ЖЕКЕ ӘЛЕМ
Жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериясының «Тірішілік ұясы», «Борыш», «Шеңбердің түйісуі», «Көктен келген көшпенділер», «Марстан шыққан жаңғырық», «Қимайтын әлем», «Шолпанға көшкен ауыл», «Космотарих куәсі», «Су әлемінің саздары», «Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл», «Күзетші» оқырман қауымға жақсы белгілі.
Авторлық сериясының он үшіншісі – «Жеке әлем» ғылыми-болашақтық романында автор адам баласының жекелікке әуестігі хақында ой қозғайды. Өзге жұлдызды жүйедегі тңрішілікті ғалмшардан келген жас қыздың ғаламшарындағы тұрғындар жерді, суды бөліске салумен шектелмей, ғаламшардың атмосферасын да бөліскен. Әрбір жеке адамның өзіне ғана лайық шағын биосфералы, атмосфералы, гидросфералы ғаламшары бар. Бірақ қыз Жеріміздегі адам баласының бір бірімен бауырмалдық араласымын көргеннен кейін жекеліктен біржолата бас тартып, қазақ жігітіне тұрмысқа шығады. Автор оқырманына жекеліктің адами қарым-қатынасқа зиянды екені жөнінде ой салады.
ЖҮНІС САҚҰРПАҒЫ
КЕҢІСТІК КӨШПЕНДІЛЕРІ
13
ЖЕКЕ ӘЛЕМ
(авторлық серияның он үшінші ғылыми-болашақтық романы)
БІРІНШІ БӨЛІМ
ОРЫНДАЛҒАН АРМАН
Қуаныш
Ол қатты қуанды. Көптен бері ойлаған арманы да осы еді. Бұл кезге дейін Дәрібектің адамның өзін өзі қорғауы жөнінде оқымаған әдебиеті жоқ-ты. Сол білімі өзін осындай жетістікке алып келді. Бұдан бір апта бұрын ғана жастайынан армандаған тілегіне жеткен. Енді күн өткен сайын қуанышы қойнына сыймай келеді. Өйткені, өзі жасаған аттас магнитті жұқа комбинезон денесіне ешқандай кедергі келтірмейді. Оны киіп, талай рет айнаға қрап та көрген. Тұла бойы мүсіні әдеттегісінен сұлуланып та кеткен секілді көрінеді. Спортпен жастайынан айналысқан. Жүгірді, секірді, күресті, тіпті, бассейнде жүзу де Дәрібектен қалған емес. Сонда да ол бойындағы күшінің жеткіліксіздігін сезінген. Төрт адамға бой бермейтіні анық. Ондай сәттер де өмірінде талай рет кездескен. Бірде түн ішінде көше бойымен жалғыз өзі келе жатқанда, кенет екі қапталдан шыға келген бейтаныс төрт жігіт төрт жағынан қоршап алған. Сонда олардан білек күшінің арқасында сытылып шыққан еді. Ал егер олардың саны төртеуден көп болғанда жағдайы қалай болар еді.
Бұл ғаЖайып дүниеде, айтары жоқ, адам баласына төнер қауіп көп. Тереңірек ойлаған адам өзін тап бір қатердің қос қабырғасының арасында жүргендей сезінер еді. Тіріге от пен су да, көше-көшеде ағылған жеңіл көліктер де қауіпті. Дәрібек жұмысына күн сайын барады. Күн сайын неше көшені қиып өтеді. Ал ол көшелердің бойларында олай да, былай да тынымсыз ағылып жатқан жеңіл көліктер қаншама. Адам өмірін сол көшелердің қиылыстарында өз ретімен автоматты түрде жанып-өшіп тұратын үш түсті шамдар қорғайды. Адам көзіне жанған қызыл түсті шам түскенде, миына «Тоқта» деген рефлексті хабар беріледі. Ми адам аяқтарына тоқтату бұйрығын жеткізеді. Адам аяғы көліктің тежеушінен тоқтағандай болады. Сөйтіп, жаяу келе жатқан адам кілт тұра қалады. Күн сайын осылайша өтіп жатқан өмір көрінісі. Бірақ адам саналы болған соң ойға батпай қала алмайды. Көлік жүргізіп келе жатқан адам көше қмылысына жақындағанда бір сәтке ойға батып кетсе, ол әлдекімді қағып кетеді немесе өзгенің көлігіне барып соғады, басқа бәлеге де ұрынады. Мұны саналы түрде түсіну қажет. Дәрібек күн сайын радио мен телеарналардан қаншама жаңалықтарды тыңдап-көреді. Сол хабарларда қаншама жол апаты жайлы айтылып жатады.
Дәрібектің мұндай аттас магнитті жұқа комбинезон жасауына басты себеп болған да осындай оқиғалар еді. «Адам баласы айналадағы қауіп-қатерден қалай қорғана алады?, - деп ойлайтын ол, - адам өзімен бірге үнемі үлкен пышақ немесе тапанша алып жүре алмайды. ғой Ол қоғамға жат әрекет. Саналы адам баласы олай етуге тиісті де емес. Бірақ, өкінішке орай, қоғамда санасы төмендеу адамдар аз ба? Бір адам дұрыс жүрге, екінші адам олай етпейді. Өз жөнімен келе жатқан адамға екінші бір адам келіп килігеді.Соғады, кейде, тіпті, оны жазықсыздан жазықсыз мерт етеді. Дәрібек ол жөнінде де көп ойланатын. Мамандығы бионик болғандықтан табиғаттағы күллі тірілердің әрекеттерін мұқият бақылап, зерттеп, олардың пайдалысынан үлгі алады. Нешетүрлі тәжірибелер де жасайды.
Ол күн сайын өзінің сүйікті орнына – Бионика институтына қарай асығады. Бионика ғылымы ос кезге дейін елеусіздеу болып келген. Бүгінде бұл ғылым саласы жоғары дәрежеге көтерілген. Бионика ғылымының басты мақсаты – табиғаттағы күллі тірішілік иелерінің тірішілік әрекеттерін зерттеп, пайдалысына ұқсайтын биотехника жасап шығару. Дәрібектің заманына дейін де көп нәрсе жасалған. Көлбей ұшатын әуе кемесі Құстарға, тік ұшып, тік қонатын әуе кемесі Инеліктерге, сырт қабырғасынан оқ өтпейтін көліктер Тасбақаға, сүңгуір кемелер Балықтарға ұқсатылып жасалған жоқ па? Ұлы табиғаттың өзі де қашан да саналы да ойшыл адам баласына ой салып отырады. Ал бүгінде ғалымдар табиғаттағы ірі тірішілік иелері ғана емес, тіпті, көзге әрең шалынатын майда жәндіктердің әрекеттеріне де назар аударады.
Қай кезде де адамның әрекетіне қандай да бір нәрсе түрткі болып жатады. Бір ойдан екінші ой туындайды. Ойды ой қуалайды. Жаңалық солай ашылады. Дәрібек осы күнге дейін нешетүрлі техниканың үлгісін қағазға сызған. Оның нешесі бүгінде пайдаға асып жатыр. Енді көше бойында жаяу жүріп келе жатқан кез келген пенде адамға ұқсаған темір тұлғаларды жиі кездестіреді. Көшеден шеттеу жерде Суыр іспетті шұңқыр қазып жатқан техниканы қызықтайды. Аспаннан Көбелек, Шыбын, Шіркей, Маса сияқты әуе кемелерін жиі көреді. Ой жіберіп қараған адамға, қала ішін де, сыртын да, аспанын да жәндіктер, жануарлар, кемірушілер мен жыртқыштар , құстар жайлап алғандай көрініс береді. Ал солардың бәрі де, техникалар, дәлірек айтқанда, биотехникалар.
Қайбір нәрсенің де жақсы жағы мен жаман жағы бар. Кей кейде көкте қалықтап ұшып жірген биотехникалардың байқаусызда бір бірімен соқтығысып қалып жататыны да кездеседі. Адамға зиынын тигізетіндері де жоқ емес. Дәрібек әркез ойлана жүріп, өзін сондай зиндылықтардан сақ ұстайды. Бірақ тағдыр, жазым деген бар емес пе, бұл өмірде. Адам баласы ешқашан да қандай да бір қателікке ұрынғысы келмейді. Сонда да қапелімде қателікке тап болады. Мұны тағдырдың ісі дейді. Расында да адам баласының пешенесіне оның болашақта кім болатыны алдын ала жазылып қойылған сияқты көрінеді. Кейде адам қанша талпынса да өзінің жасағысы келгенін жасай жатады. Ол әрекетіне әлденелер кедергі келтіреді. Ал кейде олай жасамаймын дегенінің қалай солай болып кеткенін байқамай да қалады. Осы жағынан келгенде ұлы жаратушы адам баласының тағдырын алдын ала маңдайына жазып қойғанға ұқсайды. Бірақ ұлы жаратушы адам пенденің алдына түскен емес. Ол адамның соңынан еріп отырады. Адам жаңа ғана тәй-тәй басып жүрген бала сияқты да, ұлы жартушы оның соңынан көрінбей ғана жүретін әке мен ана іспетті. Сол жаратушы кейде адамның сүрініп кеткенін, әлденеге ұрынып, тіпті, мерт болғанын байқамай да қалатын сияқты. Қандай да бір қатерден немесе апаттан аман қалған адамға: «Сені құдай сақтаған екен» дейді. Бұл да бекер сөз емес.
Дәрібек жастайынан дүние әлемінің жаратылысы жайлы көп ойлады. Бірақ ол ойының шегіне жеткен емес. Бүгінде жасы отыздың бесеуіне келген.Үйленді, төрт перзентті болды. Әйелі де ғалым. Бірақ оның мамандығы мен ғылыми ізденістері өзінікімен үйлеспейді. Ол филолог. Ғылым докторы. Дәрібек сондықтан да көп жағдайда өзімен өзі болып жүреді. Тіпті, ол, кейде перзенттерінің сабақтарын қалай оқып жүргендерінен бейхабар қалады. Алды мектеп бітіруге де таяған. Соңғы сыныпта оқиды. Ал Дәрібектің бүкіл есіл-дерті өзі ойлағанды жасап шығаруда болды. С ол ойлағаны жүзеге асты. Ғалымның басты бір қасиеті, ойлап тапқаны қашан нақты жүзеге асқанша ешкімге тіс жарып айтпау. Тіпті, отбасы мүшелері де одан бейхабар. Әйелі Ғалияның өзіне де тек шет-жағасын айтқан. Ал ішкі жағын құпия. Ғалия орта бойлыдан биіктеу, денесі аздап толық, реңді әйел. Кезінде оған қызыққан жігіттер де аз болмаған. Дәрібек олардан бәрінен де өзінң жұмсақ мінез-құлқы, сұлу мүсіні, реңі мен білімділігімен артып түскен. «Адам баласы бірі-бірін мінез-құлқымен үйлеспейінше түсініспейді. Сенімді дос бола алмайды. Ал ғашықтар тіл табыспайды, өмірлікке қосылмайды» деген анасының ұлағатты сөздерін де Дәрібек еш ұмытқан емес. Ғалия екеуінің мінез-құлықтары бір біріне сай келген. Сөйтіп, өмірлікке қол ұстасқан.
Ғалия бүгінде де реңін берген емес. Дәрібектің үйіне қай досы келе қалса да оған: «Әйелің қандай әдемі. Реңін брмепті. Сәл толғаны болмаса, сол баяғы қыз кезіндегідей»,- деп, әзіл-шынын араластыра сөйлейтін. Ол сөздеріне Дәрібек: «Өздерің әйелдеріңді күте білмейсіңдер. Қыз деген, гүл емес пе? Оны аялай білу керек» деп күле жауап қайырады. Расында да бұл отбасының өзгелер үлгі тұтарлық тұстары бар еді. Үйленіп, үй болғалы Дәрібек Ғалияның маңдайынан шерткен емес. Тіпті, дауыс көтеруді де білмейді. Дәрібек ғылымға берілген адам. Сондықтан да ол обасында болып тұратын анау-мынау майда-шүйдеге назар аудара бермейді. Ғалия да ақылды жан. Өмірлік жолдасының білімді, ғылымға тұла бойымен беріген жігіт екенін о бастап, үйленбей тұрған кезден сезген. Сөтйіп, Дәрібекке өмірлік жар болуға қолын созған. Енді үлкен отбасына айналған. Үлкен ұлы Ғаділбек мектептің соңғы сыныбында оқиды. Енді шамалы уақыттан соң кәмелетке де толады.Одан кейінгі ұлы Әділбек те жоғары сыныпта. Қызы Фарида батауыш сыныпты бітірген. Ең кенжесі, ең тәттісі, ең еркесі Фатима ғана бала-бақшаға барады.
Қолы бос сәттерінде Дәрібек осы ең кенже, ерке қызымен әңгімелескенді әуес көреді. Бала-бақшада не көргенін, не істегенін сұрайды. Ерінбей-жалықпай кемінде жарты сағат айналысады онымен. Ондай сәттерде Дәрібек өзін ерекше жеңіл сезініп, көңіл-күйі көтеріліп, тіпті, жұмыс пен ғылыми ізденістерінен шаршағанын да ұмытады. Дана қазақтың: «Балалы үй – базар, баласыз үй - мазар» дейтін мақалын да Дәрібек есінен бір шығарған емес. Онысына Ғалия да риза. Бұл қоғамда жұмыс, ғылым, іс деп жүріп, бала-шағасының жайын ұмыта жаздайтындар да аз емес. Ондайларға қарағанда, Дәрібектің балаға деген махаббаты әлдеқайда басым. Ол баламен әңгімелесуді, баланы ойнатуды ең бақытты шағым деп есептейді. Кейде ол баланы ойната отырып, өзінің ғылыми идеяларын да ойлап кетеді. Сөйтіп, уақыттың қалай демде зырғып өте шыққанын байқамай да қалады.
Дәрібек соңғы кездері тіпті де сергектеніп кеткен. Ойындағы басты арманы жүзеге асқан соң қуанбай, шаттанбай қайтсін. Өзінің жұмыс бөлмесінен көп шықпайды. Күні бойы болса да жұмыстарын бір бітіре алған емес. Дәрібек ғылыми жаңалық ашқанымен оны халыққа жариялауға асықпайды. Өйткені, бұл жаңалығы әзірге тек өзіне қажет еді. Бионыканың небір жаңалықтары ашылып жатса да, техниканың небір түрлері көбейіп жатса да саналы, білімді адам баласы қарап қала алмайды. Адам баласы қандай да бір нәрсені қарастырғанда, оның тек халыққа пайдалы жағын ойлайды. Жаман нәрсе жасауды мақсат етпейді.
Бір кездері атом бомбасының жобасын жасаған ұлы ғалым Алберт Эйнштейн ол жоба бойынша жасалынған атом бомбалардың Жапонияның Хиросма мен Нагасаки қалаларына тасталынып, жазықсыз халықтың қырылғанын естігеннен кейін ғұмыр бойы өкініп, дүниеден өтерде сүйегін жерлемей, өртеп, күлін желге ұшырып жіберуді өсиет еткен. Саналы адам баласының одан кейін де жібірген қателері аз емес. Осының бәрін ой елегінен өткізе келе Дәрібек те өзі жасаған құралдың жазықсыз адам баласына да, күллі тірішілік әлеміне де зиян әкелмеуі жағын қарастырды. Ал жасағаны, аттас магнитті жұқа комбинезон ғана. Одан ешкім де зардап шекпек емес. Қайта пайдалы болмақ. Сол жағы Дәрібектің жан-дүниесіне қуаныш сезімін ұялатқан. Ізденісіне ізденіс жігерін қосты. Мақсатына жетуге асықтырды.
Толқынды жолда
Дәрібек жол жүруді ұнататын. Жол – адамның көзін ашады, ой-өрісін, дүниеге деген көзқарасын кеңейтеді. Ғалым жастайынан-ақ сапар шегуге құмартқан. Отбасын құрып, біріз ғылыми еңбектер жазған соң-ақ шетелге сапары басталған. Бүгіндегі көліктердің түрлерінде де, ерекшеліктерінде де сан жоқ. Адам баласы олардың қай қалағанына міне алады. Жер беті, жер асты, су беті мен су астында жүйткитін, магнит мамығымен зымырай жылжитын, әуеде жалдам ұшатын небір көліктер әуелден бар. Олардың бәрімен де жол жүрген кезінде Дәрібек. Онда да оларға мәнейін деп мінген жоқ-ты, осы сияқты іс-сапарлары себеп болған. Көліктер де адам игілігне сай жайлы етіліп жасалған. Олардың бірінсіз бірі жоқ. Кейде адам пенде: «Су беті, су асты көлігінің қажеті не?» деп те ойлайды. Ал көліктің әрбір түрі әрбір жерде қажтет. Үлкен көлік сыймайтын жерден кішкентай көлік оп-оңай өтеді. Бір жерден Жер шарының басқа бір аймағына жүк тасымалдау үшін түрлі көліктер пайдаланылады. Әуелі дөңгелекті көлікке, онан соң әуе көлігіне, одан мұхит көлігіне,одан қайтадан дөңгелекті көлікке ауысады. Сөйте-сөйте жүк қажетті жеріне жеткізіледі.
Мұны кез келген саналы, білімді адам біледі. Дәрібек, болса да көлік атаулыға жүк артумен айналысқан пенде емес. Бірақ жолда көп жүретіндіктен оның сырын жақсы біледі. Ең аз дегендегі қол жүгінің өзі де талай сапар шегеді. Жеңіл көлікке салынады, Әуе кемесіне мінетін алаңдағы үйдің ішінде жылжымалы лентаға түседі, одан дөңгелекті көлікке салынып, әуе көлігіне жеткізіледі. Қысқасы, жол жүк те адаммен бірдей сапар шегеді. Ал осы жолы Дәрібек өзі бұрын-соңды мініп көрмеген бір ғажайып көлікке қрай асықты. Ол тірегі жоқ жылтыр магнитті темір жолмен қозғалатын ғажайып вагондар еді. Бірақ бұл да Дәрібекке пәлендей жаңалық емес-ті. Магниттің ғажайып қсиетін білмейтін адам баласы жоқ бұл қоғамда. Әр аттас магниттер бір бірін тартады, ал бір аттас магниттер бір бірін тебеді. Ал Дәрібек мінгелі келе жатқан пойыз ішіндегі ауасы сырттан алынатын құбыр ішімен еш жері еден, қабырғаға тимей қалықтай қозғалады. Вагондарыныі есіктері болса да тығыз жабылады. Дәрібек оның осындай қасиетін аса ұнатпайтын. Басқа көліктердің ешбірінде мұндай болмайды. Жер бетіне салынған темір жолмен жүретін қарапайым пойыздардың ваогндарында адам баласы емін-еркін жүріп-тұрады. Әу е кемелерінде де солай. Тек бүгінде осындай вагондарының ішіндегі ауасы шектеулі көліктер жиілеген.
Бұл, бір жағынан дамудың заманауи талабынан туындаған жағдай. Бұрын адам баласы тек Жер шарындағы елдер, мен қалаларға сапар шегумен шектелсе, бүгінде кім кім де Күн жүйеміздегі кез келген ғаламшарға ғарыш кемесімен ұшып барып келіп жатады. Ғарыш жолы да енді сан-тарау. Ал жер беті, мұхит асты көліктерінде ондай кеңістік жоқ. Ал Дәрібек мінгелі тұрған көлік, тіпті, бір құбырдың ішінен шықпайды. Әрбір жолаушының алдындағы кішкене экраннан өзге ештеме көрінбейді. Ғарыш кемесіндегі ауа шектеулі болғанымен, оның терезелерінен айнала дұние әлемі көз алдында болады әрбір адамның. Адам сол терезелерден күллі жұлдыздар мен аспан денелерін де қызықтай алады жол бойында. Тіпті, кейде, жұлдызды әлемнің небір күтпеген құбылсының да куәгері бола алады. Ал мынандай вагон ішінде өйтіп сыртты қызықтамақ түгілі, бір орында қозғалмай отыруға тура келеді. Оның үстіне, мұндай көліктің вагондары бірде төмендеп, бірде жоғарылап қозғалады. Бейнебір тербелген бала бесігіндей сезіледі. Ал жылдамдық алған кезде оның қандай әсер беретінін тілмен айтып жеткізу қиын.
Дәрібек, бұл жолы ресми сапар емес, өзінің жеке мақсатымен сапарға шыққан. Көрші қалада тұратын жақын туысына барып қайтпақ. Үлкен ағасының үйін көрмегелі қанша жлы. Уақыт шіркін, белгісін берген бе? Анау-мынау күйкі тірлікпен өтіп жатқан күн. Саналы адам пенденің ой-арманы таусылған ба, бұл жарық дүниеде. Адам не нәрсені де жасап алсам, ұзақ р ғұмыр кешсем деп талпынады. Жас кезінде тезірек үлкен болуды армандаса, үлкейген соң ұзақ жасауды мақсат етеді. Ұзақ өмір сүретіндердің көбі дерлік ғылымның ешбір саласымен айналыспайтындар, ауасы мен суы таза ауылды жерде тұратындар. Ал ғылымының қандай да бір саласымен беріліп айналысатын адамдардың өмірлері көп жағдайда қысқа келеді. Дәрібек те ғылымға берілген адам. Ол жай жүріп ұзақ ғұмыр кешкеннен гөрі қысқа ғұмыр кешсе де, алдына қойған мақсатына жетуін көбірек ойлайды. Қандай да бір нәрсені жасағанда, оны әуелі әбден тексеруден өткізеді. Оның дұрыстығына әбден көзін жеткізеді. Тек содан соң ғана барып жүзеге асырады.
Оның мына сапары да бекер емес-ті. Ғалияға өзінің бұл сапардағы ішкі мақсатын айтса, бәлкім, ол мұнысына қарсы болар ма еді. Сол үшін де айтқан жоқ. «Жақын ағама барып, амандасып, жай-күйін біліп қайтайын» деп шыққан. Жақын қайнағасын айтқанда келіні қалай қарсы болсын. Ғалия аз ойланып: «Жақын бауырың ғой. Барсаң, бара ғой» деп қала берген. Дәрібек осы кезге дейін өз пайдасын ойлап, сол мақсатпен ғана жол жүрген емес. Кім жүр десе, ештеме ойламай алып-ұшіп кете беретін. Отбасын құрғаннан кейін бәрін де басқаша ойлайтын болған. Енді бала-шағаны асырау да оңай шаруа емес. Табыс табу керек. Қосымша жұмыс жасау қажет. Ғалия да Дәрібектің бұл ғылыми ізденістеріне кедергі болмауға тырысады. Онысына көп жағдайда мүмкіндік тудырады. Осы жолғы сапарына шығарында да Ғалия: «Жол жүргенде, бәлкім, бір жақсы ой түсер. Жеке жүргені де жақсы болар» деп ойлаған. Сөйтіп, қайнағасы мен абысынана сәлемдемесін беріп те жіберген.
Ал Дәрібектің неше рет көрсе де, неше рет мінсе де көңілі көншімейтін ғажыайып көлігі осы пойыз еді. Дәрібектен өзге жолаушыларға мұндай пойыздың ешқандай таңданаларлығы жоқ. Пойыз – кәдімгі пойыз. Жолаушылар кассадан жол қағазын алады, жолсерікке көрсетеді, содан соң сонда жазылған орнына жайғасады. Содан соң уақыты келгенде, сапарлары басталып кетеді. Жолаушыға ең керегі, діттеген жеріне дін-аман жетуі. Ал пойыз қалай жүйткиді, қалай жетеді, онда жұмыстары болмайды. Ал Дәрібектің көзқарасы мүлдем басқаша. Ол пойызға ғылыми тұрғыдан қарайды. Пойыздың әрбір бөлшегі мен жүйелеріне назар аударады. Өзі де соны білу мақсатымен соған жол қағазын алған. Әйеліне: «Жақын ағамның жағдайын біліп келемін» дегені жай сөзі. Аға да керек. Ол Дәрібектің үйіне жиі келгенін қалайды. Үнемі күтіп жүргені. Мұның осындай суыт жүрістерінің болып тұратынын да біледі ағасы. Қай кезде де ол Дәрібекті күтіп алуға дайын тұрады. Бірақ Дәрібек, тек қана ағасы емес, ешбір адаммен жайбарақат отырып әңгімелескен емес. Біреудің айтып отырған әңгімесін тыңғылықты тыңдамайды.Тыңдағандай болып отырып, өзінше бір ойға беріліп кетеді. Сол ойынан селт сергіген мезетте, әлгі айтушыдан әңгіменің кей тұсын қайтлап сұрайды. Жақын ағасы мұнысын жақсы біледі. Сондықтан ол жанында Дәрібек отырғанда әңгімесін ұаққа созбайды. Үзіп-үзіп, қысқа-қысқа қайырып айтады. Диалог түрінде жүргізеді әңгімесін. Сонда Дәрібек ойға батып кетпей мұқият тыңдайды.
Мұндай кемшілігін Дәрібектің өзі де сезінеді. Бірақ қанына сіңген қасиет болған соң қанша өйтпейін десе де болмайды. Әңгіме барысында қалай ойға батып кеткенін байқамай да қалады. Ол қазір де ойға батқан, электр магнитті құбыр ішімен жылдам жүйткитін пойыздың жүруіне аз уақыт қалғанын енді байқамай да қалған. Тездетіп, жол қағазын беретін терезеге келді. Оның ішкі жағында сатушы отыр еді. Дәрібек сатушы қызға ақша ұсынды да, баратын қалаының атын атады. Сатушы қарсы сөз айтқан жоқ. Атын айтқан қалаға дейінгі жол ақысын алып, жол қағасын берді. Қалған ақшасын қайтарды. Артынша жазуы бар бір жапырақ қағазды ұсынды. Ол қағазда жолаушының пойыз ішінде жол бойында өзін қлай ұстауы керектігі айтылған еді. Дәрібек оны сол мезетте жылдам оқып шығып, жол қағазында көрсетілген ва орнына қарай асықты.
Вагондардың бір-біріне тіркелісі, айналасы әдеттегідей еді. Жолаушылар көлігінің түр түрінен бейхабар адам мұнан пәлендей бір ерекшелікті байқамас та еді. Пойыз вагондары да, тізіліп тұрған үлкен құбыр да жұртқа ежелден жақсы белгілі метроның ішін көзге елестеткен. Мұндағы басты айырма – дөңгелекті пойыздар жүретін темір жол жоқ. Пойыз дөңгелексіз. Тұла бойы жыланның денесі сияқты жұп-жұмыр, бауыры жып-жылтыр. Пойыз қазір құбырға сұғынып тұр. Кейінгі жағы қандай да бір нәрсеге барып тірелген. Ой жіберіп қараған адамға балаға арналған ойыншық тапаншаның жебе тәрізді ұзын оғын атар алдында серіппемен қысып ұстатып қойғаны тәрізді еді. Бала шүріппені басқанда серіппе босайды да, ұзын оқты ілгері қарай атып жібереді. Мынау да сондай бір сәтте тұрғандай. Тек тұла бойы мейлінше үлкен болғандықтан бала тапаншасына ұқсамайды. Оның үстіне мұндағы вагондардың ілгері қарай жылжып жөнелуі де басқаша приципке негізделген.
Дәрібек мінерден бұрын вагондардың айналасын мұқият қарап шықты. Вагондар деп аталғанымен бәрі темекінің бір талындай етіліп тұтастырылған. Тіпті, әрбір вагонды бір бірінен айырудың өзі де қиынға соғар ма еді, егер олардың түстері түрлі-түрлі болып келмесе. Дәрібек мінгелі тұрған вагон қызыл түске боялған. Вагондар осы сияқты түрлі түстерімен ерекше көз тартады. Ал оның алды бос кеңістік. Ешқандай темір жол да, аспалы сым арқаны да жоқ. Тек құбырдың тұла бойы төбе қабырғасында қақпақ сияқтанған үлкен-үлкен дөңгелектер көзге шалынады. Олардың бәрі де білінер-білінбес етіліп жасалған. Аңдап қарамаған жолаушы оны байқамайды да. Ал Дәрібек болса, пойыздың әрбір жеріне ес бөліп, мұқият зерделейді. Мұнысын манадан байқап тұрған жолсерік қыз:
- Ағай, сіз қай вагонды іздеп жүрсіз? – деп қалды.
-Мен бе?
Дәрібек сасқан жоқ. Қолындағы жол қағазына қарады. Сөйтті де вагондарды санай бастады. Қыз мұнысына шыдамай:
- Жол қағазыңызда вагонның нөмірі көрсетілмеген. Түсі ғана белгіленеді. Сіздің мінетін вагоныңыздың түсі қандай еді? – деді.
-Қызыл түсті.
-Ендеше, бері келіңіз.
-Алғыстымын, айналайын,-деп, Дәрібек шал адамдай қалбалақтап, солай қарай жүрді.
-Манадан бері неге сұрамадыңыз менен? – деді қыз.
-Оқасы жоқ. Мен мұндай пойызға алғаш рет мінгелі тұрмын. Қалай, өзі қаупті емес пе, қызым?
-Жоқ, ағай, ешқандай қауіпті емес. Міне беріңіз. Іштегі орныңыз он бесінші екен. Мінген соң тіке жүріңіз де, сол жаққа қарай бұрылыңыз. Салон ішінде бәрі жазулы. Орныңызға жайғаса беріңіз. Пойыздың жүретін уақыты таяп қалды. Орындығыңыздағы шыны қалыпты жүруге бір минут қалғанда жабыңыз. Ол оңай жүзеге асырылады. Түймесін бассаңыз болғаны.
Дәрібек шағын саты тепкешегімен жоғары қарай көтеріліп, ішке енді. Енген бойда салонның төбе қабырғасын, айналасын көздерімен шолып өтті. Вагоны шын мәнінде вагоннан гөрі дөп-дөңгелек құбырға ұқсайды екен. Жұмсақ, жақтаулары биік келген жайлы орындықтары ғана еденінің тегістігін айғақтайды. Дәрібек пойыздың ол жақ, бұл жағын барлаймын деп жүргенде біршама жолаушы салондағы өз орындарына жайғасып та үлгеріпті. Дәрібек ештемеден сасқан жоқ. Ғалымға тән ойлы жүзімен вагон ішін жай ғана аралап өтті. Екі жақтағы қатар-қатар қойылған жұмсақ орындықтарға бата жайғасып, бастары әрең көрінген жолаушыларға назар аударған жоқ. Осы бір сапарында талай нәрсені көріп, көкейіне түйіп алуға асықты. Жаңа ғана пойызға мінер мезетте жолсерік қыз ескерткен нәрселерді елемеді. Қыздың айтақанын тыңдаса, сол жаққа бұрылып, өзінің отырар орнын әлдеқашан тапқан болар еді. Жоқ, Дәрібек, осылайша пойыздың да, вагонның да күллі құрылымымен танысып шықты. Вагонның кейінгі жағындағы есігінің сырт жабылған дыбысын естісе де, оған бұрылып та қармады.
Жолсерік қыз вагон есігі автоматты түрде сырт жабылысмен салон ішіне енді. Орнына әлі жайғаса қоймаған Дәрібекті көрді. Екі қатар орындықтардың арасына ұзына бойы төселген кілем-жолшаның бойымен ширақ жүріп, ғаллымға жақындады:
-Ағай, сіз қайда өтіп кеткенсіз. Орныңыз мына жақта ғой?
- Білемін, қарағым, - деді Дәрібек салмақты да салдарлы сөйлеп,- мен үйден көп ұзап шықпайтын адаммын. Мынандай ғажайып көлікті де көре бермеймін, бұл жөнінде тек кітаптардан оқып, теоледидардан тамашалағаным болмаса. Айында, жылында бір рет мінгенде барлық жерін көріп алайын дегенім ғой.
-Оныңызды түсінемін ғой, ағай, - деді қыз сәл ғана жымия қарап,- бірақ енді уақыт тар. Ертерек келгеніңізде, бәріне де үлгеретін едіңіз.
- Есімің кім еді, өзіңнің? – деді Дәрібек қызға қадала қарап.
- Назгүл.
- Ал, Назгүл, енді бұл ағаңды айыпқа бұйырма. Өз орныма барып жайғасайын.
- Орныңызға тезірек отырып, шыны қалыпты жабатын жүйені іске қосатын түймені баспасаңыз болмайды,- деді қыз дегбірсізденіп,- қазір мына вагон ішіндегі ауа түгелімен сорылып алынады.
- Сонда біз немен демалмақпыз?
- Шыны қалыптың ішінен келетін оттегімен демаласыздар.
- Жарайды. Әйтеуірі, бәрімізді тұншықтырып алмасаңыздар болғаны.
Дәрібек қыздың өзінің бұл жайбасарлығына әзер шыдап тұрғанын сезді де, жылдам басып келіп, өзінің орнына жағасты. Өзі де жалғыз орны ожырайып тұрған еді. Салон ішінде басқа бос орын жоқ. Дәрібек жылдам келіп, орындығына жайғасып, шыны қалыпты жапқан мезетте ысылдаған дыбыс естілді. Жолаушылардың көпшілігі дерлік елеңдеп, шыны қалыптың ішінен жан-жақтарына қарай бастаған. Енді бір сәтте жолаушылар шыны қалып ішінде отырса да, әлдебір жеңілдікті, әлдебір ауырлықты сезінгендей болды. Егер жолаушылар отырған жұмсақ орындықтар вагон еденіне мықтылап бекітілмеген болса, онда олар ендігі жоғары қарай қалықтап кетер еді. Оған қоса атмосфералық қысым деген бар. Сол үшін де шыны қалыптың қақпақтары өте нығыз жабылады. Сондықтан ол қысымға төзімді қалың шыныдан құйылған. Ал шыны қалыптың ішіндегі атмосфералық қысым адамға қажетті мөлшерде. Сондықтан да ваогн ішіндегі болып жатқан адам төзгісіз күйді ешбір жолаушы сезінбейді. Ысыл беріліп біткен соң тырс еткен дыбыс шықты. Ал вагон ішінде түрегеп жүрген жан баласы жоқ. Қайдан болсын, іште вауум орнаса.
Жолаушылар да тына қалған. Бейнебір ғажайып құбылысты күтіп отырғандай. Өзі де солай болды. Кенеттен шыққан дыбыстан күллі вагон ілгері қарай сілтене жөнелді. Дәрібек те, басқалар да оның қандай күштен болғанын түсінбей де қалды. Әйтеуірі бір кезде вагонның бірде жоғарылап, бірде сәл төмендеп ағып кетіп бара жатқанын аңғарды бәрі де. Вагонның толқынды қозғалысы әуеде ұшып кетіп бара жатқан әуе кемесінің сілкінісінен де жұмсақ көрінді. Ауасыз ортаның мұндайлық ғажайып болатынын отырғандардың көбі дерлің алғаш рет кездестіріп отыр. Жоғары қараса, шыны терезеден неше түсті жолақ кейін қарай қалып жатыр. Олардың әрқайсысы бір бір сурет. Пойыз қатты жүйткіген кезде оның бәрі тұтасып, түрлі түсті жолаққа айналғандай болған. Дәрібек ол көрініске онша қызыққан жоқ. Ондай жолақтар кез келген метро құбырларының қабырғаларында бар.
Ал мына көліктің бар ғажаптығы сонда, қалықтап ұшіп кетіп бара жатқан ертегідегі айдаһар жыландай. Электр магниттік түтікше сияқты өте жылдам қозғалады. Төбе тұстағы электр магниттер вагондарды төмен түсірмейді. Вагон төмендей бергенде келесі электр магнит іліп алады. Сондықтан да вагонның еденге қарай түсіп кетуі еш мүмкін емес. Дәрібекті вагодардың осылай жоғары-төмен толқынды қозғалысы қатты толқытты. Рахат сезімге бөлеген. Жүрісі мұндай жұмсақ, мұндай жүйрік, мұндай ойнамалы ғажайып көлікті көріп, әсерленгені осы. Осы кезге дейін мүның кереметтігі жайлы газет-журналдарда жазылып, теледидарлардан көрсетілген. Сонда оған мән бермеуші еді. Енді мұның шын мәнінде де дүниенің бір рахаты екенін сезінді. Дәрібек жұмсақ төсектей жазылатын орындыққа шалқая жатты. Егер жазушы болса, қолына қаламы мен қағазын алып, алған әсерін сол қағазға түсірер еді. Сөз өнері бойына дарымаған соң қайтсін. Үнсіз ғана отыра берген. Қай адамның да аңсаған арманы бар. Адам қиялынан ұшқыр ештеме жоқ. Егер отырған жолаушылардың бәрі жазушы болса, осы қозғалыс пен құбылысты қаламмен қағаз бетіне көркем тілмен суреттеп жазар еді.
Дәрібектің көкейінде де талай арман жатыр. Қиялмен талай жерге барып та қайтқан. Бірақ ғалым болған соң өзінің ғылыми идеясына қайта орала береді. Енді ол осы көргендерінен ғылыми қорытынды шығаруға көшкен. Ағасына барудағы бір мақсаты да осыны анықтай түсу-тін. Бионик болса да өзіне физиканың бар заңдылықтары мен ғажайыптары жақсы белгілі. Сол заңдылықтарды дұрыс түсініп, оны өмірде қолдана білген адам ешқашан да қор болмайды. Дәрібектің мамандығы биология мен техниканың ауқымын қамтиды. Адам баласының техниканы көп жағдайда табиғаттан көрген тірішілік иелеріне қарап жасайтыны әу бастан белгілі. Ал мына пойыздың жөні бөлек-ті. Мұндай жылдам жүріс пен қалықтауды керісінше, жануарлар, құстар мен бауырымен жорғалаушылар үйренуге тиісті сияқты. Жер бетімен көлік бірнеше сағаттар бойы жүретін жерге оқтай зулап демде келді.
Пойыздан түсерде де, түскеннен кейін де Дәрібек электр магнитті құбырмен ешбір тіреусіз, дөңгелексіз жүйткитін бұл пойызды осылайша мұқият зерттеп алды. Көп нәрсені іштей зерделеді. Бірақ өзінің жаңа ғана жасаған аттас магнитті жұқа комбинезоны жөніндегі әңгімені әзірге елге тарата қойған жоқ. Мына көргендері біраз нәрсені ойына салды. Электр магнитті темір жол пойызына қарай-қарай ілгері жүре берді. Енді тездетіп ағасының үйне барып, анау-мынауын біліп қайтуға асықты. Адам қандай да бір жақсы, өзіне ұнайтын істі жасаған кезде оған осылайша асығады. Дәрібек те соңынан біреу қуып келе жатқандай асыға жүрді. Ойында тағы бір қуаныш сезімі бар. Ол – қайтарда да осы ғажайып пойызға мінетіні. Ол кезде де көп нәрсені көкейіне түймекші.
Құпия жаттығу
Дәрібек бүгін зертханаға асыға келді. Әдетте абыр-сабыр келіп-кетіп жататын адамдар да жоқ еді. Бәрінің де жеке жұмыстары дәл осы күнге тоғысқандай. Ғалымға керегі де осындай оңашалық болатын. Ол айналасын тағы бір бақылап-барлап алды. Содан соң сыртқы есікті нықтап жауып, ішкі есікті кілттеп алды. Ендігісі еш қорқынышсыз еді. Өзі жасаған аттас магнитті жұқа коминезонның ешкімге зияны жоқ болса да, Дәрібек аса сақ. Осындай іс істегенді, жасағандарын ешкімге айтпағанды о бастан әдет еткен. Ендігі мамандығы да соны талап ететін сияқты. Жалпы, осы зертханада ізденіс жасайтын ғалымдар да алғаш ашқан ғылыми жаңалықтарын ә дегеннен жариялай салмайды. Жаңалығының жаңашылдығына толық көзін жеткіізгенше ішінде сақтайды. Дұрыстығына көзін әбден жеткізгенше шыдайды. Бірақ мұндағы ғалымдардың мақсат-мүдделері бионика саласынан жаңалық ашуға бағытталған. Зерттеуден қолдары босаған күндерінде ғалымдар Жер шарындағы шет елдерге сапар шегеді. Ол елдердің тау-тас, орман-тоғайларын шарлап, жәндіктердің, түрлі өсімдіктердің жайын зерттейді. Осы күндері де бұл ғылыми зерттеу институтының ғалымдарының көбі дерлік сондай ғылыми зерттеу сапарларына кеткен еді.
Сондықтан да Дәрібек өзіне мұндай оңашалықтың бұйырғанына іштей қатты қуанды. Енді мұндай тыныштықта тек өзінің ғана қимыл-қозғалысының дыбысы естіледі. Мұндай тыныштықта әрбір тырсылдың қатты естіліп кететіні де бар. Өмірінде зертхана ішінде дәл осылай оңаша қалып көрмегендіктен бе, алғашында сәл елегізгендей де болды. Тек сәлден соң мұндай тыныштыққа да бойы үйрене бастады. Ғарыш кеңістігіндегі аса тыныштық жағдайына ғарышкерлердің Жерде жаттығатыны да бекер емес. Оны да Дәрібек енді түсінген. Егер өзінің бұл жасағаны бионикаға тікелей байланысты болса, ештемеден саспас еді. Кім кімге де көрсете берер еді. Ал бұл жаңалығының бионикаға ешбір қатысы жоқ. Шамалы сезіктенгені де содан. Бірақ ой-сезімге берілемін деп, уақытты жоғалтып алуға тағы болмайды.
Ол енді жылдам қозғалды. Биониканың жаңа жасалған техникаларын сынайтын кең бөлмеге келді де, ылғи сөмкесіне салып алып жүретін комбинезонын қолына ұстады. Ол түсі ақ, жылтырақ материалдан жасалған. Матаға да ұқсамайды. Түсінбеген әйел қауымы оны жылтырағы бар қымбат материалдан тігілген комбинезон деп ойлап та қалар еді. Ол өзі өте жұқа. Денеге жабысып тұрады. Сөйте тұра терлемейді, денені терлетпейді. Дене терісіне ауа еркін өте алады. Дәрібек бөлменің барлық терезелерін, есіктерін көздерімен тағы бір шолып өтіп, сыртқы, ішкі киімдерін жаймен шешті де, комбинезонды жалаң денесіне жапсыра киді. Содан соң өзінің шешкен киімдерін қайта киюге талпынды. Сол кезде барып өзі жасаған аттас магнитті жұқа комбинезонының аттас магниттік қызметке кірісіп кеткеніне көзін жеткізді. Киімдерінің ешқайсысын да комбинезон киген денесіне жақындата алмады. Комбинезон Комбинезон киім киілмеген қолдарын, саусақтары мен басқа заттарды ғана теппейді. Ал қалған денесіне ештеме жұғар емес. Бейнебір суға сүңгісе де денесіне бір тамшы су да жұқпайдын сушы құс сияқты болып шыға келді. Жақындағанда өзінен қашқан заттарды көргенде Дәрібек өзінше мәз болды. Оғаштау болса да ешкім жоқ кең зал ішінде рахаттана даучтап күліп те алды. Бақытына қарай ол оғаш күлкісін өзінен өзге ешкім де ести қойған жоқ. Ешкім жоқ болса, қайдан естісін.
Дәрібек енді уақыт жоғалтпау үшін алғашқыдан да ширақ қозғалды. Аяқ киімін киді де, бөлме ішінде олай да, былай да жүрді. Өзін әуелдегіден мүлдем басқаша сезінді. Осыдан бірнеше жыл бұрын туристік сапармен Айға барып қайтқан. Соны есіне түсірді. Сонда да дәл осы сияқты рахаттана күлген еді. Бірақ ол кезде Дәрібек жалғыс емес-ті. Жанында көп адамдар болған. Әйелдер жағы, тіпті, сүрініп-қабынып, секіріп, секектеп, әбден қыран-топан күлкі қылған. Ғалым тап соны көз алдына елестетті. Бірақ мына жағдайдың жөні бөлек еді. Айда адам өзін олқы сезінгенімен онысы ешкімге әсер етпейді. Өзімен өзі. Секірсе де, жығылса да ешкімге еш зияны жоқ. Ал мына комбинезон төңірегіндегілерді «итеріп» тастайды. Дәрібектің басты мақсаты да айналада болып жататын қауіп-қатерден қорғану болатын. Бірақ комбинезонның сыртынан өзінің киімдерін кие алмай қалатынын еш ойламапты.
Егер өзі оңаша болмай, жанында әлдекімдер көріп тұрса, сөз жоқ, олар Дәрібектің бұл қателіктеріне рахаттана күлген болар еді. Енді өзін көретін де, күлетін де жан баласы жоқ мұнда. Осыншама еңбек етіп, осындай оңашалықты аңсап, оған қолы жеткен кезде комбинезонды қайта шешудің де еш реті жоқ. Магниттің тарту мен тебу күшін саналы адам баласы көп заманнан бері өміріне пайдаланып келеді. Әуелде магнит жай, қарапайым жүйелерде пайдаланылса, енді оның өзі мінген ғажайып пойызда да пайдаланатынына көз жеткізді. Ал бірақ мәселе түбегейлі жаңалық ашумен шектелмейді. Дүниеде ашылып жатқан күллі жаңалық атаулының көбісі өткендегіні қайталау мен жаңарту арқылы жалғасады. Адам жаңалықты екінші адам білмейтін тұстан ашады. Мұндайда, болса да ерекше тапқырлық қажет. Дәрібек бұл ашқан жаңалығын кереметтей жаңалық аштым деп есептемейді. Сынақтан жасырын өткізіп жүргені де содан. Комбинез-зон өзі үшін, өзінің денесін тосын қауіп-қатерлерден қорғау үшін қажет. Жер ғаламшарының төңірегінде магниттік белдеу болмаса, қиыр ғарыш кеңістігінен, Күн төңірегінен келетін тірішілікке зиянды бөлшектерді сүзіп қала алмас еді. Дәрібек те енді өзін кездейсоқ кезігетін талай қатерлерден осы комбинезон арқылы қорғамақ.
Ол бөлме ішін тағы бір айналып жүріп өтті. Өзінен жеңіл заттарға жақындай берсе болды, олар әрі қарай үш метрге дейін жылжып кетеді. Осылайша Дәрібек енді кез келген жеңіл затқа үш метрден әрі жақандай алмайтын күйге жетті. Ал егер осы бөлмедегі кең дастарханның үстінде сілекей шұбыртатын түрлі тағамдар жатса, онда қайтпек? Ондай жағдайда Дрәібектің ас ішу жағдайы қиындамақ. Одан да бұрын енді өз киімін өзі кие алмай тұр. Күшпен кигеннің өзінде де, киімдері ішінен жел соққандай кернеліп тұрады. Онысын көрген достары болс да: «Мынау өзі аз ғана уақыттың ішінде семіріп алған ба?» деп те ойлап қалмақ. Дәрібек ол жағын да ойламаған емес. Бірақ осыншама уақыт бойы тер төгіп тіккен комбинезонын достарым солай дейді екен деп қалай тастамақ. Ғалым осындай ой-толғамдардың тереңінде жүріп, комбинезонымен ұзақ уақыт бойы жаттықты. Алғашында өзін мына әлемнен бөлініп қалғандай да сезінген. Енді денесі бірте-бірте оған да үйрене бастады. Сәлден соң анау-мынау жеңіл заттарды аралық қашықтықтан итеріп қозғауға кірісті. Шынында да қызық. Сәлден соң, тіпті, үстіндегі комбинезонын шешпеуге де болатынын түсінді.
Мұндайда уақыт шіркін де өткіш. Әне-міне дегенше, түс те болып қалған. Сырттан әлдекімдердің бір-бірімен сөйлескен дауыстары да естілді. Мына түрімен бөтеннің көзіне түсуге тиісті емес. Бір адам көрсе, өзі туралы сөз мың адамға жайылады. Комбинзонының ғажайыптығы өз алдына, жұмыс уақытында мұндай іспен айналысудың еш жөні жоқ. Дәрібек ол жағын да ойлаған. Бірақ соны ойлап болғанша, сырт есікке әлдекімдер таяп та қалды. Дәрібек те сол есікке жақындаған. Комбинезондағы үш метр қашықтықтан әсер ететін аттас магнит күші кез келген денені сол қашықтықтан кері тебетіндіктен Дәрібек келіп есік тірегендей қалыпта тұра қалды. Арғы жақтағылар есікті әрі қарай тартып, бері қарай итеріп аша алмады. Есіктің екі жағында шыны да бар еді. Келгендер енді сол арқылы ішке үңілген. Бірақ тасада тұрған Дәрібекті көрмеді. Ал есіктің ішкі жағында ешкім де жоқ еді. Содан соң келгендер есіктің тығыз жабылған тұсын, кәсегін, құлпын тексерді. Бәрі дұрыс, бәрі қалпында.
Ал ескті ішке қарай итерген кезде әлдекім денесімен тіреп тұрғандай сезілді. Кері серпиді. Мұның сырын келгендердің ешқайсысы да түсіне алмады. Есікті біреу-міреу тіреп тұрған болса, ендігі көрінер еді. Шынылы есіктен көрінбейтін пенде жоқ. Оның үстіне есікті әлдекім тіреп тұр деп ойлау да артық. Сонықтан да ешқайсысы да ондай ойға келе қоймаған. Дәрібек болса, амалының жоқтығынан есікті ашқызбай тұр. Егер келгендер бірнешеу болып, есікті ілгері қарай топтана итерсе, онда есік ашылып та кетер ме еді. Ондай сәтте Дәрібек кейін қарай ұшып та түспек. Онда да келгендер Дәрібекке пәлендей күмәнднбас еді. Бұл есіктен үш метр қашықтықта тұр.
Дәрібектің бақытына қарай, келгендер есікті әрі жұлқып, бері жұлқып, аша алмаған соң кетіп қалды. Сол кезде Дәрібек те ширақ қоғалып, комбинезонын үстінен тез шешіп, өзінің әдепкі киімін киіп алды. Кмбинезонның қажетті бір түймесін басқанда, оның өне бойындағы аттас магнит өрісі жойылды. Сөйтіп, комбинезон жай киімге айналды. Енді оны ұстап көрген адам да еш күмәнданбайды. Комбинезондағы магнит өрісі оған жайыла орналастырылған майда аккумуляторлар мен Күн батареясынан ток алады. Оның жеңі де кәдімгі матамен астастырылған. Сондықтан да комбинезон бойында осындай қабілет бар деп ешкім де ойлмайды. Дәрбектің бір жаңалығы да осы еді. Оны да әзірге ешкімге тіс жарып айтқан емес. Айта қалса, бар құпия-сыры ашылмақ. Ғалым бұл ісінің әзірге осылайша құпия бола тұрғанын қалаған. Егер мұны анау-мынау қылмыспен айналысатындар білсе, онда басқа, қатерлі мақсатқа пайдаланып кетпек.
Дәрібек шамалы болса да құпия жаттығуын жасап үлгергеніне іштей қуанды. Киініп, жиналып, ештеме болмағандай тұра берген. Сол кезде әлгінде ғана есікті ішке қарай итеріп, аша алма кеткендер қайта келді. Олар ғылыми-зерттеу институтына кейін келген жас ғалымдар екен. Ойлары, мына кең бос бөлменің ішінде доп ойнамақ. Ал бөлмеде спортпен айналысуға да көп мұмкіндік бар еді. Бөлменің қабырғаларын арнайы жүіелермен қозғалту арқылы түрлі-түрлі етуге болады. Сондықтан келген жастар бөлме пошымын спорттың өздері қалаған түрімен айналысуға ыңғайлы ете алады. Келгендер жан-жақтарын, есіктің өзін барлап тексерді. Ішкі жағынан да ештеме таппады. Енді Дәрібекті іштен итеріп тұрды деп күнәлау еш негісіз. Дәрібек те төзімді. Жаңа ғана өі жасаған ісін іштей біліп тұрса да, сыртқа сыр бермеді. Келгендермен жылы амандасты да асығыс екенін сездіріп, бөлмеден шығып кетті. Келгендер одан кейін де есіктің ол жақ, бұл жағын мұқият қарап, оның алғаш келгенде неге ашылмағанының сырына жете алмады. Тек содан соң өздері ертіп келген есік, құлып тексеруші жігітті қайтарып, жаттығу ойындарына кірістіі.
Дәрібек басты жұмысын бітірген соң келгендерге назар аударған жоқ. Комбинезоны слынған сөмкесін иығына ілген бойда сыртқа шықты. Жаңағы алған әсері әлі де болса басылар емес. Жаңа ғана өзіне сөйлеген жас ғалымдарға не деп жауап бергенін де ұмытып қалған. Ойының бәрі осы комбинезонда. Мұны енді үнемі осылайша құпия ұстауы керек. Оның осындай пайдасын талай рет көретіні де сөзсіз. Ғалым қашан үйіне жеткенше осындай ойда болды. Комбинезонды үстіне кигенде қандай күйде болғаны да белгілі еді. Ол киіммен көшеде түн мезгілінде жалғыз жүру де қауіпсіз. Егер алдынан біреу-міреу шыға келіп, өзіне пышақ сілтесе, ол пышағының ұшы денесіне жетпейді. Тіпті, пышақ сұқпақ түгілі, адамға үш метрден бері жақындай да алмайды. Дәрібекке керегі де осы. Көптен бергі арманы жүзеге асып, қуанышы қойнына сыйма да келеді. Адам үшін қатерлі қылкөпір саналатын жол қиылыстары да мемұндалап жатыр. Дәрібек сол көше қиылыстарындағы үш түсті шамдардың жанып-өшу ретіне қарай кідіріп, жасылы жанғанда көшені абайлап қиып өтеді. Бірақ, өкініштісі, адам тағдыры сақтануына байланысты бола бермейді. Әрине, сақтану да керек. Ал жазымыш болса, болмайтын жерден қатерге душарланады. Дәрібекке көше бойында қанша жүрсе де, көлік апаты кезіккен емес. Соған да іштей шүкіршілік етеді. Ал бір бірімен сн-тарау қиылысқан көшелерде олй да, былай да ағылған жеңіл көліктерде сан жоқ. Ол көліктердің қай жүргізушісі де асығыс, шыдамсыз. «Соларға не жоқ,-дейді кейде Дәрібек ішінен,-жаяулар асықса, бір жөн. Жоқ, көліктегілер жаяулардан да қатты асығады». Дәрібек бір жағынан көлік жүргізушілердің уақыт есебінің басқаша екенін де ойлайды. Дәрібек зертханадан жаяу шығып, үйіне дейін бір сағат уақыт жүрсе, көләіктегілер бұл аралыққа небәрі он минутта жетеді. Олар өздері алдына ала есептеген сол он минуттың ішінде жетуге асғады.
Дәрібек мұны да ойлап бір кідірді. Әрбір көше қиылысына жеткенде тоқтап, онда ағылып жатқан көліктерге мән бере қарады. Дегенмен, жаңағы жаттығу, жаңағы қуаныш көңілін ерекше көтергендей еді. Бірақ көшені аман-есен қиып өткеннен кейін бар қиындық пен қатер сейілгендей болады.Сөйтіп, үйіне дейінгі көше қиылыстарының соңғысына да жақындады. Осы жерде Дәрібек қызық үшін бүктеулі комбинезонының электр магниттік тогін қосты. Сол-ақ екен, комбинезон айналадағыны өзінен бөліп әкеткендей болды. Соны қызықтап Дәрібек жол ортасына жеткенде, бағдаршамның жасыл түсті шамы сөніп, сары, одан соң қызыл шам жанды. Көліктер судай ағыла жөнелді. Дәрібек екі жағынан зулап өтіп жатқан көліктердің ортасында тұрып қалды. Содан бір кезде көліктердің арақашықтықтары сәл ашыла бергенде ілгері қарай жүріге жөнелді. Өзіне қарай тұп-тура ағып келе жатқан көлікті байқамай да қалған. Көлік жүргізушісі аяғымен тежеуішті басып кеп қалған. Көлік дөңгелектері бірден тежелгеніне қарамастан ғалымға қатты соғылғандай болған.
Бірақ көліктің тұмсығы Дәрібекке жетпей-ақ ол анадай жерге ұшып түскен. Асфалт бетімен домалап та алды. Көлік жүргізушісі мас адамдай мең-зең. «Бітті ғой. Өлді ғой. Сотталатын болдым. Бір адамның өмірін қидым» деп қатты өкіне көз шараларына жас алды. Сөйтіп, күтпеген қсіреттен теңселе басып, Дәрібекке жақындаған. Ол ештеме болмаған адамдай орнынан жайымен тұрып, үстінің шаңын қақты. Сол кезде ғана есін жиған жүргізуші:
- Амансыз ба, қай жеріңіз аурады? – деді.
-Еш жерім де ауырмайды. Дін аманмын,-деді Дәрібек сәл ғана жымия қарап.
Бұл жауапқа әрі таңырқап, әрі іштей қуанған көлік жүргізушісі Дәрібекке жақындай беріп еді, қандай да бір құпия жел кейін теуіп, оған жақындатпады. Дәрібек те сол кезде бұл құбылыстың неден болғанын есіне түсірді. Комбинезонының кері тепкіш магнит күшін жоятын түймені басты. Тек содан кейін ғана көлік жүргізушісі Дәрібекке жақындай алды. Бұл сәтте көлік жүргізушісі жедел жәрдем шақырып та үлгерген екен. Олар Дәрібектің үсті-басын тексеріп, денесіне түскен шамалы жарақатты көріп, кішкене қағазға дәрігерлік қорытындыларын жазып, қайтадан жөнеп кетті.
Осылайша, комбинезоны алғаш рет игілігіне жарады. Өміріне төнген бір қатерден дін-аман алып қалды. Біраздан соң өзі өзіне де келген. Бұл кезде үйіне жақындап та қалған. Қуаныш пен өкініш қатар келгенде адам баласының басынан қандай күйді өткертіні де енді түсінікті болғандай. Абайсызда жеңіл көлігімен қаққан жігітпен жылы қоштасып жүре берген. Үйге кірер есікке таяғанда әлі де бір қолтығына қыса ұстаған комбинезонының электр магниттік өрісін байқаусызда қосып алмау жағын қарады. Оны ешкім, ешбір жан білуге тиісті емес. Негізгі құпиясы да сол. Үйге кіргенде Ғалияның дастархан дайындап қойғанын көрді. Ол ерін жылы қарсы алды. Мұның бозарған, шаршау жүзін көрді. Бірақ ештеме сұраған жоқ. Зертханадағы ғылыми зерттеу жұмыстарының оңай болмайтынын Ғалия жақсы біледі. Онсыз да шаршап тұрған адамды онан сайын мазалай берудің еш пайдасы жоқ. Оның үстіне Дәрібектің сыры бесенеден белгілі. Анау-мынау сұрақтарына жауап бере бермейді оңайлықпен. Ол сол бойда өзінің демалыс бөлмесіне өтті де, комбинезонды пленкаға салып, темір жәшіктің ішіне жапты. Сөмкені басқа жаққа қойған. Бұл әрекеттерін Ғалия аңғарған да жоқ. Сұрамады да. Ғалия әйел баласы болғансоң ер адамның осындай анау-мынау істеріне сұғанақтағанды жөн көрмейді. Дегенемен де, Ғалия Дәрібектің қандай да бір ғажайып комбинезон жасап жүргенін біледі. Бірақ оның не комбинезон екенін сұрап, көріп, қолына ұстаған емес.
Дәрібек арнайы бөлмеде салқын сумен шайынып сүртінгеннен кейін жайымен асханаға келіп, дастархан басына отырды. Осы кезде ғана Ғалия ерінің жүзіне қадала қараған. Дәрібек те енді бұдан әрі шыдамаған. Комбинезонның жайын айтпаса да, кшеде болған оқиғаны жасырып қалудың еш жөні жоқ еді. Ғалия оны естігенде шошып кетті. Жедел жәрдем көлігімен келіп, жазып берген дәрігердің кіп-кішкентай қағазындағы жазуды оқып, шығып, Дәрібекке емханаға баруды ұсынды. Дәрібек ол ұсынысына шамданып шыға келді. Дәрігер берген қағаздың қажетсіз екенін, денінің сау екенін айытп дес бермеді. Ғалия ас үстінде ерімен бұлай айтыса беруді жөн санамады. Ерінің жүйке жүйесін бұдан әрі қарай тоздырмау үшін әңгіменің бағытын басқа жаққа аударған. Дәрібек содан кейін ғана барып көңілдене сөйлей бастады. Түскі астан алды. Құпия жаттығуы жөнінде тіс жармады. ОЛ құпия күйінде қалды.
Газеттегі жаңалық
Дәрібектің көше қиылысында болған оқиғаны жасырмғаны дұрыс болған еді. Әйтпесе, гезет бетінде сол оқиға жайлы жазылған мақаланы оқып жатып ренжіімек. Бұл жағынан Дәрібек қателік жібермеді. Бірақ ол өзін жеңіл көлік қақан көше қиылысында сол мезетте дәрегрледен бөлек газет тілшісі де болды деп еш ойламаған. Енді оның мақаласын оқығанда таң қалды. Рас, ол жерге сол кезде шамамен жүз адамдай жиналып та қалған. Енді мына газеттегі мақаладан мыңдаған адам білді.Тілшінің өзі де ол ғажайып құбылысты жазбай қала алмаса керек. Өйткені, соншама жылдамдықпен зымырап келе жатқан жеңіл көлік қаққан адамның дәл осылай жеңіл жарақатпен дін-аман қалғаны адамзат тарихында болған оқиға емес. Жол жүру тәртібін қадағалушылардың арнайы құралдамен есептеулеріне қарағанда, жекіл көлік Дәрібекті сағатына жүз елу шақырым жылдамдықпен келіп қаққан)Ал ондыай жылдамдыпен келген көліктің кілт тоұқтай қалуы еш мүмкін емес. Бұл түсінікті де. Кілт тоқтауы үшін ауасыз кеңістік керек. Сонда ғана көлік кілт тоқтай алмақ.
Дәрібек газеттегі мақаланы өзінің демалыс бөлмесіндегі «Ақпарат» делінетін экраннан оқыған. Қажет болса, экрандағы майда жазуларды көзінің көру қабілетіне қарай ұлғайта береді. Бұл әсіресе көздері нашар көретін адамдарға жақсы.Бірақ Дәрібектің көздерінің көру қабілеттері ондай дәрежеге жеткен жоқ. Дегенмен де, «Көім жақсы көреді екен» деп, көзді майда жазуларға қадаудың да еш қажеті жоқ. Газет тілшісі газеттегі мақаласына: «Ғажайып оқиға» деген тақрып қойыпты.Оның өзі туралы екенін де бірден сезді. Дәрібектің қорыққаны, комбинезонын ешкімнің біліп қоймауы еді. Газетте шыққан мақаланың мазмүны да қандай да бір құпия күштік әсерінен адамның ең қатерлі жағдайдан да аман қалғанын түсіндіреді. Тіпті, тілші газеттегі мақаласының соңғы жағында: «Бұл күш Жерден тсы әсер еткен құпия күштің әсері сияқты. Өйткені, қатты жүріп келе жатқан жеңіл көлік қақан адамына үш метрден әрі жақындай алмаған. Екі арасын қандай да бірқұпия күш бір бірінен алшақтатып тұрған.Оның үстіне жалаң асфальт бетінде бірнеше рет домалаған Д. Есімді ғалым пәлендей қатты жарақат та алмаған. Бұл мұқият зерттеуді қажет ететін мәселе» деп жазыпты. Газет тілшісінің осы сөзі Дәрібекке ұнамады. Егер бұл болған оқиға өзіне тікелей байланысты болмаса, онда бұл жаңалыққа іштей қуанар еді. Кейде осындай құпия іс жасағанда, осылайша қырсығатыны бар. Сол көшеде әлгі көлік «қақпағанда» ештеме де жоқ еді. Дәргер, тәртіп сақшылрымен адам байланыса қалса, осы. Енді көпке дейін мұндай алып қашпа сөздерден құтыла алмайтыны хақ.
Сәлден соң Дәрібек экран алдындағы жалпақ панелден көп түймелердің бірін нұқыды. Соның артынша ызыңдаған, ысылдаған дыбыс шықты да, тілдей саңылаудан бір парақ қағаз түсті. Ол мақаланың көшірмесі еді. Адам баласы экраннан әлдекімді немесе қандай да бір нәрсені қаншама рет көрсе де, оны өмірде кездестіруді ойлайды. Көре қалса, «Мен кеше ғана стереотеледидардан көрген адамды көрдім» деп мәз болады. Ал мынандай мақаланы экраннан көшіріп алып қолда ұстау тіпті де қажет. Дәрібек жаңа экраннан бейнебір елес көргендей сезінген. Әлі де болса, өз көзіне өзі сенбейді. Өзіне ұнамайтын нәрсенің болмағаны жақсы еді. Бірақ, амалы қанша, Дәрібекке мақаланы оқуына тура келген. Не көп, газет бетінде жарияланып жатқан мақалалар көп. Ал мынандай оқиға жөніндегі мақала болса да сирек жарияланады. Елеңдетпей де қоймайды. Ғалым мақаланы қағаздан тағы бір оқып шығып, іштей ой түйді. Ендігі ойлағаны да бұл мақалада айтылған жаңалықтан қалай құтылу еді. Жоқ, болмады. Соның артынша есік қоңырауы соғылды. Дәрібек орнынан тұрмай-ақ, келесі бөлмеге өтіп, есікке бармай-ақ экрін алдындағы панелден тағы бір түймені сұқ саусағымен нұқи қойды. Артынша экранда бүлдіршіндей екі жігіттің бет-бейнелері көрінді.
-Кешіріңіз, бізге Дәрібек аға керек еді? – деді жігіттің бірі сәл толқып.
-Дәрібек деген мен боламын,-деді бұл.
-Біз «Тосын жаңалық» газетіненбіз. Сізбен қысқа сұхбат жүргізейін деп келіп едік....
-Білемін,-деді Дәрібек қолындағы қағаздағы мақалаға бір қарап қойып,- кіре қойыңдар.
Дәрібек панелден келесі түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен. Ол есік құлпын аралық қашықтықтан ашатын жүйені іске қосатын түйме еді. Ешкім де есікке қарай жүгіріп әуре болмайды. Есік адамның ықпалынсыз ашылады. Ішке кірген адамға баратын бөлмесін қаырғадағы шамдар көрсетеді. Екі жігіт сол шамдардың жол сілтеуімен жүрді. Дәрібек ол екеуін кішкене дәлізде етене бауырларындай жылы қарсы алды.
-Ал, бері төрлетіңдер,- деп, жұмсақ орындықтарды ұсынды ғалым келген екеуге.
-Алғыстымыз,аға,-деп екі жігіт орындықтарға жайғасып, жан-жақтарын көздерімен барлап қойды.
Сол кезде Дәрібек экран алдындағы кішкентай дыбыс қабылдағышқа қарады да:
-Үш шыны ыстық көфе әкеле қойңы. Дәмді тағамдарды да ұмытпаңыз,-деді.
- Жақсы, айтқан тапсырысыңыз жедел орындалады,-деген әлдекімнің жуан дауысы естілді артынша.
Екі жігіт ол дауыстың тірі адамның дауысына ұқсамайтынын іштей сезді. Бірақ еш сыр берген жоқ. Дәрібектің белгілі бионик екенін екеуі де жақсы біледі. Ал үйіне келіп тұрғандары осы. Айнала толған автоматты жүйелер. Тілшілер Дәрібектің небір қызықты істерін сырттай естіген. Сонысын бір көруге екеуі де о бастан ынтық болатын. Енді соның сәті өзінен өзі түсті. Сұрақ қрюды бастаудан да бұрын осы бөлмеден бионикаға қатысты небір нәрселеріне қараумен болған. Сөйткенше, тәпелтек келген бір темір тұлға ыстық көфе құйылған кішкене-кішкене ыдыстар салынған пәтнүсті екі қолыман мықтылап ұстап, асықпай басып келе жатты. Екі жігіт ыстық кофеден де бұрын темір тұлғаның жүріс-тұрысына, тұла бойына назар аударды. Темір тұлға деп қиын сияқты. Жүрісі темір тұлғаның жүрісіне көп ұқсамайды. Ол келген бойда екі жігітпен басын иіп амандасты да, қолындағы пәтнүсті үлкен үстедің үстіне қойып, кофе құйылған ыдыстарды әрқайсысының алдына жақындатты. Дәмді тағамдарды да ұмытпапты.
-Алғыстымыз! Енді өз жұмысыңа бара ғой,-деді Дәрібек оған тап быр тірі адаммен сөйлескендей.
Темір тұлға мәдениет сақтағандай тағы да басын сәл ғана иіп, кейін бұрылып, асханаға қарай кетті. Тілшілер енді ғана сергіп, келген мәселелерін ұмыта бастағандарын сезді. Дәрібекпен бірге алдарына қойылған шыны ыдыстағы кофеден аздап қана ала отырып,әңгімелерін жалғады.
-Дәрібек аға, өзіңіз оқып отырған мақаланы жазған мен едім,-деді жас жігітттердің бірі Дәрібекке қадала қарап.
-Сезіп отырмын. Тұрлыбек Маолдабекұлы өзің ғой?
-Иә,аға. Мен боламын.
-Сонда сен сол оқиғаның куәгерлерінің бірі олдың ғой.
-Иә,аға. Сол кезде мен көше бойымен кетіп бара жатқанмын. Кенет қатты жүріп келе жатқан жеңіл көліктің дөңгелектерінің кілт тежеліп, асфалтпен үйкелген дыбысы шықты. Содан сіздің көлік тұмсығына жанаспай одан үш метр қашықтықтан асфалт бетімен домалап бара жатқаныңызды көрдім.
- Онда ол жөнінде жазуыңа негіз бар екен,-деді Дәрібек жақтауы биік жұмсақ орындығына шалқая беріп,-мен мұны тілші көрмей жазып жіберді ме екен деп ойлап қалып едім. «Көрген көзде жазық жоқ» демей ме, халқымыз. Жазған мақалаңда әділдік басым екен.
-Мен өтірік маұала жазған емеспін. Жаза да алмаймын, аға,- деді Тұрлыбек, сәл қозғалақтап,-сондай бір қысыр сөз соңымыздан қалмайды әйтеуірі. Көзбен көрмеген нәрсені жазып, оқушыны алдауға еш болмайды.
-Жақсы. Ләйім солай болсын. Ал мына әріптесіңнің есімі кім болады?
-Есімі Әбсаттар. Әкесінің есімі Бекен.
-Жақсы, қарақтарым. Жазудағы еңбектерің жана берсін.
-Алғыстымыз,аға. Біздің сізге келгендегі мақсатымыз сол оқиға жөніндегі өзіңіздің пікіріңізді білу.
-Ол дұрыс қой. Бірақ әрбір саналы адамның құпия сыры болады емес пе? Оны халыққа жария ете берсе, не болмақ?
-Бұл оқиға жөнінде мақала газетте жарияланып та кетті,-деді Тұрлыбек,-менің сізден сұрайын дегенім, сіздің сол қатерден дін-аман қалуыңызға Жерден тыс қанай да бір күш араша олды ма?
-Жоқ. Мен ол қатерден Жерден тыс әсер еткен күштен дін-аман қалдым деп айта алмаймын. Бұл кездейсқ сәттілік. Мен жеңіл көлік өзімді соқпай-ақ домалап кеттім.
-Сонда сізді қандай сырт күш домалатты?
-Мен ол сәтте ешқандай да сырт күшті сезінгенім жоқ.
-Мұныңыз қызық екен. Дегенмен де, осы тұста бір құпия сыр бар. Оны ашу енді болс да ғалымдардың үлесіне қалмақ. Біздің мақсатымыз тек насихаттау мен жариялау ғой.
- Оны түсінемін,-деді Дәрібек жеңіл күрсініп,- ашылмайтын құпия аз. Бір күні мұның сырын да блетін боласыңдар.
- Әрине. Бірақ мен бұл оқиғаны өзіңіздің тапқырлығыңызбен байланыстырғым келеді. Өзіңіз белгілі биониксіз. Ал биониканың барлық ғылым саласымен байланысты болып келетіні түсінікті. Сонда сіздің қолыңызда ораулы әлдеқандай зат болған еді?
-Мен ғылыми зертханада тәжірибе жүргізенмін. Сонда киетін киімім ол.
-Ендеше, мен қателесіппін. Кешіріңіз.
-Ештемесі жоқ.
Осы сөзден кейін Дәрібек те, келген тілшілер де бір сәтке үнсіз қалған. Сол кезде Дәрібек селт етіп, басын көтеріп, асхана жаққа қараған. Онысы алдарындағы ыдыстардағы кофелердің суып қалғанын сезгені еді. Арада бірнеше секунд уақыт өтпей-ақ асхана жақтан әлгі темір тұлға жылдам жетіп келді. Ол ширақ қозғалып, үшеуінің алдарындағы суыған кофелерді өзге ыдыстарға аударып, жаңа қайнаған кофені шайылғандарна құйды. Көңілдері орныққан екі жігіт те енді алғашқыай емес, сәл еркінсіп, кофеден жиі-жиі алып отырды. Үшеуі де кофеден алғанымен өз беттерінше ойға батқан. Тұрлыбек негізгі сұрақтарына жауап алғаннан кейін жанындағы Әбсаттарға бұрылған. Ол «Менің ғалымға қояр сұрағым жоқ» дегендей сығай танытты. Тұрлыбек содан соң сөзін былай деп қорытты.
-Бізді осылай жылы қарсы алғандарыңызға мол алғыстымыз, аға. Қолымыз тиіп, жолымыз түсіп жатса тағы да келерміз өзіңізге. Ғылыми ізденістеріңіз жемісті бола берсін. Ғылыми жаңалықтарыңызды аша беріңіздер. Біздің негізгі мақсатымыз осы лболған оқиғны халыққа дұрыс түсідіру ғой. Ол мақсатымызға жеткен сияқтымыз. Бұл сұхбатымызды да енді бірер күннен соң газет бетінен оқитын боласыз.
- Келгендеріңе мол алғыстымын,-деді Дәрібек, тілшілердің орындарынан тұруға бет қойғандарын сезіп, өзі де түрегелуге ыңғай беріп,-Үйімді көрдіңдер. Келіп тұрыңдар. Хабарласып тұрыңдар. Мен қойған қандай сұрақтарыңа да жауап беруге дайынмын.
Үшеуі жайымен орындарынан тұрып, сыртқа қарай беттеген. Бұл кезде асханадан бері қарай жүріп келе жатқан темір тұлға бір шетке ығысып, жол беріп, басын қайта-қайта изеп қала берді. Екі жігіт оған жымия қарап «Дәмді кофеңізге мол алғыстымыз! Сау олып тұрыңыз!» деді. Темір тұлға онан сайын иіле түскен. Тұрлыбек те, Әьсаииап лда рғае ұролапые ьұоған қрйлы. Содан кейін барып назарларын Дәрібеккке аударған. Ол әлденені ішінде жасырып қалғандай ойда келеді. Жалпы, әлі толық жасалып бітпеген, сынақтан өтпеген нәрсені жария туді ұнатқан жан емес. Алдын ала мақтанбайтын. Онысын келген екі тілші жігіт те жақсы біледі. Сондықтан да оның бір құпия сырының барын іштерінен сезсе де, оны көп мазалаған жоқ. Жаңалық ашылып жатса, сөз тарайды. Бәрібір құлаққа жетеді.
Дәрібек екеуін аулаға дейін шығарып салды. Әдетте, осындай есімі елге белгілі кісілерден сұхбат алғанда олар үй ішінде қоштасып қала беретін. Ал Дәрібектің соншалықты қарапайымдылығы, білімділігі мен парасаттылығы екі жігітті қайран қалдырды. Көп жерге ұзап кеткенше, екеуі соңғы жақтарына қайта-қайта қараумен болды. Дәрібек те екі жігіттің жас болса да білімге құштар екендіктерін танып, оларғаұзақ қарап тұрды. Тек содан соң ғана кейін бұрылып, үйіне қарай жүрді.
Қоршауда қалғанда
Дәрібек бүгін ғылыми зертханадан кеш шықты. Мұнда күні бойы түрлі биотехникаларды сынақтан өткізген. Өзінің әріптестері жасаған небір биотехникалар бар. Әркім өзінің жсағанын ортаға қояды. Өмірде бар небір тірішілік иелерінің қабілеттерін қайталайтфын техникаларды көрген сырт адам мұндағы сиөқырды түсінбей дал болар еді. Ал ғалымдар үшін бұл үйреншікті көрініс. Бүркіттің көргіштігі, Иттің иісшілдігі, Жарқанаттың дыбыс сегіштігі және тағы басқа да адамда жоқ қаілеттерден жиынтықталған биофантомастың да қызығарлық жағы көп еді. Мұндай идея әлдеқашан пайда болған-ды. Бірақ оны жасау өз кезінде көптеген қиынды тудырып келген. Бір организмге телінген екінші организмнің мүшелері онымен үйлесе бермейді. Оған да мейлінше сақтық пен ептілік керек. Ал мына адам баласына үйлестірілмеген нәрсе жоқ. Екі көзінің бірі Бүркіттікі болса, екіншісі Бал арасыныкі, құлақ, мұрын, ауыз және басқа да сезім мүшелері әртүрлі тірішілік иелерінікі. Осы мүшелердің бәрін бір организмге үйлестіру оаңайға соққан емес.
Биофантомастың алғашқы қимыл-қозғалысы да адам баласын шошытар еді. Ғалымдар ондай жасанды жаратылымға іштей даяр. Сондықтан оны қанша уақыт болса да қызытауға бар. Организміне әртүрлі мүшелер үйлестірлген адам дүниеден өткен адам. Сондықтан да бұл оның екінші өмірі іспеттес. Бұл адам кездейсоқ көлік апатынан бет-әлптін жоғалтқан. Ғалым-дәргерлер оны тез арада арнайы зертханаға жеткізген. Сөйтіп, адам танығысыз бет-әлпетіне осындай түрлі тірішілік иелерінің мүшелерін үйлестірген. Дәрібек соның төңірегінен айналшақтап шыға алмаған. Ол адамнң тұмсығы Иттікі болғанымен ауызы адамдыкі. Сондықтан онымен адамша емін-еркін сөйлесе алады. Жиналған бионик ғалымдар өз қолдарынан шыққан мұндай қабілетті адамды қайда жұмсауға болатынын да ойластырған. Мұндай тірішілік иесі, әрине қиын істерге жұмсауға қажет болмақ. Адам баласының ойлау қаілеті шексіз болғанымен, оның өзге қабілеттер шектеулі. Ал мына биофантомас сол кемшіліктердің орнын толтырмақ.
Биофантомас ә дегеннен-ақ өзін дүниеге келтірушілердің айтқандарын бұлжытпай оырндай бастады. Бұл бионик ғалымдарға үлкен қуаныш сыйлаған. Ғалымдардың бәрі де биофаноомас аяғына тұрғаннан-ақ оның төңірегінен шықпады.Мұндай қызықты сәтте уақыт шіркін де жылдам өте шығады. Бәрі тіпті, түскі асқа баруды да ұмытқан. Оның орнына биофантомасқа ас беріп, оны қызытап қана қоймай, оны суретке, бейнефилмге де түсірген. Сөйтіп жүріп, Күн төбеден ауып, кештің болғанын да аңғармаған. Дәрібек, болса да, одан алған әсерін көпке дейін баса алмады. Кең көшеден аллеяға түсіп, оның екі қапталындағы бағаналар бастарында мардымсыз ғанажанып тұрған шамдардың жарығымен келе жатқанда да жаңағы қызықты құбылысты көз алдына елестетумен болды. Енді тіпті, өзінің бұл аллеяда жалғыз екенін де ұмыта бастаған. Тек,арқа сүйері, комбинезоны сөмкесінде емес, үстінде киюлі еді. Ойға терең батқаны сондай, оны да ұмыта жаздаған. Көз алдында әлі де сол биофаномас. Үйіндегі биологиялық темір тұлғаның күллі қаілеттері де бұл жаңалықтан кейін жай бір баланың үлкен ойыншығындай ғана болып қаалғандай. Адам баласы осылай бір жаңалықты көргенде оан бұрынғы көрген жаңалығы ескіре қалады. Өзі осы күнге дейін ең «саналы», ең «қабілетті», ең ең «ақылды» деп санап келген үйіндегі темір тұлға зертханадағы жаңалықтан кейін енді ештеме де болмай қалғандай. Ал биофантомас жасаудың кез келген ғалымның қолынан келетін іс емес екені де белгілі.
Дәрібек түн тыныштығында аллея бойымен жалғыз келе жатып тек осыны ғана ойлаумен болды. Түннің ортасына таяп қалғанын, аллея бойымен әрі-бері жүретін адамдардың сиреп қалғанын да аңғармады. Ғылым қызығы деген осы. «Ананы жасаймын», «Мынаны жасаймын» депжүріп, көп нәрсенә білмей де қалады. Ғылым мен ғылым жаңалығы – ғалымның өмірі, бақыты. Ғылыми зерттеу ісіне қатты берілгенде, уақытының қалай жылдам зырғып өте шыққанын да байқамай қалады ол. Уақытының қалай өткенін білмеген, сезбеген адам бақытты адам саналады. Дәрібек ғылыми ізденістен ешқашан жалыққан жан емес. Қайта уақыт өткен сайын ғылыми жаңалық ашуға деген талпынысы арта берген.Қазір де сол ғылымды ойлаумен, сол жайлы толғанумен түн ортасында аллея бойында жападан жалғыз келе жатқанын да ұмытқан. Үйіне дейін әді әжептеуір жер бар. Үйәне жетуі үшін осы аллея бойымен әлі де біраз жер жүріп барып оңға қарай бұлылуы керек. Аллеяның оң шетіндегі кең тротуармен де жүруге болады.
Бірақ зертханадағы жаңағы ғажайып тәжірибеден кейін көңілі көкке көтеірілген Дәрібек аллеяның қақ ортасындағы осы жолмен жүре берді. Сол биофаномастан кейін өзі құпия түрде жасап, үстіне киіп алған аттас магнитті жұқа комбинезоны да қарапайым ғана киім болып қалкһһғандай көрінді. Қызығы сол, тіпті, енді үстінде комбинезонының барын да ұмытып кеткендей күйге түскен. Осылай келе жатқанда, кенет аллея ортасындағы осы жолдың екі қапталынан, ағаштардың арасынан бір топ соқталдай-соқталдай жігіттер шыға келді. Бір Дәрібекке бейтаныс. Енді сәл уақыт өтпей, Дәрібек есін жиып үлгермей жігіттіер алдын тосып, қоршап алды. Батылдау біреуі ғалымға жақындап келіп, жылдам қозғалып, сол қолының білегінен шап беріп ұстады. Сол кезде Дәрібек те қолын жоғары қарай сілки көтеріп қалды. Білегіндегі алтын жалатылған қол сағаты мен бауы аллея бағаналарының бастарындағы мардымсыз ғана жанып тұрған көше шамдарының жарығына жалт ете түсті. Сол заман бейтаныс жігіт те Дәрібекке:
-Оһо! Алтын сағат! Кәне, шеш! –деді өктемделіп.
-Не үшін?-деді Дәрібек еш саспастан.
- Сен өзі сұрағың келеді, бірдемені!? – деп бейтаныс жігіт Дәрібектің қолын қыса тсүсты,-Кәне, шеш тез, уақыт жоғалтпай! Йтпесе...
Дәрібек онда да қорықпады. Оң қолын бүйірінің тұсына апарып, білдірмей ғана комбинезонды іске қосты.Сол кезде анау:
-Сен өзі ішкі істер қызметкері емессің бе?-деді.
-Жоқ,-деді оған Дәрібек.
-Сағатыңды шеш! Уақыт жоғалтпайық!
- Жоқ інім, шеше алмаймын!
-Олай болса...
Осы сөзден соң сол қолын ұтап тұрған жігіт қоршап тұрған мақсаттастарына қарады. Олар ендігі әрекеттің мән-жайын бір біріне көз тастаумен түсіністі де, Дәрібекке жақындай берді. Сол кезде Дәрібек бар күшін іштей жиып тұрып, сол қолын тез сілкіп жіберіп,жоғары көтеріп қалды. Ұстап тұрған жігіт те сол мезетте Дәрібекке пышақ сілтеп үлгерген еді. Бірақ пышақ әлдеқандай құпия күштің әсерінен кері қарай теуіп, жігіт анадай жерге барып оң жамбасымен шынтағын тірей құлады. Соның артынша қалғандары Дәрібекке қарай лап қоюғ әрекеттенді. Бірақ енді Дәрібеекке үш метрден әрі жақндай алмады. Сілтеген жұдырықтары да, суық қарулары да аттас магниттердің күшті желіне дөп келгендей кейін қарай серпілді. Ондай серпілістен шабуыл жасағандардың кейбіруі тіпті, шалқалай құлап та жатты.
Қоршағандардың кейіреуінде отты оқты тапанша да бар еді. Мына күтпеген қорлыққа шыдамаған бірі белдігіне ілінген қынаптан тапаншасын суырып алып, Дәрібекке туралап, шірппесін басып кеп жіберді. Оның ойынша, Дәрібек енді қанша мықты болса да, мәңгілікке кқз жұмуы тиісті еді. Жоқ, ол ешбір оқ тимегендей жайбарақат тұр. Ғалым қолын сілтеп қалса болды,оған үш метрден жақын тұрған кез келген адам да, зат та кейін қарай ұшады. Сілтеген жұдырықтары да кілт кері бұрылып өз маңдайларын соғады. Мұны көрген қоршаушы топтың басшысы сәл кейін шегінді. Содан соң «Жаығылған күреске тоймайды» дегендей, жанындағыларға өздеріне тән белгі берді. Сола-ақ екен, бәрі топтаса түсіп, Дәрібекке қарай ұмтылды. Бір екеуінің қолынан электр шамдарына жалт етіп пышақ та көрінді. Дәрібек ол суық қаруларынан да қорықпады. Алаңвыз тұра берді.
