген нешетүрлі жеңіл көліктер әрі бері ағылуда. Көшелердің жиектерндегі жаяулар жолында да ерсілі қарсылы жүрген мың сан тұрғындар. Адамдардың дауыстары, сөздері мен ара тұра күлген күлкілері, жеңіл көліктердің дыбыстары мен қаладағы шу ап анық естіледі құлаққа. Ал өздерінің бұрғы қондырғылары қала көрінісінің нақ ортасында қалған. Ғарышкер геологтар енді сөзді неден бастарларын да білмей дағдарды. Дастархан үстіндегі түрлі дәм тағамдарымен жайына қалған. Шадыман оған жақын келіп, «Біз ас ішіп болдық» деп жай ғана кұбірледі. Соның артынша дастархан әлдекім қос алақанымен көрегендей жоғары қарай көтеріле жөнелді.
- Бұл не көрініс, Шадыман? - деді сол кезде ғана тілге келгендей болған Алдияр.
- Өзім де түсіне алмай тұрмын мұны.
- Мұна елеске жатқызуға да болмас. Қала тірішілігінің күллі дыбысы ап-анық естіліп тұр құлаққа. Ал сонда, жаңағы Кеңтегісіміз қайда? - деді Есмұхан да әзер өз өзіне келген адамдай абдырап.
Бұл өзі осы Шолпан ғаламшарына кеңістіктен түскен қандай да бір қаланың сәуле көрінісі емес пе екен? - деді Шадыман.
- Ғалам кеңістігіне бұл Шолпан ғаламшарына, мына Кең тегіске жарық сәулесі қалай дәл түспек? - деп қалды манадан үнсіз тұрған Айман қыз.
- Мұндай жағдайдың боалды. Мынау соның бір кқрінісі болар, - деді Шадыман Айнманға қарап. .
- Менмімше, бұл қандай да бір қаланың Ғалам кеңістігінен осы Шолпан бетіне түскен көпрінісі емес, жарық сәулесі құписын ашқан ғалымдардың жарық сәулесімен бейнефильм сияқты түсіп тұрған көрінісі, - деді Алдияр.
- Жақсы, енді оған терезеден құр босқа қарап тұра бермей сыртқа шығып, жақындайық, - деп Шадыман есікке қарай ұмтылды.
- Сабыр етелік, Шадыман, - деді сол сәтте оның сол қолының жеңінен сәл кейін тартқан Есмұхан, - өзімізге әзірі беймәлім көрініске анықтап алмай тұрып тұра ұмтылғанымыз болмас.
- Бұл өзі табан астында қайдан, қалай пайда бола қалды, соны аңғара алдыңыздар ма? - деді Шадыман есік алдында кіл тоқтап, әріптестеріне бұрыла қарап.
- Мен қамыр еттің сорпасынан алған сәтінмде көз алдым сәл қарауытып кеткендей болған, - дед і Алдияр әріптестерін көздерімен шолып, - бірақ мен оны «Денсаулығым мен қатты шаршағанымнан болар» деп ойлағанмын.
- Ия, менде де дәл сондай бір жағдай болған еді, - деп, Есмұхан да сырын ақтарды.
- Өзім де бір құбылысты байқағанымн, - деп Шадыман сөзді жалғастырды, - көзіме елесе бергендей болған ол құбылысты «Ой шаршауымнан болар?» деп топшылағанмын іштей. Көбіне ой тереңінде жүретінім рас. Түнгі тыныштықта да ұйқым шала. Соның нәтижесі сияқтанған. Ал сонда бұл не көрініс өзі?
- Көріп тұрғанымыздай, - деді Алдияр оң қолының сұқ саусағын терезе сыртындағы көрініске қарай нұсқап.
- Енді не шара, - деді Шадыман терең күрсініп, - шегінер жер жоқ. Сыртқа шығып, қаланың ішін аралайық. Мүмкіндігі туып жатса, тұрғындарымен жүздесейік, қол алысып тілдеселік. Қорыққанда не, қорықпағанда не енді. Пайда болар көрініс пайда болды. Біз тек геологтар емеспіз, ғарышкерлерміз де. Шыны үйдегілердің бәрі де сыртқа шықсын. Ендігі шешім осы.
Шадыманның басшы ретіндегі бұл шешіміне ешкім қарсы сөз айтқан да, қарсы болған да жоқ. Қындарындағы лазерлі тапаншаларын бір бір тексеріп, сыр етіп ашылған шыны есік арқылы сыртқа шықты. Қала тұрғындары мен ондағы мың сан жеңіл көліктердің шуы құлақтарына анық естіліп тұр. Қабырғалары дыбыс жұтқыш қалың материалдармен қапталған шыны үйшіктің ішінен бұл дауыстар мен дыбыстар қатты естілмеген екен. Қала тірішілігі ғарышкер геологтарға әуел бастан жақсы белгілі. Таңдандырғаны, жаңа ғана апатпты ыстық болып тұрған Кең тегісте осындай ғажайып қала көрінісінің пайда бола қалғаны. «Ойламаған жерден осындай көрініс бола қалады» деп қайсысы ойлапты. Енді көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ. Ғарышкер геологтар әлі де өз көздеріне өздері сенер емес. Шадыман әлде де: «Бұл өзі қандай да бір алдамыш көрініс емес пе?» деген ойынан арыла алмай келеді.
Қала үйлері негізінен шеңбер мұнара іспетті етіп салынған. Сондықтан да өте биік, зәуілім. Көшелері кең, жиектерінде жасыл өсімдіктер, гүлдер мен бұтақтары мен жапырақтары жайылған ағаштар өсіп тұр. Аллеялар да жеткілікті. Ғарышкер геологтар оң қолдарына лазерлі тапаншаларын қыса ұстап, ілгері қарай жүріп келеді. Тұрғындары ешқайсысына көңіл аударар емес. Әрқайсысы өз бағытымен, өз мақсатымен кетіп барады. Кейбіреулер өздерін байқап қалғандай жалт қарайды. Ондай сәтте Шадыман оларға қарай ұмтылып қалады. Бірақ онысынан ештеме шығар емес. Жақындай бергенде тап алапат телеэкранның шынысына соқтығысқандай кедергіге тап болады. Тап бір ертегідегі дуаланған шыны қабырғадай. Қалған ғарышкер геологтар да сондай жағдайды бастарынан кешуде.
Шадыман біраз жер жүрген соң жеңіл комбинезонының өзімен де терлей бастады. Сонда да оның ешбір сырмасын сырғытып ашпады. Ашса, қандай да бір күтпеген қатерге тап болатындай сезінді. Комбинезонның жеңіндегі термометрге қараса, ол жиырма бес градус жылылықты көрсетіп тұр. «Бұл қаладағы жылылық тап Жердегі қаланыңіндей екен ғой» деп қойды ішінен Шадыман. Содан жүре жүре аллея жиегіндегі көптеген ағаш орындықтардың біріне келіп отырмаққа ыңғайланған. Сол кезде тағы да қандай да бір кедергіге душар болды. Отыра алмады. Жүрісін әрі қарай жалғастырды. Біраздан соң Шадыман комбинезонын шешуге бекінді. Ол әрекетіне әріптестері көмектесіп еді, кенет өте қатты сытықты сезінген Шадыман:
-ОҺо, қала іші қатты ыстық екен ғой, бүкіл денем күиіп барады! Қайта кигізіңіздерші комбинезонымды, - деп дауыстап үлгерді.
- Қайта кигізейік комбинезонын! Тез қозғалайық!! - деп Есмұхан да дауыстап қалған.
Ғарышкер-геологтар жылдам қозғалды. Есінен танып құлаған оны жабыла көтеріп, шыны үйшіктің ішіне қайта алып келді. Ешкім ештемені түсіне алар емес. Тездетіп дәрігерлік көмек те көрсетілді. Кмбинезонының соңғы тұймесі ағылытған мезетте сол қолының білегі күйіп үлгеріпті. Ол күйіктің аса ыстықтан болғаны қай қайсысына да түсінікті еді. Комбинезонының жеңіндегі темометр елу градустан жоғары температураны тіркепті.
Мәселе ғарышкер-геологтарға енді түсінікті бола бастағандай. Шолпан ғаламшарының беткі темпертурасы өз қалпында болған. «Ендеше, қала көрінісі жалған көрініс» деген ойға келді Есмұхан. Ешкім де кмбинезонын шешпек емес енді. Шадыман да тез есіне келген. Жедел дәрігерлік көмек өз нәтижесін берді. Ыстықтан күйген сол білегі жазыла бастаған. Шадыман шыны үйшіктің арнайы бөлмесіне кіріп, жарамсыз болып қалған комбинезонын жаңасына ауыстырды. Содан соң үйшік терезесінен қайтадан сыртқа қадалған. Қала көрінісі сол қалпында. Қанша қадала қараса да, оны көбояушылық көрініс деп еш ойлай алмайтындай. Қаладағы қызу тірішілік жалғасуда. Өзі өте үлкен. Оны жаяу аралап шығу да мүмкін емес. Шадыман сәлден соң «Бұл қаланы әуе кемесімен барлау керек» деген шешімге келді. Бұл ұсынысын қалғандар бірден қолдаған. Кеңесе келе, қаланы аспаннан, әуе кемесінен барлап, суретке, бейнеге түсіріп, оны Емшектау астындағы қаладағы арнайы зертханада зерттеуді жоспарлады.
Бірақ ол жоспарларын жүзеге асырмастан бұрын қаланың біршама жерін жаяу аралап көргенді дұрыс санады. Оң қолдарындағы лазерлі тапаншаларын алға қарай кезей ұстап жүре берген. Тағы да Шадыманның өзі бастап келеді. Тағы да алғашқыдағыдай көрініс. Қала тұрғындарының ешқайсысы да өздеріне көңіл бөлмейді. Қол алысып амандаспайды, тілдеспейді. Өз жөндерімен жұр. Көше көшелердегі мың сан жеңіл көліктер де әрі бері зырғуда. Оларға ара тұра қарап қойып ғарышкер геологтар алға қарай жүре түскен. Біршама жер жүргенде Шадыман ішінен: «Мына ғажайып көрініспен салыстырғанда Шолпан қыздың ізім ғайым болуы ештеме де емес екен ғой» деп бір ойлап қойды. Ара тұра жанадығы әріптестестеріне қарап алады. Сәлде соң: «Осы қаладан Шолпан қызымызды кездестірсек қой» деп бір армандап қойды. Сол ойын әлдекім естіп қойғандай, қаланың кең көшелерінің біріне бұрыла бергенде, шынымен ақ бейтаныс бір жігітпен қатарласа кетіп бара жатқан Шолпан қыз көздеріне шалынды.
- Әріптестер, біз іздеген Шолпан қыз әне кетіп барады! - деп дауыстап жіберді.
- Кәне, ағай! - деп Айман да елең етіп, солай қараған.
«Бұл өзі шынымен Шолпан қыз ба, ілде басқа қыз ба? Шолпан қыз бұл қалаға қайдан келе қалады??» деген оймен Есмұхан бәріне сұрау сала көз тастаған..
- Бұл өзі бір алдамыш көрініс шығар? - деді сол мезетте Алдияр сүлесоқ сөйлеп.
- Шынымен-ақ Шолпан қыз сияқты ғой! - деді қала жаққа қадала қараған Айман.
Шадыман екі көзінің алдын екі қолының қырымен уқалап-уқалап жіберіп, әрптестеріне бұрылды да:
- Ештемені түсініп тұрған жоқпын. Әлде, менің көзіме осылай көрініп тұр ма? Сіздерге де солай ма?
- Бізге де солай, Шадыман, - деді Берқайыр, Шолпан қыздың дәл өзі!
- Мен де Шолпан қыз деп ойлаймын, - деді Алдияр.
-Тағы кім танып тұр?
- Бәріміз де Шолпан қызды танып тұрмыз, - деді Есмұхан.
- Ендеше, әріптестер, жылдамырақ жүрелік, солай қарай. Бәлкім, ол екеуін қуып жетерміз. Анықтап көрерміз. Дауыстап шақырармыз, - деді Шадыман аптығып.
- Олар тап бір алапат экранның ішкі жағында жүрген сияқты. Сондықтан біздің дауысымызды ести қоймас, - деді Алдияр сәл күмілжіи сөйлеп.
- Естімесе, естімесін, жақыннан анықтап көріп қаламыз.
- Ендеше, жүгірейк те, солай қарай, - деп Берқайыр екі қолының саусақтарын жұмырықтай кеудесіне алды.
Бәрі артық сөзге келместен бастарын бір-бір изеп, алға қарай жүгіре жөнелген. Бірақ үстерінде комбинезон, арқаларында оттегі баллоны болғандықтан қатты жүгіре аламады. Сәлден кейін ақ бәрі де тау басына қарай жүгіргендей алқынып қалған. Ал қала көшелері жиектеріндегі адамдарға арналған жиек жолдарда жылдам жүргендері де, жүгіргендері де алқынғанды да, шаршағанды да білетін емес. Өздері олармен теңесе алар емес. Кейбіреуі біраз жүгірген соң ақ кібіртіктеп те қалған. Шадыман қатты алқынғанына қарамастан біраз жерге дейін қатты жүгіріп барды да, әріптестерін аяп, жүрісін баяулатты. Бәрінің де шлемдерінің төменгі жағы тер суы жиналып та қалғады. Шадыман шлемінің сол жағындағы бір түймені сол қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқып қалды. Сол замат микрожелдеткіш іске қосылып, жаңағы тер суы жоқ болды. Шамалы демін алған соң Шадыман әріптестеріне бұрылып:
- Әріптестер, осы жүргеніміз, алқына жүгіргеніміз жетер! Кейін қайталық! Алдамыш көрініске біраз алдандық! Сіздерді босқа шаршатқныма бәріңізден кешірім сұраймын!
- Кешірім сұрайтын ештеме жоқ, - деді Есмұхан, - бәріміз де жұмбақ көріністің құлы емеспіз бе?
- Иә, бұл ғажайып дүние әлемінің құпия-сыры таусылған ба? - деп Шадыман терең күрсінді.
Жағдай түсінікті болды бәріне де. Біршама кідіріп тұрып, кейін қарай жүрген. Шадыман да, басқалар да ештеменің байыбына бара алмады. Қала көрінісі өзгерер емес, Бейтаныс жігіт пен Шолпан сол жүрген бойларында ұзап кеткен. Қала тірішілігі тап шын өмірдегідей қайнап жатыр. Ғарышкер геологтар бұрғы қондырғылар тұрған жерге оралды. Олар қала көрінісінің шетінде, өз орындарында. Бәрі келген бойда бұғы қондырғыларды жинақтап, әуе кемесіне айналдырды, барлаушы кеме бекітілді. Барлық іс тез әрі сәтті аяқталды. Сәлден соң бірнеше бұрғы қондырғы әуе кемелері ұша көтеріліп, Емшектауға қарай тізіле ұшып кетіп бара жатты.
Әсерлі көріністер
Бұл кезде Абзал мен Шолпан қыз қала көрінісін тамашалап келе жатты. Бірнеше жеңіл көлікке мінді. Тұрғындарымен жүздесті, тілдесті. Олардың бәрі де өздеріне тән ана тілдерінде сөйлеседі екен. Сөздері түсініксіз. Бәр әйелдер. Оны көрген Шолпан: «Сонда бұл үлкен қалада тек қана әйелдер тұратын болғаны ма?» ойлап үлгенрді. Әйелдердің бет әлпеттері сары түсті. Шолпан қапелімде ештемені түсіне алмады. Сонда да бұл үлкен қалада тек әйелдердің тұратыны Шолпанға қызық көрінді. «Жер ғаламшарында тек әйелдер тұратын қала болған емес. Сонда бұл қала қай ғаламшардағы қала?» деген ой мазалай бастады шамалыдан соң Шолпанды.
-Бұл қандай қала? - деп сұрады Абзалға бұрылып.
- Жаңа айтқанымдай, бұл бір жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшарлардың біріндегі қала, - деді Абзал қалаға оайлана қарап тұрып.
- Сонда ол қалада тек әйелдер тұра ма?
- Солай. Ерлер ғаламшараралық соғыста жойылса керек. Бұл сол қала тірішілігінің бір көрінісі
- Онда жарайды, - деді Шолпан ойлы жүзін Абзалға бұрып, - шынымды айтсам, мен де қала атаулыдан жалыққан қызбын. Бұдан да кең далаға, ауылға қайтайық.
- Жарайды, айтсаңыз болды, Шолпан.
Абзал осының алдындағы іс-әрекеттерін қайталады. Соның артынша айнала төңірек айналып төңкерілгендей күйге көшті. Шолпан Абзалдан ұстай алған. Енді бір сәтте көз алдарындағы қала көрінісі кейін қарай жылжып, табиғат көрінісі лезде өзгеріп шыға келді. Кең дала, салқын таза ауа. Шолпан кеудесін кере еркін дем алды. Өзінің жаңағы қалада шаршағанын ұмытып, сергіп шыға келген. Айналаға рахаттана көз жіберді. Содан соң балалығы ұстап, ілгері қарай жұгіре жөнелген. Абзал соңынан келеді. Шолпан жеткізер емес.
- Мен де Шолпанмын! Мен де осында мәңгілік Шолпан болып қаламын! - деп дауыстап сқылықтай кеп күлді.
- Шолпан, сізге не болды? - деді Абзал қапелімде ештмені түсінбей.
Шолпан жүгіруін баяулатып барып кідірді. Алқынысын басты. Содан соң ғаламшардың бұлттарына, айнала төңірегіне қарап алды да:
- Сіз білесіз бе, Абзал, - деді ойлы жүзін бұрып, - бұл ғаламшардың Шолпан аталуы жөнінде қазақта мынандай тамаша аңыз бар. Ерте бір заманда, бір ауылда қазақтың Шолпан есімді ақылды әрі сұлу қызы өмір сүріпті. Оның ғажап емшілік қасиеті де бар екен. Көптеген сырқаттарды емдеп жазады ол. Аты елге белгілі болады. Содан қызға көптеген жігіттердің көздері түседі, көптеген ата аналар ұлдарына алып беру үшін құда түседі. Бірақ олардың ішінде Шолпанның қалауы болмайды. Содан жігітер, құда түскендер арасында Шолпан қыз үшін дау-дамай басталады. Ол күн санап өрши береді. Содан не істесін, Шолпан қыз таң мезгілінде аспанға қарап тұрып, құдайдан өзін таң мезгілі мен кеш мезгілінде аспанда жарқырай көзге түсетін әдемі әрі жарық жұлдызға айналдыруды өтінеді. Құдай ол өтінішін қабыл алып, аспанға шығарып, жарық жұлдыз етеді. Біз сол Шолпандамыз. «Мен де Шолпанмын» деп дауыстағаным аттастығымнан.
- Сіз ол Шолпаннан да ақылдысыз, одан да сұлусыз.
- Жоқ, мен ол Шолпаннан артық бола алмаймын, - деп Шолпан бұрия қалған.
-Мен асыра айтып тұрған жоқпын. Шындығы осы, - деді Абзал.
- Жарайды, айтылар сөз айтылды. Тағы жүгірейікші мына кең далада! - деп жүгіре жөнелді Шолпан қыз.
Абзал да амал жоқ соңынан жүгірген. Дархан даланың шеті көрінер емес. Қараса ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді. Екеуі біраз жүгірді, еркін тыныс алды, демалды. Күні бойы серуендеді. Шолпан ұлы табиғатты лезде қалағанына өзгеруге адам баласының қолы жеткеніне қайран. «Осындай жарық жұтқышпен тек бұл Шолпан емес,Күн жүйеміздегі қыртысы қатып, қаңыраған өзге ғаламшарларды да осылай тірішілікті көрініске айналдырса ғой» деп бір ойлап қойды ішінен Шолпан қыз. Бірақ ол ой арманын Абзалға айтпады.
Содан екеуі қаз қатар тігілген ақшаңқай түсті киіз үйлерден тұратын ауылға жақындаған. Қол сұтасып жеткен бойда Шолпан тұып жатқан киіз үйдің ішіне енді. Киіз үй дегені болмаса, оның ішінде барлық жағдай бар еді. Бір бөлме болып қана көрінгенімен кез келген сәтте оның ішінен басқа бөлмелерді пайда бола қалады. Бұл жолы Шолпан киіз үйдің ең ке деген бөлмесін таңдаған. Оның керегелері бойымнда жұлдызды әлемнің анық түрлі түсті суреттері тысталыпты. Одан Шолпан Кұн жүйесіндегі екі әдемі ғаламшарды, осы Шолпан мен Жер ғаламшарының суреттерін де көрді. «Екеуі бір біріне қандай ұқсас» деп қойды ішінен Шолпан. Сол кезде Абзал оның ойын бөліп, былай деді:
- Шолпан, кереге бойындағы жұлдызды әлемнің суреттерін тамашалап болған шығарсыз. Енді түстенетін уақыт келді. Асханға барайық.
Шолпан тіл қатпастан басын изеп, Абзалға ерген бойы асханаға келді. Мұнда екеуіне арналған дастархан да бар екен. Жылдам қозғалып, тамақ тасып жүрген биотұлғалар жоқ. Астың бәрі де қолдан пісірілген. Екеуі дастарханның екі жағындағы ұзына төселген ою өрнекті көрпеге жайғасты. Өздерінен бірнеше жас кіші, қазақтың ұлттық кмиімдерін киген қыздар ширақ қозғалады. Жас боз балалар қолдарына ұстаған құмғандарымен екеуінің қолдарына жылы су құйып, иықтарындағы сүлгілерін ұсынды. Олардың инабаттылығы мен мәдениетті сқйлегендері, жүрістері Шолпанға ой салды. Қазақтың қамыр етінен жеді, сорпасынан ішті.
Дастарханға бата беріліп, әлгі боз балалар қолдарына тағы да су құйып, сүлгі беріп, қолдарын сүрткен соң екеуі сыртқа шығып, су арқырай ағып жатқан өзенге қарай тартқан. Ауыл маңынан сарқыраған дыбысы құлаққа жетіп жататын өзен кімді елітпесін. Оның жағалауының табиғаты да бір ғажап! Шолпан өзенге жеткен бойда оның суының шын шын емес екеніне көз жеткізгісі келгендей суынан біріктіре ұстаған екі алақанына толтырып алып ұрттап та көрді. Таудағы бұлақтардың суларынан құралғандықтан су ерекше дәмді екен. Осы кезге дейін түрлі құбырлар арқылы келетін қала суынан мұның көп айырмасы бар екенін Шолпан бірден білді. Шөлі де тез қанған. Өзенді жағалай қалың өскен түрлі ағаштар қандай еді.
Ол ағаштардың бұтақтарына түрлі құстар ұшіп келіп қоынп, қайта ұшіп кетуде. Солтүстік-шығыс тұстағы таудың тасты беткейлерінде Қоайларды бастаған Текелер сақалдарын сапситып-сапситып, одырайып-одырайып қарап тұр төменге. Шолпан табиғаттың бүұл ғажайып көрінісіне қараудан бір жалықпады. Өзін тап бір ертегіде суреттелетін бір ғажайып елге келгендей сезінді. Бұл ғажайыптың бар сырын Абзал ғана біледі. Қазақ халқының ұлы табиғатты әуел бастан қорғау мен аялай білуінің бар срын енді түсіне бастады. Мұнымен салыстыра келе, дамудың қызығына түсіп, ұлы табиғатты естен шығарып алғандарын да аңғарды. Абзалмен бірге осындай серуен құруында бір ризашылық күші жатыр еді. Қол ұстасып, өзен бойын зағалап біраз жүрді.
Өзен суындағы Балықтар да, Бақалар мен Су жыландары да Абзалға жастайынан таныты. Ал Шолпан қыз бала болғандықтан оларды жиі көрмеген. Енді Абзалдың сол қолының жеңінен ұстап алып, іштей сіл сескеніп келеді. Судағы Балықтар шолпа етіп, су бетіне шығып, суға қайта сүңгіген сәттерінде елең етіп, оларға қызыға қарайды. Ұлы табиғаттағы осындай ғажайып көріністерден көп уақытқа ажырап қалған Шолпан мұны көргісі келе береді, көргісі келе береді. Абзалмен бірге қанша жер жүрсе де шаршағанды сезбеді. Ұлы табиғат өзіне сарқылмас бір күш-қуат сыйлағандай. Осылайша екеуі узақ уақыт бойы серуендеді. Келесі жолы екеуі мұхит әлеміне баратын болып келісті. Күн батыс көкжекке жетіп, қызара бата бастағанда екеуі ауылға қарай бұрылды.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ІЗДЕУ САПАРЫНДА
Түстегі Шолпан қыз
Шадыман соңғы күндері аз ұйқтайтын болған. Оны мазалаған түн ұйқысында кіретін шым-шытырық түстер еді. Көздері ұйқыға кетсе болғаны, түсіне Шолпан енеді. Бұдан бұрын Шолпан түн ұйқысында көрген анау-мынау түстеріне онша мән бермейтін. «Түс – Түлкінің қиы» деген халық сөзін берік ұстанатын. Түс көру жөнінде айтылатын әңгімелер мен жазылған еңбектерге мән бере бермейтін енді түстен арылар жері жоқ. Ол көрген түстері күн санап түн ұйқысын төрте бөліп те келеді.
Бүгін де түстер көріп,рте оянған. Әдетте, түнгі ұйқыдан электронды сағаттың дабылының өзінен әрең оянып, көздерін ашатын. Ал бүгінгі түнгі ұйқысында көрген түстерінен ерекше бір ләззат алғандай. Түсінде тағы да Шолпанды көрген. Ол қыз түсіне енген түннің ертеңінде Шадыман оны қайта тауып алғандай көңілді жүреді. Онымен түсінде мес, тап бір өңінде кездескендей көңіл тоқтатады.
Шадыман төсегінен баяу тұрды. Терезеден сыртқа бір қарапалып, есікті ашып, аулаға шықты. Арнайы жасалған алаңқайда таңғы жаттығуларын жасады. Содан соң салқын сумен жуынып-шайынып, демалыс бөлмесіне келді. Жұмсақ диван үстіне отыра кетіп, түнде көрген түстерін есіне түсінді. Түсінде Шолпан қыз екеуі асханада әңгімелесіп отырды. Өзі Шолпанға жіберіп алған үлкен қателегін айтты, жас қыздан кешірім сұрады. Шолпан басын изеп, өзінің де балалық жасап алғанын айтып, өкінішін білдірген. Өзі оған шама-шарқы келгенше бар көмегін беретінін, ол үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтқан. Бірақ бір ғана нәрсені анық біле алмады. Ол – Шолпанның қай мекен-жайда екенін біле алмаған. Ол сұрағына Шолпан қыз: «Мен қазақ ауылындамын. Маған арнайы тігілген киіз үйдемін» деумен шектеліп, зым-зия болған.
Шадыман ой тұңғиығын жұмылған көздерін ашып алды. Кең бөлме. Отырған диваны, түрлі бейнебайланыс жүйелері, электронды сағат, стереотеледидар, тағы басқа заттар. Шадыман басын жұмсақ диванның жақтауына қарай сәл шалқайта сүйеп, екі көзін қайта жұмды. Осылай біраз отырып барып түрегелді. Сол бойда тіке асханаға тартқан. Таңғы ас уақыты әлі ерте болғандықтан онда аспазшы биотұлғалардан өзге ешкім көрінбеді. Шадымен түсінде Шолпан екеуі отырған дастархан жанына келді. Оның жанындағы түсінде көрген орындыққа жайымен отырды. Қарсы алдындағы орындықтан түсіндегі Шолпанды көз алдына елестетті. Ол қыздың түсіндегі өзіне қадала қарап отырысы да бір ғажап еді. Сол түсі енді өңіне айнала кетсе ғой. Онда өзі нағыз бақытты басшы болған болар еді. Ұмытылмас бір сәт орнамақ. Бірақ, өкінішке орай, ол ойы орындалмады.
Шадыман енді дастархан басында жалғыз. Ойын кең бөлмедегі дастархандарға таңғы ас пен түпрлі тағамдарды тасып, қойып жүрген аспазшы, көмекші биотұлғалардың жүрістері ғана бұзады. Әрқайсысының өзіне тән бағдарламалы жұмысы бар. Бірақ қаншама бағдарламалы болса да биотұлғалар тірі, саналы адамдардың өздері емес. Жер ғаламшарындағы адам баласы іс-әрекеттерінің де осындай бағдарламалық іс-әрекеттерге жақындап қалғаны белгілі. «Біз, адам баласы, адами қасиеттен сырт шығып барамыз», деп бір ойлап қойды Шадыман ішінен. Осы ауытқушылықтың барымташылыққа апарып соғатынын да түсінді басшы ғалым. Шолпан қызды құпия түрде алып кетіп, құпияжерде ұстап отырған адамдардың кімдер екеніне ақыл-ойын жеткізе алмады.
Содан қалың ойдан шығып, отырған орнынан тұріп, қайтадан өзінің жатын пәтеріне келген. Бұл кезде Қос Емшектау астындағы табиғат аясы да ояына бастаған. Күмбездегі жұлдыздардың жарық сәулелері өлеусіреп, бірте-бірте көмескіленген. Кейбіреулері көзден ғайып болған. Шығыс көкжиектен жарқырай Күн көтеріліп келеді. Айнала шектеулі табиғат аясындағы түрлі жәндіктер санаулы тұрғындарын қарсы алғылары келгендей әрекеттеріне көшкен. Шамалы соққан салқын самалдан ағаштардың бұтақтары қозғалып, шапырақтары қалтылдайды. Жасанды көл суының беті сәл толқындалады. Ағаштардың бұтақ-бұтақтарында қонақтап отырған небір құстар құйқылжыта сайрайды. Арнайы орындардағы қолға үйретілген аңдар да, іріл-ұсақты малдар да тірішілік әрекеттеріне кіріскен. Олардың ешқайсысы да Шадыманның жәбіркеу көңіл-күйімен санаспайды.
Санасыздық деген осы. Олар өздерінің Шолпан ғаламшарындағы осы Емшектаудың астындағы Жер ғаламшары жағдайына келтірілген ортада тірішілік кешіп жатқандарынан да бейхабар. Олармен салыстырғанда саналы адам барар жерін де, жүрген жерін де анық біледі. Тек өзінің өмірлік тағдырын дәл болжай алмайды. Соған қарамастан адам алдына үлкен мақсат қояды. Адам баласының да ғұмірі шектеулі болғандықтан басты үміті ұрпаққа келіп тіреледі. Шадыман бұл жағын да ойынан сырт қалдырған жоқ. Жатын бөлмесінің үлкен терезесінен сырттағы жандана берген тірішілікке қадала қарап ұзақ отырды.