Мұны көрген қоршаушылардың басшысы тағы да өзжеріне ғана түсінікті белгі тастады. Артынша бәрі ғаоымға қарай екінші рет атылды. Бұл жолы ерекеше жігерленіп кеткен ғалым екі қолын екі жаққа қарай жайып жіберіп шыр айналды. Ұмтылғандар аттас магнит құйынына іліккен қағаздардай шашылды. Олар Дәрібеккке қандай да бір магнит желінің кері тебу күшінен үш метрден әрі жақындай алмайтындарына көз жеткізе бастады. Бірақ қоршаушылардың басшысы күдерін үзбеді. Қаны қайнап, дауысын өктем шығарып, тапаншасынан Дәрібекке туралап, шүріппесін бірнеше рет басып-басып жіберді. Егер осы жерде Дәрібектің орнында комбинезонсыз басқа адам болғанда, әлдеқашан денесінің әр жер, әр жерінен қызыл түсті қан саулап, әлсіреп жер бетінде жатқан, жаны жаннаттан орын тапқан болар еді. Жоқ, Дәрібек ештеме олмағандай жайбарақат қарап тұр. Оған қарай сілтенген қол үш метрден әріге бармайды, атылған оқ та оның денесіне жетер-жетпес ұшып арып, бағытын өзгертеді. Осыдан кейін қоршаушылардың басшысы шынымен-ақ сасайын деді. Жан-жағына жалтақ-жалдақ қарап алды да, қылмыстастарына «Қашу керек» деген белгі берді.
Бәрі кейін қарай шегіне берген. Бір біріне өз тілдерінде бірдемелерді айтты да, тағы біраз кейін шегініп барып, кілт бұрылып, зымырай қаша жөнелді. Оны көріп Дәрібек еркісіз жымиды. Әлгілердің ештеме шығара алмай, ақыр соңында қорыққандарына іштей мәз.Олар аллея бойымен қашып кетіп бара жатып, соңғы жақтарына қарап алады. Шамасы, «Бұл қауіпті бейтаныс енді өзімізді қуып келе жатқан жоқ па?» деп ойлайтын сияқты. Дәрібекте ондай мақсат болған жоқ. Ең бастысы, күтпеген соққы мен тапанша оқтарынан, пышақ жүзінен дін аман құтылды. Шабуылдағандар бұл жолы да өзіне үш метрден бері жақындай алған жоқ па?Бәрі де үстіндегі жұп-жұқа, аттас магнитті мөлдір пленкадай комбинезонның құдіретінен болды емес пе? Дәрібек енді өзі жасаған бұл комбинезонның адам денесін түрлі қатерден қорғай алатынына көзін жеткізді. Бұл жарық та жылы дүниеде адам жанынан артық, одан тәтті не бар.
Ерекше атылданып аллеяның қақ ортасындағы осы жолмен емін-еркін жүре берді. Енді оған ешкім де, еш нәрсе де қатерлі емес. Ешкім кездеспеді де. Бейнебір, жаңағы пақырлар барлық жерге осыны хабарлап қойғандай. Сөйтіп үйіне де жетті-ау. Үйдегілер де әлі түнгі ұйқыға жатпай, шамдарды сөндірмей, уәйім кешіп күтіп отыр екен. Дәрібек үйіне жолда ештеме көрмегендей, ештеме болмағандай жайбарақат енді. Ғалия болса да Дәрібектің жүзіне барлай қарайды. Бұдан бұрын жұмысынан осылай кеш шығып, түнделетіп келгенде жолда әлдекімдер торығандай түсі бұзылыңқырап, көңіл-күйі бәсеңдеу болып тұратын. Бұл жолғы көңіл-күйі мүлдем басқа. Ғалия шайын дайындап, ерімен оңаша дастархан басына отырған соң шыдамай сұрақ қойды.
-Клген аллеяның іші тыныш па екен, әйтеуір?
-Тыныш.
-Кеше түнде сол аллеяның орта жолының бойында бір топ қылмыскерлер бір кісінің ақшасын, заттарын тартып алып кетіпті. Соны естідім көрші әйелден. Соны ойыма алып, сені уәйімдеп отыр едім. Аман-есен келгеніңе қуанып отырмын. Мүмкіндігі болса, енді бұлай кешікпеші.
-Тыныш қайдан болсын. Қылмыскерлер түн мезгілінде қарап жата ма?
Дәрібек шайынан ұрттады.
-сонда бүгін саған да біреулер кездесті ме? Деді Ғалия аузына ішуге жақындата берген шй құйылдған кемесін дастархан үстіне қайта қойып.
-Кездескенде қандай...
-Қойшы, саған тиіспеді ме?
-Ондай бұзақылардың адамға тиіспей жүретін кезі болып па ед?
-Қанша заманымыз ілгері дамыды десек те, сондай бұзақылар бола береді екен ғой№
Е, әр заманның өз бұзақысы, ұры-қарысы болмай ма? Оған не шара?
-Иә, бес саусақтың бірдей еместігі сияқты, адам баласы да тәлім-тәрбие жағынан бірдей емес. Қанша саналы, білімді болдық десек те, бұзақылар табылып жатады. Сонымен, олардан қалай құтылдың? Бір жеріңді жарақаттаған жоқ па?
-Көріп отырғаныңдай. Сап-саумын. Тіпті, олардың ешқайсысының да қолы денеме тиген жоқ.
- сонда қалай болғаны,-деп таңырқады Ғалия,- соншасы жиылып саған ештеме жасай алмағаны ма?
-Сонда сен олардың мені ұрып-жыққанын қалаймысың?
-Қойшы, Дәрібек,-деп, сөзінің сәтсідеу шыққанын сезінген Ғалия еріне қарай құлай қисайды,-,- ләйім әлдері жетпесін! Тек таңданып жатқаным ғой. Күш деген жетерлік екен ғой өзіңде. Күрестен жүлделісің. Әдіс қолданған да боларсың!
Қолданатын едім. Бірақ олардың басшысының қолында тапанша болды. Қалғандарының қолдарында да бір-бір тапанша мен пышақ!
-Қойшы,Дәрібек,-деп Ғалия ыршып түсті,- қалай қашып құтылдың ондай қарулылардан? Бәлкім, саған ешкім де кезікпеген шығар?
-Менің сені алдаған кезім болып па еді, Ғалия? – деп, Дәрібек суиын деп қалған шайынан ұрттап-ұрттап жіберді.
-Алдаған емессің, Дәрібек. Ешқашан да мені алдаған емессің. Мен саған ғұмыр бойы сенемін. Өмірбақи!. Тек жұмбақтамай жөндеп айтшы,не болғанын.
-Не айтатыны бар?
- Содан соң қайттің? Олар саған сол тапаншалары мен пышақтарын қолданды ма?
-Қолданса, мен сенімен бірге осылай шай ішіп отырмас едім ғой.
-Ой, маған не болған. Кешірші, Дәрібек. Жарайды, оны қазбалап сұрай бермейін. Ренжімеші. Өзің түнделетіп шаршап келгенде мен де миыңды ашыттым-ау! Төсегің салулы. Қазір ана биотұлға ыдыс-аяқтарды жуып-шайып болған соң мен де жатамын.
-Жарайды. Қысқасы, мен дін-аманмын. Оларға қандай әдіс қолдансам да алдыңа аман келдім. Соған қуана бер, Ғалия!
-Жарайды,Дәрібек. Демала бер. Енді оған басыңды қатыра да бермеші. Мен де енді оны қайталап сұрамаймын.
Дәрібек шайын ішіп болған кесені дастархан үстіне қойып орнынан тұрды. Жуынып-шайынатын бөлмеге кірді. Ондағы адам бойындай айнаға қарап, бет-әлпетін барлап алды. Өзгерген ештеме де жоқ. Бөлме есігін қымқыра жауап, ішінен іліп, аттас магнитті жұқа пленка іспеттес комбинезонын шешті. Оны әдемілеп бүктеді. Бүктлгенде ол кіп-кішкентай беторалдай ғана болып қалы. Сондықтан да оған анау-мынау адам назар аудара да бермейді. Комбинезонды сыртынан мөлдір пленкамен орады. Содан соң үлкен айнаның төменгі жағындағы қодишаның суырмаларының біріне сала салды. Сөйтіп, жуынып-шайынып, ештеме болмағандай дәлізге шықты.
Бұл кезде Ғалия да асханадағы анау-мынау, майда-шүйде жұмыстарын аяқтаған еді. Дәрібек жұбайына бір қарап, өзінің үсті-басын тағы бір барлап шықты да, жатын бөлмесіне енді. Теле газет-журналды экраннан қарауға мұршасы болған жоқ келіп жұмсақ төсегіне құлай кетті. Артынша жұбайы келді. Ол теле газет-журнал экранын қосып, біршама жаңалықтарды оқыды. Содан соң барып ерінің жанына отырды.. Бұл кезде қаттышаршаған Дәріектің көздері ұйқыға да кеткен еді. Ғалия оның жүзіне мұқият қарады. Оң қолының алақанымен маңдайын жай ғана сипады. Содан соң шамды сөндіріп ерінің жанына жатты.
Қауіпті бала
Дәрібек бүгін әдеттегісінен ерте тұрып, жаттығуларын жасап, салқын сумен жуынып-шаынып, таңғы асын ішіп, жұмысына қарай асықты. Кеше институт басшылары биофантомасты шетел ғалымдарына көрсетеміз деген. Ал оған осындағы барлық ғалымдар қатысуға тиісті еді. Сондықтан да Дәрібек оған кешікпей баруға тырысты. Комбинезонын жуынып-шайынатын бөлмеден алып, жұмыс бөлмесіндегі үстелінің суырмасына салған болатын. Ол өте жұқа болғандықтан көп орын алмайды. Ғалияға да ол жөнінде мандырып ештемені түсіндірген жоқ-ты. Бар есіл-дерті әлгі биофантоасқа ауған.Тек өткен бір жолы Дәрібек жұбайына биофантоматың ғажайып қабілеті жайында айтқан. Әңгімесінің бағыты да көп жағдайда солай қарай ауа береді. Өйткені, өзі жасаған нәрсе онша тансық емес. Ал биофантомастың ғажайып қабілеті қай ғалымды да тәнті еткен. Оның аты енді дүние жүзі ғалымдарының құлағына жетіп отыр. Газет-журнал экранынан, стереотеледидарлардан көріп, радиодан естіген ғалымдар қалай шыдасын.
Дәрібектің бүгінгі ой осы жиынға ауған. Енді, тіпті, өзі жасаған ғажайып комбинезонына да назар аудармады. Осылай асығып жүріп жазу үстелінің суырмасын кілттеуді де ұмытқан еді. Әйелі де жұмысына асығып шығып кеткеннен кейін үйді ұл-қыздары иемденген. Екеуінің ертеңігілік жұмысқа жарыса асығатын әдеттер. Ал үй іші толық жиналмай да қалып жатады кейде. Әділбе таң атпай сабаққа кетеді. Оның сабақтан басқа да айналысатын істері көп. Денешынықтырудың небір түрімен, айналысады, күреспен шұғылданады. Әйтеуірі тыным таппайды әкесі сияқть. Әйтеуірі тыным таппайды. Ол техника жағына бейім. Үнемі әлденені құрастырып жүргені. Мектепті бітріуге таяп қалса да, ол әдеттерінен арылған емес. Қайта есейген сайын онысын күшейте берген. Оның мұндай талабын әкесі де, анасы да қолдайды. Баланың әлденеге икемді болғаны жақсы,әрине. Ал қыздарының техникамен жұмыстары жоқ. Фарида да, Фатима да Әділбек құрастырған техникаларды ұнатпайды. Ол екеуі үй ішін жинаған кезде оның сол құрастырмаларын олай да, былай да лақтырады. Жындары шығады. Дәлбек те екі қарындасымен ондай жағдаайда дауласып та қалады. Егер Фарида мен Фатима өзінен үлкен болса, әңгіме басқаша өрбір еді. Қанша дегенмен де үлкендік баасымдық етеді. Ондайда әділек екі қарындасына ұрсып береді. Жинаған радио бөлшектерін қайтадан орын орнына қояды екі қарындасы.
Бүгәін сол екі қарындасы мектепте болатын бір жиынға кетіп қалған. Ұй өзіне қалған. Жаңа ғана у-шуға бөленген көп бөлмелер енді қаңырап, тып-тыныш қалған. Адам болмаған жерде ештеменің де қызық сезілмей кететінін Әділбек енді түсінгендей болды. Өзінше кұш көрсетіп, қоқиланатыны да сол қарындастарының арқасында екен.
Тек олар өзі ағасы болған соң болса да бата бермейді. Оңашалық адамға не істтпейді. Енді біраздан соң Әділбектің іші пыса да бастаған. Не істерін білмей, үй терезесінен сыртқа қайта-қайта қарайды. Көшеде көрші достарынан да ешкім көрінер емес. Сәлден соң өзі жинаған темір-терсектерін бір қарап шықты. Онан өзге ештемеге зауқы соқпады. Стереотеледидарды іске қосты да шамалы көріп, қайтадан сөндіріп тастады.Содан соң әкесінің жұмыс бөлмесіне енген. Осы кезде Дәрібектің жұмыс үстеліне көзі түсті. Өткен бір жолы әкесі жұмыстан түн ортасы ауа келгенде өзі әлі ұйқтай қойған жоқ еді. Асханада шай ішіп отырған әкесі мен анасының әңгімелері құлағына анық естіліп тұрды. Сонда әкесі жол бойында әлдекімдердің қоршап алып күш көрсетпек болғанын, одан дін-аман құтылғанын айтқан. Әділбек соын түсіне алмады.
Әділбек жас болса да әкесінің үй-ішінен әлдеқандай нәрсені жасырып ұстайтынын іштей сезетін. Сонда да әкесінің осы жұмыс үстеліне жақындаған, оның суырмаларын ашып көрген емес. Енді мына оңашалықта оны әбден көріп алудың да сәті түскен. Оның үстіне әншейінде кілтеулі тұратын жұмыс үстелінің суырмасының клті де ұмытылып сұғулы қалпында қалыпты. Бір жағынан әкесі бұл жолы өзіне де, өзгеге де сенім білдіріп кілтті қалдырған сияқты. Енді мұндай сәтті бос жіберу әбестік болмақ.Ол енді жатын бөлмесіндегі әлгі шашқан радио бөлшектерін тез-тез жинап, орын-орнына қойып, қайтадан келді. Әкесінің ьаоаның мұндай әрекеттерге қатаңдығын жақсы біле тұра осы жолы Әділбек ерекше батылданып та кетті. Әкесі біліп қалған жағдайда да мұнысын мойнына алмақ емес. Әкесінің өзін еркелететінін де есепке алмақ. Әділбек әкесінің ұзақ күтіп көрген ұлы болғандықтан қай кезде де кішкентай болады да тұрады. Сол тұрғыдан келгенде, жұмыс үстелінің суырмаларын ашып көргеніне ренжи де қоймас деген үміті де болды.
Солай ойласа да Әділбек әлі де сақтық жасады. Өмірінде осындай бір құпиф әрекет жасап көрмеген адамға қиын екен. Бейнебір біреудің үйіне, біреудің жұмыс үстелінің суырмасына ұрлықы мақсатпен түсіп жатқандай сезінген өзін енді бір сәтте.Әке тәрбиесі, әке талап еткен тәртіп осы екен. Дәл қазір әкесі жанында жоқ болса да оның сұсы көз алдынан кетер емес. Бұл бір жағынан әкені сыйлау сезімі еді. Әке де, ана да перзенттеріне ешқашан да жамандық ойламайды. Ұлының да, қызының да жақсы адам болуын қалады. Ондай тәрбие осы отбасында да бар. Осыған қарай айналадағы көрші-қолаңдар да өздеріне қазағады. «Болсаңдар, Дәрібек пен Ғалияның ұл-қыздарындай болыңдар» деген жағымды сөзді көрші-қолаңдар мен дос-жарандардан талай естіген. Енді сол мақтауларды ақтау да керек. Еді. Бірақ онан гөрі Әділбектің бойын әкесінің жұмыс үстелінің суырмасының ішінде не бар деген сұрағы ббилеп кетті. Әкесінің өздерінен не жасырып жүргенін біліп алғысы келді. Оның нағыз сәті де түсіп тұр. Бұдан кейін болса дабұл суырма дәл осылай ашық қала бермек емес.
Әділбек суырманы жайымен ғана өзіне қарай тартып ашты. Ішін жаймен ғана барлады. Оның ішіндегі ғалымның көптеген заттары әуелден белгілі өзіне. Бірақ сәлден соң көзіне осы кезге дейін көрмеген бір киім түсті. «Бұл неғылған зат?» деген ой келді Әділбекке. Сөйтті де әлдене бүктетіле оралған жұқа пленканы алды. Онфың бір шетіне қолын тигізгенде, ештеме де болған жоқ. Оның жұқалығы сондай, киген адамның денесі ап-анық көрініп тұрады екен ол арқылы. Мұның комбинезон әрі өлшемсіз екені белгілі болды. «Қызық киім екен. Киіп көрсем қайтеді?» деді деді ішінен Әділбек. Үлкен айна алдына келіп, комбинезонды тұла бойына өлшеп көріп еді, ол тіпті, кішілеу көрінгендей де болды. «Ендеше, бұл созылады. Шұлықтар да сөйтеді ғой» деп қойды өзіне өзі ол. Сөйтіп, киюге бекінген. Әзірше, үйде ешкім жоқ кезде не істеймін десе де еркі. Түске дейін үйдегілердің ешқайсысының келмейтіні болса да белгілі.
Әділбек көйлегі мен шалбарын шешті де комбинезонды киді. Шап-шақ. Әлдекім мұны әкесіне емес, тап өзіне шақтап тіккен сияқты. «Бұл комбинезон әкеме не үшін керек?» деп бір ойланып қойды Әділбек. Комбинезонның қандай да бір материалдан тігілгені де таңғалдырды өзін. Кейде ол Өрмекшінің жұқа майда торына да ұқсап кетеді екен. Айна алдында олай бір, былай бір бұрылғанда бүкіл денесі жарықтан жылт-жылт етті. Тіпті, екі аяғы бар ертегі балыққа айналғандай да күй кешті Әділбек сәлден соң. Жалтылдаған сайын қызығып айнала берді. Содан бір кезде комбинезонның екі бүйірін екі қолының алақандарымен сипап,төмен қарай түсіре берді. Сол мезетте комбинезонның қандай да бір құдіретті күші өзін кейін қарай лақтырып жіберді. Әділбек не болғанын білмей бар салмағыменеденге отыра кетті. Егер екі шынтағымен еденді тіреп қалмағанда, басы да соғылатын еді. Бірақ артынша қайта көтеріліп қалықтады да қалды. Бейнебір ғарыш кеңістігіндегі кеме ішіндегі салмақсыздыққа тап болғандай. Енді қалай қарай айналамын десе де еркі. Бұл тамаша ермекке айнала бастады.
Сәлден соң тіпті, олай-былай бұлғақтап балықша «жүзіді». Тек бөлменің қай қабырғасына да, басқа заттарға да үш метрден әрі жақындай алмады. Содан бір кезде рахаттана кеп күлді. Тік түрегелуге мұршасы жоқ. Тек домалай берді, домалай берді. Қалт-құлт еткен денесі де ерекше жеңілдеп кеткендей. Мұндай ғажайыпты өмірінде көргені осы. Әрі де, бері де айналшақтап, бір кезде басы да айналғандай болды. Енді күлкісі тыйылып, шаршаын деді. Үйдің ішін «жүзіп» жүріп, шарлап шықты. Күліп те болды. Ендігі ойы комбинезоннан құтылу. «Өстіп жүргенімде үйге біреу-міреу келіп қалса, қайтпім? Есікті қалай ашамын? Ал әкем келе қалса, ұрыс естігеннің көкесі де сонда болады!» деп уәйідеді ішінен. Сөйтіп, ойланып, жылжып жүріп, есіктің тұтқасынан ұстады. Аяқ жағын төмендетуге мұршасы келмеген соң тұтқадан мықтылап ұстаған бойда денесін жоғары қарай көтерді. Тек сол кезде ғана барып үй аяқ киімдерін киген аяқтары еденге жақындады.
Әділбек қуанаайын деді. Ең бастысы екі аяғына тұруы. Оған да жеткен тәрізді. Бірақ әлі де кері қарай тебу күші тоқтар емес. Содан қос қолдап мықтылап ұстаған тұтқаны жіберген мезетте үш метр жерге біреу әдейілеп итеріп жібергендей жүгіріп кетті. Құламады. Құласа, жаңағы жағдай қайталанбақ. Енді тік тұрып жүруге де болатын еді. Тек шектеулі. Ештемеге жақындай алмайды. Үш метр қалғанда қандай да бір құпия күш ұстап қалады. Әділбек мән-жайды енді ғана түсінейін деді. Бөлме ішінде олай да, былай да жүріп жаттықты. Бір қызығы, анау-мынау затты үш метр жақындаған соң-ақ әрі қарай қол тигізбей-ақ жылжытып жібере алады. Әділбек оған да рахаттана кеп күлді. Кейде байқаусызда сүрініп те кетеді. Құламауға тырысады. Енді тік жүре білсе, мына ғажайып күш жерге, еденге кездейсоқ құлап түскенде жарақаттан қорғайды екен. «Әкеме бұл не үшін керек болды екен? Неге құпия ұстайды екен?» деп бір ойлап қойды Әділбек. Содан жайымен жүріп, терезеге барып, сыртты бақылайын деп еді, әлгі құпия күш оған да үш метрден әрі жақындатпады.
Әділбек енді не істерін білмеді. Киерін киіп алып, енді оны қалай шешуді ойлады. Осыншама жұп-жұқа, жеп-жеңіл комбинезонның осындай құпия күші бар деп ешқашан да ойлмаса керек. Енді оның құдіретіне қайран. Терезеге үш метрден әрі жақындай алмаған соң, сыртты үңіліп көре алмаған соң бөлменің ішін айнала берді. Не отыра алмады. Құдайдың өзі осындай бір жаза берген тәрізді. Бәрін де өз басына өзі сатып алды. Содан не істесін, жұдырығымен әрдемені түйгіштеп ұзақ жүрді. Ара-тұра өзінен үш метр жерде тігінен тұрған үлкен айнаға да қарап қояды. Сөйтіп, өз бейнесіне өзі күлді кеп. Айнадан өзін тап бір Ай үстінде жүрген адамдай елестеткен. Кейде бір орнынан секіріп те қояды. Әншейінде үш метр биіктікке әзер жететін ол енді ондай биіктікке оп-оңай көтеріледі. Аа-тұора қос аяқтап та жүгіреді. Құлаймын-ау деп қорықпайды.Әлденеге соқтығып қаламын-ау деп те сескенбейді. Қалай қарай ауытқыса да әлдеқандай күш кері серпіп жібереді.
Енді бір кезде Әілбек комбинезонмен нешетүрлі жаттығулар жасауға көшті. Қолына зат ұстап та көрді. Айналасына бірнеше заттар қойып, шыр айналып құлатып мәз болды. «Мұндай ғажайып комбинезона маған керек екен. Әкеменен қалай сұрап аламын мұндайды» деп өзіне өзі сұрақ қойды. Содан соң жаттығулароын күшейте түсті. Тек бөлме есігі арықылы бөлмелерге әрі-бері өткенде қиын соқты. Есіктің қысылған жеріне келгенде, әлгі күш денесін жан.-жағынан қыса түскендей болады да, өте бере ілгері қарай атып жібереді. Екі саусақтың арасынан лып деп шығып кеткен резеңке шар тәрізді. Ондай кезде Әділбек етбеттей құлдап қала жаздап барып, тұрып әрі қарай жүре береді. Айналасы – оңы мен солы да, алды мен арты да үш метрден сәл-ақ асады.
Осы кезде Әділбек өзі күтпеген қиындыққа тап болды. Ешқайда қозғала алмайды. Есікке келейін десе, онысынан да ештеме шықпайды. Сөйтіп әбден сасы. Қолы жаттықтырушы болған шаңғы таяғына да жетер емес. Қорқайын дедеі. Айғайлап та көргісі келген. Ұл бала басымен қалай айғайласын. Жаңағы қорқыныштары жай қорқыныш екен. Енді қалшиды да қалды. Бейнебір әлдекім өзін осы жерге жіпсіз байлап тастағандай.
Сәлден соң бойына бар күшін жигнап алып ілгері қарай ұмтылып кеп қалған. Сол кезде есіктен лып деп, тап бір бөтелкеден атылған тығындай ілгері қарай қозғалып кетті. Тағы да әуелдегідей еденге тиіп барып, қайта қалықтады. Содан кейін барып Әділбек оң қолын бүйіріне апарды. Өйткені еденге қарай сол бүйірімен құлаған еді. Сұқ саусағы әлденеге тиді де кейін серпілді. Артынша жаңағы құдіретті құпия күш жоғалып, денесі еденге тырс ете қалды. Салмағының ауыр екенін де енді сезді. Салмағының ауыр екенін де енді сезді. Жаңа өзі бір бейіште жүргендей болған екен. Жаймен түрегеп отырды. Түс көрген баладай жан-жағына қарайлай берді. Сол кезде барып үстел үстіндегі электронды сағатқа көзі түсті. Уақыт түс мезгілі екен. Электронды сағаттың табласында «14.58» деген цифр жанып тұр. Бұл ағасы мен екі қарындасының сабақтан келетін мезгілі. Әдідюек есін тез жиды. Орнынан ширақ түрегеп, үстінің шаңын қақты. Коминезонды үстінен шешіп, бүктеп қойды. Жаңағы жеріне саусағын тигізбеуге тырысты. Тисе, тағы бір кереметтің болатынын іштей сезді.
Үйге ешкім келмей тұрғанда құпия бұғаудан босағанына да қуанды. Әйтпегенде, бұл ісі күллі отбасына жария болатын еді. Тездетіп комбинезонды орнына қойды. Үй ішіндегі анау-мынауларды жинастырды. Енді үй ішінде ештеме болмағандай күй орнаған. Барлық зат өз орындарында.Жаңа ғана өзі әзер кіріп, әзер шыққан қойма-бөлмеге де енді емін-еркін кіріп, ондағы шаңғы мен оның таяқтарын реттеді. Сөйтіп, ол бөлмеден қайта шыққан. Сол сәтте осыны күткендей есік қоңырауы да сыңғыр ете қалды. Әділбек есік ашуға асықпады. Айна аодына барып, бойын түзеп, тарақпен шашын тарап алды да есікке жақын келіп, ьейеекамепаеы іске қосты да:
-Бұл сен бе?-деді.
-Мен, Ғадылбекпін ғой.
Әділбек есікті ашты. Ағасы шаршау келді. Мұның не істеп, не қойғанымен жұмысы болмады. Онысына әділбек іштей қуанды да, сабағына кетуге асықты. Ол енді кім кімге де қауіпті бала бола алатынына көзін жеткізді.
Үйдегі ретсіздік
Ғалия жұмыстан ерте оралды. Келген бойда әдеттегідей бөлме-бөлмені аралап, іштің жай-күйін барлады. Өткенде бір ретінде де үй іші осылай ретсізденген еді. Онда оған онша назар аудара қоймаған. Әділбек онда да жалтарып ұстатпаған еді. Бүгін де үйде оңаша қалған сол. Бірақ Әділбектің осы күнге дейін мұндай әдеті болған жоқ-ты. Үйдің іші мұнтаздай тап-таза тұратын. Енді өздері жоқ кездерде үй ішщі осындай күйге түсетін болды. Ғалияның екі көзі әуелі қабырғалардағы қол мен аяқ таңбаларына түсті. Бұл, болса да, еден басып жүрген адам баласының із-таңбалары емес. «Әділбек құсқа айналып кетпесе, анау биік төбе қабырғаға қалай секіріп жетпек?» деген ой Ғалияны мазалай бастады.
Сөйтіп ойланып отырғанда жұмысынан Дәрібектің өзі де келген. Ол да үйге кірген бетте бөлмелердің айнала қабырғларында, төбе қабырғаларда, есік кәсектерінде таңбалардың барын аңғарды. Балаларының ешқайсысы да келе қоймаған. Дәрібектің жүрегі зу ете түсті. Ол сезгенін Ғалияға айтқан жоқ. Тез-тез басып, өзінің жұмыс бөлмесіне кірді де, үстелінің суырмасын тарта ашып, ішіндегі комбинезонының бар-жоғын тексерді. Ол орнында екен. Ешкім тимеген сияқты. Оралымы да өзгермегендей. Ғалия да бірдеменің болғанын сезгендей артынша келіп қарап тұрып қалған. Содан екеуі бір біріне үнсіз қарап алды да, қатарласа жүріп, бөлмелердің бәрін аралап шықты. Дегенмен де бөлмелердегі біраз заттар орындарынан қозғалған. Кітап сөресінен бір-екі кітап сусып еденге түсіпті. Дәрібек ештеме деместен ол кітаптарды еденнен көтеріп алып, орнына қойды.
-Менімше, Әділбек біз жоқта мына үйде бірдемемен айналысқан,-деді Ғалияға бұрыла қарап.
-Иә, дұрыс айтасың. Солай сияқты. Мен осыны жұмыстан келген бетте-ақ байқаған едім. Ана қабырғалардағы не із?
Әділбек қабырғаларға қарады да ерксіз мырс етті. Іштей бірдемені түсінейін деген де сияқты. Ол ойы Әділбектің денешынықтыруында еді. Қабырғаларды көздерімен тағы бір барлап шықты да:
-Оның да айналыспайтыны жоқ. Шамсы, әбден секірген ғой.
-Ал, секірсін. Сонда ол сонау биік төбе қабырғаға дейін қалай жетеді?
-Аяғының астына бірдеме қоятын шығар?
-Қойшы, әзілге айналдырмашы,-деп, Ғалия орындық, үстел біткенді көздерімен шола бастады.
-Әзілдейтін не бар. Қазір сабақтан келген соң жақсылап сөйлесемін мен онымен.
-Өткен жолы да тап осындай болған еді. Онда қойшы деп ұрыспаған едім. Ал бұл жолғысы несі? Неғылған құпия әрекет бұл? Денешынықтырумен айналысса, арнайы орынға бармай ма? Қабырға біткенді былғап несі бар?
-Бұл ойың дұрыс,-деді Дәрібек,-келген соң онымен дұрыстап сөйлесемін. Қазір ешқайсысы жоқ болған соң өзіңе ғана айтып тұрған сырым ғой.
-Әке қатаң болмаса, бала ойына келгенін жасап кетпей ме?
-Қатаңдықтың да, жұмсақықтың да шегі бар емес пе? Осы екеуінің де шекарасынан шықпау керек қой.
-Сен-ақ ылғи осылай дейсің. Баланы бетімен жіберсең,бітті. Ал мына жасағандары неге жатады?
Осыны айтып болғанда есік қоңырауы сыңғыр ете түсті. Есік ашылған бетте ішке әуелі Ғаділбек, сонан соң Ғаділбек, соңдарынан Фарида мен Фатима кірді. Бәрі бір мезгілде келуге келісіп алғандай. Дәрібек пен Ғалия оларға не айтарларын білмей үнсіз тұрды да қалды. Ғалия жаңағы райынан қайтып балаларына бәйек болып жатыр. Баланың құдіреті деген осы. Дәрібек жұмысынан кейде ашуланып, қатты шаршап келгенде осы ұлдарымен, қыздарымен әңгімелескенде онысын ұмытып та кетеді. Қазір де сондай күйге көшуге дайын еді. Ғалия жадыраған соң Дәрібек те үнсіз қала берген. Бірақ қыз баланың үй ішінің реттілігіне сын көздерімен қарайтыны белгілі. Фарида сырт киімін ауыстырып, беті-қолын шайған соң анасына жақындап келіп:
-Апа, мына үйдің ішіне не болған? – деп сұрақ қойды.
-Соны өзім де білмейтін. Оны мен сендерден сұрайын деп едім,-деп, Ғалия қабырғаларға көз салып қойды.
-Мен кетерде үйдің іші мұнтаздай таза болатын.Фатима екеуміз жинастырғанбыз.
-Оны білемін, қызым.
Фарида енді ренжіп, іштей шыдай алмай, ана бөлмеге бір өтіп, мына бөлмеге бір өтіп, ақысын кімнен аларын білмей кетті. Содан соң ағасы Ғаділбекке келіп:
-Үйдің ішін шашқан кім? Деді оған тіке қарап тұрып.
Ағасы жауап қатқан жоқ. Көздерімен Әділбекті нұсқады да, өзінің ісін әрі қарай жалғастыра берді. Бұл кезде өздері ұйқтайтын бөлмедегі төсекте шалқая жатып алып,кітап оқуға кіріскен Әділбек қарындасының жаңағы дауысын естісімен кітабын жоғарырақ көтеріп, бетін қалқалады. Бұл оның жасырынған түрі. Бірақ Фаридамен тете болып өскендіктен оның сұрақтарынан құтыла алмайтыны да іштей сезді. Сөйтіп, ішінен жауапқа дайындала берген. Ал Фарида кіші ағасының бұлай жатысын ұнатпады. Кітабын жүзіне жақындатып, жасырынғысы келгенін түсіне қойды. Үндемей-түндемей келді де, Әділбектің қолынан кітабын жұлып алды.
-Неменеге жасырынып, ештемені білмейтіндей болып жатырсың,жасарыңды жасап алып,-деді тіке қарап тұрып.
-Неі бүлдіріппін?-деді Әділбек еркісіз жымиып.
-Жүдә, білмей қалғаның?!
-Нені? Анықтпа айтсайшы?
-Мына үйлдің ішін кім шашты?
-Шашқаны қалай? Мен есі кірмеген бала емес шығармын.
-Бала болмасаң, не істегенің бұл?Фатима екеуміз үйдің ішін жинастырумен әуреміз. Ал сендер шашумен боласыңдар.
-Мен ештемені түсінбей отырмын. Анықтап айтсаң нетеді?
-Болды. Өйтіп білмегенсіме. Тұр да ана қабырғалардағы қол мен аяқ таңбаларын тааала.
-Кәне, қайда?-деп, Әділбек орнынан ширақ тұрып бері қарай жүрді.
Фарида бастап жүріп отырып кең бөлмеге ертіп келді. Айнала қабырғаларды көрсетті. әАнау не, мынау не, ал мынау ше?» деп, оң қолының сұқ саусағын ілгері-кейінді қозғалтып тұр.
-Сен өзің жалақор екенсің. Мұны мен жасаған жоқпын!-деп Әділбек бұлтаруға кірісті,-өзің ойлап қарашы. Ана биік төбе қабырғағ қалай секіріп жетемін?
-Жеткенсің! – деді Фарида екі қолын екі бүйіріне таяп тұрып,- мені алдамай-ақ қой!
-Сені кім алдап тұр?
-Алдап тұрсың. Сен денешынықтырумен айналысасың. Секіресің де жүресің.
-Қойшы-ей енді шәңкілдей бермей!-деді Әділбек өзінің бөлмесіне қарай жүріп.
-Апа,-деді сол кезде Фарида асхана жаққа қарай жүріп,- үйдің ішінің бәрін бүлдірген осы Әділбек. Күледі өзі тағы. Қарашы. Айитыңызшы, бөлмелерді өзің тазала деп.
- кім күледі? – деп, Әділбек бері бұрылып, асханаға жақындады,-,-апа, мен ештемені бүлдірген жоқпын.
-Қайдам,-деді Ғалия,- онда әлгі ұшатын беймәлім денеге мініп келген әлдекімдер бүлдірген болар?
-Қойыңызшы, апа. Егер мұны менен көрсеңіздер өзім-ақ тазалайын бәрін.
-Әй Әділбек,-деді сол кезде Дәрібек.
-Не,көке?- деді Әділбек.
-Бері келші.
-Қазір,көке.
Әділбек есігі ашық демалыс бөлмесіндегі әкесіне қарай жүрді. Енді анасы Ғалия да, қарындасы Фарида да сөз айтпады оған. Ол екеуінің күткені де осы еді. Фарида енді анасына көмек беруге кіріскен. Әділбек әкесі шақырған соң-ақ зыптай болған, қарсы сөзге келместен оған жақындай берген..Әке жүзі сұсты еді. Ол мән-жайды қызына дейін білгендіктен сөзді қалай бастауды алдын ала ойланып алған.
-Білім,-деді ол сабырмен,-сен де енді жас емессің. Жетінші сыныпта оқисың. Есейіп те қалдым. Фарида қарындасыңның айтқандары дұрыс. Қыз бала үй ішінде болған кішкентай өзгерісті де сезе қояды. Сен енді қарсыласа бермей, қайта қарындастарыңа үй жинауға көмектес.Егер өзің де күн сайын үй ішін жинайтын болсаң, түсінер едің бәрін де. Адамның көңіл-күйі де үй ішінің тазалығы мен жинақылығына байланысты болмай ма?Сондықтан қарындастарыңды бұлай ренжіте берме. Біз жоқта дене жаттығуларын жасасаң жасаған да шығарсың. Біз сені оған күнәлап отырған жоқпыз. Бірақ үй ішінде осылай жаттығудың қажеті жоқ. Ол үшін арнайы орындар бар емес пе?
-Бар ғой,- деді Әділбек сабасына түсіп, әкесінің бірдемені біліп отырғанын іштей сезіп,- жарайды. Үйде ьұдан былай ешқандай жаттығу жасамаймын. Енді қайталамаймын.
-Міне, бұл уәдең дұрыс. Сөйтү шыныңды айтып, күнәңді мойындағаның үшін бұл жолғыңды кешіремін. Ренжімеймін. Ертең ертемен үй ішін тазалауға кірісіңдер. Мына менің жұмыс үстеліме тиіспе-ақ қойыңдар. Мұнда сендерге мүлдем қажетсіз заттар тұр. Өз істеріңмен айнлысыңдар. Сабақтарыңды оқыңдар содан соң.
-Жарайды,көке,-деп әділбек өзінің жатын бөолмесіне қарай жүрді,- ертең бәрін тазалаймыз. Үйдің іші енді мұндай болмады ешқашан да.
Әке ұлының бұл тұжырымдарына әштей риза болып, бөлмесіндегі демалатын төсегіне жантайды. Сол кезде кешкілік ас та дайын болған еді. Фарида мен Фатима бәрін асханадағы дастархан басына шақырды. Әке де, ана да, қарындастары мен ағасы да жаңағы мәселе жөнінде енді қайтып сөз қозғаған жоқ. Емен-жарық әңгімелесіп отырып био темір тұлғалар дайындаған ас пен шайды ішті.
Ерекше секіріс
Әкесінің комбинезонын құпия жағдайда киіп, онымен жаттығулар жасап алған Әділбек тыныш қалған жоқ. Үйде оңаша қалғанда оны әкесінің үстелі суырмасының ішінен алып, киіп, нешетүрлі жаттығулар жасап, оған әбден машықтанды. Енді Әділбек ақыолды болып алған. Үй бөлмелерінің қабырғаларына алақандарын да, аяқ табандарында жанастырмайды. Анау-мынау құлап түскен заттарды әдеттегісіндей етіп еш білдірмей орын-орнына қояды. Енді үй ішіндегі өзгерістерді анасы Ғалия түгілі, үй ішін тап-тұйнақтай етіп жинатын қарындастары Фарида мен Фатима да ажырата алмайды. Қайта Әділбек бөлмеде бір жағына қисайңқырап тұрған заттарды түсеп, еденді сыпырып , тап-таза етіп қояды. Әділбекке керегі, комбинезонды оңашалықта пайдаланып жүргенін отбасы мүшелерінің ешқайсысының білмегені.
Осы кндердің бірінде әкесі Дәрібек жұмыс бабымен жолсапарға кеткен еді. Ол кезде Әділбекке комбинезонды пайдаланудың мол мүмкіндігі туған. Оның үстіне үй ішін қарындастары сияқты тап-тұйнақтай етіп қойса, олардан алғыстан басқа алары жоқ. Әке жоқ кезде оның жұмыс үстеліне өзінен өзге ешкім да жоламайды. Қанша дегенмен де, кенже ұлы болған соң Дәрібек те соңғы кездері оған сенім артып, жұмыс үстелінің суырмасын кілттемейтін де болған. Ал үйдегілердің ешқайсысы да ол суырмада ғажайып комбинезонның бар екенін сезе қоймаған. Ол болса да Әділбекке пайда. Бақытына қарай әкесі комбинезонды өзімен бірге алып та кетпеген, темір жаәшікің ішіне жасырмаған. Осы кезге дейін әкесі комбинезонының орнынан қозғалғанын байқамаған соң: «Үй ішіндегі заттарымды темір жәшікке жауып қайтемін. Ұлдарым да, қыздарым да оларға тиісе қоймайдыә деп ойлаған болатын Әділбек.
Ал Әділбек бүгін ерекше бөлек қарбаласта жүрді. Таң атқалы анасымен де, ағасы, қарындастарымен де әдеттегісінен жылы сөйлесті. Олардың айтқандарын екі етпей тез орындады. Мұнысына Ғалия іштей риза болып тәубе етіп те қойған. Кеәбір ұлдардың ата-анасына кілең өтірік айтып, көрінген баламен төбелесіп, ұятқа қалдырып жататынын естігенде ғалияның төбе шашы тік тұратын.Ондайларға қарағанда, құдайға шүкір десін, балалары айтқанынан шықпайды. Іштеріндегі шәлкектеуі осы Әділбек еді. Енді соңғы кездері оның тәртіпті, ұқыпты бола бастағанына Ғалия қатты қуанды. Ол қуанышын Әділбек өзінің құпя әрееттеріне жақсы пайдаланып жүрді. Анасы жұмысына, ағасы сабағына, қарындастары өз жұмыстарымен кеткен кезде әке үстелінің суырмасынан бүктегенде жиналмалы қол шатырдан да кішкентай болатын жұқа дене терісі түсті комбинезонды иығына алатын сөмкесіне салып жіберді.
Комбинезонды қалай іске қосып, қалай ажыратуды үйреніп алған соң ол енді өзіне еш қауіпсіз. Оны кию де, шешу де оңай. Өзімен алып жүруге де ыңғайлы. Адам жалаңаш тұрңнда да комбинезон ажырайып білінбейді. Ол тек түсіп тұрған жарық сәулесінің бұрышы өзгере қалған сәттерде ғана жылт ете қалады. Ондай сәтті көре қалған кейбіреулердің өздері де: «Мына бір киімнің жалтылдасы қызық енкен?» дегеннен рі аса алмайды. Әділбек оны да біледі. Сондықтан да еш саспайды. Сондықтан да комбинезонды тек жоғалтып алмау жағын ойлайды. Әке үстелінің үстіндегі, суырмасының ішіндегі орнынан қозғалып, жылжып кеткен заттарды өзді-өзді орындарына қойып, бөме ішін көздерімен мұқият барлап шығып, сыртқа қарай беттеді.
Қашан орталық кең көшеге шыққанға дейін алдынан ешкім кеіккен жоқ. Қарындастары да үйден ұзап кетіпті. Әділбек әдеттегісінше қоғамдық көліктердің керектісіне отырып, мектебіне қарай тартты. Бүгін мектепте ұзындаққа қарғу мен биіктікке секіруден жарыс өтпек. Осы күнге дейін Әділбектің сыныбы секру ден де, қарғудан да өзге сыныптардан озған емес. Әділбек осы комбинезонды киіп үйренгелі сол намысын жиі оайлайтын. Енді соның сәті де түсетін сияқты. Мектепке жақындағанда оның төңірегідегі алаңдарда шулап ойнап жүрген оқушылар көрінді. Бұл күнделікті болытын үйреншікті нәрсе еді. Сондықтан да Әділбек оған назар аударған жоқ. Есіл-дертінің бәрі комбинезонында.
Аулда оны сыныптастары қарсы алды. Жүгіру мен секіруден Әділбек көзге түспей жүген жоқ Бірақ ол пәлендей таңғаларлық жетістіктерге жете алған емес.Әділбек сондай болса, қалғандары қайтсін. Әдіьлек тек қана денешынықтырудан ғана емес, жалпы оқуда да озат. Мұғалімдер де сонысына қарап оған көбірек назар аударатын. Әкесі белгілі ғалым бионик болған соң, балалары да талантты болуы тиісті. Әділбек өзіне осындай үміт артылатынын сезіп, жақсы болуға үнемі тырысып келеді. Әке беделін түсіргісі де келмейді. Сынып туын да жоғары ұстауға тырысады. Сондай бір сәт бүгін келгендей. Әділбектің құпия әрекеттерін әзірге өзінен басқа жан баласы білмейді. Бар құпиясы ішінде. Жүгіру мен секіруден болатын бұл жарысқа бүгін барлық сыныптардың оқушылар жиналған.Сырттағы жаңағы шу да сол жиынның көрінісі еді. Сыныптастары Әділбекті жылы қарсы алып, қоршай жүріп, алдарында тұрған үлкен сынды әңгіме етіп кетті. Тек бұлар емес, айналада топтасқан, ақылдасқан, жаттықан оқушылар көп. Кейбір топты денешынықтырудан дәріс беретін мұңалімдердің өздері жаттықтырып жүр.
Біраздан соң арнайы қоңырау соғылып, барлық сыныптардың оқушылары бір сапқа тұрды. Кең алаң әп-сәтте меркелік көрініске айналып шыға келген. Мектеп басшысы басталғалы тұрған үлкен жарыс жөнінде қысқаша сөйлеп, қатысушыларға мол табыс тіледі. Онан кейін мектептің оқу жөніндегі орынбасары, мұғалімдер қысқа-қысқа сөйледі. Сөйтіп, жарыс басталып та кетті. Жарыс тек жүгіру мен секуріден емес, денешынықтырудың басқа да түрлерінен еді. Әділбектің сыныбы өінше бөлектеніп, жаттығуларын күшейткен. Бірақ бұл жолы олай етуге Әділбектің зауұқы онша соқпады. Онысын сыныптастары түсінбеді. Денешынықтырудан дәріс берген Ержан ағайлары да Әділбектің бұл көңіл-күйіне алаңдай бастаған. Ал Әділбектің бар есебі ішінде еді. Ол жуынып-шайынатын бөлмеге оңаша кіріп, жалаң денесіне комбинезонды, оның сыртынан жүгіру, секіруге арналған спорттық киімдерін киді. Енді оның түрі де басқаша болып кеткендей көрінген. Комбинезонының жалаң денесімен түстескені сондай, оған арнайы назар аударып қараған адам болмаса, кез келген адам аңғара бермейді.Сыныптастары да Әділбектің киіміне аса зер салып қараған жоқ. Бәрінің де есіл-дерттері жарысқа ауған. Қай қайсысы да ішінен осы жолы жеңіске жетуді ойлайды.
Үлкен тақталы электронды сағаттың цифрлары он бірді көрсеткенде нағыз жарыстың басталғанын білдіретін қоңырау сңғырларды. Мектеп ауласында абыр-сабыр қозғалыс күшейді. Әрбір сынып өзінің намысын қорғауға тырысуда. Көрші ауылдан келген оқушылар да өздерінше топ құрған. Олар енді бұл ауылдың оқушыларына тап бір шетелден келген оқушылардай болып көрінеді.Сынып пен сынып қана жарысып жатса да, олар бір бірін бөтен адамдардай көріп, бір бірін жеңіге шындап тырысады. «Аналар», «Біздер» деген сөздер пайда болады. Ал ауыл мен ауыл арасындағы мұндай жарыс тіпті де қызық. «ана ауылдың балалары», «Мына ауылдың балалары» деген ұғым шығады. Көрші ауылдан келген оқушылар өздерінің сыныптастарымен сынға түседі.Сонда сынып жағынан да,жас жағынан да теңсіздік болмайды. Әділбек оқитын сынып көрші ауылдан келген өздері теңдес сынып оқушыларымен танысты. Содан кейін жарысуға дайындалды. Ауыл мектебі болса да, мұндай жарыс өткізуден қала мектептерінен еш кем емесі. Мұнда да кез келген дәрежедегі жарыстардың өтуіне барлық жағдай жасалған. Ауылды жер дейтін аты ғана. Көше қиылыстары мұнда да көп. Жеңіл көліктер де ағыл-тегіл жүріп жатады. Аллеялары да әсем. Ауыл айналасында неше салалық зауыттар да бар. Бірақ олардың бірі де зиянды зат бөлмейді. Адам баласына пайдалы заттар шығаратын орын. Ауылдың ауасы да таза сондықтан. Балалар да, үлкендер де бөтен иісті сезген емес.
Жарыс басталуға аз уақыт қалғанда, Әділбек әрі-бері жүріп, айналаны мұқият шолды. Әлгі көп зауыттардың ішіндегі әкесі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін Бионика ғылыми-зерттеу иснституты да менмұндалап тұр. Әділбек оған қарап сәл ғана жымиып алды. Сөйтіп тұрғанда жарыс кезегінің өз сыныбына келгені хабарланды. Балалары бір біріне қарап, жымың қағып, қомданып-қомданып қалды. Көбісі жарысқа қосылғалы тұрған аттардай бір жерде тыныштық таба ламай, олай да, былай да жүрді. Жаңағы хабарлмаадан кеін жаттықтырушы мұғалім бәрінөзіне шақырып бір қатарға тұрғызды.
Әуелі бойы ең ұзын деген Жақсылық есімді оқушы секірді ұзындыққа. Ол белгіленген белгінің ең алысы дегеніне жақындап барып, екі аяғымен ағаш үйіндіні ысырып барып құлады. Көріп тұрғандар ду қол шапалақтап, сыныптастарының бір-екеуі оны демеп тұрғызып, былай алып кетті. Енді екі-үшеуі Жақсылықты қоршай құшақтай алып, бетінен сүйіп те жатыр.Одан кейін көрші ауылдан келген, бойының биіктігі Жақсылықтың бойымен шамалас оқушысы секіруге дайындалды. Оны есімі Жеткіншек екен. Жеткіншек кейін қарай жүріп барып, белгіленген сызыққа тұрды да, дабыл берілісімен бар екпіңнімен жүгіріп барып, бар пәрменімен секірді.
Оқушылар шу ете түсті. Оның секіру қашықтығы жаңағ,ы Жақсылықтікінен асып түскен еді. Жаңа ғана мәз болысып, Жақсылықты құшақтаған оқушылар енді төмен қарап тұрып қалған. Намыс деген оңай сезім бе?Мұнда тек әділбек қана оған намыстанбағандай жымиып қарап тұр. Онысын сыныптастары әрі түсінбеді, әірі жақтырмады. Әділбек болса, енді сыныптастары не айтса да, шыдап, оларға қарсы сөз де айтпады. Оқушылар өз кезегімен, өз бойластарымен қашықтыққа секіріп жатты. Бірі аз қашықтыққа, екіншісі орташа, ал үшіншісі ұзақтау қашықтықа секіреді. Әркім секірген сәтте оқушылар шу етеді. Ол шу ауылдың сонау сыртында жүрген адамға да жақсы естілер еді. Ауыл-қала ішіндегі жеңіл көліктер де дыбыссыз зырғиді. Гүрілдеген дыбыс та баяғыд өз жайын тауып кеткендей. Бүгінде аспанда үлкен-үлкен желкмелер де жиі ұшып жүреді.Оларға да ауыл-қала тұрғындарының көздері әбден үйренген. Бүгінгі бар қызық осы жарыс.
Бірақ кезек Әділбекке келгенге дейін ешкім де дұрыс секре алмады. Бар шама-шарықтары да сол еді. Жаттықтырушы мұғалім де іштей ренжіп, тыпыршып тұр. Тек ұят үшін сыр берер емес. Бір кезде секіру кезегі Әділбекке де жақындады-ау!
-Сен де ұзаққа секіре алмасыың!? Бүгін не болған өзі бәрімізге?- деп, Жақсылық Әдіьектің тұла бойын көздерімен, жай ғана шолып өтті.
- Шама келгенше ұзаққа секіруге тырысып бағамын. Өйтіп уәйім кешіп қайтесің?- деді Әділбек оған.
- Мына үстіңдегі не киім? – деді бір кезде Жақсылыөқ
-Көріп тұрғаныңдай ғой- деп Әділбек сіл ғана жымиып алды.
-Қызық екен, өзі жұп-жұқа. Аңғарып қарамаған адам мұны байқамайды да екен.
- Байқағаннан не пайда? Келіп-кетер зиян жоқ мұнан!
-Оның рас. Мен де бақмас па едім, егер мына жарыс болмаса. Сәтілік тілеймін! Әйтеуірі, мынауың алсықа секіруге кедергі келтіріп жүрмесе болғаны да.
-Кедергі келтірер болса, кие қоймас едім ғой.
-Мейлі. Ләйім солай болғай.
-Дәрбек көкем әкеліп берген.
-Әкең күшті адам. Белгілі де белді ғалым. Қайдан әкелген мұны?
-Бәлмеймін. Ол жағын сұраған емеспін. Сыртқа жиі шығады ғой. Ең бастысы, денеме шақ келсе, болды емес пе?
-Иә, бұл да бір өзінше жаңа шыққан сән киім іспетті нәрсе ғой.
-Сән үшін емес. Жай күндері де киюге болады.
-Әділблек,-деді осы кезде жаттықтырушы мұғалім,-әңгімені доғар. Кезегің келді. Дайынсың ба?
-Дайынмын,ағай,-деп, Әділбек мұғалімге қарай жүрді.
Жақсылық шеттеп қала берді. Оқушылардың назары енді Әділбекке ауған. Бірақ ешқайсысы да жеңіс күткен жоқ. Әділбек осы кезге дейін жүгіру, секірумен дұрыстап айналысқан емес. Оған зауқы да жоқ-ты. Талай жарыстарда да жеңіске жетпеген. БОйы ұзін, өзі мықты дегендерінің өздері де секірген кезде қателесіп, толқып, ең қажетті деген қашықтықты ала алмаған. Ал Әділбектің секіруі мұғаліміне де, оқушыларға да тексекруішілердің санын көбейту ғана сияқты еді.
Бір кезде Әділбекктің секіруіне белгі де берілді. Ол әдетте, мұндай сәтте қатты толқитын. Енді денесінде құпия комбинезоны болған соң тіпті де толқыған жоқ. Біршама кейін шегініп, жүріруді бастайтын сызықта бір сәт тұрып, сәл жымиып алды да жүрігре жөнелді. Жүгіріп бара жатып, комбинезонының аттас магниттік тебу күшін іске қосатын түймені оң қолының сұқсаусағымен сипап та үлгерді. Онысын бақылап тұрғандардың ешқайсысы да аңғармады. Ешқайсысы да Әділбекті солай жасайды деп ойламаған да.
Кенет көпшіліктің көз алдында бір ғажайып көрініс орын алды. Әділбек ұзындыққа секіргенбойда оны бір құдіретті құпия күш алақанымен көтергендей қалықтай жөнеліп, ең жоғары, ең қашық деп белгіленген белгіден де ары асып барып, ағаш ұнтағын екі аяғымен ысырып жантафя құлады. Сол замат Әділбек комбинезонының аттас маггниттік тебу күшін жоятын келесі түмесін басып үлгерді. Өйтпеген күнде жер бетімен жанаса алмай құпия-сырын ашып алмақ. Айналада бақылап тұрғандар Әділбектен мұндай мықтылықты күтпегендіктен не жасап, не қойғанынан бейхабар да еді. Тек кейбіреулрі ғана Әділбектің ерекше қимыл-қозғалыстарына елеңдеген. Жаттықтырушы мұғалім тіпті, өз көзіне өзі сенер емес. Қуаныштан қатты толқып, не айтарын да білмей, жан-жағына жалтақтай берген.Содан бір айтқаны:
-Әділбектің тұрегелуіне көмектссеңдерші!-деді.
Екі-үш бала солай қарай жүгірді. Бұл кезде Әділбек ойындағысының орындалып, жеңіске жеткенін іштей дән риза болып, жатқан орнынан жайымен түрегеп, үсті-басын ағаш ұнтақтарынан тазалай бастаған еді. Үш бала келген бойда мұны қапсыра құшақтай алды. Осы сәтте қатты қуаныштан өзін өзі ұстай алмай кеткен жаттықтырушы мұғалім де жетіп келген. Ол Әділбекке дән риза болып оң қолының алақанын қысты. Сол кезде мектеп үйінің маңдай алды қабырғасына орнатлған үлкен экраннан Әділектің бейнесі көрсетіліп, жеңісі жөнінде айтыла бастады. Енді Әділбекке дейінгі секрулердің бәрі де жай ғана бір жас баланың секурілеріндей болып қалған.
Әділбек қана секрудің ауыл, қала, ел емес, дүныиежүзілік рекордын көрсетті. Жұрттың назары Әділбекте. Уақыт өткен сайын оқушылар да жинала түскен. Әділбек пен сыныптастары енді күллі оқушылардың ортасында қалған. Достары ентелй жақын келіп «Әділбек, қалайша ұзаққа секірдің?», «Мұның тамаша болды!(, «Бәздәі сыныптың намысын қорғадым, Әділбек!»,-деп, жан-жақтан дауыстап жатыр. Әділбек осы кезге дейін мұндай құрметті көрмегендіктен кәдімігдей сасқалақтап та қалды. Қай сыныптасының сұрағына жауап берерін де білмейді. Жақсылықтың секірген қашықтығы енді ештеме де болмай қалған. Таңданушылар да, қолдаушылар да, қолпаштаушылар да көп. Жарысқа қатысып жүрген күлі сынып оқушылары да енді жарыстарын тоқтатып, мына ғажйыпты біле түсу ішін осында жиналған. Мұндай қашықтыққа секурі тек қазақ елі емес, дүние жүзі елдерінде де болған емес. Сондықтан да Әділбектің бұл реордына тек ауыл оқушылары таңданып тұрған жоқ. Енді бірер сағаттан соң бұл жайлы хабар жедел ақпарат құралдары арқылы әлем халқына жайлылады. Әділбектің аты шығады. Әділбек арқылы сынып, ауыл, ел де әлем халқына белгілі болмақ.
Бірақ мұндай дүрлікпенің болатынын Әділбек мүдем ойламаған еді. Оның үстіне әкесінен жасырып алып келген атас магнитті жұқа мөлдір түсті комбинезон уәйім кешіртті. Оныын түсініп жүрген ешкім жоқ. Тығылысқан оқушылар енді бір-бірі итере, енді бірі аяқтанының ұшына тұра, келесілері секіріп-секіріп қойып бақылаумен болды. Денешынықтырудың құдіреті деген осы. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде Әділбек ауылға әйгілі адам болып шыға келді. Осыдан біраз уақыт қана бұрын оған ешкім де дәл осылай назар аударған жоқ еді. Әділбектің өзі де атақтыларға қызығатын. Олардың халық сүйіспеншілігіне қалай бөленетінін ойлайтын. Ал өзінің әп-сәтте мұндай құрметке бөленетінін мүлдем ойлмаған. Бұл әкесінің арқасында еді.
Сыныптастары Әділбекті өзгелерден қоршай сыныпқа қарай жүрді. Ал жарыс одан әрі қарай жалғаса берді. Сыныпқа келген соң мұғалм Әділбекті ғана алып қалды да, қалғандары қайтадан сыртқа шықты. Ондағ ойы өзінің намысын бермей, абырой әперген оқушылының жай-күйін білу еді. Одан соң Әділбектің күтпеген жерден мұндай қабілетке қалай ие болғанын сұрамақ. Бірақ Әдіьдек ондай сұрақтанына толық жауап бермеді. Өзінің қатты шаршағаны басылған кезде сұрағанын дұрыс көретінін білдірді. Жаттықтырушы мұғалімі онысын түсінді. Әділбектің үйіне қайта беруіне рұқсат етті. Әдіьбдектің күткені де сол еді. Үстіндегі ғажйып комбинезонға көрінгеннің назарын аудармауы керек. Ұстазы рұқсат берген бойда үйіне қарай асықты.
Әке наразылығы
Дәрібек жол сапарынан аман-есен оралғаннан кейін өзінің қызметіне кірісіп кеткен. Оның ойында бөлен ештеме де жоқ еді. Бірақ ұлы Әділбектің жарыста секіруден жасаған ғажайып ркорды жөнінде тез тараған әңгіме өзінің құлағына да жеткен. Одан да бұрын үйіне кірген бетте-ақ Ғаділбек, Фарида мен Фатима да тәптіштеп айтып берген. Сонда да Дәрібек ол сөздерге аса мән бере қойған жоқ еді. Ол тіпті, ұлының ойламаған жерден жарысқа қатысып, ұзындыққа секіріп, соншама қашықтыұа түсіп, дүние жүзінде болмаған көрсеткішке жеткеніне де аса қайран болмаған. Өйткені, мұндай ұөаққа секіріс тек Айда ғана бола алмақ. Осы жағын оайлаған Дәрібек оған әлі де онша мән берме тырысты.
Сөйтсе де, ол жөніндегі сөздері алдынан қайта-қайта шыға берген. Зертханадағылар да Дәрібекті ұлының мұндай ғажайып жетсітігімен құттықтаумен болған. Ұлының аты шығып жатса, ооған қай әке де қуанады. Дәрібек мәз болып жүрді. Өзі бұл кезге дейін ұзындыққа секіру атаулыны ұнатпай келсе де, енді мынандай жетістіктен кейін денешынықтырудың бұл түрін де жақсы көре бастаған. Бірақ көкейінде: «Әділбек күтпеген жерден мұншама ұзындыққа қалай секірді. Әлде, әлдененің көмегі тиді ме екен?» деген сұрақ тұрды. Сондықтан бұған қуануғ әл ерте деп білді ішінен. Шығарманы басқа бір жазушыға жаздырып, атын өзі алатын кейбір «жазғыштар» Дәрібекке ұнамайтын. Ондайларға: «Жаза алмайтын болсаң, қағазды қор етпе. Бәрібір сенен түпкілікті жазушы шықпайды» деп ренжитін. Енді сондай бір жағымсыз істің өзінің ұлын төңіректей бастағанын сезді Дәрібек.
Кешкілік жұмыстан оралып, жуынып-шаынып бола бергенде мектептен Әділбектің сынып жетекшісі бейнетелфон қоңырауын соқты.
-Дәрібек аға, кешіріңіз. Мынандай жаңалық еді. Жақында астанада спорттың жүгіру мен секіруінен өтетін республикалық жарысқа барғалы жүрміз. Оған басты үмітіміз Әділбектің айрықша дайындалғаны жөн. Бетке ұстарымыз да сол ғой. Соған мұқият дайындалса. Ал сіз балаңыздың ол жарысқа қатысуына қарсы болмассыз. Осындай өтініш,-деді.
-Ренжімеңіздер. Мен ұлымды ондай үлкен жарысқа жібере алмаймын,-деді Дәрібек сіл ойланып,-өйткені, мен оның өткендегі жеткен жетістігін кездейсоқ жетістік деп санаймын. Ол спорттың жүгіру, секіру түрлрін жастайынан ұнатқан емес.
-Ұнатпаса, өткендегідей жестістікке жете алмас еді,-мұғалім,- Сіз,блкім, оған онша мән бермей жүрген боларсыз. Ғалым адамсыз. Қолыңз да тие бермейді. Ол үшін біз сізді еш жазғырмамыз. Тек рұқсат етіңізші, ұлыңызға.
-Ал бұл мәселеге Әділбектің өзі не дейді?
-Не десін. Ол келіседі ғой.
-Келіскенмен,ертеңгі күні үлкен жарыста сенімдеріңді ақтай алмай қалса, не болмақ?Мен өз басым одан денешініқтыру саласының озаты шығады деп ойлай алмаймын. Ол өзі денешынықтырудан гөрі техникаға құмар. Биониканы да ұнатады. Егер сіздерде сол салаларға қатысты жарыс өтіп жаста, мен оны еш ойланбастан жіберер едім.
- сонда сіз ұлыңыздың қатысуына қарсы әрі наразы болып тұрсыз ғой?
-Бұл менің қарсылығым да, наразылығым да емес,әрине. Дегенмен де, келешегімізді де ойлауымыз керек қой.
-Келешек денсаулықсыз бола ма? – деді сынып жетекшісі.
- Мұныңызды мойындаймын. Адам тағдыры тек денсаулықтың күштілігімен шешілмейді. Оның қыр-сыры көп.
-Бұл түіснікті,аға. Енді,сөздің тоқ етері, айтыңызшы, ұлыңызды жарысқа жібересіз бе, әлде жоқ па?
-Әрине,жоқ. Тек ренжи көрмеңіздер. Мені де түсініңіздер. Мен қанша дегенмен де оның әкесімін ғой. Ұлымның сырын сіздерден гөрі жақсырақ білетін шығармын.
-Біз де оны аз білмейміз, Дәрібек аға. Дегенмен де, мен ұлыңызбен оңаша тағы бір сөйлесіп көремін. Ауылымыздың намысын қорғамаймын десе, өзі білсін.
-Жарайды, сөйлессеңіз сөйлесіп көріңіз. Оған еш қарсы емеспін. Тек оның сіздің үгітіңізге көне қоймайтынын ескертемін.
-Намысы жоқ болса, көнбес,ал намысы болса, өзі-ақ шығар белсеніп, Жақсы, айып етпеңіз.
-Жақсы,айналайын,-деп, Дәрібек те бейнетелефонының сөндіретін түймесін басты.
Соны күткендей артынша сырттан Әділбек те кіріп келді. Әкесі оған күмәнді жүзбен қарап қойды. Әділбек ештемені білмегендей өзінің жатын бөлмесіне кіріп кетті. Дәрібек өзін өзі ұстап біраз үнісз отырды да, шыдамы таусылып, ұлын жанына шақырып алып, әңгімеге тартты.
-Әділбек, бері отыршы,-деді кең бөлмедегі үлкен жұмсақ орындыққа өзі жайғасып болған соң.
-Жай ма,көке? – деді Әділбек жақындай беріп.
-Сенімен әңгімем бар.
-Айта беріңіз,көке?
Әділбек еш саспастан әкесінің жанына жайғасты. Дәрібек отырған орнынан бір қозғалып алып, ойлы жүрген ұлына бұрылды.
-Осы сен, ұзындыққа жақсы секруді қайдан үйрендің?
-Қайдан болады, денешынықтыру сабағынан, көке,-деп Әділбек әкесіне тіке қарады.
Бұл түсінікті. Ал жарыста қалайша Жер шарында ешбір спортшы жасай алмаған рекордты жасадың?
-Оны қалай жасағанмды өзім де түсінбеймін,көке. Қатты секірдім де алысқа бір-ақ түстім.
-Ол жақсы,әрине. Бірақ сен жастайңнан спорттың жүгіру, секіру түрлерін ұнатпаушы едің ғой?
-Оған мектептегі сынып жетекшім бола ма? Сыныбымның намысын қорғауға тырыстым.
-Мұның дұрыс,ұлым. Намысты жібермеу қашан да керек. Ал сен айтшы, мен жол сапарға кеткен кезде сен менің жұмыс үстелімді ақтардың ба?
-Жоқ,көке,-деп Әділбек сәл күімілжіп төмен қарады.
-шыныңды айтып отырсың ба?
-Шыным,көке.
-Жарайды,сенейін. Менің үстелімнің үстіндегі, суырмаларындағы заттарға тиіспей-ақ қой. Онда саған қажетті заттар жоқ.
-Білемін,-деді Әділек сәл сергіп, көздерінің қабақтарын көтеріп.
-Жаңа ғана, сенің алдыңда ғана мектептен сынып жетекшің маған бейнетелефон қоңырауын соққан.
-Жай ма,көке?
-Сені астанада данашынықтырудың жүгіру, секіруу түрлерінен өтетін респбубликалық жарысқа әкетпек.
-Жоқ,көке. Мен енді ұзындыққа секіру жарысына қатыспаймын,көке?
-Неге? Мектептің, сыныптың намысы ше?
-Мектепте менен басқа да ұзындыққа секіргіштер бар ғой.
-Мен сенің осылай дейтініңді біліп едім. Мұғаліміңе де осылай дегенмін.
-Дұрыс айтыпсыз,көке.
-Дегенмен, ағайыі сенімен оңаша сөйлеседі. Соған жауабың дайын болсын.
-Жауабым біреу ғой.
-Себебі?
-Себебі, денсаулығым жоқ.
- Оны енді өзің көре жатарсың. Мен сенің сол жетістігіңе әлі де күманданамын.
-Неге, көке?-деп Әділбек елең ете түсті.
-Неге екенін өзің де ішіңнен сезіп отырсың. Ешбір жаттығусыз ондай ұзындыққа секіру еш мүмкін емес. Саған лайықты да емес. Ондай ұзындыққа Айда ғана оп-оңай секруге болады.
-Сонда сіз,кқке, менің ол жетістігімен әлі де сенбейсіз ғой?
- Сола й деуге тура келіп тұр. Бірақ мен бұл ойымды ешкімге де айта қоймаспын.
Әділбек үндемеді. Төмен қарап отырып қалған.Әкесінің өзі жасаған құпия істі ішінен біліп отырғанын да сезді. Бірақ не айтсын. Әке перзент алдында қашан да асқар таудай биік емес пе?Жасағанын ашып айтайын десе, оған қорқады. Әке наразылығын күшейтіп аламын ба деп те ойлайды. Әділбекке бұл ісін әкесінің білмегені жөн болса да. Ал ондай істі енді өзі ешқашан да қайталамайды. Әкесіне уәде беріп те үлгерді. Ендігі бір қиын мәчселе, ана жарыстан құтылу. Ол да оңайға соқпайын деп тұр. Ұзындыққа секіруден рекорд жасаған соң сыныптастары да, мұғалімдері мен күллі ауыл тұрғындары да елеңдесіп, үміт артып қалған. Оның жалған жетістік екенін олар білмейді. Әділбектің де, әкесінің де бұл үлкен жарыстан бас тартулары мұғаліміне түсінікті. Әкесі «Әділбек ұзындыққа секруге қызықпайды» деген. Үстіне киген жұқа аттас магнитті комбинезон жөнінде ауыз ашқан емес Әділбек. Сондықтан да өзгелердің бәрінің есіл-дерттері ол комбинезонда емес, сол ерен жетістікке жеткеніне ауған еді.
-Көке, мен өз бөлмеме бара берсем бола ма?- деді сәлден соң Әділбек.
-Иә,тек мұғаліміңе айтар жауабыңды пысықтап ал.
-Жауабым дайын,көке,-деді Әділбек сергіп.
Ендеше,жақсы.
Әділбек орнынан ширақ тұрып кетуға ыңғайланды. Сол мезетте бейнетелефон қоңырау тағы да сыңғыр етті. Дәрібек оның іке қосатын түймесін басуға асыққан жоқ. Өзі оның камерасынан кейін ығысып, жолды ұлына берді. Әділбек мән-жайды түсініп, бейнетелефонды іске қосатын түймені нұқыды оң қолының сұқ саусағымен.
-Әдіьдек,халң қалай?-деді сол замат ұстазы.
-Жақсы,ағай,-деп Әдібек тік тұра қалған.
-Мен осының алдында да бейнетелефон қоңырауын соққанмын.
-Білемін,ағай.
-Білсек, әңгшіме мынандай. Оны өзің де біліп-сезіп тұрсың. Жақында астанаға жарысқа жүреміз. Соған дайындал.
-Мен ол жарысқа қатыса алмаймын,-деді Әділбек.
-Неге?
-Денсаулығым болмай жүр. Емханаға барып ем алыудамын.
-Солай де. Аттанғанға дейін әлі бірнеше күн уақыт бар. Оған дейін жазылып та қаларсың. Қай жерің мазалап жүр?
-Екі тізем. Өткенде ұзындыққа қатты секіріп құлағанымда қатты жаралап алсам керек. Жарасы қайтар емес, ауырғаны қояр емес.
-Мұның қиын болған екен. Ұзындыққа секіруге де қажеті сол екі аяқ қой. Енді не істейсің? Ауылдың, ауданның, қала берді облыстың тұрғындарының бар үміті сенде еді.
- Оны білемін. Мұмкін, менің орныма ұзындыққа жақсы секіретін басқа бір сыныптасым барар?
-ендеше, сен былай жаса. Осы күндерде жарысқа қатысатын сыныптастарыңды өзіңнің ұзындыққа секру әдісіңе жаттықтыр. Құпия әдістріңді айт.
-Жарайды,ағай. Шама келгенше үйретейін.
- Көкеңмен мана сөйлескенімде «өі білед» дегендей болған. Сондықтан ол жағынан еш қам жеме.
-Жарайды ағай.
-Ал жақсы, онда. Ертең ертемен мектепке кел. Мен қалған мәселелермен айналысамын.
-Жарайды,ағай.
Мұғалім экраннан ғайып боды. Әділбек бейнетелфонды сөндірді. Бөлме ішінде тыныштық орнады. Бейнетелефон да жаңа ғана экраннан көрініп тұрған ұстазын өңешіне жұтып жібергендей тұр. Енді ештеме де болмаған сияқты. Дәрібек те ұлына ләм-мим демейді. Әділбек те үнсіз. Барлық жағдай енді болса да түсінікті еді. Екеуі де ойларындағыларын іште сақтаған. Сәлден соң үйдің басқа иелері де келе бастады. Отбасының әдеттегі абыр-сбыр тірішілік әрекеттері басталды.
Отбасында адам саны неғұрлым көп болса, солғұрлым бақытты шақ молая түседі. «Жалғыздық – жартылай бақытсыздық.Ол адамды кеміс етеді» дейтін дейтін ішінен әркез Дәрібек. Жұмыстан қанша ренжіп, тіпті, түтіге ашуланып келсе де,ұлдары мен қыздары «көке» деп алдынан шыққанда оның бәрін де ұмытып кетеді. Ол ұл-қыздарының риясыз жымиыстарынан ғана емес, сол сәттерде өзін әке ретінде биік ұстаудың қажеттілігінен де еді. Перзенттерінің алдында бас жаза алмай тұрса, немесе көз жасын көрсетіп алса, онда не болғаны. Дәрібек талай рет отбасы мүшелерінің алдында еңріеп тұрып жылаған достарын да көрген. Сондайда іштей қаны қайнап та кететін. Тіпті, олардың талайына «Еркек басыңмен мұның қалай?» деп айтып та тастаған. Кейбірі дос сынынан нәтиже шығарған, ал кейбірі елемеген. Қалай болғанда да Дәрібек көз жасын өзінен әлсіз адамдарға көрсеткен еркекті еш қаламайтын. Өзі, тіпті, өзінен күшті адаммен алысқанда да рухын әлсіреткен емес. Талайын жеңді, талайынан жеңілді. Сонда да сырт көзге сыр берген емес. Ал мына перзенттерінің алдында сыр беру тіпті де лайықты қасиет емес. Сондықтан да бар ренішін ішіне бүгіп, алдынан шыққан ұл-қыздарын еркелете жөнелген. Өмір осынысымен де қызық.
Жаңа ғана ұлы Әділбек өзінше оқшауланып отыр еді. Енді басқа ұл-қыздары келген соң үй іші жанданып сала берді. Сәлден соң Ғалия да кірген үйге. Оның орны мүддем бөлек-ау. Кейде ұл-қыздары өзін әке деп місе тұтпай анасын іздейді. Ол келгенше тыпыршып, шайды да соған дайындайды. Оны көрсе де Дәрібек ештеме біомеген болып отыра береді. Көңіліне де алмайды. Дастархан басында төрт көдері түгел болып отырғандарына не жетсін. Емен-жарқын әңгіме, әзіл адам баласының асқа деген тәбетін де артырып жібереді. Тек ол ма, Дәрібек үйде адам болмаған кезде жұмысын да жасай алмайды. Өзінің жұмыс бөлмесінде отырғанымен, өзге бөлмеде әлдекімнің жүргенін, сөйлегенін қалайды. Жұмыстан шаршап келгенде көбінесе кенже ұлы Әділбекпен әңгімелеседі. Ал кенже қызы Фатиманың жөні мүлдем бөлек. «Қыз бала анаға жақын, бірақ әкеге тәтті» дейді өзі. Ол сөзін қай жерде де айтып отырады.
Үй іші түгел жиналған соң Дәрібек те еркінсіп, көңілденіп кетті. Жаңағы әңгімені де ұмытқан. Өзінің ғылыми жұмысымен айналысуға кіріскен. Ең бастысы, ойлаған арманына жетті. Өзі жасаған аттас магнитті жұқа мөлдір түсті комбинезоны сынақтардан өтті. Өзін бірнеше қатерден аман алып қалды. Іштей жобалауынша, ұлы Әділбек те оны пайдаланып үлгерген. Үй қабырғаларының ластануы мен кейбір заттардың шашылып қалуыының себептері де Дәрібекке түсінікті еді. Одан кейін болған мына жайды іштей біолсе де,сыртқа сыр бермеген. Ал негізінде, комбинезонының мұндай сынақтан өткені де өзіне қажет еді. Ал бүгінгі әңгіме көңілін тіпті де көтеріп тастаған. Әділбектің мұғаліміне наразылық білдіруінің астары да тереңде жатқан.
Ал үй ішіндегілердің өзінде жұмыстары болған жоқ. Әрқайсысы өімен өзі. Дәрібек болса, енді жасаған ісін іштей қорытындылады. Ұлы Әділбек те сынақтан өткізген аттас магнитті жұқа мөлдір түсті комбинезонын үстел суырмасының ішінен алып, мұқият қарап шығып, қайтадан өз орнына қойды. Содан соң алдағы жоспарлары жөнінде ойлап кетті.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
АСПАН АДАМЫ
Қайта жанданған жаңалық
Ұшатын беймәлім денелер жөніндегі түрлі мәліметтер көп уақыттан бері айтылып келіп, саябырсыған еді. Енді биыл ол жайлы айтылатын әңгіменің шегі жоқ. Экраны бар, дыбыс күшейткіші бар құралдардың бәрінен де сол жайлы баяндалатын болды. Дәрібек те, ұл-қыздары да соны көреді, соны тыңдайды. Соңғы кездері стереотеледидардан берілетін хаарлар да күрделене түскен. Бүгінде ондай қызықты жаңалықтарды көруге мүмкіндік мол. Кез келген үйдегі стередидардан адам дүние жүзі елдерін көре алады. Әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен аттары бар.
Ал «Ұшатын беймәлім дене көз алдарыңызда» деп аталатын телехабар енді өзінше бөлек отау тіккен. Содан бастап Дәрібекті үй-іші де соны көруге көшкен. Бүгінде баяғы бір кездегідей жылт ете түскен бірдемені көрестумен шектелмейді. Суретке, бейнефилмге түсіріліп алынған ұлатын беймәлім денелердің тұтас денесін ғана емес, олардың әрбір бөлшектерін де анықтап көріп алуға мүмкіндік бар. Арна сонысымен қызық, сонысымен тартымды. Дәрібек, ол бейнехабарларды мұқият көре отырып, сол ғажайып техникалардың құрылымына да терең назар аударады. Көп нәрсетсін іштей зерттеп, әіштей түйіндейді. Ондай кемелер көп. Олардың жер бетінен ұшып шығулары да, қонулары да жылдам. Бірақ бүгіндегі бейнекамералар олардың қулықтарын обьективтен тыс етпейді. Тек Тек олардың кейбір әдіс-тәсілдері мен ұшу мәнелерін тіркеп алуға мүмкіндік жоқ. Байланыс та орнамаған. «Олармен байланыс ұстамыз» деген сөз тарағалы да талай заман өтті. Даму деген де бір дөңгелектің өз осінде айналғанында қайта өз орнына келе береді. Мына телехабардың, мына жаңалықтың қайта жандана түсуі де сол бір қайталаудың нәтжесіндей еді.
Дәрібек оны ғылым болашағы үшін үзбей көреді. Бірақ ұл-қыздарын оны үзбей көріден шектейді. Өйткені, көптеген телеарналардың ішінен үнемі осыны ғана көру адам баласының ішкі жан-дүниесіне нұқсан келтіреді. Бұл жастарға өте зиян. Сондықтан да Дәрібек перзенттеріне шектеу жасаған, Одан гөрі қазақтың ұлттық дәстүрін, салт-санасын кеңінен насихаттайтын телеарнадағы бейнехабарларды көріді қалайды. Дәрібек жасынан бір кездегі бассыз басшылар бүлдірген ұлт дәстүрін ойлайды. Бүгінгі заман мен кешекті ойлап жүрсе де, ұлтының олашағын ешқашан да есінен шығармайды. Уақыт өткен сайын, санасы өскен сайын өзінің ұлтына, оның жарқын болашағына деген ынта-ықыласы арта түседі. Бүгінде қазақ бөтен дін, бөтен тіл мен әріптен бас тартып, өз дінін қабылдап, өзі әрпін жасап, тек өзі тілінде сөйлейді. Қазақ санасы осылай оянған!Компютерлі аудармашылар да қолданыстан қалған. Ол өз кезінде ғана қызық, тансық көрінген. Сөйткенмен, оның да кемшілік тұстары байқалған-ды. Адамдар есеп шығарда калкуляторлаға арқа сүйегені сияқты, тіл білуде де компютерлі аудармашыларға арқа сүйеп кетті. Тіл мәртебесі төмендеді. Соны сезінген әрбір саналы қазақ компютер аудармашыға сүйенбей өзі тілімен таза сөйеуге күш салған. Бүгінді қазақ тілінің дәрежесі де, мәртебесі де биік. Енді қазақтілінде сөйлемейтін адам баласы дүние жүзінде аз. Қазақ елінде өмір сүріп жүрген әрбір өзге ұлттың өілдері де енді қаза қ тілінде еркін сөйлейді. Олар үшін басты тіл – қазақ тілі. Дәрібек оған қашан да риза. Рас, қазақ тілінің бастан кешкен қиындықтары да аз болған жоқ. Соған қараамастан уақыттың үкімімен, қазақ намысының құдіретімен қазақ тілі сатанат құрды. Қазіргі кез қазақ тілінің гүлденген кезі
Стереотеледидардан күнделікті көріп тыңдап жүрген телехабарлар да тек қазақ тілінде жүргізіледі. Бүгінде стереотеледидар арқылы дүние жүзі халқымен жүздесу, тілдесу мүмкіндігі туа қалса да тек қазақ тілінде жүргізіледі ол хабарлар. Ондай жағдайларда компютерлі аудармашылар теледидарларды тек қазақ тілінде сайратуға әзір. Ал адам мен адам арасында қазақ тілінде сөйлесуге еш кедергі жоқ. Сондықтан да Дәрібек те, Ғалия мен перзенттері де стереотеледидарды бар ынта-ықыластарымен жиі көреді. Бүгінгі телехабарлардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Стереотеледидар дикторы жас, дөңгелек жүзді, қою қара мұртты, дауысы ашық, сөзі нық жігіт екен. Дәрібек оны әу бастан ұнататын. Ондай барша халыққа ортақ аудиторияда сөйлегеннен кейін сөзінің баршаға ортақ, анық болғаны қашан да қежет. Бұл мәселе де әуелден шешілген еді. Бүгіндегі телехабарлар да қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын да дүние жүізне әйгілі ете түскен. Қазақ халқының ерекше қасиетіі мегн өркениетін тілмен жеткізу де оңай іс емес. Стереотеледидар дикторының басты мақсаты да осыны ақтау. Дәрібек дикторға баға бергенде осы тұрғыдан қарайтын.
Дәрібек осы жолы да стереотеледидар экраны алдындағы жұмсақ , жақтауы биік орындыққа асыға келіп отырды. Бұл күндегі әдеті. Ол ұшатын беймілңм денелер жөніндегі мұндай телехабарлардың бір де бірін қалт жіберген емес. Мұндай кезде Ғалия да ерінің асын ертерек дайындап, жағдай жасайды. Ұшатын беймәлім денелер жөніндегі бейнехабарлар күнде жүріп жатаса да, оған назар ерекше аударылып жатса да, адамдардың көпшілігі дерлік оны қадағалайды. Оның шындығынан гөрі жалғандығын көбірек қадағалайды. Дәрібек ондай жан емес. Әрбір нәрсеге ғалымдық тұрғыдан баойыппен қарайды. Дәрібектің тағы бір ерекшелігі, адам күлген, мазақ еткен нәрсеге ерекше назар аударады. Мұндай жағдай көп кездескен де. Достарының үйлеріндегі дастархан басында отырғанда да, өінің үйіндегі дастахан басында да осындай әңгімелер жий айтылады. Әңгіменің бағыты ұшатын беймәлім денелерге ауса болды, Дәрібек жанданып шыға келеді. Жүзі жайнап, әңгімесі таусылмайды. Ал ғылымға қатысты ондай әңгіме айту үшін көп білім керек.
Ол енді экранға қадала түскен. Кірпктерін сирек қағып, экранда өтіп жатқан әрбір көріністі қалт жібермеуге тырысады. Мұндайда үй іші де жым-жырт қалады. Әкелерінің жақсы көретін хабарына ешқайсысы кедергі келтірмейді. Аяқтарының ұшымен жүріп, әрқайсысы өз ісімен айналысады. Сол мезетте соғылған бейнетелефон қоңырауына жай ғана жауап беріп, әкелерінің қолының бос емес екенін айтып, кешірім өтінеді. Қай кезде хабарласуға болатынынескертеді. Дәрібек бұл кестеге үйренген. Тыныштық болған соң көп нәрсе миға тоқылмақ. Сондықтан да Дәорібек көп мәлімет алады. Адам көзі үш секунд уақыттан кейінгі көріністі жақсы сақтайды. Экранда өтіп жатқан әрбір көрініс Дәрібекке болса да ауадай қажет. Енді ол ойын тіпті де бөлгісі келмеді. Экрандағы бейнехабар қашан біткенше оған тапжылмай қарап отырды.
Соңғы кездері ұшатын беймәлім денелер жөніндегі жаңалықтар жаңара түскен. Ол жаңалықтар газет-журналдарда да тынымсыз жазылды, стереотеледидардан да тынымсыз көрсетілді. Әйтеуірі оған деген ынта-ықыласы адамға көрудің мол мүмкіндігі бар. Бұл Дәрібек үшін үлкен бақыт еді. Ертеректе бұл өтіп жатқан көріністер тек ауызша айтылатын. Газет-журналдарға жазылатын, радиодан, теледидардан айтылатын. Бірақ Бірақ болған оқиғалар дәл мына сияқты көрсетілген емес. Мезетте болған оқиғаны ол кезде бейнекамераға тез түсіріп алу оңайға соқпайтын. Ал бүгіндегі бейнекамерелер түсіріп алу жағынан олардың ұшу жылдамдықтарынан да артып кетті.
Бұл мезетте Дәрібектің көз алдынан талай оқиғалар өтіп жатты. Беймәлім ұшатын денелердің нешетүпрлі құбылулары да тансық емес-ті. Ең қызығы, ол ұшатын беймәлім денелерден түскен адамдардың түр-тұрпаттары мен қимыл-қозғалыстары. Ертеректе болған бір оқиғада айдалада темір жолмен жүріп келе жатқан бір пойызға жарқыраған бір от-шар ұшырасады. Пойызды жүргізуші мен жанындағы ұлы оған аң-таң. Жүк таситын пойыздың вагондарына мол жүк салынған. Ол вагондарды электровоздың зырғыта тартуы оңай емес-ті. Содан әлгі от-шар пойыздан онша қашық емес қашықтықта жарқырап тұрып алады. Әке мен бала не жасарларын білмейді. Бір кезде от-шар пойыздың электровозының алдына шығып, ілгері қарай қозғала бастайды. Сол сәтте жүргізуші ешқандай әрекет жасаай-ақ жүк пойызы от-шардың соңынан жүйткіп жөнеледі. Пойызды сүйрейтін сым атаулы болса да жоқ.
Әке де, бала да қатты толқи бастайды. Бірақ енді барар жер де, шұғыл байланыс та жоқ еді мекемемен. Содан бір кезде әлгі от-шар өзінің «құрсауынан» пофзды посатады да, лып деп қозғалып, көзден ғайып болады. Жүргізугші от-шар алға қарай тартқан кезде не от, не жылдамдық қоқан жоқ еді пойызға. Әлгі от-шар кеткеннен кейін-ақ пойыздың жүру жылдамдығы азая берген. Құрам ауыр еді. Бір кезде әлгі от-шар қайта ұшып келіп, алдыңғы «қылығын» қайталайды. Тағы да біраз жерге дейін зырғыта тартады. Одан кейін «қылығын» аяқтағандай тез жылжып, көзден тағы да ізім-ғайым болады.
Дәрібек бұл оқиға туралы көптен бері қайталанып басылып келе жатқан кітаптардан оқыған. Ол кезде оны бейнекамераға түсрііп алудың мүмкіндігі болмағандықтан осындай әңгіме күйінде кітапқажазылып қалған. Ал бүгінде ондай әңгімеден гөрі көрініс көп. Дәрібек осыларды есіне түсіріп болғанда экранда үлкен бір адамның бейнесі пайда болды. Ол анадай жерге қонған ұшатын беймәлім денеден түсіп, бері қарай жүріп келеді. Жүрісі тап бір өзінің комбинезон кигендегі жүрісіне ұқсайды. Тек оның денесінен жан-жаққа сәуле шашырайды. Дәрібек дереу оның аяғына қарады. Аяқтары жерге тимейді екен. Жер бетіне шамалы ғана жетпейді. Жер мен аяқтарын бір құдіретті күш бөліп тұрғандай. Дәрібек эранға үңіле түсті. Айналасының көрінісінен саябақтың аумағы екені байқалады.
Демалып жүрген адам мен аспаннан келіп қонған ұшатын беймәлім денеден түскен адам екеуі көрініп тұр. Кенет үлкен адам саябақтың иесіне қарай жақындағанда ол кейін шегініп кетті. Тіпті, құлап та қала жаздады. Сол сәт Дәрібек те тап бір өзі құлап бара жатқандай күй кешті. Содан есін тез жинап, экранға қайта қарады. Әлгі алып тепкешекпен көтерілгендей жоғары шығады, енді бірде сол тпкешекпен төмендегендей жерге жақындайды. Оған қарап тұрған Жер адамы аң-таң. Жақындай да алмайды оған. Әлгі неменің лебі оны біргеше метр жерден кейін қарай итеріп жібереді. Оған қарап отырып Дәрібек өзі жасап алған аттас магнитті жұқа комбинезонының сондай құдіретін есіне алды. Ал ең ғажабы, көз алдындағы көрініс одан бір аумайды. Бейнебір мұны өзіне арнап көрсетіп тұрғандай. Дәрібек бұл көрініске қадала қарап, тапжылмай ұзақ отырды. Одан көп нәрсені аңғарды, көп нәрсені көңіліне түйді. Сөйтіп, ғалым үшін бүл кіүн, бұл кеш ұмытылмастай болып қалды.
Апаттан аман қалған әуе кемесі
Соңғы кездері Дәрібектің іс сапарлары жиілеп кеткен. Есімі елге ғана емес, шет елдерге де белгілі бола түскен сайын өзін жиындарға шақырушылар да, өзіне келушілер де көбейген. Биофантомас жөніндегі хабарлар да жедел ақпарат құралдары арқылы ел елге тараған,. Биофантоматты ойлап табушылардың белдісі де Дәрібетің өзі. Осы себептерден оны жол сапардан соң жол сапар күтіп тұрды. Одан Ғалия да жалыға бастаған. Үй иесінің үнемі жол спарда, іс сапарда болғаны кімге қызық. Кейде Ғалия Дәрібектің жоспарсыз сапарына қарсылық та білдіреді. Ол тек ұзақ күндер бойы үйде Дәрібексіз қалатындығынан емес, әуе кемесімен ұшудың қауіптілігінен де еді. Әуе кемелері бүгінде Жерден алпыс шақырым биіктікте ұшады. Ол оңай емес. Әрі кеменің қонуы да ұзаққа созылады.
Ғалия күнделікті стереотеледидардан көрген әуе кемесіне қатысты келеңсіз жағдайларды Дәрібекке айтып отырады. Ұшатын беймәлім дене өз алдына. Әуе кемесіне байланысты қаншама оқиғалар болып жатады. Әуе кемесінің ұшатын беймәлім денелермен ұшырасып қалатыны тағы бар. Тіпті, белгісіз себептермен із-түзсіз жоғалып кеткен кемелер де жиілеген. Әншейінде ойна алмаса да, Ғалия Дәрібек сапарға шығарда оның бәрін де есіне түсіреді еркісіз. Дәрібек сапарда болған түндерде кенеттен шошып оянып, нешетүрлі қорқынышты ойларды да басынан кешеді.
Бірақ қызметтің аты қызмет. «Ғалия осылай ойлайды екен» деп Дәрібек сапарынан қала ма. Бүгін тағы да жолға жиналған. Дәрібектің іштей бір сенетіні аттас магнитті жұқа құпия комбинезоны еді. Оны осы кезге дейін ешбір жан баласына тіс жарып айтқан емес. Әріптестерінің де ешқайсысы білмейді. Соның өзінде де комбинезоны екі реттей әшкере бола жаздаған. Енді ондайды болдырмауға тырысқан Дәрібек. Ғалия да бүгін таңалагеуімнен тұрып, биотұлғаларға таңғы асқа тапсырыс беріп, Дәрібектің киімдерін дайындаған. Дәрібек ұйқы бөлмесінде құпия комбинезонын, оның сыртынан тап-таза костюм-шалбарын киді. Мойнынан галстук тағып, үсті-басын үлкен айнаға қарап түзеген соң үлкен қызметтің адамы болып шыға келді. Дәрібек жай кездерде дәл осылай мұнтаздай болып киінбейді. Галстук те тақпайды. Тек галстуксіз көйлек, шалбар, котюммен жүре береді. Ғалия кейде онысына күйіп-піседі. Онысына Дәрібек жымиып: «Егер мен галстук тағып, кеуде көтеріп жүрсем, қандай ғалым боламын? Оның өйтіп жүрген адамға қыздар қызықпай ма? Осы жағын ұмыттың ба,Ғалияшым» дейді. Оны естігенде Ғалыия шынымен-ақ сәл ойланып, басылып қалады.
Ал іс сапардың жөні бөлек. Мұндайда екеуі де бір біріне артық сөз айтпайды. Мәдениетті, жылы сөйлейді бір біріне. Таң атқалы Ғалия бәрін дайынлдап жүр. Дәрібектің өзі де қарап қалған жоқ. Ішкі киімінің сыртынан аттас магнитті жұқа, мөлдір түсті комбинезонын, оның сыртынан көйлек, костюм-шалбар киіп, галстук таққан соң-ақ кең бөлмедегі тұла бойымен көрсететін айна алдына келіп, өз бейнесіне тіке қарап тұры:
-Ғалияш! Мен бүгін ерекше сұлу болып кеттім ғой демін?! Қарашы, маған! – деп қойды.
-Білемін! Баратын жағыңдағы қыздарға қырындауға дайындалып тұрсың ғой. Сұлу болмай қайтесің? – деді Ғалия жадырап.
-Сен осы мені қыз атаулыдан шынымен-ақ қызғанасың ба? – деді ері.
-Жоқ ә! Жай әілім ғой, бұл.
-Менің барған жерімде қайдан қыз бола қойсвн. Онда да ғалымдар ғой. Жұмыс көп болса да.
-Өйтіп ақталмай-ақ қой,-деді Ғалия екі қолын ерінің иығынан сусыта тартып алып.
-Енді былай шықтың. Осы сені еш түсінбеймін мен.
-Мені түсінбейтін ештеме де жоқ. Отасқанымызға қанша жыл...Осы уақыт ішінде мені түсінбесең, өмірде түсінбессің мені.
-Жарайды,Ғалияшым. Сені түсінеғмін қашан да. Уақыт зымырап барады. Ана биотұлғалар таңғы асты дайын етті ме, дастархан басына отырайық та,-деді Дәрібек.
-Ас дайын. Балалар асты бөлек ішті. Асханаға жүр.
Ғалия осыны айтып, жылдам басып асханаға қарай кетті. Дәрібек оның соңынан келді. Әкелері іссапарға аттанарда перзенттері бірге отырып ас ішпейді. Анасы мен әкесінің дастархан басында оңаша отырып астарын ішкенін қалайды. Егер бірге отырса, көңілдері бөлініп, олардың бір біріне айтайын деген сөздерін ұмытып қалатындарын жақсы біледі. Ол парасаттылықтарын әке де, ана да түсінеді. Бірақ сабаққа баратын уақыт келіп, үйден шығар кезде міндетті түрде әкелеріне келіп, оның бетінен сүйеді. Үйде қалатындары есік алдында дәл солай қоштасады. Бұл үйде осындай парасатты дәстүр о бастан қалыптасқан. Осындай парасаттылықты білетін достары Дәрібекті ең мәденіиетті, білімді, ойшыл ғалым санайды.
Ас үстінде Ғалия Дәрібекке өзін жолда, басқа жерлерде қалай ұстауы керектігін айтумен болды. Жолда жүргенде асты да уақытылы ішіп жүру керектігін де бірнеше рет ескертті. Дәрібек әйелінің бар сөзіне басын шұлғып отырды. Одан кейінгі әңгіме ел жағдайына, ғылым жағдайына ауған. Мұндайда Дәрібекті сөзден тоқтату қиын. Сөйтіп отырып, уақыттың қалай зырғып өте шыққанын да, шағын электр самаурынындағы қайнаған судың қалай таусылып қалғанын да байқамаған. Бірақ екеуі үшін ең қымбат нәрсе уақыт еді. Сырт достары да екеуінің ұқыздарының есейіп қалғанына қарамастан осылайша жаңа танысқан ғашықтардай сырласатынан қайран да қалатын. Ал ең қызығы, Дәрібек пен Ғалия үйленгенге дейін жігіт пен қыз болып көп бірге жүрген емес. Аз уақыттың ішінде бір бірін теоең түсініскен. Сол түсіністіктері әлі күнге жалғасып келеді. Әкесі мен анасының осындай баянды махаббаттарына ұл-қыздары да қызығады, үлгі алады. Қай кезде де екеуінің оңаша әңгімелескендерін қалап кедергі келтірмеуге тырысады ұл-қыздары. Ал сапар алдындағы мынандай оңашалықтың орны болса да бөлек.
Дәрібек ас ішіп болған соң сырт киімін киіп, қолына дипломатын алды. Оның ішінде жолға қажетті заттардың бәрі бар. Кіп-кішкентай дисплей де орналастырылған. Телебайланыс құралдары өз алдына. Дәрібек кетіп бара жатып, дипломатын ашып-жауып жатпай-ақ үй-ішімен де, кез келген елмен де байланыса алады. Ғалияның көңілін жұбататын нәрсе де сонысы еді. Дәрібек енді үйде қалған перзенттерінің беттерінен сүйіп қоштасты. Содан солң Ғалиямен. Бірақ Ғалия қазақтың ырымы бойынша ерін есік алдына дейін шығарып салған жоқ. Кейін бұрылып кеткен. Дәрібек сыртқа шыққан бойда жеңіл көліктердің бірін тоқтатты. Алған бағыты – әуе кемлері ұшып-қонатын әуежай алаңы. Дәрібек тұратын ауыл-қалада жеңіл көлік мәселесі әлдеқашан шешілген. Сондықтан да ол көлік ішінде көңілді отырды. Ара-тұра ыңылдап ән де салады.
Ал әуежайда бұл кезде бір әуе кемесі қонып, екіншісі ұшып кетіп жатыр еді. Дәрібек дер кезінде жетті. Әдеттегі әркімге белгілі қолжүк тексеру рәсімін жасап, әйежай үйінің екінші жағына шыққан мезетте арнайы көлік алдарына кесекөлденең тұра қалды. Көптеген жолаушылармен бірге оған Дәрібек те мінді. Көоік жаймен жүріп, қос қанатты үлкен әуе кемесінің тепкешекті сатссының дәл алдына келіп тоқтады. Ол тепкешекті саты жай саты емес, айналмалы еді. Енді бір қадам басса болды, онымен көтеріліп, үлкен әуе кемесінің ішіне енеді. Әуе жолаушыларына жасалған мұндай жағдайды Дәрібек бірінші рет көріп тұрған жоқ. Бәрі де үйреншікті. Сондықтан да Дәрібек бұл кемеге қалай мініп, қалай өз орнын табуды емес, діттеген жеріне әуемен қалай аман-есен жетуді ойлады.
Алапат әуе кемесінің есіктері бір жабылған соң болды, жолаушылар өздерін бір ұлы Жаратушының иелігіне тапсырады іштей. «Аспанда ұшып кетіп бара жатқан әуе кемесі құдайдың алақанындағы кеме» дейді ішінен әркез Дәрібек. Бұл жарық дүниедегі барлық нәрсе адам баласы үшін пайдалы да, зиынды да. Кездейсоқ жағдайлар көп. Оны тізіп санап жату да қиын. Адам пенде ұзақ ғұмыр кешуі үшін денсаулығын сақтаумен бірге кездейсоқ апаттардан дін-аман жүруі керек. Міне, мына алапат әуе кемесі де сол қыл көпірдің ең қауіптілерінің бірі» деп ойлады Дәрібек.
Дәрібек жолқағазда көрсетілген орнына жайғасып, осындай ойларды басынан кешіп болғанша, әуе кемесінің ұшатын мезгілі де жетті. Адам пенде қашан да көлікке бір отырған соң оның уақытында ұшқанын, діттеген жеріне мезгілінде дін-аман жеткізгенін тілейді. Дәрібектің ойы да сол. Ол кеме терезесінен алаңға қонып, ұшып кетіп жатқан әуе кемелеріне қарады да: «»Әуе кемеміз жерден көтерілген соң мына алаң көз ұшінда қалады. Техника құдіреті деген де осы ғой» деп күбірледі ішінен. Сол кезде жолсрік қыз іштә көзімен бір тексеріп шығып, әдеттегі мәліметтерін айтты. Қыздың ашық дауысы іштегі кейбір құлақтары жақсы естімейтін жолаушылардың құлақтарына да анық жетіп жатты. Ол қысқа әрі түсінікті сөйледі. Соның артынша әуе кемесі атша алға қарай сусып тарта жөнелді. Мұндай алапат әуе кемелері әуеге ұшарда шамалы жер ғана жылдам қозғалады. Сөйтіп барып әуелейді. Ол ерекшеліктерінің өзіндік себептері бар.
Әуе кемесі жерден ажырап, әуеге көтерілген соң-ақ жолсерік қыз өзінің арнайы шағын бөлмесінен шығып, слон ішін аралады. Ол жалғыз емес-ті. Әуе кемесінде алты салон бар. Олардың әрқайсысында кемінде бір бір жолсерік қыз. Егер әуе кемесіндегі қызметтер компютерлендірілмесе, онда жолсерік қыздардың қыметі ауырлаған болар еді. Олар көп істерін алдын ала бағдарлап қояды. Сонымен шектеледі. Анау-мынау қара жұмыстарды болса да биотұлғалар атқарады. Олар бүгінде ешбір жолаушыға тансық емес. Сондықтан да олардың қимыол-қозғалыстарына, жасаған іістеріне таңданып отырған бір де бір жолаушы жоқ. Дәрібек қана мамандығы бионик болғандықтан оларға көз қырын салып қояды. Техника атаулы күн сайын жасалып, күн сайын жаңарып отырады. Биотұлғалар да бұрынғыдай көрінгенімен, оларда әдеттегіден көп өзгерістер бар. Оны Дәрібек сияқты бионик мамандар ғана байқай алады.
Әуе кемесі жер бетінен алпыс шақырым биіктікке көтерілгшен бойда аспазшы биотұлғалар ширақ қозғалып, екі қолдарының алақандарына бір-бір пәтүніс ұстап, оларға слынған түрлі тағамдар мен сусындарды жолаушаларға тарата бастайды. Әрбір жолаушыға жақын келіп, бастарын иіп, тағам мен сусында олардың алдарындағы ашылмалы-жиналмалы үстел үстіне еппен ғана қойып, бастарын тағы бір изеп, кейін кетеді. Бүгіндегі әуе кемелерінің салондарындағы әрбір орындықтың алдындағы шағын дастархан-үстелдің жоғарғы тұсында қол-манипуляторлар да бар. Олар мүгедектерге, жас балаларға тамақ жеуге көмектеседі. Олардың ширақ, жеңіл қозғалыстарына кейде көз ілеспейді.Дәрібек анда-санда сол қозғалыстарға қарап қояды. Жаңағы салонды аралап жүргендер сол биоқолдардың көмекшілері тәрізді. Дәрібектің түсінуінше, жаңағы жолсерік қыздар мен биотұлғалар жолаушылардың ұшу кезіндегі үрейлерін басу және көңілдерін бөлу ішін де жүреді. Өйткені, салондағы жолаушылардың бәрі бірдей әуе кемесімен ұшудан тәжірбибелі әрі батыл емес. Үрейленіп отыратындары да көп. Сондайлардың көңілдерін көтеру үішн де жасалады бұл. Салонның қақ ортасындағы жалпақ тіреуге бейнеэкран орнатылатыны о бастан жақсы белгілі. Бүгінде әуе кемесінің ішінде кішігірім концерттер де қойылады. Небір күлдіргілер көңіл көтеретін ойындар көрсетеді. Жолаушылар сондай сондайларға көңіл бөле отырып, діттеген қалаларына қалай жеткендерін байқамай да қалады.
Дәрібек мұндай әуе кемесінде ешқашан да жалыққан емес. Ол әуе кемесіне ірбңр мінген сайын техниканың жаңалығын іздейді. Соны зердесіне құйып алуға тырысады. Бұл жолы да техника саласын білемін десе де көп нәрсені зерделеп алды. Өзінің көп білетін, көп жаңалық ашатын ірі ғалым екенін білдірмей отырды. «Егер мені стереотеледидар экранынан көргендер «Сіз Дәрібек ерманұлы емессіз бе?» демесе, мен өзімді ешқашан да ешкімге таныстырмаймын. «Мен пәленше деген боламын» деп өзін өзі таныстырған пендені көргенде шыдамай да кетемін. Ол адамды не жазушы, не ғалым ретінде оқырман танымаса, онда оның ондай таным дірежесіне жетпегені. Өзім де солаймын. Егер мені әлдекім танып жатпаса, онда өзімнен өзім аты-жөнімді айтып жатпаймын. Ол үлкен әбестік болады» дейтін. Сондай прициппен үнсіз ғана отырған. Әрине, мына әуе кемесінің салонында адам аз емес.
Ғалымның байқауынша, әуе кемесінің салонындағы жолсерік өзін жақсы таниды. Онысын сәлемдесуіне, құрмет көрсетуіне қарап байқаған. Жанында қатар отырған жолаушылар да өзіне жиі көз салады. Бірақ олардың ешқайсысы да өзі ойлағандай: «Сіз Дәрібек Ерманұлы емессіз бе?» деп сұраған емес. Осы тұста Дәрібек өзінің қателескендей болғанын да түсінді. «Мына кең дүниеде маған ұқсас адамдар да көп-ау. Мен Дәрібекпін бе, басқамын ба, өздерінше үрейленіп отырған жолаушылар қайдан біле қойсын. Жаңағы мен ойлағандай сұрақтар қоюға, бәлкім, ыңғайсызданатын да шығар. Тіпті, стереотеледидардың экранынан түспейитін есімдері әйгілі әншілердің өздерін де көшеде кезіктіріп қалғанда, «Сол ма? Сол емес пе?» деп анығына жете алмай қалатынымыз бар емес пе?» деп ойлады ішінен.
Қалай ойласа да алапат әуе кемесі онымен еш санаспай сол жылдамдығымен ұшып келеді. Оның ішінде өзі қатысып отырған шағын тірішілік жүріп жатыр. Тыныш отырғандары шамалы. Жерден алпыс шақырым биіктікке көтерілген соң әуе кемесінің дауысы да бәсеңдей берген. Енді тап бір түзу жолға түскен жеңіл көліктей сезілген. Әуе кемесі Жерден көтерілген бетте бәткен құлағы да жолсеріктің биотұлға көмекшілері ұсынған сусынды ішіп, тәтіден жеген соң қалпына келген. Мұндай қызмет о бастан бар еді. Салон ішіндегі қимыл-қозғалыстарға көзі үйренген соң Дәрібек те тыныш қала алмады.Орнынан жайымен тұрып, жанындағылардан кешірім сұрап, салон ішін аралап кетті. Салонда дүкен, дәмхана, мейрамхана мен сырахана да бар. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын бөлімдер де өзінше қызықты. Әркім өзінің қалаған жағына барады. Былайша ой жіберіп қараған адамға, бұл енді әуе кемесі емес, шағын бір тірішілікті аспан денесі іспетті.
Ана салоннан мына салонға, мына салоннан ана салонға өтіп жүрген адамдар.Кішігірім дәмханада, мейрамхана мен сыраханада әңгіме-дүкен құрып, бір-бірімен емен-жарқын әзілдесіп отырған достар. Дәрібек соларды аралап, ананы-мынаны көпіп көңілін көтерді. Бұл Жер атмосферасынан жоғары аспай ұшатын әуе кемесінің өзі. Ал ғаламшарааралық сапарға ұшатын ғарыш кемелерінің салондарынің іштері болса да кең даладай. Оларда адам баласының жұлдызды әлемді тек қызытап көру үшін ғана емес, зерттеуге де барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан да ғаламшараралық ғарыш кемелерімен сапар шеккен әрбір адам мынанадай әуе кемесін кіп-кішкентай ғана әуе кемесіндей көреді. Салон ішінде еш қорықпастан емін-еркін жүреді. Жол сапарға, іс сапарға жиі шығатын адам әуе, ғарыш кемелерімен ұшуға әбден үйреніп те кетеді. Жиі ұшқысы келіп тұрады. Ал біраз уақыт үзіліс болғанда, оған суып, мінгісі де келмей қалады, мінгенде кәдімігдей сезіктенеді, қорқады. Бұл әуе кемесінің ішінде де ондай адамдар аз отырған жоқ. Кейбіреуі отырған орнынан тырп етпей, екі көзін тарс жұмып, діттеген жеріне аман-есен жеткенін ойлап отыр.
Салондарында осындай думанды тірішілікті әрекеттер жүріп жатқан алапат әуе кемесі Жер бетінен алпыс шақырым биіктікте өз бағытымен ағып ұшып келеді. Егер осындай думанның шырқы бұзылып, әлдекімдер күш көрсетпесе, жолаушылардың бәрі де діттеген жерлеріне әлдеқашан аман-есен жеткен болар еді. Бірақ «Қой аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, орта тұстағы салонда бір топ адам әуе кемесіне қандай да бір құпия жолмен алып кірген тып-тыныш, еш алаңсыз отырған жолаушыларды қарудың қаһарына ұшыратты. Алапат әуе кемесінің барлық салондарындағы думан сап тыйылды. Жолсерік ұлдар мен қыздар да үрейленіп, аяқтарының ұшымен жүре бастаған. Мұнда тек биотұлғалар ғана бәз-баяғысынша емін-еркін өз қызметтерін атқарып, тыныш кезде жадтарына алдын ала жазылған әндерін қайталап айтып жүр.
Бірақ сәл уақыт өтпей олардың да үндері өшті. Қарақшылардың қаба сақалды, денелі, түсі суық басшысы отырған жолаушыларға қарап, былай деп маңғаздана сөйледі:
-Сіздер, осы минут, оасы сағаттан бастап біздің қарамағымыздасыздар!Артық қозғалыс, артық сөз болмасын! Мына қарудың түсіне қараңыздар! Егер мен мұның қажетті түймесін бассам, сіздер қатты дыбысты естіп, қатты жарқылды көресіздер! Бірақ онан кейін де өмір сүре береді кенбіз деп еш ойламаңыздар. Ол сіздердің бұл жарық дүниедегі соңғы сәттеріңіз болады! Әуе кемесі енді сіздер ойлап, асығып отырған елге қонбайды! Оны ұмыта берсеңіздер де болады. Біз әуе кемесін өзіміз көздеген елге қарай бұрғыамыз!Әуе кемесін бақсарушылар біздің құзырымызда! Енді сіздерге бәрі де түсінікті ғой деп ойлаймын! Кімде қандай сұрақ бар? Арманда қалып жүрмеңіздер!
Жолаушылар сілтідей тынған. Жан баласы ләм-мим деп тіл қалпады. Қаба сақалды денелі жігіт салонда отырған жолаушыларды шүңірек көздерімен жай ғана шолып өтті де, ешкімнен жауап болмаған соң келесі салонға өтті. Онда да оған қарсы келетін адам шықпады. Қарақшылардың басшысы енді өзін «Осы әуе кемесінің иесімін» деп санады. Жолсеіктердің ірін өзіне шақырып алды да олаушылардың бәріне сусын таратқызды. Бірақ бір де бір жолаушының артық қозғалуына рұқсат етпеді.
Сол кезде Дәрібек отырған орнынан жайымен тұрды. Жанындағы кісі оған: «Ажал тартып тұр ма, сізді?» дегендей костюмінің етегінен тартып, көзін көзіне қаратып еді, Дәрібек оған назар аудармады. Жаңағы қаба сақалды денелі жігіттің соңынан жүрді. Әлдекімнің соңынан жүріп келе жатқанын сезе қалған ол жалт бұрылды. Отырған жолаушылар сол замат елең етісіп, өздері үшін жанын құбан етуге бел байлаған Дәрібекке әрі үрейлене, әрі таңдана қарады. Дәрібек оған да назар аудармады. Бар назары алдындағы сақалды жігітте. Екеуі бір ірін көздерімен атып тұр. Мұндай әуе кемелерін жасырын қаруланған қарақшылардың осылай бұрып әкетуі бірінші рет болып отырған оқиға емес. Ал мынандай қарулы, қауіпті қарақшыларға қарсы шыққан адамды жолаушылар алғаш рет көріп отыр.
-Қаба сақалды жігіт сәл үнсізқдіктен соң Дәрібекке қадала қарап тұрып:
-Иә,мен сізді өте мұқият тыңдап тұрмын, не айтпақсыз маған? Айта беріңіз!еді сұстана түсіп.
-Әуе кемесін қай елге апармақсыздар? Жолаушыларды қайтпексіздер? Біздің күнәміз не?
-Ондай сұрақ қоятын сіз кімсіз?! – леді қаба сақады жігіт.
-Мен ғалыммын.
-Мамандығыңыз қандай?
-Бионик.
-Жақсы екен! Бионик екеніңіз көрініп тұр! Бәлкім, биофантомас та шығарсыз?! – деп, сақалды жігіт жан-жағындағыларына қарап рахаттана күлді.
- Менің айтқан өтінішімді қаыл алыңдар. Жолаушылардың еш күнәсі жоқ бұл тұста,-деді Дәрібек жай ғана.
-Жолаушыларға араша түскіңіз келеді! Түсінікті! Ал қазір одан да бұрын өз өміріңізге қауіп төніп тұрғанын ойламайсыз ғой?
-Мен бәріне де дайынмын. Мұнда жас балалар бар. Е-һе, солай деңіз! Бәрі түсінікті! Өте балажан көрінесіз ғой!
-Балалар біздің ұрпақтарымыз, болашағымыз емес пе? Өздеріңіз де бір кездері осылардай бала болған шығарсыздар.
-Доғарыңыз сөзіңізді енді! – деді қаба сақалды жігіт дауысын көтеріп,-Орныңызға барып отырыңыз! Әйтпесе...
-Сіз әуелі менің өтінішімді орындаңыз.
- Шамасы, сіз, мына жарық дүниемен көп қиналмай қоштаспақсыз? Солай ғой,шамасы?!
-Мұны қалай түсінуге болады?
- Былай!
Қаба сақалды жігіт оң қолымен белдігінің оң жақ бүйіріндегі қорамсақтан тапаншасын суырып алды да ғалымның кеуде тұсына кезеді. Дәрібек сескенгендей сәл кейін шегінді. Содан соң байқатпастан аттас магнитті жұқа комбинезонын іске қосты. Қаба сақалды жігіт әлі атқан жоқ. Дәрібектің өз орнына барып жайғасуын талап етті. Дәрібек үш метрдей жерге шегініп барып кідіріп тұрып қалды. Қаба сақалды жігіт мұнысына шыдамай қолындағы тапаншасының шүріппесін басты. Тапаншаның дауысына демдерін іштеріне тартып отырған жолаушылар шу ете түсті. Бірақ тапанша оғы Дәрібектің кеудесіне жеңіл доптай ғана тиіп, еденге түсті. Одан допша секіріп, әуе кемесінің қабырғасына соғылды. Отырған жолаушылар қозғалақтап кетті. «Ғалым аға, айтқанда өз орныңызға отыра қойсаңыз қайтеді? Енді жағдайыңыз қындайды ғо»» деп жанашырлық білдірді бір-енкі жолаушы. Дәрібек оны тыңдамады. Жылдам басып қорқып тұрған жолсерік қызға жетті де:
-Ұшқыштарға тез айтыңыз! Әуе кемесін өзі бағытына бұрсын! Ал мен мыналарды оларға жібермей тұрамын!
Қыз да ширақ қозғалып, ұшқыштардың бөлмесіне кіріп кетті. Сол кезде қаба сқалды жігіт ештемені түсінбей сәл абдырап тұрып Дәрібекке қарай екінші оғын атты тапаншасынан. Ол оғы да алғашқыдай жеңіл допқа айналды. Түкті түсінбеген қаба сақалды жігіт оң қолына қанжарын ұстап, Дәрібекке тұра ұмтылып еді, оған қандай да бір құпия күш үш метрден әрі жақындатпады. Мұны көрген жолаушылар тағы да демдерін ішке тартты. Дереу достарын көмеекке шақырды. Олар да Дәрібекті жан-жақтан тапаншаларынан оқ атқылап тұр. Ол оқтарының бәрі де Дәрібекке жай ғана тиіп, кішкентай ғана доп сияқты әуе кемесінің еденіне шашылып қалды. Қарақшылар тобы сасайын деді. Қаруларын тастай-тастай сала Дәрібекті қоршай ұстамақ еді, ол әрекеттерінен де ештеме шықпады.
Жолаушыларда әлі үн жоқ. Дәрібекке қай қайсысының да көмектескісі келеді. Бірақ қраусыз болғандықтан амалдары құрып отыр. Жолаушыларға қарақшылардың атқан әрбір оғы да, қанжары мен жұдырығы да қауіпті. Олар Дәрібектің не күшіне сенетінін енді түсінді. Ал оның нендей күш нкенін ешқайсысы да ажырата алмады. Бәрі де аса қажет жағдайда орындарынан тез түрегелеіп, қарақшыларға лап қоюға даяр. Ондай жағдайда қарақшылар қолдарына ұстаған жарылғыштарын жармақ. Ол жарылды деге сөз, іштегі күллі адамдар ғана емес, әуе кемесінің өзі де жоқ деген сөз. Сондықтан жолаушылардың осылай қозғалыссыз, үнсіз отырғандары да жөн еді.
Дәрібек пен қарақшылардың арасындағы қақтығыс жалғасы п жатты. Қарақшылар енді сәлден соң Дәрібекке ештеме жасай алмайтындарын сезді. Дәрібектің киімінің ішкі жағында бір құдіреттің барын да білді олар. Сонан соң бәрі де тапаншалары мен қанжарларын орын орнына салып, бір бірімен қол ұстасып, ғалымды қоршай түсті. Сонда да Дәрібекке үш метрден әрі жақындай алмады,бірақ магнит желімен Дәрібекті ілгері қарай итере берді. Ол кейін бұрылып қарағанда өзінің кеме қабырғасындағы қосалқы шығар есікке жақындап қадғанын көрді. Осы кезде әуе кемесі де бағытын түзеп, көздеген қаланың әуежайына қонуға бет қойған. Дәрібек уақытты соза түсуге тырысып еді. Қарақшылар жанталасып, соңғы күштерін сарқа пайдаланғылары келгендей сол топтасқан бойда Дәрібекті есікке қарай жақындата берген.
Мұны көрген жолаушылар онан сайын үрейлене түскен. Бірақ олардың арасында да Дәрібекке көмек көрсетуге бел шешіп отырған топ жігіт бар еді. Тек әзірге сыр бермеген. Сыр берсе, қарақшылардың бірі қолындағы жарғышын жарып жібермек. Сәлден соң әуе кемесінің қосымша шығар есігі ашылды. Қарақшылар Дәрібекті тықсыра-тықсыра сол есікке жеткізіп, жерге қарай құлатып жіберуге әрекеттенген. Сол кезде бір бірін ыммен түсініп, шабуылға дайын отырған денелі-денелі жігіттер орындарынан жылдам ұшып-ұшып түрегеліп, қарақшыларға лап қойды. Бірақ жетіп үлгермеді. Дәрібек қосымша есік арқылы сыртқа қарай ұшып кетті. Артынша жеткен топ жігіттер қолдарына бір-бір жарылғыштары мен қарулары бар қарақшылардың өздерін сол есіктен жерге қарай ұшырды. Содан соң тез арада қосымша шығар есікті қайта жапты. Ұшқыштар салондағы оқиғаны бейнекамералар арқылы түгел көріп отырғандықтан іштегі жылуды реттегіш жүйелерді тез іке қосыт. Жолаушылар шамалы тоңып, қайта жылынды.
Әуе кемесі де, жолаушылар да үлкен қатерден арылды. Іштегілердің бәрі де мең-зең күйде тым-тырыс отыр. Бәрінде де Дәрібекке дегегн сүйініш сезімі бар. Оны қолдауға шамалары келмесе қайтсін. Бұл кезде әуе кемесі де төмендеп, діттеген қаланың әуежайына қонуға келе жатқан еді. Іштегі жағдай қайта жанданды. Жолсерік жолаушыларға осындай ауыр қатерден құтқарып қалған Дәрібек есімді ұлы ғалымның есімін ешкімнің ешқашан ұмытпайтынын айтты.Әуе кемесі алапат болғандықтан ондағы жолаушылардың саны да көп. Олардың арасында тілшілер де, жазушылар мен ғалымдар да бар. Әрқайсысы бір-бір естелік, әңгіме жазса, соның өзі де Дәрібекті есте сақтаудың басты белгісі болар еді.
Сәлден соң жолсерік қыз әуе кемесінің әуежайдағы қонатын жолаққа таяп қалғанын хаббарлады.Жолаушылар қозғалақтап, белдіктерін бекем буынып, тып-тыныш отырды. Төменде қала үйлерінің Күн сәулесіне жылт-жылт еткен теезелері, шахмат тақтасындағы сызықтардай бір бірімен қиылысып жатқан көптеген көшелер, сол көшелерде әрі-бері тынымсыз ағылған түрлі көліктер мен ерсілі-қарсылы жаяу жүріп жатқан тұрғындары көрінді. Жолаушылар қуаныштан ду қол соқты.
Жалғыздықта
Дәрібек әуе кемесінің қосалқы шығар есігінен жерге қарай ұшқан бойда салмағымен жылдам құлап, әп-сәтте жер бетіне жетті. Егер Дәрібекте қалқыма болғанда, ол дәл осылай жылдам құламас еді. Енді бір әлемнен екінші әлемге көзді ашып-жұмғанша ауысқандай күй кешті. Ал әуе кемесіндегілердің өзін дәл осылай дін-аман қалады деп ойламасы хақ. Өзі жасаған аттас магнитті жұқа комбинезонының кері тебу күшінің арқасында жер бетіне үш метр жетпей, жерге соғылмай жеңіл допша кері серіпіліп-серпіліп дін-аман қалды. Егер комбинезоны болмағанда болса да сондай жылдамдықпен құлаған бойда келіп жер бетіне қатты соғылып мерт болған болар еді. Магниттің тебу күшінің құдіреті деген осы еді. Денесі қашша салмақты, құлау жылдамдығы өте жоғары болса да жер бетіне үш метр жетпеді. Тап бір арнайы алдын ала төселіп қойылған қандай да бір жұп-жұмсақ бірдемеге тигендей ғана сезімді басынан кешті.Сөйтіп барып тынышталған.
Шамалы уақыттан соң Дәрібек жатқан орнынан жайымен тұрып айнала-төңірегін барлай бастады. Қандай да бір таулы аймаққа түсіпті. Өзінен үш шақырымдай жерде орман бар. Жаз мезгілі. Күн ыстық. Дәрібек терлей де бастаған. Костюмін шешіп, аттас магнитті жұқа мөлдір түсті комбинезонын істен ажыратты. Содан кейін: «Бұл маңда ел жоқ па екен?» деген оймен жан-жағына көз салды. Ілгері қарай шамалы жүргенде әуе кемесінде өзіне оқ жұмсаған қаба сақалды жігіт пен оның сыбайластарының өлі денелерін ұшыратты. Денелері адам танымастай мылжаланған екен. Құдай оларға өз ниеттеріне сай сазайын беріпті. Дәрібек оларға ұзақ қарап тұра алмады, жайымен жандарынан өтіп кетті. Қаба сақалды жігіттің өзі де, сыбайластары да енді ешбір қозғалысыыз қара құсқа жем болуға дайын жатыр. Әншейінде өлі денеге шыдап қарап тұра алмайтын Дәрібек бұл жолы қарақшылардың өлі денелеріне ызалықпен қадалды. Бұл өліктердің жер бетінен табылуы әуе кемесіндегі жолаушылардың дін-аман екендіктерінің айқын белгісі еді. Дәрібек іштей соған қуанды.
Содан соң енді бұл жерде көп тұрудың қажет емес екенін іштей түсініп, ілгері қарай жүріп кетті. Күн кешкірмей тұрып қандай да бір елді-мекенді, онда түнейтін жерді табу қажет еді. Шамалауынша, бұл ешқашан қыс болмайтын аймақ. Жыл бойы осылай ыстық олып тұратын сияқты. Айнала-төңіректегі тамылжыған табиғат көрінісі соның дәлеліндей еді. Мұндағы өсімдіктер де, биік өсіп тұрған жапырақты ағаштар да өзіне бейтаныс. Дәрібек ілгі өлгендердерге алғашында іштей қуанса да енді мына жалғыздықта елегізе бастады. Ал түн мезгілінде бұл аймақтың мұнан да қорқынышты болатыны сөзсіз. Ғалым терлеп-тепшіп біршімі жол жүрді. Жол бойы өзіне таныс емес көптеген түрлі нәрселерді көрді. Оның бәрі де Дәрібекке қызық. Осындай бір күтпеген оқыс оқиға болсаса, мұндай жерге бәлкім, ешқашан да түспес пе еді. Тағдыр өзін аспанда ұшып кетіп бара жатқан әуе кемесінен осылайша тастай салғандай болды.
Мұндай бөтен аймақта күтпеген қауіп-қатердің төнуі де әбден мүмкін. Сондықтан да ендігі бар қаруы мен қорғанысы денесіндегі аттас магнитті жұқа комбинезонын кез келген сәтте қайта іске қосуға дайын жүрді. Оң қолына жерден тауып алған үлкен ұзын таяқты мықтылап ұстап жүріп келеді. Қалың өскен орман ағаштарына жақындағанда ол жақтан нешетүрлі дыбыстар мен дауыстар естілді. Олдыбыстар мен дауыстардың көбі дерлік Дәрібекке бейтаныс. Кей дыбыс болса да қорқынышты. Егер үстіндегі комбинезоны болмаса, тіпті де әлжуаз сезінер еді өзін. Кез келген сәтте өзін көрген күшті жыртқыш өзін азық етпекке шауыл жасамақ. Дәрібек дәл өзі сияқтанып айдалада жалғыз қалған адамдардың тағдырлары жөнінде жазылған кітаптарды көп оқыған, бейнефилмдерін көрген. Қаладағы тынымсыз шудан, кейбір замандастарының оғаш мінез-құлықтарынан жалыққан кездерінде қала маңындағы қарлы-шыңды биік тауға қарап: «Шіркін, осы тауға біржолата кетіп, ондағы қалың орман ішінде жападан-жалғыз, тып-тыныш тірішілік кешер ме еді?» деп те ойлаған кездері болған-ды. Енді тап сол ой-ниеті орындала қалғандай. Бұл өмірде шулы қаладан жалығып, орманды жерге барып жападан жалғыз күн кешкен адамдар да жоқ емес. Дәрібек олар жайлы да қызыға оқушы еді.
Бірақ мына жалғыздық өзіне мүлдем басқаша әсер етті. Жалғыздық, тыныштық тек айтға ғана жеңіл екен. Басқа түскенде онан ауыр, онан қорқынышты нәрсе жоқ. Біраздан соң Дәрібектің жүрегі сазды. Не күлерін, не жыларын білмеді. Қолында телебайланыс құралы да жоқ. Ондай бірдемесі болса, әуе кемесіндегілер өзін оп-оңай тауып алар еді. Енді мына жағдайда өзін қайдан тапсын іздеушілер. Алапат әуе кемесінің ұшу жылдамдығы да оңай жылдамдық емес. Өзі ішінде болған кездің өзінде әуе кемесі талай мыңдаған шақырым қашықтықты кейінге тастаған. Қайта жерге қарай құлар кезде әуе кемесінің қонар аймағына қарай төмендегені де жақсы болды. Әйтпесе, алпыс шақырым биіктіктегі суықтан жылы ауалы жер бетіне түскенше қатып та қалмақ. Дәрібек өзі мен соңынан құлаған қарақшылар төмендегенде әуе кемесінің қайта жоғары көеріліп кеткенін анық көрді. Бір жаманы, әуе кемесінің соңында ұзақ сақтлатын із қалмайды. Жер бетімен зулап бара жатқан жеңіл көлік болса, оның ізіне түсіп, жол табуға болар еді. Дәрібек оны да ойламай қалған жоқ.
Енді мына жағдайда ой қуалайтын күй жоқ. Нақ төбеден шақырайған Күн сәулесі тұла бойын терлетіп, әлсіретуге шақ қалған. Ашыққанын онша сезбей келе жатқаны да осы аптаптан еді. Қалың өскен орман ағаштарының арасынан бөтен дыбыстар мен даучтар естілсе де, енді онан басқа пана жоқ. Орманның өзі де былайша қарағанда өзінше бөлек тұрған бір шағын мемлекет сияқты. Оның ішінде түрлі ұлттың өкілдері сияқты түрлі аңдар мен құстар тірішілік етеді. Олар күнде көретіндіктен бір бірлеріне үйренген. Бір бірін адамдар сияқты қаламайтындары да бар. Ондай жыртқыштар мен бауырымен жорғалаушыларбір бірімен кездейсоқ кезігіп қалғанда арпалыса кетеді. Жеңгені жеңілгенін мерт етеді. Ондай жыртқыштық әрекеттер Дәрібекке тансық емес. Ондай жыртқыштық әрекеттердің талайын бейнефилмдерден көрген. Енді оның нағыз отатынан келді күтпеген жерден. Сақтанбасқа еш шарасы жоқ. Денесіндегі аттас магнитті жұқа мөлдір түсті комбинезон көмектессе, әлі талай қатерлерден аман қалады. Қандай н жыртқыш болса да өзіне үш метрден әрі жақындай алмайды. Бұл да бір ақыл жетпес құпия күш тәрізді.
Орман шетіне жеткенде Дәрібек қатты терлеп те кеткен-ді. Қалың жапырақты ағаштардың көлеңкелеріне енісімен жаны жай тапқандай болды. Бірақ бәрібір тымырсық. Жасыл өсімдіктер қанша көп өсіп тұрса да ауа жетпей тұрғандай сезіледі Дәрібекке. Жаңағы дыбыстар мен дауычстар да күшейе берген. Орман іші қайнаған жабайы өмір. Тек санасыздар. Әрбір тірішілік иесі күндіз де, түнде де өзінің азығын, жемін іздейді. Қай қайсысы да кезіккенін қалт жібермеуге тырысады. Ләрібек табиғаттағы осындай жануарлар, жыртқыштар, құстар, бауырымен жорғалаушылар мен жәндіктерді зерттей жүріп, солардың небір ғажайып қабілеттеріне сай биотехника ойлап табуды үнемі армандайтын. Өзінің мамандығы соған сай болған соң қайтсін. Ал енді мына ортаға тағдыры: «ал, енді зертте, қанша түрі керек. Жануарлардың да, жыртқыштардың да, құстар, баурымен жорғалаушылар мен жәндіктердің де түрлері жетеді» дейтіндей. Дәрібек орман шетіне кірген соң онда сылдырай ағып жатқан мөлдір сулы бұлаққа еңкейді. Оның суы сап-салқын еді. Бұлақ суы ішінде де өзінше тірішілік етіп жатқан тірішілік иелері жеткілікті екен. Ыстықтан жүрегінің сазғанын қатты сезінбеген Дәрібек енді бұлақ суынан ішті.
Сөйтіп жан шақырғандай болды. Бойы да алғашқыдан гөрі сәл үйреніп, айналаға басқаша көзбен қарай бастады. Көздері де алғашқы кездегіден анығырақ көре бастағандай сезілді. Дыбыстар мен дауыстар да тап жанында тұрғандай анық естіледі. Дәрібек сәлден соң ағаш басына назар аудара бастады. Мұндай бейтаныс, қауіпті ортада жерде демалу еш мүмкін емес. Күн де едігі төбе тұстан ауып қалған батыс көкжиекке қарай. Әне-міне дегенше, кеш те болмақ. Ол кезде мына ормандағы жарқыш атаулының бәрі де азықтарын іздеуге, жортуылға шығады. Ал көзге іліге бермейтін улы жәндіктер өмірге тіпті де қауіпті. Дәрібек енді өзінің келмеске кеткен жастық шағын есіне алды. Өзі тулып өскен ауыл-қала да таулы аймақта орналасқан. Ол тауларда небір үңгірлер де бар. Мектепте оқып жүрген жылдарында, жаз айларындағы демалыста мектеп мұғалімдері өздерін тауға саяхатқа алып баратын. Сол жолда талай рет қауіпті деген улы жәндіктер мен бауырымен жорғалаушыларды кезіктірген.Әсіресе жылан атаулы жолдарын жиі кесетін. Сонда өздері кейбір жыланды жазықсыздан жазықсыз өлтіріп те кететін. Ал енді мына бейтаныс орманда тіпті, майда деген шыбын-шіркелйерге де қол жұмсауға батпайды. Өйткені, енді бөтен ортада жалғцыз.
Дәрібектің жалғыз сенетіні үстіндегі комбинезоны. Егер онысы болмаса, кез келген уақытта қандай да бір жыртқыштың аузына оп-оңай түспе. Бұл тұста Дәрібектің көз алдына ерегілердегі жыртқыштардың арасында өскен жас баланың бейнесі көз алдына елестеп кетті. Енді өзі де сол шығармалардағы кейіпкерлердің біріне айналғандай. Тағы бұл оқиға күтпеген жерден тез болды. Аспаннан осылай түсе қалды. Ғалым бұлақ басында отырып, кішкене жан шақырған соң орман ішін аралап жөнелді. Ыстық аймақтың үйренбеген адам жаны төзер жері де осы еді. Мұнда адам баласы түнде де тоңбайды. Тек айнала-төңіректен естілген түрлі дыбыстар ғана елеңдетеді. Маймылдардың бір ағаштың бұтақтарынан екінші ағаштың бұтақтарына секіргендері естіледі. Бір кездері осындай Маймылдарды ауыл-қаладағы жануарлар бағынан көріп, қызытаған болса, енді олардың нағыз отанында жүр. Жануарлар бағындағы үнемі қамаудағы Маймылдармен мұндағы еркіндіктегі Маймылдарды бір бірімен салыстывруға еш келмейді.
Әлден уақытта Дәрібек бастары жап-жалтыр, шаштары да, үсті-бастары да аққулардай аппақ Маймылдарды көрді. Оларды елде «Жалтыр бас Маймылдар» дейтіндері де есінде. Бұлардың тірішілік әрекеттері де қызық.Ағаштардың бұтақ бұтақтарында Дәрібекке қызытай қарап отыр. Олардың тптанып алып өзіне қарай лап қоймасына кім кепіл? Дәрібек ол жағын да ойлаған. Оларға байқатпай ғана комбинезонының іске қосатын түймесін оң алақанының сұқ саусағымен жай ғана сипап өтті. Енді өзіне төнер қауіп жоқ. Осы кезде әлі бұтақ-бұтақтарда отырған жалтыр ас Маймылдар бастарын шұлғып-шүлғып алып, жұдырықтарын бір біріне соғып-соғып алды. Ғалым онысының: «Мына жер менікі. Жақын келуші болма» дегені екенін бірден түсінді. Сондықтан да ондай жерге кідірмей, айналасын көзімен жиі шолып жүріп келеді. Өзіне тесіле қарап отырған Маймылдар алғашында ес көрінген еді. Енді олардан біршама жерге ұзап кетсе де сескене бастады. Өйткені олардың қыолықтары мен шұғыл әрекеттерін жете білмейді.
Дәрібекке ең керегі алғашқы түнді қауіпсіз өткізетін орын. Ондай орынды ол ағаштардың бұтақтарынан іздеп келеді. Ағаштардың діңдері мен бұтақтары күтусіз, отаусыз болғандықтан қалай болса солай өіп кеткен. Дәңдері мейлінше жуан. Олардың жиі тарамдалған бұтақтарының үстіне тіпті, шағын ағаш үйшік те орнатып алуға болады. Дәрібек сондай бір үйшік орнатып алуды да іштей арман етті. Ал оған уақыт қайда, жағдай қайда. Одан да бұрын ол үшін балта, ара, балға мен шеге сияқты құрал-саймандар керек. Оларды қайдан таппақ. Мұндағы тірішілік әрекеттері де мүлдем бөлек. Ара-тұра күтпеген жерден қатты шыққан дауыстан Дәрібек шошып та қалады.
Сөйтіп жүріп, жалтыр басты ақ түсті Маймылдардан көп алыстап, діңі үлкен бір ағаштың бұтақтарына шықты. Оның көлденеңдей өскен бір үлкен бұтағына үш адам қатар жата алады екен. Оның ұшы жағында адамның оң қолының бес саусағындай тарамданып келген бұтақтары бар екен. Дәрібек соған дейін жайымен өрмелеп барып жайғасты. Айналасының қауіпсіздігіне көзін жеткізді. Енді күтпеген жалғыздықтағы алғашқы түнін осы адамның алапат алақанындай болып өскен бұтақтардың үстінде өткізбек. Шаршағаны да, қарнының ашқаны да, ыстықтағаны да бар, жапырақты жайлы бұтақтардың үстіне шалқалай жатқан бойда ұйқтап кетті.
Аяулы азамат
Үлкен әуе кемесіндегі жолаушылардың күтпеген бір қатерден аман қалғандары жөніндегі хабарлар ақпарат құралдары арқылы дүние жүзі халықтарына лезде тарап үлгерді. Ішіне кездейсоқ қарақшылар еніп кеткен кемедегі жолаушылар әдетте дәл бұлай құтылмайтын. Ең ғажабы, сол қарақшылар кемедегі бір ғана адамнан қорыққан. Оған қарсы келе алмаған. Ол адамның аты-жөнінің Дәрібек Ерманұлы екені де белгілі болды. Дәрібектің ондай ғажайып қабілетінің барын көп адам біле бермейтін. Ғылыми-зерттеу институтында бірге қызмет жасайтын ғалымдар да оның нағыз ғалым екендігін мойындай бермейтін. Ал Дәрібектің нағыз ғалым екенін жанындағыларынан гөрі сырттағцы жұрт жақсы білетін.
Жол сапарға аттанып кеткеннен кейін Дәрібекпен болған оқиғаны естіген биониктер аң-таң болған. Адам баласының құпия қабілеттері мол. Тек сол қабілетін орнымен пайдалана білсе. Дәрібектің нағыз ғалым екені елге көптен белгілі. Ал мына өзі қызмет еткен ортадағы жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы айрықша еді. Ең бастысы, оның ешкімге зияны тиген емес. Қай кезде де өзінше әлденені ойлап жүргені. Сол ғалымдық пен анандай жағдайға ұшыраған бір қауым елді қатерден аман алып қалғаны, сол әрекетте әуе кемесінен өзін өзі жерге қарай тастап жібергені бір жағынан әріптестерін мақтаныш сезімге бөледі, екінші жағынан өкініш тудырды.
Осылайша Дәрібектің тек қана ұлы ғалым емес, батыр азамат екені де әлем халқына белгілі болды. Оның әуе кемесіндегі соншама қарулы қарақшыларға қорықпай жалғыз қарсы тұруы, олар тапаншаларынан атқан оқтардың бір де біреуінің дарымауы да өзінше бөлек жұмбақ еді. Дәрібек ғалымдардың ішіндегі білімдісі, серкесі, еңбекқоры еді. Сонда да оның таза еңбегі аса бағалаған емес. Оған жаатып алып, атын өзіне жазатын жалған ғалым бастықтары да жоқ емес еді. Сондай көлеңкенің астында жүріп, Дәрібек қарапайым ғана ғалым саналды. Енді тағдырдың өзі оның есімін осы бір оқыс оқиға арқылы әлем халқына әйгілі етті де жіберді. Атақты болу да, атақты ғалым атану да тек таныстықтың ісі деп санайтын кейбір жалған ғалымдар да енді ойлана бастаған. Адал еңбектің де бірде бошлмаса да бірде бұлттан шыққан Күндей жарқ ете қалатынына көз жеткіізген. Тек ендігі өкініш, Дәрібек қатарларында жоқ. Оны іздеу жұмыстары сол күннен бері тынымсыз жүргізіліп те келеді. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Әуе кемесін басқа елге қарай бұрып әкетпек болған қарақшылардың өлі денелері де әзірге табылмаған. Іздеу ісі жалғасып жатыр.
Бионика ғылыми-зерттеу инстиутының ғалымдары Дәрібектің өлі денесі табылмайынша онымен қоштасу рәсімін өткізуден бас тартты. Ешқайсысы да жағдайы әзірге белгісіз болса да Дәрібекті өлімге қиған емес. Тек кең фойеге оның үлкейтілген суретін қойып, оған құрмет көрсетіп жүрді. Ал оны іздеу ісі болса да бір минутқа да тоқтаған жоқ. Соңғы кездері ол іздеу жұмысына осы ғылыми-зерттеу институтының бірнеше ғалымы да тартылды. Жерден жылдам ұшып, жерге жылдам қона алатын әуе кемесімен ол құлаған аймақты мұқият зерттеу ісі жалғасып кеткен. Соған қарамастан күн өткен сайын Дәрібектің даңқы арта түсті. Сол әуе кемесінің салонында болған, сол сәтте жанын шүберекке түйген әрбір жолаушы енді Дәрібекке ғұмыр бойына қарзыдар да еді. Сондықтан да Бионика ғылыми-зерттеу институтына жан жақтан бейнетелефон қоңыраулары тынымсыз соғылып, жеделхаттар лек легімен келіп жатты. Оларда: «Дәрібекті қалай да табамыз. Оны табуға көмектесеміз» деп жазылған. Осылайша, ғалымды іздеу үрдісі дүниежүзілік мәнге ие болды. «Ғалым Дәрібек ерманұлы» дегенді білмейтін жан да енді кем де кем.
Бір топ ғалымдар мен зерттеушілер мінген бесаспап әуе кемесі оқиға болған аймақты айнала ұшты. Ол аймақ шамамен белгілі еді. Ғалымдардың арасында Дәрібектің Тілеухан, Жұмахан есімді сырлас достары да бар. Әуе кемесі жерден онша биікке көтеріліп ұшпағандықтан жер беті ап-анық көрінеді. Жазық, таулы жазық, ойпат, орманды жазық бейнефилмдегідей көз алдарынан өтіп жатыр. Ғалымдар үнсіз. Ал ол үнсіздікке Тілеухан мен Жұмахан шыдамады.
-Бәріміз бұлай тым-тырыс отырсақ, Жер шарын айналып шығармыз,-деді Тілеухан көзілдірігін қозғап қойып,-Мына әуе кемесінің ішіндегі жер бетін бақылау-зерттеуге арналған күрделі жүйелерді пайдаланайық та. Менімше, олардың бәрі де осы жазыққа құлаған.
-Ол түсінікті,-деді ғалымдар тобын бастап, басқарып келе жатқан академик Мұрат Сақтағанұлы,-біз мұнда әуелі сол алапат әуе кемесінің қандай жылдамдықпен ұшып өткенін, Дәрібек пен қарақшылардың аспаннан жерге қарай қандай жылдамдықпен құлап түскен үдеуін анықтауымыз керек.
-Сонда ол жағы осы кезге дейін белгілі емес пе еді?- деп қалды оған жалт қараған Жұмахан.
-Белгілі. Бірақ ол жердегі есеп. Ал қазір біз осы кемемізді сол кеменің ұшу жылдамдығындай жылдамдықпен үұшырып, одан құлаған адамдардың түсетін аймағын дәл анықтауымыз керек. Сонда ғана оларды тауып алу оңайға түспек.
-Олар, әрине, тірі емес. Егер тірі болса, түскен жерлерінен әлдеқашан жылжып, жүріп алыстап кетпей ме?
-Иә. Ол да дұрыс,Тілеухан. – академик Мұрат Сақтағанұлы осыны айтып сәл кідіріп қалды.
Сол кезде ғалымдар отырған жұмсақ орындықтардың қарсы тұсындағы экраннан әлденелер көрінді. Әуе кемесі ұшып келе жатқан тұстың төменгі жағы таулы аймаөқ екен. Тегісінде ағаштары қалың өскен орман бар. Апатпты ыстықтың қысып тұрғаны да білінеді. Әуе кемесінің ішінде желдеткіш пен мұздатқыш жұмыс жасап тұрмаса, ғалымдар әлдеқашан терге түскен болар еді. Енді өздерін өз елдерінде, өз үйлерінде отырғандай сезінеді. Тек академик қатты толғанғандықтан соның өзінде де терлей бастаған. Өйткені экраннан көрінгендер іздеген адамдары емес еді. Әуе кемесі оның тұсынан лезде ұшып өте шықты. Бірақ осы кезде академик ұшқыштарға әуе кемесін осы аймақта брнеше рет айналдыра ұшыруды өтінді. Әуе кемесі жердегі азығына аспаннан шүйылған Бүркітше сәл төмендеп, аймақты айналып ұша берді, ұша берді.
Айналым барысында жаңа әлденелер болып байқалғандарды арнайы ұлғайтқыштары бар экраннан қайта қарағанда, олардың өліп жатқан қарақшылардың денелері екені айқындалды. Оны көрген ғалымдар елең етісті. Кейбіреуі іздегендерін тапқандарына іштей қуанып та үлгерді. Ал Тілеухан мен Жұмаханның жүректері сыздап қоя берген. Өйткені, ол жерде Дәрібектің өлі денесі жоқ. Екі жан досы Дәрібекті ешқашан да өлімге қиған емес. «Қарақшылардың өліктерінің арасында оның денесі болмаса екен» деп тіледі іштерінен екеуі. Өлі денелерді ап-анық етіп көрсетіп тұрған экранға да енді қарағылары келмеген. Әуе кемесі сол тұсқа қарай төмендей берді. Төмендеген сайын бөтен аймақтың ғажайып табиғаты да анықтала түскен. Қарақшылардың денелері тас-тасқа соғылып, мылжа-мылджа болған. Кейбіреуінің бет-әлетін тану да қиын.Іуе кемесі ұшу жылдамдығын күрт азайтып, тік төмендей түсті. Енді сәлден соң іштегілер жұмсақ тірелуді сезді. Артынша әуе кемесінің үні өшіп, айналада тыныштық орнады. Ғалымдар сыртқа шықты. Жаңва ғана әуе кемесіндегі экранда бір біріне жақын жатқандай көрінген қарақшылардың өлекселері енді бір бірінен әжептеуір қашық болып кеткендей. Ғалымдар уақыт жоғалтпастан іздеу-зерттеу жұмыстарына кірісіп те кетті. Кейбірі жансыз жатқан денелерді әр қырынан суретке түсырып алып жатты. Кейбір денелерді әлдеқандай жыртқыштар жартылай жеп те үлгеріпті. Дененің кейбір ірі мүшелері ғана қалған. Ғалымдар ондай денелерге арнайы құралдарын қолданады. Сонда ол құралдың экранынан дененің желінгенге дейінгі тұтас бойы көрінеді. Кіп-кішкентай экранда сап-сау, бүп-бүтін адам жатқандай болады.
Тек бұл өліктердің арасынан Дәрібектің денесі табылмады. Күрделі құралдардың көрсетулерінше, адамдардың құлап түсу траекториялары дәл осы жерге дөп келген. Сондықтан да мұнда Дәрібектің де өлі денесі болуға тиісті еді. Жаңа ғана әуе кемесі ішінде отырғанда Дәрібекті өлімге қимаған Тілеухан мен Жұмахан да енді алаңдай бастаған. Адамның із-түзсіз жоғалғаны кім кімге де ауыр. «Оны осындағы бір жыртқыш алысқа әкетіп қаужап жеп қойды ма екен?» деп бір ойлап қойды Тілеухан ішінен. Сонда да оны табудан үміттерін үзбеген ғалымдар зерттеулерін ұзаққа созлды. Кейін үлкен әуе кемесінің екі бүйіріне бекітілген арнайы шағын көліктермен де барлау жүргізілді. Ештеме жоқ. Тіпті, ғалымның жерге қатты соғылған орны да табылмады. Бұл ғалымдарды бей-жай етті.
-Дәрібектің бұлайша ізім-ғайым жоғалуы өте өкінішті,-деді барлау-зерттеу жұмыстары толығымен аяқталған соң Мұрат Сақтағанұлы терең күрсініп,-Қанша жетілдік, дамыдық, түрлі күрделі құралдар ойлап таптық десек те, бұл өмірдің құпия-сыры таусылатын емес. Кейде осылай оп-оңай табылатын нәрені де осылайша анықтай алмайтынмыз бар. Енді қайтейік. Бірақ зерттеулерімізді тоқтатпаймыз. Шамалы уақытан соң қайта ораламыз бұл жерге. Зерттеуіміз осымен аяқталды. Дәрібек аяулы азамат еді. Амал қанша...
-елдегілерге не дейміз енді?-деді артынша Тілеухан жан жағына ойлана қарап,- осыншамыз жүріп оның еш болмаса өлі денесін де таба алмағанымыз ұят болды-ау!Көңіліміз де орнықпады.
-Ал егер ана қара орманның ішінен іздесек ше? – деп Жұмахан сол жаққа қадала қарады.
-Мына ап-ашық жерден таба алмаған Дәрібекті қалың ағашты орман ішінен қалай кезіктірмекпіз? Оған баруға ешбір негіз жоқ. Қалай дегенде де оның өлі денесі осы жерде болуы тиісті еді. Ал мұнда жоқ екен, онда басқа бір жағдайдың болғаны,-деді академик Мұрат Сақтағанұлы.
-Ал оның аман қалуы мүмкін бе?-деді Тілеухан ғалымға қарап.
-Оның қолында қалқыма шатыры блолмаса, қалай аман қалмақ? Мына өліп жатқандармен бірдей болуы тиісті еді оның тағдыры.
Ғалымдардың бірінің айтқан бұл сөзіне академик те сәл ғана басын изеп, бұл жұмбаққа іштей қиналып, иегіне оң қолының саусақтарының ұштарын тірей айналаға әлі де үміт арта қарады. Осындай барлау-зерттеудің осылайша нәтижесіз қалғаны қай қайсысына да жеңіл соқпады. Ал ана әр жер, әр жерде денесі шашылып жатқан қарақшыларға ешқайсысы да аяныш сезімін біолдірмеді. Бірақ қанша қарақшылық жасаса да адам баласы болғандықтан оларды жерлеу рәсімін жасау қажет. Кейіннен жеткен техникалар қатарынан бірнеше шұңқыр қазып, қарақшылардың жандарын жәннатқа тапсырды. Осыдан кейін бірнеше әуе кемесі аспанға қайта көтерлді. Осы жерді, осы аймақта тағы бірнеше рет айналып ұшып, елге қарай бағыт алды әуе кемелері. Дәрібектің тағдыры сол жұмбақ күйінде қалды. Әуе кемесі ішінде отырған Тілеухан мен Жұмахан көпке дейін ой тұңғиығынан шыға алмады. Абзал досын таба алмағаны жанына қатты батты. «Ғалияға не айтып барамыз?» деп те сұрақ қойды өзіне Тәлеухан ішінен. Дәрібк бар кезде ол оның үй-ішімен жиі араласатын. Ғалиямен кейде әзілдесіп те қоятын. Енді ондай әзіл қайда?Дәрібектің табылмағанына Ғалияның қатты қиналатыны болса да белгілі. Бірақ, енді оған қалай болғанда да бар шындықты айтуға тура келмек.
Әуе кемесі уақыт өткен сайын апатапты ыстық аймақтан алыстап, әуелей берді. Содан кейін қажетті ұшу жылдамдығын алған. Ғалымдар да енді жайбарақаттанып, жаңағы көрген-білгендерін ойларына алып үнсіз отыр. Тілеухан мен Жұмаханның көңіл-күйлері болса да төмен. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, осы ғалымдардың ішінде қасірет екеуіне қатты батқан. Өздерін түн ұйқыларын төрт бөліп асыға күтіп отырған Ғалия мен перзенттерінің көңіл-күйлерін көз алдарына елестеткенде, екеуі де жандарын қоярға жер таппаай кеткендей болады. Сол үлкен әуе кемесінде қарақшылар кезікпегенде мұндай қайғылы оқиға орын алмас еді. Болған іске не шара?Тілеухан әуе кемесі терезесінен басын көпке дейін кейін тартпады. Оған тақала түскен. Әуе кемесі қанша жылдамдықпен ұшса да, жермен салыстырғанда ол шамалы ғана орын ауыстырғандай ғана болады. Жер бетіндегі тау да, тас та, өзен мен көл де, жазық дала да әуе кемесіндегілердің көңіл-күйлерімен санасқандай жай ғана кейіндеп қалып жатыр.
Табиғаттағы көріністер де адам баласының көңіл-күйіне қарай құбылатындай болып кетеді кейде.Рас, аспанды бұлт торлаған күндері адамның көңіл-күйі де бісеңдейді. Ал бірақ, адамның көкейінде шер жатса, Күн төбеден жарқырап нұрын төгіп тұрса да көңілдене алмайды. Ондай кезде көңіл көтереді деген әуеннің өзі де көмек бере алмайды. Адам ештемені де жақтырмайды. Ешқандай әзіл-оспаққа да күлмейді. Бұл адам пенденің ішкі жан-дүниесінің ауруы, рухының ауруы. Сол сияқты адам қандай да бір сырқатқа ұшырағанда да ештемені жақтырмайды. Оған ештеменің қажеті де болмайды. Тілеухан мен Жұмахан да дәл қазір дәл сондай бір рухани сыртқанқа ұшырағандай бір күйде отыр еді.
Қалғандар да көңілді отырған жоқ. «Бір тапса, Дәрібекті осы ғалымдар табар» деген сенім артқан болатын елдегілер өздеріне. Ал енді таба алмағандары ешқайсысына да абырой емес. Кейбіреулері бір бірімен жай ғана, көңілсіз күйд һе әңгімелеседі бір бірімен. Дауыстарын қатты шығармауға тырысады. Ғнді бірде алдарындағы экраннан қарақшылардың денелі жатқан аймақты қайталап көреді. Әйтеуірі, әлі де болса да табу жағынан үміттерін үзбейді. Экран іске қосылған кезде мұнда ешкім де бей-жай қалмайды. Әрбір жұмсақ, жақтауы биік орындықтың алдындағы бекіткіште бір-бір шағын экран бар. Соған үңіледі бәрі де. Экрандар қанша рет қосылса да, көріністер қанша рет қайталанса да ғалымдар оған қараудан еш жалықпайды. Сол көріністерден әрбір қараған сайын бір жаңалықты тапқылары келеді де тұрады. Академик Мұрат Сақтағанұлы әуе кемесі қажетті биіктікке көтеріліп, аспандағы өз жолына түскен кезде сөйлеп кетті.
-Біз елге үлкен өкінішпен оралып келеміз,-деді ол қарсы алдындағы шағын экран мен дыбыс алғышқа қарап отырған күйі,-ең білікті, ең аяулы азаматымызды таппадық!Бірақ бұл біздің соңғы іздеу-зерттеу сапарымыз емес. Әлі талай рет ораламыз бұл жаққа.Дәрібекті таппай қоймаймыз. Мен сіздерді осыған сендіргім келеді...
Отырғандар академиктің бұл сөздеріне сәл ғана бастарын иезді. Жағдай түсінікті еді. Академиктен кейін ой қайталаудың өзі де артық енді. Оның соңғы сөздері еңеһсесі басылып отырған Тілеухан мен Жұмаханның көңіл-күйлерін бір көтеріп тастады. Бәрі де енді әуе кемесінің терезесінен төмен қараған. Табиғат үнсіз. Болған оқиғаның бәріне куә болатын да осы ұлы табиғат. Тек ол ешкімге ешқашан да сыр ашпайды. Сондықтан да адам пенде өзі жасаған ісіне өзі жауап беруі тиісті. Тілеухан мен Жұмаханның ойлары да осындай. Ал әуе кемесі тек техника болғандықтан ештемемен ісі болмағандай әуе жолымен елге қарай зымырап ұшып кетіп бара жатты.
Үзілмеген үміт
Ғалия бүгін де әдттегісінен ерте оянды. Ұйқыдан тұрды дегені болмаса, түнімен дұрыс көз ілген жоқ. Дәрібек екеуі кең домалап жататын үлкен төсекте енді жалғыз. Әрі бір аунап, бері бір аунап бір тынып таппайды. Қайғы-қасіреті тұла бойын қрыстырып тұрса да , онысын ұл-қыздарына білдірмеуге тырысады, Олар өзіне бәйек болып жүрсе де, бойы бір жеңілдемей-ақ қойды. Дене ауырлығынан уәйім ауырлығы қиын екен. Адам дене еңбегінен қатты шаршаса да, біршама уақыттан соң одан жеңілдейді. Өз қалпына келеді. Ал ой мен уәйімнің шегі жоқ. Онан тез аоылу да қиын. Ой мен уәйім болс да, адам баласын күні-түні мазалайды. Ал дене еңбегі күндіз ғана. Екеуінің айырмашылығы осында. Осындай ой-уійімге батқан Ғалия төсегінен әрең көтерілді.Ой мен көңілсіздік адам денесін зіл таспен басып тастағандай да болады екен. Жарқылдап, жайраңдап, нешетүрлі киім киіп, айнаға қарап сәнденіп, еркін күліп-тұрып жүргені де Дәрібектің арқасы екен. Ғалияның көксегені оның мол табыс тапқаны емес, жанында қалқайып аман-есен жүргені еді. Соны аңсады.
Дәрібек із-түзсіз жоғалып кеткелі бері әншейінде күнде бейнетелефон қоңырауын соғып, маза бермейтін доссымақтары да сап тыйылған. Олбір жағынан заңды да шығар, бірақ бәрібір күнделікті қадағалауға, әзіл-күлкіге, әгіме-дүкенге, араласуға үйреніп қалған адамға мұндай тыйылу жеңіл соқайды екен. Ғалияға әкесі мен анасы тірі кезде мына өмір мәңгілік өмір сияқтанып көрінетін.»Пәленше қайтыс болыпты», «Пәленшенің жақын туысы қайтыс болыпты» деген қаралы сөздер де жай бір жаңалық сияқтанып көренетін. Ал әкесі, онан соң анасы дүниеден өткенде мына дүниенің соншалықты қысқа, уақытша ғана жүретін жарық әлемі екенін ішкі жан-дүниесімен сезінген болатын. Талай жылдар бойы бойын жаза алмай жүрген кездері де болған еді.
Одан кейін өз перзенттері есейіп, әке мен ана атанған соң өз әке-шешелерін олардың туылған күндерінде естеріне алып өмір сеүре берген. Сөйтіп, негізінен күнде жанында болатын Дәрібекке бауыр басқан. Отбасындағы тірішілік, түсіністік пен ауызбілік екеуін бауырластай етіп те жіберген. Үйленіп, отбасын құрғалы бір бірімен жүз шайысып көрмеген соң қиын екен. Егер Дәріекпен жұз шайысқан болса, дәл осылай жер бауырлап жатпас еді. Енді тағдырына күтпеген қайғы-қасірет түссе де, еш мойымады. Дәрібек әркез айтатын ұлағатты сөздерді есіне алып, қайта онан сайын ширай түсуге тырысқан. Мұндай қайғы-қасіретті тез жеңіп шығу да оңай емес. Кешкілікте: «Ертең ертемен тұрамын. Анау-мынау жұмыстарымды жасаймын» деп алдын ала қанша жоспар жасаса да, түнгң ұйқы кезінде көрген түстерінен жиі оянып, дұрыс демала алмай, осылайша денесі ауыр тартады. Жатын төсегінен әрең көтеріледі.
Ғалияның бір ұққаны, мұндай мұндай ауыр көңіл-күйді жеңілдетудің жалғыз жолыжақсы көрген адамның, ұнатқан адамды, ұнатқан адамды жиә еске алып, оның айтқан ұлағатты сөздерін орындау. Тірішілікке талпыну. Тәрә адам тірішілігін жасайды» деген қазақтың ұлағатты мақалы бар емес пе? Дәрібек айтқан ақыл-кеңестермен жүрген жөн болмақ. Оның сөздерінің негізгілерін ойға алып, сол бойынша әрекет жасаудың ешбір сөкеттігі жоқ. Ондай сөздер жігеріне жігер қоспақ қайта.Дәрібек адам тағдырын мұхит суындай тып-тыныш екенін үнемі еске салатын. Ал сол тып-тыныш тұрған мұхит суын жел-дауыл қозғағанда қандай құбылыс олар еді. Күллі дүние әлемі шайқалғандай күй орнамай ма? Жоғары қарай көтерілген жуан толқын сулары қаншма жерге шашылып, қаншама жерді су басады. Жағаға домалана жеткен биік толқын жартасқа соғылып кейін қарай жылжиды. Адам баласының тағдыры да соған ұқсас. Өәткені адам баласы басына қай күні, қай сәтте қандай күйдің түсерін алдын ала дәл біле алмайды. Тағдыр дауы соғып өткеннен кейін ғана біледі оны адам пенде. Оған қатты өкінеді, жылайды, бірақ бәрібір болған істі қайта қалпына келтіре алмайды.
Ғалия аз ғана уақыттың ішінде осындай ойларды да өткеріп үлгерді басынан. Домбығып қалған бет-әлпетін ұл-қыздарына көрсетпеу үшін жылдам жүріп, жуынып-шайынатын бөлмеге еніп, жуынып, шашын тарап, бет-әлпетін әрлеп лгерді. Дәрібек болмаған бірнеше күннің өзінде-ақ бірнеше салмақ жоғалтқан. Бет-әлпетіне әжім сызықтарының түсе бастағанын да енді аңғарды. Қап-қара, мөп-мөлдір ұзын шаштарының ара-арасында ақ шаштар да пайда бола бастапты. Дәрібек барда ештемені ойламаған екен. Өмір бірқалыпты өтіп жататын. Тағдырлары да ешқашан өзгерместей көрінетін. Таңертең таңғы астарын ішіп, бәрі жұмыстарына, ұл-қыздары мектепке кетеді. Кешке бәрі қайтадан жиналады. Сөйтіп үй-іші жанданып сала береді. Дәрібек жұмыстан себепсіз кешіккен, басқа жаққа бұрылған жан емес. Оләркез жұмыстан соң үйге жетуге, өзінің жұмыс бөлмесіне еніп, әлдеқандай ғылыми істерімен оңаша айналысуға асығатын. Екі ұлын жанына шақырып алып, ошларға әлденелерді түсіндіріп жататын. Ондайда екі қызы анасына қарай жақындайтын. Сөйтіп, «Ұл – әкеге, қыз – анаға жақын» деген мақал өз өзінен дәледеніп жататын. Сондй өзгелерге қызғанышты бақытты күндер де өте шықты-ау түс көргендей. Ол бақытты күндер енді көз алдына елес бергенде Ғалияның тұла бойы шымырлап қоя береді. «Неге аттанды сол сапарға, бармай-ақ қойса ғой, ештеме де жоқ еді» деп күрсінді ол.
Қалай ойланса да уақыт шіркін өте шықты. Ол уақытты қайтара қоятын құдіретті күш саналы адам аласында әзірге туындаған жоқ. Уақыт тек алға қарай зымырай аққан бір өзен суы. Жолындағыны қалдырмайды. Ғалия отырып та, тұрып осындай-осындай ой тұңғиығына бата берген. Тағдыр қасіреті қатты батқанда бәрін тастап, ұйқы бөлмесіне еніп, жатын төсегіне сылөқ отыра да кетеді. Бүгін де ерте тұрып, жуынып-шайынып, сергіге тырысса да, бойын қасірет басып, жатын төсегіне отыра кеткен еді. Мұнысын байқап-сезіп жүрген перзенттері де енді шыдамаса керек. Фатима жылдам басып келіп анасының мойынан асылды.
-Апа, апатайым!-деді ол анасын құшақтай түсіп,- қайғыға беріле бермеші. Әкеміз тірі! Біз оған толық сенеміз!Сіз де еш күмәнданбаңызшы!
-Соншама биіктен бар самағымен құлаған адам тірі қала ма, балам-ау! – деп Ғалия ерінен біржолата күдерін үзгендей болды да, артынша өзін өзі ұстап, перзенттерін жігерлендіргендей болып,- әкелерің келеді. Мен білетін Дәрібек болса, аман-есен келеді!-деді.
Анасының мұндай сөздерінен кейін балалары кәдімгідей көңілденіп, емен-жарқын болып қалады. Балалаының алдында мұндай болжалды сөздерді айтып, өзін өзі жігерлендірмесе, осылайша көтермелемесе, онсыз да төмен түскен көңілі онан сайын құлазып кетпей ме? Ғалия балаларының осындай қасіретті күндерде де мықтылық танытып келе жатқандарына іштей риза. Бәрі де көңілсіздіктерін анасына білдірмеуге тырысады. Дәрібектің көбіне көп үй тірілігіне бейім жүрегтіні де бәріне үйреншікті болып кеткен. Сол үйреншікті әдеттерін бойларына сіңіргендіктен ендігі үй тірішілігі де онша білінбейді онсыз. Тек оның не тірі, не өлі екенінің белгісіздігі ғана қай қайсысының да жан-дүұниесін жандыра түсді.
Таңғы ас үстінде шамалы көңіл көтергендей болды бәрі де. Сонда да Дәрібектің орны ойылып тұрады. Дәрібектің орны бөлек. Ол –әке. Сондықтан да ол асқар таудай тұлға. Бәрінен де талай жылдар отасқан, өмірдің суығы мен ыстығын бастарынан бірге кешкен бауыр басқан Ғалияға ауыр. Өзін былай қойғанда, ұлына да, қызына да әке керек қашан да. Әкеге жақын болғадықтан ба, ұл жағы қатты басыылып та қалған. Үйдегі көңілді күй, әзіл мен әңгіме де Дәрібек барда екен. Олкеткелі үйдің сәні де кеткендей. Бейнебір, үйдің бір қабырғасы түгелдей опырылып құлап түскендей. Дәл қазіргі жағдай соны көзге елестеткендей де еді. Әншейінде таңғы ас пен кешкі аста нешетүрлі әзіл-оспақ айтып, әкелерін кеңк-кеңк күлдіретін күй де енді жоқ. Үлкен ұл Ғаділбек болса да томсырайып жүреді. Енді Ғалияның өзі де соған назар аударған. Бұл үйдің ендігі үлкені де, ересегі де, ес жиғаны да осы. Ал інісі Әділбек қанша пысық, қанша зерек болса да ағасы Ғаділбектен асып ештеме жасай алмайды. Бұл қазақтың жазылмаған ұлы заңы. Аға өзінен бір жас үлкен болса болды, інісі оған бас иеді. Ағасынан бір көйлекті кеш тоздыратынын мойындайды. Мұнан артқан қандай сыйластық, қандай түсіністік керек. Ал кішінің үлкенді сыйламаған жерінде адамгершілік атаулының болуы еш мүмкін емес.
Ғалия өзінің жаны іштей қанша жаралы болса да, перзенттерінің жанын жараламауға тырысады. Балаларын әкесі барда қалай еркелетіп айтса, қазір де солай. Тек әкелеріндей еркелетіп аттарын атағанда жалғздығы есіне түсіп, ыстық көз жасын балаларына көрсетпей сығып алады. Онысын перзенттері байқамай да қалады. Бірақ Ғалияның Дәрібектің аман-есен оралатынына деген үміті еш үзілген емес. Таңғы ас үстіндегі әңгіменің дені де соған ауған-ды:
-Көкемнің тірі екеніне мен кәміл сенемін,-деді Әділбек сіл еркелігіне салып,- ол жерге соғылған жоқ!
-Ләйім солай болсын, құлыным! Тек соншама биіктіктен құлаған адамның дін-аман қалуы екіталай ғой. Содан қорқамын!-деді анасы.
-Мен бірдемені сезген соң айтып отырмын,апа,-деді Әділбек үлкен адамша,-көкем аман-есен келсе, көргендері туралы талай қызықты әңгімелер айтып берер еді. Мен бейнетаспамды да дайындап жүрмін.
-Құдай бізді сол ниетіңе жеткізсін! –деп Ғалия кәдісмгідей жадырап қалды. – «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме, дана қазақ? Әйтеуірі жақсы жағын ойлай берейік. Ләйім солай болса екен. Ал, таңғы астарыңды ішіп болсаңдар, сабақтарыңа баратын уақыттарың да таяп қалды.
Осы сөзден соң ұлдар жағы орындарынан тұрып, ауыз шаюға кетті. Фарида мен Фатима биотұлғалардың дастарханды жинастыруларына көмектесті. Ғалия баласының жаңағы жақсы ниетті сөздерінен кәдімгідей нәр алып, ұйқы бөлмесіне кіріп,айнаға қарап бойын түзеді, шашын тарады. Бөлме ішін біршама ретке келтірді. Мұндай кезде ұл-қыздары бұл бөлмеге кірмейді. Төсегі мана жиналған. Ғалия енді ол төсегінің анау-мынау жерін түзеп, әрлей, әдемілей түскен. Содан кейін жұмысына жиналды. Бірақ өзі мынандай екұшты күйде жүргенде қайдан жұмыс болсын. Жұмысты қойып үйде қайғырып тағы отыра алмайды. Онан да жұмысқа барып, ананы-мынаны көріп, анамен-мынамен әңгімелесіп, шерін тарқанқаны жөн. Жұмысындағы әріптестері де Ғалияға «Келдің бе, кеттің бе» деп жатқан жоқ. Ол олардың мұның қайғы-қасіретін түсінгені. Ғалия болса да жұмысына ауыр қайғыда әзер барып, әзер қайтады. Әріптестерінің: «Жұмысқа бүгін келмей-ақ қоймадыңыз ба? Сізді ешкім іздемейді» дегендеріне көнбейді. Дәрібектің табылып, елге оралатынына сенімі бар болғандықтан осылайша тыным таппайды. Осылай жүргенін дұрыс санайды. Жұмысындағы әйелдермен сөйлесіп, Дәрібекті жиі есіне алғанды қалайды. Бүгінде өзіне деген құрмет те ерекше.
Ғалия ұл-қыздарына үйдің жайын түсіндіріп, көп кешікпей жолға шықты. Жұмысынан арнайы жіберілген жеңіл көлік те есігінің алдында күтіп тұрған еді өзін. Биотұлға басқарып келген көлік Ғалия отырысымен зырғып ала жөнелді. Ұл-қыздары аналарын терезеден қарап көзбен шығарып салды. Бәрінде де әкелерінің алыс жолдан аман-есен оралдатынына деген үлкен сенім бар. Сол сенім қай қайсысын да іштей бір жігерлілікке бөлеп тұрды.
Маймылдар шабуылы
Дәрібек күн өткен сайын осы бейтаныс ғажайып орманның тұрғынына айнала берді. Бақытына қарай мұнда жеуге болатын жемістер көп еді. Олардың көбі болса да өзіне таныс емес. Соған қарамастан Дәрібек оларды Маймылдардың жегендеріне қарап асқазанын қамтамасыз етті. Олар жалтыр басты, түстері ақ Маймылдар. Алғашқы кезде Дәрібек оларға қарап қайран қалған. Онысы ақ түсті, жалтыр бас Маймылдарды алғаш рет көріп отырғандығынан емес еді. Өзінің мамандығы бионик болғандықтан Жер шарындағы барлық дерлік тірішілік иелерінен мол хабары болатын. Тек о заман да, біұл заман, тап осылай бейтаныс бір орман ішінде жападан жалғыз осылай өмір сүремін деп ойлап көріп пе?Осындай ақ түсті, жалтыр басты Маймылдардың арасына түсемін деп ойлап көріп пе?
Енді тағдырдың тәлкегінен өң мен түстің арасында өмір кешуде. Елді-мекенсіз жатқан бір дала. Ағаштары қалың өскен орман. Аптапты ыстық. Айнала толған түрлі жануарлар, жыртқыштар, бауырымен жорғалушылар мен құстар. Сатыр-сұтыр, тарс-тұрс, ыс-ыс еткен жағымсыз дыбыстар әрбір минут сайын көңілін бөліп, денесін түршіктіреді. Қайта мұндағы алғашқы күндерде өзі ерекше батыл болған екен. Комбинезонының аттас магнитті тебу күшін іске қосып қойып, айналасы, асты мен үсті қалың бұтақ болып келетін үлкен бұтақтың үстінде тып-тыныш ұйқтайтын. Сондықтан да өзіне ештеме жолай алмаған. Алұйқысы қанып, денесі дамылдаған соң еңбектене берген. Күн өткен сайын елге, үйіне деген сағынышы да күшейе түскен.