Содан соң түбі тереңдеген ойынан селт оянып, отырған орнынан түрды. Жасанды Күн шығыс көкжиектен күмбезге қарай біршама көтеріліп, аядай табиғат аясындағы ауа жыли берді. Күллі тірішілік жадырай түскен. Жаңа ғана ағаш бұтақтарына қонақтай отырып алып, тынымсыз сайрған түрлі құстар да енді жемдерін іздуге ұшып кеткен. Құмдағы тас-тастың арасындағы Кесірткелер де енді Күн сәулесіне жылынуға жатқан. Жыландардың қозғалыстары ширай берген.. Бұл қым-қуыт тірішілік әрекеттерін көзбен көрген әрбір адам баласы да қарапо отыра алмақ емес.
Шадыман пәтерінен шығып, асханаға жетті. Бұл кезде өзінен басқа ғарышкер-геологтар асханаға барып, өзді өзді дастархандарының жандарындағы орындықтарға отырып үлгерген еді. Шадыман келген бойда әдетте өзі ас ішетін дастархан жанындағы орындығына жайғасты. Аспазшы биотұлғалар таңғы ас пен тағамдарды әкелгенше әңгіме-дүкен құрды. Әркі өзінің түн тыныштығында қалай ұйқтағанын, қандай түс көргенін айтып отырды. Шадыман ол әңгімелерді мұқият тыңдай отырып, тағы да ой тұңғиығына батты. Өзінің түні бойы көрген түсі де түс емес, өңіндегі бір ғажайып оқиғадай болған. Бұрын түс көруден азар болса, енді Шолпан қызбен қайта табысқандай әсерберетін түстерді көре беруге даяр. «Түсімде болса да Шолпан қызды көре берсем екен» деген де ниетті ойда отыр.
Таңғы астарынан алып, шайларын, кофелерін ішкен соң ғарышкер-геологтар уақыт жоғалтпастан Кең тегіске аттанар алдында қысқа кеңес өткізетін үлкен бөлмеге жиналды. Онда барлық ғарышкер-геолггтарға тиесілі тапсырмала беріп, өзі де заттарын алған. Шолпан қыздан көз жазып қалғалы Шадыманның баратын жері тек Кең тегіс қана. Ол аймақтан Шолпан қызды кезіктіруден үмітін бір үзбейді. Ондай үміт қарамағындағы әріптестерінде де бар. Сондықтан олар да Кең тегіске барғанды қалайды. Сөйтіп, ғарышкер-геологтар бұл жолы Кең тегістің шығыс жақ аймағына бұрғылау жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Ол жақтан Шолпан қыздың көрініп қалуы да ғажап емес еді ғарышкер-геологтардың ойларынша.
Мұхит әлеміне айналған дала
Кеңесуге аргналған бөлмеден шыққанан кейін ғарышкер-геологтар пәтерленіе кіріп, жолға қажетті деген бұйымдары мен заттарын алып шыққан. Содан соң арнайы алаңқайда тап бір алыс сапарға аттанып бара жатқан ғарышкерлерше бір қатарға тұрған. Қарсы алдарында Шадыман. Ол әріптестерінің киген комбинезондарына, иық арқаларындағы қосымша оттегі баллондарына, комбинезондағы түрлі жүйелерге көңіл аударды. Бұл Шадыманның әрбір зерттеу сапары алдындағы әдеті. Саптан кейін бәрі алаңқайшаның орта тұсінда тұрған Жер ғаламшарының үлкен глобустағы Қазақ елі бейнесіне жақындап, рет ретімен бас иді. Бұл да зенррттеу сапары алдында орындалатынәуелбастан қалыптасқан дәстүр. Жер ғаламшарындағы Қазақ елі орын алған жер ата-бабалар табиғатын қорғап, аялаған, өздері дүниеге келіп, өсіп-өнген қасиетті жер. Сондықтан да зерттеу сапары алдында оның бейнесіне жақын келіп бас ию ғарышкер-геологтардың қай қайсысының да азаматтық парызы.
- Әріптестер, - деді Шадыман зерттеу сапары алдындағы барлық рәсім біткен соң, - біз Кең тегістің шығыс жағындағы аймақты бұрғы қондырғыларымен бұрғылау алдындамыз. Ғылыми зерттеу ісіміздің негізгісі Шолпан ғаламшарының қойнауынан су мен қазба байлық іздеу болғанымен, қай қайсысымыздың да көкейімізде Шолпан қызды табу мәселесі тұр. Енді қандай қиындықты басымыздан кешсек те, алған бағытымыздан, алдымызға қойған мақсатымыздан таймауымыз керек. Бұл жолда әрине, батылдықпен қатар ерекше сақтық та керек. Бұл мәселелерді мен әрбір ғылыми зерттеуге аттанар алдында естеріңізге салып келемін. Сапарымыз сәтті басталып, нәтижелі аяқталсын, әріптестер!
Шадыманнан басқа ғарышкер-геологтардың бәрі бастарын изеп, басшының сөзін мақұлдады. Содан соң бәрі келесі , тас қабырғалы бөлмеге енген. Бұл бөлме бұдан бұрын осы тауды арнайы техникалармен ұңғығанда жасаған. Оның ішінде ғарышкер-геологтардың бұрғы қондырғы кемелері мен барлаушы кемелері сапарға дайын тұрады. Олар әуелі осы бөлменің қалың тас бөлменің есігі арқылы дәлізге шықты. Есік қайта жабылған соң дәліздегі температура бірте-бірте көтеріле берді. Отыз градусқа жақындағанда ғарышкер-геологтар үстеріндегі комбинезондарының бүтіндігін, ішкі-сыртқы жүйелерін тексерді. Сөйтіп әрбір топ бұрғы қондырғы кемелеріне мінген.
Оның артынша ыстық ауадан бөлме іші буға толды. Ғарышкер-геологтар ол бу толық тарқағанша бұрғы қондырғы кемелерінде отырды. Үңгір бөлме қабырғаларындағы ылғал булана-булана құрғап, ішті тымырсық ауа қысқан мезетте қарсы алдарындағы есіктің маңдайшасындағы қызыл түсті шамдар жыпылық қақты. Оның жоғарғы тұсындағы үлкен термометрдің қызыл түсті сұйығы көтеріле-көтеріле Цельсий бағамымен елу градусқа жеткенде, Шадыман қызметші биотұлғаларға сыртқы есікті ашуға рұқсат етті. Енді бір сәтте Емшектау астындағы үлкен үңгір бөлмеден бірнеше бұрғы қондырғы кеме бір бірін қуалай ұшқан Қарлығаштардай рет ретімен ұшып шығып, Кең тегіске қарай бағыт алды
Ішінде Шадыман бар бұрғы қондырғы кеме қалғандарын бастап ұшып келеді. Шолпан ғаламшарының кәрі кісінің бет әжіміндей бедері көз алдарында. Биік таулар мен олардан пәс таулар, қыраттар мен ойпаттар бұрғы қондырғы кемелерінің ұшу биіктіктерін неше құбылтуларына мәжбүр етеді. Шолпан ғаламшары атмосферасының жоғарғы жағында қатты соғатын желдің барын білетіндіктен ғарыш-геологтар бұрғы қондырғы кемелерін аса биік ұшырмайды. Алдын ала берілген биіктік бар. Кеме одан жоғарылмайды да, төмендемейді де. Шадыман бар кеме қалай қарай бұрыла ұшса, қалған кемелер де солай қарай бағыт алады. Бұрғы қондырғы кемелерді басқарған ұшқыштар да, ғарышкер-геолотар мен мамандар да Шолпан ғаламшарының ғажайып табиғатынан көз алмайды. Оған басты себеп, күні кеше ғана Кең тегіс шетінде кенеттен пайда болған үлкен қала. Егер сондай қала көрінісі аспанда пайда болса, онда ұшқыштардың өздері де әбіржіп қалар еді. Ол болса да бәріне қауіпті.
Бұрғы қондырғы кеме Кең тегіске қонуға бет ала бергенде Шадыманның көзіне басқа бір көрініс шалынғандай болды. Енді ол аймақ қала көрінісіне емес, суы шалқыған мұхит көрінісіне көшіпті. Шадыман селт етіп отырған орнынан еріксіз тұрып кетті. Ол көріністі енді қалғандар да байөқап үлгерген. Нағыз мұхиттың өзі!
- Біздің бұрғы қондырғы кемеміз Кең тегіске қонып келе ме? – деп сұрады Шадыман кемені басқарушы ұшқыш Елтайдан.
- Ұшу бағытымыз дұрыс! Мына өлшеуіштерге қараңыз? – деді Елтай.
- Сонда да сену қиын екен. Басқа бұрғы қондырғы кемелерде келе жатқандар нені байқады екен? Соны сұраңызшы, бейнебайланыс арқылы! – деп Шадыман терезеге тақала түсті.
Бұрғы қондырғы кемені басқарушы тез арада қалған кемедегілермен байнебайланыс арқылы байланысты. Бәрі де Кең тегісті емес,. Шалқыған мұхит суын көріп отырғандарын мәлімдеді. «Мұхит! Бұл неңілған мұхит?» - деді Шадыман ішінен, - бір тамшы суға зар болып жүргенімізде кенеттен Шолпан ғаламшарына жайыла кеткен қандай мұхит суы бұл!?». Бірақ бұл ішкі сұрағын Шадыман ешкімге естіртіп айтпады. Айтқанда да жауап бере қоятын адам жоқ-ты.
- Ана жаққа қараңыздар, мұхит суының бетінде кеме жүзіп кетіп барады! - деп дауыстап қалды жанындағы Алдияр.
- Рас, кеме! Мұхит суы бетінде жүзіп кетіп барады! – деді ұшқыш Елтай оны нақтылай түсіп.
- Түсінсем бұйырмасын мұны, - деді Шадыман.
- Енді не істейін, кемені Емшектауға қарай қайта бұрайын ба? – деді Елтай.
- Қайтуға әлі ерте! Бұл мұхит суының өзі Ке тегісті тұтастай алып жатқан сияқты! Кемені төмендете ұшыр!
Жақсы аға, айтқаныңыз болсын! – деді Елтай.
Бұрғы қондырғы кеме қалт етіп барып бір жағына қисая ұшты. Содан соң тұмсығы тап мұхит суына барып тірелетіндей төмен қарай құлдилады. Егер ғарышкер-геологтар мен мамандар кеменің мұндай шалт қозғалыстарына үйренбеген болса, кәдімгідей әбіржіп те қалар ма еді. Әзірге ешқайсысы да селт еткен жоқ. Кеме қисая ұшса да, қалт-құлт етсе де, зымырай жылдам ұшып, төмен қарай құлдиласа да ешқайсысы оған көңіл бөлмеген. Бәрінің де көңілдері жаңа пайда болған мұхитта. Кеме әлі төмендеп келеді. Төмендеген сайын мұхит суының аясы кеңейіп, шет жиектері көзден таяды. Енді сәлден соң құрылық көкжиегі мүлдем жоғалып, айнала-төңіректі тек су әлемі жайлады. Кәдімгі Жер ғаламшарындағыдай суы шалқыған мұхит. Ара-тұра суының бетінде жүзіп кетіп бара жатқан үлкенді-кішілі кемелер көзге шалынады. Әуеде кеме терезесінен қарағанда кіп-кішкентай болып көрінген әлгі кеме де енді әжептеуір ұлғайып кеткендей. Тек ол кемелердің сырт пошымдары Жердегі теңз-мұхиттардағы кемелердің пошымдарына онша ұқсамайды. Тек су бетінде жүзуге арналып жасалғандықтан жалпы пошымы біршама ұқсас.
Мұны көрген Шадыман адам баласының жалпы іс-әрекеттерінің бір біріне ұқсас болатынына көз жеткізгендей болды. Көріністің аспандағы қандай да бір алапат құпия денеден тараған сәуле көрініс екенін сезді ғарышкер-геологтар мен мамандар. Өткен жолы тап осы Кең тегісте қала көрінісі орнаған. Енді бүгін мынандай суы шалқыған мұхит үстінен бір-ақ шықты бәрі.
Шадыман мұхит суын анық көріп отырса да сенер емес. Өркениеті дамыған әлдекімдердің өздерін жас бала сияқты алдандырып жүргенін де сезе бастаған. Ал мұның сырын түсігуге ешқайсысының да зердесі жетпейді әзірге. Соған қынжылды Шадыман іштей. «Бұл өзі қандай мәдени даму?! Оларға кез келген ғаламшар бетіне тап осылай тірішілікті көріністі көшіріп әкеліп орната салу ештеме болмағаны ма? Сонда «Дамыған адамдармыз» деп жүрген біз кім болдық? Жарық сәулесінен түзілген тірі денеміз бе?» деген ойлар Шадыманды аз ғана уақыттың ішінде мазалап та үлгерді. Кемедегі өзге ғарышкер-геологтар мен мамандар да осындай ойларды бастарынан кешіп отырғандай үнсіз.
Шадыман ештемеге көзі жетпесе де ұшқыштың кемені қайта жоғары қарай көтере ұшыруына рұқсат етпеді. Елтай болса, Шадыманға жалтақ-жалтақ қараумен басқарып отыр кемені. Енді біраз кешіксе, кеменің кеудесі мұхит суымен жанаспақ. Ешқайсысы да Шадыманның бұл шешімін қапелімде түсіне алмады. Шадыман болса, мұхит суының иә шын, иә жалған екеніне көздерін жеткізгісі келгендей отыр. Тек кеме кеудесі мұхит суына жанасуға мейлінше жақын қалғанда:
- Енді кемені «Қарлығаштық су ілу» мәнерімен ұшыр, - деді жай ғана.
- Түсіндім! – деді сол замат Елтай.
Елтай да, басқалар да Қарлығаштың ұшып келе жатқан бойда төмендеп, тұмсығымен өзен, көл суынан су іліп ішіп, ұшуын әрі қарай жалғастыра беретінін жақсы біледі. Елтай сондай мәнермен кемені төмен қарай құлдилатып келді де, тұмсығы мен төсін мұхит суына тигізіп барып кемені қайта жоғары қарай көтермек болды. Бірақ олойы жүзеге аспады. Кеменің тұмсығы да, төсі де қандай да бір шынымен жанасқандай сыр деген дыбыспен өте шықты. Бір тамшы да су жұқпады. Шадыман сол замат:
- Кемені тез биіктет! – деп дауыстап қалды.
- Түсіндім! Биіктетемін!
- Қалған кемедегілер бұл мәнерді қайталмай-ақ қойсыгн!
- Түсіндім! Қайаламасын деп ъхабарлаймын! – деді Елтай.
Бұрғы қондырғы кеме кілт жоғарылап кетті. Елтай сол сәтте қалған кемедегілерге Шадыман айтқан өтінішті хабарлап үлгерді. Шадыман кеме тез жоғары қарай көтерілгенде тұла бойы қанының лық ете түскеніне қарамастан төмендегі мұхиттан көз алмады. Ештеме өзгермеген. Мұхит суы шалқып жатыр. Әлгі кемелер де өз бағыттарымен баяу ғана жүзіп кетіп барады. Шадыман өздерінің тағы да шыны кедергіге тап болғандарын түсінді. Елтай да онысын сезендей қарсы алдындағы тақтадан бір түймені оң қолының сұқ саусағымен нұқып қалды. Шағын экран жанып, онан кеменің тұмсығы мен төсінің мұхит бетіндегі шыны қорғанға тиіп барып өткені қайталанып көрінді. Шадыман оған қадала қарап отырды. Кеменің тұмсығы мен төсінің қандай да бір шынымен жанасқаны анық, сонда да кемеге ешқандай нұқсан келмепті. Бұл мұхит бетінің шынымен қорғалғанын айқындай түсті. Енді бәрінің де есіне бұдан бұрын пайда болған қалаға кірген кездерінде кездескен шыны қоған түсті.
Бұрғы қондырғы кеме мұхит суы әлемін бірнеше рет айналып ұшып өткенше үнісз отырды. Тек өзі емес, басқа ғарышкер-геологтардың қай қайсысы да өздерінің Шолпан ғаламшарындағы бір құпия көріністерге тап болғандарын сезді. Бұл жөнінде Жер ғаламшарындағы өздерін осында аттандырғандарға шұғыл хабар беруді де ойлады. Бірақ ол әлі ертелеу еді. Жердегі, елдегілер де табан астында бұл жөнінде нақты бір шешім айта алмайды болса да. Сондақтын қандай шешімге болса да өздері келулері керек. Ал бар жауапкершілік болса да Шадыманның өзінде. Осы аз ғана уақыттың ішінде Шадыман неше-қилы ойды басынан өткерді. Өзі бар кеме де, өзге кемелер де уақытпен жарысқандай зымырай ұшып келеді. Үнсіз отырған барлық ғарышкер-геологтар өзінен жауап пен ұсыныс күтуде. Ең ауыр сәт еді Шадыман үшін бұл сәт. Бірақ өзі мұны да жеңді.
- Өткендегі қала көрінісі сияқты бұл көріністі де бейнетаспаға түсіріп алдыңдар ма? – деді жай ғана сөйлеп.
- Барлық көрініс түсіріліп алынды, - деді бейнеоператор Заман.
Бейнекамералардың дыбыстары жай ғана естіліп жатты. Шадыман терезеге қарай ыңғайлана түсіп, сырттан көз алмады. Сырттағы бар көріністі қарсы алдындағы шағын экраннан да анық көре алар еді. Бірақ қай нәрсені де өз көздерімен көргендеріне не жетсін. «Жүз рет естігген бір көрген артық» деп дана қазақ бекер мақалдаған ба. Мұны көзбен көрмеуге болмайды. Бұл – ғылым. Ғылымға болжамнан гөрі нақтылық ауадай қажет қашан да. Кең тегісті түгелдей жауып жатқан мұхит суы әлемін бірнеше рет айналып ұшқаннан кейін терең ойдан арылған Шадыман тағы да сөз алды.
- Мұхит суы әлемін бақылауды да, бейнефильм мен суретке түсіруді де тоқтатайық! Кемені Емшектауға қарай бұра бер! Басқа кемедегілер де солай етсін! – деді Елтайға бұрыла қарап. – әдеттегідей, үшбұрыш жасай ұшырыңдар! Биіктік пен жылдамдық сол бұрынғыша!
- Түсіндім) – деді Елтай.
- Түсіндім! – деген дауцыстар бейнебайланыс жүйелері арқылы басқа кемелердегілерден де келіп жатты.
Елтайдың қарсы алдындағы тақтадағы түрлі түсті шамдар да тынымсыз жыпылықтай жөнелген. Шадыман өзі ұсынғандай үшбұрыш жасай ұшып келе жатқан кемелердің түгел түгел еместігін байқау өзі отырған орындықтың алдындағы тақтан бір түйімені оң қолының сұқ саусағымен нұқыды. Артынша қалған кемелер бірінен соң бірі экран алдынан ұшып өте берді. Шадыман оларды жайымен санап отырды. Ең соңғы кеме ұшып өткеннен кейін әлгі түймені қайта нұқыды. Артынша кемелердің бейнелері жоғалып, Кең тегісті басқан мұхит суының әлемі көрінді. Бірақ ол біршама алыста қалған. Сонда да тап бір мұхиттың өзіндей көз тартады. Суы шалқып, толқындары аударылып-төңеріліп жатыр. Шадыман өзі отырған кеме де, басқа кемелер де Емшкетауға қарай құлдилағанға дейін оған қараумен болды. Тек қызыл түсті шам жанып, арнайы сақтандыру дабылы берілген кезде беліне жалпақ беолдікті бекітетін жүйені іске қосатын түймені басып қалды. Сырт еткен дыбыс шығып, белдіктің екі ұшы бірбіріне тез жалғанды. Енді барлаушы бұрғы қондырғы кеме қанша бұлқынса да қорқуға еш негіз жоқ. Басқалар да осындай сақтықта жасап үлгерген.
Сәлден соң бұрғы қондырғы кемелер тобы Емшектауды туралап күрт төмендеген. Шадыман алдындағы тақтадан тағы бір түймені сол қолының сұқ саусағымен нұқып еді, Емшектаудағы бұрғы қондырғы кемелер ұшып келіп енетін үлкен қақпа экраннан ап-анық көрінді. Енді оны алыс етіп көрсету де, жақын етіп көрсету де күрделі жүйенің иелігінде. Сонда да Шадыман үлкен қақпаның бейнесін бір ұлғайтып, бір кішірейтіп көрді. Бұрғы қондырғы кемелердің тежеу қозғалтқыштары іске қослған мезетте кемелер тап бір жер бетінде дөңгелектері тежелген жеңіл көліктердей ұшуларын баяулатты. Сәлден соң үлкен қақпа екі жаққа қарай айқара ашыла берген. Сыртқы қапқпа мен ішкі қақпаның екі арасы да аз қашықтық емес. Ұңғы ішіне алып Самұрық құстай болып Шадыман мінген бұрғы қондырғы кеме енді. Сол замат ұңғы іші дыбыстан жаңғырығып та кеткен. Елтай кеменің тешеу қозғалтқышын тез сөндіріп, тежеудің антигравитациялық әдісіне көшірді. Бұрғы қондырғы кеме Аққу қаздай қалықтай ұшып келіп, арнайы алаңмен жай ғана жанасты. Кейіннен келген бұрғы қондырғы кемелер де осына қайталады.
Мұхит суындағы саяхат
Шалқыған мұхит суының бетінде әдемі кемеде келе жатқан Шолпан қыз өздерін сырттай бақылап, бұрғы қондырғы кемелерімен суға жанаса алмай қайта ұшып кеткен әріптестерінің әрекеттерінен мүлдем бейхабар еді. Сондықтан өте көңілді. Кеменің арнайы тепкешегімен төмен түсіп, мұхит суын оң қолының алақанымен шайқап та көрген. Мұхит суының өзі! Одан соң Шолпан екі қолының алақандарын біріктіре ұстап, суға толтырып алып, қайта төкті. Абзал екеуі мінген кеменің теңселісі нәресте жатқан бесіктің тербелісіндей көрінгенімен ақ көбіктеніп, аспанға қарай асаудай шапшыған толқындардан денесі түршікті.
Шолпан осы кезге дейін мұхит суының бетінде жүзіп кетіп бара жатқан кемеде дәл осындай еркін жүрмеген. Мұндай кемелерге сирек мінетін. Көбіне Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінен, ғарыш кемесі терезесінен қызықтайтын. Мамандығы ғарышкер-геолог болғандықтан осындай мұхит суының төсінде кемемен жүзудің реті келе бермейтін. Сондықтан да Шолпан табиғат көрінісін оп-оңай өзгерте салатын Абзалдан осы Кең тегісті Мұхит суының әлеміне айналдыруды сұраған. Оның үстіне осы Кең тегіс ойпатын үнемі мұхит суының орнандай көз алдына елестететін. Енді сол ой-арманындағы мұхит суының бетінде әрі үлкен, әрі әдемі кемеде келе жатыр.
Ақ желкенді алып кеме мұхит суының бетімен жылдам жүзеді. Бірақ сонау аспаннан, ғарыш кеңістігінде ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесі терезесінен қараған адамға мұның өзі де тап бір жас баланың ыдыстағы суға жүзітіп ойнап отырған ойыншық кемедей болып қана көрінер еді. Шолпан енді алғашқыдай емес, осы Шолпан ғаламшарының бар аймағын жатқа білетін дәрежеге жеткен қыз. Оған жанындағы Абзалдың көп көмегі тиген. Бірте-бірте өз өзіне келіп, кеменің Шолпан ғаламшарының қай ендігі мен бойылығының қиылысында жүзіп кетіп бара жатқанын да ажырата алды. Абзалдың көріністі осы Кең тегіске түсіруінің өзі де «Шолпанға түсінікті бола түссін» деген ниетінен туындаған болатын. Бірақ Шолпан көп нәрсені түсінгенімен, осы Кең тегістегі Айман мен әріптес ағаларын көре алмады. Әріптестері де мынандай суы шалқып жатқан мұхит суының бетіндегі кемеден көре алмақ емес. Шолпан осыны да ойлап қойған.
Ақ желкенді кеме ішінде Абзал екеуінен өзге адамдар да көп. Олардың біразы кеменің төменгі бөлімдерінде.Біразы осы өздері тұрған ашық алаңқайда. Ал желкен орнатылған биік бағаналардың бастарында қызыл түсті шам жанып тұр. Желкенді болғанымен баяғы заманның желкенді кемесі емес, бүгінгі заманның технологияларымен жаңартылған, жетілдірілген кеме. Шолпан қыз бұл өзгерістердің бәрін де байқады. Енді бір сәтте қыз осы көріністерді түсіріп тұрған аспандағы Ай сияқты денеге де көз тастап алды. Бірақ оның сырын әлі толық біле алмаған. Абзал да ол жөнінде көп айтпайды. Ең бастысы, көріністің шын екені.
- Қандай тамаша! Қандай ғажап көрініс бұл! – деп шаттанды Шолпан қыз қарсы алдынан соққан самал желге қарап, еркін тыныс алып тұрып, - осы кезге дейін мұхит суының бетінде жүзіп көрмеген едім осындай ақ желкенді кемемен!
- Енді міне, мұны да көрдіңіз! – деді Абзал оның оң қолының біолегінен қыса ұстап, - кемемен қалай қарай жүземіз десек те өз еркіміз! Тек жалықпасаңыз болғаны!
- Неге жалығайын, - деді Шолпан қыз Абзалға жымия қарап, - мұндай ғажайып саяхаттан мен еш жалықпаймын!
- Жалықпағаныңыз жақсы! Қорықпасаңыз одан да жақсы!
- Жанымда өзіңіз тұрғанда мен неден қорқамын! – деді Шолпан Абзалдың жүзіне тағы да жымия қарап.
Бірақ соыні артынша мұхит суы әлемінен гүілдеген дыбыс естіліп, ақ желкенді үлкен кеме теңселе бастады. Ол теңселіс бірте-бірте күшейіп, кеме аунап кететіндей ойқақтады. Шолпан қыз сол замат Абзалдың сол қолының білегін қос қолымен құшақтай ұстап алды. Кеменің осы алаңқайшасында бос жатқан, бос тұрған анау-мынау зеттар домалап ала жөнелген. Енді бір қарағанда аспанға қарай қатты шапшыпшыған асау толқын суын көрді. Шолпан: «Апа!» деп дауыстап үлгергенше алапат бір шелектен құя салғандай төгілген су үстерін малмандай етіп қайта жоғалды. Кеменің теңселісі қатты шайқалысқа ұласты. Осыншама үлкен ақ желкенді кеме тап бір аспанға қарай атылып, мұхит суы төменге түсіп кеткендей бір көрініс. Абзал екеуі қатты ұстасса да, біресе олай, біресе былай қарай құлайды. Енді тұра бергенде кеме кері қарай шайқалып, еден үстімен домалап ала жөнеледі.
Шыдамы таусылған Шолпан қыз енді бір кезде жүрегі айнығандай лоқсып-лоқсып та жіберген. Сонда да өзіне Абзалдан өзге қолұшын берер жан жоқ. Бәрі де өздерін аман сақтауға тырысып, арпалысып жатқан адамдар. Шолпан тек сәлден соң ғ,ана барып бұл кеме шайқалысының дауылдан болғанын түсінді. Енді біраздан соң адамдар түгілі, үлкен кеменің өзі де асау су толқындарымен алысп жатқандай көрінді Шолпанға. Өздерін күзетіп, қажет жағдайда қолұшын беретін адамдар да зым-зия. Шолпан қыз олардың қайда кеткендерін біле алмады.
Дауыл басылар емес. Уақыт өткен сайын күшейіп кемені шыбықша шайқауда. Төбе тұсынан сар етіп құйылған су тұла бойын түршіктіріп те жібереді. Абзалдың үсті-басы да малмандай су. Бірақ ол жігіт болған соң денесінің түршіккенін білдіргісі келмейді. Кеме шайқала-шайқала тіпті, бір жағына ауып кететіндей де күйге жеткен. Шолан Абзлдың қолтығынан қос қолдап қысып ұстаған күйі тұр. Салқын су денесін бір түршіктірсе, қарсы беттен соққан суық жел өңменінен өтіп барады.
Абзал, мы-на ке-ме дауыл-дан аунап кет-пей-ме?! Ке-тейік-ші бұл жер-ден! – деді Шолпан қыз енді бір сәтте дауысы дірілдей шығып.
- Қорқып тұрсыз ба? – деді Абзал.
- Қатты қор-қып тұр-мын!
- Бұрын мұндай теңіз дауылын көрмегендікі бұл. Бәріне де үйренесіз.
- Шынымды айт-сам, бас-ым айналып қалды мы-на дауыл-дан!
- Бас айналатын не бар? Бұл нағыз табиғи құбылыс қой!
- Мұндай құ-бы-лы-сы бар бол-сын!
-Мұхит әлемін көруге құмартып едіңіз ғоай.
- Кө-ріп бол-дым ғой, Абзал! Қай-тайық-шы!
- Қайда қайтамыз?
- Ауыл-ға, киіз үйге!
- Мына ғажайып мұхит әлемі ұнамай ма?
- Ұна-май-ды енді! Кере-гі жоқ енді! Қор-қы-нышты екен!
Бірте-бірте қорықпайтын боласыз!
Абзал осыны айтып, Шолпан қызға қарап жымиып қойды. Сол кезде мұхит бетінен қатты шапшыған салқын су Абзалдың бетіне шалп етіп, шашырандысы Шолпан қыздың бетіне тиді. Жас қыз енді жаңағы қорыққанын бір сәтке ұмытып, Абзалға қарап сықылықтай кеп күлді. Бірақ ол күлкісі ұзаққа созылмады. Бойын суық алғандықтан денесі дірілдеп, қайтадан Абзалға тығылды. Алапат теңіз кемесінің алаңқайында екеуі ғана. Қалған адамдардың бәрі дауыл басталғаннан каюта-каюталарына кіріп кеткен. Абзал өзінің сол қолтығын қос қолымен қыса ұстай тығылған Шолпан қызды жауратпауға тырысқан.