Осыдан бірнеше күн бұрын өзі түскен аймақты бірнеше әуе кемесінің айнала ұшып, қонып, оның ішінен бірнеше ғалым шығып, қарақылардың өлекселеріне зерттеу жүргізіп, жерлеп кеткендерін осы орманнан сырттай көрген. Қолында аралық бейнебайланыс құралы болмағандықтан олармен не байланыса алмады, жаяу-жалқы болғандықтан жедел жете алмады.Олөкініші де көңіл-күйіне әжептеуір кері әсер еткен. Адам пенде бірдемеден қатты қиналғанда немесе қатты көңілсізденгенде батыл болып кетеді. Дәрібек те өзінің бұл ортаның иесі емес екенін есіне алған мезеттерде не нәрсеге болса да қарсы тұруға бел шешуге дайын тұрады. Ал көңілді кездерінде арқасын кеңге салады. Ондай сәттерде елін,Ғалиясын, перзенттерін ойлайды. Жалғыздықтың қаншалықты бақытсыздық екенін күн өткен айын сезіне түседі. Әлгі бірнеше шағын әуе кемелері айналып ұшып, қонып, ішінен ғалымдар түсіп, зерттеп кеткен жер мұнан көп қашықта. Қырсыққанщда, олардың бір де бірі осы ағаштары қалың өскен орманға қарай қадам баспаған. Олардың ойларынша: «Дәрібек сол жерге түсіп мерт болған. Тек денесі жоқ». Дәрібек оны іштей білді. Бірақамалы қанша, ол жерден осы қалың орман іші қолайлы. Қарақшылар құлап түсіп мерт болған тұста адам баласына қатерлі жыртқыштар мен құстар көп. Соныдқтан да Дәрібек осында болуды дұрыс санаған.
Адам пендеге қауіп пен қатер бұл орман ішінде де жетеді. Айырмасы тек қалың ағаш. Олардың жуан-жуан діңдерінен жан жаққа тарай өскен бұтақтарыының әрқайсысынан адам қолы алақанынан тарамдалған саусақтардай болып жайқалған бұтақшалары өзінше ерекше. Дәрібек соның біріне қоныстанып алды. Тек осы орманды түгелдей иемденіп алғандай тәкаппар жүретін жалтыр басты, ақ түсті Маймылдар ғана өзіне жақтырмай қарай бастаған. Алғашында олар күтпеген жерден аспаннан түсе қалғандай болған Дәрібектің ненедей тірішілік иесі екенін түсінбей де қалған. Енді қорқыныш сезімдері бәсеңдеп, көздері үйренген соң шабуылға дайындалған. Дәрібектің қоныс тепкен бұтағы сол Маймылдардың ақсақалдарының құрметті орны болса керек. Дәрібектің түсінуінше, олар күн сайын осы жерге жиналып, көңілденіп, бір бірін бұтақтан бұтаққа қуалап ойын ойнайды. Бір бірін Маймылдар көзқарастарынан түсінеді.
Дәрібекке Маймылдардың ойын-қылықтары да тансық емес. Жалпы, адам баласы Маймылдардың көп түрін біледі. ОЛардың түрлі қылықтар жасайтыны да жақсы белгілі. Бірақ мұндағы көрініс мүлдем бөлек. Жануарлар бағындағы торда ұсталатын Маймылдар өздеріне қызытап қараған адамдарға көздерін жәудіретіп, адамдар лақтырған анау-мынау дәмдер мен тәттілерді қағып алып жесе, енді керісінше, күллі Маймылдардың көз алдарында, бұтақ үстінде Дәрібектің өзі ғана оларға ермек болып қалғандай. Мұндағы маймылдар адам баласы сияқты қасқа бас болып келгенімен санасыз. Олар Дәріетің қандай жағдайда бұл орманға тап болғанынан бейхабар. Маймылдарға керегі осы Орман ағаштары мен жемістері. Сондықтан да олар бір-бірімен ақылдасқандай топтасып, ара-тұра дауыс шығарып, Дәрібекті жан жағынан қоршай түскен.
Қанша батылмын, қанша қорғаныштымын десе де, Маймылдар обы өзіне қарай жақындай бастағанда тұла бойы шымырлап ала жөнелді. Көше бойымен алаңсыз келе жатқан адамға кенеттен тұтқиылдан арсылдай тап берген Иттен қалай шошыр еді. Көңіл –күйі қандай дәрежеге түседі. Оның өзі де дәл мына адам баласын сирек көтерін Маймылдардай емес, иесі бар Ит. Ал Маймылдардың кейбірінің адам баласын көрмеген болуы да әбден мүмкін. Әлбетте, бұл қалың ағашты орманға адам аяғының ізі түспеген деу ағаттық. Әйтпесе, осы жалтыр басты, ақ түсті Маймылдарды Дәрібек суреттен де, бейнефилмнен де көрмеген болар еді осы кезге дейін. Сондықтан да бұлардың тірішілік ететін орнын адам баласынан қызғанатынын біледі. Осы тұрғыдан келгенде, Маймылдардың өзін не себепті бұлай қоршап келе жатқаны да түсінікті еді. Маймылдарды кәрілеу жалтыр бас ақ түсті Маймыл бастап, ағаштардың бұтақ-бұтақтарымен өрмелеп, бұтақтан бұтаққа секіріп, тап бір жер бетінде жүргендей еркін келеді. Дәрібек осы сәітте Маймылдар туралы қанша көп білемін десе де, олардың енді не жасайтындарын түсіне алмады.
Маймылдар өзіне мейлінше жақындағанда Дәрібек комбинезонының аттас магниттік өрісін іске қосатын түймесін оң қолының сұқ саусағымен сипап өтті. Сол замат өзі отырған және айналадағы бұтақтардан үш метрге дейінгі аралық қорғаныс орнады. Бейнебір қандай да бір көзге көрінейтін қорған орнағандай. Осы кезде Маймылдардың бастап келе жатқан кәрісі ерекше бөлек дыбыс шығарып қалды. Сол-ақ екен, қалғандары да шулап қоя берді. Маймылдардың қосыла осылай қатты шулағандарын алғаш рет естіген Дәрібектің екі құлағы тұнды. Ол ол ма, жан жақтан басталған қым-қуыт қозғалыстар есінен тандыра жаздады. Егер үстіндегі аттас магнитті кері тебетін комбинезоны болмаса, осы сәтте жүнше түтіліп қалады екен.
Өзіне қарай атылған Маймылдар үш метрден бері жақындай алмай, кері тебіліп, анадай-анадай жердегі бұтақтарға ілінп,жерге әзер құламай қалумен болды. Санасыздарға шара бар ма?Сонда да қайтар емес, қояр емес. Дәрібек болса, бұтақтың үстінен үш метр биіктікте, ауасыз кеңістіктегі ғарышкерлерше шыр айналады. Өзінің де басы айналып, Маймылдардың қай тұсынан келіп, жете алмай қалай кері серпіліп кетіп жатқанын да аңара алмай қалды енді біраздан соң. Бір кезде ештеме шығара алмаған Маймылдардың кәрісі тағы да ерекше дыбыстады. Артынша Дәрібекке қарай жасалған шабуыл күр тыйылды. Көздеген адамына қандай да бір құпия кері тебу күшінен жете алмайтындарына, ештеме жасай алмайтындарына көздері жетсе керек. Бәрі кейін шегініп, үлкен бір бұтақтың бойына тізіле отырып, бастарын жиі-жиі шұлғып, сол отырған жуан бұтақтарын қол-аяқтарымен тоқпақтай берді. Оны көргенде Дәрібектің тұла бойы дірілдеп те кетті. Үстіндегі қорғаныс комибензоны қанша қоғап тұрас да мынандай жалғыздықта қорықпауына да еш негіз жоқ еді.
Маймылдар да бұтақтан кетпей ұзақ отырып алды. Ызалықтары басылар емес. Олардың жасаған әрбір оғаш қылықтары санасыздықтарын дәлелдей түседі. Саналары болса, болса да адамға басқаша қарар еді. Іс-әркеттері де мұнан басқаша болмақ. Ал өзі орналасқан жуан бұтақтың оларға не үшін сонша қажетболғанын Дәрібек түсіне алмады. Бұл қалың орманда осыған ұқсайтын жуан діңді ағаштар мен жуан бұтақтар толып жатыр. Дегенмен, өзі саналы адам болғандықтан Дәрібек ол санасыздармен айқасспай-ақ бұдан да діңі жуан, бұтақтары жуан басқа ағашты таңдауды дұрыс көрді. Маймылдар тамақтанатын мезгілдері келгенде шу ете түсіп, бұтақтан бұтақтарға секіріп, әп-сәтте зым-зия болды. Дәрібек сонда да оларға сенбей, комбинезонының аттас магниттік тебу өрісін сөндірмей бұтақтардың арасында қалықтап жүрді.
Орман ішін тыныштық басқан кезде ағаштан үлкен бір бұтақты сындырып алып, комбинезонының аттас магниттік тебу өрісін ажыратып, басқа бір ағаш бұтағына ауысты. Сөйтіп, Маймылдардан құтылдым ба дегенде анадай жердегі бір ағаштың діңімен жоғары қарай сусып өрлеп бара жатқан үлкен Хыланды көзі шалды. Оған қарағанда жаңағы Маймыл байғұстар су жүрек екен. Олардың кейбір қимыл-қозғалыстары да Қоянның секеңдегіштік әрекеттерін еске салады екен. Ал мына жуан әрі ұзын Жыланның үстіне жарылғыш бірдеме түсіп кетсе де бүлк ететін емес.Дәрібек енді жаңағы Маймылдардың тамақ жеу үшін емес, мына жуан Жыланның иісі мен сусыған дыбысынан шошып зым-зия болғандарын түсінді. Өзі де жаймен кейіншектеп, аждаһаның көзіне түспеуге тырысты. Бірақ оны Жылан қалай сезбесін. Бір кезде ол көзді ашып-жұмғанша өзіне қарай тап берді. Тағы да комбинезонындағы аттас магнитті кері тебу өрісі Жыланды өзіне үш метрден бері жақындатпады. Сол кезде Жыланның аузы ашылып, тілі жалаңдаған үлкен басы ағаштардың бірінің діңінің қырына ұрынып, кілт кейін айналды да, өзін өзі ұстай алмай жердегі бір үлкен тасқа қатты соғылды. Артынша Ысс деген дыбыс қатты шығып, айналаны жаңғырықтырып жібергендей де болды. Соның өзінде де Жылан оңайлықпен жан бере қоймады. Аузын соңғы рет арандай ашып, есеңгірегендей болып, басы жерге сылқ етті. Содан соң тағы бір серпіліп барып біржолата жантәсілім етті. Аузынан қарақошқыл түсті қан ағып жатты. Соның өзінде де оның құйрық жағы көпке дейін қозғалумен болды. Дәрібек жастайынан ауылды жерде Жылан атаулының бәрін көріп өскендіктен одан аса сескенген жоқ. Егер мерт болмаса, жаңағыдай жылдамдығымен талай әрекетін жасап та үлгерген болар еді-ау. Енді жаңағыдай күш-қуаты болмағандықтан басын да, күллі денесін де жерден қайтып көтере алмады. Мұндай көріністі көргенде тек Маймылдар ғана емес, саналы, батыл, айлалы деген адам екеш адам баласының өзі де алды-артына қарамай безіп кетер еді.
Ал Маймылдарда үн жоқ. Тап бір өздері бұл ортада тірішілік етпейтіндей. Дәрібек алысқа, ағаш бұтағының қалың жеріне көз жіберіп қараған кезде, өзіне көздерін жәудірете қадалған Маймылдарды көрді. Егер олар саналы болса, омы көріністен кейін естерін жиып, ғалымға құлшылық етер еді. Құдай санасыз етіп жаратса, қайтсін. Жаутаңдағандары Дәрібекке тап кәдімгі жетім-жітім балалардың көмек сұрап қарағандарындай көрінді. Дәрібек көздерін төменге бұрды.Жаңағы Айдаһар деп атауға келетін жуан әрі ұзын жыланның құйрығының ұшы ғана әзер-әзер қозғалып жатыр екен. Бұл оның толық жантәсілім етуге дайындалып жатқанының белгісі. «Әйтеуірі ордалы болмаса екен, бұл Жыландар»,-деді ішінен Дәрібек қанша дегенмен де іштей сескеніп,- ордалы болса, шаруамның біткені. Енді біраз уақыттан соң мына жерде Жыландар қаптайд»
Дәрібек ойланайын деді. Енді жаңа ғана өзіне қарай шабуыл жасаған санасыз Маймылдардан да ештеменің шықпайтынын түсінді. Егер жанында саналы адамдар болса, бұл ортаға да бірте-бірте үйреніп кетер м еді. Ал санасыз Маймылдардан пайда шамалы. Оларды жыртықштар мен бауырымен жорғалаушылардан қорғаймын деп жүріп өзінің де қатерге тап болуы ғажап емес. Осындай ойдан аралып, әлгі Маймылдарға қарағанда олардың тағы да зым-зия жоғалғандарын көрді. Қателеспепті. Сәлден соң-ақ ысылдаған дыбыстар етіле бастады. Дәрібек ағаш бұтағынан жерге тез-тез түсті де, комбинезонының аттас магнитті кері тебу өрісін тоқтатып, ашық алаңға қарай зытып отырды.
Әке ізімен
Әке ізін қуу ұлға ғана жарасымды. Бірақ ол әрекет барлық жағдайда бола бермейді. Дәрібек екі ұлының ішінде кішісі Әділбеккке мол үміт артатын. Кей тұстарда оған өзінің құпия істерінің кей тұстарын да айтып қоятын. Албірақ Әділбектің өзі жоқта комбинезонын пайдаланып жүргенінен бейхабарлау еді. Онысына көзі нақты жеткен емес. Әділбек денешынықтыру ісімен айналыспағандықтар, оның қай сөзінің шын, қай сөзінің жалған екенін айыру да қиынға соғатын. «Ал, осы сен менің ана жұмыс үстелімнің суырмасын ашасың ба?» деген сұрағына күмілжіп жауап беретін ол. Әке кіші ұлының мұндай әрекеттеріне іштей қарсы болмағандықтан ол мәселені қазалай бермейтін.енді сол әке үйде де, түзде де жоқ.Болмаған күндерде сол үстел, әкесінің заттары оттай ыстықкөрінетін болды. Әншейінде назар аудара бермейтін Ғалия да бұл бөлмеге жиі кіреді. Дәрібектің жұмыс үстелінің үстін сүртіп қояды, анау-мынау заттарын сол бұрынғы қалпындағыдай етіп реттейді. Енді балаларына да бұрынғыдай шектеу жасамайды. «Кірмеңдер, ол бөлмеге» деп айтсам, онсыз да төмен көңілдері онан сайын құлазыр балаларымның. Кіре берсін. Бәрінің де естері кіріп қалды ғой. Нені бүлдірер дейсің» деп те ойлайды ішінен кейде. Ұл-қыздары да анасын түсініп, бейберекет, беталды кіре бермейді ол бөлмеге. Қыздары кірсе, бөлмеде шаң-тозаңның бар-жоғын, ұлдары кірсе, әкелерінің заттарының орын орнында тұрғанын қадағалайды. Сөйтіп өтіп жатқан күндер-ді.
Ал бұл уақыт ішінде Әділбектің іс-қылығы мүлдем өзгерген. Тек ешкімге сыр ашпайды. Оның осындай біртоғалығы, сыр ашпайтыны әкесінен аумайды. Дәрібектің де ішінде сақтап жүрген құпия-сырлары мол еді. Ішкі құпия-сыр қайбір адамда да болады. Адам сол құпия-сырларын әркімге беталды айта бермейді. Ең бастысы, сол құпиясының ешбір адамға зиянды болмауы. Дәрібек ешбір жанға жамандық ойлап көрген жан емес. Сонысы үшін де оны әріптестері қатты сыйлайтын, ұнататын. Дәрібектің достары алғашқы күндері қатты абдырап, сасып, үйге бейнетелефон қоңырауын соқпай да қалған-ды. Енді өз өздеріне келіп, қайтадан жандана бастаған. Жиі-жиі бейнетелефон қоңырауын соғып, Ғалиямен, ол болмаған кездерде Ғаділбекпен,Әділбекпен сөйлесіп, жақсы сөздер айтып үміттендіріп, жігерлендіріп қояды. Бірақ әзірге Дәрібек жайлы жақсы хабар да, көңілсіз хабар да жоқ. Сондықтан ол туралы пәлендей деп сәуегейлік жасау да артық болмақ. Дегенмен де, «Үмітсіз – сайтан» деген, ондайда аман қалатын адамдар да болады. Тілеухан бірде үйге бейнетелефон қоңырауын соғып, ертеректе ұшып кетіп бара жатқан әуе кемесінде жарылыс болып, ол быт-шыт ашылған мезетте белдігін бекем буып отырған бір қыздың жарылыс сәтінде сол орындығымен бірге бөлек үшіп кетіп, қандай да бір орманға дөп келіп, белдігімен ондағы ағаштардың бірінің бұтақтанына ілігіп, дін-аман қалып, жерге түсіп, ел іздеп тауып еліне оралғаны жөнінде айтқан болатын. Оны естіген Ғалия «Шіркін, Дәрібек те солай аман қалса ғой» деп көздеріне ыстық жас үйірген. Ал оны естіген әділбек болса, әлденеге сенімді бір үміт артқандай жігерлене берген.
Бірақ бір қиыны, сол алапат жолаушылар әуе кемесінен қарақшыларды ілестіре құлаған Дәрібек бар деген аймақ ондағы орманнан алыстау. Тасты,.жықпылды келген тегістеу жер. Онда өсіп тұрған ағаш атаулы жоқ. Ол тастарға дөп түскен қандай жаны сірі трішілік иесі болса да, тірі қалмайды. Әділбектен басқаларының үміттерін күңгірттендіріп жіберетін тұсы да осы еді. Әлбетте, бұл өмірде дәл сондай болмаса да, соған ұқсап қайталанатын оқиғалар мен тағдырлар болып жатады. Бірақ ондай ұқсас оқиғалар өте сирек кездеседі бұл өмірде. Әрі ондай қайталаушылықтың арасы ұзақ уақытты алып жатады. Егер сол уақыттан бері мерзімді басылымдар сақталмаған болса, Тілеухан ол оқиғаны оқып білмеген болар еді. Дәрібектің тағдырының сол бақытты қыздың тағдырына ұқсайтын-ұқсамайтынын ешкім де дөп басып айта алмайды. Адамл досы болған соң Дәрібектің отбасын алдағы жақсы күндерге сондай бір мысалмен үміттендіру парызы еді. Тілеухан Дәріекпен достыққа адал олғандықтан осылай бейнтефон қоңырауын соққанда жалғыз емес, өзінің құдай қосқан қосағы Зүбәрзатпен бірге соғады. Бірге әңгімелеседі. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп дана қазақ бекер жиі айтпайды. Мұндайда тек адал достың сөзі ғана демеу болмақ.
Әділбек болса, ғалым ағаларымен бейнетелефон байланысы арқылы жиі-жиі сөйлесіп, ара-тұра әкесінің ғылыми-зенрттеу жұмыстарын жүргізген зертханасына да жиі барады. Әділбекке ешбір ғалым: «Мұнда неге келдің?» деген емес. Қайта оны іш тартып, зертханадағы аса құпия дегеннен басқаларын көрсетіп, ғылымға баулып, көп нәрселерді түсіндіреді. Баласының ғылымға деген, техника жаңалықтарына деген ынта-ықыласының молдығы ғалымдарды ойға қалдырған.Әділбек шын мәнінде де өзгеше екен. Әкесінен аусайшы. Ол әкесі жұмыс жасаған орынға отырып, оның анау-мынау заттарын қозғап та қояды. Әсіресе, оны осындағы ғалымдар құрастырған биофантомас қатты қызықтырған. Сол қызығушылығының өзі-ақ оны осылай қарай тартып тұрады.Мұнда келмей, өз бетінше жүрсе, ештемені білмей қалады екен. Ал мына жерде көретін де, үйренетін де нәрселер көп-ақ. Ғалымдардың қолдарынан келмейтін нәрсе де жоқ. Көп нәрсені жасайды. Тек солардың бәрі бірдей халық игілігіне жетпей жатады. Әділбек осыларды көргеннен кейін-ақ: «Бізде ғылым нашар дамыған. Ал шет елдерде мықты...» дейтін жаңсақ сөздерінен де арылған. Осында жасалған ғажайып техникалар тек шектеулі ортада, аса қажетті деген орталарда ғана жұмыс жасайды екен Әділбектің түсінуінше. Оларды сондай жерлерде жұмыс жасайтын белгілі ғалымдар мен мамандар ғана біледі.Тіпті, Әділбек мына биофантомастың осында көптен бері жұмыс жасайтынын да білген емес. Ал биофантомас ғалымдар үшін ешқандай да жаңалық емес. Мұндай биофантомас жасау осы ғылыми-зенрттеу институтында бұдан талай жалдар бұрын жоспарланған. Жүзеге асырылмай сөз жүзінде айтылып, жобасы тек қағаз бетінде сызылып келген. Енді міне, бір кездері тек арман болған неме енді осы Бионика ғылыми-зерттеу инстиутының талай күрделі де ауыр жұмыстарын атқарып жүр. Әділбектің естуінше, мұндай немелер қиыр ғарышта да, мұхит тереңінде де адамға қызмет етеді. Биофантомастың тұла бойы толған қабілет. Ешкімнен көмек сұрамайды. Өзі көреген, өзі саққұлақ, өзі иісшіл, өзі жылдам жүргіш.
Бионика ғылыми-зерттеу институтына барғалы Әділбек кәдімігдей марқайып та қалды. Кәдімгідей масаттанып, ғалымдарға арқа сүйеп, әкесінің жоқтығын сәл де болса да ұмытайын дегендей болды. Дана қазақтың: «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деген мақалының да бекер айтылмағанын Әділбек енді терең түсінгендей. Өзіне әкесінің достары Тілеухан да, Жұмахан да бәйек. Әділбек не жөнінде сұрақ қойса да олар ол сұрақтанрына асықпай нақты, толық жауап береді. Кей сұраған заттарын да тоқтатпай тауып береді. Досы көп болған әкенің балаларының да өмір сүрулерінің қаншалықты жеңіл болатынын осы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да сезіне түскен. Күн өткен сайын Әділбектің ғалымдардың ғылыми істеріне араласуы жиілей берді. Енді бір ай өткенде Тілеухан оны өзіне көмекші етіп алды. Әділбек мектептегі сабағынан болсаған бойда тез-тез асын ішіп, осы институтқа қарай асығады. Ал кешкілік үйде әкесінің кітаптарын оқиды. Оның жүмыс үстелінің суырмасындағы түрлі сызбаларды бажайлайды. Кешкі асын ішуге де шамасы келмей соларға шұқшияды да отырады. Ғылымми-зеттеу институтына барғанға дейін ол сызбалардың бірін де түсінбейтін. Енді ол сызбалардың мән-мазмұны айқан. Сызбалардағы әрбір бөлшектің суреті «Мен мынаумын», «Мен мына жерге қажетпін» деп сайрап тұрғандай олады. Бұрын микросызба кіп-кішкентай пластмассаға жалатылатын.Бүгінде ол ешкімге де тансыұ емес. Бүгінде оның соншалықты кішкентайлығы да ешкімді қызықтырмайды. Енді сол микросызалар арнайы тігілген киімдердің астарларына, тыстарына тігіледі. Оны әзірге ел біле бермейді. Ондай ғажайып киімдерді мамандар мен ғалымдар арнайы жұмысқа ғана киеді. Мата астары мен тысына жүргізлген микросызбаларды ғалымдар ғана жақсы біледі. Сондықтан да енді бұл да ғалымдар мен мамандар үшін пәлендей жаңалықемес. Бірақ пайдалану жағынан ұтымдылығы басым.
Осыларды көре жүріп, әділбек әкесі құпия түрде жасап алған аттас магнитті тебу өрісі бар комбинезонда да сондай астарлы, тысты микросызбалардың барын түсінді. Осылайша мұнда келгелі көзі ашыла түскен. Егер мұндағы істерге қатыспаса, әкесінің комбинезоны тігілген материалдарды да ешқайдан таппас еді. Ал институтта бәрі бар.Әділбек енді әке комбинезонының жасалу құпиясын аша түсуді алдына мақсат етіп қойды. Бірақ ол қиынның қиыны еді. Ол іске Тілеухан, Жұмахан сияқты әкесінің сенімді болған достарын да салуға болмайды. Көмек сұраған жағдайда оның не үшін керек екенін олардан жасырмай айтуы тиісті. Өйтпеске тағы болмайды.
Дегенмен, Әділбек өз дегенінен қайтпады. Өйткені, ендігі басты мақсаты да, арманы да сол еді. Мектептегі сабақ үстінде де соны ойлап кетеді. Бүгінде анасы Ғалия да, ағасы Ғаділбек, қарындастары Фарида мен Фатима да «Мұның қалай?» деген емес. Ғалияның бар есіл-дерті болса да Дәрібектің аман-есен табылуында, елге оралуында, осы отбасында қайта қауышында. Мұндай арман перзенттерінің көкейлерінде де бар. Әрқайсысы өзінше ойлайды, өзінше армандайды. Бірақ тек ойлаумен, тек армандаумен шектеліп қалуға болмайтыны тағы бар. Дәрібек ойлаған арманын тезірек жүзеге асыруға асығатын ерекше адам еді. Перзенттрінің ішінде әкесінен аумай қалғаны да осы Әділбек. Ол тіпті, соңғы кездері әкесінің жұмыс бөлмесінен шықпайтын да болып алған. Кітаптардан әлденелерді қайта-қайта оқып, әлденелерді шұқылайды. Ол бөлмеге кездейсоқ не ағасы, не қарындастары кіре қалса, қолындағысын тез жасырып, ыңғайсызданып қалады. Онысын сезетін Ғалия оған тіпті де жақындамайды. Тек ас ішетін мезгілде ғана дауыстап шақырып қояды.
Әділбек осылайша Бионика ғылыми-зерттеу институтынан ным-нымдап материал жинап, әкесінікіндей аттас магнитті тебу өрісті комбинезонның жобасын да жасады. Киімнің тұла бойындағы астары мен тысына микросызбалар орнатты. Енді оны терезе жақтағы жарыққа қаратқан кезде онан аңның жұқа тересіндей көрініс көзге шалынатын болды. Өне бойы қым-қуыт майда тамырлар сияқты микросызбалар. Оны екінің бірі аңғармайды, екінің бірі Күн сәулесіне қаратып зерттемейді. Ал киген кезде әйелдердің дене түстес колготкиінен аумай, денемен түұстесіп, тұтасып кетеді. Денеге ерекше бөлек реңк те береді. Егер дәл осы киім дүкендерде сатылар болса, бірінші кезекте, болса да әйелдер кезекке тұрып сатып алар еді. Әділбек үйде ешкім болмаған оңашалықта комбинезонды киіп, жарыққа қаратып, осындай ойға да келетін. Ал сонан соң қарындастары Фарида мен Фатимадан сақтанып, дипломатына салып қоятын. Кобинезоны әкесінікіндей әдемі болмаса да, киімнің тігісі онша білінбейді. Киім ішінен киілген оны кім байқап жатпақ. Кобинезондағы микрожүйе мардымсыз токты адамның өз денесінен алады. Ал егер оған сырттан қосымша жарық түссе, қуаты күшейе береді. Сырттан жеткілікті жарыұқ, Күннің сәулесі түскенде комбинезон адам денесінен алатын мардымсыз токты күшейтуді автоматты түрде кілт тоқтатып, Күн сәулесінен ток алуға көшеді. Бұл Әділбектің әкесінің тірі қалғандығына деген үмітін еселей түсті.
Үйде өзі оңаша қалған тағы бір сәтінде Әділбек есіктің құлыпталғанын мұқият тексеріп алып, комбинезонын киіп алды. Сонан соң комбинезонның оң бүйіріндегі алақанмен немесе сұқ саусақтың ұшымен ғана баса қоятын іске қосқыш түймені бақылап алды. Енді дене тепе-теңдігінен айрылмау керек. Мұндай комбинезоны бар адамға ғаламшараралық кемемен Айға ұшып барып келудің керегі жоқ. Биікке оп-оңай секіре алады. Үй қабырғасына бір жер, мір жерін соғып аламын деп те ойламайды. Комбинезонның аттас магнитті тебу өрісі адамды жан жақты қорғайды.»Комбинезоны әкемді де дәл осылай сақтаса ғой қатты соққыдан! Шіркін-ай, онда тірі оралар еді,-деп бір ойлап қойды Әділбек, онда әкем үйге дін-аман оралар еді. Мына үйдің іші де жанданып сала берер еді. Үйдің діңгегінің, тірегінің әке екенін енді сезіне түстім. Көке, тезірек оралшы үйге тірі болсаң». Осы ойынан соң Әділбек ерекше жігерленіп, бөлме-бөлмені аралап кетті. Бөлме қабырғаларына қарағанда бір кездері әкесі айтқан ескертулері есіне түсті. Енді соны айтатын әкеге де зар болып қалды. Оның барында ештеме білінбеген екен. Еркелік те, қырсықтық та әкенің барында болады екен. Анасының қасында екінші адам.. Ал қарындастары жалғыздық пен әкесідікті дәл өзіндей сезіне қоймаған.»Қыз анаға жақын» деген ұлағатты сөз де халықарасында бекер тарамаса керек-ті. Қалай дегенде де Әділбек мына дүниеден өзіне орын табу үшін, бос сеңделмес үшін әрекеттенді. Әрі ол әрекеттері бос кетпеуі тиісті. Онысын орындады да. Қолы қалт еткенде, ұйде өзінен өзге жан баласы қалмаған кезде оңашалықта өзі жасап алған комбинезонын түрлі сынақтардан өткізіп жүрді. Былайша қарағанда, оған ешкім де қадала назар аудармас еді. Комбинезонның атқарар рөлі де пәлендей емес. Достарына мақтан етіп айтар болса олар: «Сол ма? Бар болғаны айналасы үш метр қашықтыққа жететін магниттік кері тебу серпілісін тудырады. Ал оның несі ғажайып? Онымен не әрекет жасамақсың? Қайда бармақсың?» деп күлер еді. Бірақ Әділбек әзірге ол жөнінде ешкімге тіс жарып айтқан емес. Басқаларды былай қойғанда, тіпті, осы үйде екнші Дәрібектің жүргенін Ғалияның өзі де сезбеген.
Қиын сапарда
Қалың ағашты орманнан кетуге мәжбүр болғаннан кейін Дәрібек жазыққа түскен. Бірақ Сахараның шөліндей тып-типыл құмды-желді құлазыған кең дала емес еді бұл жер. Жолында орман да, тау да, тас та, мазааттар да, бұлақ та кездескен. Былайша айтқанда, сапары ертегілердегі оқиғаларға бергісіз. Адам баласының маңдайына құдайдың алдын ала не жазып, не қорйғанын білу еш мүмкін емес. Әйтпесе, мүмкін болса, әрбір адам баласы алдында не болатынын алдын ала біліп алып, жаманынан сақтанар еді. Басқасын былай қойғанда, мынандай аймаққа түсіп, жападан жалғыз өмір сүруге ешкім де келісім бермес еді. Дәрібек кейде ішінен күйініп те кетеді. Енді осы айдаладағы өзін көрген ешбір адам қазақтың белгілі ғалымы, бионигі деп ешқашан да айтпайды. Адамды салмақты, салуатты етіп көрсететін де адами орта мен соған сай киген киімі болса керек. Енді сырт киімге қарау қайда. Киімнен де бұрын жан қайғы бола бастаған. Дәрібек Осыны ойлаған кезде Дәріек кейде жынданған адамдай өзінен өзі мырс етіп күліп те алады. Айдалада өзін кім көріп тұр. Нағыз еркіндік. Не істеймін десе де өзі біледі. Тек айналадағы азығын іздеген аш жыртқыштар тұтқиылдан шабуыл жасамаса болғаны.
Қалада жүрген кезіндегі ой-армандары мүлдем басқа еді. Ол кезде мұндай қорқынышы болмаған. Теледидардан анау-мынау көріністерін есіне алып, есікті мықтылап бекітетін. Ал онан қатерлі нәрсені ешқашан да ойлаған емес. Көшеде де өзіне қарай ешбір жан тап бермеген. Рас, бір+-екі рет жас бұзақылардың қоршауларында қалғаны бар. Бірақ сонда да қоршауға алғандар адам баласы болғандықтан қанша нәрсені талап етсе де бір жағынан іштей аяйтын. Аямағандары да болған. Адамның адамға ең қауіпті жері қару қолданатыны. Қару қолданылатын жердің арасы міндетті түрде жақын болмайды. Ал мына ортада адамға қауіпті азулы жыртқыштар мен жылдам ұшатын майда жәндіктер көп-ақ. Тек олардың бәрі де алыста тұрып мылтықтан оқ атқандай емес, белгілі бір қашықтықтан ғана шабуылдай алады.
Дәрібек арқасына жапсыра асынып алған қолқоржынының ішіне толтырып салып алған Алма іспетті жемістерді жиі-жиі жеп келеді. Шағын ыдысындағы су да қатты жүрісінен шайқалақтай бастаған. Бұл ыдыстағы судың орталанғанының белгісі. Беті ауған жаққа қарай тоқтамай жүріп келеді. Бірақ солай дегеннің өзінде де білімді ғалым болған соң Күншығыс, Солтүстік, Оңтүстік, Батысты анық ажыратады. Оған себеп те, дәлелде көп.Қаіргі бағыты – Оңтүстік. «Оңтүстікке, жылы жаққа қарай жүре берсем, суыққа тап болмасыпын, тоңбастыпын»,-деп қояды ішінен. «Осы Робинзон крузо деген кітап кейіпкерінің жиырма жеті жылдық жалғыздықтағы өмірін қызық көруші едік. Ол жиырма жеті жылы жиырма күндей ғана болып сезілетін бізге. Оның сол жалғыздықтағы кейбір іс-әрекеттеріне күліп те алатынбыз. Недеген Недеген төзімді, недеген еңбекқор, недеген денсаулығы мықты адам еді ол» деп күрсінеді Дәрібек. Бәрі де басқа түскенде білінеді. Сырттай көру мен есту тек қызықтау ғана. Өзінің осы жағдайын естіген адам да қызыға тыңдар еді. Өзінің мына қиналысы, жалғыздықта өткізген күндері тыңдаушыға бір сағаттың оқиғасындай ғана болып көрінер еді.
Ал қазір әрбір минут жанын қинап келеді. Тұла бойынан шыққан тер бір мазаласа, денесіне түскен күштен қатты дүрсілдей соққан жүрегі екі мазалайды. Айналада естілетін бөтен дыбыс, оқыс қозғалыстар мен кейбір ірілі-ұсақты жыртқышьардың тұтқиылдан жасайтын шабуылы өзін ерекше сергектікке үйретіп келеді. Дәрібек жалғыздықта болған осы уақыттың ішінде батылданып та кеткен. Енді мұнда қаладағыдай жайбарақат жүруге еш негіз жоқ.. Жабайы адамдардың не ебепті сергек, батыл, сақ болып келетіні де өзіне енді түсінікті болған. Қанша шаршап, қанша болдырса да, өмір сүруге, қандай да бір жыртқышқа ойламаған жерден жем болмауға деген сергектік ұйқы бермейді. Қапыда қалмауға тырысады. «еш болмаса, осы маңда елді-мекен болса ғой. Солар не істесе, мен де соны істер едім. Тек айдаладағы бір жыртқышқа жем болмай адам баласының қолынан қаза тапқаным артық. Мынандай айдалада көз жұмсам денем әлгі қарашылардың денелеріндей қалып қоймай ма?» деп те ойлады Дәрібек. Бірақ енді қанша ойланса да, толғанса да ол ойы сол заматта орындала қалатын ертегі заманы емес.
Адам баласы табиғат алдында күшті көрінгенімен, өз тағдыры алдында соншалықты ілсіз, бейшара екеніне Дәріек алғаш рет көзін жеткізіп,мың да бір рет басын иді. Әйтпесе, мынандай оқиғағ, тағдырға тап болуы үш ұйқтаса түсіне кіріп пе? Жалпы осындай тағдыры болатынын ешқашан да ойлап көрмеген. Қалада жүргенде ғалымның ойлағаны алдына қойған мақсатына жетуі, жаңалық ашуы, елге әйгілі бола түсуі, ұзақ ғұмыр кешуі, отбасында үбірлі-шүбірлі болатын. Осы төңірегінде ойлайтын. Ал әуе кемесі ішінде осындай оқиға болып, одан жерге құлап түсіп, мынандай елсіз-сусыз айдалада осыншама азап көремін деп әсте ойламаса керек. Осыны есіне алғанда Дәрібек өз тағдырына өзі күле де жаздайды. «Құдай мұндай тағдырды әсем қалада, автоматтандырылған, компютерленген қалада тып-тыныш, көңілді өмір сүріп жүрген бір де бір адам баласының басына бермесін»,-деп бір ойлады Дәрібек,-әтпесе, Жердегі саналы адам баласының мәдени дамуын ешкім де танымай қалады. Ондай жағдайда адам баласына бәрін да басынан бастауына тура келмек. Мен-ақ көрейін тағдырдың мұндай тәлкегін»Бұлайша ойлайтыны – санасының жоғарылығы, білімінің молдығы. Ал санасыз болса, жаңағы қалың ағашты ормандағы Маймылдардың қатарына қосылып алып, солармен бірге тірішілік етіп жүре бермес пе еді. Сана айырмашылығы үйлестірмеді.
Дәрібек жүріп келе жатып осындай-осындай ойларға да батқан. Шаршап та қалды. Бір қырға шықты, бір сайға түсті. Тұла бойын пора-пора тер басты. Содан болмаған соң үлкен бір қойтастың үстіне отыра кетті. Күн жанып тұр. Шыдатпайды. Күшін жинап, тағы жүріп, шағын бір орманға ілікті. Мұнда тегіс дегенімен жасыл әлем жеткілікті.Табиғи көріністердің өзі де осы аймаққа сай екен. Егер бұл аймақ та шөл дала сияқтанып келіп, қыс мезгілі ешқашан болмаса, тірішілік әрекеттері де басқаша сипат алмақ. Даласында қызыл-сары түсті құм суырып тұратын Қызыл ғалмшардағыдай бір күй орнамақ. Сол сияқты өне бойын қалың бұлт бүркеп тұратын, бетіндегі температурасы 447 градус ыстыққа жететін, ішкі жағы үнемі моншадағы бу бөлмесіндей болып тұратын Шолпан ғаламшарында да адам ізі жоқ. Сол ғаламшардағы адам баласына ғана емес, күллі тірішілік иесіне қолайсыз ғаламшарлармен салыстырғанда бұл ыстық пен суық қорқынышты ма?
Дәрібек аз жер жүрсе де, осындай көп ойды басынан кешірді. Ойда шек болған ба. Ойдың шарықтап бармайтын жері де кем. Әрі тез. Осы жүрген жолында Дәрібек оймен бірнеше рет өз үйінде де болды. Сол оймен басқа қалаларды да шарлап үлгерген. Тіпті, оймен шарықтап, сонау аспандағы, алыстағы Қызыл ғ аламшар мен Шолпан ғаламшарына да жетті-ау! Ал енді сол ойдан арылған кезде, үйде де, қалада да, ғаламшарларда да емес, осы айдалада келе жатқанын көрді. Үсті-басын болса да қара тер жуған. Сақал-мұты да өскен. Бет-әлпеті Күн сәулесінен қарайған. Нағыз Оңтүстік Америкалық адамның өзі болып шыға келген. Сөйтіп жүріп, шамалыдан соң көздеген шағын орман ішіне де енді. Ағаштардың көлеңкесіне отырған бойда жаны жай тапқандай болды. Арқасындағы қолқоржынын жерге түсіріп, ішінен сусынын алып, одан бірнеше рет су жұтты. Мұндай аптапты ыстықта адам баласының тек сусын ішкісі келе беретіні белгілі. Тамақты көп іздемейді. Қажет болып жатса, мұнда да жеміс ағаштары жеткілікті. Өзі бұрыннан кітаптардан оқып білген, бейнефилмдерден көрген таныс жеміс ағаштары. Сол білімінің арқасында жеміс ағаштарын бір бірінен ешкімнің түсіндіруінсіз-ақ ажыратады. Жеуге болатынын алады, болмайтынына қолын тигізбейді.
Дәрібек осылайша ұзақ жүріп, Күн батысқа қарай еңкейгенде бір үлкен аңғарға енді. Жүріп өткен жазығы енді кейінде қалған. Жаяу адам орташа жылдамдықпен жеті шақырым жер жүреді. Ал Дәрібек айдалада жалғыз болғандықтан, шамалы елегізгендіктен әлдеқайда жылдам жүріп келеді. Сол жүрісінің нәтижесінде үлкен ормандағы шулаған Маймылдардан да, ысылдаған жуан Жыландардан да құтылды. Бірақ бұл аймақтағы өзіне төнер қауіп онымен бітпейтін еді. Мына үлкен аңғардағы қалың ағаштардың арасында, тас-тастың қуыстарында не жасырынып жатқанын бір құдай білсін. Мұнда да Маймылдардың не түрлері бар. Олардың еңгезердей біреуі қарсы алдынан гүрілдеп шыға келсе, онсыз да әлдірманы құрып келе жатқан Дәрібек не істемек? Қазір ондай еңгезердей Маймыл түглі, дәл өзіндей Маймыл қарсы алдынан шыға келсе де Дәрібектің айқасуға әлі келмейд. Әлбетте, іуе кемесінен жерге түскен күні қазіргісінен әлдеқайда тың еді. Ол күнгі күш-қуаты мен бүгінгісін мүлдем салыстыра алмайды. Күн төбе тсұстан батысқа қарай ауған бойда-ақ Дәрібектің көңіл-күйі құлази берген. Күн батарда Дәрібек әлдеқандай бір үлкен жалпақ тастың үстіне шығып , Күннің қызғылт түсті шапағы қашан сөнгенше қадала қарады да отырды.Бұрын өз үйінде жүргенде теледидардан осындай бір аймақтағы, теңіз жағасындағы ірі қос мекенділердің Күннің жылуын қимай-қимай жатып, тек ол батқаннан кейін ғана амалсыздан суға сүңгитінін көрген. Сондай алып қос мекенділердің де денелері тоңады екен. Таң атып, Күн шығыс көкжиектен көтеріліп, айнала-төңірек ыси бастағанда сол тірішілік иелері де жанданып, тіпті, бір бірлерін қуалап ойнай да бастайды.
Ал Дәрібекке керегі Күн жылуы емес. Дәрібек, керісінше, бұл аптапты ыстықтан жалыққан. Күн батыс көкжиекке толық батқаннан кейін де салқын самал есе қоймайды. Ыстық ауа үреді де тұрады түні бойы. Бұл адамның рахаттанып тыныш ұйқтауына мүмкіндік тудырады. Тек айналадағы түрлі жыртқыштардан қатер төнбесе. Дәрібек айнала-төңіректе қас қарая бастаса да маңдай терін тынымсыз сүртумен болды. Айналаға қарағанда әрдеме қарңдағадай да болады. «Қорыққанға қос көрінеді» дейді мұндай қорқынышты дана қазақ. Осы жалғыздықта бұл сөз Дәрібектің ойына жиі түседі. Есіне орылғаны дұрыс та болды. Анау-мынау қараңдағанға ден қоймауға тырысты. Қайта ондай қараңдағанға батылдықпен қадала қарап, оның не екенін анықтауға тырысты. Комбинезонының бар қасиетін пайдаланды. Егер осы комбинезоны болмағанда, әуе кемесінен құлаған бетте жерге қатты соғылып, жаны әлдеқашан жаннатта жатқан болар еді. Осының арқасында ғана небір қауіп-қатерлерден дін аман қалып келеді.
Айналасы тау, орта тұсы жазықтау келген бір аңғарға киліккен кезде мұрнына әлдененің иісі сезілгендей болды. Бұл адам баласы тұтатқан оттың түтінінің иісі еді. Дәрібек әлі ешкімді көрмесе де, білмесе де бұл иістің саналы тірішілік иесі – адамның тұтатқан отының түтінінен тарап жатқан иіс екенін сезді. Адам барын сезіп, іштей қуанды. Сөйте тұра, әлі де ештемеге сенім атрпай қатты сақтық жасады. Егер саналы адам болса, манағы ормандағы шуылдаған қасқа бас, ақ түсті Маймылдардан да, азығына қарай лезде оқша атылып, орап алып, қысып өлтіретін Жыландардан да ақылды. Сондықтан да өзі бұл жерге бөтен болғандықтан одан да сақтану керек. Егер олар өзін саналы адам ретінде таныса бір жөн. Өзінен қорқып, қорғанып, әлдеқандай қарсы әрекеттержасап қалуы мүмкін. Содан сақ болуы тиісті. Мұндай аймақта қолдарында суық қарулары бар шағын-шағын тайпалардың кезігуі де ғажап емес. Ондай оқиғалар о бастан белгілі. Олардың әл күнге дейін толық зерттелмегендері, қағазға мәлімет болып түспегендері қаншама. Оның үстіне Дәрібек негізгі бағыттарды білгенімен өзінің дәл қазір Жер шарының қай тұсында жүргенін нақты білмейді. Беті ауған жаққа қарай адасқан адамдай жүріп келеді. Бір жағынан дәл осылай айдалада қиналғаннан қандай да бір саналы адам баласының қолынан қаза болғанның өзі дұрыс шығар деген ойға да келеді кейде пендешілігі ұстаған Дәрібек. Бірақ олойы да жалғыздықтағы қиналыста басына келетін ой екен. Енді беймәлім адамдар кезіксе де олармен қалай дегенде де тіл табысуды көздеді.
Шамалыдан соң Дәрібек түтін исінің қандай да бір шағын тайпаның тұрғылықты жерінен келіп жатқанын да сезді. Енді біраздан соң жалаңаяқ жүрген адам аяқтарының іздері де табылды. Бәрі де жалғызаяқ жолдарда. «Бәлкім, бұлар ғажайып бірдемелер шығар? Мүмкін, бұлар «Қар адмдары» болар№» деп топшылады ішінен Дәрібек. Енді қалай дегенде де, олардың әрбір қадамы санаулы, күмәнді еді. Тек ілгері қарай емес, айнала-төңірегіне де жіті қарайды. Үстіндегі комбинезонының тағы бір ерекшелігі, түн қараңғысында бойынан шамалы жарық шығарады. Киімнің өне бойына таралған майда микросызалардың іске қосылғанда сондай жарық шығаратын да қасиеті бар еді. Ал саналары мен даму деңгейлері төмен адамдарға ол қорқыныш сезімін тудырмақ. Сондықтан да үстінде комбинезоны бола тұрса да Дәрібекке төнер қауіп әлі де көп. Ғалым сонда да жүрісін тыйған жоқ. Кейін де қайтпады. Өзі бұл бөтен далада біраздан бері аңсаған саналы адамын өз көзімен бір көргісі келді. Расында да, мынандай айдалада жападан жалғыз қаңғып, тек өзі мен өзі сырласып, ішкі ойымен арпалысқанша, танымайтын әлдекімдермен дауыстап сөйлесіп, түсініскені әлдеқайда артық.
Дәрібек аса биік емес ағаштардың арасымен еңбектей өтіп, ашық бір алаңға шыққан мезетте қарсы алдынан жылтылдаған бірдемелерді көздері шалды. Алғашында қатты асып қалғаны сондай, ол оттардың не оттар екенін ажырата алмай да қалды. Қозғалуға да мұршасы қалмаған. Мұндай қорқыныш сәтінде екі аяғы да жансызданып қалғандай сеілді. Тек сәлден соң әлгі отша жылтылдағандардың өзіне қарай оқталып, бағытталып тұрған мың-сан садақ жебесі екенін сезді. Ол садақтардың артында мың-сан көдер өзіне қадалып тұр. Дәрібек сонда да кейін шегінбеді. Қашпады да. Батылдығы, өздеріне жау емес екенін білдірк үшін екі қолын жоғары көтерді. Солкезде барып әлгімың-сан садақ жебелерінің ұштары төмен қарай түсті.Бірақ Тенк олардың ешқайсысы да кейін қарай шегінбеді. Егер үстінде өзі жасап алған осы ғажайып комбинезоны болмаса, Дәрібек бұлай батыл тұрмас еді. Енді өзіне қарай садақ жебесін кзеген тайпа адамдарынан қорқатын жайы жоқ. Мұндай қиын сәтте адам пенденің өзі де ерекше батылданып кетеді емес пе? Дәрібек осыны көре тұрып, кездейсоқ әлдекімдерідң тұтқынына түсемін-ау деп те ойлмамады. Іштейгі бар мақсаты, өзін қоршауға алғандардың кімдер екенін анықтау болды. Ал одан «әрі қарай не болса, ол болсын деп түйген. Адам қатты қысылғанда ғаламат бір екінші күшке де ие болады екен. Әншейінде шыға алмайтын биікке де оп-оңай шығып кетеді. Дәрібек те дәл қазір сондай бір күйде еді. Қазір ол ешкіммен, ештемемен санасып тұрған жоқ.
Сәлден соң өзіне қаратқан садақтарының жебелерін төмен түсіргендер жан жаққа тарай бастады. Шамасцы, Дәрібектің зиянсыздығын түсініген басшылары сондай нұсқау берсе керек. Жауынгерлері ара-тұра өз тілдерінде бірдемені хормен айтып шу ете түседі. Құралдарын даңғырлатады.Олардың жалпы үндіс ұлтына келетінін Дәрібек ә дегеннен сезген. Бірақ олардың аттары өте көп. Кітапқа жазылғандарының өздерін есте сақтау қиын. Ал қағазға жазылғанщдары қаншама. Мыналар да өздерінше бір оңашалықта өмір кешіп жатқан ел тәрізді. Ел дегенмен оның шағын ғана ел екені де білінеді. «Несі бар, бұл әлемде небәрі жиырма бес адамнан ғана тұратын қала да бар емес пе?» деп ойлап та үлгерді Дәрібек. «Ой шіркін, қандай жүйрік, оны қуып жете алатын нәрсе бар ма екен, мына әлемде. Неше қилы ой миының мың-сан қатпарларын шарлап жатса да Дәрібек өзіне тән әрекетінен еш танған жоқ. Аяқтарын жаймен санап басып, әлгерілей берген. Айналадағылардың неден сескеніп садақтарының жебелерін төмен түсіріп,неге табынып, жан-жаққа тарап, өзіне жол ашқанын Дәрібек әзірге түсіне алған жоқ. Болар іс болды. «Шешінген суға секіруден тайынбас» дегеннің де кері келгендей. Енді артық қозғалыс жасаса, өзі обалы өзіне болмақ. Тайпа жауынгерлерінің Дәрібектің сәуле шашқан ғажайып комбинезонынан сескеніп тұрғандары да белгілі еді. Ендеше, Дәрібек неден қорқады. Олар қанша атқыласа да, садақ жебелерінің өзіне жетпейтіні, дарымайтыны тағы белгілі.
Шамалы ілгері жүрген соң қарсы алдынан денесінен жан жаққа өзі сияқтаы сәуле шагшқан адам көрінді. Сол замат Дәрібек: «Е, мен бұларды жартылай жабайы тайпа ма десе, бұлар дамыған адамдар екен ғой» деп ойлап үлгерді. Енді өзін олардан құдірет санамай, мәдениетті ұстап, жайымен жүріп келеді. Сәлден соң жаңағы денесінен жарыұқ шыққан адамның әйел баласы екені белгілі болды. Киім киісі, денесі нің сымбаттылығы көздің жауын алады. Дәрібек осы кезге дейін ійел затынан мұндай сымбаттылықты көрмепті. Қаншама қарапайым, салдарлы адам болса да, еркек болып жаралған соң әдемі әйел затына көз салмай қала алмайды. Айналада тұрғандардың да оған тәнті болатындай жөні бар екен. «Мықты болсаң, әуелі осы сұлумен тілдес» деп қарайтындай бәрі де Дәрәбек әйелге қызығушылығын ақылға жеңдіруге тырысты. Сәл басын жоғары көтеріп алдына тік қарады. Сол сәтте Айдан ару қыздың жанарларының тап өзіне қадалып тұрғанын көрді. Жүрегінің дүрс-дүрс соғысы да өзіне естілгендей болды. «Бұларың мықты екен. Мені сезім жағынан жеңейін деді» деп бір оайлап қойщды Дәрібек. Бірақ мұндайда тіл дейтін құдіретті құрал бар. Ол байланысты да, батылдықты да, айқасты да бастайды.
-Сіз кім боламсыз? – деді Дәрібек оған дауыстап.
Бірақ ол сөзі әлі қызға жетпеген тәрізді. Оның денесінің айналасында да бөтенді жақындатпайтын магнит өрісі бар секілді. Дәрібек енді сасайын деді. Саспай қайтсін, айтқан сөздері түсінікті болып адамына жетпесе. Бұдан өткен нәрсе жоқ екен, бұл дүниеде. «Мұндай саналы адам түгілі, айдаладағы жартас екеш жартастың өзі де айғайлап айтқансөзіңді біремес, бірнеше рет қайталап айтып бермей ме?» деп күйінді ішінен Дәрібек. Жаңағы айтқан сөздері бейнебір аспандағы ғаламшардың атмосферасына сііп кеткендей де болды. Еш жауап жоқ.
-Сіз кім боласыз? – деді Дәрібек қызға тағы да дауыстап.
Жауап тағы да болмады. Тек қарсы алдындағы қыздың бойынан өзінің сөзіне деген бір тітіркеніс қана байқалды. Бірақ одан дәл қазір не пайда. Ғалым қапелімде не істерін де білмеді. Айналадағылар екеуінен көздерін тайдырмай, екі алып жытқышты алыстырып,қызықтап, соңының немен аяқталарын күтіп тұрғандай күй кешуде. Дегенмен де Дәрібек мән-жайды іштей түсінді. Енді тілдесетін де, қажет болса, айқасатын да, сырласатын да жалғыз адамның көз алдында тұрғанын сезіп, алға қарай батыл қадам басты.
Қорықпайтын адам
Тау баурайы бүгін де адамға толы. Әрім өзінше қыдрып, өзінше демалып жүр. Дәрібек барда бәрі осы тауға шығатын, демалатын, сөйтіп кешке жақсы сергіп, үйлеріне қайтатын. Тек сол дәуреннің бәрі де Дәрібек барда екен. Ол үйден кеткелі көптеген күнтізбе де, жоспар да өзгерген. Әншейінде білінбей, тапжылмай тұратындай көрінетін өмір күтпеген жерден осылай өзгеріп шыға келді. Адам пенденің тағдыры да жер бетінде қыырлаған Құмырсқалар мен әуеде зымырай ұшқан құстардың тағдырларымен бірдей. Адам баласы қаншама ғаламат нәрсені ойлап тауып, оны жасай алса да, күтпеген жерден болмайтын нәрседен мерт болады. «Дүние жалған» дейтідері де содан үлкндердің.
Бірақ «Мен иә бүгін, иә ертең мерт болады екенмін» деп, қол қусырып қарап отыра ала ма, адам пенде. «Тірі адам тірішілігін жасайды» дейді дана қазақ. Тіпті, адам баласы қайтыс болған әлдекімнің жаназасы шығарылып, жерлегеннен кейін де ас ішуін, тағы басқадай әрекеттерін тоқтатпайды. Өйткені, тірі адамның оргнаизмі асты талап етеді, қол-аяқтары қозғалысты қажет етеді. Адам пенде оған қарсы тұра алмайды. Ал Дәрібектің бұл жарық та жылы дүние әлеменде не бары, не жоғы белгісіз. Әзірге ешкім де ол жайлы не жақсы, не жаман хабар берген жоқ. Ғалыия да, ұлдары мен қыздары да арада біршама уақыт өтіп үлгерсе де Дәрібектің аман-есен табылуын тілейді. Қай қайсысы да ол жайлы тек жақыс хабар күтеді. Дегенмен де алғашықдай емес, бәрі де хабар-ошар жәшігіне үрейлене қарайды, бейнетелефон қоңырауы сыңғыр ете түссе де кәдімгідей шошып қалады. Соған қарамстан бейнетефонның іске қосатын түймесін жедел басуға ұмтылады қай қайсысы да. Бірақ қоңырау соқандардың ешқайсысы да Дәрібек жайлы жаңалық айтпайды. Сол өкінішті-ақ.
Бұл отбасындағы ең оптимист адам Әділбек. Оләкесінен көз жзғалы бері бір жаман ойға келген емес. Ол тіпті, бірнеше рет анасы Ғалияны, ағасы Ғаділбек, қарындастары Фарида мен Фатиманы тауға ертіп барып келген. Бірақ ауыр көңіл-күй қашанғы жеңдірсін. Соңғы кездері Ғалияның кһңіл-күйі көп жүргенді де қаламайды, Көп жағдайда жатын төсегінде жатқанды қалайды. Тұла бойын бір ауыр зіл күй солай баса береді. Оны көрген ұл-қыздары да оны аяйды. «Ауырмашы, анашым» деп алдында бәйек болып жүргені ұл-қыздарының. Көбіне оны артық мазаламауға тырысады. Ал Әділбекте тыным жоқ. Ол отбасы мүшелерінен құпия түрде жасап алған комбинезонын денесіне жапсыра, жасыра киіп алып жүреді. Онысын үйдегілер білмейді. Ағасы мен қарындастарының күмәнданып қойған сұрқтарына мандыртып жауап бермейді. Сондықтан да олары Әділбектен әлденені сұрауды қойған. Демалыс болды дегенше, анау-мынау құпия заттарын ешайсысына көрсетпестен қолқоржынына салады да, тауға қарай тартады. Өзінің мінезі де соңғы кездері қызық өзгерген. Онысы отбасындағылардың ешқайсысына да ұнай қойған жоқ. Кейде, тпітпі, мінезі мен құпиялылығы жағынан әкесінен де асып кетеді-ау!»Бір бала әкеден өте туады» деген халық мақалы да тап осы Әділбекке арналып айтылғандай.
Бүгін күн шайдай ашық болғандықтан та баурайының табиғаты да әдеміленіп кеткен. Тауға келген демалушылардың бәрі де айнала-төңірекке мейірлене қарайды. Тау аймағында ауа таза, жарық көп болғандықтан келгендердің көпшілігі дерлік көздеріне қара түсті көзілдрік таққан. Әділбек осы тауға қанша рет шықса да көзіне күнқағар көзілдірік таққан емес. «Қара түсті көзілдірік табиғи жарықты азайтып, көздің көру қабішлетіне нұқсан келтіреді. Сондықтан одан көзге еш пайда жоқ» дейді Әділбек достарына,-көзге Күн сәулесі тіке түсер болса, ұлы Жаратушы жаратқан табиғи кірпіктер бар.Кірпік Күннен көзге тіке келіп түскен сәулесін өзіне жұтып, жарық сәулесін азайтады. Өкінішке орай, оны көпшілік адам түсіне де, елей де бермейді.Сөйтіп шынысы қара түсті көзілдірік тағады. Мүмкін, көзі ауыратын кейбір адамдарға ол да қажет шығар. Мнің түсінігім осындай».
Тауға шығушылардың емен-жарқын күлкілері тау аймағын жаңғыртып, төңірегіндегі адамдардың көңіл-күйлерін көтере түседі.Үйден осылай қарай шығарда жол алыстығын, тау биіктігін ойлап, сәл де болса кідіртіктеген Әділбек енді ерекше жігерленіп, келгеніне қуанды. Анасы Ғалия да бұл тауға шыққан кезде анау-мынау қайғысын кәдмігідей ұмытады. Сол үшін де әділбек анасын тауға сүйрелейді әр демалыс сайын. Ал бүгін ешқайсысын да ерте алмаған. Қаншалықты жалынсын, сүйресін. Мына айналадғы демалып жүрген мың-сан адам жалғыздықты білдірмей жібереді. Тауға шығып келе жатқандардың дені негізінен жастар. Қол ұстасқан ғашықтар да аз емес. Әділбек өзінің әл жас екендігіне қарамастан ондай пәк сезімді ғашықтарға сырттай қызығады. Мұндайда әділбек өзінің сыныбындағы жақсы көретін Сәния есімді қызды көз алдына ойша әкеледі. Нағыз ғашықтық сезім де оссындай таза ауада, тамаша табиғат аясында ойға оралады екен ғой. Әділбек тау басына қарай баяу ғана көтеріліп келе жатып, айнала-төңіректегі сай-салаға, орман, бұлақтарға қарап ішінен: «Сәния екеміз де на ғашықтардай қол ұстасып, орман ағаштарының арасында сырласып жүрер ме едік?» деп армандап та қойды. Асыл арман мен ғашықтықтан артқан ғажайып сезім бар ма екен саналы адам баласының өмірінде. Әділбек осындай сіттерде өзін шын мәнінде де бақыт құшағында жүргендей сезінеді. Әрине, қазір жанында Сәния болса, оны мына тауға қолынан шығармай, жетектей өрлер еді. Өзі жасаған бар ғажайып нәрсесін көрестіп, тіпті, бар құпия сырын да ашпақ. Бірақ қазір жанында сол Сәния жоқ. Ол әзірге қиялындағы қыз. Өйткені, оған әзірге өзінің ғашықтық сезімін білдіріп көрген емес. Бірде оған арнап хат та жазбақ болған. Бірақ Бірақ одан жауап күтіп жүргенше, өз сезімін оған тіке айтқанды жөн санаған.Тек соның сәті еш түсер емес. Жазғы демалыста мұғалімдер бастаған саяхатқа шыққан кезде қиын жерлерде Сәнияға қолұшын бергеі де бар. Ол да өзінің бұл сезімін сезетін сияқты. Қыз бала емес пе? Қыз аланың ғашықтық сезімі ұл балаға қарағанда ерте оянса да, оның жолы жіңішке, жаны нәзік болғандықтан өзі ұнатқан жігітке сезімін айта алмайды. Маұндай әңгімені Әділбектің әжесі де әркез айтып отыратын көзі тірісінде. Сол сөздері Әділбектің есінде жақсы сақталып қалған.
Әділбек қарлы-шыңды биік таудың үлкен бір бөктеріне шыққанда айнала көкжиек көңейіп, көрініс көбейді. Енді ол қай жағын көбірек қызықтарын да білмеген. Төңірегіндегі осылай қарай өрлеген адамдар да азайып, шуылы басылған. Топ-топ болып көтерілгендер енді әр жер, әр жерге дамылдап, жинала отырып, өздерімен алып келген азықтарын ұзақ жол жүріп, әбден ашыққан адамдардай тәбеттене жеуге кіріскен. Сол кезде Әділбек те осы тауға аттанарда анасы Ғалия қалтасына салып берген жұмсақ құрттың біреуін аузына салып жіберді. Содан соң әуеге мейірлене көз жіберді.
Сол кезде көп шыңдардың бірінің баурайына қарай қалықтай ұшып, бірте-бірте төмендеп келе жатқан делтапланды көрді. Адам баласының мұндай қанатты құралмен ұшуы Әділбекке жаңалық емес-ті. Делтапланның адам баласына қызмет етіп келе жатқаны қашан.Бүгінде оның түрлері де көп. Қозғатқышы барымен сонау алыста қалған қаладан осы таудың шыңына оп-оңай ұшып келуге болады. Тек делтаплан емес, бүгінде шағын-шағын жекеменшік әуе кемелері де жеткілікті. Ондай шағын кемелердің бірі Бүкітке, екіншісі Самұрыққа және тағы басқадай құстарға ұқсатылған. Кейде ондайлар аспанда көбейгенде әділбек қайсысына қаррын білмей да қалады. Ал бүгінгі күннәің бір ерекшелігі, аспанда қалықтайтын сондай әуе көліктері аз. Өзінің ойының да бірден аспанға бөлінгені де содан еді.
Тау шатқалынан төмен қарай құлдилаған делтапланды иесі емін-еркін қалықтатып келеді. «Осы мен құлап қаламын-ау» деп еш ойлмамайды. Ал Әділбек ондаймен айналысып көрген емес. Сонау биіктен делтапланмен осылай қалықтау оңай емес. Адам қорыққанда буындары босайды. Буыны босады деген сөз, әлі кетті деген сөз. Сөйтіп, адам өз денесінің тепе-теңдігін ұстай алмай құлайды, мертігеді. Әділбек осындай делтапланмен асанда қалықтай ұшқан адамға қайран қалатын. Оларды нағыз батырға санайтын. Енді өзінің бойында да сондай бір әрекетке деген ынта туындағандай. Сөйтіп, делтапланшының қай жерге қонатынын қадағалады. Қызық болғанда ол дәл өзі тұрған жерге қарай тап бір Самұрықтай шйіле қонып келеді. Олай да, былай да оп-оңай бұрылады. Иесінің делтапланды әбден игеріп алғаны айқын көрініп тұр. Ол бірте-бірте төмендеп, шамалы дыбыс бере жанынан ұшып өтіп, анадай жердегі тегіске құсша жалп етіп қонды. ЖЖаңа ғана жел көтерген жұқа, төзімді материалдан жасалған қанаты енді қағазша қатпарланып жиырылды. Делтапланның қанатының үсті айқыш-ұйқыш жіп. Шандып байлап тастапты. Ондай сақтақ әрине, керек.
Әділбек өзі жаңа ғана терлеп-тепшіп шыққан тас төбеден жылдам басып тһөмен қарай түсті де,делтаплан қонған жерге қарай тартты. Бүгінде мұндай өнер ешкімге де тансық болмағандықтан айналадағы бел-белдерде азықтарын жеп-ішіп, ән айтып, радиоларынан ән тыңдап отырған демалушылардың ешқайсысы да назар аударған жоқ. Мұнда оған қарай жүгірген жалғыз Әділбек еді. Делтапланшы өзі сияқты жас жігіт екен. Қияқтай етіп мұрт қойыпты. Дөңгелек жүзді. Көздері көңіл-күйінің тасуынан күлімдеп тұр.Бірақ өзіне сонау жерден жүгіріп келген Әділбекке назар аударар емес. Әділбектей қызықтап өзіне қарай осылай жүгіріп келетін жастардың талайын көргені айқын білініп тұр. Сонда да Әділбек ойындағысын созғыламай-ақ айтып салды.
-Жігіт, есімің кім?
-Ерболат.
-Менің есімім Әділбек. Сен маған мына делтапланыңмен бір рет қалықтап ұшуға рұқсат етесің бе?
-Қалай? Мына делтапланмен бе?
- Әрине, осымен. Енді не деп едің?
- ал сен бұдан бұрын мұндаймен ұшып көріп пе едің?
-Бұрын ұшпаса қайтеді екен? – деді Әділбек екі қолын екі бүйіріне таяп.
-Бұрын мұндаймен ұшпаған болса, аспанға қалықтаған бойда жерге қарай құлап, о дүниеден бір-ақ шығасың!
-Ой,қойшы. Осы күні мұндай делтапланмен әуеде қалықтау да қиын болып па?
-БОлмайды. Қарап жүрмей, біреудің өмірі үшін жауапты бола алмаймын!
- Қорықпа, жігіт. Мен ол үшін саған қолхат бере аламын.-деді Әділбек.
-Сен өзің немене№
-немене дейтін ештеме жоқ. Сен сен сияқты ана биіктен секірмеймін делтапланмен.
Осы сөзден кейін делтапланшы Ерболат кәдімгідей ойланып қалды. «Аса биіктен секіріп ұшпайтын болса, беруге болады бір ретке» деп түйді ішінен ол. Оның үстіне Әділбектің әйгілі ғалым Дәрібектің кіші ұлы екенін де сырттай білетін еді Ерболат. Бүгінде ол ғалымның үшті-күйлі жоғалғанынан да хабардар. Өзіне осы делтапланмен биіктен бір секіріп ұшуға өтініш білдіріп тұрған сол ғалымның кенже ұлы, ұрпағы. Ерболат әкесіз қалғанның қандай қасірет екнін де жақсы біледі. Өзі осы жасына дейін әкесіз өсті. Екі жасқа толғанында әкесі Самиғұлла жеңіл көлік апатынан мерт болған. Сөйтіп анасының тәрбиесінде өскен. Дәрібекті сырттай талай рет көрген. Кездесе қалғанда ол кісі адам талғамай өзімен де емен-жарқын амандасып, хал-жағдайын сұрайтын. Өзі өте бір қарапайым жан болатын. Ешкімді де бөтенсіген емес. Ерболат осының бәрін де есіне түсірді. Қарсы алдындағы көздері жәудіреп тұрған ұлына қадала қарады. Өтінішінен бас тартса, не болғаны. Онсыз да оның көңілі жарым емес пе?Ерболат ой тұңғиығынан селт оянып, жаңа ғана Әділбек өзіне қарай жүгіріп түскен төбеге қарады да:
-Жарайды, Әділбек. Ана өзің келген биік төбеден скеріп қалықтап көр. Одан арыға брмай-ақ қой. Бірдемеге ұшырап қалсаң, мен басыммен жауап беремін ғой сен үшін!
-Білемін,-деді Әділбек ерболатқа жақындап,-мен де өзіме сеніп тұрған шығармын.
-Батылдық бірбасқа, ұшудан тәжірибе алу бір басқа. Аспанда қалықтап үшқанда басың айналып жүрмесін. Жердегі жүрісің бір басқа, әуеде үшуың бір басқа. Биіктік қашан да өзінің биіктігін сездіреді ғой!
-Түсінікті,-деді Әділбек таптұйнақтай, тығыршықтай етіліп жинақталған делтапланды қолына алып,-ал өзің ана бір жасыл өсімдіктердің үстіне жайғасып демалып ал. Менің делтапланмен аспанда қалай қалықтағамнымды қызықта!
-Әйтеуірі абыраой болсын!-деп Ерболат Әділбек нұсқаған жасыл өсімдікті жерге шынымен-ақ жантая кетті.
Айналадағылардың біразы бұл кезде азықтарын ішіп болған. Бәрі де енді айнала-төңіректегі тамаша табиғат көрінстерін қызытауға көшкен. Әлдекімдер тау-тасқа шығып, енді ірлері қалың Шырыш қарағайлардың ішін аралып, бір бірлерін суретке, бейнефилмге түсіріп жүр. Адамдарда мұндай әдет әуелден бар. Демалып жүрген адамдардың көбісінің тау шыңына шығуға, сонда тұрып суретке түсуге құмар екені хақ. Әділбектен онша қашық емес жерде демалыпжүрген жігіттер мен қыздар енді мұның мына әрекетін байқап, аспанда делтапланмен қалай қалықтар екен дегендей жасыл өсімдіктердің үстіне жантая-жантая кетіп, көздерін аспаға бұрып, қызықтауға кіріскен. Кейбір қыздар, тіпті, Әділбектің төбе басына қарай шығып бара жатқанын дүрбісімен де бақылады.
Ал мұны көрген Әділбек жаңа ғана ерболат өзіне көрсеткен бұл төбеден делтапланмен скеіріп ұшуды намыс санады. Егер әлгі қыздар жағы дүрбімен анықтап бақыламағанда шығып қалған төбеден скеріп ұша салар еді. «Жігітті намыс, Қоянды қамыс өлтіредінің» кері келгендей. Бұл кезд Ерболат жасыл өсімдіктердің үстінде шалқалай жатып өзінше бір ойға батқан. Айналадағылардың елеңдеулері мен «Өзі биіктен секірмекші. Шамасы, бұдан тәжірибесі бар-ау» деген сөздері ерболатты жатқан орнынан тұруына мәжбүр етті. Қараса, Әділбек жаңа ғана өзі нұсқап көрсеткен төбеден әрі асып, төбе жайына қалыпты. Енді оған дауыстап айғайлаудың да еш реті жоқ. Қанша ағайласа да дауысы жетпек емес. «Қап, мынаны-ай»-деп өкінді ол ішінен,- біреуге жақсылық жасасаң, осылай. Бермесең, жатып өкпелейді. «Бәтшағар ана шыңнан секіріп ұшып, делтапланды игере алмай құлап, мерт болса. «Жығылғанға, жұдырық» дегендей, анасы Ғалия қандай күйге түспек?» деп те ойлап үлгерді Ерболат. Ал айналадағы демалушылар болса да оған қарап мәз. Әділбек делтапланды иегере алмай қалықтап келіп, дәл солардың үстіне түссе, олар үшін де өзі жауап беретіні тағы түсінікті. Олар болса да Әділбектің делтапланмен әуеде қалықтаудан тәжірибесіз екенінен бейхабар.
Ерболат қапелімде не істерін білмеді. Егер төңірегіндегілерді танытын болса, көкейін кернеп тұран ашулы-ызалы сөздерін бар даусымен айғайлап айтып-айтып алар еді. Енді не десін.Бар болғаны, төңірегіндегілермен бірге тау шыңына қарайлай берген. Әділбек ешемеден сасатын емес. Жылдам басқан бойда Ерболат шыққан шыққан биік шыңнан да жоары өрледі де, делтапланды денесіне арнайы жіптері, бекіткіштерімен бекітті. Содан соң арқа жоны ұзын келген бір жалпақ тастың үстімен жүгіріп барып секіріп, қалықтай жөнелді. Төменгі жақ терең құз. Егер делтапланның ұшу тепе-теңдігі кенеттен бұзылып кетсе, ол тік төмен қарай жылдам құлдилай жөнелмек. Ондай жағдайда Әділбектің шаруасы бітті деген сөз. Әділбектің делтапаланмен ұша жөнелгенін көрген ерболат тіпті де толқып кетті. Жанындағы бақылап, қызытап тұрған қыздың қолындағы дүрбісін келіскен-келіспегеніне қарамастан қолынан жұлып алып бақылай бастады. Ерболаттың бұл қатты қызулы жай-күйін қыз да түсінген еді. Сондықтан да оған ештеме демеді. Қыз бірдеме айтс, қалғандары да шу ете түспек.
Бірақ әділбек алғашында делтапланды шебер басқарғандай, шеберұшқандай болды. Тек арада шамалы уақыт өткенде қалт-құлт ете бастады. Оны көрген ерболат дегбірзідене түсті. Жан-жағындағылар да осы мезетте: «Делтапланмен ұша білмейтін адамға неге сенім білдірдіңіз?», «Өзі бір ештемеден қорықпайтын адам екен!»,-деп жатты. Ал ол сөздерге жауап беруге Ғрболаттың еш мұршасы жоқ. Екі көзі Әділбекте. Оның делтапланмен ұшудан ешбір тәжірибесінің жоқ екені енді ап-айқын көрініп тұр. Кенет:
-Ой, бітті! Құлады! – деген қыз дауысы жанұшыра шықты.
- Тасқа соғылатын болды! – деп, екінші қыз да қос алақанымен бетін басты.
Ерболат қолындағы дүрбіні қалай лақтырып жібергенін, тұрған орнынан алға қарай қалай атылып жүріге жөнелгенін байқамай да қалды. Алқынғаннан жүрегі қатты соғып, қос өкпесі күйіп барады. Жүрегінің қатты лүпілі бүкіл денесін қозғайды.Айналада осылай қарай жүгіріп келе жатқандар да аз емес-ті. Ерболаттың көздері тұнып кеткен. Ешкіді де, ештмені де көрмейді бұл сәтте. Көз алдында тек Әділбектің қансырап, жатқан өлі денесі. Көзге жап-жақын көрінетін жазық та жеткізер емес енді. Қырсыққанда Әділбек делтапланымен сәл биіктеу дөңнің арғы жағына түскен. Не болғаны, қанай күйде жатқаны белгісіз. Қандай жағдайға душар болса да, енді онан үміт аз. Делтапланмен дұрыс ұша алмаудан тірі қалған жан болған емес, осы кезге дейін. Ерболаттың сұры қашты. Бар есіл-дерті ілгеріде. Қандай қайғылы құбылыстың орын алғанын тезірек көру.
Ырслдай жүгіріп, әлгі дөңнен асқанда, анадай жерде делтапланымен бірге екі бүктеліп жатқан әділбекті көрді. Енді ерболат алқынғанына қарамастан жүрісін жылдамдата түсті. Тап бір ертерек жүгіріп жетсе, дәрігерсіз-ақ оның жанын алып қалатындай. Ол әзірге қозғалыссыз сияқтанады. Қайдан қозғалсын, сонау аспаннан бар салмағымен жерге құласа. Осылай ойлап келеді ішінен Ерболат. Сөйтіп жетті-ау! Жоқ, әуелі байқағаны, Әділбектің денесінің еш жері зақымданбаған. Киімі де, делтаплан да бүтін. Денесі де сап-сау. Кімді, нені күткені белгісіз, әйтеуірі жатыр. Ерболат алқынып жеткен бойда оны өзіне қарай тарта бері аунатты. Сол кезде Әділбек оған бұрыла қарап, риясыз жымия берді. Оны көргеннің өзінде де қорқынышын әлі баса алмаған ерболат:
-Аман қалдың бар? Қай жерің ауырып жатыр? – деді.
-еш жерім де айырмайды,- деді Әділбек жайымен ғана ештеме болмаған адамдай жатқан орнынан тұрып,-Бәрі жақсы! Көріп тұрсың ғой, Еролат!
-көріп тұрмын! Құдайға мың да бір гшүкір!
- Делтапланың да сынған жоқ!
-Делтапланды қайтесің? Өзәіңнің амандығыңды айтсайшы.
-Өзім, міне, Көріп тұрғаныңдай ғой!Бәрі тамаша өтті! Мың да бір алғыстымын, саған, ерболат!
-Мың да бір алғыстан бұрын, өзің қалай дін аман қалдың, соны айтшы, маған?Бұл өзі менің түсім бе, әлде өңім бе? – деп, көждеріне ыстық жас ала Ероларт әділбекті қапсыра құшақтай алды.
Осы кезде төменіректегілер де жәрдем көрсетуге алқынып-жұлқынып жеткен еді. Мына жайарақт жайды көріп, түкті түсінбей, аңырып, орын орындарында қозғалыссыз тұрып қалды. Кей қыздар көдеріне жас та алған. Дәл қазір бәрі де толқып, назарлары Әділбектің аман қалғанына ауғандақтан оның қандай сиқыры болғаны жөнінде ешкім ешімнен сұрамады. Бар құпия Әділбектің өзінде қалды. Ол айналада өзіне таңдана қарап тұрғанарды көздерімен жай ғана шолып өтті. Бәрі таңырқау сезімнде. Олар үшін енді осы бір аз ғана уақыттың ішінде Әділбек бейнебір аспан адамына айналғандай. Ерболат енді ширақ қозғалып, Әділбектің денесіне бекітілген жіптер мен бөлшктерді босатып алуға кірісті. Әділбетің дін-аман қалканына іштей қуанып тұрса да, «Бұдан былай делтапланымды ешқашан ешкімге бермеспін» деп өзіне өзі уәде етеді. Жиналып өқалғандар болса да әлі де әділбектен көздерін алмайды. «Сонау биіктен мынандай тасты жерге құлаған адам қалайша осылай дін-аман қалады?Тіпті, денесінің де еш жері жарақаттанбаған» дегендей көмекке келгендер бір біріне сұрау сала қарасады. Келгендердің кейбіреуі:, «Әділбект қандай да бір құдіретті күш ажалдан қақты. «Ажалсызға себеп көп» деген» деп те ойлады. Ерболат та дәл сондай ойда еді.
Ерболат делтапланын жинастырып болған соң оны қолына мықтылап ұстап, тау шыңынан төмен қарай самғаудан бас тартып, жаңағы жатқан жеріне келді. Әділбек те ерген. Екеуі де үндемейді. Ерболаттың бойындағы Әділбекке деген реніш әлі де басыла қоймаған. Онысын Әділбек іштей сезеді. Жаңа ғана Әділбектің дін аман екенін көріп, қатты қуанған еді. Енді оның алдындағы қатты ренішін жасыра алмай тұр. Бір жағынан әлі де болса: «Жаңа Әділек мерт болғанда не болар едім?» деп те толқиды.
-Ерболат, мені бір жолға кешірші,-деді аз үнсіздіктен соң мән-жайды түсінген Әділбек,-меннен бір қателік өтті. Сені бұлайша қатты қорқытып, ренжітіп аламын деп ойламаппын.
-Жарайды,болары болды ғой. Ренжімеймін,-деді Ерболат жеңіл күрсініп,-сен өзі нағыз аспан адамы болдың ғой!
-Олай дейтін ештеме жоқ,ерболат! Құдай бір сәтін түсірді. Адам баласы соншама биіктіктен құлағанда аман қала ала ма, жоқ па, соны білейін деп едім.
-Оһо, сынағың өте қауіпті сынақ екен. Оны қайдан ойлап жүрсің?Бұдан кейін мұндай сынақты қайталамағаның жөн, досым!
-Жарайды, Ерболат. Бұдан кейін өзі де солай болады ғой!
-Бұл жолы қалай дін аман қалдыі? Мен әлі де соны түсіне алмай тұрмын.
-Соны өзім де түсіне алар емеспін. Бір құдіреттің күшімен шығар? – деп жымиды Әділбек.
-Жоқ, сенде бір құпияның бары анық. Айтқың келмесе, айтпай-ақ қой. Өз ішіңде қала берсің. Маған керекгі сенің аман қалғаның. Құпия сыр кімде болмайды. Менің де ешкімге айтпайтын құпия сырларым бар ғой. Біз әлі бір бірімізді жақсы білмейміз. Сондықтан да өзі құпиямыз өзімізде қала берсін.
-Осы жақсылығыңнан кейін мен сені жақын дос санаймын,-деді әділбек ағынан жарылып,- бірақ әзірге құпия сырымды айта алмаймын. Оны сен кейінірек білетін боласың.
Ерболат Әділбектің бұл сөздерін мұқият тыңдап, үнсіз ғана басын изеді. Жасыл өсімдіктердің үстіне етбеттей жата кетті содан соң. Бұл кезде жиналып қалғандар да өз бағыттарымен жүріп, өз істерімен айналысып кетті. Екі дос жасыл өсімдіктердің үстінде тағы да біраз үнсіз жатты. Содан соң тұрып отырып, ежелгі достардай үйлерінен әкелген азықарын бөлісіп жеді. Термостарындағы шайларын ішті. Осы кезде төңіректерінен әлі де кетпеген жігіттер мен қыздар екеуіне тәтті дәмдер ұсынды. Сөйтіп бұл демалыс осындай сәтті оқиғасымен ұмтытылмастай болып қалды. Ал ең бастысы, Әділбек өзінің комбинезонын сынақтан өткізді. «Сол алапат әуе кемесінен жерге құлаған әкем аман қалды ма, жоқ па» деген ойда жүретін әділбек үнемі. Ендіі соған ұқсаған құлау сәтін өзі басынан өткізіп көрді. Комбинезондағы аттас магниттік өріс адам қандай биіктіктен жерге құласа да, денесін тасқа да, басқаа да соқтырмайды екен. Жұмсақ төсектей серпіледі де қояды. Бұл Әділбектің «Әкем тірі болар» деген үмітін жандандыра түсті.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ТАУҚЫМЕТТІ ТАҒДЫРЛАР
Бейтаныс
Дәрібек тұла бойынан жарық сәулесін шашқандай болған қыз бейнесіне мейлінше жақындағанда өзін басқа бір әлем кеңістігіне енгендей сезінген. Бірақ еш қобылжымады. БЮұл жолы қорықса, тағдырының не болып кететіні де неғайбыл болатын. Айналада ара-тұра дыбыс шығарып тұрғандардың бәрі де Дәрібектің бойында бірғажайып күштің барын сезген. Егер осы көз таласта Дәрібек мерт бошлса, онда тұрғандар әлгі қызға онан сайын табына түспек. Сондықтан да ғалым өзін мықты ұстады. Табиғаттағы адам баласының қолынан жасалған небір кереметтерді көруге болатынын Дәрібек о бастан білетін. Тек соны түсіну үшін сана, білім мен уақыт қажет.
Ең бастысы, көз алдындағы кереметтің өзі жасаған кереметке ұқсастығы еді. Дәрібек ішінен соған қуанған. Әдетте, қыз өзіне қарай осылайша «рбап» тартқан адамын қайтып жібермесе керек. Қарақұрттың торына түскендей болған ол адам сол әлемнің адамына айналмақ. Мына тұрғандардың өздері ешқашан да көрмеген адамы Дәрібекке екіге жарыла жол ашып қала бергендері содан екен. «Күшті екенсің, ақылды, білімді екенсің, ендеше, әуелі осы қызды жеңіп көр» дегендей қарайды Дәрібекке бір де. Ғалым оны бірден түсінген. Бірақ түсіну бір басқа да, әрекет жасай білу бір бөлек. Дәрібек, бұл тұста жалғыз нәрсеге, үстіндегі өзі жасап киіпалған аттас магнитті тебу өрісі бар комбинезонына сенген. Осы кезде қарсы алдындағы қыз да бірдемені іштей сезсе керек. Қыз, бәлкім , « Жер ғаламшарында өзімдей ғаламат күші бар адам шыға қоймас» деп те ойлаған. Енді, тіпті, айдалада, мәдени даму жоқ жерде, мынандай көрініске душар олған қызға да оңай тиген жоқ Дәрібектің берілмеуі. Қыз өзінің осы бейтаныс адамның алдында өзінің әлсіздігін танытып алса, онда осы кезге дейін өзіне табынып келген мына адамдардың, күллі халықтың алдында масқара болмақ.
Түн қараңғылығында өтіп жатқан бұл көрініс жергілікті халықтарға ерекше көрініс еді. Сырттан, алыстан бақылаған адамға бұл көрініс екі домалақ найзағайдың бір біріне жақындап, бір бірімен от шаша түййкеніндей көрініс сияқтанар еді. Ал түсінбеген адамға бұдан өткен қорқынышты көрініс жоқ. Дәрібек өге әлем ортасына енген сайын өзін басқаша сезіне берді. Ондағы тартылыс өрісі де, ауа да, ауаның жылылығы да басқаша. Енді Дәрібек жаңа ғана кең далада басынан кешірген аптапты ыстықты да ұмыта берді. Шын мәнінде де бір жұмақ жайға келгендей. Қарсы алдындағы мына ғажап сұлу қыздың да терлемей, шаршамай еркін тұруының себебін де енді түсіні іштей Дәрібек. Сөйтіп, манағы сұрағын қайталап қойды.