Өзі мына дауылдың ұзаққа озылмайтынын, су толқыны шашырандысының тыйылатынын іштей біліп тұр. Бірақ әлі басыла қояр емес. Абзалдың алаңқайдағы бағанды орай ұстап тұрған оң қолының қары тала бастады. Шолпан ғаламшарының алпыс градустық аптапты ыстығын есіне алғанда Шолпан қыздың осы шашыранды суға малынып тұра бергісі де келеді. Тек оған қоса қарсы беттен соққан суық жел ұнамайды. Тістері тістеріне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап-дірілдеп кетеді. Жас кезінде ауыл маңындағы өзен суына сүңгіп алып,салқын судан дәл осылай тістері тістеріне тимей денесі дірілдегенде ондағы ыстық құмға орана жата кететін. Мұнда ондай құм қайдан болсын. Абзаол болса, тап ертігедегі батырлардай мұхит бетінен қатты соққан желден көтеріле шашылған салқын суды да, қарсы беттерінен соққан суық желді де елеместен өзін құшағына қыса түседі.
Осындай күйде біршама уақытты өткізді екеуі. Сырттанқараған адам, расында да екеуін ертегідегі бір нағыз батыр екі кейіпкердей көз алдарына елестетер еді. Буырқанған мұхит суының бетінде тірідей арпалысқан алапат желкенді кеменің алаңқайының дәл ортасындағы бағанды құшақтап, міз бақпай жас жігіт пен жас қыз ғана тұр. Екеуінің ештемеден қорықпайтынына каюта-каютадағы қорқыныш сезімінде отырған адамдар көз жеткізген. Кеменіуң қатты дауылдан көтерілген толқыннан қатты шайқалысына да, үстеріне шашыла төгілген салқын су мен суық желге де төтеп берген екеуі. Каютаға тығылғандарды екеуі осы ерліктерімен таңдандырған. Кейбіреулерінің бұларды бақылап, таңдануға да шамасыз қалған.
Ал Абзалдың ішкі арманы да осы еді. Ол үнемі Шолпан қызмен осылайша оңашалқта болғанды аңсайды. Бірақ бұл жолғы оңашалық Шолпан қызға жайлы болмады. Тұла бойы дірілдеп, тістері тістеріне тимей тұр. Құшағындағы қыз осылайша қалтырап-дірілдеп тұрса, одан қандай ләззат алмақ. Абзал іштей мұны да ойлап қойған. Өзі қанша төздім десе де, құрылықтың адамы болғандықтан мұхит дауылы мен кеменің тынымсыз шайқалысы жалықтырып жіберген. Қыз да бұдан әрі төзе алмақ емес. Тіпті, енді, сөйлеудің өзі де қиын. Абзал мұны да түсінді.
- Шолпан, далаға кетеміз бе? – деді.
- Ке-тейік-ші! – деп Шолпан қыз әзер сөйледі.
- Мұхит әлемі деген осындай болады, Шолпан! Мұны да көрсеттім! Енді мұхиттің не екенін жақсы білетін боласыз. Қазір ауылға қайта ораламыз!
- Абзал, тезі-рек ора-лайық-шы кең дала-мызға! Киіз үйі-мізге!
Абзал қыз өтінішін тез орындауға кірісіт. Әдеттегіше аспандағы Ай сияқты денеге қарап тұрып, күбірлеп бірдемені айтты. Құралынан толқын жіберді. Соның артынша бар дүние әлемі айналып-төңкеріле жөнелгендей болды. Бірақ бұл жолы Шолпанның ол көріністі көруге де мұршасы келмеген. Тұла бойы қалтырап-дірілдеп, Абзалдың сол қолтығынан қос қолдап ұстап әзер тұр. Бар дүние айналып-төңерілгендей сәт орнағанда тіпті, есінен де тана жаздаған. Содан бір кезде тарс жұмып алған екі көзін ашқанда ешқандай мұхиттің де емес, алапат желкенді теңіз кемесінің үстінде де емес, кең даланың төсінде, жалпақ бір тастың үстінде тұрғандарын бір-ақ көрді.
Шолпан тез есін жиып, айнала-төңіректі «Шын ба?» дегендей жай ғана шолып өтті. Ауыл маңында. Бәрі баяғыша. Өрісте ірілі-ұсақты малдар жайылып жүр. Анадай жерде өзен суы күркіреп ағып жатыр. Өзенді жағалай өскен түрлі ағаштардың бұтақтарына түрлі құстар қонып, қайта ұшып кетуде. Ұшпағандары құлаққа жағымды сайрайды. Ауылдың ақсаңқай түсті киіз біршама жоғары көтеріліп қалған Күн сәулесіне шағылысып, әсем бір көрініс береді. Күн сәулесінен тұла бойы да жыли берген. Үстіндегі қазақы ою-өрнекті қамзолы мен етегі ұзын көйлегі екі қолымен ұстап көрді. Судан құрғап үлгеріпті. Абзалдың киімі де кепкен.
Шолпан енді жайман жалпақ тас үстіне отырды. Абзал да қатарласа жайғасқан. Екеуі де әзірге бір біріне тіл қатқан жоқ. Мына дұние өзгерістерінен бастары айналып қалғандай. «Бұл Шолпан ғалашарына келіп нем бар еді, Жерде, елде тыныш жүре бермей. Мұнда келетін ғарышкер-геологтардың құрамына енім нем бар еді, Жер қыртысын зерттей бермей» деп іштей бір өкініп қойды Шолпан қыз. Абзал қыздың бұл ойын оқып алғандай жалт бұрылды. Шолпан қыз өзінің жаңағы ойынан ыңғайсызданғандай Абзалдан көздерін тайдырып әкетті. Тағы да тыныштық басты айналаны. Осының алдында ғана екеуі көрген мұхит қандай қорқынышты еді. Шолпан өмірінде алапат желкенді кемені шайқалтатын дауылды көрмеген. Енді мұхитқа бармақ түгілі, оны естісе де түн ұйқысынан шошып оянатын сияқты. Біраздан соң жас қыз өз өзіне келіп, тіл қата бастады.
- Абзалсіз құп-құрғақ жатқан Кең тегісті қалайша мұхит суының әлеміне айналдыра салдыңыз? Маған әлі де жай бір көрініс болған сияқты!
- Көрініс болса, соншама қорқып, соншама су болып, жаурар ма едіңіз?
- Сонда да сенгім келмейді, - деді Шолпан үсті-басын қарап шығып, - соншама мұхит суын қалайша әп-сәтте Кең тегіске құя салуға болады? Ақылым жетпейді!
- Өзыңыз көргендей, - деп Абзал жымия қысқа жауап берді.
- Ендеше, маған құпия-сырыңызды ашқыңыз келмейді. Онда неге менімен бірге жүресіз? - деп Шолпан қыз әдетінше бұртия қалды.
- Қандай құпия-сыр? – деп жалт қарады Абзал.
- Осы көріністің бәрі құпия көрініс емес пе?
- Қалайша құпия болады. Бәрі де өмірдегідей емес пе? Мына кең дала, ана таулар, өзен, ағаштар, малдар, аңдар мен құстар, ауылдағы адамдар, киіз үйлер, осыдан сәл-ақ бұрын көрген мұхит және тағы басқалардың бәрі де шын ғой!
- Бұлардың шын екеніне сенемін. Маған жұмбақ болып тұрғаны осылардың лезде пайда болып, лезде жоғалып кететіні.
- Оның да еш құпия-сыры жоқ. Жарық сәулесі емес пе, талай рет әңгіме еткен.
- Сонда да ештемені түсіне алар емеспін, Абзал. Сонда біз жарық сәулесінен жаралғанбыз ба? Онда неге осылай бірге жүреміз, сөйлесеміз, қол ұстасамыз?
- Дұрыс қой, - деді Абзал аспандағы Ай сияқты денеге көз салып қойып, - жарық сәулесі болмаса, ол әрекетіміздің бірін де көре алмаймыз, орындай алмаймыз.
- Иә, жарық сәулесінсіз тірішілік әрекеті жоқ.
- Дұрыс айттыңыз, Шолпан. Жарықсыз тірішілік әрекеті жоқ. Мұны өзіңіз де айтып тұрсыз. Енді маған не дейсіз?
Шолпан қыз жауап қатпастан теріс айналып, тағы да бұртия қалды. Абзалдың әлі де бір құпия*-сырды ішінде сақтап тұрғанына іштей риза емес сияқты. Өйткені, өзінің осы кезге дейін бірге қыдырып жүргендегі басты мақсаты да бұл құпия-сырды білу болатын. Сол мақсатына жетсе болды, Кең тегіске қайтудың әрекетіне кіріспек. Әзірге Кең тегістің Шолпан ғаламшарының қай аймағында қалғанын білмейді. Оны көрсеті де, оған жеткізу де жанындағы Абзалдың құдіретті құралының құзырында. Абзалға мына табиғат әлемін өзгерте салу еш қиын емес. Өзі осы кезге дейін «Адам баласы табиғат әлемін дәл осылайша әп-сәтте қалағанындай өзгерте алады» деп ешқашан ойлап көрмеген. Енді олай болатынына көздерін жеткізді. Тек әлі де өң мен түс сияты өзіне.
Біраздан соң Шолпанорнынан жайымен тұрып, ауылға қарай жүрді. Осының алдында болған мұхиттағы дауылдан қатты шайқалған кемеде әбден шаршапты. Ауыл орталығындағы өзіне арнайы тігілген ақшаңқай түсті үлкен киіз үйіне барып дамалуды ойлаған. Абзал қыздың бұл ойын іштей түсініп, соңынан ерген. Қатар-қатар тігілген ақ түсті киіз үйлер құстардың ақ түсті жұмыртқаларындай алыстан көз тартады. Киіз үйлердің ара-арасында жаяу адам еркін жүретін жолдар бар. Тұрғындары сол жолдармен жүріп-тұруда. Абзал мен Шолпан қатарласа жүріп, орталықтағы үлкен ақшаңқай түсті киіз үйдің алдына келді. Осы жерде Шолпан қыз Абзалға бұрылып:
- Мұхит әлемін көрсеткеніңізге мол алғыстымын! Енді мен шамалы уақыт демалайын. Содан соң қайта кезігерміз. Кездескенше сау болыңыз! – деді.
Абзал Шолпанға қиыла қарады. Жас қыздың талдырмаш денесі, бота көздері, ұзын бұрымы, маңдайының үстіндегі бұйраланған кішкене кекілі Абзалдың оған деген махаббат сезімін еселей түскен. Сол сезіммен қызды біразға дейін жібермеуге тырысты. Ішкі басты арманы да Шолпанмен күн сайын осылай кездесіп, осылай серуендеу, сырласу. Бүгін де сол мақсатын орындады. Тек Шолпанды мұхиттағы дауылда шамалы қорқытып алды. Бірақ оның да бір естен кетпес қызықты оқиға болып қалатыны белгілі еді. Шолпан да оны түсінген сияқты. Абзал енді Шолпанға біршама уақыт демалыстың қажет екенін түсініп, оған оғң қолын ұсынды. Бірі үлкен, бірі кішілеу екі қолдың жұмсақ алақандары жай ғана жанасты. Содан соң Шолпан Абзалға тағы бір жымия қарап, кейін бұрылып, киіз үйге еніп кетті. Абзал ерекше бөлек бір бақытты сезімде өзі тұратын киіз үйіне қарай жүре берді.
Аңғардағы арпалыс
Шадыман түнгі ұйқысынан түс көріп оянған. Көзі ұйқыға ілінсе болды, тап бір өңіндегідей түстер баурап алатын болған. Ол түстерінде негізінен көретіні Шолпан қыз. Күндіз ол қыз жайлы ойламаса да солай. Түсінде осы Емшектаудың жанына келеді. Өзімен кездеседі. Айтқан сөздері де анық есінде қалады. Ал осы түнде көрген түсінде Шолпан қыз тіпті, іштегі су бассейнінің жиегінде кездескен. Таң мезгілі болса керек. Шолпан қыз тап бір су перілері сияқты бассейін суынан шыға келгендей көрінген. Шадыман оның оң қолымен оң қолынан шап беріп ұстай алып жағаға шығарған. Қыздың киімдері болса да су. Тұла бойы дір-дір етеді. Шадыман оны дереу су бассейіні жағасындағы арнайы дене жылытқыш шам бар орынға жеткізген. Алғашында бота көздері өзіне қадалып, ауызындағы ақ маржандай тістері тістеріне тимей, сөйлеуге де мұршасы келмеген. Тек сәлден соң ғана есіне келе бастаған.
- Сен қайда болдың, Шолпан қыз? – деген өзі сол кезде оған әбіржи қарап.
- Мен, алыста болдым, өте алыста, Шадыман аға! Сіздер мені іздедіңіздер ме? - деген Шолпан қыз жай ғана сйөлеп.
Неге іздемейміз, Шолпан. Біз сені күнде іздеміз!
- Іздесеңіздер осы кезге дейін неге таба алмадыңыздар мені?
- Таба алмадық. Енді таптым!
- Жоқ, Шадыман аға, сіздер мені әлі тапқан жоқсыздар! Мен де сіздерді таба алған жоқпын!
- Бізді қалай тапқан жоқсыз, Шолпан? Менің қасымда отырған жоқсың ба?
- Жоқ, Шадыман аға, біз бір бірімізді тапқан жоқпыз. Бір бірімізден әлі алыстамыз. Бірақ мен өзімнің сіздерден қанша жер алыста екенімді айта алмаймын. Мына жарық дүние өте құбылмалы болып тұр маған.
- Оның шет-жағасын біз де көріп жүрміз, Шолпан, - деп Шадыман қыздың бота көздеріне қадала қараған. – бірақ ол көріністерден сені көргенімізбен жолыға алмадық.
- Иә, Шадыман аға, сіздер мені телеэкрандағыдай көре алдыңыздар. Оны білемін. Үміттеріңізді үзбеңіздер. Мен ораламын.
- Қалай ораласың. Жанымда отырған жоқсың ба?
- Жоқ, Шадыман аға. Мен әлі сіздермен бірге емеспін.
- Мына бассейіннің суына қалай түсіп кеттің?
- Мен бассейін суына түскен жоқпын. Мұхит суының бетінде алапат желкенді кемемен жүздім.
- Жалғыз һөзің бе?
- Жоқ, жанымда Абзал есімді замандас жігіт болды.
- Абзал?
- Иә, Шадыман аға. Мен сол жігітті кезіктіргенмін. Онымен бірге серуендеймін.
Шолпанның бұл сөзінен кейін Шадыманның бойын қарамағындағы жас қызға деген қызғаныш сезімі билеген. «Мен сені бейтаныс жігітке бермеймін!» деп, жас қызды өзіне қарай тарта түскен. Сол кезде таң бозарып қалған. Қолдан жасалған Жер ғаламшары табиғаты жағдайындағы ортадағы түрлі тірішілік иелері қозғала бастаған. Енді сәлден соң ағаш бұтақтарындағы көзге іліге бермейтін Бұлбұл құстар сайрап ала жөнелген. Шадыман айналасына жалтақ-жалтақ қараған. Шолпанның үстіндегі киімдпрінің де кепкенін анық көрген. Шолпаннан тағы да көз жазып қалмауы үшін сол қолымен оның оң қолын мықтылап ұстап тұрып:
- Шолпан қызым, менімен жүре ғой. Ғарышкер-геологтар үйіне баралық. Олар да сені сағынынуда. Оларға жолыққаннан кейін асханадан асі ішесің, содан соң өзіңнің жатын пәтеріңе барып демаласың. Қалпыңа келесің. Жүре ғой. Әйтпесе, біз сеннен тағы да көз жазып қаламыз, - деген.
- Мен де сіздерді сағындым, - деп Шолпан бірге жүргендей болып еді, электронды сағаттың сыңғыр еткен дыбысы ұйқыдан оятып жіберген.
Жаңағы түсінде көргендерінің бірі де жоқ. Жатын бөлмеде, төсігінің үстінде жалғыз жатыр. Басын жұмсақ жастықтан көтеріп, төсек үстіне отырып, ойға батты. Көңіл-күйі төмен түсіп кеткен. Мұндай көңілсіз сәттері әдетте Шолпан ғаламшары аймақтарын бұрғы қондырғылармен бұрғылап әрі Шолпан қызды іздеп таба алмай келген кешкі мезгілдерде болуыш еді. Ал мына көңілсідік сезімі енді тіпті, тұрып, бой жазуына да мүмкіндік бермейтіндей. Отырған төсегінен әрең тұрды. Үлкен терезенің қазақы ою-өрнекті пердесін сырып ашатын жүйені іске қосатын түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен.
Таң атып келеді екен. Жасанды ортадағы шағын табиғаттың бар көрінісі көз алдында. Аллея, бассейін, оның төңірегіндегі түрлі ағаштар, отырып демалатын ағаш орындықтар мен тағы басқалар адам баласы тірішілігінің көрінісін айқындап тұр. Осы жаңа ғана түсінде бассейін жағасындағы дене жылытқыш шам бар орындағы ағаш орындықта Шолпан қыз екеуі тап бір осы өңіндегідей әңгімелесіп отырған еді. Тіпті, сол қолымен оның оң қолын да ұстаған. Егер осы өңінде болғанда, оны бір сәтке де ешқайда жібермес еді. Өкінішке орай түсінде болды бәрі де.
Шадыман жаймен сырт киімін киіп, есігін де жаймен ашып, сыртқа шықты. Аллеяға түсіп, түсінде Шолпан қыз екеуі қатар отырған ағаш орындықтың жанына келді. Бүгін күн жексенбі, демалыс болғандықтан әрптестерінің бәрі де түнгі ұйқыларынан ояна қойған жоқ еді. Шаршап-шалдығып жүріп жеткен демалыс күндерінде тып-тыныш демалғандарын да қалады Шадыман. Ал басшы қашан да ұйқыдан сергек болуы керек. Тек Шолпан ғаламшарын ғылыми зерттеу ғана ма еді, түн ұйқысын төрт бөлетін, енді оған қапелімде көз жазып қалған Шолпан қыз да қосылған. Ғаламшардың қай аймағындағы тегісті бұрғы қондырғылармен бұрғылауға барса да әуелі ШОлпанның ізін іздейді, қалай да тауып алуды көздейді. Бірақ, өкінішке орай, әзірге еш нәтиже жоқ. Қарамағындағы зерек қыз тек түсіне ене береді. Түндегі түсіндегідей кездеседі, тілдеседі, мұңын шағады, арманын айтады, өздерін сағынғанын білдіреді. Осының бәрі де Шадыманға жеңіл тимеген.
Шадыман осының бәрін ой елегінен өткізіп, онан сайын көңілсіденді. Жер-дүниеге сыймай кететін де түрі бар. Ағаш орындықтан ширақ тұрып, түсінде өзі тартып шығарып алған бассейін суына келіп, еңкейін салқын сумен бет-әлпетін шайды. Түсіндегі Шолпан қызды тағы да көз алдына елестетті. Одан басқа амалы да жоқ. Айнала тып-тыныш. Шағын табиғат аясы әдеттегі таң мезгіліндегідей мүлгіп тұр. Анда-санда сайраған Бұлбұл құс пен тағы басқа да құстардың сайраған жағымды дауыстары құлаққа жетеді. Сонда да Шадыманның көңіл-күйі онша көтеріле қоймаған.
Осы тұста ол адам баласының көңіл-күйінің көтерілуінің тек тамаша табиғат көріністері мен құстардың тамаша дауыстарына байланысты емес екенін түсінщді. Егер тек соған байланысты болатын болса, дәл қазір Шадыман да шаттанып кеткен болар ма еді. Енді таң мезгілінде тамаша сайрайтын Бұлбұл екеш Бұлбұл құстың сайрағаны да көңіл-күйін көтерер емес. Шадыманға енді керісінше, бар табиғат сүреңсізденіп, Бұлбұл құстардың дауытары да жағымсыданып кеткендей. Мына ортадағының бәрі де суық тартақандай.
Сәлден соң Шадыман ойына әлдене түсе кеткендей Ғарышкерлер үйіне қарады. Содан соң жылдам басып өзінің пәтеріне келіп, ондағы асханада автоматты аспазшыға тапсырыс беріп, таңғы астан аздап алды, бір шыны көфе ішті.. А Үлкен асханаға барғысы келмеген. Сөйтіп, үстіне оттегі баллондар бекітілген жеңіл комбинезонын, басына шлемін киіп, пәтерінен қайта шығып, Емшектаудан сыртқа жаяу шығатын жолға түскен. Шығар қақпаға жеткен соң оның дәлізіндегі екі есіктің аралығындағы шағын шыны үйшіктің ішіне еніп, үстел үстіндегі шағын тақтадан салқын ауаны жылытатын жүйені іске қосатын түйемні оң қолының сұқ саусағымен нұқыды. Артынша ысылдаған дыбыс шығып, қабырғалардан бу шықты. Ол бу бірте-бірте қоюланып, іште ештеме көзге шалынбайтындай күй орнады. Егер өзі шыны үйшіктің ішінде болмағанда қалай қарай жүрерін де білмей қалған болар еді. Алдындағы алты қырлы эңраннан іштегі барлық жағдай анық көрсетіліп тұр. Барлық жағдай қалыпты. Шадыман енді осы дәліздегі темпераураның Цельсий бағамымен алпыс градусқа дейін көтерілун күтті. Сол кезде қарсы алдындағы қақпа автоматты түрде ашылмақ.
Іштің булануы көпке созылмады. Қанша дегенмен де бұл бұрғы қондырғы кемелер шығатын құбыр жол емес. Экранның жоғарғы тұсындағы термометрдің қызыл сұйығы көтеріле-көтеріле қажетті температураға жетті, атмосфералық қысым Шолпан ғаламшарының атмосфералық қысымымен теңесті. Шадыман сол замат басындағы шлемінің алғы шынысын жапты. Комбинезонының арқасына бекітілген оттегі баллондарынан шлемге оттегі келетін түтіктердің жайын тексерді. Соның артынша алдындағы қақпа да жайымен айқара ашыла берді. Қанша ысытылса да есіктердің саңылау-саңылауларында қалып қойған ылғал сырттан қарсы келген ыстықтан буланып ала жөнелді. Бірақ ондай көрініс үйреншікті болғандықтан Шадыман оған аса мән бере қоймады. Іштейгі басты мақсаты осы Емшектаудың төңірегін жаяу бір шарлап көрмек-ті. Сол мақсатымен бүгінгі демалыста әріптестерін мазалмай бір өзі шықты.
Осы қос тауға Емшектау деген атты өзі қойған соң оның қыз емшегіне қаншалықты ұқсас екендігіне үнемі көңіл бөледі. Әріптестеріне өзінің ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін бұл қос тауды неше рет анықтап сіуретке де түсірген. Таулар ешбір күмәнсіз қыздың қос емшегіне ұқсайды. Қос таудың төбесіндегі қарайған ұштары да қыз емшегінің қарайған ұштарындай. Тек ғаламат үлкен! Қос тауды анықтап көру үшін талай жерге алыстап барып қарау керек. Әуе-ғарыш кемесімен Шолпан аспанына ұшып шығып, кеменің дөңгелек терезелерінен қараса, тіпті де ғажап! Шадыман осында келгелі бұл ғажайып табиғи алапат мүсінге тәнті. «Сонда, дана қазақ халқымыз осы Шолпан ғаламшарынан қыз бейнесін сонау Жерден, елден көре білген бе?» деген де ой келеді кейде Шадыманға.
Кейде балалығы ұстағандай осы қос таудың бел-беліне, жартас-жартасына жаяу шығуды да армандап қояды іштей. Бірақ енді оға уақыты қайда, күш-қуаты қайда. Осы қос Емшектаудың астындағы ұңғы іші толығымен тап Жердегі сияқты табиғат аясына айналдырылған. Онда шағын тау да, тас та, көл де бар. Сондықта да өзі де, басқалар да бұл таудың басына жайу шығуды аса қалай бермейді. Ғылыми зерттеу жұмыстарын аяқтаған соң сол ортада болады үнемі. Ал түн тыныштығында Шолпан қызды түсінде көрген соң Шадыман жер-дүниеге сыймағандай күй кешіп, «Бәлкім, мен оны осы қос Емшектаудың төңірегінен кездестіріп қалармын» деген үмітпен осылай қарай шығып кеткен. Енді Шадыманға Шолпан қызды алыстан болса да бір көріп қалудың өзі де бір арман. Сол арманы енді бойына ерен батылдық сезімін сіңірген.
Шадыман алға қарай жүре түсті. Айнала дүние әлемі енді өзіне еш қызықсыз, еш әсерсіздей. Тек топ басшысы болған осң өзін орташа көңіл-күйде ұстауға, ешкімге білдірмеуге тырысады. Өйткені, өзінің жасаған әрбір ісі қарамағындағыларға үлгі болуы тиісті. Қатты қуанғанын да, қатты ренжігенін де білдірмейді қарамағындағыларына. Басыш ретінде оларды қашан да жақсы нәрсеге қарай жетелейді. Осы уақыттың ішінде талай оқиғалар да болып өткен. Жер тәуілігімен есептегенде екі күннің бірінде түрлі жағдайлар болып жатады. Ғалымдар мен мамандардың бірі алпыс градус ыстық аптапта су іздей беруден жалықса, екінші бірі әлденеден қорыққандай Жерге қайтуды жиі еске салады. Ал Шолпан қыз жоғалғалы ондай үрейлі сөздер тіпті де жиілеп кеткен. Демалыс күндерінің жиі жариялануының басты бір себебі де содан-ды.
Ал Жерден осында алғаш келген кездері демлаыс күн дегенді білмеген ешқайсысы. Ол кезде Шолпан ғаламшарының аптапты ыстығы да, желі мен нөсерлі найзағайын да тыңдамай зерттеу жүргізетін түрлі аймаққа. Ешқайсысы да осындай күтпеген өкінішті оқиғаны бастан кешеміз деп ойламаған. Енді бәрі де өз жұмыстарына мұқият. Сырт жағдайлардан өте сақ. Шадыман Емшектауға өздерінен бұрын келген құрылысшылар жасаған тепкешектермен өрлей бере осының бәрін де ой елегінен өткізіп үлгерді. Егер осы тау Жерде болса, онда үстіне комбинезон, басына шлем кимес еді. Шадыман шамалы көтерілгеннен кейін Жердегі, елдегі дәл осыған ұқсас тепкешекпен тауға шыққанын есіне алды. Ол тепкешектер адамды тауға алып шығатын техникалардың жоқтығынан емес, адам баласының жаяу шығып, серуен жасауына мүмкіндік тудыру үшін жасалған-ды. Ал мына тепкешектер ғылыми зерттеулер үшін, кейде осылай көтеріліп, айнала-төңіректі бақылап-барлау үшін жасалған-ды.
Шадыман мыңға жуық тепкешекті басып көтерілген кезде оттегілі комбинезоны болса да кәдімгідей алқынып та қалды. Шыны шлемінің маңдайы тұсындағы термометрдің қызыл түсті сұйығы да жиырма бес градустан жоғарылап қалған. Маңдайнан шып-шып тер де шыға бастаған. Енді емін-еркін келіп тұрған оттегі де көмек берер емес. Айнала-төңірегі де көздеріне біресе қызғылттанғандай, біресе сарғыштанғандай болып көрінеді. Шадыман ондай көріністерден қанша ер, қанша батыр болса да секем алмай қалмайды. Ондай сәтте аяқтары тепкешектің бірінен мүлт кетсе, төмен қарай домалай жөнелмек. Сол үшін де тепкешектердің тұла бойына ұстағыш темір жасалған. Шадыман оң қолымен содн ұстіп, сырғыта жылжытып, аяқтарымен тепкешектерді жайымен басып, жоғары қарай көтеріліп келеді. Биіктеген сайын тұла бойы комбинезонның ішінде, он сегіз градус жылылықта болса да сырттағы аптапты ыстықты сезе түседі.
Сонда да кейін қарай түсер ойы жоқ. Қайта тау басына жақындаған сайын бір жігерлі үміт өзін ілгері қарай тарта түскендей болады. Таудың адамды осылай елдіріп әкете беретін құпия құдіретті қасиетін Шадыман іуел бастан біледі. Жастайынан тау құмар болатын. Сол қызығушылық өзін ғарышкер-геолог мамандығына алып келген. Енді Күн жүйесіндегі осы ғажайып Шолпан ғаламшарын зерттеуге де келді. Тек осы Шолпан ғаламшарын зерттеп жүріп, құрамдағы зерек Шолпан қызды жоғалтып алғаны өкінішті. Бұл таудың басына серуен үішн емес, биіктен айнала-төңіректен Шолпан қызды көзбен барлай іздеу үшін шығып келеді. Шолпан қызды тапса, Жерге, елге армансыз оралмақ.
Сол үміт өзінің үлкен жігеріне жігер қосады. Тау басынан да, жел мен аптапты ыстықтан да қорқар жайы жоқ. Тек ілгері, ілгері қарай басып, көтеріліп келеді. Сөйтіп, таудың бір беліне де шықты-ау! Көз алдында жас қыздың қос анарындай болып Емшектеу тұр. Оның қолмен құйып жасағндай екендігі сондай, қос Емшектау демеуге де негіз жоқ сяиқты. Шадыман осыған да іштей риза. Енді бел дегі жалпақ тас үстінде тұрып, айнала-төңірекке көз жіберген.Төменнен үлкен аңғарды көрді. «Шолпан қызды сол аңғар ішінен іздеп көрсем қайтеді?» деген ой келді басына.
Сол ойымен төмен қарай түсті. Етегіне жеткен соң сол үлкен аңғарға қарай жүрді. Ол бір заманда суы арқырап-күркіреп ағып жатқан өзен суының құрғап қалған аңғары. Жаңа биікте тұрғанда осы аңғарда өзен суы күркірей ағып жатқандай елес берген көзіне. Шадыман: «Осы аңғарда бір тамшы су қалса ғой» деп бір ойлап қойды.. Аңғардың жиегінің биік жарқабақты жеріне жеткен соң жан-жағын барлап біраз тұрды. Шадыманға мұндай аңғар тансық емес. Бұл ғаламшардағы алапат өзен аңғарын кіім білмейді.
Сәлден соң аңғардың бір жайпауыт жерін тауып, ішіне түспек болды. Сөйтіп кейін қарай бұрыла бергенде, тұрған жарқабақ кенеттен опырылып кетіп, өзі аңғар ішіне қарай домалап ала жөнелді. Аяқтарын тірейтін, иә болмаса, екі қолымен қармап ұстайтын бір кертік тас, иә ағаш тамыры болсайшы. Оның үстіне киген комбинезоны да еркін қозғалуын шектеген. Шадыманның басы айналды. Дүние-елмі бейнебір айналып-төңкеріліп барады. Оған Шолпан ғаламшарының атмосфералық қысымы қосылғандай. Егер үстіне киген қорғаныс комбинезоны болмаса, онда өміріне тіпті де қауіп төнер еді. Жақсы болғанда, арқа-беліндегі қос оттегі баллондарына да зақым келмеген.
Домалай-домалай келіп, етбетінен жатып қалған. Аңғыр іші тым-тырыс. Не жел, не дыбыс жоқ. Желдің Шолпанның үстінде де мардымсыз соғатыны белгілі. Енді дыбыстың да болмауы бұл әлемде ешбір тірішілік белгісінің жоқтығын байқатқандай. Өзі күтпеген жерден дәл осындай күйге түсемін деп ойлап па. Жаңа ғана үстінен қарағанда аса терең емес сияқтанып көрінген аңғар түбі Шадыманға тап бір зындан тереңіндей де болып кеткен. Аңғар ернеуін жайымен аунап, шалқалап жатқанда байқаған. Ғаламшар аспанындағы қою ала бұлттар әдеттегісінше жылдам жөңки жылжып барады. Бар дүние сарғыш түске боялғандай көрініс. Мүгіген таулар мен ірі-ірі тастар өзін осындай бір тыныштық дүниесіне тартып әкеткендей. Соны айқындай түскісі келгендей аспандағы қою ала бұлттар да Күн көзін ашар емес. Мұндай көріністің ешбір адам баласының көңіл-күйін көтермейтіні белгілі.
Шадыман осындай күйге түссе де, қарамағындағы жоғалған Шолпан қыз үшін бұдан да зор қиындықтар мен қатерлерге баратынын ойлап қойды. Шалқалай жатқан бойда ғаламшардың үнсіз, тілсіз бұлттарын қарақ көздерімен асықпай бақылады. Ғаламшар аспанда жылдам жөңкіген бұлттардың бағыттарына қарама-қарсы бағытта айналып бара жатқандай көрінетінінен де сескенбеді. Шолпан қызды жоғалтып алғаннан кейін-ақ бойын осындай ерекше батырлық сезімі билеген-ді. Тірішілік әлемі сұрықсыз тартқандай. Ғарышкер-геологтарға басшы болудан да бас тарқысы келді. Тек осындай тып-тыныш дүние әлемі де керек сияқты енді өзінің жан-дүниесіне.
Бірақ Шолпан аспанындағы қою ала бұлттар тынышсыз. Олар еш тоқтамай жөңкиді. Араларынан ара-тұра жарқ етіп найзағай оты көзге шалынады. Жаңбыр нөсері сирек. Ал егер осы найзағай Жер ғаламшарының аспанында жарқылдаса, соңынан жаңбыр нөсерлетер еді. Мұнда ол жоқ. Тектымырсық ыстық үстінде комбинезоны болса да бірте-бірте ысытып, буып барады. Сәлден соң тамағы кеуіп, шөлдей бастаған. Жай қозғалып, түрегеп отырып, сол қолымен қынындағы ішінде су бар, микротоңазытқыш жүйелерімен жабдықталған шағын шөлмегін алды. Шолпан ғаламшары жағдайында су су ішудің өзі де бір михнат. Шадыман ыдыстың басындағы кішкене түтікті аузына жақындатты. Сол замат сырт еткен дыбыс шығып, түтік шлем иегінен ашылған кішкене тесік арқылы ауызына жетті. Сырт еткен дыбыс тағы қаталанды. Бұл шлем иегіндегі түтік енген жердің тығыз жабылған дыбсы еді. Салқын суы түтік бойымен көтерілді. Шадыман суыд жаймен сорып ішіп, шамалы болса да әлденіп қалды. Тұла бойы да шираған. Су ішіп болған соң әлгі іс қайтланды. Шөлмекті қайта қынына салды.
Енді алдын ақ тұман шалғандай болған көздері де айнала-төңіректі анық көре бастады. Аңғардың ішіндегі ірілі-ұсақты тастар да «Енді мені анықтап көріп ал» дегендей бадырайтып-бадырайып жатыр. Шадыман енді отырған орнынан тұруға талпынды. Сол кезде сол аяғының тізе тұсы солқ етіп шаншып кетті. Жаңа аңғр жарқабағы кенеттен опырылып, өзі құлап, төмен қарай домалағанда сол тізесін қандай да бір тасқа қатты соғып алса керек. Комбинезонынң ішікі жағында болған соң онша сезбепті. Енді орннан түрегелуге талпынған кезде ауырып бастаған. Шадыман ауызын сәл ашып, біресе тістеніп, сол аяғының тізесін сол қолының алақанымен жай сипалап біраз отырды. Енді өзінің мына терең аңғар ішінен оңайлықпен қайта шыға алмайтынын іштей сезді.Жаңа ғана көздеріне шығып кетуге оңай сияқтанып көрінген аңғар жарқаақтары бейнебір аспанға шығып кеткендей. Аспандағы қою ала бұлттар да «Ал енді қош бол!» дегендей жылдам жөңкіп барады. Соның артынша басы тағы да айналғандай, одан соң басы емес, Шолпан ғалмшарының өзі аналып бара жатқандай болды. Қайсысы айналса да Шадыманға енді оңай соғар емес.
Қиналған сайын өмір сүруге деген жанталасы арта түсті. Жай кездерде «Өмір сүргім келмейді» дейтін сөздері жай сөздер болып шықты. Өмір мен өлім арпалысқан кезде адам пенде бірден-ақ өмір жағына шыға келеді екен. Енді дәл қазір тек өзі үшін емес, Шолпан қыз бен әріптестері үшін де күш жинауға тырысты. Кмбинезонының кеудесіндегі кішкентай ғана бейнебайланыс құралын іске қосыты да:
- Әріптестерім, мен үлкен аңғар ішіне құладым! Сол аяғымнан жарақат алдым! Қайта шыа алмай жатырмын! – деп жай ғана сөйледі.
Сөйтіп, бірнеше минуттар бойы жауап күтіп жатты. Бірақ олардан жауап болмады. Енді мына меңіреу табиғат аясында бір өзі. Ендігші бір үміті осы Шолпан ғалмшарының батпайтын Күні, атпайтын таңы. Жер тәуілігі есебімен алғанда екі жүз қырық тәуілікке созылатын күні қалай өтсін. Жердегі бұлтты күндей болып тұрады да алады. Сол жағынан келгенде, мына аңғар ішінен сыртқа қайта шығуға қанша уақыт арпалысса да қараңғыға қалмақ емес.
Бірақ Шолпан күні ұзақ олғанымен жата берудің де реті жоқ. Оның үстіне аласапыран болып іздеп жүрген әріптестері бар. Сондықтан уақыт жоғалтпай осы аңғардың жарқабағынан көрінген шағын үңгір ішіне кіріп, салқындау ортада комбинезонының сол балағын жоғары көтеріп, алған жарақатын артқы екі қалтасының біріндегі арнайы сұйқпен жуып, жабысқыш матамен таңуы керек. Ал мына ашық жерде оны жасау еш мүмкін емес. Алпыс градус ыстық аяғынан өтіп кетпек. Шадыман жай ғана қозғалып, өзі жатқан жерден сәл ғана арыдағы бір жалпақ тастың үстіне шықты. Ол тастың үстінен әлгі қарайған үңгір тіпті анық көрінеді екен. Ол үңгірдің неден, қалай пайда болғаны өзіне қазір қажет емес. Керегі, оның сырттан салқындау іші. Енді уақыт өткізе берсе, тізесінен қан көп кетіп, одан сайын әлсіремек.
Бойындағы бар күшін жинақтап, сол аяғының тізесінің қатты ауырғанына қарамастан сылтып басып сол үңгірдің аузына да жетті. Адам баласы емін-еркін жүұріп-тұра алатын іші сәл қараңғылау. Егер ғаламшардың аспанын бұлт торламаса, ішкі жағы жарығырақ болмақ. Шадыман алғанышнда үңгір ішіне кіруге батпады. Қанша дегенмен де бұл Жер ғаламшарындағы үңгір емес. Бірақ тағы да шегнуге жол жоқ. Жаймен ене берген.Іші кең, төбе қабырғасы биік екен. Енген бойда жүрген аяқ дыбысы сәл де болса жаңғырығып естілгендей болды өзіне. Ішкі жағы қараңғылана түсті. Шадыман кеудесінің сол жағындағы қалтасынан шағын қолшамын сол қолына ұстай оның түймесін басты. Алдыңғы жағы біршама жарықтанды. Шадыман сонда да ілгері қарай жүре түсті. Ондағы ойы: «Тереңі салқынырақ болар» дегені еді. Жоқ, ішіне қарай енген сайын тымырсықтана берген. Кейін бұрылып қарағанда үңгір ауызы тап бір ұзын құбырдың ауызындай кішкене болып көрінді.
Әрі қарай жүрмеді. Сол жерден отырып сол аяғына ем-дом жасайтын жалпақ тас іздеді. Ол да бар екен. Жлпақтау тас үстіне отыра кетті. Ем-дом жасамастан бұрын айнала-төңірегін тағы бір барлап алды қолшамымен. Ештеме жоқ сияқты. Тек әрбір қозғалған дыбысы сәл жаңғырығып естіледі. Бөтен дыбыс жоқ. Сонда да «Шолпан ғаламшарының үлкен бір аңғарындағы үңгір ішінде ештеме болмайды» деп тұжырым жасауға негіз жоқ еді. Жалпақ тас үстінде отырғанымен басын айналдыра қозғап, көздерімен үңгір ішін шолумен болды. Төбе тұсыда ана анарларындағыдай ұштары қарйған емшек тастар көп екен. Соған қарағанда ол емшек тастардан бір кездері су тамшылаған да сияқты. Қолшамының сәулесі түскенде олар жақұттай жылтырайды. Мұндай көріністер Шадыманға тансық еме. Мамандығы геолог болған соң мұндайларды Жердегі үңгірлерде талай рет кездестірген. Тек мына үңгірдегі емшек тастар олардан сәл бөлекшелеу.
Шадыман енді уақыт жоғалпау үшін комбинезонының сол балағының сырмасын ағытып, тізесінен жоғары көтерді. Содан соң қан тоқтатқыш жабысқақ матаны жарақатқа жапсырды. Сол кезде жарақаттың ашуынан дауысы қатты шығып кеткен. Ол өзіне зиян болып тиді. Дауысы үңгір қабырғаларынан жаңғырығып, бірнеше рет қайталанды. Төбе қабырғасының кей жерлерінен ірілі-ұсақты тастар да құлап түсіп үлгерген. Соның артынша үңгірдің терең түп жағында жылтыраған сегіз көз пайда болды. Шадыман сол аяғының ауырғанына қарамастан тез есін жиды. Орнынан ширақ түрып, оң қолына қынындағы лазерлі тапаншасын алды. Сол кезде әлгі сегіз көзді мақұлық өзіне қарай жақындай берді. Алғашында Шадыман осол қолындағы қорлшамының мардымсыз жарығынан оның не мақұлық екенін ажырата алмаған еді. Енді байқаса, ол шын мәнінде де оттай жанған сегіз көзі бар, тұрпаты Айдаһар жыланға ұқсас мақұлық екен. Тас еденмен жылжығаны да, ысылдағаны да соны еске түсіреді.
Қанша қарулы болса да Шадыман одан қорқайын деді. «Табиғаты енді-енді ғана жанданып келе жатқан Шолпан ғалымшарының үлкен аңғарындағы бір үңгірден осындай құбыжық шыға келеді» деп ойлап па. Қатты айғайлап жіберіп, мына құбыжықты оятып алса да, сол аяғының жарақатын таңып үлгергеніне іштей қуанды. Алғашқыдағысынан ширек қозғалып, кейін шегіне берген. Сегіз көзді мақұлық өзіне жақындап та қалған. Шадыман енді шыдамады. Оі қолынының саусақтарым ен қыса ұстаған тапаншасынан лазер сәулесін оған қарай бірнеше рет жіберіп, өзі тағы да кейіндей берді. Сегіз көөздің үшеуі жоқ болды. Оның есесіне мақұлықтың өзіне қарай жыолжуы мен ысылдауы күшейе түсті. Шадыман сол аяғының тізесінің әлі де ауыратынына қарамастан шегінісін жылдамдатты. Мақұлық та қайтар емес. Үңгірдің шығар ауызына жақындағанда оның шын мәнінде де көздері сегіз, денесі жуан әрі ұзын, түрі қорқынышты мақұлықекенін анық көрді.
Шадыман одан қанша қорқып шегініп келе жатса да, тапаншасынан оған қарай тағы да бірнеше рет лазер сәулесін жіберді. Мақұлықтың жан дауысы шықты. Бірақ сегіз көзінің біреуі сөнбепті. Сол бойыман өзін үңгір ішінен шығып кеткенше қуалады. Шадыман үңгірден шыққан бойда кейінгі жағына қарамағандықтан шағын бір қырлы тасқа оң аяғымен соқтығып, сол қырынан тасты жерге құлап түсті. Сол мезетте мақұлық та жетіп қалған. Шадыман тасты жерде жатса да оң қолындағы тапаншамен мақұлыққа тағы бір лазер сәулесін атты. Бірақ ол сәуле оған тимеді. Енді қшар жер, қорғанар орын қалмады. Онымен арпалысуға тура келмек. Үстінде тысы қалың комбинезоны болмаса, мақұлықтың жалаңдаған отты тілдерінің өзі де денесін күйдіріп жібермек. Мақұлықтың бір метрге дейін ұзаратын отты тілі комбинезонының жылтыр тысына жетіп, тайқып кейін кетіп, ауызына қайта кіріп жатты.
Бірақ, соншама отты көздерінен айырылған мақұлық алғашқысынан біршама әлсіреп те қалды. Сонда да дес бермеуге тарасып бағады. Лазер сәулелері күйдірген көздерінің орындарынан бу бұрқырап, денесі дір-діретсе де қарсыласын жеңіден күдерін үзер емес. Дем жетпегендей арандай ауызын қайта-қайта аша береді. Шадыман тапаншасынан лазер сәулесін үсті-үстіне жібере берді мақұлыққа қарай. Кенет сегіз көзді мақұлықтың басының ұшып келіп, өзінің денесіне сарт етіп қатты тиіп, өзінің тас еденге ұшып түскенін бір-ақ білді.
Құлаған орнынан тез қайта тұруға талпынғанда мақұлық басының аман қалған жағыз көзінің өзіне төне қадалып тұрғанын көрді. Енді оң қолының саусақтарыменқыса ұстаған тапаншасының лазер сәулесін мақұлықтың басына туралауға да мүмкіндігі қалмаған еді. Тағы тез қозғалып, басты қос қолымен қыса ұстады да, жаныдағы жалпақ тасқа қатты бір соқты. Мақұлық кәдімігдей есеңіреп қалған. Бірақ әлі де қайтар емес. Арпалыс жалғаса берді. Мақұлықтың басын сол қос қолдап қыса ұстаған бойы Шадыман оынмен бірге бірнеше рет аунады. Сонда да қолдарын босатпады. Босатса, өзінің де тасқа соғылуы оп-оңай. Мақұлық та өзінің тірішілігінде мұндай күті әрі айлалы тірішілік иесін оңайлықпен жеңе алмайтынын сезетіндей бейберект қозғалақтайды. Шадыман сол бейберекеттігін пайдаланып бның басын қырлы тасқа бірнеше рет соқты. Тек содан соң ғана барып мақұлық әлсірей берді.
Егер мақұлықтың сегіз көзі бірдей лазер сәулелерінен дін аман болғанда, жеңу қиынға соғатын екен. Бақытына қарай үңгір ішінен сырқа шықпай жатып-ақ мақұлықтың жеті көзі жойылды. Енді оның соңғы, сегізінші көзін жойуы қажет. Оң қолының саусақтарымен қыса ұстаған тапаншасынан лазерсәулесін тағы жіберудің реті келер емес. Бар болғаны мақұлықтың басын қос қолымен қыса ұстаған бойында онымен бірге аунаумен болды. Тек ұтқаны, мақұлықтың күші кете берді. Сырттағы алпыс градустың ыстық ауа да оған қосымша болғандай. Шолпан ғаламшарының аптапты ұзақ күнінде үңгірдің сонау қараңғы түкпірінде ұйқыда жатып, сыртқа түн мезгілінде ғана шықса керек. Ал оның азығын қайдан табатыны, суды қайдан тауып ішетіні Шадыманға белгісіз еді.
Енді біраздан соң Шадыманның мақұлықтың басын қыса ұстаған қолдары тала бастады. Оған өмірінде алғаш рет көрген, осылай арпалысып жатқан мақұлықтың түр-тұрпаты да тітіркенішті еді. Жанында көмек көрсетер бір жан баласы болмағандықтан, өзін өзі тірі сақтау керек болғандықтан Шадыман бар күш-жігерін салды. Қос қолымен қыса ұстаған құбыжық басымен бірге аунай жүріп, Шадыман үңгір жақ тұстан бұлтиып шығып тұрған тепкешек тасты байқады. Ебін тауып соған жақындауды көздеді. Мақұлық басымен бірге айналып барып бұлтиған тепкешк тасқа жақындай бергенде ішкі жоспарын орындау үшін тез қозғалып, тепкешек тасқа ілікті де, оң қолындағы тапаншадан құбыжыққа қарай тағы бірнеше рет лазер сәулесін ағытты. Тек сол кезде барып қос қолынан боасаған мақұлық басын теңселтіп-теңселтіп барып жалпақ бір тастың үстіне гүрс құады. Басы да сол тасқа соғылған. Тұла бойы дірілдіеп-дірілдеп барып біржолата тынышталды.
Шадыман есі мен күшін тез жиып, «Үңгір ішінен дәл осындай мақұлықтың тағы шыға келмеуіне кім кепіл» деген оймен аңғардан шығуға асықты. Оның жайпақтау келген тұсын тауып, еңбектей тырмысып тегіске к шықты. ОНдағы биіктеу бір тастың ү үстіне отырып, шлемінің ішіндегі микрожелдеткішін іске қосып, терін басты. Өзі жаңға ғана алып мақұлықпен алысып, оны жеңіп шыққан үңгірге қарады. Мақұлық сол бойда қозғалысыыз жатыр. «Сондай қорқынышты алыпты қалай жеңдім?» деп өз өзіне сұрақ қойды Шадыман. «Шын жанталасқанда адамның күші еселеніп кетеді» деген сөз рас екен ғой» деп бір түйді ішінен. Оған қолындағы лазерлі тапаншасының көмегінің тигені де рас. Шадыман енді «Шолпан ғаламшары мүлдем тірішіліксіз» дегенге сенбеді. Мақұлықтың қорқынышты бейнесі де көпке дейін көз алдынан кетпеді. «Тұн ұйөқымда да түсімнен шықпас енді бұл құбыжық" деп те ойлады.
Сөйтіп келген жолына қайта түскен. Өзін шарқ ұрып іздеп жүрген достарын да ойлап қойды. Аңғар ішінде бірнеше сағат бойы болғанын сол қолының білегіне таққан электронды сағатына қарап білді. Емшектауға қарай жүре берді. Аспан сол бұлт жапқан қалпында. Шамалыдан соң қанша коминезонды олса да тымырсық ыстық тұла бойын терлете бастаған. Біраздан соң тіпті де қалжыраған. Бірақ Шолпан ғаламшарының мынандай иесіз даласында, мынандай тымырсық, құрғағында жата кететін де орын жоқ. Жата кеткен күнде жаңағы сияқты алып бірдеменің ізінен келіп бас салмауына кім кепіл. Осындай ойлармен Шадыман ара-тұра кідріп-кідіріп, ұйқылы-ояу адамдай сәл шайқалақтап жүре берді- жүре берді.
Сол аяғының жарақаты әлі де болса сырқырап ауырып келеді. Сонда да оны тыңдамауға тырысады. Тезірек Емшектаудың астындағы қалашыққа жетуді ойлайды. Бірақ тағы біраз жер жүрген соң тіпті де қалжырады. Әрбір қадамын санап баса бастаған. Сөйтте-сөйте тағы біраз жерді кейінге тастағандай еді. Жоқ, жүрісі өнбеді. Емшектауға жете алар емес. Емшектаудан осылай қарай шыққанда денсаулығы мен қажырлылығының арқасында ештемені білмеген екен. Енді бар денесі ауыр тартып келеді. Үстіндегі жеңіл деген комбинезонына да салмақ қосылып кеткендей. Бойынан биік бір тастың жанына, оның күңгірт көлеңкесіне жеткенде тұла бойы су болып терлеп, көз алды қарауыта бастады. Шадыман оған да мән бермеуге тырысып, тас қабырғасына сүйене алға қарай жүрмек еді, екі құлағы шыңылдап, алдындағы қызыл-сарғыш түсті әлем ағара берді.
Емшектаудға әбіржу
Жер тәуілігі есебімен апта бойы Шолпан ғаламшарының қыртысын бұрғы қондырғыларымен бұрғылап, зерттеп, қажыған ғарышкер-геологтар бүгін демалыс күні болғандықтан түнгі ұйқыларынан асықпай тұрған. Оянуларына күнделікті дабыл да кеш берілген. Жер тәуілігі уақытымен сағат тілдері таңғы жетіні көрсеткенде ғана әрқайсысының жатын бөлмелеріндегі сағаттардан әсем әуендер төгіле жөнелген. Басшының бірінші орынбасары Есмұхан сол мезетте басын жатқан төсегіндегі жастықтан көтеріп алған. Шадыманның өзін мезгілсіз оятпайтынын білетіндіктен бүгін тұруға асықпаған. «Жата беремін. Түскі асқа бір-ақ барамын» десе де өз еркі бүгін. Аптасына бір рет келетін қызыл күнде кім кімнің де осылай еркін демалып алғысы келетіні түсінікті. Бірақ бүгін өзінің басшлығымен біршама шаралар өткізілмек-ті. Таңғы сағат жетіден кеш қалмай тұрғанының бір себебі де сол еді. Төсегінен тұрып, үлкен терезеден адам қолымен жасалған шағын табиғат аясына бір қарап алып, келесі бөлмеге өтті. Ондағы спорттық құралдармен бірнеше жаттығулар жасады. Содан соң салқын сумен жуынып-шайынып, үлкен айнаға қарап, бойын түзеді.
Әдетте, түнгі ұйқыдан оянаып, жатын төсегінен тұрғанда айнала-төңірек қарағңғылау болатын. Ал бүгін таңғы сағат жетіде тұрғандықтан, онан кейін жасайтын таңғы жаттығулары бар, жуынып-шайынатыны бар, айнала-төңірек жарықтанып, шығыс жақ ағарып, жасанды Күннің шапағы да шашырай түсе бастаған шағын табиғат аясына. Қанша қолдан жасалған, қанша шағын болса да осы табиғат аясы қай қайсысына да тап бір Жер ғаламшарындағыдай, туылып өскен елдеріндегідей ерекше бөлек әсер береді. Осындай сезімде Есмұхан терезеден сыртқа ұзақ қарады. Ол ортадағы тірішілік әрекеттері әлдеқашан басталып кеткен. Құстар да енді сайрағандарын қойып, ағаштардың бұтақтарынан бұтақтарына ұшып қонып, құйрық қанаттарын таяқша қозғап, бастарын бұлт-бұлт бұрып, төменнен бірдемені көздейді де, пыр етіп ұшып жерге қонады. Тапқанын шоқып-шоқып жеп, қайта ұшып, ағаш бұтақтарының біріне қонады. Сонда да тыныш қала алмайды, бастарын бұлт-бұлт қозғайды.
Есмұхан Торғайлардың азық табу әрекеттерін жаңа көрген адамдай оларға қадала қарап қалды. Содан соң көңілін басқа тірішілік иелеріне аударған. Бұл шектеулі ортада осындай-осындай нәрселерді қызықтағаннан басқа не болсын. Сол жасанды көл, оған жағалай егілген ағаштар, қолдан құарлған тау-тастар,. Оларға жіберілген Арқарлар, Қасқырлар мен Түлкілер, құстар және басқалар. Осылайша Емшектаудың астындағы ұңғы Жер ғаламшарындағыдай шағын табиғи ортаға айналдырылған. Бүйтпейінше, Шолпан табғатына шыдап бағу қиынның қиыны. Оған қоса ғылыми зерттеу істері тағы бар.
Есмұхан бүгін ғарышкер-геологтарға шағын концерт ұйымдастырмақ болған. Қос Емшектаудың астындағы жабық қалашықтың орта тұсында ұшатын беймәлім табақ пішіндес ғимарат та бар. Ол әмбебап болғандықтан онда концерт те өтеді, цирк пен бейнефильмдер де көрсетіледі. Ара-тұра Жерден, елден әншілер мен бишілер, цирк әртістері қысқа мерзімге келіп өнерлерін ортаға салады. Олар келмеген жағдайларда өздерінің араларындағы өнер иелерімен концерт қойылады. Ьрс уақыттарын қызықты етіп өткізеді. Шолпан ғаламшары мен Жер ғаламшарының екі арасы да аз қашықтық емес. Ғарыш кемелері қанша жылдам ұшса да, уақыт шіркін, өз есесін жібермейді. Ғарыш кемелерінің екі арадағы ұшуы барысында жылдамдық алуға және Шолпан ғаламшарына жақындағанда жылдамдығын тежеуге кететін уақыты тағы бар. Жер ғаламшарынан бірден жылдамдық ала алмайтыны және Шолпанға қатты жылдамдықпен қона алмайтыны белгілі. Сондықтан ол да есепке алынады.
Есмұхан сыртқа шығып шектеулі ортадағы табиғат көрінісін біршама уақыт қызықтаған соң Шадыманның түнгі ұйқыдан тұрған-тұрмағанын білмек болып, оған қаласындағы бейнебайланыс құралынан бейнеқоңырау соқпақ болды да, артынша ол ойынан айныды. Шадыманның соңғы кездері Шолпан ғаламшарын зерттеуден де, Шолпан қызды іздеуден де қатты шаршап жүргені есіне алды. Шолпан қыз жоғалғалы Шадыман қатты түсіп те кеткен. Екі сөзінің бірінде сол қыз жайлы айтады. Оны қалай табудың жолын ойлайды. Егер Шолпан қыз таыла қалса, Шадыман Шолпан ғаламшарының қыртысын зерттеуден бас тартып, Жерге оралуға дайын. Бірақ жұмбақ жағдай өз құпиясын ашар емес. Ол тек Шадыманға емес, өздеріне де ауыр. Осыны ойлаған Есмұхан қолындағы бейнебайланыс құралының көп түймелерін басқалы қалған оң қолының сұқ саусағын кейін тартып алды. Содан соң пәтеріне кіріп, жуынып-шаынып, айнаға қарап үсті-басын түзеп, тіке асханаға қарай тартты.
Қос Емшектаудың астындағы алапат киіз үй пішіндес жасалған үлкен ортаның ішкі жағына салынған Ғарышкерлер үйінің пошымы да қызық еді. Бір шетінен қараған адам үлкен киіз үйдің ішкі жағынан тігілген киіз үйді көргендей болар еді. Бірақ бұл үйдің қабырғасының материалы басқа, тас тақталардан құралған. Ішкі жағы салқындатылған. Бір жеңілдігі, мұнда Жердегідей от жағып жылытып жатудың еш қажеті жоқ. Үйдің төбесі тұсынан Шолпан ғаламшардың алпыс градустық ыстығы сезіліп тұрады. Сондықтан мұндағы басты бір құрал – тоңазытқыш. Онсыз күн жоқ. Өмір сүру қиын. Сондықтан да үйдің қабырғалары бойымен қазақы ою-өрнектер салынған сәнді салқындату құбырлары жүргізілген. Сол құбыр жүйелерімен салқын ауа келгенде, іште тамаша жағдай орнайды. Температура он сегіз бен жиырмаи үш градустың аралғында тұрақтайды. Іштгі ылғалдылық та қырық пен алпыс пайыздың аралығында болады. Үй ішінің басты ерекшелігі де осында-тын.
Есмұхан асханаға бара жолда осындай жүйелердің құбырларын қолымен ұстап көріп келеді. Құбырлар қанша салқын болса да, төбе тұстан келген ыстық ауаның лебі кәдімгідей білінеді. «Шіркін, соындай жылы ауа Жердегі елде де болса ғой, газдың да, көмір мен жылыту жүйелерінің де керегі болмас еді. Жер қыртысынан газ бен көмір өндіру ісі тоқтар еді. Тек газ бен көмір ме, ағаш атаулы да кесілмес еді, отқа жағылмас еді» деп те ой тереңіне батты Есмұхан. Бірақ ұлы табиғат өз есесін жіберген бе, адам пендеге? Жылыту қажет болмаған жерде, салқындату қажеттігі туындайды. Бұл ортада негізінен салқындату жүйелері жұмыс істейді. Ал сол салқындату жүйелерін жұмысқа келтіретін жүйелерге де жылыту жүйелері керек емес пе? Ендеше, бірінсіз бірі жоқ.
Есмұхан ұзын дәліздің бойымен салқындату құбырларын тексере-тексере жүріп асханаға да жетті. «Ас – адамның арқауы» деген мақал еш жерде, ешқашан ескірген емес. Асхананың кірер есігінің жоғарғы маңдайшасындағы осы сөз бірден көзге ұрады. Есмұхан алдынан автоматты түрде екі жаққа қарай сырғи ашыла берген үлкен есік ортасымен өтіп, ішке енді. Асхана ішінде әдеттегіше зыр жүгірген аспазшы биотұлғалардан өзге ешкім де жоқ еді. Асхана еденін мұқият жуып-тазалап жүрген биотұлға көк түсті көздерін өзіне бір қадап, әрі қарай кетті. Есмұхан жан-жағына жалтақ-жалтақ қараған. Әдетте, бұл кезде Шадыман осында келіп, еден жуушы, аспазшы биотұлғалардың жұмыстарын қадағалайтын.
Ол әлі келмепті. Бұғанне себеп болғанын Есмұхан қапелімде түсіне алмады. Жаңа табиғат ортасында жүргенде оған бейнебайланыс құралымен қоңырау соға салмағанына іштей өкініп қойды. Бірақ бейнебайлыс құралы пәтерінде қалып қойғанымен, қажет деп тапса, мұнда да бейнебайланыс жүйесі бар. Тек ол аса қажет жағдайда қолдануға арналған бейнебайланыс жүйесі. Онымен дабыл берсе, тек Шадыман емес, күоллі ғарышкер-геологтар түн ұйқыларынан дүрліге көтеріледі. Мұндай бейнебайланыс жүйелерінің тек осы асханада емес, тірішілік ортасының барлық жерінде бар екені де белгілі. Осыны есіне түсірген Есмұхан ол түймені басуды жөн санамады.Асхананың келесі бөлмесіне еніп, ондағы жұмсақ орындықтардың біріне отырып, іштегі қимыл-қозғалыстарды бақылады. Бөлменің өзіне қарсы қабырғасына жақын жердегі ұзына бойы қойылған үстелдер жандарындағы орындықтарда екі қолдарын алдарындағы қос саңылауға салып, көздерін тарс жұмып, бойларына ток жинап, рахатттанып отырған биотұлғаларды көрді. Адам пенде асты қалай қажет етсе, ол бәтшағарларың токты тап солай қажет етеді. Мұны іштей түсінген Есмұхан оларға кедергі жасамауға тырысып үнсіз қалды.