- Сіз кім боласыз?
- Мен, өзге әлемнің өкілімін,-деді қыз күтпеген жерден қазық тілінде сарпап.
- Оны өзім де іштей сезіп тұрмын. Мұнда қалай тап болдыңыз?
- Мен өзімнің тобымнан кездейсоқ бөлініп қалғанмын.
- Ал мен әуеде жылдам ұшып кетіп бара жатқан әуе кемесінен әлдеқандай себептермен жерге құлап түскен адаммын.
- Түсінікті. Ең бастысы, сіз де өз төңірегіңізге аттас магниттік кері тебу өрісін тудыра алатын адам екенсіз.
- Иә, солай,деді Дәрібек сәл батылданып.
- Мұны не үшін жасадыңыз?
- Ешкімнен ешқашан да қорықпау үшін. Егр бұл киімім болмағанда мен әлдеқашан о дүниеге кетер едім.
- Оныңыз рас. Бірақ сіз мұнымен айнала төңіректен бөлініп қалатыныңызды ұмыттыңыз ба?
- Мен өзгелерден бөліндімін деп есептемеймін өзімді.
- Алғашқыда мен де солай ойлағанмын.
Ендеше, мына бейбақтарды төңірегіңізге не үшін жинап алып жүрсіз?
-Оңашаланып қалмау үшін.
-Онан басқа жолы болмады ма?
- Жоқ. Мен өзі бұл ғажайып әлемде жалғызбын, жекемін.
- Сол үшін енді мені де өзіңіздің төңірегіңізге қоспақсыз ба?
-Әрине,жоқ.
-Неге?
-Сіз де енді мына әлемнен жеке бөлінген адамсыз.
-Мен уақытша ғана бөлінемін бұ әлемнен. Ал қажет жағдайда киімідегі аттас мгниттік кері тебу өрісін өшіріп, кәдімгідей араласа беремін адамдармен.
-Солай деңіз. Ендеше, сіз маған қарағанда бақытты адам екенсіз.
Осыны айтып қыз Дәрібекті өзіне қарай тарта түспек болды. Бірақ Дәрібектің киіміндегі магниттік кері өріс онысына мүмкіндік бермеді. Ал қызға аса қажеті де осы Дәрібек еді. Мұндай батыл, білімді, ой-өрісі терең адамды қыз осы кезге дейін кезіктірмепті. Уақыт өткен сайын Жер адамына деген ішкі ұнатым сезімі де ояна берген. Осы кезге дейін қыз Жер адамдарын жай бір мақұлыққтарға теңеп келген. Айналдағылардың бәрі де өзінен қатты қорқып, тек қол қусырып тұратын. Ал мына адам енді өзінен де асып тұр білім жағынан. Қыз сонау алыстағы жұлдызды жүйедегі тірішілікке қолайлы ғаламшардағы өркениетті елден келіп тұрса да, енді мына адамның білідіілігінен аса алмай, тіпті, кейбір нәрсні онша түсіне де алмай тұр. Бұл қыздың Жер тұрғындарының ішінде осындай адаммен алғаш кездесуі еді. Осы кезге дейін Жер тұрғындары осылайша өзінен сескеніп келген. Енді Жер тұрғындарының өкілі өзімен емін-еркін әңгімелесіп тұр.
Дәрібек осылайша қыз жасаған әрекеттердің ешқайсысына берілмеді. Денесіндегі киімінен айналасына жарық шашып тұрғандай болған қыздың әрекеттерінен ештеме шықпады. Екі аттас магниттік өрістер бір бірін «қаламады». Қыз дегенін орындай алмады. Бұл қыздың өзі өз болғалы болған бірінші сәтсіз әрекеті еді. Сондықтан да ол сәтсіздігіне қатты күйінді. Осы кезге дейін өзінен шошынып, алдына келіп бас иіп, табынып, айтқандарын екі етпей жүрген мына бейбақтар не демек? Бәрі де өзінен бас тартпақ. Үнемі тамаша көрінетін мына дүние де қызықсызданып кеткендей. Ештемеге зауқы соғар емес. Енді жас жүрегі де көз алдындағы өзінен де мықты адам үшін соғатын сияқты. Осы жасына дейін дәл осындай сезім мен қызғанышты сезінбепті. Өмірі әлденені санау, есептеумен өтіп келіпті. Сол есептеушіліктің арқасында адам баласынан осылай бөлініп шыққан. Осылайша адам баласынан оқшау өмір сүру жеңілболғанымен, ішкі жан-дүниесіне жеңіл емес екен. Материалдық жағынан жеткілікті болғанымен, көкейінде күн санап туындайтын арманы жеткізер емес. Дәрібекті көрген, оның күштілігі мен білімділігін сезген сәттен бастап қыздың жас жүрегінде осылайша алғашқы махббат сезімі оянды, тұла бойын шарпыды.енді ол сезімнен бұлқынып, босанып шығу да оаңай емес сияқты. Осы кезгедейін қатаң болып келген мінезі де жұмсарған. Мына дүние әлемі де осы кезге дейін басқаша бір сипатта сияқты еді-ау. Енді бәрі де әп-сәтте өзгергендей.Қыз қатты толқып тұр. Енді қарсы алдындағы адам үшін, оған деп оянған ғажайып ішкі сезімі үшін не нәрсенің бәрін де кешіруге бар.
-Сіз мына қарамағыңыздағы бейкүнә адамдардың бәрін де еркіндікке босатыңыз,- деді шамалы үнсіздіктен соң оған қадала қараған Дәрібек.
-Босатамын. – қыздың дауысы әлденеден жаңғырыққандай қатты шығып, айналада қайталанып жатты.
Дәрібек сәл басын иді. Қыз сөзінде тұрды. Сәлден соң оның төңірегіндегі тартылыс өрісінен босаған көптеген адамдар ағылып шыға бастады. Манағы қолдарына бір-бір садақ ұстағандар да райларынан қайтып, туыстарына қарай тұра ұмтылысты. Айнала адам дауысынан кұңіренді. Бір бірімен қайта табысып, жылаған-сықтаған адамдар. Енді біреулері мәз. Дәрібек олардың бұл қуаныштары мен күлкілерін, қауышқандарын көріп өзінше бір марқайып қалды. Өзі қауіп-қатерде жүріп әлдекімдергедәл осылай жақсылық жасаймын деп еш ойлмаған еді. Бәрі де күтпеген жерден болды осылай. Дәріектің әуелгі ойлағаны жанынның амандығы. Өзіне ес болатын адамдар табуды көздеген. Енді мұнда өзінен де әлсіздерге қолынан келген үлкен жақсылығын жасады. Қиын-қ-ыстау жағдайынщда адам баласына қолұшын беру қасиеті Дәріектің бойында о бастан бар-ды. Ондай жақсылығына ешқашан ешкімнен ақы сұраған емес. Солай тірбиеленген. Өзін де осындай дәржеге жеткізген абзал жандар да бойына осындай жақсы қасиетті дарытқан. Біреуге әлдеқандай жақсылық жасай қалса, оның жауабын күтіп, әлденені дәметіпжүретін адамдар да баршылық. Есептесіп жүретіндері қаншама. Дәрібек ондай адамдарды жек көрген. Өзі ешқашан да жасаған жақсылығын міндет еткен емес. Ол адам жасаған жақсылығын түсінсе болғаны.
Мұндағы күнәсіз бейбақтарға жасағаны да сондай жақсылығы. Тек өзін ғана ойлап, мына ғажайып әлемнен, адами ортадан бөлініп қалған жас қыздың тағдыры қуантқан жоқ. Осы қыз сияқты жалғыздыққа бет бұрып, ыңғай беріп тұраты әйелдердің талайын кезіктерген Дәрібек ауыл-қалада. Ондайлар өздерін күнделікті тірішілік әрекеттерімен алдандыратын. Тек теледидар экранындағы көріністермен жүздесетін. Бірақ тілдесеейтін. Жанаспайтын онымен. Экранда жүріп жатқан оқиға өзінше бөлек бейне ғана. Оның көбі алдын ала бейнетаспаға жазылып алынған. Тікелей көрсетілетіндері сирек. Олар да біржақты. Теледидардағы бейне адамның өзі де, жаны да, тәні де емес. Дәріек мына жағдайда соның бәрін де есіне түсіріп үлгерді.
-Сіз не себепті жалғыздықты қаладыңыз? – деді Дәрібек қызға қарай бір адым басып.
-Мен жалғыздықты қалаған емеспін,-деді қыз сәл толқып,- мен осылай етуге мәжбүр лболдым.
-Оған не себеп?
-Мана айтқанмын. Мен өзімнің тобымнан кездейсоқ көз жазып қалғанмын. Содан бері осылай жалғыздықты басымнан кешудемін.
-Сізге мына дүние іш пысарлық олып көрінбей ме?
-Жоқ, бұл дүниеде ешқашан да ішім пысқан емес. Бірақ жалыға бастағанымды еш жасыра алмаймын.
- Кездейсоқ көз жазып қалған тобыңыз қайда енді?
-Олар әлдеқашан өз елімізге жеткен.
-Ол елден мұнда қалайша тап болдыңыздар?
-Біз үшін жұлдызды әлем сіздер ойлайтындай шетсіз, шексіземес. Жұлдызаралық кемелеріміз өте жылдам ұша алады.
-Ол түсінікті. Ал сізге осы Жер ғаламшары ұнай ма?
-Ұнағанда қалай. Мұндай ғажайып табиғатты ғаламшарды өмірімде алғаш көрдім. Жаңағы адамдардың бәрі де маған соншама қарапайым, жылыжүректі көрінді. Мен сізді де, сол адамдарды өте бақытты жандар деп санаймын.
-Неге олай дейсіз?
-Көп білгеннің де зияны бар. Өзім де аса көп білгендігімнен осындай жағдаайға душар болдым.
-Мұны қалай түсінуге болады?
-Мен аса тәкаппарлығымнан ешбір жанды өзімен тең көрмедім кезінде. Білімім олардың қай қайсысынан да жоғары болды. Ғылым салалары жағынан да алдыма жан салмадым. Сөйтіп, өзімнен білімі аз жігіттердің ешқайсысын менсінбедім. Оның үстіне өзіам бай отбасының ең кенжесі, ең еркесі едім. Мынандай жекелікке шығуымынң басты себебі де сол болатын.
-Түсініті. Ал егер осы Жер ғаламшарында білімі жағынан өзіңізге тең келетін жігіт кездессе, онымен бас қосар ма едіңіз?
- Ондай кезіксе, онымен бас қосуға дайынмын.
-Бұл ойыңыз жақсы екен. Ал өзіңіздің төңірегіңізге тартылыс өрісі арқылы жинап алған адамдардың ішінде тең келері болмады ма?
-Жоқ, әрине. Бұлардың арасынан өз білімім деңгейіндегі адам баласын кездестірмедім.
-Ал мына менімен қол ұстасар ма едіңіз?
-Міндетті түрде. Тек мен сізді өзіме жақындата алмаймын. Сіздің киіміңізде аттас магнитті кері тебу өрісі бар. Сол кері тебу өрісі мені сізге, сізді маған жақындатпайды. Көріп тұрсыз. Екі аттас магнит өрісі екеумізді бір бірімізге белгілі бір қалыұқтықан бері жақындатпайды.
-Оны көріп те, білім те тұрмын,-деді Дәрібек жеңіл күрсініп,-осылай болуға тиісті. Мен үйленген, отбаслы адаммын. Ғалия есімді жұбайым, ол екеумізден тарағңан ұл-қыздарым бар. Олардың бәрі де есейіп қалған. Ал сіз әлі он екі де бір гүліңіз ашылмаған жас қызсыз. Менің қызыммен жастысыз. Тек санаңыз жоғары, біліміңіз мол менен.
-Олай демеңіз,-деді енді қыз сәл толқып,- мен сізді осы кезге дейін өзімді осылай деп санап келдім. Осы тәкаппарлығымның кесірінен жалғыздыққа ұрындым. Маған осы қателігімнен достарым да қарамай кетті. Олардың ешқайсысы да менің тәкаппарлығымды ұнатпады. Енді мен бұл қателігімнен бас тартқым келеді.
-Ендеше, маған деген сзіміңіз бен сүйіпеншлігңізді басқабағытқа қарай бұрыңыз.
-Қалайша?
-Мен әке ретінде сүйіңіз.
-Оған мен дайынмын,-деді қыз,-айтқандарыңызды бұлжытпай орындаймын қызыңыз ретінде. Тек маған ақыл-кеңес беріңізші.
Сіз бірінші кезекте, киіміңіздегі кері тебу өрісінен арылыңыз. Адамдарға, елге жақындаңыз. Адамдармен араласыңыз.
-Алғыстымын. Бізде соындай ақыл-кеңес беретін адам да болған жоқ еді. Бәрі өз бетімен, өз тірішілгімен кеткен. Ешкім ешкімге қарамайды, қолұшын бермейді. Ер жеткен, бой жеткен ұл-қыздар өздерін мәпелеп өсірген әке-аналарын бөлек тастап кете береді. Отбасы деген атымен жоқ. Әркім жеке-дара өмір сүруге бейім. Мына мен сияқты. Кейде ғана топ болып сапар шегеміз. Ол топ тағылар да қиын жағдайда бір бірін тастап кете береді. Мен де сондай тағдырды басымнан кешіп келемін. Осындай жалғыздық сергелдеңінде сізге кездескенім қандай жақсы болды.
Осы сөзден кейін екі арадағы әңгіме бір сәтке үзіліп қалды. Қыз өз «бұлтына» орана түсті. Ренжігені болуы керек. Әлденені ойлап та кеткен сияқты.Ғалым да енді сәл кейін шегінген. Бірақ комбинезонындағы магниттік кері тебу өрісін жоймады. Қыз қаншама жұмсақ, мәдениетті сөйлеп тұрса да, оған деген сенімі әлі де аз еді. Сәлден соң қыздың шырмауында қалып қойған адамдар шыға бастады. Қыз енді шын мәнінде жалғыз қалған. Оның осыншалықты жалғыздыққа айналғаны Дәрібекке де ой салған. «Егер осы бағытпен өзімді өзім бар тірішілік иелерінен бөлек ұстасам, мен де жеке әлемге айналамын» деп бір ойлады. Сол кезде қыз өзінің демалғысы келетінін айтты. Дәрібек сияқты ол да киіміндегі магниттік керітебу өрісінде тап бір жұмсақ мамықта жатқандай сезіне алады.Дәрібек онысын бірден түсінді. Сөйтіп, кейін шегініп, өзі құтқарған бейкүнә адамдарға қараған. Олар өзіне қарап, қол ұусырып, не бұйырарын күтіп тұр екен. Дәрібек оларға өзінің ешқандай құрметті қажет етпейтінін білдірді. Дегемен, қатты ашықандықтан олар ұсынған тағамнан дәм татты. Бұл кезде түнгі тұнық аспандағы мың-сан жұлдыздар батысқа қарай ығысып, кейбірлері көкжиекке жасырынып та үлгерген еді. Ендігі үміт шығыс жақта. Бір кезде шығыс көкжиектен жарқ етіп Шолпан ғаламшары көтерілді. Ертеректе айдалада жүріп келе жатқан керуен жолда түнеп, Шолпан ғаламшары дәл осылай шығыс көкжиектен жарқ етіп көтерілгенмезетте сапарларын одан әрі қарай жалғастырған. Ол жайлы Дәріек ежелден сақталып келе жатқан жұлдызды аспан жайлы кітаптардан оқып білген. Ауа таза, түнгі аспан тұнық болса, Шолпан ғаламшары осылай шығыс көкжиектен жарқ етіп көтерілгенде қараңғылық ойнауында тып-тыныш ұйқтап жатқан көптеген тірішілік иелері селт оянып кететін болған. Қазір де дәл сондай бір құбылыс болғандай.
Жергілікті тұрғындар да Шолпанды қасиет тұтады екен. Олар енді ана қызды да ұмытып кеткендей. Бәрі де күншығы жаққа қарап қатар тұра қалып, әлденелерді һөз тілдерінде күбіршлеп айтып, даңғыраларын қақты. Топтанып би биледі. Дәрібек оларға қарап аңырып тұрып қалған. Мұны ана бейтаныс қыз да қызықтады. Оленді бері қарай жақындай түскен. Тек Дәрібек қана ол сияқтыжақындай алмады. Оның киімідегі аттас магнитті кері тебу өрісінің әсер ету аясы кең, үш метр еді. Бейнебір төңірегінде атмосферасы бар жеке шағын ғаламшар тәрәзді. Өз ауасы өзінде. Мына ғалым сол ортаға енгенде бәрін де сезген. Ауасының құрамында пәлендей айырмашылық жоқ-ты. Бірақ қыздың өңірегіндегі өзгерістер ғажап еді. Шын мәнінде де өзінше бірбөлек әлем!Жұлдызды әлемдегі тірішілікті ғаламшарларда өмір сүретін дамыған адамдарда да осындай ғажайып жеке әлем болады деп ешқашан да ойламапты Дәрібек. Енді сенсе де, сенбесе де, бәрін де өз көздерімен көріп тұр.
ШОлпан ғаламшарына табыну рәсімінен кейін жергілікті тұрғындар шамалы тынышталды. Адам пенде неге сенсе, сол сенген ісін жүзеге асырса, ол тынышталып, өзінің басты парызын орындағанына іштей риза болады. Бұлар да сондай күйді бастарынан кешкен. Дәрібек те саналы адам аласына жақсылық жасау парызын толық өтегеніне іштей қуанды. Қыз да бұрынғысындай емес, қарапайымданып қалған. Бірақ шығыс жақтағы Күн шығар көкжиек ағарған кезде қыздың айналасы да ағара түсті. Енді оны аспан түсінен жарытып өру де қиын еді. Қыздың күндіз аспан түсімен астасып, көзге көрінбей қалатынын да Дәрібек енді ғана білді.
-Келесі кездескенше. Жақсы демалыңыз,-деді қыз бірт-бірте аспан түсіне сіңіп бара жатып.
-Өзың де жақсы демала ғой,қарағым,-деді Дәрібек қатты толқып.
Қыз бейнесі көзден ғайып болысымен жергілікті тұрғындардың бет-жүздері айқындала берді. Түнде бет-жүздері анық көрінбегендіктен жергілікті тұрғындардың бәрі де Дәрібекке қорқынышты адамдар сияқтанып көрінген. Жоқ, бәрі де жүздері жылы адамдар екен. Олар енді еркінсіп, сенім білдіріп, Дәрібекті құрметпен қоршап алған. Сыртан келер қандай күш болса да өзін қорғап қалуға әзірдей.Дәрібек әлі де оқшау. Жергілікті адамдардың бәріне қаншалықты сенсе де, өзі жалғыз болғандықтан киіміндегі қоғаушы өрісті өшірген жоқ. Оны әзірге өшіруге болмайтын да еді. Сондықтан да жергілікті тұрғындардың ешқайсысы да өзіне үш метрден бері жақындай алмады. Сонда да олар құрметтерін көрсетуде. Таң атып, Күн де шыққан. Айнала төңірек қайтадан ояна бастады. Жергілікті тұрғындар рет-ретімен өздерінің жұпыны тұрғзылған шайла-үйлеріне кіріп жатыр. Осы кезде тұрғындардың басшысы Дәрібекке жақыдап келіп, сол қолын көкірегінің оң жағына басып, сәл басын иіп, әлденеге шақырды. Дәрібек онысына қарсылық білдірген жоқ. Соңынан ерді. Айналасын басшының көмекшілері қоршап алған. Сәлден соң үлкен күркеге келіп кірді. Күрке болса да оның ішінде көп нәрселер бар екен. Адамдары да аса санасыз емес. Дәрібектің қандай адам екенін біртүннің ішінде-ақ біліп үлгеріпті. Күрке ішіне киіз-көрпешелер төселген. Жастықтар да қойылған Қазақ салт-дәстүріне сай кең дастархан да жайылған. Өзге нәрселердің бәрі де қазақтың ұлттық рәсімдеріне ұқсайды. Дәрібек оны көріп кәдімгідей абдырап та қалды. Тек олардың тілдерін білмеген соң алғысын қалай жеткізсін. Басын жиі-жиі изеп, ризашылығын білдіріп, дастархан басына келіп отырды. Сөті барып комбинезонының тебу өрісін жойды. Өзін қазақы рәсімде күткен адамдарға енді сенім білдірді. Олардың өзіне деген құрметтерінде шек жоқ. Ғалым тұрғындардың дәмді астарынан алғаннан кейін өзінің қатты шаршағанын сезінді. Осы сәтке дейін өзін сырт бөтендерден қорғап, шаршағанын сезбеген де екен. Енді сенімді адамдардың арасына келіп, ас ішіп, тоқ басқан соң бойын ұйқы басты.
Жергілікті тұрғындар да бұл жағдайын сезген. Үлкен күркенің айналасына қорғаушы-күзетшілерді тұрғызып қойған. Басшы жайымен орнынан тұрып, тағы да сол қолын көкірегінің оң тұсіне апарып, басын иіп, кешірім өтініп, жайымен кейін қарай жүріп сыртқа шығып кетті. Содан соң-ақ Дәрібек ояу отыруға төзбеді. Оның үстіне даланың аптап ыстығы да бойын босатқан еді. Басы жастыққа ұқсаған жұмсақ денеге тиісімен көздері еріксіз жұмылып, ұйқтап кетті.
Іздеушілер құрамында
Әділбектің құпия құрал жасаудағы әрекеттері далаға кеткен жоқ. Арада бірнеше күн өткенде, әкесі қызмет еткен, ғылыми-зерттеу ісін жүргізген институттың ғалымдары мен басқа да мамандар Дәріекті іздеуді жалғастыруды қолға алған. Дәрібектің ұшып кетіп бара жатқан алапат әуе кемесінен құлап түскен жерінің табиғарты ерекше. Ол аймақта ешқашан қыс болмайды. Жер шарының небір керемет тірішілік иелері де сол аймақта. Ал биониктерге ондай орта, ондай қым-қуыт тірішілік иелерінің түрлі әрекеттерін зенрттеу ауадай қажет. Ғалымдарды бірінші мақсаты – Дәріек ізім-ғайым жоғалған сол аймақты түгелдей мұқият барлап зерттеу болса, екінші мақсаттары ондағы бұрын-соңды адам көзіне түспеген ерекше тірішілік иелерін табу. Олардың қимыл-қозғалыстарын зерттеу нәтжесінде соларға ұқсас биотехника жасап шығару.
Бұл хабарды естігенде Ғалия Дәріегі аман-есен табыдатындай бір қуанышты күй кешкен. Тіпті, бұл Дәріектің қайта оралғанымен бірдей жаңалық еді. Ғалия, тіпті, Дәрібекті есіне алып, көздеріне ыстық жас та үйірген. Дәріектің сенімді достарының, қызметтестерінің бұл жариялап отырған сапары нағыз адамгершіліктің үлгісі еді. Ал Әділбек болса, оны естісімен сол құрамға қалай кіруді армандай бастаған. Оның басты мақсаты да солармен бірге барып әкесі алапат әуе кемесінен құлап түскен аймақты өз көзімен көру болатын. Ал негізіінде, мұндай сапарға бару ағасы Ғаділбектің орны еді. Өйткені, бүгінде үйдегі Ғалиядан кейінгі үлкені сол. Ал бірақӘділбектің әкесіне деген ынта-ықыласы мен сүйіспеншілігі басқаша. Осы жағынан келгенде ағасы Ғаділбектің өзі де інісі Әділбекке жол беруге дайын-ды. Оның үстіне Әділбек әкесі сияқты бионикаға да, техникаға да құмар. Әкесі барда да оның жанынан шықпайтын. Әділбектің сол әрекеттерін көрген көршілері де, ғалымның қызметтестері де «Бұл өзі әкесіне тартақн бала» дейтін. Ғалияның өзі де кейде: «Әкесіннен бір аусайшы. Аузынан түсе салғандай» деп қоятын. Енді сол сөздері мен пікірлерін жүзеге асыратын уақытта келген сияқты. Ойлана келе Ғалия бұл іздеу, зерттеу сапарына ғалымдармен бірге Ғаділбектің емес, Әділбектің қатысқанын жөн санады. Тағы бір себеп, үйде де бас иенің орнына бас иедей болып қалатын ер адам керек. Ақылдаса келе бәрі де әділбектің барғанын қолдады.
Құрам Бионика ғылыми-зерттеу институтына жиналатын күні Ғалия ертемен бейнетелефон қоңырауын соғып, құрамға кіші ұлы Әділбекті қосуларын өтінді. Ол өтінішті Дәрібектің әрптестері мен достары Тілеухан мен Жұмахан жылы қабылдады. Ешкім де қрасылық білдірген жоқ. Мақсатына жеткендей болған Әділбектің жүзі бұл-бұл жайнады. Ол әкесін тапқандай қатты қуанып, анасы Ғалияның бетінен сүйді. Содан соң ғылыми-зерттеу институттына асыға жөнелген. Ондағы мәжіліс қысқа өтті. Сапар мақсаты әуелден айқын еді. Сол мәжілісте көп ғалымның арасында жалғыз мектеп оқушысы Әділбек отырды. Мәжілістен соң әр ғалым әділбектің қолын алып, оны әуес көріп, оған сұрақтар қоюмен болды. Қай қайсысы да әділбекке әкесінің жоқтығын білдірмеуге тырысады. Әзіл сөздер айтып көңілін көтереді. Осындай көңіл-күйде бәрі де арнайы іуе кемесіне отырып, онымен жерден көтеріліп кеткен. Оның терезесінен жер бетіндегі тау да, сай-сала мен жазық, өзен, көл көрінеді. Бәрі де көз алдарында. Кейде орман, кейде елді-мекендер ұшырсады. Әуе кемесі жерден биік ұшқан сайын олардың бәрі де кішірейіп, зуілім деген көп қабатты зәуілім үйлердің өздері де сіріңкенің қораптарындай болып көзге шалынады.
Жер мен әуе кемесінің екі арасында небір әдемі бұлттар жөңкиді. Мұндайда әуе кемесі Жер шарынан да бір ғаламат үлкен денедей болып кетеді. Әділбек әкесімен бірге осындай әуе кемесімен талай ретұшқан. Бірақ ол кезде кішкентай болғандықтан дәл осылай бақылаудың мүмкіндігі туа да бермейтін. Ал мына әуе кемесі арнайы зерттеулерге арналғандықтан бәрі де көз алдарында. Іште нешетүрлі құралдар мен экрандар да бар. Ол құралдар мен экрандардан жер бетінде жатқан Инені де ап-анық көруге болады. Әділбек солардың бәрін де зерделеп алды. Тек кейбіреуін түсіне алмады. Ондайын ғалымдардан сұрап қояды. Әділбектің білуге деген талпынысы ғалымдардың қай қайсысына да ұнаған.Тілеухан мен Жұмахан болса да әділбекті көп нәрседен хабюардар етуге тырысады. «Түсінбей қалды-ау» дегендерін сұратпай-ақ айтып береді. Дегенмен де, әділбектің бар есіл-дерті іштегі күрделі құралдардан гөрі төмендегі жердегі көріністергеауған. Оның ішікі мақсаты әуе кемесімен ұшып келе жатқан аймағын есінде сақтап алу. Ғалымдар қарсы алдарындағы үлкен экрандағы әуе кемесінің кішкентай бейнесіне қадалады. Әуе кемесі экрандағы картада сызыдған сызық бойымен бірқалыпты ұшып келеді. Ол осы өздері мініп, ұшып келе жатқан әуе кемесінің кішірейтілген сызықтық бейнесі. Ол бейне Жер төңірегінде тұрақты айналып ұшып жүретін ғарыш кемесіндегі бейнекамералар арқылы түсіріледі. Сол берген бейнекөріністер арқылы іштегілер өздерінің мініп келе жатқан әуе кемсінің Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінен қарағанда,қандай болып көрінетінін, қандай аймақтардың тұстарынан ұшып өтіп бара жатқанын айнадан көргендей бақылай алады.
Әділбек зеректігінен мұны да аңғарған.Енді Жерге терезе арқылы қараса да, іштегі экраннан қараса да, бәрі де көз алдында тұр. «Әкем қалай құлады екен осындай биікте ұшып кетіп бара жатқан алапат әуе кемесінен» деп бір ойлап қойды ішінен !Әділбек. Тау шыңдарының бірінен делтапланмен секіріп қашлықтағаны жай нәрсе екен. Мына биіктің өзі қандай қорқынышты еді өзі үшін. Біраздан кейін ғалымдар ғылымның жайын айтуға кірісіп кетті.Мұндайда әділбек ғалымдарды тыңдағанды ұнатады.Жалпы, өзі әғгімеге жоқ. Көбіне көп ой үстінде жүргені. Көп сөйлеген адамды жақытырмайды. Ақын-жазушылардың шығармаларын да қызыға оқиды. Ал сол жазушылардың кейбіреуімен кездесіп қалып әңгімелескенде оғаш сөздеріне, кейбіруінің жағымсыз қылықтарын көргенде ренжіп қалады. Ал мына ғалымдардың жөні мүлдем бөлек. Ғылым хақындағы әңгімелері де қысқа, тұжырымды. Тек ара-тұра әлденег келіспей бір бірімен дауласып қалады. Ғалымдардың арасында қанша дегенмен де сирек болатындықтан олардың әрбір айтқан сөздері әділбекке өте тансық естіледі. «Әттең, осындайда қолымда бейнетаспа болса ғой, сөздерінің бәрін жазып алып, үйге барған соң қайта-қайта мұқият тыңдайтын» деп те қояды ішінен әділбек.
Әкесі ғалым болғандықтан Әділбек ғылымға бейім өсті. Ғалым деген қадірлі атқа ие адамның қандай болатынынан да хабардар. Өйткені, ғалым өз үйінде, өз жанында. Дәрібектің үйдегі, түздегі ғалымдық әрекеттері әділбекке үнемі сабақ болатын. Әкеден үлгі алатын. Дәрібектің өзі де Ғаділбектен кейінгі кенже ұлы ретінде өзін ерекше жақын тартып, өз ретімен еркелететін де. Сол ерекелігі әлі де қалмағандай. Әкеден күтпеген жерден айрылған ол кейде сол еркелігін де қайталайды. Енді әділбек әкесінің қимас достары Тәлеухан мен Жұмаханға бауыр баса бастаған. Қазір әуе кемесіндегі жұмсақ орындықта солармен қатар отыр. Ғалымдардың қазіргі әғгімелері де Дәрібектің жоғалған аймағы хақында. Ол аймақтың ауа райы, өсімдіктері мен жануарлары, құстары, бауырымен жорғалаушылары хақында көп іңгіме қозғалды ғалымдар арасында. Әділбек үнсіз отырып, сол айтылғандарды ұғып алды. Ғалымдардың әрқайсысының аузынан шыққан сөз ешқашан өшпес алтын қазынадай еді. Әсіресе, мұндағы академик Мұрат Сақтағанұлының айтқан сөздері ерекше. Ол ксінің білмейтін нәрсесі жоқтай. Академик десе, академик. Кезінде әкесі Дәріек үйде бұл кісіні көп айтып, көп мақтап отыратын. Ғылымға осылай берілмеген адам қалай нағыз ғалым бола алсын. Білімге, ғылымға, шығармашылыққа шын берілген адам ешқашан да ақша, дүние дегенге ешқашан қызыпайды. Ғалымның ғалымдығы да сондай қасиетімен көрінеді. Қазаққа әйгілі ғалым, ұлы ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машани да кезінде ғұлама ғалым, философ, жұлдызтанушы, әуентанушы Әбі Нәсір әл-Фарабиді дүние жүзі халықтарына таныта түсу үшін өз қаржысымен Араб еліне барып, құнды деректер әкелген, ол жөнінде кітаптар жазғаны, есімін мәшһүр еткені көзі қарақ адамның қай қайсысына да жақсы белгілі.
Бүгінгі сапардың өзі де сондай бір ғылыми сұраныстан, қажеттіліктен туындаған еді. Көп нәрсені ғалымдар өз мойындарына алып та отыр. Әділбек ол жағын да біледі. Сондықтан да ағаларына іштей риза. Академик Мұрат Сақтағанұлы анда-санда жап-жас бала Әдішлбекке назар аударып, әуестеніп, әлденелерді әзіл қоса айтып күлдіріп те алады. Ол кісі мақтаған кезде әділбек кәдімгідей марқайып та қалады. Ішінен: «Осының бәрін елге барған соң сыныптастарыма айтып мақтанамын ғой» деп те қояды. Тек әкесі табылса ғой. Қалған рәрсенің бәрі де өз кезегімен болып жатады. Әділбек кейде ой тұңғиығына жиі батып та кетеді. Ғалымдар онысын байқап, ондай сәтте оған әлденені әзілдей айтып көңілін көтереді. Әділбектің бір байқағаны, жүргеі жамандықты сезбейді.әдетте, адам баласының жүрегі жаман нәрсені тез сезгіш келеді. Әділбек те, ғалымдар да жаман нәрсені сезіне қойған жоқ бұл саппарда.
Осындай ой, әңгіме, әзілмен отырғанда әуе кемесі кенеттен кілттөмендей берді. Жаңа ғана тек экраннан анық көрініп тұрған аймақ табиғаты енді жай көзге де жақсы шалынды. Бөтен аймақтың табиғаты да, ауа райы да өзінше бөлек. Әзірге әуе кемесінің ішінен сырттың аптапты сытығы білібесе де, өлшеуіш құралдарының көрсетулерінен адам денесі әлденені сезгендей болады.Жоғары биіктікте ұшқан әуе кемесінің сыртындағы температураның аса төмен болатыны да белгілі. Оны білмейтін адам кем де кем. Ал мына ғалымдар мінген арнайы әуе кемесі сырттағы температураны ғана емес, бұлттардың қоюлығын, назағайдың жақын-алыстығын дәл өлшейді. Жер шарының күллі жағдайы осы әуе кемесінің ішіндегі күрделі құралдар арқылы анықталып отырады. Әділбек ол тіркеулердің бірін түсінсе, бірін түсіне алмады. Оның бәрін ғалымдардан сұрай берідң өзі де ыңғайсыз. Соны білген Тілеухан мен Жұмахан әділбектің әр нәрсеге қадала қарағанына қарап: «Ол мынандай нәрсені көрсетеді»,.» Анау анандай нәрсені көрсетеді» деп түсіндіруге тырысады. Әділбек болса, тамағы құрғаған адамдай тамсанып, жұтынып, бар ықыласын соған аударады. Мұндай сұрақ пен жауап осы әуе кемесімен елден ұшып шыққалы бірнеше рет айтылған. Сонда да Әділбек біле түсуден еш жалығар емес.
Әуе кемесі жерге қарай төмендеген сайын айнала-төңіректегі табиғат көрінісі де әрлене түскендей болды. Тау мен тас, орман мен жазық, өзен мен көл ерекше көз тартады әуелден. Жер бетінде тау мен тастың, өзен мен көлдің қай аймақта да бар екені белгілі. Тек мұндағы басты айырмашылық ауа райы. Жер мен жерді, ел мен елді бір бірінен ерекше ететін де сол ауа райы. Сондықтан да ғалымдардың бар назары ауа райына ауғаненді біраздан соң компютерлік жүйелер де жер жағдайын жайымен айта бастаған. Оған ғалымдар тып-тыныш отырып құлақтарын түрген. Бар нәрсені түсінгендей ғалымның баласы да үнсіз қалған. Әрине, компютердегі дыбыстық түсіндірулермен цифрлық көрссетілімдердің көбідерлік әділбекке түсініксіз еді.ғалымдар ғана анда-санда бастарын изеп, мұнда келмей тұрып есептегендерінің дәл шыққанына іштей риза болады. Енді Әділбектің жүрегі лүпіл қаға бастаған. Оның басты себебі, әуе кемесі қонып келе жақан аймақтың ауа райы емес, әкесінің осы аймақта бар-жоғы еді. Соны ойлап толқиды. Ғалымдар да енді әңгімелерін күрт тоқтатып, назарларын компютерден сыртқа аударған. Кейбірі мұнда бұрын да болғандықтан жер бедерін танып, аттарын да айнықатесіз айтып отыр. Әділбек оның бірін есінде сақтаса, енді бірін ұмытып та қалады. Ішінен: «Мен қашан есейіп, осы ғалымдардай атақты болар екенмін» депте қояды. Аол ойлап қараса, үлкен деген ғалымдардың өздерінің де әлі де толғап жүрген армандары бар екен.Соған қарап бұл жарық та жылы дүниеде өмір сүріп жүрген адам баласының арманының өмір бойы бітпейтінін сезді Әділбек.
Біраздан соң:
-Белгіленген аймаққа әуе кемеміз қонуға аз қалды,-леген Қабден Орманұлының дауысы слондағы дыбыс күшейткіштен саңқ етті.
-Иә, оған дайынбыз,-деді оған академик Мұрат Сақтағанұлы.
-Әу кемесін орманның жанына қондырамын,-деді ұшқыш.
-Дұрыс. – Мұрат Сақтағанұлы бір қозғалып қойды.
Басқалар да белдіктерін бір-бір ұстап, тексеріп, терезеден сыртқа қараған. Енді әуе кемесінің жерге қонуы алғашқысынан жылдамдай берген. Ол бейнебір тап орман үстіне құлдилап құлап бара жатқандай да еді. Әділбек әуе кемесінің мұндай жылдам құлдилауын алғаш көргендіктен сіл қорқып та қалды. Бұдан бұрын өзі мінген жолаушылар кемелері жолақ бойымен жүйткіп барып жайымен ғана әуеге көтеріліп, одан жайымен қалықтап жерге қонатын. Ол әуе кемелерінің ұшатын, қонатын жолдары да теп-тегіс. Ал мына ғылыми зерттеулерге арналған әуе кемесі жер талғамай қандай аймақ болса да еркін қоне береді екен. Сол жерден оп-оңай қайта ұшып кете алады. Ғалымдар мұндай оқыс қимыл-қозғалыстарға әбден үйреніп алған. Кейбіреуі тіпті, өзін жай бір жер бетіндегі жеңілкөліктің ішінде келе жатқандай сезінеді. Әділбектің іштей қорқыңқырап отырғанын сезген Тілеухан мен Жұмахан оған жиі-жиі көз салады.
-Қазір, кішкене шыда. Ғажайып табиғат аясында боламыз,-деп қояды Тіліеухан Әділбекке.
- көріп отырмын. Табиғаты шыныда да ғажайып екен!- деп қойды оған Әділбек.
- Ғажайыптығы ғажайып-ау! Ал ысылдаған қатерлі бауырымен жорғалаушылар мен улы жәндіктерін қайтеміз? Бар қауіп те, қиындықта алда. Әзірі ештемеге асықпа,-деп қойды Тілеухан.
Жерге қонуға таяған мезетте әуе кемесі күрт құлдилап ала жөнелді. Тіпті, кеме, осы сәтте қалт-құлт етіп, бейнебір әуе кемесі емес, қонуға ыңғайланған құс сияқтанып та кеткендей. Әуе кемесі осылай қалбалақтаған сәтте манадан бері жайбарақат отырған ғалымдар дың өздері де кәдімгідей сезіктеніп те қалған. Бірақ әуе кемесінің ұшуында болатын мұндай қолайсыз сәттер ешқашан да ұзаққа созылған емес. Әдібектің өзі де қорқып үрейленемін дегенше әуе кемесінің дөңгелектері жер бетіне тиіп те үлгерді. Қонған жері кең жазық еді. Сондықтан әуе кемесінің үш бірдей дөңгелегі жер бетіне орныға-орныға қалды. Содан кейін іште бір сәтке тыныштық орнаған. Ұшқыштың өзі де әуе кемесін бейнебір өзге бір ғаламшардың бетіне қондырғандай үнсіз. Тек қарсы алдындағы шағын экранды бақылауда. Онымен екі араны мөлдір түсті жұқа шыны қабырға бөліп тұр. Сол шыны қабырға арқылы ғалымдарға ұшқыштың барлық әрекеттері анық көрінеді. Мұндай салон әдетте жер бетімен жүйткитін жеңіл көліктерде ғана болушы еді. Енді әуе кемесіне де жасала бастапты. Бәрақ мұндай тұтастық осындай арнайы жасалған әуе кемесінде ғана болады.
Әуе кемесі қонған аймақ ұшқышқа түсініксіз болса, басқалар не істемек. Ешкім ештеме демеді. Жаңа ғана әуе кемесі жерге қонып келе жатқанда айақты ап-анық көрсетіп түрған экрандардың беттері де енді жыбырлап қана қалған. Ғарыштан түсірілген анық бейне ғана орта тұсқа орнатылған үлкен экраннан жақсы көрініп тұр. Ғалымдар көздерін соған қадаған. Бір кезде экран бетінде әлдеқандай бірдеме жарқ ете түсті. Ғалымдар елең еткен. Бірақ ешқайсысы да тіл қалпады. Бар ғажайыпты те Әділбек байқаған тәрізді.
-Қандай да бір жарық шар аспанға қарай жоғарылап барады,-деді ол көзіне түскенін сол қалпында суреттей айтып.
- Аңғарғыш бала екенсің, өзің,- деп, оған Мұрат Сақтағанұлы ризашылығын білдірді,- расында да ғажайып шар. Ішінде бір әдемі қыз отыр!
- Сонда ол өзі шағын ғаламшар ма, әлде домалақ найзағай ма? – деп сұрау сала қарады Тілеухан академикке.
-Ойланып көрейкші, өзі,-деді деді Мұрат Сақтағанұлы ол шардан көз алмай отырған бойында,- мына шынышақтай зерек бала да бірдемені байқап отыр. Ал, сіздер, ғалымдар...
Бұл сөз ғалымдарға шынымен-ақ ыңғайсыздық тудырды. Тек Тілеухан мен Жұмахан ба, Қоғббай, Қасымжан, Назарбай және басқалар да не айтарларын білмей төмен қарап отырып қалған. Академик қана енді бірдемені іштей сезген тәрізді. Қатар әлемнің өкілін көргендей болып отыр ол. Енді, тіпті, ешқайсысы да сыртқа шығуға асыққан жоқ. Дәрібектің осы аймақта үті-күйлі жоғалуының бір себебі де бұл көрініспен байланысты сияқтанады. Ол ойларын ешқайсысы да сыртқа шығарған жоқ. Бәрі де терең ойға шомып отырып қалған. Уақыт өткен сайын әлгі шармен арадағы дыбыстық байланыс та әлсіргендей болған. Ұшқыш болса да бұл көріністн көптеген техникалық ерекшеліктерді байқады. Сөйте тұра ол да әзірге үндемеген. Қай құбылыстың құпия-срын да білікті ғалымдар сараптайтын болғандықтан ұшқыш артық ауыз сөз айтуды жөн санамаған. Ал мұндай күрделі құбылыстардың сырын ашу академпктің мойнында еді. Сондықтан да ғалымдардың бәрі де сөзді де, жауапты да содан күткен. Ол өзі отырған жұмсақ орындығының жақтауына қарай шалқая берген. Ал қалғандар болса, оның тұжырымын күтуде. Академик көп ойланып, аз сөйлейтін кісі. Сондықтан да ойын қашан да қысқа, нық айтады. Ғалымдардың онан жауап күтіп отырғндары да содан еді. Біраздан соң Мұрат Сақтағанұлы жеңіл күрсінді де:
-Қайда жүрсек те ұшатын беймәлім денелерді ұшырататын болдық Мынау да солардың бір түрі сияқты. Бұлардың өздері көзге бірде көрінеді, бірде көрінбейді. Қатар әлем деген сол. Ал енді құр босқа отыра бермейік. Біз мұндайлармен әлі талай жүздесеміз. Тіпті, олармен тілдесудің де реті келіп қалар.
Академиктің осы сөздерінен кейін бәрі әуе кемесінен сыртқа шыққан. Үйрендеген ортаның аптапты ыстығы бәріне де бірден әсер етті. Бәрі де шып-шып терлей берген. Мұндай аса ыстық ортаған алғаш келген Әділбек жұқа көйлегінің жоғарғы түймесін ағытып та үлгерді.Оның үстіне жақын болғандықтан қалың орман жақтан нешетүрлі аңдар мен құстардың дауыстары мен дыбыстары да құлақтарына естіліп жатты. Негізінен маймылдардың шыңғырған дауыстары. Олардың қора-қора болып, ағаш бұтақтарында емін-еркін секіріп, уақ малдардай ағаштан ағашқа көшіп жүретіні де белгілі ғалымдарға. Ғалымдар орманға жетпей жатып-ақ оның ішінде қандай құбылыстардың болып жататынын іштей сезген. Мұндағылардың бір-екеуінен басқалары мұндай орманға талай рет келген. Ауа райы да, жалпы табиғаты мен тірішілік иелері көбіне жақсы таныс. Тек әділбек үшін бәрі де тансық, қызық. Бірақ оның есесіне мұнда адам өміріне кенеттен, күтпеген жерден төнетін қауіп-қатер көп-ақ. Ғалымның ұлы мына ортаға үйренбей тұрған кезде: «Бұл ортада әкеме төнген қатер көп болған екен ғой. Тек аман болса екен. Әкеммен қауышатын күн ертерек туса екен» деп те әштей армандап қойды Әділбек. Жаңа жерді, жаңа аймақты осылай өз көзімен көріп алғаны оған үлкен олжа. Ал осы ортадан әкесі тірі табылса, Әділбеккке одан артық бақыттың болуы еш мүмкін емес.
Бәрі әуе кемесінің жанында айнала-төңіректі мұқият бақылап-барлап біршама уақыт тұрған соң академик мұтат Сақтағанұлының бастауымен орманға қарай жүрді. Әрқайсысының иық-арқасында бір-бір қолқоржын. Қындарында тапанша. Мойындарына қуатты дүрді. Белдеріне телебаланыс құралдары бекітілген. Жан-жақтарын жіті бақылап, асықпай жүріп келеді. Әділбек болса да жан-жағына жиі жалтақтайды. Аяғы астынан бірдеме сыр ете қалғанда, сырт ете түскенде қатты қорқып ыршып кетеді. Мана әуе көлігінен әп-әдемі болып көрінген ғажайып табиғаттың осындай тынышсыз екеніне Әділбек енді ғана көз жеткізгендей. Тілеухан мен Жұмаханның соңынан бір елі де қалмай еріп келеді. Үстіндегі жұқа аттас магниттік өріс тудыратын коімбинезонін да ұмытқан. Әлденеден қатты қорыққан адам кейде қолында бар қаруын да қолдана алмай қалады. Әділбек дәл қазір тап сондай бір күйге көшкендей де еді. Бірақ ол әкесі үшін өз қорқынышын ішінде сақтады. Комбинезонының құдіретін тек қиын-қыстау сәттерде ғана көрмек болды. Топ ілгері қарай жүре берді. Әуе кемесінде тек ұшқыш қалған. Ол бұлармен жиі-жиі бейнебайланыс ұстап отырды.
Жаңа ортаға үйрену
Уақыт шіркін, жылдам. Дәрібек осы бейтаныстардың ортасына күні кеше ғана келгендей еді.енді міне, бір апта уақыттың зырғып өте шыққанын да байқамаған. Мұндағы қара түсті адамдарға да көзі үйренген. Елде жүргенде мұндай адамдарды көргенде осындай аптапты аймақтың тұрғындары екенін білетін де бір қарап жанынан өте шығатын. Енді міне, тағдыр маңдайына жазып, бұларға да кіріптар болғандай. Сырт қарағанда жабайы сияқтанып көрінетін бұл адамдардың өзіндің тамаша дәстүрлері мен мәдениеті бар екен. Негізінен ежелгі халықтардың жоғары мәдениетін еске салады. Ұлдарын үйлендіру мен қыздарын тұрмысқа беру салттары да өзінше қызық. Әлгі аспаннан келген жеке әлемді жас қыздың шырмауынан құтылған жергілікті тұрғындар енді Дәрібекке ерекше бөлек ілтипат көрсетуге көшкен. Сол ілтипаттарының арқасында олардың талай-талай құпия-сырларын аша бастады Дәрібек,. Бәрі де құдайға құлшылық ететін адамдар. Ұлы Жаратушыға табыну, құрбан шалу сияқты рәсімдері де қазақ халқының рәсімдерімен өте ұқсас. Жергілікьі тұрғындардың аспандағы Күн мен Айға, жұлдыздарды жақсы білетіндіктері мен оларға да табынатыны байқалған.Бұлар тіпті, жұлдыздардың шығыс көкжиектен шығуы мен бату мезгілдерін де жақсы біледі екен.
Ең бастысы, жергілікті тұрғындардың Дәрібекті өз тілдерінде сөйлеуге үйретпей, керісінше, өздері қазақша сөйлеуге талпынғандары болды. Ғалым да қарап қалған жоқ. Ал бұл шағын елдің басшысы ғалымның жанынан шығар емес. Бейнебір мұның өміріне басымен жауап беретін жан қорғағыш адамдай. Өзін қанша қорғап, қанша құрметтеп жатса да Дәрібекте оларға деген бір сенімсіздің сезім болды да тұрды. Оның өзі жергілікті тұрғындардың жан дүниелерінің қорқыныштылығынан емес, түрлерінің сұстылығынан еді. Тілін таба білсе, адам баласына жақындамайтын нәрсе жоқ. Цирк ареналарында Айдаһар деп саналатын үлкен, ұзын Жыланды оны баптаушы беліне орайды, мойнына орайды. Ал сол аса қатерлі үлкен Жылан да адам баласының аялы алақанын «түсінеді» қысып жібермейді. Ондай қатерлі көрініспен салыстырғанда, мұндағы сүұсты адамдардың іс-әрекеттері елдегімен ұқсас. Дамыған елдерөзнің күрделі техникаларымен, зәуілім үйлі қалаларымен көрінеді. Ал мынандай бір өзінше жеке, тып-тыныш өмір сүріп жатқанелді ешкім де дамыған елге жатқызбайды. Бірақ Дәрібектің пайымдауынша, бұлардан үйрнетін нәрселер көп-ақ. Бұлар ешқандай қағазсыз-ақ, ешқандай құралсыз-ақ ауа райын алдын ала болжай біледі. Қажетті деген жеке жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды, жұлдыздар шоғырларын тез табады аспаннан.
Осыларына қарап-ақ күллі білім мен мәдениеттің мұнда емес, ертеде, мына дәрежедегі даму сатысында болып келгенін еркісіз мойындауға болады. Дәрібектің ойынша, өзі тілдескен жас аспан қызының да мұнда бекерден бекер келіп-кетіп жүрмегені белгілі. Ол жас қыздың да бұлардан үйренері көп екен. Бұлардың қабілеттілігі сондай, ел басшысы бірнеше күннің ішінде-ақ қазақ тілін үйреніп, еркін сөйлей бастады.ү Мұндай қабілетті Дәрібек осы жасына келгенше кездестіріп көрмеген еді. Бүгінде дамыған елдердің адамдарының еске сақтау, жаттап алу қабілеттері мейлінше әлсіреген. Қалаларда тұратын тұрғындардың денсаулықтары да бұлардан әлдеқайда жұқа. Осы ортаға үйрене жүріп Дәрібек адам организмінің қиындыққа қаншалықты төзімді келетінін түсінді. Организмнің жұмысын бұзатын адамның өзі екен. Дамусыз, жаңалықсыз өмір тағы жоқ. Бұлар да дамуға ұмтылады. Өмірлерін күннен күнге жақсартыуға, жеңілдетуге тырысады. Тек әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен талап-тілектері бар. Соны орындағанда ғана мына өмірге, ұлы Жаратушыға риза болады. Дәрібек бұл күндердің ішінде бұл халықтың қай нәрсеге де белгілі бір көзқараспен қарайтынын аңғарды. Соңғы кездері ел басшысы екеуі қазақ тілінде емін-еркін әңгімелесуге де көшкен. Бұл аралықта әлгі аспан қызы да Жерге жақындап келіп, Дәрібекпен сөйлесіп кетіп жүрді. Ол қыз қазақ тілін өзінің әлдеқандай күрделі құралдары арқылы игерген болатын. Бірақ бәрібір Дәрібек одан гөрі осы адамдардың тіл үйрену қабілеттерінің ерекше екенін бас иді.
Күндер осылай белгісін бермегендей өтіп жатты. Дәрібек бейтаныс адамдардың тірішіліктеріне қалыптаса бастады. Олар не істесе, сонымен айналысты. Жергілікті тұрғындар осы маңдағы шағын көлге барып Балық аулайды екен. Ондай кездерде Дәрібек небір қауіпті жағдайларды да кезіктірді. Ол көлде Қолтыраундао көп екен. Оларды елдегі Жаунарлар бағынан көргені болмаса, нағыз қатерлілерінбұлай кезіктірген емес. Қолтыраундар көл жиегінде, суда жасырынып жатып, сол маңнан су ішуге бас қойған ірі қара малдардың өздірен де өзіне тарта жұтып жібереді екен. Онымен салыстырғанда адам пенденің күші деген не. Жергілікті тұрғындар Дәрібектің өміріне Қолтыраундар жағынан қатер төнбеуі жағын қадағалады. Алғашқы күндері расында да Дәрібекке Қолтырауындар қорқынышты көрінетін. Уақыт өте келе оған да көздері үйренді. Әсіресе алғашқы қараңғы түн қандай қорқынышты еді. Бұл ортада Дәрібек өзін күллі әлемдегі жарық атаулы сөнгендей сезімде болған. Әр жер, әр жерде жыпылықтай жанған оттар ғана көзге шалынады. Ал үйінде жүргенде кешке жасанды шамдардың жарығымен газет журнал, кітаптар оқитын. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын. Мұнда келгелі оның бәрі де жайна қалған.
Ендігі өмірі ұлы табиғатпен тікелей байланыста өтіп жатыр. Жергілікті тұрғындар тоқыған Балық аулауға арналған ау, Балықтарды үркітетін таяқ және басқа да құралдар мейлінше қарапайым, ауыл балаларының ермектеріндей көрінген. Уақыт өткен сайын тап бір жаңа түскен келін сияқты ел тірішілігіне қалыптаса, үйрене берді. Балық аулаудан кейін ел басшысы Дәрібекті атқа мінгізіп, өзі де біреуіне отырып, табиғат аясын аралатқан. Қалың ағашты орман ішіне енген кездері де болды. Бұл істерін аспаннан келген жас қыз бақылап, барлап жүретін. Оған да бұл істер қызық көрінсе керек. Қыз аспаннан тек бұларды ғана емес, Дәрібекті іздеушілерді де көрген. Бірақ қыз мән-жайды түсінбеген. Қыз үшін Жерде көретін нәрселер көп. Адам баласы қанша нәрсені көрдім десе де, оларды үстірт байқайды. Ғұмыр қысқа. Көретін нәрселер сол қысқа ғұмырдың аз ғана уақытына сыюы керек. Жұлдызды әлемнен жеке әлем болып ұшып келген қыздың мақсаты да сол еді. Дәрібек онысын іштей түсінді. Қыз қаншылықты зерек, қаншылықты білімді болса да, Дәрібек оны қызым деп санады. Адам қаншылықты зерек, ібілмді болса да өзінен үлкенді сыйлауы тиісті. Ақсақал біткеннің бәрі де жастардан білімді бола алмайды. Уақыт сәйкеспейді. Заман келмейді. Әр заманның өзіне тән талап-тілегі, даму дәрежесі бар.
Дәрібек осыны ойлай жүріп, білімі де, мәдениеті де өзінен көп есеге төмен жергілікті тұрғындардың іс-әрекеттерін, салт-дәстүрлерін мойындады. ОЛардың жастары өзін ақсақал ретінде сыйлайды. Бас иеді. Бұлөмірдің, қоғамның заңдылығы. Жұлдызды әлемнен келген бейтаныс жас қыз да мына өмірде өзінше бір оқшау отау тіксе де ешкіммен қоян-қолтық араласпаса да, үкенге бас иеді. Үлкенсіз өмірдің мәні жоқ. Үлкендер жазылмаған кітап, айтылмаған ақыл-кеңес. Оны суырып шығару да оңай іс емес. Дәрібек жергілікті хылықтың арасында жүріп осы жағын да терең түйсінді, ным-нымдап болса да біршама нәрсені естіп білді. Қарапайым ғана адамдардың қарапайым ғана тірішілігі мен салт-дәстүрлері Дәрібекке ерекше бөлек ой салды. Қала-ауылда тұрып, дайын нәрсеге үйреніп, жеңіл өмірге қалыптасқан адамға мына ортадағы дене еңбегіне дәрменсіз, қабілетсіз болып қалғанын жақсы сезді Дәрібек. Жергілікті тұрғындар да Дәрібектің дене еңбегінен ажырап, әлжуазданып қалған адам екеніне қайран болған. Қайта осында жүрген аз уақыттың ішінде денесі Күн сәулесін көріп, аяқ-қолдары ширап та қалған. Соның өзі де денсаулыға көп пайда еді. Алғашқы кездері Дәрібек күнщізгі дене еңбегінен тез шаршап, кешке ұйқыға ерте жатып қалып жүрді. Тек соңғы күндері ширай бастаған. Енді тіпті, комбинезонын іске қосуды да сиретіп келеді. Қолына еңбек қаруын алғалы денесі де ширай берген. Тез шаршап, тез ұйқтап кеткенімен жақсы тынығатын болған. Бұл бір жағынан мұндағы ауаның тазалығы мен шудың мүлдем жоқтығынан-ды. Егер өз елінде жүргенде: «Осы аймаққа барасың, осындай күй кешесің, бейтаныстармен осылай араласасың» десе, әсте келісе қоймас еді. Енді елдегі сол шуға, газды ауаға қайытп барғысы келмейді. Тек осында обасы бірге болса. Көкейіндегі ендігі басты арманы да сол сияқты.
Мына жергілікті тұрғындардың осындай таза ауада, тамаша табиғат аясында өмір сүріп жатқандарының өзі бір бақыт екен. Көп оқымаған, көп білмеген адам алаңсыздау келеді. Оның ұйқысы да қанық, жүйкесі де тыныш. Таңның атуы, Күннің шығуы мен батуы оларға бір елеусіз ғана құбылыс. Ал қала жағдайында әрбір минут санаулы. Уақыт шектеулі. Дәрібек мұнда алғашқы күндері сол қолының білегіндегі электронды сағатына жиі-жиі қарап, әлденеден қалып қоярдай асыға беретін. Енді мына жергілікті адамдардың күн тәртібіне үйрене бастаған соң жайбарақаттыққа көшкен. Жайбарақаттық дегенде, мұндағы адамдар бейқам емес. Бұлар қала адамдарынан да ерте тұрады. Жұлдызды әлеммен сырласады. Күн мен Айға табынады. Бұл табиғи заңдылық. Адамзат өзіне тірішілік нұрын төккен Күнге де, түн қараңғысын түріп, күміс сәулесін төгетін Айға да табынуға тиісті. Қайта қала өмірінде адам баласы аспан шырақтарына назар аудара бермейді. Мың-сан шамдардан тараған жасанды жарық, көше-көшедегі қым-қуымт қозғалыстар аспанға қарауға, жұлдызды әлемді көруге мүмкіндік бермейді. Дәрібек жастайынан сондай ортаға үйреніп өскен. Ол кейде таң қылаң бермей-ақ үстел шамыының жарығымен жұмыс жасай беретін. Енді мұнда қашан таң атып, айнала-төңірек толық жарықтанып болғанша қозғалмайды. Жергілікті адамдардың басшысы өзіне арнайы күрке жасатқызған, түн мезгілінде қарайтын қарауылдар қойған. Алғашында Дәрібек сонда да олардан сезіктеніп, сескеніп түн мезгілінде оянып та кетіп жүрген. Соңғы кездері оларға деген сенімі молайып, организмі тыныштыққа үйренген соң тып-тыныш қатып ұйқтайтын болды. Ұйқы тыныш әрі терең болса, адам жақсы тынығады. Дәрібектің соңғы күндері ерекше әлдене бастағаны да осыдан еді.
Түнгі ұйқыдан тұрған бойда жергілікті халықтың басшысы өзіне шақырады. Әңгімелеседі. Түрлі сұрақтар қойып сергітеді. Дәрібек те қабілетіне қарай олардың кейбір қарапайым сөздерін үйреніп алған. Сөйлесе біледі. Басышының өзін осылайша аса құрметтеп, осылайша жанынан тастамауы өздерін ана аспан қызынан құтқарғанынан болса керек-ті. Олар енді Дәрібекті тап бір екінші құдайдай снайды. Бұл кетсе, бастарына қайтадан қауіп-қатер төне қалатындай сезімде жүр бәрі де. Қанша дегенмен де білімдері аз болғандықтан жергілікті тұрғындар аспаннан келген қыздың мән-жайын түсіне алмаған. Мұндайда білім мен ғылым, дүниетаным керек-ақ. Дәрібек аспан қызының сырын білетін, онымен тең дәрежеде тілдесе алатын, қажет болған жағдайда оған қарсы тұра алатын жалғыз адам бұл ортада. Сондықтан да Дәрібек жергілікті тұрғындарға құдайдың өзі арнайы өздеріне жіберген бір елшісіндей де көрініп кеткен еді. Күн өткен сайын мұндағы өмір Дәрібекке үйреншікті бола түсті. Бұл уақыт аралығында жергііктілердің небір рәсімдерін көрді.Қуаныштары мен қайғыларына да ортақтасты. Ұнатқанын санасына сіңіріп, ұнатпағандарын елемеді. Үйрену, қалыптасу күндері осылайша өте берген. Ара-тұра аспан қызы келіп кетеді. Ол қыз әуеде емін-еркін қозғала алатынын, өзінің жеке бір әлем екенін пайдалана жүріп, түрлі қашықтықтан көрінеді. Оған жер бетіне қона кеті де, жерден аспанға қарай ұшу да оңай. Келген сәттерінде Дәрібектен көп нәрсені сұрап үлгереді. Содан соң аспанға қарай қайта самғап, көзден ғайып болады. Сондықтан да оны байқап қалған адамдар «Ұшатын беймәлім дене» ме деп те қалып жатады.ал Дәрібекке ол құпия қозғалыстың шет-жағңасы белгілі.Жерге ұшып келіп жүргендер қандай да бір топ емес. Олардың әрқайсысы өзінше бөлек бір ұшатын дене. Бұларды ғалым Күн жүйеміздегі өздерінің айналымжолдарымен айнала қозғалып жүрген ғаламшарлардай көрді. Мұндай шарлардың кішкентайлары да, үлкендері мен орташасы да бар. Тек қай көлемде болса да олардың әрқайсысы өзінше бір әлем. Дәрібек соны түсінген. Енді біраз уақыттан соң өзінің де жеке әлемге айналары сөзсіз еді. Оны да түсінген. Ал жергілікті тұрғындар үшін бұл көріністер бұлыңғыр. Оларға олар қандай да бір құдірет. Сондықтан да жеке әлемге айналған жас қызға табынып, ол айтқанның бәрін бұлжытпай орындаған еді жергілікті тұрғындар. Енді мына жерде Дәрібектей өзінен де құдіретті адам пайда болған соң қайтсін. Қыздар енді ешкім де қорқатын емес. Ал Дәрібекке деген ерекше құрмет жергілікті тұрғындар тарапынан күн санап күшейе берген. Ғалым да ол құрметтерін түсініе, олардан қолынан келген жақсылығын аяған жоқ. Енді бұрынғыдай емес, жергілікті тұрғындарға деген өзінің мол сенімінің барын да сезінген.
Ағаш арасындағы арпалыс
Өздеріне үйреншіксіз орда а қара терге түскен бір топ ғалымдар әуе кемесінен қалың өскен ораман ағаштарына қарай ұзаған соң шамалы демалған. Егер мына жасыл әлем болмаса, мына аймақ әлдеқашан күйген көмірдей бір дүниеге айналып кетпек екен. Стереотеледидар экрандарынан көргенде қызық, рахат көрінетін дала енді қай қайсысын да қатты титықтатқан. Қадам жер жүрудің өзі де қиын енді. Белуардан келетін өсімдіктердің өздері де су бойлағандай әсер береді. Ал олардың тереңінде, аяқтарының астында не болып, не қойып жатқаны белгісіз. Ғалымдар жас баланы – әділбекті орта тұсқа алған. Өздерінің өмірлерін бір ойласа, Әділбектің өмірін екі ойлайды. Ғалымдардың кейбіреуі ішінен: «Осы баланы неге бірге ертіп шықты. Мына жағдайда бірдемеге ұшыраса қайтеміз» деп те уәйім кешеді. Әділбекке жаны ашығаны бұл. «Дәрібек бір жоғалып, енді тағы бірімізден айырылып қалып жүрсек, не болғанымыз?». Мұндай ой академик Мұрат Сақтағанұлын мазалай бастаған еді.
Сол ойымен ол Әділбекке жиі-жиі қарайды. Сөйтіп, аз уақыт демалған соң бәрі ілгері қарай жүрген. Ғалымдар әрине, Дәрьектей емес, бұл қиын іздеу сапарына арнайы дайындықтармен шыққан. Қай қайсысының да қолдарында қрау, көздлерінде қорғағыш көзілдірік, бастарында жеңі бас киім бар. Үстеріндегі киімдері де анау-мынау қатерден қорғай алады. Аяқтарында терең қонышты аяқ киім. Оның бәрі де бұл сапарға шықпай тұрып ескерілген. Бірақ алдын ала болжау бар да, оны бастан кешу тағы бар. Мұндай ортада кез келген адамның бойында қорқыныш пен үрей сезімі пайда болады. Адам пенде әлденеден қатты қорқып, қатты сасқанда қолындағы бар қрауын қолдана алмай да қалады. Оның үстіне бұл келе жатқандар аң аулаушылар да, бұзақылар да емес, адам баласының болашақ игілігін ойлайтын, сол жолға бүкіл ғұмырын сарып ететін ғалымдар. ал ғалымдар ешқашан әлдекімнен жамандық күтпейді. Қайсыбір нәрсеге де жылыжүректілікпен қарайды. Ғалым, тіпті, Жылан екеш Жыланмен де достасуға бар.
Ал мына келе жатқан жолдарында улы Жыландардың түрлері көп. Аса үлкендері мен қатерлілері де жетеді. Өздері білмегенімен бұдан бұрын Дәрібек жүріп өткен жолмен келеді. Мұнда сирек те болса, адам баласы келеді екен. Ал бұдан талай уақыт бүрын, мұнда адам баласының ізі түспеген бұл ортада нелер сайран салмаған. Бәлкім, мына ормандағы түрлі тірішілік иелері аспаннан келген беймәлім ұшатын денелерді де көрген болар-ау. Тек адам тіліндей тіл жоқ оларда. Қзақ жасайтын Тасбақалар да талай нәрсенің куәгерлері. Талай нәрселерді көздерімен көрді ғой олар. Сезді. Тек санасы жоқ, адами тілі жоқ болғандықтан сол көргендерін айта алмайды. Сол ұзақ ғұмырлы мың-сан Тасбақалардың арасында саналы адам баласының бір өкілі болса ғой, ол оқиғалардың бәрін де айтып берген болар еді. Қаншама тарихты, қаншама оқиғаларды қағазға жазып қалдырар еді. Сол сияқты, мұнда да ойланарлық жәйттер көп-ақ. Орман ішінде шуылдасып отырған, жатқан орындарын бір бірінен қызғанып, бірбіріне айбат шегіп жүрген ақ түсті, ақ шашты, бастары жалтыр Маймылдар да саналы адамға тән келетін ешқандай іс тындырып жүрген жоқ.
Ағаштары қалың өскен орманды ғалымдармен бірге аралап келе жатқан Әділбек осындай-осындай қилы-қилы ойға батқан. Ертегілерде айтылатын сөйлейтін құстарды, сөйлейтін жануарларды да көз алдына елестетті. Егер осы ормандағы құстар мен жануарлар ертегідегідей сөйлейтін болса, бұдан санаулы күндер бұрын ғана не болғанын айтып-ақ берер еді. Орман ағаштарының бұтақ-бұтақтарында қонып отырған түрлі құстар да, ақ басты, ақ шашты Маймылдар да тек өздеріне тән дыбыстрын шығарумен ғана шектеледі. Бұл орманда не көріп, не біліп жүргендерін айтпайды.Әділбек айналаға қызыға қарап, түрлі ағаштар мен өсімдіктерді көріп, жануарлар мен құстардың түрлі дыбыстарына құлақ түреді. «Осы орман ішінде тірі болса, әкем де жүрер еді-ау. Оны мына біз көріп келе жатқан құстар мен жануарлардың бәрі де көрді ғой. Ал әкем мұнда болған кезінде не туралы ойлады екен» деп те қояды ішінен Әділбек. Жас баланың қилының алысқа шарықтағанын сезген Тілеухан мен Жұмахан әділбекке жақындай берді.
Осы кезде сәл кейінде келе жатқан Қоғабай мен Қасымжан әлденені аңғарып, кідіріп, алдағыларды өздеріне шақырды. Бәрі кейін бұрылып қарағанда анадай жерде басы тасқа қатты соғылып, мерт болған үлкен Жыланды көрді. Алғашында түсі суық немеден бәрі де қатты шошынып қалған.Сәлден соң естерін жиып, Жыланның түрін, үлкендігін анықтауға кірісті. Әрқайсысында суретке, бейнефилмге түсіретін құрал болғандықтан бір бірімен кеңесіп, сыбырласып жатпай-ақ Жыланды суретке де, бейнефилмге де түсіріп алды. Үлкен Жыланның әлденеге қарай жылдам ұмтылып барып абайсызда биіктен құлап тасқа соғылғаны түсінікті еді. Бірақ бұл орманда кездесетін қатер бұл көрініспен бітпек емес-ті. Жыланның бұл орманда жалғыз болмайтыны да белгілі. Соны дәледегендей сілден соң-ақ жан-жақтан ысылдаған дыбыстар жетті зерттеушілердің құлақтарына. Ағаш бұтақтарында бұларды қызықтағандай болып отырған ақ Маймылдар сол замат жайын тауып кетті.
Ғалымдар алғашында сәл кідіріп, ағаш бұтақтарына жылдам шығып кетуді ойлаған. Бірақ енді кеш еді. Ұзын, жуан Жыландар жан-жақтан қоршап үлгерді. Қашып құтылатын жер жоқ. Тап бір ертегідегі оқиға шындыққа айналып кеткендей. Жыландардың соншалықты кекшіл екенін Әділбек алғаш рет көрген. Ең қорқыныштысы Жыландардың бастаушысы Әділбекті таңдаған. Ғалымдар алғашында мұның мәнісін түсінбеді. Әділбек саспастан дереу комбинезонының кері бебер магниттік өрісін іске қосты. Содан өзі ғалымдардан оқшаулана берген. Ғалымдар дереу тапаншаларын қолдарына ұстап, Жыландар Әділбекке қарай шапшыған мезетте оларға оқ жаудыруға дайын тұрды. Бір ғажабы, енді қаршадай ғана мектеп оқушысы Әділбек Жыландардан еш қорықпады.Үлкен дегенінің өзін де елемеді.Ең үлкен Жылан баланың алдына жақын барып, басын тік қақшитып, арбағандай болып шамалы тұрды. Әділбек онысын түсінбей енді қорқайын деді. Комбинезонының құдіретіне қанша сенсе де, мына аждаһаның түсі өте сұсты еді. Ғалымдар да қатты толқып, орындарында қозғалмай тұрып-тұрып қалған. Қатты толқыныстан кейбіреуінің тапанша шүріппесін тартқалы тұрған сұқ саусағы да әлсірегендей болған. Денелері дір-дір етеді. Тапаншадан жаудырып оқ аттқанан соң Жыландар тынышталса, жан-жаққа қашса жақсы. Ал ол оқтары дарымай Жыландар онан сайын шапшыса, қатердің қатері сонда төнбек. Бірақ енді не болса да шегінер жер жоқ. Қаршадай балаға соншама қауіп төніп тұрғанда үлкендер қалай шыдасын.
-Әділбек, қорықпа! Өзіңді берік ұста!Біз Жыландарды тапаншадан оқпен атуға дайын тұрмыз! Тек өте сақ бол! – деп қалды Тілеухан.
Жылан да осыны күткендей болған екен. Қақшиған басын көз ілеспейтін жылдамдықпен ілгері қарай сілтеп кеп қалды. Сол мезетте жан-жақтан тырс-тырс еткен дыбыстар да шықты. Бірнеше Оқ жылан ол жақ, бұл жақтан ағып өтті. Тапаншадан Жыландарға оқ атқандар ғалымдар емес, әскери адамдар болса, оқтар дәл тиген болар еді. Бұл әркеттері енді Жыландарды оққа ұшыру емес, жай ғана оларды қорқыту ғана сияқты болып қалды. Атқан бір оқтары да да Жыланның ешқайсысына тиеген. Бұл тапаншалардың оқ атқандағы дыбчытары Жылан біткеннің ызасын келтірегндей де болды. Енді Әділбекті былай қойып әркім өзіне қарай тап берген Жыландармен арпалысуға көшті. Бір ғажабы, Әділбекке қарай атылып, оны орап алып, қысып өлтіруге талпынған үлкен жыланның әрекенінен ештеме шықпады. Әділбекке үш метрден әрі қарай жақындай алмаған. Өзін орай алмаған Жыланды Әділбек тапаншасымен атып салды. Қанша мықты болса да Жылан денесіне дәл тиген ыстық оқтан жерге сылқ ете түсті. Бірақ бірдан жан тапсыра қоймады. Біршама уақыт денесін жиырып-созып, құйрығын қозғап жатты.
Әділбек енді өзінің қатерсіз екенін сезініп, тез есін жиды. Ғалым ағаларына шапшыған Жыландарға тапаншасынен оқ боратты. Олар шуалшандарша ырши созылып, қинылып жан тапсырып жатты. Осы кезде Тілеуханды бір Жыланның құйрығы іліп әкетті. Ол кәдімгідей тәлтіректеп барып жерге құлады. Ендігі жағдай қауіпті еді. Бірнеше секундтың ішінде Жылан ғалымды шағып алмақ. Әділбек орғып барып Жыланның бас жағына шықты да, оның басын дәл көздеп атты. Жыланның улы тілі Тілеуханға сәл-ақ жетпей қалды. Әділбек қанша дегенмен де жас бала болғандықтан жеңіл қозғалып, анда да, мында да жүгіріп, ғалым ағаларын Жыландардан қорға п қалды. Енді бір кезде Әділбек бір Жыланның академик Мұрат Сақтағанұлына таяп қалғанын байқап үлгерді. Әділбек дереу оны да атып тастады. Егер бәрінің үстнде осындай қатерлерге қарсы тігілген өзі жұқа, Жылан тілінен шыққан уды өткізбейтігн болмағанда әлдекімнің мерт болары сөзсіз еді.
Жалындармен арпалыс ұзаққа созылды. Ғалымдар сәлден соң терлегендерін де, әлсіздіктеріне де ұмытып кетті. Жаны қинылғанда адам ерекше қуатты болып кетеді екен. Қай қайсысы да Жыландарды өздеріне мейлінше жақындатпауға тырысады. Бұрын-соңды мұндай Жыландар шадуылын естімеген ғалымдар аң-таң. Соған қарағанда, бұл Жыландар басқа бір жақтан тобымен ауып келген тәрізді. Әрбір Жылан оқша атылады. Атылған замат тапаншаның аузынан шыққан ыстық себезгі от-жалын да Жыландардың сусыған суық денелерін ойып түсіп жатыр. Әзірге адамдар жағынан ешкім зардап шеккен жоқ. Егер Әділбектің ептілігі мен батылдығы, ғажайып коминезоны болмаса, онда ғалымдардың бір-екеуі әлдеқашан қатерге ұшыраған болар еді. Әділбектің мұндай ерлігі ғалымдарға бақыт болып қонды. «Осы баланы неге ерттік. Бірдемеге ұшыраса қайтеміз» деген ойлары жайына қалған. Қатерлі жағдай жан сақтау үшін арпалыспен өтуде. Ара-тұра кей ғалымның аяғының жанынан зу етіп өте шыққан Жыланның көрінісі байқалады. Ондайда Әділбек тез бұрылып, тапаншасынан ыстық сәуле себезгісін жіберіп үлгереді.
Ең бастысы, Әділбектің өзіне басқалардай қауіптің төнбегенін сезінуі еді. Батыл қозғалып жүргені де содан.Сонда да онысын дәл қазәір ғалымдардың бірі түсініп, бірі түсінбеді. Жыландар әлі толастар емес. Суша ағылып келіп жатыр. Құртша қырылуда. Енді олардың ірілерін былай қойғанда, майдаларының өздерінің аяқ астында шуалшандардай топырлап жатқандары адам денесін түпршіктіреді. Жыландарды бұлайша қыра беру ғалымдарға да оңай іс емес. Ал өзінің шыбын жаны үшін кім не әрекетке бармайды. Егер Жыландар саналы болса, олармен сөйлесіп бір шешімге келіге болар еді. Ал олардың не себепті соншама кектеніп, осылайша шабуыл жасағаны ғалымдардың ешқайсысына да әзірге түсніксіз еді. Қай қайсысы да ежелден ордалы Жыландардың өте кекшіл келетінін жақсы біледі. Бірақ бұлардың көбі дерлік ордалы жыландар да әлдеқайда ірі еді. Сондықтан да бұлармен арпалысу осылайша қиынға соғуда. Арпалыс барысында ғалымдардың қай қайсысына да неше рет қатер төнді. Жыландардың кейбірі аяқтарын орап та үлгерген. Уын да шашты. Бірақ ғалымдарда қорғаныс киімі болғандықтан ол әрекеттерінен ештеме шықпады.
Ғалымдарды көп қатерден Әділбек арашалап қалды. Ол Жыландар тарапынан қай ғалымға қетер төне бастаса, жылдам солаай қарай жүгіреді. Бір ғажабы ірі деген Жыландардың өздері де Әділбеккке қарай қанша шапшып, қанша атылса да оған үш метрден әрі жақындай алмаған. Әділбекке үш метр жақындаған бойда Жыландар қандай да бір құдіретті күшке соғылғандай болып, кейін серпіліп кетеді. Мұны көрген кейбір жас ғалымдар қаршадай баланың бойында қандай құдіретті күштің барын түсіне алмаған. Оның сырын Әділбектен сұрауға да дәл қазір ешқайсысының да мұршасы жоқ еді. Бір секундқа да ой бөлуге болмайды. Айнала сатырлаған, суылдаған, ысылдаған дыбысқа толы. Сырсырт қақтығыс. Қалт жіергенді қағып жібереді. Мұнда ең бастысы, бет пен қолды қатты қорғауға тура келеді. Жыландардың қатты ызаланғандары да қорғаныс әлсіреген сәтті пайдаланып шапшиды.
Арпалыс осылайша жалғаса берген. Ғалымдар қанша дегенмен де жас болмағандықтан шаршап та қалды. Бұл қатердің арта түсетінінің белгісі еді. Мынандай организмге үйреншіксіз ортада мынандай қаптаған ірі Жыландармен арпалысу да оңай емес-ті. Бәрі де пора-пора терге малынған. Қатты қорқыныш, қорғаныс пен толқу сәтінде адам баласы өзінің кім екенін де ұмытып кетеді. Әділбек мұнда жастығымен, қорғаныс киіммен моймай жүр. Ғалымдардың әрқайсысының алдына тосқауыл болып, шапшыған, атылған Жыланды кейін қарай қағып тастап отырды. Тек арада екі сағаттай уақыт өткенде Жыландардың шабуылдары саябырси бастады. Кейбірлері кейін бұрылып, суға сүңгігендей, жерге сіңгендей жоғалып жатты. Бұл көрініс Жыландардың азайғанынан емес, кейін шегінгендері еді. Бірақ Жыландардың ыза-кектерінің мұынмен бітпейтіні белгілі болатын. Ғалымдар ол жағын да ойлаған. Бірақ ол жағынан Әділбек бейхабар еді. Сондықтан да бұл арадан тезірек кету көзделді. Жыландар зым-зия болысымен-ақ бұлар жылдам орын ауыстырды. Орманның шетіне, ашық жерге шығуға асықты. Қалың өскен ну ағаштардың арасымен жылдам жүріп өту де оңай емес-ті. Дәл қазіргі сәтте бір бірінен жағдай сұрасудан да қалған. Бар мақсаттары тезірек ашық алаңға жету. Сырттағы аптап мына қалың ағаштардың көлеңкелерінен білінбеген еді. Асыққан кезде денелерінен шыққан терлері де шым-шым ағып жөнелді. Енді орман іші қанша салқындау, қанша әдемі, әсерлі болса да, оған тамсанудың мүмкіндігі болмаған. Ешқайсысы да кейінгі жағына бұрылып қарамады. Қолдарындағы кіп-кішкентай телеқұралдарын іске қосып, қонған жерінде қалған әуе кемесінің ұшқышымен хабарласты. Мұнан да бұрын онымен телебайланыс ұстаған болатын. Енді ғалымдардың басшысы әуе кемесі ұшқышына әуе кемесін орманның осы өздері шығып келе жатқан шетіне ұшырып әкеліп қондыруын өтінді. Келген жолмен қайту еш мүмкін емес еді. Ол үшін орманды қайтадан аралап өту қажет. Ол болса да өте қауіпті. Жыландар мен жалтыр бас ақ түсті Маймылдар әлі де кездесуде.. Олардың адамдарды көргенде тап бір бас салатындай ілгері қарай тап-тап беріп қоятын әдеттері де бар. Қолдарын да жиі-жиі бұлғайтынын қайтерсің. Құстар да тыныш қалмайды. Баяғы сайрайтын әдеттеріне салған. Оларды да тыныштандыру мүмкін емес. Жастар жағы бастап, үлкендер жағы қоштап жүріп келеді. Әділбекті орта тұсқа алған. Бәрі де үнсіз. Сөйлессе болғаны, тап бір жер қыртысы астындағы індерінде тып-тыныш жатқан өштеніп, сусып шыға келетіндей болады. Орман ішіндегі әрбір тырсыл, сартыл, сусыған, сырылдаған дыбыс сол Жыландардың қимыл-қозғалыстарындай үрейлі әсер етеді. Қорқыныш тудырады. Ғалымдар өздерінің қорғағыш киімдеріне сенеді. Ал Әділбектің жаңағы ғаап батыл әрекеттері ғалымдардың ешқайсысына да әзірге түсінікті емес-ті. Бірақ мынандай асығыстықта, арпалыста оны сұрап жатудың еш жөні де жоқ-ты. Сөйтіп, терлеп-тепшіп жүріп орманнан ашық алаңға да шықты-ау. Аптапты болса да енді айнала табиғат көрінісі қай қайсысының да көңілін көтерген.
Осы кезде құлақтарына гүр ете түсткен дыбыс естіліп, әуеден әуе кемесі де көрінді. Бәрі қуана солай қараған. Әуе кемесі жайымен ғана төмендетөмендей келіп, жаймауыт жерге қонды. Гүрілі сөніп, тып-тыныш қалды. Ғалымдар енді терлеп-тепшігендеріне қарамастан солай қарай асықты. Жаңағы ірі Жыландардың айбат шеккендері, өздеріне шапшығандары, орамаққа әркеттенгендері мен ақ басты Маймылдардың қылықтары әлі де көз алдарынан кетер емес. Жер бетіндегі өсімдік атаулының басы қозғалса да, Қамыс тәрізді биік өсімдіктің басы теңселсе де қай қайсысының да жүрегі зырқ ете түседі. Қайта мұнда бәрінен де Әділбек батыл. Ол ештемені елемейді. Алдынан жуан Жылан басын көтеріп, аузын ашып, айбат шексе де оны кейін қарай қағып жіберуге даяр. Академик Мұрат Сақтағанұлының өзі де оған жиі көз салады. Бірақ әзірге ештеме айтпайды. Мұндайда ол ішінен: «Бұл бала әкесі үшін келіп еді. Тек әлденеге ұшырамаса екен» дейді. Сырт қарағанда Әділбектің бұл әрекеті ғалымдарға: «Не көрсем де өзім көрейін. Әке менікі ғой» деегенге саяды. Бірақ бәрібір ғалымдар Әділбекті бар күш-қадерлерінше Жыландарға шаққызған жоқ, қатерге тастаған жоқ. Әділбектің өзі де ғалымдарды көп қатерден қорғап қалды. Сөйтіп, бәрі бір-бірін қатер атаулыдан қорғай жүріп, орман шетіндегі алаңда тұрған әуе кемесіне мінді. Сол сәтте бәрі де өздерін тек қатерден құтылу емес, тап бір елге оралғандай сезініп те кетті. Әңгіе айтуға да шамалары келмей жұмсақ орындықтарға жайғасқан бойда үнсіз қалды.
Тартылыс әлемі шеңберінде
Күн батыс көкжиекке батуға таяғанда ауыл ішіндегі абыр-сбыр басылды. Жергілікті тұрғындар күнделікті тірішіліктеріне кірісіп кеткен. Оның бәрі де Дәрібекке енді жақсы белгілі. Өзі тұратын үйден сыртқа шығып, біраз серуен құрды. Содан кейін жергілікті тұрғындардың кеәбірелеріне көмек көрсетті. Оларға бойы үйреніп, көп нәрсені біліп, есін жиғаннан кейін елге қайтудың қамын жасауды да ойлаған. Бірақ қалай қайтпақ? Астында көлігі жоқ. Ешбір елмен, жермен байланыса алмайды. Жергілікті тұрғындар болса да шулы техника атаулыдан мүлдем бейхабар. Бәрі де табиғи тірішілікке бейім. Олар әзірге Дәрібектің көкейінде не жатқанын түсінбейді. Бірақ ғалымның өз еліне қайтқысы келетінін іштей сезеді. Тек қолдарынан келетін көмектері жоқ. Көңілі қалмас үшін бар мүмкіндікті жасауда. Бір жағынан Дәрібек әлгі аспаннан кенеттен келе қалатын жас қыздан қорғауы керек бұларды. Әлбетте, ол қыз бұларға пәлендей зияндық жасаған емес. Адамдарын алғанымен де олардың ешқайсысы да зиян шекпеген. Тек қыздың қарамағында жүрді. Өзінше бір жеке әлемді көрді. Сөйтіп, өз орталарына қайта оралған. Ондай жағдайда бірақ мына бейтаныс адамның тікелей көемегі керек еді. Қыз қаншама жас, қаншама әдемі, сүйкімді, білімді болса да оның осы жеке әлемдік өмірі жергілікті тұрғындардың ешщайсысына да ұнамаған. Одан гөрі бәрі де мейлінше қарапайым, көпшіл Дәрібекке бауыр басқан. Аспан қызы негізінен әрбір кеште оралады. Түн мезгілінде денесінен айналаға шашылған жарық сәуледен түн пердесін түріп, өзі оның орта шенінен анық көрінеді.
Мұны көргенде жергілікті тұрғындар әжептеуір әбіржіп, өз рәсімдерін жасап, Айдың толық тұтылғанындағыдай бір күйге түседі. Оны алақандарын жая қарсы алып, бастарын иеді. Бүгінгі кеште де тап сондай бір оқиға қайталанған. Мұнда ол аспан қызына қарап қол жаймаған, басын имеген бір ғана адам бар. Ол – Дәрібек. Олеш саспастан аспан қызының өзіне мейлінше жақындауын күтті. Бірақ бұл жолы комбинезонының магниттік тебу өрісін іске қоспады. Жүрегі әлдеқандай нәрсені сезегендей дүрсілдей жылдам соғып тұрса да шыдап бақты. «Бұл өзі не жұмбақ, әлде жай бір елес бейне ме?» деп, іштей өзіне өзі сұрақ қойып кідірді. Алапат домалақ найзағайдай көрінген неме өзіне қарай жақындай берді. Бірақ енді әуелдегідей емес, аспан қызымен қазақ тілінде емін-еркін сөйлесудің мол мүмкіндігі бар еді.Дәрібек оған қарап қозғалмай тұр. Шаржермен жанасуға таяп қалды. Содан жаға ғана тұман арасындағыдай мұнартып тұрған көрініс сейіле берді. Артынша Дәрібектің көз алдында үлкен орда пайда болды. Оның тамаша, биік сәулетті тіреулері асқан байлық пен мәдениеттің куәсіндей еді. Өткен жолы қыз өзінің мұндай ғжап байлығы мен мәдениетін көрсетпеген. Ендігісі бір ғажап! Тамаша ордаларды көрген Дәрібек бір сітке болса да есінен танған адамдай күйге түсті. Бірақ тез есін жиды, шыдады. Не ілгері қарай баспады, не кейін қарай шегінбеді. Ал қыз болса жаңа ғана пайда болған кеі, тамаша тепкешектермен баяу ғана төмен қарай түсіп келеді. Сол кезде жергілікті тұрғындардың басшысы Дәрібекке жақындап:
-Комбинезоныңыздың магниттік тебу өрісін іске қосыңыз. Әйтпесе, қыз сізді ойыншыққа айналдырады! – деп қалды.
-Жоқ!-деді оған Дәрібек,-бұл қыз менің ұлымнан да кіші. Сондықтан да мен оны қызым деймін. Өткен кездесуімізде оны өзі де мойындаған. Келе берсін. Жақындасын. Бірбірімізге осылай жұмбақ болғанша, жүздесейін жақынырақ, тілдесейін. Сөйтіп сырымызды ашайық!
-Онда өзіңіз біліңіз,-деп ел басшысы кейін шегініп кетті.
Осы кезде түн пердесі түріле түсіп, айнала-төңірек екінші бір Күн шыққандай жап-жарық болып кетті. Енді осы ауылдың маңында Ине жатса да оп-оңай табылмақ. Осы сәтте жергілікті тұрғындар сескеніп, кейін шегінді. Іштей қорқып, үрпиісіп-ұрпиісіп тұр. Осыдан бұрынғы оқиғаларын естеріне түсіріп, не болғандарын білмей де тұрғандай. Жас сұлу қыздың құдіреті сол, кез келген пендені өзіне сол сұлулығымен тәнті етіп алады. Оның сұлу көздеріне, ғажайып көркіне арбалған адам арбауға іліккен Қояндай еріксіз ілгері қарай жүре бермек. Алғашында бұлқынып, кейін шегінгенімен қатты берілген кезде ештемені сезбей де қалады адам пенде. Бейнебір осы ауылда қызықты ойын өтіп жатқандай.
Қазіргі көрініс те тап соған ұқсағандай еді. Дәрібек бұл жолы магниттік кері тебу өрісін қоспай, жергілікті тұрғындардың бастарынан кешкендерін өз басынан да кешеріп көруге бекінген еді. Сол үшін шыдап баққан. Сөйтіп тұрып тартылыс өрісі шеңберіне қалай еніп кеткенін де аңғармай қалған. Қыз әлгі тепкешекпен әлі түсіп келеді. Киген киімі де өзіне жарасымды екен. Кейде қыздың жүзінің жарықтығы көз қарықтырады. Жарық сәуле айналасын қамтыған. Жарық сәуленің киіміндегі қандай да бір элементтерден тарап тұрғаны болса да белгілі.Дәрібек оның шет-жағасын білітіндіктен аса назар аударған жоқ. Білгісі келгені, «Қыз шын адам ба, әлде жай бір сәулелі бейне ме?» деген сұрағына жауап іздегені еді. Жай ғана жақындасумен шектелу жеткіліксіз. Теледидар, киноэкрандарда да адам бейнесімен жақын жүздесуге болады. Бірақ адам ол экрандардағы адам баласымен қол ұстаса алмайды. Дәрібекті басты ойландырған нәрсе де осы еді.
Сәлден соң ғалым қызға қарай қолын созды. Қыз сол мезетте кілт тоқтады. Ғалымның жүзіне, батыл әрекетіне қайран болғандай тұрып қалды. Сөйтті де:
-Мен...жеке әлеммін...- деді жай ғана.
-Мен де жекемін. Әрбір адам жеке әлем.
- Ол түсінікті. Сіз менің қолымды ұстамақсыз ба?
-Иә, қызым. Мен сенің шын мәнінде қыз бала екеніңе көзімді жеткізейін деп едім.
-Менің бойымда көп энергия бар. Оның сізге ауыр соғуы мүмкін.
-Бола берсін. Мен онан қорықпаймын, қызым. Мен қандай қиындық болса да ойымдағымды орындауым керек. Саған деген сенімімді нықтай түспекпін. Әйтпесе, күллі әңгімеміз, жүздескеніміз жоққа шығады.
-Жақсы. Сіз енді менің әлемімдегі адамсыз. Қызыңыздың қолын ұстауға толық хақыңыз бар. Бірақ мен осы аймақтан сіздің кенже ұлыңызды көрдім.
-Қайдағы ұлымды айтып тұсың?
-Қанша ұлыңыз бар еді?
-Ғаділбек, Әділбек есімді екі ұлым бар.
-Менің көргенім кенже ұлыңыз Әділбек.
-Әділбек? Ол қайдан жүр мұнда?
-Оның себебін өзіңіз білеуіңіз керек. Бірақ ол жалғыз емес. Уәйімдемеңіз. Оның жанында ғалымдар бар.
-Сен мұны шын айтып тұрсың ба, қызым?
-Әкесіндей үлкен адамның алдында қызы өтірік айтпас болар.
-Жаным-ау! Өзің бір адал қыз екенсің ғой!
-Адалдық менің бірінші қасиетім.
-Мың да бір алғыстымын! Ал енді ғалым достарым мен кенже ұлымды қалай табамын. Соған көмектесші, қызым!
-Мен сіздің күллі жоспаыңызды бұзып жібердім. Оным үшін кешірім өтнемін.
-Еш айыбы жоқ, қызым. Бәрі дұрыс. Бәрі жөн. Қайта, мына мені кешір. Мен бұл жағдайға кездейсоқ ұшыраған адаммын.
-Оны білемін.
-Қайдан білесіз?
-Мынаған қараңыз.
Қыз сол қолының алақанындағы кішкентай шарды Дәрібекке қарай айналдырды.Оның экранынан өткендегі оқиғалар қайталанып көрінді. Алпат әуе кемесі ішіндегі жағдай. Қарақшылармен арпалыс. Бәрі де тап бір енді ғана болып жатқандай. Бірақ мұны көріп тұрса да Дәрібек қыздың бұл құралына таңдана қойған жоқ. Таңданғаны сол оқиғадағы іс-қимылдардың әдеттегіден жылдам болып өте шыққаны. Қуанғаны кемедегі қарақшылардың жерге құлап бірініп де тірі қалмағаны. Сәлден кейін өзі мен сол қарақшылар құлап түскен аймаққа арнайы зерттеуші әуе кемесімен бір топ ғалымдардың келгені көрінді. Одан жерге түскен ғалымдарды көріп, танып, тіпті де қуанды. Кемеден түскендердің біразы өзіне етене таныс еді. Басқа бір топ өлген қарақышарды көріп, тез-тез суретке түсіріп алып, келген әуе кемесімен қайта ұшып кетті. Сол әуе кемелерінің ішінен Дәрібек өзінің сенімді жақын достары Тілеухан мен Жұмаханды да көрді. Акадеик Мұрат Сақтағанұлын да жазбай таныды.
Көрініс те осы жерден үзілді. Дәрібектің басты бір арманы орындалмады. Ол арманы қыз айтқан кенже ұлы әділбекті көру еді. Ұлы келген әуе кемелерінде болмай шықты. Содан Дәрібектің кһңіл-күйі бәсейіп те қалған еді. Бірақ аз үнсіздіктен кейін қыз онысын сезгендей көріністі әрі қарай жалғастырды. Тағы бір әуе кемесі аспаннан дәл осы аймаққа қарай жайымен құлдилап қонып келе жатты. «Мұның ішінде кімдер болды екен» деп ойлап үлгерді сол замат Дәрбек. Сол кезде. Жаңа ғана үп-үлкен болып кеткен шар да енді кішірейіп кеткендей. Жақсы, қажетті нәрсе жөнінде айтылғанда адам баласы соған беріліп, тіпті, сырт дыбысты да естімей қалады. Сол сияқты адам жақсы көрініске де бар зейінімен беріледі. Анық көрінетін нәрсе көз алдында кішірейіп те кеткендей болады ондайды. Сондай бір сәт дәл қазір Дәрібектің де басынан өтіп жатқан. Көріініс әуе кемесінің салонында отырғандарға қарай ойысқанда, Дәрібек кріпік қақпауға тырысыып отырды.
Онысын қыз да сезген. Шарын Дәрібекке қарай онан сайын жақындата түсті. Енді бір сәтте Дәрібек өзінің сүйікті кенже ұлы Әділбекті көрді. Жүрегі алыпұшты. Әділбек! Нағыз өзі! Ол ғалымдармен бірге отыр. Ол ара-тұра Тілеухан мен Жұмахан есімді ағаларына әлденені айтып қояды. Кей-кейде ғалымдар әуе кемесі терезелерінен жерге қарайды. Әділбек болса, жер бетіндегі бар көріністі әуе кемесі ішіндегі экраннан мұқият бақылайды. Сәлден соң, тіпті, олардың бір біріне айтқан сөздері де естіле бастады. Олардың ішкі ойлары да шардағы таблоға жазылған. Дәрібек ол жазуларды оқып шығып, іштей қатты толқыды. Бірақ ол толқынысы кенеттен тыйылды. Енді бір сәтте әуе кемесінің дөңгелектері жер бетіне тиіп, тоқтап, есігі ашылып, ғалымдар сыртқа шықты. Арнайы киім киіп, түрлі құрал-жабдықтармен қаруланған олар жаяулатып орман ішіне енді. Содан бір кезде ірі Жыландармен арпалыстары басталды...
Оны көрген Дәрібек қатты шошынып та қалған еді. Жыландармен арпалыс барысында өзінің ұлы бәрінен де батыл, епті болып шықты. Шошынғаны бекер-ақ екен. Ең қатерлі сәттерінде де Әділбегі ірі Жыландарға дес бермеді. Қаншама рет айбат шегіп, қаншама рет атылса да Жыландардың егшбірі Әділбекке үш метрден әрі жақындай алмады. Дәрібектің өзі іштей ғана білетін магниттік кері тебу өрісі шекарасынан кейін қайтып отырды. Тап бір көрінбейтін қабырғаға тірелгендей, соқтығысқандай кейін ыршиды Жыландар. Осыны көргеннен кейін ғана мән-жайды іштей түсінген Дәріек еріксіз жымиды:
-Әділбегім жарайсың! Нағыз батыл азамат болып қалыпсың! Деп дауыстап қалғанын да байқамады.
-Сіздің кенше қлыңыз осы жігіт қой?-деді жас қыз.
- Иә,қателеспепсің. Дәл өзі. Менің кенже ұлым Әділбек!
Қыз осы жауап сөзден кейін көріністі үзіп жіберді. Арғы жағын көрмей-ақ қойсын дегені еді. Бірақ ұлын сағынған, оның өміріне төнер қауіпті уәйім еткен Дәрібек шыдасын ба?Шамалы кейін шегінді де өзі жүріп өткен орманға қарай бет алды. Оның соңынан ел басшысы, топ-топ жігерлі жігіттер шұбады. Мұны көрген қыз кәдімгідей әбіржіп қалды. Не істерін білмей, біресе жоғары қарай көтерілді, біресе төмен қарай тсүті. Жаңағы көріністерін де неше құбылтты. Жалпақ тепкешек те жақындағандай болған. Шар кішірейе түсті. Дәрібек қызу етпен біршама жер жүрген соң сәл кідіріп, кейін бұрылды. Сонда барып аспаға қарай көтеріле ұшып бара жатқан шарды көрді. Жанындағыларға ештеме айтпады. Жағдайдың бәрі түсінікті еді. Шар енді жаймен ғана өздеріне қарай ұшқан. Оның көрінісі кішігірім Айдың көрінісіндей еді. Мұнан хабарсыз адам: «Аспанда шағын Ай жылжып бара ма?» деп те ойлап қалар еді. Ал Дәрібек болса да мән-жайды іштей бірден түсінді. Жаңа ғана қап-қараңғы болып тұрған аймақ жарықтанып сала берді.
Қиын жолда
Жыландары арбай шапшып, ақ басты маймылдары шулаған, нешетүрлі құстары тынымсыз сайраған ағашы қалың орманнан сыртқа шыққаннан кейін де қиындықтан арылмады. Тасты келген аңғар жылдам жүрулеріне көп кедергі жасады.Бұлар осыған дейін Дәрібек жүріп өткен жолдан мүлдем басқа жолға түскен еді. Әуе кемесі тағы да алыста қалған. Оны қажет кезде шақырып алуға болатындықтан іздеуді жаяу жүргізуді дұрыс деп тапқан. Бірақ оны дәл қазір шақыруды қажет деп тапқан жоқ. Қитақ-қитақ жерлермен жүріп келе жатса да, ешқайсысы мойымады, сыр бермеді. Қайта ізденіске деген құлшыныстары еселене түскен. Егер әуе кемесімен төмендей ұшса, қанша қадалса да көп нәрсені байқаамай қалмақ. Сондықтан да жаяулатып талай нәрсені көріп келеді.
Күн де енді батыс көкжиекке қарай еңкейе бастаған. Ыстықтың да беті қайта бастағандай болады-ау. Бірақ әлі де дала өрттей. Ғалымдар ара-тұра кідіріп, ыдыстарындағы салқын суларынан ішеді. Кейде үлкен тас көлеңкесіне отырып шамалы демалады. Айналада болса да қауіп-қатер көп. «Бөтен жердің ой-шұқыры көп» деген қазақ мақалы да тап осы аймаққа сай айтылғандай. Әділбек те айналасына жиі қарап, әлдеқандай қауіптен сезіктеніп келеді. Бұлардың бұл әрекеттерін болса да әуе кемесінде қалған ұшқыш пен елдегі арнайы орындағы ғалымдар қуатты бейнебайланыс құқралдары арқылы бақылап отыр. Олар да бейнебір осы ізденісте жүргендей сезінеді өздерін. Ғалымдар да оларды сол қолдарының білектеріндегі шағын экраннан ара-тұра көріп қояды. Мұндай бейнебайланыс елде әуелден бар болғандықтан ешқайсысына да тансық емес. Ең бастысы, қажет жағдайда әрқайсысының өз үйімен байланыса алатындығында. Әділбек те бұл уақыт аралығында үй-ішімен бірнеше рет байланыста болып үлгеген. Оның өзі де үлкен демеу. Әрбір байланысқа шыққан сайын анасы Ғалия көздеріне ыстық жас үйіріп қалады. Кейінгі кезде көңіл тыныштығы үшін үймен бейнебайланцысқа шығуды сиреткен. Бәрі де ілгері қарай асыға жүріп келеді.
Күн батыс көкжиекке таяған сайын Әділбектің бойын қорқышыс сезімі де билей бастағандай. Манағы сусыған ірі Жыландармен емін-еркін арпалысқаны да осы жарық нұрын шашып тұрған Күннің арқасы екен. Енді жарық азайған сайын бойын қорқыныш сезімі де алып барады. Ғалымдар болса да сыр бермей келеді. Әзірге бұл жақта қараң берген адам баласы болған жоқ.Соған қарамастан бұл жерлер кей ғалымға аздап болса да таныс еді. Сондықтан ешқайсысы да алған беттен қайтуға ниет білдірген жоқ. Білетіндерімен әңгімелесіп, құралдарымен айнала-төңіректі бақылап-барлап келе жатты. Терең сай, қалың ағаш, тастар мен биік өскен түрлі өсімдіктер ғалымдардың жаяу жүрістерін қиындатты. Ара-тұра байқамай сәл жанап кеткенде мылтық оғы атылғандай тарс еткен дыбыс шығаратын өсімдіктер де жоқ емес-ті. Кейбірі тіп, тап Жыланша жиырыла қалады. Әлдеқандай нәрсені, өзіне жақындаған денені жақсы сезеді.
Кейінгі сәттерде Әділбек, тіпті, өзін ғажайып бір әлемге еніп кеткендей сезінді. Сарт та сұрт дыбыс. Тарс-тарс атылған үлкен қауашақтар. Мектепте өзі қызығып оқитын биологиялық құбылыстардың бәрі де енді көз алдында. Сонда да оқыс дыбыс пен қимыл-қозғалыстардан жиі сескеніп қалады. Екі жағында Тілеухан мен Жұмахан қорғап келе жатқандықтан көп нәрсені білмейді. Әйтпесе, анау-мынау сүт қопректілер мен бауырымен жорғалаушыларды былай қойғанда,мына түрлі өсімідктердің өздері де қорқыныш сезімін тудырады екен. Әділбек сақтық үшін ара-тұра комбинезонының магниттік тебу өрісін іске қосады. Ондайда ешбір өсімдік қанша қабілетті болса да өзінің денесіне үш метрден бері жақындай алмайды. Тарс етсе де, сұйығын шашса да, сол қашықтықтан жақындай алмайды. Оны көрген ғалымдар жас баланың бұл тапқыр әрекеттеріне күле қарайды. Мана қалың орман ішіндегі қаптаған ірі Жыландардың бірін де өз денесіне де, өзгелердің денелеріне де жолатпағанынан-ақ Әділбектің құралының мән-жайын түсінгендей болған. Академик Мұрат Сақтағанұлы мұндай комбинезонды Дәрібектің ойлап таба алатынын сырттай білетін. Бірақ ол бұл жөнінде ештеме айтқан жоқ, сұраған да жоқ. Мынандай қиын да қатерлі жолда қалайша ол жөнінде әңгіме қозғасын.Оның үстіне қазір күндізгі емес, кешкі мезгіл. Енді біраздан соң қара аспанда мың-сан жұлдыздар жарыса сәуле шашады. Бірақ ондай көріністі көруге ешқайсысы да асыға қойған жоқ.
Бірінші мақсаттары Дәрібекті іздеп табу, екіншісі осы аймақтың күллі тірішілік иелері мен түрлі қылықты өсімдіктерін зерттеу болғандықтан жұмыстары көп еді. Ғалымдарға кеш пен қараңғылықтың түскенінен гөрі, ертерек таңның атып, Күнні жарқырап шыққаны маңыздырақ. Күн неғұрлым ұзақ болса, солғұрлым көп жұмыс бітпек. Сол себепті отырып демалуға аз ғана уақыт бөліп, көбірек жүруге тырысып келеді. Бұл аймақта тұратын адамдардың үй-жайлары да ғалымдарға әуелден белгілі болатын. Мұндатәжірибесі жоқ Әділбек пен кейбір жас ғалымдар ғана. Уақыт өткен сайын Кұн батып, қас қарая берген сайын топ адам жүрістерін жылдамдата түсті. Қолдарында, иықтарында арнайы құралдары бар ғалымдар көрген қызықтарын қалт жіберместен суретке, бейнеге түсірумен келеді. Әрқайысының бас киіміндегі шлемдерге бекітілген қуатты шамдар да бар. Ол шамдардың жарығынан алдарындағы жалғыз аяқ жол ап-анық көрінеді.Тек айналадағы шам жарығы түспейтін жақтары қараңғы. Қара түске айналғандай болған кең аспанда мың-сан жұлдыздар сәуле нұрын шашқандай болады. Бірақ олардың мардымсыз сәулелері нені көрсете алсын. Көзге әзер шалынатын көмескі жұлдыздар да аз емес. Әділбек жұлдыздарды бақылаумен айналыспаған соң оларды бір бірінен ажырата алмады. Тек әртіүрлі бейнені көзге елестетуге болатындай ғана көрініс болды. Қазаққа ежелден белгілі Темірқазық, Жетіқарақшы шоқжұлдыздарын да таба аламады.
Түнгі жұлдызды аспанға Әділбектен өзге ешкім де назар аударған жоқ Оған мұршалары да келер емес. Биониктердің басты мақсаттары аспандағы жұлдыздарды барлау емес, Дәрібекті іздеп табу меносы аймақтағы өздері бұрін-соңды кезіктірмеген тірішілік иелерін зерттеу. Сондайлардың ғажайып іс-ірекеттеріне қарап, соларға ұқсайтын жаңа биотехника жасау. Сондықтан да аспандағы жұлдыздарға ғалымдар сирек көз тастайды. Барлық нәрсенің жұлдызды әлеммен байланысты екенін бұлар кейде осылайша ұмытып та кетеді. Бірақ жұлдызды әлем тыныш қалған ба, кей кейде жарқ ете түскен жарық дене, жаңбырша жауаатын аспан тастары да мұнда сирек кездеседі. Ғалымдар кей кейде амалсыздан жоғары қарайды. Кейбір аққан жұлдыз көкжиек асып барып жермен соқтығысып, гүрс еткен дыбыс шығарады. Ондай дыбыс мына кең, тыныш далада құлақ жарады.Ғалымдар ондай сәттерде де жүрістерін кідірткен емес. Бір айналымнан кейін екінші айналымды айналып өтеді. Сөйтіп тап бір ешқашан да таусылмайтындай жолмен келеді. Тек айнала-төңіректегі қараңғылық мейлінше қоюланған кезде ғана ғалымдар жүрістерін шамалы саябырсытқан. Дәрібекті іздеп табудан кейінгі мақсаттары азықтарын іздеп түұнгі жортуылдарына шыққан сүт қоректілер, жыртқыштар мен бауырымен жорғалаушылардың іс-әрекеттерін бақылау болмаса, бұлайша азапқа түспес еді бәрі де. Адам іздеу мен ғылыми ізденіс деген осындай қиындықсыз болмайды. Ғылыми ізденіс қиындығына төзбеген адам болса да ғалым бола алмақ емес.
Ғалымдармен бірге келе жатқан Әділбек те енді жас болса да еңбекқорлық пен ғылыми ізденіс дегеннің не екенін түсіне бастады. Көп нәрсені үйреніп те үлгерді. Оның іштей тілегені де әкесін табу үшін тек ілгері қарай жүре беру, жүре беру. Сонда әкесі алдынан шыға келетіндей, онымен құшақтаса кететіндей көреді. Ғалымдар да баланың мұндай ой-армандарын жақсы түсінеді. Оның бетін қайтарғылары келмейді. Сөйтіп, бәрі түнгі салқынмен талай жерді басып өтті. Расында да мынандай түнгі салқын ауа болмаса, күндізгідей аптапта әлдеқашан бәр де ауыздарын Бақалардың ауыздарындай ашып қалмақ екен. Қанша апапты ыстық болса да, түнгі салқындық өзінің ләзімін білдіреді екен. Айнала-төңіректен ара-тұра естіліп қалатын жат дыбыстарды естімей қалмаулары үшін ғалымдар бір бірімен жай ғана сөйлеседі. Шамдарының жарық сәулелелірн олай да, былай да бұрып қояды. Әзірге көздеріне ештеме де шалынған жоқ. Бір-екі ғалым тасқа, бұтаққа сүрініп құлап та алған. Аяқтарын, қолдарын қатты ауыртып алғандары да бар. Ондайда амалсыз кідіріс жасап, дәрігерлік қобдишаларынан қажетті жықпамайды қолданады. Ондай көмекке орын таңдалады. Тыныш сәттә пайдаланып айналаны мұқия барлайды. Қасіреттің күштісі, болса да сусыған ірі, улы Жыландар. Өйткені, олардың қай тұстан жылдам сусып келіп қалатынын алдын ала білу қиын. Сонда да ғалымдар іздеу, зерттеу жұмыстарын тоқтақан емес. Түн мезгілінде дәл осылай сандалып, қатерлерді бастарынан кешпей әуе кемесінің ішінде демалуларына да болар еді. Бірақ оған уақыттары аз. Мұндай түнгі салқындағы әрбір минут қымбат. Оның үстіне бұлардың әрбір іс-ірекеттерін елдегілер арнайы экрандардан мұқият бақылап-барлап отыр. Ол бейнелер тікелей беріледі. Соныдықтан да ғалымдар ел алдындағы азаматтық жауапкершіліктерін жақсы сезінеді.
Қаншама қиын жол артта қалса да, қаншама «осында болуы мүмкін» деген жердерді басып өтсе де, Әділбек әкесін табудан еш үмітін үзген жо. Елде жүргенде-ақ «Осы құрамға қосылып, осы аймақты өз көздеріммен көрсем» деген еді. Енді бұл аймақтың түкіпір-түкпірін, жықпыл-жықпылын өз көздерімен мұқият көргісі келеді. Ғалымдар көп демалып отырып қалса да, әкесінен басқаға назар аудара бастаса да дегбірзідене түседі. Жолда кездескен кедергілер мен қиындықтардың саны жоқ. Егер бәрі осындай күрделі іздеу , зерттеу сапарына арнайы қорғаныс киімін киіп, түрлі қорғаныс құралдарын алмаған болса, онда жағдайлары әлдеқашан басқаша болмақ. Киімдері мен құралдары, Әділбектің магнитті тебу өрісті комбинезоны көптеген қауіптерден аман алып қалды өздерін. Сондықтан да ғаымдардың қай қайсысының балаға деген ықыластары да бөлек.
Осындай ұзақ та күрделі, қиын жүрістен кейін қанша мықты болса да бәрі де қатты шаршады. Түннің бір мезгілі болған соң, дала жылы болған соң қай қайсысын да ұйқы қыса бастаған. Түнгі ұйқы қатты қыса бастағанда адам пенденің де теңселе бастайтыны бар. Тіпті, жүріп келе жатып ұйқтап кеткенде жерге құлап түсетін кездері де кездеседі. Мұндай жағдайлар тіпті, ел алдындағы әскери борышын өтеп жүрген жас жауынгерлердің бастарында да болып жатады. Ал Әділбек болса ондай қиындықты басынан өткізіп көрмеген.Бұл жолғысы өмірінде алғаш кездестірген қиындығы. Өзіне күш-қайрат беріп келе жатқан әкеге деген махаббаты мен терең сағынышы. Көп жағдайда үндемегенімен ішкі дүниесінде бәрі де сарйрап жатыр. Осы келе жатқан өзінен басқалардың бәрі де бір бір отбасының бас иелері. Бәрінің де перзенттері бар. Сапар қанша қиын болса да ғалымдарға үйлерімен ара-тұра болатын бейнебайланыс күш-жігер қосады. Ал Әділбек болса ондай кездерде іштей қиналып та қалады. Жанындағы ағаларының бақыттылығы өзін қанша ұстайын десе де әсер береді. Ондай бейнебайланыстан кейін әкесін ойлап мұңайып та қалады. Тілеухан мен Жұмахан баланың психологиясын жақсы түсінеді. Кейде олар сол бейнбайланыс арқылы әділбекті өздерінің перзенттерімен сөйлестіріп қояды. Ондай бейнебайланыстан кейін Әдіолбектің көңіл-күйі шын мәнінде де әжептеуір көтеріліп қалады. Өзінің құрдастары әкеден жоқтық көрмегеннен кейін ол жайында сөз қозғамайды. Олардың армандары осындай сапарға шығу ғана. Әділбектің бұл қиын сапарға әкесін іздеп шыққанын ұмытып, мұның ғажайып табиғат аясында жүргеніне қызығады олар. Әділбектің да ондай іңгіме кезінде бәрін ұмытып, мақтанып та қалатыны бар.
Түн қараңғылығы қоюлана түскен сайын жан-жақтан түрлі дыбыстар жиі естіле бастады. Ғалымдар бойларын қанша ұйқы қысса да оған дес бермей жүрістерін жалғастыра берген. Қорқыныш екі жаққа бірдей. Бұлар түнде жортуылға шыққан жыртқыш аңдардан сескенсе, олар да бұлардың шамдарының жарқылдарынан қорғанады. Осылайша бір бірін аңдыған жағдаай. Дегенмен де, ғалымдардың бұл еңбектері мен ерліктері зая кеткен жоқ. Осы сәтке дейін өздері өмірлерінде кездестірмеген талай аңдар мен құстардың, бауырымен жорғалаушылардың суреттері мен тірі бейнелерін алды. Енді оларды қайта қарап шығып, зерттеудің өзі де елге барған соң көп уақыттарын алмақ. Әділбектің көкейіне қонып келе жатқандары да аз емес. Небәрі бір ғана тәуіліктің ішінде талай нәрсенің куісі де болды. Бірақ бұл да ештеме емес екен, Барлық қызық тағы бір мүйісті айналып өткеннен кейін болды.
Айнала-төңірек кенеттен жап-жарық болып кетті. Ғалымдар алғашында қанша батыл болса да кәдімігдей сескеніп те қалған еді. «Білмейтін істің құпиясы көп» дегендей, аяқтарын санап басып, талай нәрсенің куәсі болып, енді іұшқышты әуе кемесімен осында шақырып, оның ішіне еніп, тынығып, біршама уақыт ұйқтап алуды да ойлаған еді бәрі де. Ол жоспарлары күтпеген жерден орындалмай қалды. Енді мына жарықтың қайдан пайда бола қалғанын анықтаулары керек. Толған Айдың шығыс көкжиектен көтеріле қалар мезгілі емес-ті. Ақ түн деген болса да мұнда көрінбейді. Ал ірі аспан тасы ағып жерге түссе, оның жөні де бөлек. Ол қатты дыбыстанып, айналасын бірден жарықтандырады. Дыбысы құлақ тұндырады. Ондай құбылыстар ғалымдардың қай қайсысына да әуелден жақсы белгілі. Жұлдызтанушы бомаса да, биониктер ол жағынан мол хабардар.
Тек мына күтпеген құбылыстың жөні басқа. Сәлден соң жер бетінен толған Ай тәрізді бір дене аспанға қарай жайымен ғана көтеріле берді. Ғалымдар айнала-төңіректегі бар қатерді ұмытып, бір сәтке тынышталып, сол денеге қадала қарап тұрып қалған. Мына күтпеген құбылыстан расында да тек саналы, білімді ғалымдар ғана емес, түнгі жортуылында жэүрген кез келген жыртқыштар мен бауырымен жорғалаушылар да секенер еді. Сусыған, ысылдаған, тарсылдаған, ырылдаған, шыңғырып, айғайлаған дыбыстардың бәрі де енді сап тыйылған. Тап бір күндіз Күннің толық тұтылуы кезіндегідей бір сәт орнаған. Осы тұста ғалымдар Күн тұтылуы кезінде осыған ұқсас көріністің орын алатынын түсінді. Бірақ мына құбылыс Күннің де, Айдың да тұтылуларына ұқсамайды. Біраздан соң шар тіпті, олай да, былай да жылжып, орнынн өзгертті. «Беймәлім ұшатын дене ме?» дейін десе, оған да келмейді. Содан бәрі де академик Мұрат Сақтағанұлына қараған. Ол шамалы ойланды да:
-Мына бір өзі Жер шарымызда болып көрмеген құбылыс қой. Сондықтан бұдан сақ болайық!-деді.
-Суретке, бейнеге түсіріп алсақ қайтеді тездетіп? – деді Жұмахан академикке бұрыла қарап.
-Мұның дұрыс шешім. Уақыт өткізбей түсіріп ала беріңдер суретке, бейнеге. Бірақ сақтықты да ұмытпайық. Аман-есендігіміз бірінші кезекте қажет. Мына баланы да бақылауға алыңдар. Қатты қорқып қалмасын. Ал ана ұшқышқа уәе кемесін мұнан ұшырып әкетпей тұра тұрсын деңіздер,-деді академик.
Ол айтқан нәрсе дер кезінде орындалып жатты. Тілеухан баланы бауырына алған. Қалғандар да топтана түскен. Жарық шар өз бойынан жарық шығарғаннан гөрі тұла бойында атмосферасы бар Жер шарына ұқсас аспан денесін көзге елестетеді. Көп белгісі соған келеді. Көздері қарақтары оның ішінен жеке бір әлемді де байқаған. Ал мұндай шағын ғана ғаламшар болады деп ешкім де ойлмамған. Ғаламшардың ең кішісі Шолпан ғаламшарындай-ақ болар. Оның өзі де Жерден сәл ғана кейін. Тұла бойын қоршаған қою ала бұлттары бар. Көл-көсір даласы, таулы-тасты аймақтары иесіз жатыр. Ол да өзінше бір бөлек әлем. Ал мына шап-шағын шар көзге көп нәрсені елестетеді. Ғалымдардың байқауынша, оның ішкі жағында шарды басқарып отырған бір адам бар. Ол өзі жалғыз сияқты. Академик мұрат Сақтағанұлының байқауынша, ол қыз бала. Бірақ ғалым бұл ойын әзірге ешкімге де айтқан жоқ. Академиктің қай нәрсені де «Жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек» дейтін қағидасы бар. Қалғандар да әзірге үнсіз. Мұндай жағдайда іс болса да академиктің шешіміне келіп тіреледі.
-енді солай қарай жүрелік,-деді бір кезде академик.
-Бұл не дегеніңіз? – деді сол замат оған Қоғабай,-Айдаһардың аузына өзіміз барып түсеміз бе?
-Ол Айдаһар болса, бізді одан қорғайтын мына Алпамыстай баламыз бар емес пе?Мына әділбек болмағанда, сонау қалың ағашты орманның ішінде қаптаған ірі Жыландармен арпалысқанда жағдайымыздың не болып кететіні белгісіз еді. Қалай, дұрыс айттым ба, Әділбек? – деп, ғалымдардың үрейін басқысы келді Мұрат Сақтағанұлының.
Әділбек академиктің бұл сөзіне кідмігедй масаттанып қалды. Мұндай күшке, сенімге ие болғанының комбинезонының арқасы екенін есіне түсіріп қойды. Академиктің сөзінен кейін қалған ғалымдар да сәл де болса сергіген. Расында да ормандағы қаптаған ірі Жыландардан Әділбектің комбинезонының арқасында дін-аман шыққан жоқ па? Оның сырын да академпк іштей түсінген. Енді мына алдарындағы қауіптен құтылудың жолын да Әділбектен іздеген. Оған деген сенімдері де нық енді. Әділбек, болса да академик ағасының жаңағы сенім сөждерінен кейін жігерлене түскен. Ол енді өзі қандай кқтерге душар болса да, ғалым ағаларын аман алып қалудың жолын ойлай бастады. Жолдағы ұйқы қысты деген де жай нәрсе екен. Ұйқы мселесі жайына қалды. Бәрі топтаса түсіп, тәуекелге бел байлап, жарық шардың құпия-сырын анықтау үшін алға қарай жүре берді.
Даладағы табысу
Дәрібек бастаған топ алдарынан кездескен қырды қыр, ойды ой демей шұбап келе жатты. Ғалымның еліне, отбасына деген сағынышы мол еді. Аспан қызынан ұлы жайлы естіген соң-ақ кідірместен осылай қарай жөнеген. Қыз да айтарын айтып алған соң не істерін білмей Дәрібек жұрген бағытпен іуелетіп жылжыған. Жер бетімен жүргендерге қарағанда аспандағы шар ішіндегі қызға бәрі де алақандағыдай айқын еді. Қыз Дәрібектің ұлы бар ғалымдар тобының қай тұста келе жатқанын да көріп келеді. Оған мына қараңғы аймақтағы қыбырлағанның бәрі де ап-анық. Қыздың өздеріне аспаннан осылай жарық беріп келе жатқанына Дәрібек дән риза. Егер мына жарық сәуле болмаса, діттеп келе жатқан жерлеріне оңайлықпен жете алмас та еді. Соңындағы бір топ адамдар болса да әзірге ештемені түсініп келе жатқан жоқ. Тек ел басшысы ғана әлденені іштей сезеді.
Топ осылайша ұзақ жүрген. Әулге кезде топты бастауын бастаса да, енді алға ел басшысын шығарған. Бұл амақты жақсы білетін де сол. Жалпы, жергілікті тұрғындарға бұл аймақтың әрбір тал ағашы, ой-қыры, суы мен жазығы жақсы белгілі. Олар тіпті, аспаннан жас қыз шарымен жарық түсірмегеннің өзінде де барар жерлерін адаспай табар еді. Ал аспаннан нұрын төккен шардың жарығымен олар жерге түсіп жоғалған Инені де оп-оңай таппақ. Айналаның жарық болуы жергілікті тұрғындардың көңіл-күйлеріне де ерекше бөлек әсер еткен. Олар анда-санда өздеріне тән дауыстарын шығарып, даңғыраларын қағып, би билеп те алады. Бұл аспанда Айша баяу жылжыған жас қыздың жеке әлеміне сенбейтіндіктерінің де белгісі болатын. Бірақ Дәрібек оған сенді. Олжаңа ғана жас қыздың экранынан ұлының, оның жанындағы ғалымдардың бет-бейнелерін анық көрген. Енді солардың өздерімен жүздесуге, қаушыуға асығып келеді.
Бір кезде жас қыз шарымен жоғары қарай шарықтай көтерілді. Мұнысын түсінбеген жергілікті тұрғындар шулап, даңғыраларын қаға жөнелді. Бұл көріністі сырттай бақылаған адам бұлардың аспандағы бір жарық шарға табынып жатқанындай құбылысты көз алдына елестетер еді. Жас қыздың шарымен кенеттен аспанға қарай шарықтап жөнелгенін алғашында Дәрібектің өзі де түсінбей қалған. «Бұл қыз бізді әлдеқандай бір қиындыққа душар етпек пе?» деп те ойлаған Дәрібек. Бірақ солай ойласа да, Дәрібек ешқашан да бір алған бағытынан тайған емес. Мұндайда қайта өршелене түседі. Осы мезетте жергілікті тұрғындардың басшысы дереу от тұтатуды ұсынды. Соның артынша келе жатқандардың оң қолдарындағы алдын ала дайындалған от-құралдар жыпырлай жанды. Айналасы аса кең болмаса да, ол оттардан біршама жер жарықтанды. Жергіліктілердің қолдарындағы оттар жинақалғанда әжептеуір жарық береді екен. Дәрібек от тұтату ісіне көңілі бөлініп, үлкен аңғарға қалай жетіп қалғандарын аңғармай қалды. Сол кезде ел басшысы кілт тоқтай қалды. Осы төңіректен әлденені сезетін тәрізді. Мұндай дала тұрғындарының қала тұорғындарына қарағанда әлдеқайда сезімтал, сергек, иісшіл келетіні белгілі. Дәрібек бұл жағынан тәжірибелі болмағандықтан ел басшысын тыңдады.
Сол кезде өзінің жеке әлемімен аспанға қарай шарықтап кеткен жас қыз енді көкжиектен көзге шалынды. Содан жоғарылай берген. Осының алдында ғана шар аспанға қарай шарықтай көтеріліп барып, осы көкжиекке жасырынған болатын. Жеке әлемнің жердегілерден нені көргісі келетінін ешқайсысы түсінген жоқ. Жергілікті халықтың басшысы жеке әлем шары қайта жақындағанда, жарық жеткілікті болғанда, жанындағыларына қолдарындағы оттарын сөндіруді ұсынды. Дәрібек мұның мәнісін де түсне қойған жоқ еді. Кенет алдарындағы биіктіу белден бір топ адам шыға келді. Таныс адамдар. Дәрібек іздегенін тапқанына қуанып ілгері ұмтылды. Жергілікті халықтың басшысы ның қалауы да осы еді. Белден бері қарай асқан топ бұларды көріп кілт тоқтады. Мына қара түсті терілі жергілікті тұрғындардың сұсы сескентсе керек. Бет-әлпеті Күн сәулесінен қарайған Дәрібекті де қапелімде тани қоймаған. Қайдан танысын. Үстіндегі киімі де басқа. Қолдары да қара түске боялғандай. Жүріс-тұрысы, мінез-құлқында да өзгерістер бар-ау.
Екі жақ та үнсіз. Белден бері қарай көтерілген то енді қындарындағы қынаптарынан отты тапаншаларын оң қолдарына ұстап, қорғанысқа көшті. Содан соң бас киімдерінің маңдайшаларына бекіткен қуатты шамдарын іске қосты. Сол кезде жергілікті тұрғындардың бет-жүздері аспандағы жеке әлемнен түсіп тұрған жарықтан гөрі анық көрінді. Енді мұндай бағытты шам жарығымен Дәрібекті де тануға болатын еді. Өзі де соған келіп сайды. Сәлден соң белден көтерілгендер маңдай шамдарын сөндірді. Қосымша шамның қажеті шамалы екен. Аспандағы жеке әлем шары төмендей берген. Екі жақ та соған бұрыла қараған. Белден бері асқан топ болса да бұл шардың мән-жайын әзірге білмейтін еді. Сондықтан олар шардан кәдімгідей сескеніп те тұрды. Сол кезде Дәрібек жергілкті халық тобынан ілгері дараланып шығып, шарға қарай жүрді. Енді оның тұла боы, бет-жүзі Айдан анық көрінді. Екі жақ та шар ішінен кең тепкешекпен жер бетіне түскен жас қыз бен жергіліктілерден суырылып шыққан адамның кездесуін күтті. Дәрібекшарға жақындаған бойда комбинезонының аттас магнитті тебу өрісін іске қосты. Қыз бұл кезде кең тепкешектен жерге түсіп, қарсы келе жатты. Екеуі бетпе-бет келген. Дәрібек қызға:
-Мен саған мың да бір алғыстымын, қызым! Сөзіңде өтірік жоқ екен. Оған көзім жетті. Мені ұлыммен осылай жүздесуіме көмек көрсеткеніңе аса ризамын! ,-деп қоңыр дауысымен сөйледі.
-Мың да бір алғыс айтатындай ештеме жоқ, аға! Бұл менің әкемдей адамның алдындағы перзенттік парызым! Мен енді Жер перзентімін! Осында мәңгілік қаламын!-деді қыз.
-Ол арманыңа, ниетіңе жете бер, қызым! - деп, Дәрібек қарсы тұстағы өзіне қарай жүре берген адамдарға қарады.
Сол кезде олардың ішінен бір жас бала суырылып алға шықты да:
-Әке, сізсіз бе? Мен Әділбекпін ғой! – деді.
-Ұлым, сен шынымен-ақ осындамысың!
-Мен сізді іздеп келдім ғой, әке!
-Қандай батыл бала едің сен!
-Батылдығым өз алдына, мен сізді қатты сағындым!
-Келші, ұлым, құшағыма!
Әділбек бері қарай жүрді.Әке де алға қарай бір-екі қадам басып үлгерді. Екеуі екі топтың ортасында құақ айқастыра қауышты. Ыстық құшақ! Әке мен ұлдың құшағы! Екі жақтың тобы да мына бақыты көрініске қатты толқып тұр. Бір бірлеріне деген бөтен сезім кілт жойылды. Әділбектен соң Дәрібекті Тілеухан мен Жұмахан құшаққа алды. Басқа ғалымдар да Дәрібекпен құшақтасып, арқа қағысты. Соңында үнсіз ғана жымия қарап тұрған академик Мұрат Сақтағанұлымен амандасты Дәрібек. Ол да құшақтай алған Дәрібекті. Бұл көрініс әуеде қалықтап тұроған шарға қайта енген жас қызға да қатты әсер етсе керек. Қыздың көз шараларынан жерге қарай ыстық тамшы жас тамып та кетті. Ол тамшы емес, бейнебір шамалы сіркіреген ақ жаңбырдай құбылыс еді. Жергілікті тұрғындар екі қолдарын алға қарай қатар созып, алақандарын аспанға қарата жайған. Одан соң бәрі тізерлей отыра кетіп, өз тілдерінде әлденелерді айтып, күбірлеп, дауыстап, даңғыраларын қақты.Ыстық аймақта аспаннан тамған әрбір тамшының үлкен құбылыс, үлкен қуаныш екенін тұрғандардың бәрі де жақсы түсінеді. Ал мына көріністің онан да басқа себебі бар еді. Жергілікті тұрғындар әлі де болса қыз құпиясын толық түсіне алмаған. Білім мен ойлылықтың айырмасы да осындай сәттерде көрінсе керек.
Бұл қыз құпиячсын тек жергілікті тұрғындар ғана емес, Дәрібекті іздеп келгендер де түсіне қоймаған. Бәрі де жоғарыдағы көрініске қайта-қайта қарай берген. Әділбек болса қайта тапқан әкесіне жанында әлденелерді айтып тұр. Қуанышында шек жоқ. Айналада тұрғандар да әке мен баланың табысқан сәтіне тебіренуде. Дәрібек болса да ұлының бұл ізденімпаздығына, тапқырлығы мен білімділігіне дән риза. Жаңа ұлын құшағына қысқанда екі көінен ыстық жас ыршып шығып та кеткен еді. Енді көңілі орнығып, мауқы басылған соң шарға қараған. Жас қыз ол шардан шығып, кең тепкешекпен төмен қарай түсіп келеді. Сол кезде мән-жайды іштей ұққан Әділбек солай қарай жүрді. Екеуі жас жағынан шамалас еді. Дәрібек ұлын тоқтатпады. Ұлының үстінде де өзінікіне ұқсас комбинезонның бар екенін сезген. Тек жергілікті тұрғындардың басшысы «Бұл қалай болады?» дегеней Дәріекке қараған. Дәрібек ештеме демеді. Ғалымдар да әліптің артын күткендей үнсіз. Олар үшін бұл көрініс өмірлерінде болып көрмеген жаңалық еді. Сондықтан да қай қайсысының да сө з айтуға мұршасы қалмаған.
Әділбек өзіндей жас қызға жақындай берді. Ол да тепкешекпен төмендеп келеді. Белгілі бір жерге келгенде екеуі де бір біріне қадала қарап кілт тоқтады. Әділбек бара жатқанда комбинезонының аттас магнитті тебу өрісін іске қосқан еді. Сырттай қараған адамға екеуінің бұл жақындасуы екі сәуленің қабаттасқаныдай бір көрініске айналғандай. Әділбек сәл үнсіздіктен соң қызға оң қолын созды. Қыз да жіңішке ғана оң қолын ұсынды. Бірақ екеуінің қолы да бір біріне жетпеді. Араларын қандай да бір құпия күш бөліп тұрғандай. Осылай болатынын Дәрібек іштей біліп тұрған-ды. Ал айналада тұрғандар бұл көрініске таңданудан әрі аспады. Академик Мұрат Сақтағанұлының іштей риза болатын адамы Әдішлбек еді. Әділбек енді осы жерде де батылдығын танытты. Жас қыздың өзі де Әділбектің батылдығына таң. Бір кезде екеуін бақылап-барлап тұрғандар қыздың екі көзінен жерге тамып кеткен ыстық жасын байқады. Ол жас қыздың осындай жалғыздықтан, оңашалықтан жалыққанынан шыққан көз жасы еді. Ғалымдардың пайымдауларынша, қыз қандай да бір ортада шырмаулы. Сонда да оның жеке әлеміне кез келген адам ене алады. Тек онымен жанаса алмайды. Қызды осындай ұзақ сапарға шығарып салғандар осылай жасап қойса керек. Ал қыз бұл мәңгілік жеке әлеменен қаласа шыға алады. Тек оның жолы біреу. Ол жеке әлемін біржолата жою. Ал оған ғаламат күш керек. Қыз өзін қай кеде де аспан аквариумындағы ешқайда шыға алмайтын балықтай сезінетін еді. Ал егер жеке әлемі кенеттен жойылса, қыз тап бір суы төгілген аквариумдағы балықтың күнін кешпек. Сондықтан да қыз аса бір қажет жағдайда ғана, Жер ғаламшарында біржолата қалуға шешім қабылдаған жағдайда ғана сондай шешімге келе алады.
Әділбек зерек бала болғандықтан мән-жайды тез түсінді. Қызға қарай тағы бір қадам басып, былай деді.
-Жас қыз, есімің кім болады?
-Қазақ тіліне аударғанда Маржан,-деді қыз. Маржан! Өте жақсы есім!
-Ал өзіңіздің есіміңіз?
-Әділбек. «Әділ адам» деген мағынаны береді.
-Жақсы есім екен.
-Сіз қайдан келдіңіз?
-Мен бұл Жерге алыс жұлдызды жүйелердің біріндегі ғаламшарданмын.
- Неге жалғызсыз?
-Ғаламшарымыздың тұрғындары негізінен осылай жеке өмір сүреді.
-Жалғыздық жылықтырмай ма, сізді?
-Жалықтырады. Мен жалғыздықтан жалықтым. Шаршадым.
-Ендеше, мына біздің тобымызға қосылыңыз.
-Оған әлі ерте.
Қыз осы сөзінен кейін Әділбектен кейіндеп алыстай берді. Шар астындағы үлкен, жалпақ тепкешекпен қайта көтерілді. Әділбек сол орнынан қозғалған жоқ. Екеуінің жаңағы әңгімелеріне құлақ түргендер де үнсіз тұр. Қыз кең тепкешектің орта тұсына жеткенде әділбек кейін қарай бұрылды. Дәрібек ұлының жанына барып, «Мән-жайды енді түсіндің бе?» дегендей тік қарады. Әділбек қыздың ешбір аудармашы құралсыз қазақ тілінде еркін сөйлегеніне іштей риза болып тұр еді. Бірақ әкесіне «Мен енді өз бақытымды таптым» дей алмады. Олай деуіне әлі ерте еді.
Тұрғандардың ендігі көңіл-күйлері мен назарлары басқаға ауған. Шар аспанға қарай өрлей ұшып жөнелген соң бәрі де қозғала бастады.Бәрінің де көздерін байлап тұрған шар ішіндегі әлгі жас, әдемі қыз екен. Әділбек әлі де мауқын баса алмай, өз көздеріне өзі сене алмай тұр. Жанында тұрған әкесіне қарай береді. Әкесі аз ғана уақыттың ішінде көп өзгерген. Денесі де, бет-әлпеті де Күн сәулесінен қарайған. Бетінде әжімдер де пайда болған. Ғалымдар да Дәрібектің аз уақыттың ішінде қандай қиындықтарды басынан кешкенін іштей түсініп тұр. Жергілікті тұрғындардың басшысы қазақ тілінде еркін сөйлеп, ғалымдарды еліне шақырғанда бәрі де таң болды. Осы аз ғана уақыттың ішінде Дәрібек олардың бәрін де осылайша қазақ тілінде сайратыпты. Енді табысқандар жайымен кейін бұрылып, жергіліктілердң еліне қарай жүрді. Ғалымдар сәлден соң кейінде қалып қойған әуе кемесіндегі ұшқышпен бейнебайланысқа көшті. Оны осында шақырды. Ұшқыш әуе кемесімен әп-сәтте ұшып келіп, ашық жерге қондырды. Сөйтіп, бір түннің ішінде ұзақ тарихқа бергісіз осындай қуанышты оқиға орын алды.
Уақыт зымырай өтіп, түн ортасы ауып, жұлдыздар мен шоқжұддыздар батыс көкжиекке қарай ойысты. Топ ауылға жетті. Жергілікті тұрғындар әзірге мән-жайды толық түсінбесе де, бәрін де ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Бұл кезде таң да атып қалған. Келген меймандар үлкен, іші кең шайлаға орналастырылды. Дәрібек мұнда тап бір жергілікті тұрғындай болып кеткен. Ел басшысы не сұрағысы келсе де әуелі Дәрібекке келеді. Дәрібек те жергілікті тұрғындардың тілінде еркін сқйлейтін болыпты. Сол тілде сөйлегенде ғалымдардың өздері де Дәрібекке аңтарыла қарап қалады. Думан ағарып атқан алтын таңмен қабаттаса жалғасты. Екі жақтың танысу рәсімі де әсерлі өтті. Тек содан кейін ғана жолдан қатты шаршаған ғалымдар тынығуға жатты. Жергілікті тұрғындардың жауынгерлері шайланы қоршауға, қорғауға алды. Олар ғалымдар қашан демалып болғанша мызғымай тұрды.
Елге оралу
Жергілікті халықтардың көмегімен көп іс тындырып, көп жаңалық ашқан ғалымдар бірнеше күннен соң елге қайтуға дайындалды. Бұл аралықта Дәрібек пен Әдішлбек арнайы бейнебайланыс арқылы үй-ішімен бірнеше рет жүздесіп, тілдесіп, оларды қатты қуантқан еді. Енді елге қарай аттанатын уақыт та таяған. Дәрібек жиында өзіне осындай көмек пен құрмет көрсеткен жергілікті тұрғындардың басшысы мен бәріне терең алғысын білдірді. Осы жиында академик мұрат Сақтағанұлы жергілікті тұрғындардың басшысына өздерімен үнемі бейнебайланыс ұстауға болатын арнайы жасалған бейнебайланыс құралын сыйға тартты. Онымен ғарыштағы станса арқылы кез келген сәтте байланыс ұстай алады жергілікті тұрғындар. Бейнебайланыс жүйесінде радиобайланыс жүйесі де бар. Олардың батареялары Күн сәулесінен, желден, жылы ауадан қуатталады. Сондықтан жергілікті тұрғындарға оларға қуат көзін іздеу қиындығы тумайды. Ғалымдар бейнебайланыс құралының бар сырын анықтап түсіндіріп берген ел басшысы мен оның сенімді көмекшілеріне. Енді ғалымдардың қайтатын уақыттары таяған сайын жергілікті тұрғындар бауыр басып қалғандай қимастық та танытты. Олар алғашында аспан қызының мән-жайын түсінбей, одан шошынған да еді. Түсінбестік қыз жағынан да болған. Қыз да алғашында жергілікті тұрғындардың өзін түсінбегенін байқаған, Оларды өзінің жеке әлеміне алып, сыйлап көрмек болған. Дәрібекті көріп, онымен жүздесіп, тілдескеннен кейін жергілікті тұрғындарға деген көзқарасы өзгере берген. Оларға басқаша қарай бастаған.
Жеріглікті тұрғындар да енді бұрынғыдай емес, көп нәрсені түсініп, көп нәрсені біліп те қалған. Сөйтіп, бірң де жас қыздың тағдырына қайран қалған. Ғалымдар ол қызға Жерде де мәдени дамудың жақсы екенін түсіндірген. Жергілікті тұрғындар да ғалымдардан көп нәрсені сұрап алған. Академик Мұрат Сақтағанұлы тастауға боларлық, әуе кемесімен ұшқанда, байланысқанда нұқсан келтірмейтін техникалық заттарды да сыйға тартты. Мұндай нәрсені жасаудың бір себебі, аспаннан келген жас қызға қажет жағдайда жауап қайтару мүмкіндігін тудыру еді. Жергілікті тұрғындар сонысы үшін де ғалымдарға қатты риза болды. Қоштасар сәт таяған мезетте жергілікті тұрғындар ғалымдарға деген құрметтерін күшейте түсті. Бұлар да жергіліктілердің түрлерінің қаралау болып келетініне қарамастан бой үйретіп қалған-ды. Осылайша, ғалымдар Дәрібекті іздеудің арқасында көп іс тындырды. Бейтаныс, өзінше оңаша, оқшау жатқан ел тұрғындарымен танысты. Бұрын-соңды осындай аймақтарда болса да, дәл осылай ұзақ жрмеген еді. Дәрібекті іздеуге, оны қалай да табуға деген талпыныс көп нәрсені жасатты. Дәрібектің аман-есен табылуы бір олжа болса, орындалған ғылыми істері де мол.
Осы сапарда Әділбек те көп нәрсені білді. Ол өзінің мұндай бақытқа кенелгеніне сене де алмағандай. Әлі өзі аяқ баспаған жерлерді басты, бейтаныс адамдарды көрді. «Біржолата жоғалды» деп саналған әкесімен қаушыты. Тек газет-журналдардан оқып, телеарналардан көретін адамдармен бетпе-бет жүздесті, тілдесті. Соның бәрі де жас балаға бір ғанибет еді. Ал ең әсерлісі - аспан қызымен жақын тұрып жүздесіп, тілдескені еді. Осы кезге дейін Әділбек ұшатын беймәлім денелер жөнінде көп оқыған. Ол жайлы жазылған кітаптарды көре қалса, оны алмай кетпейтін. Тіпті, ол газет-журналдардағы сондай еңбектерді жинап, шағын кітапша етіп те алған. Онысына кейде анасы Ғалия қарсы болушы еді. Ал ағасы мен қарындастары мазащ етіп күлетін. Сол күлкілері енді нағыз шындыққа айналған. Ұшатын беймәлім денелерді көргендердің бәрі де олардың пішіндерін шарға ұқсатады. Олардың өз пішіндерін құбылта алатынын айтады. Ал мына шардың жөні мүлдем бөлек екен. Бұл ұшатын беймәлім дене емес. Өзінше бір жеке әлем. Әділбектің оайлауынша, қыз келген ғаламшардың тұрғындары жер мен елді бөлуді қойып, ғаламшардың атмосферасын бөліске слағанға ұқсайды. Қыз сондай бөлістегі атмосфераның ішіндегі қатты денеде. Оның жері де, елі де сол. Онда қызға қажеттінің бәрі де бар. Қажет жағдайда ол дене ұлғаяды, сөйтіп, оның бетінде небір ғажайып қалалардың бейнелері пайда болады. Ол бейнелер тіпті, жай бейне емес, шын қалалардың өздеріндей болып көрінеді адам көізне. Қыз сол бейне қалалардың бірінің шетінен жерге қарай кеткен енді тепкешектермен жер бетіне түседі. Тап бір қатар әлемнің көрінісіндей. Өзі де солай. Қатар әлем жөніндегі пікірлер де бүгінде ешкімге жаңалық емес. Әділбек ол жөнінде де көп оқыған кітаптардан. Енді ол қызды қияр емес. Оның соншалықты сұлулығы мен биязылығы жас жігіттің бойындағы алғашқы ыстық махаббат сезімін оятқан. «Ол қыз не үшін әкеме көмектесті?», «Неге әке санады?», «Не үшін құрмет тұтты?» деген ішкі сұрақтары да Әділбекті енді аз мазаламады. Ойынша, соның бәрі де бекер емес сияқты. Соны ой-санасынан өткізе келіп, Әділбек әкесіне мынандай өтініш айтты:
-Әке,-деді ол аттанар алдында,- менің аспан қызымен тағы бір жүздесіп тілдескім келеді. Соған рұқсат етесіз бе?
-Неге рұқсат етпеймін, ұлым? Ол жас қызды бір көруге құштар адам көп! Ол маған осы аз ғана уақыттың ішінде өз қызымдай болып та кетті ғой! Тек екеуміз бұл мәселені академик Мұрат Сақтағанұлына ескертейік. Осы іздеушілер тобының басшысы да сол ағаң ғой.
-Мұныңыз өте дұрыс! – деді Әділбек оған бірден келісіп.
Әке мен бала оңаша шайла-отаудан шығып, қайтуға қызу әзірленіп жатқан ғалымдарға келді. Олардың бәрі де көңілді еді. Ойындағылары орындалғаннан соң қайтсін. Әке мен баланың мынандай елден алыс аймақта табысқанының өзі де оларға үлкен қуаныш еді. Тілеухан да, Жұмахан да Әділбекпен әуес ете әзілдеседі. Осы тұста әке мен баланың жасаған комбинезондары да ғалымдардың арасында сөз болған. Дәрібектің ғажайып комбинезонын ғалымдар киіп көріп, оған таңырқаған. Әділбек те енді бұрынғыдай емес, ғалымдармен тең дәрежеде еркін сөйлеседі. Онысы жарасымды да. Тек Әділбек әкесін іздеу барысында жол-жөнекей ғалым ағаларына берген көмектері мен тапқырлықтарын міндет етпейді. Керісінше, ғалым ағалары өзін жиі әңгіме етеді. Ерлігі мен тапқырлығын ғалымдар жергілікті тұрғындарға да түсіндірген. Жас баланың осындай білімділігі мен тапқырлығына жергілікті тұрғынар да қызыққан. Сөйтіп, осы бір уақыт аралығында Әділбектен бақыты жан жоқ десе де болғандай еді.
Сондай бір еркеліктен кейін Әділбек жаңағы әкесіне айтқан ойын академик Мұрат Сақтағанұлына да жеткізді. Академик қай кезде де сөзіне сақ, өз орнымен әзілдейді. Үлкеннің де, кішінің де көңілін таба біледі. Ал мына бала оған ерекше әуес көрінеді. Әділбекті көргенде ерекше көңілденіп те кетеді. Оның мына айтқан өтініші тұла бойын тіпті де жігерлендіріп жібергендей.
-Сенің өзі келінді бізге аспаннан әкелмек ойың бар-ау деймін!, ә? - деп жымиды ол аспанға, содан соң айналасындағыларға қарап,- ал, не істейміз? Рұқсат береміз бе, бұл балаға?
-Рұқсат берейік, - деді Қасымжан, - қызды ұнатып қалған ғой, мауқын бассын! Бұлардың сөдерінен көп нәрсені ұғып алатын боламыз!
- Ол қызға дауыстап сөйлеудің өзі де артық,-деді академик Мұрат Сақтағанұлы,- миымыздағыны ол былайша-ақ «оқып» тұрған жоқ па?
- Ол белгілі. – Дәрібек ұлына сағынышты жүзбен қарап қойды. – ең бастысы, оның сырын толық білмей тұрып шырмауына түсіп қалмау.
- Ол менің қолымнан келеді, әке,-деді әділбек, - мына өзім жасап алған комбинезонымның аттас магнитті тебу өрісі мені қызға аса жақындатпайды.
- Мұныңа сенуге болады.
Дәрібек осы сөзді айтқанда, мұны естіп-біліп тұрғандай аспанда жарық шар-дене пайда болып, бірте-бірте төмендей берді. Енді ол жөнінде артық-ауыз сөз айтудың жөні жоқ еді. Академик мұрат Сақтағанұлы айтқандай, қыз бар нәрсені алыстан сезеді. Адамның ойындағысын «оқиды». Ондай құрал Жер ғалымдарында да әуелден бар. Бірақ аспан қызының қабілетінде көп ілгерілеушілік, артықшылық байқалады. Қыздың жеке әлемімен аспаннан көрінуі де Әділбектің осы ниетін сезгені еді. Шар жақындаған бетте ғалымдар қатар тұра қалып, Әділбекті ілгері шығарды. Қыз шар есігі ашылысымен кең тепкешекпен төмен түсе берді. Әділбек солай қарай жүрген. Әке қанша дегенмен де ештемеге сеніңкіремейді. Жаңа ғана құшағына қысып, мауқын басып үлгермеген ұлын кімге қисын. «Әлдеқалай болып кетеді?» деп те толқыған іштей. Қалғандар да бейқам тұрған жоқ. Жас жігіттің әрбір басқан қадамын жіті бақылауда. Әділбек ештемеден сескенетін емес. Комбинезоныныдағы аттас магнитті тебуі өрісісін іске қосып қойып, ілгері қарай жүре түскен. Сәлден соі екеуі бітпе-бет келіп, кілт тоқтады. Қарап, бақылап тұрғандардың қай қайсысына да ең әсерлі, ең ыстық сәт те осы еді. Қай қайсысына да енді мән-жай түсінікті. Шын мәнінде де екі жастың бір біріне деген махаббат сезімдері ояныпты. Әсіресе, жас қыздың Әділбекке қарасы ерекше еді. Қыз Жер ғаламшарынан өзіне лайық, білімді, парасатты жанды тапқанына қуанышты. Ол үшін адам ойында құпия қалмайды. Кез келген саналы адам өзіне жүз метге жақындаған соң-ақ қыз оның ойын оп-оңай оқып алады. Ал қажет болса, қосымша қабылдағыш құралымен анықтай түседі адам ойын. Бұл әзірше Жер ғаламшары адамдарына әзірше тән емес ерекшелік. Ешбір адамда жоқ. Дегенмен де, Жер ғаламшарының ғалымдары да адам миындағы ой-толғамды сырттай оқи алады. Бірақ ол әзірге белгілі қашықтықтан , арнайы қаылдағыш, мидан шыққан элктр дамбылын күшейтетін құрал арқылы ғана жүзеге асады. Соның өзінде де Жер адамдары бұл салада талай жетістіктерге жеткегн. Ең бастысы – жоғары дәрежедегі мәдени даму дәрежесеніе жеткен шет ғаламшарлық тұрғындардың іс-әрекеттері мен ойларындағысын түсіне алатын, сол құрал арқылы олармен тілдесе алатын жағдайға жету.
Бірнеше күннен бері өтіп жатқан омы көріністер мен оқиғалар сондай дәрежеге жеткеннің бір куәсіндей еді. Жігіт пен қыз бір біріне жақындай-жақындай созғанда қолдары жететін қашықтыққа жетіп, көз қадасып тұрып қалды. Тек енді екеуінің арасын озон қаатындай ғана жұқа бір қабырға бөліп тұрды. Оны кесіп, тесіп өтуге екеуінің де мүмкіндігі жоқ еді. Қайсысы кесіп , тесіп өтсе де үлкен жағымсыз құбылыс болмақ. Қыздың тағы бір қайғысы - өзі қалап алған жеке әлемінен ұзап шыға алмайтыны. Ол шекарадан шықса, өмір сүруі қиындайды. Қыз Жер ғаламшарының атмосферасымен тыныс алуға қалыптаспаған. Өзі туылып өскен ғаламшарының атмосферасы бөлектеу. Жеке әлемі сол атмосфераның бір кішкентай ғана бөлігі іспеті. Қыздың жеке әлеміне енген Жер адамы сондайқтан өзін жеңіл сезінбек емес. Бірақ қызға қарағанда Жердің таза, кең атмосферасында өмір сүретін адам баласы қызға қарағанда төзімділеу. Әділбек қарсы алдындағы өзінен біршама жас әрі өте сұлу қызға қадала қараған күйде тұр. «Махаббат тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де іштей біол» дегендй, ештеме дей алар емес. Дәрібек пен қалғандар Әділбектің әрбір басқан қадамын жіті қадағалап, бақылап тұрса да, ол жас қызға мейлінше жақындағанда көздерін төмен салған. Енді қадалып қараудың өзі де ыңғайсыз сияқты зиялы қауымға.
-Мен сені мынандай оңашалыққа қия алмаймын! – деді сәлден соң Әділбек сөз бастап,- Бәлкім, менімен бірге еліме барарсың? Әкеме жасаған жақсылығыңның сыйлыған аларсың?
-Ол не дегенің, Әділбек? - деді қыз сәл ғана жымиып,- мен әкеңе қандай жақсылық жасадым?
-Сен менің әкемді аман сақтап қадың. Әкем екеумізді табыстырдың.\
-Ондай жақсылық жасауды маған үйреткен өзіңнің әкең.
-Қалайшы? Менің әкем саған ақыл-кеңес берді ме?
-Иә, мен ол кісінің миындағы барлық білімі мен парасатын құралыма жазып алдым. Содан бастап адам баласына деген ой-ниетім өзгерді. Жекешеліктегі қатыгездігімді ұмыта бастадым. Ал енді...
Жігіт осыны айтып өзіне қараған жас қыздың ботадай көздеріне қадалды. Қыздың махаббат сезіміне бөленгені көз жанарынан айқын еді. Әділбектің өзі де сол сезімнен аз толқып тұрған жоқ. Бірақ осы кезде уақыттың өтіп бара жатқанын кейінде бақылап тұрғандар білдіре бастады. Әділбек қызға жеке әлемімен Жер ғаламшарын айнала ұшіп барлаудың ештемеге тұрмайтынын жақсы түсінген. Сондықтан онымен кез келген уақытта әлі де кздесе алатыныен кәміл сенді. Ішінен өзінің туылып өскен елінің координатын айтты. Оны қабылдап үлгерген қыз басын изеп қойды. Мұны тек кейінде тұрғандар түсінбеген. Әділбектің қазіргі басты арманы жас қызды еліне алып кету емес, оның осы әдемі жүзін жақыннан осылайша анықтап бір көріп, махабаттық сезімі мауқын басу еді. Сол арманына жетті. Қыз жайцымен ғана кейіндей берген. Көңілі орныққандай болып, жігіт те қыздан алыстай түсті. Әділбекке көріп тұрған жеке әлемінің қозғалысы мен әуедегі жеңіл көлік айнасынан қарағандағы айнала көрінісінің жылжып бара жатқанындай болып та кетті. Бұл көріністен, тіпті, оған қадала қараған кез келген адамның басы да айналмақ. Қатар әлем көрінісінің осылайша бір бірімен араласып-қраласып кететінін Жер ғалымдары о бастан болжаған. Тек осылайша көз жеткізбеген. Мына көрініс тек ол емес, әлем құпияларының тағы бір құпиясын аша түскендей көрініс болды.
Әділбек аспан қызымен қоштасқаннан кейін ғалымдар уақыт өткізбеді. Жергілікті тұрғындармен тағы бір жылы қоштасып, жаңа ғана осы жердегі шағын тегіс алңға келіп қонған әуе кемесіне қарай жүрді. Бұл кезде жеке әлем де аспанға қарай көтеріле берген. Әуе кемесіне қарай жүріп келе жатса да, Әділбектің екі көзі аспанда. Ғалымда да, жергілікті тұрғындар да жас жігіттің онысын іштей жақсы түсінеді. Ешқайсысы ештеме деген жоқ. Ғалымдар әуе кемесіне бір бірлеп мініп, орын орындарына жайғасты. Әділбек болса, әлі де аспаннан көз алмай, жеке әлемге оң қолын соза бұлғап барып әуе кемесіне соңынан мінді. Енді бар көрініс әуе кемесі терезесі арқылы анық көрініп тұр. Ғалымдар жергілікті тұрғындардың сый-құрметтеріне риза болып, солар жайлы әңгіме-дүкен құрып отырса, Әділбектің есіл-дерті аспан тұңғиыығына еніп, көрунбеуге айналған жеке әлемнің ішіндегі жас қызда.
Сәлден соң әуе кемесі жерден құйын көтерілгендей жеңіл ажырап, тік жоғары ұша берді. Осы кезде шығыс жақтан қызарған көкжиек көрінді. Ол уақыт өткен сайын ағара берді. Әуе кемесі қажетті биіктігін алған соң ұшқыш оны елге қарай бағыттады.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЖЕКЕ ӘЛЕМ
Айрықша қабілет
Жоғалған әкесін тапқаннан кейін Әділбек жолына шындап түсті. Жеке әлемдегі танысқан жас қыз көз алдынан кетер емес. Бір қызығы, Әділбек ол қызбен сол кездесуден кейін үнемі түсінде кездеседі, кәдімгідей тілдеседі. Ал оянып, төсектен тұрғаннан кейін ештеме болмағандай жүрді. Көрген түстерін ешкімге айтпайды. Оны әкесіне айтса, оның ойы бөлінеді. Соңғы кездері әкесі өзге ғалымдармен бірге сол ыстық аймақтағы тірішілік иелерінеің біріне ұқсайтын жаңа бір биотехниканың жобасын жасауға ңірічсіп кеткен. Дәрібек, болса да ол ғалымдардың ішіндегі ең белсендісі. Ыстық аймақта болған көп күндерден кейін осы нәрсені ойына түйген. Ал Әділбектің кенеттен оянған ерекше қабілеті өзінің сыныптастарын таңдандырмай қойған жоқ. Ол енді он жылдық мектеп оқуын сыныптастарынан бұрын бітірді. Сол қабілетімен қалаған минтситутына да түскен. Мұндай қабілетті балалар елде аз емес. Бірақ Әділбектің орны бөлек еді. Онымен енді қиырдағы жұлдыздар мен жұлдыздарды көз талдырып бақылайтын, зерттейтін есімдері елге әцгілі деген ғалымдардың өздері де ақылдасатын болған. Ал бұл әкесі ұшін күтпеген бақыт еді.
Дәрібек енді қандай нәрсені ойласа да, оны жасаса да ұлы Әділбекпен ақылдасатын болды. Бүгінде Әділбекке қайда барамын десе де жол ашық. Әуелгі бір кездердегі Әділбектің кемшіліктеріне күлетін сыныптастары мен достары да жайына қалған. Әділбек тіпті, институт бағдарламаларының өзін де мезгілінен бұрын орындай бастады. Енді біраз уақыттардан соң бірге оқитын бағыттастарын да кейінге ысыратыны сөзсіз. Институт оқытушыларының өздері де Әділбекпен кеңесетін болған. Бұл күндері олар Әділбек бар жерде «Қателесіп кетпедік пе?» деп оынмен кеңеседі. Сонда да Әділбек ешқашан, еш жерде кеуде қағып көрген емес. Әуелгі кездері қандай болса, бүгінгі күні де сол қалпы. Қайта ол өзінен бірдеме жөнінде сұраған адамға бар ықыласымен жауап беріп, қолынан келген көмегін береді. Мән-жайды еш ерінбестен тәптіштеп түсіндіреді.
Әділбектің бұл айрықша қабілеті жөнінде жазбаған газет-журнал, айтпаған радио, көрсетпеген телеарналар қалмады десе де болғандай. Жазбагерлер құлаш-құлаш еңбектер жазды. Суреті де басылды. Қазақ киностудиясы мен телестудиясы Әділбек жөнінде деректі филм түсіріп те үлгерді. Әділбектің арқасында әкесі мен үй-іші елге таныла түсті. Адам пендеге бақ қонамын десе де, одан қашамын десе де оп-оңай. Әншейінде ешкім елемейтін, үлкен үйдегі көп пәтерлердің бірі ғана саналатын пәтер де енді айрықшаға айналған. Әділбектің аты шыққан сайын оған деген құрме те еселене берген. Соңғы кезде оны ел басшысының өзі де арнайы қабылдап, кең отырып әңгімелескен. Содан Әділбек отбасымен тұратын бұл пәтерді арнайы тәртіп сақшыларының жасақтары күзететін де болды. Ол орынды еді. Әділбектің білмейтіні жоқ. Тек біліп қана қоймай, алдағыны болжай да алады. Мұндай болжампаздық адам баласына қашан да қажет. Бүгінде тіпті, ең болжағыш деген балгерлардің өздерінің де беделдері түскен. Кезінде газет-журналдарға шығып, теледидарлардан түспеген балгерлердің өздері де енді әлсіздіктерін мойындай бастаған. Әділбекке енді нағыз табиғи таланты бар, туа біткен ғажайып қабілеті мен қасиеті бар балгерлер ғана ұнаған. Жалған атақ іздеушілерге тойтарыс берді.
Бұл заманда жақсы хабарды да, жаман хабарды да Жер шарын мекендейтін миллиардтахан тез жеткізу еш қиын емес. Бейнесімен де бір бірімен жүздесіп, тілдесіп жүр адамдар. Әділбек жөніндегі хабарлар «Дамыған елміз» дейтін ірі-ірі елдерге де жеткен бейнежүйелер арқылы. Осы кезге дейін адам миындағы сын-мың құпияны бірінші болып аштық дейтін үлкен елдердің ғалымдарының өздері де кейінде қалғандарын сезініп, Әділбекке ес аударған. Сол елдердің есімі әйгілі деген ғалымдары да қазақ жеріне ат басын жиі бұратын болған. Әділбектің айрықша қабілеті оларды таңдандырмай қалмаған. Әрине, Әділбек сияқты ерекше қабілетімен көзге түскен жастар әуелден бар. Тек олардың көбінің сол қабілеттері бірте-бірте әлсіреп, ақыр соңында жойылып кеткен. Ал Әділбектің қабілеті керісінше, күн санап күшейіп келеді. Әділбектің басты ерекшелігі, кез келген қашықтықтағыны ойымен көре білетіні. Кейнгі тарихты да, алдағы тарихты да көз алдына елестете алатыны еді. Оған ғылымның саласы деген нәрсе жоқ. Қай ғалым ғылымның қай саласынан сұрақ қойса да Әділбек мүдірмей дәл жауап береді. Оның ойы ерекше озық. Сондықтан өзінен көп жасқа үлкен, есімдері елге әуелден белгілі көптеген ғалымдардың өздерінің қойған ғылым жайлы сұрақтары Әділбек үшін қарапайым сұрақ болып көрінеді. Әділбек өзіне ғылым салалары жайлы сұрақ қойып отырған ғалымның есімін ішінен біліп отырса да, үлкенді сыйлап, сол деңгейде жауабын береді.
Әділбек бұл күнге дейін аты шыққандарға қызығатын. Енді өзі ондай дәреженің сонау биігіне бір-ақ шықты. Жастығңына қарамастан кім келсе де, кім көрсе де өзін ерекше құрмет тұтады. Өмірде мұндай құрмет пен қолпаштауларды көтере алмай қалатындар да аз емес. Есімдері елге белгілі болған қаншама талант иелері қызбалыққа салынып, ішкілікке беріліп, қызметінен кетіп, отбасынан ажырап жолынан таяды. Соның бәрі де ұстамсыздығының жоқтығынан, санасының төмендігінен болса керек. Дәрібек ұл-қыздарын үнемі ондай қателіктерден сақтандырып келеді. Әділбек әзірге ондай қателік жіберген жоқ. Дегенмен де, қолпаштау мен құрметтеуді көтерудің өзі де оңай емес-ті. Адам пенде болған соң өзі отырған басшылық қызметін мәңгіліктей санайды. Алда күтпеген жерден күрт өзгерістердің болып кететінін ойламайды. Қызметін былай қойғанда, адам пенде мына жарық та жылы дүниеде мәңгілік ғұмыр кешетіндей де сезінеді. «Жас жасай берсем, жүре берсем, өмірдің қызықтарын көре берсем» деп үміттенеді. Әділбек үшін де енді өмір қызық. Айнала толған қызметкерлер мен құрмет. Әуелдегідей кейде болатын реніштері де сиреген. Осы ұлының арқасында Дәрібек те, Ғалия да құрметке бөлене түсті. Ағасы мен қарындастары да жақсы жағдайға кенелегн. Соңғы кездері жас жігітке ел басшылығы шет елдерден келетін ғалымдарды қабылдайтын арнайы үш қабатты үй де салып берген.
Жас жігіт осының бәрінің де әлгі жеке әлемдегі өзінің есімін Маржан деп таныстырған жас қыздың арқасында екенін жақсы түсінді. Ол оқиғаны Жер шарының күллі саналы тұрғындары біледі. Мемлекет тарапынан берілген арнайы бесеспап көлікпен әуелеп сол өзіне осындай бақыт сыйлаған ыстық аймаққа жиі-жиі барып келіп те жүр. Әділбек сол аймақтағы әкесіне жақсылық жасаған жергілікті тұрғындарды да назарынан тыс қалдырған емес. Оларға қазақтың қасиетті киіз үйінің жетілдірлген түрін сыйға тартты. Ол киіз үйлердің әрқайсысы бір-бір көп бөлмел пәтер еді. Жергілікті тұрғындар да әуелдегідей емес, көп нәрсені пайымдап, көп нәрсені түсініп те қалған. Аспаннан келген қыздың ықыласы да оларға көп нәрсенің мәнін түсіндіргендей еді. Ол қызға кез келген адам баласымен тілдесу еш қиын емес. Ол адам ойын кез келген қашықтықтан оқиды. Ол адамның алдына ненің күтіп тұрғанын анық болжайды. Адамның көңіл-күйін түзейді. Оның сөзін жергілікті тұрғындар түсіне бермейді. Көптеген істерінің сол қыздың арқасында ілгері басып жатқанын да түсінбейді. Ең бастысы, жергілікті тұрғындар алғашында ол қыздан шошынып табынса, енді оған құрмет көрсетіп бастарын иеді. Қыз Жер тұрғындарына тек жақсылық тілейтін еді.
Соңғы кездері сол жас аспан қызы Әділбектің ауыл-қаласының аспанында да пайда бола бастады. Оны бұрын-соңды көрмегендер қатты таңданысқан. Кейбіреуі оны «Көкжиектен көтерілген толған Ай ма?» деп те қалған. Қалай десе де, қыз өмір кешетін, Жер шарын айнала кезетін жеке әлем өзінше бір ғажайып дене еді. Жеке әлем ел аспанында көрінгенде көп өзгерістер орын алады. Егіннің пісуі жылдамдайды, адамдардың ауырғаны азайып, денсаулықтары түзеледі. Табиғаттың анау-мынау қатерлі құбылыстары азаяды. Сондықтан да ел тұрғындары оның аспаннан жиі көрінуін қалайды. Ал ол жеке әлемдегі жас қыздың аңсағаны жалғыз Әділбек. Сонымен еркін тілдескісі келеді. Қыз жігітті о қатты ұнатып қалған. Сондықтан да ол Әділбекке сырттай әсер етіп, ерекше қабілет дарытып, мектебін де, институтын да мерзімінен бұрын бітіртті. Енді Әділбек тек қабілетті жас жігіт емес, есімі елге мәшһүр дәрежелі, мәртебелі ғалым. Әділбек те соңғы кездері аспанға жиі қарап, қызды күтеді. Екеуі ел ұйқыға жатқан түн тыныштығында кездесіп, таң қылаң бергенге дейін емін-еркін әңгімелеседі. Ал күндіз жеке әлем аспан түсімен астасып көрінбейді. Тұн мезгілінде ештеме болмағандай бір күй орнайды. Таң атысымен-ақ әркім өзінің ісімен айналысып жатады. Кеәбір адамдар, тіпті, иек кқтеріп аспанға да қарамайды. Мұнда аспанға айрықша назар аударатын, қызды бір көруді арман етіп, сағынатын Әділбек қана. Бүгінде Дәрібек те оның іс-әрекеттеріне шек қоймағаен. Ұлының ақыл-ойы да, білімі мен парасаты да жақсы болса қайтсін. Тек оның амандығын, денсаулығының мықты болуын іштей тілеп жүргені. Әділбек үшін енді бұл өмір айрықша қызықты, айрықша ыстық көріне түскен. Осы оқиғаға дейін Әділбек ауыл-қаласындағы реңді, ақылды, сұлу деген қыздарға көз салса, енді олардан алыстай берген. Әділбектің айрықша қабілетіне, шыққан даңқына қыыққан қыздар көп енді. Бірақ олардың бәрі де Әділбектің бұл ғажайып қабілеттерінің қайдан шығып жатқанынан бейхабар еді.
Әділбек бұл құпиясын ешкімге ашқан емес. Егер осы ауыл-қаладағы қыздардың бәрінде адамның ойын алыстан оқитын құралдары бар болса, онда Әділбектің жасырған сыры айқындалып шыға келмек. Онан бұрын Әділбек өзінің жайын біле тұрып, қыз алдында кеуде көтермейді. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, Әділбек ешбір жанның алдында тәкаппарлық көрсеткен емес. «Кеудесін неғұрлым жоғары ұстаған адам солғұрлым сана жағынан таяз келеді. Ал білімі мол, парасатты адам қашан да кішіпейіл, қарапайым келеді» деген де нақыл бар қазақта. Оның ендігі басты мақсаты өзі танысқан аспан қызымен өмірлікке жұптасу. Жер шарында өмір сүретін жігіттер мен қыздардың кейбірлері бұлайша сырласпақ түгілі, ә дегеннен құшақтаса кетеді. Бір бірін адамдардың көздерінше аймалап та жатады. Ал Әділбек аспан қызының нәзік саусағынан бір рет ұстағанға зар. Қыз Жер шарындағы кейбір қыздардың жігіт алдында қадірсізденгендерін де жақсы біледі. Ондайлардан жиіркенетін де сияқты. Аспан қызының Әділбекке қолын ұстатпауының да бір сыры сондай жатқандай. Бірақ жее әлем жігіт атаулыдан күдерін үзген емес. Дәрібектің кейде: «Аспандағы қызды қайтесің ұлым. Көрдің, қызықтың, тілдестің. Сол саған жетпей ме?» дегеніне кәдімгідей бұртиып та қалады. Содан соң Дәрібек аспан қызының өзіне жасаған жақсылықтарын есіне алады да сабасына түседі. Сөйтіп өтіп жатқан күндер. Ал Әділбектің ғылыми зерттеу жұмыстарынан қолы қалт еткен кезде іздейтіні де сол өзін Маржан деп таныстырған қыз.
Тарихты еске алғанда
Көптеген жұлдызаралық кемелерден бөлініп қалып, осы бір көгілдір ғаламшарды жеке әлемімен төңіректей айнала ұшып жүрген қыз осы уақыттың ішінде көп нәрсені білді. Ертеректе бұл ғаламшар тұрғындарының өткен тарихын кітаптардан оқып, сол кездері түсіріліп алынған бейнефилмдерден көрген болса, енді оны экранға шығару ешқандай да көкейкесті мәселе болмады. Қыз қарсы алдындағы кең тақтадағы роибик пішінді экранға қарап, Жер тұрғындарының қай замнғы тарихын көруді ойлмаса, болды, артыншща сол заманның көріністері экран бетіне шығады. Көріністер табиғи. ОЛарда ешбір қоспа жоқ.