Биотұлғалар ештемеге алаңдар емес. Бойларына ток жиналған сайын денелерін дір-дір еткізіп, бір рахат сезімге бөлене түскендей болады. Бір бірлеріне жиі-жиі қарап, тірі адамдарша бірдемелерді айтады. Ара-тұра маңдай тұстарындағы қабырғадағы электронды сағатқа көз салады. Есмұхан биотұлғалардың уақытқа өте мұқият екенін әуел бастан жақсы біледі. Олар токпен қуаттанып болған бойларында бағдарламалары бойынша жұмыстарына кірісіп кетеді. Сол бағдарламаларын қадағалап жүретін басшылары да бар. Сондықтан оларға ақыл айтып жатудың еш қажеті жоқ. Әрқайсысының «пешенесіне» алда не жасайтыны анық жазылған.
Тек сонымен жұмыс жасайды. Тек қанша дегенмен де күрделі биотехника болғандықтан тірі адамның «пешенелеріне» алдын ала түрлі бағдарламаларды жазып қойғандарын сезіне бермепйді. Бойларындағы ток мол болса, тоқ адамдай көңілді жүреді. Бейнебір, осы өмірде мәңгі жүретін биотехникғалар сияқты. Бір-біріне әзіл сөз айтып, иықтарын селк-селк еткізіп күлетіндерін қайтесің. «Ұлы Жаратушының алдында тірі адамдар – өзімізде осылардай пендеміз-ау, - деп бір ойлап қойды Есмұхан ішінен, - ал биотұлғаларға өзіміз Жаратушымыз».
Осыдан соң Есмұхан қайтадан дәлізге шықты. Іштегі биотұлғалардың ток жинау әрекеттеріне кедергі келтіргісі келмеді. Оның үстіне өзінің бұл жүрісі ас аңдыған адамның жүрісіндей көрініп те кетті өзіне. Шадыман болса да әлі жоқ. Есмұхан дәліз бойымен жылдамдау жүріп сыртқа шықты. Ондағы табиғи көріністер біршама өзгеріп үлгеріпті. Жасанды Күн таяқ бойы көтерілген. Жарық көбейіп, ағаштардың жапырақтарының түстері де сәл өзгерген. Осының алдында ғана мұндағы тірішілік дәл осылай қызбаған еді. Енді барлық тірішілік иелері өзді-өзді әрекеттеріне көшкен. Табиғаттағы құстарға болса да демалыс – қызыл күн деген атымен жоқ. Жүректері қалай тынымсыз соқса, өздері де дәл солай тынымсыз әрекет етеді. Таң қылаң бере аң біткеннің бәрі де азықтарын іздеуге шығады. Айлы түн мен жұлдызды түндерде де тыным таппайтындары бар.
Осы табиғат аясы да, оның тірішілік иелері де осы ғаламат қос тау - Емшектаудың астындағы ұңғылап жасалған ортаға сыйып кеткен. Қос Емшектауды әуғарыш кемесінен көрген адам оның астында осындай тамаша табиғи орта бар деп еш ойлмас еді. Ал ғарышкер-геологтар үшін мұның бәрі де үйреншікті көрініс. Жер ғаламшары табиғатын сағынтпайтын тамаша орта. Есмұхан арнайы құрылғылардан жіберіліп тұратын таза ауаны еркін жұтып, алшаң басып келеді. Бүгінгі күн дамалыс күн болғандықтан асықпайды. Кешке дейін уақыты бар. Әріптестері түнгі ұйқыларынан оянып, тұрып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып-шайнып асханадан таңғы астарын ішкен соң өзі басқарып концерт ұйымдастырады. Ал кім де кім «Бүгінгі демалыс уақытымды өзімше өткіземін» десе де өз еркі. Есмұхан Шадыманның біріші орынбасары болғандықтан қай нәрсеге де үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сол жауапкершілік аптасына бір ғана рет келетін демалыс күні де өзіне маза бермейді.
Есмұхан осындай-осындай ойлармен біршама серуендеген соң Шадыманды оятуға бекінді. Оның оянатындай уақыты да әлдеқашан болған. Оың Шадыман қанша шаршаса да демалыс күндері төсегінде күнұзақ жатпайтын. Осындай уақытта ол аллея бойында немесе көл жағасында серуендеп жүретін. Бүгін көрінер емес. Есмұхан Ғарышкерлер үйіне кіріп, Шадыманның пәтерінің есігінің жоғарғы оң тұсындағы қоңырауды іске қосатын түймені оң қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқыды. Іш жақтан Бұлбұл құстың сайраған дауысын салатын қоңыраудың үні естілді. Бірақ жауап болмады. «Шадыман қатты шаршаған екен-ау. Бұлбұлдай сайраған есік қоңырауының дауысын да еститін емес», - деп бір ойлады. Содан қоңырау түймесін екінші рет нұқыған. Тағы да жауап болмады. Тап бір пәтердің жатын бөлмесінде ешкім жоқтай. Есмұхан сонда да тың тыңдап біраз тұрды.
Ешетме шықпаған соң жылдам басып өзінің пәтеріне келді. Бөлмесінде Шадыманмен байланысатын бейнебайланыс құралы бар. Сол қолының сұқ саусағымен соның қажетті түймесін басып қоңырау шалды. Оған да жауап болмады. Содан Есмұхан басқа бір мәнерге көшкен. Ол аса қажет жағдайда қолданатын бейнбайланыс құралы еді. Соны қосты. Қарсы алдындағы шағын экраннан Шадыманның жатын бөлмесінің іші, жатын төсегі, отырып демалатын диваны, жазу үстелі, сетереотеледидар, бейнетелефон, тағы басқадай заттары айнадан қарағандай ап-анық көрінді. Шадыманның өзі жоқ. Жатын төсегі тап-тұйнақтай жиналған. Шадыманның түнеп шыққаны аңғарылады. Тек әрі қарай не болғаны белгісіз. Есмұхан аң-таң. Бөлмесінің ішін экран арқылы бірнеше рет қарап шықты. Шынымен-ақ жоқ. Оның сыртта да, асханада да болмағаны өзіне белгілі. Енді іздейтін бір ғана жер бар. Ол Емшектау астынан сыртқа жаяу шығатын құбыр жол.
Есмұхан бейнетелефонды да, Шадыманның бөлмесін тікелей көрсететін көрсеткіш экранды да тез сөндіріп, жылдам басып ділізге шықты. Онда әлі ешкім жоқ. Жасанды Күн тал бойы жоғары көтеріліп қалса да, ғарышкер-геологтар түн ұйқыларынан әлі тұра қоймапты. Оны Есмұхан бірден түсінді. Ғарышкер-геолгогтардың демаслы күні түн ұйқыларынан осылай асықпай тұратындары бір бұл емес. Солай бола тұрса да, Шадыманның ізім-ғайым болғаны Есмұханның бойында үрей тудырды. Қатты сасқаны сондай, қалай қара жүрерін де, қайда барып, кімнен ақыл сұрауды да білмеді. Өзі өзгеден емес, өзгелер өақыл сұрауға тиісті басшы ретінде өзінен. Шадыман жоқ болған соң-ақ ендігі бар жауапкершіліктің өзіне ауатыны да түсінікті. Ендігі не шешімді де өзі айтпақ. Сондықтан өзіне абдырап-әбіржуге негіз жоқ. Өзі абдырап тұрса, басқалар не күйге түспек. Осы жағынан келгенде қанша толқыса да Есмұхан өзін мықты ұстауға міндетті. Сәл кідірстен соң аяқтарын жылдам басып, өзінің пәтеріне келді. Бейнетелефонды іске қосып, Алдиярға қоңырау соқты.
- Қайырлы таң, Алдияр! – деді жасанды Күн көкке көтеріліп қалса да.
- Қайырлы таң, Есмұхан аға! – деп Алдияр жауап қатты.
- Қалай демалдыңыз?
- Жақсы. Алғыстымын. Жатын төсегімнен тұрғаным жаңа. Қатты ұйқтаппын. Ешбір түс те көрмеппін. Шаршағанымнан шығар.
- Домбыққан бет-әлпетіңізден көрініп тұр, - деді Есмұхан сәл көңілсізденіп, - мына әлі трішілікке қолайсыздау Шолпан ғаламшарының аптабы қалай қажытпасын. Бәріміз де солай.
- Иә, аға? – деді осыдан соң екі көзінің екі жиегін екәі қолының сұқ саусақтарымен жас балаша жеңіл уқалап-уқалап қойып, - біз шаршамайтын күн бар ма? Күн демалыс болған осң асықпай тұрғаным ғой.
-Дұрыс, дұрыс. Оған сізді ешкім де сөкпек емес. Қайта мен ертерек мазаладым ба?
- Жо-жоқ, Есмұхан аға! Ол не дегеніңіз. Жасанды Күніміз анау, төбе тұсқа таяп қалған. Ендігі қалған жарты күнде не іс тындырамыз.
- Қалып бара жатқан ештеме жоқ, Алдияр. Барлық ісіміз жоспарлы түрде жүеге асып келеді. Шектеулі табиғат аясы демесек, бәрі де көңілдегідей ғой. Сондықтан әбіржуге еш негіз жоқ.
- Әбіржитін демекші, өзіңіздің де реңіңіз солғын, көңіл-күйіңіз де әдеттегіден төмен. Жай ма, аға? – деп Алдияр бір жайсыздықты ішінен сезгендей экранға жақындай түсті.
- Экрандағы түрлі түсті көріністің анық көрінетіні сондай, ондағы адамнің бет-жүзінен қарсы отырғандағыдай көп нәрсені байқауға болатын еді.
- Дұрыс аңғардың, Алдияр, - деді Есмұхан енді күрсініп салып, кідіріп қалды.
Бірақ бұл кідірісті Алдияр Шадыманға байланысты деп ойламай:
- Шадыман аға оянды ма екен, түнгі ұқйчсынан? – деп сұрағанда Есмұхан:
- Ол кісіні мен таң атқалы таппай жүрмін, - деп көңілсіз жауап берді.
Таппағаныңыз қалай? – деді Алдияр әлі де ештемеге мән бермей.
- Шадыман пәтерінде де, асханада да, алаңда да жоқ болып шықты.
- Онысы қалай? – алдиярдың жүрегі зырқ етті.
- Оның себебін өзім де білмей тұрмын. Бақылау бейнекамералары ол кісінің мына тау асты қалашығымыздан сыртқа жаяуларға арналаған жолмен шығып кеткен.
- Ол қалай болғаны, Есмұхан аға?
- Онысын өзім де түсінбей тұрмын, - деді Есмұхан.
- Ол кісі не себепті Емшектау асты қалашығымыздан сыртқа кеткен? – деді Алдияр сасқалақтаған жас балаша сұрақ қойып.
- Онысы әзірге бәрімізге де жұмбақ.
- Енді не істейміз, Есмұхан аға? Ғарышкер-геологтарды көтереміз бе? Олардың тұнгі ұйқыларыннан оянатын уақыттары да болды емеспе?
- Жоқ, олар демала тұрсын, - деді Есмұхан тағы да күрсініп салып, - кішкене өз өзімізге келіп алайқшы.
- Уақыт кетіп барады ғой, Есмұхан аға? – деді Алдияр дегбірсізденіп.
- Мұның дұрыс.
Есмұхан осы сөзінен кейін бейнеэкран алдында бір сәтке үнсіз отырып қылды. Бейнетелефонның жұмыс істеген дыбысы ғана естіліп тұр енді бөлмесінде. Екеуінен басқа ғарышкер-геологтар болса да бұл жағдайдан әзірге мүлдем бейхабар. Егер «Шұғыл жағдай!» дабылын берсе, мына дәліздің бойы әп-сәтте әріптестеріне толмақ. Есмұхан ол жағын да ойлаған. Өзі дұрыс демала алмаса да, әріптестерінің демалыс күні осылай тып-тыныш демалғандарын қалайды ішінен Есмұхан. Алдияр өзінің ең жақын көмекшілерінің бірі болғандықтан оған бейнетефон қоңырауын соғып, кеңесіп отыр. Бірақ бұл істі өзгелерден жасырып, уақыт жоғалтудың реті де жоқ-ты. Осы шешімге келген Есмұхан енді Алдиярдың тез киініп, өзінің пәтеріне келуін өтінді. Екеу болып ақылдасқан іс оңды болмақ.
Есмұхан Алдияр келісімен асханаға баруды ұсынды. Екеуі солай қарай асыққан. Жеткен бойда Есмұхан ондағы арнайы хабарлағыш құралдан ғарышкер-геологтардың ұйқыларынан тұріп, таңғы дене жаттығуларын жасап, жуынып-шайынып болған соң асханаға келулерін өтінді. Олар да Есмұханның толқулы дауысынан келеңсіз бір жағдайдың болғанын сезген. Қанша дегенмен де Шолпан ғаламшары Жер ғаламшары емес, бөлен әлем. Сондықтан кез келген сәтте түрлі жағдайлардың орын алуы әбден мүұмкін. Сондықтан да әрбір ғарышкер-геолог пәтерлеріндегі дыбыс күшейткішке қашан да құлақ түріп жүреді. Есмұхан мен Алдияр мән-жайды бірден айтқан жоқ. Ғарышкер-геологтардың мейлінше тез келгендерін қалады. Ара-тұра олардың қозғалыстарын көрсткіш экран арқылы бақылап та қойды. Ғарышкер-геологтар ширақ қозғалған.
Бірақ олардың ешқайсысының ойына Шадыманның жоқ екені келмеген. Ондай ойда екендерін Есмұхан мен Алдияр сезген. Қашан таңғы астарын жайбарақат ішіп болғанша ол жөнінде ештеме айтпай қоя тұруды жөн санаған. Ғарыш-геологтар асханаға әдеттегілерінен тез жетті. Өзді өзді үстел-дастархандарының жандарындағы орындықтарға отырып, әдеттегілерінше көңілді әңгіме-әзілмен таңғы астарын ішті. Асханадағы аспазшы биотұлғалар әдеттегілерінше зыр ж.үгіріп, олардың сұраған дәмдерін әкеліп беруде. Есмұхан мен Алдияр әлі де іштерін тынуда. Бір қызығы, ғарышкер-геологтардың ешқайсысы да «Шадыман қайда?» деп сұраған жоқ. Басшы болған соң тексергендей болмайық дегендері шығар.
Тағңғы астан соң ғарыш-геологтар қол шайып, дәлізге шығып бой жазған.. Одан соң олар аллея бойымен жүріп, көл жағалап, құстардың әдемі әуендерін тыңдап, ұйымдастырылған концертті тамашалауға барулары тиісті еді. Бірақ жағдай күрт өзгерді. Есмұхан арнайы хабар таратқыш құралға барып, асхана мен дәліздердегі дыбыс күшейткіштер арқылы мынандай суыт хабар жариялады:
- Құрметті әріптестер! – деді ол толқулы үнмен, - бес минутқа жедел хабар айтылатын арнаы бөлмеге кіурулеріңізді өтінемін!
Дәлізде жүрген ғашыкер-геологтар мұны естісімен елеңдесіп, бір-бірімен дабыр-дұбыр сөйлесіп кетті. Өзара бірдемелерді айтады. Кейбіреуі бір жайсыз жаңалықтың айтылатынын іштей сезетін де сияқты. Бірақ көбісінің ойына Шадыман түскен жоқ-ты. Тек Елтай ғана айнала-төңіректе дабырласып сөйлесіп тұрғандарға бұрыла қарап:
- Әріптестер, басшымыз Шадыман қайда? – деп қалды.
- Расында да ол ксі қайда?
- Әңімеге берілеміз деп, тіпті, башсымыздың қайда екенін сұрамаппыз да ғой!
- Мен ол кісіні «Әлі демалып жатқан болар» деп ойлаған едім.
- Мүмкін суыт хабар ол кісі жөнінде емес шығар? Ол кісі өзінің пәтерінде болар?
- Не хабар болса да қазір Есмұхан айтады ғой.
- Әйтеуірі жақсы хабар болса екен.
- Тезірек бөлмеге жиналайық, әріптестер! –
деген сөздер сөздер мен бір-біріне кереғар сөздер айтылып та үлгерген. Не айтқанда да, ғарышкер-геологтар не хабар екенін нақты біле алмады. Есмұхан мен Алдияр да әзірге ешкімге тіс жармаған. Жайсыз хабарды айтқылары да келмейтін сияқты. Екеуі тек анда-санда бір-біріне қарап, жай ғана күбірлеп бірдемелерді айтып қояды. Күтпеген жерден жедел айтылғалы тұрған хабарды естуге ғарышкер-геологтар тез жиналды. Екі көздері Есмұхан мен Алдиярда. Есмұхан сәлден соң тағы да толқи сөйледі.
- Құрметті әрптестер! Біз бүгін үш ұйқтасақ ойымызға келмейтін клеңсіз жағдайға тап болдық! Өзіміздің басшымыз Шадыман таң атқалы не пәтерінде, не асхана, не алаңда жоқ!
Мұны естігенде бөлмедегі жұмсақ орындықтарда отырған ғарышкер-геологтар онан сайын дабырласып, қозғалақтап кетті. Кейбіреулер отырған орнынан тұрып та кеткен. Ондайлағра Есмұхан қайта отыруын өтінді. Сонда да олардың бірі:
- Енді басшымыз жоғалса, онда не болдық! – деп сөзін айтып үлгерді.
- Құрметті әрптестер, - деп жалғады сөзін Есмұхан отырғандар тыныштала бергенде, - біз әрі ғарышкер әрі геологтар емеспіз бе? Ер жүрек азаматтармыз қай-қайысымыз да. Ондай болмасақ мұндай алыс сапарға аттанар ма едік. Сондықтан да арамызда су жүректер жоқ деп ойлаймын. Енді болған жағдайды қысқаша айтайын. Мен бүгін ерте тұрғанмын. Содан соң аллея мен көл жағасында серуендедім. Сөйтіп асханаға бардым. Әдетте жүретін Шадыман онда да көрінбеді. Содан соң пәтеріме келіп, оған бейнетелефон қоңырауын соқтым. Жауап болмады. Одан соң аса қажет жағдайда қолданатын көрсеткіш экран арқылы Шадыманның пәтерін, демалыс,. Жатын бөлмесін шолдым. Шадыман жоқ. Содан Алдиярға бейнетелефон қоңырауын соққанмын. Бұл екеуміздің пікірімізше, Шадыман Емшектаудан жаяулар шығатын жолмен сыртқа кеткен.
Оны Алдияр екеуміз байнекамералар түсірілімдерінен көрдік. Сіздерге таңғы астарыңызды ішіп болғанша айтпауды жөн санадық. Бейнбайланыс құралдарының Емшектаудан жүз шақырыға дейінгі айнала-төңіректі көрсете алатыны өздеріңізге жақсы белгілі. Бірақ одан әзірге Шадыман көзге түспей тұр. Сондықтан енді ол кісіні іздеуге әуе-ғарыш кемесімен аттанамыз. Әрбір топ өз кемелеріне мінеді. Сұрақтарыңыз бар ма?
Ғарышкер-геолгогтар бір сәтке үнсіз қалған. Бөлме ішінде ұшып жүрген Шыбын ызыңы естілердей тыныштық. Шолпан қыздан кейін болып отырған бұл жұмбақ оқиға отырғандардың қай қасысын да ойлантқан. Қанша батыл, қанша батыр болса да Шолпан ғаламшарының мынандай елсіз даласында пәлендей ерлік жасаймын деудің өзі де қиын. Бір жоғалған адамды іздеп таппай жүріп, екінші адамның жоғалғаны ғарышкер-геологтардың ешбіріне жеңіл соқпады. Ешкім сөйлер алар емес. Осыны түсінген Алдияр сәлден соң мінберге көтерілген.
- Құрметті әріптестер, - деді ол сәл батылдау сөйлеп, - уақыт жылдам қашан да. Таң атқаннан бері көп уақыт өтіп те кетті. Сондықтан қозғалайық. Жүздеріңізден қатты толқуларыңызды көріп тұрмын. Ешқайсысымызға да жеңіл соғып тұрған жоқ бұл күтпеген келеңсіз оқиға. Дегенмен де жаңа Есмұхан аға айтқандай, біз ғарышкерміз, геологтармыз. Сондықтан батылмыз. «Үмітсіз – Шайтан» деген мақал белгілі. Үмітсіз болмайық, әріптестер! Шолпан қызымызды, басшымыз Шадыманды тапай Жерге, елге оралмайық! Осы сертімізге берік болайық, әріптестер! Мен іздеу сапарымызға сәттілік пен жеміс тілеймін!
Алдиярдың бұл сөзі отырғандарға жігер берді. Олардың арасынан: «Сертімізге берік болайық!» деген сөздер естілді. Ол сөздерді қолдағандары жұдырығы жұмылған оң қолдарын көтерді. Ғарышкер-геологтардың бәрі де ендігі іздеу сапарының алдыңғыдағыдан әлдеқайда күрделі болатынын іштей сезіп те отыр. Қысқа мәжәліс аяқталды. Ғарышкер-геологтар отырған орындарынан дүркірей көтеріліп, дәлізге қарай ағылды. Соның артынша Емшектаудың астындағы осы қалашықтағы барлық автоматты-компьютерлі жүйелер іске қоыслды, небір түрлі түсті шамдар жыпылық қақты, абылдар беріліп жатты. Осылайша Емшектау астындағы қалашықтың тұрғындарының әбіржуі басталған. Әуе-ғарыш кемелері ұшуға дайындалатын орындар мен ұшып шығатын дәліздерде техника биотұлғалардың қозғалыстары да жиілеген. Мұндай кезде әуе-ғарыш кемелерінің жедел ұшып шығуларына жағдай жасайтын күрделі жүйелер де іске қоыслады. Ол жүйелер арқылы шығар дәліздердегі температуралар реттеледі.
Ғарыш-геологтар да ширақ қозғалған. Олар үстеріне арнайы комбинезондарын, бастарына шлемдерін киіп, өзді өзді әуе-ғарыш кемелеріне отырған. Ендігі басшылық міндеті Есмұханда. Бәрі де соның нұсқауын тыңдайды. Қарапаймдылық қанша сақталса да, топқа бір адамның басшылық жасау қажет. Бұл қоғам заңы. Өйтеген күнде жасаған қандай іс те өз нәтижесін бермейді. Соны түсінген ғарышкер-геологтар Есмұхан айтқанды бұлжытпай орындауға тырысады. Бейнабайланысты бір сәтке де үзбейді. Шамалыдан соң ғарышкер-геологтар мен мамандар мінген әуе-ғарыш кемелері алдарынан айқара ашыла берген үлкен қақпа арқылы сыртқа қарай үй Қарлығаштарындай бірінен соң бірі сыртқа қарай қалықтай ұшып шыға берді.
Туылған ауылға оралғанда
Абзал мен Шолпан қыз бүгін ауыл табиғатында тағы кездескен. Абзал соңғы кездері Шолпан қыздың өзінің туылып өскен Жерін, ауылын сағынып жүргенін сезген. Шолпан қыз Кең тегістегі әріптестерінің өзімен жүздесіп, әңгімелеспесе де, олардың өзінің бұл жарық дүниеде бар екенін сырттай болса да көріністерден көргендерін көңіліне демеу тұтқан. Ал жаныдағы Абзалдың бар мақсат-мүддесі өзіне қолынан келгеннің бәрін жасау. Ол өзінің қолындағы шағын құралымен аспандағы Ай сияқты дене арқылы қалаған табиғатын пайда ете қояды. «Ауылға барамын» десе, ауылға, «Тауға барамын» десе, тауға, «Мұхитқа барамын» десе, мұхитқа апарады. Бірақ олардың бәрі де өзіне тансық емес еді. Жер ғаламшары өзінің дүниеге келген ғаламшары болса да, оның көп құпия-сырын әлі біле алған жоқ. Адам баласы Күн жүйесіндегі көптеген ғаламшарлар мен олардың серіктерін біршама зерттесе де, Жер ғаламшарының бар құпия-сырын толығыман аша қойған жоқ.
Шолпан жас кезінде әке-шешесімен бірге Жер ғаламшарындағы біршама елдерде болған. Білімі жоғары. Бірақ сонда да мына Абзалдың біліміне жетер емес. Абзал тек білімімен емес, өзінің құдіретті ісімен де баурап алды өзін. Шолпанның білгісі келетін нәрселр көп. Сондықтан да Шолпан Абзалдың тағы бір құдіретті әрекетін көргісі келді.
- Абзал, бері қарашы, - деді Шолпан оған сәл еркелегендей болып, - осы кезге дейін маған көрсеткен көріністердің бәрі де өзіміз туылып өскен Жер ғаламшары табиғатының көріністерінен аумайды. Сондықтан да мен ол көріністерден мол әсер мен ләззат алдым. Енді менің сізге бір тілегім болып тұр. Соны орындай аласыз ба?
- Қандай тілек, айта беріңіз, Шолпан, - деді Абзал қызға қарай оң қолын соза беріп, - сіздің айтқан тілегіңізді орындамаған кезім болды ма өзі? Рас, ұлы табиғат көрінісін әп-сәтте пайда ету мен жоғалтып жіберудің сырын айтуға құқығымның жоқ екенін мойындаймын. Ол сізге әзірге керек те емес. Бірақ уақыт өте келе бәрін де түсінесіз. Тек оған асықпаңыз.
- Жарайды, - деді Шолпан бала қыздай төмен қарап, - айтар тілегім, мен Жердегі дүниеге келген ауылымды сағындым. Сол ауылымды сіздің құдіретті құралдарыңызбен осы Шолпан ғаламшарының бетінде көрсем де армансыз болар едім. Жер ғаламшарыма ғаламшараралық кемемен қайтып ұшып бармас едім. Мына өзіңіздің ауылыңыздағы сияқты емін-еркін күн кешіп жүре берер едім.
Абзал ойланып қалды. Өзінің ширек ғасыр өмірінде Жер ғаламшарындағы өзінің дүниеге келген ауылына баруын сиретіп те алыпты. Жер мен ел жайлы тек бейнехабарлардан көріп келіпті. Сондықтан Шолпан қыз айтқан тілек көкейіне қона кеткен. Өзінің де, Шолпан қыздың да ауылын көріп қайту артық болмақ емес. Аз үнсіздіктен соң Абзал Шолпан қызға бұрылып:
- Мына жарық дүниеге шыр етіп келіп, балалық балдәурен шақты өткізген ауылды сғынудың не екенін жақсы түсінемін, Шолпан, - деді жай ғана сөйлеп, - менің дүниеге келген ауылым өзіңіздің ауылыңызбен көрші ғой. Мен де сағынып жүр емдім ауылымды. Бұл тілегіңіз менің ойымнан шықты. Неге барып қайтпасқа туылған ауылымызға?
- Онда кетейк! Мен дайынмын! Тек Жер ғаламшарымызға, ондағы туылып өскен ауылдарымызға ұшып жеткенше қанша уақыт кетеді?
- Біздің кемеміз үшін қашықтық деген ештеме де емес. Біз Жер ғаламшарымызға да, ондағы туылған ауылдарымызға да әп-сәтте ұшып жетеміз!
- Ендеше, нені күтіп тұрмыз, Абзал? Кемеңізбен ұшайық та Жер ғаламшарымызға қарай?!
- Тек бір ғана шартпен, - деді Абзал сол қолыпен қыздың оң қолын қыса ұстап, - туылған ауылыңызда меннен қалып қоймайтын болсаңыз!
- Жарайды, абзал, - деді Шолпан қыз Абзалға жымия қарап, - туылған ауылымда қалып қоймаймын! Өзіңізбен бірге осы Шолпан ғаламшарына қайтамын!
- Онда болды. Келістік. Туылған ауыл деген, кім кімге де ыстық қой. Ауылға барған соң ондағы туған туыстарды, дос-жарандарды көқріп, жас жүрегің елджірейді емес пе? Сол жағын да ойлап тұрғаным ғой, Шолпан.
- Сонда қалай? Біз ауылдарымыздың ішін аралаймыз ба?
- Иә, екеуміз ауылдарды аралаймыз.
- Онда тіпті де жақсы емес пе?!
- Жқсысы жақсы. Тек олармен құшақ айқастыра амандаса алмаймыз, тілдеспейміз.
- Кең тегістегі менің әріптестерім сияқты тек жұқа шыны сыртынан көреміз десеңіші?
- Соған ұқсас.
- Ал олар екеумізді көре ме?
- Әрине, көреді. Айтқан сөдерімзді де естиді. Тек өзіміз олардың сұрақтарына жауап бермейміз. Өйткені, біз жүрген уақыт пен кеңістік пен ауылдағы уақыт пен кеңістік бір біріне сәйкес келмейді.
- Бұл қызық екен.
- Қызығы сол, екеуміз әп-сәтте Жердегі туылған ауылымызда боламыз.
- Онда жарайды, Абзал. Барайық. Қалай болғанда да туылған ауылымды көргім келеді. Мына Шолпан ғаламшарына келгелі де біршама уақыт өткен.
- Ендеше, кеттік!
Соның артынша айнала-төңіректегі жарық азайып, қараңғылана берді. Енді бір сәтте бар әлем көз алдарында жоғалып, бойларын суық ауа биледі. Абзал мен Шолпанды қандай да бір құпия ғаламат күш аспанға қарай көтеріп әкетіп бара жатты. Сол кезде Шолпан қыз:
- Абзал, біз немен ұшып кетіп барамыз? Кеме дегенің осы ма? – деп суықтан дірілдей сөйледі.
Абзал ол сұрағына жауап беріп үлгермеді. Сәлден соң-ақ екеуі Шолпан қыздың туылып өскен ауылы маңындағы төбе басында тұрды. Бойлары да бірте-бірте жыли берген. Шолпан қыз өзіне өмірлік ыстық туылған ауылына, одан соң аспандағы шартабақ Күнге мейірлене қарап қойды. Өзінің ауылының Жер ғаламшарының осындай жылы аймағына орналасқанына іштей қуанды. Әйтпесе, жаңағы ғарыштық суықтан кейін жылынудың өзі де оңайға соқпас еді. Енді «Тек Күн, тек Күн жарқырап тұрса екен, осылай!» деп тіледі ішінен. «Егер Күн болмаса, оның осындай жарық сәулесі мен жылуы болмаса, мына дүұние әлемі көз алдымызда ғайып болады екен ғой» деп бір ойлап қойды жас қыз. Содан соң жанындағы ауыл аймағын үнсіз бақылап-барлап тұрған Абзалға бұрыла қарап:
- Күннің сәулесі мен жылуы қандай тамаша! Деді жеңіл күрсіні, - Ғалымдар Күнді әуел бастан бекерден бекер зерттеп жүрген жоқ екен ғой. Күн осы Күн жүйеміздегі, осы Жер ғаламшарымыздағы күллі тірішілік иелерінің басты тірегі. Солай болса да қызы, Жеріміздегі адам баласының барлығы дерлік Күннің қадіріне жете бермейді! Тіпті, оған назар да аудармайды! Таң атады, шығыс көкиектен жарқырап Күн көтеріледі, төбе тұсқа барады, одан ауып батыс көкжиекке барып батады. Осылайша әрбр тәуілікте қайталанып жатқан бір тамаша көрініс! Ол күнде қайталанатындықтан да адамдар көңіл аудара бермейтін шығар! Өзіміз де солаймыз! Әрқайсысымыз өз тірішілік әрекетімізбен болып кетеміз! Тек ауа райы өзгергенде ғана ес бөлеміз, соған сай үстіміздегі киімдерімізді ауыстырамыз! Сөйтіп өтіп жатқан өмір!
Абзал жас қыздың бұл сөздерін мұқият тыңдап тұрды. Бойлары жылыған соң ауылдың айнала-төңірегіне зер сала қараған екеуі де. Қанша дегенмен де ауылда көп жаңалықтар бар екен. Оған Шолпан қыз іштей қуанды. Тек бәрі де түстегідей. Осыдан бірнеше минуттар бұрын ғана сонау аспанда жарық жұлдыздай көз тартатын Шолпан ғаламшарында тұр еді екеуі. Енді шынымен-ақ өзі дүниеге шыр етіп келген, балалық балдуйрені өткен ауылы маңындағы өзіне бала шақтан белгілі төбе басында тұр екеуі. Бірақ адам пенденің бұл жарық дүниедегі жеткен жетістіктеріне көңілі толған ба? Осында ұшардан бұрын Абзалдың: «Аулыңдағы уақыт пен кеңістік біз жүрген уақыт пен кеңістікке сәйкес келмейді» деген сөзі есіне түсті. Сонда да туылған ауылының келбетіне, тылсым-тірішілігіне терең сағыныш сезімімен қарады.
Ауыл төңірегінің табиғаты сол қалпында. Өсімдіктер мен түрлі түсті гүлдер жайқалып өсіп тұр. Сәл ғана соққан саамл желден ол гүлдердің хош иістері де келеді. Ауылдың солтүстік шығысы мен батысындағы қатпар-қатпар таулар бұл жаңалықты сезбейтіндей сол қалыптарында мүлгіп тұр. Сай-салада уақ малдар, өзен жағалауларында ірі малдар еркін жүр. Әлденеге мәз болғандай қос қанаттарын жыпылықтата қақан құстар ағаш бастарындағы бұтақтарғы бірде қонып, одан бірде ұшып кетуде. Ауыл үсті аспаны да бұрынғысынан көп тазарыпты. Ауылда әдемі киіз үй іспетті үйлер көбейіпті. Осының бәрі де Шолпан қыздың бойына қуаныш сезімін ұялатты. Жас қыз осындай толқынысты сезімде ұзақ тұра берер ме еді, кенет жанындағы Абзал өзіне оң қолын созды.
Шолпан қыз тіл қатқан жоқ. Оған сәл жымия қарап сол қолын оның қарымды қолдарының саусақтарына жанастыра берді. Абзал оны өзіне қарай тарта түсті. Екеуі төе басынан қатарласа жүгіріп төмен түсіп, ауыл шетіне жақындады. Шолпан қыз енді өзінің жарық дүниеге шыр етіп келген тезірек көруге асықты. Сыртқа шығы келген қай адамның да өзінің ауылы мен үйін осылай сағынатыны заңды. Мұндай сағыныш сезімі Абзалдың бойында да бар. Сондықтан ол Шолпан қыздың қазіргі жан-дүниесін терең түсініп келеді. Тек Абзал: «Шолпан қыз ауылын қимай меннен қалып қоймаса екен» деп тілейді ішінен.
- Шолпан, - деді Абзал бір кезде жүрісін кідіртіп, қызға бұрыла қарап, - мен сіздің қалауыңызды жасадым. Енді өзіңіз де сөзіңізде тұрыңыз. Қатты елжіреп, меннен қалып қойып жүрмеңіз. Туылған ауылдың кім кімге де ыстық болатынын жақсы білемін. Бұдан соң менңі ауылымда да боламыз. Мен де ауылымды, балалық балдәурен шағым өткен жерімді сағынып келемін. Тағы бір қайталап ескертетінім, әкеңізбен де, анаңыз, іні, сіңлілеріңізбен де, туыс, дос-жарандарыңызбен де кездескенімізде қауыша, тілдесе алмайсыз. Оған еш ренжімеңіз. Мұны мен Шолпан ғаламшарынан осында аттанбай тұрғанда да өзіңізге айтқанмын.
- Білемін, - деді Шолпан қыз жай ғана сөйлеп, - осының өзі де маған үлкен бақыт!
Шолпан қыз осыны айтып, жан-жағына жиі-жиі көз салумен болды. Қанша дегенмен қыз бала, жан-сезімі нәзік болған соң бота көздерінен мөлт-мөлт ыстық жас үйіріліп те үлгерген. Абзалдың қойған кейбір сұрақтарына жауап бере де алар емес. Сөйлейін десе, көкейіне тығылған бір сғыныш өксігі күшейіп, дауыстап жылап жібретіндей қорқады жас қыз. Абзал жас қыздың бұл көңіл-күйін де іштей сезіп келеді. Көз жасын да байқаған. Бірақ Абзал жас қызды осылай толқытып аламын деп ойлап па. Енді Шолпан қыздан өзі қойған сұрақтарына мардымды жауап та ала алмай келеді. Шолпан қыз ауыл ішінде қай көшеге қарай бұрылса, өзі де солай қарай жүреді. Сөйтіп екеуі ауылдың орталық даңғылына да түскен. Өздерін көрген ауыл тұрғындары даңғыл бойында, әр жер, әр жерде қарап тұрып қалған. «Ауыл тұрғындары бізге осылай қараса, Шолпан қыздың үйіндегілер қандай көңіл-күйде болмақ?» деп бір ойлап қойды Абзал іштей.
Шолпан үнсіз келеді. Өзінің Шолпан ғаламшарын зерттеуге барамын деп осындай күйге түскенін бір ойлады. Бір уақыт пен кеңістіктен екінші уақыт пен кеңістікке ауысуыдң күрделі екенін де білмепті. Дегемнен, Шолпан қыз өз мақсатынан күдер үзген жоқ. «Осы Жер ғаламшарына, мына туылған ауылыма біржолата оралатын күнім де туар» деп өз өзін іштей демеді. Сол кезде Абзал да әңгімесін жалғап кетті.
- Шолпан, сідің мына ауылыңыздың табиғат аясы өте жақсы сақталыпты. Ләйім, алдағы уақытта да осылай болсын! Тек бүлінбесін!
- Оны түсінемін, Абзал, - деді көңілі көтерілген Шолпан қыз, - ұлы табиғатсыз ешбір тірішілік иесінің күні жоқ. Табиғат бүлінген жерде қандай даму болмақ? Ауру-сырқау көбейеді, ғұмыр қысқарады. Менің ауылымның табиғаты да, тұрғындары да ондай дәрежеге жеткен жоқ, жетпейді де.
- Тек солай болсын, мен бәрін көріп, қызығып келемін! Мұндай тамаша табиғат аясы Жер ғаламшарымыздың ешбір аймағында жоқ шығар сірә, енді. Мұндай табиғат аясын көздің қарашығындай сақтау керек қашан да!
- Тек, өкініштісі, Жер ғаламшарымызда ұлы табиғатты осылай қорғай, аялай білетін халықтардың азайып келетіні. Жер атмосферасындағы, биосферасы мен гидросферасындағы адам қолымен, адам басқарған түрлі техникалармен жасалған өзгерістер, зауыттардан, фабрикалардан, жеңіл көліктерден шыққан газ-түтіндер ұлы табиғатты тұншықтырады ғой бірте-бірте. Ал жыпырлаған зәуілім ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын қалалар Жер ғаламшарымыздың бетін түнелдей жапты десе де болады.
Ал мұның соңы неге апармақ? Бүгінде бұлақ, өзен, теңіз бен мұхит сулары да тартылуда. Бұл көкейкесті мәселелер жөнінде ғалымдар мен түрлі саланың мамандары дабыл қағуда. Тек еш нәтиже жоқ. Кейбіреулер: «Өзім өмір сүрген кезде жасқы болса болды, әрі қарайғысында жұмысым жоқ» дейтін де сияқты. Бәрінен де солпікір жаман, Абзал. Ал жұлдызтанушы ғалымдар соны көріп, жұлдызды әлемнен адам баласының болашақ қонысын іздеуде. Біз де сонау аптабы жан қиналтатын Шолпан ғаламшарында бекерден бекер жүрген жоқпыз.
Абзал Шолпан қыздың бұл мұңды сөздерін мұқият тыңдап, сәл кідіріп тұрып қалды. Содан соң үнемі шағын сөмкесінде болатын дүрбісін қолына алып, көз алдына апарып, айнала-төңіректі мұқият шолды. Шолпан қыз Абзалдың не оймен бұлай барлап тұрғанын түсіне алмады. Сонда да Абзалдың ойын бөлмеді. Абзал ауыл аймағын түгел барлап шыққан соң дүрбісін аспанға қаратқан. Дүрбісіне ғаламшар атмосферасы құрамын, ондағы өзгерістерді қосымша дөңгелек экранда көрсететін жүйе де бар-ды. Атмосфераның ауыл тұсындағы аймағында өзгерістер жоқ екен. Дүрбіні өзінен кейін қолына алған Шолпан қыз да көп нәрсені көрді, көп нәрсені білді.
Осыдан соң екеуі ауылдың орталық даңғылы бойымен жүріп, Шолпан қыздың туылған үйінің жанына жетті. Сол кезде үй ауласынан төбет Иттің апрылдаға дауыстары естіліп, бірте-бірте анықтала берді. Ол Шолпан қыздың күшік кезінен еркелетіп өсірген төбеті еді. Төбет апрылдай жақындап келіп, Шолпанды танығанымен жаныдағы жігітті бөтенсіп, шабаланып тұрып алды. Шолпан қыз Абзалды арқа тұсына көлегейлей бере төбетке:
- Жат, Байтөбет! Жат орныңа! – деп дауыстады.
Төбет Ит дауысын естімеді. Онан сайын шабалана түскен. Согның артынша Ит дауысын естіген әкесі, анасы, ағасы мен іні, сіңлілері жүгіріп-жүгіріп шықты. Олар Шолпан ғаламшарына оны зерттеуге кеткен Шолпан қыздың қалайша ауыл көшесінде жүргеніне аң-таң боды. Ешқайсысы да Шолпан қыздың Шолпан ғаламшарында ізім-ғайым жғалғанынан әзірі бейхабар еді. Енді сәлден соң шыдамаған әкесі екеуіне қарай тұра ұмтылды. Бірақ оны көзге көрінер-көрінбес жұқа мөлдір шыны қорған өткізбей өткізбеді. Олай бір, былай бір жүгіргенінен ештеме шықпады. Шыны қабырға қызына қолын жеткізбеді. Одан кейін анасы жүгірген. Шыны қабырғаға соқтығысқан ананың көз шараларына ыстық жас толды. Ойламаған жерден осындай көрініске тап болған әке мен шешенің дауыстары ауылды күңірентті. Ағасы, інілері мен сіңлілері де Шолпанға жетуге таплпынып жүр. Мұндай ғажайып, мұндай толқынысты көрініс болып көрген бе? Шолпан қыздың отбасының мына жағдайын көріп жиналып қалған көрші-қолаңдары да әбіржи бастаған. Уақыт өткен сайын олардың қатары да көбейе берген.
Бәрінің де Шолпан қызға қол жеткізуге тырысады. Бірақ ештеме шығар емес. Оны көрген Шолпан қыздың бет-әлпетін де ыстық жас жуып кеткен. Абзал да сасақалақтап не істерін білмейді. Шолпанды сабырлыққа шақырады. Бірақ жас қыздың нәзік жан-дүниесі көне ме, мынандай сәтте. Әкесімен де, анасымен де, аға, іні, сіңлілерімен де қауышқысы келеді Шолпанның. Бірақ екі жақтың айтқан сөздері бір біріне жетпейді. Ауылдағылар бұл екеуін тек бір алапат телеэкраннан көріп, дауыстары мен сөздерін естіп тұрған сияқты. Олардың дауыстары мен айтқандары екеуіне естілмейді.
Осылайша екі жақ та түсініксіз бір қиналысты бастарынан кешірді. Ештеме шықпаған соң күдерлерін үзген көрші-қолаңдар тарай бастады. Көше бойында Шолпанның әкесі мен анасы, ағасы мен іні, сіңлілері қалды. Олардың ешқайсысы да Шолпанмен бір қауышып қалудан үміттерін үзер емес. Шолпанның да аяқтары алға қарай тартпайды. Сәлден соң шыдамы біткен Абзал Шолпан қыздың оң қолынан ұстап, ілгері қарай жүрді. Шолпан қатты толқыныстан әлсіреген адамдай теңселді. Кеткісі келмеді. Отбасының мына әбіржісі жанына батты. «Мұнан да көрмегенім жақсы еді. Неге келдім мұнда» деп іштей өкінді Шолпан қыз. Жанындағы Абзалды күнәлаудың тағы реті жоқ-ты. Өзі сұранды. Оның бар күәсі өзінің айқанын бұлжытпай орындағаны.
Біраздан соң Шолпан үйінің жанынан кетуді жөн көрді. Отбасын бұлай қинағаннан ештеме шықпайтынын іштей түсінді. Сол қолымен Абзалдың оң қолын ұстаған бойы ілгері қарай жүре берді. Сол замат Абзал да оны алға қарай тарта түсті. Шолпан өмірінде алғаш рет осындай қаталдыққа барды. Отбасының қиналған жүздеріне бұррылып қарамауға тырысты. «Көке, апа, аға, іілерім мен сіңлілелірм, кішкене шыдаңдаршы. Мен жақында Шолпан ғаламшарынан ораламын» деп қойды ішінен. Екеуі даңғыл бойымен ілгері қарай жүре түсті. Жол-жөнекей кезіккен ауыл тұрғындары жол шетіне шығып, екеуіне таңдана қарап, кейіндеп қалып жатты. Бұл көрініске олардың ешқайсысының да түсінігі жетпеді. Тек Шолпн қыз бен жанындағы жас жігітті көргендері анық. Кейбір зиялылар бір-біріне «Бұл қатар әлемнің көрінісі болар» деген болжам айтып тұрды.
Абзал Шолпанды ауыл ішінде тоқтатпауға тырысты. Сол бойда тіке қыр басына қарай тартқан. Одан төмен түсіп, өзен суы жиегін жағалай жүрді. Шолпан қыз жаңағы толқынысын басып, осы аймақта өткен балалық балдәурен шағын есіне алды. Абзал осы көңіл-күйін іштей түсініп, Шолпан қызға бұрыла қарап:
- Шолпан, ауылың қандай тамаша! Үйлердің бәрі де киіз үй іспетті тұрғызылған! – деді жай ғана.
- Оған сөз жоқ! – деп, Шолпан өзен суы жиегіндегі жалпақ біртастың үстіне жайымен отыра кетті. – тек жаңа әкеммен, анаммен, ағам, інім, сіңлілеріммен қауыша алмағаным өкінішті. Сонда біз қандай дүние әлеміндеміз?
-Кәдімгі дүние әлемінде, - деді Абзал аспанға көздерін қадай қарап, - тек уақыт пен кеңістік осындағы уақыт пен кеңістікке сай келмей тұр. Сол себепті оьбасыңызден қауыша алмадыңыз.
- Ал сол екі уақыт пен кеңістікті бір уақыт пен кеңістікке түйістуріге болмас па еді?
- Ол менің құзырымдағы іс емес, ШОлпан. Егер екеуміз осы ауылдың өміріне тән уақыт пен кеңістікке көшсек, онда ғыұмыр бойына осы ауылда қаламыз. Шолпан ғаламшарына келгендегіміздей әп-сәтте бара алмаймыз.
- Қалайықшы, онда, осында, - деді Шолпан жас қыз баладай елең етіп, - мен туылған ауылымды әлі қимай келемін. Ешқайда да кеткім келмейді. Үйімде мені әкем мен шешем, ағам мен іні, сіңлілерім күтіп отыр ғой, келеді деп. Жаңа ғана өз көзіңізбен көрдіңіз ғой, олардың мені қалай сағынғандарын.
- Көрдім, - деді Абзал селқос сөйлеп, - егер мен қазір уақыт пен кеңістікті осы ауылға жылжытсам, онда мен сізден біржолата айырламын. Өзімнің көрністі өзгертетін бар қабілетімді жоғалтамын. Одан да бұрын мен әлі ана қырдың арғы жағындағы өзімнің туылған ауылыма барған жоқпын. Мен де өзіңіз сияқты оны сағынып келемін ғой! Осыны түсініңізші, - деді.
Шолпан қыз көз шараларында Күн сәулесіне жылт-жылт еткен ыстық жасын екі қолының сүйріктей саусақтарымен сүртіп алып:
-Түсінемін, Абзал. Кешіріңізші, мені. Туылған ауылымды, әке-шеше, іні, сіңлі, көршілерді көрдім. Олармен қауышып, тілдеспесем де көңілім орнықты. Енді сіздің ауылыңызға барайық! – деді жай ғана.
Абзал басын изеп, Шолпан қыздың оң қолынан мықтылап ұстап, қырға қарай асықты. Оның арғы жағында өзінің туылған ауылы болған сайлы жазық. Қыр басына шыққанда Абзаал да ерекше толқыды. Көз шараларына жас алмаса да, дауысы әдеттегісінен сәл дірілдей шықты. Шолпан мән-жайды түсінбей:
- Абзал, жаңағы айтақан ауылыңыз қайда? – деді оған бұрыла қарап.
- Шолпан ғаламшарында емес пе? – деп жымиды Абзал.
- Онда мұнда неге келдік?
- Ауылым жоқ болғанмен, балалық балдәурен шағым өткен мына табиғатты ұмыта алмаймын ғой, Шолпан, - деді Абзал айналаға толқи қарап тұрып.
- Түсндім, - деді Шолпан да айналаға мейірлене көз жіберіп.
- Ауылымды Шолпан ғалмшарына көшіргенде, мына таулы жазық жерде ештеме жоқ еді. Аз ғана уақыттың ішінде өсімдіктер мен түрлі гүлдер өсіп, әдеміленіп кетіпті. Мені балалық шағым да осы тамаша табиғат аясында өткен, Шолпан. Осыны бір көруді аңсап жүр едім. Сіздің арқаңызда оның мүмкіндігі туды.
- Мен де сіздің арқаңызда өзімнің туылған ауылымды көрдім, - деп кейін қарай бұрыла қарап қойды Шолпан қыз, - туылған ауыл осылай қашан да ыстық болады екен.
Абзал тауылған ауылы болған табиғат аясына тағы бір мейірлене қарап, сол қолыныің білегіндегі электронды сағатына көз салды да:
- Бұл жарық дүниедегі әрбір саналы адам баласының іс-әрекетіндегі уақыты есептеулі. Екеуміздің де қайтар уақытымыз таяды. Қозғалайық, - деді.
- Қайтадан Шолпан ғаламшарына ма?
- Әрине, онда сіздің бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген құрбыңыз Айман мен әріптес ағаларыңыз қалдыемес пе?
- Оларды да сағындым, - деп Шолпан қыз күрсініп салды.
- Ендеше, өзіңізбен аттас Шолпанға аттанайық!
Шолпан қыз жымия басын изеді. Абзал оң қолымен қыздың ыстық алақанын қыса ұстады да, сол қолымен көйлегінің кеудесіне бекітілген құралының бір түймесін сол қолының сұқ саусағымен жай ғана басты. Әдеттегі құбылыс болып өтті. Жарық дүние бір сәтке сөнгендей боды да, екеуі аспанға қарай құпия күшпен көтеріле жөнелді. Тағы да келгендегі құбылыс қайталанды. Шолпан екі көзін тарс жұмып алған. Қайта ашқан кезде Шолпан ғаламшарындағы Абзалдың ауылы қонған тамаша табиғат аясында болды. Айнала толған ақшаңқай түсті, алты қанаттан отыз қанатқа жететін киіз үйлер. Алыста сілем-сілем таулар. Жақында суы күркірей аққан өзен. Бәрі де бұрынғыдай. Жанында Базал тұр. Шолпан бұл сапардан шаршағанын енді ғана сезініп, Абзалға қарап:
-- Мен өз киіз үйіме қайтайыншы, абзал, - деді.
- Сапардан шаршағаныңызды көріп тұрмын, - деп жымиды Абзал.
- Айтқанымды орындағаныңызға, мені терең түсінгеніңізге мол алғыстымын!
Екеуі ауыл оратсындағы ақшаңқай түсті алты қанат киіз үйге қарай бет алды. Шолпан қызға арналып тігілген киіз үй екені туырлықтары мен үзіктеріндегі қазақы, қызға тән түрлі-түсті ою-өрнектерінен көрініп тұр. Жас қызға ол біраздан бері үйреншікті үйіне айналған. Абзал екеуі әрбір сахатқа шығарда кезігетін төбе басынан ерекше көзге түседі. Киіз үй жанына келген соң Абзал Шолпанға оң қолын ұсынды. Қаз да. Содан соң Абзал алғаш рет Шолпан қыздың самал желден сәлғана желп-желп етіп тұрған кекіл шашын оң қолының алақанымен сипап қойды. Екеуі бір-біріне жымия қараған. Қыз кейін қарай бұрылып, ақ үйге кіріп кетті. Абзал өзінің киіз үйіне қарай жүрген. Сәлден соң кейін бұрылып қарағанда қыз үйінің сықырлауығының жабық екенін көрді.
Елдегі әбіржу
Шолпан мен бейтаныс жігіт ауыл көшелерін аралап өтіп, төбе басына қарай кетіп, көзден ғайып болғаннан кейін тарап кеткен тұрғындар қайта дүрліккен. Бұл оқиға әсіресе Шолпанның әкесі Ералы мен анасы Перизатқа, ағасы Қажыбек пен інісі Арғынғазыға, сіңілісі Айыгүлге жеңіл соқпады. Сол күннің ертеңінде Шолпан қыздың әкесі Ералы бастаған ауыл қариялары мен жастары Орталық мәдениет үйіне жиналып, болған көріністің мән-жайын түсінісуге тырысып баққан. Ол көрініс елес дейтін елеске де, галографиялық көрініске де ұқсамайды. Егер ол елес болса, оны ауылдың барлық тұрғыны бірдей көре алмаған болар еді. Ендеше, ешқандай елес емес, тап телеэкрандағдай анық көрініс. Осы жиынға дейін ауыл ақсақалдары мен жастары Ералыдан Шолпан қыздың Шолпан ғаламшарында бұдан біраз бұрын белгісіз себептерден көзден таса болғанын білген. Ол жайсыз хабарды Байқоңырдағы Ғарышкерлерді ғаламшаралық сапарларға дайындау орталығының басшылығы Ералыға «Үй-ішін ерте әбіржітпейік» деген оймен кештеу хабарлаған. Кешегі көрініс ол жайды күрделендіріп жіберді. Енді міне, тек Ералының отбасы емес, бүкіл ауыл тұрғындары әбіржуде.
Ауыл ақсақалдары мен жастары Орталық мәдениет үйінде ұзақ жиын жасаса да, пәлендей бір ғылыми тұжырым жасай алмады. Болмаған соң Шолпан қыздың әкесі Ералы мен ағасы Қажыбек астанаға баратын болып шешті. Осы күнгі кеште Ералы ғарышкерлерді ғаламшарарлық сапарларға дайындау орталығы басшылығына бейнетелефон қоңырауын соқты. Оның басшысы Бақтыгерей Тәлімұрпағымен біраз әңгіме қозғады.
- Сіздердің сол көргендеріңіз жай бір елес болар? – деп күмәндана жауап берді Бақтыгерей Ералының сұрағына.
- Жоқ, ол көргендеріміз ешқандай елес емес. Менің қызым жанындағы бір бізге бейтаныс жігітпен бірге ауылымыздың орталық даңғылы бойымен жүріп өтті. Тап бір телеэкраннан көрінген көріністей болды. Сондықтан қызыммен қауыша да, тілдесе де алмадық. Бірақ олардың жүрген аяқ дыбыстарын да, бір-біріне айтқан кейбір сөздерін де естідік. Мұны ауылдағы кейбір ғалымдар бізден бөлек уақыт пен кеңістіктің қиылысындағы көрініс деп түсіндіреді. Сонда қалай олғаны?
- Олай болуы да мүмкін, - деді дөңгелек жүзді, қой көзді, қияқтай қара мұртты басшы жігіт, - тек мен сол көріністің тап сіздің ауылыңызда болғанына таңмын.
- Егер оны тек менің отбасым көрсе, бір жөн. Ауылымның бүкіл тұрғындары куәсә болды, ол көріністің. Шолпан қызымның бізбен қауышқысы да, тілдескісі де келді. Бірақ қандай да бір мөлдір жұқа шыны қабырға бізді бір бірімізге белгілі бір өқашықтықтан әрі жақындатпады.
- Мөлдір шыны қабырға дедіңіз бе?
- Иә, бәріміздің байқағанымыздай, мөлдір жұқа шыны қабырға. Мұндай да оолады екен, бұл жарық дүниеде. Содан қызым жаныдағы бізге бейтаныс жігітпен қатарласа жүріп, ауыл сыртына шығып, қыр асып кетті. Одан кейн ол екеуі де көзден ғайып болды. Барлық көрініс санаулы минуттар ішінде болып өтті. Ештемені түсіне алмадық. Өзіміз де, күллі ауыл тұрғындары да күні бойы елеңдеп, ол көріністің қайталануын күтті. Көрініс қайталанбады. Бүгін ертемен ауыл ақсақалдары мен жастары Орталық мәдениет үйіне жиналып , сол көрініс жөнінде пікір алцыстық. Бірақ бір көңілге қонарлық тұжырымға келе алмадық. Тек жиын соңында ұлым Қажыбек екеуміз ертең ертемен сіздерге баратын болып шештік. Соның алдында сізге хабарласып тұрғаным ғой.
- Мұныңызға мың алғыстымын, - деді Ғарышкерлерді ғаламшараралық сапарларға дайындау орталығының басшысы, - жаңа ғана Шолпан ғаламшарындағы құрамында Шолпан қызымыз болған ғарышкер-геологтардың басшысы Шадыман ағадан бейнежазба алған едік. Өкінішке орай, олар Шолпан қызымызды әлі таппапты. Тек уәйім етпеңіздер. Ондағы ғарышкер-геологтар Шолпан қыздың тірі екеніне, қандай да бір ортада жүргеніне еш шүбә келтірмейді. Өйткені, Шолпан ғаламшарында да сіздердегі сияқты көріністер болған. Шолпан қызды да көрген. Сондықтан Шолпан қыздың табылатынына толық сенімді ғарышкер-геологтар.
- Ләйім солай болсын! – деп Ералы көңілденіп қалды, - өзімізді өзіміз қанша ұстасақ та, Шолпан қызмыздың мүндай күйге түскені ауыр соғып тұр бізге. Қайтеміз, енді. Басқа салса, амал нешік. Үлкен ұлым Қажыбек екеуміз осы жағдайдың анық-қанығына жету үшін сіздерге ертең бармақшы едік...
- Енді бекер-бос жол жүріп шаршаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біз де қарап отырған жоқпыз. Шолпан ғаламшарындағы ғарышкер-геологтарға көмек беретін арнайы ғалыдмар тобын жақында аттандырмақпыз. Ол жөніндегі барлық мәліметтерді өздеріңізге бейнебайланыс құралдары арқылы дер кезінде хабарлап тұратын боламыз. Шолпан қызымыз табылады деп сенеміз! Сауі болыңыз, аға, - деді басшы жігіт.
- Аман-сау бол, қарағым! Ізденісті еңбектерің қашан да жемісті болсын! – деді Ерлан сәл толқып.
Одан соң да бір сәт ойға батып отырды. Сйқітп барып бейнетелефон құралын сөнідрген. Айналасындағ отырған жұайы, балалары мен көрші-қолаңдары үнсіз қалған. Әрқайсысы өзінше ойға батқан. Ералы Шолпан қызының кішкентайынан-ақ жұлдызды әлемге құмар болғанын есіне алды.
- Өзі жұлдызтанушы болмас да, жұлдыздарды бақылауға құмар еді, - деді қоңыр дауысмен жай сөйлеп, - қазақтың ежелден танитын бес жұшлдыз – бес аспан денесін: Олпанды, Шолпанды, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғалмшар мен Қоңырқай ғаламшарды жақсы білетін. Мектеп қабырғасында оқып жүрген скезінің өзінде-ақ Мектеп сыңардүрбісімен сол аспан денелері мен басқа да жұлдыздарды, Құйрықты жұлдыздарды талай бақылаған. Жұлдыздар жайлы ғылыми, ғылыми-танымдық кіітаптарды жиі оқитын. Кейіннен оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Ғарышкерлер құрамына енп, өзі есімдес Шолпан ғаламшарына аттанды. Ол жөнінде газет-журналдарда жазылды, стереотеледидарлардан айтылды, көрсетілді. Сөйтіп, Шолпан қызының есімі мен ерлігі Жер шары халқына тарады...
Ералының бұл сөздерін мұқият тыңдап отырған жамағат тіл қалпады. Не десін. Бәрі де жаңа бір ұсынысты да, ол ұсынысына айтар жауапты да Ералының өзінен күтіп отыр. Ералы отырғандарды көздерімен жай ғана шолып өтті. Жаңағы Шолпан жайлы айтқан сөздеріне басқа сөз қоса алмады. Шолпан қызының:
- Көке, мен құрбым Айман және басқа ғалым ағаларыммен бірге Шолпан ғаламшарына аттанып барамын. Оны зерттеу маған өте қызық, - деген сөзін есіне алды..