Қыз көрген замандағы адамдар мейлінше қарапайым еді. Қол еңбегімен жұмыс жасайды. Топ болып өмір сүреді. Қиындық туғанда бір біріне дереу көмектеседі. Әрбір ерлі-зайыптың отбасы бар. Олар бір бірімен қоян-қоглтық араласып-құраласып жүр. Сөйтіп өтіп жатқан мәнді өмір. Оның бәрі де алғашында жас қызға оғаш көрінген. Қыз оларға жымия қарап отырды. Анда-санда отырған жұмсақ орындығын теңселтіп те қояды. Бірде орындығының биік жақтауына қарай шалқая түседі. Алдындағы экрандағы көріністер өзінің ойлаған заманына сай өзгереді. Бірде өткен заманды, бірде өзінің заманына сай заманды, енді бірде осы аралықтардағы замандарды көреді. Онда да бірнеше секундтық уақытқа ғана. Әйтпесе, бүкіл тарихтарды рет ретімен көріп шығуға көп уақыт кетер еді. Өзінің жекешелігін осындай-осындай нәрселер білдірмейді. Жеке әлем – жеке шар ішінде өзіне саналы адамнан да артық көмек беретін, ақыл-кеңес беретін компютерлі жүйелер бар. Ол ол ма, қыз Жер шарын мекен еткен пенделердің кез келгенінің өткен тағдырын да, болашақ тағдырын да оп-оңай біле алады. Кейбіреуінің ауыр тағдырына аяныш білдіреді, бақыттыларын қызғанады. Қыздың ұғымынша, Жер бетіндегі адамдардың тағдырлары таспаға алдын ала жазылып қойылған әуен мен сөз сияқты. Адам пенде сол таспадағы тағдырынан ауытқып кете алмайды еш жаққа. Уақытымен келген оқиғаны басынан кеше береді. Адамның жалғыз бақыты – ойлау еркіндігі. Қай кезде не туралы ойланамын десе де өз еркі. Тек өмір ағыны таспадай тынымсыз жылжып, болашаққа қарай әкете барады. Таспадағы тағдыры біткен кезде адам пенде мәңгілікке көз жұмады. Кейде адам таспадағы тағдыры кенеттен үзілген жерде мерт болады. Сөйтіп өмірі өте береді. Аспандағы өзінше жеке әлемге айналған қыз Жер тұрғындарының ол тағдырларына өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан Жер адамдарының тағдырларын алдын ала болжап айтқанымен одан еш пайда жоқ.
Қыз сәлден соң жұмсақ орындығының биік жақтауына шалқая керіліп барып орнынан түрегелді. Ойы басқаға бөлінген соң-ақ алдындағы экран да солай қала берді. Қыз ішетін қалаған тамағын іштей ойлап, оны дайындауды ойша компютер аспазшыларға тапсырған соң ештемеге зауқы соқпай орындығына қайтадан сылқ отыра кетті. Енді неде болса, ерінбей-жалықпай бір өмір тарихын көруге бекінді. Оны жүзеге асыру оп-оңай. Сол жөнінде сәл ойланса жеткілікті. Қайсыбір нәрсені де оймен басқару, адамның ойындағысын білу, жауап алу қыздың байқауынша мына Жер тұрғындарына да жаңалық емес. Ал өздері үшін ескірген нәрсе. Қызға сонау Жердегі, оның бір аймағындағы шағын ауыл көшесінің бойында өз жөнімен кетіп бара жатқан адамның ойындағысын білу ғана шамалы қызық. Онда да уақыт өткізу үшін. Ал сол көше бойында кетіп бара жатқан бейбақ өзінің әлдекімнң бақылауында екенін білмейді-ақ. Бұлардың бақылаулары қарапайым тілмен түсіндіргенде, қандай да бір аңды сырттан, алыстан арнайы дүрбімен бақылаған тәрізді әрекет. Қарауылдағы адам ештемені сезбейді, ештемені түсінбейді.
Қыз енді адамдардың қарқынды үй салумен айналысқан бір сәтін ойлады. Көрініс әуелгідей өтіп жатты. Ғаламшардың көп аймағын көп қабатты үйлер алған. Жыпырлаған үйлер, жыпырлаған пәтерлер. Ауыл қаламен, қала ауылмен жалғасып жатқан бір заман. Оларда жеке үйлер аз. Көп балалы отбасылар өздеріне лайық пәтерлерде, жеке үйлерде тұрып жатыр. Уақыт өткен сайын қалалар жайылып, адам өлімі азайып, өмірге жаңа келгендер мен үлкендер саны артқан. Бұл тығылыс пен қысылыс бала туудың шектелуіне әкеліп соқты. Қыз сол кездегі өмірде кездескен небір қиындықты көрді экраннан. Расында да отбасын құрап, балалы-шағалы болу оңай емес-ті. Қыз енді өзінің осындай жеке өмір сүріп жүргеніне іштей қуанды. «Өз еркіндігім өзімде, ешкімге де тәуелді емеспін. Мынандай дамумен, мынандай қарқынды көбеюмен адамдар қайда кетіп барады өзі?»,- деді Маржан жай ғана сөйлеп,- кең жерді қолмен тарылтып, адамдар тіпті, егінді үйлерінің төбесіне егуге көшкен. Бала тууды шектегендері де дұрыс екен». Осыдан соң қыздың ойына: «Ал қалалардағы пәтерлерде жалғыз тұратын ерлер мен әйелдер қалай өмір сүрер екен?» деген ойға тірелді. Экраннан артынша ол ойына сай көріністер көрінді.
Ондайлардың өмірлері отасылардың өмірлеріне қарағанда әлдеқайда жеңіл екен. Жалғыз болса да барлық жағдайы бар. «Қой!» дейтін қожа, «Әй!» дейтін әже жоқ. Қайда барамн десе де өз еркі. Согның көпшілігі, кезінде әлдекімге ғашық болғандар. Слд ғащықтық сезімі бірте-бірте сөнген. Содан кейін-ақ жекешелікке бет бұрған. Кейбіреуінің бірді-екілі не ұл, не қызы бар. Ондайларға да шүкіршілік етуге болар еді. Жоқ, уақыт өткен сайын, адам саны көбейген сайын таршылық қанат жайды. Жерде ғана емес, елде ғана емес, күллі ғаламшарлардағы табиғат байлығының таусылу қаупі төнді. Соны алдын ала есептеп, болжаған ғалымдар өз ойларын ортаға салып жатты...
Қыз жеңіл күрсінді. Өмір қандай тамаша еді. Бәрі де жайнап тұр. Егер бір гүл уақыты өтіп солса, орнына басқасы шығады. Адам дүниеден өтсе, соңында ізін басқан ұрпағы қалады. Қазіргі көріп отырған жағдай аса ауыр емес-ті. Адамдар шат-шадыман өмір сүріп жатыр. Алдағыны, болашақты ойлайтын, қамын жейтін ғалымдар мен ел басшылары. Ал қарапайым халық үшін жейтін ас болса, жұмыс болса, ұйқылары тыныш болса, жетіп жатыр. Халық бар жақсылықты ел баснан күтеді. Ғаламшардағы табиғат байлығының таусылуға айналуы соңғы кездері қарапайым адамдарға да біліне бастаған. Көріністен соң көрініс жалғасып, нешетүрлі оқиғалар өтіп жатыр. Қандай нәрсені көру, қай тақырыпқа ауцысу қыздың өз құжырында. Ішкі арманы нені қаласа, экрандағы көріністер де соған қарай ауады. Өзі қыз болып жаралғандықтан көібне әйелдердің өміріне қызығады. Қалалардағы жақсы жағдайлар ерлі-зайыптылардың ажырасуларына әкеліп соғуда. Егер өмір ауыл жағдайында өтіп жатса, онда ер азаматтың отбасына қажеттілігі арта түсер еді. Қала пәтерлерінде бәрі дайын болғандықтан әйел заты ерлерге онша кіріптар емес. Ері де әйеліне солай. Қаладағы тағы бір жақсы жағдай, жұмыс орындарында ерлер мен әйелдердің бір бірімен еркін араласуы. Оған сбептер көп. Мекемедегі қызмет, әртүрлі жиындар, туылған күн, той, кешке театрларға бару, кино көру, биге бару және басқа да себептер көп.
Сондай бас қосуларда ер мен әйелдің арасында уақытша алдамшы махббат сезімі оянып, қайта сөніп жатады. Аса еркіндіктің зияны осыдан көрінеді. Ол көптеген адамдарды жалғыздыққа, қаңғыбастыққа алып келді. Ер адам да, әйел адам да енді оңашалықта өмір кешуді қалайтын болды. Адам баласының жеке әлемге жетер жолындағы бәр кезең осындай екен. Маржан сәл кідіріп, ойын басқа жаққа бұрды. Жайыммен ғана айналасын барлады. Ойлай берсе, ой шексіз. Ойды ой қуалап кете береді. Қыз жаймен ғана отырған орындығынан тұрды. Содан соң өз ғаламшарындағы жаңағыдай көріністерді бастарынан кешіп жатқан Жер ғаламшарының тұрғындарына жеке әлем шарының үлкен мөлдір терезесінен қадала қарады. Осындай биіктен, алыстан көз тастағанда, онда тап бір ештеме болып жатпағандай болады екен. Тек мына үлкен экран мен дыбыстар оны жандандырып әкеткендей. Қыз бұл кезге дейін де талай қалаларды осылай бақылаған. Қала шетіне осы жеке әлемімен қонып, одан қайта ұшқан кездері де есінде. Өзінің жеке әлеміне қару қолданбақ болған адамдарды да кезіктірген. Бірақ олардың жеке әлеміне қарай қаруларынан атқан оқтары, әуе кемелерінің ұшу жылдамдықтары әлі де балалық кезеңнен аспаған еді. Қыз ондай әрекеттерге тек жымиып қана қойған.
Ал ендігі ойлағаны өз ғаламшарының тұрғындары басынан кешкен қайғылы жағдайлардың мұнда қайталанбауы еді. Сол жағына баса назар аударған. Жаңа ғана экраннан ой кешу арқылы көргендері өз ғаламшарының әрідегі кезеңі еді. Бүгінде ол ғаламшар атымен жоқ. Оны тұрғындар талан-тараж еткен. Ал атмосферасы мен биосферасын әрбір қолы жеткен адам осындай жеке әлемге айналдырып алған. Сол жеке әлемдердің бірі өзінікі. Егер әкесі бақуатты болмағанда, осы жеке әлемге қолы жетіп, жұлдыды әлемді емін-еркін шарлап, осылайша көп нәрсені көрмеген болар еді. Енді міне, аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсенің куәсі болды. Жеке әлеміндегі мына күрделі жүйелер арқылы өз ғаламшарының күллі тарихын көрудің мол мүмкіндігі бар. Тек оған уақыт қажет. Жүйелердегі бейнекөріністер аз ғана уақыттың жемісі емес. Талай ғасылық уақыттың жемісі. Бірақ соныі бәрі де шағын ғана жазбатабаққа сыйып тұр. Кез келген адам қалағанын көре алады. Жас кезінде Маржанға әкесі талай нәрсені түсіндірген, үйреткен. Жеке әлемге айналатынын да ескерткен. Ол айтқаны жүзеге асты. Мына жасыл ғаламшарды жеке әлемімен айнала ұшып жүріп, кейде оның бетіне қонып жүрып, Талай нәрсенің куәсі де болды. Күні кешегі жабайыға жақын адамдар мен оған керісінше өзімен дәрежелес адамдарды салыстыра қараудың өзі де бір ғанибет емес пе еді.
Енді қыз ойлау ауқымын кеңейтіп, алысқа, алға, болашаққа көз жіберген. Соның нәтижесінде Жер ғаламшары мен өз ғаламшарын салыстыра қарауына мүмкіндік туды. Мұны дұрыс, жүйелі түрде ойлай білу қажет. Сонда ғана өмірдің қыр-сырын толық ұғынуға болмақ. Маржанның әкесінің де, анасының да, туыстарының да қайта оралмауы түсінікті болатын. Мұнда әрбір адам - жеке әлем. Мұны әзірге Жер тұрғындарына түсәндіру қиынның қиыны. «Адам ешқашан да жеке әлем бола алмайды. Әлемді адамзат құрайды» дер еді олар қызбен қарсыласып. Маржан оны да ойлаған. Жаңағы көріністерден кейін адамдар ғаламшардың биосферасы мен атмосферасын бөліске салады деп кім ойлар еді? Ал ол уақыт өте келе шындыққа айналған. Қыз Жер ғаламшарына қарап, отырып, оның биосферасы мен атмосферасын ойша бөліп тастағысы да келген. Ғаламшарда табиғаттың нешетүрлі құбылысының болып тұратыны түсінікті. Жер сілкінісі, жанартаулар атқылаулары, су басу, өрт шалу, дауыл соғу сияқты дүлейлі құбылыстардың болатыны кім кімге де белгілі. Ал Жер ғаламшарының атмосферасыының ыдырауы жөнінде тұрғындарының арасында әңгіме қозғалған емес. Тіпті, Жер тұрғындары атмосферасы мейлінше сиреген Қызыл ғаламшарды, атмосферасы мүлдем жоқ Олпан, Ай мен соларға ұқсас басқа да аспан денелері жөнінде де бұл тұрғыдан әңгіме қозғаған емес. Қыз оны да біледі.
Айнала төңіректі, Күн делінетін жұлдыз төңірегіндегі жүйені кезе жүріп, өз ғаламшарының, жұлдызды жүйесінің тарихын осылайша есіне алды қыз. Тек өз ғаламшарының соңғы тағдырын көргісі келмеді. Бүкіл ой жүйесі мен ниеті басқаға ауған. Ондай ғаламат апаттан гөрі мына тып-тыныш жатқан, аспанда жұмысы жоқ Жер адамдарын көргенді жан санады. Жерді еске алған бойда артынша экранда Әділбектің бейнесі пайда болады. Ғашықтық сезімі мидан бір орын алған соң ол айналып келіп еске түсе береді екен. Ал есіне түскен сәтте сол ғашығы экранда пайда бола қалады. Жердегі көріністердің бір заманын ойына түсіргенде сол заманда өмір сүрген жігіт пен қыздың бір бірін бір көруге зар болғанын көрінісін көрген еді. Онымен салыстырғанда, мына техника адамның жеке-дара бағындай көрінеді.
Қыз тережеден кейін қарай бұрылып келіп жұмсақ орындығына жайғасты. Сонан соңғы іштейгі ойы мен мақсаты жеке әлемін Әділбек тұратын ауыл-қалаға қарай төмендету болатын. Күрделі жүйелер ол ойын да қабыл алды. Жеке әлем – шар батыс көкжиеке жақындай берген Күннен қашқандай қашқандай кілт төмендеп жөнелді.
Ғаламға лайық ғалым
Ғылыми зерттеу институтының алды әдеттегідей абыр-сабыр. Бірі кіріп, бірі шығып жатқан оқытушылар мен студенттер. Сырттан келген адам мұнан пәлендей ештемені аңғармас еді. Жай, қарапайым ғана ғимарат. Мұнда жүргендер де сырт қарағанда елеусіз, қарапайым көрінетін жандар. Бұлардың қай қайсысын да көшеде кезіктірген кез келген адам ғалым демес еді. Тек ғалымның ғалымдығы оның сөз саптауынан, ой толғамынан анықталып жатады. Бұл ғылыми зерттеу институтында есімдері әлемге, қала берді ғаламға белгілі ғалымдар еңбек етеді. Газет-журналдарға жызылып, телеарналардан көрсетіліп, радиодан айтылғанда осы бір қарапайым ғимарат пен ғалымдардыі есімдеғрі мен ғылыми еңбектері зорайып шыға келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының ғаламаттығы да осынысында болса керек.
Осы ғалымдардың ішінде бүгінде шоқтығы биік көрінетін бір ғалым бар. Ол - Әділбек Дәрібекұрпағы. Әділбектің есімі халыққа бұдан да бұрын белгілі болған-ды. Енді ол есімі шарықтау биігіне жеткен. Ал бүгінде Әділбекті аспан қызы арқылы Ғаламдағы ол келген ғаламшардың тұрғындары да біледі. Сондықтан Бионика ғылыми зерттеу институтының шығар аты енді Әділбектің есімімен тікелей байланысты. Осындағы есімдері елге әуелден белгілі болған, егде тартып қалған ақ шашты ғалымдар да Әділбекке сыйластықпн қарайды. Өйткені, Әділбектің сөз саптауы, ойлау қаілеті мен Ғалам жөніндегі ғылыми байламдары мейлінше терең, өзгеше. Әділбектің осындай ой толғамдарын кейбір ғалымдар, тіпті, түсінбей қалып та жатады. Содан арада ғылыми тұжырымдарға келіспеушілік дауы туып жатды. Ғылыми жаңалық ашу да, оны қарапайым халыққа түсінікті ету де оңай іс емес. Көп жағдайда ғылыми жаңалықтар білімділердің деңгейінде қалықтап жүреді. Сондықтан ол білімі орташа қарапайым халыққа түсінікті бола бермейді. Осындай әңгімелер мен көріністер Әділбектің алдынан талай шыққан. Тіпті, қанша ілгері дамыдық, білімдіміз десе де, бұл ғылыми зерттеу институттағылардың немен айналысатындарын әлі күнге білмейтіндер де табылған. Әділбек кебір адамдарғңа бұл ғылыми зерттеу институтында немен айналысатынын түсіндіре алмай әлек болатын. Мұндай жағдайды басқа ғалымдар да бастарынан өткізген. Оның соңы ғылыми зерттеу институтында ғылыми конференция өткізуге алып келді. Кнференцияның бүкіл жұмыс барысы елге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тікелей айтылып көрсетілмек. Бұл ғылыми конференцияда айтылатын мәселелердің бірі аспан қызымен байланысты.
Биорника ғылыми зерттеу институтына ғалымдар көп жиналды. Көптеген шет мемлекеттердің ғалымдары да келген. Олар үшін есімі аз ғана уақыттың ішінде Жер ғаламшары халқына жайылған Әділбек есімді әрі жас, әрі хас ғалымды бір көріп, жүздесіп, тілдесудің өзі де бір ғанибет еді. Жергілікті жердің, шет елдердің газет-журналадарының, телерадио арналарының тілшілңреі арнайы орындарға жайғасқан. Ғылыми конференция әдетте тек ғалымдарға қатысты өтіп жататын. Бұл ғылыми конференцияның басты ерекшелігі де оның ашықтығында, жұмыс барысының телеарналардан тікелей халыққа көрсетілетінінде еді. Ғалымдардың да бұл жиынға деген ынта-ықыластары күті болатын. Бәрі де алдын ала белгіленген орындарына асыға жайғасқан. Ғылыми конференцияны академик Мұрат Сақтағанұлы кіріспе сөзбен ашты. Тақырып: «Ғаламды танып білдік пе?» деп аталады. Осы басты тақырыптың төңірегінде басқа да тақырыпшалар бар. Стереотеледидар экрандары арқылы мұны қадағалап отырған әрбір көрермен қажет етсе, осында айтылған ғылыми мәселелрег байланысты көкейінде туындаған сұрақтарын бейнебайланыс арқылы қоя алады. Сұрақ қойған адамның бейнесі ғылыми зерттеу институтының тележүйлері арқылы халыққа көрсетіледі. Бұл, сондықтан да әркімнің өзінің ой сана, білімін, парасатын, мына кең, ғажайып, ғаламат Ғаламға деген түсінігін көрсету іне мүмкіндік бермек.
-Құрметті ғалымдар! Сырттан келген достар! - деп бастады сөзін академик Мұрат Сақтағанұлы,- бүгін біз үлкен тарихи ғылыми конференцияға жиналып отырмыз. Бұл жалпақ тілмен айтқанда, тек ғалымдарға арналған емес, бүкіл халықтық жиын іспеттес. Ғылым мен халық қашан да бір брімен ажырамауы тиісті. Ғылым ілгері дамып, халық түсінігі төмендесе, тағы болмайды. Біздің соңғы кездері қандай жаңалық ашқандарымызды, қандай ғылыми іс тындырғанымызды көпшілік біле бермейді. Біздің арнайы шығарылатын ғылыми журналдарымызды іздеп тауып оқитын зейіні зерек оқырмандарымыз да көп емес. Сондықтан да біз бүгін кеңейтілген осындай ашық ғылыми конференция өткізіп отырмыз. Ғылыми конференциямызға дүние жүзі елдерінен белгілі ғалымдар қатысып отыр. Оларға алғысымыз шексіз. Конференция барысында біз ол ғалымдардың да пікірлерін тыңдайтын боламыз. Қазір бізді барша халық стереотеледидар экрандарынан көріп, тыңдап, әрбір қимылымыз бен сөзімізді қадағалап отыр. Сондықтан да ғалымдарға аз сұрақ қойылмас деп ойлаймын. Өзіміздің Жер ғаламшарымыз бір мүгшесі болып саналатын мына кең де шетсіз, шексіз Ғаламды тереңірек біле түсу қай қайсысымызға да қажет нәрсе. Оған ден қойған әрбір адам ғалымдарға сұрағын қоя алады. Ғылыми конференцпияның қызықты, тартымды өтуіне атсалысуларыңызды сұраймын...
Академик сөйлеп болғаннан кейін тағы екі адам сөз алды. Содан соң ғылыми конференцияның жұмысы басталып кеткен. Мұнда қатысып отырғандар да, өз үйлерінде стереотеледидар экрандарынан көріп, тыңдап отырғандар да Әділбектің мінберге шығуын тағатсыз күтіп отырған-ды. Уақыт өтке ол сәт те келген. Әділбек ешқашан да үлкеннің жолын кескен емес. Көп сөйлемейді. Көп тыңдайды. Ғалымдар өзін қаншама ұлы, қаншама білімді ғалым санаса да, Әділбек оған титтей де тоқмейлсіну танытқан емес. Қайта қай кезде де ой үстінде, ғылыми ізденісте жүргені. Қазір өтіп жатқан ғылыми конференцияның бас кейіпкері де өзі. Қатысушылардың бәрінің өзіне елеңдеуінің басты себебі де сол. Оның үстіне Әділбек қана аспан қызымен жзбе жүз тілдесе алады. Ол жағын да білгісі келіп отырғандар аз емес.
-Жарық дүние әлемі жараларда болған Үлкен Жарылыстан кейін Ғалам кеңісігінің үнемі ыдырауіда екені белгілі,-деп бастады сөзін Әділбек ду қол соғу саябырсыған мезетте, басын иіп, ризашылығын білдіріп, - соған сай дамуымыз да бір бағытты. Тірішіліктегі барлық нәрсе пайда болады, өнеді, өседі, жойылады. Ал ұлғайған нәрсенің кейін қарай кішірею процесі әзірге болған құбылыс емес. Сондықтан біз мына кең Ғаламның құпия сырларын аша түсуіге тиівстіміз. Оның ғылыми заңдылығын ашу түсу де басты парызымыз. Әйтпесе, қара жерді қазумен ғұмырын өткізетін қара қоңырза айналып кетеміз. Бүгінгі ғылыми конференцияның басты мақсаты осындай мәселелерді қозғау. Ғалам жайлы айтатын нәрселер көп. Оның шегі де болмайды. Әрине, Ғаламды зерттеп білу бір ғана ұрпақтың үлеснідегі іс емес. Дегенмен, тыныш қана отырудың да реті жоқ. Жаңа мен сөзімді Үлкен Жарылстан бекер бастаған жоқпын. Ғаламдық ыдырау әрбір тірішілік иесіне әсер етеді. Ал егер Ғалам кенеттен қайта кішірейе бастаса, қандай күйдің орнайтынын өздеріңіз ертеректе, бүгінде жазылып, жарияланып жатқан ғылыми-болашақтық шығармалардан оқып біліп жүрсіздер. Ал Ғаламның кеңеюі дүниеде көптеген өзгерістердің орын алуына әкеліп соқты. Біз бионикпіз. Солай бола тұрсақ та, барлық ісімізді Ғаламдық құбылыстармен байланыстыра қараймыз. Өйтпейінше болмайды. Ғалам - біртұтас дүние. Ол баында қатты сығылған жалғыз жарық жұлдыздай ғана дене еді. Үлкен Жарылстан кейін жан жаққа шашыла тарады. Сөйтіп олардың әрқайсысы бір бір жеке әлемге айналды. Ал енді сол жеке әлем – жұлдыз жүйелері мен жұлдызаралдар уақыт өткен сайын ыдырап барады емес пе? Біздің бүгінгі мақсатымыз да Ғаламды осы тұрғыдан сөз ету...
Әділбек кіріспе іспетті қысқаша сөзін осылай аяқтады. Мінберге одан кейін белгілі-білгілі деген жұлдызтанушылар да көтерілген. Олар Ғаламның небір құпия сырларына тоқталды. Бұл конференциядағы негізгі мақсат саналы адам баласының әрқайсысының өзінің де жеке әлем екенін түсіндіру болатын. Конференция уақыт өткен сайын қыза түсті, сырттайғы тыңдаушылары мен көрушілерін қызықтыра берді. Биониктердің Ғалам тақырыбына бұлайша көшуі кім кімді де толғанантты. Баяндамалар жасау мен пікірталастар барысында кейбір ойға келе бермейтін нәрселер де айтылды. Бұл тұста бір ғажабы, ғалымдар да, басқалар да Әліоектің талантына қайран болды. Оның жан-жақтылығы, аса зеректігі сол бір әкесі жоғалған оқиғадан кейін-аақ байқалған-ды. Енді арада көп уақыт өтпей жатып-ақ есімі әлем халқына әйгілі болып шыға келді. Сол әйгілі есімді ақтаудың өзі де Әділбекке оңай соқпаған. Әлем халқына танылу бар да, оны ақтау бар. Ғалым болсын, жазушы болсын, басқа бір мамандықтың иесі болсын, халыққа танылған соң оны ақтау үшін тер төге еңбек етуі тиісті. Әділбек жас та болса оны дұрыс түсінген еді.
Ол ешбір күнін ғылыми ізденістен бос жібреген емес. Тынымсыз еңбек етеді. Үнемі ізденеді. Ғылыми кітаптар оқиды, ғылыми еңбектер жазады. Осылайша халық алдындағы «сахнада» жүргенде ыңайсыздық жағдайына тап болмауды ойлайды. Әрине, Әділбектің қабілетін арттырған аспан қызы Маржан. Ол ғалымдарға да, күллі қауымға да жақсы белгілі. Бірақ Әділбек ондай қабілетпен шектелген емес. Аспан қызы айтқан нәрселерді, берген білімдерді жетілдіре түсуге тырысады. Бүгін өтіп жатқан осы ғылыми конференцияның негізгі ұйтқысы да өзі. Күнделікті күйкі тірішілігімен болып, иек көтеріп жұлдызды аспанға бір қарамайтын адамдардың назарын бір сәтке болса да сол жұлдызды әлемге аударғысы келген. Адам баласының болашақ өмірінің де, тірішілігінің де осы жұлдызды әлеммен тікелей байланысты екенін тағы бір түсіндіруге тырысқан. Ғаламның ыдырауы жай көзге, қысқа мерзімде білінбегенімен ол бір адамның ғұмыры түгілі, көп ғасырлық ғұмырға да байқалмайтын жылдамдықпен ыдырайды. Сол ыдыраудың өзіміздің Жұлдызаралымыздағы кіп-кішкентай ғана саналатын Жер ғаламшарымыздығы құжынаған миллиардтаған халықтың өмірлеріне, күллі өзге тірішілік иелеріне де әсер ететіні де қайран қаларлық құбылыс Ғалымдар осы жағын да түсіндірген.
Мінберге кім шығып сөз сөйлесе де Әділбек оларға ой-пкір қосып, кейбіреуінің қателерін түзеп отырды. Енді әділбекті тек бір ғана саланың мамын деп айту да қиын еді. Оның жан жақтылығы, білімінің тереңдігі ешкімге де күмән келтірген жоқ. Ғылыми конференция барысында қатысушылар жағынан да, стереотеледидар экарандарына көріп-тыңдаушалыр тарапынан да ғалымдарға көптеген сұрақтар қойылды. Ол сұрақтардың бәріне де ғалымдар нақты жауаптарын берді. Ешкімнің де мына адам қоғамынан біржолата бөлініп, өзінше бөлек жеке әлемге айналғысы жоқ еді. Ғаламдағы шағын-шағын деген жұлдызды жүйелердің өздері де бір біріне тартылысып, бір бірін мәгілік айналып жүрмейтін бе еді. Бірақ адам үшін сол мәңгілік делінетін уақыттың өзі де Ғалам үшін ештемеге тұрмайтын кезең. Жұлдыздар да пайда болады. Ұлғаяды, қартаяды, күш-қуатынан айрылады. Жоғалады. Қара ойық дейтінге айналады. Ал сонымен бірге Ғаламның ыдырау заңымен де санасады. Адам баласы да солай. Әуелде, алғашқы қауымдық құрылыста адамдар біртұтас қауым ғана едеі. Енді Жер ғаламшарының барлық дерлк аймақтарын жайлаған. Сөйтіп, әрбір ұлт бөлек-бөлек ірі елдерге айналған. Бұл Ғаламдық ыдырауға сай ыдыраудың бір көрінічсі емес пе?8
Ғылыми конференцияда көптеген сұрақтар қойылып, көптеген мәселелер талқыланса да, әрбір адамның жеке әлем екені құлаққа аса сіңбеді. Әділбек осылайша өзге ғалымдарға да, ғылыми конференцияда айтылғандарды мұқият тыңдағандарға да өзінің жеке әлем жөніндегі терең ойын жеткізе алмады. Былайша айтқанда, расында да Әділбек айтқан ой білім таяз адамға күлкі т үйртер еді. «Адам қалайша жеке әлем бола алмақ? Ол қоғамдағы халық арасында емес пе? Тіпті, адам жалғыз тұрғанда да оны ешкім де жеке әлем деп айта алмайды. Тек әрбір адамның дүниеге көзқарасы білім дәрежсесіне сай әртүрлі болар? Әрбір адам табиғаттағы түрлі түс пен реңкті әрқалай қабылдайды. Ұлы табиғаттың небір құбылыстарынан да әркім өзінше әсер алады. Біреуге ұнаған нәрсе, екінші бір адамға ұнамайды» деген ойлар да айтылған-ды. Әділбек осыған да жауап бермекке талпынған. Бірақ ол әрекетінен де ештеме шықпады. Мұндай айырмашылықтарды педагогтар мен психологтар мүлдем басқаша түсіндіреді. Рас, егер адамның көру қабілеті мен түйсіну қабілеті бұзылса, ол мына ғажайып дүниені басқаша көреді. Ал Иттер мен Мысықтар ше? Жануарлар мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер мен су астының тірішілік иелеріне әлем қандай болып көрінеді? Әділбек ғылыми конференцифда кезекті бір сөйлеген сөзінде осыны да айтқан. Ойлай берсе, ой көп. Оның түбі де жоқ. Әділбек іштей бәрін де түсінеді. Көкейінде бәрі де сайрап тұрады. Ал соны жеткізуге келгенде кібіртіктейді. «Мұндайда әңгімешіл, көкейіндегісін қағазға жазып жеткізе алатын жазушы болғанға не жетсін» деп те армандайда әділбек.
Дегенмен де, бұл ғылыми конференцияда адам көкейіне біраз нәрселер жетті. Бірақ толық емес. Адамдардың ойлау қабілеттері мен түсінуі бірдей болса, онда қоғам да, жалпы адамзаттың тірішілік әрекеттері де басқаша сипат алар еді. Ғылыми конференция соңында ғалымдар болашақтың неге аспанда жатқанын да хлаыққа кеңінен түсіндірді. Әрбір адамның жеке әлем болып табылатынына еш күмін жоқ. Сонда да болса, қоғамды ыдыратпауды, әрбір адам баласын аспан қызының күйіне түсірмеуді тіледі. Ол үшін қоғамдағы адамдар қашан да достықты, ынтымақты , бірлікті болуы керек. Әрі ол ешқашан да әлсіремеуі керек. Әлсіреген жағдайда аспан қызы елінің басынан кешкен тарихы мұнда да қайталанбақ. ОНдай дәрежеге жету, Жер биосферасы мен атмосферасын бөліске түсіруге, әрбір адамның өзінше бөлек жеке әлем болып өмір кешуіне әкеліп соқпақ. Ғылыми конференцияға қатысушылар мен сырттай тыңдап-көрушілердің көпшілігі осыны түсінді. Халық Әділбектің терең білімділігі мен терең ойлылығын бағалай келіп Ғаламға лайық ғалым деп таныды. Өзі де солай еді.
Жалғыздық қасіреті
Мына дүниеде жалғыз өмір сүрудің қаншалықты жақсы, тыныш екенін білсе де, жазс қыздың көкейін әлденелер мазалай беретін болды. Адам баласы әлденені армандап, оған жете алмай, жанындағы бақталастарымен күресіп жүргенде, өзінің бұл дүниеде жалғыз емес екенін, қоғамда өзінен де мықты адамның бар екенін сезінеді. Қоғамдағы өмір сонысымен де қызықты бір жағынан. Ал жападан жалғыз жүрген адамның досы да, дұшпаны да жоқ. Сондықтан жеке қалған адам ойына келгенін жасайды. Қалаған кезінде демалады, ұйқтайды, қажет десе, түрлі дене жаттығуларын жасайды, кешкілік түрлі телехабарлар көреді, Жерді, огндағы тірішілікті бақылайды. Қыздың денсаулығы да жақсы. Денсаулығын үнемі бақылайтын дәрігерлік күрделі жүйелер де жеткілікті. Өзінің жанынан айналшақтап шықпайтын биотұлға дәрігері тағы бар. Қысқасы, қыз мұнда жан-жақты қамқорлыққа алынған. Өз елінің заңы бойынша, жеке әлемге шығар алдында әкесі мен анасы барлық жағдайын жасауға міндетті. Тап бір ұзатқан қызына жасауын берген сияқты. Мұндағы айырмашылық, ұл болсын, қыз болсын жеке-дара кетеді. Көңілі қалайтын жігітпен немесе қызбен өте сирек жолығысады. Отбасын құрмайды.
Қыз бүгін ерекше көңілсіз. Неге сондай ортада дүниеге келіп, неге осылай жалғыз қалғанына іштей қатты өкінді. Арнайы бақылау жүйесімен Жерге қараса, онда құжынаған халық. Олардың бәрі дерлік бір-бір отбасын құрайды. Өзі сияқтанған жалғыздар да бар ара-тұра. Ондайлардың әйелдері бір бір перзенттің анасы. Олардың жұмыстары бар. Перзентің өсіруге талпынып, аялап, айналып жүргені. Ондай жалғызбасты аналарды көргенде Маржан ерекше тебіреніп кетеді. Мына жалғыздықтағы өмірі онан сайын құлази түседі. Қыз енді Жер бетіндегі бала-бақшалар мен көп балалы отбасыларын бақылауға кірісті.Бала-бақлардың арнайы жасалған аулаларында да, отбасылардың аулаларында да балалар емін-еркін ойнап жүр. Олардың қызықты ойындары, риясыз күлкілері, уәйім кешпейтіндері қызды қызықтыра түсті. Балалардың сол қылықтарын әуес көріп, экрандағы көріністерді қайта-қайта соған бұрды. Өзінің де солардай бала болғанын есіне алды. Тек өзі туылып өскен ғаламшарында отбасын құруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан да осындай күйге түсті. Балалық шағы да негізінен оңашалықта өткен. Сол жалғыздықтығы әлі күнге жалғасы келеді осылай.
Жалғыздықта өмір сүрудің жеңіл екенін қыз жақсы түсінеді. Егер жанында мына асқа, ауа мен суға тағы басқа нәрселерге ортақ болатын адам болса, қайтер еді. Осы жағынан келгенде жалғыздық та керек сияқты. Егер Жер адамы болса, бәлкім, мұндай ортаға шыдамас та еді. Мұндай жеке әлемге шығуына басты себеп болған өз ғаламшарындағы ғарыштық зерттеулер еді. Алғашында ғарышкерлер ғаламшарларының төңірегінде ғарыш кемесімен бір тәуілік уақыт бойы ғана айналып ұшқан. Ал онан кейінгі ұшуларында уақыт ұзартыла берген. Ғарышкерлер кемеде біреу-екеуден кезектесе отырып, ғаламшар төңірегінде жылдап айнлаып ұшуға көшкен. Сөйте-сөйте ондай сапарда кемемен жалғыз ұшатын күйге жеткен. Мәне, жалғыздыққа деген бастама осылай басталған. Онан кейін адамдардың өте қарқынды пайдалануларына қарай табиғаттың байлықтары да азая берген. Ақыр соңында әрбір әке мен ананың өсірген ұл-қыздарына бөлек үй дайындайтыны сияқты, ұлына немесе қызына жеке әлем деп аталатын осындай жеке шар кеме дайындап, балапанын біржолата ұядан ұшырып жіберіп қайтып көрмейтін құстардай біржолата шығарып салатын болған. Олар үшін тірішілікті, дамуды сақтап қалудың жалғыз жолы осы жеке әлем еді. Сол елдің түлегі қызға енді ғұмыры бойында осылайша жеке әлем болып шетсіз де шексіз кеңістікте сеңделіп жүруіне тура келмек.
Қыз шар терезесінен Жер бетіне тағы қарады. Аздап толқыды. Адам біткенге суық болып та қалған еді. Адам баласымен араласып-құраласуға құмар емес. Күні кеше ғана Жердегі ыстық, табиғаты тамаша аймағында жолыққан әке мен бала, олардың бір-бірімен табюысып, бақытты сезімге бөленіп, оңаша тілдескендері есіне түсті. Бірақ ол екеуімен де қол ұстасқан жоқ. Қол ұстасса, бойында сезім толқыны оянып, жібіп, толқып, мына жеке әлемнен шығып кетуі ғажап емес. Ондай жағдайда өз елінің заңы мен дәстүрі бұзылмақ. Мына кең әлемді де дәл осылай шар-кемемен шарлай алмайды. Шап-шағын табиғат аясында өмірден өткенше қалады. Қыз үшін Жер ғаламшары кеңістікте Күнді айнала қозғалып жүрген бір үлкен аквариум сияқты. Онда тірішілік етіп жатқандардың көпшілігінің сырт әлемде еш жұмысы жоқ. Бәрі де өз бетінше тірішілік етуде. Кейбіреулері мына Жер төңірегіндегі кеңістікке ғарыш қаласын да салған. Жерден ғарыш кемелерімен соған ұшып келеді, қайта кетеді. Осы жұлдыз алыс-жақын ғаламшарларға ғарыш кемелерімен саяхат жасап жүргендері де бар.
Қыз осыны да ойлаған. Жер бетіндегі көз алдында өтіп жатқан құбылыстарды мұқият бақылады. Содан соң өзінің мұндай жалғыздыққа, мынандай шектеулі ортаға үйренгеніне қайран болды. «Бұл маған тар түрме ғой,-деді өзіне өзі,- бәрі белгілі. Ана бөлме, мына бөлме, орман, дала, су, гүл, өсімдік, жеміс ағаштары, автоматты жүйелер...» Содан соң терезе алдына келіп, екі бетін екі қолының алақандарымен басып, тып-тыныш тұрды. Енді бір сәтте екі көзінің шараларының ыстық жасқа толғанын байқады. Бойжеткенде алғаш рет жылағаны бұл. Бала шағында болса да талай рет жылаған. Сонда өзін әке-анасының дауыстарын айнытпай салатын биотұлға жұбататын. Бүгінде ол биотұлғалардың көбі дерлік істен шыққан. Қыз оларды да есіне алды. Бірақ еш елжіреген жоқ. Бала мен әкенің, бала мен ананың бір біріне деген сүйспеншіліктерін экраннан, Әке Дәрібек пен ұлы Әділбектен көрді. Адам мен адам арасындағы шынайы адами қарым-қатынасты да осы Жерден байқады. Ал сол әке Дәрібек пен ұлы Әділбектің қайта табысуларына көмек көрсеткен өзі емес пе еді. Оны да есіне түсірді. Әділбекке деген шынайы махаббат сезімі оянғалы бері ол есіне түскенде жылайтын болды. Енді сол сезім бойын билеп алған.
Содан бері мына өмір де әуелдегісінен қызық, әсерлі де мәнді бола түскендей. Осы кезге дейін қыз өмірдің қызығы деп қалаған дәмін жеп, ұйқысын қандырып, серуен құрып, ақпарат жүйелерінен Ғалам жөнінде ақпараттар тыңдап-көріп, ұнамды әуендерді тыңдағанын санайтын. Енді кезінде өзі адамдарын менсінбеген мына Жер ғаламшарындағы қым-қуыт әрекетті тірішілік жан-дүниесін еріксіз баурап алған. Мына ғажайып жеке әлем, оның ішіндегі ғаламшарлық орта, ауа, су, дала, тау мен тас, тағы басқадай көріністердің бәрі де жай бір нәрсе болып қалған. Жердің саналы қарапайым адамдарымен жүздескелі, тілдескелі бері осының бәрі де суық тартты. Қыз енді олардың бәріне де әуелдегідей бір қызығушылық сесіммен қарамайтын болды.ОЛардан көңілі суыды. Жалғыздықтың қасіретін де енді сезіне бастады. Оны шындап-ақ басынан кешті. Енді дәл осындай жалғыздықты өмірінде ешқашан де бақытты бола алмайтыныа көзі де жете бастады. Жер ғаламшарының тұрғындарының өмірлерімен салыстырғанда, өз ғаламшарының тұрғындарының өмір сүру жағдаайлары қиын еді. Бүгінде ол ғаламшарда адам баласы тұрмайды. Тұрғындарының бәрі де өзі сияқты бір бір жеке әлемге айналған. Тұрғындар ғаламшарды одан қосымша топырақ, су мен оттегі алу үшін айналшақтайды. Ал қыздың өзі болса, енді осы Жердің құнарлы топырағынан нәр алып, суын ішіп, жемісін жеп жүр. Соның өзі де аз емес еді.
Қыз осындай ой-толғаммен жер-дүниеге сыймағандай жеке әлемнің күллі бөлімдерін аралап шықты. Анау-мынау тынымсыз жыпылықтаған шамдарды, экрандар мен күрделі жүйелерді қиратып тастағысы да келді. Бірақ олай еткенде өзінің өміріне қатердің төнетінін білді. Содан соң тағы да арнайы бақылау бөліміне қайта келіп, үлкен терезеге жақыдап, Жерге қадала қарады. Жер тып-тыныш. Оның бетінде қым-қуыт өмір сүріп жатқан саналы адамдар мен күллі өзге тірішілік иелері өздерімен өздері. Адамдардың бәрі де өз тірішіліктеріне мәз сияқты. Қыз тағы да көз шараларына ыстық жас ірікті. Көз жасын сүртпеді. Терезенің қалың мөлдір шынысына сүйеніп тұра берді. Сол кезде жеке әлемнің бейнебайланыс бөлімінен дабыл естілді. Қыз селт етіп, кілт кейін бұрылды да, көздеріндегі ыстық жасын сол қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен жай ғана сүртіп өтіп, дабыл естілген бөлімге қарай асықты. Келген кезде экраннан өзнің жан-дүниесін баурап алған Жер ғаламшарының перзенті - Әділбектің анық бейнесін көрді. Экранды сөндіріп, кең тепкешекпен төмен қарай асыға басып түсіп, жерде өзін дегбірсіздене күтіп тұрған Әділбекке жақындады.
-Маржан, біз жаққа неге келмей кеттің? – деді осы кезде Әділбек.
-Мен... жай... – деп қыз оған жылағанын байқатқысы келмеді.
-Мен сені ұзақ күттім, - деді Әділбек.
-Білемін.
-Сен неге көңілсізсің, Маржан?
-Жай... қыз жүзін бұрып әкетті.
Екі арада үнсіздік орнады. Әділбек қызға қадала қарап тұр. Қолын созайын десе, жетпейді. Тіпті, екеуі жүбе жүз қарап тұрса да әлдебір кедергі жақындатпақ емес. Ол – тебу өрісі. Әділбек үстіндегі комбинезонын еш тастаған емес. Маржанға жақындаған мезетте оның аттас мигнитті тебу өрісін іске қоса қояды. Әйтпесе, кез келген сәтте қыздың жеке әлеміне өтіп кетпек. Олай етуге болмайды. Әділбек емес, мұнда бері қарай қыз өтуге тиісті. Сөйтіп, Жер адамдарының арасында болады. Ал қыздың өйтпейтіні, оның Жер адамдарына деген сенімінің аздығынан. Екеуі де махаббат сезімінің қандайлық құдіретті екенін жақсы біледі. Оның уақытша сезім, әрі кетсе төрт жылдан соң сөнетінін де түсінеді. Бірақ ішкі ыстық сезімі мен жандүниесі оған көне еме? Махббат сезіміне ғылымның ешқандай да теориясы жүрмейді. Ол - жанып тұрған от. Оған ешбір әмір де әлді емес. Екі жастың махаббаттарына кедергі туғанда өздерін құрбан етуге де дайын тұрады.
Екеуінің қазіргі күйлері де сондай еді. Дәрібек Әділбектің осындай бір сезім шырмауына түсетінін бұлл қызбен оның алғашқы кездесуінде-ақ сезген. Махаббат сезімінің не екенін түсінетіні, осындай бір сезім жігіт шағында өз басынан өткен. Сонда өзінің қандай күйде болғанын, сүйіктісін өзгеден қызхғанып, іштей қатты күйініп, өзін отқа тастап жіберердей күйге жеткенін есіне алған. Солай бола тұра, Дәрібек ол қызға үйленбеді. Кейіннен оған деген сол ыстық сезімі басыла берді. Бүгіндегі жары, ұл-қыздарының анасы Ғалия. Екеуінің арасында үйленгенге дейін ыстық махаббат оты тұтанған жоқ, Бір-бірін қалады, іштей түсіністі. Сол өткені есіне түскенде Дәрбек ұлына ойлана қарайды. «Махаббат сезімі деген жоқ» деп кесіп тастай алмайды. Ондай ыстық сезімде жүрген кез келген адам кез келген әрекетке ойланбай барады. Соны түсінген әке ұлының аспан қызымен кездесуіне шек қоймаған. Оның үстіне бұл қыз, жай қыз емес. Аспаннан жеке әлем болып келген ғажайып ақылды қыз. Қыздың ашылмаған сыры да көп әлі. Ол құпияларын ашуға енді Әділбектің оған деген ыстық махаббаты себеп болмақ.
Әділбек те аспан қызына қай кезде жақындаса да әкесінің ұлағатты сөздерін есіне алады. Ол ойын сол замат Маржан түсіне қояды. Әсерлі сөздернінен көздеріне ыстық жас үйріеді. Ол жанашырлығын Әділбек те түсінеді. Кейде қыздың ойындағысын білмей-ақ қойуы үшін, көңіл-күйін білдірмеуі үшін ондай әңгімені қозғамайды. Адам әлдебір адамның өзі туралы айтқан жағымсыз сөздерін естімесе, онда ол тып-тыныш жүре бермек. Ал естіген кезде оған ауыр соқпақ ол сөздер. Әділбек өзін туралы айтқан ондай қысыр сөздерден үнемі аулақ ұстайды. Бірақ ешбір адамды өзніе жау санаған емес. Сөйтсе де, өзінің есімі халыққа әйгілі болғалы күндеушілері көбейген. Оларды Әділбек білмейді, білгісі де келмейді. Қазір көз алдындағы қыздың ойында не барын білген жоқ. Оған мейлінше жақындап, жүзіне ұзақ қарады. Қанша ұзақ қараса да, қанша ұзақ тілдессе де, Маржанның сұлулығы мен қызға тән қылығына бір тойған емес. Қарағысы келе береді. Кездеспеген күндері көшедегі, қоғамдық көліктердегі қыздарға қарап, олардың ішінен Маржанға ұқсайтындарын іздейді. Маржанмен қаншама рет осылай бетпе-бет жүздесіп, тілдесіп жүрсе де кездесуден кейін бір күн өткен соң-ақ оның жүзін ұмытып қалады. Есніе түсіріп, жүзін көз алдына елестете алмайды. Жер қыздары арасынан оған ұқсайтын қыздарды іздейтіні де содан.
Қазір жеке әлемнен жерге түскен қыздың көңіл-күйін сұрамай-ақ білді. Маржан да енді өзінің жалғыздықтың тауқыметін тартып жүргенін жасыра алмады. Бірақ екеуінің бұл жолғы кедесулеріндегң әңгімелері көпке созылмады. Қыз мауқын біршама басқан соң Әділбекпен жылы қоштасып, кең тепкешегімен қайта жоғары өрлеп, жеке әлемінің ішіне еніп кетті. Әділбек қолын бұлғап қала берді.
Әкемен сырласу
Ұзақ қайғы-мұңнан кейін қайта оарлған бақыт Дәрібектің отбасын қуанышқа бөлеген. Белгілі ғалымды жоғалтып алып, қайта тапқан ғалымдар да, ел тұрғындары да көңіл тоқтатқан. Одан кейінгі ғалым Әділбектің аспан қызымен байланысып жүрген оқиғалары да елге қызық еді. Әділбек сол аспан қызы Маржанмен әрбір кездесіп келген сайын онымен оңаша отырып әңгімелеседі. Әділбекке бүгінде ағасы Ғаділбек те, қарындастары Фарида мен Фатима да басқаша қарайды. Бұдан бұрын: «Әділбек, осы сен не істеп жүрсің?», «Не бүлдіріп жүрсің?» ұрса жөнелетін ағасы да енді қайда барса да үнсіз. Қолынан келсе, оған көмектесуге дайын тұрады. Жағдай жасайды. Түсінбегендерін одан сұрап алады. Әділбекпен жиі-жиі әңгімелескенді де қалайды. Әділбек те әңгімеден жалыққан емес. Бірақ Әділбектің білімі мол болғандықтан ағасы, қарындастарымен әңгімелескенде араларында түсінбеушілік те болып жатады. Әділбектің ғылым, жеке әлем жөнінде айтқан әңгімелері ағасы мен қарындастарының миларына қона бермейді. Сондықтан да олар әңгіменің бағытын ғылымнан басқа жаққа қарай бұрып жіберуге тырысады. Әділбек оны біледі. Ондай кезде жалғызсырап та қалғандай болады. Тек ағасы мен қарындастары ма, бүгінде ең жақын деген достары да өзінен қашықтай берген. Бәрінің қашатыны Әллбектің аса білімділігінен болса керек-ті. Аспан қызымен байланысқалы Әділбектің ой-жүйесінде көптеген өзгерістердің болғаны белгілі еді. Оны өзі де біледі. Әңгімелескенде сөздері үйлесімді, нақты. Кейбір достары әңгіме барысында өзінің білімсіздігін танытып алсауы үшін Әділбектен қашқалақтайды.
Әділбек оны түсінеді. Кейде ол өзінің ортасынан көптеген ғасырға ілгері кеткенін, оңашаланып бара жатқанын да іштей сезеді. Осы оқиғадан кейін ара-тұра қарапайым әңгіме айтатын анасы Ғалия да үндемейтін болған. Өйткені, үй ішінде қандай тақырыпта әңгіме басталса да Әділбек оны Ғаламға қарай бұрады. Содан соң-ақ әңгіменің мәні кете бастайды. Ана не айтсын, ол Әділбектің үстіне киген киімін қадағалайды, күнделікті тамақтың жайын, жалпы күнкөрістің жайын қозғайды. Әділекке ол тақырыптар қызық емес. Бүгінде Әділбек өзі ұйқтайтын, жұмыс жасайтын бөлмесінің қабырғаларын небір суреттермен толтырған. Олардың ішінде жұлдыды әлемнің үлкен картасы, Жердің, басқа да ғаламшарлардың анық түсірілген суреттері, жұлдыздар атласы және тағы басқадай суреттер бар. Ғылыми-болашақтық шығармалардың мазмұндарына сай салынған суреттерді де әділбек жанындай сүйеді. Ондай суреттердің жақсыларын ол тіпті, ұйқтайтын тһөсегінің бас жағындағы қабырғаға да іледі.
Жас ғалымның осындай сүйікті істерінен, ғылыми зерттеулерінен қолы босаған сәттерінде сырласатыны жалғыз әкесі. Үй ішіндегі қалғандармен әңгімелесу дәрежесі сәйкес келе бермейді. Сол бір оқиғадан кейін тіпті, есімі елге белгілі ғалым Дәрібектің өзі де Ғалам тақырыбында ұлының алдында кібіртіктеп қалады. Әділбек әкесіне басқаша сөйлейді. Не нәрсені болса да қарапайым түсіндіруге тырысады. Дәрібек бұл кезге дейін мамандығы бионик болғандықтан жұлдызды әлемге оншалықты назар аудара бермейтін. Енді болып өткен оқиға ой-жүйесін күрт өзгерткен. Басқаша ойлайтын болған. Өзі осы кенже ұлымен кішкентайынан әңгімелесуді ұнататын. Әділбектің тілі де кештеу шыққан еді. Өзі әлжуаз бала болды. Сонысына қарамстан енді әлем халқына әйгілі ғалым болып шыға келген. Енді әке қуанышында, бақытында шек жоқ. Адамның тағдыры деген қызық. Өзі ыстық аймақта жүргенде, жападан жалғыз айдалада қалғанда осылайша қайта бақытқа кенелемін деп ойлап па екен. Енді бәрі де түс көргендей, тап бір ертегідегідей.
Әділбек бүгінде әкесінің жанынан шықпайды. Әкесі енді өзіне анасынан да жақын, ыстық болып кеткендей. Онысын анасы Ғалия да сезеді. Енді мына оқиғадан кейін екеуінің арасына килігудің де жөні жоқ-ты. Әке мен баланың әңгімесі қашан да жарасымды. Бірақ сондай әңгіме айтатын сәт мына қарбалас заманда қайдан оңайға соқсын. Қашан да уақыттың жетпей жатқаны. Күні бойы ғылыми зерттеу ісімен айналысқан ғалым кешке үйіне жетуге асығады. Үйдегі ісі де аз емес. Күндізгі ойы мен идеясын кейде үйге келіп жалғастырады. Кейде таңды көзбен атқызады. Сөйтіп өтіп жатқан өмір. Тіпті, ұлдары мен қыздарын бір мезгіл еркелететін де уақыт қалмайды. Әділбек те көп жағдайда қанша жақсы көрсе де әкесіне жақындай бермейді. Әкесінің жұмысының қауырттығына ғана емес, оның қас-қабағына да қарайды. Сөйтіп, бір кең отырып әңгімелесудің де реті келмеген. Тек бүгін ғана жағдай мүлдем басқаша болған сияқты. Әкесі де, анасы да бүгін жұмыстарынан көңілді оралған. Соған қарағанда әкесінің ғылыми зерттеу жұмысында бір жақсы жаңалық болған сияқты. Ол көңіл-күйі үй ішіндегілерді де тірілтті. Кейде жұмысынан Дәрібектің қабағы түсіп келіп, соған қарап үй*ішіндегілер де сөз айтпай, жадырамай томсырайып қалатын. Ал үй есінің көңіл-күйі жақсы болған күндері үй ішінің бәрі де мен-жарқы. Бұл әрбір отбасында кездесетін жағдай.
Әділбек әкесінің осындай жарқыраған Күндей көңіл-күйін пайдаланып, өзінің көкейінде жүрген сырын айтып алуды мақсат тұтты. Оның өз бөлмесіндегі бір оңаша сәтін күтті. Әке де өзінің сүйкті кенже ұлын сағынып қалған еді. Перзент құдіреті де осындай бір кездерде адамның жан-дүниесіне ләззат сезім енгізетінінде. Анау-мынау қиындықты ұмыттырып жіберетінінде. Оның үстіне әкесінің өзін іздеп шыққанда Әділбектің өзі жасаған комбинезондай киім жасап, онымен өзін де, өзгелерді де түрлі қатерлерден қорғағаны көңілінен шыққан. Бүгінде әкесі өзінен гөрі ұлын жақсы таниды. Енді екеуі де елге танымал ғалымдар. Әділлбек әкесінің демалыс бөлмесніе рұқсат сұрап енгенде, ол жұмсақ орындықта сәл шалқая түсіп отырған еді. Кіруге рұқсат бергенімен, көздері әлі жұмулы. Дәріектің бір ерекшелігі, ол ешқашан да күндіз жатып демалмайды. Оның күндізгі демалсы осындай. Онда да ол демалысы он, он бес минуттан асқан емес. Әкесінің сондай бір демалыс сәтінде кірген Әділбек есік алдында сәл кідірді. Содан соң жайымен аяқ басып келіп, әкесінің орындығының жаныда бос тұрған орындыққа жайғасты. Әкесі осы кезде ғана барып екі көзін жай ғана ашты да:
Сен бе едің, Әділбек? Халің қалай? Не жаңалығың бар? - деді жай ғана.
-Пәлендей ештеме жоқ, көке.
-Жұмыстарың не болып жатыр?
-Бәрі жақсы, көке. Жақында бір ғылыми жаңалық ашамын ба деген ойдамын.
-Ғылыми жаңалық ашқаның дүрыс, ұлым. Тек уақтылы демалуды да ұмытпа. Қайбір істі жасағанда да организмге күш түсірмей жасау керек. Сонда шаршамайсың. Әрі жұмысың өнімді болады.
-Оны түсінемін, көке,-деді Әділбек.
Нендей ғылыми жаңалық ашпақсың, балам?
-Жеке әлем сырын ашсам ба деймін!
--Оның не себебі бар?
-Адамзатты қателіктен сақтандыруым керек.
-Сонда ана аспан қызының жеке тағдыры саған ұнамай ма?
-Несі жақсы, көке? Жападан-жалғыз...
-Ол өмір еркіндігінде жүрген қыз емес пе?
-Ондай жалғыздықтағы еркіндікті мен қаламас едім
Әділбек осы сөзінен кейін сәл кідіріп қалды. Әке кенже үлының қас-қаағын байқап-біліп отыр. Жеке әлемнің адам баласын бір бірінен айыруға, өмірлік жалғыздыққа душар етуге апаратын жол екенін біле тұрса да, ұлына жаңағыдай сұрағын қойған еді. Енді ұлының көпшіл болып өскеніне іштей қуанды.
-Бұл ойларың дұрыс, ұлым,-деді Дәрібек сәлден соң,- «Дүнме адамға жолдас болмайды» деген қағида дана халқымызда о бастан бар. Жансыз дүние-мүлікпен сырласа алмайсың, мұңыңды да, қуанышыңды да айта алмайсың. Сол жансыз әдемі, қымбат заттар жаның ауырғанда да саған жанашыр, араша бола алмайды.
-көке,-деді Әділбек осы кезде көкейіндегісін енді ғана сыртқа шығарғысы келгендей,- Маржанды Жерге түсірсем қайтеді?
-Қалайша?
-Ол қызды біржолата Жер адамы етсем деп едім.
-Одан саған қандай пайда бар?
-Ол Жерге түскен соң өзіміздің ауыл-қаламыздың бір адамына айналады ғой.
-Сен өзің ол қызды ұнатып қалған жоқсың ба?
-Ұнатамын, көке, Осы кейінгі кездескенімде ол қыз егіл-тегіл жылады.
-Жылағаны қалай?
-Иә,көке. Солай болды.
-Не себепті олай жылағанын білдің бе?
-Менің түсінуімше, қыз жалғыздықтан жалығып жылаған.
-Ол қызға не жетпейді? Жеке әлемінде не керегінің бәрі бар емес пе? Қалаған ісін жасай алады. Біздей емес қой.
-Оныңыз рас,көке. Ол қыз ойына келгенін оп-оңай жүзеге асыра алады. Бірақ, жаңа ғана өзіңіз айттыңыз. «Жансыз дүние адамға жолдас болмайды» деп. Оның сырласатын адамы жоқ. Тек менімен кездескенде ғана мауқын басады. Онда да қол тигізусіз. Әлі күнге дейін ол екеуміздің саусақтарымыз да жанасқан емес.
-Бұл енді маған түсінікті,-деп жеңіл күрсініп салды Дәрібек,-дегенмен де, ойланатын жайт екен. Рас, ұлым, ол қыздың бізге жасаған жақслықтары көп. Тек ол қыз басқа әлемнің өкілі. Ал онымен біз үйлесе аламыз ба?
-Үйлесе аламыз деп ойлаймын,- деді Әділбек орындығын әкесіне қарай жылжытып,- соның өзі адамзатқа жасаған жақсылығымыз болмай ма? Ол арқылы жеке әлемді жоямыз ғой.
-Жойғаның қалай? Түсінбедім.
-Адам баласын жеке бастықтан арылтамыз дегенім ғой.
-Бұл ниетің дұрыс, ұлым. Тек оның өмірде жүзеге асса. Ол - жеке әлем. Ғарыш кемесі немесе кешені емес. Бұл жағы есіңде болсын. Аспандағыны Жерге түсіремін деп жүріп, жазықсыз қызды мерт етіп жүрме.
-Ондай қасіретке жеткізе қоймаймын, көке. Бәрі де ойымдағыдай болады.
-Білімің мол, көзқарасың кең ғой, ұлым. Ойымдағымды қайталай бермейін...
Әке мен баланың әңгімесі осымен тәмамдалды. Үзіліс жасап, демалатын мезгіл де келген еді. Жер ғаламшарының қиыр ғарышпен тікелей байланысты екенін о бастан білетін Дәрібек ұлымен әңгімелескеннен кейін де біршама уақыт ойға батқан. Бірақ қалай ойласа да бұл Ғаламның жұмбақтары шексіз. Оны адам баласы санасы ояәнғаннан бастап тынбай зерттеп келеді. Бірі аяқтай алмаған зерттеуді екіншісі жалғастырып алып кетеді. Сонда да Ғалам жұмбақтары таусылар емес. Ғаламның тұңғиық сырлары да уақыт өткен сайын тереңдеп барады. Ғалымдар да алдарына қойған мақсаттарынан еш таймайды. Дегенмен де Дәрібек жаңа ғана ұлы екеуінің арасында өрбіген қысқа да ғылыми мәнді әңгімеден кейін көп нәрсені есіне түсірді. Сонда да жас қыздың не себепті бұлайша жеке әлемге айналғанын толық түсінген жоқ. Оны кенже үлы Әділбек қана терең ұғатын сияқты. Жауапты да содан күткен. Дәрібекке түсініксіз болған нәрсе, үй ішіндегілеріне қайдан айқын болсын. Олар бұл жөнінде тіпті, сұрап та әуре болмайды. Ғалияны толғандырған басты нәрсе, келінінің аспан қызы болып кетпеуі. Ал жағдай тап соған қарай ойысып келе жатқан тәрізді.
Осы жолы Ғалия да, Ғаділбек, Фарида мен Фатима да Дәрібек пен Әділбектің әігімелеріне араласқан жоқ. Ас үстінде де әңгімелерінің тақырыптары басқаша болған. Әйел заты не айтсын, күнделікті ішер асының , киім-кешегінің, үй ісінің мәселелерін қозғайды. Өздерінің тұрмыстарын бақуатты отбасылардың тұрмыстарымен салыстырады. Бұл түсінікті жайт. Дәрібек пен Әділбек ондай әңгімеге тек бас шұлғумен шектеледі. Сөйте отырып ой-армандарымен басқа әлемді шарлап кетеді. Кейде Дәрібек Ғалия әбден сөйлеп болғанда: «Жаңа немене дедің?» деп те қалады. Ондайда Ғалия кәдімгідей ызаланып айтқанын қайталамай қояды. Дәрбіек дұрыс тыңдамағынан кешірім сұрап қоймаған соң, Ғалия амал жоқ айтқандарын қайталайды. Тату-тәтті, үлгілі отбасының тұрмыс-тірішілігі осылайша өтіп жатты.
Жеке әлемге қастандық
Ауыл-қала болған соң онда түрлі мінез-құлықты адамдар өмір сүріп жатады. Олардың бірі ғылымды, ғажайып көріністі түсінеді, енді бірінің огндайды көргісі де, түсінгісі келмейді. Оның үстіне өздерінің күні кеше ғана ешкімге елеусіз, ескерусіз жүрген сыныптасының бүгінде есімі әлем халқына әйгілі ғалым болғанына қуана бермейді. «Ғалам керек болса, жалпы халыққа керек. Бізге не қажеті бар оның. Мына шар табиғатымызды бүлдіреді. Бір күні бәрімізге қастандық жасап жіберсе қайтеміз?» күңкілдегендер де аз болмаған. Мұндай қысыр сөздер жай кезде де, елеңдеп, есіріп тұрған бір топ баланың құлақтарын көтерген.
Бұл топтың мықтысы қыр мұрынды, үлкен көзді келген, шашы қысқа Қаржаубай есімді бала. Сол қысқа шаштарының кірпі инелеріндей тікіреюі де бұзақылыққа ыңғай беріп тұрғандай болып көрінеді басқаларға. Одан айналасындағы балалардың бәрі де қорқады. Қаржаубай тіпті, ауыл-қаланың ана көшесі мен мына көшесінде тұратын тұрғындарды нешетүрлі қысыр сөздерімен бір бірімен жауластырып та қоятын.. Өзі бастайтын. Содан төбелес шиеленісіп, талай бала таяқ жейтін. Ондайда өзін ұстатпауға шебер. Сол Қаржаубай енді жаңа бір жаңалық ашқандай болып, өзінің тобын жинған. Құрамында өзін қоса санағанда он бір бала бар. Көбі өзінің үйінің айналасындағы пәтерлерде тұрады. Шақыруға оңай. Бәрінің үйінде бір-бір бейнетелефон. Сонымен сөйлеседі де, алдын ала келіскен жерде жинала қояды.
Ал бүгінгі бас қосуларының өзіндік себебі мен ерекшелігі бар еді. Қаржаубай төбелескер құрамын ауыл-қаланың сыртына жиналуға шақырған. Ондағы ішкі ойын жиналғандарға білден айта қойған жоқ. Оны өзімен үнемі бірге жүрген бала ғана біле алмақ. Балалардың бәрі де аспаннан осында қандай да бір жарық шашқан шардың төмендеп келіп, Әділбекпен жүздесіп, тілдесіп, қайта көтеріліп, ізім-ғайым болатынын білетін. Ал бірақ дәл қазір бәрінің сол жарық шашатын шар көрінетін жаққа қарай батарынын ешқайсысы да ойлаған жоқ. Топтың мықтысы жеке әлем шарының ауыл-қала маңына қай кезде келіп, қай кезде қайта кететінін әбден бақылып, зерттеп алған. Сондықтан сондай уақытқа сай тобын жинаған. Қаржаубайдың мұндай құпия жоспары кез келген ғалымның жоспарынан асып түседі. Егер ол осындай қасиетін ғылымның қандай да бір саласын зерттеуге бағыттаса, онда ол қабілетті ғалым болып шыға келер еді. Бірақ Қаржаубай жетесінде жоқ болғандықтан білімге де, ғылымға да ұмтылмайды. Ал бірдемені бүолдіру, қирату, ұрлау жағына келгенде алдына жан салмайды. Төңірегіне балаларды жинауға да, әлденеге жұмсаіға да шебер. Балалардың өздері де оның соңына қалай еріп кеткендерін де байқамай қалады.
Алдын ала белгілегнген жерге уақытында жиналған соң Қаржаубай балалардың әрқайсысына мынандай сұрақтар қойды.
-Сен аспаннан келген жеке әлемнен қорқасың ба? – деді біріне.
-Жоқ, мен одан қорықпаймын,-деді Қалиолла есімді бала.
-Ал сен ше, Жетпісбай? –деді Қаржаубай оған қадала қарап.
- Мен де одан еш қорықпаймын.
-Жақсы, егер одан қорқатындарың болса, осы бастан бірден айтыңдар,-деді Қаржаубай Темірхан, БОлат, Әбен, Қазыбек есімді балаларды көздерімен шолып өтті.
- Жоқ! Біз де қорықпаймыз одан! –деп шу ете түсті олар.
-Ендеше, бітті, келістік. Бәріміз ол жеке әлемді жоқ етеміз!
-Қалайша? – деп оған таңырқай қарады Қалиолла.
-Немене, қорқа бастадың ба?
-Жоқ! Қорықпаймын! - деді Қалиолла.
- Тағы да айтамын. Қорқатындарың осы бастан айтыңдар!
- Қорықпаймыз! Барамыз! Жоямыз, ол жеке әлемді! – деп шулады Қаржаубайдың жақтастары.
Жап-жас болғанымен балалар көп нәрсені бүлдіре алады. Мәселе, олардың әлі мектепте оқитындарында емес, айлаларының қаншалықты мықтылығында. Қаржаубай соған сенген. Айласы – сәулемен алыстағыны жандырып жіберетін лазерлі қару. Оны ол үйінен алған. Бүгінде мұндай қару ешкімге де тансық емес. Кез келген адам ақшасы жетіп жатса, дүкеннен оп-оңай сатып алады. Бірақ жастары кәмелетке толмағандардың қолдарына мұндай қарулар түсуге тиісті емес. Қаржаубайдың әкесі ауыл-қаладағы бір мекемеде жүк көлігін жүргізуші. Табысы мол. Соған сай тұрмысы да жақсы. Сондықтан әкесі де ұлының құр оқу оқығанынан гөрі түрлі жолмен табыс тапқанын қалайды. Сол мақсатта ол үйіне қарулардың түр түрін жинаған. Тұрмысы жақсы болған соң үйге заттардың көп жиналатыны заңды. Қаржаубай бұл ауылға өзінің бұзақылығымен жақсы белгілі. Сондықтан да оны көпшілік ұнатпайды. Соны білетін ол анау-мынау сөзден өзін аулақ ұстауға тырысып, алыстап жүреді. Сол бастық бүгін айналасына жинаған балалрын ертіп, ойындағысын жүзеге асыруға келеді.
Қаржаубайдың соңына ергендердің бәрі бірдей бұзақы емес. Іштерінде әке-шешелерін сыйлайтындары да көқп. Тек кейде Қаржаубайдың дегенінен шыға алмай қалады. Кейде балалықтары ұстап, әлденені бүлдіруді, ұрлауды қызық санайды. Осы кезге дейін бәрі талай рет ұрлыққа да түскен. Соның бәрінде де бақыттарына қарай қолға түскен емес. Ұрлап алған небір заттары әрқайсысының үйінде жасырулы тұр. Ондай олджа таудың жолы жеңіл болған соң қызықпай қайтсін. Өткен жолы өздері Әубәкір деген кәрі шалдың саяжайна қрлыққа түсіп, Алма, Өрік және басқа да жемістерін алып кеткен. Онда да ешкім байқамаған. Ол ол ма, жаз айларында талай қызықты істер жасаған. Көше бойында иесіз тұрған жеңіл көліктердің есіктерін ашып, ішінен анау-мынау заттарын да алып кеткен болатын. Көлігін бірнаша минуттарға иесіз қалдырып кеткен көлік иелері табан астында небір заттарын таппай зар илеген. Осындай сәтті ұрлықтарынан кейін Қаржаубайға ерген балалар тегін заттардың дәмін біліп алды. Шімірікпей өтірік айтатынды шығарған. Топ болып алып, ауыл-қаладан тыс жерлердегі сай-салада нешетүрлі жағымсыз ойындарды да ойнауды бастаған.
Тек бүгінгі құпия әрекеттің құпия масатын Қаржаубайдан басқалары білмейді. Ал Қаржаубайдың ішкі мақсаты – аспаннан келіп-кетіп жүрген жеке әлемді жою. Оған әлдері келе ме, келмей ме, ол жағында жұмысы жоқ. Айналасындағыларды қорықпауға үгіттеп алған соң олармен бірге ауыл-қала сыртына қарай асыққан. Қаржаубайдың қолында мылтық. Онымен көп қашықтықтан оқ атуға болады. Лазер оғы анау-мынау техниканы оп-оңай жандырып жібереді. Қаржаубайдың миы сабақты жақсы оқуға жетпесе де, осындай қастыққа әбден жетеді. Ол жағынан алдына жан салған емес. Бүгінгі ойын да ешір адал адам баласы келмейтін ой еді.
Бәрі діттеген сайға келіп жеткенде, Күн де батыс көкжиекке жасырынып үлгерген еді. Күн батқан соң-ақ оның шапақ сәулелерінің аспанға қарай шаншылатыны белгілі. Аспанда шарбы бұлттар болғандықтан Күн сәулесі сол бұлттардың ашық жерлеріне еніп, бұлттарды неше түске бояғандай болады. Күннің шығыс көкжиектен шығардағы сәлелерінен гөрі батар кезіндегі сәулелері әлдеқайда әсерлі келеді. Аспандағы түрлі түстер, олардың түрлі құбылуы ғажап көрініс. Күннің өзі де батар тұста жанып біткен оттың шоғына түскендей қып-қызыл болып кетеді. Бірақ қзір ол ғажайып көріністерге зер салып тұрған ешбір бала жоқ. Бәрі де өздерінің ойындарымен әуре. Қаржаубай өзінің ішкі жоспарын ойын арқылы сынақтан өткізуді ойлаған. Онысын түсініп жүрген балалар жоқ. Қаржаубай әкесінен жасырып алып шыққан лазерлі мылтығын дайындап, алдын ала қойылған нысанға қарай сәуле атты. Әуелі өзі бастап берген соң басқа балалар да кезегімен қраудан лазер сәулесін жарқыратты.
Біраздан кейін нысананың мейлінше алысқа орнатып дәл көздеуге жаттықты. Балалардың көбі лазер сәулесін нысағнаға дәл тигізе алмады. Дәл тигізген, дәл күйдірген бірен-саран бала ғана мәз-мәйрам болып жатты. Сөйтіп жүргенде, қас қарайып, аспанда мың-сан жұлдыздар жыпылық қаға да бастаған. Қарудың басты ерекшелігі, түн мезгілінде де кез келген нысанды дәлдеп жоюға мүмкіндік береді. Атудың қызығына балалар уақытқа қарар емес. Лазерлі мылтықтан түн мезгілінде отты оқ атқан тіпті де қызық еді. Қарудың үстіне орнатылған әмбебап дүрбі арқылы сонау көзге көрінбейтін жердегіні де дәл жоюға мүмкіндік береді. Балалары соны көру үшін кезекке тұрып, қайта-қайта атумен болды. Лазерлі қарудан суәле оғын атуға жаттығатын уаықттары біткен соң балалар Қаржаубайдың жанына жиналған. Қаржаубай балаларды осындай бір қиын іске ь жұмсарда түрлі айла әдіспен осылайша көңілдендіріп алатын. Бүгінгі әдіс-айласы да сәтті өтті. Енді ең қажетті істі жасайтын мезгіл де келген.
Шамалыдан соң ауыл-қала жатқан алдыңғы қос шамы жарқыраған жеңіл көлік көрінді. Оның Әділбек екені белгілі еді. Қаржаубай оны балалардың бәрінен де бұрын байқаған. Ол енді лазерлі қаруының жай-күйіп тағы бір көзімен шолып өтіп, сайдың етегіне қарай түсті. Балалар соңынан ерген. Бәрі жаттыққан жаунгерлердей топ жазбайды. Атағы шыққалы күні кеше ғана бір сыныпта оқыған Әділбек бір бөлек те, өздері бір бөлек. Ол бейнебір тау шыңына шығып кеткендей де, өздері сай ішінде қалғандай. Жеңіл көлік сай жанындағы жолмен өте шықты. Бұларды Әділбек байқаған жоқ. Адал адамның ойына жаман нәрсе қайдан келсін. Сөйтіп тұрғанда айнала –төңірек қайта таң ата бастағандай жарықтана берді. Қаржаубайдан басқалары бұл жарықтан аздап шошып та қалды. Өәткен, ел арасында: «Аспаннан келген қыз өзіне қажет деген адамын қандай да бір құпия тарту күшімен тартып алып кетеді екен» деген лақап сөз тараған болатын. Ал Қаржаубай оны біле тұрса да сыр берер емес. Ондай қауесетке сенбейтін. Ондай лақап сөздерді айтқандарың өздерін қайран қалдырмаққа, сөйтіп, елге атын шығармаққа бекінген. Сол ой-арманына жетуге жақын қалғандай еді.
Жарық моля бере Күн шығатын шығыс көкжиек үстінен жарқырап бір шар көрінді. Жақында, шағын демесе, аспандағы Айдан аумайды. Қаржаубай қаншалықты қу, зерек болса да осы сәтте үнсіз қарап тұрып қалды. Шар Ай сияқты бафу, көзге білінбейтіндей көкке қарай өрлеген жоқ. Ол аспанда кәдімігідей, көзге білінетіндей жылдамдықпен жылжыды. Ол аспанға қарай өрлемеді. Қажетті биіктігін алған соң Жер бетіне параллел сызық бойымен жылжи ұшты. Ұшу жолы Әділбек тұрған жаққа бағытталған. Ол жеңіл көлігінен сыртқа шығып, екі қолын жоғары көтеріп, шарға белгі беріп тұр. Шар ұшу биіктігін азайта-азайта Әділбекке жақындады. Жақындаған сайын шардың ішінен небір ағарғандар мен қарайғандар анық көрінді. Балалар оған жер бетінде етбеттей жатқан бойда қаншама қадалып қараса да, ештемені ажырата алмады. Оның ішіндегі қызды да көрмеді. Мұнда бәрін анық көріп жатқан Қаржаубайдың өзі ғана. Ол қолындағы қуатты лазерлі қаруының көп еселік дүрбісін солай қарай бұрған.
Ол сәлден соң шардың бір шетінен жерге тиген кең тепкешектермен төмен қарай түсіп келе жатқан қызды көрді. Қыз өзінен де жас екен. Айдай сұлу. Қаржаубай мұндай аруды тек қазақ ертегілерінен оқитын. Суретші салған суреттеріне қызыға қарайтын. Ал мына қыздың сұлулығында шек жоқ. Сұлулықтың не екенін осы кезге дейін сезініп көрмесе де, енді аңырып тұрып қалған. Енді бір кезде Әділбек ол қызға мейлінше жақындап, оң қолын соған қарай созған кезде Қаржаубайдың бойын ерекше бөлек бір қызғашыш сезімі билеп, алаңсыз, аңдаусыз тұрған Әділбектің сол иығының астын туралап, мылтықтың лазер сәулесін ататын шүріппесін басып қалды. Бірақ соның артынша:
- Әділбек! – деген қыздың дауысы шықты.
- Болды, кеттік! – деді Қаржаубай бар істі тындырғанына мәз болып.
Бәрі сол етбеттей жатқан бойларында жылдам еңбектей кеәін қарай жылжыды. Сол жылдамдықтарымен сай ішіне түсіп те үлгерді. Одан әрі не болып, не қойғанында жұмыстары болған жоқ. Ең бастысы, бәрі де жаңағы лазер оғынан кейін Әділбектің сау қалмайтынын жақсы біледі. Сай ішінмен жүгіре-жүгіре ауыл-қалаға да жетті. Сол бойда кідірместен бәрі өзді-өзді үйлеріне тарасты. Ешқайсысы ешкімге ештеме айтқан жоқ. Қаржаубай өзінше маңғаз. Таудан Арқардың бір құлжасын атып алып келгендей үйге сыймай бір шығып, бір кіріп жүр. Әкесі оған есу аударған жоқ. Қараубай қуатты лазерлі қаруды жасырын тазалап, ештеме болмағандай өзінң орнына қойған. Біраздан соң ол өзінің бөлмесіне еніп, жаңа ғана бірге болған достарымен бейнетелефон арқылы сөйлесті. Әзірге сырттан болған оқиға жөнінде ешқандай хабар болған жоқ. Өздерінің топшылауларынша, Әділбек әлдеқашан мерт болып, аспан қызы шошып, өз жөнімен кетсе керек. Осындай тұжырыммен қылмысқа қатысқандардың бәрі демалуға жатқан.
Ең бақытты сәт
Кенеттен қандай да бір қарудан атылған сәуле оқтан көз алдында құлап түскен Әділлбекті көрген қыздың екі көзіне ыстық жас үйрілген. Әділбек мұндайды ешқаұан да басынан кешпеуі тиісті еді. Жазымыш боламын десе ештеме де емес. Қыздың байқауынша, лазерлі қарудан шыққан сәуле оқ Әділбектің жүрегінің төменгі тұсынан тиген. Енді оған жедел дәрігерлік көмек көрсетпесе, оның мына жарық та жылы дүниеде тірі қалуы да екіталай. Қыз соны түсініп тез әрекетке көшкен. Бұл Әділбектің үйінен қорғағыш комбинезонын өзі үшін кимей шыққанының нәтижесі. Қыз оны да бұдан біразз бұрын-ақ білген. Әділбек бұл жолы әкесінен рұқсат сұрап, қызбен табысуға бел буған. Сөйтіп қызға жақындай бергенде сәуле оғынан есінен танды.
Ал комбинзонын киіп шықса, оның аттас магнитті кері тебу өрісі өзін қызға жанастырмақ емес.. Мынандай жағдайға түспегенде, қыз аЯушылық сезіміне түсіп, осылай жақындамас па еді. Әділбекті сәуле оғымен атқандар кейін шегініп, зым-зия болған соң-ақ қыз жеке әлемін жермен толық жанастырған. Бұлайша жанасуы алғаш рет. Әдетте жеке әлем шары жер бетінен сәл биікте қалықтап тұрады. Енді шар жер бетімен Әділбекке қарай домалады. Жер бетінде ес-түссіз шалқасынан жатқан Әділбекке жеттті. Содан соң жай адам байқай бермейтін шыны есік айқара ашылды шардың бір шетінен. Сол есіктен қыз шықты. Жігіт болса да қыздың бұл әрекеттерінен мүлдем бейхабар, ес-түссіз. Сол жақ жаурынының төменгі жағынан қою қызыл түсті қан сорғалап жерге ағып жатыр. Түнгі салқын да адам денесін түршіктіретін еді. Ал Әділбек болса, қазір салқын болмақ түгілі қар жауып, аяз болып кетсе де ештемені сезер емес.
Қыз Әділбекке әбден жақындаған соң екі қолын алға қарай қатар созды. Одан соң екі алақанын аударып, аспандағы жұлдыздарға қаратты. Содан соң екі көзін тарс жұмып, біршама уақыт бойы қозғалмай тұрды. Осы кезде әлдекім сиқырлағандай Әділбектің денесінен ағып жатқан қан кілт тоқтады. Бірақ жігіт әлі есін жиған жоқ. Содан қыз оған қарай еңкейіп барып жерге тізерлей отырды. Оған енді Әділбектің жүзі ап-агнық көрінді. Қыз Әділбектің аяқ жағында отырған бойда әлденені күбірлеп айтты. Содан кейін екі алақанын жігіттің денесіне жақындатты. Сол сәтте Әділбек біреу қолмен түрткендей қозғалды. Қыздың қос алақаны қалай қарай қозғалса, жігіт те солай қарай ауады. Бұл қыз үшін тансық емес ем еді. Ол жігітті жеке әлем ішіне алудың әрекетін осылай бастады.
Сәлден соң жігіт қыздың екі алақанының үстінде жатты. Қыз ешқандай да салмақты сезінген жоқ. Бейнебір жігіт қаңбақ адамға айналып кеткендей. Қыз сол бетімен шарға қарай жүрді. Өзіне белгілі шыны есік арқылы ішке кіріп, кең тепкешекпен жоғары қарай көтерілді. Содан соң арнайы жедел дәрігерлік көмек көрсететін күрделі жүйелер бар бөлімге өтті. Онда қыздың көптеген биотұлғалары бар. Қыз кірген бетте-ақ миынан «Дәрігерлік көмек керек» деген ақпаратты оықған биотұлғалар қызщдың қос алақанының үстінде қалқып жатқан жігітті арнайы арбаға салып, келесі бір бөлмеге еніп кетті. Қыз оған кірмеді. Өзінің әдеттегі бір жұмсақ орындығына отырып, ойға шомды. Жеке әлеміндегі жеке өмірге қанша қалыптасса да, мына бір ғажайып сезімнен арыла алмайтынын көзі жетті. Жігіті алыста, аспанда, жеке әлемінің ішінде жүргенде біршама ұмытса да, енді оны көргенде сол сезім шырмауына қайта түсті, Ол сезімнен шыға алмай қалады. Махаббаттың уақытша сезім екенін жақсы білсе де оны амал жоқ мойындайды.
Содан қыз қасындағы уақыт көрсеткішіне қарады. Небәрі бірнеше минуттар ғана жылжып өтіпті. Бұл Жер уақытының бірнеше минуты олғанымен өз ғаламшарында көп уақыт, ұзақ мезгіл. Мұндай аз ғана уақыттың ішінде жеке әлем шарымен кеңістіктің қаншама аймағын шарлап ұшып үлгереді. Қыз енді иегін сәл ғана жоғары көтерді. Осы кезде осы бөлмеге кіріп келе жатқан жігітті көрді. Жігіт мына өзіне әзірге бейтаныс ортаға үйрене алмай кідіртіктеп жүріп келеді екен. Оның себебін қыз іштей бірден түсінді. Жігіттің бұл жүрісінен оның жаңағы ауыр жарақатынан лезде таза айығып кеткенінің айқын белгісі еді. Жүзі жылы, көңілі шат. Қыз жігіттің ішкі ойынан оның өзін дәл қазір бұл дүниедегі ең бақытты адам ретінде санайтынын да білді. Жігіт өзіне мейлінше жақындағанда Маржан отырған орнынан еріксіз тұрып кетті. Екеуі алғаш рет тең дәрежеде, теп-тегіс еден үстінде бір бірімен бетпе-бет жүздесті. Әділек енді созған оң қолының қызға ешбір кедергісіз жететінін белді. Батылданып қызға жақындай түсті. Содан соң кілт тоқтап, оң қолын қызға қарай созды. Қыз да соны қайталады. Екі ыстық алақан алғаш рет жай ғана жанасты. Екі жас жүрек те шымырлап ала жөнелген. Біршама уақыт екеуі бір бірінен көз тайдырмай тұрды. Тап бір бірінің көздерін, шаштарын, жалпы бет-әлпеттерін барлайтындай. Әділбек түс көргендей. Әлі де болса, оң қалының алақанының қыздың оң қолының алақанына жанасқанына сенер емес. Егер осы бақытты сәт Жер бетінде,ауылында болса, бәлкім қуаныштан шыдамай айғайлап та жіберер ме еді. Өзінің биікте, үлкен шардым – жеке әлемнің ішінде екенін бір сәтке де есінен шығармады.
Қыз да қолын кейін қарай тартып алуға асықпады. Бір бірін құлай сүйген екі ғашықтың алғашқы ләззаты осылай басталды. Ыстық алақандар, нәзік сезімдер екеунің де тұла бойын баурап алған.
-Жаңа маған не болды, осы,-деді сәлден соң Әдібек қыздан көздерін тайдырмай тұрып, әлдеқандай нәрседен қатты қатты ұйқтап кеткен сияқтымын.
-Иә, ұйқтадың,-деді қыз риясыз жымиып.
-Сен маған қолыңның ұшын жеткзбеуші едің. Мені мынандай ғажайып жеке әлеміңе енгізбеуші едің...
-Иә, Әділбек, солай еді. Уақыт бәрін де өзгертті, бәрін де... Енді міне, осылай болды...
-Бұл тек менің түсім болмаса екен,-деді Әділбек аналаға таңдана қарап.
Сол кезде Әділбек қабырғадан өзіне таныс шоқжұлдыздың бейнесін көрді. Жерден аса биік емес кеңістікте қалықтап тұрған жеке әлемнің ішінде екендерін анық білді. Жеке әлем десе жеке әлем екен. Не керектің бәрі де бар мұнда. Әділбек бір сәтке ойға шомып, әкесі екеуі жасаған тебу өрісін тудыра алатын көмбинезонды есіне түсірді. Ол да осындай жеке әлемге қарай бастайтын бастама емес пе еді? Дер кезінде кездескен мына қыз.
-Сен менімен түсіңде емес, өңіңде кездесіп тұрсың, Әділбек,-деді қыз.
Бұл сөзді есіген бойда Әділбек қыз қолын жібермей оны өзіне қарай тарта түсті. Қыз қарсыласпады. Бұл жарық та жылы дүниеге қыз бала болып келгені өзінің қолына қолы алғаш тиген жігіт еді Әділбек. Онда да өзге ғаламшардың жігіті. Жалғыздықтағы өмірі бір жалықтырса, өзіне тең жас жігіттің кездеспегені тағы қиналтқан. Егер мына ғажайып ғалмшардың төңірегінде осылай қалып қоймағанда, мұндай бақыт құшағына жетпес еді. Енді қыздың өзіі де осы бақытына сенер-сенбес күйде тұр. Бақыт адам баласына қонамын десе де, кетемін десе де демде екен. Егер әділбекке қастандық жасалмағанда әлі де дәл осылай қол ұстаспай, белгілі қашықтықта тұрып жүздесіп, тілдесіп, жеке әлем шарымен аспанға қайта көтеріліп кетіп жүре бермек екен. Енді мәне,екеуі де өмірдің ең бақытты сәтіне кенелген.
Ғашықтар енді сол қол ұстасқан бойда қатарласы, жіңішке кілем жолшаның үстімен әлдеқандай бір есікке қарай жүрді. Әділбек әзірге ештемені түсінген жоқ. Бірақ мұндағы компютерленген күрделі жүйелер тансық емес-ті. Сондықтан қыздан олар туралы сұрамады. Шындығына келгенде, шар аса үлкен емес те екен. Оның бір ерекшелігі, ол қажет кезде лезде ұлғаяды, лезде кішірейеді. Тіпті, пішінін де өзгерте береді. Ал мына алдарындағы кең сияқтанып көрініп тұрған орта айнала орнатылған әйнек-айналардан екен. Әділбек алғашында: «Мына өзі жұлдызаралық кеме ме? Әлде шар ма?» деп те қалған. Бірақ дәл қкзір Әділбекке оның сырын анықтап білгеннен гөрі қыздың ыстық алақанынан айырылмағаны артық. Сондықтан қазір қыздан бұрын сөйлемеуге тырысқан. Есік ашылған бетте алдарынан ауыл-қла, оның бергі сыртындағы сай мен қыр ұшырасты. Әділбек оны көрген бойда кілт тоқтады.
-Біз қайда келдік, Маржан?-деді аң-таң болып.
-Сенің туылып өскен ауылыңа,-деді қыз сіл жымиып.
-Қалайша? Ол үшін мына шар – жеке әлем ауыл-қалама жақындауы тиісті емес пе еді?
-Шардың төмендей бастағаны қашан. Тек сен оны байқамадың.
-Ғажап! Бұл менің кіндік қаным тамған жерім! Мына қыр үсті екеуміздің кездесіп жүрген жеріміз емес пе?
-Дәл айтасың,әділбек!-деді қыз тағы да жымия қарап.
Осы кезде барып Әділбек шардан төмен қарай ылғи қыз түсетін кең тепкешектің пайда болғанын көрді. Екеуі ол тепкешкетермен қол ұстасқан бойы жайымен төен қарай түсе берді. Тепкешектердің біткен шеті жермен жанасқан екен. Сәлден соң екеуінің аяқтары жерге де тиді. Сол замат алдарынан жай ғана үрлеген салқын самал тыныстарын кеңейтіп, көкірек сарайларын ашты. Жеке әлем жайымен жылжып кейіндей берді. Қыз оған бұрыла қарап тұрды. Ішінен әлденені айтқанда, шар кілт тоқтап, шамалы сығылғандай болды. Әділбек оған қарап тұрса да, бар ойы жанындағы Маржанға ауды. «Шар кетсе кетер, Маржан кетпесе екен жанымнан» деп ойлады Әділбек. Қыз оның бұл ойын да оқып үлгерді. Шармен жұмысы біткен соң қыз Әділбекке қарай бұлырған.
-Таң атқанға дейін әлі уақыт бар,-деді қыз әдемі жүзін Әділбекке қаратып.
-Таң тезі атпаса екен,-деп Әділбек аспандағы мың-сан жұлдыздарға қарады.
Жұлдыздарда күнә жоқ еді. Олар Жер атмосферасындағы ауа түйіршіктерінің қозғалыстарынан жыпылық қақандай болады. Кейбір жұлдыз ақ лағылдай лапылдайды. Кей кейде «жұлдыз» ағып түседі. Жарықтау «жұлдыз» аққанда қыздың әдемі жүзі анық көрәінеді Әділбекке. Дас ғалымға керегі де сол. Ондай сәтте қыз жүзін анықтап көріп алуға тырысады. Қанша қараса да, мауқы бір басылмайды. Жиі-жиі қарай береді, қарай береді. Ара-тұра қызды құшағына қысады. Бөгде жұлдыз жүйесінің өкілі деп мұлдем ойлмайды. Мұндай ыстық сезімді бастан кешірудің қандай бақытты сәт екенін тілімен айтып жеткізе алмайды. Қыз да қатты толқып тұр. Алғашқы махаббат, алғашқы жігіт құшағы қандай әсерлі еді. Екеуі бір бірне тіке әрі ұзақ қарайды. Қарайды да бір бірін тарта түсіп, түннің салқын ауасында жылынғандай болады. Бір біріне бауыр басқаны сондай, енді тіпті, айналада, аспанда не болып, не қойып жатқанымен жұмыстары да жоқ. Енді Әдішлбектің өзі де қызбен тұтасып, бейнебір жеке әлемге айналып кеткендей.
Осылайша екені түнның тыныштығында ауыл маңында ұзақ қыдырды. Жамырай жыпылық қаққан мың-сан жұлдыздардың асында екеуі алғаш рет сыр ашысты. Әділбек осы жолы қыздан көп нәрсені білді. Мұндай пәк сезімді, адал сезімді, парасатты, білімі терең жас қызды бұл дүниеге шыр етіп келгені Әділбек кездестіргеніне өзін шексіз бақытты жан саанады. Қызды жанынан бір сәтке де алыстатқысы келмеді. Ол да солай. Өзінің жалықтырған жеке әлеміне қайтып барғысы жоқ. Әділбекке де керегі сол. Ол енді алдағы жоспарын ойлай бастаған. Онысы – Маржанды мына жеке әлемінен біржолата қалай ажыратып алу. Бірақ қыз тап бір аквариум ішіндегі балықтай болып, бірқалыпты температура, біркелкі күнкесте, уақтылы және басқа да жайлы жағдайға организмі қалыптасып кеткендіктен мынандай кең далада, ауасы таза аймақта, көп жүре алмайды. Әділбектің іштей қиналғаны да осы жағы еді. Ал оның бәріне мән бермей қызды ауылға алып кетемін десе де енді күші жетеді. Қыз да оған қарсы емес. Бірақ онан біржолата айырылып қалу бәрінен де қауіпті еді. Сондықтан да бұл бақыт сәті ұзаққа созылмады. Амал жоқ. Таңы қылаң берген мезгілде, аспандағы жұлдыздар жарық қойнауына еніп, көрінбей кеткен сәтте жігіт пен қыз бір біріміен уақытша қоштасты.
Қыз жігіттің ыстық құшағынан жайымен ғана шығып, оі қолының алақандарын жылжыта тартып алып, Әділбекке әлі де қимай қарап, өзінің жеке әлеміне қарай жүре берген. Соңынан жігіт ерген. Енді қызға кетпеуге, жігітке үйіне оралмауға болмайды. Сондай көңілсіз сәт туған. Екеуі жеке әлемге жақындағанда, манағы кең тепкешек көрінді. Оның арғы жағындағы мөлдір шыны есік те енді Әділбекке белгілі. Қыздың қайта ұстасқан сүйкімді алақаны Әділбектің алақанынан сусып шыға берді. Қазір екеуінің де мауықтары біршама басылған-ды. Соның лебімен тағы біраз уақытқа алыстайтындарын ойлап, іштей қиналмады.
-Сау бол, әділбек! –деді Маржан жеке әлемінің кең тепкешіегінің ең төменгісіне оң аяғы тигенде.
-сау ол, Маржан! – деді Әділбек, - біз әлі кездесеміз!
- Иә, біз әлі кездесеміз! – деді қыз.
Маржан жылдам басып тепкешектердің ең биігіне шыққан кезде әлгі мөлдір шыны есік ашыла берді. Қыз сол есік арқылы жеке әлем ішіне еніп көзден ғайып болды. Әділбек бақыт сезімінен есеңгіреп қалғандай екі қолын кеуде тұсына айқастыра ұстаған күйде үнсі тұрып қалған. Бір кезде жеке әлем ертеңілігкте батыс көкжиектен көрінген толған Ай секілді аспанға қарай көтерілді. Енді ғана түнгі ұйқыдан оянған адам осы түннің ішінде осындай бір ғажайып кездесудің, сырласудың өткенін білмес еді. Таң атпай іздеп шыққан бір топ адам айдалада жападан жалғыз дін-аман тұрған Әділбекті көріп қайран қалды. Әкесі Дәрібек бірнші болып жетті ұлына. Ұлы болса түндегі ыстық сезім мен ыстық құшақтың әсерінен әлі де арыла алмай мең-зең тұр. Әкесі сол қолынан жайымен ғана ұстаған кезде ғана селт етіп, бұрылып, онымен қатарласа ауыл-қалаға қарай жүре берді.
Ашылған қылмыс
Әділбекке қастандық жасаған топ түн мезгілінде жұмыстарын бітіріп, ұйдіүйіне тарасқаннан кейін дүние тыныштанғандай болған еді. Қаржаубай бүгін де әдеттегісінше ерте тұрып, жуынып-шайынып, ертеңгілік жаттығуларын жасап, таңғы асын ішіп ерекше көңілді жүрді. Содан соң кешелі бері қолы тимей сөмкесін ашып, бүгінгі болатын сабақтарын білді. Сөмкесінен бір оқулығын алып, екіншісін оған салып қойды. Содан соң асханадан салқын су ішіп, сыртқа шыққан. Сол бойда көшеде бір-бір сөмке арқалап мектепке қарай кетіп бара жатқан ощушылардың соңынан ерді. Ешкіммен жұмысы болған жоқ. Неге екені белгісіз, түнде бірге болған достарының бірі де көшеде көрінейді. Бейнебір бәрі де бүгін сабаққа баруды қойғандай. Қаржаубай әдетте көкіректеніп, маңғазданып жүретін. Бүгін басқашалау болып қалған. Жұрт көзіне тіке қарай алмайды. Түндегі жасағандарын қаншалықты білдіргісі келмей, қаншалықты жасырса да, ішкі дүниесі оған ерік бермейтіндей.
Қырсыққанда, мектепке кетіп бара жатқан оқушылардың қай қайсысы да түндегі жасаған қылмыстарын біліп қойғандай бұрылып қарамайды, амандаспайды. Бәрі асығыс. ОЛардың бәрі де шын мәнінде де мектепке ертерек жетуге, сабақ оқуға мейлінше ынталы. Қаржаубайда ондай ынта-ықылас әуел бастан болған емес. Бірінші сыныпқа барған кезінде сабақ оқу қызық көрінген. Бір-екі сыныпты артқа тастаған соң сабақтан жалыға бастаған. Ал бүгінде мүлдем ынтасы жоқ. Бүгін бір сылтау айтып сабаққа бармас та еді, бармауға түнде жасаған қылмысынан қорықты. Әділбектің лазерлі қаруынан шыққан сәуле оғынан шалқасынан құлағаны анық. Қаруының дүрбісі арқылы қарағанда Әділбектің сол жақ жаурының төменгі жағынан қою қызыл түсті қанның ағып жатқаны да көрінген. Тек оны өзі ғана байқап үлгерген еді. Сол бір сәт көз алдынан кетпей қалыпты. Көз алдына қайта-қайта елестей де берген. Дәл қазір, мектепке қрай асығып келе жатқанда да есіне түскен. Әншейінде батылданып, ешкімнен қорықпай, жалтақтамай жүретін Қаржаубай енді «Әй» деген дыбыс естіле қалса, селт ете қалатын да болған. Ауыл-қала көшесінде жеңіл көлік атаулы аз жүреді. Көбі сырт жолмен кетеді. Бұл жақсы ойлап табылған ақыл еді. Оқушылардың көше бойымен жаяу жүргенденіне де жақсы, қауіпсіз. Сондықтан да ауыл-қала көшелері қашан да жаяу адамдарға толы. Жеңіл көліктер ілуде бір ағып өтеді.
Енді сол сирек жүретін көліктер де Қаржаубайға қауіп. «Кім біледі, тәртіп сақышылары түндегімізді біліп қойса кез келген жерде ұстайды бізді» деп бір ойлап қояды ішінен. Сөтйіп, мектепке ертерек жетсе, бір қатерден біржолата құтылатындай болады. Әншейінде жап-жақын көрінетін мектеп те енді жеткізер емес. Өзінінен бейнебіпр алыстап бара жатқандай. Қаржаубай ара-тұра аспанға да көз тастап қояды. Өйткені, әлгі шардағы қыздың өзін бақылап-барлап жүруі де мүмкін. Негізінде өзінің бастапқы жоспары Әділбекті ату емес, шарды жою болатын. Сөйтіп, өзінің негізгі жоспарын жүзеге асыра алмады. Екі ортада әділбек сәуле оғына ұшты. ОНдай сәттерде өзі қандай да бір әрекет жасамаса, достарының алдында беделі түсетін. Сондықтан да шарға әлі келмейтінін сезген бойда сәуле оғын Әділбекке қарай бағыттаған. Бұл оқиғаға дейін де Қаржауай тыныш қалған жан емес. Бірде өзіне сеніп тапсырып үйге кіріп кеткен жақын ағасының жеңіл көлігін айдап кеткен. Сабақ оқымаса да, ондай техниканы бақаруға батыл. Сол көлікке мініп жүріп оны қалай басқаруды әбден көріп-біліп алған. Сөйтіп бір шу шығарған.
Ал түнде жасағандары нағыз қылмыс. Адамға қаратып лазерлі мылтықтан сәуле оғын ату деген өзінің әкесінде де, ата-бабасында да болған әрекет емес. Сондықтан енді тұла бойын бір өкініш пен қорқыныш сезімі билеп те алған. Анасы да өзінің бір нәрсені бүлдіріп келетінін сезіп еді-ау! Бірақ Қаржаубай ештеме айтпады. Сол айтпаған күйінде анасымен бірге ас та ішкен. Тек екі көзін төмен салумен отырған. Енді тек анасы емес, мына айналадағы жұрттан да қуыстанады.Бір қорқынышты сезім бойын билеп те алған. Оның үстіне көшеде достарының бірі де жоқ. Бәрі бір бірімен құпия түрде келісіп, бүгін сабаққа бармайтын болып келісіп қойғандай. Қаржаубайдың ойынша, енді біраздан соң іздеушілер Әділбектің өлі денесін ауыл-қала сыртынан табады. Содан соң оны кімнің өлтіргені іздестіріледі. Мұнда лазерлі қару ұстайтын адамдар да сирек. Сол жағынан келенде өзін тауып алу оңай тәртіп сақшыларына. Осыларды ойлағанда Қаржаубайлың бойын қорқыныш сезімі билей түсті, жан-жағына жиі-жиі қарай берді. Бірақ, қанша қорықса да, өзіне демеу болар достарының бірі де көзіне шалынбады.
Қаржаубай енді өзінің жалғыз қалғандай болды. Соны сезінді. Енді бұлайша мектепке барудың да қажет жоқ-ты. Көңіл-күйі күрт түскен. Жүрісі де баяу. Айналадағылардың бәрі де өзіне қарап: «Сен қылмыскерсің. Аулымыздағы есімі әлемге әйгілі ұлын өлтірдің. Сазайыңды тартасың әлі» деп анталап тұрғандай. Қаржаубай сәлден соң кілт тоқтап, сәл ойланды да, кейін қарай жүрді. Енді қарсы алдынан ұшырасқандардан ұяла бастағандай. Әрбір кедескен ересек адам, оқушы жұзіне бір қарап өтеді. Қаржаубай өзінің ел алдында мұншалықты ұятты жағдайда қалатынын ойламаған еді. Енді өзін қоярға да, жасырарға да жер табар емес. Үйіне де барғысы келмеген. Оның реті жоқ. Әкесі мен анасы мектепке бармай жарты жолдан неге қайтып келгенін сұрамақ. Ендеше, олардан да алыс жүруге тура келеді. Қаржаубай енді үлкен көшеден сайға қарай бұрылды. Үй-үйдің арасындағы шағын жолдармен жүріп, ауыл-қаланың сыртына шықты. Сол кезде түнде ғана өздері қылмыс жасаған жері көзіне түсті. Бірақ Қаржаубй онан өліп жатқан адам денесін көрмеді. Бейнебір ол жерде ешкім болмағандай, ештеме болмағңандай. Енді ол жерді жақындап барып анықтап көрмекке бекінді. Бәрібір түске дейін айналысатын ісі де жоқ-ты.
Ауыл-қала іші әзірге тыныш. «Бәлкім, әділбектің өлі денесін жеке әлемдегі жас қыз алып кеткен шығар?-деді Қаржаубай ішінен,-ал ондай жағдайда оны үй-іші іздеуі керек қой». Қаржаубай бұл сұрағына жауап таба алмады. Содан соң өзі тұрып лазерлі мылтығынан Әділбекке қарай сәуле оғын атқан жерге қарай жүрді. ОНдағы ойы – «Түндегі шардан әлденелер жерге түсіп қалмады ма екен?» дегені еді. Жеке әлемдегі жас қыздан қандай да бір қымбат зат түсіп қалса, керемет олжа болмақ. Осы ой Қаржаубайды шар қонған жаққа қарай жетеледі. Аяқтарын жылдам басып, шар төмендеп жерге қонған, Әділбек оған жақындаған түсқа барды. Онда да ешкім, ештеме жоқ. Әділбектің денесінен аққан қарқошқыл түсті қан әлдеқашан қара топыраққа сіңіп кетіпті. Бөтен адам аңғарып қарамаса, мұнда қанды оқиғаның болып өткенін білмейді де екен. Қаржаубай қан төгілген жерді аяқ киімінің ұшымен түртіп, жан-жағынан топырақ жинап, көміп тастады. Содан кейін қайта бұрылып, кетуге ыңайланғанда, осы жерден Әділбектің аяқ киімінің ізінен басқа тағы бір аяқ киімнің іздерін байқады. Ол іздер ауылдан Әділбекті іздеп келген адамдардың іздері емес еді. Қаржаубай іздердің бойымен олай да, былай да жүрді. Сонда барып ол іздің жеке әлемнен жерге түскен, Әдішлбекке жақындап, қайта қайтқан жас қыздың ізі екенін түсінді. Ештеменің байыбына бара алмады. Енді ауыл жақтан біреу-міреу келе қалып: «Сен мұнда не істеп жүрсің?» деп сұрай қалса, айтар жауабы дайын. Тіпті, бұл тамаша жаңалық болмақ ауыл тұрғындары үшін. Өйткені, аспан қызы жеке әлемінен жерге түсіп, дәл осылай жер басып жүрген емес. Ал мына іздері сайрап жатыр.
Қаржаубай сәлден соң ерінбестен аспан қызының іздерін саусақтарымен адмдатып өлшеп те көрді. Жас шамасы он төрт, он бестегі жас қыздың аяқ киімінің ізі. Еш айырмасы жоқ. Ол Әділбек пен аспан қызының осы маңда серуен құрғанын да білді. Сөйтіп, кейін қарай бұрылып жүре берген еді. Кенет аспанда бірдеме жарқ ете қалғандай болды. Қаржаубай жоғары қараған сәтте тап өзіне қарай аспаннан құлдилап түісіп келе жатқан жеке әлемді көрді. Осы кезге дейін оның дәл осылай тік құлдилағанын көрген емес-ті. Оның үстіне бұл құбылыс күндіз орын алып тұр. Қаржаубай не қаша жөнелерін, не қозғалмай тұра берерін білмей қатты састы. Енді үй де алыс, мектеп те сондай жерде. Екі жағына да қапелімде жету қиын. Енді үйіне барып тығылса да, мектепке барып жасырынса да қылмысы ашылады. Ал мына тас төбеден төмен қарай құлдилап келе жатқан немені тоқтату, қайтару еш мүмкін емес. Оның үлкендігі де, бойынан шығарған жарығы да адам шошырлық. Қаржаубай жеке әлемнен қайда қашып құтыларын білмей олай да жүгірді, былай да жүгірді. Қалай қарай жүгірсе де шар төбе тұсынан еш аумайды.
Енді біраздан соң Қаржаубай тынымсыз жүгіру мен қорқыныштан пора-пора терге түсті. Сөйтіп, төбе тұсындағы шардан құтыла алмайтынына көзі жете бастады. Енді біраздан соң сөмкесін былай тастай салып, екі қолының алақандарымен төбесін жауып жерге отыра кетті. Шар сонда да төбе тұсынан аумады. Қаржаубайға енді жасайтын әрекет қалмады. Қашып құтылатын жер де жоқ, болса да. Қайда барады. Төбе тұсындағы шар еш кетер емес. Неге мініп қашса да, шар оп-оңай қуып жетпек. Ендігі қорғанышы – төбесіне қойған екі алақаны. Жіпсіз тұтқынға түскен соң не шара жасай алсын, мұнан басқа. Екі алақанымен төбесін қатты басып үнсіз отыра берді. Сол кеде төбе тұсындағы шардан:
-Сен қылмыскерсің! – деген аспан қызының дауысы шықты.
Қаржаубай мұны естісе де жоғар қарай алмады. Жауап сөз де айта алмады. Сол төбесін қос алақанымен жапқан күйі отыра берді. Сол кезде шардағы қыз тағы да:
-Сен қылмыскерсің! Сен жаықсыз адамға қарай лазерлі қарудан сіуле оғын аттың! – деді.
-Мені кешір! Енді ондай іс жасамаймын! – деді Қаржаубай сол төмен қарап отырған бойында,- Басымнан бір қателік өтті! Кешір мені!
- Сені ауыл-қаланың бүкіл тұрғыны іздеп жүр. Әділбекке қарай сәуле оғын атқаныңды бүкіл ел біледі. Мұндай қылмысқа не үшін бардың?
-Мен ол сәтте ештеме ойлаған жоқ едім,-деді Қаржаубай жоғары бір қарап қойып.
-Сенің миыңдағы бүкіл биоэлектр дабылы менің миымда жазулы. Оны меннен жасырамын деп әуре болма.
-Мен сеннен ештемені жасырып отырған жоқпын, аспан қызы. Мен емес бұл іске бастаған. Достарым.
-Достарыңды сатпа. Бұл ең жаман қасиет. Надан адам ғана жолдасын сатады мұндайда. ОЛардың еш кұналары жоқ. Өзің бастаған!
-Оның бәрін қайдан білесің?
-Миыңдағы биоэлектр дабылдарынан. Менің миымда бәрі жазулы. Өтірік айтып әуре болмағаның жөн.
-Бәрін біліп тұрсаң, меннен несін сұрайсың? – деді Қаржаубай әлі де қос алақанын төбесінен алмай, басын оңға қарай сәл қисайта жоғары қарап.
-Сен өйтпе. Онан да бар шыныңды айт. Өз қателігіңді толық мойында.
-Егер бар шынымды айтсам, маған ештеме болмай ма?
-Ол жағын ауыл-қалаңдағы халайық, қариялар алқасы шешеді. Халқыңның салт-дәстүрін ұмытып па едің?
-Мектепте мұғалім оқытқан. Білемін.
-Білсең, солай.
-Мен ештемені жасырған жоқпын. Әкемнің лазерлі қаруын сынақтан өткізбек болғанмын.
-Мұндай жалған жауабың мені қанағаттандырмайды. Мына менің күрделі құралдарым сенің ішкі дүниеңде не олып, не қойғанын толық көрсетіп тұр. Сен әуелі Әділбекке емес, мына менің жеке әлеміме сіуле оғын атып, жоймақ болдың. Солай емес пе?
-Иә, солай ойлағаным рас,-деді Қаржаубай амалсыздан, - бірақ мен сенің шарыңа қарай сәуле оғын атқан жоқпын ғой.
- Сен жауаптан тағы да жалтарып барасың. Мен өтірік айтатын жігітті ұнатпаймын.
-Не деп жалтардым, жауаптан?
-Сен не үшін әділбекке сәуле оғын аттың? Не күнәсі бар еді, оның?
-Бұл сұрақты жаңа да қойдың. Мен шарға қарай оқ атпақшы болдым да, олай етуге қорқып, лазерлі мылтығымның тұмсығын Әділбекке қарй бұрдым.
-Сен қылмыскерсің. Нағыз қылмыскерсің. Егер мен құтқарып қалмағанда, Әділбек сол бойда бақилық болатын еді.
-Оны білемін. Енді Әділбектің өзі қайда?
-Ол үйінде. Ауыл-қала адамдарымен, тәртіп сақшыларымен бірге сені іздеп табу ісіне дайындалып жүр.
-Мені бір жолға кешіріңдер. Мен бұдан былай мұндай қылмыс жасамаймын.
-Сен өзі сөзіңде тұра аласың ба?
-Сөзімде тұра аламын.
-Сабақты жақсы оқисың ба?
-Жақсы оқуға уәде беремін.
Қаржаубай осы жауабын айтқанда ауыл-қала жақтан бірнеше жеңіл көлік көрінді. Өзін іздеп шыққан адамдар екенін бірден сезген Қаржаубай енді тіпті де қатты толқыды. Енді ешқайсысынан да қашып шығатын жол жоқ еді. Аспандағы жарық шардың қылмыстың ашылғанын, қылмыскердің ұсталғанын білдіретін дабыл бергенін де Қаржаубай енді түсінді. Жек әлем шарының кең аймаққа Күнше жарқырап көрінетіні де белгілі. Осы кезге дейін күндіз көрінбейтін жарық шардың бұлайша көзге түсуінің өзі бір жаңалық еді. Оны түсінген жұрт та осылай қарай ағылған. Жаңағы топ жеңіл көліктер келіп жетісімен олардың алдыңғысының ішінен Әділбек асыға жерге түсіп, жеке әлемдегі аспан қызына қарады. Мән-жайды айтпай-ақ түсінді. Аспан қызы да Әділбекке махаббаттың терең бір сағынышты сезіммен қараған. Ауыл-қала жұрты да жиналып қалған. Шар кетпестен әлі биікте қалықтап тұр. Алғаш көрген адамдар шарды шағын ғана Жер ғаламшарына да ұқсатқан.
Келгендердің бәрі де жеке әлемнен көз алмайды. Ғажыйып бір көріністің куісі болып тұр. Бұл бір жағынан тамаша жаңалық. Қаржаубайдың қылмысы себебімен Маржан қыз алғаш рет ауыл-қала тұрғындарымен жүздесті. Онда да мынандай күндізгі уақытта. Әділбек қызбен қысқаша ғана тілдесіп, халайққа қарай бұрылып былай деді:
-Құрметті халайық! Сіздер өдеріңізге көптен бері жұмбақ болып жүрген жеке әлеммен, оның иесімен, мен Маржан атаған қыбен жүздесіп тұрсыздар! Маржан өте қарапайым, инабатты, ыжлдаһатты, білімді, парасатты қыз. Маржан Жер шарымыздың ыстық аймағында жоғалып-табылған ғалым әкем Дәрібекке, ғалым ғаларым мен өзіме көп көмек көрсеткен. Сондықтан бұл қыз жөнінде бөтен ой болмасын. Жеке әлемнің бұлайша келуіне кеше түнде мына Қаржаубай бастаған балалар тобның жасаған қылмыстық істері себеп болып тұр. Осы түні Қаржаубай әкесінен жасырып алып шыққан лазерлі қаруынан ту сыртымнан сәуле оғын атқан. Ол ажалдан мені осы аспан қызы арашалап алып қалды. Әйтпесе, мен әлдеқашан о дүниеде болар едім. Осы қыздың биотұлғаларының жедел дәргерлік көмектерінің арқасында тірі қалдым. Ал мына Қаржаубайға қандай кесім айтасыздар, ол жағы енді үлкендер, өздеріңіз білесіздер.
Жұрт гулесіп, күбірлесіп, қозғалып кетті. Үлкендер жағы бір біріне қарасқан. Айналада тұрғандар болса да, Қаржаубайды көздерімен атып тұр. Қаржаубай болса, басын көтеріп, халайыққа қарауға дәтсіз. Қанша тәрбиесіз, қанша бұзақы болса да дәл осы сәтте оның ар-ұяты оянғандай. Әділбек кең адам. Ешқашан ешкімге жамандық ойлап көрген жан емес. Көп жағдайда өзіне жамандық жасаған адамға да жақсылық жасай салады. «Таспен атқанды аспаен ат» деген әке сөзін ақыл тұтады. Қазір де Қаржаубайдың қастандығына кешіріммен қарап, кесімді үлкендердің өздеріне беріп тұр. Үлкендер жағы да есімі әлем халқына әйгілі жас ғалым Әділбектің парасатты шешіміне қолдау көрсеткен. Оған үлкен құрметпен қараған. Үлкендер жағы қазір Қаржаубайға өте қатаң шара қолданғанда Әділбектің онысын қолдамай араша түсетінін де түсінді. Сондықтан да үкімді осы ауыл-қаланың ең жасы үлкен ақсқалы Жақсыбай атты.
-Мұндай қылмыс әдетте кешірілмейді,-деді ол Қаржаубайға, одан соң жиналған халайққа қарап алып,-сонда да Қаржаубайдың әлі мектеп оқушысы екенін ескеріп, бұл қылмысын бір жолға кешірелік. Ал әкесіне лазерлі қаруын мұқияттап ұстамағаны үшін ескерту айтайық. Бұдан кейін Қаржаубайдың қолына лазерлі мылтық ұстағанын көрсек, сол замат оны тәртіп сақшыларына тапсырып, бас бостандығынан айырамыз. Сондай үкім шығаратын боламыз. Осы үкіміме қалай қарайсыздар?
Айналада тұрғандар бастарын изесті. Оны Әділбек те қолдады. Әділбектің жақсы бір қасиеті - қарсыласынан дос жасауға тырысады. Мұндай қателікті бетіне бас бергеннен гөрі оны түзетуге күш салады. Ондайда көөп адамдар қастығын ұмтып, шынайы досқа айналады. Сондай бір ықылас қізр де болып жатыр. Әділбек ақсақалдың үкімін айналадағылар қабыл алғаннан кейін Қаржаубайға өзінің ренішін білдірді. Қаржаубай көпшіліктің алдында Әділбектен кешірім сұрады. Сөйтіп, Қаржаубай жасаған қылмыс осылайша ашылып, осылайша кешірілді.
Көпшіліктің назары енді аспандағы шарға ауған. Ол шар ішіндегі әп-әдемі жас қыз Әділбекке ұзақ қарады. Қыз да бұл шешімді жөн саған еді. Артынша шар жайымен ғана аспанға қарай көтеріле берді. Көпшілік онан әлі де көз алмай тұр. Мән-жайды тұрғандардың бірі түсінсе, бірі түсінбеді. Ең бастысы, ауыл-қала тұрғындары шардың ішінде адам баласының барын білді. Жеке әлем көкке шырқай көтеріліп, көз ұшында қалған кезде Әділбек көпшілікке ауыл-қалаға қарай жүруді білдірді. Қайтуды ақсақалдар бастады. Қаржаубай өзін әлі де қылмыскер сезініп, ыңайсызданып, жұрттың соңында оңаша келеді. Оны іштей қинаған нәрсе, осы оқиғаның тек ауыл-қала жұртына ғана емес, күллі әлем халқына тарайтыны еді. Есімі елге әйгілі адаммен болған оқиғаның халыққа тез тарайтыны әу бастан жасқы белгілі. Қаржаубай қанша білімісз болса да, бұл жағын жақсы біледі. Енді жаман атын шығарып алғанына өзі де қатты өкінеді іштей.
Түзелген қателік
Ғылыми зерттеу институтының ғалымдары соңғы кездері өздерінің басты салаларынан гөрі басқа істермен көп айналысып кетті. Оның басты түткісі Дәрібек жасаған комбинезон еді. Оны ол осы кезге дейін жасырып киіп келген. Басынан өткен оқиға оның ашып берді. Бірақ бұл қылмыс емес еді. Осы ғыжыайып комбинезонның арқасында Дәрібек те, Әділбек мен өзге ғалымдар да ыстық аймақтағы ормандағы қатерлерден аман қалды. Бұл комбинезонды енді ғалымдар қайда барса да үстерінен шешпейтін болған. Бүгінде бұқаралық ақпарат орындарында бұл комибинеон жайлы көп айтылатын, көп жазылады. Кейбір ғалымдар оны өз бетінше жасап та алған. Комбинезонның пайдасын көріп жүрген өзге де адамдар бар. Бірақ сол комбинезонның болашағын ешқайсысы да барламайды. Ғылымның қай саласында да солай. Әуелде жақсы жаңалық ашылғандай болады да, уақыт өте келе оның пайдалы жағымен қатар зиянды жағы да айтыла бастайды. Ал мына ғажайып комбинезоннан зиян келеді деп ешкім де ойлаған емес. Ғалымдар мұндай комбинезонмен қаншама сапарларға шығып, соның арқасында қншама қатерлерден аман қалды. Сол комбинезонның да болашағының тұманданғандығын байқамаған. Адам баласы қай кезде де кездейсоқ қатерден өзін қорғаудың жолын іздеген. Адам қанша саналы болас да кенттен кездесткен, кенеттен өзіне шабуыл жасаған нәрседен зымырай қашады. Ал әлі жететін болса, онымен қарсыласады, күш қолданады. Кейбір адам сондайдан өзін қорғайтын құрал алып жүреді өзімен бірге үнемі. Мұндай қорғаныстың адам баласының алғашқы қауымдық құрылысында жүзеге асқаны белгілі. Ал мәдени даму қнша жоғарыласа да, адам санасы қаншама тереңдеп, білімі молайса да қорғану әдеті қалған емес. Ол әдет тіпті, техника мен технологияға толы қалада да күшейген. Дәрібектің өзі де комбинезонын бір жолы бұзақылар өзіне шабуыл жасағаннан кейін ойлап тапқан болатын.
Ал мына жеке әлемдегі аспан қызы ғалымдарға мүлдем басқа ой салған. Адамның өзін айнала қоршаған ортадан бөлінуі оның жеке әлемге айналуына апарып соқпақ. Мына Ғаламда да жеке жұлдыздардан гөрі жұп жұлдыздар мен жұлдыз жүйелірі мен жұлдызаралдары көп. Ал мына аспан қызы жарық та жылы дүниеге келген ғаламшардың тұрғындарының не себепті жеке әлемге дыдырап кеткендері белгілі еді. Ғалымдар оның мәнісін дұрыс түсінген. Комбинезондарының жайын жақсарта берсе, әрбір адамның жеке әлемге айнала бастауы да ғажап емес. Сонда бір бірін ұнатқан жігіт пен қыз, болашақ жас жұбайлар қайтпек? Уақыт өткен сайын, Жер ғаламшарының балығы таусылып, жағдайы қиындаған сайын адам баласының әрбірінің өз басын ойлауы табиғи түрде күшейе береді. Ғалымдар бұл жағын да ой елегінен өткізген.
Ал бір жағынан қарағанда, адам баласының жеке басының қамын ойлауының сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастау алғаны айқын көрінеді. Ендеше, бұдан әрбір адамның жеке басының қамын ойлауының Жер ғаламшарының байлығының азаюына немес таусылуына байланысты емес екені айқындалады. Осы себепті, ғалымдар әрбір адамның не себепті жекелікке құмар екенін жарыта алмаған. Бір қаланың өзінде пәтерде жеке тұратын қаншама адам бар. Тіпті, үлгілі отбасының кей мүшелері де жеке тұрғанды қалайды. Ғалымдардың зерттей келе, жеке әлемге айналған адамдардың сол жекелікке жүйкесінің тыныш болғанын, қандай ісін де еркін орындай алуын, сөйтіп, тұастай бас бостандығында болатынын қалауынан туындайтынына көз жеткізді. Байқап, барлап қараса, Дәрібек жасаған комбинезон адам баласын сондай жеке өмірге бастайтын кішкентай баспалдақ екен.
Соңғы кездері ғалымдардың бұл мәселеге аса назар аудара бастағандарының мәнісі де осында еді. Бүгін ғалымдар өздерінің зертханаларына жиналып, осы мәселені талқылаған. Дәрібек сөз сөйледі. Өзінің ғылыми ізденістерінің неден басталып, немен аяқталғанын айтып өтті. Бионика ғылыми зерттеу инститітында ашылған бұл жаңалық халықты елең еткізген. Әр жер, әр жерде осындай комбинезондар жасап, киіп алып, төбелес ұйымдастырғандар пайда болды. Комбинезон сонымен бірге басқа да қауіпті жағдайларға пайдаланыла бастады. Мұндай аттас магнитті кері тебу өрісті комбинезондар көп жерлерде қажет те еді. Тек соны шектен шығармаса. Тіпті, осы Күн жүйеміздегі Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың арақашықтықтарының біркелкі сақталуының өзі де осындай тебу өрісіне байланысты. Ондай кері тебу өрісі болмаса, Күнде болатын аса қатты жарқылдан туындайтын магниттік дауыл Жерге, елге, күллі тірішілік иелеріне зиян келтірер еді. Ғалымдар бұл жағын да ұмыт қалдырмай сөз еткен. Магнитсіз өмір бос. Адам баласының бейнесі де, дыбысы да магниттік таспалаға жазылып жатады. Дәрібек өзінің жасаған сісінің елге пайдалы жақтарымен қатар зиянды тұстарын да жасырмай айтты.
Адам баласының жекешілікке үйренуі – жеке әлемге барар жолекені айқындала түсті. Дәрібек ойлап тапқан комбинезонның пайдалы жақтары да көп еді. Оны киген талай адам небір күтпеген қатерлерден аман қалды. Ол әлі де қажетті дегенжерлерде қолданылады. Ғалымдардың көпшілігі дерлік болса да комбинезонның пайдалы жағын сөз етеді. Әділбектің тапқырлығы жөнінде академик Мұрат Сақтағанұлы күлдіре отырып әңгімелеген. Осы ғалымдардың ішіндегі ең жасы да, ең жігерлісі де Әділбек. Мұндағы көпшіліктің назары да негізінен соған ауған. Ол қанша білімді болса да өзін ғалым ағаларынан жоғары етіп көосеткен емес. Қашан да сыпайылық сақтап, ағаларының ақыл-кеңестерін тыңдап жүргені. Ғалымдар да оны осынысы үшін қатты құрметтейді. Сол құрметті көтере білудің өзі де үлкен ақылдылықтың көрінісі еді.
Бүгінгі жиын Дәрібектің жаңалығына арналғандықтан негізгі әңгіме де соның төңірегінде өрбіген. Мұнда жиынның соңына таман Әділбек сөз алды.
-Құрметті ағалар, -деп бастады ол сөзін,-б.үгінгі бас қосдың әкем Дәрібектің ғылыми жаңалығына арналып отырғаны белгілі. Көптеген жақсы пікірлер айтылды. Әкем де өз пікірін ортаға салды, алғысын білдірді. Біз жақсы дүние жасадық. Ол арқылы көптеген адам өмірін кездейсоқ қатерден қорғадық. Бірақ оның болашағына көз жіберсек, әрине, қателесіп те бара жатқандай боламыз кейде. Бүгінде жұлдызаралық соғысқа қолданылып жүрген ғаламат күші бар қаруларымыз бен жарылғыш заттарымыздың шығуы тарихы да кішкентай жарылғыш затты жасаудан бастау алған жоқ па еді? Рас, ең алғашқы динамит көпір салу үшін тасты жерлерді қопару мақсатында жасалды. Оның болашағының неге айналып кеткені бүгінде бәріңізге Айдан анық белгілі, бәрііздің көз алдарыңызда. Мен әкемнің ғылыми еңбегін жоққа шығармаймын. Әкемнің өз өмірін сақтап қалған да осы комбинезон еді. Бірақ мұндай комбинезонды халықтың қолына жеткізудің еш жөні жоқ. Сондықтан да мұндай комбинезонды тек ерекше қиын жағдай туғанда ғана қолдансақ. Мен өзім Маржан атап кеткен аспан қызымен көп жүздестім, көп сырластым. Оны бәріңіз де жақсы білесіздер. Сол жүздесулерімде көп нәрсені біліп, ой елегінен өткіздім. Әрбіріміз жеке әлемге айналар болсақ, мына Жеріміздің атмосферас мен биосферасы талан-таражға түсіп, Жер ғаламшармыз Кұн жүйеміздегі жыпырлаған атмосферасыз, биоссферасыз ғаламшарлардың кебін киеді. Ондай ғаламшарлардың қай қайсысының да тірішілікке мүлдем қолайсыз екені бесенеден белгілі. Бар мәселе де сондай қатерден осы бастан сақтануда. Менің әкем жасаған комбинезон да жеке әлемге апаарар жолдың басы. Сондықтан мұндай комбинезонды жапаай шығаруды тоқтатқанымыз жөн. Жеке әлем қасіретін көріп жүрген аспан қызы да менің бұл ойымды қолдаған.
Ғалымдар Әділбектің әкесі алдында ашық айтқан бұл батыл сөздеріне қайран. Одан кейін біргеше есімді ғалымдар сөз алған. Олардың бәрі де Әділбектің айтқан сөждрі мен ұсыныстарына қолдау білдірді. Дәрібектің өзі де білім мен ғылым жетістіктерін дұрыс пайдаланбаған жағдайда неге апарып соғатынын ескертіп өткен. Жақсы көретін, болашағынан мол үміт күтетін ұлының бұл пікірлеріне қарсы емес екенін айтты. Содан соң ғалымдар комбинезонның ерекшеліктерін тағы бір ой елегінен өткізу мақсатында онымен толығырақ танысты. Әділбек өткен жолы мұндай комбинезонның адам өмірін қатерден сақтап қалуда қандай рөл атқаратынын көрсеткен. Мұндай комбинезон жөнінде сырттай естігендері болмаса, оны дәл қазігідей көзбен көріп, қолмен ұстамаған еді көпшілігі. Әділбектің осындай комбинезонмен қиын жағдайда шебер әрекет жасай алғанына көп ғалым әлі де қайран. Солай бола тұрса да, бұл жиында айтылған пікірлерден кейін комбинезон осы ғылыми зерттеу институтының зертханасынан сыртқа шықпауы тиісті. Ғалымдар осы тұрғыдан комбинезонның болашағына шектеу жасады. Ендігі мәселе де алдағы уақытты қателік жасап алмау. Ғалымдар бұл бас қосуды кеткен қателіктерді түзеу үшін ұйымдастырылған бас қосу деп таныды. Одан кейін ғаымдар аспан қызымен қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін сөз етті. Әділбек бұл жөнінде де көптеген пайдалы пікірлер айтты. Мәзіліс көпке созылған жоқ. Осы мәселелер талқыланып болған соң ғалымдар өз жұмыс орындарына тараған. Әке мен ұл бір бағытпен кеткен. Әке ұлының жаңағы айтқан дәйекті сөздеріне іштей дән риза еді. Қателігін мойындағын адамның парасаттылығы бұл. Дәрібектің де, ұлы Әділбектің де бойында мұндай қасиет о бастан бар-ды. Сол қасиеттері екеуін ғалымдар арасында сыйлы, құрметті еткен.
Жаңа қауіп
Ғалымдардың кейінгі мәжілісінен кейін бар мәселе толығымен шешілгендей еді. Бірақ аңызға айнала бастаған өткендегі оқиғаны халық ұмыта ала ма?Уақыт өткен сайын ол жөніндегі әңгімелер жанданып, түрлене түскен. Қай пенде өзінің өмірінің қатерсіз болғанын қаламайды. Кез келген кездейсоқ қатерден сақтайтын аттас магнитті тебу өрісті жүйесі бар комбинезон әрбір адамға қажет. Соңғы кездері ол жөініндегі мәселелер мерзімді баспасөзде де жиі жариялана бастаған. Енді радио мен телеарналардан да айтылуда
Енді ондай ғажайып комбинезонның құпияын халықтан сақтап қалудың өзі де қиын еді. Ғалымдар өткізген мәжілістің осы комбинезон жөнінде болғаны да енді айқын болды. Дәрібекті іздеушілер, онымен сөлесуге ниет білдірушілер көбейді. Көпшілік тап бір атақты балгерлерге бас ұрғандай Дәрібектің үйіне де келетінді шығарды. Енді халықтың бұл сапырылысын тоқтату қиынның қиыны еді. Сондықтан Дәрібекке Орталық телеарнадан сөз сөйлеуіне тура келген. Ол сөзінде өзі жасаған комбинезонның зиянды жағының барын да айтып өткен. Соңынан өзін экраннан көріп, сөздерін мұқият тыңдап отырған халықтың түрлі сұрақтарына жауап беруге көшкен. Бірақ ғажайып комбинезон жөніндегі түрлі әңгімелерді естіген халық Дәрібектің жауаптарына қанағаттанбады. Дәрібекті экраннан көрушілердің дені жергілікті тұрғындар еді. Комбинезонды киген адам расында да «Алпамыс» жырындағы Алпамыстың отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын қасиетіне ие болатындай еді. Комбинезонға ешқандай қарудың оғы дарымайды, отқа күймейді,. Суға батпайды, қара жерге соғылмайды. Ешбір адамның сілтеген жұдырығы да, суық қаруы да комбинезонға жетпейді. Елді елеңдеткені комбинезонның осындай ғажайып ерекшеліктері еді.
Бұл – жаңа қауіп еді. Қаупі бүкіл халықтың ондай комбинезонды жаппай сатып алуға деген ынта-ықласы.Газеттер мен журналдардың беттерінде: «Комбинезон неге шығарылмайды?», «Комбинезон неге дүкендерге сатуға түспейді?», «Комбинезон қару атаулыдан қатерлі ме?», «комбинезон – адам өмірінің сақшысы» деген мақалалар көптеп жарияланды. Радио мен телеарналардың тілшілері оларды қайталап, комбинезон жайын онан сайын жандарыа түскен. Көптеген адамдар Бионика ғылыми зерттеу институтына бейнетелефон қоңырауын соғып, кейбіреулері оған барған. Ғылыми институтқа келушелірге негізінен Әділбек жауап берімен болды. Осыдан кейін ғалымдардың арасында «Дәрібек жасаған комбинезон пайдалы ма, зиянды ма?» деген пікірталас туындай бастады. Кейбіреуі Дәрібекті, кейбіруі басқа ғалымдардың пікірлерін қолдады. Енді қалай дегенде де бұл шуды басудың жолын қарастыру қажет еді. Халық қауіп төндіріп ештеме жасай қоймайды. Халық тек өтініш білдіреді. Бірақ халықтың арасында кәдімгідей қатер төндіретіндері де болады. Жаңа қауіптің негізгі мәнісі де осында еді. Ғалымдар енді соны қалай басудың жолына көшкен. Насихат көздерін пайдаланып, комбинезон жөнінде түрлі мәліметтер де берген. Халық арасында осы күннің өзінде-ақ дәл болмаса да осындай комбинезонға ұқсайтындарын жасап алғандар да кездесті. Мұның басты себебі – Жердің табиғат байлығының азая бастауы мен биосфера, гидросфера мен атмосфераның ластана бастауы еді. Адамдар аспан қызының ісін, жекелігін қолдай бастаған. Басқа ғаламшарға көше алмаған соң, биосфера, гидросфера мен атмосфераны тазалауды жүзеге асыра алмаған соң осындай әрекетке баруды жөн санаған.
Ал бұл күллі Жер халқы үшін қауіпті еді. Адам баласы саналы бола бере сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде жер бөлісті, жерге таласты. Ол жағымсыз әрекеттері келе-келе Жер шарын шарпыды. Ақыр соңында адамдар топтанып, топтанып, елдерге, шекаралы жеке-жеке мемлекеттерге айналды. Ол мемлекеттердің ішінде бөлек елдер тағы бар. ОЛарды болса да жеке отбасылары құрайды. Енді міне, сол отбасылар да бөлінбек. Әрбір адам бір-бір жеке әлемге айналмақ. Бұл мәселе енді ғалымдарды шындап толғандыра бастаған. Әділбек те енді аспан қызымен кездесуін ауыл-қаладан көп алыс жерге ауыстырған. Енді екеуін ешңім көрмейді. Аспан қызының ауыл-қла аспанынан көрінбей қалғаны халықтың жеке әлемге қарай дүрлігуін біршама басқандай болды. Бірақ аспан қызының жеке өміріне қызығатындардың дені азая қоймады. Осы күндердің бірінде Әділбек аспан қызын кездесуге шақырды. Соңғы кездері Әділбектің ондай мүмкідіктері туған. Қызды аспаннан шақыруға ешқандай да арнайы құралдың қажеті жоқ-ты. Жай ғана ойланып, кездескісі келетін ішкі ниетін аспан қызына бұрса жетіп жатыр. Сондай шақыру биотогын таратқан еді Әділбек. Қыз берген кішкентай құрал байланысқа көмекші. Әділбек кіп-кішкентай экраннан қызды кез келген мезетте анық көре алады. Емін-еркін сөйлесе де береді. Бірақ махаббат мауқымы ондай бейнебайланыспен басыла қоя ма? Ғашықтар мұндай бейнебайланыспен жүздесуден толық ләззат ала алмайды. Қашан бір бірін жүзбе жүз көргенше, қол ұстасып, бақыт құшағына бөленгенше асығады. Халық арасынан шыққан өнертапқыштар жасаған түрлі құралдар Әділбек пен Маржанның осылайша жиі жүздесілері мен тілдесулеріне басты себеп те болған сияқты.
Әділбектің қызбен кездесуі бұл жолы да әдеттегіше жүзеге асты. Ауыл-қаладан көп алыс жерде екеуі тағы да қолдарының ыстық алақандарын жалғастырды. Әділбек елде болып жатқан жаңалықты қаншама тезірек айтайын деп ұмтылып келсе де, қызды жүбе жүз көріп, қолының ыстық алақанын ұстаған бетте ерекше толқып, еміреніп, езіліп, айтар сөзін ұмытып кетіп жатады. «Махаббат тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, іштей біл» деген осы болса керек. Оның үстіне кездескен бойда елдегі жағымсыз жаңалықтарды айтып, қыздың көңіл-күйін бұзғысы келмейді Әділбектің. Махаббат сезімінің бақытты белесінде тербелгісі келеді. Бұл жолы да қаншама оқталып, дайындалып келсе де, Маржанға ештеме айтпады. Бірақ аспан қызы үшін адам құпиясы деген жоқ-ты. Ол ауыл-қалада, басқа елдерде не болып, не қойып жатқанын Әділбексіз де жақсы біледі. Әділбектің ойында не барын да түсінеді. Қыз да Әділбектің көңіл-күйінің бұзылмауы жағын ойлайды. Бірақ бұл жолы қаз шыдамады. Кездесіп, сырласып, серуендеп алған соң аспан қызы Әділбеккке былай деп сұрақ қойды.
-Әділбек, айтшы, осы өзің туылып-өскен ауыл-қалаңның тұрғындарының мен жөніндегі пікірлері қандай?
-Жақсы,-деді Әділбек,-бәрі де сенің осы жеке әлемдік өміріңе қызығады.
-Жоқ, шыныңды айтшы! – деп қыз Әділбекке отты көздерін қадады.
-Шынымды айтып тұрмын ғой,-деді Әділбек қыздан көздерін сәл тайдырып.
-Жоқ!-деді қыз тағы да,-сенің ішікі ойың басқа, айтып тұрған сөзің басқа!
-Мен жалған сөйлеп тұрған жоқпын,-деді Әділбек мән-жайды ішінен түсініп, қыздың алақанын қыса өзіне қарай тарта түсіп,- шындығы солай. Рас, сенің бұл жеке өміріңді қаламаған сәттер болды. Біздер, ғалымдар, мұндай жеке әлемнен бас тартқанбыз. Бірақ Жер ғаламшарымыздың табиғат байлығының азайып, биосфера, гидросферасы мен атмосферасының ластануы халықты алаңдата бастады. Мынандай қарқынды ғылыми-техникалық даму мен табиғатты ластаудан құтылудың жеке әлемнен басқа жолы жоқ сияқты. Осы себепті сені көрген халық осындай жеке әлемге айналуға бет бұра бастады. Жер бетіндегі барлық халық қоғамнан, ығы-жығы өмір кешетін қала атаулыдан жалыға бастаған. Кейбір адамдардың тіпті, қаладан біржолата кетіп, айдалада, орманда жападан жалғыз тірішілік кешкен жағдайлары бұдан көп уақыт бұрын да болған. Енді сондай жеке өмірге ұмтылған адамдардың саны күн санап көбейіп-ақ келеді. Ауыл-қаламдағы өзің сезіп-біліп жүрген толқулардың басты себептері осы еді. Бәрі де өзің сияқты жеке әлемге айналуды қалайды.
-Бұл өзгеріс ұзақ уақытты қажет етеді ғой,-деді қыз,- оның үстіне бұл қуанышты жағдай емес. Бұл – нағыз қасірет түсінген адамға. Жерсіз, елсіз мына шексіз Ғалам кеңістігінде сеңделіп ұшып жүргеннің несі жақсы жеке әлеммен. Егер мен осылайша мәңгілік жеке әлем болып қалуды қалаған болсам, сенімен де, өзгемен де бұлайша ешқешен де жүздеспеген, тілдеспеген, мына жеке әлем шарынан ешқашан да сыртқа шықпаған болар едім. Адам ешқашан да жалғыз бола алмақ емес екен. Бұл саналы адам баласы қызығатын әрекет емес.
-Ендеше, сен неге осы Жерде, менің елімде біржолата қалмайсың?-деді Әділбек қызды өзіне қарай тарта түсіп.
-Ол саған байланысты,Әділбек?
-Қалай?
-Сенің ішкі ниетің соны шындап қаласа, оған көнбейтін қыз бар ма?
-Сонда сенің кілтің менде ғой?
- Әрине,-деп қыз сәл бұрылды.
-Ендеше, мен сені қалай дегенде де осында алып қаламын.
-Жоқ, оған әлі ерте,-деді қыз жігітке қайта бұрылып.
-Неге?
-Халқың тынышталсын.
-Халықтың екеумізге қандай қатысы бар?
-Бар мәселе халықта.
-Ештемені түсінбей тұрмын.
-Жаңа ғана өзің айтқан жоқ па едің, халық толқуда деп.
-Халық саған еліктейді.
-Ал егер мен біржолата сенімен қалсам, халық тыныштала ма?
-Тынышталады.
-Жоқ,Әділбек. Сен олай қателеспе. Мен әзірге жеке әлеміммен аспанда боламын. Бәрін де жоғарыдан бақылаймын.
-Сонда екеуміз қашан бірге боламыз?
-Бірге тұрған жоқпыз ба?
-Бұл екеуміздің уақытша кездесуіміз ғой. Өмірлік бірге болудың жөні басқа.
-Оны түсінемін,Әділбек. Әуелі халықтың жаңа қозалысын, жаңа қаупін тоқтатайық. Қалған мәселемізді содан соң шешеміз. Менің Жер бетінде болатын уақытым таяп келеді. Жер ауасы қанаш үйренгенімше ауырлау болады ғой. Оны да түсін. Ұмытпа.
Әділбек шамалы ойланып қалды. Сөйте тұра қыздың жүзіне қайта-қайта қараумен болды. Ауыл-қаласында да өзіне лайық, әдемі де ақылды қыдар көп. Бірақ бойындағы махаббат сезімін аяғына дейін жеткізбек Әділбек. Жігіт пен қыздың бір біріне еркін қарап тұрғанын, шыдамай, көпшіліктің көзінде-ақ құшақтасып, бір бірін иіскелеп бір бірін көздерімен түсінетін сәттерін талай рет көрген. Ондайлар кейде аймаласып та тұрады. Ондайларды Әділбек ешқашан да жақтырған емес. Енді міне, сондай бір ғажайып махаббат сезімі өзінің де бойын билеп алған. Адам бойында махаббат сезімінің болатынын ғылым да жоққа шығармайды. Ол тіпті, адам организміндегі химиялық заттармен де байланыстырылады. Отбасылық махаббаттың төрт жылға созылатынын, онан кейін де тату-тәтті өмір сүретін жастардың жағдайларының жақсара беретіні жөнінде Әділбек басылымдардан кһөп оқыған. Қалай дегенде де, махаббат сезімінің не екенін, оның ыстық сезімін саналы адам баласы ғана біледі. Аспан қызы дейтін есімге ие болған Маржанмен жылы аймақта жүздесіп тілдескелі бері бойында да, ойында да, ішкі сезімінде де көп өзгерістер болған Әділбектің.
Әділбек қызға кірпік қақпай қарағанда да, көп толқығанда да осыны ойлаған еді. Қыз да Әділбекті қимайды. Уақыт өткен сайын қыздың тыныс алуы жиілеп, тұла бойын бір әлсіздік билей берген. Соны сезген Әділбек екіарадағы әңгімені тоқтатып, қызды жеке әлемі шарына дейін шығарып салды. Қыз шар есігін аттаған бойда тіріліп, қайтадан күш алып өз өзіне келді. Шар ішінен Әділбекке қол бұлғады. Бұл да қол бұлғап тұрды. Тұла бойын билеген терең сезімнен әлі де болса арыла алмай қатты толқыды Әділбек. Осылайша екеуі ұзақ қоштасты. Бұл ұзақ қоштасу екеуінің енді көп уақыт бойы кездестпейтіндіктерінен емес, бір біріне деген ғашықтық сезімдерінің күштішігінен еді. Сонда да болса, оны іштей жеңіп, ауыл-қала тұрғындарының қауіпті әрекеттерін басудың әрекетіне көшуге тырысты. Әділбек енді соған асықты.
Елдегі сөз
Ауыл-қала қаншама үлкен болса да үлкен, әйгілі адам жөніндегі әңгіме ел арасына тез тарады. Енді Әділбектің әрбір қадамы мен жасаған ісі халықтың бақылауында. Тіпті, Әділбектің ғалымдығын былай қойғанда, одан ем сұрап, болашағын болжап беруді өтінгендердің саны күн санап көбейген. Әділбек аспан қызымен жиі байланыста болатындықтан хаалық оған осындай тұрғыда келетін болған. Халық бүгінде ешбір ғалымды Әділбекке тең санамайды. Әділбектің білімі де, парасаты да бөлекше. Бұл халықтың Әділбектен басқа ғалымдардың еңбектерін жоққа шығарғандары емес. Әділбектің ғалымдық талантын ерекше санағаны.
Әділбек те оны түсініп, халық сенімін ақтауға тырысқан. Өзін іздеп келген адамды ренжіткен емес. Олардың ойларындағыларын, болашақтарын шамалы болса да болжап береді. Соны естігендер соңғы кездері Әділбекке жиі келе бастаған. Бірақ олардың бәрін қабылдап, болашағын болжап отыруға Әділбектің уақыты жете бере ме? Оның ісі қашан да қауырт. Әділбекке дүние жүзінің ірі деген елдерінен келетін ғалымдар қаншама. ОЛармен кеңірек әгімелесуге де уақыт бабуы керек. Ал ел арасында тарай бастаған ендігі сөз Әділбек пен аспан қызы Маржанның отау тікпек ойларының бар екендігі жөнінде еді. Бұдан бұрын Әділбек пен қыздың түн мезгілдерінде жиі кездесіп жүретіндері жөнінде неше-қилы аңызға бергісіз сөз тараса, енді енді екеуін бір отбасы етіп қойғандары да табылған. Бірақ ондай қысыр сөздерге Әділбектің бойы үйренген. Оның үстіне «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, ол сөздердің шындығы да бар еді. Сондықтан да әділбек ондай сөздерге ренжіген жоқ.Әділбектің аспан қызы Маржанмен отау тіккені халыққа қызық әрі пайдалы. Ал Әділбектің Маржанға үйленудегі басты бір мақсаты сол арқылы халыққа жеке әлемнің қажетсідігін, адамнан, елден, жерден бөлінудің соңының қайғы-қасіретке апарып соғатынын көрсете түсіндіру және соған көздерін әбден жеткізу болатын. Ал махаббат сезімі, Маржанды құлай сүюі өз алдына бөлек нәрсе. Бұл тұста Әділбекке көздері түсіп, оған деген ішкі махаббат сезімдері оянып жүрген қыздар аз емес-ті. Жап-жас болып Жер шары халқына ерекше талантымен танылған Әділбек қай қызды да қызықтыратын еді. Тек даңқы емес, Әділбектің жігітке тән мінезі, білімі мен парасаты да қатты ұнайтын қыздардға. Біріншісі, болса да оның өте қарапаймыдылығы, екіншісі білімділігі, үшіншісі жоғары мәдениеттіліг мен парасаттылығы. Үлкендер жағы: «Құдай бұл жігіттің басына бар талантты жинап берген» деп айтып қалып та жатады. Ондай сөздер кейбіреулердің қызғаныш сезімін тудырып жатса, енді біреулері оның шындығын толық мойындайды. Жақсыға, ғажайып талантқа кім қызғаныш білдірмейді.
Әділбек даңқы Жер ғаламшары халықтарын шарпып бара жатса да бір де бір рет тәкаппарлық көрсеткен емес. Өзіне көңілі ауған қызға қол созып, онымен уақытша бірге жүріп, оны ермек еткісі, уақытын жоғалтқысы келмейді. Әділбек қашан да тазалықты, әділеттілікті ұнатады. Өтірік сөз айтқанды, жеңіл жүріске салынғанды ұнатпайды. Халық та оның осындай тамаша қасеттері үшін құрметтейді. Тек әділбектің ауыл-қаладағы қалаған қызымен сөз байласпай, аспан қызымен кездесіп жүргені кейбір адамдарды риза етпеген. «Қанша дегенмен де, ол қыз өзге жұлдыз жүйесінен келген мына Жерге, Жердегі өмірге көзқарасы мүлдем бөлек жан ғой» деген сөздер де тараған ел арасында. Бір ғана ұнамды жері – ол қыздың Жерімізден сол жұлдызды жүйедегі тірішілікті ғаламшарға бір заманда кетіп, қайта орала алмай қалған қазақ ғарышкерінің ұрпақтарынан таралған қыз екені еді. Ал өкініштісі, оларда бүгінде ұлт деген ұғым мүлдем ұмытылған. Олардың тектері тұрған ғаламшарларымен байланысты аталады. Қыз оның бәрін де біледі, іштей түсінеді. Оның аз уақыттың ішінде қазақтың салт-дәстүрлерін игеріп әкететіні де белгілі еді. Сондықтан да ауыл-қала тұрғындарының арасында бір біріне кереғар пікірлер орын алып та жатты.
Ал егер қыздың өмір тарихы керісінше болса, онда халықтың намысы күшейе түсер еді. Егер Маржанның орнында Әділбек, Әділбектің орнында Маржан болса, олнда өзгеше қызғаныш сезімі тумақ адамдарда. Өйткені, өзге жұлдыз жүйесінен келген қандай да бір жіітпен ауыл-қала қызының кездесіп, сырласып жүргені кім кімге де оңай соқпайды. Бөтен жігіттің тұқымын көбейткенге кім бас иземек. Ал мына жағдайда өзге жұлдыз жүйесінен келген әдемі де ақылды жас қыз осы ауыл-қалаға келін болып түскелі жүр. Бұл жағынан келгенде, ел оны мақұл көреді. Ертеңгі күні Әділбек пен Маржаннан қазақтың жаңа ұрпақтары тарайды. Өсіп-өркендейді. Халық ол жағын да білмей отырған жоқ. Сондықтан Әділбек пен Маржан жайында осы тұорғыдан айтылған көп әңішмелер елге жайылған. Ол негізінен қуанышты жаңалық еді. Маржанның бұлайша Жерде, ауыл-қалада біржолата қалуға шешім қабылдағаны халықтың жеке әлемге құмар бола бастаған ниеттерін басқан. Бұл да бір басты қуаныш еді. Есімі елге мәшһүр адам қандай іс жасаса да,ол көп жағдайда халыққа үлгі болады. Жас та болса аты шығып, Жер ғаламшары халқына танылған Әділбектің әрбір іс-әрекеті де елдің көз алдында еді.
Соны білетін Әділбек те бүгінде өзінің әрбір ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Аты шыққан сайын, ел құрметіне бөленген сайын қайбір іске де байыппен барады. Оның ісі де, ғылыми зерттеулері де жоспарлы. Енді болашақ өмірлік серігі де белгілі. Ол – Маржан. Маржан деп атаған да өзі. Қыз есімінің өзгерген атауы осы мағынаны береді. Қалай айтылса да осыған келіп тіреледі. Әділбек сонысына қарай осылай Маржан деген. Маржан теңіз тереңінде де, жұлдызды әлемде де бар. Сол жұлдызды әлемнен келген Маржан өзіне өмірлік серік болмақ. Маржан деп енді ел де атайтын болады. Ол енді тек Әділбектің ғана емес, елдің де Маржаны. Ел айтқан сөз жатқан жоқ. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дүние жүзі халқына тарап та үлгерген. Сөз тараған сайын Әділбектің қызға деген сағынышы күшейе түскен. Ол енді қызбен кездесетін жерге жиі келеді. Әкесі Дәрібек пен анасы Ғалия да онысына қарсы емес. Тек Әділбекті мұңайтатын бір нәрсе, аспан қызының Жердің биосферасына, гирдросферасы мен атмосферасына жеке әлемінсіз ұзақ төзе алмайтыны еді. Әділбек осы жағын көп ойлаған. Қыз да бұл жөнінде көп сыр ашпаған. Ел ішінде тараған сөз екеуін бұрынғыдан да жақындата түскен. Жеке әлемдегі ғажайып ортадан мынандай қарапайым ауыл-қалаға ауысып, қарапайым өмір сүру де қызға оңай соқпайтыны хақ. Сондақтын болар, ол да соңғы кездері ұзатылатын қыздай қатты толқыған. Әділбекті қанша ұнатып тұса да, қаласа да, пәк көңілді қызға тән күйді басынан кешірді. Ол солай болуға тиісті де еді.
Бүгінде сырт елдердің назарлары да екеуіне ауған. Қай елде әңгіме бола қалса, бірнші кезекте ауызға Әділбек пен Маржан ауызға аланады. Ауыл-қалада болса да солай.Кейде тіпті, елдегі әңгімешілер ол екеуінің махабатын ежелгі қазақ, тағы басқа елдердің аңыздарымен байланыстырып та жібереді. Бар оқиға өткен заманда да емес, болашақ заманда да емес, осы заманда өтіп жатса да,екеуі жөніндегі сөз аңыз бен ертегіден де асып түсіп жатты. Кейде күнделікті теледидардан көріп, әнін естіп рахат сезімге, көңіл-күйге бөленіп жүрген адамның сол әншіні былайша өмірде, көшеде кездестіріп,, онымен әңгімелескісі келетіні белгілі. Ал Әділбек пен Маржанды жұзбе жүз кһөрудің өзі әркімге арман еді. Ол екеуін сыртынан көріп қалғандардың өздері де кейде: «Мен Әділбекті көрдім», «Мен жеке әлемді көрдім» деп әңгімелеп жөнеледі. Ал Әділбектің өзі елді қызықтыратын жанмын деп ешқашан да санаған емес. Есімі қаншалықты әйгілі болса да көшеде мейлінше қарапайым көрінеді. Көбіне өзінің жеке жеңіл көлігімен жүретіндіктен көшедегі қарапайым халықпен жүздесе бермейді. Сондықтан да кейде көше бойымен жаяу жүріп кетеді.
Соңғы кездері ол аспан қызымен кездесуге жаяу баратын да болған. Жеңіл көлігімен шықса, көпшіліктің көзіне бірден түседі. Одан гөрі тыныш даланы шуға бөлемей жаяу барып сүйгенімен қыдырғанды қалайды. Қыз да соны ұнатады. Жеке әлемдегі күрделі жүйелердің тынымсыз ызыңы да қызды әбден жалықтырған. Сондықтан да техника атаулыға басқаша қарайды. Олардан алыс жүруге тырысады. Ол Әділбекпен әрбір кездескен сайын өзін аспан аквариумынан теңізге шыққан Балықтай сезінеді. Кейде оның тынысының тарылғандай болатыны да денсаулығының кемігенінен емес, жеке әлем ішіндегі жеңіл оттегіден, Жер ғаламшарының ауырлау ауасына қалыптаса алмағанынан. Өкпесінің тыныс алу қабілетінің әлсіреуінен еді. Әділбек оны бірден түсінген. Ауыл-қалаға жиі келетіні де, ұзақ болуға тырысатыны да содан. Енді әуелдегісіндей емес,Жер атмосферасына біршама қалыптасып та қалған. Қалыптасқан сайын, екеуі бірге ұзақ қыдырған сайын мауықтары басылып, түсіністіктері тереңдей берген. Соңғы кездері екеуі жеке әлемнен көп алыстап қыдыратынды да шығарған. Мұны білгендер елде екеуі жөніндегі сөздерді жандандыра түсті.
Жеке әлем
Бүгінгі түн де өзінің аспандағы сан-мың жұлдыздарымен ерекше әсерлі еді. Мұндай тамаша түндерді ғашықтар қыдырады ұзақ. Жұлдыздар әлемінің аясында бір біріне сыр ашады. Ал сол жұлдыздар бәрін көріп тұрғандай болса да үн қатпайды. Жер атмосферасындағы ауа қозалыстарынан ол жұлдыздар жыпылық қаққандай да болады. Осындай тамаша түндердің жиі болуын ғашықтар қашан да қалайды. Әділбектің арманы да соындай жұлдызды түндер болатын. Бірақ соңғы кездері жеке әлем де, ондағы қыз да көрінбей қалған. Әділбек оған қатты толқыды. Тек Әділбек пе, әкесі Дәрібек те, анасы Ғалия да, ағасы Ғаділбек, қарындастары Фарида мен Фатима да, қала берді күллі ел тұрғындары да ойға қалған. «Міне,міне, үйленеді екеуі» деп үміт артып жүргендерді оқиғаның бұлайша күрт өзгеруі кім кімге де жеңіл соққан жоқ-ты. Ал Әділбекте болса да тыным жоқ. Ол Маржанмен кездесетін жеріне күндіз де, түнде де барумен жүр. Сол жерде қызды күтеді. Аспанға ұзақ уақыт бойы қадала қарайды. Бір кездері аспанда ұшып өткен кәдімгі әуе кемесін әлдеқандай аспан денесіне балап, қамыстан құрап оның көшірмесін жасап, күні-түні аспанды бақылап, оның қайта ұшып өтуін күтіп жүретін жергілікті бір халықтың ісін қайталағандай күй кешкен. Бірі аспандағы, екіншісі Жердегі адамның қарым-қатынасының аяғының осындай болатынын әкесі Дәрібек талай ескерткен де еді Әділбекке. Бұл сонда да оған құлақ аспаған.
Махаббат дейтін құдіретті сезім қай адамның да басынан өтеді. Оның алғашқысының сезімі өте күшті болады. Ондай ыстық сезім адамның өзін өзі мерт етуіне дейін жеткізеді кейде. Соны түсінген Дәрібек те, Ғалия да алғашында қарсы тұра алмаған еді. Кім болса да ұлының өз қалаған қызына үйленіп, бақытты болғанын қалайды емес пе? Бірақ енді мына жағдай әкесінің де аспан қызына деген көңілін бәсеңдеткендей болған. Мұнда Мапржаннан үмітін үзбей жүрген Әділбектің өзі ғана. Ол бүгін кеш түсіп, қас қарайысымен ауыл-қаланың сыртына қарай тартқан. Қажетті жеріне жеткен соң аспанға қадала қарап, аспан қызын күтті. Бірақ ол тағы келмеді. Ұзақ уақыт бойы көрінбеді көзіне. Бұл кезде Әділбекті бір топ ауыл-қала адамдары жан-жағынан қоршап, қорғап тұрған. Оны жас ғалым білмеген. Өзін бұл дүниеде жападан жалғыз қалғандай, ешкімге керегі жоқ адамдай сезінген. Сондай бір ренішті сезімде ұзақ отырды. Содан бір кезде тұла бойын түнгі ұйқы да қыса бастаған еді. Кенет жарқ ете түскен бірдеме көңілін бөліп, ұйқысын шайдай ашты. Оған жалт қарағанда көрінген үлкен шар аспаннан төмен қарай қатты құлдилап келіп жерге соғылды. Жан-жағынан от шашылды. Содан соң газ тәрізденген көк жалын көрінді. Әділбек оның жеке әлем шары екенін бірден таныды. Отырған орнынан ұшып тұрып, солай қарай жүгіре жөнелді. Айналада оны бақылап жүргендер де жігіттің көзіне түспеуге тырысып, соңынан жөнеді.
Көк түсті жалын ұзаққа созылмады. Шағын бір ыдыстағы жиналған газдай тез жанып бітті. Әділбек жақындап барғанда оның айналасынан күйген ағаштарды, өсімдіктер мен тастарды көрді. Одан басқа ештеме де жоқ. «БІТТІ, БІТТІ! Бәрі де бітті!» деп күбірледі ішінен Әділбек . Сөйтті де екі қолының алақандарымен басындағы шаштарын ауыстай ұстап, жерге тізерлей отыра кетті. Солқылдап жылап жіберді. Көптен аңсаған, көптен армандаған ғажығынан осындай бір сәтте мәңгілікке айырылу қандай қасірет еді. Көпке дейін бауырын жаза алмай қалды. «Еш болмаса көз алдымда кетпедің бе мәңгілікке, Маржан!» деп дауыстап та жылады. Сөйтіп, ұзақ қайғырып, орнынан жайымен тұрып, от күлінен сұйгенінің күйген сүйегін көрмекке ұмтылып еді. Кенет, сол от күлінің арғы жағынан өзіне қарай баяу басып келе жатқан сап-сау Маржанды көрді. «Бұл Маржан емес, тек елес! Тек елес!» деп күбірледі Әділбек есінен адасқан ажамжай Әділбек. Қыз үндемеді. Жақындай берді. Екеуі бетпе-бет те келген.
Енді екеуінің от шоқтарының жарығынан байқалған силуэттерін айналада бақылап жүрген адамдар да анық байқар еді. Бірақ аспаннан ағып түскен жарық дене қанша дегенмен де ауыл-қала тұрғындарын сескендірген. Қаржаубай сияқты батыл балалар ғана мұндай оқиғаларды көруден қорықпайды. От та олар жеткенше сөніп үлгерген. Егер шығыс көкжиек жақ ағара бермесе, келгендер жігіт пен қыздың бұл бақытты табысқан сәтін анықтап көре алмас еді. Жүгірген жас балалардың соңын ала осылай қарай үлкендер тобы да асыққан. Олардың арасынан Дәрібек ерекше көзге түседі. Оның аса ширақ жүрісі де дәл қазіргі сәттегі көңіл-күйінің қандай дәрежеде екенін байқатқан. Жанында Ғалия. Ол да қуаныштан риясыз жымияды. Әке мен ананы Ғаділбек, Фарида мен Фатима қоршап келеді. Кейінгі жақта көрші-қолаңдар, жалпы ауыл-қала тұрғындары.
Өміпрлікке табысқан әділбек пен Маржан да қол ұстасқан бойы баяу басып елге қапрай жүріп келеді. Аспан қызының енді біржолата Жерге түскенін кім болса да айқын сезінер еді. Бұл – аспаннан осы ауыл-қалаға жас келін түскендей көрініс. Бірақ мұнда ондай ұғымнан гөрі аспан қызының қандай қыз екенін анықтап көруге деген қызығушылық басым ел тұрғындарында. Сондықтан да бір бірінен естіп, ауыл-қаладан осылай қарай шұбырғандардың бәрінің де назарлары аспан қызында. Ал қыз ештемені елемейді. Қарс кездескен үлкендерге де, кішілерге де ілтипат көрсетеді. Қарияларға иіліп сәлем де береді. Ауыл-қала тұрғындары онысына қатты риза болып, екеуіне қақ жарылып жол ашады. Жас жұбайлар қол ұстасымдарын жазбай жүріп келеді. Екеуінің жүрер жері ұзақ емес-ті. Қарсы алдарындағы Дәрібек пен Ғалияның алдына жеткен соң екеі кілт тоқтаған. Ғалия әуелі қыздың, содан соң ұлының беттерінен өпті. Одан соң әке Дәрібек келінінң, содан соң ұлының маңдайларынан иіскеді. Оның артыша Әділбектің ағасы Ғадылбек соны қайталады. Фарида мен Фатима Маржанды, одан соң Әлділбекті құшақтады. Жұрт үйіріле жиналып қалған. Көрші-қолаңдар, дос-жарандар мен тұрғындар екі жасты құттықтап жатты. Ақ тілектерін айтты.
Осылайша, әншейінде тып-тыныш жататын ауыл-қаланың сырт аймағы үлкен той-думанға айналды. Бұл енді келін түсіру рәсімі еді. Аспаннан келген келін енді тек осы ауыл-қала тұрғындарына ғана емес, күллі Жер ғаламшары тұрғындарына да ортақ. Әркім қолынан келген көмегін беріп, қолынан келген өнерін көрсетіп жүр. Басына қазақтың төл ою-өрнегі салынған шашақты ақ орамал жабылған Маржанға аналар жағы шашу шашты. Соңынан әншілер ән шырқады, күйшілер күй күмбірлетті, жастар би биледі. Қазақтың бар салт-дәстүрін ата-бабаларынан жақсы білетін Маржан бар әрекетін де соған сай жасады. Осындай ғажайып үлкен тойдың иелері – күллі ауыл-қала тұрғындары елге қарй шұбай берді. Мұны көрген жалғызлікті тұрғындар мен жеке әлемге мойын бұра бастаған жастар ойланып, райларынан қайта бастады. Жалғыз өмір сүрудің бақыт емес екенін түсініп, мынандай тамаша бақытты сәтті ауыл-қала жастарының бәрі де іштей аңсай бастады. Әке Дәрібек пен ана Ғалияның басты бір армандары орындалды. Ғаділбек інісінің өзінен бұрын үйленгеніне ренжіген жоқ. Қайта қатты қуанып, оны қолдап, қолпаштап жүр. Өйткені бұл үйлену, жай үйлену емес, Жер жүзі халқына үлгі болатын керегесі кең үйлену тойы еді. Әр бұл күн аспан қызының Жерге түскен, Жер ғаламшарындағы қазақ халқының салт-дәстүрін, жалпы Жер халқының қазақ салт-дәстүрлерін мойындатқан ерекше бақытты күн болды.
Шұбаған халық тарамастан Дәрібектің үйіне қарай бет алған. Ешкім шет қалған жоқ. Алдын ала жасаған арнайы дайндықтары жоқ болса да, аспазшы биотұлғалардың ширақ әрекетерінің арқасында үй ауласына әп-стте ені кең, бойы ұзын дастахан жайылды. Келгендер орын алып, түрлі тағамдардан дәм татты. Бұл – ұлы той алдындағы беташар ғана еді. Отбасының мұндай дастарханы қашан да көпшілікке жаюлы. Бұл үйден меймен үзілген емес. Ал елдің өздеріне көрсеткен мынандай құрметтері шексіз бақыт еді. Ел де қарап қалмаған. Не жоқты тауып, абыр-сабыр ұйымдастырып, бетешарды жандандырып жіберген. Ән айтылып, күй күмбірлеп, би биленуде. Беташардан кейін жас жүұбайлар арнайы бөлмеге өткен. Мұнда да той дастарханы жайылып қойылған екен. Дастархан болғанда да дөңгелек үстелде. Ал бөлме іші киіз үйден еш аумайды. Ол алдын ала жасалған. Жас жұбайлар төрден орын алған соң айнала отырған жастар ән шырқап жөнелді. Күмбірлеген күй де көңіл сергітті. Той осылайша жалғасып кеткен.
Әділбек пен Маржан әлі де болса да өз бақыттарына сенбегендй, тап бір түс көргендей болып отыр. Әлі де қолдары жеткен бақыттарына сенейтін тәрізді. «Бұл өңіміз бе, түсіміз бе?» дегендей, бір-біріне жымия қарайлай береді. Көпшіліктің көзі болса да негізінен Маржанда. Бәрі де іштерінен: «Аспан қызы қандай екен? Қазақ ұрпаы екені рас па екен?» деген ойда болатын. Енді қазақ тілінде таза сөйлеп, қааққа тән барлық рәсімді бұлжытпай жасап отырған сұлу да ақылды қызды көргенде бәрі де іштей ризашылықтарын білдірген. Жас жұбайлардың бұл отауына кіріп-шығцып жүргендердің бәрінің де қыз жөніндегі пікірлері жақсы. Алдағы күндері бұл тойдың ұлан-асыр тойға ұласатыны да белгілі еді келгендерге. Маржан, қанша дегенмен де әлі жас қыз болғандықтан кейбір нәрселерді сәл түсініңкіремей да қалады. Ондай сәттерде Әділбек көмек береді. Қыздың өзі де адам ойын оқитын болғандықтан қай нәрсені де тез сезеді. Оған мына қарапайым, ақ көңілді, ақ пейілді адамдар қатты ұнаған. Енді оның өзінің жеке әлемін жойып жіберіп, осындай тамаша ортаға келгеніне де еш өкінер жайы жоқ. Жеке әлем – өзінше бір тұйық, көңілсіз өмір еді ғой. Енді өзінің өмірлік жұбын тапты, елге келді. Жерге жиі түсіп, Әділбекпен жиі кездескенінің арқасында Жер ауасына да қалыптасып қалған. Енді емін-еркін тыныс алады. Ауа жөнінде сөз қозғамайды. Жеке әлеміндегі сақтаулы ауаның да өзінің оргнаизміне кері әсер еткенін қыз енді сезінген. Ауыл-қалаға келгелі де көп сергіген. Енді Жер тұрғынан айналатыны сөзсіз.
Беташар тойы аяқталып, жұрт тараған соңғы оңашалықта Маржан әдеттегісінше сыр ашпақ болды. Әділбек те оның сөзін тыңдауға дайын еді. Маржан жеке әлемнің не екенін Әділбекке әлі де толық түсіндірген жоқ-ты. Әділбек болса, енді жеке әлем деген жоқ деп ойлаған. Маржан оған жымия қарады да:
-Біз – жеке әлембіз! – деді.
-Бұл не сөзің, Маржан?-деп, Әділбек елең етті.
-Түсінбедің бе? –деп Маржан оған ойлана қараған.
-Түсінбедім. Жеке әлемді жойған жоқ па едің?
-Жеке әлемімді жойдым. Ол рас. Бірақ әрбір адам бір бір жеке әлем емес пе?
-Жоқ,Маржан,-деді Әділбек сүйктісіне қадала қарап,-біз енді екеуміз! Бір әлембіз!
-Ләйім, солай болсын!..
Арада бірнеше күн өткенде үлкен той тойға ұласты. Әділбек пен Маржан өз армандарына жетті. Отау құрды. Отбасы болды. Тек екеінің дүние әлеміне деген көзқарастарында, саналарында, жан-дүниелерінде, күллі организмдерінде жеке әлемдік таным сақталып қалды. Ғажайып жарық та жылы дүниені екеуі өз сана-сезімдері мен түсініктеріне сай қабылдайды. Жеке әлем мағынасының түп-төркіні де осында жатыр еді.
Соңы
М А З М Ұ Н Ы
БІРІНШІ БӨЛІМ
ОРЫНДАЛҒАН АРМАН
Қуаныш
Толқынды жолда
Құпия жаттығу
Газеттегі жаңалық
Қоршауда қалғанда
Қауіпті бала
Үйдегі ретсіздік
Ерекше секіріс
Әке наразылығы
ЕКІНШІ БӨЛІМ
АСПАН АДАМЫ
Қайта жанданған жаңалық
Апаттан қалған әуе кемесі
Жалғыздықта
Аяулы азамат
Үзілмеген үміт
Маймылдар шабуылы
Әке ізімен
Қиын сапарда
Қорықпайтын адам
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ТАУҚЫМЕТТІ ТАҒДЫРЛАР
Байланыс
Іздеушілер құрамында
Жаңа ортаға үйрену
Ағаш арасындағы арпалыс
Тартылыс әлемі шеңберінде
Қиын жолда
Даладағы табысу
Елге оралу
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЖЕКЕ ӘЛЕМ
Айрықша қабілет
Тарихты еске алғанда
Ғаламға лайық ғалым
Жалғыздық қаісреті
Әкемен сырласу
Жеке әлемге қастандық
Ең бақытты сәт
Ашылған қылмыс
Түзелген қателік
Жаңа қауіп
Елдегі сөз
Жеке әлем