- Шолпан ғаламшарына ғаламшараралық кемемен ұшып бару, оны зерттеу сенің кішкентайыңнан аңсаған арманың ғой! Бара бер, зерттей бер! – деп ақ батасын беріп қала берген өзі сонда.
Енді сол қызының мынандай жұмсбақ оқиғаға тап болғаны өзінің ғана емес, өзгелердің де жандарына батқан. Ералының бір сенетіні Шолпан қызының ессіз еместігі. Ол қандай қиын жағдайға тап болса да, туылған Жерін, елін, өздерін бір сәтке де ұмытпақ емес. Ұмытпайды да. Әйтпесе, дәл кешегідей ауылға қараң бермес еді. Тек жанында қатар жүрген өзіндей өрім жігіттің кім екені, қай ауылдан екені белгісіз. Байқоңырдағы ғалымдар мен мамандар біле алмай отырғанда өздері – ауыл адамдары қалай анықтай алсын. Ералы кешелі бері белін жаза алмай да қалған. Көрші-қолаңдары мен ауылдың зиялылары мұнысын түсініп, сөзбен болса да демеу үшін осы үйге жиналған. «Ғарышкер-геолог Шолпан қыздың үйі бұл» деп мақтан тұтады ауыл адамдары сырттан келген меймандарға.
Рас, бұдан бұрын да осы үйден мейман үзілмейтін. Емен-жарқын әңшімеге толы жиындар жиі-жиі орын алатын. Ендігі жиын көңілсіздеу өтуде. Бірақ отырғандардың бәрі де Шолпан қыздың кешікпей-ақ табылатынынан үмітті. Шолпанның өмірге құштар сүйкімді бейнесін көрмейінше ешқайсысы да тыныш қала алмақ емес. Шолпанның анасы Перизат та осындай ойда отыр. Шолпан қыздың әлі табылмай жатқанын әлдекім еске салса болғаны, көз шараларынан ыстық жас мөлт-мөлт аға жөнелмек. Сол нәзік жандылығын біліп, айналасындағыларға сирек көз тастайды. Мұндайда қазақ салтында жасы үлкен ерлер мен әйелдер сөйлейді, басу айтады. Бір өкініштісі, бүгінде көп жағңдайда осындай күйге түскендерді басу үшін үлкендерге сөз айтқыбайды, дәрі береді, онан болмаса, денесіне инемен дәрі жібереді. Осылай тыныштандырады. Бірақ Ералы да, Перизат та ондайды қалаған емес. Өйткені, жасы үлкен адамдардың айтқан басу сөздері сол дәрі мен инелі дәріден көп есеге артық әрі денсаулыққа зиянды емес.
Біраздан соң сөзді осы ауылдың ең үлкен ақсақалы Жақсыбек алған. Жақсыбек осы сәтке дейін Ералы және басқалардың ой-пікірлерін мұқият тыңдап отырған болатын. Оның үстіне іштегілердің бәрі де: «Ақсқал, енді өзіңіз басу айтыңыз» дегендей сол кісіге қараған. Жақсыбек ақсақал ақ сақалын екі қолының алақандарымен кезек-кезек сипап алып, шалға тән жіңішкелеу дауысымен сөйлеп кетті.
- «Үмітсіз – Шайтан» деген сөз бар емес пе, дана халқымызда, - деп бастады ол сөзін жіңішкелеу қоңыр дауысымен, - Шолпан қызымыздың қайта табылатынынан күдер үзуге болмайды, қрақтарым. Ештемеге көз жеткізбей тұрып уәйімше салына берудің жөні жоқ. Кім біледі, Шолпан қызымыз Шолпан ғаламшарында өркениетті әлдекімдерге кезіккен шығар. Шолпан ғаламшары бір ауылдың іші емес. Ұшы-қиырсыз жатқан бір әлем. Тау да, сай да, шыңырау да бар емес пе онда. Тек құдай аман етсін, қызымызды. Адамның маңдайына жазған тағдырына ешбір пенде араша тұра алмайды, қарақтарым. Сондықтан, Перизат, егіліп езіле берме. Басыңды көтер. Үміт ет. Балаларыңның амандығын тіле, құдайдан. Ел аман болсын, бәріміз де аман болайық. Шолпан қызымыз аман-есен ортамызға оралсын!
- Жалпы, қазақ аңызы бойынша, ғаламшар Шолпан есімді ақылды, сұлу қыздың есімімен аталған ғой, - деп сөзге араласты Жақсыбек ақсақалдан кейін Шолпан қыздың ағасы Қажыбек сәл де олса көңілін орнықтырғандай болып, -сол ғажайып аспан денесіне қарындасым Шолпанның барғанына қуанып жүруші едім. Енді күтпеген жерден тағдырының осындай болғаны өкінішті, әрине. Бірақ мен қарындасымнан үмітімді үзбеймін. Табылатынына сенемін.
Үй ішіндегілер тағы бір сәтке үнсз қалған. Ұшып жүрген Шыбынның ызыңы анық естілер тыныштық орнаған.Үлкен кісілер де бастарын төмен салып отырып қалған. Осы Жер ғаламшарында, осы ауылда емес, сонау аспандағы жұлдыздай жарқыраған Шолпан ғаламшарында жоғалған жас қызды табамын деудің өзі де оңай шешім емес-ті. Мұнда отырғандардың ешқайсысы да Шолпан ғаламшарын зерттеген, ия оған барып қайтқан жандар емес. Сондықтан Шолпан ғаламшарының қыр-сырынан хабарсыз. Аспандағы Шолпан ғаламшары түгілі, осы аяқ басып жүрген Жер ғаламшарының құпияларын толық біліп пе. Табиғат құпиясы ешқашан да таусымақ емес, адам баласына. Тынымсыз жылжыған уақыттай уысқа түспей алға қарай кете береді. Оған бір адамның ғұмыры да, ұрпақтармен жалғасып жататын күллі адамзаттың ғұмыры да жете бермейді. Бір құпияны ашса, екіншісі шыға келеді. Осылай кете береді. Жеке адам баласын да, күллі адамзатты да бұл ғажайып қайталанбас өмірде сондай құпия-сырлар үнемі жетелеп, қызықтырып отырады. Әуелде аспаннан құстарды көріп: «Осы құстар сияқты аспанда ұшсам ғой» деп армандаған адам баласы әуе кемесін ойлап тауып, сол құстарды кейінге тастады. Одан кейін ғарыш кемесін жасап, ғарыш кеңістігіне, Күн жүйеміздегі ғаламшарларға сапар шеге бастады. Енді бүгінде сол ғаламшарлар мен олардың беті қатты серіктерінң бәрі де адам үшін осы Жер ғаламшарындағы үлкен қалалар мен кішігірім қалалар сияқты болып қалды.
Қол созым жерде тұрғандай болып қалған Айға да, одан әрідегі Шолпан, Қызыл ғаламшар мен Қоңырқай ғаламшара барып қайтқан адамдар қазақ елінде жеткілікті. Әзірге осы ауылда ғана Шолпан қыздан басқа ешкім жоқ. Сондықтан да Жерден өзге аспан денелері ауыл тұрғындарына әлі тансық. Шолпан қыздың обасын да, күллі ауыл тұрғындарын да ойлантқаны осы да еді. Шолпан ғаламшары мен Шолпан қыз жайлы әңгіме қозғаған ауылдың үлкендері мен кішілері Ералының үйінде осылай түннің бір мезгіліне дейін отырды. Әркімнің айтқан пікірлері ұйқы қашырған. Осындай бір бас қосу мен әгңімелер болмаса да Ералының отбасы түн тыныштығында да көз ілмес еді. Қанша дегенмен де үлкендердің ой саларлық ойлары мен ұсыныстары адам баласын жақсы нәрсеге үміттендіреді. Бас қосудың басты мәні де сол.
Осы түнде қанша білмедік десе де, отырғандар Шолпан ғаламшарының біршама сырын айтып та тастаған. Ең ғажабы, сол Шолпан ғаламшарының Шолпан қыз есімімен аталуы. Бұл қазақ халқының ол ғаламшарға жұлдыз ретінде көңіл аударып, оған ойша Шолпан есімді қызды апарып, осындай ат беруінің өзі де бір ғажап көрегендік еді. Бүгінде Шолпан ғаламшарының барлық дерлік аймақтары қыз, әйелесімімен талады. Бұл ғажап емес пе? Ал осы ауылда дүниеге келіп, осы ауылда өсіп, сол Шолпан ғаламшарына Шолпан қыздың баруының өзі де үлкен мақтаныш!
Үйдегілер таң қылаң бере осындай рухта тарай бастады. Бұл бір қайталана бермейтін маңызды отырыс еді. Мұндай ақыл-кеңесті жиын ертеректе, қазақ халқы кең-жазира далада көшіп-қонып жүргенде жиі болатын. Бұл отырыс сол тамаша дәстүрдің салауатты жалғасы еді. Несі бар, қазақтың ежелгі дәстүрі осылай қайта жаңғырса, оған кім қуанбас. Қажет десе, бүгінгі күнде де атылар әаңыз-әңгіме жетерлік. Тек ағайын мен көрші-қолаңның осылай басы қоылып тұрса, бір-бірімен қашан да тау болса, құба-құп. Бүгінгі бас қосу сондай бір тамаша туыстық салт-дәстүрдің жалғасы еді. Кешегі дүрлігу де осы отырыстың арқасында басылған. Көріністен секем алған адам есін жиды, ақыл тоқтатты. Ералының өзі де осындай тамаша отырысты бұдан кейін де жалғастыра берді қалаған. Ақсақалдар жағы да мұнысын қуаттап, бәрі сыртқа шыққан.
Бұл кезде Шолпан ғаламшары күн батысқа қарайғаы қозғалысын аяқтап, Күнге қарайғы қозғалысын бастаған-ды. Шолпан ғалмшарының тек таңғы мезгілде емес, Күн батар алдында батыс жақтан да жарқырай көрінетінін дана қазақ әуел бастан жақсы біледі. Шолпан ғаламшары өзінің қозғалысында бірде Күннің батыс жағына, бірде шығыс жағына шығады. Осылайша Күнді айналып жүреді. Тек онысын кейбір адам аңғара бермпйді. Ал бүгінде таң жұлдызы атанған Шолпан ғаламшарына ғарышкерлер ғаламшараралық кемелермен барып-келіп жүргендіктен Шолпан ғаламшарына екінің бірі көңіл аударады.
Сыртқа шыққандардың бәрі де шығыс көкжиктен сәл ғана жоғарыда жарық жұлдыздай жарқырап тұрған Шолпан ғаламшарына қараған. Ғаламшар: «Менде Шолпан қыздарың жүр. Жақыслап көріп алыңдар» дегендей тапжылмай жарқырап тұр. Оның аспандағы қозғалысы да білінбейді. Бір орнында қозғалмай түрған сияқтанады. Ал оны шағын сыңардүрбі арқылы көрер болса, кім кім де Шолпан ғалашарының жаңа туылған Айдың орағынан да ұзын орағын көрер еді. Қолдарында ондай бақылау құралдары болмаса да, үйден шыққандар Шолпан ғаламшарына тапжылмай қарумен болды. Шолпан қыздың әкесі Ералы да, анасы Перизат та Шолпан ғаламшарына қадала қарап, екі қолдарын алға қарай соза, іштерінен өз тілектерін айтуда. Енді сәлден соң өзін өзі қатаң ұстай алмаған анасы Перизат көз шараларына ыстық жас та іріккен. Ералы ғана іштей қатайып, өзінің қызына деген сағынышы мен толқынысын төңірегіндегілерге білдермей тұр.
Осы маңызды отырысқа қатысқан көрші-қолаңдар мен ауыл тұрғындары да Шолпан ғаламшарына одан жақсылық күте қадала қараған. Астарында Шолпан ғаламшарына әп-сәтте жеткізетін ғаламшараралық кемелері болса, әлдеқашан аттанып кеткен болар еді бәрі де. Ондай кемені табан астында кім бере қойсын. Кеме бола қалса, Ералы болса да бірінші болып аттанар еді Шолпан ғаламшарына. Ағасы Қажыбек, ешқандай ой-арман емес, Шолпан ғаламшарына шынымен-ақ ғаламшараралық кемемен ұшып барып, қарындасы Шолпан қызды ізеуді іштей жоспарлап тұр. Басқалардың ой-армандары өз іштерінде. Қай қайсысы да аспанда жарық жұлдыздай лапылдаған Шолпан ғаламшарының сұлулығына да тәнті.
Ғаламшараралық кемемен Шолпан ғаламшарына ұшып барып, оның ғажайып табиғатын көріп, көп нәрсені анықтап, Шолпан қызды іздеп қайтуды қай қайсысы да іштей арман етід. Шолпан қыз Шолпан ғаламшарына құрбысы Айман және басқа ғарышкер-геолог ағаларымен бірге Шолпан ғаламшарына кеткенде, ауыл тұрғындары бір қуанып, марқайып қалған еді. Ендіешқайсысы да бастарын көтере алмайды. Бәрі де Шолпан ғаламшарына қадала қараумен ұзақ тұрды. Ата-бабалардың ежелдегі жаңа туылған Айға қарап бата жасағындай бір көрініс. Қазақ халқының жаңа туылған Айға әуел бастан табынуының бекер еместігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Жер ғаламшарының өз осында ұршықша шайқалақтаамауын, Жер атмосферасындағы ауа райын тұрақтандыратын, өсімідк пен жануарлар әлемінің өсіп-өнуіне игі әсер беретінін дана қазақ ертеден білген.
Мына көз алдарында жақұттай жарқыраған Шолпан ғаламшарының да Жер ғаламшары тірішілігіне кішкентай болса да әсері жоқ емес. Осыны білетін Ералы Шолпан ғаламшарына қараған бойда ішінен әлденелерді тағы айтып, екі қолының алақандарымен екі бетін жай ғана сипады. Тұрғандардың бәрі де соны қаталаған. Енді тұрғандардың денелері таңғы салқын ауаны сезе бастаған. Ералы оны түсініп, жанындағыларға «Ішке кірейк те» деген ишарат білдірді. Көрші-қолаңдар мұның мәнісін түсініп, Ералымен бірге үлкен үйіге еніп, төргі бөлмеге өтті. Бұл кезде үй асханасындағы автоматты-компьютерлі жүйелер таңғы ас пен шайды дайын еткен де еді. Тез арада кең дастархан жаылды. Шолпан қыздың ағасы Қажыбек жеңіл қозғалып, отырғандардың қолдарына жылы су құйды. Ақсқалдар мен жастар түндегі әңгімелерін одан ір жалғастырды. Таңғы ас ішіліп болған соң ақсақалдар Шолпанқыздың Шолпан ғаламшарынан табылып, елге, ауылға аман-есен оралуына арнап бата жасап, бет сипасты. Орындарынан жаымен тұрып, Ералымен, отбасымен жылы қоштасып, әрқайсысы өзді-өзді үйлеріна тарасты.
Қайта табысқандар
Бір топ барлаушы әуе-ғарыш кемесі Емшектау аймағын шарлай ұшты. Ғажайып тау мағңынан әзірге Шадыманның қарасы көрінбеді. Ғарышкер-геологтар сонда да әуе-ғарыш кемесі терезесінен Емшектауды да, сайын да көзбен де, бақылау құралдарымен де сүзді. Ештеме байқалар емес. Бұл Шадыманның қайда зым-зия болғанын күрделендіре түскен. «Ол осы Емшектаудың төңірегінде болуы тиісті. Тек ол Шолпан қыз сияқты өкениетті әлдекімдерге тап болып, солармен бірге кетіп қалмаса, - деп ойлады Есмұхан, - әйтпесе, Шадыман ғаламшардың мынандай аптапты ыстығында алысқа ұай қоймас еді».
Елтай басқарып отырған әуе-ғарыш кемесі ғаламшар бетінен сәл ғана биікте Емшектаудың төңірегін бірнеш рет айналып ұшты. Шадыман әлі де көзге түспеді. Ғаламшардың тып-тыныш жазығында ешкім жоқ. Шадыманның аяқ басып жүрген ізі де байқалмайды. «ендеше, ол топырақты емес, тасты жерлермен жүрген» деген ойға келді Есмұхан кме терезесінен сыртқа тапжылмай қарап отырған бойда. Майда тастар мен тақа тастардың беттеріне Шадыманның аяқ киімінің ізі қайдан түссін. Түскен күнде де анда-санда соғатын ыстық желден не із қалмақ. Шолпан ғаламшарының біршама сыры ғарышкер-геологтарға әуелден белгілі. «Сонда ол қайда кетті?» деген ой енді қай ғарышкер-геологты да мазалай бастаған.
Ешлтай да өзі басқарып отырған әуе-ғарыш кемесін Емшектаудың маңынд бірнеше рет айналдыра ұшырды. Іздеу Жер уақытымен есептегенде бірнеше сағатқа созылды. Ал таңы атпайтын, кеші батпайтын мына Шолпан ғаламшарының табиғатында ол қас-қағым уақытпен бірдей. Сондықтан ғарышкер-геологтар Шадыманды іздеп табудан үмттерін үзбеді. Емшектауға Шадымансыз қайта оралуға асықпады. Арада апта емес, ай өтсе де Шолпанда кеш бата қояр емес. Кеш батуы үшін Жер тәуілігімен екі жүз қырық үш тәуілік өтуі тиісті. Ал мұндай уақытта Жер ғаламшарында жыл мезгілі ауысады. Дүниеге жаңа келген нәрсете қозғала бастайды. Тағы басқадай көптеген жаңалықтар мен өзгерістер орын алады. Ал Шолпан ғаламшарының мына ұзақ күні осы қалпында қала береді. Тек аспанындағы қою ала бұлттары әлдеқайда асыққандай жылдам жөңкиді. Сол ғана саналы адам баласына неше-қилы ойға жетелейді.
Бірақ дәл қазір ондай ой-арманға берілетін уақыт емес. Адам баласының басына осындай іс түскенде, ол анау-мынау нәрсені ұмытып та кетеді. Адам баласы да, кез келген жануар да өзінің перзентін қандай қиындықта да қорғайды. Ғарышкер-геологтар да қазір әрі басшысы әрі әріптесі Шадыманға баланысты сондай күйді бастарынан кешіп келеді. Әдетте Шадыман мінетін әуе-ғарыш кемесінде келе жатқан Есмұханның көңіл-күйі пәс. Жанында Алдияр отыр. Кемені болса да Шадыманның өзі таңдап алған Елтай басқаруда. Ол өте елгезек, сергек жігіт. Әуе-ғарыш кемесін Есмұханның айтуы мен белгі беруіне қарай бұрады, төмендетеді, жоғарылатады. Сондда да әзірге Шадыманның қарасы көзге шалынбады. Бірнеше әуе-ғарыш кемесі топ Торғайлардай нешетүрлі мәнер жасап та ұшады. Уақыт өткен сайын, Шадыман көзге түспеген сайын ғарышкер-геологтардың көңіл-күйлері де түсе берген. Қалжырай да бастаған. Шолпан ғаламшары аспанында әуе-ғарыш кемесімен осылай қанша рет айналып ұшса да ештеме шығар емес. Сонда да күдерін үзбеген Шадыман қолына үлкен дүрбісін алып, кеме терезесінен Емшектау маңын қайта шолған. Кенет Емшектаудан алыс емес жердегі үлкен бір тастың көлеңкелу жағында етбеттей жатқан Шадыман көзіне шалынды.
- Әне, Шадыман, әріптестер! – деп қалай дауыс шығарып қалғанын да байқамады Есмұхан.
- Кәні, қай жерде?! – деп Алдияр да терезеден сыртқа үңілген.
- Соның өзі! Үлкен тастың көлеңкесінде етбеттей жатыр! Содан байқалмаған екен ғой бізге! – деді Есмұхан қарсы алдындағы Шолпан ғаламшары бетін көрсететін тележүйені іске қосып.
Артынша ғаламшар бетінде бір-бірімен тұтасып жатқан тақта тастар мен Шадыман көлеңкесінде етбеттей қозғалысыз жатқан үлкен тас экран бетіне сыймай кетті. Шадыманның тұла бойы да анық. Сонда да Есмұхан ол көріністі тағы бір қайталап көрді. Содан соң шұғыл шешімін айтты.
-Елтай, кемені тездетіп көлеңкесіне Шадыман жатқан үлкен тастың маңына қондыр! Оған тез дәрігерлік көмек көрсетуіміз керек!
- Түсіндім, аға! – деді Елтай.
Әуе-ғарыш кемесі бір жағына қарай кліт қисая кетті де, көлекесінде Шадыман етбеттей ес-түссіз жатқан үлкен тасқа қарай төмендеп, бір айналып ұшып өтіп, тастың жанына қыран құстай жалп қона кетті. Шадыман оған елең етпеді. Сонысына қарап ғарышкер-геологтар оның шын мәннде ес-түүсіз жатқанын түсінді. Есмұхан кеме тас жанына қонғнға дейін сол жағында отырған дәрігер-оташы Асанбай Таңатқанұрпағына Шадыманға қандай дәрігерлік шұғыл көмек көрсету керек екенін пысықтап үлгерген болатын. Ол тез қозғалып, кеме ішіндегі ауырған адамға жедел дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік-оталық жүйелерді дайын еткен. Әуе-ғарыш кемесінің шығар есігі ашылысымен Еммұхан бірінші болып оның тепкешегімен Шолпан ғалмшары бетіне тез-тез түсіп, Шадыманға қарай ұмтылды.
Жеткен бойда екі қолын Шадыманның екі қолтығынан өткізіп жіберіп, көкірегі тұсынан құшақтай жоғар көтеріп алып барып, жай ғана шалқалай жатқызды. Шадыманның өзі. Шырт ұйқыда жатқандай қозғалыссыз. Есмұхан жанындағы дәрігер-оташы Асанбайға қараған. Ол тез қозғалып, келіп жеткендердің көмегімен Шадыманды даққа көтеріп, әуе-ғарыш кемесінің ішіндегі қатты сырқаттанған адамға шұғыл дәрігерлік көмек беретін дәрігерлік жүйені іске қосты. Шадыманның комбиезоны сырмасының кеуде тұсын ағытты. Шадыманның бет-әлпетіне қосымша оттегі жеткізетін түтікті бетпердені жапты.
Сол кезде Елтай да мән-жайды түсініп, әуе-ғарыш кемесі қозғалтқыштарын қайта іске қосып, оның әуеге қарай қалықтата жөнелді. Артынша төңіректе топ құстардай болып қонған бірнеше әуе-ғарыш кемелері де көтеріліп, тобымен Емшектауға қарай бет қойды. Олардың бәрі де Шадыман, Есмұхан бар кемені қоршай ұшқан. Емшектауға жақындағана өздерін дегбірсіздене күнткен ондағылар да үлкен қақпаны ашты. Кемелер үй төбе қабырғаларындағы ұяларына ұшып енген Қарлығаштардай бірінен соң бірі ене берді, ене берді. Іштегі дәліздердегі ауа реттегіш автоматты-компьютерлі жүйелер іске қосылды. Ондағы көмекші биотұлғалар зыр жүгіруде. Олардың бірі дәліздердегі ауаны салқындатқыштардың жұмысын бақыласа, екіншісі әуе-ғарыш кемелері ұшып кірген үлкен қақпаның нығыз жабылған-жабылмағанын тексеруде, үшіншісі сырттан ұшып кірген кемелердің өз орындарына тұрған-тұрмағанын, төртіншісі іші босаған кемелердің жұмыс жүйелерін тексеруге кіріскен.
Әуе-ғарыш кемелерінен тездетіп түскен іздеушілер тобы биотұлғалардың ол әрекеттеріне көңіл бөлген де жоқ. Оның бәрі де үйреншікті көрініс. Бәрінің қазіргі басты мақсаттары арнайы жан сақтау бөлмесіне жедел жеткізілген Шадыманды өз қалпына келлтіру. Шадыман шыны камера ішінде ес-түссіз жатыр. Шыны камераның төңірегіндегі түрлі күрделі жүйелер тынымсыз жүмыс істеп тұр. Олардың жұмысы мен Шадыманның жағдайын Асанбай мұқиятқадағалауда. Шадыманның өміріне қатты қауіп төніп тұрмағаны белгілі болған. Сондқтан ғарышкер-геологтар Шадыманның өмірге қайта араласатынына еш күмән келтірген жоқ. Ол шамалы уақыттан соң көзін ашты. Тек әзірге ештемені түсіне алар емес. Жатқан бойында көздерімен айнала-төңірегін шолды. Аңғардағы мақұлықпен айқасып, оны өлтіріп, аңғардан қайта шығып, кең жазықпен келе жатып, әлсіреп, бір үлкен тастың күңгірт көлеңкесіне жеткені ғана есінде. Одан бері секундтық уақыт өте шыққандай. Басын сәл көтеріп, қарсы алдында тұрған дәрігерді көрді. Бірақ оны бірден танмымады. Қандай да бір мәдени дамуы жоғары адамдардың қолдарына түскендей сезінді өзін. Тек сәлден соң барып ешқандай бөтен емес, өзіне белгілі жан сақтау бөлмесінде екенін түсінді. Дәрігерлерді де тани бастады. Олар сөйлемеді. Бір-біріне қарап, жай ғана бірдемелерді айтып қояды. Ол сөздері Шадыманға әлі түсініксіздеу. Шадыман енді өз қалпына келуге тырысты. Қозғала бергенде, үстін жауып тұрған мөлдір шыны аяқ жағына қарай жай жылжып ашылды. Өзіне төне қарап тұрған дәрігерлердің жүздері де анықтала түсті.
- Шадыман, өзіңізді қалай сезінесіз? – деді сол кезде екі иығына ақ желең жамылған Есмұхан.
- Есмұханбысың? – деп Шадыман басын сәл көтерді.
- Иә, Есмұханмын ғой.
- Таныдым. Мені қалай таптыңыздар?
- Біз сізді осы Емшектаудың маңындағы үлкен аңғардың бергі жағынан, тегістегі үлкен бір тастың күңгірт көлеңкелі жағынан таптық.
- Дұрыс. Мен сол жерде едім, - деп, Шадыман басын жастыққа қайта түсіріп, екі көзін жұмды.
- Ол жаққа неге бардыңыз?
- Сол маңдағы үлкен аңғардан Шолпан қызымызды табамын ба деп барғанмын.
- Мына Шолпан ғаламшарының тірішілік жағдайына әлі толық келе қоймаған табиғатына жалғыз шығып кеткеніңіз қалай?
- Шолпан қызды түсімде көргенмін. Өңімде де ол қыз сол маңда жүргендей болды маған.
- Сол тізеңіздегі жарақат неден боллды?
- Аңғардың ернеуінде оның іш жағына қарап тұрғанында аяқ астымдағы жары опырылып кетіп, аңғар ішіне қарай құлап, домалағанмын. Сонда сол тізем қандай да бір қырлы тасқа соғылыпты.
- Қаттаы қажуыңызға не себеп?
- Аңғар ішінде біраз жаттым. Ғаламшардың аптапты ыстығында сол аяқ тіземдегі жарақатты емдеу қиын болды. Содан аңғардан бірүкгірді көрдім. Соның ішіндегі салқын орада жарақатымды өзімдгі дәрігерлік таңғышпен таңдым. Сол кезде дауысым қатты шығып кетсе керек. Үңгірдің қараңғы тереңінен сегіз көзді бір мақұлық маған қарай тап берді. Оған қарай қынымдағы таманшамнан бірнеше рет лазер сәулесін жібердім. Жеті көзін жойдым. Ол қашлған бір көзімен маған жақындай берді. Ақырында онымен алысуыма тура келді. Басын тасқа соғып өлтірдім. Сөйтіп, аңғардан қайта шығып, сіздер мені тапқан тегістегі үлкен тасқа сілбіп жүріп әрең жеттім...
Шадыманның бұл сөздерін мұқият тыңдап тұрған әріптестері үнсіз. Шадыман сөйлегеннен шаршағандай екі көзін тағы жұмып, кідіріп қалды. Енді оны бұдан әрі мазалай берудің жөні жоқ екенін түсінді ғарышкер-геологтар. Дәргерлер де сол мезетте сыртқа шығу керек екенін ыммен білдірді. Бәрі жайымен кейін бұрылып, келесі бөлмеге өткен. Шадыманның жанында текі дәргер-оташы Асанбай мен көмекші биотұлғалар қалды. Шадыманның маңдайынан шыққан шып-шып терді сол биотұлғалар қолдарындағы жұмсақ шайы матамен сүртіп алады. Асанбай Шадыманның денсаулығын жақсартатын дәрілерді қолдануға кірісті. Бәрін ойландырған бір нәрсе – үңгірде Шадыман арпалысып жүріп өлтірген мақұлық еді. Бірақ дәл қазір одан оны сұраудың реті келген жоқ. Сондықтан дәрігерлер де, ғарышкер-геологтар да Шадыманға екі сағаттық демалыс беруді дұрыс деп тапқан.
Ол уақыт та әп-сәтте өте шыққан. Шадыман енді әуелдегісіндей емес, біршама ширап қалған. Шамалыдан соң ол басын көтеріп, денесін қозғап, дәрігердің көмегімен төсегіне тұрып отырды. Айналасындағыларды жасқы танып, біршама нәрселерді есіне түсірді. Оның көз алдынан кетпеген басты нәрсе үңгірдегі өзі арпалысып жеңген сегіз көзді мақұлық еді. Оған Шолпан қызды іздеймін деп тап болды. Бірақ ол ісіне еш өкінген жоқ. Шолпан қызды ойлаған. Осы кезде жағдайын дәрігерлер арқылы білген Есмұхан мен Алдияр кірді ішке. Шадыман үстінде отырған төсектің жаына алдын ала қойылған екі жақтаулы орындыққа отырды екеуі.
- Үңгірдегі мақұлық еш жеріңізге зақым келтіре алмапты, - деді осы кезде жандарында тұрған дәрігер-оташы Асанбай.
- Ол жақсы болған екен, - деп Шадыманның тұла бойын көздерімен шолып өтті Есмұхан.
- Мен ол үңгірге сол аяғымның тізесіндегі жарақатымды таңу үшін кіргенімді айтқанмын, - деді Шадыман жай ғана сөйлеп, - өйткені, оның іші сырттан салықндау ғой. Ол ойым дұрыс болып шықты. Тек аяғымдағы жарамды таңып жатқанда ол қатты ауырғандықтан дауысым шығып кеткен. Содан үңгірдің қараңғы түпкірінен әлгі айтқан сегіз көзді мақұлық маған қарай жақында берді. Мен қынымдағы тапаншамды алып, лазер сәулесімен оның жеті көзі жойдым. Сеігізншісіне лазер сәулесін дәл тигізе алмадым. Содан арпалыс басталды. Құдай қолдап, күш қолдап оны жеңдім, өлтірдім. Мен ондай қатерге тап болғаныма еш өкінбеймін. Мені қинатыны, Шолпан қызымыздың табылмай жатқаны.
- Ал біз сізді қанша іздедік, - деді осы кезде Есмұхан, - сонау Кең тегіс үстін де шарлай ұштық әуе-ғарыш кемемібен. Ақыр соңында үлкен бір тастың күңгірт көлеңкесінен таптық сізді. Енді бар қиындық та, қатер де кейінде қалды. Еш уйім етпеңіз, жазыласыз, қалпыңызға келесіз. Шолпан қызымыз да табылар.
- Мен сіздерге мың алғыстымын, әріптестерім, - деді Шадыман толқып, - мұндай шалғай ғаламшардың құпиясы мол табиғаты осындай қажырлылық пен қырағылықты талап етеді. Сіздер соны ақтадыңыздар! Біз қияметте жүргн адамдармыз! Айналамыз толған от! Су аз! Оның үстіне осы кезге дейін көзімізге көрінген көріністер бар! Бірақ біз оның сырын қалай да ашамыз! Оны ашпай, Шолпан қызымызды таппай Жерге, елге орала алмаймыз!
- Жер, ел демекші, Байқоңырдағы «Ғарышкерлерді ғаламшаралық сапарларға дайындау орталығының» мамандары мен ғалымдарынан бізге мынандай жаңалық келген. Шолпан қызымыз дүниеге келген ауылының адамдары Шолпан қыздың бір бейтаныс жігітпен ауылдың орталық даңғылымен жүріп өткендерін хабарлаған. Қызымыздың әке-шешесі де, аға, іні, сіңлілері де, көрші-қолаңдары мен дүйім ауыл тұрғындары көріпті. Тек олар да біз сияқты Шолпан қызбен де, жанындағы жігітпен де қауыша, тілдесе алмағңан. Олардың бәрі де қатты толқу үстінде екен. Байқоңырдағылар бізден Шолпан қыздың табылған-табылмағаны жөнінде сұраған. Біз әлі таппағанымызды, тынымсыз іздеуде екенімізді айттық.
- Бұл өзі бір ақыл жетпейтін жұмбақ болды ғой, - деді Шадыман іштегілерді көздерімен жай ғана шолып өтып, - менің сыртқа шығып кетуімнің басты себебі де осы жұмбақтардың шешімін ертерек табуға деген әрекет еді ғой. Менің ойымша, ол көріністер Шолпан қызымздың тағдырымен байланысты. Сондықтан Шолпан қызымыз осы Шолпан ғаламшарында деп санаймын. Әлгі терең аңғар ішіне баруымның басты себебі де сол еді. Бірақ ШОлпан қыз көзіме түспеді. Бірақ біз оны іздеуімізді еш тоқтатпаймыз. Әрбір жаңалығымызды Жердегілерге, елдегілерге хабарлап тұрамыз.
Шадыман сөйлеуден шаршаңқырап қалғанын жасыра алмай, басын төмен салып, жастыққа батыра түсіп, үнсіз қалды.Жағдай көрер көзге түсінікті еді. Айналасында тұрғандар бір-біріне бір-бір қарап алып, сыртқа қарай шыға берген. Шадыманның жанында дәрігер-оташы Асанбай мен медбике Шәйгүл ғана қалған. Ол екеуі Шадыманның бірер сағат тыныш демалғанын қалады. Қашан ұйқтап кеткенше төсегінің жанындағы орындықтарда үнсіз отырды. Содан соң Асанбай медбикеге Шадыманның жай-күйін қадағалауды өтініп, өзі дәлізге шықты.
Бұл кезде ғарышкер-геолгогтардың бәрі де одан жауап күтіп тұрған еді. Дәрігер ештеме айтпады. «Әзірге бәрі дұрыс» дегендей басын бір изеп, алға қарай жүре берді. Күткендерге бұл түсінікті еді. Енді олар бірбірімен уақытша бас изесіп қоштасып, өзді-өзді бөлмелеріне тарасты.Есмұхан мен Алдияр екеуі ғана Жермен, елмен, Байқоңырдағылармен бенебайланысқа шығу үшін арнаы торап орнатылған бөлмеге келді. Бірақ , қанша дегенмен ғде оның негізгі бенебайланыс орталығындағыдай күрделі жүйелер бар. Төр қабырғасына орнатылған экраны да үлкен. Адамның тұла бойын түтастай дұрыс әрі анық көрсететін электронды айна іспеттес. Есұхан мен Алдияр сол экранның қарсы алдына келіп, тап жаувнгерлерше қатар тұра-тұра қалған. Артынша автоматты-компьютерлі сегіш жүелер іске қосылды. Экран беті жанысымен онан дөңгелек жүзді, көздері өткір, ұқыппен қиқтай мұрт қойцған , үстіне қазақтың ою-өрнекті киім киген денелі жігіт тұла бойымен көрінді. Жүзі жылы, дауысы анық. Ол экраннан екеуіне қадала қарап тұрды да:
- Армысыздар, құрметті ғарышкер-геологтар! Жағдаларыңыз жақсы ма? Сіздерді мәңгілік қазақ елінің миллиондаған тұғғындары көріп тыңдап тұр – деп оң қолының алақанын жүрек тұсына жанастыра сәлбасын иді.
- Аманбыз! Бізде бәрі де жақсы! – деп Есмұхан да қазаққа тән рәсімде оң қолының алақанын жүрек тұсына жанастыра сәл басын иді.
- Мен сіздерді мұқият тыңдап тұрмын. Қандай жетістіктеріңіз бен жаңалықтарыңыз бар?
- Шолпан ғаламшарын ғылыми тұрғыдан зерттеуде жеткен жетістіктеріміз жоқ емес. Біршама аймағындағы қыртыстарынан су да шығардық. Кен орындарын да таптық. Ғаламшардың алпыс градустан асып жығылатын аптапты ыстығы жеңіл емес, әрине. Сонда да көздеген мақсаттарымызға жетіп келеміз!
- Ләйім, солай болғай! – деді Байқоңырдағы жігіт сәл де болса серпілі, - Жеріміздегі, еліміздегі жағдай да жақсы! Бүгінде Күн жүйеміздегі өзге ғаламшарларға иек арта бермей, ұлы табиғатты қорғау мен аялауды ата-бабаларымыздай қолға алуадмыз! Қалалардағы ескірген зәуілім ғимаараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерді ысырып, жеңіл құрылмалы-жиналмалы киіз үй іспетті үйлерді көптеп салудамыз! Ел табиғаты да, жалпы Жертабиғаты да тазарып, кеңейіп келеді! Сонда да әлі көп адамның аяқ табаны тимеген, енді-енді Жер ғаламшары жағдайындай жағдайға көшіп келе жатқан Шолпан ғаламшарыының дархан даласын қазақ даласына айналыдруға деген үмітіміз де зор!
- Шолпан ғаламшары Жер ғаламшары жағдайына көшіп келеді, - деді көңілі көтерілген Есмұхан. – әрекеттене берсек жеңбейтін не бар! Шолпан табиғаты Жеріміздің табиғатындай болғанша мына Емшектаудың астындағы ұңғыдағы сияқты, жағдайлы ауыл-қалада тұра беруге де болмады!
- Шолпан ғаламшарын игеруде ол да бір ашылған жол ғой, - деді жігіт алғашықысынан да жадырай сөйлеп.
- Иә, ашылған жол! Оған еш күімін жоқ! Тек Шолпан ғаламшарының ашылмаған құпия-сырлары әлі көп-ақ! Сонысы болмаса...
- Түсіндім, аға! – деді Өмірек есімді жігіт кейінгі жағына бір қарап қойып, - әр нәрсе өз уақытында ғой! Ал, Шолпан қызымыздың тағдыры қалай болып жатыр?
- Мына қасымдағы Алдияр екеуміз де сол жөнінде айтуға келіп тұрмыз. Ол қызды жалғыз-жаяу іздеймін деп басшымыз Шадыман қатты сырқаттанып қалған. Қазір денсаулығы жаман емес. Сауыққан соң Шолпан қызды іздеуді одан әрі қарай жалғастырамыз! Оны еш уәйім етпеңіздер! Бәрі де жақсы болады!
- Түсіндім, аға! – деп, Өмірбек тағы да кейінгі жағына қарап алып, - ол қыздың табылатынына сенеміз!
- Шолпан қыз жайлы әзіргеайтатынымыз осы, - деді Есмұхан жанындағы Алдиярға бір қарап қойып, - ендігі жаңалығымызды Жер тәулігімен есептегенде бір жетіден кейін айтамыз! Жердегі, елдегі, өзіңіз қызмет ететін Байқоңыр ғарыш алағындағы әріптестерге, туыстар мен достарға, таныстарға бізден дұғай сәлем жеткізіңіз! Жерімізде көріскенше күн жақсы болсын!
- Түсіндім, амандықпен қауышайық! Шолпан ғаламшарын зерттеу мен Шолпан қызымызды іздеу іздеу жолында сіздерге мол табыстар тілемін! – деді қара мұртты жігіт Өмірбек.
Үлкен экран күрт сөнді. Бөлме іші тып-тыныш. Ештеме болмағандай. Өмірдегі бар тірішілік әрекеттері де тап осы экрандағыдай жылт етіп өте шығады. Есмұхан сәл ойғаберіліп, үлкен эңранның оң жағындағы қабырғаға жанастырыла қойылған екі жұмсақ орындықтың біріне отыра кетті. Алдияр да айтарға басқа сөз таба алмағандай оның жанына барып үнсіз тұрып қалған. Тек сәлден соң екеуі өқз өздеріне келгендей ширақ қоғалып, Жермен бенебайланыс торабы бар бөлмеден дәлізге шықты. Іштегікүрделі автоматты-компьютерлі жүйелер сол замат өздігінен өшіп қалды. Екі ғалым жайымен жүріп, Шадыман жатқан дәрігерлік бөлмеге қарай бет қойды.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ДҮНИЕНІҢ КӨЗІ
Маңызды шешім
Шолпан ғаламшарының Жер ғаламшары сияқты табиғи серікті емес екені бесенеден белгілі жайт. Ғарышкер-геологтар сондықтан Шолпан ғаламшарының Айсыз т.һүндеріне үйренген. Ғаламшардың тағы бір ерекшелігі, атмосферасын үемні қоршап, өзін сырттағылардан жасырып тұратыны. Оның үстіне, і түн түнегінде көкте жылжи қозғалатын Ай болған күнде де ғаламшар беті мардымды күміс сәулеге малынбайды. Тіпті, сол қалың қоб ала бұлттары Айдың өзін де көлегейлемек. Одан да бұрын көкте Ай болуы үшін Шолпанның ұзақ-сонар тәуілігін Жер тәуілігіндей ету қажет.Осыны ойлаған ғарышкер-геологтар кеңістіктен Ай болатын аспан денесін ғарыш жүк кемесімен сүйреп әкеліп, ғаламшардың төңірегінде мәңгілік табиғи серігі етіп қоюды жөн деп таппаған.
Шадыман сырқатынан толық жазылып шыққаннан кейін ғарышкер-геологтар көңілдерін Шолпан ғаламшарының беті емес, оның төңірегіне аудара бастаған. Өйткені, Шолпан қыздың ізім-ғайым жоғалуы мен сәуле болып түсетін түрлі көріністердің түп көзі де сол аспанда. Ал ол көріністердің қандай түп көзден шығатынын анықтау өзінше бір үлкен іс. Егер ол түп көз табылса, Шолпан қыздың қайда жүргені де белгілі болмақ. Шадыман әріптестерінің қаперыне осыны салған. Бұл ғарышкер-геологтар тарапынан қолдау тапты. Көпшілігі қызығушылық та танытқан. Осыдан соң Шолпан ғаламшары қыртысын бұрғы қондырғылармен қазып, су мен кен орнын іздеулерін уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Артынша уақыт жоғалпастан осы Емшектаудың төбе шыңынан және төңіркгенідегі жазықтан ғаламшар төңірегіне радиодүрбілерден тың тыңдау жұмыстарын бастап кетті.
Ол ғылыми-зерттеу еңбектері бекер-бос кеткен жоқ. Жер тәуілігімен есептегенде айналасы бір тәуіліктің ішінде аспан кеңістігінен Жер ғаламшары төңірегіндегі Ай сияқты бір аспан денесі байқалды. Тек байқап қарағанда, Айға да онша келіңкіремейді. Одан аздап өзгешелеу. Егер оны қандай да бір жарық сәулесін жұтқыш дене деп санаса, онда өздеріне ғана емес, мына Шолпан ғаламшарындағы күллі зат атаулыға қатерлі болмақ. Ғаламшар бетінен бір де бір нәрсені қалдырмай өзіне жұтып алмақ. Ал сонан соң одан әрі қарай өмір сүріп көр. Сондықтан аспаннан табылған құпия дене қанша дегенмен де ғарышкер-геологтарды ойландырған. Жерлегілермен дереу бейнебайланысқа шығып, бұл жаңалықты жеткізген. Жерден осы Шолпан ғалмшарына қарай, бұдан Жерге қарай ұшатын ғаламшарарылық кемелерді уақытша тоқтату керектігін де ескертті ғарышкер-геологтар екі жаққа да.
Осындай-осындай нәрселер басшы Шадыманды ерекше бөлек жігерлендіріп те жіберген. Бұрынғы байыптылығынан да арылған. Қанша қиналса да өткендегі үңгірдегі сегіз көзді мақұлықпен арпалысқаны да өзінің күш-қуатын еселегендей. Оның үстіне Шолпан қыз жоғалғалы аз уақыт өткен жоқ. Осының бәрін түн ұйқысын төрт бөліп ойлаған Шадыман ертетұрған. Таңғы серуенін, жаттығуларын жасап, жуынып-шаынып, әріптестерімен бірге таңғы асын ішкен соң оларды кеңесу бөлмесіне жинады. Алдарында тұрған өте жауапты әрі қатерлі істің мән-жайын талқылаған.
- Алдымызға қойған мақсат пен бағдар түсінікті деп ойлаймын, - деді Шадыман әдеттігсінен қатқылдау үнмен, - Шолпан ғаламшары бетінде кенеттен пайда бола қалатын сәуле көріністердің түп көзін ашатын мезгіл жақындаған сияқты. Тек қай сәтте де өте сақ болайқ. Ол денеге қарай біз мініп ұшатын ғарыш кемелері аттануға дайын. Кімде қандай сұрақ бар?
Бөлме ішінде әдеттегідей үнсіздік орнады. Ғарышкер-геологтарға тән емес әрекетке тез арада пәлендей пікір айту оңай емес-ті. Сәлден соң көпшілікпен қатар отырған Есмұхан орнынан жайыментұрып, мінберге көтерілді.
- Өзімізге әзірі белгісіз жарық жұтқыш аспан денесіне жақындау болса да қатерлі әрекет, - деді ол қоңыр дауысымен сөйлеп,- сондықтан жаңа ғана Шадыман айтқандай, бірінші кезекте өте саөқтық керек. Ал менің айтайын дегенмін, бұл аспанда Ай сияқтанып көрінген дене табиғи дене емес. Оны өздеріңіз де байқап-біліп отырсыздар. Сондықтан оған ұшатын ғарыш кемелеріміздің антигравитациялық жүйелерін мұқият тексеріп алуымыз керек аттанар алдында. Бұл бір. Екншіден, ол құпия аспан денесіне әуелі өзіміз мінген кемелер емес, биотұлғалар мінген кемелер жақын ұшып баруы тиісті. Тек содан соң ғана барып жағдайға қарай өзіміз жақындаймыз кемелерімібен оған.
- Бұл өте дұрыс ұсыныс, - деді Есмұханға жақындай берген Шадыман. – әуелі биотұлғаларымыз мінген кеме жақындасын оған! Сонда күтпеген қауіп-қатерге тап болмаймыз! Әуелі ішіне үш биотүұлға мнген барлаушы кеме аттансын олай қарай! Содан соң өзіміз!
- Тек сіз мінген барлаушы ғарыш кемесі басқа кемелердің соңынан ұшатын болсын! – деді орнынан көтеріле сөйлеген Алдияр, - сіздің амандығыңыз бізге маңызды.
- Бұл ниетіңе алғыстымын, - деді Шадыман сәл жымиып, - мен мінген кеме басқа кемелердің соңында емес, орта тұсында болса деймін.Осыған келісейік.
- Мұныңыз да дұрыс, - деп қойды Алдияр орнына қайт отыра беріп.
- Тағы қандай ұсыныс, сұрақ бар?
- Ендігісі, осы жоспарымызды жүзеге асыру. Қалғанын сапар барысында көре жатармыз, - деді Есмұхан отырған орнынан сөйлеп.
Шадыман оның бұл сөзін толық құптады. Содан соң қабырғадағы үлкен эғранды іске қосып, Шолпан ғаламшарының төңірегіндегі кеңістікті көрсетті. Ғаламшар төңірегіндегі кеңістікте не бар, не жоғы ғарышкер-геологтарға әуелден жақсы белгілі-тін. Сонда да сапар алдында оны тағы бір көріп алғанның еш зияны жоқ-ты. Қанша дегенмен де, бұл Жер ғаламшары емес. Шолпан ғаламшарының өзінің де, төңірегіндегі кеңістіктің де құпия-сырлары жетіп жатыр.
Шұғыл әрі қысқа жиын аяқталғаннан кейін ғарышкер-геологтар аз ғана уақытқа өз пәтерлеріне кіріп, сапарға арналған киім-комбинезондары мен қажетті заттарын алып шыққан. Сөйтіп, барлаушы ғарыш кемелері тұрған орынға жеткен. Шадыман ол орындағы шағын шыны үйшікке аспандағы Ай сияқты құпия денеге бірінше болып аттанатын, оған бастап жақын баратын үш биотұлғаны шақырып алды. Алдағы тапсырманы тағы бір пысықтады. Биотұлға дегені болмаса, олардың іс-әрекеттері мен айтқан сөздері тірі адамнан еш кем емес. Сондықтан Шадыман ол үшеуімен жақын жаншырларындай жылы сөйлесті.
- Алдағы жоспар толық түсінікті ғой деп ойлаймын, - деп үшеуін көздерімен жай ғана шолып өтті, - қалған қажетті мәліметтер өздеріңнің «пешенелеріңе» жазылған. Қосымша айта кететінім, аспандағы Ай сияқты дененің табиғаты бізге әлі толық белгісіз. Оның Шолпан ғаламшары кеңістіктен өзінің тартылыс өрісімен қармап алған дене болуы да мүмкін. Немес, қандай да бір мәдени дамудың қолымен жасалған жасанды аспан денесі. Қандай дегенде де, біз оны ақытауға тиістіміз. Оған жақындағанда өте сақ болыңдар. Егер оның тартылыс өрісі кемелеріңдегі гравитациялық жүйенің күшінен артып бара жатса, тез арада бізге хабар беріңдер. Кейін қайтуға әрекет жасаңдар. Біз де кемемізбен оған жақын ұшып барып, суретке, бейнеге түсіріп алуға тырысамыз. Түсінікті ғой?
-Түсінікті! – деді үш биотұлғаның ортада тұрған денелілеуі, - біз сіздер берген барлық тапсырмаларыңызды бұлжытпай орындаймыз!
- Ләйім, солай болсын! – деді Шадыман отырған орнынан көтеріле бере, - тек тапсырманы орындау барысында ешқандай қателікке жол берілмесін! «Пешенелеріңе» дұрыс жазып алдыңдар ғой барлық мәліметтерді?
- Бәрі дұрыс! Ол жағынан еш қам жемеңіздер. – деді биоұлғалардың басшысы тік тұрған бойда, - біз сідерден кем әрекет жасамаймыз.
-Ал біз сендерді ол денеге бірінші етіп жіберіп отырған себебіміз, қанша батылмыз десек те, сізендердей бола алмаймыз. Қатты толқыған сәтте қателіктерге ұрынамыз. Сенерде толқу, қорқу сезімі жоқ. Сондықтан да сендерге сенім артамыз!
- Бұл пікіріңізге мол алғыстымыз! – деді басшы биотұлға.
- Ал, онда, сапарларың сәтті болсын! Біз сендерді бейнебайланыс экраны арқылы мұқият бақылап, әрбір іс-әркеттеріңізді қадағалап отырамыз. Қажет жағдайда қолұшын береміз!
Бәрін түсіндік! – деді басшы биотұлға басын сәл алға қарай ип тұрып.
- Ендеше, аттануларыңа рұқсат!
- Түсіндік, рұқсат!
Үш биотұлға тап әскери адамдарша аяқтарын сарт-сұрт еткізе кейін қарай бұрылды да, жалтыр еден үстімен аяқ дыбыстарын жалғастырып жөнелді. Биотұлғалар шыны есіктен сырқа шығып кетісімен Шадыман келсі бөлмеге өтіп, ондағы биотұлғалардың сапарын бақылап, қадағалайтын үлкен экран алдында отырған кезекшілердің жанына келді. Жақындай бере олар орындарынан тұрып, Шадыманға құрмет көрсетті. Бірақ ондайды ұнатпайтын басшы тіке мәселеге көшті.
- Үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі ұшыруға дайындалсын! –деді.
- Үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі ұшыруға дайындалсын! – деп қайталады ол сөзді сол замат отырғандар.
- Барлаушы ғарыш кемесін ұшыру бес минуттан соң жүзеге асырылсын!
- Барлаушы ғарыш кемесін ұшыру бес минуттан соң жүзеге асырылсын! – деп қайталады отырған кезекшілер.
- Қалған барлаушы ғарыш кемелері де ұшыруға дайындалсын!
- Қалған барлаушы ғарыш кемелері де ұшыруға дайындалсын! – деді кезекшілер де.
Шадыман сәл кідіріп, қарсы алдындағы үлкен экранға бір қарап алды да, кейін бұрылды. Экран алдындағы орындықтарда отырған кезекшілерге бұдан әргі жағдай айтпаса да түсінікті еді. Алдын ала белгіленген жоспарлары бойынша жұмыстарын жалғастыра берген. Шадыман кең дәлізге шыққанда үш биотұлға мінген барлаушы ғарыш кемесі алдынан айқара ашыла берген үлкен қақпа арқылы Емшектау астынан сыртқа қарай қалықтай көтеріліп шыға берді. Бұл кезде өзі мінетін барлаушы ғарыш кемедегілер де оның есігін ашып қойып, өзін күтіп отырған. Шадыман барлаушы ғарыш кемесінің көтерілер тепкешегімен ширақ көтеріліп ішіне енді. Өзінің орнына жайғасқан бойда ұшқыш-ғарышкер Елтай Шадыманға барлаушы ғарыш кемесінің ұшуға толық дайын екенін мәлімдеді.
Шадыман басын жай ғана изеп, алдындағы экранды іске қосты. Енді ғаламшардың бар көрінісі осы экран ішіне көшкендей. Әлгі үйшіктегі кезекшілер де Шадыманның рұқсатын күтіп үнсіз отырған еді. Шадыман экран арқылы барлық дайындықты көріп шыққаннан кейін:
- Бес минуттан соң кемелерді ұшыруға рұқсат! – деді алдындағы дыбыс қабылдағышқа қарап.
- Бес минуттан соң ғарыш кемелерін ұшыруға рұқсат! – деп қайталады үйшікте отырған кезекшілер.
Елтай қарсы алдындағы тақтадағы жыпырлаған көп түймелердің бірнешеуін рет-ретімен нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Майда түрлі түсті шамдардың бірі жанып, бірі сөніп жатты. Бірақ оған ес бөліп отырған ешкім жоқ. Артынша ғарыш кемесінің соңғы жағындағы үш құбырдан от шашыла бастады. Ғарыш кемесі алға қарай жайымен жылжып жөнелді. Оның соңынан бірнеше ғарыш кемесі өкшелей ұшты. Айқара ашық тұрған үлкен қақпа бірнеше ғарыш кемесі Емшектау астындағы қаланың базасынан ұшып шыққан соң автоматты түрде қайта жабылды. Ғарыш кемелері әп-сәтте Шолпан ғаламшарының тұтасқан қою ала бұлттарын төменге тастады. Енді біраздан соң тұла бойын бұлт көмкерген әдемі Шолпан ғаламшары дөңгеленіп, тұстарындағы терезелерден де, алдарындағы экрандардан да анық көрініп тұрды. Ғарыш кемелері қанша жылдам ұшып бара жатса да, Шолпан ғаламшары өзінің үлкен келбетінен жуық арада кішірейе қоймады.
Енді оны тамашалап отыратын уақыттары жоқ еді ғарышкер-геологтардың. Шадыман бар барлаушы ғарыш кемесіндегілер негізінен алдарындағы экрандардан көз алмайды. Өздері көздеп отырған Ай сияқты дене бірде жарықтанып, бірде қарайыңқырап кеткендей болады. Қарайыңқыраған мезетінде ғарыш кемелерінің аралық байланыстыра сәл де болса әлсірейді. Жкрандардағы көріністер де шамалы күңгірттенеді. Шадыман оның мәнісін іштей түсініп отыр. Кеңістіктегі аспан денесінің тартылыс өрісі де оңай өріс емес. Оның үстіне, оның не дене екені әлі толық белгілі емес.
Ғарыш кемелері тобы осылайша Шолпан ғаламшарынан ұзай берген. Құпия аспан денесіне дейінгі алдын ала есептелген қашықтыққа ұшып жеткенде алдарында ұшып кетіп бара жатқан ішінде үш биотұлға бар баролаушы ғарыш кемесінің нақты ұшу бағыты нақтыланды. Жоспар Емшектау астындағы қалашықта алдын ала жасалып, бекітілген болса да, мұндай жағдайда әрбір минут сайын өзгерістер орын алады. Оны бекітетіндер Шадыман, Есмұхан мен Алдияр. Қалған ғарыш кемесіндегілер осы үшеудің әрбір айтқан шешімін бейнебайлныс жүйесі арқылы мұқият тыңдап, оны бұлжытпай орындайды. Бүгінде кеңістікте ғарыш кемесімен осылай ұшу, бір кездегі Жер аспанында ұшқан әскери әуе кемелерінің ұшқандарымен бірдей. Сондақтан ғарыш кемелері ішіндегілердің ешқайсысы да ұшу барысында ешқандай қорқыныш сезімін бастарынан кешкен жоқ. Оның бұл ауа кеңістігі емес, ауасыз кеңістік. Ауасыз кеңістікте ғарыш кемесін жылдамдату да, баяулату да жеңіл. Ғарыш кемелерін басқарушылар осындай мүмкіндікті пайдаланып, ғарыш кемесін Қарлығаштардай құбылта ұшырады. Ол кейде ғарыш кемелері бір бірін қуалап ұшып жүргендей көрініс те береді сырттан қараған адамға.
- Сапарымыз сәтті өтуде! – деді Елтай шамалыдан соң кеме ішінде отырған ғарышкер-геологтарды сергіткісі келіп.
- Көріп отырмыз! – деп Шадыман оған көз тастап қойды, - ғарыш кеңістігінде осындай шеберлік керек, үшқыш-ғарышкерге!
- Ғарыш кеңістігін қазақтың ке даласындай «дүбірлететін» болдық қой, осындай ғарыш кемесімен! – деп Елтай жымия қарап алды ғалымдарға.
Шадыман осылай сөйлесіп отырса да, тұсындағы терезеден де, қарсы алдындағы экраннан да көз тайдырмайды. Іштегі барлық автоматты-компьютерлі жүйелер қалыпты жұмыс жасауда. Фототелекамералардың көздері алдағы құпия аспан денесіне қаратылған. Фотокамераларға іліккен небір күтпеген көріністер тез арада арнайы фото қағаза шығарылып, Шадыман, Есмұхан мен Алдиярдың алдарындағы шағын үстелше үстіне түсіп жатыр. Тек оларды саралап қарауға мүмкіндіктері бола бермейд ғарышкер-геологтардың. Оның үстіне ол суреттердің кейбіреулері анық емес. Құпия дене қарайған мезетте жарықтың азаятыны да белгілі. Фотокамераға жеткілікті жарық керек. Бұл кемедегілердің қай қайсысына да түсінікті нәрсе. Шадыман сонда да алдындағы шағын үстешенің үстіне тырс-тырс түсіп жатқан фотосуреттердің бірнешеуңне көз жігіртіп өтті. Ол суреттерден пәлендей жаңалық көрмеген соң оң тұсындағы шағын суырманы тартып ашып, суреттерді сонің ішіне салды. Өзінен оңға қарай қатар отырған Есмұхан мен Алдияр да соны қайталаған. Шадыман алдындағы экранға бір қарап алды да:
- Құпия аспан денесін оған мейлінше жақындаған кезде ғана фотоға түсірген жөн болар! –деді Есмұхан мен Алдиярға кезек-кезек қарап, - мына суреттердің кейбіреуінен ештемені түсіне алмайсың! Құпия аспан денесін фотосуретке анық етіп түсіріп алуды биотұлғаларға тапсырайық!
Есмұхан сол замат басын изеп, алдындағы тақтадан оң қолының сұқ саусағымен бір түймені нұқып қойды. Алдарындағы үш экранның үшеуі де сөніп барып қайта жанып, өздеріне жақсы таныс «Барлаушы-1» деген қазақы өю-өрнекті жазуы бар барлаушы ғарыш кемесі анық көрінді. Содан соң ғарыш кемесін басқарып отырған үш биотұлғаның жүздері шықты экранға. Олардың бойларында тірі адамға тән толқыныс, қорқыныш сезімдерінің болмайтыны белгілі. Тек дауыстары сәл-пәл дірілдеп, шыңылдап естіледі. Оның құпия аспан денесінің төңірегіндегі күшті тартылыс өрісінің әсерінен екені үш ғарышкер-геологтарға түсінікті. Дегенмен, биотұлғалардың айтқан сөздері анық. Ең бастысы да осы. Ендігі шешуші минуттардағы ұсынысты Шадыманның өзі айтуы тиісті.
- Алдын ала белгіленген бағыт бойынша ұшырыңдар барлаушы ғарыш кемесін! Әрбір сәтті фотокамераларға анық етіп түсіріп отырыңдар! – деді Шадыман сәл де болса да толқулы үнімен алдындағы қуатты дыбыс қабылдағышқа сәл еңкейе қарап отырып.
- Түсіндік! – деген басшы биотұлғаның дауысы жетті артынша.

Сондай-ақ оқыңыз:
